Сақшы №46 (4212)

8
№46 (4212), 23.06.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ТƏЛІМІ ТЕРЕҢ МУЗЕЙ (Соңы 2-бетте) КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІСТЕР КҮНІ КЕШЕ БИЛІКТЕ БІРҚАТАР КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС БОЛ- ДЫ. ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНДА ПА- ЛАТА СПИКЕРІ БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ ӨЗ ЕРКІМЕН ОТСТАВКАҒА КЕТТІ. ПАЛАТА ДЕПУТАТТАРЫ ТӨРАҒАНЫҢ ОТ- СТАВКАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ. БҰДАН СОҢ ЖАСЫРЫН ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ПАЛАТАНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ЛАУАЗЫМЫНА НҰРЛАН ЗАЙРОЛЛАҰЛЫ НЫҒМАТУЛИНДІ САЙЛАДЫ. «Мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы қызметіне тағайындалуыма байланысты Мəжіліс төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге отставкамды қабылдауларыңызды сұраймын», – деді Б.Ізмұхамбетов. Сонымен қатар, ол осы уақыт аралығында бірге қызмет еткен əріптестеріне ризашылығын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сəттілік тіледі. Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс отырысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сайланғанын айтқан болатын. «Еліміз үшін бұл – өте маңызды мəселе. Көптеген көрнекті қайраткердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мəселесімен де, жастардың адамгершілік тəрбиесімен де айналысады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ҚР Конституциясының 58-бабы 1-тармағына сəйкес, Парламент Мəжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Мəжіліс депутаттарының арасынан палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жа- сырын дауыс беру арқылы сайланады. Ал Мəжіліс төрағасының қызметіне кандидатураны палата депутаттары ұсынады. Осыған байланысты депу- тат Қуаныш Сұлтанов Мəжіліс спикері лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын ұсынған болатын. Мəжілістегі партия фракция- лары басшыларының барлығы да кандидатураны қолдады. Төрағаны сайлау бойынша құрылған санақ комиссиясының мəліметінше, жасырын дауыс беруге қатысқан палатаның 102 депутатының барлығы бірауыздан Н.Нығматулиннің кандидатурасын жақтап дауыс берген. Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиынында Парламенттің алдағы уақытта атқарушы билікпен арадағы өзара іс-қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар аударған болатын. «Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ бұл жетекші сая- си партиямыз – «Нұр Отан» мен оның фракциясы Үкіметтің алдына қойылатын міндеттердің орындалуына қатаң қарамауы тиіс дегенді білдірмейді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шет елдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз – Бес институционалдық реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру», – деген болатын Мемлекет басшысы. Ерлік. Абырой. Міндет. Министрлік басшылығының жəне жеке өз атымнан ішкі істер органдарының ардагерлерін, қызметкерлерін, оқу орындарының тыңдаушыларын кəсіби мереке – Полиция күнімен құттықтаймын! Бұл мереке ішкі істер органда- ры қызметкерлерінің кəсіби шеберлігі мен ержүректілігіне, құқықтық тəртіп сақшыларының бірнеше буынымен іргесі қаланып келген Отан мен халыққа қызмет етудің озық дəстүрлеріне деген құрмет болып саналады. Бүгінгі күні ішкі істер органда- ры қылмысқа қатаң тосқауыл қоюға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елімізде тиісті құқықтық тəртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға жəне қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік жүйе қалыптасты. Осы маңызды да жауапты мемлекеттік міндеттерді шешу барлық полиция қызметкерлерінен қызметтік жəне жеке басының мінсіз қасиеттерін талап етеді. Бүгінгі күні жас қызметкерлерді тəрбиелеуге жəне Қазақстан полициясының жарқын дəстүрлерін сақтауға қосқан зор үлесі үшін ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Біз олардың халыққа, Отанға деген рия- сыз қызметіне шексіз ризамыз. Ішкі істер органдарының қызметкерлері келе- шекте де өз қызметтік борыштарын үлгілі жəне аянбай орындап, құқықтық тəртіп пен бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететініне сенім білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке-бірлік жəне Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ 23 маусым – Қазақстан полициясы күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ Қазақстан полициясына 24 жыл Ішкі істер органдарының құрылғанына 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған экскурсия ба- рысында қызметкерлер тарихи жəдігерлерді көзімен көріп, ішкі істер органдарының қалыптасу кезеңдерімен таныс болды. Бұл шара жас ұрпақты патриоттыққа тəрбиелеу, полицияның данқты жəне ерлік дəстүрлері мен күнделікті қызметін насихаттау, тарихта есімі қалған антына адал қызметкерлердің есімін жаңғырту, полиция бөлімшелерінің құрылу жəне даму тарихымен танысу, өткен кезеңге көз жүгірту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шараның полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесі қарсаңында өткізілуі де кездейсоқтық емес. Себебі, ішкі істер органдарында тер төгіп жүрген əрбір қызметкер қызметтің құрылуы жəне қалыптасу тарихымен таныс болуы тиіс. Алайда, бұл күні ғана емес, ішкі істер органы қызметкерлері үшін мұражайдың есігі үнемі айқара ашық. Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ. Қырық жылдам астам тарихы бар мұражайдың қорында сол замандағы милиция қызметінің киім формалары, қолданған қаруларымен қатар тари- хи фотосуреттер сақталған. Музейдің қысқаша тарихына тоқталып өтсек, Ішкі істер министрлігінің музейі бас- тауын өткен ғасырдан алады. 1973 жылдың 17 ақпанындағы Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің арнайы шешімімен 1975 жылдың 7 қазанында ашылған. Тəуелсіз ел болғаннан кейін 1995 жылы Қазақстанның ішкі істер қызметі қайта құрылып, айтарлықтай өзгертулер жасал- ды. Милиция атауы полиция деп өзгертіліп, құқықтық статис- тика прокуратураның құзырына беріліп, қылмыстық атқару жүйесі мен сараптамалық қызмет Əділет министрлігінің қарамағына өтті. 1997 жылдың 27 қазанында Ішкі істер министрлігі Астанаға көшірілді. Одан кейін артынша 2000 жылы ІІМ-нің Алматыдағы музейі Астанаға əкелініп, министрлік ғимаратынан 219 шаршы метрлік орын берілді. Экскурсия кезінде қызметтің құрылу тарихынан бастап қалыптасудың кезең-кезеңінен өткен Ішкі істер министрлігінің бүгінгі жұмысынан сыр шертетін жəдігерлерді тамашалаған жеке құрам ерекше сезімге бөленді. Бүгінде мұражайдың экспози- циясы мемлекеттік рəміздерден қойылған кіреберістен басталып, тарихи кезеңдерге бөлінген жеті экспозициялық залдан тұрады. Экскурсияны жүргізген ІІМ музейінің ғылыми қызметкері Алмагүл Сəтмағанбетова қызметкерлердің бойындағы əскери-патриоттық сезімді ұштай отырып, əр бұрышта орын тепкен экспонаттар жайлы кеңінен мағлұмат берді. Қиын да күрделі даму кезеңінен өткен ІІМ қызметінің бүгінгі жетістіктері жеке құрамды тамсандырмай қоймады. Жеке құрам бір мезет қылмыстық істер тарихы, ішкі əскер тари- хына көз жүгіртіп, Кеңес Одағы батырларының есімдерін жадын- да жаңғыртты. Мұның барлығы ер азаматқа тəн ерлік, антқа деген адалдық сияқты игі қасиеттердің жас буынның бойында дамуына сеп болмақ. ИГІ ІС

Upload: mediaovd

Post on 03-Aug-2016

266 views

Category:

Documents


7 download

DESCRIPTION

Сақшы №46 (4212) 23.06.2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №46 (4212)

№46(4212),

23.06.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ТƏЛІМІ ТЕРЕҢ МУЗЕЙ

(Соңы 2-бетте)

КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

КҮНІ КЕШЕ БИЛІКТЕ БІРҚАТАР КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС БОЛ-ДЫ. ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНДА ПА-ЛАТА СПИКЕРІ БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ ӨЗ ЕРКІМЕН ОТСТАВКАҒА КЕТТІ. ПАЛАТА ДЕПУТАТТАРЫ ТӨРАҒАНЫҢ ОТ-СТАВКАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ. БҰДАН СОҢ ЖАСЫРЫН ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ПАЛАТАНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ЛАУАЗЫМЫНА НҰРЛАН ЗАЙРОЛЛАҰЛЫ НЫҒМАТУЛИНДІ САЙЛАДЫ.

«Мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы қызметіне тағайындалуыма байланысты Мəжіліс төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге отставкамды қабылдауларыңызды сұраймын», – деді Б.Ізмұхамбетов. Сонымен қатар, ол осы уақыт аралығында бірге қызмет еткен əріптестеріне ризашылығын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сəттілік тіледі.

Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс отырысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сайланғанын айтқан болатын. «Еліміз үшін бұл – өте маңызды мəселе. Көптеген көрнекті қайраткердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мəселесімен де, жастардың адамгершілік тəрбиесімен де айналысады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.ҚР Конституциясының 58-бабы 1-тармағына сəйкес, Парламент Мəжілісінің

төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Мəжіліс депутаттарының арасынан палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жа-сырын дауыс беру арқылы сайланады. Ал Мəжіліс төрағасының қызметіне кандидатураны палата депутаттары ұсынады. Осыған байланысты депу-тат Қуаныш Сұлтанов Мəжіліс спикері лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын ұсынған болатын. Мəжілістегі партия фракция-лары басшыларының барлығы да кандидатураны қолдады. Төрағаны сайлау бойынша құрылған санақ комиссиясының мəліметінше, жасырын дауыс беруге қатысқан палатаның 102 депутатының барлығы бірауыздан Н.Нығматулиннің кандидатурасын жақтап дауыс берген.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиынында Парламенттің алдағы уақытта атқарушы билікпен арадағы өзара іс-қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар аударған болатын. «Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ бұл жетекші сая-си партиямыз – «Нұр Отан» мен оның фракциясы Үкіметтің алдына қойылатын міндеттердің орындалуына қатаң қарамауы тиіс дегенді білдірмейді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шет елдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз – Бес институционалдық реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Ерлік. Абырой. Міндет.

Министрлік басшылығының жəне жеке өз атымнан ішкі істер органдарының ардагерлерін, қ ы з м е т к е р л е р і н , о қ у о р ы н д а р ы н ы ң тыңдаушыларын кəсіби мереке – Полиция күнімен құттықтаймын!

Б ұ л м е р е к е і ш к і і с т е р о р г а н д а -ры қызметкерлерінің кəс іби шеберліг і мен ержүректіл і г іне , құқықтық тəртіп сақшыларының бірнеше буынымен іргесі қаланып келген Отан мен халыққа қызмет етудің озық дəстүрлеріне деген құрмет болып саналады.

Б ү г і н г і к ү н і і ш к і і с т е р о р г а н д а -р ы қ ы л м ы с қ а қ а т а ң т о с қ а у ы л қ о ю ғ а , азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, елімізде тиісті құқықтық тəртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға жəне қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік жүйе қалыптасты.

Осы маңызды да жауапты мемлекеттік м і н д е т т е р д і ш е ш у б а р л ы қ п о л и ц и я қызметкерлерінен қызметтік жəне жеке басының мінсіз қасиеттерін талап етеді.

Бүгінгі күні жас қызметкерлерді тəрбиелеуге жəне Қазақстан полициясының жарқын дəстүрлерін сақтауға қосқан зор үлесі үшін ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Біз олардың халыққа, Отанға деген рия-сыз қызметіне шексіз ризамыз.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері келе-шекте де өз қызметтік борыштарын үлгілі жəне аянбай орындап, құқықтық тəртіп пен бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететініне сенім білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке-бірлік жəне Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция

генерал-полковнигі ҚалмұханбетНұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ23 маусым – Қазақстан полициясы

күніменҚҰТТЫҚТАУЫ

Қазақстан полициясына 24 жыл

І ш к і і с т е р о р г а н д а р ы н ы ң құрылғанына 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған экскурсия ба-рысында қызметкерлер тарихи жəдігерлерді көзімен көріп, ішкі і стер органдарының қалыптасу кезеңдерімен таныс болды. Бұл шара жас ұрпақты патриоттыққа тəрбиелеу, полицияның данқты ж ə н е е р л і к д ə с т ү р л е р і м е н күнделікті қызметін насихаттау, тарихта есімі қалған антына адал қызметкерлердің есімін жаңғырту, полиция бөлімшелерінің құрылу жəне даму тарихымен танысу, өткен кезеңге көз жүгірту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шараның полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесі қарсаңында өткізілуі де кездейсоқтық емес. Себебі, ішкі істер органдарында тер төгіп жүрген əрбір қызметкер қызметтің құрылуы жəне қалыптасу тарихымен таныс болуы тиіс. Алайда, бұл күні ғана емес, ішкі істер органы қызметкерлері үшін мұражайдың есігі үнемі айқара ашық.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ.

Қырық жылдам астам тарихы бар мұражайдың қорында сол замандағы милиция қызметінің киім формалары, қолданған қаруларымен қатар тари-хи фотосуреттер сақталған. Музейдің қысқаша тарихына тоқталып өтсек, Ішкі істер министрлігінің музейі бас-тауын өткен ғасырдан алады. 1973 жылдың 17 ақпанындағы Қазақ КСР Ішкі істер министрлігінің арнайы шешімімен 1975 жылдың 7 қазанында ашылған. Тəуелсіз ел болғаннан кейін 1995 жылы Қазақстанның ішкі істер қызметі қайта құрылып, айтарлықтай өзгертулер жасал-ды. Милиция атауы полиция деп ө з г е р т і л і п , қ ұ қ ы қ т ы қ с т а т и с -тика прокуратураның құзырына беріліп, қылмыстық атқару жүйесі мен сараптамалық қызмет Əділет

министрліг інің қарамағына өтті . 1997 жылдың 27 қазанында Ішкі істер министрлігі Астанаға көшірілді. Одан кейін артынша 2000 жылы ІІМ-нің Алматыдағы музейі Астанаға əкелініп, министрлік ғимаратынан 219 шаршы метрлік орын берілді.

Экскурсия кез інде қызметт ің қ ұ р ы л у т а р и х ы н а н б а с т а п қалыптасудың кезең-кезең інен өткен Ішкі істер министрліг ін ің бүгінгі жұмысынан сыр шертетін жəдігерлерді тамашалаған жеке құрам ерекше сез імге бөленд і . Б ү г і нде мұражайдың э к спози -циясы мемлекеттік рəміздерден қойылған кіреберістен басталып, тарихи кезеңдерге бөлінген жеті экспозициялық залдан тұрады. Экскурсияны жүргізген ІІМ музейінің

ғ ы л ы м и қ ы з м е т к е р і А л м а г ү л Сəтмағанбетова қызметкерлердің бойындағы əскери-патриоттық сезімді ұштай отырып, əр бұрышта орын тепкен экспонаттар жайлы кеңінен мағлұмат берді. Қиын да күрделі даму кезеңінен өткен ІІМ қызметінің бүгінгі жетістіктері жеке құрамды тамсандырмай қоймады.

Жеке құрам бір мезет қылмыстық і стер тарихы, ішк і əскер тари-хына көз жүгіртіп, Кеңес Одағы батырларының есімдерін жадын-да жаңғыртты. Мұның барлығы ер азаматқа тəн ерлік, антқа деген адалдық сияқты игі қасиеттердің жас буынның бойында дамуына сеп болмақ.

ИГІ ІС

Page 2: Сақшы №46 (4212)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Польша

Көкөніс жəшігіне адамдарды жасырған

Ирландия

Қытай

Кадрлық ауыс-түйістер

П о л ь ш а н ы ң к е д е н қ ы з м е т і 4 3 жастағы Латвия азаматын ұстады. Ол 10 вьетнамдықты көкөністер арасында жасырып Польшаға кіргізбек болған. Бұл туралы «РИА Новости» польшалық телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

Кеденшілер шағын автобусты тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру кезінде көкөніске арналған жəшіктердің кейбіреулері бос болған. Қалған жүкті тексерген кеденшілер жəшіктердің ара-сында жасырынған 8 ер жəне 2 əйел адамды байқаған.

«Барлығы кəмелет жасқа толған. Сегізінде жеке куəлік бар», – деп хабарлады шекара қызметінің өкілі Катажина Зданович.

Заңсыз мигранттар шекара қызметінің бөлімшесіне жеткізілді. Телеарна ақпаратынша, оларды Литваға жөнелтеді. Шағын автобустың жүргізушісі де жазаға тартылады.

Адамға доңыздың көзін салады

Қытай дəрігерлері доңыз көзінің ақ қабықшасын адамға салу операциясын жүзеге асыра бастады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Биоинженерлік зерттеу нəтижесінде 70 науқастың жанарына нұр біткен. Қазір күрделі операцияны жасайтын кəсіпқой хирургтер саусақпен санарлық. Осыған байланысты қазір білікті мамандар даярла-нып жатыр. Шэньчжэндегі шошқа фермасы еттен ғана пайда таппайды, жануардың жанарын адамға салумен айналысатын зерттеу орталығына сатады. Əлемдегі соқыр жандардың 5/1-і Қытайда тұрады. Бұл – 8 млн адам көруге зəру деген сөз. Науқастардың басым бөлігі шырышты қабаттың ауруына шалдығады екен. Олар үшін жалғыз үміт – трансплантация.

«Соңғы 10 жылда біздің компания осы саланы зерттеу мен жаңалық ашуға 1 млрд. юань жұмсады. Осы уақыт аралығында біз түрлі жануарларға зерттеу жүргіздік. Сиыр, қой, итке қарағанда доңыздың ақ қабықшасы құрамы жағынан адамдыкіне өте жақын болып шықты», – дейді халықаралық көзді қалпына келтіру орталығының бас директоры Шао Чжэнкан.

«Біздің басты мақсатымыз – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын табысты жүзеге асыруды сапалы ұйымдастыру мен қамтамасыз ету» деп атап өткен Мəжілістің жаңа төрағасы, бірінші кезекте, қайтадан Мəжіліс төрағасына сайлағаны үшін барша депутаттық корпусқа алғысын жеткізіп, бұл үлкен мəртебе мен зор жауапкершілік екенін айтты. «Елбасының жəне Сіздердің сенімдеріңізді ақтау, Мəжілістің жұмысын одан əрі күшейту жо-лында барлық жинаған білімім мен тəжірибемді жұмсайтын боламын», – деді спикер.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин Парламенттің алдындағы мақсат – Бес институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын табысты жүзеге асыру екенін айтып, Елбасы жүктеген тапсырманы орындау барысында палата төрағасы ретінде барлық фракция мен депутаттардың пікіріне құлақ асатынын жеткізді.

«Мен партияаралық диалогтың ғана Президент реформалары мен бағдарламаларын бізге жүйелі əрі сапалы қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне нық сенімдімін. Осыған байланысты алда күтіп тұрған күрделі жұмыстарда баршаңыздың еңбегіңізге табыс тілеймін. Депутаттық корпустың кəсібилігі мен патриоттығы біздің алдымызға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы

орындауға септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Əділбек Жақсыбеков Президент Əкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалды.

«Əділбек Жақсыбеков Президент Əкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол 1997 жылы елорданың алғаш ауысқан күнінен бастап қала əкімі болып тағайындалып, ең қиын кезеңдерде жұмыс істеді. Барлық тапсырмаларды орында-ды. Одан кейін бірқатар өзге де лауазымдарды атқарып, осы қызметке қайта оралды. Мен оған жұмысы үшін алғыс айтамын жəне жаңа лауазымымен құттықтаймын», – деді Мемлекет басшысы. Ал бұған дейін екі рет Астана əкімі болған Əділбек Жақсыбековтің креслосына Əсет Исекешов отырды.

Астана қалалық мəслихатының сессиясын-да депутаттар Астана қаласының жаңа əкімі Ə.Исекешевтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Осы орайда Мемлекет басшысы бұл қаланы кімнің басқаратынына немқұрайлы қарай алмай-тынын айтты. «Ол тəжірибелі, білімді, Қазақстанға танымал, елорданың мүддесін қорғай отырып, Үкіметпен жұмыс істей алатын адам болуға тиіс. Мен Əсет Исекешевті сондай адам деп есептеймін. Бүгін мəслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді құттықтаймын», – деді Елбасы.

ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ (TWESCO) АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТАРИХТАН - ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗЕДІ.

Академия баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы «Мурас» қоры, Қазақстан жəне Қырғыз Республикасы Тарихшылар қауымдастықтары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхананың қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Орталық Азиядағы өзгерістердің басында тұрған айтулы оқиғаға орайластырылған конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей жəне Тəжікстаннан ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады деп күтілуде.

Алқалы жиын барысында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты «Жетісу – Ыстықкөл қасіреті: 1916-1920 жж.» атты тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылады.

Тарихтан – тағылым

ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ИНФЛЯЦИЯ 4,2 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕН-ЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА ЖУРНАЛИСТЕР-ГЕ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ДАНИЯР АҚЫШЕВ ХАБАР-ЛАДЫ.

Көктемнің соңғы айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,4 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауар-лар 0,7 пайызға, ақылы қызметтер 0,5 пайызға өсті. Ұлттық банктің деректері бойынша жылдың басынан бері, яғни 2016 жылғы қаңтар-мамыр аралығында инфляция 4,2 пайызды құрады.

«Ай сайынғы инфляция көп жылдық үрдіске сəйкес келеді жəне 2016 жылдың қорытындысы бойынша 6-8 пайыздық дəлізге қол жеткізуге бо-лады деп есептеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Д.Ақышев.

«Ұлттық банктің көптеген сыртқы жəне ішкі факторы (ішкі сұраныс, мұнайдың əлемдік бағасы, сауда əріптес елдердегі ахуал жəне басқалары) негізінде жасаған болжамдары да инфляция көрсеткішінің болжамды дəліз шегінде болу ықтималдығының жоғары екендігін растайды», – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармайтынын айтты.

Инфляция 4,2 пайызды құрады

«2016 жылғы 6 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін жəне пайыздық мөлшерлемелер дəлізін өзгеріссіз, 15 пай-ыз деңгейінде сақтап қалды, бұл теңгенің тартымдылығын одан əрі күшейтуге бағытталды. Тəуекелдердің төмендеуіне жəне оң үрдістер орнықтылығының расталуына қарай біз базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармаймыз», – деді Д.Ақышев. Сол секілді базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылғы 11 шілдеде жарияланатынын еске салды.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ «СПАССК» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ОРТАЛЫҒЫНДА «АЛТЫН ҮКІ» VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕРГЕНДІК ЖҰПТАР САЙЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСАДЫ. ТАҢҒЫ 8-ДЕН КҮН БАТҚАНҒА ДЕЙІН ҚАТЫСУШЫЛАР ТҮРЛІ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАЙДЫ. ƏР ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІДЕН БА-РЫНША ТӨЗІМДІЛІК ПЕН МЕРГЕНДІК КӨРСЕТУ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ.

«Жарылғыш заттарды за -лалсыздандыру» жаттығуына қатысушылар жарылғыш затқа қарай т іке жүрг із ілген сым-ды тоқтатуы тиіс болатын. Іс жүзінде сымды қалай тоқтату керектігі жаттығуды орындау нəтижелерімен қоса, оны орындай-тын адамның өміріне де қатысты. Ойды жинақтау, терең демалу, байсалды болу – бұлар нысана-ны дəл тигізу факторларының барлығы емес. Əр қатысушы бұны жақсы түсінеді. Кезекті кезең қандай нəтижемен аяқталса да жарысқа қатысушылардың барлығы ертең оларды жаңа сынақтар күтіп тұрғанын біледі.

СИНОПТИКТЕР 2016 ЖЫЛДЫҢ 23-25 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫН ЖАРИЯ ЕТТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ӨКІЛДЕРІ ХАБАРЛАДЫ. МАМАНДАРДЫҢ БОЛЖАМЫНА ҚАРАҒАНДА, АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ.

«Баренц жəне Карск теңізінің аумағынан то-лассыз келіп жатқан ауа массалары Қазақстан территориясының басым бөлігіндегі жиі жауған жаңбыр мен қоңыр салқын ауа райының сақталуына себепші болып отыр. Алдымыздағы үш тəулікте республикамыздың барлық дерлік об-лыстарында ауа температурасы көпжылдық орта белгіден төмен болады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыс жəне шығыста сенбі күніне қарай температу-ра норма деңгейіне келіп жəне одан жоғары көтеріледі.

Осы апта жаңбырлы болады

Жарылғыш заттарды залалсыздандырадыБ и ы л ғ ы ж а р ы с т ы ң е р е к ш е л і г і

қатысушылардың өз қаруларымен келуінде болып отыр. Дəлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі ата-ну үшін күреседі.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕРДЕ «СƏЛЕМ, MOBILE!» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ, СƏЛЕМДЕМЕЛЕР СУПЕРМАРКЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ. ШАРАҒА АҚПАРАТ ЖƏНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРІ ДƏУРЕН АБАЕВ АРНАЙЫ КЕЛІП, БРИФИНГ ӨТКІЗДІ.

2000 жыл бұрын дайындалған май

Ирландия аумағында 2000 жыл бұрын дəмді сары май дайындалған. Археологтар Мит графтығы торф батпағында сақталған салмағы 10 келі майды қазып алды. Бұл туралы ресейлік Росбалт агенттігі хабар-лады.

Жəдігер Ирландия ұлттық мұражайында сақталады. Музей қызметкерлері құнды өнім батпақ құдайына құрбандық ретінде дайындалғанына сенімді. Жергілікті тұрғындар əскери көшпенд ілер ін ің шабуылынан тағамдарын сақтау үшін азық-түлікті батпаққа жасырған.

Табылған май қоржынға немесе жануарлар терісіне салынбаған. Оған қарағанда, майды қайта алып шығу ойда болмаған.

2 мың жыл бұрын жасалған майдан сүттің иісін аңғаруға болады. Оның дəмі белгісіз. Дəмін татып көруге ниетті жандар əзірге та-былмады.

Екі жыл бұрын Ұлыбританияда 4000 жыл бұрын дайындалған май кесегі табылды. Оның дəмін көрген аспаз Кевин Торнтон тағамның өте дəмді екенін айтты.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Терминалдық төлем жүйесі іске қосылды

«Қазпошта» АҚ ұйымдастырып, қолға алған бұл шаруа Қазақстанда тұңғыш рет қолданысқа еніп отыр. Шараға Ақпарат жəне коммуникация вице-министрі Сəкен Сəрсенов, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ басқарушы директоры Елена Баxмутова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, өзге де журналистер мен теxнология саласының мамандары қатысты.

Қолданысқа алғаш ен іп отырған бұл теxнологияның артықшылығы – Жол қатынасы мен банк қызметі жəне интернет жүйесі қолайсыз шалғай аудандар мен елді мекендердегі xалықтың дүкен, супермаркеттерде сауда жасауы мен төлем жұмыстарының ауыртпалығын жеңілдету. Бұл жүйе Африка елдерінде əлдеқашан қолданысқа еніп, өзінің оң нəтижесін берген екен. Терминал орнатылған дүкеннен керегіңізді алу үшін қолыңызда қарапайым телефон ғана болса, жетіп жатыр. Сіз зат сатып алатын кез келген дүкенде сол жердегі поштаның жəне дүкеннің саудаға арналған коды болады. Соны теріп, ала-тын затыңыздың бағасын sms арқылы жіберіп, өз қажетіңізге жарата аласыз.

Бұл жобаның қазақстандық авторы – «Қазпошта» АҚ Қаржы қызметі даму департаментінің директо-ры Манарбек Əбенов.

Page 3: Сақшы №46 (4212)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

БҮГІН – ПОЛИЦИЯ КҮНІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫПолицияда қызмет істеу – маңызды əрі жауапкершілігі мол

жұмыс. Қоғамдық тəртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жəне қылмыспен күрес, оның ал-дын алу бойынша күрделі міндеттер жүктелген. Қазақстандық по-лиция құрылған күнінен бастап қоғамдық тəртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табыс-ты жүзеге асырып келеді.

Осынау ортақ іске Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жеке құрамының да қосқан үлесі елеулі. Төл мереке қарсаңында өткен салтанатты шара алдымен тəуелсіз елімізге берген Антына берік болып қалған, міндеттерін адал орындау барысында қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алып, құрмет көрсету мақсатында 1 минут үнсіздік жариялаумен басталды.

Осыдан кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ның бастығы, əділет полковнигі Бекболат Төремұратов жеке құрамға Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау телеграммасын оқып, барша қызметкерлерді кəсіби мерекелерімен құттықтап, мінсіз қызметтері үшін зор алғысын білдірді. Кəсіби мерекеде қызметтік міндеттерін адал орындағандары үшін өңір бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бірқатар қызметкері ма-рапатталып, арнайы атақтар берілді. Мерекелік жиын Батыс Қазақстан облысының Жастар мəдениет үйі ұжымының күшімен дайындалған концертке ұласты.

Лəйлə АХМЕТҚАЛИЕВА

ЕРЛІК. АБЫРОЙ. МІНДЕТ.Қазақстан полициясына 24 жыл

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТЫНЫШТЫҒЫН ҚОРҒАП, ҚОҒАМДЫҚ ТƏРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛЫНДА АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫНА, ОСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСЫ-ҚАСЫНДА БОЛҒАН АРДАГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРУ КҮНІ. СОНЫ-МЕН ҚАТАР, БҰЛ КҮН БЕЙБІТ УАҚЫТТА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ӨЗ ӨМІРЛЕРІН ҚҰРБАН ЕТКЕН АЙБЫНДЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ КҮНІ БОЛЫП САНАЛАДЫ. ТӨЛ МЕРЕКЕДЕ ӨҢІРЛЕРДЕ САН АЛУАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТУДЕ.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫАлданыш Тайғожин. Бұл қарағандылық тəртіп сақшысының есімі

ел есінен кеткен емес. 2003 жылдың қоңыр күзінде Қарағанды халқы қара жамылды. Қылмыскерлердің қолынан, қызметтік міндетін атқару кезінде ел тыныштығын сақтауға ант берген, қызметіне адал сақшы қаза тапқан болатын.

Абай аудандық ІІБ Топар ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Алданыш Тайғожин он үшінші қыркүйек күні аса қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру операциясы кезінде қаза тапты. Топар кентінде бірнеше рет қылмыс жасап, қолға түспей жүрген қылмыскерлердің жүргені ту-ралы жедел ақпарат түскен бетте, қызметіне асыға кіріскен полиция қызметкері қылмыстың үстінен дəл түсіп, дереу күдіктілерді құрықтауға кіріседі. Арам пиғылдары іске аспаған қылмыскерлер полиция қызметкерін көріп, кенеттен оған қарсылық көрсетіп, күш қолданады. Сол сəтте полиция қызметкерінің оңайлықпен

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫҚазақстан полициясы мерекесі қарсаңында қызылордалық тəртіп

сақшыларына пəтер кілті берілді. Баспана кілті мен құжатын полиция қызметкерлеріне Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев табыс етті.

Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында өткен мерекел ік шарада облыс əк ім і Қырымбек Елеуұлы құттықтау арна-ды. Облыс əкімі қызметтік міндеттерін адал орындап, оң нəтижеге қол жеткізгені үшін департаменттің 60 қызметкер і жəне ішк і і стер органдарының 10 ардагерін марапат-тады. Сонымен қатар, аймақ басшысы 2 полиция қызметкеріне əлеуметтік қолдау көрсету мақсатында салтанат-ты түрде пəтер кілтін табыстады. Осы уақытқа дейін пəтер жалдап келген Қызылорда қалалық ІІБ Жергілікті по-лиция қызметінің полицейі, полиция сержанты Нұрбол Үбітаев пен поли-ция капитаны Жұлдызбек Күскеевтің отбасы енді қоныс тойын тойлайтын болады.

Жиын барысында Ішк і і с т ер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік жеделхаты оқылып, министрдің құзырымен 19 қызметкер марапат биігінен көрінді. Оның ішінде, «Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Жаңақорған аудандық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Саттар Қарынбаев жəне қалалық ІІБ-ның бастығы, полиция подполковнигі Дəулет Беркімбаев, ІІ дəрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Шиелі аудандық ІІБ бастығының орынбасары, по-лиция подполковнигі Досым Абуов

пен І ІД Криминалдық полиция басқармасының жедел уəкілі, по-лиция капитаны Əділ Алтынбекұлы марапатталды. Ал, Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспек-торы Мирамбек Сұлтановқа полиция майоры арнаулы атағы берілді.

Салтанатты кеште сөз алған Қызылорда облыстық ІІД бастығы, по-лиция полковнигі Жанат Сүлейменов жеке құрамды төл мерекелерімен

Мерекелік іс-шара концертт ік бағдарламамен қорытындыланып, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін

құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Мерекелік шарада департа-мент бастығының бұйрығымен 137 қызметкер мен 10 ардагер марапат-талды.

қорғап, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету бағытында абыройлы қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің құрметіне өнерпаздар əн-жырдан шашу шашты.

Жиналған жұрт пен жеке құрам алдында басқарма бастығының орын-басары, полиция полковнигі Жамалбек Піртаев күзет қызметі саласындағы қол жеткізген табыстар туралы айтып берді.

Қызметтік міндетін абыроймен атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бір топ қызметкерге Ішкі істер министрі, облыс жəне қала əкімі, облыстық соттың гра-моталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Жиын барысында қызметтік борышын атқару үстінде қаза тапқан полицейлерге арналған бұрышқа гүл шоқтары қойылып, оларды еске алды. Сондай-ақ, қызметтік борыш-тарын атқару үстінде қайтыс болған полицейлердің жесірлеріне сый-сияпат табысталды.

Мерекелік іс -шараға Оңтүст ік Қазақстан облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сырым Абдуллаев қатысып, құттықтау тілегін жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы МКҚБ бастығы, полиция полковнигі Қанатбек Тілеубердиев, тағы басқа да қонақтар сөйлеп, мере-кемен құттықтады.

С а л т а н а т т ы б а с қ о с у д а қызметке жаңа алынғандар Ант қ а б ы л д а д ы . М ұ н а н с о ң ж е к е қ ұ р а м ə с к е р и ш е р у м е н ө т т і . Күзет қызметінің арнайы жасағы қоян - қол тық ұрыс т үрлер і н ен

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ө з ш е б е р л і к т е р і н к ө р с е т т і .Əуеге шар ұшырылып, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония əншілері салтанатты шараның шы-райын аша түсті.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫАлматы қаласы Қылмыстық

атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/1 мекемесінде Қазақстан полициясы күні қарсаңында өткен салтанатты жиында жұмыста жақсы нəтижелерге жеткен бірқатар қызметкер марапаттал-ды.

О л а р д ы ң қ и ы н д а қ а т е р л і қызметтеріне жеміс тілеген меке-ме бастығы, полиция полковнигі Н.Тайбеков бұл марапаттардың еселі еңбекпен келгенін атап өтті. Қылмыстық атқару саласында қызмет атқарудың жауапкершілігі жайлы ба-яндама жасаған мекеме бастығының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары, əділет майоры Қуаныш Сейдахметов те қауіп пен қатердің өтінде жүрген өз əріптестерінің қырағылығы мен батылдығын тілге тиек етті.

- Қазақстан полициясының еліміздің тыныштығын қорғау жолындағы жанқиярлық еңбегі баршамызға

ө н е г е . А т а л ғ а н саланың жетістігіне біздің қылмыстық а т қ а р у ж ү й е с і қызметкерлерін ің қосып отырған үлесі мол. Бүгінгі марапат – сіздердің уақытпай санаспай атқарған жұмыстарыңыздың төлеу і , – дед і Қ . Сейдахметов өз ба-яндамасында.

Жеке құрам ал-дында сөз сөйлеген Қылмыстық атқару жүйесінің ардагері Н. Гребенникова да əріптестерін айтулы мерекемен құттықтай к е л і п , е л і м і з т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң тыныштығын сақтау сияқты жа-уапты міндетт і арқалап жүрген сақшыларға игі тілегін жеткізді.Салтанатты шара барысында жеке

құрамға Қазақстан полициясының тарихы мен жетістігі жайлы түсірілген шағын фильм көрсетілді.

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

О ң т ү с т і к Қ а з а қ с т а н о б л ы с т ы қ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Полиция күні мерекесін сал-танатты түрде атап өтті.

берілмейтініне көздері жеткен қарақшылар денесіне бірнеше рет пышақпен жарақат салып, қансыраған тəртіп сақшысын байлап ескі құрылыс орналасқан алаңдардың бірінде қалдырып кеткен.

Облыстық ІІД басшылығы антына адал əріптестерінің бұл ерлігін ұлықтап, келер ұрпаққа үлгі боларлық шаралар ұйымдастыруда. Ерлікпен қаза тапқан сақшының есімін ел есінде мəңгі сақтау мақсатында Абай ауданының Топар кентінде ескерткіш ашылды. Ескерткіш қызметкер жұмыс істеген жерінде, Топар полиция бөлімінің алаңында орналасты. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған Қарағанды облысының ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров пен Абай ауданы əкімінің орынбасары Мұрат Магзин есіл ердің есімі ұмыт қалмайтынын айтты.

«Бүгін əріптесіміз Алданыш Тайғожинның құрметіне ескерткіш ашылуда. Ол Топар тұрғындарының жүректерінде ғана емес, облыс полицейлерінің де жадында мəңгі сақталады. Қала тұрғындары біздің қатарда өзгенің өмірін сақтап қалуда өз өмірін қиып, өміріне қауіп төніп тұрса да, бірақ əрқашан көмекке келіп қол ұшын беретін осындай батырлар бар екенін білсін», – деді Мергенбай Жаппаров.

«Бұл қарағандылық тəртіп сақшысының есімі ел есінен кеткен емес. Көзден кетсе де, көңілден кетпес ерлік қалды, есімін ұмытпай, ерлігін ұлықтайтын елдік бар. Ол өте қарапайым, кəсіби дайындығы өте мықты болды жəне өз қызметін адал атқарды», – деді өз сөзінде Алданыш Тайғожинның тəлімгері Владимир Бабаев.

Салтанатты жиынға қатысқан батырдың туған-туыстары мен жора-жолдастары жəне марқұмның анасы Қарағанды облыстық ІІД басшылығына ризашылығын білдіріп, полиция қызметкерлерінің жауапты жұмысына сəттілік тіледі.

Ажар МОЛДАШЕВА

Page 4: Сақшы №46 (4212)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

ЕРЛІК. АБЫРОЙ. МІНДЕТ

Облыс тың к римино г енд і к жəне қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты жəне ұдайы бақылауда. Соңғы бес айдың қорытындысы бойынша жалпы қылмысты тіркеу 3,7 пайызға төмендеді. Аса ауыр қылмыс 34, кісі өлтіру 43, зорлау 32, қорқытып алу 72 жəне бұзақылық 60 пайызға төмендеді. Барлық аса ауыр жəне резонанстық қылмыстар ашылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 5 жыл ішінде алғашқы рет мал ұрлығының, көлік, ұялы телефондар жəне пəтер ұрлығы санының төмендеу динамикасына қол жеткізілді.

Біз жұмыстың барлық бағыты бойынша республикалық орташа көрсеткіштен жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Осы атқарылған жұмыстардың артында же-дел уəкіл, тергеуші, криминалист, жол полицейлері мен басқа да қызметтер ұжымдарының еңбектері тұр. Жедел қызмет ұдайы талдаудың жəне жұмысқа жаңалықтар енгізудің негізінде жүзеге асырылады. Жыл басынан кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын тұрғындар арасында нығайту бойынша жұмыс жандандырылды. Бұл бағытта жергілікті полиция қызметі де өз жұмысын бастап кетті.

Бейнебақылау жүйесімен жарықтандыру мəселесі жөнінде ПИК өкілдерімен кез-десулер өткіз ілді . Оның нəтижесінде бүгінгі күні қала үйлерінің 23 ауласында 67 бейнебақылау камерасы орнатылып, орталық бақылау пульті арқылы 960 пəтер күзетке алынды.

Қаламыздағы ірі сауда орындарында құрамына учаскелік полиция инспекторлары, жедел уəкілдер мен кіші басшы құрамның қызметкерлері кірген жаңа полиция пункттері ашылды. Олар компьютерлік техника, байла-ныс құралдары, базар аумағында орнатылған жəне Жедел басқару орталығына біріктірілген сыртқы бақылау камераларымен жабдықталған. Сондай-ақ, əкімдердің қолдауымен барлық полиция жасақтары стационарлық жəне та-сымалданбалы бейнетіркеуіш құралдарымен қамтамасыз етілуде.

МІНДЕТ – ҮЛКЕН, БАҒЫТ – АЙҚЫНМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ ЖƏНЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ОБЛЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРТІПТІ САҚТАУ ЖƏНЕ ҚАУІПСІЗДІК, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫП КЕЛЕДІ.

Елбасы белгілеген 100 нақты қадамды жүзеге асыру мақсатында департа-мент полиция қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету бойын-ша шараларды қолға алып келеді. Бұл мəселеде төрағасы Жасұлан Ахметов болып табылатын ІІД жанында құрылған Консультативтік-кеңесші орган үлкен қолдау көрсетуде. Кеңестің құрамына қоғамдық, үк іметт і к емес ұйымдар , жергілікті өкілетті органдар, БАҚ өкілдері мен өңірге белгілі басқа да адамдар енді.

Консультативт ік-кеңесші органның мүшелері І ІД-н ің барлық қоғамдық-саяси, мəдени-бұқаралық іс-шараларына қатысады. Олар ведомстводағы қызметтер мен аудандық бөлімдерге бекітілген жəне олармен өзара іс-қимыл жасауда жеке түрлі іс-шаралар, оның ішінде жиналыстар мен азаматтарды қабылдауды өткізеді, ІІД түрлі комиссияларының жұмысына қатысып тұрады.

Криминогендік жағдай жайлы қоғамдық пікірді зерделеу, азаматтардың сенім деңгейін арттыру үшін облыстағы барлық аудан орталықтарында жəне Петропавл қаласында тұрғындармен кездесу өткізуді қолға алдық. Осы мақсатта 38 селолық округ пен аудандық маңызы бар 4 қалада халықпен кездесу ұйымдастырылды.

Қазақстан полициясы күнін мереке-леуде бірлескен концерттік бағдарламалар мен спорттық сайыстарға қатысу үшін өңірімізге Қорған облысы бойынша Ресей ІІМБ шығармашылық ұжымы мен шағын футболдан құрама командасы келмек. Бұл – шекаралас ынтымақтастық аясындағы өзара тығыз байланыс қана емес, сонымен қатар өзара құрмет негізіндегі қарым-қатынасты дамытудың айқын дəлелі.

Б и ы л б а р л ы қ қ о ғ а м д ы қ м а ң ы з ы бар іс-шаралар ел Тəуелсіздіг ін ің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтеді. Ұрпақ сабақтастығын нығайтуға, Ұлы

Отан соғысы мен ішкі істер органда-ры ардагерлерін құрметтеуге, тəртіп сақшыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. ІІД-нің бастамасымен 5 рет соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ІІД қаражаты есебінен Алматы қаласындағы «Қазақстан» шипажайына барып, емделіп келді.

Барлық аудандық І ІБ Ардагерлер кеңесінің төрағаларына еңбекақы төлеу жəне əк імшіл ік ғимараттардан жеке қызметтік кабинет бөлу қамтамасыз етілді.

