БАҚЫТ КІЛТІ

41
БАҚЫТ КІЛТІ

Upload: -

Post on 14-Jun-2015

446 views

Category:

Education


0 download

DESCRIPTION

БАҚЫТ КІЛТІ Кіріспе Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен! Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз. Әссәләму’алайкум уа рахматуллаһ! Құрметті бауырлар мен әпке-қарындастар. Бұл тақырыпты біз “Бақыт кілті” деп атауға бел будық. Аллаһ Тағаладан осы мақалаларымызды бұ дүние мен о дүниеде шынымен де бақытқа қол жеткізуге себеп болдыра гөр деп тілейміз. Тақырыбымызды “Бақыт кілті” деп атауға не себеп болды, қадірлі достар?! Әрбір жан бақытты болғысы келеді. Оның үстіне, кез келген кісі тоқтамайтын, сарқылмайтын, үнемі жалғасып тұратын бақытқа қол жеткізгісі келеді. Әрбір істеген ісіміз, ынта-жігеріміз, талпынысымыздың барлығы қорқыныш пен үрейден, қиыншылық пен ауыртпашылықтан, уайым мен қайғыдан құтылып, тыныштық пен бақытқа, аманшылық пен есендікке, көңіл жай тауып, жақсы көңіл-күймен алаңсыз ғұмыр кешіп, тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған. Бұл шүбәсіз факт, бұны ешкім жоққа шығара қоймас. Алайда, бәріміз дәмелі осы мақсатқа жетудің жолы қандай? Қай жол ең жақын, ең тура, әрі ең сенімді? Іздеген бақытымыз қайда? ........ ары мақалаларды оқыңыз!

TRANSCRIPT

Page 1: БАҚЫТ КІЛТІ

БАҚЫТ КІЛТІ

Page 2: БАҚЫТ КІЛТІ

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

БАҚЫТ КІЛТІ

Кіріспе

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму’алайкум уа рахматуллаһ! Құрметті бауырлар мен әпке-қарындастар.

Бұл тақырыпты біз “Бақыт кілті” деп атауға бел будық. Аллаһ Тағаладан осы

мақалаларымызды бұ дүние мен о дүниеде шынымен де бақытқа қол жеткізуге

себеп болдыра гөр деп тілейміз.

Тақырыбымызды “Бақыт кілті” деп атауға не себеп болды, қадірлі достар?!

Әрбір жан бақытты болғысы келеді. Оның үстіне, кез келген кісі тоқтамайтын,

сарқылмайтын, үнемі жалғасып тұратын бақытқа қол жеткізгісі келеді. Әрбір

істеген ісіміз, ынта-жігеріміз, талпынысымыздың барлығы қорқыныш пен

үрейден, қиыншылық пен ауыртпашылықтан, уайым мен қайғыдан құтылып,

тыныштық пен бақытқа, аманшылық пен есендікке, көңіл жай тауып, жақсы

көңіл-күймен алаңсыз ғұмыр кешіп, тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған.

Бұл шүбәсіз факт, бұны ешкім жоққа шығара қоймас. Алайда, бәріміз дәмелі

осы мақсатқа жетудің жолы қандай? Қай жол ең жақын, ең тура, әрі ең сенімді?

Іздеген бақытымыз қайда?

Әрбіріміз бұл өмірде әртүрлі жетістіктерге жеттік, табыс кіргіздік, құрметке ие

болдық, бірақ... Бірақ осы жеткен жетістіктеріміз бізді шынайы бақытты қыла

ала ма?

Сүрген өмірімізде қаншама адамды кездестірдік, газет-журналдан, кітаптардан

оқыдық, теледидардан көрдік. Әрбірі өз жолына шақырады. Біздің

жолымызбен жүріп, ізімізге ерсең, бақытқа кенелесің дейді олар. Енді, кімнің

жолына ілесеміз? Кімнің туын көтереміз? Кімді тыңдаймыз? Кімнің кеңесіне

құлақ асамыз?..

Page 3: БАҚЫТ КІЛТІ

3

Міне, осыған ұқсас сауалдар жиі-жиі жүрегіміздің есігін қағып, “маған жауап

бер” деп әрдайым келеді де тұрады. Сізде де солай ма?!

Бағдараламамыз, Аллаһтың қалауымен, осы секілді сұрақтардың жауабын

табуға көмектесетін жолсерік болады.

Әрбір есіктің кілті болады және әрбір кілттің тістері бар. Бақыт есігінің де өз

кілті бар, сол кілттің де сәйкесінше тістері болады. Аллаһ қаласа,

кездесулерімізде көптеген мәселелерді тілге тиек етеміз: иман, сабыр, үміт,

көркем мінез, ата-ананы құрметтеу, туыстармен, көршілермен жақсы қарым-

қатынаста болу және әрбірімізге қажет басқа да тақырып туралы сөз

қозғаймыз. Мұның барлығы – бақыт кілтінің тістері болып табылады. Осы

мәселелерді барынша толыққанды түсіндіруге тырысамыз. Бәрі іздеп жүрген

осы нағыз бақыттың не екенін түсінуге талпынамыз. Адам баласы осы бақытқа

жетемін деп қажымай еңбек етіп, бүкіл күш-жігерін сарп етуде. Адам баласы

үшін бақыт дегеніміз ең маңызды, тым қымбат мақсат екен.

Алайда, адамдардың көбісі шынайы бақыттың мәнін ұғына бермейді. Оған

алып баратын жолды да біле бермейді. Олар шынымен бақытты қыла

алмайтын нәрсені бақыт деп есептейді. Олар қатты шөл қысқан, көкжиекте

көрінген сағымды су деп ойлаған жолаушы тәрізді. Соған қарай соңғы күшін

жинап жүгіріп барса, жан-жағында елестен басқа еш нәрсе жоқ, бостан-босқа

күш жұмсап өзін-өзі шаршатқан екен.

Бақыт дегеніміз не деген сұраққа көптеген көзқарастар, әртүрлі жауаптар бар.

Әрдайым мұқтаж болып жүретін, қажетті табысы жоқ кедей байлықты

бақытқа санайды. Ал бір балаға зар болып жүргендер сәбиім болса, мұратыма

жеттім, бақыт тәжін басқа кидім деп ойлайды. Қоғамда ықпалы жоқ, атағы жоқ

кісі бақыт дегеніміз атақ-даңқы жер жаһанға жеткен зиялылармен қатар

отырып, жоғарғы лауазымды иемденіп, ортаны басқарып, билікті тізгіндеу деп

топшылайды. Қалай болғанда да, бақыт дегеніміз не, оған қалай жетуге болады

деген сұраққа адамзат бірауызды келісіп жауап бермейді. Адамдар бұл сауалға

жауап іздеп көне замандардан бері бас қатырып ойланып, толғанып, әртүрлі

пікірлер айтқан. Біреулер бақыт дегеніміз мал-мүлік жинап баю деген.

Басқалары басты байлық денсаулық, сондықтан бақыт дегеніміз деніңнің есен-

саулықта, ауырмай, сырқаттанбай жүруің деген. Кейбіреулері қоғамдағы

тыныштық, тұрақтылық, қауіпсіздік – бақыт кілті осы деген. Ал төртіншілері

болса, иә, сөзсіз, айтқандарыңыздың бәрі дұрыс, барлығы маңызды, бірақ

бақыттың мәні, бақыттың өзегі – иман дейді. Иман, Жаратушының әміріне

бойұсыну, Оның тура жолына еру дейді.

Сонымен, нағыз бақыттың не екенін кім біледі? Жеке тұлғаны да, қоғамды да

Page 4: БАҚЫТ КІЛТІ

4

табысқа жетелейтін не нәрсе? Сіздер, құрметті көрермендер, менің жауабымды

тағатсыздана күтіп отырсыздар, бірақ жауап берместен бұрын, алдымен менің

бір сұрағыма жауап берулеріңізді өтінемін!

Әй, адам! Сізді бір тамшы судан жаратып, осы тамшыны ана құрсағына

орналастырып, одан кейін оған сүлік сияқты кейіп беріп, содан соң сүлікті

тістеліп тасталған етке ұқсайтын эмбрионға айналдырып, одан әрі сүйегіңізді,

бұлшық етіңізді, дене мүшелеріңізді жаратып, сізді адам қылған Кім? Осы

өмірге әкеліп, сізге тыныс алуға мұрын, көруге көз, тыңдауға құлақ, түсінісуге

тіл, сенуге жүрек берген Кім? Сіз бұл дүниеге еш нәрсені білмейтін болып

келдіңіз, ал Ол сізге барлығын үйретіп, ойланып ақылға келу үшін түсіну

қабілетін берді. Сізді, әкеңізді, бүкіл ата-бабаңызды жаратқан Кім? Сізге қажет

аспандағы, жердегі нәрселерді жаратқан Кім? Жерді төсеніш етіп, оның үстінде

өмір сүруге қолайлы қылып берген Кім? Аспанды төбе қылып көтеріп, одан

жаңбыр жаудырып, бір топырақтан, бір судан әртүрлі өсімдіктер, дәнді-

дақылдар, жеміс-жидектер, көкөністер өсірген Кім? Егер Ол қаласа, еккен

егінімізді кеуіп кеткен құрғақ сабанға айналдырар еді, сөйтіп біз аштан

қырылар едік. Ішіп жүрген суымызға қарайықшы, оны бұлттардан түсіріп,

ішуге жарамды қылып, тұщы, жанға жағымды етіп берген Кім? Лаулап жанған

отқа көз салыңызшы, ол арқылы тамағымызды дайындаймыз, қыста

жыланымыз. Отынды жаратқан Кім? Енді өз-өзімізге назар салайық! Ағзаңыз

қалай кемел түрде орналасқан, ғажап үйлесімділік. Әрбір мүше, әрбір

клеткалар өз қызметін атқарады, миллиондаған жасушалар өз міндеттерін

атқарумен айналысады, жүрек тынбастан бір минутта алпыс рет соғады, өкпе

минутына он сегіз рет ағзамызға қажетті оттегін жұтып, қажетсіз көміртегін

шығарып тастайды – осыншама таң қаларлық үйлесімді, кемел жүйені

жаратқан Кім? Төбеміздегі аспанға, төмендегі жерге, асқақ тауларға, тұңғиық

мұхиттарға, тасқындаған өзендерге, жапырағы жайқалған талдар мен

ағаштарға, кілемдей төселген шөптерге, алуан түрлі жануарлар мен

хайуанаттарға, құрдай жорғалаған сансыз жәндіктерге, көкте еркін самғап

ұшқан құстарға, самал желге, бірін-бірі кезек-кезек ауыстырып тұратын күн

мен түнге, нұрын шашқан күнге, сәулесін төккен айға, жымыңдаған

миллиардтаған жарық жұлдыздарға, осы әлемдегі тәртіп пен үйлесімділік

заңына қараңызшы! Әлемдегі жаны бар бүкіл мақұлықтар қоректендіріліп,

өмір сүруіне керек басқа да барлық қажеттіліктер беріліп жатқанына көз

салыңызшы! Осы болмысты, орасан зор әлемді жоқтан бар қылған Кім? Мұның

барлығын Кім жаратты? Бізді сансыз мейірімге бөлеген Кім? Мен барлығыңыз

бірауыздан “Аллаһ” деп жауап береді деп сенемін, оған еш күмән жоқ. Аллаһ

– Жалғыз, Ұлық, Құдіретті, Қуатты, қалаған нәрсесін Істеуші, өмір беруші,

өмірді алушы, Ризықтандырушы, барлығын Білуші, бәрін Естуші, Көруші,

құлшылықты арнауға лайықты бір ғана Тәңір, Құдай. Сіздің де жауабыңыз дәл

Page 5: БАҚЫТ КІЛТІ

5

осындай, мен сізді құлағыммен естімессем де, барлық ақылды адам секілді сіз

де дәл осылай жауап беретініңізге сенімдімін.

Жоғарыда қойған «Нағыз бақыт дегеніміз не? Шынайы бақытты кімнен, неден

іздеу керек?» деген сұрақтарымның жауабы - міне, осы сәтте берген сіздің

жауабыңыз. Жауабы – «Аллаһ». Шынайы бақыт дегеніміздің жауабын кім

біледі? Аллаһ. Нағыз бақыттың жолын кімнен іздеу керек? Алладан. Бақытқа

қалай қол жеткізетінімізді кімнен сұраймыз? Алладан. Құран – Оның Сөзі,

Мұхаммед – Оның елшісі.

Ағайын, бақытты басқа бір жерден іздеймін деп тіптен ойламаңыз.

Уақытыңызды босқа құртып аласыз. Мен сіздерге айтайын, жаным Қолында

болған Алламен ант етейін, Алланың көрсеткен жолынан басқа мәңгілік

бақытқа, таусылмас табысқа жетелейтін жол жоқ.

Неге? Не себепті Алланың көрсеткен жолынан басқа мәңгілік бақытқа,

таусылмас табысқа жетелейтін жол жоқ? Себебі, бізді жаратқан, бізге осы

болмысты берген Аллаһ бізге ненің жақсы, ненің жаман, ненің пайда, не зиян

екенін барлығымыздан артық біледі. Бізді жаратқан Аллаһ білмей ме? Ол –

бәрін Білуші, Хабардар.

Неге? Не себепті Алланың көрсеткен жолынан басқа мәңгілік бақытқа,

таусылмас табысқа жетелейтін жол жоқ? Себебі, Алладан басқа бізге

мейірімдірек, Одан асқан Рақымды ешкім жоқ. Бәріміз ананың балаға деген

махаббаты мен жақсылығы қандай болатынын білеміз. Бауырларым, біліп

қойыңыздар, Алланың пендеге деген жақсылығы, ананың сәбиге деген

жақсылығынан да артық. Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) сөзіне қарап ой қозғап көр: «Аллаһ Тағаланың пенделеріне деген

мейірімі – ананың сәбиіне деген мейірімінен де артығырақ». Ананың өз

баласына деген мейірімі Алланың бүкіл әлемге деген мейірімімен

салыстырғанда не тұрады?! Міне, осыншама мейірімді Аллаһ бізді адасуда,

қараңғылықта қала беруімізде қалай ма?! Ол бізге жетістік пен бақытқа жетер

жолды көрсетпей ме?!

Аллаһ Тағала бізге: «Аллаһ жаққа қарай жүгіріңдер» - дейді. (Зәрият сүресі,

50-аят). Бақыттылар Аллаға қарай жүгірсе, бақытсыздар Алладан кері айналып

қашып жүр.

Алайда, кісі тірі кезінде Аллаһ оған мейірім етуін тоқтатпай: «Маған қашан

келсең де, сені қабылдаймын. Түнде болсын, күндіз болсын – қашан келсең де

қабылдаймын. Сен Маған бір қарыс жақындасаң, Мен саған бір шынтақдай

Page 6: БАҚЫТ КІЛТІ

6

жақындаймын. Сен Маған қадымдап келсең, Мен саған қарай жүгіремін. Егер сен

Маған жер бетіндей көлемде күнә жасап, бірақ Маған серік қоспай келсең, Мен ол

күнәларның бәрін өшіретіндей кешіріммен қарсы аламын. Егер күнәларың

бұлттарға дейін жетіп, кейін Меннен шын жүректен ықыласты түрде кешірім

сұрасаң, Мен сені кешіремін!» - дейді. Алладан асқан Мейірімді біреу бар ма?!

Шын мәнінде, Аллаһ орасан зор кеңшілік Иесі!

Мейірімді Аллаһ бізге тура жол мен адасушылықты, дұрыс жол мен ауытқуды,

бақыт пен бақытсызды ажыратып беретін Кітапты түсірді. Бұл Кітап –

Алланың пенделерге көрсеткен ұлы мейірімі, жақсылықтың кепілі. Бұл Құран

кітап – тура жол көрсетуші, оны ұстанған кісі ешқашан томаға тұйыққа тіреліп

күйзеліске ұшырамайды. Бұл Кітап – соқырдың көзін ашушы, жүрек

ауруларын ем, сананы оятушы, жанға ләззат беруші, қуанышқа бөлеуші. Құран

аяттары – жанға жайлы бақ. Әр күні кешке, таңертең бұл Құран: “Әй, бақытқа

ұмтылушы! Маған қарай кел!” – деп шақырып жатады.

Мейірімді Аллаһ опаттан аман алып қалып, бақытқа бастар жолға салу үшін

бізге елші жіберді. Адамдар лаулаған отқа ұмтылған шыбын-шіркей тәрізді.

Елші болса бізді сол оттан қорғап қайта-қайта: «Оттан қашыңдар, Оттан

қашыңдар!» - дейтін кісі секілді. Ол біздің белімізден ұстап тартып жатса да, біз

Отқа ұмтылған ұсақ көбелек, ызыңдаған шыбындаймыз.

Расында, Алланың діні – Нұхтың кемесі. Бұл бүкіл пайғамбарлардың ұстанған

діні. Кім осы кемеге мінсе – құтылады, мінгісі келмесе – құрдымға кетіп

тұңғиыққа батады.

Ендеше, бақыттың кілті – Алланың әмірлері. Егер біз Алланың Сөзі Құранды,

әлемге рақым ретінде жіберілген елшінің Сүннетін ұстанар болсақ – міндетті

түрде бақытқа қол жеткіземіз.

Аллаһ қаласа, келесі мақалаларымызда Алланың әмірлері туралы сөйлесеміз.

Бақыт кілтінің тістері туралы бірінен соң бірін бірге отырып қарастырамыз.

Қадірлі бауырлар, әпке-қарындастар, құрметті қандастар, Аллаһ Тағала

сіздерге разы болсын, Аллаһ Тағала осы дүние мен о дүниенің барлық

жақсылықтарын берсін және сіздерді әрі отбасыларыңызды бүкіл жамандық

атаулыдан сақтасын! Аллаһ Тағала бізден бұрын о дүниелік болған ата-

бабаларымызға, бізге мейірім етіп, күнәларымыз кешірсін! Пайғамбарымыз

Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына және Қиямет Күнге дейін ізінен

тура ілескен мұсылмандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Аллаһ

баршамызды амандықта сақтасын!

Page 7: БАҚЫТ КІЛТІ

7

Сәлемдесудің артықшылығы

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Сәләму ‘аләйкум уә рахматуллаһи уә баракатуһ, қадірменді форум

қолданушылары! Құрметті қонақтар, алдыңғы мақалада бақыттың кілті –

Алланың сөзі Құран және Алланың әлемдерге рақым ретінде жіберген

пайғамбарымыздың жолы деген болатынбыз. Пайғамбардың жолы Сүннет деп

аталады. Кім Аллаһ пен пайғамбардың әмірлерін ұстанып, соны орындаса,

расында, ол нағыз бақыт есігінің кілтін қолына ұстағаны. Әрбір кілттінің тістері

болады, сәйкесінше бақыт кілтінің де өз тістері бар – бұлар Аллаһ Тағаланың

әмірлері.

Алланың сондай әмірлерінің бірі бүгінгі мақаланың тақырыбы болмақ. Яғни

сәлемдесу жөнінде сөз қозғамақпыз. Біз неге дәл осы тақырыптан бастап

жатырмыз? Өйткені, ардақты пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) Медина қаласына қоныс аударып барған шағында, сол қаланың

тұрғындарына айтқан ең алғашқы өсиеттерінің бірі – өзара тыныштық пен

бейбітшілік тілеп сәлемдесу болатын.

Меккелік мүшріктер пайғамбар мен оның ізінен еріп, Бір Аллаһ қана иман

келтірген мұсылмандарға көптеген кедергілер жасап, қиыншылықтар әкелді.

Көпқұдайшылдар Аллаһ Тағаланың діні Исламға кіргісі келмеді. «Біз

әкелеріміздің ұстанған жолын ұстанамыз», - деді олар - «Әй, Мұхаммед! Сен бізді

аспан мен жерді жаратқан бір Аллаға ғана құлшылық етуге шақырасың. Жалғыз

Аллаға ғана құлшылық етіп, Оған ешкімді серік қоспа дейсің. Алламен бірге тағы

басқа біреулерге де сиынуға болмайды дейсің бе?! Тау-тасқа, ағаштарға, күнге, айға,

періштелерге, жындарға, адамдарға, әулиелерге, әруақтарға табынуға болмайды

дейсің. Иә, бір Аллаһ бізді жаратты, бірақ мұндай дін бізге ұнамайды. Біз ата-

бабамыздың дәстүрлі дінінде қалғымыз келеді». Сөйтіп, көпқұдайшылдар Аллаһ

елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қыспаққа алып, қасиетті

Мекке қаласын тастап шығуға мәжбүрледі. Пайғамбарымыз Алланың

Page 8: БАҚЫТ КІЛТІ

8

бұйрығымен Медина қаласына барып қоныстанды. Ол кездері Медина

тұрғындарының көбісі Ислам дінін қабылдап қойған болатын. Сөйтіп олар

Алла елшісі мен оның ізбасарларын Мединаға көшіп келуге шақырған еді.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Медина қаласына

келген кезде мүмін мұсылмандар оны үлкен қуанышпен күтіп алды. Ол

уақыттары Мединада көптеген Исраил ұрпақтары яһудейлер тұратын.

Яһудейлер өз кітаптарынан құрма ағаштарымен танымал болған осы Медина

қаласына көп ұзамай Аллаһ жіберген елшілердің ең соңғысы келетінін білетін.

Сондықтан, яһудейлердің кейбір рулары Медина қаласына және оның

айналысанына қоныстанған еді. Осы яһудейлердің ішінде Абдуллаһ ибн Сәләм

деген бір кісі болатын. Ол діни білімі өте жоғары, Медина яһудейлердің

арасында діндарлығымен, ізгілігімен танылған ықпалды кісі еді. Аллаһ

жіберген пайғамбардың келуін естіп Абдуллаһ ибн Сәләм да басқа

мединалықтар секілді оны көріп, сөздерін тыңдауға барды. Абдуллаһ ибн

Сәләмнің өз сөздерін тыңдайық: «Аллаһ елшісі Мединаға келген кезде адамдардың

барлығы оған қарай ағылып барып жатты. “Аллаһ елшісі келді! Аллаһ елшісі келді!”

деген көтеріңкі дауыстар естіліп жатырды. Мен де көрейін деп бардым. Оның

жүзіне қарағанымда, бұл өтірікшінің жүзі емес екенін түсіндім». Яғни, Абдуллаһ

ибн Сәләм Мұхаммед пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

қараған кезде, ол кісі шынымен Алладан келген елші екенін түсінді. Сонан

кейін, ол елшіге бірнеше сауалдар қойғаннан соң, оның шынымен пайғамбар

екеніне толықтай сеніп иланып, иман келтіріп, Ислам қабылдады. Басқа

яһудейлерді де осы дінді ұстануға шақыра бастады. Сонымен Абдуллаһ ибн

Сәләмнің сөзін соңына дейін тыңдайық: «Оның жүзіне қарағанымда, бұл

өтірікшінің жүзі емес екенін түсіндім. Және оның ең бірінші айтқан сөзі былай

болды: “Уа, адамдар! Өзара сәлемді таратыңыздар! Мұқтаждарды

тамақтандырыңыздар! Адамдар ұйықтап жатқанда сіздер намаз

оқыңыздар! Сонда Жәннатқа тыныштықпен кіресіздер!”» Қараңыздаршы,

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мединаға келген

кезде, адамдар ол не айтады, ең бірінші қандай сөздер айтады екен деп

тағатсыздана күтіп отырған шақта, ол: «Уа, адамдар! Өзара сәлемді

таратыңыздар!» деді. Міне, осы жерден біз мұсылмандардың арасында өзара

“Әссәләму ‘аләйкум” деп сәлемдесу – өте маңызды мәселелердің бірі деген

қорытындыға келеміз. Пайғамбарымыздың Мединаға келген кезінде адамдарға

ең бірінші айтқан бұйрығы – сәлемді тарату болды. Сондықтан, біз де ең

бірінші сәлемдесу мәселесін қозғау орынды болар деп шештік.

Мұсылмандар бірімен-бірі “Әссәләму ‘аләйкум” деп амандасады.

Пайғамбарымыз дәл осы сөзбен сәлемдесуге бұйырған болатын. Бұл сөздің

мағынасы не? Аллаға шүкір, біз жастайымыздан осы сөздерді білеміз, бір-

бірімізбен жолығып қалғанда айтамыз. Бірақ, өкінішке орай, осы сөздің

Page 9: БАҚЫТ КІЛТІ

9

мағынасын көбіміз біле бермейміз. Шын мәнінде, бұл сөздердің мағынасы өте

зор. “Әссәләму ‘аләйкум” сөзі негізінен дұға-тілек болып табылады. Мұсылман

бауырға “Әссәләму ‘аләйкум” деп айту арқылы сіз оған “сәләм” тілейсіз.

“Сәләм” дегеніміз не? Сәләм – бүкіл жамандықтан құтылу дегенді білдіреді.

Біреуге “Әссәләму ‘аләйкум” деген кезіңізде, сіз оған «Аллаһ сізді бүкіл

жамандық атаулыдан құтқарсын! Аллаһ сізді аурудан, сырқаттан,

есалаңдықтан, адамдардың арам ойынан, қастандығынан, күнәлардан,

жүректің тура жолдан ауытқуынан, күпірліктен, шайтанның азғыруынан, Тозақ

отынан және бүкіл жамандықтан, зұлымдықтан сақтасын!» деген боласыз.

Міне, мұсылман бауырға осындай дұға-тілекті айтқан боласыз.

Намаз оқыған кезімізде біз “әт-тәхият” дұғасын оқимыз. Осы “әт-тәхият”

дұғасының бір жерінде: «Әссәләму ‘аләйна уа ‘алә ‘ибадиллаһи-ссалихин»

делінеді. Оның мағынасы: Бізге және бүкіл Алланың ізгі құлдарына “сәләм”

болсын! Яғни, Аллаһ бізді және әрбір мүмін кісіні бүкіл жамандық атаулыдан

сақтасын дегенді білдіреді.

Бір-бірімен сәлемдесу адамдардың арасында ерте заманнан бері келетін жатқан

дәстүр. Сәлемдесу – бәріміздің ортақ әкеміз Адам атадан бері келе жатырқан

үрдіс және бұл мүміндердің арасында Қиямет Күнге дейін қала бермек.

Сонымен қатар, мүміндер Жәннатта да “Әссәләму ‘аләйкум” сөзімен

сәлемдесетін болады. Бұл сәлемдесудің түрі – күллі елшілер мен

пайғамбарлардың салты. “Әссәләму ‘ аләйкум” деп амандасу – бүкіл ізгі, таза

кісілердің айнымас қасиеті.

Өкінішке орай, бүгінгі күні кейбір мұсылмандар осы ғажап құлшылықтан бас

тартып, алыстап бара жатыр. “Сәләмді” таратпаудың кесірінен

мұсылмандардың біртұтастығына сызат, ынтымағына кірбің түсті.

Мұсылмандардың арасындағы келіспеушіліктер, талас-тартыстар, қарама-

қайшылықтар, дүрдараздық, салғыласу, айтысу, жікке бөліну, бір-бірінен

алшақтау, бірін-бірі жек көру – осының барлығы “сәләмді” тартпағандықтан

болып отыр және бұл Алланың әміріне қайшы келеді. Сүйікті пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сіздер иман

келтірмейінше Жәннатқа кірмейсіздер! Бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше

иман келтіре алмайсыздар. Бір-бірлеріңізді жақсы көруге алып баратын істі

көрсетейін бе?! Өзара “сәләмді” таратыңыздар!»

Мұсылман басқа бір мұсылманның жанынан өтіп бара жатқанда Аллаһ

бұйырған “сәләммен” амандаспай кете беретінін көп байқаймыз. Ал

кейбіреулер болса осы “сәләммен” амандасады, бірақ тек таныстарымен ғана

сәлемдеседі, таныс емес мұсылмандармен сәлемдесу қажет емес деп есептейді.

Page 10: БАҚЫТ КІЛТІ

10

Ал танымайтын басқа бір мұсылман оған “Әссәләму ‘аләйкум” десе, ол қатты

таң қалып: «Неге ол маған “Әссәләму ‘аләйкум” деді? Ол мені қайдан таниды?»

- дейді. Ал енді пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не

дегеніне қараңыз: Бірде оған бір кісі келіп: “Мен ең жақсы мұсылман болуым

үшін не істеуім керек?” – деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Мұқтаждарды тамақтандырып, әрі

танитынмен де, танымайтынмен де сәлемдесуге тиіссіз!» - деді. Аллаһ

елшісінің бұл сөздері “сәләмді” анық, айқын, көп әрі біраз жерге дейін

естілетіндей етіп айт деген бұйрығы болып табылады. Діндегі бауырлардың

танитынымен де, танымайтынымен де сәлемдесу қажет екеніне осы сөздер

айғақ болмады. Бауырыңызға “Әссәләму ‘аләйкум” деу оған дұға қылып, тілек

тілегеніңіз және одан жауап алғаныңыз. “Уә ‘аләйкум әссәләм” – яғни, өзіңізге

дұға алғаныңыз. Мұсылманға “Әссәләму ‘аләйкум” деу – Алладан сауап

алдыңыз деген сөз.

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн

Омар деген сахабасы болған. Аллаһ оған разы болсын. Бұл кісі орасан зор

білімге ие, иманы мен тақуалығы өте биік болған. Тіпті, пайғамбарымыздың өзі

ол туралы: «Абдуллаһ ізгі кісі» - деп оның тақуалығына куәлік берген. Осы

Абдуллаһ ибн Омар өте жиі базарға шығып, кездескен адамдардың бәрімен

сәлемдеседі екен. Сатушылар, сатып алушылар, кедейлер – бәрімен

амандасатын көрінеді. Бірде Абдуллаһ ибн Омар тағы да базарға шығайын деп

жатырса, бір танысы оған: “Базарға несіне барасыз? Сіз бәрі-бір зат сатып

алмайсыз, тауарларға қарамайсыз, заттардың бағасын сұрамайсыз, ешкіммен

саудаласпайсыз, адамдармен сөйлесіп отырмайсыз ғой” – деді. Сонда Ибн

Омар: «Мен базарға кездескен адамдармен сәлемдесу үшін барамын» - деген екен.

Міне, пайғамбарымыздың тәрбиесін көрген ізгі сахабалар осылай амал ететін

болған. Абдуллаһ ибн Омар базарға адамдарға сәлем беруге барады, ал

жоғарыда хадисте айтып өткеніміздей, сәлемдесу – Жәннатқа кірудің бір себебі

екен.

Сонымен қатар, Алланың алдында көп сауап алуға мүмкіндік туады. Егер

мұсылман бауырға “Әссәләму ‘аләйкум” десеңіз, сізге он сауап жазылады. Ал

егер он кісімен сәлемдессеңіз – жүз сауап аласыз. Абдулла ибн Омар базарға не

үшін барғанын енді түсінуге болады, ол көп сауап алуға барады екен ғой. Ал

сауап алу – саудадан да артық пайдалы емес пе?! Ондай көп адамды базардан

басқа қай жерден табасыз?! Мұның барлығы, бауырлар, сәлем беруден

шаршамау қажет екенін білдіреді. Осындай берекелі сәлемді таратудан

жалықпауымыз керек. Өзара сәлемдесу, “сәләмді” тарату – адамдардың бір-

біріне деген ықылас-ілтипатының артуына себеп болады және бір-бірін

құрметтеуге түрткі болады, ал ол өз кезегінде ынтымақ пен бірлік, тыныштық

Page 11: БАҚЫТ КІЛТІ

11

пен бейбітшіліктің орнауына айтарлықтай үлес қосады.

Өзіңіз ойланып көріңізші, егер қасыңыздан біреу амандаспай өтсе, оған деген

жүрегіңізде салқындық, ұнатпаушылық туындайды. Дәл сол сияқты егер біреу

сәлемдессе, тіпті танымайтын болса да амандасып жатса, жүрегіңізде оған

деген жылы сезім туындайды. Егер біреу қоғаммен “Әссәләму ‘аләйкум” деп

амандасуды ұнатса, бұл ол кісінің сыпайылығын білдіреді. Оның бойында

қоршаған ортаға деген құрмет бар деген сөз. Жүрегінде зұлымдық,

тәкәппарлық, қызғаныш деген сезімнің жоқтығын білдіреді.

Расында, “Әссәләму ‘аләйкум” деп амандасу мұсылмандардың арасын

алшақтықтан сақтайды. “Сәләм” олардың бір-бірімен танысуына себеп болады.

