м дыбысы мейргуль

9
№12 «Арай» бөбектер бақшасы Білім беру саласы: Қатынас Білім беру бөлімі: Сауат ашу Тақырыбы: «М» дыбысы мен әріпі «Нұршуақ» даярлық тобы Тәрбиеші: Нургалиева М.М

Upload: oquzaman

Post on 12-Apr-2017

20 views

Category:

Internet


4 download

TRANSCRIPT

Page 1: м дыбысы  мейргуль

№12 «Арай» бөбектер бақшасы

Білім беру саласы: Қатынас

Білім беру бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «М» дыбысы мен әріпі «Нұршуақ» даярлық тобы

Тәрбиеші: Нургалиева М.М

Екібастұз қаласы

Page 2: м дыбысы  мейргуль

Білім беру саласы:ҚатынасБөлімі: Сауат ашуТақырыбы: «М» дыбысы және әрпі.Мақсаты: «М» дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. Міндеті: «М» дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Білімділігі: « М» дыбысын сөз ішінен таба білу, дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.Дамытушылығы: Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту. Балалардың тіл байлықтарын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.Тәрбиелігі: Бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.Сөздік жұмыс: Қар адам, шамҚ/құралдар: Суреттер,әліппе-дәптер, мнемотехника кестесіБилингвальды компонет: Мысық-кошка

Іс-әрекет сатылары

Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Ынталандырусезімді ояту.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады

«Арай» атты бақшаның, әдепті баласы,Алдымен бәрімен амандасып алады.Амандасу бәрімен, әдептілік белгісі!Арайлап таң атты, алтын арай таратты.Нұрын шашып далаға,Бақыт сыйлап балаға.

Балалар қосылып бірге айтады

Ізденістер.Ұйымдастыру

Өткенді қайталау.Ой қозғау.- Дыбыс дегеніміз не?- Әріп дегеніміз не?- Дыбыстар нешеге бөлінеді?- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?«Әріптер еліне саяхат»Қызыл үйшік......Көк үйшік.........(Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Ққ, Дд)Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырайық!

-Жарайсыңдар!-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?-Қандай қыстық ойындар ойнаймыз?

-Дыбысты естиміз.-Әріпті көреміз,жазамыз.-Дауысты, дауыссыз.-«О» дыбысымен

Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырады.

-«Қыс» мезгілі-Шана,шаңғы,коньки тебеміз,қардан аққала (қар адам) жасаймыз

Page 3: м дыбысы  мейргуль

Мнемотехника тәсілімен жұмыс: Қар адам.

? Қандай ғажап қар адам

Жарқырайды күмістей.

Мұрны оның сәбіден,

Бас киімі шелектен,

? Қандай ол көңілді.

Жаңа сабақ.Суретпен жұмыс.- Балалар, суретте нелер бейнеленген?

- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр.- Дұрыс, бүгінгі біз «М» әрпімен танысамыз.Мон - шақ, маймыл, мейіз,маса сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр.Олай болса, барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік.Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз-Қандай текшемен белгілейміз?

\\\\

«М» дыбысы неге ұқсайды?Түйе өркешіне қарайық,Ұқсайды оған қай әріп.Әткеншекке қарашы,Қай әріппе ұқсайды.

Мнемокесте бойынша «қар адам» тақпағын айтады.

-Моншақ,маймыл, мейіз,маса.

-«М» дыбысынан

«М» дыбысын хормен айтады

-Көк түсті текшемен.

«М» дыбысын неге ұқсайтынын естеріне сақтайды.

«М» дыбысынан басталатын сөздер айтады.

Page 4: м дыбысы  мейргуль

«М» дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан,Боран соғар сол жақтан.Қар лақтырып ойнасақ,Су болады қолғаптар.Дәптермен жұмысМм әрпін жазу.

Мнемотехника тәсілімен жұмыс:

Пеш қасында мысық отыр,Екі көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп,Тісі оның қышып отыр.

-Балалар, тақпақ не туралы? -Дұрыс балалар, мысық туралы тақпақ.-Мысық сөзі қандай дыбысынан басталып тұр.- Жарайсыңдар балалар, «мысық» сөзін буынға бөлейік. - Неше буын бар?Мақта, алма, шам сөздерін буынға бөлу, сөздегі орнын анықтау, текшемен белгілеу.«Сиқырлы үй» ойынын ойнау арқылы сабақты пысықтау

Қимылмен көрсетеді.

-1,2,3 Жинап бойға күш Қолға қарындаш аламыз «М» әрпін жазамыз. Дәптермен жұмыс жасайды

- Мысық туралы.-М дыбысынан басталып тұр.

-Мы - сық- Екі буын барТапсырмаларды орындайды

Page 5: м дыбысы  мейргуль

Балаларға ойын шартын түсіндіруШарты: «М» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұр, соған қарап, әрбір сөзді қажетті үйге сал.

1- «М» дыбысы сөздің басында келетін суреттерді салу2 - «М» дыбысы сөздің ортасында келетін суреттерді салу.3 - «М» дыбысы сөздің соңында кездесетін суреттерді салу4- «М» дыбысы басында ортасында келетін суреттерді салу.

Суреттер бойынша «М» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұр, соған қарап, әрбір сөзді қажетті үйге салады.

.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

- Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?- М дыбысы қандай дыбыс?

-«М» дыбысымен -Дауыссыз дыбыс

-Көк текшемен

Page 6: м дыбысы  мейргуль

- Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейді? - Көк белгімен- М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?- Бүгінгі сабақта не білдіңдер?- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап бердіңдер.Балаларды бағалау.Белсенді қатысқан балаларды

мақтау.

-Басында,ортасында,аяғында-«М» дыбысы түйе өркешіне, әткеншекке ұқсайтынын.

Күтілетін нәтиже:Білу керек: «М» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін, дыбысты айту барысында тамақтарында діріл пайда болатынын, оның үні бар дыбыс екенін;Талаптанды: Қоршаған ортаның алуын түрлілігін, әдемілікті сақтай білуді;Жасай алады: «М» әрпін танып, көрсете білуді.

Балалардың жағымды іс-әрекеті Балалардың жағымсыз іс-әрекеті

Page 7: м дыбысы  мейргуль
Page 8: м дыбысы  мейргуль