Хандық дәуір әдебиеті

151
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ Айман Тоқсамбаева ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ (оқу құралы) Семей-2008

Upload: shelpekk

Post on 28-Jul-2015

9.813 views

Category:

Documents


24 download

TRANSCRIPT

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Айман Тоқсамбаева

ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

(оқу құралы)

Семей-2008

ББК 83.3 Каз Т – 52

Құрастырушы – Айман Омарқанқызы Тоқсамбаева, филология ғылымдарының кандидаты

Пікір жазған – Арап Сіләмұлы Еспенбетов, филология ғылымдарының докторы, профессор

Айман Советқызы Ақтанова, филология ғылымдарының кандидаты

Тоқсамбаева А. Т-52 Хандық дәуір әдебиеті: Оқу құрал. – Семей,2008. –136бет. ISBN 9965–00 –402–1

«Хандық дәуір әдебиеті» атты оқу әдістемелік құралда мерзімді баспасөзде жарық көрген ғылыми дәйектемелер мен деректердің пайдаланылуы да студенттердің берілген тапсырмаларды өз бетімен игерулеріне ықпал етеді. Зерттеуші ғалымдар еңбектеріндегі деректерге қосымша берілетін мұндай материалдар студент білімінің сапалық деңгейінің өсуіне де, материалдарды сыни көзқараспен қарап игеруіне де септігін тигізеді.

ББК 83.3 Каз

Х 4603000000 00(05) –08 ISBN 9965–00 –402–1 © Тоқсамбаева А.О., 2008

АЛҒЫСӨЗ Оқу әдістемелік құрал алғашқы рет ұсынылып отыр. Хандық дәуір

әдебиетінен оқылатын дәрістердің қысқаша сипаттамасы, тәжірибелік сабақ кезінде қандай сұрақтар қамтылуы керек, студент нені және қандай оқу құралдарын, қосымша әдебиеттерді басшылыққа алу керектігі толық қамтылып, сілтемелер берілген. Тәжірибелік сабақтардың, СОБӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, сұрақтары, тест материалдары да тақырыптардың мазмұнын ашу мақсатын көздей құрылған.

Оқу әдістемелік құралда хандық дәуірдегі ақын-жыраулардың өмірі мен шығармашылығы, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектері туралы нақтылы мәлімет берілген.

Оқу әдістемелік құралда қамтылған материалдар, тарихи романдардағы нақтылы деректер студент білімін өз бәтімен толықтыруына мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әдебиеттану пәнінен алған білімдерін тереңдету мақсатында әдеби-теориялық ұғымдарға байланысты картотекалық материалдарды теру барысында студент білімін өз бетімен тереңдетуге мүмкіндік алады.

Студенттердің өздік жұмысын орындау барысында әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу көзделген.Сонымен қатар жыраулардың ерекшеліктері мен шеберліктерін таныту мақсатында әр жыраудан бір-бір өлең жаттау, әдеби талдау жасау арқылы студенттердің таным белсенділігін арттару мәселелеріне ерекше көңіл аударылды.

«Хандық дәуір әдебиеті» атты оқу әдістемелік құралда мерзімді баспасөзде жарық көрген ғылыми дәйектемелер мен деректердің пайдаланылуы да студенттердің берілген тапсырмаларды өз бетімен игерулеріне ықпал етеді. Зерттеуші ғалымдар еңбектеріндегі деректерге қосымша берілетін мұндай материалдар студент білімінің сапалық деңгейінің өсуіне де, материалдарды сыни көзқараспен қарап игеруіне де септігін тигізеді.

Әдістемелік құралда жыраулар поэзиясын талдау үшін қажетті теориялық сұрақтар және талдау үлгілері, анықтамалар мен түсініктер берілген.

ГЛОССАРИИ

1. Ақын - поэзиялық туынды, өлең, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

2. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.

3. Арнау өлең – белгілі бір адам бейнесін, мін - сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды.

4. Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді.

5. Жылнама – тарихи жыл – жылға бөліп баяндау түрі. 6. Жыр – қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға,

көлемді поэзиялық шығарма. 7. Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәелелерді

қозғайтын толғау – жырлап айтушы. 8. Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи,

ғашықтық, жырлар айтып таратушы. 9. Қиса – қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті

үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі – хикаялары.

10. Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер.

11. Насихат өлең – уағыздар, ақыл–кеңес сарыны басым келетін өлең. 12. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы,

өлең жыр түріндегі шығарма. 13. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау

түрінде келетін көлемді шығарма. 14. Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма. 15. Түйдек (тирада)– қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды

топтастырудың еркін түрі. 16. Ұйқас – өлең-жырларда тармақтың «өлең жолы» соңындағы бірнеше

буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі «дыбыс үндестігі.» 17. Шабыт – өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп

тасқындауы,зор жігер,күш пайда болып, рухтануы. 18. Шайыр– «арабша ир»- ақын, орындаушы мағынасында. 19. Шешендік сөз – қазақ ауыз әдебиетінің жаныры, ғибраттылық мәні,

өнегелі ой-тұжырымы бар, айырықша тапқырлық танытатын нақыл сөз. 20. Шумақ– өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өлең тармақтарының

жолдарының белгілі ретпен топтасуы.

21.Эссе –тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.

Дәрістердің қысқаша сипаттамасы ДӘРІС 1. ХVIII ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ

ЖЕРІНДЕГІ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР. Дәрістің мақсаты: Қазақ халқының 15-18 ші ғасырлар шегіндегі тарихи- әлеуметтік жағдайын таныстыру. Тірек сөздер:Ақтабан шұбырынды, алқакөл,сұлама, жоңғар басқын- шылығы. Дәрістің жоспары: 1. Жыраулар мұрасы мен кейінгі ХVIII-ХIХ ғасырлардағы көркемсөз өкілдерінің шығармашылықтарының өзгешеліктеріне тоқталу. 2. Хандық үшін күрестің шиеленісуі. 3.Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай

жағдайда болды? 4.Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер кітабы» жайында айту. 5.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының әдебиетте бейнеленуі. 6. «Қаратаудың басынан көш келеді» дейтін сөздермен басталатын «Елім- ай» әніне қатысты әңгіме. Қазақ әдебиетінің ерте дәуірінде, яки қазақ хандығының құрылуы және

қалыптасуы тұсында өмір сүрген жыраулар мұрасы мен кейінгі ХVIII-ХIХ ғасырлардағы көркемсөз өкілдерінің шығармашылық бет-бейнесінде біраз өзгешеліктер бар. Ұқсастықтар да аз емес. Өйткені, ХV-ХIХ ғасырлардағы қай жырауды алсаңыз да олардың елі үшін жанын отқа тоспайтыны кем де кем. Бұлардың көпшілігі халқының қамына бола ханмен де қармен де айқасудан тайынбаған. Солары үшін оларды елі де риясыз сүйе білген. Батыр тұтқан, көріпкел санаған. Елінің серкесіне, көсеміне балаған. Ерлік мінездерін, сүйкімді қылықтарын аңызға айналдырған.Ал,аңыз ұлғайып айтудан, әсірелей, көтермелеп көрсетуден сырт қалмайды. Бірақ, сондай адамдар жайлы тараған аңыздың өзінің біразында шындықтың табы, болған оқиғалардың ізі ататындығына таңдануға болмайды. Өйткені, халық өзінің қалаулылары жайлы аңыздың өзегін өтіріктен емес, шындықтан өретіні қақ. Рас, заман өзгере, жылдар өте келе әлгіндей тарихи тұлғаларға тұтастардың естелігі ескіріп, көмескіленудің салдарынан оқиғаның құрылымы, онымен жақсылы-жаманды қатынаста болған екінші бір ірі тұлғалардың есімі мен ісі өзгертіліп, кейде танымастай қалыпқа түсетін де таң емес. Әйтсе де солардың өзінен де ақиқатты айқындауға көмектесетін біраз жайлар табылып жатады. Әсіресе, мұның ХV-ХVII ғасырларындағы жыраулардың жеке басының өмірін, шығармаларында бейнеленетін тарихи шындықты анықтауда көп септігі тиетіндігін баса айту орынды болмақ.

Әрине, тарихи қаһарман ретінде де, шығармашылық тұлға ретінде де Асанқайғы мен Қазтуғанды, Шәлгез бен Доспамбетті, Марғасқа мен Жиембетті өзара бір-бірімен салыстыруға болмайды. Өйткені, олар жұмыр басты пенде ретінде де, аузына елі қараған жырау ретінде де әртүрлі тағдырды, әралуан тарихи сәттерді басынан кешіріп, өмір кешкен адамдар. Ал, тарихи сәт пен тағдырға қарай шығармашылық мінез, пенделік һәм азаматтық іс-әрекет көрініс таппақ. Олай болса бұлардың бірінде тарихи оқиға, ел басынан өткен елеулі кезең көрінісі қою, екіншісінде сұйық деп әңгімені сұйылту орынсыз болар еді. Және бұл мәселе тек ХV-ХVII ғасырлардағы жыраулар мұрасына ғана қатынасты емес, оларға қарағанда күні кеше өмір кешкен сияқты ХV-ХIХ ғасырлардағы сөз зергелеріне де тікелей байланысты. Әйтсе де бұған қарап біз жыраулар мұрасындағы өзгешеліктер мен ұқсастық, үндестік туралы әңгімені осымен доғармайтынымыз аян. Мәселен, ХIХ ғасырдағы Мұсабай, Нысанбай жыраулардың шығармалары тек, ХV-ХVII ғасырлардағы әріптестерінен ғана емес, солардың әуенін өздеріне жеткізуге себепкер болған Бұқар, Үмбетей секілді жыраулар мұрасынан да бірсыпыра өзгешеленеді. Өйткені, олардың өмір сүрген дәуірлері тек мезгіл жағынан ғана әртүрлі емес, бұл авторлардың өз тұстарындағы қоғамдық салмақтары да әрқилы. Сол себепті олар өздерінің тұтынған мақсаты, жыраулық талант-дарыны жағынан әртүрлі сипаттағы сөз өнерінің өкілдері болды. Сондай-ақ, бұл авторлар шығармаларының жанрлық тұрқы да өзгеше болды. Мәселен, ХIХ ғасырдың өкілдері Мұсабай мен Нысанбай жыраулар көбінесе үлкен эпостық үлгідегі тарихи жырлар пішімімен жырласа, ХVIII ғасыр жырауларының өз атымен кейінге жеткен ондай шығармалары жоқ. Олар өздерінің көкейіндегі ойларын толғаумен паш еткен. Әрине, бұдан ХIХ ғасырдағы жыраулар творчестовосынан, сол дәуірдегі қазақ жұртының поэзиялық дәстүрінен толғау жанры шығып қалған деген пікір тумайды. Мәселен, ХIХ ғасырда тірлік кешкен Байтақ, Жанұзақ секілді Жәңгір төңірегінде болған жыраулар өздерінің мадақ жырларын тек толғаумен ғана жеткізген.Сондай-ақ, сол ғасырдағы жорық жыршысы Махамбет ақынның барша туындысы тек толғаулардан ғана тұрады. Тіпті олардың бәрін есептемегенде бұл жанр бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келіп, қазіргі заман ақындарының творчествосынан кеңінен орын алғаны баршаға аян. Ал, ХVIII ғасырда, оның ар жағында өмір сүрген жыраулардың көлемді үлкен шығармалары болған ба, егер болса неге кейінгі дәуірге жетпеген деген мәселеге келсек, тегінде оның негізгі себептерін ауызша үрдістегі әдебиеттің ішкі мүмкіндеріктерінен іздеген жөн. Өйткені, авторлығы жоғалып, кейінгі дәуірдің ақын, жыраулары өзінше жырлай беретін халық эпосына қарағанда авторлы туындының жолы ауыр болмақ, оны шамасы келгенінше кейінгі жыршы, жыраулар өзгертіп айта бермесе керек. Міне, ХVIII ғасыр, онан арғы дәуірдегі жыраулардың көлемді туындыларының кейінгіге өз атымен жетпеуінің бір себебі осында деп білеміз. Әйтпесе, әрқилы көлемде бүгінге жеткен Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай, т.б туралы дастандардың ең болмағанда

бірі болмаса бірінің әу баста Бұқар, немесе сол тектес жырау аузымен айтылған ұзақ сонар жырлардан бастау алып жатуы әбден мүмкін. Өйткені, эпостық дәстүрдің қазақ топырағында өмір сүріп келе жатқанына қаншама заман өтті?! Ал, ХVIII ғасыр жырауларының сол өздеріне дейінгі эпосты кейінгіге жеткізуші буын бола отырып, солардан тағлым алмағандығына, өздері ерліктерінің куәсі болған батырлар жайлы дастан шығармағанына кепілдік беру қиын. Мәселен, «Қабанбай батыр» туралы жырда әл үстінде жатқан батырдың көңілін сұрай келген Бұқар жыраудың Қабанбайды мың жылқыны жауып жіберіп суарар қайнар бұлаққа, қашқан жауды құтқармас жүйрік пыраққа теңей кеп, оның хәлсіз жатқанына қамығып, құрбандыққа Арғыннан жүз кісі, Керейден жүз кісі, Үйсіннен жүз кісі, Алшыннан жүз кісі айттым, соның басы өзім болайын деп жылайтын эпизоды бар. Бұл жан тәсілім еткелі жатқанда Абылайға «Үш жүзден үш кісі құрбан қылсам, сонда қалар ма екен жаның-ай » дейтін Бұқардың өз атымен сақталған жырын еске түсіріп қана қоймайды, әу баста осы дастанның кейбір бөлігі Бұқар қолынан шықпады ма екен деген ойға да жетелейді. Әрине, біз бұл арқылы ескі эпостық канондарды Бұқар, немесе онымен тұстас жыраулар сол ежелгі қалыпта пайдаланар еді, күні кеше жорықтас болған азаматтарды оқ өтпес қиял-ғажайып адамдар етіп көрсетер еді деп айта алмаймыз. Өйткені, бұл дәуірде өмір сүрген жыраулардың халықтың тарих бетінен жоғалып кетпеуі үшін отқа түсетін, еңбегін сарп ететін жандардың өзі тектес пенделер екендігіне әбден көзі жетті. Небір сұрапыл оқиғалардың өздері куәгері болды, ішінде жүрді. Демек, олар батырлар ерлігін бастан етіп жырлағанда да өз аттарымен сақталған толғауларындағыдай кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адам етіп кейіптері хақ.

Орыс әдебиетінің ұлы сыншысы В. Г. Белинскийдің: «закон развития человечество таков, что все пережитое человечеством ... не исчезает без следов в пучине времени. Исчезавшее в действительности, -живет в сознании »-дейтін үлкен ғибратты сөзі бар. Шындығында да бір сөз етіп отырған ХVIII ғасырдағы, оның бер жағындағы талай үлкен оқиғалардың көріністері халықымыздың есінде естелік болып өмір кешкен. Бұл тұрғында жыраулық поэзия сол үлкен оқиғалардың нақтылы көрінісін көркем жырмен өрнектегенімен ерекше назар аудартады.

ХVIII ғасырдың қазақ ұлыстары үшін жан жадыратар қуанышты оқиғалармен басталмағаны мәлім. Әйтсе де, халықтың елдік тарихында бұл ғасырдың алар орны айырықша. Өйткені, қазақ қауымы атышулы «Ақтабан шұбырынды» сынды қайғылы оқиғаны басынан өткерді. Осы зілзаланы қазақтың басына түсірген, сол замандағы Орталық Азиядағы айбарлы мемлекет-жоңғарлармен ширек ғасырдан астам уақыт бойы табан тіресе күресе отырып, оның тарих аренасынан біржола шығып қалған тұсының куәгері болды. Осы халықпен қандас Еділ қалмақтары ата қоныстарына қайтқан тұста олармен де айқасып бақты.

Ал, осы оқиғалардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты жайлар еді. Өйткені, қазақ ұлыстарының жоңғарларға қарсы азаттық үшін күрес-атышулы «Ақтабан шұбырынды» сынды қасіретті оқиғаның жалғасы, кек қайтару шайқастары болып қана қалған жоқ. Бұл күрес жолында қазақ халқы өзге бір әлеуетті ел тарапынан өзіне сүйенер тірек, дос табуды мақсат тұтты. Россия, Қытай секілді іргелі елдермен араға елшілерін, хабаршыларын жүргізді. Және соның ақыры ізсіз кеткен жоқ. Қазақ жұрты Ресей елінің боданы болды. Енді осы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы әдебиетте қалай бейнеленді? Сол оқиға қарсаңындағы және одан кейінгі кезеңдегі қазақ ұлысы мен оның төңірегіндегі халықтардың тарихи-әлуметтік жағдайы қандай еді?..

«Ақтобан шұбырынды» оқиғасы басталар тұста қазақ ұлысында сондай бес жыл бұрынғы, яки сексен мың әскері бар Тәуке хан кезіндегі (1680-1718) айбындылық жол болатын. Ал, қазақ жеріне 1723 жылғы зобалаңды әкелуші Цэван-Рабдан хонтайшы (1697-1727) билеген жоңғар хандығы сол кездегі көшпенді елдер ішіндегі ең агрессияшыл, үлкен әлеуетті феодальдық хандық ретінде өзін әбден танытып үлгерген-ді. Себебі, жүз жылдан астам уақытқа созылатын жоңғар-қазақ күресінің (1635, 1643, 1651, 1652, 1698, 1711-1712, 1713-1714) бір тұсында қазақтар, бір кезеңінде жоңғарлар басым болып келсе, 1717 жылғы Аякөз өзені бойындағы, 1718 жылғы Түркістан маңындағы қазақ жасақтарының жоңғар қолынан күйрей жеңілуі қазақ билеушілерін ойландырарлықтай жай еді. Өйткені, екі айқас та жоңғарлықтардың әбден күйрегендігін көрсетті.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Хандық үшін күрес қай жылы шиеленісе түсті ? 2.Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай жағдайда болды? 3.Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер кітабы қазақ хандығы туралы не жазды? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 2. ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.

Дәрістің мақсаты: Қазтуған жыраудың өмірін, шығармашылығының зерттелуін толық игерту. Тірек сөздер: Жырау,эпик ақын,шайыр,алдаспан. Дәрістің жоспары: 1.Қазтуған жыраудың өмірінен мәлімет. Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы. Туып өскен жері туралы. 2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа жақындығы. 3.Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалары туралы. 4.Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болғандығы. 5.Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының жетпегені туралы, аз болса да ұлы жырау шығармаларының бір кішкене үзігінің бізге жеткені жайында. 6.Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы. 7. Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы– жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі. Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі әдебиетінің ірі өкілі

Қазтуған жырау. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тектес тайпалардың, шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары, баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың өлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында (Орынбор, 1912) жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984), «Ұлы арман» (1990), Ленинградтан тұнғыш рет орыс тілінде жарық көрген «Поэты Казахстана» (1978), «Поэты пяти веков» (Алматы, 1994) жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М. Мағауин, Ә. Дербісәлин, Қ. Сыдиықов, X. Сүйіншәлиев, Ж.Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар қалам тербеді.

Қазтуған XV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-көпті жазды деуіміз де осыған саяды.

Бұған дейін XIX ғасырдағы көрнекті қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз ғана мәліметке сүйеніп келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі – талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел бірлігінін қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді.

Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі биік көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді.

Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры.

Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт. Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт… – деген, адамды елжіретер

түйдек-түйдек сөз тізбектері, жыр жолдары арқылы туған жерінен еріксіз үдере көшкен ел көрінісі көз алдымызға келеді.

Қазтуғанның Еділ өзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай тайпаларының рубасы, көсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыры болғаны мардымсыз тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы қоштасу өлеңі оның XV ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткенінен сыр шертеді.

Салп-салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менің ордам қонған жер, Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер…

Шиыршық атып, шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр жыраудың туған жерге сағынышын, шексіз махаббатын білдіріп, ақындық қиял ұшқырлығы мен өршіл романтикалық шығармашылық шеберлігін дәлелдей түседі.

Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс – ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін:

Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған, –

деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. Өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда-ақ білдіргендей.

Бұл – сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сөзі үлгісінде туған ноғайлы дәуіріндегі толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқы нұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, қарақалпақ қазақ т.б. халықтардың тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзиясының үлгісі деп қарау керек».

Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтары әдебиеттанушы ғалымдарының зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді, Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары» (Астрахан, 1912), «Шолпан» (Черкесск, 1969) жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді ғылыми зерттеуде ноғай әдебиетінің көрнекті өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады.

Қазтуған – ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық, салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас осы үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын-жырау ретінде бағаласақ ақылға сыяды.

«Бұдырайған екі шекелі…» деп басталатын толғау-өлең – жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды.

«Бұдырайған екі шекелі…» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Мұның өзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы бірнеше өнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек.

Осы толғаудағы «бұдырайған екі шекелі», «мұздай үлкен көбелі», «айдаса қойдың көсемі» және т. б. сөз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны көркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін

байқатады. «Ұстаса қашағанның ұзын құрығы» деген бір жолдың өзі ғана көшпелі дала өмірін көз алдымызға әкеліп, буырқанған бұла күш иесіне теңеген көркемдік ерекшелікті аңғартады.

Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы. Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, –

деген осы толғаудағы көркем сөз өрнегі кестеленген жыр жолдары – бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл көркем сөз үлгілері өзінің сол қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған жасаған өлең өрнектерінің өлместігін білдірсе керек.

Қазтуғанның «Алаң да алаң, алан жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның көркемдік қуаты жағынан шебер жасалған үлгілерінің бірі.

Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым.

Шығармаларының мазмұндылығы мен әлеуметтік салмағы жағынан алғанда, «Қазтуған толғаулары қазақ халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, жақсы мекен іздеу мәселелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия өмірінде сақталған шағын ескерткіш үлгісі тәрізді кейінгі дәуірге жетті. Бұлар өз дәуірі мен шығарушысы жайында кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, поэзия эволюциясындағы белгілі бір кезеңнің көркемдік дүниетанымы тарапында нышан таныта алса, өз міндетін артығымен орындағаны болып саналады».

Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты, жауынгер ақынның дала поэзиясына тән өр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сөздерге толы, көркем тіркестерге бай жырлары қазақ әдебиеті тарихында өшпестей із қалдырды.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Қазтуғанды біз тек жырау деп қана танимыз ба? 2.Қазтуғанға артта қалған ұрпақтарынан кімдер жыр арнаған? 3.Қазтуған жырларының маңызы неде? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 3. АСАН ҚАЙҒЫ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Дәрістің мақсаты: Жырау Асан мен аңыздағы Асанның ара жігін ажыратып түсіндіру. Тірек сөздер: Жерұйық, аңыз, ноғайлы,шұрайлы жер т.б. Дәрістің жоспары: 1. Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі. 2. Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы. 3. Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы. 4. «Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілуі. 5. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі. 6. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны. 7. Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу. 8. Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. 9. Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы. 10. Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы. Аты аңызға айналып, ғасырлар бойы өз халқымен рухани бірге жасап келе

жатқан жарқын тұлғалардың бірі – Асан қайғы. Бұған оның атына байланысты туып, ел жадында сақталған қыруар аңыз, әңгімелер мен жер-қоныс аттары туралы айтылып келген сан қилы сын-сарап бағалары, сондай-ақ, замана жайын толғаған әр алуан өлең, жырлары толық айғақ. Бұлардың бәрінде дерлік Асан өз халқының бақытты болашағын ойлаған ел мұңшысы, жұрттың көкейкесті арманын арқалаған ардагер азаматы кейпінде сипатталады. Сондықтан Асан есімі әр кез «қайғы» деген сөзбен қатар аталып, ел қамын жеген кемеңгер, ойшыл адамның жиынтық бейнесіне айналып кеткен.

Революцияға дейін негізінен мал шаруашылығымен айналысып, табиғатқа тікелей тәуелді болған елге жұтсыз жайлы қоныс пен шапқыншылығы жоқ еркін тұрмыс, байлығы шалқыған бейбіт өмір қашан да асқақ арман еді. Ел-жұрт «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы егіз қоздайтын» шұрайлы жер мен «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды арман еткенде де, соның бірден-бір жоқшысы деп Асан есімін атайды. Аңыздарда айтылғандай, Асан қайғы жеті жыл желмаяға мініп жер шолып, кең сахараны шарқ ұрып шарлағанмен, елге дәл ойдағыдай іргелі қоныс таба алмайды. Өзі ұнатқан құт-ырысы мол Жиделібайсынға (халық қиялындағы аты – «Жерұйық») ел

көшіремін деген ең соңғы үміті де өшіп, жігері құм болып, ақыры күші қайтып қартайған шағында ойлаған арманына жете алмай қаза табады.

Асан тарихта болған адам, алайда оның өмірі туралы нақты тарихи деректер сақтала қоймаған. Халық аңыздарында Асан қайғыны қазақтың бірінші ханы Әз-Жәнібектің тұсында өмір сүрген адам еді дейді.

Асан қайғы қай ортадан шығып, қай дәуірде, қандай өмір кешкен еді, көп жасаған өмірінде қандай қызмет атқарды, кімдермен істес, замандас болып еді деген сұрақтарға жауап беретіндей бізде нақты тарихи деректер жоқтық қасы. Бұл тұста Асан Қайғының өз толғауларында айтылатын мәліметтер мен сол тұстағы кейбір жырларда келтірілген қосалқы дерек-түсініктерді, Асан туралы сақталған кейбір аңыз, әңгімелерді ғана негіз етеміз. Қалай дегенде де ол әрқилы аумалы-төкпелі тарихи дәуірлерді бастан өткеріп, талай-талай хандардың қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі, болжағыш та білгір биі болғанға ұқсайды.

Осы тұста мынандай дерекке назар аударған жөн. Г. Н. Потанин қорына арналған халық мұралары жинағының ғылыми түсінігінде: «Асан қайғы халық арасында Асан ата аталды. Аңыздарға қарағанда, ол XV ғасырда жасаған. Әйтсе де, Хафиз Таныш ибн Мир Мұхаммед ал-Бухари оның (яғни Асан қайғының) сол тұста Сырдария даласындағы. белсенді саяси қайраткерлерінің бірі болғанын жазады», – деп көрсетілген. Аталған автордың «Абдулланома» атты шығармасында Хасен Хожа Нақып деген кісіні Абдолла ханның тұсында мемлекет басқару ісінде биік мансапқа ие болған, ханның XVI ғасырда қазақ даласына жасаған жорығында оның қолбасшы, сенімді серіктерінің бірі еді деп көрсетілетіні рас. Алайда, «Абдулланома» атты кітапта әңгіме болатын Хожа Нақыпты, біздің пікірімізше, дәл Асан қайғы еді деп тұжырып айтуға келе бермейтін сияқты. Осы орайда, ең алдымен, Абдолла ханның қазақ даласына жасаған сол жорығы XVI ғасырдың аяғында болған оқиға екенін еске алсақ, бұл мерзім Асан қайғы өмір сүрді дейтін белгілі тарихи кезеңнен (XV ғасыр) тым алшақ жатыр.

Асан қайғыны жоғарыдағы Хафиз Таныш ал-Бухаридің кітабында айтылатын Хасан Хожа Нақыппен тарихи бір кісі еді деп жорамал айтқан автор халық аңыздарындағы «Асанның шын аты Хасен екен, ол пері қызына үйленіп, кейін сол қыздан айрылып қалып, соның қайғысынан «Асан қайғы» атаныпты» дейтін әңгіме мен «Хасен мен Ежен хан» атты аңызды негізге алған тәрізді, дегенмен мұның Асан қайғының алғаш Хасен аталғанын білдіретін деректер ғана екені мәлім. Сондықтан біз бұл жорамалды оның тарихи шындықпен қабысу, қабыспау тұрғысынан алып бағалауды жөн дер едік. Бұл тұста біз білетін тарихи Асанды жоғарыда айтылған Абдолла ханның төңірегінен іздегеннен гөрі, оны өзбек-қазақ ұлыстары бөлініп шыққан Дешті-Қыпшақ мемлекетінің ханы Әбілқайыр тобындағы Хасан атты билермен байланыстыра қарау шындыққа әлдеқайда жақын келетін сияқты. Мақсұт бин Осман Кухистанидің «Тарихи Әбілқайыр-хани» атты кітабында Әбілқайыр ханның оң

тізесін басқан салауатты билері мен белгілі әскери басшыларының қатарында Хасан-оғлан-би Шынбай және Хасан-би Ұйғыр деген кісілердің аты құрметпен аталады. Асан қайғының есейіп, егде тартқан кезінде Керей мен Жәнібек сұлтандарға еріп, Әбілқайыр ханның тобынан бөлініп шыққанын, кейінірек қазақ халқының тұңғыш ханы Жәнібектің төңірегінен табылып, соның қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі болғанын ескерсек, әлгі айтылған соңғы кісілердің тарихи Асанға бір табан жақындығы ашылып, айқындала түсер еді.

Асан қайғының өмір сүрген дәуірі мен сол кездегі тарихи әлеуметтік мән-жайды айтқанда, қолдағы сан алуан аңыз, әңгімелермен қатар, кейбір тарихи өлең, жырлардағы қажетті дерек, қосалқы мәліметтерді де негіз ете аламыз. Бұл орайда Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында келтірген мына бір деректің орны айрықша. Автор өзінің «Асан атаның бір мақалының мағынасы бұл дүр» атты әңгімесінде Асан қайғының «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген сөзінің мәнісін сұраған Абылай ханға Бұхар жыраудың «Ханға жауап айтпасам» деп басталатын әйгілі толғауын келтіре отырып: «Бұл хабар көне адамдардың әрбірінің аузында бар, кәриялардың құлағы қанық өздеріне анық дүр. Құдабай намында бір ағмы (екі көзі су қараңғы, әз) ақын бар еді. 1288-1870 хижрие дуалжиғде IV айында бір жайда мәзбүр ақыннан сұрадым, Асан қайғы кім дүр, оның мақалдарынан білсең сөйле дегенімде, бұ язылажақ өлең ила жауап берді:

Асанның асыл түбі ноғай деймін, Үлкендердің айтуы солай деймін Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір, Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір. Ормамбет хан Ордадан шыққан күнде, Асан қайғы қайғырып айтыпты жыр, –

деп, айтқан екен деп Қошан акам сөйлеуші еді», – дейді. Бұған қарағанда, ең алдымен, Құрбанғали Халидұғлы Асан қайғының

шыққан тегін баяндайтын осы өлеңді Құдабай ақынның өз аузынан естіген болып шығады. Бұдан тыс ол ел жүрегінде ұялаған Асан сөздерінің мән-маңызын айта келіп, Асанның асыл заты туралы Құдабайдың Қошан деген дана және білімді адамнан қара сөз күйінде естіп, оны артынан өлеңге айналдырғанын да баяндап береді. Автор: «Асан атаның бағзы ахуалы, шешендік сөздері үзік-үзігімен қазақ арасында айтылып келеді. Әр сөзінде бір тапқырлық сөз, әр тәртібінде бір мағына бар, онысы түсінуге жеңіл, түсіндіруге қиын заттар емес. Қошан намында бір дана уа білімді адам болса керек.

Қ. Халидұғлы өз еңбегінде Асан атаның бір кезде Хасен аталғанын әңгімелей келіп, жоғарыдағы Құдабай ақын айтқан өлеңге орай өз ойын білдіреді: «Асан қайғы асылы ноғай еміш. Шыңғысханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы немересі», – деп көрсетеді. Бұл «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген көне мәтелдегі Ұлы жүз әйгілі Майқы би болып шығады. Қ.

Халидұғлының Майқы биді «ұлан» деп көрсетуіне қарағанда, бұл атақтың біз жоғарыда атаған Хасан-оғлан-би Шынбайда да жүруі кездейсоқ жәйт емес. Олай болса, бұл – біз ілгеріде бөліп атаған Әбілқайыр ханның оң тізесіндегі Хасан-оғлан-би Шынбай тәрізді кісілермен Асан қайғы бір тұлға болуы да мүмкін деген жорамалға негіз бола алатын сияқты.

Ал енді, Құдабай ақын айтқан «Асанның асыл түбі ноғай деймін» деген жырдағы сөзге келсек, мына жәйтті еске тұтқан жөн.

Тарихи деректерге қарағанда, бұл кезең ноғай мен қазақтың бір-бірінен этникалық жағынан біржолата бөлініп, жеке ұлт болып қалыптаса қоймаған кезін аңғартатын сияқты. Біздің көптеген аңыздарымыз бен тарихи өлеңдеріміздің, тіпті бір алуан эпостық лиро-эпикалық жырларымыздың «ноғайлы дәуірі» деп аталатын тұста туып қалыптасқаны мәлім. Осындай туыстық нышан-белгілерді екі ел әдебиетіне бірдей ортақ Шәлгез, Қазтуған, Доспамбет жырларынан да айқын аңғарамыз. Бұл туралы ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов: «Ноғай деген ат жартылай отырықшы елдерден бөліп алу үшін айтылған аты еді. Ноғайды да, өзбекті де – бәрін де ноғай деп атаған. Бірге жасап өмір кешкен ноғай мен қазақ ордасын Жәнібек билеген кезең қазақ жырларында алтын дәуір тұрғысында саналады», – деп көрсетсе, осы пікірді Сәкен Сейфуллин де қуаттап: «Ертедегі батырлар әңгіме-жырлары қазақ атанған елдің ноғайлы болған дәуірінен, немесе «ноғайлы» атын әлі тастамай жүрген дәуірінен қалған әдебиет нұсқалары», – дейді. Ал, Қ. Жұмалиев осыған орай өз ойын: «Мұндағы «ноғайлы» деген сөзді қазақтан бөлек басқа ел деп түсіну керек емес», – деп түйеді.

Шыңжандық тарихшы ғалым Н. Мыңжани өзінің «Қазақтың қысқаша тарихы» атты еңбегінде Асан қайғыны Алтын Орданың 1445 жылы қайтыс болған ақырғы ханы Ұлығ Мұхаммедтің (Ормамбет) қасындағы ықпалды билерінің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ, ол Алтын Орда ыдыраған соң, қазақ ханы Әз-Жәнібектің қасында болғандығы мәлім деп жазады. Ормамбет ханның қазақ тарихына қатысын кезінде ұлы Шоқан да атап көрсеткен еді.

Асан қайғы туралы аңыз, әңгімелер мен әр алуан деректердің жарық көру мәселесіне келсек, бұл игілікті істің XIX ғасырдың екінші жартысынан басталғанын көреміз. Бұлардың бір алуаны кезінде озық ойлы орыс оқымыстыларының бастыруымен жарық көрсе, енді бір тобы ертедегі қазақ ақын, жазушылары мен тарихшыларының жариялауымен басылып келді. Бұлардың ішінен Я. Лютшь хрестоматиясында басылған Асан туралы ертегі мен Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархиындағы» жоғарыда келтірілген құнды деректерді жеке бөліп атаған жөн.

Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Бұл істе әйгілі жазушымыз С. Сейфуллин жинап бастырған «Қазақ әдебиеті» жинағының алатын орны ерекше. Мұнда ең алғаш Асан туралы кейбір құнды деректермен

қатар, оның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты әлеуметтік мәні зор толғаулары жарық көрді. Осы жырларға орай жазған зерттеуінде автор Асан қайғының өмірде болған тарихи тұлға екенін айтып, оны Әз-Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпақтары еді деп көрсетеді.

Осы жылдарда Асанның Әз-Жәнібек ханға айтқан «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» атты ұзақ толғауы мен әр алуан қоныс-жерлерге берген баға-сындары «Таң» журналында жарияланса, Асан өлеңінің шешімін айтқан Бұқар жыраудың белгілі жыры «Жас қазақ» журналында жарық көрді. Бұл материалдар, сөз жоқ, Асан қайғы шығармаларының жиналып, зерттелуіне жол салды.

Осыған орай Сабыржан Шәкіржанның «Асан қайғы» атты мақаласын бөліп атауға болар еді. Автордың кейбір долбар-жорамалға бейім пікірлерін сын көзбен қарай отырсақта, оның Асан қайғының өмірі мен жасаған дәуіріне байланысты айтқан ойлары елеуге тұрарлық. Әрине, мұның көпшілігі К. Халидұғлының «Тауарих хамса Шархиында» келтірілген деректермен өзара ұштасып жатса да, аталған мақала Асан қайғы өмірінің кейбір қырларын дұрыс ашып көрсеткен. Автор ел болашағын ойлаған Асан өмірінің соңғы жылдарында Ақ Ордаға келіп, одан Жиделібайсын барып қайтыс болған деп көрсетеді. Бұл Шоқан айтқан пікірмен де үндес. Жеті өзеннің аталу тарихын әңгімелей келіп, ол халық аузындағы «Жеті өзенге шейін ел тоқтамас» деген сөз Асан атадан қалған екен» – деп жазады.