“Сәләм” елдің ішіне махаббат пен бірліктің дәнін себеді. Ендеше, құрметті

менің бауырларым, Аллаға деген осы құлшылықтың бір түрін жаңғыртып,

жандандырайық! Оның үстіне, сәлем бергенің үшін сауап алатыныңды

естігенде төбең көкке жетіп қуанып қаласың. Ол ол ма, сәлемді тарату –

Жәннатқа кірудің бір себебі. Қала берді бұл сүйікті пайғамбарымыздың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті болып табылады. Аллаһ Тағала

баршамызға разы болсын! Аллаһ Тағала бізді сәлемді таратушы пенделеріне

қосып, Оның ризашылығына жетуімізді нәсіп етсін! Аллаһ бізді жамандық

атаулыдан сақтасын! Әссәләму ‘аләйкум!

Сәлемдесу әдебі

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әуелі басқаға бірінші болып сәлем беретін кісі не айтады деген сауалға жауап

беріп көрейік. Бұның жауабын келесі хадистен табамыз. Бірде Аллаһ елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалармен бірге мешітте отырған

еді. Оған бір кісі келді де: “Әссәләму ‘аләйкум” - деді. Пайғамбарымыз оған

жауап берді, сөйтіп әлгі кісі келіп отырды, ал Аллаһ елшісі: «Он» - деді. Одан

кейін тағы бір кісі келіп отырғандарға:“Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ” –

деді. Пайғамбарымыз оған да жауап берді, сөйтіп әлгі кісі келіп отырды, ал

Аллаһ елшісі: «Жиырма» - деді. Содан соң тағы бір кісі келіп: “Әссәләму

Page 12: БАҚЫТ КІЛТІ

12

‘аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ” – деді.Пайғамбарымыз оған да жауап

берді, сөйтіп әлгі кісі келіп отырды, ал Аллаһ елшісі: «Отыз» - деді. Осы

хадистегі «Он», «Жиырма», «Отыз» деген сөздер нені білдіреді? Бұл сөздердің

мәні – Алладан болған сауаптың саны. “Әссәләму ‘аләйкум” деген бірінші кісі

Алладан он сауап алған, “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ” деген екінші кісі

жиырма сауапқа кенелді. Ал “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи уа

баракатуһ” деген үшінші кісі Алладан отыз сауапты бірден алды. Біз осы

хадистен сәлемдесудің ең биік, ең абзал түрі “Әссәләму ‘аләйкум уа

рахматуллаһи уа баракатуһ” деген сөздер екенін түсінеміз. Осы сөзден кейінгі

орында тұратыны “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ”. Ал ең төменгі

деңгейде “Әссәләму ‘аләйкум” сөзі тұрады. Мұсылман кісі ең кемі “Әссәләму

‘аләйкум” сөзімен сәлемдесуге тиіс. Көп сауап алуға да болады, аз сауап алуға

да болады.

“Әссәләму ‘аләйкум” – сәлем беріп тұрған

адамыңызға “сәләм” тілегеніңіз. “Сәләм” дегеніміз – бүкіл жамандық атаулыдан

Алла сақтасын деген дұға-тілек. “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ” – сәлем

беріп тұрған кісіңізге “сәләм” тілеп, одан кейін Алланың рақымын, мейірімін

тілеген боласыз! “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ” – сәлем

беріп тұрған кісіңізге “сәләм”, одан кейін Алланың рақымын және Алладан

береке тілеген боласыз. “Уа баракатуһ” – яғни, Алланың сізге берекесі болсын

деген сөз. Береке дегеніміз – әрдайым ұлғайып, өсетін көп жақсылық дегенді

білдіреді.

Қараңызшы, мұсылман бауырыңызға “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи уа

баракатуһ” деу арқылы қандай керемет тілек тілеп жатырсыз! Бұл сөз үш

тілектен тұрады, ал ол үш тілек – үш ізгі іспен теңеседі. Сәйкесінше, Аллаһ

Тағала мұсылмандарға әрбір ізгі ісі үшін он сауаптан уәде еткен.

Сонымен, біз өзгелерге бірінші болып сәлем берген кісі қандай сөздер айтуға

тиіс деген мәселені айттық. Енді, сол сәлемге қалай жауап беру керек деген

сауалдың жауабын іздеп көрейік. Сәлемге жауап беру мойныңыздағы

борышыңыз, діни парызыңыз. Егер кісіге сәлем берілсе, ол жауап қайтармаса,

Алланың алдында күнә жасаған болады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:«Мұсылманның мұсылманға бес

хақысы бар: сәлемге жауап беру, түшкірген кісіге “Алланың сізге мейірімі

жаусын” (ярхамук-Аллаһ) деп айту, қонаққа шақырғанда бару, науқастың

хал-жағдайын барып сұрау, қайтыс болған кісіні шығарып салу!» Осылайша,

егер біреу сізге сәлем берсе, оған міндетті түрде жауап беруге тиіссіз. Сол

арқылы сіз Алланың бұйрығына мойынсұнған боласыз.

Page 13: БАҚЫТ КІЛТІ

13

Бірде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жолдың

бойында отырушы болмаңыздар!» - деді. Мұны естіген сахабалар:“Бірақ бізге

бұл керек қой. Жолдың бойында жүздесеміз, сөйлесеміз ғой” – деді. Аллаһ елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер жолдың бойында тұруға

тура келсе, онда жолдың хақысын беріңіздер!» - деді. Сахабалар: “Жолдың

хақысын беру дегеніміз не?” – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Жолдың хақысын беру дегеніміз – көзді төмен

түсіру, ешкімге зиян тигізбеу, сәлемге жауап беру, жақсылыққа шақырып,

жамандықтан қайтару!» - деді. Яғни, адамдар жүретін көшеде тұрып алып,

әркімге бір тесіліп қарамау қажет, әрі ешкімге зиян, зарар тигізбей, өткен-

кеткендер сәлем берсе, оған міндетті түрде жауап беріп және жақсылыққа

шақырып, жамандықтан тосу керек.

Бірінші болып сәлем беру Аллаһ разы болатын өте мақтаулы керемет

құлшылықтардың бірі. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Өзгелермен жүздескен кезде бірінші болып сәлем берген кісі Аллаға ең

жақын адам» - деген. Ал сәлемге жауап беру, жоғарыда айтқанымыздай,

міндетті болып табылады. Егер бір кісі бірнеше адамға сәлем берсе, ішіндегі

біреуі болса да сәлемге жауап беруге тиіс. Ал сәлемге бәрі жауап берсе нұр

үстіне нұр болады.

Ендеше, сәлемге қалай жауап беру керек? Сәлемге жауап берудің ең жақсы

түрі – “Уа ‘аләйкум әссәләм уа рахматуллаһи уа баракатуһ”немесе «‘Аләйкум

әссәләм уа рахматуллаһи уа баракатуһ» деу. Егер сәлемге “Уа ‘аләйкум

әссәләм” деп, немесе “Уа ‘аләйкум әссәләм уа рахматуллаһ” деп жауап берсе де

есептеле береді. Аллаһ Тағала Құран кәрімде мұсылмандарға былай деп

бұйырған: «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның

өзін қайтарыңдар. Шәксіз, Аллаһ әр нәрседен есеп алушы» (Ниса сүресі, 86-

аят). Осы аятта Жаратушы сәлемге одан артығымен жауап беруге немесе

кемінде дәл сол сияқты қылып қайтара жауап беруге әмір етіп жатыр. Яғни,

егер біреу “Әссәләму ‘аләйкум” десе, кемінде “Уа ‘аләйкум әссәләм” деп жауап

беруге міндетті, бұдан аз болмау керек. Біреу “Әссәләму ‘аләйкум уа

рахматуллаһ” десе, оған кемінде “Уа ‘аләйкум әссәләм уа рахматуллаһ” деп жауап

беруге міндетті, бұдан аз болмау керек. Ал “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи

уа баракатуһ” деген кезде, оған кемінде “Уа ‘аләйкум әссәләм уа рахматуллаһи уа

баракатуһ” деп жауап беруге міндеттісіз, бұдан аз болмау керек. Неге олай

жауап беруге міндеттіміз? Себебі, жоғарыда келтірген аятта: «немесе соның

өзін қайтарыңдар»деген, яғни сәлем берсе, кемінде айтқан сөзін өзіне

қайтаруға қажет. Алайда, біреу сәлем берсе, оған артығымен жауап беру абзал.

Аллаһ Тағала бізді осыған шақырады. Егер біреу “Әссәләму ‘аләйкум” деп

амандасса, оған “Уа ‘аләйкум әссәләм уа рахматуллаһи уа баракатуһ” деп

Page 14: БАҚЫТ КІЛТІ

14

артығымен жауап бергеніңіз жақсы. Бұл міндетті емес, бірақ өте сауабы мол іс.

Аллаһ Тағаланың «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе

соның өзін қайтарыңдар» деген сөзі сәлемнің түріне, ондағы сөздің санына

және дауыс ырғағына да қатысты. Бұл не білдіреді?

Біріншіден, сәлем жауап түрі, кейіпі жағынан төмен болмауға тиіс. Егер

біреу“Әссәләму ‘аләйкум” десе, оған “Привет”, “Сәлем”, “Саламатсыз ба”,

“Қайырлы таң”, “Қайырлы күн”, “Қайырлы кеш”, “Қош келдіңіз”, “Көп жаса”,

“Бақытты бол”, “О-о-о қалай жағдай, амансың ба?” деген секілді сөздермен

жауап беруге болмайды. Егер тіпті мың рет осы сөздерді қайталап айтсаңыз да,

мойныңыздағы міндетіңізді атқармаған боласыз және күнә аласыз. Өйткені, сіз

Алланың сәлемге артығымен немесе соның өзін қайтар деген әміріне құлақ

аспағаныңыз. Ол сізге “Әссәләму ‘аләйкум” деп сәлемдесіп тұр, ал бұл жәй ғана

амандасу емес, ол сіз үшін дұға сұрап, ізгі тілек тілеп жатыр. Ол сізге тілек

тілесе, сіз оған дұға қылмастан, жәй “Саламатсыз ба” деп кері қайтарып

жатырсыз.

Екіншіден, Алланың «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ

немесе соның өзін қайтарыңдар» деген сөзі сәлемнің ішіндегі сөздердің

санына да қатысты. Берілген сәлем сөзінің санына сіздің жауабыңыздың да саны

аз болмауы керек. Сізге “Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ” десе, оған “Уа

‘аләйкум әссәләм” деп қана жауап берсеңіз, күнә аласыз және Аллаға

мойынсұнбаған боласыз. Өйткені, Аллаһ сәлемге артығымен немесе сол сөздің

өзін қайтаруға бұйырған.

Үшіншіден, Алланың «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ

немесе соның өзін қайтарыңдар» деген сөзі сәлемнің дауыс ырғағына да

қатысты. Берілген сәлемнің дауыс ырғағына сай сіздің жауабыңыздың да дауыс

ырғағы сай келу керек немесе артық болу қажет. Егер біреу анық, ап-айқын

түрде дауысын естіртіп сәлем берсе, оған тістеніп, мұрын астынан мыңғырлап,

бәсең дауыспен жауап беруге болмайды. Егер біреу сәлем бергенде ашық

реңмен, күлімсіресе, оған қабық шытып, бет бұрып, танауыңыз аспанға

көтеріліп, менсінбей амандасу болмайды. Бұл Алланың «Қашан сендерге

сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар» деген

бұйрығына қайшы келеді.

Сонымен бүгінгі кездесуімізді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед мұстафаның

(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзімен тәмәмдағым келіп

отыр: «Расында, “Сәләм” – Алланың жер бетіне орнатқан бір есімі. Ендеше,

өзара “сәләмді” таратыңыздар! Егер кісі жұртпен сәлемдесер болса, олар оған

жауап берсе, бәрі-бір әлгі кісінің дәрежесі олардан жоғары тұрады, өйткені

сәлемді бірінші болып еске салған әлгі кісі. Ал егер оған жауап бермесе, олардан

да артық, абзал (періштелер) жауап береді». Міне, осы хадистен “Әс-Сәләм” –

Page 15: БАҚЫТ КІЛТІ

15

Алланың жер бетіне орнатқан бір есімі екенін аңғарамыз. Сондықтан,

адамдардың арасына осы сәлемді таратқан жөн. Сәлем кеңінен етек жаюы үшін

жиі-жиі айту керек. Алланың “Әс-Сәләм” деген есімінің мағынасы – Пәк,

кемшіліктерден, ақаудан, кінәраттан, міннен, бүкіл жамандықтан пәк, таза

дегенді білдіреді. Осы хадистен алынатын және бір пайда: алғашқы болып

сәлем берген кісі сәлемдесіп тұрған кісілерден бір саты жоғары тұрады. Неге?

Себебі, әлгі кісі бірінші болып сәлем беру арқылы басқалардың да

Алланың “Әс-Сәләм” есімін қайталауға септігін тигізді. Аталмыш хадисте

сәлеміне жауап алмаған кісілердің көңілін жұбату, жұбаныш бар. Яғни, сәлем

беріп, бірақ сол сәлеміне жауап алмаған кісі осы хадисті естігеннен соң көңілі

жай тауып, оған жауап бермеген кісілерден де артығырақ болған періштелер

жауап беретінін біледі. Сөз соңында, әлемдердің Раббысы Аллаға мақтаулар

айта отырып, Жаратушымыз баршамызға разы болсын деп тілеймін!

Ынтымақ, бірлік

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму ‘аләйкум! Біз сіздермен қайта дидарласқанымызға аса қуаныштымыз!

Бүгін бақыттың құрамдас бөлігі болып есептелетін бір мәселені әңгіменің өзегі

етпекпіз. Бұл мәселе жалпы қоғамның дамып, жетістікке жетуіне себеп

болатын өте маңызды тақырып. Бақыт кілтінің үлкен тістерінің бірі – бірлік.

Аллаға иман келтірген пенделер, мұсылмандар ақиқаттың айналасында бірігіп,

ынтымақта болып, әрі бөліну мен араздасудан алыс болуы керек.

Құрметті қандастар, Аллаһ бізді мұсылман қылғанына сансыз шүкірлер

айтамыз. Мұсылман дегеннің мағынасы Алланың әміріне шын берілген

мойынсұнушы дегенді білдіреді. Мұсылман немесе муслим – өз-өзін Аллаға

толықтай шын жүректен тапсырып, Жаратушының әміріне құлай берілген

бойұсынушы деген.

Аллаһ Тағала бізге Исламды дін етіп бергеніне разымыз. Ислам – жалғыз

Жаратушыға ғана беріліп, Оның бұйрықтарына бойұсынып, Оған ғана сиынып

құлшылық қылу дегенді білдіреді. Ислам – күллі елшілер мен

Page 16: БАҚЫТ КІЛТІ

16

пайғамбарлардың ұстанған діні. Адам ата, Нұх пайғамбар, Ибраһим

пайғамбар, Мұса пайғамбар, Иса пайғамбар мен Мұхаммед пайғамбардың

тұтынған жолы осы, олардың барлығына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Аллаһ бізге Өз Сөзі Құранды түсіргеніне де шүкір етеміз! Қасиетті Құран кәрім

– жүректерге нәр, тура жолға бастаушы, мейірім.

Аллаһ жер шары тұрғындарының барлығына адамдардың ішіндегі ең

жақсысы, ең абзалы, ең мейірімдісі, ең соңғы елші әрі пайғамбар Мұхаммедті

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жібергеніне де шүкір етеміз!

Ендеше, біз өзімізді мұсылман деп санайтын болсақ, Исламның аса маңызды

бұйрығының бірі – шынайы иманның айналысында жиналып, бірлік пен

ынтымақта болу әміріне бойұсынуға міндеттіміз. Мұсылмандар бір-бірін

жақсы көруге міндетті. Мұсылманның бірінің басына нәубет келіп,

қиыншылыққа жолықса, басқалары оған қол ұшын созып, жәрдем беруге тиіс.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіне тілеген

нәрсені бауырына да тілемеген кісі шынайы иман келтірмеген» - деген. Осы

қысқаша сөздің мағынасы өте зор. Осы хадис өзге мұсылмандармен қандай

қарым-қатынас жасау қажет деген мәселенің мән-жайын ашып, қағиданы қадап

айтып береді. Өз жүрегіңізге қараңызшы! Қоршаған ортаға, мұсылман

бауырларыңызға өзіңізuе тілегенді тілей ме екенсіз? Дәл сол сияқты өзіңізге

қауіптенген нәрсені бауырыңызға да қауіптене ме екенсіз? Немесе бауырыңызға

уайым-қайғы келгенде іштей қуанып, мырсылдап күліп, мысықтілеуленіп

тұрсыз ба? Егер солай болса, сіз шынайы иман келтірмегенсіз.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Махаббатында,

мейірімі мен жанашырлығында мүміндер бір-біріне біртұтас дене тәрізді.

Дененің бір бөлігі ауырса, қалған бөлігі ұйқысыздыққа шалдығып,

қызуланады» - деген. Біздің дініміз бауырмашылдық пен достыққа, өзара көмек

пен құрметке, махаббат пен ілтипатқа негізделген. Егер біз шынайы мұсылман

болсақ, бір-бірімізді бағалап, жақсы көріп, жанымыз ашып, қам жеп,

қамқорлық қылуға тиіспіз. Бір-бірімізге тірек, кішіге аға, үлкенге іні болуымыз

қажет. Тартысып қалғандар болса, достассын, бір-біріне деген реніштерін

ұмытып, кешірсін! Аллаһ Тағаланың мына сөзіне құлақ асыңызшы: «Түп-

түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» (Әли ‘Имран

сүресі, 103-аят).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Жақсылық пен жамандық тең емес.

Жамандыққа қарсы жақсылық қыл. Сол уақытта сенімен дұшпан болған

Page 17: БАҚЫТ КІЛТІ

17

кісі өте жақын достай болып кетеді» (Фуссилат сүресі, 34-аят). Бір-бірімізге

деген өшпенділіктен, дұшпандықтан құтылайық! Жүректерімізді

көреалмаушылықтан, қызғаныштан тазалайық! Бұл дін бәрімізді ақиқат пен

тура жолдың аясында біріктіруге келген. Егер Алланың Кітабы Құран мен

пайғамбардың жолы Сүннетті, әрі әуелгі мұсылмандардың таза сенім жүйесі

мен қағидаларын бәріміз бір адамдай ұстанып, сахабалар мен тура жолдың

имамдарына ерер болсақ, қайта жетістікке жетіп, күш-қуатымыз артып,

еңсемізді тіктеп, шаттыққа бөленіп, бұрынғыдай басқаларға үлгі болып, таңдай

қақтырар халыққа айналар едік, осы дүние мен о дүниеде бақытты болар едік.

Бақытты болудың басқа жолы бар ма, бауырлар?! Бізді жаратқан Аллаһ бізге

ненің зиян, ненің пайда екенін білмей ме?! Асыл дініміз Алланың берген ұлы

нығметі, жарық жұлдыз, адамзат болмысына қажет әрбір нәрсенің бүге-

шігесіне дейін қарастырып айтып кеткен тура жол, кем-құтығын түзейтін

рухани азық. Бұны түсінетіндер де аз. Бұны түсінген, ақылға келген сол

азшылыққа Алланың мейірімі жаусын!

«Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер! Сондай-

ақ Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе

дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен

бауырға айналдыңдар. Оттың бір шұңқырының ернеуінде едіңдер, Ол

сендерді одан құтқарды» (Әли ‘Имран сүресі, 103-аят). Берекелі жаңбыр өлі

жерге жауып, ол жанданып, өсіп-өніп, гүлдендіргені секілді Алланың осы

сөзінен кейін де жүректерге нәрленгеніне назар салыңызшы!

«Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер!» - дейді

Раббымыз. Ал қазіргі күні не болып жатыр? Халық бірін-бірі жек көретін,

бірінің-бірі етін жеуге дайын әрқилы партиялар мен топтарға, ағымдар мен

секталарға жіктеліп кеткен. Туған ағайындылар жылдар бойы бір-бірімен

сөйлеспейді. Қызы анасымен, ұлы әкесімен қарым-қатынасын үзген. Ерлі-

зайыптылар бір-бірімен ата жау тәрізді, бір-бірімен ұрысып керісіп, не үшін

шу көтергендерін де түсінбейтін жағдаяттарға кезігіп жатыр. Алланың берген

осы қысқа ғана бес күндік пәни дүниесінде көршілерімен, туысқандарымен

салғыласып, тартыстып өткізеді. Қоғамда қызғаныш пен зұлымдықтың,

өшпенділік пен кекшілдіктің елесі кезіп жүр. Отандастар, қандастар бір-бірін

тұқыртып, қыспаққа алып, жыртқыш аңдар еттің майлы жерін тістеп қалу

үшін арасында болатын ырылдасу секілді алауыздық, дүрдараздыққа жол

береді. Бұл қай уақытта дейін жалғаспақ, бауырлар?! Егер біреу мұны қауіпті

емес деп есептейтін болса, ол оңбай қателескені. Арамыздағы талас-тартыс

Алладан болған берекеден құр қалдырып, азапқа, қайғы-қасіретке душар етеді.

Бұл менің сөздерім емес, бұл жасырын мен жарияның барлығын Білуші

Алланың сөзі: «Аллаға және Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара

Page 18: БАҚЫТ КІЛТІ

18

жанжалдаспаңдар, әйтпесе үрейленіп, құттарың қашады және сабырлы

болыңдар. Расында, Аллаһ сабырлылармен бірге» (Әнфал сүресі, 46-аят).

Бөлінушілік, жанжалдасудың соңы неге алып баратынын Аллаһ айтып

тұр: «әйтпесе үрейленіп, құттарың қашады». Міне, араздасудың нәтижесі

осы.

Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-

бірлеріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді қызғанбаңдар, бір-бірлеріңнен бет

бұрмаңдар! Әй, Аллаһтың құлдары, бір-біріңе бауыр болыңдар!» - деді.

Тағы да Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Мұсылман мұсылманға бауыр! Оған қысым көрсетуге де,

сатқындық жасауға да болмайды» - дейді. Яғни, мұсылман мұсылманға бауыр!

Оған опасыздық қылуға да, өтірік айтуға да, оны көмексіз қалдыруға да

болмайды. Пайғамбарымыз сөзін жалғастырып: «Әрбір мұсылман басқа

мұсылманның абыройына, дүние-мүлкі мен өміріне құл сұғуына болмайды» -

дейді. Неткен ғажап хикмет, неткен керемет өсиет! Бірақ соған құлақ асар біреу

бар ма екен?!

Аллаһ Тағала екі мұсылманға үш күннен артық ренжісуге тыйым салды.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман кісіге

өз бауырымен үш күннен артық ренжісуге рұқсат етілмейді. Үш күн бойы

олар кездесіп қалса бір-бірінен бет бұрады. Сол екеуінің жақсысы бірінші

болып бауырына сәлем бергені», - деген. Аллаһ Тағала бір-бірімен ренжісіп

қалған бауырларға үш-ақ күн берген, осыған көңіл бөліңіздерші! Аллаһ Тағала

аса Мейірімді, Ол сіздің әлсіз адам екеніңізді біледі. Ашуланған кезде өз

нәпсіңізді ұстай алмай қалатыныңызды да жақсы біледі. Бірден барып қарым-

қатынасыңызды жөндеуге шамаңыз жетпейтінін біліп, бізге мейірім етіп,

достасуды кейінге қалдырып, мерзімін ұзартты. Үш күн берді, осы үш күннен

артық ренжісіп жүруді тиым салды. Үш тәулік өткеннен соң достасу қажет.

Әрине, бірінші күні ішіңіз өртеніп, реніш басылмай жатады, ол кезде достасу

сіз үшін қиын. Ал екінші күні ашу-ыза, реніш кішкене басылып тынышталады.

Ал үшінші күні болған оқиғаға өкініп, қарым-қатынасты түзеп, қалай

достассам екен деп ойлана бастайсыз. Осы үш күннен кейін жанжалды

доғарып, қайта татуласуға міндеттісіз.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Жәннаттың есігі

әрбір дүйсенбі мен бейсенбі күндері ашылып, Аллаһ Тағала Өзіне серік

қоспаған әрбір мүміннің күнәларын кешіреді, тек жек көріп бауырымен

қарым-қатынасын үзгендерден басқа. Сонда Аллаһ [періштелерге] былай

дейді: «Бір-бірімен татуласпайынша мына екеуін күте тұрыңдар!»” - деген.

Page 19: БАҚЫТ КІЛТІ

19

Дүйсенбі мен бейсенбі күндері Жәннаттың есіктері ашылып, пенделердің ізгі

амалдары Алланың құзырына көтеріледі. Осы уақытта Аллаһ Тағала Өзіне ғана

құлшылық қылып, Оған ғана дұға тілейтін, Оған ешкімді серік қоспайтын,

басқа ешкімге құлшылық қылмайтын әрбір мүміннің күнәларын кешіреді.

Және бір-бірімен жанжалдасып, дауласқан кісілер ғана Алланың мейіріміне

құр қалып, күнәлары кешірілмейді. Аллаһ Тағала періштелерге: «Мына екеуі

бір-бірімен татуласпайынша күте тұрыңдар» - дейді. Бұл нені білдіреді,

бауырлар? Бұл дегеніміз дереу татуласу қажет екенін білдіреді. Қастық,

күншілдік, жауласу секілді сипаттардан арылып, өз нәпсіңізді, эгоңызды,

өзіндік “меніңізді” жеңіп езгілеп тастау керек. Міне, осы кезде ұлы сауапқа ие

болып, Алланың қаһарынан аман қаласыз. Егер өзіңіз барып жарасып кете

алмасаңыз, біреуді ортаға салып бітістіріп жіберсеңіз деп өтініш қылуға

болады.

Мұсылмандар біртұтас ғимарат тәрізді болуға тиіс. Бірде пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүміндер өзара бір бөлігі екінші

бөлігіне демеу болып тұратын ғимарат тәрізді» - деп екі қолының

саусақтарын біріктірді. Ғимараттың іртегасы, қабырғасы, діңгегі, шатыры бірін-

бірі демеп тұратыны сықылды мүміндер де бірін-бірі сүйеп, жәрдемдесу керек.

Аллаһ Тағала осындай болғанымызды қалайды, осыған разы болады.

Араздық пен өшпенділік, дұшпандық пен кекшілдік, түсініспеушілік пен

келіспеушілік, көреалмаушылық пен қызғанышқа келер болсақ, бұлардың

барлығы Ислам ғимаратын бұзады. Мұсылмандардың бірімен, жұбайыңызбен,

көршіңізбен, туыстарыңызбен жанжалдасасыз, сөйтіп Ислам ғимаратына зиян

тигізесіз. Өзге біреу де солай жасайды, ол да Ислам ғимаратына зиян тигізеді.

Солайша көпшілік істей берсе, ғимараттың шаңырағы ортаға түсіп,

ғимараттың күл-талқаны шығады. Ешкім дұшпандық пен кекшілдіктің, талас-

тартыс пен күнәнің таралуына түрткі болмасын.

Бәріміз таза, әдемі кигенді ұнатамыз. Бірақ, денеміздің сұлу болғанына

қарағанда жүректің тазалығы аса маңызды, соған баса назар аудару керек. Таза

тақуалық, пәк иман, Аллаға деген мінсіз махаббат, мұсылмандарға жақсылық

қалау, сабыр, адалдық, ар-ұят, шүкіршілік секілді тап-таза кіршіксіз киіммен

жүректі киіндіруіміз қажет.

Алламен ант етейін, арамызда болып жатқан дүрдараздықтың кесірінен тым

төменге түсіп кеттік, қиын жағдайға тап болдық. Ата-бабамыз білектің

күшімен, найзаның ұшымен қорғаған осы жерде жүріп алып, бір-бірімізбен

қырқысып, салғыласып, топ-топқа бөлініп жүрміз. Әрбір топ көрпені өзіне

тартып, жүректер бір-бірінен алшақтап жатқан жайымыздан дос қайғыға

Page 20: БАҚЫТ КІЛТІ

20

батып, дұшпан бөркін аспанға лақтырып қуанышқа кенеледі.

Егер біз шынымен Сүннет пен жамағатты ұстанушы (әһлю-Сунна уал-жама’а)

болсақ, бір-бірімізді қадірлеп құрметтейік, тілімізбен тырмалап бір-бірімізді

жараламайық! Раббымыз бір, пайғамбарымыз бір, Құранымыз бір, Сүннетіміз

бір, Қыбламыз бір емес пе, бауырлар?! Ислам бөлінбейді, бауырлар! Аллаһ

Тағала былай дейді: «Аллаға бой ұсынып, Одан қорқыңдар, намазды

орындаңдар. Әрі серік қосушылардан болмаңдар. Олар сондай өз

діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз

болғандар!» (Рум сүресі, 31-32-аяттар). Бұл ұлы аят. Аллаһ бізге Өзіне ғана

құлшылық қылуға бұйырып, Алладан өзге біреуге табынатын серік

қосушылардан болуға тыйым салып, әрі сол серік қосатындар секілді

болмауымызға әмір етті. Ол серік қосушылар тура жолдан ауытқып, әртүрлі

топтар мен ағымдарға бөлшектеніп кетті, әрі әрбір топ өз адасушылығына мәз

болысады. Жоқ, біз Құран мен Сүннеттің және сахабалар мен имамдардың

жолының айналасында бірігуге бұйырылғанбыз. Ислам мүміндерді бөлу үшін

емес, тұтастай бір болуымыз үшін келді. Уа Аллаһым, бізге разы бола гөр, бізді

ақиқаттың айналасында біріктіріп, берекелі ынтымақ пен бейбітшілікте ғұмыр

кешуімізді нәсіп ет, елбасшымыз бен жетекшілерімізге әрдайым Өзің разы

болатын дұрыс шешім жасауға жәрдем беріп, оларды жамандықтан сақтай гөр,

олардың барлық ізгі бастамаларына береке, табыс бере гөр, сондай-ақ Өз

өсиеттеріңе сәйкес амал қылуын нәсіп ет, даналықпен, көрегендікпен,

тақуалықпен, шын жүректен амал қылуын нәсіп ет, әрі оларға ізгі, ықыласты

кеңесшілер беріп, олардан залым, қанағатсыз, пайдакүнем кісілерді аулақ ете

гөр, шайтанның азғыруынан сақтай гөр!

Ата-анаға құрмет

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Қадірлі телекөрермендер, бағдарламамыздың қонақтары! Біз сіздерді

Исламның еш өзгермейтін сәлемдесуімен амандасамыз, бұл сәлемдесу

жәннаттықтардың сәлемдесуі болып есептеледі: Әссәләму ‘аләйкум уа

рахматуллаһ! Сіздермен қайта кездескенімізге қуаныштымыз! Бүгін біз

Page 21: БАҚЫТ КІЛТІ

21

ешқашан жалығуға болмайтын, зерігіп тастап қоюға келмейтін бір мәселені

қозғаймыз. Бұл Аллаһ Тағаланың әмірінің бірі – ата-ананы құрметтеп, оларға

жақсылық қылу. Аллаһ Тағала сізді жоқтан бар болуыңызға, бір тамшы судан

үлкен азамат болуға, жеке тұлға болып қалыптасуыңызға әке-шешеңізді себеп

етіп қойды. Аллаһ Тағала Өз Сөзі Құранның біраз жерінде Өзіне ғана

құлшылық ету бұйрығы мен ата-анаға жақсылық қылу әмірін бірге атап өтеді.

Раббымыз осы екі бұйрықты жиі-жиі бір-бірімен үйлестіреді. Біз адам

баласының ең бірінші парызы – Жаратушы Жалғыз Аллаһ Тағалаға ғана

құлшылық ету, Оған ешкімді теңестіріп, серік қоспау екенін білеміз. Жалғыз

Жаратушыға ғана ғибадат ету – адамзаттың жаратылу мақсаты. Тек Аллаға ғана

жалбарыну, Оған ғана сиыну – бүкіл ұлттар мен ұлыстардың ең басты, ең

маңызды міндеті болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Маған және

ата-анаңа шүкір ет!» (Лұқман сүресі, 14-аят). Осы аятта Аллаһ Тағала ең

басты, ең маңызды парызды айта салысымен артынша бірден ата-анаға

жақсылық қылу, оларды құрметтеу керек екенін бұйырып жатыр.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Раббың Өзіне ғана құлшылық қылуларыңды

және ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті» (Исра сүресі, 23-аят).

Әке-шешені құрметтеу қаншалықты маңызды екенін осы аяттан аңғарсақ

болады. Аллаһ Тағала осы аятта да, жоғарыда айтылған аятта да Өзіне ғана

құлшылық етіп, Оған ешкім теңестірмеу бұйрығы мен ата-анаға құрметпен

қызмет ету бұйрығын астастырып, үйлестіріп, байланыстырып жатыр.

Қазір көбіміз ата-анамыздың қадірін біле бермейміз. Әке-шешеміздің

алдындағы борышымызды қашан өтейміз? Олардың шынайы қадірін қашан

түсінеміз? Бұны тек олар бұ дүниеден өткен кезде ғана түсінесіз. Оларды

қабірге қойып, үстіне топырақ шашқан кезде ғана түсінесіз. Олар сіздің

өміріңізден кетеді, сол кезде барып қаншалықты ақымақ болғаныңызды,

оларды құрметтемегеніңізді, қадірін білмегеніңізді ұғынасыз. Сол сәтте

жүрегіңізде: “Әттең, әттең, олар тірі болғанда ғой, арамызда жүргенде ғой, мен

оларға қызмет етіп, бар күш-қуатымды соларды разы қылуға жұмсар едім. Оларға

құрмет көрсетіп, қамқорлық қылар едім. Жадырап, күліп-ойнап арамызда жүргенде

ғой, оның алдындағы бүкіл міндетімді атқарар едім” деген зор өкініш пайда

болады. Олардың алдындағы борышыңызды қалай, немен өтемекшісіз?

Олардың хақысы өте зор. Ата-анамыздың жақсылығын қалай өтейміз? Олар

жөнінде не айтуға болады? Әке-шеше туралы шексіз сөйлеуге болады ғой.

Қандай сөздер таңдасақ екен? Аллаһ тағала үйреткендей айтайық: «Раббым!

Ол екеуін мейіріміңе бөлей гөр! Өйткені, олар мені кішкентай кезімде

тәрбиеледі ғой!» (Исра сүресі, 24-аят).

Өміріміздегі ең маңызды, ең ардақты адамдар үшін дұға қылайық! Сүйікті

Page 22: БАҚЫТ КІЛТІ

22

бауырлар мен әпке-қарындастар, ата-ананың ризашылығын алу үшін бүкіл

күш-жігерімізді жұмсайық! Оларды бақытты қылу үшін, уайым-қайғысыз

тыныш өмір сүруі үшін, көңілдері жай табуы үшін, бізден бұрын о дүниеге

аттанып кетер болса, бізге ренжімей разы болған күйі Раббысына қарай беттеуі

үшін жұмсақ болайық, жақсылық жасап, мейіріммен, сыпайылықпен қарым-

қатынас жасайық! Олармен шаруамызда, тіршілігімізде ақылдасып, ой бөлісіп,

кеңесіп отырайық! Бір дастархан басында отырып бірге тамақтанып, шәй ішіп,

олардың пікірін сұрап отырайық! Оларды бағып-қағып, қызмет етіп,

қажеттіліктерін өтеп жүрейік! Оларға жұмсақ, игі, әдемі, жанға жағымды,

жылы сөздер айтайық! Оларға бойұсынып, әдептілікпен, құрметпен,

ізеттілікпен қарым-қатынас қылайық! Әкемізден, анамыздан жақсы дұға алу

үшін барлық ынта-жігеріміз мен күш-қуатымызды сарп етейік! Қарғыс емес,

ізгі дұға алайық! Өйткені, ата-ананың балаға жасаған дұғасын Аллаһ кері

қайтармайды.

Кім Жәннатқа кіргісі келсе – ата-анасын құрметтесін! Әке-шешенің көңілін

қалдырып, ренжітуден сақтанып, абай болайық! Құрметсіздік көрсетуден

қорқайық! Кейбір алаңғасар есалаңдар секілді ата-анамен қарым-қатынасын

үзіп, өзінше сөйлеспей қоюдан аулақ болайық! Олардың көңіліне тиетін сөз

айтып, киіс білдірмейік! Тіпті, оларға “туһ” деуге болмайды. Тісіміздің

арасынан тіпті осы сөздің өзі шықпасын, бауырлар. Аллаһ Тағала былай

дейді: «Раббың Өзіне ғана құлшылық қылуларыңды және ата-анаға

жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де

жандарыңда кәрілікке жетсе, оларға: “Туһ” деме. Оларға зекіме де (дауыс

көтерме), оларға сыпайы сөз сөйле! Оларға кішірейіп мейірім құшағын

жай да: “Раббым! Ол екеуін мейіріміңе бөлей гөр! Өйткені, олар мені

кішкентай кезімде тәрбиеледі ғой” - де» (Исра сүресі, 23-24-аяттар).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Аллаға ғана құлшылық қылыңдар, Оған еш

нәрсені серік қоспаңдар! Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар!» (Ниса

сүресі, 36-аят).

Аллаһ Тағала ата-ана тіпті кәпір болса да құрметтеу керек екенін

ескертті: «Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды бұйырдық. Егер

екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған серік қосуыңа тырысса, онда ол

екеуіне бағынба!» (‘Анкабут сүресі, 8-аят). Яғни, олар сізді Аллаға серік қосуға

мәжбүрлесе, сол мәселеде оларға бағынбаңыз, бірақ осы дүниеде оларға

жақсылық қылуыңды тоқтатпаңыз, әрі құрмет көрсетіңіз!

Айша анамыздың (оған Аллаһ разы болсын) Асма деген әпкесі болатын. Ол

екеуі пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы

Page 23: БАҚЫТ КІЛТІ

23

сахабасы, ең жақын досы шыншыл Әбу Бәкірдің қыздары еді. Бірде Асмаға

оның анасы келген болатын. Ал оның анасы пұтқа табынушы кәпір еді. Сөйтіп

Асма пайғамбарымызға барып: “Уа, Алланың елшісі! Анам меннен бір дүние сұрап

келіп тұр, онымен қарым-қатынас жасай берейін бе?” – деп сұрады. Яғни, анасы

пұтқа табынушы, көпқұдайшыл, мүшрік, кәпір. Пайғамбарымыз: «Иә, онымен

қарым-қатынас жаса!» - деді. Яғни, оған көмектесіп, қарым-қатынас жаса деп

жатыр.

Аллаһ Тағала ата-анаға құрмет көрсетуді Аллаһ жолында күресуден де жоғары

қойған. Бірде Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір

кісі келіп, одан әскери жорыққа қатысуға рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз

одан: «Ата-анаңыз тірі ме?» - деп сұрады. Әлгі кісі:“Иә”, -деді. Сонда

пайғамбарымыз: «Ендеше, бүкіл күш-жігеріңізді соларға қарауға жұмсаңыз!» -

деді.

Абдуллаһ ибн Мас’уд пайғамбарымызға: “Ізгі амалдардың ішіндегі ең жақсысы

қайсысы?” – деп сұрақ қойды. Пайғамбарымыз: «Уақытында оқылған намаз» -

деді. “Одан кейін ше?” – деп Ибн Мас’уд сұрағын жалғастырды. Сонда Аллаһ

елшісі: «Ата-анаға құрмет» - деп жауап қатты.

Ата-ананы құрметтеу – Жәннатқа кірудің бір себебі. Бірде Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қор болсын! Қор болсын! Қор болсын!» -

деді. “Кім қор болсын?” – деп сұрады жанындағы кісілер. «Өзі тірі кезінде ата-

анасы немесе ата-анасының бірі қарт болған кісі, ал ол оларға қызмет ету

арқылы Жәннатқа қол жеткізе алмаған» - деді Аллаһ елшісі.

Бірде Аллаһ елшісіне бір кісі келіп: “Бір әскери жорыққа шығайын деп едім. Уа,

Алланың елшісі! Сіздің пікіріңізді білейін деп едім” – деді, пайғамбарымыз: «Ата-

анаңыз бар ма?» - деп сұрады. “Иә” – деді әлгі кісі. «Солардың жанында бол!

Өйткені, Жәннат солардың аяғының астында» - деді Алла елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын).

Айша анамыздан жеткен хадисте пайғамбарымыз: «Мен Жәннатқа кірдім. Ол

жақта бір дауыстап оқыған бір дыбыс естідім. “Кім бұл дауыстап оқып

жатқан?” – деп сұрадым. Маған: “Харис ибн Нұғман” – делінді. Ата-анаға

деген құрметтің сауабы қандай екеніне қараңыздаршы! Ата-анаға деген

құрметтің сауабы қандай екеніне қараңыздаршы! Өйткені, Харис

адамдардың ішінде анасына ең жақсы қараған кісі» - деді. Көңіл бөліңіздер,

ата-анаға құрмет көрсеткеннің арқасында әлгі сахаба мәңгілік рахат пен ләззат,

қуаныш пен шаттықтың мекені болған Жәннатқа кіретін болды.

Page 24: БАҚЫТ КІЛТІ

24

Аллаһ ата-анасы разы болған кісіге разы, керісінше ата-анасы разы болмаған

кісіге Алланың да разылығы жоқ. Пайғамбарымыз да (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) дәл осылай деген болатын.

Ата-анаға құрмет көрсету – пенденің күнәлары кешірілуіне себеп болады. Бір

күні бір кісі пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

келіп: “Уа, Алланың елшісі! Мен тым үлкен күнә жасап қойдым. Қалай тәубе

етемін, менің тәубем қабыл болуы үшін не істеуіп керек?” – деді. «Анаңыз бар

ма?» - деп сауал қойды Алла елшісі. “Жоқ”, - деді әлгі кісі. «Анаңыздың әпкесі

бар ма?» - деп сұрағын жалғастырды. Әлгі кісі: “Иә”, - деді. «Ендеше, соған

құрмет көрсетіп, жақсылық қыл!» - деді пайғамбарымыз. Назар

аударыңыздаршы, осы хадистен ата-ананы құрметтеп, оларға қызмет ету –

күнәлардың кешірілуіне үлкен себеп екенін байқаймыз.

Сонымен қатар, ата-анаға жақсылық қылу – ауыртпашылықтан, қайғы-

қасіреттен арылудың ең жақсы жолы. Пайғамбарымыз бұрындары үш кісі

туралы айтып берген, олар сапарға шығып, түнделетуге бір үңгірге кірген кезде

таудың төбесінен бір орасан зор тас құлап, шығатын жолды жауып тастады.

Олар қатты қорқып: “Расында, бұл тастан тек Аллаға дұға қылу ғана құтқарады.

Аллаға дұға қылғанда әрбіріміз өзіміздің Алла разылығы үшін істеген ізгі

амалдарымыздың себебімен құтқаруын тілейік”, - десті. Сонда біріншісі

тұрып: “Уа Аллаһым, менің қарт әке-шешем бар еді. Күнде кешке мен оларға сүт

алып келетінмін және ол сүтті бірінші ата-анам ішпейінше үйдегілердің

ешқайсысына бермейтінмін. Бір күні мен малдарға жайылым іздеп ұзақтап

кеттім. Үйге қайтып оралып келсем, ата-анам ұйықтап жатыр екен. Сүтті

құйдым, бірақ оларды оятқым келмеді, әрі әдетімше ата-анамнан бұрын үйдегілерге

сүт бергім келмеді. Сөйтіп таң атқанша қолымдағы бір кесе сүтпен ата-анамның

оянуын күттім, сосын әке-шешем оянып әлгі сүтті ішті. Уа Аллаһым, егер осы істі

Өзіңнің Жүзіңе ұмтылып, Өзіңнің ғана разылығың үшін істеген болсам, мына

қапастан бізді құтқара гөр!” – деді. Одан кейін тас орнынан сәл жылжып,

кішкене шығуға жол ашты, содан соң қалған екі досы да дұға қылғаннан кейін

тас сыртқа шығуға толықтай жол ашып берді. Сөйтіп әлгілер сыртқа шығып,

қараңғы қапастан құтылды. Осылайша, бауырлар, ата-анаға құрмет көрсетіп,

жақсылық жасау бірнеше кісіні қорқынышты үңгірде тұншығып, қиналып

өлуден сақтап қалды.

Сонымен бірге, ата-анаға құрмет қылып, оларға ілтипат көрсету – кісінің

ризық-несібесін арттырып, өмір жасын ұзақ қылады және өмірінің соңында

жақсылықпен дүниемен озуына сеп болады. Бұл туралы пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өмірім ұзақ болсын, дүние-мүлкім

көп болсын десе, ата-анасына құрмет көрсетіп, туыстық қарым-

Page 25: БАҚЫТ КІЛТІ

25

қатынасын сақтасын!» - деді.

Мұқият болыңыздаршы, ата-анаға құрмет көрсетудің артықшылықтары өте

көп екен. Жер бетіндегілердің ішінде сізге ең қатты жаны ашитын, сізді ең

қатты жақсы көретін, сіз үшін ең қатты қайғыратын кісілерге құрмет

көрсетпейтіндей бізге не көрінді?! Бауырлар, Аллаһ қаласа, осы ата-ананың

хақысын өтеу жөніндегі әңгімемізді келесі кездесуімізді жалғастырсақ.

Ата-ана алдындағы борышымыз

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ, құрметті көрермендер, мәртебелі

қонақтар! Өткен кездесуде ата-анаға құрмет көрсету жөнінде сұхбаттасуды

бастаған едік. Сол тақырыпты одан әрі жалғастырып, бүгін бірінші кезекте

анамен қандай қарым-қатынаста болуымыз керегін айтқымыз келіп отыр.

Расында, ананың артықшылығы, хақысы, Алланың оған әзірлеп қойған сый-

сияпаты өте зор.

Бір кісі Аллаһ елшісінен: “Адамдардың ішінде кіммен ең жақсы қарым-қатынаста

болуым керек?” – деп сұрады. «Анаң», - деді пайғамбарымыз. Әлгі кісі: “Одан

кейін ше?” – деп сауалын жалғастырды. «Анаң», - деді пайғамбарымыз. Үшінші

рет: “Одан кейін ше?” – деп сұрады әлгі кісі. Пайғамбарымыз тағы да: «Анаң», -

деп жауап берді. “Ал одан кейін ше?” – деді қайта сұрақ қойған кісі.

Пайғамбарымыз содан кейін барып: «Әкең», - деді. Осы хадистен жер бетінде

ең жақсы қарым-қатынас қылуға лайықты жан – бұл ана екенін түсінеміз. Бала

ананы әкеден де артық сыйлауға тиіс. Әкеден гөрі ананың хақысы биік. Бала

әкеге өте үлкен құрметпен қарауға міндетті, ал ананың хақысы әкеден

қарағанда үш есе жоғары. Неге? Өйткені, анаңның сізге жасаған жақсылығы

есептеуге келмейді. Әлсіз әйел жатырында, өзінің ішінде ауырып, қиналып

тоғыз ай бойы көтеріп жүрді. Одан кейін босануға байланысты болатын бүкіл

азапты татып, зорықты. Содан соң түнімен, күнімен көз шырынынан

айырылып, сізді емізді. Аса мейірімді Аллаһ қасиетті Құранда былай

дейді: «Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап қарайласуды бұйырдық.

Page 26: БАҚЫТ КІЛТІ

26

Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп оған жүкті болды. Екі

жылда омыраудан айыруы (емшектен шығару) бар» (Лұқман сүресі, 14-аят).

Осы берекелі аятта ана баланы дүниеге әкелуге байланысты бірінен соң бірі

ауырлап келетін кезеңдерді өзі өткізетіндігін баяндайды. Оның жатырына

күйеуінен бір тамшы су түскен сәттен бастап қиыншылық басталады. Бұл

қиыншылықтарды тек Аллаһ қана біледі. Ол жүктіліктің ауыр алғашқы

айларын, кейін шақалақты көтеріп жүретін соңғы қиын айларын өткізеді.

Содан соң бала іште жатып қалыптасып біткеннен соң, толғақ қысып, босану

басталады. Бұл сәтте ана өлім мен өмірдің арасында жатады. О дүниелік болып

кету ықтималы жоқ емес. Құлынын жарық дүниеге әкелемін деп кез келген

сәтте өзі о дүниелік болып кетуі мүмкін. Алланың қалауымен, аман-есен

босанып болғаннан соң емізу кезеңі басталады. Ол уақытта ана қатты әлсіреп,

иммунитетінен айрылады. Мұның барлығынан өткеннен кейін әкесі екеуі

баланы асырап, дұрыс тәрбие беруге кіріседі. Субхан-Аллаһ, анаңыз бір сәтке

де ойланбастан осының барлығын сіз үшін істейді. Бүкіл ауру-сырқатын, қатты

қалжырағанын, қарны ашқанын ұмытып сіз үшін отқа да, суға да түсуге дайын

тұрады. Осылай істегені үшін ол ешкімнен жалақы да, сыйақы да күтпейді. Ол

сіздің пайдаңыз үшін аянбай еңбектенеді. Алланың оның жүрегіне салған сізге

деген аяныш сезімі болғандықтан, жаны ашығандықтан осының барлығына бел

сыбана кіріседі. Өмір бойы ана баласы үшін тынбай жұмыс жасайды.

