Өнегелі сайыс...

16
№ 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын мақтан тұтам! (Елбасына арнауы) Елімізді көркейтіп, даңқымызды асырған! Көреген де білікті, мен үшін ол - Асыл жан. Қазағым деп аянбай, терін төккен жасынан, Таңданамын бас иіп, баламын ғой жасырман. Болсын деп ұрпағымыз білімді, Алға қойған өнер менен ілімді. Озық ойлы, шәкірттер көп бүгінде, Қазақ елі алдыңғы орыннан көрінді. Сарыарқаның сары даласынан, Астанадай ұрпағына қала салған, Шырайлы күндей шуақты елбасымды, Нар тұлғалы адам деп мақтан тұтам! Көк туымды аспанда қалықтатқан. Әнұранынды көгімде шарықтатқан Елбасымыз – дана да дара тұлғам! Мықтылығын мойындап, таңдай қаққан. Рауан НҰРБОЛАТ Карманов мектеп – балабақшасының 3-сынып оқушысы, Жаңақала ауданы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Ата! Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң Нұр ата. Тыныш елдің тірегі Өзің болдың Нұр ата! Нұрлы ісіңмен әркезде Болашаққа бастадың. Тәуелсіздігіне бас иген, Бақыты боп жастардың. Атамекен Отаным, Аман болсын әрқашан. Ел тілегі Елбасы Мен өзіңмен мақтанам. ДИЯР МАҚСОТОВ Ж. Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушысы, Орал қаласы Мен бақытты баламын Айы туған оңынан, Жұлдызы бар соңынан. Тақпақ айтады Раяна, Ақтілектің тобынан. Тәуелсіздік мақтаным, Елбасымды жақтадым. Азаттықтың арқасы, Өсіп-өніп жатқаным. Алтын күнді қалалар, Алтын дәнді далалар. Аман болсын деп тілер Мына біздей балалар. РАЯНА ЭЛЬДАРҚЫЗЫ Салтанат бөбекжайының тәрбиеленушісі Орал қаласы Аружан БАТЫРЖАНҚЫЗЫ, Нұрдәулет БИСЕМБАЕВ Мичурин мектеп-балабақша кешенінің 1 «ә» сынып оқушылары Мұғалімі: Н.СУХАБАЕВА, Зеленов ауданы Өз Президентіме ақ тілегім болсын Құрметті менің Президентім- Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің арқаңызда Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық сондықтанда сізді «Елбасы» деп ұлықтады. Еліміздің елдігін көрсетіп, елдігін танытқанда сіз. Сіздің өз еліңізге деген махаббатыңызды естімеу, мүмкін емес. Сіздің білімділігіңіз, шыдамдылығыңыз, еңбекқорлығыңыздың арқасында елімізде қыруар іс тындырылды, қаншама бағдарлама, болашаққа жоспар құрылды. Сіздің арқаңызда бай мемлекетіміз халқы бақытты, бейбіт өмір кешуде. Даламыз егіске, қорамыз малға толып ордамыз келісті болды. Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге асатынын біле отыра, мен де елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық шараларға өз үлесімді қосқым келеді. Тәуелсіз еліміздің рәміздері де ғажап, өзгеше көрінгенде кеудем шымырлайды, бойға қуат, асқақ арман, құдіретті күш сыйлап, мақтаныш ұялатады. Қазір мектепте жақсы оқып, спорттық шараларға белсене қатысып жүрмін. Шіркін, осы туымызды желбіретіп, асқақ Әнұранды шырқап тұрар сәт болса ғой. Арман алдамайды. Сізде бала кезіңізде сабақты өте жақсы оқып армандай білдіңіз, ұшқыш боламын деген арманыңызға жете тұра, отбасыңызға алаңдап оқып, еңбек еттіңіз. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында түрлі басшылық қызмет атқарып президент болдыңыз. Ол оңай жол емес! Құрметті Елбасы! Сізге бірінші байлық денсаулық тілеймін. Қазақ халқы ылғи жеңіс тұғырынан көрініп, ерінбей еңбек етіп, білім алып, елімізді дамыта беріп, Сіздің салып берген сүрлеуіңізбен адаспай жүрсе екен деймін. «Нұрлы жол» бақытқа бастар жол болсын! СЕРІК ЫРЫСЖАН Қызылжар ЖНББМ-нің 8-сынып оқушысы Теректі ауданы Елбасы – ел қорғаны 1 желтоқсан елімізде елеулі күн. 1991 жылы бұл күні Н.Ә.Назарбаев ел президенті болып сайланды. Содан бері еліміз қаншама қиын-қыстау кезеңді басынан өткізді. Сол кездерде елбасымыз еліне қорған болып, халқына дұрыс жол көрсете білді. Мен елбасын мақтан тұтамын. Бүлдіршін жүрегіммен елбасымызға зор денсаулық тілеймін. Оның көрегендік, көшбасшылық қабілеті болашақта балаларға үлгі болары сөзсіз. Елбасына ұқсағысы келетін, ел мерейін асқақтатар ұлдарымыз көп болсын! Аружан МҰРАТХАНОВА №48 ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы Орал қаласы Елбасына хат Құрметті Нұрсұлтан ата, Сізді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Сіз дана адамсыз. Біздің алаңсыз білім алуымызға барлық жағдайды жасап отырсыз. Мен Астана қаласына үш жыл қатарынан ем алуға бардым. Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» тегін ем алдым. Бұл орталықта балалардың тегін ем алуына барлық жағдай жасалған. Сол үшінде Сізге үлкен рахмет айтамын. «Астана бәйтерек» монументі мен Ханшатыр сияқты қаланың әдемі жерлерін араладым. Астана өте әдемі қала. Сіз ұлы елдің ұлы президентісіз. Сізге айтар алғысым шексіз. Менде ержетіп есейгенде өз еліме үлесімді қосқым келеді. Сізді тағы да мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. АРМАТ НӘБИҚҰЛ М.Жүнісов атындағы НЖББМ-нің 3-сынып оқушысы Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі И.Т.Құттығұлова Саралжын ауылы, Казталов ауданы Гүлімжан ЕРБОЛАТОВА Мичурин мектеп-балабақша кешенінің 1 «ә» сынып оқушысы Мұғалімі: Н.СУХБАЕВА. Зеленов ауданы Президент күні Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Біздің еліміз жыл сайын бірінші желтоқсанда президент күнін атап өтеді. Елбасымыз еліміздің болашағына зор үмітпен қарайтын халық жаңашыры. Елбасына бейбітшілік пен жарқын болашағым үшін алғыс білдіремін. Азиза ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ №49 ЖОББМ-нің 2 «в» сынып оқушысы Орал қаласы Тәуелсіз Қазақстаным Мен өзімнің көрікті, байтақ, әсем еліммен, жеріммен мақтанамын. 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – еліміздің басты мерекесі. Тәуелсіздігіміздің арқасында күліп-ойнап, білім алып жүрміз. Еліміз әрқашан тыныш болсын. Айым ЖАСТАЛАП №48 ЖОББМ-нің 1 «а» сынып оқушысы Орал қаласы Елбасы – ел тірегі Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Осындай айрандай ұйып отырған елімізді біртұтас мемлекетке айналдырып, бірқалыпты бейбітшілікте ұстап отырған Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздікті аңсап, қан майданда мерт болған асқақ рухты батыр аға-апаларымыздың еңбегін еш етпей, тәуелсіздікті алып берді. Тек тәуелсіздікті алып бере қана қоймай елімізді одан әрі көркейтіп, дамытып жатыр. Қазіргі таңда елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәрі бір-бірімен тату, ынтымақтастықта өмір кешуде. Мен осындай тәуелсіз, тату елде тұрып жатқанымды мақтан тұтамын. Елбасымызға алғысымды білдіремін. Ернұр БИҒАЛИ Айдархан ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы

Upload: others

Post on 03-Sep-2020

8 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278)12 желтоқсан

2018 жыл

Елбасын мақтан тұтам! (Елбасына арнауы)

Елімізді көркейтіп, даңқымызды асырған!Көреген де білікті, мен үшін ол - Асыл жан.Қазағым деп аянбай, терін төккен жасынан,Таңданамын бас иіп, баламын ғой жасырман.

Болсын деп ұрпағымыз білімді,Алға қойған өнер менен ілімді.Озық ойлы, шәкірттер көп бүгінде,Қазақ елі алдыңғы орыннан көрінді.

Сарыарқаның сары даласынан, Астанадай ұрпағына қала салған, Шырайлы күндей шуақты елбасымды, Нар тұлғалы адам деп мақтан тұтам!

Көк туымды аспанда қалықтатқан.Әнұранынды көгімде шарықтатқан Елбасымыз – дана да дара тұлғам!Мықтылығын мойындап, таңдай қаққан.

Рауан НҰРБОЛАТКарманов мектеп – балабақшасының3-сынып оқушысы, Жаңақала ауданы

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Ата!

Бақытты боп жүргенім,Сенің арқаң Нұр ата.Тыныш елдің тірегіӨзің болдың Нұр ата!Нұрлы ісіңмен әркездеБолашаққа бастадың. Тәуелсіздігіне бас иген,Бақыты боп жастардың.

Атамекен Отаным,Аман болсын әрқашан. Ел тілегі ЕлбасыМен өзіңмен мақтанам.

ДИЯР МАҚСОТОВЖ. Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің

4 «ә» сынып оқушысы, Орал қаласы

Мен бақытты баламын Айы туған оңынан,Жұлдызы бар соңынан.Тақпақ айтады Раяна,Ақтілектің тобынан.

Тәуелсіздік мақтаным,Елбасымды жақтадым.Азаттықтың арқасы,Өсіп-өніп жатқаным.

Алтын күнді қалалар,Алтын дәнді далалар.Аман болсын деп тілерМына біздей балалар.

РАЯНА ЭЛЬДАРҚЫЗЫСалтанат бөбекжайының тәрбиеленушісі

Орал қаласы

Аружан БАТЫРЖАНҚЫЗЫ, Нұрдәулет БИСЕМБАЕВМичурин мектеп-балабақша кешенінің1 «ә» сынып оқушыларыМұғалімі: Н.СУХАБАЕВА, Зеленов ауданы

Өз Президентіме ақ тілегім болсын

Құрметті менің Президентім-Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің арқаңызда Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық сондықтанда сізді «Елбасы» деп ұлықтады. Еліміздің елдігін көрсетіп, елдігін танытқанда сіз. Сіздің өз еліңізге деген махаббатыңызды

естімеу, мүмкін емес. Сіздің білімділігіңіз, шыдамдылығыңыз, еңбекқорлығыңыздың арқасында елімізде қыруар іс тындырылды, қаншама бағдарлама, болашаққа жоспар құрылды. Сіздің арқаңызда бай мемлекетіміз халқы бақытты, бейбіт өмір кешуде. Даламыз егіске, қорамыз малға толып ордамыз келісті болды. Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге асатынын біле отыра, мен де елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық шараларға өз үлесімді қосқым келеді.

Тәуелсіз еліміздің рәміздері де ғажап, өзгеше көрінгенде кеудем шымырлайды, бойға қуат, асқақ арман, құдіретті күш сыйлап, мақтаныш ұялатады. Қазір мектепте жақсы оқып, спорттық шараларға белсене қатысып жүрмін. Шіркін, осы туымызды желбіретіп, асқақ

Әнұранды шырқап тұрар сәт болса ғой. Арман алдамайды. Сізде бала кезіңізде сабақты өте жақсы оқып армандай білдіңіз, ұшқыш боламын деген арманыңызға жете тұра, отбасыңызға алаңдап оқып, еңбек еттіңіз. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында түрлі басшылық қызмет атқарып президент болдыңыз. Ол оңай жол емес!

Құрметті Елбасы! Сізге бірінші байлық денсаулық тілеймін. Қазақ халқы ылғи жеңіс тұғырынан көрініп, ерінбей еңбек етіп, білім алып, елімізді дамыта беріп, Сіздің салып берген сүрлеуіңізбен адаспай жүрсе екен деймін. «Нұрлы жол» бақытқа бастар жол болсын!

СЕРІК ЫРЫСЖАНҚызылжар ЖНББМ-нің

8-сынып оқушысыТеректі ауданы

Елбасы – ел қорғаны1 желтоқсан – елімізде

елеулі күн. 1991 жылы бұл күні Н.Ә.Назарбаев ел президенті болып сайланды. Содан бері еліміз қаншама қиын-қыстау кезеңді басынан өткізді. Сол кездерде елбасымыз еліне қорған болып, халқына дұрыс жол көрсете білді.

Мен елбасын мақтан тұтамын. Бүлдіршін жүрегіммен елбасымызға зор денсаулық тілеймін. Оның көрегендік, көшбасшылық қабілеті болашақта

балаларға үлгі болары сөзсіз. Елбасына ұқсағысы келетін, ел мерейін асқақтатар ұлдарымыз көп болсын!

Аружан МҰРАТХАНОВА№48 ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы

Орал қаласы

Елбасына хатҚұрметті Нұрсұлтан ата, Сізді Тұңғыш

Президент күнімен құттықтаймын. Сіз дана адамсыз. Біздің алаңсыз білім алуымызға барлық жағдайды жасап отырсыз. Мен Астана қаласына үш жыл қатарынан ем алуға бардым. Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» тегін ем алдым. Бұл орталықта балалардың тегін ем алуына барлық жағдай жасалған. Сол үшінде Сізге үлкен рахмет айтамын. «Астана бәйтерек» монументі мен Ханшатыр сияқты қаланың әдемі жерлерін араладым. Астана өте әдемі қала. Сіз ұлы

елдің ұлы президентісіз. Сізге айтар алғысым шексіз. Менде ержетіп есейгенде өз еліме үлесімді қосқым келеді. Сізді тағы да мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын.

АРМАТ НӘБИҚҰЛМ.Жүнісов атындағы НЖББМ-нің 3-сынып оқушысы

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі И.Т.ҚұттығұловаСаралжын ауылы, Казталов ауданы

Гүлімжан ЕРБОЛАТОВА Мичурин мектеп-балабақша кешенінің

1 «ә» сынып оқушысыМұғалімі: Н.СУХБАЕВА. Зеленов ауданы

Президент күніН.Ә.Назарбаев –

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Біздің еліміз жыл сайын бірінші желтоқсанда президент күнін атап өтеді. Елбасымыз – еліміздің болашағына зор үмітпен қарайтын халық жаңашыры. Елбасына бейбітшілік пен жарқын болашағым үшін алғыс білдіремін.

Азиза ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ№49 ЖОББМ-нің 2 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

Тәуелсіз Қазақстаным

Мен өзімнің көрікті, байтақ, әсем еліммен, жеріммен мақтанамын. 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – еліміздің басты мерекесі. Тәуелсіздігіміздің арқасында күліп-ойнап, білім алып жүрміз. Еліміз әрқашан тыныш болсын.

Айым ЖАСТАЛАП №48 ЖОББМ-нің

1 «а» сынып оқушысыОрал қаласы

Елбасы – ел тірегіБарша ұлтты бауырына басқан бауырмал

қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Осындай айрандай ұйып отырған елімізді біртұтас мемлекетке айналдырып, бірқалыпты бейбітшілікте ұстап отырған Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіздікті аңсап, қан майданда мерт

болған асқақ рухты батыр аға-апаларымыздың еңбегін еш етпей, тәуелсіздікті алып берді. Тек тәуелсіздікті алып бере қана қоймай елімізді одан әрі көркейтіп, дамытып жатыр. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәрі бір-бірімен тату, ынтымақтастықта өмір кешуде. Мен осындай тәуелсіз, тату елде тұрып жатқанымды мақтан тұтамын. Елбасымызға алғысымды білдіремін.

Ернұр БИҒАЛИ Айдархан ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы

Page 2: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.20182 ағымдағы ақпарат

№ 37 орта мектебінде «Білім беру жүйесінде жаңаша ойлауға негізделген критериалды бағалау бойынша іс-тәжірибе алмасу» тақырыбында қалалық озат тәжірибелі мұғалімдеріне арналнған ауқымды семинар өтті. Бұл семинардың негізі мақсаты қазіргі заман талабына сай жаңартылған білім беру мазмұнын критериалды бағалаудың сабақ барысында қолдану жолдарын көрсету. Осы мақсатты негізге ала отырып, мектебіміздің озат тәжірибелі мұғалімдері ашық сабақтар, кеңес сабақ, сыныптан тыс шара, коучинг ұйымдастырды.

Ең алғаш келген озат тәжірибелі мұғалімдеріне мектеп психологі Н.Садықова және бастауыш сынып бойынша оқу ісінің меңгерушісі В.Жүсүпованың ұйымдастыруымен «Танымал тұлға» атты тренинг өткізді. Қонақтарға мектеп оқушылары үш тілде тақпақтар айтып, көңілді ән шырқап, көңілді күймен арнайы бөлінген топ бойынша бірінші бөлім практикалық бөлім бойынша ашық сабақтарға кірді.

шеберлігі оның сабағы демекші. Практикалық бөлімі бойынша 2 «а» сыныбында математика пәні бойынша «Екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды қайталау» тақырыбында мектебіміздің Ісанатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрбаева Бағдагүл Төлегенқызы 3 «В» сыныбына жаратылыстану пәні бойынша «Тыныс алу құпиялары» тақырыбында мектебіміздің

І санатты, сарапшы мұғалімі Василевская Инкар Сәбитқызы, 2 «Б» сыныбына жаратылыстану пәні бойынша «Қозғалыс сыры» тақырыбында І санатты Аманқұлова Баян Оралбайқызы, 3 «Ә» сыныбына математика пәні бойынша «Симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар» тақырыбында мектебіміздің сарапшы мұғалімі Жұмагұлова Ұлжанай Орынбасарқызы, 3 «А» сыныбына әдебиеттік оқу пәні бойынша «Т.Жароков «Ауыл күзі»» тақырыбында І санатты Абдрахманова Ләззат Кенжегалиқызы, 3 «Д» сыныбында дүниетану пәні бойынша «Спорт –денсаулық кепілі» тақырыбында ІІ санатты Калиакпарова Мөлдир Нұржанқызы

ашық сабақтарын өткізді. Әрбір сабақ өзінше ерекше, әрі сәтті өтті. Семинар тақырыбына сай критериалды бағалау жүйесіне сай қалыптастырушы бағалауларды, критериалды бағалауларды өте ұтымды пайдалана білді.

Екінші тәжірибе алаңы бөлімінде 1 «Е» сыныбына І санатты Жұмағазиева Гүлдана Алипкалиқызының ұйымдастырумен «Критериалды бағалау жүйесін ата-аналарға түсіндіру» тақырыбында кеңес сабақ ұйымдастырса, І санатты Абилова Нұрия Сүйеубайқызы «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» тақырыбында кітап оқуды дамыту жобасы аясында іс-шара ұйымдастырды. І санатты, сарапшы Хайрошова Бақытжамал Әділбекқызы мен ІІ санатты Сырымбетова Гүлмира Ахмадиқызының ұйымдастыруымен «Табысты оқытуға жетелеу жолы – критериалды бағалау» тақырыбында коучинг ұйымдастырды.

Семинар соңында қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Арайлым Рахымғалиқызы және озат тәжірибелі мектеп әдіскері Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы семинар

жөнінде өз ойын айтып, семинардың тақырыбының ашылғандығын, мақсатқа жеткендігін айқындап айтты. Қала мектептерінен келген мұғалімдер сөз алып, сабақтарды талдап, барлық өткен сабақтар мен шараларға оң бағаларын беріп кетті,

Жаһанданған заманда жаңартылған білім беру аясында критериалды бағалау жүйесі өте ауқымды да, күрделі жүйе. Дәстүрлі бағалауда оқушылар күнделікті бағаланып «5» деген баға алып отырса, критериалды бағалау барысында оқушылар қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау арқылы бағаланып отырады. Жаңартылған білім берудегі негізгі ерекшелік оқушылар өз-өздерін, бірін-бірі бағалап, өз пікірін еркін айта алатын, өз білімін өмірде пайдалана алатын тұлға болып қалыптасатынына сенімдімін.

Гүлдана ЖҰМАҒАЗИЕВА № 37 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Орал қаласы

«Балалық шақ-мейірімділік мекені»Х.Доспанова атындағы №30 ЖББМ-де «Зорлық – зомбылықсыз

балалық шақ» атты онкүндік оздырылды. 5 сынып оқушылары өз фантазиялары мен берілген тақырып аясында әр түрлі суреттер салып, оқушылар белсене қатысты. Онкүндік соңында үздік деп танылған суреттердің иесіне мақтау қағаздарымен марапаттады. Атап айтсам Бас жүлде алған 5В сынып оқушысы Амангелді Нұрали, II-орын Чапай Алина, алғыс хатын Серік Әбілмансұр марапатталды. IIД полиция қызметкерлері келіп, өз қолдарымен мақтау қағаздары мен сыйлықтарын берді. Оқушылар мәз мейрам болып, бір қуанып қалды.

Айым ҚОБЫЛАНДЫХ.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ-нің 5 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

Республика бойынша бастау алған «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округіндегі Приурал мектеп-балабақша кешенінде жалғасын тапты. Аталған акция барысында мектебімізде өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретіп, мәртебесін көтеру мақсатында әр түрлі іс-шаралар жоспарланып іске асырылды. Атап айтсақ, мектебіміздің жас мамандары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты танымдық сайыс ұйымдастырылып өзге ұлтты жастарымыз өз білім - біліктерін үш тілді қатар қолдана отырып, соның ішінде қазақ тілін жетік меңгергендіктерін көрсете білді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылығымен мемлекеттік тілді

оқыту курсы ұйымдастырылып тіл үйретуші маман ретінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі педагог – сарапшы санатын алған білікті ұстаз Гүлфариза Отепова тағайындалып,ауылдың тіл үйренуге құштарлығы артқан 16 азаматшасына дәріс берді. Оның 14-і өзге ұлт өкілдері болса,қалған екеуі туған тілін жетік меңгеруге ықылас білдірген қазақ азаматшалары. Курс соңында тіл үйренушілерге сертификаттар табысталды. Жаңартылған білім мазмұнына көшкен сыныптарда да орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша жүйелі түрде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында қазақ тілін еркін сөйлеп, өз пікірін дәлелдер келтіру арқылы нақты айта алатындай жаңа әдіс –тәсілдер қолданылады. Мектебіміздің 1-ші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары Жетписова Н.О., Ижекенова.М.М өз сабақтарында қазақтың ұлттық «Асық» ойынын сергіту сәттерін өткізуде қолданса, «ПОПС» формуласын, «Төрт сөйлем» тәсілін т.б әдіс-тәсілдері тиімді қолдау арқылы өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге үйретуде өз үлестерін қосуда. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында алдағы уақытта да іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде жалғасын тауып отырады деп ойлаймын.

М.КАБЫШЕВАПриурал мектеп –балабақша кешенінінің

қоғамдық - гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі

Бөрлі ауданы, Приурал ауылы

Биылғы оқу жылын сағына, асығы күткенбіз. Сағыныш сезіміміз алдамапты. Биылғы оқу жылында бізді көптеген қызықтар күтіп тұр екен. Білім күнімен басталған сабағымыз үздіксіз мерекелерге жалғасып отырды. Отбасы апталығына пара-пар келген денсаулық фестивальі күндеріне орай көптеген қызықты іс-шарала ұйымдастырлды. Солардың ішінде маған ұнағаны ата-аналар мен оқушылар арасында волейбол ойыны және «салауатты өмір салты ата-аналарымызбен бірге» атты влешмоб биі ата-аналарымыздың да, біздің де көңілімізді көтеріп тастады. Қыркүйектің ІҮ аптасында «мектепке жол» акциясын қортындылау мақсатында «Аялы алақан» концерті ұйымдастырылып, « Жас Ұлан» оқушылар ұйымы мектебімізге демеушілік көрсеткен Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды айтып өз қолымызбен марапаттағанымызға мәз болдық. Концерт өте қызықты өтті. Қарттар күніне орай ауылымыздың қарттарын шақырып «Қазыналы қарттарым» атты концерт қойып ата-әжелерімізге үлкен құрмет көрсеттік. Ата-әжелеріміз алғыстарын жаудырып, баталарын беріп , үйлеріне мәз боп қайтты. Қазыналы қарттарымыздың қуанышын көріп тағы бір марқайып қалдық. Оның артында «Ұстаздар» күні тіреліп тұрды. Оған да белшемізден бата шапқылап, барымызша жүгірдік. Ондағы біздің мақсатымыз ұстаздарымызды ризалату, қуанту еді. Оған да ардагер ұстаздарымызды арнайы шақыртып, алға отырғызып қолымыздан келгенінше бар өнерімізді төгіп бердік. Әсіресе бітіріп кеткен түлектердің бейнежазбамен жіберген тілектерін естігенде қатты қуанды. Мектеп дәліздері мен сынып бөлмелерін өзімізше әрлендіріп, (оформление жасап) әрбір суреттеріміз бен сөздерімізді ұстаздарға арнадық. Өзімізше бір тосын сый жасағандай болдық.

Тап сол күнгі әр сабағымыздың ұйымдастыру бөлімін өзіміз ұйымдастырып сабаққа кірген ұстазбен амандасып болғаннан кейін тілегімізді айтып(сынып болып) Ұстаз туралы ән арнап беріп отырдық. Оны естіген ұстаздарымыз сабақтарын жақсы көңіл күймен бастады. Ол да біз үшін басқа жылдарға қарағанда есте қаларлықтай күн болды. Содан кейін БҰҰ келісімімен Ұстазымыз солай түсіндірді) «қыздар» күні келді. Мектебімізде «Қыз -Жібек» қыздар клубы жұмыс жасайтынтұғын. «Қыздар күні» онкүндік аясында аталып өтті. Сол «Қыз-Жібек» қыздар клубы арнайы қыздарға арналған конференция өткізді. Түрлі тренингтер мен ойындар ойнап, көңіліміз тағы бір көтеріліп қалды. «Қыз-Жібек» қыздар клубының жетекшісі А.Дагисованың ұйымдастыруымен «Ұстаз, Ана, бойжеткен» атты сайыс өткізіп оған ұстазымызбен анамызбен шықтық. Сол уақытты пайдаланып мектебіміздің жоғарғы сынып ұлдары онкүндіктің жабылуына орай біздерге арнап «Қыздарға әсемдік жарасады» атты концерт құрып тосын сый жасады. Мектеп ұлдарына рахметімізді айтып риза боп қайттық. Бүгінде Мейірбандылық айлығының аяқталуына орай «Жан жылуы» концертіне дайындық үстіндеміз. Бізге осындай көңіл күй сыйлап, осы шаралардың өтуіне жанын салып жүргені үшін Мектеп ТІО Гүлсая Ілиясқызы мен тәлімгеріміз Назипа Нұртайқызына «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, табысты болуларыңызға шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз. Алдағы уақытта да қандай да болсын шара ұйымдастырар болса белсене атсалысатынымызға уәде береміз.

«Жас Ұлан» оқушылар ұйымы атынан

Инабат БОЛАТОВА,«Үшағаш негізгі орта

мектебінің 7-сынып оқушысыҚаратөбе ауданы

аз ғана уақытта ауқымдыіс-шаралар өтті

Мемлекеттік тілім - мәртебем!

Жаңаша білім беру – заман талабы

Page 3: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 3

Алғыс хАТҚұрметті Нұрсұлтан

ата, мен сізді мақтан тұтамын. Себебі біздер сіздің арқаңызада Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біздер жақсы білім алсын деп, барлық жағдайды жасап отырсыз. Менің сізбен кездескім келеді. Себебі сізге айтар алғысым шексіз. Өйткені осындай әдемі, үлкен

елімізде адамдардың барлық жағдайын жасап отырғаныңыз үшін көп –көп рахмет. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Еліміз жылдан –жылға көркейе берсін. Менде болашақта сіз сияқты еліме өз үлесімді қосқым келеді.

БАНУ ДАУЫЛБАЕВАМ.Жүнісов атындағы НЖББМ-нің

3-сынып оқушысы Саралжын ауылы, Казталов ауданы

«Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз»1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне арнап

біз сыныпта «аталмыш тақырыпта тәрбие сағатын өткіздік. Алдымен сынып жетекшісі Қалампыр Сайланқызы оқушыларды елбасының өмір баянымен еңбек жолы жайында түсіндірді. Мұнан кейін біз, мерекеге арнап сыныптастар арасында шығармашылық байқау оздырдық. Барлық шәкірттер бұған қуана қатысты. Бірі шағын шығарма жазса, енді бірі сурет салып Елбасы еңбегін бала қиялымеен көрсетуге тырысты.

Назерке ФАЗЫЛОВА, Аяжан ЖАМБЫЛОВА№19 ЖОББМ-нің

3 «в» сыныбының машықкерлеріОрал қаласы

Елін бастаған Елбасы«Балбұлақ» бөбекжайында «Аққайың» ортаңғы тобында «Менің тұңғыш

Президентім», «Балбөбек» ІІ кіші тобында «Елін бастаған-Елбасы» атты ертеңгіліктерді тәрбиешілер Ташанова Гулжан Сапаровна мен К.Әлпаева, Н.Балгереевалар өткізді. Балаларға қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беріп, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеп, еліміздің рәміздерін кеңінен таныстырды. Ұлттық билерді хореограф Иманбекова Айнұр Салыққызы үйретсе, музыка жетекшісі Ғ.Әлсейтова түрлі Қазақстан Респбуликасы туралы патриоттық әндерді нақышына келтіртіп орындата білдірді.

Жанна ОТАШЕВА «Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

«Елбасына хат»Сәлеметсіз бе, құрметті Нұрсұлтан

Әбішұлы! Қал-жағдайыңыз, отбасыңыз қалай? Ең алдымен, Сізге көптен-көп өз ризашылығыммен алғысымды білдіремін. Себебі, Сіз еліміз дархан жүректі Қазақ елі үшін көп жақсылықтар жасап келесіз. Сіз ең алдымен, бізге өсіп-өніп келе жатырған жас буынға тегін әрі сапалы білім алуға және әртүрлі баланың ой өрісін кеңітетін түрлі үйірмелер арқылы сонымен қатар, әртүрлі оқу-сауықтыру орталықтары арқылы білім беру жүйлерін қалыптастырып, жағдай жасап отырсыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебелі жетістікпен пара-пар. Тек білім беру жүйесінде ғана емес, еліміздің экономикасын көтеруде де, алпауыт мемлекеттермен тереземіз теңесіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел болып қалыптасуымыз Сіздің еңбегіңіздің жемісі. Қазақ халқы егеменді ел болып, тәуелсіздік атты тұғырлы жеңіске жеткен сәттен бастап бірнеше жылды артқа тастадық. Әрбір жылда жаңа бір жетістікке қол жеткіздік. Бұның бәрі, әрине, Сіздің көрегенді де дана көшбасшы бола білуіңізде деп білемін. Салт-санамыз, ана тіліміздің рухани қоры, тамыры тереңге жайылған жайылған тарихымыз санадан өшпес үшін халқымызға жаңа толқын лебіндей рухымызды көтеретін «Рухани жаңғыру» жолдауын үндедіңіз. Біз осы жолдау арқылы тарихымыздың жаңа тарауларын қазақ халқының мән мен мағынаға үлгі-өнегеге толы толы салт- дәстүрін танып білудеміз

НҰРДАНА ЖАҚСЫБАЕВАЖаңақала мектеп-гимназиясының

9 «ә» сынып оқушысыЖаңақала ауданы

ЕЛТАЙ ӘЛИЖАН, Жаңақала ЖОББМ-нің 2 «б» сынып оқушысыЖаңақала ауданы

Бірінші желтоқсанЕлбасымыз Нұрсұлтан,Халықты әркез ойлайды.Әр адамның еңбегінЖақсылықпен қолдайды.

Қиындық түссе басымызға,Елбасымыз қорғайды.Көмек беріп бәріне,Біздерді ол қолдайды.

Бақыттымын бүгінде,Тәуелсізбін төріңде.Бағымызға аман жүрКөк туыммен, көгімде.

Малика МҰҚАНОВААқсай қаласының №2 ЖОББМ-нің

5 «А» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы,

Елбасым – мақтанышым!Халқың сізді қолдайды,Жамандыққа қимайды.Жасай бер, мәңгі, жасай берҰрпағың сізді қолдайды.

Желтоқсанның бірі бізге,Мереке боп келеді.Елбасымды туған күнменҚұттықтағым келеді.

Қазағымның баласы,Елі үшін данасы.Бейбіт елді сыйлаған,Елбасымның арқасы.

Сабина БӨТЕНБАЙАқсай қаласының №2 ЖОББМ-нің

5 «А» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы,

Кемеңгер көшбасшыМенің аты-жөнім Мұхамбет Бекет

Мұрадымұлы. Әкем Мұрадым мектеп-газ операторы болып қызмет етеді. Ал, анам Балдырған, үйде бізді тәрбиелеуде. Мен оқу озатымын. Сынып жетекшім Маралдым апай. Апайымыз Елбасы туралы шығарма жазасыздар деген кезде, менің жүрегім қатты лүпілдеп соқты, себебі менің арманым Елбасымен кездесіп, арманымды айтсам екен деп жүретінмін. Мүмкін осы шығармамды Елбасының өзі де оқитын шығар деп ойладым.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы болды,дегенді тәрбие сағатынан және ата-анамыздан, теледидардан еститінбіз. «Елбасы жолы» тақырыбындағы Елбасының өмірінен түсірілген киноларын үзбей, қайта –қайта көре беремін.

Елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында біздің еліміз жарқырап,жайнап тұр және еліміз де, ауылымыз да тыныш. Елбасымыз біз үшін жарқын болашақтың есігін ашты. Білім алып, елімізді басқа елдерге таныту үшін «Болашақ» бағдарламасын жасады және Н.Ә.Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ашты.Менің көп армандарымның бірі,осы үлкен мектептерде оқысам,деймін. Елбасы жақсы, үздік оқыған балдарды жақсы көреді. Мені де жақсы көреді деп ойлаймын.

Бекет МҰХАМБЕТАлғабас ЖОББ мектебінінің

2 «ә» сынып оқушысыАқжайық ауданы

тұңғыш президент күні

Н.Ә.Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш Президенті. Ол 1940 жылы

6 шілдеде алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген, Ол өте көреген, әділ, ақылды, айбарлы адам. 1991 жылының 1 желтоқсанында ол тұңғыш рет ҚР Президенті болып сайланды. Н.Ә.Назарбаев елбасы болып сайланған соң, қазақ халқының тәуелсіздігін алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы үшін бірлігін сақтау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында не қилы қиындықтар кезінде халқын құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, елімізідң экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді. Мен халқымның, осындай үлгі тұтарлық тұлғасы бар екенін және осындай президентім бар екеніне қуаныштымын.

АДЕЛИЯ АЛТАЕВАМичурин мектеп-балабақшасының

5 «а» сынып оқушысыЗеленов ауданы

Елбасына мың алғысБолашағымыз жарқын болу үшін қазіргі бүлдіршіндеріміздің білімі терең,

қиялы ұшқыр болу керек екенін ескере отырып, бөбекжай табалдырығындағы бүлдіршіндерімізге патриоттық тәрбие беру мақсатында «Елбасымызға мың алғыс!» атты 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған сап түзеу өткізілді. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып «Президенттің өмір жолдары» атты көрмесімен танысты.

Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген мақсатта «Мен – Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты патриоттық әндер сайысы оздырылып. Сайысқа әр топ ата-аналары өз баласымен жұптаса отырып патриоттық әндер орындады.

ҒАЛИЯ ЕСЕНАЛИЕВА, ФАРИЗА ҒАРИФУЛЛИНА«Өркен» бөбекжай тәрбиешілері, Сарыөмір ауылы, Теректі ауданы еліміздің дара перзенті

Орталық балалар кітапханасы Тұңғыш президент күнінен орай, №46 ЖОББМ-нің 7 «а» сыныбында «Еліміздің дара перзенті» атты саяси бейне кешін өткізді. Оқушыларға Елбасының өмір жолымен, балалық шағы, өскен ортасы, қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп әрі қарай викториналық сұраққа жауап берілді. Кітапханашы кітапхана қорындағы Н.Ә.Назарбаевтің кітабымен танысып, Елбасының куәлік аттестатымен балалар қызығушылықпен танысты. Кеш соныңда кітап көрмесіне шолу жасалды.

ЛОЛА ЖҰМАҒАЛИЕВАОрал қаласының Орталық балалар

кітапханасының кітапханашысы

мен елімнің патриотымынТәуелсіздігіміздің 27 жыл толуы қарсаңында «Мен елімнің

патриотымын» тақырыбында ашық класс сағаты болып өтті. Мерекелік сабақта біздің 4 «а» сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, арнау өлеңдерін оқыды. Біз осындай бейбіт елде, ата-анамыздың қуанышын көріп, шаттанып күн кешудеміз. Осының бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбев атамыздың ерен еңбегі деп білеміз. 27 жыл ішінде Тәуелсіз елімізді әлем елдері танып үлгерді. Сол себепті, біз еліміздің кішкене бүлдіршіндері елбасына арнап «Елбасы-елбағы» әнін кереметтей етіп шырқадық.

Біз еліміздің болашағын нұрландырып, нық қадаммен еркін қадам басатынымымызға сенімдіміз. Бізге жол сілтеп, бағыт беретін Ляйла Шапбазкерейқызы мен Зүлфия Ақылбекқызы апайларымыздың еңбегі зор. Біз ашық сабақта осындай биік тұғырлы елімізде өмір сүріп, қазақ болып туылғанымызға мақтан ететінімізді көрсеттік деп білемін. Біз-Тәуелсіз елдің патриотымыз!

Жансұлу МАРАТ, Мәдина АСЫЛБЕКОВАНовенький ЖОББМ-нің 4 «а» сынып оқушысы

Зеленов ауданы

Өнегелі сайыс оздырылдыМектебімізде «Елбасы елдің тұтқасы» тақырыбында бастауыш

сыныптар арасында мәнерлеп оқудан сайыс оздырылды. Жас буынға кемеңгер тұлғаның өнегелі өмірі мен еңбек жолындағы жетістіктерімен ел басқарудағы жемісті еңбек жолын таныстыра отырып, бұл сайыста біз тірбиелеп келе жатқан оқушыларымыздың елбасы мен отанға деген құрметін көрдік. Әр оқушы өзінше толғанды, өзінше жазды. Сүйсінгеніміз ұл-қыздарымызды рухы биік елдікті қастерлей білетінін көріп қуандық. Сайыс қорытындысында бас жүлдені 4-сынып оқушысы аружан Сейітқалиева, 1-орынды 1- сынып оқушысы Құралай Талғат, 2-орын Жанерке Мұса иемденді. Қатысқан барлық оқушылар арнайы алғыс хаттар мен марапаттады.

Айымжан АКИШЕВАА. Оразбаева атындағы бастауыш сыныптың мұғалімі,

Жәнібек ауданы

Page 4: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.20184

Жайығым, саған келем мен, өзіңдей мөлдір өлеңмен. Қуанышыммен және де, мұңыммен жырға бөленген. Жайығым, сенің жағаңна, арманым аппақ таралған. Өлеңге ғашық қызыңнын, сенімі сенен нәр алған.

Ақмаржан Таубаева

Ақжайықтың сүйікті ақыны, ұлағатты аса қадірлі ұстаз Ақмаржан Таубаева 17 қарашада күні 60 жасқа толар еді, өкінішке орай өмірі қысқа болды. Қалам ұстаған жан ретінде Ақмаржан Таубаева

– әдебиет өлкесіне өзіндік үнімен, дара қолтаңбасымен енген ақын.А.Таубаева өлеңдерінде ақынға тән нәзіктік, сезім талдық, батылдық бірімен – бірі астасып жатады. Поэзия әлеміне өзіндік буыр-қаныспен, нәзік иірімді ерекшелігімен келгенін кезінде Фариза Оң ғарсынова жоғары баға лаған. Ақ мар-жан Таубаеваның өнерге адалд ы ғы, мінез бай лығы, жан-дүниесінің таза лы-ғы, азаматтық ұс та нымы оның қа зақ мәдениетіндегі орнын айқын даған. Қаламы қарымды журналист, «Жайық ұстазы» газетінің

бас редакторы Ақмаржан Бақытқызы Таубаева 1958 жылы 17 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қандық ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық училищесін, кейін Орал педагогикалық институтын бітірген Ақмаржан Бақытқызы еңбек жолын Қандық негізгі орта мектебінде бастауш класс мұғалімі қызметінен бастаған. 1980-1990 жылдары алдымен Ақжайық аудандық газетінде, сонан соң облыстық «Орал өңірі» газетінде қызмет жасады.

1983 жалдан Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. 1990-1994 жылдары Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебінің тындаушысы, Қазақстан Жастар одағының баспасөз және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңесші,1994-1996 жалдары «Шартарап» баспасының редакторы болып қызмет атқарды. 1998-2001 жылдары Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында шәкірттерге дәріс берді. 2002 жылдан облыстық «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы болып қызметінде жемісті еңбек ете білді. Ақмаржан Бақытқызының поэзия әлемінде орны ерекше. Өлең өлкесінде жырын әлдилеген ақын жаны нәзік те батыл. Оның өлеңдерінде өжеттілік те, табандылық та, іңкәрлік те сезіліп тұрады. «Ақ Жайықтың ақын қызы» атанған А.Таубаеваның күні бүгінге дейін «Жайқтың мөлдір сырлары», «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі», 2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» сынды бірқатар кітаптары жарық көрді. Ел үшін еселі қызмет атқарған Ақмаржан Бақытқызы көптеген марапаттармен марапатталды.

Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжінде апамызға арналған еске алу кеші өткізілді. Сол

кешке бізде өз үлесімізді қосып, «Ақын жүрегінің айшуақ нұры» атты кітап көрмесі шығарылып шолу жасадық. Көрменің мақсаты Ақмаржан Таубаеваның өмірі мен шығармашылығын қалың жұртшылық оқырман қауымға насихаттау, апамыздың шығармашылығымен толыққанды таныстыру, өлеңндерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру, мәнерлеп оқу қабылеттерін шыңдау, ақын лирикасындағы ең басты идея негізгі тақырып – адамдық тақырыбы, адамгершілік мұратына көңіл бөлу, кітапқа қызығушылықтарын ояту. Сол кеште Ақмаржан Таубаеваның «Құлын дауысты жыр – әлем» атты жаңа кітабы жарық көріп, тұсауы кесілді. Бұл кітапта әр жылдарда жазылған лирикалық өлеңдерінен және туған жер, отанға деген махаббатқа толы публицистикалық шығармаларынан тұрады. Ақмаржан ақынның жарқын бейнесі оқырмандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Бибігүл ЖҰМАҒАЗИЕВА Хамза Есенжанов атындағы

облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері

Суретте: Ұлы Әнәсіл мен інісі Қайыржан, кітапханашы Бибігүл

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші, балалар әдебиетінің атасы Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына «Ой мен жырдың аламаны» атты оқырмандардың қатысуымен интеллектуалды сайыс оздырылды.

Балалармен жұмыс жүргізуші әдіскер С.Душкенова «Ақынның әсем әлемі» атты бейнеролик арқылы ақынның шығармалары мен өмір деректерін таныстырды.

Мұзафар атамыздың «Мен тілалғыш баламын», «Атам кітап ,мен дәптер» «Ананың көзі мейірбан», «Аға», «Қолғанаттар», «Кітап та алма ағашы» атты жырларын Н.Шаймардан, А.Болатова, А.Абдуллин, А.Райымбекқызы, Н.Отарғалиева, А.Телжан, М.Оралхан мәнерлеп жатқа оқыды.

Интеллектуалдық сайыста «Бірлік», «Болашақ», «Тұлпар», «Достық» топтары төмендегіше бөлімдерден бақ сынады.

«Бір күн таныстыққа – қырық 1. күн сәлем» таныстыру «Өлең - сөздің патшасы»- 2. ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.

«Жұмбақ – ойдың азығы»-3. жұмбақ шешу;«Алуан аңыз-ертегі, әңгіме 4. бізге шертеді» әр топ шағын ертегі мысалдарын ұсынады.«Әнсіз өмір - мәнсіз» 5. /Караокемен ән айту/

Әділқазылар құрамында : Жәнібек ОКЖ-нің директоры - С.Джукина, балалар кітапханасының меңгерушісі - Ж.Туякова, аудандық тарихи өлкетану музей бөлімінің экскурсоводы- С.Сырымов болды.

Сайыс барысында әр топ өз қырынан таныла білді. Кітапхананың белсенді оқырманы - М.Оралханның орындауында - «Алға Қазақстан» әні шырқалса, «Інжу» бишілер тобының орындауындағы «Жастар» биі тамашаланды.

Қорытынды бөлімде кітапхана директоры С.Джукина оқырмандарға алғысын білдіре отырып, сайыскелерге шығын сыйлықтар мен «Диплом» табыстады. Белсенді қатысқандары үшін «Болашақ» тобына «Алғыс хат» берілсе , 3-орын - «Достық » тобы; 2-орын-«Бірлік » тобы; 1 –ші жүлделі орынға- «Тұлпар» тобы ие болды.

А.ШЫНТЕМІРОВАЖәнібек аудандық

орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы

Аудандық балалар кітапханасында балалар жазушысы, ақын Мұзафар Әлімбаевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты - Мұзафар Әлімбаев туралы білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстыру. Мұзафар Әлімбаевтың «Балалар ақыны» екенін таныту, өмір жолы, еңбек жолы, шығармашылардан

мәліметтер беру, шығармаларының жазылу тарихымен таныстыру, өлеңдерін жатқа айтқыза отырып мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру еді. Мұзафар Әлімбай атамыздың шығармашылығына арналған кешке “Аяның алақаны” кітапшасының кейіпкері Ая қыз және кішкене кезінен оның өлеңдерін сүйіп оқитын Білгішбек және еріншек бала туралы ертегісінің кейіпкері Ертеңбай бірге келді. Ақынның өмір деректеріне арналып, экраннан бейнеүзік көрсетілді. Оқырмандар ақынның бірнеше өлеңдерін нақышына келтіре оқып, тұрақты оқырман Әминат Ерболатқызы орындауында

«Ақсұңқар» әні шырқалды. Кейін «Түлкінің құйрығы неге ұзын?» ертегі желісі бойынша сахналық қойылым қойылды. Ақынның балаларға арналған «Шынықсаң – шымыр боласың» өлеңі арқылы оқырмандар шынығып, «Ойыншықтар» әнін бірге қосыла шырқады. Содан соң оқырмандар экран арқылы берілген жұмбақтарды, логогрифтерді шешіп, өтірік өлең, жаңылтпаштарды,санамақтарды

көрермендер бірге қосыла айтты. Мұзафар Әлімбаевтің шығармасынан қошақан мен ошағанды ала отырып, балаға қызық табиғат құбылысын танытатын, географиялық-биологиялық білім беретін “Қошақан мен ошаған” деген тамаша өлеңі оқырмандарға ұсынылды. «Балдырғандар бағбаны» атты кітап көрмесі қойылып, оқырмандарға кеңінен насихатталды. Ақын атамыздың шығармашылығынан әлі талай жас ұрпақ нәр алатыны сөзсіз.

Салтанат ТҰРАРБЕКҚЫЗЫЖаңақала аудандық балалар

кітапханасының кітапханашысы

ақынның әсЕм әлЕмі«Бала» деп соққан бауырмал жүрек

Сүйікті апамыз – Ақмаржан!

Page 5: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 5

Қызылжар негізгі мектебінде «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында 5-сыныпта ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және 5-сыныптың сынып жетекшісі С.Каржауова өткізді. Сабақтың басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, алғы сөзін: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп,халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығынан кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп жеткізетіндігіне еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау – Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы жанған қазақтың есесін қайтарып беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады» деп бастай келе, «Н.Әбішұлы түп

атасынан арғы тегінен батырлық үзілмеген қазақ тарихында қолбасшылығымен, бірлігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасай ұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, құдайдан тілеп алған баласы» деп тұңғыш президентіміз туралы слайдтар көрсету арқылы өмірбаянына шолу жасады. Елбасымыз жайлы ешкім көп біле бермейтін қызықты деректер де айтылды. Н.Назарбаев атындағы оқу орындары туралы видеофильмдер көрсетіліп тәрбие сағатының өту барысын жандандыра түсті. Оқушыларды ойын әдісі арқылы топтарға бөліп «Егер мен президент болсам» атты тақырыпта постер қорғалып, оқушылар өз ойларын ұшқыр әрі нақты, дәлелді түрде жеткізе білді. Әр топ бір-бірінің пікірін толықтырып отырды. Мысалы: «Ұлан» тобы «Президент

болу үшін қандай тұлға болып қалыптасу керектігі» жайында суретті табиғат көріністерімен ұштастырып «Тауға көтерілу аналогиясы» бойынша төменнен жоғарыға қарай тізбектеп айтты: ең алдымен асқан білімділік, елін сүйгіштік, көрегенділік, сөзі мірдің оғындай, патриот және әділ болу керек деп елбасына тән қасиеттерді айта кетсе, «Қыран» тобы «Егер мен президент болсам» тақырыбымен эссе жазуды шебер сабақтастырып, экологияны жақсарту, өз ауылымызды көркейту, жұмыссыздықты азайту, жастардың білім алуына көңіл бөліп, Елбасымыз сияқты Қазақстанның дамуына еңбектеніп, тек алдыңғы қатардан көрінер едік деп аяқтады. Тәрбие сағаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» шолуымен жалғасып, оқушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешті.

Ж.КАУНОВАҚызылжар НМ-нің

кітапханашысы, Теректі ауданы

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық ешбір шектеусіз және міндетті түрде қолданылатын ақша бірлігі. Қазақстан Республикасының ұллтық валютасы теңге тарихы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қарашасындағы жарлығынан бастау алады. Меншікті ұлттық валютаға көше отырып, Қазақстан өзінің дербес ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік алды. Ұлттық валютаның енгізілген күні тарихи датаға айналды. Бұл күн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні ретінде аталып өтуде. Биыл ұлттық теңгемізге 25 жыл. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай аудандық орталық балалар кітапханасында Шыңғырлау орта мектебінің 7 «а» сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі Сейітова Айнұр Жасталапқызымен «Теңге

– мемлекет келбеті» атты танымдық-сайыс өткізілді. Кітапханашы оқырмандарды төл теңгеміздің тарихымен таныстырып, оқырмандарға теңге туралы слайдтармен шағын фильмдер көрсетілді. Мектеп оқушылары «Алтын теңге», «Хариссон және оның ұлдары» атты командаға бөлініп, оқушылар «Ақпараттық қағазды толтыру», «Ұлы ғұламалар теңгемізде», «Теңге алу ойыны», «Мақал-мәтелдерден қалып кеткен орынға сөзді жаз», «Жұмбақтар» «Кім көп біледі», атты кезеңдерден сүрінбей өтіп, интеллектуалды денгейлерін көрсете білді. Аталмыш шарадан оқырмандар көп мағлұмат алып, ұлттық валютамыз туралы түсініктерін кеңейтіп, кітапханашы Л.Ибрашева әзірлеген «Теңге – тәуелсіздік рәмізі» атты көрмеге-инсталляцияға шолу жасалды.

Г. ДОСИЕВА, Шыңғырлау аудандық орталық

балалар кітапханасының кітапханашысы

тЕңгЕ – мЕмлЕкЕт кЕлбЕті

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Желаев селолық Мектептен тыс жұмыс орталығында Тұңғыш Президент күні және қосымша білім беру орталықтарының 100 жыл толуына орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік концерт өтті. Бұл концертке Желаев селолық әкімінің қызметкерлері және ата-аналар қатысты. Тәрбиеленушілеріміз Президент күніне арнаған өз туындыларын оқып берді. «Елбасы», «Қазақстаным», «Жайнай бер, Астанам» әндері шырқалды. «Жайықтың жас қырандары» ансамблінің мүшесі Қамидолла Айгерім және Кулькиев Артур «Мазурка» Бакланова шығармаларымен жұртшылықты таң қалдырды. Мерекелік концертіміз «Нұр аға» әнімен жақсы деңгейде аяқталды.

А.ЕЛЕМИСОВАМектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері

Еңбекші негізгі мектебінде мектеп психологы С.К.Байнешева және Н.Рамазанның ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай, «Өз елімнің ұланымын» атты ұлдар арасында сайыс өтті. Сайыс мақсаты: Оқушыларды өз елін, жерін, дәстүрін, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Сайысқа мектебіміздің 5-9 сынып ұлдары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде оқушылар өздерін таныстырды. Екінші бөлімде жырдан үзінді оқу. Оқушылар Алпамыс батыр, Ер Тарғын жырларынан үзінділер

оқып, көрермендер көңілінен шыға білді. Үшінші бөлімде ұлдар өздері жасаған ұлттық қолданбалы өнерлерін ортаға салды. Ұлдар өз қолдарымен жасаған жүген, қамшы, кәде сый домбыра, ағаштан қашап жасалған суреттер т.б. бұйымдарды ұсынды. Әділқазылар оң бағасын берді. Төртінші бөлімде «Елі үшін, жері үшін күрескендер» атауымен қатысушыларға тарихта елге тиген еңбегімен аты қалған тұлғалардың фото суреттері берілді. Ұлдар суретте бейнеленген тарихи тұлғалар туралы өздері білімдерін ортаға салды. Өз білімдерінің жоғары екендіктерін көрсетті. Бесінші бөлімде «Кім мерген» асық атудан жарысқа түсті. Ұлттық ойында шеберліктерін сынады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде 9-сынып оқушысы Н.Сәлім, 1-орынды 9-сынып оқушысы Ә.Байырбеков, 2-орынды 7-сынып оқушысы Д.Құлмақ, 3-орынды 6-сынып оқушысы Наурызғали Абзал иеленді. Жүлдегерлер марапатталып, бас жүлдеге ие болған Сәлім Нұрсұлтанға «Өз елінің ұланы» атты жеңімпаз белбеуі тағылды.

С.БАЙНЕШЕВАЕңбекші ЖББНМ-нің мектеп психологі

Қызылжар ауылы, Ақжайық ауданы

Қазақ халқының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасы өмір жолынан үлгі ала отырып, Отаның, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында Теректі аудандық балалар кітапханасында «Туған халқының Бәйтерегі» атты мерекелік шара өткізілді.

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-

бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын,дара болысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік-берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртының назарын аударыпты. Елбасының дүниеге келуі. Шынымен-ақ, шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп түні түнде түс көреді. Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түседі, су әлемі белінен, көкірегінен, содан-соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне

тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді. Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенің сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған аулында осы елдің болашақ көшбасшысы өмірге келеді. Бұл халқының бағына туған, бүгінде әлем таныған көшбасшысына айналған, қазақ деген қайсар халықтың президенті –Нұрсұлтан Назарбаев еді.

Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі күн сайын емес, сағат сайын өсіп, өмір атты дауылды теңізде Нұрсұлтан атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.

Э.БОЛАТОВАТеректі аудандық балалар

кітапханашысы, Теректі ауданы

ТуғАн хАлқының бәйТерегі

Елін сүйгЕн Елбасы

Өз Елімнің ұланымын

Page 6: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.20186

Подстепное ауылдық модельді кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру»мақаласындағы «Туған жер»бағдарламасы аясында кіші Отанымыз Теректіге арналған «Теректі –сүйікті өлкем» атты шара өткізілді.Шараға «Үміт» гимназиясының 10 «б»сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Темишев Думан қатысты.Шараны кітапханашылар кіріспе сөзбен ашты.Шараның негізгі мақсаты: оқушыларға туған жеріміздің тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, елін таныстыру, өзінің туып өскен Отанын мақтан тұтатын тұлға тәрбиелеу, жерін қастерлей білуге үйрету, туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып келешегіне өз үлесін қосуға тәрбиелеу.Кітапханашылар «Теректі-сүйікті

өлкем», «Подстепное ауылы:кеше және бүгін»деген тақырыпта баяндамалар оқып,оқырмандарға өлкеміз туралы көптеген мағлұматтар берді. Жерлес ақын Дариға Мұштанованың «Теректі туралы ой»атты өлеңін кітапханашы мәнерлеп оқып берді.«Туған өлкем» айдарында оқушылар өздері әзірлеп келген Отан,туған ел,туған жер жайлы өлеңдерін оқыды.«Естелік беттерін парақтап» деген тақырыпта кітапханашы сұрақ-жауап сайысын өткізді.Шара соңынан кітапханашы «Рухани жаңғыру –ұлттың ұлы мұраты»атты кітап көрмесіне әдеби шолу жасады.

Назгүл РЗАҒАЛИЕВАПодстепное ауылдық модельді

кітапханасыныңкітапханашысы, Орал қаласы

мұражайларға саяхат

Рухани жаңғыру аясында Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің 7,8а,8б,9 сынып оқушылары өлкетану бағытында Орал қаласына саяхат жасалды.Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын білім саласында іске асыру барысында сынып жетекші Ақдидар Асқарқызы мен өлкетану үйірмесінің жетекшісі Айнажан Шаймарданқызының бастамаларымен Орал қаласына экскурссиялық саяхат жасалған болатын.

Экскурссия барысында Е.Пугачев, Батыс Қазақстан облысының тарихи – өлкетану, Маншүк Маметова музейлерін тамашаладық. Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музей залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған қышқұмыралар, ыдыстар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен

мәдениетінен мағлұмат берсе, XIX ғ. мен XX ғ-дың бас кезінде қолданылған әшекей бұйымдар, үй жиһаздары, тұрмыстық заттар Батыс Қазақстан төңірегінде ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің шеберліктерін танытады. Сондай-ақ, музейде XIX ғ-дың соңы - XX ғ-дың бас кезіндегі Орал қаласындағы саяси, әлеуметтік оқиғалар, тарихи тұлғалар өмірі жайында баяндайтын құнды фотосуреттер, құжаттар, заттық деректер қойылған. Совет Одағының батыры, Маншүк Маметова музейінде батыр қыздың жеке заттарымен, құжаттарымен таныстық.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрген. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсіп, Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапқаны туралы мәліметтер алдық.

Пугачев мұражайында орыс көтерілісшісі Е.А. Пугачевтің Оралда болуын баяндайтын маңызды құжаттар, соғыс қарулары,қойылған экспонаттарын көріп тамашаладық.

Мұражай экспонаттары үлкен қызығушылық туғызды.Экскурсия соңынан музей қызметкерлерінің рұқсатымен суретке түсіп, көңілді тарастық.

Менің бұл экскурсиядан алған әсерім: Батыс Қазақстан облысының тарихын, ертедегі ата-бабаларымыздың

тұрмыс-тіршілігіне қолданған заттарын, көрдім. Музейлерді саяхаттап болған соң мұз айдынына барып, коньки теуіп, бойымыз бір сергіп қалды.

Экскурссиялық саяхатты ұйымдастырып, бізге жақсы көңіл – күй сыйлаған мектебіміздің ұстаздары Сарсенбаева Айнажан Шаймарданқызы мен Ажғалиева Ақдидар Асқарқызына, Омарғалиева Ақмарал Жақсылықызы, Ажғалиев Махат Қайыржанұлына, Серікқали Эльмира Серікқалиқызына үлкен алғысымызды білдіремін.

Әділ ЖӘРДЕМ«Өлкетану» үйірмесінің оқушысыАқжайық ауданы, Ілбішін ауылы

Тарихи орындарға саяхатқа шығу-оқушылардың таным деңгейінің өсуіне, тарихи білімдерінің көбеюіне ықпал зор екеніне тағы бір көзім жетті. Осындай тағылымды жорық Бөрлі №1 мектебінде де ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларынан құралған топ Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында орналасқан Тақсай ханшайымы кесенесіне бардық. Жорық барысында топқа жетекшілік еткен тарих пәнінің мұғалімі Жауынбай Асылбек Әділбекұлы мен Қанағатова Динара Серікқалиқызы Тақсай ханшайымы туралы қызықты мәліметтермен таныстырды. Тақсай ханшайымы жерленген қорымды археологтар 2012 жылдың

күзінде тапқан. Қайтыс болған әйелдің жасы әзірге белгісіз. Археологтар қорғаннан табылған заттарды сармат-савромат мәдениетімен байланыстырады екен. Бұл қорғанның ерекшелігі-археологтар тапқанға дейін бірде-бір рет тоналмаған. Сондықтан жәдігерлер сол қалпында сақталған . Жәдігердің түпнұсқасы Ұлттық музейде сақтаулы екен.