Соғыс жəне милиция ардагерлерінің үйлерін аралап, оларға əлеуметтік көмек көрсету де назардан тыс қалған емес. Департамент шығармашылықтан да құралақан емес. ІІД үрмелі аспаптар оркестрі, вокалдық тобы құрылып, сах-на төрінде сəтті өнер көрсетуде, биыл өздерінің алғашқы мерейтойын атап өткен

балалар вокалдық тобы да шеберліктерін шыңдап келеді. ІІД көркемөнерпаздары қала тұрғындарына мерекел і к кон -церттер ұйымдастырып тұрады. Биыл шығармашылық ұжымның қатысушылары санынан ақпараттық-насихаттау тобын құрдық, олар жыл соңына дейін облыстың барлық ауданын аралап қайтпақ.

Екінші жыл қатарынан облыстың құқық қорғау органдары мен ІІД құрылымдық бөл ін і с тер і командалары арасында «Полиция барысы» қазақ күресінен тур-нир өткізіп келеміз. Жергілікті атқарушы ор гандардың қолдауымен полиция қызметкерлерінің тұрғын үй мəселесі шешілуде. Қаз ірг і таңда 10 полиция қызметкерінің отбасы жаңа пəтердің кілтін алды. Оның 2-і қалада, 8-і ауданда. Оңтайлы сəтті пайдалана отырып, об-лыс əкімі Ерік Сұлтановқа департаментті материалдық-техникалық нығайтуда жан-жақты көмек көрсеткені үшін зор алғыс б ілд ірем ін . Облыс əк імд і г ін ің қолдауымен ІІД үш əкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, Петропавл қалалық ІІБ ғимаратына жөндеу жүрг і зу жоспарланып отыр. Аудандық ІІБ мен Жергілікті полиция қызметіне қызметтік автокөліктер сатып алынды, облыстық Жергілікті полиция қызметі аппаратының жеке құрамын орна-ластыру үшін ғимарат құрылысы мəселесі де шешімін тапты.

Сондай-ақ, Тайынша қаласында соңғы бірнеше жыл бойы сот шешімімен жұмысы тоқтатылған өңірлік уақытша ұстау изо-ляторын салу жоспарлануда. Бұл ме-кеме облыстың үш ауданындағы УҰИ жұмыс істеу мəселесін шешуге мүмкіндік береді. Жүктелген міндеттерді орын-дау мақсатында Ішкі істер департаменті қылмысқа қарсы күресу, қоғамдық тəртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін барынша күш-жігерін жұмсайтын болады.

Осы орайда, ішкі істер органдарының ардагерлерін жəне облыстың полиция қызметкерлерін 23 маусым – Қазақстан по-лициясы күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, отбасы береке-бірлігін, барлық бастамаларыңызға табыстар мен игілік жəне бірлік пен ынтымақ тілеймін.

Берік БІЛƏЛОВ,Солтүстік Қазақстан облыстық

ІІД-нің бастығы,полиция генерал-майоры

Қаламыздың тыныс-т іршіліг і жайлы жергілікті полицей жақсы біледі. Жергілікті тұрғындар да өз учаскелік полицейін жақсы таниды. Сондай жандардың бірі – Павлодар қалалық ІІБ Орталық поли-ция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Жанат Мұстафиновтың атқарған жұмыстары туралы сол ауданның кез келген тұрғыны айтып бере алады. Ол қоғамдық тəртіпті қадағалап, тұрмыстық қылмысқа қарсы күресіп, еңбегін адал атқарып жүрген азаматтардың бірі.

Жанат Балтабайұлы 1976 жылы 24 қарашада Кереку қаласында дүниеге келген. Павлодар қаласының №15 жалпы білім беру мектебін тəмамдаған соң, ішкі істер орган-дарында қызмет істуге деген қызығушылығы туып, 1994 жылы Ішкі істер министрлігінің Павлодар техникалық колледжінде білімін жалғастырған. Полициядағы қызметін 1996 жылы учаскелік полиция инспекторы лауа-зымынан бастаған.

Учаскелік полиция инспекторының негізгі міндеті қоғамдық орындар мен көшелерде

МІНБЕРТӨЛ МЕРЕКЕГЕ ТІЛЕК

Б.ЖАНАБЕРДИНОВА, Павлодар қаласы

ЖАЛПЫ, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ КƏСІБИЛІКТІ, ТАБАНДЫЛЫҚТЫ, ҚАЙСАРЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕТІН АУЫР САЛА. ОСЫ САЛАДА ХАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН САҚТАП, ҚИЫНДЫҚТАН ҚАЙЫСПАЙ ЖҮРГЕН ЖАНАТ БАЛТАБАЙҰЛЫ СИЯҚТЫ САҚШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ƏРДАЙЫМ ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫСҚА ЛАЙЫҚТЫ.

Бата алып жүрген Балтабайұлы

жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, ескерту, қоғамдық тəртіпті сақтау сынды қызметтерден тұрады ғой.

О с ы с а л а д а ғ ы қ ы з м е т т е р д і ң қиындықтарына мойымай, төз імд іл ік танытып, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаруда. Бүгінде осын-дай қызметкерлердің табандылығы мен кəсібиліг інің арқасында көптеген заң бұзушылық ауыздықталуда.

О т а н ы н а д е г е н с ү й і с п е н ш і л і г і , жұмысына деген қызығушылығы Жанат Балтабайұлының бір лауазымда көп мезгіл қызмет етуінің негізі болып табылады. Ұзақ жылдар бойы оның қарапайым халыққа қадірлі болып жүруінің бірден-бір себебі ашық мінезділігі, əділдікке құштарлығы. Өйткені, учаскелік инспектордың жұмысы халық алдындағы жауапкершілікті жəне өз ісіне деген адалдықты талап етеді.

Осы салада қызмет ету кезінде бірнеше рет ІІД грамоталарымен жəне алғыс хат-тарымен марапатталған. Əрі қызметіне байланысты тұрғындардан бата алып та жүр.

Əкенің ақылын тындап, ананың мейірімін көріп өскен азамат жұбайы Айгүлмен бірге Дария, Дильназ, Лина атты үш қыз тəрбиелеп отыр. Жұбайы Айгүл Шəріпқызы да ішкі істер саласында ерлермен қатар ауыр жүкті арқалап еңбек етуде. Қызығы мен қиындығы бірге жүретін қызмет пен отбасын қатар алып жүрген осындай отбасылық сақшыларымыз басқаларға үлгі боларлықтай.

Құрметті əріптестер!Осыдан 20 жыл бұрын Министрлер кабинетінің

қаулысымен Семей Заң колледжі құрылған бола-тын. Содан бері біздің оқу орнымыз бірнеше ре-форманы бастан кешірді. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің Семей қаласындағы Оқу орталығы республика аймағында беделді оқу орындарының біріне айналып отыр. Ол, ең біріншіден, осы ұжымдағы оқытушылық-профессорлық құрам мен басшылықтың қажырлы, табанды еңбегінің нəтижесі деп білген жөн.

Оқу орнының құрылғанына 20 жылдық мерейлі тойы-мен жəне Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды ақ, ізгі тілектерімді арнаймын. Еліміздің гүлденуі мен өркендеуіне, қылмыстылықпен күресте болашақ полиция қызметкерлерін білім нəрімен сусындатып, білікті жəне кəсіби маман ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосып отырған ұжымыма еңбекте шығармашылық табыс, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, еліміз аман, жұртымыз тыныш күнде мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ете берулеріңізді тілеймін.

Г.ШРАХМЕТОВА, ІІМ Оқу орталығының

Жалпықұқықтық жəне əлеуметтік пəндер циклінің оқытушысы, полиция майоры

Құрметті əріптестер, ішкі істер органдарының ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан п о л и ц и я с ы к ү н і – кəсіби мерекелеріңізбен ш ы н ж ү р е к т е н қ ұ т т ы қ т а й м ы н ! Қ а з а қ с т а н п о л и -циясы күні – еліміздегі барлық құқық қорғау органдарының басты мейрамы. Бұл күн – ғұмырын халыққа қызмет етуге арнап, əр минутын кесте-ге салып, қоғамдағы

тыныштықты орнатып, халықтың қамын ойлап жүрген полиция қызметкерлеріне деген алғыс күні. Қоғамдық тəртіп пен заңды сақтауда кейбірі бүкіл өмір жолын арнаса, кейбірі өз өмірлерін қызмет жолында құрбан етуде. Сын сағаттарда адам өмірін арашалап қалу үшін қауіп-қатерге бас тігетін кездер де аз болмайды. Міне, сол боздақтарды еске алатын күн. Кешегі батыр ердің бүгінгі рухты ұрпағы – Сіздер.

Полиция сапында қызмет істеу – əрбір азамат үшін үлкен абырой. Погон – əрине, əдемі, бірақ погонды тағып жүру үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Ел тыныштығын сақтау жолында қиындықтан да, қатерден де қайыспайтын қоғамдық тəртіптің сақшылары – полицейлердің еңбектері əрдайым құрметке лайықты.

Бейбіт күндегі ерен еңбектеріңіз ақтала берсін. Баршаңыздың отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Қазақстандық полицейлер өз міндеттері мен анттарына адал екеніне зор сенім білдіремін.

Құрметпен, Асқар ОСПАНОВ,Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы,

полиция генерал-майоры

Құрметті полиция қызметкерлері!Осыдан 24 жыл бұрын маусымның 23-і қазақстандық

полиция қызметкерлерінің кəсіби мерекесіне айналды. Ішкi iстер органдарының тарихы, бұл – Қазақстан тарихының бiр бөлiгi. Бiз жүрiп өткен жол IIМ жүйесi ең iрi құқық қорғау құрылымы бола отырып, қылмысқа тосқауыл бола алатынын, конституциялық құқықтарды жəне азаматтардың бостандығын қорғап, елдегi тəртiптi қамтамасыз ете алатынын көрсеттi. Полиция ел аманатын арқалайтын мамандық. Оны тек ержүрек, батыл жандар ғана кəсіп етеді. Ішкі істер органдарының қол жеткен жетістіктерін сара-лай отырып, құқықтық тəртіпті қорғауға, жастарға патриоттық тəрбие беру ісіне арнаған ардагерлерімізге де шексіз ризашылығымызды білдіреміз. ІІО-на өмірлерін арнаған қызметкерлерімізге шын жүректен ұзақ өмір, күш-жігер, шаңырақтарына бақыт тілеймін.

Бекайдар ТОЙЛЫБАЕВ, ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы,

полиция полковнигі

Қазақстан полициясына

24 жыл

ҚҰРМЕТ

Page 5: Сақшы №46 (4212)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

ЕРЛІК. АБЫРОЙ. МІНДЕТ

АЗАМАТТЫҚ ҮН

КАДР – ТƏРТІП ПЕН ТƏРБИЕНІҢ ТАМЫРЫ

– Сіздің бойыңызда сол майдан даласынан жалғасып келе жатқан елдік рух бар сияқты көрінеді. Сол асқақ рухты жүрегіңізбен жəне жан дүниеңізбен түйсініп жас тəртіп сақшыларына үйретудесіз. Жалпы, бүгінгі тəртіп сақшыларынан сондай елдік рухты кездестіре аламыз ба, олардың қауқары қандай, заманауи өмірде полициядағы кадрлық саясат қалай игеріліп жатыр, осыған қандай баға берер едіңіз?

– Батырлық болсын, сарбаз немесе сақшы болсын барлығы жүздеген ғасырлар бұрын қалыптасқан. Сол ерлік, батырлық рух орта жол-дан үзіліп қалған жоқ. Еліміз тəуелсіздік алып, ше-карамызды бекіттік. Бүгінде өзіміздің байрағымыз, өзіміздің əнұранымыз бар. Өз Ата Заңымыз бар. Осының бəрін қорғап елдегі тыныштық пен татулықты сақтап тұрған Қазақстан полициясы үшін барлық жағдай жасалуда. Халық алдында ант берген сақшыларға біз əрқашан құрметпен қарап үйренуіміз керек. Ішкі істер органдары қатарындағы сақшылар, сержанттар, офицер-лер еліне арын, абыройын, денсаулығын, бар қазынасын жұмсап қызмет етіп жатыр. Олардың бəрін патриот деп атауға болады. Ішкі істер ор-гандарында кадрларды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі баяғыдан қалыптасқан жəне бұл жүйе өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Сонымен қатар, алғашқы даярлық мектептерімен бірге, өздеріңіз білесіздер, бізге қажетті мамандықтарды даяр-лайтын қаншама жоғары оқу орындары жұмыс жасайды. ІІМ Алматы Академиясы, Қарағанды Академиясы, Қостанай Академиясы мен ІІМ Ақтөбе Заң институты, т.б. оқу ошақтары біз жақсы маман, білікті кадрлар даярлап шығарады. ІІО-дағы қызмет оңай емес, өзіңді толықтай оған арнауды қажет етеді, сондықтан бұған бəрінің бірдей төзімі жетпейді. Кейбірі өзіне тыныштау жұмыс орнын іздейді, қайсыбірін біз өзіміз теріс қылықтары бойынша қызметтен шығарамыз. Бірақ бос қалған орындарды осынша адаммен қайта толықтырып жатамыз. Бұлар негізінен, өзім жоғарыда айтып өткендей, арнайы жоғары оқу орындары мен алғашқы даярлық мектебінің түлектері. Сондай-ақ, арнайы дайындықтан жəне ішкі істер органындағы қызметте қажетті сапаны меңгеріп өзін көрсете білгендер де қызметке алынуда. Сондайларды біз тікелей қызметке ала-мыз. Өйткені, бұл адамдар мамандығы бойынша аса қажетті сирек мамандық иелері. Қазақстан бойынша 6000-нан астам тəртіп сақшыларынан жасақталған Қарағанды облысының кадрлық қажеттілігі толық бүтінделіп, қарқынды жұмыс істеп жатыр.

ТҰРМЫСЫ ТҮЗУ ПОЛИЦЕЙ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҰРЫНБАЙДЫ

– Ардақ Қабыкенұлы, кез келген мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүріп жатыр. Елбасының жаңа Жолдауында айтылған басты мəселенің бірі де осы тақырыпқа саяды. «Тура биде туған жоқ» десек те, ішкі істер органдарында да осы мəселенің алдын алу, жолын кесу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

– Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еліміздегі құқық қорғау органдары жүйесінің дамуына ерекше қолдау білдіріп, көңіл бөліп келеді. Мəселен, полицияны əлеуметтік па-кетпен қамтамасыз ету, еңбек сіңірген жыл-дарына байланысты зейнетақы үстемесі жəне

АРЌА САЌШЫЛАРЫНЫЅ АЙБЫНЫ АСЌАЌ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, «ЕРЛІГІ ҮШІН», «ДАҢҚ», «БАТЫР ШАПАҒАТЫ», «ОТАН» ОРДЕН-МЕДАЛЬДАРЫНЫҢ ИЕГЕРІ АРДАҚ ЫНТЫҚБАЕВТЫ АРҚА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ. АУҒАН СОҒЫСЫНДА ҚАН КЕШІП, ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫН ЖАДЫНАН ӨШІРМЕЙ, ЖАНЫНА ТҮЙГЕН ОНЫҢ ӨМІРІ ЕРЛІККЕ ТОЛЫ. КƏСІБИ МЕ-РЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АРДАҚ ҚАБЫКЕНҰЛЫМЕН ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ БҮГІНГІ ҚЫЗМЕТІ, ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ ЖАЙЫН-ДА ЕМЕН-ЖАРҚЫН ƏҢГІМЕЛЕСУДІҢ СƏТІ ТҮСКЕН ЕДІ.

қызметтеріне лайықты жалақы төленуі мəселесі қарастырылған. Бұдан бөлек, құқық қорғау ор-гандары қызметкерлерінің шендеріне берілетін қосымша ақы əскерилермен теңестірілді. Яғни, жалақы қатардағы қызметкерлердің барлығына бірдей артып отыр (шен үшін үстемақы мөлшері 29 мың теңгеден 60 мың теңгені құрайды). Жалпы тұрмыс жайсыздығы, пəтердің жоқтығы, жанұясын көшірудегі қиыншылықтар, балала-рын балабақша мен мектептерге орналастыру, қызметтік дəрежесінің өсуіндегі қиындықтар секілді күнделікті тұрмыстағы мəселелермен бетпе-бет келу – пара алуға немесе қызметті асыра пайдалануға себеп емес. Өйткені, біз де-партамент басшылығы ретінде, əрдайым оларға кез келген жағдайда көмектесіп отырамыз. Ерекше атап өтерлік жағдай, қызмет бабын-да қайтыс болған полицейлердің отбасына да əлеуметтік көмек қарастырылған. Бұл – поли-ция қызметкерлеріне деген ерекше құрметтің белгісі деп білемін. Дегенмен де, «бес саусақ бірдей емес» болғандықтан, ондай қоғамға жат қылықтар орын алған жағдайда, біздің шарала-рымыз өте қатал. Ондай кемшіліктерге кешірім жоқ деуге болады. Біз жер-жерлерде жеке құраммен тəрбие сағаттарын өткізгенде үнемі осы мəселені қозғап отырамыз. Жергілікті атқарушы биліктермен, мемлекеттік емес ұйымдармен, қоғамдық ұйымдармен дөңгелек үстел, се-минар, конференциялар өткізіліп тұрады. Ол жиындардағы басты тақырып əрине еңбекті адал атқару, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

ТƏЛІМГЕРІ ЖАҚСЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ БИІК– Кадрлық саясат, жеке құраммен

т ə р б и е л і к ж ұ м ы с ж ү р г і з у , т ə р т і п сақшыларының жағдайын жіті бақылап, назарда ұстау қандай жұмыстар арқылы жасалады немесе ерекшеленеді? Жалпы алғанда күнделікті қызмет бабынан бөлек айрықша атап өтерлік шаралар өткізіле ме? Жəне олардың мақсаты мен мүддесі қандай?

– Əрине, дұрыс айтасыз. Бір ғана жиналыс немесе күнделікті жұмыс барысында тəрбиелік сұхбат, тəрбиелік насихат жүргізуге расын айтсақ уақыт та болмай жатады. Оның себебі полиция жұмысының қызу əрі тығыз мерзім аралықтарында жүргізілетіндігінде. Сондықтан біз мəдени шараларды арнайы түрде, жоспар-лап, басшылықпен келісе отырып жүзеге асыра-мыз. Міне, сол мəдени жəне рухани шараларда сіз бен біздің діттеген мақсат-мүддеміз іске асады. Мысалы, «жас келсе іске» дейтін қанатты сөз халық ішінде қастерлі. Осы мақсатта бүгінгі таңда Қарағанды облысының ішкі істер орган-дарында тəлімгерлердің де атқарып жатқан жұмыстары орасан. Бүгінгі таңда облыстың ішкі істер органдарында 600-ден аса жас маман жəне оларға бекітілген тəлімгерлер бар. Жас қызметкерлер жыл сайын генерал алдында ант беріп, тəлімгері бекітіліп, қызметтеріне кіріседі. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деген

ұлағатты сөз бар қазақта. Көргені көп ұстаздан тəлім алсаң, өмірде жолыңның оңғарылғаны. Əсіресе, бұл ұжымға жаңа келген жас маман үшін өте маңызды. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен басқа да жоғары оқу орнын тəмамдап тəртіп сақшыларының қатарына қосылған жас мамандар лауазымға бұйрықтан өту барысында олардың сол лауазымды толығымен игеріп кетуіне қолғабыс ететін тегеурінді сала мамандары тəлімгер бо-лып бекітіледі. Тəлімгер жас қызметкерді өзінің таңдап алған мамандығын сүюге, кəсібінің қыр-сырын терең меңгеруге үйретеді. Жас маманның еңбексүйгіштік, ізденгіштік қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге баулиды. Ерекше көзге түскен тəлімгерлер мен жас қызметкерлерді марапаттап, ынталандырып, облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы оларды əр кезде де еліне адал болуға баулиды, департамент қабырғасында жас қызметкерлер мен тəлімгерлердің арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылып дəстүрлі түрде жыл сайын слет өткізіліп тұрады. Əрине, бұл үрдіс келешекте жастардың жұмысқа деген ынтасын жігерлендіріп, ал тəлімгерлердің сол жастарға жол көрсетіп қызметке баулуда берер тəжірибесі мол екеніне көз жеткізу болып отыр. Əр жас қызметкердің көзінде жастық жалын, бойында қуат, ал ойын-да түбінде генерал болу арманы жатыр. Лайым халықтың алғысына бөленіп, жемісті еңбек етіп, күні ертең осы жас қызметкерлердің бірі генерал болмасына кім кепіл?!

ЕШКІМ ҰМЫТ ҚАЛМАЙДЫ– Е н д і ө з і ң і з м а й д а н д а л а с ы н д а

жауынгерлік борышыңызды өтеген сар-баз ретінде, қазіргі полиция қатарында қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған қызметкерлер жайында не айтасыз? Қанша дегенмен соғыс дала-сында досты жоғалту мен бейбіт заман-да қылмыспен күрес жолында əріптесті жоғалту оңай емес.

– Шынымен де, мен Ауған соғысын өз көзіммен көрдім. Қан майданның ортасында жүріп достық, адалдық, досың үшін жаныңды қию сияқты ерекше қасиеттерді жүрегіммен түйсіндім. Сол жерде жинаған тəжірибем мен өмір сабақтары қазіргі күнде ішкі істер органындағы қызметімде мол септігін тигізді. Қазірдің өзінде жас қызметкерлермен кездескен кезде тəрбие жұмысын жүргізгенде сол тəжірибемнің жемісі ретінде ақыл-кеңесімді аямаймын. Біз ешкімді «қарша бораған оққа қарсы жүгір» демесек те, «Отан мен халықтың тыныштығы үшін жан пида етуге даяр болыңдар» дейміз. Ешкім ішкі істер органына ол қызметкерді қинап əкелген жоқ. Ол жүрек қалауымен келген екен, енді антына адал, сертіне берік болу керек. Əскерде болсын, біздің органда болсын бұл – басты қағида. Тəуелсіздік алғалы бері елімізде қылмыспен күрес жолында 250-ден астам тəртіп сақшысы қаза тапса, соның 25-і біздің Қарағанды облысынан екен. Біз жыл сайын кез келген мемлекеттік мереке кезінде олардың отбасына, туған-туыстарына көмектесуді дəстүрге айналдырдық. Онымен ғана шектел-мей болашақ ұрпақтарымыз біліп, мақтанып, марқайып жүрсін деп өздері істеген ішкі істер бөлімдерінде, ауылдарында, мектептерінде ескерткіш тақталар ашып, көше аттарын беріп, еске алу кештерін, ерлік сағаттарын өткізіп тұрамыз. Сол атқарған жұмыстарымыздың арқасында қаза тапқан сақшыларымыз Нұрлан Байғаскин, Алданыш Тайғожин, Александр Истомин, Рустам Мажитов, Қайрат Жұмабековтің есімдері республикалық БАҚ беттерінде жария-ланып, телеканалдардың деректі фильмдерінде насихатталып жүр. «Өткенге құрмет – келешекке ізет» осылай басталса керек. Біз оларды ұмытқан жоқпыз! Ұмытпаймыз да! Себебі, бірімізге əріптес, бірімізге дос болса да ол ең бастысы бірі əке, бірі ана болып қала бермек. Олардың балалары ата-аналарының есімдерін мақтанышпен айтып жүрсе біз соған себепкер бола білсек басқа арман жоқ. Сондай-ақ, қазіргі жас қызметкерлерге бұл үлкен сабақ, үлкен мектеп.

САРЫАРҚА САҚШЫЛАРЫ – СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

– Сөз соңындағы сұрағымыз полицейлердің жеке қасиеттері туралы болмақ. Жалпы адам баласының бойында жұмыс істеу мен қызмет жасаудан бөлек табиғат бер-ген талант та болады. Талапты тəртіп сақшыларының талантын қалай танисыз-дар жəне олардың бойындағы қасиеттерін шыңдауға қандай мүмкіндіктер бар?

– Əлбетте, біздің тəртіп сақшыларының сан түрлі өнерлері мен бойына дарыған, табиғат берген та-ланттары аз емес. Бүгінгі қозғалған тақырыптар, яғни слеттер, үгіт-насихат концерттері, ерлік сағаттары, қаза болған қызметкерлерді еске алу шараларының барлығы – сол өнерлі полицейлердің қайнаған ортасы. Олар бірі əн салып, бірі өлеңін оқып, бірі сахналық қойылымға қатысып өз өнерлерін ортаға салады. Халықтың көпшілігі полицейлерді қолына «қызыл куəлік пен ала таяқ ұстаған қабағы қату қызметкер» деп қана елестетеді. Ал оның да жүрегі бар екендігі, оның да халықтың ішінен шыққандығы, оның бойында халықтың өнері бар екендігін көрсету біздің басты назарымызда. Біздің департаменттің мұражай директоры Айжамал Айтжанова, Қарағанды облысының «Алтын дауысы» Жанатай Сембеков, «Нұр Орда» ансамблі, жекелеген əншілер жəне сан қырлы өнері бар адамдардың бəрі иығында погондары бар бір-бір саланың офицерлері. Біз жыл сайын республикалық байқауларға өз өнерлі қызметкерлерімізді қатыстырып, лайықты бағасын беріп, мақтанып-марқайып жүреміз. Олар қоғам тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмыспен күресіп қана қоймай өз өнерлерін облыстық, республикалық сахналарда көрсетуіне біздің та-рапымыздан ешқандай кедергі жоқ.

С ұ х б а т ы ң ы з ғ а р а х м е т . Ə р д а й ы м еңбегіңізге табыс, қызметіңізге өрлеу тілейміз! Арқа сақшыларының айбыны төмендемесін!

Сұхбаттасқан Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы

Бұл жерде жоғары деңгейлі кəсіпқойлар жұмыс атқарады. Қазақстан полициясы күні сол білікті маманның бірі жайында сөз қозғағымыз келді. Ол – Көкшетау қалалық ІІБ полиция қызметкері, қамқор əке, асыл жар, полиция майоры Ерлан Ержанов.

Ерлан Ержанов 1984 жылы 7 тамызда Зеренді ауданының кішкентай ғана Уголки ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң ол 2001 жылы ҚР ІІМ-нің Қостанай қаласындағы Заң инсти-тутына оқуға түседі. Ерлан мектеп қабырғасында жүргенде-ақ асыл арманының бірі – полицей болу үшін қалай қадам басуды білген еді.

Институт қабырғасындағы жылдардан өткен Ерлан Ержанов көп ұзамай полицейлер қатарына

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Ел ұланы ЕрланСəуле СҮЛЕЙМЕНОВА, Көкшетау қаласы

КӨКШЕТАУ ПОЛИЦИЯСЫ ҚЫЛМЫС ПЕН ШАБУЫЛҒА КҮРЕС ЖҮРГІЗУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРТІПТІ НЫҒАЙТУ МЕН ҚАЛАДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ШАРТТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ИЕ. БҮГІНГІ КҮНІ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ – БҰЛ ҮЛКЕН КАДРЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ МЕН ЗА-МАНАУИ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ БАР ҚУАТТЫ ПОЛИЦЕЙЛІК ҚҰРЫЛЫМҒА АЙНАЛДЫ.

қосылады. Қызметтік міндетін жас жігіт Көкшетау қалалық ІІБ полиция учаскелік инспекторы ла-уазымынан бастайды. Ерланның полициядағы алғашқы күндері, қызмет көрсететін əкімшілік учаскесіне жасаған алғашқы қадамы, халықпен жəне полиция пунктінде алдын алу есебінде тұрған криминалдық контингенттермен танысқаны бəрі-

бəрі көз алдында. Əрине, қызметте қиындықтар алдынан жиі шықты. Алайда, Ерлан бəрін дербес, ақылға сап шешуге тырысатын. Сондай-ақ, сын сəтте тіреу болған тəлімгерлердің де көмегін ұмытуға болмас. Өзінің кəсібилігі, шығармашылық қабілеті, қызметтік міндеттерін шешуге ұқыпты қарағанының арқасында Ерлан Мұратұлы үнемі əріптестерінің арасында үлкен абыройға ие бол-ды. Қазір ол Көкшетау қалалық ІІБ Уақытша ұстау изоляторының бастығы лауазымында қызмет атқарып, халық алдында үздіксіз еңбек етуде.

Жедел қызметт і к əрекет і нде жоғары нəтижелерге қол жеткізгені, көп жылдық еңбегі мен адал қызметі, кəсіби шеберлігі үшін поли-ция майоры Ерлан Ержанов 2013 жылы Ақмола облыстық ІІД бастығының бұйрығымен «Үздік по-лиция учаскелік инспекторы» атағын алып, оған бағалы сыйлық табыс етілді.

Өмірде мейірімді, қайырымды, барлығымен тез тіл табыса алатын азамат отбасында да сыйлы отағасы əрі қамқор əке. Сақшы отбасы берекесі мен мерекесін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін қашанда айтып жүреді. Ерлан Мұратұлын өз өмірінің таңдауы – мамандығын ұлы Алан да армандайтыны қуантады. «Алан əлі тым кішкентай, оның бұл шешімі уақыт өте белгілі бола жатар. Ең бастысы, жақсы адам болса болды», – дейді Ерлан. « Полиция қызметі оңай қызмет емес, бұл – ұйқысыз түндер, демалыссыз жұмыс күндері, үйде күтіп отырған туыстарың мен жақын адамдарыңның бəрі де ұмытылады», – дейді полиция майоры Ерлан Ержанов.

Қазақстан полициясына

24 жыл

Page 6: Сақшы №46 (4212)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

ЕРЛІК. АБЫРОЙ. МІНДЕТ

Ерғанат Жұмашұлы 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Атшапқан ауылында көп ба-лалы жұмысшы отбасында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Семей автомобильді-механикалық техни-кумына түсіп, онда алғашқы техник-механик мамандығын алып шығады. 1972 жылы кеңес əскерінің қатарына шақырылып, Жамбыл облысы автомо-бильдер əскерінде екі жыл азаматтық борышын атқарады. Осы жерде оның Жарғымен танысуы, Ант алдындағы алғашқы қобалжулары мен əскери қызмет туралы беймəлім армандары сағым болып көрінетін.

Əскерден кейін орманшының бала-сы ретінде əке жолын қуып, жұмыс істеуге бел байлайды жəне Ямышево орман өсіру стансасының механигі болып қызмет жолын бастайды. Жас жұмысшының табандылығы, нық сенімділігі арқасында жоғары нəтижелерге қол жеткізе бастайды. 1976 жылы ДОСААФ Лебяжі аудандық комитетінің төрағасы болып сайланды, ал 1979 жылы ол Лебяжі аудандық коммуналдық шаруашылығының бастығы болады.

Пайым-парасаты кең, адамгершілігі мол, кəс іби б іл ікт іл і г і ерекше, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азаматтың өзіндік қолтаңбасын, дара болмысын кейінгі ізбасарларына, жастарға үлгі етіп көрсету мақсатында қолымызға қалам алдық.

О с ы о р а й д а , а л д ы м е н Е.Дүйсекеновтің ішкі істер сала-сына сіңірген еңбегі мен жарқын жетістіктері туралы əңгіме тиегін ағытсақ дейміз. Е.Дүйсекенов Лебяжі аудандық кеңесі, Екібастұз қалалық кеңесі, Павлодар облыстық кеңесі, Павлодар облыстық маслихатының депутаты болып төрт рет сайланған. КСРО ІІМ-нің І, ІІ, ІІІ дəрежелі медал імен , «Милиция ү зд і г і » , «ІІМ-дегі мінсіз қызметі үшін» төс белгілерімен марапатталған. Сонымен қатар, «Екібастұз қаласының құрметті азаматы» атағына ие болған.

АҒА БУЫН

Еңбек жолы жастарға үлгі ЕЛІМІЗДІҢ ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА ЖЕМІСТІ ЕҢБЕГІМЕН КӨРІНЕ БІЛГЕН, ƏРІПТЕСТЕРІНІҢ АРАСЫНДА СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ ИЕ БОЛҒАН, ҚАНДАЙ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АТҚАРСА ДА ӨЗ ІСІНІҢ ХАС ШЕБЕРІНЕ АЙНАЛҒАН АБЫРОЙЫ БИІК АЗАМАТТАР АЗ ЕМЕС. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ, ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЕРҒАНАТ ДҮЙСЕКЕНОВ ДЕП БІЛЕМІЗ.

Б і л і к т і маманның ішк і і с т ер саласындағы айтулы қызмет жолы сонау 1981 жылдан бастап жарқырай көрінді деуімізге əбден болады. Өйткені, Ерекең нақ осы жылы өзінің сүйікті кəсібіне айналған салаға келіп, қарапайым милиция лейтенантынан полиция полковнигіне дейінгі өрлеу, өсу баспалдақтарынан өтті. Мұнан бөлек ол кісінің қатардағы инспектор-дан үлкен құрылымның білікті басшы-сы лауазымына тағайындалғанының өзі көп жайттан хабар берсе керек. Себебі, бір салада қызмет істеу өз алдына, сол саланың шыңына жетіп, кəнігі маманы атану табиғи талантпен, ана сүтімен, əке қанымен берілетін қасиет. Қазақта «Əке көрген оқ жо-нар, шеше көрген тон пішер» де-ген ұлағатты сөз бар. Біз Ерекеңнің бойынан, болмыс-бітімінен, ашық-жарқын мінезінен қазақ халқының баласына тəн жаратылысты анық байқаймыз. Бұл ой-пікірімізді онымен қызметтес болған əріптестері, полиция саласындағы үлкен-кішілі шəкірттері бірауыздан атап өтері сөзсіз.

Ерғанат Жұмашұлы ішкі істер орган-дары қызметінде кəсіби шыңдалудың қажет екендігін түсініп, алдағы уақытта өзінің білімін Павлодар индустриалды институтында, кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде жалғастырады. 1984-1994 жылдар аралығында он жыл бойы Ерғанат Жұмашұлы Екібастұз қалалық ІІБ МАЙ-ға жетекшілік етеді. Бұл жерде оның барлық кəсіби қабілеттері мен ұйымдастырушылық таланты өзінің басшылық шеберлігінен көрінеді. Алда оның қызметі ілгері өрлеп, Екібастұз қалалық ІІБ бастығының орынбасары, «Динамо» Павлодар облыстық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ, Павлодар қалалық ІІБ Оңтүстік ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарады. 2002 жылы Ерғанат Жұмашұлын Павлодар қаласындағы І ІМ училищес ін ің бастығы лауазымына шақырылады. Ол жас қызметкерлерді тəрбиелеу саласына өзінің барлық күш-жігерін

салады. Осы кезден бастап Ерекеңнің өмірінде болашақ жас ұрпақтың ал-дында жауапкершілігі мол қызыққа толы шығармашылық кезеңі бастала-ды. Аталған оқу орнында 5 жылғы сəтті жəне қажырлы еңбек өтілінен кейін училище ұжымы Ерғанат Жұмашұлын құрметті зейнет демалысына шығарып салады.

Қызмет жылдарында Ерғанат Жұмашұлы кадрлардың бірнеше буы-нын тəрбиелеп шығарды. Олардың көб і қаз і р г і ке зде облыстағы , республикадағы, сондай-ақ, Ресейдегі ІІО құрылымдарын басқарып келеді. Үйленген, өмірдің суығы мен ыстығын бірге өткерген өмірлік жары – Қатеш. Төрт ұл жəне бір қыз өсірген арда-гер қазіргі таңда сегіз немере сүйіп отыр. Ұлдары əке жолын қуып, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сала-сында қызмет етуде. Қызы дəрігерлік мамандықты таңдап, сол салада сүйікті ісімен айналысуда.

Жуырда тұғыры биік азамат мерейлі 65 жасқа толып отыр. Осынау қуанышты жайтқа орай, туған күн иесін шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, толайым табыстар тілейміз. Ішкі істер саласының Ерекеңдей орны бөлек азаматтары көп болса, еліміз аман, жұртымыз тыныш, тəуелсіздігіміз баянды болып, көк ту-ымыз бейбітшілік аспанында мəңгі желбіреп тұрары сөзсіз.

ІІМ-нің Павлодар қаласындағы Оқу орталығы ұжымы

АТА ЖОЛЫН ҚУҒАН АЛҒЫР БАЛА НҰРЛАН ЖАСТАЙЫНАН ПОЛИ-ЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ-НА 2002 ЖЫЛЫ КЕЛГЕН ОЛ БҮГІНДЕ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД ШТАБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРАДЫ.

Генерал немересі

Екі баланың əкесі бір қарағанда ұяңдау көр інед і . Сөзге шорқақ болғанмен, іске мығым, өте жауап-ты қызметкер. Атасы туралы көп естігенмен Нұрлан көзі тірісінде ол кісіні көрмеген екен. Бірақ кеңес заманының өзінде атағы жер жарған, қазақтың тұңғыш генералдарының бірі – туған атасы туралы мəліметтер жинап, көкейіне түйіп жүреді.

Махмет Дүйсенұлы 1916 жылдың 13 мамырында Ақмола облысында шаруа отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, білім қуып Алматы қаласына келіп, 1938 жылы Алматы медициналық институтының студенті атанады.

1939 жылы Медицина институтының партиялық ұйымы Махмет Дүйсеновті институттың 2-курсынан Алматы қаласы ІОҰК мемлекеттік қауіпсіздік Бас басқармасының ауданаралық мектебіне жіберді.

1940 жылы Махмет Дүйсенұлы қауіпсіздік мемлекеттік сержан-ты атағында көрсетілген мектепті аяқтағаннан кейін Қызылода облы-сы ІОҰКБ қызметке жіберілді. 1940 жылдан бастап 1943 жылға дейін ең алдымен жедел уəкіл болып, одан кейін Арал ауданында қызметін жалғастырады. Кейін Қызылорда об-лысы ІОҰК Қармақшы АБ бастығы болып тағайындалады. Үкіметтік тапсырманы үздік орындағаны үшін оған «ІОҰК еңбегі сіңген қызметкері» құрметті атағы берілген.

1946 жылы мемлекеттік қауіпсіздік аға лейтенанты М.Дүйсенов Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ішкі істер бөлімін басқарып, 1947 жылы по-лиция капитаны атағында Жезқазған қалалық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалады.

Милиция қызметін оқумен үйлестіре отырып, болашақ генерал 1950 жылы КСРО ІІМ Мəскеу жоғары мектебін аяқтап, Көкшетау ІІБ бастығының орынбасары лауазымына,1952 жылы Қостанай облыстық ІІБ бастығы лауа-зымына тағайындалып, 1956 жылы Гурьев облыстық ІІБ бастығы лауа-зымына ауыстырылды.

1960 жылы полиция полковнигі М .Дүйсенов Целино град өң і р і Қоғамдық тəртіпті сақтау басқармасы бастығының орынбасары, 1965 жылы Павлодар облыстық ІІБ бастығы лауа-зымына тағайындалады.

Махмет Дүйсенұлы Павлодар қаласында облысаралық милиция мектебін ашуға жəне ұйымдастыруға белсенд і қатысқан. 1967 жылы қ ы з м е т т і к м і н д е т т е р і н ү л г і л і атқарғаны жəне қылмысқа қарсы күресте қосқан жеке үлесі үшін Махмет Дүйсенұлы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Осы жылы «3-ранг милиция комиссары», кейін қайта аттестаттау тəртібінде милиция генерал-майоры атағын алған.

М.Дүйсенов ынталы, бастамашыл қызметкер жəне ұйымдастырушылық қабілеттілігі бар басшы ғана емес, жеке құрамды қылмысты алдын алу жəне ашу əдісін оқытуға, осы жұмыста аумақтық органдарға көмек көрсетуге үлкен көңіл бөлген. Кадрларды ір іктеу, тағайындау ж ə н е т ə р б и е л е у м ə с е л е с і м е н айналысқан. М.Дүйсенов бағынысты аппаратының жұмысын б і л і к т і ұйымдастырғаны, қызметтегі қол жеткен жет і с т і к тер і мен жеке белсенд іл і г і үш ін б і рнеше рет КСРО ІІМ Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1976 жылы генерал Дүйсенов дүниеден озады.

Генералдан тараған үш қыз, үш ұлдың ортаншысы Нұрланның əкесі Тəңірберген. Атаға тартып туған ұл өз баласының да ата жолын жалғағанын қалайды. Полиция майоры Нұрлан Дүйсенов милиция генерал-майоры Махмет Дүйсеновтің немересі екенін мақтанышпен айтып жүреді.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Қарағанды облысындағы Шет аудандық ІІБ Ақадыр кенттік по-лиция бөлімшесінің бастығы, по-лиция подполковниг і Манарбек Кенжебаевтың жастарға қатысты ұстанымы осындай. Бұрнағы жылы Манарбек осы ауылдың ұланы Еркебұлан Əбілдиновті жұмысқа қабылдады . Ақадырдың бала -сы болғасын, оның үстіне ата-ана-сы аралас-құралас Еркебұланды бес саусақтай білмесе де, ол туралы дерек-тен мақұрым емес. Алайда, кешегі қара сирақ ойын баласының дəл осылай есейіп кеткенінен бейхабар болатын.

«Ассалаумағалайкум аға, рұхсат па екен?» – деп есікті еппен ашып, əскери тəртіппен қазықтай қадала қалған сұңғақ бойлы сырықтай жігітке бөлімше бастығы бір сəт көз тоқтатып қарады. «Иə, сөйле, жігітім», – деген бастыққа өзін университеттің əскери кафедрасында алған тəлім-тəсілімен тақ-тақ етіп таныстырды. «Еркебұлансың ба, жігіт болыпсың, шаруаңды ай т ! » , «Қара ғ анды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірдім. Туған жерге қызмет етейін деп едім», – деген сөзі Манарбекті ойландырып тастады. Əдетте бірден уəде бермеуге бейіл полиция подполковнигі сол тəртібінен таймай, «ертең кел, штатты көрейік» деді учаскелік инспектор көмекшісінің орны бос екенін жақсы біліп тұрса да. «Туған жерге қызмет етемін» дейді,

ЖАС МАМАН

ПОЛК БАЛАСЫАйткен ШƏМШІ

«БІР АДАМДАРДЫҢ ӨМІРБАЯН ПАРАҒЫ АСА ЖҰҚА БОЛСА ДА АТҚАРҒАН ІСІНІҢ ТҰШЫМЫ ТОЛЫМДЫ БОЛАДЫ КЕЙДЕ. СОҒАН ҚАРАҒАНДА, ОНЫҢ ҚАЛЫҢ БОЛУЫНЫҢ АСА МАҢЫЗЫ ЖОҚ СЕКІЛДІ. ҚАЙТА ТҮЙСІГІ ЖҰҚА БОЛМАСЫН. АЛ ЖҰМЫСТЫ ЖАҢА БАСТАҒАН ЖАСҚА ӨМІРБАЯНЫҢ ЖҰТАҢ БОЛМАСЫН ДЕП ШАРТ ҚОЮДЫҢ ӨЗІ АҚЫЛҒА ҚОНБАЙДЫ. ОНЫҢ ӨМІРІ АЛДА. ҚАҒАЗ ДЕГЕН НЕ, ТƏЙІРІ, ƏЛІ-АҚ ТОЛАДЫ».

пайымы дұрыс, талабы таудай. Түбінде отансүйгіштер осылардан шығады» деп ой қорытты оңашада. Ертеңіне оны өзіне шақыртқан бөлімше кадрлар бөлімінің меңгерушісі өтініш жаз деп алдына ақ қағаз бен қалам қойды.

Сол күні жиырма екідегі жайраң жігіт үйге жайнаңдай кірді. Баласының жұмыс қамымен Ішкі істер бөлімшесіне кеткенін білетін əкесі Марал мен ана-сы Алтын, ағасы Жасұлан жаңалықты тағатсыздана күтіп отырған бола-тын. «Оның жөні бар, мақсаттанып оқығасын мамандығы бойынша еңбек еткені дұрыс қой» дейді əкесі. «Бүгін жұма ғой, дүйсенбіден бастап іске кірісем, сонда бастық менің жұмыс бағытымды айтатын болады», – деп анасының дастарқан жайып қойдым дегеніне қарамай наннан ауыз тиіп, тілеуін тілеп отырған жолдастары-на асықты. Міне, содан бері де екі

жыл өтіпті. Ал бүгінде əріптестері Еркебұлан Əбілдиновті «Полк баласы» деп атап кеткен.

