ТАЛАП ҚОЮ Сi 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ i С ЖҮРГ iЗУ...

203
ТАЛАП ҚОЮ IСI 1-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН ЖҮЙЕСI § 1. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының ұғымы, тақырыбы мен əдiсi Теорияда құқықтың барлық салалары материалды (рет-телушi) жəне iс жүргiзушiлiк болып екiге бөлiнедi. Құқықтың iс жүргiзу салаларына азаматтық iс жүргiзу құқығы, қылмыстық iс жүргiзу құқығы, əкiмшiлiк iс жүргiзу құқығы жатады. Азаматтық iс жүргiзу құқығы бұл азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiне жiберу кезiндегi сот пен iске қатысушылар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтiн iс жүргiзу нормаларының белгiлi бiр жүйеде орналасқан жиынтығынан тұратын құқық саласы. Азаматтық iстер бойынша процеске қатысушылардың əрқайсына азаматтық iс жүргiзу құқық нормаларымен iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi бекiтiлген. Мысалы, сот өзiнiң жүргiзетiн iстерiн қарауға жəне шешуге құқылы. Ол мемлекет алдында сотты əдiл жүргiзуге мiндеттi. Сот процестiң өзге қатысушыларына бұйрықпен өкiлеттiк етедi. Сонымен бiрге iске қатысушылардың жəне процестiң өзге де қатысушыларының құқықтарын қатаң сақтауға мiндеттi. Азаматтар мен ұйымдар процеске қатысуға, өтiнiм беруге, өз талаптарының негiздерiн дəлелдеуге, соттың шешкен шешiмiне шағымдануға, шешiмнiң орындалуына қатысуға құқылы. Оларға iс жүргiзу кешендерiмен қатар мынадай iс жүргiзу мiндеттерi де жүктелген: өздерiнiң iс жүргiзу құқықтарын адал пайдалану, сот шығындарын төлеу, соттың шақыруларына келу, дəлелдемелердi ұсыну. Процестiң қандай да бiр қатушысының əрбiр iс жүргiзу əрекетi олардың iс жүргiзу құқықтарын жүзеге асыру мен заңда қарастырылған мiндеттерiн атқару нəтижесi болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу курсын оқу пəнi ретiнде игермес бұрын «азаматтық iс жүргiзу құқығының тақырыбы мен əдiсi», «азаматтық iс жүргiзу құқығы», «азаматтық iс», «азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымы жəне оның объектiсi», «азаматтық iс жүйесi», «iс кезеңдержəне т.б. сияқты негiзгi бастапқы ұғымдар туралы түсiнiгiң болуы керек. Азаматтық iс жүргiзу құқығының нормалары сот процесiнiң бүкiл барысын анықтайды, əрбiр субъект үшiн тиiстi жəне мүмкiн шекте азаматтық iс жүргiзу қарым-қатынастарын бекiтедi. Азаматтық iс жүргiзу құқық нормаларын құқықтық реттеу объектiсiне азаматтық iстер бойынша сот iсi саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар жатады.

Upload: others

Post on 03-Jul-2020

13 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ТАЛАП ҚОЮ IСI

1-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ

ТАҚЫРЫБЫ МЕН ЖҮЙЕСI

§ 1. Азаматтық iс жүргiзу құқығы

ғылымының ұғымы, тақырыбы мен əдiсi

Теорияда құқықтың барлық салалары материалды (рет-телушi) жəне iс жүргiзушiлiк болып екiге бөлiнедi. Құқықтың iс жүргiзу салаларына азаматтық iс жүргiзу құқығы, қылмыстық iс жүргiзу құқығы, əкiмшiлiк iс жүргiзу құқығы жатады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы – бұл азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiне жiберу кезiндегi сот пен iске қатысушылар арасындағы қоғамдық

қарым-қатынастарды реттейтiн iс жүргiзу нормаларының белгiлi бiр жүйеде орналасқан жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Азаматтық iстер бойынша процеске қатысушылардың əрқайсына азаматтық iс жүргiзу құқық нормаларымен iс жүргiзу құқықтары мен

мiндеттерi бекiтiлген. Мысалы, сот өзiнiң жүргiзетiн iстерiн қарауға жəне шешуге құқылы. Ол мемлекет алдында сотты əдiл жүргiзуге мiндеттi. Сот процестiң өзге қатысушыларына бұйрықпен өкiлеттiк етедi. Сонымен бiрге iске қатысушылардың жəне процестiң өзге де қатысушыларының

құқықтарын қатаң сақтауға мiндеттi. Азаматтар мен ұйымдар процеске қатысуға, өтiнiм беруге, өз

талаптарының негiздерiн дəлелдеуге, соттың шешкен шешiмiне шағымдануға, шешiмнiң орындалуына қатысуға құқылы. Оларға iс жүргiзу

кешендерiмен қатар мынадай iс жүргiзу мiндеттерi де жүктелген: өздерiнiң iс жүргiзу құқықтарын адал пайдалану, сот шығындарын төлеу, соттың

шақыруларына келу, дəлелдемелердi ұсыну. Процестiң қандай да бiр

қатушысының əрбiр iс жүргiзу əрекетi олардың iс жүргiзу құқықтарын

жүзеге асыру мен заңда қарастырылған мiндеттерiн атқару нəтижесi болып

табылады. Азаматтық iс жүргiзу курсын оқу пəнi ретiнде игермес бұрын

«азаматтық iс жүргiзу құқығының тақырыбы мен əдiсi», «азаматтық iс жүргiзу құқығы», «азаматтық iс», «азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымы

жəне оның объектiсi», «азаматтық iс жүйесi», «iс кезеңдерi» жəне т.б. сияқты

негiзгi бастапқы ұғымдар туралы түсiнiгiң болуы керек.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының нормалары сот процесiнiң бүкiл

барысын анықтайды, əрбiр субъект үшiн тиiстi жəне мүмкiн шекте азаматтық

iс жүргiзу қарым-қатынастарын бекiтедi.

Азаматтық iс жүргiзу құқық нормаларын құқықтық реттеу объектiсiне азаматтық iстер бойынша сот iсi саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар

жатады.

Page 2: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Азаматтық iс тақырыбы мен азаматтық iс жүргiзу құқығының тақырыбын

ажырата бiлу керек. Белгiлi бiр iс жүргiзу нысанында əдiл сотты жүзеге асыратын сот қызметi ретiндегi азаматтық iс тақырыбына нақты азаматтық

iстер жатады. Құқықтық сала ретiндегi азаматтық iс жүргiзу құқығының

тақырыбына азаматтық iстiң өзi жатады, яғни соттың жəне басқа қатысушылардың iс-əрекетi, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын

органдардың белгiлi бiр деңгейдегi қызметi. Азаматтық iс жүргiзу құқық теориясында азаматтық iс тақырыбы мен

азаматтық iс жүргiзу құқығы тақырыбына қатысты өзге көзқарас айтылған.

Азаматтық құқықты қорғауды тек сот қана емес, өзге де органдар жүзеге асыратыны ескертiлген. Осыған байланысты кейбiр ғалымдар мемлекеттiк

органдар мен қоғамдық ұйымдардың құқық жəне құқықты қорғау туралы

дау-дамайларды шешу бойынша қызметiн азаматтық iс деп санау қажет деген

тұжырымға келдi. Мемлекеттiң барлық органдары мен аталған тұжырымдама бойынша құқық қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қызмет тəртiптерiн

реттейтiн құқық нормаларының жиынтығын азаматтық iс жүргiзу

құқықтарының бiр саласы деп қарау керек. Басқа ғалымдар бұл

тұжырымдармен келiспейдi. Олар азаматтық iстi əдiл сотты жүзеге асыратын

жалпы əдiлеттi соттардың қызмет нысаны деп есептейдi. Бұл нысан тек

соттарға ғана айрықша тəн. Сот қорғауын құқық қорғаудың өзге де нысандарымен теңестiруге болмайды деген пiкiрмен келiсу керек.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының əдiсi. Азаматтық iс жүргiзу құқығы

қоғамдық қарым-қатынастарды диспозициялы-рұхсатты əдiспен реттеп

отырады. Бұл азаматтық iстердi тудыру соттың емес, мүдделi адамдардың

бастамасы екендiгiн бiлдiредi. Сот өз бастамасы бойынша азаматтық iс қозғамайды. Сот актiлерiне шағымдану жəне олардың орындалуы əдетте мүдделi iс жүргiзуге құқылы субъектiлердiң ерiк бiлдiрулерiне байланысты.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы нормаларының көпшiлiгi тыйым салынатын

емес, рұқсат етiлетiн сипатқа ие. Процеске қатысушылар iс жүргiзу

нормаларында қарастырылып, рұқсат етiлген өздерiне қатысты бiр iс жүргiзушiлiк əрекетпен айналыса алады.

Қоғамның қазiргi заманғы даму кезеңiнде азаматтық iс жүргiзу құқығы

нормаларының мүлтiксiздiгi мен даму деңгейi оларды дəл сақтаған жағдайда қолдану кезiнде соттардың əдiлсоттылық мiндеттерiн орындауын анықтайды.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымы құқықтық бiлiмдердiң терең

салаларының қатарына жатады. Оның мəнi азаматтық iстер бойынша əдiлсоттылықты жүзеге асыру барысындағы азаматтық iс жүргiзу құқығының

жауапты рөлiмен анықталады.

Жалпы сот iстерiн жүргiзуге құқықты соттарда сот өкiмi азаматтық жəне қылмыстық сот iсi арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда азаматтық сот iсi тəртiбiмен азаматтық iстердiң көпшiлiгi қарастырылады жəне оған рұхсат етiледi. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, азаматтық, отбасылық, тұрғын

Page 3: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

үй, жер жəне өзге құқықтары мен бостандықтарының өзге заңдарында бекiтiлген қорғау мен күзет туралы iстер бар.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы – азаматтық iстер бойынша əдiлсоттылықты жүзеге асыру барысында процеске қатысушылар мен жалпы

сот iстерiн жүргiзуге құқылы соттың арасында туындайтын қоғамдық қарым-

қатынастарды реттейтiн нормалар жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы (процесс) ғылымы азаматтық iстердi

қарастыру мен əдiлсот органы ретiнде сотқа жүктелген мiндеттердi орындау

кезiндегi соттардың iс-əрекеттерiндегi қоғамдық қарым-қатынастарды

зерттейдi. Ол iс жүргiзу нормаларын тəжiрибеде қолданумен байланыстыра зерттейдi жəне азаматтық-құқықтық даулардың туу себептерiн талдайды

жəне соттардағы iстердiң сот тəжiрибелерiн жинақтап қорытынды-

лайды.

Сондықтан да азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының объектiсiне құқық саласы мен жалпы сот iстерiн жүргiзуге құқылы соттарда əдiлсоттылықты жiберу кезiнде туындаған қоғамдық қарым-қатынастар

ретiндегi азаматтық iс жүргiзу құқығының өзi жатады.

Сонымен бiрге азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының тақырыбына азаматтық iс жүргiзу құқығы теориясының мəселелерi мен тарихы жатады.

Сот теориясы мен тəжiрибесiн зерттеу кезiнде қолданыстағы заңның сол

не өзге кемшiлiктерi немесе ақтаңдақтары табылады. Осыған байланысты

азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының алдында қолданыстағы заңды

жетiлдiру мен азаматтық-құқықтық даулардың алдын алу бойынша негiзделген болжамдарды жасау мiндеттерi тұрады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының дереккөздерi. Азаматтық iс жүргiзу

құқығының дерек көздерiне заңдылық актiлерi мен азаматтық сот iсiн

реттейтiн қандай да бiр дəрежедегi азаматтық iс жүргiзу нормалары бар

Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келiсiмшарттар жатады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының дерек көздерiнiң ортасы, яғни iс жүргiзу

нормаларынан тұратын нормативтi актiлер барынша кең жəне алуан түрлi.

Танымдылық мақсатта азаматтық iс жүргiзу құқығының дерек көздерi

нормативтi актiнiң iс жүргiзу құқығы нормаларынан тұратын, заңды

мағынасына қарай нақтылы «пирамида» құра отырып, дереккөздерiн белгiлi

бiр топтарға бiрiктiредi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы – бұл жiктелушi құқық. Кез келген құқық

саласының негiзi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының жiктелушi

азаматтық iс жүргiзу құқығының негiзi болып Қазақстан Республикасының

Конституциясы табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы

жоғарғы заңды күшке ие жəне Республиканың барлық аумағына тiкелей əсер

етедi (4-бап), сот өкiмi туралы негiзгi ережелерден, оның қызмет қағидаттарынан тұрады жəне сот тəжiрибесiнде қолданудың тiкелей дерек

көзi болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы барынша жалпы сипатқа ие мынадай бекiтiлген нормалардан тұрады:

Page 4: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– сот жүйесiн ұйымдастыру, əдiлсоттылықтың ұйымдастырушылық жəне кейбiр қызмет принциптерi (VII бөлiм. Соттар мен əдiлсоттылық);

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау құқықтары,

мамандандырылған заңды көмек алу құқығы (13-бап); заң мен сот алдында барлық адамның теңдiгi (14-бап) жəне басқалары.

Қазақстан Республикасының Конституциясынан кейiн заңды мағынасы

мен маңыздылығына қарай «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен

судьяларының мəртебесi туралы», «Прокуратура туралы» жəне соттардың

құрылымы, олардың жүйелерi, соттардың мəртебесi, процесс бағытының

тəртiбi мен негiзгi қағидаттарына қатысты конституциялық ережелердiң

бөлiмдерiн жеке-жеке қарастыратын нормаларды бекiтетiн өзге де заңдар

тұрады.

Азаматтық iстер бойынша процестi жiберудiң нақты регламентациясы

Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде жазылған.

Азаматтық iс жүргiзу кодексi азаматтық iс жүргiзу құқығының дерек

көздерiнiң iшiндегi ең негiзгi заң актiсi болып табылады жəне оқу курсының

барлық тақырыптары бойынша зерттеу нысаны болып табылады. Онда көп

жағдайда азаматтық процестiң негiздерi жеке-жеке регламенттеледi,

ведомстволық бағыныштылық пен сотқа қатысты ережелер, азаматтық iстер

бойынша қатысушылар құрамы, дəлелдемелер, сот талқылауының тəртiбi,

сот актiлерiнiң шешiмдерi мен шағымдарын шығару анықталады.

1999жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолданысқа енгiзiлген Азаматтық iс жүргiзу кодексi бес бөлiмнен, 45 тараудан жəне 426 баптардан тұрады. I

бөлiм Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзудiң жалпы

ережелерiн бекiтедi. II бөлiм бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзудiң негiзгi болып табылады, сонымен бiрге мынадай бөлiмшелерден тұрады: 1) бұйрық

арқылы iс жүргiзу, 2) талап қою бойынша iс жүргiзу 3) ерекше талап қоюмен

iс жүргiзу.

III бөлiм заңды күшiне енбеген сот актiлерiн қайта қарайтын екiншi

сатыдағы сот iсiн жүргiзудiң жəне қадағалау тəртiбiндегi iс жүргiзу тəртiбiн

бекiтедi.

IV бөлiм жойылған сот iсiнiң немесе атқару iсiнiң мəсе-лелерiн реттейдi.

V бөлiм халықаралық процесс, шетелдiк тұлғалар қатысатын iстер

бойынша iс жүргiзу, мұнда төрелiк шешiмдерiне шағым жасау туралы iстер

бойынша iс жүргiзу жайында тарау бар.

ҚР АIЖК азаматтық процестiң мiндеттерi мен қағидаттарын анықтайтын

нормалардан, жалпы бөлiмнiң ережелерiнен, сондай-ақ сот пен сот iсiнiң

өзге қатысушыларының iс-əрекет-терiнiң қозғалысын бiлдiретiн толық та нақты iс жүргiзушiлiк регламенттерiнен тұратындықтан азаматтық iс жүргiзу

құқығы нормаларының дерек көзi болып табылады;

Азаматтық iстердiң ерекше, жеке санаттарын реттейтiн iс жүргiзу

нормаларының дерек көздерi материалды (регулятивтi) құқық актiлерiнде, көп жағдайда төмендегi заң салаларында болады:

Page 5: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– Азаматтық кодексте, «Салықтар мен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодек-сiнде, көп жағдайда «Мемлекеттiк баж салығы туралы», «Халықаралық коммерциялық төрелiк

туралы», «Неке мен отбасы туралы» Заңда, «Қазақстан Республикасының

дауларды шешетiн соттар туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының

Еңбек кодексiнде, «Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексте жəне өзге де бөлiмдерде.

Құқықтың дерек көздерiне оның құқықтық құрамдас бөлiгi болып

табылатын азаматтық процесс мəселелерi бойынша халықаралық келiсiмдер

мен келiсiмшарттар жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-

бабының 3-тармағына сəйкес «Қазақстан Республикасы бекiткен

халықаралық келiсiм-шарттар оның заңдарының алдында артықшылықтарға ие жəне халықаралық келiсiмшартты қолдану үшiн оған заң шығару қажет болған жағдайдан өзгелерiнде тiкелей қолданылады.

Қазақстан Республикасының құқық жүйесiнiң түзiлуiне құқықтың дерек

көзi ретiнде «Адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарды қорғау туралы»

Келiсiм, «Азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық iстер бойынша құқықтық

көмек пен құқықтық қарым-қатынастар туралы» Келiсiм жəне өзге де ережелер үлкен əсер еттi.

ҚР АIЖК-нiң 2-бабына сəйкес талап қою жəне талап қоюға жатпайтын

iстердi қарау мен шешу кезiндегi азаматтық iс жүргiзу заңдылығының

дереккөзi азаматтық iс жүргiзу туралы заң, яғни ҚР АIЖК болып

табылатындықтан азаматтық iс жүргiзу құқығының дереккөздерi ретiндегi мемлекет органдар шығарған заң актiлерiнiң рөлi шамалы.

Мемлекеттiк органдар шығарған актiлер оларды қабылдау ҚР АIЖК-нiң

тiкелей нұсқауымен байланысты болған жеке жағдайларда қабылдануы

мүмкiн.

Қазiргi уақытта құқықтың дерек көздерiне Қазақстан Республикасының

Жоғарғы Сотының сот тəжiрибесiн, соттардың нақты iстердi қарау туралы

қабылдаған қаулыларын жатқызуға болады.

Сондықтан да азаматтық iс жүргiзу құқығының дерек көздерiне Қазақстан

Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Сот жүйесi мен судьяларының мəртебесi туралы» жəне өзге де заңдар, Қазақстан

Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi жатады, қалған мемлекеттiк

органдар шығарған заңды актiлер азаматтық iс жүргiзуде маңызды емес. Азаматтық iс жүргiзу заңының уақыт жағынан қолдануы

(ҚР АIЖК, 4-бап). Егер де заңның өзiнде бұл туралы арнайы айтылмаса, жалпы ереже бойынша қайта шығарылған заңның керi күшi болмайды.

Азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар саласында бұл соттың материалды-

құқықтық қарым-қатынасты қарауы кезiнде, тiптi iстi сот қарап жатқан кезде заңның күшi жойылған немесе өзгертiлген болса да күшiне енген заң

қолданылады дегендi бiлдiредi.

Процестiң туындаған кезiнде қандай заң қолданыста болғанына қарамастан сот iс жүргiзу əрекетiн жүргiзу барысындағы күшiне енген iс

Page 6: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жүргiзу заңын қолдануы тиiс. Сонымен бiрiншi сатыдағы сотта қаралып

жатқан iс қайта қарау немесе қадағалау сатысында егер де ол күшiне енген

болса, жаңа iс жүргiзу заңының тəртiбi бойынша шешiледi.

Азаматтық iстер бойынша сот iсi iс қаралып жатқан уақытта, жеке iс жүргiзу əрекеттерi жүрiп жатқан кезде немесе сот шешiмiнiң орындалуы

кезiнде күшiнде болған азаматтық iс жүргiзу заңы бойынша жүргiзiледi.

Бұл ескi iс жүргiзу нормасы күшiнде болған кездегi дауларды шешудегi жаңа iс жүргiзу нормасын тарату туралы маңызды ереже ескiге қарағанда жаңа iс жүргiзу нормасының дауды дұрыс шешетiнiне негiзделедi.

Iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолдануы. Азаматтық iстер бойынша Қазақстан Республикасы соттарында сот iсiн жүргiзу тəртiбiн Қазақстан

Республикасының Конституциясы, «Сот құрылымы туралы» ҚР Заңы,

Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi жəне өзге де қабылданған заңдар анықтайды. Барлық соттар Қазақстан Республикасының

аумағында күшiне енген бiртұтас iс жүргiзу заңдылықтарын қолданады.

§ 2. Азаматтық iс жүргiзу құқығының жүйесi

Азаматтық iс жүргiзу құқығы екi бөлiмнен тұрады: Жалпы жəне Ерекше. Қазақстан Республикасының Азаматтық iстi жүргiзу құқығының Жалпы

бөлiмi процестiң барлық сатысындағы сот iсiнiң барынша жалпы жай-

жапсарын реттейтiн нормалар мен құқықтық институттарды бiрiктiредi.

Мазмұны бойынша жалпы бөлiм төмендегi институттардан тұрады:

1) жалпы ережелер, азаматтық iс жүргiзу заңдылығы;

2) азаматтық сот iсiн жүргiзу мiндеттерi мен қағидаттары;

3) ведомстволық бағыныштылық пен соттылық;

4) азаматтық iс жүргiзу құқығына қабiлеттi жəне iс-əрекетке қабiлеттi iске қатысушы тұлғалар құрамы;

5) сотта өкiлдiк ету;

6) дəлелдемелер мен дəлелдеу;

7) сот шығындары;

8) мəжбүрлеу шаралары;

9) iс жүргiзу мерзiмдерi;

10) сот хабарламалары мен шақырулары.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының Ерекше бөлiмi арнайы институттарды

бiрiктiретiн нормалардан тұрады. Арнайы институттар iс жүргiзушiлiк

қарым-қатынастарының белгiлi бiр түрлерiн анықтайды. Мұндай арнайы

институттардың саны бесеу – санына қарай азаматтық процестiң сатысы да бесеу:

1) бiрiншi сатыдағы сот iсi; 2) шағымдану сатысындағы сот iсi;

Page 7: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

3) қадағалау сатысындағы сот iсi; 4) қайта ашылған мəн-жайлар бойынша сот актiлерiн қайта қарау;

5) орындалу iсi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының өзге құқық салаларымен байланысы.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы мынадай көптеген құқық салаларымен тығыз байланысты:

– мемлекеттiк құқық (конституциялық құқық, сот құрылымы жəне басқалары);

– материалды құқық (қылмыстық, азаматтық əкiмшiлiк, еңбек, отбасылық,

салықтық, қаржылық, халықаралық құқық);

– iс жүргiзу құқығы (азаматтық, қылмыстық жəне əкiмшiлiк процестер).

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген сот өкiметi органдарының қызметiн ұйымдастырудың негiзгi қағидаттары азаматтық iс жүргiзу мен конституциялық құқықтан алынады. Конституциялық құқық

нормаларының негiзiнде азаматтық сот iсiнiң iс жүргiзушiлiк-құқықтығы

реттелiп отыратындықтан, ол азаматтық iс жүргiзу құқығының негiзiн

қалаушы болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының

Конституциясында бекiтiлген сот өкiмiнiң болуы сот шешiмiне заңды күш

беретiн шарттардың бiрi болып табылады. Сондықтан да, конституциялық

құқық пен азаматтардың бостандығы бұзылған жағдайда ол азаматтық iс жүргiзу құралдарымен сотта қорғалудың нақты көрiнiсi болып табылады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы қылмыстық iс жүргiзу құқығымен тығыз байланысты. Бұл байланыс əдiлсотты жүзеге асырудың жалпы

қағидаттарынан, ведомстволық бағыныштылық институттарынан жəне iстердi қараудың соттылығынан, дəлелдеу тақырыбы мен процестiң

ерекшелiктерiнен, мəжбүрлеудiң жалпы шараларынан жəне басқаларынан

көрiнедi.

Iс жүргiзу құқықтарымен ұқсас құқық салалары жалпыға ортақ белгi –

əдiлсоттылықты жүзеге асырумен сипатталады. Осыдан барып материалды

құқықтың (азаматтық, отбасылық, еңбек жəне де құқықтың өзге салаларының) материалды жəне iс жүргiзу құқығымен тығыз байланысты

азаматтық iс жүргiзу құқығымен тығыз байланысты екендiгi шығады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы мен қылмыстық құқық та өзара тығыз байланысты. Бұл ретте олардың ең басты айырмашылығы – сот қызметiнiң

тақырыбында (азаматтық-құқықтық дау немесе қылмыстық қылмыс). Азаматтық процестiң кейбiр нормалары жалған жауап бергенi үшiн жауапқа тартылатындығы туралы кiсiге ескерту мəселелерi жəне қылмысты-құқықтық

санкцияларды қолдану жағынан қылмыстық құқық нормаларымен ұқсас. Бiр-бiрiмен негiзгi қағидаттары мен институттарының тым ұқсас жəне

теңдiктерi жағынан тығыз байланысты сипат əсiресе азаматтық iс жүргiзу

мен қылмыстық iс жүргiзу құқықтары арасында байқалады. Мысалы,

заңдылық, заң мен сот алдында азаматтардың теңдiгi, тараптардың

бəсекелестiгi мен тең құқықтығы, сот iсiнiң тiлi жəне басқалары аталған

құқық салаларына тəн.

Page 8: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Қылмыстық процестiң азаматтық процеспен байланысы iс бойынша үкiм

шығарар кездегi материалдық шығынды, сот шығындарын ж.т.б. өндiру

туралы мəселелер бiр мезгiлде шешiлуi мүмкiн сол мəн-жайды айтады.

Азаматтық процесс те, материалды-құқықтық сипаттағы өзге өркениеттi сала да бiр-бiрiмен тығыз байланыссыз болуы мүмкiн емес екендiгiн айта кеткен жөн. Азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге қарым-қатынастарды

реттейтiн нормалар оларды бұзған жағдайда азаматтық iс жүргiзу құқығын

қолданбай өздiгiнен жүзеге асуы мүлде мүмкiн емес. Сонымен қатар, төрелiк, куəландыру жəне орындау iсi көптеген жалпы

қағидаттар мен белгiлер бойынша бiр-бiрiмен тығыз байланысты жəне азаматтық iс жүргiзу құқығына ұқсастықтары бар.

§ 4. Азаматтық құқықты сотта қорғаудың əдiстерi мен түрлерi

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары өзге тараптар жағынан бұзылған

жағдайда, сондай-ақ келешекте құқықтың бұзылуына қоқан-лоққы жасалған

жағдайда жəне де бұзылған құқықты өз еркiмен қалпына келтiрмесе онда белгiлi бiр қорғау шараларын қолдануға тура келедi – мiндеттi тарапқа қатысты құқықты қорғау əдiстерi.

Құқықты қорғау əдiсi – материалды (реттелушi) құқық санаты. Құқықты

қорғау əдiстерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (9-бап)

берiлген. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот мынадай жолдармен жүзеге асырады:

– құқықты мойындау;

– құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру жəне оны бұзудың

немесе бұзуға қоқан-лоқы жасау əрекеттерiнiң алдын алу;

– шын мəнiнде мiндеттердi орындауға үкiм шығару;

– шығындарды, тұрақсыздықты өндiру, келiсiмдi жарамсыз деп тану;

– моральдық шығынды өтеу;

– құқықтық қарым-қатынастарды, түкке тұрмайтын келiсiмнiң

жарамсыздық салдарын қолдануды тоқтату немесе өзгерту;

– мемлекеттiк органның немесе жергiлiктi басқару органының актiсiн

жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану.

Құқықты қорғау түрлерi. «Құқықты қорғау əдiсi» түсiнiгiнен «құқықты

қорғау түрiнiң» айырмашылығы бар. Құқықты қорғау түрi – бұл iс жүргiзу

сипатының санаты. Құқықты қорғау түрi құзырлы органдардың заңмен

анықталған құқықты қорғаудағы iс-əрекеттерi, яғни нақты мəн-жайларды

анықтау, құқық нормаларын қолдану, құқықты қорғау түрiн анықтау жəне шешiм шығару болып табылады. Құқық қорғаудың заңда көрсетiлген

түрлерiн қолдану, яғни құқық бұзушыға белгiлi бiр мəжбүрлеу шаралары

құқық қорғаудың бiр түрiмен емес, бiрнеше түрiмен жүзеге асырылады.

Құқық қорғау түрлерiнiң алуан түрлiлiгi бiрқатар мынадай факторлармен

– тиiстi құқықты қорғау немесе сақтаудың ерекшелiгiмен, құқықтық қарым-

қатынасты мойындаудың күрделiлiгiмен немесе керiсiнше

Page 9: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қарапайымдылығымен, қоғамдағы демократиялық процестердiң даму

деңгейiмен, құқықтық дəстүрлермен түсiндiрiледi.

Бұзылған немесе жоққа шығарылған азаматтық құқықты қорғауды iс жүргiзу заңдылықтарында бекiтiлген ведомствалық бағыныштылыққа сəйкес жалпы сот, экономикалық сот, аралық сот жүзеге асырады.

Даусыз құқықты жəне заңмен сақталатын мүдделердi қорғау мен сақтау

қызметтерiн нотариустер мен нотариалдық iс-əрекеттердi атқаруға құқықтары бар өзге де лауазымды тұлғалар атқарады. Сонымен нотариустер

келiсiмдердi куəлəндырады, мұрагерлiк мүлiктi сақтауға шаралар қолданады,

мұрагерлiкке құқық, жұбайлардың мүлкiндегi үлес құқығы туралы

куəлiктерiн бередi.

Еңбек дауларының бiрқатары құқықтық дау-жанжал туындаған жерде тiкелей еңбек даулары бойынша құрылған комиссия (ЕҚК) қарайды, ал

коллективтi дауларды бiтiмгер комиссия қарайды.

Құқықты қорғау түрлерiнiң iшiнде азаматтық iс жүргiзу құқығы

нормаларымен бүге-шiгесiне дейiн реттелген, жан-жақты тарихи

қалыптасқан сотта қорғау түрi жетекшi рөл атқарады. Ол заңды дұрыс қолдануға, нақты құқықтар мен тараптардың мiндеттерiн анықтауға сенiмдi

кепiлмен қамтамасыз етедi.

Адамның бұзылған құқығын сот арқылы қорғау барынша тиiмдi, əрi

өркениеттi. Соттардың қызметi ең алдымен азаматтардың, сонымен бiрге белгiлi бiр

шектегi ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған

құқықты қорғаудың демократиялық түрi болып табылады.

Сот жүзiнде қорғалу құқығы – бұл конституциялық құқық. Əркiмге құқығы мен бостандығын сот жүзiнде қорғауға кепiл берiлген, – деп үнделген

Қазақстан Республикасының Конституциясында (2-тарау, 13-бап). Ешкiм де өз мүлкiнен айрылуға тиiстi емес, болмаса сот шешiмi бойынша (ҚР

Конституциясы 2-тарау, 26-бап).

Азаматтық құқықты қорғау кезiнде сот өкiмiн азаматтық сот iсiн жүргiзу

арқылы сот жүзеге асырады.

§ 5. Азаматтық сот iсiнiң сатылары

Əрбiр iс бойынша азаматтық сот iсi басталады жəне процестiң сатылары

деп аталатын оның белгiлi бiр жүйеде бiрнеше кезеңдерi болады. Азаматтық

процестiң сатылары деп нақты iс бойынша сот iсiнiң мақсаттарын

бiрiктiретiн iс жүргiзу əрекеттерiнiң жиынтығын айтады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi-нiң мынадай

сатылары болады:

1) бiрiншi сатыдағы сот iсi. Бұл сатыда соттар талап етушiнiң жауап

берушiге жазған талап қою арызы бойынша iс қозғалады, нəтижесiнде сот шешiм шығаратын сот талқылауына, iстi қарауға дайындық жүргiзiледi. Бұл

Page 10: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

iстi шын мəнiнде талқылайтын азаматтық процестiң мiндеттi сатысы болып

табылады.

2) кассациялық жəне шағым беру сатысындағы сот iсi. Шағым беру

бойынша наразылықты сот бiрiншi сатыдағы соттың күшiне енбеген

шешiмiнiң негiздiгiн тексередi;

3) қадағалау сатысындағы сот iсi. Заңды күшiне енген шешiм жəне бiрiншi сатыдағы соттың анықтауы, шағым бойынша iстi қарайтын жəне қадағалау соттарының қаулылары, сот бұйрықтары қадағалау тəртiбiмен

қаралады. Қадағалау сот iсiн жүргiзу тəртiбi өзiнiң күрделiлiгiмен

ерекшеленедi;

4) заңды күшiне енген шешiмнiң, анықтау мен қаулылардың жаңадан

ашылған мəн-жайлары бойынша iстi қайта қарау. Заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қараудың негiздерiне мəлiмдеушi мен сот төрешiсiне бұрын

белгiлi болмаған жəне болуы мүмкiн емес маңызды мəн-жайлар жатады;

Жаңадан ашылған мəн-жайлары бойынша шешiмдi, анықтау мен

қаулыларды қайта қарау негiздерiне мыналар жатады (ҚР АIЖК, 404-бап):

– мəлiмдеушi мен сот төрешiсiне бұрын белгiлi болмаған жəне болуы

мүмкiн емес маңызды мəн-жайлар;

– заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталған, заңсыз не негiзсiз шешiмнен қаулы шығаруға əкелiп соқтырған куəгердiң қасақана жалған

жауабы, сарапшының қасақана жалған қортындысы, қасақана жасалған

аударма, құжаттардың не заттай дəлелдемелердiң жалғандығы;

– заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталған тараптардың, iске қатысушы өзге тұлғалардың не олардың өкiлдерiнiң немесе соттардың нақты

iстi қарау кезiндегi қылмыстық əрекеттерi;

– нақты шешiмдi, анықтауды не қаулыны шығаруға негiз болған соттың

шешiмiн, үкiмiн, анықтауын немесе қаулысын не болмаса өзге органның

қаулысын жоққа шығару;

– Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң сот кесiмiн

шығарғандағы сот төрешiсiнiң қолданған заңын немесе өзге де құқықтық

актiсiн конституциялық емес деп тануы.

5) сонымен бiрге заң сот iсiндегi немесе орындау iсiндегi шығынды қайта қалпына келтiрудi қарастырады. Орындау iсiн азаматтық процесс сатысына жатқызу мəселесiне заңгерлердiң көзқарасы əртүрлi. Олардың көпшiлiгi орындау iсiн азаматтық процеске жатқызады. Бұл саты сот iсiндегi немесе орындау iсiндегi шығынды қайта қалпына келтiрудi қарастырады. 1998

жылдың 30 маусымындағы «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» Заң қабылданғаннан кейiн, орындау

iсi сот жүйесiнен сот əкiмшiлiгi деп аталатын үкiмдi орындау органдарына берiлдi. Бiрақ та мəжбүрлеу процесi аясында сот шешiм шығарумен не тоқтатумен аяқталған азаматтық iс бойынша сот iсi немесе орындау iсiндегi шығынды толықтай не жартылай қалпына келтiру мəселесi қалады.

Iс бойынша сот iсiн қозғау, iстi сот талқылауына дайындау, сот талқылауы

сатыларының бiрiншi сатыдағы, кассациялық жəне шағымдану, қадағалау

Page 11: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

соттарында, қайта ашылған мəн-жайлар бойынша iстi қарайтын сотта алатын

орны барын айта кеткен жөн. Аталған сатылар бiр-бiрiнен азаматтық iстi қозғаудың мазмұны мен ерекшелiктерi жағынан ерекшеленедi.

Бiрiншi сатыдағы сот iсi мұнда соттың шешiмi не қаулысы

шығатындықтан жəне негiзiнен талап етушiнiң талаптары мен тараптардың

қарсылықтары қанағаттандырылуы мүмкiн болатындықтан азаматтық

процестiң мiндеттi сатысы болып табылады, ал қалғандарын факультативтi сатыларға жатқызуға болады.

2-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ

ПРИНЦИПТЕРI

§ 1. Азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiнiң ұғымы

Принциптер – орталық ұғым, азаматтық iс жүргiзу құқығының мəнiн,

сипатын жəне негiзгi ерекшiлiктерiн көрсететiн iс жүргiзу заңдарының

барлық жүйесiнiң бастауы.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерiнде жалпы құқықтық

принципке (конституциялық, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу,

қылмыстық iс жүргiзу-əкiмшiлiк жəне т.б.) тəн белгiлер бар, оның құқықтық

идеялардың негiзiн қалаушы фундаментальды ережелерiн көрсетедi.

Құқықтың кез келген саласының, оның iшiнде азаматтық iс жүргiзу

принциптерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты жəне бiр логикалы-құқықтық

жүйенi құрайды. Тек сапа ретiнде алынған жүйелер құқықтың iргелi

(фундаментальды) саласы ретiнде азаматтық iс жүргiзу құқығын сипаттайды

жəне ең бастысы азаматтық сот iсiн жүргiзудiң заңдылыққа, тартысқа жəне диспозитивтiкке құрылған бұқаралық сипатын анықтайды.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi барынша жалпы

мазмұндағы жеке норма түрi ретiнде де жəне тұтастай жалпы құқықтық

нұсқамаларды практикада қолдану кепiлдiгi бар iс жүргiзу нормалары

қатарында да көрiнедi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi iс жүргiзу қызме-тiнде жүзеге асатындықтан, олар тек құқықтың принциптерi

ғана емес, азаматтық процестiң де принциптерi болып табылады.

Бiр принциптi бұзу, мысалы дəлелдемелердi тiкелей зерттемеу өзге принциптi – заңдылықты немесе принциптердiң барлық тiзгiнiн бұзуға əкелiп

соқтыратынын айта кеткен жөн. Бұл жүйедегi бiр принциптердi өзге принциптердiң бұзылмауының кепiлi ретiнде қарау керек.

Сондықтан да принциптер жетекшi ережелердiң түпкi негiзi болып

табылады. «Принцип» терминi латын тiлiнен аударғанда «негiз», «бастапқы»

деген мағыналарды бiлдiредi. Сондықтан да осы терминнiң бұдан бұрынғы

кез келген талдауларында рацио-налды дəнi бар. Дегенмен де олардың

əрқайсысы өз алдына осы берiлген құқықтық құбылыстың мəнiн дəл нақты

немесе толық жеткiлiктi көрсете алмайды.

Page 12: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Тарихи принциптер қазiргi қоғамдағы сот, əдiлсот қандай болуы керек

деген ұғым, идея ретiндегi құқықтың тиiстi саласына қарағанда ерте пайда болады. Одан əрi қарай олар құқық нормаларында бекидi.

Нормативтi бекiтiлгеннен кейiн принциптер нақтылықтың шоғырланған

көрiнiсi болып кетедi де, құқық нормаларын бiртұтас органикалыққа бiрiктiредi. Құқықтық реттеудiң бiрлiгi мақсатында олар сот iсiнiң сипатын

анықтайды жəне қоғамдық құқықтық санадан көрiнедi, құқықтың нақты

нормасына қарағанда барынша тұрақты, құқықтың барлық сласына қарағанда кiшкентай құбылыс, өзгерiске бейiм болғандықтан азаматтық iс жүргiзу

құқығының даму деңгейiн анықтайды.

Осы айтылғандардан азаматтық iс жүргiзу нормаларында бекiтiлетiн сот пен əдiлсот туралы негiзгi идеялар, ұғымдар азаматтық iс жүргiзу құқығының

принциптерi болып табылатындығы туралы тұжырым жасауға болады жəне осыдан барып ол оның негiзгi ережелерiне, iс жүргiзу құқықтарының

сипатын анықтайтын сапалы ерекшелiктерiне, оны жүзеге асу тəртiбiне жəне келешектегi даму перспективаларына айналады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiнiң мəнi ең алдымен олардың

нормативтiк қызметке əсер етуiмен анықталады. Заңға түрлi өзгерiстер

енгiзер кезде нормативтi органдар жаңа нормалардың құқықтың

қолданыстағы принциптерiне қайшы келетiндей етпеу керек.

Құқық қолдану қызметi үшiн де азаматтық iс жүргiзу құқығы

принциптерiнiң зор маңызы бар; олар азаматтық iстер бойынша əдiлсот қызметiнiң негiзгi түрлерi мен əдiстерiн, азаматтық сот iсiнiң iс жүргiзушiлiк

нысанының мəнiн анықтайды. Сонымен бiрге азаматтық сот iсiнiң мəнi осы

принциптердi бұзу сипаты мен мəнiне қарай шығарылған сот актiлерiн жоққа шығаруға əкелiп соқтыратындығынан тұрады. (ҚР АIЖК, 23-бап.)

Принциптердi жiктеу дегенiмiз олардың құрамын азаматтық процестiң

принциптерiн жiктеу негiзi деп аталатын қандай да бiр белгiлерi бойынша жеке топтарға бөлу. Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi мазмұны

мен таратылу саласына қарай (жалпы құқықтық, салааралық, салалық

принциптер жəне жеке құқықтық институттардың принциптерi) бөлiнедi.

Жалпы құқықтық принциптер – бұл құқықтың барлық салаларына, соның

iшiнде азаматтық iс жүргiзу құқығына тəн принциптер. Оларға демократизм,

парасаттылық жəне заңдылық жатады.

Салааралық принциптер – бұл азаматтық iс жүргiзу, қылмыс-тық iс жүргiзу жəне құқықтың өзге де салаларының принцип-терi. Оларға əдiлсотты

тек соттың жүзеге асыруы, заң мен сот алдында барлық азаматтардың теңдiгi, соттардың тəуелсiздiгi жəне олардың тек заңға бағыныштылығы, iстердi

қараудағы алқалық (коллегиялық), iс жүргiзудегi ұлттық тiл, жариялылық,

нақты шындық, жұршылықтың қатысу принциптерi жатады.

Салалық принциптерi – бұл тек азаматтық iс жүргiзу құқығына диспозитивтiк, тартыстық, тараптардың iс жүргiзудегi теңдiгi. Азаматтық iс жүргiзу құқығының салалық принциптерi азаматтық iстердi қарау мен шешу,

сот шешiмдерiн қайта қараудағы, сондай-ақ сот немесе орындау процесi

Page 13: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

кезiндегi өзге де қаулыларды орындау кезiндегi қоғамдық қарым-

қатынастарды реттейтiн құқық нормаларында бекiтiлген.

Жеке құқық институттарының принциптерi – бұл мысалы, тек

азаматтық iстердi сотта талқылау институттарына ғана тəн iс жүргiзу

принциптерi (өзiндiлiк, ауызшалық).

Азаматтық iс жүргiзу құқығының принциптерi екi үлкен топ-қа бөлiнедi:

ұйымдастырушы-функционалдық, яғни соттардың құрылымы мен процестi бiр мезгiлде анықтайтын принцип жəне тек сот пен азаматтық процестiң өзге де қатысушыларының iс жүргiзу əрекеттерiн анықтайтын функционалды

принцип. Мұндай принциптерге заңдылық принципi, диспозитивтiк,

тартыстық, тараптардың теңдiк принципi жатады.

Принциптердiң осы екi тобы бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты жəне көбiнесе бiр принцип ұйымдастырушы-функционалдық та, функционалды

ретiнде де бола алады. Принциптердiң екi топқа бөлiнуi кейбiр деңгейде шартты болып келедi.

Азаматтық процесс принциптерiнiң қатарына заң (ҚР АIЖК 2-тарау)

мыналарды жатқызады:

– заңдылық;

– əдiлсотты тек сот жүзеге асырады;

– тұлғаның құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерiн сот жүзiнде қорғау;

– тұлғаның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу;

– жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазу, телефон арқылы сөйлесу,

пошта, телеграф жəне өзге де хабарламалар құпиясы;

– жеке меншiкке қол сұқпаушылық;

– соттардың тəуелсiздiгi; – барлығының сот пен заң алдында теңдiгi; – тараптардың тартыстығы мен тең құқықтылығы;

– iшкi сенiм бойынша дəлелдемелерге баға беру;

– куəгерлiк жауап беру мiндетiнен босату;

– мамандандырылған заңды көмек алу құқығымен қамтамасыз ету;

– сот талқылауының жариялылығы;

– сот талқылауы барысында қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету;

– сот актiлерiнiң мiндеттiлiгi; – iс жүргiзу əрекеттерi мен шешiмдерге шағымдану бостандығы.

Əдебиетте принциптердi ұйымдастырушы-функционалдық жəне функционалдық деп екiге бөлу қабылданған.

§ 3. Функционалдық принциптер

Заңдылық принципi. (ҚР АIЖК, 6-бап). Сот мəселелердi қарау мен шешу

кезiнде материалды жəне iс жүргiзу құқықтарының нормаларын басшылыққа алады. Азаматтық сот iсiнде прокурор, iстi қарауға қатысушы мемлекеттiк

өкiмет органдары мен жергiлiктi басқару органдары, сондай-ақ талап етушi,

жауап берушi жəне олардың өкiлдерi, үшiншi тұлғалар, сарапшылар,

Page 14: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

куəгерлер, аудармашылар мен мамандар iс жүргiзу əрекеттерi кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы

Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң жəне өзге де құқықтық акт нормаларының

талаптарын сақтауға мiндеттi. Заңдылық принципiн дəл жəне қол сұқпай сақтау мен дұрыс қолдану

азаматтық процестiң сот төрешiлерiнiң тəуелсiздiгi, олардың Қазақстан

Республикасының Конституциясы мен Заңына бағыныштылығы,

тараптардың тартыстылығы мен теңдiгi, сот талқылауының жəне ҚР АIЖК-

нiң өзге де ережелерiнiң жа-риялылығы принциптерiмен өзара тығыз байланысты.

Егер де сот iстi қарап жатқан кезде қолдануға тиiстi заңның немесе өзге де құқықтық актi азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығына шек

келтiредi деп таныса, онда соттың Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасау

құқығы Заңда қарастылыған. Мұндай жағдайда сот iс бойынша сот iсiн

тоқтатуы қажет. Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алғаннан кейiн сот iсi қайта жүргiзiледi.

Iстi талқылап жатқанда сот мемлекеттiк немесе өзге органның нормативтi құқықтық актiсiнiң заңға сəйкес келмейтiнiн немесе олардың заңда қарастырылған өкiлеттiктерiнен асып кеткенiн анықтайтын жағдайлар да болуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда сот аса жоғары заңды күшi бар

құқықтық актiнi қолданады.

Құқықтық қарым-қатынастарды реттейтiн құқық нормалары жоқ болған

жағдайда сот ұқсас қарым-қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын

қолдануға тиiс, ал мұндай нормалар да жоқ болған кезде сот дауды заңдылық

мағынасының жалпы бастамаларын ескере отырып шешуi тиiс. Егер де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көрсетiлген даулы

iстi шешу сот тəртiбiнде қарастырылған болса, мұндай жағдайларда сот бұл

мəселелердi объективтi, ақылмен, əрi əдiл шешуге мiндеттi. Диспозитивтiк принцип. Диспозитивтiк принцип (латын тiлiнен

аударғанда dispono – билiк етемiн дегендi бiлдiредi) азаматтық iс жүргiзу

құқығының негiзгi принципi болып табылады. Ол iстiң туындау, даму жəне аяқталу механизмiн анықтайды. Сондықтан да оны əдетте азаматтық сот iсiнiң қозғаушы бастамасы деп атайды. Азаматтардың қорғалу жөнiндегi сотқа жүгiнуi жəне сот жүзiнде қорғау Қазақстан Республикасы

Конституциясының 13-бабында бекiтiлген, сондықтан да диспозитивтiк

принцип конституциялық негiзге сүйенедi.

Диспозитивтiк принцип iске қатысушы, мүдделi тұлғаларға мүмкiндiктер

беруден тұрады:

– өз құқықтарын (материалды жəне iс жүргiзу) еркiн жүзеге асыру;

– сотта iстi қозғауға, дамытуға, тоқтатуға бағытталған iс жүргiзу

əрекеттерiн орындай отырып, өз құқықтарын пайдалану;

– субъективтi мүлiктiк жəне мүлiкке жатпайтын жеке құқықтарын,

сондай-ақ заңмен қорғалатын мемлекеттiк жəне қоғамдық мүдделердi қорғау

мақсатында өзге де iс жүргiзу құралдарын пайдалану.

Page 15: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Диспозитивтiк принцип азаматтық сот iсiнiң барлық сатысында болады

жəне ол нормативтi түрде бекiтiлген.

ҚР АIЖК-нiң 8-бабына сəйкес жеке не заңды тұлға өз құқықтары,

бостандықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда сот сатыларына жүгiнуге құқылары бар. Iс жүргiзу заңының бұл ережесi сотта iс қозғауға мүдделi тұлғаларға iс жүргiзудi бастау құқығын бередi. Осы принципке сəйкес бұл iс жүргiзу бастамасының iс жүргiзу нəтижесi (бұл жағдайда –

азаматтық iс қозғау) тек соттың өкiмдiк əрекетi – азаматтық iс қозғау туралы

қаулы шығарған кезде ғана болады. Сот төрешiсi осы iс жүргiзу жағдайында iс жүргiзу бастамасына құқықтың (талап қою мен арыз беру құқығы) бар-

жоғын, сондай-ақ оны жүзеге асырудың тəртiптерiн сақтауды тексередi жəне мүдделi тұлғаға көмектеседi.

Диспозитивтiк сондай-ақ iске қатысушы өзге де тұлғалардың құқықтарын

да анықтайды. Дауға жеке дара қоятын талаптары бар үшiншi бiр тұлғалар

барлық құқықтарды пайдаланады жəне талап қоюшының барлық мiндеттерiн

орындайды. (ҚР АIЖК, 52-бап.) Прокурор олар берген арыздан бас тарта немесе оны өзгерте алады (ҚР АIЖК, 55-бап). Диспозитивтiк прин-циптiң

мазмұны iске қатысушы тұлғалардың өзге құқықтарында бекiтiлген. Iске қатысушы тұлғалар өздерiне тиiстi iс жүргiзу құқықтарын өзге тұлғаларға, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделерге зиян келтiрмей адал

пайдаланулары тиiс. Диспозитивтiк принцип iстi сот талқылауына дайындау кезеңiнде iске

қатысушы тұлғалардың құқықтық ережелерiне аса зор ықпал етедi.

Диспозитивтiк принципке сəйкес құқықтық дауға қатысушылар сотқа жүгiнген жағдайда субъективтi материалды құқықты даудың тақырыбы

ретiнде пайдалануды, сондай-ақ субъективтi құқықтарды қорғау бойынша iс-əрекеттiң туындауына, дамуына жəне оны тоқтатуға бағытталған құқықтарды

кеңiнен пайдалану мүмкiндiктерiмен қамтамасыз етедi. €з құқықтарын

падалану мүмкiндiктерiн ескере отырып, iске қатысушы тұлғалар дайындық

кезеңiнде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара қолдану туралы

өтiнiш, арыз бере алады.

Диспозитивтiк принципке сəйкес тараптар сот iсiнiң кез-келген түрiнде жəне процестiң кез келген сатысында заңда бекiтiлген iс жүргiзу құқықтарын

пайдалана алады:

– iс материалдарымен танысу, олардан үзiндi жасау, шешiмдердiң,

анықтаулардың, қаулылардың жəне iсте бар өзге де құжаттардың

көшiрмелерiн алу;

– сот отырыстарына қатысу, өтiнiмдер мен наразылықтар бiлдiру жəне т.б.

Тараптардың құқықтарының iшiнде iстiң алға жылжуына əсер ететiн

субъективтi құқықтар ерекше орын алады. Олар талап қоюдың негiзiн немесе оның көздегенiн өзгертудегi талап етушiнiң құқығы, талап қою арызының

талап мөлшерiн ұлғайту немесе азайту не талап қою арызынан бас тарту

құқығы. Жауап берушi талап қою арызын толықтай немесе оның бiр

бөлшегiн ғана мойындауға құқылы. Тараптар процестiң кез келген

Page 16: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сатысында iстi бейбiт түрде аяқтай алады, шешiмнiң, анықтаудың, қаулының

орындалуын талап ете алады.

Кассациялық сот iсiнде тараптар диспозитивтiк принципке сəйкес құқықтардың кең ауқымын пайдалана алады, олардың iшiнде ең бастысы

iстiң дамуына ықпал ететiн құқықтар болып табылады. ҚР АIЖК 342-бапқа сəйкес кассациялық шағым берушi одан бас тартуға құқылы. Бiрақ, бұл бас тартуды егер де ол заңға қайшы келмейтiн болса немесе əлдекiмнiң заңмен

қорғалатын құқықтарын не мүдделерiн бұзбайтын болса тек кассациялық сот қана қабылдай алады. Сонымен бiрге талап етушi талап қою арызынан бас тартуға құқылы, ал екi жақты тараптар кассациялық сот iсiнде, яғни

кассациялық шағым бергеннен не ұсынғаннан кейiн iстi бейбiт түрде аяқтауға құқылы (ҚР АIЖК 193-бап).

Тараптардың өкiмдiк ету əрекеттерi еркiндiктерiнiң шегi бар, яғни ол

заңдылық принципiнiң мүддесi үшiн анықталған шектер.

Соттық қадағалау iсiнде диспозитивтiк принциптiң туындауы мен əрекет етуiне де қойылатын бiрқатар шектер бар. Бұл iстi қайта қараудың аса ерекше түрi болғандықтан заңды күшiне енген шешiмдердi қайта қарауға шек

қойылады. Берiлген iске қатысушы тараптар мен үшiншi тұлғалардың

қадағалау сот iсiн қорғауға құқықтары жоқ. Бiрiншi сатыдағы сот iсiндегi диспозитивтiк принциптiң iс-əрекетi бiрқатар өкiлдiктерде тарап ретiнде де, iске қатысушы өзге тұлғалар ретiнде де көрiнедi. ҚР АIЖК-нiң 158-бабына сəйкес тараптар мен iске қатысушы тұлғалардың арыздары бойынша, сондай-

ақ соттың бастамасы бойынша талап етудi қамтамасыз етуге шаралар

қолдануы мүмкiн, егер де бұл шаралар қолданылмаса сот шешiмiнiң

орындалуы қиындауы немесе мүмкiн болмауы мүмкiн.

Диспозитивтiк принциптiң негiзiнде ҚР АIЖК-де процестен шығушы

тарапты оның құқық мұрагерiмен ауыстыру тəртiбi анықталады.

Болып жатқан процесте өзiнiң құқығы бұзылды деп есептеген тұлға үшiншi тұлға ретiнде дауға өзiнiң жеке талаптарын қоя алады. Ол

тараптардың барлық құқықтарын пайдаланады жəне талап етушiнiң

мiндеттерiндей жауап бередi. Диспо-зитивтiк принципке сəйкес тараптар мен

iске қатысушы тұлғалар iс бойынша сот iсiн тоқтатуды, сондай-ақ мəн-

жайларға байланысты iстi қайта бастауды өтiне алады. Мұндай мүмкiн-

дiктер сотта да бар.

Сондықтан да азаматтық сот iсiнде диспозитивтiк принцип болады жəне мынадай негiзгi бағыттарда ең басты болып табылады:

1)мүдделi тұлғалардың процестi қозғауы мен дамытуымен байланысты

құқықтарын жүзеге асыруында (арыз, кассациялық шағым беру жəне т.б.);

2) процестiң өзгеруi бойынша құқықтарды жүзеге асыруда (талап

қоюшының келiсiмi бойынша тиiстi емес тараптарды ауыстыру, талап қою

негiзi мен оның көздегенiн өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерiн

ұлғайту немесе азайту жəне т.б.)

3) процес аяқталғаннан кейiн құқықтардың жүзеге асуында (талап қою

арызынан бас тарту, мəжбүрлеп орындаудан, бейбiт келiсiмнен бас тарту).

Page 17: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Тараптардың тартыстық жəне теңдiк принципi. ҚР АIЖК-нiң 15-бабы

екi iс жүргiзушiлiк принципiне түсiнiк берiп, олардың мазмұнын ашады:

азаматтық процестегi тартыстық пен теңдiк принципi.

Тартыстық принципi мүдделi тараптардың iс нəтижесiнде дəлелдемелердi

ұсыну арқылы материалдарды өз пайдаларына құру, өзге тұлғалар ұсынған

дəлелдемелердi зерттеуге белсене қатысу, бұзылған не жоққа шығарылған

құқықтардың мəнiне нұқсан келтiрген өзге барлық сұрақтар бойынша өз пiкiрлерiн айту, сот отырысында дауға деген өз көзқарасын негiздеу жəне қорғаудың тəртiптерiн бекiтедi.

Тартыстық принципiнiң мəнi азаматтық процестiң iстi қозғау сатысынан

басқасының барлығын қамтиды жəне əртүрлi дəлелдемелер арқылы өз iсiнiң

растығына сотты сендiруiнен, өз мүдделерiн қорғай отырып, тараптардың

сот алдында тартысуынан тұрады.

Азаматтық сот iсiнiң барысында тараптар өз ұстанымдарын, оны

қорғаудың тəсiлдерi мен құралдарын өз беттерiнше жəне соттан, өзге органдар мен тұлғалардан тəуелсiз таңдайды, яғни тартыстық кезiнде дəлелдеу уақыты тараптарға жүктеледi жəне жалпы ережелер бойынша соттан дəлелдемелер жинау мiндетi алынады.

Тараптардың дəлелденген өтiнiмдерiмен бiрге сот оларға дəлелдемелер

жинауға жəне өз құқықтарын жүзеге асыруда iстiң мəн-жайларын толықтай

жəне дұрыс шешiлуiне қажеттi жағдайларды туғызуға көмектесе алады. Сот iске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрумен

бiрге оларға iс жүргiзу əрекеттерiн жасау не жасамаудың салдарлары туралы

ескертедi. Сот iске жəне тараптарға маңызы бар дəлелдеуi тиiс мəн-

жайлардың тiзiмiн анықтауға, егер де iстi сараптамасыз шешу мүмкiн

болмаса, өз бастамасы бойынша оларды сараптамаға жiберуге құқылы. Бұл

ретте процестiң тараптарына көмектесе отырып, сот барлық тараптарға бiрдей əдiл, тура, тең жəне құрметпен қарауы тиiс. Сот өзiнiң iс жүргiзу

шешiмдерiн тек зерттеулерiнде тараптардың əрқайсының қатысуы

қамтамасыз етiлген дəлелдемелердi ғана негiзге алады.

Тараптардың теңдiк принципi (ҚР АIЖК, 15-бап). Бұл прин-циптiң мəнi

процеске қатысушыларға iс жүргiзу заңымен бiрдей тең заңды

мүмкiндiктердi бекiтуден, өздерiнiң субъективтi құқықтарын сақтап,

қорғаудан тұрады. Тараптардың iс жүргiзу-дегi теңдiк принципi – бұл

экономикалық жəне құқықтық мүмкiндiктерiне қарамастан азаматтық

құқықтық қарым-қатынастар субъектiлерiнiң тепе-теңдiгiне сəйкес тəртiп.

Сот iсiнде тараптардың iс жүргiзушiлiк құқықтары бiрдей жəне бiрдей тең iс жүргiзушiлiк мiндеттердi орындайды.

Бұл принциптiң мазмұны төмендегiдей:

1)сотқа жүгiнуде талап етушi мен жауап берушiнiң тепе-теңдiгi. Мысалы,

егер де талап етушi арыз беретiн болса, онда жауап берушi оған қарсы талап

қоя алады. Талап берушi iс қозғаған кезде, талап қою арызының көшiрмесi мiндеттi түрде жауап берушi берiледi.

Page 18: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

2) сотта өз құқықтарын қорғаудағы тараптардың мүмкiн-дiктерi тепе-тең.

Мысалы, талап етушi арызынан бас тартуға, ал жауап берушi талаптарды

мойындамауға құқылы.

3) Егер де жауап берушi талаптарды мойындап, ал талап етушi арызынан

бас тарта алатын жағдайда тараптардың бейбiт келiсiм жасауға тең

құқықтары бар. Сот шешiмдерiне апелляциялық не кассациялық шағым

беруде, сот алдында өтiнiм жасауда талап етушi мен жауап берушiнiң

құқықтары тең.

Тəуелсiздiк принципi (ҚР АIЖК-нiң 177-бабының 1-бөлiгi). Тəуелсiздiк

принципi – бұл соттың жеке өзi, делдалсыз тiкелей iс бойынша дəлелдемелердi қабылдау жəне тек сотта тексерiлген жəне зерттелген,

алғашқы дерек көздерiнен алынған дəлелдемелерге ғана сот шешiмдерiн

шығару мiндеттерiнен тұратын iстi сот жүзiнде талқылау. Сонымен бiрге дəлелдемелердi зерттеуде құжаттардың куəландырылған көшiрмелерiн,

немесе олардың үзiндiлерiн пайдалануға заң жүзiнде рұқсат етiледi. Көшiр-

мелер күмəн тудырған жағдайда сот құжаттардың түпнұсқаларын сұрауға, сарапшылардың қортындыларын алуға құқылы.

Сот дəлелдемелердi iстегi тура, жан-жақты жəне толықтай зерттелген

дəлелдемелерге негiзделген тiкелей өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайтындықтан, ҚР АIЖК-нiң 177-бабына сəйкес сотқа iстi қарау кезiнде мынадай мiндеттер жеке жүктеледi:

– iс бойынша дəлелдемелердi зерттеу;

– тараптардың, iстiң өзге қатысушыларының түсiнiкте-мелерiн тыңдау;

– куəгерлердiң жауаптарын, сарапшылардың, мемлекеттiк органдар мен

жергiлiктi басқару органдарының қортындыларын тыңдау;

– iске қатысы бар барлық құжаттармен танысу;

– ұсынылған заттай дəлелдемелердi қарау;

– үнтаспаларды тыңдау, бейнематериалдарды, кино-сурет материалдарын

көру;

– ақпараттарды туғызатын өзге құралдардың материалдарымен танысу.

Қажет болған жағдайда iс бойынша дəлелдемелердi зерттеу кезiнде сот маманның кеңесiн жəне түсiнiгiн тыңдайды.

Iстi қарау процесiнде сот төрешiсiн ауыстырған жағдайда, сот төрешiсiнiң

дəлелдемелердi процестiң басынан бастап жеке қабылдауының жəне шешiм

қабылдағанға дейiнгi дəлелдемелермен жұмыс iстеуiнiң тəуелсiздiк принципi

бұзылатындықтан, талқылауды қайтадан басынан бастау керек.

Сот талқылауының ауызшалық принципi. ҚР АIЖК-нiң 177-ба-бы 2-

бөлiгiне сəйкес соттағы iстi талқылау ауызша өтедi. Сот төрешiсi, тараптар,

процестiң өзге қатысушылары əдетте iс жүргiзу əрекеттерiн ауызша жүргiзедi. Сот отырысы ауызша жүргiзiледi. Бұл жалпы тəртiп сот талқылауын өткiзу тəртiбiн реттейтiн заңда (ҚР АIЖК) нақтыланған:

– сотқа төрелiк етушiнiң отырысты ауызша ашуы жəне қарауға тиiстi iстi хабарлауы ҚР АIЖК-нiң 180-бабы);

Page 19: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– сот процесiне қатысушылардың келу туралы сот хатшысының

баяндамасы (ҚР АIЖК-нiң 181-бабы);

– аудармашыға оның мiндеттерiн түсiндiру (ҚР АIЖК-нiң 182-бабы);

– сот құрамын хабарлау (ҚР АIЖК-нiң 184-бабы);

– iске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

(ҚР АIЖК-нiң 185-бабы);

– өтiнiмдер бойынша тұлғалардың пiкiрлерiн тыңдау

(ҚР АIЖК-нiң 186-бабы);

– iске қатысушы тұлғалардың iстi куəгердiң, сарапшының немесе маманның қатысуынсыз қарау мүмкiндiктерi туралы пiкiрлерiн тыңдау (ҚР

АIЖК-нiң 188-бабы);

– iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы келген қатысушыларға сенiмхатпен хабарлау (ҚР АIЖК-нiң 189-бабы);

Бiрiншi сотта, аппеляциялық жəне қадағалау сатыларында iс жүргiзу

əрекеттерiн жүргiзудiң ауызша түрi туралы 190–200, 205–216, 232, 351, 354,

356, 398-баптарда жəне ҚР АIЖК-нiң өзге де баптарында айтылған.

Соттардың iске қатысушылармен ауызша сөйлесу түрi, олардың өзара жеке сөйлесуi, сот отырысындағы барлық сұрақтар мен жауаптарды естiп

қабылдауы тартыстық принципiнiң тиiмдiлiгiн арттырады, сот үшiн жəне iстiң барысына мүдделi адамдарға тараптардың пiкiрталастарын сенiмдi

етедi, соттың анықтауларын, қаулылары мен шешiмдерiн жариялауды

қатысушыларға түсiнiктi етедi, процестiң ауызша өтуi азаматтық сот iсiнде адамдарға құқықтары мен бостандықтарын сот жүзiнде қорғауға қол

жеткiлiктi етедi, негiзделген сот шешiмiн шығаруды жеңiлдетедi.

Соттағы сот iсi жазбаша түрде жазылған iс жүргiзу құжаттарынсыз өтуi

мүмкiн емес. Жазбаша түрде жазылатын құжат-тарға мыналар жатады:

шақырулар, соттағы келу туралы хабарлама, талап қою арызы, тараптардың

түсiнiктемелерi мен өтiнiмдерi, сарапшының қорытындысы, жазбаша дəлелдемелер (келiсiмдер, қолхаттар, ведомстар жəне т.б.), соттардың

анықтаулары, қаулылары мен шешiмдерi, сот iс-əрекеттерiнiң хаттамалары

мен сот отырысының хаттамасы, прокурордың наразылығы мен ұсыныстары,

аппеляциялық, кассациялық жəне қадағалау шағымдары, сондай-ақ бейбiт келiсiмдер жазбаша түрде жүргiзiледi.

Кейбiр iс жүргiзу əрекеттерi сот iсiнде ауызша жəне жазбаша түрлердiң

араласуымен өткiзiледi. Мысалы, талап етушiнiң талап қою арызы, жауап

берушiнiң қарсылығы немесе қарсы талап қою арызы, тараптардың

өтiнiмдерi жазбаша түрде берiледi, бiрақ та сотта оны сот төрешiлерi айтады.

Жазбаша дəлелдемелер (қарыз келiсiмi, қарыз қолхаты, сарапшылық

қортындысы жəне т.б.) сот отырысында есепке алынады. Сотта iстi талқылау

ауызша өткiзiледi, бiрақ та процеске қатысушылардың сөздерi, сұрақтары

мен жауаптары сот отырысының хаттамасына жазылады. Сот шешiмдерi

жазбаша түрде жазылады да, ауызша жарияланады. Тұтастай алғанда азаматтық iс тiгiнделiп, нөмiрленiп, тiркелiп, мұраждайда сақталатын

Page 20: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жазбаша түрде жазылған iс жүргiзу құжаттарынан (жазылған парақтардан)

тұратындығын айта кету керек.

3-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГI ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСТАР

§ 1. Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастар ұғымы

жəне олардың белгiлерi

Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастар азаматтық iстер

бойынша əдiл сотты жүзеге асыру барысында сот пен процеске қатысушы

тұлғалардың арасында талап қою арызын қабылдаған сəттен бастап, iстi талқылау, оған соттың шешiм шығаруы жəне оның орындалу процесiнде туындайды. Азаматтар мен ұйымдардың сотпен түрлi қарым-қатынасқа түсуi

теорияда азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қарым-қатынастар деп

аталатын құқықтық қарым-қатынастарды туғызатын азаматтық iс жүргiзу

құқықтарының нормаларымен реттеледi.

Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастардың мынадай

белгiлерi болады:

– құқықтық сипатқа ие, азаматтық iс жүргiзу құқығының нормалары

негiзiнде туындайды жəне нақты iс бойынша азаматтық iс жүргiзушiлiк

қарым-қатынастарының туындауының алғы шарты болып табылады;

– қарым-қатынастар нақты субъектiлердiң (талап етушi, прокурор, куəгер

жəне т.б.) еркi мен бастамасы бойынша жеке жəне саналы түрде туындайтын

еркiндiк сипатқа ие; – сот азаматтық iстiң басты жəне мiндеттi қатысушысы болып табылады.

Сот болмаған кезде (соттың қатысуынсыз) сот iсiне қатысушылардың

арасында iс жүргiзушiлiк құқықтық қарым-қатынастар болмайды;

– өктем (императивтiк) сипатқа ие. Iс жүргiзушiлiк қарым-қатынас субъектiлерi тең құқылы емес, сот мемлекеттiк орган ретiнде құқықтық

қарым-қатынастың өзге қатысушыларына (талап қоюшыға, жауап берушiге, куəгерге жəне т.б) өктем түрде өкiлдiк етедi;

– азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастардың субъектiлерi

(азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет жəне оның органдары) мен олардың

құқықтары мен мiндеттерiнiң өзара байланысы кең;

– материалды жəне материалды емес игiлiктер (заттар, құндылықтар,

жұмыс, қызметтер, ақпарат, ақыл-ой қызметi, материалды емес игiлiк)

бойынша дауларды талқылау мен шешумен байланысты туындаған

азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық қарым-қатынас объектiлерiнiң

көптiгiмен даулар құқық қолданушы сипатқа ие. – азаматтық iс жүргiзудегi құқықгық қарым-қатынастар азаматтық iс

жүргiзу, азаматтық, əкiмшiлiк, еңбек, салық жəне т.б құқық нормаларын

қолдану мен iске асырудың құралы болып табылады.

Page 21: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– азаматтық iс жүргiзудегi құқықгық қарым-қатынастар жүйелi түрде саты-сатымен iске асырылады жəне жүйелi сипат-қа ие.

§ 2. Азаматтық iстi жүргiзудегi құқықтық

қарым-қатынастардың туындауының алғы шарттары

Азаматтық iс жүргiзудегi құқықгық қарым-қатынастардың тууының алғы

шарттарына мыналар жатады:

– азаматтық iс жүргiзу құқық нормалары;

– заңды деректер;

– азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынасқа қатысушылардың

құқық субъектiлiгi (құқық қабiлеттiлiгi мен əрекетке қабiлеттiлiгi). Азаматтық iс жүргiзудегi құқық нормалары азаматтық iс жүргiзушiлiк

құқықтық қарым-қатынастардың туындауының ең басты, маңызды алғы

шарттары болып табылады. Құқық нормалары – бұл мемлекеттiң мəжбүрлеу

күшiн бұзудан қорғайтын индивидтiң жалпыға бiрдей мiндеттi формальды

түрде анықталған тəртiп ережелерi екендiгi белгiлi. Азаматтық iс жүргiзудегi құқық нормалары процеске қатысушылардың iстi сот жүзiнде талқылау

барысында туындаған қарым-қатынастарын, олардың құқықтары мен

мiндеттерiн реттейдi. Бұл ретте iс жүргiзу нормалары процеске қатысушылардың (сот пен тараптар, талап етушi мен жауап берушi, прокурор

мен сот, сот пен өзге қатысушылар жəне т.б. арасындағы) аса ерекше қарым-

қатынастарын реттейдi.

Құқықтың өзге салаларының нормаларына тəн азаматтық iс жүргiзу

нормаларының да жалпы белгiлерi бар. Бұл – нормаларды тек мемлекеттiң

қабылдауы; олардың жалпы мiндеттерi, жалпы сипат тек азаматтық iстердi

қарау кезiнде қолданылады; сот процесiн дер кезiнде өткiзу мен сот шешiмдерiн дұрыс шығаруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк

мəжбүрлеудi қолданудың ерекшелiгi. Сонымен бiрге iс жүргiзу нормалары

сот iсiне қатысушылардың тиiстi тəртiптерiнiң ережелерiн реттейдi.

Азаматтық iс жүргiзудегi құқық нормаларын тиiмдi пайдалану мақсатында олар сот iсi дамуының жүйелiлiгiн қатаң сақтай отырып, iс жүргiзу

институттарына (бөлiмдер, бөлiмшелер, тарауларға) бiрiккен.

Заңды дерек – бұл тұрмыстың мəн-жайлары негiзi болып табылатын

азаматтық жəне азаматтық iс жүргiзу құқық нормаларымен реттелген

азаматтық құқықтық қарым-қатынастардың туындауы, оны өзгерту мен

тоқтату. Егер де, туындаған заңды деректер өзге тұлғалардың мүдделерiн,

қандай да бiр материалды немесе материалды емес құқықтық қарым-

қатынастарды қозғамайтын болса, онда мұндай жағдайларда азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастар болмайды. Заңды мəнi бар

деректердiң бар-жоғын анықтау құқығы тек сот қана берiлгендiктен олар

тiкелей сот пен процеске қатысушылар арасында туындайды. Мысалы,

азаматты белгiсiз жоғалған деп тану үшiн, осы деректi анықтау үшiн жəне келешекте өзiн белгiсiз жоғалған адамның мүлкiне құқық мұрагерi деп тануы

Page 22: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сотқа жүгiнуi қажет. Заңды деректi анықтаудағы соттың iс-əрекетi жазбаша түрде көрсетiледi.

Сондықтан да азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастар – бұл

процеске қатысушылар мен сот арасындағы азаматтық дауларды қарау мен

ол бойыша шешiм қабылдауға байланысты азаматтық iс жүргiзу құқық

нормаларымен реттелген қатынастар.

Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың құқық субъектiлiгi. Заң əдебиеттерiнде құқық субъектiлiгi құқық қабiлеттiлiгi мен iс-əрекетке қабiлеттiлiктiң бiрiккен жалпы түсiнiгi дегендi бiлдiредi. Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастардың

туындауының ең маңызды қажеттi шартына азаматтық iс жүргiзушiлiкке құқық қабiлеттiлiгi жатады. Қазақстан Республикасының заңдылығына сəйкес құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерiн сот жүзiнде қорғауға құқықтары бар барлық азаматтар мен ұйымдар азаматтық iс жүргiзу

құқығына қабiлеттi деп тең түрде танылады (ҚР АIЖК-нiң 45-бабы).

Азаматтық iс жүргiзуге құқық қабiлеттiлiгi – бұл азаматтық сот iсi субъектiсiнiң iс жүргiзу құқығы мен мiндеттерiне заңды түрде ие болу

мүмкiндiгi. (ҚР АIЖК-нiң 45-бабы). Ол азаматтарды дүниеге келген сəтiнен

бастап туындайды да, өлген кезiнде жойылады, ал заңды тұлғаларда оны

құрған жəне тiркелген сəтiнен басталып, тараған кезiнде тоқтатылады.

Азаматтық iс жүргiзуге құқық қабiлеттiлiгiне азаматтар мен заңды

тұлғалар ие. Азаматтық сот iсiнен қатысушылардың құқық қабiлеттiлiктерiн

ҚР АIЖК жəне олардың мақсаттары мен мiндеттерiн анықтайтын сəйкес заң

актiлерi (прокуратура, адвокатура туралы заң жəне т.б.) анықтайды.

Азаматтық iс жүргiзуге құқық қабiлеттiлiгi тұлғаның материалдық

құқықтағы құқық қабiлеттiлiгiмен байланысты. Ол тек тұлға құқықтарын iс жүргiзумен қорғау мүмкiндiктерi ғана болып табылады. Жеке iс-əрекеттермен iс жүргiзу құқықтарын жүзеге асыру мен iс жүргiзу мiндеттерiн

орындау үшiн тұлға iс жүргiзу əрекетiне қабiлеттi болуы тиiс. Азаматтық iс жүргiзу əрекетiне қабiлеттiк – тұлғаның өз əрекеттерi

арқылы iс жүргiзу құқықтарын жүзеге асыра алуы, iс жүргiзу мiндеттерiн

орындауы жəне өз өкiлiне соттағы iстi жүргiзудi тапсыруы (ҚР АIЖК-нiң 16-

бабының 1-бөлiгi). Заңды тұлғалардың азаматтық iс жүргiзу əрекетiне қабiлеттiктерi толықтай қажеттi құжаттарды əдiлет органдарында тiркеген

сəттен бастап, кей жағдайларда белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға лицензия

ал-ған сəттен бастап туындайды. Азаматтардың азаматтық iс жүргiзу

əрекетiне қабiлеттiктерi толықтай жалпы тəртiп бойынша жасы 18-ге толғандарға тиесiлi. Заңды тұлғалардың азаматтық iс жүргiзу əрекетiне қабiлет-тiлiктерiнiң туындауы азаматтық iс жүргiзу құқығының туындауына сəйкес келедi. Заңда азаматтық iс жүргiзу əрекетiне қабiлеттiктiң мынадай

түрлерi белгiленген:

1. Толық түрдегi iс-əрекетке қабiлеттiлiк. Жалпы тəртiп бо-йынша ол

кəмелетке толған сəттен басталады.

Page 23: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Дегенмен де кей жағдайларда iс-əрекетке толық қабiлеттiлiк бұдан

бұрынырақ та басталуы мүмкiн, 18 жасқа дейiн некеге отыру заң актiлерiмен

рұқсат етiлген кей жағдайларда. 2. Iс-əрекетке жартылай қабiлеттiк. Он төрт жастан он сегiз жасқа

дейiнгi кəмелетке толмаған адамның iс-əрекетке жартылай қабiлеттiгi. АК-тiң

22-бабына сəйкес 14-тен 18 жасқа дейiнгi кəмелеттiк жасқа толмағандар ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқорлыққа алушыларының

келiсiмдерiмен келiсiмшарттар жасайды. Кəмелетке толмағандардың

құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн бұл жаста ата-аналары немесе олардың соттағы өзге өкiлдерi қор-ғайды. Кəмелетке толмағандардың мүдделерiн сотта ата-аналары немесе олардың заңды

өкiлдерi қорғайтындарына қарамастан сот кəмелетке толмағандардың немесе iс-əрекеттерге қабiлеттерi шектеулi азаматтардың өздерiн iске қатысуға

тартуға мiндеттi. (ҚР АIЖК, 46-бап, 2-бөлiк).

3. Iс-əрекетке шектеулi қабiлеттiк. Сот шешiмi бойынша азаматтың

(кəмелетке толған) iс-əрекетке қабiлеттiгi шектеулi болуы мүмкiн. Тұлғаның

iс-əрекетке қабiлетi шектеулi деп тану негiзiне отбасын ауыр материалдық

жағдайға қалдырған iшiмдiкке немесе есiрткiге салыну жатады. Iс-əрекетке қабiлеттiгi шектеулi тұлғалар соттағы өз iстерiн, Қазақстан Республиканың

АК-нiң 27-бапта қарастырылған жағдайлардан (табысын, зейнетақысын жəне өзге де кiрiстерiн пайдалану) бас-қасын өздерi жүргiзе алулары мүмкiн.

Азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтiк, əкiмшiлiк жəне өзге құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстер бо-йынша 14-жастан 18-

жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар сотта өз құқықтары мен заңды

мүдделерiн өздерi қорғауға құқылы жағдайлар заңмен қарастырылған.

Дегенмен де мұндай iстерге кəмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiн

қатыстыруға тарту (ҚР АIЖК, 46-бап, 4-бөлiк) сотқа байланысты болуы жиi

емес. 4. Iс-əрекетке қабiлетсiз тұлғалар. Психикалық аурулардың немесе ақыл-

естiң əлсiздiк салдарынан өз iс-əрекеттерiнiң мəнiн түсiне алмайтын немесе оны басқара алмайтын жəне соның салдарынан оған қамқоршы бекiтiлген

азаматтар iс-əрекетке қабi-летсiз деп саналады. Iс-əрекетке қабiлетсiз деп

танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн

сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайды (ҚР АIЖК, 46-бап,

3-бөлiк).

§ 3. Азаматтық iстi жүргiзудегi құқықтық қатынастардың

субъектiлерi мен объектiлерi

Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қатынастардың субъек-тiлерiне нақты

азаматтық iстердi қарау мен шешу бойынша сот процесiне қатысушы

тұлғалар жатады. Азаматтық iс жүргiзудегi қатынастардың қатысушылары

ретiндегi субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi заңмен реттелген. ҚР

АIЖК-нiң

44-бабында iске қатысушы тұлғаларға мынадай тараптар жатады делiнген:

Page 24: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

дауға жеке талаптар қоюшы үшiншi тұлғалар; дауға жеке талаптар

қоймайтын үшiншi тұлғалар; прокурор; мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары; процеске ҚР АIЖК-нiң 56 жəне 57-баптарында қарастырылған негiздер бойынша қатысқан ұйымдар немесе жеке азаматтар;

соттың аса ерекше сот iсi тəртiбiнде қарастырып отырған iстерi бойынша арыз берушiлер мен өзге де мүдделi адамдар (ҚР АIЖК, 289-бап).

Заң əдебиеттерiнде кейбiр авторлар азаматтық iс жүргiзудегi қатынас субъектiлерiн мынадай үш негiзгi топтарға бөледi:

1) сот; 2) iске қатысушы тұлғалар;

3) əдiл соттың жүзеге асуына ықпал ететiн тұлғалар.

Азаматтық iс жүргiзудегi қатынас субъектiлерiнiң бiрiншi тобына аудандық соттар, сондай-ақ облыстық соттар, Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты, олардың аппеляциялық, кассациялық жəне қадағалау

сатыларының соттары. Сот (сот төрешiсi) – бұл мемлекеттiк өкiметтiң

органы, негiзгi, мiндеттi субъект. Əдiлсот пен сот iсiнiң органы ретiнде сот болмаған кезде жəне оның қатысуынсыз азаматтық iс жүргiзушiлiк құқықтық

қатынастардың болуы мүмкiн емес, онсыз iстi тал-қылау да мүмкiн емес. Дегенмен де сот тек төмендегi шарттарды сақтаған жағдайларда iс

жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың субъектiсi бола алуы мүмкiн: – егер

де сот талқылауында заңды түрде тағайындалған сот төрешiлерi қатысатын

болса. – талап етушiнiң немесе жауап берушiнiң қарсылығына негiз болып

табылатын iстiң нəтижесiне жеке жəне өзге мүддесi болмаған кезде; 1. Сот сот iсiнiң негiзгi, басты қатысушысы бола отырып, iс жүргiзу

қатынастарын мынадай принциптер бойынша құрады: сот – талап етушi, сот – жауап берушi, сот – прокурор, сот – куəгер, сот – талап етушiнiң немесе жауап берушiнiң өкiлi,

сот – сарапшы жəне т.б.

2. Iске қатысушы тұлғалардың iс жүргiзудегi құқықтық қарым-

қатынастары заңмен анықталған (ҚР АIЖК, 5-бөлiм). Бұл топқа мынадай

субъектiлер жатады:

– жоққа шығарылған, бұзылған материалдық құқықтармен байланысты

жəне заңды (материалды-құқықтық немесе құқықтық не iс жүргiзушiлiк)

мүдделерi бар тұлғалар. Оларға мыналар жатады: тараптар (талап етушi жəне жауап берушi), үшiншi тұлғалар (дауға өз алдарына жеке талаптар қоюшы

немесе талап қоймайтын), прокурор, мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-

өзi басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар (ҚР АIЖК-нiң 44, 56,

57-баптары) жəне соттың аса ерекше сот iсi тəртiбiмен қарап жатқан iстерiне мүдделi өзге тұлғалар (ҚР АIЖК, 289-бап).

– заңды iс жүргiзуге көмектесетiн тұлғалар. Бұлар – қорғау-шылар, iске қатысушы тұлғалардың заңды өкiлдерi.

Page 25: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

3. Азаматтық iс жүргiзу қатынастары субъектiлерiнiң үшiншi тобын

процеске қатысушы жəне əдiл сот орнатуға көмек көрсетушi тұлғалар

(куəгерлер, аудармашылар, сарапшылар, мамандар) құрайды.

Кейбiр авторлар сот отырысы залында отыратын тұлғаларды да (туысқандар, жақындар, таныстар, iс барысында талап етушiге немесе жауап

берушiге ниет бiлдiрушiлер, журналистер жəне өзге де азаматтар) азаматтық

iс жүргiзушiлiк қатынас-тар субъектiлерiне жатқызады.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы теориясында iс жүргiзушiлiк қатынастардың

жалпы жəне арнайы объектiсi болады.

Азаматтық iс жүргiзудегi құқықтық қатынастардың жалпы объектiсiне барлық азаматтық iстер үшiн iстiң сипаты мен түрiне қарамастан даудың

материалдық көрiнiсi, iстегi тараптардың мүддесi, яғни соттың қорғауға, талқылауға жəне шешуге тиiстi сол дауы жатады. Бiрақ процесте «сот – талап

етушi», «сот – куəгер» жəне басқа да көптеген қарапайым құқықтық

қатынастар туындайтындықтан, əрбiр нақты құқықтық қарым-қатынас-тың

объектiсiне қол жеткiзген нəтиже жатады. «Сот-сарапшы» қарым-

қатынасының объектiсiне сараптама жүргiзудiң нəтиже-сiнде алынған

нəтижелер жатады.

Iс жүргiзудегi құқықтық қарым-қатынастардың арнайы объектiсi – бұл

белгiлi бiр iс жүргiзушiлiк құқықтық қарым-қатынасты жүзеге асыру

барысында алынған нəтиже. Мысалы, куəгерден маңызды айғақтық мəнi бар

мəлiметтер алумен байланысты сот пен куəгердiң арасында туындаған

құқықтық қарым-қатынастар. €зге жағдайда арыздағы қойылатын талап пен

оның негiздiгi туралы iс бойынша түсiнiктеме алумен байланысты сот пен

талап етушiнiң арасында туындаған iс жүргiзушiлiк құқықтық қарым-

қатынастар. Сот пен сарапшы арасындағы iс жүргiзушiлiк құқықтық қарым-

қатынастардың объектiсiне арнайы бiлiмге негiзделген iс үшiн маңызды жаңа деректер туралы қорытынды да жатады.

4-т а р а у. IСКЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР

§ 1. Iске қатысушы тұлғалардың құрамы

ҚР АIЖК-нiң 44-бабына сəйкес iске қатысушы тұлғалар деп мына тараптар танылады: дауға өзiндiк талап қоятын үшiншi тұлғалар; дауға өзiндiк талап қоймайтын үшiншi тұлғалар; прокурор; мемлекеттiк органдар,

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ҚР АIЖК-нiң 56 жəне 56-

баптарындағы негiздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар мен жеке азаматтар; соттың аса ерекше сот iсi тəртiбiмен қарап жатқан iстерi бойынша мə-лiмдеушiлер мен өзге де мүдделi тұлғалар (ҚР АIЖК, 289-бап).

Сонымен бiрге азаматтық сот iсiне куəгерлер, сарапшылар, мамандар,

аудармашылар, сот өкiлдерi қатысады. Iске қатысушы тұлғаға сонымен бiрге сот төрешiсi (сот) жатады. Процесс субъектiлерiнiң қайсыбiрiн iске қатысушы тұлғаларға жатқызудың негiзгi, ерекше белгiсiне iстiң барысына

Page 26: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

заңды мүдденiң бары жатады. Заңды мүдделiлiк – бұл iске қатысушы

тұлғаның заңға негiзделген сотта iстi талқылау мен шешумен байланысты

құқықтық нəтижесi. ҚР АIЖК-нiң 8-бабы əрбiр мүдделi адамға бұзылған

немесе жоққа шығарылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерiн қорғау үшiн азаматтық заңмен бекiтiлген тəртiпте сотқа жүгiнуге кепiлдiк бередi.

ҚР АIЖК-нiң осы 8-бабында құқықтарды жəне өзге тұлғалардың немесе белгiсiз тұлғалар тобының мүдделерiн қорғау жөнiнде сотқа арыз жазуға

құқылы мемлекеттiк органдар, прокурор жəне азаматтар туралы айтылған.

Осыған байланысты тұлғаның азаматтық процеске қатысу мақсатына қарай, тұлғалардың мүдделерiнiң түрлi сипаттарын ескере отырып, соттың

талқылауға жəне шешуге құқы бар арыз бойынша жеке мүдде, субъективтi мүдде жəне мемлекеттiк, қоғамдық мүдделерге бөледi.

Жеке мүдде дегенiмiз (өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерiн қорғаушы тұлғалар үшiн) iске қатысушы тұлға үшiн сот шығарған шешiмнiң нəтижесi.

Iстегi мемлекеттiк жəне қоғамдық мүдде мемлекеттiк органдардың,

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, өзге тұлғалардың (азаматтар мен

ұйымдар) құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн

iске қатысушы ұйымдар мен азаматтардың iске қатысуға негiзi болып

табылады. Процеске қатысушылар (тараптар мен үшiншi тұлғалардың) iстi шешу нəтижесiнде тараптардың бiрi қандай да бiр мүлiктiк (материалды)

немесе мүлiктiк емес (материалды емес) игiлiктерге ие болатыны немесе одан

айрылатыны белгiлi болатын iстегi сот шешiмiне нақты мүдделi болады.

Мысалы, талап етушi үшiн iс жүргiзу процесi талапты қанағаттандыру

туралы сот шешiмiн, жауап берушi үшiн – талап ету арызынан бас тарту

туралы шешiмiн, ал прокурор үшiн заңды, негiзделген сот шешiмiн күтуден

тұрады.

Сот шешiмдерi тұлғалардың тiкелей жеке мүлiктiк жəне мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттерiне əсер ететiндiктен iсте тiкелей мүддесi бар

топтарға талап қоюшы, жауап берушi, дауға өзiндiк талап қоятын үшiншi

тұлғалар жатады.

Сот шешiмi мұндай тұлғаның құқығы мен мiндетiне əсер етпейтiндiктен,

бiрақ дегенмен де ол негiзгi талап арызы бо-йынша шешiмнiң қарама-қарсы

болмауына мүдделi болғандықтан, дауға өзiндiк талаптар қомайтын үшiншi

тұлғалардың мүдделерi жанама сипатқа ие. Сонымен бiрге сотта iстi қарау кезiнде тараптардың не прокурордың, не

мемлекеттiк органдардың iсте қандай да бiр материалды мүддесi болмайды.

Аты аталған органдардың мүдделерi заңды сипатқа ие, олардың сотта жақтайтын жалпы мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделерi болып табылады.

Азаматтық процестiң қалған субъектiлерiнен iске тiкелей қатысушы

тұлғаларды бөлектеуге мүмкiндiк беретiн тараптардың негiзгi мiндеттi белгiсiне жеке мүдде, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдде жатады.

Page 27: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сондықтан да талап етушi, жауап берушi, үшiншi тұлғалар мен аса ерекше сот iсi жəне бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын iстер

бойынша арыз берушiлер iстiң барысында өзiнiң жеке, нақты жəне заңды

мүдделерi бар тұлға-ларға жатады.

§ 2. Iске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

Iске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

ҚР АIЖК 47-бабында регламенттелген. Тараптардың барлық iс жүргiзушiлiк

құқықтары мен мiндеттерiн шартты түрде iсте заңды мүдделерi бар,

азаматтық iс жүргiзушiлiк қарым-қатынастардың барлық қатысушыларына (iске қатысушы тұлғаларға) тəн жалпы жəне азаматтық сот iсiнiң тараптары

ғана ие болуға қабiлеттi арнайы деп бөлуге болады. Тараптардың жалпы iс жүргiзушiлiк құқықтарына мыналар жатады:

– iс материалдарымен танысу жəне олардан үзiндiлер жасау, сондай-ақ

көшiрмелерiн алу құқығы;

– iстi өкiл арқылы жүргiзу, сот төрешiлерiне, прокурорға, сот отырысының хатшысына, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот жасауылы-

орындаушысына қарсылықтарын мəлiм-деу;

– дəлелдемелердi ұсыну жəне оларды зерттеуге қатысу;

– iске қатысушы тұлғаларға, сондай-ақ куəгерлерге, сарапшылар мен

мамандарға сұрақтар қою;

– iс бойынша ауызша жəне жазбаша түсiнiктемелер беру;

– сотқа сот iсiнiң жеке сауалдары ретiнде де, iстiң тұтастай мəнi ретiнде де өз тұжырымдары мен ой-пiкiрлерiн айтуға;

– iске қатысушы өзге тұлғалардың өтiнiмдерiне, тұжырымдары мен ой-

пiкiрлерiне қарсылық бiлдiру;

– сот актiлерiн бекiтiлген заң тəртiбiмен жоққа шығару. Iске қатысушы

тұлғалардың құқықтық мəртебесi бойынша, iстiң барысына олардың

мүдделерiн есепке ала отырып, азаматтық iс жүргiзу заңдылығында олардың

құқықтары кеңiнен бекiтiлген.

ҚР АIЖК-нiң 47-бабына сəйкес iске қатысушы тұлғалардың мынадай

құқықтары бар:

– iс материалдарымен танысу жəне олардан үзiндiлер жасау, сондай-ақ

көшiрмелерiн алу, қарсылықтарын мəлiмдеу, дəлелдемелердi ұсыну жəне оларды зерттеуге қатысу, iске қатысушы тұлғаларға, сондай-ақ куəгерлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қою, өтiнiмдер беруге, сонымен бiрге дəлелдемелердi талап етуге;

– сотқа ауызша жəне жазбаша түсiнiктемелер беру;

– сот талқылауы барысында туындаған барлық мəселелер бойынша өз тұжырымдарын жасау, iске қатысушы өзге тұлғалардың өтiнiмдерi мен

тұжырымдарына қатысты қарсылық бiлдiру;

– сот қаулыларына шағымдану жəне азаматтық сот iсi туралы

заңдылықтардағы өзге iс жүргiзу құқықтарын пайдалану.

Page 28: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Ең алдымен ҚР АIЖК 47-бабының 1-бөлiмiнде берiлген iске қатысушы

тұлғалардың құқықтарының тiзiмi тартыстық принциптi көрсететiндiгiн еске сала кетемiз.

ҚР АIЖК-нiң 47-бабында iске қатысушы тұлғаларға заңды түрде шешiмге, ал қарастырылған жағдайларда сот анықтауларына да шағымдануға болатындығын бiлдiретiн диспозитивтiк принцип те көрiнiс табады. Бұл

процестiң екiншi сатыға өтуi iске қатысушы тұлғалардың ерiктерiне байланысты екендiгiн бiлдiредi.

Жоғарыда айтып кеткендей iске қатысушы тұлғалардың жалпы iс жүргiзу

құқықтары мен мiндеттерiнен басқа тек өздерiне ғана тəн арнайы iс жүргiзу

құқықтары мен мiндеттерi болады.

Тараптардың арнайы сипаттағы iс жүргiзу құқықтарына мыналар жатады:

– талап қою, шағымдану немесе арыз жазумен сотқа жүгiну, қарсы талап

қою құқығы;

– бiр талап қою арызында бiр-бiрiмен байланысты бiрнеше талаптарды

бiрiктiру, iстi қарайтын сотты таңдау құқығы;

– мемлекеттiң кiрiсiне, сот шығындарына кететiн төлемдердi төлеуден

босату, төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру, бөлiп төлеу немесе оның мөлшерiн

азайту құқығы;

– талап қою арыздарының көшiрмелерiн, сонымен бiрге қарсы талап қою

арыздарының, шағымдар мен арыздардың көшiрмелерiн алу, сондай-ақ

талапты қамтамасыз ету, қойыл-ған талаптан бас тарту құқығы;

– талапты өзгерту, бейбiт келiсiмге келу құқығы;

– талапты мойындау құқығы;

– орындау процесiн қозғау, сот актiсiнiң орындалу мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп өтеу, сондай-ақ оны орындау тəсiлi мен тəртiбiн

өзгерту құқығы;

– өндiрiп алушыға беру туралы орындау құжатын орындау кезiнде төлеуден бас тарту, сондай-ақ қарыз адамнан алынған заттарды алудан бас тарту құқығы;

– өндiрiп алу жүргiзiлмеген немесе жартылай жүргiзiлген орындалу

құжатын қайтарып алу құқығы.

Тараптардың кейбiр арнайы құқықтарын қарастырып көрелiк.

Тараптардың iстi қарайтын сотты таңдау құқығын азаматтық iс жүргiзу

құқық нормаларымен қарастырылған жағдайларда нақты заңды iстiң

əдiлсоттылығын анықтауға олардың құқысы бар деп түсiну керек.

Қолданыстағы азаматтық iс жүргiзу заңдылықтары бойынша мұндай

құқықтарға мыналар ие бола алады:

– балама əдiлсоттылық жағдайларында (ҚР АIЖК, 32-бап) немесе iс байланыстары бойынша əдiлсоттылық (ҚР АIЖК,

35-бап, 1-бөлiк) тек талап етушi ғана; – тұрғылықты жерi бұрын белгiсiз болған жағдайда жауап берушi (ҚР

АIЖК 32-бап, 2-бөлiк, 1-тармақ);

Page 29: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– талап етушi мен жауап берушi өзара келiсе отырып, нақты iстiң

аумақтық əдiлсоттылығын өзгерте алады. Əңгiме келiсiлген əдiлсоттылық

туралы болып отыр. (ҚР АIЖК, 34-бап).

Талап етушiнiң талап ету арызынан бас тартуы бұзылған немесе жоққа шығарылған құқықты не заңмен қорғалатын мүдденi сот жүзiнде қорғау

түрiнен бас тартуын бiлдiредi. Бұл құқық басқарушы сипатқа ие, өйткенi бас тартушы талап етушi болған жағдайда iс бойынша бұл бас тарту заңға қайшы

келмейдi жəне өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайды

деген шартпен ғана сот iсiн тоқтатуға тура келедi. (ҚР АIЖК, 49-бап,1-бөлiк,

193-бап, 3-бөлiк, 24-бап, 342-бап).

Талап етушi арызынан бас тарту процесiнде заң шығарушы бұл бас тартудың себептерi мен салдарына аса көңiл бөледi. Талап етушi арызынан

бас тарта отырып, дəл осындай талаппен қайта сотқа жүгiну құқығынан

айырылатын болғандықтан, сот немесе сот төрешiсi iс бойынша сот iсiн

тоқтатпастан бұрын талап етушiнiң арызынан бас тарту себебi бойынша оған

мұндай бас тартудың немен тынатынын түсiндiруге мiндеттi. Тараптардың келесi арнайы құқығына жауап берушiнiң талапты

мойындауы жатады. Жауап берушiнiң талапты мойын дауы өз мiндетi мен

жауапкершiлiгiн мойындауымен түсiн-дiрiледi. Заңды құқығын немесе мүддесiн қорғау туралы талап етушiнiң талабы, яғни қойылған талап жалпы

ереже бойынша талап етушiнiң дəлелдеуi тиiс заңды деректерге сүйенетiндiктен, жауап берушiнiң талапты мойындауында тағы бiр нəрсе –

қарсы тараптың өз талаптарын негiздейтiн деректердi мойындауы тұр деген

сөз. Талапты мойындау құқығының басқарушылық сипаты жауап берушiнiң

сенiмдi жəне еркiн ерiк бiлдiруiне соттың күмəнi жоқ болғандықтан, iстi қарау бойынша оны сот жүзiнде талқыламай-ақ сот шешiмiн шығарумен

аяқталатынынан көрiнедi. (ҚР АIЖК, 139-бап).

Бейбiт келiсiм даулы құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың бiр-

бiрiне кеңшiлiк жасау негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн

анықтайтын келiсiмшарттан тұрады. Бұдан осы құқыққа материалды-

құқықтық мағынада тек тараптар ғана ие екенiн байқауға болады.

Прокурорға, сондай-ақ iс жүргiзу мағынасында тараптардың мəртебесiне ие өзге тұлғаларға келетiн болсақ, мұндай субъектiлердiң бейбiт келiсiм жасауға құқылары жоқ. €йткенi олар даулы материалды-құқықтық қарым-

қатынастардың қатысушылары емес жəне болуы да мүмкiн емес. Бейбiт келiсiм жасау құқығы басқаруға жатады, себебi оны сот бекiткен

жағдайда iс бойынша сот тоқтатылуы тиiс (ҚР АIЖК, 247-бап, 4-бөлiк).

Тараптардың бейбiт келiсiм жасауы егер де ол заңға қайшы келетiн болса немесе өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын болса, онда тараптардың бейбiт келiсiмiн бекiтуден бас тартуға құқы бар тек сотпен

ғана шектелiп қоймай, ол заңмен де шектеледi. Əңгiме заңның тiкелей

нұсқауымен бейбiт келiсiмдер жасауға тыйым салынатын нақты iс санаттары

туралы болып отыр. Мысалы, ата-ана құқығынан айыру жəне кəмелетке жасы

Page 30: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

толмаған балаларға алимент өндiру туралы iстер бойынша тараптардың

бейбiт келiсiм жасауларына құқылары жоқ.

Тараптардың жалпы жəне арнайы сипаттағы iс жүргiзу құқықтарын

жүзеге асыруы азаматтық сот iсiнiң бiр жəне бiр-неше сатысындағы

мазмұнына байланысты. Мысалы, жалпы iс жүргiзу құқығының iс материалдарымен танысуы процестiң кез келген сатысында жүзеге асырылады.

Талап қоюға байланысты сот iстерi бойынша талап қою арызын беру,

сондай-ақ бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстер жəне аса ерекше сот iсi бойынша арыз беру құқығын талап етушi немесе арыз берушi тек азаматтық сот iсiнiң бiрiншi сатысындағы сотта ғана жүзеге асыра алады.

Талап етушi бiрiншi жəне екiншi сатыдағы сотта ғана арызын қайтып ала алады. €з құқығын талап ету арызын қайтып алу құқығына өзгертуден

тұратын қарызын өндiрiп алуды талап етушiнiң арызын қайтып алуы

азаматтық сот iсiнiң соңғы – сот актiлерiн орындау сатысында жүзеге асады.

Тараптардың бейбiт келiсiм жасауына заң азаматтық сот iсiнiң тек бiрiншi

сатысында ғана емес, екiншi сатысында, сондай-ақ соңғы сатысында да рұқсат етедi.

ҚР АIЖК-нiң 47-бабында талап етушi мен жауап берушiге жүктелетiн

мiндеттердiң тiзiмi жоқ, олар, ҚР АIЖК-нiң басқа баптарында. Азаматтық iс жүргiзу заңы iске қатысушы тұлғаларға жалпы iс жүргiзу

мiндеттерiн өздерiне тиесiлi барлық iс жүргiзу құқықтарымен адал

орындауды жүктейдi (ҚР АIЖК, 47-бап).

ҚР АIЖК 47-баптың 2-бөлiгiне сəйкес iске қатысушы тұлғалар азаматтық

iс жүргiзу заңында бекiтiлген өздерiнiң iс жүргiзу құқықтарын орындаулары

тиiс. Жалпы iс жүргiзу мiндеттерiне мыналар жатады:

– тараптардың өз арыздары мен өтiнiмдерiнiң себептерiн дəлелдеу мiндетi (мысалы, сотқа қарсылық туралы арызы ҚР АIЖК, 42-баптың 2-бөлiгi);

– қосымша куəгер шақыру немесе жазбаша не заттай айғақты беруiн талап

ету туралы өтiнiм;

– сот талқылауы кезiнде өзгерген тұрғылықты жерiн сотқа хабарлау (ҚР

АIЖК, 134-бап);

– сотқа келе алмайтын себебiн көрсете отырып, хабарлау мiндетi; – тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негiздейтiн деректердi

дəлелдеу мiндетi (ҚР АIЖК 65-бап);

– сот отырысының тəртiбiн сақтау тəртiбi (ҚР АIЖК, 178-бап, 3-бөлiк);

Тараптардың арнайы iс жүргiзушiлiк мiндеттерiне нысаны мен мазмұнына ұсынылған талаптарды сақтау мiндеттерi жа-тады:

– сот бұйрығын шығару туралы арыз (ҚР АIЖК, 141–144-баптар);

– талап ету арызын (ҚР АIЖК, 150–155-баптар);

– арызды қараусыз қалдыру (ҚР АIЖК, 249– 250-баптар);

– аралық соттардың шешiмiнен шағымдану туралы арыз (ҚР АIЖК, 331–1,

332–2);

Page 31: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– апелляциялық шағым (ҚР АIЖК, 336–337-бап), қадағалау шағымы (ҚР

АIЖК, 391–392-баптар);

– мемлекеттiк баж салығын төлеу мiндетi, сондай-ақ өзге де сот шығындарын өндiру (ҚР АIЖК, 143-баптың 2-бөлiгi, 151-бап);

– талаптары бойынша сотқа талап қою арызымен бiрге құжаттардың

көшiрмесiн беру (бұл мiндетi сақтамау арызды аяқсыз қалдыруға əкелiп

соқтырады (ҚР АIЖК, 151-бап).

Талап қою арызын қамтамасыз еткен жағдайда жауап берушiге белгiлi бiр

iс-əрекеттердi тоқтата тұру мiндетi жүктеледi. Аталған мiндеттi бұзса кiнəлi

жауап берушiге соттың анықтауы бойынша өтемақы салынуы мүмкiн.

Сонымен бiрге талап етушiнiң арызы бойынша жауап берушiден шығындар

өндiрiлуi мүмкiн (ҚР АIЖК, 159-бап).

ҚР АIЖК, 47-баптың 2-бөлiгiне сəйкес iс жүргiзу мiндетте-рiн

орындамаған жағдайда азаматтық сот iсi туралы заңдылықта қарастырылған

салдарларға əкелiп соқтыруы мүмкiн. Мұндай салдарлардың бiрi – бұл ҚР

АIЖК 47-бабының 1-бөлiмiнде қарастырылған iс жүргiзу құқықтарын адал

пайдалану туралы жалпы iс жүргiзу мiндеттерiн бұзу болып табылады.

Қиянатпен негiзсiз талап қою арызын берушi немесе талап қою арызына қарсы дау айтушы не болмаса iстi дұрыс жəне уақытында қарап, шешуге жүйелi түрде қарсы əрекет етушi тарапқа сот екiншi тараптың пайдасына нақты жоғалтқан уақыт үшiн өтемақы өндiруi мүмкiн. €темақының

мөлшерiн сот нақ-ты мəн-жайларды ескере отырып, дұрыс шекте анықтайды.

5-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ СОТ IСIНДЕГI ТАРАПТАР

§ 1. Тараптар ұғымы

Азаматтық iс жүргiзу процесiндегi тараптар деп олардың атынан сот талап

қою арызын қабылдайтын, даулы материалды-құқықтық қарым-

қатынастардың субъектiлерiн атайды.

Талап қою арызы бойынша əрбiр сот iсiнде екi тарап болады.

ҚР АIЖК-нiң 44-бабы iске қатысушы тұлғалар құрамын анықтай отырып,

тараптарды дауға жеке өздерiнiң талаптарын қоятын тұлғалар деп көрсетедi.

ҚР АIЖК-нiң 48-бабында азаматтық процестегi тараптар негiзiнен талап

етушi жəне жауап берушi болып табылады деп атап көрсетiлген. Сонымен

бiрге азаматтық процестегi тараптарға (талап етушi мен жауап берушi)

азаматтар мен заңды тұлғалар да (кəсiпкерлер, жеке жəне мемлекеттiк

кəсiпорындар, қоғамдық ұйымдар, шетелдiк азаматтар мен фирмалар,

азаматтағы жоқ тұлғалар), сондай-ақ заңды тұлғаға жатпайтын ұйымдар да жатуы мүмкiн. Азаматтық сот процесiнiң тарабы мемлекет те болуы мүмкiн.

(ҚР АIЖК 48-бап, 4-бөлiк).

Азаматтық процесте екi тарап болады: талап етушi жəне жауап берушi.

Талап етушi (арызданушы) – құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн

азаматтық iс қозғайтын тұлға.

Page 32: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Бұрын айтып кеткендей бұзылған құқықтары туралы сотқа жүгiнушi

мүдделi адамның өзi не болмаса бiреудiң мүддесi үшiн талап қою арызын

берушi прокурор болуы мүмкiн, ал заңда қарастырылған жағдайларда талап

қою арызын мемлекеттiк өкiмет органдары, жергiлiктi басқару органдары,

ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк азаматтар беруi мүмкiн. Азаматтық процесте талап етушi жақ өз əрекеттерiмен (арызымен, шағымымен) құқықтары мен

мүдделерiн қорғауы үшiн процестiң туындауына бастама көтеретiндiктен

белсендi тарап деп саналады. Iстi прокурор, бұған құқығы бар ұйымдар мен

азаматтар қозғаған жағдайда iстi қозғауға мүдделi тұлғаға сот процестiң

туындағаны жəне оған талап етушi ретiнде қатысатынын хабарлайды.

(ҚР АIЖК, 48-бап, 3-бөлiгi). Жауап берушi (селқос жақ) – талап етушiнiң арызы бойынша сотқа

түсiнiктеме беру үшiн жəне құқық бұзушы ретiнде жауапқа тартылуы мүмкiн

тұлға. Сондай-ақ жауап берушi субъективтi құқықтар мен заңды мүдделердiң

бұзылғаны туралы үстiнен сотқа талап қою арызы жазылған тұлға. Көп

жағдайларда талап қою арызын берудiң себебi жауап берушiнiң əрекетi немесе əрекетсiздiгi (қарызды, салықты төлемеу, жал төлемiн бекiтiлген

мерзiмде төлемеу, мүлiктiк немесе өзге де зиян келтiру) болып табылады.

Сондықтан да жоғарыда айтып кеткендерден мынадай тұжырым жасауға болады: тараптардың арасындағы дау-жанжал тек сот жүзiнде ғана шешiлуi

тиiс азаматтық-iс жүргiзу құқықтық қарым-қатынастардың туындауына себеп

болады.

§ 2. Бiрлесе iс жүргiзу

ҚР АIЖК-нiң 50-бабына сəйкес талап қою арызын бiрнеше талап етушi

бiрлесе немесе бiрнеше жауап берушiнiң үстiнен беруi мүмкiн. Азаматтық

процесте көптеген тұлғалардың қатысуы талап етушi мен жауап берушi

тараптарда бiрлесе iс жүргiзу институтын құрады. Олардың мақсаты бiр iсте бiрнеше талапты бiрге қарау болып табылады. Бұл iстi қарау кезiнде соттың,

сондай-ақ iске қатысушы тұлғалардың уақытын, күш-əрекетiн үнемдейдi

жəне жеңiлдетедi.

Бiрлесе iс жүргiзудi екi негiз бойынша жiктеу қабылданған: iс жүргiзушiлiк жəне материалды негiздер. Iс жүргiзушiлiк – құқықтық бiрлесу,

оның талап етушiнiң немесе жауап берушiнiң жағында өзге талап етушiлер

немесе жауап берушiлердiң барына қарай мынадай түрлерi болады:

– белсендi бiрлесу, талап етушiнiң жағында бiр мезгiлде талап қою

арыздарымен бiрнеше тұлғалардың болуы;

– селқос бiрлесу, бiр талап етушiнiң жауап берушiнiң үстiнен жазған талап

қою арызын берген кезде, сырттан бiрнеше тұлғалардың қатысуы;

– аралас бiрлесу, талап етушi мен жауап берушi жағында бiр мезгiлде бiрнеше тұлғаның болуы.

Заң мағынасы бойынша iс жүргiзудегi бiрлесу мынадай жағдайлардан

туындауы мүмкiн:

Page 33: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– талап қою арызының көздегенi жалпы құқық (мысалы, жалпы мүлiктiк

құқықтан шыққан) болса; – талап қою арызы сол бiр негiзге сүйенсе (мысалы бiрнеше тұлғаның

бiрлесе зиян келтiруiнен);

– талап қою арызы даудың негiзi мен көздегенi бойынша бiрлесу (мысалы,

жалдаушының үстiнен жазылған жалақы туралы бiрнеше тұлғаның талап

қою арызы немесе электр жарығына, газға, жылуға жəне т.б. төлемегендерi

туралы бiрнеше абоненттiң үстiнен жазған энергиямен қамтамасыз ететiн

ұйымның талап ету арызы) Бiрлесе iс жүргiзу екiге бөлiнедi:

– мiндеттi түрде бiрлесу;

– факультативтi бiрлесу.

Мiндеттi бiрлесу дауды сотқа өз талаптарын мəлiмдеген барлық талап

етушiлер мен жауап берушiлердiң қатысуынсыз шешу мүмкiн емес жағдайда болады. Факультативтi (мiндеттi емес) бiрлесу тек қойылған талапты

дұрыс, өз уақытында қарап, шешуге ықпал ететiн жағдайда болуы мүмкiн.

Бiрнеше тұлғалардың қатысуымен талаптарды өз уақытында жəне дұрыс қарап, шешу мақсатында сот оларды бiр немесе бiрнеше талаптармен жеке сот iсiне бөлуге құқылы.

Бiрлесе iс жүргiзу iсiн қарау кезiнде сот барлық қатысушылар үшiн олар

мəлiмдеген əрбiр талап бойынша əрқайсысының құқықтары мен мiндеттерiн

анықтаумен бiрнеше талап қоюшының немесе бiрнеше жауап берушiнiң

пайдасына жалпы бiр шешiм шығарады (ҚР АIЖК, 228-бап).

Тиiстi емес жауап берушiнi ауыстыру. Талап қою арызын берушi барлық

уақытта өзiне тиесiлi құқықты нақты бiлмеуi, барлық мəн-жайлар оған

беймəлiм болуы мүмкiн болатындықтан, iстi қарау барысында тиiстi жауап

берушiнi ауыстыру қажеттiгi туындауы мүмкiн.

Сонымен бiрге арызданушы дауласып отырғанына, сондай-ақ жауап

берушiнi таңдауда қателесуi мүмкiн. Сондықтан да арыз бере отырып, талап

етушi сотқа тек өзiнiң ғана тиiстi талап етушi екендiгi, ал жауапқа тартылушы тиiстi жауап берушi екендiгi туралы нақты мəлiметтердi беруi

тиiс. Сотқа тиiстi құжаттарды ұсына отырып, талап етушi өзiн жəне жауап

берушiнi заңдастыруы керек. Тиiстi емес талап етушi тиiстi емес жауап

берушiнiң үстiнен талап қою арызын жазған жағдайда сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкiн. ҚР АIЖК-нiң 51-бабында бiрiншi сатыдағы сотта iстi дайындау немесе қарау кезiнде сот талап қою арызы бойынша жауап

берушiнiң бұл арызға қатысының жоқтығын анықтаса, iстi тоқтатпай, талап

етушiнiң өтiнiшi бойынша тиiстi емес жауап берушiнi тиiстi жауап

берушiмен ауыстыра алатын тəртiп қарастырылған. Тиiстi емес жауап

берушiнi ауыстырғаннан кейiн iстi дайындау мен талқылау қайта басталады.

Егер де талап етушi тиiстi емес жауап берушiнi ауыстыруға қарсы болатын

болса, онда сот ұсынылған арыз бойынша iстi талқылайды. Сондықтан да процесте сот тиiстi емес жауап берушiнi ауыстыра отырып, сот материалды

құқықтық қарым-қатынастар дауының субъектiсi болып табылмайтын

адамды сот процесiнiң аясынан шығарады.

Page 34: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Тиiстi тарап кей жағдайларда заңның тiкелей нұсқауымен анықталуы

мүмкiн. Мысалы, аса үлкен қауiп келтiргенi үшiн (кейбiр мəн-жайларды

қоспағанда) шығынды өтейтiн тиiстi жауап берушi аса үлкен қауiп келтiрген

заттың иесi болып табылады (ҚР АIЖК 931-бап, 1-бөлiк). Тиiстi емес жауап

берушiнi ауыстырған жағдайда сот дəлелдi анықтау шығарады.

§ 3. Iс жүргiзуге құқық мирасқорлығы

Нақты iстi талқылау барысында даулы iстiң немесе сот анықтаған

материалды құқықтық қарым-қатынастың бiр субъектiсi-нiң процестен

шығып кетуiне байланысты тарап немесе үшiншi жақ (құқыққа жол сiлтеушi)

болып табылатын адам ауыстырылуы мүмкiн. Азаматтық iс жүргiзуге құқық

мирасқорлығының мəнi тараптардың субъективтi iс жүргiзу құқықтарының

азаматтық процесте осы тараптың құқық мұрагерi болатын тұлғаға өтуiнен

тұрады. Құқық мирасқорлығы тұлғалардың тек құқық-тық қарым-қатынаста ауысқан жағдайда кез келген iсте болуы мүмкiн (ҚР АIЖК, 54-бап):

– iсте тарап болып табылатын, өз мүлкiн мұрагерлерiне (заң немесе өсиетхаты бойынша) қалдырып кеткен азаматтың өлiмi;

– заңды тұлғаның қайта құрылулары, таратылулары;

Жалпы (жан-жақты) құқық мирасқорлығынан басқа сингулярлы (латын

тiлiнен аударғанда жеке дегендi бiлдiредi) құқық мирасқорлығы мынадай

жағдайларда болады:

– кепiлдiк туралы келiсiм бойынша құқыққа кеңшiлiк беру (ҚР АК, 325-

бап);

– несие берушiнiң талаптарына кеңшiлiк (ҚР АК, 339-бап);

– құқықтың өтуi (несие берушiден өзге тұлғаға ҚР АК,

344-бап);

– сыйға тартуға уəде еткен кездегi құқық мирасқорлығы

(ҚР АК, 515-бап);

– патенттiк құқықтарды алуға кеңшiлiк жасау туралы келiсiмшарт (ҚР АК,

1000-бап);

– борышты аудару жəне өзге жағдайлар.

Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты, көп жағдайларда алимент туралы жəне өмiрге немесе денсаулыққа жəне т.б. келтiрген

шығынды өндiру туралы талаптармен байланысты құқықтардың өзге тұлғаға өтуi жағдайларында процесте құқық мирасқорлығына рұқсат етiлмейтiндiгiн

айта кеткен жөн (ҚР АК, 340-бап).

Сондай-ақ құқықты берушiнiң барлық құқықтары мен мiндеттерi құқық

мирасқорына өтетiндiктен, барлық жағдайларда құқық мирасқорлығы жалпы

болып табылатындығын да айта кету қажет. Құқық мирасқорының процеске енгенге дейiнгi құқығын мирас еткен

тұлғаның барлық iс-əрекеттерi оған сот тиiстi шамада мiндеттi. (ҚР АIЖК,

54-бап, 2-бөлiк). Құқық мирасқорлығы процестiң кез келген сатысында болуы мүмкiн. Процесте iстi тоқтата тұрмастан немесе тоқтатпастан құқық

Page 35: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

мирас етiледi. Құқық мирасқоры процеске енген жағдайда сот дəлелдi

анықтау шығарады.

§ 5. Азаматтық сот iсiне прокурордың қатысуы

1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының

прокуратурасы туралы» заң күшiне ие Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының 4-бабына сəйкес прокуратураға Қазақстан Республикасы

Конституциясының сақталуын конституциялық қадағалау мен Қазақстан

Республикасының аумағында қолданылатын заңдардың орындалуын

қадағалау қызметi жүктелген.

Азаматтық сот iсiнде заңдардың дəлi жəне бiркелкi қолданылуын

жоғарыдан қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тiкелей де, өзiне бағынатын прокурорлар арқылы да жүзеге асырады.

Азаматтық iс жүргiзу заңымен прокурор iске қатысушы тұлғаларға жатады. Азаматтық сот iсiне прокурордың қатысуы заңмен қарастырылған

жағдайларда немесе сот нақты iске прокурор қатысу қажет деп таныған

жағдайларда мiндеттi болып табылады.

Қолданыстағы iс жүргiзу заңдылықтары (ҚР АIЖК, 55-бап) бiрiншi

сатыдағы сотқа прокурордың қатысуының екi түрiн бекiткен:

1) азаматтардың, белгiсiз тұлғалар тобының немесе Қазақстан

Республикасы мүддесiнiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн

қорғауда азаматтық сот iсiнiң кез келген түрiн (талап қою, əкiмшiлiк, ерекше талап қоюмен) қозғау туралы жүгiну;

2) мүдделi тұлғалардың бастаған процесiне кез келген сатыда құқықтық

тұжырым беру үшiн ену.

Талап қою арызында прокурор қолдануға тиiстi заңға сүйенуi тиiс. €зге тұлғалардың мүддесi үшiн iс қозғауға прокурордан арнайы өкiлеттiктер

қажет емес. Прокурор өздерi ұсынған талап қою арызы немесе талап қою

арыздарына жатпайтын iстер бойынша арыздар бойынша процеске мiндеттi түрде қатысады. Iс жүргiзу заңы прокурордың арызы бойынша iс қозғалған

мүдделi тұлғаға оның мүддесi бойынша процестiң басталғаны туралы жəне оған талап қоюшы ретiнде қатысуын хабарлауды талап етедi.

Прокурор процесте талап қою кезiнде өз тұрғысы жағынан да, құқықтары

мен бостандықтары бұзылған тұлғалардың мүддесiмен де байланысты емес. Тек заңды басшылыққа ала отырып жəне олардың ұсынған талаптары заңсыз немесе негiзсiз деген қорытындыға келе отырып, ол заңды сақтаушы ретiнде талап қою арызын толықтай немесе негiзсiз бөлiгiн қараусыз қалдыруға тек

құқықты ғана емес, мiндеттi де. Дегенмен де мұндай бас тарту мүдделi

тұлғаның iстi мəнi бойынша талқылау құқығынан айырмайды, iс тек оның

келiсiмiмен ғана тоқтатылуы мүмкiн (ҚР АIЖК, 55-бап, 5-бөлiк).

Прокурордың заңды мүддесi оның өз бастамасы немесе өзiне жүктелген

мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында жəне азаматтардың құқықтарын,

Page 36: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

бостандықтары мен заңды мүдделерiн, мекемелердiң, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiн, құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн iс бойынша тұжырым жасау үшiн соттың бастамасы бойынша процеске енуге құқылы екендiгiнен тұрады.

Талап қойылмайтын iстер бойынша тараптар мен үшiншi тұлғаларға, арызданушылар мен шағымданушыларға қарағанда прокурордың мүддесi мүлде басқа. Процестегi мүддесi оның құзыреттiлiгiмен шартталғандықтан,

азаматтық процесте прокурор дербес тұлға жəне ол өзге қатысушы

тұлғаларға бағынышты емес. Талап қою арызын берген прокурор барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады, бейбiт келiсiм жасау мен сот шығындарын

төлеу туралы мiндеттерiнен басқа талап қоюшының барлық iс жүргiзу

мiндеттерiн де орындайды. (ҚР АIЖК 55-бап, 2-бөлiк). Прокурорға қарама-қарсы талап қою арызы берiлуi мүмкiн емес. Прокурор азаматтардың

құқықтарын, бос-тандықтары мен заңды мүдделерiн, мекемелердiң

құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық жəне мемлекеттiк мүдделердi

қорғау туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы. Азаматтардың құқықтарын,

бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы талап қою арызын

прокурор тек мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша, егер де ол белгiлi бiр

себептермен сотқа арыздана алмайтын болса ғана бере алады. Iс-əрекетке қабiлетсiз тұлғаның заңды мүдделерiн қорғау туралы талап қою арызын

прокурор мүдделi тұлғаның өтiнiшiне қарамастан бере алады.

Егер де талап етушi прокурордың қойған талаптарын қолдамайтын болса, онда сот егер де үшiншi тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен

заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмейтiн болса, арызды қараусыз қалдырады.

Мұндай жағдайларда прокурордың оның мүдделерiн табанды түрде талап

етуге құқысы жоқ, егер де бұл заңға қайшы келмейтiн болса жəне өзге тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын болса, сот iстi тоқтатуы тиiс.

€зге тұлғаның мүддесiн қорғау үшiн берiлген прокурордың талап ету

арызын қараусыз қалдыру бұл тұлғаны iстi мəнi бо-йынша талқылауды талап

ету құқығынан айырмайды.

€зге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талап қою

арызымен жүгiнген прокурор бiрiншi болып түсiнiктеме бередi (ҚР АIЖК,

194-бап), ал сот жарыссөздерiнде ең соңынан сөйлейдi (ҚР АIЖК, 211-бап).

Iс бойынша тарап болып табылмайтын жəне процеске қатысушы прокурор

бұл заңда қарастырылған жəне оның қатысуы қажет деп сот таныған

жағдайларда прокурор сот жарыссөзiнен кейiн iстiң мəнi бойынша толықтай

тұжырым жасайды.

Прокурордың өзге тұлғалардың бастамасы бойынша бастал-ған азаматтық

процеске қатысуы тұжырым беру мақсатында заңда қарастырылған жағдайда мынадай iстер бойынша мiндеттi болып табылады: (ҚР АIЖК, 55-бап):

– прокурордың органдар мен лауазымды тұлғалардың шығарған актiлерi

мен iс-əрекеттерiн заңға сəйкес емес деп тану туралы сотқа жүгiнуi (ҚР

АIЖК, 286-бап);

Page 37: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп немесе өлдi деп тану туралы (ҚР

АIЖК, 296-бап, 2-бөлiк);

– азаматты iс-əрекетке қабiлетсiз деп тану туралы (ҚР АIЖК 302-бап);

– азаматты психиатриялық ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу (ҚР АIЖК,

309-бап);

– ұл баланы немесе қыз баланы асырап алу (ҚР АIЖК, 317-4-бап);

– Қазақстан Республикасының аумағында экстремизмдi жүзеге асырған

шетелдiк немесе халықаралық мекеменi тану туралы iстер бойынша (ҚР

АIЖК, 317-6ап).

Прокурор осы iстерге қатысушы бола отырып, аппеляциялық жəне қадағалау ұсыныстарын енгiзу арқылы сот қаулыларына шағым жасауға құқылы. (ҚР АIЖК, 332, 384, 385-баптар).

Прокурордың сот шешiмдерiне, қаулыларына, анықтамаларына аппеляциялық наразылық бiлдiру құқығы оның iстi қарауға қатысуына байланысты емес, ол ҚР АIЖК, 332-бабында қарастырылған.

Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне ұсыныстар əкелуге құқылы:

– Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – облыстық қадағалау

алқасына жəне оған тең соттарға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының қадағалау алқасына; – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасарлары –

облыстық қадағалау алқасына жəне оған тең сот- тарға; – облыс прокурорлары мен оған тең прокурорлар – облыстық қадағалау

алқасына жəне оған тең соттарға. Наразылықты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның

орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оған тең прокурорлар өз бастамаларымен де, тараптардың, сондай-ақ аппеляциялық шағым жасауға құқылы iске қатысушы өзге тұлғалардың өтiнiштерiмен де бере алады.

Наразылық немесе шағым сотқа тiкелей алып келiнедi, өкi-леттi iстi қадағалау тəртiбiмен қарайды (ҚР АIЖК, 385-бап). Iске қатысушы

тараптардың өтiнiмдерi (шағымдар, арыздар) наразылыққа қоса тiркеледi.

Шағым, наразылық iстi қадағалау сатысында қарағанға дейiн оны берген

адамның iстi қадағалау сатысында қарайтын сотқа тиiстi арыз беру арқылы

қайта шақырылуы мүмкiн. Наразылық жоғарғы прокурормен қайта шақырылуы мүмкiн. Наразылыққа қайта шақыру туралы сот iске қатысушыларға хабарлайды. Қадағалау шағымына, наразылыққа қайта шақыру iстi қадағалау сатысында тоқтатуға əкелiп соқтырады.

Сондықтан да өзге тұлғалардың мүдделерi үшiн қадағалау тəртiбiмен

адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға талап қою

арызын беру прокурордың атқаратын қызметi болып табылады.

§ 5. €зге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн

қорғау үшiн мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару

органдарының, мекемелер мен азаматтардың

азаматтық сот iсiне қатысуы

Page 38: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ҚР АIЖК-нiң 56 жəне 57-баптары жоғарыда аты аталған органдардың өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн азаматтық iске қатысуының екi түрiн мынадай жолдармен қарастырады:

1) өзге тұлғалардың бұзылған немесе жоққа шығарылған құқықтары мен

бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа арыз беру;

2) iс бойынша қорытынды жасау.

АIЖК 56-бабына сəйкес заңда қарастырылған жағдайларда мемлекеттiк

өкiмет органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, мекемелер мен

азаматтар өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жəне заңды

мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талап қою арыздарын бере алады.

Бұл органдардың азаматтық сот iсiне өзгелердiң мүдделерiн қорғау үшiн

iске қатысуға төмендегiлер негiз болады:

– аты аталған органдар мен тұлғалардың азаматтық сот iсiне қатысу

мүмкiндiгi туралы олардың өкiлеттiктерiне байланысты iстердiң жеке санаттары бойынша заң нұсқауы;

– ҚР АIЖК-нiң 56-бабында аталған органдар мен тұлғалардың жеке материалды-құқықтық мүдделерi болмаған жағдай-да жəне iс бойынша даулы мəселеде тараптарға жатпаған жағдайда;

– құқықтары мен бостандықтары қорғалып отырған тұлғалардың

өтiнiштерi, бұған тең қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделерге нұқсан

келетiн болса. ҚР АIЖК-нiң 56-бабына сəйкес заңда қарастырылған жағдайларда

мемлекеттiк өкiмет органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары,

мекемелер мен азаматтар өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын

жəне заңды мүдделерiн қорғау үшiн олардың өтiнiштерi бойынша немесе белгiсiз тұлғалар құқықтары мен бостандықтарын жəне заңды мүдделерiн

қорғау үшiн сотқа талап қою арыздарын бере алады. Дегенмен де заң iс-əрекетке қабiлетсiз немесе кəмелетке жасы толмаған азаматтың құқықтары

мен бостандықтарын жəне заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа арыз мүдделi

адамның немесе оның заңды өкiлiнiң өтiнiшiнсiз берiлуi мүмкiндiгiн

анықтайды.

€зге тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн бiрiншi сатыдағы сотқа жүгiну

құқығы ҚР АIЖК-нiң 56-бабында аталған органдар мен тұлғалардың бəрiне берiлген. Азаматтық сот iсiнде өзге тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн

сотқа жүгiнуге құқылары бар органдарға дербес құзыреттерi бар органдарды

жатқызуға болады.

€зге тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн арыз берген тұлғалар барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдалана алады, талап қоюшының барлық iс жүргiзу

мiндеттерiн орындайды. Бұған тек бейбiт келiсiм жасау мен сот шығындарын

төлеу мiндеттерi жатпайды. Органдардың, мекемелер мен азаматтардың

талап қою арызынан бас тартқан жағдайларында мүддесi қорғалғалы отырған

тұлға iстiң мəнi бойынша талқылауды талап ету құқығынан айырылмайды.

Мүддесi үшiн iс қозғалған адам арыздағы талаптарды қолдамаған жағдайда,

Page 39: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

егер де үшiншi тұлғаның құқығына нұқсан келмейтiн болса (АIЖК 56-бап 2-

бөл.) сот талап қою арызын қараусыз қалдырады. €зге тұлғаның мүддесiн

қорғауға iс қозғау үшiн мемлекеттiк органда өзге тұлғаның мүддесiн қорғау

үшiн заңмен бекiтiлген сотқа жүгiну құқығы болуы тиiс. өзге тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғау үшiн азаматтық iстердi

талқылауда мынадай мемлекеттiк органдар жиi кездеседi:

– зейнетақы тағайындаумен байланысты (асырап алу деректерiн анықтау,

нақтылы неке қарым-қатынастарының, азаматты өлдi деп хабарлау туралы

iстер бойынша) ерекше сот iстерi бойынша əлеуметтiк қамсыздандыру

бөлiмдерi;

– мүлiктi қамаудан шығару, мүлiктiң иесi жоқ деп тану туралы iстер

бойынша қаржы органдары;

– тұрғын-үй-коммуналдық органдар – жеке мүлiктiк құқықта тұрғын үйге жəне өзге де үй-жайларға ие болумен байланысты iстер бойынша (пəтерден

шығару, тұрғын үй ауданын бөлу немесе айырбастау, тұрғын үйдi қайта жобалау, тұрғын үйге байланысты келiсiмшарттар, пəтердiң керек-жарақтары

туралы, жеке мүлiк құқығымен құрылыс жүргiзу жəне т.б.).

Мемлекеттiк басқару органдары (олардың өкiлдерi) процеске қатысушы

тұлғалардың барлық құқықтарын пайдаланады

(ҚР АIЖК, 56-бап).

Мұндай органдарға қамқорлық органдарын жатқызуға. «Неке жəне отбасы

туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша көптеген отбасылық

даулар кəмелетке жасы толмағандардың құқығын қорғау жүктелген

қамқорлық органдарының қатысуымен қаралуы тиiс. Осыған байланысты:

– қамқорлық органдары, кəмелетке жасы толмағандардың iстерi бойынша комиссиялар, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған

балалар мекемелерi ата-ана құқы-ғынан айыру туралы сотқа талап қою

арызын бере алады («Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы 68-бап, 1-бөлiгi). – егер де тұлға некеке отыру жасына жетпей некеге отырған болса, осы

тұлғаның бұған рұхсаты болмаса қамқорлық органдары некенi жарамсыз деп

тану туралы сотқа талап қою арызын бере алады («Неке жəне отбасы туралы»

ҚР Заңы 25-бап, 1-бө-лiм).

– ата-ана құқығын шектеу туралы талап қою арызын жақын туыстары,

қамқорлық органдары, кəмелетке жасы толмағандардың iстерi бойынша комиссиялар, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған

балалар мекемелерi, бала-бақша мекемелерi, орта бiлiм беретiн мектептер

бере алады. Мұндай арыздар бойынша iстер прокурор мен қамқорлық

органдарының қатысуымен талқыланады («Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңы 715-бап, 3–4-бөлiктерi).

– ата-аналары арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда жəне осындай мазмұнда сотқа талап ету арызы берiлмеген жағдайда прокурор мен қамқорлық органдары кəмелекетке жасы толмаған балаларды

күту үшiн алимент өндiру туралы сотқа талап қою арызын бере алады («Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы 124-бап, 3-бөлiгi).

Page 40: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– алимент алушының мүдделерiн бұзатын болса қамқорлық органдары

мен прокурорға сотқа алимент төлеу туралы келiсiмдi жарамсыз деп тану

туралы сотқа талап қою арызын бере алу құқығы берiлген («Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы 146-бап.)

– қамқорлық органдары баланың мүддесiн қорғау үшiн сотқа жүгiне алады

жəне ұл не қыз баланы асырап алуды жоққа шығаруды талап ете алады

(«Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы 97-бап).

– азаматты iс-əрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iстер оның отбасы

мүшелерiнiң, прокурордың жəне қамқорлық органдарының арыздары

бойынша қозғалады. (ҚР АIЖК, 302-бап).

Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының,

сайлау комиссияларының, лауазымды тұлғалардың сайлау немесе сайлаушы

болу, сайлауға қатысу құқықтарын бұзды деп есептейтiн азаматтар, қоғамдық

бiрлестiктер, сайлау комиссиясының мүшелерi əдiлсоттылық бойынша сотқа арыздануға құқылы (ҚР АIЖК, 272-бап).

€зге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн сотқа арыздану

кезiнде мынадай тəртiптер сақталуы тиiс: – мүддесi үшiн iс қозғалғалы отырған тұлғаның сотқа арыздануға құқығы

болуы тиiс; – сотқа арыздану кезiнде орган немесе ұйымның құзыретi мен тиiстi

өкiлеттiктерi болуы тиiс; – өзге тұлғалардың құқығы мен мүддесiн қорғау үшiн сотқа арызданатын

орган немесе ұйымның iсте материалдық мүддесi болмауы тиiс; – органның сотқа арызданатын негiзiне тұлғаның өтiнiшi болуы тиiс. Бiрақ заңда iс-əрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiн қорғау үшiн

мүдделi тұлғаның өтiнiшiне қарамастан сотқа талап қою арызын беруге рұқсат етiлген. (ҚР АIЖК, 56-бап).

€зге тұлғалардың мүддесiн қорғау үшiн талап қою арызын беру кезiнде осы мəселе бойынша ҚР АIЖК-де қарастырылған жалпы тəртiптер сақталуы

тиiс. Заңда қарастырылған жағдайда мемлекеттiк органдары, жергiлiктi өзiн-өзi

басқару органдары бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiне дейiн өздерiне жүктелген мiндеттер мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен

заңды мүдделерiн жəне қоғамдық, мемлекеттiк мүдделердi қорғауды жүзеге асыру мақсатында iс бойынша тұжырым беру үшiн процеске ене алады (ҚР

АIЖК, 57-бап):

а) өз бастамасы бойынша; б) iске қатысушы тұлғалардың бастамасы бойынша; в) соттың бастамасы бойынша. Нақты iстер бойынша iске қатысу үшiн мемлекеттiк органдар, жергiлiктi

өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн жiбередi. Заңға сəйкес өзге тұлғалардың iстерi бойынша тұжырым беру мемлекеттiк органдар мен

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жүктелген.

Page 41: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Мемлекеттiк органның тұжырымы сотқа жазбаша түрде берiледi. Ол iс материалдарын алдын ала зерттеп, мемлекеттiк басқару органының жүргiзген

тексеру негiзiнде жасалады. Мемлекеттiк органнның тұжырымын сот отырысында өкiлеттi адам iске қатысушы барлық тұлғаларға барлық

дəлелдемелердiң зерттелгенi туралы түсiндiргеннен кейiн жариялайды. Сот, iске қатысушы тұлғалар тұжырымды түсiндiруi жəне толықтыруы үшiн осы

органдардың өкiлеттi адамына сұрақтар қоя алады.

Сот шешiм шығармас бұрын тиiстi органдардың ұсынған тұжырымын заң

бойынша оның мiндеттi күшi болмайтындықтан оны толықтай немесе бiр

бөлiгiн қабылдамауы мүмкiндiгiн айта кеткен жөн. Сонымен қатар сот оны

неге қабылдамағанын жəне дəлелдеме ретiнде не себептi пайдаланылмағанын

негiздеуi тиiс. 8-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IСТЕРДIҢ СОТТЫЛЫҒЫ

§ 1. Соттылық ұғымы мен оның түрлерi

2000 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьялар мəртебесi туралы» Конституциялық заңға сəйкес Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының

Жоғарғы Соты жəне жергiлiктi соттар құрайды.

Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:

1) облыстық жəне оған теңестiрiлген соттар;

2) аудандық жəне оған теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық,

арнайы соттар. Арнайы соттарға Қазақстан Республикасы iс-əрекет ететiн

экономикалық, əкiмшiлiк жəне гарнизонның əскери соты жатады. Барлық

соттардың жалпы қасиеттерiне азаматтық сот iстерiн бiрiншi сатыдағы сот ретiнде шешудегi олардың құқықтары жатады. Сонымен бiрге аттары аталған

соттардың əрқайсысы заңмен өздерiнiң құзыретiне жатқызылған iстердi

шешуге құқылы.

Осыған байланысты бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қарауға өкiлеттi азаматтық iстердiң тiзiмiне қатысты белгiлi бiр соттың құзырет көлемiн

нақты анықтау аса маңызды, яғни əңгiме соттардың мəртебесiне қарай

олардың өкiлеттiктерiн шектеуде болып отыр. Осы мəселенi шешу ҚР АIЖК-

нiң соттылық нормаларында қарастырылған. Соттылық тəртiбi «ешкiмнiң

заңда белгiленген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуi мүмкiн емес»

деген Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-

бөлiмiнiң 3-тармағын, яғни тұлғаның iсiн соттылығы заңмен тиiстi сол сотта жəне сол сот төрешiлерiнiң қарау құқы-ғын жүзеге асыруға кепiлдiк бередi.

Əдебиетте соттылықтың əртүрлi анықтамалары бар, олардың бiрiнде əдiлсоттылық сот жүйесiнiң iшiндегi нақты соттардың арасындағы

құзыреттердiң шектеулерiн реттейтiн нормалары бар iс жүргiзу

институтынан тұрады делiнген. Əртүрлi мемлекеттiк органдар мен соттар

арасындағы заңды iстердi шешуге өкiлеттiктердi шектеуге көмектесетiн

ведомстволық бағыныштылыққа қарағанда соттылық Қазақстан

Page 42: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Республикасының сот жүйесiндегi тек түрлi соттар арасындағы шектеудi

болжайды. Соттылық түрлерi. Сотқа талап қою арызын ұсынған кезде сот төрешiсi iстiң жалпы сотқа ведомстволығын анықтай отырып, оның сот жүйесiндегi қай сотқа жататындығын шешуi тиiс. ҚР АIЖК-нiң 27–36-

бабына сəйкес соттылықтың мынадай түрлерi бар:

– тектiк немесе тақырыптық;

– аумақтық немесе кеңiстiктiк (жергiлiктi); – балама; – ерекше; – келiсiмдi;

– iстердiң байланысы бойынша əдiлсоттылық.

Iстердiң тектiк (тақырыптық) соттылығы. Азаматтық iс жүргiзу

заңдылықтарында жалпы ведомстволық бағынышты соттарға азаматтық iстер

сот жүйесiнiң бөлiмдерiне бөлiнедi. Соттылық көмегiмен аудандық,

облыстық соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, сондай-ақ

мамандандырылған соттар ретiнде экономикалық, əкiмшiлiк соттардың жəне əскери соттардың құзыреттерi бөлiнген. Сондықтан да соттылық даудың

тақырыбы бойынша қатаң анықталған iстердi сот жүйесiнiң əрбiр

бөлiмшесiнiң жүргiзуiне жатқызу нəтижесiмен анықталады.

ҚР АIЖК-нiң 27-бабына сəйкес жалпы соттарға соттылықты азаматтық

iстердi бiрiншi саты бойынша, облыстық жəне оған тең соттардың

соттылығына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттылығына, арнайы соттардың соттылығына жатқызылғандарынан басқа аудандық

соттарда қарайды.

ҚР АIЖК-нiң 29-бабында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

бiрiншi саты бойынша азаматтық iстердi жоққа шығаруды қарастырады:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқық-тық актiлерiн;

2) Қазақстан Республикасы (республикалық маңызы бар қалалар мен

астаналар) Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен iс-əрекеттерiн

(əрекетсiздiгiн), сондай-ақ референдумның Орталық комиссиясының

шешiмдерi мен iс-əрекет-терiн (əрекетсiздiгiн).

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттылығына Қазақстан

Республикасының халықаралық келiсiмшарты-на сəйкес басқа да iстер

жатқызылуы мүмкiн.

ҚР АIЖК-нiң 29-бабының 1-бөлiмiнде аталған даулар туралы iстер

Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңға сəйкес Қазақстан

Республикасы Конституциялық Кеңесi-нiң құзыретiне кiрмейтiн бөлiмiмен

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жатады.

Азаматтық iстердiң аудандық (қалалық) жəне оған теңестiрiлген

соттарға соттылығы. (ҚР АIЖК 27-бап). Аудандық (қалалық) жəне оған

теңестiрiлген соттар облыстық жəне оларға теңестiрiлген соттарға, Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Сотына жəне ҚР АIЖК-нiң 28, 29, 30-баптарында қарастырылған мамандырылған соттарға жататын iстерден басқа азаматтық

iстердiң көпшiлiгiн қарайды. (ҚР АIЖК, 24–2, 139, 289-баптар).

Page 43: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Облыстық жəне оларға теңестiрiлген соттар бiрiншi сатыдағы соттар

ретiнде азаматтық iстердi қарайды (ҚР АIЖК, 28-бап):

– министрлiктердiң, республикалық өзге де атқару органдарының жəне Қазақстан Республикасы Президентiне бағынышты, тiкелей есеп беретiн

органдардың нормативтi құқықтық актiлерiн жоққа шығару туралы;

– облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астаналар) сайлау

комиссияларының, сондай-ақ рефендумның облыстық (республикалық

маңызы бар қалалар мен астаналар) комиссияларының шешiмдерi мен iс-əрекеттерiн (əрекетсiз-дiктерiн) жоққа шығару туралы.

– Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын Қазақстан

Республикасы азаматтарының дипломатиялық өкiлеттiктердiң немесе Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнiң лауазымды

тұлғаларының құқықтық емес əрекетерiне талап қою арыздары бойынша; – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктердiң жəне

республикалық өзге атқару органдарының жəне Қазақстан Республикасы

Президентiне бағынышты, тiкелей есеп беретiн органдардың нормативтi емес актiлерiн жоққа шығару туралы iстер;

– Қазақстан Республикасының жəне (немесе) өзге мемле-кеттiң аумағында экстремизм немесе лаңкестiк қызметтердi жүзеге асырушы шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе лаңкес деп тану туралы iстi Астана қаласының соты қарайды.

Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының

қатысушыларының Алматы қаласы аймақтық қаржылық орталығының

органдары мен лауазымды тұлғаларының iс-əрекеттерiне (əрекетсiздiктерiне) шағымдану туралы iстер жəне егер де тараптардың екiншiсi Алматы қаласы

аймақтық қаржылық орталығының қатысушысы болып табылатын өзге де азаматтық iстердi арнайы қаржылық сот қарайды.

Азаматтық iстердiң арнайы соттарға соттылығы (ҚР АIЖК,

30-бап). Арнайы ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды

тұлғаның бiлiмi жоқ кəсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар, ҚР

АIЖК 28-бабының 1-бөлiгiнiң 3, 4) тармақшаларында, 2 жəне 3-бөлiктерiнде жəне 29-бапта қарастырыл-ғаннан өзге заңды тұлғалар болып табылатын

мүлiктiк жəне мүлiктiк емес даулар бойынша азаматтық iстердi қарастырады.

Арнайы аудандық жəне оған тең əкiмшiлiк соттарға əкiмшiлiк құқық

бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлет-телiнген органдардың (лауазымды

тұлғалардың) қаулыларын жоққа шығару туралы iстер жатады.

Əскери соттарға өздерiнiң бұзылған жəне (немесе) жоққа шығарылған

құқықтары мен бостандықтарын жəне заңды мүдделерiн əскери басқарманың

лауазымды тұлғалары мен органдарының iс-əрекеттерiнен

(əрекетсiздiктерiнен) қорғау туралы Қарулы Күштердiң, өзге əскерлердiң

жəне əскери құрылымдардың əскери қызметкерлерiнiң, əскери жиындардан

өтiп жатқан азаматтардың шағымдары жөнiндегi iстер жатады. Əскери

соттар егер де тараптардың бiрi əскери адам, əскери басқарма органдары,

əскери бөлiм болып табылатын өзге азаматтық iстердi де қарауға құқылы.

Page 44: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Аумақтық соттылық. Жауап берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша талап

қою арызын беру (ҚР АIЖК, 31-бап). Азаматтық iс жүргiзу

заңдылықтарымен мынадай аумақтық соттылықтың түрлерi қарастырылған:

жалпы аумақтық соттылық; балама (тұлғаны таңдау бойынша соттылық),

ерекше, келiсiмдi, бiрнеше iстердiң байланыстылығы бойынша соттылық.

ҚР АIЖК-де бекiтiлген аумақтық соттылық тəртiбi сот органдарына азаматтық iстердi сот жүйесiнiң бiр жəне сот бөлiмiнiң соттары арасында бөлуге көмектеседi. Аумақтық соттылықтың мəнi сотқа талап қою арызын

жауап берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша беруден, ал заңды тұлғаның

(ұйымның) үстiнен талап қою арызын осы органның тұрғылықты жерiне байланысты беруден тұрады.

Жауап берушiнiң тұрғылықты жерiне тұлғаның тұрақты тұратын жəне тiркелген жерi жатады. Тұрғылықты жерi анықталмаған жағдайда, талап қою

арызы тiркелген жерi бойынша берiледi. Талап қою арызын берерде талап

қоюшы жауап берушiнiң тұрғылықты жерiн көрсетуi тиiс. Заңды тұлғаға талап қою арызын жазарда, оның тұрғылықты жерi белгiлi бiр аумақтағы

оның нақты тұрған жерiмен (қала, аудан) анықталады, ал құрылтайшылық

құжатта мекенжайы жоқ болған жағдайда оның мемлекеттiк тiркелген жерi

бойынша берiледi.

Балама соттылық немесе талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық.

Бұл түрдiң соттылығы жауап берушiнiң мүлкiнiң қайда тұратындығына немесе тұрғылықты жерiне, ұйымның тұрғылықты жерiне, келiсiмнiң

орындалу жерiне байланысты талап қоюшының сотқа арыз жазуы үшiн

таңдау құқығынан тұрады. ҚР АIЖК-нiң 32-бабында төмендегiлерге сəйкес жағдайлардың тiзiмi көрсетiлген:

1) тұрғылықты жерi белгiсiз не болмаса Қазақстан Республикасында тұрғылықты жерi жоқ жауап берушiге талап қою арызы оның мүлкiнiң

тұрғылықты жерi немесе соңғы тұрғылықты жерi бойынша берiледi;

2) заңды тұлғаға талап қою арызы оның мүлкiнiң тұрғылықты жерi

бойынша берiледi;

3) заңды тұлғаның бөлiмшесiнiң немесе өкiлеттiгiнiң қызметiнен

туындаған талап қою арызы да бөлiмшенiң немесе өкiлеттiктiң тұрғылықты

жерi бойынша берiлуi мүмкiн;

4) алименттi өндiру жəне əкесiн анықтау туралы арызды талап қоюшы

оның тұрғылықыт жерi бойынша бередi;

5) зақым келтiрумен денсаулыққа өзге зиян келтiрумен, сондай-ақ

асыраушысының өлгенiнен болған шығынды өндiру туралы талап қою

арыздарын талап қоюшы оның тұрғылықты жерi немесе шығын келтiрген

жерi бойынша бередi;

6) орындалу орны көрсетiлген шарттардан туындайтын талаптар шарттың

орындалатын жерi бойынша қойылуы мүмкiн.

7) некенi бұзу туралы талап қою арыздары талап қоюшының тұрғылықты

жерi бойынша, сондай-ақ онда кəмелетке жасы толмаған балалары болатын

болса немесе денсаулық жағдайына байланысты талап қоюшы жауап

Page 45: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

берушiнiң тұрғылықты жерiне бару қиындық тудыратын жағдайда талап

қоюшының тұрғылықты жерi бойынша берiледi;

8) жалақаны, зейнетақы мен жəрдемақыны төлеттiру, сондай-ақ азаматты

заңсыз соттаумен, заңсыз қылмыстық жауапқа тартумен, заңсыз алдын алу

шараларын қолданумен не əкiм-шiлiк қамау түрiндегi заңсыз əкiмшiлiк

айыппұл салумен келтiрiлген шығындарды өтеумен байланысты еңбек,

зейнетақы жəне тұрғын үй құқықтарын қайта қалпына келтiру туралы талап

қою арыздары талап етушiнiң тұрғылықты жерi бойынша берiледi. Əкiмшiлiк

айыппұлдар салу туралы қаулыларды жоққа шығару туралы арыздар талап

етушiнiң тұрғылықты жерi бо-йынша берiледi;

9) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы арыздар талап етушiнiң

тұрғылықты жерi не болмаса келiсiмшартқа отырған немесе оны оның

орындалған жерi бойынша берiледi;

10) кемелердiң соқтығысу кесiрiнен болған шығындарды өндiру туралы,

сондай-ақ теңiздегi көрсеткен көмегi мен құтқар-ғаны үшiн сыйақыны

өндiру туралы арыздар жауап берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша немесе кеме портының тұрған жерiнiң жазылғаны бойынша берiледi;

11) ҚР АIЖК-нiң 33-бабындағы (ерекше соттылық) соттылықтан басқа осы бапқа сəйкес бiрнеше соттардың бiрiн таң-даудың сотты iсi талап

қоюшыға тиiстi. Балама соттылықты анықтаудың мақсаты бұзылған немесе жоққа

шығарылған құқықтарын сот жүзiнде қорғауды қажет ететiн тараптар үшiн

талап қоюшының уақытын үнемдеу мен талап қою арызын қарау кезiнде жайлы құқықтық жағдайларды туғызудан тұрады.

Ерекше соттылық (ҚР АIЖК, 33-бап). Ерекше соттылықтың мəнi iстердiң

кейбiр санаттары (категориялары) үшiн заңның жалпы ережеден ерекше тəртiппен құзырлы сотқа iстi қа-рауды тiкелей көрсетуiнен тұрады. ҚР

АIЖК-нiң 33-бабына сəйкес: – жер телiмдерiне, ғимаратқа, үй-жайға, құрылысқа, жермен тығыз

байланысты өзге нысандарға (жылжымайтын мүлiк) құқықтар туралы,

мүлiктi қамаудан босату туралы талап қою арызы осы нысандардың немесе қамауға алынған мүлiктiң тұрғылықты жерi бойынша берiледi;

– несие берушiлердiң, мұрагердiң мұраны қабылдағанға дейiнгi ұсынған

мұраға қалдырушының талап қою арыздары мұрагерлiк мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң тұрған жерiндегi сотқа берiледi;

– жүктердi, жолаушыларды тасымалдау келiсiмдерiнен шыққан

тасымалдаушыға талап қою арызы жұмыс iстеп жатқан көлiктiк ұйымның

тұрақты жерi бойынша берiледi.

Келiсiмдi соттылық (ҚР АIЖК, 34-бап). Соттылықтың осы түрiнiң мəнi

берiлген iс үшiн аумақтық соттылықты тараптардың өзара келiсiм бойынша өзгерте алуынан тұрады. Соттылық туралы тараптардың өзара жасаған

келiсiмiнiң екi жаққа да мiндеттi күшi болады. Сондықтан да келiсiмдi

бiржақты өзгертуге болмайды. Тараптардың келiсiмi бойынша ерекше соттылықты өзгертуге болмайтынын айта кеткен жөн. (ҚР АIЖК 33-бап).

Page 46: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Бiр-бiрiмен өзара байланысты iстердiң соттылығы (iстердiң

байланыстылығы бойынша соттылық). ҚР АIЖК 35-бабында қарастырылған.

Сот тəжiрибесiнде iстердi бiр талап қою сот iсiнде бiрге қарап, шешуде бiрнеше жеке талаптардың бiрiгу жағдайлары кездесуi мүмкiн. Əр жерде тұратын бiрнеше жауап берушiге қойылатын талап талап етушiнiң таңдауы

бойынша жауап берушiнiң бiрiнiң мекенжайы немесе тұрғылықты жерi

бойынша берiледi. Егер де ҚР АIЖК 171-бапқа сəйкес (бiрнеше талап қою

арыздарын бiрiктiру жəне ажырату) жоғарғы соттар бұл талаптарды ажырату

туралы анықтау шығармаса, əртүрлi сотқа сотты бiр арызға бiрiктiрiлген

талаптар осы арыздардың бiрiнiң талаптары Жоғарғы Сотта қаралады.

Жеке талап қоюшы үшiншi тұлғаның талабы, сондай-ақ оның

соттылығына қарамастан сотқа қарама-қарсы талап қою арызы берiлетiн

болса, онда ол алғашқы арызды қараған сотқа бередi.

Егер де қылмыстық iстен туындаған азаматтық талап қою арызы дер

кезiнде берiлмеген немесе қылмыстық сот iсiнде шешiлмеген болса, онда ол

жеке берiледi де, соттылық ережесi бойынша азаматтық сот iсi тəртiбiмен

қаралады.

Iстi бiр сот iсiнен екiншi сотқа беру (ҚР АIЖК, 36-бап). Сот талап қою

арызын алғаннан кейiн iстiң соттылығы мəселесiн шешуi тиiс. Егер де iс сол

соттың қарауына жатпайтын болса, сот өзiнiң себептi анықтауымен арызды

талап етушiге қайтарып бередi. Анықтауда талап етушiнiң арызы қандай

сотта қаралуы тиiс екендiгi көрсетiлуi тиiс. Заңға сəйкес соттылық туралы ереженi сақтай отырып, соттың қабылдаған

талап қою арызы келешекте оның өзге сотқа сотты болғанына қарамастан, ол

мəнi бойынша қаралып, шешiлуi тиiс (ҚР АIЖК, 36-баптың 1-бөлiгi). Соттылықты өзгерту жəне iстi бiр соттан екiншi сотқа беруi үшiн

азаматтық iс жүргiзу заңында төмендегi негiздер қарастырылған: (ҚР АIЖК,

36-баптың 2-бөлiгi): – егер де бұрын мекен-жайы белгiсiз болған жауап берушi iстi өзiнiң

тұрғылықты жерiндегi сотқа беру туралы мəлiмдесе; – бiр немесе бiрнеше соттардың қарсылығынан кейiн, сондай-ақ өзге де

көңiл бөлетiн мəн-жайларға байланысты соттарды ауыстыру немесе iстi берiлген сотта қарау мүмкiн емес;

– егер де сотта iстi қарау кезiнде сот iсiне оның соттылық ережелерiн

бұзған күйiнде қабылданғаны анықталса; – егер де сотқа талап қою арызы берiлсе. Iстiң берiлген соттың қарауына жатпайтындығы туралы тараптардың

арызын осы сот шешедi. Iстi өзге сотқа беру мəселесi бойынша сот анықтау

шығарады. ҚР АIЖК 30-бабының екiншi бөлiмiнiң 2 жəне 4-тармағында қарастырылған жағдайларда iстi беру Жоғарғы Сот анықтауларымен жүзеге асады.

Iстiң сотты еместiгi туралы тараптардың арызын қанағаттандырмау

жөнiндегi сот ұйғарымына Жоғарғы Сотқа шағымдануға болады, бұл соттың

Page 47: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

шешiмi ақырғы болып табылады жəне шағымдануға, наразылық бiлдiруге

жатпайды.

Iстi бiр соттан екiншi сотқа беру осы анықтауға шағымдану мерзiмi

өткеннен кейiн жүргiзiледi, ал шағымданған жағдай-

да – шағымды қараусыз қалдыру туралы анықтау шығарғаннан кейiн.

Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды шешiмi ақырғы болып

табылатын жəне шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайтын Жоғарғы Сот шешетiнiн айта кеткен жөн.

§ 4. Сот шығындарын бөлу

Сот шығындарын бөлу – бұл iс талқылауынан кейiн соттың шешiмi

бойынша сот шығындарын төлеуге тиiс тараптардың анықтаулары. Сот шығындарын бөлу мəселесi iстi қарау нəти-жесiне байланысты. Талапты

(толықтай немесе жартылай) қанағаттандырған немесе одан бас тартқан

жағдайда сот iс бойынша шешiмнiң қарарлы бөлiмiнде сот шығындарын

процеске қатысушыларға бөлудi көрсетуi тиiс. ҚР АIЖК-нiң 110-бабы тараптар арасында сот шығындарын бөлудiң

мынадай тəртiптерiн қарастырады:

1) пайдасына шешiм қабылданған тарапқа сот екiншi тараптан бұл тарап

сот шығындарын төлеуден босатылған болса да, соттың бастамасы бойынша төленуi тиiс куəгерлердi шақыру, сарапшы тағайындау, мамандарды тарту

жəне өзге де iс-əрекеттердi жасаудан басқа iс бойынша сот iсiне кеткен

шығындарды өтеудi бекiтедi;

2) егер де талап қою арызының бiр бөлiгi қанағаттандырылған болса, сот шығындары сот қанағаттандырған талап қою арызына тең мөлшерде талап

етушiге артылады, ал жауап берушiге талап қою арызының талап етушiге бас тартылған бөлiгi артылады.

Сот шығындарын бөлудiң ұқсас тəртiбi iстi соттың аппеляциялық жəне кассациялық сатыларында қарау кезiнде мынадай жағдайларда қолданылады:

– егер де жоғарғы сатыда тұрған сот iстi жаңа қарауға бермей, төменгi сатыдағы шыққан сот шешiмiн өзгертсе немесе жаңа шешiм қабылдаса, ол

соған сəйкес сот шығындарын бөлудi де өзгертедi;

– егер де жоғарғы сатыда тұрған сот сот шығындарын бөлу жөнiндегi соттың шешiмiн өзгертпесе, бұл мəселенi мүдделi адамның арызы бойынша төменгi сатыдағы сот шешуi тиiс;

– егер де сот талап етушiнiң арызын қараусыз қалдырса немесе талап

етушi өз талаптарынан бас тартса, онда жауап берушi оның сот шығындарын

өтеуге тиiстi емес; – егер де талап етушi өз талаптарын қолдамаса, талап қою арызын

бергеннен кейiн талап етушiнiң талаптарын жауап берушi ерiктi түрде қанағаттандырса, онда сот шығындарын, сонымен бiрге өкiлдердiң қызметiне

Page 48: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

төленетiн шығынды талап етушiнiң өтiнiшi бойынша жауап берушi өтеуi

мүмкiн;

– бейбiт келiсiм жасаған кезде тараптар сот шығындарын өтеу тəртiбi

туралы мəселенi келiсулерi тиiс, олай болмаған жағдайда заңда қарастырылған жалпы тəртiп бойынша iстi қа-раумен байланысты

шығындарды өтейтiн тарапты сот анық- тайды.

Тараптардың сот шығындарын өтеуi. Азаматтық сот iсiнде ҚР АIЖК-нiң 56, 57-баптарындағы тəртiппен өзге тұлғалардың мүдделерiн

қорғау үшiн сотқа жүгiнетiн жағдайлар кездесуi мүмкiн. Мұндай

жағдайларда заң сот шығындарын былайша бөлудi қарастырады (ҚР АIЖК

115-бап):

1) талап етушiнiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн

қорғау жөнiнде заңда қарастырылған жағдайлармен сотқа арызданған талап

етушiнiң арызынан толықтай немесе бiр бөлiгiнен бас тартқан кезде iстi қараумен байланысты шығындар жауап берушiге толықтай немесе талап

берушiден бас тартылған бөлiгiне тең түрде республикалық бюджеттен

қайтарылады;

2) мүлiктi қамаудан босату туралы талап қою арызын қанағаттандырған

кезде, талап етушiге шығындар республикалық бюджет есебiнен

қайтарылады.

Мемлекетке сот шығындарын төлеу (ҚР АIЖК 116-бап). Талап етушiнi

сот шығындарынан босатқан жағдайда сот шығындарын төмендегiдей

бөледi:

1) iспен байланысты шығындар жəне талап етушi төлеуден босатылған

мемлекеттiк баж салығын сот шығындарын өтеуден босатылмаған жауап

берушi мемлекет кiрiсiне толықтай немесе талап қою арызының

қанағаттандырылған бөлiгiне тең мөлшерiнде өтейдi;

2) талап қою арызынан бас тартылған жағдайда iстi қараумен байланысты

сот шығындарын төлеуден босатылмаған талап етушi мемлекет кiрiсiне төлейдi;

3) егер де жауап берушi сот шығындарын төлеуден босатылған болса, талап қою арызының бiр бөлiгiн қанағаттандыратын жағдайда iстi қарауға жiберген сот шығындарын оны төлеуден босатылмаған талап етушi мемлекет кiрiсiне талап қою арызының қанағаттандырудан бас тартылған бөлiгiне тең

мөлшерде төлейдi.

4) егер де екi тарап та сот шығындарын төлеуден босатылған болса, iстi қарауға кетiрген сот шығындары республикалық бюджеттiң есебiне жатады;

5) тиiстi төлемдi төлеуден жалтарған тұлғаны iздестiрген жағдайда, iздеу

жұмыстарына кеткен шығындарды мемлекет кiрiсiне осы адам төлейдi.

Сот шығындарымен байланысты сот ұйғарымына жеке шағым берiлуi

немесе наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.

10-т а р а у. IС ЖҮРГIЗУ МЕРЗIМДЕРI

Page 49: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

§ 1. Iс жүргiзу мерзiмiнiң ұғымы мен оны белгiлеу

Iс жүргiзу мерзiмдерi – бұл азаматтық iс жүргiзу заңымен бекiтiлген

немесе сот (сот төрешiсi) тағайындаған азаматтық сот процесi субъектiлерiнiң белгiлi бiр iс жүргiзу əрекеттерiн жасауға тиiстi уақыт аралығы.

Азаматтық сот iсi мiндеттерiнiң бiрiне соттың азаматтық iстердi негiздi

түрде жəне өз уақытында қарап, шешуi жатады. Iс жүргiзу мерзiмдерiн

тағайындау iстердi өз уақытында қарап, шешiлуiне ықпал етуден басқа мыналарға бағытталған:

– iс жүргiзу əрекеттерiн белгiлi бiр уақыт аралығында реттеу;

– өз əрекеттерiмен немесе əрекетсiздiктерiмен iстiң өз уақытында шешiлуiне кедергi келтiретiн процестiң қиянатшыл қатысушыларына əсер

ету;

– iске тараптардың қатысуының тұрақтылығына, анықтығына жəне нақтылығына ықпал ету; соттың əдiл болуын жүзеге асыруда азаматтардың

құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгiн жүйелi түрде сақтау.

Мерзiмдер есептеу əдiсi бойынша былайша жiктеледi:

– белгiлi бiр уақыт кезеңiне есептелетiн мерзiмге; – календарлық күнмен анықталатын мерзiмге; – нақты бiр оқиғаны көрсетумен қайткенде де болатын мерзiмдерге. Мысалы, егер де сот шешiмi талап етушiнiң пайдасына шешiлетiн болса,

ал оның заңды күшiне енетiн мерзiмi жəне екiншi тараптың шағымдану

мерзiмi нақты анықталмаса немесе шектелмесе онда талап етушi соттың

шешiмi бойынша өз құқықтарын мəжбүрлi түрде қай кезден бастап жүзеге асыратынын бiлмейтiн болады.

Iс жүргiзу мерзiмдерiн есептеу (ҚР АIЖК 124-бап). Iс жүргi-зу əрекеттерiн

жүзеге асыру мерзiмдерi былайша анықталады:

а) нақты календарлық күнмен (мысалы, сот шешiмiне шағымдану

мерзiмi). Мұндай жағдайларда мерзiм календарлық күннен немесе оқиға басталғаннан кейiн ертеңiне басталады.

б) қайткенде де болатын нақты оқиғаны көрсетумен;

в) жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiмен.

Соңғы жағдайда iс-əрекет бүкiл кезең кезiнде жасалуы мүмкiн.

Iс жүргiзу мерзiмдерiнiң аяқталуы. (ҚР АIЖК 125-бап). Жылдармен

есептелетiн мерзiм мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айында жəне күнiнде бiтедi. Айлармен есептелетiн мерзiм мерзiмнiң тиiстi соңғы айы мен күнiнде аяқталады Мысалы, сот шешiмi 15 қазанда қабылданған болса, аппеляциялық

шағымданудың он бес күндiк мерзiмi 16 қазанда басталып 1 қарашада бiтедi.

Егер де айлармен есептелетiн мерзiм соңы тиiстi саны жоқ айға тура келетiн

болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде бiтедi. Күндермен есептелетiн

мерзiм бекiтiлген кезеңнiң соңғы күнiнде бiтедi. Мерзiмнiң соңғы күнi

Page 50: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жұмыс күнi болып есептелмейтiн жағдайларда, мерзiмнiң аяқталуы келесi жұмыс күнi болып табылады.

Мерзiмi бекiтiлген iс жүргiзу əрекеттерi мерзiмнiң соңғы күнiнiң 24.00

сағатына дейiн жасалынуы мүмкiн.

Егер де шағым, құжаттар не болмаса ақшалай сома поштаға, телеграфқа немесе байланыстың өзге құралдары арқылы мерзiмнiң соңғы күнi 24.00.

сағатқа дейiн тапсырылған болса, онда мерзiм өтпеген болып саналады. Егер

де тұлға құжаттарды, ақшаны пошта, телеграф арқылы жiбермей, сотқа беретiн болса, онда мекемелерде бекiтiлген тəртiп бойынша жұмыс аяқталатын немесе тиiстi операциялар тоқталатын болғандықтан, бұл жұмыс күнiнiн аяғына дейiн жасалуы тиiс.

Iс жүргiзу мерзiмдерi бекiтiлу əдiстерiне қарай былайша бөлiнедi:

а) заңмен анықталатын мерзiмге; б) сот бекiткен мерзiмге. Заңмен

анықталған мерзiмдер сот үшiн де, iске қатысушы тұлғаларға да мiндеттi сипатқа ие. Мұндай жағдайларда соттың мерзiмдердi өзiнше немесе тараптардың келiсiмi бойынша өзгертуге құқысы жоқ. Керiсiнше заңда процесс қатысушыларының сол не өзге iс жүргiзу əрекеттерiн реттейтiн

нормалар болмаған жағдайда сот мерзiмдерi қолданылады. Мұндай

жағдайларда сот (сот төрешiсi) iстiң нақты мəн-жайларына қарай процеске қатысушы тұлғалар үшiн бекiтiлген мерзiмдердi тағайындауға, өзгертуге құқылы.

Сот iсiнiң субъектiлерi бойынша мерзiмдердi мынадай мерзiмдерге бөлуге

болады:

а) сот жасаған iс-əрекеттер мерзiмi;

б) iске қатысушы тұлғалардың жасаған iс-əрекеттерiнiң мерзiмi;

в) өзге тұлғалар жасаған iс-əрекеттер мерзiмi;

г) тұлғалардың соттың мiндеттi ұйғарымын орындау мерзiм-дерi.

Соттың (сот төрешiсiнiң) iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуi үшiн бекiтiлген

iс жүргiзу мерзiмi заң тəртiбiмен анықталып, Қазақстан Республикасының

АIЖК-де бекiтiлген. Соттың заңмен бекiтiлген iс-əрекеттер мерзiмiне мыналар жатады:

– арыздағы кемшiлiктердi жою туралы бұйрықты iс бойынша

мерзiмдер. Арызды қабылдағаннан кейiн, сот егер де арыз заң талаптарына сəйкес келмейтiн болса, сот бұйрығын шығару туралы өзiнiң анықтауымен

қарызды төлейтiн адамға кемшi-лiктердi жою үшiн үш күн уақыт бередi (ҚР

АIЖК 144-бап);

– сот бұйрығын шығару мерзiмi. Мəлiмделген талап бойынша сот бұйрығын сот төрешiсi арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде шығарады.

(ҚР АIЖК 145-бап);

– талап қою арызын қабылдау мерзiмi. Сот бес күн iшiнде талап қою

арызын қабылдауға мiндеттi. (ҚР АIЖК 152-бап);

– талап қою арызын қабылдаудан бас тарту мерзiмi. Талап қою арызын

қабылдаудан бас тарту туралы соттың анықтауы бес күн iшiнде шығарылуы

тиiс. (ҚР АIЖК 153-бап);

Page 51: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– iстi сот талқылауына дайындау мерзiмi. Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау жетi күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс. (ҚР АIЖК

16-бап);

– азаматтық iстердi қарау мен шешу мерзiмдерi. Азаматтық iстердi

қарау мен шешу мерзiмi iстi сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейiн екi

ай. (ҚР АIЖК 174-бап);

– жұмысқа қайта орналасу, алимент өндiру жəне мемлекеттiк

органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды

тұлғалардың, мемлекет қызметкерлерiнiң iс-əрекеттерi мен əрекетсiздiктерiн

жоққа шығару туралы iстердi қарау мерзiмдерi бiр ай iшiнде қаралып,

шешiлуi тиiс. (ҚР АIЖК 174-бап);

– дəлелдi сот шешiмiн құру мерзiмдерi. Сот шешiмi iстi талқылағаннан

кейiн қабылданады жəне оның жазылуы бiрден хабарланады (ҚР АIЖК 216-

бап). Аса күрделi iстер бойынша дəлелдi сот шешiмiн құру бес күннен

аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Дегенмен де iстi мəнi

бойынша талқылағаннан кейiн соттың қысқаша шешiмi бiрден хабарлануы

тиiс (ҚР АIЖК 229-бап);

– қосымша шешiмдi түсiндiру мерзiмi. Сот шешiм қабылдаған күннен

бастап он күн iшiнде шешiмдi түсiндiру туралы арызды қарауы тиiс (ҚР

АIЖК 232-бап);

– сот шешiмiнiң заңды күшiне ену мерзiмi. Аудандық, облыстық жəне оған тең келетiн соттардың iстi бiрiншi сатыда қарауы бойынша шығарған

шешiмдерi егер де оларға шағымдалынып немесе наразылық бiлдiрiлмесе, он

бес күн iшiнде заңды күшiне енедi. (ҚР АIЖК 235-бабының 1-бөлiгi); – бiрiншi сатыда соттарда қаралған iстер бойынша Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының шығарған шешiмi оның жариялаған

күнiнен бастап заңды күшiне енедi (ҚР АIЖК 235-бабының 3-бөлiгi); – жылдам орындауға тиiстi шешiм мерзiмдерi. Жылдам орындауға тиiстi

шешiмдерге: а) алимент төлеуге үкiм шығару туралы; б) жұмысшының тиiстi жалақысын беру туралы; в) жұмыс-қа қайта орналасу туралы шешiмдер

жатады (ҚР АIЖК 237-бап);

– сот орындаушысының ұсынысын қарау мерзiмi. Орындауға шара қолдану туралы сот орындаушысының ұсынысын сот он күн iшiнде шешуi

тиiс. (ҚР АIЖК 240-бап);

– аралық соттардың шешiмiн мəжбүрлi түрде орындату туралы арызды

қарау мерзiмдерi. Орындалу парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен

күннен бастап он бес күн iшiнде сот жеке қарайды. Орындалу парағын беру

туралы соттың анықтауы тез арада орындалуы тиiс. (ҚР АIЖК 241-1-бап. 6,

9-бө-лiктерi);

– сырттай шешiм көшiрмесiн жiберу мерзiмi. Сырттай шешiмнiң

көшiрмесi оны шығарған күннен бастап үш күннен кешiктiрiлмей жауап

берушiге алғаны жөнiнде хабарламамен тбiрге жiберiледi (ҚР АIЖК 263-

бап);

Page 52: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– сырттай шешiмдi жоққа шығару мерзiмi. Сырттай шешiмдi жоққа шығару туралы арызды сот арыз сотқа түскен күннен бастап он күн iшiнде сот отырысында қарайды (ҚР АIЖК

267-бап);

– нормативтi-құқықтық актiлердiң заңдылығын жоққа шығару мерзiмi.

Нормативтi-құқықтық актiлерде азаматтардың, заңды тұлғалардың

құқықтары мен бостандықтары бұзылған деп есептейтiн азамат немесе заңды

тұлға осы актi толықтай немесе жартылай заңға қайшы келедi деп тану

туралы сотқа арыз бере алады, ол он күн iшiнде қаралуы тиiс (ҚР АIЖК 284-

бап 2-бө-лiгi); – азаматты психиатриялық емханаға жатқызу туралы арызды қарау

мерзiмi. Азаматты психиатриялық емханаға мəжбүрлi түрде жатқызу туралы

арызды сот iс қозғалған сəттен бастап, бес күн iшiнде қарайды (ҚР АIЖК

311-бап);

– жоғалған құнды қағаздарына ұсынушының құқықтарын қалпына

келтiру туралы арызды қарау мерзiмдерi. Жоғалған құжатты жарамсыз деп

тану туралы iстi сот құжаттың жоғалғаны туралы баспасөзге жарияланған

күннен бастап, үш ай мерзiмiнде қарайды (ҚР АIЖК 329-бап);

– аралық соттардың шешiмiне шағымдану туралы арызды қарау мерзiмi.

Аралық соттардың шешiмiне шағымдану туралы арызды сот iс қозғалған

сəттен бастап он күн iшiнде қарайды

(ҚР АIЖК 321-2-бап).

– iстi аппеляциялық шағымдану сатысында қарау мерзiмi. Аппеляциялық

шағымдану сатысында iс бiрiншi сатыдағы соттан түскен күннен бастап, бiр

ай iшiнде қаралуы тиiс (ҚР АIЖК

349-бап);

– қадағалау шағымын алдын ала қарау мерзiмдерi. Қадағалау шағымы iс түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қаралады

(ҚР АIЖК 393-бап);

– iстi қадағалау сатысында қарау мерзiмдерi. Iс қадағалау сатысында қадағалау iсiн не болмаса прокурордың наразылығын қозғау туралы

қаулымен iстi қадағалау сатысына берген күннен бастап бiр ай iшiнде қаралуы тиiс (ҚР АIЖК 395-бап);

– қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшiне ену мерзiмдерi.

Қадағалау сатысындағы сот қаулысы қабылданған сəттен бастап, заңды

күшiне енедi (ҚР АIЖК 400-бап);

Iске қатысушы тұлғаларға бекiтiлген iс жүргiзу мерзiмдерi. Аты аталған

тұлғалар жасайтын iс-əрекеттер мерзiмдерiне мыналар жатады:

– сот бұйрығына қарсылық бiлдiру мерзiмi. Қарызгер сот бұйрығының

көшiрмесiн алған сəттен бастап он күн iшiнде сот-қа өзiне қойылған

талаптарға қарсылығын жiберуi тиiс (ҚР АIЖК 147-бап);

– талап қою арызындағы кемшiлiктердi өзгерту мерзiмi. Талап қою

арызы ҚР АIЖК 150 жəне 151-баптарындағы талаптарға сəйкес келмеген

Page 53: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жағдайда сот арызды қараусыз қалдыру туралы анықтау шығарады, бұл

жайында тұлғаға хабарлайды жəне жетiспеушiлiктердi түзетуге мерзiм бередi

(ҚР АIЖК 155-бап);

– қарама-қарсы талап қою арызын беру мерзiмi. Сот шешiм шығарғанға дейiн бастапқы арызбен бiрге қарау үшiн жауап берушi талап етушiге қарама-қарсы арыз жазуға құқылы. Қарама-қарсы арыз талап қою арызын беру

туралы жалпы тəртiппен берiледi (ҚР АIЖК 157-бап);

– сот орындаушысының iс-əрекеттерiне шағымдану мерзiмi. Шағымды

сот он күн iшiнде қарайды (ҚР АIЖК 240-5 2-бөлiгi); – аралық соттың шешiмiне жеке шағым беру мерзiмi. Талап қою арызын

қамтамасыз ету мəселесi бойынша барлық анықтауларға жеке шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге болады. Талап қою арызын қамтамасыз ету

туралы арыз (шағым) сотқа түскен күннен бастап, анықтау шығарумен

шешiледi

(ҚР АIЖК 160-бап). Талап қою арызын қамтамасыз ету туралы анықтау

шағым берушi тұлғаға хабарланбай шығарылса, шағым беру мерзiмi осы

анықтау оған белгiлi болған күннен есептеледi. (ҚР АIЖК 164-баптың 2-

бөлiгi); – шағым немесе наразылық бойынша аппеляциялық тəртiппен қаралған

бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер ол жоққа шығарылмаған болса, аппеляциялық сатыдағы сот қаулысы шыққан күннен бастап күшiне енедi.

(ҚР АIЖК 235-баптың

3-бөлiгi); – сот отырысының хаттамасына ескерту жасау мерзiмi. Iске қатысушы

тұлғалар жəне олардың өкiлдерi сот отырысының хаттамасымен танысуға жəне ол жазылған күннен бастап бес күн iшiнде оның дұрыс еместiгiн немесе толық еместiгiн көрсете отырып, жазбаша түрде ескерту беруге құқылы (ҚР

АIЖК 258-бап);

– сырттай шешiмге шағымдану мерзiмдерi. Жауап берушi осы шешiмнiң

көшiрмесiн алған күннен бастап бес күн iшiнде сырт-тай шешiм шығарған

сотқа осы шешiмдi жоққа шығару туралы арыз бере алады. Соттың сырттай

шығарған шешiмiне тараптар шағымдана алады немесе прокурор осы

шешiмдi жоққа шығару туралы арызды беру мерзiмi өткеннен кейiн, ал егер

де арыз берiлген жағдайда бiрiншi сатыдағы соттың арызды қараудан бас тартқаны туралы анықтауы шыққан күннен бастап он бес күн iшiнде аппеляциялық тəртiппен наразылық бiлдiре алады. (ҚР АIЖК 264-бап);

– өздерiнiң сайлау құқықтарын немесе референдумға қатысу

құқықтарын қорғау туралы арыз беру мерзiмдерi. Сайлауды өткiзуге дайындық кезiнде немесе сайлау кезiнде, сондай-ақ дауыс бергеннен күннен

бастап бiр ай iшiнде түскен арыз бес күн мерзiм iшiнде қаралуы тиiс, ал

дауыс бергенге дейiн бес күн бұрын түскен арыз дауыс берген күнi жəне сайлау қорытындыларын хабарлағанға дейiн жылдам қаралуы тиiс (ҚР АIЖК

273-бап);

Page 54: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– шығарылған актiлердi жəне органдар мен лауазымды тұлғалардың iс-əрекеттерiн заңға сай келмейдi деп тану туралы прокурорға жүгiну

мерзiмдерi. Прокурордың арызын сот он күн мерзiм iшiнде қарайды (ҚР

АIЖК 287-бап);

– мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының,

қоғамдық бiрлестiктердiң, мекемелердiң, лауазымды тұлғалардың жəне

мемлекет қызметкерлерiнiң iс-əрекеттерiне (əрекетсiздiктерiне)

шағымдану мерзiмдерi. Азамат жəне заңды тұлға құқықтары мен

бостандықтары жəне заңды мүдделерi бұзылғаны белгiлi болған кезден үш ай

iшiнде сотқа арыз беруге құқылы. Сотқа арыздануға берiлетiн үш ай

мерзiмiнiң өткенi соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негiз болмайды.

Мерзiмнiң өтiп кету себебi сот отырысында арызды мəнi бо-йынша қарау

кезiнде анықталады жəне арызды қараудан бас тартуға негiз болуы да мүмкiн

(ҚР АIЖК 279, 280-баптар);

– азаматты хабар-ошарсыз жоқ деп тану немесе өлдi деп хабарлау

туралы арыз беру мерзiмдерi. Сот арызды қабылдағаннан кейiн жергiлiктi газетке азаматты көрген-бiлгендерi жайлы мəлiметтi сотқа хабарлама жарияланған күннен бастап үш ай iшiнде хабарлауын көрсетiп, осы дерек

бойынша iс қозғалғаны туралы жариялау жөнiнде анықтау шығарады (ҚР

АIЖК 296-бап);

– азаматты психиатриялық емханаға жатқызу туралы арызды қарау

мерзiмi. Азаматты психиатриялық емханаға мəжбүрлi түрде жатқызу туралы

арыз комиссияның дəрiгер-психиатрларының азаматты психиатриялық

емханаға жатқызу қажеттiгi туралы қорытындысы шыққан сəттен бастап 72

күн iшiнде берiледi

(ҚР АIЖК 310-бап);

– жасалған нотариалды iс-əрекеттер немесе оларды жасаудан бас

тарту туралы шағым беру мерзiмдерi. Шағым сотқа он күн iшiнде берiледi

(ҚР АIЖК 321-баптың 4-бөлiгi); – жоғалған құнды қағаздар туралы арыз беру мерзiмi. Жоғал-ғаны

туралы арыз берген құжат иесi осы жөнiнде жергiлiктi газетке хабарлама берген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде сот-қа құжатқа өзiнiң құқықтары

туралы арыз беруге жəне құжаттың түпнұсқасын қоса тiркеуге мiндеттi (ҚР

АIЖК 328-бап);

– аралық соттардың шешiмiне шағымдану мерзiмi. Аралық соттардың

шешiмiне шағымдану туралы арызды аралық соттың тараптары сотқа шағымдануға негiз бар екенiн бiлген сəттен отыз күн iшiнде бере алады (ҚР

АIЖК 331-1-бап);

– iстi аппеляциялық шағымдар мен наразылықты беру мерзiмi.

Аппеляциялық шағымдар мен наразылық сот аяқталған түрде (ҚР АIЖК 334-

баптың 3-бөлiгi) шешiм шығарғаннан кейiн, он бес күн iшiнде берiлуi тиiс. Апелляциялық шағымдар немесе наразылық егер де ҚР АIЖК 334 жəне 335-

баптарындағы талаптарға сəйкес келмесе қараусыз қалдырылады. Сот шағымды немесе наразылықты қараусыз қалдыру туралы шешiм шығарады

Page 55: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жəне шағым берушi тұлғаға кемшiлiктердi түзетуге уақыт бередi. Егер де тұлға қаулыдағы аталған кемшiлiктi түзетсе, шағым, наразылық алғашқы рет сотқа берiлген күнiнде берiлген болып табылады (ҚР АIЖК 336-бап);

– бiрiншi сатыдағы соттың анықтаулары мен қаулыларына шағымдану,

наразылық бiлдiру мерзiмi. Бiрiншi сатыдағы соттың анықтаулары мен

қаулыларына Қазақстан Республикасыының Қылмыстық iс жүргiзу

кодексiнде (бұдан əрi – ҚР ҚIЖК) қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ

анықтау, қаулы iстiң одан əрi жылжуына кедергi келтiретiн жағдайларда жеке шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге болады. Iстердi бiрiншi сатыдағы

қарау кезiндегi аудандық, облыстық соттардың жəне оларға тең соттардың

қаулыларына, анықтауларына жеке шағымдар наразылық аппеляциялық

сатыдағы сотқа шағымдалған анықтау, қаулы шыққан күннен бастап он бес күн iшiнде берiледi. Жеке шағымдар немесе наразылық анықтау шығарған

сот арқылы берiледi (ҚР АIЖК 344-баптың 4-бөлiгi); – заңды күшiне енген сот актiлерiне шағымдану, наразылық бiлдiру

мерзiмдерi. Қадағалау шағымы немесе наразылық соттың шешiмi, анықтауы,

қаулысы заңды күшiнен енген күннен бастап, бiр жыл iшiнде берiлуi мүмкiн

(ҚР АIЖК 388-бап);

– қайта ашылған мəн-жайлар бойынша заңды күшiне енген шешiмдердi,

анықтаулар мен қаулыларды қайта қарау үшiн арыз беру мерзiмi. Iс үшiн

маңызды мəн-жайлар мəлiмдеушiге белгiсiз болған жəне болуы мүмкiн емес жағдайларда – мəн-жайлар ашылған күннен бастап (ҚР АIЖК 407-баптың 4-

бөлiгi). Заңды күшiне енген сот үкiмiнде заңсыз қаулы не негiзсiз шешiм

шығаруға əкелiп соқтырған куəгерлердiң жауабы, сарапшының

қорытындысы қасақана жалған берiлгендiгi, аударманың дұрыс болмауы,

құжаттардың немесе заттай айғақтардың жалғандығы анықталса –

қылмыстық iс бойынша үкiмнiң заңды күшiне енген күнiнен бастап (ҚР

АIЖК 407-бап, 2) тармақша). Қажеттi дəлелдемелердi ұсыну жəне сот тапсырмасын орындау

мерзiмдерi. Соттың нұсқауын орындауға мiндеттi тұлғалар үшiн бекiтiлген

мерзiмдердiң барынша маңызы бар. Бұл қажеттi дəлелдердi ұсыну жəне сот тапсырмасын орындау мерзiмi. Лауазымды жəне өзге тұлғалар сот талап

еткен дəлелдердi ұсынуға мүмкiндiктерi болмаса немесе оларды сот бекiткен

мерзiмде ұсына алмаса бұл жөнiнде соттың сауалын алған күннен бастап бес күн iшiнде сотқа хабарлауға мiндеттi. Хабарланбаған жағдайда, сондай-ақ

дəлелдердi ұсыну жөнiндегi соттың талаптары орындалмағандығын сот себепсiз ден таныған жағдайда iске қатыспайтын кiнəлi лауазымды немесе өзге тұлғаларға əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдылықтарға сəйкес əкiмшiлiк айыппұл салынады (ҚР АIЖК 66-баптың 8-бөлiгi).

Iстi қараушы сот дəлелдердi тұлғаның өзге қаладан не ауданнан жинау

қажеттiгi туралы өтiнiмiн қанағаттандырған жағдайда тиiстi сотқа белгiлi бiр

iс жүргiзу əрекеттерiн жасауды тапсырады. Тапсырманы алған сотқа бұл

анықтау мiндеттi болып табылады жəне ол тапсырма алған күннен бастап он

күн iшiнде орындалуы тиiс (ҚР АIЖК 72-бап);

Page 56: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Iс жүргiзу мерзiмдерiн тоқтату (ҚР АIЖК 127-бап). Барлық мерзiмi

өтiп кетпеген iс жүргiзу мерзiмдерiнiң ағымы iс бо-йынша iстi тоқтатумен

бiрге тоқтатылады. Мерзiмдердi тоқтату iстi тоқтатуға ҚР АIЖК-нiң 242-

бабында қарастырылған негiз болып табылатын мəн-жайлардың туындаған

уақыттан басталады.

Iс бойынша сот iсi оны тоқтатуға əкелiп соқтырған мəн-жайларды

анықтағаннан кейiн одан əрi жалғастырылады жəне онымен бiрге iс жүргiзу

мерзiмдерiнiң өтуi жалғаса бередi. Дегенмен де iс тоқтатылған күннен бастап

жəне өтiп кеткен мерзiмдi жаңарту басталғанға дейiнгi өткен уақыт (оның

уақыт ұзақтығы) заңда бекiтiлмеген жəне ол iстi қарау мерзiмiне есептелмейдi.

Iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту жəне қалпына келтiру. Сот тағайындаған

мерзiмдi сот ұзартады (ҚР АIЖК 128-бап). Заңмен бекiтiлген мерзiмдердiң

өтiп кетуiнiң себебi болатын болса, сот оны қайта қалпына келтiруi мүмкiн.

Егер де iс жүргiзу əрекеттерiн сот белгiлеген мерзiмде орындауға кедергi келтiрген немесе қиындық туғызған мəн-жайлар (ауру, табиғи апат, iс сапар

жəне т.б.). болған болса, мерзiмдi өткiзiп алу себебiн сот себептi деп тануы

мүмкiн.

€ткiзiп алған мерзiмдi қайта қалпына келтiру туралы арыз болуы тиiс немесе iс қаралған жəне iс жүргiзу əрекеттерiн жасауға тиiс сотқа берiледi. Iс жүргiзу мерзiмiн өткiзiп алған тұлғаның арызын сот мəселенi қарайтын жер

мен уақыты хабарланған iске қатысушы тұлғалардың қатысуымен қарайды,

дегенмен де олардың келмеуi өтiп кеткен мерзiмдi қайта қалпына келтiру

туралы мəселенi шешуге кедергi болып табылмайды. Мерзiмдi қайта қалпына келтiру туралы арызды берумен бiрге тұлға бiр мезетте өткен мерзiмге қатысты қажеттi iс жүргiзу əрекеттерiн орындауы тиiс екендiгiне назар

салған жөн (мысалы, сотқа құқықтарды қорғау туралы талап қою, шағым

беру, құжатты ұсыну жəне т.б).

€тiп кеткен iс жүргiзу мерзiмiн ұзарту мен қайта қалпына келтiруден бас тартқан сот ұйғарымына тұлға жеке шағымдануына немесе прокурордың

наразылығын бiлдiруiне болады.

Iс жүргiзу мерзiмдерiн өткiзiп алудың зардаптары (ҚР АIЖК 126-бап).

Заңда бекiтiлген немесе сот тағайындаған мерзiм аяқталғанда iс жүргiзудi

жүзеге асыру құқығы жойылады. Мысалы, заңда бекiтiлген аппеляциялық

шағымдану жəне наразылық бiлдiру мерзiмiнiң өтуi егер де аппеляциялық

шағым берiлмесе жəне наразылық бiлдiрiлмесе ол шешiмнiң заңды күшiне енуiне негiз болып табылады. Сондықтан да шағымдану мерзiмiн

өткiзiп алу бұл жағдайда жоққа шығарылмайтын күшке ие болады жəне оған

аппеляциялық тəртiпте шағымдануға болмайды.

ҚР АIЖК-нiң 280-бабының 1-бөлiмiне сəйкес мемлекеттiк органдардың,

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң,

мекемелердiң, лауазымды тұлғалардың, мемлекет қызметкерлерiнiң

шешiмдерiн, əрекеттерiн (əрекетсiз-дiктерiн) жоққа шығару туралы сотқа жүгiнудiң үш ай мерзiмiн өткiзiп алу сот үшiн арызды қабылдаудан бас

Page 57: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

тартуына негiз болмайды. Мерзiмдi өткiзiп алу себебi сот отырысында арызды мəнi бойынша қарау кезiнде анықталады жəне арызды қараудан бас тарту негiзiнiң бiрi болып табылуы мүмкiн. Егер де сот бекiткен мерзiмдi iске қатыспайтын өзге тұлғалар өткiзiп алған болса, онда бұл оларды

қарастырылған iс жүргiзу мiндеттерiн орындаудан босатпайды.

Iс жүргiзу мерзiмi өтiп кеткенде берiлген шағымдар мен құжаттар, егер де өтiп кеткен мерзiмдi қайта қалпына келтiру туралы өтiнiм жасалмаған болса, сот оны қарамайды жəне арызды берген тұлғаға қайтарылады. Сондай-ақ iс жүргiзу мерзiмiнiң өтiп кетуi тұлғаға iс жүргiзу мiндеттерiн орындаудан

босатпайтынын назарда ұстаған жөн.

11-т а р а у. IС ЖҮРГIЗУГЕ МƏЖБҮРЛЕУ ЖƏНЕ

ЖАУАПКЕРШIЛIК ШАРАЛАРЫ

§ 1. Iс жүргiзуге мəжбүрлеу жəне жауапкершiлiк

шаралары ұғымы

Жауапкершiлiктiң азаматтық iс жүргiзушiлiк мəжбүрлеу шараларына iске қатысушы тұлғаларға, жəне процестiң өзге қатысушыларына, жеке азаматтарға жəне лауазымды тұлғалар-ға, заңды тұлғаларға қатысты

азаматтық iстер бойынша дəлелдеу процесiн қамтамасыз ету мақсатындағы

ҚР АIЖК-де қарас-тырылған соттың (сот төрешiсiнiң) əдiл шешу жəне əдiлсотты-лықты жүзеге асыру жөнiндегi iс-əрекеттерi жатады.

Мəжбүрлеу жəне жауапкершiлiк шаралары сот талқылауы кезiнде тəртiп

бұзған тұлғалардың, сондай-ақ сот анықтаулары мен қаулыларындағы

нұсқауларды орындамайтын лауазымды тұлғалардың құқықтары мен

бостандықтарын шектейдi, айып-пұл түрiнде мүлiктi жоғалтуларына жəне өзгелердi жоғалтуларына əкелiп соқтырады. Бұл шараларды сот ҚР АIЖК-

нiң

118-бабына сəйкес қолдануы мүмкiн:

– азаматтық талап етушiге, азаматтық жауап берушiге; – куəгерге, маманға, сарапшыға, аудармашыға, қорғаушыға; – жеке азаматтарға, ұйымдардың, мекемелер мен кəсiпорын-дардың

лауазымды тұлғаларына. Азаматтық сот iсiнде құқық бұзушылыққа кiнəлi тұлғалар Қазақстан

Республикасының əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi бойынша əкiмшiлiк жауапкершiлiкке (ƏҚБтК-нiң

29-тарауы) немесе Қылмыстық кодекске (ҚР ҚК-нiң 15-тарауы) сəйкес жəне ҚР АIЖК 179-бабында бекiтiлген тəртiппен қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

Жауапкершiлiк шараларын қолдану негiздерi:

1) сот iстерiн шешуге араласу. Кез келген тұлғалардың əдiл сотты жүзеге асыру бойынша қызметке араласуы соттардың тəуелсiздiк принципiн қатаң

түрде бұзады. Араласу – қандай да бiр түрде болмасын сот қызметiне ықпал

Page 58: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ету ол – өтiнiш жасау, көндiру, талаптар қою, қандай да бiр қызмет көрсетуге уəде беру жəне т.б;

2) сотты қорлау жəне қорқыту. Сот мемлекеттiк үкiмет органының

лауазымды тұлғасы болып табылады, сондықтан да соттарды қызметтiк

мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, оған қарсы күштеу əрекеттерiн

қолданумен қорқыту, егер де бұл əрекеттерде қылмыстық жазаланатын

əрекеттiң белгiлерi болмаса айыппұл түрiндегi əкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады немесе он бес күн əкiмшiлiк қамауға алынады.

Əкiмшiлiк айыппұл – «Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексiндегi Ерекше бөлiм баптарына сəйкес əкiмшiлiк құқық бұзушылыққа айыппұл

салынған сəтте қолданыста болған айлық табыстың бiр айлық есеп

көрсеткiшi мөлшерiндегi ақшалай төлем.

Қамау құқық бұзушыны қоғамнан аластату, уақытша түрмеге отырғызудан тұрады. Əкiмшiлiк қамауды ерекше жағдайларда жеке əкiмшiлiк құқық бұзушылық түрлерi үшiн 15-тəулiктен 30-тəулiкке дейiн сот тағайындайды;

3) сотты сыйламау. Сотты сыйламауға мыналар жатады:

– процесс қатысушыларының жəне өзге тұлғалардың оларсыз iстi əрi

қарай қарау сотқа мүмкiн болмайтындықтан, шақыру бойынша себепсiз сотқа келмеу жағдайлары;

– сот отырысындағы төрағалық етушiнiң бұйрықтарына бағынбау;

– сот ғимаратында тəртiп бұзу, сондай-ақ сотты жəне сотта бекiтiлген

тəртiптердi сыйламағандығын айқын көрсететiн əрекеттер (əрекетсiздiктер)

оннан жиырмаға дейiнгi айлық көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл салуды

немесе үш тəулiктен бес тəулiкке дейiн əкiмшiлiк қамауға алуды ескертуге əкелiп соқтырады;

4) азаматтық сот iсiне қатысудан бас тарту немесе жалтару, яғни себепсiз сотқа келмеу iстi талқылауды кейiнге қалдыруға əкелiп соқтырғандықтан он

айлық көрсеткiш мөлшерiне дейiн айыппұл салынады;

5) сотта куəгер ретiнде жауап беруге тиiстi тұлғаның себепсiз бас тартуы

немесе жалтаруы əкiмшiлiк тəртiппен айыппұл салуға əкелiп соқтырады;

6) куəгердiң, жəбiрленушiнiң қасақана жалған жауаптары, сарапшының

қорытындысы немесе дұрыс аудармау. Iстi сотта қарау кезiнде жəне сараптама өткiзу барысында куəгердiң, жəбiрленушiнiң қасақана жалған

жауаптары, сарапшының қортындысы, аудармашының дұрыс аудармауы

жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға əкiмшiлiк айыппұл салуға əкелiп

соқтырады. (Ескерту. Куəгер, жəбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы егер

де олар iстi талқылау барысында шешiм шығарғанға дейiн соған өкiлеттi органға (лауазымды тұлғаға) өз еркiмен берген жауаптарының,

қорытындыларының жəне аудармаларының жалған екендiгiн мəлiмдесе, əкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылады).

7) сот қаулыларын орындамау. Сараптама өткiзуге немесе бақылауды

жүргiзуге, құжаттарды рəсiмдеу iсiне, сот iсiне немесе оны сотта қарау iсiне қатысу үшiн маман шақыру туралы талаптан сот қаулысы жiберiлген

Page 59: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

лауазымды тұлға себепсiз бас тартып немесе жалтарса əкiмшiлiк

жауапкершiлiкке тартылады.

8) сот төрешiлерiнiң, соттың жеке анықтаулары бойынша шара қолданбау.

Лауазымды тұлғаның соттың жеке анықта-уын, қаулысын, прокурордың,

тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қараусыз қалдыруы не болмаса онда көрсетiлген заң бұзушылықты болдырмауға шаралар

қолданбау, жеке анықтауға уақытында жауап бермеу сегiз айлық көрсеткiшi

мөлшерiнде айыппұл салуға əкелiп соқтырады.

Процеске қатысушы тұлғалардың өзге құқыққа қарсы əрекеттерiне мыналарды жатқызуға болады:

1) сот орындаушысына, сот жасауылына (пристав) келуден жалтару. Сот актiлерiн сот қаулыларын орындау мəселелерi бойынша түсiнiк беру үшiн

шақыру бойынша сот орындаушысына, сот жасауылына келуден жалтарғаны

үшiн жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларға əкiмшiлiк тəртiппен айыппұл

салынады;

2) сот жасауылының, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi келтiру. Сот жасауылының, сот орындаушысының заңды қызметiне мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жеке меншiк түрiне қарамастан

ғимараттарына, аумағына кедергiсiз кiруге, сондай-ақ қажеттi құжаттарды

жəне өзге де мəлiметтердi ұсынудан бас тартумен кедергi келтiру.

3) лауазымды тұлғалардың сот актiлерiн орындамауы. Əкiмшiлiк құқық

бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi лауазымды тұлғалар сот актiлерiн, сот қаулыларын орындаудан жалтарса, егер де бұл əрекеттерде қылмыстық жазаға тартылатын белгiлер болмаса жеке жəне лауазымды

тұлғаларға əкiмшiлiк тəртiппен айыппұл салынады немесе он тəулiкке дейiн

қамауға алынады.

4) сот орындаушысының, сот жасауылының талаптарын орындамау. Жеке жəне лауазымды тұлғалардың сот орындаушысының талаптарын себепсiз орындамауы:

– берiлген мерзiмде қарызгердiң жұмыс орны туралы мəлiметтердi беру;

– табыстар туралы, өндiрiс туралы, сот қаулысына сəйкес табыстан ұстап

қалу;

– қарызгерден өндiрiлген соманы өндiрiп алушыға жiбермеу;

– өзге жеке жəне заңды тұлғалардағы қарызгердiң ақшалай сомасынан

жəне мүлкiнен өндiру;

– қарызгердiң жұмыстан шыққандығы, егер оған белгiлi болса оның жаңа жұмыс орны, мекен-жайы туралы мəлiметтердi хабарламау;

– сот орындаушысына қарызгердiң табысы жəне мүлкi туралы қасақана дұрыс емес мəлiметтер беру оннан елу айлық көрсеткiш мөлшерiне дейiн

айыппұл салуға əкелiп соқтырады.

– сот орындаушысына алимент төлейтiн адамның жұмыс орнының жəне мекенжайының өзгергенi туралы хабарламау туралы.

Алимент ұстап қалатын ұйымдардың лауазымды тұлғаларының себепсiз хабарламауы:

Page 60: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– балаларды күтуге, еңбекке жарамсыз ата-аналарына, əйелiне (күйеуiне) сот қаулысының негiзi бойынша берiлген орындалу құжаты бойынша сот орындаушысына жəне алимент алушы адамға берiлетiн айлық мерзiм;

– алимент төлеушi адамның жұмыстан босауы, сондай-ақ егер де белгiлi

болса оның жаңа жұмыс орны мен мекенжайы туралы;

– сот орындаушысына, сот жасауылына сот жəне өзге органдардың

қаулыларын орындауына кедергi келтiру. Жеке тұлғалардың жəне ұйымдардың лауазымды тұлғаларының сот орындаушысына, сот приставына мүлiктен өндiру бойынша iс-əрекеттердi (тiзiмдеу, бағалау, қамау, сауда өткiзу) орындауына кедергi келтiру немесе бас тарту айыппұл салуға не он

тəулiкке əкiмшiлiк қамауға алуға əкелiп соқтырады.

Заңға қарсы iс-əрекет жасағаны үшiн мəжбүрлеудiң бiр ғана шарасы жəне жауапкершiлiктiң бiр ғана түрi қолдануы мүмкiндiгiн назарда ұстаған жөн.

§ 2. Мəжбүрлеу шаралары ұғымы мен оның түрлерi

ҚР АIЖК 119-бап сот қолданатын мəжбүрлеу шаралары ретiнде мыналарды қарастырады: а) жетек; жəне б) сот залынан кетiру.

Жетек– сотқа келуден əдейi жалтарған жағдайда жауап берушiнi,

куəгердi, сарапшыны, маманды жəне аудармашыны сотқа мəжбүрлеп əкелу.

Жетектеудi сот ұйғарымы бойынша сот жасауылдары немесе iшкi iстер

органдары жүзеге асырады (ҚР АIЖК 120-бап).

Анықтауда шақырылатын адам тұратын ауданның iшкi iстер органы

көрсетiледi. Аудандық iшкi iстер бөлiмi жылдамдыққа, ыңғайлылыққа жəне iстiң өзге де мəн-жайларына байланысты таңдалады. 14 жастағы кəмелетке толмағандар, жүктi əйелдер жəне науқас адамдарды жетектеп əкелуге болмайды.

Сот отырысындағы тəртiп бұзушыларға қолданылатын шаралар (ҚР АIЖК

179-бап). Iстi талқылау кезiнде тəртiп бұзған адамға, сот атынан төрағалық

етушi ескерту жасайды. Жеке немесе заңды тұлғаға жасаған құқық

бұзушылығы жəне құқыққа қарсы тəртiпке жол берiлмейтiндiгi туралы

ескертудi сот төрешiсi ресми түрде бередi. Ескертудi сот төрешiсi жазбаша түрде бередi жəне ол сот отырысының хаттамасына жазылады.

Сот отырысы залында тəртiптi қайта бұзған жағдайда, iске қатысушы

тұлға сот (сот төрешiсiнiң) анықтауы бойынша сот залынан сот талқылауына мүлдем қатыстырылмайтындай етiп немесе белгiлi бiр уақытқа шығарылуы

мүмкiн. Соңғы жағдайда сот төрешiсi сот залына қайта кiргiзiлген адамды ол

жоқ кезде болған iс жүргiзу əрекеттерiмен таныстырады.

Сот талқылауының қатысушысы емес азаматтар (туыстар, таныстар жəне т.б.), яғни iс талқылауына тек жəй ғана қатысушы iстi сотта қарау тəртiбiн

қайта бұзғаны үшiн төрағалық етушiнiң бұйрығымен сот залынан

шығарылады.

Кей жағдайларда тiкелей сот талқылауы барысында сот залында қасақана тəртiп бұзған адамға, сондай-ақ сотты, сотта бекiтiлген сот отырысының

Page 61: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

тəртiптерiн сыйламағандығын көр-сететiн əрекеттерi үшiн сот оннан жиырма айлық көрсеткiшке дейiн мөлшерде əкiмшiлiк айыппұл салуға немесе үш

тəулiктен бес тəулiкке дейiн əкiмшiлiк қамауға алуға құқылы.

Сот отырысында тəртiп бұзушының iс-əрекетiнде қылмыстың құрамының

белгiлерiн тапқан жағдайда сот құқық бұзушыға қарсы қылмыстық iс қозғау

туралы мəселенi шешу үшiн жи-налған материалдарды тиiстi анықтау

органына немесе бұл жөнiнде прокурорға хабарлама жiбере отырып, алдын

ала тергеуге жiбере алады.

Сот iс талқылауына қатысушылар сот отырысының тəртiбiн жаппай

бұзған жағдайда сот отырысы залынан iске қатысушы тұлғалардан

басқасының барлығын шығарып жiберiп, iстi жабық сотта қарай алады

немесе сот талқылауын кейiнге қалдырады.

Мəжбүрлеу шараларын қолдану тəртiбi (ҚР АIЖК 122-бап). ҚР АIЖК

118-бабында көрсетiлген iс-əрекеттердi (сотты сыйламау, қорқыту, сот төрешiлерiн қорлау жəне т.б.) жасаған жағдайда сот ол адамға мұндай iс-əрекеттерге жол берiлмейтiндiгi туралы ескертедi. Оны қайталаған жағдайда сол адамға сот ҚР АIЖК 179-бабында аталған мəжбүрлеу шараларының бiрiн

– сот залынан шығарып жiберу, айыппұл немесе əкiмшiлiк қамау қолданады.

Тəртiп бұзушыға мəжбүрлеу шараларын қолдану мəселесi сот отырысында бұл туралы iске қатысушы тұлғаларға жəне мəжбүрлеу шарасы

қолданғалы отырған адамға хабарлаумен шешiледi.

Тəртiп бұзушыға мəжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот ұйғарымына жеке шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге болады.

§ 2. Талап қою ұғымы

Талап қою азаматтық құқық институттары арасында орталық орынға ие жəне азаматтық iс жүргiзу құқығы институттарының бəрiмен тығыз байланысты, азаматтық iстердi қарау тəртiбiнiң бағыттарын анықтайды, сот қызметiн құқықтық реттеудiң бағыт-бағдары болып табылады.

Талап қою – бұл талап етушiнiң материалды-құқықтық дауды жауап

берушiмен бiрге қарап, шешу, бұзылған субъективтi құқықты немесе заңмен

қорғалатын мүдденi қорғау туралы сот-қа өтiнiш бiлдiруi. Талап қоюдың

мазмұны мүдделi адамның сотқа берген арызында жазылады. Сонымен бiрге талап қою бұзылған немесе бұзуға қастандық жасалған жағдайларда, яғни

материалды-құқықтық дау туындаған жағдайларда субъективтi құқықтарды

қорғаудың тəсiлi мен құралы болып табылады. Сондай-ақ бұл азаматтық

iстердi қорғау тəсiлi. Ұсынылған талап қою арызының негiзiнде жатқан

құқық туралы даудың нысаны алуан түрлi болуы мүмкiн: жауап берушiнiң

талап етушi құқығын иеленуi немесе жоққа шығаруы, талап етушiмен

құқықтық қарым-қатынасының барын жоққа шығару, жауап берушiнiң

мiндеттерiн орындамауы немесе оларды орындамауға жатпайтындығы жəне басқалары.

Талап қою материалды-құқықтық қарым-қатынастардың тараптары

арасындағы құқық туралы дауды шешуде iс жүргiзу құралы болып табылады.

Page 62: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Азаматтық iс жүргiзу ғылымында талап қою ұғымы туралы мəселе даулы.

Ғалымдар талап қоюды түсiну мен анықтауға түрлiше баға бередi.

Талап қоюдың барынша көп қолданылатын анықтауы – азаматтық

процестегi талап қою дегенiмiз мүдделi адамның бұзылған құқықты немесе жоққа шығарылған субъективтi құқықты немесе заңмен қорғалатын мүдденi

қорғау туралы талаптарымен сотқа шағымдануымен түсiндiрiледi дегеннен

тұрады.

§ 3. Талап қоюдың тақырыбы мен элементтерi

Талап қоюдың үш түрлi құрамды бөлiгiн ажырата бiлген дұрыс: мазмұны,

тақырыбы мен негiзi (талап қоюдың элементтерi).

Талап қоюдың мазмұны – соттың бұзылған немесе жоққа шығарылған

құқығын қорғау үшiн сотқа жүгiнген талап етушiнiң өтiнiшiмен жасайтын iс-əрекеттер. Талап қоюдың мазмұнын талап етушi заңда қарастырылған сот қорғауы түрлерiне қарай анықтайды. (ҚР АК 9-бап).Осыған орай талап етушi

соттан мыналарды өтiнуi мүмкiн:

а) мiндеттердi шын мəнiнде орындауды меншiктеу туралы (мысалы,

шығындарды өтеу, нақты ақшалай соманы төлеу, нақ-ты бiр мүлiктi беру)

немесе қандай да бiр iс-əрекеттен бас тарту (мысалы, дау туғызатын немесе көршiнiң жер телiмiн ластайтын iс-əрекеттерден);

б) қандай да бiр құқықтық қарым-қатынастың, субъективтi құқықтың

немесе мiндеттердiң барын немесе керiсiнше жоғын тану туралы;

в) талап етушiнiң жауап берушiмен құқықтық қарым-қатынастарын

өзгерту немесе тоқтату туралы немесе теорияда айтылатындай құқықтық

қарым-қатынастардың пайда болуын тоқтату немесе өзгерту.

Талап қоюдың тақырыбы дегенiмiз талап етушiнiң заңда көрсетiлген

əдiстермен сот қорғауына жататын субъективтi құқығы (нақты талаптары)

Талап қоюдың тақырыптарына мыналар жатуы мүмкiн:

– заңмен қорғалатын мүдде, сондай-ақ тұтастай алғанда құқықтық қарым-

қатынас; – жұмысқа қайта алу, осы мекемедегi белгiлi бiр жұмысты орындау

құқығы туралы талап қою;

– жауап берушiден ақша сомасын меншiктеу туралы талап қоюда жауап

берушiнiң осы соманы төлеудегi талап етушiнiң материалды-субъективтi құқығы (талап ету құқығы) жəне жа-уап берушiнiң ақшаны төлеу мiндетi;

– жауап берушiнiң оның үй-жайын босату жөнiндегi талап етушiнiң

субъективтi құқығы жəне осыған сəйкес осы үй-жайды босатудағы жауап

берушiнiң мiндетi; – талап етушiнiң қандай да бiр затқа жеке меншiк құқығы;

– тұрғын үй жалы бойынша құқықтық қарым-қатынас (белгiлi бiр

ғимаратты жалдау);

– ғылым, əдебиет немесе өнер жəне т.б шығармаларына авторлық құқық.

Талап етушi кей жағдайларда нақты бiр құқықтық қарым-қатынастардың

барын соттың растауына мүдделi болуы мүмкiн, ал кей жағдайларда мысалы,

Page 63: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жауап берушiмен жасаған келiсiмнiң жарамсыз екендiгiн растаса соттың

растауын қажет етпеуi мүмкiн.

Сондықтан да талап қоюдың тақырыбы талап етушiнiң растаған,

болжамды бар немесе ол жоққа шығаратын құқықтық қарым-қатынас болуы

мүмкiн.

Талап қою тақырыбын оған құрамдас бөлiгi ретiнде кiретiн талап қоюдың

материалды объектiсi деп аталатын даулы азаматтық құқықтық қарым-

қатынас объектiсiнен ажырата бiлу керек. Егер де талап қою тақырыбы жауап

берушiден талап етушiге құн ретiнде өндiрiлетiн ақшалай сомадан тұратын

болса, онда ақшалай соманың өзi талап қоюдың тақырыбы болып

табылмайды, ол тек оның материалды объектiсi (талап етiлген зат, пайдаланылған мүлiк жəне т.б. сияқты), даулы құқықтық қарым-қатынас объектiсi ғана болады. Талаптарды ұлғайту немесе азайту жайында сөз болатын болса, онда əңгiме талап қоюдың тақырыбын толықтай өзгерту

емесе, тек оның мөлшерiн, талап қоюдың материалдық объектiсiнiң сандық

жағын өзгертуде деген сөз. Талап қоюдың негiзiне (талап қоюдың элементi) талап етушiнiң өз

материалды-құқықтық талаптарын байланыстыратын мəн-жайлар жатады

(ҚР АIЖК 150-бап, 2-бөлiгiнiң 5) тармақшасы.

Мысалы, талап қоюдың негiзiне келiсiмдер, шарттар, құқық бұзу деректерi

(фактiлерi), мұрагерлiкке қалдыруға негiз болатын деректер, зиян келтiру

деректерi, мерзiмнiң, келiсiмшарттың басталуы жəне т.б. жатуы мүмкiн.

Талап қою негiзi əдетте тек бiр деректен (фактiден) ғана тұрмайды,

материалды құқық нормаларының тиiстi гипотезасына жəне «нақтылы

құрамына» сəйкес олардың кейбiр жиынтықтарынан тұрады. Мысалы, талап

қоюдың мүлiктiк жалдың келiсiмiн мерзiмiнен бұрын бұзу туралы нақты

негiзiне жалға алушы ҚР АК 556-бап 1-4) тармақшасында қарастырылған

шарт-тардың бiрiн орындамаған жағдайда жалға берушiнiң келiсiмдi бұзуы

туралы талабы жатады. Талап қою элементтерiнiң арасында тығыз байланыс бар. Келешекте материалды құқықтың белгiлi бiр нормасының

гипотезасымен жиынтықталған талап қою негiзiнiң деректерi талап қоюдың

тақырыбы болып табылатын даулы құқықтық қарым-қатынастың заңды

табиғатын көрсетедi. Талап қою тақырыбы өз кезегiнде талаптың мазмұнын

шарттайды: қорғауға жататынның өзi қорғаудың түрiн анықтайды. Мысалы,

ақшаны өндiру туралы талап немесе затты беру туралы талап меншiктеумен

қорғалуы мүмкiн; белгiлi бiр құқықтық қарым-қатынастың болуы немесе болмауы соттың тануымен қорғалады; құқықтық қарым-қатынасты өзгерту

немесе тоқтату соттың қайта шығаратын шешiмiн талап етедi.

Талап қою элементтерiнiң азаматтық процесте маңызы өте зор. Талап

қоюдың негiзiн талап етушi дəлелдеуге мiндеттi. (ҚР АIЖК 150-бап). Жауап

берушi талап қоюдың негiзiн жоққа шығару немесе күшiн жоюға қажеттi материалдарды дер кезiнде сотқа дайындап, көрсетуi үшiн (деректердi

көрсету немесе дəлелдердi ұсыну) бұл жөнiнен хабардар болуы тиiс. Талап

қою мазмұны талап етушi сотқа арызданған сот қорғауының түрiн көрсетедi.

Page 64: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Талап қоюдың негiзi мен тақырыбы талап қоюларды бiр-бiрiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн белгiлерге ие. Талап қоюдың элементтерi бойынша талап

қоюдың iстi сотта қарау процесiнде талап етушi тақырыбы мен негiзiн

өзгерткеннен кейiн талап қою мəнi жағынан алғашқыда қандай болса, сондай

болып қалуы мүмкiндiгi (iшкi барабарлық) анықталуы мүмкiн. Талап қоюдың

негiзi мен тақырыбының айрықша маңызы осыдан тұрады. Талап қоюдың

жекелiгi сотқа берiлген талап қою арызын өзге сот талқылауға қабылдады ма немесе оны бұрын сот шешкен шешпегенiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы

маңызды мəселенi шешу үшiн сот шешкен (немесе шешетiн) талап қоюдың

жəне қайта берiлген талап қою арызының (iшкi барабарлық) барабарлығы

барын анықтау қажет. Тараптары, тақырыбы мен негiздерi сəйкес келетiн талап қою арыздары

барабар болып табылады. Бұл ретте талап қою арызын негiздейтiн деректер

сот қарап жатқан құқықтық қарым-қатынастарды оларды тек соттың

кеңесетiн бөлмеге кеткенге дейiн жасаған жағдайда дараландырады. Осы

сəттен кейiн жасалған деректер соттың iс-əрекеттерi жүрмейтiн жаңа негiздердi тудырады.

§ 4. Талап қоюдың түрлерi

Талап қоюды жiктеудiң екi жүйесi бар:

а) iс жүргiзушiлiк-құқықтық жiктеу, оның негiзiне iс жүргiзушiлiк-

құқықтық белгiлер жатады;

б) материалды-құқықтық белгiлерге негiзделген материалды-құқықтық

жiктеу.

Iс жүргiзушiлiк-құқықтық жiктеу талап қоюдың мазмұны бойынша, яғни

талап етушi талап еткен сот қорғау түрiне байланысты құрылған. Оның

негiзiне сот қорғауының түрi жатады. Ол заң бойынша сот қорғауының

барлық мүмкiндiктерiн қамтиды, ескiрген сипатқа ие, сондықтан да азаматтық iс жүргiзу құқығы теориясында негiзгi маңызы бар.

Осы жiктеу бойынша талап қою арыздары үшке бөлiнедi: а) тану туралы

талап қоюлар; б) меншiктеу тiралы талап қоюлар; в) құқықтық қарым-

қатынастарды өзгерту немесе тоқтату бо-йынша талап қоюлар (өзгертiлген

талап қоюлар).

Тану туралы талап қоюлар. Құқықты қорғау мақсатына келешекте құқық

бұзушылықты болдырмас үшiн олардың барын немесе мазмұнын жоққа шығару салдарынан туындаған құқықтар мен мiндеттердiң белгiсiздiгiн

анықтау жатуы мүмкiн. Мұндай қажеттiлiк даулы құқық бұзылғанға дейiн

пайда болуы мүмкiн. Мұндай жағдай мысалы, егер де жасалған келiсiм-шарт-тың жарамдылығы жəне оның құқықтық салдары жоққа шығарылатын болса, егер де əлдекiмнiң қандай да бiр мүлiкке жеке меншiгi немесе бiр мезгiлде қандай да бiр iс-əрекеттi жасауды талап етпей оны пайдалану құқығы немесе қандай да бiр мүлiктi ұсыну, яғни жауап берушiден ештеңе өндiрместен

жоққа шығарылатын болса құрылады. Мұндай жағдайларда құқық туралы

дау, оның барын жоққа шығару немесе оның мазмұнын жоққа шығару өз

Page 65: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

кезегiнде келешекте тараптардың өзара қарым-қатынасында мiндеттердi

орындамау немесе тиiсiнше орындамауға əкелiп соқтыратын белгiсiздiктi тудырады.

Азаматтық айналымда құқықтық қарым-қатынастардағы нақтылық аса маңызды: əркiм өз құқықтары мен мiндеттерiн бiлуге жəне өз тəртiбiн

солармен лайықты етуi тиiс. Егер де құқықтық қарым-қатынастың

нақтылығы ауытқыса, онда оны қайта қалпына келтiрудiң құқықтық мүддесi пайда болады. Мұндай жағдайда мүдденi қорғауға даулы құқықтық қарым-

қатынас сол не өзге мазмұнда немесе көлемде нақты бар не жоқ деген сот тануы арқылы қол жеткiзуге болады. Бұл тану туралы талап қоюдың

мақсаттары.

Тану туралы талап қоюға соттың нақты құқықтық қарым-қатынастың

бары не жоғын растауға бағытталған талаптары жатады. Осы талаптар

бойынша соттың шешiмi белгiле-нетiндiктен, яғни дауды құқықтық қарым-

қатынастың бары не жоғы анықталатындықтан осы талап қоюларды

«анықталатын талап қоюлар» деп атайды.

Тану туралы талап қоюдың тақырыбына белсендi жағынан да (субъективтi құқықтың), енжар жағынан да (мiндеттiң) құқықтық қарым-қатынас жатуы

мүмкiн. Демек, талап етушiнiң тұрғын үй аумағын пайдалану құқығын

жалдаушы ретiнде тану туралы талап қоюы, талап етушiнiң шығармаға немесе жаңалыққа авторлық құқығын тану туралы, талап етушiнiң белгiлi бiр

мөлшерде пəтерақы енгiзу мiндетiн тану туралы талап қою болуы мүмкiн.

Құқықтың немесе құқықтық қарым-қатынастың барын (мысалы, құрылыс жүргiзуге меншiк құқығын тану туралы талап қою) растауға бағытталған

тану туралы талап қою болымды (позитивтi) деп аталады. Егер де тану

туралы талап қою құқықтық қарым-қатынастың жоғын (салдарынан, мысалы

келiсiмнiң жарамсыздығын) растауға бағытталған болса, онда ол тану

болымсыз (негативтi) талап қою деп аталады.

Тану туралы талап қоюдың тақырыбына көп жағдайларда талап етушi мен

жауап берушi арасындағы құқықтық қарым-қатынас жатады. Бiрақ заң

бойынша (тəжiрибеде де кездеседi) тақырыбы өзге тұлғалардың арасындағы

құқықтық қарым-қатынастар болып табылатын талаптарға рұқсат етiледi.

Мұндай жағдайларда олар процестегi серiктес жауап берушiлер болып

табылады. Мысалы, екi тұлғаның арасында жасалған келiсiмдi жарамсыз деп

тану туралы прокурордың талап қоюы, жұбайлардың екеуiне де ұсынылған

некенiң бұзылғандығы туралы талап қою.

Тану туралы талап қоюдың дұрыс негiзiне талап етушiнiң даулы

құқықтық қарым-қатынастың пайда болуымен байланыс-тыратын деректерi

жатады. Демек, талап етушiнiң тұрғын үй аумағын пайдалану құқығын

жалдаушы ретiнде тану туралы талап қою негiзiне тұрғын үйдi жалға беру

туралы келiсiмшарт бойынша тұрғын үй аумағын тұрақты пайдалану

құқығының туындауымен байланысты талап етушiнiң көрсеткен деректерi

жатады (мысалы, ұзақ уақыт бойы, алты айдан аса жалға берушiнiң отбасы

мүшесi ретiнде тұруы).

Page 66: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Тану туралы болымсыз талап қоюдың негiзiне талап етушiнiң растауы

бойынша даулы құқықтық қарым-қатынастың пайда болуы мүмкiн

еместiгiнен туындайтын мəн-жайлар жатады: мысалы, келiсiмдi заңды,

жарамды деп тану үшiн заң бойынша немесе тараптардың келiсiмi бойынша мұндай рəсiмдеу мiндеттi болып табылатын келiсiмнiң нотариалды түрде рəсiмделмеуi; келiсiм жасарда тұлғаның адасу, алдау, қорқыту, күштеу жəне т.б. сияқты жай-күйде болуы, яғни еркiн еркiнiң болмауы.

Тану туралы талап қоюда талап етушi өзiнiң азаматтық субъективтi құқығын мəжбүрлi түрде жүзеге асыруды талап етпей құқықтың қарым-

қатынастың бары не жоғын растау туралы өтiнiшiмен ғана шектелетiндiктен,

меншiктеу туралы талап қоюдың негiзiне қарағанда тану туралы талап қоюда құқықты мəжбүрлi түрде жүзеге асыру мүмкiндiгiн тудыратын деректер жоқ.

Тану туралы талап қоюдың мазмұнына талап етушi көрсеткен құқықтық

қарым-қатынастың (келiсiмдi жарамсыз деп тану, тұрғын үй аумағына құқықты тану жəне т.б.) барын не жоғын тану туралы соттан шешiм

шығаруды талап ету жатады.

Тану туралы талап қоюлардың субъективтi құқықтардың қорғаныс құралы

ретiнде аса үлкен тəжiрибелiк маңызы бар. Осы iстер бойынша соттардың

шешiмдерiмен мүдделi тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерiнiң

нақтылығы қалпына келтiрiледi, оларды жүзеге асыруға жəне қорғалуына кепiлдiк берiледi, заңнан тыс жасалған iс-əрекеттер қиысады. Заңсыз жасалған келiсiмшарттардың жарамсыз екендiгiн дер кезiнде анықтау

мемлекеттiк жəне қоғамдық мүддеге жəне жекелеген азаматтардың

мүдделерiне зиян келтiрудiң алдын алады.

Сондықтан да, тану туралы шешiм ескертушi (ескертпелi, алдын алу) iс-əрекетке ие жəне соттың заңды бұзушыларға қарсы күресiнде аса маңызды

құрал болып табылады.

Талап қоюларды материалды-құқықтық белгiлерiне қарай жiктеудiң

тəжiрибелiк маңызы аса зор. Сот тəжiрибесiнде iстердi материалды-құқықтық

қарым-қатынастарының жеке санаттары бойынша бөлу қабылданған:

алименттi, еңбек, тұрғын үй, жер, көлiктiң бiр түрiмен тасымалдау бойынша, зиян келтiру жəне т.б. бойынша.

Меншiктеу туралы талап қоюлар. Сот тəжiрибесiнде бұл талап қоюдың

барынша кеңiнен тараған түрi. Талап етушi меншiктеу туралы талап қою

арқылы соттан жауап берушiнi белгiлi бiр iс-əрекеттердi iстеуге немесе iс-əрекеттi жасаудан бас тартуға мiндеттеудi талап етедi. Меншiктеу туралы

талап қоюдың мысалына мыналар жатады: меншiк иесiнiң бөтеннiң заңсыз иелiгiндегi өз затын қайтаруын талап ету туралы талап қоюы; бұзылуға тиiстi үйден шығару туралы талап қою; алимент өндiру туралы талап қою; қарыз жайындағы келiсiмшарт бойынша қарызды өндiру туралы талап қою жəне т.б. Меншiктеу түрiнде құқықты қорғау жайында сотқа жүгiнуi əдетте қарызгердiң өз мiндеттерiн орындамай, талап етушiнiң құқықтарын жоққа шығаруынан болады.

Page 67: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Даудың салдарынан құқық нақтылығын жоғалтады: бұзылған құқық

шынында да бар ма, жоқ па жəне оның мазмұны қандай деген жəйттар

анықталмайынша оны мəжбүрлi түрде жүзеге асыруға болмайды. Бұл

мəселенi сот шешедi. Қарызгердiң мiндеттердi мəжбүрлi түрде орындауы

меншiктеу туралы талап қоюдың соңғы мақсаты болып табылады.

Сондықтан меншiктеу туралы талап қоюларды «орындалатын талап» деп те атайды.

Демек меншiктеу туралы талап қоюды немесе орындалатын талапты сот растаған мiндеттердi мəжбүрлi орындауға бағыт-талған талап қою деп

атайды. Талап етушi өзiне нақтылы субъективтi құқықты тануды талап етiп

қана қоймайды, сондай-ақ жауап берушiнi өз пайдасы үшiн нақты iс-əрекеттi жасауға меншiктеудi де талап етедi.

Меншiктеу туралы талап қоюлар өз еркiмен орындалмайтын немесе тиiсiнше орындалмайтын материалды-құқықтық мiндеттердiң мəжбүрлi

түрде жүзеге асырылуына қызмет етедi. Меншiктеу туралы талап қоюдың

тақырыбына талап етушiнiң жауап берушiден тиiстi мiндеттердi өз еркiмен

орындамауымен байланысты нақты бiр тəртiптi талап ету құқығы жатады.

Мысалы, қарыздың келiсiмшарты бойынша қарызды төлеу мерзiмi келсе де, жауап берушi өз мiндетiн өз еркiмен орындамайды. Заңсыз жұмыстан

шығарумен, яғни талап етушiнiң еңбек құқықтарын бұзумен байланысты

жұмысқа қайта алу туралы талаптар. Меншiктеу туралы талап қоюдың

тақырыбына мəжбүрлi түрде орындау қажеттiгi туындаған субъективтi құқықтар, яғни материалды мағынада талап қоюға құқық туындады деген

сөз. Меншiктеу туралы талап қоюдың негiзiне бiрiншiден, құқықтың өзiнiң

туындауымен байланысты деректер (мысалы, сурет салудағы суретшiнiң iс-əрекетi, автордың əдеби шығарманы жазуы жəне т.б.); екiншiден талап қоюға құқықтың туындауымен байланысты деректер: мерзiмнiң басталуы, мiнету

шарты, құқықты бұзу. Кей жағдайларда екi санаттың да аталған деректерi

талап қоюға құқықпен бiр мезгiлде туындайды жəне оларды ажырату мүмкiн

емес, мысалы, өзге тұлғаның мүлкiне зиян келтiру кезiнде мүлiктi негiзсiз иеленумен.

Меншiктеу туралы талап қоюдың мазмұны талап етушiнiң сотқа жауап

етушiден нақтылы iс-əрекеттердi орындауын меншiктеудi талап етуiнен

көрiнедi. Талап қою арызының мазмұнында ол жалақыны төлету, жұмысқа қайта алу, үйден шығару жəне т.б. сияқты сотқа өтiнiш айтудан тұрады.

Осыдан меншiктеу туралы талап қою мен тану туралы талап қоюдың

арасында мазмұны, тақырыбы мен негiзi жағынан, сондай-ай бағыты

жағынан да айтарлықтай айырмашылық бар екенiн байқауға болады.

Талап қоюдың екi түрiне де ортақ нəрсе – құқықтар мен мiндеттердiң

процеске дейiнгi болған түрi мен мазмұнының соттың растауына жiберiлуi.

Екi жағдайда да процеске дейiнгi болған құқықтық қарам-қатынасты сот шешiмi қабылданғаннан кейiн де сол қалпында ешқандай өзгертулерсiз

Page 68: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қалдыратынын атап көрсеткен жөн. Сондықтан да азаматтық iс жүргiзу

құқығында талап қоюдың осы екi түрi «декларативтi» деп аталады.

€згертiлген талап қоюлар. €згертiлгендер деп жауап берушiмен болған

құқықтық қарым-қатынасты өзгерту немесе тоқтатуға бағытталған талап

қоюларды айтады.

€згертiлген талап қою тараптардың арасындағы құқықтық қарым-

қатынастарға жаңа нəрсе енгiзiлуге тиiс сот шешiмiне бағытталған.

Сондықтан да өзгертiлген талап қоюды конститутивтi немесе өзгерту

(конститутивтi) шешiм туралы талап қою деп атайды.

Заң азаматтардың субъективтi құқықтарын қорғау мақсатында сотқа құқықтық қарым-қатынастарды тоқтату немесе өзгерту туралы шешiм

шығаруға құқық бередi (ҚР АК 9-бап). Құқықтық қарым-қатынастарды

өзгерту немесе тоқтату тараптардың келiсiмi бойынша, яғни екi жақты

келiсiм арқылы болуы мүмкiн. Сонымен бiрге заң тараптарға кей

жағдайларда құқықтық қарым-қатынастарды бiржақты ерiк бiлдiру арқылы

тоқтатуды ұсынады. Демек, тапсыру келiсiмi оның сенiп тапсырушылары

жоққа шығарған немесе сенгенiнен бас тартулары салдарынан тоқтатылуы

мүмкiн. Аты аталған екi iс-əрекет ешнəрсенi қажет етпейтiн, соның iшiнде соттың растауын қажет етпейтiн бiржақты ерiк бiлдiру болып табылады. Көп

жағдайларда құқықтық қарым-қатынастарды тоқтату құқығы бiржақты ерiк

бiлдiру арқылы (құқықтық қарым-қатынастарды бұзу) келiсiм-шартты бұзу

заңымен байланыста болады. Бiрақ та құқықтық қарым-қатынасты тоқтату

жəне тiптi оны өзгерту көп жағдайларда екiншi тарапқа зиян келтiруге қабiлеттi болатындықтан, заң осындай iс-əрекетке сот бақылауына бiржақты

ерiк бiлдiру жеткiлiксiз деп танылатын шешiм шығармай өзгертiлген шешiм

түрiнде (өзгертiлген заңды құқық деп аталатын) заңды құқықты жүзеге асыруды жүктейдi.

Мұндай ерiк бiлдiру заңда көрсетiлген белгiлi заңды негiздi қажет ететiн

жағдайларда бұл өте маңызды. Мысалы, жалға беру келiсiмшартын

мерзiмiнен бұрын бұзу құқығы жалға берушiде ҚР АК 556-баптың 2-

бөлiгiндегi көрсетiлген жағдайларда, ал жалға берушiнiң балама құқығы –

ҚР АК 556-баптың 3-бөлi-гiндегi аталған жағдайларда туындайды.

Кей жағдайларда құқықтық қарым-қатынастарды тоқтату тек сот шешiмiн

ғана болуы мүмкiн. Мысалы, «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңының 18-

бабында неке осы заңның 14 жəне 15-баптарында қарастырылған жағдайлардан басқа уақыттарда тек сот тəртiбiмен бұзылады.

Сот өзгертiлген талап қоюды талқылай отырып, жаңа құқық-тарды

тудырмайды, керiсiнше талап етушiнiң заң бойынша сот шешiмiнсiз жүзеге асырылуы мүмкiн емес құқықтық қарым-қатынастарды өзгерту мен тоқтату

құқығын қорғайды. Бұл ретте екi жағдай болуы мүмкiн:

1) құқықтық қарым-қатынастарды тек сот қана өзгертiп, тоқтата алады

(некенi бұзу, ата-ана құқығынан айыру жəне т.б.

Page 69: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

2)сотқа жүгiну қажеттiгi тараптардың бiрiнiң құқықтық қарым-қатынасты

өзгерту немесе тоқтатуға келiспеуiнен болады (сату-сатып алу

келiсiмшартын бұзу, жалпы меншiктi бөлу жəне басқалары).

Тəжiрибеде талап қоюдың түрлерi бiр сот iсiнде жиi бiрiк-тiрiледi немесе жеке сот iстерiнде бөлiнедi. (ҚР АIЖК 171-бап). Демек, тану туралы талап

қоюлар мен өзгертiлген талап қоюлар меншiктеу туралы талап қоюлармен

жиi бiрiгедi. Мысалы, келiсiмшартты жарамсыз деп танитын талап қою

əдетте келiсiм бойынша орындалғанды қайтаруды меншiктеу туралы талап

қоюмен бiрiгедi. (ҚР АК 157-бап). Мүлiктi бөлу немесе одан белгiлi бiр

бөлiгiн бөлiп алу жөнiндегi өзгертiлген талап қою мүлiктiң осы бөлiгiн

берудi меншiктеу туралы талап қоюмен қатар жүредi.

Əртүрлi талап қоюлардың бiр талап қою арызында жəне процесте бiрiгу

мүмкiндiгi мұндай талап қоюлардың маңызын жоғарылатады. Осындай талап

қою арызы бойынша iстi шеше отырып, сот оларға ортақ сот шешiмi

құрамындағы əрбiр талапқа нақты жəне жеке жауап беруi тиiс. § 6. Талап қоюды қамтамасыз ету

Талап қоюды қамтамасыз ету – бұл егер де талап қою

қанағаттандырылатын болса iс бойынша келешекте шығарылатын шешiмдi

нақты орындауға кепiлдiк беретiн, заңда қарастырыл-ған шараларды

қолданудағы сот төрешiлерiнiң немесе соттың iс-əрекетi. Талап қоюды

қамтамасыз етуге iстiң барлық жағдайларында рұқсат етiледi, егер де (қамтамасыз ету шараларын қолданбау сот шешiмiнiң орындалуын

қиындатуы немесе мүмкiн етпеуi мүмкiн).

Талап қоюды қамтамасыз ету негiзiне iске қатысушы тұлғалардың, аралық

немесе арбитражды талқылаулардың тараптарының арыздары жатады.

Талап қоюды қамтамасыз ету шараларын сот немесе сот төрешiсi iске қатысушы тұлғалардың арыздары немесе өтiнiмдерi немесе өз бастамасы

бойынша қолданады. (ҚР АIЖК 158-бап). Талап қоюды қамтамасыз ету

туралы iске қатысушы тұлғалардың өтiнiштерi жазбаша немесе ауызша түрде болуы мүмкiн (мысалы, талап етушi бұл жөнiнде талап қою арызында көрсете алады, сот талқылауы барысында мəлiмдей алады, талаптарын

қамтамасыз ету туралы сотқа немесе сот төрешiсiне арыз жазу арқылы).

Осындай өтiнiштi бiлдiруге заңда қандай да бiр арнайы талаптар

қарастырылмаған. Егер де iс алқалы құрамда қаралмаса, сот талапты

қамтамасыз етудi азаматтық iстердi қозғау сəтiнде, оны дайындау процесiнде немесе сот талқылауы кезiнде өзi жеке шешедi.

Iстi алқалы құрамда қарау кезiнде сот талқылауы кезiнде берiлген

талаптарды қамтамасыз ету туралы өтiнiмдi сот толығымен шешедi.

Талап қою тек қозғалған iс бойынша қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Арызды

қараусыз қалдырған жағдайда (ҚР АIЖК

155-бап) талап етушiнiң талаптарын қамтамасыз ету туралы өтiнiшiн сот қарамайды жəне дəл солай қараусыз қалдырылады. Талап қоюды қамтамасыз

Page 70: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ету туралы арызды iстi қараушы сот төрешiсi немесе сот жауап берушiге жəне iске қатысушы өзге тұлғаларға хабарламай-ақ сол күнi шешедi. Жауап

берушi даудың тақырыбын жоққа шығаруы мүмкiн болатындықтан (сатып

жiберу, жасыру, жарамсыз ету жəне т.б.) мұндай шұғыл əреке қажет. Талап

қоюды қамтамасыз ету бойынша тез арада сот шешiмiн орындау үшiн

бекiтiлген тəртiпте орындалуы тиiс соттың (сот төрешiсiнiң) анықтауы

шығарылады. (ҚР АIЖК 160-бап).

Талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар. Талап қоюды

қамтамасыз ету шараларына мыналар жатуы мүмкiн (ҚР АIЖК 159-бап):

1) жауап берушiге тиiстi жəне ондағы немесе өзгелердегi мүлiкке тыйым

салу (банктiң корреспонденттiк есепшотындағы ақшаға тыйым салу

басқасы);

2) жауап берушiге белгiлi бiр iс-əрекеттi жасауға тыйым салу;

3) өзге тұлғаларға жауап берушiге мүлiктi беруге немесе оған қатысты

өзге де мiндеттердi орындауға тыйым салу;

4) мүлiктi қамаудан босату туралы талап қою арызын берген жағдайда мүлiктi өткiзудi тоқтату;

5) мемлекеттiк органның, ұйымның немесе лауазымды тұлғаның жоққа шығарылған актiсiнiң əрекет етуiн тоқтату;

6) қарызгердiң сот тəртiбiмен жоққа шығарған орындалу құжаты бойынша қарызды өтеудi тоқтату.

Қажет болған жағдайларда бiрнеше талап қою түрлерiн қамтамасыз етуге рұқсат етiлуi мүмкiн (ҚР АIЖК 162-бап). Талап қоюды қамтамасыз етудiң бiр

түрiн екiншi бiр түрiмен ауыстыруға да рұқсат етiледi. Талап қоюды

қамтамасыз ету түрiн ауыстыру мəселесi сот отырысында шешiледi.

Iске қатысушы тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны

хабарланады, дегенмен де олардың сот отырысына келмеуi талап қоюды

қамтамасыз ету түрiн ауыстыру туралы мəселенi қарау үшiн кедергi болмайды. Ақшалай соманы өтеу туралы талап қоюды қамтамасыз ету

кезiнде жауап берушi қамтамасыз етудiң рұқсат етiлген шараларының

орнына талап етушiнiң талап еткен сомасын соттың депозиттiк есепшотына сала алады. (ҚР АIЖК 162-баптың 2-бөлiгi). Талап қоюды қамтамасыз ету

түрiн ауыстыру туралы анықтау шыққан сəттен бастап, алғашқы анықтау

күшiн жояды да, жаңа анықтау тез арада орындалуы тиiс. Талап қоюды

қамтамасыз етудiң қабылданған шараларын сол сот тараптардың арыздары

немесе өз бастамасы бойынша жоққа шығарылуы мүмкiн. Бұл мəселе уақыты

мен болатын орнын iске қатысушы тұлғаларға хабарлай отырып, сот отырысында шешiледi, дегенмен де олардың сот отырысына келмеуi талап

қоюды қамтамасыз ету түрiн ауыстыру туралы мəселенi қарау үшiн кедергi болмайды. Талап қоюдан бас тартқан жағдайда талап қоюды қамтамасыз етуге қабылданған шаралар шешiмнiң заңды күшiне енгенге дейiн сақталады.

Талап қоюды қамтамасыз ету кезiнде оны қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар сот шешiмi орындалғанға дейiн өзiнiң iс-əрекетiн

сақтайды (ҚР АIЖК 163-бап). Талап қоюды қамтамасыз ету түрiн ауыстыру

Page 71: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

немесе талап қоюды қамтамасыз етудi жоққа шығару туралы анықтау

тараптардың мүдделерiне нұқсан келтiретiн болғандықтан, алғашқы

анықтаудың əрекет етуiн тоқтата отырып, жаңа анықтаумен сот талап етудi

қамтамасыз етудiң қолданыстағы шараларын жоққа шығарады. Сондықтан да жеке шағым беру немесе оларға наразылық бiлдiру анықтауды орындауды

тоқтатады. Талап етудi қамтамасыз етудiң алғашқы қабылдан-ған шаралары

жоғары сот жаңа анықтауды өзгертусiз қалдырмайынша өз əрекетiн

сақтайды. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы мəселе бойынша барлық өзге анықтауларға жеке шағым беру немесе оларға наразылық бiлдiру

анықтаудың орындалуын тоқтатпайды. Егер де талап қоюды қамтамасыз ету

бойынша анықтау шағым берген тұлғаға хабарланбай шығарылған болса, шағым беру мерзiмi оған осы анықтау белгiлi болған күннен бастап

белгiленедi (ҚР АIЖК 164-баптың 2-бөлiгi). Заңның талап қоюды қамтамасыз ету туралы мəселер бо-йынша барлық

анықтауларға шағым беру мүмкiндiгiне рұқсат етуi тектен тек емес, бұл

жерде тараптардың материалды мүдделерi маңызды, соттың дер кезiнде немесе құқықтық емес əрекеттерiнiң кесiрiнен олардың əрқайсысы шығынға ұшырауы мүмкiн. Талап етушiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ете отырып, сонымен бiрге азаматтық iс жүргiзу заңы жауап берушiге талап

етушiнiң өтiнiшi бойынша қабылданған шаралардың салдарынан болған

шығындарын өтету құқығын бередi. Осы мақсатта сот немесе сот төрешiсi талап етушiден жауап берушiнiң шығындарын өтеудi талап ете алады. Талап

қою арызынан бас тартылған шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн жа-уап

берушi талап етушiнiң өтiнiшi бойынша қабылданған шаралардың

салдарынан болған шығындарын өтету туралы талап етушiнiң үстiнен арыз беруге құқылы (ҚР АIЖК 165-бап).

Қажет болған жағдайларда сот ҚР АIЖК 158-бабында көрсетiлген

мақсаттарға жауап беретiн талап қоюды қамтамасыз ету бойынша өзге шаралар қабылдауы мүмкiн. Сот талап қоюды қамтамасыз етудiң бiрнеше шараларын қолдануы мүмкiн. ҚР АIЖК 159-бабы 1-бөлiгiнiң 2) жəне 3)

тармақшасын бұзған жағдайда кiнəлi тұлғалар əкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Сонымен бiрге талап етушi бұл тұлғалардан талап қоюды

қамтамасыз ету бойынша анықтауды орындамау салдарынан келтiрiлген

шығындарды сот тəртiбiмен талап етуге құқылы.

(ҚР АIЖК 159-баптың 2-бөлiгi). § 7. Жауап берушiнiң талап қоюға қарсы мүдделерiн қорғау

Тараптардың iс жүргiзудегi теңдiктерi процесте жауап берушiнi талап қою

арызына қарсы қажеттi қарсылықтарын бiлдiре отырып, қорғалу

мүмкiндiгiмен қамтамасыз етедi. Процестiң тартысты түрi оған iстiң мəнi

бойынша қаралуының басталуын күтпей-ақ талап қою арызымен танысуына, талап етушiнiң дəлелдерiн танып-бiлуiне жəне алған ақпараттарын есепке ала отырып, талап етушiнiң талаптарына деген өзiнiң көзқарасын анықтауға мүмкiндiктер бередi. Жауап берушi, егер де талап етушiнiң талаптарын заңды

Page 72: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жəне негiздi деп таныса, талап қоюды дұрыс деп есептеуге құқылы. Егер де жауап берушi талап етушiнiң талаптарын жоққа шығаруды көздейтiн болса, ол қорғалудың екi түрiн қолдана алады: а) қарсылық бiлдiру б) қарсы талап

қою арызын беру.

Талап қоюға қарсылық бiлдiру – талап қоюдағы талаптарды жоққа шығаратын себептi дəлелдерi бар тұжырымдар. €зiнiң сипаты бойынша қарсылық iс жүргiзушiлiк немесе материалды-құқықтық болуы мүмкiн.

Iс жүргiзушiлiк қарсылық əрдайым талап етушiнiң талап қоюға құқығының жоқтығы немесе оның талап қою тəртiбiн бұзғандығынан iс бойынша процестiң өзiн қозғаудың заңсыз екендiгiн дəлелдеуге бағытталады. Жауап берушi арызды қараусыз қалдыруға немесе iс бойынша сот iсiн тоқтатуға ұмтылады. Мысалы, талап етушiнiң талап қою арызын

ұсыну тəртiбiн бұзғандығын көрсете отырып, жауап берушi iстiң сотты

еместiгiн, арыздың талап етушiнiң iстi жүргiзуге өкiлетiгi жоқ өкiлiнiң

бергендiгiн жəне т.б. дəлелдейдi. Талап етушiнiң талап қою арызын беруге құқығы жоқтығын растайтын деректер ретiнде жауап берушi мыналарды

көрсете алады: талап етушiнiң құқыққа қабiлетсiздiгi; iстiң сотқа ведомстволық бағыныштығы еместiгi; жалпы ереже бойынша сотқа ведомстволық бағынышты iстi қарауға арнайы тыйымның бары; заңды

күшiне енген барабар талап қоюдың бары жəне басқалары;

Материалды-құқықтық қарсылық ұсынылған талап қоюдың негiзiн

құрайтын жоққа шығаруға бағытталған жəне талап етушiнiң талаптарының

заңсыздығы мен негiздiгiн растайды. Талаптың заңсыздығын дəлелдей

отырып, жауап берушi əдетте арыздағы талаптардың құқықтық емес (карточкалық қарызды өтеу) сипатына, даулы құқықтық қарым-қатынастың

керi күшi жоқ сəйкес нормативтi актi шыққанға дейiн не болмаса тараптардың келiсiмi заңсыз болып табылатынына (азаматтардың есiрткi

заттарын сату-сатып алуы) сүйенедi. Жауап берушi сондай-ақ талап қоюдың

негiзiне жататын норманың күшi жойылғанын растауға құқылы. Жауап

берушiнiң барынша жиi сүйенетiн талап етушiнiң негiзсiз талаптарына мыналар жатады: заңды құрамның толықсыздығы, дəлелдердiң

жеткiлiксiздiгi немесе сенiмсiздiгi. Мысалы, тұрғын үйге меншiктiк құқықты

тану туралы талап қоюды жоққа шығара отырып, жауап берушi сатып алу-

сату келiсiм-шартының жоқтығын растайды, ал талап етушiдегi қарызгерлiк

қолхат тек жасалмаған келiсiм есебiнен ақша сомасын алу үшiн берiлген.

Қойма үшiн жал төлемiн төлету туралы талапты жоққа шығара отырып,

жауап берушi талап етушiнiң ұсынған жал туралы келiсiмшартының

жалғандығына сүйенедi. €зге жағдайларда жауап берушi дəлел ретiнде деректердi жоятын құқықтың барын пайдаланады. Мысалы, шығындарды

өтеу туралы талап қоюға қарсылық бiлдiре отырып, жауап берушi талап

етушiнiң өзiнiң кiнəсiнiң барын (қиянат немесе дөрекi абайсыздық)

көрсетедi. Жалған некенi жарамсыз деп тану туралы талап қоюды жоққа шығара отырып, жауап берушi некеге отырғаннан кейiн бiр жыл өткен соң

олардың арасында отбасылық қарым-қатынастардың туындағанын жəне

Page 73: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

некенiң жалған болмай кеткенiн айтады. Қарыз келiсiмшарты бойынша соманы төлету туралы талап қоюға қарсылық ретiнде жауап берушi өзiнен

бопсалау арқылы талап етушiнiң алған қарыз екендiгiн бiлдiретiн қолхаттың

үмiтсiз екендiгiн айтады. Кейде жауап берушi талап қоюдың құны тым

жоғары екендiгiн айта отырып, талап етушi ұсынған талап мөлшерiн жоққа шығарады. Егер де қарызгер несие берушiнiң алдындағы мiндетiн жартылай

орындаған болса, онда қарызгердiң орындамаған мiндет бөлiгiнен ғана талап

қойылуы мүмкiн. €сiмдi, тұрақсыздықты, алдын ала берiп қойған ақшаны,

айрылып қалған пайданы өндiру тараптардың келiсiмiнде мiндеттердi

орындамағаны үшiн санкция қолдануға сəйкес нұсқау бар болғанда ғана мүмкiн.

Қарама-қарсы талап қою. Жауап берушiнiң барынша күрделi жəне практикада сирек қолданатын қорғану тəсiлi қарама-қарсы талап қою.

Қарама-қарсы талап қою – талап етушiнiң қойған талабымен бiрге iстi сотта бiрге қарау үшiн жауап берушiнiң талап етушiге ұсынған жеке талаптары. ҚР

АIЖК 156-бап). Жауап берушiнiң қойған талабы қарама-қарсы талап

болатындықтан, талап етушiнiң талаптары бұл жағдайда алғашқы болып

табылады. Жауап берушiнiң талаптары алғашқы талап қоюмен бiрге қарау

үшiн заңда қарастырылған тек үш жағдайда ғана қабылдануы мүмкiн. (ҚР

АIЖК 157-бап):

1) егер де қарама-қарсы талап алғашқы талапты сынауға бағытталса. Екi

талап қоюдың мүлiктiк сипаты болса ғана есептеудiң орны бар. Егер де қарама-қарсы талап қоюдың құны алғашқы талап қоюдан жоғары болатын

болса, сот оларды өзара келiсiмдi түрде жоюды жүргiзе отырып, жауап

берушiнiң пайдасына тек жетпейтiн соманы ғана өндiредi. Егер де алғашқы

талап қоюдың құны қарама-қарсы талаптың құнынан асып кететiн болса, сот осылайша əрекет етедi. Екi талаптың да құны тең болған жағдайда сот тараптардың ешқайсына қандай да бiр соманы төлеудi мiндеттемей-ақ,

оларды өзара келiсiммен жояды. Уақытты iс жүргiзумен үнемдеуге бiр

процесте есептелуге тиiстi талаптарды қарау нəтижесiнде, орындалу

сатысында қол жеткiзуге болады. Мұндай талаптарды жеке қарау кезiнде алдымен орындалу парағы бойынша талап етушiнiң талап еткен сомасы

өндiрiледi, содан соң нақты түрде жауап берушiнiң талабы бойынша керi

өндiру iске асырылады. Араларында есеп болуы мүмкiн талап қоюларды

бiрге қарау кезiнде бiр өндiрушiнiң пайдасына бiр орындалу парағы берiледi,

ақшалай соманы өзара келiсiммен берудiң еш қажетi болмайды. Дегенмен де, қарама-қарсы талап қоюды алғашқы талап қоюмен бiрге оларды есептеу

мүмкiндiгiнiң себеп-салдары бойынша бiр процесте қарауға қабылдау соттың

мiндетi емес, құқығы. Есептеуге бағытталған талаптардың мысалы ретiнде тұрғын үйге жатпайтын үй-жайды жалға беру келiсiмiнiң типтес бiр шартын

келтiру жеткiлiктi. Жалға алушы жал төлемiнен жалға берiлген үй-жайды

жақсартуға жұмсалған соманы алып тастауды талап етуге құқылы;

2) егер де қарама-қарсы талапты қанағаттандыруға алғашқы талап қоюды

толықтай немесе оның бiр бөлiгiн қанағаттандыру кiрмейтiн болса, бұл

Page 74: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жағдайда қарама-қарсы талап қою арызы алғашқы талап қоюдың негiзiн

толықтай немесе оның бiр бөлiгiн алып тастауға бағытталған сипатына қарай

ол бiр-бiрiн өзара жоққа шығарушы болып табылады. Бұл бiр-бiрiне қайшы

келтiретiн шешiмдердi шығаруға жəне преюдициальдылық тəртiбiн бұзуға əкелiп соқтыратын болғандықтан, оларды жеке қарау мүмкiн емес. Мұндай

талаптардың бiрi немесе екеуi де мүлiктiк сипатқа ие. Аталған негiз бойынша ұсынылған қарама-қарсы талаптардың барынша типтi мысалына мыналар

жатады: алименттi өндiру туралы талап қою арызы жəне хал актiлерiн жазу

органдарында баланың əкесi деп жазылғанды жарамсыз деп тану туралы

қарама-қарсы талап қою; некенi бұзу туралы талап қою жəне некенi

жарамсыз деп тану туралы қарама-қарсы талап қою; тұрғын үй аумағын бөлу

туралы талап қою жəне алғашқы талап етушiнiң тұрғын үй аумағына құқығын жоғалтты деп тану туралы қарама-қарсы талап қою. Мұндай

талаптарды сот бiрге қарауға жəне оларға бiр шешiм қабылдауға мiндеттi; 3) егер де қарама-қарсы жəне алғашқы талап қою арыздарының арасында

өзара байланыс болатын болса жəне оларды бiрге қарау оны барынша тез əрi

дауларды дұрыс шешуге алып келедi

Аталған негiздi қолдану мысалы ретiнде қарама-қарсы талап қоюды

қабылдау үшiн iсте некенi бұзу туралы, талап етушiден алимент өндiру

туралы жауап берушiнiң талаптары жəне бiрге жинаған ортақ мүлiктерiн

бөлу туралы жағдайларды қарауды айтуға болады.

Қарама-қарсы талап қою алғашқы талап қою бойынша ше-шiмнiң

қаулысын шығарғанға дейiн, сот шешiм шығару үшiн ақылдасу бөлмесiне кеткенге дейiн берiлуi мүмкiн, Ол жалпы тəртiп бойынша берiледi: сотқа талап қою арыздары ҚР АIЖК-нiң 150, 151-баптарында қарастырылған

талаптарды сақтай отырып берiледi, мемлекеттiк баж салығы төленедi.

Қарама-қарсы талап қою арызын қабылдау соттың немесе сот төрешiсiнiң

анықтау шығаруымен рəсiмделедi (ҚР АIЖК 152-бап).

Қарама-қарсы талап қоюдың соттылығы оның алғашқы талап қою

арызымен байланыстылығымен шартталады, сондықтан да ол алғашқы талап

қою арызын қараған сотқа берiледi. (ҚР АIЖК 157-бап). Егер де жауап

берушiнiң талап қою арызын қарама-қарсы талап қою арызы ретiнде қабылдау үшiн негiз болмайтын болса, сот немесе сот төрешiсi оны алғашқы

талап қою арызымен бiрге қараудан бас тарту жөнiнде анықтау шығарады.

Егер де сот немесе сот төрешiсi жауап берушiнiң арызын қараудан ҚР АIЖК

153-бабындағы себеп-салдарларға сəйкес бас тартатын болса, анықтауға шағым жасауға болады.

Сот шешiмiнiң қарарлы бөлiмi алғашқы жəне қарама-қарсы талап қою

арыздары бойынша: қай жерде көрсетiлуi тиiс, тараптардың əрқайсына қандай құқық танылды, кiмнiң пайдасына қандай iс-əрекеттер жасалуы тиiс деген сияқты жеке тұжырымдар болуы тиiс. Нақтырақ айтқанда бұл

тараптардың əрқайсы бiр мезгiлде талап етушi де, жауап берушi де бола алатын əртүрлi екi талаптар бойынша бiртұтас шешiм.

§ 8. Жауап берушiнiң талап қоюға қарсы мүдделерiн

Page 75: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қорғаудың iс жүргiзу құралдары

Диспозитивтiлiктi басшылыққа ала отырып, тараптар субъективтi құқықтары мен заң жүзiнде қорғалатын мүдделерiн қорғау құралдарын

өздерi анықтауға құқылы. Материалды-құқықтық талап əртүрлi мəн-

жайларға байланысты (сотқа жүгiну кезiнде талап қоюлардың элементтерiн

дұрыс анықтауға кедергi келтiрушi тараптардың заңды бiлмеуi, сот талқылауы барысында iстегi жаңа мəн-жайлардың анықталуы; туындаған

дауды тараптардың реттеуi жəне т.б.) өзгертiлуi мүмкiн. Талап қою

арыздарына жəне қорғану құралдарына өкiмдiк ету түрлерi ҚР АIЖК 47-

бабында талап етушiнiң талап қою негiзiн немесе тақырыбын өзгертуге, талап қоюдың мөлшерiн ұлғайту немесе азайтуға немесе талап қою

арызынан бас тартуға, ал жауап берушi талап қоюды тануға құқылы деп

бекiтiлген. Тараптардың iстi бейбiт келiсiммен аяқтауларына болады. Аттары

аталған өкiмдiк ету əрекеттерiнiң əрқайсының нақты мазмұны төмендегiдей.

Талап қоюды өзгерту. Талап етушiнiң талаптарын өзгертуi субъективтi құрамның алғашқы белгiленген тақырыбын, негiзiн, құнын қайта құру

түрiнде болуы мүмкiн. Талап берушi талап қоюдың тақырыбын өзгерте отырып, iстiң мəн-жайларын зерттеу шектерiн азайта немесе кеңейте, соттан

сұралатын шешiмнiң сипатын өзгерте отырып, өзiнiң субъективтi құқығын

қорғаудың көлемi мен түрiн анықтайды. Мысалы, ол тану туралы ал-ғашқы

мəлiмделген талап қою арызына жауап берушiге қандай да бiр iс-əрекеттi орындауын меншiктеу туралы немесе даудан туындаған құқықтық қарым-

қатынастарды қайта құру туралы талаптарын қосуға құқылы. Демек,

авторлықты тану туралы талап қоя отырып, оны талап етушi авторлық

сыйақыны төлеу туралы талаппен толықтыра алады. Жал төлемiн төлету

туралы алғашқы берiлген арызға талап етушi жал туралы келiсiмшартты бұзу

туралы талап қоюды қосуға құқылы. Талап етушi жаңа талап қоя отырып,

тiптi талап қоюдың тақырыбын өзiнше өзгерте алады. Мысалы, некенi бұзу

туралы талап қою арызын ұсына отырып, бұл некенi жарамсыз деп тануды

өтiне алады. Дегенмен де талап қою арызының барлық өзгерген тақырыбы

талап етушiнiң қарауды өтiнген сол даудың аясында қалуы тиiс. Мысалы,

жауап берушiден алимент өндiру туралы алғашқы ұсынылған талаптардың

орнына одан тағы тұрғын үй ауданына құқықтың жойылғанын тануды талап

етуге борлмайды. Бұл жаңа талап қою болып табылады, ол жеке тəртiптер

бойынша берiлуi тиiс. Талап қоюдың негiзiн талап етушi жаңа мəн-жайларға сiлтеме жасау

арқылы жəне талаптардың негiзiне келтiрiлген деректердi растаумен жаңа дəлелдердi ұсына отырып өзгертедi. Талап етушi талаптың негiзiнен қандай

да бiр деректi шығарып тастай алады, бiр деректi екiншi бiр деректермен

ауыстыра алады. Егер де талап қою тақырыбының өзi өзгеретiн болса, талаптың негiзiндегi мұндай өзгерiстен құтылу мүмкiн емес. Мысалы, некенi

бұзумен бiрге оны жарамсыз деп тануды талап ете отырып, соттың бұл

Page 76: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

талаптарды шешуiне мүмкiндiктер беретiн мəн-жайлар əртүрлi

болатындықтан, талап етушi талаптың негiзiн өзгертуi тиiс. Талап етушi талап қоюдың тақырыбын толықтыра отырып, заңмен

қорғалатын мүдденiң екiншi талаптарының заңдылығын растайтын қосымша жаңа деректердi атайды. €згертiлген талап қою бойынша жаңа iстi қозғау

қажеттiгi болмағандықтан, сот-қа iс жүргiзудi үнемдеуге мүмкiндiктер

бередi. Берiлген арыздағы талап көлемiн өзгерте отырып, талап етушi өзiнiң

субъективтi құқығын қорғау көлемiн қайта анықтайды. Мұндай

диспозитивтiлiк құқықтық талаптың мүлiктiк сипатқа ие бол-ған кезiнде ғана мүмкiн. Егер де талап етушi талап қою арызын берген сəтте ұсынылып

отырған талап құнының нақтылығын жеткiлiктi түрде анықтай алса, мысалы,

денсаулыққа келтiрiл-геннен болған зиянды өндiру туралы талап қоюда, не сот тал-қылауы барысында ол талаптардың құнын арттыра отырып, өз талаптарының көлемiн нақтылай алады. Кейде талап қоюдың құнын талап

етушi саналы түрде көтередi, сондықтан да iстi қарау кезiнде талап қоюдың

көлемi нақтыланады жəне талап етушi алғашқы талап ету сомасын азайта отырып, оның нақты көлемiн айтады. Талап қоюдың элементтерiн, оның

құнын жəне дауға қатысушылар құрамын өзгерту туралы талап етушiнiң

арызы процеске жаңа материалдарды тартуды, жауап берушiнiң өзгертiлген

талап қоюға қарсы қорғалуға қосымша дайындықты қажет етуi мүмкiн. Сот немесе сот төрешiсi мұндай жағдайда сот талқылауын кейiнге қалдыруға құқылы.

Талап қоюды өзгерту құқығын талап етушi iстi қозғау сатысында жəне талап қою арызына тиiстi толықтыруларды беру арқылы оны дайындау

сатысында жүзеге асыруы мүмкiн. Iстi қарау барысында бұл құқықты соттың

немесе сот төрешiсiнiң шешiмiнiң қаулысы шыққанға дейiн (кеңесетiн

бөлмеге кеткенге дейiн) жүзеге асыруға болады. Бiрақ əдетте талап етушiнiң

талап қоюды өзгертуге қатысты ұстанымын iстi баяндағаннан кейiн сот немесе сот төрешiсi анықтайды. Талап етушiнiң талап қоюды өзгерту туралы

барлық iс-əрекеттерi сот отырысының хаттамасында жазылуы тиiс. Талап етушiнiң арызындағы талаптар соттың өз бастамасы бойынша

мұндай талаптар шегiнен шығу арқылы толықтырылуы мүмкiн (ст. 219-бап).

Сотта мұндай құқықтың бары талап қою тақырыбын немесе негiзiн өзгерту

соттың еркiнде дегендi бiлдiрмейдi əрине. Сот тек талап етушiнiң қорғалу

шектерiн кеңейте отырып, талап етушiнiң белгiлеген талап қою элементтерi

шегiнен шығуға ғана құқылы. Бiрақ мұндай iс-əрекет егер де iс бойынша шешiмде ол жеткiлiктi түрде дəлелденген болса ғана заңды. Мысалы,

жұбайлардың ортақ мүлiктерiн бөлу кезiнде сот кəмелетке толмаған

балалардың мүдделерiн немесе жұбайлардың бiрiнiң қоғамдық пайдалы

еңбектен жалтарып, отбасының мүддесiне шығын келтiре отырып, ортақ

мүлiктi жұмсап жiбергенi туралы мəн-жайларды есепке ала отырып

жұбайлардың бiрiнiң үлесiн ұлғайтуы мүмкiн. Сот шешiмiнде ортақ мүлiктен

жұбайлардың бастапқы үлес теңдiгiн бұзу себептерiн келтiруi тиiс. Iс

Page 77: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

бойынша талап етушiнiң талап қою құнын дұрыс белгiлемегендiгi жəне нақты құнға сəйкес келмейтiндiгi анықталса, сот талап қою көлемiн

ұлғайтуға құқылы. Демек, тараптардың талаптарына қарамастан айыппұл,

өсiм, тұрақсыздық айыбы жəне өзге де сомалар заңда қарастырылғаны

бойынша өндiрiлуi мүмкiн.

Талап етушiнiң арызындағы талаптардың шегiнен сот тек арнайы

нормативтi нұсқау болғанда ғана (рұқсат етiлгенде) шыға алады. Көп

жағдайларда жауап берушiнi ата-ана құқығынан айыру кезiнде сот онымен

бiр мезгiлде одан алимент өндiру туралы мəселесiн осындай талап қою

арызын берген-бермегенiне қарамастан шешуге мiндеттi. Кəмелетке жасы

толмаған балалары бар жұбайлар арасындағы некенi бұзу кезiнде сот бұл

жөнiнде арызда ұсыныс болмаса да анықталған мəн-жайларға қарап

балаларды асырауға алимент өндiруге құқылы. («Неке жəне отбасы туралы»

ҚР Заңы 21-бап).

Талап етушiнiң талап қоюды өзгертуi түрлi iс жүргiзушi-лiкпен рəсiмделуi

мүмкiн. Егер де талап етушiнiң ерiк-жiгерi арнайы арызда жазылған болса, онда ол iс материалдарына тiркеледi. Сот талқылауы барысында талап қоюға өкiмдiк ету сот отырысы хаттамасына жазылып, оған талап етушi қол қоюы

тиiс. Қаралып отырған талап қоюға толықтырулар енгiзудi сот немесе сот төрешiсi оның себебiн көрсете отырып оны шешiмде көрсетедi.

Талап қоюды тану. Талап қоюды тану – жауап берушiнiң талап етушiнiң

талап қою талаптарымен келiсетiндiгiн бiлдiруi. Бұл талап қоюды

қанағаттандыру туралы шешiм қабылдауға əкелiп соқтырады. Талап қоюды

тану себептерiне жауап берушiнiң қарсылығының негiзсiздiгi жəне талап

етушiнiң талаптарының əдiл екендiгiне сендiру, жауап берушiнiң өзiне тиеселi субъективтi құқығынан талап етушiнiң пайдасы үшiн толық немесе жартылай бас тартуы, дауды жалғастыруға ниетiнiң жоқтығы жатуы мүмкiн.

Жауап берушi талап қоюды тани отырып, талап етушiге процесте жеңуiн

қамтамасыз етiп, талап етушiмен материалды-құқықтық дауды тоқтатады.

Талап қоюды тану нысаны мен мазмұнына қарай əртүрлi болады. Нысаны

бойынша – бұл жауап берушiнiң iс материалдарына қатыстырылатын жеке арызы немесе жауап берушi қол қойған сот отырысы хаттамасындағы жазба.

Мазмұны бойынша толықтай немесе жартылай немесе жiктелген талап

етушi талаптарындағы жауап берушiнiң жоққа шығарған бөлiмiмен

сақталады.

Жай тану – ұсынылған талаппен қандай да бiр ескертусiз келiсу.

Жiктелген тану үнемi талап етушiнiң талаптары даусыз деп санауға мүмкiндiк бермейтiн ескертумен жасалады. Мысалы, жауап берушi талап

етушi екеуiнiң арасында жал туралы келiсiмшарттың бар екендiгiн

мойындайды, бiрақ та ол талап еткен соманы талап етушiден қарама-қарсы

қолхатты алмастан бергендiгiн растайды. Егер де заңға қайшы келетiн болса немесе өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн

бұзатын болса сот тануды қабылдамауға құқылы. Талап қоюды тануды сот iстегi барлық материалдардың жиынтығымен жəне сот отырысындағы

Page 78: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

анықталған iстiң мəн-жайларын есепке ала отырып, бағалайды. Процесс мұндай жағдайда тоқтатылмайды, iс мəнi бойынша қаралып, шешiм

шығарылады. Сот шешiмiнде талап қоюды тану бағасы болуы тиiс. Ол заңды

екендiгiне күмəн болмаған жағдайда, талап қоюды қанағаттандыру негiзiне жатуы мүмкiн. Талап қоюды танумен келiспейтiндiгiн сот дəлелдеуi тиiс.

Талап қоюдан бас тарту. Талап қоюдан бас тарту – бастал-ған процестi тоқтатуды мақсат еткен талап етушiнiң өкiмдiк iс-əрекетi.

Талап етушi соттың жауап берушiмен арасында туындаған материалды-

құқықтық дауды қарауын жəне өзiнiң субъективтi құқығын немесе заңмен

қорғалатын мүддесiн сот жүзiнде қорғауын сұраған өтiнiшiнен бас тартады.

Мұндай iс-əрекеттiң себебiне жауап берушiнiң талап етушi алдындағы

мiндеттерiн ерiктi түрде орындауы, талап қоюдың айдан анық негiздiгi жəне талап етушiнiң процесте жеңiлгiсi келмейтiндiгi жатады.

Талап етушi талап қоюдан толықтай немесе жартылай бас тартуға құқылы.

Талап қоюдан жартылай бас тарта отырып, сот талап қоюдың өзге бөлiгiмен

iстi мəнi бойынша шешiп, шешiм шығарады. Талап қоюдан бас тарту iс материалдарына қатыстырылып, жеке арызда көрсетiлуi мүмкiн. Сот талқылауы барысында талап қоюдан бас тарту сот отырысы хаттамасында жазылады жəне оған талап етушi қол қоюы тиiс. Iстi қараушы сот немесе сот төрешiсi талап етушiге талаптан бас тартудың салдарлары туралы

түсiндiруге мiндеттi жəне бұл да сот отырысы хаттамасында жазылуы тиiс. €зге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдде-лерiн қорғау

үшiн сотта iс қозғаушы прокурор жəне өзге субъек-тiлер (ҚР АIЖК 8-баптың

2-бөлiгi) талап қоюдан бас тартуға құқылы. Бұл осы тұлғалардың өзiн iстi мəнi бойынша талқы-лауды талап ету мүмкiндiктерiнен айырмайды. Соттың

талап қоюдан бас тартуды қабылдауы сот немесе сот төрешiсiнiң iс бойынша iстi тоқтату туралы анықтауымен рəсiмделедi. Мұндай талап қою бойынша қайта iс қозғауға рұқсат етiлмейдi.

Бейбiт келiсiм. Бейбiт келiсiм – бұл тараптардың арасында туындаған

материалды-құқықтық дауды өзара қолайлы жағдайлармен келiсiп реттеуi

жəне соттың қозғалған iстi тоқтатуы. Бұл ретте тараптар қол жеткiзген

келiсiм бойынша iске асырылатын субъективтi құқықтарын өздерi

анықтайтындықтан, тараптардың қарама-қарсы ерiк-жiгерi өзара кеңшiлiк

беруге негiзделедi. Көп жағдайда берген арызындағы талаптарын растайтын

жеткiлiктi дəлелдерi жоқ талап етушi процесс дұрыс жүрген кезде талап

қоюдан бас тарту болуы мүмкiн болса да, жауап берушiмен бейбiт келiсiм

жасау арқылы жауап берушiге материалдық игiлiктердiң бiр бөлiгiн бере отырып, оның көп бөлiгiн ала алады. Тараптар сот шешiмiнiң орнына қол

жеткiзген бейбiт келiсiмнiң орындалуымен процестi тоқтатуға қол жеткiзе отырып, өз құқықтарын қорғауда iс жүргiзу құралдарын бiрдей пайдалана алады. Бейбiт келiсiмдi сотта қаралып жатқан даудан болған материалды-

құқықтық қарым-қатынастың тараптары жасай алады. Бұл талап етушi, жауап

берушi жəне дау тақырыбына өздерiнiң жеке талаптарын ұсынушы үшiншi

тұлғалар (дау тақырыбының тағдыры осындай келiсiммен шешiледi). Дау

Page 79: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

тақырыбына өздерiнiң жеке талаптарын ұсынбаған үшiншi тұлғалар,

прокурор жəне талап етушiнiң құқықтарын қорғау үшiн талап қою арызын

берген өзге субъектiлер бейбiт келiсiм жасай алмайды.

Талап етушi мен жауап берушi өзара туындаған азаматтық-құқықтық дау

бойынша бейбiт келiсiм жасағылары келетiн-дiктерi туралы арыз берген

жағдайда сот оларға бейбiт келiсiмдi бекiткеннен кейiнгi болатын

салдарларды түсiндiруге тиiстi. Бейбiт келiсiмнiң шарттары тараптардың сотқа жiберiлген жеке ортақ

құжатында баяндалуы тиiс. Бұл келiсiм iс материалдарына тiркелiп, сот отырысының хаттамасында белгiленедi. Егер де тараптар сот отырысында отырып, бейбiт келiсiм жасайтын болса, келiсiмшарты сот отырысы

хаттамасына енгiзiледi де ол жөнiнде хаттамаға жазылады жəне талап етушi

мен жауап берушi оған қол қоюлары тиiс. Iстi қараушы сот немесе сот төрешiсi тараптарға бейбiт келiсiм жасаудың салдары туралы түсiндiредi, ол

да хаттамада жазылады.

Сот тараптардың осы аса маңызды iс-əрекетiн қадағалайды жəне бейбiт келiсiмдi егер де бұл заңға қайшы келетiн болса немесе өзге тұлғалардың

заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн бұзатын болса бекiтпеуге құқылы. Мысалы, егер де оның шарттары азаматтардың еңбек құқықтарын

бұзатын болса (жұмысқа қайта алудың орнына əкiмшiлiк талап етушiмен

жаңа еңбек келiсiмшартын жасап отырып жұмысқа қабылдауға келiседi)

немесе тұлғаны еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрiлген шығын үшiн

материалдық жауапкершiлiктен заңнан тыс босатуға бағытталған бейбiт келiсiмдi жасауға болмайды. Тараптар бейбiт келiсiм жасау арқылы еңбек

мiндеттерiн атқару кезiнде денсаулыққа келтiрiлген шығынды өтеу, сондай-

ақ заңда бекiтiлген алимент мөлшерiн өзгертуге құқысы жоқ. Əкесiн анықтау

туралы iстер бойынша бейбiт келiсiм жасалынбайды. Бейбiт келiсiм жасаудан

бас тартқан сот немесе сот төрешiсi бас тартудың себептерiн көрсете отырып, анықтау шығарады. Мұндай жағдайда iс мəнi бойынша қаралып,

шешiм шығарылады. Бейбiт келiсiм жасау кезiнде де жеке анықтау

шығарылады, сот немесе сот төрешiсi бiр мезгiлде iс бойынша сот iсiн

тоқтатады.

13-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IСТI СОТТА ҚОЗҒАУ

§ 1. Азаматтық iстi сотта қозғау ұғымы мен тəртiбi

Əрбiр азамат пен заңды тұлға бұзылған немесе даулы конституциялық

құқықтарын, бас бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн

қорғау үшiн осы Кодекстегi 8-бапта белгiленген тəртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Азаматтық iс жүргiзу кодексiндегi iстi жүргiзудiң бiрден-бiр сатысы ол

соттың iстi жүргiзуге қабылдануы.

Page 80: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген

жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының

құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.

Сот төрешiсi талап қою арызын қабылдай отырып, азаматтық iс қозғау

туралы ұйғарым шығарады.

ҚР АIЖК-нiң 152-бабына сəйкес сот төрешiсi талап қою арызы түскен

күннен бастап бес күн мерзiмде оны сот iсiн жүр-гiзу үшiн қабылдау туралы

мəселенi шешедi.

Iс жүргiзу азаматтық iс жүргiзудiң басқа да түрлерiнде барлығына ортақ,

бiрдей: талап қою, ерекше талап қою, аппеля-циялық, iстi алдын ала қарауда немесе оны қайта қарауда жəне де жаңадан ашылған жағдайларға ортақ.

Iс жүргiзуде мына қағидаларды ұстану қажет: – талап қоюға құқылы болу;

– iстi одан əрi өрбiтудi орындау (ҚР АIЖК 153–154-баптары);

– сотқа жүгiну ережелерiн сақтау.

Талап қою арызы сотқа жазбаша түрде берiледi. Оның нысаны мен

мазмұны ҚР АIЖК-нiң 150-бабында көрсетiлген талаптарға сəйкес болуы

тиiс. Арызда: – арыз берiлетiн соттың атауы;

– талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жерi, тұрғылықты жерi

бойынша тiркелгенi туралы мəлiметтер немесе, егерталап қоюшы ұйым

болса, оның тұрған жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банктiк

деректемелерi, сондай-ақ, егер арызды оның өкiлi берсе, өкiлдiң атауы мен

мекенжайы;

– жауапкердiң тегi, аты жəне əкесiнiң аты (егер ол жеке басын

куəландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi жəне егер талапкерге белгiлi болса, оның тұрғылықты жерi

бойынша тiркелгенi, жұмыс орны туралы мəлiметтер мен салық төлеушiнiң

тiркеу нөмiрi (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса). Егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi

не, егер талапкерге бiрiңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мəлiметтер белгiлi

болса, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банктiк деректемелерi;

– талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды

мүдделерiн жəне оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупiнiң

мəнi;

– талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздейтiн мəн-жайлар, жəне бұл мəн-

жайларды растайтын дəлелдемелер;

– егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

– арызға қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi; Арызда телефонының (ұялы), факстiң талап етушiнiң электронды

поштасы, оның өкiлi, жауапкердiң жəне дауды шешуге маңызы бар, арызда дауды шешу үшiн маңызы бар өзге де мəлiметтер көрсетiлуi, сондай-ақ

талапкердiң өтiнiшi баяндалуы мүмкiн.

Page 81: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Прокурор мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдденiң неден тұратынын,

қандай құқықтың бұзылғанын негiздеуi, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасауы тиiс. Прокурор

азаматтардың мүдделерi үшiн өтiнiш жасаған жағдайда талап қою арызын

азаматтың өзiнiң талап қоюы мүмкiн еместiгiнiң себептерiн негiздеуi тиiс; арызға, əрекетке қабiлетсiз адамның мүдделерi үшiн арыз беретiн

жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгiнуге келiсiмiн

растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға жəне оны көрсетуге

өкiлеттiгi болған жағдайда оның өкiлi қол қояды.

ҚР АIЖК-нiң 151-бабына сəйкес арызға: – жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап қою

арызының көшiрмесi; – мемлекеттiк баж салығын төлеудi растайтын құжат; – өкiлдiң өкiлеттiгiн куəландыратын сенiмхат немесе өзге де құжат; – талапкер өз талаптарын негiздейтiн мəн-жайларды растайтын құжаттар,

егер көшiрмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл

құжаттардың көшiрмелерi;

– дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мəтiнi;

– талапкердiң мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын

төлеуден босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы, талап қоюды

қамтамасыз ету, дəлелдемелердi талап ету туралы өтiнiмi жəне егер олар

талап қою арызында жазылмаған болса, басқалары да қоса тiркеледi.

Сонымен қоса талапкер, оның өкiлi жəне жауапкерлер мен үшiншi

тұлғалар дауланып отырған немесе белгiлi ақша сомасының есебiн

талапкердiң қол қойылған оның көшiрмесiн əкелуi мүмкiн.

Сот, iстi қозғауға болатын құжаттардың барлығына жəне олардың түгел

болуына көз жеткiзуi тиiс. Талап қою арызы түскен күннен бастап бес күн

мерзiмде оны сот iс жүргiзу үшiн қабылдау туралы мəселенi шешуге құқылы.

Талап қою арызын қабылдай отырып, сот азаматтық iс қозғау туралы

ұйғарым шығарады. (ҚР АIЖК-нiң 152-бабы).

Талап қою арызын тəртiпке сəйкес қабылдамаса көптеген келеңсiздiктерге əкелiп соғады. Талап қою арыз қалпында жəне деректемелерi сақталмаған,

заң талаптарына сай болмаса, арыз əрекетсiз, немесе талапкерге оны түзеуге қайтарып беруi немесе тiптi қабылдаудан бас тартылуы мүмкiн.

§ 2. Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту

ҚР АIЖК-нiң 153-бабына сəйкес сот талап қою арызынан мынадай

жағдайда бас тарта алады, егер:

– арыз азаматтық сот iсiн жүргiзу тəртiбiмен қарауға жəне шешуге жатпаса;

– сот тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысан туралы жəне сол

негiздер бойынша шығарылған соттың заңды күшiне енген шешiмi немесе

Page 82: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша сот iсiн жүргiзудi тоқтату туралы немесе тараптардың бейбiт келiсiмiн бекiту

туралы сот ұйғарымы болса бас тартады.

– сот арызды қабылдаудан бас тарту туралы дəлелдi ұйғарым шығарады,

онда егер iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тəртiбiмен қарауға жəне шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгiнуi жөн екендiгiн көрсетедi.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым арыз сотқа түскен кезден

бастап бес күн мерзiмде шығарылуы жəне арыз берушiге арызға қоса тiркелген барлық құжаттармен бiрге табыс етiлуi немесе жiберiлуi тиiс. Арызды қабылдаудан бас тарту арыз берушiнiң сол жауапкерге сол нысан

жəне сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуiне кедергi келтiредi.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым,

наразылық берiлуi мүмкiн.

ҚР АIЖК-нiң 154-бабында арызды қайтарып беру негiздерi көрсетiлген.

Сот талап қою арызын мынадай жағдайда қайтарады, егер:

– талап қоюшы iстердiң осы санаты үшiн дауды сотқа дейiн алдын ала шешу заңдарымен белгiленген тəртiбiн сақтамаса жəне осы тəртiпке қолдану

мүмкiндiгi жойылмаса; – iс осы соттың соттылығына жатпаса; – арызды əрекетке қабiлетсiз адам берсе; – арызға оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ адам қол қойса; – осы немесе басқа бiр соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасында, сол

нысан туралы жəне сол негiздер бойынша дау жөнiнде iс бар болса; – коммуналдық мүлiктi басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлiкке

құқықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органның осы затты

қабылдаған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн жылжымайтын затқа коммуналдық меншiктi тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнсе;

– бұл туралы талап қоюшы мəлiмдесе, қайтарып жiбередi.

Сот төрешiсi арызды қайтару туралы дəлелдi ұйғарым шығарады. Онда арыз берушiге, егер iс осы соттың соттылығына жатпайтын болса, қандай

сотқа жүгiнуi не iстi қозғауға кедергi келтiретiн мəн-жайларды қалай жою

қажет екендiгiн көрсетедi.

Талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым арыз сотқа түскен күннен

бастап бес күн мерзiмде шығарылуы жəне арыз-ға қоса тiркелген барлық

құжаттармен арыз берушiге тапсырылуы жəне жiберiлуi тиiс. Егер талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты жоятын болса, арызды

қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы жəне сол

негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуге кедергi келтiрмейдi.

Арызды қайтару туралы сот төрешiсiнiң ұйғарымына жеке шағым,

наразылық берiлуi мүмкiн.

Талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру

азаматтық iс жүргiзудiң барлық түрiнде жəне қолданылады жəне iс

Page 83: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жүргiзудiң жеңiлдетiлген түрi болып табылады. Талап қою арызы берiлген

күннен бастап қабылданған болып саналады. Егер бұл талап орындалмаса арызданушы талап арызды уақытынан өткiзбей беруiне болады

Сот төрешiсi талап арыз АIЖК-ң 150-бабының талаптарына жəне 151-

бабының 1–3) тармақшаларына сəйкес келмеген жағдайда арызды

қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды

берген тұлғаға хабарлайды жəне оған кемшiлiктердi түзету үшiн мерзiм

бередi.

Егер талап қоюшы соттың нұсқауларын бекiтiлген мерзiмде орындаса, талап қою арызы берiлген күннен бастап қабылдан-ған болып саналады.

Мұндай болмаған жағдайда арыз берiлмеген болып саналады да, ол арыз берушiге барлық тiркелген құжаттарымен бiрге қайтарылады (ҚР АIЖК-нiң

155-баптың 2-бөлiгi). Арызды қайтару туралы сот төрешiсiның ұйғарымына жеке шағым,

наразылық берiлуi мүмкiн.

14-т а р а у. ДƏЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖƏНЕ ДƏЛЕЛДЕУ

§ 1. Дəлелдеу ұғымы

Соттық дəлелдеу сот процесiнде соттың бекiтiлген мəлiмде-мелерге құқықтарды дұрыс пайдалануға болатын сот процесiнiң маңызды бөлiмi

болып табылады. Соттық дəлелдеу əрекетi сот алдында тұрған iске қатысы

бар адамдар мен бiрнеше тапсырмалардан тұрады. Олардың алғашқысы

дəлелдердi айқындап, жинақтау, ал керек болған жағдайда дəлелдердi бекiту,

екiншi-сi – дəлелдердi зерттеу, үшiншiсi – олардың бағасы. Мұнда сот дəлелi

тек ойлау заңдылығына ғана емес, сонымен қоса iс жүргiзу нормаларымен

қадағаланып, барлық дəлелдеу уақытына жүгiнедi.

Дəлелдеу сот процесiнiң iс жағдайын дəлелдi түрде түсiн-дiретiн жалғыз жол болып табылады. Дəлделдеу құралдарынбөлу негiзiнде нақты дəлелдердi

(ақпаратты) бекiту жəне сақтау тəсiлдерi қарастырылуы керек. Егер

дəлелдемелер адамнан сотқа жеткiзiлетiн болса – бұл жеке дəлелдер. Ал егер

бұл дəлелдемелер «өлi» өлi ортада, яғни жансыз заттар ортасында, киiмде болса онда бұл – заттай дəлелдемелерге жатады. Жеке дəлелдеулерге екi

жақтың түсiнiгiн, үшiншi бiр адамның, куəгерлердiң дəлелдерiн, сараптама қорытындыларын жатқызуға болады. Заттай дəлелге – жазылған жəне заттай

дəлелдердi жатқызуға болады. (Трешников М.К. Гражданский процесс. 2000).

Дəлелдеуге қажеттi құралдар аясы түскен арыздың талабы мен

қарсылығына байланысты анықталады. Сонымен қоса азаматтық iстердi

қарау категориясында дəлелдеулердiң бiрнеше құралы бар екенiн ұмытпау

керек.

Сот процесiнде дəлелдемелердi колдану өте қиын процесс, логикалық ой

мен тығыз байланыста болады. Түрлi дəлелдеулер ойлауды жəне саналықты

Page 84: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

əрекет етедi. Сонымен қоса дəлелдеу тек логика заңдылығына ғана жүгiнбейдi, сонымен қоса iс жүргiзу нормаларымен реттелiп, барлық

дəлелдеу əрекетiне қатысты болады. Сондықтан да соттық дəлелдеу бiр

уақытта iс жүргiзулiк жəне де логикалық iс-əрекет болып табылады.

Iс жүргiзу жұмысы логикаға, ал сот дəлелдеуi үстiндегi iшкi сенiм əрекетi мiндеттi түрде қатаң iс жүргiзу қағидасының нысанына бағынуы тиiс. Дəлелдеулермен кiмнiң айналысуы керектiгiн, оны дəлелдеуге жəне оны

немен дəлелдеу керектiгiн, т.с.с заң айқындайды. Дəлелдемелердi табу жəне айқындау басты iске қатысты тұлғаларды табуға, сонымен қоса соттың да белгiленген құқықтарымен оларды айқындауға себеп болады.

Дəлелдемелердi зерттеу сотпен iске қатысы бар адамдармен жүзеге асады.

Əрбiр дəлелдеме – қатыстылығы, жол берiлуi, растығы, ал барлық жиналған

дəлелдемелер жиынтығы азаматтық iстi шешу үшiн жеткiлiктi тұрғысынан

бағалануға тиiс. (ҚР АIЖК 77-бап). Сонымен қатар дəлелдеуде барлық

тараптардың тығыз қатынасын ескеру керек.

Сонымен, соттық дəлелдеу – бұл сот жəне iске қатысты, айқындалған,

жиналған, зерттелген жəне бағаланған дəлелдер, iске қатысты мəн-жайлар

мен фактiлердi орнатуға бағытталған əрекет. Осыдан, соттың жəне iске қатысты тараптардың жинаған, зерттеген немесе бағаланған дəлелдемелер iс жүргiзу қағидасына бағынышты болады.

Сондықтан да, сот шешiмi дұрыс болу үшiн дəлелдеу про-цесiнiң

көмегiмен алынған iске қатысты нақты дəлелдердi белгiлеп алу керек.

Осыдан iстiң мəн-жайы дəлелдеулер арқылы белгiлi болады.

§ 2. Соттық дəлелдемелер

Дəлелдемелер ұғымы туралы ҚР АIЖК 64-бабында былай делiнген: Iс бойынша дəлелдер заңды түрде алынған нақты деректер болып табылады,

солардың негiзде сот заңда қарастырылған тəртiппен тараптардың талаптары

мен қарсылықтарын негiздейтiн мəн-жайлардың, сондай-ақ iстi дұрыс шешу

үшiн өзге де мəн-жайлардың бар-жоғын анықтайды. Бұл нақты деректер

тараптардың жəне үшiншi тұлғалардың түсiнiктеме-лерiмен, куəлардың

айғақтарымен, заттай дəлелдемелермен, сарапшылардың

қорытындыларымен, iс жүргiзу əрекеттерiнiң барысын жəне нəтижелерiн

көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен жəне өзге де құжаттармен

анықталады. (ҚР АIЖК

64-бап. № 151-III 2006 жылдың 4-шiлдесiнен бастап).

Басқаша айтқанда соттық дəлелдемелер дегенiмiз iстi дұрыс шешу үшiн

маңызы бар, қатаң бекiтiлген iс жүргiзушiлiк тəртiбiмен алынған жəне зерттелген, заңда қарастырылған iс-жүргiзушiлiк түрде (дəлелдеу

құралдарында) көрсетiлген деректердi тiкелей не жанама түрде растауға қабiлеттi нақты деректер болып табылады. Бұл ретте заңда дəлелдеу

құралдарының ескiрген тiзiмi қарастырылғанын есте ұстаған жөн, сондықтан

да сот заңда көрсетiлгеннен басқа дəлелдеулердi қолдануына құқығы жоқ.

Page 85: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Соттық дəлелдемелер жəне дəлелдеудiң барлық процесi материалдық-

құқықтық жəне процестiк мəнi жағынан əртүрлi фактiлердi анықтауға бағытталған. Сондықтан да дəлелдеу құралын, яғни iске қатысы бар мəн-

жайлар мен фактiлер аясын дұрыс айқындау iстi дұрыс жəне тез арада шешуде аса маңызды.

Əдiл сот шешiмi соттың iстi жүргiзу кезiндегi анықталған нақтылы мəн-

жайға заңды қолдануымен жүзеге асады. Құқықтық актiнi қолдану үшiн

алдымен сотта анықталған мəн-жайлардың растығын бiлу керек. Құбылыстар

мен оқиғалардың дəл қазiргi таңда болып жатқандығы немесе ұзаққа созылған сипатқа ие екендiгi тiкелей танылады. Мысалы, физиологиялық,

химиялық жəне физикалық процестер, тиiстi құбылыстар немесе фактiлер

осылайша зерттеледi. Алайда, бұрын орын алған оқиғаларды тануды қажет ететiн адам iс-əрекеттерiнiң бiрқатар саласы бар. Мұндай объектiлермен

археология, тарих айналысады. Бұрынғы заңды фактiлердi, құбылыстарды

тану – соттың негiзгi iсi. Көп жағдайларда материалдық-құқықтық нормалармен құқықтық

байланыста болып, процеске дейiн туындайтын жəне болатын барлық заңды

фактiлер сот үшiн маңызды болып табылатындықтан, сот өзiне қажеттi фактiлер мен құбылыстарды тiкелей емес, дəлелдердiң көмегi арқылы

таниды, сондықтан да сот дəлелдемелердi дəлелдеуге жүгiнбей, тiкелей олар

туралы бiле алмайды.

Соттың ең басты мiндетi – iс үшiн маңызы бар барлық қажеттi дəлелдемелердi iске қатыстыру, жəне бұл деректердi күмəнсiз анықтау үшiн

олардың саны жеткiлiктi болуы қажет, жəне оны iске қатысы жоқ

материалдармен жəне фактiлi деректермен толтырып тастауын болдырмауы

тиiс. Қазақстан Республикасының АIЖК 64-бабының 1-бабының мағынасы

бойынша дəлелдемелер белгiлерiне мыналар жатады: дерек мəлiметi; мəлiметтiң дəлелдеу құралымен қатысы. Iс үшiн маңызы бар мəлiметтер

көмегiмен мəн-жайлардың бар-жоғын анықтауға болады. Бұл белгi дəлелдеуге қатыстылықты; деректi заңда көрсетiлген дəлелдеу құралымен:

тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктерiмен, куəлардың айғақтарымен,

ауызша, жазбаша жəне заттай дəлелдемелермен, аудио-бейне таспалармен,

сараптама қорытындыларымен анықтауды көрсетедi.

Бұл белгi дəлелдемелердiң жарамды болу керектiгiн; дəлел-дердi алу мен

зерттеу iс жүргiзушiлiк түрде, яғни ҚР АIЖК-де бекiтiлген тəртiппен

өтетiндiгiн бiлдiредi. Дəлелдемелердi қолдану үшiн барлық белгiлердiң

жиынтығы керек.

Сот дəлелдемелерi өз алдына ақпарат емес, ол дəлелдеу тақырыбы

фактiлерiнiң растығына соттың сенiмi болуы үшiн iс жүргiзушiлiк

құралдарын қолданатын, iс жүргiзушiлiк түрде жақсы ұйымдастырылған

пайымдаулар жүйесi (А.Г.Коваленко. Азаматтық жəне арбитражды iстердi

дəлелдеу институты. М., 2002).

Page 86: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Дəлелдемелердiң қатыстылығы (ҚР АIЖК 67-бап). Iс үшiн маңызды мəн

жайлардың бар екендiгi туралы тұжырымдардың растығын, жоққа шығарылатындығын немесе күмəндi болатындығын бiлдiретiн нақты

деректерден тұратын дəлелдемелердiң iске қатыстылығын сот анықтайды.

Дəлелдемелердiң қатыстылығы ережесi сотқа тек iске маңызы бар, яғни iске қатысты ұсынылған дəлелдемелердi ғана iске қабылдауды мiндеттейдi.

Дəлелдеу құралына қатысты, талап етiлiп отырған деректермен байланысты

болса, дəлелдеме iс үшiн маңызды деп табылады. Соттың мiндетi iс үшiн

маңызды барлық қажеттi дəлелде-мелердi iске қатыстырып, онымен қоса iске қатысы жоқ материалдар мен деректi мəн жайларды iске жiбермеу.

Қатыстылық ережесi дəлелдеу құралымен тығыз байланысты. Дəлелдеу

құралының құрамына тек iске қатысы бар, яғни олардың негiзiнде дауды

шешуге, қажеттi деректi бекiтуге жəне т.б. мүмкiндiк беретiн мəн жайлар мен

деректер ғана кiредi. Мысалға, ата-ана құқығынан айыру жəне бiрге тұра алмайтын жағдайда пəтерден шығару туралы, немесе жұмысқа келмегенi

үшiн босатылған адамды, қайта жұмысқа алу туралы iстердi шешу кезiнде сот жауап берушiнiң немесе талап қоюшының жеке басын жəне тəртiбiн

сипаттайтын мəн жайларды зерттеуi тиiс болатын болса, ал қарызды өндiру

туралы талап қою арызы бойынша мұндай мəн-жайлар iс үшiн маңызды емес. Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот төрешiсi iске қатысты барлық

мəлiметтердi алып қоюы керек. Мұны сот сот талқылауы кезiнде де жасауға мiндеттi. Заң сотқа төрағалық етушiге қаралып отырған iске қатысы жоқтың

барлығын сот қарауынан шығарып тастауды мiндеттейдi (ҚР АIЖК 176-

баптың 1-бөлiгi). Тараптар мен iске қатасы бар басқа да тұлғалар арнаулы

дəлелдеу құралдары мен нақтылы мəлiметтерге сүйене отырып, сот олардың

iске қатыстылығына төрелiк етуi үшiн бұл мəлiметтер мен дəлелдеу

құралдарының мазмұнын көрсетуге мiндеттi. Жазбаша түрде дəлелдемесi бар немесе оны талап етудi өтiнетiн тұлға

олар арқылы анықталуы мүмкiн iс үшiн маңызы бар мəн жайларды көрсетуге мiндеттi. Бұндай ереже куəгер айғақтарына, заттай дəлелдемелерге де қатысты.

Қатыстылық тəртiбi сотқа iске қатысы бар барлық мəн жайлар мен

фактiлердi анықтап, зерттеудi мiндеттейдi. Iс материалдарының толықтығы

сот шешiмiн шығару негiзiнде қателiктер жiбермеуге мүмкiндiк бередi

Алайда, фактiлерге сəйкес дəлелдеу құралдарының көп болуы да мүмкiн

болатынын естен шығармау керек. Далада болған оқыс жағдайдың куəгерлерi

көп болуы мүмкiн; əке мен шеше арасындағы қатынас туралы көп куəгерлер

айғақ беруi мүмкiн (бала тəрбиесiн ата-анасының бiреуiне беру туралы даулы

мəселенi шешу кезiнде) жəне т.б. жағдайларда. Соттың мiндетi дəлелдеу

құралдарының iшiнен iзделiп отырған фактiлермен барынша жақын əрi

тiкелей байланысты дəледемелердi анықтау болып табылады, дегенмен де бұл фактiлердi нақты анықтау үшiн дəлелдемелер жеткiлiктi болуы тиiс. Дəлелдемелердiң қатыстылығын сот қаралып отырған iстiң барлық

материалдарын талдау негiзiндегi төрелiк сенiмiне қарай анықтайды.

Page 87: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Дəлелдемелерге жол беру. ҚР АIЖК 68-бабына сəйкес, заңда қарастырылған тəртiппен алынған дəлелдемелер рас деп танылады. Осыған

байланысты заң бойынша белгiлi бiр дəлелдемелермен расталуға тиiс iстiң

мəн жайлары басқа бiрде-бiр дəлелдемелермен расталуға тиiс емес. Азаматтық сот iсiндегi дəлелдемелердiң iске жататындығы азаматтық

құқықтағы келiсiмдердiң түрлерiмен жəне заңда бекiтiлген нысандарды

сақтамаудың салдарымен бекiтiлгендер-мен тығыз байланысты. Егер де заң

шығарушы азаматтық құқық бұзушылық саласындағы келiсiмдердiң түрлерi

туралы тиiстi ережелердi орнатпағанда, азаматтық сот iсiндегi дəлелдемелер-

дiң жол беру ережесi артық болған болар едi. Келiсiмшартқа отыру кезiнде заңға сəйкес көзделген тəртiптi орындамау, заңда көрсетiлгендей келiсiмнiң

заңсыз екенiн аңғартады. Мысал-ға, үйдi сатып алу (жылжымайтын) келiсiмi

жазбаша түрде жасалып, екi жаққа қол қойылуы тиiс. Келiсiмнiң бұл түрiн

орындамау оның заңсыз екенiн көрсетедi (ҚР АIЖК 153-бап). Қарапайым

iшкi экономикалық келiсiмнiң жазбаша түрiн орындамау да заңсыз келiсiм

екенiн көрсетедi (ҚР АIЖК 153-баптың

3-бөлiгi). Заңда келiсiмшартқа отыру түрiнiң сақталмағандығы, оның iске

жатпайтындығы туралы айтылған жағдайларда тараптар дəлелдеу

құралдарын пайдалана алмайтындықтарына əкелiп соқтырады. ҚР АК 153-

бабына сəйкес, «келiсiмнiң заңда көзделген қарапайым жазбаша түрiн

сақтамау, даулы жағдайда тараптарды куəгерлердiң келiсiмдi растайтын

ауызша айғақтарына жүгiну құқықтарынан айырады, ал ол заңда тура көрсе-тiлген жағдайларда келiсiмнiң заңсыз екендiгiн көрсетедi, ол ҚР АҚ 153-

бабының 2-бөлiмiндегi жағдайларға əкелiп соқтырады».

Қатыстылық ережелерiмен салыстырғанда, дəлелдемелерге жол беру

ережелерiнiң аясы тар. Қатыстылық нақты мəлiметтер ретiнде дəлелдеу

құралдарына да қатысты; қатыстылық жалпы ереже, ал дəлелдемелерге жол

беру ережесi оған қосымша толықтыру болып табылады.

Мысалға, (бес жүз айлық көрсеткiш көлемiнде қарыз алу келiсiмiне отырған кезде куəгердiң болуы) дəлелдеме iске қатыс-ты болуы мүмкiн, бiрақ

оны сот процесiнде куəгер ретiнде жiберуге болмайды, себебi заң сотта тек

жазбаша түрдегi дəлелдемелердi ғана растауға рұқсат бередi. Егер сот қатыстылық тəртiбiне қатысты болса, ол императивтi түрдегi iске жататындық болады. Сот өзiнiң iшкi ойынша куəгер айғақтарын жiберу

немесе жiбермеудi шеше алмайды, ол заңда көзделген тəртiп бойынша iске қатысты дəлелдеу құралдарының кейбiреулерiн ғана iстен шығарып тастай

алады.

Нақты деректер дəлелдемелер ретiнде жiберiлмейдi. АIЖК 69-бабына сəйкес, егер де нақты мəлiметтер төмендегiдей жағдайларда алынған болса, сот оны дəлелдемелер ретiнде жiбермейдi:

– күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секiлдi өзге де заңсыз iс-əрекеттердi

қолдана отырып алынса;

Page 88: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– өз құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан iске қатысушы адамдардың жаңылуын пайдалана отырып алынса;

– берiлген азаматтық iс бойынша сот iсiн жүргiзуге құқығы жоқ адамның

iс жүргiзу iс-əрекетiн жүргiзуiмен алынған болса; – қарсылық бiлдiруге жататын адамның iс жүргiзу iс-əрекетiне

қатысуымен алынса; – iс жүргiзу iс-əрекетiнiң тəртiбiн айтарлықтай бұза отырып алынса; – белгiсiз дерек көздерiнен алынса немесе сот отырысында анықталуы

мүмкiн емес дерек көзiнен алынса; – қазiргi заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн əдiстердi қолдана

отырып алынған болса; – iске қатысушы адамдардың заңды құқықтарынан айыру немесе қысым

көрсету арқылы заң талаптарын бұзумен алынса; – iстi сотқа дайындау кезiнде немесе iстi сот талқылауы кезiнде алынған

нақты деректердiң iске жататындығына септiгi тиген немесе тиюi мүмкiн

азаматтық сот iсiнiң өзге тəртiптерiн бұза отырып алынса. Iс бойынша сот iсiн жүргiзу кезiнде нақты деректердi дəлелдемелер

ретiнде пайдалануға жiберiлмейтiндiгiн, сондай-ақ оларды шектеп

пайдаланудың мүмкiндiгiн сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысушы

адамдардың өтiнiмi бойынша белгiлейдi.

Заңды бұза отырып алынған дəлелдемелердiң заңды күшi жоқ деп

танылады жəне сот шешiмiнiң негiзiне жатқызуға болмайды, сондай-ақ iс үшiн маңызы бар кез келген мəн-жайды дəлелдеу кезiнде пайдалануға болмайды.

Дəлелдемелердiң растығы. Тексеру нəтижесiнде дəлелдеменiң шындыққа сəйкес келетiнi анықталса, дəлелдеме рас деп есептеледi (ҚР АIЖК 70-бап).

Соттың зерттеуiне жататын оқиға алғашқыда мүмкiн деп қаралады, ал сот процесiнiң мақсаты – мүмкiн дегеннiң расқа айналуынан тұрады. Азаматтық

iс бойынша сот iсi солай болуы мүмкiн дегеннен ғана басталады, бiрақ та шешiм тек мүмкiн деген жағдайлар расқа айналғанда ғана болады. Тараптар

болжамдарды ұсынуға, ал сот iске қатысы болуы мүмкiн барлық

болжамдарды зерттеуге құқылы, сот шешiмi қате болмауы үшiн бiрде-бiр

болжам елеусiз қалмауы тиiс. Дəлелдемелердiң растығын алғашқы жəне кейiннен пайда болған

дəлелдемелер ретiнде сот iске қатысы бар басқа да материалдармен

салыстыру нəтижесiнде бағалайды.

Iстi тыңдауға жiбермес бұрын, сот iс бойынша дəлелде-мелердiң

жеткiлiктi екендiгiн анықтау жəне əрi қарай сот тал-қылауын жүргiзу

мақсатында алдын ала оны дайындайды. (ҚР АIЖК 166-баптың 4-бөлiгi). Сот тапсырмасы. Iске қажеттi дəлелдемелер басқа жергiлiктi жерде

болған жағдайда сот тапсырмасы қолданылады. Iстi қарау-шы сот дəлелдемелер бар жердегi сотқа қажеттi дəлелдемелердi анықтау, жинау

жəне зерттеу бойынша iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуге тапсырма бередi.

Page 89: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот тапсырмасы туралы анықтауда қаралып отырған iстiң мəн-жайы

баяндалып, анықтауға тиiстi жайттар жəне жиналуы тиiс дəлелдемелер

көрсетiледi. Сот тапсырмасын алған сот он күн iшiнде оны орындауға мiндеттi. (ҚР АIЖК 72-бап). Сот тапсырмасын орындай отырып, сот iске қатысты дəлелдемелердi анықтайды, содан соң оны өзiнiң сот отырысына iске қатысты адамдардың барлығын шақыра отырып зерттейдi. Куəгерлерден

анықталуы тиiстi мəн-жайлар бо-йынша сұрақ-жауап алынады жəне олардың

жауаптары сот отырысының хаттамасына жазылады. Заттай дəлелдемелердi

қарау нəтижелерi хаттамаға жазылады, сарапшылар қорытынды бередi. Iс бойынша жиналған барлық материалдар (хаттамалар, жазбаша дəлелдемелер,

сарапшылардың жазбаша қорытындылары жəне т.б.) дереу iстi қараушы

сотқа жiберiледi. Егер де сот тапсырмасын орындаушы сотқа жауап берген

iске қатысушы тұлғалар, куəгерлер iстi қараушы сотқа келуi керек болса, түсiнiктеме мен жауапты жалпы тəртiп бойынша бередi. (ҚР АIЖК 73-

баптың 3-бөлiгi). Кей жағдайларда дəлелдемелердi беруге мүдделi тұлғалар үшiн бұл əрекет

мүмкiн болмауы немесе қиын болуы мүмкiн (куəгер iс сапарда болуы,

ауруханада жатуы мүмкiн, заттай дəлелдемелердiң сыртқы түрi, сапасы,

қасиетi жəне т.б. өзгеруi мүмкiн). Мұндай жағдайларда олар соттан арыз беру арқылы дəлелдемелердi қамтамасыз етудi сұрай алады.

Дəлелдемелердi қамтамасыз ету туралы арызды тараптар жəне iске қатысушы өзге де тұлғалар бередi, олар арызда қандай дəледемелер екенiн,

қандай мəн-жайларды дəлелдеу керектiгiн, жəне қандай себептермен

арызданып отырғандығын, сондай-ақ қандай iске дəлелдемелер қажеттiгiн

көрсетуi тиiс. (ҚР АIЖК 75-бап).

Дəлелдемелердi қамтамасыз ету. Егер де қажеттi дəлелде-мелердi

ұсынуға мүмкiн болмайтынына немесе қиындық тудыратынына негiз болса (куəгердiң шетелге кетуi, дəлелдемелердi жою жəне жасыру жəне т.б.), iске қатысушы тұлғалар соттан дəлелдемелердi қамтамасыз етудi өтiне алады.

Сот куəгерлерден жауап алу, сараптама жүргiзу, оқиға болған жердi қарау

жəне өзге де тəсiлдермен дəлелдемелердi қамтамасыз етуi тиiс. (ҚР АIЖК 74-

бап).

Сотта iс қозғалғанға дейiн жазбаша дəлелдемелер нотариальды кеңселер

арқылы, ал iс қозғалғанннан кейiн дəлелде-мелердi қамтамасыз ету бойынша iс жүргiзу əрекеттерi жүргi-зiлуi тиiс аудандық сотта қамтамасыз етiледi (ҚР

АIЖК 76-бап).

Дəлелдемелердi қамтамасыз ету туралы арызда осы дəлел-демелердi алу

қажеттiгiн растайтын мəн-жайларды анықтау қажет дəлелдемелер, сотқа дəлелдемелердi қамтамасыз ету туралы арыздану себептерi, сондай-ақ

дəлелдемелердi қажет ететiн iс көрсетiлуi қажет. Дəлелдемелердi қамтамасыз ету туралы тараптардың арыздарын қарау

нəтижелерi бойынша сот анықтау шығаруы тиiс. Мұндай арызды

қабылдаудан бас тарту туралы сот ұйғарымына жеке шағым беруге болады.

(ҚР АIЖК 75-бап).

Page 90: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Заңда (ҚР АIЖК 76-бап) дəлелдемелердi қамтамасыз ету тəртiбi

қарастырылған. Онда дəлелдемелердi қамтамасыз етудi сот осындай

жағдайлар үшiн бекiтiлген АIЖК-нiң жалпы ережелерiне сəйкес жүргiзедi

делiнген. Дəлелдемелердi қамтамасыз етудi талап қоюшы сотқа арыз бергенге дейiн нотариус немесе консулдық мекемелердiң лауазымды

тұлғалары «Нотариат туралы» Заңда, ҚР АIЖК-де жəне өзге де нормативтi-құқықтық актiлерде бекiтiлген тəртiппен жүргiзедi.

Сот дəлелдемелердi қамтамасыз ету iсiн жүргiзген жағдайда арызданушы

мен iске қатысушы өзге тұлғаларға дəлелдемелердi қамтамасыз ету уақытын,

жерiн хабарлауы тиiс, бiрақ олардың келмеуi дəлелдемелердi қамтамасыз ету

туралы арызды қарауға кедергi бола алмайды.

Дəлелдемелердi қамтамасыз ету тəртiбiмен жиналған барлық материалдар,

хаттамалар iстi қараушы сотқа жiберiледi жəне бұл жөнiнде iске қатысушы

тұлғаларға хабарланады.

Дəлелдемелердiң жеткiлiктiлiгi, олардың негiзiнде белгiлi бiр мəн-

жайлардың растығы туралы бiржақты тұжырым жасауға болатындығына куə

болады. Дəлелдемелердiң жеткiлiктiлiгi дəлелдемелердi бағалаудың жалпы

өлшемiне жатады. ҚР АIЖК 77-бабының 1-бөлiмiне сəйкес сот əрбiр

дəлелдеменiң қатыстылығын, iске жататындығын, растығын жеке-жеке, сондай-ақ олардың жеткiлiктiлiгi мен өзара тығыз байланыстылығын

дəлелдемелердiң жиынтығымен бағалайды. (ҚР АIЖК 77-баптың 3-бөлiгi).

§ 3. Дəлелдеу құралы

Сот дəлелдемелерi жəне барлық дəлелдеу процесi мате- риалдық-құқықтық жəне процессуалдық мағынадағы түрлi деректердi

анықтауға бағытталған.

Дəлелдеу құралын, яғни iс бойынша анықталуы тиiс мəн-жайлар мен

фактiлердi дұрыс анықтау iстi дұрыс жəне тез арада шешуде аса маңызды

болып табылады. Дəлелдеу құралдары iс қозғау сатысынан бастап

қалыптасады да, iстi сотқа дайындау сатысында жалғасып, сот талқылауы

сатысында аяқталады. Тараптар мен басқа да iске қатысы бар тұлғалар

дəлелдеу құралына жататын фактiлер аясын өз мүдделерiннiң сипатының

өзгеруiне байланысты (талап қою арызының негiзiн немесе көздеген талабын

өзгерту, талап қою арызын мойындау немесе одан бас тарту, бейбiт келiсiм

жəне т.б.) кеңейте алады. Кассациялық немесе қадағалау сатыларында мүдделi тұлғалардың қосымша материалдарының арқасында дəлелдеу

құралының аясы кеңеюi мүмкiн.

Сот дəлелдеуiнiң құралына азаматтық iстердi заңды жəне негiздi түрде шешу мақсатында заң тəртiбiмен анықталуға тиiстi мəн-жайлар жатады. (А.А.

Власов. Гражданский процесс. М., 2006).

Дəлелдеу құралына түрлi факторлар мен мəн-жайлардың күрделi

жиынтығы кiредi. Дəлелдеу құралы ең алдымен талап қою арызының негiзiне не болмаса оған қарсы талап қою арызының негiзiне жататын заңды

деректермен анықталады, яғни дəлелдеу құралы материалдық құқық

Page 91: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

нормаларымен байланыс-ты. Мысалы, денсаулығына келтiрiлген зиянды

өндiру мақсатында арызданушы адам, оның денсаулығына расында зиян

келтiрiлгендiгiн, соның нəтижесiнде тауып отырған немесе табуы мүмкiн

жалақысынан (табысынан) айырылғандығын, жə-бiрленушi емделуге, қосымша тамаққа, дəрi-дəрмек алуға, протездеуге, өзiн күтушiге, санитарлы-

курорттық ем алуына, арнаулы көлiк құралдарын қолдануға кеткен

шығындарды жəне т.б. дəлелдеуi қажет. Виндикациондық арыз бойынша (vindicatio – латынша қорғау) талап

қоюшы сотта жеке меншiктi немесе өзiнiң жеке меншiк иесi екендiгiн

растайтын заңды құқығын жəне өз иелiгiн-дегi мүлiктерден ерiксiз айырылып қалғандығын дəлелдейтiн жəне т.б. деректердi дəлелдеуi қажет. Заңда кейде жауап беру-шiнiң талап қою арызына қарсылық бiлдiруге негiз болатын заңды деректердi көрсетедi. Аса қауiп көзiнiң иесi анықтауға болмайтын күшке немесе жəбiрленушiнiң ниетiне ҚР АК 931-баптың 1-

бөлiгi), ал кей жағдайларда – жəбiрленушiнiң өзiнiң тым абайсыздығына (ҚР

АК 935-баптың 2-бөлiгi) жүгiне алады.

Демек, дəлелдеу құралы талап қою арыздарының мазмұны мен

тараптардың қарсылығымен анықталады. Дегенмен де заң талаптың негiзi мен тараптардың қарсылығынан басқа, iс үшiн маңызды өзге де мəн-

жайларды анықтау қажеттiгiн талап ететiндiктен, дəлелдеу құралы мұнымен

ғана шектелмейдi. Заң өзге мəн-жайларға дəлелдеу құралына тек заңды

материалды-құқықтық деректер ғана емес, сонымен қоса iс жүргiзушiлiк

деректер де жататын жағдайларды жатқызады. Мысалы, кейбiр iстерде, талап қоюшы талап ету тəртiбiн сақтауды дəлелдеуi керек. Iс жүргiзушiлiк

өтiнiшiн берген кезде (бас тарту, сот процесiн тоқтату, арызды қараусыз қалдыру жəне т.б.) iске қатысушы тұлға, өзiнiң iс жүргiзушiлiк

талаптарының негiзi ретiндежүгiнген мəн-жайларды дəлелдеуi тиiс. Сонымен

бiрге дəлелдеу құралына дəлелдейтiн деректер, яғни, сотта iздеп отырған

деректердi анықтау үшiн пайдаланылатын, қандай да бiр материалды-

құқықтық салдары жоқ болса да нақтылы мəн-жайлар жатады.

Кейбiр деректер дəлелдеу құралына кiрмейдi, алайда оларды анықтамай iс дұрыс шешiлмейдi. Бұдан, сот тануының дəлелдеу құралымен сəйкес емес екендiгiн байқауға болады. Соттың тануына дəлелдеудi қажет етпейтiн не жалпыға таныс немесе преюдиция күшiне енген деректер де жатады.

Жалпыға белгiлi деген мəн-жайларды сот анықтайды (ҚР АIЖК 71-бап). Сот iстi қарау барысында деректi жалпыға белгiлi деп тануға болатындығын

шешедi, егер солай шешкен жағдайда осы дерекке сүйенетiн тараптар мен

өзге де тұлғалардан мұны растайтын дəлелдердi талап етпейдi. Деректi жұрттың бəрiнiң бiлуi, тiптi деректiң өзiнiң маңыздылығы түрлiше болуы

мүмкiн. Дүние жүзi тарихымен байланысты фактiлер (1917 жылы Қазан

революция-сының басталған күнi мен 1991 жылы КСРО-ның құлауы,

Қазақстандағы алғашқы теңгенiң шыққан күнi, Қазақстан Республикасының

егемендiгiн таныған күн жəне т.б.) барлық азаматтарға белгiлi. Дегенмен де уақыт өте келе мұндай оқиғалар ұмыт бола бастайды. Əрi есте мəңгi

Page 92: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сақталуы мүмкiн емес. Мысалы, 1947жылғы жəне 1961 жылдары жалпыға белгiлi ақша реформалары болған, бiрақ мұны жұртттың бəрi бiле бермейдi,

сондықтан да қажет болған жағдайда деректер дəлелдемелер арқылы

анықталуы тиiс. Кейде дерек түгелдей жалпыға таныс бола бермейдi, ол тек

белгiлi бiр жерде ғана белгiлi болуы мүмкiн. Мұндай деректердi дəлелдеудi

мүдделi адамдардан талап ету дұрыс болмаған болар едi. Топан су, жер

сiлкiнiсi, орман өртi жəне т.б. оқиғалар тек сол жердi мекендейтiн адамдарға ғана таныс болуы мүмкiн, сондықтан да сот мұндай деректер жалпыға белгiлi

болғандықтан оны дəлелдеу қажет емес деп таниды жəне сот шешiмiнде бұған сiлтеме жасап көрсетедi.

Преюдиция (алдын ала шешу) өзге iсте бұрын анықталған, жəне сот қаулысымен заңды күшiне енген деректер дəлелдеуге жатпайды деп

есептейдi. €зара преюдициялар бiр азаматтық сот iсiнiң жəне өзге iс бойынша сот шешiмiмен, азаматтық сот iсiнiң шешiмi мен қылмыстық iстiң үкiмiмен,

қылмыстық iстiң үкiмi мен азаматтық сот iсi шешiмiмен байланысты. Демек,

бiр азаматтық iс бойынша анықталып, сот шешiмiмен заңды күшiне енген

деректер сот адамдар қатып отырған өзге азаматтық iстердi талқылау кезiнде дəлелденбейдi. (ҚР АIЖК 71-бабының 3-бөлiгi).

Тiкелей зиян келтiрушiге (жүргiзушiге) керi талап қою арызын ұсыну

кезiнде аса қауiп көзiнiң иесi (көлiктiк кəсiпорын) жəбiрленушiге келген

зардапты, егер де бұл дерек негiзгi талап қою арызын қарау кезiнде анықталып, заңды күшiне енген сот шешiмiнде жазылған болса екiншi рет дəлелдеуге тиiстi емес. Егер де сот мүдделi адамды iске қатыстырмаған

болса, заң бо-йынша ол адам, сот шешiмiмен заңды күшiне енген деректi жоққа шығаруға құқылы. Мысалы, тұтынушының сатып алған затын

виндикациялау туралы iске қатыстырылмаған сатушы тұтынушымен iстi дұрыс жүргiзуге байланысты деректердi жоққа шығаруға құқылы.

Қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген сот үкiмi азаматық-құқықтық

əрекеттерiнiң салдарынан үкiм шығарылған тұлға туралы iстi қараушы сот үшiн тек осы iс-əрекеттер орын алды ма жəне оларды осы тұлға жасады ма деген мəселелер бо-йынша ғана мiндеттi болып табылады (ҚР АIЖК 71-бап).

Қылмыстық iс бойынша үкiмнiң преюдицияның азаматтық-құқықтық

əрекеттерiнiң салдарынан үкiм шығарылған тұлғаға арналғаны заңда атап

көрсетiлген. Үкiмде бекiтiлген деректердiң преюдициялары басқа тұлғаларға қолданылмайды. Демек кiсi өлтiрген қылмыстық iс бойынша үкiмде бекiтiлген деректер асыраушысынан айырылғанына байланысты

шығындарды өндiру туралы азаматтық iстердi қарау кезiнде қайта дəлелденбейдi.

Үкiм прюдициясы тек: «осы iс-əрекеттер орын алды ма» жəне «осы адам

жасады ма» деген екi дерекпен ғана шектеледi. Үкiмде бекiтiлген, өзге деректердiң барлығы да, оның iшiнде тұлғаның жауапкершiлiгi туралы басқа деректер преюдициалды мағынаға ие бола алмайды. Сондықтан да, егер

тұлға амнистия актiсiмен қылмыстық жазадан босатылса, бұл жағдай оның

азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi туралы мəселенi азаматтық сот iсi

Page 93: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

тəртiбiмен қараудан босатпайды. Қылмыстық iске қатысты сот шешiмiнде преюдициясы болады. Азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген сот шешiмi, үкiмi мен қаулысы сот, прокурор, куəгерлер, iстi қылмыстық iс бойынша алдын ала тану жүргiзген тұлға үшiн жазаланушының жазасы

жөнiнде емес, тек оқиға, əрекет орын алды ма деген сұрақ төңiрегiнде ғана мiндеттi болып табылады.

Мысалы, аса қауiп көзiнiң келтiрген зиянын өндiру туралы азаматтық сот iсiн (ҚР АIЖК 931-бап) қарау кезiнде сот анықтаған жол көлiк апатының

жəне оқиға болған кездегi жауап берушiнiң көлiк құралын басқаруы

жөнiндегi деректер жауап берушiге қарсы қылмыстық iс жүргiзу кезiнде екiншi рет дəлелденбеуi тиiс.

Жоғарыда айтылғандай азаматтық сот iсiндегi дəлелдеу құралына тек

талап қою арызының жəне оған қарсы арыз негiзiне жататын заңды деректер

ғана жатады. Олардың бекiтiлуi даулы құқықтық қарым-қатынастарды

реттейтiн материалдық- құқық-тық нормаларды дұрыс қолдану жəне iстi əдiл

шешу үшiн қажет. Мысалы, сот шешiм қабылдамас бұрын, қарыз алу туралы келiсiмшарт

бойынша бiр тұлғаның басқа адамға белгiлi бiр мөлшердегi соманы төлеуге мiндеттi ме жоқ па, мұндай келiсiмшарт жасалды ма жоқ па, сол

келiсiмшарттың тақырыбын жəне келiсiмнiң мерзiмiн анықтауы тиiс. Азаматтық iстердi қарау кезiнде тек материалдық-құқықтық қана емес iс

жүргiзушiлiк маңызы бар жағдайларды анықтау қажеттiлiгi туындайды.

Мысалы, iстi тоқтататын немесе iстi жүргiзудi доғаратын жағдайлар,

немесе iске қатысты адамның сот отырысына себептi жағдайлармен

келмеуiнен туындайтын мəн-жайлар. Сонымен, дəлелдеу деректерi – өздерi

iзделiп отырған заңды дəлелдеу болып табылмайды, бiрақ олардың бар

жоғын анықтауға көмектеседi.

Дəлелдеу деректерi кейбiр аралық уақытты алады – оларды алдымен

дəлелдеу керек, сонан соң ғана iзделiп отырған дəлелдi дерек болып табыла алады. Сондықтан да оларды кейде аралық деректер деп атайды. Көбiне олар

тек iске қатысты қосалқы деректер болып табылады. Мысалы, алиби түрiнде. Барлық дəлелденетiн деректер жиынтығын қамтамасыз ету үшiн –

дəлелдеу шегi деген термин қолданылады.

Талап қою сипатындағы азаматтық iс бойынша дəлелдеу құралының екi

негiзi бар:

– талап қоюдың негiзi жəне оған қарсылық бiлдiру;

– норманың гипотезасы мен диспозициясы немесе қолдануға жататын

материалды құқықтың бiрқатар нормалары;

Мысалы, виндикациялық талап қою арызы бойынша талап қоюшы жеке меншiктiк құқығын растайтын немесе өз иелiгiнен ерiксiз кетiп қалған

мүлiктiң заңды иесi екендiгiн растайтын жəне т.б. деректердi дəлелдеуi керек.

Заң кейде жауап берушiнiң қарсылық бiлдiруiне негiз бола алатын заңды

деректердi көрсетедi.

Page 94: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Ескере кететiн жайт, тараптар мен iске қатысушы басқа да тұлғалар талап

қою арызының негiзiн, қойылған талаптардың көлемiн ұлғайта немесе кiшiрейте алады. Бұндай диспозициялық құқықты iске асыру соттың зерттеп

отырған дəлелдеу құралының нақты құрамын жəне дəлелдеу көлемiн

өзгертуге септiгiн тигiзедi. Кассациялық жəне қадағалау сатыларында дəлелдеу құралы мүдделi тұлғалардың ұсынған қосымша материалдары

есебiнен кеңейтiлуi мүмкiн.

Дəлелдеуден босатудың негiздерi. Қазақстан Республикасының АIЖК-

нiң 71-бабы дəлелдеу бойынша iс жүргiзу əрекет-терiн қажет етпейтiн жəне сот шешiмiнiң негiзiне жатқызуға болмайтын деректер көрсетiлген: олар –

соттың жалпыға таныс жəне преюдициалды (алдын ала шешiлген) деп

таныған деректерi, яғни сот шешiмiмен немесе сот үкiмiмен заңды күшiне енген деп бекiтiлген деректер.

Дəлелдеуден босатудың алғашқы негiзiне жалпыға таныс деректер, яғни

соттың жалпыға таныс жəне дəлелдеудi қажет етпейдi деп таныған мəн-

жайлар жатады. Тек мына екi шарт болғанда ғана деректер жалпыға таныс деп есептеледi: объективтi – дерек көптеген тұлғаларға таныс болған

жағдайда; субъективтi – дерек сотқа таныс болған жағдайда. Дəлелдеу құралдары оқиға болып келетiн деректер (қала атауы, жер

сiлкiнiсi, соғыс, топан су, жаңа жыл мерекесi) жалпыға таныс деп танылады.

Бұл ретте деректiң жалпыға таныстығы қатысты екендiгiн жəне ол оқиғадан

кейiн өткен уақытқа, белгiлi бiр жерде оқиғаның таралуына байланысты

екендiгiн ескерген жөн.

Дəлелдеуден босатудың екiншiсi – деректiң алдын ала шешiлетiндiгi (преюдициялығы). Преюдиция (алдын ала шешу) – бұл азаматтық iс бойынша сот шешiмiмен немесе сот қаулысымен бекiтiлген деректер. Бiр

азаматтық iс бойынша сот шешiмiмен бекiтiлiп, заңды күшiне енген дерек,

сол тұлғалар қатысатын басқа келесi бiр iстi талқылауда дəлелдеудi қажет етпейдi.

Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi сол үкiмi

шыққан тұлғаның iс-əрекеттерiнiң азаматтық-құқықтық зардаптары туралы

iстi қараушы сотқа тек iс-əрекеттiң орын алғандығы жəне оны сол тұлғаның

жасағандығы тұрғысында ғана мiндеттi болып табылады.

Қылмыстық iс бойынша үкiмнiң преюдициясы үкiмi шыққан тұлғаның iс-əрекеттерiнiң азаматтық-құқықтық салдарына қатысты екендiгi заңда айқын

көрсетiлген. Үкiмде бекiтiлген деректердiң преюдициясы басқа тұлғаларға қатысты емес. Кiсi өлiмi туралы қылмыстық iс бойынша үкiмде бекiтiлген

деректер асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өндiру туралы

азаматтық iстi қарау кезiнде екiншi рет қайта бекiтiлмейдi.

Азаматтық iстi қарау кезiнде үкiмде жазылған деректердiң екi түрi ғана: «iс-əрекеттi жасау дерегi» жəне «iс-əрекеттi нақ-ты бiр тұлғаның жасауы»

дəлелдеуден босатылады. Үкiмде бекiтiлген басқа деректердiң барлығы,

сонымен қоса тұлғаның жауапкершiлiгi туралы мəселе преюдициалды

мағынаға ие бола алмайды. Сондықтан да, егер тұлға амнистия актiсiмен

Page 95: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қылмыс-тық жазадан босатылған болса да, бұл жағдай оның азаматтық-

құқықтық жауапкершiлiгiн азаматтық сот iсi тəртiбiмен қараудан

босатпайды. Сонымен қатар құқықтық iске қатысты сот шешiмi

преюдициясының өз орны бар. Азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген

сот шешiмi, анықтау мен сот қаулысы сот, прокурор, тергеушi, сонымен

қатар қылмыстық iс бойынша тергеу жұмыстарын жүргiзген тұлға үшiн тек

айыпталушының айы-бынан басқа, оқиға немесе əрекет болды ма деген

сұрақтар төңiрегiнде ғана мiндеттi. Егер құқықтық рəсiмдер аясында керiсiнше дəлелденбесе, мəн-жайлар

дəлелсiз анықталған болып табылады:

– осы заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кəсiпшiлiкте жалпы

қабылданған зерттеу əдiстерiнiң дұрыстығы;

– адамның заңды бiлуi;

– адамның өзiнiң қызметтiк жəне кəсiби мiндеттерiн бiлуi;

– олардың бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған жəне арнаулы

даярлық немесе бiлiм алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген

адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы.

Заңда əкiмшiлiк актiлер жəне прокурор-тергеу органдарының актiлерi

дəлелдеуден босатудың негiзi ретiнде қарастырылмайды.

§ 4. Тараптар арасында дəлелдеу мiндеттерiн бөлу

Азаматтық iс жүргiзуге тəртiп бойынша əрқайсысы заңды жəне негiзделген шешiм алуға құқылы қарама-қарсы мүдделi екi тарап қатысады.

Тараптар тартыстық принциптерiне жəне өз мүдделерiне сəйкес iстi сот дəлелдерiмен толықтырып, одан жағымды шешiм алуға тырысады. Егер сол

тараптардың дəлелдемелерi жеткiлiксiз жəне оны көрсетуге қиындықтар бол-

ған жағдайда, талап етiп отырған адамның өтiнуiмен сот дəлелдемелердi

жинауға көмектеседi.

Белгiлi бiр деректердi дəлелдеу мiндетi сол дəлелдердi растап, өздерiнiң

талаптарын немесе қарсылықтарын соған негiздейтiн тарапқа жүктеледi (ҚР

АIЖК-нiң 65-бабы). Тараптарды дəлелдеуге ынталандыратын санкция емес, тараптардың жағымды шешiм алуға деген мүддесi екендiгiн ұмытпау керек.

Тараптардың берiлген мiндеттердi орындамауы процесте жеңiлiске əкеп

соқтырады.

Iс жүргiзушiлiк мiндетi ретiндегi дəлелдердi ұсыну мiндетi тек тараптарға ғана емес iс барысында өзге де мүдделi дəлелдеу субъектiлерiне де мiндеттi.

Жеке талаптарын мəлiмдейтiн үшiншi тұлғалар үшiн бұл мiндеттер ҚР

АIЖК-нiң 52-бабында шектелген; прокурорға, мемлекеттiк органдар мен өзге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн iс қозғаушы

субъектiлерге ҚР АIЖК 55-бабының 2 жəне 3-тармақтарында шектелген

тəртiп бар.

Сонымен қатар сот iске маңызы бар мəн-жайларды, егер де тараптар

мұның бiрiне де сiлтеме жасамаса да талқылауға қоюға мiндеттi; тараптарға дəлелдемелер жинатуға, сұрақ қоюға, жазбаша немесе заттай дəлелдемелердi

Page 96: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

талап етуге, сарапшыны тағайындауға, оқиға болған жердi қарауға жəне т.б.

мiндеттi. Тартыстық принципiне сəйкес сот тараптардың назарын олар көрсетпеген

деректерге аударуға, iс жүргiзуге, шындықтың бетiн ашу үшiн жеткiлiксiз болатын болса дəлелдемелердi жинауға басшылық етуге құқылы жəне мiндеттi.

Сонымен қатар материалды құқықтық нормалар қатарында iстердiң жеке категорияларына жəне дəлелдеу мiндеттерiн қайта бөлуге қатысты арнаулы

ережелерi бар. Бұл – дəлелдеу презумпциясы деп аталады, яғни егер де сонымен байланысты кейбiр деректер дəлелденген болса, заңмен бекiтiлген

белгiлi бiр деректердiң бар екендiгi туралы болжам.

Егер талап қоюшы өз талаптарын растайтын дəлелдемелердi ұсына алмаса жəне бұл бағыттағы соттың бастамасы да өз нəтижесiн бермесе ҚР

АIЖК 153-бабына сəйкес талап арызды қабылдаудан бас тартылады.

Осылайша, жинақтау жəне зерттеу бөлiмiндегi дəлелдеу субъектiлерiна мыналар жатады:

1) iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғалар;

2) дəлелдемелердi алаламай, жан-жақты, толық, жиынтықты түрде қарауға негiзделген iшкi сенiмi бойынша бағалайтын сот.

Дəлелдемелердi ұсыну. ҚР АIЖК-нiң 66-бабында тараптардың жəне iске қатысушы басқа да тұлғалардың дəлелдемелердi ұсыну тəртiбi

қарастырылған.

Сот iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар мəн-жайларды материалдық жəне iс жүргiзу құқығының қолданылуға тиiс нормаларын ескере отырып

тараптардың жəне iске қатысушы басқа да тұлғалардың талаптары мен

қарсылықтарының негiзiнде анықтайды. Қажет болған жағдайда сот тараптарға жəне iске қатысушы басқа да тұлғаларға iстi дұрыс шешу үшiн

қажеттi қосымша дəлелдемелер көрсетуге болатынын ұсына алады.

Кейде iске қатысушы басқа да тұлғаларға дəлелдемелердi ұсыну қандай да бiр себептерге байланысты қиындықтар туғызуы мүмкiн. Мұндай

жағдайларда сот олардың өтiнiмi бойынша дəлелдемелердi талап етуге

жəрдемдеседi (мысалы, құжаттарын талап етуi, сотқа лауазымды тұлғаны

немесе оның өкiлiн сотқа шақырту жəне т.с.с.). Дəлелдемелердi талап ету туралы сотқа өтiнiм берушi тұлға iс үшiн

маңызы бар мəн-жайды негiздi түрде көрсетуi тиiс. Сонымен бiрге осы

дəлелдеме арқылы қандай мəн-жайдың анықталатындығын немесе жоққа шығарылатындығын, оны өзi алуға кедергi болатын себептердi жəне оның

тұрғылықты жерiн көрсетуi тиiс.

Дəлелдемелердi алуға өтiнiм берген тұлғаға көмек көрсетудiң бiр тəсiлiне соттың сауалы жатады. Сот талап етiп отырған дəлелдеме iске қатысы жоқ

тұлғадан табылған жағдайда ол оны тiкелей сотқа немесе сотқа тапсыруға қолында тиiстi сауалы бар адамға беруi тиiс.

Егер тарап сот сұратқан дəлелдеменi өзiнде ұстап қалса жəне оны соттың

сұратуы бойынша оны бермесе, ондағы мəлiметтер осы тараптың

Page 97: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

мүдделерiне қарсы бағытталған деп ұйғарылады жəне оны тарап мойындаған

деп есептеледi.

Сот талап еткен дəлелдемелердi бекiтiлген мерзiмде жеткiзуге мүмкiндiгi жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сауалын алған күннен бастап бес

күн iшiнде себебiн көрсетiп, бұл туралы сотқа хабарлауға мiндеттi. Дəлелдемелердi беру туралы соттың талаптарын сот дəлелсiз деп таныған

себептермен орындамаған жағдайда, сондай-ақ соттың дəлелдемелер туралы

сауалы бойынша сотқа хабарламаған жағдайда iске қатыспайтын кiнəлi

лауазымды жəне өзге де тұлғалар əкiмшiлiк жазаға тартылады.

Тұлға əкiмшiлiк жазаға тартылғанымен, сот талап еткен дəлелдеменi сотқа беруге мiндеттi екенiн айта кеткен жөн. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда аталған тұлғалар Қылмыстық кодекстiң 362-бабына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

§ 5. Дəлелдемелердi жiктеу (классификациялау)

Дəлелдеу деректерiн жiктеудiң жалғыз əдiсiне iзделетiн деректердi

сипатына қарай тура жəне жанама деп шектеу жатады. Бiздiң

анықтауымызша, ең алдымен дəлелдемелерге нақты шындықтың деректерi

жатады. Сот бекiткен жəне бекiтiлетiн деректер арасында белгiлi бiр

байланыстар болады. Кей жағдайларда бұл байланыстар бiржақты сипатқа ие болады, ондай жағдайда бiз тiкелей дəлелдемелермен айналысамыз. €зге жағдайларда байланыс сипаты түрлiше болып келедi, сондықтан да ол

қосымша (жанама) дəлелдеме болып табылады. Егер əкесi екендiгiн анықтау

туралы iс бойынша жауап берушi баланың шешесiмен бiр жарым жылдан аса уақыт бiрге тұрмайтынына жүгiнетiн болса, оның бiрге тұрмау дерегi баланың əкесi емес екендiгiне тiкелей дəлелдеме бола алады.

Бұл деректердiң арасында тек бiр ғана байланыс бар, жəне ол тек керi

сипатқа ие: бiр дерек екiншiсiн жоққа шығарады.

Мысалы, К. деген азамат басқарған аса қауiп көзiнен болған зардапты

өтеу iс бойынша (ҚР АК 931-бап), сот: а) жəбiрлену-шiнiң зардап шегу

кезiнде iшiмдiк iшкендiгiн; б) жəбiрленушiнi жаяу адамдарға арналған

жолдан тыс жерде, көлiк жүретiн жол бөлiгiнде басып кеткендiгiн; в)

жүргiзушi тежегiштi оқыс бас-қандығы салдарынан бiрнеше автокөлiктiң

соғысуы болғандығын анықтады. Аталған деректердiң əрқайсысы жеке жəбiрлену-шiнiң кiнəлi екендiгiн растамайды, бiрақ бұл деректердiң

жиынтығы жəбiрленушiнiң iс əрекеттерiнде өрескел абайсыздықтың

болғандығы, сондықтан жəбiр берушiнiң кiнəсi жоқтығы туралы тұжырым

жасауға негiз болады. Келтiрiлген мысалдан, жанама дəлелдемелердi қолдану

тұйықталған тiзбек құрайтын бiрнеше деректердi пайдалану қажет екендiгiн

аңғартады. Бiрақ, əрдайым ондай тiзбек құрып, iзделiп отырған деректердiң

бары жөнiнде тұжырым шығару мүмкiн емес. Онда жанама дəлелдемелер

соттың назарын iстiң зерттелмеген бөлiгiне аударатын бағдар ретiнде сот үшiн маңызды болуы мүмкiн.

Page 98: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Деректер туралы мəлiметтер мен дəлелдеу құралдарын жiктеу.

Деректер туралы мəлiметтер дəлелдемелердiң мазмұны, ал дəлелдеу құралы

олардың түрi болып табылатындықтан, жiктеу екеуiне де қолданылады.

Дəлелдемелердiң дерек көзiне байланысты олар жеке жəне заттай болып

бөлiнедi. Дерек көзi дегенiмiз iс үшiн маңызды түрлi деректер бар немесе солай болуы мүмкiн деп санамызда көрiнiс тапқан белгiлi бiр объект немесе субъект. Соңында Осыдан барып кей жағдайда дерек көзi – адам болатын

болса, ал басқасында – зат, нəрсе болады. Жеке дəлелдемелер екiге бөлiнедi:

а) тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi; б) куəгерлердiң

айғақтары. Заттай дəлелдемелер (кең мағынада) а) жазбаша дəлелдемелерге б) заттай дəлелдемелерге бөлiнедi. Дəлелдемелердiң аралас түрi ретiнде қаралатын сарапшылар қорытындысы ерекше орын алады: қорытындыдағы

мəлiметтердiң дерек көзi тұлға (сарапшы) болып табылады, қорытындының

өзi сарапталуға жiберiлген заттар, құралдар, химиялық жəне физикалық

процестер жəне т.б. зертттеу негiзiнде жасалынады. Iс жүргiзушiлiкпен

рəсiмдеу, зерттеу жəне бағалау əдiсi тұрғысынан алып қарағанда дəлелдемелердi дерек көзi бойынша жiктеудiң зор маңызы бар.

Пайда болу тəсiлiне қарай дəлелдемелер алғашқы жəне туынды болып

бөлiнедi. Дəлелдеу құралының бiрiнде (куəгерлер айғақтарында, жазбаша жəне ауызша дəлелдемелерде жəне т.б.) рəсiмделген деректер туралы

мəлiметтер қандай да бiр құбы-лыстың немесе мəн-жайлардың адам

санасында көрiнiс табуы нəтижесiнде немесе тиiстi жансыз затты есiне түсiру арқылы пайда болады. Бұл дəлелдемелердiң пайда болуының алғашқы

сатысы. Затта немесе адам санасында iз қалдыра отырып, нақты шындық

дерегi одан əрi туынды көрiнiске ие болуы мүмкiн. Деректi тiкелей

қабылдаған адам, ол туралы бөтен адамдарға айтуы мүмкiн, оқиғаны көзiмен

көрген адам өзiнiң алған əсерлерi туралы күнделiгiне, хатқа жазып қоюы

мүмкiн. Iз қалып қойған зат суретке, бейнетаспаға немесе кинопленкаға жəне т.б. түсiрiлуi мүмкiн. Алғашқы дəлелдемелерде туынды дəлелдерге қарағанда дауласпайтын артықшылықтары болады.

Дəлелдемелер пайда болу процестерi бойынша алғашқы жəне туынды

деп екiге бөлiнедi. Алғашқы дəлелдемелер (алғашқы дерек көздерi) – бұл

iзделiп отырған (тiкелей) деректiң ақпараттарды тарату көзiне əсер ету

нəтижесiнде пайда болған дəлелдемелер. Алғашқы дəлелдемелер əрдайым

алғашқы дерек көздерiнен туындайды. Бұл – түпнұсқа құжат (келiсiмшарт мəтiнi, туу, неке қию, өлiмi туралы куəлiк, коммуналдық қызметтерге төлегенi, заттарын тасымалдауға бергенi туралы түбiртектер жəне т.б.),

оқиғаны көзiмен көрген куəгердiң жауа-бы, даулы заттың өзi жəне т.б.

Алғашқы дəлелдемелер туынды дəлелдемелерге қарағанда күмəнсiз болады.

Мысалы, жол көлiк оқиғасын көзiмен көрген куəгердiң жауабындағы басып

кету дерегi туралы тiкелей, жеке жəне алғашқы дəледемелер болып

табылады.

Page 99: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Туынды дəлелдемелер (көшiрмелер)– бұл өзге дерек көздерiнен алынған

мəлiметтер. Қарыз алу туралы қолхаттың көшiрмесi; үйге жеке меншiк

құқығын тану туралы iсте – бұл жанама, заттай, туынды дəлелдемелер.

Туынды дəлелдемелер алғашқы дəлелдемелер негiзiнде туындайды, ол да күмəнсiз болуы мүмкiн, бiрақ та оны бағалар кезде сот өте мұқият болуы

тиiс, Оқиғаны көзiмен көрген куəгердiң жауабын қайта тексеруге, нақтылауға болады, бұл мəлiметтердi куəгер хатта немесе күнделiкке жазуы

мүмкiн, кейде қайта тексеруге мүлде болмайды (куəгердiң өлiмi

жағдайында). Құжаттың көшiрмесi, заттың фотосуретi, естiгенi бойынша куə болу ж.т.б. əрине сотта қолданылуы мүмкiн, бiрақ та əрбiр жағдайда мұқият тексерген жөн.

Айтылған нəрсе əркелкi құбылысты қамтитын болғандықтан (деректер,

деректер туралы мəлiметтер, дəледеу құралдары) дəлелдемелердi жiктеу

бiрнеше негiздер немесе белгiлер бо-йынша жүргiзiлуi мүмкiн. Мысалы,

дəлелденетiн деректер бiр белгi бойынша, ал дəлелдеу құралдары өзге белгi бойынша жiктеледi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығында дəлелдемелер байланыс сипатына жəне мəн-жайларды анықтау бойынша тiкелей жəне жанама болып бөлiнедi.

Тiкелей дəлелдемелер – бұл iзделiп отырған мəн-жайларға тура бағыттайтын жəне бiр ғана тұжырым шығаруға мүмкiндiк беретiн

дəлелдемелер. Ал жанама дəлелдемелер – бұл белгiлi бiр тұжырым жасауға тек жиынтықты түрде ғана негiз бола алатын өзге мəн-жайларды көрсететiн

дəлелдемелер. Қосымша дəлелдемелер бiрнеше мүмкiн тұжырымдар жасай

алады.

Дəлелдемелер қайдан шыққанына қарай жеке жəне заттай болып

бөлiнедi. Жеке дəлелдемелер – жеке тұлғалардан алынған дəлелдемелер

(түсiнiктемелер, айғақтар, жазбаша дəлелдемелер, сарапшылар

қорытындысы). Заттай дəлелдемелер – материалдық дүниенiң түрлi

объектiлерiнен алынған дəлелдемелер.

Қажеттi дəлелдемелер туралы ерекше айта кеткен жөн. Iстердiң əрбiр

категориясы бойынша iстiң шешiлуi мүмкiн емес дəлелдемелер болады. Егер

де талап ету арызын берушi арызда мұндай дəлелдемелердi көрсетпеген

болса, ол бəрiбiр де мұндай дəлелдемелердi сотқа ұсынуға тиiстi. Осыған орай жауап берушi де белгiлi бiр дəлелдемелердi ұсынуға

мiндеттi. Егер де тараптар қажеттi дəлелдемелердi ұсынбаса, сот оларға мұны

жасауды ұсынады. Мысалы, некенi бұзу туралы iс некеге отыру кезiндегi куəгерсiз қаралуы мүмкiн емес.Қажеттi дəлелдемелер жоқ болған жағдайда сот тараптар арасындағы құқықтық қарым-қатынасты анықтай алмайды.

Материалдық құқық нормалары дəлелдеу құралын көрсете отырып, iс бойынша қажеттi дəлелдемелердi анықтауға көмек-теседi. Қазақстан

Республикасының «Неке жəне отбасы туралы» Заңының 67-бабында ата-ана құқығынан айыру негiздерiнiң тiзiмiн көрсете отырып, қажеттi дəлелдемелер

аясы анықтал-

ған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы

Page 100: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

13 желтоқсандағы «Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау туралы»

№21 Нормативтi қаулысында iстердiң бiрқатар категорияларына қажеттi дəлелдемелер тiзiмi көрсетiлген.

Ешбiр дəлелдеменiң сот үшiн алдын ала бекiтiлен күшi жоқ екендiгiн есте сақтаған жөн.

§ 6. Дəлелдеу түрлерi

Iс жүргiзушiлiк заңы мəлiметтердiң дерек көзi ретiнде мына дəлелдеу

құралдарын қарастырады: тараптардың жəне де үшiншi тұлғалардың

түсiнiктемелерi, куəгерлердiң жауаптары, жазбаша дəлелдер, заттай

дəлелдемелер жəне сарапшылардың қортындылары. Бiздiң заң осыдан басқа дəлелдеу құралын бiлмейдi. Дəлелдемелердi жинау, зерттеу жəне бағалаудың

жалпы ережелерiне бағына отырып, дəлелдеу құралының барлық түрлерi

барлығының мазмұны ретiнде де, қолданудың iс жүргiзушiлiк түрi ретiнде де белгiлi бiр ерекшелiгi бар. Бұл мəн-жай дəлелдеу құралының əрқайсысын

жеке зерттеудi талап етедi.

Тараптардың жəне үшiншi тұлғалар түсiнiктемелерi. Iс бо-йынша тараптардың түсiнiктеме беру құқығы заңмен қорғалып, кепiлдендiрiледi.

Заңда, егер де сот iстi iске қатысы бар адамның бiреуiне сот отырысының

уақыты мен орнын хабарламай, оның қатысуынсыз қараған болса, сот шешiмi жоққа шығаруға болады делiнген (ҚР АIЖК 366-бап).

Талап етушi, жауап берушi, жəне де iске қатысы бар үшiншi тұлғалар

түсiнiктемелерi жеке дəлелдемелердiң бiрi болып табылады жəне олардың

өзiндiк ерекшелiгi оны сотқа iс барысына мүдделi тұлғалардың беруiнен

тұрады. Қазiргi заңға сəйкес (ҚР АIЖК 78-бап) олардың түсiнiктемелерiнде деректердi немесе деректер туралы қандай да бiр мəлiметтердi мойындай ма, оларға қарсылық бiлдiре ме, жоқ па оған қарамастан тараптар мен үшiншi

тұлғалардың түсiнiктемелерi жеке дəлелдеу құралы деп танылады (ҚР АIЖК

78-бап).

Тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерiн сот бiрден iс баяндамасын кейiн тыңдайтынын ескере кету керек (ҚР АIЖК 194-бап).

Тараптардың түсiнiктемелерiн нақты мəн-жайлардың дəлелi деп тану үшiн

бiрiншiден, тараптарды дəлелдемелердiң дерек көзi ретiнде сипаттау қажет, екiншiден, тараптардың түсiнiктемелерiнiң қай бөлiгi дəлелдеме болып

табылатынын анықтау керек. Дəлелдеу бойынша мiндеттердi жүзеге асырумен байланысты деректер туралы тараптардың хабарламасы – бұл

тартыстық принциптiң бар екендiгiн көрсетедi. Алайда, бұл мiндет мəжбүрлеу санкциясымен қамтылмаған.

Тараптар мен үшiншi тұлғалардың түрлi iс-əрекеттерi мен ой-пiкiрлерiнен

дəлелдеу құралдарына тараптар мен үшiншi тұлғалардың тек даулы

құқықтық қарым-қатынастарды анықтауға маңызы бар деректер туралы

хабарларын ғана жатқызу қажет.

Page 101: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Мұндай жағдайда тараптардың түсiнiктемелерiнiң iстi дұрыс шешу үшiн

маңызы бар деректер туралы мəлiметтер бар бөлiгi ғана дəлелдеу құралы

бола алады.

Тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi дəлелдемелер

теориясында дəлелдеу құралы ретiнде жеке түрлерге бөлу қалыптасқан.

Сотқа деректер туралы мəлiметтердi жеткiзу əдiсi бойынша түсiнiктемелер

ауызша жəне жазбаша болып бөлiнедi. Тараптардың дəлелдеме ретiндегi жазбаша түсiнiктемесi əрбiр азаматтық iс бойынша қажеттi iс жүргiзушiлiк

құжат болып табылатын талап ету арызында жазылады.

Заңды (iс жүргiзушiлiк) мүдделерiне қарай тараптардың түсiнiктемелерi

дəлелдеу құралы ретiнде растау жəне мойындау болып бөлiнедi. Растау

дегенiмiз тараптардың немесе үшiншi тұлғалардың iс жүргiзушiлiк

мүдделерiне сəйкес деректер туралы мəлiметтер. Екiншi тарап дəлелдеуi тиiс, расталатын сипаттағы деректер туралы тараптардың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негiздейтiн мəлiметтерiн деректердi тану деп атау

қабылдаған. (А.А. Власов. Гражданский процесс М., 2006).

Талап қою арызын тұтастай мойындауды (талап қою арызы) дəлелдеме ретiнде да (деректi мойындау) қарайды. Деректi мо-йындай отыра, тарап сот алдында оқиға орын алған жерде болған не болмағаны туралы мəлiмет бередi. Қарсы тараптың талабы мен қарсылығын негiздейтiн деректi мойындаған екiншi тарап осы деректердi дəлелдемейдi. Дегенмен де, егер сот тараптың iстiң нақты мəн-жайларын жасыру мақсатында немесе алдау, күш

қолдану, қорқыту немесе адасу əсерiнен мойындағанына күдiгi болса, онда сот мұндай нақты деректердi дəлелдеме ретiнде қарастырмайды. Мұндай

жағдайда тараптар мойындаған деректердi жалпы негiзде дəлелдеуi тиiс (ҚР

АIЖК 69-баптың 1-бөлiгi). Деректердi мойындау: соттық жəне соттан тыс болып бөлiнедi. Егер

тарап сот отырысында белгiлi бiр деректердi бар деп мойындаған болса, бұл

мойындауды соттық деп атайды, ол ҚР АIЖК 69-баптың 2-тармағында қарастырылған. Деректi мойындау сот хаттамасына тiркелiп, оған деректi мойындаған тарап қол қояды. Деректi мойындауды қабылдау немесе қабылдамау сот анықтауымен рəсiмделедi. Егер деректi мойындау талап қою

арызында баяндалған болса, ол iске тiркелуi тиiс. Сот отырысына келе алмайтын жағдайда, заңды негiзде жасалып сотқа жолданған тараптың

жазбаша түсiнiктемесi де соттық мойындау болып табылады.

Соттан тыс мойындау деп тараптардың сот процесiнен, iс жүргiзушiлiктен тыс, яғни соттан тыс айтқан дерек туралы мəлiметтерiн

айтады. Сот дəлелдеуi кезiнде соттан тыс мойындауды сот отырысында қараған жағдайда, ол дəлелдеу дерегiнiң ролiн атқара алады.

Жай жəне бiлiктi мойындау. Жай мойындауда ескертулер мен шарттар

болмайды, ал бiлiктi мойындауда ескертулер болады, олар мойындауға кедергi келтiредi. Мысалы, жауап берушi талап қоюшыға зиян келтiргенiн

мойындайды, бiрақ ол жəбiрленушiнiң өзiнiң абайсыздығынан болғанын

айтады. Бiлiктi мойындау жасаған тұлға, ескертуiн дəлелдеуге мiндеттi.

Page 102: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Тараптар мен үшiншi тұлғалар түсiнiктемелерi iс бойынша жиналған

барлық дəлелдермен бiрге бағалануы тиiс (ҚР АIЖК 78-бап). Дəлелдемелердi

бағалау кезiнде түсiнiктемелердi беру – бұл тараптар мен үшiншi

тұлғалардың мiндетi емес, құқығы екенiн ескерген жөн, демек заңда түсiнiктеме беруден бас тарт-қаны, жалған түсiнiктеме бергенi үшiн санкция

қарастырылмаған.

Куəгерлiк жауаптар. Iске қатысты қандай да бiр мəн-жайды бiлетiн кез келген адам куəгер бола алады (ҚР АIЖК 79-бап).

Куəгер – бұл тiкелей қабылдаған немесе оған хабарлаған iс үшiн маңызы

бар дерек туралы мəлiметтердi хабарлау үшiн сот-қа шақырылған тұлға. Iске қатысушы өзге тұлғалардан куəгердi мына айрықша белгiлерi арқылы

ажыратады:

а) қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды дұрыс қабылдап, ол

жөнiнде айта алатын азаматтар куəгерлер болып табылады, бұл ретте заңмен

жас ерекшелiктерi шектелмейдi. Егер сот қажет деп тапса, нақты қоршаған

ортадағы деректердi саналы түрде қабылдай алатын балалардан да куəгерлер

ретiнде жауап алуы мүмкiн;

б) куəгерлер мүдделi емес заңды тұлғалар қатарына жатады. Заңсыз мүдде (туыстық қатынас, достық, қастық, қызметтегi тəуелдiлiк жəне т.б.) куəгер

ретiнде қатысуға кедергi бола алмайды;

в) iстiң мəн-жайын тiкелей қабылдайтын тұлға куəгер болады.

Төмендегi куəгерлердi күмəнсiз жауаптар алуға кепiлдiк ретiнде шақырып, жауап алуға болмайтындығы заңда бекiтiлген (ҚР АIЖК 79-бап):

– жасы кiшiлiгiне, физикалық жəне психикалық кемiстiгiне байланысты

деректердi дұрыс қабылдай алмайтын жəне олар туралы дұрыс жауап беруге қабiлетсiз тұлғаларды, бұған бала тəрбиесi туралы даулар бойынша iстер

жатпайды;

– өкiлдiң немесе қорғаушының мiндетiн атқаруына байланысты өздерiне белгiлi болған мəн-жайлар туралы азаматтық

iс бойынша өкiлдер немесе қылмыстық iс бойынша қорғаушылар;

– шешiм немесе үкiм шығару кезiнде iстiң мəн-жайларын кеңесу

бөлмесiнде талқылау кезiнде туындаған мəселелер туралы – судья;

– аралық судьяның немесе төрешi мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мəн-жайлар туралы – аралық судьяның немесе төрешi;

– оларға тəубаға келу кезiнде сенiм бiлдiрген адамдардан белгiлi болған

мəн-жайлар туралы – дiн қызметшелерiн;

– заңда көрсетiлген басқа адамдар.

Сотта тұлға өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе ара-қатынасы заңмен

анықталатын жақын туыстарына қарсы куəгерлiк жауап беруден бас тартуға

құқығы бар.

Куəгердi шақыру туралы өтiнiм жасаған тұлға оның тегiн, атын, əкесiнiң

атын жəне тұратын жерiн немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куəгерден

жауап алу қажеттiлiгiн негiздеуге мiндеттi.

Page 103: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Куə куəгерлiк иммунитетке ие болады, яғни куəгердiң сотта жауап

беруден бас тарту құқығы жəне жекелеген жағдайларда куəгердi жауап

беруден босату жөнiндегi соттың мiндетi Қазақстан Республикасының

Конституциясы мен заңда қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында, ешкiм өзiне қарсы, заңда бекiтiлген жақын туыстарына қарсы куəгерлiк жауап беруге мiндеттi емес деп бекiтiлген. ҚР АIЖК-де куəгерлiк жауап беру мiндетiнен

босатудың басқа да жағдайлары көрсетiлген.

Куəгердiң берген жауаптарының мазмұны екi бөлiмнен тұрады: жалпы

жəне арнайы. Жалпы бөлiмге куəгердiң жеке басын айғақтайтын деректер

туралы мəлiметтер жəне оның тарап-

тарға, iске қатысы жатады. Арнайы бөлiмге iс бойынша iзделiп отырған

дəлелдемелiк деректер туралы, яғни дəлелдеуде маңызы бар мəлiметтер.

Куəгердiң құқықтары мен мiндеттерi. Азаматтық iс жүргiзу заңында куəгердiң негiзгi екi мiндеттерi бекiтiлген ол – соттың шақыруы бойынша келу жəне iс бойынша өзiне белгiлi мəн-жайлар туралы шынайы жауап беру

(ҚР АIЖК 80-бап).

Заң шығарушы куəгерге берiлген жəне сотпен кепiлден-дiрiлген

құқықтардың ауқымды тiзiмiн қарастырады (ҚР АК 80, 197, 198, 199, 200-

баптары).

Заңда куəгердiң негiзгi екi мiндетi атап көрсетiлген: 1) соттың

шақыруымен келу; 2) шынайы жауап беру. Жауап беруден бас тартқаны,

сондай-ақ қасақана жалған жауап бергенi үшiн куəгер Қазақстан

Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 352, 353-баптарына сəйкес қылмыстық

жазаға тартылады.

Куəгер жауапты деректер туралы еркiн əңгiмелеу түрiнде бередi. Куəгер

жауаптары əлдеқандай сандардан немесе есте сақтауға қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда жауап беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алатынын айта кету қажет. Бұл құжаттар сотқа жəне iске қатысушы адамдарға көрсетiледi жəне соттың анықтауы бойынша iске тiркелуi мүмкiн. Куəгерге жауаптарына қатысты қолында бар

құжаттарды оқуына рұқсат етiледi. Бұл құжаттар да сотқа ұсынылып,

соттың анықтауы бойынша iске тiркеледi (ҚР АIЖК 198-бап).

Куəгерлерден жауап алу тəртiбi, яғни жауап беруге шақырудың ретiн сот тараптардың түсiнiктемелерiн алғаннан кейiн бекiтедi. Тараптар мен үшiншi

тұлғалардан түсiнiктеме алғанға дейiн барлық куəгерлер сот отырысы

залында бола алмайды. Бұл тəртiп тараптар түсiнiктемелерiнiң куəгерлердiң

жауаптарына əсер етуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi. Жауап алынған

куəгер iстi қарау аяқталғанша сот отырысы залында қалады

(ҚР АIЖК 197-баптың 5-бөлiгi). Куəгерлiк жауаптарды бағалау кезiнде сот деректердi куəгердiң өзi

қабылдаған ба, əлде оны басқа адамдардан естiдi ме, осыларды ескеруi тиiс, яғни куəгерлiк жауаптарды бағалай отырып, сот куəгерлердiң мəлiметтердi

Page 104: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сақтауын, беруiн саралауы тиiс. €зiнiң деректердi қайдан бiлгендiгi туралы

айта алмаған куəгердiң жауабы дəлел болып саналмайды.

Жазбаша дəлелдер. Iс үшiн маңызы бар мəн-жайлар туралы мəлiметтердi

қамтитын актiлер, құжаттар, iскерлiк немесе жеке сипаттағы хаттар

жазбаша дəлелдемелер болып табылады

(ҚР АIЖК 81-бап).

Жазбаша дəлелдемелердiң заттай негiзi объективтi дүниенiң түрлi

заттарынан тұратындықтан, кез келген түрде, сапада болатындықтан,

жазылған жазбаша белгiлерлi сақтауға қабiлеттi болғандықтан заңда аталған

тiзiм шектелмеген.

Жазбаша дəлелдемелерге мыналарды жатқызуға болады: сызбалар,

карталар, схемалар, кiтаптар, дəптерлер жəне т.б. Жазбаша дəлелдемелердiң

белгiлерi: а) тиiстi ақпарат таратушының бары (қағаз, магниттi лента, металл,

ағаш, картон жəне т.б.); б) тиiстi жазу тəсiлiнiң бары (əрiптер, сандар,

ноталар, арнайы белгiлер жəне т.б.); в)таратушыдан орындаушы қабылдаған

əдiс арқылы табылған көрiнiске сəйкес ойдың бары.

Жазбаша дəлелдемелер арасында: əдiл сот актiлерi (сот шешiмдерi,

үкiмдер анықтаулар); əкiмшiлiк актiлер (шешiмдер мен қаулылар); азаматтық

хал актiлерi (туу туралы, өлiм туралы куəлiктер, неке туралы немесе ажырасу туралы жəне т.б. куəлiктер); қоғамдық құқық органдарының актiлерi

(қоғамдық мекеме шешiмдерi); төрелiк сот актiлерi ерекше орын алады.

Алдын ала бекiтiлген шешiм шығару тəртiбi, заңды күш жəне қайта арыздану

жəне т.б., актiлердiң айрықша белгiлерi болып табылады.

Құжаттарға ең алдымен азаматтардың жеке құжаттары (төл-құжат, жеке куəлəк, диплом, əскери билет, еңбек кiтапшасы, жүргiзушi куəлiгi жəне т.б.)

жатады. Жеке құжаттарда тұлғаның жеке басын сипаттайтын деректер – аты,

əкесiнiң аты, тегi, туған күнi, жылы, туған жерi, əлеуметтiк жағдайы, бiлiмi,

басқа да анкеталық мəлiметтер жəне т.б. болады. Бұл жазбаша дəлел-

демелердiң ерекшелiгi, олар қатаң белгiлi бiр деректемелерi бар (сериясы,

нөмiрi, мөрi, елтаңбаланған қағаз жəне т.б.) арнайы дайындалған бланкiлерге жазылатындығында.

Заңды маңызы бар əрекеттердi жасаумен байланысты белгiлi бiр

деректердi растайтын жазба қағаздар да құжаттарға жатады. Оларға: келiсiмшарттар, тапсырыстар, шақыртулар, түбiртектер, төлем

карточкалары, аванс есептерi, тексеру актiлерi жəне т.б. жатады. Бұл заңды

құжаттардың болуы тиiстi тұлғалардың қандай да бiр iс-əрекет жасауға ерiк

бiлдiрулерiн тiркеуден тұрады. Құжаттың бұл түрiне сөзсiз белгiлi бiр нысан

тəн, бiрақ ол құқықтарды қолдану актiлерiнiң түрлерi немесе жеке құжаттарға қарағанда аз таратылған. Сондықтан заңды құжаттар ол – заңды

деректердi немесе жеке тұлғаны растауға арналған жазба ақпараттары бар

қағаздар жəне олар арнайы заңды түрде құрас-тырылған.

Заңды құжаттар жазбаша дəлелдемелердiң тек бiр бөлiгiн ғана құрайды.

Жазбаша ақпарат тасымалдаушылардың барлығы бiрдей заңды деректердi

анықтауға арналмаған жəне олардың барлығы заңда қарастырылған арнайы

Page 105: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

түрде мазмұндалмайды. Мұндай дəлелдемелердiң түрiне алдымен түрлi

сауалдар бо-йынша iскерлiк сипаттағы хаттарды жатқызуға болады: ғылыми

конференцияны дайындау туралы хабарлама, техникалық көмек беру туралы

өтiнiш, атқарылған жұмыс туралы қорытынды, жер телiмiн беру туралы

өтiнiш жəне т.б. Олар сотта iс үшiн маңызы бар мəн-жайларды анықтау үшiн

қолданылуы мүмкiн. Азаматтардың өзара жеке хат алысуы да жазбаша дəлелдемелерге жатады. Əрине, ол арнайы түрде жазылмайды, бiрақ ол

кейде заңды деректердi (мысалы, өзiн əке ретiнде мойындайтын жеке хат) растау үшiн қолданылуы мүмкiн. Көбiне өзара жеке хаттарда жазылған

мəлiметтердiң заңды мағынасына мəн берiлмейдi. Мұндай мəлiметтер

əрдайым заңды сипатқа ие бола бермейдi жəне нақты iстiң мəн-жайларына байланысты болады.

Жазбаша дəлелдемелердiң айрықша түрiн түрлi ақпаратты техникалық

тасымалдау құралдарынан тұрады: карталар, сызбалар, схемалар, жоспарлар.

Олар соңғы жылдарда автоматтандырылған жүйелердiң енуiне қарай

күнделiктi тұрмыста кең өрiс алды. Деректердi тiркеудiң арнайы тəсiлi

техникалық құралдардағы мəлiметтердi қабылдаудың ерекше əдiсiмен

жүргiзiледi. Егер заңды құжат (келiсiмшарт, есеп, түбiртектер жəне т.б.)

қарапайым əдiспен қабылданатын болса, яғни тiкелей оқылса, онда ақпаратты тасымалдаушы техникалық құрал көбiне арнайы маман көмегiмен

оқуды талап етедi.

Деректер туралы мазмұнымен емес, сыртқы келбетi, сапасы, құрамымен

куə болатын заттай дəлелдемелерге қарағанда жазбаша дəлелдемелер сот үшiн ең алдымен ондағы баяндалған ойлардың мазмұнының

маңыздылығымен ерекшеленетiнiн есте сақтаған жөн. Сонымен бiрге жазбаша дəлелдемелердi жазбаша түрде жазылған куəгер жауаптарынан

ажырата бiлу қажет. Дəлелдемелердi қамтамасыз ету тəртiбiмен немесе сот тапсырмасын орындау кезiнде алынған куəгер жауабының хаттамасы

жазбаша дəлелдеме бола алмайды, ол тек жазбаша түрде жазыл-ған куəгердiң

жауабы болып табылады. Осындай «куəгерлердiң жазбаша жауаптарына»

басқаша көзқарас куəгердiң жауаптарын кейбiр деректер мен мəн-жайларды

растауға пайдаланудың болмайтындығы туралы заңды аттап кеткенге əкелiп

соқтырған болар едi. Даулы мəселе туа қалған жағдайда куəгерлiк жауаптарға жүгiну мүмкiн болмай қалу қаупiнен сақтану үшiн келi-сiмдер мен

құжаттарды рəсiмдеудi кей жағдайларда жазбаша түрде жасауды талап ете отырып, заң жазбаша дəлелдемелерге айрықша көңiл бөледi. Жазбаша түрлi

қарым-қатынастарға тұрақты жəне нақты сипат бередi, азаматтық

айналыстың берiк болуына ықпал етедi, азаматтық iстердi қарау кезiнде даулы деректердi анықтауды жеңiлдетедi.

Жазбаша дəлелдемелердiң мазмұнына автордың өзi болып саналатын

тұлға нақты шындықта орын алған мəн-жайлар мен деректердi ерiктi түрде жазуы тиiс. Сондықтан да, мысалы ақша алу үшiн қорқыту арқылы жазылған

қолхатты тұлға жоққа шығара алады. Пəтер иелерiнiң кооперативiнен (КСК)

алынған тұрғын үй ауданына құқықпен тiркелу туралы анықтаманы,

Page 106: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

анықтама ордердiң негiзiнсiз берiлген жəне т.б. сондықтан да ол шындыққа сəйкес келмейдi дегенге сiлтеме жасай отырып, жоққа шығаруға болады.

Жазбаша дəлелдемелер түрi (формасы) жағынан құзырлы орган немесе лауазымды тұлғадан алынады, тиiстi акт немесе заңды құжат түрiнде заң

ұсынған арнайы талаптардың барлығын қанағаттандыруы тиiс. Мысалы,

жоғары оқу орнын бiтiргенiн растайтын құжат диплом болып

табылатындықтан, жоғары оқу орнын бiтiрдi деген анықтама жарамсыз. Кез келген мекемеден əскери мiндетiн атқарды деп алынған анықтама жарамсыз болып табылады. Бұндай құжатты беру тек əскери комиссариаттың

құзырында. Осындай өзге жағдайлардың барлығында бiз жазбаша дəлелдемелердi бекiтiлген түрiне сай емес деп жоққа шығара аламыз. Жазылған хат немесе жеке сипаттағы жазба материалдар (хаттар,

күнделiктер, ескертпелер, сыйлықтардағы жазулар жəне т.б.) сотқа кез келген

түрде көрсетiлуi мүмкiн.

Жазбаша дəлелдемелер қалыптасу процесiнде үш сатыдан өтедi:

1) субъектiнiң шындықты қабылдауы; 2) алынған мəлiмет-тердi есте сақтап қалу; 3) алынған мəлiметтердi арнайы белгiлер (əрiп, цифр, нота) арқылы сақтап қалу.

Жазбаша дəлелдемелер беретiн субъектiге қарай; ресми жəне жеке (ресми

емес) болып бөлiнедi.

Ресми жазбаша дəлелдемелердi мемлекеттiк органдар, лауазымды

адамдар, мекемелер колхоз немесе қоғамдық мекемелер өз қызметтерiн

жүзеге асыру кезiнде беретiн болғандықтан (туу туралы куəлiк, тұрғын үй

ордерi, жұмысқа қабылдану туралы бұйрық жəне т.б.), олар құжаттарға жатады.

Ресми емес жазбаша дəлелдемелер деп азаматтардың беретiн жазбаша дəлелдемелерiн айтады. Мазмұнына қарай жазбаша дəлелдемелер екi топқа бөлiнедi: жарлықты жазбаша дəлелдемелер жəне анықтамалы-ақпараттық

жазбаша дəлелдемелер.

Жарлықты дəлелдемелер деп мазмұнында өкiмдi-ерiктi сипат-қа ие деректер бар жазбаша дəлелдемелердi айтады, онда материалды құқықтық

қарым-қатынасқа қатысушылардың ерiктерi жүзеге асады. Оларға: мемлекеттiк органдардың басқаруында нормативтi сипаты жоқ актiлерi,

кəсiпорындардың, мекеме-лердiң, қоғамдық ұйымдардың өз құзырлары

шегiнде шығарылған актiлерi, кəсiпорын, мекеме басқарушысының,

лауазымды тұлғалардың шығарған актiлерi; тараптардың жазбаша түрде рəсiмделген келiсiмшарттары жатады.

Анықтамалы-ақпараттық (таныстырылған) жазбаша дəлелдемелерге түрлi анықтамалар, актiлер, есептер, отырыс, жиналыс хаттамалары, iскерлiк

жəне жеке сипаттағы хаттар, түрлi қызметтердiң келiсiмдерi жəне т.б.

жатады.

Жазбаша дəлелдемелер түрiне қарай төрт топқа бөлiнедi: 1)

жай жазбаша түрдегi құжаттар; 2) мiндеттi түрдегi жəне мазмұндағы

жазбаша дəлелдемелер (туу туралы куəлiк); 3) басқару органдарында

Page 107: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

тiркемей нотариалды куəландырылған келiсiмшарттар; 4) басқару

органдарына тiркелуге тиiстi нотариалды куаландырылған келiсiмшарттар.

Сот жазбаша дəлелдемелердi зерттеу кезiнде тараптар мен iске қатысушы

басқа да тұлғалар арасында құжаттың жалғандығы туралы дау туындауы

мүмкiн. Бұл ретте құжаттың жал-ғандығы туралы мəлiмделген жағдайда, жазбаша дəлелдеме ұсын-ған тұлға сотқа зерттелiп отырған дəлелдеменi

iстен шығарып, iстi басқа дəлелдемелер негiзiнде шешуiн сұрауына болады.

Құжаттың жалғандығы мəлiмделген жағдайда сот оның дұрыстығын

анықтау үшiн шара қолдануы қажет. Сот құжаттың жалғандығы туралы

деректi анықтауы үшiн криминалистикалық сараптама тағайындауы мүмкiн,

сондай-ақ бұл үшiн, басқа да барлық дəлелдемелердi қолдануы мүмкiн:

жалған деп болжамдалған құжатты басқа құжаттармен салыстыру; құжат берiлген мекемеден сұрату, жазбаша дəлелдемелерде аталған тұлғаларды

куəгер ретiнде шақырып, жауап алу жəне т.б. Сот жалған құжатқа сараптама тағайындау кезiнде сараптаманың ғылыми мүмкiндiгiне де мəн беруi тиiс. Құжаттың жалғандығын табу қиынға түсетiн жағдайлар да кездеседi, кейде тiптi мүмкiн болмайды. Егер сот жазбаша дəлелдеменi жалған деп тапса оны

дəлелдеме қатарынан алып тастайды, қажет болса қылмыстық iс қозғайды

немесе жалған жазбаша дəлелдеме берген тұлғаға қоғамдық шара қолдану

үшiн материалды қоғамдық ұйымдарға жiбередi. Жазбаша дəлелдемелердi

жазбаша түрде берген тараптардың, iске қатысушы басқа да тұлғалардың

түсiнiктемелерiнен, куəгерлердiң жауаптарынан, сарапшылар

қорытындысынан ажырата бiлу керек. Соңғылары жазбаша түрдегi дəлелдемелер емес, жазбаша түрдегi жеке дəлелдемелер болып табылады.

Деректер туралы мазмұнымен емес, сыртқы келбетi, сапасы, құрамымен

куə болатын заттай дəлелдемелерге қарағанда жазбаша дəлелдемелер сот үшiн ең алдымен ондағы баяндалған ойлардың мазмұнының

маңыздылығымен ерекшеленетiнiн есте сақтаған жөн.

Күмəнсiздiгi жағынан дəлелдемелердiң бiрде-бiрiн заң бөлiп- жармайды.

Дегенмен де жазбаша дəлелдемелердiң бiрқатар артықшылықтары бар: Қағаз бетiнде немесе өзге де ақпарат таратушыда хазылған деректер куəгердiң

жауаптарына қарағанда барынша тұрақты жəне анықталған. Куəгер өз жауабын өзгертуi, ұмытып қалуы немесе керiсiнше iстiң қандай да бiр мəн-

жайларын есiне түсiруi мүмкiн.

Жазбаша дəлелдемелер сот отырысында жарияланып, мүдделi тұлғаларға берiледi, қажет болған жағдайларда сарапшылар мен куəгерлерге де берiледi.

Азаматтардың жеке хаттары ашық сот отырысында тек өзара хат жазысқан

тұлғалардың келiсiмiмен ғана жариялануы мүмкiн. Қарсылық бiлдiрген

жағдайда жеке хат жабық сот отырысында жарияланып, зерттеледi. Мазмұны

дұрыс емес немесе бекiтiлген нысанға сəйкес емес деп не болмаса оның

жалғандығы туралы арыздану арқылы жазбаша дəлелдемелердi жоққа шығаруға болады. Заңды күшiне енген əдiлсот актiлерi (сот шешiмдерi,

үкiмдер, анықтаулар, қаулылар) мазмұны бойынша жоққа шығарылмайды.

Page 108: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Мүдделi тұлғалар қадағалау тəртiбiмен немесе қайта ашылған мəн-жайлар

бойынша оларды жоққа шығара алады.

§ 7. Заттай дəлелдемелер

ҚР АIЖК 86-бап заттай дəлелдемелер. Егер заттар өзiнiң сыртқы түрiмен,

қасиеттерiмен немесе өзге де белгiлерiмен iс үшiн маңызы бар мəн-жайды

анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негiз болса, олар заттай

дəлелдемелер деп танылады. €мiрден өткен суретшiнiң мүлкiн бөлу туралы

iсте заттай дəлелдемелерге оның мұрагерлiкке жататын шығармалары

жатады. Мүлiкке қасақана келтiрiлген зиянды өтету туралы iсте заттай

дəлелдемелерге жауап берушi бүлдiрген тұрмыстық заттар (құндыз тон,

теледидар, бұзылған автомобиль, тоңазытқыш немесе т.б.) жатады. Қарызды

өтеу жөнiндегi iс бойынша заттай дəлелдемелерге, мысалға, түзеткен iздерi

бар қолхат жатады. Сонымен қатар суреттер, мүсiндердiң көшiрмелерi,

бедерлемелер ж.т.б. заттай дəлелдемелер бола алады. Мысалы, үйдi бөлу

iсiнде заттай дəлелдемелер ретiнде салынғанға дейiнгi үйдiң суреттерi заттай

дəлелдемелер бола алады. Келтiрiлген мысалдардан заттай дəлелдемелердiң

алуан түрлi болатынын көруге болады. Виндикациялық талап қою iсi бойынша тұрмыстық заттар, жалған құжат, бүлiнген мүлiк келiсiмшарттары

даулы заттар болуы мүмкiн. Iз қалып қойған, оның сыртқы түрi, кей

жағдайларда белгiлi бiр жерде затты тауып алу дерегi заттай дəлелдемелер

ретiнде iс үшiн маңызы бар мəн-жайларды растауы мүмкiн.

Заттай дəлелдемелердi сотқа тараптар мен iске қатысы бар басқа да тұлғалар бередi жəне сот өзi оны талап ете алады. Егер заттай дəлелдемелер

басқа адамның қолында болса, олар оны соттың талап етуi бойынша беруге мiндеттi. Заттай дəлелдемелер iсте сақталады немесе ерекше тiзiмдеме бойынша соттың заттай дəлелдемелер сақтау камерасына өткiзiледi (ҚР

АIЖК 87-бап). Егер заттай дəлелдемелер арасында тез бұзылатын

азық-түлiк немесе басқа да заттар болса, сот дереу қарап шығады жəне зерттейдi, одан кейiн оларды əкелген адамға қайтарады немесе оны

пайдалана алатын мекемеге бередi. (ҚР АIЖК 88-бап). Соңғы жағдайда бұл

заттар иесiне сол заттың өз сапасымен жəне оның құны мемлекеттiк бағамен

қайтарылуы тиiс. Соттың шешiмi күшi заңды күшiне енгеннен кейiн заттай

дəлелдемелер оны берген тұлғаға қайтарылады немесе сот сол заттардың иесi деп таныған адамдарға берiледi (ҚР АIЖК 89-бап).

Дəлелдеу кезiндегi ғылыми-техникалық құралдар (ҚР АIЖК

90-бап). Азаматтық сот iсiнде жеке дəлелдеме болып табылатын, аудио жəне бейне таспаларға сараптама жүргiзуi қажеттiгi туындауы мүмкiн. Сондықтан

да iске қатысушы тұлғалар дəлелдемелердi жинау мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу жəне бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды

(негiзiнен аудио жəне бейнетаспаларды) қолдануға құқылы. Аудио жəне бейне жазбаларға дұрыс сараптама жүргiзуге ықпал ететiн шарттардың бiрi –

уақыт жəне тұлғалар туралы электронды немесе өзге ақпарат тасу

құралдарында жүргiзiлген толық ақпарат. Ғылыми-техникалық құралдарды

Page 109: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

пайдалану кезiнде көмек көрсету үшiн, сот өзiнiң арнайы бiлiмi мен

бiлiктiлiгiнiң арқасында iстi соттың дұрыс шешуi үшiн, зерттелiп отырған

заттай дəлелдемелердiң сапасын, құрамын, белгiлерiн анықтап беретiн

арнайы маманды шақырта алады.

Ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың шарттары заңда қарастырылған. Олар тек мынадай жағдайларда ғана рұқсат етiледi:

– заңда тiкелей көрсетiлсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;

– ғылыми жарамды болса; – iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса; – қауiпсiз болса. Қолдануы заңда көрсетiлген жағдайлардан өзгесiнде ғылыми-техникалық

құралдарды жасырын қолданудың нəтижесiнде алынған дəлелдемелер

дəлелдеме ретiнде пайдаланылмайды,

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамаларда немесе сот жүргiзген iс жүргiзу əрекеттерiне сəйкес хаттамаларда ғылыми-

техникалық құралдардың деректерiн, оларды пайдаланудың шарттары мен

тəртiбiн, бұл құралдар қолданылған объектiлер жəне оларды пайдаланудың

нəтижелерi көрсетiле отырып жазылады.

Аудио жəне бейнетаспаларды тасу құралдары, ғылыми-техникалық

құралдар арқылы алынған құжаттар мен басқа да материалдар сотта сақталуы

тиiс. Ерекше жағдайларда сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн, аудио жəне бейнетаспалар иесiне немесе мекемеге өзге тұлғалардың құқығына жəне заңды мүддесiне зиян келтiрмейтiн шартпен қайтарылуы мүмкiн.

15-т а р а у. ДƏЛЕЛДЕУ ПРОЦЕСI

§ 1. Дəлелдеу процесi ұғымы

Дəлелдеу процесi тиiстi жүйелiлiкпен жəне өзара тығыз байланыста келтiрiлген дəлелдемелiк iс-əрекеттiң бiрнеше бағыттарынан тұрады. Бұл –

дəлелдемелердi табу, жинау, зерттеу, бағалай жəне ұсыну. Тартыстық

принципiне сəйкес дəлелдеме-лердi тараптар, шағымданушылар,

арызданушылар жəне iске қатысушы өзге тұлғалар тауып, жинап ұсынуы

тиiс. Сот бұл тұлғаларға көмектесе алады, ал қажет болған жағдайда өз бастамасы бойынша əрекет ете алады. Талап қою арызында талап етушi өз талаптарын негiздейтiн мəн-жайларды жəне талап етушiнiң баяндаған мəн-

жайларын растайтын дəлелдемелердi көрсетуi тиiс (ҚР АIЖК 150-баптың 2-

бөлiгi 5-тармағы). Ерекше сот iстерi бойынша заң арызданушыларға арызды

берген кезде тиiстi дəлелдемелердi ұсынуды мiндеттейдi. (ҚР АIЖК 290, 294-

баптар). Егер де талап қою арызында, шағымында немесе ерекше сот iстерi

бойынша арыздарда дəлелдемелердi ұсынумен байланысты кемшiлiктер

болатын болса, сот төрешiсi өз атынан талап етушiлерге, шағымданушыларға немесе арызданушыларға қажеттi дəлелдемелердi талап

Page 110: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

етуге шаралар қолдана отырып, ҚР АIЖК 155-бабына сəйкес кемшiлiктерiн

жою үшiн уақыт бередi.

Iстi сот талқылауына дайындау белгiлi бiр деңгейде дəлел-демелердi

табумен, жинаумен жəне ұсынумен байланысты.

ҚР АIЖК 194-бабына сəйкес сот төрешiсi талап етушiнiң талаптарын

тыңдайды, одан жауап берушi жағынан болуы мүмкiн қарсылықтарды

анықтайды, қажет болған жағдайда оған қосымша дəлелдемелер ұсыну

қажеттiгiн айтады. Сот төрешiсi куə-герлердi шақыру, сараптама iсi жəне т.б.

туралы мəселелердi шешедi. Дəлелдемелердi бұл кезеңде жинау жөнiндегi ерекше шараларды сот төрешiсi ерекше сот iстерi бойынша жүзеге асырады.

(ҚР АIЖК 291, 296, 302-баптар). дəлелдемелер сот талқылауы сатысында анықталып жиналады жəне ұсынылады. Да-йындау бөлiмiнен бастап, iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн мүдделi тұлғалар, сондай-ақ сот iстi қозғау мен дайындау сатысында сотқа ұсынылмаған дəлелдемелердi iске қатыстыруға шаралар қолдана алады. Егер де жарыссөз кезiнде немесе прокурордың қортындысы кезiнде, сондай-ақ шешiм шығару сəтiн-де сот жаңа мəн-жайларды анықтау қажет немесе жаңа дəлел-демелердi зерттеу

қажет табады, ол мəнi бойынша iстi қарауды қайта бастау туралы ұйғарым

шығарады. (ҚР АIЖК 214-баптың 2-бөлiгi). Кассациялық жəне қадағалау сатысында мүдделi тұлғалар жаңа

материалдарды ұсына алады.

Дəлелдеу əрекетiнiң алғашқы бағыты екi ерекше жағдаймен,

дəлелдемелердi табумен жəне тiркеумен байланысты.

Дəлелдемелердi зерттеу. Сот дəлелдемелерiн зерттеу – бұл оны тiкелей

қабылдау, бiр дəлелдемелердi өзгелерi арқылы тексеру, дəлелдемелерде ұсынылған қарама-қайшылықтарды табу мен жою. Дəлелдемелердi сот жəне iске қатысушы тұлғалар зерттейдi. Дəлелдемелердi зерттеу əрекеттерiн сот басқарады. Ол iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерiн тыңдайды,

куəгерлер мен сарапшыларды жауапқа алады, жазбаша жəне заттай

дəлелдемелермен танысады. (ҚР АIЖК 177-бап). Дəлел-демелердi iске қатысушы барлық тұлғалар да зерттеуi тиiс. Дəлелдемелердi зерттеу туралы

сот пен iске қатысушы тұлғалардың iс-əркеттерiнiң өзара байланысы – iс үшiн маңызы бар факторлар мен мəн-жайларды табу мен анықтауда табысқа жетудiң маңызды шарты.

Дəлелдемелер тиiстi дəлелдеу құралының түрiн қолданумен байланысты

түрлi тəсiлдермен зерттеледi. Тараптар мен үшiншi тұлғалардың

түсiнiктемелерiн сот тыңдайды жəне де сот пен iске қатысушы тұлғалар

тараптар мен үшiншi тұлғаларға сұрақтар қоя алады. Қажет болған жағдайды

сот қайта жауап ала алады, сондай-ақ олардың жауаптарындағы қарама-қайшылықты анықтау үшiн куəгерлердi бетпе-бет кездестiредi.

Дəлелдемелердi бағалау. Iс бойынша дəлелдеудiң бiр элементi дəлелдемелердi бағалау болып табылады. Оларды дұрыс бағалау заңды жəне негiздi шешiм қабылдау үшiн маңызы зор. Дəлелдемелердi соттың бағалауы

дəлелдемелердi еркiн бағалау деп аталатын принциппен тығыз байланысты.

Page 111: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Оның негiзiнде екi фактор жатыр: а) салыстыру тəсiлiнiң өлшемi – сот төрешiсiнiң iшкi сенiмi; б) ешбiр дəлелдеменiң сот үшiн алдын-ала бекiтiлген

күшi жоқ (ҚР АIЖК 77-бап).

Кез келген бағалау нысанды (затты) əлдебiр өлшеммен салыстыру болып

табылады. Егер де салыстырудың өлшемi мен тəсiлдерi белгiлi болса, онда талдау да белгiлi болады. Жалпы ереже бойынша, нақты дəлелдеменi бағалау

оны қатыстылық, күмəнсiздiк өлшемдерiмен салыстырудан тұрады (ҚР

АIЖК

77-баптың 3-бөлiгi). Тараптардың құқықтық қарым-қатынастарының шын

мағынасын анықтау мəселесiн шешу үшiн iс бо-йынша дəлелдемелердi

бағалау (нақты құрамымен бiрге құқық-тық құрамы ретiнде – заңды құқықтар

мен мiндеттердiң мағыналары бойынша) дəлелдемелердiң жеткiлiктiлiгiнiң

(толықтығы) есебiн жəне оларды бiрге, əрi өзара байланыста қарауды талап

етедi. Соңғысы дəлелдемелiк деректердiң бастыларымен байланысын

анықтау қажет болған жағдайда жанама дəлелде-мелердi пайдалануда маңызды.

Ақыр аяғында дəлелдемелердi еркiн бағалау соттың даулы құқықтық

қарым-қатынасты танудың ақиқаттығын iстiң нақты мəн-жайлары ретiнде де, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi ретiнде де бағалауы болып

табылады.

Дəлелдемелердi бағалаудың кейбiр авторлары мынадай белгiлермен

байланыстырады: 1) соттың iшкi сенiмi; 2) бейтараптық, жан-жақтылық жəне iсте бар дəлелдемелердi жиынтықты түрде толық қарау (Фокина М.А. Теория

и практика доказывания в состязательном гражданском судопроизводстве. 1999.).

Дəдлелдемелердi бағалау логикалық белсендiлiк ретiнде iс жүргiзу

əрекеттерiнен көрiнедi жəне белгiлi бiр шектерде құқықтық реттеуге, құқық

нормаларының əскер етуiне жатады.

Құқық нормалары ойлау тəртiбiн емес, соттың дəлелде-мелердi бағалау

шарттары мен мақсатын, бағалау принципiн бекiтедi (ҚР АIЖК 77-бап). ҚР

АIЖК, дəлелдемелердiң өлшем-дерiн реттей отырып, сотқа жүгiнедi. Сот дəлелдемелердi өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды. Бағалаудың соттың

жеке басы үшiн маңызы зор жəне ол соттың: 1) құқықтануын, 2) мəдени

деңгейiн, 3) дүниетанымдық деңгейiн көрсетедi (Коваленко А.Г. Институт доказывания в гражданском и арбитражном судопроизводстве. 2002.).

Дəлелдемелердi бейтарап қарау соттың шешiлгелi отырған iске мүддесiнiң

жоқтығын, дəлелдемелердi бағалау кезiнде алдын ала ойланып қоюдың жəне алдын ала сендiрудiң жоқтығын бiлдiредi. Iстi қарау барысында мүдденiң

жоқтығы сотқа дəлелдемелердi жан-жақты қарауға, яғни тұжырымдарды

талап етушi жағынан да, жауап берушi жағынан да қарауға, дəлелде-мелердi

тəуелсiз төрешi тұрғысынан зерттеу мен бағалауға мүмкiндiк бередi. Мұндай

жағдайларда дəлелдемелердi бейтарап зерттеуге кепiлдiк беру үшiн сот төрешiсiнiң наразылығы туралы тəртiптi қарастырады (ҚР АIЖК 40-бап).

Page 112: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Демек, дəлелдемелердi бағалау – бұл соттың, сондай-ақ iске қатысушы

тұлғалардың азаматтық сот iсiнiң барлық сатысында орны бар күрделi iс жүргiзу мен бiр мезгiлде ойлау əрекетi. Тану деңгейiне қарай дəлелдемелердi

бағалау алдын ала бағалау, түбегейлi бағалау жəне тексере бағалау сипатына ие. Алдын ала бағалау дегенiмiз сот төрешiсiнiң (соттың) дəлелдемелердi

зерттеуге қабылдау кезiндегi, яғни шешiм шығару үшiн соттың кеңесетiн

бөлмеге кеткенге дейiнгi беретiн бағасы. Бұл сатыдағы бағалау нəтижелерi

дəлелдемелердi iске қатысты деп қабылдау немесе мұндай дəлелдемелердi

қабылдаудан бас тарту туралы сот ұйғарымынан, жазбаша дəлелдемелердi

iске тiркеу туралы өтiнiмдердi қанағаттандырудан, соттың қосымша сараптама дайындауынан жəне т.б. көрiнедi. Дəлелдемелердi түбегейлi

бағалау дегенiмiз соттың шешiм қабылдауына негiз болатын, кеңесетiн

бөлмеде беретiн бағасын айтады. Дəлелдемелердi тексере бағалау жоғарғы

тұрған соттардың iстi кассациялық немесе қадағалау тəртiбiмен қарау

кезiндегi бағалауды айтамыз. ҚР АIЖК 363-бап ережеге сəйкес шешiмдi

жоққа шығару кезiнде апелляциялық сатыдағы сот өзiнен төмен тұрған сотқа дəлелдемелердiң күмəнсiздiгi немесе күмəндiлiгiне, бiр дəлел-деменiң

өзгелерден артық көруге қатысты нұсқау беруге құқысы жоқ екендiгiн есте ұстаған жөн. Жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша iстi қарауға негiз бар

болған жағдайда сот өз шешiмiн жоққа шығарып, iстi қайта қарауға жiбередi.

Сонымен қатар, iстi қайта қарауға бере отырып, сот шешiмде қабылдаған

немесе қабылданбаған мəн-жайларды бекiтуге немесе күмəнсiз деп санауға, қандай да бiр дəлелдеменiң күмəнсiздiгi немесе күмəндiлiгi туралы мəселенi

алдын ала шешуге, бiр дəлелдеменi өзгелерден артықшылығы туралы,

материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуы тиiс, сондай-ақ қайта қарау кезiнде қандай шешiм қабылдану тиiс деген сауалдарды шешуге құқысы жоқ (ҚР АIЖК 363-баптың 2-бөлiгi). Iстiң сол сотта қаралып

жатқанына қарамастан, сот төрешiлерi жаңадан ашылған мəн-жайлар

бойынша шешiмдi қайта қарау туралы ұйғарым шығару кезiнде сот басшылыққа алған тұжырымдарға байлаулы болмауы тиiс. Демек, заңның

бұл ережесi нақтылы түрде соттың дəлел-демелердi iшкi сенiмi бойынша бағалауының кепiлi болып табылады.

Дəлелдемелердi бағалау дəлелдеу процесiнiң соңғы сатысы болып

табылатындықтан, сот сот талқылауына дайындық барысында ұсынылған

дəлелдемелердi қатыстылық ережесi негiзiнде алдын ала бағалайды. Соттың

немесе сот төрешiсiнiң iстегi дəлелдемелердiң күмəнсiздiгi мен күмəндiлiгiн

бағалау пiкiрi қосымша дəлелдемелердi талап ету туралы соттың ұйғарым

шығаруына, ұсынылған дəлелдемелердi тексеру туралы шара қолдануына жəне т.б. əкелiп соқтырады. Соттың дəлелдемелердi күшi, мəнi жəне күмəнсiздiгi жағынан бағалауы, iске қатысушы тұлғалардың да осындай

пiкiрi сот дəлелдеуiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Дегенмен де, аталған пiкiрлер бағалау сипатына ие болғанмен де дəлелдемелердi заң

тұрғысынан бағалау болып табылмайды. Бұл – алдын ала пайымдау, бiрақ

түбегейлi бағалау емес. Дəлелдемелердi бағалау – бұл тиiстi сот қаулысында

Page 113: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жазылған дəлелдемелердiң күмəнсiздiгi, күшi жəне мəнi туралы соттың

құқықтық салдары бар соңғы пiкiрi. Соттың дəлелдемелердi сот отырысында iстiң барлық мəн-жайларын бiрге жан-жақты толық қарауына негiзделген

iшкi сенiмi бойынша бағалайтыны Заңда бекiтiлген (ҚР АIЖК 77-бап).

Сондықтан да, дəлелдемелердi тек сот барлық iс сот отырысында қаралып

болғаннан кейiн жəне əрбiр дəлелдеменi жеке, сондай-ақ өзге дəлелдемелер

жиынтығында бағалауға мүмкiндiк болған кезде бағалайды.

Аталған жағдайларда бағалау субъектiсi сот (сот төрешiсi), бағалаудың

орны мен сəтi – шешiм шығарылатын кеңес бөлмесi, ал бағалаудың iс жүргiзу түрi сот шешiмiнiң дəлелдi бөлiмi (ҚР АIЖК 221-баптың 5-бөлiгi).

Дəлелдемелердi бағалау туралы сот пiкiрiнiң құқықтық салдары болады,

ол барлық шешiммен бiрге күшiне енедi жəне преюдицияның күшiне ие болады. Дəлелдемелердi бағалай отырып, сот ең алдымен оның күмəнсiздiгiн,

яғни дəлелдеменiң нақты шындыққа сай келетiнiн анықтайды. Сонымен бiрге дəлелдеменiң қайдан шыққанын, оның жарамдылық күшiн, жеткiлiктiлiгiн

немесе iске қатыссыз екендiгiн бағалау қажет. Мысалы, арнайы ғылыми-

техникалық сауал бойынша жауап берушi куəгер немесе сарапшыдан

тоғысатын жауап алу кезiнде оның тиiстi бiлiм саласында бiлiктi еместiгi анықталғандықтан, оған сенуге болмауы мүмкiн. Одан əрi тиiстi дерек

көзiнен алын-ған мəлiметтердi бағалау, оларды осы дерек туралы өзге мəлiметтермен салыстыру қажет. Туысқандық, достық немесе жеккөрушiлiк

қарым-қатынастар сотқа куəгердiң, тараптардың немесе өзге тұлғалардың

хабарлаған мəлiметтерiнiң күмəнсiз-дiгiне əсер ететiн болғандықтан,

дəлелдемелердiң күмəнсiздiгiн бағалау үшiн жауап берушi тұлғаның мүддесi деңгейiнiң маңызы зор. Соттық дəлелдемелердi сондай-ақ iс үшiн күшi мен

мəнi жағынан, яғни сол дəлелдеменiң өзi немесе өзге дəлелдемелер

жиынтығымен бiрге iзделiп отырған деректердiң барына сендi-ретiн тұрғыда бағалау қажет.

Сот дəлелдемелерiнiң негiзiне, жоғарыда айтылғандай, соттық iшкi сенiм

жатады. Соттың сенiмi еркiн болумен бiрге заңмен шартталған. Ол iстiң

барлық мəн-жайларын соттың тануы нəтижесiнде бiрте-бiрте жинақталады

жəне заңмен бекiтiлген iс жүргiзу түрiнде тiркеледi. Дəлелдемелердi бағалау

есепсiз жəне интуитивтi емес, ол дəлелдi болуы тиiс, ал бағалаудың дəлелдi

жазбаша құжатта – сот шешiмiнде жазылуы қажет. Мысалы, дəлелдеменi

күмəндi деп жоққа шығара отырып, сот осы сұрақ бойынша өзiнiң

пайымдауын түсiндiруi тиiс. Олай болмаған жағдайда, iске қатысушы

тұлғалар, сондай-ақ жоғар-ғы тұрған сот қандай негiздерге сүйене отырып,

соттың бiрдəлелдемелердi қабылдап, ендi бiреулерiн жоққа шығарғанын бiле алмайды. Дəлелдемелердi бағалаудағы соттың еркiндiгi дерек пен құқық

мəселелерiн шешудегi оның тəуелсiздiгi ешбiр дəлелдеменiң сот үшiн алдын

ала бекiтiлген күшi болмайды деген iс жүргiзу ережесiмен қамтамасыз етiлген.

16-т а р а у. АЗАМАТТЫҚ IСТЕРДI

СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ

Page 114: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

§ 1. Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындаудың

мақсаты мен мiндеттерi

Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау бiрiншi сатыдағы соттардың

барлық азаматтық iстерi бойынша мiндеттi сатысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 13 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау туралы» № 21

нормативтi қаулысы соттар назарын сот тəжiрибесiнде азаматтық iстердi сот талқылауына дайындау мəселелерiн реттейтiн iс жүргiзу заңдылықтарының

нормаларын бiркелкi қолданудың қажеттiгiне аударды.

Арызды қабылдағаннан жəне азаматтық iстi қозғағаннан кейiн сот төрешiсi iстi дер кезiнде жəне дұрыс шешудi қамтамасыз ету мақсатымен

iстi сот талқылауына дайындайды. (ҚР АIЖК 166-баптың 1-бөлiгi). Iстi сот талқылауына дайындаудың əрбiр iс бойынша мiндеттi мiндеттерi

мыналар (ҚР АIЖК 166-баптың 2-бөлiгi). 1) iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар мəн-жайларды анықтау;

2) тараптардың құқықтық қатынастарын жəне басшылыққа алынуға тиiстi заңды анықтау;

3) iске қатысатын тұлғалар мен процестiң өзге қатысушыларының құрамы

туралы мəселенi шешу;

4) əрбiр тарап өздерiнiң растайтын дəлелдемелерiн негiздеу үшiн ұсынуға тиiс дəлелдемелердi анықтау.

Iстi сот талқылауына дайындау кезеңiне: ҚР АК-нiң 170-бабында аталған

əрекеттердi жеке өзi орындайтын сот төрешiсi; тараптар (ҚР АIЖК 48-бап);

əдiлсоттың болуына ықпал ететiн тұлғалар қатысады.

ҚР АIЖК 168-бабына сəйкес, сот төрешiсi əрбiр iс бойынша дау

категориясын есепке алу қажеттi болып табылатын нақты əрекеттердi

көрсете отырып iстi сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығаруға тиiс. Мысалы, талап етушiнi, жауап берушiнi шақырту, жауап берушiнiң iс бойынша қарсылығын анықтау, үшiншi тұлға ретiнде нақты бiр азаматты

тарту жəне т.б.

Ұйғарымды шығару кезiнде барлық қажеттi əрекеттердi қа-растырып

шығу мүмкiн емес. Iстi дайындау кезiнде қосымша əрекеттер қажет болса, сот төрешiсi оларды жасайды.

Егер де бiрiншi сатыдағы сотқа қайта қарауға түскен iс бо-йынша қандай

да бiр əрекеттердi жасау қажет болса, аппеляциялық немесе қадағалау

тəртiбiмен шешiмдi жоққа шығарғаннан кейiн, сот төрешiсi iстi дайындау

туралы ұйғарым шығарады.

Азаматтық iстi сот талқылауына дайындау арызды сот iсiне жəне iс қозғауға қабылдаған күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей

жүргiзiлуi тиiс. ҚР АIЖК-де басқа да мерзiмдер көрсетiлген:

Page 115: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– азаматты ұшты-күйлi жоғалды деп тану немесе қайтыс болды деп

хабарлау туралы iстер бойынша – осындай iстi қоз-ғағаны туралы сот ұйғарымы жергiлiктi газеттерге жариялан-ғаннан кейiн үш ай;

ҚР АIЖК 273-бап 1-бөлiмiне сəйкес сайлау құқығының бұзылуы туралы

даулар бойынша – арыз беру күнiнде. Даулардың бұл категориясы бойынша дайындау мерзiмi ұзартылуға жатпайды.

Алименттердi өндiрiп алу, жарақат алудан немесе денсаулыққа өзге де зақым келтiруден болған шығынды өтеу туралы iстерден басқа, аса күрделi

iстер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айырылған

жағдайлар бойынша жəне еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар

бойынша бұл мерзiм сот төрешiсiнiң дəлелдi ұйғарымымен бiр айға дейiн

ұзартылуы мүмкiн (ҚР АIЖК 167-бап).

Бiрiншi сатыдағы сот ретiнде iстi қарау кезiнде шығарған Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының ұйғарымына аппеляциялық тəртiппен

наразылық бiлдiруге, шағымдануға жатпайды жəне ол жариялаған күннен

бастап күшiне енедi.

Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы, соның қатарында ҚР АIЖК-нiң 344-

бабы 1-бөлiгiне сəйкес, iстi сот талқылауына да-йындау туралы ұйғарымға наразылық бiлдiруге жəне шағым жасауға болмайды. Iстi даулы деп тани

отырып, сот төрешiсi сот талқылауына тағайындау туралы ұйғарым

шығарады. Содан кейiн сот төрешiсi мен iске қатысушы тұлғалар iстi тыңдау

басталғанға дейiн жəне талқылауда кейiнге қалдырған уақытта дайындау

əрекеттерiн жүргiзулерiне болады.

§ 2. Iстi сот талқылауына дайындаудағы

сот төрешiлерiнiң iс-əрекеттерi

Iстi сот талқылауына дайындау арызды қабылдағаннан жəне азаматтық

iстi қозғағаннан кейiн басталады. Егер қабылданған арыз заңда көрсетiлген

талаптарға сай болмаса, сот төрешiсi iстi сот талқылауына дайындауды

бастай алмайды. Сот төрешiсi мұндай жағдайларда арызды қозғалыссыз қалдырады. Iстi сот талқылауына дайындау сатысында сот төрешiсi iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар мəн-жайларды анықтауы керек (ҚР АIЖК

166-бап).

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жыл-ғы 20

наурызында шығарған «Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңдарының кейбiр

нормативтi актiлерiн қолдану туралы» № 2 нормативтi қаулысының 9-

бөлiмiнде «сот iстi сот талқылауына дайындау сатысында да, iстi мəнi

бойынша қарау процесiнде де iстiң немен дəлелденетiнiн анықтауы тиiс»

делiнген.

Негiзiнен мəн-жайларды дəлелдеу мiндетi тараптардың мойнында, ал сот өз əрекеттерi арқылы iстiң немен дəлелденетiнiн анықтауы тиiс.

Заң бойынша белгiлi бiр дəлелдемелермен расталуы тиiс мəн-жайларға мысалы, келiсiмшартын жүзеге асыру бойынша туындаған даудың

Page 116: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

келiсiмшарты жатады. Сондықтан да, мұндай жағдайда келiсiмшарттан басқа ешбiр дəлелдеме бұл мəн-жайды растай алмайды.

Iстi сот талқылауына дайындау тəртiбi бойынша сот төрешiсi ҚР АIЖК

170-бабына сəйкес əрекет етедi.

Сот төрешiсi талап қоюшыны (оның өкiлiн) жəне жауап берушiнi

шақырып əңгiмелеседi, оларға ҚР АIЖК 47-бабында қарастырылған iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн түсiндi-редi, олардың қатарында дəлелдемелердi ұсыну бойынша мiндеттер немесе оған наразылық бiлдiру,

сонымен қоса, тараптардың өз құқықтарын орындамаған жағдайдағы

құқықтық салдарлары да бар. Талап қоюшының немесе жауап берушiнiң

өтiнiмi бойынша дəлелдемелердi талап етуде, сот төрешiсi бiр дəлелдеменiң

екiншi дəлелдемеден артықшылығы туралы пiкiр айтуға құқығы жоқ (ҚР

АIЖК 170-баптың 1-бөлiгi). Сот төрешiсi жауап берушiге талап қою арызының көшiр-месiн жəне оған

қоса тiркелген талап қоюшының талаптарын негiздейтiн құжаттарды

тапсырады жəне бекiтiлген мерзiмде талап қою арызына сын-пiкiрiн

(қарсылығын) бiлдiрудi жəне өз сын-пiкiрiн (қарсылығын) негiздеуге дəлелдемелер берудi ұсынады. Жауап берушiнiң пiкiрi мен дəлелдемелердi

бермеуi iстегi бар дəлелдемелер бойынша iстi қарауға кедергi келтiрмейдi

(ҚР АIЖК 169-бап).

Қажет болған жағдайларда сот төрешiсi жауап берушiнi шақырып алады,

одан iстiң мəн-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай

қарсылықтар бар екенiн жəне бұл қарсылықтардың қандай дəлелдермен

расталуы мүмкiн екенiн анықтайды; айрықша күрделi iстер жөнiнде жауап

берушiге iс бо-йынша жазбаша түсiнiк берудi ұсынады, оның iс жүргiзу

құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi. Жауап берушiден жауап алу кезiнде сот төрешiсi жауап берушiден өзi мойындаған талаптарын жəне талап

қоюшының талаптарын (толықтай немесе бiр бөлiгiн) мойнына алмайтындығы туралы тұжырымын көрсете отырып, талап қоюшы арызына қарсы сын-пiкiрлерiн жазбаша жазып берудi талап етедi (ҚР АIЖК 170-

баптың

1-бөлiгiнiң 2-тармағы). Егер де талап қоюшының арызында жауап берушiге қоятын талаптардың бары, ал жауап берушiнiң оған қарсы екендiгi анықталса, онда сот төрешiсi екi тарапты да шақырып, талап қоюшыға қосымша талаптарды қалай ұсыну керектiгi, жауап берушiге қарсы талап қою

арызын берудегi құқықтарын түсiндiредi. Мұндай жағдайда сот төрешiсi талап қоюшының арызымен бiр сот iсiнде қарау үшiн, жауап берушi-ден

қарсы талап арызын қабылдауы тиiс. Сот төрешiсi iске тең талап қоюшылардың, тең жауап берушiлердiң

дербес талаптары жоқ үшiншi тұлғалардың кiруi туралы мəселенi, сондай-ақ

тиiстi емес жауап берушiнi ауыстыру туралы мəселенi шешедi (ҚР АIЖК

170-баптың 1-бөлiгiнiң 3-тармағы). Егер де талап қою құқығына ие барлық

талап қоюшылардың бəрi бiрдей жауап берушiге талап қоймаған болса, сот мұндай тұлғаларға сот iсiнен қабылданған талап қою арызы туралы хабарлап,

Page 117: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

оларға бiрге талап қоюшылар ретiнде сот iсiне қатысу құқықтарын

түсiндiредi. Мұндай жағдайда соттөрешiсi олардың талап қоюшы жағынан

iске қатысуларын дербес талаптары жоқ үшiншi тұлғалар ретiнде iс жүргiзу

түрiнде рəсiмдеуi тиiс. Бiрге талап қоюшылардың келiсiмiнсiз сот оларды

iске қатысуға тарта алмайды.

Дауға дербес талаптарын қоюшы үшiншi тұлғалар iстi сот талқылауына талқылау сатысында iске қатыса алмайтынын есте ұстаған жөн. Олар iс қозғалып, бiрiншi сатыдағы сот шешiм шығарғанға дейiн бiр немесе екi

тарапқа талап қою арқылы iске ене алады. (ҚР АIЖК 52-бап.)

Дауға дербес талаптарын қоюшы үшiншi тұлғалар талап етушiге немесе жауап берушiге талап қою арқылы өз бастамалары бойынша iске қатысуға құқылары бар. Дербес талаптар қоймайтын үшiншi тұлғалар сот төрешiсi немесе тараптардың бастамалары бойынша талап қоюшы немесе жауап

берушi жағынан iске қатыса алады. Бұл тұлғалар тиiстi тараптың құқықтары

мен мiндеттерiн пайдалана алады, бiрақ талап қою арызының негiзiн

өзгертуге, қойылған талаптардың көлемiн ұлғайтуға немесе кiшiрейтуге, талап қою арызынан бас тартуға, талап қою арызын мойындауға, бейбiт келiсiм жасауға, қарсы талап қоюға, шешiмдi мəжбүрлi түрде орындауды

талап етуге құқылары жоқ (ҚР АIЖК 170-баптың 3-бөлiгi); Ерекше даулар бойынша сот төрешiсi тараптарға мұндай дау-ларды

аралық соттарға беру құқықтарын, осы iс-əрекеттi жасау тəртiбiн жəне оның

құқықтық салдарларын түсiндiредi (ҚР АIЖК 170-баптың 4-бөлiгi). Дегенмен де бұл құқық түсiндi-рiлмедi деген тараптардың тұжырымын iстi сот талқылауына тиiстi түрде дайындамау растауы тиiс.

Iстi сот талқылауына дайындау барысында, сот төрешiсi тараптарға, iске мүдделi азаматтар мен ұйымдарға iстi қараудың уақыты мен орны туралы

хабарлауы тиiс. Тұлғаларды сотқа шақырту мен хабарлаудың тəртiбi ҚР АIЖК 129–135-

баптарында анықталған. Iстi қарауға қатысы бар барлық тұлғаларға хабарлау

жəне сот талқылауын уақытында жəне дұрыс өткiзудiң қажеттi жағдай жасау

соттың мiндетi болып табылады.

ҚР АIЖК 129-баптың 2-бөлiгiне сəйкес, iске қатысушы тұлғалар, олардың

өкiлдерi, куəгерлер, сарапшылар, мамандар мен аудармашыларға сот отырысының өтетiн уақыты мен орны немесе жеке iс жүргiзу əрекеттерiн

жүргiзу хабарланады. Олар сотқа сот хабарламасы немесе тапсырғаны

туралы ескерту хат арқылы, сонымен қоса телефонограмма немесе телеграмма арқылы жəне т.б. байланыс құралдарын қолдану арқылы

шақырылады (ҚР АIЖК 170-баптың 5-бөлiгi); Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде куəгерлер сот отырысына

шақырылмайды. Əдетте олар сотқа iстi заңды жəне негiздi шешу үшiн

олардың жауаптары қажет болған жағдайда шақырылады жəне басқа дəлелдеу құралдарымен ауыстырылуы мүмкiн емес. Куəгерлердi сот отырысына шақыру туралы мəселенi сот төрешiсi тек өзi ғана шешедi (ҚР

АIЖК 170-баптың 6-бөлiгi).

Page 118: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот ҚР АIЖК 91-бабына сəйкес, тараптардың өтiнiмi бойынша жəне өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, жазбаша жəне заттай дəлелдемелердiң орнын қарауды,

сонымен қоса, iске маманды, аудармашыны (ҚР АIЖК 99-бап) шақыруды

шешедi. Сотта құжаттардың тым көптiгiнен, олар кəсiпорынның қалыпты

жұмыс iстеуi үшiн аса қажет болғандықтан, дəлелдемелердi сотқа алып келу

мүмкiн болмайтындықтан жəне басқа себептерден сотқа əкелуге қиындық

тудыратын құжаттарды қарау мен зерттеу қажеттiгi жиi туындайды, ал осы

құжаттардың алынған жəне куəландырылған көшiрмелерi дəлелдемелер

ретiнде жеткiлiксiз болады (ҚР АIЖК 84-бап). Мұндай жағдайларда сот жазбаша дəлелдемелердi тұрған жерiнде қарап, зерттейдi.

Сот төрешiсi кейiнге қалдыру мүмкiн болмайтын кезде, мысалы,

дəлелдеме тез бұзылатын тауар болатын болса, заттай дəлелдемелердi

қарайды. Қажет болған жағдайда, сот төрешiсi кеңес беру, түсiндiру жəне iс бойынша мамандандырылған көмек беру үшiн маман шақыру туралы

мəселенi шешуге мiндеттi. Талап қоюшыдан iс жүргiзу тiлiн аудару туралы

өтiнiш келiп түскен жағдайда, сот отырысындағы iстi жүргiзудi

аудармашымен қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады. Дəлел-

демелердiң орнын қарау кезiнде кезiнде суретке түсiру, бейне-таспаға жазу

қолданылуы мүмкiн, маман осы үшiн шақырылады.

Аталған iс жүргiзу əрекеттерi тараптардың қатысуымен жүргiзiледi жəне əрбiр жеке сот отырысында хаттама толтырылып отырады (ҚР АIЖК 255-

бап). Сараптама тағайындалған жағдайда, iстi сот талқылауына дайындау

кезiнде сот отырысының хаттамасы толтырылмайды (ҚР АIЖК 170-баптың

7–9-бөлiгi); ҚР АIЖК 57-бабына сəйкес, сот iстi сот талқылауына да-йындау

тəртiбiмен сот отырысына iс бойынша қорытынды беру үшiн мемлекеттiк

ұйымдардың өкiлдерiн жəне жергiлiктi өзiн- өзi басқару органдарын шақыру

мəселесiн шешуi тиiс. Тараптардың өтiнiмi бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дəлелдемелер талап етiледi (ҚР АIЖК 170-бап 1-бөлiгiнiң 8-

тармағы);

Тараптар мен өкiлдердiң өздерiне қажеттi дəлелдемелердi сот-қа ұсыну

мүмкiн болмайтын жəне қиындық тудыруы мүмкiн деп қауiптенуге негiздерi

бар арыздары бойынша, сот ҚР АIЖК 74–76-баптарының негiзiнде дəлелдемелердi қамтамасыз ету шараларын қолдануы керек. Сот төрешiсi iстi жүргiзу кезiнде, мысалы, тараптар мен үшiншi тұлғалардан түсiнiк алу,

нақты бiр куəгерден жауап алу, жазбаша жəне заттай дəлелдемелердi тексеру,

сарапшының қорытындысын алу қажеттiгi туындаса, жəне т.б.

дəлелдемелердi қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығарады.

Мұндай жағдайларда, егер дəлелдемелердi жинаудың iс жүргiзу

құралдары Қазақстан Республикасының өзге ауданында, облысында немесе қаласында болатын болса, сот төрешiсi өзге соттарға тапсырма жiберуге құқылы (ҚР АIЖК 170-бап

1-бөлiгiнiң 10–11-тармақтары); Тараптарды дəлелдемелермен қамтамасыз

Page 119: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ету немесе шет мемлекеттердегi дəлелдемелердi талап етуге көмектесу үшiн

сот төрешiсi сол мемлекетке жiберетiн сот тапсырмасы туралы ұйғарым

шығарады. Бұл ұйғарымды шет мемлекет 1993 жылы 22-қаңтарда Минск

қаласында Қазақстан Республикасымен жасалған «Азаматтық, отбасылық

жəне қылмыстық iстер бойынша құқықтық қатынастар мен құқықтық

көмектер туралы конвенцияның» негiзi бойынша орындайды.

Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот төрешiсi талап етушiнiң

өтiнiшi бойынша ҚР АIЖК-нiң 154-бабы 1-бөлiгiнiң 7-тармағына сəйкес оның берген арызын қайтару туралы дəлелдi ұйғарым шығарады (ҚР АIЖК

170-баптың 12-бөлiгi). Арызды қайтарып беру, талап қоюшының мол жауап

берушiге қарсы сотқа сол талаппен, сол негiзде қайта талап қою арызын

беруге кедергi бола алмайды.

Iстi сот талқылауына дайындау бойынша сот төрешiсiнiң қажеттi iс жүргiзу əрекеттерiне басқа да əрекеттердi жатқызуға болады.

§ 3. Iстi қарауға прокурордың қатысуы

Iстi қарауға прокурордың қатысуы туралы мəселенi шешу. ҚР АIЖК 55-

бабына сəйкес, төмендегi iстердi қарау үшiн прокурор сот отырысына мiндеттi түрде қатысуы керек:

а) азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы (ҚР АIЖК 299-бап);

б) ұл асырап алу (қыз асырап алу) (ҚР АIЖК 347–4-бап);

в) нормативтi-құқықтық актiнiң заңға сəйкес келмеуiнен прокурордың

наразылығын жоққа шығару туралы (ҚР АIЖК 287-бап);

г) ата-ана құқығынан айыру туралы («Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңының 67-бабы);

д) ҚР АIЖК 25–28-бөлiмдерiнде тiзiлген iстер бойынша. Прокурордың iстi қарауға мiндеттi түрде қатысуын сот өз ұйғарымында

жазып, оған iстi қарау уақыты мен орнын хабарлайды. Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде тараптарды iс жүргiзу уақытын үнемдеп, iстiң шешiлуiн

жылдамдататын бейбiт келiсiм жасауға көндiру мақсатында сот төрешiсi барлық мүмкiндiктердi пайдалануы тиiс. Талап қоюдан немесе бейбiт келiсiмге отырудан бас тартқан жағдайда, талап қоюшы сот төрешiсiне жазбаша түрде арыз жазуы тиiс. Бейбiт келiсiмдi бекiту немесе талап қою

арызынан бас тартуды қабылдау сот отырысы хаттамасында рəсiмделедi.

Сот төрешiсi тараптарға жасалып отырған iс жүргiзу əрекеттерiнiң құқықтық

салдарын түсiндiредi.

Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот төрешiсi бiрнеше талап қою

арыздарын бiрiктiре алады. Сот төрешiсi талаптарды жеке қарау барынша бiртұтас болып табылатындықтан, талап етушiнiң бiрiктiрген талаптарының

бiрiн немесе бiрнешеуiн бiр сот iсiне бiрiктiредi. €зара байланысты

талаптардың сипаты бойынша жəне жалпы дəлелдемелердiң бары арыздағы

барлық талаптарды бiр сот iсiнде барынша тез əрi дұрыс шешу мүмкiн

Page 120: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

болатын жағдайларда ғана бiрнеше талаптарды бiр сот iсiне бiрiктiруге болады.

Егер де сот мұндай талаптарды бөлiп қарау қажет деп тапса, талап

етушiнiң бiр арызға бiрiктiрген бiрнеше талаптарын бөлуге болады.

Егер де сот төрешiсi сот iсiнде сол бiр тараптар қатысатын бiрнеше бiрыңғай iстер барын немесе бiр талап етушiнiң арызында бiр жауап

берушiге қарсы бiрнеше iс барын не болмаса бiр жауап берушiге қарсы

бiрнеше талап етушiлер барын анықтаса, мұндай бiрiктiру бiр мақсатты

көздейдi деп таныса, оларды бiрге қарау үшiн бiр сот iсiне бiрiктiруге құқылы. (ҚР АIЖК 171-бап). Бiрнеше талаптарды бiрiктiру немесе оларды

бөлуге сот жеке ұйғарым шығарады, оған ҚР АIЖК 344-бабына сəйкес аппеляциялық тəртiп бойынша шағымдануға жəне наразылық бiл-дiруге болмайды.

Iстi сот талқылауына дайындау кезiнде ҚР АIЖК 242, 243-баптарының 1),

5) тармақшаларында жəне 247-бап 1), 5), 8), 9) тармақшаларында жəне 249-

бапта қарастырылған мəн-жайлар бар кезде сот: – iс бойынша сот iсiн тоқтата тұра алады;

– iс бойынша сот iсiн тоқтата алады;

– арызды қараусыз қалдыра алады..

Сот тараптарға мұндай iс жүргiзу əрекеттерiнiң салдарларын түсiндiруi

тиiс (ҚР АIЖК 172-бап).

Iстi сот талқылауына тағайындау. Iстi сот талқылауына да-йындау

аяқталғаннан кейiн сот төрешiсi iстi дайын деп тани отырып, оны сот отырысында талқылау туралы ұйғарым шығарады, тараптар мен iске қатысушы өзге тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орнын хабарлайды (ҚР

АIЖК 173-бап).

Сот төрешiсi алдын-ала iс материалдарын қарап жəне меңгерiп болған

соң, ол сот талқылауына жеткiлiктi түрдi толық дайын деген тұжырымға келедi, бұл жөнiнде, iстi тыңдайды тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

Ұйғарымды шығару iстi сот талқылауына дайындау барысында тиiстi iс жүргiзу əрекеттерiнiң жасалғанын, тараптар мен iске қатысушы барлық

тұлғалардың анықталғанын, олардың өтiнiмдерi мен талаптарының

анықталғанын, дəлелденуi тиiс дəлелдемелердiң анықталғанын, жауап

берушiге хабарланғанын жəне оған талап қою арызының көшiрмесi оған

тиiстi құжаттардың тiркелуiмен тапсырылғанын бiлдiредi. Сонымен бiрге, ұйғарымда сот отырысында iстi талқылаудың уақыты көрсетi-ледi. Iстi сот талқылауына тағайындағаннан кейiн өз уақытында тараптар мен iске қатысушы өзге тұлғаларға iстiң қаралатын уақыты мен орны хабарланады.

§ 4. Сот хабарламалары мен шақыртулары

Iске қатысушы тараптар мен олардың өкiлдерi сотқа жүгiнуге құқықтары

бар болғандықтан, оларға сот отырысының болатын уақыты мен орны

хабарланады, бiрақ олар сот отырысына қатысуға мiндеттi емес.

Page 121: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Куəгер, сарапшы, маман жəне аудармашы сот шақыруымен сотқа келуге

мiндеттi. Дегенмен де, iстi сотта талқылауға қатысы бар барлық тұлғаларға хабарлау жəне сот талқылауын уақытында əрi дұрыс жүргiзу соттың мiндетi болып табылады. Тұлғаларды сотқа шақыру жəне хабарлау iс-əрекеттерiн

жүргiзу тəртiбi ҚР АIЖК 129–135-баптарында анықталған.

Iске қатысушы тұлғалар, олардың өкiлдерi, сондай-ақ куəгерлер,

сарапшылар, мамандар мен аудармашыларға сот отырысының болатын

уақыты мен орны немесе жеке iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуге хабарлама жiберiледi жəне сотқа сот шақыртуы арқылы шақырылады.

Қажет болған жағдайларда, iске қатысушы тұлғалар, сонымен қоса куəгерлер, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар хабарланып немесе арнайы хаттың тапсырылғандығы туралы мəлiмденiп, телефонограммамен

немесе жеделхатпен, жəне бас-қа да шақырту мен құлақтандыруды

қамтамасыз ететiн байланыс құралдарымен шақырылуы мүмкiн (ҚР АIЖК

129-баптың 2-бөлiгi). Сот хабарландырулары немесе шақыртулары хабарланушы мен

шақырылушыға сотқа жəне iстi сотқа дайындауға өз уақытында келуiне уақыт жеткiлiктi болатынын ескере отырып берiлуi керектiгi ҚР АIЖК 129-

бабының 3-бөлiгiнде қарас-тырылғанын ескеру керек.

Хабарлау немесе шақырту хабарланатын адамға немесе шақырылушыға iске қатысушы тараптың немесе басқа адамның көрсеткен мекенжайына жiберiледi. Егер сотқа хабарланған мекенжайда азамат мүлдем тұрмайтын

болса, хабарлама немесе шақырту жұмыс орнына жiберiлуi мүмкiн.

Мекемеге жiберiлген хабарлама немесе шақырту оның мекенжайына жiберiледi.

Хабарлама, шақырту қағазының, шақырудың мазмұны. Соттың шақырту

қағазы хабарлама мен шақырудың негiзгi түрi болып табылады. АIЖК 130-

бабына сəйкес, шақырту қағазында жəне басқа да хабарламаларда, шақыруда мына деректемелер болуы тиiс:

1) хабарлама жiберiлiп немесе сотқа шақырылып отырған адамды көрсету

(аты, тегi, əкесiнiң аты жəне шақыртылып отырған азаматтың мекенжайы,

мекеме аты мен орналасқан жерi);

2) соттың нақты мекенжайы мен атауы;

3) келетiн жерi мен уақыты;

4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жiберiлген iстiң аты;

5) адресат кiм ретiнде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын

көрсету;

6) iске қатысушы тұлғаларға iс бойынша оларда бар барлық

дəлелдемелердi табыс етудi ұсыну;

7) шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды жеткiзуге

қабылдап алған адамның адресат болмаған жағдайда оны мүмкiндiк болған

сəтте адресатқа тапсыруға мiндетi;

Page 122: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

8) хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа келмей қалу

салдарын жəне оның келмеу себебiн сотқа хабарлауға мiндеттi екенiн

көрсету;

9) шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жiберушi

адамның қолы. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмма жiберген

адам оны кiмге жəне қай уақытта бергендiгiн көрсете отырып өзiнiң қол

қоюымен куəландыруы тиiс. Сот төрешiсi бiр мезгiлде шақыру қағазымен бiрге жауап берушiге талап

қою арызының көшiрмесi мен арызға қоса тiркелген құжаттардың

көшiрмесiн жiбередi. Талап қоюшыға жiберетiн шақыру қағазымен бiрге сот төрешiсi жауап берушiнiң жазбаша түсiнiктемелерiнiң көшiрмесiн жəне онымен бiрге егер олар сотқа түскен болса, оларға қоса тiркелген

құжаттардың көшiрмесiн жiбередi.

Шақыру қағазын жеткiзу. Шақыру қағаздары хабардар етiлiп,

тапсырысты хатпен почта арқылы жеткiзiледi немесе судья тапсырған

адамдар жеткiзедi. Шақыру қағазын адресатқа тапсыру уақыты шақыру

қағазының сотқа қайтарылуға тиiстi түбiрше-гiнде белгiленедi.

Сот тəжiрибесiнде хабарламаларды iске қатысушы тұлғалар арқылы

тарату кең тараған. Мұндай жағдайларда сот төрешiсi уақытты үнемдеу

мақсатында iске қатысушы тұлғаның келiсi-мiмен оның қолына iс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын өзге тұлғаның шақыру қағазын бере алады.

Бұл ретте шақыру қағазын жеткiзу тапсырылған адам оны тапсырған күнi

көрсетiлген жəне адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнiнде қолы

қойылған шақыру қағазының түбiр-шегiн сотқа қайтаруға мiндеттi (ҚР АIЖК

131-бап).

Шақыру қағазын тапсыру. Соттың тиiстi адамға соттың шақыру қағазын

тапсыру туралы даусыз дəлелдемесi болуы керек. Сондықтан да, шақыру

қағазы жiберiлген азаматқа жеке табыс етiлiп, ол сотқа қайтарылуға тиiстi түбiршекке қол қоюы керек. Ұйымға жiберiлген шақыру қағазы оның өкiлiне немесе басқару қызметiн атқаратын тиiстi адамға табыс етiледi, ол шақыру

қағазының түбiршегiне оны алғандығы жөнiнде өзiнiң қызметiн, тегiн жəне атын көрсетiп аты-жөнiн көрсетiп қол қояды.

Егер шақыру қағазын жеткiзушi адам iс бойынша хабарланатын немесе шақырылатын азаматты тұрғылықты жерiнен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы олардың келiсiмiмен – онымен бiрге тұратын

отбасының ересек мүшелерiнiң бiрiне, ал ол болмаған жағдайда тұрғын үй–

пайдалану ұйымына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына немесе адресаттың

тұрғылықты жерi бойынша тиiстi атқарушы органға немесе оның жұмыс орнындағы əкiмшiлiкке тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын

қабылдап алған адам шақыру қағазының түбiршегiне өзiнiң тегiн, атын,

əкесiнiң атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын

қызметiн көрсетуге мiндеттi. Шақыру қағазын қабылдап алған адам

Page 123: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

мүмкiндiгiнше кiдiртпей шақыру қағазын адресатқа тапсыруға мiндеттi (ҚР

АIЖК 132-баптың 2-бөлiгi). Адресат уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазын жеткiзушi адам

шақыру қағазының түбiршегiне адресаттың қайда кеткендiгiн жəне оның

қашан қайтып келуi мүмкiн екендiгiн белгiлейдi. Бұл мəлiметтердi – тұрғын

үй-пайдалану ұйымы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы немесе адресаттың

тұрғылықты жерi бойынша тиiстi атқарушы орган немесе оның жұмыс орны

бойынша əкiмшiлiк, ал оларда бұл мəлiметтер болмаған жағдайда онымен

бiрге тұратын отбасының ересек мүшелерiнiң бiрi растауға жəне куəландыруға тиiс (ҚР АIЖК 132-баптың 3-бөлiгi).

Адресат шақыру қағазын, телеграмманы немесе хатты қабылдаудан бас тартқан жағдайда оны жеткiзушi немесе табыс етушi адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе хабарламаға, шақыруға тиiстi белгi соғады. Адресаттың шақыру қағазын немесе өзге хабарламаны қабылдаудан

бас тартуы туралы белгiнi тұрғын үй-пайдалану ұйымы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы немесе шақырылған адамның тұрғылықты жерi бойынша тиiстi атқарушы орган немесе оның жұмыс орны бойынша əкiмшiлiк

куəландырады.

Шақырылған адамның шақыру қағазын немесе шақыру туралы өзге құжатты алудан бас тартуы iстi қарауға немесе жеке-леген iс жүргiзу

əрекеттерiн жасауға кедергi болмайды (ҚР АIЖК 133-бап).

Iске қатысушы тұлғалар мен олардың өкiлдерi iс бойынша сот iсi кезiнде сотқа өз мекенжайының ауысқаны туралы хабарлауға мiндеттi. Хабарланбаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама, шақыру

сотқа белгiлi соңғы мекен-жай бойынша жiберiледi жəне адресат бұл мекен-

жайда тұрмаса да жеткiзiлдi деп есептеледi (ҚР АIЖК 134-бап).

Жауап берушiнiң қоныстанған нақты жерi белгiсiз болған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының,

немесе жауап берушiнiң соңғы белгiлi тұрғылықты жерi бойынша тиiстi атқарушы органның немесе оның соңғы белгiлi жұмыс орны бойынша əкiмшiлiктiң шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны, шақыруды

алғанын растайтын жазу бар сот шақыруы сотқа келiп түскеннен кейiн сот iстi қарауға кiрiсуге құқылы.

Мемлекет мүдделерiне орай, сондай-ақ алименттердi өндiрiп алу,

асыраушысының жарақаттануынан немесе денсаулыққа өзгедей зақым

келтiруден немесе қайтыс болудан болған зиянды өтеу туралы талап қою

бойынша жауап берушiнiң тұрғылықты жерi белгiсiз болған жағдайда сот жауап берушiнi iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы арқылы

iздестiру жариялауға мiндеттi. Соттың жауап берушiнi iздестiрудi жариялауы

iстi қарауға кедергi болмайтынын ескерген жөн. Iздестiру шаралары

барысында жауап берушiнiң тұрғылықты жерi анықтал-ған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi. Жауап берушiнi

iздестiру жөнiндегi шығындарды өндiрiп алу iшкi iстер органының немесе

Page 124: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қаржы полициясының мəлiмдеуi бойынша сот бұйрығын беру жолымен

жүргiзiледi (ҚР АIЖК 135-баптың 3-бөлiгi). 16-т а р а у . СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ

§ 1. Сот талқылауы ұғымы мен оның мəнi

Сот талқылауы (сот отырысы) – азаматтық iстiң негiзгi сатысы. Бұл

сатыда сот отырысында азаматтық iстер бойынша iстi талқылау жəне шешу

арқылы əдiл сот жүзеге асады. Сот отырысында тараптардың құқықтары мен

мiндеттерi анықталады, олардың тұжырымдары тыңдалады, тараптар мен

iске қатысушы өзге да тұлғалар ұсынған дəлелдемелер зерттелiп, бағаланады,

олардың нəтижесi бойынша сот шешiмi шығарылатын iстiң нақтылы мəн-

жайлары анықталады.

Сот талқылауының нəтижесiнде азаматтық iс жүргiзу құқығының

принциптерi жүзеге асырылады, iске қатысушы тараптар мен өзге де тұлғалардың бұзылған немесе жоққа шығарылған құқықтары, бостандықтары

мен заңмен қорғалатын мүдделерi бойынша мəселелер шешiледi.

Сотта iстi талқылау барлық iс жүргiзу əрекеттерiн заңға сəйкес қатаң

жүйелi түрде жүргiзiледi.

Азаматтық iстердi сотта талқылау əрқайсысы толық баяндалатын төрт жүйелi сатыдан тұрады:

1) сот талқылауына дайындау бөлiмi.

2) iстердi мəнi бойынша қарау.

3) сот жарыссөздерi.

4) iс бойынша шешiм шығару жəне жариялау.

Сот талқылауына дайындау бөлiмi. Бұл бөлiмнiң мақсаты iстiң мəнi

бойынша қарау мүмкiндiгiн анықтау болып табылады.

Төрағалық етудi сот төрешiсi атқарады. Төрағалық етушiнiң мiндетiне отырыс барысына басшылық ету, iстiң барлық мəн-жайларының анықталуын

қамтамасыз ету, iс жүргiзу əрекеттерiнiң жүйелiлiгi мен тəртiбiн сақтау,

процеске қатысушылардың iс жүргiзу құқықтарын жүзеге асыру жəне олардың өз мiндеттерiн орындату, процеске тəрбиелiк ықпал ету, қаралатын

iске қатысы жоқ мəселелердiң барлығын сот қарауынан шығарып тастау

жатады.

Процеске қатысушылардың бiреуi төрағалық етушiнiң iс-əрекетiне қарсылық бiлдiрген жағдайда, бұл қарсылық бiлдiрулер сот отырысының

хаттамасына енгiзiлуi тиiс. Төрағалық етушi iске қатысушыларға өзiнiң iс-əрекеттерiне қатысты түсiнiктеме бередi. Ол сот отырысында тиiстi тəртiптi сақтауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шараларды қолдануы керек. Оның

өкiмi процеске қатысушылардың барлығы үшiн, сондай-ақ сот отырысы

залында қатысып отырған барлық азаматтар үшiн мiндеттi (ҚР АIЖК 176-

бап).

Iстi сот талқылауына дайындау бөлiмiнде төрағалық етушi заңда қарастырылған барлық iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзедi. Сот жүргiзу уақыты

Page 125: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

белгiленген уақытта төрағашылық етушi сот отырысы залына кiредi, ол

кiрген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұруы тиiс, содан

соң сот төрешiсi олардың отыруын сұрайды, сот отырысында қарастырылатын азаматтық iс жөнiнде хабарлап, сот отырысын ашық деп

жариялайды (ҚР АIЖК 178–180-баптар). ҚР АIЖК-нiң 177-бабына сəйкес, сот сотта iстi қарау кезiнде iске қатысушылардың барлығын тыңдауға, iс үшiн маңызы бар дəлелдемелердi зерттеуге мiндеттi. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар

белгiленген тəртiптi сақтауға мiндеттi. Олар мыналардан тұрады: қазiргi таңда, сотқа барлығы «Сiздiң мəртебеңiз» деп жүгiнiп, өздерiнiң жауаптары

мен түсiнiктемелерiн түрегеп тұрып айтуға мiндеттi. Сонымен қоса, сот шешiмiн немесе сот ұйғарымын сот отырысы залындағы жұрттың барлығы

түрегеп тұрып тыңдайды (ҚР АIЖК 178-бап).

Сот отырысы залында тəртiп бұзушыларға сот атынан мынадай шаралар

қолданылады:

1) ескерту;

2) қайта тəртiп бұзған кезде сот отырысы залынан шығару;

3) əкiмшiлiк жазаға тарту;

4) қылмыстық iс қозғау туралы мəселенi шешу үшiн материалдарды

жiберу;

Азаматтар жаппай тəртiп бұзған кезде сот iске қатыспайтын азаматтардың

барлығын сот отырысы залынан шығарып, iстi жабық отырыста қарауы

немесе iстi қарауды кейiнге қалдыруы мүмкiн (ҚР АIЖК 179-бап).

Егер сот отырысы залында тəртiп сақталса, сот қарауы басталады. Сот отырысының хатшысы iс бойынша шақырылған адамдарды тексеру

нəтижесiн, сотқа келмеген адамдар туралы мəлiметердi жəне олардың келмеу

себептерiн, хабарламалар мен сот шақыртуларын тапсыру тəрбiнiң сақталуы

туралы сотқа баяндайды (ҚР АIЖК 181-баптың 1-бөлiгi). Содан соң

төрағалық етушi келгендердiң кiм екендiгiн (ҚР АIЖК 181-баптың

2-бөлiгi) олардың аты-жөндерiн, əкесiнiң атын, туған жылын, жұмыс орны

мен мекен-жайын анықтайды, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен олардың

өкiлдердiнiң өкiмдiктерiн, көп жағдайларда өкiмдiктiң ауқымын, оның iстi қарауға қатысуына кедергi келтiретiн негiзiнiң бар-жоқтығын тексередi,

өкiлдiң бiр реттiк сенiмхатын, адвокат берген ордерiн, ҚР АIЖК 61, 62-

баптарында аталған тұлғаларға берген тапсырманы iске тiркейдi. Жалпы

берiлген сенiмхат iске тiркелмейдi, ол сот отырысы хаттамасында мазмұны

(кiмге, кiмнен, қашан берiлгенi жəне өкiмдiк ауқымы) жазылады.

Егер де процесте сот жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн тұлғалар

қатысатын болса, төрағалық етушi шақырылған аудармашыға сот отырысына қатысушы тұлғалардың барлық айтқандарының мазмұнын аудару бойынша оның құқығы мен мiндет-терiн түсiндiредi, сонымен қатар қасақана дұрыс аударма жасағаны үшiн қылмыстық жазаға тартылатынын ескертедi.

Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына тiркеледi. Егер ол сотқа келуден немесе өз мiндеттерiн орындаудан

Page 126: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жалтарған жағдайда оған əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарға сəйкес əкiмшiлiк айыппұл салынуы мүмкiн (ҚР АIЖК 182-бап). Содан соң

iске төрағалық етушi келген куəгерлердi сот отырысы залынан шығарып,

жауап алынбаған куəгерлер мен жауап берген куəгерлердiң бiр-бiрiмен

сөйлес-пеуiне шара қолданады (ҚР АIЖК 183-бап). Бұл шара куəгер-лердiң

бiр-бiрiмен келiсiп алуларын, күмəндi куəгерлiк айғақтар берудi

болдырмайды. Куəгерлердi сот отырысы залынан шығарғаннан кейiн,

төрағалық етушi сот құрмын жария етедi, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретiнде кiмдердiң қатысатынын

хабарлайды жəне iске қатысушы тұлғаларға олардың қарсылық бiлдiру, бас тарту құқықтарын түсiндiредi (ҚР АIЖК 184-бап).

Төрағалық етушi маманға, сарапшыға өз құқықтары мен мiндеттерiн

түсiндiрiп, дұрыс қорытынды бермеген жағдайда қылмыстық

жауапкершiлiкке тартылатыны жөнiнде ескертiп қолхат алады, ол хаттамаға тiркеледi.

§ 2. Сот төрешiлерiнiң жəне сот iсiне қатысушылардың

қарсылықтары

Азаматтық iс жүргiзу заңдарында сот төрешiсi, прокурор, сот отырысының хатшысы, сарапшы, маман, аудармашы, сот орындаушысы

немесе сот приставының қарсылық бiлдiрулерi мүмкiн екендiгi қарастырады.

Заңда тараптар өкiлдерiнiң қарсылық бiлдiру мүмкiндiгi қарастырылмағандығын ескере кету керек.

Қарсылық бiлдiруге заң құқық берген субъектiлерге тараптар, үшiншi

тұлғалар, прокурор, мемлекеттiк органдар жəне жергi-лiктi өзiн-өзi басқару

органдары жатады (ҚР АIЖК 44-бап).

Сот төрешiсiне қарсылық бiлдiру үшiн негiздер. ҚР АIЖК 40-ба-бының

1-бөлiмiнде тек сот төрешiлерiнiң ғана қарсылық бiлдiру-лерi емес, барлық

субъектiлерге ортақ болып табылатын сот төрешiсiне қарсылық бiлдiрудiң

үш негiзi көрсетiлген. Олар сотқарауына қатыса алмайды, жəне оларға қарсылық бiлдiрiледi, егер сот төрешiсi:

1) осы iстi алдыңғы қарау кезiнде куəгер, сарапшы, маман, аудармашы,

өкiл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретiнде қатысса;

2) сот төрешiсi iске қатысушы тұлғалардың немесе олардың өкiлдерiнiң

бiреуiнiң туысы болса; 3) сот төрешiсi iстiң нəтижесiне жеке, тiкелей немесе жанама түрде

мүдделi болса немесе оның əдiлдiгiне негiздi күмəн туғызатын өзге де мəн-

жайлар болса. Iстi қараушы сот құрамына өзара туыстық қатысы бар тұлғалардың

кiрмейтiнiн ескере кету керек (ҚР АIЖК 40-бап).

Page 127: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот төрешiсiне, маман мен сарапшыға қарсылық бiлдiру үшiн қосымша

негiздер (ҚР АIЖК 39-бап):

1) сот төрешiлерiне қарсылық бiлдiрудiң қосымша негiздерi, егер (ҚР

АIЖК 39-бап):

– бiрiншi сатыдағы сотта азаматтық iстi қарауға қатысқан сот төрешiсi сол

iстi аппеляциялық немесе қадағалау сатысында қарауға қатыса алмайды;

– апелляциялық сатыда шешiмдi жоққа шығаруға қатысқан сот төрешiсi, бiрiншi сатыдағы сотта iстi жаңадан қарауға қатыса алмайды;

– апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья осы iстi бiрiншi немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды;

– апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан сот төрешiсi бiрiншi немесе қадағалау сатыларында осы iстi қарауға қайтадан қатыса алмайды;

– апелляциялық жəне қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан

сот төрешiсi оның қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда, аталған сатыларда осы iстi қарауға қайта қатыса алмайды;

– қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан сот төрешiсi, осы

iстi бiрiншi жəне аппеляциялық сатыда қайта қарауға қатыса алмайды.

2) маман мен сарапшыға қарсылық бiлдiру үшiн қосымша негiздер (ҚР

АIЖК 41-баптың 1 жəне 2-бөлiктерi):

– егер ол iске қатысушы тұлғаларға немесе олардың өкiл-дерiне қызмет жағынан немесе өзгедей тəуелдi болса немесе тəуелдiлiкте болып келсе;

– сотқа жүгiнуге негiз болған немесе берiлген азаматтық iстi қарауға пайдаланылған материалдарға тексеру жүргiзсе.

Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот приставының берiлген iстi алғашқы қарау кезiнде тиiсiнше прокурор,

сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы

ретiнде қатысуы оларға қарсылық бiлдiруге негiз болып табылмайтынын

ескеру керек.

Сонымен қоса, сараптама қорытындысының дұрыстығына күмəн

туындауына орай қайталап жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы iстi алғашқы қарау кезiнде сарапшы ретiнде қатысуы оған

қарсылық бiлдiру үшiн негiз болмайтынын да ескеру керек (2006 жылы 4

шiлдеде Қазақстан Республикасы Заңында жарияланған ҚР АIЖК 41-бап).

Қарсылық бiлдiру əрекетi (ҚР АIЖК 42–43-баптар). Заң ҚР АIЖК 41–42-

баптарында аталған қарсылық бiлдiруге (өздiгiнен бас тартуға) негiз бен

оларды шешу тəртiбiн қарастырады. Осы негiздер бойынша iске қатысушы

тұлғалар қарсылық бiлдiре алады.

€здiгiнен бас тарту мен қарсылық бiлдiру iстi мəнi бойынша қарау

басталғана дейiн дəлелденiп, мəлiмделуге тиiс. Iстi қарау барысында өздiгiнен бас тарту (қарсылық бiлдiру) туралы мəлiмдеме жасауға қарсы болу

(қарсылық бiлдiру) негiздерi сотқа немесе өздiгiнен бас тартуды (қарсылық

бiлдiрудi) мəлiмдеушi адамға iстi қарау басталғаннан кейiн белгiлi болған

жағдайда ғана жол берiледi.

Page 128: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Iстi жеке дара қараушы сот төрешiсiне мəлiмделген қарсылық бiлдiрудi

(өздiгiнен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа сот төрешiсi, олар болмаған жағдайда – жоғары тұрған сот төрешiсi қарайды.

Қарсылық бiлдiрудi қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы

ұйғарымға шағым жасалмайды жəне наразылық бiлдiрiл-мейдi. Ұйғарыммен

келiспейтiнi туралы тұжырымдар аппеляциялық немесе қадағалау

шағымдарына, наразылық бiлдiрулерге енгiзiлуi мүмкiн.

Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы

хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздiгiнен бас тартуы

(қарсылық бiлдiруi) туралы мəселесiн iстi қарайтын сот шешедi.

Қарсылық бiлдiру мəлiмделген жағдайда сот егер ол түсiнiк-теме бергiсi келсе, қарсылық бiлдiрген iске қатысушы тұлғалардың пiкiрiн тыңдайды.

Қарсылық бiлдiру туралы мəселенi қарсылық бiлдiрiлген сот төрешiсiнiң

қатысуынсыз кеңесу бөлмесiнде шешедi. Қарсылық бiлдiру дауыстарының

саны тең болған кезде тұлғаға қарсылық бiлдiрiлген болып есептелiнедi.

Соттың бүкiл құрамына немесе көпшiлiгiне мəлiмделген қарсылық бiлдiрудi

нақ сол сот құрамы шешедi. Iстi жеке қараушы сот төрешiсiне қарсылық

бiлдiрiлген жағдайда қарсылық бiлдiру мəселесiн сол соттың сот төрешiлерi

шешедi. €здiгiнен бас тарту (қарсылық бiлдiру) туралы мəселенi шешу

кезiнде сот ұйғарым шығарады (2006 жыл-ғы 4 шiлдесiнен, 2001 жылғы 11

шiлдедегi Заңда жарияланған, 42-бап).

Қарсылық бiлдiру (өздiгiнен бас тарту) туралы мəлiмдеменi

қанағаттандырудың салдары. Аудандық немесе оған тең сотта iстi қараушы

сот төрешiсiне қарсылық бiлдiрген (өздiгiнен бас тартқан) жағдайда бұл iстi сол сотта басқа сот төрешiсi қарайды. Сот төрешiсiн ауыстыру мүмкiн

болмаса, жоғары тұрған сот арқылы iс басқа аудандық сотқа берiледi.

Облыстық немесе оған тең сотқа, Қазақстан Республикасының Жоғары

Сотында iстi қарау кезiнде сот төрешiсi өздiгiнен бас тартқан не қарсылық

бiлдiрiлген жағдайда не болмаса соттың барлық құрамына қарсылық

бiлдiрген жағдайда, iстi сол соттағы басқа сот төрешiсi немесе басқа құрамдағы сот төрешiлерi қарайды.

Егер берiлген iстi қарау үшiн облыстық немесе оған тең сотта соттың жаңа құрамын құру мүмкiн болмаған жағдайда, ол қаралатын сот ұйғарымы үшiн

iс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берiлуi тиiс (ҚР АIЖК 43-

бап).

Қарсылық бiлдiрудi қанағаттандыру кезiнде iстi қарауға сот төрешiсiн

немесе iске қатысушы басқа тұлғаны ауыстыру үшiн iс кейiнге қалдырылады.

Қарсылық бiлдiру кезiнде сот отырысы жалғаса бередi. Қарсылық бiлдiру

мен өзiндiк бас тарту мəселесi шешiлгеннен кейiн, төрағалық етушi iске қатысушы тұлғаларға жəне өкiлдерге олардың iс жүргiзу құқықтары мен

мiндеттерiн, соның iшiнде тараптарға дауды шешу үшiн аралық сотқа жүгiну

құқығын, осындай əрекеттiң салдарларын түсiндiредi (ҚР АIЖК 185-бап).

Page 129: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Iске қатысушы тұлғалардың жəне өкiлдердiң iстi қарауға байланысты

мəселелер жөнiндегi өтiнiмдерi iске қатысушы басқа тұлғалардың пiкiрлерi

тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешiледi (ҚР АIЖК 186-бап). Тараптар

қосымша дəлелдемелердi талап ету, iстi қарауды кейiнге қалдыру жəне т.б.

өтiнiм жасай алады. Шағым бiлдiру туралы шешiмдi сот тараптар мен iске қатысушы басқа да тұлғалар пiкiрiн тыңдап болғаннан кейiн қабылдайды.

€тiнiмдер туралы шешiмдi сот тек тараптардың ғана емес, iске қатысушы

тұлғалардың пiкiрлерiн тыңдағаннан кейiн шығарады. Оның үстiне өтiнiмдер

бойынша сот ұйғарымы кеңесу бөлмесiнде құрылады (егер сұрақтар күрделi

болған жағдайда) не сот отырысы залында шығарылады. Содан кейiн, сот сот отырысына келмеген тұлғалардың мəселелерiн шешуге кiрiседi (ҚР АIЖК

187–188-баптар).

§ 3. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру

Iске қатысушы тұлғалар мен өкiлдердiң сот отырысына келмеу

салдарлары олардың келмеу себептерi мен сотта оларға хабарлама мен сот шақыртуларын жiберу туралы мəлiметтердiң барына байланысты. Iске қатысушы тұлғалар сотқа келмеу себептерiн хабарлауға жəне осы

себептердiң дəлелдi дəлелде-мелерiн ұсынуға мiндеттi (ҚР АIЖК 187-бап 1-

бөл).

Iске қатысушы тұлғалардың бiреуi сот отырысына келмеген жағдайда, жəне оларға хабарланғаны жөнiнде мəлiметтер жоқ болса, iстi қарау кейiнге қалдырылады (ҚР АIЖК 187-баптың 2-бөлiгi).

Егер iске қатысушы тұлғалардың сот отырысына келмеу себептерiн сот дəлелдi деп танған жағдайда iстi қарау кейiнге қалдырады (ҚР АIЖК 187-

баптың 3-бөлiгi). €кiлiнiң дəлелдi себептермен сот отырысына келмеуiне байланысты iске

қатысушы тұлғаның өтiнiмi бойынша сот iстi қа-рауды кейiнге қалдыра алады (ҚР АIЖК 187-баптың 6-бөлiгi).

Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған iске қатысушы

тұлғаның өкiлiнiң келмеуi iстi қарауға кедергi бола алмайды.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарланған iске қатысушы тұлғалардың бiреуi сот отырысына келмеген жағдайда сот iстi сырттай қарау тəртiбiмен қарауға құқылы (ҚР АIЖК 187-баптың 4-бөлiгi), егер:

– олардың келмеу себептерi туралы мəлiметтердiң болмауы;

– сот оның келмеу салдарын дəлелсiз деп тапса; – жауап берушi iс бойынша сот iсiн қасақана созып отыр деп таныса. Тараптар соттан iстi олардың қатысуынсыз қарауын жəне оларға

шешiмнiң көшiрмесiн жiберу туралы жазбаша түрде өтiнуге құқылы.

€тiнiмнiң барына қарамастан, егер бұл iстiңмəн-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптың (тараптардың) сот отырысына қатысуын мiндеттi деп

тануға құқылы (ҚР АIЖК 187-баптың 5-бөлiгi).

Page 130: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Куəгер, маман, сарапшы, аудармашының сот отырысына келмеу

салдарлары (ҚР АIЖК 188-бап). Куəгер, сарапшы немесе аудармашы мен

маман сот отырысына келмеген жағдайда сот iске қатысушы тұлғалардан iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрлерiн тыңдап, iстi қарауды

жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны

ауыстыру мүмкiндiгi болмаса, сот iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы

ұйғарым шығарады.

Егер шақырылған куəгер, сарапшы, маман немесе аудармашының сот отырысына келмеуiн сот дəлелдi емес деп таныған жағдайда, оларға əкiмшiлiк ескерту жасалады немесе оннан жиырмаға дейiнгi айлық

көрсеткiш көлемiнде айыппұл салынуы мүмкiн (ҚР ƏҚБтК 513-бап).

Сонымен бiрге олар ҚР АIЖК 120-бабына сəйкес, сот отырысына мəжбүрлеп

келтiруi де мүмкiн.

Куəгер жауап беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн, тек ҚР

АIЖК 17-бабында (туыстары мен жақындарына қарсы жауап беруден босату)

қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда Қазақстан

Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 353-бабына сəйкес қылмыстық

жазаға тартылуы мүмкiн,

Iстi қарауды кейiнге қалдыру. (ҚР АIЖК 189-бап). Сот мынадай

жағдайларда iстi қарауды кейiнге қалдыруға құқылы:

– ҚР АIЖК 187 жəне 188-баптарда қарастырылған жағдайларда; – егер сот iске қатысушылардың бiреуiнiң келмеуiне байланысты iстi

қарау мүмкiндiгi жоқ деп таныса; – қарсы талап қою арызын ұсынған жағдайда; – қосымша дəлелдемелердi талап ету немесе ұсыну қажет болғанда; – iске басқа тұлғаларды тартқан жағдайда; – өзге де iс жүргiзу əрекеттерiн жасау қажет болғанда. Сот төрешiсi iстi қарауды кейiнге қалдырған кезде жаңа сот отырысының

күнi белгiленедi, бұл жөнiнде келген тұлғаларға хабарланып, қолхат алынады. Сот отырысына келмегендерге жəне iске қатысуға жаңадан

тартылған тұлғаларға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы

шақыру қағазы (хабарлама) жiберiледi (ҚР АIЖК 189-бап).

§ 4. Iстi мəнi бойынша қарау

Iстi мəнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң арыздағы талаптардың мəнiн

қысқаша баяндаудан басталады. Сот талап қоюшының өз талаптарын қолдай

ма жоқ па, жауап берушiнiң талап қоюшының талаптарын мойындайтын-

мойындамайтыны жəне ол iстi бейбiт келiсiммен аяқтауды немесе iстi аралық

сот-қа қарауға берудi қалайтын-қаламайтыны туралы мəселелердi анықтайды

(ҚР АIЖК 192-бап).

Егер ден талап қоюшы талап қоюдан бас тартатын болса, жауап берушi

талап қоюды мойындаса немесе тараптар iстi бейбiт келiсiммен аяқтауға

Page 131: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

келiссе, онда бұл туралы сот отырысының хаттамасына енгiзiледi жəне оларға тиiсiнше талап қоюшы, жауап берушi немесе екi тарап та қол қояды.

Егер талап қоюдан бас тарту, жауап берушiнiң талап қоюды мойындауы

немесе тараптардың бейбiт келiсiмi сотқа жолданған жазбаша арыздарда жазылса, олар iске қоса тiркеледi, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетiледi (ҚР АIЖК 193-баптың 1-бөлiгi).

Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға не талап қою мо-

йындалғанға немесе тараптардың бейбiт келiсiмiнiң шарттары бекiтiлгенге дейiн сот талап қоюшыға, жауап берушiге немесе тараптарға тиiстi iс жүргiзу

əрекеттерiнiң салдарын түсiндiредi (ҚР АIЖК 193-баптың 2-бөлiгi). Талап

қоюдан бас тартуды қа-былдау немесе тараптардың бейбiт келiсiмiнiң

шарттарын бекiткенге дейiн сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бiр

мезгiлде iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады (ҚР АIЖК 193-баптың 3-бөлiгi). Жауап берушi талап қоюды мойындағанда жəне оны қабылдаған кезде сот

мəлiмделген талаптарды қанағаттандыру туралы шешiм шығарады. Егер де сот заңға қайшы келедi немесе əлдекiмнiң құқығы мен заңмен қорғалатын

мүддесi бұзылады деп тапса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауды немесе бейбiт келiсiмдi қабылдамауына болады, бұл туралы сот ұйғарым шығарады жəне iстi мəнi бойынша қарауды

жалғастырады. (АIЖК 193-баптың 5-бөлiгi). Iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерi. Сот iстi баяндағаннан

кейiн талап қоюшының жəне оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның,

жауап берушiнiң жəне оның тарапынан қатысатын үшiншi тұлғаның, сондай-

ақ iске қатысушы бас-қа да тұлғалардың түсiнiктемелерiн тыңдайды.

Прокурор, мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару

органдарының, ұйымдардың өкiлдерiнiң, басқа тұлғалардың құқықтары мен

мүдделерiн қорғауға сотқа жүгiнген азаматтар бiрiншi болып түсiнiктемелер

бередi. Iске қатысушы тұлғалар бiр-бiрiне сұрақтар қоюға құқылы.

Iстiң мəн-жайлары бойынша түсiнiктемелер əдетте ауызша берiледi. Егер

тұлғалардың жазбаша түсiнiктемелерi, соттың тапсыруымен немесе дəлелдемелермен қамтамасыз ету үшiн соттың алған түсiнiктемелерiн

төрағалық етушi жария етедi (ҚР АIЖК 194-бап). Сонымен қатар

тараптардан алынған бұндай түсiнiктемелер, егер олар сот отырысына келмеген жағдайда сот олардың қатысынсыз iстi шешуге кiрiскен жағдайда жасалынады.

Осыдан кейiн барып, сот iске қатысушы тұлғалардың түсiнiк-темелерiн

тыңдап жəне олардың пiкiрлерiн ескере отырып, өзге дəлелдемелердi

зерттеудiң тəртiбiн белгiлейдi (ҚР АIЖК

195-бап).

Заң азаматтық iстердiң сипаты мен күрделiлiгiн, бар дəлелдеу құралдарын,

дəлелдемелiк ақпараттардың дерек көздерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып

дəлелдемелердi зерттеудiң төмендегiдей тəртiбiн бекiтедi:

– куəгерлерден жауап алу (кəмелеттiк жасқа толмаған куəгерлер);

– құжаттарды зерттеу(жазбаша дəлелдемелердi) ;

Page 132: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– азаматтардың жеке хаттары мен телеграфтық хабарламаларын тексеру;

– аудио-бейнетаспаларағы жазуларды зерттеу;

– заттай дəлелдемелердi зерттеу;

– сарапшы қорытындысын зерттеу;

Жауап алудың ретiн төрағалық етушi бекiтедi. Əдетте, дəлелдемелердi

зерттеу куəгерлерден жауап алудан басталады. Əрбiр куəгерден жауап əлi

жауап бермеген өзге куəгерлерден жеке алынады. Төрағалық етушi

куəгерлерден жауап алғанға дейiн, олардың жеке басын анықтап, олардың

құқықтарын түсiндiрiп, жауап беруден бас тартқан немесе жалған жауап

берген жағдайда қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатынын ескертедi.

Куəгерден оның мiндеттерi мен құқықтары түсiн-дiрiлгенi туралы қолхат алынып, сот отырысының хаттамасына тiркеледi.

Содан соң төрағалық етушi куəгердiң iске қатысушы тұлғаларға қарым-

қатынасын анықтайды жəне iс бойынша оған өзiне мəлiм нəрсенiң бəрiн

сотқа хабарлауды ұсынады. Куəгер жа-уап бергеннен кейiн оған сұрақтар

қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып арызы бойынша куəгер шақыртқан тұлға немесе оның өкiлi сұрақ қояды. Содан соң iске қатысушы басқа тұлғалар мен

өкiлдер сұрақ қоюларына болады. Сот төрешiсi куəгерден жа-уап алудың кез келген сəтiнде оған сұрақ қоюға, қажет болған жағдайда одан қайта жауап

ала алады, олардың жауаптарындағы қайшылықтарды анықтау үшiн

куəгерлердi бетпе-бет кездес-тiруге құқылы. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куəгер сот отырысы залында қалады. 16-

жасқа толмаған куəгер, жауап берiп болғаннан кейiн сот отырысы залынан

шығарылады (ҚР АIЖК 199-баптың 3-бөлiгi). Сот тапсыруы бойынша алынған куəгер жауаптары (ҚР АIЖК 73-бап),

дəлелдемелермен қамтамасыз ету (ҚР АIЖК

74-бап), iстi кейiнге қалдыру (ҚР АIЖК 190-бап) сот отырысында жария

етiледi, осыдан соң iске қатысушы тұлғалар бұған өз пiкiрлерiн бiлдiредi

жəне осы бойынша түсiнiктемелер беру-лерiне болады (ҚР АIЖК 200-бап).

Кəмелетке толмаған куəгерлерден жауап алудың ерекшелiктерi (ҚР

АIЖК 199-бап) мынадан тұрады: 14–16 жас аралығындағы куəгерден жауап

алу кезiнде мiндеттi түрде педагог қатысуы тиiс; олардан жауап алу кезiнде бiреуi сот отырысы залынан шығып тұрады. Оларға жауап беруден бас тартқаны үшiн жəне қасақана жалған жауап бергенi үшiн қылмыстық

жауапкершiлiкке тартылатыны жөнiнде ескертiлмейдi (ҚР АIЖК 196-

баптың

2-бөлiгi). Жауап əлдеқандай цифрлармен немесе есте сақтауы қиын басқа

деректермен байланысты болған жағдайларда, куəгердiң жауап беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алу құқығы заңда қарастырылған. Бұл

материалдар сотқа жəне iске қатысушы тұлғаларға көрсетiледi жəне сот ұйғарымы бойынша iске қоса тiркелуi мүмкiн (ҚР АIЖК 198-бап).

Жазбаша дəлелдемелердi зерттеу. Жазбаша дəлелдемелер сот отырысында немесе олар бар жерде қарау арқылы зерттеледi. Iс бойынша

Page 133: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жиналған заттай дəлелдемелердi сот қарайды, Оқиға болған жердi қарау

кезiнде сот тапсырмасын, дəлелдемелермен қамтамасыз етудi орындау

тəртiбiмен жазылған жазбаша дəлелдемелер сот отырысында жария етiледi

жəне iске қатысушы тұлғаларға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға жəне куəгерлерге көрсетiледi (ҚР АIЖК

201-бап). Осыдан соң iске қатысушы түлғалар түсiнiктемелер бере алады.

Жеке хаттар мен телеграфтық хабарламалар осы тұлғалардың келiсiмiмен ҚР

АIЖК 202-бабына сəйкес тəртiппен жабық сотта жарияланып, зарттеледi.

Заттай дəлелдемелердi зерттеу. Зататй дəлелдемелер сот отырысында жəне табылған жерiнде зерттеледi. Iс бойынша жинал-ған заттай

дəлелдемелердi сот қарайды, жəне оларды iске қатысушы тұлғаларға, өкiлдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыларға, мамандарға жəне куəгерлерге көрсетiледi. Заттай дəлелдемелер көрсетiлген тұлғалар қарап

шығуға байланысты қандай да бiр мəн-жайларға сот назарын аудара алады.

Бұл мəлiмдемелер сот отырысының хаттамасына енгiзiледi (ҚР АIЖК 203-

баптың 1-бөлiгi). Дəлелдемелердi орналасқан жерiнде қарау. Егер де заттай немесе жазбаша

дəлелдемелер сот отырысына əкелуге қиындық келтiретiн болса (көлемiнiң

тым үлкендiгiнен, бiртұтастан бөлiп алуға болмайтындықтан немесе өзге себептерден) олар орналасқан жерiнде қаралады жəне зерттеледi.

Дəлелдемелердi орналасқан жерiнде қарау туралы сот ұйғарым шығарады.

Дəлел-демелердi орналасқан жерiнде соттың барлық құрамы бiрге қарайды.

Қарау уақыты мен орны туралы iске қатысушы тұлғаларға, олардың

өкiлдерiне хабарланады, алайда олардың келмеуi қарауды жүргiзуге кедергi келтiрмейдi. Қарау қорытындысы сот отырысы хаттамасына тiркелiп, оларға қарау жоспары кезiнде қаралған жəне құрылған сызбалар, схемалар,

есептеулер, құжаттар көшiрмесi заттай дəлелдемелер суретi, бейнетаспалар

жəне киноленталар, сонымен қоса сарапшы қорытындысы мен маман кеңесi жазбаша түрде берiледi (ҚР АIЖК 204-бап).

Дыбыс жазбаларын (аудио) жəне бейнежазбаларды тыңдау.

Тұлғалардың бейнелерi мен дауысы жазылған жазбаларды зерт-теу ашық сот отырысында тек сол тұлғалардың келiсiмi арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылған жазбаларды көрсету əрекеттерi сот отырысы залында не болмаса осы мақсат үшiн арнайы жабдықталған жерде жүргiзiледi, сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгiлерi жəне жария ету

уақыты көрсетiледi. Осыдан соң сот iске қатысушы тұлғалардың

түсiнiктемелерiн тыңдайды. Қажет болған жағдайда дыбыс жазбасын жария

ету толығымен немесе олардың əлдеқандай бөлiктерi қайталануы мүмкiн.

Дыбыс жəне бейнежазбалардағы мəлiметтердi анықтау мақсатында сот маманды iске тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкiн (ҚР АIЖК

205-бап).

Сарапшы қорытындысын зерттеу. Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру мен толықтыру

мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Арызы бойынша

Page 134: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сараптама тағайындалған тұлға жəне оның өкiлi бiрiншi болып, ал содан соң

– iске қатысушы басқа тұлғалар мен өкiлдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптаманы жүргiзу тапсырылған сарапшыға бiрiншi болып

талап қоюшы мен оның өкiлi сұрақ қояды. Сот сарапшыға одан жауап

алудың кез келген сəтiнде сұрақтар қоюға құқылы (ҚР АIЖК

187-бап). Заңда қарастырылған жəне негiз болған жағдайларда сот қосымша жəне қайта сараптама тағайындай алады (ҚР АIЖК 206-бап).

Маманның кеңесi. Заттай жəне жазбаша дəлелдемелердi зерт-теу, дыбыс, бейнежазбаларды жариялау, сарапшы қорытындысы, куəгерлерден жауап

алу, дəлелдемелердi қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдану кезiнде сот мамандардан кеңес алу үшiн жəне қажеттi техникалық көмектердi (суретке түсiру, жоспар жəне схемаларды құру, сараптамаға үлгiлердi таңдау, мүлiктiң

бағалануы) көрсету үшiн мамандар шақыруына болады. Сарапшымен

салыстырғанда маман арнайы зерттеу жүргiзбейдi, ол тек сот ұйғарымы

негiзiнде ауызша не жазбаша түрде кеңес бередi. Маманның жазбаша берген

кеңесi сот отырысы хаттамасына қосымша ретiнде жазылып, сот отырысында жария етiледi жəне iске тiркеледi, ал ауызша берiлген кеңес сот отырысы

хаттамасына жазылады.

Кеңестi түсiну жəне толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы

мүмкiн, бiрiншi болып сұрақты талап қоюшы мен оның өкiлi қояды. Сот маманға кез келген сəтте сұрақ қоюға құқылы (ҚР АIЖК 207-бап).

Iстi талқылау кезiнде тараптар мен iске қатысушы басқа да тұлғалардың

iстегi дəлелдемелердiң жалған екенiн мəлiмдейтiн жағдайлар болуы мүмкiн.

Сондықтан да сол дəлелдеменi ұсынған тұлға соттан оны дəлелдемелер

қатарынан алып тастап, iстi өзге дəлелдемелердiң негiзiнде шешуiн өтiне алады.

Дəлелдеменiң жалғандығы туралы мəлiмдеудi тексеру үшiн сот сараптама тағайындай алады, сондай-ақ тараптарға өзге дəлелдемелер берудi ұсына алады.

Егер ұсынған дəлелдемесi жалған деп танылған тұлғаның iс-əрекетiнде қылмыс белгiлерi болса, сот төрешiсi материалдарды бұл жөнiнде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық iс қозғау туралы мəселенi шешу

үшiн тиiстi анықтау немесе алдын ала тергеу органына жiбередi (ҚР АIЖК

208-бап).

Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының

қорытындысы сот шешiмi шығарылғанға дейiн өз бас-тамалары бойынша iске араласа алады жəне азаматтардың құқығын, қоғамдық жəне мемлекеттiк

мүдделердi қорғау мақсатында iс бойынша қорытынды бередi. Жоғарыда айтылған жергiлiктi басқару органдарының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Сот, сондай-ақ iске қатысушы өзге тұлғалар мен өкiлдер

қорытындыларды түсiну жəне толықтыру мақсатында осы органдардың

өкiлдерiне сұрақтар қоя алады (ҚР АIЖК 209-бап).

§ 5. Iстi мəнi бойынша қарауды аяқтау

Page 135: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Барлық өтiнiмдер мен зерттелген дəлелдемелер қаралғаннан кейiн сот төрешiсi iске қатысушы тұлғалар мен өкiлдерден олардың iс материалдарын

толықтыруға ниеттерiнiң бар-жоғын анықтайды. Мұндай мəлiмдеулер

болмаған жағдайда төрағалық етушi iстi зерттеу аяқталды деп жариялап, сот жарыссөздерiне көшедi (ҚР АIЖК 210-бап).

Сот жарыссөздерi. Дəлелдемелердi зерттеп болғаннан кейiн, сот жарыссөздердi тыңдайды, сот жарыссөздерi егер сот отырысына қорғаушы

қатыспаған жағдайда, iске қатысушы тұлғалар мен өкiлдердiң сөздерiнен

тұрады.

Сот жарыссөздерi iстi талқылаудың ерiктi бөлiгi болып табылады жəне сот отырысында дəлелдемелердi зерттеулер бо-йынша қорытынды шығару

үшiн жəне сот талқылауына қатысушылардың тұжырымдарын жасау үшiн

қажет. Олар сот отырысында қаралған дəлелдемелерге негiзделедi. Сот отырысында зерттелген дəлелдемелердi жан-жақты жəне толық талдау

негiзiнде соттың iшкi сенiмiн қалыптастыруда сот жарыс-сөздерiнiң маңызы

зор.

Сонымен бiрге сот жарыссөздерiнiң құқықтық тəрбиелiк мəнi бар, өйткенi

ол сот отырысына қатысып отырған азамат-тарға көмектеседi, iстiң мəнiн

айқындайды, дəлелдемелердi зерттеудiң дұрыстығына жəне сол бойынша соттың iс-əрекет-терiне көз жеткiзуге көмектеседi.

Заңда сот жарыссөздерiндегi сөз мазмұнының сипаттық белгiлерi

көрсетiлмеген. Алайда, сот жарыссөзiнiң негiзгi мазмұнына сəйкес, сот тəжiрибесiнде мынадай ереже қалыптасты:

– нақтылы мəн-жайлардың негiздiлiгi; – соттағы дəлелдемелердiң зерттеудiң негiздiлiгi; – iске қатысушылардың берген (талап қоюшы, жауап берушi, қорғаушы,

мекемелер заңгерлерi жəне т.б.) анықталған дерек-терiн заңды түрде бағалау;

– айырылып қалған табыстан келген шығынның, зиянның мөлшерi жəне оларды өтеу шарттары.

Сот жарыссөзiнде басқа да сұрақтар айтылуы мүмкiн. Сот жарыссөзiне қатысушылар сот отырысында зерттелмеген дəлелдемелерге жүгiнуге жəне тек сот қарауындағы дəлелдемелерге ғана сүйенiп сөйлеуiне құқығы жоқ.

Қажет болған жағдайда сот ұсынылған жаңа дəлелдемелердi анықтау үшiн

сот талқылауын мəнi бойынша қайта қарауға ұйғарым шығарады.

Сот жарыссөзiнде уақыт шектелмейдi, дегенмен де, төрағалық етушi

жарыссөзге қатысушы iстiң мəн-жайына қатысты сөйлемесе, оны тоқтатуға

құқығы бар.

Iске қатысушы тұлға сот жарыссөзiне қатыспауға құқылы.

Сот жарыссөзiне қатысушылар ҚР АIЖК 211-бабына сəйкес мынадай

тəртiппен сөйлейдi:

– алдымен талап қоюшы жəне оның өкiлi;

– содан кейiн жауап берушi мен оның өкiлi;

Page 136: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– басталған сот iсiнде дауға дербес талаптар қойған үшiншi тұлға мен

оның өкiлi тараптар мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi;

– дауға дербес талаптар қоймайтын үшiншi тұлға мен оның өкiлi талап

қоюшыдан немесе iске қатысушы үшiншi тұлға жағындағы жауап берушiден

кейiн сөз сөйлейдi.

Прокурор, мемлекеттiк органдардың жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару

органдарының, ұйымдардың өкiлдерi жəне өзге тұлғалардың құқықтарын,

бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғайтын мекемелер мен

азаматтар сот жарыс-сөздерiнде ең соңынан сөз сөйлейдi. ҚР АIЖК 213-

бабына сəйкес, iс бойынша тарап болып табылмайтын жəне ҚР АIЖК 55-

бабының 2- бөлiмiнде қарастырылған тəртiппен өзге тұлғалардың құқықтары

мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сот iсiне қатысушы прокурор

сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы iстiң мəнi бойынша қорытынды бередi.

Репликалар (латын тiлiнен алғанда «replica» қарсылық дегендi бiлдiредi) –

сот жарыссөзiнде екiншi рет сөз алғандардың айт-қандарына тараптардың

бiрiнiң (талап қоюшының, жауап берушiнiң немесе олардың

қорғаушыларының). қарсылығы, ескертуi. Реплика – бұл сот жарыссөзiнде сөйлеген жауап берушi сөзiне талап қоюшының қысқаша, нақты тұжырымы.

Соңғы реплика құқығын заң бойынша жауап берушi мен оның өкiлi иеленедi

(ҚР АIЖК 212-бап).

Iстi мəнi бойынша қарау аяқталғаннан кейiн сот жарыссөзi жалпы

тəртiппен жүргiзiледi (ҚР АIЖК 214-бап).

§ 6. Сот шешiмiн шығару жəне жариялау

Шешiм шығару жəне хабарлау сот отырысының қорытынды сатысы

болып табылады. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын

жəне заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн,

қоғамдық жəне мемлекеттiк мүдделердi қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтiнiш жасауға құқылы, сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi, ол

жөнiнде төрағалық етушi сот отырысы залында отырғандарға хабарлайды

(ҚР АIЖК 215-бап). Кеңесу немесе шешiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде тек iстi қараушы сот төрешiлерi ғана болуы керек. Кеңесу бөлмесiнде бөгде адамдардың болуына жол берiлмейдi. Сот төрешiлерi шешiмнiң қаулысын

шығару кезiндегi пайымдауларын жұртқа жария ете алмайды. Сондай-ақ олар

кеңестiң ортасында шешiмге қол қойылғанға дейiн кеңесу бөлмесiнен кете алмайды. Сот жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жəне жұмыс уақытында кеңесу бөлмесiнен шығып, демалу үшiн үзiлiс жариялауға құқығы бар. Сот төрешiлерiнiң кеңесу құпиясын қатаң сақтауы шешiмның қаулысын шығарар

кездегi сот төрешiлерiнiң тəуелсiздiктерi мен дербестiктерiнiң кепiлi болып

табылады (ҚР АIЖК 12-бап). Бұл принциптi сақтамау заңды өрескел бұзу

деп бағаланып, шешiмдi қабылдамауға əкеп соқтырады (ҚР АIЖК 23-бап).

Шешiм шығарған кезде сот дəлелдемелерге баға бередi, iс үшiн маңызы

бар қандай мəн-жайлардың анықталғанын жəне қандай мəн-жайлардың

Page 137: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

анықталмағанын, тараптардың құқық-тық қарым-қатынастарының қандай

екенiн, осы iс бойынша қандай заң қолданылуы тиiстi екенiн жəне қойылған

талап бiрiншi сатыдағы сотта қанағаттандырылуға жататын-жатпайтынын

анықтайды (ҚР АIЖК 219-бап 1-бөлiгi). Сот iстi талап қоюшының

арызындағы талаптар бойынша шешедi. Дегенмен де, сот талап қоюшының

келiсiмiмен iс үшiн маңызы бар жаңа мəн-жайларды анықтау немесе қосымша дəлелдемелердi зерттеу қажет дей отырып, талап қоюшының

арызындағы талаптар шегiнен шыға алады (ҚР АIЖК 219-баптың 3-бөлiгi). Iстi мəнi бойынша шешу кезiнде сот кiрiспе, сипаттама, дəлелдi жəне

қорытынды бөлiмдерден тұратын дəлелдi шешiм шығаруы тиiс. Сот шешiмi жазбаша түрде жазылып, Қазақстан Республикасының атынан

шығарылады жəне əрдайым, тiптi iс жабық сот отырысында қаралған

жағдайда да жұртқа жария етiледi. Залда отырғандар сот шешiмiн тұрып

тыңдайды.

Аса күрделi iстер бойынша соттың дəлелдi шешiмiн құру iстi қарау

аяқталғаннан кейiн бес тəулiкке дейiн кейiнге қалдыра алады, бiрақ сот қысқартылған шешiмдi iс талқылауы аяқтал-ған сот сот отырысында хабарлауы тиiс. Соттың жариялаған шешiмiне сот төрешiсi қол қойып, iске тiркелуi тиiс. Соттың хабарлаған шешiмiне сот төрешiлерi қол қойып, iске тiркелуi тиiс. Шешiм шығару кезiнде сот төрешiсi iске қатысушы тұлғалар

мен өкiлдерге шешiммен қашан танысуға жəне оның көшiрмесiн алуға

болатынын айтуға мiндеттi. Шешiм жарияланғаннан кейiн, төрағалық етушi шешiмнiң мазмұнын,

сондай-ақ шағымдану уақыты мен тəртiбiн түсiндiруi тиiс. Жоғарыда аталған

əрекеттер аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi сот отырысын жабық деп

жариялайды (ҚР АIЖК

216-бап).

18-т а р а у. БIРIНШI САТЫДАҒЫ СОТ ҚАУЛЫЛАРЫ

§ 1. Сот қаулылары ұғымы, мəнi жəне оның түрлерi

Бiрiншi сатыдағы сот қаулысы – бұл iс бойынша сот iсi барысында сот

төрешiлерi мен соттардың жазбаша пайымдауларын немесе ерiк-

жiгерлерiн бiлдiретiн сот өкiметiнiң актiлерi жəне азаматтық iс жүргiзу

заңдылықтарының негiзiнде iске қатысушыларға жеке нақты бiр iс жүргiзу

актiсi түрiндегi өкiмдi өкiлеттiктердi қолдану. Соттың мұндай актiлерiне барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары,

қоғамдық бiрлестiктер, өзге заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар мен

азаматтар үшiн мiндеттi жəне Қазақстан Республикасының барлық

аумағында мүлтiксiз орындауға тиiстi шешiм, ұйғарым, қаулы, үкiм, сондай-

ақ заңды бұйрық, талап, тапсырма, шақырулар жəне соттар мен сот төрешiлерiнiң өзге қарым-қатынастары жатады (ҚР АIЖК 21-бап).

Бiрiншi сатыдағы соттардағы азаматтық iстер бойынша сот iстерiнде соттардың қолданатын сот қаулыларының бiр түрi шешiм болып табылады.

Page 138: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот шешiмi – Қазақстан Республикасының атынан шығарылатын əдiлсоттың

құқықтық актiсi (ҚР АIЖК 216-бап). Шешiмдегi соттың соңғы тұжырымы

оған өкiмдi, даусыз жəне мiндеттi сипат бередi. Шешiмдегi жарлықты

бұзғаны үшiн заңда əкiмшiлiк тəрттiппен айыппұл салу, мəжбүрлi түрде орындату, тiптi болмаса қылмыстық жауапкер-шiлiкке тарту қарастырылған.

Шешiм жалпыға бiрдей мiндеттi болғандықтан, ол тек iске қатысушылар

үшiн ғана емес, барлық мемлекеттiк органдар, заңды жəне лауазымды

тұлғалар үшiн де мiндеттi. Соттың шешiм шығарғаннан кейiн тараптар

арасындағы дау да, iс бойынша сот iсi де аяқталады.

Ұйғарым, бұл да сот актiсi болып табылады, бiрақ та оның шешiмнен

айырмашылығы ол iстiң мəнiне жақындамайды жəне оны шешпейдi (ҚР

АIЖК 251-бап).

Ұйғарым шешiм сияқты өкiмдi өкiлеттiктерге ие жəне оны сот iсiнiң түрлi

сатысында туындайтын алуан түрлi iс жүр-гiзушiлiк мəселелерiн шешу үшiн

сот iсiнде сот қолданады, мысалы, iстi қарауға дайындау кезiнде, мəжбүрлеп

келтiру, дəлелдемелердi қамтамасыз ету, сараптаманы, iстi тоқтата тұру,

кейiнге қалдыру жəне тоқтату жəне т.б. туралы ұйғарым шығарылады.

Бiрiншi сатыдағы əдiлсот актiсi ретiндегi соттың шешiмi мен

ұйғарымынан бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн қалдыру, өзгерту, жоққа шығару, сондай-ақ дəлелдемелердiң толық зерттелуi мен бағалануына, заңның дұрыс қолдануына жəне т.б. қарай жаңа шешiм шығару құқығына ие апелляциялық жəне қадағалау сатысындағы сот қаулысын ажырата бiлу

керек (ҚР АIЖК 357, 394-баптар).

Апелляциялық жəне қадағалау сатысындағы сот қаулысы iске қатысушылардың сот шешiмiне берген шағымдары бойынша төменгi соттардың шешiмдерiн тексеру (қадағалау) актiсi болып табылады.

Сот бұйрығы – бұл ақшалай соманы өндiру немесе даусыз талаптар

бойынша мүлiктi талап ету туралы арыздар бойынша азаматтық iстi қозғау

үшiн нақтылы жағдайлар бар кездегi бiрiншi сатыдағы соттың шығарған

актiсi (ҚР АIЖК 139-бап).

Сот шешiмi құқық нормаларын қолданудың дербес актiсi ретiнде əрбiр сот шешiмiнiң тақырыбымен анықталады. Сот шешiмiнiң тақырыбы дегенiмiз соттың iс бойынша нақты құқықтық қарым-қатынасты зерттеуi. Басқаша айтқанда, сот шешiмi бұл талап қою арызының тақырыбы – сотқа жүгiнген

талап етушiнiң талабы. Талап қою iстерiнде сот шешiмiнiң тақырыбына құқықты қорғау талабымен сотқа жүгiну жатады, əкiмшiлiк-құқықтық

қарым-қатынастардан туындаған iстерде, сот зерттеуiнiң тақырыбына мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың азаматтардың құқық

бұзушылықтары туралы жоққа шығарылған қаулылары жатады. Ерекше сот

iстерiндегi сот шеiмiнiң тақырыбына материалды-құқықтық қарым-қатынас – заңды мəнi бар деректердi анықтау жатады.

Сот шешiмiнiң мəнi даулы қарым-қатынастарды реттеумен бұзылған

құқықтар мен мүдделердi қалпына келтiретiн əдiлсот актiсi ретiндегi күшiнен

тұрады. Шешiм өкiмдi сипатқа ие бола отырып, ол кiмге қатысты

Page 139: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

шығарылса, соған мiндеттi. Сонымен бiрге, сот шешiмiнiң мағынасы

бұзылған құқықтарды қорғау, заңдылықты жəне құқықтық тəртiптi бекiту,

құқық бұзушылықты ескерту болып табылатын сот iсiнiң мiндеттерiмен

шартталған (ҚР АIЖК 5-бап). Сонымен қатар сот шешiмi бағынуға тиiстi нормаларды қолдана отырып, азаматтарды заңды құрметтеуге тəрбиелейдi,

тəртiптiң нақты ережелерiн бекiтедi, құқықты қорғау түрiн жəне заңды түрде алынған өкiлеттiктердi жүзеге асыруға кепiлдiктердi анықтайды.

§ 2. Сот шешiмiнiң мазмұны

ҚР АIЖК 217-бабына сəйкес iс мəнi бойынша шешiлетiн бiрiншi сатыдағы

сот қаулысы шешiм түрiнде шығарылады. Сот шешiмi – бұл талап қою iсi, бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған сот iсi жəне ерекше сот iсi бойынша iстердi мəнi бойынша қарауды аяқтайтын əдiлсот актiсi. Оны

сот төрешiлерi кеңесу бөлмесiнде жазбаша түрде мазмұндайды жəне ол бiр

дана етiлiп қолмен жазылуы, машинамен жазу əдiсiмен немесе компьютерде терiлуi мүмкiн, оған төрағалық етушi немесе сот төрешiсi, ал кей

жағдайларда iстi шешуге қатысқан барлық сот төрешiлерi қол қояды.

Шешiмнiң мəтiнi тараптардың қойған талаптарының мəнi бойынша сенiмдi,

толық жа- уаптан тұруы керек жəне ҚР АIЖК 14-бабына сəйкес бекiтiле-тiн

(ҚР Жоғарғы Сотының 2003 ж. 11 тамызындағы «Сот шешiм-дерi» № 5

нормативтi қаулысының 4-бөлiмi) сот iсiнiң тiлiнде сауатты құрылып,

баяндалуы тиiс. Сот шешiмiнiң түрлерi мен мазмұны. Iстi мəнi бойынша шешу кезiнде

сот кiрiспе, дəлелдi жəне қарарлы бөлiмдерден тұратын қысқаша

(қысқартылған) шешiм шығарады.

Қысқаша (қысқартылған) шешiмнiң дəлелдi бөлiмiнде сот анықтаған iстiң

мəн-жайлары, осы мəн-жайлар туралы соттың тұжырымдарын растайтын

дəлелдемелер, сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар (ҚР АIЖК 220-

баптың 1-бөлiгiнде) айтылады.

Сот шешiм заңды күшiне енгенге дейiн берген тараптардың жазбаша өтiнiмдерi бойынша не болмаса өзiнiң ойлауынша кiрiспе, сипаттама, дəлелдi жəне қарарлы бөлiмдерден тұратын дəлелдi шешiмiн шығарады (ҚР

АIЖК 220-баптың 2-бөлiгi). Шешiмнiң мазмұны (ҚР АIЖК 221-бап). Шешiмнiң кiрiспе бөлiмi оның

Қазақстан Республикасының атынан шығарылатынынан басталады.

Шешiмнiң кiрiспе бөлiмiнде: 1) оған қол қойған күнмен анықталатын шешiмның шығарылған уақыты;

2) шешiм шығарылған орын;

3) шешiм шығарған соттың нақты жəне толық атауы;

4) шешiм қабылдаған сот құрамы, тегi, аты, əкесiнiң аты;

5) сот отырысы хатшысының, сот жасауылының тегi, аты, əкесiнiң аты;

6) тараптардың (талап қоюшының, жауап берушiнiң), iске қатысушы өзге тұлғалардың, өкiлдердiң (кiмнiң жағында), дауға дербес талаптар қоятын

Page 140: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

үшiншi тұлғалардың тегi, аты, əкесiнiң аты, олардың iс жүргiзушiлiк

жағдайлары. Егер де тараптар заңды тұлға болып табылатын болса, сол

тұлғаның атауы, жарлықтың тiркелген нөмiрi жəне осы тұлғаны сипаттайтын

өзге де құжаттар;

7) талап қою арызындағы дау немесе арыздағы талаптар;

Шешiмнiң сипаттамалық бөлiмi мынадан тұруы тиiс; 1) талап қоюшының талаптары мен сол талаптарды растайтын мəн-

жайлардың қысқаша мазмұны;

2) жауап берушiнiң қарсылығы жəне iске қатысушы өзге тұлғалардың

түсiнiктемелерi;

3) арыздағы талаптың негiзiн немесе тақырыбын өзгерту, оның мөлшерiн

азайту туралы талап қоюшының мəлiмдеген талаптары;

4) егер де сот оны ҚР АIЖК 157-бабына сəйкес қарауға қабылдаса, қарсы

талап қою арызының мазмұны

Шешiмнiң дəлелдi бөлiмiнде мыналар көрсетiлуi тиiс : 1) ҚР АIЖК 64-баптың 2-бөлiгiне сəйкес сот анықтаған iстiң мəн-

жайлары;

2) сот тұжырымының негiзiндегi дəлелдемелер;

3) тараптардың құқықтары мен мiндетi туралы; дəлелдемелер ұсыну;

4) тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi, куə-герлердiң

жауаптары, заттай дəлелдемелер, сараптама қорытындысы, iс жүргiзу

əрекеттерiнiң хаттамалары мен өзге де құжаттар.

5) сол не өзге дəлелдемелердi жоққа щығаратын сот тұжырымдары, сот басшылыққа алған заңдар.

6) берiлген құқықтық қарым-қатынастарға сот қолданған материалды

заңдар жəне сот басшылыққа алған iс жүргiзу нормалары .

Жауап берушi талап қою арызын мойындаған жағдайда дəлелдi бөлiмде тек арыздағы талаптарды мойындау мен оны соттың қабылдауы ғана көрсетiлуi мүмкiн.

Шешiмнiң қарар бөлiгi дəлелдi бөлiмдегi анықталған нақ-ты мəн-

жайлардан туындайтын соттың қысқаша жəне соңғы тұжырымынан тұруы

тиiс. Сот шешiмдi орындар кезде түсiнiспеу-шiлiк пен дау болмас үшiн

арыздағы талаптарды толықтай немесе жартылай қамтамасыз ету туралы

немесе талап қою арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы арыздағы

қойылған талаптарға нақты жəне түсiнiктi түрде жауап беруi қажет. Бiр сот iсiне бiрнеше талап қою арыздарын бiрiктiрген жағдайда немесе

соттың қарсы талап қою арызын не болмаса дауға дербес талап қойған

үшiншi тұлғаның талабын қабылдаған жағдайда қарар бөлiгiндегi шешiм

былай болуы тиiс: – əрбiр талап қою арызы бойынша сот дəл осылай қаулы қабылдады;

– кiм, қандай нақты iс-əрекеттер жəне тарап кiмнiң пайдасына жасауы

тиiс; – жоққа шығарылған құқықты қай тарап мойындады.

Page 141: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот өз шешiмiнiң қарар бөлiгiнде шешiмдi тез арада орындау немесе оны

орындауға шаралар қолдану керек болған жағдайларда тиiстi тəртiп пен

шешiмнiң орындалу мерзiмiн көрсетуi тиiс. Сот шешiмiнде талап қоюшыдан немесе жауап берушiден өндiрiлетiн сот

шығындарын бөлу туралы мəселе, оның мөлшерi, сондай-ақ шешiмге шағымданудың тəртiбi мен мерзiмi жəне өзге де тұжырымдар шешiлуi тиiс (ҚР АIЖК 221-бап).

Сонымен қатар, iстердiң жеке санаттары бойынша қарар бөлiгiнiң

мазмұны қаралып отырған қарым-қатынасты реттейтiн материалдық жəне iс жүргiзу құқығы нормаларына сай келуi тиiс. Көп жағдайда:

1) ақшалай соманы өндiру туралы iстер бойынша сот шешiм шығара отырып, шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлетiн ақшаның көлемiн цифрмен

жəне сөздермен жəне валюта түрiн көрсетуi тиiс. (ҚР АIЖК 223-бап);

2) өндiру даусыз (акцептсiз) тəртiпте, соның iшiнде нота-риустың

орындаған жазуы негiзiнде жүргiзiлетiн орындалатын немесе өзге құжатты

жарамсыз деп тану туралы дау бойынша талап қою арызын

қанағаттандырған жағдайда шешiмнiң қарар бөлiгiнде орындауға тиiстi емес құжаттың атауы, нөмiрi, күнi жəне есептен шығарылмайтын сома көрсетiлуi

тиiс (ҚР АIЖК 224-бап);

3) келiсiмшартқа отыру немесе оны өзгерту кезiнде туындаған дау

бойынша қарар бөлiгiнде келiсiмшарттың əрбiр даулы шарты бойынша шешiм көрсетiлуi тиiс, ал келiсiмшартқа отыруға мəжбүр ету туралы дау

бойынша тараптар отыруға тиiс келiсiм-шарттың түрi мен шарты көрсетiлуi

тиiс (ҚР АIЖК 225-бап);

4) егер де шешiмдi орындау кезiнде иелiкке берiлген мүлiк болмай шықса, мүлiктiң өзiне иелiк ету кезiнде сот шешiмде оның жеке-нақты белгiлерiн,

жəне жауап берушiден өндiрiлетiн мүлiктiң құнын көрсетуi тиiс. (ҚР АIЖК

226-бап);

5) жауап берушiнi мүлiктi беру немесе ақшалай соманы берумен

байланысты емес белгiлi бiр iс-əрекет жасауға мiндет-тейтiн шешiм

шығару кезiнде сот жауап берушiге шешiмдi бекiтiлген мерзiмде орындамаған жағдайда талап қоюшы кететiн шығындарды жауап берушiнiң

есебiнен алып, бұл əрекеттердi жасауға құқылы екендiгiн көрсете алады Сот шешiмде жауап берушiге шешiмдi орындау мерзiмiн белгiлейдi (ҚР АIЖК

227-бап);

6) шешiмдi бiрнеше талап қоюшының пайдасына шығарар кезде сот əрқайсының үлесiн немесе барлығы бiрлесе өндiретiнiн көрсетуi тиiс. Егер

де шешiм бiрнеше жауап берушiге қарсы шығарылған болса, сот əрбiр жауап

берушi шешiмдi қандай үлеспен орындау керектiгiн немесе олар бiрлесе жауап бере-тiндiктерiн көрсетуi тиiс (ҚР АIЖК 228-бап).

Арызданушының талаптарын қанағаттандыру туралы жəне өзге iстер

бойынша (алимент өндiру, мүлiктi бөлу, некенi бұзу, ұл (қыз) асырап алу,

Page 142: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қайғылы оқиғаның дерегiн жəне т.б. анықтау туралы) соттың нұсқауы сот шешiмiнде болуы тиiс.

§ 3. Сот шешiмiне қойылатын талаптар

Сот шешiмiне қойылатын негiзгi талаптарға оның заңдылығы жəне негiздiгi жатады. (ҚР АIЖК 218-бап). Бұл талаптар сот шешiмдерiнiң барлық

түрлерiне қойылады.

Сот шешiмiнiң заңдылығы – бұл материалдық жəне iс жүргiзу

нормаларының талаптарына сай келу. Шешiм iс жүргiзу құқығы нормаларын

сақтаумен жəне қаралып отырған iске қолданылатын немесе қажеттi жағдайларда даудың осындай тақырыптарын реттейтiн заңды қолдануға негiзделген материалды құқық нормаларына толық сай келгенде заңды болып

табылады. Бұл ретте шешiм азаматтық заң нормаларының жалпы бастамасы

мен мағынасынан жəне адалдықтың, шындықтың жəне саналылықтың

талаптарынан шығуы тиiс. (ҚР АIЖК 5 жəне 6-баптар).

Сот iстi шешу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, адам

талаптарын, азаматтық iс жүргiзу кодексiн жəне өзге де нормативтi құқықтық актiлердi дəл сақтауы тиiс. Сот төмендегi шарттарды орындаған

жағдайда, оның шешiмi заңды деп есептеледi:

1) əдiлсот орнату кезiнде сот төрешiсi тəуелсiз жəне ол тек Қазақстан

Республикасының Конституциясына жəне заңға ғана бағынады (ҚР АIЖК 12-

бап);

2) əдiлсотты тек сот қана жүзеге асырады (ҚР АIЖК 7-бап);

3) азаматтық iстi шешу кезiнде мемлекеттiк органның немесе өзге органнның нормативтi құқықтық актiсiнiң заңға сай келмейтiнiн немесе ол

өкiлеттiктi асыра сiлтеумен шығарылғанын анықтаған сот үлкен заңды мəнi

бар құқықтық актiлердi қолданады (ҚР АIЖК 6-баптың 4-бөлiгi); 4) құқықтық қарым-қатынасты реттейтiн құқық нормасы болмаған

жағдайда сот соған ұқсас құқықтық қарым-қатынасты (заңның баламасы)

реттейтiн құқық нормасын қолданады, ал мұндай норма жоқ болған жағдайда дауды заңның жалпы мағынасын, бiрiншi кезекте Қазақстан

Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып шешедi. (Құқық

баламасы, ҚР АIЖК 6-баптың 5-бөлiгi); 5) заңдылық халықаралық келiсiмшарттарға қарама-қайшы болған

жағдайда, сот аталған келiсiмшарттарда бекiтiлген, Қазақстан

Республикасының ратификацияланған ережелер қолданылады. (ҚР АIЖК 3-

баптың 3-бөлiгi). Сондықтан да, аталған ережелер негiзiнен заңдылық талаптарының

мазмұнынан тұрады. Материалды жəне iс жүргiзу құқығы нормаларын бұзу

немесе дұрыс қолданбау шешiмдi жоққа шығарудың негiзi болып табылады.

(ҚР АIЖК 364-баптың 4-бөлiгi). Сот шешiмiнiң негiздiлiгi. Сот шешiмiн қойылатын келесi талап оның

негiздiлiгi болып табылады. ҚР АIЖК 218-бабының 2-бөлiгiнде шешiм тек

сот отырысында зерттелген дəлелдемелерге ғана негiзделуi тиiс деген

Page 143: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

негiздiлiк ұғымының мазмұны ашып айтылған. Сот шешiмiнiң негiздiлiгi қаралып отырған iстiң мəн-жайлары туралы сот тұжырымдарының сай келуiн

бiлдiредi. Сот шешiмi мынадай жағдайларда негiздi деп табылады. Егер де сот:

1) шешiмiн сот отырысында зерттелген дəлелдемелермен расталған

берiлген iстегi деректерге негiздесе; 2) шешiмдi дəлелдемелердiң күмəнсiздiгi мен қатыстылығы туралы заң

талаптары негiзiнде қабылдаса (ҚР АIЖК 67 жəне 68-баптар);

3) өз шешiмiн дəлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға белгiлi мəн-жайларға негiздесе;

4) шешiмдi сот тапсырмаларын орындау тəртiбiмен жинал-ған

дəлелдемелердi есепке ала отырып, қабылдаса (ҚР АIЖК 72

жəне 73-баптар).

Жалпы ереже бойынша, шешiм шығып, жарияланғаннан кейiн, сот өзi оны өзгертуге, толықтыруға құқысы жоқ (ҚР АIЖК 230-баптың 1-бөлiгi). Сот шешiмiнiң кəдiмгi кемшiлiк-терiне талап қоюшының арызындағы

талаптарға нақты жауаптың толық болмауын көрсететiн оның толық немесе жеткiлiксiз анық еместiгi жатады. Сот шешiмiнiң толық еместiгi соттың

барлық талап қоюшының талаптарын немесе барлық жауап берушiге қатысты шешпегендiгiнен немесе арыздағы талапты өзгертудiң негiзi мен

оның мөлшерiн есепке алмағандығынан көрiнедi. Шешiмдегi жеке кемшiлiктердi сот қосымша шешiм шығару немесе оы түсiндiру арқылы

жоюға құқылы.

Iстi қарап болғаннан кейiн кеңесу бөлмесiнде шешiм шығарылады, оған

сот төрешiлерi қол қояды, содан соң оны сот төрешiсi сот залында хабарлауға мiндеттi. Осы сəттен бастап сот шешiмi соңғы болып есептелiнедi

жəне оған аппеляциялық тəртiппен шағымдануға болады.

§ 6. Бiрiншi сатыдағы сот ұйғарымы жəне оны шығару тəртiбi

Азаматтық сот iсiндегi ұйғарым iстi талқылау мəселелерi бойынша сот төрешiлерiнiң алқалы немесе жеке қабылдаған қаулыларынан тұрады.

Бiрiншi сатыдағы сот ұйғарымы iс бо-йынша сот iсiн қозғау, iске сот талқылауына тағайындау, сот төрешiлерiне қарсылық бiлдiру,

дəлелдемелердi қамтамасыз ету, сот тапсырмасы бойынша, iстi тоқтата тұру

жəне кейiнге қалдыру, сараптама тағайындау, əкiмшiлiк айыппүл салу жəне т.б iстер бойынша сот iсiнiң кез келген сатысында шығарылады.

Мəнi бойынша шешiлмеген iстер бойынша бiрiншi сатыдағы соттың

барлық актiлерi ҚР АIЖК 251-бабына сəйкес жеке iс жүргiзу құжаты ретiнде ұйғарыммен рəсiмделедi.

Күрделi емес мəселелердi қарау нəтижелерi бойынша сот кеңесу

бөлмесiне кетпей-ақ, сот отырысы залында ұйғарым шығара алады. Ұйғарым

сот отырысының хаттамасында жазылып, оны шығарғаннан кейiн бiрден

жариялануы тиiс (ҚР АIЖК 251-бап).

Page 144: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот ұйғарым шығару кезiнде ҚР АIЖК 252-бабына сəйкес оның түрi мен

мазмұнын сақтауы тиiс, онда мыналар көрсетiледi:

– ұйғарымның шығарылған уақыты мен орны;

– ұйғарым шығарған соттың атауы, сот төрешiсi мен сот отырысы

хатшысының аты-жөндерi;

– iске қатысушы тұлғалар, дау тақырыбы немесе арыздағы талаптар;

– ұйғарым шығарылатын мəселе; – сот тұжырым жасаған себептер жəне сот басшылыққа алған заңдар;

– сот қаулысы;

– егер де ол шағымдануға жататын болса, ұйғарымға шағымдану мерзiмi

мен тəртiбi.

Сот отырысы залында шығаратын сот ұйғарымында ұйғарым шығаратын

мəселе, сот қаулысы жəне өзге де мəлiметтер болуы тиiс. Жеке ұйғарым. Сот отырысында сот заңды бұзу деректерiн анықтаған

жағдайда, жеке ұйғарым шығаруға жəне оны бiр ай мерзiм iшiнде қолданған

шараларын хабарлауға мiндеттi тиiстi ұйымдардың басшыларына жiберуге құқылы.

Қолданған шараларын хабарламағаны үшiн сот əкiмшiлiк айыппұл сала алады. Дегенмен де, бұл шара ұйымдардың басшыларын соттың жеке ұйғарымы бойынша шара қолдану мiндеттерiнен босатпайды.

Iстi қарау кезiнде сот отырысына қатысушы тұлғалардың iс-əрекеттерiнен

қылмыстың белгiлерiн байқаған жағдайда, сот бұл жөнiнде прокурорға хабарлауы тиiс.

Жеке ұйғарым шыққаннан кейiн 15 күн iшiнде ҚР АIЖК 344-баптың 4-

бөлiмiне сəйкес мүдделерiне қатысты тұлғалар оған шағымдана алады.

Сот отырысына келмеген тұлғалар мен сот iсiнiң өзге қатысушыларына ұйғарым шыққаннан кейiн бес күн iшiнде оларға ұйғарымның көшiрмесi жiберiледi.

§ 2. Сырттай шешiмнiң мазмұны мен заңды күшi

Азаматтық iс жүргiзу құқығында сырттай шешiм қабылдау əдiлсот актiсiнен тұрады. Ол бiрiншi сатыдағы соттың қабылдаған қаулыларының бiр

түрi болып табылады жəне шешiмге қо-йылатын барлық талаптарға сай

болуы тиiс. Сырттай шешiмнiң мазмұны кейбiр ерекшелiктердi қоспағанда, құрылымы жағынан жалпы шешiмге ұқсайды. ҚР АIЖК-нiң 221-бабына сəйкес оның мазмұны кiрiспе, дəлелдi, сипаттамалы жəне қарарлы

бөлiмдерден тұрады.

Шешiмнiң атауында «сырттай шешiм» деген сөздi көрсету қажет, бұл осы

əдiлсот актiсiнiң қарапайым шешiмнен ерек-шелiгi болып табылады. (ҚР

АIЖК 261-бап).

Шешiмнiң кiрiспе бөлiмiнде шешiмнiң шығарылған уақыты мен орны;

шешiм шығарған соттың атауы; сот құрамы; сот отырысының хатшысы; сот жасауылы; талап қоюшы; жауап беру-шiнiң келмеу себебi; iске қатысушы

өзге тұлғалар мен өкiлдер; даудың тақырыбы немесе арыздағы талаптар

Page 145: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

көрсетiледi. Шешiмнiң сипаттамалы бөлiмiнде сот iс жауап берушiнiң

қатысуынсыз қаралғанын, сырттай сот iсiнiң барлық заңдылық шарттарының

сақталғандығын, талап қоюшының талаптары мен iске қатысушы өзге тұлғалардың түсiнiктемелерi барын атап кетуi тиiс.

Шешiмнiң дəлелдемелi бөлiмiнде талап қоюшының сөз-дерiнен соттың

анықтаған iстiң мəн-жайлары; соттың құқықтар, мiндеттер туралы пiкiрлерi

негiзделген дəлелдемелер; iстiң материалдарындағы жауап берушiнiң қандай

да бiр дəлелдемелерiн соттың жоққа шығарған тұжырымдары жəне соттың

басшылыққа алған заңдары баяндалуы тиiс. Егер де сот отырысына келмеген

жауап берушi сотқа жазбаша немесе заттай дəлелдеме не болмаса жазбаша түсiнiктеме ұсынса, сот шешiм шығарар кезде мұны ескеруге тиiстi.

Жауап берушiнiң қарсылығы мен пiкiрлерi болмайтындықтан, сырттай сот iсiнiң сипаттамалы жəне дəлелдемелiк бөлiмдерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi

болатындығын ескерген жөн.

Жауап берушi арыздағы талаптарды мойындаған жағдайда, iстi қарағанға дейiн дəлелдемелiк бөлiмде оның берген жазбаша түсiнiктемесiндегi тек

арыздағы талаптарды мойындауы мен оны соттың қабылдағаны ғана болуы

мүмкiн.

Сырттай шешiмнiң қарарлы бөлiмiнде талап қоюды қамтамасыз етуi

туралы немесе талап қою арызынан толықтай не жартылай бас тартуы, сот шығындарын бөлу туралы соттың тұжырымдарынан басқа осы шешiмдi

жоққа шығару туралы жауап берушiнiң арыз беру тəртiбi мен мерзiмi

көрсетiлуi тиiс. (ҚР АIЖК 262-бап).

Сырттай шешiмдi шығарып, жариялағаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей

сот жауап берушiге алғандығы туралы хабарламамен бiрге шешiмнiң

көшiрмесiн жiбередi. (ҚР АIЖК 263-бап).

Жауап берушi шешiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап, бес күн iшiнде сырттай шешiм шығарған сотқа бұл шешiмдi жоққа шығару туралы

арыздануға құқылы (ҚР АIЖК 264-баптың 1-бөлiгi). Сонымен бiрге, сырттай шешiмге тараптар шағымдана алады жəне бұл

шешiмдi жоққа шығару мерзiмi өткенi бойынша, ал егер де арыз берiлген

болса, бiрiншi сатыдағы соттың бұл арызды қамтамасыз етуден бас тарту

туралы ұйғарым шығарған сəттен бастап он бес күн iшiнде прокурор

аппеляциялық тəртiппен наразылық бiлдiруiне болады.

Сондықтан да, заңда сырттай шешiмге аппеляциялық сатыдағы сотқа шағымданған жағдайда талап қоюшы мен жауап берушiге ортақ он бес күн

мерзiм бекiтiлген жəне осы шешiмдi шығарған бiрiншi сатыдағы соттың

сырттай шешiмiне шағымдану үшiн тек жауап берушiге арнайы бес күн

мерзiм бекiтiлген. (ҚР АIЖК 264-баптың 2-бөлiгi). 20-т а р а у. БҰЙРЫҚТЫ СОТ IСI

§ 1. Бұйрықты сот iсi ұғымы, оның мағынасы мен мəнi

Page 146: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Азаматтық сот iсiнде сот бұйрығы бiрiншi сатыдағы сот iстерiнiң

жеңiлдетiлген түрi болып табылады. Бұйрықты сот iсi – бұл қарызгерден

қарызды өндiруге берген сот бұйрығы.

ҚР АIЖК 139-бабына сəйкес сот бұйрығы қарызды өндiру-шiнiң (несие берушiнiң) даусыз талаптармен, қарызгердi жəне қарызды өндiрушiнi

олардың түсiнiктемелерiн тыңдауға шақырмай-ақ жəне сот талқылауынсыз қарызгерден ақшалай соманы өндiру немесе мүлiктi талап ету туралы арызы

бойыша шығарылған сот төрешiлерiнiң қаулыларынан тұрады.

Бұйрықты сот iсi сот iсiнiң өзге түрлерiнен (талап қою, ерекше талап қою,

ерекше сот iсi) төмендегi белгiлерi бойынша ажыратады:

1) бұйрықты сот iсiнде сот талқылауы болмайды;

2) сот бұйрығына талап қою мен құқықты қорғаудың талап қою тəртiптерi

белгiсiз; 3) бұйрықты сот iсiнде тартыстық пен дəлелдеу болмайды;

4) бұйрықты сот iсiнде талап қоюшы мен жауап берушi болмайды;

5) бұйрықты сот iсiнде дəлелдеудiң негiзгi құралы жазбаша дəлелдер,

тараптардың түсiнiктемелерi болмайды;

6) сот бұйрығы орындау құжаты болып табылады. Ол бо-йынша өндiру

бұйрық шыққаннан кейiн, сот шешiмдерiн орындау үшiн бекiтiлген тəртiпте жүргiзiледi, сот бұйрығы орындаушылық қағазының күшiне ие;

7) сот бұйрығы iсiнде тараптар мəлiмдеушi жəне қарызгер деген атауларға ие;

8) сот бұйрығы сотта жоққа шығарылмайды, ол даусыз сипатқа ие. Сот шешiмiнiң сот бұйрығынан айырмашылығы, сот шешiмiн оны

шығарған соттың жоққа шығара алмайтындығында. Сот шешiмiне қарағанда сот бұйрығының айырмашылығы – егер де қарызгер сотқа арызданушының

талаптарына қарсы сотқа дер кезiнде дəлелдi себептермен өз қарсылығын

бiлдiре алмағандығына дəлелдемелер ұсынса, сот бұйрығын шығарған сот оны жоққа шығара алады.

Сот бұйрығын шығару туралы арыздың түрi мен мазмұны ҚР АIЖК 141-

бабында бекiтiлген. Сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа ҚР АIЖК 31-

бабында бекiтiлген аумақтық соттылық туралы жалпы ережелер бойынша берiледi. Арыз жазбаша түрде берiлуi тиiс. Онда төмендегi атаулар

көрсетiлуi керек:

1) арыз берiлетiн соттың атауы;

2) арызданушының (қарызды өндiрушiнiң) атауы, оның тұрғылықты жерi

немесе орналасқан жерi, заңды тұлғаның деректемелерi;

3) қарызгердiң атауы, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi,

заңды тұлғаның деректемелерi;

4) қарызды өндiрушiнiң талаптары мен ол негiзделген мəн-жайлар;

5) қарызды өндiрушiнiң арызындағы талаптардың негiзiн растайтын

құжаттар тiзiмi.

Мүлiктi талап еткен жағдайда арызда осы мүлiктiң құны көрсетiлуi тиiс. Арызға қарызды өндiрушi немесе оның өкiлi қол қояды. €кiл ұсынған арызға

Page 147: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

оның өкiлеттiгiн растайтын құжат пен мемлекеттiк баж салығын төлегенi

туралы түбiртек қоса тiркелуi тиiс. Сот арызды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, қарызды өндiрушi

төлеген мемлекеттiк баж салығы қайтарылады, сот бұйрығын жоққа шығарған жағдайда қарызды өндiрушi төлеген мемлекеттiк баж салығы

қайтарылмайды. Дегенмен де, қарызды өндiрушi қарызгердiң үстiнен талап

қою iсi тəртiбiмен арыз жазған жағдайда сот төрешiсi оны iстi қарау үшiн

тиiстi төленетiн баж салығы есебiне санауы тиiс. Сот бұйрығын беру тəртiбi. ҚР АIЖК 140-бабында сот бұйрығын

шығаруға қойылатын талаптардың толық тiзiмi көрсетiлген, ол мынадай

жағдайларда шығарылады:

1) талап нотариалды расталған келiсiмге негiзделсе; 2) талап жазбаша келiсiмге негiзделсе жəне оны жауап берушi

мойындаса; 3) талап нотариустың вексельдiң төленбегенiне, акцепт еместiкке жəне

акцептiң күнi белгiленбегенiне наразылық бiлдiруiне негiзделсе; 4) əкесi екендiгiн анықтаумен немесе үшiншi тұлғаларды iске тартумен

байланысты емес, кəмелетке жасы толмағандарға алимент өндiру туралы

талап қойылса; 5) азаматтар мен заңды тұлғалардан салықты жəне өзге де төлемдердi

төлемегендерi бойынша қарыздарын өтеу туралы талап қойылса; 6) Жұмысшыға тиiстi есептелiнген, бiрақ төленбеген жалақысын жəне

өзге де төлемдердi өндiру туралы талап қойылса; 7) iшкi iстер органдары немесе қаржы полициясы жауап берушiнi немесе

қарызгердi iздестiруге кеткен шығындарын өндiру туралы талап қойса; 7-1) Қазақстан Республикасының заңды актiлерiне сəйкес лизинг мүлкiн

даусыз алу туралы талап қойылса. 10) ломбард қарызгер-кепiл берушiге кепiлге қойған затының құнын төлеу

туралы талап қойса. Ескерту: ҚР АIЖК 140-бабының 1-бөлiгiнiң 8) жəне 9) тармақшалары

2001жылғы 11 маусымдағы ҚР Заңынан алынып тасталған.

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту жəне

қайтаруға негiз. Сот төрешiсi ҚР АIЖК 153,154-баптарында қарастырылған

негiздерге сəйкес сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады. Сонымен бiрге, сот төрешiсi арызды мынадай

жағдайларда қайтарады. Егер де: 1) қойылған талап АIЖК 140-бабындағы сот бұйрығын беру туралы

негiздердiң тiзiмiнде қарастырылмаса; 2) қарызгер Қазақстан Республикасының аумағынан жəне соттардың

юридикциясынан тыс жерде болса; 3) қарызды өндiрушi қойған талаптарын растайтын құжаттарды

ұсынбаса;

Page 148: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

4) Арызда жəне ұсынылған құжаттарда сот бұйрығы тəртiбi-мен шешуге болмайтын, құқық туралы даудың бары байқалса;

5) арыздың түрi мен мазмұны ҚР АIЖК 141-бабында қарастырылған

талаптарға сай келмесе; 6) арызға мемлекеттiк баж салығы төленбесе. Сот төрешiсi қарызды өндiрушiнiң арызын қабылдаудан бас тартуы

туралы арыз түскеннен бастап үш күн iшiнде ұйғарым шығаруы тиiс. Соттың

арызды қабылдаудан бас тартуы арыз берушi үшiн осы талап бойынша сот iсi тəртiбiмен сот бұйрығын шығару туралы талап қою арызын ұсынуына кедергi бола алмайды (ҚР АIЖК 143-бап).

Сот бұйрығын шығару туралы арызда кемшiлiктер болған немесе оған баж

салығы төленбеген не болмаса ол ҚР АIЖК 141-бабында аталған талаптарға сай келмеген жағдайларда соттың арызды қабылдаудан бас тартуға құқысы

жоқ, сот ұйғарым шығарып, қарызды өндiрушiге кемшiлiктерiн жоюға үш

күн мерзiм беруi тиiс. Егер де қарызды өндiрушi соттың нұсқауы бойынша бекi-тiлген мерзiмде

мемлекеттiк баж салығын төлеп, ұйғарымда көрсетiлген кемшiлiктердi

жоятын болса, онда арыз алғаш сотқа ұсынған күнiнде берiлген болып

саналады. Олай болмаған жағдайда сот арызды қабылдаудан бас тарту

туралы ұйғарымшығарады. Сот бұйрығын шығаруды жоққа шығару туралы

сот ұйғарымын алғаннан кейiн, арызданушы сол сотқа өз талаптарын талап

қою iсi тəртiбiмен, тараптарды шақырып, дауды сот талқылауымен қарау

туралы арыз беруге құқылы (ҚР АIЖК

144-бап).

Сот бұйрығы тек кiрiспе жəне дəлелдi бөлiмдерден ғана тұратынын есте ұстаған жөн.

Сот бұйрығын сот қойылған талаптардың мəнi бойынша сот бұйрығын

шығару туралы арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде шығаруы тиiс (ҚР

АIЖК 145-бап).

ҚР АIЖК 146-бабына сəйкес сот бұйрығының кiрiспе бөлiмiнде мыналар

болуы тиiс: 1) сот iсiнiң нөмiрi жəне бұйрықты шығарған күн;

2) соттың атауы жəне бұйрықты шығарған соттың аты-жөнi;

3) қарызды өндiрушiнiң тегi, аты, əкесiнiң аты (егер де ол жеке куəлiкте көрсетiлген болса), оның тұрғылықты немесе болатын жерi, тұрғылықты

жерi бойынша тiркелгенi туралы мəлiметтер жəне салық төлеушiнiң

тiркелген нөмiрi;

4) егер де қарызды өндiрушi заңды тұлға болатын болса, оның атауы,

нақты орналасқан жерi не болмаса бiрыңғай Мемлекеттiк тiркеу мəлiметтерi,

банктiк деректемелерi мен салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi;

5) қарызгер туралы мəлiметтер:

– оның тегi, аты, əкесiнiң аты (егер де ол жеке куəлiкте көрсетiлген

болса);

Page 149: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– оның тұрғылықты немесе болатын жерi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мəлiметтер;

– оның жұмыс орны жəне жұмыс орнының банктiк деректемелерi (егер де сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлсе);

– банктiк деректемелерi мен қарызгер-салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi

(егер де сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлсе) немесе қарызды

өндiрушi заңды тұлға болатын болса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не болмаса бiрыңғай Мемлекеттiк тiркеу мəлiметтерi (егер де сот бұйрығын

шығару туралы арызда көрсетiлсе), банктiк деректемелерi мен салық

төлеушiнiң тiркелген нөмiрi.

Сот бұйрығының қарарлы бөлiмiнде: 1) талапты қанағаттандыруға негiз болған заң;

2) өндiрiлуге тиiстi ақша мөлшерi немесе талап етiлуге тиiстi, құны

көрсетiлген мүлiктiң белгiсi; 3) оны өндiру заңда немесе келiсiм-шартта қарастырылған болса,

тұрақсыздық айыбы;

4) қарызгерден қарызды өндiрушiнiң пайдасына немесе жергiлiктi бюджетке өндiрiлуге тиiстi мемлекеттiк баж салығының сомасы;

5) сот бұйрығына шағымдану мерзiмi мен тəртiбi.

Кəмелетке жасы толмағандарға алимент өндiру туралы сот бұйрығында бұйрықтың нөмiрi туралы мəлiметтерден басқа ызгер туралы қосымша мəлiметтер: қарызгердiң туған жылы, айы, күнi жəне туылған жерi, оның

жұмыс орны, алимент өндiрiлуi тиiс əрбiр баланың аты-жөнi мен туған

жылы, айы, күнi, қарызгерден ай сайын өндiрiлетiн төлем мөлшерi жəне оларды төлек мерзiмi көрсетiлуi тиiс. Сот бұйрығына сот төрешiсi өзi қол

қояды. Ескерту: ҚР АIЖК 146-бабы 2006 жылдың 22-маусымында шыққан

ҚР Заңының № 147-III басылымында. Бұйрықты шығару қарызгердiң талабы бойынша iстi талқылаумен

аяқталатынын есте сақтаған жөн. Сот бұйрығын шығарғаннан кейiн сот көп

кешiктiрмей бұйрықтың көшiрмесiн қарызгерге алғаны туралы хабарламамен

бiрге жiберуi тиiс. Егер де қарызгер сот бұйрығының көшiрмесiн алғаннан

кейiн он күн iшiнде қойылған талаптарға қарсылығы болатын болса, бұйрық

шығарған сотқа ол бұйрықты жоққа шығару туралы арызын байланыс құралдарының кез келген түрiн пайдалану арқылы жiберуге құқылы (ҚР

АIЖК 147-бап).

Заңда (ҚР АIЖК 148-бап) сот бұйрығын жоққа шығарудың тəртiбi

анықталған:

– егер де қарызгерден бекiтiлген мерзiмде бұйрықты орындау туралы

қойылған талапқа қатысты қарсылық тұскен жағдайда, сот төрешiсi сот бұйрығын жоққа шығарады. Сот бұйрығын жоққа шығару туралы

ұйғарымында сот төрешiсi қарызды өндiрушiге сот бұйрығын орындау

туралы оның қойған талабын талап қою iсi тəртiбiмен ұсынуға боалтындығын түсiндiредi. Сот бұйрығын жоққа шығару туралы

Page 150: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ұйғарымның көшiрмесi оны шығарған күннен бастап үш күн iшiнде тараптарға жiберi-ледi.

Сот бұйрығын жоққа шығару туралы сот төрешiлерiнiң қаулыларына жоғарғы сатыдағы соттарға шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды.

Бұйрықты сот iсiндегi сот төрешiлерiнiң соңғы iс жүргiзу əрекеттерiне қарызды өндiрушiге сот бұйрығын беруi жатады. Егер де бекiтiлген

мерзiмде сотқа қарызгерден сот бұйрығын орындауға қарсылығы түспесе, сот төрешiсi қарызгерге бұйрықты орындау үшiн беретiн соттың мөрiмен

куəландырылған сот бұйрығының көшiрмесiн қарызды өндiрушiге беретiнi

заңда көрсетiлген.

Сот бұйрығын орындау үшiн қарызды өндiрушiнiң өтiнiшi бойынша сот бұйрығы тiкелей соттан қарызгердiң мекенжайына жiберiлуi немесе сот орындаушысына тапсырылуы мүмкiн.

Соттың мөрiмен куəландырылған сот бұйрығының жеке данасын сот қарызгерге сот бұйрығын орындау үшiн жiбередi, қарызды өндiрушiге одан

жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне мемлекеттiк баж салығын өндiру мақсатында жiберiлген мемлекеттiк баж салығын өндiру туралы сот бұйрығының

көшiрмесi сот iсiнде қалады (ҚР АIЖК 149-бап).

ЕРЕКШЕ ТАЛАП ҚОЮ МЕН IС ЖҮРГIЗУ

21-т а р а у. БҰҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДАН ТУЫНДАҒАН IСТЕР

БОЙЫНША СОТ IСI

§ 1. Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардағы азаматтар мен

ұйымдардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер

Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 13-бабында əрбiр

азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот жүзiнде қорғау

қарастырылған жəне нормативтi құқықтық актiлердi, шешiмдердi қабылдау

кездерiнде азаматтардың құқықтарын бұзған мемлекеттiк органдар,

жергiлiктi басқару органдарының əрекеттерiнен, лауазымды тұлғалардың

құқыққа қарсы əрекеттерi немесе əрекетсiздiктерiнен азаматтар мен заңды

тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғайды. Азаматтардың өкiметпен

келiспеушiлiгi бұқаралық қарым-қатынастардан туындайтын сот iсiне тəн

белгi болып табылады. Қорғау туралы сотқа жүгiнген тұлғалар мемлекеттiк

органдар олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзды не болмаса сол

құқықтарын жүзеге асыруға кедергi болды деп есептейдi. Бiр жағынан

мемлекеттiк органдар əдетте қарсылықтарын бiлдiредi, мұндай жағдайларда өздерiнiң қабылдаған шешiмдерiнiң дұрыстығын, өз əрекеттерiнiң немесе əрекетсiздiктерiнiң заңдылығын дəлелдеуге мiндеттi.

Page 151: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

€кiмет салаларын бөлу принципi мемлекеттiк өкiметтi жүзеге асырудың

негiзi ретiнде тұтастай алғанда органдар мен атқару жəне заңдылық

өкiметтердiң лауазымды тұлғаларының əрекеттерiне соттың бақылауын

қажет етедi. Жекелеген жағдайларда сот бақылауы бұқаралық-құқықтық

қарым-қатынастардан (өкiмет пен азаматтардың қарым-қатынастарынан)

туын-дайтын iстердi қарау кезiнде азаматтық сот iсi аясында жүргiзi-ледi.

Бұқаралық-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын iстердi қарау мен

шешу тəртiбi Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 25, 26, 27, 28 жəне 29-

тарауларында бекiтiлген. Оларды қараудың негiзiне: 1) сайлау құқығын қорғау немесе сайлауларға, референдумдарға қатысу

құқықтарын қорғау туралы азаматтың, қоғамдық ұйымның, сайлау

комиссиясының арызы;

2) əкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған тұлғаның, жəбiр-ленушiнiң жəне оның заңды өкiлiнiң немесе қорғаушысының арызы, сондай-ақ əкiмшiлiк

құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi органдардың (лауазымды

тұлғалардың) қаулыларын жоққа шығару туралы прокурордың наразылығы;

3) мемлекеттiк органның, жергiлiктi басқару органының, қоғамдық

бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды тұлғаның, мемле-кеттiк қызметкердiң

шешiмдерiн, əрекеттерiн (немесе əрекетсiз-дiктерiн) жоққа шығару туралы

азаматтың жəне заңды тұлғаның арызы;

4) нормативтi құқықтық актiнiң заңдылығын жоққа шығару туралы;

5) қабылданған жəне жарияланған нормативтi-құқықтық актiнi жəне органдар мен лауазымды тұлғалардың əрекеттерiн заңсыз деп тану туралы

прокурордың үндеуi.

Соттың жүргiзуi заңда қарастырылған бұқаралық қарым-қатынастардан

туындаған өзге де iстер қаралуы мүмкiн.

Бұқаралық қарым-қатынастардан туындаған азаматтық iстер бойынша əдiлсот жалпы соттардың ведомстволық бағынышты жəне оны сот азаматтық

сот iсi тəртiбiмен қарайды.

Iстердiң ведомстволық бағыныштылығы мен соттылығы. Мемлекеттiк органның, жергiлiктi басқару органының, қоғамдық

бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды тұлғаның, мемлекеттiкқызметкердiң

шешiмдерiн, əрекеттерiн (немесе əрекетсiз-дiктерiн) жоққа шығару туралы

iстердi азаматтың не болмаса мемлекеттiк органның тұратын жерi бойынша аудандық соттар қарайды (ҚР АIЖК 278-бап).

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2003 жылдың 19-

желтоқсанындағы «Соттардың мемлекеттiк органның, жер-гiлiктi басқару

органының, қоғамдық бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды тұлғаның,

мемлекеттiк қызметкердiң шешiмдерiн, əрекеттерiн (немесе əрекетсiздiктерiн) жоққа шығару туралы заңдылықтарын қолдануы туралы»

№ 10 нормативтi қаулысында мына даулардың ерекше талап қою iсi

тəртiбiмен емес, талап қою iсiнiң ережелерi бойынша қаралатыны

көрсетiлген:

Page 152: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

1) соттың, сот төрешiлерiнiң, прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының

азаматтық-iс жүргiзу, қылмыстық-iс жүргiзу, əкiмшiлiк iс жүргiзу

заңдылықтарына қатысты шешiмдерiн, əрекеттерiн жоққа шығару туралы

арыздарды қараудың өзге сот тəртiбi бекiтiлген;

2) азаматтық-құқықтық, еңбек, тұрғын үй, отбасылық, жер жəне өзге де жеке-құқықтық қарым-қатынастардың субъектi-лерi арасындағы даулар;

3) iшкi iстер органдары, салық жəне кеден органдары жұмысшыларының

осы органдардың басшыларының қатаң айыппұл салу мен қызметтен босату

туралы бұйрықтарын заңсыз деп тану туралы арыздары;

4) акционерлiк қоғамдардың, шаруашылық серiктестiк-тердiң, тендерлiк

комиссияның қабылдаған осы мекемелердiң қатысушыларының жəне т.б.

мүдделерiне нұқсан келтiретiн шешiмдерiн жоққа шығару туралы арыздары.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктердiң жəне өзге де республикалық атқару органдарының жəне Қазақстан Республикасы

Президентiне бағынышты, есеп беретiн органдардың азаматтар мен

ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты жеке актiлерiн жоққа шығару туралы iстерiн облыстық жəне оған тең соттар ҚР АIЖК 28-бабына сəйкес қа-райды.

Аталған ережелер республикалық атқару органдарының, Қазақстан

Республикасының Президентiне бағынышты, есеп беретiн органдардың

аумақтық құрылымдық бөлiмшелерiне қатысты емес екенiн ескерген жөн.

Заңды тұлғаның жəне заңды тұлғалардың бiлiмiнсiз кəсiп-керлiк қызметтi жүзеге асырушы азаматтардың мемлекеттiк органның, жергiлiктi басқару

органының шешiмдерi мен əрекеттерiн жоққа шығару туралы iстерi арнайы

экономикалық соттарға сотты. Ерекше талап қою iстерi бойынша азаматтар

өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғаны

туралы белгiлi болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арыздануға құқылы

(ҚР АIЖК 280-баптың 1-бөлiгi). Ерекше талап қою тəртiбiмен мемлекеттiк органдардың қолдануда жеке,

бiр реттiк сипатқа ие актiлерi (бұйрықтар, жарлықтар, қаулылар) бойынша даулар қаралатынын есте ұстаған дұрыс. Бұл актiлер оның құқықтары мен

мiндеттерiн анықтау, өзгерту, тоқтату немесе тоқтата тұруды мақсат еткен

белгiлi бiр тұлғаға қолданылады.

Iстердi қарау. Iстердi сот отырысында қарау үшiн мемле-кеттiк органның,

қоғамдық бiрлестiктiң басшысы, лауазымды тұлға немесе мемлекет қызметкерi шақырылады, сот олардың келу мiндеттi деп есептейтiн ұйғарым

шығарады. Аталған органдардың басшылары мен лауазымды тұлғалар сот отырысына келуден жалтарған жағдайда ҚР АIЖК 120-бабына сəйкес оларды

ерiксiз келтiру туралы ұйғарым шығарылуы мүмкiн.

Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстердi

талқылаудың мынадай ерекшелiктерi бар:

а) сот қызметiнiң тақырыбына жеке құқықтық қарым-қатынастарға қарағанда императивтiк жəне өкiмдiк сипатқа ие бұқаралық-құқықтық

қарым-қатынастар, оның түрлi атқару органдары жəне лауазымды тұлғалар

Page 153: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

бастаған мемлекеттiк органдардың мiндеттi түрде қатысуы жатады. Сот азаматтық емес, əкiмшiлiк, сайлау, салық не болмаса өзге құқық туралы

дауларды шешедi;

б) азаматтық сот iсiнде қатысушылардың бiрi ретiнде атқару өкiметiнiң

тиiстi органы не болмаса жергiлiктi басқару органы, лауазымды тұлға сөйлейдi. Бұл сот iсiнде арызданушылар азамат, ұйым, атқару өкiметiнiң

органдары не болмаса жергiлiктi басқару органы, лауазымды тұлға, өз құзыретiнiң шегiнде прокурор болып табылады;

в) бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстер бойынша талап қою iсiнде қолданылатын бейбiт келiсiмдi жасауға, iстi аралық

соттардың шешуiне беруге, талап қою болмайтындықтан қарама-қарсы талап

қоюға, сондай-ақ талапты мойындау, талаптан бас тарту сияқты iс жүргiзу

əрекеттерiн жүргiзуге болмайды;

г) бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстер бойынша сырттай сот iсi қолданылмайды;

Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстердi əдетте соттар жеке қарайды, ал сайлау комиссиясын, рерферендум комиссиясын

қайта құру туралы iстердi үш сот төрешiсi алқалы түрде қарауы мүмкiн.

ҚР АIЖК 273, 281, 284-баптарына сəйкес бұқаралық құқықтық қарым-

қатынастардан туындаған iстердi сот азаматтар мен заңды тұлғалардың

арыздары бойынша қарайды. Арызда, шағымда қандай шешiмдердiң,

əрекеттердiң (əрекетсiздiк-тердiң) заңсыз деп тану керектiгi, осы

шешiмдермен, əрекеттермен (əрекетсiздiктермен) қандай құқықтар мен

бостандықтардың бұзылғаны көрсетiлуi тиiс. Азаматтардың немесе заңды

тұлғалардың жоғарғы органға арыз беруi арызды сот iсiне қабылдаудан бас тартуға негiз бола алмайды.

Осы санаттағы iстер бойынша прокурор азаматтардың немесе ұйымдардың өтiнiштерi бойынша сотқа олардың құқықтары мен заңды

мүдделерiн қорғау үшiн арыз беруге құқылы (ҚР АIЖК 55-бап). Мемлекеттiк

органның немесе лауазымды тұлғаның құқықтық актiсiн жəне əрекетiн

заңсыз деп таныған жағдайда, наразылықты тиiстi мемлекеттiк орган немесе лауазымды тұлға қабылдамағанына байланысты прокурордың сотқа берген

арызы ҚР АIЖК 29-бабының ережелерi бойынша қаралуы тиiс. Егер де сотқа арыз беру кезiнде сот ведомстволық бағынышты сотта

құқық туралы даудың барын анықтаса, сот төрешiсi арызды қозғаусыз қалдырады жəне арыз берушiге талап қою арызын ҚР АIЖК 150 жəне 151-

баптарына сəйкес қайта ресiм-деу қажеттiгiн түсiндiредi. Бұл ретте iстiң

соттылық ережесi бұ-зылатын болса, сот төрешiсi арызды қабылдаудан бас тартады.

Нормативтiк құқықтық актiнi заңға қайшы келген деп тану туралы арызды

қараған кезде аталған актiнi қабылдауға негiз болған мəн-жайларды дəлелдеу

мiндетi актiнi қабылдаған мемлекеттiк органға немесе лауазымды тұлғаға жүктеледi (ҚР АIЖК 284-баптың 4-бөлiгi). Сот, құқықтық қарым-

қатынастардан туындаған iстердi қарап шешiм шығарарда дəлелдемелердi

Page 154: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

осы бастамасы мен iстi дұрыс шешу үшiн оны алдыруға (талаптануға) құқылы.

Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған iстердi қарап,

шешу барысында сот жоққа шығарудың тақырыбына – мемлекеттiк

органның немесе лауазымды тұлғаның шешiмi немесе əрекетi (əрекетсiздiгi)

екендiгiн анықтауы тиiс. Егер де мемлекеттiк органның, жергiлiктi басқару

органының, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттiк

қызметкердiң шешiмi жоққа шығарылатын болса, бұл шешiмдi кiмнiң

шығарғанын жəне қандай құқықтың (азаматтық, əкiмшiлiк, зейнеткерлiк

жəне т.б.) бұзылғанын анықтау қажет. Iстiң барлық мəн-жайлары мен азаматтар мен заңды тұлғалардың

арыздары негiздi екендiгiн анықталғаннан кейiн сот шешiм шығарып, онда мыналарды көрсетiп, тануы тиiс:

1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен

заңды мүдделерiн бұзған мемлекеттiк органның, жергiлiктi басқару

органының, қоғамдық бiрлестiктiң, ұйымның, лауазымды тұлғаның,

мемлекеттiк қызметкердiң заңсыз құқықтық актiсiн жоққа шығару туралы;

2) егер де тəртiп бұзушылық анықталмаса, осы тұлғалар мен органдардың

арыздарын қанағаттандырудан бас тарту туралы;

3) меншiк иесiнiң немесе өздерiне тиеселi мүлiкке иелiк ету, пайдалану,

жарлық ету құқығы бұзылған жағдайда мемлекеттiк басқару органының не болмаса лауазымды тұлғаның заңға сəйкес келмейтiн жеке актiсiн жарамсыз деп тану (ҚР Азаматтық кодексi 267-бап);

Мемлекеттiк органның жəне өзге органның қабылдаған нормативтi-құқықтық актiсiн заңсыз немесе заңға сəйкес келмейдi деп таныған жағдайда сот тиiстi мемлекеттiк органға, жергiлiктi басқару органына, қоғамдық

бiрлестiкке, ұйымға, лауазымды тұлғаға немесе мемлекет қызметкерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен

заңды мүдделерiн толықтай қалпына келтiру мiндетiн жүктейдi. Арызды

қанағаттандыру туралы сот шешiмiнде жоққа шығарыл-ған шешiммен,

əрекетпен (əрекетсiздiкпен) жоққа шығарыл-

ған құқықтық актi мен жiберiлген құқық бұзушылықтарды қалпына келтiру

үшiн жасалынатын iс-əрекеттер көрсетiлуi тиiс (ҚР АIЖК 278, 282-баптар).

ҚР АIЖК 282-бабына сəйкес бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан

туындаған iстер бойынша сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн iске қатысушы тұлғалар, сондай-ақ өзге де тұлғалар сотта сол талаптармен, сол

негiзде арыздана алады. Демек, осы санаттағы iстер бойынша сот шешiмiнiң

заңды күшi егер де олардың арыздарының тақырыбы мен негiзi сəйкес келсе, барлық тұлғаларға арналған. Сондықтан да, егер де сол тақырып бойынша сот шешiм қабылдаған болса жəне ол заңды күшiне енген болса, сот төрешiсi арызды қабылдаудан бас тартады немесе бұқаралық-құқықтық қарым-

қатынастардан туындаған iстер бойынша сот iсiн тоқтатады.

Сот шешiмi заңды күшiнен енгеннен кейiн үш күн iшiнде заңды бұзған

кемшiлiктерiн жою үшiн шешiмi мен əрекетi жоққа шығарылған сол

Page 155: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

мекеменiң басшысына не болмаса органға бағыныштылық тəртiбiмен

жоғарғы тұрған органға, ұйымға не лауазымды тұлғаға жiберiлуi тиiс. Шешiмдi ерiктi түрде орындамаған жағдайда, сот азаматтың немесе заңды

тұлғаның арызы бойынша сот қаулыларын орындату бойынша тиiстi өкiмдi

органдарға орындау парағын жазып, оны орындатуға жiберуi тиiс. § 2. Сайлауларға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен

қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары

бойынша сот iсi

Сайлау құқықтары мен референдумға қатысу құқықтарын қорғау туралы

iстер бойынша сот iсi ҚР АIЖК 25-бабымен жəне «Республикалық

референдум туралы» 1995 жылдың 2-қарашасында шыққан Конституциялық

заң, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28

қыркүйекте шыққан Конституциялық заңдар кiретiн сайлау құқығы туралы

тиiстi конституциялық заңмен реттеледi. «Қазақстан Республикасы сайлауы

туралы» Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентiн, Сенат пен Қазақстан Республикасындағы Парламентiнiң депутаттарын сайлау,

Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлау

тəртiптерi қарастырылған. Осы санаттағы iстер бойынша сот iсi нақты

тұлғалардың немесе сайлау кезiнде құқықтары бұзылған тұлғалардың

белгiсiз аясының, сондай-ақ Орталық сайлау комиссия-сының, облыстық

аумақтық сайлау комиссиялары мен өзге комиссиялардың арыздары

бойынша жүргiзiледi.

ҚР АIЖК 272-бабы, «Республикалық референдум туралы» Заңның 5-бап,

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 4-баптарында өздерiнiң сайлау құқықтарының жоққа шығарылғандығы туралы арыздануға құқықтары бар тұлғалар анықталынған. Мұндай тұлғаларға заң: азаматтарды,

сайлаушыларды, қоғамдық бiрлестiктердi, сайлау комиссияларының

мүшелерiн, депутаттыққа кандидаттарды, сайланушылар мен олардың

сенiмдi тұлғаларын, саяси партияларды, сайлау блоктары мен олардың

сенiмдi тұлғаларын, өзге қоғамдық бiрлес-тiктердi, референдум өткiзетiн

ерiктi топтарды, саяси партияларды жəне шет мемлекеттердi

бақылаушыларды, прокурорды жатқызады.

Арыз берудiң негiздерiне мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының, сайлау комиссиясының, азаматтардың сайлау жəне сайланушы болу, сайлауларға, референдумдарға қатысу құқықтарын бұзған

лауазымды тұлғалардың заңсыз шешiмдерi əрекеттерi (əрекетсiздiктерi)

жатады. Аталған тəртiппен шағымдануға тиiстi сайлау комиссияларының

əрекеттерi əдетте сайланушылар тiзiмiнiң дұрыс еместiгiне азаматтардың

назар аударғанына байланысты осы комиссиялардың шешiмдерiне қатысты.

Сайланушылар тiзiмiнiң дұрыс еместiгi туралы мəселе бойынша жəне заңда қарастырылған өзге де жағдайлар бойынша сайлау комиссияларының

шешiмдерiмен келiспейтiн тұлға сайлауға дейiн жетi күн бұрын тиiстi сайлау

комиссиясының тұрған жерi бойынша сотқа шағымдана алады.

Page 156: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Жалпы ережелерге қарағанда сотқа жүгiнудiң бекiтiлген түрiн сақтамау

арызды қабылдаудан бас тартуға емес, соттың бұл арызды тиiстi сайлау

комиссиясына жiберуiне əкеп соқтырады.

Сайлау комиссиясының жұмысын жəне сайлау құқығын жүзеге асыру

тəртiбiн реттейтiн заңның бiрден-бiр актiсi 2003 жылғы 28-қыркүйекте шыққан «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық заң

болып табылатынын есте ұстаған жөн.

Сайлау туралы заңда сайланушылар тiзiмiнде (сайлаушының аты-жөнi

мен өзге мəлiметтер) кеткен қателер мен нақтылы еместердi түзету туралы

сайлау комиссиясына мiндеттi түрде сотқа дейiн шағымданудың тəртiбi

қарастырылған.

Тiзiмдегi қатенi жоққа шығару туралы арызды сайлау өтетiн күнге дейiн

учаскелiк комиссия қарауы тиiс, арызды дереу қарау, тiзiмге тиiстi өзгертулер енгiзу туралы шешiм қабылдауы не болмаса арызданушыға оның

арызын қараудан бас тарту туралы дəлелдi шешiмнiң көшiрмесiн беруi тиiс. Бұл шешiмге сайлау комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап, он күн

iшiнде үш күннен кешiктiрмей, ал дауыс беру күнi тез арада шағымды

қарауға мiндеттi жоғарғы комиссияға шағымдануға болады.

Жоғарғы комиссияның немесе соттың шешiмiне сəйкес тiзiмдегi қатенi

учаскелiк комиссия тез арада түзетедi. Кез келген жағдайда сайлау

комиссиясына алғашқы шағымдану ұсынылады, содан соң барып, бас тартқан жағдайда сотқа не жо-ғарғы комиссияға шағымданады. Сайлау

туралы заңда шағым берудiң қысқартылған мерзiмдер де жəне сотқа жүгiнетiн өзге жағдайлар да бекiтiлген. Егер де сайлау комиссияларының

қандай да бiр əрекеттерiне шағымдану құқығы сайлау заңдылықтарының

актiсiнде қарастырылмаса да, Қазақстан Республикасы Конституциясының

тiкелей əсер ету күшiмен комиссияның əрекетiне шағымдануға болатынын

есте ұстаған дұрыс. Кандидатты депутаттыққа тiркеуден бас тартқаны немесе тiркеуден алып

тастағаны үшiн сотқа немесе Орталық сайлау комиссиясына жетi күн iшiнде шағымдануға болады.

Сондықтан да, азаматтардың шағымдары бойынша сайлау

комиссияларының сайлау тiзiмiне өзгерту енгiзуден бас тарт-қаны үшiн

сотқа ерекше сот iсi тəртiбiмен шағымданады.

Азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруы осы азаматтың аты-

жөнiн сайлау тiзiмдерiнен табумен, яғни сайлау құқықтарын жүзеге асыру

үшiн мемлекеттiк тiркеуден өту қажеттiгiмен ерекше байланысты. Мұндай

жағдайда сайлау құқығын жүзеге асыру мүмкiндiгiнiң өзi емес, азаматтардың

өз құқықтарын сөзсiз жүзеге асыруының алғы шартының тiркелгенi, яғни

азаматтың құқығы азаматты тиiстi түрде тiркемеу арқылы бұзылған

жағдайда. Демек, iстердiң бұл санатында құқықты жүзеге асыру туралы дау

жоқ, оның орнына құқықты жүзеге асырудың алғы шартттары туралы дау бар

– яғни құқық туралы дау жоқ. Iстердiң осы санаты (категория) аясында сот

Page 157: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

шешiмi құқықты жүзеге асырудың алғы шарттарын тiркеудiң орнын баса алмайды, ол осындай тiркеудi жүзеге асырудың негiзi болып табылады.

Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң,

азаматтардың, заңда белгiленген тəртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер

өкiлдерiнiң дауыс берудi өткiзуге қатысты, сондай-ақ сайлау туралы

заңдардың бұзылуы жөнiндегi сайлауды əзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде келiп

түскен арыздарын қарап, оларды бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы

бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде жəне дауыс беру күнi келiп түскендерiн

дереу қарауға мiндеттi. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның

50-бабында азаматтардың, заңды тұлғалардың, сайлау комиссиялары

мүшелерiнiң, қоғамдық бiрлестiктердiң жəне өзге тұлғалардың жоққа шығарылған құқықтары туралы сотқа жүгiнулерiне себеп болатын сайлау

заңдылықтарын бұзудың тiзiмi кеңiнен берiлген. Аталған тəртiп

бұзушылықтар тұлғаны қылмыстық жауапкершiлiкке тартудың негiзi болатынын ескерген жөн:

1) сайлау комиссияларының жұмысына араласу:

2) дауыс беруге кедергi келтiру, кандидатты, партиялық тiзiмдерiн

тiркеумен дауыстарды есептеумен жəне сайлау қорытындыларын

анықтаумен байланысты мiндеттерге кедергi келтiру, Қазақстан

Республикасының азаматына күш көрсету, қорқыту, алдау, саудаға салу

арқылы өзiнiң сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергi келтiру;

3) сайлау құжаттарының жалғандығы;

4) қасақана дауыстарды дұрыс санамау, сайлау нəтижелерiнiң

қорытындысын дұрыс шығармау;

5) дауыс беру құпиясын бұзу;

Сайлау заңдылығын бұзғаны үшiн тұлғаны əкiмшiлiк жауапкершiлiкке

тартуға мыналар негiз болады.

1) сайлау туралы заңға сəйкес мəлiметтердi ұсынбау немесе жарияламау;

2) сайлау күнде немесе оның алдындағы күнде саяси партия ұсынған

кандидат, партия тiзiмi тiркелгенге дейiн сайлау алдындағы үгiт жұмыстарын

жүргiзу;

3) сайлау алдындағы үгiт жұмыстарын, кандидаттардың сенiмдi

тұлғаларының, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдары

өкiлдерiнiң жəне сайлау бақылаушыларының заңды əрекеттерiн жүргiзуге кедергi келтiру;

4) кандидаттар, саяси партиялар туралы олардың ар-намысын, қадiр-

қасиетiн аяққа таптайтын қасақана жалған мəлiмет-тер тарату;

5) сайлау комиссия мүшелерiнiң азаматтардың сайланушылар тiзiмiмен

танысу құқықтарын бұзуы немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

сайлау алдындағы үгiт жұмыстарын жүргiзу шарттарын бұзуы;

6) сайланушылар тiзiмiн құру үшiн сайланушылар туралы жалған

мəлiметтер ұсыну;

Page 158: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

7) өзге тұлғаларға дауыс беру үшiн азаматтарға сайлау бюллетендерiн

тарату;

Аталған жағдайларда сайлау комиссиясы сотқа немесе прокуратураға арыздануға құқылы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодек-сiнде (ҚР АIЖК

273-бап), соттың сайлау комиссияларының əрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану туралы арыздарын қарау мерзiмдерi көрсетiлген:

1) сайлауға дайындық жəне сайлауды өткiзу кезiнде, сондай-ақ дауыс берген күннен бастап бiр ай iшiнде түскен арыздар он бес күн мерзiм iшiнде қаралады;

2) дауыс бергенге дейiн бес күн iшiнде түскен арыздар дауыс беру күнiнде;

3) сайлау қорытындыларын жариялағанға дейiн берiлген арыздар – тез

арада

4) сайланушылар (сайлаушылар) тiзiмiн түзету қажеттiгi туралы арыздар

түскен күнi қаралуы тиiс. Арызды сот арыз берушiнiң, тиiстi сайлау комиссиясының немесе

мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қатысуымен

қарайды. Сот отырысының болатын уақыты мен орны хабарланған, аталған

тұлғалардың сотқа келмеуi iстi шешуге кедергi бола алмайды.

Шағымды сот арыз берушiнi, мемлекеттiк органды, заңды тұлғаны,

сондай-ақ тиiстi сайлау комиссиясының өкiлiн сот отырысына шақырып

қарайды. Сайланушылар тiзiмiнiң дұрыс еместiгi туралы сайлау

комиссиясының өзге де əрекеттерiне шағым жасау бойынша iстi сот прокурордың қатысуымен қарайды. Сайлау комиссиясының əрекеттерiне жасалған шағымдарды қарау ерекшелiгiне сот шешiмiнiң заңды күшiне енудегi ерекше тəртiп жатады. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шағымы

бойынша сот шешiмi дəлелдеуi болуы тиiс. Ол жарияланғаннан кейiн бiрден

заңды күшiне енедi жəне оған аппеляциялық тəртiппен шағымдануға, наразылық бiлдiруге болмайды. Сот шешiм шығарғаннан кейiн бұл шешiмнiң

көшiрмесiн дереу мемлекеттiк органға, заңды тұлғаға, азаматқа немесе тиiстi сайлау комиссиясының төрағасына жiбередi. Онда арыз берушiге жəне өзге тұлғаларға арыз бойынша iс қозғалғанын хабарлайды. (ҚР АIЖК 274-бап).

§ 3. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi

органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларын жоққа шығару

туралы сот iсi

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2004 жыл-ғы 26

қарашасында шыққан «Соттардың əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

заңдылықтарды қолданудың кейбiр мəселелерi туралы» № 18 нормативтi қаулысында əкiмшiлiк жауапкершiлiк туралы заңдылықтарының

принциптерiн сақтамау (ҚР Əкiмшi-лiк құқық бұзушылық кодексi 8-бап)

əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша болған сот iсiн жарамсыз деп тануға, осындай сот iсi барысында шығарылған шешiмдi жоққа шығаруға

Page 159: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

немесе iс материалдарының дəлелдемелiк күшi жоқ деп тануға əкелiп

соқтыратындығы айтылған.

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi органдар

мен лауазымды тұлғалардың қаулыларын жоққа шығару туралы сот iсiн сот ҚР АIЖК-нiң 26-тарауында қарастырылған ерекше сот iсi тəртiбiмен

əкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнiң нормаларын қолдана отырып

жүргiзедi.

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнiң 39-тарауындағы ережелер

бойынша соттар əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша лауазымды тұлғалардың, мемлекеттiк өкiмет органдарының, коммерциялық

ұйымдар басшыларының, заңды тұлғалар мен жеке кəсiпкерлердiң шығарған

қаулыларына (хаттамаларына) жасалған шағымдарды қарап, шешудi жүзеге асырады.

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны туралы хаттама (қаулы) ҚР

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң

635-бабына сəйкес толтырылады. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға əкiмшiлiк жаза қолданылған тұлғалар сотқа шағымдана алады. Оларға заң əкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шыққан тұлғаны,

жəбiрленушiнi, жеке жəне заңды тұлғалардың өкiлдерiн, қорғаушысын

жатқызады (ҚР ƏҚБтК 584–588-баптар).

Əкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыға жасалған шағым iс бойынша қаулы шығарған лауазымды тұлғаға жiберiледi, ол шағым немесе наразылық

түскен күннен бастап үш күш iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен

бiрге жоғары органға немесе жоғары лауазымды тұлғаға жiберуi тиiс. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шағым, наразылық

соттылығы бойынша арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi аудандық сотқа тiкелей қаулы көшiрмесiн алған күннен бастап он күн iшiнде берiлуi мүмкiн.

Əкiмшiлiк құқық бұзған тұлға iстi қарауға қатыспаған жағдайда шағым

беру мерзiмi əкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы түскен күннен басталады.

Дəлелдi себептермен мерзiмдi өткiзiп алған жағдайда, қаулы шығарылған

тұлғаның арызы бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн (ҚР

ƏҚБтК 657-бап). Шағым беретiн мерзiмдi өткiзiп алу, əкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтiп кетуi, сондай-ақ қаулыны орындау мерзiмiнiң өтiп

кетуi соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негiз бола алмайды. Мерзiмдердi жəне iстердi дұрыс шешу үшiн олардың маңызын сот шағымдардың мазмұнына қарамастан тексередi.

Мүдделi тұлғалардың жоғары органға немесе жоғары лауа-зымды тұлғаға бағыныштылық тəртiбiмен алдын ала өтiнiш бiлдiруi сотқа шағым берудiң

жəне оны мəнi бойынша қарап, шешу үшiн соттың қабылдауының мiндеттi шарты емес. Егер де əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыға шағым жоғары органға (лауазымды тұлғаға) жəне сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды.

Берiлген шағым ҚР АIЖК 150 жəне 151-баптарындағы талаптарға сай

түрде жəне мазмұнда болуы тиiс. Сотқа шағым беру əкiмшiлiк жаза қолдану

Page 160: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

туралы қаулыны орындауды тоқтатады. ҚР ƏҚБтК-нiң 662-бабына сəйкес əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыға шағымды,

наразылықты қарауға дайындау үшiн сот төмендегi əрекеттердi жүзеге асырады:

1) iс бойынша сот iсiн болдырмайтын мəн-жайлардың бар-жоғын

анықтайды;

2) €тiнiмге рұқсат бередi, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды, қосымша материалдарды талап етедi, шағымды қарауға қатысуы тиiс дер шағына тұлғаларды шақырады;

3) егер де шағым, наразылықты қарау тиiстi соттың құзыретiне жатпаса, шағымды iстiң барлық материалдарымен бiрге ведомстволық бағынышты

сотқа жiбередi.

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым,

наразылықты сот ол түскен күннен бастап он күн iшiнде жеке қарайды.

Тұлғаны қамауға алу түрiндегi əкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартқан

жағдайда шағым, наразылық берiлген күнiнен бастап бiр тəулiк iшiнде қаралуы тиiс (ҚР ƏҚБтК 660-бап).

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым,

наразылықты қарау кезiнде iс жүргiзу заңының нормалары сақталуы тиiс. Сот шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруi тиiс, қажет болған жағдайда жеке тұлғаларды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн, өзге тұлғаларды, маманның түсiндiруiн, сарапшының қорытындысын, тыңдауы,

қосымша материалдарды зерттеуi, ҚР ƏҚБтК 663-бабына сəйкес өзге де iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуi тиiс.

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым,

наразылықты қарағаннан кейiн сот төрешiсi ҚР АIЖК 277-бабына сəйкес төмендегi шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) егер де сот əкiмшiлiк жаза қолдану бойынша əкiмшiлiк органның

əрекетi заңды жəне негiздi екенiн анықтаса, онда қаулыны өзгертусiз, ал

арызды қараусыз қалдырады.

2) егер де сот əкiмшiлiк орган немесе лауазымды тұлға əкiмшiлiк құқық

бұзушылық туралы қаулыны өз құзыреттерiн бұза отырып шығарғанын

анықтаса, əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулыны жоққа шығарады

жəне əкiмшiлiк жазаның мерзiмi өтпеген болса, жоғары органға, лауазымды

тұлғаға қарауға жiбередi немесе əкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмi өтiп кеткен

болса, iс бойынша сот iсiн тоқтатады.

Сонымен бiрге қаулыны жоққа шығару жəне 68-бапта қарас-тырылған

(мысалы, аса маңызы емес жəне т.б) мəн-жайлар мен 580-бапта қарастырылған (оқиғаның жоқтығы мен əкiмшiлiк құқық бұзушылық

құрамының жоқтығы) мəн-жайлар бар болатын болса, ҚР ƏҚБтК 581-

бабындағы (ҚР ƏҚБтК 68-баптарында қарастырылған немесе қылмыстың

белгiлерi бар болатын болса), сондай-ақ негiзiне қаулы шығарылған мəн-

жайлардың дəделденбеген жағдайында iстi тоқтату туралы шешiм

қабылдайды.

Page 161: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

3) қаулыны жоққа шығарып, жаңа қаулы шығару туралы. Бұл ретте сот əкiмшiлiк жаза қолдануды күшейтуге жол бермей, жасалған əкiмшiлiк құқық

бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, оның кiнəсiнiң

деңгейiн, мүлiктiк жағда-йын жəне жауапкершiлiктi жеңiлдетеiн өзге де мəн-

жайларды ескере отырып, қолданылатын шараны өзгертуге құқылы.

Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға өкiлеттi органның

(лауазымды тұлғаның) шығарған қаулысына жасал-ған шағым (наразылық)

бойынша соттың шығарған заңды күшi-не енген жəне енбеген ұйғарымына шағымдану ҚР ƏҚБтК-нiң 277-бабында бекiтiлген тəртiпке сəйкес жүргiзiледi.

Мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасы жəне заңды тұлға шығарған

қаулыға шағымды қарай нəтижелерi бойынша сот шешiмi ұйғарым түрiнде шығарылады.

§ 5. Нормативтi құқықтық актiлердiң заңдылығын жоққа шығару

туралы iстер бойынша сот iсi

Нормативтi құқықтық актiлердiң заңдылығын жоққа шығару туралы iстер

бойынша сот iсi мəнi жағынан мемлекеттiк органдардың жəне заңды

тұлғалардың шығарған нормативтi құқықтық актiлерiнiң заңдылығы туралы

дауды сот шешетiн ерекше сот iсiне жатады. ҚР АIЖК 283-бабына сəйкес норма-тивтi құқықтық актiлердi жоққа шығару туралы iстерде талап

қоюшыларға тiкелей талап қою арызын ұсынған азаматтар немесе ұйымдар

ғана емес, жоққа шығарылатын актiмен құқықтары бұзылған өзге де субъектiлер де жатады жəне осы тұлғалардың барлығының мүддесi бiр

мақсатқа бағытталуы тиiс: нормативтi құқықтық актiнi заңсыз деп тану.

Əдебиеттерде нормативтi құқықтық актiнi тұлғалардың белгiсiз топтары

үшiн мiндеттi құқықтық нормаларды (тəртiп ережесi) бекiтетiн мемлекеттiк

органға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына немесе лауазымды тұлғаға бекiтiлген тəртiппен шығарған, қайта-қайта қолдануға арналған жəне нақты

құқықтық қарым-қатынастар туындағанына немесе тоқтағанына қарамастан

қолданыста болатын билiк актiсi деп түсiну қабылданған.

ҚР АIЖК-нiң 28-тарауында жалпы соттардың мемлекеттiк өкiмет органдары мен заңды тұлғалар шығарған нормативтi-құқықтық актiлердiң

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң заңдары мен қаулыларына сəйкес келуiн бақылауды жүзеге асыру

тəртiбi қарастырылған. Мұндай iстердi қарау кезiнде жалпы соттар шын

мəнiнде олардың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады. Нормативтi-құқықтық актiлердiң заңдылығын, яғни олардың Қазақстан

Республикасының Конституциясына немесе үлкен заңды күшi бар заңға сəйкес келуiн қадағалауды жалпы соттардан басқа өзге сот, сондай-ақ сотқа жатпайтын органдар да жүзеге асыруға құқылы, сондықтан да мұндай

қадағалауды əдебиетте шартты түрде екi түрге бөледi: сот қадағалауы жəне соттан тыс қадағалау.

Page 162: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан

Республикасы Конституциясының 72-бабына сəйкес Қазақстан

Республикасының Президентi қол қойғанға дейiн, Қазақстан

Республикасының Парламентi заңдарды қабылдаған-ға дейiн олардың

Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес келуiн қарайды,

соттан тыс қадағалау осылайша жүзеге асырылады.

Қазiргi уақытта шығарылған нормативтi-құқықтық актiлердiң көпшiлiгiн

соттан тыс қадағалау Қазақстан Республикасы Əдiлет министрлiгiне жəне оның аумақтық органдарына атқару органдарының нормативтi-құқықтық

актiлерiн тiркеу арқылы жүктелген. Аталған органдар тiркеу кезiнде бұл

актiлердiң Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңға жəне үлкен

заңды күшi бар өзге де нормативтi актiлерге сай келетiндiгi тексерiледi.

Нормативтi құқықтық актiнi əдiлет басқармасы заңды сараптама жүргiзгеннен кейiн, актiнiң Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сəйкес келмейтiндiгiн анықтаған жағдайда тiркеуден бас тартуы мүмкiн.

Мемлекетiк тiркеуге рұқсат етiлмегеннен кейiн атқару өкiметi органының

басшысы тiркелмеген нормативтi құқықтық актiнi жоққа шығару туралы

тиiстi құжат (қаулы, бұйрық жəне т.б.) шығарады.

Соттан тыс қадағалауға сондай-ақ министрлiктер мен үкiмет ведомстволарының, өкiлдерiнiң (заңды) жəне Қазақстан Республикасының

атқару органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi бас-қару органдарының, бақылау

органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының шығарған құқықтық

актiлерiн қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы

прокуратурасының қызметi де жатады. Мұндай жағдайларда прокурор

заңсыз құқықтық актiнi шығарған органға наразылық бiлдiру арқылы

қадағалауды жүзеге асырады.

Iстi қозғау. Мемлекеттiк органның, жергiлiктi өзiн-өзi бас-қару

органының, ұйымдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңда қарастырылған тəртiппен қабылданған жəне жариялан-ған құқықтық

актiлерiнде Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан

Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен заңдар кепiлдiк берген

құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған деп есептейтiн

азаматтар мен заңды тұлғалар сол актiнi толық немесе жартылай заңға қайшы

келедi деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

ҚР АIЖК 283-бап 2-бөлiмiне сəйкес тексеруi Қазақстан Республикасы

Конституциялық Кеңесiнiң құзыретiндегi нормативтi-құқықтық актiлердiң

заңдылығын жоққа шығару туралы арыз жалпы сотта қаралуға жатпайды.

Нормативтiк-құқықтық актiлердi жоққа шығару туралы арыздың

соттылығы ҚР АIЖК 3-тарауында бекiтiлген жалпы аумақтық жəне родтық

соттылықтың ережелерi бойынша анықталады.

Демек, ҚР АIЖК 28-бабына сəйкес облыстық жəне оған тең соттар бiрiншi

сатыдағы сот ретiнде министрлiктердiң, тiкелей Қазақстан Республикасының

Президентiне бағынышты, есеп беретiн өзге республикалық атқару

органдарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтi

Page 163: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау

комиссиясының жəне Қазақстан Республикасының референдумының

Орталық комиссиясының шешiмдерiн жоққа шығару туралы iстерiн қарауға құқылы.

Нормативтi құқықтық актiлердi заңсыз деп тану негiзiне нормативтi құқықтық актiнi тiркеу дерегi жəне жалпыға мəлiм ету үшiн оны жариялау

немесе олардың жоқ болуы жатады. Нормативтi құқықтық актiлердi жоққа шығару туралы арызда қорғалу тақырыбына азаматтар мен заңды

тұлғалардың субъективтi құқықтары мен мүдделерi, сондай-ақ қоғамның

мүддесi, яғни қоғамдық (бұқаралық) мүдделер жатады. Нормативтi құқықтық

актiлердi жарамсыз деп тану туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың

арыздары ҚР АIЖК 150 жəне 152-баптарындағы арыз түрлерi мен мазмұнына сəйкес келуi жəне нормативтi-құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк органның немесе лауазымды тұлғаның атауы, оны қабылдаған күнi, атауы (бұйрық, қаулы,

шешiм жəне т.б.), нұсқау жəне осы актiмен немесе оның жеке ережесiмен,

Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай бабымен, қандай заң

ереже-лерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қандай жарлығымен

азаматтар мен заңды тұлғалардың қандай құқықтарының бұзылғандығы

көрсетiлуi тиiс. Нормативтi құқықтық актiнi заңсыз деп тану туралы арызға оны қандай

органның шығарғанын немесе қайсы бұқаралық ақпарат құралының

жариялағаны жəне қашан жарияланғаны көрсетiле отырып, жоққа шығарылатын актiнiң көшiрмесi немесе оның бiр бөлiгi тiркелуi тиiс. Дегенмен де, нормативтi құқықтық актiнi заңсыз деп тану туралы сотқа арыз беру нормативтi құқықтық актiнiң əрекетiн тоқтатпайды (ҚР АIЖК

283-баптың 6-бөлiгi). Арызды қарау. Нормативтi құқықтық актiлердi жоққа шығару туралы

сотқа арызданушы азаматқа немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ осы нормативтi құқықтық актiнi қабылдаған мемле-кеттiк органға немесе лауазымды тұлғаға сот отырысының болатын уақыты мен орны хабарланады. Iс арыз берiлген

сəттен бастап, он күн мерзiм iшiнде азаматтың немесе заңды тұлғаның

өкiлiнiң, прокурордың, нормативтi құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк

органның өкiлiнiң немесе лауазымды тұлғаның мiндеттi түрде қатысуымен

қаралуға тиiс. Дегенмен де, iстiң мəн-жайларына қарай сот сот отырысының

болатын уақыты мен орны хабарланған тұлғалардың бiреуi келмесе де, iстi тыңдай бередi (ҚР АIЖК 284-баптың 1-бөлiгi).

Тұлғаның нормативтi құқықтық актiнi жоққа шығару туралы өз талабынан бас тартуы iс бойынша сот iсiн тоқтатпайды. Заңсыз нормативтi құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк өкiмет немесе лауазымды тұлға талапты мойындауы сот үшiн мiндеттi емес, ол iстi мəнi бойынша қарауы

тиiс. Нормативтi құқықтық актiнi жоққа шығару туралы iстерде қоғамдық

(бұқаралық) мүдделердiң жеке мүдделерге қарағанда артықшылықтары бар.

Page 164: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Заңға қайшы келетiн нормативтi құқықтық актiнi тану туралы арызды

қарау кезiнде аталған актiнi қабылдау үшiн негiз болған мəн-жайларды

дəлелдеу мiндетi актiнi қабылдаған мемлекеттiк органға немесе лауазымды

тұлғаға жүктеледi (ҚР АIЖК 284-баптың 4-бөлiгi). Сот отырысында сот ең

басында нормативтi құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк органның

немесе лауазымды тұлғаның құзыретiн, мұндай актiлердi қабылдауға құқылары туралы, содан соң қабылданған нормативтi құқықтық актiнiң

толықтай немесе жартылай Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына сай келуiн

тексеруi тиiс. Нормативтi құқықтық актiнi жоққа шығару туралы iстердi қарау кезiнде

процеске қатысушылар iстi шешуге маңызы бар деректердi дəлелдеудi жүзеге асырады. Бұл iстер бойынша дəлелдеу тақырыбына нормативтi құқықтық

актiнi қабылдау, тiркеу жəне жариялау дерегi жатады. Сот iстердiң осы

санаты бойынша өз шешiмiн актiнi қабылдау дерегiне, тiркеу тəртiбiн

сақтауды жəне оны жалпыға мəлiм ету үшiн жариялауды, iске қатысушы

тұлғалардың ұсынған дəлелдемелерiмен, сондай-ақ осы деректердiң

расталуымен негiздеуi тиiс. Iс бойынша жүргiзiлген құқықтық тұжырымдардың дұрыстығын анықтау,

яғни жоққа шығарылған актiнiң аса зор заңды күшi бар заңға сəйкетiгiн

тексеру осындай шешiмдi қабылдаудың заңды екендiгiнiң шарты болып

табылады. Жарамсыз немесе қолданыста жоқ деп танылған актiлер «заңсыз»

деген ұғымды бiлдiредi. Бұл екi жағдайда да нормативтi құқықтық актiнiң аса зор заңды күшi бар заңға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының

Конституциясына қайшы келетiндiгiн бiлдiредi.

Арыз бойынша сот шешiмi. Нормативтi құқықтық актiлердi заңсыз деп

тану туралы шешiмдер мазмұндарына қарай тану туралы не болмаса қайта құрылушы (конститутивтi) шешiмдерге жатуы мүмкiн. Iске қатысушы

тұлғалардың көрсеткендерiне қарамастан сот нормативтi құқықтық

актiлердiң жалпыға мəлiм ету үшiн тiркелген жəне жарияланған дерегiн

тексеруi керек. (ҚР АIЖК 285-бап). Нормативтi құқықтық актiлердi заңсыз деп тану туралы iстер бойынша сот төмендегiдей шешiм шығаруы мүмкiн:

1) нормативтi құқықтық актiнi заңсыз деп тану туралы талапты

қанағаттандырудан бас тарту туралы (ҚР АIЖК 285-баптың 1-бөлiгi); 2) нормативтi құқықтық актiнi белгiлi бiр сəттен бастап қолданыста жоқ

деп тану туралы (ҚР АIЖК 285-баптың 2-бөлiгi); 3) нормативтi құқықтық актi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн

жарамсыз деп тану туралы (ҚР АIЖК 285-баптың 3-бө-лiгi). Нормативтi құқықтық актi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн жарамсыз

деп таныған сот шешiмi осы актiнi қабылдаған мемлекеттiк орган немесе лауазымды тұлға үшiн, құқықтары мен бостандықтарына жоққа шығарылған

нормативтi құқықтық актi əсер еткен азамат немесе тұлғалардың белгiсiз аясы үшiн мiндеттi болып табылады. Оның преюдициальды күшi бар,

нормативтi құқықтық актiнiң заңдылығын өзге азаматтар қайта жоққа

Page 165: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

шығарылуы мүмкiн, бiрақ тек соттың тексеру нысанына жатпаған бөлiмi

ғана. Нормативтi құқықтық актiнi, немесе оның бөлiктерiн, баптарын,

тармақтарын сол негiздермен жоққа шығару туралы соттың шешiмi заңды

күшiне енгеннен кейiн осы нормативтi құқықтық актiнi, баптарды,

нормативтi құқықтық актiнiң тармақтарын заңсыз деп тану туралы талап

қойылмайды.

Iс бойынша шешiмдердiң жүзеге асуы. Нормативтi құқықтық актiлердi

заңсыз деп тану туралы шешiм ерекше əкiмшiлiк тəртiппен жүзеге асады.

Шешiм заңды күшiне енген сəттен бас-тап не болмаса сот ұйғарған жəне шешiмнiң қарарлы бөлiмiнде көрсетiлген сəттен бастап, бұл шешiм

қолданыста жоқ деп саналатындықтан, мұндай шешiммен жауап берушiге нормативтi құқықтық актiнi жоққа шығару мiндетi жүктелмеуi тиiс. Мұндай

шешiм нормативтi құқықтық актiнi заңсыз деп таныған сот шешiмiн барлық

мүдделi тұлғаларға жеткiзу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жариялау арқылы жүзеге асады ҚР АIЖК 285-баптың 3-бөлiгi).

Нормативтi құқықтық актiнi заңсыз деп тану туралы iстер бойынша ҚР

АIЖК-нiң 21-бабында бекiтiлген шешiмнiң мiндет-тiлiгi күшiнде соттың

заңсыз деп таныған нормативтi құқықтық актiнi тiркеген орган iске қатысуға тартылмаса да, нормативтi құқықтық актiнi тiркеудi жоққа шығаруы тиiс. Бұл

əрекеттердi сот та жүзеге асыруы тиiс. 22-т а р а у. ЕРЕКШЕ СОТ IСI

§ 1. Ерекше сот iсi ұғымы жəне оның сипаттамасы

Азаматтық сот iстерiндегi ерекше сот iсi талап қою iсiне қарағанда құқық

туралы даудың, дауласатын, қарама-қарсы заңды мүдделерi бар тараптардың

жоқтығымен ерекшеленедi. Iсте арызданушылар мен мүдделi тұлғалар ғана қатысады. Ерекше сот iсi талап қою емес, бiржақты сот iсi ретiнде сипатталады. Ерекше сот iстерiн соттар талап қою iстерiнiң жалпы ережелерi

бойынша қарайды, оған заңда бекiтiлген жəне берiлген iс бо-йынша сот iсiнiң

ерекшелiгiн құрайтын алулар мен толықтырулар жатпайды (ҚР АIЖК 290-

бап). Iстiң негiзгi тобын сот төрешiлерi жеке қарайды. Ерекше сот iсi қалған

азаматтық сот iстерiмен өзара тығыз байланысты, өзге азаматтық iстер

сияқты iстердi қарау тəртiбiн анықтайтын iстiң жалпы принциптерiне негiзделедi. Ерекше сот iсiн қарау кезiндегi сот iсiнде əдiлсот-тылықты тек

сот, сот төрешiлерiнiң тəуелсiздiгi, жариялылық жəне т.б. жүзеге асыратын

принцип қолданылады. Сот талқылауы сатысында сот талқылауының

ауызшалық, үздiксiздiк жəне тiкелейлiк принципi қолданылады. Тараптардың

жəне құқық туралы даудың жоқтығынан бұл сот iсiнде тартыстық принципi

барынша аз қолданылады

Ерекше сот iстерi үшiн дəлелдемелiк құқық институттарының əрекетi тəн.

Дегенмен де, оның бiрқатар өзiндiк ерекше-лiктерi бар. Ерекше сот iстерiн

қозғау нақты жауап берушiге қарсы талап қоюмен жəне талап қою арызын

Page 166: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ұсыну жолымен емес, заңды мағынасы бар қандай да бiр мəн-жайды немесе даусыз құқықты растаудан тұратын арыз беру арқылы жүргiзiледi. Арыздың

мазмұны Қазақстан Республикасы АIЖК-нiң 150-бабындағы тараптарға сай

болуы тиiс. Дегенмен де, ерекше сот iсiнiң нақты бiр санаттарының арыздар

мазмұнынына сақталуға тиiстi өзiндiк талаптар қойылады. Негiзiнен бұл

қаралатын iстiң ерекшелiгiмен байланысты жəне сонымен шартталады.

Мысалы, заңды маңызы бар деректердi анықтау туралы, азаматты iз-түссiз жоғалып кеттi деп тану жəне кiсiнi өлдi деп хабарлау туралы арыздарда арызданушының нақты мақсаты көрсетiлуi тиiс. Ерекше сот iсiнiң өзге санаттары бойынша арыздардың мазмұны ҚР АIЖК-нiң 294, 297, 303, 315,

317-2-баптарындағы талаптарға сай болуы тиiс. Ерекше сот iстерiн дайындаудың ерекшелiктерi ерекше сот iсiндегi iстердi

қарау тəртiбiн реттейтiн ҚР АIЖК баптарында аталған iстердiң əрбiр

санатының ерекшелiктерiмен шарттал-ған.

Сот отырысының хаттамасын жазу тəртiбiн, сот шешiмiне қойылатын

талаптарды (заңдылығы мен негiздiгiне), сот қаулыларының заңдылығы мен

негiздiгiн тексерудегi ҚР АIЖК нормалары ерекше сот iстерiне де қолданылады. (ҚР АIЖК 30–39-1-тараулары). Шешiмнiң заңды күшiне енуi

жəне мұның құқықтық салдарлары толық əрекет етедi. Ерекше сот iсiнiң

жеке санаттары бойынша шешiмдердiң мазмұны ҚР АIЖК 274–295, 307, 312,

317, 317–5, 317–8, 320, 323, 330-баптарында көрсетiлген. Тек бiр жағдай ғана жалпы ережеге кiрмейдi.

ҚР АIЖК 301-бабына сəйкес iз-түссiз жоғалған немесе қайтыс болған деп

танылған азамат келген немесе жүрген жерi табыл-ған жағдайда сот бұрын

шығарған шешiмiн жоққа шығарады.

Ерекше сот iстерiнде тараптар, талап етушi, жауап берушi, үшiншi

тұлғалар институт, құқықты талап қою арқылы қорғаумен байланысты талап

қою институты, қарама-қарсы талап қою арызын ұсынуға, бейбiт келiсiм

жасауға болмайды. Ерекше сот iсiнде талап қоюдан бас тарту, талапты

мойындау, талапты қамтамасыз ету сияқты институттар болады, бiрақ белгiлi

бiр шамада арыздарды бiрiктiру жəне бөлу институттарының əрекет-терi

туралы айтуға болады, яғни ерекше сот iстерiнде жартылай диспозитивтiлiк

принципi қолданылады. Ерекше сот iстерi бо-йынша сот iсiне қатысушылар

арызданушының өтiнiшi, соттың немесе мүдделi тұлғаның бастамасы

бойынша тартылады. Ерекше сот iстерiн дұрыс қарауға маңызды кепiл оған

прокурордың жəне мемлекеттiк басқару органдарының қатысуы болып

табылады.

Ерекше сот iстерi бойынша сот iсiне мүдделi адамдарды тарту немесе рұхсат ету iстiң анықталған мəн-жайларына негiздел-ген сот ұйғарымымен

жүргiзiледi. Сот ұйғарымын бекiтiлген мерзiмде орындамаған жағдайда, арыз қараусыз қалдырылады, ал мүдделi тұлғаларға жалпы тəртiп негiзiнде талап

қою арызын беру құқықтары түсiндiрiледi.

Ерекше сот iсiнiң түрлерi. ҚР АIЖК 289-бабына сəйкес, соттың ерекше сот iсi тəртiбiмен қарайтын iстерге мыналар жатады:

Page 167: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

1) заңды маңызы бар деректердi анықтау туралы (ҚР АIЖК 31-

тарау);

2) азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы жəне азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы (ҚР АIЖК 32-тарау);

3) азаматтың əрекетке қабiлетi шектеулi немесе əрекетке қабiлетсiз деп

тану туралы (ҚР АIЖК 33-тарау);

4) азаматты психиатриялық ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу туралы (ҚР

АIЖК 34-тарау);

5) заңды тұлғалар мен жеке кəсiпкерлердiң банкроттығы туралы (ҚР

АIЖК 35-тарау);

6) жылжымалы затты иесiз деп тану жəне жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы (ҚР АIЖК 36-тарау);

7) бала асырап алу туралы (ҚР АIЖК 36-тарау);

8) шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк

ұйым деп тану туралы (ҚР АIЖК 36-2 тарау);

9) азаматтық хал актiлерi жазуларының дұрыс еместiгiн анықтау туралы

(ҚР АIЖК 37-тарау);

10) нотариаттық əрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша (ҚР АIЖК 38-тарау);

11) бағалы қағаздарды ұсынушының жоғалған бағалы қағаздарына жəне ордерлiк бағалы қағаздар құқықтарын қалпына келтiру туралы (ҚР АIЖК 39-

тарау);

Алайда, заңда жазылған бұл тiзiм толық болып табылмайды. ҚР АIЖК

289-бабының 2-тармағында, азаматтық iс жүргiзу заңы бойынша басқа да iстердi ерекше сот iсi тəртiбiмен жүргiзуге болатындығы айтылады. Мысалы,

заң ерекше сот iсi тəртiбiне аралық сот шешiмiне шағым берудi де жатқызды

(ҚР АIЖК 39-1-тарауы).

§ 2. Заңды мағынасы бар деректердi анықтау

ҚР АIЖК-нiң 31-тарауында iс үшiн заңды маңызы бар деректi бекiтудегi сот қызметiнiң мазмұны ашып айтылған. Мұндай сипаттағы iстер

азаматтардың, мекемелердiң, сондай-ақ өзге тұлғалардың құқықтарын қорғау

үшiн заң бойынша сот-қа жүгiнуге құқықтары бар өзге тұлғалардың

арыздары бойынша қозғалады жəне дерек туралы даудың бар болуымен,

бiрақ құқық туралы даудың сөзсiз жоқтығымен сипатталады. 2002 жылғы 28

маусымда шыққан Қазақстан Республикасы Жоғар-ғы Сотының «Iс үшiн

маңызы бар деректi бекiтудегi сот тəжiри-бесiнiң əрекетi туралы» № 13

нормативтi қаулысында соттардың осы деректер бойынша арыздарды

қабылдай алатындығы туралы айтылған, егер де: а) заңға сəйкес (ҚР АIЖК 291-баптың 1-тармағы) мұндай деректердiң

заңды салдарлары (туындау, өзгеру немесе азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүлiктiк құқықтарын тоқтату) болады;

Page 168: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

б) арызданушыда деректi растайтын тиiстi құжатты алудың не болмаса қалпына келтiрудiң өзге мүмкiндiгi (ҚР АIЖК

292-бап);

в) қолданыстағы заңда оларды анықтаудың өзге тəртiбi (соттан тыс) қарастырылмаған (ҚР АIЖК 292-бап);

г) деректi анықтау құқық туралы дауды шешумен байланысты емес (ҚР

АIЖК 290-баптың 2-тармағы).

Арызды қабылдар кезде сот арызданушының деректi анықтауға заңды

мүддесiнiң бар-жоғын анықтауы жəне одан осы деректi растайтын құжатты

алудың не оны қалпына келтiру мүмкiнсiздiгiн растайтын жазбаша дəлелдемелерды талап етуi тиiс. Құжатты алу мүмкiнсiздiгi мыналармен

түсiндiрiледi: əлдебiр деректiң тiркелмегендiгiн (мысалы, асыраудағыны

табу); деректi тiркеу тəртiбiнiң сақталмауы жəне сол жағдайларда оған

жүгiнуге болмайтындығы (мысалы, қайтыс болу дерегi, бала туғаннан кейiн

ата-анасы некеге отырмаған жағдайда əкесi екендiгiн тану дерегi жəне т.б.);

құжаттарда түзету мүмкiн емес қателiктер немесе дəлсiздiктер бар болса (мысалы қайғылы оқиға туралы акт). Сонымен қатар, жоғалған құжатты

қалпына келтiруге болмайтындығы тиiстi органның құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда тиiстi құжаттың екiншi нұсқасын бере алмауымен

түсiндiрiледi.

ҚР АIЖК 291-бабында заңды маңызы бар деректердi анықтау туралы

iстердiң тiзiмi аталған.

Сот мынадай деректердi анықтау туралы iстердi қарайды:

1) Адамдардың туыстық қатынастарын;

2) Адамның бiреудiң асырауында болуын;

3) Тууды, бала асырап алуды, некелесудi, ажырасуды жəне қайтыс болуды тiркеудi;

4) Құқықты анықтайтын құжаттардың (əскери құжаттарды,

төлқұжаттарды, жеке куəлiктердi, азаматтық хал актiлерiн жазу органдары

беретiн куəлiктердi қоспағанда) тұлғаға тиiстiлiгi, құжатта көрсетiлген аты,

əкесiнiң аты немесе тегi осы адамның төлқұжатында немесе жеке куəлiгiнде, немесе туу туралы куəлiгiнде көрсетiлген атқа, əкесiнiң атына немесе тегiне сəйкес келмейтiндiгi;

5) Жеке меншiк құқығымен шаруашылықты жүргiзу жəне жедел басқару

мүлiктерiн иелену, пайдалану жəне(немесе) оған билiк ету;

6) Қайғылы оқиға; 7) Азаматтық хал актiлерiн жазу органдары қайтыс болу оқиғасын

тiркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгiлi бiр уақытта белгiлi бiр мəн-

жайларда қайтыс болуы;

8) Мұрагерлiктi қабылдау жəне мұрагерлiктiң ашылу орны;

9) Егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тəртiбi қарастырылмаса, басқа да заңдық маңызы бар деректердi анықтау туралы iстердi қарайды.

Заңды мəнi бар деректердi анықтаудың негiзiн қысқаша қарап өткен жөн.

Page 169: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

1. Туыстықтың заңды салдары болатын болса, туыстық қарым-қатынасты

сот анықтайды (мысалы, мұрагерлiк құқығы куəлiгiн алу, асыраушысынан

айырылған жағдайда өтемақының алу құқығы жəне т.с.с). Туыстық қарым-

қатынасты анықтау туралы iстер бойынша шешiмде сот арызданушының

тиiстi адаммен туыстық деңгейiн көрсетуi керек.

2.Адамның бiреудiң асырауында болуы мұрагерлiккке ие болу үшiн немесе асыраушысынан айырылған жағдайда өтемақы алу құқығына ие болу үшiн

заңды маңызы бар. Асыраушысынан айырылған жағдайда өтемақы алу

құқығына қайтыс болған адамның асырауындағы, тек отбасының еңбекке жарамсыз адамдары ғана ие бола алады. Мұрагерлiккке ие болу құқығын

заңды түрде рəсiмдеген кезде, арызданушы мұрагерлiктi берушi қайтыс болғанға дейiн еңбекке жарамсыз болуы, онымен бiрге тұрған жəне ол

қайтыс болғанға дейiн бiр жылдан кем емес уақыт iшiнде оның асырауында болуы қажет (ҚР АК 168-бап 1-тармағы). Аталған жағдайларда сот арыздағы

жазғандарына сай асыраушының тарапынан қамқорлыққа алынған адамның

өмiр сүруiне тұрақты көмек болғанын анықтауы керек.

3. Туылғанын, бала асырап алғанын (қыз бала асырап алу), неке қию,

ажырасу жəне қайтыс болғандығын ресiмдеу деректерiнiң заңды мəнi бар.

Заң бойынша туу, неке қию, ажырасу, бала асырап алу жəне қайтыс болу

туралы куəлiктердi АХАЖ (азаматтық хал актiлерiн жазу) бөлiмдерi бередi.

Егер АХАЖ бөлiмiнде немесе өзге мұрағатта мұндай жазулар сақталмаса (мысалы, өрттiң, зiлзаланың, соғыстың салдарынан немесе т.б. жағдайларда жойылып кеткен болса) мұндай деректер туралы iстердi сот қарайды. Сот оқиғаның өзiн емес, оның АХАЖ бөлiмiнде немесе басқа органдарда тiркелгендiгiн анықтайтынын ескерген жөн. 4. Құқықты анықтайтын

құжаттың тұлғаға тиiстi екендiгi туралы дерек құжатта көрсетiлген

тұлғаның аты, əкесiнiң аты немесе тегi осы адамның төлқұжатында немесе жеке куəлiгiнде, немесе туу туралы куəлiгiнде көрсетiлген атына, əкесiнiң

атына немесе тегiне сəйкес келмейдi.

Азаматтар өздерiнiң еңбек кiтапшасын, жұмыс орнының анықтамасын,

бiлiмi туралы құжаттарды, өсиет қағазды жəне т.б. құқықты анықтайтын

құжаттар ретiнде қолданады. Кейде осы құжаттарда көрсетiлген сол адамның

аты, тегi, əкесiнiң аты төлқұжаттағы, жеке куəлiктегi немесе туу туралы

куəлiгiндегi жазылған аты, тегi, əкесiнiң атына сəйкес болмауы мүмкiн.

Мұндай жағдайларда құқықты анықтайтын құжаттың сол адам-ға тиiстi екендiгiн сот арқылы анықтау қажеттiгi туындайды. Бұндай жағдайлардың

себебi атын, тегiн өзгерту, берiлген анықтамалар мен басқа да құжаттарды

толтыру кезiнде кеткен қате болуы мүмкiн. Iстi сот талқылауына дайындау

кезiнде сот арызданушыдан құжатты берген тиiстi органның құжатқа өзгерiс енгiзе алмайтындығына дəлелi болуы керектiгiн талап етуi тиiс. Iске осы

мекеменiң таратылғаны туралы анықтама немесе құ-жатқа өзгерiстер енгiзе алмайтындығы туралы анықтама тiркелуi тиiс. Əскери құжат, төлқұжат

Page 170: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

немесе АХАЖ бөлiмдерiнiң берiлген куəлiктерiнiң белгiлi бiр адамға тиiстi екендiгiн анықтауға соттың құқысы жоқ екендiгiн есте сақтаған жөн.

5. Жеке меншiк құқығымен шаруашылықты жүргiзу жəне жедел басқару

мүлiктерiн иелену, пайдалану жəне(немесе) оған билiк етудi мүлiктiң тиiстi екендiгi туралы құжат бар болған жағдайда сот анықтайды. Жылжымайтын

мүлiктi жеке меншiк деп тану құқығы мемлекеттiк əдiлет органдарында (БТИ-да) тiркелуi тиiс. Аталған орган жоғалған меншiк құқығын анықтайтын

құжатын бере алмаса, азамат бұл жөнiнде сотқа жүгiнуге құқылы. Мұндай

жағдайларда сот арызданушының жеке меншiк құқығын емес, мүлiктiң

арызданушыға тиiстi екендiгiн растайтын құжаттардың барын ғана анықтай

алады. Егер келiсiм бойынша сатып алынған автокөлiк құралдары немесе кез келген өзге мүлiк заңға сəйкес (мысалы нотариалды) ресiмделмесе, оны

иелену, пайдалану деректерi бекiтуге жатпайды.

6. Соттан тыс анықтау мүмкiн болмайтын жағдайда, қайғылы оқиға дерегi анықталады. Қайғылы оқиға туралы арызды сот мынадай жағдайларда қарауға қабылдайды: қайғылы оқиға туралы акт толтырылмаған жағдайда; оған мүмкiндiк болмаған жағдайда; толтырылған акт артынан жоғалған болса жəне оны қайта толтыру мүмкiн болмаған жағдайда; акт қайғылы оқиға дерегiн тануға кедергi келтiретiндей қате толтырылған жəне оны түзетуге мүмкiндiк болмаған.

Арызданушы жұмыста алған зақымдану салдарынан жəне т.б. мүгедектiгi бойынша зейнетақы алу үшiн қайғылы оқиға дерегiн соттың анықтауы қажет.

7. Адам белгiлi бiр уақытта, белгiлi бiр мəн-жайлармен қайтыс болды

деген деректi АХАЖ бөлiмдерiнде қайтыс болғаны туралы тiркелмеген жəне АХАЖ бөлiмi қайтыс болғандығы туралы тiркеуден бас тарту салдарынан

оны алу мүмкiн болмаған жағдайда оны сот анықтайды.

8. Тиiстi нотариалды əрекеттердi жүзеге асыратын орган деректi нотариалды куəландыруға жəне мұрагер болуға қажеттi құжаттардың

жоқтығынан немесе жеткiлiксiздiгiнен арызданушыға мұрагерлiк туралы

куəлiктi беруге құқысы жоқ болған жағдайда мұрагерлiктi қабылдау жəне мұрагерлiк орнының ашылу дерегiн сот анықтайды.

Заңды мағынасы бар деректердi анықтау туралы iстер бо-йынша шығарылған шешiм мына талаптарға сай келуi тиiс:

– заңды мағынасы бар деректер тек арызданушы осы дерек-тердi

растайтын тиiстi құжаттарды өзге тəртiппен ала алмайтын немесе жоғалған

құжатты қайта алу мүмкiн болмайтын жағдайларда анықталады;

– аталған iстер бойынша арыз арызданушының тұрғылықты жерiндегi сотқа берiледi;

– жылжымайтын мүлiктi иелену, пайдалану жəне(немесе) оған билiк ету

дерегi бойынша арыз жылжымайтын мүлiк тұрған жердегi сотқа берiледi;

– арызда деректi анықтаудың мақсаты, тиiстi құжаттарды алудың немесе жоғалған құжаттарды қайта алу мүмкiнсiздiгiн растайтын арызданушының

дəлелдемелерi атап көрсетiлмеуi тиiс.

Page 171: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот шешiмi деректiң заңды мағынасы бар екендiгiн растайтын құжат екендiгiн жəне ол мемлекеттiк органда тiркелуге немесе ресiмделуге негiз болатынын есте ұстаған жөн. Дегенмен де, сот шешiмi осы органдар берген

құжаттардың орнын баса алмайды.

§ 3. Азаматты iс-түссiз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп

жариялау

Ерекше сот iсi тəртiбiмен қарайтын сот iстерiне азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану iсi де жатады. Егер де бiр жыл бойы тұрғылықты жерiнде оның қайда кеткендiгi туралы мəлiмет бол маса (ҚР АК 28-бап), мүдделi

тұлғалардың арызы бойынша сот азаматты iс-түссiз жоғалған деп тануы

немесе тұрғылықты жерiнде бес жыл бойы қайда кеткендiгi туралы мəлiмет болмаса (ҚР АК 31-бап), ал егер де алты ай iшiнде өлiм қаупi төнген

жағдайда жоғалып кеткен болса немесе оның өлiмiне белгiлi бiр қайғылы

оқиға себепшi болды деуге негiз болған жағдайда оны қайтыс болды деп

жариялануы мүмкiн.

Əскери қимылдарға байланысты iс-түссiз жоғалған кеткен тұлға немесе əскери қызметкер əскери қимылдар аяқталған күннен бастап екi жыл мерзiм

iшiнде өлдi деп танылуы мүмкiн.

Адамның қай кезде жоғалғанын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, одан

ең соңғы рет мəлiмет алынған айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнi оның

жоғалған күнi деп саналады. Бұл айды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда –

келесi жылдың 1 қаңтары болып табылады.

Азаматты iс-түссiз жоғалған тану немесе азаматты қайтыс болды деп

жариялау туралы iстi оның отбасы мүшелерiнiң, прокурордың, қоғамдық

бiрлестiктердiң, қамқоршы органдар мен басқа да мүдделi адамдардың арызы

бойынша тек сот қозғайды.

ҚР АК 8-бабына сəйкес, азаматты iз-түссiз жоғалды деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау жеке немесе мүлiктiк құқықтарын өзгертуге не тоқтатуға əкелiп соқтыратын өзге тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн

қорғау туралы арызды беруге құқылы заңды жəне жеке тұлғалар, мемлекеттiк

органдар мүдделi тұлғалар деп танылады. Арызды арызданушының

тұрғылықты жерiндегi не болмаса хабар-ошарсыз кеткен адамның соңғы

тұрған жерiндегi сотқа берiледi жəне талап қою арыздар үшiн заңда бекiтiлген жалпы талаптарға сай болуы тиiс, сондай-ақ ҚР АIЖК 298-

бабында қарастырылған мəлiметтер болуы тиiс:

1) азаматты iс-түссiз жоғалған деп тану немесе қайтыс болған деп

жариялау туралы арыз келiп түскен соттың атауы;

2) арыз берушiнiң атауы жəне оның тұрғылықты жерi (егер арыз заңды

тұлғалардан келiп түссе, орналасқан жерi);

3) жоғалған адамның тегi, аты, əкесiнiң аты, туған жерi мен соңғы

жұмыс орны;

Page 172: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

4) азаматтың жүрген жерiн бiлетiн адамдарға баспасөз беттерiнде жарияланған күннен бастап үш ай мерзiмде сотқа ол туралы хабарлауды

ұсыну.

Арызда азаматтың хабар-ошарсыз кетуiн растайтын немесе өлiм қаупiн

төндiрген не ол қайғылы оқиғалардан қайтыс болды деуге негiз болатын мəн-

жайлар болуы тиiс. Əскери қимылдарға байланысты хабар-ошарсыз кеткен

тұлға немесе əскери қызметкерге қатысты берiлген арызда əскери

қимылдардың аяқталған күнi көрсетiледi (ҚР АIЖК 297-бап). Арызданушы

ҚР АIЖК 150-бабындағы арызды беру түрi мен мазмұны бойынша талаптарды орындамаған жағдайда, сот арызды қараусыз қалдырады (ҚР

АIЖК 155-бап).

Арызда азаматты iс-түссiз жоғалған деп тану немесе оны қайтыс болды

деп жариялау қандай мақсат үшiн қажет екендiгi көрсетiлуi тиiс. Арызданушының сотқа жүгiнуi əртүрлi мақсатта болады: хабар-ошарсыз кеттi деп тануда – ажырасуды рəсiмдеу; қайтыс болды дегенде – некенi

тоқтатуды көздейдi. Арызданушыларға сот шешiмдерi мұрагерлiктi алу,

зейнетақы, тағайындау жəне басқа да мақсаттар үшiн қажет болып табылады.

Сот арызды сот iсiне қабылдай отырып, сот талқылауына түпкiлiктi дайындалады. Бұл ретте ол мынадай мiндеттердi ат-қаруы тиiс:

– жоғалған адам туралы мəлiмет беруi мүмкiн адамдарды анықтау. Бұл

бағытта сот жоғалған адамның соңғы жұмыс орнынан, туылған жерiнен,

тұрған жерiнен, əке-шешесiнiң тұрған жерiнен жəне жақын туыстарынан

жауап алынуы мүмкiн;

– соңғы белгiлi болған тұрғылықты жерi жəне жұмыс орны бойынша тиiстi ұйымдардан ол туралы бiлетiн мəлiметтердi сұрау;

– арыз қабылдағаннан кейiн, жергiлiктi газетке (арыз беру-шiнiң есебiнен)

азаматты iс-түссiз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп хабарлау

жөнiнде iс қозғалғанын жариялау туралы ұйғарым шығару. Баспасөз бетiнде талап қою сипатындағы iстерге қажеттi барлық мəлiметтер болуы тиiс –

қамқорға алу органына жоғалып кеткен азаматтың мүлкiн күзету мен басқару

үшiн қамқоршы тағайындауды ұсыну (ҚР АIЖК 298-бап).

Осы санаттағы iстердi қарау кезiнде ҚР АIЖК 297-бабының талаптарын

орындамау, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1968 жылғы 25-

қыркүйектегi №9 «Азаматты iс-түссiз жоғалған деп тану немесе азаматты

қайтыс болды деп жариялау туралы» нормативтi қаулысында аталған заңсыз жəне негiзсiз шешiмдерге əкеп соқтырады. Iстi дайындау барысында сот iске барлық мүдделi тұлғаларды, көп жағдайда ҚР АIЖК 299-бап сəйкес мiндеттi болғандықтан прокурорды қатыстыру керек.

Азаматты қайтыс болды деп хабарлау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күн азаматтың қайтыс болған күнi деп есептеледi. €лiм қаупi төнiп

хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамды қайтыс болды деп тануды сот оның

қайтыс болуы ықтимал күндi қабылдайды (ҚР АК 31-баптың 1-бөлiгi).

Page 173: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Азаматты iс-түссiз жоғалған таныған сот шешiмi хабар-ошарсыз кеткен

адамның мүлкi орналасқан жерде осы мүлiкке қамқорға алу органының

қамқоршы тағайындауына негiз болып табылады.

Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешiмi азаматтық хал

актiлерiн жазу органының азаматтың қайтыс болғаны туралы азаматтық хал

актiлерiн жазу кiтабына жазуға негiз болып табылады (ҚР АК 300-бап).

Iс-түзсiз жоғалып кеткен немесе қайтыс болған деп таныл-ған азамат табылған немесе оның қоныстанған жерi анықтал-ған жағдай сот үшiн жаңа ашылған мəн-жайлар болып табылады. Дегенмен де, сот шешiмiн қадағалау

тəртiбiмен емес, iстi қараған сот жоққа шығарады. Сот жаңа шешiм шығара отырып, өзiнiң бұрынғы шығарған шешiмiн жоққа шығарады, ол мүлiктен

қамқорлықты алуға жəне азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы оның

қайтыс болғандығы туралы жазуды жоққа шығаруға негiз болады (ҚР АIЖК

301-бап).

Азаматтың табылуы өзге тұлғаға тегiн өткен мүлкiн қайтарып алу

құқығын бередi. Егер де, мүлiктi иелену сəтiнде олар қайтыс болды деп

хабарланған меншiк иесiнiң тiрi екендiгiн бiлгендiгi дəлелденсе, келiсiмшартпен тегiн өткен мүлiк иесiне қайтарылады. €згенiң иелiгiне өтiп

кеткен мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған жаағдайда, мүлiктiң құны

қайтарылады. Егер де мүлiк мұрагерлiк құқық бойынша мемлекет меншiгiне өтiп кеткен болса, оған мүлiктiң өткен бағасы қайтарылады

(ҚР АК 31).

§ 5. Азаматты психиатриялық ауруханаға мəжбүрлеп

жатқызу туралы iстер бойынша сот iсi

Науқаста ауыр халдегi психикалық ауытқулардың болуына байланысты

психиатриялық аурухананың өкiлi азаматты ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу

туралы арызды прокурор арқылы психиатриялық мекеме орналасқан жердегi сотқа бередi (ҚР АIЖК 309-бап).

Психиатрияда «ауыр халдегi» деп «психотикалық» деңгейдегi, яғни

психозға тəн (психиканы аса зақымданған аурулар) психикалық ауытқуларды

айтады. Мұндай күйдегi науқас адамдар өз еркiмен құқығын, мiндеттерiн,

заңды жауапкершiлiктерiн жүзеге асыра алмайды жəне өздерiнiң iс-əрекеттерiнiң (əрекет-сiздiктерiнiң) нақты сипаты мен қоғамдық қауiпiн

саналы түрде сезiне алмайды жəне iс-əрекеттерiн басқара алмайды (есi кiресiлi-шығасылы).

Психиатриялық мекеменiң өкiлi жазған арызда психикалық аурумен

ауыратын адамды психиатриялық ауруханаға мəж-бүрлеп жатқызудың негiзi, сондай-ақ психиатр дəрiгерлер комиссиясының азаматты психиатриялық

ауруханаға жатқызу қажеттiгi туралы дəлелдi қорытындысы болуы тиiс. Егер ауруханаға жатқызу негiздi болатын болса, онда азаматты

психиатриялық ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу туралы арыз психиатр –

дəрiгерлер комиссиясының азаматты пси-

хиатриялық стационарға жатқызу қажеттiгi туралы қорытындысы шыққан

Page 174: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

кезден бастап 72 сағат iшiнде берiледi. Iстi қозғау туралы мəселенi шешу

кезiнде, сот төрешiсi онымен бiр мезгiлде азаматтың психиатриялық

ауруханада болу мерзiмiн, оны ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу туралы

арызды қарауға кететiн мерзiмге ұзарту мəселесiн шешуi тиiс (ҚР АIЖК 310-

бап).

ҚР АIЖК 311-бабына сəйкес, азаматты мəжбүрлеу тəртiбi-мен

психиатриялық ауруханаға жатқызу немесе ауруханада жату мерзiмiн ұзарту

туралы арызды сот төрешiсi iс қозғалған кезден бастап бес күн мерзiм iшiнде қарайды. Сот отырысы сот мекемесiнде немесе психиатриялық мекемеде жүргiзiлуi мүмкiн.

Психиатриялық мекеме өкiлiнен алынған мəлiметтер бо-йынша ол

адамның психикалық хал-жайы оған психиатриялық мекеме үйiнде жүргiзiлген сот отырысына жеке қатысуға мүм-кiндiк беретiн болса, азаматтың өзiн ауруханаға мəжбүрлеп жатқызу туралы iс бойынша сот отырысына жеке қатысуға құқығы бар.

Кейде мекеме өкiлiнен алынған қорытындыда расталған азаматтың

қанағаттандырарлықсыз психикалық жағдайы оған сот мекемесiндегi сот отырысына жеке қатысуға мүмкiндiк бермей-тiн жағдай да кездеседi.

Мұндайда азаматты мəжбүрлеп жатқызу немесе ауруханада жату мерзiмiн

ұзарту iсiн сот психиатриялық мекемеде қарауы қажет. Iстiң қозғалуына себепшi болған психиатриялық мекеме өкiлi жəне

ауруханаға жатқызу туралы мəселесi шешiлiп жатқан адамның өкiлi iстi қарауға қатысуға мiндеттi. Мұндай iс бойынша прокурордың да қатысуы

мiндеттi. Прокурор iс бойынша барлық материалдармен танысуға, сұрақ қоюға,

өтiнiм жасауға, азаматты мəжбүрлi түрде психиатриялық ауруханаға жатқызудың қажеттiгi немесе бұдан бас тарту туралы сотқа жүгiнудiң

құқықтығы туралы құқықтық қорытынды жасауға құқылы. Сонымен қатар

прокурор сот шешiмiмен келiспеген жағдайда жоғары сатыға наразылық

бiлдiре алады.

Сот төрешiсi арызды мəнi бойынша қарай отырып, азаматты мəжбүрлi

түрде психиатриялық ауруханаға жатқызу жəне азаматтың ауруханадағы

одан арғы жағдайы туралы арызды қанағаттандыру немесе одан бас тарту

туралы шешiм шығарады.

Арызды қанағаттандыру туралы шешiм азаматты ауруханаға мəжбүрлеп

жатқызуға жəне заңда белгiленген мерзiмде оны психиатриялық ауруханаға одан əрi ұстауға негiз болып табылады (ҚР АIЖК 312-бап).

§ 6. Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану жəне жылжымайтын мүлiкке

коммуналдық меншiк құқығын тану

Ерекше сот iсiндегi иесi жоқ мүлiкке меншiктiк құқықты тану жеке меншiк құқығын алудың бiр тəсiлi болып табылады (ҚР АК 235-баптың 3-

тармағы).

Page 175: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Азаматтық айналымда мүлiк құқық нысаны бола отырып, оның тиеселi

субъектiсi (иесi) болуы тиiс. Алайда, мүлiк қандай да бiр заңды деректерге байланысты иесiз (субъектiсiз) болатын жағдайлар да кездесуi мүмкiн.

ҚР АК-нiң 242-бабына сəйкес, иесi жоқ немесе иесi белгiсiз немесе меншiк құқығынан бас тартқан адамның мүлкi иесiз болып табылады.

Сонымен қатар, меншiгiнен бас тарту өздiгiнен мешiк иесiнiң тиеселi затқа ол басқа адамның меншiгiне өтпейiн-ше, меншiк құқығын жəне мiндеттерiн

тоқтатпайды (ҚР АК 250-бап).

Иесiз зат ұғымының өзi (ҚР АК 242-бап) шындығында жинақталған,

жылжымалы жəне жылжымайтын иесiз зат деген мағынаны қамтиды, оларға: – иесiз жылжымалы мүлiктер (ҚР АК 242-баптың 3-бөлiгi). – меншiк иесi бас тартқан жылжымалы мүлiктер (ҚР АК 243-бап);

– тауып алу (ҚР АК 245-бап);

– қараусыз жануарлар (ҚР АК 246-бап);

– қазына (ҚР АК 247-бап):

Иесi жоқ (иесiз) жылжымайтын немесе жылжымалы мүлiкке меншiк

құқығын алу заңда тiкелей анықталған жағдайлар бол-ғанда, немесе бұрыннан иелiк ету тəртiбiмен (ҚР АIЖК 240-бап) жүзеге асырылады.

Иесiз жылжымалы мүлiктi жылжымайтын мүлiктi басқаруға өкiлеттi органның арызы бойынша жылжымайтын мүлiк құқы-ғын мемлекеттiк

тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алуы тиiс (ҚР АIЖК 314-баптың 2-

бөлiгi). Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану туралы арыз осы мүлiктi иеленуге

кiрiскен жеке тұлғаның тұратын жерiндегi немесе ұйым орналасқан жердегi сотқа берiледi жəне оны сот арызданушының жəне iс бойынша барлық

мүдделi тұлғалардың қатысуымен қарайды.

Жылжымайтын мүлiкке коммуналдық құқықты беру туралы арызды

сотқа осы мүлiктi табылған жерi бойынша есепке алған коммуналдық мүлiктi басқаруға өкiлеттiгi бар орган бередi.

Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот мыналарды анықтауы керек:

– қандай мүлiк иесiз деп танылуы тиiс екендiгiн;

– заттың негiзгi ерекше белгiлерiн;

– меншiк иесiнiң затты жеке меншiк құқығын сақтауды ниет етпей

қалдыруын растайтын дəлелдемелердi анықтауы;

– арызданушының затты иеленуiн растайтын дəлелдер;

Сот төрешiсi коммуналдық мүлiктi басқаруға өкiлеттiгi бар органның

коммуналдық меншiк құқығын беру туралы арызын қарау кезiнде мыналарды

анықтауы тиiс: – қандай мүлiктi иесiз деп тану қажеттiгiн;

– ол мүлiктi кiм, қалай иесiз деп анықтағанын, иесiз зат ретiнде қашан

тiркелгенiн;

– меншiк иесiнiң затты жеке меншiк құқығын сақтауды ниет етпей

қалдыруын растайтын дəлелдемелердi.

Page 176: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы

арызды сот керi қайтаруға құқығы бар, егер:

– арыз беру кезiнде ҚР АIЖК 150–151-баптарындағы талаптар

сақталмаған жағдайда; – жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын

органның осы мүлiктi есепке алғанына бiр жыл өткенге дейiнгi мерзiм

сақталмаған жағдайда; – мүлiктiң меншiк иесiн анықтау мүмкiн еместiгiн растайтын

дəлелдемелер, сондай-ақ арызданушының мүлiктi иеленуге кiрiскенiн

растайтын дəлелдер болмаса (ҚР АIЖК 315-баптың 1-бөлiгi). Сот iстi ашық сот отырысында, азаматтық сот iсiнiң жалпы ережелерi

бойынша арызданушыны жəне мүдделi тұлғаларды шақыртып жүргiзедi,

арызданушыны тыңдайды, iске қатысты барлық дəлелдемелер мен басқа да материалдарды тексерiп, жылжымалы мүлiк иесiнiң болмауын не оның

меншiк құқығын сақтау ниетiн көздемей тастап кеткенiн жəне белгiленген

тəртiппен есепке алынғандығын таныған жағдайда, сот жылжымалы мүлiктi

иесiз деп тану жəне оған меншiк құқығын алуға кiрiскен тұлғаның меншiгiне беру туралы шешiм шығарады.

Егер сот жылжымайтын мүлiк иесiз немесе оның меншiк құқығын сақтау

ниетiн көздемей тастап кеткенiн жəне бекiтiлген тəртiппен есепке алынғандығын таныған сот жылжымайтын мүлiктi иесiз деп тану жəне коммуналдық меншiк құқығын тану туралы шешiм шығарады (ҚР АIЖК 317-

бап).

Жылжымайтын жəне жылжымалы мүлiктi иесiз деп танудың мəнiн

мүлiктiң бұзылуы мен ұрлануынан сақтайды, бұл мүлiктi қажетiне қарай

қолдануға мүмкiндiк бередi, жылжымайтын мүлiктi жалға беру ретiндегi төлемдер; коммуналдық меншiкке түскен нысандарды қолдануды жүзеге асыру арқасында кəсiпкерлiк қызметтен түсетiн салықтар мен салымдар жəне жылжымайтын мүлiктi сатудан немесе қолданыстағы заңдылықтарға сəйкес осы мүлiкпен жасалған келiсiмдерден түскен қаржыдан жергiлiктi бюджеттiң

толығуына қызмет етедi.

§ 7. Ұл (қыз) асырап алу туралы өтiнiштер бойынша сот iсi

1998 жылы Қазақстан Республикасының неке жəне отбасы Заңы ерекше сот iсi тəртiбiмен азаматтық iс жүргiзу заңында қарастырылған ережелер

бойынша асырап алудың тəртiбiн бекiттi («Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңы 77-бап).

Асырап алуды асыраушы (оның ұрпағы) мен асырап алушының (оның

туысқандары) арасында, шыққан тегi бойынша туыс-қандар сияқты тең

құқықтар мен мiндеттер туындайтын заңды акт деп айтады Осымен бiр

мезгiлде осы актiмен асырап алын-ғандар жеке жəне меншiктiк құқығын

жоғалтып, ата-аналары мен туыстарына қатысты мiндеттерден босатылады.

Page 177: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

«Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңының 80-бабында бала асырап ала алмайтын адамдардың тiзiмi берiлген:

1) сот iс-əрекетке қабiлетсiз немесе қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған

тұлғалар;

2) сот жұбайының бiреуi iс-əрекетке қабiлетсiз немесе қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған ерлi-зайыптылар;

3) сот арқылы ата-ана құқынан айырылған немесе ата-ана құқығы

шектеулi тұлғалар;

4) өзiне заңмен жүктеген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн

қамқоршы мiндетiнен айырылған тұлғалар;

5) кiнəларының арқасында асыраушы болуларын сот жоққа шығарған,

бұрынғы қыз немесе ұл асырап алушылар;

6) денсаулығының нашарлығына байланысты ата-ана құқығын жүзеге асыра алмайтын тұлғалар. Ұл (қыз) асырап ала алмайтын, оны қамқорына (асырауына) қабылдай алмайтын аурулар тiзiмiн Қазақстан

Республикасының Үкiметi бекiтедi. Мысалы, мұндай ауруларға белсендi

жəне созылмалы туберкулездiң 1, 2, 3-топтағы диспансерде есепте тұрған

барлық түрi, iшкi құрылыс аурулары, нерв жүйелерiнiң ауруы,

декомпенсация сатысындағы тiректi-қозғалыс аппараты, қатерлi iсiктi онкологиялық аурулардың барлық түрi, 1 жəне 2-топтағы мүгедектiкке əкеп

соқтырған аурулар мен жарақаттар жатады. Сонымен қатар бұл ауруларға есiрткi, токсикологиялық, алкоголь заттарын қолданушылар, жұқпалы

аурумен ауыратын, диспансерлiк есепте тұрғандар, психикалық аурулар жəне сот iс-əрекетке қабiлетсiз немесе қабiлеттiгi шектеулi деп таныл-ған адамдар

жатпайды.

Некеде тұрмайтын азаматтар бiрге бiр баланы асырап ала алмайды.

Негiзiнде асырап алу тек «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңында бекiтiлген

шарттарды сақтағанда ғана ғана асырап алу мүмкiн болады. Олар:

– азаматтардың бала асырап алу тiлегi («Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңының 77-бабы);

– асырап алушы мен асыранушылардың жеке басына қатысты заң

талаптарын сақтау («Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңының 80, 85-

баптары);

– ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың асырап алуға келiсiмi («Неке жəне отбасы туралы» Заңының 82-бабы);

– асырануына баланың өз келiсiмi («Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңының 84-бабы);

– асырап алушының жұбайының келiсiмi («Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңының 85-бабы).

Ең алдымен асырап алу ерiктi акт. Ол бала асырап алу ниетi бар

азаматтардың өз бастамасы бойынша бекiтiледi. Сондықтан да заң тек

асырап алушылардың тiлегi бойынша ғана асырап алуға рұқсат етедi. Асырап

алушылардан басқа ешкiм де асырап алу туралы iстi қозғай алмайды. Асырап

алушыда балаларының болуы (туған немесе асыранды) асырап алуына

Page 178: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

кедергi бола алмайды; асырап алушылар мен асыранушылар арасындағы

туыстық қатынас та асырап алуға кедергi бола алмайды.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балалар шетел

азаматтарының асырауына Қазақстан Республикасының азаматтары асырап

алуына бере алмайтын жағдайда ғана берiледi («Неке жəне отбасы туралы»

ҚР Заңының 76-бабы). Бұл ереже 1986 жылы 3-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары бекiткен халықаралық деңгейде бала асырап алуға қатысты əлеуметтiк жəне құқықтық принциптер туралы Декларацияға, 1989

жылы 20 қарашада Нью-Йоркте қабылданған «Бала құқықтары туралы

конвенцияның» 21-бабына сəйкес. Iс бойынша сот iсi бала асырап алуға ниетi бар азаматтардың асырап

алынатын бала тұратын жердегi аудандық сотқа арыз беруiнен басталады.

Бұл iстi тез шешуге жəне оған қамқоршы органдарды сотқа қатысуға тартуға мүмкiндiк бередi. Арызға асырап алушы жеке қол қоюы керек. Асырап

алушының мүддесi үшiн арызды бiреудiң беруi мүмкiн емес. Баланы асырап

алу туралы iстi сот жабық сот отырысында қарайды. Асырап алу туралы

арызында жай деректемелерден басқа мыналар көрсе-тiлуi тиiс (ҚР АIЖК

150-бап):

– асырап алушылардың тегi, аты, əкесiнiң аты, олардың мекенжайы;

– асырап алынатын баланың тегi, аты, əкесiнiң аты жəне туған жылы,

мекенжайы (орналасқан жерi), оның аға, апаларының болуы;

– асырап алушылардың бала асырап алу өтiнiшiн негiздеп растайтын мəн-

жайлар;

– асырап алынатын баланың атын, тегi, əкесiнiң атын өзгерту туралы

өтiнiш;

– оның туылған күнi (бiр жасқа дейiн асырау кезiнде); – асырап алынатын баланың туған жерi;

– баланың туылғаны туралы актiде асырап алушылардың (асырап алушы)

ата-ана (əке немесе ана) ретiнде жазылуы – асырап алушылардың тiлегi бойынша баланың туылғаны туралы актiге сай өзгерiстер енгiзу (ҚР АIЖК

317-2-бабы).

Сот асырап алушылардан арыз қабылдау кезiнде асырап алушылар, олар

асырап алғысы келетiн балалар, олардың ата-аналары туралы, асырап

алынатын баланың туылғаны туралы азаматтық хал актiлерiн жазуда өзгерiс енгiзу мүмкiндiктерi туралы мəлiметтердi, сонымен қоса, арызға тiркелетiн

мынадай қосымша құжаттардың барын тексеруi қажет: – баланың тұратын жерiндегi қамқоршы органының асырап алудың

негiздiлiгi мен асырап алынатын баланың мүддесiне сай келетiндiгi туралы

қорытындысы (ҚР АIЖК 317–3);

– асырап алушылардың тұрмыс жағдайын тексеру актiсi; – баланың туу туралы куəлiгiнiң жəне акт жазбасының көшiрмесi; – асырап алынатын баланың денсаулығы, ақыл-ойы мен физикалық дамуы

туралы құзыреттi органның медициналық қорытындысы;

Page 179: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– заңмен талап етiлсе, ата-аналарының асырап алуға мiндеттi түрдегi келiсiмi;

– келiсiм (қамқоршысының, асырап алатын ата-аналарының баланы

асырап алуға оның қамқоршысының жəне ата-ананың қамқорынсыз қалған

балалар үйiнiң) («Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңының 84-бабы);

– он жасқа дейiнгi асырап алынатын баланың келiсiмi («Неке жəне отбасы

туралы» ҚР Заңы 84-бап).

– он алты жасқа, кəмелетке жасы толмаған ата-ана ұл (қыз) асырап алған

жағдайда, ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсаты керек, олар

болмаған жағдайда – қамқоршы органдардың келiсiмi («Неке жəне отбасы

туралы» ҚР Заңының 82-бабы).

– арызданушының осы баланы асырап ала алатынын растайтын дəлелдер;

Баланы шетел азаматы асырап алатын жағдайда, сот арызданушыдан

мыналарды талап етуi тиiс: – оның тұрмыс жағдайы мен асыраушы бола алатынына мүмкiндiгi

жөнiнде қорытынды;

– аталған органдарда шетел азаматының Қазақстан Республикасының

азаматын – баласын асырап алуға ниет бiлдiрген тұлға ретiнде тiркелгенiн

растайтын дипломатиялық өкiлдiктiң немесе Қазақстан Республикасының

консулдық мекемесiнiң берген құжаты;

– бала асырап алғысы келетiн шетел азаматы шетелде не Қазақстан

Республикасында тұрақты тұрады жəне үш айдан берi орталық есепте тұратынына көз жеткiзуi керек.

Сот бала асырап алу туралы iстi қарау кезiнде қамқоршы органның өкiлiн

жəне асырап алатын баланың ата-анасын, ата-анасы болмаған жағдайда оның

жақын туыстарын, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар үйiнiң

өкiлдерiн, өзге мүдделi тұлғаларды жəне баланың өзiн, егер ол 10 жасқа толған болса мiндеттi түрде шақыруы тиiс. Сонымен қоса, асырап алушы

арызына бала асырап алуды сұрауын негiздейтiн мəн-жайларды көрсетуi

тиiс. Сот бала асырап алу туралы арызды қарай отырып арызды

қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырудан толығымен немесе асырап

алушылардың өтiнiшiнiң бiр бөлiгiнен бас тарту туралы шешiм шығарады.

Асырап алу туралы өтiнiштi қанағаттандырған кезде сот нақ-ты бiр адам

баланы асырап алды деп таниды. Асырап алғандығы туралы шешiмде сот мыналарды шешiп жəне оны шешiмiнiң қарар бөлiмiнде нақты көрсетуi

тиiс: – асырап алынған баланың аты, тегi жəне əкесiнiң аты, баланың туған

жерi, туылған күнiнiң өзгертiлгенi туралы деректер;

– асырап алушылардың асырап алынған баланың ата-ана ретiнде жазылуы;

– қайтыс болған ата-анасына қатысты жеке мүлiктiк жəне мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi сақтау туралы, асырап алынатын балаға зейнетақы

жəне өтемақы алу құқығының сақталуы туралы («Неке жəне отбасы туралы»

Page 180: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ҚР Заңының

90-бабы).

Заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi баланы асырап алуды

мемлекеттiк тiркеу үшiн сот орналасқан жердегi азаматтық хал актiлерiн

жазу органына, сондай-ақ қамқоршы органға үш күн мерзiм iшiнде жiберiледi (ҚР АIЖК 317-5-бап).

Сот «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңының 95-бабының 2-тармағына сəйкес, мынадай жағдайлар болғанда бала асырап алу құқығынан айырады:

1) баланың мүддесiне қарай жəне оның пiкiрiн есепке ала отырып, асырап

алушының кiнəсi жоқ болса. Мұндай мəн-жайларға мыналарды жатқызуға болады: асырап алушы мен асырап алынатын баланың арасында өзара түсiнiстiк қарым-қатынас қалыптаспаса; асырап алғаннан кейiн баланың

ақыл-есi шала екендiгi анықталса; қатты бауыр басып қалған жəне ұмыта алмайтын баланың ата-анасының iс-əрекетке қабiлеттiлiктерi қалпына келсе;

2) «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңының 95-бабының

1-бөлiмiне сəйкес асырап алушының кiнəсi болса. Оларға: ұл (қыз) асырап

алушы өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтаруы, ата-ана құқықтарын тым қатал пайдалану, асырап алған баласына қатыгездiкпен

қарау, олардың жыныстық қол сұқпаушылығына қастандық жасау,

маскүнемдiкпен, есiрткiмен немесе токсикоманиемен ауырады деп

танылғандар жатады.

3) жалған құжаттың негiзiнде бала асырап алу туралы шешiм-дi қабылдау;

заң бойынша мiндеттi болған ата-анасының келiсi-мiнсiз бала асырап алу

(«Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы 82-бап); некеде тұрған тұлғаның

жұбайының келiсiмiнсiз баланы асырап алуы; «Неке жəне отбасы туралы» ҚР

Заңының

80-бап 1-бөлiмiнде қарастырылған бала асырап алу мақсаттары мен

шарттарды бұзу.

Асырап алу туралы сот шешiмi шыққан сəттен бастап ұл (қыз) асырап алу

жарамсыз деп танылады.

§ 9. Азаматтық хал актiлерiн жазудағы қателiктердi анықтау

Азаматтық хал актiсi – бұл мемлекеттiк органдарда азаматтың хал

жағдайын мiндеттi түрде тiркеуге жататын, адамның өмiрiнде болатын

негiзгi оқиғалар. Азаматтық хал актiлерi заңына сəйкес азаматтардың құқық-

тары мен мiндеттерiнiң туындауымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен

байланысты заңды деректер болып табылады. АХАЖ бөлiмдерiнде мемлекеттiк тiркеуге жататын заңды деректерге мына оқиғалар мен əрекеттер

жатады: тууы, қайтыс болуы, неке қиюуы, оны тiркеуi, бала (ұл, қыз) асырап

алуы, əкесiн анықтауы, атын, тегiн жəне əкесiнiң атын өзгерту.

Азаматтық хал актiсiн жүргiзу – АХАЖ бөлiмiнiң лауазымды тұлғасының

азаматтық хал актiлерi туралы ақпараттан жəне осы азаматтық хал актiсiнiң

тiркегендiгiнен тұратын бекiтiлген тəртiппен жазған құқықты қолданудың

Page 181: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

жеке актiсiнiң нəтижесi болып табылатын жазбаша, ресми құжат (А.А.

Власов. Гражданский процесс. М., 2006).

ҚР АК 15-бабына сəйкес, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi азаматтық хал

актiлерiн жазу органдары азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтабына тиiстi жазу

енгiзу арқылы жүргiзедi, осы тiркеу негiзiнде азаматқа куəлiк берiледi. Бұл

актiлердi тiркеу аудан орталықтарында, қалаларда аудандық жəне қалалық

АХАЖ органдарында жүргiзiледi.

Кейде, азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде қателiктер кетуi мүмкiн,

мысалы, тұлғаның тегi, аты, əкесiнiң аты, туыл-ған күнi, немесе қайтыс болған күнi, мұрагерлiкке ие болуда, əкелiктi бекiткенде, т.б. дұрыс жазылмай, қателiктер кетуi мүмкiн. Мұндай жағдайда, мүдделi тұлғалар

оларға өзгертулер мен түзетулер енгiзуiн сұрап, АХАЖ бөлiмдерiне жүгiнулерiне тура келедi.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кiтабына жəне ахаж бөлiмiнiң

жазбаларына (тууы, неке қиюы, ажырасуы, бала асырап алуы т.б.)

өзгертулер мен түзетулер енгiзу үшiн жеткiлiктi негiздер болған жəне мүдделi тұлғалар арасында ешқандай дау жоқ болған жағдайда, əкiмшiлiк

тəртiппен енгiзiледi. Мұндай жағдайларда дауды сот ерекше сот iсi тəртiбiмен шешедi Мүдделi тұлғалардың арасында даудың бары анықталған

жағдайда, түзетулер мен өзгертулер енгiзудi сот талап қою iсi тəртiбiмен

шешедi.

Мүдделi тұлғаларға мысалы, қайтыс болуына байланысты құжаттардағы

актi жазуында кеткен қателiктерден, мұрагерлiктi алуға мүмкiндiктерi

болмайтын мұрагерлер жатады.

Азаматтық хал актiлерiн жазудағы қателiктер сот талқылау кезiнде тиiстi түзетулер мен өзгертулер енгiзу туралы сот шешiмiн шығаруға дəлел болып

табылады.

Азаматтық хал актiлерiне өзгерiс енгiзу немесе түзету туралы арыз оны

берушiнiң тұратын жерiндегi не азаматтық хал актiлерiн жазу органы

орналасқан жердегi сотқа берiледi. Егер АХАЖ органдары арызданушының

құжатына өзгерту немесе түзету енгiзуден бас тартса, ол осы арызбен сотқа жүгiнуiне құқығы бар (АIЖК 318-бап).

Арызда мыналар көрсетiлу тиiс: – арызда азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы жазудың қателiгi неде

екендiгi; – АХАЖ органының осы құжатты тiркеу кезiнде қандай дəлсiздiктер мен

қателiктер жiбергендiгi бар екендiгiн;

– қашан болғаны жəне азаматтық хал актiлерiн жазудың қандай органның

жазуды түзетуден немесе өзгертуден бас тарт-қандығы көрсетiлуге тиiс (ҚР

АIЖК 319-бап). Арызданушы ахаж органымен берiлген қателiгi бар құжатқа өзгерiс немесе түзету енгiзуiн талап ететiн құжатты, ахаж бөлiмiнiң өзгерту

немесе түзетуден бас тартуы туралы қорытынды көшiрмесiн көрсетуi тиiс. Азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы жазбаның дəлсiздiгiн анықтаған

Page 182: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сот шешiмi азаматтық хал актiлерiн жазу орындарының мұндай жазбаны

түзетуiне немесе өзгертуiне негiз болып табылады (ҚР АIЖК 320-бап).

§ 10. Нотариалдық iс-əрекеттерге немесе оларды бас

тартқаны туралы арыздарды (шағымдарды) қарау

Нотариаттық iс-əрекеттер немесе олардан бас тартқаны туралы

арыздарды (шағымдар) соттың қарауы азаматтар мен заңды тұлғалардың

жеке жəне мүлiктiк құқықтарын қорғаудың маңызды кепiлi болып табылады.

Нотариаттық iс-əрекеттер немесе олардан бас тартқаны туралы берiлетiн

шағымдар ерекше сот iсi тəртiбiмен қаралады. Нотариаттық iс-əрекет немесе одан бас тарту дұрыс емес деп шешкен мүдделi тұлға, ол жөнiнде сотқа шағымдануға құқылы.

Нотариат – жеке жəне заңды тұлғалардың заңды мəнi бар құқықтар мен

деректердi куəландыруға бағытталған нотариаттық iс-əрекеттер арқылы

құқықтар мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңды түрде бекiттiлген жүйесi. Қалалар мен аудандарда нотариаттық əрекеттердi мемлекеттiк нотариаттар

немесе жергiлiктi басқару органдарының лауазымды тұлғалары жасайды.

«Нотариат туралы» ҚР Заңының 34-бабына сəйкес, нотариат мынадай

нотариаттық əрекеттердi жүзеге асырады:

1) келiсiмдердi, шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтайшылық

құжаттарын куəландырады;

3) мұрагерлiк мүлiктi қорғау шараларын қолданады;

4) мұрагерлiк құқық куəлiгiн бередi; бiрге тұру кезiнде мүлiктiң бiр

бөлшегiне жеке меншiктiк құқығын бередi;

5) құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң дұрыс екендiгiн анықтайды

немес дұрыс емес екенiн алып тастайды;

6) құжаттар мен олардың көшiрмесiнiң дұрыс екендiгiн; құжаттардағы

қолды; құжатты бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куəландырады;

7) азаматтың белгiлi бiр жерде тұратын дерегiн; құжаттарын көрсету

уақытын; азаматтың тiрi екендiгi туралы деректердi куəландырады;

8) жеке жəне заңды тұлғалардың арыздарын өзге жеке жəне заңды

тұлғаларға бередi;

9) депозитке ақша сомасын жəне құнды қағаздарды қабылдайды;

10) орындаушылық жазбаларды; векселдерге наразылықты; теңiз наразылықтарын жасайды;

11) құжаттарды сақтауға алады;

12) дəлелдемелермен қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасының Заңды актiлерiнде нотариустың жасаған

басқа да нотариаттық əрекеттерi қарастырылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Заңы нотариустарға жер, пəтер тұрғын үй,

қымбат мүлiктер, автокөлiктердi бiреуге беру келi-сiмдерiн, жерге, жердi

қолдануға, жердi өз иелiгiне меншiктiк құқық алуға байланысты келiсiмдердi

куəландыруды мiндеттедi. Заң шығарушы мемлекеттiк жəне муниципиалды

кəсiпорын-дарды жекешелендiру арқылы кəсiпорын қаражаттарына

Page 183: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

меншiктiк қатынастарды қайта өзгерту процесiнде нотариаттарға өте маңызды рөлдi бермейдi. Алайда, нотариат əрекеттерi əрдайым дұрыс бола бермейдi жəне нотариат заңына сəйкес келе бермейдi.

ҚР АIЖК 321-бап 2-бөлiмiне сəйкес мүдделi тұлға, нотариаттық iс-əрекеттер немесе одан бас тарту дұрыс емес деп шешсе, ол жөнiнде сол

нотариат немесе орган орналасқан жер бо-йынша аудандық сотқа жүгiнуге құқылы.

Мұрагерлiктi немесе сенiмхаттарды дұрыс куəландырмау немесе оларды

куəландырудан бас тартқан аурухана, санаторий, емдеу-профилактикалық

мекемелерi, мекеме немесе əлеуметiк қорғау органы, экспедиция, əскери-оқу

мекемесi, əскери бөлiм, мекеме, ұйым, бас бостандығынан айыру

орындарының лауазымды тұлғаларына шағым (арыз) олардың орналасқан

жерi бойынша аудандық немесе қалалық сотқа берiледi.

Қазақстан Республикасының туы астында жүзетiн теңiз кемесiнiң немесе iшкi жүзу кемесiнiң капитаны мұрагерлiктiң дұрыс куəландырылмағаны

немесе оны куəландырудан бас тарт-қаны туралы шағымды (арыз) кеме тiркелген порттың сотына бередi.

ҚР Нотариалды кеңсенiң немесе нотариалды əрекеттердi жасайтын

органның орналасқан жерi бойынша мұндай iстердi қарау тəртiбi iске нотариат өклiнiң қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚР АIЖК-нiң нормаларына сəйкес, сот қарауының тақырыбына мемлекеттiк нотариат туралы заңда қарастырылған əрекеттердi дұрыс орындамауы немесе оны нотариустың оны жасаудан бас тартуы жатады.

Нотариалды əрекеттердi орындаудың кешiктiрiлуi сот қарауына жатпайды,

олар əкiмшiлiк тəртiппен қаралады.

Нотариалды əрекеттердi дұрыс жасамау деген оның қызметтi реттейтiн

актiлердiң талаптарына сай келмеуi немесе негiзсiздiгi екендiгiмен

түсiндiрiледi. Егер де қолданыстағы ережелердi бұзу арқылы жасалса, нотариаттың дəлелдемелермен қамтамасыз ету туралы əрекетiне шағымдануға болады. Алайда, сот нотариалды актiге қайшы келетiн

келiсiмшартты куəландыруды нотариалды кеңсеге мiндеттей алмайды.

Кез келген нотариалды əрекеттерге жəне тек азаматтардың құқықтары

туралы дау болмаған жағдайдағы одан бас тарттқаны үшiн жалпы ережеге сəйкес ерекше сот iсi тəртiбiмен сотқа шағымдануға болады (ҚР АIЖК 321-

бап). Құқық туралы дау талап қою тəртiбiмен шешiледi.

ҚР АIЖК 321-бап 4-бөлiмiнде нотариустың iс-əрекетiне немесе əрекетсiздiгiне шағымданушы лауазымды тұлғаның нотариалды iс-əрекеттi жасаудан бас тартқаны немесе оны жасауы белгiлi болған күннiң ертеңiнен

бастап он жыл мерзiм iшiнде сотқа шағымдануға болатындығы бекiтiлген.

Бас тарту деп ресми, дəлелдi жазбаша түрде бас тартуды айтады.

«Мемлекеттiк нотариат туралы» ҚР Заңына сəйкес, нотариалды əрекеттi жасаудан бас тартылған тұлғаға оның талабы бойынша бас тартудың себебi

жазбаша түрде берiлiп, бас тартуға шағымдану тəртiбi түсiндiрiлуi тиiс.

Page 184: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Нотариатты орган əрекеттерiне немесе оның бас тартуына шағымдану

мерзiмi себептi жағдайлармен өткiзiлiп алған жағдайда, шағымданушы оны

қалпына келтiруге өтiнуге құқылы.

Арыздың түрi мен мазмұны ҚР АIЖК 150-баптарында қарастырылған,

талап қою арыздарына қолданылатын түрмен анықталады. Нотариат органдарының iс-əрекетiне (əрекетсiздiгiне) шағымдану арызына, арызданушының қоятын талаптарын растайтын материалдар; егер мүмкiн

болса, нотариалды əрекеттер жасалынған немесе жасалатын құжаттарды қоса тiркелуiне болады.

Нотариалды əрекеттi жасаудан бас тартқаны туралы шағымда белгiлi бiр

iс-əрекеттiң дəлелi болатын нотариалды органның жазбаша түрде бас тартуы

қоса тiркелуi тиiс; оның болмауы шағымды қабылдаудан бас тартуға негiз бола алмайды. ҚР АIЖК 153-бабының негiзi бойынша, егер де арызды

нотариаттық əрекет кезiнде қатыспаған немесе оған нотариат органы бас тартқан iс-əрекеттi орындау жөнiнде өтiнiш жасамаған тұлға берсе, шағым

қабылданбайды немесе азаматтық-құқықтық дау-дың болуына байланысты,

ведомстволық бағынышты сот органы iстi талап қою тəртiбiмен қарауы тиiс. Iстi қарауға қатысуға шақырылған басқа тұлғалар (куəгерлер, өкiлдер,

т.б.) iске қатысушы тұлғалар құқығына ие бола алмайды. Оларға ҚР АIЖК

47-бабындағы iске қатысушы тұлғалардың құқығына қатысты iс материалымен танысу, олардың көшiрмесiн алу, қарсылықтар бiлдiру,

дəлелдемелер ұсыну сияқты iс-əрекеттердi жəне басқа да iс жүргiзу

əрекеттерiн жасай алмайды.

«Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңының» 43-бабы

күшiнде нотариат iс-əрекетке қабiлеттi тұлғалардың мұрагерлiктерiн

куəландырады, ал 58-бабына сəйкес, бiр немесе бiрнеше адамның

сенiмхаттарын куəландырады. Мұндай құқық заң бойынша басқа да лауазымды тұлғаларға берiлген («Нотариат туралы» Заңы 37-бап).

ҚР АIЖК-нiң 60-бабында сотта өкiл бола алмайтын тұлғалар

қарастырылған, олар көбiнесе кəмелеттiк жасқа толмағандар немесе бiреудiң

асырауы мен қамқоршысындағы азаматтар. Тек сенiп тапсырушының өзi ғана жасайтын əрекеттердi, өкiл арқылы ресiмдеуге сенiмхаттар

куəландырылмайды.

ҚР АIЖК 321-бабында көрсетiлмеген, лауазымды тұлғалардың құқықтық

емес əрекеттерiне шағымдар, əкiмшiлiк-құқықтық қарым-қатынастардан

туындаған iстер бойынша сот iсi тəртiбiмен ҚР АIЖК 26-тарауындағы

ережелер бойынша қаралады. Егер сотқа берiлген арыздың мазмұны, ҚР

АIЖК 150-бабының талаптарына сəйкес келмеген немесе арызданушы

мемлекеттiк баж төлемiн төлемеген жағдайда сот арызды қоз-ғалыссыз қалдырады жəне арызданушыға кемшiлiктерiн түзету үшiн уақыт берiледi

(ҚР АIЖК 155-бап).

Iстi сот талқылауына дайындау. ҚР АIЖК 167-бабына сəйкес, iстi сот талқылауына дайындау арыз қабылданғаннан бастап, жетi күннен

кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс. Ерекше жағдайларда, бұл мерзiмдi сот дəлелдi

Page 185: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ұйғарыммен бiр айға дейiн созуы мүмкiн. Сот талқылауына дайындау уақыты

аяталғаннан кейiн, iс мəнi бойынша бiр ай мерзiм iшiнде қаралуы тиiс. Iстi сотта талқылау. Шағымды сот арыз берушiнiң, нота- риустың

немесе шағым берiлiп отырған нотариаттық iс-əрекеттi жасаған немесе нотариаттық iс-əрекет жасаудан бас тартқан басқа лауазымды тұлғаның

қатысуымен қарайды, алайда олардың келмеуi iстi шешуге кедергi болмайды

(ҚР АIЖК 322-бап).

Iстi сот талқылауы кезiнде, сот арызданушының талабында сiлтеме жасалынған мəн-жайларды жəне нотариаттың немесе лауазымды тұлғаның

жасаған нотариат əрекеттерi немесе одан бас тартқаны туралы пiкiрлерiн

талап етiлген нотариалды iстiң материалдарын есепке ала отырып, зерттеуге мiндеттi. Сот отырысында шағымданған əрекет нотариалды органдар

құзыретiне заңды түрде тиiстi ме жоқ па, сол анықталуы керек.

Нотариустардың əрекеттерiне шағымдануды қарау кезiнде, орындалған жазу

тек қарызды өндiру даусыз тəртiппен жүргiзiлетiн құжаттар тiзiмiнде көрсетiлген құжаттарда, жасалуы мүмкiн екендiгiн есте сақтаған жөн.

ҚР АIЖК-нiң 65-бабына сəйкес, шағымданушы нотариат əрекеттерiнiң

құқыққа жатпайтындығын, ал нотариус немесе нотариаттық əрекеттердi

жасаған лауазымды тұлға осы əрекеттiң немесе одан бас тартудың

дұрыстығын дəлелдеуi тиiс. Нота-риалдық əрекеттi жасаудан бас тартқан

жағдайда, арызданушы оның пiкiрiнше нотариалды түрде куəландырылуы

тиiс құжатты, сондай-ақ нотариус немесе нотариаттық əрекеттердi жасаған

лауазымды тұлға нотариалдық əрекеттi жасаудан бас тартуы туралы

қаулысын көрсетуi тиiс Осы iстер бойынша дəлелдеме ретiнде нотариалды куəландырылып

жасалған құжаттардың түпнұсқасы көрсетiледi, мысалы, шағымдану

сипатына қарай келiсiмшарттар, мұрагер-лiктер, сенiмхаттар жəне нотариалды орган берген өзге де жазбаша дəлелдемелер, құжаттар (бiрге тұру кезiндегi жалпы мүлiк-тiң бiр бөлiгiне мүлiктiк құқығы бар жəне т.б.).

Егер, сотқа берiлген арызда көрсетiлген дəлелдемелердi ұсыну қиындық

келтiрген жағдайда (арызданушының тұрғылықты жерiнiң нотариалды iс-əрекеттi жасаған органның немесе лауазымды тұлғаның тұратын жерiнен

қашықтығы) сот немесе сот төрешiлерi арызданушының өтiнiмi бойынша дəлелде-мелердi сұратып алуға жəрдемдеседi (ҚР АIЖК 66-баптың

4-бөлiгi). Егер де сот отырысында нотариустың əрекеттен етуден бас тартуына

шағымды қарау кезiнде, iске қатысуға тартылған қарызгер орындау қағазын

беруде құқық туралы дау мəлiмделсе, сот арызды қараусыз қалдырады жəне мүдделi тұлғаларға жалпы негiздер бойынша талап қою арызын беруге құқылары барын түсiндiредi. (ҚР АIЖК 290-баптың 2-бөлiгi).

Нотариустың дəлелдемелермен қамтамасыз етуден бас тартуын тексеру

кезiнде сот арызданушы қандай мақсатпен дəлелдемелердi тiркеуi қажет екендiгiн, бұл дəлелдемелермен қандай мəн-жайлар расталатынын, алдағы

Page 186: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

уақытты дəлелдеменi алудың қандай мүмкiнсiздiктерi мен қиындықтары

(сотта iс қозғаған жағдайда) болатынын анықтауы тиiс. Мұрагердiң арызын қабылдаудан, оған мұрагерлiк туралы куəлiктi

беруден бас тарту туралы шағымды қарау кезiнде, сот мұндай бас тартудың

себебiн анықтауы тиiс. €кiлдiкке сенiм-хатты нотариалды тəртiппен

куəландырудың құқықтылығы туралы немесе одан бас тарту жөнiндегi сұрақты зерттеу кезiнде, арызданушының өкiлдiкке құқығы бар-жоғын

анықтаудың маңызы зор.

Арызданушының нотариалдық iс-əрекетке немесе одан бас тартуына жасаған шағымын қанағаттандырған жағдайда, сот нотариаттық iс-əрекеттiң

күшiн жою немесе оны iс-əрекеттi жасауға мiндеттейтiн шешiм шығарады.

Шағымды қанағаттандыру туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi сол нотариатқа жiберiледi (ҚР АIЖК 323-бап).

§ 12. Аралық соттардың шешiмдерiне шағымдану туралы

iстер бойынша сот iсi

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 қаңтардағы «Аралық сот туралы» ҚР Заңға сəйкес жеке жəне заң тұлғалар арасында болатын

азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардан

туындайтын даулы мəселелерге қолданылады. Оған төмендегi-лердiң

мүдделерiне қатысты даулар ведомстволық бағынышты емес: – мемлекет, мемлекеттiк мекемелер;

– кəмелетке жасы толмаған тұлғалар:

– заң тəртiбi бойынша iс-əрекеткен қабiлетсiз деп танылған тұлғалар;

– аралық сот келiсiмiнiң қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар;

– жұмыстар мен қызмет көрсету туралы келiсiмшарттардан болатын

даулар;

– табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тауарлар өндiрiсiнде, тауарлар

мен қызметтер нарығында басыңқы жағдайларға ие субъектiлер, сондай-ақ

банкроттық iстер бойынша. Аралық сот – мемлекеттiк сот емес, iс жөнiндегi дауды шешуге

тараптардың өздерi сайлаған сот. Аралық соттың төрешiсi болып, жасы

жиырмадан асатын, тиiстi бiлiмi, жоғары оқу орнын тəмамдаған жеке тұлға болуы мүмкiн. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi жəне сот төрешiлерiнiң мəртебесi туралы» заңда бекiтiлген тəртiппен тағайындалған

сот төрешiсi аралық сот төрешiсi бола алмайды. Аралық соттар үнемi

əрекет етушi немесе iстi шешу үшiн тараптардың келiсiмi бойынша құрамында бiр немесе үштен кем емес соттан құрылуы мүмкiн.

Аралық соттар iстi қарай отырып, Конституцияны, Қазақстан

Республикасының заңдары мен өзге де құқықтық норма-тивтi актiлердi,

сондай-ақ келiсiмдердiң шарттары мен iскерлiк айналымның дəстүрлерiн

басшылыққа алады («Аралық сот туралы» ҚР Заңы 8-бап).

Iстi аралық сотта қарап, шешу кезiнде азаматтық iс жүргiзу

заңдылықтарында бекiтiлген жалпы принциптер, ережелер мен тəртiп

Page 187: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

сақталуы тиiс, бұған тараптардың келiсiмiмен соттардың құрылуы жəне осы

соттарға тəн өзге ерекшелiктер жатпайды.

Iстi талқылағаннан кейiн аралық сот аралық шешiм шығарады, ол аралық

сот (сот төрешiлерi) қол қойған күннен бастап күшiне енедi. Шешiмнiң

қарарлы бөлiмiнде əрбiр талап қою арызындағы талаптарды қанағаттандыру

немесе одан бас тарту туралы аралық соттардың пiкiрлерi, дауды аралық

сотта шешуге кеткен шығындар сомасы, аталған шығындарды тараптарға бөлу жəне қажет болған жағдайда аралық соттың шешiмiн орындау мерзiмi

мен тəртiбi көрсетiледi.

Аралық соттардың шешiмiне ҚР АIЖК 40-тарауында бекi-тiлген

тəртiппен аудандық, сотқа шағымдануға болады. Аралық соттардың

шешiмiне шағымдану туралы арызды аралық сот тал-қылауының тараптары,

сондай-ақ iске қатысуға тартылмаған үшiншi тұлғалар шағымдануға негiздiң

барын бiлген күннен бастап, отыз күн iшiнде дауды қараған аралық соттың

тұрғылықты жерiндегi сотқа ҚР АIЖК 331-1 сəйкес бере алады.

Егер де аралық соттың шешiмi толық немесе жартылай күшiн жойған

жағдайда жəне аралық сот iстi қайта қараған кезде шешiлмесе, бұл дауды

аралық сотта ары қарай қарауға жатпайды. («Аралық соттар туралы» заң 44-

бап).

Əдетте аралық сот шешiмдерiне шағымдар мемлекеттiк соттарда ерекше сот iсi тəртiбiмен қаралады (ҚР АIЖК 39-1).

Аралық соттардың шешiмiне шағымдану арызды сот iс қозғалған сəттен

бастап, он күн iшiнде қарауы тиiс. Аралық соттардың шешiмiне тараптардың

шағымын қарау кезiнде аудандық сот iс материалдарында тараптар ұсынған

мынадай дəлелде-мелердiң бар-жоғын анықтауы тиiс: – аралық келiсiм Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған

негiздер бойынша жарамсыз болып табылады;

– аралық соттың шешiмi аралық соттың келiсiмiнде қарастырылмаған дау

бойынша шығарылған немесе оның шарттарына қарай не болмаса аралық

соттардың келiсiмi шегiнен шығатын меселелер бойынша қаулы бар, сондай-

ақ дау аралық соттың ведомстволығынан бағынышты болмаудың салдарынан

шығарылған;

– аралық соттың құрамы немесе аралық талқылау аралық сот туралы

Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сай келмейдi;

– аралық сот төрешiлерiн сайлау туралы аралық сот отырысының болатын

уақыты мен орны тараптарға тиiсiнше хабарланбаған не болмаса өзге себептермен аралық сотқа өз түсiнiкте-мелерiн ұсына алмаған;

– аралық соттың шешiмi заңдылық принципiне жəне iстердi қараудың

бұқаралық тəртiбiне қайшы келедi, дау аралық сот талқылауының тақырыбы

болуы мүмкiн емес (ҚР АIЖК 8-бап);

Содан соң, сот аралық соттың шешiмiне шағымдану туралы арыздарды

қарау нəтижелерi бойынша аралық соттың шешiмiн жоққа шығару туралы

немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады.

Page 188: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Соттың ұйғарымына тараптар мен мүдделi тұлғалар шағымдана алады (ҚР

АIЖК 331-2).

§ 2. Апелляциялық шағымды, наразылықты қарау тəртiбi

Сот шешiмiне аппеляциялық шағымдану құқығы бiрiншi сатыдағы заңды

күшiне енбеген сот шешiмiн тексеру бойынша екiншi сатыдағы соттың iс қозғау құқығы болып табылады. Шағымдануға құқық бiрiншi сатыдағы сот шешiм шығарған сəттен бастап туындайды.

Апелляциялық шағымдану құқығын жүзеге асырудың алғы шарты

шағымды беретiн азаматтың iс жүргiзуге қабiлеттiлiгi болып табылады (ҚР

АIЖК 46-бап). Iске қатысушы тұлғалар өкiлге аппеляциялық шағым берудi

тапсыруға құқылы. €кiл, көп жағдайда iске қатысушы қорғаушы сот шешiмiне апелляциялық шағымды бұл iс жүргiзу əрекетiн жасауды өкiл

алушы тұлғаның берген сенiмхатында келiсiлген жағдайда ғана беруге құқылы (ҚР АIЖК 59-бап).

Iске қатысушы тұлға аппеляциялық шағым беру кезiнде, онымен бiрге iске қатысушылар жəне талап қоюшының жағындағы үшiншi тұлғалар жеке аппеляциялық шағым берген жағдайда Қазақстан Республикасының салық

кодексiне сəйкес мемлекеттiк баж салығын төлеуден босатылады. ҚР АIЖК-

де аппеляциялық сатыдағы сот шешiм шығарғанда заңды құқықтары мен

мүдделерi сөз болуы мүмкiн, iске қатыспаған тұлғалардың жеке аппеляциялық шағым беру құқықтары тiкелей атап көрсетiлмеген.

Апелляциялық шағымдану объектiсi бiрiншi сатыдағы соттың тек

заңды күшiне енбеген шешiмдерi ғана бола алады. Бiрiншi сатыдағы соттың

заңды күшiне енбеген шешiмдерiнiң бөлiгi де (дəлелдi жəне қарарлы)

аппеляциялық щағымданудың объектiсi болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының iстi бiрiншi сатыдағы сот ретiнде қарау кезiнде шығарған ұйғарымы аппеляциялық тəртiппен

шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды жəне ол жарияланған сəтiнен

бастап заңды күшiне енетiнiн есте ұстаған жөн (ҚР АIЖК 344-баптың 1-

бөлiгi). Апелляциялық шағымдану мерзiмiнде апелляциялық сот тиiстi қаулы

қабылдағанға дейiн шағымнан бас тарту мен наразылыққа қарсылық

бiлдiруге болады (ҚР АIЖК 341-бап), алапелляциялық сот шағымды жəне прокурордың наразылығын қарау кезiнде талап етушi талап қою арызынан

бас тартып, бейбiт келiсiм жасауына болады (ҚР АIЖК 342-бап).

ҚР АIЖК апелляциялық сатыдағы соттың шағымнан бас тартуды кейiнге қалдыру құқығы қарастырылмаған. Заңда, сот шешiмiне апелляциялық

шағымдану құқығынан бас тарту жарамсыз делiнген (ҚР АIЖК 8-баптың 4-

бөлiгi). Сонымен бiрге апелляциялық шағым берген тұлға аппеляциялық

сатыдағы сотта тиiстi сот қаулысын шығарғанға дейiн одан бас тартуына құқылы (ал прокурор наразылығын қайтып алуға). Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi (ҚР АIЖК 341-баптың 1-бөлiгi).

Page 189: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Апелляциялық наразылықты бiлдiрушi прокурор, сондай-ақ одан жоғары

тұрған прокурор сот отырысы басталғанға дейiн наразылығын қайтарып

алуға құқылы. Бұл жағдайда берiлмеген деп есептелiнген наразылықтың

қайтып алу туралы iске қатысушы тұлғаларға хабарлайды. Егер де апелляциялық сатыда iстi қарау басталып кеткен болса, сот наразылықтың

мəнi бойынша дұрыстығын тексередi.

Апелляциялық шағымнан бас тартуды үнемi апелляциялық сатыдағы

сот алқалы құраммен қарайды. Шағымнан бас тартуды қабылдау туралы сот қаулы шығарады, егер де шешiмге өзге тұлғалар шағымданбаса, апелляциялық сот iстi тоқтатады. Апелляциялық шағымнан бас тартуды

қабылдау, егер де iске бiрге қатысушылар немесе үшiншi тұлғалар

апелляциялық шағымға қосылған болса, апелляциялық сот iсiн тоқтатпайды.

Апелляциялық шағым немесе наразылық бiлдiрiлгеннен кейiн талап

қоюшы арыздағы талаптарынан немесе тараптардың бейбiт келiсiмiнен

бас тартуы апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша түрде берiлуi тиiс. Талап

қоюдан бас тартқанға дейiн немесе бейбiт келiсiм жасағанға дейiн сот талап

қоюшыға жəне тараптарға iс жүргiзу əрекеттерiнiң салдарлары туралы түсiн-

дiредi.

Талап қоюшының талаптан бас тартуын немесе тараптардың бейбiт келiсiмiн қабылдау кезiнде аппеляциялық саты шығарыл-ған шешiмдi жоққа шығарып, iс бойынша сот iсiн тоқтатады. (ҚР АIЖК 342-баптың 2-бөлiгi).

Апелляциялық наразылық сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiне прокурордың негiздi күмəндары болған əрбiр жағдайда берiлуi тиiс. Онда заңды бұзудың алдын алу мақсатында, прокурордың анықтаған барлық заң

бұзушылықтар, (тiптi бiрiншi сатыдағы сот шешiмiн жоққа шығару үшiн

олардың бiреуi де жетiп жатыр) көрсетiледi.

Апелляциялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкiлi

(сенiмхатты немесе өкiлдiң өкiлетiгiн растайтын өзге құжатпен бiрге қосады) қол қояды. Егер апелляциялық шағым-ға төлеу керек болса, оған

мемлекеттiк баж салығын төлегенi туралы құжат қоса тiркеледi.

Талап қоюшыға жəне iске қатысушы өзге тұлғаларға егер де мұндай арыз берiлген болса жауап берушiнiң осы шешiмдi жоққа шығару туралы арыз беру мерзiмi өткенге дейiн он бес күн iшiнде соттың сырттай шешiмiне аппеляциялық тəртiппен шағымдану құқығы берiледi. Егер де мұндай арыз берiлген болса, онда бұл тұлғалар соттың сырттай шешiмiне сот сол арызды

қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ғана – сот бұл туралы ұйғарым

шығарған күннен бастап он бес күн iшiнде шағымдана алады (ҚР АIЖК 344-

бап).

ҚР АIЖК 335-бабына сəйкес апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұнында мыналар болуы тиiс:

1) шағым немесе наразылық жiберiлетiн соттың атауы;

2) шағым немесе наразылық бiлдiретiн тұлғаның аты-жөнi;

3) шағымданатын немесе наразылық бiлдiретiн сот шешiмi жəне осы

шешiмдi шығарған сот атауы;

Page 190: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

4) iстiң дұрыс қаралмауын атап көрсету;

5) шешiмнiң заңсыздығы немесе негiзсiздiгi неден екендiгiн заңға, өзге нормативтi құқықтарға жəне iс материалдарына сiлтеме жасай отырып

көрсету;

6) шешiмге толықтай немесе жартылай шағымдана ма немесе наразылық

бiлдiрiле ме жəне шағым немесе наразылықты бiлдiрушi тұлға қандай

өзгерту енгiзудi талап ететiнiн көрсету;

7) шағымға немесе наразылыққа қосымша тiркелетiн құжаттар тiзiмi;

8) шағымды немес наразылықты берген (алып келген) күнi жəне шағым

не наразылық берген тұлғаның қолы.

Апелляциялық шағымда немесе наразылықта тұлғалардың аппеляциялық

шағым не наразылық бойынша жауаптары жоққа шығарылатын куəгерлердi

шақыру туралы өтiнiмдерi болуы мүмкiн.

Апелляциялық шағымдар жəне наразылықтар iске қатысушы тұлғалардың

санына сəйкес көшiрмелермен, оған қоса тiркелген жазбаша дəлелдемелермен бiрге берiледi (ҚР АIЖК 334-баптың 2-бөлiгi). Апелляциялық шағымды берушi тұлғаның бiрiншi сатыдағы сотта ұсынылмаған жаңа дəлелдемелерге сiлтемесiне тек оларды бiрiншi сатыдағы

сотқа ұсыну мүмкiн-сiздiгiн шағымда негiздеген жағдайда ғана рұқсат етiлетiнiн есте сақтау қажет.

Апелляциялық шағымдардың ҚР АIЖК 334 жəне 335-баптарындағы

талаптарға сəйкес келмейтiндiгiн (мысалы, шағымға жазбаша дəлелдемелердiң көшiрмесi тiркелмеген немесе шағымның мазмұнында талап етушi немесе жауап берушi туралы қажеттi мəлiметтер немесе қажеттi құжаттардың тiзiмi жоқ), шағымдану негiзi мен тəртiбiн бұзу деректерiн

анықтаған жағдайда, сот төрешiсi шағымды қозғалыссыз қалдыру туралы

ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайларда шағымданушы тұлғаға кемшiлiктерiн жою үшiн уақыт бередi.

Егер де тұлға бекiтiлген мерзiмде шағымды қозғалыссыз қалдыру туралы

қаулыда аталған кемшiлiктердi жоятын болса, шағым сотқа алғашқы ұсынған

күнiнде берiлген болып саналады (ҚР АIЖК 336-баптың 2-бөлiгi). Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы

бiрiншi сатыдағы сот ұйғарымына жеке тəртiппен шағымдануға болады. (ҚР

АIЖК 336-бап).

ҚР АIЖК 337-бабындағы талаптарды орындамаған жағдайда апелляциялық шағым шағымданушының өтiнiшi бойынша сот қаулысымен

қайтарылады.

Iстi апелляциялық сатыда қарауға дайындау (ҚР АIЖК 338-бап).

Апелляциялық шағымды алғаннан кейiн аудандық сот келесi əрекеттердi

жасауға мiндеттi: – Iске қатысушы тұлғаларға шағымның, наразылықтың жəне оған

тiркелген жазбаша дəлелдемелердiң көшiрмесiн жiберу;

– тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орнын хабарлау (облыстық немесе оған тең сотта, аудандық сотта, қалалық сотта);

Page 191: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– апелляциялық шағымға iске бiрге қатысушылар мен iсте талап

қоюшының немесе жауап берушiнiң жағындағы ұшiншi тұлғалардың

шағымдарын қосу (ҚР АIЖК 339-бап);

– iске қатысушы тұлғаларды апелляциялық шағымға немесе наразылыққа жазбаша қарсылықпен таныстыру (ҚР АIЖК 340-бап).

Iске қатысушы тұлғалар апелляциялық шағымға қатысты қарсылықтарын

жазбаша түрде (бұрын бұл түсiнiктеме деп аталды), осы қарсылықтарын

растайтын қосымша құжаттарды iске қатысушы тұлғалардың санына қарай

көшiрмемен бiрге берушге құқылы.

Апелляциялық шағым үшiн бекiтiлген он бес күн мерзiм өткенге дейiн

Жоғарғы Сот, прокурор немесе өзге лауазымды тұлға соттан iстi талап етуге құқысы жоқ екендiгiн есте ұстау қажет. Шағымдану, наразылық бiлдiру

мерзiмi өткеннен кейiн аудандық сот iстi аппеляциялық сатыдағы жiбередi.

§ 3. Iстi апелляциялық сатыда қарау

Апелляциялық сатыдағы сот талқылауы – аппеляциялық сатыдағы сот iсiнiң негiзгi түрi. Апелляциялық қараудың iс жүргiзу тəртiбi бiрiшi сатыдағы

немесе аппеляциялық сатыдағы сот iстерiне қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi

бар. Апелляциялық тəртiппен қаралатын iстер алқалы түрде қаралады,

құрамында құқықтары бiрдей үш сот төрешiсi болуы тиiс. Апелляциялық

тəртiпте iс бiрiншi сатыдағы сот iсiн қарау ережелерi бойынша, ҚР АIЖК 41-

бабында қарастырылған ерекшелiктермен қаралады. Бiрiншi саты үшiн

бекiтiлген тəртiп аппеляциялық сатыда қолданылмайды, олар:

– бiрнеше талаптарды бiрiктiру жəне бөлу туралы;

– талап қою арызының тақырыбын немесе негiзiн өзгерту туралы;

– талап қою арызындағы талап мөлшерiн өзгерту туралы;

– қарама-қарсы талап қою туралы;

– тиiстi емес жауап берушiнi ауыстыру туралы;

– iске үшiншi тұлғаларды қатыстыру туралы;

– дауды аралық соттардың шешуiне беру туралы.

Апелляциялық шағым бойынша iстi талқылау кезiнде сот отырысының

хаттамасы толтырылмайды. Дегенмен де, ҚР АIЖК-нiң 347-баптың 1-

бөлiгiне сəйкес iстегi бар материалдарды, сондай-ақ қосымша ұсынылған

дəлелдемелердi, егер де сот оларды кезiнде бiрiншi сатыдағы сотта ұсыну

мүмкiн болмаған деп таныса бағалай отырып, оларды iсте көрсету қажеттiгi туындайды. Мұндай жағдайларда аппеляциялық сатыдағы сот жаңа дəлелдемелердi алу кезiнде, куəгерден жауап алу түрiнде оның жауабын

жазып алу қажеттiгi туындайды, сонымен бiрге мұны сот отырысы

хаттамасында өзге тəсiлмен жазу мүмкiн емес. Апелляциялық сатыдағы сот отырысында талап етушi, жа-уап берушi

жəне iске қатысушы өзге тұлғалар қатысады.

Сот шешiмiне шағымдар мен ұсынулар ашық сот отырысында қаралады.

(ҚР АIЖК 19-баптың 1-бөлiгi), азаматтық сот iсiнiң жариялылығы

принципiне сəйкес келетiн оның құрамында үш сот төрешiсi болады. Сот

Page 192: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

отырысын төрағалық етушi басқарады, ол сот отырысын тиiстi тəртiппен

қамтамасыз ету үшiн шаралар қолдануға құқылы. Апелляциялық сатыдағы

iстi талқылау жеңiлдетiлген сипатқа ие. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен iстi алғаннан кейiн апелляциялық сатыдағы сот төрешiсi бiрiншi сатыдағы соттың талаптарды орындауын, шағымның заңдылығын

тексередi, iс материалдарын, талап етушi мен жауап берушiнiң пiкiрлерiн

жəне оған тiркелген материалдарды меңгередi, iске қатысушы тұлғаларға iстi қарау күнiн хабарлайды.

Апелляциялық сатыда iстi қарау мерзiмi заңда оның аудандық соттан

аппеляциялық сатыға түскен күнiнен бастап бiр ай деп бекiтiлген.

Апелляциялық сатыдағы сот отырысында оны қарау кезiнде iс бойынша қорытынды жасаған прокурор қатысуы тиiс. (ҚР АIЖК 349, 350-баптар).

Баяндамадан кейiн сот отырысына келген, iске қатысушы тұлғалар мен

олардың өкiлдерi тыңдалады. Сот талқылауында бiрiншi болып

апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлға немесе оның өкiлi

сөйлейдi. Шешiмге екi тарап та шағымданған жағдайда бiрiншi талап етушi

сөйлейдi. Тараптардың түсiнiктемелерiнен кейiн сот егер де бiрiншi

сатыдағы сотта дəлелдi себептермен ұсынылмаған деп таныса, тараптардың

қайта ұсынған дəлелдемелерiн зерттейдi. Сотқа қосымша дəлелдемелер

ұсынған тұлғалар олардың қандай жолмен алынғандығын жəне қосымша дəлелдемелердi ұсыну қажеттiгi қандай мəн-жайлардан туындағанын

көрсетуi тиiс. Апелляциялық сатыдағы сот, сот отырысына келмеген iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерiн, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы

сотқа шақырылмаған куəгерлердiң жауаптарын жариялауға құқылы. Егер де осы түсiнiктемелер мен жауаптарды тараптар жоққа шығарса, аталған

тұлғалар жауап беру үшiн апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылады.

ҚР АIЖК 334-бабына сəйкес апелляциялық сатыдағы сот отырысын

тəртiбi ҚР АIЖК 178 жəне 179-баптарындағы ережелерде анықталады.

Сот отырысындағы iстi талқылауды үш бөлiмге бөлуге болады:

1) дайындық бөлiмi,

2) шағымдарды қарай жəне дəлелдемелердi зерттеу,

3) iстi қарау бойынша қаулы шығару.

Талқылаудың дайындық бөлiмi төрағалық етушiнiң мынадай

əрекеттерiнен басталады:

– сот отырысын ашады қандай iс, кiмнiң шағымы немесе наразылығы

бойынша жəне қандай соттың шешiмiне қаралатыны туралы хабарлайды;

– iске қатысушы қандай тұлғалардың, өкiлдердiң келгендерiн анықтайды;

– келгендердiң жеке басын анықтайды, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен

өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексередi.

Содан соң төрағалық етушi сот құрамын хабарлайды (ҚР АIЖК 351-бап),

прокурорды, аудармашыны таныстырады жəне iске қатысушы тұлғаларға қарсылықтар мен өтiнiмдер мəлiм-деуге құқықтарын түсiндiредi (ҚР АIЖК

39–43-баптар).

Page 193: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Сот төрешiлерi, алқалы соттар, прокурор, аудармашы мен сарапшы

бiрiншi сатыдағы сол негiздер бойынша iстi қарауға қатысудан аластатылуы

мүмкiн. Сонымен бiрге, аппеляциялық сатыдағы iстi қарауға осы iстi бiрiншi

сатыдағы сотта немес сот қадағалауы сатысында шешуге қатысқан сот төрешiсi қатыса алмайды (ҚР АIЖК 39-баптың 1 жəне 4-бөлiктерi).

Қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiргеннен кейiн төрағалық етушi iске қатысушыларға iс жүргiзу құқықтарын түсiндiредi (ҚР АIЖК 351-бап).

Iске қатысушылардың iстi апелляциялық сатыда қараудың барлық

мəселелерiмен байланысты арыздары мен өтiнiмдерiн сот iске қатысушы

өзге тұлғалардың пiкiрлерi мен прокурордың қорытындысын тыңдағаннан

кейiн шешiледi. (ҚР АIЖК 353-бап) жəне ҚР АIЖК 186-бабында қарастырылған тəртiппен Тиiстi түрде сот отырысының уақыты мен орны

хабарланбаған, iске қатысушы қандай да бiр тұлғаның сот отырысына келмеген жағдайда, сот iстi қарауды кейiнге қалдырады (ҚР АIЖК 352-бап).

Тиiстi түрде сот отырысының уақыты мен орны хабарланған, аталған

тұлғалардың сот отырысына келмеуi iстi тал-қылауға кедергi болмайды.

Дегенмен де, сот мұндай жағдайларда келмеу себептерiн дəлелдi деп тани

отырып, iс талқылауын кейiнге қалдыруға құқылы. Iстi мəнi бойынша қарау

сот төрешiсiнiң шағымдалған шешiмнiң мəнi, апелляциялық шағымның,

наразылықтың тұжырымдары, iс материалдары туралы

баяндауынан басталады. (ҚР АIЖК 351-баптың 2-бөлiгi). Отырыстың екiншi бөлiмi аппеляциялық шағымда келтiрiлген

тараптардың тұжырымдарын тыңдаудан басталады, содан соң оған қарсылық

баяндалады. Азаматтық сот iсiндегi аппеляциялық сатының принциптi ерекшелiгiне егер де, оларды тараптар бiрiншi сатыдағы сотта ұсына алмаған

болса, соттың қайта ұсын-ған дəлелдемелердi зерттеуге құқылы екендiгiнде. Апелляциялық сатыдағы сот отырысында егер де, олардың жауаптары жаңа дəлелдеме болмайтын болса, куəгерлер мен сарапшылардан жауап

алынбайды. Дегенмен де, егер сот олардан бiрiншi сатыдағы сотта жауап

алынбаған деп таныса, онда аппеляциялық сатыдағы сот куəгерлер ретiнде олардан жауап алып, жаңа дəлелдемелер алуына болады. Сот бiрiншi

сатыдағы соттың шешiмiн iштегi барлық дəлелдемелердiң жиынтығында тексередi Сондықтан да, аппеляциялық шағымды қарау кезiнде сот iс үшiн

маңызы бар мəн-жайлар туралы сот тұжырымының дұрыстығын тексередi.

Апелляциялық сатыдағы сот шағымды қарау кезiнде ондағы

тұжырымдармен байланысты емес жəне сот актiсiнiң заңдылығын толықтай

тексередi. ҚР АIЖК 347-бабында аппеляциялық саты бiрiшi сатыдағы сотта талап етушi бекiтiлген тəртiпте ұсынбаған талаптарын өзгерту туралы

мəселенi қарау құқығы қарастырылмаған. Апелляциялық сатыдағы сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеретiн

болғандықтан, iстiң мəн-жайларын жəне тараптардың өзара қарым-

қатынастарының мазмұнын анықтамайды. Дегенмен де, заңның мүддесiмен

бiрiншi сатыдағы сот шешiмiн толықтай тексеруге құқылы (ҚР АIЖК 345-

бап).

Page 194: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Бұл жағдай апелляциялық сатыдағы сот қызметiнiң ерек-шелiгiн көрсетедi

оның бiрiншi сатыдағы соттан iстi мəнi бо-йынша қайта қарайтын негiзгi айырмашылықтары болып табылады.

§ 4. Апелляциялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi

Апелляциялық сатыдағы азаматтық сот iсiнiң өкiлеттiктерi кең, бұл

берiлген сот қателiктерiн жоюда оның қызметiн тиiмдi етедi. Апелляциялық

сатыдағы соттың аппеляциялық шағымды қарау кезiндегi құқықтары ҚР

АIЖК 356-бабында қарастырыл-ған, соттың заңды бекiтiлген тəртiптiң

шегiнен шығуға құқысы жоқ.

Апелляциялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi – апелляциялық шағым мен

наразылық бойынша тексерiлетiн заңды күшiне енбеген сот шешiмiне қатысты заңда бекiтiлген iс-əрекеттердi жасау құқықтарының жиынтығы.

ҚР АIЖК 358-бабына сəйкес апелляциялық сатыдағы сот: 1) шешiмдi өзгертусiз,а, ал шағым мен наразылықты қанағаттандырмай

қалдыруға; 2) бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн өзгертуге; 3) бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн жоққа шығарып, жаңа шешiм

шығаруға; 4) ҚР АIЖК 365 жəне 366-баптарында қарастырылған материалдық құқық

нормаларының бұзылғандығын анықтаған жағдайда, сот шешiмiн жоққа шығарып, оны бiрiншi сатыдағы сотқа қайта қарауға жiберуге;

5) шешiмдi толықтай немесе жартылай жоққа шығарып, iс бойынша сот iсiн тоқтатуға не болмаса ҚР АIЖК 247 жəне 249-баптарында қарастырылған негiздер бойынша азаматты қараусыз қалдыруға құқылы.

Жоғарыда атап өткендей, екiншi сатыдағы сот iстi апелляциялық сатыда қарай отырып, шешiмдi өзгертусiз қалдыруға, ал шағым мен наразылықты

қанағатттандырмауға құқылы. (ҚР АIЖК 358-баптың 1-бөлiгi). Бұл қайта қарау кезiнде барлық қаралған iстердiң сексен пайыздан көбiн соттар осылай

шешетiн апелляциялық сатыдағы ең кең тараған өкiлеттiк. Мысалы, 2007

жылы Қазақстан Республикасында апелляциялық тəртiппен 16974 сот шешiмiне шағымданып, наразылық бiлдiрiлген, олардың 12 995-i өзгертусiз қалдырылған (Заң газетi. 30. 01. 2008 ж.).

Егер де апелляциялық тексеру барысында қаралған шешiмдi сот өзгертусiз қалдырса, бiрiншi сатыдағы сот iсiн қарауда ешқандай заң

бұзушылықтар анықталмаса, сот қайта қаралған шешiмдi өзгертусiз қалдырады.

Екiншi сатыдағы сот iстi апелляциялық тəртiппен қарай отырып, бiрiншi

сатыдағы соттың шешiмiн толықтай немесе жартылай жоққа шығаруға

құқылы. (ҚР АIЖК 358-баптың 3-бөлiгi). Шешiмдi, ұйғарымды жоққа шығару деп, бiрiншi сатыдағы мəнi

бойынша шешiлген немесе тиiстi сатыда қаралып, аяқталған сот iсiнiң

Page 195: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

шешiмiн, ұйғарымын жарамсыз деп тануға бағытталған аппеляциялық

сатыдағы соттың iс жүргiзу əрекетiн айтады.

Сот шешiмiнiң заңдылығын тексеру, шешiмнiң дұрыстығын құқықтық

қарым-қатынастағы дұрыстығын тексеру деген сөз, яғни ол iс жүргiзу мен

матриалдық құқық нормаларын сақтаумен шығарылғандығын, қажет болған

жағдайда құқық пен заңның баламасы қолданылғанын тексеру. Шешiмдi

жоққа шығару негiзiне, сондай-ақ iс жүргiзу құқығы нормаларын дұрыс қолданбай да жатады.

Материалық құқық нормаларын бұзу жəне дұрыс қолданбау бiрiншi

сатыдағы сот мынадай қателiктердi жiберген кезде болады:

– қолдануға тиiстi заңды қолданбағанда жəне шешiмдi қандай да бiр заңға сiлтеме жасамай шығарғанда;

– қолдауға тиiстi емес заңды қолданғанда; – заңды дұрыс түсiнбеген (ҚР АIЖК 365-бап), яғни құқық нормасын

дұрыс таңдамай жəне оны азаматтық сот iсiне қолдана отырып, сот төрешiсi оның мəнiн дұрыс түсiнбей, сот қателiктерiн жiбергенде.

Iс жүргiзудi бұзу (немесе iс жүргiзу құқығы нормасын дұрыс қолданбау)

бiршама өзгеше, оның екi мəн-жайы бар:

Сот азаматтық iстi қарап, шешу кезiнде əдетте бiр-екi материалдық құқық

нормасын жəне онымен бiр мезгiлде бiрнеше ондаған азаматтық iс жүргiзу

нормаларын қолданады.

Бiрiншi сатыдағы соттың iстi қарау кезiнде iс жүргiзу құқығы нормаларын

бұзуы əрдайым сот шешiмiн заңсыз деп тануға əкелiп соқтырмайды.

Төмендегi iс жүргiзу нормаларын бұзған жағдайда сот шешiмi жоққа

шығарылады:

– сот шешiмiн жоққа шығаруға сөзсiз негiз болып табылатын iс жүргiзу

нормаларын бұзу, яғни олар əрдайым заңсыз шешiм шығаруға итермелейдi;

– аппеляциялық саты заңсыз шешiм шығаруға сол бұзушылықтар негiз болған-болмағанын тексеретiндiктен, сот шешiмiн жоққа шығаруға шартты

негiз болып табылатын iс жүргiзу нормаларын бұзу;

– заңсыз құрамдағы соттың iстi қарауы;

сот отырысының уақыты мен орны тиiстi түрде хабарланбаған iске қатысушы тұлғалардың iстi қарауға келмеуi;

– iстi қарау кезiнде тiл туралы заңды бұзу;

– соттың iске қатыспайтын тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi туралы

мəселенi шешуi;

– iстi алқалы соттар қараған кезде шешiмге сот төрешiлерiнiң не оның

бiреуiнiң қол қоймауы не болмаса шешiмде аталған сот төрешiлерiнiң емес, өзгелердiң қол қоюы;

– iстi қараудағы сот құрамына кiрмеген сот төрешiлерiнiң шешiмдi

қабылдауы;

– iстi сот отырысының жəне өзге де iс жүргiзу əрекеттерiнiң

хаттамасының болмауы (ҚР АIЖК 366-баптың 2-бөлiгi).

Page 196: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

Егер де, бұл бұзу шешiмдi дұрыс қабылдамауға əкелiп соқ-тырған не соқтыруы мүмкiн болған болса, iс жүргiзу заңын өзгелей бұзу сот шешiмiн

жоққа шығаруға немесе өзгертуге негiз болып табылады.

Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн жоққа шығару кезiнде апелляциялық

сатыдағы сот: – егер, бiрiншi сатыдағы соттың жiберген қателiгiн аппеляциялық сатыда

түзету мүмкiн болмайтын болса, iстi сол сот құрамымен немесе өзге құраммен жаңадан қарауға бiрiншi сатыдағы сотқа жiберуге (ҚР АIЖК 358-

баптың 4-бөлiгi). Мысалы, арызданушы ұсынған арызын құқықты түрде жүзеге асыру шарттарын орындамады, бiрақ та арызды бердi, ал сот iстi мəнi

бойынша қарап, шештi. Шешiмдi жоққа шығарып, оны жаңадан қарауға бiрiншi сатыдағы сотқа

жiберу кезiнде апелляциялық сатыдағы сот қаулының қарарлы бөлiмiнде соттың жəне iске қатысушы тұлғалардың iстi жаңадан қарау кезiндегi орындайтын барлық iс-əрекеттерiн көрсетуi тиiс.

Апелляциялық сатыда шешiмдерi жоққа шығарылатын азаматтық iстердiң

көпшiлiгi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберiлдi.

Негiзгi сатыдағы сот шешiмдi толықтай немесе жартылай жоққа шығара отырып, iстi сол сот құрамымен не өзге құраммен жаңадан қарауға

жiбередi. (ҚР АIЖК 358-баптың 5-бөлiгi). Iстi бiрiншi сатыдағы сотқа сол

сот құрамымен жаңадан қарауға жiберу мүмкiндiгi əкiмшiлiк-аумақтық

бөлудiң ерекшелiк-терiмен жəне тек бiр сот төрешiсi ғана бар жеке аудандық

соттардың барымен шартталған.

Бiрiншi сатыдағы соттағы сол негiздермен iс бойынша сот iсiн тоқтату

(ҚР АIЖК 358-баптың 5-бөлiгi). Шешiмдi жоққа шығарып, заңда қарастырылған негiздердi басшыллыққа ала отырып, апелляциялық сатыдағы

сот ҚР АIЖК 247 жəне 249-баптарында қарастырылған негiздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға құқылы (ҚР АIЖК 367-бап).

Егер де iс үшiн маңызды мəн-жайлар тараптар танысқан қосымша ұсынылған материалдар негiзiнде анықталған болса, мəселенi мəнi бойынша шеше отырып, iстi жаңадан қарауға жiбермей шешiмдi өзгерту (ҚР АIЖК

358-баптың 2-бөлiгi). Сот шешiмiн өзгерту, шешiм мəнi бойынша жəне соттың талапты қанағаттандыру бойынша тұжырымы солай қалған немесе талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту керiсiнше өзгертiлмеген дегендi

бiлдiредi.

Iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерiнен кейiн, iс материалдарын,

тараптардың жарыссөзiн (егер де жаңа дəлелдемелер зерттелсе (ҚР АIЖК

356-бап)) зерттеу үшiн сот қаулы шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.

Сот төрешiлерiнiң кеңесi, қаулы қабылдау жəне оны жария-лау бiрiншi

сатыдағы соттағыдай тəртiппен жүзеге асырылады. Кеңесу бөлмесiнде апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша iстiң барлық

Page 197: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

материалдарын талқылау нəтижелерi бойынша сот апелляциялық қаулы

щығарады.

§ 5. Апелляциялық сатыдағы сот қаулысы

Апелляциялық сатылар қаралған шешiмнiң құқықтылығы туралы өз пайымдаулары мен тұжырымдарын бiрiншi сатыдағы қаралған сот шешiмiнiң

заңдылығы мен негiздiгi туралы мəселесi шешiлетiн аппеляциялық

қаулысында баяндайды. (ҚР АIЖК 357-бап).

Апелляциялық сатыдағы сот қаулысы барлық өзге сот қаулылары сияқты

кiрiспе, сипаттама, дəлелдi жəне қарарлы бөлiм-дерден тұрады.

Кассациялық сатыдағы ұйғарымның кiрiспе бөлiмi бiрiншi сатыдағы сот шешiмi мен ұйғарымының аттас бөлiмдерiмен салыстырғанда барынша ауқымды. Онда мыналар аталуы тиiс:

– ұйғарымды шығарған күнi жəне орны;

– ұйғарымды шығарған сот атауы жəне сот құрамы;

– касссациялық шағымды, ұсынысты ұсынған тұлға. Кiрiспе бөлiмде қандай сотқа шағымдалғаны жəне оның мағынасы неде

екендiгi (қарарлы бөлiм) көрсетiледi. Бұл бөлiмнiң деректемелерi екiншi

сатыдағы соттың жазған пайымдаулары мен тұжырымдарына əдiлсоттылық

қасиетiн беретiндiктен, оның конститутивтi маңызы бар,

Сипаттамалы бөлiмде апелляциялық шағымның (прокурор

наразылығының), шешiмнiң, iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерiнiң,

егер де қорытынды беру үшiн iске қатыс-қан болса, прокурор

қорытындысының қысқаша мазмұны, сондай-ақ қосымша ұсынылған

дəлелдемелердiң мəнi баяндалады.

Дəлелдi бөлiмде апелляциялық сатыдағы сот өз пiкiрлерiнiң

қорытындысын баяндайды. Бұл бөлiмде апелляциялық сатыдағы сот iстi талқылау кезiндегi жiберiлген қателiктердi бағалайды, бiрiншi сатыдағы

соттың дұрыс қолданбаған нормативтi актi-лерiн түсiндiредi, сондай-ақ

апелляциялық қаулыны шығарар кездегi заңға сiлтеме жасайды.

Сонымен бiрге сот шешiмiн толықтай немесе жартылай жоққа шығарып,

iстi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жiберер кезде аппеляциялық

сатыдағы сот аппеляциялық қаулының дəлелдi бөлiмiнде бiрiншi саты

бойынша осы iстi қайта қарайтын сотқа мiндеттi нұсқаулар бередi. (ҚР АIЖК

360-баптың 3-бөлiгi). Мұндай нұсқаулар əдiлсотты басқарудың нақты iс жүргiзу құралдарынан

тұрады. Олар iске қатысушы тұлғалардың даулы қарым-қатынастарын терең

жəне жан-жақты зерттеуге бағытталған жəне оның шарттары төмендегiдей:

– апелляциялық сатыдағы өкiлеттiкке сəйкес келу;

– материалдық жəне iс жүргiзушiлiк нормаларына сəйкес келу;

– сот төрешiлерiнiң тəуелсiздiктерiн бұзбау.

Осыған байланысты заң (ҚР АIЖК 363-баптың 2-бөлiгi) бiрiншi сатыдағы

соттың жаңа шешiмiнiң алдын ала мазмұнына қатысты нұсқаулар беруге

Page 198: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

тыйым салады. Демек, апелляциялық саты төмендегiдей нұсқаулар беруiне құқысы жоқ:

– қайсыбiр дəлелдеменiң күмəнсiздiгi мен сенiмсiздiгi ту-ралы;

– бiр дəлелдеменiң өзгелерiн артықшылығын көрсетуге; – iстi жаңадан қарау кезiнде соттың қандай шешiм қабылдайтындығы

туралы.

Дегенмен де, алқалы сот шешiмдi жоққа шығарып, iстi жаңадан қарауға жiбере отырып, бiрiншi сатыдағы сотқа мынадай нұсқаулар бере алады:

– iстiң нақты мəн-жайларын анықтаудың нақты жолдары мен құралдарын

айту:

– тақырыпқа қандай деректердiң жəне т.б ену керектiгiн;

– азаматтық iс жүргiзу заңындағы бұзылғандарды атау. Бұл ретте iстi жаңадан қарау кезiнде iстердi бiрiктiру немесе бөлу жəне т.б. қажеттiгiн айту

дұрыс болады.

– бiрiншi сатыдағы соттың iстi талқылау кезiндегi қолдан-ған iс жүргiзу

жəне материалдық құқық нормаларын түсiндiру.

Мұндай нұсқаулардың мiндеттiлiгi олардың дұрыстығы мен

сенiмдiлiгiнде. Қарарлы бөлiмде апелляциялық қаулы шығар-ған жағдайда ол ҚР АIЖК 361-баптарындағы талаптарға сəйкес қысқа баяндалуы жəне азаматтық iстер бойынша алқалы соттармен қол қойылуы тиiс. Бұл жағдайда қаулының толық мəтiнiн барлық төрешiлер iстi қараған күннен бастап бес күн iшiнде құрып, оған қол қоюлары керек.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы оны қабылдап, жариялаған

күннен бастап заңды күшiне енедi (ҚР АIЖК

368-бап), содан соң бiрiншi сатыдағы сотқа қайтарылады.

24-т а р а у. ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫНДАҒЫ СОТ IСI.

ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНГЕН СОТ ҚАУЛЫЛАРЫН

ҚАЙТА ҚАРАУ

§ 1. Қадағалау сатысындағы сот iсi ұғымы жəне оның мiндеттерi

Қадағалау сатысындағы сот iсi туралы ҚР АIЖК «Қадағалау тəртiбiмен

сот iсi» деп аталатын 43-тарауындағы 384–403-баптарында айтылған. Бұл

саты, апелляциялық саты сияқты сот қателiктерiн түзетуге арналған. Бұл

сатының айырмашылығы өзiне тиiстi бiрқатар ерекшелiктерi бар:

1) егер апелляциялық сот iсi сот шешiмдерi мен қаулыларының заңды

күшiне енуге жол бермеу үшiн жүзеге асырылатан болса, ал қадағалау

сатысындағы сот iсi заңды күшiне енген сот шешiмдерi мен қаулыларындағы

жiберiлген қателiктердi түзету болып табылады;

2) апелляциялық шағымданудың тақырыбы тек сот шешiмi жəне сот ұйғарымы, ал қадағалау сот iсiнiң тақырыбы – кез келген деңгейдегi сот шешiмдерiне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық бiлдiру;

3) апелляциялық сатыда бiрiншi сатыдағы соттардың бұрын жоққа шығарылған шешiмдерiнiң заңдылығы мен негiздiгi тексерiлмейдi, ал

Page 199: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

қадағалау сатысында iс бойынша шығарыл-ған барлық шешiмдер,

ұйғарымдар мен қаулылар тексерiледi;

4) қадағалау тəртiбiмен тексеру үшiн iстi талап ету сəтiнде сот актiсiн

орындауды тоқтату мерзiмi үш айдан аспайды.

Қадағалау сот iсiнiң мiндеттерi АIЖК 3-бабында анықтал-ған. Оларға мыналар жатады:

– бiрiншi, апелляциялық сатыдағы соттардың шығарған сот актiлерiн

iстегi айғақтар мен наразылықтар шегiндегi заңдылығы мен негiздiгi; – азаматтық iстердi қарау мен шешуде төменгi соттардың жiберген

қателiктерiн табу;

– төменгi сатыдағы соттардың заңды күшiне енген шешiм-дерiн,

ұйғарымдары мен қаулыларын жоққа шығару немесе өзгерту арқылы

қателiктердi табуға заңда қарастырылған шараларды қолдану;

– əдiл емес шешiмдердi, ұйғарымдар мен қаулылардың орындалмауын

ескерту.

Сот актiлерiнiң заңдылығы мен негiздiлiктерiн тексеру үшiн тұлғалардың

шағымдары, өтiнiмдерi, тиiстi соттан қадағалау тəртiбiмен тексеру үшiн

азаматтық iстi талап ету бойынша прокурордың бастамасы себеп болады.

Заңды күшiне енген шешiмдi, ұйғарымды, қаулыны қадағалау тəртiбiмен

тексеруге негiз материалдық немесе iс жүргiзу құқығы нормаларын елеулi

түрде бұзу болып табылады.

Заңды күшiне енген сот шешiмiн, ұйғарымын, қаулысын егер де, ол

шешiм шығарудың негiзi болған актiнi конституциялық емес деп таныса, қадағалау тəртiбiмен Қазақстан Республикасының Конституциясы кеңесi де қарай алатынын есте ұстаған жөн (ҚР АIЖК 387-бап).

Сондықтан, қадағалау сатысындағы сот iсi – бұл жiберiлген сот қателiктерiн жою үшiн тараптардың шағымы жəне прокурордың наразылығы

бойынша бiрiншi апелляциялық, жəне қадағалау сатыларындағы заңды

күшiне енген сот шешiмдерiнiң, ұйғарымдары мен қаулыларының

заңдылығы мен негiздiлiктерiн Жоғарғы Соттың тексеретiн азаматтық сот iсiнiң бiрден-бiр сатысы.

Қадағалау сатысындағы сот iсiнiң негiзгi шарттары. Қадағалау

сатысындағы сот iстерiнiң жалпы шарттарына ҚР АIЖК

43-тарауындағы жалпы ережелер жатады. Қадағалау шағымын, наразылықты

сот шешiмi, ұйғарымы жəне қаулысы заңды күшiнен енгеннен кейiн бiр жыл

мерзiм iшiнде беруге болады (ҚР АIЖК 388-бап).

Қазақстан Республикасы Конституциясында бекiтiлген адам жəне азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдде-лерiне нұқсан

келтiретiн сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары қайта қаралатын

жағдайда сот шешiмiн қайта қарауға беретiн бiр жыл мерзiм берiлмейдi. Егер

де наразылықты басқа мерзiмге ауыстыру туралы өтiнiм прокурорға бекiтiлген мерзiмдi сақтаумен берiлсе, бiрақ ол бойынша прокурор шешiм

қабылдамаған болса, наразылықтың мерзiмiн сот ұзартады (ҚР АIЖК

388-бап).

Page 200: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

ҚР АIЖК 385-бабында қадағалау сатысымен iс қозғауға құқылы

тұлғалардың тiзiмi қарастырылған. Тараптар жəне iске қатысушы өзге тұлғалар тiкелей қадағалау сатысындағы сотқа заңды күшiне енген сот шешiмiне, ұйғарымына жəне қаулысына шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қадағалау сатысында мыналарды қайта қарауға болмайды:

а) жеке тұлғалардың бес айлық көрсеткiш сомасынан кем мүлiктiк

мүдделерiн қорғаумен байланысты соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн,

ұйғарымын жəне қаулысын;

б) Адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе Қазақстан

Республикасының экономикасы мен қауiпсiздiгiне орны толмас зиян келтiруi

мүмкiн болған жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

қадағалау алқасы қабылданған қаулысын (ҚР АIЖК 384-бап 3 жəне 4-бөлiгi). Қадағалау сатысындағы сотқа заңды күшiнен енген сот актiлерiн қайта

қарау туралы наразылық бiлдiрумен сотқа жүгiну құқығына прокурор,

прокуратура органдарының лауазымды тұлғалары ие (ҚР АIЖК 385-бап).

Көп жағдайда заңды күшiне енген шешiмiн, ұйғарымын жəне қаулысын,

сондай-ақ апелля-циялық жəне қадағалау сатыларының қаулыларына қайта қарау туралы наразылық бiлдiруге Қазақстан Республикасында төмендегiлер

құқылы:

1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – облыстық жəне оған тең

соттардың, Қазақстан Республикасының Жо-ғарғы Сотының қадағалау

алқасына; 2) Бас Прокурордың орынбасары – облыстық жəне оған тең соттардың

қадағалау алқасына; 3) облыстық жəне оған тең прокурорлар – облыстық жəне оған тең

соттардың қадағалау алқасына. ҚР АIЖК-нiң 391-бабына сəйкес қадағалау сатысына берi-летiн шағымда

(қадағалау сатысына өтiнiм беру туралы) мыналар болу тиiс: 1) шағымдалатын лауазымды тұлғаның аты-жөнi;

2) шағым (өтiнiм) берген тұлғаның аты-жөнi, мекенжайы немесе тұратын

жерi жəне iстегi iс жүргiзушiлiк жағдайы;

3) сот шешiмiне, ұйғарымына, қаулысына нұсқау, сондай-ақ iске қатысатын тұлғалардың мекенжайын немесе тұратын жерiн көрсете отырып,

тiзiмiн көрсету;

4) бiрiншi, апелляциялық сатылардағы iстi қараушы соттар-ға нұсқау жəне олардың қабылдаған шешiмдерiнiң мазмұны;

5) шағымданатын, наразылық бiлдiрiлетiн сот шешiмдерiне, ұйғарымына, қаулыға нұсқау;

6) сот қаулысының заңсыздығы мен негiзсiздiгiнiң неден екендiгiн жəне шағымды (өтiнiм) берген тұлғаның өтiнiшi неден тұратынын көрсету.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық iстер бойынша сот алқасының қадағалау тəртiбiмен шығарған қаулысына қадағалау

шағымында немесе прокурордың наразылығында сот тəжiрибесiнiң

Page 201: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

бiртұтастығы неден бұзылғандығы көрсетiлуi жəне осы бұзушылыққа тиiстi негiз көрсетiлуi тиiс.

Сонымен бiрге, сот шешiмiне жəне ұйғарымына аппеляциялық тəртiппен

шағымданбаудың себептерi көрсетiлуi тиiс. Iске қатысушы тұлғалардың

қадағалау сатысына берген шағымында заңды күшiне енген шешiммен,

ұйғарыммен жəне қаулымен осы тұлғаның қандай құқықтары мен

мүдделерiнiң бұзылғандығын атап көрсетiлуi тиiс. Егер де қадағалау сатысына бұрын шағым не наразылық бiлдiрiлмеген

болса, онда осы туралы жəне шағым бойынша қандай шешiм қабылданғаны

көрсетiлуi керек.

Қадағалау сатысына берiлетiн шағымға шағымданушы тұлға немесе оның

өкiлi қол қоюы тиiс. €кiл берген шағымға өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын

сенiмхат немесе өзге құжат, сондай-ақ егер де iстi қадағалау тəртiбiмен

қараған болса, төменгi сатыдағы сот куəландырған, iс бойынша шығарылған

сот шешiмi, ұйғарымы, қаулысы қоса тiркелуi тиiс. Прокурордың наразылығын прокуратура органдарының лауазымды

тұлғасы өзiнiң бастамасы ретiнде де, қадағалау тəртiбiмен шешiмдерi

шағымдалғалы отырған тұлғалардың өтiнiмi бойынша да бере алады. €тiнiм

наразылыққа қоса тiркелуi керек.

Iстi қадағалау сатысында қарағанға дейiн шағымды берген тұлға iстi қадағалау тəртiбiмен қарайтын сотқа арыз беру арқылы оны қайтарып алуы

мүмкiн, ал наразылықты жоғарғы сатыдағы прокурор қайтарып ала алады.

Қадағалау сатысына берiлетiн шағымды, наразылықты қайтарып алу немесе ол бо-йынша қадағалау сатысындағы сот iсiн тоқтату туралы сот iске қатысушы тұлғаларға хабарлауы тиiс.

Қадағалау сатысындағы шағымды, наразылықты қарау. Қадағалау

сатысындағы сотқа шағым немесе наразылық түскеннен кейiн осы соттың

төрағасының немесе орынбасарының тапсырмасы бойынша ол осы соттың

сот төрешiсiн зерттеуге жəне қадағалау алқасына баяндауға жiберiледi, содан

құрамында үш сот төрешiсi бар қадағалау сатысының алқалы соты шағымды,

наразылықты алдын ала қарайды. Қадағалау сатысына берiлген шағым iс сотқа түскен күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралуы тиiс (ҚР АIЖК 393-

бап).

ҚР АIЖК-нiң 392-бабындағы талаптар бұзылған жағдайда қадағалау

сатысына берiлген шағым немесе наразылық оларды берген адамдарға мынадай негiзде қайтарылады:

– шағым немесе прокурордың шағымы ҚР АIЖК 390, 391-баптарындағы

талаптарға сəйкес келмейдi;

– шағым немесе прокурордың шағымын қадағалау тəртi-бiмен

шағымдануға, наразылық бiлдiруге құқысы жоқ тұлғалар берген;

– шағым немесе прокурордың шағымы оны қайта қалпына келтiруге себептер жоқ болған жағдайда, бiр жыл мерзiм өтiп кеткеннен кейiн

берiлген;

Page 202: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы

– қадағалау сатысына берiлген шағымды, наразылықты оны берген

тұлғаға немесе прокурорға қайтарылып берiлген;

– шағым немесе прокурордың шағымы қадағалау сатысына соттылық

ережелерiн бұзумен берiлген;

– шағым немесе прокурордың шағымы қадағалау сатысымен қайта қарауға жатпайтын, бiрiншi сатыдағы заңды күшiне енген сот бұйрығына, ұйғарымына, берiлген (ҚР АIЖК 384-баптың 2-бөлiгi).

Қадағалау сатысына берiлген шағымды, прокурордың наразылығын

қайтарып беруге негiз болған қателiктердi жойған жағдайда оларды жалпы

ережелерге сəйкес қайта беруге болады.

Iстi қадағалау тəртiбiмен қарайтын соттар. ҚР АIЖК 386-ба-бында iстi қадағалау тəртiбiмен қарайтын соттардың тiзiмi қа-растырылған. Облыстық

жəне оған тең қадағалау алқасы қадағалау шағымдары, прокурордың

наразылықтары бойынша мыналарды қарайды:

– аудандық жəне оған тең соттардың заңды күшiне енген сот шешiмдерiн,

ұйғарымдарды, қаулыларды;

– облыстық жəне оған тең алқалы соттардың азаматтық iстер бойынша апелляциялық тəртiппен шығарған қаулыларын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының шағымдары,

наразылықтары бойынша iстердi қарайды:

– бiрiншi сатыдағы сот шешiмдерiн, ұйғарымдарды, қаулыларды;

– облыстық жəне оған тең алқалы соттардың азаматтық iстер бойынша апелляциялық тəртiппен шығарған қаулыларын;

– облыстық жəне оған тең алқалы соттардың қаулыларын;

– Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық iстер

бойынша апелляциялық тəртiпте шығарған қаулыларын.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленарлық отырысы ҚР

АIЖК 384-баптың 4-бөлiгiнде аталған негiздер бо-йынша Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының ұсынысы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының қаулысына наразылығы бойынша iстердi қарайды.

Iстi алдын ала қарау ережесi жəне олар бойынша шығарылған шешiм, ҚР

АIЖК 393–395-баптарында қарастырылған қадағалау сатысында iстi қарау

мерзiмдерi прокурордың наразылығына қатысты емес. Мұндай

жағдайлардағы прокурордың наразылығын бiрiншi сатыдағы соттың

наразылық бiлдiрген шешiмiнде немесе апелляциялық сатыдағы қаулыда ҚР

АIЖК 387-бабында қарастырылған тəртiппен iстi қарауға негiз болатын

материалды жəне iс жүргiзу құқықтарын бұзудың бар-жоқтығы туралы

мəселенi мəнi бойынша қадағалау сатысындағы алқалы сот тiкелей қарайды.

Аталған негiздер жоқ болған жағдайда қадағалау сатысындағы алқалы сот iстi сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қараудан бас тартады (ҚР АIЖК 386-

бап).

Page 203: ТАЛАП ҚОЮ СI 1-т а р а у АЗАМАТТЫҚ I С ЖҮРГ IЗУ …ntb.korkyt.kz/catalog/nurm1.pdfҚазақстан Республикасының Конституциясы