Асан қайғы жырлары ең алғаш мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарында басылып, жарық көрді. Бұларда Асан белгілі бір дәуірде өмір сүріп, халқының бақытты болашағын аңсаған кісі ретінде аталып, оның өлең-жырлары кешегі өткен ел өмірінің айқын көрінісі тұрғысында бағаланып келді.

Асан творчествосының арнайы зерттелуі қазақ әдебиетінің тарихына арналған алғашқы кітаптың үлесіне тисе, «Қазақ ертегілеріндегі» алғы сөз бен «Қазақ әдебиеті тарихының» соңғы басылымдарында Асан қайғының әдебиеттегі орны мен шығармаларының мән-маңызы ғылыми талдаулар арқылы байсалды бағасын алды. Бұлардағы Асан, ең алдымен, көркем сөз иесі – ақын ғана емес, халық әңгімелерінің аңызға айналған басты кейіпкері де. Ол, көбінесе, көшпелі елге ырысы мол құт-береке болатын шұрайлы қоныс іздеп, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» мамыражай заманды аңсаған жұрт қамқоршысы болып сипатталады. Сондай-ақ, ол бұл аңыздарда қазақ елі мекендеген қоныс-жай, жер-сулардың аса білгір сарапшы, сыншысы ретінде де, халықтың ертеңгі болашағын ойлаған асқақ гуманисі тұрғысында да бой көрсетеді.

Ә. Марғұлан өзінің «Қазақ халқының поэтикалық көне мәдениетінің сақтаушылары туралы» атты мақаласында Асан қайғы мен Бұхарды әйгілі Сыпыра жыраудың бірден-бір мұрагері, Қорқыт, Ұлық жыршы, Аталық, Сыпыралар негізін салған жыраулық дәстүрдің ізбасар, жалғастырушылары еді

деп жазып, оның Сыпыра жырау секілді кезінде эпикалық жырлар тудыруға да үлес қосқанын атап көрсетеді.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Асан тарихта болған ба? 2.Асан Қайғы қай ханға, не үшін ренжіді? 3.Асан Қайғының жерұйық іздеу себебі не? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 4. ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Дәрістің мақсаты: Доспамбет туралы аңыз әңгімелердің орыстың ұлы ғалымдарына белгілі болғаны жайында, Доспамбет шығармаларының зерттелуін толық меңгерту. Тірек сөздер:Азау, шаһар, аймадет, шаһид,Стамбул, Дешті Қыпшақ т.б. Дәрістің жоспары: 1.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің В.Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны. 2.Доспамбет шығармаларының «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі туралы 3.М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен» еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу. 4.1967ж.«Ертедегі әдебиет нұсқалары»,1971ж. «Алдаспан», 1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру. 5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу. Жыраулық поэзия туралы сөз қозғағанда,ноғайлы дәуіріндегі әдебиет

мұраларына біржақты қарап,оның ірі өкілдерін қазақ, қарақалпақ, ноғайдың әрқайсысына еншілеп келдік. Ал, шын мәнінде, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жырларын «төрде басы, төскейде малы бір болған», түбі бір туысқан, тілі етене жақын осы халықтардың төл шығармалары дегеннен гөрі ортақ туындылар деп таныған жөн болар еді. Мұның өзіндік тарихи сыры бар: Еділ мен Жайық арасын ноғайлар мен «қара бөріктілер» (қарақалпақтар), осы өңір мен оған жапсарлас Сарыарқаны қазақтар жайлап, аралас-құралас отырған бауырлас үш халықтың әдебиеті бір арнадан тарады да, XV-XVI ғасырларда бұл халықтардың ара-жігі соншалықты ашылған жоқ. Үш халық ішінде бәріне ортақ ру аттарының кездесуі де осы туыстық төркінінен болар.

Сол себепті де ауылы аралас, қойы қоралас, тілі бір, тіпті әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі де бір үш халық арасында Асан қайғы, Қазтуған, IIIалкиіз, Доспамбет аттары бірдей таралып, қазақ, қарақалпақ ноғайға ортақ тұлғалар болып танылған. Сондықтан да алғаш рет көрнекті қазақ ақыны Ғұмар Қараш «Ғабдолла Мұштақ» деген бүркеншік есіммен құрастырып, 1910 жылы Орынборда шығарған «Шаир, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында олардың жырларын жариялады да, бұл кейін жыраулар шығармаларының белгілі жазушы-ғалым М. Мағауин құрастырған «Алдаспан» (1971). «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989) жинақтарында, «Қазақ хандығы

дәуіріндегі әдебиет» хрестоматиясында (1993) жарық көруіне негіз болды. Сонымен бірге Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз шығармалары ноғай әдебиетінің өкілі ретінде М. Османов құрастырған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (СПб, 1883), А. Жәнібеков құрастырған «Ауыл поэзиясы иа де ноғай әдебиеті» (Мақашқала, 1935), «Яшав сокпаклары» (Черкесск, 1979) жинақтарына еніп, А. Сикалиевтің «Сынап қарап, сырласып...» атты зерттеуінде (Черкесск, 1975) олар ноғай ақындары ретінде, ал К. Мәмбетовтың Нөкісте шыққан «Әмудария» журналында жарияланған мақаласында (1972. № 9) қарақалпақ жыраулары ретінде зерттеледі.

Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықтары бірге өмір сүрген кез жыраулық поэзияның алтын дәуірі болды. Сол себепті де бөле-жаратын ештеңе жоқ екенін айта келіп, «бұл сипаттас біраз сөз үлгілеріне қазақ, ноғай, қарақалпақ, т. б. халықтардың ортақ еншілігі бар мұра ретінде қарау керек» деген Қ. Өмірәлиев пікірі мен бұл нұсқаларды осы халықтарға ортақ туындылар деп тану қажеттігін айтқан Р. Сыздықова ойын толық қостаған дұрыс.

Үш халық құраған «ноғайлы цикліндегі» әдебиетте үшеуінің де еншісі бар. Осы дәуірге тән жыраулар поэзиясы қазақ әдебиетінде кең арнамен дамыды да, ата-қоныс жер үшін, атамекен ел үшін «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қан төгіп, «ақтабан шұбырынды» заманын бастан кешкен халқымыз өлең-жыр өзегін кейінгі ұрпақтарға аман-есен жеткізді. Ғасырлар қойнауынан үзік күйінде болсын жеткен сондай асыл мұраның бірі – қазақ пен ноғайға да, қарақалпаққа да ортақ Доспамбет жырлары.

Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнекті ақын-жыраудың бірі – Доспамбет жырау.

Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры немесе Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағасы. Жырау өз есіміне Аймадет деген сөзді қосып айтады. Бұл жөнінде қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов Аймадет пен Доспамбетті екі батыр деп қарастырады, ноғай әдебиетінде Доспамбет Азаулы деген сөз тіркесімен ғана шектеледі. Аймадет пен Доспамбеттің бір адам екендігі туралы М. Мағауин: «Бұл оның руының не тайпасының аты болса керек... Ноғай тайпалары кейде өздерінің билерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен де атала береді екен. Әрине, ондай тайпалардың біраз уақыт өткен соң есімін өзгертуіне тура келеді. «Аймадет» те сондай атаулардың бірі болуға тиіс» деп, дәлелді пікір айтады. Қазақта да ру аты-мен қосақтап айтылатын Албан Асан, Әбубәкір Кердері, т. б. ақындар біршама. Сондықтан да Аймадет Доспамбеттің бір кісі екенінде еш күмән жоқ.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы терең тебіреніп ой қозғайды.

Жаралы жауынгер-жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштің ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр-аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық – ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта-сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау–жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін айқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.

Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі.

Арғымаққа оқ тиді Қыл мықынның түбінен, Аймадетке оқ тиді Отыз екі омыртқаның буынынан. Зырлап аққан қара қан Тыйылмайды жонның уақ тамырдан. Сақ етер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма, –

деген жыр жолдарында көшпенділер дәуіріндегі еліне жан жүрегімен берілген нағыз батыр жыраудың, ер ақынның бейнесі зерделенген.

Доспамбет жырларында айшықты көркем теңеулер, сырлы суреттер, өрнекті ойлар, образды символдар көп кездеседі. Мысалы:

Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, өкінбен, –

деген жолдарда жай ғана салыстыру, құбылыс мәнін ашу мақсат етілмеген. Бұл үзіндіде, керісінше, нақтылы зат, құбылысқа айқын ой, бедерлі бояу, маңызды мазмұн беру байқалады.

Жырау толғауларында батырдың жорық пен майдандағы басты серігі – ат пен жылқы маңызына ерекше мән берілген. Халқымыздың сол замандағы басты

байлығының бірі, ер қанаты – жылқыны үстірт сөзбен суреттемейді, керісінше, жауынгер жырау мінер арғымақты мінсе – көлік, шапса – тұлпар, ішсе – сусын ретінде қараған, ел тағдырымен етене құбылыс ретінде таныған.

Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес... Торы төбел ат мініп, Той тойлаған өкінбес, –

деген жыр жолдары осы ойды айқындай түседі. Қасиетті өзен Жайық бойы ежелден тұнған тарих болса, жауынгер жырау

жырларында Жайық азаттық жолындағы күрес тарихының ұйтқысындай елес береді.

Айналайын Ақ Жайық Ат салмай өтер күн қайда, –

деген жыр жолдарындағы жорықтың асқақ үнді, өршіл рухты сарыны Ақ Жайық бейнесімен астасып, бейбіт күндерді аңсаған темірқазық іспетті. Мұның өзі жыраудың ерлікті дәріптеумен бірге бейбіт өмірді армандағанын білдіреді.

Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан ғұмырлы, қашан да мәңгілік. Оның толғаулары өзінің мән-маңызы, ішкі толғанысы жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып жоғалып кетпей, бізге келіп жетті де, рухани бастаулардың қуатты көзі бола отырып, шығармашылығы мен күрескерлігі өзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл әдебиет дамуына игі әсерін тигізді.

Жырау шығармаларының кеңінен тарап, дәстүрін дамытқан ортасы – қазақ ортасы. Доспамбет есімінің қазақ жыраулар поэзиясының көшбасшылары қатарында аталуы да осыған саяды. Қай шығарма болсын өз алдына жеке пайда болмайды, оны орта тудырады. Доспамбет шығармалары ноғай топырағында туып, қазақ ортасында дамыды. Сондықтан да жырау туындылары бүкіл әдебиетіміздің жемісі болып табылады, халықтың рухани күш-қуаты мен мәдени қарым-қабілетінің артуына орай кейінгі ұрпақ бұл өршіл де асқақ сезімге толы жыр жолдарынан біздің адамгершілік қайнар көзіміздің бастаулары мен ерлік рухын, көркем сөз құдіретін танып ашады.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Орыстың қай ғалымына Доспамбет туралы аңыз әңгімелер белгілі

болды? 2.Доспамбеттің толғауларының тақырыбы не жайында? 3.Толғауларының маңызы не? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 5. ШӘЛГЕЗ (ШАЛКИІЗ) ЖЫРАУ. Дәрістің мақсаты: Шалкиіздің қазақ әдебиетінің тарихындағы өзгеше құбылыс,«феномен» екендігін,оның шығармашы- лығының зерттелуін толық меңгерту. Тірек сөздер: Пәлсапа, феномен, толғау, қағбам, араб торым т.б. Дәрістің жоспары: 1.Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу. 2.Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары. 3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге тоқталу. 4.Шалкиіз шығармаларының ерте кезде жарық көруі. 5.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы. 6.Ақын шығармашылығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі. 7.Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне, Шалкиіздің көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу. 8.Шалкиіз – қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік толғаулардың көш басшысы. 9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатың орны. XV ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі – Шәлгез (Шалкиіз).

Оның шығармалары қазақ ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Біздің қолымызда бар деректерге қарағанда Шәлгез шығармаларының алғаш қағаз бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысы. Бұған дәлел – жырау өлеңдерінің 1874 жылы жазылған «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дейтін көне дәптерде кездесуі.

Бұл дәптерде қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуіріне қатысты көптеген жыраулар мұрасы (Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, т.б.) мен «Орақ», «Мамай», «Әділ сұлтан» сияқты жырлар бар. Ноғай, құмық ауыз әдебиетін тұңғыш жинап бастырушы құмық ақыны Могомед Османов (1840-1904) құрастырып жариялаған «Ноғай уа құмық шиғырлары» (Санкт-Петербург, 1883) деген жинақтың ноғай, құмық жырлары бөліміндегі көптеген өлеңдер Үпі(Уфа) дәптеріндегі шығармаларға өте сәйкес келеді. М. Османов жинағындағы өлеңдер мен қолжазба дәптердегі жырлардың ұқсастығы ғылым үшін мәнді деректер берері хақ. Дәптердегі жазуларға қарағанда жырларды көшіруші Дәулетмырза да, дәптер иесі Ибрагим Шейхали сияқты. М. Османов жинағының

бір арнасы осы дәптер ме? Әлде Дәулетмырза М. Османов жинаған материалдардан көшірді ме? Немесе М. Османов пен дәптер иесі құмық ағартушысы Ибрагим Шейхали екеуі де бұл материалды ел арасынан қатар жинады ма? Қалай болғанда да осы дәптердегі мұралар – қазақ, ноғай әдебиетінің көне дәуірінен көптеген мәлімет беретін қымбат қазына. Аталған дәптерде Шәлгездің «Арық хан…». «Қатынасы биік күлләрден», «Боз үстінә от яккан», «Әжікам сен Мансұрұлы Токусан», «Ғизмәт иям би Темір», «Менің иям би Темірдің тұсында» деп басталатын алты өлеңі бар. Бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен бұл мәтіндерде кейінгі басылымдарға қарағанда сол дәуірдің жазу стилі мол сақталған. Алайда, мәтінде елеулі алшақтық жоқтың қасы.

Шәлгездің «Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып» деп басталатын көлемді толғаулары алғаш рет 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында жарық көрді. Бұл жинақта би Темірге айтқан екі толғауы («Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып») бір-тұтас, жалғас жарияланған. Араб әрпіндегі қазақша мәтіні мен орысша мәтіні қатар, салыстырыла берілген. Аталмыш толғаулардың күні бүгінге дейінгі басылымдарының ішіндегі ең толық нұсқасы – осы жинақтағы мәтіндер. Аталған жинақтағы Шәлгез толғауларының И. Н. Распопов аударған орысша мәтіндері 1885 жылы екінші рет басылады, кейбір кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастайды.

Шәлгез жыраудың өнегелік мәні зор өміршең толғаулары ағартушы Ы. Алтынсарин хрестоматиясынан да елеулі орын алғанын көреміз. Алтынсарин Шәлгездің «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») толғауын ағартушылық мақсатына орай өзінше тақырып қойып, «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең тарлан шүй», «Бар күшіңді сынамай», «Жақсы да келер бұ көпке» деп басталатын шумақтарын қысқартып, кейбір шумақтарын ғана жариялаған. Алтынсарин хрестоматия кәрі құлақ ересек адамдарға емес, жас балаларға арналғандықтан, солардың ұғымына қарай толғауға «Бір ханға бір бидің жамандардан қорлық көргенде айтқан сөзі» деген жалпылама, жеңілдеу тақырып қойып, «Ау, хан ием, хан ием» деген алғашқы жолын өз жанынан қосқан, кейбір сөздерін өзгертіп қолданған. Мысалы, Шәлгез толғауындағы «Аспанды бұлт құрсайды» – Ы. Алтынсаринде «Айды бұлт құрсайды» немесе «Сұлтан ием, сен менің бармай тапқан қағбамсың» – Ы. Алтынсарин хрестоматиясында «Тақсыр, менің бір күнде, сен бармай тапқан кебемсің» болып келеді.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрсе де, қазақ зерттеушілерінің назарына кеш ілінген – Шәлгез жырларының М. Османов жинағы мен В. В. Радлов кітабындағы мәтіндері. М. Османов жинағында жарияланған «Аспанды бұлт құрсайды», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының үзінділері мен «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстіне от жаққан» толғаулары, В. В. Радлов кітабындағы «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының әңгіме түрі «Шалкіз» және

«Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының үзінділері («Бәйтеректің иайқалмағы йелден-дір») жырау шығармаларының ноғай, құмықтар арасына тараған нұсқалары еді. Бұл нұсқалардың құндылығы сол – ноғай, құмық халықтары Шәлгез сынды сөз зергерінің асыл мұрасын сан ғасыр бойы ұмытпай, елеулі өзгеріссіз сақтауы. Әйтсе де, В. В. Радлов кітабындағы Шәлгез жолдарын ноғайлар арасынан кейінірек жиналған және қазақ еліне тараған нұсқаларымен салыстырғанда біраз сыр аңғаруға болады. В. В. Радловтағы «Шалкіз» әңгімесінде келтірілген «Менің ием Ша-Темір» деп басталатын он тармақтың қазақтар арасынан жазылған нұсқасынан айырмасы аз екендігі байқалады, тек қана би Темірді Ша-Темір (Шах Темір – Ақсақ Темір) деп жаңсақ жазған.

Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде Шәлгез шығармаларын қазақ даласына кеңірек таратып, таныстырған XX ғасыр басында жарық көрген «Жақсы үгіт» (Қазан, 1903), «Ақын» (Қазан, 1912), «Шайыр...» (Орынбор, 1910-1912), «Көксілдер...» (Орынбор, 1910-1912) жинақтары болды. Шәлгездің «Жақсы үгітте» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының толық нұсқалары, «Ақында» – «Шағырмақ бұлт жайтастар», «Көксілдерде» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының үзінділері, «Шайырда – «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының үзіндісі жарияланды.

Қазан төңкерісіне дейінгі өзге ақын, жырауларға қарағанда Шәлгез жырларының бүгінгі ұрпаққа жетуінде бір ерекшелік бар. Бірқатар жыраулар сөзі ел аузынан күні кеше ғана жазылса, ал Шәлкез шығармаларының ең берісі XX ғасырдың бас кезінде қағаз бетіне түскен. Ғылыми архивтерге соңғы жылдары ел арасынан жиналған жырлардың өзі осы ғасырдың бас кезінде жарық көрген жинақтардан жаттаған нұсқалар болып келеді. Мұның өзі Шәлгез жырларының ел арасында көне жырды көп білген кәрі құлақ қариялардың мол кезінде, бағзы сөз жүйесі аса көп өзгеріске ұшырамаған күйде қағазға түсіп үлгергенін аңғартады.

С. Сейфуллин жазғандай, ноғайлы дәуіріне жататын жырлар ноғай, қазақ бірге жайлаған бағзы Еділ, Жайық жағасын қоныс еткен қазақтар арасында молырақ сақталған. С. Сейфуллиннің «Радлов жинап бастырған ноғай елінің ескі ел әдебиетіндегі әңгімелердің, жырлардың бәрі де қазіргі қазақ атаулы елдің ескі ауыз әдебиетінде бар деуге болады. Радлов жинап бастырған ноғай елінің ескі ел әдебиетіндегі әңгіме, жырлардың «қазақшасы» ноғай еліндегілерден толығырақ айтылады» деуінің де қисыны бар. Шәлгездің ең көлемді, көркемдігі жоғары туындылары да Т. А. Сейдалин, С. А. Жантурин, Ғ.Мұштақ, А.Беркалыұғлы сияқты қазақ жинаушылары мен бастырушылары арқасында жарық көрген. Мысалы, Ғабдолла Мұштақ (Ғұмар Қарашев) Еділ, Жайық аймағына кең тараған көне жырларды, өзі жастайынан естіп, жаттап өскен Алшын тайпасы Ноғайлы-Қояс руынан шыққан батыр жырау Шәлгез мұраларын Шәңгерей Бөкеев қамқорлығымен «Шайыр», «Көксілдер» жинақтарында жариялайды.

Жоғарыда аталған жинақтарда көне мұраларды қазақ, ноғайлар арасындағы кәрі құлақ қариялардан, ақын, жырау, жыршылардан тірнектеп жинап, кей ретте өздеріне дейін жеткен жазбалардан көшіріп қағаз бетіне түсірген, не жариялатқан, сүйтіп халықтық асыл қазыналардың өмірін ұзартқан Ибрагим Шейхали (1874), Т.А.Сейдалин, С. А. Жантурин, И. Н. Распопов (1875), Ы. Алтынсарин (1879), М. Османов (1883), М. Бекмұхамедов (1908), Ғ. Мұштах (1910), А. Беркалыұғлы (1910-1912) еңбектері ерекше атауға лайық. Бұлар атадан балаға, баба жыраулардан жас жыршыға ұласып, халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан асыл туындыларды тарихқа әйгілеп, жоғалмас мұраға айналдырған игі еңбек иелері еді.

Шәлгез шығармалары кеңес жырларында М. Османов дәстүрін жалғастырып, 1905-1934 жылдарда ноғай ауылдары арасынан «Сөз қазынасы» аталатын төрт томдық әдеби мұра жинаған ноғай оқытушысы, фольклорист Абдулгамид Жәнібековтің (Ауыл поэзиясы иа де ноғай ел әдебиеті. Мақашқала, 1935. 1-бөлік), сондай-ақ, ноғай мектептеріне арналған әдеби оқулықтардың авторы, ноғай жазушысы Б. Абдуллин (Литературадан хрестоматия. Мақашқала, 1935) кітаптарында кездеседі. Бұл – екі кітапта да жарияланған « Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының жекелеген үзінділері еді. Толық нұсқасы А. Беркалыұғлының «Ақын» жинағында жарияланған бұл толғаудағы мағынасы дүдәмал сөздерді анықтауда, кейбір шумақтарын толықтыруда А. Жәнібеков, Б. Абдуллин кітаптары елеулі рөл атқарады.

Шәлгез шығармалары кеңес дәуірінде қазақ тілінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967) хрестоматиясында, М. Мағауин құрастырған «Алдаспан» (1971), «Поэты Казахстана» (1978) жинақтарында басылды, «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), т. б. топтамаларда жарияланды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әдебиет тарихы бөлімі дайындаған XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жыраулар мұрасының ғылыми басылымы (1982) жарық көрді. Бұл істер – есімдері көмескі тарта бастаған ақын, жыраулар мұрасын халық назарына ұсыну жолындағы игі қадамдар еді. Және бұл басылымдардың бір артықшылығы – бұрын әрқилы антологиялар мен архив қазынасындағы Шәлгез жырларын біркелкі жинақтап беруінде.

Ноғайлар арасындағы көне әдебиет нұсқаларын жинап, зерттеумен айналысып жүрген филология ғылымдарының кандидаты Ашим Сикалиев Шәлгез жырларын газеттерде жариялады. Ноғай арасында тараған Шәлгез шығармаларының қатарынан бұрыннан қазақ жұртшылығына таныс өлеңдермен бірге жаңа мәтіндерді де кездестіреміз. Мысалы, «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының «Жапырағы жасыл бәйтерек» тирадасының ноғайлар арасындағы нұсқасы «Байтерек» («Япырағы ясыл ала байтерек») аталады. Негізгі мазмұны бір болғанымен, екі нұсқаның әрқайсысында екі халықтың өзіндік сөз өрнегіне байланысты туған кейбір өзгерістері де бар. Немесе сол толғаудағы «Жапалақ ұшпас жасыл тау» деп басталатын шумақ қазақша

нұсқасында – 4, ал ноғайшасында – 12 жол. Алғашқы төрт жол екі нұсқада да бірдейге жуық.

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми

кітапханасы мен М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында Шәлгез шығармаларының бірқатар жазбалары бар. «Шағырмақ бұлт жай тастар» аталатын ұзақ толғауының Орталық ғылыми кітапхана қорында бес жазбасы, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында екі жазбасы сақтаулы: 1) «Песня хану Жанибеку Шалкеза» аталатын, А. В. Васильев транскрипциямен жазған 118 жол қазақша мәтін. Реті, түрколог А. В. Васильев бұл толғауды XIX ғасырдың аяғында Ы. Алтынсариннен кейін Торғай облысында халық мектептері инспекторы бола жүріп жазса керек. «Шағырмақ бұлт жай тастар» деп басылатын бұл мәтін А. В. Васильев жазбасында «Шалгездің Жәнібекке айтқаны» аталады. Негізінен М. Османов, В. Радлов, А. Беркалыұғлы жинақтарындағы мәтіндерін бірқатар өзгерістермен қайталайды. Бұл толғаныстар ел аузынан жазылған бірқатар қолжазбаларда, «Ақын» жинағында Шәлгездің Орақ, Мамайға айтқаны күйінде беріледі. 2) «Шалкиіз» («Шағырмак, бүлт жай тастар»)13. 1941 жылы крл- жазба кррына Ғ. А. Жүмалиев жолдаған көлемі 100 жол, орыс әрпінде жазылған мәтін. 3) «Шалкиіздің Орақ, Мамайға айтқаны». 1941 жылы 9 қыркүйекте Ахметов Ғабит тапсырған. Латын әрпінде жазылған түсінігінен өзге 110 жолдық мәтін. 4) «Шәлгездің термесінен үзінді және оның өмірі туралы түсінік». 1949 жылы қолжазба қорына тапсырған Әкеш. Фамилиясы көрсетілмеген. Бұл қолжазбада «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының 150 жолы ғана беріледі. «Өзі ұзақ, өте көп еді, ұмытыппын», – деп жазады Әкеш қария. Қолжазбада Шәлгездің ноғайлының ұлы биі Мұсаның жиені екені, жастай жетім қалып нағашыларының қолында өскені, Орақтың туыстары бақталас-бақастықпен оның ең жақын адамдарын айламен құртуды ойлағаны, сондықтан «түбі саған пайда бермейді, зарар көресің» деп, Шәлгезді Орақ, Мамайдан ажырату амалын қарастырғаны айтылады. Осындай қаңқу сөздерге иланған Орақ, Мамай оны жаман ат, өтпес қылыш, шолақ найзамен жалғыз өзін жауға жібереді. Жауды жеңіп келіп, Орақ, Мамайға ренжіген Шәлгез «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауын айтқан екен. 5) «Орақ, Мамайға Шалгездің айтқаны» («Шағырмақ бұлт жай тастар»). 1948 жылы Орал облысынан қолжазба қорына жолдаған Бержанов. Көлемі 229 жол, орыс әрпінде жазылған мәтін. 6) «Шәлгез». 1950 жылы Құсниев Мұрат тапс 7) «Шәлгиз батыр». 245 жол. 1961 жылы тапсырған Есқалиев Мұрат. Бұл жазба Арыстанғали Беркалыұғлы бастырған «Ақын» (Қазан, 1912) жинағындағы Шәлгездің «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауынан дәлме-дәл көшірілген.

Сондай-ақ, «Шағырмаұ бұлт жай тастар» толғауының 1964 жылы осы жолдардың авторы атыраулық жыршы Ғұбайдолла Зұлқашевтан жазып алған 186 жолдың бір жазбасы «Салкез батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» аталады. Мәтін түсінігінде Орақ, Мамайдың өзен үстіндегі салындыға кездесіп, салындыдағы сандық ішінен көрікті сәбиге кезігуі, оны асырап, өсіруі, салындымен кезіп келіп, тап болған сәби есімін «Салгез» қоюы, оның айтулы батыр болуы, бірақ оны Орда маңындағы бақталастардың күндеп, келімсек санауы, одан құтылу үшін жаман ат, шолақ найза, сынық қылышпен жауға жұмсауы, Шәлгездің жауды жайратып келіп, Орақ, Мамайға өкпе-ренішін толғап, өз жөніне кеткені баяндалады.

Тек ғана Ғұбайдолла Зұлқашев мәтінінде ғана емес, біз жоғарыда атаған қолжазбалардың бірқатарында, «Ақын» жинағында жарияланған мәтін түсінігінде де бұл толғанысты Шәлгез Орақ, Мамай батырлардың Орда маңындағы уәзірлер сөзіне еріп, оны сыртқа тебуіне ренжіп шығарғандығы айтылады.

«Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының бізге жеткен ең толық нұсқасы – «Ақын» жинағындағы мәтіні. Біз жоғарыда атаған сегіз қолжазбаның қай-қайсысы да бірі толығырақ, бірі үзінді күйінде осы мәтінді қайталайды. Ал, түсінігі толығырағы, ел аузындағы аңызға айналған деректерді молырақ қамтығаны – Зұлқашев Ғұбайдолла, Әкеш қария, Ахметов Ғабит қолжазбалары. Аталған түсініктер «Ақындағы» деректер негізінде жазылып, ертелі-кешті ел есінде сақталған әңгімелермен толықтырылған. Әрине, бұл жазбаларды мүмкін болғанша өзге әдеби, тарихи деректермен салыстырып қана ғылыми байлам жасауға болады.

Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорына 1938 жылы алынған «Шалгез жыраудың Би Темір ханға айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») аталатын араб әрпімен жазылған 165 жолдық толғауы, сондай-ақ, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында осы толғаудың араб әрпіндегі 86 жолдық бір жазбасы бар. Ахмеди Есқалиев 1961 жылы тапсырған осы соңғы қолжазба «Шәлгез Құлыншақұлының Темір ханға айтқаны» аталады. Аталған жазбалардың қай-қайсысы да «Записки...», «Жақсы үгіт» жинақтарында жарияланған Шәлгездің «Би Темірге айтқаны» («Аспанды бұлт құрсайды») толғауынан тараған. Себебі, олардың ешқайсысы да «Записки...», «Жақсы үгіт» жинақтарындағы мәтіннен толық емес және айтушылардың аз-кем өлең жолдарын өзінше өзгертіп жырлағаны болмаса, ерекше назар аударарлық елеулі өзгерістері жоқ.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрсе де, қазақ зерттеушілерінің

назарына кеш ілінген – Шәлгез жырларының М. Османов жинағы[90] мен В. В. Радлов кітабындағы[99,224-226сс] мәтіндері. М. Османов жинағында жарияланған «Аспанды бұлт құрсайды», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының үзінділері мен «Арық хан»,

«Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстіне от жаққан» толғаулары, В. В. Радлов кітабындағы «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының әңгіме түрі «Шалкіз» және «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының үзінділері («Бәйтеректің иайқалмағы йелден-дір») жырау шығармаларының ноғай, құмықтар арасына тараған нұсқалары еді. Бұл нұсқалардың құндылығы сол – ноғай, құмық халықтары Шәлгез сынды сөз зергерінің асыл мұрасын сан ғасыр бойы ұмытпай, елеулі өзгеріссіз сақтауы. Әйтсе де, В. В. Радлов кітабындағы Шәлгез жолдарын ноғайлар арасынан кейінірек жиналған және қазақ еліне тараған нұсқаларымен салыстырғанда біраз сыр аңғаруға болады. В. В. Радловтағы «Шалкіз» әңгімесінде келтірілген «Менің ием Ша-Темір» деп басталатын он тармақтың қазақтар арасынан жазылған нұсқасынан айырмасы аз екендігі байқалады, тек қана би Темірді Ша-Темір (Шах Темір – Ақсақ Темір) деп жаңсақ жазған. Ал, В. В. Радлов кітабындағы екінші толғау мынадай:

Бәйтеректің иайқалмағы йелден-дір, Қарт терек йапырағы ол береннің белден-дір, Төрелердің кешінмесі елден-дір, Ақ киіктің йүгірмесі майдан-дыр. Ойнайық, достылар, күлейік, Ажалымыз алда білер қайдан-дыр.

Бұдан 73 жыл кейін А. Сикалиев жариялаған мәтінге назар аударайық: Япырағы ясыл ала байтерек, Яйкалмағы желдендир, Ясармағы колдендир. Япырағы береннин Түсе қалса белдендир. Төредердин кишинмеги әлдендир, Кунадыл мен кийиктин Ойнар ери майдандир, Ювырмағы аркасында майдандир, Аласадын ишер сувы сайдандир, Арғымактын ат болары сойдандир. Кундызлы кырпув борк кийип, Байлардын мактанбагы малдандир. Яхшылардын акыл таппак ойландир, Ийгитлердин сыпайы болмак бойдандир. Ялан кылыш байланып, Ата ұлы әр ийгиттин Яу кайтармак сойдандир. Ойнайык, дослар, күлейик, Ажалымыз алла билер қайдандир[100] .

Ертелі-кешті ноғайлар арасынан жазылған бұл екі мәтіннен бірден байқалатын сыр – бірінің – 6, екіншісінің – 20 жолдан тұратындығы. В.В.Радлов

мәтініндегі ой А. Сикалиев мәтінінде түгелдей қамтылады және өлең сөздері, ұйқастары ұқсас келеді. Сонымен қатар айтылған ойды көріктендіре түсетін «құндызлы кырпув борк кийип» дегендей образды жолдар, ат жақсысы мен жігіт жақсысын санамалап, салыстыра беретін терме, толғауға тән дәстүрлі суреттеулер кездеседі. Алайда, жыр ұйқасында «майдандир», «сойдандир» сияқты сөздердің қайталанып келуі толғаудың логикалық жүйесінің шашыраңқылығын танытады.

Ноғайлар арасынан жазылған бұл екі мәтіннің түп төркіні М. Османов жинағында кездеседі. Себебі, аталмыш жинақ В. В. Радлов кітабынан – 13, А. Сикалиев жариялауынан – 86 жыл бұрын жарық көрген. Және бір ерекшелігі – М. Османов жинағындағы мәтін қазақтар арасынан жазылып, жарияланған Арыстанғали Беркалыұғлының «Ақын» (Қазан, 1912. 14-15-бб.) жинағындағы 8 тармақтан тұратын мәтінге жақын:

Жалп-жалп еткен бәйтерек Жайқалмағы желден-дүр, Шалулығы белден-дүр, Төренің кешігуі елден-дүр, Байлардың мақтанбағы малдан-дүр, Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр, Кешу-кешмек сайдан-дүр, Батыр болмақ сойдан-дүр, Жалаңаш барып жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр.

Арыстанғали Беркалыұғлы жинағын негізге алып, М. Османов мәтіні бойынша толықтырылған бұл нұсқа – Шәлгез жыраудың «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауындағы шумақтардың бірі. В.В.Радлов,А.Сикалиев мәтіндеріне қарағанда логикалық жина–қылығы басым, әрі көркем. Демек,В.В.Радлов,А.Сикалиев мәтін–дерінде айтушылардың азды-көпті қоспасы, жүйесіздігі болғанымен, «Жапырағы жасыл бәйтеректің» түп негізі саналатын М. Османов, А. Беркалыұғлы нұсқаларына қарағанда қазақ, ноғай халықтарында сақталған Шәлгез жырларының көп өзгеріске ұшырамағаны байқалады.

Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде Шәлгез шығармаларын қазақ даласына кеңірек таратып, таныстырған XX ғасыр басында жарық көрген «Жақсы үгіт» (Қазан, 1903), «Ақын» (Қазан, 1912), «Шайыр...» (Орынбор,1910-1912), «Көксілдер...»(Орынбор,1910-1912) жинақтары болды. Шәлгездің «Жақсы үгітте»–«Би Темірге айтқаны»,«Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының толық нұсқалары, «Ақында»– «Шағырмақ бұлт жайтастар», «Көксілдерде» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының үзінділері, «Шайырда–«Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының үзіндісі жарияланды.

Қазан төңкерісіне дейінгі өзге ақын, жырауларға қарағанда Шәлгез жырларының бүгінгі ұрпаққа жетуінде бір ерекшелік бар. Бірқатар жыраулар сөзі ел аузынан күні кеше ғана жазылса, ал Шәлкез шығармаларының ең берісі XX ғасырдың бас кезінде қағаз бетіне түскен. Ғылыми архивтерге соңғы жылдары ел арасынан жиналған жырлардың өзі осы ғасырдың бас кезінде жарық көрген жинақтардан жаттаған нұсқалар болып келеді. Мұның өзі Шәлгез жырларының ел арасында көне жырды көп білген кәрі құлақ қариялардың мол кезінде, бағзы сөз жүйесі аса көп өзгеріске ұшырамаған күйде қағазға түсіп үлгергенін аңғартады.

С. Сейфуллин жазғандай[22,319б], ноғайлы дәуіріне жататын жырлар ноғай, қазақ бірге жайлаған бағзы Еділ, Жайық жағасын қоныс еткен қазақтар арасында молырақ сақталған. С. Сейфуллиннің «Радлов жинап бастырған ноғай елінің ескі ел әдебиетіндегі әңгімелердің, жырлардың бәрі де қазіргі қазақ атаулы елдің ескі ауыз әдебиетінде бар деуге болады. Радлов жинап бастырған ноғай елінің ескі ел әдебиетіндегі әңгіме, жырлардың «қазақшасы» ноғай еліндегілерден толығырақ айтылады» [22,327б] деуінің де қисыны бар. Шәлгездің ең көлемді, көркемдігі жоғары туындылары да Т. А. Сейдалин, С. А. Жантурин, Ғ. Мұштақ, А. Беркалыұғлы сияқты қазақ жинаушылары мен бастырушылары арқасында жарық көрген. Мысалы, Ғабдолла Мұштақ (Ғұмар Қарашев) Еділ, Жайық аймағына кең тараған көне жырларды, өзі жастайынан естіп, жаттап өскен Алшын тайпасы Ноғайлы-Қояс руынан шыққан батыр жырау Шәлгез мұраларын Шәңгерей Бөкеев қамқорлығымен «Шайыр», «Көксілдер» жинақтарында жариялайды.

Жоғарыда аталған жинақтарда көне мұраларды қазақ, ноғайлар арасындағы кәрі құлақ қариялардан, ақын, жырау, жыршылардан тірнектеп жинап, кей ретте өздеріне дейін жеткен жазбалардан көшіріп қағаз бетіне түсірген, не жариялатқан, сүйтіп халықтық асыл қазыналардың өмірін ұзартқан Ибрагим Шейхали (1874), Т.А.Сейдалин,С. А. Жантурин, И. Н. Распопов (1875), Ы. Алтынсарин (1879), М. Османов (1883),М.Бекмұхамедов (1908), Ғ. Мұштах (1910), А.Беркалыұғлы(1910-1912)еңбектері ерекше атауға лайық. Бұлар атадан балаға, баба жыраулардан жас жыршыға ұласып, халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан асыл туындыларды тарихқа әйгілеп, жоғалмас мұраға айналдырған игі еңбек иелері еді.

Шәлгез шығармалары кеңес жырларында М.Османов дәстүрін жалғастырып, 1905-1934 жылдарда ноғай ауылдары арасынан «Сөз қазынасы» аталатын төрт томдық әдеби мұра жинаған ноғай оқытушысы, фольклорист Абдулгамид Жәнібековтің (Ауыл поэзиясы иа де ноғай ел әдебиеті. Мақашқала, 1935. 1-бөлік), сондай-ақ, ноғай мектептеріне арналған әдеби оқулықтардың авторы, ноғай жазушысы Б.Абдуллин(Литературадан хрестоматия.Мақашқала,1935)кітаптары–нда кездеседі. Бұл– екі кітапта да жарияланған « Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының жекелеген үзінділері еді.Толық нұсқасы

А. Беркалыұғлының «Ақын» жинағында жарияланған бұл толғаудағы мағынасы дүдәмал сөздерді анықтауда, кейбір шумақтарын толықтыруда А. Жәнібеков, Б. Абдуллин кітаптары елеулі рөл атқарады. Шәлгез шығармалары кеңес дәуірінде қазақ тілінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары»(1967)хрестоматиясында, М.Мағауин құрастыр–ған «Алдаспан» (1971), «Поэты Казахстана» (1978) жинақтарында басылды, «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), т. б. топтамаларда жарияланды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әдебиет тарихы бөлімі дайындаған XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жыраулар мұрасының ғылыми басылымы (1982) жарық көрді. Бұл істер – есімдері көмескі тарта бастаған ақын, жыраулар мұрасын халық назарына ұсыну жолындағы игі қадамдар еді. Және бұл басылымдардың бір артықшылығы – бұрын әрқилы антологиялар мен архив қазынасындағы Шәлгез жырларын біркелкі жинақтап беруінде

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Шалкиіз шығармалары қай тілге аударылған? 2. Шалкиіз қажылық сапардан кімді, неге алып қалды? 3.Шалкиіз шығармасын зерттеген кімдер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 6. ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Дәрістің мақсаты: Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын,ел қорғаған ер екендігін, әділетсіздікке, қарсы екендігне студенттердің көзін өлеңдерін талдау арқылы жеткізу. Тірек сөздер: Еңсегей бойлы ер Есім, Алау батыр, әскербасы, би, шежіре т.б. Дәрістің жоспары: 1.Жиембет Бортоғашұлының өмірінен мәлімет. 2.Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. 3.Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. 4.Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. 5.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты. 6.Жиембеттің есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы екендігі». 7.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы. 8.Жырау шығармашылығының маңызы. 9.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын, ел қорғаған ер екендігін дәлелдейтіні. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған небір майталман ақын-

жыраулар өздері өмір сүрген кездің жақсылығын да, келеңсіз мәселесін де кеңінен толғап, кемеліне келтіріп сөз еткен. Осы орайда Асан қайғыны, Қазтуғанды, Бұқар жырауды еске алсақ та жеткілікті. Халқымыз «тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп сөз өнерін соншама биік бағалапты. Осындай асыл сөз иесі–XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардар Жиембет.

Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын «Алдаспан» жинағында жан-жақты талдай келіп: «Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам.

Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз.

Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы», – десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған.

Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім

ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды:

Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менің кеңесім! Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін –дейді.

Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы-жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын.

Жиембеттің Есім ханға шалыс келуі бір себептен Асан қайғыдан тамыр тартқан дәстүр жалғастығы сияқты. Ол – Асанның Әз-Жәнібекке айтты дейтін кең толғамы, терең пәлсапалық дүниесі. Жиембет Асан қайғының сол толғауларының түрі мен мән-мазмұнын дамыта түскен.

Жиембеттің жоғарыда сөз еткен «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты. Өйткені, жырау:

Ертеңгі күн болғанда, Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға, Есіктегі ебесін, Сонда, ханым, не дейсің, –

деп, ханға ауыр салмақ сала отырып, сол салмақты көтеретін жөні бар екенін де тереңнен қозғап айтады.

Алайда, азуы алты қарыс ақын ары қарай тарата, тармақтата толғайды. Ол: Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің. Жиембет қайда дегенде, Не деп жауап бересің?! –

деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір-қасиетінің қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, «көп қорқытады, терең батырады» деген, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға дөң айбат та көрсетіп қояды.

Меніменен, ханым, ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай. Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Беріктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай. Көруші едім, Есім хан, Ханымды – күнім, сізді – айымдай, –

деп толғаған Жиембет жырау өрлігіне сүйсіне түсесің. Жыраудың осы өлеңде қолданған теңеу-эпитеттері жарасымды, қазақы пиғыл, қазақы психология. Ол өзінің ішкі-сыртқы портретін айнытпай салып тұр... Бір жағынан Есім ханға жырау ешкімнен сескенбейтін жаужүрек екенін, тіпті тұрысатын жерінде «жолбарыс пенен аюдай» ерлігі бар екенін де ескерте кетеді. Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім – ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен, енді Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Бұл туралы «Жақсы үгітте» былай делінген: «Бұрынғы достық дұшпандыққа душар болды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауыз-ауызбенен айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын». Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз. Көк аспан қақырап, қара жер қақ айрылып кетсе де, көкірегіндегісін жасырмай бетке айту – шынайы ерліктің нағыз кісіліктің ісі екені түсінікті. Тымырайып кек сақтау, үндемей аңысын аңду, ішінде иті өліп жатудан оңбаған тірлік бар ма, одан асқан зұлымдық бар ма?! Жырау бұл жолды қаламай, ақиқатын сардита айтқан.

Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын-туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі-жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауынан білеміз, ол:

Мені өлсе құнсыз кетер деймісің, Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай. Тілеуберді құлың мен емес, Мұның, ханым, жөн емес, Менің ер екенімді көргенсің, Әзілдеп бірге жүргенсің. Дегенімді қылғансың, Қайратымды білгенсің, Ағбытпа, ханым, күннен соң, Сіздің естен кеткенмен, Біздің естен кеткен жоқ, –

деп, ақын тіпті Есім ханмен сырлас-мұңдас болып бірге жүріп, бірге тұрғанын да жан-жақты сөз етеді. Жырау өзінің талай-талай қанды шайқаста көзсіз ерлік көрсеткенін, жайшылықта жанына жалау, қолтығына демеу болып, бір туып, біте қайнасқанын да тереңнен толғайды. Ол «мен кісіден көрген ізгілігімді жақсылықпен қайтаратын адаммын, сен де бір кездері менен мол сыбаға алып едің, соны ұмыта көрме» дей келіп, ары қарай сонау бір алыстағы, ұмыт болып кеткен ескі «жараның» аузын ашып, ханның сасып, қарашаның қашқан, жаудың мысының басқан кезін нақты, шебер суреттейді:

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Соқыр бурыл байталға Сонда бір жайдақ мінгенсің, Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға қылаған, Сұлтандар суға сылаған, Қаз мойынды ханыша, Қалада тұрып жылаған... Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан!

Тіпті хан басымен «соқыр бурыл байталға» ер-тоқым, айыл-тұрмансыз мінгеніне дейін тәптіштеп, қорықпай-үрікпей салмақты сөз саптайды. Бұл – бұл ма, одан әрі Жиембет іс-әрекетін тереңдете, әріден қозғап, ханға зіл тастай отырып, оны екіншілей көрмеске, онымен мәжілістес, сұхбаттас болмасқа серт бергендей шымырлата, буырқана, ашына жырлайды:

Қайрылып қайыр қылуға, Қылығың жоқ ұнаған. Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман. Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат саурысын берермін, Алыста дәурен сүрермін, Қарамасаң, ханым, қарама, Сенсіз де күнім көрермін.

Жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, құдай тәубасын аузына келтіргендей.

Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей-бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Жиембет жыраудың арғы атасы кім болды? 2.Жиембеттің атқарған қызметі қандай болды? 3.Есімге арнаған толғауының себебі не болды? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,

28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36.

ДӘРІС 7. МАРҒАСҚА ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.

Дәрістің мақсаты: Марғасқаның бізге жеткен жырларының тақырыбын ашу, шығармашылығын, өмірін толық меңгерту. Тірек сөздер: Қатаған, Шашышқылы,әмірші,қалмаққа қарсы жорық, жер тәңірсіп т.б. Дәрістің жоспары: 1. Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі. 2. Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі. 3.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы. 4.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты қолжазбасындағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға тоқталуы. 5.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы. Марғасқа жырауды қай жылы туып, қай жылы қайтыс болғаны әлі де

белгісіз, не тарихи кітаптарда, не көне құжаттарда, немесе ескі шежірелерде мына жылы дүниеге келіп, мына жылы дүниеден өтті деген нақтылы дерек кездеспейді. Ғылымда Марғасқа XVII ғасырда өмір сүрді деп айтылады.

Жыраудың өз дәуірінде әлденеше ұзақ-ұзақ толғаулары да болған шығар. Алайда, соның көбісі бізге жетпеген, кезінде хатқа түспегендіктен ел жадынан шығып, бұл күнде ұмыт болған.

Марғасқа ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүріпті. Ал, осы атақты Ер Есім жайлы Қазанғап Байболов үлкен дастан жазған. Ол жыр Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында (№513) сақтаулы. Осы аталған еңбекте Ер Есімнің қазақ халқын қырық жыл бойы басқарып, белдеуінен тұлпары кетпегені, білегінен қылышы түспегені, өмірінде бел шешіп тыныш ұйықтамағаны жан-жақты айтылыпты.

Есім ханның үлгілі істерін талай тарихшылар жазған да, айтқан да шығар, бірақ ол туралы XVII ғасырдағы Марғасқа толғауы ерекше бағалы екені даусыз. Өйткені, ол айбынды ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғанға ұқсайды.

Ғалым-жазушы М. Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті: «XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған хан «Еңсегей бойлы Ер Есіммен» байланыстырылады.

Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі

феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімнің жолына кесе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Тәшкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім жорықтан орала салысымен Тәшкентті шауып алып, Қатағандарды қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның өзін өлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша 1627 жылы болған.

Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған». М. Мағауинның бұл деректері Марғасқаның өмір сүрген кезінен біраз мәліметтер береді.

Жоғарыда айтқанымыздай, XVII ғасырда өмір сүрген Марғасқаның бізге жеткен жалғыз өлеңі ғана бар.

Бұл шағын өлең небары 13 жол. 1627 жылдар шамасында Тәшкенттің сол кездегі әміршісі Тұрсын ханға байланысты туған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының осы уақиғаға қатысты қолжазбасында былай делінеді: «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған күнде Ташкентте Тұрсын хан Қатаған деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан мен Есім хан ант етісіп, бір-бірімен жау болмасқа бата қылысты. «Күнбатыс Бұқар, Қоқан, Самарқандпен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертістің басынан кір, аяғынан шық», – деп Тұрсын хан кеңес берген соң, мың кісі қосын алып Есім хан күншығысқа бет қойды».

Тұрсын хан Есім ханды алдап аттандырып жіберіп, иесіз қалған елді шауып алады.

Марғасқаның: Ей, Қатағанның ханы Тұрсын Кім арамды ант ұрсын, –

деп ашына айту себебі де осыдан. Мәшһүр жазбаларында бұл екі жол сәл өзгеріспен былай делінеді:

Қатағанның хан Тұрсын, Қай кеткенді ант ұрсын, –

Бұл мақал содан былай жұрт аузында қалыпты деседі. Есім ханның Ташкентті алуы өте шұғыл. Қаланы алу барысында көп қан

төгіледі. Мұның себебі, біріншіден, Тұрсын ханның сөзінде тұрмауы болса, екіншіден, Есім ханның Тұрсын хан сілтеген жорықта көп қиындықты басынан кешіргендігі болса керек. Мәшһүр Жүсіп бұл ретте былай деп жазады: «Ол күнде Шу мен Сарысу асқан соң, Ертіске дейін елсіз, жыртылып айрылған аңнан басқа дәнеме жоқ екен. Елсіз-күнсіз далада кім жүруші еді деп Есім хандар аттарын қоя беріпті. Бұлар бейғам жатқанда, көліктерін түп көтере қалмақтар айдап кетіпті. Мың сарбаз шөл далада жаяу қалады:

Мінгені Есім ханның ала белді, Бойында Шідертінің қара көрді. Көрінген сол қараны кертағы деп, Аттарын шідер салып қоя берді.

Есім ханның тобы алыстан көрінген жау жасағын аңдармен шатастырып тағы да алдауға түседі, әрі баспанасыз, әрі азық-түліксіз он күн бой құлан жортпас қу медиенде ауыр қиыншылықтарды бастарынан өткереді. Есім хан жасақтарына: «Азаматтар, шоралар, біз бүйтіп жатпайық. Мен жортар аттың он күнге баратын жеріне бір күнде барамын. Маған еругіе жарайтының бар ма?» – дейді. Хан он күндік жолды бір күнде жүре алмаса да, оның бұл сөзі еңсесі түскен сарбаздардың рухын көтереді.

Есім хан ақыры аттарын айдап кеткен жауды қуып жетеді. Алайда, ол өзінің Көкаласын таба алмай көп іздейді. Есім хан тұлпарының сырына қанық қалмақтар оның ер-тоқымын алмай, күндіз-түні қостың қасында, шылбырын қолдарынан шығармай ұстайды. Мұны көрген хан шылбырды жасырынып келіп, білдірмей кесіп жіберіп, атының үстіне қарғып мінеді де, «аттандап» айғайға басып, өз аттарымен бірге жаудың да аттарын айдап кетеді.

Есім ханның кейінде жаяу қалған сарбаздары қолдарына бір-бір шыбық ұстап, ханның бағытымен артынан жылжып отырады, қонған жерлерінде қолдарындағы шыбықтарын бір жерге жиып, ертеңгісін әркім өзінің шыбығын алып, жолға шығады. Бұл жол бойы қанша адамның опат болғанын білу үшін керек екен (өлген сарбаздың шыбығы орнында қалады). Бұл кеңесті оларға кетерінде Есім хан береді-мыс.

Ұзақ шайқастан арып-ашып қырық сарбазымен ғана елге жете берген Есім ханға, жолда біреу Тұрсын ханның елді шауып, басып алғанын айтады. Хан жынданып кетеді, байлап тастамақшы болған қырық жігітін қырық жаққа лақтырады. Бір кезде тынығайық деп жата кетеді. Әрі-беріден кейін хан орнынан тұрып: «Маған не болған, үсті-басымның бәрі шаң ғой», – деп, жолдастарынан сұрайды. — Тақсыр, сіз жындандыңыз. — Онда неге мені байлап тастамадыңдар? — Күшіміз жетпеді. — Бір адамға қырық адамның күшінің жетпегені ме?! — Иә, солай болды, хан ием. — Ендеше, осы қырқымыз да жынданайық, сөйтіп Ташкентті басып алайық. Бір адамға 40 адамның әлі келмесе, 40 адамға бір шаһар халқының күші жетпейді, – дейді.

Есім хан айтқанындай Ташкентті бір-ақ түнде қолына қаратады. У-шусыз Тұрсын ханның ордасын басып алады. Міне, осы кезде Есім хан жасағының ішіндегі өткір, бір бет ақын Марғасқа:

Ей, Қатағанның ханы Тұрсын Кім арамды ант ұрсын.

Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың! Алтын тақта жатсаң да, Ажалы жеткен пақырсың! Еңсегей бойлы Ер Есім Есігіңде келіп тұр, Алғалы тұр жаныңды, Шашқалы тұр қаныңды[118,103б], –

дейді. Осы бір түйіп айтылған өлең жолдарынан ақынның өжеттігі, халқына деген

қамқорлығы айқын көрінеді. Марғасқаның бізге жеткен қысқа өлеңінде батырлық сарын басым. Жалғыз

Марғасқа емес, Марғасқаға дейінгі және одан кейінгі біраз жыраулар жайында осыны айтуға болады. Бүкіл бір шаһардың ханы Тұрсын ханның алдында Марғасқаның қынаптан суырған қылыштай өткірлікпен:

Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың! Алтын тақта жатсаң да, Ажалы жеткен пақырсың! –

деуі кездейсоқ емес еді. Мұндай сөзді айту тек Марғасқа сияқты жүрек жұтқан жыраудың ғана қолынан келген.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Ғалым жазушы Марғасқа туралы қандай пікір айтты? 2.Марғасқа жыраудың хан Тұрсынға арналған өлеңінің шығыуына не себеп

болды? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,

28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36.

ДӘРІС 8. АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Дәрістің мақсаты:Ақтамберді жырларының азаттық, бостандық толғаулары екендігін жеткізу. Тірек сөздер: Күлдір-күлдір кісінетіп, балпаң-балпаң, Жүрек жота т.б.

Дәрістің жоспары: 1.Жырау ұрпақтарының айтқан деректері, әрі “Тауарих хамса” бойынша Ақтамбердінің атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. 2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді болғандығы туралы түсінік. 3.Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу. 4.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы, тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудару. 5.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі-Шалкиіз, Доспанбет сияқты өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы екендігіне түсінік беру. 6.Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота төбесінің басында екендігінен хабар беру. 7. Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде пайдалану. Ақтамберді жаугершілік заманның әрқилы кезеңдерін басынан көп

өткерген. Егер «Алдаспанға» сүйенсек, 93 жыл өмір сүріпті, яғни 1675-1768 жылдарда дәуір кешкен. «Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына» қарағанда, бізге мұрасы молырақ жетсе керек еді, әзірше қолда бары шағындау. Немесе Ақтамберді өлеңдерінің біршамасы басқа жырауларда ауысып жүруі мүмкін, XV-XVIII ғасырлар поэзиясында ондай жағдайлар кездеседі.

Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының белді өкілдерінің бірі, аты әр жерде айтылғанымен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы қазынасына қарағанда, жырау жорық-жортуылдарға мүлдем ілесіпті. Егер ол «он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» десе, өмірінің тең жарымының көбісі басқыншылармен күресте еткен кісі.

Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көргенге ұқсайды, адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы, елдік, жерлік мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Жырау ақиқатты айтудан тайсалмайды, шындық туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де сол тұстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар. Жырау баққа да, таққа да таласпайды, көкірек көзі халың даналығымен суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек. Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан

күйінде айтып кете берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ, қолымызға әлі қомақты дүниелері түсе қойған жоқ.

«Ақтамберді жырау (1675-1768) эпикалық жанрдың ақыны болған. Өзінің жырларында ол батырлардың ересен ерліктерін асқақ береді.

Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз. Күрек тісін ақситып, Сұлуды сүйер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып, Кіреуке тон киер ме екенбіз. Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз Сауыт киер ме екенбіз. Сырттан сауыт киген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол қашырар ма екенбіз.

Ақын өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақырады. Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше естіледі.

Жырау жырлары қарапайым қауымның ой, арманын, мінезін, өрісін айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау-мінеумен, келелі кеңеспен жыраулар ел, жер, күн дауын шешуде зор рөль атқарған. Мәселен, ірілеу боп келсе толғауға түсіп кетіп, дала заңын өздерінше жасауға тырысқан. Кезінде Ақтам6ерді толғауы да осал қызмет істемеген.

Ақтамберді творчествосында басқа тұстастарына қарағанда «меннің» көріне бастауы анықтау секілді. Ол өзінің ғұмырнамасын жырларына толық түрінде болмаса да ептеп түсіре берген. Жалған айтып, жағымпазданып тәуір көрінемін деу онда жоқ, күйінгенін, көңілі қалғанын, алыс арманын айтады. Ал тап берген жауға қарсы жігерлендіруге, алға ұмтылдыруға келгенде одан өткір үгітші, трибун кездеспейді. Бала-шағасын ұмытуға, ат үстінде түн қатуға әзір. Исі қазақтың тұтастығын, іргесінің ыдырамауын ойлаған көсем шешендердің бірі.

Ақтамберді сияқты көреген жырау атамекенді тар мағынада түсінбесе керек, отырықшылдықты ойлауына қарағанда, біраз алысты қиялмен болжаған адам. Тақпақ-термелерінде ішіне сыймаған ойлары жатыр, соны сыртқа шығарған. Қынжыла толғанып шығарғандары ошақ басы емес, ерлікті, елдікті аңсаған зиялы зергердің келбетін танытады.

Көшпенді тіршіліктің де өзінше бір қуаты, романтикасы барын Ақтамбердінің афоризмдерінен байқау қиынға түспейді. «Көшпенді ақындардың өлеңдерінде өзара ұқсас бастау, кіріспе, риторикалық сауалдар,

лепті көтермелер, дәстүрлі теңеу, салыстырулар қиялының көріне бастауы бой көрсетеді».

Өзге жырауларға қарағанда Ақтамбердіде қаратпа тіркеспен басталатын өлеңдер жоқтың қасы. Жаугершілік заманда өмір сүріп, ел батырларымен үзеңгілес бола жүріп, оларға арнау, толғау айтпауы қалай деген сауал туады. Соған қарағанда Ақтамбердінің әлі қолымызға түсе қоймаған, ел арасында жүрген шығармалары бар шығар.

Жырау – өз уақытының көрегені. Тарихи деректердің ар жағында не нәрселер жатқанын біз кейде бажайлап біле бермейміз. Хандардың ішіндегі қаныпезер, ел тонағыш, өз пайдасы үшін қарапайым халық өкілдерін құрбандыққа шалатын әділетсіздерін жыраулар аяусыз мінеп-шенеген. Олар тақта отырған хандардан тайсалмаған.

Меніменен, ханым, ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Беріктігімді сұрасаң, Қарағай мен қайыңдай, –

деп, Еңсегей бойлы Ер Есімге тап берген Жиембет жырау Бортоғашұлының жүрегінің түгі бар шығар деп ойлап қаласыз. Әніки, Жиембет пен Марғасқада болған батылдық Ақтамбердіде болмады деп айта алмаймыз. Ерлігімен де, сөзімен де Орта жүзді аузына қаратқан жыраудың ер үстінде өткізген жорық күндерін тізіп айта бермеуі де мүмкін. Қабанбай, Бөгембай, т.б. батырларды Ақтамберді білмеді деп және айта алмаймыз. 1728-1730 жылдары жорықтарға батырлар да, жыраулар да белсене қатысқан. Ақтамберді сол кезде елудің о жақ бұ жағындағы жігіт екен. Сыртқы жауға шапқанда бірігіп кететін де, ішкі жағдайдағы жесір дауында, ер құнының тұсында өзара шыж-быждасып та қалған.

Ғалымжан Мұқатовтың айтуынша: «Найманнан Қабанбай батыр мен Ақтамберді жырау жүз кісімен келіп, ерінің құнын, жесірін даулайды. Даугерден сөзді әуелі Ақтамберді жырау бастап:

Уа, қарт Бөгембай, Құяр жауын аспаннан, Қара бұлт торласа, Бәлекет елде көбейер, Жігітті жігіт қорласа. Ақбөкен келіп жығылар, Алдын қазып орласа. Пенденің бағы ашылмас,

Маңдайы қалың сорласа. Дұшпан қорлап не қылмақ, Бақыт басқа орнаса. Қынаптан қылыш суырмай, Қарысқан жау бүлк етпес. Жуылмай қастың қанымен, Намысқа тиген кір кетпес. Шабыссаң, кәне, шыдап көр, Жау емессің күш жетпес. Дарабоздай қолбасы Абыройын кірлетпес. Ұрын келген ер қайда? Жесірім қайда тіл өтпес? Жендетті көрсет көзіме, Желіккен басты кім кеспес! Еліңді жүндей түткізіп, Қанды көбік жұтқызып, Жайратамыз осы кеш! – дейді сұстанып.

Сонда Қанжығалы атынан Үмбетей жырау буырқанып, тебірене тоқтау айтады». Екі жақ пәтуаласады. Бұл да жыраудың өсиетші, ақыншы, кеңесші болғанын көрсететін ерекше көрініс. Алғыр, орақ ауызды шешен, Ақтамберді мұндай ел ішіндегі бітімдерге аз араласпаған болуға керек.

Ақтамбердіден қалған мұра әзірше 300 жолдан аспайды. Ерліктің қалың ортасында жүрсе де, жырау қарапайым халық тұрмысын бейнелеуге көбірек бұрылған, тіршілікке көңілі толмай, мол армандағанын, жалғыздықтан, қолдың қысқалығынан жапа-зәбір шеккенін шығармаларынан танимыз. Түр, тақырып, объект жағынан Ақтамбердінің басқа жырауларға ұқсайтын да, ұқсамайтын да жақтары бар.

Ақтамберді жырау табиғатқа, адамдарға бір табан жақын. Шарықтап аспанға да шығып кетпейді, жерден, елден қуат алады, мұңын да, сырын да тыңдаушысынан жасырмайды, бастан кешкен ғұмырлық тәжірибесін қорытады, қиындық пен ауыртпалықтың момын халықтың иығына түскеніне күйінеді, ерлік пен өжеттігін және жасырмайды.

Ақтамберді өлеңдері жыраулардың ауыз әдебиетінен бөлініп, жеке отау тіге бастағандығына дәлел. Халық даналығын көркейтіп одан әрі жетілдіруші, сөз өнерін жаңа ерге апарушы ретінде көрінеді. Соғыс алаңы мен сөз майданында қатар көзге түсу екінін, бірінің қолынан келе бермейді. Әлгі есіңізде болар, «Ел күйінгенде күйінген батыр, ел сүйінгенде сүйінген батыр, ерегісте мыңға татыр» демекші, Ақтамберділердің өзі де, сөзі де мыңға татитыны рас. Халқына қымбат жыр сыйлаған жүйріктердің қашанда бағасы өлшеусіз болмақ. Өз уақытының қашанда озық ойлы кісісі болу жеңіл міндет емес.

«Атадан алтау туғанның» жүрегі қалай, немесе «Атадан жалғыз туғанның» халі қандай, Ақтамберді жырау сол жайды жақсы ұғындырады. Тақырыптың ішіне кірместен бұрын бес-алты ауыз, не одан да көп кіріспе жасайды, не табиғатты суреттеуден, не жыр арнаған адамның өмірбаянынан баяндаудан бастап кетеді. Мұндай әдіс, әдетте, жырауға желпініп, қанатын қомдап, қияға сілтерге қажет. Одан кейін мүдірместен жүйріктей сілтеп кетеді. Діттеген жеріне жетіп тоқтағанша жырау көркем сөзді барынша төгіп салады. Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» дейтін атақты толғауы сондай бір көркем шабыттың келісті көріністі сияқты.

Жырау көрген, білгеннің бәрін тізе бермейді, көкірегіне түйгенін салмақтап, саралап қана шығарады. Жыраудың халық үшін қадірі сонда жатса керек. Суырып салмаға да (импровизация) іштей дайындық қажет, ондай әзірлікті жырау ауыз әдебиетінен алады, халық шешендігінен үйренеді. Осындай жақсы үйренудің нышандарын Ақтамберді поэзиясынан көреміз.

Жырау толғаулары өміріне, жай-күйіне, қарапайым тұрмысына жақын тұрады. Негізінен дидактикалық сипатын сақтайды. Ақылды да жадағай, жалаң айтпай, аталық өре тұрғысынан толғап екшеп, өз басынан кешкенін қорытып береді. Сондықтан да Ақтамберді афоризмдері иланымды, сенімді сезіледі.

«Халық әдебиетіндегі адамгершілік пен ерлік, ел қорғау, кемтар қауым даналығын суреттеу, берекелі бейбіт өмірді іздеу идеялары – халықтық абзал дәстүрдің құлан иек атқан таңы, туу шағы болатын. Ол дәстүрдің өмірлік орнығуын, қалыптасу кезеңін XV-XIX ғасырлардағы тарихи жырлар мен ақын, жыраулар мұрасынан айқын көреміз».

Сол адамгершілік пен ерлікті, елдікті жырлаған жыраулардың бірі Ақтамберді толғаулары мен төрттағандарында осы ізгі бағытты берік ұстанған. Түбінде жақсылықтың жеңетіндігіне сенеді, келсе адамдық жаса, пендешілікке барма дейді. Жетім менен жесірді ішіп-жеп, оны қорлауға қарсы шығады. «Сөзі көпке өтпесе, жал-құйрықсыз жалғыздар» екенін анықтайды.

Ол өмір туралы көп толғайды, алуан ойларға батады. Қолымызда бар шағын шығармаларының денін Ақтамберді жасының ұлғайған кезінде шығарған шығар деген пікірге тірелеміз. Олай дейтініміз, көрген, білгенін, түйгенін жырау зерделі насихатпен, көңілге қонатын сөзбен табиғи жеткізеді, әшекейлеп, астарлап жатпайды.

Бір құбылысты екінші бір құбылысқа теңестіру, салыстыру арқылы әдемі, айшықтай ой тастайды, өз уайымының шеңберінде қалып қоймай, іштегі дертін сыртқа, сол кездегі кедей қауымның ауыр тұрмысына ортақтастырып шығарады. Тұрмыс, тіршілік күйі туралы түйіндері жеке болып келгенмен, өзара тұтас бір туындының келбетін береді. Ғибрат, нақылдары жарасымды, еркін, шебер күйде.

Тегі, Ақтамберді ерлікті де, шешендік өнерді де жастайынан аңсаған адам. Ауыз әдебиетінің озақ үлгілерінен өнеге алғанын жыраудың көркем тілі айтып танытады. «Кәрі ақсайды ақылдан, ер ақсайды жақыннан» десе, ащы шындықты

аңғарамыз. «Жауласарға жау емес, дауласарға дау емес, жақынға қылман зорлықты» десе, адам қарым-қатынастарының күрделі, астарлы екенін шебер тілмен түйеді.

Жыраудың тұжырым-түсініктері өз ортасының қоғамдық түсініктерінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан хабар береді. Ақтамберді айтпағын аса жұмбақтамай, ашық үнмен, қанық бояулармен береді. Ләззаттан гөрі, тұрмыстан жеген опығының молдығын жасырмайды. Жинақы, жұмыр шумақтарға терең ой сыйғызып жібереді. Ру мәселесіне емес, рухқа көңіл бөледі. Топшыларын өрнекті, таза тілмен жеткізе біледі.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі кімдер? 2. Ақтамбердінің зираты қайда? 3. Ақтамбердінің Қаракерей Қабанбайға қандай қатысы бар ? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,

28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36.

ДӘРІС 9. ТӘТІҚАРА АҚЫННЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Дәрістің мақсаты: Бізге жеткен жырлары аз болса да тіл байлығы

өткірлігімен әдебиетімізде өз орнын алатындығын дәлелдеп, өмірін, шығармашылығын меңгерту. Тірек сөздер: Кебеже қарын,кең құрсақ,жортуыл кернейшісі,болат найза т.б. Дәрістің жоспары: 1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы,басқыншыларға қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі” екендігі. 2.Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы. 3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы. 4.Ақын өмірінен мәлімет. 5.Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылуы. 6.Абылайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді серігі, оның сарбасшысына дем берушісі болғандығы. 7.Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу. 8.Шығармашылығына талдау: «Қамыстың басы майда, түбі сайда ». Өлеңнің шығу тарихына назар аудару). Абылай сарбаздарына қауып төнгенде, жігер беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы. - Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға беруі. Тәтіқара– XVIII ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының көрнектілерінің бірі.

Абылай бастаған сарбаздардың айтулы жырауы. Жалаң қылыштай өткір мінезімен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен жорықтастары алдында үлкен беделге ие болған. Аспаннан бұрқаған қара дауылдай, жерден шыққан қара пәледей жау төнгенде, яғни жасақтардың барар жер, басар тауы қалмай тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі іспеттес. Сол себепті де ол:

Алдыңнан – су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда! –

деп, тосылып тұрған сарбаздарға ұран тастайды. Кескілескен бір ұрыста жыраудың осы ұлағатты сөзінен кейін қара түнек бұлттың ішінен күн жарқ ете түскендей жасақтар арындап тасып жатқан судан аман өтіпті деседі.

«Тыңдаусыз болса сөз жетім, іздеусіз болса қыз жетім» дейтін бабаларымыздың ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін есті сөзге тоқтамаған кезі кемде-кем. Өз өмірінің көбін шапқын-сүргінде өткізген қазақ халқы елін жаудың ызғарынан, жерін жаттың атының тұяғынан қорғаштап-ақ баққан ғой. Ол үшін ақау шықпас ауыз бірліктің, мызғымас жігердің қажет екенін өмірдің

өзі көрсеткен. Осы орайда сүттей ұйыған татулыққа кім шақырмақ, төмен түскен еңсені кім көтермек? Мұндай кезеңде жыраудың орны өзгеше. Жырау – халықтың қорғаны, ол ең алдымен өзін емес, өзгені ойлаған. Екінші сөзбен айтсақ:

Алдаспан ауыр қылыш суырған, Ажалға қарсы жүгірген, –

дегендей ел-жұртының қылышы, семсері. Ел аузындағы деректерге сүйенсек, оның ішінде шежіре қарттардың

айтқанына құлақ ассақ, Тәтіқара Сарыкөл маңайындағы Уақ руынан шыққан, Уақ ішінде Қалмақ деген атадан, Ақынның туып-өскен жері – қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданы.

Тәтіқараның саналы өмірінің бәрі дерліктей Абылай ханның төңі-регінде өткен. Оның себебі, жұрттың бәріне билігін мол жүргізу үшін Абылай өз маңына ақын, жырау, шешен, батырларды топ-топ ұстаған.

Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда» атты толғауы мен Ер Шобан жыраудың толғауы сырттай бір-біріне ұқсас. Екеуінде де көптеген батырлардың аттары аталып дәріптеледі. Оқиғаның шығу төркіні де екеуінде бір негіздес. Екеуі де жан қысылғанда айтылған мадақ.

Тәтіқара жырында аталатын батырлардың өмірде болған адамдар екені тарихтан белгілі. Айталық:

Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза, –

дегендегі Арғын ішіндегі Шақшақ деген кіші атадан шыққан Жәнібек батыр Абылай ханға асқан ержүректілігімен, қара қылды қақ жарып кесіп айтатын әділдігімен, ұсақ-түйекке мән бермейтін еркек мінезді тәкаппарлығымен ұнаған. Ш. Уәлиханов батырдың бір көрінісін былайша суреттейді: «Үнсіз темекі тартып отырған батырға жас жігіт батыл жақындап келіп:

– Жәнібек батыр, темекіңізден мархабат етіңіз, – дейді. Жәнібек жас батырды елемеген кейіппен темекісін өзінің қалтасына салып қояды. Аздан соң қайтадан ұрыс басталып кетеді. Сарбаздар бірі садақпен, бірі айбалтамен, бірі шоқпармен ханның төңірегіне жинала бастайды. «Алғы шепке шығатын кім бар?» деп Жәнібек батыр жар салады. Сонда өзінен темекі сұраған жас жігіт Байғазы бірінші болып саптан алға шығады. Он мың сарбазы бар қалмақтар жан қояр емес, түтіп жеп жылжып келеді. Ақыры қазақтар тым-тырақай қаша жөнеледі. Қалмақ басқыншыларының алдында еңгезердей ірі қалмақ бірнеше қазақты аттарынан аударып тастап, жайпап келе жатады. Сонда Жәнібек ақырып: «Біздің қазақтардан мына бір есерсоқтың басын шауып түсіретін бір еркек кіндікті тумаған ба?» – дейді. Бұл сөзді естіген соң қатты намыстанған Байғозы жаңағы атан түйедей қалмақты садағымен ат үстінен қалпақтай ұшырып түсіреді. Қазақтар бұл уақиғаға қатты рухтанып кетіп, кері соғады да, жеңіске жетеді. Байғозының ерлігіне сүйінген Жәнібек оған шақшасын ұсынады. Байғозы Жәнібек батырға жақындап келіп: «Батыр, темекіні тартатын

кез енді келді», – дейді. Осыдан бастап Тарақты Байғозының атын жұрттың бәрі біледі».

Тәтіқара толғауындағы бір топ сарбазды өз басшылығына алған Жәнібек батыр тек ерлігімен ғана емес, өзінің үлкен адамдығымен, зор беделімен де ірі тұлға. Біз төменде тағы алғыр батырлармен жүздесеміз, олар мыналар:

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Абылай ханның бірде «Өз батырларыңыздың ішінде қайсысы сіздің жүрегіңізге жақын?», – деп сұрағанда, ол: «Ілгеріде өткен азаматтардың ішінен нағыз таңдануға тұрарлығы екеу-ақ. Қалданның қолынан тоқсан тұтқынын қайтарып алған Қаракесек Қазыбек пен тұтқындарға үйде отырып бостандық алып берген Уақ Деріпсәлі. Алғашқысы Қалданға өзі барып сұрап қайтарып алған болса, кейінгісі өз аулында отырып жаудың зәресін алды. Менің батырларымның ішінен байлығы, ерлігі және мінезі жағынан Бәсентин Малайсары, ал ақылы мен ерлігі жағынан Уақ Баян бәрінен жоғары тұр», – дей келіп, тағы да бірнеше қырағы батырларын қосатынын ескерткен.

Баянды кейде Сары, Баян деп қосарлап атайды, оның себебі, қалмақпен бір қатты ұрыста Баян батыр өзінің бауыры Сарымен бірге қайтыс болады.

Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт. Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде Ер Жабайды айт.

Бөгембай батыр – қазақ тарихындағы өте ірі тұлға. Ол бар өмірін елі-жұрты үшін сарп қылған аяулы азамат, XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында болған жоңғар мен қазақ жасақтарының арасындағы шапқыншылықта қазақ сарбаздарын басқарушы қолбасшы.

Бөгембайдың өз тұсында халқына қандай игілікті еңбек еткені, жұртына қандай қадірменді адам болғаны жөнінде мәліметтер өте мол. Ел ішінде ол жайында дастан, аңыздар мол тараған, ал ерлігі жайындағы әңгімелер өз алдына бір қыруар. Біз оның бәріне тоқтап жатпаймыз.

Тәтіқара жыраудың тағы бір өлеңі Қытай мен Абылай сарбаздарының арасында болған шабуылды сипаттайды. Бұл жырды кезінде Шоқан Уәлиханов орысшаға қара сөзбен аударған. Осы толғаудан бізге жеткен шағын үзінді Шоқан аудармасының дәлдігін көрсетумен бірге, екеуінің негізінде шындық оқиға болғанын анықтай, айқындай түседі:

...Көп қытайдың жылқысы Тұрымтайдай құнысты. Жау жағадан алғанда, Ит етектен алғанда, Ер Абылай қорыққан жоқ,

Әншейін еңкейе бере жылысты. Бәсентин Сырымбет Оқ жіберіп ұрысты. Ақыр қалмақ қашқанда, Дегбір қалмас сасқанда. Баяндай ерді көрмессің, Бұрылып жауды шанышқанда.

Осы кішкене үзіндіден ұрыс даласының көп шындығы нақты елес береді, ақын өзі көрген, нақ ортасында болған майдан көрінісін оның барша кейіпкерлерімен, олардың әрқайсысына лайық қимыл-әрекетімен дәл бейнелейді. Мұны жырау сөзінің құдіреттілігі, күштілігі, пәрменділігі ретінде атауымызға болады. Ұрыс даласын, батырлар қимылын ақын батырлар жырындағы белгілі дәстүр негізінде бейнеледі. Соның өзінде жыраудың өзіндік сөз нақышын аңғару қиын емес.

Осы ұрыста Абылай бастаған қазақтар саны көп, күші басым қытай әскерлерімен табан тіреп ұрыса алмай, шегінуге мәжбүр болады.Жауынгерлердің еңсесі түсіп кеткенін көрген Тәтіқара бір жағы күйінішпен, бір жағынан жұрттың рухын көтеру үшін табан астында суырып салып,жырлап қоя береді.

Осының қарсаңында ғана ойрат империясын оп–оңай бағындырып алған қытайлар1756 жылы қазақ жеріне енеді. Абылай екі рет ұрысып, екеуінде де шегінуге мәжбүр болады.

Яғни Тәтіқара шығармасы 1756 жылы туған. Бұл – ақынның өмір сүрген уақытын дәлірек білуде үлкен мәні бар дерек.

Айтылмыш жырдың түп нұсқасы біздің заманымызға жекелеген үзінділер түрінде жеткен.

«Кебеже қарын, кең құрсақ Артық туған Абылай Көтере көр бұл істі:

Көп қытайдың жылқысы Тұрымтайдай құнысты. Жау жағадан алғанда, Ит етектен алғанда, Ер Абылай қорыққан жоқ, Әншейін еңкейе бере жылысты. Бәсентиін Олжабай Оны да мен ер көрдім, Оқ жіберіп ұрысты».

Жырдың тағы бір үзігін Мәшһүр –Жүсіп қолжазбаларының арасынан ұшыратамыз. Онда өлеңнің кімдікі екендігі айтылмаған.

«Ақыл қалмас қашқанда, Дегбір қалмас сасқанда,

Баяндай ерді көрмессің, Бұрылып жауды шанышқанда».

Тәтіқара «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген көне мақалдың жөнімен реті келгенде тартынбайтын, әділдікті көзіне айтқан турашыл, бетті ақын болған.Бұған мысал ретінде ел аузында қалған мына бір әңгімені келтірейік. Қалмаққа жорыққа аттанған батырларға еріп Абылайдың тұңғыш ұлы бала жігіт Жанбай да кеткен екен, сол сапарда қаза тауыпты. Баласының өлімі жанына батқан хан бас көтермей жатып алады. Жаугершілік заманда өлім, қаза –әдепкі құбылыс. Ол таңдап, талғап алмайды, жалпыға бірдей. Сол жорықта жалғыз Абылайдың ұлы ғана өлген жоқ, талай жас қыршынынан қиылды,сол себепті ел билеп отырған әмірші тек өз қара басының ғана қайғы –зарын шегуі – кейбір шонжарлардың да,жұрттың да қытығына тиеді. Сол көптің атынан Тәтіқара сөйлейді. Абылайдың кеше ғана «Түркістаннан келген ұл» екендігін,оның осы жұрттың өзі хан көтергендігін айта келіп ақын: «Үш жүздің баласы Ақылдасып, жолдасып, Хан көтеріп еді, – Үш жүздің баласын Бір баласындай көрмеді, Ат құйрығын сүзіңдер Аллалап атқа мініңдер, Хан талау қылып алыңдар», –дейді. Мұндағы бір назар аударарлық жай – үнемі хан қасында болған Тәтіқараның бұл жолы оған қарсы топты жақтауы. Әрине, жоғарыдағы сөздерді айтқызған ақынның батылдығы ғана емес, – артында «тәңірісі» тұр. Алайда осының өзі–ақ Тәтіқараның үнемі тура басуға тырысып отырған адам екендігінің айғағы іспеттес. Тәтіқараға қатысты бізге белгілі мәліметтер осындай. Әрине,импровизатор ақын туғызған жырлардың дені сақталмаған. Бұл– жалғыз Тәтіқараның емес, қазақтың өткендегі талай талантты ақынның трагедиясы. Тәтіқараның біздің дәуірімізге жеткен шығармалары, жоғарыда да айттық, оның үлкен сөз зергері болғандығын көрсетпейді. Бұл тұрғыдан алғанда,Тәтіқара – қарабайыр көп ақынның бірі.Алайда Тәтіқара шығармалары өзінің қарбалас шақтарда, от–жалында туғандығымен, тәуелсіздік жолындағы күрестің қиын кезеңінде жұрттың рухын көтерген, елге жігер берген ұран іспеттес болғандығымен құнды. Бұл тұрғыдан алғанда Тәтіқара жырларының жоғалғандары да, біздің заманымызға жеткендері де,–өз міндетін атқарды деп айта аламыз. [174,87-90бб]

Тәтқара Абылаймен бірге жаугершілікте жүріп, оның әрі ақыны, әрі батыры болған. Бұл турасында М. Мағауин: «XVIII ғасыр әдебиеті жайында сөз болса, Тәтіқара ақынның аты аталмай қалмайды. Жұртшылық санасындағы

Тәтіқара қазақ халқының тарихындағы қиын кезеңдердің біріндегі сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, өз отандастарын қайтпай ұрысуға шақырушы жауынгер ақын, жортуыл кернейшісі», – деп, Тәтіқараның тарихи рөлін байыпты бағалаған.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Алғаш Тәтіқара жырына кім көңіл аударды? 2.Тәтіқараның шыққан тегі кім? 3. «Көше тоқыраулы судың бойынан» деген өлеңді кімге арнап шығарған? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25,27,28, 29, 31,

32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 10. ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.

Дәрістің мақсаты:Үмбетей шығармаларының халқымыздың Тарихында ерекше орын алатын батырлар туралы бізге мәнді хабар беретіні маңызды екендігін түсіндіру.

Тірек сөздер:Жауқашарға, Бәкеге, Бекболат биге, Бөгембай өліміне т.б. Дәрістің жоспары: 1. Үмбетейдің өмірі туралы болжамдар. 2. Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді, халықтың сөз өнерін

ерекше меңгеруі, халқының бай музыкасын да жетік білуі. 3. Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі,

халық әдебиетінің әсері. 4. Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық

мәнінде екендігі. 5. Сондай-ақ, оның жыраулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар

туралы толғаған жырлары жайында. 6. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70-жылдарында шығарған

Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны туралы сөз қозғау.

7. Үмбетайдың Абылай заманындағы ел қорғаған халық батырлары туралы мадақ толғауларды шығарушылардың басы болғандығы.

8. Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі. 9. Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы. 10. Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш

буыннан тұруы Тілеуұлы Үмбетейдің жырау ретінде артына қалдырған мұрасы аса көп

емес. Небары жеті-сегіз толғау. Бар қазынасына байыптап қарағанда батыр-жыраулығы ерекше көзге түсіп тұрады

XVIII ғасырда өмір сүрген дуалы ауыздың бірі – Үмбетей Тілеуұлы әскери жорықтарға қатысқан, батырлығы да, ақындығы да қатар жүрген кісі. Шығармасының дені арнаудан тұрады. Әдебиет зерттеушісі М. Мағауиннің айтуынша: «... өз тұсындағы дабыралы ерлер жайлы тарихи поэмалар жасау ісіне белсене араласқан». Әзір қолда бар шығармалары шағын. Академик Қажым Жұмалиев Үмбетейді Бұқардан кейін атапты. Бұнда бір мәніс жатыр.

«Шығармалары өз аттарымен біздің дәуірімізге дейін сақталып келген әдебиет өкілдері: Бұқар, Үмбетей (XVIII ғ.), Дулат, Жанкісі, Байтоқ, Жанұзақ, Шернияз, Алмашты, т. б. (XIX г.) алсақ, бәрі бір дәуір, бір кезеңде өмір сүрсе де, олардың дүние тану, өмірге көзқарастары әр басқа. Өйткені, бұлардың бәрі бір таптың ақындары емес. Әркім өмір құбылысын өз ортасы арқылы, өз табының көзқарасынан танымақ».

Үмбетей – бері де өмір сүрген ақын. Оған белгілі дәстүрді жалғастырушы ретінде қараймыз. Үмбетей есімі Бөгембай батырмен қатар аталады. Арнау

жырларымен аты шыққан. Жалпы, XV-XVIII ғасырлар арасындағы қазақ поэзиясының дені арнау, толғаулар десек қателеспейміз.

Қазақ әдебиеті жанрларының тарихын еске алғанда, алдымен ауызға түсетін жанр толғау екендігін, оның жеке-дара ақындар, жыраулар мұрасында көріне бастағанын айта кету керек. Үмбетей жырларының қолда барының дені толғау. Жырау мақалдап, мәтелдеп сөйлейді, халық даналығына сүйенеді. Айтқандарына қарағанда әділетті, ақылды кісі болып елестейді. Оны Бәкеге арнаған жолдарынан байқаймыз. Бұл өлең 1968 жылы қарт журналист Ғалымжан Мұқатовтан жазып алынған. Ал, Ғалымжанның кімнен, қайдан, қашан алғаны белгісіз.

«Алдаспан» жинағында айтылғандай, Үмбетейлермен аталас Жауқашар деген адамның бірінен-бірі өткен бұзық, сойқанды тоғыз ұлы болады. Бір жолы бұлар өздерімен ағайын көрші ауылға барымтаға шығып, үйірге салып жүрген бураларын әкеп сойып алады, Екі атаның арасында дау туады. Бәке деген кісі Жауқашардың тоғызына ара түседі. Сонда Үмбетей әлгі әділетсіздікті әшкерелеп, «Бәкеге» атты өлеңін айтыпты. Әрине, бұл шындықтан туған шымыр жолдар болса керек. Сол дәуірдегі жыраулардың бір қасиеті – ойларынан ешнәрсе шығармаған, өзі өмір сүрген ортаның ғана жағдайын жырға тиек еткен.

Үмбетейдің шығармаларында толық мәтіні кездесуі некен-саяқ Арасынан бірдеңелер қалып отырғанға ұқсайды, қайталаулар ұшырайды.

«Ауызша дәстүр XVIII ғасырда өмір сүрген үш жыраудың – Бұқардың, Үмбетейдің, Тәтіқараның есімдерін сақтаған. Аңыздарға және кейбір архив құжаттарына қарағанда, бұлар феодалдық ақсүйектерден шыққан», – деп жазады ғалым Н. С. Смирнова «XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары» деген мақаласында. Белгілі фольклорист Үмбетейді Бұқардан кейін бекерге атап отырған жоқ сияқты, Үмбетей жыраулық поэзияның толысқан тұсына тап келген кісі. Марқасқа, Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың толғаулары толғаудың әлеуметтік келбетінің кемелденген кезеңіне келетіндігін өз еңбегінде академик Әлкей Марғұлан көрсеткен.

Тәтіқара мен Бұқардың арасындағы орынды толтырып, тарихта болған батырлардың ерлігін паш еткен Үмбетей толғаулары санаулы ақ, онда басқалардан ауысып жүрген дүние көрінбейді, бәрі өзінікіндей оқылады. Үмбетей шығармалары халық поэзиясының қасиетін бойына жақсы сіңірген. Өлеңдері шешендік сөздерге жақын тұрады.

Үмбетейдің поэзиясында жеке-даралық творчествоның белгілері айқындау көріне бастаған, оны анық объектісі бар арнау өлеңдерінен аңғаруға болады. Бұған «Бәкеге», «Бұқарға» дейтін Үмбетей айтқан бірқатар толғаулар куә. Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жыраудың үлкен эпикалық сарынға икемі барлығын байқаймыз.

Жырау «тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып» жүрген тоғыз тентекті сынға алады, оларға араша түскен Бәкеге «не бетіңмен қорғайсың

Жауқашардың тоғызын» деп, озбырларды әділеттілікке, адамдыққа шақырады. Жақсы ұл мен жаман ұлдың айырмашылығын анықтайды.

Ұл он беске келгенше, Қолға ұстаған қобызың, Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса доңызың.

Осы шумақтан Үмбетейдің отбасылық институтқа қандай талаптармен қарағандығын сеземіз. Ол баладан көрген базарын да, азарын да жасырмайтын сияқты. Балалық, жастық, кәрілік жыраулардың тұрақты тақырыптарының бірінен саналады. Жыраудың «Дін пұсырман баласы адамдықтан жерімес» деуіне қарағанда, мұсылмандықтан адамды жақсартатын біраз нәрселер іздеген болуға керек.

Жауқашарға» деген өлеңі «Бәкеге» арнауының жалғасындай, жалпы екеуі біртұтас дүние болуы мүмкін. Ол кезде өлеңге тақырып қоймаған, айтқан жерден халықтың өзі қағып алып, келесі ғасырға жеткізген. Үмбетей сөздеріне қарағанда көпшіліктің, көптен шыққан батырлардың ақылшысы, кеңесшісі болған кісі. Шағын қазынасының өзінен көргені, білгені мол мейірімді адамның келбеті елестейді.

...Кісіні көрсең, есікке Жүгіре шық, кешікпе. Қарсы алмасаң мейманды, Кесір болар несіпке, –

деп, жырау мезгілсіз келген қонақа да қуанады. Бұл – әрі батыр, әрі ақынның ғана аузынан шығатын сөздер.

Үмбетей жырларында фәлсафа айтып келіп, мәселені әйел жайындағы түйінмен тәмамдайды. Өзіне сауал қояды да, жауабын өзі береді. Түйенің биенің, адамның, жаманның қандай болатындығын нақты сөздермен келтіріп, тұрмыс философиясын тартымды бейнелейді.

Үйіңдегі ұлың жаман болса, Есіктегі құлмен тең. Қойныңдағы қатынын, жаман болса, Қаңтардағы мұзбен тең, –

дейді жырау «Бұқарға» атты арнауында. Мұнда да ұлдың жақсы, жаманы сын таразысына түседі. Әйелдің нашарын «Арқаңа артқан тұзбен тең» дейді. Өзі жорықта жүрсе де от басының тірлігін, бірлігін тілеген кісінің келбетін елестеді жырау.

...Бәйбішең аю болса, аса алмассың, Қарау болса, әй, деуге бата алмассың. Мейманға отың басы болса суық, Еліңе жақсы жігіт атанбассың, –

деген Үмбетейдің бұл шумағындағы ойлар Бұқардың: Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас. Жаман қатын алсаңыз, Топқа кірер ұл тумас, –

деген жолдарымен үндесіп келеді. Үмбетейдің «Ей, Ақтамберді» деп басталатын он үш жол өлеңі де өмірге

өздігінен келмегенге ұқсайды. Құн дауы ма, жесір дауы ма, әйтеуір, ар жағында бір жәйттің бар екені анық. Екі жырау да қарсы келгенде қандыра жауап қайтармаса көңілдері көншімейді. Ақырып жеткен Ақтамберді жырау Үмбетейге тіл тигізе сөйлейді. Бір батырының құнын қуа келіпті.

Қынаптан қылыш суырмай, Қырысқан жау бүлк етпес. Қанымен қастың жуылмай, Намысқа тиген кір кетпес. Шабыссың, кәне, шыдап көр, Жау емессің күш жетпес[134,13б].

Тоқтататын сөз шықпаса, Ақтамбердінің екпіні жаман, мерт етуі мүмкін. Тура жауаптан тайсалу керек пе, жоқ, Үмбетейде де жүрек бар, үндемей қалатын кісі емес.

Суытпа босқа түсіңді, Қайрама онша тісіңді, Сырт тазасы не керек, Тазарт әуелі ішіңді. Мен арғын дейтін арыспын, Азуы кере қарыспын. Сен бұзау терісі – шөншіксің, Мен өгіз терісі – талыспын[134,14б], –

деп, Ақтамбердінің айбынын басады. Жырау сөзі алмас қылыштан да қуаттырақ, өткір естіледі. Үмбетей Ақтамберді жырауды жақсы біле, сыйлай тұра, тура жауабын беруден тайсалмайды.

Үмбетейдің эпикалық күшінің барлығын байқататын өлеңнің бірі – «Бекболат биге» арнағаны. Әдетте, жыраулар кесімді пікір айту үшін сол тақырыптың өзіне тура кіріспей, орағытып, тұспалдап, көтеріңкі кіріспе жасап алады. Мысалы:

Мен пайғамбардан бастасам, Әңгімеге кетермін. Едігеден бастасам, Ертегіге кетермін. Келтесінен қайырсам, Сөз түбіне жетермін, –

деуінде біраз мән жатыр. Осы арқылы шешендік сөздің салмағын, өрісін байқатып қояды. «Қаһарман қылыш ала алмаған қамалды қанатты сөз алады» деген сөз өмірлік тәжірибеден туған. Іс шындыққа тақалғанда Үмбетей,

Бұқарлар ханға да, қараға да қарамайды. Қара қылды қақ жарып айтады. Әр шумақ, әр жолында өрнекті сипат бар. «Баласын мақтар бас жаман, қатынын мақтар қас жаман, Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман» десе мойындамасқа, бас иземеске амалыңыз қайсы.

Үмбетей – Сыпыра жыраудан, Асан қайғыдан, Қазтуғаннан, т.б. қалған асыл сөз мұрасын ілгері апарушылардың бірі. Насихат сөздерінде, «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өліміне Абылай ханға естірту» атты шығармаларында ханнан гөрі қауым мен батырдың бейнесі молырақ сипатталады. Үмбетей аты аталғанда, әсіресе, осы туындылар алдымен ауызға ілінеді. Соңғы толғаудың айтушылардан түгел жеткені сезіледі. Толғау еркін, төкпелі сарыннан туған, таудан құлаған сарқырама су үніндей әсерлі естіледі.

Бөгембай образы жыраулар творчествосынан көрнекті орын алады, мұнда, шын мәнінде, батырға өлеңмен берік ескерткіш жасалған. Бұқар мен Үмбетейдің Бөгембайға арнаған жоқтауы – дәл мағынасындағы жоқтау емес, одан да биігірек тұрған көркем поэтикалық ескерткіш.

«Бөгембайдың ерлігін жырау өзінің алдындағы сарқылмас сөз өнері – ауыз әдебиеті дәстүрлері негізінде суреттейді. Батырдың батырлық қимылын тануда да, бейнелеуде де батырлар жырында қалыптасқан негізгі өлшемдер мен көркемдік тәсілдерге сүйенеді. Соған қарамастан асыра әсірелеу де, қиялдағы батыр бейнесін жасау талабы да байқалмайды. Керісінше, өмірде болған адамның ісі оны тікелей көрген адамның көзімен өлшеніп бағаланады, суреттеледі. Соның нәтижесінде толғаудан елін жаудан қорғаған қайсар ер, қайтпас батырдың өр бейнесін көргендей боласың. Үмбетейдің «Бөгембай батыр өлімін Абылай ханға естіртуі» де осы деңгейдегі толғау. Жырау Бөгембай сияқты батырлардың Абылай тұсында өмір сүруін Абылайға «Тәңірім берген үлкен сый» деп бағалайды, суреттейді. Бұқар толғауы сияқты мұнда да Бөгембай ел қорғаны – батыр ретінде көрінеді. Сөйте тұра осы екі толғауға тән, ортақ сипат – адамдық жылылық пен сыршылдық. Бұл кейіпкер басынан емес, автордың кейіпкерге қатысынан көрінеді» [38,47б].

«Үмбетейдің батыр Бөгембайдың өліміне арналған жоқтауы белгілі. Ақын оның жоңғарлармен айқасуындағы ерліктерін жырлайды.

Үмбетейдің Бөгембай жөніндегі жоқтауы халық қорғанының тамаша образы» [135,196-197сс].

Динамикалық қимыл әрекетке толы экспрессивті жолдар Бөгембайдың басқыншыларға қарсы халық күресінің тарихында алатын орнын ойып алып көрсетеді. Толғауда жоқтау, мүдіру жоқ, бір тыныстан туған тұтас туынды. Мұнда «автордың» өзі мүлдем сырт қалады да, бар ықылас, тілек жырланып отырған объектіге ауады. Батырдың өлімін естірту арқылы өмірді жырлайды.

Ерікті, аралас ұйқасты 7-8 буынды жыр түріндегі бүтін тираданың тұла бойында бір тармақ үнемі үстемеленіп, қайталанып келеді. Жырау Абылай ханның басынан «талай істер» өткенін, «Үргеніштен мұнда келгенін», «күндіз

түйе баққанын», «еш малшыға қосылмай, қара жерге отырмайтынын» айта келіп: «Ұмыттың ба соны, Абылай» деп бір түйіп тастайды.

Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан, Қашпаған қандай ұрыстан Керейде батыр Жәнібек, Қаздауысты Қазыбек, Қудауысты Құттыбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Абылай, сенің тұсыңда Сол бесеуі болыпты-ай! Кейі батыр, кейі би, Тәңірім берген сондай сый, Ұмыттыңба соны, Абылай?! –

деп және бір желіні тартады да, келесі түйінге жақындайды, халық батырларын мадақтайды. «Дүние кезек, Абылай! Қаласың әлі-ақ сен былай» деп, хан тағының тағдыры қысқа екендігін батыл ескертеді. Жоқтаудың оқушыға қатты әсер ететін тағы бір себебі: жырау Бөгембай аттанарда қасында болыпты. «Батырды қолдан өткіздім, сәлемін, міне, жеткіздім» деген жолдары соған айғақ. Уақиғаның ізі суымай тұрғанда, Үмбетей толғауды ыстық қалпында төгіп салған. Содан барып кесек, жұмыр жыр дөңгеленіп түсе қалған. Ерлік стихиясы жырау жанына жақын тақырып болғандықтан, еркін, барынша тебірене жырлағаны байқалады.

Басқа еңбектерін былай қойғанда, Үмбетейдің Бөгембайға арнаған толғауының орны бөлек, жауынгер, патриот ақынның халық қамын ойлағандығын, ердің ерін ел ұмытпайтындығын, батырлықты кемеліне келтіре жырлағандығын сеземіз. Шабытының шылбырын босатпаған, елдің жай-күйін ойлаған, адамдық жасауға шақырған жырау бейнесі алыстаған сайын ұрпағы үшін тұлғалана түспек.

Енді бірер сөз жырау жасы мен қиссасы туралы. «Біз Үмбетей мұрасына бала күнімізден қанықпыз. Қазір қолымызда Үмбетейдің өмірін айқындап көрсететін 1500 жол материал бар», – дей келіп, Ғ.Мұқатов жыраудың туған жылын анықтауға кіріседі. «...Бұқар мен Үмбетей 1668 жылдың төлі дейік. Бұқардың 113 жасын 1668-ге қосыңыз, 1781 болады, ал бұдан 3 жасты алып тастаңыз, 1778 болады, сонда Үмбетей, міне, осы 1778 жылы, яғни 110 жасында дүние салған. Бұл күмәнсіз факт». Ақмолада тұратын журналист, әдебиетші Ғалымжан Мұқатов мұндай үзілді-кесілді фактіні келтіргенде Бөгембай батырдың немересі Бапан бидің қыпшақ Байсерке абызға айтыпты дейтін мына бір шумақ өлеңіне сүйеніп отыр:

Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен, Қайтыс боп үш жыл бұрын құса дерттен.

Жыраудың жыры елін сусындатып, Ұрпақтың ұрпағына ұзап кеткен, –

дейді. Әрине, бұл бір шумақ өлеңмен жыраудың қай жылдың төлі екенін бірден айқындау оңай емес. Аңыздың аты қанша дегенмен аңыз. Аңыз дәл айтпайды, жобалайды. Мынау жалғыз шумақ өлеңге ой көзімен қарасақ Байсерке абыздың тұсында емес, тіпті беріде туған қосымша шығар-ау деген күмән көмекейге тіреледі. Ол ойымызды әсіресе соңғы екі жол шегелей түседі.

Ғ. Мұқатовтың айтуы бойынша, Үмбетей кедейліктің тауқыметін көп тартып, өз еңбегімен күн кешеді, бертін келе жырау атанып, қарт Бөгембайға әрі серік, әрі жыршысы болады. Жұрағаттарын «Ақмола облысының «Ленин» совхозына қарасты Шөкей селосынан көрдік» дейді зерттеуші.

Және бір назар аударатын факт–Үмбетей Жантай батыр туралы қисса-дастанын ұлғайған кезінде шығарса керек дейді.Қиссада Жантай бастаған батырлар тобының әрекеті мен халықтың сол тұстағы ауыр тұрмысы баса көрсетілген. Мұнда Үмбетей Абылай ханға тие сөйлейді. Хан мен жырау бір-бірінен қашықтайды. Жырау сарай маңынан кетеді.

Бір қызығы, «Жантай батыр» қиссасын Шоқаның әкесі Шыңғыс білген. «Ғалым-саяхатшы Шоқан кейін архивтерді ақтарып жүріп, әкесінің полковник Ладыжинскийге тапсырған қолжазбаларынан «Жантай батырды» да кездестірген.Қазір оны Шоқан шығармалары – ның профессор Н.М.Веселовскийдің редакциялауымен 1904 жылы жарық көрген жинағының 312-318-320-беттерінен оқуыңызға болады» [134,6-7бб].

Ғ. Мұқатов Үмбетейдің шөбересі Атқыбай жайына да тоқталып, ол жырлаған «Жантай батырдың» мән-жайын түсіндіреді. Оның сөзіне қарағанда, бұл шығарманың екі-үштей нұсқасы қағазға түсіпті. Әрине, бұл нұсқаларды өзара салыстырып, анығын, асыл нұсқасын ажырату келер күндердің міндетіне кірмек. Текстологиялық салыстырулар қажет. Өйтпейінше, аңыз-әңгіме солай айтады деп, тоқетер пікір айту асығыстыққа апарып соқтырады.

Атқыбай жыраудан бұрын қиссаны Бөгембай батырдың немересі Бапан би айтыпты деген сөз бар. Ғ.Мұқатов 10-шы дәптердегі «Жантай батыр» қисса-хиқаясын жерлесі, жыршы Жылыбаев Жұмағұл марқұмның айтуынан 1953 жылы жазып алыпты. Жұмағұл Төлештен үйренген. Жұмағұлдың «Қиссаны таратушыдан бірер сөз» деген қосымша анықтама өлеңінде:

Төлеш-ау, үйрендің сен мұны қайдан? – Дегенде ол ұқтым деді Атқыбайдан. Атқыбай – Үмбетейдің шөбересі, Қиссаны аузымен жұртқа жайған. Қиссаны онан бұрын Бапан айтқан, Бапан би өз тұсында бопты жайсаң. Қазақта белгі ғой тілдің майы, Кей жерін кейінгілер көп ұлғайтқан[134,109б], –

деген сөз бар. Бұдан шығатын қорытынды: «Жантай батыр» қиссасы бізге жеткенше біраз қосымшалармен ұлғайып, көлемді шығармаға айналған. Қиссаға жазбаша әдебиеттің әсері бар-ау деп қалдық. Он бір буынмен келісті жазылған.

Шығармада өз жерін жаудан азат ету мақсатында қазақтардың жүргізген күресі көрсетіледі. Негізгі кейіпкерлері – Қабанбай, Бөгембай, Жантай батырлар, солардың іс-әрекеттері. Бұлардан басқа Жантайдың немере інісі Үйсімбай, Атан, Досай батырлар бар. Бұлардың портреті жеке-жеке беріледі. Бөгембай бастаған қол «он мың үй торғауытпен» соғысады. Алғашында жеңеді, артынан жау жағы алдап тыныс алып Қытай қашады. Қазақтар біліп қойғасын қалмақтар Уса-Серен дейтінді бітімге жібереді. Ол Абылай ханды алдап түсіреді. Батырлар тобы «Жауды аяған жаралы боп қалатұғын» деп ескертеді ханға. Хан тыңдамайды. Соны пайдаланып қалмақтар Абылайдың баласы Қасымды арнайы қонаққа шақырады. Еріп барған кісілердің ішінде Үмбетей жырау да болыпты. Қалмақ ханы Айныш атты айтулы сұлу қызын Қасымға беріп, той жасап, тарту-таралғысымен қазақтарды қайтарады.

Қарсы жақтың қулық-әдісін түсінген Жантай батыр хан баласы Қасымға қарсы шығып, қалмақты қазақ жерінен қуып, атамекенді босату керек дейді. Өкінішке қарай, оны тыңдамайды. Соғыста қазақ қолы орасан шығынға ұшырайды. Көптеген батырлар қаза табады. Қисса авторы жаугершілік замандағы халық бірлігін, патриотизмін, ауыз бірлікті жырлайды. Жырау бар ақындық қиялын жұмсап, өршіл пафоспен азаматтық тақырыпты биікке көтереді.

Ендігі бір мәселе «Жантай батыр» қиссасын Үмбетей шығарып па деген сауалдың айналасынан шығады. Стиліне қарағанда авторы басқа адам сияқты. Бұл шығарма жазбаша әдебиеттің жемісі болар деп ойлаймыз.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі неде? 2. «Бөгембай өліміне» өлеңінің шығу тарихы қалай? 3.Үмбетей толғауларында Абылай бейнесі қалай сипатталған? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 11. БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ, ЗЕРТТЕЛУІ.

Дәрістің мақсаты.Шығармашылығы өз заманының ,өз ортасы,оның әлеуметтік саяси келбетінің айнасы екендігін ашу. Тірек сөздер: Арғын, Төртуыл, Қоржас, Тәуке хан, Абылай хан т.б. Дәрістің жоспары: 1.Бұқардың ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы. 2.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп жайында сөз қозғау. 3.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі. 4.Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. 5.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі: түгел жазамын дегенге: Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек” деген сөзі; ә)Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі; б)Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. в)“Тауарих хамсада”, “Таң” журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. 6.Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет. 7.Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынан әр алуандығы. 8.Бұқар поэзиясының қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған

көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.

Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі заманға душар болған ел-жұртқа «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында бір жола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр, қолбасшы-көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сөйтіп, осы ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке парапар іс-әрекеттерін аңғартады.

Бұқар жыраудың ұзақ жасаған жасындағы өмірлік деректері бізде көп сақтала бермеген. Тек саналы ғұмырының бәрі түгелдей дерлік Абылай ханның қасында, соның оң тізесін басқан қабырғалы да сәуегей биі, ақылшы-кеңесшісі ретінде өткені мәлім. Өз өлеңдерінде келтірілген деректерге қарасақ жыраудың жоқшылықтың зардабын көп тартқан адам болғаны көрінеді.

Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер мынадай: Арғыннан – Қодан, одан – Дайырқожа (Ақжол), одан – Қара (Қарақожа), одан – Мейрамсопы, одан – Сүйіндік, одан – Қаржас, одан – Алтынторы, Құлыке, Бегім. Алтынторыдан – Мәмбетәлі, Жолымбет – Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен – Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан –Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-бұтақтары аз емес, бұлардың көбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп отыр.

Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелік мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітапша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – «Жалын» баспасынан шыққан «Әй, Абылай, Абылай», екіншісі – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындап, «Мұраттас» орталығы бастырған жинақ). Бұған жыраудың бұрыннан мәлім жыр, толғауларынан тыс, ертеректе А. Сейдімбеков жариялаған кейінгі нұсқа да енді. Алайда, әлі күнге дейін жыраудың туған, өлген жылдары бір ізге түспей, әркім әр түрлі пікір-болжамдар ұсынып келеді. Бұл орайда Қ. Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал, X. Сүйіншәлиев пен М. Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді.

Ал енді, жоғарыда айтылған екі болжам-тұжырымнан тіпті өзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген дәйектемеге біршама ұқсас пікірді кезінде Қ. Мұхаметханов ұсынған болатынды («Қазақ әдебиеті» газеті. № 31, 32, 1982 ж.). Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың «Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, Абылай өлімінен (1781 ж.) 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең өлшемімен жазылғанына күдіктенбесек, негізінен, осы

ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында:

Менің жасым тоқсан үш, Мұнан да былай сөйлеуім Маған да болар ауыр күш, – дейтіні және тағы бірде: Күнінде мендей жырлайтын, Тоқсан үште қария Енді саған табылмас, –

деп толғайтыны бар. Бұдан тыс Бұқардың: Тоқсан бес деген тор екен, Дүйім жанның қоры екен, –

дейтінін де білеміз. Бұған қарасақ, жырау 95 жасқа да келіп, әбден қалжырап, қор болып отырған кезін жырға қосқан сияқты. Қалай дегенде де, Бұқар жыраудың 92-95 жас аралығында қайтыс болғаны шындыққа сай келетін тәрізді. Сондықтан осы айтылған жылдардың біріне үзілді-кесілді тоқтап, бір жүйеге келтіру қажет.

Ендігі бір-екі ауыз сөз Бұқардың туған жері туралы. Әдебиетші Қ. Мұхамедханов сол Үмбетей жырында айтылған деректерге сүйене отырып, оның туған жерін Бұхар маңындағы Жиделібайсын, Елібай деп көрсетеді. Бұған себеп: Бұқардың әкесі Қалқаман батыр қалмақ шабуылынан ығысып, сол төңірекке барған делінеді. Қазақтың бала атын туған жеріне қарай қоятын көне дәстүрін ескерсек, бұған да шәк келтірудің жөні жоқ сияқты. Бұқар жыраудың Абылай ханның қасында отыратын кеңесші-жырауы болып қалай келгені туралы бір қызықты дерек «Әдебиет майданы» журналының 1935 жылғы № 1-2 сандарында жыраудың «Бұл кісі жылқыменен бір ат берсін» деген жырымен қоса түсінік ретінде келтірілген. Бұған жариялаушы «Кәріқұлақ» деп қол қойып, «Балқаштағы атақты Шашубай ақынның айтуымен» деген ескертпе жасаған.

Журналда басылған жыраудың екі жыры біздегі сол аттас өзге толғауларға өте ұқсас, бірақ айырмашылығы да аз емес. Мұндағы берілген түсінікке қарағанда, Абылай Бұқар жыраудың бір ісіне қатты ренжіп, «басын аламын» деп уәзірін жіберіп, шұғыл шақыртыпты деседі. Суыт хабарды естіген жырау хан жарлығымен Абылай хан ордасына келіп жыр толғапты.

Хан жарлығы қатты болды, Шыбын жаннан тәтті болды. Шақырған соң келдім, ханым, Жарлығыңды қайтармай. Жіберген уәзіріңізге екі жауап айта алмай. Кел десең келдім, кет десең кеттім, Кет дегендей мені сөйлетпей не еттім? Бір ауыз сөз сұрамай, басыңды кесемін деп, Мені шошытып түбіме жеттің... –

дей келіп, оның бір кезде Түркістанда жетім болып жүргенін, енді басына бақ, астына тақ қонғанын айтады. Ең соңында жырау ханға:

Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқардай түледің, Салған сайын үдедің, Алыстан тоят тіледің, Құдайдың сүйікті ұлы едің, Қалмақты қашырдың, Алатаудан асырдың. Қазаққа жер кеңейттің, Дұшпаныңды кеміттің, –

депті, сонда Абылай райынан қайтып: «Мынаған бір үйір қысырақ айдап әкеп беріңдер», – дегенде, Бұқар «Маған хан Абылай жақсы бір ат берсін» деген әйгілі жырын толғаса керек. Содан хан қара көз, қара ауыз, қояндай боз атын беріп, өзін қасында жүретін жырауы етіп алыпты делінеді.

Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20-30-жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Алғашқы жариялануы дегенде, біз, ең алдымен, «Таң» журналында басылған жырларды айта аламыз. Мұнда жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай не болар күннен соң», «Айналасын жер тұтқан», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ей, Абылай, Абылай», «Керей, қайда барасың?», «Ханға жауап айтпасам» атты бір топ өлеңдері жарык көрді.

Бұқар шығармаларын жариялауда С. Сейфуллин үлкен еңбек етіп, «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинағына жыраудың «Ай не болар күннен соң», «Керей, қайда барасың?», «Жал, құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Қалданменен ұрысып », «Атам болған жиырма бес», «Құбылып шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» атты толғауларын бастырғаны мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әр түрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келді.

Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде «Алдаспан» жинағында басылды. Бұған оның үлкенді-кішілі 49 толғауы енді. Алайда, Бұқар шығармаларының бізге жеткен асыл үлгілерін айтқанда, ең алдымен, белгілі фольклорист Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімін атауға тиіспіз. М. Көпеев жырау туындыларын ертеректе көне көз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатынды. Сол себепті Бұқар шығармаларын сөз еткенде, біз сол М.Көпеев жазбаларын түпнұсқа ретінде негізге алуға тиіспіз.

Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану мәселесіне келсек, оның Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин қорында сақталып, кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай-ақ, бір-екі толғауының Құрбанғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты

кітабында жарық көргенін айта аламыз («Ханға жауап айтпасам», «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай»).

Бұқар творчествосын танып-білуде, әдебиеттегі орнын белгілеп, бағалауда әр тұста әр алуан пікір таластары болып келді. Кейбір зерттеушілер оған «Сарай ақыны», «Орда ақыны» деген ат қойып, феодалдық салт-сана мен Абылай ханның жыршысы деп теріс бағаласа, енді бір топ әдебиетшілер жыраудың үстем тап жыршысы бола тұрса да, өз туындыларымен сол тұстағы ірі саяси-әлеуметтік мәселелерге үн қосып, дұрыс бағыт ұстағанын айтты, мұнымен бірге XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінде жырлары бірден-бір өз атымен сақталып қалған жырау екенін баса көрсетіп, оны сол дәуірдегі әдебиеттің басы деген тұжырым жасады. Бұған белгілі жазушы-ғалым М. Әуезов басқарып өткізген 1959 жылғы әдеби-теориялық конференция көп әсер етті. Соның нәтижесінде Бұқар жырау да біршама дұрыс бағаланып, әдебиеттегі өз орнын алды.

Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады. Ол өзінің XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оқу кітабында Бұқар туралы «Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройды ханмен қатар үлеседі. Өзі хан қасына жуан рудың – Арғынның қосқан «табан шөңгел биі» болуға лайық... Бұл жағынан қарағанда Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, соның орталық елі, жуан бел руы – Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады... Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың, ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», – дейді. Бұны бір ғана Бұқар емес, жалпы жыраулық поэзияның табиғатын ашуға жол салатын ғылыми ұстамды пікір деп айта аламыз. Тек зерттеуші заман ағымына сай мәселеге таптық тұрғыдан келуге мәжбүр болған.

С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол: «Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.

Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалай келіп, ол өзінің дидактикалық толғаулары арқылы өмірге ескілік мұнарасынан қараса да, сол кезеңдегі әлеуметтік шындықты тап басып сипаттай алады деп жазады. Ал, Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден-

бір көшбасшы ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз.

Белгілі фольклорист Н. С. Смирнова Бұқар творчествосына арналған көлемді зерттеулерінде оның импровизаторлық өнерінің ерен қуаты мен демократиялық тенденциясының нығая түсу ерекшеліктеріне, сондай-ақ, соңғы шығармаларында халықтық ұғымның әлеуметтік терең сипатқа ие болып отыру жәйтіне айрықша мән береді.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін кім орысшалап хатқа түсірді? 2.Бұқар жыраудың өлеңдерін кім жинастырды? 3.Бұқар шығармашылығын зерттеген кімдер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.

ДӘРІС 12. КӨТЕШ АҚЫННЫҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Дәрістің мақсаты: Көтештің қолма қол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын,әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын екендігін

дәлелдеу. Тірек сөздер: Күрелкінің бауыры күнде дауыл,аңыз,Қартайғанда қатының дұшпан болды т.б. Дәрістің жоспары: 1. Көтештің өмірінен мәлімет. 2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы, әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі. 3. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. 4. Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме аңыздар. 5. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер. 6. Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны. 7. Шығармашылығын талдау. 8. Көтеш шығармларының жинақталуы. Мәшһүр Жүсіптің бұл жұмыстағы атқаратын істері.

Өз заманында арқалы ақындардың бірі болған Көтеш(1745-1818) –қазіргі Павлодар обылысын,Баянауыл аймағында туып өскен. Сүйегі арғыннан, арғын ішіндегі Сүйіндіктен тарайтын Сексен ауылынан. Болашақ ақын бала кезінен–ақ атағы шығып, ауызға іліне бастайды. Оның алғаш көзге түсуі – Абылай хан алдында.Алғаш рет он жеті жасында, алауыздық желігімен Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлең арқылы шығады.Жарлы шаңырақта туған және өмір бойы жоқшылықтан құтыла алмаған Көтеш шығармаларындағы басты сарын–кедейшілік тақсыретін жыр ету,тұрмыста ұшырасатын әділетсіздіктерді әшкерлеу болды.Ақын туындыларынан ұшығы көрінетін тағдырға наразылық,кедейлікке налу сарындары–өз кезі үшін жаңалықты құбылыс еді.Өнерін саудаға салмаған Көтеш қартайған шағында ен далада кісі қолынан өледі.Бір деректердің айтуынша, ақын ажалы жолбарыс ұрылардан келеді, ал енді бір деректер қазаға ақын сынын кек тұтқан әлдебір сараң бай себеп болды деп көрсетеді. Енді Көтештің шығармаларының зерттелуіне келетін болсақ Көтеш өлеңдерін жиыстырған Мәшһүр–Жүсіптің айтуынша, бірде Абылай құныкер болып, қарашыларымен арасында үлкен дау шығады. Сонда ешкімге белгісіз бала жігіт Көтеш сөзге көлденеңнен араласып, өз руы атынан ханнан өлген кісісі үшін құн төлеуді, ал тұтқында отырған адамын босатуды талап етіп былдай дейді: «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің!? Хан басың қарашыңмен даулы болып,

Үстіне ақ орданың қол келтірдің! Абылай, күйіп кетті салған қалаң, Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң? Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын– балаң!» Арғыннан тараған бес Мейрамнан ру намысын жоқтап, үш мыңдай адам атқа қонған екен. Абылай ұрысуға шыдамайды, өлген кісісінің құнын, оған қоса көп айып төлейді.

Сөз себептен, салдардан барып туындайды. Он жеті жасар Көтештің араға киіп кетіп, Абылайдың айыбын бетіне басып айтуы жүрек жұтқандық әрекеті. Нағыз ақынның ары әділет қысым көре бастағанда шындық туын көтеріп шыға келеді. Көтештің ақындық алғашқы адымы, кім білсін, осы бетпе-беттен басталған шығар.

.........Болады ертең жесір қатын-балаң! – деуінде үлкен сілкіністің ізі бар. Қайқы қылышқа тоқтамаған ханның жүзін қайратты сөз қайтаратын кездері болған. Бұл қақтығыс та соның бірі болмасына кім кепіл.

Ханнан бақыт таярда, Қараша жұртпен қас болар, Байдан бақыт таярда, Дәулетіне мас болар, –

деп, замандасы Шал ақын Көтешті кемелдендіріп, толықтыра түседі. Көтештің өмір сүрген дәуірін анықтауға себі тиерлік осы оқиғаның қай жылдары болғанын дөп басып айта қою қиын. Сөз жоқ айтылмыш дау Абылайдың ресми түрде үш алашқа әмірші деп жарияланып, билігі де, әскери қуаты да күшейген кезден (1771ж.) көп бұрын шыққан. Мәшһүр–Жүсіп баяндаған оқиғадағы бізге қажетті тағы бір дерек– бұл кезде Қаз дауысты Қазыбектің жоқтығы. Ханға қарсы аттанғандарды бастаушы оның ұлы Бекболат би болады. Ал Қазыбектің 1763 жылдар шамасында 97 жасында дүниеден өткені белгілі. Яғни айтылмыш оқиға 60–ншы жылдардың екінші жартысында болғандығы аңғарылады. Сонымен, жоғарыдағы деректерге сүйеніп Көтеш ақын 1745 жылдар шамасында туған деп айта аламыз. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Көтеш 73 жасында дүние салыпты. Енді бір деректерде басқа сан айтылады, бірақ олардан да ақынның қартайыңқыраған кезінде өлгендігі көрінеді. Халық жадында Көтеш жайында сақталған әңгімелердің бір алуаны–оның қазасы төңірегінде. Көтеш өлең айтып, ел аралап жүрген кезінде жапан түзде төрт ұрыға кез болады. Ұрылар аударып атын алып, енді өзін өлтіргелі жатқанда қарт ақынның :

«Жолыңды айт, ей, төрт жігіт, ел болғайсың, Төртеуің көк байталға тең болғайсың, Кінәсі жоқ Көтешті тонап алып, Айдабол мен Күлікке жем болғайсың» , – деген бір ауыз өлең айтуға шамасы келіпті. Кейін сексен елі Көтешке іздеу салады. Іздеушілер бір ауылда балалардың осы өлеңді айтып жүргенін естіп, сол арқылы айыпкерлерді табады. Көтештің руы ақындарының өлімі үшін құн даулап алыпты. Енді бір әңгіменің айтуынша, Көтеш айтысқа түсіп жүрген кезінде бір руды, оның басты адамдарын қатты сөгіп жамандаған екен. Кейін сол жаққа бара қалғанда, сол елдің байларының бірі ақынды ұстатып алып, өлімші қылып сабап, байлатып қойыпты. Көтештің қазасы осы жолы болған екен. Ақынның байлаулы тұрғанда айтқан өлеңі былай басталады екен: «Алдымнан алты пұшық анталады, Тілге келмей біреуі балталады. Осы аурудан сірә жан қалмас білем, Балтасы тиген жері қанталады..» дейді. Елінен шыққан іздеушілер Көтешті кімдер өлтіргенін осы өлең бойынша табады. Құн даулап, ердің өз басы жүз жылқы, өнері жүз жылқы деп екі жүз жылқы алыпты. Сонымен, Көтештің өлімі хақындағы әңгімелер бір–ақ нәрсеге саяды, ол–ақынның кісі қолынан өлуі. Көтеш –импровизатор. Халқымыздың әдеби мұралары жайында құнды еңбектер қалдырған А.Е.Алекторов өзінің бір мақаласында импровизаторлар жайында айта келіп, олардың ақындық қуатына, өлең шығарғыштық қабілетіне таңырқайды. Қазақ ақындары кез келген тақырыпқа, ешқандай алдын ала дайындықсыз, табан аузында өлең шығарып айта береді дейді ол. Ал профессор Е.Ысмайылов: «Әр түрлі тақырыпқа бөгелместен, қолма–қол өлең–жыр айту – жүйрік ақынның бір белгісі. Қазақ ақындарының ежелгі салтында жылдам, бөгетсіз, тыңнан өлең шығарып айта білмегенді күшті ақын деп танымайтын», –деп жазады. Осы тұрғыдан алғанда,Көтеш – таза қазақ түсінігіндегі ақын және күшті ақын. Көтештің бізге жеткен өлеңдері түгелдей экспромтпен(дайын,әзір) айтылған шығармалар. Көтеш – кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік. Бірде жаңа жұртқа қонғанда, азғана қойы түнде қотанда жатпай, өре береді.Сонда Көтеш қойларына арнап былай жырлайды: «Қойым–ау, кел,қойсаңшы өргеніңді, Мен айтамын көзіммен көргенімді. Құйрығыңды бір ит–құс алып кетсе,

Сен онан ала алмассың бергеніңді» дейді. Әйелі қазымыр, келіні шайпау болып, Көтеш қартайған кезінде от басының қызығын көре алмапты. Бірде ел көшкенде жуас атты келін мініп, қарт ақынға асау байтал қалады. Ол заманда көш жөнекей ауылдың ақсақал, қарасақалдары мәслихат құрысып, өз алдына бір бөлек жүріп отырады екен. Бір құрдасы келіп: «Ақын, жүр, көш алдына шығып аяңдай берейік»,– дегенде асаудан именіп келе жатқан Көтеш қорланып былай дейді: «Қартайғанда қатының дұшпан болды, Баласымен бірігіп қысқан болды. Келін деген бір пәле тағы шығып, Біреуі іштен, біреуі тыстан болды. Қартайғанда қатының қазба дейді, Келін менен балаға жазба дейді. Ат болса, айғыр болса солар мініп, Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді. Бала–бала деуменен мазалымыз, Баладан болар білем ажалымыз. Баламызға жалынсақ жан сақтар ек, Келін деген даяр тұр тажалымыз». Бұл сөздерді естіген шайпау келін атасын тағы қианаттайды. Сонда ашынған Көтеш оған да өлеңмен жауап қайырады. Жоғарыда келтірілген өлеңнен Көтештің шаруасы шағын адам болғандығы көрінеді. Ел әңгімелеріне қарағанда ақын өмір бойы кедейшіліктің тақсіретін тартып өтіпті. Алайда тұрмыс талқысының қатаңдығына қарамастан ол ешқашан мал үшін жағын жалдап, тілін беземеген, тіленшіленбеген. Бұл–Көтештің арлы ақын болғандығын көрсетеді. Көтеш қартайған шағында аурулы болады. Жарлылық және сырқат салдарынан ақынның кейде елмен бірге көшіп жүре алмай, қыстауда қалып қоятын кездері де болған. Көтештің бұл кездегі өлеңдерінен өзінің қолының қысқалығына налу,өмірге наразылық сарындарының кейбір нышандары байқалады. «Сексен ерікке қоймадың–ау қалжыратып, Қайтіп өлең айтармын алжып жатып, Сексен түгіл тоқсанға болмас едім, Ұсақ турап ет берсең балбыратып» , – дейді жетімсіздіктің зарын шеккен қарт ақын. Алайда бойда қуат, жүректе от бар күн артта қалғандығын мойындап, өлімге бет бұрады. «Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма, Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма? Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың,

Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!» Өлеңге бөгелмейтін тапқыр Көтеш өз заманында талай айтыстарға да түсіп жүрген. Шал мен екеуі бізге белгілі айтыс ақындарының ішіндегі ең көнелері. Алайда Көтештің айтыстарының дені сақталмаған. Ал сақталғандары – негізінен бірер ауыздан ғана келетін қақпа сөздер.

Көтеш ақынның баспа жүзін көрген шығармалары онша көп емес. Ел арасында іздестірсе әлі де табылып қалуы мүмкін. Бұныкі басқа ақындардың шығармаларына да еніп кетуі кәдік. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармаларының ара жіктері, текстологиялық табиғаты әлі анық ажыратылып, зерттелген жоқ. Бұл келешектің ісі болмақ. Өлеңдеріне қарағанда Көтеш те, Шал да мұсылманша сауатты болғанға ұқсайды. Көтеш ақынның:

Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз, Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз. Ата тілін сыйлаған адал ұлды Хат оқыған молдадан кем демеңіз, –

деуіне қарағанда, шешеннің жазу, сызудан хабары болған-ау деген ой келеді. Бұл әлі анықтай түсетін мәселе ғой. Өлеңдерінің құрылысы, ұйқасы, мазмұн жинақылығы соны меңзейді.

Көтештің қолда бар өлең, нақылдары көбіне бірыңғай қара өлеңмен келген. Алдыңғы өткен жауынгер, батыр ақындарда кездесетін төкпелі, шұбыртпалы, алма-кезектесіп айтылатын жыр жолдары Көтеш пен Шалда сирек жолығады. Дегенмен, өлеңінің түрлілігі жағынан Шал басымырақ. Өйткені, мың жолға жуық әдеби мұра қалдырғаннан кейін Шал туралы сөз әрі ауқымды, әрі арналы бола түспек. Тарихи деректер тапшы болғанына қарамастан, екі замандас ақынның кешкен ғұмыр, тіршілігі, нені ойлап, нені армандағаны, айналасымен қалай қарым-қатынаста болғаны өздерінің өлеңдерінен ап-анық көрінеді. Екеуі де өлеңмен өз өмірбаянын жасап кетті.

Өлеңдеріне қарағанда Көтеш аса діндар адам болмағанға ұқсайды. Көтештің, тегінде, дін жөнінде өзіндік түсінік-пайымы болған тәрізді. Кейде қораштау көрінетін Көтештің төрттағандарын Шалдың шымыр да шырайлы жолдары толықтыра түседі. Екеуі де алдыңғы сапта өткен Шәлгез, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар туындыларындағы асыл ойларды одан әрмен жалғастырып, жан-жақты өрісті етіп жібереді. Кедейшілікті, кәрілікті, жастықты айту жағына жақын әкеледі, яғни нені айтса да нақтыландырады, белгілі бір желіге тізіп береді.

Көтеш өлеңдеріндегі зілді ирония, ащы юмор ол кісінің өмірден көп қорлық көргендігін баяндайды. Әйтсе де, айтайын дегенін әрдайым қысқа сөзбен сездіріп, әлденені іркіп қалған секілді боп көрінеді. Әлде бұл ой ақын шығармаларының бізге толық күйде жеткендігінен шығар. Қайтсе де Көтеш те, оның замандасы, әріптесі Шал да айтуға келгенде алға адам салмаған саңлақ жүйріктер тобына жататыны хақ. Ұялы бәйтеректей алыстан тұлғаланады.

Батырлықты, ерлікті жырлаған ақындардан екеуі де оқшауырақ тұрады. Өйткені, ұзынтұра фәлсафадан, мадақтаудан бұлардың құлашы аулақ жатыр. Сүйінішінен күйініші, жүгіргенінен сүрінгені, құрметінен гөрі көрген қорлығы басым боп келеді. Ысқақ Дүйсенбаев айтқандай: «Ақын-жырау дегеніміз – көңіліне келгенін айта салатын еркін жүрген бір пенде емес, ол да өз заманының айнасы, жемісі»

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Көтеш туралы профессор Е.Ысмайылов қандай пікір айтты? 2 . Көтештің хандық дәуір әдебиетінен алатын орны қандай? 3. Көтеш шығармашылығының зерттелуі жайлы не білесіздер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28,

29, 31, 32, 33, 36.

ДӘРІС 13. ШАЛ АҚЫННЫҢ ӨМІРІ,ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. Дәрістің мақсаты: Шалдың негізгі жырлаған тақырыбы –адам өмірі,

өмірінің мәні, «фәни мен бақи», дін екендігін түсіндіру. Тірек сөздер: Дін, фәни,бақи,ақыл-нақыл, үлгі,кәрілік т.б. Дәрістің жоспары:

1. Шал ақынның өмірінен мәлімет,шыққан ортасы, Анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі.

2. Шал ақын Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам”.

3. Шалдың -өз дәуірінең даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы.

4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев екендігі. 5. Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы. 6. Шалдың хат тануы, оған “Мен өзім талай сөзді хатпен жазған” деген

өлеңнің дәлел болуы. 7. Шал импровизатор, төкпен ақын. Жырлаған негізгі тақырыбы-адам

өмірі, өмірінің мәні, “фәни мен бақи”, дін екендігі. 8. Шал шығармашылығында өзіндік мәні көрінген лирикалық поэзиясының

да кезігуі. Шал ақын – XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі.

Тұңғыш рет «Он бес деген жасым-ай» атты толғауы «Жаңа әдебиет» журналында (1958, № 5) жарық көрген. Егер ақынды 1831 жылы дүниеден кеткен деп есептесек, бір ғасырдан соң өлеңі баспа бетіне жетіпті.

Екінші дерек 1958 жылы Ғалым Малдыбаевтың «Қазақ әдебиеті» (№ 48) газетінде жарияланған «Шал ақын кім?» деген мақаласымен ашылды. Шалдың арғы тегінен, өмірбаянынан мәліметтер берілді. Бұрын кейбір оқулықтарда, зерттеулерде аты ғана аталып жүретін Шал жөнінде мақала авторы біраз қысқа хабарлар айтып, кейінгі зерттеушілердің алдына жобалы қазық сала кетеді. Желіге тартқандай сегіз өлеңін іріктеп, оқушының алдына жайып салады. Әр түрлі тақырыпты қозғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі екендігін дәлелдегендей еді.

Ғ. Малдыбаев кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша ақынның қай жылдың төлі екендігін анықтайды. Және 15 жасынан бастап-ақ өлеңмен әуестене бастағанын ескертеді. Сынау, мінеуге, өсиет сөздерге жиірек барғанын айтады. Ғалым ақсақал айтқан алғашқы деректер «XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (Алматы, 1962) деп аталатын кітаптың жекелеген авторларға түсінік беретін тұсында (389-390-66.) қайталанады. Егер «Қазақ әдебиеті» газетінің 1958 жылғы 28 қараша күнгі №48 санында Шалдың 18 шумақ немесе 70 жолдай жыры басылса, қазақ ақындары шығармаларының жинағында 11 өлеңі, яғни 600 жолдай өлең жарияланды.

Осы жинақтың «Кіріспесінде» Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ы. Дүйсенбаев Бұқар жыраудың әдебиеттегі лайықты орнын айта келіп: «Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді, Шал ақындар қазақ әдебиетінің жаңа кезеңін бастайды, жеке ақындар творчествосы туады. Сөз жоқ, бұл ақындардың шығармалары әр алуан, кей сәтте біріне-бірі қайшы да келіп отырады. Біз бұл жерде әдебиетімізде болған жаңа құбылысты, ауыз

әдебиетінен басқа, белгілі авторлары бар жаңа әдеби үлгілер пайда бола бастағанын, кейін осыдан барып жазба әдебиетіміздің негізгі қаланғанын ескертпекпіз», – деп, әрі күрделі, әрі құнды да қызық пікірмен ой тастап кетеді. Міне, бұл секілді ескертпелер Шал жөніндегі кейін туған шағын мақалаларға мұрындық болған сияқты.

Бұл кітапқа енгізілген 11 өлеңнің өзі Бұқар мен Дулаттың арасында Шал секілді сері ақынның тұрғандығын айқындай түседі. 1965 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Үш ғасыр жырлайды» кітабына, марқұм Ғали Әбетовтың көрсеткеніндей, «35 өлеңі оқушылар қауымына ұсынылды, жалпы көлемі – 441 жол». Жинақтың Ысқақ Дүйсенбаев жазған «Алғы сөзінде» Бұқар жырау Қалқаманұлынан кейін Шал Құлекеұлының аты аталып, поэзиясына баға беріледі. «...Қарт ақын ізгілікке сенеді, адамның жарқын жақтарын жырлауды көксейді» деп, Шал мұрасының негізгі тақырыптарына назар аудартады.

1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқаларын» құрастырушылар Шалдың афористік поэмасын Қожа Ахмет Иассауи философиясымен салыстырады. Осы кітаптың Шал туралы бір сөзінде «Шал өлеңді жазып та шығаратын болған. Бірақ, ол ең алдымен импровизатор ақын еді» делінген. Ақынның өлеңді жазып шығаруы жайында әлі күнге нақтылы деректер жоқтың қасы. Ал, импровизатор екендігіне ешкімнің таласы болмаса керек. Сосын «Шал мұрасынан біздің заманымызға жеткені – мың жарым жол шамасындағы өлең мен бірнеше ғақлия қара сөздер» дейді. Біздіңше, Шалда қалыптасқан ғақлия жоқ, бұл жайлы да үзілді-кесілді пікір айта қою қиын.

Филология ғылымының кандидаты Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып, талдау жасайды. Бас жағында Шалдың туған жылын 12 жылға кері шегеріп, яғни 1748-1819 жылдар аралығында өмір сүрген деп есептейді. Ғалым Малдыбаевтың айтуынша, «Шал 1760 жылдың төлі сияқты». М.Мағауин Шоқан пікіріне сүйенеді. Шоқан Шалдың эпикалық дүниелер құрастырғанын ескертеді. Ендеше, сол Шал жинақтаған аңыздардан ең болмаса үзінді, жұқана қалмауы қалай, әлде Шоқанның айтып отырғаны басқа Шал ма? Біріншіден, туған жылына келетін болсақ, Ғ. Малдыбаев көрсеткен 1760 жыл шындыққа бір табан жақын тұр. Өйткені, ол Шалды әлі ұмыта қоймаған кәріқұлақ қарттардың дерегіне сүйеніп беріп отыр.

Егер Шалды 1748 жылғы деп шегерсек, одан біздің ұтарымыз шамалы, оның үстіне бізде нақтылы деректер жоқ сондықтан алғашқы дерекке тоқтаған абзал деп ойлаймыз.

Ысқақ Дүйсенбаевтың «Ғасырлар сыры» кітабында «Әдетте, біз әдеби шығарманың қасиеттері мен ерекшеліктеріне басымырақ көңіл бөлудің орнына, қалайда сол ақын-жыраулардың өздерімен көбірек шұғылданып, оларды талай саққа жүгіртумен әурелендік» деген жанды пікір бар. Расында да, біз Абайдың алдында өткен бірқатар ақындардың шыққан тегін, үрім-бұтағын тәуір білеміз

де, поэзиясына келгенде жадағай сырғытып өте шығамыз. Сонда олар егіздің сыңарындай бір-бірінен айнымай шыға келеді.

Ақындық мұра сол өзін шығарған ортаға тығыз байланысты. «Литература вся целиком, как целое и в своих отдельных частях, зависит от действительности. Она зависит от нее, получая от действительности и воздействуя на нее; зависит в своих внешних отношениях и внутренних, зависит содержанием и формой. При этом типы зависимости весьма разнообразны», – деп академик Д.С.Лихачев бекерге айтпаған.

XV–XVIII ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының өздері өмір сүрген қоғамдық ортамен байланысты болмаса, соншалықты шыншыл, сыншыл терең поэзия тумаған болар еді. Мазмұн мен түрдің бірлігі де содан.

Шал шығармалары туралы да соны айтуға тура келеді. Шал өлеңдерінің қоғамдағы теңсіздік, заман, адам жайы анық көрініп тұрады, бірақ біз әлі атығайлық айтқыш қарттың батыр әкелеріне, өлеңдеріне сырттай тамсанып, іштей сыналап ене алмай жүрміз. Мен марқұм Ғали Әбетовтың «Шал ақын жайындағы жаңа деректер» деген мақаласын ден қоя оқыдым. Автор біраз материалдарды қараған екен. Әйтсе де, әңгіменің дені Күлеке батыр жөнінде де, соңғы бір-екі беті Шал өлеңдеріне арналады. Күлекенің батырлығын, батылдығын аша түсетін фактілерге қаныға түсеміз де, енді Шалдың өзі хақында азырқанып қаламыз.

Оның үстіне Шал толғауларына әлі толық текстологиялық талдау, барлау жасалған жоқ. Ол дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармалары кейде біріне-бірі атастырылып, араласатын жағдайы бар. Бұқардікі Шалға, Шалдікі Көтешке ауысып кетіп жүреді. Бәрін бір ізге түсіретін уақыт жеткен сияқты. Әсіресе, ғұмыр, адамның жасы, тіршілік мәнін қозғайтын жырлар тұсында бұлар өзара үндесіп, кейде жолма-жол қайталанып кетеді. «Бұл дүниенің мысалы», «Он бес деген жас қайда», «Асқар таудың өлгені», т.б. өлеңдер бірнеше нұсқамен әрқайсысында кездеседі. Кейде мұндай ұқсастық айтушылардан да, жинаушылардан кетуі мүмкін. Дегенмен аражігін ажыратқан ақын-жыраулар мұрасын араластырмаған абзал.

Шоқанның Шал жайындағы айтқан сөзіне орай екі пікір айтылып келеді. Ең алдымен, Шоқанның өзіне сөз берейік: «Из преданий о происхождении киргиз замечателен джир ахуна из племени аргын, из рода атыгай и поколения Худайберди и отделения его Баймбет-Чала, современника прадеда моего, хана Аблая. Знающих эту эпопею теперь очень мало, по крайней мере, я до сих пор не имел случая ее слышать». Сонымен, Шал эпикалық генеалогия жасаған екен, әлі қолға ешнәрсе түскен жоқ деген сөзді М.Мағауин, Ғ.Әбетов қоштайды да, зерттеуші Қ.Өмірәлиев мүлдем кереғар ой білдіреді. Үшінші оппонент: «Шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан айтқан XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның өлеңдері емес, XIX ғасырдың орта тұсы мен XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған өзге бір Шал аттас ақыннын өлеңі» дейді.

Сонда тарихта екі Шал болғандай көрінеді. Шоқанның айтып отырған Шалы Күлекенің Шалынан әріде өткен сияқты. Шоқан таратып айтпайды. Әдебиет тарихында екі Шалдың болуы да шындыққа сыйыспайтын нәрсе емес. Бірақ, біздің білеріміз әдебиет тарихында бір-ақ Шал бар. Ол – Шал ақын Құлекеұлы.

Бұқар мен Шал поэзиясы жеке ақындар творчествосының басталғандығының куәсі. Жеке ақын, жыраулар фольклордан іргені үзілді-кесілді ажыратып алмағанмен, поэзияға «Мен өгіз терісі талыспын», «Әр жерде қадыр, құрмет көрген жанмын», «Мен, мен едім, мен едім» деген тіркестер енгізе бастады. Әдебиетке автордың өзіндік көзқарасы, стилі, тақырыбы енді. Сөйтіп, ауыз әдебиетінен бөлініп шықты. Бұқар мен Шал өлеңдері осы тұрғыдан алғанда өздері дәуір кешкен заманның қайшылықты көрінісін айнытпай бере білді, халыққа жақын, хан мүддесінен қашық поэзия жасады. Бұлар өлеңге қоғамдық сипат беріп, ұйқасты сөзді үлкен күшке айналдырды.

Шал ақыннан бізге қалған мұра 1000 жолға жуық. Дені баспа бетінде жарияланды,ең көбі «Алдаспанда» (Р.Әбетовтың есептеуінше 1348 тармақ). Ғ. Малдыбаев: «Шал оқымаған адам» десе, Ғ. Әбетов: «Шал суырып салма тәсілін ұстаған импровизатор ақын болғанымен, оның өз өлеңдерін хатқа түсірерлік сауаты да болған» деген сөз қосады. Шалдың ептеген мұсылмандық сауаты болуы мүмкін, дегенмен өлеңдерінің импровизаторлықтан туғандығы аңғарылады. Төкпе, шешен тілді, орақ ауызды кісі болғанға ұқсайды. Бізге Шал қазынасы хат арқылы емес, халық көкірегінде жатталып қалуының арқасында жетіп отыр.

Шалдың қайтқанына бір ғасырдан аса уақыт болғанда «Он бес деген жасым-ай» өлеңі тұңғыш баспа бетін көреді. 100 жыл бойы өлеңдері халық аузынан түспейді. Халық бірден-бірге жеткізеді. Шалдың өлеңдері дәл өзі айтқандай қалпында сақталып бізге жеткен деп, толық сеніммен айта қою қиын. Өйткені, ақын айтты деп, кейбір жолдарын жеткізушілер қосып та жібереді, бірқатар тақпақ толғауларына кітабилықтың әсері тиген секілді, орындары ауысып кеткендері де жоқ емес.

Мұндай нәрселер айтушы мен жазып алушының бір принципте болмағандығынан туады. Екіншілері кейде мәтінін жөндеп, қол тигізеді.

Содан өлең өзінің негізгі нұсқасынан алыстай береді. Бір жөндеу екінші жөндеулерге апарады да, шын мәтіннің шырайына көлеңке түсіре береді. Шалдан авторлық мәтін қалмағандықтан, ауыздан-ауызға көшіп отырғандықтан, ойда кейбір дүдәмалдықтар пайда болады.

Шалдың термелерін ілкі жариялаушылардың бірі Ғалым Малдыбаев «паспортизацияға» мән бермейді. Яғни өлең қашан, кімнен, қай уақытта, қай жерден алынды деген мәселелерге ой көзін жүгіртіп отырғанда көп ілгері басқан болар едік. Ақынның өлеңдерін кейінгі жазып тапсырушыларға да осыны айтқымыз бар. Әр сөзіне мұқият қарамасақ, «әттеген-айларға» ұрынамыз.

Шалдың Абылайдың үлкен баласы Уәлиханға айтты деген атақты «Қонақ кәдесінде» «Таң атты жаланаяқ тоқты арқалап» деген жол бар.Ғ.Малдыбаевта және «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларында» осылай да, «Үш ғасырда», «Алдаспанда» «Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап» боп кетеді. Қайсысы дұрыс, қайсысына жүгінеміз. Бірінші жолды дұрысқа баласақ, «Таң атты» сөзі анықтау емес. Әлде «Таң ата» десе ше? Ал, Айқын Нұрқатовтың 1949 жылы Молдағұл Мырзабековтен жазып алған материалдарында «жалаң аяқ, жалаң бас» болып келеді.

«XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын–дағы» Шалдың өлеңдері «Он бес деген жасым-аймен» ашылады. Он бес пен тоқсанның арасына баға беріледі. Бұл өлең Бұқарда да бар екені анық. Мазмұны бір, тек кейбір жолдарында ғана айырмашылық бар. Бұқарда «Жиырма деген жасыңыз» деп басталып, тоқсанмен тоқтайды. Бұқарда – 14 жол, Шалда – 19. Менің топшылауымша осы өлең түгелімен Бұқардікі. Олай дейтінім: Шал дүниеден 71 жасында, ал Бұқар жырау тоқсаннан өтіп қайтты. «Жетпіс келді тебелеп, кәрілікті жетелеп» десе, Шалға сыяды. «Менің жасым – тоқсан үш, мұнан былай сөйлеуім маған да болар ауыр күш» десе, Бұқарға жарасып тұр. Абылайға Бұқардың:

Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма, Басына мұнша көтерген Жұртыңа жаулық сағынба. Күнінде мендей жырлайтын, Тоқсан үште қария Енді де саған табылмас, –

деуінде мән жатыр. Ал, «Тоқсан деген жасыңыз, Ажалдан басқа жоқ екен» дегенде Бұқардың үні басым естіледі. Ендеше, бұл нақылды Бұқарға басыбайлы неге бермейміз. Шалдың қазынасы одан кеміп кетпейді. Кәрілік туралы философиясы да жетеді. Мінеки, осылай ауыс-түйіс болып, әр ақын, жырауға бір телініп жүрген туындыларды реттеу текстологияның міндеті болмақ. Бұл да жеке әңгімелеуге тұратын маңызды тақырып. Енді біраз жайды салыстыру арқылы бағдарлаған дұрыс.

Шалдың өлеңдері осы уақытқа дейін шыққан жинақтардың қайсысында қалай жарияланып келді, енді соған оралайық. 1962 жылы Ы. Дүйсенбаевтың алғы сөзімен шыққан «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» жинағында түгелімен «Қазақ әдебиетінде» (1958, № 48, 28 қараша) басылған Шал ақынның өлеңдері алынған. Мәтіндерде ауытқулар, өзгертулер жоқ. 1965 жылы жарық көрген «Үш ғасыр жырлайды» кітабы Шалды толықтыра түседі. Тек қана Шалдың әкесі Құлеке батыр қайтқанда айтқан жоқтау өлеңінің аяғына «Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста» деген бір шумақ өлеңі тіркеліп кетіпті. Әрине, арасына жұлдызша қойылуы керек еді.

Екінші «Қыздар туралы»төрт шумақтың аяқ жағы «Қорқақ емей немене, қашқан кісі» боп кете береді.

Жоғарыда аталған екі кітапта Шалдың туған, өлген жылы Ғалым Малдыбаевтың дерегі бойынша 1760-1831 жылдар деп берілсе, 1967 жылы «Мектеп» баспасы шығарған «Ертедегі әдебиет нұсқаларында» 1748-1819 жылдар деп көрсетілген. Мұнда «...қазіргі Көкшетау облысының территориясындағы Азат темір жол станциясының маңында дүниеге келеді» деген сөз бар. Ал, Ғ.Малдыбаев «Шал ақынның туып-өскен жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданы Қаратал деген ауыл» дейді. Біздіңше, Малдыбаев мәліметтері шындыққа жақын тұр. Соған сүйенген дұрыс сияқты. Шал ақынның өмірін, кейбір өлеңдерін 1949 жылы Молдағұл Мырзабековтен жазып алған Айқын Нұрқатов та осы ойды қуаттайды.

«Ескі әдебиет нұсқаларына» Шалдың 12 өлеңі енгізілген. Бұлардың он бірін М. Мағауин 1964 жылы Шалдың жерлесі Қошан Жантілеуовтен жазып алады. Әрине, айтушы Шалдың айтқандарын дәлмедәл жеткізген деуге болмайды. Кейбір жолдарына құрастырушының да қолы тиіп кеткені байқалады. Әлбетте, Шалдан түпнұсқа қалмаған соң ақын былай айтып еді ғой дейтін бізде дәлел де жоқ. Дегенмен, Шалдың қалыптасқан шымыр стиліне қарап, өлең тармақтарының тамырын басып, байқау қиын емес.

Осы кітаптағы «Кез келсе сөйле дейді шешендерім» өлеңі көңілге дүдәмал туғызады. Шал дінге құлап берілген кісі емес. Онша көп діни сөздерді сөзінің арасына қыстыра бермегені белгілі және сөз қайталай бермеген. Мысалы, өлеңдерінде «шын дүнияны», «бұ дүнияны», «уассамахи дастан болар», «уассамахи уәл арузи» секілді сөздер кездеседі. Бұлар Қошанның қоспалары емес пе екен деген пікір туады. Кейде айтушылардың өз тарапынан «өңдеулер» енгізетіндері де табылады. Сосын, «дүниеге жалаңаш кеп, жаяу қайттық» деген бір шумақ нақыл да Шалға тән тартымдылық, тереңдік байқатпайды. Айқын Нұрқатов жазып берген нұсқасы күштілеу шыққан. «Сөйлеп қал, сөйле, тілім», «Арыс келді» де қайталаулардан тұрады. Айтушы бұл өлеңнің белді, берік жолдарын жадынан шығарып алып, өз жанынан қосқандай көрінеді. Қошан Жантілеуовке де біреу жеткізеді ғой. Және «ғалым», «білгіш», «есерлерім» дейтін сөздерді Шал аузынан шықты деу қиын. Шал шығармаларының молырақ орын алғаны 1971 жылы «Жазушы» баспасында басылған «Алдаспан» жинағы. Бірақ мұнда да алшақтықтар кездеседі. Айталық, Айқын Нұрқатов 1949 жылы жазып алған «Кәрілік туралыда»:

Қатты-құттыға өтпейді қайран тісім, Кәріліктің келгенін біледі ішім. Сүйіктісін сүйірлеп кесіп жейді Дастархандас, табақтас болған кісім,– деген төрт жол «Алдаспанда»: Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім, Тіс кеткен соң кетті ғой менің күшім.

Кесек-кесек турайды, өзі жейді, Жан ашиды деп сенген жақын кісім, –

деп берілген (Алдаспан. 230-6.). М. Мағауин соңғысын 1964 жылы Қошан Жантілеуовтен алған. Қайсысы дұрыс деген сұрақ туады. Біріншісі көркемдігі, шыншылдығы, тілі жағынан Шалдың қолтаңбасын танытады.

«Мекке менен Медине жолдың ұшы» деп басталатын жалғыз төрт-таған барлық жерде бірдей емес. Оны да ескеру керек. Жолдарында айырмашылық бар. Қолжазбада:

Мекке менен Медине – жолдың ұшы, Алыс сапар жол дейді барған кісі. Атамекен, анасын күткен жанға, Мекке менен Медине үйдің іші.

Ғалым Малдыбаевта қалай екенін қаралық: Мекке менен Медине – жолдың ұшы, Иман таба алар ма барған кісі? Ата-ананы, мейманды құрметтесең, Мекеңнен де нұрлы ғой үйдің іші.

«Алдаспанда» (209-6): Мекке менен Медине – жолдың ұшы, Алыс сапар дейді ғой барған кісі. Ата менен анаңды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші.

Біздіңше, 1949 жылы жазып алынған Айқын Нұрқатов қолжазбасына тоқтаған ыңғайлы. Кейінгі екеуіне қол тигені көрініп тұр. Қолжазбадан және бір мысал келтірейік:

Жақсыны алыс деп жатқа санама, Жаманды жақын дегенмен бола ма. Жақсы болсаң кісі хақын жеме, Екі дүниеде кісі хақын жеген оңа ма?

Ғалым Малдыбаевта: Жақсыны – алыс, жаманды жақын көрме, Жақсы атансаң басқаның хақын жеме. «Жақсымын» деп момынның малын жесе, Жаман адам сол болар «мақұл» деме.

«Алдаспан» түгелімен Ғ. Малдыбаевты қайталайды, алайда «момынның» дегеннің орнына «біреудің» деп берген. Осыларды бір ізге түсірген жөн-ау келешекте. Тізе берсек мұндай мысалдар жеткілікті.

Шал поэтикалық сөздің дәмін, тамырын дәл, анық тауып айтады, шабыт дипазонының кеңдігі айшықты, ажарлы табысқа жетелейді. Қазақтың он бір буынды қара өлеңінің құдіретін Абайдан бұрын танытқан қарт шеберлердің бірі осы Шал. Шығармаларының дені он бір буынмен жазылған, жеті-сегіз буын аракідік ұшырайды. Әлгі балталаса берілмес берік ұйқас осы Құлекеұлында.

«Өйткені, он бір буынды өлең өлшемінде бұрыннан белгілі өлшемге қосымша кіргізу, өзгеріс енгізу арқылы пайда болған кейбір өрнектегідей жасандылық жоқ. Ол – бөлекше, дербес сипаты бар, өзінің бірнеше түрлері, варианттары бар, ырғақтық құрылыс-өрнегі мейлінше ширақ және жатық, әуезділік, үнділігі жағынан әбден келісті, кең тынысты болып келген, соның нәтижесінде аса кең тараған өлшем».

Шалдың поэзиясы он бір буындық өлшемнің мүмкіндігін мол пайдаланған. Шал болса сол халықтық поэзияның қолтығынан шыққан адам. Теңеу, тұспалдауы, метафора, символ секілді бейнелеу құралдары да соны паш етеді. Редифтік рифмалардың ұшырасатындығын да айта кеткен жөн. Кейде тармақтың аяғы өзара ұйқасады. Бір мысал келтіре кетелік:

Басеке, мал жануар басқа бітер, Қына шөп секілді ол тасқа бітер. Үйіңнен ит жаланып шықпайтұғын Өзіңдей жатып ішер насқа бітер. –

дегенде «басқа», «тасқа», «насқа» сөздері «бітер» етістігімен біте қайнасып, әуезді ұйқас жасаған. Кейде «шөлді біледі», «елді біледі», «жеңуді біледі» деген зат есім мен етістіктің тіркестері өзара ұйқасады да, келісті өрнек құрайды.

Қай кезде де өңін жоғалтпас Шал ақынның фәлсафалық тұжырымдары мен ұтымды ұйқасын былай қойғанда, тапқыр теңеулеріне тәнті боласыз.

Ай нұрланар аспанда толған сайын, Пенделер үміт етер болған сайын, Ашу-пышақ болғанда, ақыл-таяқ, Сол таяқ кемімей ме жонған сайын.

Мәнерлі, әсерлі шумақтан ғибадаты кең ой түйесіз. Кәрінің өлімін соққан дауылдың тынғанына теңесе, жастың өлімі сынған бәйтерекпен парапар дейді. «Таудың көркі – тас» деген баламаларды Шалдан естідік. Кісі мінезіндегі олқы жайларды жіті байқап қалып, өз байламын ұсынады. Өмір тәжірибесін оймақтай сөзбен тізеді. Сабырсыздықтан, санасыздықтан сақтандырады. «Жігіттің мұрты кебер мақтанарда» десе, оның немен аяқталатынын жазбай танисыз. Бір жолдың өзінде мінез, кескін-келбет тұтас көрініс береді, Ақын ақылдың көзімен көп нәрсені ашып көрсетеді.

Ақ пен қараның бітіспес күресінің арасында жүріп Шал өзінің шығармашылық нысанасынан ауытқымаған. Өзі сезіп білгенін, көргенін, түйгенін айтқаны басқалар үшін рухани азық еді. Қысқалы, ұзынды нақылдарына бірқатар жүк артты. Кейбір шумақтары шешендік сөздердің жүйесіне жақындайды, енді бірқатары кәдімгі ақ өлеңмен айтылғандай әсер етеді. Кейінгі айтушылары, көшірушілері ұйқасқа икемдеуі мүмкін. Сосын кейбір шумақтар Шалдікі болмауы мүмкін. Айталық, «Көкала көл, нар қамыс», «Бұл өлім қайда жоқ», «Күні суық болғансын түні қайтсін» дегендер халықтікі, не кейінгі қоспалар сияқты. Ақыннан жазба нұсқа қалмағаннан кейін оны жамап-жасқаушылар, «жөндеушілер» табылып қалады.

Шал белгілі бір зат, құбылыс туралы дәл, анық айта білген. Қаққан қазықтай сөздерін орнынан жылжыту қиын. Жердің салмақты тұсынан ойып алған кен іспеттес.

Жігіттің өзім білем дегені, – Басына салған ойраны. Ісін көпке бергені, – Тастан соққан қорғаны. Өсек басты болады Қыздың жасқа толғаны. Жан шошырлық жаман іс, – Ағайын ала болғаны.

Неден сақтанып, неден аянбау керектігін айнаға түсіргендей айнытпай береді. Қазіргі өркениетке де бұл керекті ой. Рухани тәжірибе көпке ортақ. Ертедегі жыршы, жыраулар алауыз, алакөз болған қатерлі хандарды осындай сөздермен ауыздықтап, тізгін тарттырғаны белгілі. Енді біз мемлекеттер алакөз болмаса деп тілейміз. Мұның өзі, Шал ақынның кемеңгерлілікке иек артар сөздері қай дәуірге де қызмет ететіндігіне дәлел болса керек.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Шал «Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам»

деген пікірді кім айтқан? 2.Шал неше жасынан өлең шығарған? 3.Шалдың қазіргі кезде ұрпақтары бар ма, бар болса кімдер? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28,

29, 30, 31, 32, 34, 35.

ДӘРІС 14. ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ.

Дәрістің мақсаты: Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін түсіндіру. Тірек сөздер: Жырау, жыршы, жыр, толғау, шешендік оралымдар т.б. Дәрістің жоспары: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль тақырыптар екендігі. 3.Жыраулар шығармашылығының көбінің бізге жетпегені, жеткендерінең өзіде текстологиялық жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек ететін тұстары бар екендігін түсіндіру. 4.Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. 5.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы да сөз қозғау. Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі-сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке

сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі – толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет дер едік.

Толғау– әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған салиқалы да тартымды мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады.

Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Бұл әдебиетіміздегі даралық творчествоның ең әуелде тек поэзияда, оның ішінде жыраулық, ақындық толғау, жырларда тұрақтанып қалыптасқанын айқын аңғартады.

Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (XIII ғ.) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы – Қорқыт» та бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те аталады) келсек, оның «Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны» деген жалғыз жоқтау жыры мәлім. Осы Ұлық жыршы «Оғызнаме» дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап, болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады.

Дегенмен, әйгілі «Қорқыт ата кітабында» әрбір келелі оқиғаларды баяндау алдында үнемі Қорқыт атынан бірде Дерсе, енді бірде Баяндүр ханға арналып айтылатын сөздердегі «Қорқыт атам сөз сөйлеп, жыр толғады. Бұл хиқаяны өзі шығарып, өзі жырлады» деп үнемі қайталанып келетін жолдардың өзінен-ақ оның жырды суырып салып айтқан «Көмекей әулие» – жырау болғаны айқын аңғарылады. Осы баяндаулар өзінің арнау үлгісінде келуі мен ұлағатты мазмұны арқылы да қалыпты жыраулар поэзиясына жақын тұр. Бір кезде толғау түрінде айтылған бұл жырлар кейін қара сөзге айналған тәрізді. Бұлардан Сыпыра жырау жырларының табиғаты біршама өзгешелеу.

Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық жырлар («Ер Тарғын», т.б.) мен ертегілерде («Құбығұл», т.б.) ғана ұшырасады. Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады.

Сол аңыз-ертегілер мен батырлық жырларда жиі аталып, «өзінің 180 жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен» Сыпыра туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Алайда, Сыпыра жырау туралы айтқанда,

ең алдымен, білікті ғалым Ә.Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның ролін өте жоғары бағалай отырып, оны «XV-XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден-бір жасаушы кісі», – деп көрсеткен еді.

Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арасындағы кек-жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын кемеңгерлікпен тоқтатушы данышпан ретінде көзге түседі.

Сөйтіп, жыраулар, көбінесе, өзінің көріпкел, болжағыштық, дана-кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда, кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе, яки Баяндүр хан, Ұлық жыршы мен Оғыз қаған, Ұлық жыршы мен Шыңғыс ханнан бастап, бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс, Асан қайғы мен Жәнібек, Шәлгез бен, Би Темір, Жиембет пен Есім, Бұқар менен Абылай хандардың іс-әрекет, қарым-қатынастарын атай аламыз. Бұл туралы кезінде: «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен, сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, судырлаған ақыннан алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы болмауға тиіс. Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қоржындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болу керек. Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып, ел меңгеру жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің бәрі ел мұңына, ел қамына арналған сөздер болады», – деп М. Әуезов айтқандай, жыраулардың әлгіндей өз бастарындағы артық қасиеттерінен тыс, азулы жуан, саны көп рулардан шығуы да, тіпті өзінің ел тағдыры шешілетін ауыр кезеңдерде қол бастайтын әскербасы – батыр болуы да хан қасынан табылуға мәжбүр еткен. Олардың хан қаһарынан қаймықпай қашан да батыл сөйлеп, шындықты тайсалмай бетке басып айтуы да осыдан. Қазақ тағы «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мәтелдің шығу төркіні де осы айтылған оймен терең сабақтас. Бұған ақындар өмірі де айғақ бола алады.

Сөз болып отырған Сыпыра тұлғасы үнемі біздегі батырлар жыры мен ертегілердің басты қаһарманы ретінде суреттелу арқылы өзінің жыр толғау мәнерімен де, көреген сәуегейлігімен де қалыпты жырау болып танылады.

Толғаудың қалыптасу кезеңінің ірі өкілдері болып саналатын Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Ер Шобандар сол өздерінен бұрынғы қалыпты дәстүрді жалғастырып дамытуға үлкен үлес қосты. Соның нәтижесінде толғау жанры өзге жырлардан табиғаты бөлек жыраулар поэзиясының дәстүрлі де өнімді бір түріне айналады.

Толғау бұл кезеңде өзінің тақырыбының ауқымдылығы мен мазмұнының байлығы жағынан ғана емес, сыртқы құрылыс-түзілімі жағынан да түлеп

толысып, халықты толғантқан күрделі мәселелерді жырлау дәрежесіне көтерілді. Осыған орай жыраулардың өз тұсындағы өмір көріністерін көркем бейнелеудегі әдіс-тәсілдері де өзгерді. Олар адам мен адам арасындағы әр алуан имандылық, ізгілік, адамгершілік қатынастарды (жақсы мен жаман, достық, дұшпандық) сөз еткенде, көбінесе, өмірде бар танымал құбылыстарды әдейі салғастыра алып, ойдың ұтымдылығы мен тиімділігін еселеп арттыруға мән берді. Осыған орай сол толғаулардың бір алуанында айтушының оқиғаға қарым-қатынасын білдіретін көңіл-күйі мен сезім-талғамы басым болып отырса (Қазтуған, Доспамбет жырлары), енді бір тобында мақал-мәтел іспеттес, өмірлік қорытынды, түйінді толғам, дидактикалық, әлеуметтік мазмұн сарапталады (Асан қайғы, Шәлгез).

Толғау жанрының қалыптасып, өркен жаю кезеңі жырлары өз атымен келіп жеткен Асан қайғы творчествосынан басталады. Бұл тұста толғаудың әлеуметтік, қоғамдық мәні артып, арнау, дидактика үлгісіндегі жырлармен толыса түсті. Бұған Асан қайғы өмір сүрген кезеңнің қат-қабат қиындығы мен күрделілігі де елеулі әсер етті. Керей мен Жәнібек бастаған елдің көшіп, Шу бойында жеке хандық құруының өзі өте маңызды мәселе еді. Жырау осы көші-қонға қарсы болса да, болашаққа зор үміт артып, қазақтың алғашқы ханы Жәнібектің (XV ғ.) ел басқару ісіне жиі араласып отырады. Осы мәселелерге сәйкес ол «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты толғауларын тудырып, ел бірлігі мен іргелі қоныс жайына арнайы тоқталады, ханның мін-кемшіліктерін бетіне айтады. Бейғамдықпен мен-менсінудің, мастанудың жақсылыққа алып келмейтінін ескертеді.

Жайлы мекен, жақсы қоныс, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуірді аңсау сол кездегі заман талабынан туған түйінді мәселе еді. Батыстан төнген зор қауіптің болар зардабын Асан қайғы жұрттан бұрын болжап, терең түсінді. Жыраудың «Алты атанға қос артып, тынбай алты жыл қоныс қарауы» да сол болашақ бодандықтың алдын алу болатынды. Асан қайғы құтты қонысқа жаяулап келіп, «өлтірмей жаныңды алатын, бауыздамай қаныңды ішетін» зұлым отаршылдарды шортан бейнесінде сипаттап, мұның әсте болмай қоймайынын, одан құтылудың жолы тек Жиделібайсынға көшу екенін тектен-текке айтпаса керек. Осыны ойламай, «ішкенге мас, жегенге тоқ» Жәнібек ханды жырау өлтіре сынайды. Бұл Асан ата болжаған мәселенің немен тынғанын біздер көріп, бармақ шайнап бастан кешіріп отырмыз. Сол жұмбақтың байламды шешімін кезінде Бұқар жырау да Абылай хан сұрағына орай тап басып шешіп берген еді. Бұған қарсы тұрар, қорғап қалар күштің сол тұста болмағаны жұртқа мәлім. Міне, осы жәйт Асан қайғының «Мұнан соң қилы-қилы заман болар» атты толғауының тууына себеп болғаны мәлім. «Жау жағадан алғанда, ит етектен» дегендей, қалмақ басқыншылығы да қазақ еліне оңайға түскен жоқ. Көп қырғын, сансыз шығынмен халқымыз бұл күндері

тәуелсіздікке ие болып отырса да, сол қауіптің ызғарынан әлі де біржола құтылып кеткен жоқ.

Асан қайғы жырларынан жалпы жыраулар поэзиясына тән белгі-сипаттардың мол ұшырасуы да заңды. Толғамы терең күрделі ойды мейлінше ұшқырлап әрі дәл, әрі ұтымды етіп жеткізу үшін, жыраулар, көбінесе, күнделікті өмірде жиі ұшырасатын танымал көрініс-құбылыстарды өзара салыстыру арқылы өз ойын орағыта жұмбақтап бейнелейтін болған. Рас, адамның сезім күйін табиғат көріністерімен ұштастыра сипаттау әдебиетімізде бұрыннан бар. Мұның әдемі үлгілерін тұрмыс-салт жырлары мен лиро-эпикалық дастандардан да ұшыратамыз. Алайда, әдеби дамудың әр қилы даму көріністері секілді мұның да жаңа, күрделі сипаттармен толысып, кемелдену кезеңдері болатыны даусыз. Сондықтан осы ерекшелік Асан қайғы толғауларында өмірлік құбылыс пен адамдар арасындағы қатынасты бейнелеудің тұрақты тәсіліне айналды. Өзінен бұрынғы жырауларда бұл жалпылық мәннен жекелікке ауысып отыратын болса, Асан творчествосында, керісінше, үлгілі де өсиетті нақты көріністерден үлкен жинақтауларға ойысатынын көреміз. Көбінесе мұндай жинақтаулар жырау көздеген белгілі бір мақсатқа орай дәлелдеуге жатпайтындай ұлағатты шындық ретінде де ұсынылады.

Сөз болып отырған кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық, сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, кешегі мен бүгінгі өмірді, өз басынан кешкен әр алуан ерлік пен қиыншылық сәттерді өзара салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген әлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық мәнге ие болып отырады. Айталық, Қазтуған өзінің «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты белгілі толғауында атасы Сүйініш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін болып түскен құтты қонысы – айдынды Еділін еске алып тебірене толғайды. Бұл – өз елін, өз жерін беріле сүюдің әдемі үлгісі деуге тұрарлықтай асқақ жыр.

Ал, Доспамбет толғауларында осы сүйіспендік сарын бастан кешкен өз өмірін еске түсіру түрінде келіп, өскен ел, туған жерге деген ыстық махаббатпен өріледі. Жырау өзі есейіп, ер жеткен оттай ыстық ата-мекенін сыртқы жаудан қорғаудан артық мақсат жоқ деп санап, бүкіл күреске толы өмір жолын еске ала жырлайды.

Доспамбет толғауларындағы секілді асқақ әуен, айқын мұратты сипаттау кейде жыраудың өз бейнесін өзі жасау талабымен ұштасып отырады. Мұндай құбылыс біздің әдебиетімізде бұрын-соңды ұшыраса қоймаған жәйт. Айталық, Қазтуған жырау «мұздай үлкен көбелі екі шекесін» айтумен шектеліп қалмай, өзінің «сұлтандайын жүрісті», «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы», «буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» екеніне дейін қалдырмай тәптіштеп суреттейді. Мұндай өзінің елден ерек қасиеттерін кейде көтеріп, кейде бәсендете айту ара-тұра Шәлгез (Шалкиіз) жырларынан да

ұшырасады. Ол – әдебиетімізде енді ғана туып, орныға бастаған толғау жанрының өркендеп дамуына ерекше үлес қосқан жырау.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері кімдер еді? 2. Қазақ сөз маржанын жинаушы Ш.Уәлиханов қандай пікір айтты? 3. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын неше кезеңге

бөлеміз? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17,22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30,

31, 32, 34, 35, 36.

ДӘРІС 15. АҚЫН ЖӘНЕ ЖЫРАУ.

Дәрістің мақсаты: Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде деген мәселелер айналасында әдеби теориялық ұғым беру. Тірек сөздер:Жырау, жыршы, ақын, эпос, жыр, толғау, толғаныс, толғану т.б Дәрістің жоспары: 1.Жыраулардың ақындардан өзіндік ерекшелігін түсіндіру. 2.Жырау деген кім , жыраулық өнер туралы түсінік беру. 3.Толғап-толғап сөйлеу, ғажайып шешендікке құрылған философиялық- дидиактикалық толғаулар, даналық афоризімдер мен терең ойлы ақыл- нақыл, мақал-мәтелге құрылған сұлу да айшықты жыр жолдары жыраулардың негізгі белгілері екеніне тоқталу. 4.Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінен небір хандар мен дұшпан- дарын тұқыртуы, олардың керегінде халық үшін қолына найзасын алуы, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері,қабырғалы би болғандықтары жайында сыр шерту. 5.”Қазақ” деген аты бар дербес әдебиетіміздің алдыңғы лебі-бүкіл түркі халқына аты ерекше тараған дала ”абызы” сөз әулиесі-Асан Қайғы жайынан мәлімет беру. 6.Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық,терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары-шындығында да дала поэзиясының, жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу. Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың

өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңде аренаға шыққан авторларының нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерінен де көреміз. Дәл осы аталған поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға дейін де, одан кейін де қалыпты үлгілерден табиғаты өзгеше, жеке бір өнімді арна болып дамып келгені де мәлім. Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай бір кезде:

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау. Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау, –

деп, өзіне дейінгі бір топ ел ішінде аты белгілі ақын, жырауларды қатты сынға алса да, олардың шығармаларын оқып білмеді, үйренбеді, яки бәрін бірдей жалғыз шумақпен мансұқ, етті деудің өзі қазіргі әдебиет тарихы деңгейінен қарағанда әрі орынсыз, әрі артық айтқандық болар еді.

Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз бір арнадан нәр алып келген сол ақындық поэзия мен жыраулық толғаулардың жырлайтын тақырыбы мен

жанрлық ішкі мүмкіндіктерінде де өзіндік елеулі өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымының кеңдігіне қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болып отырса, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің әр алуан көріністері мен заман жағдайын сипаттайтындай ой-болжам, асқақ эпикалық үнге көбірек мән беріледі. Осы ерекшеліктерді М.О.Әуезов кезінде дәл басып танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі, шығармасы – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті – «не болса сол көңіл ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады» — деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е. Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып, есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді», – деп жазады.

Ақындық және жыраулық поэзияның табиғи өзгешеліктері мен оның фольклорлық туындыларға қатысы, жазба әдебиетпен байланысы алғашқы зерттеулерде жалпы әдеби процесті ашу және әдебиет тарихын қай ақын, жыраудан бастау керек деген сол кездегі аса маңызды мәселелерге орай сөз болып келді. Бұл проблема қазақ әдебиеті тарихына арналған көп томдық еңбектер мен кейбір теориялық мәселелерге арналған жеке монографияларда да, белгілі бір ақын, жыраулардың өмірі мен творчествосына арналған ғылыми мақалалар мен орта мектеп оқулықтарында да үзбей әңгімеленді. Алайда, бізде соңғы кезеңге дейін осы мәселеге арналған күрделі еңбектер болмай келді. Бұл тұста, ең алдымен, М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабы мен Қ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар», Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» деген зерттеулерін, Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр және жалғастық» атты монографиясы мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты коллективтік еңбекті бөліп атауға болар еді.

М. Мағауин аталған зерттеуінде XV-XVIII ғасырларда жасаған ақын, жыраулар творчествосын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың «Ақын және жырау» деген соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр құрылысы (ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ, т.б.) ерекшеліктері тұрғысынан да байыпты ашып талдайды. Ал, Е.Тұрсыновтың жоғарыда айтылған еңбегінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін сақтап таратушы, жасаушы ақын, жырау, сал, сері, сыншылардың шығу тегі, типтік ерекшеліктері мен түп тамыры әлеуметтік, қоғамдық аспектіде қарастырылса, Қ.Сыдиықов өз зерттеуінде жыраулық дәстүрдің жалғасу жолдарына, оның бүгінгі дәуірдегі сипат, ерекшеліктеріне зер салады.

«Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен өзара астасып жатыр. Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш. Уәлиханов

және В.В.Радлов, Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар.

Ш.Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүйемелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жыр дегеніміз – рапсодия. «Жырламақ» етістігінің өзі белгілі бір ән-әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызда сүйемелдеу арқылы орындалады. Жырдың мазмұны ертеде өткен батырдың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқығанын, бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», – деп жазды.

Рас, «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиетімізде ерте кезеңдерде-ақ, туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. «Жырау» сөзі де осы ұғыммен терең астасып жатыр.

Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі – Құрбанғали Халидұғлы. Ол ақын мен жыршыны өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: «Ақындардың бір бөлімін «жыршы» дейді. Бұлар да ақынға тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар. Ақын шығармасын «өлең» дейді, олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден тұрады. Ал, жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған (қиыннан қиысқан) үш сөзден тұрады. Мысалы, Бұқар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұқардың көңіл айтуы да жырға жатады. Осы күнгі Құдабай ақынның айтып жүргені «өлең» делінеді. Екінші айырмасы: ақындардың өлеңі жай мағыналы болып, ал, жыршылардың сөзі мадақ, насихат мағыналы болып келеді және мысал сипаттас әсерлі болады. Сонымен бірге өлеңнің алғашқы екі жолы түпкі мағынасына сай келе бермей, қисын үшін де алынады. Ал, жырдың барлық жолы арналған тақырыптан ауытқымайды», – деп жазады.

В.В.Радлов жырды шумақа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды – жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай-ақ, ол қазақ жырының көнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе, сондағы аллитерация, акростих және ішкі ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», – дейді. Сөйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов пен В. В. Радловтан бастап В.Жирмунский, X.Зарифов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Н.С.Смирнова, З.Ахметов, X.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Е. Тұрсынов, Қ.Айымбетов зерттеулерінде де түгелдей мақұлданған. Бұлардан Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан,

З.Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір, көрегендік қасиеттерін де баса көрсетеді. Е.Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», – деп ой түйсе, Ә.Марғүлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту – көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған», – деп жазады. Ал, З.Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар творчествосының жанрлық ерекшеліктері өзгеше. Олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі – толғау арқылы айтып таратқан. «Жырау» сөзінің көне мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым өзгерген, жаңа мағынасында қолданыла бастады», – дейді. Бұл айтылған пікірлердің жыраулық поэзияның табиғатын ашып танудағы мәні айрықша. Дегенмен, жыраулар творчествосының өзіндік белгілері қандай, бұлар табиғаты жағынан әдеби түрдің қайсысына жатады, мұның жанрлық белгілері қандай деген тәрізді аса күрделі мәселелер әлі күнге дейін арнайы қарастырылып, өз шешімін әлі де толық таба қойған жоқ. Біз осыған орай жыраулық поэзияның Абай іргесін қалаған жазба әдебиетке келіп жалғасудағы тарихи үлесін елеулі деп айта аламыз. Жыраулар импровизация дәстүрінің бірден-бір негізін қалаушылары ғана емес, сол жанрдың ғасырлар бойы жалғаса дамып, тұрақтап ірге тебуіне де айтарлықтай еңбек сіңіріп келді. Осы тұста Ә.Тәжібаевтың: «Жырау – сөз жоқ ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады.

Ал, жыраулық – ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы», – деп, жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде алып қарастырады. Ал, Ә.Марғұланның көрсетуінше, жыраулар эпикалық жырды бірден-бір жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі өкілдері. Бұл пікірді Ә.Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып: «Ертегі, ұсақ салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың үлесінде болған», – дейді.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Жыраулар деген кімдер? 2 . «Жырау» деген сөздің түп төркіні қайдан шыққан? 3.Ақын мен жыраудың айырмашылығы неде? Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ. 1. Тәжірибелік сабақ: ХYIII ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ жеріндегі тарихи оқиғалар. Сабақтың мақсаты: Тақырыпты студенттер қандай дәрежеде

меңгергеніне қарай бағалау. Сабақ жоспары: 1. Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның басталуы 2. Ол туралы тарихи зерттеу, деректер. 3.Жоңғар басқыншылығы, оған қарсы күрес, оның айбынды ұйымдастырушылары. 4.Осы кезде әдеби өмірдің де жандана түсуі, яғни жыраулар шығармашылығында күрес сарыны, отаншылдық, патриоттық рухтың өрістеуі. 5.Әдебиеттің тақырыптық жағынан да тереңдеуі. (Мысалы: дін, мораль, этика, адамгершілік, өмір мен өлім, имандылық, ізгілік, биік рух, т.с.с.) Әдістемелік нұсқау: Әдебиетте ғақлия толғаныстар, нақыл, афористік, философиялық-дидактикалық үлгідегі жыраулар туындыларының көбеюі. Әдебиетіміздің жанр, мазмұн, түр жағынан баюы. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36. 2.Тәжрибелік сабақ: Қазтуған жыраудың шығармашылығының зерттелуі. Сабақтың мақсаты: Қазтуған жыраудың шығармашылығының зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп,бағалау. Сабақ жоспары: 1.Жыраудың көшпенділер аристократиясынан шыққандығы. Туып өскен жері туралы. 2.Қазтуған жыраудың қолбасы батыр болған деген аңыздың шындыққа жақындығы. 3.Қазтуғанды артындағы ұрпақтарының қадірлейтіні сонша, Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау-поэмалар туралы. 4.Қазтуғанға дейінгі жыраулардың аты жеткенмен, толғауларының жетпегені туралы, аз болса да ұлы жырау шығармаларының бір кішкене үзігінің бізге жеткені жайында. Әдістемелік нұсқау: Жорық жыршысы,ірі эпик,әрі нәзік лирик Қазтуған жырау туралы әңгімелей отырып, әсіресе оның ұлттық әшекейі анық, терең суреттеу тәсілдері өте шебер жырлары–шындығында да дала поэзиясы- ның,жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу. Қазтуған жырларының маңызы. Қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, таза ұлттық рух, ұлттық тіл

тазалығы, Қазтуған толғаулары-орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы-жыраулықтың тамаша үлгісі екендігі. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 7,10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 20, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36. 3.Тәжірибелік сабақ: Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы. Асан туралы аңыздарға тоқталу. Сабақтың мақсаты: Студенттер Асан Қайғы жыраудың шығармаларын,оның зерттелуін, жырау Асанмен аңыздағы Асанның ара жігін қандай дәрежеде меңгергеніне қарай бағалау. Сабақ жоспары: 1.Асан қайғы есімінің барша қазақ халқына кеңінен таныс екендігі. 2.Асан қайғының шығармаларының зерттелуі жайлы 3.Асан туралы аңыздарға қысқаша шолу. 4.Асан толғауларының көркемдік ерекшелігі, маңызы тәрбиелік орны. 5.Асан қайғының халық арасында әулие ретінде құрмет тұтылуы. 6.Ата тегі туралы нақты деректердің жоқтығы. Әдістемелік нұсқау: «Тауарих хамсада» Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы ұрпағы деп келтірілуі. Асанның біраз өмірінің Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтуі. Кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болғаны Асан қайғы туралы М.Әуезовтың, Ш.Уәлихановтың, Х.Сүйінішәлиевтің т.б. ғалымдардың пікірлері жайлы. «Ежен хан мен Асан», «Жер үйек», әсіресе, «Жер үйектің» халық арасында кеңінен таралуы. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36. 4. Тәжірибелік сабақ:Доспамбет шығармашылығының зерттелуі, толғауларының маңызы. Дәрістің мақсаты:Доспамбет шығармашылығының зерттелуін, толғауларының маңызын қандай дәрежеде меңгергенін тексеріп бағалау .

Сабақ жоспары: 1.Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Толғауларының поэтикалық тілі. 3.Доспамбет туралы аңыз-әңгімелердің хикаяларының. Радлов сияқты ірі ғалымдарға белгілі болғаны. 4.М.Османовтың 1883 ж. баспадан шыққан «Ноғай уа құмық шиғырлары», Радловтың 1896 ж. «образцы народной литературы тюркских племен» еңбектерінде жариялануы туралы тоқталу. 5.Доспамбет шығармаларының тілі, толғауларының маңызына, өзіне арналған жырларына тоқталу. Әдістемелік нұсқау:Доспамбет шығармалары деп есептеп жүрген туындылардың негізінен 1908 ж. М.Бекмұхамедовтың Қазан қаласынан шыққан «Жақсыүгіт», Ғабдолла Мұштақтың (Ғұмар Қарашев) 1912 ж. Орынборда жарияланған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» кітаптарында жарық көруі. 1967 ж. «Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1971 ж. «Алдаспан»,1982 ж. «Бес ғасыр жырлайды» еңбектерінде басылған Доспамбет шығармаларын, алдында басылған еңбектердегі шығармаларымен салыстыру. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36. 5 .Тәжірибелік сабақ: Шалкиіз өмірі, шығармашылығының жиналып, зерттелуі, шығармаларына әдеби талдау» Сабақтың мақсаты: Шалкиіздің шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Шалкиіздің өмірі, шығармашылығына тоқталу. 2.Өмір сүрген уақытын зерттеуші ғалымдардың әр түрлі топшылаулары. 3.Оның батыр қолбасы болуы жайындағы тарихи әңгімелерге тоқталуы. 4.Жыраулар ішінде оның тұңғыш рет орысшаға аударылуы (төңкеріске дейінгі оқиғалар). 5.Шалкиіз-қазақ әдебиетіндегі философиялық, дидактикалық, афористік толғаулардың көш басшысы. 6.Шалкиіз поэзиясындағы жауынгерлік, ерлік рух, отаншылдық сарын. 7.Шалкиіз поэзиясындағы сырлы, дана афоризмдер мен көркем поэтикалық тіл. 8.Шалкиіз-«шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы».

9.Қазақ әдебиеті тарихындағы оның алатын орны. Әдістемелік нұсқау:Шалкиіз шығармаларының В.Радловтың, дағыстандық Мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883 ж.) жарық көруі. Ақын шығармашы- лығының төңкерістен кейін көп жылдар бойы партиялық талап пен саясаттың назарына іліккендігі, Шалкиіздің жыраулар ішінде еңсесі биік, шыққан шыңы жоғары екендігіне, сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, пірі –көмейінен күмбірлеген жыр төгілген классикалық дәрежедегі жырау болғандығына тоқталу. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 6. Тәжірибелік сабақ: Жиембет шығармаларының жиналып, зерттелуі. Сабақтың мақсаты: Жиембет шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы. 2.Шығармашылығының маңызы. 3.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты. 4.Қазақтардың ойраттарға қарсы күресі 5.Жиембеттің елге есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған толғауы екендігі». 6.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы. 7.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы үшін қолына найза да алғандығын, ел екендігі дәлелдейтіні. 8.Әділетсіздікке, ханға қарсы ащы дауысы, өткір үні. Әдістемелік нұсқау:Жиембет Бортоғашұлының Алшын руынан шығуы, әскери ақсүйек отбасында дүниеге келуі. Арғы атасы- Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болғандығы. Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің, Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел басқарушы биі қызметін атқаруы. Жиембет туралы біршама деректердің барлығы. Сондай-ақ Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге болатыны. Шешендігі, батырлығы, әділдігімен халқының әулиелерінің біріне айналған Сырым батырдың ұраны атасы Жиембет болғандығы. Ол туралы әр түрлі

әңгімелер, деректер. «Қол аяғым бұғауда» өлеңінің жыраудың хандардан көрген зәбірін дәлелдейтіні. Сондай-ақ, «Басы саудың түгел-дүр» толғауының Жиембеттің өз елі, жерінен қуылғандығын дәлелдейтіні. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 7. Тәжірибелік сабақ: Марғасқа жыраудың өмірінен мәлімет, толғауларына әдеби талдау. Сабақтың мақсаты:Марғасқа жыраудың шығармаларының жиналып зерттелуін,толғауларын студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу, шығармашылығының зерттелуі. 2.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырау болғандығы жайлы. 3.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты қолжазбасындағы Марғасқа жырау туралы айтылғандарға тоқталуы. 4.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы. 5.Толғауларына әдеби талдау. Әдістемелік нұсқау:Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! – деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 8. Тәжірибелік сабақ: Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі. Сабақтың мақсаты:Ақтамберді шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Ақтамберді жыраудың шығармаларының жиналып, зерттелуі. 2.Ақтамбердінің жай жырау емес, жортуыл жыршысы, әрі балуан, әрі батырлығымен халық арасында өте бетті, беделді болғандығы туралы түсінік. 3.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы жырау. 4.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі-Шалкиіз, Доспамбет сияқты өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы тоқталу. 5.Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота төбесінің басында екендігінен хабар беру. Жыраудың 93 жасында қайтыс болуынан мәлімет. 6.Өмірін түсіндіру барысында өлеңдерін дәлел ретінде пайдалану. Әдістемелік нұсқау:Жырау ұрпақтары қазір де Семей облысында тұратындығы, солардың айтқан деректері, әрі “Тауарих хамса” бойынша Ақтамберді Сарыұлының атақты Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның бір көсемі, әскербасы батыры, әрі төгілмелі жырау болғандығы туралы мәлімет. Орташа, кедей ортада туып өсуі. Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу. (Орта Азия хандықтары, қалмақтармен соғыстар.) тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер екендігіне ерекше назар аудар. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 9. Тәжірибелік сабақ:Тәтіқара ақынның шығармашылығының жиналып, зерттелуі. Сабақтың мақсаты: Тәтіқара ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Тәтіқараның азаттық үшін күрес ұраншысы, басқыншыларға қарсы халықты ұрысқа шақырушы жауынгер ақын, “жортуыл кернейшісі” екендігі. 2.Оның өз заманының ең көрнекті, ең қуатты, ең алдыңғы қатарлы жыршысы, яғни ақыны болғандығы. 3.Ұлы Шоқанның Тәтіқара жырларына назар аударуы. 4. Шыққан тегі: Уақ ішіндегі Қалмақ болғандығы туралы әңгімелеу. 5.Тәтіқара жайында таралған әр түрлі аңыздарға шолу. 6.Аблайдың жауынгершілікке аттанғанда жанынын тастамайтын сенімді серігі, оның сарбазшысына дем берушісі болғандығы. 7.Ақындығымен қоса ер жүректілігі, бірбет, қайсар болғандығы. Әдістемелік нұсқау: Ақын есімінің әсіресе 1756 жылы қазақ жеріне басқыншылықпен кірген Цин үкметіне қарсы күрестеерекше танылуы. Шығармашылығына талдау: “Қамыстың басы майда, түбі сайда”. Өлеңнің шығу тарихына назар аудар. Абылай сарбаздарына қауып төнгенде, жігер беру, намыс қайрау мақсатында туғандығы.Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға беруі. а )Жәнібек – «болат найза»; ә)Ер Жабай – «Найзасының ұшына жау мінгізген»; б)дәріптеу, асыра ұлғайта мақтау. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25,27,28, 29, 31, 32, 33, 34,35, 36. 10. Тәжірибелік сабақ: Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығының зерттелуі. Сабақтың мақсаты: Үмбетей жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер

қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары: 1.Үмбетейдің 1706-1778 жылдар шамасында өмір сүруі туралы болжамдар. 2.Үмбетейге әкесінің әсері,жасынан ән-жыр, сөз өнеріне еліктеп өсуі, халық әдебиетінің әсері. 3.Үмбетей жырларының басты ерекшелігі философиялық-дидактикалық мәнінде екендігі. 4.Үмбетейдің Абылай заманындағы ел қорғаған халық батырлары туралы мадақ толғауларды шығарушылардың басы болғандығы. 5.Абылайды да ерекше дәріптеуі, құрметтеуі. 6.Жыраудың Бұқармен дос-жаран болуы. 7.Үмбетей жырларының аса көркем келуі, өлең жолдарының көбіне үш буыннан тұруы.. Әдістемелік нұсқау: Үмбетейдің жырлаулық атын ерекше елге танытқан атақты батырлар туралы толғаған жырлары жайында. Әсіресе, ғалымдар жазғандай, ХVIII ғасырдың 70 жылдарында шығарған Бөгенбай атына байланысты толғаулары жырау есімін әдебиетімізге мәңгі қалдырғаны туралы сөз қозғалуы. Әкесі Тілеудің шежіре, абыз іспеттес болуы. Қаһармандық жырларды, шешендік сөздерді,халықтың сөз өнерін ерекше меңгеруі, қобызы болуы, халқының бай музыкасын да жетік білуі. Бұқардың қатынына байланысты айтқан жыры сақталған. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36. 11. Тәжірибелік сабақ: Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Бұқар жыраудың шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау. Сабақ жоспары:

1.Бұқардың 18ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болғандығы. 2.Бұқар өмір сүрген мерзім тынысы, тарихи оқиғалар. Оның жырау шығармашылығына әсері. 3.Бұқар шығармашылығын жинастырған атақты Мәшһүр Жүсіп жайында сөз қозғау. 4.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қоржас екендігі, 1668-1781 жылдары өмір сүрген деген болжам. 5.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі. 6.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі. Әдістемелік нұсқау: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі. Оның Бұқар туралы “Бұл кісінің сөзін түгел жазамын дегенге: Нұхтың өмірі, Аюбтың сабыры, Аполатонның ақылы керек” деген сөзі;Шоқанның Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсіруі; Г.Потаниннің Бұқардың біраз өлендерін жинастыруы. “Тауарих хамсада”, “Таң” журналында кейбір өлеңдерінің шығуы. Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов пен М.Мағауин, т.б зерттеулері жайынан мәлімет. Бұқардың ел бірлігі, татулығын жырлай отырып, патшаның отарлау істерін ерте түсінуі, оған қарсы болуы. Бұқар поэзиясының көтерген тақырып жағынаң әр алуандығы. Халық поэзиясының тұнығын жинап, бойына сіңіре отырып, өзінен кейінгі басталар жаңа поэзиясының да кейбір белгілерінің негізін салуы. Бұқар поэзиясының философиялық тереңдігі, даналық, афористік мәні, ақындық интуиция, поэтикалық тілімен, тіпті “Еуропалық лирикаға” жақындау өлең жолдарымен қазақ әдебиетінің алтын қорынан алатын орны. Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы. Қоғамдық мәселелерге атсалысуы, даналық ақыл- ойы, аумалы-төкпелі заманда ел бірлігін жырлап, халқы алдында үлкен қызмет атқаруы, “көмекей әулие атануы”,“Бұқар қара сөз білмейді, тек жырлай береді” екен деген аңыздар. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36. 12. Тәжірибелік сабақ: Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Көтеш ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Көтештің Арғын, оның ішінде Сүйіндіктен тарайтыны. 2.Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең жайылуы,әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі. 3.Ол туралы халық арасындағы аңыз (“Абылай, Ботақанды сен өлтірдің” деген өлеңге қараңыз). 4.Көтеш шығармаларының жинақталуы. 5.Көтештің өзі шыққан тегінең де кедей, өзінің де кедей болғандығы жөніндегі деректер. 6.Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы әңгіме-аңыздар. 7. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер. 8.Көтештің суырып-салма ақын екендігі. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны. 9.Шығармашылығын талдау. Әдістемелік нұсқау:Мәшһүр Жүсіптің Көтеш шығармаларының жинақталуында атқарған істері (Мәшһүр Жүсіп туралы әңгімелей кету.) Көтештің қолмақол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын, әрі таза қазақ түсінігіндегі ақын, күшті ақын екендігі. Көтеш шығармашылығы туралы профессор Ысмайыловтың пікірі, бағасы. “Көтеш-кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын ақын және күй талғамайтын жүйрік” – деді Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 31, 32, 33, 36. 13. Тәжірибелік сабақ: Шал ақын өмірі, шығармашылығы. Сабақтың мақсаты: Шал ақынның шығармаларын, шығармаларының жиналып зерттелуін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Ақын шыққан орта: Анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі. 2.Орыс үкіметімен достық қарым-қатынасы, Орынбор губернаторының А.Давыдовқа берген жарлығыда Құлекеңнің беделді батыр екендігін, оған жақсы қарым-қатынас жасау керектігін ескертілуі. 3. Ғалымдар болжауы бойынша оның 1748-1819 жылдары өмір сүргендігі туралы деректер. 4. Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан Наушабаев екендігі. 5. Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы. 6. Шал импровизатор, төкпен ақын. 7. Шал шығармашылығында өзіндік мәні көрінген лирикалық поэзисының да кезігуі. Әдістемелік нұсқау: Шалдың қақтығыс өлендері (айтыс үлгісі), “Жігіт пен Шал”, “Шал мен қыз”, “Шал мен кемпір” тоқтал. Шалдың Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы бойынша “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған адам”. “Шалдың – өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы”. Құлекеңнің ұрпақтары қазір де Солтүстік Қазақстанда, Сергеев ауданында тұратындығы. Сондай-ақ, оның жақсылықты ту етіп көтеруі, жамандықты жерлеуі, өлеңдеріндегі ақыл- нақыл, үлгі айтудың басымдылығы. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13,17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31, 32, 34,35. 14 .Тәжірибелік сабақ:Жыраулық поэзияның даму жолдары. Сабақтың мақсаты:Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін студенттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы да сөз қозғау. 2.Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі сарыны-дін, этика, мораль тақырыптар екендігі. 3.Өмір, дүние туралы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылары, жеке адамдарға арналған өткір эпиграммаларының әдебиетіміздегі орнына тоқталу. 4.Жыраулар шығармашылығын сөз еткенде олардың көптеген толғауларының бізге жетпегені, жеткендерінің өзі де текстологиялық жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек ететін тұстары бар екендігін түсіндіру. 5.Жыраулар шығармашылығы әлі де зерттеуді, анықтауды керек ететінін әңгімелеу. 6.Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы да сөз қозғау. Әдістемелік нұсқау: Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу. Мысалы: Шоқанның айтқандарынан бастап, В. Радлов (“Образцы народной литературы северных тюркских племен”) “Тауарих хамса” кітабының авторы Құрманғали Хамитұлы, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайлов, М.Әуезов, Қ.Жұмалив, Ә.Марғұлан, М.Мағауин, т.б туралы да хабардар ету. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 17,22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 31,32, 34,35, 36. 15. Тәжірибелік сабақ: Ақын және жырау. Сабақтың мақсаты:Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде,толғаулардың мәні не деген мәселелерді туденттер қандай дәрежеде меңгергендігін тексеріп, бағалау.

Сабақ жоспары: 1.Жыраулардың ақындардан өзіндік ерекшелігін түсіндіру. 2.Жырау деген кім, жыраулық өнер туралы түсінік беру. 3.Дербес әдебиетіміздің алдыңғы лебі-бүкіл түркі халқына аты ерекше тараған дала , «абызы,» сөз , «әулиесі,» өз заманының терең ойшылы Асан Қайғы. 4.Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик Қазтуғанның өте шебер жырлары дала поэзиясының, жыраулықтың биік шыңы екеніне тоқталу. Әдістемелік нұсқау:Толғап-толғап сөйлеу, ғажайып шешендікке құрылған философиялық-дидиактикалық толғаулар, даналық афоризімдер мен терең ойлы ақыл-нақыл, мақал- мәтелге құрылған сұлу да айшықты жыр жолдары, импровизацияның “ат басындай алтыны” мәңгіге жылтырап жатқан ұлы мұра-жыраулардың негізгі белгілер екеніне тоқталу. Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінең небір хандар мен дұшпандарын тұқыртуы, олардың керегінде халық үшін қолына найзасын алуы, дана кеудесінен сөз боранын боратып, ірі қоғам қайраткерлері, қабырғалы би болғандықтары жайында сыр шерту. Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС

ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР.

1.СОБӨЖ.«Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар шығармашылығында. /толғау эссе жазу/ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді шығарма- эссе жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: Студент кез келген бір жырауға өз атынан ,осы эссе деген термин сөзге сүйене отырып шығарма-эссе жазу керек. Эссе-тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,өзінше толғап,әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың,әдеби сынның,публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. 2. СОБӨЖ. «Жырау және тарих» ғылыми сипатттағы мақала әзірлеу. Өздік жұмысының мақсаты:Студенттерді мақала жазуға баулу. Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулардың тарихтан алатын орны қандай 2.Жыраулардың қазақ хандығының дамып, іргесінің нығаюына қосқан үлестеріне тоқталу. 3.Қоғамдық, саяси қызметтердің әдебиет тарихынан алатын орындарын сөз ету. 3.СОБӨЖ.«.Жыраулар толғауларындағы архайзм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер./текстологиялық талдау/ Өздік жұмысының мақсаты:Өздік жұмыстарында түсіндірмелі сөздіктерді, фразеологиялық сөздіктерді пайдаландыру барысында қазақ тіл білімінен алған білімдерін тереңдете түсу. Үлгі: Түсініксіз сөздер Түсіндірмесі 1. Пұсырман баласы 1. Мұсылманның баласы 2. Жауабы жамшыдай 2. ……………………. 3. Ақре тау 3. ……………………. 4. Өз малын кізнеген 4. ..................................

Әдістемелік нұсқау: 1.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Құрастырған А.Құралұлы. А.1997. 2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.1-10том. Алматы: Ғылым,1974-1986. 3. Абай тілі сөздігі. Бас редакторы. А.Ысқақов. Алматы: Ғылым,1968. 4 . СОБӨЖ. « Жыраулар поэзиясында кездесетін троптың түрлерін теру. \картотека\ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. Үлгі: Мысалы: Арабы торым өзіңсің, Алдаспаным өзіңсің, Сен –Алтынсың ... Сен –Сұлтансың ... Сен –Сұңқарсың ...,т.с.с. Бұлардың бәрі - метафора. Әдістемелік нұсқау: 1. Қ.Жұмалиев айтқан бес түрлі жолмен жасалатын метафора түрлерін жыраулар поэзиясынан табу. 2.Жыраулар поэзиясында кездесетін метонимия мен синекдоханы тауып салыстыру. 3.Жыраулар поэзиясында кездесетін теңеулердің жасалу жолдарына көңіл аударыңыз. 5. СОБӨЖ. Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан – элементтерге. \картотека\ Өздік жұмысының мақсаты:Студенттер өздерінің әдебиет теориясынан алған білімдерін шыңдай түсу үшін қажет. Әдістемелік нұсқау: Ақын, жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық,геройлық, романтикалық образдарға тән нышан – элементтер көптеп кездеседі. Мысалы: Асанның «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», Бұқардың «Атаңды білмес құл едің» деп басталатын шумақтарында сатиралық образ детальдары елес береді соған көңіл аударыңыз.

6.СОБӨЖ.Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры/реферат13-15 бет/ Өздік жұмысының мақсаты: Ауыз әдебиетімен хандық дәуір әдебиетінің арасындағы байланысқа студент назарын аудару. Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулар поэзиясын батырлар жырымен салыстыр. 2.Жыраулар поэзиясымен батырлар жырының арсындағы үндестікке назар аудар. 7. СОБӨЖ. Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат жазу. \хат үлгісіндегі толғау-эссе\ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттердің тіл байлығын дамыта түсу. Әдістемелік нұсқау:Асанның хаты. «Уа, жас ұрпақ... Есті көрсең кем деме. Бәрі тұйғын табылмас», «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа». Адамның адамдығы мінген тағы, шыққан тауы атақ – даңқы емес, ең алдымен адамгершілігі, халқына қызмет етуінде болмақ. Сондықтан «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама...» Адам күні адаммен – достық, бейбітшілік жер жүзіне ең керекті дүниелер. Сондықтан да «Еділ бол да, Жайық бол, ешкіменнен ұрыспа... » т.с.с Ескерту: Аманат хатта – жыраулардың өз толғауларынан мысалдар көп алынулары керек. 8.СОБӨЖ.Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармаларын ақындар поэзиясымен салыстыру.\әдеби талдау\. Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығын, өзіне тән ерекшелігін дәлелдету. Мысалы. Үлгі: 1.Ақтамберді жырау. “Күлдір де күлдір / кісінетіп / /9/а Күреңді /мінер ме/ екенбіз,/9/б Күдеріден /бау тағып /7/ а Ақ кіреуке /киер ме екенбіз? /10/б Ор қояндай /жүгінтіп,/б/а Аш күзендей /бүгілтіп,/7/а Жолбарыстай /шұбарды /7/в Таңдап /мінер ме/ екенбіз? /8/б

Біржан сал Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, а/11/ Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. а/11/ Қасыңа мені сендер неге алмайсың, б/12/ Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын. а/11 Әдістемелік нұсқау: 1.Ұйқас түрлері, рифманың өзіндік ерекшелігін сарала. 2.Шумақ пен буын саны жырауларда өзгеріп отырады,әр түрлі болып келеді,тармақтарында жүйе көбіне сақталмайды соған көңіл аударыңыз. 3.Жыраулар поэзиясының ақын поэзиясынан айырмашылығы, өзіне тән ерекшеліктерін дәлелде. 9. СОБӨЖ. «Жыраулар сөзі тарих шежіресі». \реферат.\ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді өз бетімен ізденуге жол ашу, ғылыми материалдармен жұмыс жасауға баулу. Әдістемелік нұсқау: 1. «Жырау»деген кім, оның шығармашылық ерекшеліктеріне назар аудар. 2.Жыраулар поэзиясының тарихтағы орны, әдебиеттегі орнына тоқтал. 10.СОБӨЖ.Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырларына қарап отырып жазу \.шығарма-эссе\ Өздік жұмысының мақсаты: Студенттерді жазу жұмыстарына төселдіру. Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраудың адам психологиясы ,мінезін ашып көрсетудегі шеберлігіне назар аудару керек. Мысалы Үмбетейдің «Жауқашарға», «Бұқарға», «Ақтамберді», «Қабанбайға», «Бекболат биге», «Бәкеге»,т.с.с. арнау өлеңдері бар. 2.Міне осы арнау өлеңдерін қашан, қандай жағдайда, неге шығарғанына тоқталу. 3.Басқа жырауларда арнау өлеңдер бар ма екен? Бар болса солармен салыстыру.

11. СОБӨЖ. Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай (тарих және көркемдік шындық). /реферат/ Өздік жұмысының мақсаты:Дәріс,семинар сабақтардың ғылыми мәнін арттыру, студенттердің қабілетін дамытып, ғылыми жұмысқа жетелеу. Әдістемелік нұсқау: 1.Бұқар ел бірлігінің жыршысы екендігі. 2.Абылай ханның халық тарихынан алатын орны. 3.Абылай ханның сол заманның жырауы Бұқар шығармашылығына әсері. 4.Бұқар шығармашылығының мәні – ел бірлігі, достықты үндеуі, халықты Абылайдың саясатын қолдауға шақыруы. 5.Сол заман үшін Бұқар шығармашылығының маңызы. 6.Абылай портреті Бұқар шығармаларында қалай ашылғандығына назар аудар. 12. СОБӨЖ.«Жыраулар поэзиясын салыстыру»/картотека.\ Өздік жұмысының мақсаты: Теориядан алған білімдерін шыңдай түсу. Үлгі: Ақтамберді. Доспамбет.

«Күдір де, күдір кісінетіп, Күмбір, күмбір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз ». Күреңді мінер күн қайда?” (61- бет. «Бес ғасыр жырлайды I том)

Күдеріден бау тағып, «Күдеріден бау тағып Ақ кіреуке киер ме екенбіз. 64 бет. Кіреуке киер ме екенбіз?»33 б.

Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулар тоғауларына зер сала отырып,қайталанып келетін өлең жолдарын табу. 2.Өзіңше қалай ойлайсың, жырауларда қайталау неге кезігеді? 3.Тапқан қайталаулардың ең алғашқы негізі қай жыраудікі дер едің? 4.Ойыңды нақты мысалдар мен дәлелде.

13. СОБӨЖ. Көтеш, Шал, Тәтіқара ақындардың шығармаларын. /талдау/. Өздік жұмысының мақсаты: Шығарманы әдеби талдауға баулу. Әдістемелік нұсқау: 1.Ақындар толғауларының ерекшелігіне, көркемдік әлемі, маңызы не екеніне тоқталу. 3.Жыраулар шығармашылығына тән ақыл –нақыл,өнеге өсиеттің молдығына назар аудару. 4.Шешендік оралымдар,пәлсапалық толғаныстарды қай ақын қалай қолданған салыстырып талда. 14.СОБӨЖ.Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған жыраулардың шығармаларындағы архаизмдер. \картотека\ Өздік жұмысының мақсаты:Жыраулар поэзиясындағы кездесетін көнерген сөздердің мағынасын ажырата білу. Әдістемелік нұсқау: 15-18ғасырлардағы ақын жыраулар тілінде ерекше көзге түсетін сала – архаизмдер. Ерте кездерде өмір көріністерін бейнелеуге қызмет еткен,ал бұл күндері көне сөз «архаизм» қатарына жататын сөздер. Мысалы: Шалкиіздегі «әбсінде ғалым жиылып», «ашалай шалың ақталап»деген тіркестер кездессе, Доспамбетте»кірмембес ауыр қол», «сақсырым толды қаныма» т.б. тіркестердің кездесуі. 15. СОБӨЖ. «Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы» /реферат 13-15 бет көлемінде/ Өздік жұмысының мақсаты: Ғылыми материалдармен жұмыс жасауға төселдіру. Әдістемелік нұсқау: 1.Жыраулар шығармашылығы – өз заманының тарихи шежіресі екендігіне тоқтал. 2.Сондай-ақ,олар туралы ғалымдар пікірі, бағасы, замандастарының ойлары, айтқандарынан үзінділер келтір. 3.Жыраулар мұрасының қазақ халқының елдік тарихындағы ролі.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ

ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАР.

I. Өлең жаттау – Орфоэфиялық нормаға сай мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа айту талап етіледі. Өздік жұмысының мақсаты: Мәнерлеп оқуға үйрету. Әдістемелік нұсқау: 1. Ай, заман-ай, заман-ай (2 томдық) А., 1991 ж. 2. Ақберен. Жинақ-А.,1972 3. Бес ғасыр жырлайды А., 1 том, Жазушы, 1984ж. 4. «2000 жылдық дала жыры», Қазақ энциклопедиясы, 2000ж. 5. Қазанғап Байболұлы. Еңсегей бойлы ер Есім. А., Жалын., 2005 6. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж. II. Тарихи романдарды оқу. Өздік жұмысының мақсаты: Студенттердің –тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрініске, тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстарға, болған уақиғаларға сол заманда өмір сүрген тұлғалардың арқау болатындығына назарыларын аудару. 1. СӨЖ. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының «Қазақ даласы, Ібір–Сібір жұрты» бөлімдері. \ауызша\ Әдістемелік нұсқау: Диалогияда осыдан бес ғасыр бұрынғы тарихи оқиғалардың қамтылуы, оқиға желісінің ХVІ ғасыр аяғы мен ХVІІ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ ордасы мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа құрылуы. Диалогияның диапозон кеңдігі, тек қазақ қана емес,өзге ұлттардың саясаты, тыныс-тіршілігі, әдет- салтының әр түрлі кейіпкерлер арқылы ашылуына назар аудар.

2.СӨЖ. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» өлеңін жаттау. Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен көбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шайы жібек оққа кірісті, Айдаса қойдың көсемі, Сөйлесе қызыл тілдің шешені, Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, Қалайлаған қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлұт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған!!!

3.СӨЖ. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңін жаттау.

Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа, Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа. Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа. Ақың болса біреуде Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Сенікі жөн болса да Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтіп жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа. Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып,

Әркімменен ұрыспа. Ашу-дұспан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа!...

4. СӨЖ. Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы.

Қоғалы көлдер, қом сулар Қоныстар қонған өкінбес. Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес. Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес. Жұпарын қардай боратып, Арулар құшқан өкінбес. Торы төбел ат мініп, Той тойлаған өкінбес. Құрама шапшақ көп қымыз Құйып ішкен өкінбес. Екі арыстап жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе, Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес!

5. СӨЖ. Шалкиіз жыраудың «Ер Шобан» өлеңі. Ноғайлының Ер Шобан деген батыры біраз жолдастарымен Қабардыдан

Биғазы дегеннің екі жүздей жылқысын айдап қайтыпты-ау… Арттарынан көп кісімен Биғазы қуып келгенде Ер Шобан айтады:

Саф арғымақ сайлаған, Найзасына жалау байлаған, Қабардының Биғазы Жүйрігіне шыдамай, Желіп шықты көк тауға. «Қайт!Қайт!» деймін, қайтпайды, Қайтқанын намыс көргенге ұқсайды. Онда тұрып Биғазы сөйлейді: Арқыраған ат мінген, Аббар көшіп, шет қонған, Жау алдына бет қонған Естерек ұлы Ер Шобан,

Жиыныңның ішінде Кімдер бар да кімдер жоқ, Ашып айтшы сен маған! Шобан айтады: Жиынымның ішінде Түрлі-түрлі бай да бар, Түменді бұзған ер де бар, Суын түсті жүйрік бар, Суырылып шабар батыр бар. Ақ табан ару торы ат жайлаған, Алдаспан ауыр қылыш байлаған, Сыпайшылық бұ-ды деп Ала білек оқ салған, Қой дегенде бір шапқан Құястан жап-жас қана Жұмай бар. Балаңқылар батпаған Байсасы тудай Мәмбет бар. Ал дегенде аларға, Алып жерге саларға, Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға Арыстанбек ұлы Сұлтан бар.. Байрақты жүре алдырған, Бастай қуып шалдырған, Ісірібі тоқтастан Артық туған мажардан Батыр Қоян және бар. Арғымақ атың аласы, Қас игінің баласы, Алдаспан ауыр қылыш суырған, Ажалға қарсы жүгірген Бұ жиынның ішінде Исалының ұлы Жылым бар. Ол тырысқан, тырысқан, Күнінде мың кісімен ұрысқан, Жаурынына қанды көбе сыймаған, Жағасына адам қолы тимеген Үйсіннен Бозторғай ұлы Баубек бар. Ойнай тұра күлдірген,

Жауды көрсе бүлдірген, Атқан оғын оздырған, Дұшпанның тобын тоздырған, Бір ойында алпыс ала балта сындырған Айсаның ару ұлы Қолай бар. Тоқал торы ат жайлаған, Тобығына тондық ала байлаған, Хандар шыққан төбедей, Қабырғадан бүтін шыққан сүбедей, Аударылмас қара кемедей, Қандыауызға сырлап салған жебедей, Хан ұлы төредей, Би ұлы шорадай, Қан жұқпас қайқы қара болат өтпеген, Мақтауына адам тауып жетпеген Бұ жиынның ішінде Ер Жақсымбет аға бар. Бәрін айт та бірін айт, Қабағын қара сусар бөрік басқан, Жаурының күшіген жүнді оқ шанышқан, Қалжуырдай шаншылған, Жұрт үшін қарауылға көп тұрған Сексен сегіз аңдыған, Еңсесін түбекменнен жауыртқан, Еңкейгенін жазбаған, Он екі құрсау жез айыр Қара мылтық жұмсаған Бұ жиынның ішінде Қара найман Жақан бар.

Мұншама батырға қылар амал-айла болмас деп, Биғазы қайтып жүре

беріпті. Дұрысында Шобанның қасында әлгі батырлардың ешқайсысы да жоқ екен. «Ер болсаң бопсаға шыда» деген осы да.

6. СӨЖ. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» өлеңі. Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менім кеңесім. Ес білгенден, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін. Ертеңгі күн болғанда, Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға Есіктегі ебесін, Сонда ханым не десін, Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні көресің, Жиембет қайда дегенде Не деп жауап бересің?.. Меніңменен ханым ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң , Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Періктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай. Көруші едім, Есім хан, Ханымды күнім, сізді айымдай, Сырым саған түзу-ді, Садаққа салған бұлыңдай, Жұмыскерің мен едім Сатып алған құлыңдай, Жүруші едім араңда Өзіңнің інің менен ұлыңдай. Есімде менің сүймеуің, Істетпеске қойған тіліңдей. Мен өлсе құнсыз кетер деме сен Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай! Тілеуберді құлың мен емес, Мұның, ханым, жөн емес. Менің ер екенімді көргенсің, Әуелден бірге жүргенсің,

Дегенімді қылғансың, Қайратымды білгенсің. Ағбытқа, ханым, күннен соң, Сіздің естен кеткенмен Біздің естен кеткен жоқ: Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Соқыр бурыл байталға Сонда бір жайдақ мінгенсің… Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға қылаған, Сұлтандар суға сылаған, Қаз мойынды ханыша Қалада тұрып жылаған… Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақтап, Тасқан екен мына хан! Қайрылып хайыр қылғуға Қылғаның жоқ ұнаған. Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман! Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат саурысын берермін, Алыста дәурен сүрермін, Қарамасаң, ханым, қарама, Сенсіз де күнімді көрермін!

7. СӨЖ. Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» өлеңі.

Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын, Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірсіп жатырсың. Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың, Алтын тақта жатсаң да Ажалы жеткен пақырсың! Еңсегей бойлы Ер Есім Есігіңде келіп тұр: Алғалы тұр жаныңды, Шашқалы тұр қаныңды!

8. СӨЖ. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы.

Күлдір де күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз, Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екеміз! Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз Сауыт киер ме екеміз! Ор қояндай жүгінтіп, Аш күзендей бүгілтіп, Жолбарыстай шұбарды Таңдап мінер ме екеміз! Сол шұбарға мінген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз. Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ме екеміз! Тобыршықты әндіген Толтыра тартар ма екеміз. Тобылғы түбі құралай, Бытыратып атар ма екеміз! Жарлауға біткен жапырақ – Жамылсақ тоңар ме екеміз. Жазыққа біткен бүлдірген – Сұңғысақ тояр ме екеміз! Тобылғы сапты қамшы алып, Тұмар мойын ат мініп, Қоныс та қарар ма екеміз! Ел жазылып жайлауда Мұртымыз өрге шаншылып, Бұрын да сөйлер ме екеміз!

9. СӨЖ. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңі. Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы –болат найза! Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда. Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы! Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт уақтағы! Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген– Еменәлі Керейде ер Жабайды айт !

10. СӨЖ. Үмбетей жыраудың «Бекболат биге» өлеңін жаттау.

Мен пайғамбардан бастасам, Әңгімеге кетемін. Едігеден бастасам, Ертегіге кетермін. Келтесінен қайырсам, Сөз түбіне жетермін. Енді сізге не дермін: Бай болмаған бай болса, Жайламаған сай қоймас. Би болмаған би болса , Айтылмаған сөз қоймас, Хан болмаған хан болса , Қанамаған ел қоймас. Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман. Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман. Бір бие бітпей бие болмас, Бір түйе бітпей түйе болмас, Өз малын кізнеген, Кісі малын іздеген, Түбінде өз малына ие болмас!

11. СӨЖ. Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» толғауы./11 тілек/ Бірінші тілек тілеңіз, Бір аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз, Ер шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа. Үшінші тілек тілеңіз, Үшкілсіз көйлек кимеске, Төртінші тілек тілеңіз, Төрде төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз Біреуі қаза қалмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз, Алпыс басты ақ орда, Ардақтаған аяулың Күнінде біреуге Тегіннен-тегін олжа болмасқа. Жетінші тілек тілеңіз, Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа. Сегізінші тілек тілеңіз, Сегіз қиыр шар тарап Жер тұлданып тұрмасқа. Тоғызыншы тілек тіліңіз, Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа. Оныншы тілек тілеңіз, Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күнде айналған, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен, Анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз, Он бармағы қыналы, Омырауы жұпарлы, Исі жұпар аңқыған, Даусы қудай саңқыған,

Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген, Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа.

12. СӨЖ. Көтеш ақынның «Күрелгінің бауыры күнде дауыл» өлеңін

жаттау.

Күркелінің бауыры күнде дауыл, Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл, Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай, Шын Сексеннің баласы қара бауыр. Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ, Не қыламын бұл малды жаннан аяп. Ауырып жатқан күнімде бір қайрылмай, Ет дегенде қалмапты тайлы-таяқ. Арғы атамды сұрасаң Сексен жүмле Райымбек Сексеннен туған ұл ма, Райымбекті сен де еш қоя алмайсың, Райымбек би болса, Рай құл ма?!

13.СӨЖ. Шал ақынның «Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы» өлеңін жаттау.

Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы, Атадан арыстан туып ассаң-дағы, Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы. Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң, Намаз оқы алланы ойыңа алсаң, Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген, Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң. Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ, Жас өлсе бәйтерегің сыңғандай-ақ, Жігіттер, жас кезінде тәубаға кел, Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ.

14. СӨЖ. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының «Орыс елі, Хан– Кериен» бөлімдері. \ауызша\. Әдістемелік нұсқау: ХVІ-ХVІІ ғасырдағы Қазақстан, оның «Аласапыран» романындағы көрінісі.Тарихи және көркем шындық. Романдағы Ораз Мұхаммед,оның бойындағы ұлттық рух, ұлттық сана сезімге назар аудару. 15. СӨЖ. Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романының «Бұлғақ» бөлімі. \ауызша\. Әдістемелік нұсқау: Романның негізгі оқиғаларына, эпизодтарына, психологиялық иірімдер мен философиялық түйіндерді саралау. Ораз Мұхаммедтің қандай қасиеттері ұнайды? Қандай қасиеттеріне сын айтар едіңдер? Ораз Мұхаммедтің «Біз қазақпыз» деген сөзінің роман идеясын көрсетудегі орнын саралау.

Курс бойынша емтихан сұрақтары: 1. Ақын мен Жыраудың айырмашылығы. 2. Шал ақын мұрасы 3. Қазтуғанның мадақ жырына әдеби талдау. 4. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі. 5. Сыпыра жырау. 6. Жыраулар поэзиясындағы қайталау құбылысы. 7. Үмбетей жырау Тілеуұлы. 8. Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. 9. Бұқар жыраудың бір толғауына әдеби талдау. 10. Тәтіқара ақын шығармашылығы 11. Бұхар жыраудың Абылай ханға арнаған толғаулары. 12. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауын жатқа айтыңыз. 13. Асан қайғы жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 14. Бұқар жырау шығармаларындағы ел бірлігі. 15. Адамның жас ерекшелігін жырлаған жыраулар (мысал келтіріңіз).

16. Бұқар өмір сүрген кезең және шығармашылығы. 17. Шал ақын мұрасы. 18. Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы. 19. Кет-бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары. 20. Марғасқа жырау. 21. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 22. Ақтамберді жыраудың шығармашылығы. 23. Марғасқа жыраудың басты тақырыбы. 24. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жағдай. 25. Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 26. Асан қайғы өмір сүрген дәуір. 27. Шалкиіз есіміне байланысты пікірлер. 28. Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 29. Үмбетей жыраудың Бөгенбай батырға арналған толғаулары. 30. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын жатқа айтыңыз. 31. Көтеш ақын мұрасы. 32. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы тарихи жағдай. 33. Жыраулар мұрасының көркемдік ерекшелігі. 34. Үмбетей жыраудың шығармашылығы. 35. Шалкиіз жыраудың философиялық ой-толғамдары. 36. Асан қайғының «Еділ бол да Жайық бол» толғауына әдеби талдау. 37. Шалкиіз жыраудың Би Темірге арналған толғаулары. 38. Шал ақын Құлекеұлы.

39. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі. 40. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 41. Үмбетейдің «Бәкеге», «Бұқарға», «Жауқашарға» деген арнауларының шығу тарихы. 42. Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауына әдеби талдау. 43. Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлары. 44. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісі. 45. Марғасқа жыраудың бір толғауын жатқа айтыңыз. 46. Доспамбет жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 47. Бұқар жырау шығармашылығындағы ел бірлігі. 48. Жыраулар поэзиясының теңеу құбылысына мысал келтіріңіз. 49. Марғасқа жыраудың өмірі мен шығармашылығы. 50. Жиембет қай ханның тұсында өмір сүрді және сол ханға шығарылған толғаулары. 51. Жыраулар поэзиясындағы қайталау құбылысы. 52. Доспамбет жырау. 53. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі. 54. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігі. 55. Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі. 56. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері. 57. Шалкиіздің бір толғауын жатқа айтыңыз. 58. Асан Қайғы туралы ақиқат пен аңыз. 59. Көтеш ақын толғаулары. 60. Ақтамберді толғауларының әлеуметтік мәні, көркемдігі, сөз

нақыштары.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.

І-нұсқа. 1.Шалкиз жыраудың “Асқар, асқар, асқар тау” толғауы қай жинаққа енген? А.Дала. В.Алдаспан. С.Асау тұлпар. Д.Көктем. Е.Серке. 2.“Қаратаудың басынан көш келеді” әні қандай оқиғаға байланысты шығарылған? А.Жоңғар шапқыншылығы. В.Ұлт азаттық көтеріліске байланысты. С.Ашаршылыққа байланысты. Д.Жазықсыз қудалауға қатысты. Е.Монғол шапқыншылығы. 3.Жорық жыршысы, ірі эпик, әрі нәзік лирик кім? А.Қазтуған. В.Асан қайғы. С.Доспамбет. Д.Марғасқа. Е.Көтеш. 4.Абылайдың ұлы бейнесін ұрпаққа жеткізуші жырау. А.Қазтуған. В.Шал ақын. С.Жиембет. Д.Бұқар. Е.Шалкиіз. 5.“Тауарих хамса” кітабында Шыңғыс хан кезіндегі Майқы бидің алтыншы

ұрпағы деп келтірілетін жырау. А. Көтеш. В. Марғасқа. С. Ақтамберді. Д. Асан қайғы. Е. Бұқар.

6.Алтын орда әміршісі-Ұлығ Мұхамед тұсында болған,кейін қазақ ханы Жәнібек маңында болған жырау.

А. Асан қайғы. В. Бұқар. С. Доспамбет. Д. Қазтуған. Е. Шалкиіз. 7.Асан қайғы жыраудың зираты Ыстықкөл маңында деп жазған ғалым. А. Мағауин. В. Уәлиханов. С. Әуезов. Д. Сүйіншәлиев. Е. Радлов. 8.“Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,баста

береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбеймес” - деп кім айтты?

А. Қазтуған. В. Бұқар. С. Тәтіқара. Д. Шал ақын. Е. Асан қайғы. 9.“Бұл заманда не ғаріп”- деп сұрақ қоя отырып,өзі жауап беретін жырау. А. Шалкиіз. В. Асан қайғы. С. Доспамбет. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 10.Бүкіл Дешті қыпшақты аралаған,Стамбул,Бақша сарайда болған жырау. А. Жиембет. В. Ақтамберді. С. Доспамбет. Д. Асан қайғы. Е. Бұқар. 11.Шешесі ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызы болған жырау. А. Үмбетей. В. Асан қайғы. С. Марғасқа.

Д. Бұқар. Е. Шалкиіз. 12.Алтын руынан шыққан,әскери ақсүйек отбасында дүниеге келген,арғы

атасы-Ноғайлыдан шыққан Алау батыр болған жырау. А. Жиембет. В. Ақтамберді. С. Доспанбет. Д. Шалкиіз. Е. Қазтуған. 13.Цин үкіметіне қарсы күресте ерекше танылған ақын. А. Көтеш. В. Ақтамберді. С. Тәтіқара. Д. Жиембет. Е. Шалкиіз. 14.Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жырау. А. Бұқар. В. Марғасқа. С. Қазтуған. Д. Үмбетей. Е. Ақтамберді. 15.Ш.Уәлиханов “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша эпос жасаған

адам” – деп баға берген ақын. А. Асан қайғы. В. Шал ақын. С. Көтеш. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 16.Арғын ішінде Сүйіндіктен тарайтын ақын. А. Көтеш. В. Қазтуған. С. Шал. Д. Жиембет. Е. Ақтамберді. 17. “Тауарих хамса” кітабында Қаракерей Қабанбаймен бірге Найманның

бір көсемі,әскербасы батыры,әрі төгілмелі жырауы болған жырау.

А. Ақтамберді. В. Бұқар. С. Шалкиіз. Д. Жиембет. Е. Үмбетей. 18.Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларын жинастырған жырау. А. Қазтуған. В. Марғасқа. С. Доспамбет. Д. Ақтамберді. Е. Бұқар. 19. “15-18 ғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасынан да бес түрлі жолмен

жасалатын метафора түрлерін түгел кезіктіреміз” –деп қай ғалым өз зерттеу еңбегінде айтқан?

А. Мағауин. М. В. Әуезов. М. С. Уәлиханов. Ш. Д. Жұмалиев. Қ. Е. Сүйінішәлиев. Х. 20.Қазтуған толғауының авторы. А. Мұрың жырау. В. Дулат Бабатайұлы. С. Бұқар жырау. Д. Мұрат Мөңкеұлы. Е. Доспамбет жырау. 21.Ей, Қатағанның хан Тұрсын, Кім арамды ант .тұрсын – деп басталатын өлең жолдары қай жыраудікі? А. Үмбетей жырау. В. Марғасқа жырау. С. Бұқар жырау. Д. Жиембет жырау. Е. Қазтуған жырау. 22.18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі болған жырау. А. Бұқар. В. Ақтамберді. С. Доспамбет. Д. Бұқар.

Е. Марғасқа. 23.Жауынгер жырау, жорықшы ақын, әрі батыр болған кім? А. Жиембет. В. Доспамбет. С. Марғасқа. Д. Қазтуған. Е. Үмбетей. 24.Абылайдың жаугершілікке аттанғанда жанынан тастамайтын сенімді

серігі кім еді? А. Бұқар. В. Тәтіқара. С. Көтеш. Д. Жиембет. Е. Марғасқа. 25.Бұқар жыраумен дос – жаран болған жырау. А. Доспамбет. В. Қазтуған. С. Үмбетей. Д. Жиембет. Е. Ақтамберді. 26. «Ақын –жырау дегеніміз – көңіліне келгенін айта салатын еркін жүрген

бір пенде емес, ол да өз заманының айнасы, жемісі » - деген пікірді айтқан кім? А. Мұхтар Әуезов. В. Қажым Жұмалиев. С. Ысқақ Дүйсенбаев. Д. Ханғали Сүйіншіәлиев. Е. Мұхтар Мағауин. 27. «Қарға бойлы Қазтуған » атты шағын дастанның авторы. А. Марғасқа жырау. В. Мұрын жырау. С. Ақтамберді жырау. Д. Бұқар жырау. Е. Доспамбет жырау. 28.Белгілі ақын Нұржан Наушабаев қай ақынның ұрпағы? А. Шал. В. Көтеш.

С. Мұрат. Д. Дулат. Е. Шалкиіз. 29.Профессор Ысмайылов «Ол кез келген нәрсені өлеңге айналдыра алатын

ақын және күй талғамайтын жүйрік » - деп пікір айтып баға берген ақын. А. Көтеш. В. Шал. С. Бұқар. Д. Үмбетей. Е. Мұрат. 30. «Жағалбай деген ел болар» - деген өлең авторы. А. Жиембет. В. Марғасқа. С. Шалкиіз. Д. Қазтуған. Е. Ақтамберді.

ІІ-нұсқа. 1.Ата тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл, Қаржас, 1668 – 1781 жылдары

өмір сүрген жырау. А. Бұқар жырау. В. Мұрын жырау. С. Қазтуған жырау. Д. Үмбетей жырау. Е. Марғасқа жырау. 2. «Тауарих хамса» кітабында «ойраттармен күрес дәуірінде қазақ

қолынының басында жүрген ерлердің бірі, Найманның ру басы көсемі, әскер басы батыры » - деп қай жырау туралы айтылған?

А. Қазтуған. В. Ақтамберді. С. Жиембет. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 3.Асан қайғы жырау «Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы

бар жүректей » деп қай жерді сипаттаған? А. Шымкенті. В. Баянауылды. С. Шыңғыстауды. Д. Таразды. Е. Үш Алматыны. 4.Өз өмірінің басым көпшілігін Ноғай ордасының әміршісі Темір бидің

төңірегінде өткізген жырау. А. Асан Қайғы. В. Қазтуған. С. Жиембет. Д. Шалкиіз. Е. Марғасқа. 5.Еңсегей бойлы Ер Есімнің, кіші жүздегі үлкен тірегі, әскер басы, ел

басқарушы биі. А. Бұқар. В. Асан Қайғы. С. Үмбетей. Д. Жиембет.

Е. Марғасқа. 6.М. Мағауин «Жортуыл жыршы, әулетті жырау » деп кімді айтқан? А. Ақтамберді. В. Жиембет. С. Шалкиіз. Д. Бұқар. Е. Доспамбет. 7.15 жасында «ақын» ретінде шыққан ақын. А. Көтеш. В. Марабай. С. Мұрат. Д. Дулат. Е. Шал. 8.1523 ж.Астрахань түбінде қаза тапқан жырау. А. Қазтуған. В. Бұқар. С. Доспамбет. Д. Үмбетей. Е. Жиембет. 9. «Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабылет дарыған

халықтардың қатарына жатады.Олардың әдебиеті байлығымен де мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі» - деп кім жазды?

А. В.Радлов. В. Д.Клеменц. С. Г.Потанин. Д. М.В.Готовицкий. Е. А.Е.Алекторов. 10.Мұхтар Әуезов «аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне

ұқсамаған кейіпке түсіріп әкететіні болмайды...Әрбір аңыз әңгіменің негізінде тарихта болған адамның шын кескінінің түбегейлі ерекшеліктері жүреді» - деп қай жырау туралы айтқан.

А. Бұқар. В. Доспамбет. С. Марғасқа. Д. Асан Қайғы. Е. Шалкиіз.

11.Шығармалары В. Радловтың, дағыстандық мұхамед Османовтың кітабында ерте кезде (1883жылы) жарық көрген жырау.

А. Үмбетей. В. Шалкиіз. С. Мұрат. Д. Ақтамберді. Е. Шал. 12.Уа ,қарт Бөгембай өлеңі қай жыраудікі? А. Ақтамберді. В. Шалкиіз. С. Жиембет. Д. Бұқар. Е. Марғасқа. 13.Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсеткен, Абылайдың алдында

беделді, қабырғалы би болған жырау. А. Үмбетей. В. Қазтуған. С. Бұқар. Д. Доспамбет. Е. Көтеш. 14.Жырлаған негізгі тақырыбы – адам өмірі, өмірінің мәні, “фәни мен

бақи”, дін туралы болған ақын. А. Көтеш. В. Мұрат. С. Тәтіқара. Д. Жиембет. Е. Шал. 15. “Ерлер жортар мал үшін”,“Ерлер мінер ат үшін”,“Өрісінде мал өсер”,

Мал бітпесе немене деген өлең жолдары кімдікі? А. Тәтіқара. В. Бұқар. С. Марғасқа. Д. Шал. Е. Ақтамберді. 16. “Көмекей әулие атанған”, “қара сөз білмейді, тек жырлай береді” деген

аңыздар қай жырау туралы айтылған? А. Бұқар.

В. Асан Қайғы. С. Үмбетей. Д. Қазтуған. Е. Доспамбет. 17.Орыстың қай оқымыстысы “Жасандылық пен жылтырақтықтан ада

қазақ өлеңдері өзінің жоғары көркемдігімен,сонымен қатар,қарапайымдығымен,шыншылдығымен бізді таң қалдырады”,- деп жазды.

А. П.И.Пашино. В. М.В.Готовицкий. С. А.Е.Алекторов. Д. А.Брем. Е. В.Радлов. 18.Доспамбет жыраудың бізге жеткен мұрасының көлемі неше жол? А. 150. В. 155. С. 170. Д. 160. Е. 165. 19. “Қазақтар нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан

олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен”,-деген орыстың қай ғалымы?

А. Г.Н.Потанин. В. И.Н.Березин. С. В.Радлов. Д. А.Е.Алектров. Е. А.Брем. 20. “Асан Қайғы жайындағы әңгіменің екінші,халыққа жат, бөтен саналы

түрлері тағы бар.Ол аңыздағы Асан-халық мүддесімен қабысатын Асан емес, хан сарайының ақылшы сыншысы, санашылы болған Асан...”-деп басталатын қай ғалымның сөзі?

А. М.Мағауин. В. Х.Сүйінішәлиев. С. М.Әуезов. Д. Қ.Жұмалиев. Е. Ш.Уәлиханов. 21.Абат батыр қай жыраудың ұлы А. Бұқар. В. Қазтуған.

С. Ақтамберді. Д. Жиембет. Е. Асан Қайғы. 22.Жыраулар ішінде шығармасы тұңғыш орысшаға аударылған жырау. А. Үмбетей. В. Марғасқа. С. Асан Қайғы. Д. Шалкиіз. Е. Ақтамберді. 23. “Пәк, таза қазақ поэзиясы –үлкен творчестволық күштің жемісі” , - деп

орыстың қай оқымыстысы айтқан? А. Д.Клеменц. В. П.И.Пашино. С. А.Брем. Д. А.Е.Алекторов. Е. М.В.Готовицкий. 24.Сахара жұлдызы, дала данасы, сөз құдіреті, көмейінен күмбірлеген жыр

төгілген классикалық дәрежедегі жырау. А. Шалкиіз. В. Доспамбет. С. Жиембет. Д. Марғасқа. Е. Үмбетей. 25. “Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың өзі

суырып салып айтуға бейім тұрады”, - деген кім? А. А.Брем. В. П.И.Пашино. С. В.Радлов. Д. Г.Н.Потанин. Е. И.Н.Березин. 26.Шалкиіз толғауларын орысшаға аударған кім? А. В.В.Радлов. В. Г.Н.Потанин. С. М.Османов. Д. И.Н.Распопов. Е. А.Сикалиев.

27.Жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен, ақын ретінде танылған сияқты –деп түсіндірген қай ғалым?

А. Шоқан Уәлиханов. В. Әлкей Марғұлан. С. Мұхтар Әуезов. Д. Мұхтар Мағауин. Е. Махмұт Қашғари. 28.Шоқан Уәлиханов Абылай туралы екі өлеңін орысшалап хатқа түсірген

жырау. А. Шалкиіз. В. Асан қайғы. С. Ақтамберді. Д. Қазтуған Е. Бұқар. 29. «Еңсегей бойлы, Ер Есім » өлеңінің авторы. А. Шал. В. Жиембет. С. Марғасқа. Д. Доспамбет. Е. Үмбетей. 30.Г. Потанин біраз өлендерін жинастырған жырау. А. Қазтуған. В. Мұрын. С. Бұқар. Д. Жиембет. Е. Асан Қайғы.

ІІІ-нұсқа. 1.Абылай заманындағы әр батырға сипаттама, баға берген ақын а) Жәнібек

«болат найза» ә) Ер Жабай «найзасынын ұшына жау мінгізген ». А. Тәтіқарта. В. Көтеш. С. Шалкиіз. Д. Бұқар. Е. Шал. 2. «Қазақтың белгілі батырлар жырын ең әуелі Жиен, Шәлгез, Сыпыра

жыраулар сынды жыраулар шығарып таратса керек. Нүрпейіс Байғанин де, Мұрын жырау да өздері жырлап берген батырлар жыры алты – жеті атаға дейін жыраудан үйреніп таралғандығын және желілі жырларды ақындардан емес, жыраулардан үйренгендігін айтады », деген профессор.

А. М. Әуезов. В. Е. Исмаилов. С. М.Қашғари. Д. З.Қабдолов. Е. М.Мағауин. 3.Доспамбет шығармасы қай жылы Мақаш Бекмұхамедовтың Қазан

қаласынан шыққан «Жақсы үгіт» жинағына басылды А .1900 ж. В. 1902 ж. С. 1905 ж. Д. 1907 ж. Е. 1908 ж. 4.1948 жылы шығарылған «Асан Қайғы»-деген ұзақ поэманың авторы кім А. Жамбыл Жабаев. В. Сәкен Сейфуллин. С. Қасым Аманжолов. Д. Ілияс Ысқақов Е. Жұмағали Сайын. 5. «Жетесі жаман жігіттер, тоқсандағы шалмен тең» , «Жақсы ағаңыз бар

болса, алдыңдағы сары балмен тең» -деген өлең жолдары қай ақындікі А. Шал. В. Тәтіқара. С. Мұрат. Д. Көтеш.

Е. Ақтамберді. 6.Доспамбет шығармалары 1912 жылы Ғабдолла Мұштақтың Ғұмар

Қарашев «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылды. Сол кітап қай қалада басылып шыққан

А. Қазанда. В. Орынборда. С. Ташкентте. Д. Семейде. Е. Қызылжарда. 7. «Бірі – етек, бірі – жең болған, Ежелден саған ел болған, Орта жүздей кісің жоқ» – деген үзінді қай жыраудікі А. Қазтуған. В. Үмбетей. С. Бұқар. Д. Марғасқа. Е. Шалкиіз. 8. «Шабылып жатқан халқың бар,аймағын көздей көрмейсің» -деп кімге

айтты А. Халыққа. В. Жастарға. С. Ханға. Д. Батырға. Е. Биге. 9.М.Мағауин «Алдаспан» жинағында «Көшпенділердің әскери

аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарында және көне шежірелердің айтуынша –арғы атасы Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау батыр-17ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам»- дегенде қай жырау туралы айтып отыр

А. Бұқар. В. Марғасқа. С. Асан Қайғы. Д. Шалкиіз. Е. Жиембет. 10.Е.Ысмайлов – «Ол ақын ғана емес ,Абылайдың қолшоқпар бітімші биі,

ол 18ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі

қоғамдық мәселеде үстем тап жыршысы болды» -деген пікірде қай жырау туралы айтқан

А. Доспамбет. В. Бұқар. С. Қазтуған. Д. Үмбетей. Е. Ақтамберді. 11. «Түйе мойнын тұз кесер,жігіт мойнын қыз кесер, Сартылдаған сары аяз

,жылқының мойнын сол кесер» деген өлең жолдарының авторы. А. Ақтамберді. В. Шалкиіз. С. Доспамбет. Д. Бұқар. Е. Марғасқа. 12.Қай ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі? А. Есім хан. В. Тәуке хан. С. Абылай хан. Д. Қасым хан. Е. Жәңгір хан. 13.Шалкиіз жырау қай биге толғау шығарған? А. Мұса. В. Темір. С. Жүсіп. Д. Досай. Е. Ысмайыл. 14.Қоғалы көлдер, қом сулар Қоныстар қонған өкінбес – деген өлең жолдары қай жыраудікі? А. Шалкиіз. В. Жиембет. С. Доспамбет. Д. Асанқайғы. Е. Бұқар. 15. «Ай, хан мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің...». Асанның

сөздері қай ханға қаратыла айтылған? А. Әбілқайыр. В. Абылай.

С. Тәуке. Д. Жәнібек. Е. Есім. 16. «Жарға ойнаған лақтай» , «Таудан аққан бұлақтай» , «Байлаулы тұрған

құр аттай» -деген өлең жолдары кімдікі? А. Тәтіқара. В. Көтеш. С. Бұқар. Д. Доспамбет. Е. Шал ақын. 17. Доспамбеттің кейбір туындылары 1883жылы «Ноғай уа құмақ

шиғырлары» деген кімнің еңбегінде басылды? А. И.Шейхали. В. А.Беркалыұғылы. С. С.А.Жантурин. Д. Ғ.Мұштақ. Е. М.Османов. 18.С.Сейфуллин «Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршысы-

шешен ақылшысы болған» деген пікірді қай жырауға айтқан? А. Асан Қайғы. В. Шалкиіз. С. Бұқар. Д. Жиембет. Е. Марғасқа. 19.Би Темірді хажы сапарынан тоқтатқан жырау. А. Асан Қайғы. В. Шалкиіз. С. Жиембет. Д. Марғасқа. Е. Доспамбет. 20.Абылайдың үлкен ұлы Жанбай қайтыс болғанда, қайғыдан бас көтере

алмай жатқан Абылайға арнап «Көше тоқыраулы судың бойынан» өлеңін шығарған ақын.

А. Шал. В. Тәтіқара. С. Бұқар. Д. Көтеш.

Е. Доспамбет. 21.Х.Сүйінішәлиев «...хандық құрлысты нығайту мақсатын көздейді.

Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Бірақ оның кейбір ісіне наразылық та білдіреді» – деп қай жырау туралы айтып отыр?

А. Бұқар. В. Асан Қайғы. С. Марғасқа. Д. Шалкиіз. Е. Үмбетей. 22. «Қазақтардың түсінігінше ақын дегеніміз – бойына ерекше қабылет

дарыған, аңғарымпаз да тапқыр, табан аузында кез келген тақырыпқа өлең шығара алатын адам», – деген пікір кімдікі?

А. И.Безверхов. В. М.Н.Готовицкий. С. П.И.Пошино. Д. А.Е.Алекторов. Е. В.Радлов. 23. «Ақылы жоқ надандар, іс бітірмес жамандар, жүз болса да бірмен тең»

қай ақынның сөзі? А. Тәтіқара. В. Мұрат. С. Шал. Д. Көтеш. Е. Қазтуған. 24.Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда Еңсесі биік боз орда, Еміне кірер күн қайда? А. Үмбетай. В. Шалкиіз. С. Бұқар. Д. Доспамбет. Е. Жиембет. 25. «Мен салмадым, сен салдың, қайырлы болсын сіздерге, менен қалған

Еділ жұрт » деген өлен жолдары қай жыраудікі. А. Асан Қаиғы. В. Шалкиіз.

С. Қазтуған. Д. Доспамбет. Е. Марғасқа. 26. Ш. Уәлиханов «...хан алдында тайсалмай сөз сөйлеп, өз пікірін еркін

айтып, ел атынан хан пиғылына қарсы шыққан » – деп қай жырауды айтып отыр.

А. Бұқар. В. Қазтуған. С. Үмбетей. Д. Шалкиіз. Е. Асан Қайғы. 27. «Шежірелі қартың болса хатын деген, Кітапқа қарттың сөзі жақын

деген » тармақтар қай ақындікі. А. Мұрат. В. Шал. С. Көтеш. Д. Марғасқа Е. Тәтіқара. 28.Б. Кенжебаев «Шығармашылықтары тақырыбы мен мазмұны жағынан

Асан Қайғының үлгілі шәкірті, өз дәуірінің Асан қайғысы » деп – қай жырауды айтқан?

А. Доспамбет В. Бұқар. С. Қазтуған. Д. Үмбетей. Е. Марғасқа. 29.В.В. Радловтың 1896 жылы «Образцы народной литературы тюркских

племен » атанатын еңбегінің нешінші томында Доспамбет шығармасы басылды?

А. 1- нші. В. 2- нші. С. 4- нші. Д. 5- нші. Е. 7- нші. 30. Шәңгерей Бөкеев қамқорлғыме «Шайыр», «Көксілдер»жинақтарында

қай жыраудың мұрасы жарияланды? А. Шалкиіз.

В. Асан қайғы. С. Атамбері. Д. Қазтуған. Е. Доспамбет.

Жауаптар

№ 1 2 3 1 В. А. А. 2 А. В. В. 3 А. Е. Е. 4 Д. Д. Д. 5 Д. Д. А. 6 А. А. В. 7 В. С. С. 8 Е. С. С. 9 В. В. Е. 10 С. Д. В. 11 Е. В. А. 12 А. А. А. 13 С. С. В. 14 Д. Е. С. 15 В. Е. Д. 16 А. А. Е 17 А. В. Е. 18 Е. Д. С. 19 Д. С. В. 20 Д. С. В. 21 В. Е. А. 22 А. Д. А. 23 В. Д. С. 24 В. А. Д. 25 С. В. С. 26 С. Д. А. 27 В. Е. В. 28 А. Е. В. 29 А. В. Е. 30 Е.. С. А.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.М.Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ.)3 кітап.Оқулық. 2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.Хрестоматия.-А.,1993 3.Сүйіншәлиев Х.ХҮІІІ-ХІХ ғ. Қазақ әдебиеті-А., 1961 4.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.) Оқулық.-А.,1991 5. 10.Әуезов М. Әдебиет тарихы. А.,1991 6. Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. А., 1931 ж. 7.Абылқасымов Б.Жанр толгау в каз. устной поэзии.-А.,1984 8.Абылай хан (Тарихи жырлар)-А.,1993 9.Әдеби мұра және оны зерттеу.-А.,1961 10.Ақберен.Жинақ-А.,1972 11.Ж.Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры» 12.Бес ғасыр жырлайды А., 1 том Жазушы 1984 13. «2000 жылдық дала жыры» Қазақ энциклопедиясы., 2000 14.Қазанғап Байболұлы Еңсегей бойлы ер Есім А., Жалын., 2005 15.Дала даналары, 2001 «Қазақстан даму институты» /Қазтуған, Асан қайғы, Шалгез, Доспамбет, Бұқар/ 16.М.Мағауин «Аласапыран» романы 17.М.Мағауиннің 13 томдық шығармалар жинағының 3, 4, 8, 11 томдары 18. Абай энцклопедиясы. А.,1995 ж. 19. Ай, заман – ай, заман – ай (2 томдық) А., 1991 ж. 20. Алқаласа әлеумет. А., 1991ж. 21. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А., 1957 22. Әбілқасымов Б. 18 – 19 ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. А., 1988 ж. 23. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973 ж. 24. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959 ж. 25. Бердібаев Р. Жыршылық дәстүр. А., 1980 ж. 26. Бердібаев Р. Кәусәр бұлақ. А., 1989 ж. 27. Жұмалиев Қ. 18 – 19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967 ж. 28. Зар заман. А., 1993 ж. 29. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А., 1988 ж. 30. Қасымжанов А. Ұлы даланың зиялылары. А., 1996 ж. 31. Қалиев С.15 – 18 ғасырлар ақын – жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой - пікірлер. А., 1987 ж. 32. Мұқанов С.Қазақтың 18 – 19 ғасырларындағы әдебиет тарихынан очерктер. А., 1942 ж. 33. Негімов С. Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелілігі. А., 1991 ж. 34. Өміралиев Қ. 15 – 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. А., 1976 ж. 35. Радлов В. Алтын сандық. А., 1993 ж. 36.Алдаспан.Жинақ.-А.,1971ж. 37. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А. “Мектеп” баспасы 2003 ж.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз........................................................................................................................3 Глоссарий .....................................................................................................................4 Дәрістердің қысқаша сипаттамасы.............................................................................6 1дәріс 18-ші ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ жеріндегі тарихи оқиғалар...6 2дәріс Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы..............................................10 3 дәріс Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы........................................14 4 дәріс Доспамбет жыраудың өмірі, шығармашылығы......................................... 20 5 дәріс Шалкиіз Тіленшіұлының өмірі, шығармашылығы. ..................................24 6 дәріс Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы............................................33 7дәріс Марғасқа жыраудың өмірі, шығармашылығы.............................................38 8дәріс Ақтамберді жыраудың өмірі, шығармашылығы.........................................43 9 дәріс Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығы............................................... 49 10 дәріс Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығы...........................................55 11 дәріс Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы................................................63 12 дәріс Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы.................................................69 13дәріс Шал ақын өмірі, шығармашылығы.............................................................75 14 дәріс Жыраулар поэзиясының даму жолдары....................................................84 15 дәріс Ақын және жырау....................................................................................... 90 Тәжірибелік сабақтардың қысқаша сипаттамасы...................................................95 1.Тәжірибелік сабақ 18-ші ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ жеріндегі тарихи оқиғалар....................................................................................................... ..95 2. Тәжірибелік сабақ Қазтуған жыраудың өмірі, шығармашылығы.................. ..95 3. Тәжірибелік сабақ Асан қайғы жыраудың өмірі, шығармашылығы ................96 4. Тәжірибелік сабақ Доспамбет жыраудың өмірі,шығармашылығы............... ...97 5.Тәжірибелік сабақ Шалкиіз Тіленшіұлының өмірі, шығармашылығы. ........ ..97 6. Тәжірибелік сабақ Жиембет жыраудың өмірі, шығармашылығы....................98 7.Тәжірибелік сабақ Марғасқа жыраудың өмірі, шығармашылығы.................. ..99 8. Тәжірибелік сабақ Ақтамберді жыраудың өмірі, шығармашылығы...............100 9.Тәжірибелік сабақ Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығы.......................101 10.Тәжірибелік сабақ Үмбетей жыраудың өмірі, шығармашылығы................102 11.Тәжірибелік сабақ Бұқар жыраудың өмірі, шығармашылығы.......................103 12.Тәжірибелік сабақ Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы.......................104 13. Тәжірибелік сабақ Шал ақын өмірі, шығармашылығы.................................105 14. Тәжірибелік сабақ Жыраулар поэзиясының даму жолдары..........................106 15.Тәжірибелік сабақ Ақын және жырау.............................................................. 107 СОБӨЖ бойынша сабақтарға әдістемелік нұсқау................................................108 1 СОБӨЖ. «Халқымыздың ұлы ұландары» жыраулар шығармашылығында...108 2 СОБӨЖ. «Жырау және тарих»............................................................................108

3 СОБӨЖ. Жыраулар толғауларындағы архайзім, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер....................................................................................108 4 СОБӨЖ. Жыраулар поэзиясында кездесетін метафоралар........................... 109 5СОБӨЖ.Жыраулар поэзиясында кездесетін образдарға тән нышан– элементтер...............................................................................................109 6 СОБӨЖ. Жыраулар поэзиясы және батырлар жыры....................................... 110 7 СОБӨЖ. Жыраулар атынан болашақ ұрпаққа хат-аманат................................110 8 СОБӨЖ. Ақтамберді мен Шалкиіз жыраулардың шығармалары....................110 9 СОБӨЖ. Жыраулар сөзі тарих шежіресі............................................................111 10 СОБӨЖ. Үмбетейдің жеке адамдарға арнау жырлары.................................. 111 11СОБӨЖ. Бұқар толғаулары ндағы Абылай мен тарихи Абылай .................. 112 12 СОБӨЖ. Жыраулар поэзиясын салыстыру......................................................112 13 СОБӨЖ. Көтеш, Шал,Тәтіқара ақындардың шығармалары...........................113 14 СОБӨЖ. Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған жыраулардың шығармаларындағы архаизмдер..........................................................................................113 15 СОБӨЖ.Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы.................113 СӨЖ тапсырмалары................................................................................................114 1 СӨЖ. М.Мағауиннің «Аласапран» романының 1-нші бөлімі.........................114 2СӨЖ. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» өлеңі..............................................115 3 СӨЖ. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңі...................................115 4 СӨЖ. Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы................116 5 СӨЖ. Шалкиіз жыраудың «Ер Шобан» өлеңі....................................................116 6 СӨЖ. Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» өлеңі.............................119 7 СӨЖ. Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» өлеңі...................120 8 СӨЖ. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы...................121 9 СӨЖ. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңі.......... 122 10 СӨЖ. Үмбетей жыраудың «Бекболат биге» өлеңі.......................................... 122 11 СӨЖ. Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» толғауы................................123 12 СӨЖ. Көтеш ақынның «Күрелгінің бауыры күнде дауыл» өлеңі..................124 13 СӨЖ. Шал ақынның «Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы» өлеңі...............124 14 СӨЖ. Мұхтар Мағауиннің «Аласапран» романының 2-нші бөлімі..............125 15 СӨЖ. Мұхтар Мағауиннің «Аласапран» романының 3-нші бөлімі..............125 Курс бойынша емтихан сұрақтары........................................................................126 Тест сұрақтары.........................................................................................................128 Тест жауаптары........................................................................................................147 Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................148

ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ (оқу құралы)

Семей қаласы, Е. Қашаған көшесі, 1, телефон: 56 14 47

Теруге 08.08.08 ж. жіберілді. Басуға 08.09.08 ж. жіберілді

Пішімі 60х84 1/16. Қағазы офсеттік. Шартты баспа табағы 27.0. Есептік баспа табағы 28.0. Таралымы 1000. Тапсырма №10