Жастар ұйымы бізге не береді?

8
Мамытова Индира Какенқызы

Upload: bilim-all

Post on 16-Apr-2017

224 views

Category:

Education


1 download

TRANSCRIPT

Page 1: Жастар ұйымы бізге не береді?

Мамытова Индира Какенқызы

Page 2: Жастар ұйымы бізге не береді?

«Ел межесі отыздыққа ену» болып отырған бүгінгі таңда білім мен тәрбие әлемдік бәсекеге сәйкес болу керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баса айтқаны баршамызға аян. Мектептің ұйымдастырушылық жұмысын дамыту жастардың өзін- өзі басқаруға, өзін- өзі анықтауға, өзін- өзі іске асыруға, өзін- өзі реттеуге баланың қабілетін дамыту болып табылады.Елбасының халыққа жолдауында жастар саясатында тәрбиенің маңызды орын атқаратынына ерекше тоқталған. Қазіргі таңда жасөспірімдердің тәрбиесі өскелең ұрпақтың әлеуметтік мәдени өмірін өзгерткен экономикалық және саяси реформалау кезеңінде жүргізілуде.

Page 3: Жастар ұйымы бізге не береді?

Өсіп келе жатқан жас ұрпақты елім, жерім, Отаным, халқым деп жүрегі соғатын елжанды, зиялы азамат етіп тәрбиелеу егеменді еліміздегі педагог қауымының негізгі мақсатына айналып отыр.

Бүгінгі күні тәрбие мәселесі әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды. Қазіргі таңда жастар ұйымдарының болуы- өмір талабы. Біз алдымен жастарға білім алуға мүмкіндік жасап, көшбасшылық қасиетін көрсете біліп, балаларды құптап қоғамға қызмет етуге бейімдеуіміз керек. Оқушылар ұйымының мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы жергілікті жерлерде құрылған оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарының өміршең, шығармашыл және белсенді ұйым ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Page 4: Жастар ұйымы бізге не береді?

Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында біздің А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде оқушылардың өзін- өзі басқару «Болашақ» ұйымы құрылып, бүгінгі таңда жүйелі жұмыс жасауда. Ұйымды құрудағы негізгі мақсат: әрбір баланы Отансүйгіштік сезімге, азаматтық парызын өтеуге әзір болуға, республика болашағы үшін жауапкершілікке, Қазақстандық патриотизмге, достық пен жолдастыққа, мейірбандылық пен қайырымдылықты түсінетін, өзін- өзі қадірлеп, өзіне- өзі талап қоя білетін, алдына қойған мақсаттарына жету үшін еңбекқор бола алатын, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін сезінетін жеке тұлға тәрбиелеу.

Page 5: Жастар ұйымы бізге не береді?

Міндеттері:•Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани- адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;•Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;•Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;•Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Page 6: Жастар ұйымы бізге не береді?

Жастар ұйымы оқушыларды ең алдымен ұжымшылдық пен ұйымшылддықа жұмылдыра отырып, шығармашалықпен жұмыс істеуге баулиды және өздерін-өзі сынауға, бағалауға үйретеді.Аталған ұйым еліміздің заңдарына және өздері қабылдаған ұйым жарғысының талаптарына сәйкес әрекет етуде.Оқушылардың құқықтары мен міндеттері бар

Page 7: Жастар ұйымы бізге не береді?

Бұл ҚР-ның Конституциясы, Білім туралы заң, ҚР-ның

баланың құқықтары туралы Конвенция, ҚР-ның үздіксіз білім

беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымджамасы, Тіл туралы заң,

мектеп жарғысы, мектеп директорының бұйрықтары және

басқа да нормативті құжаттар негіздеріне сүйене отырып

жасалды. Оқушының міндеті мен құқықтары әр буын оқушыларына

арналып жасалды. Оқу жылының басында әр сынып жетекші

қабылданған мектеп оқушыларының оқушылардың міндеттері

мен құқықтары туралы таныстырып өтті.

Осы қабылданған міндеттерді басшылыққа ала отырып мектеп

оқушыларының арасында көптеген іс- шаралар

ұйымдастырылып өткізілді.

Page 8: Жастар ұйымы бізге не береді?

Қазіргі уақытта жасөпірімдер ұйымы міндетті түрде әрбір мектеп құрылуы қажет. Себебі, осы ұйым арқылы оқушы өзін- өзі сыйлауға, құрметтеу, тыңдауға және жұмыла жұмыс атқаруға үйренеді.Балалар ұйымы-әр баланың қоғамдық өмірдің түрлі қырын ашатын әлемдерінің бірі, іс-әрекеті, санасы, белсенділігі дамитын ортасы деп айтуға толық негіз бар. Өзін- өзі басқару жүйесінің мектеп өмірінде лайықты орын алып, қоғамдық қажеттілікке айналуы әр ұжым мүшесінің джеке тұлға ретінде жан- жақты дамуына, өзінің шығармашылық қабілеттерінің ашылуына зор мүмкіндік туғызатыны анық.