Үй жануарлары (Төрт түлік)

28
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары (Төрт түлік) Сабақ түрі: Саяхат сабақ Топ: Даярлық тобы (ересек топ) Тәрбиеші: Айбек Ардақ Айбекқызы

Upload: -

Post on 22-Jul-2015

206 views

Category:

Education


14 download

TRANSCRIPT

Page 1: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Білім беру саласы: ҚатынасБөлімі: Тіл дамытуТақырыбы: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Сабақ түрі: Саяхат сабақТоп: Даярлық тобы (ересек топ)Тәрбиеші: Айбек Ардақ Айбекқызы

Page 2: Үй жануарлары (Төрт түлік)

- Үй жануарлар және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.

- Танымдық процесстерін дамыту.

- Балалардың сенсорлық қабылдауын дамыту.

- Үй жануарларға деген сүйіспеншіліккке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Мақсаты:

Page 3: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Жылулық шеңбері

Шашы алтын, көзі – от,Шыға ғой күн тезірек

Шуақ берші жылу бер маған,Қозы, лағыма, тағы тағы, тағы

да.

Page 4: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Негізгі бөлім:Әңгімелесу

Тәрбиеші: Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?Балалар: Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкіТәрбиеші: Балалар біз қалада көбінесе үй жануарларын өсіре алмаймыз. Сондықтан көбінесе ауылды жерлерде үй жануарларын өсіреміз. Сендер ауылға барып көрдіңдер ме?Балалар жауабы.Тәрбиеші: Ендеше қазір біз сендермен арбаға отырып, ауылға саяхатқа барамыз.

Page 5: Үй жануарлары (Төрт түлік)
Page 6: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Үй жануары - жылқыҮй жануары - жылқы

Жылқы- ірі, еті өте дәмді жануар, жеті қазынаның бірі, киелі мал. Ол – кеуделі, мықты жануар. Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді, оны таниды. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді. Қымыз-биенін сүті, өте шипалы сусын.

Page 7: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Мақал-мәтелЖылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

Page 8: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Жылқының пайдасы

Page 9: Үй жануарлары (Төрт түлік)

ТҮЙЕ-төрт түліктің ішінде ең ірісі және ауыр салмақты жануарлардың бірі.Түйе күй талғамайды, басқа жануарлар жей алмайтын тікенекті, қатты өсімдіктермен қоректенеді, арқасына май жинайды, оны “өркеш” деп атайды. Шұбат-түйе сүті, өте шипалы сусын. Түйенің еті, жүні, шұбаты адамға қөп пайда әкеледі.

Page 10: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Шұбат Ішіп көрген шұбатты Денсаулыққа пайдалы

Дәмін бірден ұнатты “Зәм-зәм” суы сияқты

Page 11: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Сиыр-кеуделі, айыр тұяқты, адам баласы алғаш рет қолға үйрете бастаған жануарлардың бірі.Сиырдың еті мен сүтінен өзге оның терісі де жақсы бағаланады. Былғарысынан неше түрлі бұйымдар жасалып, киімдер тігіледі. Сиырдың сүтінен шалап, айран,май, қатық, құрт, қаймақ, ірімшік жасайды.

Page 12: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Атам сиыр сауғанда

Page 13: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Сиыр сүтінен не аламыз?

Page 14: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Қой – үй жануарлардың бірі. Қой еті дәмді әрі тамақтығы мол. Қой сүтінен май алынады, ірімшік, құрт жасалынады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон, ішкі аяқ киім де тігеді. Алайда үй қойы беретін өнімнің ең құндысы – олардың жүні. Одан пима басып, кілем, киім, мата тоқиды.

Page 15: Үй жануарлары (Төрт түлік)
Page 16: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын , бұзау оған ереді

Алға созып мойынын, ойнақтайды ботақан

Көкке қарай, мұрынын шүйіреді бұзауқан.

(Саяхаттан оралу)

Page 17: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Жұмбақ шешіп көрейік

Page 18: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.

Екі айнасы бар,Екі найзасы бар.

Page 19: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Дидактикалық ойын:«Төлдерін ата»

Page 20: Үй жануарлары (Төрт түлік)
Page 21: Үй жануарлары (Төрт түлік)
Page 22: Үй жануарлары (Төрт түлік)
Page 23: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Сен білесің бе?Малды ұстап байлайтын жабдық атаулары:

Түйеде – мұрындық, бұйда.

Жылқыда – ноқта.

Сиырда – бас жіп.

Қой мен ешкіде – көген.

Page 24: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Мен мақал айтқанды ұнатамын! (балалар жаттаған мақалдарын айтады)

1.Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл - көсір. 2.Ат шаппайды, бап шабады. 3.Ер қанаты —ат.

4.Ел көркі — мал, өзен көркі— тал. 5.Бақпаса мал өспейді,

Баптамаса егін өспейді.

6.Тай атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

Page 25: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Тыйым сөздер құрастыр:

Page 26: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Қорытынды:

Малдың баласын сүюі(халық ауыз әдебиеті)

Қой сүйеді баласын “қоңырым” – деп,

“Ештеңені білмейтін момыным!”-деп.

Сиыр сүйеді баласын “торпағым” – деп,

“Қараңқыда баспаған қорқағым!” – деп.

Түйе сүйеді баласын “боташым” – деп,

“Жаудыраған көзіңнен тоташым!” – деп.

Ешкі сүйеді баласын “лағым” – деп,

“Тастан-тасқа секірген шұнағым!” – деп.

Жылқы сүйеді баласын “құлыным” – деп,

“Тұлпар болып жүгірген жұлыным!” – деп.

Page 27: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Күтілетін нәтиже:Нені білдік: төрт түліктің пайдасы, оларға қамқорлық көрсетуді білдік.

Нені білу керек: мақалдарды жатқа, жұмбақ шеше білу керек.

Page 28: Үй жануарлары (Төрт түлік)

Назарларыңызға рахмет!