Осындай саяхат ұйымдастырған мектебіме оқушылар атынан алғыс айтқым келеді.

Дильяра АЛМАҒАМБЕТОВАБөрлі №1 ЖОББМ-нің

6-сынып оқушысыБөрлі ауданы

Жаңақала аудандық жас туристер станциясының бастамасымен, жетекшіміз Қайыржанова Эльмира Қ ұ м а р ғ а л и қ ы з ы м е н Е.Ш.Орақбаев, Д.Нұрпейсова, М.Жүнісов атындағы мектептерінің жиырма оқушысы Алматы қаласына «Тарихы терең, табиғаты көркем туған өлкем» атты туристік экологиялық экспедицияға барып келдік. Оңтүстік саяхатымыз бір аптаға созылды.

Алматы қаласында бізді Еңбекші қазақ ауданының педагогы Бутимбаева Жанатгүл Машанқызы қарсылап алды. Экологиялық жорықтың әр күні біз үшін тағылымға толы өтті. Бірінші күні экспедиция мүшелері Түрген шатқалындағы «Аюлы» сарқырамасына барып, Іле Алатауының інжу маржаны Есік көлін тамашалады. Кешкілік алау маңында өткен танысу кеші де әсерге толы болды. Екінші күні Шарын шатқалына

саяхат ұйымдастырылды. Қапшағайдағы «Балдәурен » балалар лагеріне бару сәті үшінші күнге жоспарланған. Демалыс лагерінде, әсем табиғаттың ортасында өткен бұл күн біздерге жаңа күш – қуат, шығармашылық серпін сыйлағаны ақиқат. Төртінші күніміз республикалық «Сақ» қорғандары мұражайына баруымызбен жалғасты. Бұл жер ашық аспан астындағы археологиялық қорық деп те атауға болады. Өзіндік мәдени тарихи құндылығы мол мұражайдан көп деректер алып, рухани дүниемізді жандандырып қайттық.

Осындай экскурцияны ұйымдастырған жетекшіміз Қайыржанова Эльмира Құмарғалиқызына көп рахметімді айтамын.

Алмас МАҚСОТОВЕ.Орақбаев атындағы

ЖОББМ-нің 6-сынып оқушысыЖаңақала ауданы

АлмАты қАлАсынА сАяхАт

Менің жиенім күзгі демалыс кезінде 26.10-16.11 аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми –практикалық білім беру және сауықтыру орталығына демалып келді. Бұл орталықта өте жақсы демалған.Мұражайға барғанын,қуыршақ театрында болғанын және Алматы қаласының табиғаты мен таулы өлкесіде көз сүйсінерліктей екенін айты. Баламның жақсы демалуына үлес қосқан Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздарына сонын ішінде 4 а сынып жетекшісі Бисалиева Күнслу Ізтілеуқызына, кітапханашы Тлесова Нази Асқарқызына, әлеуметттік педогог Серікқали Эльмира Серікқалиқызына, жеке

кәсіпкер Умаргалиев Асхат Сиғуатұлына алғыс білдіремін. Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Ешқашан жаманшылық көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын.Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер. Отбасыларыңызға бақыт-береке, мол табыс тілеймін.

Алғыс білдіруші: атасы Хамит СИСЕНОВҚаршы ауылы, Ақжайық ауданы

алғысымды білдірЕмін

Менің Президентім –

нағыз патриот!

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Ол талантты тұлға, өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Біз оны әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз. Елімізді дұрыс басқара білгеннің арқасында ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді. Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан патриот адам, бұл-менің Президентім! Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет. Елбасымыз Қазақстанның әр облыс орталығына, аудандарға барып халықтың тыныс-тіршілігімен танысады, мұң-мұқтажын ескереді, жаңа бастамалардың іргетасын қалайды, сондай-ақ жастар мәселелерін шешеді. Бұған мысалдар көп-ақ. Біздің кішкентай Қызылжар ауылында жұмыссыз жастар үкіметтен ақша алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Ерінбей еңбек етсең өз отбасыңды асырап, өз ауылыңды көркейтуге болатынын көріп жүрміз. Білімді жастарға шет елде оқып, білімдерін шыңдау үшін «Болашақ» бағдарламасын жасады. Қазақ жастары білім алсын деген сеніммен өзінің атында мектеп жәнее жоғары оқу орындарын ашты. Астана, Алматы сияқты үлкен бас қалаларда ауыл жастары оқып, кейбірі театрда басшылық қызмет атқарып жүргеніне мақтанамыз. Мен елбасының еңбегін бағалай келе өз алғысымды білдіргім келеді.

АЖГЕРЕЙ ДАСТАН

Қызылжар ЖНББМ-нің 8-сынып оқушысы

Теректі ауданыҮлкен жүректі, ұлы сезімді,

шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Елім менің! Бұл өз үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары, осының бәрі – туған елдің бір бөлшегі. Туған ел мағынасы

тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Күлдір – күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала аяқты құлыншақ! Сәуірде бүршік атқан, қылтиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп.

Қазақ халқы ертеден – ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Отанды сүю өзінің отбасын қадірлеуден басталады. Сондықтан халқым «Отан отбасынан басталады» демей ме? Менің білуімше, отбасын сүйген әрбір жас өркен мына үлкен отанымызды қастерлейді, сақтай алады. Оған мен сенемін.

Камила САРБАСОВААқсай қаласы №2 ЖОББМ-нің

7 «б» сынып оқушысыБөрлі ауданы

ТуғАн жер – АлТын беСіК

ТЕрЕкТі –сүйікТі ӨлкЕм!

тағылымы мол тарихи саяхат

Page 7: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 7

«Қазақ деген халықтың баласымын,Ағы менен көзінің қарасымын. Халқын мақтан ететін әр жерлерде,Салтын сақтап жүретін бабасының»- деп, Тұманбай

Молдағалиев ақын атамыз жырлағандай, мен қазақ деген ұлттың ұрпағы екенімді бар әлемге мақтанышпен айтқым келеді.

Менің Отаным –Қазастан! Еліміздің кең дархан даласы бар. Табиғаты әдемі жасыл жайлауға оранған, жеріміз қазба байлыққа бай. Біз қазақ болғанымызға мақтануымыз керек. Өйткені, қазақ елі өнерге жақын, салт-дәстүрге бай ел. Ата-бабаларымыз ержүрек, бат ыр, сонымен қатар ақын, данышпан, дарынды, сөзге шешен болған. Біз сол бабаларымыздың салған сара жолымен, салт-дәстүрін сақтап, дәріптеп өсіп келеміз. Біздің қанымызда батыр бабаларымыздың ержүректілік, намысшылдық, қонақжайлық қасиеттері бар. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсете отырып, ата-анасын сыйлайтын, ана тіліне құрметпен қарайтын, салт-дәстүрін ұмытпайтын батыр да,ержүрек қайсар қазақ деген халықтың баласы екенімізді ұмытпауымыз керек.

Өз Отаным, халқым туралы әңгімелегенде мен де Тұманбай ата сияқты кеудемді жыр кернеп бар әлемге былай деп жар салғым келеді:

Қазақ деген халықтың баласымын,Салт-дәстүрді сақтайтын жалғасымын.«Үлкенге – құрмет, кішіге-ізет» көрсететін,Қазақтың - мен намысшыл баласымын!

Дәулет СИСЕНА.Хұсайынов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы

Жетекшісі: Айымжан ҒҰМАРОВАЖұлдыз ауылы, Казталов ауданы

Тұғыры биіК – қАзАқСТАнХалқымызға ғасырлар бойғы

арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны

нығайта түсу міндеті тұр.Бүгінде Елбасымыздың көре-

гендігінің арқасында халқымыз дәуір сынынан сүрінбей өтіп, егеменді ел болып жаңарды. Қатарластарынан оза шауып, «еуразиялық барысқа» айналудың алғашқы нышандарын танытты. Ел экономикасы шытынап тұрған кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолынан іс келетін, ел тағдырына сергек қарайтын, ойы-озық, сөзі-сара, кең ойлап, кемел ұсыныстар айтып, батыл шешімдер қабылдай алатын азаматтарды төңірегіне топтастыра білді. Тәу етер тәуелсіздігімізді көш бастаушы, халық тағдырын сеніп тапсырған тарихтағы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың есімімен бай-ланыстыруға толық хақымыз бар. Ел- Елбасыға тірек. Елбасы- еліне

қалқан. Тәуелсіздік – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің нышанына айналды. Бүгінгі күні еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әр азаматтың бойында қалыптастыруға тиістіміз. Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды тал-қылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елге айналды.

А.КЕРЕЕВААқсай қаласының №2 ЖОББМ

қазақ тілі мен әдебиетіпәні мұғалімі, Бөрлі ауданы

Алғашқы тәуелсіз Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандары болса, одан бетер-дәстүрлері хандық билікті және қазақ мемлекеттігін нығайтқан мемлекет қайраткері Абылай хан сияқты біздің ұлы бабаларымыздың саясаты мен дәстүрін жалғастырушы, қазақ деген ел Қазақстан деген мемлекет барын бар әлемге паш етіп танытқан саяси көшбасшысы, ұлы реформатор ретінде танылған ұлы тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан халқының кемел болашаққа бастаушы кемеңгер тұлға елімізді әлемдегі беделді мемлекеттер қатарына қосып, ел мәртебесін асқақтатты. Ең бастысы алда да еліміздің тыныштығы, бірлігі жолындағы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің көрегендік саясаты ел көңілінен шығып келеді. Дүние дүбірлеңге толып тұрғанда біздегі бейбіт өмір,

тұрақтылық Елбасы еңбегінің жемісі. Елбасымыз ұлттық стратегия-Қазақстан халқы Ассамблеясын өмірге әкелді. Міне, бүгін бүкіл әлем Қазақстан халқының береке- бірлігін, достығын, ынтымағын айтып таусыла алмайды. Тәуелсіздік жолында көшбасшы бола білген азамат-Елбасымыз. Еліміздің тәуелсіздік алуы, қалыптасуы мен дамуы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланысты. Ол –тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлшегі. Тәуелсіз Қазақстанның өсуі мен көркеюіне, бүкіл әлемге танылуына бар күшін аямай ел тыныштығын сақтай отырып, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп келген. Елбасымыздың еңбегі ерен. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»

деп, халық даналығында айтылғандай әр қазақстандық азамат бөлінбей, бірлікті сақтауға күш- жігерін аямауы қажет. Барлық ұлт өкілдері тіл табысып, тату –тәтті, бейбіт пен ынтымақта өмір сүруі –бәрімізге басты қағида болуы керек деп ойлаймын. Ел тағдыры- біздің қолымызда. Еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалу да біздің өз қолымызда екенін әрқашан ұмытпауымыз керек. Мен көз алдыма Елбасы дегенде, ең мықты кемеңгер тұлғаны елестетемін. Шындығына келгенде ол-дана, ол-дара, ол-кемеңгер. Оған мен ес білгелі күн санап емес, сағат санап дамып келе жатқан Қазақ елі дәлел. Оны мен де, менің замандастарым да мойындайды. Бала кезім. Көз алдыма тозығы жеткен мектепте,

ескілеу партада білім алғанымыз, бір-бірімізге тоңғанымызды сездірмей басына жетсе аяғына жетпейтін оқулықпен білім алғаным оралды. Бүгінде өмір жаңа қрпақ жаңа, заман заманауи. Ғылым қарыштап дамып, әлеуметтік- экономикалық жағынан да өзге ТМД елдерін алдын орадық. Қысқасы Президентіміз есепсіз көп нәрсені істеді. Тәуелсіздігім баянды болуда. Ауыр әрі абыройлы асудан астық. Дүниедегі қабырғалы елдердің қатарына қосылды. Осының бәрі айналып келіп, Елбасын ұлттың құтқарушысы, ұлттың бас иесі етті. Мен Елбасымен мақтанамын. Алла Тағала кемеңгер тұлғаға ұзақ ғұмыр бергей!

Айжан СӘРСЕНҒАЛИЕВАЖаңақала мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғаліміЖаңақала ауылы, Жаңақала ауданы

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім-Қазақстан. Даласы қараса көз жетпейтін кең, таулары айбат, халқы мерейлі ғажайып өлке. Сол Республикам өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алғанына 27 жыл толып отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезім кернейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!

Айналадағы алыс-жақын

елдерде соғыс болып жатқанда, ең алдымен, аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп ойнап, еркін білім алған ерікті елдің ерке қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.

Қуаныш пен жақсылыққа толы 27 жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған

арманы орындалған екен. Қарай отырып осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көрегенділік пен басшылық беріп журген еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев атамызға балалық жүрегіммен рахмет айтамын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Н.Ә. Назарбаев елге,

барша әлемге танылған,өмір мен еңбектің шытырман жоларынан өткен шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Н. Ә. Назарбаевтың көрегенділігі арқылы казір Қазақстан әлемге танылып тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік, дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ.

Атаның қанымен, ананың

жасымен келген еркін де, тәуелсіз елімізді қорғау әрбір қазақ азаматы мен азаматшасының қасиетті міндеті. Біз тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінемін.

Сабина ХАЙРУЛЛИНА Ы.Алтынсарин атындағы

ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысыШағатай ауылы, Теректі ауданы

Елін сүйген Елбасы!Тәуелсіздік бізге оңай жетпеді,Қазақ үшін кімдер қанын төкпеді.Алты алашым адымдайсың енді алға,Артта қалды қиын күннің өктемі.Қазақ халқы азаттық алу мақсатында көп қиындықты

бастан кешті. Ал, қазір үлкен мемлекетке айналдық. Елбасының сарабдал саясатының арқасында көп елдерге танымалмыз. Алты құрлық баласын жатсынбай, алақандай жерімізге сыйдырған көпұлтты мемлекетпіз. Қонақжайлық мінезімізбен барша ұлтты өзімізге баурап алып қана қоймай, қонағымызды құдайымыздай көріп сыйлаймыз. Әрине бұл мінезді қанымызға сіңірген Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Елбасы өз рухани жаңғыруында, сан сауалға жауап беріп, жұмыстар атқаруды қолға алды. Соның бірі туған жерімізді көркейтуге арналды. Мен өзімнің туған жерім Жаңажол ауылын мақтан тұтамын. Біздің ауылымыздың адамдарының жаны жайсаң, жомарт, кішіпейіл. Елім деп еңіреп, ұлтым деп жанын берер осындай президенті бар

біз бақытты ұрпақпыз. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған бұл қазақ елі осындай Елбасымен мақтанады.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің өте жақсы өтуі көңілімізге қуаныш ұялатады. Біз елбасымызға үлкен сенім артып қана қоймай, қолдау көрсетуіміз қажет. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалған ұлан-ғайыр кең далаға иелік етуде оңай емес. Алар асуымыз, бағындырар белесіміз көп болсын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

Дилназ ДИДАРҚЫЗЫАйдархан ЖОББМ-нің 9 «ә» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылы

Мен Қазақстан деген егеменді, тәуелсіз, ақжарқын елде тұрамын. Өз елімді тәуелсіздігімен, қонақжай мәрттігімен, бейбіт ел екендігімен мақтан тұтамын. Біздің салт-дәстүріміз, ою-өрнегіміз, ұлттық киімдеріміз бен ұлттық тағам, ұлттық ойындарымыз өзге елдерден ерекше.

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік, биік асқар тау, мөп-мөлдір бұлақтары, сан алуан өсімдіктері мен жануарлары көздің жауын алады. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін байтақ дала еш жерде жоқ шығар!?

Біздің Отанымыздың тарихы терең. Бабаларымыз, батыр, даналарымыз туған жеріміз үшін қасық қандары қалғанша күресе білді, жеңе білді. Даналық, ағартушылық із қалдырған, болашаққа жарқын бағдар берген ақын жазушыларымыз қаншама. Солардың салған сара жолын жалғастыру, сақтау болашақ ұрпақ- біздің міндетіміз деп түсінемін.

«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл» деп, дана халқымыз бекер айтпаған шығар. Ендеше бейбіт, тәуелсіз, болашағы жарқын Қазақстан деген жерұйық елде өмір сүріп жатқаныма мақтанамын.

Нұрсәт СЕРІКА.Хұсайынов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы

Жетекшісі: Айымжан ҒҰМАРОВАЖұлдыз ауылы, Казталов ауданы

Елбасы – Ел ТірЕгі

Менің Отаным – Қазақстан

ТәуелСіздіККе – 27 жыл

ғажайып мЕкЕнМен ғажайып түс көрдім. Алдымнан тамаша

самал жел еседі. Қанат біткен қыран құстай самғап келемін, самғап келемін. Бойымды қуаныш пен шаттық кернеп барады. Бір сәт айналаға көз салдым. Алдымды басқан әппақ тұман сейіліп ашыла берді. Міне, ғажап! Алдымда көрінген көріністің ғажайыптылығы соншалық кең байтақ даласы мен көздің жауын алар табиғаты мені өзіне баурап ала жөнелді. Бейне бір ғажайып мекенге тап болғандаймын.

Адамдары да ұлттық нақышта киінген. Бір-біріне ізетпен амандасып, ілтипатпен сөйлесіп , асар жасасып жатыр. Ақ көңіл, жүздері бал-бұл жанып тұр. Алаңсыз, бейбіт өмір сүріп жатқан адамдарға көзім тоймай қарай беріппін. Балалар да мәз-мейрам, еш алаңсыз ойнауда.

Бір сәт құлағыма жігерлендіре шырқалған әсем үн естілді. «Алтын күн -аспаны, алтын дән-даласы....» деп әуеде қалықтаған дауысты естігенде жүрегім дір ете түсті. Ашық аспанда әуенмен бірге күн нұрына алтындай шағылысып қыран құс қалықтап барады. Сонау алыста дүбірлете шапқан қанатты тұлпардың тұяғы да әуенге өз үнін қосып тұрғандай. Даласында бітік өскен егіс алқабындағы бидай масақтары да сол әуенге қосылып, биші қыздардай мың бұралып көздің жауын алады.

Бұл ғажаптың бәрін тастап кете алмадым. Қалықтай қонып, айналаға көз салдым. Бір сәт тау тұлғалы, ақылы асқан дана қария көзіме шалынды. Ол да айналасына бар ықыласымен, сүйіспеншілікпен қарап тұр екен. Жүзінің жылылығы соншалық, жүгіріп барып бір сәт қолынан ұстай алыппын.

Ол да маған күлімсірей қарап:- Бұл – «ғажайып мекен» -Қазақстан- деп, үн қатты. Осы бір кенеттен шыққан дауыстан жүрегім жарылардай қуанып, бойымды

шаттық кернеп оянып кеттім. Қыдырәлі АЙДАРҰЛЫ

А.Хұсайынов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы Жетекшісі: Айымжан ҒҰМАРОВАЖұлдыз ауылы, Казталов ауданы

қазақ деген халықтың баласымын

Page 8: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.20188

Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол Қазақстанды көркейтті және елін ойлап, адал елбасы болғаны үшін халық Нұрсұлтан ағаны ерекше сыйлайды. Нұрсұлтан аға президент болардың алдында мектепте ең үздік оқушы атанған және бірнеше үйірмелерге қатысқан. Ол спортпен де айналысқан. Сонымен қатар, домбыраға жаны жақын, патриоттық әндерді де жақсы көреді. Осылай көп еңбектеніп елбасы атанған.

Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Соның құрметіне орай қазір 6 шілде «Астананың туған күні» болып тойланады. Қазір Нұрсұлтан ағаның арқасында көптеген саябақтар, ғимараттар, зауыт-фабрикалар, мектептер, ауруханалар, балабақшалар ашылып, халықты қуантып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан аға бас қаламыз Астанада «Ақорда» деп аталатын ғимаратта жұмыс істейді. Нұрағаның әйелі Сара Алпысқызы. Ол балаларға арнап «Бөбек» қорын ашты және де «өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалады. Мен осы қазан айында «Бөбек» қорының Алматыдағы балаларға арналған сауықтыру демалыс орталығында демалып қайттым.

ӘЛИХАН КЕНЖЕҒАЛИ Тегісшіл ЖББНМ-нің 4-сынып оқушысы

Тегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы

Родной крайЭто мой родной край,Ты для меня земной рай.Маленький уголок земли,Важное место для моей души.Здесь мой дом и моя семья,Я сочиняю тебе стихи любя.Родина моя Киров вперёд!Нас с тобой только успех ждет.

Аяназ ЖАНАРБЕКҚЫЗЫУченица 6 класса школа им. М.Жунисова

Казталовскиий район

Тәуелсіздік алған күнЕл жадында қалған күн,Он алтыншы желтоқсан.Есімде сақтап қаламын,Тәуелсіздік алған күн.

НҰРАЙЫМ СӘУІРҒАЛИЖаңақала ЖОББМ-нің 2 «б»

сынып оқушысыЖаңақала ауданы

Елбасы Нұрсұлтан!Елім менің Қазақстан!Елбасым Нұрсұлтан.Желбіреттің ТуымыздыЖарқыраттың елімізді.

НҰРДӘУЛЕТ ЛҰҚПАНЖ.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің

2 «ә» сынып оқушысы, Орал қаласы

Nursultan ataQazaqsatandy basqarģan, Halyq qamyn oilaģan. Táỳelsizdik pen beibitshilikti elge syilaģan, Nursultandai atam bar.

KO’RKEM MURADYM№37 JBBOM-nin’ 3 «v» synyp oqy’shysy

Oral qalasy

ЕлбасымаЕл бірлігін қолдаған,Болашақты болжағанДанасың сен дарасың,Елімізге панасың.

Бірлес ТАЛҒАТ №48 ЖОББМ-нің 1 «а» сынып оқушысы,

Орал қаласы

Елбасымыз ұлы адамЕлбасы-Нұрсұлтан атамыз,Қолбасы-ел ағасы.Тәуелсіз елін сүйетінЕлбасымыз ұлы адам

Батыр СЕРІКБАЙ №48 ЖОББМ-нің 1 «а» сынып оқушысы,

Орал қаласы

ТәуелсіздікТәуелсіздік күнін тойлап,Қуанамыз шаттанып.Тәуелсіз асқақ елім бар деп,Жар саламыз мақтанып.

Аңсар ЗЕКЕНОВНовенький ЖОББМ-нің 2 «а» класс оқушысы

Зеленов ауданы

ОтанОтан менің мекенім,Отан менің ертеңім.Ертеңімді ойлаған,Елбасыма сенемін. Отан менің бақытым,Әлдилеген бесікте.Отан менің жақұтым,Мәңгі сақтар жүректе.

ӘСЕТ НАРЕГЕЕВ№ 47 ЖОББМ-нің 4 «г» сынып оқушысы

Орал қаласы

Ел тілегі ЕлбасыЕлбасымыз әрқашан,Халық қамын ойлағанКітап жазып біздерге,Еш уақытта талмаған.Әлі талай көрейікЖақсы істерін қолға алғанАман болсын Елбасы,Гүлдене бер, ҚАЗАҚСТАН!

КӘУСАР МАРАТЖ.Молдағалиев атындағы

№2 ЖОББМ-нің 2 «ә» сынып оқушысы, Орал қаласы

Атама алғысНұрсұлтандай атамызғаАлғыс айтып бас иеміз.Ұзақ болсын жасыңыз деп,Денсаулықты біз тілейміз.Осынау ұлы мейраммененБаршаңызды құттықтаймыз.

Әсет БЕРІКҚАЛИҰЛЫНовенький ЖОББМ-нің

2 «а» класс оқушысы Зеленов ауданы

Алмас ИМАНЖаңақала ЖОББМ-нің 2 «б» сынып оқушысы, Жаңақала ауданы

Елбасы ел – тірегіБіздің еліміз Қазақстан. Егеменді еліміз күннен-

күнге гүлденіп, дамуда. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Қазіргі кезде елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Олар бір-бірінен бөлінбей тату-тәтті өмір сүруде. Бұл, қазақ халқының бауырмал жүрегі кең, мейірімге толы екенін көрсетеді. Қазақ халқы талай қиыншылықтарды бастан өткерді. Сонау қиын замандарда батыр аға-апаларымыз, ержүрек аталарымыз қан майданда қасық қаны қалғанша елім,

жерім деп соғысты, ерлік жасады. Сондай қайталанбас ерлік жасаған батырларымыздың арқасында еліміз қазір тәуелсіз мемлекет болды. Елбасымыз болса, сол егеменді елімізді одан әрі дамытып, өркендетуде. Менің болашақ арманым елімнің өркендеуіне үлес қосу. Мен елімді жақсы көремін, елімді мақтан тұтамын.

Самғат ҒИНАЯТАйдархан ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Жаңажол ауылы, Жаңақала ауданы

Елбасы – кЕмЕңгЕр көшбасшыЕлбасы – мемлекетіміздің сөз бастайтын шешені, қол бастайтын көсемі. Ол біздің егемен

еліміздің негізін құрды. Еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз, еліміздің гүлденуі Елбасымыздың үлкен еңбегі деп білемін. Ол түрлі ұлт өкілдерін «Қазақстан» деп аталатын бір шаңырақ астында жинап отырған кемеңгер көшбасшы. Елбасы өзінің еңбегі мен саясатының арқасында көптеген құрметті атақтарға ие болған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын халыққа жолдауын арнайды. Жолдау дегеніміз – елімізді дамытуға арналған жоспар. Осы жоспардың жүзеге асуымен еліміз жылдан-жылға көркейіп, өркендеп келеді. Мен елімізді әділ басқарып, оны көркейту үшін тынымсыз еңбектеніп отырған Елбасымыздың барын мақтанышпен айтып, оны құрмет тұтамын.

ЕРКЕЖАН ОСПАНОВА Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-нің 4-сынып оқушысы

Қамысты ауылы, Жәнібек ауданы

«елін сүйген - елбасы»1 Желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай

сыныбымызда «Елін сүйген - Елбасы» атта ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатын оқушылар бір-біріне тілек айтумен бастады. Әрі қарай сынып жетекшіміз елбасымыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы тың деректермен таныстырылды және бейнефильм көрсетілді. Ашық тәрбие сағатының соңы «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

Мақсат САПАРЖББ Тасқұдық НМБК-нің

6-сынып оқушысыСырым ауданы

Қазақстан республикасының тұңғыш президен күніБіздің еліміз жыл сайын бірінші желтоқсанда Қазақстан Республикасының

тұңғыш президент күнін атап өтеді. Өйткені 1991 жылы бірінші желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланады.Бұл саулауға бүкіл халық қатысты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Халық елбасын құрметтеп сенім артты Соның арқасында қазір біз бақытты ,баянды тәуелсіз өмір сүрудеміз.

Перизат ҒАБДЫҚАБЫЛВ.И.Шубин ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Сырым ауданы

Лунара АМАНЖОЛ Ж.Молдағалиев атындағы

№2 ЖОББМ-нің 1 «в» сынып оқушысы, Орал қаласы

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні бірінші желтоқсан күні аталып өтілетін мейрам. Бұл мейрамның ерекше аталып өтілуі елбасына деген үлкен құрмет деп білемін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің елім әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасы. Ол талатты тұлға өз жерін, өз елін сүйетін ұлтжанды азамат. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағдар берудегі Тұңғыш Президенттің халық

алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Мемлекет басқару бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш-жігерін жұмсауда. Найзаның ұшымен, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық уақыт басқарған Н.Ә.Назарбаев қазақ елін көкке көтеріп, танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше, Президент күні құтты болсын!

АЙЕРКЕМ ҚАЙЫРЖАНОВА№37 ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушысы

Орал қаласы

Елбасы-ел тірегіМен – тәуелсіз қазақ

елінің ұланымын. Ата-бабаларымыз армандаған егемен елде бақытты өмір сүрудемін. Олардың ерліктері мен жақсы істерін біздер ұмытпаймыз. Бейбіт елде өмір сүруге тұңғыш елбасымыз үлкен үлес қосты. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев еңбегімен

көптеген жетістіктерге жеттік. Мен елбасымызды мақтан тұтамын және үлгі етемін.

Мансұр БОРАН№49 ЖОББМ-нің 2 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

Астана – үлкен қала. Астана – біздің бас қаламыз. Астанада көптеген ғимараттар бар. Онда әдемі Бәйтерек және пирамида сияқты ғимараттар көздің жауын алады. Астана күннен – күнге көркейіп келеді. Біздің бас қаламыз маған ұнайды. Өйткені балалардың ойнайтын түрлі-түрлі ойын-сауық орталықтары да бар. Күні кеше Астанада «ЭКСПО – 2017»

көрмесіне көптеген шет елдерден адамдар келіп, көпті таңқалдырған болатын. Өскенде мен де Астана қаласының өркендеуіне үлес қосамын.

ФАТИМА ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ Е.Ниетқалиев атындағы

ЖББОМ-нің 3-сынып оқушысы Қамысты ауылы, Жәнібек ауданы

Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Елбасымыз туралы білмейтін жан жоқ, сірә. Ел тағдыры біздің қолымызда. Президент болып сайланған күннен бері халыққа, елге сіңген еңбегінің ұшан теңіз екендігі баршаға аян. Мектебімізде 1 желтоқсан Елбасы күніне орай апталық өткізілді. Онда біздер кітаптар көрмесімен танысып, Елбасы туралы фильм көрдік. Оның осы жолға бірнеше жылдар бойы қиындықтарды жеңіп жеткенін

білеміз. Қазақстан – Мәңгілік ел! Ол солай болып қала береді. Маған елбасы қатты ұнайды. Елбасымен бетпе-бет көріспесемде, теледидар арқылы көрген сайын қуанып қаламын. Еліміз күннен-күнге дамып, көркейіп келеді. Дана да ақылгөй Елбасын әркез үлгі тұтамын.

АНЕЛИЯ БЕРДАЛИЕВА№1 мектеп-лицейінің

4 «а» сынып оқушысыЖәнібек ауданы

біздің Елбасы

АЙАРУ АРЫСТАНОВА«Өркен» бөбекжайының тәрбиеленушісі

Сарыөмір ауылы, Теректі ауданы Тәрбиеші: Гарифуллина Фариза

САЛИДАТ АСҚАРПодстепный қазақ мектебінің

1 «ә» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Тұңғыш ПрЕзидЕнТ күні

астана – Еліміздің ордасы

ҚазаҚтың тұңғыш Елбасы

Page 9: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 9

елбАСы – ел ТірегіТәуелсіздік – біз үшін басымызға

қонған бақ. Осы бағымызды бағалаған халықты бастайтын иесі болу керек. Сол тақтың иесі тәуелсіздігімізді алып, бір тудың астына басымызды біріктіріп, татулығымыз бен достығымызды жарастырып отырған адам – елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақ халқының тұңғыш елбасы болып сайланғаннан бері Нұрағаның бастауымен Қазақстан елі күллі әлемге танылып, үлкен-үлкен белестерді бағындырды. Осы күнге дейін биік дәрежелерге жеткізе отырып, Қазақстанның болашағын білімді ұрпағына тапсырды. Демек, тәуелсіз еліміздің келешегі біздің қолымызда. Елбасының сенімін ақтап, елі үшін талмай қызмет ететін тұлға болу жас ұрпақтың басты міндеті деп білемін.

АРУЖАН СИТҚАЛИЕВА

ЖББ А.Оразбаева атындағы НМ-нің 4-сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

ЕлбасыЕлбасымыз жолдайдыХалқы оны қолдайдыЕшқашанда орынсыз,Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайдыХалық қамын ойлайдыОсындай жақсы адамныңЖақсылығы тарайды.

АЙЗЕРЕ ТАХТЯРОВА№ 37 ЖОББ мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы

Орал қаласы

Тәуелсіз елімеТәуелсіз елім бар,Бақытты біз баламыз.Астанадай қалағаБіз қыдырып барамыз.Осындай тыныш елімдеБіз бақытты боламыз.

Әмірхан ҚОБЛЫЛАШНовенький ЖОББМ-нің

2 «а» класс оқушысы Зеленов ауданы,

Тәуелсіздік күніОн алтыншы желтоқсан,Тәуелсіздік алған күн.Қазақ елі оянып,Орындалды арман, мұң.

Он алтыншы желтоқсан,Тәуелсіздік алған күн.Әлем халық мойындап,Тарих болып қалғанмын.

Ақбаян ЕСЕТОВАНовенький ЖОББМ-нің

4 «а» класс оқушысы Зеленов ауданы,

ЕлбасыЕлін сүйген Елбасы,Елі сүйген Елбасы.Мақтанышы елімніңКемеңгер ол көшбасшы.Елін сүйген Елбасы,Елі сүйген Елбасы.Сізге қарап, бой түзепБолам менде Елбасы

Жанбота МЕДЕТНовенький ЖОББМ-нің

4 «а» класс оқушысы Зеленов ауданы,

ТәуелсіздікТәуелсіз елім – ҚазақстанЖайнай бер мәңгі Астанам.Кең байтақ жерім – ҚазақстанМен сенімен мақтанам.

Саяна ОСИПОВАНовенький ЖОББМ-нің

3 «а» класс оқушысы Зеленов ауданы

Ұлан АСЛАНҰЛЫ, Тыныштық МҮСЛІМ, Аяна ДИЯРОВАПодстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің

1 «ә» сынып оқушыларының салған суреттері,Теректі ауданы

Елбасына ризамызМен, Мұратқали

Мағжан М.Жүнісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебінде 3-сыныпта оқимын. Біздің мектебіміз

тоғыз жылдық мектеп. Мектебіміз жарық, әдемі, жылы әрі шағын. Біздің мектепте орыс тілі, тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану, және информатика кабинеттері бар. Сонымен қатар кітапхана, шағын мұражай бар. Мектептің іші жасыл желектерге

толы, ауасы таза. Біздің мектепте үш интерактивтік тақта, үш мультимедиялық тақта бар. Біздің жақсы білім алуымызға барлық жағдай жасалған. Мектебімізде түрлі-түрлі шаралар өтіп тұрады. Көптеген жарыстардан мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды алып жүр. Әсіресе, қазақ күресінен жүлделі орындарды көп алып жүр. Мен мектебіміді мақтан етемін. Біздерге осындай жағдай жасап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа алғысым шексіз. Елбасымыздың арқасында еліміз, ауылымыз, мектебіміз күннен-күнге

көркеюде. Осындай қазақ елінде өмір сүріп жатқаныма Н.Ә.Назарбаевқа мың алғыс айтамын. Менде болашақта Нұрсұлтан атамыз сияқты өз ауылымның өркендеуіне үлесімді қоссам деймін. Нұрсұлтан ата мерекеңізбен құттықтаймын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін.

МҰРАТҚАЛИ МАҒЖАНМ.Жүнісов атындағы НЖББМ-нің

3-сынып оқушысы Саралжын ауылы, Казталов ауданы

Арқа сүйер - елбАСы

Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.

Әрбір азамат өз елін құрметтеуі керек. Өзінің ана тілін ардақтауы керек. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың көбісі өз ана тілінде емін-еркін сөйлейді. Президентіміз жастайынан жақсы оқыған. Нұрсұлтан Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. Одан кейін өзінің ақыл-ойымен президент болуға дейін барған.

Қазақстан менің туған жерім. Кімде-кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын. Болашақта менде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұқсаған азаматша болуды армандаймын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!

ЖАННҰР МӘДИТегісшіл ЖББНМ-нің

2-сынып оқушысыТегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы

менің ЕлбасымБіздің Елбасымыз – Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев. Анамның айтуы бойынша, бастапқыда Қазақ елінде Елбасы болмаған. Содан кейін, қазақтардың арасынан Нұрсұлтан Назарбаев шығып, адал жұмысымен, қайсарлығымен Елбасы атанған. Енді, міне, Нұрсұлтан Назарбаев бар күш-жігерін салып, Қазақстан елін көркейтіп жатыр. Ал кейбір қалаларда, ауылдарда жаңадан мектеп салынды және де әділ заңдар орнатылды. Соның арқасында қазақтар тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.

НҰРСӘУЛЕ УӘЛИАХМЕТ Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-нің

4-сынып оқушысыҚамысты ауылы, Жәнібек ауданы

Мүслім ТЫНЫШТЫҚПодстепный қазақ мектебінің

1 «ә» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Елбасы – қадірлі жан«Ер елге еңбегімен танылар» - демекші, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың төккен терінің арқасында өз елінің ғана емес, өзге ұлт адамдары үшін де сыйлы болып отыр. Елбасымыз халықты барлық жағынан қамтамасыз етіп, бейбіт өмірді ұстап тұр. Осының арқасында біздің әрбір атқан таңымыз қуанышпен басталуда. Осы үшін қуану өте орынды деп санаймын. Қазіргі уақытта елбасымыздың басты мақсаты – келер ұрпақтың білімді болуы. Сол себепті латын әліпбиін енгізіп, жан-жақты болуымызға септігін тигізуде. Әрі талантты балалардың еңбегі таса қалмауы үшін тегін үйірмелер саны көбеюде. Қорытындылай келе, елге еңбегі сіңіп отырған жанды әр адамның құрметтеуі аса маңызды.

АЙЛАНА САЙЛАУ№37 ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушысы, Орал қаласы

Бас қалам – АстанаАстана – еліміздің бас қаласы. Астанада

қызықты жерлер, зәулім ғимараттар өте көп. Біздің елбасымыз да Астана қаласында тұрады. Қалада көпқабатты үйлердің саны күннен – күнге көбеюде. Олар жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынуда. Қаланың әсемдігіне қарасаң, көзің тоймайды.

Астана – біздің халқымызды біріктірген Отанымыздың жүрегі. Астанаға көптеген жастар келіп, жоғары, лайықты білім алуда. Астанаға бару барлық балалардың арманы. Елбасымыздың көрегендігінің

арқасында менің 6-сыныпта оқитын ағам Астанада өткен «Экспо – 2017» көрмесіне қатысып келді. Ағам көрмеден көрген қызықтарымен бөлісіп, бірнеше күн бойы айтумен болды. Мен де ағамның қуанышына қуанамын. Әрқашан еліміз тыныш, бауырларымыз аман болса екен деп тілеймін.

АЛТЫНГҮЛ БОРАНБАЙ Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-нің

3-сынып оқушысыҚамысты ауылы, Жәнібек ауданы

Мен Елбасымен мақтанамын Біздің елбасымыз – Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев парасатты, ақылды, кемеңгер және еліне адал адам. Сол кісінің арқасында біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ол біздің көшбасшымыз. Біз сол кісіге қарап бой түзейміз. Қазақстанды әлемге танытып, ел тарихында елеулі із қалдырған ұлы тұлға. Бұл елбасының ерен еңбегінің арқасы деп білемін. Мен елбасымды мақтан тұтамын.

АЛИНҰР МАҚСОТОВТегісшіл ЖББНМ-нің

2-сынып оқушысыТегісшіл ауылы, Жәнібек ауданы

Page 10: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.201810

Оқушыларға ою-өрнектің шығу тарихымен, олардың түрлеріне тоқталып, өз ұлтымыздың өзіндік қолөнерін жас ұрпаққа үйрете отырып, эстетикалық тәрбие беру мақсатында – Теректі Аудандық балалар кітапханасында «Қазақтың ою-өрнектері» атты әдеби шара ұйымдастырылып өткізілді.

Ою-өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары болған жоқ. Олар үйдің не даланың кез келген жерін ыңғайлап, сол жерді шеберханаға айналдырған. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, ыдыстарға сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып дамып келе жатқан бірден-бір өнер.

Әр шебер бүл өнерді өз үлгісінде, әр түрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді. «Ою-

өрнекті қайдан, кімнен үйрендің» деген сауалға атақты суретші Зейнеп Ахметованың Бауыржан Момышұлы жайында жазған естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз шығармашылық жұмыс үстінде жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде лезде қолына қағаз, қайшы алып ою оя бастайды екен. Сонда атамыздың шашыраған ойы жинақталып, жанына жігер бітіп шығармасын қайта бастайды.

Замира САПАРОВАТеректі аудандық балалар

кітапханасының меңгерушісіТеректі ауданы

Тағылымы мол ТрЕнингБиыл елімізде тың бастама болып жатыр. Елбасымыздың

жолдауында көрсетілгендей қазіргі таңда ұстаз мәртебесін көтеру,

ұстаздардың шығармашылық қабілеттері мен білімдерін жетілдіру жақсы жолға қойылып жатыр. Осыған орай, Тайпақ ауылы «Балбұлақ» бөбекжайында «Біз біргеміз!» атты ұйымдастырылған тренинг өткізілді. Тренингке осы бөбекжайда қызмет жасайтын барлық педагог-тәрбиешілер қатысып рухани тынығып, демалып қайтты.

Жалпы тренинг ұстаздарға не береді? Ұстаздар тренингтен не күтеді? Алғашқы сауалын осылай бастаған «Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері Оташева Жанна Бақытқызы мен тренинг

ұйымдастырушы психолог Дүйсенбаева Майра Бақытжанқызы сауалына ұстаздардың көбісі қазіргі таңда бөбекжайдағы түрлі жұмыстардың, қағаз бастылықтың көптігі, ата-ана мен бала алдындағы ұстаз беделінің төмендігі, педагог қауымның жүйкесіне тиетін ауырлық екендігін айта келе, тренингтен рухани тынығу күтетіндіктерін айтып ішкі сезімдерімен бөлісті.

Тренинг соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті. «Мен ұжымдастарымды бүгін көріп, танып отырғандай болдым. Күнделікті сәлемдесумен ғана шектеліп қана қоятндығымды байқадым. Бір шаңырақ астында жүрсек те әлі бір-бірімізді жіті танымайды екенбіз.» - десе, бірі «Бүгінгі тренингтен мен өзім рухани демалыс алумен қатар ата-анаға беретін тың жаңалық алдым.Енді осыны ата-аналарыммен бөлісемін», – деп ағынан жарылды. Иә, расы мен де ұстаздар ата-анаға да балаға да педагогикалық-психологиялық көмек бере алады. Ал, ұстаздарға кім береді? Міне сауалдың жауабы табылды. Әр түрлі тренингтер арқылы ұжым мүшелерінің біріне берліген тапсырманы барлығы бірлесіп орындау арқылы ауыз біршілікке, ұйымшылдыққа баулу және қойылған мақсатқа кедергісіз қиналмай жетуге үйренді. Аталмыш тренинг ұстаздар қауымына берері мол пайдалы тренинг болды деп санаймын.

Күлшат АЛПАЕВА«Балбұлақ» бөбекжайының І санатты тәрбиешісі

Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы

дәстүрдЕн тыс сурЕт салу әдістЕрі

Мектепке дейінгі кезеңнен бастап шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері өз ықпалын тигізді. Ол көркемдік шығармашыл әрекетінің негізі және дамуы болып табылады.

Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкөніс бастырмасы, жіп графикасы, бір басылымда сурет (монотопия), гратаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салу балаларға ұнайды. Мұндай сабақтарға балалар әрекет етеді, жаңа нәрсені туындатады, өз әреетінің нәтижесін көреді.

Бейнелеу өнері сабақтарында жұмыс екі негізгі бағытпен жүргізіледі. Бірінші бағыт: балаларды бейнелеу

өнерінің жағдаяттарымен жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйретуге байланысты. Екінші бағыт: балалардың қиялың, елестетуін, тілін дамытуға байланысты.

Мен өз тобымда дәстүрден тыс жіппен, тамшуырмен, мауесекпен, гратаж, балауызбен және сулау тәсілдерін қолданамын. Осының ішінде пва желіммен сурет салар алдында бізге манка жармасы, көк түсті қатты картон, және желім керек болады. Картон қағаздың үстіне пва желіммен өз қалауымыз бойынша немесе тақырыпқа байланысты сурет саламыз. Артынша суреттің үстінен манка жармасын барлық жерлеріне сеуіп шығамыз. Кішкене

уақыт өткен соң артық манка жармасын басқа ыдысқа төгіп тастаймыз. Бұл тәсілді қолданған кезде балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген қызығушылықтары арта түседі.

Сонымен қоса, тырнау әдісі

арқылы еркін тақырыпта сурет салдырттым, мұнда балалардың ой қиялы дамып, сурет салуға деген қызығушылықтары артып, суреттеріне баға беріп керемет көңіл-күйде болды.

Қорыта айтқанда, көркемдік-

шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін-барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады.

Алма ДОЩАНОВА№29 «Балауса»

бөбекжайының тәрбиешісіОрал қаласы

С.Меңдешев атындағы мектепте білім беру процесімен қатар тәрбиелік шаралар да көптеп өткізіледі. Соның бәрі мектепалды даярлық тобымен бастауыш сыныптар арасында өткен

«Айгөлек» өнер байқауы. «Бұлақ көрсең- көзін аш» дегендей кішкене бүлдіршіндердің өнерге қызығушылыған ашу мақсатында өткен шараға балалар қызыға қатысты. Даярлық тобының бүлдіршіндері тәтті қылықтарымен көрермендерді тәнті етті. «Ел іші – өнер кеніші» деп ән бағамы бойынша көзге түскен өнерпаздар; 1-сыныптан А.Темірболат, А. Төлепберген 4-сынып оқушысы Е.Салауат 3-сынып оқушысы Жанат Ержанның «Павлин» биі костюмімен әдемі үйлесіп көпшіліктің көңілінен шықты. Өткізілген шараға сынып жетекшілермен бірге ата-аналар да балалармен бірге қызыға қатысып, өнерлерін тамашалады.

Т. ҚУАНОВАС.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің

бастауыш сынып мұғаліміЖаңақала ауданы

Бүлдіршіндер бөледі қуанышқа

ою-ӨрнЕк ӨнЕрі

Балабақшадағы спорттық сайысЕл тәуелсіздігі мерекесі

қарсаңында №13 «Золотой ключик» бөбекжайында спорт апталығына байланысты «Шынықсаң шымыр боларсың» атты бөбекжай қызметкерлер арасында спорттық шара өтті.

Бөбекжай ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілікке, шапшандыққа баулу бағытындағы оздырылған шараға барлық қызметкерлер белсене қатысты. Алдымен сайысқа қатысушылар денелерін серігітіп алу үшін, қазақтың «Қара жорға» биімен бой қыздырып алды. Әрі қарай ұжым «Дружба», және «Спорт» болып екі топқа бөлініп жеті түрлі спорт түрінен сайыс көрігін қыздырды. «Шаңғы тебу», «Кедергілерден өту», «Допты себетке тастау» сынды кезеңдерде қос команда аянып қалмады. «Кім жылдам», «Ең мықты» кезеңдері де ойыншылар әдемі ойын көрсетті.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы шешімі бойынша «Спорт» тобы жеңіске жетті. Екі команда қатысушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Гүлмира ІЗМҰХАНОВА№13 «Золотой ключик»

балабақшасының тәрбиешісіОрал қаласы

Page 11: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 11

Елін сүйген, елі сүйген – ЕлбасыБіздің мектебімізде Тұңғыш президент күніне орай 1-4 класс оқушылар

арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Оқушылар өз таңдаған өлеңдерін жатқа айтты. Олар үлкен жауапкершілікпен дайындалып келген. Сайыс өте қызықты, тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша сыныптасымыз Рысқали Наржан бас жүлдені алса, Марат Іңкәр «Халқымның көшбасшысы» деген өлеңімен «Көрермен көзайымы» атанды. Ал 1 орынды – 1 «а» класс оқушысы Алтай Інжу, 2 орынды – 1 «а» класс оқушысы Нұрланқызы Інжу, 3 орынды - Жасқайрат Әли мен 3 «а» класс оқушысы Маратова Адина алса қалған сайыскерлер түрлі номинация бойынша марапатталды. Біз оқушылардың жетістігіне қуандық. Келесі сайыстарда бізде өз өнерімізді көрсететін боламыз.

Жанерке АНЕСОВА, Әсия АНАЙСОВАНовенький ЖОББМ-нің 2 «а» класс оқушылары

Зеленов ауданы

Кәусар ҚУАНЫШЖ.Молдағалиев атындағы

№2 ЖОББМ-нің 1 «в» сынып оқушысы, Орал қаласы

Әли ЖОЛДЫҒАЛИ, Іңкәр МЫРЗАЖАНҚЫЗЫ, Айым СЕЙФОЛЛА, Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің 1 «в» сынып оқушыларының салған суреттері, Орал қаласы

ҒҰМАР АБДУЛАЗИЗ

Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің 2 «в» сынып

оқушысы, Орал қаласы

Сәбина БОЛАТ №5 ЖОББМ-нің

3 «в» сынып оқушысы, Орал қаласы

Ұлы дала еліМенің Отаным - Қазақстан

Республикасы. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 16 желтоқсанда елімнің Тәуелсіздігіне 27 жыл толады. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміз әлемге танылды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша, латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Қазақстан «Мәңгілік Ел» болуға бет алды.

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын сынып сағатында ұстазымызбен бірге оқып, талдадық. Бұдан былай қазақ елі туралы «Ұлы дала елі» деген сөзді барлығымыз мақтанышпен айтатын боламыз.

Ұлы дала елі - барша ұлтты бауырына басқан, татулық пен достықты ту еткен құдіретті мемлекет иесі және өркениеттің бастауы.

ГҮЛІМ ТЕЗЕКБАЙКеңсуат ЖББНМ-нің 5-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

«Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы!» Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды. Елбасының бастауымен менің елім әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасым.

Ол – талантты тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Оның еліне жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес. Біз Елбасымызды әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз. Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға – Елбасы. Ол – менің Президентім! Мемлекет басқару – өте қиын іс, мәртебелі міндет. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш-жігерін жұмсайды. Елбасымыз жастарға көп көңіл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар мәселелерін

шешеді. Елбасымыздың игі істерінің бірі – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденуде.

Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Даламыз егісті, Ордамыз қеңесті! Елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан да елбасым. Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді. Қазақ халқының осындай биіктерден көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған елбасымыздың алға қойған мақсаттарының арқасы. Менің Елбасым Н.Ә.Назарбаев тұңғыш президентіміз, тарихта аты қалатын ел ағасы, аты әлемге танылған тұлға.

МАЛИКА ОРЫНҒАЛИЕВАҚаршы ЖББОМ-нің 11-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Тұңғыш президент күні1 желтоқсан – тұңғыш

президент күні. Менің туып-өскен елім – Қазақстан. Елбасымыз біздің барлық жағдаймызды жасап отыр. Біз елбасымыздың жолдауы мен «Рухани жаңғыру» жобасын қолдаймыз. Жақсы оқып, жоғары биіктерден көрінуге тырысамыз. Біз бақытты баламыз.

Алина МОЛДАБАЙ№49 ЖОББМ-нің 2 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

тәуелсіз қазақстан

Мен өзімнің көрікті, байтақ, әсем еліммен, жеріммен мақтанамын. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – еліміздің басты мерекесі. Тәуелсіздігіміздің арқасында күліп-ойнап, білім алып жүрміз. Еліміз әрқашан тыныш болсын.

АЙЫМ ЖАСТАЛАП №48 ЖОББМ-нің

1 «а» сынып оқушысы, Орал қаласы

бақытты елдің ұланымын

Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан

атамыз елге, барша әлемге танылған азамат. Атамыз Қазастан елімізді әлемге танытты. Мен бақытты елдің ұланымын. Осы қазақ елінде бақытты өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Елбасымыздың арқасында біз, Қазақ елі мәңгәләк ел болып қала береміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні құтты болсын!

МАЛИКА МАҚСОТҚАЛИ№ 37 ЖОББМ-нің 2 «ә» сынып

оқушысы, Орал қаласы

ТЕкТі Елдің ТӨрЕсі

«Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» деп текке айтылмаса керек. Текті еліне төрелік етіп келе жатқан төреме басымды иемін. Барша Қазақстан халқының жүрегіне жол таба білген Елбасыммен мақтанамын. Аздаған уақыттың ішінде Қазақстанды әлемге танытты. Бір шаңырақ астына ұлты, салты, дәстүрлері әртүрлі ұлттардың басын біріктіріп, татулықта, бірлікте ұстап келеді. Өзімнің ұлтым өзге болса да, Қазақстанда туылғаныма, Қазақстан азаматшасы болғаныма мақтанамын. Барша Қазақсандықтарды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мен үшін елбасы – біреу, ал қалғандары – тіреу.

ИЛОНА ВАСИЛЕВСКАЯ№37 ЖОББМ-нің

4 «ә» сынып оқушысыОрал қаласы

елі сүйген-елбасыН.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде

Алматы облысында Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Біздің еліміз жыл сайын 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Өйткені, 1991 жылы 1 желтоқсанда Н:Ә.Назарбаев ел президенті болып, басым дауыспен жеңіске жетті. Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты. Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда жұмысқа кіріскен болатын.

Тұңғыш Президентіміздің жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды. Халық оған «Елбасы» деген құрметті атақ берді. Тұңғыш Президент күні халықтың Елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді. Елбасымыз талай істермен бізге үлгі беріп келеді. Ол шет елдермен тығыз қарым-қатынас жасайды. Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып келеді.

АҚЕРКЕ КАКИМОВА№1 мектеп-лицейінің 4 «б» сынып

оқушысы, Жәнібек ауданы

Жақында қалалық білім беру бөлімінің және Желаев селолық Мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні» Қ.Р. Тәуелсіздігінің 27 жылдығымерекесіне орай, 5-7 сыныптар арасында тоғызқұмалақтан қалалық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты: Елбасының жолдауы: Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру; ұлттық ойындарын халық арасында насихаттау; патриоттық адамгершілік сезімді тәрбиелеу; ұлттық салт дәстүрлерді насихаттау .Жарыстың бас төрешілері: «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Зайнуллин Габбас Жасуланович және «Бес асық» үйірмесінің жетекшісі Алипкалиев Габит Мадиевичке жүктелді.

Аталған жарысқа 18 қала мектептерінің оқушылары ат салысты. Бірінші орынды жеңіп алған №1 ЖОББМ, екінші орын №47 ЖОБбМ ал, үшінші орынды № 37 ЖОББМ оқушылары жеңіп алды. Жеңімпаздар қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

А. ЕЛЕМЕСОВАЖелаев селолық округінің

мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері

тоғызқұмалақтан қалалық турнир

нұрСұлТАн АТАБіздің елбасымыз - Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев ата. «Президент» сөзі—латын тілінен аударғанда «алдыңғы қатардағы» деген мағынаны білдіреді. Ол біздің тәуелсіз ел болуымызға көп үлесін қосты. Бүгінде ертегінің батырларындай қысқа мерзімде тез ер жетіп, бой түзеп, әлем таныған тарихы бар таңғажайып Қазақстанның ертеңі үшін алаңдаған біздің Нұрсұлтан атамыз, халқымыздың бақытты болғанын қалады. Елбасы өзін ойламай, елі үшін қызмет етеді. Сондықтан үлкенді құрметтеп, үлгілі болған, кішіге қамқор болып, қадірлі болған кемеңгер көшбасшымызды құрметтейік. Мен Қазақстан Республикасының Елбасы осындай адам болғанына мақтанамын.

Роза СЕРІКОВААқсай қаласының №2 ЖОББМ-нің

5 «А» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

Page 12: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.201812

біздің сыныпБіздің сынып мектептің үшінші қабатында орналасқан. Сыныбымда 14

оқушымыз. Біздің сынып тату әрі бір бірімізбен доспыз, әрдайым бір бірімізге көмектесіп тұрамыз. Мектепте өтетін әр шараларға белсенді сынып болып қатысамыз, сонымен қатар сынып жетекшіміз Ажар Берікқызы біздерге әртүрлі тақырыпта сынып сағаттарын өткізіп бізді ұйымшылдыққа, татулыққа, достыққа дәріптеп отырады. Біздің сынып өте ұйымшыл сынып деп айта аламын. Оның себебі жақында өтілген мектепшілік «Алтын күз-2018» атты 5-8 сыныптар арасынла оздырылған сайыста біздің сынып І жүлделі орынға ие болды. Қыздар мен ұлдарымыз күзгі вальсті нақышына келтіре орындап шықты. Сонымен қатар «Әкем, анам және мен» атты толағай отбасылық сайыста біздің сыныптар Нұржанова София отбасымен қатысып ІІ жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар біздің сыныптын оқушылары аудандық математикалық регатаға қатысып жүлделі орындар алып жүр. Спорт жағынан болсын, білім жағынан болсын мен сыныбым үшін мақтанам дегім келеді.

Диана КАСАЕВАМичурин ЖОББМ-нің 5 «а» сынып оқушысы, Зеленов ауданы

«Қазақ тілі сабағында»Қазақ тілі-

м е м л е к е т т і к тіл. Бізде қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді. Біз орыс с ы н ы б ы н д а оқимыз, бірақ қазақ тілі тек қазақша жүреді.

Сынып оқушыларының да тіл үйренуге деген қызығушылықтары өте жоғары. Сыныпта әр түрлі ұлт өкілдері оқимыз, тату, әрі ұйымшылмыз. Барлық іс шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрміз. Осы апта біздің мектепте «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы өтуде. Қазақ

тілі пәні мұғалімі Нахметова Ақгүл Мақсотқызы біздің сыныпқа «Сүйікті жемісім-алма» тақырыбында ашық сабақ берді. Ашық сабаққа мектеп басшысы, мұғалімдер қатысты. Сабақ өте әсерлі, әрі қызықты өтті. Сабақта екі топ болып жұмыстандық. Үй тапсырмасына «Ыстық орындық» әдісі арқылы жауап берсек, өткен сабақты «Кір жаятын жіп» әдісімен алдыңғы сабақта алған білімімізді бекіте білдік. Жаңа сабақта алманың пайдасы туралы видеоматериал қарадық. Материал бойынша мұғалім бізге сұрақтар қойылды, сөздік жұмысы үш тілде оқыдық, ауызша сөйлем құрады. «Алма» тақырыбында постер жасап, қорғадық. Оқулықпен жұмыстанып сөздерді септедік, фонетикалық талдау

жасадық. Сосын екі топқа «Ата мен немере», «Жеміс-жидек дүкенінде» тақырыбында диалог құрып, көрініс етіп көрсетті. Сабақты қорытындысында Акгул Максотовна өзі журналист болып, сыныптағы екі оқушыдан сабақ туралы ой пікірін білді. Сабақты топ басшылары бағаладық. Сабақ сынып оқушыларына өте ұнады, барлығы белсенділікпен қатыса білді. Осындай қызықты, әсерлі сабақтар көп болса дейміз Акгул Максотовнаға үлкен рақмет айтып, шығармашылық табыс тілейміз.

Дана ҚАЛМҰХАМБЕТОВАМичурин мектеп-балабақша

кешенінің 4 «в» сынып оқушысы

Зеленов ауданы

Менің мақсатым Мен 3 «а» сыныбында оқимын. Оқу

озатымын. Сыныпта 30 оқушы бар. Барлығы жақсы оқиды. Сабаққа үнемі дайындалып келеді. Маған барлық пәндер ұнайды. Әсіресе, математика пәні мен үшін өте қызықты пән.Мұғаліміміз Гульбану Жеңісқызы сабақты өте жақсы түсіндіреді. Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жиі орындаймыз, әрі қызықты болады. Көбінесе қызықты

логикалық есептер шешкенді ұнатамын. Апайымыз үнемі қосымша ребустар, қызықты теңдеулер, анаграммалар, криптограммалар беріп отырады. Жақсы білім болу үшін мұғалімнің түсіндіргенін мұқият, бар зейініңмен тыңдасаң барлық пәндер де оңай болады. Болашақта жақсы маман болу үшін білім тұрақты болу керек - дейді ұстазымыз. Менің мақсатым жақсы білім алып жақсы маман болу.

Сабина САБЫРЖАН№44 мектеп –гимназиясының 3 «а» сынып оқушысы

Мұғалімі: Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

ана тілім-асыл мұрамБіздің туған тіліміз,ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ

тілі-мемлекеттік тіл. Біз ана тілімізде сөйлейміз, оқимыз,жазамыз,білім аламыз. Әр ұлттың өз туған ана тілі болады. Ана тілі бізге анамыздың ақ сүтімен дарыған.Осы ана сүтімен бойға енген тілдің қасиетін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ана тілім-ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан асыл мұра. Біз қазір үш тілде жетік меңгеруіміз керек. Олар: орыс тілі,ағылшын тілі және қазақ тілі. Өзге тілдің бәрін білсен де,өз тілімізді ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай сақтап,құрметтеуі тиіс. Ана

тіліміз өте бай тіл. Мен өз ана тіліммен мақтанамын. Жасай бер, қазақ тілі,ана тілім!

Ибраhим РУСЛАН№44 мектеп –гимназиясының 3 «а» сынып оқушысы

Мұғалімі: Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

Әкем, анам- жұмағым!Менің дүниедегі ең жақын адамдарым,

асыл қазыналарым, жұмақтарым- мені дүниеге әкелген асқар тау әкем мен аяулы анам. Менің оларға алғысым шексіз. Олар мені әркез қолдап, жетістіктерге жетуіме көмектеседі.

Әкем- ол менің тірегім, қорғаушым, сенімді досым. Ал, анам- ақылшым, жақсы құрбым, сырласым. Мені ыстыққа күйдірмей, суыққа тоңдырмай аялап өсіріп келе жатқан екі қанатым. Мен әкем мен анамды қатты жақсы көремін, сыйлаймын және мақтан тұтамын.

Гүлназ МӘЛІК№ 47 ЖОББМ-нің 4 «Г» сынып оқушысы

Орал қаласы

менің алғашқы ұстазымМенің алғашқы ұстазым – Бейбитова Тулпан

Маратқызы. Апайым салмақты, қарапайым, көп білетін ақылды адам. Біздерге түрлі әңгімелер, аңыздар, ертегілер айтып береді. Сабақта жеке, жұптасып, топта түрлі жұмыстар жасаймыз. Әр сабақ мен үшін қызықты өтеді. Ұстазым менің апатайыма да білім берген. Қазір апатайым Астана қаласында Л.Гумилев атындағы жоғары оқу орнында оқиды. Апатайым «Алтын белгі» иегері. Сондықтан Тулпан Маратқызынан білім алып жүргенімді мақтан тұтамын. Болашақта мен де ел астанасында білім алып, ел болашағының гүлденуіне өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Ербаян ҚАЙСАР

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «а»сынып оқушысы, Теректі ауданы

МЕНің дОсТАРыМБүгінде Қазақстан спорты жақсы дамып келеді. Сондықтан

ауыл балаларына сүйікті спортымен айналысуға барлық жағдай жасалған. Біздің Е.Ш.Орақбаев атындағы мектебімізде көптеген спорттық секциялар бар. Оның бірі – Армат Тасқайров жетекшілігімен ететін еркін күрес үйірмесі. Осы үйірмеге екі досым Тайқайр Мирас пен Ғалымжанов Әли қатысады. Олар аудандық, облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері. Екі досым ақкөңіл, достыққа адал. Үшеуміз үнемі бірге жүреміз. Мен осындай достарыммен мақтанамын. Ауылымыздың спорты дами берсін!

Ернияз ОРАЗЕ.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

4 «б»сынып оқушысы, Жаңақала ауданы

Білімді менің ұстазымМенің ұстазым – Рысқалиева Гүлмира Жұмағалиқызы. Ол бізге білім үйретуден жалықпаған

мейірімді адам. Ал білім арқылы көпке қол жеткізуге болады.Мен ұстазымның көмекшісімін, сыныпта үлгілі оқушымын. Ұстазымның сенімін ақтауға

тырысудамын. «Білімді мыңды жығар, Білекті бірді жығар» деген Қазақ елі өзінің сауатты, білімді де білікті жастарымен өсіп - өркендейді.

Даулетшайх СЫИЫҚЖаңақала мектеп-гимназиясының 3 «»ә» сынып оқушысы,

Жаңақала ауданы.

Отан - Оттан да ыстыҚ!Адамның дүниеге келгендегі кіндік қаны тамған жері Отаны болып

есептеледі.Өз Отанында адамдар ата-анасымен, ағайындарымен тұрады. Кей адамдар өз Отанынан жыраққа кетіп жатады. Алайда, аз уақыттан соң өз елдерін сағынып, қайтіп келеді. Отан отбасымен тең. Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен пара-пар.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл болмайды,- дегендей әр адамның өз Отаны болады. Менің Отаным –Қазақстан. Мен өз елімді сүйемін. Қазақстан- кең, байтақ ел. Елімнің табиғаты өте сұлу. Биік-биік таулар, мөп-мөлдір көлдер мен неше түрлі өсімдіктер өседі. Қазақстан- әлем таныған өте бай, дара ел.

Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, бейбіт өмір сүріп жатқан егемен елімізге көптеген ел қызыға қарайды. Халқымыздың үміт артары, өлкеміздің көркейтері біз – жастармыз. Мен - тәуелсіз елдің ұланымыз.Сол үшін еліммен мақтанамын, елімді мақтан тұтамыз.

Еркеназ БАҚТЫҒАЛИ, Сағыныш МҰХАМБЕТҚАЛИ №1 ЖОББМ-нің 3 “б” сынып оқушылары

Орал қаласы

ЖАН дОсыМ!Менің досым Айшат.Ол «5 б»

сыныпта оқиды.Өте керемет, әдемі қыз. Ол сыныпта үлгілі , ақылды оқушы.Мен досымды ренжітпеймін.Ол барлық адамдарға мөлдіреген көзімен қарайды.Ешкімге қатты ренжіп көрген емес.Мен құрбымды сыйлаймын , ренжітпеуге тырысамын.Ренжітіп алсам дереу кешірім сұраймын.Адал , нағыз достар бір –біріне сыйлы, кешірімшіл, мейірімді,тату болуы керек. Айшаттай досым барына қуанамын. Өйткені Айшат менің жан досым!.

Альбина ҚАЗИОЛЛАМ.Жүнісов атындағы орта мектептің 5 «б» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылы.

аяулы ұстазымаМұғалім өте құрметті ,аяулы жандар.

Менің мұғалімім өте жақсы парасатты адам. Оның аты-Райса Тлегенқызы. Ол кісі біздің тәртіпті, білімді, ақылды болуымыз үшін еңбек етіп жүр. Мен апайымды өте жақсы көремін. Райса Тілегенқызы әрқашан күліп жүріңізші.

Асылай БАЗАРБАЙЖ.Молдағалиев атындағы №2 орта

мектептің 2 «А» сынып оқушысы

Менің анам Бәріміздің анамыз бар. Біз

анамызды өте қатты жақсы көреміз. Мен өз анамды өте қатты жақсы көремін. Менің ұнататын адамым анам. Ол өте көрікті, әдемі және мейірімді. Мені жақсы көреді. Әлемдегі ең жақсы ана менің анам!

Мөлдір ҚАЙЫРЖАНОВАЕ.Орақбаев атындағы жалпы орта

білім беретін мектебінің 4 «б»сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

мен армандаған мамандықМенің арманым көп... Соның

ішіндегі орындалса екен дейтін армандарымның бірі – өскенде мұғалім болу. Себебі, ұстазым Анар Ахметқызы секілді оқушыларға оқуды, жазуды үйреткім келеді. Мұғалім мамандығы да, мұғалімім де маған қатты ұнайды.

Инабат ДОСМҰХАМБЕТ№47 ЖОББМ-нің 2 «Д» сынып

оқушысы Орал қаласы

ҰстазымМен өз ұстазым Гүлнар

Сағидоллақызына шын жүрегімнен рақмет айтамын.Маған және сыныптастарыма әріп үйретіп сауаттандырдыңыз.Сіздің ұстаздық, аналық қасиетіңізге ризамын. Әр қашан шәкірттеріңіздің ризашылығына бөлене беріңіз.Менің ата-анамда ұстаз болып қызмет атқарады. Сіздерді ұстаздар мейрамымен құттықтаймын.Еңбектеріңіз әрқашан биіктен көріне берсін.

Перизат ҒАБДЫҚАБЫЛ Тоғанас ауылы,Сырым ауданы

Менің сүйікті ұстазым

Менің сүйікті ұстазым- Индира Рамазанқызы. Ол кісі әр сабақты қызықты етіп өткізеді. Себебі ол өз мамандығын сүйеді. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды ашық , еркін айтуды үйретті. Мерекелік шараларда бізді бар ықыласымен дайындап, өте жақсы өткізеді, үнемі марапатталамыз. Ақкөңіл, үнемі күлімдеп жүретін, сүйікті ұстазыма алғысым шексіз.

Айзере АМАНБАЙЖББ Бұлан орта мектеп-балабақша

кешенінің оқушысы, Сырым ауданы Бұлан ауылы

Жаны жайсаң жанҰстаз -ұлы сөз. Өзі бес-ақ әріптен

тұрса да үлкен мән-мағынаны береді.Ұстаз – мектеп жүрегі, гүлі деуге

де болады. Осы мектеп табалдырығын алғаш атағаннан-ақ, алғашқы ұстазым-Гүлмира Жақсығалиқызы. Өз бойындағы бар білімін шәкірттеріне аямай беріп келеді. Біз үлгілі ұстазымызбен мақтанамыз. Жиырма бес шәкіртінің жанын ұққан апайымыз жаны жайсаң жан.

Айлина САНСЫЗБАЙ Ж.Молдағалиев атындағы

№2 ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы, Орал қаласы

ұстазБарлық адамдар ұстаздан білім

алады. «Ұстаз мектептің «жүрегі». Әр оқушы өзінің ең алғашқы ұстазын мақтан тұтады, себебі ол адам ең алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан адам. Біздің алғашқы ұстазымыз- Қалампыр Мұратқызы. Ол - өте мейірімді, білімді ұстаз. Бүгінгі біздің жетістігіміз Қалампыр Мұратқызының еңбегі. Біз алғашқы ұстазымызбен мақтанамыз.

Даулетхан НАРИМАНОВОрал қаласы,№5 ЖОББМ-нің

3 «а» сынып оқушысы

«Ұстаз- ұлағатты ұғым»Ұстаз болу- жүректің батырлығы-

деп жырлағандай, ұстаз әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен сақталады. Ол- алғаш әріп танытып, қолға қалам ұстатып, әр баланы өмір сүруге тәрбиелейтін екінші ана. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіртіп, көп тер төгеді. Мен өз ұстаздарыммен мақтанамын.

Ақерке СӘТТІБАЙ№ 47 ЖОББМ-нің

4 «Г» сынып оқушысы Орал қаласы

Page 13: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 13

Қыс мезгілінің бір айы?1. Қыс мезгілінде ауа райы қандай 2.

болады?Жаңа жыл мерекесі тойланатын ай? 3.

ЖАНЕРКЕ ДАУЫЛБАЙМ.Жүнісов атындағы ЖНББМ-нің

1-сынып оқушысы, Казталов ауданы

Еліміздің бас қаласы?1. Желтоқсан құрбаны болған Асанаова 2.

апамыздың аты?Кереге мен шаңырақты біріктіретін киіз 3.

үй құрамыЕлордамыз қай өзеннің жаңында 4.

орналасқан?Елімізде еңгізіліп жатқан әліпби түрі?5. Елді кім басқарады?6. Әр халықтың қасиетті тұғыры не?7. Ту, Елтаңба, Гимн біздің ....8. Еліміздің Туындағы қыран құс ненің 9.

белгісі?Қазақ халқы үшін қасиетті сан10. ҚР-ның Туының түсі11.

Нұрсұлтан ХАБИБОЛЛАНовенький ЖОББМ-нің

4 «а» класс оқушысы Зеленов ауданы

ЖұмбақтарАдамға өзі ұқсайды,Орман бірақ мекені. (.......)

Марлен ЕЛЕШ№1 ЖОББМ-нің 3 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

Жұмбақ айтысДосым-ау, сені ойға жегем ептеп, Жасырам жұмбағымды керемет деп. Иісі хош, түрі әдемі жан қуантар,Ұқсайды ұша алмайтын көбелекке. ( ...)

Әлішер ҚАНАТ№3 қазақ мектебінің 4 «в» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

Әлеке, досым болсаң көрсет дағы,Өнерің үстей берсін көбірек тағы. Бұл нәрсені тауып көр жасырайынЕкі қанат, аяғы жоқ бұл не дағы? ( ...)

Саят БАЗАРҒАЛИ

№3 қазақ мектебінің 4 «в» сынып оқушысыЖаңақала ауданы

1. Төрт түлік.2. Теңіз құсы.3. Рәміз.4. Киелі құс.5. Оқу құралы.6. Аң патшасы.

ДИЛЬНАЗ МЕРГЕН№19 ЖОББМ-нің

3 «в» сынып оқушысы Орал қаласы

Ауырлық1. 4 тіктөртбұрыш, 2 шаршыдан 2.

құралады.Қарама-қарсы қабырғалары тең.3. Белгісіз санды табу үшін жасалатын 4.

өрнек.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі.5. 100 арға тең.6. 6 жақтан тұратын, барлық қабырғалары 7.

тең фигура.Уақыт өлшем бірлігі.8. Уақыт бірлігінде орындалған жұмыс.9. 60 минуттан тұрады.10.

ГҮЛХАН ТЕЗЕКБАЕВА№ 47 ЖОББМ-нің 4 «г» сынып оқушысы

Орал қаласы

Біздің ұлт.1. Шығыс елдерінің ортақ мейрамы.2. Үш бидің бірі.3. Қазақтан шыққан тұңғыш академик, 4.

геолог-ғалым, минеролог.Ер жігіттің 5 қаруының бірі.5. «Көкшетау», «Аққудың айырылуы» 6.

шығармаларының авторы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы.

Бас қала, жас қала.7. Қазақтың ұлы ақыны.8. Қазақстанның президенті.9.

АРМАТ КИСМЕТОВ№ 47 ЖОББМ-нің 4 «г» сынып оқушысы

Орал қаласы

Қардан жасалатын мүсін?1. Өнер білім бар жұрттар өлеңінің 2.

авторы?Уақыт өлшемі?3. Үй жануары?4. Аяқ-киім түрі?5. Ұшу аппараты?6. Хош иісті?7. Сүт тағамы?8. Ешкі төлі?9. Басы жоқ, аяғы жоқ, иығы бар,10.

Киюге киімімді жиі құмар?КАМИЛЛА ЛҰҚПАНОВА

Орал қаласы, №5 ЖОББМ-нің 3 «б» сынып оқушысы

1. Балалардың жақсы көретін ойыны?2. Көлік атауы?3. Жәндік?4. Құс?5. Уақытты немен өлшейміз?

САЯ ЕГЕЗБАЙОрал қаласы, №5 ЖОББМ-нің

3 «б» сынып оқушысы

Материктің ең үлкен аралы?1. Шығысындағы шеткі нүктесі?2. Әлемдегі ең үлкен шөл?3. Материктің ең биік шыңы?4. Д.Ливингстон ашқан сарқырама?5. Материктің мәдени өсімдіктері зерттеген 6.

ғалым?ЕДІГЕ ЗАМИРҰЛЫ

С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы

Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы

құрметті достар!Біз математика сабағында үнемі

қызықты тапсырмалар орындаймыз. Мұғаліміміз Гульбану Жеңісқызы осындай тапсырмаларды тез орындаған оқушыларға үнемі қосымша беріп отырады.Бәріміз қызықты есептер шешуге таласып бәсекелесеміз.Солардың кейбірін сіздерге ұсынып отырмын.

1.Қызықты теңдеулер Х+ пан= Балапан Х - алия = ИТ 2.Амалдарды орында,шыққан сөзді жаз.Фа+брит-т+ка = фабрикаҚу+ырн-н+шақ = ............................................Дөң+гер-р+лек = ...........................................Кө+леңс-с+ке = ..........................................Құм-р+мы+ра = .............................................Бат-т+ғар-р+на = ......................................

Дәулет ТҰРАР

№44 мектеп –гимназиясының 3 «а» сынып оқушысы

Мұғалімі: Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

Қызықты есептер Логика спортшыға да, бишіге де,

жазушыға да керек. Өз атыңды сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.Математикалық логикалық есептер шешу маған қатты ұнайды. Қызықты тапсырмаларды шешу барысында жауабын табу - ойлау қабілетінің тереңдігіне байланысты - дейді Гульбану Жеңісқызы. Сіздерге бірнеше қызықты есептер ұсынамын. Бірге ойланайық!

1. Сынып оқушылары жазба жұмысынан әр түрлі баға алды. Мұғалім оларға: ең үлкен екі таңбалы саннан 33 есе кем «5» деген баға, 1 ғасырдан 86 жылға кем «4» деген баға, және қалай төңкерсең де өзгермейтін сан «3» деген баға алды - деді. Бағалар саны қанша?

Жауабы:___________________2. Бөлек жазылса, сын есім мен зат есім. Бірге жазылса қала аты3. Отырып –ақ жүре беретін кім ? ----------4. 1 мен 100 санының арасында неше

9 цифры бар ? жаз -------------- 5 Көпіршіктің ішінде не бар? -----------6. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат

бір стакан шиені жеп қойды.Неше стакан қалды? --------

Аружан СӘБИТ №44 мектеп-гимназиясының

3 «а» сынып оқушысыМұғалімі: Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы

ЖұмбақҚыста бізге келеді,Сыйлықтарын береді.

Аппақ түсті, бір түрлі,Жылылыққа ериді.

Әйнек емес, жылт-жылт етеді,Ұстасаң еріп кетеді.

Нұртілек НИЕТҚАЛИ М.Жүнісов атындағы ЖНББМ-нің

3-сынып оқушысы Саралжын ауылы, Казталов ауданы

Теңіз жағасына жақын орналасқан аласа 1. таулардан соғатын жел?

Температура 1000 градусқа жететін 2. қабат?

Грек тілінде «еңкіш», «еңкею» деген 3. мағынаны білдіретін сөз?

Тропосферада сұйық, қатты кездесетін 4. ауа бөлігі?

Жауған қардың желдің күшімен бір 5. жерден екінші жерге көшуі?

Атмосфераның сыртқы қабаты?6. Ауа райын зерттейтін орталық?7. Бұлттың бір түрі?8. Жоғары қысым қалай аталады?9.

АРУЖАН ҚУАНОВА, ДАРХАН ЖҰМАТАЙ

С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушылары

Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы

сөзжұмбақ «тәуелсіздік» Ертедегі батыр қыз?1. Сүйікті оқулығымыз?2. Киіз үйге керек зат?3. Нағыз жігіт?4. Түйе тектес жануар?5. Уақыт өлшемі?6. Тағам түрі?7. Ала-ала жануар?8. Ойын құралы?9. Киім ілетін зат?10. «Ақсақ құлан» күйінің авторы?11.

ІЛИЯС ШНӘЛІ Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің

6-сынып оқушысы , Теректі ауданы

«Сөзжұмбақты» дұрыс шешсеңіз менің анамның есімі шығады.

Жеміс атауыӘкемнің анасыЖыл мезгіліРакетаның қазақшасыАс атасыСусын құятын ежелгі ыдыс

Аслан ЖАСҚАЙРАТЖаңақала ауданы

Page 14: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.201814 «САМАЛ»-дың галереясы

Аяна ДИЯРОВА, Подстепный қазақ орта мектебінің

1 «ә» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Жандос ЖҰБАНДЫҚОВ, Дарын САҒАТДИНОВ, Ынтымақ НМ-нің даярлық тобының тәрбиеленушілері, Ақерке КУЗБАКОВА, Ынтымақ НМ-нің 3-сынып оқушысы, Тасқала ауданы

Аяулым ҒАББАСОВА, Наз ШАЛҚАРҚЫЗЫ№5 ЖОББМ-нің 3 «б»-сынып оқушылары, Орал қаласы

Жангүлім САҒИДОЛЛА, Саяжан ХАСАНОВА,№5 ЖОББМ 3 «В»-сынып оқушылары, Орал қаласы

Бибарыс ӨТЕҒАЛИЕВ,Данияр ЗИНЕТ, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп- балабақша кешенінің 1«ә»сынып оқушылары, Зеленов ауданы

Мұғалімі: Н. СУХБАЕВА

Есет ҒАРИФОЛЛА, Анэла ТОЛҒАТ, Саян ЕРСАЙЫН№19 ЖОББМ-нің 1 «ә» сынып оқушылары, Орал қаласы

№19 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 «В» сынып оқушысы ШЫНАР КЕҢЕС «КӨҢІЛДІ ҚЫС»

Мержан КЕНЖЕТАЙ«Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің

4 «б» сынып оқушысы,Жаңақала ауданы

Сайда КЕЛМАЕВА, Ералы ЕРСАЙЫН№48 ЖОББМ-нің 1 «а» сынып оқушылары, Орал қаласы

ӘСИЯ АРГЕНҚЫЗЫ, ӘМИНА МАҒДАНОВА, ТЕМІРЛАН ҒИМРАНМичурин мектеп-балабақша кешенінің 1 «ә» сынып оқушылары, Мұғалімі: Н.СУХАБАЕВА, Зеленов ауданы

Амина ПАЗЫЛБЕКОВА, Инабат ШИЛІБАЙ, №46 ЖОББМ-нің

2 «е» сынып оқушылары

Фатима ТАЛҒАТ, Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің

1 «в» сынып оқушысы

Жахия ЖАНАРЫС, Мұқағали САПАРҒАЛИ, Дәулет ЖОЛДЫЖаңақала ЖОББМ-нің оқушылары, Жаңақала ауданы

Мәди САМАТ Григорьев ЖОББМ-нің

1 «А» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы

Page 15: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

№ 23-24 (277-278) 12.12.2018 15Қауырсын қалам

Елбасымыз – Нұр ата Ата өзің жолын салған ерліктіңТұғырлы ғып туын ұстап теңдіктіңЕсіл бойын мызғымастай Орда ғып,Іргетасын қалағансыз елдіктің

Өрге бастап қазақ деген ұлы елдіХалқым менің бір бақытқа кенелдіБолашаққа қадам басып сізбененӨзге елмен тереземіз теңелді.

Қиындықты көтердіңіз қашпадыңЕтегіне ермедіңіз басқаныңЕлдің жүгін арқалаған Нұр атаТау көтерген толағайым асқағым.

Елім бүгін ел сыйлайтын ел болды,Байлығы оның дария,шалқар көл болды.Әлемдік ел қатарында Қазақтың,Есіктегі бос орыны төр болды.

Жаса мәңгі тәуелсіздік еліңмен,Жаса мәңгі ырыс қонған жеріңмен.Ел-жұртының қуанышы боп жүре бер,Аса таяқ асқаныңша беліңнен.

АСХАТ РАХАТҚызылжар ЖББНМ-нің

5-сынып оқушысыҚызылжар ауылы, Теректі ауданы

Желбіресін көк ТуымТәуелсіздік қыраныМен алаңсыз балапан,Аман болсын ата-анамБерік болсын тұғырым.

Тәуелсіздік ұлы тойЖелбіресін көк туым.Көк туыңды қорғайтын,Қырандарың көп бүгін.

Тәуелсіз ел ұланы,Өсіп келе жатырмыз.Тәуелсіз ту астында,Білім алып жатырмыз.

АЛИХАН НӘСІПҚАЛИЖаңақала ЖОББМ-нің 2 «б» сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

Елбасы-ел тірегіНұр ата, нұрлы күндей жарқыраған,Елінің қамын ойлап шарқұраған.Елбасымыз Нұрсұлтан атамыздай,Жоқ ешкім дәл сіздей ел басқарған.

Нұр ата, бір өзіңсің ел басқарған,Бола алмайды ешкім сіздей ел бастаған.Қамын ойлап қазақтың тірегі боп,Жүре берші аман сау елді бастап.

Елімнің бас қаласы АстанамызКөркейіп өркендеген жас қаламызЭКСПО көрмесіне шақырадыБүгінгі құлпырған Астанамыз.

Елбасы елді бастап жүре берші.Кішкентай қыздың тілегі осы,Алланың нұры жаусын басыңызғаНұр ата, Елімнің тірегі бола берші. ЕРКЕНАЗ ҚАЙРАТ

Қызылжар ЖББНМ-нің 5-сынып оқушысы

Қызылжар ауылы, Теректі ауданы

Елін сүйген ЕлбасыЕлін сүйген басшымыз бар,Жетелеген биікке.Асқақтаған халқымыз бар,Ұмтылатын өрлерге.

Бастап бізді Нұр ағамыз.Елу елге кіргізді.Нақты бағыт ұстанумен Бейбіт билік жүргізді.

Биік-биік қала салып,Мектеп ашты жап-жаңа.Бала-бақша, гүлзар ашып,Еңбектенді жан сала.

Баққа бөлеп елімізді,Жолдау берді жыл сайын.Гүлдендірді жерімізді.«Жасыл елмен» әрдайым.

Бейбіт тірлік момын күйде,Халқы бақыт кешуде,Нұр ағамен бәріміз деҰмтыламыз биікке.

ЕРНҰР ТОҒЖАНОВҚызылжар ЖББНМ-нің

5-сынып оқушысыҚызылжар ауылы, Теректі ауданы

Біздің елбасыМақтанамын елбасымыз Нұрсұлтандай ағам бар.Елін қорғап, жерін қорғап Халқының қамын ойлайды.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз.Ағайын-тума ,үлкен -кіші бәрімізАман болып әрқашанда жадырап Желбіресін әрқашанда туымыз.

Саят ХАМЗАВ.И.Шубин ЖОББМ-нің

4- сынып оқушысыСырым ауданы

Елін бастаған ЕлбасыАуыр күнді артымызға тастауыҚиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,Жас Отанның өмірін де түсініп.«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмайБір керемет жасады-ау кісілік.

Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.«Ұлтым, елім» деп қайғырған, ұлы жан,Сіз біздердің піріміз де, әніміз. Амирхан ШАМГОНОВ

Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ-нің

3 «ә» сыныбының оқушысы, Орал қаласы

Байтақ даламКең байтақ жерім,Көрікті елім.Бағы жанған халқымныңҚұтты туған мекенім.

Жайқалған нуың,Шалқыған көлің,Қуат берер жаныма,Жанға жайлы көк белім,

Баһадүр, батыр, бабалар туған,Киелі байтақ даламсың.Егінін егіп, маңдай тер төккенАқылы асқан данамсың.

Ер жетіп сенде, есейіп келем, Киеңді бойға сіңіре.Бағыңа қонған «тәубе» деп жүрем,Сыйлаған бейбіт күніңе!

ІНЖУМАРЖАН КЕҢЕС№47 ЖОББМ-нің

4 «ғ» сынып оқушысыОрал қаласы

Нұрсұлтаны халқымныңТұғыры биік елімнің,Көшбасшымыз елбасы.Мақтанышы халқымның,Нұрсұлтаным – жыр басы.

Азаттықты аңсаған,Тәуелсіз елдің тілегі.Астанасы халқымның,Ортада тұр жүрегі.

Ұлан-ғайыр даламның,Ашық болсын аспаны.Таусылмасын қашанда,Тарихы мен дастаны.

Бағасын біл қашанда,Қасиетті жерімнің.Биік ұстап жүрейік.Көк байрағын елімнің.

ЖАННҰР ҚАНАТОВАҚызылжар ЖББНМ-нің

5-сынып оқушысы Қызылжар ауылы, Теректі ауданы

ӘжемеӘжетай нұрға толсын жүзініз Қуаныныз шатаныңыз күлініз.Тіршіліктің қызығына бөленіпАман есен ортамызда жүрініз.

Жайназ РАШИДҚЫЗЫ№3 қазақ мектебінің

2 «ә» сынып оқушысыЖаңақала ауылы, Жаңақала ауданы

Қазақ елі Қалың елім қазағым, Тартып заман азабын.Тәуелсіздік алғалы, Туды бізге азат күн.Мал өрісі кеңейіп, Текеметі жайылған. Айналайын қазақтың Ұлан байтақ жерінен. Ата-баба салтымен Алтын қанат ақ орда Киіз үйлер тізілген.Ұлдары батыр, салмақты,Қыздары шебер, ажарлы.Жасасын қазақ еліҚазақтың құтты мекені!

МЕДЕТ БАХТЫГЕРЕЙГригорьев ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы

Кеңтүбек ауылы, Бөрлі ауданы

ӘКЕ-АНААрдақтаймын Анамды,Құрметтеймін Әкемді.Екеуі бірге құрыпты,Отбасы дейтін Отанды!

Өмірге біздер келгесін,Ата-ана олар атанды.Тәттінің беріп әрбірін,Көрсетпей өмір тарлығын.

Арқалап әкем келедіОтбасының бар жүгін.Ұлының тауып қалауын,Қызының тауып қалауын.

«Әкеңдей бол!» - деп қарағым,Тәрбие берген жөніменОрыны бөлек ананың.Мен әкемді сүйемін!

Мен анамды сүйемін!Айтқан ақыл-кеңесінОйыма әр кез түйемін.Алғысымды айтып алдында,Басымды Мен иемін!

Аңсағаным СПОРТ№37 ЖОББМ-нің

3 «ә» сынып оқушысы Орал қаласы

Астана – бас қалаАстана – бас қала,Астана – жас қалаАстана күні деп,Қуанды бар бала.

Елімнің ордасы,Жерімнің ортасы.Төрінде көк туы,Сарыарқа даласы.

Астана – ақ қала,Астана – бақ қала.Көркейіп өсті деп, Жырлаймыз мақтана.

Қуаныш кернейді,Шаттыққа бөлейді,Гүлденген бас қала,Мерейлі Астана.

ЖАНСАЯ ДАЙРАБИМичурин мектеп-балабақшасының

5 «а» сынып оқушысыЗеленов ауданы

Оралым – туған мекенімОралым, Ақжайығым, туған жерім, Осында өсіп-өніп өркендеймін.Мөп-мөлдір жайығысмның жағасында,Құлпырған оралымды өссе деймін.

Туған жердің ауасы да тап-таза,Ойнап-күліп жүгіремін балаша.Туған жерді аялайық бәрімізТуған жерге бір-бір талдан егейік. Шыңғыс НҰРСЕЙІТ№5 ЖОББМ-нің 6 «а» сынып оқушысы, Орал қаласы

Бақыт мекені

Туған жерім – мекенім,Бақытымның тұрағы.Сен дегенде жүрегім,Өзіңмен бірге соғады.

Туған жерім – отбасым.Бақытымның ортасы.Отанымның тағдырыТек ойымда тұрады.

Әділет АЯХАНОВ№5 ЖОББМ-нің 6 «а» сынып

оқушысы, Орал қаласы

«Ұстазыма»Қолыма кітап ұстаттың,Өзіңсің алғашқы ұстазым Тарыдай боп білімсіз кіреміз,Таудай боп біліммен шығамыз.

Бастауыш сыныпты бітіріп,Басқа ұстазға көшсек те,Ұстазым боп қаларсыз,Алғыс айтам өзіңе.

ГҮЛНӘЗ ҚАЙРИТДЕН№ 47 ЖОББМ-нің

4 «г» сынып оқушысыОрал қаласы

«Өзін-өзі тану»Өзін-өзі тану кітабыЖақсылыққа үйреткен.Қоршаған орта қоғамдыТанытады білікпен.

Ұстазымыз Гүлбар апайымызОғанда біз ризамыз.Өзі-өзі тануданҚаншама білім алдық біз,Құрметтейміз бәріміз.

Жаннұр САҒЫНҒАЛИЕВАМ.Жүнісов ЖОББМ-нің«8 а» сынып оқушысы

Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы

«Анашым»Асыл ана, ғасыр ана!Бір өзіңді сағынғандаЖылай бергім келеді,Ауырмашы жан ана!

Жан ана бір ғанаСыйлайын ән сағанда.Өзгешесің сен бәріненЖан ана! Жан ана!

Мен сенің балаңмын, баламын ғой!Парызды өтеуге барамын ғой.Өзіңе сенші ана!Апарам меккеге мен сені ғана!

Әли СЛАМБЕККуглоозёрный ЖОББМ-нің

6 «ә» сынып оқушысыОрал қаласы

любовь к РодинеРодина любимая, Какая ты красивая! Ты для меня как рай,Мой любимый край.

Без тебя я пропаду, Твоё богатство сберегу.Для меня ты дорога, Родина моя.

Райымбек ТӨЛЕГЕН, ученик 4 «Г» класса СОШ № 23

г. Уральска

Ұстазыма Ұстазым, дархан апай білім берген,Сол кісінің жолымен жүріп келем. Ата-анама мың алғыс, сансыз тағзым,Мені өмірге дайындап жетелеген.

Бейбарыс ЕЛДОСҰЛЫЕ.Орақбаев атындағы ЖББОМ-нің оқушысы,

Жаңақала ауданы

Алтын күзҚош келдің, Алтын күзім! Жайнатасың жердің жүзінДастарханым молаятын,Кезі келді міне бүгін!

Ақерке ОРЫНҒАЛИМ.Мирманов атындағы ЖОББМ-нің

3- сынып оқушысыЖаңақала ауданы

ҰстазымҰстаз бізді білім беріп өсірген.Қатем болса арқашанда кешірген.Қалам беріп жазуларға үйретіп,Әліппеден әріп танып үйреткен.

Ұстазым өмірдегі екінші анам.Сол үшін құрметтейді барлық адам.Ұстаздарға бас иемін арқашанда,Орны бөлек ,жолы бөлек ерекше адам.

Айымжан КЕҢЕСТоғанас ауылы, Сырым ауданы

АнамаАнашым менің ардағым,Жаныммен бір жыр арнадым.Өскенде ой мен өнерім,Өрнектеп жазам қалғанын.

ӘжемеМені жақсы көретін,Ертегі айтып беретін.Жүзге келші ақ әжем,Үйге шуақ төгетін.

Сіз аман-сау жүріңіз,Күрсінбеңіз, күліңіз.Қуантсам деп бар баланы,Ойлайтын әркез өзіңіз.

Саида ЖОЛДЫБАЕВА

Бұлан МБК-нің оқушысыСырым ауданы Бұлан ауылы

АнамаАяулы менің анашым,Мәпелеп мені өсірген.Жанымда болсаң асылымМейірім көрем жүзіңнен.

Өзіңсің менің гүл-бағым,Анашым - сенсің базарым.Аман жүр әркез әмандаБойтұмарың боп қаламын.

Баянұлу БАҚТЫҒАЛИ

№5 ЖОББМ-нің 6 «а» сынып оқушысыОрал қаласы

Ұстазым Мен сізден білгенімді көмек еттім,Өмірдің сыр, қырына тәнті еттің.Білсем егер білмейтінін талайлардың ,Сіз үйретіп, сіз білдіріп,ұғындырдың

Жадымда менің сақталған сөздеріңді,Ұмытпаспын, ұмытсамда өзгелерді.Ұстаздық еттің маған талай жылдар,Мың алғыс айтсам саған жетпес еді.

Дильназ ЕСЕНҒАЛИЕВА №5 ЖОББМ-нің

9 «в» сынып оқушысы, Орал қаласы

ҰстазымЕң алғашқы білім беріп,Сан мен әріп үйретіп.Ұрыспай, мақтап жүретін.Ардақ тұтқан ұстазым.Білім берген ұстазыма, Алғыс айтып жүремін.

Мансұр СЕРІКОрал қаласы, №5 ЖОББМ-нің

3 «г» сынып оқушысы

ҰстазымЖақсы оқып келемін,Сабақтан да қалмаймын.Ұстазымның әр сөзінКөңіліме тоқимын.

Құлпынай МЫРЗАГЕЛДИЕВАОрал қаласы, №5 ЖОББМ-нің

3 «г» сынып оқушысы

Еркелетіп жүресіз,Ойнап, бірге күлесіз.Көз алдымда ұстазым,Анамдай боп жүресіз.

Алихан БЕРІКОрал қаласы, №5 ЖОББМ-нің

3 «г» сынып оқушысы

Алтын күзКелді міне, алтын күз,Салқын желдің самалы.Толып қалды себетте,Жемістердің базары

Арайлым ҚОЙШЫБАЙ№5 ЖОББМ-нің 2 «в» сынып

оқушысы, Орал қаласы

АнаҚатем болса кешірген,Ақ сүт беріп өсірген.Құлыным,- деп мәпелеп,Аманшылығымды тілеген.Алғысымды білдірем,Өмір сыйлаған анама.

Илана ҚАНАТҚАЛИ

№1 ЖОББМ-нің 3 «в» сынып оқушысы

Орал қаласы

Page 16: Өнегелі сайыс оздырылдыgazetasamal.webpress.kz/storage/88/880c0aabdc7d833b3f2ed981c… · № 23-24 (277-278) 12 желтоқсан 2018 жыл Елбасын

16 № 23-24 (277-278) 12.12.2018

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілген. Индексі: 65771Газет арнайы оқырмандар тапсырысымен он алты бет болып айына бір рет шықты

Таралымы 2000 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.

Бас редактор:Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-701-687-58-86

Газет ЖШС «Полиграфсервис» баспаханасында басылады.

Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1Тел.: 51-41-99

Редакция мекен-жайы:Орал қаласы, Деркөл кенті.

[email protected]

«Самал» газетіне жазылу басталды. Индексі 65771

Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар ұстаздары мен оқушылары,

соның ішінде 1-сыныптар келер жылғы бала газетін қолдауды алғашқылардың бірі болып қолға алды. Бала газетінің

шын жанашыры Гүлзада Тыныштыбайқызы бастаған бастауыш ұжымның бала газетіне деген қамқорлығын ата-аналар да қолдап газетімізге жазылғандарына шын ризашылығымызды білдіреміз.

1 «ә» сынып жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Жүнісова Шолпан Тыныш-тыбайқызы, Нұрлы Сайынова, Гүлмира Жұмағалиева, Тюлпан Бейбітова, Рысгүл Масалимова, Ақгүл Қуанышқалиевалар сы- ныбымен Самалына жазы-лыпты. Білікті ұстаз, шаңырақта шырайлы от аналарының қам- қорлығына шынайы алғы- сымызды білдіреміз.

«САМАЛ»

Ернияз ЭЛЬДАРҰЛЫ, Айсезім ҚУАНЫШҚАЛИЕ.Орақбаев атындағы орта мектептің 4-сынып оқушылары, Жаңақала ауданы

Айгөлекте ән салдым С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-

де «Айгөлек» балалар байқауы өтті. Байқауға 1-4 сынып аралығындағы бүлдіршіндері қатысты. Мен бұл байқауға алғаш рет қатыстым. Бұл байқауда «Ол менің,анам әкем» әнін орындадым. Маған, өзіммен бірге қатысқан оқушылардың әндері мен билері ұнады. Осындай шаралар мектебімізде болып тұрса деймін. Байқаудың соңында балалар марапатталды. Айгөлек байқауы көңілді өтті.

Жамбыл ЖАСҚАЙРАТС.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің

2-сынып оқушысыЖаңақала ауданы, Мәстексай ауылы.

«ана-ән, бала-оның қайырмасы!»

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша болғандықтан, Тайпақ ауылы «Балбұлақ» бөбекжайында әдіскер Жанна Бақытқызының жоспарлы ұйымдастыруымен, хореограф Айнұр Салыққызының өткізуімен «Ана-ән, бала-оның қайырмасы» атты ата-аналар арасында сайыс өтіп, өз өнерлері мен қазақтың салт-дәстүрлерін, қонақ күту рәсімін, қол өнер бұйымдарын көрсетіп көрермендердің қошеміне ие болды. Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар демекші сайысымыздың жеңімпаздары І орынды Упиевтер отбасы марапатталса, ІІ орынды Бериковтар отбасы, ІІІ орынды Нұржановтар отбасы марапатталып, Сәкеновтер мен Аскаровтар отбасылары «Көрермендер көзайымы», «Өнерлі отбасы» атты номинацияларға ие болды. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.

Күлшат АЛПАЕВА «Балбұлақ» балабақшасының тәрбиешісі

Ақжайық ауданы

самалдың балғын достары рахмет, сіздерге!

ҰЛТУ АХМЕДЬЯРОВАС.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы

Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы

ДАНАБИКЕ АБДРАХМАНОВАС.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің7-сынып оқушысы

Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы