Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

16
Жамбыл облысы . Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары Пән аты : тәрбие сағаты Өтілетін орны: сыныпта Тәрбие сағатының тақырыбы: Құстар – біздің досымыз!» Мақсаты: Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер. Сабақтың барысы: 1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!» 2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу) 3 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары4 - бөлім «Оқушы шығармашылығы» 1 - жүргізуші Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! 1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!» Құстар, құстар келеді Жерді шуға бөледі Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді. Ән құрадым әніммен Сән құрадым гүліммен Қуантамын бәріңді Құт - береке күнімен 2 - жүргізуші Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз. Сәлем достар аман ба? Мынау бейбіт заманда Шат -- шадыман көктемің Шаттық болсын қашанда

Upload: -

Post on 14-Jul-2015

797 views

Category:

Education


17 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Жамбыл облысы . Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы

Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары Пән аты : тәрбие сағаты Өтілетін орны: сыныпта Тәрбие сағатының тақырыбы: Құстар – біздің досымыз!»Мақсаты: Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)3 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары4 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»1 - жүргізушіҚұрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»

Құстар, құстар келедіЖерді шуға бөледіКөктем келді деп бізгеЖақсы хабар береді.

Ән құрадым әнімменСән құрадым гүлімменҚуантамын бәріңдіҚұт - береке күнімен2 - жүргізушіСіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.

Сәлем достар аман ба?Мынау бейбіт замандаШат -- шадыман көктеміңШаттық болсын қашанда

Page 2: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Бейне көктем жырларыСағынышпен жеткенҚұстардың әуеніменҚуанта бер көктем1 - оқушыЕлімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.2 - оқушыОлар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.3 - оқушыҚұстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.4 - оқушыЖыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, қазүйрек, қаз, тырна.5 - оқушы.Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.6 - оқушыЖыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.7 - оқушыҚарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.8 - оқушыҚарлығашпын менАдамның тұрағымынМекен етіп тұрамынТазалаймын үй - ішінЕл аузында мақтаулыТазалықшымын төселген9 - оқушыҚараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.10 - оқушыМен қараторғаймынШегірткедей жұртыңдыҚырғи болып қиямынЕгістікке жайылымғаҚорғаушы боп тұрамынЖәндіктерді зиянды

Page 3: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Құртатұғын батырмынДайындайтын ұямдыДостарға келе жатырмын11 - оқушыҚұс сұлуы аққумынТабиғат көркін сыйлағанМылтығын кезеп еш мерген Атуға көзі қимаған.Сұлулықты паш етіпЖырлаған талай ақындарНәзік үнді, көл көркіҚұс патшасы мен болам12 - оқушыАққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген

13 - оқушыХалық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.14 - оқушыЖаршысымын көктемніңКөкек дейді мені жұртӨз атын айтар құс менмін.Көктемді күтсең мені күт.15 - оқушыМен еркін бақытты бұлбұлмынБұлағын тасытқан ән - жырдыңТамаша тамылжып шырқаймынШаттығын тауыса алмай әр күннің16 - оқушыТоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт – құмырсқадан тазартады.17 - оқушыҚұртты іздеп інінеҚарағайды үңгігенТоқылдақ құс дәрігерҚашан да ол әбігер18 - оқушыҚазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.2 - бөлім Жұмбақтар шешуТуысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)

Page 4: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнінен жұлып апБесікке қадаған Бұл қай құс? (үкі)

Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш)

Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді (Қараторғай)

Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді (Көкек)

3 - бөлім «Халық болжамдары»

1 - жүргізушіХалқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.Шағала келсе сең бұзылады.Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

4 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)6 - бөлім Қорытынды

Математика 2 сынып

Page 5: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: х – 30 = 7 түріндегі теңдеуді шешу. Сабақтың мақсаты: Білімділігі : Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгерту. Дамытушылығы: Әртүрлі тапсырамаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, логикалық ойлау жылдамдығына тәрбиелеуКөрнекіліктер: оқулық,әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, іздену.Түрі: аралас сабақСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп , сабаққа назар аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру № 5, 77 бетІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру : Сұрақ – жауап әдісі –Қосудың қандай қасиеті бар? Ауыстырымдылық , терімділік - Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? Тік төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең боладыБарлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (Шаршы)Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табамыз)ІҮ. Мақсат қою кезеңі : Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау . Теңдеу туралы түсінік беруҮ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:70 - 10= Е 40 +22 = Ш42 + 8 =Ң 60 – 40 =Т90 – 10 =У 11 + 40=Е65 + 5= Е 30 – 5 =Ш53+20 =У 48 - 8 = ДТ е ң д е у20 -- 60 -- 50 -- 40 --- 51 – 73 ш е ш у 62 -- 70 -- 25 – 80 Теңдеу дегеніміз - Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.- Теңдеу шешу дегеніміз не?- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу. № 1 ауызша №2 ауызша Х – 40 = 9 Х = 40 + 9

Page 6: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Х = 49 49 – 40 =9

9 =9 тура санды теңдік шықты

ҮІ. Түсінгендерін зерттеу кезеңі:№3 (а ) Сатылды 30 кг Болды -? Қалды - ?, 7 кг артық Шешуі : (30 + 7 ) + 30 = 67 кг Жауабы: 67 кг. Сергіту сәті. №3 (ә) ауызша№3(б)Шешуі: 25 – 10 +25 =40Жауабы: 40 ойыншық жасады№ 438 + ( 40 + 20 ) = 98 56 + (30 + 10 )= 9645 + (20+30) =95 № 5 ауызша « Кім жылдам»6 + 6 12 – 6 9 + 9 = 187+ 5 12 – 5 18 – 9 = 98 + 4 12 - 49 + 3 12 – 3ҮІІ. Бекіру кезеңі: №7 « Кім жылдам» 8+8=16 16-8=8 18+8=26 26-8=18 28+8=36 36-8=28 38+8=46 46-8=38 48+8=56 56-8= 48 58+8=66 66-8=58Шығармашылық тапсырманы орындау. Жұмбақ /сызғыш/

ҮІІІ Үйге тапсырма: Бағалау № 6 , 105бет.бағалау

Математика 2 сынып

Page 7: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: 76-х=6 түріндегі теңдеуді шешу.Сабақтың мақсаты: Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгерту.Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі: Оқушыларды зейінділікке, алғырлыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: оқулық, үлестірмелер бойыншаСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, іздену, өзіндік.Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп , сабаққа назар аударуІІ. Үй тапсырмасын тексеру № 6 ( 57-7)+40=90 20+(45-5)=60(20+60) -10= 70 60-(39-9)=30

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру : Сұрақ – жауап әдісі –Қосудың қандай қасиеті бар? Ауыстырымдылық , терімділік - Тік төртбұрыштың қасиеті қандай? Тік төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең боладыБарлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады? (Шаршы)Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табамыз)Теңдеу дегеніміз не?- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі : Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау . Теңдеу туралы түсінік беруҮ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 5 – 3 = 2 2+ 3 = 5 № 2 57- х = 7 х = 57 – 7 х = 50 Тексеру : 57 – 50 = 7 7 = 7 тура санды теңдік.№ 3 Теңдеулерді шеш:64-х=4 81-х=80 45-х=4053+х=56 х+70=100 х+4=12

ҮІ. Түсінгендерін зерттеу кезеңі:№4. Шарты: Қалам – 60 теңге

Page 8: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Қалың дәптер - ? 20 теңге арзан Шешуі: 60 – 20 + 60 =100 Жауабы: 100 теңге

Шарты: Қалам – 60 теңге Қалың дәптер – 20 теңге Қалың дәптер - ? Шешуі: 60 – 20 = 40 Жауабы: дәптер 40 теңге

№5. Өрнекті жаз және оның мәнін тап: 50 + / 4- 2 /= 52 40 + / 5 – 3 / =42 30 + / 9 – 6 / =33№ 7 Үлестірмелі қағаз 9+8= 17 17-8=9 19+8 =27 27-8=17 29+8=37 37-8=29 39+8= 47 47-8=39 49+8=57 57-8=49 59+8=67 67-8=59

Кел ,ойнайық! Аққалаға қалпақ кигіз.

ҮІІІ Үйге тапсырма: Бағалау № 6 , 107бет.бағалау

1

Page 9: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Математика 2сыныпСабақтың тақырыбы: Есеп шарты бойынша теңдеу құру және оны шешу шешу. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосудың ауыстырымдылық қасиетін есептеулерде қолданудың тиімділігін көрсетіп беру, екі амалмен шығарылатын есеп және оны түрлендіру.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелігі:Оқушыларды зеректікке , ұқыптылыққа тәрбиелеуКөрнекіліктер: суреттер, үлестірмелерСабақтың типі: қайталау сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндікСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлікІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлауІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Балапанға көмектесІҮ. Білімдерін тексеру:№ 1 Суретке қарап есеп құрастыру90 – 30 30+/20 +50/ 90 – 50 90 - /30 + 20 /

№ 2. Қосудың ең тиімді тәсілмен орында: 2+8 1+19 5+30 3+42 10+70 6+3

Есепте! «Математикалық парашюттер»7+5-8 9+4-3 4+9-6

Page 10: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

10+3-4 9+3-7 9+2-1

№3Болғаны – 10 бала Б – 10 Б - ?Кеткені – 7 Кеткені - ? Кеткені – 7 Қалғаны - ? Қалғаны – 3 Қалғаны – 3Шешуі : 10-7=3 Шешуі : 10-3=7 Шешуі : 7+3=10 Жауабы: 3 бала қалды Жауабы: 7 бала Жауабы: 10 бала№ 4х + 7 =45 х – 7 = 38 45 – х = 7х =45-7 х = 38 + 7 х = 45 - 7х = 38 х = 45 х = 3838+7 =45 45 – 7 = 38 45 – 38 = 745 =45 38 = 38 7 = 7№ 5 ауызша29,33,90

Онд Бірл2 93 39 0

Ү. Бекіту кезеңі:ҮІ. Үйге тапсырма: № 6, 135 бет,бағалау.

Page 11: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Қазақ тілі 2 сыныпСабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы 207-211жаттығуСабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы, оларға сұрақ қою арқылы білетінімізді, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысатыны түсінік беру; Дамытушылығы: Дұрыс сөйлеу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.Тәрбиелілік: Табиғатқа деген ізгілікті қарым - қатынасты , таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.Сабақтың типі: Қайталау сабағыСабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру. Көрнекілігі: Ребус , тест тапсырмасыСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп , сабаққа назар аудару.II. Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы, оларға сұрақ қою арқылы білетінімізді, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысатыны түсінік беру; IҮ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Ережені оқу. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады.Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз. Мысалы : Қыздар үйге кірді. - Қыздар не істеді?

- Қыздар кірді.- Қайда кірді?- Үйге кірді.

207-жаттығу. Екі бағанды оқып, салыстыру. Біз,ауыл,тұр. Біз ауылда тұрамыз Балалар,қала,бар. Балалар қалаға барды. Киім,кірлетпей,ки Киімді кірлетпей ки 208-жаттығу.Сөйлемдегі сөздерді өзара байланысын анықты.Сөйлемдегі сөздердің байланысына сұрақ қою. Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті. Үлгі: Оқушылар сыныпқа кірді.

- Оқушылар не істеді?- Оқушылар кірді.- Қайда кірді?

Page 12: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

- Сыныпқа кірді.

Мұғалім тапсырманы тексерді.

- Мұғалім не істеді?- Мұғалім тексерді.- Нені тексерді?- Тапсырманы тексерді.

Ү.Түсінгендерін тексеру кезеңі : 209-жаттығу. Сөйлем құр, сөздердің байланысын тап. Сөздердің байланысын сызбамен көрсету.

Ребусты шеш. Шешуі: Өрісте

ҮІ. Бекіту кезеңі:210-жаттығу. Сөйлемлегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеТест тапсырмасы:1 . Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.А ) Сиыр өріс келдіӘ ) Сиыр өрістен келді.Б ) Сиыр келді өріс

2. Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.А ) Нұрбол сиырды қораға кіргізді .Ә ) Нұрбол сиыр қораға кіргізді .Б ) Нұрбол кіргізді сиыр қораға

3. Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап. А ) Сауды сиыр апа

Ә ) Апа сауды сиыр.Б ) Апам сиыр сауды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Бағалау 77 бет 211- жаттығу

Page 13: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Әдебиеттік оқу 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Қазақстан»Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қ.Аманжолавтың «Қазақстан» өлеңінің мазмұнын таныстыру, түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыруДамытушылығы: Оқушылардың білімін, ой-өрісін сөйлеу тілін дамыту Тәрбиелігі: Оқушылардың елін, жерін сүюге тәрбиелеуСабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеуСабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аударуІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру1. Он алтыншы желтоқсан – оқыту.ІІІ Білімдерін тексеру кезеңі :1. Сұрақ-жауап:- Он алтыншы желтоқсан қандай мереке? - Қ.Рысқұлбеков кім?- Ол туралы басқа не білесің?2. ҚорытындылауІҮ. Мақсат қою: Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.Қ.Аманжолов «Қазақстан» Ү. Жаңа білімді түсіндіру:1. Қ.Аманжолов туралы мағлұмат беріп өту