«Өзіне тапсырылған іске тыңғылықты, тапсырманы тап-тиянақтай орындап келеді. Жасыратын несі бар, бойдақ əрі қол-аяғы жеңіл деп кеңшарларға Еркебұланды көбірек жіберетініміз бар. Бұл оған сенім артқандығымыздан. Түбі Еркебұланнан жақсы басшы шығады. Орнымызды осылар баспағанда кім иеленеді?!», – деп əзіл-шыны аралас сөйледі Манарбек. Иə, басшы айтса, айтқандай-ақ, жас жігіт жігерін таныт-ты. Тəжірибелі ағаларынан көргені бар, оқиға болған жерге барысымен сен күдіктісің деп көз алартпай, мəселенің мəн-жайын зерттеуді үйренген. Əр адамға құрметпен қарай отырып түйіннің тінін іздеуге тырысқан.

Таяуда таңғы сағат жеті жарымдар шамасында Ақадыр кенттік поли-ция бөлімшесіне кент вокзалы ішінде орналасқан дүңгершек сатушысының 52 мың теңгесінің жоғалғандығы туралы хабарлама түседі. Кезекшінің ақпарын қабылдаған Еркебұлан жедел вокзалға жетіп, мəселенің мəн-жайына үңіледі. Тоғыз жолдың торабы болғандықтан Ақадыр вокзалы адамсыз болмайды. Оның ішінде кім жоқ дейсің? Қолының сұғанағы барлар да жеткілікті. Ақадыр учаскелік полиция инспекторы, поли-ция капитаны Еркебұлан Жақбековтің басшылығымен жүргізілген осы əрекет тез жемісін берді. Полиция лейте-нанты Е. Əбілдинов күту залында отырған адамдарды барлай қарап алды. Бірдеңеден қуыстанғандай, əне бір əйелдің дегбірсізденгені... Жас по-лицей аттас ағасы – полиция капитаны Е.Жақбековке күдігін жеткізді. Қол жүктерін тексеру барысында Жұлдыз атты əйелдің қол сөмкесінен дүңгершек сатушысы Роза айтқан купюрлер шыға келген. Басында бұлталақтаған Жұлдыздың бұлтартпас дəлелден соң мойындаудан басқа шарасы қалмаған. Мəселені осылай «сақал сипағанша-ақ» бітірген қызметкеріне учаске инспекторы сол жерде-ақ арқасынан

қағып, алғысын айтты. «Қызметтегі жарасымдылық деген осы ғой», – дейді жас полицей капитан Жақбековтің ағалық пейіліне риза болып. Бұл олар істейтін қыруар жұмыстың бір күндік көрінісі ғана. Əйтпесе, Роза сияқты талай жерлестерінің алғысын алып жүрген азаматтар бұлар. Мереке ме, жай күн бе, əйтеуір ретін тау-ып қызметтен де тыс өмір бар. Бас құраңдар жігіттер!» дейді бөлімше бастығы əрдайым. Ал баласына алаңдамайтын жан бар ма? Əке көңілі де соны қалайды ғой. «Ұлым-ау, келін түсіріп, анаң екеуміздің қолымызды жылы суға салдырмаймысың» деген Марал əкенің сөзіне ізетті қылықпен «Алаңдамаңыз əке, ол күн де келер, əлі-ақ шақырылатын қонақтар тізімін талай рет түгендеп əуре болып жатар-сыз, мына жұмысқа жақсылап табан тіреп алайын» деп жауап қататын он-дайда. «Асықтырма, бір бұйырған жан тұрған шығар», – дейді Алтын баласын қостай. «Ана арманы, əке батасы» деген. Ол күн де алыс болмауы керек.

Əңг іме үст інде Еркебұланның қандай фильмдерге қызығасың деген сұрағымызға: «Кеңестік киноларға, əсіресе, «Офицерлер», «Революцияда туғандар», «Атаманның ақыры» сияқты картиналарды сүйсіне көремін. Олардың тəрбиелік мəні зор», – деп дəлел ретінде эпизодтарды келтіріп отырғаны менің де жадымды қалып қойыпты. 24 жастағы Еркебұланның осындай терең ойлайтыны, шыны керек, мені таңғалдырмай қоймады. Оның жасындағылардың қазір, өзгені былай қойғанда, өнер саласының өзінен-ақ басқа құндылықтарға бет бұрғаны жасырын емес. Соның ішінен Еркебұланның ерқара болып көрінуі бізді де қуантады.

«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған». Біздің осы мақаланы жазғандағы мақсатымыздың өзі сол – көкірегі ояу жігіттің нұрын тасыту болды. Əйтпесе, талай оқиғаны бастан өткер іп , қиындығы мол қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңғандар аз емес.

Қазақстан полициясына – 24 жыл 24 жыл

ҒИБРАТ

Page 7: Сақшы №46 (4212)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

СПАРТАКИАДАҚАЗАҚША КҮРЕС

Полиция полкінің балуандары

ОҚ АТУ

«Макаровтан» көздегендер

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жəне «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, отставкадағы полиция полковнигі

ПЕЙІСОВ Мылтықбай Пейісұлыныңқайтыс болуына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі институт бастығы, полиция полковнигі Сəлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшевке ағасы – отставкадағы полиция полковнигі, ішкі істер органдарының ардагері

УРАЗАЕВ Асқар Советұлыныңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Тəртіп жəне заң» деген атпен өткен шараны ұйымдастырушылар – аудандық Жастар ресурстық орталығы. Аудандық ІІБ бастығының орынбасары А.Үркімбаев пен аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қонарбаев құттықтау сөзбен ашқан

Саламаттылық – басты ұранКƏСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ ШЕТ-ПЕ КЕНТІНДЕГІ ШОҚЫР БӨЛТЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ АУДАНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ.

Дина ӨТЕПБЕРГЕНОВА, Маңғыстау облысы

Турнирді ІІД бастығының орынбаса-ры, полиция полковнигі Мұрат Алиханов ашып, жарысқа қатысушыларға ізгі лебізін арнады. Кездесулер əрбір кіші топ ішінде айналым жүйесі бойынша өтті. Бұл жеңімпазды əділ анықтауға мүмкіндік берді.

Турнирд ің ең шешуші ойыны Екібастұз қалалық ІІБ мен Лебяжі аудандық ІІБ командалары арасын-да тартысты өтті. Ақсу қалалық ІІБ командалары да жақсы ойын өрнегін к өр с е т к ен імен , қ ар сыла с т ары олардан басым түсті . Қатысушы командалардың дайындық деңгейі ж о ғ а р ы е к е н д і г і ə р о й ы н д а аңғарылып тұрды.

Тартысты ойындар нəтижесінде Екібастұз командасы бас жүлдені жеңіп алды. Оларға Ақсу қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Талғат Арынов алқалары мен грамоталарын жəне бас жүлде – теледидар табыс етті. Екінші орынды Лебяжі аудандық ІІБ командасы иеленді. Оларға жүлдеге қысқа толқынды пеш сыйға берілді. Үздіктер үштігін Қашыр аудандық ІІБ командасы бекітті. Оларға қола алқа, грамота жəне термопорт табысталды.

Жарыс кезінде жеке шеберлігімен көзге түскен ойыншылар да назар-дан тыс қалмады. «Үздік қақпашы» а т а л ы м ы б о й ы н ш а Е к і б а с т ұ з аудандық ІІБ ЖППР полициясы, по-лиция сержанты Самат Бектырбаев,

АҚСУ ҚАЛАСЫНДА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 24 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ. ЖАРЫСҚА ПАВ-ЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НЕ ҚАРАСТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖƏНЕ АУДАНДЫҚ ІІБ-ЛЕРДЕН 16 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ.

Сəуле МУСИНОВА, Павлодар облысы

Аяқдоп шеберлері Ақсуда

Сайысқа 5 команда, атап айтқанда, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы, ІІМ Төтенше жағдай комитетінің Көкшетау техникалық институты, Қостанай қаласындағы оқу орталығы, Қостанай қаласындағы «Динамо» командасы мен І ІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының бастығы, полиция полковнигі Сəлімгерей Каракүшевтің қолдауымен институттың құрама к о м а н д а с ы қ а т ы с т ы . Ш а р а н ы алғысөзімен ашқан Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов

Жеңіспен оралған курсанттарТАЯУДА ІІМ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 45 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША КУРСАНТТАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТКЕН ЕДІ.

А.ҚОСМҰРАТОВ, Ақтөбе қаласы

қатысушыларға сəтт іл ік т ілед і . Спартакиаданың ашылу салтанатында Ту көтеріліп, Əнұран ойналды.

Үш күнге созылған сайыс кезінде баскетбол, волейбол, шағын фут-бол ойындары жəне жеңіл атлети-ка бойынша жарыстар өтті. Жарыс жанкүйерлер қарасының көптігі, спортшылардың жең іске деген құштарлығымен əсерлі де қызықты өтті. Спартакиаданың бірінші күні ба-скетбол ойыны, екінші күні волейбол, шағын футбол жəне жеңіл атлети-камен жалғасты. Сайыс үшінші күні

шешуші сайыспен өз мəресіне жетті. Баскетбол жəне шағын футбол ойындарының қорытындысы бойынша 1-орынды ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты командасы жеңіп алса, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының команда-сы волейбол мен жеңіл атлетикада үздік шықты. Ал, ІІМ Төтенше жағдай комитетінің Көкшетау техникалық ин-ституты командасы барлық сайыстарда 2-орынды місе тұтты.

Сонымен қатар, 2-курс курсанты, полиция сержанты Ернұр Түгелтаев «Баскетболдан үздік қорғаушы» ата-лымына ие болса, «Шағын футбол-дан үздік ойыншы» аталымын 3-курс курсанты, қатардағы полиция Данияр Дəрменқұл қанжығасына байлады. «Волейболдан үздік шабуылдау-шы» ретінде арнайы бастапқы оқыту курсының 12-оқу тобы тыңдаушысы Еркебұлан Самарканов танылды.

Ал, полиция подполковнигі Қайрат Үмбетбаев пен полиция майоры Мұрат Ешманов «Үздік жаттықтырушы» ретінде марапатталды. Спартакиада бағдарламасына «М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институты құрама командасын жақсы жасақтағаны» үшін əскери жəне денешынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция лейтенанты Айбек Қосмұратов та ма-рапатсыз қалмады. Жарыс соңында полиция полковнигі Мирлан Қызылов М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының делегациясын сайысқа белсенді қатысқаны үшін құрмет гра-мотасымен марапаттады.

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 24 ЖЫЛ ТОЛУ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТ БАСШЫЛАРЫ АРАСЫНДА МАКАРОВ ТАПАНШАСЫНАН АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ.

Жалпы бұл сайыс түрі Сыр сақшылары үшін қызметтік-қолданбалы спорт түрі бо-л ы п т а б ы л а д ы . Ө з і н і ң кəсіби қызметтік даярлық деңгейінің жоғары дəрежеде екендігін дəлелдеген Анықтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Сағындық Қамитбеков үздік нəтиже көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды.

Ал, 2-орынды Ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы, полиция полковнигі Расул Берманов қанжығасына б а й л а с а , 3 - о р ы н ғ а Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев тұрақтады.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

ШАҒЫН ФУТБОЛ

«Үзд ік қорғаушы» аталымымен Лебяжі аудандық ІІБ көші-қон по-лициясы тобының инспекторы, по-лиция капитаны Азат Есеркепов, «Үздік шабуылшы» аталымымен Павлодар қалалық ІІБ ЖПП ба-тальоны полициясы, полиция аға сержанты Мерхат Кайырбаев ма-

рапатталды. Қалған 13 команда футбол жейдешелерімен, «Ертіс» футбол клубының ойыншылары қолтаңба қалдырған доптармен марапатталды. Жанкүйерлермен қатар командаларға жасыл алаңда «Мерей» вокалдық тобы «Қазақстан, алға» өлеңімен дем беріп тұрды.

турнирге 6 команда қатысып, тəртіп сақшылары спорттағы белсенділіктерін көрсетті.

Олимпиадалық жүйемен өткен т урнир к е з і н де қ ұ қық қор ғ а у қызметкерлері ауыл спортын дамытуға өз үлестерін қосып келетінін тағы бір

дəлелдеп берді. Жарыста аудандық ІІБ-нің тергеушілерінен құралған «Спартак», аудандық өрт сөндірушілер бөлімінің «Динамо» жəне аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің «Қайрат» командалары ерекше ойын өрнегімен көзге түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Өрт сөндіру қызметінің «Жастар» құрама командасы, 2-орын-ды аудандық ІІБ-нің «Динамо-1» ко-мандасы, ал үшінші орынды аудандық ІІБ-нің «Спартак» командалары жеңіп алды. Ал, «Үздік шабуылшы» атағын аудандық ІІБ қызметкері Сəндібек Сағындықов, «Үздік қақпашы» атағын өрт сөндіру қызметі маманы Бексұлтан Қосаев, «Үздік қорғаушы» атағын аудандық ІІБ бастығының орынбасары Амантай Үркімбаев иеленді.

«Саламатты өмір салтын ұстану – дұрыс өмір сүру деген сөз. Бала кезімнен спорттың осы түрін жаны-ма серік етіп келемін. Сол себепті бүгінгі жарысты ұйымдастырушыларға алғысым мол», – дейді «Өрт сөндіру қызметі» бөлімшесінің маманы, фут-бол командасының капитаны Ақтан Нұрниязов.

Турнирді ұйымдастырушы полктің кадр бөлімі қызметкерлерінің ай-туынша, мерекелік жарыс құрылым атынан қазақша күрес құрамасын іріктеу мақсатында қолға алынған. Белдесулер 70 келіге дейінгі жəне одан жоғары болып екі салмақ дəрежесінде өтті. Жарысқа полктің 30 қызметкері қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алып, қатысушыларға жеңіс тілеген Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Данияр Қайыпов əріптестерін кəсіби мерекемен құттықтады. «Қазақ күресі – ата-бабамыз-дан келе жатқан төл өнеріміз. Алдағы уақытта осы күрес түрінен жары-стар өтетін болса, полк атынан оған қатысатын балуандарымыз қашанда іріктеліп, сай тұруы керек. Сол себепті бүгінгі жарысты сіздер өзара бел-десу емес, полктің намысын қорғауға лайық екенімді дəлелдеп жатырмын деп түсініңіздер», – деп атап өтті ол.

Күнұзаққа созылған белдесулер үлкен тартыспен өтті. Əр салмақ дəрежесінде 15 адамнан бақ сынасқан балуандардың арасында шығыс жекпе-жектері, қоян-қолтық айқас сынды өзге спорт түрлерінің өкілдері, соның ішінде, спорт шеберлігіне үміткер қызметкерлер де бар. Азаматтардың барлығы кəсіби мереке қарсаңында қазақтың төл өнерінің мерейін асқақтату үшін ақ кілемде қажырлы тер төкті. Төл өнердің мерейі демекші, турнирді ұйымдастыруға атсалысып жүрген полктің кадр бөлімі бастығы, полиция капитаны Бауман Алмағанбетов, кадр бөлімінің аға ин-спекторы, полиция аға лейтенанты Фарух Ақжолов, полиция полкінің аға психологы, полиция капитаны Роза Аманжолованы ерекше атай кеткіміз келеді.

Төрешілердің шешімімен полк құрамасына əр салмақтың үздік үштігі қабылданды. Тартысты белдесулер нəтижесінде жеңімпаздардың да есімдері белгілі болды. 70 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде 1-орынды 1-полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенан-ты С.Əділханов жеңіп алса, 2 жəне 3-орындарды полиция капитаны А.Бисенбаев пен полиция аға лейтенанты С.Ахметбеков қанжығаларына байлады.

70 кел іден жоғары салмақ дəрежес інде 1-орынды 2-полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Е.Омарбеков иеленді. Полиция капитанын полктің «түйе балуаны» деп атаса да болады. Ал, 2-орын 2-полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейте-нанты А.Даутбаевтың, 3-орын 1-полиция батальонының қызмет инспекто-ры, полиция лейтенанты А.Байменовтың еншісіне бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

ІІМ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕРДІ КҮЗЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ПО-ЛИЦИЯ ПОЛКІ 23 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «АЛАТАУ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ТУРНИР ӨТКІЗДІ.

Page 8: Сақшы №46 (4212)

Б‡ГІН – ПОЛИЦИЯ К‡НІ№46 (4212), бейсенбі, 23.06.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13029Тапсырыс: №2933

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ЖАҢАДАН ҚАБЫЛДАНҒАН ЖАС МАМАННЫҢ БІРІ – ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ ЭЛЬВИРА СƏРСЕНБАЙ. 22 ЖАСТАҒЫ ТЕРГЕУШІНІ БАСҚАРМАНЫҢ БАСШЫ ҚҰРАМЫ МЕН КАДРЛАР ЖҰМЫСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЫНТАЛЫ, ЗЕРЕК, ПЫСЫҚ МІНЕЗДІ ҚЫЗМЕТКЕР ДЕП БАҒАЛАЙДЫ.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

ЕГЕР ДЕ ГИННЕС РЕКОРДТАРЫ КІТАБЫ СИЯҚТЫ ІІО РЕКОРДТАР КІТАБЫ ЖҮРГІЗІЛСЕ, ПАВЛОДАР СТАНСАСЫНДАҒЫ ІІЖБ-НЕ ӨМІРІНІҢ 34 ЖЫ-ЛЫН АРНАҒАН, ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР, ІІЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛҒАН, ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ АЛЕКСАНДР МОРОЗОВ СОЛ РЕКОРДТАР ТІЗІМІНІҢ БАСЫНДА БОЛУШЫ ЕДІ.

Анаргүл НҰРБАНОВА, Павлодар облысы

Үзд і к оқушы І ІМ-н ің Алматы Академиясын қызыл дипломмен аяқтағаннан кейін бірден туған жері – Оралға келіп, қалалық ІІБ-да өндірістік тəжірибеден өтеді. Екі ай бойы кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшеге инспектор бо-лып бекітіліп, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарған жас маман нормативтік-құқықтық құжаттарды жетік меңгеруге талпынды. Қатарға жаңа қосылған жас қызметкер тəлімгері – Жергілікті полиция қызметі кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің инспекторы, полиция майоры Ақжарқын Жандауовадан көп нəрсені үйренді, ақыл-кеңесіне құлақ түрді. Дипломын алып, Орал қаласына оралғаннан кейін өз қалауымен тергеу бөліміне ауысты. Қазір ол ішкі істер органдарының ауыр да жауапты сала-сы – тергеу бөлімінің тергеушісі.

Жаңа буынның жігері

«Əкем Кондибай балалық шағымда спорттың түр-түрімен шұғылданып, атыс-шабысқа толы детектив сериал-дарды көп қарағанымды жиі айтатын. Сүйікті ойыншығым автомат пен тапан-ша болған екен. Қуыршақпен ойнап, кесте тігіп көрмеппін. Ер балаша өскен менің əскери қызметкер болатыным-ды туысқандарым əріден байқаған көрінеді», – дейді полиция лейтенан-ты Эльвира Кондибайқызы. Эльвира футбол ойнағанды ұнатады. Мектеп кезінде қыздардан құрылған құрама команданың капитаны да болған екен. Ол сондай-ақ, таэквондодан қызыл белбеу иегері. Таэквондомен 7 жасы-нан бастап айналысқан.

Тергеуші қызметіне білек сыба-на кіріскен Э.Сəрсенбай жуықта алаяқтыққа қатысты 5 эпизодтан құрылған қылмыстық істі аяқтады. Қазіргі тəлімгері – тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Əлия Мукиева. 16 жыл тергеуші боп қызмет етіп келе жатқан Əлия Васильевнадан жас маманның үйренері əлі де көп. Ал, жас буынның тəлімгерге айтар алғысы шексіз.

Қылмыстың ақ-қарасын ажыра-тып , а с т арлы а қиқа т қа үң і л у тергеушілерден асқан біліктілікті та-лап етеді. Сол себепті тергеушілер олқылыққа жол бермеу і т и і с . Қылмыстық оқиға орнына бару, ол жерді тергеп-тексеру, куəгерлермен сөйлесу, қылмысқа мінездеме беру мұның бəрі – тергеушілердің міндеті. Тергеуші қозғаған қылмыстық іс бой-ынша адам тағдыры талқыға түседі. Жауапкершілігі мол міндеттің жүгін арқалап жүрген Əлия Мукиева сын-ды тегеурінді тергеушілердің іс і оңға басып, Эльвира Кондибайқызы сынды жас қызметкерлердің жігері мұқалмасын деп тілейміз.

Қазақстан полициясына 24 жыл 24 жыл 24 жыл 24 жыл

Атаулы мерекені Академия курсанттары айрықша атап өтуді жөн санапты. Мереке қарсаңында оқу ордасының саптық алаңына көтеріңкі көңіл-күймен сап түзеп шыққан курсанттар флешмоб ұйымдастырып, «Қазақстан Республикасы ІІО 24 жыл» деген жазбаны сапқа тұру жəне қорғану қалқандарын жабу арқылы жеткізді.

Алдымен музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ортаға шығып саптық шеру көрсеткен курсанттар қорғаныс киімдері мен қалқандарын қолдарына ұстаған сап түзеді. Арнайы пəрмен арқылы жан-жаққа тараған курсанттар бір мезетте жина-лып, қорғаныс қалқандарын жауып тұра қалды. Нəтижесінде «ҚР ІІО 24 жыл» деген жазу бейнеленді.

Ішкі істер органдарының имиджін одан ары арттыру, қарапайым халықтың полицияға деген сенімін нығайту тақырыбына арналған флешмобқа Академия курсанттарының тыңғылықты дайындалғаны бірден-ақ байқалып тұр.

«Осыдан 24 жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Көп ұзамай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды ресми түрде – Полиция күні деп атады. Содан бері осы атаулы күнді біз өз тарапымыздан айрықша атап өтсек деп шештік. Өткізілген шарамыз арқылы еліміздегі барлық полиция қызметкерлерін, осы салада ұзақ жыл-дар бойы еңбек етіп, демалысқа шыққан ардагерлерді, қызмет бабында қапыда қаза болған əріптестерімізді жəне олардың артында қалған отбасы мүшелерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймыз» – дейді ІІМ Алматы Академиясы тəрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі М.Нұрғазиев.

1980 жылы олимпиадалық ойындар өткізген кезде милиция кіші лейтенан-ты Александр Григорьевич Мəскеуде қоғамдық тəртіпті күзетуге қатысқан. Қызметін адал атқарғандығы үшін ІІМ, КОІІД-нің құқығымен бірнеше рет марапатталған. ҚР ІІМ үздігі, «ҚР ІІО ардагері», ІІ, ІІІ дəрежелі «ІІО-дағы мінсіз қызметі үшін» медальдары бар, ол сондай-ақ, «1-сынып тəлімгері» маманы.

А л е к с а н д р Г р и г о р ь е в и ч Павлодар стансасындағы ІІЖБ-н і ң қ ұ р ы л у ы н а , д а м у ы н а з о р ү л е с қ о с т ы . О н ы ң с о л к е з д е шəкірттері қазіргі күні жоғары ла-уазымдарда отырса да, Александр Григорьевичт і өздерін ің ұстазы деп санайды. Бөлімде Александр Григорьевичті əзілдеп «ходячая эн-циклопедия» деп атайды, өйткені, ол кісінің білмейтіні жоқ, қандай да бір сұраққа жауап беріп, мəселені шешуге көмектеседі, ол жас ұрпақ үшін үнемі үлгі болатын адам.

Бүгінде отставкадағы полиция полковнигі ұл мен қыз өсіріп, үш немере тəрбиелеп отырған бақытты отағасы. Сонымен қатар, өз қолымен баптап жеміс-жидек өсірумен айна-лысатын бағбан екенін де ерекше атап өтуіміз керек. «Дарынды адам барлық жағынан да дарынды» деген сөз тегін айтылмаған. Қазіргі таңда Александр Григорьевич Павлодар

Бүлд ірш індер Астана қаласы халықаралық əуежайының аумағын түрлі-түсті борлардың көмегімен сан алуан суреттермен безендірді. Əр баланың ойлау қабілеті мен көзқарас əлемі өзгеше екенін ескер-сек, салған суреттері де бір-біріне ұқсамайды. Ішкі істер органдарын-да еңбек ететін ата-аналарының қызмет і жөн інде ой тарқатқан балалардың полиция қызметіне де-ген жеке көзқарастары мен танымы да қалыптасқан. Байқауға қатысқан балалардың жас ерекшеліктері де əртүрлі. Осыған қарамастан олар ойларында жүрген армандарын əуежай алаңындағы асфальтта салынған суреттерінде көрсетуге тырысты. Мəселен, 6 жасар Динали Шакировтің отбасында атасы, ағасы, апайы мен əкесі полицей болып жұмыс істейді. «Əкем криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, шені – майор. Өзімнің полиция отбасын-да туғаныма мақтанамын. Бəрін де үлгі тұтамын», – дейді ол. Ал, 4

ДАРЫНДЫ МОРОЗОВ

қала сының ə с кериленд і р і л г ен т е м і р ж о л к ү з е т і н і ң а т ы с командасының бастығы болып қызмет етеді.

Украинаның Черкасск облысының Балаклея селосында дүниеге келген

Александр Григорьевич алғашқыда милиционер болып, содан кейін к іші байланыс инспекторы, ал 1977 жылы қыркүйектен бастап бөлімше командирі болып қызмет етті. 1988 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне сырттай оқуға түсті. 34 жыл ішінде Александр Морозов кəмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция бастығы, тергеуші, ОБХСС жедел уəкілі , О Б Х С С б а с т ы ғ ы , қ ы л м ы с т ы қ іздестіру бөлімшесінің бастығы, ІІЖб бастығының орынбасары бол-ды. 2009 жылдың желтоқсанында Павлодар стансасындағы ІІЖб жеке құрамы оны құрметті демалысқа шығарып салды.

Ол қызметт ік борышын адал əрі мінсіз атқара жүріп қатардағы милиционерден ІІЖБ бастығының орынбасарына дейін, старшина-дан полковникке дейін жетті. Ішкі

істер органдарында адал еңбек етіп, өз іс інің қыр-сырын толық меңгерген кəсіби маман Александр Григорьевич Морозов қаншама қылмыстың жолын кес іп, талай заңсыздықты əшкереледі.

ПОЛИЦИЯ АРУЫ

ФЛЕШМОБ

БАЙҚАУ

Курсанттардың ерекше құттықтауы

ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 1-3 КУРС КУРСАНТТАРЫ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 24 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ФЛЕШМОБ ӨТКІЗДІ.

Толқын ОРАЗАЕВА, Алматы қаласы

ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ ƏУЕЖАЙЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕГІ КӨЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫПТА СУРЕТ САЛУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ.

Эльвира ТӨЛЕГЕН, Астана қаласы

«МЕНІҢ ƏКЕМ ПОЛИЦЕЙ»

жастағы Наргиз Каменованың əкесі полиция аға лейтенанты. «Əкемнің киген əскери формасы да өте əдемі көрінеді. Бірақ жұмыстан шаршап келеді. Мені көргенде шаршағаны басылады деп айтады. Өскенде мен де полицей болғым келеді», – дейді асыл арманымен бөліскен бүлдіршін. Ал, ата-анасын өміріндегі ең қымбат жандар деп бағалайтын 10 жастағы Ануар Ахметовтің əкесі полиция аға лейтенанты. «Полиция жұмысының жауапкершілігі мен қиындығы мол екенін түсінемін. Əкем жұмыстан кейін шаршағанын білдіртпеуге ты-рысады. Бірақ мен бəрін түсінемін жəне мазаламауға тырысамын. Əкемнің жұмысы көп болғанымен маған уақытын бөліп, бірге ойнайды,

ақылын айтады, мен өз отбасыммен мақтанамын», – дейді байқауға бел-сене қатысқан ол.

Мерекелік шара кезінде бүлдіршіндер сурет салып қана қоймай, өлең де ай-тып берді. Ал салынған суреттердің барлығы өздігімен ерекше, əдемі болып шықты. Таңдау жасау қиынға түс і п , к ішкентай қонақтардың əрқайсысына сыйлықтар табыс етілді. Ал, Желілік полиция бөлімінің маман-дары мұндай іс-шараларды Полиция күніне орай жыл сайын өткізіп тұруды ұйғарды. Қатысқан бүлдіршіндер Астана қаласы əуежайындағы ЖПБ қызметкерлері мен ата-аналарын кəсіби мерекелерімен құттықтап, бала жүректен шыққан таза тілектерін жеткізді.

ТАҒЫЛЫМ

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!

Лаңкестік Армян астанасы Аймақ Жəне (орыс) Ресей əн

тобы

Абыр-сабыр Өнер адамы Түрік курорты

Панама аралы Себеп

Кеңес жазу-шысы

Мол

Аса

Сызықша Өте жақсы ... Сейсен-баев

Қазақ батыры