Қазақ халқы үшін жылқының маңызы

34
№4 “Березка” балабақшасы Есенгарина Меруерт Екібастұз қаласы

Upload: -

Post on 16-Jun-2015

436 views

Category:

Education


20 download

DESCRIPTION

Қазақ халқы үшін жылқының маңызы

TRANSCRIPT

Page 1: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

№4 “Березка” балабақшасы

Есенгарина МеруертЕкібастұз қаласы

Page 2: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Жоба тақырыбы: Қазақ халқы үшін жылқының маңызы

Тақырыптың маңыздылығы: Қала жағдайында кез келген отбасы баласына жылқы туралы толық қанды түсінік бере алмайды. Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі болған жылқы малының төлімен балаларын «құлыншағым» деп еркелеткен біздің халықымызды, малсыз елестету мүмкін емес, оның ішінде жылқысыз. Баланың жылқы туралы білімін жетілдіре отырып, оның өз халқына деген, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Жылқы көптеген әрекеттерге қайнар көз –бақылауға,ойнауға, шығармашылыққа. Нәтижесінде байқағыштығы , білуге құштарлығы, қиялы дамиды.

Мақсаты: Балалардың жылқы малы туралы түсінігін тереңдету және байыту

Міндеттері: Балаларға тәлім – тәрбие беруде жеткіншектеріміздің жылқы туралы білімін байыту, қалыптастыру. Жылқы малының қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екені туралы түсінігін молайту.

Күтілетін нәтиже: Жылқы малы туралы білімі болуы; оның қазақ халқы үшін маңыздылығын түсінуі; жылқының қаншалықты пайдалы екенін білуі.

Жоба қорытындысы: Жылқы туралы суреттер жинағы, мақал-мәтелдер, өлеңдер,жылқы өнімдері туралы түсініктер.

Page 3: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Жобаны іске асыру: Жылқы туралы суреттер жинақтау. /Ата-аналарымен/ Мүсіндеу сабағында аттың әбзелдерін жасау. /Тәрбиешілермен/ Жылқы туралы мақал-мәтел, өлеңдер жинау /Тәрбиешілермен, ата-аналармен/ Жылқы малымен ойналатын ойындар туралы мағлұматтар.. /Тәрбиешілер мен балалар/ Жылқының пайдасы туралы түсініктер /Тәрбиешілер/

Жоба барысы: Жылқы /оның ішінде Құлыншақ / туралы ертегі ойластырып келу.

Мақсаты: Балалардың жылқы малының төлі туралы түсінігін қалыптастыру. Жылқы туралы білімін біріктіру және толықтыру.Тілін дамыту, сөйлем құра білуге жаттықтыру.

Page 4: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 5: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Тұсамыс не тұсау - жылқының алдыңғы екі аяғына тағылатын

арқаннан есілген, мініс мал немесе

сауынды биелер ұзап кетпес үшін,

жылқылардың аяғына тағылатын әбзел.

Page 6: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

 Жүген – ер-тұрман әбзелі.

Ауыздық пен тізгін арқылы ат басын ырыққа көндіру үшін қолданылады.

Жүгеннің өрме жүген,  қайыс жүген деген түрлері бар. Өрме

Жүген таспадан өріледі, ол қайыс Жүгеннен мықтырақ болады. Жүгеннің ат аузына тірелетін

бөлігінсағалдырық, екі жағын жақтау, төбеге киілетін бөлігін төбелдірік, кекілін

басып тұратын қайысты кекілдірік, кеңсірігінің үстіңгі жағынан тартылған

бөлігін кеңсірік деп атайды. Ауыздықтың екі жағына ұзындығы 2 метрдей болатын тізгіннің екі ұшы бекітіледі. Атты мама

ағашқа  байлап қою үшін қылдан есілген не қайыстан жасалған шылбыр Жүгеннің ауыздығы мен жақтауын біріктіретін оң

жақ шығыршыққа байланады. Жүген мен ноқтаны қабат қолданғанда алдымен

ноқта, содан соң Жүген салынады, шылбырды ноқтаға байлайды

Page 7: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Терлік- аттың арқасына жабылатын көлемі тоқымнан

сәл үлкен терді сорып тұратын материалдан даярланады..

Тоқым- көлемі терліктен кіші ердің қаңқасының екі

қапталына өлшеніп қиылған киіз.Төрт бұрышты болып

келеді. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында

төселеді. Бұлардың үстіне ағаш ерді қоямыз.

Ағаш ердің үстіне көрпеше төселеді.

Page 8: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Үзеңгі-атқа жерден тез міну үшін ойлап табылған тепкішік немесе ілмек. Бұлда ердің ағаш

қапталына қайыспен байлану арқылы ердің бір бөлігіне айналады.

Page 9: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Құйысқан-бір ұшы аттың құйрығына

ілініп, екі ұшы ердің екі қапталына

бекитін құрылғы.Бұл ер тоқымның

алдыға қарай жылжып кетпеуі

үшін қажет.

Page 10: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Өмілдірік –  ер-тоқым әбзелдерінің бірі. Ер

жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Оны

қазақ шеберлері қатты құрым теріден немесе

қалың былғарыдан жасап, қайып тіккен, құйма әшекей

заттармен безендірген. Кейбір өмілдіріктердің тері негізінің астына киіз , шұға

 салынады.

Page 11: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Айыл– ат әбзелі. Ер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпеу үшін көлік

малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа.Айыл, көбінесе, қайыстан, кейде ызба құр

мен өрме таспадан жасалады.

Page 12: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Ауыздық – аттың басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге арналған шығыршық темір.

Page 13: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп,

өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап

жүргiзетiн құрал.

Page 14: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Көпшік — ердің үстіне салатын төсеніш. Оны

көбінесе тысымен немесе тыссыз жасайды. Көпшікті

әдетте киізден, жүн тартқан

матадан, жүнін арасына келтіріп, беттестірген қой терісінен, аң терілерінен,

сондай-ақ ішіне жылқының қылын салады.

Page 15: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Шылбыр – ұзын бау. Ол ноқта сағасына, жүген сулығына тағылады. Қайыстан, қылдан жасалынады. Кейде екі не үш қабаттап өріледі.

Ұз. 3 – 4 құлашқа дейін жетеді. Шылбыр негізінен аттан түскен кезде оны ұстап тұру,

қазыққа байлап қою үшін қажет. Әсіресе қашаған, үркек аттар үшін жиі пайдаланылады.

Page 16: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Ноқта – ер-тұрман әбзелі. Сағалдырық, мұрындық, төбелік арқылы мал басын ырыққа көндіру үшін қолданылады. Ноқта

 қайыстан,жүннен (арқаннан) жасалады. Онда жүген сияқты сулық, ауыздық

болмайды. Мұрындығы мен төбелігі, сағалдырығы, тізгінге жалғасар тұстарына

бекіткенде мықты болуы үшін темір шығыршық орнатылады.

Page 17: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 18: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын

қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып

үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге

бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге

тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі.

Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

Page 19: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 20: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен

аударып алу сайысы.Бұл ойынға қайрат-күші мол,

батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер

қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан

бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын

жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі

кезде де шопандар тойында, мерекелерде

спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Page 21: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 22: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі.

Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат

ойыны тобына жатады. Қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтың спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді. Жарыс мынадай

тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10—15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды

алуға тырысады. Ал қыз оның керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге

бұрын жетуге әрекет жасайды.

Page 23: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 24: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының

думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі

самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала

алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады.

Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан

кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа

күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға

салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып

келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп,

тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе,

оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.

Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.

Page 25: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 26: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Ат жарыс – көшпелі ортадағы үлкен жиын, ас, тойларда өткізілетін ат ойындарының негізгі

түрі, қауымның мәртебесі сен салтанаты сынға түсетін жарыс. Қазақы ортада аламан бәйгемен

бірге тай, құнан, жорға жарысын өткізу әдетке айналған. Ертеректе

аламан бәйге күндік жерден салынатын болған. Ол үшін аттар

таң сәреден айдалып, ат шабар бала сусын, айран-шалабын ала

жүретін болған.

Page 27: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 28: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 29: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

1. Жақсы атты тай жағалайды.

2. Жақсыда мін жоқ Жүйрікте сын жоқ.

3. Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді

4. Жорға жүрісінен пұл болады Жаман жүрісінен құл болады.

5. Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді

6.Тай атқа жеткізер Ат мұратқа жеткізер.

7. Жылқы- малдың патшасы

8. Теңге тиыннан өсер Жылқы құлыннан өсер.

9. Арық атқа қамшы ауыр.

10. Жолға салсаң – жорға Жонға салсаң-жүйрік

11. Аттың сыры иесіне мәлім

12. Жігіттің құны жүз жылқы Ары мың жылқы

13. Ат аяғынан семірер Адам құлағынан семірер

14. Жолға салсаң - жорға Жонға салсаң –жүйрік.

Page 30: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы
Page 31: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

• Құлын• Жабағы

• Тай

• Құнажын байтал• Дөнежін

• Дөнежін байтал• Бесті бие

• Қасабалы бие• Кәртамыс бие • Жасаған бие

• Құнан айғыр• Дөнен айғыр• Сәурік айғыр• Бесті айғыр • Сақа айғыр

Page 32: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.

Емдік қасиеттері: Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайлаған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.

Page 33: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

Бал қымыз — бал, қант, өрік-мейіз қосылып ашытылған қымыз; сырқат адамға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі. 

Сірге жияр қымызы — күздігүні бие ағытарда бірнеше күн жиналған қымыз; салт бойынша сірге жияр қымызға ел шақырып, бөліп ішкен.

Уыз қымыз — бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою қымыз. Май қымызы деп те аталады.

Сары қымыз— жаздың ортасында, шоп әбден піскен, буыны қатқан кездегі қымыз. Кош-қоннан қымыз коп шайқалып, коп пісіледі де, ірімшігі жақсы жазылып, ашуы білінбей, қымыздың күші оз бойына сіңген сарғылт болады. Сары қымыз өте жұғымды, шипалық қасиеті мол.

Page 34: Қазақ халқы үшін  жылқының маңызы

– Халық медицинасы қыста жылқы етін жеген адамдардың көп

тоңбайтынын айтады.

-Қазы мен қарта, жал мен жая ас төресі.

- Мамандар бұл тағамдарды көбіне

спортпен айналысатындарға жеуге

кеңес береді. Термен шығып кететін кейбір

элементтердің орнын баса алатын бұл тағамдар жуырда престелген

күйінде айға ұшатындар үшін де дайындалмақ.

-Жылқының жүрегін жеу ми қызметін жақсартады. Мидағы миллиондаған

жасаушаларды жаңартып, есте сақтау қабілетіне жауап беретін талшықтарға көмек

береді. 

-Жылқы етінде негізінен минералды заттар, оның ішінде темір көп. Әсіресе, жылқы

бауыры темірге, А1, В2, В12 дәрумендеріне бай. Мамандар жылқы етін мұздатқышта

сақтағаннан гөрі оны сүрлеп сақтаған әлдеқайда пайдалы екендігін айтады.