Сабақ жоспары Қазақ тілі - bilim land...2. Постер қорғау...

6
Сабақ жоспары Сабақтың жоспары Сабақтың мақсаты Білімділігі: Сын есім туралы түсінік беру. Мағынасына қарай топтай білуді үйрету, негізгі жəне туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамытушылығы: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту. Тəрбиелігі: Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мəнерлеп сөйлеуге, сауатты жазуға тəрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың əдісі: СТО технологиясының əдістері, түсіндіру, тест жұмысы, топпен жұмыс, ойын түрлері, сұрақ-жауап əдісі. Пайдаланылатын ресурстар, көрнекіліктер Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, сөзжұмбақ, көкөністердің суреті, қима қағаздар, тест сұрақтары, бағалау парағы, сызба, стикер, смайликтер, т.б http://imektep.kz -тен бейнефильм. http://www.imektep.kz/syn-esim http://www.imektep.kz/iw_1427 http://www.imektep.kz/iw_475 http://www.imektep.kz/iw_474 http://www.imektep.kz/iw_476 Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 1. Психологиялық дайындық. Күн шуағы Қол ұстасып бəріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. – Балалар, көңіл күйлерің қалай? – Керемет! (бас бармақпен көрсету) – Сабаққа дайындықтарың қалай? –Тамаша! (алақан шапалақтау) – Ынталарың қалай? – Ғажап! (қол көтеру) 2. Топқа бөлу. Оқушылар шашылған көкөніс суреттерін таңдап ала отырып 3 топқа бөлінеді ( қияр, қызанақ, қауын). Топ басшысын сайлайды. Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Пəн Қазақ тілі http://imektep.kz Мұғалім Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы Мектеп, сынып Алғабас шағын орталықты орта мектебі 4-сынып Сабақ тақырыбы Сын есім

Upload: others

Post on 18-Jan-2020

57 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспары

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: – Сын есім туралы түсінік беру. – Мағынасына қарай топтай білуді үйрету, негізгі жəне туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамытушылығы: – Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту. Тəрбиелігі: – Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мəнерлеп сөйлеуге, сауатты жазуға тəрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың əдісі: СТО технологиясының əдістері, түсіндіру, тест жұмысы, топпен жұмыс, ойын түрлері, сұрақ-жауап əдісі.

Пайдаланылатын ресурстар, көрнекіліктер

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, сөзжұмбақ, көкөністердің суреті, қима қағаздар, тест сұрақтары, бағалау парағы, сызба, стикер, смайликтер, т.б

http://imektep.kz -тен бейнефильм. http://www.imektep.kz/syn-esim http://www.imektep.kz/iw_1427 http://www.imektep.kz/iw_475 http://www.imektep.kz/iw_474 http://www.imektep.kz/iw_476

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық.

Күн шуағы Қол ұстасып бəріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. – Балалар, көңіл күйлерің қалай? – Керемет! (бас бармақпен көрсету) – Сабаққа дайындықтарың қалай? –Тамаша! (алақан шапалақтау) – Ынталарың қалай? – Ғажап! (қол көтеру) 2. Топқа бөлу. Оқушылар шашылған көкөніс суреттерін таңдап ала отырып 3 топқа бөлінеді ( қияр, қызанақ, қауын). Топ басшысын сайлайды. Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

Пəн Қазақ тілі

http://imektep.kz

Мұғалім Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы

Мектеп, сынып Алғабас шағын орталықты орта мектебі 4-сынып

Сабақ тақырыбы Сын есім

Алтын ереже Бір-бірімізді тыңдай білу. Сабаққа белсенді қатысу. Ұйымшыл болу. Қол көтеру. Көмек беру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Ережені сұрау (162 бет, 57-жаттығу) Берілген етістіктерді үш жақта жазу. 1-топ. Қиярлар тобы: Оқы. 2-топ. Қызанақтар тобы: Көр. 3-топ. Қауындар тобы: Ойна.

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық ІV Жаңа сабақ

1. Сөзжұмбақ шешу.

с

ЕСІ

М

НЫ

4. Қанаты жоқ ұшады,Аяғы жоқ қашады

5.Жылт-жылт етеді, Жылғалардан өтеді.

3.Жатсадаүшайкөгенде,тілүйірержегенде

– Балалар, ерекше төркөзден қандай сөз шықты? Сын есім Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім» деп аталады. 2. Ой қозғау.

– Балалар мынау не? – Алма. – Иісі қандай? – Жұпар иісті, жағымды. – Пішіні қандай ? – Домалақ. – Түсі қандай? – Қызыл. Яғни біз бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық. Ереже шығарайық. Заттың сынын, сапасын, түрін, пішінін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім қандай? қай? сұрақтарына жауап береді. Интерактивті тақтадан http://www.imektep.kz/syn-esim «Сын есім» тақырыбындағы бейнефильмді көрсету.

1. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлеңді мəнерлеп оқып, сын есімдерді тап. Олардың қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айт. Негізгі сын есімдер: көк, кең, егемен. Туынды сын есімдер: атақты, жемісті, шың-құзды, жеңісті, жайдарлы, өрісті.

2. Постер қорғау

2-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сырты жасыл, қап-қатты, Іші қызыл тəп-тəтті. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіріп тұр? (түсін, сапасын, дəмін)

Топтық жұмыс Мозайка əдісі Берілген суреттер əр топтың атына байланысты Əр топқа қима суреттер беріледі. Сол суреттерді құрастырып, шыққан сурет бойынша постер жасайды. Берілген суреттер əр топтың атына байланысты қияр, қызанақ, қауын суреті. Топтан екі оқушы жасаған постерлерін қорғайды.

3-жаттығу. Мəтінді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз, қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт. Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтар. Олар тау - тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.

Сергіту сəті Бейнетаспа арқылы əуемен қимыл-қозғалыс жасап сергіту.

5. Шығармашылық жұмыс V Жаңа сабақты бекіту

4-жаттығу. Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап.

Топтастыру əдісі Қиярлар тобы Қызанақтар тобы қалың бұйра кең биік

ұзын қысқа қараңғы таза жарық Қауындар тобы кең тастақ ұзын тегіс 5-жаттығу. Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қой.

Семантикалық картамен жұмыс

http://imektep.kz-тен ойын түрлерін ойнау Қиярлар тобы 1. «Сұрыптау», «Дұрыс – Дұрыс емес » ойыны http://www.imektep.kz/iw_476 2. Заттың түсін, көлемін, салмағын, дəмін, пішінін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.

Сөздер

Сөйлемдер

бала тəртіпті ұрыншақ ұстамды керіс ұнамды

...бала – сүйініш, Төбең бір көкке жетеді. Тəртіпсіз... – күйініш, Төмендеп басың кетеді. ...бала жанында Ұрыс пен... айқай-шу. ...бала маңынан ...қылық байқайсың.

шаш бөлме

Жол

Дұрыс ----- Дұрыс емес 2. Сын есімдерге қалай? қайтіп? деген сұрақтар қойылады.

Дұрыс ----- Дұрыс емес 3. Сын есімдер негізгі жəне туынды болып екіге бөлінеді.

Дұрыс ------- Дұрыс емес 4. Түбір сөзден болған сын есімдер туынды сын есімдер деп аталады.

Дұрыс ------- Дұрыс емес 5. Туынды сын есімдер түбірге -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті, -сыз, -сіз, -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш т.б жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Дұрыс -------- Дұрыс емес Қызанақтар тобы «Сəйкес жалғасын табу ”ойыны http://www.imektep.kz/iw_474 Ұзын Қысқа Қатты Жеңіл Ауыр Жаман Ащы Жұмсақ Жақсы Тəтті

Қауындар тобы «Артығын алып тастау» ойыны http://www.imektep.kz/iw_475 Қисын бойынша артығын тауып, жауаптар қорабына салу 1. Ақылды, күшік, қызыл, жұмсақ. 2. Мектеп, сары, қара, домалақ. 3. Қысқа, ұзын, əже, тəтті. 4. Жақсы, ащы, жеңіл, бала. 5. Əдемі, қыз, үлкен, ауыр.

VІ Сабақты қорытындылау

Тест тапсырмалары І нұсқа http://www.imektep.kz/iw_1427 1. Фильм қай сөз табы туралы? а) зат есім ə) сан есім б) сын есім в) етістік 2. Негізгі сын есімдерді тап. а) білімсіз, ақылды ə) қызыл, ауыр б) ақ, қызылдау в) көлді, таулы 3 .Дананың күшігі қандай? а) құлағы ұзын, құйрығы қысқа, жазда түсі ақ. ə) Кішкентай, түсі қызыл, əдемі. б)Үлкен, түсі қоңыр. в) Кішкентай, ала, жүні жұмсақ, сүйкімді. 4. Заттың түсін білдіретін сөздерді тап. а) қызыл, ақ, сары ə) үлкен, кішкентай, аз б) жақсы, əдемі, ақылды в) домалақ, сүйір, сопақ 5. Заттың салмағын білдіретін сөздерді тап.

а) жақын, алыс ə ) ауыр, жеңіл. б ) сүйір, сопақ. в ) қоңыр, сары.

ІІ нұсқа 1. Сын есім дегеніміз не? а) заттың қимылын білдіретін сөздер. ə) заттың түсін, көлемін, салмағын, дəмін, пішінін білдіретін сөздер. б) заттың санын білдіретін сөздер. в) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. 2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? а) неге? ə) қашан? б) қандай? қай? в) кім ? не? 3. Сын есім қай сөз табымен байланысады? а ) зат есіммен ə ) сын есіммен б) сан есіммен в) етістікпен 4. Туынды сын есімдерді тап. а) ұзын, қысқа, жылы ə) əдемі, үлкен, көк б) ақылды, білімді, сусыз в) сұр, қара, қызыл 5. Түбір сөзден болған сын есімдер қалай аталады? а) туынды ə) негізгі б) жалпы в) жалқы

VІІ Үйге тапсырма 165-бет, 6-жаттығу

VІІІ Бағалау Əр топтың топ басшылары бағалайды

Кері байланыс Ойымды аяқта: