ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · pdf fileбілім беру...

114
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ Студент топтары кураторларына көмек ретінде 1-жинақ 3-ші басылым, өңдел. және толық. Қарағанды 2016

Upload: vananh

Post on 31-Jan-2018

284 views

Category:

Documents


7 download

TRANSCRIPT

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

Студент топтары кураторларына көмек ретінде

1-жинақ

3-ші басылым, өңдел. және толық.

Қарағанды 2016

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

2

ӘОЖ 323 (524)

КБЖ 66.3 (5 Каз)

Қ 18

ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

Құраушы-авторлар: Т.С. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Н.А. Алпысбаева,

Д.Е. Джакупова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сулейменова, Д.Г.

Шорманбаева, К.Ш. Джалилов, А.К. Жарылқасынова, М.О. Төлеуова,

С.Б. Балшикеев, Н.Б. Давлетбаева, А.В. Сиводедова, Н.А. Қазбеков,

А.М. Беркінбекова, О.М. Хмельницкая

Қ 18 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы

ролі. Студент топтарының кураторларына көмек ретінде. 1-жинақ / ҚР

ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 3-ші басылым, өңдел.

және толық. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық

университетінің баспасы, 2016. – 113 б.

Жинақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік

құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы роліне арналған

мақалаларды қамтиды. Жинақ материалдары кураторларға «Жаңа

Қазақстандық Патриотизмді Қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру

тұжырымдамасын іске асыру аясында куратор сағаттарын және басқа да

шараларды дайындау үшін ұсынылады.

ӘОЖ 168.522 (524)

КБЖ 71 (5 Каз)

© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2016

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

3

Кіріспе

Жоғары технологиялар ғасыры, ақпараттық ғасыр аталған ХХІ ғасыр

жаппай жаһанданумен, экономикалардың бірігуімен, көші-қон

процестерінің жандануымен, мәдени өзара кірігумен сипатталады. Бұл

процестердің оң салдарларымен қатар, рухани өмірдің оңтайлануымен,

дүниетанымдық және құндылықты дағдарыстың шиеленісуімен

байланысты кері жағы да бар. Бұл жағдайларда, Тұңғыш Президент

Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында атап кеткендей, аса

маңызды стратегиялық міндет – барлық қоғамды біріктіріп, табысының

негізіне айналатын Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру:

«Қазақстан –біздің жеріміз. Бұл жер әрқашанда біздің ата-бабамыздың

жері болған. Ол енді біздің ұрпақтың жері болмақ». Жаңа Қазақстандық

Патриотизмді тәрбиелеу процесінің тұтастығы мен бірізділігі тек егер ол

елдің өткеніне құрметпен қарауды қалыптастыруға ғана емес, сонымен

қатар, қазіргі Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін меңгеруге

табиғи байланысты таралған жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін. Бүгінде

Қазақстан – бұл бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша

посткеңестік мемлекеттер арасында көшбасшы болып табылатын дамушы

ел. Тарих тұрғысынан алып қарағанда жас мемлекет болып табылатын

Қазақстан әлемдік қауымдастықта танымал беделге ие, әлемдік саясатта

толық құқықты белсенді субъект болып саналады. Мұның барлығы ел

азаматтары үшін мақтаныш және қазақстандық патриотизм сезімін

қалыптастырудың мағыналы негізі болуы мүмкін.

Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз

факт. Ел басына ауыр екіталай жылдары, мемлекеттілікті сақтау туралы

сұрақ аса шиеленіскен кезде келіп, Н.Ә. Назарбаев саяси білімпаздық пен

стратегиялық көрегендік таныта отырып, ел болашағы үшін жауапкершілік

алып қана қоймай, сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық

моделін әзірлеуде және Жаңа Қазақстандық Патриотизм – Мәңгілік Елдің

идеялық негізін негіздеуде шешуші роль атқарды.

Осы жинақта ұсынылатын материалдарды Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген және ҚР Тұңғыш

Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық

моделін қалыптастырудағы роліне арналған куратор сағаттарын өткізуде

кураторларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

4

СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ

ТӘРБИЕ БЕРУ

(ҚарМТУ тәжірибесінен)

А.М. Ғазалиев,

Қарағанды мемлекеттік техникалық

университетінің ректоры,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР ҰҒА академигі

Құрметті әріптестер!

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 1960-шы жылдары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жоғары

инженерлік білім негіздерін алған, еліміздің жетекші техникалық ЖОО-

ның бірі болып табылады. Университеттің ректорат, профессорлар-

оқытушылар құрамы өздерінің негізгі міндеті қазіргі қоғам талабының

талаптары мен сұраныстарына сай келетін бәсекеге қабілетті, білікті

инженер кадрларды дайындау деп есептейді. Осы мақсатта Университетте

кәсіптілігі жоғары оқытушылар, қазіргі заманғы оқу-әдістмелік және

зертханалық база жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2008 жылы университетте

білім берудің қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерін, оның

ішінде, бейнеколлекция, мультимедиялық тұсаукесер және т.б.

пайдалануға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы Электрондық білім беру

технологиялары орталығы (ЭБТО) ашылды.

Бұл ретте біз бәсекеге қабілетті, әлеуметтік бағдарланған экономика

құруға бағытталған қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы

жастардың адамгершілік және рухани дамуынсыз, саяси еркіндіксіз,

құндылықтарсыз, мұратсыз болуы мүмкін емес, ал, олар өз кезегінде

Қазақстанның дамуы қалай және қаншалықты табысты болатынына

байланысты топшылаймыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы:

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ең маңызды

стратегиялық міндет ретінде патриоттық тәрбие беруді атағаны тегін емес:

«Өзімізді және балаларымызды Жаңа Қазақстандық Патриотизмге

тәрбиелеу қажет». Сондықтан жас қазақстандық ұрпақтың патриотизм,

азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты сапаларын

қалыптастыру мақсатында тәрбие беру мақсаттарын жетілдіруді екінші

маңызды міндет ретінде көреміз.

Осы мәселені шешу мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық

университетінде 2009 жылы студенттерге тәрбие берудің кешенді

бағдарламасы әзірлеген және Қазақстан Республикасының Тұңғыш

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

5

Президенті Н.Ә. Назарбаев тұлғасы өнегесінде Студенттерге патриоттық

тәрбие беру моделі оның құраушы бөлігі ретінде енгізілді. Оның

ерекшелігі – ол әрқайсысы жеке тақырыпқа ие 7 оқу семестрін қамтитын

тәрбие беру процесінің логикалық қисынды және ретті кезеңдерінен

тұратын үйлесімді жүйе болып табылады. Ұлы тұлғалардың өмірлік іс-

әрекеті тарихын зерделеу қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізі

бола алады деген идея модельдің уәждемелік негіздемесі болып табылады.

Қазіргі Қазақстан үшін ондай тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –

Тұңғыш Президент, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы; батылдық,

ақылдылық және өз Отанына шексіз беріліп қызмет ету оған шынында Ұлт

Көшбасшысы, шынайы патриотизм өнегесі, жастардың қазақстандық

патротизм сезімін тәрбиелеудің ықпалды үлгісі болуға мүмкіндік берді.

Патриоттық тәрбие беру моделін ҚарМТУ-дың тәрбие беру процесіне

тиімді енгізу үшін орыс және қазақ тілдеріндегі «Қазақстандық

патриотизмді қалыптастыру: теория және практика» монографиясы және

«Кураторларға көмек» әдістемелік нұсқауы басып шығарылды.

Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыруда ғалымдар, Қазақстан

Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары

дайындаған бейнедәрістер үлкен роль атқарды. Патриоттық тәрбие беру

моделін іске асыру процесінің тиімділігін анықтау үшін сауалнама жүргізу

әдісімен жүзеге асырылған мониторинг жүйесі әзірленді.

ҚарМТУ-дағы Патриоттық тәрбие беру тәжірибесі ҚР Парламенті

Мәжілісінде екі рет талқылау тақырыбы болғандығын айта кеткен жөн:

2009 жылы 21 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП

фракциясының Әлеуметтік кеңесі ұйымдастырған Парламенттік тыңдауы

барысында және 2009 жылы 10 желтоқсанда Мәжілісте «Қазақстан

жастарына патриоттық тәрбие беру ролі: проблемалары, келешектері,

шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел аясында. Екі талқылау

барысында да Модель құрылымы және оны іске асыру нәтижелері

депутаттардың, білім беру қызметкерлерінің қоғамдық жастар ұйымының

өкілдерінің қолдауы мен қуаттауына ие болды. 2009 жылы 17 қыркүйекте

Патриоттық тәрбие беру моделі Болонья қ. (Италия) халықаралық

конференцияда талқыланды және мамандардың оң бағасына ие болды.

Осылайша, ҚарМТУ әзірлеген және енгізген Патриоттық тәрбие беру

моделі қажетті теориялық негіздемелерге және әдістемелік

қамсыздандырылуға ие бола отырып, әлеуметтік зерттеулер нәтижесімен

қатар, студенттердің Университетте өткізілетін қоғамдық-саяси және басқа

да шараларға қатынасының жақсы жағына өзгеруімен айғақталған өзінің

практикалық тиімділігін көрсетті.

Сонымен қатар, әлем бір орнында тұрмайтындығын ескере отырып,

қандай да бір проблемалар өзектілігін жоғалтып, жаңасы пайда болады,

жастар да, олардың әлеуметтену жағдайлары да өзгереді. Сондықтан

шексіз, тіпті, ең табысты және тиімді атқарымдарды патриоттық тәрбие

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

6

беруді ұйымдастыруда пайдалану – бұл тек бір орында тұрмау дегенді ғана

емес, өз ұстанымдарын қорғауды, жоғалтуды да білдіреді. Осы фактіні

ұғына отырып, біз 2012 ж. жинақталған тәжірибені пайдаланып,

қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көңіл аудара отырып,

Патриоттық тәрбие беру моделінің құрылымы мен мазмұнын айтарлықтай

жаңғырттық.

2014 ж. 17 қаңтарда өзінің Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан

жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы

Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру

проблемасын көкейкесті етті және оның идеялық негізін – «Мәңгілік Елді»

тұжырымдады.

Стратегиялық міндеттермен қатар, барлық қазақстандықты

біріктіретін құндылықтар жүйесін терең талдау нәтижесінде біз Жаңа

Қазақстандық Патриотизмді қалыптастырудың Кешенді моделін әзірледік

және «Кураторларға көмек ретінде» әдістемелік материалдарының 7

жинағынан тұратын әдістемелік қамсыздандыруды даярлауды жүзеге

асырдық. Бұл жинақтардың алғашқысы, міне, Сіздің қолыңызда. Бұл

жұмыстың біздің ортақ ісіміз – өз еліміздің нағыз патриоттарын

тәрбиелеуге салмақты үлес болатындығына сенімдімін.

2015 жылы ҚарМТУ-да инновациялық тәрбие беру саясаты әзірленді,

оның мәні алтыншы технологиялық жолға негізделген, әлемдік трендтер

дамуына сәйкес жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті инженерлік

кадрларды МИИДБ-2 шеңберіндегі стратегиялық міндеттерді орындау

барысындағы дайындау болып табылады.

Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының мақсаты:

техника мен технологияларды дамытудың әлемдік трендттерін, Қазақстан

өнеркәсібінің негізгі салаларын дамыту перспективаларын, техникалық

білім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

бағдарламасын, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы

мемлекет» Ұлт жоспары, Қазақстандық сәйкестік пен бірлікті нығайту

және дамыту тұжырымдамасы, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын

қалыптастыру негізінде болашақ бәсекеге қабілетті инженерлік-

техникалық мамандарды жан-жақты және үйлесімді дамыту.

Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының міндеттері:

1. «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» Патриоттық

тәрбие беру моделін өзектендіру – жаңа ғылыми, оқу және тәрбие беру

саясатын практикалық жүзеге асыру, студент жастарды қазіргі заманғы

өндіріс талаптарына барынша жақындату мақсатында ғылыми-әдістемелік

кешен құрылымы мен мазмұнын (топ кураторларына көмек ретінде

семестрлік жинақтарды, брошюраларды) жаңарту.

2. 1-7 семестрге кураторлық сағаттардың Жаңа Күнтізбелік жоспарын

әзірлеу.

3. Өзектендірілген патриоттық тәрбие беру моделін тиімді жүзеге асыру.

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

7

4. Оқытушылар мен студенттер Патриоттық тәрбие беру моделінде 2-

ші, 3-ші, 4-ші семестрдің («Ұлт тарихы толқынындағы ұлы тұлғалар»,

«Мәдениет, дәстүр және өзіндік ерекшелік», «Өлкетану») бұрын әзірленген

тақырыптарын өз бетіндік негізінде, факультативті зерттеу.

5. Өндірістегі жетекші мамандарды - оқытушыларды – пән

жүргізушілерді және тәлімгерлерді өндірістен дуалды оқыту

жағдайларында болашақ мамандарды даярлау процесінде тәрбие беру

жұмысын жүргізуге қатыстыру (5 жұмысшы мамандық орталықтары және

60 өндірістік учаскелерінің өнеркәсіптік компанияларының оқытып

шығарушы кафедра филиалдары – ҚарМТУ базасындағы «Корпоративті

Университет» консорциум мүшелері).

6. Студент жастарға ең жақсы өндірістік ұжымдар мен еңбекші

әулеттерінің жетістіктерін зерттеу, ҚарМТУ түлектері мен ғалымдарының

өңірді инновациялық дамытуға нақты қосқан үлесі негізінде патриоттық

тәрбие беру.

Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының шеңберінде

кураторлық сағаттың тақырыптары қаралды және 2-ші, 3-ші, 4-ші

семестрдің тақырыптары жаңартылды (тиісінше «Әлемдік даму

трендтері», «Қазақстан индустриясын инновациялық дамыту» және

«Көрнекті инженерлердің елімізді индустрияландыруға қосқан үлесі»).

Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасы 2-ші және 4-ші

курс студенттеріне, көбінесе «Серпін-2050» әлеуметтік жоба бойынша

оқитын студенттерге сынақтан өткізіледі.

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

8

Л.М. Тұрлашов,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

СЕНІМДІ ҰШТАЙ ТҮСТІ

Тәуелсіздіктің туын көтергенше қазақ халқының қаншама тауқымет

шеккенін тарлан тарих жақсы біледі. Әрине, оны еске алып, ежіктей

бергеннен енді ұтарымыз да шамалы. Десек те, ширек ғасыр аралығында

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

мүлдем жаңа мемлекет құрғанын және оның керегесі кең, шаңырағы биік

екенін ерекше мақтанышпен әрдайым еске алып отырғанымыз жөн.

Қазақстан – киелі, қасиетті, үлкен шаңырақ. Оның астына тағдырдың

тәлкегімен төрт тарапқа түгелдей шашырап, босып кеткен, өзге

мемлекеттерді паналаған қандас бауырларымыз жиналды. Олар ата-

бабасының кіндік қаны тамған атамекеніне оралуға мүмкіндік алды.

Сөйтіп, ортамыз толды. Елім деп келген ағайынға мүмкіндігінше

әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалды. Қазір олардың алды бақуатты

бизнесмендер, қалталы азаматтар қатарынан саналып жүр. Ал көпұлтты

еліміздегі достық пен бірлікке келсек, бұл мәселе де оң шешіліп отыр.

Қазақ жерінен бақыт тапқан өзге ұлт өкілдері салт-дәстүрін, тілі мен дінін

сақтап, өнегелі тұрмыс кешуде.

Біздің елде жасалып жатқан игіліктің бәрі, бәрі – халық үшін. Жақсы,

жаңа бастамалар мен оң реформалардың авторы – Президент Нұрсұлтан

Назарбаев. Елбасының: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел

болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын

нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз –

Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – бірлік! Мен халқыма

сенемін», деген сөзін бүгінгі күннің басты бағдары, қазақстандықтарға

жүктелген зор жауапкершілік деп қабылдаған жөн.

Адам жақсылыққа тоймайды. Шығыс даналығына сай, «Жақсы-

лықты үнемі жасап отыру қажет» деген тәмсілге сүйенсек, жақсылық

жасаған адамның да жақсылығын ұмытпай, үнемі жадында ұстап, айтып

отыру қажет. Мұны айтып отырғаным, Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күмән мен күдікке толы сонау

жылдардан бастап, туған халқының тағдырына қатысты мәселелерді жүз

ойланып, мың толғанып оң шешімін табуы үшін түн ұйқысын төрт

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

9

бөлгенін жақсы білеміз. Ол Қазақстан халқын құрайтын сан ұлт

өкілдерінің өзара татулығына арқа сүйеді. «Кемедегінің жаны бір»

дегендей, ұлттар достығы деген сөзді шегелеп жеткізді. Бұл мәселеге

байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған жұмысы

киелі шаңырақтағы бірліктің уығын бекітіп, шаңырағын шаттыққа бө-

легеніне күн сайын көз жеткізіп келеміз. Елбасы бұл мәселеде де аса

көрегендік танытып отыр.

Міне, қоғамда қалыптасқан бүгінгі ахуалға байланысты Елбасының

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

халыққа арнаған Жолдауында тың міндеттерді алға тартты. Халық оны

ынта-ықыласпен қабылдады.

Дағдарыс төрімізге шықпаса да есігімізді қағып, дүрбелеңге толы

дүниенің әрбір күні көңілге алаңдаушылық әкелді. Сөйтіп, санаға салмақ

салып отыр. Бірден айту керек, Жолдау көңілдегі көп күдікті сейілтті.

Алаң көңілді орнына түсірді. Уақытша қиындықтарды жеңетінімізге,

жүзеге асырылып жатқан түбегейлі өзгерістердің нәтижесінде

болашағымыз жарқын болады деген сенімді нығайта түсті.

Елбасы мұндай қиындықтар қазіргі әлемдегі экономикалық

саясаттың салдарынан болып отырғанын, дағдарыстың әлі де жаңа

толқынының келетінін, оған дайын болу керектігін бұған дейін де айтқан.

Жолдаудағы: «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы

керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де

заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды

жөндеп отырамыз», деген тұжырымдар ойға оралады.

Расында, біз заман ағымына қарай жоспарларымызға тиісті

өзгерістер енгізіп, қандай жағдайға да сақадай-сай болу жайын ойластыра

бастадық. Бұған мұнай баррелінің бағасы 30 немесе 20 долларға дейін

төмендеген жағдайға арнап жасалған іс-қимыл жоспар-нұсқасының

әзірленгені дәлел бола алады. Тіпті, сондай жағдайдың өзінде, Елбасымыз

атап өткендей, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды

жалғастыратын боламыз.

Жолдауда көрсетілгендей, нарықтық экономика – шын мәніндегі

күштілердің бәсекесі. Сондықтан да, замана көшінен қалмай, барлық

мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қуатты елдердің қатарынан көрінуге, ол

үшін, ең алдымен, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуымыз керек. Нұр-

сұлтан Әбішұлы содан кейін де «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымның

сапалы да ыңғайлы, әдемі де арзан болуы қажеттігін ескертті. Сонда ғана

ісіміз өнімді, тауар өтімді болатынын тұжырымдады. Бұл – кәсіпкерлер

мен іскер азаматтарға берілген нақты тапсырма. Осы тапсырма өз

дәрежесінде орындалғанда ғана бәсекеге қабілеттілік жайында әңгіме

қозғауға болады.

Дана халқымызда «Кеңесіп іс басқару – келелі елдің белгісі, Жұмыла

жұмыс атқару – өрелі елдің белгісі» деген ұтымды бір нақыл бар. Құнды

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

10

құжаттың әр жолы осындай келелі кеңеске, нақты тапсырмаға құрылған.

Оқи отырып, Елбасының туған халқының ертеңіне деген алаң көңілін

ұғасың. Мәселен, Нұрсұлтан Әбішұлының алдағы бірнеше жылды ғана

емес, әлденеше онжылдықтарды ойластырып, Ұлттық қор құрғандығы

Мемлекет басшысы ретіндегі көрегендігін көрсетеді. Аталған қорда

жинақталған қаражаттың қиын-қыстау шақта пайдасы тиді, алдағы

уақытта да көмегі ұшан-теңіз болатыны сөзсіз. Тек ол қаражатты ағымдағы

шығындарды жабу үшін жұмсай беруге болмайды. Жолдауда нақ осы

мәселенің көтерілгені де өте орынды болды. Елбасы Үкіметке Ұлттық қор-

дағы қаражатты қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын

әзірлеуді тапсырды.

Алдына биік мақсаттар қойған мемлекет қана толымды табыстарға

қол жеткізе алады. Сол ақиқатты негізге алған Елбасы Қазақстанның

алдына таяудағы онжылдықта жүзеге асырылатын күрделі міндеттер

қойып отыр. Оның қай-қайсысы да жүйелі жұмыс жасауды және орасан

күш-жігер жұмсауды талап етеді. Экономиканың жыл сайынғы өсімін 5

пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, өңделген тауарлардың экспортын 2015

жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30

миллиард долларға дейін жеткізу, экономикаға жыл сайынғы

инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып,

тұтастай алғанда, 10 жыл ішінде кем дегенде 100 миллиард долларға

жеткізу, 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрып, еңбек

өнімділігін екі еседен астамға арттыру сияқты ғаламат жоспарларды

жүзеге асыру, бір қарағанда, мүмкін еместей көрінеді. Алайда, Жолдау

мәтініне тереңірек үңілген сайын мұндай міндеттердің нақты есепке,

ғылыми негізі бар болжамға құрылғандығына көзіңіз жете түседі. Бұл

шаралардың бәрі нақты сипатқа ие, әдеттегіше сенімді қаржыландырумен

қамтамасыз етілген. Содан кейін де дағдарысты еңсеру, өсу мен өркендеу

жоспарының орындалатынына шүбәсіз сенесің.

Жаһандық ахуал тек әртараптандырылған экономиканың ғана

дағдарысқа қарсы тұра алатынын көрсетті. Индустрияландыру

бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат та осыған келіп тіреледі. Бұл

бағытта жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар шикізат экспортына,

оның бағасына тәуелділіктен құтылатын жақсы күннің алыс еместігін

дәлелдей түседі. Нұрсұлтан Әбішұлының: «Дағдарыстардың бәрі өткінші,

өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты

құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз

жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей,

дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз», деген

сөздері бұл орайдағы сенімімізді одан әрі ұштай түседі. Түптеп келгенде,

еліміз дамудың жаңа шептеріне шығып, Елбасымыз айтқандай, жаһандық

дағдарысты жеңетінімізге кәміл сенеміз.

«Егемен Қазақстан», 2015, 25 желтоқсан

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

11

Т.И. Сүлейменов,

ҚР Сыртқы істерінің бірінші министрі,

ҚР төтенше және өкілетті елшісі,

саясат ғылымдарының докторы

К.З. Сәрекенов, Д. Әбішев атындағы

химия-металлургия институтының

бас ғылыми қызметкері,

техника ғылымдарының докторы

МӘҢГІЛІК ЕЛ –

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды оқиға

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір

мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы болды. Онда Елбасы

еліміздің дамуының басым бағыттары мен ұзақ мерзімді «Қазақстан -

2050» стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады [1].

Кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті «Мәңгілік Ел» -

ұлттық идеясын тұжырымдап негіздеді. Мұнда Қазақстанның мемлекеттік

сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген.

«Ұлттық идея» деген не және оның қоғам дамуындағы ролі қандай?

Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін

айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам

ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік

қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін

қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет.

Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және

көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның

және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі

идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам

формула болып табылады.

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

12

Мемлекет саясаты туралы идеологияның, құныдылықтардың, айқын

түсініктің болмауы қауіпті салдарларымен қолайсыздыққа ұшыратады.

Себебі адамдар санасындағы ваккум ұлтшылдық, шовинизм, жікшілдік

және т.б. идеяларымен толады. М.М. Телемтаев: «егер ұлт өз рухын

сақтап, жетілдірмесе, тәніне бөгде рух кіреді» деп айтқан [2].

Ұлттық идеяның мынадай белгілері жалпы жұрт қабылдаған болып

саналады: ол шағын және түсінікті болуы керек; көру бейне-нышаны

болуы және идеологияға сүйенуі керек; тарих, аңыз, әфсаналар арқылы

бабаларымызға тиесілі болуы керек; адамға да, қоғамға да, билікке де

тиімді болуы керек. Бұл ретте ұлттық идея билік пен қоғаның

шоғырлануын қамтамасыз ететін бірлескен жоба ретінде жасалса ғана іске

асуға мүмкіндік алатынын көрсете кеткен жөн. Бұл теориялық тұрғыдан

негізделген ұлттық идеяны еліміздің басым бөлігі ұғынып, қабылдаған

кезде мүмкін.

Қоғамды шоғырландыру мен біріктіру, бір мемлекет аясында оның

аумақтық және көп этникалық бірлігін нығайту және сақтау мәселесімен

соңғы жүз жыл ішінде егемендік алған барлық жас мемлекеттер бетпе-бет

кездесті. Көптеген елдердің тәжірибесінде ұлттық идея бір ұмтылыста

біріккен ұлттардың өзіндік болмысын іске асыру бойынша қандай да бір

қызмет жобасы болды.

Бұл жағдайда негізіне екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін

ұлттық жапондық рух пен жаңа батыс технологиясын біріктіру туралы

идея алынған Жапонияның ұлттық идеясының үлгісі анағұрлым айқын

болып табылады. Жапондықтарды осы идея төңірегінде біріктіру тек

Жапонияның қайта өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ, бұл елдің

экономикасы жақсы дамыған әлем мемлекеттерінің қатарына енуіне алып

келді.

Дұрыс тұжырымдалған ұлттық идеяның тімділігін көрсететін тағы да

бір жарқын мысал әлдеқашан жетілдірілген ауқымды жобаларды табысты

іске асырудың көрнекті үлгісіне айналған, «Азия барыстары» (Оңтүстік

Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань) болып саналады.

Қытайдың жүйелі реформаларды жүргізуде шығыс және батыс

тәсілін оңтайлы үйлестіруі де көрнекті мысалдардың бірі. Бүгінде Қытайда

экономикалық өсу аясында халықтың ұлттық рухын көтеру және нығайту

бойынша белсенді идеологиялық жұмыстар жүзеге асырылуда, осы

мақсаттарға қол жекізу үшін үлкен ресурстар бөлінуде.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз

егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен

саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп

ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны

қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму

принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан - 2030»

стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

13

стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын

қалыптастыруға негіз болды.

Дегенмен біз басқа елдердің тәжірибесін ойланбастан қайталамадық.

Ел Президенті өз Жолдауларында айтып өткендей, қазақстандық ұлттық

идея этникалық тиістілігіне қарамастан еліміздің барлық азаматтарының

мүдделерін біріктіре отырып, көп ұлттылыққа сүйенуі керек; қазіргі

қазақстандықтардың ділін қамтуы керек; елдің өзіндік ерекшеліктерін

және қазақстандықтардың жақсы жақтары мен үздік сапаларын нақты

түрде көрсетуі қажет. Сонымен қатар, біздің еліміздің ұлттық идеясы

уақыт сынынан өткен қазастандық жол тәжірибесінен туындайтын нақыт

құндылықтарға құрылуы керек.

Мұның барлығы Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі бола

отырып, барлық қазақстандықтар біріктіретін және оларды «Қазақстан -

2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясына

көрініс тапты.

««Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпы

ұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп

айтып өткен Елбасы өз Жолдауында.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет

құраушы жалпы ұлттық құндылықтар болып табылады.

1. Тәуелсіз Қазақстан және Астана

Бүгінде Қазақстан тәуелсіз, зайырлы мемлекеттің барлық белгілеріне

ие: әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекеттік шекара, БҰҰ мен

халықаралық жетекші ұйымдарға толық мүшелік. Біздің еліміз көптеген

әлем елдерімен екі жақты қатынастарда беделді және жауапты серіктес

ретінде танылған. Егемендік жылдары ішінде жаһандық және өңірлік

экономикалық жүйелердің бір бөлігі болған динамикалық экономика

құрылған, елде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған

ауқымды даму стратегиялары мен бағдарламалары, жобалары іске

асырылуда. Қазақстанның тәуелсіздігін қазақстандық этникалық топ

өкілдерінің барлығы мойындайды. Бұл – бздің ортақ патриоттық

құндылығымыз.

Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық

қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған

Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, барлық қазақстандық

экономиканың локомативіне айналды.

Тәуелсіздікті қадірлеу және Астананы сүю – Қазсақстан патриоты

мен азаматының маңызды сапалары [3].

2. Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа

да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының

Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты,

жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.

Page 14: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

14

Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық

азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктерінежәне өзге де

өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының

табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған

фактор.

Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борызы –

Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап,

ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.

3. Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң

үлгісі ретінде қабылданады. Мемдекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы

сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және

мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.

Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін әрқашан рухани беталыс пен

адамгершілік құндылықтар мағызды болады, әрқашан діни-мәдени

дәстүрлер, әр азаматтың белгілі бір дінді ұстану немесе ешқандай дін

ұстанбау құқығы сұраныста болады.

XXI ғасырда Қазақстанда мәдениет пен дін диалогының ғаламдық

орталықтарының бірінің өкілдігі бекітіледі.

Балалар мен қарт адамдарды қамқорлық көрсету, қоғам негізі ретінде

отбасын нығайту дәстүріне сүйенетін патриотизм, жаңғыру, табыс пен

жоғары адамгершілік рухы Қазақстанның ХХІ ғасырдағы және одан арғы

ілгерінді дамуының негізі болады.

4. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу

Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне

Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді.

Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру,

инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде

ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту

жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді

жүйесі жасалды.

Инновация қосу қазіргі индустрия — бұл ағымдағы жүзжылдықтағы

барлық жетістікті мемлекеттің магистральды жолы.

Мықты индустриялық база инновациялық өрлеуге ауысу негізі

болады, экономикада инновациялық өсу нүктерлерін жасауға мүмкіндік

береді. Тек осы негізде Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге

қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті қоғам болады.

Экономикасы бекіген, индустриялық, инновациялық Қазақстан – бұл

нағыз патриоттар міндеті.

5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік

жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар

табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық

Page 15: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

15

қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін

толықтай ашу кешені.

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында,

энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында,

мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық

патриоттардың үлкен еңбегі.

Қазақстанның барлық шынайы патриоттарының маңызды міндеті –

қоғамымызда бастамашыл, лайықты, адал еңбек құндылықтарына

негізделген әлеуметтік оптимизмді нығайту [4].

6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның

беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған.

Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай

отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркниеттік кодқа, ортақ тілге және

дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды.

Тариз бізді сабақ алуға, даналық пен төзімділікті үйренуге, тағдыры

ортақ халық күшіне деген сенімді нығайтуға үндейді.

Өз еліңнің тарихын біоу, түсіну және құрметтеу – әр қазақстандық-

патриоттың міндеті.

Ортақ мәдениет – Қазақстан халықтары бірлігінің негізгі тіректерінің

бірі, еліміздің жаһандық әлемдегі өзіндік ерекшелігін сақтаудың маңызды

шарттарының бірі.

Қазақстан жері мыңжылдықтар бойы мәденит пен өркениеттің

кездесуі мен өзара әрекеттесуінің жері болды. Осының арқасында сақтауға

және дамытуға тұрарлық бай бірегей мәдение мұра қалыптасты.

XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры –

Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу.

Әр нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және

отандастармызға оны меңгеруге көмектесу.

Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін

жағдай жасау, үштілділік принципін енгізу де маңызды.

7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік

мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы

- мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты

ішкі саясатының басты мәні.

Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаев G-GLOBAL: XI ғасыр

әлемінің бес маңызды принципін атады:

• революция емес, эволюция;

• әділдік, теңдік, бәтуаластық;

• ғаламдық төзімділік және сенім;

• ғаламдық ашықтық;

• сындарлы көп даңқтылық [5].

Page 16: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

16

Бұл – Қазақтанның басқа мемлекеттермен ауқымды ынтымақтастығы

мен өзара әрекетін дамытудың, еліміздің біріктірілген жобаларға, өңірлік

және ғаламдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстарға қатысуының

мағыналы негізі.

G-GLOBAL принциптері – бұл Қазақстанның бүгінгі және болашақ

ұрпағы үшін мәңгілік құндылық. XXI ғасырда ұлттық қауіпсіздігінің

орнықты жағдайларын өңірлік және халықаралық қатынастар жүйесінінен

тыс жасау мүмкін емес.

Елбасы Н.АӘ Назарбаев тұжырымдаған ұлттық идеяның іргетасы

егемендік жылдары ішінде көп ұлтты Қазақстанда этникалық тұтастықтың

– Қазақстан халқының, құндылықтар жүйесі ортақ, тарихы ортақ, тағдыры

мен мақсаты ортақ қазақстандықтардың қалыптасуының мойындалуы

болып табылатынын айта кеткен жөн. «Біз, қазақстандықтар, біртұтас

халықпыз! Біздің тағдырымыз да ортақ – ол біздің «Мәңгілік Ел», біздің

беделді және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпы

қазақстандық үйіміздің ұлтық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы».

Президенттің бұл сөздері ұлттық идеяның негізін де, тереңдігін де

толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін

ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат – саулық

пен молшылық, келісім мен достық үстемдік ететін ортақ үйімізді –

Қазақстан Респуликасын құру.

Әдебиеттер тізімі

1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Телемтаев М.М. Системная философия («Саф Сана»: Идея, Нация,

Страна). Алматы: ИЦ ИНФОПРЕС, 2001. 210с.

3. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор

Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля.

4. «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к

Обществу Всеобщего Труда» // Казахстанская правда, 2012, 10 июля.

5. Назарбаев Н.А. Пять принципов G-Global. V Астанинский

экономический форум. Интернет ресурс: //www.bnews.kz

Page 17: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

17

А.Е. Даниярова,

т.ғ.к., қауымдастырылған профессор,

доцент

e-mail: [email protected]

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА

ЖАСАУДАҒЫ БАСТАМАСЫ. 100 НАҚТЫ ҚАДАМ –

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ

БАҒЫТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Қоғамдық-саяси жағдай өткенді шолып қарасақ та, қазіргі таңда да

қоғамның дамуына әлеуметтік-экономикалық фактордың әсер ету

заңдылығын негіздейді. Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Бес

институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында ұсынған «100

нақты қадам» бағдарламасы – бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз

мемлекет қатарына кіру жолындағы сенімді қадамдары, қазақстандық

қоғамды өркениетті дамытуға, адам мәселелерін шешуге бағытталған әрі

жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап ретінде ұсынылатын

мемлекетті жаңғыртудың кешенді бағдарламасы. Бүгінгі күні

мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси негіздерін

қарқынды дамытуға арналған кең ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді.

5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты

қадам Қазақстанның юарлық салада ұзақ мерзімді өркендеуіне әкеледі. Ұлт

жоспарын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік органдардың, сараптама

қауымдастығының және азаматтық сектордың белсенді өзара қарым-

қатынасқа түсуін талап етеді.

Бағдарламалар – бұл мемлекеттік шешімдер өмірге келтірудегі негізгі

тәсілдердің бірі. «Бағдарлама» сөзі «мақсаттар ағашы» ретінде реттелген,

шаруашылықты дамытудағы бір немесе бірнеше мақсаттар мен мүдделерді

жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар кешені дегенді білдіреді» [1].

«Ұлт жоспарының негізін құрайтын 100 қадам, бірінші кезекте,

мемлекеттік құрылыс процесін нығайту деген сөз. Ұлт жоспарының

ерекшелігі – оның тарихи маңызды кезеңде, мемлекет эволюциясының

сапалы тұрғыда жаңа кезеңде қабылдануы. Қазақстандық қоғамның сенімі

мен әлеуеті 100 қадамды сәтті жүзеге асырудың екінші құраушысы болып

табылады, ол белсенді әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер

Page 18: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

18

үшін жасалған», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор,

«Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді

біріктіру институтының бас директоры С. Мәжитов [2].

Бірінші реформа – кәсіби мемлекеттік аппарат құру, оған сәйкес

мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданады, мемлекеттік

органдарда жұмыс істеуге үміткерлерді іріктеген кезде құзыреттілік тәсіл

басты құраушы болып табылады және қызметтік саты бойынша өсу тек

конкурстық негізде жүргізілетін болады.

Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету бес сатылы сот жүйесінен үш

деңгейлі инстанцияға көшуден; соттардың есеп беру міндетін күшейтуден,

судьялардың жаңа этикалық кодексін жасаудан; құзыреттілік тәсіл

негізінде полиция қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақсартудан; қоғамдық

кеңестер мен ғаламтор порталы жүйесін жасау арқылы полиция

ашықтығын қамтамасыз етуден тұрады.

Келесі реформа – индустрияландыру мен экономикалық өсу. Бұл

мақсатқа қол жеткізудің негізгі құралдары – инвестициялық климатты

жалпы жақсарту, сәйкес салаларға (қайта өңдеу секторы, туризм саласы,

энергия үнемдеу, сүт және ет өндірісін дамыту) инвестициялар тарту,

экспортты ынталандыру механизмдерін жасау, өмірге бейімді экспорттық

өндірістер қалыптастыру. Білім беру саласында – орта білім беретін

мектептерде 12 жылдың оқытуға бірте-бірте көшу, жоғары оқу

орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту. «Басты

мақсат – шығатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім

беру секторының экспорттық әлеуетін өсіру» [3].

Бағдарламаның басты реформаларының ішіндегі «Мәңгілік Ел» атты

жеті принцип дамудың негізгі құндылықтарын, Қазақстан халқынының

мүдделері мен тарихи тағдырының ортақтығын көрсетеді. Мемлекет жас

буынды төзімділікке, өзара құрметтеуге, отанға деген махаббатқа, оның

өткені мен болашағына деген мақтанышқа тәрбиелеуге ұмтылады, бұл, өз

кезегінде, патриоттық сезімді тудырып, қалыптастырады.

Жалпығы Ортақ Еңбек атты кең ауқымды идея одан әрі дами түсті,

оның негізінде нақты өндірістік еңбек жатыр, бұл кезде әлеуметтік

қорғаудан әлеуметтік прогреске көшу үшін жағдайлар жасалады. Идея

Президентіміздің Жалпыға Ортақ Қоғам құру туралы идеясы мазмұны мен

мағынасы жағынан мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін де, әр

қазақстандық үшін де әрекет етуге арналған нұсқаулық болып табылады.

Қазақстан халықтарының ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлттық

бірліктің бірегей үлгісі ретінде және Қазақстанның сәйкестігі мен

азаматтық бірлігін нығайту үшін «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын

әзірлеп, жүзеге асыруы керек.

Әр ұлттың тарихы ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Өткеннен келе жатқан

рухани және мәдени құндылықтар заманауи қоғамның игілігіне айналады.

Тарих адамдардың ойы мен сезіміне эмоционалдық әсер етеді, ол адамды

Page 19: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

19

үйлесімді тәрбиелеуге белсенді қатысады және патриотизмді

қалыптастыруға ықпал етеді, Отанымыздың тарихын дәріптеу мақсатында

«Қазақстан энциклопедиясы» ғаламторлық жоба жасалуда.

Есеп беретін мемлекет құру – бұл ауқымды құжаттың бесінші

реформасы. На основе новых законов ««Мемлекеттік аудит және

қаржылық бақылау туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» сияқты жаңа

заңдар негізінде аудит және мемлекеттік аппаратты бағалаудың жаңа

жүйесі енгізілетін болады әрі «Ашық үкімет» іске қосылады. Мемлекеттік

органдардың басшылары жыл сайын стратегиялық жоспар мен аймақты

дамыту бағдарламалары бойынша жұмыс нәтижелері бойынша тұрғындар

алдында сөз сөйлейді. Мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық

кеңестердің ролі күшейе түседі.

Разработка государственного Плана нации «100 нақты қадам»

мемлекеттік Ұлт жоспарын әзірлеу мемлекеттік саясатты мемлекетті

дамытудың басым бағыттары, экономиканың жеке салалары және

әкімшілік-аймақты бірліктер бойынша жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл

мақсатқа қол жеткізу қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек

ресурстарын ұлттық экономиканы дамытудың; орталық және жергілікті

атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен

ұйымдардың қызметін үйлестірудің басым бағыттарына шоғырландыру

арқылы жүзеге асырылады. Ең басты мақсатқа қол жеткізу үшін – әр

қазақстандықтың өмірін жақсарту, азаматтық сәйкестік пен патриотизмді

нығайту, қазақстандықтарды біріктіру, қоғам мен экономиканы дамыту,

мемлекетті гүлдендіру және барлығына ортақ заманауи мемлекет құру!

Әдебиеттер тізімі

1. Лапуста М.Г., Никольский П.С. Современный финансово-

кредитный словарь. - М.: ИНФРА-М, 2009.

2. Турысбеков Е. Программа пяти институциональных реформ

является конкретным шагом на пути реализации курса «Мәңгілік Ел» - С.

Мажитов // КАЗИНФОРМ. – 2015, 8 мая.

3. План нации «Сто конкретных шагов» Президента Н.А. Назарбаева

// Казахстанская правда. – 2015, 20 мая.

Page 20: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

20

М.Ж. Сүлейменова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

к.и.н., доценті

е-mail: [email protected]

85-ҚАДАМ. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ

ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ.

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бес

институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу», яғни 85-қадамында

қазақстандық жекелікті одан әрi күшейту қажеттiлiгін көрсете отырып,

«Мәңгілік ел» идеясының негiзiнде шоғырланатын құндылықтар - азаматтық

теңдiк, зайырлы ел - толеранттықтың ел болып табылатынын көрсетеді [1].

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық идеясы Егемендік

алған жылдары көп ұлтты Қазақстанда метаэтникалық қауымдастықтың -

құндылықтары бір, тарихы бір, тағдыры бір және мақсаты бір Қазақстан

халқының, қазақстандықтардың қалыптасуын мойындау Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаев ұсынған ұлттық идеяның іргелі негізі болып табылатындығын

айта кеткен жөн. «Біз, қазақстандықтар, бір елміз! Барлығымызға ортақ тағдыр ол –

біздің «Мәңгілік ел», біздің лайықты, құрметті, беделді және ұлы Қазақстан!

Мәңгілік Ел – ол біздің ортақ қазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-

бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы». Еліміздің

Президентінің бұл сөздері оның жариялаған ұлттық идеясының тереңдігін,

негізін толықтай көрсетеді және де бүгінгі таңда қазақстандықтарды

біріктіретін бір мақсат бар екендігіне сендіруге мүмкіндік береді: молшылық,

бірлі және достық орнаған ортақ үйінің – Қазақстан Республикасының

құрылысы [2].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік

Ел» ұлттық идеясы патриотизмнің, Отанымыз – Қазақстанның гүлденуі мен

тәуелсiздiгінің күшеюінің терең мағынасын бейнелейді.

«Мәңгілік Ел» – ол, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның,

қазақстан халқының, қазақтардың тарихи тәжірибемен келген жолы.

Президент Қазақстанның болашағын «Мәңгілік ел» ретінде айтқанда, күн тәртiбiнде ұлттың тарихи санасы туралы мәселелерді алғашқы

орындардың бiрiне қояды. Тарихи зерде тереңдеген сайын, мәдени-

Page 21: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

21

әлеуметтiк дәрежесі ретінде сипатталатын, тарихи танымның тамыры

тереңдеген сайын, адамның өзі, жалпы қоғам рухани баи түседі.

Белгілі болғандай, тарих ғылымының ең басты ұстанымы – бүгінгі

күнді түсіну мен болашақты болжау үшін тарихты білген жөн. Егер адамдар

ата-бабамыздың жинаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің мәнін терең

түсінетін болса, оның өмірлік және азаматтық қағидасы айқын анықталады.

Тарих ғылымы адамның ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға мүмкiндiк

туғызады және гуманитарлық идеалдарды жетілдіруге әсер етедi. Отанға

деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның тарихы мен болашағын мақтан тұтуға,

патриотизм сезімін тудыра отырып, қалыптастырады.

Қазақстан Тәуелсiздiктің колониализм мен тоталитаризмнің орын алған

жиырма жылында рухани құлдырау дәуірінің зардаптарын тұқыртып қана

емес, өзінің мемлекеттiк қалыптасуының жаңа кезеңiне көшті. Алайда,

Қазақстан бүгiнгi кезеңде, ұлттық сәйкестік пен мәдени тұтастықты

қалыптастырып, толық, нағыз дербестiкке жетсе де, оның «Мәңгілік Ел» құру

талпынысына жаhандану дәуiрiндегі қатал бәсекелестiк шарттарымен қатар,

саяси, әлеуметтiк-экономикалық егемендiкті, рухани тәуелсiздiктi талап етедi.

Ұлт сияқты осындай күрделi жүйенiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету

мақсатында, тарихи саналы қоғамға тән, төл мәдениеті пен тарихын құрайтын

маңызды рухани бастаулары бар, ұлттық дүниетанымды қайта өркендету

арқылы қалыптастыру керек. Тарих адамның жады мен әлеуметтік санасының

өткенімен байланысты болғандықтан, төл тарихын зерттеп, зерделеу арқылы

ғана, тарихи сананы жаңартуға болады.

Ұлт Көсбасшысының «Мәңгілік Ел» түсінігінде келтірілген

философиялық - саяси негіздеріндегі бастауды сонау сақтардан, ғұндардан,

ежелгi түркілерден, Шыңғыс империясынан, Алтын Орда мемлекетінен

алады, ендеше Қазақстанға «Мәңгілік Ел» иядеясы ата-бабадан қалған мұра

ретінде өтедi. Осы идеяға деген сенім бiздiң жерiмiзді барлық заманда

басқыншылардан қорғады және бұл байланыс тарихқа да, уақытқа да

қарамастан үзiлмеуi керек. Өйткенi, Президент айтқандай, бiздiң қаhарман

ата-бабаларымыздың әрекеттері арасындағы, бүгiнгi жетiстiктеріміз бен

жарқын болашақ арасындағы сабақтасты сақтасақ қана бiз «Мәңгілік Ел»

бола аламыз.

Ежелгі түркілер өз мемлекеттерін құрып, оны «Мәңгілік Ел» деп атады.

Елдің атауы үш ғасырлық қағанатта (V–VIII ғғ.), осы өңірге таңылғандығы

соншалық, тіпті түркілердің Батысқа кетуіне қарамастан (қоныстану әлі де

жалғасты), сол территорияда қалған маньчжурлік одақтастар, елдің атауын

өздерінің этнонимі ретінде қабылдай бастаған. Сонымен, Ұлы түркі елінің

мемлекеттік қайраткері – Күлтегіннің құрметіне орнатылған тас жазба

ескерткіштерінде, әскери-саяси айбындылықты, экономикалық жетістікті,

ұлттық құндылықтарға бейімделу мен адалдықты, айналадағы халыққа

толеранттылық қарым-қатынасты, баяндылықты, түркі жұрты мен

мемлекетінің аумақтық және саяси бірлігін көрсететін, жүздеген жылдар

бойы өшпеген «Мәңгілік Ел» идеясы көрініс тапқан. Түрік элитасын

басқарушыларының өздерінің көбеюіне, жалпы жақсы тұрмысқа қол

Page 22: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

22

жеткізуге, басқа мәдениетке және өркениетке құрмет танытуға, қауіп-

қатерлер кезінде елдің бірлігі мен тұтастығын, қағандар мен қарапайым

халық арасындағы өзаратүсіністікті қалыптастыруға, мемлекеттілікті сақтауға

күші мен жігерін салуға үндеді, түптеп келгенде сол кездегі «Мәңгілік Ел»

идеясының өзегін қалыптастырды. Мысалға, Күлтегіннің құрметіне жазылған

кіші ескерткіште алғашқы рет қағанның кеңесшісі және әйгілі жырау

Тоныкөктің мәңгі ел және мемлекет идеясы көрініс тапқан. Ал, Бумын

қағанның құрметіне арналған Онғұн ескерткішінде түркі халқының мәңгі

екендігіне шақыратын сенім мен үндеулер кездеседі. Осы ұлы идеяның

арқасында ұлы түркілер мен түркі тілдес ата-бабаларымыз бен ұрпағымыз

еуразия кеңістігінде алғашқы болып «скрипкада ойнаған». Мысалға, олар сол

уақыттағы маневр жасайтын бірегей әскери өнердің негiзін қалады, өз

кезегінде бұл тұрақты мал экономикасына, саясат пен дипломатияға,

дипломатиялық құндылықтарға бейімделуге, салауатты өмір салтын ұстануға,

гуманистік дәстүрлерге, көрші елмен белсенді қарым-қарым-қатынас

орнатуға, еңбексүйгіштікке және өздерін сыртқы жау шапқыншылығынан

қорғауға негiзделген тірек болды. ІХ ғасырдың араб шежірешісі аль-Джазих

түркілердің орасан зор арынды жігері мен күшін, сонымен бірге сол

уақыттағы қарсы күресе алатын қоғамдық-саяси топ екенін атап көрсеткен.

Сол себепті, Мәңгі түркі елі – «Мәңгі ел» туралы Ұлы жазықтың ғұламалары

мен ұлдары ойлауды тоқтатпады [3].

«Мәңгі ел» идеясы әлемдік өркениет пен айтулы тарихы бар ұлы

көшпелі империясының арасындағы көпір болды. Ол ізгілік, адал ниетпен

халық бірлігін сақтау сияқты адами қасиеттерді сипаттайтын Ұлы Жібек

жолында, көшпелі өркениеттің жолында жүзеге асты.

Она претворялась в жизнь на Великом шелковом пути, на пути

развития кочевой цивилизации, которую характеризуют такие

общечеловеческие качества, как гуманизм, сохранение единства народа с

присущими ему широтой души и добросердечностью.

Ежелгі түркілердің арманы мәңгі өмір мен сүйікті құлдарына жүгіну

ұғымы арқылы мәңгі өмір мен Тәңірге жақын болу туралы ойлары болды.

Жаратушылар мәңгілік ұғымына айналды. Біздің ата-бабаларымыз үш

маңызды ұғымды тамаша өмірдің белгісі ретінде өзара байланыстылықта

қабылдаған – Тәңірін, адамды және жерді. Дереккөздерден «Мәңгілік Тәңірі»

ұғымын адамдар ең жоғары және ең қасиетті дүние ретінде түсінгені мәлім.

Сондықтан көне түркілердің ата-балалары – ғұндар, дінліндер, сақтар, және

көптеген басқалары, өздерінің шығу тектерін «Мәңгілік Тәңірінен» бастап

Жаратушының бейнесіне тәуелді болған.

Сонымен, «Мәңгілік Тәңірімен» таңдап алынған қағандар немесе

хандар, сонымен қатар, Тәңірінің руласы деп санаған бектер «Мәңгілік елді»

құру үшін күрескен. Барлық қағандар Ашина ұрпағының тұқымы, Түркі

қағанатын, Түркеш қағанатын, Қарлұқ қағанатын, Батыс және Шығыс Түркі

қағанаттарын, Қарахан қағанатын құра отырып, «Мәңгілік елді» құрдық деп

ойлаған. Көшпенді моңғолдар да олардың мемлекеті «Мәңгілік Тәңір елі»

(Вечным божественным эль) болды деп ойлаған.

Page 23: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

23

Өздеріне көптеген түркі халықтарын бағындырған манчжур тілді

көшпенді тайпалар (сяньби, жужандар, шивейлер, кидани немесе қарақытай)

өз қағанаттарын құру кезінде олардың Мәңгілік елді құру арманы көзделді.

Бұл мағынада олар отаршыл тәуелді автохтонды халықтардан шыққан

беделді бектер мен билерді қолдап, ешқандай жаңа дүние ойлап тапқан жоқ,

сонымен бірге көшпенді түркілердің бұрынғы дәстүрлері мен идеяларын

дамытан келе, мықты мемлекеттік құратын болған. Бірақ, мұндай саясат

стратегия мен тактиканы ру-тайпалардың құрылуының ықпалына түскен

мақсат пен міндеттерді қанағаттандырған жоқ.

Мәңгілік елді қалыптастыру үшін түбі бір түркі тілдес және манчжур

тілді тайпалардың тілдік бірлестігі ғана емес, сонымен бірге дәстүрлердің,

салттардың, ділділіктің бірлігі қажет болды. Заттардың мұндай жағдайы

ғұндарды манжур тілді сяньби тайпаларымен шығарылуының және түріктерді

киданьдармен (Ляо мемлекеті) күл талқан етуінің нәтижесінде қалыптасты, ал

одан әрі қарай саясатты Шыңғыс ханның басқаруымен моңғолдар

жалғастырды. Азшылықта болған осы манчжур тілді тайпалардың әрқайсысы

жоғары күштілікке ғана жетіп қоймай, үлкен Орта Азия аумағында

мекендеген түркі тілдес тайпалардан сан жағынан басым басқа тілдерде

сөйлейтіндерді белгілі бір тарихи кезеңде биледі, сонымен қатар осы билікті

ұзақ кезеңге сақтап қала алды.

Мәңгілік елді (моңғол этносын) және Моңғол мемлекетін құру

бойынша Шыңғысханның саясаты тариха терең із қалдырды. Осы сұраққа

едәуір толық тоқталамыз. Кейбір зерттеушілер ресми тарих түркілермен

құрылған ірі мемлекетті «Түркі қағанаты» деп атаса да, түріктердің өзі оны

олай атаған емес екенін атап айтады. Олар өз мемлекеттерін «Ел» деп атаған,

ал ол дала империясына оны «Мәңгі» сөзімен толықтырып айналған кезде

«Мәңгі ел» деген атау орнатты. Сондықтан, түріктермен б.ғ.д 552 жылы Орта

Азияда құрылған дала империясының ресми атауы Мәңгі ел екенін естен

шығармаған жөн. Демек, Шыңғысханның түркі тайпаларымен әскери іс-

қимылдары «ХІ ғасырдың көне моңғол-түркі имериясын қайта қалыптастыру

ниеті» қағанның Мәңгі ел мемлекетін қайта құру тілегі болды. Және

сондықтан, «бұл атаудың соншалықты жарқын болғаны, барлық ұлттық сезім

иелерінің барлығы бізді мақтан тұтатын болды», себебі Шыңғысхан 1206

жылғы құрылтайда шығыс-түрік тайпаларды – Қият, Жалайыр, Керей,

Найман, Қоңырат және т.б VІ-VІІІ ғасырларда ата-бабалары құрған

мемлекетті, яғни Түркі қағанатын қайта жандандыруға шақырды. Бірақ,

«Мәңгі ел» сөзі «моңғолға» айналғанға ұқсайды, себебі ол кезде

қолданылатын әріптер дұрыс жеткізе алмады. Түркі және манчжур тілдерінің

фонетикалық айырмашылығы айтылуға әсер етті: мөңгі ел - мнгл - монғол.

XV ғасырдың ортасында «Мәңгі ел» мемлекеттілігінің түркілік

анықтамасының орнына Жәнібек хан мен Керей ханның басшылығымен

Қазақ хандығын құрумен байланысты жаңа мемлекеттілік «Қазақ елі» - «азақ

хандығының» синонимы құрыла бастады. Яғни, ол бір нәрсе, және егер біз

«Қазақ елі» дейтін болсақ, онда «Қазақ хандығы» деп білеміз. Сонымен қатар,

«Қазақ елі» қазақтармен «Мәңгі ел» болып қабылданады, яғни эволюциялық

Page 24: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

24

шығу тегі. Сонымен, бір мән, Қазақ хандығының басшылары, мәңгілік қазақ

мемлекетін құрғысы келген. Қазақ хандығының пайда болуынан бастап

қазақтар өздерін қазақ деп атаған және өз елін, өз мемлекетін «Мәңгі ел»

емес, ал «Қазақ елі» және мәңгілік және берік «Ел» идеясын барлық өмір

бойы көтеріп келді.

