ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С....

11
1

Upload: others

Post on 15-Oct-2020

11 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

1

Page 2: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

2

Page 3: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

4

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ

ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ И ФОЛЬКЛОРИСТИКА

Абдимомынов Е.Б. М.Әуезовтің әңгімелеріндегі философиялық ой-толғамдардың

танымдық сипаты ...............................................................................................................................

Богданова Ю.В. Этнокультурный хронотоп в поэзии Бахыта Каирбекова …………………...

Dyussekeneva I.M., Dyussekenev D.N. Poetics of ethnocultural details in the novel "Khan Kene"

by I. Yesenberlin …………………………………………………………………………………......

Есенбекова Ұ.М. Бұқаралық сананы ақпараттық-психологиялық әсер ету арқылы басқару

мүмкіндіктері ……………………………………………………………………………………….

Каримова Г.С. Р. Отарбаев драмаларының көркемдік әлемі …………………………………..

Каримова Г.С. , Зайкенова Р.З. Ұлы дала бейнесі және алтай тауы ..........................................

Кульбаева М.М. Үйлену ғұрып фольклорындағы ұлттық дүниетаным негіздері .....................

Кыяхметова Ш.А., Жұмағазынова А. Ілияс Жансүгіровтің жарияланбаған өлеңдері ............

Қобланов Ж.Т. Уильям Шекспирдің «Король Лир» трагедиясындағы образдар ерекшелігі ..

Локтионова Н.П., Кондратович А.К. Эволюция понятия «поэтика» в литературоведении ...

Мамыров А., Шортанбаев Ш.А. Қажымтану және заман шындығы ......................................

Нургали К.Р. Литературно-художественный портрет как эстетическая суть критического

жанра ………………………………………………………………………………………………...

Нургали К.Р., Сулейменова Ш.Б. Психологизм в прозе М. Ауэзова 20-х и 30-х годов ……..

Nurbayeva A.M. Conceptual bases of research cognitive poetics of advertising text ……………...

Пчелкина Т.Р. Духовные ориентиры литературы ХХ-XXI веков ……………………………..

Султан Е., Даутова Г.Р., Султанбаева Г.С. Б. Мұқайдың «Өмірзая» роман-трагедиясының

жанрлық ерекшеліктері .....................................................................................................................

Samambet M.K., Buyanovskiy N.I. Brief History of Black Humor and Its Use in Literature,

Films and Poetry ……………………………………………………………………………………..

Тоқшылықова Г.Б. Жазушы Серік Асылбекұлының «Ақ қарға» повесіндегі

экзистенциализм көрінісі ..................................................................................................................

ТIЛДIҢ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТIҢ ОҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI

МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ

Абнасырова Р.Ж. «Практикалық қазақ тілі» курсы арқылы жастардың сөйлеу мәдениетін

дамыту .................................................................................................................................................

Аниева Н.Г. Кітапханалық қызмет көрсетуді әдістемелік қамтамасыз ету ................................

Астафьева Ю.В., Заяц Т.В., Толыбаева К.К. Внедрение стратегий критического

мышления в процессе изучения иностранного языка в вузе …………………………………….

Ахметова Г.С., Ашимова А.К. Жоғыры оқу орындарында шет тілдерін оқытуда онлайн

платформаларын қолдану ………………………………………………………………………….

Ахметова А.Ж., Дальбергенова Л.Е., Коста П. Традиционные и нетрадиционные методы

преподавания иностранного языка ……………………………………………………………..…

Aubakirova G.T., Sadirbekova M. The use of role games in the process of forming social-

cultural competence of students ……………………………………………………………………..

Беляев А.А., Нежинская Е.Ю., Степаненко Е.В. Формирование полиязычной личности на

основе компетентностного подхода (из опыта преподавания профессионального русского

языка в кокшетауском высшем медицинском колледже) ………………………………………..

Duisenbina A.T., Zhunussova G.K. Podcastsing as a tool for improving listening comprehension

Yemelyanova Ye.V., Sarsenbayeva A.S. Practical experience of teaching academic reading for

the first-year students at KAZGUU university ………………………………………………………

164

172

178

183

189

197

202

209

214

219

225

233

241

245

251

258

262

267

275

281

286

291

298

305

310

314

319

Page 4: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

291

ӘОЖ 378.147:802.0

Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2

1 магистр, аға оқытушы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,

Көкшетау қ., Қазақстан, е-mail: [email protected] 2 магистр, аға оқытушы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,

Көкшетау қ., Қазақстан, е-mail: [email protected]

ЖОҒЫРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУДА ОНЛАЙН

ПЛАТФОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Аталмыш мақалада ЖОО-да шет тілдерін оқыту барысында қолданылатын онлайн

платформаларын қолданудың ерекшеліктері қарастырылған. Аталмыш мақаланың

өзектілігі бүгінгі таңда онлайн-платформаларын қарқынды пайдалану, қажетті

ақпаратты іздей алу, сандық технологияларды пайдалынып, тілдік дағдыларды

қалыптастыру және дамыту сияқты мәселелермен айқындалады. Соңғы жылдары

ақпараттық технологиялардың даму әсерінен білім беру бағдарламалары көптеген

өзгерістерге ұшырап, білім беру бағдарламалары дәстүрлі оқыту түрлеріне жаңаша сипат

енгізуде. Аталмыш мақалада білім беру саласында ең танымал ЖАОК (немесе MOOК), яғни

жаппай ашық онлайн курстары, жаһандық білім берудің шетелдік онлайн-платформалары,

Coursera, Edx, Udacity, Futurelearn, Khan Academy, Alison, Udemy және Ustudy, Bilimland,

Soyle сияқты қазақстандық онлайн-платформалары туралы баяндалған. Сонымен бірге

студенттердің және оқушылардың шет тілдерін оқытуда және оқуда қызығушылығы мен

белсенділігін арттыратын Kahoot онлайн-платформасын тиімді қолданудың мысалдары

және қосымша сайттары да қарастырылған.

Негізгі сөздер: онлайн платформа, ақпараттық технология, ЖАОК, шет тілдер,

дағдылар.

КІРІСПЕ

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында XXI ғасырда ақпараттық қоғам

қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында келесідей міндеттерді шешу

керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі,

электрондық құралдар, мультимедиялық оқулықтар мен құралдарды оқу үрдісіне тиімді

пайдалану арқылы білім сапасын арттыру. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді,

парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі, яғни қазіргі заман талабы болып отырған –

ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын, өз ойын анық және ашық жеткізе алатын жастардың

қолында екенін есте сақтаған жөн. [1,22].

Ағылшын тілі – бүгінгі таңда даму мен жетілудің көзі, компьютер технологиясының

кілті екені белгілі. Оқудың дәстүрлі түрінде инновациялық технологияны енгізу мұғалімдер

мен оқушыларға дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді [2,19].

Қазіргі таңда озық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған кезеңде

мұғалімдер мен студенттер үшін ағылшын тілін оқытуда және де дәстүрлі сабақтардан тыс

оқу іс-шараларын өткізуге, яғни онлайн-оқыту жүйесі үшін тамаша мүмкіндіктер жасалған.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялар сыныптарда студенттердің тілдік

дағдыларын қалыптастырып, дамыту үшін онлайн-оқытулардан бастап, көптеген блогтар,

веб-сайттар және онлайн-платформаларды ұсынады.

Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың даму әсерінен білім беру

бағдарламалары көптеген өзгерістерге ұшырауда. Білім беру бағдарламалары дәстүрлі оқыту

түрлеріне жаңаша сипат енгізіп, білім беру жүйесінің дамуына септігін тигізуде. Білім беру

саласында соңғы кезде ЖАОК ( MOOC - massive open online course) – бұл жаппай ашық

онлайн курстары, электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті

қатысу үшін интернет арқылы қолжетімді оқыту курстары пайда болды [3,89]. Бұл жақында

Page 5: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

292

ғана пайда болғанына қарамастан, қазіргі уақытта бүкіл әлемге танымал интернет жүйесінің

бөлігі болып отыр. Бұл терминді алғаш рет Д. Кормье және Б. Александер деген ғалымдар

енгізген болатын. Алғаш қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша қарастырылып, зерттелген

болатын, кейінен 2012 жылы оқу жүйесіне енгізіліп, кеңінен қолданыла бастады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ЖАОК (немесе MOOК) - бұл жаппай ашық онлайн курстары, жаһандық білім беру

саласындағы білім алудың ең танымал және перспективті үрдістерінің бірі. ЖАОК кез-

келген пәнді тегін, өзіңізге ыңғайлы уақытта және сіз үшін қолайлы қарқында зерттеуге

мүмкіндік береді. Курстар Стэнфорд, Гарвард, МТИ, Джон Хопкинс университеті және

жүздеген басқа әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен ұсынылады. Ең танымал ЖАОК

платформалары: Coursera, Edx, Udacity, Futurelearn, Khan Academy, Alison, Udemy,

Openlearning, Stanford online, Canvas, Yale, Genius English және т.б.

ЖАОК онлайн білім беру қолжетімді түрде және әр түрлі бағыттарда ұсынылады: өнер,

гуманитарлық ғылымдар, бизнес және менеджмент, компьютерлік технологиялар,

биологиялық ғылым, психология, физика, математика және логика, инженерлік ғылымдар,

әлеуметтану, демек, әр адам жер шарының кез келген жерінен әлемнің жетекші

университеттерінің оқытушыларының, мұғалімдердің, қосымша білім беру педагогтарының

үздік тәжірибелермен және кәсіби қоғамдастық бизнес-жаттықтырушылардың әзірлеген

курстары бойынша білім алуға мүмкіндігі бар.

ЖАОК емтихандарға дайындалуға, қайта даярлау курсынан өтуге, біліктілігін

арттыруға немесе жай ғана қызығушылықты қанағаттандыруға, жалпы жаңаша білім алуға

мүмкіндік береді. Олар оқушыларға, студенттерге, ұстаздарға, мамандарға және барлық, өз

бетінше білім алумен шұғылданатын адамдарға бірдей қызықты. Кейбір университеттер

қазіргі таңда, курстан өтілгенін растау ретінде сертификаттарды қабылдай бастады.

Онлайн-платформалар үйренушілер үшін дәстүрлі емес оқу жүйесінде қарастырылады.

Енді кез-келген адам онлайн-платформалардың сайттарына тіркеліп, білім беру саласындағы

соңғы жаңалықтармен танысып, өзін қызықтырған салада білімін жетілдіре алады.

Жаппай ашық онлайн курстары көптеген адамдар, соның ішінде дамушы елдерде

жоғары білімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, соған сәйкес адамдардың өмір сүру сапасын

жақсартады. ЖАОК әлемдік білім берудің ең танымал және басым тенденцияларының бірі

болып саналады. Бұл білім беру форматы шетелдік жетекші университеттердің

оқытушыларымен оқылатын онлайн-режимде бейне дәрістерді тыңдауға мүмкіндік береді.

Қолжетімді технологиялардың арқасында әлемге әйгілі оқу орындары мен мұғалімдердің тіл

үйрететін онлайн-платформаларға деген сұраныс саны артып келеді.

Жаппай ашық онлайн курстары ашық білім беру формасы түрінде онлайн-

платформаларды ұсынады. ЖАОК негізгі идеологиясы кең аудиторияға ашық түрле сапалы

білім беру болып табылады. Онлайн-платформалар – интернет технологияларын қолданатын

оқыту және үйрену мақсаттарына негізделіп, арнайы жасалған платформа [4,22].

Ағылшын тілінде білім беретін онлайн білім берудің артықшылықтары төмендегідей:

• Өзекті ақпараттар мен мәліметтер;

• Онлайн-курстарындағы ерекше білім мазмұны;

• Қолайлы сабақ кестесі;

• Сертификат алу мүмкіндігі;

• Үй тапсырмалардың аз көлемде берілуі;

• Ағылшын тілін дамыту.

Онлайн-платформаларды қолдану барысында оқу бағдарламасының мақсаттарына

сәйкес оқушылар үшін кез-келген курсты құру мүмкіндігі пайда болады. Кез-келген оқыту

кезеңінде оқушы үлгеріміне сәйкес курстарды өзгертіп немесе толықтырып отыруға болады.

Мәселен, мұғалім оқушының белгілі бір тақырыпты жоспарланған мерзімінен бұрын

меңгергенін түсінсе, олар қалған уақытты меңгерілген тақырыпқа жұмсамай жаңаша контент

Page 6: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

293

таңдауына болады. Сондай-ақ онлайн-платформалар бейне сабақтарды сақтауға және көруге

мүмкіндіктер береді. Бір жағынан, бұл оқушыға өткізілген тақырыпқа қайта оралуға және

берілген білімді қайталауға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан әдіскер мұғалімнің

жұмысын көре алады, оны бағалап, оған жұмыс бойынша ұсыныстар немесе түзетулер енгізе

алады. Видеодан басқа, платформа оқушының жұмысына толық талдау жасайды: оның

сабақта сөйлеуі, реакция жылдамдығы, сөйлеу қарқыны, сөйлеу кезіндегі психоэмоциялық

жай-күйі, тілдің түрлі аспектілерінде сөйлеу дағдыларының қалыптасуы және тағы басқалар.

Онлайн–платформаларда тапсырмалардың дұрыс жауаптарын өзі береді, ал оқытушыға

тек эссе секілді жазба жұмыстарды тексеру ғана қалады. Онлайн–платформа жоғарыда

аталған барлық пункттерге қарамастан қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс. Оқушыларға

қосымша ақпараттар берілгенімен, олар оқу бағдарламасынан ауытқымау және басқа

заттарға назарларын аудармау керек [5]. Жалпы айтқанда, ағылшын тілін оқытуда онлайн

платформаларды қолдану мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

• екі жақты қарым-қатынастың мүмкін болуы (үйренуші мен оқытушы);

• ауқымы кең түрдегі әр түрлі тілдік және тілдік емес ақпарат көздеріне кең түрде қол

жеткізу мүмкіншілігі.

Сондай-ақ, онлайн-платформалар арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын кешенді

түрде қалыптастыру, яғни сөздерді айту (дыбысталуы), жазу, интонация, лексикалық және

грамматикалық дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

Білім берудің кез келген саласында онлайн-платформаларды пайдалану білім

алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін

қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етулеріне жағдайлар жасайды. Онлайн-

платформаларды дұрыс қолдану барысында дәстүрлі типтегі сабақтармен салыстырғанда

келесі ерекшеліктер қамтылады:

• мұғалімнің де, оқушының де шығармашылық потенциалы артады;

• оқу уақытын дұрыс пайдалану тиімділігі артады;

• коммуникациялық әдістер өзгерістерге себепші болады;

• ақпарат алмасу тез жылдамдықпен жүзеге асады;

• оқушы тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушыға айналады;

• тақырыпты ашуға, оқу материалының мазмұндық-мәндік маңызын жете меңгеруге

мүмкіндік туады;

• дидактикалық материалдардың әр түрлі формалары кеңінен қолданылады;

• оқу материалдарын меңгеруде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі;

• анимация, аудио және видео материалдарды қолдану арқылы оқушыларға

эмоционалдық-психологиялық әсер береді [6,4].

Қазақстанда онлайн білім беру жүйесі әлі де жетіліп, дамып келеді. Онлайн білім

берудің алдағы уақытта басым болатындығына мән бермеуге болмайды. Қазіргі таңда

қазақстандық білім беру саласында оқушыларға арналған санаулы ғана онлайн-

платформалар бар. Вебинарларға қатысуға, онлайн режимінде лекциялар тыңдауға немесе

бүкіл оқу курсын өту мүмкіндік беретін қазақстандық төмендегідей онлайн-платформалар

бар:

• Ustudy- 5-11 сынып оқушыларына арналған білім беру платформасы. Оқу курстары -

математика, қазақ тілі, әдебиет, физика, орыс тілі, химия, Қазақстан тарихы пәндеріндегі

бейне сабақтарының форматында жүргізіледі [7,9].

• Soyle - қазақ тілін үйренуге арналған тегін онлайн-платформа. Жобаны лингвист-

ғалымдар, әдіскерлер және практикалық педагогтар әзірледі. Жоба ұйымдастырушыларының

айтуынша, бұл курс қысқа уақыт ішінде ауызша қазақ тілін меңгеруге көмектеседі [6,5].

• Bilimland - мектепке дейінгі (3 жастан бастап) және мектеп бағдарламаларына

арналған 50 мыңнан астам медиа-материалдарды қамтитын үш тілде білім беру

платформасы. Платформа инклюзивті курсқа негізделген - мүгедек балаларды емдеу

Page 7: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

294

сеанстарына арналған, сондай-ақ ағылшын, француз және неміс тілдеріндегі курстарға

арналған мультимедиялық сандық кешен де қамтылған [8,12].

Платформа мұғалімдер үшін де, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін де, оқушылар үшін де

өздігінен білім алу үшін тиімді. Курс электрондық тренажерлар мен симуляторлардан

тұрады. Олардың мақсаты - нақты мысалдарға негізделген графикалық визуализация арқылы

күрделі ғылыми құбылыстарды көрнекі түрде түсіндіру оқушылардың өзі мұғалімнің

көмегінсіз тәжірибе және эксперимент жасай алады.

Bilimland платформасы оқытудың барлық сатыларында қолданылуы мүмкін: жаңа

тақырыпты түсіндіру, жүйелеу және білімнің дамуын бақылау. Әртүрлі әдістемелер

мұғалімге оқу үрдісін қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл материалды

оңай үйренуге көмектеседі. Тренинг модулдері анимациялық видео, диаграммалар, кестелер,

графиктер, ойын түрінде интерактивті тапсырмалар қоса алғанда, бай иллюстрациялық

материалдарды қамтиды. Жалпы жоғарыда атап көрсетілгендей Bilimland платформасы 50

мыңнан астам медиа-материалдарды, сонымен қатар көптеген курстарды қамтитын үш тілде

білім беретін платформа.

Курстың әдіснамалық негізі ретінде әлемде кеңінен қолданылатын коммуникативтік

тәсіл қолданылады. Әрбір сабақта жұптар мен топтарда жұмыс істеу кезінде оқушылар

пайдалана алатын қысқа анимациялық эпизодтар мен диалогтар бар. Оқушылар оларды

стационарлық және мобильді компьютерлік құрылғылар арқылы қолдана алады. Әсіресе,

ағылшын тілі сабақтарының саны шектеулі болған жағдайларда, сынып пен үйде оқытуды

біріктіріп, тіл үйрене бастаған оқушылар үшін өте ыңғайлы.

Ағылшын тілін меңгерген студенттердің көптеген мүмкіндіктерге ие болатыны сөзсіз.

Қазіргі таңда интернетте адамдардың жас ерекшелігіне және тілді меңгеру деңгейлеріне

сәйкес көптеген оқу материалдары берілген. Тіл меңгеруде естен шығаруға болмайтын бір

жайт ол-тілді қашанда кешенді түрде оқу қажет. Лексика, грамматика, дұрыс айту және

тыңдап түсіну сияқты дағдылардың барлығы бірдей маңызды. Алайда оқытушы сабақ

барысында белгілі кезеңдерінде студенттердің немесе оқушылардың қандай дағдыларын

дамыту керектігін анықтайды. Осыған байланысты шет тілдерін оқытуда төмендегідей

онлайн ресурстар мен платформаларын қолдануға болады.

Лексиканы байытуға арнлған платформалар:

Hangman - ойын түрінде өткізілген сабақта сөздерді жаттау әлдеқайда қызық. Осы

ойында екі адам қатысып, алдын ала сөздердің қай тақырыпта болатыны таңданады. Мысалы

кино, машиналардың түрлері, жиһаздар және т.б.

Idiom Site-сөздік қорды байытатын ағылшын тіліндегі идиомалар мен тұрақты сөз

тіркестерін үйретуге арналған ресурс.

Memrise-бұл да флеш-карточкалармен жабдықталған сөздік қорды байытуға арналған

пайдалы сайт. Ассациативті әдіс жаңа сөздерді адамның жадында ұзақ мерзімді сақталуына

мүмкіндік береді.

Daily Page- күнделікті сабақта қолдануға болады. Күнде ресурс қысқаша эссе жазу

үшін жаңа тақырыппен қамтамасыз етеді.

Urban Dictionary-сленгтерді үйренуге арналған өте ауқымды ресурс. Алайда бұл

ресурспен жұмыс жасау барысында студенттерге үйретуге арналған сөздерді алдын ала

таңдап алу қажет.

Грамматиканы жақсы меңгеруге арналған сайттар:

British Council-Грамматика ережелері мен практикаға арналған материалдармен

жабдықталған. Осы платформада тіл үйренушілердің деңгейлері мен категрияларына сәйкес

материалдар іріктірілген.

Engvid-бір топ оқытушылар видиосабақтар арқылы ережелерді еркін түрде түсіндіреді.

Осындағы контент тақырыптарға бөлініп, бұларға қосымша бекітуге арналған жаттығулар

берілген.

Page 8: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

295

English Grammar-ағылшын тілінің грамматикасын үйретуге арналған атақты ресурс.

Ыңғайлы меню керекті контентті копьютерге немесе басқа да тасымалдағыштарға жүктеуге

мүмкіндік береді.

Ego4u-оқытушылар мен студенттерге пайдалы ресурс болып табылады. Осындағы

ереже көркем шығармадан алынған үзіндімен бірге келтіріледі.

Тыңдалымды дамытуға арналған платформалар:

Deep English-ағылшын тілін ана тілі деп білетін адамдардың сөйлегенін таңдап,

машықтануға арналған сайт. Аудио материалдар үш түрлі жылдамдықпен беріледі және оған

қоса мәтіндер де беріледі. Аудио материалды тыңдап болған соң тест беріледі.

Tune in-әр түрлі тақырыптағы аудиоконтенті бар сайт.Түрлі тақырыптағы подкасттарды

тыңдап, ағылшын тілінің түрлі нұсқаларын үйренуге арналған сайт.

Memlang-ағылшын тілінен емтихандарға дайындалатын адамдарға арналған You Tube

канал.

LibriVox-бұл сайтта аудиокітаптардың үлкен жиынтығы шоғырланған. Бұл

аудиоматериалдарды жүктеп жұмысқа немесе оқуға барар жолда тыңдауға болады.

Барлық дағдыларды бірге кешенді оқытуға арналған сайттар.

Learn English-әр түрлі деңгейлерге арналған грамматикалық тесттер, жаттығулар, және

ойындар.

English Rooms-әр түрлі деңгейдегі студенттерге арнлаған сайт. Сайттағы ақпарат үшке

бөлінген: тыңдалым, оқылым және грамматика [9,16].

Мұғалім тіл үйренуге көмектесетін жаңа құралдар мен ресурстарды пайдалануды

шектемеуі керек. Ол үшін ол ресми, оңай қолжетімді және дәстүрлі материалдармен

үйлесімді, оған тіл үйренуде қызықты оқиғаға айналдыруға көмектесетін электрондық

ресурстар қажет. Осындай жағдайда ұстаздар әрі жаңашыл, әрі кәсіби білігі жоғары маман

ретінде жұмыс істей алуы үшін оларды тексерілген және дәстүрлі материалдармен үйлесімді,

сондай-ақ тіл оқуды қызықты ойынға айналдыра алатын ресурстармен қаруландыру керек.

Бұл кешен ұстазға көмекші құрал ретінде сыныпта топ болып және үйде жеке отырып тіл

меңгеруге қажетті тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу секілді негізгі машықтарды

қалыптастыруға және дамытуға толық мүмкіндік береді.Bilimland платформасының

ағылшын тілін үйрену кешенінің мазмұны:

• Оқу кешені тестер мен ойындарды қоса есептегенде 1045 сабақтан тұрады (әр сабақ

15 минутқа, ал қосымша сабақтар шамамен 30 минутқа есептелген);

• шамамен 8000 дара мультимедиялық бет және 5000 жаттығуы бар;

• фото суреттерді, иллюстрацияларды, симуляторларды, слайд-шоуларды, ойындарды,

анимацияларды және аудио файлдарды қоса есептегенде 10 мыңнан аса мультимедиялық

көрнекіліктен тұрады;

• ұстаздарға арналған 1045 методикалық нұсқаулық қарастырылған (сабақ

жоспарлары);

Курстың артықшылықтары:

• ППО-ға бағытталған әдістеме, яғни 15% - презентации, 60% - практика, 25% - ойнату;

• Кешен жеке-дара, жұп болып және топпен жұмыс істеу жарайды;

• Қосымша 100 бақылау сабақтары бар;

• Қағазға басып шығаруға болатын материалдар қарастырылған;

• Жиі қолданылатын 3000 сөзден тұратын сөздігі бар.

INTERACTIVE EXERCISES- бұл оқыту құралын тілді меңгеру дағдыларын (тыңдау,

оқу, сөйлеу, жазу) дамыту және бекітуге арналған онлайн жаттықтырғыш деуге болады. Оны

алдыңғы қатарлы финляндиялық SANOMA компаниясының тапсырысымен электронды тіл

оқыту ресурстарын жасаумен айналысатын халықаралық тілші мамандар тобы әзірлеген.

Курстың мақсаты ағылшын тілін тез әрі тиімді меңгеруді қалайтын оқушыларға негізгі тілдік

дағдыларды жаттықтырып, машықтануға мүмкіндік беретін виртуалды тілдік орта

қалыптастыру. Тіл үйренушілер жаттықтырғыштың көмегімен жаңа тақырыппен танысуға

және өткен тақырыптарды қайталауға, сонымен қатар грамматика, тыңдалым, жазу және

Page 9: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

296

сөздік қорды байытуға арналған жүздеген жаттығуларды жеке-дара немесе топ болып жасай

алады. Онлайн ресурс жүздеген интерактивті жаттығулардан, ағылшын тілін ана тілі деп

білетін мамандардың қатысуымен дайындалған аудиоматериалдардан, видеороликтерден,

презентациялардан және сабақ қорытындылары туралы толық есеп беретін беттерден

тұрады. Кешен барлық мобильді құрылғылармен үйлесімді жұмыс істейді (iPad, iPhone және

т.б.) [9,20].

Kahoot - бұл білім беру үрдісінде мектеп пен жоғары оқу орындарында

пайдаланылатын ойынға негізделген онлайн оқыту платформасы. Бұл платформа 2013

жылдың тамызында Норвегияда іске қосылды. Kahoot платформасы Mobitroll мен

Норвегияның Технология және Ғылым университетімен бірлескен жоба ретінде Йохан

Бренд, Джейми Брукер, Филлип Морган и Мортен Версик секілді ғалымдар тарапынан жасап

шығарылған. Kahoot платформасы бес негізгі және бір көмекші сайт негізінде жұмыс

жасайды. Мысалы:

1) create.kahoot.it - пайдаланушы (мұғалім) жасау үшін жасалған сайт.

2) play.kahoot.it - пайдаланушының (оқытушының) кейіптесін іске қосу үшін қызмет

ететін сайт.

3) kahoot.it - әртүрлі құрылғылар (компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер,

смартфондар) арқылы пайдаланушыларды (оқушыларға) қосылуға қызмет ететін сайт.

4) test.kahoot.it - интернет-байланысыңызды тексеруге және Kahoot қызметімен жұмыс

істеу сапасының деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін сайт!

5) media.kahoot.it - қызметтің медиа мазмұнымен жұмыс істеу үшін арналған сайт.

6) getkahoot.com - көмек көрсетуге арналған қолдау торабы [9,21].

Kahoot оқушылардың білімдерін талдау, форматты бағалау үшін немесе дәстүрлі

сабақтардан тыс уақытта қолданылуы мүмкін. Kahoot платформасы қарапайым ойындардан

тұрады.Kahoot әлеуметтік оқуға арналған, оқушылар интерактивті тақта, проектор немесе

монитор секілді жалпы экранға жиналып платформамен жұмыс жасай алады. Сондай-ақ,

сайтты Skype немесе Google Hangouts секілді конференциялық байланыстар арқылы да

пайдалануға болады.Kahoot платформасын әртүрлі веб-браузерлер мен мобильді құрылғылар

арқылы да қолдануға болады. Студенттер мұғалімнің планшеттерден, ноутбуктерден,

смартфондардан, яғни Интернетке қол жетімді кез келген құрылғыдан жасаған сынақтарына

жауап бере алады. Kahoot тапсырмаларында құрастыруда фотосуреттер мен тіпті бейне

клиптерді де қосуға болады. Викториналар мен тесттерді орындаудаоқушылардың

қарқынын, жұмыс жасау белсенділігін анықтау үшін әрбір тапсырмаға арнап жұмыс жасау

уақытын енгізуге болады. Kahoot ерекшеліктеріне мұғалімге көп уақытты үнемдеуге

мүмкіндік беретін сынақтарды қайталау және өңдеу мүмкіндіктерін жатқызуға болды. [10,

24].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе онлайн-платформалардың артықшылықтары ретінде оның

оқытатын, жаттықтыратын және студенттердің немесе оқушылардың өзін-өзі қадағалауға

мүмкіндік беретін фукнцияларын атауға болады. Осындай онлайн ресурстар мен

платформалар ағылшын тілі сабағының мазмұны мен оқытылу әдістемесін айтарлықтай

жетілдіріп, дамытуға мүмкіндік береді. Білім беруде онлайн-платформаларды пайдалану

оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға

көмектеседі. Онлайн-платформалар – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған

курстардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған

көмекші құрал. Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда қолдану арқылы

аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл иелерін тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға тамаша

мүмкіндіктер береді, яғни табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Білім берудің кез келген

саласында жаңа ақпараттық технологияларды, онлайн-платформаларды пайдалану білім

алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін

қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етулеріне жағдайлар жасайды. Сондықтан

Page 10: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

297

қазіргі ақпараттандыру қоғамында онлайн-платформаларды пайдаланбай, білім беру

саласында алға жылжу мүмкін емес деп есептейміз [11, 32].

Ағылшын тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген жаңа ақпараттық технологияларды,

соның ішінде онлайн білім беру платформаларын қолдану студенттердің шетел тілі

сабақтарында шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін

жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей,

түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, онлайн білім беру

платформаларының қосымша материалдарын да пайдалану әр ұстаздың шеберлігіне

байланысты болмақ. Онлайн-платформалар – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған

курстардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған

көмекші құрал.Онлайн-платформалардың артықшылықтары ретінде оның оқытатын,

жаттықтыратын және оқушының өзін-өзі қадағалауға мүмкіндік беретін фукцияларын атауға

болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1 НазарбаевН.Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалайық» Қазақстан халқына Жолдауы.

//Егемен Қазақстан, 29.01.2011ж.

2 Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы. - Астана, Ақорда, 2007.

3 LevyD., Lessons Learned from Participating in a Connectivist Massive Online Open Course

(MOOC), (2011)

4 https://ru.wikipedia.org/wiki/Массовый_открытый_онлайн-курс

5 Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб.

пособие / Под. ред. Е.С.Полат. —М., 2002. — С. 271–275.

6 http://www.soyle.kz

7 https://ustudy.kz/

8 https://bilimland.kz/kk/content/about

9 "Kahoot! as Formative Assessment - Center for Instructional Technology". Center for

Instructional Technology. 2015-07-02. Retrieved 2017-08-09.

10 Нұрғалиева Г.К., Тілеуова С.С. Ақпараттандыру – білім беруді реформаландырудың

негізгі механизмі. //Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – Алматы, 2006. - №1. - 286б.

11 Бейсенова Г.Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 –

2006.-145б..

Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2

Использование онлайн-платформ при обучении иностранных языков в ВУЗе. 1,2 Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова,

г. Кокшетау, Республика Казахстан

Данная статья рассматривает особенности использования онлай-платформ при

обучении иностранным языкам в ВУЗ-е. Актуальность даннной статьи определяется

активным использованием онлайн-платформ и цифровых технологий при изучении и

обучении информации и развитии языковых навыков. В настоящее время развитие

информационных технологий повлияло на изменение содержания образовательных

программ. В данной статье также опысываются использование известных MOOК в сфере

образования, а также некоторые иностранные онлайн-платформы, такие как Coursera,

Edx, Udacity, Futurelearn, Khan Academy, Alison, Udemy и казахстанские онлайн-платформы,

такие как Ustudy, Bilimland, Soyle. Вместе с этим статья рассматривает Kahoot, как одну

из эффективных онлайн-платформ, которая повышает интерес и активность студентов и

эффективность учителей при обучении и изучении иностранных языков.

G.Akhmetova1, A. Ashimova2

Using online platforms in teaching foreign languages at the universities. 1,2Sh.UalikhanovKokshetau State University

Kokshetau, Kazakhstan

Page 11: ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ oku... · 291 ӘОЖ 378.147:802.0 Г.С. Ахметова1, А.К. Ашимова2 1 магистр, аға оқытушы,

298

The present article is dedicated to the investigation of peculiarities of digital resources and

online platforms in teaching and learning foreign languages at the universities. The relevance of

the given article is specified by the massive using of online platforms and digital resources in

research and language acquisition. Moreover, today the advance in information technology has a

great impact on updating of educational standards and curriculum. The present article considers

the experiences and perspectives of using well-known foreign online platforms and digital

resources such as MOOC, Coursera, Edx, Udacity, Futurelearn, Khan Academy, Alison,and Udemy

in education as well as Kazakhstani resources such as Ustudy, Bilimland, and Soyle. Furthermore,

the article considers Kahoot as one of the effective online platforms for teaching and learning

foreign languages for both, teachers and students.

УДК 378,4

А.Ж. Ахметова1, Л.Е. Дальбергенова2, П. Коста3

1докторант первого курса специальности: 6D011900 Иностранный язык: два

иностранных языка, кафедра английского языка и методики преподавания, Кокшетауский

государственный университет им. Ш. Уалиханова, г. Кокшетау, Республика Казахстан, е-

mail: [email protected] 2доктор PhD, доцент, Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова,

г. Кокшетау, Республика Казахстан, е-mail: [email protected] 3профессор, Университет Потсдам, г. Потсдам, Германия, е-mail: peter.kosta@uni-

potsdam.de

ТРАДИЦИОННЫЕ И НЕТРАДИЦИОННЫЕ МЕТОДЫ ПРЕПОДАВАНИЯ

ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА.

Аннотация. В работе акцентируется внимание на исследовании нетрадиционных

методов обучения иностранному языку, направленных на активизацию познавательного

процесса обучающихся и развитие коммуникативных навыков общения. Рассматриваются

традиционные методы обучения, история их развития, методы проблемного обучения как

эффективное средство обучения иностранным языкам. Методы проблемного обучения

являются личностно-ориентированными, т.к. в центре внимания находится личность со

своими интересами и потребностями. В основе методов лежит интенсивное обучение,

которое предполагает живое общение и развитие разговорной речи. Проблемное обучение,

включающее в себя метод проектов и кейсов, дискуссии, дебаты, ролевые игры,

способствуют интеллектуальному развитию личности, активизации потенциальных

возможностей обучающихся, повышают уровень самостоятельности студентов. В

статье проведен сопоставительный анализ эффективности традиционных и

нетрадиционных коммуникативных методов, выявлены их преимущества и недостатки.

Ключевые слова: традиционные методы обучения, нетрадиционные методы обучения,

методы проблемного обучения, обучение иностранному языку, учебный процесс.

ВЕДЕНИЕ

В настоящее время иностранный язык в системе образования Республики Казахстан,

как и во всем мире занимает особое место. Знание иностранного языка является

определяющим элементом конкурентоспособности молодого специалиста на рынке труда,

открывает новые возможности для каждого человека. Иностранный язык способствует

развитию мыслительных процессов, развитию коммуникативных способностей, а также

устранению психологических барьеров. Успех обучения во многом зависит от методики

преподавания, использования эффективных методов и приемов обучения, обеспечивающих