Науқастанып қалса, күтіп бағып-қағады. Жамандыққа жолықса, сары уайымға

салынып қайғырады. Ес білмейтін кезде баланың бүлдіргендерін ізінен жүріп

жөндеп жүреді, бұтына жіберіп қойған баланы, оның лас киімін жиіркенбей,

қабақ шытпай жуып-шаяды. Сізден шыққан жағымсыз иістен, жиіркенішті

көріністен жайсызданбады. Сіз ұйықтасын деп ол өзі ұйықтамады. Сіз бақытты

болуыңыз үшін өзі бақытсыз болды. Сіз үшін рахат өмір мен тыныштықтан бас

тартты. Оның бар ойы сізсіз, бүкіл уайымы да, қайғысы да сіз жайында. Оның

өмірде ең қатты күткен күні сіздің ересек болып, аяғыңыздан тұрған күн еді.

Сізге жаман болса, оған жаман. Сіз бақытты болсаңыз, ол да бақытты.

Әй, ана жүрегі! Саған ұқсас бір нәрсе бар ма? Оған сәйкес таңғажайып, таңдай

қақтырар нәрсе жоқ. Өйткені, ол ешқашан өтірік айтпайды. Аллаһ Тағала ана

жүрегіне балаға не болып жатқанын сезетін айрықша қабілет берген. Субхан-

Аллаһ! Егер ұлы не қызы бір бәлеге жолығып қалса, ана жүрегі алдамай бір

белгі береді. Ана жүрегі алдамайды.

Бірде бір кісі анасын арқасына мінгізіп, Меккедегі Қағбаны айналып тәу ете

бастады. Біз тәу ету (тауаф) – жер бетіндегі ең бірінші Аллаға құлшылық

қылуға арналып салынған ғибадатхананы жеті рет айналу екенін білеміз. Және

бұл тәу ету Аллаһ Тағалаға құлшылық етудің бір түрі, әрі қажылық пен

умраның секілді діни рәсімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Әлгі кісі

Page 27: БАҚЫТ КІЛТІ

27

анасын арқасына мінгізіп, Қағбаны жеті рет айналып болып, Ибн Аббасқа

келіп: “Қалай ойлайсыз, мен анамның алдындағы борышымды өтедім бе? Маған

қылған жақсылығын өтей алдым ба?” – деп сауал қойды. Ибн Аббас оған не деп

жауап берді? Ибн Аббас – пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) жақын сахабаларының бірі, пайғамбарымыздың көкесінің

баласы. Ибн Аббас Құран мен Сүннет, дін жайында терең түсінікке ие

болғандықтан “Құран тәпсіршісі”, “Ислам үмметінің білімді кісісі” деген

секілді лақаптармен аталып кеткен. Сонымен Ибн Аббас әлгі кісіге не деп

жауап берді? «Сіз анаңыз босанып жатқандағы келген бір толғағының да өтеуін

өтей алмадыңыз» - деп жауап берген. Аллаһу акбар!

Пайғамбарымыздың Али ибн Хусайн есімді шөбересі болған. Ол кісі

мұсылмандардың ішінде ықпалды, сыйлы, танымал болған. Бірде оған

адамдар: “Уа, Али! Сіз арамыздағы ең діндар, тақуа, ізгі кісілердің бірісіз. Бірақ сіз

анаңызбен бір дастарханда отырып тағамданбайсыз. Сізге не болған?” – деп таң

қала сұрады. Сонда Али ибн Хусайн: «Анам тамақтың бір тілімін ұнатып, көзі

сол жерге түсіп жегісі келген кезде, мен білмей сол бөлігін алып жеп қоямын ба деп

қорқамын. Сөйтіп байқамай анама құрметсіздік көрсетіп қалармын деп бір

дастарқанда отырып дәм-тұз татпаймын» - деп жауап берген. Әуелгі

мұсылмандар қандай ізгі, ғажап тақуа кісілер болған, қараңыздаршы!

Хәйуә ибн Шурай – атақты имамдардың бірі, ғұлама кісі болған. Одан білім алу

үшін, сұрақтарына жауап алу үшін жан-жақтан адамдар ағылып келіп

жататын. Кей жағдайларда ол сабақ беру үшін отырып, айналасын шәкірттері

қоршап енді дәрісті бастайын деп жатқанда, “Әй, Хәйуә, бар да, тауыққа жем

бер!” - деген анасының дауысы естіліп жататын. Танымал имам сабағын

тоқтатып, тұрып барып, анасының бұйрығын орындап келетін. Міне, Исламды

біліп, оны түсінген кісілер осылай болған. Сол әуелгі мұсылмандарға сәл де

болса ұқсаймыз ба?!

Ананың орыны осылай. Оларды құрметтеуіміз керек. Қамқор болып, оларды

ренжітетін, қапаландыратын еш нәрсе айтпауымыз қажет, еш нәрсе істемеуіміз

керек. Алланың оларға берген орыны өте биік. Алайда, бұл бізді әкеміздің

алдындағы міндетімізді де ұмыт қалдырмауы тиіс.

Әкеміздің алдындағы міндетіміз де өте зор. Әкеңіз сізді және сіздің аға-

інілеріңізді, әпке-қарындастарыңызды асырап, тәрбиелеу үшін демалмай, көп

қиыншылықты иығымен көтеріп, зорығып еңбек етті. Бақытты болсын,

тұрақтылық, қауіпсіздікті қамтамасыз етемін деп арзан аяқ киім киіп, жұпыны

киінді, қарабайыр тамақтанды. Балам жоқшылық көрмесін, ешкімге мұқтаж

болмасын, көңілі құлазымасын деп өзін қоярға жер таппай табыс кіргізуге

Page 28: БАҚЫТ КІЛТІ

28

тырысты. Ол қаншама рет біреуден жағымсыз, дөрекі сөздер естіп, әлгі

жұмысты бітір, ана істе, мына ал деген секілді қаншама бұйрықтар естіді.

Әркімге қарызданып, қауғаланып, намысқа тиетін сөздер естіп жүреді – мұның

барлығы сіздер үшін, бала үшін! Тыныш, бақытты ғұмыр кешсін деп осындай

жанкештілікке барады. Ал сіз тіпті білмейсіз де не болып жатқанын. Сіз ол

кезде ұйықтап, оянып, секіріп, ойнап, әкеңіз қалай шаршап-шалдығып келіп

отырғанын да түсінбейтінсіз.

Әбу Хурайра – пайғамбарымыздың жақын сахабаларының бірі.

Пайғамбарымыздан өте көп хадис жеткізген. Аллаһ ол кісіге разы болсын. Бірді

сол Әбу Хурайра екі кісіні көрді, біреуі алдында, екінші артында келе жатқан

еді. Әбу Хурайра алдында келе жатқан кісіден: “Артыңыздан келе жатырған кісі

кім?” - деп сұрады. “Бұл менің әкем” – деді әлгі кісі. Сонда Әбу Хурайра: “Оның

атын айтып шақырушы болмаңыз, бір жерге барғанда ол отырмайынша сіз бірінші

болып отырмаңыз және ешқашан алдына шығып жүрмеңіз!” – деді. Егер кісі

әкесінің алдына шығып жүрер болса, оған құрметсіздік қылған болады. Тек

әкенің алдында бір тас немесе ағаш немесе басқа бір кедерге жатса, соны бала

алып тастау үшін алдыға шығуға болады. Сонымен қатар, әкенің атын атауға

болмайды. Оған әке, әкетай, әкешім деу керек. Әрбір тілде әкенің құрметті

атауы бар. Міне, сол сөздермен атау қажет.

Құрметті ағайын, ата-ананы ренжіту, құрметсіздік қылу, оларды бағудан бас

тарту – аса ауыр күнәлардың бірі. Кім әке-шешесін құрметтемесе, о дүниеде

ауыр азапқа салынбай тұрып бұ дүниенің өзінде жазаға тартылады. Егер сіз

ата-анаға құрмет көрсетпесеңіз, міндетті түрде сазайын тартасыз. Бұл сіздің

мойныңыздағы қарыз, сізден мұны міндетті түрде осы өмірде өндіріп алады.

Қабір азабына салынбай тұрып осы дүниеде көресені көресіз, ата-анаңызға

айтқан ауыр сөздеріңіздің, жаман істеріңіздің ащы дәмін татасыз. Әке-шешеге

лайықты түрде қарамайтын әрбір жан абай болсын! Аллаһ бәрін көріп тұр,

бәрін естіп тұр және Ол ешқашан ұмытпайды. Аллаһтан қорықыңыз!

Ата-анаңыз сізден бірде-бір құрметсіздік сөзін естімесін, әсіресе олар қартайған

шағында! Олар өз-өздеріне қарай алмай, өздерін қамтамасыз ете алмайтын

жасқа келгенде, кішкентай бала тәрізді болып қалған кезінде оларға тіпті “туһ”

деуші болма! “Туһ” деген сөзден де ауыр болатын сөз тіптен аузыңыздан

шықпасын.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ең

үлкен күнәларға мыналар жатады: Алладан өзге біреуге құлшылық қылу, ата-

анаға құрметсіздік, кісі қанын төгу, біреудің мүлкін иемденіп алу үшін

өтірік куәлік беру».

Page 29: БАҚЫТ КІЛТІ

29

Бірде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларға: «Өз

ата-анасына тіл тигізу ең үлкен күнәға жатады», - деді. Сахабалар таң

қалып: “Кісі қалайша өз ата-анасына тіл тигізбек?” – деп сұрады. Яғни, сахабалар

әке-шешеге тіл тигізу деген кезде қалайша деп қайран қалып сұрап жатыр. Ал

бүгінгі күні мұндайды, өкінішке орай, жиі кездестіруге болады. «Иә, ол біреудің

әкесіне тіл тигізіп, ал ол мұның әкесіне тіл тигізгенде немесе ол біреудің

анасына тіл тигізіп, ал ол мұның анасына тіл тигізгенде осылай болады» -

деп жауап берді Аллаһ елшісі. Қараңыздар, кісі өз әке-шешесіне тікелей тіл

тигізбейді, бірақ біреудің тіл тигізуіне себеп болады.

Егер кісі ата-анамен қарым-қатынасын үзсе, құрметсіздік көрсетер болса,

Аллаһ оның өлімін тездетеді. Аллаһ Тағала ондай кісіні қабір азабына салу

үшін өлімін де жылдамдатады. Дәл сол секілді Аллаһ Тағала ата-анасына

құрмет көрсететін кісінің ғұмырын көбірек ізгі амал жасап қалуы үшін

ұзартады. Ата-анаға құрмет қылудың бір бөлігі – егер олар мұқтаж болса

асырау.

Сонымен қатар, әке-шешенің дұғасынан сақ бол! Өйткені, ата-ананың балаға

қарсы жасаған дұғасын Аллаһ қабыл етеді, кері қайтармайды. Пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Үш түрлі кісінің дұғасы қабыл:

ата-ананың балаға қарсы қылған дұғасы, жолаушының дұғасы, жәбір

көргеннің дұғасы», - деді.

Ата-анасына құрмет көрсетпеген кісіге Аллаһ Тағала Қиямет Күні қарамайды

және Жәннатқа кіргізбейді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) осы туралы: «Қиямет Күні Аллаһ Тағала үш кісіге қарамайды: ата-

анаға құрмет көрсетпеген кісіге, ішімдік ішкенге, садақа беріп, соны

міндетсінген кісіге. Және үш кісіні Жәннатқа кіргізбейді: ата-анаға құрмет

көрсетпеген кісіні, жеңгетай, еркектерге ұқсауға тырысатын әйелді», - деген.

Бауырым, әпке-қарындастар, ата-ананың биік дәрежесі туралы осы айтылған

игі сөздерден кейін, Алланың қалауымен, біздің дүниеге келуімізге себеп

болған кісілерге құрмет көрсету туралы берекелі сөздерден кейін, әркім өзіне

қарап: «Мен әке-шешеме қандай қарым-қатынас жасап жүрмін? Олардың

алдындағы міндеттерімді орындап жүрмін бе? Оларға сыпайы, жылы, жайлы

сөздер айтамын ба? Әлде олардың хақысына селқос қарап жүрмін бе?» десін.

Егер екіншісі болса, онда Алладан кешірім сұрасын, өкініштен көзіне жас

алсын, тәубе етсін және ата-анадан кешірім сұрауға асықсын! Оларға жақсылық

жасап, қамқорлық қылып, ризашылығын алуға тырысып, бақытты қылуға,

қуаныштан күлімсіреуден бүкіл мүмкіндігін пайдалансын! Олардың алдында

Page 30: БАҚЫТ КІЛТІ

30

өзін төмен ұстап, өтініштерін орындап, қажетін қамтамасыз етіп берсін. Бұл

олар тірі болса... Ал егер олар бұрындары о дүниелік болып кеткен болса, сізге

не қалды?! Олар үшін дұға қыл! Олар үшін Алладан мейірім тіле, "Уа,

Аллаһым, ата-анама Жәннатты нәсіп ет, оларды кешіре гөр" деп жалбарын!

Және оларға жақын болғандармен жақсы қарым-қатынас жаса!

Ал егер ата-анаңмен онсыз да жақсы қарым-қатынас жасайтын болсаң, онда

Аллаға шүкір ет те, осы ісіңді тоқтатпай жалғастыра бер! Кеш болып қалмай

тұрғанда ата-анаңызды Жәннатқа жету үшін қолданыңыз.

Әуелгі ғұламалардың бірі анасы жан тәсілім еткеннен кейін қатты өксіп жылай

бастады. “Неге олай өкіріп жылап отырсыз?” – деп сұрады жұрт. Ол: “Жыламасқа

не шара?! Алдымда Жәннаттың бір есігі жабылды ғой”, - одан әрі өксігін баса

алмай елкілдеп жылай бастады. Расында, ата-ана – Жәннат есіктерінің бірі.

Раббымыз, бізді және әке-шешемізді кешіре гөр және оларды Өз Мейіріміңе

бөлей гөр, өйткені олар бізді кішкентай кезімізде тәрбиелеп өсірді ғой! Әмин!

Уайым-қайғыдан айығу

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ, бағдарламамыздың аса

құрметті қонақтар! Біз сіздермен жаңадан қайта жолыққанымызға шын

жүректен қуаныштымыз. Бүгін не жөнінде сұхбат құрмақпыз?! Бұл мәселені

қазіргі заманда өте жиі естуге болады. Көптеген кісілерден аузынан рухани шер

мен мұң, уайым мен қайғы, өкініш пен күйініш, қанағатсыздық, жанын қоярға

жер таппай, әрдайым зіл басып, тауқыметтен көз ашпай, демігіп, ішкі дүниесі

үнемі қысылып, жабырқап, абыржып, үрейленіп, мазасызданып, әрі басқа

сансыз проблемаға кіріп кеттім деген сыңайлы сөздерді естуге болады. Осы

ауыртпашылықтар ешқашан шешілмейді деп есептейді. Мына халден құтылу

мүмкін емес деп ойлайды. Сөйтіп, басына түскен қиыншылықтан көбінесе

Алланың тыйым салған жолы арқылы арылғысы келеді. Олар өте қауіпті, зәре-

Page 31: БАҚЫТ КІЛТІ

31

құтыңды қалдырмайтын тым қорқынышты тәсілдерге иек артады.

Сиқыршылар мен экстрасенстерге, балгерлер мен сәуегейлерге, құмалақшылар

мен шырақшыларға, тәуіптер мен емшілерге, өтірікшілер мен дүмшелерге,

көзбояушыларға барып, басына түскен қайғыны сейілтуін сұрап аса ауыр

күнәға батып жатады. Солайша, адамдардың көпшілігі ауырпашылықты

шынымен шешіп бере алатын, қиыншылықтан шығарып берет алатын әдісті

пайдаланбайды. Оның үстіне, шығар жол тауып бере алатын Алланың мұндай

тәсілдер өте жақын орналасқан, қолыңызды созсаңыз болғаны. Жоқ, жоқ, адам

баласы құтылуды күнәдан, Аллаһ жек көретін істерден іздеп, бос әбігерге

түседі. Ойланыңызшы, бір ауруды екінші бір аурумен емдеуге бола ма?!

Адамдармен сөйлесе қалсаңыз, еститініңіз: өмірде жолым болмай, қор болып

жүрмін. Сәтсіздіктерге жолығамын да жүремін. Кедейліктен көз ашпадым,

көргенім тек жоқшылық. Қиыншылыққа душар боламын да жүремін.

Әрдайым отбасымызда алауыздық, кикілжің, ырың-жырың салғыласу. Бақ-

дәулеттен айрылдым, саудам банкротта ұшырап, қарызға белшемнен баттым.

Балаларым тәртіпсіз, тілімді алмайды. Және осыған ұқсас көптеген

проблемалар, шағымдар.

Алайда, кейбіреулер осы дендеп кеткен дерттің дұрыс дауасына әдейі көңіл

бөлмей, қасарысып тұрып алады. Қажетті емді қабылдамайды. Олар өздерінің

аурулары не екенін де біледі және ол ауруды немен емдеу керек екенін де

біледі. Бірақ, аурудың емін біле тұра сол дұрыс емді қабылдамай, теріс

бұрылады. Керісінше, өз сырқатынан гөрі ауырырақ болған тағы бір кеселмен,

дертпен емдегісі келеді. Олар өз ауруын басқа бір аурумен емдеген жөн деп

санайды. Расында, өз ауруларымыздан емделеміз деп қолданып жүрген

олардың тәсілдері – олардың қайғы-қасіретін одан сайын арттырып,

жүректерінде жатқан жүкті одан сайын ауырлатып жібереді.

Негізі, бізді жаратқан Аллаһ Тағала біздің рухани және денеміздің ауруларына

емді де жаратқан. Біздегі дерттің дауасын Алладан неге сұрамасқа?! Басымызға

түскен проблемалар мен қиыншылықтардың шешімін неге аса қамқор, зор

құдіретті Алладан сұрамасқа?! Неге Одан пана тілемеске?! Ол бізге шынымен

пайдалы болатын шешімдерді ұсынады. Ол бізді кез келген қайғыдан,

күйзелістен шығарып ала алады. Су қасыңызда болса шөлдеп қажеті қанша?!

Сахараның ортасы ай далада келе жатқан түйе шөлдеп өлген екен, бірақ су

оның өркешінде ілінген еді. Осы түйеге ұқсаудың не қажеті бар?!

Бауырлар мен әпке-қарындастар, емделу, сауығу дәл қасыңызда, аурудан

айыққысы келетін әрбір жанға қолжетімді. Алайда, көпшілік мұны аңғармай,

ақылынан айрылған кісідей қаша жөнеледі. Сөйтіп ем ала алмай өздері

Page 32: БАҚЫТ КІЛТІ

32

қиналады. Ол үшін әлем түнеріп одан сайын қараңғылана береді, жағдайы

одан төмен нашарлап, қиындай түседі, жүрегі қысылған үстіне қысыла түседі.

Мұның бәріне өздері ғана кінәлі. Себебі, олар сары уайымнан айықтыратын,

қателері мен күнәларын кешіретін, руханиятын ұлғайтып, Аллаһ Өзіне

жақындататын тәсілді қолданбаған еді. Олар күнә істеу арқылы кеселден

жазыламын деп пайымдайды. Яғни, ауруды аурумен емдеймін деп санайды.

Қаншама кісі, мысалы, шылымнан ем іздейді. Ондай кісілер темекі тартсам,

қиыншылықтан құтылып, уайымнан арыламын деп есептейді. Басқа біреулер

зинақорлық, азғындық, көзге шөп салу, спиртті ішімдіктер, нашақорлық және

басқа да күнәлі әрекеттер істеу арқылы ауыртпашылықты жеңілдетемін, жанға

жұбаныш, көңілге жай, тауып, ләззат алып, қуанышқа кенелемін деп алданады.

Құтылатын жол осы деп жалған желеу көтереді. Ол басынан өткен қайғылы

оқиғаны айтып, жанұяда күнде ұрыс-керіс, әйелі мен балаларым маған қарсы

өршігіп жүр, өмір сүру төзгісіз болып кетті деп шағымданып айтып отыр.

Және осыларды қалай шешпек?! Көпшілік еркектер сияқты ол да ішімдік пен

азғындыққа салынып кетті. Бірақ осы арқылы ол жеңілдік алды ма?! Мүлде

олай емес. Оның халі ауырлаған сайын ауырлай түсті.

Әй, бақытсыз! Жоғалтқан нәрсеңізді орынды жерден іздеп жатқан жоқсыз. Неге

сіз қиыншылықтан құтқар деп Мейірімді, Рақымды бір Алладан пана

тілемедіңіз? Ол сіздің тәңіріңіз, Жаратушыңыз, Раббыңыз, шипа берушіңіз. Сіз

осындай шарасыз халде әлсіз күйде жатқаныңызда неге Оған

жалбарынбадыңыз?! Неге Одан жәрдем бере гөр деп дұға етпедіңіз?! Қылып

жүрген іс-әрекетіңізді қайта қарау үшін жалғыз өзіңіз отырып неге

ойланбадыңыз?! Жарылқаушы Жаратушыдан неге кешірім сұрамадыңыз?!

Түннің соңғы бөлігінде, Алланың айрықша дұға қабылдайтын уақытта тұрып,

Алладан жалбарынып жәрдем тілемедіңіз бе?! Себебі, сол мезетте Аллаһ аспан

әлеміне түсіп: «Кім Менен сұраса, сұрағанын беремін. Кім Маған дұға

қылса, Мен оған жауап беремін. Кім Менен кешірім сұраса, кешіремін!» -

дейді. Осы дәрі сіздің қылып жүрген жиіркенішті ісіңізден жақсы емес пе?!

Түнгі клубқа барып, ішімдікке салынып, ортаға шығып секеңдеп билеп, зина

жасап, немесе интернетке байланып, порносайттарға кіріп тәуелді болып қалу

сіздің жараңызды жазып, уайым-қайғыдан арылтады ойлайсыз ба?!

Жағдайымды өзгертіп, басқа азғындық пен интернет “әлеміне” кіріп кетіп

құтыламын деп сенесіз бе?! Өтірік, бәрі жалған. Ең құрығанда өз-өзіңізге өтірік

айтпасаңызшы! Мұның барлығы сіздің әлсіздігіңізді арттырып, жараның

жағдайын нашарлатып, уайымның үстіне уайым, мазасыздықтың үстіне

мазасыздық қосады.

Бүкіл қайғы-қасіреттен арылтатын жалғыз Аллаға неге жүгінбейсіз?! Ол

Page 33: БАҚЫТ КІЛТІ

33

Құранда: «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын,

қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да

әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар

еді» - дейді (Бақара сүресі, 186-аят). Бүкіл жасырын мен жария нәрсені білетін

Аллаға неге жүгінбедіңіз?! Ол сіздің не істеп, не қойып жүргеніңізді біледі.

Уайым-қайғыңызды айтып неге Оған шағымданбайсыз?!

Яқуб (Жақып) пайғамбар өз ұлы Юсуфтен (Жүсіп) айрылып, қатты сағынған

кезде айтқан дұғасын сіз де неге айтпайсыз?! «Мен күйзелісімді де,

күйінішімді де Аллаға ғана айтып шағымданамын» (Юсуф сүресі, 86-аят).

Осылай деп айтқан еді, Аллаһ оны қайғыдан арылтып, күйініштен босатып,

баласын өзіне қайтарды. Юнус (Жүніс) пайғамбарды балық жұтып қойып, үш

қараңғылықтың астында қалғанда айтқан сөздерін неге қайталамайсыз?!

Балықтың ішіндегі қараңғылық, түпсіз тұңғиық теңіздің қараңғылы мен түннің

қараңғылығында қалып, қатты қайғырып:«Сенен басқа құлшылыққа лайық

ешбір шынайы тәңір жоқ. Сен Пәксің. Шын мәнінде, мен залымдардан

болдым» (Әнбия сүресі, 37-аят). Осылай деп дұға қылған еді, Аллаһ оны

балықтың ішінен шығарып, теңіз оны құрлыққа лақтырып тастап, астынан

асқабақ ағашын өсіріп, аяғына тұрғызып, оны таңдап, Өзінің елшісі етіп, ізгі

қылды.

Қара-құрым жауларды жоятын, бұлттар пайда қылатын, Кітаптар түсіретін бір

Алланың көмегіне неге асықпайсыз?! Ертелі кеш: «Маған жалбарыңдар!

Тілектеріңді қабыл етемін. Расында, Маған құлшылық қылудан паңданып

тәкәппарланғандар Тозаққа қор болып кіреді»дейтін Мейірімді Алладан

неге дұға қылып, тілек тілемейсіз?! (Ғафир сүресі, 60-аят).

Сізге анаңыздан да, тіпті өзіңізден де мейірімдірек, сараңданбай жомарттықпен

есепсіз беретін, пенделерін күн сайын тәубеге, кешірімге ынталандыратын, бұ

дүние мен о дүниеде тура жолда болу үшін құтылуға шақыратын бір Алладан

неге сұраймыз?!

Рухани азғындықтан, психикалық тұрақсыздықтан, іштей күйзелістен,

тоқырауға ұшыраудан зиян көретін елімізде қаншама жанұя бар?! Осының

бәрінің түбінде жатқан кесел – Алладан толыққанды қажетіңізді сұрамау

немесе тіптен дұға қылмау. Иманның әлсіздігі – бүкіл қайғының бастауы.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Егер ол өлкелердің тұрғындары иман келтіріп,

қорыққанда еді, әрине оларға көк пен жердің берекесін ашып жіберер

едік» (Ағраф сүресі, 96-аят).

Жаныңызда тұрған қолжетімді емді қолданбай сізге не көрінді?! Ол сізден көп

Page 34: БАҚЫТ КІЛТІ

34

шығын талап етпейді. Аурухана, емхана, дәріханаға баруды талап етпейді. Мен

медицина қызметінен бас тарту керек деп жатқан жоқпын. Айтқым келіп

тұрғаны: ең басты емді ұмытпауымыз қажет. Оның үстіне ол өте жақын,

қолжетімді, әрі тым тез әсер етеді.

Келіңіздер, кейде ұмыт қалдырып жүрген осы емделу жолдарының

кейбіреулерін атап өтейік.

Бірінші емделу тәсілі – Алламен араңыздағы қарым-қатынасты қайта қарау

қажет. Раббыңызға бойұсынасыз ба, Оның әмірін орындайсыз ба, өсиеттерін

басшылыққа аласыз ба, Ол разы болмайтын, тыйым салған нәрселерінен

аулақсыз ба?! Міне, осы ең күшті, ең әсерлі емнің түрі, нығметтің бірі. Тәубеге

асығып, күнәларыңызға кешірім сұрап дұға қылуға ұмтылыңыз! Жүрегіңізді

Аллаға байлаңыз, маңдайыңызды табаныңызбен теңестіріп, Аллаға құл

екеніңізді мойындап сәжде етіңіз, Алланың мейірім есігін қағыңыз! Құран мен

Сүннетте баяндалған Алланың бұйрықтарын орындап, тыйым салғандарынан

аулақ болыңыз! Шын мәнінде, күнәлар – адам баласының жүрегін қарайтып,

тастай қылады, жүрекке салмақ салады. Күнәдан алыстап, шын жүректен

ықыласты түрде өкініңіз және сол күнәларға енді қайтып оралмаймын деп ниет

етіңіз. Сонда күнәңыз жойылып, әрдайым пенделерін Өзіне оралуға

шақыратын Раббыңызға жақындай түсесіз, тынышталып, жүрегіңіз орнығып,

бақытқа қол жеткізесіз. Аллаһ пенделерін тәубе етуге шақырып қасиетті

Құранда былай дейді: «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың

мейірімінен күдер үзбеңдер! Аллаһ бүкіл күнәларды кешіреді. Өйткені

Ол тым Кешірімді, өте Мейірімді» (Зумар сүресі,53-аят).

Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй мүміндер, барлығың түгел Аллаға тәубе

қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар» (Нур сүресі,31-аят).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қанша тақуа,

діндар, ізгі, пәк болса да күніне жетпіс рет Алладан кешірім сұрап, тәубе ететін

болған. Ендеше, елшіден үлгі алайық!

Расында, күнәлардың кесірінен басымызға ауыртпашылық келеді. Тәубе ету

арқылы күнәлар кетеді.

Емделудің екінші тәсілі – намаз. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) басына қиыншылықтар келген кезде намазға асығатын.

Ол: «Намаз – көзімнің қуанышы» - дейтін. Тұрыңыз да, дәрет алыңыз, екі

ракағат намаз оқып, Алладан осы дүние мен о дүниеде жақсылық тілеңіз!

Сонда жүрегіңізде үлкен жеңілдік пайда болғанын байқайсыз. Намаз –

адамның күнәларын жуып-шайып жібереді, қайғы-қасіреттен айықтырады.

Page 35: БАҚЫТ КІЛТІ

35

Емделудің үшінші тәсілі – ізгі, тақуа, Аллаға бағынатын жақсы адамдардың

ортасында болу. Күнә мен арсыздыққа итермелейтін жолдастардан аулақ

болыңыз!

Емделудің басқа да тәсілдеріне жүректің Аллаға тәуекел етуі, Алланы жиі еске

алу, Алланың сөзі Құранды көп оқу жатады. Расында, Алланы еске алу арқылы

жүректер тынышталады. Кім Алланы еске алудан бас тартса, оның ғұмыры

ауыр болады.

Сонымен қатар, дұғаны да ұмытпаңыз! Алладан ауыртпашылықтан құтқарып,

жеңілдік бер деп көп дұға қылыңыз! Дұға – мүміннің қолындағы қуатты қару.

Дұға дегеніміз не, дұға қандай талаптарға сай болу керек деген сыңайлы

мәселелер жайында, Аллаһ қаласа, келешек бағдарламамыздың бірінде сөз

етеміз.

Барлық ісіңізде Аллаға ғана тәуекел етіңіз, бүкіл ісіңіздің шешімін Одан

сұраңыз, себебі Ол Қамқор. Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол нендей керемет

Қамқоршы.

Аллаһ Тағаладан Оның әдемі есімдері арқылы баршамызды

қиыншылықтардан, уайымнан, қайғы-қасіреттен құтқарып, олардан шығу

жолын көрсетуін сұраймын. Және бүкіл мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы

Аллаға ғана лайық! Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһ!

Дұға

Расында, мақтау-мадақтарға Аллаһ лайық! Біз Оны дәріптейміз, әрі Одан

жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Нәпсіміздің жамандықтары мен

жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз.

Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, оны ешкім де адастыра алмайды. Ал Ол

адастырғанды тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа

лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Ол – Жалғыз екеніне куәлік

етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік береміз.

Әссәләму ‘аләйкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ, құрметті біздің

қонақтарымыз! Естеріңізде болса, өткен кездесулеріміздің бірінде дұға,

Алладан сұрау, тілеу туралы өте маңызды тақырыпты тілге тиек етіп, ол

туралы келешекте егжей-тегжейлі сөз қозғаймыз деген болатынбыз. Алланың

қалауымен, бүгін соның сәті түсіп тұрғандай.

Page 36: БАҚЫТ КІЛТІ

36

Дұға – Аллаға құлшылық етудің ең басты, аса маңызды түрі. Ну’ман Ибн

Бәшир (Аллаһ оған разы болсын) деген сахаба пайғамбарымыз (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Дұға – бұл құлшылық!» - деп, «Раббыларың:

“Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін! Ал кім Маған құлшылық

етуден тәкәппарланып (бас тартса), Тозаққа қор болып кіреді”, - деді» -

деген аятты оқыды деп жеткізген. (Ғафир сүресі, 60-аят).

Құранның көптеген аяттарында Аллаһ Тағала бізге дұға қылуды бұйырып, әрі

оған Өзі жауап беретінін уәде етеді, сондай-ақ әрдайым Алладан дұға тілеп

жалбарынғаны үшін пайғамбарлар мен елшілерді мақтап, оларға разы

болғанын айтады. Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, олар (яғни,

пайғамбарлар) үміт пен қорқу арқылы құлшылық қылып және дұға етіп

жақсылықтарға асығатын еді. Әрі Бізге мойынұсынған»(Әнбия сүресі, 90-

аят).

Аллаһ Тағала өте жақын екенін, тілеп жалбарынғанның тілек-дұғасына жауап

беретінін хабарлап, Мұхаммед пайғамбарға былай дейді: «Егер құлдарым,

Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе,

тілеушінің тілегін қабыл етемін!» (Бақара сүресі, 186-аят).

Раббымыз бізге жалбарынып, дұға тілеуді бұйырады, әсіресе басымызға қайғы

келіп, сары уайым салған шағымызда Алладан көмек сұрауды әмір етеді. Хақ

Тағала Құранда ауыр қиыншылыққа жолыққан кезде, одан тек Өзі ғана

айықтыратынын, Одан басқа жәрдемдесер ешкім жоқ, әрі Одан өзге

бақытсыздықты кетіретін ешкім жоқ екенін есімізге қайта-қайта салып

отырады. Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай деген:«Қиналып

жалбарынғанда дұғаңды қабыл етіп, қиыншылықтан құтқаратын

Кім?» (Нәміл сүресі, 62-аят).

Бәлеге жолығып, ауыртпашылыққа душар болған кезде Жаратушыдан көмек

тілемей, дұғадан бет бұратындарды Аллаһ Тағала ұнатпайды. Сәтсіздікке тап

болып, сөйте тұра Алладан жәрдем тілемейтін өзімшіл байғұстар туралы

Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, сенен бұрынғы үммметтерге де

пайғамбар жіберген едік. Дұға тілеп жалбарынсын деп оларды

кедейшілік пен қиыншылыққа душар еттік. Сонда таршылығымыз келген

кезде неге олар Маған жалбарынбады?! Бірақ олардың жүректері

қатайған және шайтан оларға істегендерін әдемі көрсеткен» (Ән’ам сүресі,

42-43-аяттар).

Қараңыздаршы, Раббымыздың жомарттығымен мен мейірімі өте кең. Ол

ешкімге де, еш нәрсеге де мұқтаж емес, сонымен бірге өзімізге пайдалы

Page 37: БАҚЫТ КІЛТІ

37

болатын істі бұйырып жатыр. Өйткені, дұғаға Ол емес, мына біз мұқтажбыз.

Аллаһ Тағала бүкіл адамзатқа былай дейді: «Әй, адамдар! Бәрлерің Аллаһқа

мұқтажсыңдар! Ал Аллаһ – аса Бай, өте мақтаулы» (Фатыр сүресі, 15-аят).

Және Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһ – аса Бай, ал сендер

кедейсіңдер!» (Мухаммад сүресі, 38-аят).

Құдси хадистердің бірінде Аллаһ Тағала былай дейді: «Әй, құлдарым!

Барлығың адасқансыңдар, тек Мен тура жолға салғаннан басқа. Ендеше,

Менен тура жолға сала гөр деп сұраңдар – тура жолға саламын! Әй,

құлдарым! Барлығың аш қаласыңдар, тек Мен тамақтандырғаннан басқа!

Ендеше, Менен тағам сұраңдар – тағам беремін! Әй, құлдарым! Барлығың

жалаңаш қаласыңдар, тек Мен киіндіргеннен басқа! Ендеше, Менен

киіндіруді сұраңдар – киіндіремін! Әй, құлдарым! Сендер күні бойы, түні

бойы күнә жасайсыңдар. Мен оның барлығын кешіре аламын. Ендеше,

Менен күнәларыңның кешіруін тілеңдер – кешіремін! Әй, құлдарым! Егер

жындар мен адамзаттың алғашқысынан бастап, ақырғысына дейін

барлығы бір жерге жиналып, Меннен қалаған нәрсесін сұраса, әрі Мен

олардың сұрағанын берсем, бұл Менің мүлкімнен тек инені теңізге

батырып, содан алып шыққандағыдай нәрсені ғана кемітеді».

Сондықтан, Аллаһқа дұға қылыңыздар, уа, Алланың құлдары! Оған

мойынсұнып, үмітпен жалбарыныңыздар! Алайда, дұғаның міндетті түрде

сақталуы керек болған қағидалары мен шарттары бар екенін ұмытпаңыздар.

Аллаһ Тағала Өзінен сұрағандарға жауап беретінін айтқан, Аллаһ уәдесін

бұзбайды. Адамдар көпшілігі уәде беріп, орындамай жүрсе, Аллаһ уәде берсе

– орындайды. Бірақ кейбір кезде адамның өзі дұғаның қабыл болмауына себеп

болатын нәрсені істеп, дұғасы жауапсыз қалады. Дұғамыздың қабыл болуына

кедергі болатын істерді атап өтейік.

Бірінші кедергі – Алланың бұйырған нәрселерін орындамау, тыйым салған

нәрселерінен тыйылмау. Сіз өзіңіз Алладан бет бұрып, Одан алшақтап, қарым-

қатынасты үзіп тастадыңыз, осыдан кейін басыңызға қайғы келіп, сіз Алладан

көмектесуін сұрағанда, дұғаңыз жауапсыз қалдыруға лайықсыз. Әуелі

Аллаһпен болған келісімге берік болыңыз, сонда Аллаһ та сізбен болған

келісімге берік болады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) былай деген: «Аллаһты жақсылықта білуге тырыс, сонда Ол сені

қиыншылыққа жолыққаныңда білетін болады». Мұның мағынасы қандай?

Егер сіз жақсы жағдайда, хал-ахуалыңыз жақсы болып тұрғанда Аллаһты есте

ұстап, Оның әмірлерін орындасаңыз, онда осы арқылы Аллаһқа жақындай

Page 38: БАҚЫТ КІЛТІ

38

түсесіз, Онымен айрықша қарым-қатынаста боласыз, міне егер осылай болса,

онда басыңызға нәубет келіп, сәтсіздікке ұшырағанда Аллаһ сізді білетін

болады, сізді ұмытпайды, яғни сізге жәрдем беріп, құтқаратын болады.

Сенімді жолмен жеткен құдси хадистердің бірінде Аллаһ Тағала былай

деген: «Пендем Маған жақындайтын ең жақсы амалы – оған парыз

еткендерім. Пендем Маған жақындауға тырысып, қосымша (нәпіл) ізгі

амалдар істей бастайды, сөйтіп Мен оны жақсы көріп қаламын. Ал Мен

оны жақсы көрсем, еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін

аяғы боламын. Егер ол Менен сұраса, сұрағанын беремін. Менен пана

сұраса, панама аламын».

Кім тақуа, бойұсынушы болса, ол Аллаһқа дұға қылып жалбарынады. Кім

Алладан қорықса, ол жақсылық кезде Алланы есінде ұстайды, сөйтіп оның

басына бір ауыртпашылық түскенде, Аллаһ оған көмектесіп, жәрдем береді.

Юнус пайғамбарды (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өте үлкен балық жұтып

қойды. Юнус пайғамбар балықтың ішінде шарасыз күйде жатқан болатын. Бұл

туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Егер ол Аллаһты пәктеушілердің бірі

болмағанда, әрине, қайта тірілетін Күнге дейін балықтың қарнында

қалған болар еді» (Саффат сүресі, 143-144-аят). Яки, Юнус пайғамбар осы

оқиғаға дейін Аллаһқа құлшылық қылмағанда, онда балықтың қарны оған

Қиямет Күнге дейін қабір болар еді.

Имамдарымыздың бірі былай деген: “Аллаһты аман-есен өмір сүріп жатқанде

еске алыңдар, сонда қиыншылыққа жолыққан кезде Аллаһ сені есіне алатын болады!

Юнус пайғамбар Аллаһты еске алатын, кейін балықтың ішіне түскенде Аллаһ оны

құтқарып: «Егер ол Аллаһты пәктеушілердің бірі болмағанда, әрине, қайта

тірілетін Күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді» - деді (Саффат

сүресі, 143-144-аят)”.

Енді, перғауынға назар салыңыз! Ол өзін Алланы еске алудан жоғары санайтын,

сондықтан ол бақытсыздыққа ұшырағанда, Аллаһ оған жәрдем бермеді. Ол

суға батып, теңіз толқындары жан-жағынан ұрғылай бастаған кезде: “Мен

Аллаға иман келтірдім” – деп бар даусымен айқайлай бастады. Сонда

Аллаһ: «Енді ғана иман келтірдің бе? Расында, сен бұрын қарсы келгендер

мен бұзақылардың бірі едің» - деді (Юнус сүресі, 91-аят).

Дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін екінші нәрсе – тыйым салынған

тағамды жеу. Егер кісі тыйым салынған тағам жейтін болса, немесе Аллаһ

рұқсат етпеген жолмен нан таппаса, ол көбіне-көп дұғасына жауап алмайды.

Page 39: БАҚЫТ КІЛТІ

39

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үсті-басты шаң

басқан, шашы өсіп кеткен, сапарда жүріп, екі қолын жоғарыға көтеріп: “Уа,

Раббым! Уа, Раббым!” – деп дұға қылып жатқан кісі туралы былай деген: «Жегені

харам, ішкені харам, кигені харам. Енді, оған қайдан жауап

берілсін?!» Пайғамбарымыздың осы сөздеріне назар салыңыздар! Әлгі кісі

сапарда, ол үйінен алыс бөтен елде үсті-басты шаң-шаң болып жүр, шашы өсіп

кеткен. Сапарда жүрген кісінің, әсіресе қиын жағдайға тап болған кісінің дұғасы

қабыл болатынын бәріміз білеміз. Сонымен қатар, әлгі кісі екі қолын көкке

қатты көтеріп жатыр, бұл да дұғаның қабыл болуына көмектесетін себептердің

бірі. Сонымен бірге, ол кісі “Уа, Раббым! Уа, Раббым!” – деп дұға қылып жатыр.

Алланың 99 көркем есімдерінің бірімен дұға қылуы да – дұғаның қабыл

болуының бір себебі екенін білеміз. Бірақ та, дұғаның қабыл болуына әсер

ететін осыншама себептердің бәрі жиналса да, оның дұғасы жауапсыз қалды.

Неге? Өйткені, ол Алланың харам еткенін (тыйым салғанын) ішіп-жеп, киіп

пайдаланатын болған.

Имам Ахмад келесі хабарды жеткізген. Бірде Исраил ұрпағы бақытсыздыққа

тап болып, қатты қиындыққа ұшырайды. Сөйтіп, дұға қылып, Алладан көмек

тілеу үшін жазық далаға шығады. Сонда, Аллаһ Тағала олардың

пайғамбарына: «Сендер жазық далаға нәжіс денелеріңмен шығып, қан

төккен қолдарыңмен Маған дұға қылып тұрсыңдар. Анау қолдарыңмен

үйлеріңді тыйым салынған нәрсемен толтырасыңдар. Ал енді сендерге

қаһарым түскенде, Мен одан сайын сендерді теріске шығарамын» - деп

айтқанын жеткізуді бұйырды.

Енді, әрбіріміз өзімізге мұқият қарайықшы! Қалай нан тауып, не жеп, не ішіп

жүрміз? Денемізді немен азықтандырып жүрміз? Осы өте маңызды, өйткені

бәріміз дұғамыздың қабыл болуын қалаймыз ғой.

Үшінші кедергі – кісі Алланың алдында ықылассыз болуы, яғни ол тек жалғыз

Алладан ғана сұрамайды, тек Аллаға ғана дұға қылмайды. Ол Алламен бірге

тағы басқа біреуден тілейді. Бұл ең ауыр күнә. Бұл дұғаның қабыл болуын

тосқауыл болатын ең үлкен кедергі. Аллаһ Тағала былай деген: «Ендеше дінді

Оған ғана арнап, нағыз ынтамен Өзіне ғана жалбарыныңдар!» (Ғафир

сүресі, 65-аят). Және Аллаһ Тағала былай деген:«Ендеше, Аллаһпен бірге

ешкімге дұға қылмаңдар!» (Жын сүресі, 18-аят). Дұғаңыз, құлшылығыңыз таза

болсын, оларды тек Аллаға ғана арнаңыз.

Алламен бірге тағы біреуге жалбарынып, дұға тілейтіндер: пұт, кесене, қайтыс

болған кісі, әруақ, әулие-әнбие, періште, пайғамбар, қасиетті талдан, киелі

тастан сұрайтындар өз дұғасына жауап алмайды. Себебі, олар дұғаны тек

Page 40: БАҚЫТ КІЛТІ

40

Аллаға ғана емес, сонымен бірге тұтастай немесе дұғаның бір бөлшегін

Алладан өзге біреуге арнаған. Сондықтан, ол дұғасына жауап алмайды.

Егер сұрайтын болсаңыз, жалғыз Алладан ғана сұраңыз. Жалбарынып, тілегіңіз

келсе – тек Аллаға ғана жалбарыныңыз. Алладан басқа ешкімге сиынбаңыз.

Аллаһ дәнекерге, делдалға, көмекшіге мұқтаж емес. Ол пенделердің дұғасын

естиді, әрі Өзі тікелей жауап береді. Аллаһ Тағала тікелей Өзінен тілеуге

бұйырып былай деген: «Менен тілеңдер! Тілектеріңді қабыл етемін» (Ғафир

сүресі, 60-аят).

Төртінші кедергі – жүрек жинақылығының жетіспеуі. Кісі дұға қылған кезде

айтып жатқан сөзін қадағалап, көңіл аударып отыру керек. Салғырттықтан сақ

болған жөн. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы

жөнінде: «Дұғам қабыл болады деген үмітпен Алладан сұраңдар! Және Аллаһ

Тағала ғапылдыққа түскен немқұрайлы жүректен шыққан дұғаны қабыл

етпейтінін біліп қойыңдар!» - деген.

Дұға – бақытсыздықтан құтылуға ықпал етер қуатты құрал. Дұға – қалаған

нәрсеңе қол жеткізер себеп. Кейде дұға қабыл болуы мүмкін, кейде қабыл

болмауы да мүмкін. Оған әрқилы себептер бар. Мәселен, кісі Аллаһ жақсы

көрмейтін нәрсені сұрауы мүмкін, кейде дұға қылған кезде жүрегі толықтай

Аллаһқа бағытталмаған болуы мүмкін. Жүрегіне жинақылық жетіспейтін

кісінің дұғасы – садақтың адырнасы әлсіз керіліп, одан ұшқан оқ діттеген жерге

жетпегені тәрізді.

Сондай-ақ, дұғаға нұқсан келтіретін себептер – харам тағамды пайдалану,

жүректі күнәның тоты басуы, кісінің немқұрайлылық пен салғырттыққа

салынуы, пайдасыз шектен тыс күлкімен уақыт өткізу.

Құрметті бауырлар мен әпке-қарындастар, дұға – ең пайдалы ем. Дұға –

бақытсыздықтың басты жауы. Себебі, дұға қайғыдан қорғайды. Дұға

бақытсыздықтың келуімен қарсы күреседі. Егер ол келіп қалса, оны кетіруге

тырысады, ең кемі сол қиыншылықты жеңілдетеді.

Дұға – мүміннің қаруы. Хадисте: «Дұға болып қойған бақытсыздықты кетіреді

және болайын деп тұрған бақытсыздықтан сақтайды. Ендеше, Аллаға дұға

қылыңыздар, әй Алланың құлдары!» - делінген.

Тағы бір хадисте: «Аллаһ өз дұғасында табанды (яғни, ерінбей сұрай беретін)

кісіні жақсы көреді» - делінген.

Page 41: БАҚЫТ КІЛТІ

41

Дұға – құлшылықтың ең ұлық түрі. Егер кісі Аллаға дұға қылар болса, бұл

оның ізгі, ибалы, сыпайы, бойұсынушы екенін білдіреді. Аллаға толықтай

мұқтаж, әрі Алланың алдында бүтіндей әлсіз, кедей екенін түсінетінін

білдіреді. Сонымен бірге, дұға қылатын кісінің жүрегі жұмсақ екенін байқауға

болады. Ондай кісі Алланың мейіріміне ұмтылып, Оның жазасынан

қорқатынын аңғарамыз. Аллаһ Тағала қасиетті Құранда жәннаттықтардың бір-

біріне құрмет пен зейнеттің мекеніне қалай келгенін, не себепті келгені туралы

сұрайтынын жеткізеді: «Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал

сұрасады: “Расында, біз бұрын дүниеде отбасымыздың жанында отырып

қорқушы едік. Аллаһ бізге мейірімін төгіп, зарлы азаптан қорғады.

Расында, біз бұрын Аллаға дұға қылып жалбарынушы едік”» (Тур сүресі,

25-28-аяттар).

Мұсылман бауырлар, Аллаға дұға қылып, Одан тілек тілеп жалбарынайық!

Дұғаны ықыласты түрде тек Аллаға ғана арнайық! Шын мәнінде, Аллаһ Оған

дұға қылып сұрамағандарды жек көреді.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһқа қауіп әрі үмітпен дұға қылып

жалбарыныңдар! Расында, Аллаһтың мейірімі жақсылық жасаушыларға

жақын» (Ағраф сүресі, 56-аят).

Қадірлі бауырлар мен әпке-қарындастар, Аллаһ Тағала баршамыздың игі

дұғаларымызды қабыл етсін! Әссәләму ‘аләйкум уә рахматуллаһи уә

бәракәтуһ!

Дерек көзі: Ханифия форумы