Шынында, берекелі Қазақстан аумағында бірінен кейін бірі өмір сүріп

келе жатқан халықтардың этнонимдері «Мәңгі ел» идеясы біздің ерлікті және

мықты ата-бабаларымызбен ғана көзделуі мүмкін болғанда өзі үшін айтады:

«түркі» сөзі - «басшыны», ал қазақ – «еркін және әскери өмір салтын

жүргізетін адамды» білдірген. Әлі күнге дейін барлық қазақстандықтарды

қыпшақтар деп атайтын араптар бізден тек «сардарларды» (қолбасшыларды)

көруді жалғастырады, біздің жерімізден шыққан сонау сұлтан Бейбарыс

дәуірінен бастап, араптар әулилер халқы, парсылар – ақындар халқы,

қыпшақтар – қолбасшылар халқы деп жалықбай қайталап келеді [4].

ХІХ-ХХ ғғ. тарихи күйзелістерге қарамастан, бүгінгі таңда

қазақстандық тарихи ғылым дамып келе жатыр және қазіргі зерттеушілер

үшін «қазақ» атауының астарында «Мәңгі ел» барлық күрделі тарихи

өзгерістерді зерделеу үшін мүмкіндіктер ашылуда.

Көптеген қайғылы күйзелістер мен сынақтардан өткен, өз тарихын көне

сақтар, ғұндар, үйсіндер, қангүй дәуірінен сақтап келе жатқан, төл

Тәуелсіздігін бермеген және слоған қол жеткізген халықтың «Мәңгі ел»

(Вечный эль) болуына лайық шығары сөзсіз [5].

Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақ халқының жарқын болашағын

«Мәңгі елге» теңегені Тәуелсіздік жылдарының жетістіктерімен дәлілденген.

Сондықтан, «Мәңгі ел» ұғымына көп ғасырлар бойы келген көп қайғы-

қасырет көрген қазақ халқы осы идеологиялық концепцияны қабылдауға

дайын. Арине, қазақ халқының болашағын Мәңгі ел деп түсу үшін, бұл

идеологияның тарихи тамырын зерттеп, тарихи сабақтармен санасып,

осылайша өткенде кеткен қателіктерді жібермеу. Біз сонда ғана қазақ

халқының «Мәңгі ел» ұғымының негізін қалаушы екенін толығымен көрсетіп,

түсіне аламыз. Егер біз «қазақ» атауын Қазақстан аумағындағы тұратын

барлық этностарды айналдырсақ (қазақ украиндары, қазақ орыстары, қазақ

ұйғырлары, қазақ корейлері), олар өздерін Мәңгі қазақ халқының бір бөлігі

екенін түсінсе, онда, арине тұтас ел ретінде біздің болашағымыз жарқын.

Өз жолында кездескенді жалмаған және иесіздендірген бүгінгі

жаһандану заманында «Мәңгілік ел» идеясы біздің ежелгі түркі

дүниетанымыздың – тұрмысымыздың, көшпелі өркениет негіздерінің

жаңаруының, алдыңғы қатарлы, қуатты мемлекеттің өркедеуінің кепілі [6].

Қазiргi заман шарттарымен Қазақстанның басшылығында жалпы

ұлттық көшбасшы және ең күштi тұлға Н.Ә. Назарбаевпен бiрегей және бүкiл

әлемге құрметтi мемлекет - Қазақстан Республикасын сәттi құрып, ежелгі де

қасиетті жерде тәуелсiздiкті, елдің мәңгілігін ғасырлар бойы арман еткен

ұрпаққа ғайыптан қайтарып, «Мәңгі ел» идеясын ең жоғары сапалық деңгейге

көтерді. Қазақстанда қазіргі заманға сай барлық демократиялық, зайырлы

және динамикалық мемлекеттің ерекшеліктері бар тәуелсіз және егеменді

Page 25: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

25

мемлекет құрылды. Қазақстан бар болғаны 17 миллион халқы бола тұрып,

аумағы жағынан әлем бойынша 9-орынды иеленіп, ЖІӨ-нің жылдық орташа

мөлшері 5-8 % құрайтын әлемнің жылдам дамушы экономикасының жетекші

бестігіне зор жеңіспен еніп, көзді ашып жұмғанша экономикасы жағынан

күшті мемлекетке айналды.

Қазақстан белсенді еуразиялық сыртқы саясаттың арқасында барлық

ғаламға бірлік, жайдарлылық, татулық, ашықтық, қауіпсіздік және төзімділік

танытатын жетекші эпицентрге айналды.

Қазақтардың және барлық қазақстандықтардың білімге, ғылымға деген

ұмтылысынан және олардың білімді оңай игеретіндігінен хабардар, мемлекет

басшысы, 1993 жылы өзінің «Болашақ» бағдарламасын ұсынып, шын мәнінде

ғылым-білім төңкерісін жасады.

Ел Президенті қазақ халқының ұлт жасаушы айналасына біріккен

әртүрлі ұлыстардың өкілдері арасындағы бірлік пен татулықты сақтай алды.

Қазақстанда әр түрлi конфессиялардың арасында мықты диалогтың қатар

өмiр сүруiне негiз қаланған. Біздің барлық ұлтқа бірдей Көшбасымыз

еуразиялық континетте алғашқылардың бірі болып жасампаз және әрдайым

талап етілетін идеяны – «Мәңгілік ел» идеясымен үндес еуразиялық идеяны,

тәжірбиеде оны алдында басты мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеріп, одан

кейін мемлекетаралық қатынастар дәрежесіне дейін көтеріп, іске асырды.

Осы идеяны іске асыру үшін өз тәуелсіздігін алған біздің мемлекетімізге

бұл тарихи мүмкіндік. Бұл тәуелсiз Қазақстанның орасан зор және әлi де өз

мәнiнде толық пайдаланылмаған әлеуеті бар, көршімен тату болуға ұмтылатын,

ынтымақшыл мемлекет екені дүниежүзiлiк қоғамдастыққа танымалдылығын бiлдiредi. «Мәңгі Ел» идеясы – ол біздің ұлттық белгімізді білдіреді.

Қорыта келгенде, адамдардың рухани танымын оятатын ана тілімен

қатар, дәстүрдің қайта өркендеуі, жан-жақты зерттеулер жолымен халықтың

тарихын толық қалпына келтiру, тарихи сана-сезімді қалыптастыру –

барлығы Тәуелсiздiктiң рухани тұғырын құрайды.

Әдебиеттер тізімі

1. 100 шагов по реализации пяти институциональных реформ Главы

государства - Деловой портал. Капитал. кз

2. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»

// Казахстанская правда, 2014, 18 января.

3. А. Куркчи, С. Примбетов. Великий Тюркский Эль. // Казахстанская

правда, 1997, 28 февраля.

4. Из истории казахов: Алматы: ТОО «Жалын» баспасы», 1999. - с. 528.

5. Т. Омарбеков. Шедший много веков к понятию «Мәңгі ел»

многострадальный казахский народ достоин им стать // Zakon.kz, 2014, 21 февраля.

6. З. Кабульдинов. Великой степи достояние. Международный научно-

популярный исторический журнал «Мәңгілік Ел» № 1(3) 02.2014. - с. 32-34.

Page 26: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

26

Д.Г. Шорманбаева,

Қарағанды мемлекеттік техникалық

университетінің гуманитарлық

пәндер кафедрасының PhD

докторы, аға оқытушысы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГЕМЕНДІК АЛУ БАСТАУЫНДА

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихы ол қоғам

өмірінің динамикалық жаңару уақыты. Бұл кезең жаңа экономикалық, саяси

және құқықтық жүйелерді қалыптастыруда, әлемдегі дамыған елдердің

тәжірбиесін және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып нарықтық

қатынастарды және демократиялық институттарды құрудағы қызу жұмыстар

кезеңі болды. Бұл жылдарда қазақстандықтар ең бастысы – халықтар

арасындағы бірлікті және ынтымақтастықты жоғалтпай, демократиялық

басымдылықтарға негізделген жоғарғы экономикалық және әлеуметтік

ілгерілеуге қол жеткізді [1].

Тәуелсіздік жолына түсе отырып, Қазақстан халқы елдің болашағын

өзінің тұңғыш Президентіне сеніп тапсырды. Қазақстандықтар әрқашанда

Нұрсұлтан Әібшұлы Назарбаевтың жасампаз талантына сенім білдіретін.

Уақыт бүкілхалықтық таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.

Жүріп өткен жолдарды еске ала отырып, Нұрсұлтан Әібшұлы былай

дейді: «Әрең дегенде уайыммен, ескі өмірлік құндылықтармен Қазақстан

мемлекеттік меншіктен жеке меншікке, әкімшіл-әміршіл экономикадан –

ойластырылған және оңтайлы жоспарлауға және менеджментке, нарыққа

өтті». Өткен жылдарға қарай отырып, біздің әрқайсымыз елдің жүріп өткен

жолын зерделейміз. Бұл уақыт оңай болған жоқ, дегенмен, Қазақстан

Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуының сәтті қадамдары біздің

Президентіміздің ауқымды ойларына сай келді [2].

Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізу КСРО-ның 80-жылдардың

екінші жартысындағы экономикалық және саяси реформалардың құлауына

әкеп соқты. XX ғасырдың соңында әлемнің саяси картасынан халық үшін

шынайы драмаға айналған ірі империя – Кеңес Одағы жойылды.

70-ші жж. ортасында экономикадағы дағдарыс белгілері көрініс бере

бастады: ғылыми-техникалық іргерілеу дамуының бәсеңдеуі; өндірістің

жетекші салаларындағы құрал-жабдықтардың сапалық тозуы;

инфрақұрылымдық салалардың негізгі өндірістен артта қалуы; жолы қиын

аудандарға табиғи ресурстарды өндіруді ауыстыруы, кәсіпорында өндірілетін

шикізаттың қымбаттауы, материалдық ресурстардың жетіспешулігі сияқты

Page 27: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

27

ресурстық дағдарыс көрініс берді. Мұның барлығы еліміздің халық

шаруашылығының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсер етті.

Көптеген шешілмеген қайшылықтарға толы кеңес жүйесі әлемдік

экономиканың даму сипаты мен тенденцияларындағы жаһандық

өзгерістерге объективті түрде дайын болған жоқ, 80-ші жылдардың басы

мен 90-шы жылдардың соңында елімізде тараған және КСРО-ның

құлауына әкеп соққан экономикалық дағдарыс ел басшылығы жүргізіп

отырған көпжылдық тиімсіз экономикалық саясатпен байланысты болды.

Бұл мемлекеттің экономикалық тозуына, өндірістің социалистік тәсілінің

және барлық әлемдік социалистік жүйе беделінің түсуіне әкеп соқты [3].

Сонымен, елімізде экономикалық дағдарыспен қатар идеологиялық

және саяси дағдарыстар туындағандықтан, экономикада ғана емес, сондай-ақ,

еліміздің қоғамдық-саяси құрылғыларында түбегейлі, революциялық

өзгерістердің объктивті қажеттілігі туындады.

Сол кезеңдегі басшылық қоғамның саяси шыңын қайта құруға,

кадрлық революция жасауға әрекет жасады, яғни, ешқандай құрылымдық

өзгерістерсіз бюрократиялық жүйеге тиімділік келтіргісі келді. Алайда,

мұның барлығы елді дағдарыстан шығара алмады.

1985 ж. СОКП ОК-ға М.С.Горбачевты бас хатшы етіп тағайындағанда

КСРО-да қайта құру кезеңі басталады. Елде тоталитарлық саяси құрылыстың

және әміршіл-әкімшіл экономиканың негізін қайта қарау процесі басталды. Ол

дегеніміз: қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жылдамдатудың тиімді

механизмін жасау; демократияның жан-жақты дамуы, құндылықтар мен жеке

тұлғаны құрметтеудің тәртібін нығайту; бұйрық беру мен әкімгершіліктен бас

тарту, жаңашылдықты марапаттау; ғылымға бет бұру, ғылыми-техникалық

жетістіктерді экономикамен және тағы басқалармен біріктіру.

Жалпы, қайта құру, ең алдымен, елдегі тоқырауды тоқтату үшін жүзеге

асырылды. Алайда, төменгі тиімділік және өндіріс стимулдарының болмауы

сияқты құбылыстар көрініс бере бастады. Осының бәрі елдің қалыпты даму

қабілетін тежеді. Осыған байланысты елде «қайта құрудың» пайдалылығына

және еліміздің партия-мемлекеттік басшылықтың оқиғалар ағымын өзгертуге

қабілеттері жететіндіктеріне күмән келтірді: ол процесті жақсартуға белсенді

әсер етуге қабілетті болмай шықты, яғни, М.С.Горбачевтың елді

реформалаудың нақты және жүйелік жоспары болған жоқ, көптеген

әрекеттердің (ішімдікке қарсы компания, ақша айырбастау, жылдамдату және

т.б.) салдары қиын болып шықты [2].

Жүйесіз ішкі саясат, ең алдымен, бей-берекет экономикалық

реформалар қоғамның барлық салаларындағы дағдарыстың шиеленісуне

және өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне алып келді. Қайта құру,

үкіметтің мемлекеттік құрылымдарының, оның басшыларының өмір

қойған негізгі шешімдерді тиімді шешуге дайын еместіктерін айқындады.

Дамытпалы экономикалық дағдарыс еліміздегі саяси жағдайдың

нашарлауына себеп болды. Орталық үкіметтің экономикалық жағдайды

Page 28: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

28

жақсартуға қабілетсіздігін белгілей отырып, одақтас республикалардың,

аймақтар мен аудандардың басшылығы аймақтардың өз орындарында

экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге құқылы екендіктерін көрді.

Көптеген республикаларда ұлтаралық қатынастар бірден шиеленісе

түсті. Алайда, біздің Елбасымыздың дұрыс саясатының және оның

көрегендігінің, сондай-ақ, біздің қоғамдағы өзара достық қарым-

қатынастың арқасында кеңес үкіметі кезінде қалыптасып үлгерген

Қазақстанда мұндай жағдай болған жоқ.

Біздің Президентіміз атап өткендей: «Жетекшінің беделін оның

халқы мен елі көтереді. Желтоқсан оқиғасынан кейінгі ерекеше сынақ

кезінде біздің халық өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете білді. Республика

тұрғындары ынтыматастық пен достықтың рухын сақтай білді ...».

Н.А.Назарбаевтың өзі сол уақытты аса ынтамен еске алмайды, бірақ, оны

ұмытпайды. 17.06.15ж. «Казахстанская правда» газетіне берген

«Бесславный конец смутной поры» атты сұхбатында Назарбаев: «Кеңес

Одағының құлауын қайта құруды сәтсіз жүргіздің, Горбачевтың

жетекшілік әдістерінің әлсіздігі, славян республикаларының жікшілдігі,

Батыстың және басқа да көптеген себептердің әсері деп қарауға болмайды»

деп айтқан болатын. Кеңес Одағының құлауы – жалпы алғанда империя

табиғатынан туындаған заңды нәтиже. Әрине, әртүрлі жағдайлар қолайлы

тоғысқанда Кеңес Одағының тіршілік етуін сол мемлекеттік формада

ұзартуға болатын да еді. Мүмкін, бұған мен де өз үлесімді қосар едім.

Алайда, тарих дамуының өз заңдылықтары бар. Сондықтан, сол

мемлекеттің құлауы кезінде маған ұсынылған қызметтерде жұмыс

атқармағаным тағдырдың сыйы деп білемін. Менің барлық білімім мен

іскерлігім ең қиын, ең ауыр тарихи кезеңде Қазақстанның мемлекеттік

мүдделеріне бағытталды» [2].

Н. Назарбаев және басқа республикалардың бірқатар көшбасылары

КСРО-ның конфедерацияға айналғанын бір ауыздан қолдады. Кеңестік

Одақ бұрынғыдай қала алмайтын болды. Ол бір орталықтан басқаруға

келмейтін ірі держава болатын. Біздің Елбасы қырағылықпен

«жаңартылған Одақ енді федерация түрінде қала алмайтындығын»

ескертті. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «өтіп

кеткен уақытты аңсауды қою керектігін» баса айтты. Тіпті қатты батыра

айтты: «Ешкімде қиялға берілмеуі керек. Қазақстан ешқашан ешбір

аймақтың «жүгенінде» және ешқашан ешкімнің «інісі» болмайды». Ал,

Горбачев Украина тәуелсіздігін жариялағаннан кейінде бұрынғы Одақты

реформалау туралы, орталықтар мен республикалар арасында жаңа қарым-

қатынасты орнату жайлы айтуды жалғастырды. Кеңес Одағы тек

конфедерация түрінде ғана сақталуы мүмкін еді».

М.С. Горбачевтың конфедерация туралы ойы қолдаусыз қалды,

нәтижесінде федерация жоқ болды. Елдің бірлігін сақтай алмады.

Page 29: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

29

КСРО-ны сақтап қалу мүмкін еместігі белгілі болғанда, Н. Назарбаев

жаңа конференцияның өткізілуін және жаңа келісімге қол қойылуын талап

етті, ол 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда жүзеге асты. Тәуелсіз

Мемлекеттер Достастығының құрылуы және Социалистік Республикалар

Кеңес Одағының тоқтатылуы туралы декларацияға Одақтың бұрынғы 11

республикасының көшбасылары қол қойды. Бұл құжатта 1991 жылдың 1-

ші желтоқсанында Қазақстан президенті лауазымына, кейін бүкілхалықтық

сайлаумен сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың да қолы болды [4].

Тек 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан КСРО

республикаларының ішінде соңғы болып өзінің тәуелсіздігін жариялады,

бұл дегеніміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының жүйелілігін

білдіреді.

Жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің егемендік алуы Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен

және ісімен тығыз байланысты. Ерікті Қазақстанның барлық жетістіктері

нық, арине, мұның бәрі өзінің терең стратегиясын жүзеге асырып,

таңдалған жолдың нақтылығын сақтай алған біздің Елбасымыздың

тұлғасымен байланысты.

Тарих тұрғысынан қарасақ Қазақстанның тәуелсіздік жолдары – ол

бар болғаны қас қағым сәт. Дегенмен, тәуелсіздік тарихының бұл кезеңі

Қазақстан елін, қоғамын және халқын түпкілікті өзгерткен түбегейлі

реформалардан, әлеуметтік өзгерістерден тұрды. Қазақстан

Республикасының тәуелсіздік жолы заманалық тарихи оқиға болып

белгіленді. Олардың қатарына қоғамдық жүйелердің ауысуы, жаңа

мемлекеттің, басқару формаларының туындауы, жаңа әлеуметтік

құрылымның, әлеуметтік стратификацияның және құрылымдық

экономикалық реформалардың қалыптасуы жатады.

Әлемдік масштабтағы мемлекеттік қайраткер, бүгінгі реформатор және

әйгілі стратег Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен Қазақстанның жаңа тарихы

тығыз байланысты. Біздің тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған Президент

Назарбаев заң бойынша қазақстандық – феноменді сәтті даму жолының

Авторы болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1. Конституция РК (с изменениями и дополнениями от 21 мая 2007

г.). - Алматы: Жеті Жарғы, 2007. - 136 с.

2. Назарбаев Н.А. Бесславный конец смутной поры// Казахстанская

правда, 2015г.,17 июня.

3. Бурханов К.Н. У истоков независимости: Н.А.Назарбаев и СССР //

журнал «Мирас» МППРК, 2007 г.

4. Декларация о государственном суверенитете Казахской ССР.

Современная история Казахстана: Хрестоматия / Под ред. Б. Аягана. –

Алматы: Раритет, 2010. - 560 с.

Page 30: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

30

К.Ш. Джалилов,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының доценті, к.ғ.к.

e-mail: [email protected]

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫ.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір

сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті

қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми

және тәжірибелі мәселе. Ұлттық қауіпсіздік саяси ғылым деңгейі ретінде,

тарихи қалыптасқан нақты жағдайдағы ұлттық қызығушылықтарды іске

асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттар мен олардың әрекетін,

қоғамдық түсінік пен қарым-қатынастарды қарастыратын толық жүйе

ретінде сипатталатын қауіпсіздіктің ұлтпен байланысын көрсетеді.

М.У. Спанов мен Г.К. Ахметжанованың пікірі бойынша, қауіпсіздік

«ішкі және сыртқы қауіптен қорғану жағдайы» деп түсіндіріледі [1, 32 б.].

Бұл, ғылыми әдебиеттердегі қауіпсіздік анықтамасының көптігімен

сипатталатын орталық жағдай болып келеді.

Ұлттық қауіпсіздікте қауіпсіздіктің үш деңгейі ерекшеленеді: жеке

тұлға, қоғам және мемлекет. Олардың орны мен ролі қоғамдық қатынас

сипатымен, саяси құрылғылармен, ішкі және сыртқы қауіптер сипатымен

анықталады. Ұлт үшін қысылшаң кезеңдерде қоғам қауіпсіздігі немесе

мемлекет қауіпсіздігі іске қосылады.

Ұлттық қауіпсіздік түсінігінде саяси, экономикалық, әскери,

экологиялық, ақпараттық қауіпсіздік пен ұлттың мәдени даму қауіпсіздігі

қарастырылады. Осының барлығы 1999-2005 жылдары кезеңіндегі

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік Стратегиясында көрсетілген. Бұл құжатта

мүмкін болатын қауіптер талданып, олардың алдын алу жолдары алты

маңызды салаларда – сыртқы, әскери, экономикалық, әлеуметтік-саяси,

экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қарастырылған.

Жалпы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сұрақтарға мұндай

кешенді талдау мемлекет ұйымдарына осы салада жүйелік және дәйекті

сипаттама берді. Бүгінгі күнде қойылған басымдықтардың дұрыстығы

туралы нық сеніммен айтуға болады.

Бірақ, халықаралық жағдай мен геополитикалық орта динамикалық

түрде өзгеруде және әрдайым жақсы жаққа емес. Солтүстік Африкадан

Page 31: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

31

және Шығыстан Солтүстік-Шығыс Азияға дейін тұрақсыздық кеңінен

жайылды.

Күш теңгерімі әлемдік деңгейде, сонымен қатар жер шарының басқа

да аймақтарында күшті өзгерістерді бастан кешіруде. Сәйкесінше, БҰҰ,

ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және т.б. сияқты аймақтық

қауіпсіздік механизімінің ролі артуда. Орталық Азияда ұлттық

қауіпсіздіктің жаңа қауіптері пайда болды.

Бұл жағдайда, Қазақстанның сыртқы саясаты, ішкі саясат тәрізді

басым болу керек.

Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп

конфессионалды қоғамның табысының негізі болып келеді.

«Берілген бағыттағы біздің басты мақсатымыз айқын және түсінікті: біз

қоғамдық келісімділікті сақтап, оны бекітуіміз керек. Бұл – біздің ұлт ретінде,

қоғам ретінде, мемлекет ретіндегі тіршілігіміз үшін бұлжымас шарт.

Қазақстандық патриотизм негізі – бұл барлық азаматтардың теңдігі

және олардың Отан ар-ожданы үшін жауапкершіліктері.

Болашаққа деген сенімсіздікпен толыққанды мемлекет құру мүмкін

емес. Мемлекет мақсаты мен азаматтың басты мақсаттары барлық негізгі

бағыттар бойынша біртұтас болу өмірлік маңызды болып келеді. Осы

мемлекеттің басты міндеті болып саналады» [2].

Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстандық Патриотизм –

бұл, этникалық айырмашылыққа қарамастан, барлық қоғамды біріктіру»

деп атап өтті.

Біз - көп ұлтты халықпыз. Ұлтаралық қарым-қатынастарда ешқандай

екілік стандарттар болмауы керек.

Қазақстан – бірегей мемлекет. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени

элементтер бір-бірін сіңіріп, толықтырып, бірігіп кеткен.

Қазақстан Республикасының мемлекет Басшысының Жолдауында

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ұлттық

зиялылардың ролі аталып өтті.

Зиялылар құрылған мемлекет деңгейінде жалпы ұлттық

құндылықтарды бекітуде басты күш болулары керек.

Зиялылар Қазақстан – 2050 жаңа саяси бағыты негізінде мемлекеттің

болашағының дүниетанымдығы мен ментальдылығын жобалауда негізгі

роль атқара алады және атқару керек.

Барлық қазақстандық бірлестік біздің халықтың тарихи санасының

негізі болуы керек.

Бүгінгі кез келген этникалық немесе діни сенімдегі қазақстандық –

бұл өз елінің тең құқылы азаматы болып саналады.

Біз бірлік құндылығы мен келісімділікті қоғам негізі қылдық, біздің

ерекше қазақстандық толеранттылығының негізі еттік.

Біздің мемлекеттің зайырлы сипаттамасы – бұл Қазақстанның

табысты дамуындағы басты шарт болып келеді.

Page 32: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

32

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы барлық Қазақстан халқы үшін

рухани шақырту болды.

Халықаралық және ішкі саясаттың шарттарының өзгеруін ескере

отырып, Қазақстан Республикасының тарихи дамуындағы қағидалы

айқындама мен қисынды жалғасы Президенттің 18.01.2014 жылғы

Жолдауы болды. Бұл жолдау есеп бойынша 18-ші жолдау болды және оны

халық тағатсыздана күтті.

2012 жылдың желтоқсан айында жарияланған Стратегиядан

«Қазақстан-2050» кейін, оны іске асыру үшін бірқатар жұмыстар іске

апсырылды, жоғарғы старт қойылды және келешектегі шамшылдық

мақсаттарды іске асыру үшін қандай қадамдар жасалатындығы туралы

қазақстандықтарға жарияланды. Мемлекет басшысының ауызынан

мемлекет жетістіктері мен қоғам алдына қойылған жаңа міндеттер туралы

есту маңызды болды. Ал, 2050 жылға дейін республиканың даму

Стратегиясындағы басты мақсат Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттер

қатарына қосылу болғандықтан, Президенттің сөз сөйлеуіндегі осы

жалпыға маңызды міндетті іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарын

айқындағаны таңқалдырмады.

Көптеген жоспарлар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның –

ауқымды түрде алға ілгерілеуінің «мүмкіндік терезесі» болады деп

мемлекет Басшысы атап өтті. Осы уақыт аралығында біз үшін сыртқы орта

оңтайлы болып келеді, яғни, ресурстардың, қуат көзінің және саудадағы

сұранымы артады, Үшінші индустриалды революция жетіледі. Біз осы

уақытты тиімді қолдануымыз керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында жұмыстың жеті

басымдылық бағытын ерекше атап өтті. Бұл – инновациялы

индустриализация трендын жөндеу және арттыру, агроөндірістік кешенді

инновациялы рельске ауыстыру, ғылымға сыйымды экономика құру,

агломерацияның қарқынды дамуы, көлік пен энергетика саласын өзіндік

«үштік инфрақұрылым» жасау, орта және кіші бизнесті дамыту,

қазақстандықтардың әлеуеттігін ашу үшін жаңа мүмкіндіктер ашу,

сонымен қатар мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Осы берілген

бағыттар бойынша, қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жеке-

жеке белгілі міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді. Сонымен

қатар, Президент алға қойылған бастамаларға барлық халықтың

қолдауының маңыздылығын, мемлекет пен халықтың дамуы мен

гүлденуіне байланысты болатын барлық бастамаларға республиканың

барлық азаматарының атсалысуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қазақстандарға Жолдауында Президент біздің біріккен халық

екендігімізді еске салып, «Мәңгілік ел» атты жаңа патриоттық актіні

қабылдауды ұсынды, бұл актіде халықтың ата – бабаларының арманын

Page 33: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

33

іске асыру және бірігіп абзал және ұлы тәуелсіз Қазақстан құру ынтасына

негізделген жалпы ұлттық ой тұжырымдалған [2].

«Егеменді дамудағы 22 жыл ішінде басты құндылықтар жасалды,

олар барлық қазақстандықтарды біріктіріп, біздің болашақ еліміздің негізін

құрайды. Олар ойдан шығарылған қағидалар емес. Бұл құндылықтар –

уақыт сынынан өткен Қазақстан жолының тәжірибесіә деп жариялады

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Елбасымыз, осы құндылықтар ішінде – Қазақстан тәуелсіздігі және

оның астанасы Астана қаласы, ұлттық бірлестік, бейбітшілік пен

ынтымақтастық, зиялы қоғам мен жоғары руханилылық, инновация мен

индустриализация негізінде экономикалық даму, тарихи тұтастық,

мәдениет пен тіл тұтастығы, ұлттық қауіпсіздік пен біздің елдің аймақтық

және жалпы әлемдік мәселелерді шешуге жаһанды қатысуын ерекшелеп

өтті. Дәл осы мемлекет түзуші, жалпы ұлттық құндылықтар Жаңа

Қазақстандық патриотизмнің бірегейлі негізі болып саналады.

Сөз соңында, Елбасы, барлық ұлы мақсаттар ел игілігі үшін

қойылады деді және барлық қазақстандық қоғамдарды, оның ішінде ел

жастарын өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамауға, Стратегия-2050

басты мақсатына жету бойынша атқарылатын жұмыстарға белсенді

қатысуға шақырды.

Қазақстанда, елдің көп түрлі этностық мәдениетін қоғамдық

дамудың позитивті факторына айналдыруға барлық алғышарттары бар,

себебі барлық қлт өкілдері өздерін Қазақстан халқының – жаңа мәдени

қоғамының бастамасы екендіктерін сезінеді. Тәуелсіз Қазақстанда бүгінгі

таңда этносаяси, этномәдени процестер өзекті болып келеді. Олар жан-

жақты саяси талдауды қажет етеді. Қазақстан – әлеуметтік

дифференцияланған саяси этникалық одақ, бұл жерде субъектілер үшін

түрлі қызығушылықтар мен түрлі мәдени деңгейліктері мен саяси

белсенділігі сипатталады. Саяси және мемлекеттік құрылғының

Қазақстандық моделі демократиялық дамудың жалпы қабылданған

заңдылықтарымен үйлеседі.

Тәуелсіз ел болғалы осы 22 жыл ішінде мемлекетте қоғамдық

қалыптылықты қамтамасыз етудегі өзіндік моделі, ұлтаралық келісім,

қазақстандық теңдік пен жалпы қазақстандық патриотизм – Қазақстан

халқының Ассамблеясы қалыптасты.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХХ сессиясында ҚР

Президентә Н.Ә. Назарбаев «Біз ашық демократиялық, гүлденуші қоғам және

құқықтық мемлекет құрудамыз, онда дамыған демократия жетістіктері мен

біздің көп ұлтты қоғамымыздың үздік салттары үйлеседі» деп атап өтті [2].

ҚР Статистика жөніндегі агенттік ақпараттары бойынша бүгінгі күнде

республикада 120 этнос пен этникалық топтар өмір сүруде. Жалпы республика

халқының басым бөлігі қазақтар – 58,6 % және орыстар – 26,1 %. Басқа этностар

мен этникалық топтар республика халқының 15,3 % құрайды.

Page 34: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

34

Халықтың саяси этникалық құрамы әлемнің жаңа заманғы

мемлекеттеріне сәйкес. Дәл осы жағдай мемлекет үшін, сонымен қатар

жалпы қоғам үшін этника аралық қалыптылықты қамтамасыз етуді

қарастырады. Этника аралық қалыптылықты айта отырып, ұлтаралық

қарым-қатынас мәдениетін қалыптандыруды біз ұлттық қауіпсіздіктің

жалпы концепциясын құрастырушы ретінде қарастыруымыз керек.

Қазақстан саяси этностық одақ болып саналады, мұнда түрлі этно

мәдениеттің мүшелері өмір сүреді.

Ұлтаралық қарым-қатынастың сипатына ықпал ететін факторлар

саяси және әлеуметтік шарттар, сонымен қатар, әртүрлі мәдениеттермен

қарым-қатынасын негіздейтін тұлғалық бағыттар болып саналады.

Қазақстан ұлтаралық қарым-қатынастардың моделі ретінде БҰҰ, ЕҚЫҰ

және басқа да бірнеше қатар беделді халықаралық ұйымдардың жоғары

бағасына ие болуы кездейсоқ емес.

Бүгінгі таңда бірде бір мемлекетте ұлттық саяси құралының осындай

беделді және өкілді саясаты жоқ.

Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің барлық халқының қызығушылығын

ескере отырып, Ассемблея депутаттары Қазақстандағы этника аралық

бейбітшілік пен ынтымақтастықтың берік болуында маңызды роль атқаруда.

Осы бірлікті арттыру мақсатындағы қазақстандық институт ары қарай дамуда.

Ассамблеямен сайланған депутаттар аса маңызды жауапкершілікті сезінуде,

әрдайым Ассамблеямен және оның жергілікті ұйымдарымен байланыста.

Ұлттық саясаттың базалық элементтерінің бірі басқа этностарға арналған

қолайлы жағдайларды біруақытта жасау барысындағы қазақ мәдени

ядросының мақсатты дамуы болып табылады.

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы негізінде аймақтық, этностық,

ұлттық саясатты іске асырудың тиімді механизмі құрылған деп нық сеніммен

айтуға болады. Берілген ұйым ұлтаралық қарым-қатынастағы үйлесімділіктің

орталық буыны болып келеді және саяси қалыптылық және бейбітшілік пен

ынтымақтастықты сақтауда маңызды роль атқарады.

2015 жылдың 15-ші сәуіріндегі ҚХА ХХII сессиясы «Мәңгілік ЕЛ:

бір ел-бір тағдыр» атты ұранмен өткізілді. ҚР Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев өзінің сөзінде «Барлық менің бастамаларым: «2030 және 2050»

стратегиялары, ол біздің Отанымыздың тұрақты дамуына бірнеше жылға

ілгері есептелген жобалар. Оларды тек бүкілхалықтық механизм іске қоса

алады, ол болашағы бір Ұлт бола алады» [4].

Осыған байланысты ҚХА-ға бірнеше міндеттер қойылды:

1. Болашағы бір ұлттың жалпықазақстандық кілті жалпы-

қазақстандық мәдениет болып табылады.

2. Қазақстандық ұлттық рухтың басты қайнар көзі – ол жалпы

рухани-өнегелі құндылықтар негізіндегі халық бірлігі.

3. Біз өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне баса назар

аударуымыз қажет.

Page 35: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

35

4. Бірегей мемлекеттік тіл туралы жүйелілік қамқорлық үштілділікті енгізу.

5. ҚХА халықтық, саяси өкілдіктің ерекше механизмі ретінде

транспарентті мемлекеттегі қоғамдық бақылаудың жүйесінде маңызды рөл

атқаруы қажет.

6. ҚХА-ның алдында этносаралық қатынастар аясының

саясаттандырылуын болдырмау міндеті тұр.

7. ҚХА Еуразиялық экономикалық одақ бойынша біздің

серіктестерімізбен мәдени-гуманитарлық өзарақатынасты тереңдетуге

жүйелі жұмыс жасауы қажет.

Ұлтаралық қатынастың мәдениетін арттырудағы маңызды

құрылымдық рольді Қазақстанның әр аймақтары бойынша әрекет ететін

ұлттық-мәдени бірлестіктер атқарады.

Қарағанды облысы біздің еліміздің саяси этникалық аудандарының

бірі болып саналады. Бұл жерде 115 этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстың

74 этностық мәдени бірлестіктің жетекшілері өз одақтарында басты

мемлекеттік ұлттық саяси жол сілтегіштері болып келеді.

Этномәдени бірлестіктің жұмысы ұлттық тілді дамытуға, мәдениетті

және ұлттық салттарды дамытуға және ұлтаралық бейбітшілік пен

ынтымақтастықты сақтау. Этномәдени ұйымдар барлық қоғамдық-саяси

іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Ұйымның барлық жұмыстары және

облыстың этномәдени бірлестіктерінің консолидациясының әрекеттері

Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының хатшылығымен жүйелі түрде

басқарылып отырады [3].

2015 жылдың қаңтар айында облыстық әкімшілікте Қарағанды

облысы бойынша Қазақстан халқының кіші Ассамблеясының ХV сессиясы

өтті. Сессияға Ассамблея мүшелерін қоспағанда, барлық мемлекеттік

ұйымдардың жетекшілері, қала және аудан әкімдері және БАҚ қатысты.

Сессияны қорыта келе, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қазақстан

халқының бірлігін ортақтастыратын фактор болып табылатын қазақстан

халқының консолидациясын, этносаралық бейбітшілік мәдениетін

қалыптандыру бойынша облыс халқы арасында күнделікті жұмыс жүргізу

қажеттілігін айтып кетті.

Әдебиеттер тізімі

1. Спанов М.У., Ахметжанова Г.К. Вызовы социальной безопасности

Казахстана // Саясат. 1999. №6 (49) С. 32.

2. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

3. Под общим шаныраком. – Караганда: Экожан, 2010. – 270 с.

4. ХХII сессия Ассамблеи Народа Казахстана. 15 апреля 2015 г.,

Астана 2015.

Page 36: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

36

А.К. Жарылқасынова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Кәсіпорын менеджменті

кафедрасының аға оқытушысы

е-mail: а[email protected]

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН

ӘЗІРЛЕУ. ДСҰ ЕНУ – ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАҒА БІРІГУ

Әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық

өзара тәуелділік тұрақты ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. 2030

Стратегиясының әзірлемелерін ескере келе, 2050 жылға дейін ұлттың жаңа

саяси бағытын құру керек. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – біздің

еліміздің жаңа даму кезеңіндегі алғашқы ұзақ мерзімді 2030

Стратегиясының жалғасы. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір

сүру сапасын арттыру, мемлекеттік аппаратты кәсіптендіру, ұлттық

экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономканы

диверсификациялау бойынша міндеттер маңызды болып қалады және

жаһандық тұрақсыздық пен табиғи-ресурстық әлеуетті сарқу

жағдайларында өз шешімдері үшін жаңа тәсілдер іздеуді талап етеді.

Осының бәрі жаңа стратегиялық құжат – «Қазақстан – 2050»-ді әзірлеуге

себеп болды. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең

дамыған мемлекеттерінің қатарына ену.

2050 жыл – бұл жай ғана символдық күн емес. БҰҰ-да 2050 жылға

дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға

дейінгі болжамдық баяндаманы Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы

жариялады. Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді

стратегияларды әзірлеп және қабылдап келеді.

Қазақстан мақсатты және шабытпен, біздің бірінші орындағы

мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек:

- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

- Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу.

- Жеке кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-

жақты қолдау.

- Жаңа әлеуметтік модель қалыптастыру.

- Білім беру және денсаулық сақтауда қазіргі заманғы және тиімді

жүйелер құру.

- Мемлекеттік аппарат жауапкершілігін, тиімділігін және

функционалдығын арттыру.

Page 37: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

37

- Жаңа күрестерге барабар халықаралық және қорғаныс саясатын

орнату [1].

Жаңа бағыттың экономикалық саясатының мәні – жалпы қамтитын

экономикалық прагматизм. Бұл дегеніміз:

Бірінші. Экономикалық мақсаттылық пен ұзақ мерзімді мүдделер

тұрғысынан экономикалық және басқару шешімдерінің барлығын дерлік

қабылдау.

Екінші. Жаңа нарық текшелерін анықтау, мұнда Қазақстан тең

құқылы бизнес-серіктес ретінде қатыса алады. Экономикалық өрлеудің

жаңа нүктелерін жасау.

Үшінші. Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы

инвестициялық климат жасау. Инвестицияларлдың пайдалылығы мен

қайтарымы.

Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және

мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік

ынталандыру [1].

2050 жылға дейін мына мәселелердің кезең-кезеңмен шешілуін

қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады:

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңғырту;

- бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану – тек өз

мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал

минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске деген қатынас

жеке меншік қаражат бөлу сияқты ұқыпты әрі ойластырылған болу керек.

Басқаша айтқанда, бюджеттен бірде бір теңге босқа жұмсалмауы керек.

Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы

диверсификацияялау мен инфрақұрылымды дамыту сияқты жемісті жалпы

ұлттық жобаларға тоғысады.

- өндіріс пен жаңа технологиялар саласында қолданылатын салық

салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық

басқаруды ырықтандыру мен кедендік басқаруды жүйелендіру саясатын

жалғастыру керек; салықтық есеп беруді жеңілдетіп, минимумдау керек.

Жақын бес жылда онлайн электрондық есеп беру режиміне көшу керек.

2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет –

кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.

Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және

сыртқы нарыққа отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтар

деңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек.

Әлемдік экономикадағы қолайсыз жағдайды ескере отырып,

Қазақстанның әрбір тұрғынының табысын қорғауды және экономикалық

өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін сақтауды қамтамасыз ету керек. Бұл

жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік

қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан банктері өз кезегінде өзінің белгіленген ісін

атқаруы және кредиттік ресурстарда экономиканың нақты секторының

Page 38: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

38

талаптарын қамтамасыз етуі тиіс. Осыған орай қаржы жүйесін бақылауды

босаңдатуға болмайды, банктерді проблемалы кредиттерден босату керек

және қорландыру мәселелерімен толық айналысу қажет.

Келесі міндет – инфрақұрылымды дамыту арқылы экономикалық өсу

мүмкіндіктерін кеңейту. Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту керек:

ұлттық экономиканы жаһандық ортаға шоғырландыру, сонымен қатар ел

ішіндегі аймақтарға жылжу. Қазақстан шекарасынан тыс өндірістік

көліктік-логистикалық нысандар құру үшін ел шегінен шығарда, пайданы

мұқият есептеп, ой жинақтау, біздің транзиттік әлеуетімізді дамыту

маңызды болып табылады. Бүгінгі күні бірқатар ірі жалпы ұлттық

инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып келеді, олардың нәтижесі

ретінде 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдау

екі есе ұлғаяды. 2050 жылға қарай транзиттік тасымалдаулар 10 есе

артады. Қойылған мақсаттар басты міндет – біздің экспортымыздың тек

қазақстандық өнім мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын

әлемдік нарыққа ғана өткізу міндетіне бағынышты болады.

Инфрақұрылымды құру рентабельділік заңына бағынуы тиіс. Оны жаңа

бизнестерді дамыту және жұмыс орындарын құру жолына қою керек.

Қазақстан экономикасын дамытудың одан арғы міндеті – оны тиімді

басқару. Еліміз бір тұтас корпорация ретінде жұмыс істейді, ал мемлекет

оның негізі болады. Корпоративтік ойлаудың күші барлық процестердің

бір тұтас ретінде қарастырылатындығында жатыр. Барлық деңгейдегі

мемлекеттік басқарушылар осындай бизнесті – ойлауды үйренеді.

Тиімділіктің басты критерийі – мемлекет қаражаттан түсетін қайтарым

деңгейі. Еліміздің өндірістік әлеуетін неғұрлым жылдам арттыра алатын

болсақ, Қазақстан соғұрлым жылдамырақ халықаралық нарықтың шылауы

емес, толыққанды өкіліне айналады. Мемлекет ақпараттық технологиялар

саласында транзиттік әлеуетті дамытуға түрткі болуы тиіс. Біздің

технологиялар сұранысқа ие болып, нарықты қажет болған жағдайда ғана

еліміз нақты пайда көреді. Олай болмаған жағдайда инновация – бұл бос

ақша жұмсау болып қалады.

Келесі міндет – экономикалық өсуді, масштабты сыртқы саяси және

сыртқы экономикалық келісімдерді қамтамасыз ету үшін ресурстарды

Қазақстанның маңызды стратегиялық басымдығы ретінде пайдалану.

Қазіргінің өзінде шикізатты халықаралық нарыққа шығаруды

максимум жылдамдату керек, олар жаңа қаржылық күйреу жағдайында

тұрақсызданады. Біздің негізгі импортерлеріміз шикізат сатып алуды

айтарлықтай қысқарта алады, ал бағалар күрт түсуі мүмкін. Ал біздің

алдын ораушы стратегиямыз нарықтың тұрақсыздануы басталғанға дейін

қаражатты өте жылдам жинауға мүмкіндік береді, олар өз кезегінде

еліміздің жаһандық ықтимал дағдарыстан өтуіне көмектеседі.

Технологиялық революция шикізатты тұтыну құрылымын өзгертеді.

Мысалы, композиттер технологиясы мен бетонның жаңа түрлерін енгізу темір

Page 39: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

39

рудасы мен көмір қорын құнсыздандырады. Бұл қазіргі жоғары әлемдік

сұранысты ел мүддесіне пайдалану үшін табиғи ресурстарды өндіру мен

әлемдік рынокқа жеткізу қарқынын арттырудың тағы бір факторы.

Көмірсутекті шикізат нарығындағы ірі өкіл бола тұра, республика

энергияның балама түрлерін өндіруді дамытуы, күн мен жел энергиясын

пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуі керек. Бұл үшін бізде

барлық мүмкіндік бар. 2050 жылға қарай энергияның балама және

жаңартылатын түрлеріне барлық энергия тұтыну жиынтығының кем

дегенде жартысы тиесілі болады.

Аймақтардың инвестицияларды пайдалануға деген қызығушылығын

арттыру үшін жер қойнауын пайдалану мораторийін алып тастау қажет.

Шикізатты қарапайым жеткізуден энергия ресурстарын қайта өңдеу саласында

ынтымақтастыққа және ең жаңа технологиялармен алмасуға көшу керек; 2025

жылға қарай өз нарығымызды экологияның жаңа стандарттарына сәйкес

жанармай-майлау материалдарымен толығымен қамтамасыз ету керек;

инвесторларды біздің елімізге ең жаңа заманауи өндіру мен қайта өңдеу

технологияларын жеткізу жағдайларында ғана тарту емес, сондай-ақ,

инвесторларға Қазақстан аумағында ең жаңа өндірістер жасаудың орнына

қолдағы шикізатты өндіру мен пайдалануға рұқсат ету.

Қазақстан Республикасы Еуразиядағы технологиялар инвестициясы

мен трансферті үшін тартымды жер болып табылады, бұл үшін бізде

инвесторларға арналған барлық басымдықтар бар. Барлық өндіруші

кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана енгізеді.

Табысты экономикалық даму үшін 2050 жылға қарай Қазақстан ең

жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өзінің өндірістік активтерін

толығымен жаңартуы тиіс. Ең ірі бәсекеге қабілетті салаларда отандық

өндірушілер үшін жаңа нарық текшелерін белсенді әзірлеу қажет. Бұл

индустриясыздандырудың әлеуетті деструкциялық әсерлерін, әсіресе ДСҰ-

ға кіру перспективасын ескергенде, болдырмауға мүмкіндік береді [2, 1-б.].

Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы керек. Осы мақсатта

Қазақстан, Ресей және Беларусияның қатысуымен Еуропалық

Экономикалық Кеңістік құрудың практикалық кезеңі басталды. Бұл 170

миллион тұтынушыны біріктіретін, суммалық ЖІӨ-і АҚШ-тың 2 триллион

доллары болатын орасан нарық. Осы экономикалық-интегралдау

процесінде Қазақстан соңғы роль атқармайды.

Қазақстан экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды

ұлғайтуға баса назар аудара отырып, жаңа өндірістерді дамыту керек,

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын

өнеркәсіптік күш импортына тоғыстырып, технологиялармен алмасуды

және ортақ халықаралық компанияларды дамыту қажет. Алдыңғы қатарлы

екі инновациялық кластерлер – Назарбаев Университеті мен

Инновациялық технологиялар саябағының дамуын жалғастыру қажет. Біз

төмен көміртекті экономикаға қарқынды көшуіміз керек.

Page 40: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

40

Елбасының ұсынысы бойынша 2013 жылы «Жасыл көпір»

халықаралық ұйымы құрылды, сондай-ақ Алматы жанындағы төрт серіктес

қала негізінде Green4 жобасының жүзеге асырылуы басталды.

Елдің «жасыл» даму жолына көшуіне алдағы уақытта Астанада

өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі күшті түрткі болады. Еліміздің астанасында

ғылым мен техниканың ең үздік дүниежүзілік жетістіктері көрсетіледі.

Қазақстанның көптеген тұрғындары Қазақстан ұмтылып келе жатқан

«болашақ энергиясын» өз көзімен көре алады. Ұлттық қор жаңа

экономикалық саясатқа көшудің «қозғаушы күшіне» айналу керек. Бірінші

кезекте Ұлттық қор қаражатын ұзақ мерзімді стратегиялық жобаларға

бағыттаған жөн. Мемлекет ұлттық компаниялардың атынан Үшінші

индустриялық революция нәтижесінде пайда болатын секторларды

ескеретін болашақ экономикасын дамытуға ынталандыру керек. Отандық

индустрия Қазақстанда өндірілуі жоспарланып отырған ең жаңа

композитті материалдарды тұтынатын болады.

Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында елдің Үшінші Индустриялық

революция дайындығына тәуелді болатын түбегейлі мәселелерге назар аударды.

Президент өз сөзінде ауыл шаруашылығын, әсіресе

ауылшаруашылық өнімдеріне дүниежүзілік сұраныстың өсуі жағдайында,

кең ауқымды жаңғырту қажеттілігін атап өтті.

2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз ету туралы

проблеманы біржола шешуді жоспарлап отыр.

Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші

болып табылады.

Мемлекет адамның бизнесте жұмыс істеп көруіне, елде өткізіліп

жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысуына жағдай жасау

керек, ал әр адам өз кезегінде оның мәселелерін ол үшін мемлекет шешеді

деп күтіп отырмау керек.

Жаңа реалияларды, оның ішінде біздің Еуропалық Экономикалық

кеңістік жұмысына қатысуымызды, алдағы Дүниежүзілік Кедендік Қоғамға

кіруімізді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау механизмдерін

жетілдіруіміз керек және олардың мүдделерін қорғау мен дамыту үшін

барлық қажет шараларды қолдануымыз керек. Бүгінгі күннің тапсырмасы –

шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта бизнес өкілдерінің

қатарына көшуі үшін қолайлы жағдай жаску және алғышарттар ұсыну.

Үкімет «Атамекен» одағымен бірлесе отырып, Ұлттық кәсіпкерлер

палатасына міндетті түрде мүше болу туралы тұжырымдамалық модель

әзірледі [3, 2-б.].

«Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Жолдауында Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің қарқынды прогрессивті дамуына

негіз болатын Қазақстанның алдыңғы қатарлы, ерекше білім жүйесін

қалыптастыру туралы стратегиялық мақсат қояды.

Page 41: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

41

27.07.2015 жылы Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы

құжаттар пакеті ресми түрде қабылданды. Рсепубликамыздың әлемдік

сауда жүйесіне бірігу кезеңдерін қарастыратын болсақ, шамамен 20 жылды

құрайтын ұзын жолдан өткенімізді байқауға болады. Қазақстан тең

құқылы, 162-ші болып, ДСҰ мүшесі болады.

Нарықтық өзгерістер мен элемдік экономикаға бірігуді жүзеге асрыа

отырып, Қазақстан жаһандық процестерден тыс қалмас. ДСҰ-ға кіру

әлемдік сауданың 97 %-ынан көбін қамтитын, осы ұйымның толыққанды

мүшелері болып табылатын 150-ден астам мемлекеттің арасындағы

құқықтық қатынастарды көп жақты негізде реттейді.

Кез келген мемлекет ДСҰ-ға кіре отырып, капиталының,

мамандарының, тауарлары мен қызметтерінің жоғары дәрежеде еркін

қолданылу мақсатында бұл қадамға өз еркімен және саналы түрде барады.

Және белгілі бір артықшылықтарға қол жеткізу кез келген мемлекеттің

ДСҰ-ға кіруіне мақсат болады. Қазақстан үшін бұл еліміздің ДСҰ-ның

барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнатқанда анағұрлым қолайлы

жағдай қол жеткізу болып табылады [4]. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі –

тарихи оқиға. Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады. Әлемнің барлық

экономиктері Қазақстанды сауда саясатын халықаралық құқық

нормаларына сәйкес жүргізіп келе жатқан, инвестициялық климаты

қолайлы мемлекет ретінде мойындады.

ДСҰ-ға кіру – бұл бүкіл Қазақстанның жеңісі, оның жаһандық

экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі ретінде мойындалуы. ДСҰ-да

жұмыс істеу стандарттары Бес халықтық реформа рухына сәйкес келеді.

ДСҰ-ға кіру біздің әлемдік экономикаға бірігуімізге, әлемнің

жетекші 30 мемлекетінің қатарына енуімізге және «100 нақты қажам» ұлт

жоспарын орындауымызға ықпал етеді [5].

ДСҰ қатарына кіру белгілі бір шығындардың жұмсалуын қажет

етеді. Алайда бұл шығындардың орны болашақта артықшылықтармен

толады, олардың негізгілері – сыртқы нарыққа анағұрлым бәсекеге

қабілетті жағдайда қол жеткізу, инновациялық технологияларды

анағұрлым белсенді түрде транферлеу және тікелей әрі портфенльді

инвестицияларды ынталандыру мүмкіндігі. Қазақстандағы барлық

экономикалық реттеу құралдарының ДСҰ-ның халықаралық стандарттары

мен нормаларына сәйкес келтірілетіндігін ескеретен болса, бұл біздің

экономикамызды іштен өсу әлеуетімен қамтамасыз етеді, әрине, мұны әлі

де жүзеге асыра алу қажет.

ДСҰ-ға кіру Қазақстанның жаһандық сауда-экономикалық қарым-

қатынастар жүйесіне бірігу саясатын жүзеге асырудың басты кілті,

еліміздің ЕЫҰ-ға кіруінің міндетті шарты, өндіріс пен ішкі нарықты өсіру,

инновацияларды енгізуді қалыптастыру ынтасфы болап табылады. ДСҰ –

әлемдегі ең дамыған 30 мемлекет қатарына кіру стартегиясының орындалу

кепілі.

Page 42: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

42

Әдебиеттер тізімі

1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь - 2050: Единая цель, Единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Есекина Б. «Задачи по интеграции Казахстана в мировую

экономику решены успешно» // Деловой портал Kapital.kz

3. Заявление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева в

поддержку предпринимателей страны // Казахстанская правда, 2014, 28

февраля.

4. Кошебаева Г.К. Новые задачи для нашей системы. //Казахстанская

правда, 2015, 30 июня.

5. Обращение Главы государства к народу Казахстана в связи

завершением переговоров о вступлении во всемирную торговую

организацию // Казахстанская правда, 2015, 23 июня.

Page 43: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

43

М.О. Төлеуова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: [email protected]

САЯСИ ЖҮЙЕНІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жалпы анықтама бойынша, жаңғырту дегеніміз дәстүрлі қоғамнан

(аграрлық, патриархалды мәдениеттен және қатаң бекітілген әлеуметтік

иерархиядан) ірі машиналық өндіріс пен заңдарға тіренген қоғамдық

үдерістерді оңтайлы басқаруға негізделген индустриалды қоғамға көшу

үдерісі болып табылады. Әдетте бұл жағдайда қоғамның индустриалдық

батыс моделімен жанасатын дамушы елдер кіреді. Теорияда жаңғырту

түсінігімен индустрияландыру, секуляризациялау, урбанизациялау,

жалпыға ортақ білім беру жүйесінің құрылуы, өкілеттілік саяси үкімет,

кеңістіктік және әлеуметтік мобильділікті күшейту және т.б. «дәстүрлі

жабық қоғамға» қарсы «қазіргі заманғы ашық қоғамды» қалыптастыруға

тартатын үдерістер жиынтығы анықталады [1, 5 б.].

Қазіргі заманда көптеген елдер қоғамның көшу проблемасын саяси

қарапайымнан саяси өмірдің күрделірек ұйымының формаларына көшу

арқылы шешеді. Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен басқа түріне

көшу «саяси даму» немесе «саяси жаңғырту» терминдерімен анықталады.

Саяси жаңғырту саяси өзгерістердің (қазіргі заманға икемдеу) белгілі

бір бағыттылығын белгілейді. Саяси жаңғырту мақсаттарының арасында

бірінші қатарға үкіметті рационализациялау тапсырмасы яғни бүкіл ұлттық

мемлекет шеңберінде заңның ұлықтылығы қағидатының орындалуын

қамтамасыз ету.

Сасяи жаңғырту үрдісі саяси институттардың сапалы өзгертілудің

жүйелілігі мен ақырындап іске асуымен, оның атқарымымен сипатталады.

Ал бастысы – мақсатқа бағытталған басқарылатын үрдіс, оның мазмұны

саяси тәртіптердің, саяси мінез-құлықтың үлгілерін, идеологиялық

құндылықтардың қандай да бір нормаларын, бағдарлау және саяси тілді

құрайтын өзгерулерді құрайды.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жаңғыртумен

сипатталатын трансформациялық саяси жүйенің үлгісі болып табылады.

Демократизация Қазақстанда КСРО кезінде 1980 жылдардың ортасында

басталғанымен саяси жүйенің төлтума үрдісі туралы тек 1991 жылы 16

Page 44: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

44

желтоқсан күні «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» ҚР Заңын

қабылдағаннан кейін ғана айтуға болады.

Бұл күн тәуелсіздікті алу жолындағы қиын жолдың басталғанын

білдірді. Біріншіден халықтың бірлігіне қол жеткізіп, оның еркін бүлдіруге

емес, жасампаздыққа бағыттау болды; жаппай экономикалық, гуманистік

дағдарысты еңсеруге, шұғыл түрде экономикалық және саяси жүйелердің

жетілдірілуін жүргізуге, жаңа технологияларды игеруге, шетелдік

инвестицияларды тартуға, әлемдік қоғаммен ынтымақтастықты

жақсартуға, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге,

әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыру [2].

Сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануы осы салада

мемлекеттік монополияны жойды, кәсіпорындарға, фирмаларға және жеке

тұлғаларға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік берді, осы

қызмет саласында бәсекелестік негіздер енгізді. Тәуелсіздікті жариялау

салдарынан жаңа саяси институттарды, саяси партияларды, қоғамдық-саяси

қозғалыстарды құруды және дамытуды қалыптастыру болды.

Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының талдауы

көрсеткендей, ұлт Басшысы дамудың ерекше, бірегей жолын таңдады.

Қазақстандық мемлекеттің құрылуының басында шетелдік аналитиктер

реформалардың корея, немесе түрік жолдарын болжады, алайда, біздің

Елбасы жетілдірудің бірегей, қазақстандық жолын жария етті [2].

Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар, ең басынан саяси

жүйені жалпы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге,

мемлекеттің іс-әрекетке қабілеттілігін нығайтуға, экономикалық

құрылымдардың либерализациялауын және рационализациялауын

қамтамасыз етуге, негізгі бостандықтарды сақтаған кезде әлеуметтік және

саяси тәртіпті қорғауға, үкімет органдарының көлденең есеп беру

міндеттілігін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықты болдыртпауға

бағытталғанын атап өткен жөн.

Президенттік үкіметтің тарихи тағдыры, бастаулары және оның одан

әрі дамуы 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Президент лауазымын бекіту туралы

және Қазақ ССР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу»

Қазақ ССР Заңымен тығыз байланысты. Қазақ ССР Президентінің

лауазымын құру тәуелсіздік мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастыруға

шешуші ықпалын тигізді, КСРО құлдырағаннан кейін мемлекеттік

үкіметтің сабақтастығын қамтамасыз етті. Қазақстандағы Президенттің

лауазымын енгізу демократиялық дамудың жолын, өркениетті саяси

жүйенің қалыптасудың талпынуын куәләндырды. Сонымен қатар

Қазақстандағы президенттілік институтына ең басынан елдің даму

ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдайымен, саяси мүдделердің

байланысымен себептескен өзгешелік ерекшеліктері тән болған.

Президент лауазымының өзгешелігін анықтайтын маңызы зор

факторларға бұдан бұрынғы елдің саяси дамуы, бұрын болған мемлекеттік

Page 45: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

45

үкімет ұйымының өзгешелігі, саяси күштердің өзара қатынасы, саяси

мәдениеттің деңгейін жатқызуға болады.

Қазақстан саяси жүйесінің нығаю ерекшелігі тек мемлекеттік үкімет

емес, сонымен қоса зиялы қауымдар да Президент пен президенттік

құрылымдар айналасында нығаюдан тұрады. Алдымен Президент тек ел

басы болып құралғанмен, 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заң Президенттің

үкімет қалыптасуы мен қызметіне - Министрлер Кеңесіне ықпал тигізуіне

негіз салды «Президент лауазымын құру және Конституцияға өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» (Негізгі Заң). 1990 жылғы 24 сәуірдегі

Қазақ ССР заңы. 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ ССР мемлекеттік

егемендігі туралы Декларацияны қабылдау Президент мәртебесінің

лауазымын тек республика басшысы ғана емес, сонымен қоса жоғарғы

атқарушы және өкім беруші үкіметтің басшысы ретінде анықтап,

Президент лауазымын өзгертуге әкелді.

Атқарушы үкімет бірінші рет мемлекеттік үкіметтің дербес тармағы

ретінде 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңында аталған. Атқарушы үкіметтің

заңнамалық үкіметтен тәуелсіздік алу мен үкіметтің бөліну институтының

құрылу жолындағы маңызды қадам 1991 жылдың соңында өткізілген

барша халықтық президент сайлауы болды. Атқарушы үкіметтің нығаю

мен күшею үрдісі қуат ала бастады [6, 15 б.].

Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі дамудың жаңа кезеңі 1993

жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануымен

байланысты. Республиканың негізгі Заңы ең алдымен Президентпен

басқарылған атқарушы үкіметтің күшеюін көрсетті, ол өзінің бейнесін ең

алдымен Үкіметтің Президент алдындағы жауапкершілік туралы

ережесінде тапты. Сонымен қатар, заңдарды орындау мәселелері бойынша

Үкіметтің жауапкершілігі Жоғарғы Кеңес алдында сақталды.

Жалпылай алғанда, қалыптаспаған демократия жағдайында

орнатылған басқару жүйесінде үкіметтің заңнамалық органын босатуға

әкелген үкіметтің саяси тармақтары арасындағы шиеленісте анықталған

біршама түйінді мәселелер болды. Жаңғырту жағдайында Қазақстандағы

парламенттік жүйенің тиімсіздігінде әділ негіз болды. Парламенттік жүйе

тек дамыған көп партиялық жағдайда тиімді қызмет ете алады. Ал

Қазақстанда көп партиялық саяси жүйенің құрылу үдерісі айтарлықтай

күрделі және қарама-қайшы дамыды. Ол бастапқы деңгейде болып,

өзгешелік мүдделері бар әлеуметтік қабаттар мен топтар толығымен

қалыптаспаған қоғамның кішкене бөлігін жанады. Республиканың

Жоғарғы Кеңесі сол мерзімде тиімді, кәсіби қызмет ете алмай, сабақтас

экономикалық реформалардың өткізілуін қамтамасыз ете алмады.

Әлеуметтік топтар өздеріне тән мүдделерімен соңына дейін қалыптасып

үлгерген жоқ. Нәтижесінде республиканың Жоғарғы Кеңесі сол кезеңде

тиімді, кәсіби деңгейде жұмыс істей алмады және кезекті экономикалық

Page 46: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

46

реформалардың жүргізілуін қамтамасыз ете алмады.

Бұл қарама-қайшылықтар 1995 жылдың 30 тамызында жалпы ұлттық

референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының

қабылдануымен жойылды, ол (Конституция) жоғары билік органдарының

жүйесін және олардың қызметі мен өзара әрекетінің механизмін рәсімдеді,

сонымен бірге Президенттің жоғары билік органдарының жүйесіндегі

орнын анықтады.

1998 жылдың 7 қазанында және 2007 жылдың 21 мамырында ҚР

Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қазақстан

Республикасының саяси жүйесін демократияландырудың маңызды кезеңі

болды, бұл өзгертулер мен толықтырулар саяси партиялардың билік

жүргізуге қатысу мүмкіндіктерінің аясын кеңейтті.

Бұл оқиғалардың бәрі Қазақстан Республикасында демократиялық

түрдегі сапалы жаңа саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етті. Алайда

бүгінгі күні бұл үрдісті аяқталды деп айта алмаймыз. Қазақстанның саяси

жүйесін демократия жағына жаңғырту саяси партиялардың әрі қарай

дамуын және нақты партиялар жүйесінің қалыптасуын, азаматтық қоғам

институттарының дамуын талап етеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.

Назарбаев «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа

саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей: «Біз

саяси жүйемізді жаңғыртуды жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз.

Оның барлық негізгі элементтерін реформалауды жалғастырамыз –

Пaрлaмeнттің, саяси партиялар мен жергілікті билік органдарының рөлін

арттыру, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту».

Демократияландыруға бағытталған, Егемен Қазақстанның саяси

жүйесін жаңғырту мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушы,

атқарушы және соттық болып бөлінуі кезіндегі бірлігін сақтап қалды,

«ұстанымдар» мен «қарама-қайшылықтар» жүйесін қалыптастырды,

мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігіне қажет құқықтық

негіздемелер жасады. Бұл Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы

үшін қажет маңызды шартқа айналды.

Құқықтық мемлекет идеясының негізінде азаматтарды билік

тарапынан болатын үстемдік пен озбырлықтан қорғауға ұмтылу, жеке бас

еркіндігін, негізгі тұлғалық құқықтарды, дәлірек айтқанда, өмір сүру,

қауіпсіздік, меншік құқықтарын қамтамасыз ету жатыр. Бұл, біріншіден,

мемлекет пен қоғамды бөлу жағдайында, ал екіншіден, мемлекеттің

қызмет аясын құқықпен, бірінші кезекте, халық пен үкімет арасындағы

қарым-қатынасты реттейтін негізгі заң – конституциямен шектеу кезінде

мүмкін. Осылайша, құқықтық мемлекет – құқық басым болатын, заң үстем

болатын, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігі мойындалатын

демократиялық мемлекет.

ҚР Конституциясында былай жазылған: «Қазақстан Республикасы

өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде

Page 47: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

47

орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,

құқықтары мен бостандықтары». Бұл сөзбен мемлекет құқықтық мемлекет

идеалы жолын ұстайтындығы жайлы және оның негізгі принциптерін

жүзеге асыруға ұмтылуы жайлы мәлімдейді.

Құқықтық мемлекеттің жалпыға танылған принциптері мыналар:

халық егемендігі, Конституцияның ұлықтылығы, барлығының заң алдында

тең болуы, мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі, адам мен азамат

құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы. Құқықтық мемлекеттегі жоғары билік

органдарының қызметі оны заң, атқарушы және сот деп бөлу принципінің

негізінде жүзеге асырылады.

Халық еркіндігі дегеніміз халық билігінің үстем болуы дегенді білдіреді,

мұны ҚР Конституциясының 3-бабынан көруге болады: «Мемлекеттік

биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық

референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін

жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді … Халық пен мемлекет атынан

билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық

өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар».

Конституцияның ұлықтылық принципі 4-бапта көрсетілген, онда

былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық

Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, … нормалары болып табылады.

Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл

аумағында ол тікелей қолданылады».

Заң алдында барлығының тең болуы жайлы принципті ҚР

Конституциясының 14-бабынан көруге болады: «Заң алдында жұрттың

бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,

жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,

тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар

бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Мемлекеттік және жеке бас мүддесінің теңдігі принципін жүзеге

асыру мемлекеттік және жеке меншікті қорғау кезіндегі теңдікті мойындау

формасына ие болады (ҚР Конституциясының 6-бабы): «Қазақстан

Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және

ортақ қорғалады».

Адам мен азамат құқығы мен еркіндігінің тұрақтығы принципі 12-

бапта: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам

құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі»

және ҚР Конституциясының 39-бабында: «Адамның және азаматтың

құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау,

қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың

денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана

және тек заңмен шектелуі мүмкін» көрініс тапқан.

Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық

мемлекетке тән негізгі принциптер көрініс тапты, бұл Қазақстанның

Page 48: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

48

шынайы құрылуға деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл үшін республикада

объективті алғышарттар қажетінше қалыптасқан, олар мемлекет

басшылығының, бірінші кезекте, оның Президентінің, яғни, Н.Ә.

Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру мен

саяси жаңғыртудағы саяси еркіндігінің болуымен толықтырылады.

Елбасы өз Жолдауында саяси жүйені жетілдірудің тарихи қысқа

мерзімінде Қазақстан халықаралық қоғам тарапынан мойындауға ие

болғанын бірнеше мәрте айтты.

Қазақстан халқының ынтымақтастығының және Елбасының

маңызды бастамаларын қолдауының арқасында экономикалық дағдарысты

жеңді, тұрғындардың өмір сүру деңгейі көтеріліп, жылдан жылға жаңа

технологиялар игерілуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда [2].

Қазақстан Республикасының өзгешелігі қазіргі заманғы қоғамға өтуге

бағытталған жетілдірілген процестер қоғам тұрақтылығы мен жасалған

түрлендірулер реттілігін қамтамасыз ететін эволюциялық жолмен орын

алып жатқанындығында екенін атап өту керек. Н.Ә. Назарбаев өзінің

Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ» Жолдауында атап өткендей, барлық қабылданған шешімдердің

нақ сындарлылығы мен эволюциялылығы «Қазақстан - 2050»

Стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ететін ең маңызды принциптерінің

бірі болып табылады [7].

Қазіргі таңда Қазақстан қоғамның объективтік қажеттіліктері мен

жалпы қазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуынан

туындаған елдің мемлекеттік, экономикалық және саяси құрылымындағын

түбегейлі өзгерістермен шартталған демократиялық, құқықтық

мемлекеттің нығаюының жаңғыртылған жолы бойынша нық жүріп келеді.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 Cтрaтeгиясы: Қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Интернет ресурсы: http://www.akorda.kz

2. Президент свободы // Казахстансая правда, 2015, 5 июля

3.Назарбаев Н.Ә. Бес G-Global принципі. V Астана экономикалық

форумы. Интернет ресурсы: //www.bnews.kz

4. Джунусов А. М. Социально-политическая модернизация в

Казахстане: состояние, перспективы. Интернет ресурс: // www.group-global.

5. ҚР Конституциясы (2007 жылғы өзгертулермен және

толықтырулармен)

6. Бaишeв Ж.Н. Конcтитуционноe прaво Рecпублики Кaзaхcтaн:

Учeбно-мeтодичecкоe поcобиe. – Aлматы: Жeтi жaргы, 2001.

7. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу «Казахстанский

путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее.

//Казахстанская правда, 2014, 18 января.

Page 49: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

49

Балшикеев С.Б.,

ф.ғ.к., доцент,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

кафедрасының меңгерушісі

e-mail: [email protected]

АСТАНА – ПРЕЗИДЕНТТІҢ ОРЫНДАЛҒАН АРМАНЫ,

ҮЙЛЕСІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ МЕКЕНІ

Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақстан тәуелсіздігі

және Астана» Жаңа Қазақстандық Патриотизм негізінде жататын ең

маңызды мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылық екенін белгіледі.

Тарих тұрғысынан алғанда өте қысқа мерзімде қаланған жаңа Астана

Қазақстан жаңаруының шынайы нышаны болды [1].

Барлығы 1990 жылдардың ортасында басталды, Қазақстан

Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматы қаласынан Ақмолаға

көшіру туралы жас егеменді мемлекет үшін тағдыршешті шешім

қабылдады. Астананың ресми түрде көшірілуі 10 желтоқсан 1997 жылы

өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 6 мамыр 1998 жылғы

Жарлығымен Ақмола Астана деген атқа ие болды, ал 10 маусым 1998

жылы Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық таныстыру рәсімі

өтті.

Қазақстанның жаңа замандас елордасын құру идеясы еліміздің Бірінші

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жатады, ол елорданы

Республиканың орталығына көшіруді экономикалық реформалармен қоса,

егемен Қазақстанның дамуының, оның нарықтық экономика және

демократияға нәтижелі өтуінің мақсаттарын шешу бойынща тағы бір

стратегиялық механизм болатынын жобалады. Жаңа орасан зор еуразиялық ірі

мемлекетке жаңа жалпы ұлттық нышан, жасампаздық рухын, жаңашылдықты

және Қазақстанның рөлін Батыс пен Шығыс кездесетін орын ретінде

бейнелейтін ХХІ ғасыр қаласы, Астана қажет болды.

Қазақстанның алдыңғы елордасы – Алматы – елдің оңтүстігінде

орналасқан, тұрғындар саны миллионнан асқан болатын. Алматының тығыз

құрылыс салынуы қаланың дамуына мүмкіншілік бермеді. Көлік санының

шамадан тыс асып кетуі және ерекше табиғат жағдайлары, дәлірек айтқанда

қаланың үш жақтан таулармен қоршалануы нәтижесінде «оңтүстік елорда»

Қазақстанның экологиясы нашар қалаларының біріне айналды.

Page 50: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

50

Әлемдік тәжірибе елдің жаңа сапалы даму деңгейіне көшуіне

байланысты ұлттық мемлекеттердің жаңа даму кезеңін бейнелейтін елорданың

көшірілуінің көптеген мысалдарын көрсетеді. Мұндай жағдайларда Қазақстан

ТМД елдері арасында бұл жобаны жүзеге асыруға шамасы келген ел болып

шықты. Астана құрылысы Қазақстан Республикасының және оның

тұрғындарының экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани күш-қуатын

көрсеткен кеңес одағынан кейінгі кезеңде ең жойқын мегажобалардың бірі

болды.

Елорданың көшуіне 10 жыл болғанына арналған салтанатты жиналыста

Н.А. Назарбаев еске алды: «Біреулер менің ойымды сөзсіз қолдаған, ал

басқалары сол кездегі мардымсыз қаражатты құртуға уақыт емес деп, тымық

қорғанысқа көшкен кездегі парламенттағы қызу пікірталас әлі есімде. Оған

мен жауап берген едім: «Қайтымсыз шығындар болып тек қана елорданың

көшірілуі табылады. Ал қалаға бөлінгендердің барлығы – болашаққа

инвестиция» [2].

Тоқсаныншы жылдар ортасында бұл ойдың жүзеге асатынына көп

адамдар сенбеген еді. Бірақ қазір елорданың көшірілуі туралы тарихи

шешімнен он жылдан астам уақыт өткеннен кейін, елдің Бірінші

Президентінің көрегендігі және алғырлығы айқын болды. Қысқа мерзімде

салынған Астана Қазақстан Республикасының жалпылама динамизмінің,

ызақорлығының және болашаққа ұмтылушылығының бейнесі болды.

