рекомендация сафлор

23
Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ Оңтүстік-Батыс мал және ӛсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЛІМІ ЖЕР ЖАҒДАЙЫНДА МАҚСАРЫНЫ ӚСІРУДІҢ ҤНЕМДІ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕСІ (ҦСЫНЫС) Астана 2010

Upload: -

Post on 24-May-2015

2.883 views

Category:

Documents


13 download

TRANSCRIPT

Page 1: рекомендация сафлор

Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі

«ҚазАгроИнновация» АҚ

Оңтүстік-Батыс мал және ӛсімдік шаруашылығы

ғылыми-зерттеу институты

ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЛІМІ

ЖЕР ЖАҒДАЙЫНДА МАҚСАРЫНЫ ӚСІРУДІҢ ҤНЕМДІ

АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕСІ

(ҦСЫНЫС)

Астана 2010

Page 2: рекомендация сафлор

УДК 631.51.632.51.559

Оңтҥстік Қазақстанның тәлімі жер жағдайында мақсарыны ӛсірудің

ҥнемді агротехнологиялық жҥйесі (ҧсыныс)

Авторлары:

Сыдық Д.А. а.ш.ғ.д., профессор, Жарасов Ш.У. а.ш.ғ.д.,

профессор, ХЭА және ҚР АШҒА академигі, Есмуханбетов Ж.Д. а.ш.ғ.д.,

профессор, Қарабалаева А.Д. а.ш.ғ. кандидаты, Раисов Б.О. а.ш.ғ.д.,

профессор, Сыдықов М.А. егіншілік және агротехнология бӛлімінің

меңгерушісі, Исабеков Б. ғылыми қызметкер, Ӛмірбекова Б.К. лаборант

Ұсыныста ғылымиӛзерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша,

Оңтүстік Қазақстан облысында тәлімі жер жағдайында мақсарыны

Үнемді технологиямен ӛсірудің тиімді моделі ұсынылған.

Ұсыныс ғылыми қызметкерлерге, жоғары және орта оқу орындарының

Студенттеріне, ауыл шаруашылық басшылары мен мамандарына,

Сондай-ақ кіші және үлкен шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдарға арналған.

Издано в рамках программы 056

«Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции»

Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии АО

«КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года.

Page 3: рекомендация сафлор

КІРІСПЕ

Елімізде ӛсімдік шаруашылығы саласының алдында негізгі

міндеттерінің бірі - республикамыздың тұрғындарын жеткілікті мӛлшерде

ӛсімдік майымен қамтамасыз ету, ол үшін майлы дақылдар ӛнімдерінің

жалпы түсімін 790-850 мың тоннаға жеткізу және одан жылына 150-160 мың

тонна ӛсімдік майын ӛндіру болып табылады.

Мақсары басқа мәдени ӛсімдіктер сияқты ӛте бағалы бір жылдық майлы

дақыл. Ол жылу сүйгіш, құрғақшылыққа тӛзімді, ӛсімдік кӛктеу кезеңінде 3-

60С суықты кӛтереді. Сондықтан дала және жартылай шӛл далада жақсы

ӛседі. Дәнінің құрамында 25-37% жартылай кебетін ашық сары түсті май

кездеседі, дәмділігі мен сапасы жағынан күнбағыс майынан қалыспайды.

Мақсары майы азық-түлік, маргарин, жасауға және техникалық мақсатта

сабын, линолеум, олифа, ӛндіруге қолданылады. Жасыл балаусасы мен дәні

малға құнарлы азық.

Адам тағамына қолданылатын ӛсімдік майын қайсы бір – түрін,

мақсары майымен ауыстырғанда 8 аптадан кейін қан құрамындағы

холестерин 9-15% тӛмендейтінін ғылыми тұрғыда дәлелденген. Соңғы

жылдары елімізде қалыптасқан нарықтық қатынасқа байланысты ӛсімдік

майына деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі таңда ӛсімдік

майының ӛзімізде ӛсірілетін кӛлемі соңғы деректерге сүйенсек ішкі

сұраныстың 17-24% құрайды екен, демек Қазақстан халқын медициналық

нормаға сәйкес ӛсімдік майымен қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттерден

үлкен кӛлемде сатып алуға тәуелді екенбіз. Яғни майлы дақылдарды ӛсіру

және егіс кӛлемін арттыру актуалды проблема екені анық.

Соңғы жылдары Республикамызда мақсары егіс кӛлемі едәуір артып

120-133 мың га жетті. Мақсары дақылы негізінен оңтүстік және оңтүстік-

шығыс аймақтарда ӛндіріледі. Майлы дақылдарға сұраныс артуына

байланысты Атырау және Ақтӛбе облыстарында да егіле бастады.

Оңтүстік Қазақстан облысында мақсары егіс кӛлемі 10 есеге артып 2000

жылы 86,3 мың гектар, ал 2003-2005 жылдар 59,6-68,0 мың гектар кӛлемінде

егіліп келеді. Бұл дақылдан алынған ең тӛменгі ӛнімділік 1996 жылы 2,5 ц/га

болса, ең жоғарғы ӛнімділікті 2003 жылы 9,8 ц/га алынды. Жекелеген

жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында ӛнімділік 22-

27 ц/га жеткен.

Ал тәлімі егіншілік жағдайында мақсарының аудандастырылған

сорттарының потенциалды ӛнімділігі 18 ц/га және одан жоғары. Ӛнімнің

тӛмен болуының негізгі себебі: арам шӛптермен күрес жүргізу жолдары

жетілдірілмеген, сондай-ақ мақсары дақылын зиянкестердің кӛп зақымдауы

және егіс алқаптың арам шӛптермен ластануынан. Осыған байланысты

жекеленген агроқұрылымдарда ӛнімділік деңгейі 2,5-4,0 ц/га аспай отыр.

Page 4: рекомендация сафлор

Бұл жинақта – зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып мақсары ӛсірудің

тиімді агротехнологиялық жүйесін жасақтап, алғы дақыл күздік бидайдан соң

жерді ӛңдемей тікелей сеуіп ӛсірудің моделі ұсынылған.

1. Мақсарының аудандастырылған сорттары және биологиялық

ерекшелігі

Мақсары - бір жылдық шӛптесін ӛсімдік. Күрделі гүлділер туысына

жатады. Жапырағы жалпақ, кейде тікенекті, кейде тікенексіз, қою жасыл,

жылтыр, ашық ақ түсті, гүлі алғашқы кезде қызыл-сары, дәнектері қатая

бастағанда қызыл, қошқыл-қызыл. Дәні ақ қабығы қатты, үстіңгі жағында

кекілі бар. Дәндері қауашақ ішінде орналасқан. Тамыр жүйесі діңгекті–

сояулы болып, топырақтың тӛменгі қабат қатпарларына терең бойлап ӛседі.

Гүлі бунақденелілер арқылы тозаңданады. Мақсары ылғалды кӛп қажет

етпейтін ксерофитті ӛсімдік, сондықтан да ыстық климатты ӛлкелерде

ӛсіріледі.

Ӛсіп – жетілу ұзақтығы салыстырмалы түрде алғанда қысқа болса да

(112-121 тәулік), мақсарының жылы немесе ыстық сүйгіш ӛсімдік екені

анықталды. Ылғалды әрі салқын климат жағдайында гүлдерінің тозаңдану

дәрежесі тӛмендейді, қауашақтағы дәні шіриді, ал ыстық ӛлкелерде

мақсарыға майлы дақыл ретінде тең келетін дақыл жоқ.

Мақсары дәнінің ӛскін беруі үшін +50С температура қолайлы болып

табылады. Бұл дақылды зерттеген барлық ғалымдар оның кӛктері кӛктемгі

70С суыққа тӛзімді екендігі анықталған. Гүлдеу кезеңінде ӛсімдік 3

0С суыққа

тӛзімді. Бұл мақсарыны ерте кӛктемде егуге болатындығын дәлелдейді.

Мақсары ӛнімділігі сорттарына және ӛсіру технологиясына байланысты

ӛзгереді.

«Красновопад» селекциялық тәжірибе станциясы ғалымдары

мақсарының жоғары сапалы сорттарын шығаруда. Соңғы жылдары

аудандастырылған «Нұрлан», «Ақмай» және «Иірқас» сорттарының

биологиялық ерекшеліктері.

«Нұрлан» - ВИР коллекциясынан алынған нұсқаларды жалпы сұрыптап

саралау тәсілі бойынша Красновопад селекциялық тәжірибе станциясында

шығарылған. Бойы орташа - 85 см. Бұтақтану коэффициенті – 7,2. Бұтақтары

жинақы. Ӛсімдік ықшам формалы. Жапырақтары жалпақ, сопақша пішіндес,

ұштары тікенексіз. Қауашағы күмбез секілді. Бір түпте орта есептен 8,4

қауашақ болады. Әр қауашақта 35-42 дән шоғырланған. Дәндері ірі. 1000

дәнінің орташа салмағы – 43 грамм. Қабығы дән салмағының 37-39%

құрайды. Дәндегі май құрамы - 37%. Сорт 1993 жылы аудандастырылған.

Ӛнімділігі – 8-12 ц/га.

«Ақмай» Мақсарының дүниежүзілік коллекциясынан алынған

нұсқаларды ұзақ мерзім сұрыптап саралау нәтижесінде Красновопад

селекциялық станциясында шығарылды. Бойы 100 см. Бұтақтану

Page 5: рекомендация сафлор

коэффициенті - 7,3. Бұтақтары жиыңқы. Ӛсімдік ықшам формалы.

Жапырақтары жалпақ, ланцетті, ұштары тікенексіз. Қауашағы тәж пішендес.

Бір түпте орта есеппен 8,0 қауашақ болады. Әр қауашақта 30-40 дән

шоғырланған. Дәндері ірі. 1000 дәннің орташа салмағы 48 грамм. Қабығы дән

салмағының 38-42% құрайды. Дәндегі май құрамы – 40-41%. Сорт 2002

жылы аудандастырылған. Ӛнімділігі – 9-18 ц/га.

«Иірқас» Красновопад селекциялық станциясында шығарылды. Бойы

70-100 см. Бұтақтану коэффициенті – 10-12. Бұтақтары жинақы. Дәні - ірі ақ,

дӛңгеленген, қыртыстарымен анық бӛлінген. Ӛсімдік ықшам формалы.

Жапырақтары жалпақ, сопақша пішінді. Қауашағы тәж пішендес. Бір түпте

орта есеппен 8-12 қауашақ болады. Әр қауашақта 40-50 дән шоғырланған.

Дәндері ірі. 1000 дәннің орташа салмағы 50 грамм. Вегетациялық даму кезеңі

110-132 тәулік. Дәндегі май құрамы – 36-38%. Ӛнімділігі – 8-17 ц/га.

2. Ауыспалы егіс жҥйесіндегі орыны

Соңғы жылдары жүргізілген тәжірибе бойынша топырақты жүйелі түрде

аудара жырту ӛзін ақтамай отыр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кӛп

жылдық тәжірибеге сүйенсек топырақты үнемді технологиямен ӛңдеуге

кӛшудің тиімділігі артуда. Нарықтық заман талабына сай үнемді

технологиямен ӛсіруде алынған ӛнімнің ӛзіндік құны тӛмендеп, топырақ

тығыздалудан және құнарлылық кӛрсеткіштері мен қасиеттерінің

тӛмендемеуін қалыптастырады. Үнемді технологиямен ӛсіруде мақсары 5 –

танапты ауыспалы егіс жүйесінде күздік бидайдан соң ерте кӛктемде егуді

ұсынамыз.

Тәлімі егіншіліктегі егіс алқаптарын дұрыс, ғылыми тұрғыда ұқыпты

пайдаланудан оны патенциалды мүмкіндіктері толық игеріледі. Біріншіден

ылғал қорын жинау, атмосфералық ылғалды сақтау және үнемді қолдану,

екіншіден топырақ құнарлығын қалыпты сақтау және арттыру проблемалары

шешіледі.

I-нұсқа

1. Қара пар (қара сүрі танап)

2. Күздік бидай

3. Мақсары

4. Күздік бидай

5. Кӛпжылдық жоңышқаның

жанама танабы

II-нұсқа

1. Екпе сүрі танап(ноқат)

2. Күздік бидай

3. Мақсары

4. Күздік бидай

5. Кӛпжылдық жоңышқаның

жанама танабы

3. Мақсары ӛсірудің ҥнемді технологиясын жасақтау

Ауыл шаруашылығында ӛндірілетін ӛнімнің дүниежүзілік және отандық

нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру агроӛнеркәсіп ӛндірісін дамытудағы негізгі әрі ӛзекті мәселе. Соңғы жылдары экономиканың аграрлық секторын

Page 6: рекомендация сафлор

тұрақтандыруға мемлекет тарапынан кӛптеген іс-шаралар жүргізілуде, ал «2006-2010 жылдары агроӛнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту концепциясында» республикамыздағы ауыл шаруашылығы ӛндірісін нарықтық экономикалық жағдайды ескере одан әрі дамыту міндеттелген.

