Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

32
Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

Upload: niscribd

Post on 03-Dec-2015

57 views

Category:

Documents


15 download

DESCRIPTION

Қазақ тілі

TRANSCRIPT

Page 1: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

Бақытты отбасы—баянды ғұмыр

Page 2: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

��˛�»�%

БӨЛІМ БЕТ

1 Құдайдың ақыл-кеңесі — бақыттыотбасының арқауы 3

2 Адалдық барда үй іргесі шайқалмас 6

3 Шешілмейтін түйін жоқ 9

4 Ақшаны ұқсата біліңіз 12

5 Туған-туыспенынтымағыңыз жарассын 15

6 Бала сүю бақыты 18

7 Баланы—жастан 22

8 Отбасына қара бұлт төнгенде 26

9 Құдайға бүкіл отбасыңызбенғибадат етіңіз 29

Бақытты отбасы — баянды ғұмырСан тараптан соққы көріп жатқан мына беймаза заманда отбасылар бақыттыбола ала ма? Әрине, бұл оңай емес. Алайда осы орайда көмексіз емеспіз.Бұл кітапша некеге нұсқау беретін арнайы құрал болмаса да, мұндаКиелі кітаптан алынған ғибратты өсиеттер мен пайдалы кеңестер бар.Оларды өмірде қолдану отбасының бақытты болуына септігін тигізеді.

˛

˘ 6>58WATCH TOWER BIBLE AND TRACT SOCIETY OF PENNSYLVANIAr�*²mbbm \b+*am P +*qZ/m ¸¼Ym`s

�*a]*B

WATCHTOWER BIBLE AND TRACT SOCIETY OF NEW YORKE INCDBrooklyn, New York, U.S.A.6>58 3mW/m¶ Y*Ym` *ymZ/* +*amW¸*Z

�*bd¸* *`Z*WY*¸*ZD �¼W +*amWmY /ºZS13º4TZ/1 1`TVbT a*/*²*Zm¶/1Y1dTY1Z 3º`T] 3*b²*Z �S1WT VTb*]bm² *¸*`bd TaTZ/1 ²\W/*Zd ºjTZjm¸*`mW¸*ZD

�S1WT 3*4+*W*`/m¶ º4TZ/TW1`T V1W1aT +*amWmYZ*Z V1WbT`TW-1ZB

r�S1WT 3*4+*W*`D ˝*¶* /ºZS1 *d/*`Y*ams

Your Family Can Be HappyKazakh (hf-AZ)Made in Britain by Watch Tower Bible and Tract Society of BritainLRegistered in England as a CharityM»Wm+`Sb*ZSq/* +*amW¸*Z

Page 3: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

1-Б

ӨЛ

ІМ

Құдайдыңақыл-кеңесі—бақыттыотбасыныңарқауы

r˝*`*bdjm \ +*ab* */*Y

+*W*amZ +T`TZ 1`V1VE +T`TZ

Ày1W 1bT] 3*`*bbms

L�*b*y 5=B8MD

Алғашқы некеге бастама берген— Ехоба� Құдай. Киелі кітапта Құдайдыңтұңғыш әйелді жаратып, оны ер адамға алып келгені жайлы сөз етілген. Хауа ананыкөріп қатты қуанған Адам ата: “Міне, бұл— өз сүйегімнен шыққан сүйек, өз етімненшыққан ет!”— деген (Мұсаның 1-жазбасы 2:22, 23). Құдай бүгінде де ерлі-зайыпты-лардың бақытты болғанын қалайды.

Адамдар отау құрғанда бәрі керемет болады деп ойлайды. Алайда ерлі-зайып-тылар бірін-бірі қатты сүйген күнде де, отбасында қиындықтар болмай тұрмайды(Қорынттықтарға 1-хат 7:28). Осы кітапшада Киелі кітаптан алынған біраз ақыл-ке-ңес бар. Оларды қолданар болсаңыз, отбасыңызды бақытты да баянды ете аласыз(Зәбүр 19:8—11).

� ˚f\+* P �S1WT VTb*]b* 3*4mW¸*Z ±¼/*y/m¶ 1aTYTD

Page 4: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

4

1

ҚҰДАЙ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ

2

ЖҰБАЙЫҢЫЗДЫҢ СЕЗІМДЕРІН ОЙЛАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Күйеу— үйдің отағасы(Ефестіктерге 5:23).Құдай күйеуден әйелін аялап, қамқорлайды деп күтеді

(Петірдің 1-хаты 3:7). Ол әйелді көмекші ретінде жарат-қан, сондықтан күйеуінің оны қадірлеп, жақсы көргенінқалайды (Мұсаның 1-жазбасы 2:18). Әйелін қатты сүйетінадам оның тілек-қалауын өзінікінен жоғары қояды (Ефес-тіктерге 5:25—29).Құдай үйдің отанасынан болса күйеуіне зор құрмет көр-

сетіп, оған отбасындағы міндетін атқаруға көмектеседідеп күтеді (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Ефестіктерге 5:33).Әйелі күйеуінің қабылдаған шешімдеріне шын жүректенқолдау көрсеткені абзал (Қолостықтарға 3:18). Осылай ет-се, ол жұбайының да, Құдайдың да көзінде көрікті бола тү-седі (Петірдің 1-хаты 3:1—6).

��•˙��% �˚μ˚�

Жақсыжар болу үшін сізге әліде не жетіспейтінін жолдасы-ңыздан сұраңыз. Оны мұқияттыңдап, айтқанын орындап кө-ріңіз.

Шыдамды болыңыз. Өйткенібір-біріңізді бақытты етуді үйре-ну үшін біраз уақыт қажет бо-луымүмкін.

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Жан жарыңыздыңмүддесін ойлағаныңыз абзал (Філіпіліктерге 2:3, 4). Жа-рыңызды алақаныңызға салып, мейіріммен қараңыз. Өйт-кені Құдай бізден “бәріне мейірбан” болуды талап етеді(Тімөтеге 2-хат 2:24). Киелі жазбаларда: “Ойланбай сөй-леген семсердей жаралайды, ал дананың тілі сауықтыра-ды”,— делінген. Сондықтан сөзіңізді сүзгіден өткізіпсөйлеуге тырысыңыз (Нақыл сөздер 12:18). Құдайдыңқұдіретті күші сізге жылулықпен және сүйіспеншілікпенсөйлеуге көмектеседі (Ғалаттықтарға 5:22, 23; Қолостық-тарға 4:6).

��•˙��% �˚μ˚�

Жұбайыңызбен қиын мәсележайлы сөйлесер алдында са-бырлық сақтау үшін және бір-жақты болмай, түсінікпен қа-рау үшін Құдайдан көмексұраңыз.

Не айтатыныңыздыжәне қалайайтатыныңызды жақсылап ой-ластырып алыңыз.

