оңдеу 4готов камила апай

57
ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ 7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ «МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Бөлім 4 Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс Тақырып 4.5.2 Стомаларды күту Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс» Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике» Курс: 3 Семестр: V

Upload: oquzaman

Post on 05-Apr-2017

14 views

Category:

Internet


3 download

TRANSCRIPT

Page 1: оңдеу 4готов камила апай

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

№7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕРЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ

«МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Бөлім 4Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс

Тақырып 4.5.2Стомаларды күту

Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс»Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике»Курс: 3Семестр: V

Түркістан

Page 2: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 2-ші беті

Нұсқа № 7

1 Әзірлеген «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы: Апсенова К.Б 2 № 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған.

3 Хаттама №_____ ______________ 2017жыл

4 ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.

Page 3: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 3-ші беті

Нұсқа № 7

Сабақтың тақырыбы : Стомаларды күту .Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар :Ұжымдық, интерактивті, симуляциялық, проблемалық, технологиялар

Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері :- фронтальді сұрау;- кәсіптік бағдар беру;- түсіндіру-көрнекілікті;- стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау;- тест сұрақтарына жауап беру;- кросворд құрастыру;- бағалау және бақылау;

Сабақтың мақсаты :1.Оқыту:

Студент білуі керек: 1.стомалар туралы түсінікті және оның түрлерін;2.стомалар классификациясын;3.стомалар орнатудың мақсаты және көрсеткіштерін;4.стомаларды күтуге арналған заттардын;5.нәжісқабылдағыштарды қолдану ерекшеліктері,фиксациясы,оларды зарарсыздандыру және утилизациясы;6.стома орнатылған науқастардың тамақтану ерекшеліктерін;7.пациентте проблемалар болуы мүмкін болған жағдайларын;8.стома қоюға пациентті психологиялық дайындау принциптерін;9.уй жағдайында пациентті үйрету принциптерін;10.стомасы бар науқастар реабилитациясын.

Істей алуы қажет: - стома қоюға пациентті психологиялық дайындауды;- илеостома,колостомаларға күтім жасауды;- пациентке және онын туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйретуді;- нәжісқабылдағыш және памперсттерді қолдануды;- нәжісті саусақ арқылы шығаруды;- жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз етуді.

Тақырыпты оқып үйренгеннен кейін студент пациентті үйретуі керек: уй жағдайында стомаға күтім жасау ережелерін; нәжіс қабылдағыштарды ауыстыру техникасын; коло-илеостома жағдайында тамақтану принциптерін;

Page 4: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 4-ші беті

Нұсқа № 7

Білімділік : Студенттерге cтомалар туралы түсінікті, оларды орнатудын көрсеткіштері; стомаларды күту ерекшеліктері туралы түсінік беру. Пациентті және онын туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйрету. Нәжісқабылдағыш және памперсттерді қолдануды, нәжісті саусақ арқылы шығаруды үйрету, жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Тәрбиелік: - стомаға күтім жасау кезінде этика және деонтологияның маңыздылығын көрсету;

- стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, науқастың өміріне жауапкершілікті түсіну, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық, кәсіптік қасиеттерді дамыту;

- өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық таныту;

- кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру; командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды тәрбиелеу;

- терминальды жағдайларда пациентке күтім жасауда жауапкершілікті көрсету.

Дамытушылық: - студенттерде қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу алуын және қызығыуын дамыту;

- студенттерде манипуляцияларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, дәлділікпен орындауды қалыптастыру;

- пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту;- Медбикенің жекелік сапасын (личностные качества)дамыту; - Шұғыл жағдайларда айқын,тез арада іскерлікпен медициналық дұрыс шешім

қабылдауды дамыту.

Page 5: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 5-ші беті

Нұсқа № 7

Медбикелік ісі негіздері

Науқастың жеке бас тазалығы

Дезинфекция,стерилизация

түрлері, әдістері,

құралдары.Қалдықтар

классы

Асептика және антисептика

Аурухана ішілк

инфекция мәселелері

Медициналық этика мен

деонтология.

Науқастың функциональды жағдайын

бақылау

Ішек қызметі бұзылған кездегі

медбикелік үрдіс.

Page 6: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 6-ші беті

Нұсқа № 7

Қалыпты анатомия

Қалыпты физиология

Патологиялық анатомия

Ас қорыту жүйесінің ағзалары және олардың қызметі

Ас қорыту ағзаларының атқаратын функциясы.Сыртқа шығару үрдістері

Жасуша мен тіндердің зақымдануы.

Фармакология негіздері

Микробиология және

вирусология

Сыртқы ортада кең таралған микроорганизмдер.

Медициналық терминдер Латын тілі

Жалпы гигиена

Тамақтану гигиенасы

Антисептиктер

Page 7: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 7-ші беті

Нұсқа № 7

Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы медбикелік күтім

Хирургиядағы медбикелік күтім

Жалпы гигиена

Медициналық психология

Асқорту жүйесі ауруларының қатерлі ісіктері.

Стомалар. Операциядан кейінгі стомаларға күтім жасау.

Тамақтану гигиенасы

Психогигиена,психопрофилактика,психотерапия.Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік.

Page 8: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 8-ші беті

Нұсқа № 7

Уақыты : 180 мин.

Сабақтың жабдықталуы : плакаттар: Асқорту жүйесі анатомиясы. Стома түрлері. Сомаларға күтім жасау. Көрнекіліктер:Фантомдар :

- науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекендер; - жамбас фантомы;

Сабақты жүргізуге қажет заттар: стерильді қолғаптар- 9 д; жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін).Дәрет ыдысын,глицерин немесе вазелин майын,кермені,клеенканы,жаялықты, жылы суы бар ыдысты,салфеткаларды,сүлгіні,ақжайманы, памперсті, ішінде жылы суы бар құмыра немесе Эсмарха кружкасын,корцангті,дез ерітіндісі бар ыдыстарды,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Үлестірме материалдар : Тесттер, ситуациялық есептер,тапсырмалар.

Техникалық оқу құралдары : Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ).

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар :Негізгі әдебиет:

1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г 2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы

2005г.).3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р.

«Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.

4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г. 5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина,

ГЭОТАР – Медиа, 2009 г6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007г7. Мухина С.А Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:–

2 издание М., ГЭОТАР – Медиа, 2010 г.8. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций:

учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.9. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по

дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г.10. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының

жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.

Page 9: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 9-ші беті

Нұсқа № 7

Қосымша әдебиет:11. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2012 г.

12. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М., 2009 г.

WEB сайттар тізімі:

1 www.yandex.ru2 www.rambler.ru3 www.mail.ru4 www.medeponim.ru5 www.med.ru6 www.doctor.ru7 www.info-health.kz8 www.medstudent.ucoz.kz9 www.medcenter.kz10 www.svsmedical.kz11 www.medmedia.kz

Сабақтың хронокартасы

№ Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың ұзақтығы

І Ұйымдастыру сәті 2 мин

ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин.

ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау, үй тапсырмасын тексеру 25-30 мин.

ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау

25-30 мин.

V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин.

VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 90 мин.

VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин.

VІІІ Үйге тапсырма 5 мин

Page 10: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 10-ші беті

Нұсқа № 7

Сабақтың барысы :

Тәжірибе сабағын жоспарлау кезеңдері

Сабақ кезеңдері Мақсаты

Қызметті сипаттау

Уақ

ыты

оқытушының студенттің

І.Сабақты ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайынды-ғын ұйымдастыру, жұмыспен көңіл-күйді қалыптас-тыру.

Аудиторияның да-йындығын, студент-тердің сыртқы көрі-нісін, сабақтың жаб-дықталуын, оқулық, жұмысшы дәптердің түгелдігін тексеру, келмеген студенттерді белгілеу.

Топ старостасы келмеген сту-денттердің аты-жөнін, сабаққа келмеу себеп-тері туралы ақпарат береді.

5’

ІІ.Тақырыпқа мотива- циялық сипаттама беру

Тақырыптың тә-жірибелік маңыз-дылығын, алған білімдерін кәсіптік қызметте қолдану қажеттілігін ашып көрсету.

Студенттерді сабақ жоспарымен таныстырады. Сабақ мақсаттарын анық хабарлайды, сабақ барысында сту-денттер нені білуі, игеруі қажеттілігін түсіндіреді.

Оқытушыны тыңдайды.

5

ІІІ.Студенттердің тео- риялық білімін бақы-бақылау,үй тапсыр-масын тексеру

Уйге берілген тақырып бойынша студенттердың теориялық білімін тексереді

Студенттердың өзіндік дайындалуы үшін уйге берілген тақырып бойынша фронтальды сұрау жүргізеді.

Сұрақтарға жауап береді, қателіктерді талқылайды.

20’

Page 11: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 11-ші беті

Нұсқа № 7

IV.Тәжірибелік дағдылардың орындалу тех-никасын түсіндіру,демонстрациялау

Студенттерге сто-малар туралы түсі-нікті, оларды орнатудын көрсеткіш штері; стомалардыкүту ерекшеліктері туралы түсінік беру. Пациентті және онытуыстарын стомаға- өздік күтім көрсетуді үйрету.

Тәжірибелік дағды-ларды фантомда демонстрациялайды.

Оқытушыны тыңдайды.

30’

V.Студенттердің өзін дік жұмысына әдісте-мелік бағдар беру

Студенттерде тә-жірибелік білім деңгейін жоғар-латуға қызығушы-лығын арттыру. Жалпы және кә-сіптік құзыретті-ліктерді игеру.

Студенттердің өзіндік жұмысы үшін әдістемелік нұсқауларды тарата-таратады. Ағымды инструктаж береді. Манипуляциялардың орындалуын бағалайды, жіберілген қате-ліктерді жөндейді.

Әдістемелік нұсқауларды, алгоритмдерді, науқастарға күтім жасау жоспарларын оқып-үйренеді. Оқытушының бақылауымен манипуляцияларды игереді, пысықтайды.

20’

VI.Студенттердің өзіндік жұмысы

Студенттерде тә-жірибелік білім деңгейін жоғар-латуға қызығушы-лығын арттыру. Жалпы және кә-сіптік құзыретті-ліктерді игеру.

Студенттердің өзіндік жұмысы үшін әдістемелік нұсқауларды тарата-таратады. Ағымды инструктаж береді. Манипуляциялардың орындалуын бағалайды, жіберілген қате-ліктерді жөндейді.

Әдістемелік нұсқауларды, алгоритмдерді, науқастарға күтім жасау жоспарларын оқып-үйренеді. Оқытушының бақылауымен манипуляцияларды игереді, пысықтайды.

10’

VII. Қорытындылау. Студенттер жаңа материалды қалай игергенін анықтау. Тақырыпты пысықтау Қорытындылау, бағалау.

Тест – бақылау жүргізу.Әрбір студенттің жұ-мыс нәтижелерін талқылайды, оң және теріс жақтарын көрсетеді.

Тест – бақылау сұрақтарына жауап беру.Қорытындылау-да қатысады, қортынды шы-ғарады.

10’

Page 12: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 12-ші беті

Нұсқа № 7

VIII. Үйге тапсырма Студенттердің келе сі сабаққа дайынды-ын қамтамасыз ету.

Тапсырманы, қажетті әдебиеттер тізімін хабарлайды.

Үйге тапсырма-ны жазады,жұ-мыс орнын тәр-тіпке келтіреді.

7’

Қорытынды Сабақтың аяқтал-ғанын хабарлайды, кезекшілерге тапсырма береді.

Жұмыс орнын, бөл-мені жинастыру.

Жұмыс орнын, бөлмені жинастыру.

3’

1. Ұйымдастыру кезеңі -2-3 мин. Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл бөлу. Журналды толтыру.

2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -2-3 мин. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы: Стома - жасанды тесік, ішек стомалары нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін болмаған жағдайда, ішектін бөлігі бір бөлігіне қойылады. Ішек бөлімдерінде орналасуына қарай ішек стомаларының бір неше түрлері бар: илеостома, колостома, еюностома т.б.

Стома қойылған жағдайда науқастар өмірін және жұмыс түрін күрт өзгертуге, оқуды тоқтатуға мәжбүр болады. Стома жанұялық өмірге «араласады», жақындарымен конфликттер байқалады, жиі ажырасуға дейін барады. Стома науқастың психологиялық жағдайына әсер етеді. Науқастарда уайым, қобалжу, ашуланшақтық байқалады. Бұл жағдайлардың себептеріне стомалар туралы, оларға күтім жасау туралы қажет ақпараттың болмауы, жанұя жақындары жағынан түсініспеушілік, физикалық және эмоционалды оқшаулану, жұмыс қабілетінің қайта қалпына келмеуінен қорқу жатады.

Осындай қиындықтарды жеңу үшін қажет:

- стомаға күтім жасауда заманау күтім заттарын қолдану;- стома операциясынан кейін организмде болатын өзгерістерді білу;- стомаға білікті күтім жасау;- стомасы бар науқастармен әңгімелесу, қарым-қатынас жасау.

Page 13: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 13-ші беті

Нұсқа № 7

Стомаларға дұрыс күтім жасамағанда әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Сондықтан медбике стомалар туралы, оларға дұрыс күтім жасау ережелері, стомаларға күтім жасауда қолданылатын заманауи күтім заттары туралы білуі, науқасқа күтім жасаумен қатар психологиялық қолдау көрсетуі керек. Стома не имеет замыкательного аппарата,сондықтан стомасы бар науқастар босатуды сезбейбі және бұл процесті бақылай алмайды. Стома нерв ұштары ауырсынуынан айрылған,сондықтан ауырсынуды сезбейды. Пациентте пайда болған ауырсыну, күйдіру және қышу жағдайлары стома айналасы тітіркенуіне немесе ішектердің жұмысының күшейуіне байланысты болады. Стомасы бар науқастардың Халықаралық ассоциациясында 6 қазан күнін Дүниежүзілік стомасы бар науқастар күні деп белгіленді. Дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттерде (США,Канада,Германия,Англия, Дания және т.б) стомасы бар науқастар мемлекет қарамағында болады. Стомасы бар науқастар үшін үнемі стомаға күтім жасауға арналған жеке күтім заттары - зәр, нәжісқабылдағыштар, майлар, пасталар, кремдер, газопоглощающие прокладки, белдік және басқада лайықтау заттары жетілдіріледі. Стомасы бар науқастар қоғамы ұйымдастырылған.Бұл жерде пациенттер стоманы күтуге арналған жеке заттармен қамтамасыз етіледі,әдебиеттермен танысады, басқа стомасы бар науқастар мен кездеседі және тәжірибе алмасады.

3. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бакылау 25 - 30 минАуызша сұрақтар:

1. Асқорту жүйесінің анатомиясы, физиологиясы.2. Стома туралы түсінік.Стома түрлері және олардың анықтамасы.3. Ішек стомалары туралы түсінік. Илеостома. 4. Колостома туралы түсінік.Колостома түрлері және олардың орналасуы. 5. Еюностома туралы түсінік, мақсаты,көрсеткіштері  6. Стомалар жіктелуі. Стомалар орналасуына байланысты кездесетін асқынулар сипаттамасы7. Стомаларға күтім жасау. Стома айналасындағы теріні қорғау. 8. Нәжісқабылдағыш түрлері. 9.Нәжісқабылдағыштарды таңдап алу.10.Стома бар науқастарға медбикелік үрдісті ұйымдастыру. 11.Ашық қапшықтарды босату (дренаж).12.Илеостомасы бар пациенттерге тамақтану бойынша ұсыныстар. 13. Капролитті саусақпен алып тастау. Памперстерді қолдану.14.Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыру және утилизациялау.

1.Асқорту жүйесінің анатомиясы, физиологиясы.

Page 14: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 14-ші беті

Нұсқа № 7

Page 15: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 15-ші беті

Нұсқа № 7

Page 16: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 16-ші беті

Нұсқа № 7

Ауыз қуысына түскен тамақ асқазанға өтіп одан ботқа түрінде ішектерге өтеді. Ішектер иілген, қуысты түтіктер болып 2 бөлімнен тұрады: ащы (жіңішке) және тоқ ішектер.

Page 17: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 17-ші беті

Нұсқа № 7

Жіңішке ішектерде (5-7м) асқорту процесінің басым бөлігі жүзеге асады, яғни тағамдық заттар ұсақ бөлшектерге дейін ыдырайды, оның құрамындағы су және қоректік заттар қанға сорылады. Тоқ ішекке барған кезде тағамдық заттар сұйық консистенцияда болады.

Тоқ ішекте (1-2м) қалған қоректік заттар мен су сорылып, сонымен асқорту аяқталады. Тік ішек және анальді каналға барған кезде нәжіс массалары қоймалжын түрде болады. Сонымен қатар асқортуда бауыр, өт қабы, ұйқы безі қатысады.

.

2.Стома туралы түсінік.Стома түрлері және олардың анықтамасы. Стома -бұл хирургиялық жолмен жасалған жасанды тесік,ол іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі.Нәжіс массалары немесе зәр табиғи жолмен шығуы мүмкін болмаған жағдайда ішек құрамын немесе зәрді сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады.Трахеостома,гастростома,илеостома,колостома(цекостома,асцендостома,трансверзостома,десцендостома,сигмостома),уростома,Трахеостома(син.: кеңірдек аузы) Трахеостомия — хирургиялық операция: кеңірдек аузының пайда болуы үшін кеңірдектің кесілгеп жеріне терісін жапсырып, кеңірдек саңылауын жабу.Көрсеткіштері: Әртүрлі этиологиядағы көмейдің тарылуы /бөгде дене, жарақат, ісік, дифтерия, жалған круп, салдану, абсцесс/, ауыр бас ми жарақаты, қабырға сүйектерінің көптеп сынуы, жұлынның мойын сегментінің зақымдануымен жүретін омыртқаның сынуы.

Ауыз қуысы

Тоқ ішек

Өт қабы

Бауыр

Тік ішек

Ащы ішек

Ұйқы безі

Асқазан

Өңеш

Анальды канал

Асқорту жүйесі

Page 18: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 18-ші беті

Нұсқа № 7

Гастростомия-асқазанға жасанды тесік жасау.Бұл ауыр қалдегі науқастарды жасанді жолмен тамақтандыру әдісіне жатады.Асқазан тесігі арқылы науқастарды тамақтандырылады.Көрсеткіштері:өңеш,жұтқыншақ өткізгіштігәінің бұзылулары.

Илеостома- мықын ішегі аймағына тесік орнату. Илеостома жаралы колитте, жедел ішек өткізбеушілігінде, әр түрлі жарақаттарда. т.б қойылады.

Колостома - Колостома – жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында тесу.Колостомияда тоқ ішектің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады

Еюностома (Jejunostomia - ащы ішек тесігі). Ащы ішекте табиғи немесе жасанды пайда болған тесік.[1]Еюностомия энтеростомияның бір түрі болып есептеледі, науқасты жасанды тамақтандыру және ішек құрамын сыртқа шығару үшін аш ішектің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни жаңа тесік қалыптасады.

Page 19: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 19-ші беті

Нұсқа № 7

Еюностома (Jejunostomia - ащы ішек тесігі) Ащы ішекте табиғи немесе жасанды пайда болған тесік.[1]

Еюностомия энтеростомияның бір түрі болып есептеледі, науқасты жасанды тамақтандыру және ішек құрамын сыртқа шығару үшін аш ішектің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни жаңа тесік қалыптасады.

Уростомия- зә шығару каналы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни зәрді сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады

3. Ішек стомалары туралы түсінік. Илеостома.

Нәжіс массаларының тік ішек арқылы шығуы мүмкін болмаған жағдайда, ішектін белгілі бір бөлігіне жасанды тесік қойылады.

Жіңішке ішек

ашы ішек

12елі ішек

мықын ішегі

Page 20: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 20-ші беті

Нұсқа № 7

Илеостома - мықын ішегі аймағына тесік орнату. Илеостома жаралы колитте, жедел ішек өткізбеушілігінде, әр түрлі жарақаттарда. т.б қойылады. Илеостома операциясы кезінде мықын ішегінің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады. Илеостома уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Әдетте ол іштің төменгі аймағында оң жақта орналасады.

Илеостомада ішектің босауы өте жиі, кейде үнемі болады, нәжіс массалары сұйық, ашы иісті болады. Илеостомада жиі іш өту байқалады, ол ағзаның сусыздануына және электролиттердің, минералды тұздар және витаминдердің жоғалуына алып келуі мүмкін. Сондықтан көп мөлшерде сұйықтық ішу маңызды болып келеді.

Илеостомия, колостомияда да асқорту жолдары қалыпты жұмыс атқара береді.

4.Колостома туралы түсінік.Колостома түрлері және олардың орналасуы.

Колостома - Колостома – жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында тесу – уақытша немесе турақты болуы мүмкін. Уақытша колостоманы ішек жарақатында, жедел ішек жетіспеушілігінде жасайды. Колостомияда тоқ ішектің сау бөлігінің ұшы іштің алдыңғы қабырғасына шығарылады, бекітіледі, яғни ішек құрамын сыртқа шығару үшін жаңа тесік қалыптасады

Тұрақты колостома көлденен және тік ішегінің ісіктерінде, нәжіс массаларының сыртқа шығыуының қиындауымен сипатталатытын басқа ауруларда қажет. Уақытша колостома нәжіс массаларының тік ішек аналды тесікке бармауына, сонымен жарақат салдарын жоюға көмектеседі. Содаң соң жасанды тесік алып тасталады және нәжіс бөлінудің табиғи жолы қалпына келеді. Турақты колостома кезінде нәжіс бөлінудің табиғи жолының қалпына келуі мүмкін емес. Колостоманы тоқ ішектің әр турлі бөліктерінде: соқыр ішек, жоғары өрлеуші, көлденең, төмен өрлеуші, сигма тәрізді және тік ішекте қоюға болады. Статистикалық мәліметтер бойынша тұрақты ішек стомалары 67%, уақытша стомалар 33% жағдайда қойылады.

Page 21: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 21-ші беті

Нұсқа № 7

Колостомада ішектің босауы тәулігіне 2 - 3 рет, нәжіс белгілі бір пішінделген (сигмостомада) немесе жартылай пішінделген (стомалардың басқа түрлерінде) болады.Колостомалар орналасуына қарай бір неше түрлерге бөлінеді: цекостома, асцендостома, трансверзостома, десцендостома, сигмостома.

7.Стомаларға күтім жасау. Стома айналасындағы теріні қорғау. Операциядаң соң стомаларға таңу бөлмесі мейірбикелері немесе стоматерапевттер күтім

жасайды. Стоманың түсін бағалау үшін стоманы жиі қарау керек. Ішектердің қызыл түсі оның өмір суру қабілеті бар екендігін көрсетеді, ал ішекте қанайналым жүйесі бұзылғанда оның түсі қара-қоныр болып келеді. Сонымен қатар стома мен тері арасындағы тігіс сызығының бүтіндігіне назар аудару қажет. Операциядаң соң алғашқы 24-48 сағатта стома арқылы серозды қан аралас шырыш бөлінеді. Ішек қызметінің қайта қалпына келуімен стома арқылы газдар бөлінеді. Барлық стомаларда бастапқы кезде ішектен суйық нәжіс бөлінеді. Сонымен қатар су балансы бұзылуы белгілері, терінің тітіркенуі болуы мүмкін.

Көлденең ішек

Жоғары өрлеуші ішек

Тоқ ішек

Тік ішек

Анус

Төмен өрлеуші ішек

Сигма тәрізді ішек

Page 22: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 22-ші беті

Нұсқа № 7

Стомаға күтім жасаудың маңызды компоненттерінің бірі – теріні қорғау. Стома бөлінділері айналасындағы теріні қатты тітіркендіруі мүмкін. Қазіргі уақытта «Конва Тек» фирмасы теріні тітіркендірмейтін заттардан туратын арнайы жабысқақ пластиналар шығарады. Пластина науқас денесінде 7 кұнге дейін турады. Оны орнатқан кезде ол теріні тітіркендірмей, қыртыстары оңай тегістеледі, «екінші тері» сияқты болады. Бұл пластинаға ішек құрамының ағып кетуіне кедергі жасайтын арнайы жинағыш қапшық бекітіледі. Колостома айналасы терісі арнайы дәрілік зат(тағайындаумен) мысалы, Стомагезив- пастамен өңделеді. Ол теріні нәжіс массаларымен ластануын болдырмайды, қабынуға қарсы әсер етеді. Операциядан кейінгі кезеңде емдік мекемеде жүргізіледі :

- үй жағдайларында стомаға күтім жасауға қажет заттарды таңдап беру;- стомаға күтім жасауды науқасқа, қажет жағдайда туыстарына үйрету,- пациентке, оның туыстарына қажет заттарды (пластина, жинағыш қапшық, паста)

қалай, қай жерде алатынын түсіндіру;- стомаға күтім жасау;

8. Нәжісқабылдағыш түрлері.

Мейірбике пациентке нәжіс қабылдағышы таңдауды, қолдануды үйретеді. Нәжіс қабылдағыштар әртүрлі болып келеді. Олар мөлдір, бір реттік немесе көп реттік қолданатын, фильтрмен немесе фильтрсіз болуы мүмкін.

Бір компонентті нәжісқабылдағыштар нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақинадан тұрады.

Екі компонентті нәжіс қабылдағыштар пластинаға жабыстырылатын қапшықтан тұрады. Нәжіс қабылдағышты дұрыс таңдау ішек стомалары бар науқастардың реанимациясында маңызды шарт болып есептеледі. Науқасқа нәжісқабылдағышты қолдануды және стомаға күтім жасауды үйретуден алдын оның стомаға психологиялық бейімделу және көмекті қажет ететінін ескерту қажет. Көбінесе науқастар бірден стомаға қарауды қаламайды, бұл жағдайда оларды мәжбүрлеуге болмайды.

Нәжісқабылдағыш түрлері

Бір компонентті - жабысқақ емдік пластина және пластик қапшықтан тұрады, екеуі қосылып кеткен. Қапшықты ауыстыру қажет болған жағдайда пластинамен бірге ауыстырылады.

Екі компонентті- қапшықты бекітуге арналған арнайы сақина - фланецтен тұрады.

Бір компонентті дренаждалмайтын, жабық

Екі компонентті дренаждалмайтын, жабық

Page 23: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 23-ші беті

Нұсқа № 7

Бір компонентті дренаждалатын,ашық Екі компонентті дренаждалмайтын, жабық

Слайд 5

9. Нәжісқабылдағыштарды таңдап алу.

Нәжіс массалары пішінделгенде және ішектердің тәулігінде 2-3 рет босауында біркомпонентті және екі компонентті нәжісқабылдағыштарды қолдануға болады. Бір компонентті (жабық)нәжісқабылдағыштарды күніне 2- рет ауыстыру қажет. Егер оларды жиі ауыстыру қажеттілігі туындаса немесе стома айналасындағы терінің механикалық тітіркену қауіпі болса, бір компонетті дренаждалатын немесе екі компонентті нәжісқабылдағыштарға ауыстыру қажет. Екі компонентті (жабық) дренаждалмайтын нәжісқабылдағыштар: пластинаны әдетте аптасына 1 - 2 рет ауыстырады, ал жабық қапшықтарын тәулігіне 3 ретке дейін ауыстырады. Жабық қапшықтардың ішіндегі фильтр автоматты түрде жұмыс істейді. Ол иістерді жояды және қапшық ішіндегі ауаны сыртқа шығарады. Колостомада дәрет сұйық болғанда немесе іш өту болғанда дренаждалатын (ашық) нәжісқабылдағыштар ұсынылады.

Илеостома кезінде: Бір компонентті (ашық) дренаждалатын нәжісқабылдағыштарды күніне 1 реттен кем емес ауыстырады. Қапшықтан нәжіс массалары өтіп кетпегенде немесе қапшықтың герметикалығы сақталғанда қапшықты теріде 3 күнге дейін қалдыруға болады. Бұл кезде дренаждалатын (ашық) қапшықтарды үнемі босатып отыру керек. Оларды жиі ауыстыру қажеттілігі туындағанда немесе стома айналасындағы терінің механикалық зақымдалу қауіпі болғанда екі компоненті нәжісқабылдағыштарға ауыстыру қажет.

Екі компоненті (ашық) дренаждалатын нәжісқабылдағыштар :Пластинаны әдетте аптасына 1 - 2 рет, ал дренаждалатын (ашық) қапшықтарды 1-3 тәуліктен соң ауыстыру қажет. Бұл жағдайда дренаждалатын (ашық) қапшықтарды үнемі босатып отыру қажет.

10. Стома бар науқастарға медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

І. Медбикелік үрдістің I-ші кезені. Медбикелік тексеру.II – кезең. Медбикелік диагноздар:

- өмір сұру өнімдерін қалыпты сыртқа шығару қабілеті ;- адекватты тамақтанудың бұзылулары;- күнделікті өмірде қауіпсіздіктің бұзылуы;- өзіндік күтім тапшылығы;- стомаларға психологиялық бейімделудың бұзылуы;

Page 24: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 24-ші беті

Нұсқа № 7

- күтім бойынша білімнің жеткіліксіздігінен терапевттік режимді жеткілікті орындамау қауіпі.

III – кезең. Күтімді жоспарлау.- стомаға күтім жасау; - нәжісқабылдағышты қолдану;- тамақтану бойынша ұсыныстар;

Науқастарға күтім жасау жоспары.

Мәселелер Мақсаттары Медбикелік іс-әрекеттерСтомаларға күтім жасау дағдыларының болмауы

Стационардан шығар кез бөтен адам көмегінсіз стомаға күтім жасай алады

1. 1. Жазбаша түрде қажетті ұсыныстарды беру.

2. 2. Науқасқа күтім жасау дағдыларын үйрету.

3. 3. Өз қорқуларын, уайым-дарын ашық айтуға мүмкін-дік беру. Оларға жауаптар . түсініктемелдер беру.

4. 4. Науқасқа ваннамен қолда-нуды, қажеттілігіне қарай әжетханаға баруын немесе нәжісқабылдағышты ауыс-тыруды ұсыну.

5. 5. Жанұя мүшелерінің қатысуын қолдау (науқастың келісімі бойынша)

6. 6. Нәжіс мөлшерін жазып жүру (дәрігердің тағайын-дауы бойынша)

Ішек стомалары бар науқастардың тамақтануы:

Илеостома Колостома

1. Операциядан соң 4—6 апта клетчаткаға бай және нәжісте қортылмаған тағамдық заттар көп беретін тағамдарды қабылдамау.2. күніне қою тамақтан басқа 1500— 2000 мл-ден кем емес сұйықтық және 6—9 г тұз қабылдау3. тамақты жүйелі түрде, аз мөлшерде қабылдау4. ашығу немесе қабылданатын тамақ мөлшерін

Пациент диета шектеулерін қажет етпейді. Тек қана қай тағамдық заттар метеоризмге алып келетінін білуі керек.

Page 25: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 25-ші беті

Нұсқа № 7

азайту көп мөлшерде газдардың түзілуіне және іш өтуге алып келеді.5. кешкі тамақты мүмкіндігінше ерте және аз мөлшерде қабылдау, бұл жағдай түнгі уақытта стомадан бөлінулерді азайтады.

V - кезең. Күтім нәтижесін бағалау. Медбикелік күтім нәтіжесін бағалау. Медбикелік күтім нәтижесін бағалау науқастың әдіс жоспарланған емдеу әдістерімен байланысы болған шешім қабылдау мумкіндігіне, денеің оптималды салмағын сақтауына, дұрыс тамақтануына негізделеді. Пациент немесе жанұя мүшелері стомаға күтім жасау дағдыларын мейірбикеге көрсете алуы керек. Нәжісқабылдағышты қолданғанда болуы мүмкін болған мәселелер:

- аллергиялық реакциялар;- стома айналасындағы терінің қабынуы жәе қызаруы (жиі күтім дұрыс болмағаннан

немесе нәжісқабылдағыш тесігінің үлкен болуы) жүйесінің герметикалық болмауы немесе нәжісқабылдағышты бірден ауыстыру;

- саңырауқұлақты инфекция (әдетте қант диабетінде, антибиотиктердің үлкен дозасымен емдегенде, химиотерапиядан соң иммунитеттің төмендеуімен байланысты.

Стома айналасындағы сау тері және терінің тітіркенуі

11. Ашық қапшықтарды босату (дренаж).Ашық қапшықтарды үнемі босатып тұру қажет. Қапшықтың толып кетуін болдырмау

керек. Қапшықтың 1/3 көлемі нәжіспен толған ол босатылады. Қапшықты жабысқақ пластинаны шешпей босатуға болады. Бұл үшін қапшықты унитазға бағыттап, дренажды тесікті ашып қапшық босатылады. Қапшықтың дренажды ұшын жақсылап сұрту қажет. Сонымен қатар қапшықты пластинадан шешіп алып ағынды сумен шаюға болады. Содан соң қапшықты құрғатып сүрту қажет. Қапшықты босатқаннан соң дренажды тесікті жабуды ұмытпау керек.

12. Илеостомасы бар пациенттерге тамақтану бойынша ұсыныстар.

Илеостома қойылған пациенттер операциядаң соң 4-6 апта клетчаткаға бай тағамдық заттарды қабылдамауы керек. Кейіннен олар аздап ас мәзіріне қосылады. Операциядаң кейін алғашқы айларда ашы ішекте су және минералды тұздардың сорылуы, кейбір дәрумендер өндірісі қызметтері жартылай сақталады. Ішектің нәжіс массаларын жинау және бір қалыпты сыртқа шығару қызметі толығымен жоғалады. Екінші айдың соңында жіңішке ішек

Page 26: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 26-ші беті

Нұсқа № 7

бейімделеді, пациенттердің басым бөлігі өздерінің бұрынғы режиміне, тамақтану тәртібіне оралады. Тамақты жүйелі түрде аз мөлшерде қабылдау қажет. Ішектің босауына әкелетін тағамдық заттарға жатады: қантқа бай тағамдық заттар (бал, жеміс-жидектер), ас тұзына бай тағамдық заттар (тұздықтар, маринадтар), қара нан, айран, шырындар. Ішек құрамының қоюлануы үшін күріш, кисель қолдануға болады. Илеостома бар науқастарға дұрыс тамақтану тәртібін таңдау үшін күнделік жазып жұру қажет. Күнделікке қабылдаған тағамдық заттар, оларды қабылдау уақыты, мөлшері, стома арқылы ішектің болатын уақытын жазып жүруі қажет. Міндетті түрде ауырсыну болған жағдай және бөлінген зәр мөлшері тіркеледі. Күнделікті 4-6 апта бойы жазу қай тағамдарды қабылдау тиімді екенін көрсетеді.

Пациенттің тамақтану күнделігі.

Апта күндері сағаты Тағамдық заттар мөлшері

Үлкен дәрет: -консистен-циясы,- мөлшері

Бөлінулер:газдар,иісі

Ерекше белгілер:

-ауырсыну;

зәр мөлшері т.б.

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

13.Нәжісті саусақ арқылы шығару. Памперстерді қолдану

Кейде нәжіс массалары қатты болып клизма қою мүмкін болмайды. Бұл жағдайда нәжісті тік ішектен саусақ арқылы шығаруға болады. Ол үшін қолғап кию және саусақты вазелинмен майлау қажет. Бір рет қолданылатын памперстер функционалды іш киімнің бір түрі болып саналады. Памперстер ересектерде төсек тартып жатқан науқастарға күтім жасау үшін қолданылады. Қолдануға жалпы көрсетілім – несепті ұстамау және несеп бөлінуді реттеудің мүмкін болмауы.

4. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын түсіндіру және демонстрациялау (30-35 мин.) Сабақта меңгеретін дағдылар:

1.Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру2.Екі компонентті нәжісқабылдағыштарды (пластина+ қапшық) қолдану3.Колостомаға күтім жасау.Нәжісқабылдағышты ауыстыру.4. Капролитті(қатып қалған нәжіс, нәжіс тастары) саусақпен алып тастау5. Памперсті науқасқа кигізу

1.Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру Дайындаңыз: жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін)

Медбикенің іс-әрекеттері:

1.Пациентке емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз,жұргізуге келісімін алыңыз.2.Пациентті емшара белгілі бір жайсыздық тұғызатынын ескертіңіз.Пациентті кермемен

Page 27: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 27-ші беті

Нұсқа № 7

оңашалаңыз.3.Қолыңызды гигиеналық денгейде оңдеңыз,құрғатыңыз,қолғапты киіңіз.4.Стома өлшемін анықтаңыз. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып, стома тесігі контурларын жабысқақ пластинаның қорғаныс қабығына түсіріңіз.5.Контурға сай тесік қырқып алыңыз. Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3 мм үлкен болуы керек.6.Жабыстырудан алдын бір компонентті қапшықтың жабысқақ пластинасын алақанда жылытып алыңыз. 7.Қорғаныс пленкасын шешіп, қырқып алынған тесіктің төменгі шетін стоманың төменг і шекарасымен сәйкестендіріңіз.8.Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырыңыз

2.Екі компонентті нәжісқабылдағыштарды (пластина+ қапшық) қолдану

Дайындаңыз: жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін)

Медбикенің іс-әрекеттері:1.Пациентке емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз,жұргізуге келісімін алыңыз.2.Пациентті емшара белгілі бір жайсыздық тұғызатынын ескертіңіз.Пациентті кермемен оңашалаңыз.3.Қолыңызды гигиеналық денгейде оңдеңыз,құрғатыңыз,қолғапты киіңіз.4.Стома өлшемін анықтаңыз. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып, стома тесігі контурларын жабысқақ қабаттың қорғаныс қабығына түсіріңіз. 5.Белгіленген контурге қарай тесік қырқып алыңыз. Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3мм артық болуы керек. 6.Пластинаны жабыстырудан алдын оны алақанда жылытыңыз. 7.Қорғаныс қабығын ашыңыз.8.Қырқып алынған тесіктің төменгі шетін стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендіріңіз.9.Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырыңыз.10.Пластинаны шығыңқы жағымен жоғары қарай жабыстыру қажет, өйткені оны шығыңқы жағымен ұстап жоғарыдан төмен қарай алып тасталады. 11.Егер белбеу қолданылатын болса, белбеуге бекіту үшін «құлақшалары» горизонталды орналасуы керек. 12.Пластинаға қапшықты кигізу үшін қапшықтың бекіту сақинасы ашық екеніне көз жеткізіңіз13.Оның фланеціне пластина кигізіңіз. Шықыр деген дауысты есту қапшықтың пластинаға

Page 28: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 28-ші беті

Нұсқа № 7

бекітілгенін мәлімдейді.14.қапшық және ілмекті ыңғайлы қалыпқа келтіріп, ілмекті саусақпен басып бекіту сақинасы жабыңыз. Шықыр деген дауысты есту немесе сезу бекіту сақинасының сенімді бекітілгенін мәлімдейді15.Қапшықты пластинадан шешу үшін ілмекті басып бекіту сақинасын ашыңыз.16.Қапшықтың «құлағынан» ұстап абайлап жоғары және өзіңізден әрі қарай тартып, бір қолмен пластинаны ұстаңыз.

3.Колостомаға күтім жасау.Нәжісқабылдағышты ауыстыру.

Дайындаңыз: жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін) кішкене айна.

Медбикенің іс-әрекеттері:1.Пациентке емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз,жұргізуге келісімін алыңыз.2. Пациентті кермемен оңашалаңыз.Егерде белсенді науқас болса,ванна немесе әжетхана болмесіне баруын сұраныңыз. 3.Қолыңызды гигиеналық денгейде оңдеңыз,құрғатыңыз,қолғапты киіңіз.4. Қолданылған нәжісқабылдағышты жоғары жағынан бастап абайлап алу; теріні тартпауға тырысыңыз;5.Қолданылған нәжісқабылдағышты қағаз немесе пластик пакетке салып Б контейнерге тастаңыз;6.Стомадан бөлінген нәжіс массаларын қағаз немесе дәкелі салфеткалармен тазалаңыз.7 Стоманы қайнаған жылы сумен жуу және құрғату.8.Стома айналасы терісін қүрғақ дәке немесе қағаз салфеткалармен сүрту;9.Стома айналасындағы теріні жылы сумен жуу;10.Теріні салфеткалармен құрғату (мақта қолдануға болмайды, өйткені оның талшықтары қалып кетеді);11. Таза нәжісқабылдағышты дайындаңыз.Стома өлшемін анықтаңыз(стандарт бойынша).12.Колостома айналасындағы теріге «Стомагезив» майын немесе «Лассар» пастасын жағу керек;13.Өңдірушінің нұсқауы бойынша стомаға таза нәжісқабылдағышты жабыстыру;

Page 29: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 29-ші беті

Нұсқа № 7

Нәжісқабылдағышты шешу Нәжісқабылдағыш пластинасын теріге жабыстыру4.Капролитті( қатып қалған нәжіс, нәжіс тастары) саусақпен алып тастау

Көрсетілімдері: іш қатулар,клизма және іш айдайтын дәрілерің әсері болмағанда,ішекте нәжіс массаларының қатайып нәжіс тастарын түзуі.Дайындаңыз: дәрет ыдысын,глицерин немесе вазелин майын,кермені,клеенканы,жаялықты, жылы суы бар ыдысты,салфеткаларды,сүлгіні,ақжайманы,қолғаптарды, ішінде жылы суы бар құмыра немесе Эсмарха кружкасын,корцангті,дез ерітіндісі бар ыдыстарды,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Медбикенің іс-әрекеттері:

1.Пациентке емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз,жұргізуге келісімін алыңыз.2.Пациентті емшара белгілі бір жайсыздық тұғызатынын ескертіңіз.Пациентті кермемен оңашалаңыз.3.Қолыңызды гигиеналық денгейде оңдеңыз,құрғатыңыз.4.Пациентті бір қырымен жатқызыңыз,аяқтарын ішіне қарай бүгуін сұраңыз.5.Пациенттің тек жамбас аймағын ашық қалдырып үстін ақжаймамен жабыңыз.6.Жамбас астына клеенка,үстінен жаялық төсеңіз.7.Қолғапты киіңіз:біреін сол қолыңызға,екеуін оң қолыңызға.8.Оң қолыңыздың екі саусағын қолғап үстінен вазелин немесе глицеринмен молынан майлаңыз9.Сол қолыңызбен жамбасты ашыңыз.10.Пациентті ауыз арқылы жай және терең тыныс алуын сұраңыз. 11.Оң қолыңыздың екінші саусағын тік ішекке кіндікке қарай нәжіс тастарына жеткенше енгізіңіз.12.Нәжіс массаларын саусағыңызбен бөлшектеп,шығарып,дәрет ыдысына тастаңыз.13.Капролитті алып тастау кезінде пациенттің жалпы жағдайын бақылаңыз,кері реакциялардың пайда болуында, пациентте жайсыздық сезімі күшейгенде емшараны тоқтатыңыз. 14.Саусағыңызды шығарыңыз, сыртқы қолғапты шешіңіз,анус аймағын салфеткамен сүртіңіз.15.Пациенттің үстін ақжаймамен жабыңыз.Дәрет ыдысын босатыңыз.16. Қолғапты шешіп,қолыңызды сабындап жуыңыз.17.Жаңа қолғапты киіңіз.Пациенттің шат аралығын жуыңыз(стандартқа қараңыз).18.Пациенттің ыңғайлы жатуына көз жеткізіңіз.19.Қолғаптарды шешіңіз,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге тастаңыз. Қолыңызды жуып құрғатыңыз. 20.Қолданған заттарды зарарсыздандырыңыз.

Page 30: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 30-ші беті

Нұсқа № 7

5.Памперсті науқасқа кигізу1. памперсті дайындау – памперсті алып, бүгілген жерінен жайып, қыртыстарын

тегістеңіз (1 сурет);2. ортанғы бөлігін тартыңыз (2 сурет);3. кей жағдайларда памперс иілгіш болып денеге жақсы жанасуы үшін бір-екі рет аздап

бұрау қажет (3 сурет);4. памперсті науқасқа кигізіңіз (4 сурет);5. памперсті жайылған күйінде аяқтарының арасына қойыңыз, ылғал сорып алатын аймақ

ортасында орналасқанына көз жеткізіңіз (5 сурет);6. памперсті науқас денесінде жазып қыртыстарын тегістеңіз (6 сурет);7. памперс тығыз отыруына, науқас денесін қатты қыспауына көңіл бөліп ілгіштерін

жабыстырыңыз (7сурет);8. памперсті дұрыс кигізу (8 сурет);

1 2

3 4

5 6 7

Page 31: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 31-ші беті

Нұсқа № 7

Памперсті жатқан науқасқа кигізу.1. Науқас бір қырымен жатады. Памперсті жамбас жағынан 1/3 бөлігін ораңыз, науқастын

астына жайғастырыңыз (1 сурет):2. Науқасты алдымен арқасымен, содаң соң екінші қырымен жатқызыңыз. Памперс бұл

кезде науқас астында орналасады. (2сурет):3. Содаң соң оралған шетін жайып жіберіңіз. (3 сурет):

1 2 3

Памперс толығымен ілінген

6. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин)

Тапсырма 1. Бір компонентті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру іс- әрекетін алгоритм бойынша орындау Тапсырма 2. Екі компонентті нәжісқабылдағыштарды (пластина+ қапшық) қолдану іс- әрекетін алгоритм бойынша орындау.

Тапсырма 3. Колостомаға күтім жасау және нәжісқабылдағышты ауыстыру іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау

Тапсырма 4. Капролитті саусақпен алып тастау. Памперсті науқасқа кигізу іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау. Тапсырма 5 . Тест сұрақтарын шешу

Page 32: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 32-ші беті

Нұсқа № 7

Тапсырма 6 Ситуациялық есептерді шешу Тапсырма 7 Глоссариймен таныстыру.Тапсырма 8 Стома түрлерін анықтау.

Тапсырма 5 Тест сұрақтарын шешу

І нұсқа 1. Ішек стомалары қойылады: А. іш өткенде В. асқазанға операция жасаған соң С. нәжістің тік ішек арқылы сыртқа шығуы мүмкін болмағанда Д. қатты әлсіреген науқастарда Е. асқорту процестері бұзылғанда

2. Ішек стомалары түрлеріне жатады, тек біреуінен басқасы: А. илеостома В. еюностома С. колостома Д. цекостома Е. уростома

3. Илеостома дегеніміз: А. мықын ішегі аймағына тесік орнату В. тік ішек аймағына тесік орнату С. ащы ішек аймағына тесік орнату Д. 12 елі ішек аймағына тесік орнату Е. жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағына тесік орнату

4. Бір компонентті нәжісқабылдағыштар құрылымы: А. нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш В. пластинаға жабыстырылған қапшық С. пластинаға жабыстырылған қапшық, мембрана Д. тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақина Е. нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақина

5. Екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштарды ауыстырады: А. күніне 1 рет, кейде 3 күнге дейін қалдырады В. күніне 2 рет С. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты тәулігіне 3 ретке дейін Д. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты 1-3 тәуліктен соң Е. күніне 4-5 рет

6. Нәжістқабылдағыштың қапшықтары босатылады: А. қапшықтың 2/3 көлемі нәжіспен толғанда В. қапшық жартылай нәжіспен толғанда С. кез-келген уақытта

Page 33: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 33-ші беті

Нұсқа № 7

Д. науқастың қалауымен Е. қапшықтың 1/3 көлемі нәжіспен толғанда

7. Ішектің босауына әкелетін тағамдық заттарға жатады барлығы, тек біреуінен басқасы: А. бал, жеміс-жидектер В. тұздықтар С. күріш, кисель Д. маринадтар Е. қара нан, айран

8. Ішек құрамының қоюлануы үшін қабылдауға болады: А. бал, жеміс-жидектер В. тұздықтар С. күріш, кисель Д. маринадтар Е. қара нан, айран

9. Стома айналасындағы теріге күтім жасау үшін қолданылады: А. «Троксевазин» майы В. вазелин, ланолин майы С. бриллиан көгі, йод ерітіндісі Д. Лассар пастасы, «Стомагезив» майы Е. фурациллин ерітіндісі

10. Илеостома кезінде қолданылады: А. бір компонентті (жабық) және екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар В. бір компонентті (ашық) және екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар С. бір компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Д. екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Е. екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар

ІІ – нұсқа1. Колостома дегеніміз: А. мықын ішегі аймағына тесік орнату В. тік ішек аймағына тесік орнату С. ащы ішек аймағына тесік орнату Д. 12 елі ішек аймағына тесік орнату Е. жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағына тесік орнату

2. Илеостомада байқалады барлығы, тек біреуінен басқалары: А. нәжістің сұйық иісті болуы В. іштің қатуы, метеоризм С. ағзаның сусыздануы Д. минералды тұздардың, витаминдердің жоғалуы Е. өте жиі, кейде үнемі іш өту

Page 34: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 34-ші беті

Нұсқа № 7

3. Операциядан кейін стомаларға күтім жасайды: А. кіші медбикелер В. емдеуші дәрігер С. таңу бөлмесі медбикелері немесе стоматерапевттер Д. аймақтық медбикелер Е. операция жасаған хирург

4. Стома айналасындағы терінің механикалық зақымдалу қауіпі болғанда ұсынылады: А. бір компонентті (жабық) және екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар В. бір компонентті (ашық) және екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар С. бір компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Д. екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Е. екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар

5. Екі компонентті нәжісқабылдағыштар құрылымы: А. нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш В. пластинаға жабыстырылған қапшық қапшықты бекітуге арналған арнайы сақина С. пластинаға жабыстырылған қапшық, мембрана Д. тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақина Е. нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақина

6. Бір компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштарды ауыстырады: А. күніне 1 рет, кейде 3 күнге дейін қалдырады В. күніне 2 рет С. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты аптасына 3 ретке дейін Д. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты 1-3 тәуліктен соң Е. күніне 4-5 рет

7. Бір компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштарды ауыстырады: А. күніне 1 рет, кейде 3 күнге дейін қалдырады В. күніне 2 рет С. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты аптасына 3 ретке дейін Д. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты 1-3 тәуліктен соң Е. күніне 4-5 рет

8. Екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштарды ауыстырады: А. күніне 1 рет, кейде 3 күнге дейін қалдырады В. күніне 2 рет С. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты аптасына 3 ретке дейін Д. пластинаны аптасына 1-2 рет, қапшықты 1-3 тәуліктен соң Е. күніне 4-5 рет

9. Нәжісқабылдағыш пластинасының тесігі стома тесігінен: А. 2-3 мм үлкен болуы керек

Page 35: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 35-ші беті

Нұсқа № 7

В. 5-6мм үлкен болуы керек С. 1-2см үлкен болуы керек Д. 2-3мм кіші болуы керек Е. 1-2см кіші болуы керек

10. Нәжістқабылдағыштың пластинасы жабыстырылады: А. төменнен жоғары қарай теріге жәй басып В. жоғарыдан төмен қарай теріге қатты басып, тегістеп С. оң жағынан солға қарай тегістеп Д. төменнен жоғары қарай теріге қатты басып, тегістеп Е. сол жағынан оңға қарай қатты басып

ІІІ-нұсқа

1. Нәжістқабылдағыштың қапшықтары босатылады: А. қапшықтың 2/3 көлемі нәжіспен толғанда В. қапшық жартылай нәжіспен толғанда С. кез-келген уақытта Д. науқастың қалауымен Е. қапшықтың 1/3 көлемі нәжіспен толғанда

2. Ішектің босауына әкелетін тағамдық заттарға жатады барлығы, тек біреуінен басқасы: А. бал, жеміс-жидектер В. тұздықтар С. күріш, кисель Д. маринадтар Е. қара нан, айран

3. Ішек құрамының қоюлануы үшін қабылдауға болады: А. бал, жеміс-жидектер В. тұздықтар С. күріш, кисель Д. маринадтар Е. қара нан, айран

4. Стома айналасындағы теріге күтім жасау үшін қолданылады: А. «Троксевазин» майы В. вазелин, ланолин майы С. бриллиан көгі, йод ерітіндісі Д. Лассар пастасы, «Стомагезив» майы Е. фурациллин ерітіндісі

5. Илеостома кезінде қолданылады: А. бір компонентті (жабық) және екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар

Page 36: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 36-ші беті

Нұсқа № 7

В. бір компонентті (ашық) және екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар С. бір компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Д. екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Е. екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар

6. Колостома дегеніміз: А. мықын ішегі аймағына тесік орнату В. тік ішек аймағына тесік орнату С. ащы ішек аймағына тесік орнату Д. 12 елі ішек аймағына тесік орнату Е. жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағына тесік орнату

7. Илеостомада байқалады барлығы, тек біреуінен басқалары: А. нәжістің сұйық иісті болуы В. іштің қатуы, метеоризм С. ағзаның сусыздануы Д. минералды тұздардың, витаминдердің жоғалуы Е. өте жиі, кейде үнемі іш өту8. Операциядан кейін стомаларға күтім жасайды: А. кіші медбикелер В. емдеуші дәрігер С. таңу бөлмесі медбикелері немесе стоматерапевттер Д. аймақтық медбикелер Е. операция жасаған хирург

9. Стома айналасындағы терінің механикалық зақымдалу қауіпі болғанда ұсынылады: А. бір компонентті (жабық) және екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар В. бір компонентті (ашық) және екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар С. бір компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Д. екі компонентті (ашық) нәжісқабылдағыштар Е. екі компонентті (жабық) нәжісқабылдағыштар10. Екі компонентті нәжісқабылдағыштар құрылымы: А. нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш В. пластинаға жабыстырылған қапшық қапшықты бекітуге арналған арнайы сақина С. пластинаға жабыстырылған қапшық, мембрана Д. тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақина Е. нәжіс жинауға арналған қапшық, тығыздатқыш және сыртқы жабысқақ сақинаЖауаптар эталоны І- нұсқа ІІ- нұсқа ІІІ- нұсқа1. С 1. Е 1. Е 2. Е 2. В 2. С3. А 3. С 3. С

Page 37: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 37-ші беті

Нұсқа № 7

4. Е 4. Д 4. Д5. С 5. В 5. В6. Е 6. В 6. Е7. С 7. А 7. В8. С 8. Д 8. С9. Д 9. А 9. Д10. В 10. Д 10. В

Тапсырма 6 Ситуациялық есептерді шешу

1) Ішектерінде қатерді ісіктің пайда болуына байланысты пациентке операция жасалып колостома қойылды. Пациент бөлмедегі басқа науқастардың оған жақындасудан алшақтағанын байқады.Бұл жағдайдың себебін өзінен жағымсыз иістің шығуына байланысты деп ойлады.Сіздің тактикаңыз.

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

2) Колостомасы бар науқасты дәрігердің бақылауымен уйге шығарылды. Пациентте өзінің стомадан кейінгі өмір сүру жағдайы және диета туралы қобалжу,уайым сезімдері пайда болды.Сіздің тактиканыз.Медбикелік диагноз.Күтім жоспары.

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….…………………………………………………………………………….…………………………………………………………………………….

3) Колостомасы бар пациенттің тері айналасында қызару және қышу байқалды.Сіздің тактикаңыз.…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Page 38: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 38-ші беті

Нұсқа № 7

Тапсырма 7 Глоссариймен таныстыру. Глоссарий

Ұғым Анықтау

Асфиксия Тұншығу

Гастростома Науқасты жасанды жолмен тамақтандыруға арналған тесік

Гастростомия Науқасты жасанды жолмен тамақтандыру үшін операция жолымен асқазан аймағына тесік орнату.

Илеостома мықын ішегі аймағына тесік орнату.

Илеостомия Ішек болінділерін сыртқа шығару үшін операция жолымен мықын ішегі аймағына тесік орнату.

Колостома жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында жасанды тесік

Колостомия Операция жолымен жоғары өрлеуші немесе сигма тәрізді ішек аймағында тесік орнату.

Постуральный дренаж Дренаж положением

Пролапс Кейбір Ішкі мүшелердің сыртқа шығуы(ішектердің)

Стома Тесік

Стридорозный ( Сықырмалы) тыныс шуы

Стриктура тарылту (просвета)

Трахеостомия Кеңірдекті ашу

Трахеостома Жасанды жолмен жасалған кеңірдек тесігі

Уростомияіштің алдыңғы қабырғасына мықын ішегі арқылы зәрді сыртқа шығару үшін операция жолымен жасанды тесікті орнату

Эпицистостома іштің алдыңғы қабырғасы арқылы зәрді сырқа шығару ға арналған қуықтағы жасаны тесік

Перистальтика Ас қорыту трактісіндегі еріксіз төлқын тәрізді қозғалыстар.

Цекостома Мықын аймағындағы сөқыр ішектегі жасанды тесік

Page 39: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 39-ші беті

Нұсқа № 7

Мацерацияжібу, жұмсару,баздану деген мағананы білдіреді.Бұл терінің өзгеру, ол тері ұзақ уақыт суда тұрғанда немесе дымқыл ортада көп тұрғанда пайда болады.

Адгезия (от лат. adhaesio — прилипание) жараның жазылу процесі, бұл кезде жара шеттері бір біріне тығыз байланысады.

Двенадцатиперстная кишка Ащы ішектің бастапқы болігі.

Тапсырма 8 Стома түрлерін анықтау.

Page 40: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 40-ші беті

Нұсқа № 7

7. Сабақты қортындылау - 10 мин:

№Оқушылардың аты-жөні

Ауы

зша

сұра

у

Тап

. 1

Тап

. 2

Тап

. 3

Тап

. 4

Тап

. 5

Тап

. 6

Сту

дент

терд

ің

белс

енді

қа

тысу

ы

Кли

ника

лық

ойла

уы

Жал

пы б

аға

123456789

1. Үйге тапсырма – 5 мин.:Тақырыбы : Клизмалар: тазарту және сифонды

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар : 1. «Клизма» түсінігі. Клизма түрлері. 2. Клизма қою мақсаттары. 3. Тазарту клизмасын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. 4. Сифон клизмасын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.5. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. 6. Тазарту клизмасын өткізу техникасы.7. Сифон клизмасын өткізу техникасы. 8. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

Page 41: оңдеу 4готов камила апай

Тәжірибелік сабаққаарналған әдістемелік өңдеу

ӘӨ-05.1.7-07.8

30 беттің 41-ші беті

Нұсқа № 7

Ұсынылған әдебиеттер1. С. Қ. Мұратбекова Мейірбике ісінің негіздері., А., 2010ж.;2. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының

жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.3. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Мейіркеш ісінің негіздері» пәніне практикалық

басшылық. М.,2008ж; Қосымша әдебиеттер:

4. Мейірбике ісі негіздері Т.П. Обуховец, О.В. Чернова Феникс. Ростов-на- Дону 2011ж.5. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., Ешова Г.А. Мейірбике ісінің негіздері Ш., 2006 ж. 6. Т.П.Обуховец Мейірбике ісі негіздері Практикум-Ростов-на-Дону. «Феникс»2005ж.7. Мейірбике ісі негіздері пәнінен электронды оқулық.