Салық және бюджетке төленетін басқа да ... · 2016-07-25 ·...

752
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі МАЗМҰНЫ Ескерту: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңын қараңыз. РҚАО-ның ескертпесі! 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша 39, 40, 561, 562, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер тиісінше «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде", "мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне", "мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі", "мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде", "мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі" деген сөздер тиісінше "қазақ және (немесе) орыс тілінде", "қазақ немесе орыс тіліне", "қазақ немесе орыс тіліндегі", "қазақ және (немесе) орыс тіліндегі" деген сөздермен ауыстырылды; "(акционерлік)" деген сөз алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 № 200- IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан», «кеден одағында», «кеден одағы» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «Селолар (ауылдар)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолар, ауылдар» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «Ауылдар», «ауыл, ауылдық», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «салық қызметі органдарымен», «салық қызметі органдарынан», «салық қызметі органдарына», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі органдары», «салық қызметі органына», «салық қызметі органы», салық қызметінің органы», «салық қызметінің органдары», «салық қызметінің органына», «салық қызметі органының», «салық қызметінің органдарына», «салық қызметі органдарында», «салық қызметі органындағы» деген сөздер тиісінше «салық органдарымен», «салық органдарынан», «салық органдарына», «салық органдарының», «салық органдары», «салық органына», «салық органы», «салық органының», «салық органдарында», «салық органындағы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). РҚАО-ның ескертпесі! Мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларды», «ставкалар», «ставкасы», «ставкаларын», «ставка», «ставканың», «ставканы», «ставкалары», «ставкасының», «ставкасын», «ставкамен», «ставкасынан», «ставкаларының», «ставкадан», «Ставка», «Ставкалар», «ставкаларға», «ставкасына», «ставканың», «ставкасының», «ставкалардың», «ставкаларына», «Ставкасы» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлеме», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемені», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемемен»,

Upload: others

Post on 29-Jul-2020

2 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі МАЗМҰНЫ Ескерту: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

    Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" ҚР

    2008.12.10 N 100-IV Заңын қараңыз. РҚАО-ның ескертпесі! 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес Кодекстің бүкіл

    мәтіні бойынша 39, 40, 561, 562, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын,

    570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда,

    «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен»,

    «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер тиісінше «салық төлеушінің тіркеу нөмірі»,

    «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық

    төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде",

    "мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне", "мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі",

    "мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде", "мемлекеттік және (немесе) орыс

    тілдеріндегі" деген сөздер тиісінше "қазақ және (немесе) орыс тілінде", "қазақ немесе

    орыс тіліне", "қазақ немесе орыс тіліндегі", "қазақ және (немесе) орыс тіліндегі" деген

    сөздермен ауыстырылды; "(акционерлік)" деген сөз алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 № 200-

    IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан»,

    «кеден одағында», «кеден одағы» деген сөздер тиісінше «Кеден одағының», «Кеден одағына»,

    «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР

    2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)»,

    «Селолар (ауылдар)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолар, ауылдар» деген сөздер

    тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «Ауылдар», «ауыл, ауылдық», «ауылдар» деген сөздермен

    ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми

    жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «салық қызметі органдарымен», «салық қызметі

    органдарынан», «салық қызметі органдарына», «салық қызметі органдарының», «салық қызметі

    органдары», «салық қызметі органына», «салық қызметі органы», салық қызметінің органы»,

    «салық қызметінің органдары», «салық қызметінің органына», «салық қызметі органының»,

    «салық қызметінің органдарына», «салық қызметі органдарында», «салық қызметі

    органындағы» деген сөздер тиісінше «салық органдарымен», «салық органдарынан», «салық

    органдарына», «салық органдарының», «салық органдары», «салық органына», «салық органы»,

    «салық органының», «салық органдарында», «салық органындағы» деген сөздермен ауыстырылды

    - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он

    күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). РҚАО-ның ескертпесі! Мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларды», «ставкалар», «ставкасы»,

    «ставкаларын», «ставка», «ставканың», «ставканы», «ставкалары», «ставкасының»,

    «ставкасын», «ставкамен», «ставкасынан», «ставкаларының», «ставкадан», «Ставка»,

    «Ставкалар», «ставкаларға», «ставкасына», «ставканың», «ставкасының», «ставкалардың»,

    «ставкаларына», «Ставкасы» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелер»,

    «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлеме», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемені»,

    «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемемен»,

  • «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемеден», «Мөлшерлеме», «Мөлшерлемелер»,

    «мөлшерлемелерге», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемесінің»,

    «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелеріне», «Мөлшерлемесі» деген сөздермен, «резидент

    еместің», «резидент емеске», «резидент емес», «Резидент емес», «Резидент еместің»,

    «резидент еместер», «резидент еместердің», «Резидент еместердiң», «резидент еместi»,

    «Резидент еместер», «резидент емеспен», «резидент еместен», «Резидент еместермен»,

    «резидент еместе», «резидент еместен», «Резидент емеске», «резидент емесі», «Резидент

    еместі», «резидент еместерге», «резидент еместерді» деген сөздер тиісінше

    «бейрезиденттің», «бейрезидентке», «бейрезидент», «Бейрезидент», «Бейрезиденттің»,

    «бейрезиденттер», «бейрезиденттердің», «Бейрезиденттердiң», «бейрезиденттi»,

    «Бейрезиденттер», «бейрезидентпен», «бейрезиденттен», «Бейрезиденттермен»,

    «бейрезидентте», «бейрезиденттен», «Бейрезидентке», «бейрезиденті», «Бейрезидентті»,

    «бейрезиденттерге», «бейрезиденттерді» деген сөздермен, «проценттік», «процентпен»,

    «процентінен», «проценті», «процентін», «процентсіз», «процент», «процентті»,

    «процентімен», «процентке», «процентіне», «проценттің», «проценттердің», «проценттен»,

    «процентінен» деген сөздер тиісінше «пайыздық», «пайызбен», «пайызынан», «пайызы»,

    «пайызын», «пайызсыз», «пайыз», «пайызды», «пайызымен», «пайызға», «пайызына»,

    «пайыздың», «пайыздардың», «пайыздан», «пайызынан» деген сөздермен, «жиынтық жылдық»

    деген сөздер «жылдық жиынтық» деген сөздермен, «аффилиирленген», «аффилиирленгендiгi»

    деген сөздер тиісінше «үлестес», «үлестестігі» деген сөздермен ауыстырылды; бүкіл мәтін бойынша «ресми сайтында», «сайтына», «сайтында», «сайттарының»,

    «сайт», «сайттарында», «сайттары» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурсында»,

    «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурстарының», «интернет-

    ресурс», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстары» деген сөздермен ауыстырылды -

    ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). РҚАО-ның ескертпесі! Бүкіл мәтін бойынша «ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы)

    өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық

    режимін», «ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну

    кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен» және «ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру

    (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушi

    заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін» деген

    сөздер тиісінше «ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін

    өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін», «ауыл

    шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық

    режимінен» және «ауыл шаруашылығы өнiмiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін

    өндiрушiлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін» деген

    сөздермен ауыстырылды - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа

    енгізіледі). РҚАО-ның ескертпесі! Бүкіл мәтін бойынша «жалға беруге», «жалға беруді», «жалға беруден», «жалға

    беру», «жалға, өзге де негіздерде» деген сөздер тиісінше «мүліктік жалдауға (жалға

    беруге)», «мүліктік жалдауды (жалға беруді)», «мүліктік жалдаудан (жалға беруден)»,

    «мүліктік жалдау (жалға беру)», «мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде»

    деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2016 бастап

    қолданысқа енгізіледі). РҚАО-ның ескертпесі! Бүкіл мәтін бойынша: «электрондық түрде», «электрондық түрдегі», «электронды түрде», «Электрондық

    түрде», «электронды түрдегі», «Электронды түрде» және «ақпараттық-коммуникациялық желі»

    деген сөздер тиісінше «электрондық нысанда», «электрондық нысандағы», «электрондық

  • нысанда», «Электрондық нысанда», «электрондық нысандағы», «Электрондық нысанда» және

    «телекоммуникациялар желісі» деген сөздермен ауыстырылсын; «компьютерлiк жүйелер», «Компьютерлік жүйе», «компьютерлік жүйенің»,

    «компьютерлік жүйе», «Компьютерлік жүйелерді», «Компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік

    жүйелерді», «компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйенің» деген сөздер тиісінше

    «аппараттық-бағдарламалық кешендер», «Аппараттық-бағдарламалық кешен», «аппараттық-

    бағдарламалық кешеннің», «аппараттық-бағдарламалық кешен», «Аппараттық-бағдарламалық

    кешендерді», «Аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық

    кешендерді», «аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешеннің»

    деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап

    қолданысқа енгізіледі). РҚАО-ның ескертпесі! Бүкіл мәтін бойынша «салықтық тексеру нәтижелері», «Салықтық тексеру нәтижелері»,

    «салықтық тексеру нәтижелеріне», «жүзеге асырған салықтық тексерудің нәтижелері»,

    «салықтық тексеру нәтижелерімен», «салықтық тексеру нәтижесі», «салықтық тексерулердің

    нәтижесінде», «салықтық тексеру нәтижелерін», «Салықтық тексерудің нәтижелері»,

    «Салықтық тексеру нәтижелеріне» деген сөздер тиісінше «тексеру нәтижелері», «Тексеру

    нәтижелері», «тексеру нәтижелеріне», «жүзеге асырылған тексеру нәтижелері», «тексеру

    нәтижелерімен», «тексеру нәтижелері», «тексеру нәтижелері туралы», «тексеру

    нәтижелерін», «тексеру нәтижелері», «Тексеру нәтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылды -

    ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

    1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

    1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді

    белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ

    мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға

    байланысты қатынастарды реттейді. 2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан

    Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы

    Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті

    төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес. 3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте

    белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін

    жояды. 4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің

    арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары

    қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды

    реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы

    Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл

    аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық

    бөлімшелеріне қолданылады. 2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ

    салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен

  • толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан

    Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей

    қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана

    қолданысқа енгізілуі мүмкін. Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (01.01.2013

    бастап қолданысқа енгізіледі). 4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері 1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне

    негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі,

    салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы

    принциптері жатады. 2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген

    салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс. 5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және

    аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық

    көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті. 6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті

    төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық

    міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті

    туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан

    Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді. 7-бап. Салық салудың әділдігі принципі 1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып

    табылады. 2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады. 8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында

    барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады. 9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда

    міндетті түрде жариялануға жатады. 10-бап. Салық саясаты Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық

    төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету

    мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу

    және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті

    төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты

    объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы. 11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес 1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді,

    дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және

    бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының

    жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға

    құқылы. 2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан

    Республикасының Үкіметі бекітеді. 12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

  • 1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер - ақпаратты жинау мен қорытуды,

    ақпараттық массивтерді (деректерді), жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты

    өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін қызметтер; 2) арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін

    белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны

    есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған

    тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі; 3) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар,

    пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ислам бағалы қағаздары; 4) басқа да міндетті төлемдер – осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда

    жүргізілетін кедендік төлемдерін қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар

    түріндегі міндетті ақша аударымдары; 5) бересі - тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының

    заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде

    көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген

    салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша

    аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомасы; 6) борыштық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар,

    облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар

    болып танылған басқа да бағалы қағаздар; 7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың

    номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып

    алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма; 8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - шығарылым

    шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен

    төлейтін (төленуге жататын) сома; 9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон

    төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке

    алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының

    арасындағы айырма; 10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы: Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі

    сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп

    және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті

    мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел

    валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының

    аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына

    бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

    саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен

    бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі; 10-1) веб-қосымша – салық төлеушінің электрондық салық қызметтерін алуына және

    салық міндеттемелерін орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және