Page 5: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

5

3

ОЙЛАРЫҢЫЗ БІР ЖЕРДЕН ШЫҚСЫН

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Неке құрғанда, жұ-байыңыз екеуіңіз “біртұтас боласыздар” (Матай 19:5). Де-се де екі жеке дара тұлға болғандықтан, ойларыңыз әрда-йым бір жерден шыға бермеуі мүмкін. Сондықтансіздерге бірдей ойлап, бірдей сезінуді үйренуге тура ке-леді (Філіпіліктерге 2:2). Бұл әсіресе қандай да бір ше-шім қабылдағанда қажет. Киелі кітапта “жоспар іске асаркеңесумен” деген сөздер бар (Нақыл сөздер 20:18). Олайболса, маңызды шешімдер қабылдарда ақыл-кеңес табуүшін Құдай Сөзіне жүгініңіздер (Нақыл сөздер 8:32, 33).

��•˙��% �˚μ˚�

Жарыңызға жай ғана пікіріңіздіемес, не сезінетініңізді деайтыңыз.

Шешім қабылдамас бұрынжұ-байыңызбен ақылдасыңыз.

˝�·˙�•·� ��� ¿ı μ �½˛�˚� ±��μ%˛

Өзіңіз де, жарыңыз да мінсіз болады деп күтпеңіз (Зәбүр103:14;Жақып 3:2). Қайта, жарыңыздыңжақсыжақтарынкөре біліңіз. Құдайдың кеңестері әрқашан оң нәтиже әке-летініне еш күмәнданбаңыз, бұл орайда керегі — тек шы-дамдылық (Тімөтеге 2-хат 3:16). Құдайдың кеңестерінқолдануға тырыссаңыз, ол бұған батасын береді, әрі ша-ңырағыңыздың керегесі жылдан-жылға берік бола түседі(Ғалаттықтарға 6:9).

•�� %˛%±Жарымды өз басым-нан артық көретінімдіол сезе ме?

Жарымды сүйетінімдіжәне құрметтейтінімдікөрсету үшін бүгін менне істедім?

Page 6: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

2-Б

ӨЛ

ІМ

Адалдықбардаүй іргесішайқалмас

r±¼/*y ²\a²*Z/m */*Y

+*W*am *3m`*b]*amZIs

L�*`²* 5>B=MD

Жаратушы Иеміз “адалдықты жоғары бағалағанымызды” қалайды (Миха 6:8).Бұл әсіресе отбасында маңызды, өйткені адалдық жоқ жерде сенім деболмайды. Ал сенім махаббат оты сөніп қалмас үшін аса қажет.

Өкінішке қарай, бүгінде адалдық атты ізгі қасиет аяқасты етілуде.Некеңізді бұдан сақтау үшін, келесі екі кеңеске ден қойыңыз.

Page 7: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

7

1

ОТБАСЫҢЫЗ — ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? Онда “ненің маңызды-рақ екеніне көз жеткізіңдер” деген кеңес бар (Філіпіліктер-ге 1:10). Отбасыңыз — өміріңіздегі ең бағалы құндылық-тардың бірі. Сондықтан оның алар орны ерекше болукерек.Құдай сізден жарыңызға жіті көңіл аударып, “өмірдің

қызығын” онымен бірге көреді деп күтеді (Уағыздаушы9:9). Ол ерлі-зайыптылардың бір-бірін елеусіз қалдырмай,бақытты етудің жолдарын іздегендерін қалайды (Қорынт-тықтарға 1-хат 10:24). Сондықтан жарыңыздың өзін керек-ті әрі бағалы екенін сезінуіне қамжасаңыз.

��•˙��% �˚μ˚�

Сүйікті жарыңызға әрдайымуақыт бөліңіз, осылайша баркөңіліңіз жарыңызда екенін көр-сетіңіз.

“Мен” деп емес, “біз” деп сөйлепүйреніңіз.

Page 8: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

8

2

ЖҮРЕГІҢІЗДІ БӨТЕН БІРЕУ ЖАУЛАП АЛМАСЫН

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? “Кімде-кім бір әйелгеқұмарта қараса, өз жүрегінде сол әйелмен неке адалды-ғын бұзғаны” (Матай 5:28). Егер әлдекім азғындық жайлыойлай берсе, мұнысыжұбайына адалдық танытпағанменбірдей болар еді.Құдай Сөзінде: “Бәрінен де бұрын сақта жүрегің-

ді”,— делінген (Нақыл сөздер 4:23; Еремия 17:9). Бұл үшіналдымен не нәрсеге көз салатыныңызды қадағалауыңызқажет (Матай 5:29, 30). Әйүп пайғамбар осы орайда ке-ремет үлгі қалдырған. Ол бөтен әйелге ешқашан қара-маймын деп көзімен “келісім” жасасқан (Әйүп 31:1). Пор-нографияны мүлдем көрмеңіз. Өз қосағыңыздан бөтенбіреуге романтикалық сезім оятудан аулақ болыңыз.

��•˙��% �˚μ˚�

Жұбайыңызға кіршіксіз адалекеніңіз өзгелерге көрініптұрсын.

Жарыңыздың сезімдерін ойла-ңыз және қарсы жыныстыадаммен арақатынасыңызоның көңіліне қаяу түсірсе,оны дереу тоқтатыңыз.

�ı˛ �˚ ı��˚• ����%˛H

Шындықтыңжүзіне тура қарап, әлсіз тұстарыңызды анық-тап алыңыз (Зәбүр 15:2). Өзгелерден көмек сұраудан тар-тынбаңыз (Нақыл сөздер 1:5). Азғындық жайлы ойлармаза бермей жатса, талмай күресіңіз. Бұл күресте сағы-ңыз сынбасын (Нақыл сөздер 24:16). Жарыңызға адал бо-лып қалуға барынша тырысып жатқаныңыз үшін Жарату-шыИе оң батасын береді.

•�� %˛%±Жұбайыма көбірекуақыт бөлу үшін неістей аламын?

Жарым мен үшінеңжақындосымба?

Page 9: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

3-Б

ӨЛ

ІМ

Шешілмейтін түйін жоқr�T`O+T`T¶/T +*`mZj* aºyT¶/1`E

¾ybV1ZT aºyTa]1ZjTWTV V¾]b1-1Z VºZÀZT 3*+*/ms

L�1bT`/T¶ 5Of*bm 8B<MD

Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтыны белгілі. Бұған ерлі-зайып-тылардың пікірі, сезімі мен өмірге деген көзқарасының әртүрлілігі себеп болуымүмкін. Кейде қиындықтар сырттан, күтпеген жағдайлардың салдарынан туын-дап жатады.

Сондай кездері қиындықтардан қашып кеткіміз келетін шығар, бірақ Киелі кі-тап оларды шешуге кеңес береді (Матай 5:23, 24). Киелі кітаптағы кеңестердіқолданар болсаңыз, кез келген түйінді шеше аласыз.

Page 10: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

10

1

МӘСЕЛЕНІҢ БЕТІН АШЫП АЛЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Онда “сөйлейтін уақыт-тың” бар екені айтылған (Уағыздаушы 3:1, 7). Туындағанмәселенің бетін ашып алуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Жұ-байыңызға бұған қатысты не сезінетініңізді, не ойлайты-ныңызды ашық білдіріңіз. Оған әрдайым “шындықты ай-тыңыз” (Ефестіктерге 4:25). Жағдай ушығыпжатқан күндеде, ұрыс-керіске жол бермеңіз. Биязы жауап қырық пы-шақ болып қырылысудан сақтайды (Нақыл сөздер 15:4;26:20).Жарыңыздың айтқандарымен келіспеген жағдайда да,

ізеттен озбай, сүйіспеншілік пен сый-құрмет танытыңыз(Қолостықтарға 4:6). Қиындықтарды қолдан келгенше тезшешіп алуға тырысыңыз және сөйлеспей қоюдан аулақболыңыз (Ефестіктерге 4:26).

��•˙��% �˚μ˚�

Мәселенің бетін ашып алу үшінқолайлы уақыт таңдаңыз.

Жұбайыңыз сөйлеп жатқанда,сөзін бөлмеңіз. Сіздің де сөйлей-тін кезегіңіз келеді.

Page 11: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

2

ТЫҢДАП, ТҮСІНУГЕ ТЫРЫСЫҢЫЗ

3

ШЕШІМДІ ІСКЕ АСЫРЫҢЫЗДАР

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Бір-біріңді туғанбауырлардай жақсы көріңдер. Бір-біріңе бірінші болыпқұрмет көрсетіңдер”,— делінген (Римдіктерге 12:10). Жұ-байыңызды қалай тыңдайтыныңызға мән бергеніңіз асамаңызды. Оның көзқарасын түсіну үшін сезіміне ортақ-тасып, кішіпейіл болыңыз (Петірдің 1-хаты 3:8; Жақып1:19). Тыңдап жатқандай сыңай танытпай, мұнышын кө-ңілден істеңіз. Мүмкін болса, істеріңізді ысырып қойып,жұбайыңызға бар зейініңізді аударыңыз, я болмаса кейіні-рек әңгімелесуді ұсынып көріңіз. Оны жауыңыз емес, жандосыңыздай көрсеңіз, оған “ренжуге асықпайсыз” (Уағыз-даушы 7:9).

��•˙��% �˚μ˚�

Естіпжатқандарыңыз құлағы-ңызға жақпаса да, кең көзқа-распен қарауға тырысыңыз.

Жарыңыздың сөздерінің артын-да не тұрғанына мән беріңіз.Оныңым-ишаратымен дауыссарынына көңіл аударыңыз.

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? “Әр бейнеттің зейнетібар, құр сөз жоқшылыққа ұшыратар”,— делінген ҚұдайСөзінде (Нақыл сөздер 14:23). Қабылданған шешімменкелісіп қоя салу жеткіліксіз, оны бірге іске асырғандары-ңыз жөн. Бұл көп еңбектеніп, көп күш салуды талап етер,алайда берер нәтижесі соған тұрарлық (Нақыл сөздер10:4). Егер бірлесе әрекет етсеңіздер, күш салғандары-ңыздың “игі жемісін көресіздер” (Уағыздаушы 4:9).

��•˙��% �˚μ˚�

Қиындықты шешу үшін әр-қайсысыңыз не істейтіндеріңіздіанықтап алыңыздар.

Қол жеткізген жетістіктеріңіздіарагідік саралап отырыңыздар.

˝» %�� ¿˚�˚� ˚�ıμı˛˙˚

Қиындықты бірлесіп шешкендеріңіз отбасыңыздың іргесінберік қылып, оны бақытты да баянды етеді (Нақыл сөздер24:3). Өткен қиындықтарды қозғай бермей, алдағы жар-қын күндер жайлы ойлаңыздар (Нақыл сөздер 17:9). Біржағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Киелі кітаптағы ке-ңестерді қолдануға тырыссаңыздар, сіздер шеше алмай-тын түйін болмайды.

•�� %˛%±Мен жұбайымментез арада қаймәселеніталқылауым керек?

Осымәселеге қатыстыжарымның не сезінеті-нін түсіну үшін не істейаламын?

Page 12: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

4-Б

ӨЛ

ІМ Ақшаны

ұқсатабіліңіз

r˝\a]*` TaV1

*a*` V1¶1adY1Zs

L�*²mW a¾4/1` 6>B5<MD

Отбасымызды керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін бәрімізге де ақша керек(Нақыл сөздер 30:8). Рас, қандай да бір шамада “ақша адамды қорғайды”(Уағыздаушы 7:12). Бәлкім, жұбайыңызбен ақша мәселесі жайлы әңгімелесусізге қиын шығар, бірақ ақша үшін отбасыңыздың шырқы бұзылып жүрмесін(Ефестіктерге 4:32). Ақшаны қалай жарататындарын шешкенде, ерлі-зайыпты-лардың ақылдасқандары әрі бір-біріне сенім артқандары абзал.

Page 13: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

13

1

ЖАҚСЫЛАП ЖОСПАРЛАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Араларыңдағыбіреу мұнара салғысы келсе, құрылысын аяқтауға қара-жаты жетер-жетпесін білу үшін, алдымен шығынын есеп-теп алмай ма?”— делінген (Лұқа 14:28). Қаражатты қайдажұмсайтындарыңызды бірге отырып жоспарлау аса ма-ңызды (Амос 3:3). Не сатып алу керектігін, оған қанша қа-ражат жұмсай алатындарыңызды шешіп алыңыздар (На-қыл сөздер 31:16). Қалтаңызда ақша болса, бұл оныміндетті түрде жұмсау керек дегенді білдірмейді. Қарызғабатудан сақ болыңыз. Қолыңызда бар қаражатты ғанажұмсаңыз (Нақыл сөздер 21:5; 22:7).

��•˙��% �˚μ˚�

Айдың соңында артық ақша-ңыз қалса, жұбайыңызбеноны қайда жұмсайтыныңыздыақылдасыңыз.

Ал егер ақшаңыз жетпей жат-са, шығындарыңызды азайтуүшін нақты жоспар құрыңыз.Мысалы, асты дәмханалардаішкеннен гөрі, үйде дайындаужағын ойлап көріңіз.

Кіріс Шығыс

Page 14: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

14

2

ШЫНШЫЛ ДА ШЫНАЙЫ БОЛЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? Онда Құдайдың ғанаемес, “адамдардың да алдында барлық істе адал болуғатырысуымыз” керектігі айтылған (Қорынттықтарға 2-хат8:21). Қанша ақша тауып, қаншажұмсайтыныңыздыжұ-байыңызға бүкпесіз айтыңыз.

Қаражатқа қатысты маңызды шешім қабылдардаміндетті түрде жұбайыңызбен ақылдасыңыз (Нақыл сөз-дер 13:10). Қаражат туралы ашық сөйлесу отбасындаынтымақ-бірліктің болуына септігін тигізеді. Кірісті тек же-ке өзіңіздің емес, отбасыңыздың ақшасы деп қарастыры-ңыз (Тімөтеге 1-хат 5:8).

��•˙��% �˚μ˚�

Қанша соманы өз еріктеріңіз-бен жұмсай алатындарыңыз-ды өзара келісіп алыңыздар.

Қиындықтың алдын алу үшін,ақша мәселесі жайында ашықсөйлесіңіздер.

�±"�·� ˙˚�˚� �½˛±���

Ақшаның өмірде қажет екені рас. Алайда соның кесіріненотбасыңыздың берекесі кетіп, уайымыңыз да көбейіп жүр-месін (Матай 6:25—34). Бақытты өмір кешу үшін көп ақ-шаның қажеті жоқ. Киелі кітапта: “Ашкөздік атаулыдан ау-лақ болыңдар”,— деген ескерту жазылған (Лұқа 12:15).Отбасы— ешбір ақшаға сатып ала алмайтын теңдесі жоқбайлық. Сондықтан қолда барды қанағат етіңіз. Сондай-ақҚұдаймен қарым-қатынасыңыз жайлы ойлаңыз. Сонда от-басыңыз бақытты болып, Құдайдың мейір-шапағатына бө-ленеді (Еврейлерге 13:5).

•�� %˛%±Біреуден қарыз алмауүшінжұбайым екеумізне істей аламыз?

Жұбайым екеумізқаржыжөнінде соң-ғы рет қашан ашықсөйлестік?

Page 15: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

5-Б

ӨЛ

ІМ

Туған-туыспенынтымағыңызжарассын

r˝*Z*jm`Wm²E Y1yT`TY/TWTVE VTjT]1yTW/TWTVE 3¼Ya*²bm²E

jm/*Y/mWm² aSq²bm ²*aS1bb1`-1 +¾W1ZT¶/1`s

L±\W\abm²b*`¸* 7B56MD

Екі жас қосылғанда, жаңа шаңырақ бой көтереді. Бағып-қағып өсірген ата-ананыәрдайым жақсы көріп, ардақтау— әр адамның парызы. Десе де отау құрғаннанкейін адам үшін әлемдегі ең қымбат жан оның жары болу керек. Мұнымен келісутуыстарыңыздың кейбіріне қиын болатын шығар. Құдай Сөзіндегі кеңестер осымәселеде сізге байсалдылық танытуға көмектесе алады. Соның арқасындатуған-туыстарыңызбен ынтымақта бола отырып, өзіңіздің жас отауыңызды данығайта аласыз.

Page 16: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

16

1

ТУЫСТАРҒА ДЕГЕН ДҰРЫС КӨЗҚАРАС

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? Онда “әке-шешеңдіқұрметте” деген сөздер бар (Ефестіктерге 6:2). Жасыңызқаншада болмасын, ата-ананы өмір бойы аялап, құрмет-теу — сіздің перзенттік борышыңыз. Ендеше, жұбайы-ңыздың да өз ата-анасының алдында осындай борышыбар екенін ұмытпаңыз. Құдай Сөзінде: “Сүйіспеншілік қыз-ғанбайды”,— делінген. Сондықтан жарыңыз өз ата-ана-сымен араласқанда, қызғанышқа бой алдырмаңыз. Оныңтуған-туысымен араласқаны отбасыңыздың берекесін ке-тірер деп қауіптенбеңіз (Қорынттықтарға 1-хат 13:4; Ғалат-тықтарға 5:26).

��•˙��% �˚μ˚�

“Сенің үй ішің мені үнемісынап-мінейді”, “сенің анаңаешқашанжақпайсың” деп асы-ра сілтеп сөйлеуден аулақ бо-лыңыз.

Жағдайға жұбайыңыздың көзі-мен қарауға тырысыңыз.

Page 17: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

17

2

ҚАЖЕТ БОЛҒАНДА, ӨЗ ДЕГЕНІҢІЗДЕ ТҰРЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Еркек әке-шешесінқалдырып, әйеліне қосылады, сөйтіп, екеуі біртұтас бола-ды”,— делінген Құдай Сөзінде (Мұсаның 1-жазбасы 2:24).Өз алдыңызға отау тіккенде де, ата-анаңыз сіз үшін әлі дежауаптымыз деп ойлауы мүмкін. Олардыңжеке өміріңізгетым араласып кетуі де сондықтан.Ата-анаңыз отбасылық өмірлеріңізге қаншалықты ара-

ласа алатынын жұбайыңызбен ақылдасып алыңыз. Со-сын мұны ата-анаңызға ізетпен әрі еш бүкпесіз айтып жет-кізіңіз (Нақыл сөздер 15:1). Кішіпейілділік, жұмсақтықжәне шыдамдылық сияқты қасиеттер туған-туыстарыңыз-бен жақсы қатынаста болуға, сондай-ақ оларға “сүйіс-пеншілікпен төзімділік танытуға” көмектеседі (Ефестіктер-ге 4:2).

��•˙��% �˚μ˚�

Туыстарыңыздың отбасыңызғажиі араласып кететіні сізді ма-заласа, оңтайлы уақытта жары-ңызбен осыжөнінде сөйлесіңіз.

Осымәселеде ортақшешімгекеліп алыңыздар.

�¹�ı�ı��˚� ±��μ%˛

Ата-анаңыздың сезімдері мен көзқарасын түсінуге тыры-сыңыз. Отбасыңызға араласқанда, олар мұны сізге жақсыболсын деп істейді. Әке-шешеңіз шын жүректен сіздің қа-мыңызды ойлайды. Балаларының өз алдына түтін түтетіпотырған отбасы екенін мойындау оларға оңай болмауымүмкін. Ата-анаңыз тіпті өздерін елеусіз қалғандай сезі-нер. Алайда Құдай Сөзіндегі кеңестерді қолданудыңжәнеашық пікір алысудың арқасында некеңіздің шырқын бұз-бастан, ата-анаңызға құрмет көрсете аласыз.

•�� %˛%±Ата-енем отбасымызғакөп көңіл бөлсе, негебұған таңғалмауымкерек?

Жұбайымныңмен үшінқымбат екенін, сөйтетұра ата-анамды дасыйлайтынымды қа-лай көрсете аламын?

Page 18: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

6-Б

ӨЛ

ІМ Бала сүю бақыты

r�*W*W*` P ˚f\+*Zm¶ +1`-1Z Y¼`*ams

L˛À+º` 56;B7MD

Нәрестенің дүниеге шыр етіп келуі — ерлі-зайыптылардың өміріндегі қызығымен шыжығы қатар жүретін ерекше кез. Ата-ана атанған сіздер перзенттеріңіздібағып-қағуға көп уақыт пен күш кететінін көріп, таңғалып жатқан боларсыздар. Түнұйқысының төрт бөлінуі, сезімдердің құбылуы сияқты жайттар ерлі-зайыптылардыңқарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Тіккен отаудың іргесінің сөгілуіне жолбермеу үшін әрі баланы бағып-қағу үшін жұбайларға біраз өзгерістер жасау керекболады. Осы ретте Киелі кітаптағы ақыл-кеңестер қалай көмектеседі?

Page 19: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

19

1

ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТҮСІНІКПЕН ҚАРАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? “Сүйіспеншілік шыдам-ды да мейірімді... өзімшіл де, ашушаң да емес” (Қорынт-тықтарға 1-хат 13:4, 5). Ана болған соң, сіздің бар көңілі-ңіз балада болары анық. Алайда сондай кездері күйеуіңізөзін шет қалғандай сезінуі мүмкін. Ол да сіздің көңіліңізгемұқтаж екенін естен шығармаңыз.Шыдамдылық пен ме-йірімділік таныта отырып, күйеуіңіздің өзін керекті сезінуі-не әрі бала бағуда өз үлесін қосуына көмектесе аласыз.

Киелі кітапта: “Күйеулер, әйелдеріңе алған білімдеріңесай қарап, бірге өмір кеше беріңдер”,— делінген (Петір-дің 1-хаты 3:7). Сіздің әйеліңіз көп күш-қуатын балағажұмсайды. Сондықтан бұған түсінікпен қараңыз. Оныңмойнына жаңа міндеттер жүктелгендіктен, жүйкесі жұ-қарып, шаршап-шалдығуы, тіпті жан күйзелісіне ұшырауымүмкін. Кей кездері тіпті сізге де ызасы келер. Алайда са-быр сақтауға тырысыңыз, өйткені Құдай Сөзінде: “Білекті-ден гөрі ашуға баяу жан артық”,— делінген (Нақыл сөздер16:32). Байқампаз болып, қажет кезде әйеліңізге қолдаукөрсетіңіз (Нақыл сөздер 14:29).

��•˙��% �˚μ˚�

Әкелерге:Балаға әсіресе түнгіуақытта қарауға көмектесіңіз.Әйеліңіз бен балаңызға көбіреккөңіл бөлу үшін басқа істергекететін уақытты қысқартыңыз.

Аналарға: Күйеуіңіз балаға қа-расқысы келсе, көмегін қабылалыңыз. Сіз ойлағандай көмек-тесе алмаса да, оны сынап-мі-немей, қалай істеу керектігінмейіріммен көрсетіңіз.

Page 20: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

20

2

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫҢЫЗДЫ НЫҒАЙТЫҢЫЗДАР

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Онда ерлі-зайыптылар-дың “біртұтас” екені жазылған (Мұсаның 1-жазбасы 2:24).Сондықтан отбасында бала дүниеге келсе де, жұбайыңызекеуіңіз біртұтас болып қала беретініңізді ұмытпағайсыз.Қарым-қатынастарыңызды нығайту үшін барынша күш са-лыңыздар.Әйелдер, күйеулеріңіздің көрсетіп жатқан көмегі мен

қолдауын жоғары бағалаңыздар. Сіздердің алғыс сөздері-ңіз олардың мерейін өсіреді (Нақыл сөздер 12:18). Кү-йеулер, әйелдеріңізді қаншалықты сүйетіндеріңізді жәнебағалайтындарыңызды айтудан жалықпаңыздар. Отбасы-ның ұйытқысы болып отырғаны үшін олардымақтаңыздар(Нақыл сөздер 31:10, 28).Киелі кітапта “әркім өзінің емес, өзгенің игілігін ойласын”

деген сөздер бар (Қорынттықтарға 1-хат 10:24). Әрдайымжұбайыңыздың жағдайын жасауға тырысыңыз. Сөйлесу-ге, мақтау сөздер айтуға, бір-біріңізді тыңдауға уақыт бөлі-ңіздер. Жыныстық қарым-қатынаста да тек өз басыңыздығана ойламаңыз.Жұбайыңыздың да тілек-қалауын есепкеалыңыз. Құдай Сөзінде: “Өзара келісіп алған уақыттанбасқа кездерде бір-біріңнен бас тартпаңдар”,— депжа-зылған (Қорынттықтарға 1-хат 7:3—5). Бұл мәселе жай-лы ашық сөйлесіңіздер.Шыдамдылық пен түсінушілік қа-сиеттері қарым-қатынастарыңызды нығайта түспек.

��•˙��% �˚μ˚�

Жұбайыңызбен оңаша отырыпәңгімелесу үшін уақыт табыңыз.

Жарыңызды сүйетініңізді білді-рудің жолдарын жасаңыз. Мы-салы, СМС-хабарлама жазы-ңыз, кішігірім сыйлық жасаңыз.

Page 21: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

3

ТӘРБИЕ НЕГІЗІ ҚҰРСАҚТАН

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Онда жастайынан Құ-дай жолында тәрбиеленген бір жас жігіт жайлы: “Киеліжазбалармен нәресте кезіңнен-ақ таныссың. Осы дана-лық... құтқарылуға жеткізеді”,— делінген (Тімөтеге 2-хат3:15). Олай болса, нәрестеңізді қалай тәрбиелейтініңіздіалдын ала ойластырып алыңыз. Бала тіпті құрсақта жат-қан кезден-ақ үйренуге қабілетті болып келеді. Іште жат-қанда, ол ата-анасының дауысын танып, эмоцияларын се-зеді. Бөбегіңізге нәресте шағынан бастап оқып беріңіз. Неоқып жатқаныңызды сол сәтте түсінбесе де, бұл оған өс-кенде оқудыжақсы көруге көмектеседі.Балама Құдай жайлы айту әлі тым ерте деп ойламаңыз.

Ол сіздің Құдайға дұға ететініңізді көрсін (Мұсаның 5-жаз-басы 11:19). Ал балаңызбен бірге ойнағанда, Құдайдыңжаратылыстары туралы айтыңыз (Зәбүр 78:3, 4). Балаңызөсе келе, сіздің Құдайға деген сүйіспеншілігіңізді көріп, өзіде Құдайдыжақсы көруді үйренеді.

��•˙��% �˚μ˚�

Балаңызды тәрбиелеу үшін Құ-дайдан әсіресе даналық сұра-ңыз.

Балаңызға осы бастан үйреткі-ңіз келетін сөздермен ұғымдар-ды қайталап отырыңыз.

���� P ����%�%μ �½�ı

Уақыт өте келе жұбайыңыз екеуіңіз ата-ана ретінде тә-жірибе жинақтап, бойларыңызда сенімділік пайда бола-ды. Бала тәрбиелеу сіздерге сүйіспеншілік, шыдамдылықпен мейірімділік сияқты қасиеттерді шыңдай түсуге кө-мектеседі. Жұмыла әрекет етіп, бір-біріңізге демеу болса-ңыздар, сәбилеріңіз қарым-қатынастарыңызды берік ететүседі. Сонда Зәбүр 127:3-те айтылған келесі сөздердіңрастығына көз жеткізесіздер: “Іштен шыққан перзент —[Құдайдың] сыйы”.

•�� %˛%±

Отбасымыздың қамынжасапжүргенжұбайы-ма алғыс білдіру үшінөткен аптада не істе-дім?

Соңғы рет қашанжұба-йым екеуміз тек балажайлы емес, өзімізжайлыда әңгімелес-тік?

Page 22: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

7-Б

ӨЛ

ІМ Баланы—жастан

r�1Z +º-TZ +¼ym`¸*Z \am a¾4/1` 3º`1-T¶Z1Z \`mZ *WamZD

W*`/m +*W*W*`m¶Zm¶ ²¼W*¸mZ* ²¼ys

L�¼a*Zm¶ 9O3*4+*am :B:E ;MD

Отбасы атаулыға бастау берген Құдай ата-аналарға бала тәрбиелеужауапкершілігін жүктеген (Қолостықтарға 3:20). Сондықтан ата-ана ретінде сізбалаңызды Құдайды жақсы көруге үйретуіңіз және жауапты азамат болып өсуінекөмектесуіңіз қажет (Тімөтеге 2-хат 1:5; 3:15). Сондай-ақ ұл-қызыңыздың көңіліндене жатқанын түсінуді үйреніңіз. Әрине, балаға өзіңіздің үлгі көрсеткеніңіз асамаңызды. Құдай Сөзін балаңыздың санасына ұялату үшін, ол алдымен өзжүрегіңізден орын алу керек (Зәбүр 40:8).

Page 23: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

23

1

БАЛАҢЫЗ ӨЗ ОЙЫН ЕРКІН АЙТА АЛСЫН

2

СӨЗ ТӨРКІНІНЕ ҮҢІЛІҢІЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? “Әркім тыңдауға жүй-рік, сөйлеуге... баяу болсын”,— делінген Киелі кітапта (Жа-қып 1:19). Кез келген ата-ана баласының өздерімен еркінсөйлесе алғанын қалайтыны айтпаса да түсінікті. Бұлүшін балалар ата-анасының әрдайым тыңдауға дайынекенін сезінулері қажет. Олар ішіндегілерін ашық айта алуүшін, үйде тыныштық болуына қамжасаңыз (Жақып 3:18).Егер қатал не бірден ұрсып шыға келсеңіз, олардың сізгеөз ойын ашық айтуы екіталай. Балаларға шыдамды болы-ңыз, олардыжақсы көретініңізді жиі айтып отырыңыз (Ма-тай 3:17; Қорынттықтарға 1-хат 8:1).

��•˙��% �˚μ˚�

Балаларыңыз сізбен сөйлескі-сі келгенде, тыңдауға дайынболыңыз.

Балаларыңызбен қиындықтарболғанда ғана емес, күнде сөй-лесіп тұрыңыз.

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? Құдай Сөзінде: “Мәсе-ленің байыбына баратын табысқа жетеді”,— деп жазылған(Нақыл сөздер 16:20). Балаларыңыздың шынайы сезімде-рін түсіну үшін, олардың айтқан сөздерінің астарына үңілебіліңіз. Түймедейді түйедей қылу не ойындағысын басқа-ша жеткізу—жастарға тән нәрсе. “Мән-жайды тыңдамайжатып жауап қайтару— ақымақтық”,— делінген Киелі кі-тапта (Нақыл сөздер 18:13). Сондықтан тез ашуға беріл-меңіз (Нақыл сөздер 19:11).

��•˙��% �˚μ˚�

Балаңыз не айтпасын, оныңсөзін бөлмеңіз және күйіп-піспеңіз.

Оныңжасында өзіңіздің қан-дай болғаныңызды, сіз үшінненің маңызды болғанын ескетүсіріңіз.

Page 24: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

24

3

ЕКІ ЖАҚҚА ТАРТПАҢЫЗДАР

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? Онда: “Балам, әкеңніңтәрбиесіне құлақ ас, анаңның тәлімінен де бас тарт-па”,— делінген (Нақыл сөздер 1:8). Құдай әкеге де, шеше-ге де баланың үстінен билік берген. Балаларыңызды өзде-ріңізді құрметтеуге және тіл алуға үйретіңіздер(Ефестіктерге 6:1—3). “Ойларыңыз бен пікірлеріңіз бірдей”болмай, бөлініп жатса, екі жаққа тартпаңыздар. Өйткенімұндайды балалар дереу сезіп қояды (Қорынттықтарға1-хат 1:10). Қандай да бір мәселеде келіспей жатсаңыз-дар, мұны балалардың көзінше ашық көрсетпеген дұрыс.Себебі бұл ата-ананың беделін түсіруі мүмкін.

��•˙��% �˚μ˚�

Бала тәрбиесіне қатысты ашықсөйлесіп, бір тоқтамға келіңіз-дер.

Ойларыңыз біржерденшықпайжатса, жарыңыздың көзқара-сын түсінуге тырысыңыз.

“Баланы тәрбиелеп,тура жолға сал”

Page 25: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

25

4

ЖАҚСЫЛАП ОЙЛАСТЫРЫҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? “Баланы тәрбиелеп, ту-ра жолға сал”,— делінген Құдай Сөзінде (Нақыл сөздер22:6). Жақсы тәлім-тәрбие өздігінен келетін жайт емес.Сондықтан ата-аналар балаларын қалай тәрбиелейтінде-рін жақсылап ойластырып алу керек. Тәрбиелеуге баланыжөнге салып отыру да жатады (Зәбүр 127:4; Нақыл сөздер29:17). Алайда жөнге салу тек жазалауды ғана білдірмей-ді. Балалар тәртіп ережелерінің не үшін орнатылғанын тү-сіну керек (Нақыл сөздер 28:7). Сонымен қатар оларға Құ-дай Сөзін жақсы көруді үйретіп, ондағы принциптердітүсіндіру керек (Зәбүр 1:2). Бұл оларға таза ар-ұжданғаие болуға көмектеседі (Еврейлерге 5:14).

��•˙��% �˚μ˚�

Балаларыңызға Құдайдың тіріТұлға екенін әрі оған сенім ар-ту маңызды екенін түсінугекөмектесіңіз.

Оларға құлықтылықжағынанғаламтор мен әлеуметтік же-лілер қандай қауіп төндіретінінкөре білуді үйретіңіз. Сон-дай-ақ бала зорлаушыларданқалай сақтануға болатынынтүсіндіріңіз.

˚μ�˚�ıμı˛�˚ ±»˙�• �����%� �˚˚˙ı

Ата-ана ретінде сізге балаларыңызға Ехоба Құдай туралыүйрету міндеті жүктелген (Ефестіктерге 6:4). Бұл үшін көптер төгу керек екенін Құдай жақсы біледі. Бірақ мына-ған сенімді болыңыз: бала тәрбиесіндегі еңбегіңіз зая кет-пейді, қайта, Құдайға мадақ әкеледі, әрі сізді зор қуаныш-қа бөлейді (Нақыл сөздер 23:24).

•�� %˛%±Балам маған ойынеркін айта алуы үшінне істей аламын?

Бала тәрбиелеп жат-қан ата-аналардан неүйренсем болады?

Page 26: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

8-Б

ӨЛ

ІМ Отбасына қара

бұлт төнгендеr¿`bº`WT amZ*²b*`¸* V14T-T]E *4 d*²mb ²*y¸m`d¸*

bd`* V1Wa1 /1E Y1yWTZj1 ²d*Zm] 3º`aT¶/1`s

L�1bT`/T¶ 5Of*bm 5B:MD

Отбасымызды бақытты етуге қанша ұмтылсақ та, өмірде болатын кездейсоқжағдайлар бізді қуанышымыздан айырып жатады (Уағыздаушы 9:11). Отбасыңызғақара бұлт төнген кездері сүйіспеншілігі мол Құдай сізді жалғыз қалдырмайды. ОныңСөзіндегі келесідей ақыл-кеңестерді қолданар болсаңыз, сіз де, отбасыңыз да, тіптіең ауыр деген қиындықты жеңе алады.

Page 27: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

27

1

ҚҰДАЙҒА ҮМІТ АРТЫҢЫЗ

2

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ОТБАСЫҢЫЗДЫ ОЙЛАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? Онда Құдай туралы: “Баруайымдарыңдыоған артыңдар, себебі ол қамдарыңдыойлай-ды”,— делінген (Петірдің 1-хаты 5:7). Ендеше мына жайттыешқашан естеншығармаңыз: сіздің басыңызға түскен қиын-дықтарға Құдай кінәлі емес (Жақып 1:13). Қайта, онымен қа-рым-қатынасыңыздыжақсартсаңыз, ол тығырықтаншығудыңеңжақсыжолын көрсетеді (Ишая 41:10). Құдайға “жүрек сыр-ларыңызды ақтарыңыз” (Зәбүр 62:8).

Киелі жазбаларды күн сайын тыңғылықты оқығаныңыз дажұбанышбереді. ОсылайшаЕхобаның “қиындық көрген кездіңбәрінде жұбататын” Құдай екеніне көзіңіз жетеді (Қорынттық-тарға 2-хат 1:3, 4; Римдіктерге 15:4). Ол “адамақылынан асқантыныштықты” сыйлауды уәде етеді (Філіпіліктерге 4:6, 7, 13).

��•˙��% �˚μ˚�

Құдайдан сабырлық беруін жә-не дұрыс ойлануға көмектесуінсұраңыз.

Тығырықтан шығудың қандайжолдары бар екенін қарасты-рып, ең жақсы дегенін таңда-ңыз.

КИЕЛІ КІТАПТА НЕЖАЗЫЛҒАН? “Түсінігі бардың жүрегі бі-лімді иемденер, дананың құлағы білім іздер”,—делінгенҚұдайСөзінде (Нақыл сөздер 18:15). Туындаған жағдайға қатыстымәліметжинап,жан-жақты қарастырыңыз.Отбасыңыздыңәр-бір мүшесі не нәрсеге мұқтаж екенін аңғарыңыз. Оларменсөйлесіп, мұқият тыңдаңыз (Нақыл сөздер 20:5).

Ал жақын адамыңыз қайтыс болғанжағдайда не істеуге бо-лады?Сезімдеріңізді ашық көрсетуден қысылмаңыз.Мысалы,Иса пайғамбар да досы қайтыс болғанда, “көзіне жас алған”(Жохан 11:35; Уағыздаушы 3:4). Осындай кезде тынығу менжеткілікті ұйықтаудыңмаңызы зор (Уағыздаушы4:6). Бұл сізгеқайғыңызды көтеруге күшбереді.

��•˙��% �˚μ˚�

Отбасы мүшелеріңізбен әңгіме-лесіп тұруды әдетке айналды-рыңыз, сонда қандай да бір қай-ғылы жағдай орын алып жатса,олар сізбен еркін сөйлесе ала-тын болады.

Сіздікіндей жағдайды бастанкешірген адамдармен сөйлесі-ңіз.

Page 28: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

28

3

КӨМЕКТЕН БАС ТАРТПАҢЫЗ

КИЕЛІКІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? “Нағыз дос әрқашанжақ-сы көрер, ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер” (Нақылсөздер 17:17). Достарыңыз сізге қол ұшын беруден аяныпқалғысы келмейтіні анық, бірақ олар қандай көмек ұсыну ке-ректігін білмеуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге нақты қандайкөмек қажет екенін бүкпей айтыңыз (Нақыл сөздер 12:25).Сондай-ақ Киелі кітаптыжақсы білетіндерден ақыл-кеңес сұ-раңыз. Құдай Сөзіндегі кеңестер сізге қиындықпен күресугекөп көмегін тигізеді (Жақып 5:14).

Құдай жолында жүретін әрі оның уәделеріне кәміл се-нетін адамдармен араласқаныңыз сізге демеу болады. Көңі-лі жүдеужандардыжұбатсаңыз, бұдан өзіңіз дежұбанасыз.Оларға ЕхобаҚұдай туралыжәне оның керемет уәделері ту-ралы айтыңыз. Өз қайғыңызды жеңілдету үшін, бар күшіңіз-ді көмекке зәру адамдарғажұмсауға тырысыңыз, сондай-ақөзіңізді жақсы көретін жандардан қашқалақтамаңыз (Нақылсөздер 18:1; Қорынттықтарға 1-хат 15:58).

��•˙��% �˚μ˚�

Жақын досыңызбен сөйлесіңіз,көмегін ұсынса, бас тартпаңыз.

Нақты қандай көмек керек еке-нін бүкпей айтыңыз.

��%± ˝�·˙�•˙% �½˚ �ı�ıμı˛

Қиындықтан қабырғаңыз қайысса да, Құдайды назарыңыздаұстауға тырысыңыз.Әйүп пайғамбар қиындыққа кезіккенде:“Ехобаның есімі мадақтала берсін!”— деген (Әйүп 1:21, 22).Сіз де уайым-қайғыға бой алдырмай, Ехоба Құдайдың есі-мін мадақтау мен оның еркін орындауға талпыныңыз.Жағ-дай сіз ойлағандай болмайжатса, үмітіңіз үзілмесін. Құдай-ға толықтай арқа сүйеңіз. Өйткені ол былай дейді: “Сендергеқатысты ой-ниетім өзіме аян. Сендерге апат жіберуді емес,тыныштық беруді, жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлапжүрмін” (Еремия 29:11).

•�� %˛%±Тіпті кішігірім мәселе-де Құдайға арқа сүйеу-ге тырысамын ба?

Қандайжақсылықтарыүшін Құдайға күнде ал-ғыс айтамын?

Page 29: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

9-Б

ӨЛ

ІМ

Құдайға бүкілотбасыңызбенғибадат етіңіз

r�¾V ]1Z 31`/TDDD 3*`*b²*Z ±¼/*y¸*

¸S+*/*b 1bT¶/1`Is L�qZ 58B;MD

Осы кітапшадан білгеніңіздей, Киелі кітапта өзіңізге де, отбасыңызға да пайдасынтигізетін көптеген ақыл-кеңес бар. Ехоба Құдай сізді бақытты болса екен дейді.Егер оған ғибадат етуді өмірде басты орынға қойсаңыз, сізге қажеттінің “бәрінқосып беретінін” Құдай уәде етеді (Матай 6:33). Ол сізбен дос болуды қалайды.Сондықтан онымен жақындататын кез келген мүмкіндікті қалт жібермеңіз.Расында да, Құдаймен дос болу— адам баласына берілген теңдесі жоққазына (Матай 22:37, 38).

Page 30: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

30

1

ҚҰДАЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ НЫҒАЙТЫҢЫЗ

2

ОТБАСЫЛЫҚ ҒИБАДАТТЫ ӨТКІЗУ

КИЕЛІ КІТАПТАНЕЖАЗЫЛҒАН? “МенӘкелерің, ал сендерұл-қыздарым боласыңдар”,—дейді Ехоба Құдай (Қорынттық-тарға 2-хат 6:18). Ол сізбен әкемен баладайжақын қарым-қа-тынаста болуды қалайды. Бұған қол жеткізудің бір жо-лы — дұға ету. Ехоба сізді өзіне “ұдайы дұға етуге”шақырады (Салоникалықтарға 1-хат 5:17). Олмұң-шеріңіз бентілек-қалауыңызды тыңдауға даяр (Філіпіліктерге 4:6). Отбасы-ңызбен бірге дұға еткенде, олар Құдайдың сіз үшін тірі Тұлғаекенін көреді.Құдайғажүрегіңіздегіні ақтарып қана қоймай, оны тыңдай

білуіңіз де қажет. Бұл үшін оныңСөзінжәне оған негізделгенәдебиеттерді оқу керек (Зәбүр 1:1, 2). Оқығандарыңызды ойелегінен өткізіңіз (Зәбүр 77:11, 12). Құдайды тыңдау дегенгеқауым кездесулеріне үзбей бару дажатады (Зәбүр 122:1—4).

Құдаймен қарым-қатынасыңызды нығайтудың тағы бір ма-ңыздыжолы—ол туралы өзгелерге айту.Олжайлы неғұрлымкөп айтсаңыз, соғұрлым оған жақындай түсесіз (Матай28:19, 20).

��•˙��% �˚μ˚�

Құдай Сөзін оқуға және дұғаетуге күнде уақыт бөліңіз.

Отбасыңыз үшін рухани іс-ша-ралар көңіл көтеру мен демалу-дан жоғары тұрсын.

КИЕЛІ КІТАПТА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? “Құдайға жақындаңдар,сонда ол да сендергежақындайды”,—делінгенҚұдайСөзінде(Жақып 4:8). Отбасылық ғибадат� кестесін жасап, оны жүйелітүрде өткізудіңмаңызы зор (Мұсаның1-жазбасы 18:19). Бірақотбасымен бірге Құдайға ғибадат ету мұнымен шектелмей,күнделікті өмірлеріңіздің ажырамас бөлігіне айналу керек.Сондықтан отбасымүшелерінің Құдаймен қарым-қатынасынығаюы үшін, ол жөнінде “үйде отырғанда да, жол жүрген-де де, жатқанда да, тұрғанда да айтатын болыңыз” (Мұса-ның 5-жазбасы 6:6, 7). Сіздің демақсатыңызҚұдайдыңежел-дегі қызметшісі Ешуанікіндей болсын. Ол: “Ал мен болсам үйішімменЕхобаға қызмет етемін”,—деген (Ешуа 24:15).

� ˚f\+* VdÀ-1`W1`T \b+*amY1Z +T`-1 ±¼/*y¸* ¸S+*/*b 1bd ºjTZ *]b* a*ymZ d*²mb +¾W1/TD�¼W d*²mbb* \W*` 1YTZO1`VTZ \bm`m]E `df*ZS b*²m`m]b*¸m YÀWTY1bb1`/T ²*`*abm`*/mD

��•˙��% �˚μ˚�

Отбасы мүшелерінің әрбірініңқажеттілігін ескере отырып,отбасылық ғибадатты жақсы-лап ойластырып, жүйелі түрдеөткізіңіз.

Page 31: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

31

ОТАҒАСЫНЫҢ ҚАПЕРІНЕ

Отбасылық ғибадатты өткізугеештеңе кедергі болмасын.

Отбасыңыз дайындалуүшін, қандай тақырыпталқыланатыныналдын ала айтыңыз.

Отбасы мүшелерініңтүгел қатысуынқадағалаңыз.

Отбасылық ғибадаттыңжайлы әрі тынышжағдайда өтуінеқам жасаңыз.

±»˙�•˙%μ ��±%��% ±%˛ ˚�"ı�˚ı

ЕхобаҚұдайға ғибадат еткенге нежетсін! Отбасыңызбен бір-ге шын жүректен өзіне қызмет еткеніңізді көріп, оның жүре-гі зор қуанышқа бөленеді. Әрі қарай да оған қызмет етсеңіз,оған деген сүйіспеншілігіңіз артып, көбірек еліктеуге тырыса-сыз (Марқа 12:30; Ефестіктерге 5:1). Құдайды отбасыныңажырамас бөлігі етсеңіздер жұбайыңызбен жұптарыңыз жа-зылмай, етенежақындай түсесіздер (Уағыздаушы4:12; Ишая48:17). “Ехоба Құдай сіздерге батасын бергенде”, отбасыңызмәңгі бақи бақытты болады (Мұсаның5-жазбасы 12:7).

•�� %˛%±

Жұбайымыз екеумізсоңғы рет қашан біргедұға еттік?

Құдайға деген сені-мімізді нығайту үшінотбасылық ғибадаттанені қарастырсақболады?

Page 32: Бақытты отбасы — баянды ғұмыр

hf-

AZ

15

01

07

Некені баянды етер екі кілт˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Сыйлық қымбат емес, сыйластық қымбат˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Балалы болудың бейнеті мен зейнеті˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Әкеге қарап ұл өсер˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Некедегі сенімді қайта жандандыру˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Екінші некеде туындайтын қиындықтар˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Балаңыз сырқат болса...˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Ата-ананың бірі өгей болғанда...˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Ажырасудан кейінгі өмір˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Жұбайыңызға ерекше күтім қажет болғанда˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Балаларға жыныстық жағынан тәрбие беру˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Отбасынжаман әсерден қорғау˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Толық емес отбасыларыжетістікке жете алады˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Кәрілікті бірге қарсы алу˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛ ˛

Жаңа тақырыптар қосылып тұрады.

Отбасына қатыстыкөбірек мәліметтіjw.orgсайтынантаба аласыз

Біздің веб-сайтымызданотбасының әрбір мүшесі өзінеҚұдай Сөзіне негізделген пайдалыкеңестер таба алады. Сондай-ақол жерден жалпақ дүниенің әртүкпіріндегі ерлі-зайыптылардыңбастан өткергендері жайлы оқиаласыз.

˛

sЕхоба куәгерлерініңресми веб-сайты

Мына кодтысканерлеңіз неwww.jw.orgсайтына кіріңіз