лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... ·...

8
1 1 ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ №10 (166) желтоқсан 2017 жыл www.kazmkpu.kz Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..» Жаңа әліпбиге жаңа емле қажет 6-бет 4-бет 7-бет Әйел мен еркек тең бе? №10 (166) желтоқсан 2017 жыл (Соңы 3-бетте) Ұ лы Даланың Ұлық мерекесі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Алаш мұрасы және Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғыру: сабақтастық мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жандар АСАН, «Қыздар университеті» 1917 жылғы Алаш қозғалысының 100 жыл толуына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылған алқалы жиынға ҰЛТ ТАРИХЫ – ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІ ТАҒЫЛЫМ мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал тарихшылар мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысты. Мақсат – жаһандану жағдайындағы қоғамның рухани жаңғыру мәселесі мен Алаш мұрасы сабақтастығын айқындау және ұлт-азаттық қозғалысын ғылыми тұрғыдан нақтылау. Құрметті әріптестер! Қымбатты жастар! Баршаңызды Ұлы Даланың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ елі 1991 жылы 16 жел- тоқсанда дербестігін әлемге жариялап, жаһанға паш етті. Көне түріктің бөрілі байрағының мұрагері – Көк Байрағымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреттік, әнұранымызды әлем кө- гінде әуелеттік, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Біз 15 ғасыр бұрын Күлтегіннің даналық ескерткішінде жазылған «Мәңгілік Ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырдық. Әр ұлт, әр халық үшін егемендіктен артық қастерлі де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік турасында: «Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасындағы еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған ардақты күн. Жер бетінде мыңдаған ұлыстар мен ұлттар бар, біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Адам басына бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білудің жөні – бір бөлек» деген ұлағатты сөзі бүгінгі әрбір отандасымыздың жүрек түкпірінде орын алғаны ләзім. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табысы – Мемлекет басшысының салиқалы саясаты мен ішкі бірліктің нәтижесі. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мақсаты азаттықты аялау болса, біздің асыл мұратымыз – Тәуелсіздіктің тұғырын баянды етіп сақтау. Осынау мерейлі күні баршыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры

Upload: others

Post on 07-Mar-2020

0 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

1

1ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

www.kazmkpu.kz Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

«Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Жаңа әліпбиге жаңа емле қажет

6-бет4-бет 7-бет

Әйел мен еркек тең бе?

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

(Соңы 3-бетте)

Ұлы Даланың Ұлық мерекесі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Алаш мұрасы және Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғыру: сабақтастық мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жандар АСАН,«Қыздар университеті»

1917 жылғы Алаш қозғалысының 100 жыл толуына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылған алқалы жиынға

ҰЛТ ТАРИХЫ – ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІ

ТАҒЫЛЫМ

мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал тарихшылар мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысты. Мақсат – жаһандану жағдайындағы қоғамның рухани жаңғыру мәселесі мен

Алаш мұрасы сабақтастығын айқындау және ұлт-азаттық қозғалысын ғылыми тұрғыдан нақтылау.

Құрметті әріптестер!Қымбатты жастар!Баршаңызды Ұлы Даланың ұлық

мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ елі 1991 жылы 16 жел-тоқсанда дербестігін әлемге жариялап, жаһанға паш етті. Көне түріктің бөрілі байрағының мұрагері – Көк Байрағымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреттік, әнұранымызды әлем кө-гінде әуелеттік, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Біз 15 ғасыр бұрын Күлтегіннің даналық ескерткішінде жазылған «Мәңгілік Ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдырдық. Әр ұлт, әр халық үшін егемендіктен артық қастерлі де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік турасында: «Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасындағы еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған ардақты күн. Жер бетінде мыңдаған ұлыстар мен ұлттар бар, біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Адам басына бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білудің жөні – бір бөлек» деген ұлағатты сөзі бүгінгі әрбір отандасымыздың жүрек түкпірінде орын алғаны ләзім. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табысы – Мемлекет басшысының салиқалы саясаты мен ішкі бірліктің нәтижесі. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мақсаты – азаттықты аялау болса, біздің асыл мұратымыз – Тәуелсіздіктің тұғырын баянды етіп сақтау. Осынау мерейлі күні баршыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық университетінің ректоры

Page 2: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

2

2ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараға жоғары оқу орындарының қызметкерлері, Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көпмемлекеттілік бөлімінің мамандары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Жиын «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы шеңберінде өтіп отыр. Мақсат – әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігі мен бостандығына қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты талқылау. Басқосуды Қыздар университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Алмагүл Құлтуманова ашып, тақырыптың бүгінгі күні өте өзекті екендігін жеткізді.

– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою қазіргі күнде өзекті мәселенің бірі. Бүгінгі жиын шеңберінде қарастырылған мәселелерге студент-тер қызығушылық танытып, ары қарай осы тарапта зерттеулермен айналысула-ры қажет. Өйткені, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық жерінде таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық

ҰЛТ ТАРИХЫ – ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІ

ЖЕТІЛУ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

AQPARAT

МӘСЕЛЕ

СЕМИНАР

Күндіз отырмадым, түн ұйықтамадым, қара терімді төктім, қызыл қанымды ағыздым, Түрк ұрпағы үшін.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушыларына белоруссиялық жоғары оқу орнының қызметкері Виталий Дворак «Орта білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» және «Білім беру саласындағы менеджмент» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Қайрат ӘЛИ,«Қыздар университеті»

«Менеджмент және кадрларды даярлау саласында үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтарға отандық және шетелдік мамандардың оқытуы» бағдарламасы шеңберіндегі іс-шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Назарбаев Университеті ұйымдастырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», деп атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру бағытында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» арнайы бағдарламасы қабылданды. Мақсат – білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамыту.

– Қай кезеңде де ұстаз өз шәкіртінің ойлау қабілетін, адами қасиетін дамытуға ерекше мән берген. Мұғалім үшін баланың өз ойын толық, ашық әрі еркін жеткізуі үлкен маңызға ие. Осы тұрғыда жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану қажеттілігі туындайды. Бұл – уақыт талабынан туындап отыр. Бүгінде білім берудің тың технологиялары жасалып, мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибесіне енуде. Аталған әдістер оқушылар мен студенттердің зияткерлік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына игі әсер ететіні сөзсіз, – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Семинар-тренингке қатысушылар шетелдік сарапшыға тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, толық әрі нақты жауап алды.

мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл жайт туралы тек атаулы күндерде ғана емес, күнделікті айтылу керек, – деп атап өтті А. Құлтуманова.

Ал, педагогикалық университеттің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры Зәмзә Қодар осы тұрғыдағы өз пікірін білдіріп, атқарылуы тиіс жұмыстардың бір параса жайында баяндады.

– Олқылықты жайттың қалай алдын алуға болады, нендей ұйымдармен етене жақын жұмыс істеуіміз қажет деген сауал-дар турасында ойлануымыз керек. Қоғамда осы тақілеттес маңызды мәселені кеңінен талқылап, себептерін тыңғылықты зерттеу жасаған ләзім, – деді ол.

Сонымен қатар, басқосу барысында Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көпмемлекеттілік бөлімінің білімді басқару жөніндегі маманы Гүлназ Иманиязова, еліміздегі БҰҰ өкілдігінің қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек

өзіндік ойларымен бөлісті. Жиын аясында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында пікір-сайыс өткізіліп. Қыздар университетінің «Қыз Жібек», «Серт», «Ақ қауырсын» және «Тәуелсіздер Лигасы» атты студенттік ұйымдары тақырып шеңберінде арнайы презентацияларды жұртшылық назарына ұсынды.

– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық жерінде таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл жайт туралы тек қарашаның 25-інде ғана емес, күнделікті айтылу керек, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, Қыздар универ-ситетіндегі «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» жобасы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жүргізілді.

Альрамина НҰРӘЛІ,«Қыздар университеті»

ТОНЫКӨК

Page 3: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

3

3ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

ҰЛТ ТАРИХЫ – ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІ

АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ

ЖЕТІЛУ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

QOG’AM

МӘСЕЛЕ

СЕМИНАР

ТАҒЫЛЫМ

«2012 жылы біз әлемнің бәсекеге қабілетті ең жоғары дамыған 50 елінің қатарына кірдік. Тәуелсіздік жылдары ішінде экономика 20 есеге өсті».

(Соңы. Басы 1-бетте)Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің оқу және тәрбие істері жөніндегі проректоры Абай Құрманқұлов ректор Гаухар Алдамбергенованың шараға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

– Құрметті конференцияға қатысушылар, «ұстаздардың ұстаханасы» атанған Қыздар Университетіне қош келіпсіздер! Алаш қозғалысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының өмірінде ерекше маңызға ие болған бірегей тарих беттері. Алаш қозғалысының тарихы бүгінгі ұрпақ, яғни біздер үшін аса өзекті, үлкен сұранысқа ие болуы алдымен оның өкілдері болған арыстарымыздың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіндегі өз ұлтына деген кіршіксіз махаббат, Отанға деген адалдығымен тығыз байланысты. Алаш қайраткерлері сол заманның алдыңғы қатарлы оқымыстылары сияқты білім алып, аймақтық таңдаулы жоғары жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдады, зиялы тұлға болып қалыптасты. Қазақ халқы ғана емес, патшалық Ресей империясына тәуелді болған елдер үшін де түсініксіз, шиеленісті ХХ ғасыр басындағы саяси оқиғалар барысында, елді дүрліктірген қос төңкеріс жылдарында өз ұлтына тиімді болмақ бағытты дәл анықтап, ұлтты соңынан ерте білген де Алаш қайраткерлері болды. Алаш арыстарының қызметі тек саясат қана емес, патшалық Ресей құрамындағы қазақ халқының ауыр өмірі, әлеуметтік қиындықтарын шешу ісінде де ұйысып, басымдылыққа ие болған жұмыс бағыттары болды. Алаш қозғалысы, Алаш мұрасы, Тәуелсіздік идеясы ұғымдары сабақтас, өзара егіз ұғымдар. Қазақтың өзгелермен терезесі тең мемлекет болуын көксеген Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін бүгінгі ұрпақ бағалап, ұлт жолындағы қызметін өмірлік маңызды бағыты етіп түйсіне алуы қажет. Осы бағыттағы жұмыстар белсенді жалғасып, тарихи санамыз ұлтжанды арыстарымыздың өнегесіне негізделсе, тәуелсіздігіміз баянды, тұғырымыз берік ел болатынымызға сенім мол. Осы орайда, бүгінгі жиынның мәні мен маңызы қаншалықты зор екендігі айтпаса да түсінікті. Конференция қатысушыларына жемісті жұмыс тілеймін, – делінген құттықтау хатта.

Жиын барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының мең-герушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы рөлі жайында кеңінен әңгімеледі.

– Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Себебі, Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және үміт һәм сенім берген – ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті, – деді өз сөзінде Мәмбет Құлжабайұлы.

Сондай-ақ, ол бүгінде ұлт тарихына байланысты туындап отырған бірқатар мәселелерді де атап өтті.

– Алаш тақырыбына байланысты біздің елде екі ұстанымды байқауға болады. Яғни, қазақтың ұстанымы мақтайды, аспанға көтереді. Өзге ұстанымдағы топтағы кейбіреулер күні бүгінге дейін қаралауды

идеологиясы жоқ мемлекет болмайды. Осы тұрғыда тарихшылардың ат-қаратын міндеті үлкен деп білемін, – деді М. Қойгелдиев.

Ал, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тар-ихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков «Алаш» партиясының қоғамдық-саяси рөлі, Алашорда үкіметі мен Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясаты ара-сындағы идеялық бірлік пен сабақтастық мәселесі жайына назар аударды.

Сонымен қатар, басқосу барысында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қайдар Алдажұманов, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ердәулет Берлібаев баяндама жасап, қазақтың мемлекет құру тәжірибесінің алғышарты мен мемлекетшілдік мүддесінің алтын арқауы болған Алаш қозғалысы туралы тың мәліметтерімен бөлісті.

Кеңес жұмысы «Алаш Орда және қазақ мемлекеттілігі мәселелері», «Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасы-ның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі» және «Рухани жаңғыру жағдайында гуманитарлық білім беру ісін жетілдіру» атты бағыттар бойынша жүргізілді.

Жиын аясында Алаш қозғалысы тарихынан сыр шертетін кітап көрмесі ұйымдастырылып, келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығарылды.

– Алаш қозғалысы сияқты төл та-рихымыздағы аса ірі оқиғаға қатысты мәселелердің барлығына шынайы, толымды әрі нақты баға берілуі қажет. Алаш Орданың ғибраты, қайраткерлеріміздің жүріп өткен жолы – тәуелсіз ел болған қазақ халқына тағылым болуы тиіс. Ұлт зиялыларының егемендік жолындағы күресінің салмағы мен бағасын ұғынған сайын біз бүгінгі күннің мән-мағынасын терең сезіне түсеміз. Бұл ең алдымен өскелең ұрпақ үшін, қазақ елінің өміршеңдігі үшін аса қажетті һәм міндетті қасиетті қадам болмақ, – дейді шара ұйымдастырушылары.

қоймайды. Бұны қалай түсінеміз? Жалпы біз мектептерде болсын, жо-ғарғы оқу орындарында болсын, тарихты оқытуды дұрыс жолға қоя білуіміз қажет. Кезінде бұл бағытта бірқатар игілікті жұмыстар жасалды. Менің ойымша, осы тақілеттес шаралар әлі де жалғасын табуы керек. Біз тарихты оқытуды жаңа жолға қойып, тың сапаға көтеруіміз керек. Өйткені, Қазақстан тарихын идеологиялық пән деп таниды. Ал,

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ:«Алаш тақырыбына байланысты

біздің елде екі ұстанымды байқауға болады. Яғни, қазақтың ұстанымы мақтайды, аспанға көтереді. Өзге ұстанымдағы топтағы кейбіреулер күні бүгінге дейін қаралауды қоймайды. Бұны қалай түсінеміз? Жалпы біз мек-тептерде болсын, жоғарғы оқу орын-дарында болсын, тарихты оқытуды дұрыс жолға қоя білуіміз қажет».

Қазақ мемлекеттік қыздар педаго-гикалық университетіне Түркияның Мугла Сыткы Кочман Университетінің проректоры Юсуф Зия Эрдил бастаған де-легация келді.

Сапар аясында ұйымдастырылған бас-қосуда қос жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайы сөз болды. Қыздар Университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жө-ніндегі проректоры Алмагүл Құлтуманова екі университеттің ортақ ұқсастығы мен әлеуеті турасында сөз қозғап, академиялық ұтқырлық және Mevlana бағдарламалары аясында мұғалімдер мен студенттер алмасу қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде Юсуф Зия Эрдил түркиялық жоғары оқу орны туралы кеңінен әңгімелеп, әріптестік орнатуға ниетті екендігін жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде тараптар ғылыми-мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелерін талқылады.

* * *«Тәуелсіздік – тұғырым». Қазақ

мемлекеттік қыздар педагогикалық уни-верситетінде осындай атаумен жиын өтті.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің егемендік жылдарындағы тыныс-тіршілігін, дербестік алғалы бергі мемлекет өміріндегі ең жарқын сәттер мен жақсылықтарды өз өнерлерімен паш ету, осы арқылы жас таланттарды таныту. Осыған орай Өнер және мәдениет факультетінің студенттері туған ел, тәуелсіздік, баянды болашақ туралы ақындардың өлеңдерін оқып, ән айтып, би биледі. Жиын аясында білімгерлер осы тақырып төңірегінде өзіндік ойларымен бөлісіп, пайымды пікірлерін айтты. Мәселен, факультеттің 1-курс студенті Несібелі Тоқтасын «Мәңгілік ел: Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында баяндама жасап, егемендік жолындағы ұлтымыздың даңқты перзенттерінің атқарған қызметі мен еңбегі жайында кеңінен әңгімеледі.

* * *Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл

толды. Атаулы дата қарсаңында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Алаш тағылымы – тәуелсіздік негізі» атты жиын өтті.

Оқу орнының Ғылыми кітапханасы ұйымдастырған басқосу барысында ұлттың рухани жаңғыру мәселелеріне қатысты Алаш зиялыларының идеялары, Ақпан революциясы және Алаш Орда партиясы мен үкіметінің құрылуы сияқты мәселелер негізгі әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ, әлі де өмірі мен саяси қызметі толықтай зерттелмеген қайраткерлердің қоғамның дамуына сіңірген еңбектеріне баға берілді. Басқосу барысында Қыздар Университетінің оқытушылары С. Түменова, Б. Иманбекова рухани жаңғыруымыздың бастауы болған Алаш қозғалысының тарихы жайында кеңінен сөз қозғап, төл тарихымыздағы «ақтаңдақтарды» ашудағы зерттеулерімен бөлісті.

* * *«XXI» ғасыр педагогы» атты Халық-

аралық байқауда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің оқытушылары Әлия Исаева, Ләззәт Ахымбекова және Ақмарал Қожабекова жүлделі орындарға ие болды.

«Білім» республикалық ғылыми-педа-гогикалық орталығының ұйытқы болу-ымен ұйымдастырылған дәстүрлі сайыс биылғы жылы Петропавл қаласында өтті. Оған еліміздің барлық аймағынан 50-ден астам оқытушы қатысып, бақтары мен бап-тарын сынады. Үздік ұстаздарды анықтап, олардың жаңашыл һәм кәсіби шеберлігін шыңдауды көздейтін байқау 4 кезең бойын-ша жүргізілді. Сайыскерлер алғашқы турда өздерін таныстырса, келесі кезеңде ғылыми жобаларын қорғады. Ал, соңғы айналымда білім берудің нормативті-құқықтық базасы-на орай қойылған сауалдарға жауап беріп, біліктілігін сарапқа салды.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Page 4: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

4

4ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

SAI’ASAT

Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Елімізде латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі бекітілді. Тілімізге кірме кейбір дыбыстардың бұл әліпбиде болмауы түрлі пікір тудыруда. Менің ойымша, бұл – уақытша құбылыс. Қазіргі қолданыстағы әліпби мен емле ережелерін басшылыққа алып, тәрбиеленіп өскен ұрпақтың санасынан өзге тілдік дыбыстарды өшіру қиын болып отырғаны жасырын емес. Осы орайда жаңа әліпбидегі «в», «ф», «х» дыбыстары туралы бір-екі ауыз пікірімді ортаға сала кеткім келеді.

4№10 (166)желтоқсан2017 жыл

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ ЖАҢА ЕМЛЕ ҚАЖЕТ

Қыздар Университетінің «Филология»

мамандығының 3-курс студенттеріне «Латын графикасы және қазақ жазуының тарихы» пәні жүргізіледі. Аталған пәнді жүргізу барысында байқағаным өзіміздің байырғы сөздерімізді латын әрпімен жазу еш қиындық келтірмейді. Ал термин сөздерді жазуға келгенде емле ережелерінің керектігі тәжірибе барысында байқалды. Ендігі уақытта ғалымдарымыздың алдында тұрған басты мәселенің ең негізгісі осы емле ережесін дұрыс жолға қою ең маңызды шаруа болып отыр. Бұл уақытқа дейін емле ережелері мен соған сәйкес құрастырылған сөздіктердің негізгі қағидалары өзге тілдік сөздерді орысша қалай жазылса, қазақша да солай жазуға мәжбүрлеп келген. Расында да, солай. Біз көп жағдайда, бір-екі ды-бысын ғана өзгертіп, оңай қазақшалай салуға болатын сөздердің өзіне жаңа атау

ХХ ғасырдың басында-ақ тіліміздің жай-күйі турасында Алаш көсемдерінің бірі Халел Досмұхамедұлы: «Осы күнгі қазақтың әдебиетінде шеттен кірген сөздер өте көбейіп кетті. Төңкерістен соңғы шыққан журнал-гәзеттердің іші толған жат сөз. Білім, оқу әдебиеті де жат сөзге байыды. Заманымыздағы көркем әдебиетіміз де жат сөздерден құр емес. Оқытушыға да, үйренушіге де, үгіттеушіге де, жазушыға да, білімдіге де, білімсізге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды» дегене болатын. Расында да тілімізді жат сөздер басып бара жатқан уақытта латын әрпімен кірме сөздерді қалай жазу керек деген мәселе бүгінгі күні аса өзекті болып отыр.

іздейміз. Мысалы, сәлеркі (солярка), бензін (бензин), деректір (директор), міністір (министр), кәресін (керосин), пәдез (подъез), тәбілеткі (таблетка), маз (мазь), пылаш//даждауық (плащь, дождовик) сияқты т.б. толып жатқан осындай сөздерге қазақша балама іздеудің қаншалықты қажеттілігі бар?! Біз жалпыхалықтық қолданыстағы қарапайым сөздерді нақты мысалға келтіріп отырмыз. 1913 жылы қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының атасы Ахмет Байтұрсынов «Шора» журналындағы «Қазақша сөз жазушыларға» деген мақаласында айтылған сөз бен оның жазылуының арақатынасы туралы «тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек» деп атап көрсеткен еді. Ал бізде керісінше тіл табиғатын бұзатын бөтен тілдік дыбыстардың әріптерін әліпбиімізге енгізіп қана қоймай, өзіміздің төл дыбыстарымыз айтылған

сөзді де, дәл таңбаламай саяси себептерге байланысты үлкен қиянат жасап келгеніміз жасырын емес. Шындығында жазу біздің аузымыздан шыққан әрбір сөздің әрбір дыбысын дәл таңбалауы қажет. Сонда ғана жазу тіл үшін барынша толық қызмет ете алады. Ал «қазырғы» (немесе кәзіргі, бірақ қазіргі емес) жазуымызда осы заңдылық толық сақталған ба? Жоқ деп бірден кесіп айта аламыз. Бұл пікірімізді дәлелдейтін «қазырғы» жазуымызда бірнеше кереғарлық бар. Солардың бірі – төл дыбыстарымыздың сөз құрамында қалай жазылуы. Сенбесеңіз, күллі қазақ тілі оқулықтары мен емле (орфография) ережелеріне қайта бір үңіліп қараңыз. Олардың бәрінде ә, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буынында жазылады. Мысалы: ән, дәлел, дәрігер, өлең, көлем, ұлы, құлын, үндеу деп жазады да, ескерту жасап, сірә, кінә, күнә,

мағлұм, мақұл, мәжбүр, әңгүдік, дүлдүл деген сөздердің екінші буындарында да жазылатынын айтады. Оқулықтар, сөздіктер көрсеткендей, бұл дыбыстар санаулы ғана сөздердің ғана екінші, үшінші буындарында айтылып-жазылмайды, ондай сөздер қазақ тілінде аса көп. Біз емленің шылауына еріп кетіп, «қазыр» оларды жазбақ түгіл, сөйлеу тілімізден де шығарып тастадық. «Қата» (қате емес) емлесінен әсерінен өз ана тіліміздің табиғи қалпынан айырыла бастадық. Кітәп, мұғалым, ділдә, ләзәт, Күләш, Жәмилә, тілмәш, ділмәр, кәусәр секілді т.б. қыруар сөздерді кітап, мұғалім, ділда, ләззат, Күлаш, Жәмила, тілмаш, ділмар, кәусар деп жазып-оқитын, сөйлегенде солай айтатын болдық» деген ғалым Б. Оспанованың пікіріне алып-қосарымыз жоқ.

Бибігүл СҰЛТАНОВА,филология ғылымдарының

кандидаты, профессор м.а.

МӘСЕЛЕ

ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мәселен, қазақ сөзінің құрамында айтылып-жазылатын «я» мен «ю-ды» (аян, ояу, баяу, бояу т.б., аю, жою, тою, қою, ою т.б.) айтпағанда «ц» (т+с), «ч» (т+ш) дыбыс тіркесімдері де түбір сөздердің басы мен соңында айтылмағанымен, «айт+са», «жат+сын», «кет+ші»» «серт+шіл» деген сияқты т.б. сөз бен қосымша аралығында «ц», «ч» дыбыс тіркесіміне жуық түрде айтылады. Қазақ тілінің артикуляция заңына сәйкес айтылатын, құлаққа нақты естілетін осындай дыбыс тіркесімдері де бар екен деп оларды қабылдау қажет пе? Алайда, олар қазақ тілінде түбір сөздің құрамында айтылмайды. Сол себептен болар, кезінде қазақ тіл білімінің білгірі Ақымет (қазақша осылай жазылуы керек. Кезінде ол өз атын осылай жазған екен) Байтұрсынұлы олардың қазақ сөзі құрамындағы орны (басында, ортасында, аяғында) мен қолданылу жиілігінің аса белсенді еместігін ескере отырып, өзі құрастырған әліпбиінде оларға арнап арнайы әріп белгілеуді қажет етпеген. Халел Досмұхамедұлы: «Тілді бүлдіретіндер – оқығандар» деп айтқандай, «оқу өтіп» кеткен оқымыстылар өздері ғана адасып қоймай, өзгелерді де шатастырады. Мысалы, кейбір дыбыстарға қатысты пікір білдірушілер «х» дыбысы туралы: «Ол – парсы тілінен енген дыбыс. Қалай болғанда да, «халық» – «қалық» (озық, қалық), «хор қызы» – «қор қызы» (қор болу, қорлану), «хикая – қыйқайа» (қыйқай, қыйқаңдау), хат – қат (тапшы, зәру, дефицит) «хан – қан» («хан» (Абылай хан) дегеннің «қан» (аққан қан) болып кетуі тым ерсі), Яғни, «х» дыбысын шет тілден енген деп алып тастасақ, қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің мәні мен мағынасы өзгеріп кетеді. Оған қоса, «х» дыбысы батыстан енген сөздерде кездеседі, Сондықтан «х» дыбысын сақтап, жоғарыдағы қазақ тілі үшін «бар дыбыс/жоқ дыбыс» санатында жүрген «Һ һ» (қаһар – қахар, шаһар – шахар, Гауһар – Гаухар) дыбысын қазақ тілінен шығарып тастау керек» – дегендей пікірлер жиі айтылды. Егер біз «хат, хабар, хан, хор, халық» деген сияқты бар-жоғы 10-15 сөздің басында жазылып, соның әсерінен сөйлеу тілімізге де көшкен «х» дыбысын өз тіліміздің ықылым заманнан бері қалыптасқан бітім-болмысына сәйкес «қ» дыбысымен айтатын болсақ, «қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің мәні, мағынасы өзгеріп кетеді» дегендей пікірлерді ұшқары пікір дейміз. Кез келген тілдің, әсіресе қазақ тілі сөздік қорындағы бір буынды сөздердің (ақ, ат, ас, аш, әр, ер, бас, қас т.б.) көпшілігінің, сондай-ақ бірсыпыра көп буынды сөздердің (жазық, мақта, қорғасын, ұста т.б.) омонимдік мағынасы болатынын және ондай сөздердің жеке тұрғандағы нақты лексикалық мағынасы мынау деп дәл айтып, анықтап көрсетуге болмайтынын тіл білімін зерттеуші ғалымдар ғана емес, қарапайым жұртқа да белгілі жайт. Егер біз: «бүгін Айжанға қат жаздым» деп айтып-жазсақ, ол осы сөйлемдегі «қат» деген зат есімді «зәру» деген сөзбен шатастырса, ал «Қазақтар өз қандарын сайлады» деп айтатын болсақ, мағына өзгерді, түсініксіз ұғым пайда болды деп айта алмас едік. Осы орайда, біздің айтарымыз – әр сөздің лексикалық нақты немесе ауыспалы, келтірінді, синтаксистік шарты, фразеологиялық байлаулы мағынасы еркін сөз тіркесінде, сөйлем құрамында (қор болды//қор қызы//қор-капелла) ғана нақтыланады. Өз тіліміздің төл дыбыстық жүйесіне сәйкес қат-қабар, қан (түркілік көне тұлғасы – қаған), қалық т.б. деп айтып, жазсақ, жаңа әліпбиімізге орай жаңа емлені қабылдар кезде осы мәселе ескерілсе, тіліміздің дыбыстық жүйесі сауығып, жандана түсер еді. Еліміздің ұтары көп болар еді. Керісінше, қазақтың қазақтығын айқындайтын, ұлттық нышанымыз секілді «қ» дыбысының қолданылу аясын кеңейте түсеміз.

Гүлмира АБДРАСИЛОВА,филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

МАМАН ПІКІРІ

Тілдің басты артықшылығы – түсінікті болуында. СТЕНДАЛЬ

Page 5: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

5

5ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

SAI’ASAT

Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Жаңа латын графикасына көшу қазақ жазуының тарихындағы кемшіліктерден арылтып, ұлттық сана сезімді арттыруға сеп болатындай. Сол арқылы халықтың рухын жаңғыртатын, ұлт санасына серпін беретіндей жүк арқалауы тиіс. Демек, бұл жолғы жаңа әліпби жасау – қазақ зиялылары үшін әлем алдында, туыстас түркі халықтарының алдында, келешек ұрпақ алдында үлкен сын. 1991 жылы тәуелсіздігін алған түркі мемлекеттерінің ішінен кирилл жазуы аясында Қырғызстан ғана қалып отырғаны белгілі. Қазақстан әлемдік бәсекеге түсіп, қарқынды даму жолында. Осы тұрғыдан алғанда латын графикасына көшудің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне лайық қолданылып, жаһандану үдерісіне ақпараттық кеңістікке кірігуіне жаңа мүмкіндіктердің ашылуына сеп болмақ. Латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиін қабылдау – уақыт талабы. Оның артықшылықтары – қазақ тіліне тән ерекшеліктерге негізделген төл дыбыстарынан артық жат әріптердің қысқарып, әліпбидің ықшамдалуының маңыздылығында, тілдің ұлттық сипатын, таза қалпын сақтауында, оқу мен жазудағы үнемділік, әлемдік ақпарат кеңістігіне ықпалдасуымыз, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ақпарат алу мүмкіндігінің жылдам және мол болуы, түркі тілдес мемлекеттермен, түркі әлемімен ортақ рухани, мәдени, ғылыми, саяси-экономикалық жақындасуымыз және түркі халықтарына ортақ ғылыми терминдерді бір жүйеге келтіру. Қиындықсыз өзгерістер болмайтыны белгілі. Қазіргі кезеңде латын графикасына көшуге байланысты болып жатқан қызу пікірталастардың болуы да заңдылық. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін әзірлеуде басшылыққа алынатын негізгі ұстанымдар ретінде әліпбидің ықшамдылығы, бір дыбысты бір әріптік таңбамен белгілеу ұстанымының басшылыққа алынуы, қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтарына сәйкестігі, ғылыми-техникалық лексиканы бейімдеуге оңтайлы болуы, қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, диакритиканы қолданудың оңтайлығын ескеру, түркі мемлекеттері үшін бекітілген ортақ 34 әріп шеңберінде алу мүмкіндігін жүзеге асыру, түркі тілдерінің ортақ терминологиялық қор жасау мәселесінің оңтайлы шешілуіне мүмкіндік беруі жөнінде ғалымдарымыз аз айтқан жоқ. Ұлттың санасын жаңғыртатын жаңа жазу қалыптастыруда біз ең алдымен қазақ жазуы тарихындағы өткен кемшіліктерден арылуымыз керек. Жазу тарихымыздағы ең басты кемшілік – қазақ жазуын кирилл жазуының заңдылықтарына ыңғайластырып, бағындыруымыз екенін ғалымдарымыз аз айтып жүрген жоқ. Тарихтан белгілі, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Түркологиялық съезде түркі тілдерінің терминологиясы, орфографиясы және әліпби мәселелері қарастырылып, 1929 жылы араб графикасынан латынға көшіріліп, 1940 жылдан бастап кирилл әрпінің негізіндегі қазақ әліпбиі қабылданып, 1957 жылы нақты ережелері бекітілген болатын. Аталған ережеде халықаралық деп танылған терминдерді өзгеріссіз қабылдау міндеттелді. Ал тілге енетін жаңа лексиканың басым көпшілігін терминдер құрайтыны белгілі. Осы тұрғыдан тілімізге енген халықаралық терминдердің қазіргі әліпбиімізде жазылу емлесі бүгінгі күнге дейін қазақ тілінің дыбысталу ерекшеліктеріне бағынбай енгізіліп келеді. Батыс тілдерінен енген терминдер алдымен орыс тілінде тұрпатын өзгертіп, содан соң қазақ тіліне енетін. Академик Ә. Қайдар терминологиялық лексиканың жалпы тілдік лексикамен арақатысында үлкен алшақтық барын айтады. Тілге еніп жатқан жаңа ұғымдар мен «судай жаңа» атаулар сол тілдің табиғатына тереңдей сіңбесе, санда бар, санатта жоқ артық «балласт» болып қалатындығын ескертеді. Ғылым тілі дамымаған жерде әдеби тілдің мәртебесінің ғана емес, жалпы рухани өміріміздің, ұлттық мәдениетіміздің дамуы жайында сөз ету қиын болатындығына айрықша назар аудартады. Демек, ендігі жерде жаңа латын жазуын қазақ тілінің төл заңдылықтарына мүмкіндігінше бейімдеуіміз керек. Бұл арада біз жаңа латын жазуына негізделген қазақ әліпбиін әлі де жетілдіруді қажет ететінін ескеруіміз керек, яғни латын жазуына көше отырып, ол жазуды қазақыландыра отырып қабылдамасақ, өткенімізден сабақ алмасақ, жазуды ауыстыруды ұлттық жаңғыруымыздың себепкері ретінде бағалауымызға ешбір негіз жоқ екенін тіл жанашырлары да ұлт жанашырлары да толықтай түсініп отыр. Екіншіден, бір маңызды мәселе жазуды ауыстыруымызбен бірге, қалай дегенмен де, өткенімізден қол үзіп қалмау мәселесіне баса мән беруіміз қажет. 1926 жылғы Бакуде өткен түркологиялық съездің өзінде татар ғалымы Галимжан Шараф араб жазуынан латын жазуына ауысудағы басты қатер –араб жазуы мәдени құндылықтарымыздан қол үзіп қалу екендігін айтқан болатын. Бүгінде сол бірнеше ғасыр қолданылған араб жазуымен хатқа түскен жәдігерліктердің барлығы дерлік көпшілік оқылу мүмкіндігінен айырылып, тек мұрағат жағалаған аздаған ғалымдардың ғана меншігіне айналғанының куәсі болып отырмыз. Бұл жолы жазуымызды ауыстыра отырып, жаңаша жол табуға тырысуымыз қажет. Жаңа латын жазуына көшу үрдісін біз өзімізге осындай қателіктерді түзетіп алатын мүмкіндіктің жолына айналдырсақ дейміз. Керісінше, біз енді кеңестік дәуірдегі қол жеткізілген құндылықтарымызды ғана емес, сонау ортағасырлық тарихи жәдігерліктерімізді, тіпті көне түркілік жазбаларымызды әрбір тұлға оқи алатындай білім беру жолына түсуді діттеуіміз керек. Ол үшін жаңа жазуды қабылдай отырып, өскелең ұрпаққа қазақ жазуының тарихын терең меңгертуді білім беру жолындағы басты міндет ретінде қоғам санасына сіңдіре отырып, оны ұлттық ерекшелігіміз ретінде қалыптастырсақ, сөйтіп, қазақ жазуының тарихын, қазақтың өткен жазу түрлерін үйренуді мектептегі сауат ашудың бір ұлттық моделі ретінде қарауды дәстүрге айналдыра отырып, жаппай мектеп бағдарламаларына енгізіп, оның ғылыми негіздерін колледждер мен ЖОО-ларда оқылатын міндетті компонент пән мәртебесіне көтеру. Әліпбидің білім беру жүйесіндегі орны ерекше. Осы тұрғыдан кирилл әріптері негізіндегі қазақ әліпбиінің қазақ тілін үйрету әдістемесінде қиындық келтіргенін баса айтуға болады. Бұл мәселе тұрғысынан тілдің психолингвистикалық қырларына баса назар аударуды қажет етеді. Басқаша айтқанда, адам көру мүшесі арқылы қабылдаған сыртқы орта құбылысын білдіру үшін оның ойында сәйкес лексикалық жүйе қалыптасып, өзі сол лексикалық жүйе элементтерін дұрыс пайдалана білу керек. Көру анализаторынсыз ойлау үдерісіне ерекше күш түсетіні дәлелденген, себебі ұғым адам санасы және көру анализаторының көмегімен қалыптасып, тіл арқылы сөйлеуден көрініс табады, яғни кейбір әріпті ажыратудың шарты тек «белгі» болуы оқу қиындықтарын туындатуы мүмкін. Әрине, батыс тілдерінде мұндай құбылыстар кездеседі, себебі олардың жазуы тарихи-дәстүрлік ұстанымға негізделген. Кеңес Одағындағы түркі мемлекеттерінің әліпбилерінде бір-бірінен айырмашылықтар көп болғаны белгілі, қазіргі латынға көшкен түркі мемлекеттерінің де латын әліпбилерінен жақындастырудан гөрі оқшаулану басым екенін көруге болады. Бұл мәселеде түркі әлеміне ортақ әліпби идеясының жүзеге асуын алыстата түседі. Жалпы алғанда, латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиіне көшу – күрделі жазу реформасы. Бұл мәселеде бір дыбысқа бір әріптің сәйкестігі ұстанымы басшылыққа алынуы керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар латын әліпбиіне ертерек көшкен Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Кипр секілді түркітілдес елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, олардың жіберген кемшіліктерінен сабақ алуымыз керек.

Қорыта айтқанда, жаңа әліпбидің дүниеге келуі – келелі, игілікті іс, үлкен тарихи оқиға. Сондықтан бұл іске асқан байыптылықпен, зор жауапкершілікпен қарауымыз керек. Нәтижесінде, оның жетістіктерін ұрпағымыз ғасырдан ғасырға жетелейді деген сенімдеміз.

Жарқынбике СҮЛЕЙМЕНОВА,Қазақ тіл білімінің теориясы мен

әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, профессорҚаламқас ҚАЛЫБАЕВА,

Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, оның бүгінгі адамзат мәдениетін дамытуға тигізіп отырған ықпалы мен мүмкіндігін бағамдаған еді. Мақаланың негізгі арқауы – ұлттық салт-дәстүріміз бен тіліміз, мәдениетіміз және ұлттық кодымызды сақтап қалу жолына бағытталған ұлт санасын ояту. Ал тіл – осылардың басты тұғыры, негізі іргетасы.

5№10 (166)желтоқсан2017 жыл

МӘСЕЛЕ

Page 6: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

6

6ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

ZERDE

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

ӨНЕРСӘН

ТӘРБИЕ

Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікке өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттерінің сәнді киім үлгілері таныстырылды. «The magic of space» атты шығармашылық кеште Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2-курс білімгерлерінің 10-нан астам коллекциясы көпшілік назарына ұсынылды.

«Қазақстанның жетістіктері – Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қызмет еткен баршаның еңбегі».

Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбиемен жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығар қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы қарыз бен өскелең ұрпақтың алдындағы парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Ал, ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен қатар, отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз мен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер сынды сапалар ұлттық тәрбиенің негізігі көрінісі болып табылады. Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Қазіргі таңда нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы жариялылық, азаматтық қоғам орнату талаптары тұрғысынан қарап, өзгермелі қоғамда көп мәдениетті, көпұлтты кеңістікке

«БІЗДЕРДЕ МЫНАДАЙ БАР, МЫНАДАЙ БАР!..»

Шіркін, ән! Саған жетер құдірет жоқ! Сырдың бойынан Алатаудың бөктеріне аңсап жеткенімде, әнқұмар жүрегімде дәстүрлі әннің бұлағынан қандыра суарсам деп едім. Бүгінгі күнге қазақ халық дәстүрлі әндерінің қаймағын бұзбай жеткізген Алмас Алматов, Рамазан Стамғазиев, Ардақ Исатаева, Айгүл Қосанова, Сәуле Жанпейісова, Елмұра Жаңабергеновалар шыққан биіктер – менің де арманым. Қазіргі кезде қазақтың дәстүрлі ән өнеріне елімізде жоғарғы деңгейде қолдау қөрсетіліп, халықаралық деңгейде көптеген конкурстар ұйымдастырылып, еліміздің қазақтың дәстүрлі ән өнерін бүкіл әлем назарына паш етуде. Бұл – еліміз үшін үлкен жетістік, толымды табыс. Бүгінде қазақ халқы өткенін түгендеп, өшкенін жандырып отыр. Бұл рухани жаңғыру дәуірі деп топшылаймын. Ұлттық кодтың кілті қазақтың салт-дәстүрлерінде, тілінде, мәдениетінде, өнерінде, музыкасында, тарихи жәдігерлерінде деп ойлаймын. Оңтүстіктегі ортағасырлық Жанкент аймағы да кезінде өнер Оғыз мемлекетінің астанасы болған. Іргелі өнер ордасы атанған. Жылаған әйелдің көз жасы, перзентке зар болған адамдарға сәби сыйлап, бақытқа бөлеген Бегім ананың өзі – тарих, музыка іспеттес. Қорқыттың мәңгілік әуені жоғалмайды. Ата-бабалардың ұлттық құндылығын дәріптеп, төл өнерімізді насихаттау үшін осы саланы таңдап отырмын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей осы білім ордасына оқуға түсуіме, көптеген конкурстарға қатысуға үлкен үлес қосқан Нұрсұлу Есмаханованы ерекше айтқым келеді. Ал білімімді одан әрмен шыңдап, дәстүрлі әннің қыр-сырын үйреткен университеттің Өнер және мәдениет факультетінің Гаухар Сапарбаева, Мадина Сахарбаева, Венера Қаржаубаева және Есбол Шанбай сияқты оқытушылдарымды ерекше атап өткім келеді. Ұлт руханиятын өркениет биігіне шығаратын, қазақтың дәстүрін, тарихын, музыкасын, өнерін болашаққа жалғайтын біздер – жастар.

Ақық ҚАНЫБЕК,Өнер және мәдениет факультетінің 4-курс студенті

Қазақтың дәстүрлі ән өнерінде бақсылық сарын, өшпес рух, өшпейтін өнеге бар. Менің өмірге келерде анам аян қөріп, есімін Ақық қойыңдар, асыл тастай жарқырар қыз болар деген екен. Содан да болар өнер өлкесіне мектепте оқып жүрген кезімнен бет бұрдым. Менің дәстүрлі ән өнерін таңдауыма отбасым, ұстаздарым тікелей әсер етті.

араласуға дайын, кез-келген жағдаятта өз орнын таба білетін, рухани құндылықтары жетілген қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие мазмұнын қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қазақ қыздарының парасат мектебіне айналған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқу ісі мен тәрбие мәселесі ұлттық мамандарды даярлау ісімен тығыз байланыстырылып келеді. Қазіргі таңда оқу орны жаңа заман талаптарына сай жан-жақты кәсіби дайындыққа ие, қоғам сұраныстарына жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісімен айналысып келеді. Университеттің педагогикалық ұжымы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігн жетілдіру ісіне ғана емес, олардың азаматтық жауапкершілігін, отаншылдық рухын, елдік

қасиеті мен ұлттық болмысын да қатар тәрбиелеуге баса назар аударады. Ұлттық тәрбие арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. «Тәрбие басы – тал бесік» деген сөз тегін айтылмаған. Сөз жоқ, болашақ ұрпақтың өнегелі болуы жастайынан берілген тәрбиеге байланысты. Сондықтан да қандай қоғам да болмасын ұстаз бен шәкірт тәрбиесіне ерекше мән беріледі. Осыған орай жоғары оқу орындарында жүргізілетін тәрбие ісі бойынша концепцияны жүзеге асыру, студенттер арасында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру және патриоттық тәрбие беру, студенттік ұйымдардың жұмыстарын ұйымдастыру сияқты жұмыстар бойынша іс-шаралар атқарылып келеді. Қазіргі жастардан жоғары білімді, әрі

ынталы, өздігінен шешім қабылдайтын және оған жауап бере алатын, ынтымақтастық пен мәдениет аралық әрекеттерге қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін белсенді азаматтарды қалыптастыруда ЖОО-да атқарылатын жоғарыда аталған шаралардың түп негізі жастарға рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбие беруге келіп тірелуі қажет. Себебі әрбір студент «патриот» сөзінің түпкілікті мәнін толық түсінген жағдайда мемлекеттің дамуына үлес қоса алады. Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін, алдымен өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы. Университетіміздің тәрбие жүйесі тарихи ұрпақтар сабақтастығына, бүкіл адамзаттың басым құндылықтарын құрметтеп бағалай білуге, гуманистікке, қайырымдылыққа, адам өміріндегі салауаттылық өмір салтын насихаттауға негізделінген. Қорыта келгенде, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын бәсекеге қабілетті, өзіндік тұлғалық ерекшеліктері қалыптасқан, жоғары кәсіби білімді маман даярлау ісі мен ұлттық тәрбие негізінде ұрпақ тәрбиелейтін ұлағат ұясы.

Болатхан САРБАСОВ, филология ғылымдарының

кандидаты, профессор м.а.

– Іс-шараның мақсаты – студенттерге күнделікті тұрмыстағы тұтыну бұйымдарын және оларды көркемдеп-сәндеу барысында қолданылатын тігіс түрлерін пайдаланып, ұсақ бөлшектерді өңдеуді толық меңгеріп, оны тігін ісінде орынды пайдалану. Сонымен қатар, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда шыңдау да басты назарға алынды, – дейді факультеттің аға оқытушысы Ұлжан Алашабаева.

Сән үлгілері шарасына арнайы қатыс-қан Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова осы тақілеттес көр-сетілімдер студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға сеп болатынын атап өтті.

– Өзіндік өрнегі бар киімдері таныстыру барысында әсем әрленген тың жобалардың бар екеніне көзім жетті. Студенттер үшін

бұл тәжірибе болса, ал көрермендер үшін – есте қаларлықтай шара. Алдағы уақытта топтамаларды оқу орнында ғана емес, еліміздің басқа аймақтары мен шет мемлекеттерде ұйымдастырылатын қазіргі заманға сән байқауларында таныстыру қажет, – деді Г. Төремұратқызы.

Шара соңында студенттер бисер, фетр, былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдарын көрермендерге сыйлап, өз өнерлерін паш етті.

Қазақтың әні – қазақтың жаны

Page 7: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

7

7ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

ӨНЕР

ТОПЖАРҒАН

ТӘРБИЕ

QYZDAR LIFE

БАСҚОСУ ЖАҢА КІТАП

Альрамина НҰРӘЛІ,«Қыздар университеті»

«Ширек ғасырдағы барлық жетістік әрбір қазақстандықтың ерең еңбегінің нәтижесі болып табылады».

Жастар үшін тағылымы мол һәм берері көп жиында сарапшы отбасылық құндылықтар мен қарым-қатынас, бала тәрбиесі, тұлғалық даму туралы кеңінен әңгіме қозғап, жұбайлық өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білуге үндеді. Сонымен қатар, қазақ қыздарының тәрбиесі мен бүгінгі заманның кері ықпалдары жайында да пайымды пікір білдірді.

– «Әйел тұлғасын дамыту» семинары ең алдымен нәзікжандылардың өмірге деген сенімділігін қалыптастырады. Сенімділік болмаған жерде адамның өмірі толыққанды өтпейді. Өз-өзіне сенбейтін, қоршаған ортадан қорқатын, өмірімізде болып жатқан проблемаларға үреймен қарайтын, алдына мақсат қоя алмайтын, өмірде бақытты болуға лайық екеніне сенбейтін әйелдер, әрине бақытты бола алмайды. Бұл семинар жоғарыда атап өткен мәселелердің шешімін толыққанды шешуге септеседі. Біздің академияға кеңес алуға келген әйелдердің көзқарасы өзгеріп, өмірге деген құлшынысы оянады. Жаңа өмір бастауына себепші боламыз деп сеніммен айта аламын, – деді Қ. Қалиева.

Оның айтуынша, бақытты әйел өмір сүретін отбасы бақытсыз болуы мүмкін емес. Ол үшін бақыттың кілтін өзгеден емес, өз бойыңнан іздеген абзал. Екіжақты түсіністік болған жағдайда ғана отбасының керегесі

ӘЙЕЛ МЕН ЕРКЕК ТЕҢ БЕ?

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттеріне «Кайдзен» академиясының президенті Құралай Қалиева «Әйел тұлғасын дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

мықты болмақ. Сондай-ақ, жиын барысында отбасылық құндылықтар турасында да кеңінен әңгіме қозғалып, ажырасудың алдын-алу қажеттігі айтылды.

– Қазақ әйелдеріне ең бірінші ошағын сақтап, бақытты ету үшін 50-де 50 саясатын ұмытқаны жөн. Әйел адам еркекпен тең құқылы деген қате пікірден арылу керек. Мүмкін Еуропа елдерінде ол саясат әйел адамды бақытты қылатын шығар. Алайда, қазақ қоғамына бұл саясат жат дүние. Әйел өте нәзік, еріне бағынатын болып жаратылған. Сол себепті әйел адам еркектен бір саты төмен тұруы керек. Сонда ғана ер азамат өзін еркек сезінетін болады. Ер адам өзін әйелден мықты екенін сезінген жағдайда отбасының нағыз қамқоршысына айналады. Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек. Өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді, – деп атап өтті Қ. Сатықызы.

Семинар соңында Қыздар Универ-ситетінің студенттері маманға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, толымды әрі нақты жауаптар алды. Айта кетейік, «Кайдзен» академиясы әйел тұлғасын дамыту мен отбасылық қарым-қатынас бағытында жұмыс істейді. Бүгінге дейін академияның көмегіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен он мыңға жуық қыз-келіншек жүгініпті.

Химия ғылымдарының кандидаты Г. Түгелбаеваның «Физика тарихына кіріспе» ат-ты ғылыми еңбегінде аталған ғылымның тарихы, даму кезеңдері, ғылыми жетістіктері және клас-сикалық физиканың негізгі ба-ғыттары толық қамтылған. Оқу құралы «Ежелгі физика», «Орта ғасыр физикасы» атты екі тараудан тұрады. Онда атомистика ілімінің дамуы, Пифагор, Эпикур, Демокрит, Платон сынды ғалымдардың еңбектерінің маңызы, ортағасырлық Шығыстағы ғылыми жетістіктер,

әл-Фараби және оның физика тарихында алатын орны кеңінен баяндалған.Ал, техника ғылымдарының докторы, профессор Ажмұқан Жамаловтың

«Термодинамикалық және статистикалық физика» атты оқу құралында теориялық физика курсының ілгерлі бөлімдерінің бірі – термодинамика және статистикалық физиканың негізгі мәселелері қарастырылған. Кітаптың мазмұны педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытылатын теориялық физика курсы бағдарламасына сәйкестендіріліп дайындалған. Кейбір тақырыптар практикалық және қолданбалылық тұрғыдан тереңірек талданған.

«Бироторная микрогидроэлектростанция» атты монографияда студенттер мен ізденушілерге микрогидроэлектростанцияның заңдылықтары, құрастыру әдістемесі мен баламалы қуат көздерін пайдалану туралы айтылған. Оқулық авторы – техника ғылымдарының докторы, профессор Ажмұқан Жамалов.

– Бүгінде ХХІ ғасырға қадам басқан адамзат жаңа дәуірде өмір сүру үшін ненің басты негіз болатындығына зер сала бастады. Соның ішінде қуат көзі адам өмірінің құрамдас бөлегі болып табылатындығы сөзсіз. Ол әр түрлі материалдар туындатуға мүмкіндік береді, жаңа технологиялар жасауда басты фактор болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда әр түрлі қуаттарсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруіне қабілеті жетпейді. Адамзат алғашқы от алаудан атом электр станциясына дейінгі жолдан өтті, көмір, мұнай және газ сияқты негізгі дәстүрлі энергия қуаттарын өндіруді, өзен қуатын пайдалануды үйренді, «бейбіт атомды» меңгерді. Дегенмен, кейінгі кездері жаңа дәстүрлі емес, баламалы қуаттар түрлерін пайдалану мәселесі жиі талқыға түсе бастады. Бұл кітапта соның бір парасы туралы баяндалған, – деп атап өтті кітап авторы.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушыларының «Физика тарихына кіріспе», «Термодинамика және статистикалық физика» мен «Бироторная микрогидроэлектростанция» атты жаңа оқу құралдары жарыққа шықты.

Екі кезең бойынша жүргізілген форум барысында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауы, «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» тақырыбында студенттік эссе байқауы, «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар сайысы және «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы өтті. Биылғы байқауға еліміздің 69 жоғары оқу орнының студенттерінен 2000-ға жуық жұмыс келіп түскен. Олардың ішінен 58 университеттен ең үздік деп танылған 400-ге жуық автор гала-форумға шақырту алды. Қатысушылардың шығармашылығына белгілі қаламгерлер мен өнер қайраткерлері баға берді. Олардың қатарында «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Аманхан Әлім, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының баспасөз қызметінің жетекшісі Бақыт Беделханұлы, композитор Владимир Питерцев және «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының автономды кластерлік қорының бас

директоры Санжар Кеттебеков бар. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша Қыздар Университетінің студенті Жансая Сапар «Мен жастарға сенемін!» атты студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауында «Қанатты қалам» аталымына лайық деп танылды. Оған М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының бір жылдық абонементі мен бағалы сыйлықтар табысталды.

– «Педагогика және психология» мамандығында оқып жатсам да, поэзияға деген ықыласым ерекше. Алдағы уақытта да өрісті білім мен тағылымды тәрбиенің ордасы атанған Қыздар Университетінің абыройын асқақтатып, беделін арттыруға үлесімді қоса беретін боламын. Болашақта жеке шығармашылық кешімді өткізсем деген ниетім бар. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған Мағжан ақынның сөзі бүгінде де өміршең екенін толық дәлелдей білді. Ата-бабаларымыз өскелең жасқа әрдайым зор сеніммен, үкілі үмітпен қарап, қолдап-қуаттап отырған. Қарашаңырақ ҚазҰУ осы форумды өткізу арқылы игілікті істі жалғастырып, ұлт руханиятының дамуына һәм жаңғыруына өзіндік сүбелі үлесін қосуда, – дейді Ж. Сапар.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫҚазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Педагогика-психология факультетінің 2-курс студенті Жансая Сапар «Мен жастарға сенемін!» атты дәстүрлі республикалық патриоттық форумында «Қанатты қалам» номинациясының иегері атанды.

Дидар ҚАЙРАТ,«Қыздар университеті»

Page 8: лы аланың Ұлық мерекесіkazmkpu.kz/wp-content/uploads/2018/04/... · 2018-04-13 · 1 1 ТАҒАТ ЫЛЫМЛСЛЕЕИС ТНҒРАӘ ПЛРАІКІӨСАМНТ

8

8ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

WEEKEND8

Бағасы келiсiм бойынша. Таралымы – 1000 дана.

Тапсырыс №1756

Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның көзқарасын бiлдiрмейдi.

Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

«Қыздар университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің

Медиа департаменті

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редакторЖандар АСАН

МЕКЕН-ЖАЙЫ:

050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99Байланыс телефоны:

8 (727) 279-38-05

Газет «Қыздар университеті» газеті редакциясының компьютерлік орта­

лығында терiлiп, беттелдi.«Алматы­Болашақ» АҚ

баспаханасында (С.Мұқанов көшесі, 223 В) басылды.

Тел.: 8 (727) 378­42­00Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде

16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345­Г куәлiк берiлген.

№10 (166)желтоқсан2017 жыл

БеттеушіГүлчаһра ЖЕКСЕМБИЕВА

ФототілшіДәурен АБДИЛЬДИНОВ

Тәуелсіздік күніне орай Қыздар Университетінің мұрындық болуымен алғаш рет ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – жастардың денсаулығын нығайтып, спорттық шеберлігін шыңдау және олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Екі күнге созылған жарысқа ҚР жоғары оқу орындарынан келген 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, жарыс жолында М.Х. Дулати атындағы Та-раз мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық меди-цина академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар

СПОРТ

ӨНЕР

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті стритболдан қыздар арасындағы республикалық турнирдің жеңімпазы атанды.

Қайрат ӘЛИ,«Қыздар университеті»

ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІ ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК

Көпшілік назарына алғаш рет ұсынылып отырған қойылымда бес бойжеткеннің тағдыры баяндалады. Мектепті жаңадан бітірген өрімдей қыздардың өмір ағысы әр тарапқа түсіп, соқтықпалы соқпақты жолдардан өтеді. Бойжеткендердің тағдыры қаланың қым-қуыт өміріне ұласып, алданып, әркімге арбалып, ақыры соңында сабақ боларлықтай оқиғамен аяқталады. Күнделікті күйбең тіршілікте кезігетін оқиға. Әсіресе, қаланың даңғаза тіршілігіне қызыққан ауыл баласына тән құбылыс. Оқиға желісі бес қыздың арасында өрбіп, сан түрлі мінез-құлық иелерінің образын ашады.

«Бес саусақ бірдей емес» сахналандыҚазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Жан сарайы» студенттік театры Дәулет Әріповтың «Бес саусақ бірдей емес» спектаклін сахналады.

Аделья БІРЖАН,«Қыздар университеті»

педагогикалық университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және Қыздар университетінің спорт клубының құрама ко-

мандалары баптары мен бақтарын сынады. – Отандық жоғары оқу орындарына

жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу талап етіліп отыр.

Бүгінгі жас ұрпақтың білімді де білікті, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына тікелей байланысты. Сондықтан да баршамыздың алдымызда тұрған басты мәселенің бірі – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрама командасы 1-орынға ие болды. 2-орынды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті еншілесе, 3-орын М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының колледжіне бұйырды.

Университет басшылығы спорт бәсекесінде «жүзден – жүйрік, мыңнан –тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушыларға Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыстады. Айта кетейік, Қыздар Университетінің командасын жарысқа Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушысы, жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Олег Рукасов дайындады.

– Студенттік өнер ұжымының бұл пьесаны таңдап алуы бекер емес. Біз тәрбиелік маңызы зор қойылым арқылы жастарды жаман әрекеттерден сақтандырғымыз келді. Оларға ой салып, оң жолмен жүруді насихаттамақ ниетте болдық, – дейді театрдың қоюшы режиссері, Өнер және мәдениет факультетінің оқытушысы Дәулет Әріпов. Оның айтуынша, алдағы уақытта студенттік өнер ұжымы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген һәм классикалық қойылымдарды сахналауды жоспарлап отыр. Мамандықтары кәсіби актерліктен алыс болса да Аружан Оразалы, Ақтоты Төлеуғалиева, Таңшолпан Қайрат, Айжан Гаппарова және Дария Өтжан сынды өнерпаздар басты рөлдерді шебер сомдап шықты. Шынайы образдарымен көрерменді сендіре білді.

Театрдың құрамы жыл сайын толығып отырады. Басым бөлігі Өнер және мәдениет факультетінің студенттерінен құралған ұжым үнемі дайындық үстінде. Ашылғанына 11 жылдың жүзі болған «Жан сарайының» алға қойған мақсаты биік. Жас өнерпаздар Алматы қаласындағы іргелі өнер ордаларымен тығыз байланыс орнатып, кәсіби актерлермен шығармашылық бірлестікте жұмыс атқаруда. Театр репертуарында 9 спектакль бар. Олардың қатарында «Біз жетімбіз», «Келіндер көтерілісі», «Қара шекпен» сияқты шоқтығы биік туындыларды атап өтуге болады.