    санкциясыз қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы; 11) грант - белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде: мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері - Қазақстан Республикасына, Қазақстан

    Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға; қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан

    Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы

    бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық

    және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен

  • қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ

    заңды тұлғаларға; шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан

    Республикасының Үкіметіне беретін мүлік; 12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін,

    сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың

    алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-

    түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық

    құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз

    берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік; 13) демеушілік көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату

    мақсатында өтеусіз негізде: жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін

    және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім

    және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау

    түрінде; коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін

    берілетін мүлік; 14) дивидендтер – бұл: акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын

    акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты

    қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір

    бөлігі түріндегі табыс; заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының

    мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың

    үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ

    заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде

    мүлікті бөлуден түсетін табыс; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын табыс; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды

    тұлғадан: тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай

    тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға

    немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма; тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай

    тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан,

    құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы

    теріс айырма; заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде,

    қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға

    алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері,

    құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға

    өтейтін құны; осы Кодекстің 163 – 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарларды,

    жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды

    тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты

    тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс. Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін табыс мынадай тәртіппен

    айқындалады:

  • Т = Қа – Қк, мұнда: Т – мүлікті бөлуден түсетін табыс; Қа – мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына

    алатын (алған) мүліктің құны; Қк – мүліктің заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты

    енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны. Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету

    кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының

    трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен

    жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-

    тармағына сәйкес айқындалады; 15) дизайнерлік қызметтер көрсету - көркемдік нысандарын, бұйымдардың сыртқы

    түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде

    көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау; 16) жалған кәсіпорын - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және

    (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған

    кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі; 17) жеке тұлғаның жеке мүлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ

    меншіктегі үлесі болып табылатын, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде: жеке тұлға кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында пайдаланбайтын; мүліктік және басқа да кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып

    табылмайтын материалдық нысандағы заттары; 17-1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының

    жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес

    құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган

    немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы

    мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді,

    бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен

    байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын

    мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер

    қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

    жер қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады; 18) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне

    сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер

    қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды

    тұлғалар; 19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік; 19-1) инвестициялық алтын – мынадай шарттарға сәйкес келетін алтын: алтын монеталар үшін: мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы болмайды; алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінің 900 мыңдық үлесіне тең

    немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900 промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа

    сәйкес келеді). Бұл ретте алтын монета мынадай шарттардың біріне сәйкес болған кезде: 1800 жылға дейін соғылған; «пруф» (proof) сапасымен бетінің айнадай болып шығуын қамтамасыз ететін технология

    бойынша соғылған; шығарылымының таралымы 1000 данадан аспаған; оның нарықтық бағасы монета құрамындағы алтын құнының 80 пайызынан асқан жағдайда,

    оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады.

  • Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні Лондон бағалы

    металдар нарығының қауымдастығы белгілеген (белгіленген) алтынның таңертеңгі фиксингін

    (баға белгіленімін) көрсетілген күні белгіленген валюта айырбасының нарықтық бағамына

    көбейту арқылы айқындалады. Қалған алтын үшін: мұндай алтын аффинирленген болып табылады (мұндай алтынның тазалығы лигатуралық

    массаның 1000 үлесінің 995 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995

    промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді); мұндай алтын ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келеді, өлшеуіш немесе

    стандартты құйма және (немесе) тілім түрінде дайындалып, мынадай таңбалау салынады: стандартты құйма және (немесе) тілім үшін: сериялық нөмірі (дайындалған жылы қамтылуы мүмкін); дайындаушының тауар белгісі; алтынның тазалығы (массалық үлесі); егер сериялық нөмірге енгізілмеген болса, дайындалған жылы; өлшеуіш құйма үшін: металдың атауы; дайындаушының тауар белгісі; алтынның тазалығы (массалық үлесі); құйманың массасы; 20) инжинирингтік қызметтер көрсету - инженерлік-консультациялық қызметтер

    көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар,

    жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және

    басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу; 20-1) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу

    сертификаттары; 20-2) кәсіби медиатор – Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына

    сәйкес кәсіби негізде қызметін жүзеге асыратын медиатор; 21) келісімшарттық қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға

    арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі; 21-1) құпиялылық туралы келісім – геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз

    болған, жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі

    уәкілетті орган арасындағы шарт (келісім). Мұндай шартқа (келісімге), оның ішінде,

    ақпаратты алу туралы шарт (келісім) жатады; 22) келісімшарттан тыс қызмет - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын

    пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге

    қызметі; 23) консультациялық қызметтер көрсету - басқарушылық, экономикалық, қаржылық,

    инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті

    ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды

    және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда,

    түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнінде

    көрсетілетін қызметтер; 24) қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде: демеушілік көмек түрінде; жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде; коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында; әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның осы Кодекстің 135-

    бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында; осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, қызметін

    әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік;

  • 24-1) жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау – салық агентінің Қазақстан Республикасының

    заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаға республикалық бюджет

    туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен

    жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде мүлікті бiр жыл өтеусіз беруі. Осы тармақшада көзделген тұлғалар санаттарының тізбесін уәкілетті органмен келісу

    бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды; 25) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды

    қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның

    жарғылық капиталына үлестік қатысуы; 26) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты

    (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметші;

    мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;

    осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын

    бейрезиденттің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме

    арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт

    бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 27) маркетингтік қызметтер көрсету - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін

    қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса

    алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік

    экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар,

    көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға,

    жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетілетін қызметтер; 28) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа

    енгізіледі) Заңымен; 28-1) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік

    төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз

    етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының

    заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын

    алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге

    асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де

    өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган; 29) өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де

    мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету,

    сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру; 30) роялти - мыналар үшін: пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде

    жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды

    немесе модельдерді, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін

    пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-

    чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелерін,

    сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы

    үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды

    немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін

    төлем; 31) салық агенті – осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу,

    ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот

    орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға; 32) салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың

    төленбеген сомасы. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы,

    сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында

  • белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген

    айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды; 33) салық режимі - осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа

    да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде

    салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының

    жиынтығы; 34) салықтар - осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты

    тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және

    өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер; 35) салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті

    төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық

    бөлімшесі; РҚАО-ның ескертпесі! 36) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018

    бастап қолданысқа енгізіледі). 36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты - салықтың және бюджетке

    төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті

    кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған

    (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары

    ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға

    арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат; 37) салық төлеушінің электрондық құжаты - белгіленген электрондық форматта

    берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық

    цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат; 38) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық

    қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық

    төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық

    нышандардың реттілігі; 39) сыйақы - мыналарға: кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша

    аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап

    болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға,

    микрокредитке) байланысты; РҚАО-ның ескертпесі! Осы абзац 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңының 9-б.

    қараңыз). кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін

    комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып

    табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің

    күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға)

    байланысты; РҚАО-ның ескертпесі! Осы абзац 01.01.2018 дейін қолданыста болады (ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңының 9-б.

    қараңыз). кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін

    комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып

    табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші

    деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс

    беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға

    берген кредитке (қарызға) байланысты; қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер, оның

  • ішінде: мұндай мүлік алынған (берілген) құнды, қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде

    лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға

    төленетін төлемдерді қоспағанда, осындай шартқа байланысты өзара байланысты тарапқа

    берілетін төлемдер; салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін

    салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін

    төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша; сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап

    болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру

    шартымен байланысты; дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып

    алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық

    бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін

    төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша; вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара

    байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель

    бойынша; репо операциялары бойынша – репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма

    түріндегі; исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер. Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да

    сыйақы болып танылады. 39-1) туроператордың көрсетілетін қызметтері – Қазақстан Республикасының туристік

    қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге

    және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке)

    лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсетілетін қызметтері; 40) туынды қаржы құралы - құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге

    асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда)

    тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар,

    своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген

    туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады. Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған

    партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстері пайыздық мөлшерлемелер және нарықтық

    құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары

    болуы мүмкін; 41) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының

    азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының

    немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент заңды тұлға). Шет

    мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік

    құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы

    мәртебесіне ие ме, жоқ па - осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде

    қарастырылады; 41-1) уәкілетті заңды тұлға - салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі

    шектелген мүлкін өткізу саласындағы, уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға; 42) уәкілетті мемлекеттік органдар - салық органдарын және жергілікті атқарушы

    органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да

    міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген,

    сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің

  • және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өздерінің құзыреті

    шегінде осы Кодекске сәйкес салық органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан

    Республикасының мемлекеттік органдары; 43) уәкілетті орган - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің

    түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; РҚАО-ның ескертпесі! 1-тармақты 43-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен

    (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 44) ұтыстар — салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда),

    фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты

    ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі

    табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған

    мүліктік пайда түріндегі табыстар; 45) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық

    салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен

    электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші; 45-1) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – бюджетті атқару жөніндегі

    орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол арқылы электрондық нысанда жазып

    берілген шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылады; 46) оператор - өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік

    (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер

    қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құратын

    немесе айқындайтын заңды тұлға; РҚАО-ның ескертпесі! 1-тармақты 46-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен

    (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 47) тауарлардың импорты - Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан

    Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Кеден одағының

    кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің

    аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу. 1-1. Осы Кодекстің мақсатында өзара байланысты тараптар деп мынадай талаптардың

    біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды

    тұлғалар танылады: 1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның

    үлестес тұлғасы болып танылады; 2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады; 3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын

    шешімін айқындауға құқылы; 4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының

    бақылауында болады; 5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа

    заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылады; 6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады; 7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) – 6)

    тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің он

    және одан да көп пайызын иеленеді, пайдаланады, оған билік етеді; 8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың

    2) – 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылады; 9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы

    не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-

    анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.

  • Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп, акционерлік қоғамдарды қоспағанда,

    заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы

    түсініледі. Заңды тұлғаны бақылау заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болып

    табылады. РҚАО-ның ескертпесі! Осы абзац 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2017 дейін қолданыста

    болады (ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңының 2-б. қараңыз). 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін туындаған, ұлттық басқарушы холдингтің ірі акционер

    ретінде банктің жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің

    лауазымды адамдарының осындай банктің басқару органына қатысуы өзара байланыстығының

    жалғыз негізі болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды. 2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен

    терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады. 3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да

    заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан

    Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады. Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (алғашқы ресми

    жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N

    133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01

    бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа

    енгізіледі және 2016.01.01 дейін қолданыста болады), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21

    бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-

    баптан қараңыз), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі),

    2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз), 2012.12.26 N 61-V

    (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу

    тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б.

    қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N

    239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа

    енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он

    күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа

    енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 №

    403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

    енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

    03.12.2015 № 432-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2016 № 445-V

    (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    2-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

    МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК

    13-бап. Салық төлеушінің құқықтары 1. Салық төлеуші: 1) салық органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да

    міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер

    туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға; 2-1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес

    салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі

    не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін

    білдіруге; 3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға; 4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

    бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық

  • өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда

    салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді

    тегін алуға; 5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің

    көшірмесін алуға; 6) салық органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке

    төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс

    етуге; РҚАО-ның ескертпесі! 7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017

    бастап қолданысқа енгізіледі). РҚАО-ның ескертпесі! 7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018

    бастап қолданысқа енгізіледі). 7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей

    салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік

    зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және

    төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы

    жеке шоттан үзінді көшірме алуға; 8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде

    Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұсталға