ертегілер әлемі қонақ doc

5
Тақырыбы "Ертегілер әлемі қонақта" (бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыруға арналған дамыту-түзету сабағы) Медеуова Эльмира Құдайбергенқызы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №279 мектептің педагог-психологы Мақсаты: ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, қолдың, саусақтың буындарын дамыту. Түрі: дамыту-түзету сабақ Көрнекіліктер: алдын-ала дайындалып, қиылған суреттер, гүлдің суреті, үлестірмелер т.б. Пайдаланылған әдістер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап. Барысы: 1.Психодинамикалық жаттығу "Көз ауруының алдын алу" Көзімізбен 6 жапырағы бар гүлді сағаттың тілімен және сағатқа қарсы саламыз. 2. Жаттығу "Тыныс алу жаттығуы" Оқушылар отырып, жатып терең мұрнымен дем алады және ауаны аузымен шығарғанда шапалақтайды: "Көтереміз (3 шапалақ), ауаны ұстап тұрамыз (3 шапалақ), ауаны шығарамыз (3 шапалақ), ұстап тұрамыз (3 шапалақ)". Оқушы терең дем алғанда оң қолы мен оң аяғын көтереді де, тынысымызды ұстап тұрғанда, аяқ-қолын да ұстап тұрады. Ауаны сыртқа шығарғаннан кейін аяқ-қолын жібереді. Келесі дем алғанда сол аяғы мен сол қолын көтереді, алдындағыдай етіп жасайды. Жаттығу 5-8рет жасалады.

Upload: oquzaman

Post on 05-Apr-2017

85 views

Category:

Education


1 download

TRANSCRIPT

Тақырыбы "Ертегілер әлемі қонақта"(бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін

арттыруға арналған дамыту-түзету сабағы)

Медеуова Эльмира ҚұдайбергенқызыҚызылорда облысыҚармақшы ауданы

Ақай ауылы №279 мектептің педагог-психологыМақсаты: ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, қолдың, саусақтың буындарын дамыту.Түрі: дамыту-түзету сабақКөрнекіліктер: алдын-ала дайындалып, қиылған суреттер, гүлдің суреті, үлестірмелер т.б. Пайдаланылған әдістер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.Барысы: 1.Психодинамикалық жаттығу "Көз ауруының алдын алу"Көзімізбен 6 жапырағы бар гүлді сағаттың тілімен және сағатқа қарсы саламыз.

2. Жаттығу "Тыныс алу жаттығуы"

Оқушылар отырып, жатып терең мұрнымен дем алады және ауаны аузымен шығарғанда шапалақтайды: "Көтереміз (3 шапалақ), ауаны ұстап тұрамыз (3 шапалақ), ауаны шығарамыз (3 шапалақ), ұстап тұрамыз (3 шапалақ)". Оқушы терең дем алғанда оң қолы мен оң аяғын көтереді де, тынысымызды ұстап тұрғанда, аяқ-қолын да ұстап тұрады. Ауаны сыртқа шығарғаннан кейін аяқ-қолын жібереді. Келесі дем алғанда сол аяғы мен сол қолын көтереді, алдындағыдай етіп жасайды. Жаттығу 5-8рет жасалады.

3. Жаттығу "Суреттің жартысын сал"

Қағаздағы суретте жолбарыстың жартысы салынған. Толық сурет шығу үшін суретті аяқтап салу керек.

4. Жаттығу "Шатасқан сызықтар"

Үлестірмедегі міндетті түрде дөңгелекті оң жақтан табу керек, сол жақта да сондай сурет салынған. Сызықтар бойынша оң жақтағы дөңгелек сол жағындағы дөңгелекпен сәйкес келуі керек.

5. Жаттығу "Қателескен мұғалім"

Шарты: Мұғалім бір мәтінді оқиды. Мәтінді оқып тұрғанда әдейі қателесіп оқиды. Ал оқушылар сол қателерді тауып, жөндеулері керек. Бұған толық мәтінді де алуға болады.

6. Жаттығу "Ертегінің соңын өзгерт"

Шарты: Оқушы әйтеуір бір ертегідегі суретті салып отырғанда, ертегінің аяқталатынын басқаша ойлап, сосын айтып беруі керек.

7. Жаттығу "Суретті жалғастыр да, ертегінің кейіпкерін айт"

8. Жаттығу "Графикалық диктант"

Жаттығуды орыдап болғаннан кейін қандай сурет шыққанын айтады. (ит)

Менің айтуым бойынша графикалық тапсырманы орында.1 тор көз оңға, 1 тор көз жоғары, 1 тор көз оңға, 1 тор көз төмен, 1 тор көз солға, 3 тор көз төмен, 1 тор көз оңға, 2 тор көз жоғары, 1 тор көз оңға, 1тор көз жоғары, 1 тор көз оңға, 2 тор көз жоғары,3 тор көз оңға, 1 тор көз төмен, 1тор көз оңға, 1 тор көз төмен, 2 тор көз солға, 2 тор көз төмен, 1 тор көз оңға, 3 тор көз төмен, 1 тор көз оңға, 1 тор көз төмен, 1тор көз солға, 1 тор көз жоғары, 1 тор көз солға, 1 тор көз төмен, 2 тор көз солға, 2 тор көз жоғары, 1 тор көз солға, 2 тор көз төмен, 3 тор көз солға, 1 тор көз жоғары, 1 тор көз солға, 3 тор көз жоғары.

(ит)

9. Жаттығу "Суреттегі айырмашылықтарды тап"

      

10. Қорытынды.

Сабақты қорытындылау. Оқушылар сабақта не ұнады, не есінде қалғанын айтады. Рефлексия.

Қызылорда облысыҚармақшы ауданы

Ақай ауылы№279 орта мектебі

«Ертегілер әлемі қонақта»

(бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыруға арналған дамыту-түзету сабағы)

Өткізуші: Э.К.Медеуова. (педагог-психолог)