салауатты психика

18
САЛАУАТТЫ ПСИХИКА Орындаған: Мұқтар Құндыз, Қабижанқызы Жұлдыз

Upload: muktarkundyz

Post on 08-Aug-2015

26 views

Category:

Healthcare


4 download

TRANSCRIPT

САЛАУАТТЫ ПСИХИКАОрындаған: Мұқтар Құндыз, Қабижанқызы Жұлдыз

1)Ұйқының маңызы.

2)Жадыны жақсарту тәсілдері.

3)Психикалық гигиена ережелерін қалай сақтауға болады?

ЖОСПАР:

Ұйқының маңызы

Ұйқы– адам мен жануарлардың міндетті физиологиялық жағдайы. Бұл кезде сыртқы орта тітіркендіргіштеріне ешқандай жауап қайтарылмайды және организмде жүріп жататын физиологиялық процестердің белсенділігі төмендейді.

Күш қалпына келуі үшін заманауи адамға күнделікті

8 сағаттық ұйқы қажет. Алайда, кейбір жағдайларда

бұл да жеткіліксіз болуы мүмкін...

Заманауи адамның күн тәртібі көп жағдайда дұрыс болмайды. Сонымен қандай

жағдайларда сіздің ағзаңызға тынығу үшін көбірек уақыт қажет?

Егер сіз диета ұстап жүрсеңізДиета ұстап жүрген арулар міндетті түрде ұйқыға көбірек уақыт бөлуі керек. Адамның ұйқысы қанбаған кездері грелин атты аштық гормоны көбейіп кетеді. Бұл жағдайда диетаны бұзбауыңыз екіталай болады.

Егер сіз спортпен шұғылдансаңызСпортпен шұғылдана бастасаңыз, ұйқыңыздың қануына ерекше көңіл бөліңіз. Ұйқының қанбауы 35%-ға төзімділігіңіз бен күшіңізді кемітіп, депрессияларға әкелуі мүмкін.

Егер сіз кездесуге барсаңызКелесі күні сүйіктіңізбен кездесу болса, ұйқыңызды қандырған жөн. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, ұйқысы қанған қыздар, 8 сағаттан кем ұйықтаған қыздарға қарағанда тартымдырақ көрінеді екен.

Ұйқы – өміріміздегі барлық нәрсені ретке келтіретін, жөндейтін және емдейтін ең маңызды процесстердің бірі болып табылады. Бірнеше апта ұйқысыз жүрудің өзі өлімге алып баратынын жануарларға жасалған тәжірибелерден білуге болады.

Алтын кеңестер Күніне 6-7 сағаттан артық ұйықтамау

керек. Түскі 11.00-1.30 арасында 20-30 минуттай

уақыт ұйықтап алу өте пайдалы. Түнде 23.00 – 5.30 арасында (1 сағат

кешіктіруге болады) міндетті түрде ұйықтау керек. Ұйқы үшін ең сапалы уақыт – осы уақыт болып табылады.

Таңертең ерте тұрып, түске дейін ұйықтамау керек.

Ешқашан тоқ күйінде ұйықтамау керек. Тамақты ұйқыдан кемінде 3 сағат бұрын жеу керек.

Кеш батып бара жатқанда ұйықтамау керек Ұйқыдан бұрын денеміздің бұлшық еттерін

босаңсыту керек. У-шудың арасында, жаман иісті жерлерде,

өте жұмсақ немесе кедір-бұдырлы төсектің үстінде ұйықтамау керек.

Мұндайды естіп пе едіңіз?Ұйықтамаған адамдардың ақыл-ой жұмыстарының төмендейтіні және ойлау қабілетінің әлсірейтіні дәлелденген. 48 сағат ұйықтамаған жоғары білімді адамдардың өзі бастауыш сынып оқушыларына берілген математикалық есепті де шығара алмайтыны анықталған.

Ұйықтамаған кездеКейде күніне 8-10 сағат ұйықтауымыз мүмкін. Бірақ бұл ұйқымыз да ешбір іске жарамауы мүмкін. Себебі, ұйқысыздықтың зияны біз ойлағаннан да күрделі. Сондықтан көп жағдайда мазасыздықтың себебі ұйқысыздықтан болатынын біле бермейміз.

Миымыз да тынығады ма?Ұйқыны мидың тынығатын уақыты деп білмеу керек. Керісінше ұйқы – мидың, дененің тынығу және жөндеу жұмыстарымен айналысатын уақыты болып табылады. Мидағы електр толқынының талдауына сай, ұйқы кезінде сана-сезімнің атқаратын жұмысы ояу кездегі күйден де аз қызмет атқармайтыны анықталған. Арасындағы жалғыз айырмашылық – күндіз бен түнде жасалатын жұмыстардың әр түрлі болуында.

Ұйқысыздық мәселесі

Ұйқысыздық мәселесі аз ұйықтағаннан емес, уақытында ұйықтамағаннан, тіпті шамадан тыс көп ұйықтағаннан да туындайды. Қазіргі таңда көптеген мемлекет қайраткерлері міндетті түрде түсте ұйықтауға мән беруде. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон кабинетіндегі креслосын арқасына қарай шалқайтып, үстіне жамылғы жауып ұйықтап алатын болған. Қиыр Шығыстың шапшаң дамыған ірі компанияларының қызметшілері міндетті түрде түсте ұйықтауға тырысады және осылайша жетістіктің шыңынан көрінуде. Бір таңқаларлық жағдай – түскі ұйқының өте пайдалы екендігін 14 ғасыр бұрын сүйікті пайғамбарымыз үмбетіне айтып кеткен.

ЖАДЫНЫ ЖАҚСАРТУ ТӘСІЛДЕРІ

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады.

1.Мнемониканы пайдалану

Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізіде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады.

2.Жаңа нәрсе үйрену

Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткен. Жаңа би, тіл, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсен үйреніңіз. Өзіңізді қызықтырантын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды.

3. Ұйқыны қандыру керек!

Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады.

4. Спортпен шұғылдану

Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларлды жиі жасап тұратын адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадтары жақсырақ екені анықталды. Бұд бірақ жаңалық емес. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.

5. Дұрыс тамақтану

Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақтар, мұхит балықтары, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек.

6. Медитация

Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді.

7. Сөйлесу

Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек.