Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

23
Абай ауданының əкімі А.Татыбаевтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі əлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Бүкіл əлем бастарынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның əсері біздің елімізді де айналып өтпейтіні белгілі. Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің бағыттарын көрсетті. Н.Ə.Назарбаев кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұқият тапсырды. Қандай қиын жағдай десек те 2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, əлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін жəрдемақылар, шəкіртақылар орта есеппен 30 пайызға өсіп отыр. 2017 жылдан бастап техникалық мамандық алушы жастарды тегін оқыту жайы айтылғаны да баршаңызға мəлім. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау жəне түсіндіру мақсатында өткен 168 кездесуде 31 мыңнан астам тұрғын қамтылды. 2015 жылғы 30 қараша күні ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын халық арасында насихаттау жəне қолдау жұмыстары

Upload: zhanbolat-amankeldy

Post on 16-Apr-2017

420 views

Category:

Government & Nonprofit


15 download

TRANSCRIPT

Page 1: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Абай ауданының əкімі А.Татыбаевтың 2015 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:

өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі əлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Бүкіл əлем бастарынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның əсері біздің елімізді де айналып өтпейтіні белгілі.

Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің бағыттарын көрсетті.

Н.Ə.Назарбаев кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұқият тапсырды. Қандай қиын жағдай десек те 2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, əлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін жəрдемақылар, шəкіртақылар орта есеппен 30 пайызға өсіп отыр.

2017 жылдан бастап техникалық мамандық алушы жастарды тегін оқыту жайы айтылғаны да баршаңызға мəлім.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау жəне түсіндіру мақсатында өткен 168 кездесуде 31 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

2015 жылғы 30 қараша күні ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын халық арасында насихаттау жəне қолдау жұмыстары

Page 2: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

жүргізіліп, жылдың соңына дейін 6 жиналыс өткізілді. Сонымен қатар, Жолдауды насихаттау бойынша 2016 жылға арналған ақпараттық-насихаттық топтар жəне жиналыстар өткізу кестесі бекітілді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан əкімінің есепті кездесулерінде түскен 43 ұсыныс пен өтініштер бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 12-не кездесу барысында толыққанды жауап берілді, 8 сын-ескертпе Қаратау ауданының аумағына қарасты болғандықтан Қаратау аудан əкімінің аппаратына жолданды, қалған 23 ұсыныс бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мəліметі жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.

2015 жылы аудан əкімі аппаратына 2253 кіріс құжаттары түсіп, 2567 құжат жолданды, жеке жəне заңды тұлғалардан 591 жазбаша өтініштер тіркелді.

ҚР «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңының талаптарына сəйкес барлық өтініштер мен арыздар уақытылы қаралып, жауаптар берілді.

2015 жылы облыс əкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 2, орындалғаны – 2, қала əкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 32, орындалғаны – 27, тұрақты бақылауда – 5.

Жыл басынан аудан əкімі мен аудан əкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 168 азамат болды. Жеке қабылдауда көтерілген мəселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, арыз иелеріне уақтылы жауаптар берілді.

Ретсіз сауда Қала əкімінің тапсырмасына сəйкес, аудан аумағында орналасқан ретсіз сауданы жою жұмыстарын

жүргізу мақсатында құзырлы органдармен аудандық ТҚҚБ, аудандық ІІБ полиция бөлімімен, аудандық салық басқармасы, қалалық жер қатынастары, сəулет жəне қала құрылысы, кəсіпкерлік бөлімдерімен

Page 3: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

бірлесе отырып, 135-тен аса рейдтік тексерулер жұмыстары жүргізілді, 207 ретсіз сауда орындары анықталды, 237 жарнама бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өткізілген рейдтер нəтижесінде аудандық ІІБ-ң тарапынан ретсіз сауда бойынша 2015 жылдың басынан əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» 204 бабына сəйкес барлығы 1234 хаттама толтырылған, 2 621 196 теңге көлемінде айыппұл салынып, 1 283 345 теңге өндірілген. Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына сəйкес барлығы 860 хаттама толтырылған, 1 387 400 теңге көлемінде айыппұл салынып, 673 880 теңге көлемінде өндірілген.

Жарнаманы ретке келтіру жұмыстары Қала əкімінің 2015 жылғы 10 наурыздағы «Қала аумағындағы санитарлық жұмыстарын жүргізу

бойынша» іс-шаралар жоспарындағы, аудан əкімшілігінің ұйымдастыруымен Темірлан тас жолы, Республика даңғылы, Желтоқсан, Асқаров, Мангельдин, Қазиев, Өтегенов, Арғынбеков, Қожанов, Т. Рысқұлов, Гагарин, Қалдаяқов, Алпысбаев, Жиделібайсын, Момышұлы т. б. көшелері, сонымен қатар, Алматы айналма жолы, Қатынкөпір, Тұрлан, Қазығұрт, Жаңаталап шағынаудандары бойындағы коммерциялық құрылымдардың алдына қойылған заңсыз жарнама тақтайшаларын ретке келтіру бойынша рейдтік іс-шаралар аптасына 2 рет ұйымдастырылды.

Дүңгіршектер Қала əкімінің 2015 жылғы 10 сəуірдегі №22 «дүңгіршектер жəне ретсіз сауда мəселелері туралы»

хаттамалық тапсырмасына сəйкес, құрылған топтың қатысуымен аудан əкімшілігі зерделеу жұмыстарын

Page 4: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

жүргізіп, аудан аумағында 107 заңсыз орналасқан дүңгіршек анықталған. Аудан əкімшілігінің кəсіпкерлікті қолдау бөлімінің қызметкерлері, аудандық ІІБ-ң қызметкерлерімен бірлесе 92 дүңгіршек иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нəтижесінде дүңгіршектер алынып тасталды.

Жəрмеңке Абай ауданына қарасты ауыл шаруашылық өнімдерімен айналысатын жеке кəсіпкерлердің қатысуымен

Гагарин көшесі «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдындағы алаңда, əр сенбі сайын тұрақты түрде жəрмекелер 16 рет ұйымдастырылды.

Мониторинг Аудан бойынша ірі сауда орындарындағы базарлар, сауда үйлері, дүкендерде бірінші қажетті

əлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсіп кетпеуіне жол бермеу мақсатында, əсіресе нан бағасының өспеуіне тұрақты түрде күніне 2 рет мониторинг жүргізіліп, 122 рет қалалық кəсіпкерлік бөліміне мəлімет берілді.

Салық Салық салу базасын арттыруға жəрдем беру мақсатында салық секторы қызметкерлерімен бірігіп,

аудан аумағына қарасты Қатынкөпір, Жаңаталап, Ақжар, Қазығұрт, Қызылжар, Ынтымақ, Тұрлан, Жиделі

Page 5: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

шағынаудандарында тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстары 16 рет жүргізілді.

Аумақты көріктендіру жəне санитарлық тазалық

2015 жылға аудан аумағындағы 403 көшенің санитарлық тазалық жұмыстарына 272 237, 0 мың теңге

қаржы қаралды. Қазіргі таңда аудан аумағында орналасқан 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 206 аулалары мен ішкі

орамдық жолдардың ирригациялық жүйелерін қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі орамдық жолдарының тазалығымен жəне аулалардың

санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын келісім-шарт бойынша «Арнаулыавтокөлік» ЖШС мекемесінің тікелей міндетінде.

Ал, шағынаудандар мен елді мекендердің санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, бей берекет қоқыстарды шығарумен «Бадам Тас» ЖШС, «Ақсемсер» ЖШС, «ЭкоСпецТранс» ЖШС жəне «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС мекемелері жүргізуде.

Осы жұмыстарға мобильдік топтар құрылып бекітілген, əр мобильдік топтың құрамында 1 автокөлік жəне 15-20 адамнан жұмыс жасауда.

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын көркейту жəне көгалдандыру, жасыл желектерді санитарлық нормаға сəйкестендіріп кесу, қураған талдарды бұтау, шөптерді ору, талдарды əктеу жұмыстарына 45 767, 8 мың теңге бөлініп, «Бадам Тас» ЖШС, «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС мекемелері көріктендіру жұмыстарымен айналысты.

Page 6: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Жыл

Санитарлық тазалық (млн. тг)

Қызмет көрсетілетін ішкі орамдық жолдардың

саны

Мердігерлер саны

2014

247, 943

206

4

2015

280, 177

403

6

2015 жылы аудан орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлер жанына қойылған қоқыс алаңшаларын

ауыстыру жұмыстарына 16 766, 199 мың теңге қаржы бөлініп, жаңа типтегі 59 қоқыс алаңшалары ауыстырылды.

Шымкент қаласының əкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Таза ниетпен, таза қалаға!» байқау ауданымыздың көркеюіне жəне халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, Отан сүйгіштікке шақыратын үлкен бастама болды.

Аталған байқауға Абай ауданы бойынша 65 үміткердің құжаттары қабылданып, оның ішінде «Үздік аула» номинациясы бойынша 37 көпқабатты тұрғын үй мен «Үздік көше» номинациясы бойынша 28 көшенің төрағалары байқауға қатысуға өтініш білдірді.

Page 7: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

«Таза ниетпен, таза қалаға!» байқауының қорытындысы бойынша:

Байқауға қатысушы аула мен көшенің мекен-жайы

Байқауға аула мен көшенің атынан

қатысушы тұлғаның аты-жөні

Қызметі

«Үздік аула»

І-орын

Республика даңғылы, №20

Волкова Зинаида Васильевна

зейнеткер

ІІ-орын

1 мамыр көшесі, №1,1 а

Павлова Ольга Тихоновна

зейнеткер

ІІІ-орын

ПМК-49 №1,2

Асильбекова Шулпан

Аманболатовна

мұғалім

ынталандыру Жаңаталап тұрғын Камалова зейнеткер

Page 8: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

алабы М.Əуезов көшесі,3

Жеңіскүл

«Үздік көше»

І-орын

Жайлау ш/а А.Тойшыбек

көшесі

Жақсыбаева Бақытқыз Султанқызы

Көше төрайымы

ІІ-орын

Тастанкүл Омарова көшесі

Байнеева Сырғакүл

зейнеткер

ІІІ-орын

М.Дулатов көшесі

Күзеров Амирхан Керимбаевич

Көше төрайымы

ынталандыру

Қатын көпір Хантəңірі көшесі

Сұртаев Құдайберген

Көше төрағасы

Page 9: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Жылумен қамтамасыз ету

2015-2016 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысында ауданға қарасты орталық жылу

жүйесіне қосылған 424 көпқабатты тұрғын үйлерді сығымдау жұмыстары бекітілген кестеге байланысты жүргізілді.

Көпқабаты тұрғын үйлерді қысқа дайындау барысында 119 көпқабатты тұрғын үйді «Қуатжылуорталық» ММК мекемесінің күшімен қысымдау жұмыстарынан өткізілді.

Сонымен қатар «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС 117 көпқабатты тұрғын үйде жəне «ЭнергоСтройСервис» ЖШС 86 көпқабатты тұрғын үйде келісім-шарт түзу арқылы, қысқа дайындық жұмыстарын атқарды. Өз күштерімен 102 көпқабатты тұрғын үйде сығымдау жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан 215 жертөлелерінде «Шымкент Дезинфекция» ЖШС, «Абдрасилов» ЖК мекемелері арқылы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша берілген тапсырмаларға байланысты, жоспардағы орнатылуы қажетті 50 жылу есептегіш құралдардың бүгінгі күнге орнатылғаны 10, қалғандарын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы жариялы түрдегі келісім-шарт арқылы орнату жоспарланып отыр.

Көріктендіру жұмыстары

Абай ауданы аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үйлерден 206 аула біріктірілген. Бүгінгі күнге 176 аулаға балалар ойын алаңшалары орнатылып абаттандырылып, 44 спорт алаңшалары орнатылған. Оның ішіндегі 2014 жылы Абай ауданы əкімі аппараты есебінен жүргізілген 23 ауланы абаттандыру мен балалар

Page 10: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

ойын алаңшасын орнатуға қарастырылған қаржы көлемі-305 370 233 теңге жəне 24 спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына - 120 835 531 теңге қарастырылып жұмыстар жүргізілген.

Осы 24 спорт алаңшаларын қалалық спорт бөлімінің теңгеріміне өткізу үшін «ЖерҒӨО» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің мамандары арқылы электрондық карта бойынша берілген ситуациялық жоспарын жəне зерттеу актісі алынып, төлқұжаттары дайындалуда.

2016 жылға аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларымен елді мекендерге 65 балалар ойын алаңшалары мен 15 спорт алаңшаларын орнату мен көріктендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық экономика жəне қаржы бөліміне ұсыныс енгізілді.

Аулаларды жарықтандыру

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жəне жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында, аулаларды жарықтандыруға бюджет есебінен қаржы қарастырылып, аудан бойынша жалпы 206 ауланың, 2011-2015 жылдар аралығында 293 электр бағаналары орнатылып 105 аула жарықтандырылды. Оның ішінде 2015 жылы 20 аулаға 57 бағана орнатылып аулалар жарықтандырылды.

2016 жылға абаттандыру мен балалар ойын алаңшалары жəне спорт алаңшалары орнатылған 60 ауланы жарықтандыруға жəне балалар ойын алаңшалары мен спорт алаңшалары орнатылған аулаларға 50 бейне камера орнатуға тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс енгізілді.

Page 11: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Ауыз сумен қамтамасыз ету 2015-2016 жылдары аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Самал-3

шағынауданындағы 4133 үйге (18600 адам) су өткізгіш жəне су өткізгіш жүйелерінің құрылысының (2кезең) бойынша «СМК 7Ж» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылға қарастырылған қаржы көлемі-100,0 млн. теңге, жобаның құны- 707,1 млн. теңге. Нысан 2016 жылға өтпелі.

Қызылжар, Ынтымақ елді мекеніндегі 3698 үйге су өткізгіш жəне су өткізгіш жүйелерінің құрылысының (3 кезең) жұмыстарына 2015 жылға қаралған қаржы көлемі – 100,0 млн.т., жобаның құны 366,127 млн.теңге. Нысан 2016 жылға өтпелі.

2016 жылға Жаңа Тұрлан, Ынтымақ-2, Құрсай-2,Қызылжар-2, Ақтас-2 Алтынтөбе, Айкөл елді мекендері ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Атауы

Жобаның құны(млн. теңге)

Қамтылған үй саны

Ескертпе

1

Самал-3 шағынауданындағы су өткізгіш жəне су өткізгіш

жүйелерінің құрылысы (2 кезең)

707,1

4133

2016 жылға өтпелі

Page 12: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

2

Қызылжар шағынауданы Ынтымақ елді мекені су өткізгіш жəне су өткізгіш жүйелерінің

құрылысының (3 езең)

366,127

3698

2016 жылға өтпелі

Барлығы:

1 073,227

7831

Газбен қамтамасыз ету Ауданға көгілдір отынды тарату мен қызмет көрсетуді «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ мекемесі

арқылы жүргізіледі. 2014-2015 жылдары бірқатар елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар

атқарылды. Олар: – Самал-2 шағынауданы мердігер мекеме «Муса Электро» ЖШС, 2015 жылға қаралған қаржы көлемі

450,8 млн.теңге, үй саны – 3534, жобаның құны-1 420,3 млн.теңге. – Самал – 3 шағынауданы мердігер мекеме «Дос К »ЖШС, 2015 жылға қаралған қаржы көлемі -762,2

млн теңге, үй саны – 3986, жобаның құны-1 089,7 млн.теңге.

Page 13: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

– Қазығұрт шағынауданы (К.Маркс бөлімшесімен) мердігер мекеме «Асыл Кеңес» ЖШС, 2015 жылға қаралған қаржы көлемі - 13,7 млн.теңге, үй саны – 1140, жобаның құны-275,21 млн.т.

Құрсай елді мекенін газбен қамтамасыз ету,2015 жылға қаралған қаржы көлемі 226,5 млн.теңге, үй саны – 850, жобаның құны – 234,664 млн теңге.

Сонымен бірге 2016 жылға газ жүйесін тартуға ЖСҚ дайындау үшін төмендегі елді мекендерге: Жаңа Тұрлан, Ынтымақ-2, Қызылжар-2, Тəуелсіз 20 жылдығы елді мекендеріне ұсыныс берілді.

Аудан бойынша 2015 жылы 9510 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Атауы

Жобаның құны(млн. теңге)

Қамтылғанүй саны

Ескертпе

1

Самал-2 ш/а газдандыру жүйелерінің құрылысы

1 420,3

3534

2

Самал-3 ш/а газдандыру жүйелерінің құрылысы (2 кезек)

1 089,7

3986

3

Құрсай шағынауданынын газбен қамтамасыз ету жүйелерінің

құрылысы

234,664

850

4 Қазығұрт ш/а (К.Маркс 275,25 1140

Page 14: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

бөлімшесімен) газбен қамтамасыз ету жүйелерінің

құрылысы

Барлығы:

3 019,914

9510

Электр қуатымен қамтамасыз ету Аудан тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жұмыстарымен аудандық

жəне қала іргелік электр жүйесін тарату (Пригород) мекемелері қызмет көрсетеді. 2015 жылы Ынтымақ-1 елді мекеніндегі 2742 үйге электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары

жүргізілуде. 2015 жылға қаралған қаржы көлемі-100,0 млн.теңге, жобаның құны-599,5 млн.т. Нысан 2016 жылға өтпелі,

Ақниет шағынауданын 762 үйді электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылға қаралған қаржы көлемі-100,0 млн.теңге, жобаның құны -233,798 млн.т. Нысан 2016 жылға өтпелі.

Самал-3 шағынауданын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 1 кезең бойынша 1380 тұрғын үй электр қуатымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар 2016 жылға Құрсай, Самал-3 (2 кезең), Жиделі , Карл Маркс, елді мекендеріне электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттар ЖСҚ əзірлеуге қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс берілді.

Page 15: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Атауы

Жобаның құны

(млн. теңге)

Қамтылған үй саны

Ескертпе

1

Ынтымақ елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету

599,5

2742

2016 жылға өтпелі

2

Ақниет шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету

құрылысы

233,798

762

2016 жылға өтпелі

Жол құрылысы Аудан аумағындағы көлік инфрақұрылымын дамыту жəне Темірлан тас жолында көлік кептелісін

азайту мақсатында Əл-Фараби көшесіне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2014-2016 жылы атқару жоспарланып, құны 1718 млн.теңге құрайды. Бүгінгі таңда көшенің жүріс бөлігінің кеңейту жұмыстары 95%-ға аяқ жол салу жұмыстары 80%-ға , жарықтандыру жүйелерінің жұмыстары 80%-ға аяқталды. Сонымен қатар, көшеде тиісті жол белгілері орнатылып, жол қозғалысы ашылды.

Аудандағы көшелерге орта жəне күрделі жөндеу жұмыстары барысында Ақжар тұрғын алабындағы Ынтымақ көшесіне, К.Маркс елді мекеніндегі Құрылыс көшесіне, Қорғасын шағынауданындағы

Page 16: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Байтөреев көшесі мен Елқоныс көшелеріне жəне Қатынкөпір шағынауданындағы І.Жансүгіров, С.Сейфуллин көшелеріне асфальт жол төселді.

Сонымен қатар Конституция көшесі мен Қатынкөпір шағынауданындағы Е.Өмешұлы көшесі бойына аяқ жолдар (тротуар) төселді.

Аудан аумағында 2016 жылға 236,6 шақырым болатын 178 көшеге шағал тас төсеуге ұсыныс берілген.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту»бағдарламасы

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау бойынша «ҚР 2011-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын іске асыру барысында 2012 жылы аудан аумағындағы 3 үйде; 2013 жылы 5 үйде 2014 жылы 14 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы 11 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталған (Шмидта №2, М.Əуезов № 1,3,4,5, М.Тореза көшесі №6А, Қалдаяқов көшесі №10, 1 мамыр көшесі № 19, Темірлан тас жолы № 54, Кремль көшесі № 2А, Исмаилов көшесі №20)

Ауданда барлығы 33 көпқабатты тұрғын үйде бағдарламаға сəйкес жұмыстар жүргізілген 2016 жылға 19 көпқабатты тұрғын үйде бағдарламаға сəйкес күрделі жəне ағымдағы жөндеу

жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттары қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне жолданған.

Кондоминиум жұмыстары туралы мəлімет Аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлердің ішіндегі 62 кондоминиум нысаны ретінде тіркеуден

өтпеген көпқабатты тұрғын үйлерді Əділет басқармасына тіркеу жұмыстары бойынша кесте түзіліп,

Page 17: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

жұмыстар ұйымдастырылуда. Оның ішінде 6 көпқабатты тұрғын үйдің құжаттарын Жер қатынастары бөлімі арқылы топосъемкасын жасап, үй аумағын өлшеу жұмыстары жүргізіліп, зерделенді. Мемлекеттік акт жасау үшін тұрғындар өз күштерімен қаржы жинауда. Қалған үйлерде кондоминиум нысаны ретінде тіркеу үшін жиналыстар ұйымдастырылып, құжаттары рəсімделуде.

Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің төл құжаттарын дайындау үшін, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөліміне ұсыныс жолданған.

Жалпы үй саны – 453, Кондоминиум нысаны ретінде тіркеуді қажет ететін үй саны – 62.

Əлеуметтік сала Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балалардың жəрдемақысы бойынша

жұмыстар жүргізу Кедейшілікті, жұмыссыздықты төмендету, сондай-ақ басқа да əлеуметтік бағдарламаларды орындау

жұмыстарының нəтижесінде: 2015 жыл бойы 18 жасқа дейінгі балалардың жəрдемақысына өтініш білдіргендер саны – 12258 отбасы,

оның ішінде 11593 мұқтаж, 665 отбасы мұқтаж емес деп танылды. Атаулы əлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер саны – 169 отбасы, оның ішінде 163 атаулы əлеуметтік

көмекке мұқтаж болса, əлеуметтік жағдайы бойынша 6 отбасы мұқтаж емес деп танылды. 2015 жылы өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты бір реттік əлеуметтік көмекке өтініш

білдіргендер саны – 5046 отбасы, оның ішінде 4768 бір реттік əлеуметтік көмекке мұқтаж болса, 278 отбасы мұқтаж емес деп танылды.

Page 18: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін аудан

тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 11 рет кездесулер өткізілді. 2015 жылы қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде –

1595 азамат тіркеуде тұр. Жұмысқа орналасқан азаматтар саны 4186 адам. Оның ішінде: бос жұмыс орындарына орналасқандары - 2598 адам. кəсіптік мамандықтар бойынша оқуға жолданғандар - 81адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдама алғандар – 430 адам, өздігінше жұмыспен қамтылғандар саны – 2591 адам.

«Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат»

Жыл басынан бері бекітілген жоспарға сəйкес, ауданда Үкіметтік емес ұйымдармен, аудандық ІІБ

қызметкерлерімен бірлесіп «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары», «Қоғамдағы əйел мен отбасындағы əйел рөлі», «Ғазиз анам сарқылмайтын балбұлақ!», «Біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» жəне «Адам саудасына жол жоқ!» атты тақырыптарда жəне «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N214-IV Заңын халыққа насихаттау мақсатында 2015 жылдың қаңтар айынан бастап 15 рет кездесулер, дөңгелек үстелдер, мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Page 19: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу жəне салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шаралар

Аудан аумағында орналасқан орта мектептерде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың,

нашақорлықтың алдын алу жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, кестеге сəйкес ауданның жастарымен кездесулер жүргізіліп, барлығы 27 іс-шара өткізілді.

Аудан əкімдігінің жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бекітілген арнайы жұмыс жоспары мен кестесіне сəйкес, аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда, ойын-сауық клубтарында, саябақтарда құзырлы мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен 74түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

«Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» Ауданымыздағы көпбалалы аналармен жүргізілген жұмыстар нəтижесінде бүгінгі таңда «Алтын алқа»

жəне «Күміс алқа» алқалардың 2893 орден кітапшалары мен алқалары тапсырылды, оның ішінде: 1194 «Алтын алқа», 1699 «Күміс алқа».

2014 жылы 146 «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» иегерлерін марапаттау рəсімі өткізіліп, оның ішінде 42 алтын, 104 күміс алқа иегерлеріне құрмет көрсетілсе, 2015 жылы 31«Алтын алқа» жəне 95 «Күміс алқа» иегерлерін жалпы 126 марапаттау рəсімі өткізілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері 103 көпбалалы ананың 30 «Алтын», 73 «Күміс» алқаға құжаттары дайындалып, Шымкент қаласы əкімдігіне тапсырылды.

Page 20: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету Зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары арасында құзырлы мекемелердің, мешіт имамдарын,

аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін, ОҚО ішкі саясат жəне дін істері басқармасы «Əлеуметтік бастамалар орталығының» теолог мамандарын қатыстыра отырып, жастар тəрбиесі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында 16 кездесу өткізіліп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

29.12.2015 жылы аудан əкімі аппаратында аудандық имамдарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу жəне діни мəселелері бойынша» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Ауданы бойынша бейімдеуден өткен мекемелер Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын

жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша, қалалық сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің мамандарымен бірлесіп Абай ауданында орналасқан 8 мемлекеттік жəне 39 жекеменшік мекеме бейімдеуден өткізілді.

Мүлікті жария ету Абай ауданы əкімі аппараты жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына

науқан басталған күннен бүгінгі таңға дейін 689 өтініш қабылданды. Оның ішінде: 497 өтініш бойынша

Page 21: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

мүлік жария етілді. 105 өтініш бойынша мүлік жария етуден бас тартылды. Қалған 87 өтініш комиссия тарапынан белгіленген тəртіппен қаралуда.

Ономастика Абай ауданында бүгінгі таңда жаңадан қосылған елді мекендерді қосқанда 783 көше бар. Оның ішінде:

674 көшенің атауы бар, 109 көшенің атауы жоқ. Атауы бар 674 көшелердің ішінде 321 көше мəслихат шешімдерімен заңдастырылған, 353 көше шартты атаумен аталып кеткен.

Облыстық мəслихаттың 2014 жылдың 31-желтоқсандағы №34/267-V шешімімен ауданға қарасты 6 атауы жоқ жəне 73 атауы екі рет қайталанатын, жалпы 79 көшеге жаңа атау берілген.

Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 2013-2015 ж.ж. жалпы 25,862,500 теңгеге 12345 тақтайша, оның ішінде: 2013 жылы - 159 көшеге 5000 тақтайша, 2014 жылы 101 көшеге 6145 тақтайша жəне 2015 жылы -21 көшеге 1200 тақтайша ілінді. 2016 жылға- 119 көшеге 8000 тақтайшаға ұсыныс берілді.

Жарияланған мораторийге қарамастан “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы” мерейтойына орай 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан 10 ҰОС ардагерлерінің есімдерімен көшелерді атау бойынша ұсыныстар дайындалып, қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөліміне жолданды. Нəтижесінде ұсыныстар қалалық ономастикалық комиссиясынан қолдау тауып, ары қарай республикалық ономастикалық комиссиясына жолданып 2 ұсыныс қолдау тапты. Қызылжар шағынауданындағы шартты атаумен аталып келген С.Құртаев көшесіне заңды түрде Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтжан Құртаев есімі берілді.

Page 22: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Мерекелік іс-шаралар 2015 жылдың 12 айында 38 мерекелік іс-шаралар мен ақциялар өткізілді. Барлық мерекелік іс-шаралар газет беттері мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жарияланып отырды.

Абай ауданы əкімі аппаратының 2016 жылға арналған маңызды міндеттері Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын

мəселе, оның ішінде көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын

ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мəселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыруды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, ұлтаралық татулық пен елдегі саяси тұрақтылықты сақтау жөнінде тұрғындарға насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Аудан əкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына əлеуметтік көмектерді ұйымдастыру.

Page 23: Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын, оған қамтылатын балалар санын көбейту.