Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек етудің...

4
Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек етудің маңызы. 23.11.15 - 28.11.15 аралығында № 61 Жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сыныптар арасында « Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек етудің маңызы» атты апталық өтті. Әр сыныптарда ашық сабақтар,спорттық сайыс сабақтар өткізілді. Яғни, осы апталықта әр сынып өз білімдерін,ой-өрістерін көрсете білді. Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакенова Орынтай Алдашевна бастауыш сынып оқушыларына өзінің тілегін тіледі Біздің даярлық топ та осы апталыққа ат салысып, дайындаған шағын әдеби монтажын ұстаздарға және оқушыларға ұсынды. Сонымен қатар,3-4 сыныптар арасында мұғалімдері Искакова Бақытгүл Кинаятовна және Туғанбаева Қарлығаш Қайыржанқызы математикалық сайыс сабақ өткізді. 4 «ә» сынып мұғалімі Амантаева Назгүл Мерекеқызы өзін өзі тану пәнінен «Ашу дұшпан,ақыл-дос» тақырыбы бойынша онлайн сабақ өткізді. Сондай-ақ 4 «а» сыныбында бейнелеу өнері сабағынан мұғалімі Ахметов Тойбек, 2 сынып мұғалімдері Шармағанбетова Самал Жаңбырқызы және Тұрғамбекова Салтанат Сапаргелдіқызы дүниетану пәнінен «Табиғат-тіршіліктің тірегі» атты топтық сайыс сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар « Аспан,Жер,Су» атты үш топқа бөлініп әртүрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп,өздерінің білімдерін шыңдай түсті. 2-ші сыныптар арасында мұғалімдері Жұманова Сымбат Амангелдіқызы және Асқарова Арай Асқарқызы, Жакашова Алма Төкенқызы да «Толағай» отбасылық спорттық сайыс өткізді.Бұл сабақтың мақсаты ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту,балаларды бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын ояту. Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Байтанова Сабина Талғатқызы да Көркем әдебиет сабағынан көліктер тақырыбы аясында ашық сабақ өткізді.Бұл

Upload: -

Post on 15-Apr-2017

421 views

Category:

Education


4 download

TRANSCRIPT

Page 1: Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек  етудің маңызы

Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек етудің маңызы.

23.11.15 - 28.11.15 аралығында № 61 Жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш сыныптар арасында « Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек етудің маңызы» атты апталық өтті. Әр сыныптарда ашық сабақтар,спорттық сайыс сабақтар өткізілді. Яғни, осы апталықта әр сынып өз білімдерін,ой-өрістерін көрсете білді. Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакенова Орынтай Алдашевна бастауыш сынып оқушыларына өзінің тілегін тіледі

Біздің даярлық топ та осы апталыққа ат салысып, дайындаған шағын әдеби монтажын

ұстаздарға және оқушыларға ұсынды. Сонымен қатар,3-4 сыныптар арасында мұғалімдері Искакова Бақытгүл Кинаятовна және Туғанбаева Қарлығаш Қайыржанқызы математикалық сайыс сабақ өткізді. 4 «ә» сынып мұғалімі Амантаева Назгүл Мерекеқызы өзін өзі тану пәнінен «Ашу дұшпан,ақыл-дос» тақырыбы бойынша онлайн сабақ өткізді. Сондай-ақ 4 «а» сыныбында бейнелеу өнері сабағынан мұғалімі Ахметов Тойбек, 2 сынып мұғалімдері Шармағанбетова Самал Жаңбырқызы және Тұрғамбекова Салтанат Сапаргелдіқызы дүниетану пәнінен «Табиғат-тіршіліктің тірегі» атты топтық сайыс сабақ өткізді. Бұл сабақта оқушылар « Аспан,Жер,Су» атты үш топқа бөлініп әртүрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп,өздерінің білімдерін шыңдай түсті. 2-ші сыныптар арасында мұғалімдері Жұманова Сымбат Амангелдіқызы және Асқарова Арай Асқарқызы, Жакашова Алма Төкенқызы да «Толағай» отбасылық спорттық сайыс өткізді.Бұл сабақтың мақсаты ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты дамыту,балаларды бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын ояту. Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Байтанова Сабина Талғатқызы да Көркем әдебиет сабағынан көліктер тақырыбы аясында ашық сабақ өткізді.Бұл сабақта да мұғалім оқушыларды көлік түрлерімен таныстырып,сөздік қорларын байыту арқылы,толық жауап беруге дағдыландырды.

Апталықты 3 сынып мұғалімі Нұржанова Марал Төлеуқызы қортындылай келе,

оқушылар апталықта тақпақтар, өлеңдер айтып ,би билеп бір серпіліп қалды.

Қорыта келе, № 61 ЖББОМектептің бастауыш сынып мұғалімдері өткізген ашық сабақтар өз деңгейіне жетті деп ойлаймын.

№61 ЖББОМ мектепалды даярлық тобы мұғалімі; Калиева Ардак Сипатовна

Page 2: Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек  етудің маңызы
Page 3: Бастауыш сыныптарда топтық жұмыста еңбек  етудің маңызы