Бұл процестің жүзеге асуы экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген егін шаруашылығы жүйесін тиімді игеру және агротехнологиялық жағдаймен тығыз байланысты екендігі мәлім.

Қазіргі таңда егін шаруашылығында топырақты ӛңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ ауыл шаруашылық дақылдарын ӛсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысына жуығы осы топырақты ӛңдеудің еншісінде. Сондықтан соңғы жылдары әлемнің кӛптеген мемлекеттерінде ауыл шаруашылық дақылдарын ӛсіруде топырақты тиімді ӛңдеуде немесе қарапайым тілмен айтқанда «Топырақты жеңіл ӛңдеу» тәсілі кеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда тіпті егіс алқапты күзде ӛңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері ашылып отыр.

Қазіргі таңда орта және кіші шаруа қожалықтары ескі тозығы жеткен техникалармен жабдықталған. Бұл ӛз кезегінде барлық агротехникалық шараларды дер кезінде сапалы жүргізуге мүмкіндік бермейді. Кӛптеген шаруаларда ауыл шаруашылық техникалары мүлдем жоқтың қасы. Осы және басқа да себептерге байланысты мақсары дақылынан алынатын ӛнім деңгейі тӛмендеп барады. Кеңес Одағында алғаш жаңа технологияның тиімділігін академик Т. С Мальцев ашып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Оның тұжырымдамасы бойынша топырақты ұдайы аудара жырту, топырақтағы микроорганизмдердің ӛмір сүру жағдайын ӛзгертеді, топырақ структурасы бұзылады, тек беткі қабатын қопсыту қажеттігін атап ӛтті. Ӛткен ғасырдың 60- жылдары ғалымдар мен ӛндірістегілер мынандай қортындыға келген, жүйелі түрде топырақты механикалық ӛңдеу,терең қопсыта жырту топырақ құнарлығын арттырмайды және қара шірік мӛлшерін сақтай алмайды. Бұл жағдайда құнарлы қабат структурасы бұзылып су және жел эрозиясына ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан ғалымдар топырақты тиімді ӛңдеу жолдарын іздестіруді қолға алды.

Кӛптеген дамыған мемлекеттерде үнемді технологиямен ауыл шаруашылығы дақылдарын ӛсіруді ӛткен ғасырдың аяғынан қолға алған, ал қазір кең кӛлемде қолдануда.

Үнемді технологиямен ауыл шаруашылығы дақылдарын ӛсіруге кӛшу, нарықтық заман талабы. Сол себепті Оңтүстік Қазақстан тәлімі жерлерінде мақсарыны, күздік бидайды тікелей егу жолдары қарастырылуда.

Мақсары ерте кӛктемде егілетін дақыл болғандықтан СЗС-2,1 сеялкасымен тікелей егуде топырақтың ылғалдылығына кӛңіл бӛлу қажет, жоғарғы қабат ылғалдылығы қолайлы жағдайда болса агрегат еркін қозғалып, топырақты жақсы қопсытып нәтижесінде мақсары ӛскіндері біркелкі шығады. Егумен қатар азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру N35кг/га әсер етуші зат енгізіледі.

Page 7: рекомендация сафлор

СЗС-2,1 сеялкасы бір жүрген жолда мынадай операцияларды қамтиды: егу тереңдігіне дейін топырақ бетін қопсытады; арамшӛп тамырларын қырқады; егу минералды тыңайтқыштарды енгізумен қатар жүргізіледі; топыраққа енгізілген тұқым катокпен тығыздалады, нәтижесінде далалық ӛскін беру қабілеті артады.

Ауа-райының жағдайына байланысты нӛсер жауыннан кейін ӛскіндері бой кӛтермей топырақ бетіндегі қатқақты бұзу үшін тырмалау қажет. Мақсары егісінде ӛскіндері жер бетіне толық кӛктеп шыққаннан кейін ылғал сақтау және арам шӛптің жас ӛскінін жою мақсатында тырмалау – ұтымды агротехникалық шара, бұл операция дақылдың жақсы ӛсіп-жетілуіне және ылғалды тиімді пайдалануға, ӛнімнің артуына ықпал етеді.

Тікелей егу технологиясы ӛзіндік құны тӛмен ӛнім алуға қол жеткізеді(энергетиалық шығынды 30-40% және жұмыс күшін 25-30% үнемдейді).

Топырақты шектен тыс тығыздалудан және физикалық қасиеттерінің нашарлауынан сақтап, күз айларында, қыста және ерте кӛктемде түскен жауын-шашынды тиімді пайдаланады. Кӛктемгі егіс жұмыстарының уақтылы ұсынылған мерзімде жүргізуге мүмкіндік туады және жұмыс күшін тиімді пайдаланамыз.

Топырақтағы механикалық ӛңдеуді минимумға дейін қысқарту мынаған әкеледі:

1. Экономикалық тиімділік артады (жұмыс күші, жанар- жағар май, материалдық және қаржылай шығындар үнемделеді).

2. Органикалық заттар топырақтың жоғарғы 5см қабатында сақталады.

3. Топырақ су және жел эрозиясына ұшырамайды. 4. Ӛңделетін құнарлық қара шірік қабатының структурасы

бұзылмайды. Оңтүстік Қазақстан облысы тәлімі жер жағдайында мақсарыны

үнемді технологиямен ӛсіруді, яғни тікелей егуді қолға алса, ұсынылған агротехникалық жүйені жетілдіре отырып ӛзіндік құны тӛмен бәсекелестікке қаблетті ӛнім ӛндіріп, топырақ құнарлығын арттырып су жэне жел эрозиясынан сақтаудың негізі болмақ. Оңтүстік Қазақстан облысында тәлімі жер жағдайындағы егіншілікте топырақты ӛңдеу әдістерін (дәстүрлі және тікелей)салыстыра отырып баға беретін болсақ, кәдімгі технологиямен ӛңдеуде бір гектардан алынған ӛнімге кеткен шығын 16097,2 тенге, таза пайдасы 29722,8 тенгені құраса, тікелей егуде бір гектарға кеткен шығын 8865,7 тенге, таза пайда 58414,3 тенге құрайтынын анықтадық.

4. Мақсары егісіндегі арам шӛптермен кҥресудің ғылыми

жҥйеленген негізі

Page 8: рекомендация сафлор

Тікелей егуде арам шӛптермен күрес жүргізудің маңызы ерекше, себебі арамшӛптердің тұқымдары топырақ бетінің жоғарғы қабатында орналасқандықтан кӛктемде қаулап шыға бастайды.

Тәлімі егіс алқаптарында ӛсетін арам шӛптер егілген дақылдың ӛнімі мен сапасын тӛмендетіп, ауыл шаруашылық ӛндірісіне орасан зор зиян келтіреді. Биологиялық ерекшеліктеріне байланысты арам шӛптердің кӛпшілігінің тамыр жүйесі жақсы жетілген, сол себептен топырақтың терең қабатындағы ылғалды мәдени ӛсімдіктерден бұрын сіңіреді де, қоршаған ортаға құрғақшылық әсерін күшейте түседі. Сол сияқты олар қоректік заттарды пайдалануда да айтарлықтай бәсекелестікке түсіп, ӛсімдік аурулары мен зиянкестері үшін жайлы мекенге не болмаса уақытша қоректік орынға айналады. Арам шӛптермен күрестің іс жүзінде тексерілген әдістері осы уақытқа дейін олардың жаппай таралуына толық бӛгет бола алмай келеді, себебі егістік алқаптағы арам шӛптер сыртқы ортаның келеңсіз әсері мен мәдени ӛсімдіктермен қабаттаса қатар ӛсуге әбден бейімделгені анық болып отыр. Ауыспалы егістің әр танабындағы арам шӛптер саны мен құрамы біркелкі емес, яғни мәдени дақыл мен арам шӛптер арасында ӛзара байланыс қалыптасқан. Сонымен қатар мақсары егіс алқабында арам шӛптерге қарсы агротеникалық және химиялық ӛңдеу шаралары дер кезінде немесе мүлде атқарылмайды. Мақсарыны жылма-жыл бір танабқа егу топырақ құнарлығының нашарлауына, ауру мен зиянкестердің және арамшӛптердің кӛбеюіне жағдай туғызады.

Мақсары егістерінің фитосанитарлық жағдайларына баға беру үшін жылда мамыр айының басында егіс алқаптарға тексеру жүргізілді, яғни тек осы уақытта егістің ластануы дәрежесін және арамшӛптердің құрамының түрлері туралы мәлімет алуға болады.

3-кесте. Оңтүстік Қазақстанда мақсары егісінде кездесетін арамшӛп түрлері

№ Арамшӛптердің аты және атауы

қазақша орысша латынша

1 Карақылтық Дикий ячмень Hordeum spontaneum

2 Жабысқақ қызылбасу Подмаренник цепкий Jalium aparine

3 Сараң Солянка – курай Sansola pestifen

4 Егістік қанатжеміс Ярутка полевая Thlaspi arvesis

5 Жұмыршақ Постушья сумка Capsella bursa pastoris

6 Егістік майданшӛп Торица полевая Spergula arbensis

7 Алабұта Марь белая Shenopodium album

8 Егіс қышасы Горчица полевая Sinapis arvensis

9 Кәдімгі ошаған Дурнишник обыкновенный

Xanthium strumanium

10 Арам шырмауық Повелика полевая Cuscuta campestris

11 Жатаған бидайық Пырей ползучий Elytrigia repens

12 Аққурай Псоралея костянковая Psoralea drupacea

13 Мия Солодка Clycyrrhiza glabre

14 Шығыс текесақалы Додарция восточная Dodartia orientalis

Page 9: рекомендация сафлор

15 Кәдімгі зире Тмин обыкновенный Carum carvi

16 Шырмауық Вьюнок полевой Convolvulus arvensis

17 Жатаған у кекіре Горчак ползучий Acroptilon repens

18 Қызғыш у кекіре Горчак розовый Acroptilon repens

19 Жол желкен Подорожник Plantago

20 Сасық сарықурай Ферулла вонючая Ferula assa

21 Жантақ Верблюжья колючка Alhagi camelorum

22 Қызғалдақ Мак самосейка Papaver rhoeas L

23 Егістік тікенқурай Осот полевой Sonchus arvensis

24 Шайқурай Зверобой

Мақсары егісін зертеу барысында алқабтың кең кӛлемі арам

шырмауықпен ластанғаны анықталды. Қазіргі кезде егіс алқабында арам

шӛппен ластануы барлық алқаптың 65 астамын алып жатыр.

Егіс алқабындағы мақсары дақылына аса зиянды арамшӛптер: бір

жылдық – арам шырмауық, жабысқақ қызылбояу және кӛпжылдық –

жатаған у кекіре.

Арам шырмауық – (Cuscuta campestris) жергілікті атауы арам шырмауық

немесе сары шӛп. Арам шырмауық жабық тұқымды паразиттік ӛсімдіктер

тобына жатады, толығымен ӛсімдік есебінен қоректенеді. Арам шырмауық

кӛп жағдайда арамшӛптермен және сабақ кескіндері арқылы кӛбейеді.

Оңтүстік Қазақстанның мақсары егісі осы арамшӛппен ӛте кӛп ластанған, ӛз

кезегінде дақылдың ӛсуіне зиян келтірді.

Арам шырмауық мақсары ӛсімдігіне жабысып одан қоректі заттарды

ӛзіне сіңіреді, оның салдарынан мақсары ӛсімдігінің ӛсіп-дамуы тоқтайды,

нәтижесінде олардың жаппай қырылуына әкеледі.

Арам шырмауық дәндері мақсарыға қарағанда 20-22 күн ерте пісіп

егісті жинауға дейін ӛздігінен егіс алқабына тӛгіледі.

Жабысқақ қызылбояу – (Gallium appraise) – Зияндар тұқымдасына

жататын бір жылдық қыстап шығатын арамшӛп. Ӛсімдік бойы қысқа,

жабысқақ, дәнімен кӛбейеді және ӛте ӛсімтал. Жабысқақ қызылбояу

тұқымдары топырақты ӛте қатты ластайды. Сәуірдің бірінші он күндігінде

гүлдейді, ал мамыр айында жеміс түзеді.

Жатаған у кекіре – (Acroptilon repens) – тамыры ӛркенді, күрделі

гүлділер тұқымдасына жататын кӛп жылдық арамшӛп. Ӛсімдіктің тамыр

жүйесі жақсы жетілген. Сабағы тік, торлы, түкті биіктігі 20-25 см. Ӛсімдік

тұқымымен және тамыр бүршігінің ӛркінімен кӛбейеді. Ерте кӛктемде ӛскіні

шығып бірінші жылы гүлдейді, бірақ тұқым бермейді, жемісін екінші жылы

түзеді, ӛте ӛсімтал. Мақсары егісінде жатаған у кекіре топталып ӛсіп

ӛсімдіктің алғашқы ӛсу кезеңінде кедергі келтіреді.

Қарақылтық – (Hordeum spontaneum) қарақылтық мәдени арпаның

алғашқы негізін салушысы. Оңтүстік Қазақстан жағдайында қарақылтық

табиғи сұрыпталып кейінгі жылдары күздік бидай және арпамен бірге ӛсуге

оңтайлы бейімделген, жоңышқа танабын қатты ластайды. Қарақылтықтың

Page 10: рекомендация сафлор

биологиялық ерекшелігіне сәйкес астық дақылына ұқсас, сондықтан

қарақылтықтың ӛскіні күздік бидайдың ӛскінінен 10-15 күн кейін шығады,

кейінгі ӛсіп – дамуы біркелкі болады. Бірақ қарақылтықтың пісу мезгілі

күздік бидайға қарағанда 10-14 күн ерте пісіп, дәндері күздік дақылдарды

жинағанша ӛздігінен тӛгіледі. Арамшӛп тұқымдарымен кӛбейеді.

Түйе қарын (Btassice catnpestris) – тамыр сабақты арамшӛп. Ӛсімдік тек

тұқымдарымен ғана емес топырақтың аударылатын қабатындағы тереңде

жатқан тамыр қалдықтары арқылы кӛбейеді. Жазда тұқымдары толық

піскенде түйе қарын кез келген бағытқа желмен домалап ұшады. Пісіп

жетілген тұқымдары ӛздігінен тӛгіліп егісті алқаптың ластануы

жоғарылайды. Арамшӛп ӛте ӛсімтал.

Мақсары егіс алқабындағы арамшӛптерге қарсы агротехникалық және

химиялық ӛңдеу шаралары дер кезінде немесе мүлде атқарылмайды.

Мақсарыны жылма-жыл қайталап бір танапқа егу шаруа қожалықтарында

кездесетін қалыпты жағдай. Нарық заманының қыспағы кіші және орта

шаруа қожалықтарына егістік алқаптағы агротехникалық шараларды дер

кезінде сапалы жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Соңғы жылдары кӛктемгі

дала жұмыстарын жүргізу науқанында жанар-жағар май бағасының

қымбаттап кетуі бұған дәлел болады. Міне осы себептерден егістік алқаптың

фитосанитарлық жағдайы нашарлап ӛнімділіктің деңгейі тӛмендеп, топырақ

құнарлығы күрт нашарлап кеткені мәлім. Ӛз кезегінде бұл ауылшаруашылық

дақылдарын ӛсірудің жаңа тәсілдерін ойластыруды, яғни үнемді

технологияны қолға алуды, тікелей егу әдісіне кӛшу қажеттілігі туындауда.

Соңғы жылдары ауылшаруашылық ӛндірісінде топырақты үнемді ӛңдеу

жүйесі мен нольдік технологиясына қызығушылық артуда. Топырақты

ӛңдеуде ауылшаруашылық машиналары мен агрегаттары бірнеше рет

жүргеннен топырақ тығыздалады және физикалық қасиеті нашарлайды.

Сондықтан да кейінгі жылдары топырақты үнемді ӛңдеу жолдарына кӛп

кӛңіл бӛлінуде топырақ тығыздығы қолайлы болуына жағдай туғызады,

топырақтың шаңға айналуын тӛмендетеді, ӛңдеуге кететін энергетикалық

шығынды азайтады және арамшӛптермен күрес жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы жағдайларды ескере келе 2006-2008 жылдары ОБАШҒЗО егіншілік

бӛлімінің тәжірибе алқабында мақсарыны үнемді технологиямен ӛсіруде егіс

алқаптағы арамшӛптермен күрес жүргізу жолдарын анықтау, тікелей егуді

кәдімгі технологиямен салыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мақсары дақылы

жоғарыда кӛрсетілгендей 5 танапты қысқа ротациялы ауыспалы жүйесінде

күздік бидайдан соң, тікелей себу әдістемесімен ӛсіріліп жаңа гербицидтерді

қолдану арқылы арамшӛптермен күрес шаралары жүргізілді. Дуал Голд, 960

к.э, Фроньтер, 90% э.к., Арамо, 50%.э. к. және Пивот 10% в.к. секілді

гербицидтерді қолдану жӛнінде зерттеулер жүргізілді.

Зерттеулер 2006-2008 жылдары Оңтүстік –Батыс мал және ӛсімдік

шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының егіншілік бӛлімінің тәжірибе

алқабында 5 танапты ауыспалы егіс жүйесінде жүргізілді. Егістік танаптың

Page 11: рекомендация сафлор

топырағы кәдімгі сұр, механикалық құрамы орташа саздақ. Қарашірік

мӛлшері 1,1-1,3%.

Мақсары күздік бидайдан кейін ерте кӛктемде СЗС-2,1 сеялкасымен бір

гектарға 12-18 кг/га мӛлшерде қатар аралығы 30см етіліп себілді. Оңтүстік

Қазақстан облысындағы мақсары егіс алқаптарындағы фитосанитарлық

жағдайын білу мақсатында негізгі арамшӛптері анықталды.

Ғылыми деректер мәліметтеріне қарағанда күрестің агротехникалық

және химиялық тәсілдерін ұтымды үйлестіру егістің ластануын күрт

тӛмендетіп, арамшӛптер ӛскініне үлкен тосқауыл жасайды. Тәлімі

егіншіліктегі егістік алқапты дұрыс ғылыми негізде ұқыпты пайдаланудан

оның потенциалды мүмкіндіктері артады, біріншіден ылғал қорын жинау,

атмосфералық ылғалды сақтау және үнемді пайдалану; екіншіден топырақ

құнарлығына қалыпты сақтау және арттыру проблемалары шешіледі.

Зерттеу барысында басты мақсат тәлімі жер жағдайында мақсарыны

тікелей егіп ӛсіруде арамшӛптерге қарсы жаңа гербицидтерді ӛсімдіктің әр

түрлі даму кезеңінде қолданып шығынды үнемдеудің агротехникалық

жүйесін жасақтау мақсатталынды. Егіс танаптарында арамшӛптерге қарсы

жоғарыда кӛрсетілгендей тӛрт гербицид қолданды. Егуге дейін Дуал Голд

960 к.э. – 1,0-1,5 л/га, мақсары ӛскіндері шыққанға дейін Фронтьер оптима

90% к.э. – 1,0-1,4 л/га, мақсары шыққаннан кейін Арамо 50% к.э. – 1,5-1,75

л/га, кӛктеу кезеңінде Пивот 10 % в.к. – 0,5-0,8 л/га мӛлшерлерінде беріліп

арамшӛптерге әсері анықталды. Бұлардың ішінде ең тиімдісі 0,8 л/га

мӛлшерде берген Пивот 10 % в.к. және 1,5 л/га мӛлшерде Дуал Голд 960 к.э.

сонымен қатар 1,4 л/га мӛлшерде енгізілген Фронтьер оптима болды.

Аталған жүйелік гербицидтердің (Дуал Голд 960 к.э. және Фронтьер оптима

90% к.э.) пәрменділігі 20 тәуліктен соң анықталғандай біржылдық

арамшӛптер санының кему деңгейі 94,2 – 91,6 % болса, ал кӛпжылдық

арамшӛптер саны 87,5-84,3% азайды. Зерттеу барысында анықталғандай

барлық гербицидтердің тиімділігі арамшӛптердің түрлерімен егістің

ластануына тікелей байланысты болатыны анықталды. Қолданған

гербицидтер қарақылтық, у кекіре арамшӛптерін (75-95%) жоюға әсері бар

екені байқалды. Ал Пивот 10 % в.к. гербицидін мақсарының кӛктеу

кезеңінде қолданған нұсқада арам шырмауық пен түйе қарынды жоюдағы

тиімділігі 85,7-90,2 % құраса, ал жатаған у кекіренің бойы мүлдем ӛспей

қалды. Зерттеу барысында байқағанымыз Пивот 10% в.к. гербицидін егіс

алқапқа шашқаннан кейін 1-2 апта аралығында жауын-шашын болса, оның

тиімділігі артатындығы анықталды, бірақ жауыннан кейін мақсары кӛктері

бақылаумен салыстырғанда жақсы ӛспей жапырақ түзу кезеңі 7-10 күнге

кешігіп, ал тостағанша түзу кезеңінде 2-3 күн кешіккенін анықтадық. Демек,

Пивот 10% в.к. гербицидін мақсары егіс алқабына ӛсімдік ӛскіндері толық

жетіліп алғашқы жапырақ түзу кезеңінде немесе арамшырмауық 5-7 см

ӛскенде және жатаған у кекіре 4-6 см сабағы кӛтерілгенде қолданған тиімді

екендігін анықтадық.

Page 12: рекомендация сафлор

5. Қазақстанның оңтҥстігі және оңтҥстік-шығысында мақсары

зиянкестеріне қарсы комплексті қорғаудың іс-шаралары

Мақсары егістігінде кездесетін зиянкестердің мынадай түрлері

анықталды. Олар Түркістан қола түс түсті қоңыз мен Мақсарының үлкен

бізтұмсығы және Мақсарының кіші бізтұмсығы. Оларға қарсы уақтылы

химиялық күресу шаралары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауда комплексті іс-

шаралар жүргізудің маңызы ерекше. Комплексті іс-шараларға карантинді,

шарашылық-ұйымдастыру, агротехникалық, селекция-генетикалық және

химиялық қорғау жолдары жатады. Мақсары зиянкестеріне қарсы комплексті

іс-шараларды жүргізуде карантинді ережелерді сақтау, шаруашылықты

дұрыс ұйымдастыру агротехникалық және химиялық күресу жолдарын

мезгілінде ӛз деңгейінде жүзеге асыру қажет.

Карантинді шаралар. Шет елден келетін жүктерді тағы басқа заттарды

мұқият қарап, сырттан келген зиянды объектілірді зарарсыздандыру,

анықталған жағдайда дер кезінде жою карантинді іс-шаралардың басты

бағыттарының бірі.

Гүлді немесе Калифорниялық трипс (Frankliniella occidentalis Perg.).

Қазақстан Республикасының территориясына карантинді зиянкес тізіміне

енген. Бұл трипстің отаны АҚШ мемлекеті, 1983 жылы Еуропаға әкелініп

қазір Жерорта теңізінің аумағында және Ағылшын, Германия, Польша,

Венгрия елдеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарында кездеседі. Бұл

кӛпқоректі зиянкес жылыжайдағы бақша дақылдарының гүлдерінде

мекендеп, ӛсімдік жапырағы мен гүлін зақымдайды. Аналығы жұмыртқасын

инсектицидтермен ӛңдеуде жетпейтін жапырақ ұлпасына сабаққа, гүлге,

түйінге салып кӛп шығын келтіреді. ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарында

Ресейдің жылыжайларынан алғаш табылған болса, қазіргі таңда оны

жылыжайдың бірінші номердегі зиянкесі деп атайды. Соңғы жылдары

Қазақстан Республикасының бірқатар жылыжайларында батыс гүлді трипсі

кездесуде. Зиянкестің бұл түрі жоғары ылғалдылық пен құрғақ климаттарда

ӛмір сүруге бейім. Сондықтан бұл зиянкес келешекте құрғақ климатты

жерсініп жылыжайда ғана емес егістік дақылдарда атап айтқанда мақсарыға

зиян келтіру қаупі бар. Үнді елінде осы дақылдың жапырағы мен гүл

шоғырының шырындарын сорып қоректеніп, орасан зор зиян келтіреді.

Тікелей зиян келтірумен қатар жанама вирус тасымалдайды және таратады.

Вирус ауруына шалдыққан ӛсімдіктер жапырақтары солып ӛледі. Вирус

инфекциясы ауыл шаруашылығы дақылдарының ӛнімділігін күрт

тӛмендетеді.

Қазақстан Республикасына территориясына батыс гүлді трипсін

жібермеу үшін мынандай каринтинді іс-шаралар жүргізу қажет.

Page 13: рекомендация сафлор

а) Қазақстан Республикасына шет елден келген тауарлар мен ӛнімдерге

мемлекеттік фитосанитарлық қауіпсіздік қызметінің рұқсат етілген

құжаттары болуы керек;

б) мемлекеттік және экспорттық фитосанитарлық сертификаты,

ӛнімдерде (кӛшет, гүл кескіні, отырғызылатын заттар және топырақ пен

ӛсімдік) жоқ екендігін дәлелдейтін құжат;

в) жылыжайда немесе тағы басқа жерлерде гүлді трипс табылған

жағдайда карантиндік қызметкерлерге хабар беру;

г) батыс гүлді трипсінің ошақтары табылған жағдайда түгелдей жою

жұмыстарын жүргізу;

д) жылыжайларда және басқа территорияларда табылған жағдайда үш

жыл карантинді бақылауда болады, егер тірі объекті табылмаса, карантин

алынады.

Агротехникалық шаралар. Мақсары дақылын ӛсіруде агротехникалық

шараларын дер кезінде сапалы жүргізу оның зиянкестерімен күресудің

негізгі комплексті іс-шаралардың бірі болып табылады. Мақсарыны ерте

кӛктемде егу зиянкестердің оны зақымдауынан сақтайды. Себебі үлкен және

кіші бізтұмсықтар егіс алқапқа ұшып келгенде дақылдың даму кезеңі ӛтіп,

ӛсімдік зиянкесті ӛзіне тартпайды. Мақсарыны тау етегі және тау бӛктері

аймақтарына еккеннен далалы аймаққа егілсе, зиянкестермен аз

зақымдалады. Себебі таулы аймақта ауаның ылғалдылығы жоғары зиянкестің

дамуына қолайлы жағдай туғызады.

2-кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде мақсарыны

тікелей егу әдісінің агротехнологиялық үлгісі

Агротехникалық

іс-шаралар тізімі

Технологиялық шаралардың

параметрлері

Жүргізіле-

тін мерзім

Агрегаттың құрамы

трактор

машиналар

Егілетін тұқымды

ӛңдеу

Раксил – 0,4-0,5 л/т

Витавакс 75% Ұ. -2,5 кг/т

Егуден 2-3

апта алдын

электр

тогы

ПС-10

ПСШ-5

Егу алдында

арамшӛптерге

қарсы ӛңдеу

Дуал Голд 960 к.э. - 1,5 л/га

Гербицид қолданғаннан соң,

дискелі ЛДГ-5 немесе ЛДГ-10

агрегатымен гербицидті топырақ

құрамына араластыру қажет

Ақпан

айының

II-онкүндігі

наурыз

айының

I- онкүндігі

МТЗ-80

ОВГ-1,0

ОПШ-15

ЛДГ-5

ЛДГ-10

Тікелей егу,

үстеме қорек

енгізу

Күздік бидайдан кейін бігізше

сеялкасымен 3-5 см тереңдікте

тікелей егу, егумен бірге үстеп

қоректендіру N35 кг/га ә.е.з. тиімді

агротехнологиялық шара

ақпан

айының

III-

онкүндігі

наурыз

айының

I-II

онкүндігі

МТЗ-80 СЗС-2,1

Ӛскіні шыққанға

дейін

Фронтьер,90% к.э. - 1,4 л/га

Пивот, 10% в.д.г. - 0,8 л/га

наурыз айы МТЗ-80 ОВГ-1,0

ОПШ-15

Page 14: рекомендация сафлор

арамшӛптерге

қарсы ӛңдеу

ПОУ

Ӛскін шыққанға

дейін тырмалау

Нӛсер жауыннан кейін қатқақты

бұзу үшін жүргізіледі(2-3 см)

наурыз-

сәуір

МТЗ-80

ДТ-75

БЗСС-1,0

Ӛскіні

шыққаннан кейін

арамшӛптерге

қарсы ӛңдеу

Арамо, 50% к.э. – 1,75-2,0 л/га наурыз-

сәуір

МТЗ-80 ОВГ-1,0

ОПШ-15

ПОУ

Ӛскін шыққаннан

соң тырмалау

Ылғал сақтау және топырақ

бетіндегі қатқақты бұзу үшін

және арам шӛптің жас ӛскінін

жою үшін жүргізіледі

сәуірдің

II-III

онкүндігі

МТЗ-80 БЗСС-1,0

Зиянды

жәндіктермен

күресу

Каратэ, 5 % э.к. - 0,2 л/га

Децис, 2,5%э.к. - 0,3 л/га

мамыр-

маусым

МТЗ-80 ОВГ-1,0

ОПШ-15

ПОУ

Егінді жинау Мақсары дәні толық піскен кезде шілде-

тамыз

Нива

СК-5

ГАЗ-53

Мақсары дәнін

тасымалдау

Егін алқабынан қырманға

тасымалдайды

шілде-

тамыз

ГАЗ-53

МТЗ-80

2-ПТС-4

Мақсарының даму кезеңінде егіс алқаптағы және айналасындағы

арамшӛптермен ұдайы күрес жүргізу қажет. Мақсары шыбынының алғашқы

ұрпағы күрделі гүлділілер тұқымдасына жататын арамшӛптерде дамиды, ал

бізтұмсықтар жабайы мақсарыда мекендейді. Арамшӛптермен ұдайы күрес

жүргізу аталған зиянкестердің қосымша қорын және егіске ӛту жағдайынан

айырады.

Химиялық шаралар. Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден

жүйелі қорғауда алдыңғы орындардың бірі химиялық шаралар алады.

Ӛсімдік қорғауды жүйелі жүргізуде оның тиімділігі кӛп жағдайда

инсектицидтерді дұрыс таңдауға байланысты. Пайдаланылатын

инсектицидтерді үнемді қолдану зиянкестердің қауіпті кезеңіндегі санын

есептеу, сондай-ақ ӛңдеу мезгілін анықтау, пайдалы жәндіктермен қоршаған

ортаға онша қауіп келмейтін уақытты таңдау тиіс. Мақсары бізтұмсығына

қарсы ӛңдеудің қолайлы мезгілі дақылдың бұтақтану кезеңі. Егіс алқаптың

1м2-та 1-2 және одан да кӛп бізтұмсық қоңызы анықталса, ӛңдеу мезгілін

жүргізуге негіз болады. Ол үшін егіс алқаптағы дақылдың осы даму

кезеңінде 3-5 күн бақылау жүргізу қажет. Егіс алқапты қиғаш (кӛлеміне

байланысты) жүріп 12-16 жердегі ӛсімдіктерден бізтұмсық қоңызының есебін

алады. Анықталған қоңыздардың санын 12 –нұсқада 3-ке бӛледі, 16 –нұсқада

4-ке бӛледі. Сӛйтіп егіс алқаптағы 1м2-тағы қоңыздар санын анықтайды.

Мақсары дақылының зиянкестеріне қарсы қолданылған препараттардың

ішінде тиімділері Кинмикс, 10% в.с. (0,15 л/га), Децис, 2,5% э.к. (0,2 л/га),

Каратэ 050 э.к. (0,2 л/га). Мақсары тұқымында және топырақта таксикалдығы

байқалмады.

Page 15: рекомендация сафлор

3-кесте. Мақсары егіс алқабындағы арамшӛптерге қарсы күреске ұсынылған

гербицидтердің ӛңдеу мерзімі мен мӛлшері

Гербицидтің

аталуы

Ӛңдеу

мӛлшері Дақыл Арамшӛптер түрі Ӛңдеу мерзімі

Дуал Голд 960

к.э.

1,0-1,5

л/га

мақсары біржылдық астық

тұқымдастар, кейбір

қосжарнақтылар

Егуден алдын, жауын-

шашынсыз жағдайда 5-

8см тереңдікте

шашудан соң дискелі

ЛДГ-10 агрегатымен

топыраққа араластыру

қажет

Фронтьер,90%

к.э.

1,2-1,4

л/га

мақсары біржылдық астық

тұқымдастар, кейбір

қосжарнақтылар

Дақылдың ӛскіндері

шыққанға дейін

Пивот, 10%

в.д.г.

0,5-0,8

л/га

мақсары біржылдық және

кӛпжылдық астық

тұқымдастар, кейбір

қосжарнақтылар

Дақыл ӛскіндері

шыққанға дейін немесе

ӛскіндері толық

жетілгенде

Арамо, 50% к.э. 1,5-2,0

л/га

мақсары біржылдық астық

тұқымдастар

Арамшӛптердің 2-4

жапырақ түзу

кезеңінде, дақылдың

даму кезеңі

ескерілмейді

Май ӛндіруші зауыт қызметкерлері май шығынын шикізат есебінен,

яғни майлылығы жоғары дәндерді алады немесе мол ӛнімге ӛңдеу

технологиясын жаңалау арқылы қол жеткізеді. Әдебиеттердегі мәліметтер

бойынша мақсары тұқымының майлылығы 25-37% екендігі белгілі. Біз

ұсынып отырған комплексті қорғау шараларында ӛнімділік қана артпайды,

сонымен қатар мақсары тұқымының майлылығы жоғарылайды. Нәтижесінде

ӛсімдік майын кӛп ӛндіруге қол жеткізеді. Мақсары егісінің 3,2 га алқабын

бізтұмсық зиянкесіне қарсы Кинмикс, 10% в.с. (0,15 л/га) препаратын

ӛндірістік тексеруден ӛткізу барысында ӛнімділік бақылаудан 3,3 центнер

артық алынды. Сонымен қатар тұқымның майлылығы 3,44 % жоғарылады.

Егісті Кинмикс, 10% в.с. (0,15 л/га) препаратымен ӛңдеудің экомикалық

тиімділігі 30000 – 38000 тенгені құрады.

Қорыта келе біз ұсынған комплексті қорғау іс-шаралары ӛз нәтижесіне

жетті деп тұжырым жасауымызға болады.

Егістікте кездесетін аурулар түрлері. Мақсары дақылының алғашқы

даму кезеңінде ауруға шалдығуы байқалмады. Алайда, мамыр айында ауа-

райының салқындауы жапырақтары мен сабақтарында тат және ақ ұнтақ

аурулары анықталды.

Сонымен қатар дақылдың гүлдеу, тостағанша түзу кезеңдерінде,

жапарықтары мен сабақта, аз мӛлшерде тат, ақ ұнтақ аурулары байқалды.

Page 16: рекомендация сафлор

Ауруға шалдықан мүшелер балдық кӛрсеткіш бойынша есептеліп, тат ауруы

5-10%, ал ақ ұнтақ ауруы 10-15% ауырғаны анықталды.

Аурумен күресу шаралары

1. Ауыспалы егісті сақтау;

2. Арамшӛптермен күрес жүргізу;

3. Ӛсімдік қалдықтарын жою;

4. Ӛсімдіктің даму кезеңінде 3%-ті фалькон 0,5 л/га.

Page 17: рекомендация сафлор

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жинақта – зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып мақсары ӛсірудің

тиімді агротехнологиялық жүйесін жасақтап, алғы дақыл күздік бидайдан соң

жерді ӛңдемей тікелей сеуіп ӛсірудің моделі ұсынылған.

Тәлімі егіншіліктегі егіс алқаптарын үнемді технологиямен, ғылыми

тұрғыда ұқыпты пайдаланудан мақсарының патенциалды мүмкіндіктері

толық игеріледі және ылғал қорын жинау, атмосфералық ылғалды сақтау,

тиімді қолдану, топырақ құнарлығын қалыпты сақтау және арттыру

проблемалары шешіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында тәлімі жер жағдайындағы егіншілікте

топырақты ӛңдеу әдістерін (дәстүрлі және тікелей)салыстыра отырып

баға беріліп, кәдімгі технологиямен ӛңдеуде бір гектардан алынған ӛнімге

кеткен шығын 16097,2 тенге, таза пайдасы 29722,8 тенгені құраса, тікелей

егуде бір гектарға кеткен шығын 8865,7 тенге, таза пайда 58414,3 тенге

құрайтыны анықталған.

Бұл ұсыныста тәлімі жер жағдайында мақсарыны тікелей егіп ӛсіруде

арамшӛптерге қарсы жаңа гербицидтерді ӛсімдіктің әр түрлі даму кезеңінде

қолданып шығынды үнемдеудің агротехникалық жүйесін жасақтау

мақсатталынған. Егіс танаптарында арамшӛптерге қарсы жаңадан

қолданысқа енгізілген тӛрт гербицидті пайдалану ұсынылған.

РЕЗЮМЕ

В рекомендации рассмотрена возможность прямого посева сафлора и

предложены гербициды нового поколения для борьбы с сорной

растительностью в разные периоды роста и развития в зависимости от

видового состава сорняков, а также освящены вопросы защиты сафлора от

вредителей и болезней.

Page 18: рекомендация сафлор

ҚОСЫМША А

1-сурет. Мақсарыны үнемді технологиямен ӛсірудің ерекшелігі

(Егін жай 2008 жыл)

Page 19: рекомендация сафлор

2-сурет. Мақсарыны кәдімгі технологиямен ӛсіру

(Егін жай 2008 жыл)

3-сурет. Пивот гербицидімен ӛңделген алқап

Page 20: рекомендация сафлор

4-сурет. Дуал Голд гербицидімен ӛңделген егіс алқабы

Page 21: рекомендация сафлор

5-сурет. Тікелей егуде қолданылатын сеялкалар (СЗС-2,1)

ҚОСЫМША Б

Мақсары егіс алқабындағы кездесетін арамшӛп түрлері

6-сурет . Егіс қышасы 7-сурет. Кәдімгі зире

8-сурет. Қарақылтық 9-сурет. Қурай

Page 22: рекомендация сафлор

10-сурет. Аққурай 11-сурет. Жантақ

12-сурет 12. Егістік қанатжеміс 13-сурет. Жатаған у кекіре

14-сурет. Шайқурай 15-сурет. Арам шырмауық

Page 23: рекомендация сафлор

16-сурет. Жатаған бидайық 17-сурет. Жабысқақ қызылбасу

18-сурет. Қызғалтақ 19-сурет. Шырмауық