Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық...

43
Астрономия Мазмұны Кіріспе ........................................................ ............................................................3 Негізгі бөлім І. Астрономия - ғалам туралы ғылым 1.1. Астрономияның даму жолы ........................................................... ...............4 1.2. Қазіргі астрономияның бөлімдері ...................................................... ..........7 ІІ. Ғарыш кеңістігі 2.1. Ғарыш алаңы .......................................................... .........................................8 2.2. Ғарышкерлер..................................................... .............................................14 2.3. Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері ..................................................16 2.4. ҚР-да ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары........................................20 2.5. Жерді қашықтан зондтау әдісі .......................................................... ..........24 Қорытынды ...................................................... ..................................................27 Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................... ........................28

Upload: others

Post on 25-Dec-2019

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

АстрономияМазмұны

Кіріспе ....................................................................................................................3

Негізгі бөлім

І. Астрономия - ғалам туралы ғылым

1.1. Астрономияның даму жолы ..........................................................................4

1.2. Қазіргі астрономияның бөлімдері ................................................................7

ІІ. Ғарыш кеңістігі

2.1. Ғарыш алаңы ...................................................................................................8

2.2. Ғарышкерлер..................................................................................................14

2.3. Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері ..................................................16

2.4. ҚР-да ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары........................................20

2.5. Жерді қашықтан зондтау әдісі ....................................................................24

Қорытынды ........................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................28

Қосымшалар ……………………………..……………………………………29

Page 2: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Кіріспе

Қазіргі кезде Елбасымыздың экономикалық бәсекелестікке төтеп бере алатын, тіптен ол сайыста жеңіп шыға алатын өркениетті мемлекет қалыптастыруға кіріскенін көзі ашық азаматтардың бәрі біледі. Бұл идеяны жүзеге асыру ғылыми үлесі ауқымды технологияларды меңгеру, оларды халық шаруашылығында кеңінен пайдалану және дамыту арқылы шешілмек. Сондай озық технологиялардың бірі – ғарыштық технологиялар. Оларды біз өзімізде дамытпасақ дамыған елдер біздерге осы технологиялардың тек нәтижесін ғана аса қымбат бағаға беріп, өркениет көшінің соңында қала беретініміз анық. Осыны түсінген Үкіметіміздің ғарыштық индустрияны қарышты өркендетуге кірісіп кеткеніне алты жыл болды. Қазір біз осы бағытта едәуір алға жылжыдық.

Адамзат баласы ғарышты игеру арқылы көптеген таңғаларлықтай жетістікке қол жеткізді. «Байқоңыр» Қазақстанда орналасқан ғарыш айлағы ғана емес, ол – адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған үлкен ғылыми-технологиялық кешен. Бүгінгі ақпараттық қоғамда сіз бен біз емін-еркін пайдаланып жүрген интернет, радио, телевизия және өзге де коммуникациялық байланыс желілерінің жетілуі мен нанотехнологиялардың дүниеге келуі – ғарыш мамандарының еңбегі. Қалай десек те, қоғамдағы кез келген сала ғарыштық технологиялардың көмегіне зәру. Қазіргі уақытта астрономия, картография, геодезия, биология, география, химия, медицина сияқты күрделі салалардағы жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың дені – осы ғарыштық зерттеулердің тиімді нәтижесінен. Жердің қойнауын, онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен мұхиттардың астын зерттеу үшін де ғарыштан жүргізілетін зерттеулер өте қажет. Сондықтан да ғарыш саласын жаһанданған әлемдегі технологиялық прогрестің локомотиві десек, артық айтпаған болармыз.

1.1. Астрономияның даму жолы

Астрономия (грек. astron - жұлдыз және nomos - заң) - ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Адам баласының өмірлік қажеттіліктерінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында б.з.б. 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген. Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсынан б.з.б 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылған. Орыс ғалымы П.И.Мариковскийдің зерттеуінше батыс және шығыс

Page 3: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік сызық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі көкжиектен көрініс бере бастаған Күн сәулесінің жолын көрсетеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған. Б.з.б. 4 ғасырда Қытайдың тұңғыш жұлдыө каталогы (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Б.з.б. 3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды.

Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Астрономияның алғашқы жетістіктерін б.д. ІІ ғасырда Александрия астрономы Клавдий Птоломей қорытындылады. Ол жасаған дүниенің геоцентрлік жүйесі бойынша қозғалмайтын Жерді айнала Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн мен «жылжымайтын жұлдыздар сферасы» қозғалып жүретін болды. Көптеген ғасырлар бойына шіркеу дүниенің геоцентрлік жүйесін қолдап келді, өйткені шіркеу оқуының өзінде Жер «Ғаламның орталығы» болып саналды. Птоломейдің дүние жүйесі Ғаламның құрылымы жөніндегі мүлдем қате түсінікке негізделгенімен , қанше дегенмен де ол аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысының көптеген ерекшеліктерін, соның ішінде ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысының мәнісін түсіндірді. Бұған Птоломей әрбір ғаламшардың қозғалысын бірнеше бірқалыпты қозғалыстар үйлесімі ретінде қарастыра отырып, көз жеткізді. Мысалы, ғаламшар Жерді айнала қозғалып қана қоймайды, оның өзі де Жерді айнала қозғалатын нүктенің маңайында қозғалады деп есептелді. Птоломей жасаған кестелер аспандағы ғаламшардың орындарын алдын ала анықтауға мүмкіндік туғызды. Бірақ уақыт өте келе астрономдар бақыланып отырған ғаламшардың орындары мен оның алдын ала есептелген орындарында айырмашылық бар екенін байқады. Ғасырлар бойы астрономдар Птоломейдің жүйесі қажетті деңгейге дейін жетілмеген деп, оны жетілдіре түсу жолында әрбір ғаламшар үшін дөңгелектік қозғалыстардың жаңа үйлесімдерін енгізді. 9 ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген. 11 ғасырда Әбу Райхан әл-Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан. 13 ғасырда Әбу Жафар ат-Туси Оңтүстік Әзірбайжанда обсерватория салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде де обсерватория салынды. 1428-29ж. Ұлықбек Самарқанда салдырған обсерваториясын үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың каталогын және планеталар қозғалысының кестесін түзді.

Дүниенің гелиоцентрлік жүйесі. Өзінің дүние жүйесі туралы поляктың ұлы астрономы Николай Коперник (1473-1543) ол өзі қайтыс болған жылы жарық көрген «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» деген еңбегінде жазған еді. Оның ілімі бойынша, дүние центрінде Жер емес, Күн тұр. Жерді айнала Ай ғана қозғалып жүреді. Жердің өзі Күннен қашықтығы бойынша (Меркурий мен Шолпаннан кейін) үшінші ғаламшар болып саналады. Ол Күнді айнала және өз осінен айналады. Жер орбитасының сыртында Марстың, Юпитердіңжәне Сатурнның орбиталары орналасқан. Коперник «жылжымайтын жұлдыздар сферасын» Күннен өте қашыққа орналастырды. Коперник ұсынған дүние жүйесі гелоиоцентрлік деп аталды. Ол ғаламшарлардың тұзақ тәрізді қозғалысын біздің Күнді айнала қозғалатын ғаламшарларды қозғалмайтын Жерден емес

Page 4: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

өзі де Күнді айнала қозғалатын Жерден бақылайтындығымыздан бізге солай көрінеді деп қарапайым және табиғи түрде түсіндірді. Коперник астрономияда алғаш рет Күн жүйесі құрылымының схемасын құрып қана қоймай , сонымен бірге ғаламшарлардың Күннен салыстырмалы қашықтықтарын (Жердің Күннен қашықтық бірлігімен көрсете отырып) анықтады және олардың Күнді айналып шығу периодын есептеп шығарды.

Коперниктің ілімі дүниенің геоцентрлік жүйесіне күйрете соққы берді. Ол барлық жаратылыстанудың дамуына қуатты соққы бола тұрып, астрономия ғылымы аясынан алысқа тарады.

Гелиоцентрлік дүниетанымның қалыптасуы. Коперниктің ілімі бір дегеннен мойындалып қабылданған жоқ. Мысалы, 1600 жылы инквизицияның үкімімен Римде Италияның ұлы философы, Коперниктің ізін қуушы Джордано Бруно (1548-1600) өртелді. Бруно Коперниктің ілімін дамыта отырып, Ғаламда центр жоқ және болуы мүмкін емес, ал Күн - бұл Күн жүйесінің ғана центрі деп пайымдады. Ол сондай-ақ жұлдыздар - біздің Күн сияқты басқа жүйедегі «Күндер», сонымен бірге сансыз жұлдыздарды айнала ғаламшарлар айналып жүреді, олардың көпшілігінде саналы өмір бар деген данышпан ой-болжам жасады. Инквизицияның ешқандай от-жалыны Джордано Бруноның жігерін жасыта алмады, оны жаңа ілімінен бас тартқыза алмады.

1609 жылы Галилео Галилей (1564-1642) тұңғыш рет телескопты аспанға бағыттап, Коперниктің ілімін көрнекі түрде дәлелдейтін жаңалық ашты. Ай бетінен ол тауларды көрді. Ендеше, Айдың беті Жер бетіне біршама ұқсас және «Жер» мен «аспан» арасында принциптілік айырмашылық жоқ. Галилей Юпитердің төрт серігін ашты. Олардың Юпитерді айнала қозғалысы аспан денелері қозғалысының центрі тек Жер болуы керек деген қате түсінікті жоққа шығарды. Галилей Шолпанның да Ай сияқты өз фазаларын өзгертетінін байқады. Олай болса, Шолпан - Күннің сәулесіне шағылысып жарық шығаратын шар тәрізді дене. Шолпан көрінісі өзгерістерінің ерекшеліктерін зерттей келе, Галилей ол Жерді ғана емес, Күнді де айнала қозғалады деген дұрыс тұжырым жасады. «Аспан тазалығын» көрсететін Күн бетінен Галилей дақтарды көрді, оларды бақылай жүріп, Күннің өз осінен айналатынын анықтады. Ендеше, әр түрлі аспан денелеріне, мысалы, Күнге, осьтік айналу тән екен. Ақырында ол, Құс жолы - жай көзбен ажыратуға келмейтін мың-сан көмескі жұлдыздар екенін анықтады. Олай болса, Ғалам ертеде ойлағандағыдан әлдеқайда ғаламат екен, ал ол кішкентай Жерді айнала бір тәулік ішінде толық айналым жасап шығады деп болжау мейлінше аңғырт түсінік еді. Галилейдің ашқан жаңалықтары дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қолдаушылардың санын көбейтті және сонымен қатар шіркеуді коперникшілдерді қудалауын күшейтуге мәжбүр етті. 1616 жылы Коперниктің «Аспан сферасының айнала қозғалысы жөнінде» атты кітабы оқуға тыйым салынған кітаптар тізіміне енгізілді, ал ондағы ілім Қасиетті Жазбаға қайшы келеді деп жарияланды. Галилейге Коперниктің ілімін насихаттауға тыйым салынды. Солай бола тұрса да 1632 жылы оған өзінің «Дүниенің екі ең басты жүйелері - Птоломей және Коперник жүйелері жөніндегі диалог» атты кітабын жариялаудың мүмкіндігі туды, онда ол гелиоцентрлік жүйенің ақиқаттығын нанымды көрсете білді, сөйтіп ол католиктік шіркеудің оған деген ашу-ызасын күшейтіп алды. 1633 жылы Галилей инквизиция сотының алдына шақырылды. Жасы келген ғалымды өзінің көзқарасынан «бас тартуға»

Page 5: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

қол қоюға мәжбүр етті және өмірінің соңына дейін инквизицияның бақылауында ұстады. Тек 1992 жылы ғана католиктік шіркеу Галилейді біржолата ақтады.

Бруноның қазасы, Коперник іліміне ресми тыйым салыну, Галилейдің сот алдында тұруы коперникандықтың таралуын тоқтата алмады. Австрияда Иоганн Кеплер (1571-1630) ғаламшарлардың қозғалу заңдарын аша отырып, Коперниктің ілімін дамытты. Ежелгі уақыттан бері аспан денелері «идеал қисық» - шеңбер бойымен қозғалады деп есептеліп келді. Коперниктің теориясында да айнала қозғалу күмән туғызған жоқ. Дегенмен де, 17 ғасырда аспан денелерінің орбиталары шын мәнінде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты Иоганн Кеплер ашты. Англияда Исаак Ньютон (1643-1727) өзінің әйгілі бүкіләлемдік тартылыс заңын жариялады. Ресейде Шолпан атмосферасының бар екенін ашқан М.В.Ломоносов (1711-1765) Коперниктің ілімін батыл қолдады, тіршілік әлемдері көп екені жөніндегі идеяны қоғады және өзінің мазмұны терең өлеңдерінде геоцентрлікті жақтаушыларды мұқатты.

1755 ж. И.Кант және 1776 ж. П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды. 19 ғасырдың ортасынан аспан физикалық табиғаты жүйелі түрде зерттеле бастады.

1.2. Қазіргі астрономияның бөлімдері

Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсілдеріне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан объектілерінің орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Аспан механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай -ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі , ал галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады. Құрамына астрофотометрия, астроспектроскопия , т.б. бөлімдер енетін астрофизика аспан денелерінде, олардың жүйелерінде және ғарыштық кеңістікте болып жататын физикалық құбылыстар мен химиялық процестерді зерттейді. Радиоастрономияда ғарыштан келген радиотолқындардың қасиеттері және олардың кеңістікте таралуы зерттеледі. Жердің жасанды серіктері ғарыштық кемелер мен ғарыштық телескоптардың (мыс., америкалық «Хаббл» телескопы) жасалуы астрономияда зерттеулерді атмосферадан тыс жүргізуге жол ашты. Космонгонияда жеке аспан денелерінің , сондай-ақ олардың жүйелерінің, атап айтқанда Күн жүйесінің пайда болу мәселелері, космологияда жалпы ғаламның құрылысы мен заңдылықтары қарастырылады. Қазақстанда астрономиялық зерттеулер ҚР ҒМ - Ғылым Академиясының Астрофизика институты мен оның Асы-Түрген обсерваториясында жүргізіледі.

Page 6: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

ІІ. Ғарыш кеңістігі

Ғарыш (арабшадан аударғанда - кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс ғарыш болып ажыратылады.

2.1. Ғарыш алаңы

Ғарыш алаңы, космодром - ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: техникалық позиция, старттық және командалық -өлшеу кешендері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан құрылыстардан тұрады. Ғарыш алаңы жабдықтары арнайы технологиялық және жалпы техникалық жабдықтарға ажыратылады.

Қазақстанның ғарыш алаңы.

Байқоңыр десе алдымен ойға орналатыны: Қазақстанның атын аспандатып, әлемге әйгілеген алып космодромнан ұшқан небір ерлер және олардың аңызға айналған жетістіктері. Бұл жөнінде талай айтылып та, жазылып та жүр.

Байқоңыр – ғарыш алаңы, дүниежүзіндегі 20-дан астам ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағында Төретам станциясынан 18-20 км қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шаршы км жерді алып жатыр.

Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болашақ ғарышкерлер қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескеріледі.

Байқоңыр ғарыш айлағын алғаш құруды ұсынып, басқарған А.И. Нестеренко болатын. Сонымен қатар ғарышкерлер айлағының алғашқы объектілері мен қаламыздың құрылысы

Page 7: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Георгий Максимович Шубниковтің де есімімен тығыз байланысты. Ол полигон құрылысына 1955 жылы 10 сәуірде келді.

Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді, сол жылы Р-7 зымыранының бірінші рет экспериментальды ұшырылуы болды. Мақсаты: старт техникасын тексеру және 1-ші мен 2-ші сатыларының бөлінуі болды. Сәтсіз ұшырылу себебі: 1 сатының 4 блогінің біреуінде өрт басталды.

Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин « Восток » ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды

Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалар старттық орнына айналды.

Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс», ғарыш кемелері, «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метоер», т.б. Жердің жасанды серіктері ұшырылды.

Ғарыш бағдарламасы мен әскери зымыран комплекстерінің сынақ бағдарламасы ғарыш айлағының дамуымен қатар қаланың дамуы қатар жүргізілді.

Байқоңыр қаласы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам теміржол стансиясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдеуінде орналасқан. Байқоңыр қаласының алып жатқан ауданы 50 км2. Қаланың тұрғыны 1960 жылы 40 мыңға, 1975 жылы 74 мыңға жетті. Ал қазіргі кезде 2005 жылғы санақ бойынша, қала тұрғындары шамамен 68 мың адамды құрайды. Қаланың көп бөлігін қазақтар құрайды.

1955 жылы 5 мамырда қаланың ең бірінші ғимараты-әскери құрылысшылардың штабы салынды. 1955 жылы 2 маусым қала мен ғарыш айлағының туылған күні болып жарияланды. Бұл шешім қорғаныс министрінің бұйрығымен 1960 жылы 3 тамызда қабылданды.

Page 8: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Құрылысы (ол кезде « Зрая » посёлкасы) қазіргі ГДК жанынан басталды. Алғашқы көшелері – Набережная, Школьная, Пионерская, № 30 мектеп (№1) салынды. Тұрғын үйлер – 3 қабатты, черепицамен жабылған, жергілікті климатқа сай салынды. Климатына тоқталатын болсақ, тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температупрасы -11о С, кейбір күндері -35о С-қа төмендейді; шілдеде 26о С, кейбір күндері 45о С-қа дейін көтеріледі. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Бірнеше мың га жерді алып қала ұзақ жыл бойына « Аса құпия » нысан болып саналады.

1991 жылы 2 қазан Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған бұл күні ғарышқа тұңғыш қазақ ғарышкері КСРО батыры Тоқтар Әубәкіров ұшты. Осы ұшырылым барысында республиканың бірінші ғылыми зерттеу жұмыстары жүзеге асты.

Ресейлік ғарышкер Александр Волков, австриялық тұңғыш ғарышкер Фрац Фибек және тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров құраған халықаралық ғарыш экипажының «Мир» ғарыш станциясына ұшқан сапарына ТМД мемлекеттерінің басшылары басқа да шет елдерден жүздеген ресми қонақтар Ел басының шақыруымен келіп куә болды.

«Байқоңыр» космодромын сақтап қалуда Қазақстан Респуликасының Ұлттық Аэроғарыштық Агенттігі сүбелі үлес қосты. 1993 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақ ССР-ның ғарыш зерттеу Агенттігі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Аэроғарыш Агенттігі болып қайта құрылды. Агенттіктің бас директоры болып қазақтың тұңғыш ғарышкері «Халық Қаһарманы Т. Әубәкіров» тағайындалды. Ал Байқоңырдағы ҰАҒА басқармасының басшысы болып Мейірбек Молдабеков тағайындалды.

1994 жылы 28 наурызда Қазақстан мен Ресей елдерінің Президенттері «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен негіздері туралы мемлекетаралық Келісімге қол қойылып, ғарыш кешенін жалға беру шешімі бекітілді.

Осы шешімнің тарихи маңызын Қазақстан мен Ресей, Байқоңыр ғарыш айлағының ғылыми-техникалық және интеллектуалды мүмкіншілігін сақтап және ғарыштық зерттеулердің екі мемлекеттің де иелігіне жаратуды меңзеп, 1994 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі «Байқоңыр ғарыш кешенін жалға беру» туралы Шартын жасасты, шарттық мерзімі 20 жыл және 10 жылға созу мүмкіншілігі бар екені белгіленеді. Екі жақтың қарым-қатынасын реттейтін Байқоңыр ғарыш кешені жөніндегі үкіметаралық комиссия құрылды.

Page 9: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Өткен уақыт осы шешімнің дұрыстығын дәлелдеді. Ресей мемлекеті ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыратын нысандарын сақтап дамыта білді. Қазақстан мен ресейліктер арасындағы тығыз қарым-қатынастың негізінде Тоқтар Әубәкіровтың алғашқы ғарыштық бағдарламасының орындалуына және Талғат Мұсабаевтың Қазақстан Республикасының мүддесіне үш мәрте ғарышқа ұшу жетістіктеріне қол жеткізді.

Өзінің бірінші ұзақ мерзімге ұшуын Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1-ші шілдеде жүзеге асырды. Ол бортинженер ретінде 16-шы экспедиция құрамында «Мир» станциясына ұшты. «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің ұшу рәсіміне Қазақстанның Ел басы Н.Ә. Назарбаев келіп қатысты. Ресейлік ғарышкер Ю. Маленченко мен Талғат Мусабаев ғарышта жарты жыл жұмыс атқарды. Т. Мұсабаев қазақстандық бағдарламамен қатар ресейлік бағдарламаны да орындады. Алғашқы рет ғарышқа қазақ елінің бір уыс қасиетті топырағы, Қазақстанның екі туы сапар шекті. Қазіргі таңда бұл заттар Байқоңырдың және ҚР Орталық мемлекеттік мұражайлары өз орындарын тапты.

1995 жылы Байқоныр Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы Өкілдігі құрылды. 1995-2004 жылдары аралығында Байқоныр кешеніне қатысты көптеген келісімдерге екі-жақты қол жеткізілді.

1995 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Ленинск қаласының аталымы Байқоңыр қаласына өзгертілді.

Байқоңырда ресейлік құрылымдармен қатар қазақстандық мемлекеттік басқару органдары да өз қызметтерін атқарады. Қазақстан Республикасының азаматтары қала тұрғындарының жартысынан астамын құрайды. Ресейлік мекеме-құрылымдарында 7000-нан астам Қазақстан азаматтары жұмыс атқарады.

Магистральдық байланыс пен телевидения № 13 Техникалық бөлімшесі (ТУСМ-13) Қазақтелеком АҚ филиалы халықаралық және қалааралық байланыс жүйесінде (ТМД елдері) Байқоңыр кешеніне қомақты үлес қосты.

Қазіргі таңда біздің магистраль сандық жүйе бойынша байланыс көздері жұмыс істейді-бұл ТМД елдері мен алыс шетелдер бойынша іске асып отыр, әрине, оның ішінде «Байқоңыр» космодромы да бар.

Қаладағы РФ-на қарайтын мектептерде оқитындардың 60%-ін қазақ балдары құрайды. Барлық мектептер қажетті технологиялармен және де тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Page 10: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Ғарыш саласы үшін мамандар даярлау мәселесі – еліміз дербестікке жеткеннен бастап билік орындарының жіті назарында. Н.Назарбаевтың қолдауымен 1991 жылы Байқоңыр қаласында Халықаралық ғарыш мектебі ашылып, мектеп жасындағы балалар арасында үлкен кәсіби бағыттау жұмысын атқарып жатыр.

1994 жылдан Байқоңыр кешенін жалға беру келісімшарты шеңберінде жолға қойылған. Содан бері жүзден аса жас маман Мәскеу авиациялық институтының дипломына ие болып, Байқоңыр кешенінде қызмет атқаруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Қазақстан жоғары оқу орындарында ғарыш саласымен тікелей байланысты мамандар әзірленіп жатыр. Ендігі жерде мемлекеттік бағдарлама аясында маман дайындау жұмысы жүйелі жолға түсетініне менде күмән жоқ.

Сонымен қатар 40 жылдық тарихы бар электрорадиотехникумның жүздеген түлектері Байқоңырда өз мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда.

2004 жыл – Байқоңырдың жалдық тұрғыда 10 жыл тыныс – тіршілік атқару жылы, қазақстандық ғарыш саласындағы нақты бастамалар жылы болып танылады.

2004 жылдың қаңтар айында Қазақстан мен Ресей мемлекеттік деңгейде жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін созу жөнінде келісілді.

Космостық қызметінде көптеген елдердің интеграцияға күш салуы күрделі мәселені шешеді, аса қымбат, ірі масштабтық космостық бағдарламаны бірігіп жүзеге асыруға жол ашады. Бұл бағытта Қазақстан Ресеймен жемісті байланыс орнатып отыр, космостық қызметте әртүрлі жобаларды бірігіп орындауды жүзеге асыруда.

Байқоңыр кешені өте күрделі және аумақты кешен, онда 150-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Кешен құрамына 7 зымырандық-ғарыштық кешен, су, электр, жылу, газ, автокөлік, теміржол, байланыс, коммуналдық және басқа да жүйелер кіреді. Осының бәрі әзірге Ресей бюджетінен қаржыландырылып отыр.

Ғарыш саласының еліміздің экономикасына қосар үлесі қандай?

Байқоңыр ғарыш кешенінің республикалық бюджеттің кірісі арқылы экономикаға үлесі бар екенін Қазақстан халқы жақсы біледі.

Page 11: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Біріншіден, барлық ғарыштық технологиялар озық, жоғары технологияларға жатады. Ендеше, бұл тұрғыдан алғанда ендігі жерде Қазақ елі технологиялық жағынан дамыған елдердің қатарына нық сеніммен қосыла алады. Екіншіден, Қазақ елі өзінің ғарыш саласымен бірге ғылыми-техникалық потенциалын дамытады. Өйткені ғарыш саласындағы жетістіктерін басқа өндіріс салаларында кеңінен пайдаланып, оларды алға тартады. Әсіресе, байланыс және теледидар жүйелері, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, машина жасау мен осы бағыттағы ғылыми-техникалық зерттеулер ілесе тез аяқ алады.

Үшіншіден, атап өткен бағыттардағы қызмет ету тапсырыстарымызды біз шет ел компанияларына бермей, өз компанияларымызға беруге мүмкіндік туады. Сол себепті еңбекпен тапқан қаржыны сыртқа шашпай, өзіміздің мамандарымызға төлейміз. Ең бастысы, олардың кәсіби деңгейін одан әрі ұштап, білігін арттырып, биіктете түсеміз. Осы бармақ бүгіп санамалап отырған жайттарға қарап-ақ, ғарыш саласының экономикаға қосатын үлесі мен салмағын анықтап, бағамдай беруге болады.

Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

-2004 жылдың желтоқсанында қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік жағынан қоғау бөлімінде жұмыс іздеген 1220 адам тіркелген, оның 392 – на жұмыссыздыр мәртебесі берілді.138 адам жұмысқа орналастырылып, 34 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Байқоңыр қаласының Ресей еліне жалға берілуі экологиялық емес, сонымен қатар, Тіл проблемасын да тудырған болатын.

Өңір тұрғындарының көпшілігі дерлік қазақстандық азаматтар бола тұра, ана тілінде шығатын тұрақты басылымы жоғалып телерадиоұжымы таратылғаннан кейін аймақтағы жұртшылықтың мемлекеттік тілдегі ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатындағы талап-тілегі күшейген болатың.

Әрине, барлық байқоңырлықтар үшін кез келген мемлекеттің болмасын, қайбір ұлттың тіліндегі мерзімді газет – журналдарды жаздырып алып оқуына кедергі жоқ. Орталық пен аймақтық басылымдар да еш шектеусіз еркін таратылады.

Телерадиохабарларын көріп тындау еріктілігі жөнінде де осыны айтуға болады. Тіпті Қазақстанның басқа өнірлерінде таратылмайтын Ресейдің телеарналарын біз шектеусіз түрде тамашалау мүмкіндігіне иеміз. Керісінше, жергілікті ресейліктер де «Хабар», «Қазақстан», «КТК», «Еларна» арқылы Қазқстанның ішкі-сыртқы саясаты туралы жеткілікті дәрежеде мағлұмат алып отыр.

Page 12: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Ресей Федерациясына жалға берілетін Байқоныр қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоныр» ғарыш айлағындағы арнаулы Өкілінің аппараттық қолдауымен «Бәйтерек-Байқоңыр» апталық бұқаралық ақпарат құралы дүниеге келіп, азаматтарымыздың сөз бостандығы мен еркін білдіру құқығы қамтамасыз етіледі.

Байқоныр қаласында 1996-2000 жылдар аралығында «Ақжол» апталық газеті шығып тұрған, 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясына қарасты қала әкімшілігінің құрылтайшылығымен орыс тіліндегі «Баконур» газеті шығады.

Қазіргі ғарыш игерумен атағы әлемге таралған, әрі өте экологиялық қауіптілік төндіріп жатқан «Байқоңыр» атауы әлем құлағына осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын таңыла бастаған-ды. «Байқоңырдан» ішінде басқарушысы бар, не автоматты түрде ұшатыны бар, әйтеуір қыруар ғарыш аппараттары көкке самғағанын білеміз. «Байқоңыр» баурайына кері айналып, жауынша себелеп жатқан зымырандарда да тірі жанның шаруасы болмаған. Мысалы, 1994 жылдың 5 шілдесі мен 27 қазан күндері ғарышқа ұшқан екі бірдей «Протон» зымырандарының Қарағанды жеріне қайта құлап түскені белгілі. Ал 1966 жылы мамырдың 14-де Байқоңыр аспанынан ұшырылған «Союз-5» зымыраны Жезқазған және Торғай облыстарының шекарасына құлады.

Бұлар жай қалдық емес, радияциямен уланған сирек кездесетін металлдар. Біздің түбімізге жететін де осы «құнды металлдар» болмақ. Себебі бүгінде осы жаһан даланың төсінде шашылып жатқан ракета сынықтарын әлдекімдер сыпыра теріп олжалап жатыр. Бүгін олжаға батып, келешекте мүгедек боларына көзі жете бермейді. Әлгі сынықтардың арасын мал мен аң кезіп жүр. Біз оның етін жейміз. Міне, бар сырқат осылай тарап жатқаны айдан анық. Ал бізде әлі күнге сол сынықтармен қора-қопсыны жөңдеп, жамап-жасқауға шыққандар баршылық. Мұның зардабын түсіндіріп айтуға әлі енжармыз.

«Байқоңыр» тек атмосфералық ауа мен жер үстіндегі кеңістіктегі бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге жер астынын суын да сарқуға айналды. Өңірде атмосфералық ауаның радиоактивтілігі көбеюде.Осының әсерінен озон қабатының бұзылуы адамның, жануарлардың,өсімдіктер мен микроорганизмдердің денсаулығы үшін ықтимал қатер болып табылады.Өйткені 1973 жылдан бастап байқаулар көрсеткендей республиканың үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7 пайызға азайған. Негізінен атмосфераның жоғары қабатында, яғни 20-25 шақырым биіктікте озон молекулаларын құрылатын жұқа газ тәрізді қабықша озон қабаты деп аталады. Бұл қабат жер бетіне тіршілік үшін қауіпті ультракүлгін сәулелердің түсуіне кедергі жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша озон құрамының бір пайызға кемуінен онкологиялық дертпен ауыратын адамдар саны 6 пайызға артады екенін. Сондықтан соңғы жылдары ғалымдар атмосферадағы озон қабатының таусылуына қатты алаңдауда.

Page 13: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Әлі бір шешімі табылмаған экологиялық проблемаларының бірі - өңірдегі қышқыл жауындар. Осы қышқыл жауынның әсерінен табиғи обьектілер – топырақ пен өсімдік уланып, бұзылады. Бұдан егіннің өнімдері азайып, судағы тірі организмдер қырылады. Мұның экономикалық және экологиялық зардабының да көп екені даусыз. «Байқоңырдан» арасын суытпай ұшырылған зымырандардың жерге түскен бөлшектерінің өзі өңірдегі өсімдік пен жануарлар әлеміне кері әсерін тигізіп жатқаны анық. Өйткені осы өсімдіктермен малдар қоректенсе, ал мал етін жеп, болмаса сүтін ішкен адамдардың ішкі органдарында радиоактивті қалдықтардың концентрациясы артып, олардың қызметін әлсіретіп, тіпті адам өміріне қауып тудырады. Ал дәрігер және биологтардың мәліметтеріне қарағанда, радиоактивті заттармен жарақаттанған адамдар басқа ауруларға да тез шалдығады екен. Онымен қоса олардан туған балалар дұрыс жетілмеген, кейбірі дене мүшелер қисайып, кемтар және кескінсіз болатын көрінеді. Қазір облыста жүйке аурулары диспансерінде ақыл-есі кем 1100 бала есепте тұрса, облыс бойынша 21 мыңнан астам мүгедектер бар. Өңірде адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы көбеюде. Балалар арасында кеміс болып туу да азаймай тұр. Ал балалы әйелдердің 70-80 пайызға анемия ауруларына шалдыққан.

Байқоңыр өңірінің суын сарқып, ауасын улай отырып, 575 миллион доллардың ұзын санын қосқанда, бес жыл бойы 50 миллионын ғана өтегенін ақпарат құралдары қайта-қайта айтып жатыр. Байқоңырдың жылдық мерзімін ұзартумен қатар Ресей Қазақстанның ғарышты игеру жұмыстарына жан-жақты көмек көрсететіні айтылған. Осы келісім бойынша «Ангара» зымыран-ғарыш кешені базасында қоршаған ортаға, ауа мен жерге экологиялық зиян келтірмейтін « Бәйтерек » ғарыш-зымыран кешені салынатыны болды. Екі жақ бірлесіп ұлттық спутникалық байланыс жобасын жүзеге асыру туралы да келісілді.

Осы бағдарламадағы үлкен жұмыс – «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру. Осы ғарыш зымыран кешенін құруда, жалпы космосқа ұшуда Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздік жүйесін жасау міндеттелді. Онда байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына әсерін кең түрде бақылау, осы орайда әсердің физикалық-химиялық диагностикасы әдістерін дамыту жобалары бар.

Бір сөзбен айтқанда, Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені маңызды халықаралық жоба болып саналады.

2.2. Ғарышкерлер

Ғарышкер, астронавт , космонавт - ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.

Page 14: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Қазақстанның ғарышкерлері

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты — Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. - Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.1975—84 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған.1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.2001 ж. Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).

Page 15: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

2.3. Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері

Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуна айтарлықтай үлес қоса отырып, осы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап заңдылықтар мен даму үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыштық секторы қарқынды әрі тұрақты дамуын көрсетіп отыр, бұл ғарыштық технологияларды әскери саладан азаматтық салаға қуатты трансферттеу процестеріне және соның негізінде ғарыш индустриясы мен әзірлемелерімен байланысты тұтастай коммерциялық қызметтер кешені негізінде дамуына байланысты. Мұның барлығы тұтастай алғанда ғарыш қызметін коммерцияландыруға және ғарыш өнеркәсібінің, ғарыштық өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді әзірлеу мен өткізудің қарқынды өсуіне ықпал етеді, бұл, өз кезегінде, түрлі-деңгейлерде: ғаламдық, аймақаралық, мемлекетаралық және ұлттық деңгейлердегі салалық бәсекелестіктің күшеюіне қатты серпін береді. Әлемдік ғарыштық нарық өз кезегінде жоғары технологиялардың әлемдік нарығыны, ірі әрі тез дамушы сегменті болып табылады. Қазіргі экономикалық пргрестің басты қозғалтқышы болып, микроэлектроника, цифрлі және, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және телекоммуникация, жаңа композиттік материалдар және т.б. саласындағы инновациялық технологиялар саналатындығы белгілі. Бұл әзірлемелердің көпшілігі бастауын ғарыш индустриясының түрлі салаларынан алады және қазіргі тіршілік әрекетінің алуан түрлі салаларына айтарлықтай әсерін тигізеді. Ғарыштық әзірлемелердің едәуір бөлігі құпия күйінде қалатындығы және ұлттық қауіпсіздік саласында ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғарыш қызметін дамытудың белгілі үрдістері ғарыштық технологиялар мен әзірлемелерді біріктіруді күшейту, оларды қарусыздандыру және коммерциялық мақсаттарға пайдалану болып табылады. Осыған байланысты ғарыш қызметін жабық әскери ғарыш саласына (military space) саралап жіктеу және азаматтық және коммерциялық ғарыш салаларын (civilian and commercial space) ашу жөн саналады. Тұтас алғанда, ғарыш қызметі із жүзінде қазіргі өмір сүруді қамтамасыз етудің барлық салаларындағы сарқылмас әрі үздіксіз дамып отыратын инновациялық технологиялар көзі болып табылады. Бұл ретте ғарыш қызметінің дамуына әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс пен қызмет салалары тікелей байланысты болады. Осыған байланысты жыл сайын ғарыш қызметі тек мемлекеттер мен олардың бірлестіктерінің ғана емес, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың да назарын аударып отыр. Нарықтың кеңейе түсі және оның қатысушылары санының жүйелі түрде өсуі саладағы қаржылық құралдар айналымының өсуіне ықпалын тигізуде. Әлемдік ғарыш нарығын қалыптастыру мен дамытуда ғарыш қызметін интернационализациялау, әлемдік шаруашылықты индустрияландыру және ғаламдандыру процестері көрініс тауып отыр. Әлемдік жоғары технологиялық нарық сегменті ретінде ғарыш қызметінің дамуын талдау мынадай тұрақты процестерді анықтауға мүмкіндік береді:

ғарыш құралдарын пайдалану арқылы зерттеу немесе қолданбалы бағдарламаларды жүзеге асыратын елдер шеңбері бұлжытпай кеңейіп келеді. Экономикалық немесе саяси мүдделеріне қарай бұл елдер ғарыштық нарық, қорғаныс пен қауіпсізідік талаптарына жауап беретін технологиялар-деңгейін дамытып және қолдап келеді;

Page 16: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

жобаларды жүзеге асыруда ресурстарды шоғырландыру және түрлі елдерді біріктіру жиірек қолдынылуда. Бұған мысл ретінде 14 елмен құрылған Еуропалық ғарыш агенттігін (ЕҒА) атауға болады;

дамушы елдер ғарыш қызметінде ең алдымен экономикалық даму міндеттерінің шешілуін мақсат етеді. Олар қолданбалы ғарыш құралдарын, атап айтқанда, оларға ғарыштық потенциалы дамыған елдер ұсынып отырған телекоммуникация және байланыс жүйелерін дамытуда;

ғарыштық зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған қаражаттардың тиімділігін арттыру, ғарышты іс жүзінде пайдаланудағы салыстырмалы шығындарды төмендету талаптары азаматтық және әскери мақсаттағы технологиялардың араласып кетуіне әкеп соқтырады. «Қосарлы пайдалану» принципі кеңінен таралуда: әскери міндеттерді шешуде азаматтық ғарыш құралдарын (оның ішінде коммерциялық) пайдалану немесе керісінше;

ғарыш кеңістігін игеру және пайдаланудың бастапқы сатыларында барлық елдердегі ғарыштық бағдарламалар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, ал жекелеген қызмет бағыттарының рентабельділік-деңгейіне шығуына байланысты олардың мемлекеттік қаржыландырылуы қысқартылады;

коммерциялық ғарыш қызметі мен жеке инвестициялардың олардың жалпы қаржыландыру көлеміндегі үлесі қарқынды түрде өсіп келеді. Үкіметтік шығындарды қысқартуды жеке бизнес тарапынан коммерциялық жобаларға инвестициялар салу басып кетіп жатыр;

коммерциялық ғарыштық қызмет қиындап барады. Ол шынында коммерциялық негіздерде құрылған бірқатар ракета-тасушылар мен әмбебап көпреттік ғарыш платформаларын қоса алғанда, әзірлемелер мен өндірісін-де, жер үсті инфрақұрылымын да, оның ішінде ғарыш аппараттарын жер бетінен басқару станцияларын да тек ғарыштық құралдар ауқымында қамтиды;

елдер мен корпорациялар арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік ғарыштық құралдар мен қызметтер индустриясындағықпалдасу процестеріне, жекелеген компаниялардың халықаралық ірі корпорацияларға, одақтар мен консорциумдарға бірігуіне түрткі болатын нарықтық күштер қалыптастырады;

елдер арасында ғарыштық қызмет саласындағы бәсекелестік тауар бәсекелестігі-деңгейінен тікелей білім беру жүйесі өндірісінен басқа, негізгі және қолданбалы ғылыми саладан тұратын ұлттық инновациялық жүйелер-деңгейіне жылжиды;

ғаламдық экономикалық қатынастарға ықпалдасушылық ғарыш қызметіндегі инновациялық процестердің қарқындылығын ынталандыратын басты факторлардың бірі болып табылады;

ғарыштық өнімдер мен қызметтер күрделілігінің және оларды құрумен байланысты ғылыми-техникалық және экологиялық проблемалардың артып отырған-деңгейі ғарыштық технологияларға қойылатын талаптарды ұдайы арттырып отырады. Бәсекелестікпен бірге жиынтықта бұл процесс кейін экономиканың басқа салаларында таралымданатын қымбат тұратын инновациялар арқылы ғана қамтамасыз етіледі;

ірі ғарыштық кәсіпорындар үлкен қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігі мақсатында өзінің айналасында тек жоғары технологиялық өнімдерді ғана емес, сондай-ақ әзірленген

Page 17: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

технологиялардың өзін-де игеретін және алға жылжытатын еншілес компаниялар желісін құрады;

ғарыштық қызметтің ғаламдық сипаты ғарыштық құқықтың (ең алдымен халықаралық) — ғарыштық кеңістікті ұлттық деңгейде-де, халықаралық деңгейде-де игеру мен пайдалану процесіндегі қатынастарды реттейтін жаңа юриспруденция саласының пайда болуы мен дамуын қажет етті.

Осылайша, ғарыштық қызмет — қазірдің өзінде әр түрлі елдер мен әлем аймақтарының экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған келешегі зор қызмет саласы. Оның ерекше белгісі ғарыш кеңістігін игерудегі жедел қарқындылық пен практикалық экономикалық нәтижелер алудағы салыстырмалы жылдамдық болып табылады.

Ғарыш нарығының ғаламдық конъюктурасы

Табысы 1990-шы жылдардың ортасында 77 млрд. АҚШ долл. құраған ғарыш индустриясы әлемдегі миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін әлемдік экономиканың ірі, коммерциялық тартымды құрамдас бөлігіне айналған. Коммерциялық спутниктік қызметтерге деген сұраныстың артуы әлемдің аэроғарыштық саланың едәуір көтерілуін туғызады. 2005 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның орташа жылдық табысы 93,3% өскен, нақты цифрлармен көрсеткенде өсім 168,2 млрд. АҚШ долл., 2006 жылы — 220 млрд. АҚШ долл. құраған. Қазіргі кезде әлемдік ғарыш нарығы 10 пайыздан асатын жыл сайынғы табысты көрсетіп отыр, ал 2007 жылдың соңындағы деректер бойынша нарықтың жиынтық көлемі 251,16 млрд. АҚШ долл. құраған. Шамасы, «ғарыштық бәліштің" көп бөлігін соңғы тұтынушыларға қызмет көрсететін провайдерлер алары сөзсіз. Шолулардан байқағанымыздай, спутниктік қызметтер (байланыс, теледидар және т.б.) көлемі спутниктерді өндіру мен ұшыру құнынан бір саты артық болып отыр. Бұл сегмент бірінші орында тұр. Екінші орында — спутниктермен ұсынылатын мүмкіншіліктерді пайдалануға арналған терминалды құрылғылар нарығы, одан кейін спутниктер мен ғарыштық аппараттар өндірісі тұр, ал тізімді ұшыру қызметтері аяқтайды. Талдау көрсетіп отырғандай, 1997–2007 жж. аралығында коммерциялық ғарыштық ұшырулар нарығында өсіп отырған бәсекелестік сұраныстың артуымен орны толтырылды. Кейінгі 10 жылда спутниктерді геостационарлық орбитаға белсенді түрде шығарумен байланысты ұшыру нарығы секторын біршама кеңейту жүзеге асырылады. Ғарыштық микроэлектроника саласындағы алға басу түрлі мақсаттардағы аз габаритті ғарыштық аппараттар, ел алдымен, Жерді қашықтықтан барлап тексеру аппараттары санының өсуіне әкеп соқтырады. Байланыс, навигация және Жерді қашықтықтан барлап тексеру технологияларын синтездеу жаңақпараттық қызметтер мен сервистердің пайда болуына жетелейді.

Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары

Page 18: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Ғарыш нарығы дамуының тағы басқа ерекше үрдісі оның қатысушылар санын белсенді түрде арттыру болып табылады. Ғарыш нарығы қатысушыларының бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін зерделеу мақсатында ғарыштық клуб құрылымын қарастыру және нарықтағы бәсекеге қабілетті ірі ойыншыларының ғарыштық бағдарламасын дамыту және жүзеге асыру спецификасын анықтау қажет болып отыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде ғарыш нарығы монополиядан олигополияға және жетілген бәсекелестікке дейінгі сара жолдан өтті, бұл туралы 1990-шы жылдардың өзінде нарық қатысушылары санының күрт өсуі растап отыр. Өткен онжылдық ішінде әлемдік ғарыш нарығының дамуы шынтуайтында әлемнің барлық аймақтарын қамтыды, және-де жаңа ғарыштық бағдарламалар әзірлеу, ғарыштық қызметке жаңа мемлекеттердің кіруі және, соның нәтижесі ретінде, бәсекелестіктің табиғи күшеюі космонавтиканың коммерциялық потенциалын арттырып, жаңа технологиялық әзірлемелерді дамыта отырып және оларды қолданудың жаңа салаларын аша отырып, оның дамуын біршама дәрежеде ынталандырады. Euroconsult 2007 жылға арналған талдамалық есеп деректері бойынша ғарыштық қызметке белгілі бір шамада 79 мемлекет қатысқан. Сондай-ақ бұлардың ішінен өздерінің ұлттық ғарыштық (азаматтық және әскери) бағдарламаларын белсенді әрі мақсатқа лайық дамытып отырған, меншікті ғарыштық аппараттары бар, коммерциялық негізде белгілі бір ғарыштық қызметтер көрсететін, халықаралық ғарыштық жобаларға белсенді түрде ат салысатын 30 мемлекетті ерекше атауға болады. Жалпы бұл мемлекеттер ғарыш нарығының жоғары бәсекеге қабілетті ойыншылар тобын құрайды. Бұл қатысушыларды географиялық орналасуы бойынша саралап жіктеу мүмкін болып отыр: Солтүстік Америка (АҚШ, Канада), Латын Америкасы (Бразилия, Аргентина), Батыс Еуропа (Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария), Орталық Еуразия (Ресей, Украина), Таяу Шығыс және Африка (Израиль), Азия (Жапония, Үндістан, Қытай, Австралия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, Вьетнам). Қалған 49 мемлекетті сарапшылар дамушы және тұтастай алғанда ғарыштық қызметі дамудың бастапқы сатысында болғандықтан, не болмаса ғарыштық бағдарламаларын қаржыландыру аз және дамымағандықтан немесе саланың енді ғана қалыптасуынан, не болмаса басталған жобалары талдау жүргізілген сәтте аяқталмай қалуы және т.б. себептермен бәсекеге қабілеттілігі аз мемлекеттер қатарына жатқызып отыр. Бұл топқа келесі географиялық аймақтарда орналасқан елдер жатады: Латын Америкасы (Чили, Мексика, Перу, Венесуэла), Батыс Еуропа (Люксембург, Греция), Орталық Еуразия (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Чехия, Эстония, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Польша, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Өзбекстан), Таяу Шығыс және Африка (Алжир, Египет, Иран, Кот-д’Ивуар, Кения, Ливия, Марокко, Намибия, Нигерия, Сауд Аравиясы, ОАР, Тунис, Түркия, БАӘ), Азия (Бангладеш, Камбоджа, Фиджи, Индонезия, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Непал, КХДР, Пәкістан, Филиппины, Сингапур, Шри-Ланка, Вануату).

2.4. Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары

Ғарыштық қызмет саласы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым секторы болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті дамыту» - 2010-2014 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтсек.

Page 19: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

«KazSat-3» ғарыш аппаратын әзірлеу жобасы халықаралық Ле Бурже (Франция, Париж қаласы) авиациялық ғарыштық салонында академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ ресейлік компаниясы мен Ғарыштық байланыс республикалық орталығы арасындағы келісім-шартқа қол қою нәтижесінде өмірге келген болатын. Келісім-шарт ережесіне сәйкес ресейлік компания басты орындаушы да, ал Thales Alenia Space еуропалық компаниясы оның әріптесі ретінде белгіленген. «KazSat-3» ғарыш аппаратын 2013 жылдың соңына таман ұшыру көзделген. Бұдан басқа, Алматы облысының Іле ауданы аумағында ғарыштық аппараттарды жерден басқару резервтік кешені салынып жатса, ол 2012 жылдың басында іске қосылады деп күтілуде.

Жерді арақашықтықтан зондтау жүйесіне арналған жобаның құрылысы да басталды. «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағының аумағында 30 гектар жерге ғарыштық аппараттарды жинақтау-сынақтан өткізу кешені құрылысы жүргізілуде. «Ғалам» ЖШС негізінде қазақ-француз бірлескен кәсіпорны құрылып, франциялық «EADS Astrum» компаниясы тарапынан қажетті құрал-жабдықтар қойылуы бойынша келісім де жасалды. Ғарыштық аппараттарды жобалау, жинау және сынақтан өткізуде тәжірибе жинақтау үшін 24 қазақстандық инженер франциялық кәсіпорынға жіберілді. Сонымен, Ақмола мен Алматы облыстарында 10 дифференциалды стансалар және мобильді дифференциялды станса, сондай-ақ Астана қаласында Өңірлік орталықты іске қосу қолға алынды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағында «Бәйтерек» зымыран ұшыру кешенін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі қазір Экономикалық даму және сауда министрлігінде екені белгілі болды. Оның құны 223 миллион доллардан 1 миллиард 248 миллион долларға дейін артқан. Сондай-ақ еліміздің «Днепр» және «Зенит» ғарыштық зымыран кешені жобасына қатысатыны да белгілі болды. Ал «Зенит» зымыран ұшырғышы бойынша «Наземный старт» жобасына Қазақстанның Ресеймен және Украинамен бірге қатысуы бойынша жұмыс тобы құрылып, осы мәселе жан-жақты пысықталуда. Ғарыш мамандарын даярлауға еліміздің 5 жоғары оқу орны жұмылдырылып отыр. «Болашақ» халықаралық бағдарламасына сәйкес Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Канада және Қытайда 9 мамандық бойынша 58 қазақстандық студент білім алуда. Байқоңыр қаласындағы «Восход» Мәскеу авиация институтының филиалында 205 Қазақстан азаматы оқуда. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қазіргі кезде туындап отырған әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу жолдары, «KazSat-2» жер серігін тиімді пайдалану, әсіресе, халыққа қызмет көрсетуде оның бағасын төмендету; ғарыш саласындағы ғылыми орталықтарды жаңғырту, мақсатты қаражаттарды қарастыру, осы салада еңбектенетін мамандарды дайындау мәселелері өткір саналады. Қазір Мәжілісте талқыланып жатқан «Ғарыш қызметі туралы» заң жобасын жан-жақты пысықтап, жылдың аяғына дейін қабылдауға күш салатын болады». Қазақстанның ғарыш саласындағы үлесі. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бірқатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді.

Page 20: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады.Атом өндірісін әскери мақсатта пайдалануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға болмайды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қойылатын талап болу қажет. Себебі бұл саланың да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға күш салып жатқан елдер де бар. Әскери қорғаныс саласын жетілдіру жолында АҚШ пен Иран секілді зымырандарға қарсы қорғаныс орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін тиімсіз болар еді. Оның үстіне, еліміз өзінің соңғы 20 жылдық тарихында ешбір әскери амбиция танытқан емес, бейбіт имидж қалыптастыруда. Ғарышты игеру саласын прагматикалық көзқарасқа салатын болсақ, нақты мемлекет қазынасына пайда түсіріп, ел азаматтарына игілік әкелетін жобалардың ғана маңыздылығы үстем.

Ғарышқа қанша ақша бөлінеді? Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, барлық дерлік ғарыш державалары «жұлдызды» жобаларды қаржыландыруды азайтудың орнына, ұлғайтып жатты. Космостық бағдарламалар бюджеті осыдан бір жыл бұрын АҚШ-та – 16,8 млрд, Жапонияда – 5 млрд, Қытайда – 1,5 млрд, Ресейде – 1,2 млрд долларды құрағандығы өзін-өзі байқатып тұр. Осылай NASA америкалық агенттігі ғарыш саласына салған әрбір доллардың 5-6 доллар болып қайтатындығын хабарлаған. Мамандардың бағалауынша, соңғы жылдары Ресейдің ғарыштық зымыран саласындағы пайдасы – үш есеге, ал оның қайтымы екі есеге өскен. Ендеше, біз де елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құрылуы мен дамуына, халықаралық маңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға міндеттіміз.

Ғарыш пен байланыс. Соңғы жылдары еліміз Қазақстан да бұл бағытта тартынып жатқан жоқ. Сөйте тұра, ғарыштық жобалардың барлық салалары бойынша далақтай бермей, негізгі бағыттар бойынша ғана жұмыс жасау қажеттігін түсінеді. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев Қазақстандағы ғарыштық саланы қалыптастыру стратегиясы мен еліміздегі ғарыш саласын дамытудың мемлекеттік басқару реформасы бойынша ғарыш саласына 2020 жылға дейін жыл сайын 316 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет болатынын айтады. Ғарыштық жүйені дамытуға бағытталған стратегияны жүзеге асыру барысында 2020 жылға дейін орбиталық топталған 12 ғарыштық аппарат құрылатындығын, сонымен қатар еліміздің спутниктік байланыс каналдарына сұраныс қанағаттандырылып және өңірлер көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз ету жоспарланған. Яғни ғарыш саласын дамытуда еліміз ең алдымен байланыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Еліміздің азаматтары «Қазсат» ұлттық жүйесін пайдалану – еліміздегі байланыс саласын бірнеше есеге арзандатады» деп үміттенеді. «Қазсаттарымыздың» жоғалып кетуіне қарамастан, Қазақстанның төл жерсеріктерін ұшырудан тайынбауы – осының бір дәлелі. Ғарыш саласының тағы бір мүмкіндігі – табиғи катаклизмдерді алдын ала болжау мүмкіндігі. Дегенмен бұл саланы айтулы ғарыштық державалардың өзі толық игеріп болған жоқ. Әлемде болып жатқан түрлі стихиялы апаттар адам шығынын болдырмау мақсатында табиғи болжамдарға қаржы құюдың зая еместігін көрсетіп жатыр. Ғарыштағы жалпы саны 23 жерсерігін, әлемдегі ғарыштық ұшулардың 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған Ресей де ғарыш саласында кенже қалып қоюымыз мүмкін деген қаупін жасырмайды.

Page 21: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Ғарыш саласына білікті кадрлар даярлау мәселесі. Қазiргi әлемде ғарыш саласы адам қызметiнiң неғұрлым басым және ғылымды қажетсiнетiн салаларының бiрi болып табылады. Ғарыш қызметiне қатысу мемлекеттiң саяси беделiн, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын бiршама айқындайды. Ғарыш қызметiн дамытуға әлемнiң жетекшi елдерi айтарлықтай күш салып отыр. Әлбетте, жоғары білікті кадрларсыз ғарыш дамуының стратегиялық бағдарын жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да мемлекет осы күрделі саланы игеруге талпынғандарға жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Мәселен, ғарыштық профильді мамандар даярлауды ұйымдастыру бойынша «Қазғарыш» пен Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды. «Қазғарыштың» ұсынысымен ғарыш саласына арналған мамандарды даярлау бойынша базалық жоғары оқу орындары ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Азаматтық авиация академиясы анықталды. Осы жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жұмысы басталып та кетті. Бұған қоса, жоғарыда аталған оқу орындарында аэроғарыш факультеттерін ашу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетел жоғары оқу орындарында 58 стипендиат 9 ғарыштық мамандықтар бойынша Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Канада, Қытай мемлекеттерінде білім алуда. Мемлекеттік қаржыландыру негізінде Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиациялық институтының филиалында 205 студент оқуда. Осы оқу орындарын бітіріп шыққандардың көбі болашақта өз білімдерін ғарыш қызметін дамытуға қолданатыны анық. Жас мамандардың теориялық дайындықтарын шыңдап, өндіріске бейім қалыпқа бағыттау жұмыстары кадрлық әлеуетті жетілдіретіні белгілі. Ғарыш саласын кадрлармен қамтамасыз етуді дамыту бойынша басты ұйым ретінде «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы анықталды. Онда белгілі бір инфрақұрылым қалыптасқан және олар ғарыш саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды, ғылыми қызметкерлердің шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы республикалық бағдарлама шеңберінде ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде оқу семинарларын ұйымдастыруда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Astrium SAS компаниясы арасындағы келісім-шарт аясында Францияның кәсіпорындарында 24 инженерден құралған конструкторлық топ өндірістік тәжірибе жинауды бастап, практикалық білім алуда. С.П.Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетімен кадрларды оқыту және қайта даярлау бойынша ынтымақтастық ниеті туралы хаттамаға сәйкес «Бәйтерек бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының 12 қызметкері озық компьютерлік жобалық модельдеу бағдарламасын тәмамдады. Осы орайда Елбасымыздың көреген саясаты негізінде қанат жайған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыш технологиялары мен техникалары бағытында білім алған алғашқы түлектерді жұмыспен қамту мәселесі серпін алды. Қазіргі кезде Қазғарышта және оған бағынысты ұйымдарда 10-нан астам «Болашақ» бағдарламасы түлектері қызмет етуде.

2.5. Жаңа технологиялардың бірі - Жерді қашықтықтан зондтау

Жерді қашықтықтан зондтау екі құрылымнан тұратын Жер бетіндегі өзгерістерді бақылауға бағытталған осы заманғы жүйе немесе технологиялар жиынтығы. Оның бірінші сегменті ғарышта белгілі бір орбитада ұшып жүрген ғарыштық кеме, не олардың тобы. Ол кеме Жер суретін түсіретін аппаратуралармен, бағдарламалармен және кеменің қызмет етуіне қажет басқа да құралдарымен жабдықталады. Кеменің жұмысы жерден белгілі бір каналда орналасқан жоғары

Page 22: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

жиіліктегі радиотолқындар арқылы басқарылады және Жер беті туралы жинаған ақпараттары басқа бір жоғары жиіліктегі радиотолқындар арқылы алынып отырады. ЖҚЗ-ның екінші бөлігі жер сегменті деп аталатын күрделі жүйе. Жер сегменті өз кезегінде екі орталықтан тұрады: ұшуды басқару орталығы және кемеден ақпараттар алу, оларды өңдеу, сақтау және тарату орталығы. Бұл екі орталықта да істің қыр-сырын терең меңгерген білікті мамандар ғана тиімді жұмыс істей алады. Мысалы, жеткілікті дәрежеде дайындалмаған маманның ғарыштағы аппартты жоғалтып алуы да әбден мүмкін. Жалпы, ғарыштағы ЖҚЗ аппаратынан келетін ақпаратты бей-берекет жатқан цифрлар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ол мәліметтерді өңдеудің бірнеше сатыларынан өткізіп барып, пайдаланушыға жеткізу үлкен интеллектуалдық және материалдық ресурстарды талап етеді. Мысалы, түсірілімдердің саны жылдам көбейіп кетеді де, тек бір ғана аппараттан алынатын суреттер мыңдап, тіптен миллиондап саналады. Оларды әр түрлі дәрежеде өңдеу және сақтау арнайы аппараттарды, арнаулы кәсіптік бағдарламаларды және білікті кәсіпқой мамандарды талап етеді. Ал енді сол суреттерді соңғы пайдаланушыға жеткізу негізінен ғаламтор арқылы жүргізілетінін айтсақ, бұл істің де оңайға соқпайтындығын түсінуге болады. Дәл қазіргі сәтте ғарышта жүзге тарта ЖҚЗ-мен айналысатын кемелер жұмыс істеуде. Әрине олардың ешқайсысы бірін бірі дәлме-дәл қайталамайды, әрқайсысының өзіндік конструкциялық ерекшеліктері және жеке мақсаттары мен міндеттері, бағдарламаланған қызметтері бар. Сондықтан олардан алынатын суреттер де өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Ғарыштық түсірілімдерді жүргізетін аппаратураларды негізінен екі үлкен топқа бөледі: электронды-оптикалық және радарлық. Бүгінгі күнде орташа есеппен он ЖҚЗ аппаратының тоғызы электронды-оптикалы аппараттар. Себебі, оптикалық аппараттар жер бетін адам көзі көре алатын, не соған өте жақын спектр аясында бақылайды. Көбіне бұл сәулелер кәдімгі ақ сәулені құрайтын өзімізге таныс көк, жасыл, қызыл (0,4-0,75 мкм) және де әр ұзындықтағы инфрақызыл диапазондық каналдары (0,76-1,30 мкм). Әр сәулелер жиынтығы (мысалы көк, жасыл, қызыл) белгілі бір нысандардың қасиеттерін тереңнен ашып көрсете алады, ал олардың қосындылары (мысалы: көк+қызыл, көк+жасыл, жасыл+қызыл және т.б.) адам көзі байқай бермейтін фактілерді нақтылай түседі. Тағы бір анықтай кететін нәрсе, ол Жер бетіндегі кез келген құбылыс белгілі бір оптикалық спектрдің сипаттамасының өзгеруі аясында жүретіні. Мысалы, егістіктегі өсіп келе жатқан өсімдіктер пісіп-жетілгенше талай спектралдық өзгерістерге душар болады. Осының арқасында, арнайы дайындалған маман миллиондаған шаршы километрді алып жатқан егістіктердің қасиеттеріне, жұмыс орнында отырып-ақ талдау жасап, ондағы өзгерістерге баға бере алады. Жалғыз талап – атмосфера, яғни ауа қабаты үнемі мөлдір болып тұруы керек. Электронды-оптикалы аппараттардан алынатын суреттер өз кезегінде үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тек ақ пен қарадан тұратын түсірілімдер жатады да, оларды панхромдық түсірілімдер деп атайды. Панхромдық түсірілімдердің жер бетіндегі өзгерістерді байқау қабілеті жоғары болып келеді, бірақ назардағы нысандарды түстерге бөле алмайды. Екінші топқа үштен жетіге дейін оптикалық каналдары бар мультиспектрлі түсірілімдер жатады. Бұл түсірілімдер Жер бетіндегі үдерістерді талдауға арналған аса құнды ғарыштық материалдар болып саналады. Мультиспектрлі түсірілімдердің Жердегі нысандарды байқау жітілігі панхромнан төмен келеді. Ал гиперспектральді түсірілімдерде 220 каналға дейін болады. Мұндай ғарыштық суреттердің Жердегі өзгерістерді талдау мүмкіндіктері аса зор. Бірақ олар тәжірибе жүзінде әлі кеңінен қолданылмай жүр. Себебі, бұл мәселеде ғылыми-әдістемелік жұмыстардың қазіргі қолданылып жүрген деңгейі әлі де болса жеткілісіз. Дегенмен ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейімен бұл мәселені игеру ісі де ұзаққа созылмайтындығы анық. Айтылған құндылықтарына қарамай, электронды-оптикалы аппараттармен жабдықталған ғарыштық кемелер тек Жерден қайтатын сәулелерді тіркейтін болғандықтан, оларды пассивті немесе енжар ЖҚЗ аппараттар тобына жатқызады. Мысалы, электронды-оптикалы түсірілімдер атмосфераны бұлт қаптап тұрған жағдайда Жер бетін бақылауға жарамсыз болып қалады. Радарлық ғарыштық аппараттар өз борттарынан Жерге радиотолқындар жіберіп, олардың қайтқандарын тіркеп, ауа райы қалай өзгерсе де, күндіз де, түнде де Жер беті туралы объективті деректер беріп отырады. Сондықтан оларды белсенді ғарыштық аппараттар қатарына жатқызады. Радарлық ғарыштық аппараттар электронды-оптикалы ғарыштық аппаратарға қарағанда ұтымды болғанымен олардың түсірілімдерінің бағасы әлдеқайда қымбат. Қазақстанның ЖҚЗ ғарыштық жүйесін жасау 2006 жылдан басталған жұмыс. Ол екі ғарыштық аппараттар тобынан тұрады деп жоспарланған. Олардың бірі жоғары (1 м), екіншісі орта жітіліктегі (6,5 м) электронды-оптикалық аппараттар болмақ. Олардың орбитаға шығатын уақыты – 2013-2014 жылдар аралығы. Бұларға қосымша жақын арада радарлық аппаратымыздың да жоспарлануы басталады. Ал ЖҚЗ жерүсті сегментінің

Page 23: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

жоспары арнаулы сараптамадан өтті, жақын арада құрылысы да басталады. Қазіргі кезде болашақ ЖҚЗ жерүсті сегментінде жұмыс істейтін 21 маманды Францияда оқыту үшін іріктеу жұмыстары өткізілуде. ЖҚЗ аппараттарынан алынатын түсірілімдердің мемлекетімізге әкелетін пайдасы. Ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған негізгі мұралары – кең-байтақ жеріміз бен еліміз. Әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын алып аумағымызды тиімді пайдалануға жеткізетін даңғыл жолдың бірі осы ЖҚЗ ғарыштық жүйесі. Егер жіліктей айтатын болсақ, ЖҚЗ ғарыштық жүйесінсіз мемлекеттік стратегиялық басымдықтар болып табылатын ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика, жердің қойнауы мен бетіндегі байлықтарын пайдалану мәселелерін толыққанды, заман ағымына сай шешу қиын. Ал қазіргі жағдайға келетін болсақ, мемлекетімізде әлі күнге дейін әлемдік дәрежеге сай электронды түрдегі ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (ҰКДИ) жасалмаған. Тіптен, ҰКДИ-ды бастардан бұрын дайындалатын Қазақстанның Ұлттық картографиялық геосервисі (ҰКГС) туралы ұсыныстың өзін ерте деп санаушылар кездесетініне қайран қаласыз. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі ең алдымен осы ұлттық ауқымдағы проблемаларды шешуге себепкер болатынына Қазғарыш және ҚҒС жетешіліктері сенімді. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі экономикалық жағынан аса тиімді болатыны қазірдің өзінде анық болып отыр. Мысалы, ұлан-ғайыр жерімізде үлкенді-кішілі жиі-жиі болып тұратын табиғи және адам қолымен пайда болатын апаттардың алдын алып, реттеп отыруда ЖҚЗ жүйесіне сенім өте мол. Ғылымның соңғы жетістіктері ЖҚЗ жүйесін жер қойнауындағы байлықтарды анықтауға пайдалануға болатынын дәлелдеп шықты. ЖҚЗ ғарыштық жүйесін навигациялық жүйемен қоса пайдалану ауыл шаруашылығына қыруар пайда әкелетіні күмәнсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі елімізде қордаланып қалған көптеген экологиялық проблемаларды шешуге себебін тигізетініне зерделі жұрт берік сенімде. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі жер, орман, су ресурстарын қадағалауда, кадастр, картография, мониторинг және т.б. салалардағы еңбек өнімділігін аса тиімді ете алады. ҚҒС ЖҚЗ ғарыштық жүйесін ғарыштық саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі, ЖҚЗ саласында ширек ғасырлық тәжірибесі бар Францияның EADS ASTRIUM компаниясымен бірігіп жүзеге асырмақ. Бұл бірлескен жобаның барлық құқықтық және қаржылық негіздері дайын. Біздің болашақ мамандарымызды да осы компания дайындап бермек.

Қорытынды

Бүгінгі күні ғарыш технологиялары ғылымның, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отыр. «Осы уақытта орбитада мыңдаған жер серіктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға ұшып, ол жақтың топырақ құрамын жерге жеткізді. Сондай-ақ бірнеше аппарат күн жүйесінің аймағынан шығып, әлемдік өркениет үшін қызмет етіп жатыр. Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы, әлемдік қауымдастық ғарышсыз болашақты елестете алмайтындай күйге жетті. Өйткені қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты». Бүгінде әлемде ғарыштық мемлекет атанудың басты екі жолы бар. Оның біріншісі дайын ғарыштық жүйені сырт мемлекеттерден сатып алу. Мұндай тәсілдің бір кемшілгі - мемлекет ғарышты игеруде тәжірибеден өту жағынан кейіндеп, базалық инфрақұрылымды дамытудан қалады. Екінші жол - өте күрделі, әрі ұзақ үдеріс. Ол мемлекеттің жеке өзінің ғарыштық инфрақұрылымын қалыптастыру. Тек ғарышты осы жолмен игерген елдерді ғарыш державалары деп атауға болады. «Бүгінде әлемдегі көптеген мемлекеттер осы жолдың біріншісін таңдаса, Қазақстан ғарыштық державаға айналуды мақсат тұтып отыр. Біз осы таңдауымыздың қиындығы мен тиімділігін жақсы түсініп отырмыз. Өйткені космонавтика біз үшін ұлттық мақтанышқа айналатын нысан ғана емес, ол біздің азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құрал болмақ».

Бізде ғарыш технологиясын өз бетінше зерттеп, ізденіс жолында жүрген ғалымдар баршылық. Бірақ кейбір әкімшілік-құқықтық кедергілердің кесірінен көптеген технолог ғалымның жобаларына жан бітпей отыр. Бір қуанарлығы, соңғы нұсқадағы ғылым туралы жаңа заңда отандық ғылымның алға жылжуына мүмкіндіктер ашатын айтарлықтай артықшылықтар бар. Сондықтан да осы заңның күшіне сүйеніп, біраз дүниені жандандыруға болады. Осы уақытқа

Page 24: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

дейін қаншама қазақстандық мықты ғалым шетел асып кетті. Білімдері терең болмаса, шетелдіктер олардың еңбегін қажетсінбес еді ғой. Егер де біз отандық ғылымға мол пайда әкелетін нағыз ғалымдарға тиісінше көңіл бөліп, олардың нәтиже бере алатын жобаларына аямай қаржы төксек, қайтарымы болмай қоймайтынына сенемін. Басқаның істегені қазақ ғалымының да қолынан келеді!

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Е.П.Левитан «Астрономия», Алматы «Мектеп»-2002 ж.

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, І-том, Алматы -2001 ж.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, ІІІ-том, Алматы -2001 ж.

4. Тоғысбаев Б, Сужикова А. «Тарихи тұлғалар» , Алматыкітап - 2006 ж.

5. «Алаш айнасы» газеті , №4, 2011 ж.

6. «Егемен Қазақстан» газеті, №1,3,5,7,9; 2010ж.

7. «Дала мен қала» газеті, №5, 2010 ж.

8. А.Қ. Құдайбергенова «Кіші қалалардың дамуы: Байқоңыр», Ақтөбе.

9. «Физика және астрономия» журналы , №3,2009 ж.

10. «Зерде» журналы, №4,2008 ж.

Қосымшалар

Ғарышқа ұшу деректері

Адамзаттың мыңдаған жылдар бойы зеңгір көкке телміріп, бала қиялмен жұлдыз санаған сәттері, әдемі аңсары 1961 жылдың 12-сәуірінде жүзеге асқан шығар. Бірақ, бәрімізге «Жер» деген ғаламшарды ғарыштан тамашалау бұйырмағаны да белгілі. Алайда, ғарышкерлердің видео және фото өнімдері арқылы жерді ғарыштан тамашалағандай күй кешетініміз де жасырын емес. Дегенмен, ғарышты игеруге қатысты қызықты деректер көп кездеседі екен. Мәселен, күні бүгінге дейін ғарышқа Титов, Соловьев, Томас, Торитон, Скотт, Уокер, Александров, Фишер, Шепард, Аллен, Бейкер, Восс, Гибсон, Гэрриот, Коллинз, Ричардс, Романенко деген тегі бар ғарышкерлер екеуден болыпты. Бірақ, олардың барлығы бір-біріне туыс емес екен. Тек Александров деген тегі бар қос ғарышкердің біреуі орыс, екіншісі Александр Панайотов Александров деген болгар жігіті екен. Ал, Уильямс, Волков, Келли деген тегі бар ғарышкерлер үшеуден екен. Олар да бір-біріне туыс емес көрінеді. Адамзат баласы тұңғыш рет ғарышқа ұшқан айлақ–Байқоңыр қазақ даласында болса да, алаш баласының ғарыша ұшуына 30 жыл уақыт кетіпті. Қазақтан бұрын Байқоңырдан ғарышқа 1978 жылы 2-наурызда чех Владимир Ремек, 1978 жылы 27-маусымда поляк Мирослав Гермашевский, 1979 жылы 10-сәуірде болгар Георгий Иванов, 1980 жылы 23-шілдеде вьетнамдық Фам Туан, 1981 жылы 22-наурызда монгол Жугдердэмидийн Гуррагча, 1981 жылы 14-мамырда румын Прунару Думитру, 1985 жылы 30-қазанда неміс Мессершмидт Эрнст, 1988 жылы 29-тамызда ауған Моманд Абдул Ахад ұшыпты. Ал, АҚШ-тың көмегімен 1985 жылы 17-маусымда Сауд Арабиясының ханзадасы Султан ибн Салман ибн Абдул Азиз ғарышқа ұшыпты. Ол әлемдегі ғарышқа ұшқан тұңғыш араб һәм тұңғыш мұсылман екен. Ал, 2006 жылы Байқоңырдан ұшқан парсы қызы Ануша Ансариді кейбір зерттеушілер «ғарышқа ұшқан тұңғыш мұсылман әйел» деп

Page 25: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

жүр. Ал, ғарышқа қатысты апаттарға келсек, Байқоңырдарғы алғашқы апат 1958 жылдың 27-сәуірінде №1 ұшыру кешенінде «Спутник-8Ф91» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде тіркеліпті. Бұл зымыран-тасығыш ғарышка КСРО-ның «Д-1 N 1» деген нөмірі бар үшінші жасанды жер серігін алып ұшуы керек екен. Бірақ, бұл сапар сәтсіз аяқталыпты. Ал, АҚШ –тағы алғашқы ғарыштық апат 1957 жылдың 6 желтоқсанында Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында тіркеліпті. Онда «Авангард» зымыран тасығышы «Авангард 1» жер жерігін ғарышқа алып шығуы тиіс екен. Бірақ, апатқа ұшырап қалыпты. Америкалықтардың ғарышқа қатысты ең ірі апаттары шатталдарға қатысты болыпты. 1986 жылдың 28 қаңтарында «Челленджер» шаттлы апатқа ұшырағанда 7 астронавт қаза болса, 2003 жылдың 1 ақпанында «колумбия» шаттлы апатқа ұыраған кезде де 7 астронавт қаза тауыпты. Ал, Байқоңырға қатысты ең үлкен апат 1960 жылдың 24 –қазанында Р-16 зымыранын сынақтан өткізу барысында орын алып, сол кездегі КСРО Стратегиялық мақсаттағы ракета әскерінің қолбасшысы, Артиллерия бас маршалы М. Неделин бастаған 74 адам қаза болыпты. Тағы 4 адам госпитальда көз жұмса керек. Ал, КСРО-ның нақты ғарышқа ұшырған аппаратарының ішінде бір мезгілде ең көп адамның өмірін жалмаған апат «Союз-11» ғарыш кемесіне қатысты болса керек. 1971 жылы 30- маусымда «Союз-11» ғарыш кемесінің қону аппаратының герметизациясының бұзылуынан ғарышкерлер Г.Т. Добровольский, В.Н. Волков, В.И. Пацаев деген үш ғарышкер қаза болыпты. Бұл енді ғарышты игеруге қатысты деректердің бір бөлігі ғана. Егер, әңгімені қызықты деректерге қарай бұрсақ, адамзат баласы ғарыш жылдамдығының үшінші сатысына 1972 жылдың 2-наурызында қол жеткізіпті. Мұны мамандар «3- ғарыштық жылдамдық» деп атайды. Сол күні «Пионер-10» ғарыш аппараты «Атлас-СЛВ 3С» зымыран-тасығышының көмегімен сағатына 51682 шақырым жылдамдық көсретіпті. Ал, 1976 жылдың 15 қаңтарында ғарышқа ұшырылған америкалықтар мен немістер бірлесіп жасаған «Гелиос-Б» зонды сағатына 240000 шақырым жылдамдыққа қол жеткізіпті. Ал, Күнге ең жақын қашықтыққа барған станса тағы сол «Гелиос-Б» екен. Ол Күнге шамамен 7 млн шақырым жақындап, Күннен 43,4 млн шақырым қашықтыққа барыпты. Егер, жерден ең алысқа ұзап кеткен аппараттарға тоқталсақ, ол да америкалықтардың «өнімі» екен. Біз сөз еткен «Пионер-10» ғарыш аппараты 1986 жылдың 17-қазанында Жер шарынан 5,9 млрд шақырым ұзап, Плутон ғаламшарының орбитасын қиып өтіпті. Сол кездегі жылдамдығы сағатына 49 мың шақырым екен. Бұл аппарат біздің заманымыздың 34593 жылы бізден 10,3 жарық жылы көлеміндегі қашықтықта орналасқан «Росс-248» жұлдызына жақындап баратын көрінеді. Дегенмен, «Вояджер-1» деген аппарат «Пионер-10»-ды қуып жетіп, одан да алысқа ұзайтын көрінеді. Бұл енді зеңгір көкті зерттеп жүргендердің есебі. Әйтпесе, ауасыз кеңістікте қаңғып жүрген аппараттарды ерсілі-қарсылы кезіп жүретін астериодтар мен кометалардың бірі қағып кетсе, шаруасы бітті деген сөз. Алайда, қалай болғанда да қызық дерек. Ал, енді өзімізге оралсақ, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты елдің бәрі біледі. Бірақ, орыстарға жалға берілген Байқоңырдағы 60 старт алаңының 54-і қазір қолданылмай тұрғанын, тек 6-уы ғана көкке «Протондар» мен «Союз ТМ» «Ангара» «Зенит» сынды зымырандарды ұшырып жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Оның үстіне орыстар Қиыр шығыстағы Амур облысында салып жатқан «Восточный» ғарыш айлағының құрылысын 2016 жылы аяқтап, 2018 жылы сол жерден ғарышқа адам ұшыруды жоспарлап отырса керек. «Бәлкім, 2020 жылдан кейін Ресей Байқоңырды жалға алуын тоқтатуы мүмкін» деген болжам бар. Демек, ғарыштың «жыры» қазақ үшін алдағы онжылдықта басталуы бек мүмкін.

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Page 26: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Галактика

Астрономия — аспан денелері туралы ғылым

Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті.

Page 27: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.

Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.

Комета

Метеорит

Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жүлдыздар жүйелері шар немесе оралым (спираль) бұтақтары тәріздес шоғырларды құрайды. Оларды галактикалар деп атайды.

Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің галактика деп атайды. Онда 150 миллиардтай жұлдыздар бар.

Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда

жетеді.

Page 28: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Жер Күнді айналып жүрген сегіз планеталардың бірі. Ай - Жерді айналып жүрген оның табиғи серігі. Басқа планеталардың да серіктері бар. Бұлардың барлығы Күн жүйесіне енеді. Біздің галактиканың сыртында тағы да жүз миллиондай галактикалар бар екені белгілі болды. Кейбір галактикадағы жұлдыздар құйын үйірген шаң-тозаңдай, спираль бойымен орналасқан. Аспандағы «құс жолы» - Біздің галактикадағы жұлдыздар жиі орналасқан сондай бұтақтардың бірі.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан түзіледі. Қазіргі астрономия жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан денелерінің қозғалысын да, ондағы өзгерістер мен процестерді де зерттейді.

Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі табиғат құбылыстарының сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында әлемдегі барлық құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды.

Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол - И. Ньютон ашқан Букіләлемдік тартылыс заңы.

Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолдану арқылы анықталды. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий (грекше гелиос - Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты.

Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады.

Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей нақты вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады.

Ай - Жердің табиғи серігі.

Э.Олдрин

Page 29: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет адамзат ұрпағының табаны 1969 жылы тиді. Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдриннің ғарыш кемесінен шығып, Айға табан тіреген.

Ю. А. Гагариннің т9ңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы - космонавтика (грекше космос - ғарыш және наутик - кеме жүргізу) жедел дамып келеді.

Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді. Қазіргі астрономия сонымен катар бірнеше басқа салаларды да қамтиды. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласын космогония деп атайды. Космогония әлемдегі галактикалар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды, оларда кандай өзгерістер жүріп жатыр, деген сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін космология дейді.[1]

Ғарыш бетінде

Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Ол гректің astron – жұлдыз және nуmos – заң деген сөзінен шыққан. Адам баласының өмірлік қажеттілігінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты. Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік жазық қысқы күн тоқырауы сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда Қытайда тұңғыш жұлдыз каталогы (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп

Page 30: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

есептеген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп, планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды. Ежелгі қазақ даласын мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын айыра білген. 9 ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад маңындағы Жер меридианы доғасының ұзындығы өлшенген. 11 ғасырда Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан. 13 ғасырда ат-Туси Оңтүстік Әзербайжанда обсерватория салдырып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы ғасырда Пекинде де обсерватория салынды. 1428 – 1429 жылы Ұлықбек Самарқанда салдырған обсерваториясын үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың каталогын және планеталар қозғалысының кестесін түзді. 1543 жылы поляк ғалымы Николай Коперник «Аспан сфераларының айналысы туралы» деген еңбегінде Жер қозғалмайды және бүкіл Ғаламның ортасында тұрады деген ілімді жоққа шығарып, Күн жүйесінің құрылысын – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін түсіндіріп берген. Осы еңбектің негізінде италия ғалымы Джордано Бруно Ғаламның шексіздігі, ал оны мекендеуші дүниелердің сансыз көптігі туралы тұжырымдама жасады. Галилео Галилей өзі құрастырған телескоптың көмегімен 1609 – 1610 жылы алғаш рет астрономиялық бақылаулар жүргізді. 17 ғасырдың басында Иоганн Кеплер планеталар қозғалысындағы үш заңдылықты, ал сол ғасырдың аяғында Исаак Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан. 17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың басында Франция, Англия, т.б. елдерде обсерваториялар салына бастады. 1718 жылы ағылшын астрономы Эдмунд Галлей жұлдыздың меншікті қозғалысын тапқан. 1761 жылы орыс ғалымы Михаил Ломоносов Шолпан планетасының атмосферасын ашты. 1755 жылы Иммануил Кант және 1776 жылы Пьер Лаплас Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды. 19 ғасырдың ортасынан аспан денелерінің физикалық табиғаты жүйелі түрде зерттеле бастады.

Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсіліне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан нысандарының орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Аспан

Page 31: Астрономия — Уикипедия, Қазақша Ашық ...kaskasu.kz/wp-content/files/a001_011.docx · Web viewдегеннен мойындалып қабылданған

механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай-ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің Галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі, ал галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады. Құрамына астрофотометрия, астроспектроскопия, т.б. бөлімдер енетін астрофизика аспан денелерінде, олардың жүйелерінде және ғарыштық кеңістікте болып жататын физикалық құбылыстар мен химиялық процестерді зерттейді. Радиоастрономияда ғарыштан келген радиотолқындардың қасиеттері және олардың кеңістікте таралуы зерттеледі. Жердің жасанды серіктері, ғарыштық кемелер мен ғарыштық телескоптардың (мысалы, америкалық «Хаббл» телескопы) жасалуы астрономиялық зерттеулерді атмосферадан тыс жүргізуге жол ашты. Космогонияда жеке аспан денелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің, атап айтқанда Күн жүйесінің пайда болу мәселелері, ал космологияда жалпы Ғаламның құрылысы мен заңдылықтары қарастырылады. Республикамызда 1942 жылы Алматыға жақын жердегі теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте алғашқы отандық обсерваторияның негізі қаланды. 1950 жылы Астрономия және физикалық институтынан Қазақстан Ғылым академиясының Астрофизика институты бөлініп шықты. 1957 жылдан бастап ғарыштық аппараттардың координаттарын анықтау мақсатында жүйелі бақылаулар жүргізіліп келеді. Тұмандықтардың каталогы (1968) жарияланды. Бұл каталогта галактикадағы 120 нысанның жарқырауы, морфологиясы және олардың ғарышта тарала орналасуы жөнінде жаңа деректер қамтылды. Осы жылы диффузиялық тұмандықтар спектр фотометриялық әдіспен зерттеліп, 100-ге жуық диффузиялық тұмандық спектрлерінің каталогы жасалды. Алынған спектрлерді талдау барысында иондалған сутектің спектрлік сызықтары инфрақызыл және радиодиапазонда ғана емес, спектрдің оптикалық аймағында да болатыны анықталды. 800-ге жуық актив галактикадан тыс объектілердің спектрлері зерттелді, 50-ге жуық Сейферт галактикасы табылды. «Жұлдыздардың жинақталған спектрфотометриялық каталогы» (1978) басылып шығарылды. 1000-нан астам жұлдыздардың абсолюттік спектрлері туралы мәліметтер жарияланды (1985). Алғаш рет Юпитердегі қызыл дақтың газ-тозаңнан құралатыны жөніндегі болжам бақылаулар негізінде расталды және сол планета атмосферасындағы процестердің аксиметриясы байқалды. Соңғы жылдары астрономиялық зерттеулер ҚР Ғылым министрлігі Ғылым академиясының Астрофизика институтының Асы-Түрген обсерваториясында қарқынды түрде дамытылып келеді.[2][3][4][5][6][7]

Дереккөздер1. ↑ Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-82. ↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том3. ↑ Қазақ энциклопедиясы4. ↑ Әбішев Х., Аспан сыры, А., 1966;5. ↑ Исқақов М.Ө., Халық календары, А., 1980;6. ↑ Климишин И. А., Элементарная астрономия, М., 1991.7. ↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған

э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3