Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c...

192
Сәндiбек ЖҰБАНИЯЗОВ Сыр Өлеңдер Алматы “Жазушы” 2014

Upload: others

Post on 04-Jun-2020

28 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

1CC

Сәндiбек ЖҰБАНИЯЗОВ

СырӨлеңдер

Алматы“Жазушы”

2014

Page 2: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

2CC

Жұбаниязов С.Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.– 192 б.

ISBN 978-601-200-484-7

Автордың шығармасына өзек болған қоғамдағы әлеуметтік және азаматтық құбылыстар, жастық пен махаббат, туған ел мен өлке туралы толғаныстар жыр тілінде сәтті өрнек тапқан. Жан толқыны мен жүрек күйінен өріліп төгілген жырлары сезімді оятып, жаныңды елең еткізеді.

ISBN 978-601-200-484-7

ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5

ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Қаз)-5 Ж 80

© Жұбаниязов С., 2014© “Жазушы” баспасы, 2014

Ж 80

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

Page 3: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

ДАЛА

Болашағын болжаған кім ілгері,Жырақта жүр ауылдың жүгермегі.Қуған арман кетті де қара үздіріп,Туған дала, аңсаттың бүгін мені.

1-бөлім

Page 4: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

4CC

АСҚАР ТАУ МЕН АҚ БҰЛАҚ

“ӘКЕ ДЕГЕН АСҚАР ТАУ”Ес білгеліОй-бағымда осы ұғым көп гүлдеді.Көп гүлдеген ойымның тек бір жері –Тамыры мықты болғанмен, жаны нәзік,Сәл нәрседен – қасірет шектірмегің.Тарих куә мұныма,Амал нешік,Ғасырлардың құптаған отты үндеріСанасына тасырдың еш сіңбеді.Тарих өтірік айтпаған – білші мұны,Эх, таулардың...Таулардың тіршілігі!Тасырлардың белгілі құлқы-мұңы,Аласарта алмаған ол түгілі –Алай-түлей заманның көшкіндері,

Page 5: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

5CC

Таулар даңқы қарыштап кетті ілгері,Арманым да соңынан екпіндеді.Биікті аңсау тым тәтті,Енді ешқашанМүмкін емес тоқтату, Достым, мені.Биікті аңсау ащы да...(Сен қашпасаң?!)Басқа әңгіме – ол үшін кештім нені.

“АНА ДЕГЕН АҚ БҰЛАҚ”Мұнда да менСәби шақта-ақ аңғарғам тұнған әлем.(Тұнған әлем аңғарған мен ғана емен.)Мөлдірлігі қандырып жанарымды,Сыңғыр үнін елжірей тыңдаған ем.Шаттық, Қайғы шарпысқан бұл ДаламенМатастырған мақсатын шыңдап ерен,Ана – Бұлақ болмысын бейнелеугеАздық етер әрине, бір ғана өлең.Сыңғырлаған ағысы тынбаса деп,Қоса ағуда күндерім мұң-наламен.

Page 6: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

6CC

...Жырақ кетсем бойдағы нұрды еселеп,Шуақ шашып тұратын дәл артымнан,Бастау көзі сол нұрдан жаратылғанБір жыр күтіп жүргендей Ол да менен,Қалам алғам сондықтан мол дәмемен...

Қаншама арман мезгілсіз өшірілді,Өмір өтер: өткені көшірімді –Таңы – шаттық, түсі – азап, кеші – мұңды....Әкелердің болмаса есімі үлгі,Аналардың болмаса есімі үлгі,Аз күн жарық дүниенің несі нұрлы?!О, ағайын, Тауыңа, БұлағыңаКөптеп-көптеп көргім кеп ғашық ұлды,Көптеп-көптеп көргім кеп ғашық қыздыЕске салдым тағы да ҚОС ҰҒЫМДЫ.

Page 7: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

7CC

СЕНДIМ, АНА...

Асыл ана, алабұртса дерегiм,Алаңдамай күй кеше бер дер едiм.Тағдырымның талқысына бой бермей,Сенiмiмдi серiк етiп келемiн.

Сендiм ана – атаның боз басына,Сендiм ана – асылдың тозбасына.Жамандықтан жиренiп жанын үккен, –Сендiм ана – арудың көз жасына.

Сендiм ана – жүйелi ұранға да,Сендiм ана – киелi Құранға да.Олар менi үндедi өзiңдей боп,Ал, өзiңнен мен неге тұрам дара.

Ұмтылысты үзбеймiн алға қарай,Атқызармын көз iлмей таң да талай.Тежелмеспiн ешқандай тосқауылға

Page 8: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

8CC

Сендiм ана...Сенiмiм алдамағай!

КӨКЕМЕ

Күншығысты бетке алғам арманымды әндете,Алға жүру бақытын – мәңгi ете гөр, мәңгi ете!Шақырайған күн көзiн көлегейлеп қолыңмен,Жүрсiң бе әлi елеңдеп, жолға қарап, жан көке?!

Алатаудан ескен жел әнiн қосып әнiме,Асықтырып бiттi әбден алдағының бәрiне.Кеткен күннiң есесiн келген күннен дәметем,Күте алмасаң ештеңе – ертеңiңнiң мәнi не?

Тағдырластар көбейдi – мазалаған ортақ дау:Күнге жақын бару мен оған барар жол таппау.Айып етпе аласа, – тiлге тиек болмасаң,Ой қосуға сен жайлы менiң көкем шорқақтау.

Бағы шығар аспанның – асқақтығы, кеңдiгi,

Page 9: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

9CC

Соры болса, аңсаушы азаймас па ендiгi.Биiк тапшы сен де бiр – аспан ба, әлде басқа ма,Ғашық болу белгiлi, ұғып алғам мен мұны.

Езбелейiн несiне – еңбек ет деп елiңе,Құрғақ сөзден құлақты құтқарудың емi не?Көкжиектiң жүрегi көкеме ұқсас – ұққаным,Биiктiгiң байқалса, сүйе салар сенi де.

Меңдеген мұң сол ғана – сұрай қалсаң сен менен,Күнi бойы күрсiнiп, түнi бойы тергелем.Көрiктi ойға кенелтер кереметтер қарсы алса,Кедергiлер қайтады көкем қалған жолменен.

Сағынышым таң ата өлең болып көз iлдi,(Сөздiң күшi жетсе егер бейнелеуге сезiмдi?..)Кептелгендi көмейге жанарыңмен айтқан ең,Елестетсе осы жыр көке, сол бiр кезiңдi...

Page 10: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

10CC

АНАҒА ХАТ

Ана, өзіңді сағындым бүгін ерек,Тосын уайым тоғысты түніме кеп.Бар дүниеге жан-дүнием бетін басты,Көктей солып көңілдің гүлі кенет.

Жатқан кім бар биікті төрлеп тегін,Татып біраз ащыны көрмекші едім.Сағыныштың семсері сұғылды да,Өз бояуын жоғалтты өрнек сезім.

Кереметтер кезікпей қиялдағы,Нұрсыз күндер ұлыңды жиі алдады.Кәусарынан жұтса да кей сәттердің,Құтысына еркінше құя алмады.

Үміт бар-ды арманды айдан тоспақ,Құлыпталды қайтесің, Қайран соқпақ,Кілтін тауып ашқанша –

Page 11: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

11CC

КереметтерІріп кетті ит те ішпес айранға ұқсап.

Іңгәлаған уақытты текке өлтіріп,Сеніміңе алдым ба шек келтіріп.Тәліміңді тәрк етсем шектен шығып,Теңе ағашқа – Діңгегі кеткен шіріп.

О, құдірет, үміттен айықтырма,Соқыр сезім сенімді майып қылма.Арман деген сөз боп па – Өзің бар да,Теңіз деген сөз боп па – Қайықты ұлға.

Табаныма өкініш шоқ төсейді,Келер күнді өткен күн етсе сыйлы...Секундтармен жарысқан сансыз ойларСағатымды сындырып кетпесе игі...

Page 12: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

12CC

АЛПЫС – ТАЛТҮС

Көке, бүгін толдыңыз алпыс жасқа,Жүзге дейін серт етіп шалдықпасқа,Көңілді бір әуенді шалқып баста.Жастықпенен жарасыпЖалғыз сәткеҚұрдасыңның бәрін де шал ғып таста.

Текке отырмай, Тең түсер мөлдір таңмен, өлең арнап, олқыңды толтырсам мен...Он жасыңда “Мен үшін”, “Отан үшін”От кештіңіз ауылда кемпір-шалмен.

Тыңдап қазақ, украин, тыңдап орыс,Жиырма жаста басталды “Тыңға жорық”.Жат пиғылдар жаулады жапан түзді,Жапан түзбен ғана тек тынбады ол іс.

Өте бере отыздан... Мен шыр еттім,

Page 13: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

13CC

Бұл шырыл да біраз жүк еншілетті.Шіркін, арман, көп едің, көгілдір ең,Таң қалумен, таңдаумен он жыл өтті.

Елу десе, сала алмай ән шырайлы,Сезім шошып, сенімім қалтырайды.Жүрегімнің көгінде сол елугеЖетпей кеткен жұлдыздар жарқырайды.

Ашты бүгін құшағын алпыс жас та,Ақсақалдық ғұмырда тәртіп басқа,Тағдырыңды тырысам жарты ұқпасқа –Оймен шолып өткенді, Өсиет айтып,Көкірегіңді көп мұңнан аршып таста. 1995 жыл.

Page 14: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

14CC

АРМАН САПАРЫНДА

Тағы да артта қалып тастанды қыр,Тағы да қайталанып аққан дүбiр,Сайланып сонау жылы сары күздеАуылдан Алматыға аттанды ұл...

Ұл едi тағдырына көктен қарар,Ол жақтан бiлiнбей тұр көптен хабар.Бiр мiнi тым сенгiштiн... (кiм бiлiптi?).Сенiмдi аяқ асты еткен де бар.

Орман ой талабына от тiлетер,Демегей – маңдай терiн төктi бекер.Тапты ма iздегенiн нән қаладан,Көздеген мақсатына жеттi ме екен?

Әйтеуiр, ел үмiтi ескiрмедi,Әзiрге жаманаты естiлмедi.

Page 15: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

15CC

“Керемет тарту етем де – дейтiн едi –ойымнан шықпай қойған ес бiлгелi”.

Жазмыштың жайлы тиген заңы кiмге, Самал жел, сарыуайым сарының не?Айта сал амандығын – алаңдатпай,Тосып жүр кейуана әлi күнге.

Қашан да ойлылардың байлығы – мұң,Көзге ыстық еске алсаң да қай қылығын.Көңiлi бостау едi сол баланыңҚасынан қаша алмайтын қайғылының.

Қайғының қара тастай салмағы бар,Қой, оның бетiн аулақ, жан бағылар.Арына кiр жұқтырмай кетiп едi,Алдауға үйретпесе сондағылар.

Page 16: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

16CC

Жүрегi қуанды ма, қажалды ма,Ол ендi басқа әңгiме өз алдына.Көп болса, сәл мұңайып қалған болар,Анасын елестетiп көз алдына.

Сипаты ел бiлетiн ендi өлеңге,Өзi айтар өзi жайлы кең көлемде.“Керемет тартуым бар...” дейтiн едi,Сол сөзге сенейiкшi сен де, мен де!

Page 17: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

17CC

ТУҒАН ДАЛА

Кінә артпа, Далам,Арманым кетті қарыштап қиял-дүлділмен,Соқпағым мынаусоқтырар қайда кім білген?..Мазасыз ойларменшіктеп алып санамдыҚасиетіңді енді ұққандай болыптұрмын мен.

Жырақтап барамЖылжысам ғана өтелерме деп жол құны,Желкенді ойды сырғытып сезім толқыны.Кеудеме қоныс аударған сындыЖер-шарынЖаралап біткен жарылыстардың солқылы.

Шыдап та бағам,Күнің мен түнің алмасып тұрар десекте,Әр атқан таңғамені де қоса есепте.Туған жер, әлітопырағыңа ораламТосырқап кеткенүміттеріңді алып жетекке.

Page 18: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

18CC

ТУҒАН ЖЕР

Торқалы тойың кеп қалды, ойымда асқақ ән,Туған жер, Жеттім жырдан сый дайындап саған.Жалғыз байлығым – бейнеңді жүрегімдегі,Көктегі жеті жұмаққа айырбастаман.

Ақ тілек құшқан арманды арайға нұсқап,Қасиеттілігіңді ей, Ырғыз, қалайда құптат.Ырғызбай сенде туған-ды, құт дарыған ұл –Тағдырың содан тарағанАбайға да ұқсап.

Той қылып жатсың. Қанша ұл-қыз талапты, дарын,Өртене жүріп халқына таратты нәрін.Туған жер, сенің бағың сол –Бауырыңда өскенҰшыра білдің ұрпақтың қанаттыларын!

Page 19: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

19CC

Арнаған жырым арнаңа қосады ма ағын,Жағаңнан сенің арманға жасадым адым.Мейірхан ағам сияқты сені ойлап Ырғыз,Сарғая жаздап жағаңды, о, сағынамын!

Page 20: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

20CC

ТУҒАН ӨЛКЕ

Көкжиекке өрлегем,Көзімді арбап қарлы шың.Жүрегімде тербегенТуған өлке, армысың?!

Мені ұшырған аспанға,Шапағатың өлшеусіз.Қанша қанат қақсам да,Аласамын – мен сенсіз!

Сәтсіздігім басталма,Ұшпас биік ер, – елсіз.Айдан алқа тақсам да,Ажарсызбын – мен онсыз.

Жанарымды жас кернеп,Жүрем кейде мұңайып.Ұлың болып өссем деп –Тек өзіңе лайық.

Ешбір елден таппайтын,Естімеген жан адам,Бақытыңа бастайтын –Жол салсам деп жаңадан...

Осы ой тербеп жүремін...Осы ой арбар мені мың,Солай соғар жүрегім,Солай өтер өмірім.

Page 21: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

21CC

ЖИЫРМА ЖЫЛДАН СОҢ

Ұстаздан тәлiм алып қаншама жан,Есейiп, елдiң жүгiн арқалаған.Ұзаса, ұмыта алмай балалықты,Бар түлек шәкiрт шағын аңсап алар.

Мектебiн қимай-қимай өрiптi ұл-қыз,Қоштастық он жетiде ерiксiз бiз.Бас иiп бүгiн ұшқан ұямызғаЖиырма жыл өткеннен соң келiп тұрмыз.

Ұстаздар, сiздер асқақ тауларсыздар,Ықтадық қаһарына алғанда ызғар.Ұшырып түлектердi әр жыл сайын,Жүректен ұшпай, қонып қалғансыздар.

Оралса өскен жерге босайды әркiм,Бiр сезiм жүректерде атой салды.Көңiлiң тулап ала жөнеледi,

Page 22: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

22CC

Көргенде ағайлар мен апайларды.

Ұстазы мен ұясына нұр тiлеген,Ұрпағың келдi ортаңа, сiлкiне бер.Қаламай қояр едiк өзге бақты Сол күндер қайтып келсе, шiркiн егер!

Оралмас ендi әрине, ол күй өткен,Самалы сағыныштың желпи ескен.Шаттыққа бөлене бер алтын ұя,Мың алғыс айтамыз бiз ақ ниетпен.

Page 23: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

23CC

БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ

Ақтөбе педколледжі – 85

Сеңгіріне сексеннің шықтың самғап,Ұштың самғап, бақытты құштың сонда-ақ.Дәл осылай –Білімнің биігіндеҚалықтай бер үмітін ұлттың жалғап.

Мол білімнің бола бер нұр мекені,Тек сонымен көрелік бірге сені.Өрелі жас Биікке өткел еткен –Өткеніңді келешек үлгі етеді.

Түлектерің қыр төсін дүбірлетіп,Жаңғырыққан – Тауларға үнің жетіп.Академик Жұбанов тәлім алып,Ұшып шыққан өзіңнен Құлымбетов.

Page 24: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

24CC

Талай түлек ел қорғар жолға аттанды,Халқы ұмытпас қаһарман боздақтарды.Үргенішбаев, Жазықов, Озмитель –“Кеңестің батыры” боп ардақталды.

Сол жылдары Сәрсенова, Молдашевтар,Талаптыға шуақты жолды ашып бар,Көкірегіне нұр шашты –ЖылдарындаЖаңбыр менен жатса да алмасып қар.

Басты сенде жан шөлін құсалы ері,Жақты сенен өнерін – құшар елі.Білігі зор Райымбергенов Ысқақ пенСоның бірі – Дінішев Мұса еді.

Тәтті келер терген дән терің сіңіп,Ерен еңбек – Қашаннан өмір құны.

Page 25: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

25CC

Біліміне бағынған бірнеше шыңРабиға апамыз – соның бірі.

Тізе берсе дәл мұндай сұңқары көп,Сұңқарлары ел бағын тұрса тілеп, –Тұлпарлары мәреге озық келіп,Бұлбұлдары бақтарда шырқар үдеп.

Ізгі әуенге үн қосқан Нұрлы орда,Қырлы жолды жалғай бер Сырлы жолға.Жарақтанған біліммен жан болсам деп –Талаптанған қыз бенен ұлды қолда.

Шыққан шақта сексеннің сеңгіріне –Сан қыранға ұясың енді, міне.Тоқсан-жүзді бетке алып жүзе бергін,Толтырып ап кемеңді ел жүгіне.

19.11.2008.

Page 26: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

26CC

АРМАН ӘЛДИІ

Білгім келіп сағыныштың не екенін,Жүрек қалап жұрттан өзге жеке өмір.Арманымның туын биік көтеріп:“Жандары бар жырға ғашық өте бір,Аңдары бар баяғыдай адамға өш,Таулары бар гүл көмкерген етегін,Апа, – дедім, – Алматыға кетемін”.

...Қала жаққа қамданғалы –Жоқ төзім,Құштар көңіл, оған қоса пәк сезім: –“Үлгі тұтқан үлкендерден үйренемМаған қарап есіне алар жас кезін.

Көкірегімде күмбірлейді жаңбыр ән,Жаңбыр әнім, баста жолға сан бұраң. Жабасағым, саған арнар тілектіӘр тамшының үлесіне қалдырам.

Page 27: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

27CC

Мүмкін емес ұмытуы мені мұң,Бұған себеп – сенің маған сенімің.Көнереді көзқарастар бұрынғы,Түбегейлі өзгереді өмірім.

Анашымды, өзгесін де ұмытпай,Хат жазамын арасын көп суытпай.Білім алу – ең бірінші парызым,Басты мақсат жүзеге аспас мұны ұқпай.

Қала аруы, сенен күтем бір қауіп,(Бұл қауіптен тілеп алар құрсау ұқ).Менмен әлем, мейірімге тарылма,Менің көңілім сұлулыққа тұрса ауып.

Сүйіп көрем біреуіңді ең әсем,Тазалығы Тәңіриямен теңесер.Өлең жазам сосын өртеп ішімді от,

Page 28: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

28CC

Ақын болып шалқу үшін емес ол...

Сені өзіме тарту үшін емес ол,Өзгелерден арту үшін емес ол...Өміріңе шуақ шашу жырыммен –Көңіліңді суытқанда көп есер!

Көшелерін Алматының көп кезер,Жарысқанда жолда қалар еспе жел,Қаңғыбас та атанармын... (о, ащы ой!)Ащы өксік алқымыма кептелер...”

...Қарсы алдымда қарлы Алатау, Көктөбем,Және арманым – ғұмыр бойы көксеген.Кәусар кезім, Сондай кәусар сезімменАлып-ұшып Алматыға жеткен ем...

Page 29: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

кАЛА

Сезiм – менiң үркегiм басыбайлы,Сұлулықтан ғана тек шошымайды.Алыс кетпей, сыр ашсам осы жайлы,Алматының көктемi аса ұнайды.

2-бөлім

Page 30: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

30CC

ӨЛЕҢ-ӨМІР

Жеткен едік қалағаӨмірге ынтық топ өрен,Желеп-жебеп өр өлең.Шайырларды көрегенКем санамай төреден.Жүрген едік ән салып,Махаббатқа малынып.Сұлулыққа тамсанып,Дегдарлыққа табынып.Ақындардың сөзі құт Талантына бас ұрып.Вокзалдарда көз іліп,Лифте таң атырып,Наз арнадық заманға,Тоқпағына шағылып.Жас ойнады жанардаЖасыл белді сағынып.Арманшылдың әманда,Соры – күдік, бағы – үміт.Қара түнде таңылдықҚалам менен дәптергеБар уайымнан арылдықӨлең келген сәттерде.

Page 31: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

31CC

АРМАН МЕН АЛМА

Алма жайлы аңызға елтiп құлағымАуылда өстiм... Алматыда тұрамын.Елестесе дәмдіге өш сәби кез Көкiрегiмдi тербеп өтер бiр ағын!

Жаз пейiлмен жүргенiмде жыр жазып,Менi алысқа алып кеттi бiр жазым.Жаймашуақ мезгiлменен үндесiпЖолға шыққан талабыма ырзамын.

Бiлмей-ақ қой, бұл ырзалық дерегiн,Өзiм де ұқпан мұның әлi себебiн.Бәлкiм, мәңгi мекен-тегi белгiсiзСол себептi iздеп өтсiн өлеңiм. Аңыз арбап, Тәңiр болып тiлекшiм,Жылжуымды қалаған соң жүрек шын,Әуежай мен вокзал ғана күтетiн

Page 32: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

32CC

Елеске ерген топқа осылай iлестiм.

Жолдар, жылдар... жадыратар, жылатар,Ай қоштасса, амандасар құла таң.Қанша салқын қарсы алса да АлматыМен, әйтеуiр, осы шәрдi ұнатам.

Түк бермедi десем қала, – түк алмай,Ұқсай қоймас шын уәжге бұл ондай.Бақшасында алма мұңым пiстi әбден,Балғын шағым қалды бiрақ шыға алмай.

Сатып кетпес әдiлеттен кесе өтiп,Адалдықты құрметтедiк, дос етiп.Тура бидiң – туғаны жоқ, ары тоқ,Шын сүйсiндiк шешiмiне өте тiк.

Өтіріктен аулақ өрген iргесiнЕркiндiкпен шөлдi басып жүргесiн,

Page 33: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

33CC

Келешекке үмiт қана жол тартты,Бiрге кеттiк бiз де оған мiнгесiп.

Тамыр алған алма жайлы аңыздан,Жырлар туды арманға нәр тамызған. Осы мақсат шырақ жақты, жылытты,Осы жолда жауратқанда сан ызғар.

ТҮСТЕГІ БЕЙНЕ

Мен де кеттім, Сен де кеттің, Ол қалды –Түніменен дөңбекшіді, толғанды.Өксігенмен ұта алмасын ұқты да,Өзін-өзі жұбатуды қолға алды.

Қалам алды отты ойлары жанды өртеп,Отты ойға дер кезінде мән бер тек.Жабығардай жазығы не жалғыз қап,Жанашырлық болғаныма мәңгі ертек.

Page 34: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

34CC

Саған арың қандай бағыт нұсқауда,Мен жаныма сұрай алман түк сауға.Өз бойымнан табылмады қажет күшОған қанша тырысқанмен ұқсауға.

Қайырылмай кеттік біздер, Ол қалды.Қансырады. Қайраттанды. Долданды....Көк теңізді көлбей жүзіп баратқанТүсімде ылғи көріп шығам сол жанды.

КҮЗГЕ КЕЛІП ТІРЕЛЕР ЖАЗ АЯҒЫ

“Басталмаған қаланың дастаны әлі...”Қ.Мырзалиев.

Алынғандай мақсаттың тас қамалы,Күндіз оқып, түн – кітап жастанады.Қызықтырмас тірліктің басқа жағы“Басталған жоқ қаланың дастаны әлі”.

Page 35: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

35CC

Қалыптасқан қағида бәз-баяғы,Күзге келіп тірелер жаз аяғы.Бірінші жыл көп болса “дарындылар”,Бесінші жыл сол шіркін азаяды.

Қаусырса да тағдырдың қысталаңы,Таусылмасын өмірге құштар әні.Бесінші жыл білімі молығады,Кей қыздардың бұрымы қысқарады.

Аңдамасаң арманның қиын сыны,Арбамағай аярдың жылымшы үні.Алғашқы жыл құмартып бесіншіге,Ақырғы жыл аңсарсың біріншіні.

Page 36: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

36CC

АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢБЫРЫ

Алматының аспаны,Тыйып бiр сәт жауыныңды,Құлақ тосшы сөзiме.Ауылымнан бауырымдыАлып кеттiң өзiңе.

Жүр ендi ол (мендей боп) жаттағалы,Жыр деп ұғып тамшылардың тырсылын.Ауылым тұр жоқтап оны,Анам санап жүрегiнiң дүрсiлiн.

Аспан, Аспан! Шақырумен келесiң!Өр даусыңды жүрегiме жасырдым.Зар-мұңыңдыжаңбыр қылып төгесiң,Жан-жырымдымен де төгiп отырмын.

Алматының жаңбыры!Бауырымнан басқа сүймес, тоқтал ендi.Анам менiң, сүрт көзiңнен жасыңды.Жатқа да ердi бұл қазақ, –Таққа сендi,Барлығы да басынды.

Page 37: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

37CC

Тыңдамады Алматының жаңбыры,Өлеңдi де тыңдамас болды халық.Су астында жырым үнсiз қаңғыды,Көрген күнi күн емес – қорлық анық.

Осы халдi көрiп тұрып сыртынан,Көнiп тұру, тиедi сұмдық ауыр.Жай оғынан қуат алып ұмтылам...Жарақаттың белгiсi – тұнжырауым.

Page 38: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

38CC

КӨКТЕМ ӘУЕНДЕРI

І.

Алматының көктемi... жылда ерек бiр,Жастық шағы оралып гүл, терек тұр.Гүл, терекке құмартқан құрбы жанмен,Менiң iңкәр жүрегiм бiрге өрекпiр.

Қиял қуып келгенiм кеше едi,Мұңға тұнық батырды неше менi.Көңiлiмнiң архивiн көтередi,Кезбе күннiң куәсi көшелерi.

Iңкәрлiктiң қызғалдақ гүлiн ұстап,Бейiм жүрдiм пейiлге ұғыныспақ.Жиi ұмтылдым от көрсем көбелектей,Тiршiлiктiң отқа ынтық ғұмыры ұқсас.

Көз жетпейтiн белестi – киген сағым,Мәңгi өшпейдi ес-түссiз сүйген шағым.

Page 39: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

39CC

Оралмайды ол кезең, қанша жерден,Отқа оранған көбелек күймен сағын.

Алматының көктемi жылда өстер,Ойы сөйлер көбейер үндеместер.Үндеместi жетелеп тың белеске,Кейiн қалған естелiк күнде елестер...

ІІ.

Дәмi қандай бақыттың бiрден келген,Татып көрген емеспiн, мүлде бiлмен.Көктемдерге құмартып көшкен жанға,Алматының бағында гүлдедiм мен.

Сезiм – менiң үркегiм басыбайлы,Сұлулықтан ғана тек шошымайды.Алыс кетпей, сыр ашсам осы жайлы,Алматының көктемi аса ұнайды.

Page 40: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

40CC

Көктем! Белес!.. Кезбеуге кiм шыдаған?!Жан сырыңа жасалар тыңшы қадам.Сыртқы әлем iшiңе тұтас енiп,Бiр мұң пайда болады шымшылаған...

Наурыз, сәуiр, мамырды көл сезiне,Сусын еткем жанымның шөл кезiне...(Бiрде Марат ағамды алып кетiп,Қарсы қойып алды рас ол да өзiне.)

Көгiм шөгiп – Алатау еткен тәжiм,Көктем өткен күрсiнтiп, – өткен жазым.Естелiкке айналып жеткен қазiр,Кейiн қалған көресiм, өкпем, назым...

Page 41: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

41CC

НАУРЫЗДАҒЫ ТIЛЕК

Пенде боп мынау кең дүниеге келгесiн тегi,Өмiрде ғажап – көңiлдiң күймен тербетiлгенi.Қоғамның медет – бұрғаны кер бетiн берi. Табиғаттың нұрлы, мамыражай кезеңi келдi,Тәртiпсiз айнам, әдеттен тиыл сен де күндегi.Мөлдiр көкке енiп көгiлдiр арманға боян, Сезiмге ерiп сенен өзгенi көрмесiн Серi...Адамзат үшiн әуенi ерек жер бетiндегi Аналар тойы – көктемнiң алғашқы әнi,Сазды күйiмен сезiм пернесiндегi Наурыз тойына ұласып жалғассын әрi! Түнекке қамап тойлаған, яки шаттанған тұсын,Тiлi мен дiлi – қос қабат қайғы қапталдан қысып, Келсе де көктем, Наурызы оралмай қойыпКөп жүрдi жұртың үмiтiн ақ таңнан күтiп.Түнектегiлер кешкен азапты жүректен өткiзе,Тұрқыңды тiктеп,

Page 42: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

42CC

ел күткен үмiтке бет түзе.Жан жарасын жазатын арман асуы –Ұжданы қамшылап ұрпақтың алға басуы.Армансыз шарпып арайлы шақтарды үсiк,Алаштың бағы кетуге шақ қалды ұшып.Жайбарақат қалсаң, жабырқар күрсiнiп алап,Жарығыңды жағып түнекке кiр сыналап.Жамау боп қалсын олқының жыртығын жамап –Алатау асқан арманың аспанды құшып!

Page 43: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

43CC

АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

Сегiзiншi наурыз – Аналар күнi,Ең әсем әуенге саналар үнi.Жарық дүниенiң қадiрiн түсiнерТойлайды бүкiл балалар мұны.

Думанға басып тойлайды бәрi,Оралмас шағын ойлайды кәрi.Күннiң нұры шуағын шашқандаҰялып қарарсың жандай кiнәлi.

Синоптик айтпай салқын жаңалық,Жанардан нұрлы жалқын таралып.Мейiрiм жiбiтiп алып-ұшар едiң,Мұздаған шағың артыңда қалып.

Қалғандай асқақ тұста тұрағы,Көңiлдiң көкке ұшса пырағы.Қосыла оған шыңдар шақырса,Қош айтып, қимай қыс та тұрады.

Шың сатысыныңшегесi төзiм,Ал, оны қағар егесi өзiң....Шуағың көктен себелер едi,Үстемдiк құрса дәл осы сезiм.

P.S. Әйел – біздің таңдап алған жарымыз!Aру – біздің ұятымыз, арымыз!Ал, Анаға қарыздармыз бәріміз!Құтты болсын 8-наурыз!

Page 44: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

44CC

БӘРІ ӨЗГЕРЕР

Тамсандырар тәтті ару боп құмары,Бойдақ жігіт сау басын тасқа ұрады.Аңсап жүрген бір күні жар табылды,Үйленген соң өзгеріп кетті бәрі.

Алдыменен өзгерді көңіл-дөнен,Қоса шаппай тілегі өмірменен.Барлық шығын қоршады жан-жағынан,Ешбір табыс келмеді жеңілменен.

Содан кейін өзгерді дос қатары,Дос көбейсе жанарың от шашады.Қоштасқан дос сол оттан жас жасады,Жар ақылы тек оны тоқтатады.

Отау құрсаң – қиынды жеңе білгін,Жеңе білу – кейінге берер үлгің.

Page 45: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

45CC

Өздеріңе қатысты өзгеруіЖақсы, жаман жағына ол өмірдің.

ҚИЯЛ АСУЫ

Қиялға малтып, сезiмге шалқып,Қара аспан төнiп төбемнен,Қаймағы ойдың көзiмде қалқыпҚиялай астым белеңнен.

Қарады Ай да томырықтаныпДегендей “Мынау қандай жан?”Сұлбасын – түнге iлiнiп қалып –Мұңыма ұқсаттым сарғайған.

Үмiт жұлдызым – көрiнер әр түн,Бүгiн де маған қайрау бол.Жаныма жыр боп өрiлер, бәлкiм,Жұмбағын бүккен айдау жол.

Тас түнек түнге – жанардай, мына,табынған едiм Айға шын.Өтем бе ендi таба алмай, сiрә,Адамға тиер пайдасын?!

Page 46: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

46CC

Қасиет бар-ды қаныма сiңгенЖақсылық күтер сәрiден.Жұқтырды ненi Ай жанына түнненҚұпиясын ашам әлi мен.

МЕНДІК АРМАН...

Болашағын болжаған кім ілгері,Жырақта жүр ауылдың жүгермегі.Қуған арман кетті де қара үздіріп,Туған дала, аңсаттың бүгін мені.

Мінезімен шошытқан жөргектегі,Мендік арман қашаннан өр бетті еді.Апатайым, аяулы қалқатайым,Қандай күйде жүрсіңдер мен кеткелі?..

Шаршатпаса шақырып сағым-жырмен,Бағаламан ашылса бағым бірден.Кереметсіп көзінің еті өскенді

Page 47: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

47CC

Көзге ілмейтін сол жанды сағындым мен.

Жүрегімде оятқан сонда алғаш ән,Сені медеу тұтам да жолдарға асам.Арманыма тілектес, айналайын,Бұл өмірге келмес пе ем сен болмасаң?!.

Өлген оймен өмірді түгеспелік,Ол жақта да сот барын жүр ескеріп.Жер бетіне ақыры жол түскесінҚалдырмақшы ем өзімше бір естелік.

Талабыңды шомылтып таң нұрына,Арманыңды аялау – арлы мұра.Жақсы жандар жолықты көп-көп жолда,Ғашық болдым бір-бірден... барлығына.

Армантауға кемесін бұрғандар сан,Байыптамай бағытын қылған талқан.Мұңданба деп өзгеге айтсаң айтқын,

Page 48: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

48CC

Мұңдан, қалқам, бірақ сен – мұңдан, қалқам.

Ең әуелі тиісті ой жетуге,Талай түнім сондықтан шерлі өтуде....Алатауға қараған тереземненАйдың нұры кеп қапты тербетуге.

БАР ҚҰМАРЫҢ БАСЫЛАР БАРСАҢ ҒАНА

Балалық шақ – тұнық Көк, шалқар Дала,Құдiретiңе қараймын аң-таң қала.Қырды кезiп кетушi ек, ай-хой, дәурен,Бiр ойлаған арманды қайта ойлаумен.Бара қалсам ауылға – бiрге болам,Қайтар кезде ермейсiң мүлде маған.Сенi алып қап, онысы менi өртеген,Ұзамай-ақ қойдың-ау сол өлкеден.Тұнығыңды аңсаймын ендi ұзақтан:Бұл жақ менен мiн тауып, – мен бұ жақтан,Тiл табыспай дiлiммен дүйiм маңай,Қайтып кеткiм келедi

Page 49: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

49CC

кейiн қарай. Туған ауыл – тұнық Көк, шалқар Дала,Бар құмарың басылар барсаң ғана.Жетсем деймiн өзiңе өлiп-өшiп,Керi ағысын тағдырдың керi кешiп.Жабырқасам осылай еске алам мен,Сағынышты басарсың басқа немен?..

Page 50: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

50CC

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛЫ

Бауыр таптық әр шеттен,Ойнап кейде от бастық.Қасқыр қылық көрсеткенҚой жылымен қоштастық.

Құлақ қойсаң сөзді ұғып,Тірлік деген қас-қағым.Кетті біреу көз жұмып –Көзін ашып басқаның.

Күрке іздеп түнеугеҚаңғығанды тым қысты.Бақыт қонды біреуге,Базбіреулер мұң құшты.

Түп атасын сұрамай –Табылды да мың ие,Тексіздікке шыдамай,Төңкерілді дүние.

Шашылдық та топтастықТіреліп бір шешімге.Қой жылымен қоштастық,Сенім артып мешінге.

1991 жыл.

Page 51: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

51CC

ЕГЕМЕНДIК

Баба арманы боп жеткен осы кезге,Бар қандастың iркiлдi жасы көзде.Жауларынан биiктеп мәртебесi,Дәл жанынан табылды досы лезде.

Қасiретiн қазақтың Құдай ұқты,Құдай ұқса, әрине, шынайы ұқты.Тәуелсiздiк орнады сәтiменен –Қазақстан халқына лайықты.

Бодан елге бостандық – мұзарт арман,Көкжиекке көңiлiн ұзарта алған.Тәуелсiздiк тойына көрiк қостыҰл – тұлпарын баптаған, Қыз – ән салған.

Қазақ солай тiлегiн тауға жалғап,Қыр көрсеттi дұшпанға – жаулап алмақ.Ұлдың озса тұлпары, қыздың әнi

Page 52: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

52CC

Бастан мәңгi көшпес-ақ – онда ол бақ.

ӘРІ-СӘРІ ШАҚ

Аста төк боп өсегi мен күңкiлi,Алға озып өңешi мен құлқыны,Ауыс-күйiс боп жатқанда адамдаАстанаға жолым түстi бiр күнi.

Күн туар деп қуантатын қоғам күрт,Соңғы үмiтiн сүйеп қойған оған жұрт.Сондай шақта құстай ұшып келген ем,Ұя iздей бастадым мен қонарлық.

Болмағанын тiлемегем жолымның,“Арқада қыс ...” Тоңдым аздап. Қорындым.Бiр дос үнсiз мұңаяды – үйi жоқ,Бiрi тiзiмiн толқып шолар “Дарынның”.

Қажет едi атағы һәм ақшасы,

Page 53: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

53CC

Гүлдемеудi бiлмеу үшiн бақшасы.Кәрi құлға ұқсамауға болмайтын,Бәрi пұлға кеп тiрелген шақта осы.

... Алды-артыңнан – тек Арқада тұрағы,Аязды жел, желдi аяз ұрады.Баспанасыз қазақ салар сызды әннiң,Бастамасы жүрегiңде тұнады.

Ел едік-ау шежірелі, мұралы,Ұрпағының тұнжыраулы түрі әні...Бірі халқын Астананың сөз етті,Бірі Алматы жаңалығын сұрады.

Алматы ма?.. Онда да үстем бір атақ,Әсем көркін сол көрініс тұр отап.Сосын өзін тастап кетті Индира,Ақтауына кетіп қалды Рақат.

Page 54: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

54CC

Жүйрік атын қор қылатын кіреге,Жоқшылықты жауыңа да тілеме.“...Маңдайыңа қонбаса, әлде, мемсыйлық,Шалғайыңнан шәуіл кетпей жүре ме?!”

Болашағы бас тартпаса мұнардан,Екi достан жырақтайды-ау бiр арман,Ендi шыға қояр ма екен бұлардан,Елуiнде елу кiтап шығарған?!

“Жазмыш” – ақын тынбай жазсын, – деп едi,Жазғыштарға ұнағанмен со жерi,Өлеңiнен бiрi безiп бередiКөлемiнен аспай қойып “қорегi”.

Арман – байтақ, кiмнiң жеткен құлашы,Бiрiксе екеу, – қағылады сынасы.Әлеуметтiк көңiл-күйге ұласып,Көңiлденiп жарытпадық расы...

Бетке ұстарың бұғып қалды қай тұста,Бетiн тiлiп айтпақпысың?

Page 55: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

55CC

– Айт – ұқса!Герольд Бельгер ұнамады бiреугеҚапелiмде қарсы шығып “Айтысқа”.

Қанша өзге ұлт ортасында өз тiлiн,Осы немiс ұмытпады – сез сырын.Сүлеев пен Сүлейменов жұрты – Құл,Өз тiлiне салмай қойса көз қырын.

Жатырынан жерiгенде бодан жұрт,Батыр азса, – ақыл айтса оған қырт.Пейiлдiдей сонысына пенденiңСалқын Қала, шамсыз Ауыл, Дала – аңғырт.

Жәди, 2000.

Page 56: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

56CC

БҰРЫНҒЫ ӘЛЕМ ЕЛЕСІ

Қожанасыр, көсе Алдар есiне енiп,Арман көрсе қуатын екiленiп –Кiтаптағы өмiрден өсiп-өнiп,Посткеңестiк кезеңге үн қосып едiк.

Апарардай көрiнiп Ұрымға өлең –Шындап қуса, армандар бұрылған ең.Бiр-ақ сәтте дүние баспен тұрыпБыт-шыт болды бiр сәтте Бұрынғы әлем.

Бұрын болған түрлi дiн қайта оралған,Кескестедi ежелгi шайтан алдан.Түстi айқасқа үмбетi медеу тiлепМұса, Дәуiт, Мұхаммед, Ғайсалардан.

Алыстайды қуаныш гүлдесе мұң,Қуаныш, ол – келешек күнге сенiм.

Page 57: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

57CC

Күнге сенiм күйредi бөлшектенiп,Пайда болды бiр ұлтта бiрнеше дiн.

Шөл кезiгер шөлiркеп қусаң көлдi,Билiк жақтан бұқара бу, шаң көрдi. Лаңкестiк әр елде сәнге айналды,Дәл осыған Бхутто1 душар болды.

Саддам сынды, яки Ирак сынды,Тұлға жайрап, тұтас ел қирап тынды.Тағдырымен ұқсаған ауған-шешенКөшедегi үрейдi үйге ап кiрдi.

Үрей өртi тiксiнттi – өңiрдi үйіткен,Аумай қалды қоңсылас жебiр киттен.Ал мен болсам арманға әлi сенемҰққым келмей бөлегiн өмiр мифтен.

1 Беназир Бхутто – Шығыстың “Қара раушаны” атанған пә кіс-тандық қайраткер әйел. 2007 жылы лаңкестік салдарынан жазым болды.

Page 58: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

58CC

Керi кетсе де ойға алған қандай iсi,Алдан бақыт күтетiн қалмай есi.Күдiгi мен үмiтiн күрестiргенМенiң басымдағы жағдай осы.

Page 59: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

кАСIРЕТ

3-бөлім

Тарлан едім – тұяғымен тас кескен,Арлан едім – ақ дауылмен бәстескен.Қашыра алмай қасиетін – қас тапқан,Жасыра алмай қасіретін – жас төккен...

Page 60: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

60CC

АЯУЛЫМ АИЯНЫҢ РУХЫНА

І

Сұлқ түстім бір сәтте болмай күйім,Өмір көшсе, сәні өшіп – оңбайды үйің!Биікке емес, бақиды құшағынаҮкіліңді ұшыру қандай қиын!

Бірі – тірі, бірі – өлі, қос реңді,Елес еніп, есімді екі бөлді.“Қалақтай ең, қабіріңде қалақ тұр...”Сүйіп оқыр өлеңім осы болды.

Еңіреумен, әрине, бітпес ісің,Бірақ неге өксікті күтті осы күн?!Тым әсерлі сөйлемдей тіршіліктің

Page 61: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

61CC

Шын сезіндім салмағын нүктесінің.

ІІ

Сан жұлдызды саған теліп, салдым ен,Көкте орны деп, қанаттансын алдымен.Ұшу емес, қиды қайғы құшуды,Қиып өтіп гүл-ғұмырды шалғымен.

Тарлан едім тұяғымен тас кескен,Арлан едім ақ дауылмен бәстескен.Қашыра алмай қасиетін – қас тапқан,Жасыра алмай қасіретін – жас төккен...

Тектілік-ай, бағаң сенің тым биік,Досқа өзіңе ұқсап өмір сүр дейік.Жырым саған зарын төксін соңғы рет,Жаным менің бір суынып, бір күйіп.

Жасын түсіп шорт кескендей бағанды,

Page 62: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

62CC

Тәтті қиял түнге сіңіп жоғалды.Бағытымды тұмшалады қараңғы,Жанарымның жасы жуды жағамды.

Жан теңізі жіберердей құрдымға-ай,Буырқанды толқыны ұрып бір тынбай.Қатал өмір қоймайды екен сындырмай,Толқып, тасып... жағаға кеп тындым жай.

Page 63: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

63CC

ШОПЫР БАУЫРҒА

Күрт көбейiп жаназа, қонақасы,Жиi келер жер болды мола қасы.Барлық жолдың бақиға апаратын Атақтысы бүгiнде – жол апаты!

Терiс iске кей пенде текке елiктер,Төрден оған орын жоқ – тексерiп көр.Ұшақша ұшып – ажалға құшақ ашар,Тасып аққан тас жолда көп көлiктер.

Келешектен осы шақ сый күткендi,Ентелейдi елемей күйкi iстердi.Қия жолда бiр таныс қыршын кетiп,Бiр досымның аяғы гипстелдi.

Page 64: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

64CC

Кiмге аяусыз тырнағын өлiм салса,Сол сезедi тұрарын өмiр қанша.Темiр тұлпар жүйткiген Қас-қағымдаҰқсап тынар табытқа – темiр қаңқа!

Серт берсең де мың жерден шошымасқа,Селк етерсiң айналса осы расқа:Доңғалақтан дүние дөңгеленiп,Қол-аяқтан ажырап басы жатса!

Жыр жазғаның жұбатпас, күн кешкенiң,Не астында қалғаның гүлдестенiң!Қуанышты көңiлден сырып тастар,Құлыптас боп қарсы алса бiрге өскенiң.

Сенiң тас жол, үрейлi сұрың, кейпiң,Сен осылай өмiрдi тiлiмдейсiң.– Пәлекеттен сақта! –деп, – таңмен бiргеКейуаналар боп алды күбiрлейтiн!

Page 65: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

65CC

Шопыр бауыр, ие бол рөлiңе,Жылжы алға жолыңа гүл егiле.Ақсын өмiр ағысы әр күн сайынКейуананың қосылып тiлегiне.

Page 66: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

66CC

КЕҢСАЙДА 22.05.94.

Тағы басқа теңеу болса – теңеңіз,Біздің мынау сезімменен сел – егіз.Құрысын бәрі... қызықтырса халіміз –Өлгенді ойлап өрге қарай келеміз.

Кетіре алмай көгіндегі қаяуды,Менің түндей қиялымнан Ай ауды.Жолдың шетін иемденген Маралтай,Ортамызда Құрбанай қыз аяулы.

Кесапаты көзден моншақ төктірген,Ақынға азап – аза жайлы көп білген.Өзгелердің өмірі өшіп өңімде,Өз ойыммен әуре болып кеттім мен.

Page 67: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

67CC

Түнектерді тілдегенде талтүспіз,Жүре алмаймыз бірақ титтей артып мұз....Жанарыңды мұң торлапты бұйрабас,Көшіріп ал жүрегіңе тәмпіш қыз.

Өрге қарай келеді үшеу, ойда – Өлім,Жылағың кеп – жалын атар жай демің.Таза ауаны тұңғыш рет тергедім:Меңдекештер тұншыққанда қайда едің?

Өрге қарай келеді үшеу, ой – Терең,Терең ойды олар кешкен айт, өлең.Кей жүрекке “Тассың!” дедім амалсыз –Жұмекенге жіби салсаң қайтер ең?

Өрге қарай келеді үшеу, ой – Тылсым,Мөлдір әлем, Мұқаңдарға – Майгүлсің!

Page 68: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

68CC

Жұмағамның “Ләйләсі” Ажалдың“Мұнар”-лардан қарашығын тайдырсын.

Тағыда бір теңеу тауып, – теңеңіз,Біздің мынау сезімменен сел – егіз....Мейірімін молаңызға жолдайтынӨмірді ойлап өрден түсіп келеміз!

Page 69: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

69CC

БАТЫР РУХЫ

Т. Стамбековке

Адам-пенде мың мінді, жүз күнәлі,Алау-өмір жылытады, шыжғырады.Арман-мақсат биікке алып шығып,Ажал-ұшақ қиып түсті Сіздідағы.

Келе қалса ғайыптан мінсіз адам,Жан болары хақ оның Сізге ұсаған.Соны айтады – сыр бүккен қысқы дауыл,Көктемгі ағыс, жазғы аптап, күзгі самал.

Қызықтырмай дүние, алтын жылтыр,Құрмет тұтқан қазақтың салтын, ғұрпын –Сіздей ұлды туғаны – ұлттың бағы,Ал өлгенің... Сорлатты халқыңды шын.

Page 70: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

70CC

Уақыт өтер, ұрпақ өсер, қанат қағар,Батыр аға рухымен жарақтанар.Бейдауа дерт шипасы сонда қонып,Беймаза жан сол кезде тағат табар...

Page 71: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

71CC

ДАЛАДАҒЫ НАЛА

Далада нала…– ежелден бізге таныс бұл:Қасалы Жебе құсалы Елге тағы ұшты!Ұшқынынан жүрегі күйіп ышқындыАрқалы ақын, Найзалы батыр, Намысты ұл!

Талқыға түсті білекті менен білікті,Уақыт-қазы үкімін ішке бүгіпті…(Тарихтың кейде қайталанарын кім ұқты?!)Тағы да солай: – Жазалаушы топтың қырынаТағы да солай: – Жазықсыз жандар ілікті.

Тарих, сенің қатпарың қилы, мың тарау,Мың қилы әнді шын дүлділ әнші шырқар-ау.Тағы да солай: – Домбыра сынып дойырдан,Тағы да солай: – Боздақты кәззап құртады-ау!

Киелі жұрттан көрінді тағы қою шаң(Тоқтар ең кәззап, тап осы шаңға тойынсаң!)Жоқтайды Ана мезгілсіз өшкен боздағын,Жоқтайды Ана – өзгеге бұрмай ойын сәл…

Алауын жағып – замандастарын маздатқан,Жалауын жығып… – (сорлы Ананы боздатқан),Жанып-өшкен қыршын жастың рухыШаршытоптарда қол бастар әлі сөз бастар.

Қалғыған ұлтты балқытпай – мақтап, көлгірсіп,Бауырым, оят есті ісіңменен, көр түртіп.Жаңаөзенді еске ал: – Моласын құшып ұлының –Ананы көрсең көз жасын тұрған жел сүртіп…

Page 72: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

72CC

АҚЫН ӨЛДІ...

“Өліп қалды сорлы ақын, ал мақтаңдар!”Б.Үсенов

Өліп қалды, сорлы ақын, өліп тынды,Өміріне жырымен теліп шыңды.Дана мұра қалдырып дүниеге,Танабына жүректің егіп мұңды.Өліп қалды сорлы ақын, өліп тынды.

Нұрлы күнді шуағын жерге төгер,Жұтты түнек – қайғы әкеп елге шегер.Өліп қалды... көбейді “дос-жақындар”Жауығысып өтетін өлмесе егер.Құбылуға адамдар демде, – шебер.

Өліп қалдың...Өлмейтұғын артыңда өлең қалды.Өнерді емес – қара жер – денеңді алды.Сенің жалын жырыңмен жібітерміз

Page 73: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

73CC

Көкіректе қатталған шемен-зарды.Өнер қалды артыңда, өлең қалды.

Қиялыңмен әлемді кездірдің деҚамкөңілден қайғыны бездірдің де,Және, және... Қай кезде де жақсыларҚұтылмасын жаманнан сездірдің де –Өте шықтың өмірден, тез жүрдің де.

Page 74: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

74CC

ЖАЛҚЫ ЖҰЛДЫЗ

Тербеледі белесте дала гүлі,Тербеледі бақшада және бірі.Тербер ойдысол гүлдей жайнап өсіп,Қыршын кеткен Кегеннің Жәнәбілі!

Дәті бармай көруге бұл азапты,Жалқы жұлдыз сол түні жылап ақты.Бейуақта жалт өшкен жасын ғұмырСапарғали әулетін тұралатты.

Кіл жалқыдан құралған мың сан шырақ,Сол бір түні көрінді тым самсырап.Сол бір түні жүрекке Сіңіп жаттыКөз жасына оралған жыр тамшылап.

Өлім де өмір! – Артыңда қалса нұрлы із.Өмір де өлім! – Ұқпаса парқын ұл-қыз.Мұң басқанда,Көгімнен күн қашқандаЖәудірейді Жәнәбіл – жалқы жұлдыз!

Page 75: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

75CC

ШҰҒЫЛАЛЫ ІЗ

Ажал деген сұр жылан,Қайырымсыз оқ атып шыққан ұңғыдан.Жыртқыш жанар көрмеген еш шын жылап,Жауыз көмей жолағанын қылғыған.Бір анаға балапанын жоқтатты,Бір арнаны тоқтаттыШардарадан шартарапқа жылжыған.Тосын қаза тітіркентті алашты.Көкіректе тұнды өксік жасы ащы –Ащы уыты әлі күнге шыжғырар!

Айырылып асыл достан,Аяқталмай қалды дастан,Ағыл-тегіл жылады аспанҚабіріне топырақ салар кезінде,Шық ойнады жиылған қауым көзінде.Табиғат пен адамзаттыңҚасіреті ортақ дегізген –Жалғыз тамшы ой әр жанардан үзіліпҚосылып жатты Шардарадай теңізге.

Шабыт келсе –Ерекшеміз, жарқылмыз,Табыт келсе –

Page 76: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

76CC

Өлексеміз, марқұмбыз.Шектеулі ғұмыр – Бәлкім, қырық бес, бәлкім, жүз.Қуат алған өлеңненНұр-шуаққа бөленген,Ең бастысы – Қалды өшпес артында із.Суық қыста шұғыла шашып шырағыСол із-сәуле жан жылытып тұрады.Өтсін көктем, жетсін жаз бен салқын күз,Ол шұғыланың баса алмайды орынынБарлық жарық, бар күндіз.

Page 77: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

77CC

АУРУХАНАДА

Ауруханада. Белгілі...Ауырғандар біледі –Өзге әлемнің кеңдігіӨзегіңді тіледі.

“Жедел жәрдем” ап келді,Жолықпасаң өлімге, –Парақтап өмір-дәптердіСараптайсың бәрін де.

Жауап іздеп жалғаннанМазаңды алар сұрақ бұл:“Кеше бірге болғаннанЖанашыр – кім? Жырақ – кім?”

Ботамды аман көрсем деп?Бір тыншымас кісі еді, –Елде қалған кемсеңдепАнаң еске түседі.

Ұлын шексіз сағынып,Бозаратын реңі.Елде жүрген жабығыпӘкең түске кіреді.

Ғашық болсаң езіліп,Оқасы жоқ, жылап ал.Сүйгендердің сезіміОсы шақта сыналар.

Бол жай пенде, бол Ұлы,Дерт алдында бірдейсің.

Page 78: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

78CC

Дос-жаранның көңілінОсындайда іздейсің.

Жанарыңа толар мұң,Жүрек ақтап, сенбейді.Бірақ бірін олардыңКінәлағың келмейді.

Сендей, сірә, көп пе адам,Әлде сен бе, көп тілер....Әлдекімді жоқтағанСырттан әуен естілер.

Жайлап тұрып орныңнанТерезені ашасың...Сырнайлы топ сән құрған,Көңілді алып қашасың.

Көшедегі көктемеСәттік әсер сыйлайды.Өлімге емес, өкпегеҚиятындар –Қинайды.

“Көңілге үн қоссаңшы,Кешіп біттім бір күйді!..”Үзіліп түскен қос тамшыТөмен қарай сырғиды.

Еркелегің келеді,Ерініңе шоқ тамар.Терезеден енедіСалқын ойлар, саф самал...

Page 79: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

79CC

ДАУРЫҚҚАН БІРЕУ...

Даладан келген текті ұлдың,Даңғаза миын жеп тынды....Күткені елдің көп жылғы –Көк байрағын көке ілді.

Құлшынған қазақ – құпталған,Қауымы үміт күтті алдан.“Барлығың үшін” деді де,Билікке жетті –Бітті арман.

Нашасын шегіп “наз” қылды,Аранын ашты, аздырды. Айқайын салды –“Аспа-а-ан!” – депМас қылып мансап аз күнгі.

Жұлдызы болып жайнамай,Қызара бөрткенге қайдағы Ай.Далада, мейлі қаладаДаурыққан біреу – “Дайрабай...”

Дулы думанды сезінбей,Мөлдіреп тұнды көзімде ой.

Page 80: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

80CC

“Бұлардың жай белгілі...”(Басалқы қылар сөзім ғой.)

Қуанатын-ақ күн бүгін,Тілімді тістеп, тынды үнім.“... көк шолақ” үшін күрсінгенБи-аға, өзің сындымын.

ТҮНМЕН СЫРЛАСУ

Түн-өмір, Түнек-өмір, Қараңғы өмір,Жанымда жазылмастай жараң небір.Тор болдың қара оймен қанша жанға,Айтшы, Түн, ашылмасаң – бағаң кемір.

Құтқар, – деп құрсауыңнан құлыншақты,Сен куә – қанша тұлпар мұңын шақты.Қанша сұм пайдаланып мына сені,“Бал” деген жазуы бар уын сатты.

Бір сәтке Күн болуды аңса, Түнім,Рухы ырза болсын баршасының –Жоқтады

Page 81: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

81CC

жұрағаты жер бауырлапЖіберіп жер қойнына қанша ақынын?!

Жамандық жылдан-жылға желіндей ме?!Кесер тұс келешегін көрінбей ме?!Салқындау орталарға қарағандаАйтшы сен, ыстық неге көрің кейде?!

Жанымды шөліркеген жарытпасаң,Мен қазір алау жырдан жарық шашам.Көгіңді қоршап тұрған – жасырып көр –Жұлдыздар әруағынан қорықпасаң.

...Түн айтты: “Олар қашан Күн боп кеткен,Түнекті көрместей боп тілдеп кеткен.Жарқырат алауыңды, жоқ болайын,Өртеніп – армансызбын жыр боп төксем!..”

Тарихты парақтауға жасқанасың,Жүректе қайғы қалар жатталатын.

Page 82: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

82CC

Шүкірлік, аяулылар құшса да ажал –Аспанның меншіктепті-ау “Аспан” атын.

Тағдыры тарландардың мың езілген,Мен қорқам заман, сенің мінезіңнен.Жарықты аңсап өткен жандар үшінСырластым шарасыздан Түн, өзіңмен...

Page 83: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

МАХАББАТ4-бөлім

Ең әуелi сүю – сенiң мiндетiң,Сүйдiрем деп жалғасады түнге күн.Мен де сүйткем, Содан берi тұтқынмын –Мекендеген махаббаттың түрмесiн!

Page 84: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

84CC

БАҚ ПЕН КӨЗ

Көңiлiңiз бiр-ақ сәтте мұңға иiп,Сезiм кешiп қиялдан да тұңғиық –“Ғашықпын!” деп жар салдыңыз ғаламға,– Мұныңызды шын дейiк.

Өр тағдырың өртенуге сұранса,Өз еркiңiз – құшақ аңса, жыр аңса.Бiр-екi ауыз сөзбен жауап берейiнҚанағаттан-дыр-алса.

Әлгi сезiм әлекке сап не түрлi,Бел будыңыз, күн әлi ерте – екiндi.Қамыға ойлан,Кетпегей бақ ғайып боп, Қайта оралмас бүгiнгi таң секiлдi.

Одан әрi құныға емiп күн нұрын,

Page 85: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

85CC

Бақ пенен Көз жоғалтпады бiр-бiрiн.Көзiңiзге көршi қонып көп көздерТалас туды, жетедi ендi кiм бұрын?!

Керiсiнше, жүрекке сан сұрақ сап,Арман, шiркiн, бара жатты жырақтап.Көздiң саны артты екен деп соңымдаКөбеймедi бiрақ Бақ.

Талпындыңыз, тоқтадыңыз немесе – Жағалауда жалғыз қалған кемеше.Арманына сай болмаса азабыКөз бенен Бақ алмайды ешбiр теңесе.

Page 86: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

86CC

ӘРI КӨКТЕМ, ӘРI ГҮЛ

(Гүлназға)

Бұла бейне – әрi көктем, әрi гүл,Тәттi түстiң өңге айналған шағы бұл.Ойша тағы әсемдейсiң содан соң,Содан кейiн төгiледi тағы жыр.

Асқақ дейсiң, аппақ дейсiң ол да бiр,Алданудан ғана жолы болмағыр.Дегенiне көне кеткiң келедiДенеге жан керек етсең, –жанға жыр.

Сезiм – тәттi, арман – алыс, жол – қиын,(Саған қарап мен де iштей толқиын).Дұрыс ұғам – тағдырыңды тiлдесең,Салқын леп сыйлап кетiп сол күйiң.

Жүрегiңнiң ұрлатып ап сезiмiнЖүдер шаққа дәл осындай,

Page 87: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

87CC

Тез ұрын.Осал тұсым жоқ демесiн ұры да,Мейлi, әйтпесе, ары бiлсiн өзiнiң.

Ең әуелi сүю – сенiң мiндетiң,Сүйдiрем деп жалғасады түнге күн.Мен де сүйткем,Содан берi тұтқынмын –Мекендеген махаббаттың түрмесiн!

ӨМІР ЖӘНЕ МАХАББАТ

Асқақ ару – азаматқа бас қайғы,Ана-бала – дүниенің кіндігі.Түсінбесе тірлік әлі таптайды,Тиімді емес түсінсе де кім мұны.

Түнек сезім тілгілеме сен мені,Тіршілікке шашқан сәулем желікпе.Өгей ғұмыр өлексе еткен пендені,Тірілуге құштар емес өлік те.

Page 88: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

88CC

Бақыттылар барлығына бойсұнды,Бақытсыздың қорқынышты тілегі –Махаббатты ойлап тапқан ойшылдыМадақтады, сосын қарғап сіледі.

Ұнамдылық – көздегені тірінің,Сол мақсаттан Махаббаты бас алды.Қалай ұнау?.. Жұмысы жоқ бірінің,Ал, бірінің ұмтылғаны жасанды.

Дүниенің – санап жүрген – кілті өзін,Дүрлерім де дүбәраға бөленген.Маған оңай соқпай қойды бұл сезімКөз салған ем мүлдем басқа әлемнен.

Содан кейін сансыз азап кештім мен,Саған бұдан тимейді еш кесірім.Қарау пиғыл күтпей-ақ қой ешкімнен,Мен де ешкімнің жаза қойман есімін.

Page 89: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

89CC

Бағыңды күт қара жердің астынан,Қатып қалмай кейбір жансыз мүсіндей....Қан-қан болған жүрегімді лақтырам,Қағып алсаң бір тамшысын түсірмей.

БАҚ ЖҰЛДЫЗЫН АЯЛА

Талай түннің бесігінде тербеген,Сәби мақсат сәуле шашты – ада мұң.Бар тағдыры байланысқан жермененКөкке апарып бір жұлдызды қададың.

Жанарыңды жәудіретіп Айға сан,Жүрдің қанша жорығынан сыр тыңдап.Бар биікті сүю қажет, байқасаң –Ал, махаббат аспан үшін –Тым қымбат!

Сәтсіздіктің кең ашылған араны,Сор болмағай Сеніміңе дөп келген.

Page 90: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

90CC

Шиыр ойлар шимайлайды сананыЖұлдызыңа жан бітірген сәттерден...

Шалдықпастан жетем демесөреге,Сабақ алмай соқпағыңнан сүрінген.Қуаныштың таңы атты,Және деШын қасірет басталады бүгіннен.

...Көкке барды –Дейді оны “Көк ұлы”.Бәрі жақсы: қонысы да, атағы...Толығады жұлдыздардың шоғыры,Тобыр әлі – пенделердің қатары.

Тауқыметтің ащы дәмін татады,Нұр шашады көтеріліп көңілі.Көрмейді оны пенделердің қатары –Төзбейді оған жұлдыздардың шоғыры.

Қысастықтан кейде ертерек солды гүл,

Page 91: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

91CC

Кейде гүлдің өзінен де таптық мін.Қасіреттің кірлемеуі – Оңды бұл –Тазалығын сақтау үшін шаттықтың.

Басқа түсінік қажет емес түсінсең,Барлығына уақыт өзі төреші.Жұлдыз жанын ұға алғаның үшін сен,Өзіңді өзің қуанышқа бөлеші.

О, МАХАББАТ...

“О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?..” М.Мақатаев.

О, махаббат, жазала!Саған жаным шын асықАялдайын жағаңаӨзім жайлы сыр ашып.Сезім тапсын бақытынӨзгелерге ұласып.Ғашық болу, – шынында,Ақындыққа сұрану.Болған еді бұрындаЖандай сүйген бір ару... (Өкінсем бе мен бұған,Керек пе әлде қуану?..)

Page 92: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

92CC

Сол сезімнің – жолы ауыр,Соңы есте, басы ұмыт.Жетілмеген сана бұл,Қайтем бірақ, жасырып.Менен жыршы жасап ап,Ұзай берген жанымнан.Шөліркеймін қаталапКездерімде сағынған.Жаз сезімді алғашқыАйлар жылжып, қар басты....Махаббат деп аталғанКәусар әндер алмасты –Мұңайтуға бәрі ұста.Одан әрі жалғастыТуған елге, ғарышқа...О, махаббат, жеңілме,Сен тірісің, тірісің!Қанша ақын бар өмірдеБарлығының Пірісің.Сені сүйген – өлмесін,Сенбегендер құрысын.Шипа болар дертің деГүлдеу үшін ой бағы.Парасаттың еркіндеБұла сезім бойдағы.Өркендедім өлеңдеӨртті жүрек қоймады.

Page 93: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

93CC

МЕНІҢ АЙЫБЫМ

Есіркесін, теріс десін мені кім,Бір шумаққа он кінәрат телідім.Өлеңімді бөлшектеймін осылай,Бөлшектенбес үшін кейдесенімім.

...Көп былықтың – болғаны емес көлемді, –Қинады оны – (Cен, қосылмай көр, енді)Мұңдандыра алмағаны әлемді.Мұңайды ол, –....Мен де жырттым өлеңді.

Аулақ бұдан қай ғасырдың тұрағы,Қай ғасырдың арналмайды жыр, әні.Жауыз келсе – тіл табысып қоғаммен,Бауыр келсе – қоғам қарсы шығады.

Ақын соны тұншықтырып жырменен,Батыр үшін күнде майдан, дүрбелең.Үрейіңді ұшырардай үнсіздік –

Page 94: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

94CC

Тыным таппай жатсын мейлі тіл деген.

Олқы тұстар ойдағымен көбейсін,Жоқтың орнын барың салсаң – төлейсің.Асағанды ардақтаса сол қоғам –Арланғанды айыптады,Не дейсің?

Өзің ұқшы өзгесінің байыбын,Көзі бардың көргені – түн, айы – мұң.Мұңсыз әлем мінезіне таң қалып,Мінсіз өлең жазылмады –Айыбым.

ӨТКЕН КҮН

Жырақ қалды – десектағы,–Қиянда,Өткен күнге бұрылады жиі арна.Тобарсыған тірлік дәмін татып қап,Торыққанда тілдесемін қиялда.

Сағыныштың самалы есер тым майда,

Page 95: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

95CC

Сырлы шақтың сазын жүрек тыңдай ма?Бәлкім, сені қинамайды бұл қазір,Қиналмаған ұтады рас, мұндайда.

Қалт үзіліп қайырмасы әнімнің,Қалың ойдың тұтқынына алындым.Әлде, мені өртеймін деп жарығым,Жылылығын жоғалттың ба жаныңның.

Жалындатып, жанарыма мұң құйып,Қимас құсым, қалықтадың тым биік.Саған деген сағыныштан шарқ ұрып,Жиі батам Сезім-көлге тұңғиық.

Page 96: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

96CC

СЕЗІМ ЖАРҚЫЛЫ

Жанарыма еніп маң дала,Жетектеп кетті шалғайға.Қарама маған таңдана,Мұндай шақ сенде болмай ма.

Сөкпеші, сәтке сенделіп,Сұп-суық күнде тершісем.Алматыда мен болыпАуылды аңсап көрші сен.

Керемет сезім оянып,Көгіне мөлдір мұң ілсе.Жүз шайыспай-ақ қоялық,Ең болмаса бүгінше.

БҰЛА БЕЙНЕ

Мерез ісі мезі қып кей пасықтың,Көңіліңнің төріне жайғасып Түн.Қараңғыға сіңдің де ғайып болдың,Бұла бейне, беймезгіл қайда асықтың.

Жоғалтқандай жақын бір жанашырды,Жаным менің содан соң аласұрды.Күбірлеумен ішімнен сан атыңды,

Page 97: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

97CC

Күндер өтті күй кешпей жарасымды.

Өзгергендей өмірдің мәні тіпті,Жолығар ма сендей жан ары мықты.Тіміскілеп тінтемін түн қатпарын,Табыла ма... көңілім әлі күпті.

Күлімдейді көп үміт – көкте күнім,Елес пе әлде, елтіген текке мұным.Көзім жұмып оқимын таң сәрідеҚара түннің қалдырған естелігін.

Құзырыңа құлдық қып шын бас ұрдым,Ғасырға тең түндерге мұң жасырдым.Жұлдыз бейнең жарқ етер күн туар маЖарасына шипа боп бұл ғасырдың.

Page 98: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

98CC

КҮЗ ӘСЕРІ

Көктем де өткен, өтер күз,Қашан өлер екенбіз?!Сағындырған сағымғаСәл сарғайсақ жетерміз.

Асықтырған арман бар,Адасатын орман бар.Ол жақта да жолығарОбалыма қалғандар.

Тәптіштесең мұң тізіп,Тағдыр деген тым қызық.Дауасы жоқ дертім бар,Дауысым жоқ –Тілсіз ұқ.

Босатпайды қоршаулар,Торығып ап аңсау бар.Жараланған жүректенЖан төзгісіз қан саулар.

Әрі бұлтты, әрі айсыз,Аспаным бар қолайсыз.Қол сілтеген жетеді,Жөн сілтеуге қалайсыз?

Бәрі де өткен –өтерміз.Өкінеміз бекер біз.Келесі күз – Бөтен күз.Біз де өзгерер ме екенбіз.

Page 99: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

99CC

ОЙ ЛӘЗЗАТЫ

Әлдилесе жыр-бесікКөңіліме күн көшіп,Тыңдай алар жүрекпен Табиғатпен тілдесіпЖоқты аңсаса жегі мұң –(Жансыз құрлы сөз ұғын.)Әлдекімге тіс қайрапӘлек салса сезімім –Ой болмаса жаман-ақ...Ой жетектеп шың асып,Аспан жақты аралап,Айға азырақ сыр ашыпҚайтам... Көңіл – қанағат.Сөйткен шаттық бір күндеКүйреп түсті…(Күрсінбе!)Тіріге тән тәлкек қойПерісің бе, Пірсің бе?!Бар жарықты басқа ұрып,Қараңғыға қашты үміт...Ойға қарыз ол қазір –Айдан Жұмақ аштырып.

ТҮС

Түсімде –Көңіл сүймегенКездесіп небір бейнемен,Жорудың таппай жобасынЖабырқап қалам кейде мен.

Түсінгін, мейлің, түсінбе,Түс көргіштігім үшін бе –

Page 100: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

100CC

Өңімде күліп келген жырКүйдіріп шығар түсімде.

Тон пішу деме күн бұрын,Түсіме еніп жүр бүгін –Айырылмастай ағайынАтажау санап бір-бірін.

Үлкейіп кетсе шап-шағын,Қалқам-ау, кінә тақпағын.Түсіме еніп жүр бүгін –Қап-қара болып аппағым.

Қара үзіп қамсыз қалпымнан,Қияға мен де талпынғам.Ыдырай берді түсімдеТөбешік болып тау-тұлғам.

Түртті ме жанның жарасын,Бұзылды-ау сәтке қарасың.Өлшеймін сосын ояныпӨң менен түстің арасын.

Торына Түстің түстің бе,Көмегі болмас түктің де....Азапты ойдың үстіндеЖабырқап қалсам кейде мен,Тіксінбе, қалқам, тіксінбе.

Page 101: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

101CC

АЖЫРАЙ БЕРДІ...

Жабығып жүрген жалқы шағымда,(Есіме сонда түскенді анам.)Аспанымда Ай боп жарқырадың даЕшкімде жоқ күш бердің маған.

Табысқым келмей жағалаумененАялдатқанмын кемені жырақ.Шаттығым келте болады-ау дегенСанамда сезім жоқ еді бірақ.

Бәрібір енді, ғұмырда сордыТәңірім тартқан сыйындай төксін.Қиналмастаймын (бұрын да болды)Ғашықтық сезім бұйырмай кетсін.

Қимай да қимай қоштастымдағыҚұлаттым Айды көгінен жерге.Бойымды билеген күш тасқындарыАжырай берді...Ажырай берер сонымен бірге.

СҮРІНШЕК ЕДІҢ...

Соқтықпалы өмір сынында сүріншек едің,Сен жақтан желмен бір хабар білінсе дедім.Жылылық күткен жанарың – жас моншақтатса,Сезіміңе, айнам, сенімнің жырын төгемін.

Page 102: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

102CC

Сағыныш лебі жүректі тербеген сәтте,Қияли жан боп көріндім көлденең көпке.Жалғыздың мұңын жасқамай, жалғанда мынау,Жарыместік сынды жетем деу көздеген шекке.

Өмірде өзің шырқайтын бас әнім дер ме ем,Әрине, әзір белгісіз асарым да өрден.Бақыттыларды көргенде бейхабар мұңнанОһ, саған сондай жақсылықжасағым келген.

Кететінімді ұқпастан тегістетіліп,Теңескім келген тауменен еңісте тұрып.Қатыгездіктің барлығын әлемге жауыпМұңданған болдым содан соң періштесініп.

Табалай қарап талайлар кеткенде қырын, Кешігіп ұққан боларсың бетперде сырын.Кіршіксіз сезім бәрібір елеусіз қалмасКещелер үшін өмірге кектенбе, күнім.

Page 103: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

103CC

СЕЗІМ СЫРЫ

Қатал жырым!Құй, ұнат, құй, ұнатпа!Тағдыр күліп қараса,Сыйын ақта.Жүрек болса кеудедеТыныш қоймас...– Бақытсыз жан сыр ашты бейуақта.

Бақытсыз жан жылады... Жыр – көздегі.Көңілімді көрініс күрт езгені.Ақындарды өртеген сезім жайлыҰғымымды өзгерттім бір кездегі.

Жан емеспін жабығып табар бақты,Тұрлаусызын тірілерсан аңғартты.Түгел қаузап неғылам, тоқ етері,Оған батқан қасірет –Маған батты.

Кінәлі емес келбетің – от тастаса,Кескілеп өт жүрегім кек сақтаса.Мен Тәңірдей табынам махаббатқа....Тек басқаша!

Жанарлардан жұмбақтау сыр ұқсақ та,

Page 104: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

104CC

Өрт сезімге жүреміз ырық сап та...Шулы ортада шуақты көзбен сөйлепСаған ғашық болайын. – Рұқсат па?

Нұрландырған адамды әлемі – Түн,Жалғыз жарық, ол – сенсің, сенемісің?!Бүгінгі күн шаттықтан ән салам мен,Қайғырайын... (келісші) өлең үшін!

Сүйіктің боп қалуға себеп санар,...Жо-жоқ, күнім, мен емес – ерекше адам.Сәтсіз сүйген сол жанды емде десең,Мына маған ұнауың керек саған.

Білемін менқан ойнар түр-өңіңде,Одан да өткен қызу бар жүрегімде.Сақтай тұршы бейнеңді сол қалпында –Өлең сыйлап қалайын мына өмірге.

Page 105: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

105CC

БАЛА МАХАББАТ

Бақыт тағы ілінбеді қармаққа,Бағыттадық кемемізді әр жаққа.Күдер үздім. Қайтып маған, Махаббат!Аласұртар ащы уыңды талматпа.

Қош бол, жаным, кездеспейміз енді біз.Жүрегіме салып кеттің теңбіл із.Жасыл бағым бір-ақ күнде сарғайды,Амал қанша, көктем де өтті, келді күз.

Қалай өмір сүрем десең еркіңде,Алаңдатпас азабың да, дертің де.Өзіңді ойлап, мазам қашып, ұйқысыз,Жұлдыз санап отырмаспын мен түнде.

Жанарыңды қайғы-тұман торласа,Жабырқатпас бұрынғыдай ол да аса....Оқта-текте альбомдағы бейнеңеСәл тұнжырап қарайтыным болмаса...

Page 106: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

106CC

ЕРТЕГІ ШАҚ

Өткенге көңіл шөлдеген,Шөлдемеген кез аз мүлде.Кенезем кеуіп келген емСонау бір жылы КазГУ-ге.

Күтіп тұрғандай алтын бақ,Жалтылы қалқып санада.Күлдік біз талай саңқылдап,Бесінші жатақханада.

Тұтас жүректі бөлшектей,Қалың сезімге қамала,Жыладық талай көрсетпейБесінші жатақханада.

Сәл нәрседен от алдық,Сәл нәрсеге қуанып.Сезім шөлін баса алдық,Сұлуға көзді суарып.

Бүгінде жүрек байланған,Таңдайы тұрмас шөл құрсап.Елеске қазір айналғанЕртегі сынды сол бір шақ.

Page 107: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

107CC

ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

Ән шырқап жүрген кең даласында – Жігіт пен қыз келіп жарасымға,Үйлену тойын тойлады сосынҚаланың әсем мейрамханасында.

Жүректер бір-бірін сүйіп тынды,Тілектер жауын болып құйып тұрды.Екі жас осылайша бағындырды“Махаббат” деп аталар биік шыңды.

Бұл күнгі таң да ерек қызарып атты,Ғашықтар ғана мұны ұғады қатты.Қалың ел, кездестірді деп ойлады –“Шөліркеп жүрген жанға тұма бұлақты”.

“Құрметтей білгендер қос ата-ананы –Тәлім-тәрбие көрген жас атанады”.Тойда айтылған тілектер осыған сайды,Осы еді – Ана тілегі, Ата талабы.

Азамат үшін – алынған бұл-дағы белес,Ару болып кезінде қинады елес.Сынағы алуан жол жатыр алда, әрине,Үй болу қиын, үйлену емес.

“Кездестіре гөр деп естірек Ерді!”Тәңірден ару да көп тілеген-ді.– Ойлағандары осылай орындала беріп,Бақытты болсын, – десті ел, – қос жүрек енді!

Page 108: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

108CC

САЙЛАУ АПА

Сауыққан жанда тұнар күшАйығып дерттен, мәз болған.Елден алған мың алғыс –Емі шипалы абзал жан!

Таңды таңға асырып,Қажуды еш білмейді.Тазалыққа шақырып,Ауырмауға үндейді.

Сөзін естіп серпілерСырқат жандар мұңайған.Айығып барлық дертіненСуын ішіп тыңайған.

Өзіңізге арналарТілектің ең жақсысы.Құяр емі жанға нәрСау ғұмырдың сақшысы!

Page 109: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

109CC

АҚ ТІЛЕК

I.

Ақ отауға нұрын төгіп жарық таң,Бастай берсін Болашаққа жайнаған!Ару бол бірің – Алғыс алған халықтан,Ер бол бірің – Елдің қамын ойлаған!

Баба салтын бізге жеткен кешеден,Ұрпақтары парыз тұтып, өтеген!Қыз бола біл – тәлім көрген шешеден,Ұл бола біл – үлгі алған әкеден!

Өзгергенмен көп-көп әуен әуелгі,Үйленсең де, өзгермейтін парыз бар:Енді жансың – берген сертке тәуелді,Ата-ана мен ел-жұртына қарыздар!

Жүздерiңнен төгiліп тек жылылық.Ақ отаудан

Page 110: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

110CC

нұр шашылсын жан-жаққа:Мұның өзi бiлген жанға ұлылық –Кенеліңдер осылайша мол баққа!

II.

Көкейдегі сөзді ірікпей кейінге,тілек айтсақ: – Бір-біріңді сүйіңдер!Бірге асыңдар асулардан алдағы -Дәл осылай қолтықтасқан күйіңде.

Өз орныңды табыңдар деп өмірден,Құтты қадам тілейміз шын көңілден.Бар ізгілік арналады сендерге –Той үстінде лебіз болып төгілген.

Ал, ағайын, ақ отауға бақ тілеп,Жалқы жүрек өз сыңарын тапты деп,Шаттаныңдар той алауын қыздырып,Ақтарыңдар тілектерді тәттірек.

Page 111: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

111CC

Үлгі тұтқан үлкендерден бата алып,Үміті мол болашаққа бет алып.Ортаңызға келді бүгін екі жас,Бірі күйеу, бірі келін атанып.

Қос ата-ана қос балалы болып бір,Көңілдері қуанышқа толып тұр.Екі жастың құтты болып қадамы,Жолдарында жақсылыққа жолықтыр!

ӨЗ ЖЕРІҢДЕ ГҮЛДЕШІ...

Бейбіт көкте еркін ұшсын қыраның,Ынтымақ пен достық болсын ұраның!Еркелеп кеп теңіздерге қосылсынТаудан ойнап аққан мөлдір бұлағың!

Халық отқа күйді қазір,Зобалаңды тидыра біл!Палестина есіңді жи,Оқты тоқтат Израиль!

Page 112: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

112CC

Қоңсыласты сыйлай білгін дұрыстап,Сонда ғана қонар мәңгі ырыс-бақ!Бірлік тіле адамзатқа, бар елге,Дүрліктірме қару алып, ұрыс сап!

Көрші ақысы – Тәңір хақы – бар мұрат,Бай болмассың өзге ырзығын тартып ап.Ойласаңшы болашағын ұрпақтыңКөктеуі үшін, өспеуі үшін қалтырап!

Бейбіт елдің бұзылмасын бір кеші,Қасіреттің не екенін білмеші!Бай болғанша –өзге елді отарлап,Жеке ел боп –өз жеріңде гүлдеші!

Page 113: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

113CC

ДИНАМО

Талаптыны қанаттыға жалғаған,Қуат-күшін туған елге арнағанҚырандардың ұясы бұл – ДинамоТүлеп ұшып заңғар көкте самғаған!Тұлпарлар мен сұңқарларды жинады –Динамо! Динамо! Динамо!

Көзге ыстық көрінеді кимоно,Күрескерлер үстеріне киді, әне!Мықты болсаң боз кілемде атой сал,Қол соғады, жар салады Динамо!Тұлпарлар мен сұңқарларды жинады –Динамо! Динамо! Динамо!

Қаймықпастан дауыл, жауын, көк мұздан,Қара үзіп дара шығып шеп бұзған!Жеңімпаздың алауы бұл – Динамо,Сан жүректе намыс отын жаққызған.Тұлпарлар мен сұңқарларды жинады –Динамо! Динамо! Динамо!

Page 114: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

114CC

АЯЗДЫ АРМАН

Аяз құшқан ар иесi алаңдатып,Дiрдектеймiн – ызғары маған батып.Ертеңiмдi еншiлеп екпiндейдi –Екi ой: “Адам-Қасiрет”, “Адам-Бақыт”.

Ақтарылар түрi жоқ жақында олар,Құпияларды ұғуға Ақылға бар.Сәл тайдырсаң көзiмдi... (тайдырмашы!)Шайпау сөздiң иесi шақырып алар.

Аязды жан, өрнегiң көркем неге?!Мұздақтарда, дауылда көрсемде не?..(Болған екен болар iс, мөлтеңдеме!)Адасқым-ақ келiп жүр өзiңе ұқсап –Жанға ұқсамай жетуге сол көмбеге.

Жүрiс керi кеткенмен бiр iс тынар,Шырғалаңда

Page 115: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

115CC

шыдауға тырыссын Ар.Өзi арқылы өзгенi тану үшiн,Ертеңiне ерiнбей бару үшiн,Адасқан да армандап –Дұрыс шығар.

Дәлелденер дауасы жөнге көнсең,Қаншалықты тиiмдi мендегi өлшем.Бiр құдiрет сезiнем –өзi үсiп, аялаған арманын – пенде көрсем.

Қаңтар ойдан қатырсам көзiмде мұң,Аңғартқаным емес бұл төзiм кемiн.Сақтау керек соларды,Менi қойшы, –Жылытармын жыр арнап өзiмдi-өзiм.

Page 116: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

116CC

ҮМБЕТБАЙ АҒАҒА

Бөлейді деп мені ертең мың алғысқа,Ұясы үміт артады қыран құсқа.Ырғыз биыл тойлады елден ерек –Жүз елуге толды өзі, ұлы алпысқа.

Олқы соғар – теңей бер көкке неше,Ондай өлшем өмірде жоқ немесе.Бірін-бірі даңқымен толықтырып,Құшақтасты осылай қос мереке.

Жырымменен Ырғызға жетелейін,Елдің бағы – елесе жекені ұйым.Тойға бару қазаққа таңсық емес,Бұлай келу өмірге өте қиын.

Күтті ұя, күттім мен, күтті бәрі,Бәрі күтсе – жанарға шық тұнады.

Page 117: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

117CC

Ағыл-тегіл төгілді мың сан тілек,“Тойың тойға ұлассын!” – түпкі мәні.

Бір-бір алғыс арналды әр қиялдан,Әр қиялды тербеді ән-күй арман.Ұшып бара жатты олар көкте бірге,Бұл өлеңде биігін қамти алман.

Туған жердің әр тасы, төбешігі,Тебіренді түрткі боп ер есімі.Тойың тойға ұласты Алтын ұя,Сізге де, аға, айтпақ ем мен осыны!

Page 118: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

118CC

ҚАРТТАРЫМ

Қарттарым, қадірменді, жарқын жанды,Кешіргін – қайталасам қамтылғанды.Осынау шағын жырдың еншісіндеӨзіңді шексіз сүйген қалпым бар-ды.

Кез туып елге де сын, ерге де сын,Шайқаса дәуір-дауыл ел кемесін,Қадірлім, көз алдыма сен келесің,Қажырлы қайратыңмен дем бересің.

Қайтпан, – деп халқым үшін, – жолдан нақты,Қайтадан гүлдетем деп тозған бақты,Жеткен де белестерің осал емес,Көрген де теперішің аз болмапты.

Көріпсің – айбарлыңның аһ ұрғанын,Жазықсыз жапа шегіп, атылғанын.Мерейі озбырлықтың

Page 119: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

119CC

үстем болып,Адуын, албырт үндер басылғанын.

Жетістік жетеді рас, таласа алман,Сонда не жүрегіме жара салған?!Әйтеуір, көңілімде олқылық бар –Әуен бе мұң боп жеткен “Қара шалдан”.

Шымшылап сансыз сұрақ миым ішін,Содан ба, сәл де болса күйік ішім.Сезерсің жүрегімнің жан дірілін,Ұғарсың мұңды жырдың құйылысын.

Қарттарым, қадірменді, жарқын жанды,Шарықтар сан ғасырға даңқың мәңгі.Алатау көз алдымда аласарарКөргенде өздеріңнің нар тұлғаңды.

Page 120: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

120CC

НАҒЫЗ АҚЫН

Ардақ тұтып ақын атын,Періштеге теңегем.Қияларға шақыратын –Қиялымда еді өлең.

– Жек көрмейді олар өзін –Сүйгені үшін басқаны, –Деген ойға сана-сезімЖіпсіз байлап тастады!

Жан сорласа аяқ асты,Ақын ұғар – бір ұқса.Жақсы көрер бар алашты,Бөлмей ру, ұлысқа.

Жауы көріп бар адамды,Шалқаламас ісіне.Жақын тартар жаны адалды –Бөлмей үлкен, кішіге.

Алған беттен қайта алмадыШабытына мінгенде,Бас июдің майталманы –Тазалыққа, гүлдерге.

Оларға тән көрінетінТағы да өзге пәк қылық:Өлеңдерім төгілетін,Сезімдерім мас қылып

Мансапқа ол сатылмайды,Қызықпайды ол ақшаға!

Page 121: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

121CC

– Мендегі ұғым ақын жайлыБұрмас осыдан басқаға:

ТАУ ТҰЛҒА

“Алатауға ұқсайтұғын жоқ адам!” –Деді біреу...Қалың ойға қамалам:“Кінәлауға тым шебер бір тобыр бар,Және оған қарсы топ бар –Көп одан”.

Сол біреуге қосылмадым.Неліктен?..Жалғыз ғана пікірі ме жеріткен,Аз емес қой мағына таппай көріктен,Мағынасыз өміріне келіскен.

“Алатауға ұқсайтұғын жоқ адам...”Ашуды іркіп, ақылыма жол алам:Еске оралып “Елім!” деген сол ағам, –Еркіндігін әзер тапқан моладан.

Жақсы көрем ниеттерді арайлы,Аулақ еткін о, Тәңірім,

Page 122: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

122CC

қара ойды. Тіпті, аспандай көрінетін кей кезде Ағама ұқсас жолықтырдым талайды.

Өткендердің көп естігем зар-мұңын,Сол естуден сан өксіген бар күнім.Өлеңге өріп өтсем деген өмірде –Бір-бір шыңым секілдісің әрбірің.

“Алатауға ұқсайтұғын жоқ адам!”...Лас ойлар жоғалсын деп санадан –Тауларына таза көзбен қарағанАға, сізді мысал еттім мен оған.

Page 123: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

123CC

БІРАҚ ТА...

Зұлымдыққа сермелгенде боп қылыш,Талай ерлер қыршынынан қиылды-ау.Ең дұрысы –өмір сүрген тып-тыныш,Бірақ соның –олар үшін қиындау.

Батырмысың – Елің сенген ерім деп,Сенім жүгін енді арқаңнан құлатпа.Өжеттігің –сын сағатта көрінбек,Өзің үшін боп шықпасын бірақ та.

Ақынбысың,Айдалаға лақпа –Жырыңменен жүрек емін таппасаң.Дарыныңа басымды ием,Бірақ та –Дақпыртыңа елікпеймін ешқашан.

Қайран, Уақыт! – Қалды ғой , – деп жырақта ол,Қартаң әжей жанарына жас алды.Сұлумысың, – табынамын,

Page 124: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

124CC

Бірақ сол –Болмаса екен жасанды.

Тұңғиықты тілгілеуді көздегенЖасынбысың –Жарқылыңнан мұң күлсін.Бұл жырымның шын мәнісін сезбегенКүмәндана қарар ма екен, кім білсін?!

Жамылмайын тағдырдың түн-қайғысын,Сен де енді жұлдызыңды төкпе, мұң.Өмір, маған кез қылсаң да қайсысын,Болсын ада “бірақ та”–дан тек соның.

Page 125: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

125CC

БЕСІНШІ ЖАТАҚХАНА

Сырларын ашып далаға, жырларын қосып қалаға,Нұрларын шашып маңына, мұңдарын айтпай Анаға,Армандар тербеп бағытын айналамын деп данаға –Балғындар аңсап жететін бесінші жатақханаға.

Жігіттер мұнда жүреді асқақ армандардың Пірі боп,Сұлулар мұнда күйдірер күн болып бірі, бірі – от.Қиялы көкте, мақсатын мансапқа әлі бұрмаған, Министрлерді менсінбес, әкімқараға қыры жоқ.

Маңдайын тасқа соққанда мұқалып қатал қаладан,Туыс боп, дос боп көрініп жылыұшыраған бар адам,Жуықтап көкке көңілі суықтап тұрған манадан –Махаббат қанат қағатын бесінші жатақханадан!

Жүздері бал-бұл жанғанда Күннің шуағы көмкеріп,Бес қабат үйдің жан-жағын жайлайды жұпар еркелік.Кірпіктен үзсе жұлдызды – Айдай жанарды төңкеріп,

Page 126: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

126CC

Еркіндік кенет өшеді еркінде оның өртеніп.

Бес қабат үйде бес көктем, бес күзді біз де өткіздік,Биіктік жаулап көңілді, шақырып алдан шексіздік.Шексіздің бірі мұң екен, сыңары сары сағыныш,Солардың бүгін еркімен бұл сырды сізге жеткіздік.

АЗАМАТ АПА

(Шәмшә апайға)

Бiлетiн жан азамат дер сiздi, Апа,Бiрге тоңар ел деп бiреу мұздаса.Сiз секiлдi биiктерден сөз алғанӘйел заты көп те емес бiзде аса.

Топ көбейтiп жүре бермей құр сапта,Жасыл шам боп жол аштыңыз ұрпаққа.Сiздей тұлғашыңға өрлеген кейiнгiҚыз бен ұлға сүйеу болды сын шақта.

Күн кештiңiз ұлттың жаны – Тiлде деп,

Page 127: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

127CC

Тiлдiң бағы сiздей жанмен гүлдемек.Мектеп халi мазаны алар бүгiнде,Ауыл жайы оныменен бiрге кеп.

Базбiреуден бұрынырақ Арды ұға,Қызмет емес, парыз шығып алдыға,Әдiлетке жақ болдыңыз әрқашанАдалдықты айналдырып дағдыға.

Жемiсiмен әрдайым да жақсы күз,Жақсы күзге баламасыз нақты сiз.Еңбекпенен шығарып сап әр күндi,Еңбекпенен келген дәмдi таттыңыз.

Бүгiнгi асқан асуыңыз бiр белес,Бұл белеспен тек iзгiлiк iргелес.Ұлт ұл-қызын баулыр ұстаз қауымы,Болғай сiзге тiлектес һәм мүдделес. 10.10.2002.ҚазМУ.

Page 128: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

128CC

ЖАСЫЛ ӘЛЕМ

(Гүлнарға)

Қара түннен дерт емiп,Қызыл күнге өртенiп,Өзiмдi-өзiм:– Сары мұңнан мүлдем безҚоңыр жырға, –Деп жұбатып жүрген кез.

Сына өмiр, – деушi едiм, – сал арыма,Күмәнданба қоңыр боп қаларыма.Тыныштығым тулады түлен түртiпЖасыл әлем елестеп жанарыма.

Жасыл әлем,Нұрлы әлем – мәңгi жасыл.Қиялымда бiр сезiм салды да асыр,Құпияңды ашшы, – деп, жалбарындым, құшағыңа құласын қаңғыбас ұл.

Жасыл әлем – жайлауы жанарлының,Жасыл әлем!.. Жаныма жамалды мұң.Айналардай ол жақта

Page 129: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

129CC

асыл затқаКөк тиындық құны жоқ адалдығым.

Жасыл әлем – бақытым, базарым сен,Өмір бойы өлең ғып жазарым сен.Шырақ болып жанғандай күйге ендiм,Жырақ жоқтай жеткiзбес, – жана бiлсең.

Көңiл-шыңнан төмендi шола қарап,Алға аттадым адымды санамалап,Жарты қадам қалғанда жасыл баққа,Жардан ұшып кеткенiм...О, Ғаламат!

Бар бағытым бақиға кетiп тынды,Сезiм қалды тербеткен бесiк-мұңды,Жанарына жасыл нұр енбеген жанМенен гөрi ақылға жетiк сынды.

Қиялымның қайғылы болды аяғы,Алда бiрақ, бiр үмiт бардай әлi.

Page 130: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

130CC

...Бақыт жайлы жаңалық аштым демен,Сiзден қалған ойлар ғой сол баяғы...

ӘНШI ҚАРЫНДАСҚА

(Данагүлге)

Тағдырдың жолы сан-сала,Талайсыз сәтi қаншамаСарсаңға сенi салса да,Арманның шыңын аңса да –Шаршама, айнам, шаршама!

Талаптан дарын туындар,Бағыңды сынап көр, қане,Өнерпаз болып туу бар,Өнерде қалу бар және.

Толғантып мұңы, шаттығы,Арналсын әнiң халқыңа.Жалау ғып жанның пәктiгiн,Талпына бергiн, талпына!

Өмiрдiң сырын түсiнбей,Жанарға кiреуке тұнғанда,Еңсеңдi, күнім, түсiрмей,Шыңдарға қара, шыңдарға!

Желбiрегендей шыңнан ту,Биiктен көрiн, асқақта.Астана жүрiп арман қу,Жабасақ үнiн тоқтатпа.

Page 131: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

131CC

Кездесер сай да, дөңес те,Шектеусiз ендi тәмам жол.Жүрсең де қандай белесте,Айналайын, аман бол!

ШЫҢДАР

Шыңдар, шыңдар – ақ басына күй сіңген,Шарықтауда шаттық барын түйсінгем.Перзентіне пейілді емес Табиғат,Бірақ сенің асқақтық бар кейпіңде –Бәрі маған ұқсап тусын дейсің бе?!

...Кешір, күнім, келіп Көкпен теңескім,Орманына еніп кетсем елестің...Оңашама ортақ болма, мұндайда,Мен ешкімді қажетсінген емеспін,Оған бола жазғыра алмас мені ешкім.

Жанар ғой ол – биіктікке арбалар,Тұра бермей жүрегіңнен жолдама ал.Армандаудан жалыққан ба

Page 132: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

132CC

адамдар,Табылады көзқарастар таңданар –Заңғарларды қомсынатындар да бар.

Жетер енді, сылдыр сөзде сыналдық,Құдайсынып қыжыртқанша – Құранды ұқ.Шыңым менің, арманыңды ұққаншаСергелдеңге салшы біраз мұнар ғып,Сезім сыйлап – қызғануға тұрарлық.

Шыңдар, шыңдар – ақ басына күй сіңген,Шаттық бар да мұң боларын түйсінгем.Перзентіңе пейілді емес мына өмір.Сенің де бір жабырқау бар кейпіңде –Маған неге ұқсамайсың дейсің бе?..

Page 133: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

133CC

ДИДАРҒА

Гүл де Сен боп – бақта емес, жүректе өскен,Күн де Сен боп – шуағын күліп төккен,Білім қуған Бес жылы бізбен өткен –Артта қапты қырық Қыс, қырық Көктем.

Журфак еді ол – Жастықты ап, берген Білім,Соның себі – көрінсең Төрден бүгін!Сенің әрбір ісіңнен көрінетінДүниеге Көктемде келгендігің!

Жаз жайнайтын жүзіңде, күн ойнайтын,Дақ болмайтын тұнықты лайлайтын!Саған қанша ұқсағымыз келсе де –Әрпір-тәрпіл ісіміз құралмайтын!

Уайым-мұңды Тілек пен жаңбыр жуып,Шықсын алдан Көктем мен Тағдыр күліп,Бәлен жасқа толған күн емес, бұл күн –

Page 134: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

134CC

Қайта туған күн болсын, – жан құлпырып!

БАҚЫТ ҚҰСЫ

Бірлік, достықтаОтан күші,Баста шаттыққаБақыт құсы.Сені Ер қорғайды,Биікті сүйіп,Әнін жолдайды!

Бақ құсым,баста біздіБолашаққа жарқын!Елімнің жастары ізгіЛаулап, от боп жансын!

Қыраным,Құмарым –Сенсің менің Бақ құсым!Самғай бер,Жалғай берКүндердің ең жақсысын!

Самғасын,ТалмасынЫнтымақтың кептері!Қорғасын,ҚолдасынБейбіт елдің әскері!

Page 135: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

135CC

Бағың – Бірлікте,Сонда көркің.Құсты үркітпеҚонсын еркін!Ұшсын қалықтап!Биікті сүйіпҚарауға жалықпа!

БIР ҰҒЫМНЫҢ МҰҢЫ МЫҢ

Сыйласқан жөн тiрлiкте,– деп тұжырып,Бiр ұғымның дәмiн татқам,– тұзы нық.Бұжыр мойын ұғымына кез болыпТұщымды ойым сала бердi бұзылып.

Жаңалық та емес едi бұл анық,Жамандық та еместiгiн ұғалық.Төмендемес адам, – деген ойда едiм, –Төбесiне бұл ұғымды шығарып.

Рас, мұны дейтiн болсам – бал-шекер,Төзiмi – шар табан асты тарс етер.Сонша сызат түсерi хақ жүрекке

Page 136: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

136CC

Тұщы ойыңды тұздап өтсе қанша есер.

Осы ұғымды серiк етiп күнбе-күн,Бiрге ұйықтап, оянғанда бiрге тұр.Тiл табыспай, –төртке бөлiп ұйқыңды,Жүрегiңдi өртке бөлеп жүрмесiн.

ШЫНАЙЫЛЫҚ

Мағынасы махаббатқа жол ашқан,Шынайылық, жан қалауым о бастан.Көктi аңсаған көңiлiм бар мен үшiн:Ол – бәйтерек, ол – аспан.Сұр жебесiн мөлдiрлiкке кезенген, Көлгiрлiктi танып қойып кезеңнен,Бөлек кеттiм –тигiзердей кесiрiнМақсатыма мұрат тұтқан ежелден.Табиғаты тұнып тұрған көрiкке,Ес арбалып дала кезген елiкке,

Page 137: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

137CC

Қайттым талай қиялыммен қыдырып,Көңiлiме сезiм кiрiп желiкпе.Қырға ұқсатып кей қылығын шынайы –Тәнтi болдым түлкiге де мүләйiм.Қалып қоям ере жаздап ұдайы, Неге сонша нәзiк еттi, Құдайым!Асау сезiм шығып кетiп ырқынан, (Мейлi, менiң осы болсын – бiр күнәм!)Бас тартпаған болмысынан, құлқынанБөрiге де құмартқанмын – ұрты қан.Тiлегi –таң, түрi – таңсық, тұрқы – паң,Сан сұлуға көзім саттым сыртынан.Аулақ салдым бiрақ кейде iргемдiАжыраса ана көрген ғұрпынан. Шынайылық күтiп елден, өнерден,Кездерiм көп көңiл мұңға бөленген.Қалдым солай, –

Page 138: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

138CC

ешқайда да кете алмай, –Өзiм жазған өлеңмен.

МӘҢГІЛІК ҚАС-ҚАҒЫМ

Түнім Күнмен шектесті,Кесел болды... – кектесті.Бар ойыммен Бір әлемОл жоқ жерде беттесті.

Нені көрді? Не ұқты?..Құрғыр, көңіл, желікті.Тұңғиығым – тұп-тұнық,Көкжиегім – көрікті.

Жарығым жүр сол маңда(Алданбауымды арманда).Тұтастық көрем кейде менҚайшылықтардан да.

Мүлт кетіп мен мүлдемге, Мақтау айтса мүрдемде –Таңырқама тірігеӨле ғашық өлгенге.

Қаперіңе мені ала,Қараңғыны арала –Жаңалықты жаңала....Жалғыз сәтке жап-жарықБүкіл ғұмыр садаға!

Page 139: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

139CC

АРМАНЫМ – СЕН ДЕ ТОЛҒАНСАҢ...

Арманым болмас еді –Жамағат үшін жалаңаш қолымен шоқ қармап,Жаһаннамға да жүрексінбей барар топқа арнапШырқалған әннен – жүйкесі әбден жұқарған –Жауыздықтың да жанарынан тұрса жас парлап.

Арманым болмас еді –Қомағай құлқыннан құлазыған далам көгерсе,Жырқұмар жандар шабытқа содан бөленсе.Адуын жырынан әділет желі ескендеҚан жылаған әлгі қаңбақтай зырлай жөнелсе.

Арманым болмас еді –Жерім деп талай жанұшыра шапқан аттандап,Баһадүр жанның жүрегінен жібісе қатқан дақ.Табиғат-анатабысып тыныштық-сәбиімен,Қуаныш әніқалықтай берсе аспандап.

Арманым... Болмас еді –Толғантса сол да сені!

Page 140: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

140CC

ЖЫЛТЫРАҚ ОЙЛАР, АЛДАМА

Басыма қонар бағымның, –Бұлыңғыр күнімбағытын бұрып, Тірлікте сүріндім бүгін.Кескілей бердімкөзіммен көкжиегімдіКөрініс іздепсүртетін көңілдің кірін.

Пендешіліктің қоя алмай пердесін түріп,Өзін ұқпаған –Жарытпас өзгесін біліп.Жанымды қоса турайды жарығымен алдапЖылтырақ ойларжылжыған жер бетін тіліп.

Өмірдің мынау кезігер сай-жарын, –Дарақарсы алар күш –Сенімім – айбарым жаңа....Алаңдап кетсең әрнеге – асыға жетем,Құлап түскен соң жиналған ойларымды ала.

Page 141: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

141CC

АЙЫРЫЛЫСУ

Түрiң бар-ау сағындырмақ,Қылығыңда ақыл басым.Тұрсың мiне, қолың бұлғап,Армандарың шақырғасын.

Саған ұқсап алыс кетiп, Соқпақтарда сор кешiп ек.Талабыңды табысты етiп,Мен көргендi көрмешi тек.

Тазаға ынтық жанарлардан,Төгiп өткен жаңбыр едiм.Құлай сенiп, сан алданған,Қайран, менiң пәк жүрегiм!

Сезiледi жырымда мұң,Қалған белгi сол күндерден,Кештеу ұғып соның бәрiн,Жылдамырақ өлгiм келген...

Әсерлер ғой бұл да өткiншi,Бар, ақ ботам, жолдан қалдың.Менiң жырым жүр деп бiлшi –Жолын тiлеп Армандардың!

Page 142: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

142CC

ӨЗ ҚАЛПЫҢНАН ӨЗГЕРМЕ

Түк те емес топта сөз бермеу,Тірлікті қиын безбендеу.Өмірлік мұңға айналды –Өз қалпымнан өзгермеу.

Талайды көргем тілді, ойлы,Жанары сүйген түнгі Айды.“Өзгерме” деп ем – ит болды,“Енді адам ...” десем, қыңбайды.

Ескертпек едім соларды,Бос емес екен топ алды.Бақытты болғам бір кезде,Бүгінде ол сәт жоғалды.

...Мәңгіліктегі мекенге,Мәңгіріп басың кетерде –Айналайын, адамзат,Аңқаусисың бекерге.

Талабың болмай тіл алғыш,Тындырам деме құнарлы іс.Баянсыздығын ерте айтқан,Бақытым, саған мың алғыс.

Сан рет ойдың салмағын,Көтере алмай қарға адым,Жырымды мұңға жалғадым,

Page 143: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

143CC

...Өзіңде қалды бар үміт –Өзгермей келген арманым.

Тұрағың арғы беттегі,Өткелі жоқ боп – өкпелі.Жербетілік жалғызым,Жоғалтып алма тек мені ...Жоғалтып алма тек мені!

ҚАЙРАУ

Тұнжыр кейпің сыр бүккен,Өртенгендей өзегің,Жүдеп сұрқай тірліктен,Жүргеніңді сеземін.Кесіп өтер тіке сын,Бөсіп келсе – безінгін.Менен кеңес күтесің,Мен ондайда... Өзің біл!Елдің бәрі ақылды-ақ,Тыңда, бірақ түк деме.Таңдай бар ғой – тақылдат,Бармақ бар ғой – тістеле.Қателессең қайғы жұт,Етек дайын – еңіре...Шығар бәлкім, Ай күліп,(Саған емес) – Көгіне.Қайда кетер қашқан күн,Қауіптірек тосқан түн.Биіктігі аспанныңБілген жанға батпан мұң.Азап керек өмірде,Алмай жүрме – қарыз ғып.Айдау емес өлімге,Үмітіңе тамыздық.

Page 144: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

144CC

АР ТЕРГЕУІ

Кімге қажет құр ғана сезінгенім,Дұрыс болар толқымай, көз ілгенім.Өлең жазар алдында бейуақытта,Отырып алып тергеймін өзімді-өзім:

Таң қалмағын заманға, таз қалыпқа,Қыран ұшар қиядан қаз жолықса.Төле бидің орнына,КүлтөбедеТөбет үріп жатқан кез аз болып па?

Қысыр сөзді қысқартып – қыңсылатпай,Жаға білші жүрекке жыр шырақты-ай!Жаңарғандай сезінсін жан әлемі,Қабарғандар таңдары мұңсыз атпай.

Тұяғымен от тастар шөмелеге –Тұлпарлықты тұтпас па ел өнеге.Қанішердің қолынан жазықсыздыҚұтқаруға шаппайсың неменеге?!

Page 145: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

145CC

Басын соққан тағдырдың тау-тасына,Шапағатың болды ма жолдасыңа?Қанша жанның наласын арқаладың,Қандай пайда тигіздің қаншасына?

Қауырсыны қатқанша талапты ердің,Қаншама рет қолтықтап – қанат бердің?..Қуыстанар қылығың жоқ болса егер,Ар алдында “Ақпын” деп, – жауап бергін!

Қиянаты жоқтығын сезіп кеш тым,Кінәсізге қанша рет ежіктепсің?Жауап бергін, қанеки!Бере алмасаң –Көзге күйік көрінбей, безіп кеткін!

Күйреген жоқ рухы сахараның,Сиреген жоқ Адалдар қатары әлі.Дақ түсірмей ұстаған Арың ғанаАдастырмай Арманға апарады.

Ақбас шыңның басынан алаулатып,Арман таңы атқанда –(Қарау бақыт!)

Page 146: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

146CC

Ғайып болар көзден де, көңілден деСергелдеңге түсірген санаулы уақыт.

ЖЫРЫМДЫ ЖЕЛГЕ ТЫҢДАТТЫМ

Құлықсыз құлақ құмға атып,Құлазып, қалғам түн қатып.Жынды кісіше жұбандымЖырымды желге тыңдатып.

Аспансыз қалмас Ай-әнім,Жанымды қайда қоямын.Немкеттіге назар сап,Жек көре беріп... Аядым.

Өртене сүйіп өз елін,Ерте өлгендердің көзі едім.Сыртымнан пішер тоныңдыСыртыңнан-ақ сеземін.

Шетінеп кетсең, өлеңім,Шектеусіз азап – шегерім.Шерленген жүрек шеменінСен емдерсің деп сенемін.

Жеткізуге оны өзгерек,Жетеді менде сөз-дерек.Уақыттан әттең, ұяттау –Естісінуге езбелеп.

Жырымды желге тыңдатып,Тентіреп келем түн қатып.

Page 147: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

147CC

Сезінем ғажап – жүргендейКүллі ғаламды жырлатып,Мұңлы жанарды құрғатып.

КӨҢІЛ ӘУЕНІ

Орын бер жүрек пәк мұңғаСезімге бір сәт жеңдірсем.Тұп-тура келе жаттың даТіл қатпай өте бердің сен.

Ойладың нені сен сонда?..– Әніме менің бөленбей,Мың жерден тыраштансам даТілдеспей қойған әлемдей.

Тіршілік жайлы толғанса,Көңілді тербер көп қой ән.Тілегің сенің сол болса.Көзіңе түспей-ақ қоям.

Сілкінуден де қалыппыз,Төгілтіп әнді таңдайдан.Мұңдана берер халықпыз,Көрінбе бірақ сен де, айнам.

Page 148: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

148CC

СӘБИ ЖЫР

Қабағымнан қар жаусакүн ашықта,Қалыс ойлап, қарғашым, кінә тұтпа.Қасіретті көрмейтін көр көңілге,Кең құшағын – сірә да, жыр ашып па?!

Жолдарымда аярлар кезігер мың,Жанарымда сол сәтте сезілер мұң.Айласымен пайдасын қамшылағанПасықтықтан жиреніп мезі болдым.

Өмірге де келмейді өкпелегім,Сәби-жырды аялап өтпек едім.Сан тараулы жолдарда сағым сынып,Мұқалмағай жігерім деп келемін.

Сәби-жырғаТәңірдей кім сиынды?..Кім де болса, енді оған тым қиын-ды.Тең бөліссем деп келем тауқыметін,

Page 149: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

149CC

Ең болмаса, сен ұққын бұл күйімді!

ҒҰМЫР МӘНІ

Өмір желі өте суық, өкпекті,Содан өзін құртып алды көп текті....Пенделіктің иіріміне үңіліп,Бір ойымды алға тартқым кеп кетті.

Түсім еді деп сендірдім мұнымды,(Түсінген жан – түс емесін ұғынды).Бірде аппақ періштеге айналдым....Енді азырақ ашайыншы сырымды:

Түсім еді... Қарамастан әліме,Барып қаппын періштелер еліне..Сол арада жолықтырдым бір пенде,Қабілетті екен ол да бәріне.

Әдетім жоқ әлсіздерді табалар,

Page 150: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

150CC

Әр адамның жанына сай баға бар.Соныменен... Қажет болса, сол пенде Уақытша періште де бола алар.

Түсім еді...Түсін, мейлің, түсінбе,Улы жылан ысылдаған ішіндеӘлгің менен өш алғысы келгеніПенделігін білгендігім үшін де.

Перде киген “аз ұйықтар да, көп жортар”“Өзің үшін – өгейге қол созып қал!”Өңім болса, таң қалмас ем мұндайға.Түсім еді... Түсте қандай жазық бар?

“Ақ қанатты періштелер қасымда,Аппақ-аппақ армандар бар басымда.Ауыздарды талғамайтын ақылдарайтылмайтын, Дұшпан да жоқ, досың да...”

Page 151: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

151CC

Өзгертпейтін бет-бейнесін қашанғы –Өлмес өнер! Сенен алыс жасанды. Қайран дарын, құрбаны боп пайданың,Маған қарсы бар әрекет жасалды.

Қалам алды – жыр жазбақ боп бір мезет,Шешенсіді – шаршы топта тіл безеп.Батырсынып ұмтылғанда – соққы алды,Сол соққы ғой, – жерде жүрген күнде жеп.

Енді қалай аямассың сен оны,Өлді қанша, әлі қанша өледі?!Пендеге тән әлсіз сезім иектеп,Кейде рас, аялағың келеді...

Айтатын жайт әлі де көп,Дегенмен,Бәрін қалай сыйғызарсың өлеңге.Көп періште мұнша аңғал болар ма?!

Page 152: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

152CC

Жалғыз пенде мұнша айлалы болар ма?!Оралуға мәжбүр болдым төменге.

Түсімде ұштым. Жазаландым. Тоналдым.Төменде де ол бастаған топ алдын.Пенделіктер барлығына жетеді,Бұл да болса – бақыты ғой олардың.

Білмей-ақ қой, өңімдегі халімді,Түс қой бәрі... Жастық жасқа малынды.Періштелер мұнда да бар – санаулы-ақ,Шарасы жоқ, қанша ұққанмен жаныңды.

Түс те бітті. Басталды өмір жердегі.Тістеніп ем, тіл икемге көнбеді.Тапқан пайдам қанатсызға қосылып –Осы ғана мендегі.

Сен де менше – қарамастан әліңе,

Page 153: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

153CC

Түс көріп шық...Барма бірақ әріге...Сол түсіме арбалғаным соншалықТәтті сезім тербетеді әлі де.

Жыр жазайын жатып алып қосымда,Түсінуге ауыр тисе – шошынба.Тазалықпен туыс көрсең өзіңді –Ғұмырыңның мәнділігі осында.

ЖАЛҒАНДЫҚ

Іңкәр көңіл құмартып асқарларға,Ұштастырып үмітке тілегіңді,Зәуіде бір, жол тауып, басқанда алға,Жалғандықтар өртейді жүрегіңді.

Қу жаныңды, бәрібір, қай жаққа тық,Қарыс сүйем аттатпай әп дегеннен,Қара нөсер астында қалбақтатып,Қара бұлт боп төнеді тас төбеңнен.

Page 154: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

154CC

Жаралайды кей сәтте –КөлгірсігенЖәдігөйдің жымысқы күлкісі боп.Жалғандықты көргенде жан түршігер,Жанарыңда от болса, жұлқысып өт!

АҚ АРМАНДАР КҮТЕДІ

Ақ армандар – асқақ шыңда мекені,Иелерін күтуменен шаршады.Отқа оранған түбінде бір жетеді.Оған бірақ тырыспайтын қанша әлі?!

Өртенгеннің азабына үстеме,Небір марғау әрекеттен жиреніп,Қала бергем, қызықтырмай ештеңе,Өз-өзімнен мазасыз бір күйге еніп.

Тәңір, маған армансызды дос етпе,Кезіктірсең, күйреп түсем мен демде.Түніменен дөңбекшіткен

Page 155: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

155CC

төсекте,Бір ащы өксік атой салар кеудемде.

Қарауытты бүгін тағы төңірек,Тау жолына түскеніме боп кекті.“Өлтірсең де, бөле алмассың мені!” деп,Түнек жара айқай салғым кеп кетті.

Тағдырымның қойылғанша нүктесі,Таңқалдырып өтесің-ау, Жер, мені.Жазғыруға бола ма екен, тіпте осы,Елесіне ессіз сенген пендені.

Оңай емес сезіну де, – жан барынАсқақ бейне жанарынан жоғалған.Жақын бару үшін саған, арманым,Жырақтауға тура келді олардан.

Page 156: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

156CC

ЕҢБЕГІҢЕ САЙ КЕЛСІН

Шабыт келсе – тасынып,Келмей қойса – ойланам.Бірден қалар басылыпЕрке сезім ойнаған.

Болса да сай күш, ынтам,Айналмаспын шеберге –Өзімді өзім ұсынсамБойымда жоқ өнерге.

Қарсы алдыңнан жол қашып,Жүйткіп онда ой-дөнен,Қанша жерден бол ғашық,Қонбаса өнер – қайғы ерен.

Нұрын өнер төкпесе,Оған бола қамықпа.Арың сенің көкке өсер,Қалсаң таза қалыпта.

Барлық дарын пірім – сен,Атаққа атың сай болса.Озбауға еңбек сіңірсең,Баспау керек қайғы онша.

Page 157: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

157CC

АРМАН-ЖЫР

Тапқан пайдаң өлеңненқайсы? – десең,Бөгелмен.Жауабым сол бір жауап:Арман қуып келем мен!

Күндер өтті тоналған,Күндер өтті... жаңа арман –Жақындатқан аспанға,Жырақтатқан анамнан.

Көгімді бұлт торлайды,Жыр туады ол жайлы –Жұбанамын. Бұл сәттерБолмас, бәлкім, елге әйгі.

Қарыздармын Таң саған,Жарқырауға жан салам.Жебеп келген түндердеЖұлдыздарым, болшы аман!

Көңіл көкті сағынар,Өмір қашан оны ұғар?!Арман маған не берді...Жырларымда бәрі бар!

Page 158: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

158CC

ЖҮЗДЕСУ

Өзіңді алыстатып, Бізге іздеткенӨтіпті отыз қыс, жаз, күз бен көктем.Жетіпті басатын сәт сағынышты –Жүректі мың әлдилеп, жүз тербеткен!!!

Отыз жыл сан қиындық тосты Асуда,Кезікті тілсіз жаулар – От та, Су да.Мұңдардан жан сарайын тазартайық,Сол үшін асығыңыз Бас қосуға!!!

Жас едік,жалын едік шетімізден –Сүйгенді күйдіретін отымызбен!Бір сәтке оралайық балғын шаққа,Сол үшін табылыңыз кешімізден!!!

Отыз жыл арада өткен аз ба, көп пе,Дәл соны айта алмай сөзбен екшеп,Күледі барлығы да мәз-мәйрам боп,

Page 159: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

159CC

Түсуге бәрі құштаркөзге ерекше!

ЕЛЕС-ӘСЕР

Бір сағыныш бойымды меңдеп алған,Кейде өткенге сүйрейді мендегі арман.Нән қаладан кей шақта көңіл қалып,Ұлықпанды аңсаймын елде қалған.

Бірде шексіз қуанып, бірде налып,Сан ызғарға солмадық гүлдеп алып.Күлетінбіз риясыз, жүретінбізҚой кезегін екі үйдің бірге бағып.

Еске түссе осы бір бала кезім,Елжірейді жан-жүйке, сана-сезім.Жалтыркөлге түстеніп, Сарғопа асып,Оралушы ек кешқұрым дала кезіп.

Мұның бәрі бұл шақта елес-арман,

Page 160: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

160CC

Елес-арман – көктен нұр төге салған.Қуат берші, демеші қолтығымнанШақырғанда қол бұлғап белес алдан.

ӨМІР СЫНАҒЫ

Тамсандырар тәтті ару боп құмарыБойдақ жігіт сау басын тасқа ұрады.Жар табылды, бірақ та ой-арманыҮйленген соң өзгеріп кетті бәрі.

Алдыменен өзгерді көңіл-дөнен,Қоса шаппай тілегі өмірменен.Барлық шығын қоршады жан-жағынан,Ешбір табыс келмеді жеңілменен.

Содан кейін өзгерді дос қатары,Досы көптің жанары от шашады.Кетіскен дос сол оттан жас жасады,Тоқтатса оны

Page 161: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

161CC

тапқан дос тоқтатады.

Отау құрсаң қиынды жеңе білгін,Жеңе білу – кейінге берер үлгің.Тек өзіңе қатысты өзгеруіЖақсы, жаман жағына ол өмірдің.

ЖАҚСЫ АҒА

Сізге ұқсау... –әркімге-ақ арман демен,Ұқсас шықса – соңғысын жалған көрем.Бар ойыңыз қуану болды бізбен,Мен осыны ойладым арнарда өлең.

Өлең оты өртеді неше мені,Сізді қиял әлемі жетеледі.Қызықтырды Ұлт көгі жұлдыз толы,Қыр-жотасы жусанды-бетегелі.

Шаршағанда сыр шертем сізге келіп,Жылы лебіздер кетеді

Page 162: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

162CC

тізбеленіп.Мұндай сәтте қиялға ерік беріп,Жүз жаңарып үлгерем, жүз көнеріп.

Қиял қуса не кешпес өзекті жан,Түн шегінсе атады кезекті таң.Жан-дүнием түңілсе, нұрын төгерСіз секілді жан барын медет тұтам.

Page 163: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

163CC

АРМАН ҚУСАҢ...

Алуан-алуан арман қуып, жол шегіп,Алға бастық тосқан өрді еңсеріп.Теңіз-сезім толқынына оранған,Дауыл жырдан жатты таулар теңселіп.

Бастық болды сапарластың бiреуi,Әкiм болды қатарластың бiреуi.Жұрты болсын деп тіледік – тілеуі,Серті болсын деп тіледік – тіреуі!

Биiктерге бастап барса бiлiм тек,Сүйікті елі еміренер ұлым деп.Шынайы ер шыңға шықса нұр іздеп,Күннің өзі қарар еді күлiмдеп.

Кісілігін жұтып қойып “кісі” боп,Шықпасын тек жануардай кісінеп.Ұқпасын тек

Page 164: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

164CC

орынтағын өзім деп,Көктен биік, болса Арынан кішірек.

Ары биік, кіші болса ұлтынан,Жас көбейер ұқсауға оған ұмтылар.Болмысынан нұр іздейтін себелер,Қалам алып жыр іздейтін тұрқынан.

Болсын мейлі, болмасын ол серігің,Аяулысы болып қалса елінің,Сондай шақта шақырады биіктік,Ең бастысы – күйремейді Сенімің!

Page 165: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

165CC

ТАЗА БОЛ

Пенде жоқ деп мүлдем ада күнәдан,Ой түйсек те, көңіл бөлші мынаған:Аунақшымай, түнде тыныш ұйқтайдыҚаншалықты таза болса бұл адам.

Ішіңнен кеп іштарлық ит қапқанда:Қара түнге айналады ақ таң да,Көрінеді шөл даладай бақшаң да,Қолбаладай байың, биің, патшаң да.

Езер сосын ит талаған жұлым жан,Безер досың жырым-жырым сұрыңнан.Дер кезінде қолға алмасаң өзіңді –Бұл тірліктен суынғаның суынған.

Page 166: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

166CC

ҮМІТ ҮЗБЕЙ ЖҮРЕЙІК

Сағынышты мәңгілік мұра сана,Біресе жыр тартады, – біресе Ана.Жырым жетсін сазымен ән боп елге,Мен де барып қалармын іле-шала.

Қарасам да қай жаққа мұнар-сағым,Қалмауыңды елес боп кіл аңсадым.Тәңір соны қолдайды – деп сенемін –Берген серттен тайқымай тұра алса кім.

Нұрын төгіп алтын күн Сіз бен бізге,Ілігейік есен-сау күзден күзге.Жоғалтармыз өмірде бір жақсыны,Бір жақсыны табармыз, іздерміз де.

Деп ойлайық: өмірде адал басым,Көре алмаса адалды – жанарға сын.Жақсылықтан жүрейік үміт үзбей,

Page 167: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

167CC

Сеніміміз жақсыға жоғалмасын!

СЕЗІМ ДАУЫЛЫ

Әртүрлі сезім кернейдіБейуақта жұмыр кәлланы.Мәңкүр мен Нәңкүр тергейдіЕсіңе салып Алланы.Соғады сезім Дауылдай,Жаныңды астан-кестен ғып.Жауады өлең ЖауындайКүз көңілді көктем ғып.Қуаныш жетіп келедіЖеті қат көкке ұшырып.Өкініш зәрін төгедіҚайтадан жерге түсіріп.Алақұйын сәттерденАлағызып туатынБас көтерер дәптерденСондағы жыр қуаты –Дзотты өпкен кеудедей,Жүз атты өткен кермедей,Немесе сондай күй төгіпБебеулеткен пернедейСезім сезім болар ма,Өлең өлең болар маДәл осылай тербемей!Алаулатып кетті-ай бір,жалаулатып жетті-ай бір.Сынағыш пенен мінегішТіл беземей тоқтай тұр.Осындай сәттер қат қазірЖоқтасаң соны жоқтай біл!

Page 168: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

168CC

ӨСПЕЙТІН ҰЛ

Өнбес іске он ұмтылып, он құлап,Талаптанғам тарғыл үнмен ән құрап.Жаны ашыған достың бірі жұбатты,Жұбатқаны болып шықты сандырақ.

Бір кісідей дәріптеуші ем достықты,Бұлдыр сөзі бұра тартып, бет жыртты.Азаптарға ақын жетпей жүргенде,Ақын деген – азап кешу деп қыртты.

Бар ғұмырын безбендеген от, дауыл,“Ақын деген – азаптану” – жоқ дауым.От демейді бірақ азап ыстығын,Өзің күйіп, жалын алмай көп қауым.

Қиын емес ойсыздыққа тайғанау,Тайғанап ап – жүрегіңе қайғы орау.Достықтың да достығы бар –

Page 169: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

169CC

белгілі,Азаптың да азабы бар айнам-ау!

Кешір, шектен шығып кетсем сәл асып,Көк желкемнен қадамағын қарашық.Көңіліңе жол таппаса бұл сөзім,Көз жеткізгін – жүргендермен адасып!

СӨЗ УЫТЫ

Қуандырған. Қыр асқан. Қарайлатқан.Кейбір сәтім көрінер арайлы ақ таң.Шабыт қысып жыр төккен шақтарымдаТалай мақтау естідім талай достан.

Тасасында қалғыппын қолпаштаудың,Қарастырмай шарасын сан соқпаудың –Мендей сүйген өлеңін шайыр досқаКөшірмесін айтқанда сол мақтаудың...

Page 170: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

170CC

Шоғын көсеп шырын сөз сезімімнің,Талай мәрте тым кештеу Көз ілінді.Мақтағаны Өзгенің сондай жылы –Өз бағаңды дегенмен, өзің білгін.

ЖЫЛЫЛЫҒЫҢ – ҰЛЫЛЫҒЫҢ

Бағзы баба рухы Сізді тергей ме,Жоқтамадың, – деп, – лайықты деңгейде?Сонау алаш арыстарын сағынып,Оңашада ойға шомам мен кейде. Ғажап еді арыстардың дәрісі,Қазақ қамын күйттеп өткен әр ісі.Азды ұрпақАбылайдың түсіндей,Сағынайдың асындай боп мәнісі.

Кеңестерді ұнататын келелі,Көкке ұзап кетті жандар өрелі.Түнгі аспанға

Page 171: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

171CC

телмірмейді Алматы,Қолдан жұлдыз жасау оңай себебі!

Сағынғанда олардыСарқылам бар төзімнен,Бағынғанда наданға Жиіркенемін өзімнен.Ағылғанда жыр-дария,Болар бар сыр жарияТүнімдегі –Мезеті жоқ көз ілген.

Ми ашиды:Ұрпақ неге азыпты?Тұлпар неге шыр айналды қазықты?Дария бойлап қармағы жоқ ғаріп жүр,Онда қармақ жоғына кім жазықты?Қамап алар осы тектес сауалдарҚастан бетер қажытты.

Дарияның арғы жағы – алыс-ты,Бергі жақта жаға кезген балықшы.О, бауырмал балықшы,Артықшылығыңды дәріпте,Қармақ берші аштық қысқан ғаріпке.О, мейірімді балықшы,Сазаныңмен тойындырып,Қазаныңның

Page 172: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

172CC

жылылығын дарытшы...Қазағымның ұлылығын танытшы!

КӨЗ АЛАРТПА ӨЗГЕ БАҚҚА

Арманыңды деп алайық күрең ат,Жебеп жүрсін жандар сені тілегі ақ.Аласұра аламанға аралас, –Күрең атты топқа салмау біл ағат.

Жігерліге жараспайды жүрген бос,Тілектеспін: гүлден қандас, гүлден дос!Өмір деген Ұлы бәйге-додағаКүмәнданбай күреңіңді бірден қос.

Сынық сәуле жылт еткізіп алдан бір,Нұр себуге үгіттейді бар жаңбыр,Жыр төгуге жетелейді әр нөсер,Бір үлгі осы табиғаттан алған бұл!

Күшті әлсізге қыр көрсетіп, төсті ұрып,

Page 173: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

173CC

Қырып-жоймай, сұлап түспей ешбірі,Бейбіт күннің аясында жүріп теБатырлықты дәлелдеудің көп түрі.

Жан бармаған заңғарларға талпына,Өрлеуіңмен сәуле түсір артыңа,Ізбасарың молдығына – ырза бол,Шомыл сосын бас айналар даңқыңа.

Көктем келсе көппен бірге гүл тердік,Озған жанға гүлді сыйлап үлгердік,Өзгелердің бағы менен тағынаКөз алартпай ғұмыр кешу – бұл да ерлік.

Page 174: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

174CC

ИІРІМДЕР

Алғаны сұлу болғаныСезімге шексіз бөлейді.Махаббаттың сол бағы –Ақысын өбіп төлейді.

Әрлі еді түрі жарының,Ащы еді тілі бірақта.Көзге нұр шашқан, Тәңірім,Қимапты-ау оны құлаққа.

* * *

Сергелдең күйден түс қарғып,Сезіммен биік ұш қалғып.Өмірге осылай келедіӨнерге деген құштарлық.

Өнерге деген құштарлық –Ұшпауға деген дұшпандық.Көгершін сезім көкте жүр,Сен мені тек сол тұстан күт.

* * *

Биіктеу деп дарынсыздан дарынды,Өзеурейді, – онсыз да ол мәлім-ді.Және рас – ғашық болу биікке,Әрі ләззат, әрі қасірет, әрі үлгі.

Page 175: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

175CC

* * *

Бақта өскен – қисық, түзу, мәуелі,Мақсат, шіркін, ұқсайды ма ағашқа?“Америка ашқысы” бар.., ал оныЖапқысы бар өзі емес, ол – ашса.

* * *

Пенде-ғұмыр тоюға қабілетсіз,Тағы бір шың шақырды – тағы жеткіз!Армандарым көзімнің қарасы еді,Ал өзімді сол көздің ағы еткіз!

Page 176: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

176CC

ӨЛАРА ӨРЕНІ

(микропоэма)

1. Топырақ Туыппын жылқы жылы бір қиырда,Қиырдан ұзау түсті тым қиынға.Шеңгелі “қалдырмашы” деп қиылған,Жабысып қырқа, дөңес, ылдиында.

Шоқ түссе қау сезімге тоқтам бар ма,Ұзадық меже тұтып ақ таңды алға.Атаның ұрпағы едік Аса құштарАрманға, арманымен мақтанғанға.

Жиылдық Алматыға кіл арманшыл,Биікті сүйген болсаң – құмар қансын.Алатау әдемі рас, Әдемі едіОданда оны сүйіп шығарған жыр.

Page 177: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

177CC

Жиналған Алматыға кіл ғұлама,Ой айтар сөйлеп кетсе құнды, жаңа.Аралас шабыт буса аламанға,Бумаса –Төсіңді бос ұрғылама!

Арбайды күндіз қала жыр-әнімен,Түсімде ауылды ойлап шығамын мен.Үйрену нән шаһарға қиын тиді.Мұны ұқса – жайлауда ескен ұғады жел.

Басталды құрылыстан біздің өмір,Кірпіштер әсемдікті тізді небір.Кетігін дұрыс тапса – ол да өнер,Өнерге табына біл, үздіге біл.

Кірпішің – қуана біл – орнын тапса,Ғимарат ұрынбағай сел-бұршаққа.Қаланған іргетасы қараулықпен

Page 178: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

178CC

Құлады мемлекеттер сол бір шақта.

Ұнатар арманды адам,Жаңбырды ұлу,Арманға арман қосар алға ұмтылу.Кең жолда жақсы көрсек – дос боп қалдық,Көрінер сәті осы деп Ардың сұлу.

Қалды елде сырқат ана, дімкәс әке,Қалада қызу жарыс, сын, бәсеке.Кетеді аңдамасаң сан соқтырып,Өтесің аңғал досты мұңдас ете.

Өмірдің табиғаты тым күрделі,Зырлатып, кейде бөгеп, жүрдірмеді.Аз емес шаттандырған жарқын сәті,Аз емес еңіреткен сүргіндері.

Жел өбер,Борар кейде шаң, топырақ,Шаң қапса дір-дір етер жан-жапырақ.

Page 179: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

179CC

Қарасын үзбесе деп арман-сағым,Қуасың түнгі аңсауды таңға құрап.

Қалды артта тілекші жұрт, мөлдір қауым,Сол демеу – тентіретсе тағдыр-дауыл.Қолдайды ол асуларда, Қоймайды ешКөңілдің түкпірінен қол бұлғауын.

Өрі биік Алматының – төрі кеңдей,Кеңдігін, биіктігін бөлісердей.Батасың терең ойға,Жатасың кепБағыңа әрі сеніп, әрі сенбей.

Мінекей,Осындай шақ өтті бастан,Жандармен табыстырыпжоқ сұрасқан,Бір табыс жуып-шайып сан шығынды, Бір шаттық сенен шығып көпке ұласқан.

Page 180: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

180CC

2. Самал

Ауылым кең даланың қиырында,Көмілген пендесі ойға, үйі құмға.Байқалар бір тектілік жаны түгіл,Қойында, жылқысында, сиырында.

Өр талап өрендерін сүйер елі,Ерлері жігеріне сүйенеді.Күшігін үйрететін кішілеріҮлкенді қаппасын деп түйедегі.

Бойына сыйдырған бар әз ұғымды,Ол ауыл “Жабасақ” деп жазылынды. Көктемі – күншуақты, күзі – нәрлі,Сүйеді қысы қарды, жазы құмды.

Алады қанаттысы шыңға бағыт,Амалсыз:– Жүрмін дейсің мұнда нағып?

Page 181: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

181CC

Аяулы арманыңды ұрлап алып,Жыраққа әкетердей Жылдар ағып

Туған ел, атың ыстықбіздер үшін,Ұл-қызың ұзап кетсе – іздері шын.Сағыныш тамшысыныңАщысысың,Ең тәтті естеліктер тізбегісің.

Көліңді теңізге лайық деумен келем,Тулайды өр толқындай кеудемде өлең.Құшақтап бауырыңа бассаң болды,Алыстан алып-ұшып келгенде мен.

Page 182: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

182CC

3. Көкжиек

Алматы,Көркің әсем, даңқың биік,Дегендей келген адам қалсын сүйіп...Қарайтын әсемдіктің жан сүйсініп,Қалайсың танытпауын салқын кейіп.

Түндерде өлең өрдім саған арнап,Таңдарға тілек қосты ол ағараңдап.Төсіңде өлең қудым, Тәлім алдым, Табылды бойыңнан бар қалаған бақ.

КазГУ-де өтті сәттер таңдай қаққан,КазГУ-де тұтанды шоқ жанбай жатқан.КазГУ-де талай ару жұбын тауып,КазГУ-де сан жігітке той тойлатқан!

КазГУ бұл – бойдақтарға майдай жаққан,КазГУ бұл – тыныштықтаайқайлатқан.

Page 183: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

183CC

КазГУ бұл – шамы өшпес ешқашанда,Батып күн, атсын мейлі, таң қай жақтан.

Сұлулық бұл мекенде көп қаншама,Секілді Алатаудан соққан амал.Медеуден күліп аққан мөлдір суданЖан шөлі басылардай – жоқты аңсаған.

Шегініп бірте-бірте көктем кеші,Теңге ұстап қарашаның жетті он бесі.Шақ еді топан ақша демі біткен,Әкенің салар және жоқ теңгесі.

Нұр шашып егемендік шырақтары,Жүрекке үміт-сенім тұрақтады.Жанарың боталайтын кейде рас,Ананы сағынғанда жырақтағы.

Көп қарап көк аспанның жұлдызына,

Page 184: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сәндібек ЖҰБАНИЯЗОВ

184CC

Көп қарап қызғалдаққа, қырмызыға.Желпілдеп желік қуып жүргенімдеЕліттім елік мінез Сыр қызына.

Жібектей еркелеген ТөлегенгеЖүректі шат сезімге бөлегендеКезікті кінә артқан мезет те рас,Өзімдей құмарта алмай ол өлеңге.

Түк таппай дүкеннен доссөресі бос,Жастықты шынтақтайтын сәл есінеп.Тоюшы ек тоқашқа емес,Мақтағанға:“Ойпырмай, жігіттің бұл төресі” деп.

Замандас бірі осал, бірі мықты,Айтқызбай дәуір сырын ұғыныпты.Осалы мықтыларға ұқсап бағып,Мықтысы көрсетіпті ірілікті.

Page 185: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Сыр

185CC

Өткенді осындай бір заман бастан,Өткір-ді оның сыны ақ алмастан.Бабалар рухының жебеуімен,Жеттік біз осы күнге жоғалмастан.

Page 186: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

186CC

МАЗМҰНЫ

1-бөлім. ДАЛА

АСҚАР ТАУ МЕН АҚ БҰЛАҚ ........................................ 4СЕНДIМ, АНА... ................................................................. 7КӨКЕМЕ .............................................................................. 8АНАҒА ХАТ ........................................................................ 10АЛПЫС – ТАЛТҮС ............................................................ 12АРМАН САПАРЫНДА ...................................................... 14ТУҒАН ДАЛА ..................................................................... 17ТУҒАН ЖЕР ........................................................................ 18ТУҒАН ӨЛКЕ ..................................................................... 20ЖИЫРМА ЖЫЛДАН СОҢ ............................................... 21БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ ................................................. 23АРМАН ӘЛДИІ ................................................................... 26

Page 187: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

187CC

2-бөлім. ҚАЛА

ӨЛЕҢ-ӨМІР ........................................................................ 30АРМАН МЕН АЛМА ......................................................... 31ТҮСТЕГІ БЕЙНЕ ............................................................... 33КҮЗГЕ КЕЛІП ТІРЕЛЕР ЖАЗ АЯҒЫ ............................... 34АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢБЫРЫ .............................................. 36КӨКТЕМ ӘУЕНДЕРI ........................................................ 38НАУРЫЗДАҒЫ ТIЛЕК ....................................................... 41АНАЛАР МЕРЕКЕСІ ......................................................... 43БӘРІ ӨЗГЕРЕР .................................................................... 44ҚИЯЛ АСУЫ ....................................................................... 45МЕНДІК АРМАН... ............................................................ 46БАР ҚҰМАРЫҢ БАСЫЛАР БАРСАҢ ҒАНА ............... 48ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛЫ....................................................... 50ЕГЕМЕНДIК ........................................................................ 51ӘРІ-СӘРІ ШАҚ ................................................................... 52БҰРЫНҒЫ ӘЛЕМ ЕЛЕСІ ................................................. 56

Page 188: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

188CC

3-бөлім. ҚАСІрЕТ

АЯУЛЫМ АИЯНЫҢ РУХЫНА ........................................ 60ШОПЫР БАУЫРҒА ........................................................... 63КЕҢСАЙДА 22.05.94. ......................................................... 66БАТЫР РУХЫ .................................................................... 69ДАЛАДАҒЫ НАЛА............................................................ 71АҚЫН ӨЛДІ... ..................................................................... 72ЖАЛҚЫ ЖҰЛДЫЗ ............................................................. 74ШҰҒЫЛАЛЫ ІЗ .................................................................. 75АУРУХАНАДА ................................................................... 77ДАУРЫҚҚАН БІРЕУ... ....................................................... 79ТҮНМЕН СЫРЛАСУ ......................................................... 80

Page 189: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

189CC

4-бөлім. МАХАББАТ

БАҚ ПЕН КӨЗ ...................................................................84ӘРI КӨКТЕМ, ӘРI ГҮЛ ...................................................86ӨМІР ЖӘНЕ МАХАББАТ ................................................87БАҚ ЖҰЛДЫЗЫН АЯЛА .................................................89О, МАХАББАТ ...................................................................91МЕНІҢ АЙЫБЫМ .............................................................93ӨТКЕН КҮН .......................................................................95СЕЗІМ ЖАРҚЫЛЫ ...........................................................96БҰЛА БЕЙНЕ .....................................................................96КҮЗ ӘСЕРІ .........................................................................98ОЙ ЛӘЗЗАТЫ .....................................................................99ТҮС......................................................................................99АЖЫРАЙ БЕРДІ... .............................................................101СҮРІНШЕК ЕДІҢ... ...........................................................101СЕЗІМ СЫРЫ .....................................................................103БАЛА МАХАББАТ ............................................................105ЕРТЕГІ ШАҚ ......................................................................106ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ ..............................................................107САЙЛАУ АПА ....................................................................108АҚ ТІЛЕК ...........................................................................109ӨЗ ЖЕРІҢДЕ ГҮЛДЕШІ ...................................................111ДИНАМО ............................................................................113АЯЗДЫ АРМАН ................................................................114ҮМБЕТБАЙ АҒАҒА ..........................................................116ҚАРТТАРЫМ .....................................................................118НАҒЫЗ АҚЫН ...................................................................120ТАУ ТҰЛҒА ........................................................................121БІРАҚ ТА............................................................................123

Page 190: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

190CC

БЕСІНШІ ЖАТАҚХАНА ..................................................125АЗАМАТ АПА ....................................................................126ЖАСЫЛ ӘЛЕМ ..................................................................128ӘНШI ҚАРЫНДАСҚА ......................................................130ШЫҢДАР ...........................................................................131ДИДАРҒА ...........................................................................133БАҚЫТ ҚҰСЫ ...................................................................134БIР ҰҒЫМНЫҢ МҰҢЫ МЫҢ ........................................135ШЫНАЙЫЛЫҚ .................................................................136МӘҢГІЛІК ҚАС-ҚАҒЫМ .................................................138АРМАНЫМ – СЕН ДЕ ТОЛҒАНСАҢ... ..........................139ЖЫЛТЫРАҚ ОЙЛАР, АЛДАМА ....................................140АЙЫРЫЛЫСУ ...................................................................141ӨЗ ҚАЛПЫҢНАН ӨЗГЕРМЕ ...........................................142ҚАЙРАУ ..............................................................................143АР ТЕРГЕУІ .......................................................................144ЖЫРЫМДЫ ЖЕЛГЕ ТЫҢДАТТЫМ..............................146КӨҢІЛ ӘУЕНІ ....................................................................147СӘБИ ЖЫР ........................................................................148ҒҰМЫР МӘНІ ...................................................................149ЖАЛҒАНДЫҚ ...................................................................153АҚ АРМАНДАР КҮТЕДІ .................................................154ЕҢБЕГІҢЕ САЙ КЕЛСІН ..................................................156АРМАН-ЖЫР ....................................................................157ЖҮЗДЕСУ ...........................................................................158ЕЛЕС-ӘСЕР ........................................................................159ӨМІР СЫНАҒЫ .................................................................160ЖАҚСЫ АҒА .....................................................................161АРМАН ҚУСАҢ... ............................................................163ТАЗА БОЛ ...........................................................................165

Page 191: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

ҮМІТ ҮЗБЕЙ ЖҮРЕЙІК ...................................................166СЕЗІМ ДАУЫЛЫ ...............................................................167ӨСПЕЙТІН ҰЛ ..................................................................168СӨЗ УЫТЫ .........................................................................169ЖЫЛЫЛЫҒЫҢ –ҰЛЫЛЫҒЫҢ ......................................170КӨЗ АЛАРТПА ӨЗГЕ БАҚҚА .........................................172ИІРІМДЕР ...........................................................................174

ӨЛАРА ӨРЕНІ (микро поэма) ..........................................1761.Топырақ ............................................................................1762.Самал ................................................................................1803.Көкжиек ...........................................................................182

Page 192: Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7125.pdfСндібек ЖБАНИЯЗОВ c 2 c Жұбаниязов С. Сыр. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 2014.–

Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.Е-mail: [email protected]

ИБ № 7303

Теруге 25.07.2014 жiберiлдi. Басуға 15.09.2014 қол қойылды. Қа лы бы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New Ro-man». Бас па табағы 12,0. Шартты баспа табағы 10,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № .

Редакторы Әсем БайТехникалық редакторы 3айра Бошанова

Көркемдеушi редакторы Нұрлан ТазабековКомпьютерде беттеген Дилярам Мансурова

Сәндiбек ЖҰБАНИЯЗОВ

С ы р

Өлеңдер