2. «Қазақстан» - оқып, талдау. 3. Сергіту сәтіШөлінкеремей гүл тұрсынЖерім жайнап құлпырсынНұрын сыйлап біздергеКөктем мәңгі күн тұрсынОртақ бізге туыстықНұр сыйлаған нұр ыстықЫстық бізге кен өлкеЫстық бізге тыныштық

ҮІ. Жаңа білімді меңгертіп, тексеру:

Қасым Аманжолов

Page 14: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей 2. Сөздікпен жұмыс:

Балқаш-балқаш көлі және оның маңындағы өндірісті қалаҚас тағдырдың қиқаңы-қиындықтың ауытпалығы 3. Сұрақтарға жауап алу: 1.«Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын атауға болады? 2.Ақын неге қуанып, неге шаттанады?3.Ақынның қуанған, шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқы .4. Тапсырманы орындауҮІІ Бекіту кезеңі. Қорытындылау 5-тапсырма. Өлеңде ақын қолданған сөздерді тқмендегі сөздермен тіркестіруге болады? ............. жеріміз ............. құл .........

......... жанбыз......................... қазақиыз

азат ........................

«Қазақстан» несі бар, тірек-сызба топтастыру

Елбасы Астана Жер

Тау Орман

Рәміздер Үлкен қалалар Төл теңгеміз

ҮІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі:1.98-99 беттерді мәнерлеп оқу. 2.Бағалау

Қазақстан

Page 15: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Дүниетану 2 сыныпСабақтың тақырыбы: Өсімдік - тірі ағзаСабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктің тірі табиғат екенін дәлелдеу. Оның тұқымнан өсетіні, жер бетінде өсіп шығуы жайында ұғым беру.Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі: Оқушылады табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Сабақтың типі: жаңа сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,Көрнекілігі: өсімдіктер суретіСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, - оқушыларды түгендеу - сабаққа даярлық.ІІ. Мақсат қою кезеңі: Өсімдік – тірі организмІІІ. Жаңа сабақты тұсіндіру кезеңі:а/ Өсімдік – тірі ағза. Өсімдік тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, өледі. Өсімдік – бұта, ағаш, шөп топт,орманды жерден жиі кездестіреміз.Барлық өсімдіктер қоректенеді,тыныс алады, жарықты, жылуды, суды қажет етеді. Олар- тірі ағзалар. Өсімдіктің тіршілігіндегі өзгерістер біртіндеп пайда болады.оны сызба арқылы талдап көрейік.

Жемістен өнген өскен топырақ арасымен жер бетіне шығады. Өсімдік өскен шағында өте нәзік келеді.Жапырағының саны аз,жұқа, сабағы қысқа, жұмсақ,тамыры жетілмеген болады. Бейнелеп айтсақ, бұл-өсімдіктің «балауса шағы».Одан әрі ,өсімдіктің жапырақтары көбейіп, сабағы ұзарып,қатаяды,бұтақтанады Тамыры тармақталып, топырақ арасына таралады,ұзарып өсіп топырақтың терең қабатына кіреді.Өсімдік топырақта мықты бекіп, гүлдеп тұқым салады.Бұл-өсімдіктің жетілген шағы. Дегенмен, белгілі бір мерзім өткенде өсімдік «қартаяды»: жемістері түсіп, сабағы,жапырағы қурап, өсімдіктің тіршілігі тоқтайды. Осы жағдайлар өсімдіктің тірі ағза екендігін дәлелдейд

тұқымытұқымы өнуіөнуібүрібүрі жапырағ

ыжапырағы

гүлігүлі

жемісіжемісі

Page 16: Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары

Оқулықпен жұмыс.Тақырыпты оқып, түсіндіремін. Тақырыпты өздері оқиды,іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру кезеңі:1. Өсімдікке не жатады? 2. Өсімдіктердің бәріне ортақ қандай қасиеті бар?3. Өсімдік өсу үшін не қажет?

ҮІІ Сабақты бекіту. 1. Бүгін не білдік? 2.Өсімдіктер тұқымнан қалай өнеді?ҮІІІ. Үйге тапсырма 1. 52-53 бет оқу. 2.Бағалау.

жжлл

ууыы

ее рр

кк ққ

оо

уу сс

У

А А