Елорданың көшірілуі елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтты және тек

Астана емес бүкіл Қазақстанның экономикалық дамуына маңызды себеп

берді. Қаланың жоғарғы даму қарқыны көптеген инвесторларды тартты, оның

нәтижесінде қаланың астана мәртебесін алудан кейін тартылған инвесторлар

көлемі 30 есе, ал жалпы жергілікті өнім 90 есе өсті. Қазіргі таңда қаладағы

ЖЖӨ мөлшері республикалық көлемде 8,5 пайызды құрайды.

Астана елорда мәртебесін алғаннан кейін, қалада 10 миллион шаршы

тұрғын үйлер қаланды, бұл елорданы құрылыс көлемі бойынша елдегі

көшбасшыға айналдырды. Астананың қалануында жүздеген отандық және

шетел компаниялары қатысты: түрік, итальян, француз, швейцарлық.

Сәулеттік тұжырымдаманы құрастыру кезінде Ұлт Көшбасшысы

Н.А.Назарбаевтың елордада Шығыс пен Батыстың ұлттық мәдени салтын

үйлесімді байланыстыратын ерекше еуразиялық стиль құру туралы идеясы

негізге алынды. Елордалық бас жоспардың авторы болып атақты

жапондық сәулетші Кисе Курокава тағайындалды.

Қазір Астана – механикалық бірігулермен емес, үндестік және Батыс

пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік – дүние жақтары мәдениеттерінің

бірігулерімен ерекшеленетін еуразиялық қала. Н.А.Назарбаев өте айқын

және бейнелі түрде Қазақстанның жаңа елордасының философиясын

анықтады: «Мұнда, Сарыарқаның көне жерінде, жай елорда ғана емес, ел

болашағының бесігі пайда болды. Астана және қазақстандықтар

тағдырының тарихы ажырамастай болып табылады. Елорда - күш-қуат,

Page 51: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

51

серпінді даму және тұрақтылықтың туындысы. Астана - айқын, қуатты,

гүлденген, барлық қазақстандықтарды біріктіретін және алға ұмтылатын

қала. Біздің елордамыз - Отанымыздың түп-негізі, халықтың өз күшіне

және ұлы мақсатқа сенімінің нышаны» [3].

Еуразиялық континенттің дәл ортасында орналасуы Астананы

экономикалық тұрғыдан көлік, байланыс және логистикалық орталық,

Еуропа мен Азия арасындағы ерекше транзитті жол ретінде

қарастырылуына мүмкіндік береді. Бұл оны кәсіпкерлік мәдениеті серпінді

дамып келе жатқан Қазақстанда ең ірі бизнес орталығының бірі болуына

жағдай туғызды. Қазір Астана әр түрлі деңгейдегі, жергілікті де

халықаралық та бизнес-форумдарды өткізудің байтақ алаңы болып

табылады. Қазіргі таңда Астанада 170 мыңға жуық қала тұрғындары

жұмыс істейтін 50 мыңнан астам шағын және орташа кәсіпкерліктер

қызмет атқарады. Бұл тек бастамасы екендігіне сенім етуге болады.

Астана халықаралық деңгейдегі әр түрлі форумдар, конгресстер және

басқа да іс-шаралар өтетін Еуразиялық кеңістіктің шынайы орталығы

болды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстан астанасы барлық

мемлекеттік бірлестіктердің бірнеше рет назарына айналды. Осылай, 2003

жылдан бастап, елордада мемлекетіміздің конфессионалды саясаты

арқасында мүмкін болған дүниежүзілік және ұлттық дін

көшбасшыларының төрт съезі өтті. Дүниежүзілік және ұлттық дін

көшбасшыларының Конгресін өткізу үшін елордада арнайы Бейбітшілік

пен Ынтымақтастық Сарайы – жаңа жабдықтармен жабдықталған

концерттік-опералық залы бар пирамида пішінді әмбебап ғимарат қаланды.

Астана халықаралық форумдар мен кездесулердің қатысушыларын

жоғарғы деңгейде бірнеше рет қабылдады. Қазақстанның жас елордасы

Астаналық экономикалық форум, Еуропа, Азия және Солтүстік

Американың 56 елінің басшыларын біріктірген Еуропадағы Қауіпсіздік

және Ынтымақсыздық бойынша Ұйым саммиті және тағы басқа

халықаралық маңызы бар кездесулер өткізді.

Қазақстан 2010 жылы бір жыл ішінде ОБСЕ-да төрағалық ету

құқығына ие болған кеңес одағынан кейінгі мемлекеттер арасындағы ең

бірінші мемлекет болды. Осы жылы Астанада ОБСЕ тарихи саммиті,

ШЫҰ және ИӘҰ мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында

елордамыз VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын

қабылдады. Қазіргі таңда дүние жүзінде Астананы «Болашақ энергиясы»

атты ұранмен өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ

қожайыны ретінде таниды.

Қазақстанның елордасы дүние жүзінің жиырмадан астам

қалаларымен тату және ағайындық қатынастарға ие. Өз пайда болуының

таңында 1999 жылдың шілдесінде Астана ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік

қаласы» атты сыйлық ақыға ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның

Page 52: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

52

бас қаласы Елордалар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының

мүшесі болып табылады.

Қазақстанның дін мәселелерін және конфессия аралық бейбітшілік

пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуде шешімдер қабылдау үлесін

жоғары бағалау көрсеткіші болып Астанаға 2001 жылы Рим Папасы Иоанн

Павел II келуі саналады. Астана «ТМД және ЕуразЭБ ең таңдаулы қала»

атты Халықаралық сынау байқауында жеңімпаз болып шықты, ал 2012

жылы Қазақстанның бас қаласы ТМД және түркі халықының мәдени

елордасы міндетін табысты орындады.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы жетістіктері елдің экономикалық

нәтижелерінен қалмайтынын қазіргі таңда мойындауға болады. Қазақстан

аз танымал елден жергілікті саясаттың көшбасшысы және дүниежүзілік

үрдістердің белсенді де танымал қатысушысына айналды. Астана

дүниежүзілік беделді саясаткерлер, дін басшылары және ірі бизнес

жетекшілер қатысатын маңызды халықаралық іс-шаралар орнына айналды.

Қазақстан Н.А.Назарбаевтың халықаралық деңгейде құрметке ие болуы

арқасында танымал болды [4].

Қазір Астана тек таңдамалы сәулет қана емес, экологиялық таза

мегополис үлгісі, қала-саябақ болып табылады. Елордалық «Жасыл

белдеу» ұлғаюда, қала жазық дала ортасында жасыл алқапқа айналып

барады. Мемлекет өз алдына Астанада «жасыл қалқан» қою арқылы

желдің қаттылығын басу мақсатын қойды. Бұл мақсатта, елорданы

көшіргеннен кейін бірден « жасыл қалқанның» ағаштары егізіле бастады,

қазіргі таңда олар 10 метр биіктіктен асты. Астананың өзінде жаңа

саябақтар мен гүл бақтар салынған, жасыл көгалаңдар ауданы миллион

шаршы метрге дейін жетті. Жалпы Астана айналасындағы жасанды

ағаштар көлемі - 65 мың гектар, оның ішінде 14 мың гектар қаланың

шекарасында өседі. Бұл жұмыстар жалғасып келеді. 2020 жылға дейін

жалпы 100 мың гектар қала ішілік және маңайдағы дала аймақтарын

жасылдандыру жоспарлануда.

Президенттің бес институционалдық реформалары, баяндалған

«Мәңгілік ел» атты концепциясы – Қазақстан әлеуметінің өнегелі және

рухани кодексі. «Мәңгілік ел» жүйесінде қазақ этносының мәдени коды

және қазақ біртұтастығының маңызды бөлігі жасырланған. Бұл идея

елорданың сәулет бейнесінде қамтылған [5].

Жаңа елорданың бас нышаны, тұрғындар мен қонақтарды

қызықтыратын өзіндік сыры бар Бәйтерек кешені болып табылады. Басқа

әмбебап сәулет ғимараттары ішінде атауға болады: ағылшын сәулетшісі

Норман Фостер жобалаған және пирамида секілді жасалынған «Бейбітшілік

және ынтымақтастық сарайы» және ең биік шатыр тәрізді ғимарат болып

табылатын ойын-сауық сауда орталығы «Хан Шатыр», теңізден алшақ

океанариум «Думан», Манфреди Николетти жаратылысы орталық концерт

залы «Қазақстан», тұрғын үй кешендері «Астана триумфы» және «Солтүстік

Page 53: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

53

шұғыла», «КазМұнайГаз» және «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық

компанияларының офистік ғимараттары.

Астана әрі дамиды, одан да таңдамалы болып жаңарады. Жаңа «Абу-

Даби плаза» атты 80 қабатты үй құрылысы, «Ритц-Карлтон» қонақ үй

құрылысы әлдеқашан басталды, «ЭКСПО-2017» ғимараттарын салу

басталады.

Қазіргі таңда Астана бір уақытта фабрика және жаңа Қазақстанның

жоғарғы руханиятын сақтаушы болып тұр. Өткен онжылдықтар

экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштермен ғана емес, мәдени

құндылықтарды қалыптастырумен де таңдандырады.

Астанада 2009 жылы әмбебап концертті зал «Қазақстан» ашылды.

Бұл ғимаратқа бүкіл Орталық Азия аймағында теңдесі жоқ және дүние

жүзінің ең таңдамалы сәулет құрылысы қатарына жатады. Оның

акустикалық мүмкіндіктерін көптеген атақты музыканттар мен опера

орындаушылары сынады. 3500 көрермендерге есептелген зал тек

Астанадан емес, барлық Қазақстаннан музыка өнеріне әуесқойлардың

аншлагын жинайды.

Астананың 15 жылдығы қарсаңында елорданың орталығында

«Астана Опера» атты жаңа опера және балет театры құрылыс жұмыстарын

бітірді. Бұл жаңа әмбебап ғимаратты Еуразия және дүние жүзінде ең

қызықтырушы көрмелік алаңның бірі ететіні – ол, ғимараттың сәулет

бойынша классикалық және техникалық жабдықтау мен ішкі бейімделу

бойынша тіпті инновациялық болуы. Оның сахнасында қазақ опера

өнерінің классикасы – «Біржан және Сара» жаңа бейімдеушілікпен

әлдеқашан қойылды.

Қысқа мерзім ішінде Астанада әмбебап рухани-діни ғимараттар

салынған және іске қосылған, олар: «Нұр Астана» және «Хазрет Сұлтан»

мешіттері, православты Успендік Кафедралды Собор, католиктік Құдай

Ананың Тынбайтын Көмек Соборы, «Бейт Рахель – Хаббад Любавич»

синагогасы. Президент бастамасы бойынша халқымыздың біртұтастығын

сақтаушы Астанада барлық қазақстандықтар үшін нағыз сәулет өнерінің

көрінісі болған Бейбітшілік және ынтымақтастық сарайы қаланды. Мұнда жыл

сайын этника аралық және конфессия аралық қарым-қатынастағы

толеранттықтың бас механизмі болған Қазақстан халқының Ассамблеясы

сессиясы өткізіледі. Елордамыздың дерлік барлық қонақтары тұрғындардың

толеранттығын, бейбітшілікті және тыныштықты аса белгілейді. Бұл

қасиеттерді Қазақстанның барлық этностары мен конфессиялары достығын,

бүкіл Қазақстан қоғамының бірлігін нығайтатын Астана жайнатады [3].

Астана Қазақстан қоғамы талпынатын әлеуметтік даму стандартын

қалыптастырады, оған қоса сапаның жоғарғы шыңына және салауатты

өмір салтына шақырады. Өткен жылдар ішінде елордада тез арада игеріліп

жатқан және халықаралық спорттық ойындарға негіз болатын жаңа

спорттық ғимараттар кешені тұрғызылды: «Қазақстан» және «Алатау»

Page 54: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

54

спорт кешені, «Алау» атты жаңа Мұз Сарайы, республикалық велотрек,

«Астана-Арена» жабық стадионы, ондаған спорт алаңдары, клубтар және

фитнес орталықтары [3].

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президенті ерігімен

туған жаңа елорда жалпы ұлттық идея мәртебесіне ие болды, жас

мемлекеттің тәуелсіздігі мен ғаламдық жетістік нышаны болды. Астана

қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың түп-негізіне айналып

қазақстандықтарды біріктірді. Н.А. Назарбаев айтқандай: «Астана –

Отанымыздың түп-негізі, халықты тұтастырған ұлттық идея көрінісі,

халықтың өз күшіне және ұлы мақсатқа сенімінің нышаны» [2].

Астана шексіз далада қаланған жаңа қала ғана емес, бұл елорданың

әмбебап сәулетінде бейнеленген Батыстың кербездігі мен Шығыстың

терең рухани салтын нық біріктіретін қазақстандықтардың дүниені

қабылдауының тұтас жүйесі. Еліміздің Бірінші Президенті

Н.А.Назарбаевтың «Тәуелсіздік Астананы тудырды, бірақ Астана біздің

Тәуелсіздігімізді дәлелдеді және әрі қарай дамытады» атты сөздері

елордамыздың Қазақстан тағдырындағы рөлін тағы да белгілейді [2].

Барлығы арманнан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайшы

ой-пікірлерге қарамастан өз арманын жүзеге асырды.

Әдебиет тізімі

1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу

«Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое

будущее // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Официальный сайт Президента Республики Казахстан

http://www.akorda.kz.

3. Назарбаев Н.А. Астана - великая эпоха и стратегический вектор

Казахстана // Казахстанская правда, 2013, 6 июля.

4. Адырбеков И. Президентская дипломатия // Казахстанская правда,

2015, 20 июня.

5. Башмаков А. Астана – воплощенная мечта Президента //

Казахстанская правда, 2015, 23 июня.

Page 55: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

55

Н.Б. Давлетбаева, Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Инженерлік экономика және менеджмент

факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент

е-mail: [email protected]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ұлт жоспары» бағдарламасы Қазақстан Республикасының жаңа

тарихи жағдайында 30 дамыған елдің құрамына еніп, Орталық Азияның

қаржы орталығы ғана болып қоймай, сондай-ақ инвесторлардың көңілін

барынша аудартып, шикізат емес, өнеркәсіптік мемлекет мәртебесін

алудың іргетасы болып табылады. Реформаны жүзеге асыру барысында,

Қазақстанның өңдеуші секторында экспорттық тауарларды дайындау

барысында кемінде 10 трансұлттық корпорацияларды тарту күтілуде [1].

Биылғы жыл отандық экономика үшін индустриялық-инновациялық

даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИДМБ-2) екінші «бесжылдығы-

ның» басталуымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы жаңа технологиялардың маңыздылығын

ескере отырып, экономиканың индустриялық-инновациялық дамыту

қажеттілігі туралы мәлімдеген алғашқы елдердің бірі болды. ҮИИДМБ-2

әзірлеу және іске қосу экономикалық дағдарыс қалыптастырған қауіп-

қатерлерге еліміздің жауабы. Бұл бағдарлама одан әрі өнеркәсіпті

дамытуға негіз салды және өзіндік өнеркәсіптік базаны дамыту бойынша

мемлекеттік жүйелі тәсілдер үлгілерінің бірі болып саналады.

ҮИИДМБ-2 мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге

қабілеттігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін

қамтамасыз ету. ҮИИДМБ-2 әлемдік қаржы дағдарысы жағдайларында

өнеркәсіпті қолдаудың дағдарысқа қарсы құралдардың бірі болды [2].

ҮИИД 2015-2019 жылға есептелген жаңа бағдарлама, бірінші

«бесжылдықтың» қисынды жалғасы болып табылады және оның жүзеге

асу тәжірибесін ескереді. Бірақ, басты ерекшелігі сол, екінші кезең

кластерлік тәсілді қолданумен басым секторлардың шағын санында,

аймақтық мамандандырылуында және тиімді салалық басқаруда күштер

мен ресурстардың шоғырлануына сәйкес дәл осы өңдеу өнеркәсібін

дамытуы бір нүктеге топталады.

Басқа мемлекеттердің классикалық және қазіргі заманғы әдістері

қолданылған тәжірибесі талданды, сондықтан біз бұл еліміздің нақты

Page 56: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

56

анықталған және толықтырылған стратегиялық құжаттардың бірі деп

санауға болады.

Бағдарламадағы жекелеген кестелерде 2012 жылдағы деңгеймен

салыстырғанда 2019 жылда жетуге тиісті нақты экономикалық

көрсеткіштері жазылған. Жағдайдың нақты көрінуі тұрғысынан қалай

сапалы болса, солай мониторинг пен талдау үшін ыңғайлы бес базалық

индикатор таңдап алынған. Егерде олардың ішіндегі маңыздысын айтар

болсақ, мысалға, өңдеуші өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнның өсімі

шынайы мәнде 1,4 еседен кем өспеуі қажет. Өңделетін өнеркәсіптердің

энергия сыйымдылығы 15 % кем болмауы тиіс.

2020 жылға дейінгі индустриялық саясатты қалыптастырған кезде ел

индустриясының күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ оны дамыту

мүмкіндіктері мен оған төнетін қауіп-қатерлерді ескеру қажет.

Индустриялық даму саласындағы күшті және әлсіз жақтарын талдау.

Индустриялық дамудың күшті жақтарын қарастырайық:

1) табиғи ресурстармен жоғары қамтамасыз ету;

2) макроэкономикалық және саяси тұрақтылық;

3) даму институттары, мемлекеттік холдингтер және ұлттық

компаниялар жүйесімен нығайтылған қолданыстағы индустриялық

саясаттың болуы;

4) қолайлы іскерлік климат.

Қазақстан Республикасы әлемде табиғи пайдалы қазбалардың қоры

бойынша 6-орынды алады, көмірсутектердің барланған қорларының

деңгейі бойынша әлемде 10-орында және уранды ірі экспорттаушы болып

табылады. Минералдық пайдалы қазбалардың бай қорлары елде өндіруші

өнеркәсіпті белсенді дамыту үшін база құрады. Жер қойнауында химиялық

элементтер кестесінің 117 компонентінің 99-ы анықталды, олардың ішінде

70 элемент барланды, оның ішінде 60-ы өндірілуде. Қазақстанның

солтүстік бөлігінде жел энергетикасын дамыту үшін тартымды жел

картасы бар. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде күн белсенділігінің

жеткілікті тығыздығы бар.

Қазақстан Республикасында жеткілікті алтын-валюта резервтері,

Ұлттық қорда қаржының елеулі көлемі және макроэкономикалық және

саяси тұрақтылықты қолдау үшін тұрақты саяси жүйе бар. Даму

институттары жүйесі мен мемлекеттік қолдау шаралары қалыптасты,

заңды түрде бекітілді және қолданыста. Ұлттық холдингтер белсенді

мемлекеттік индустриялық саясат жүргізу үшін негіз салуда.

1-кестеде ҚР индустриялық-инновациялық дамуының екінші

бесжылдығының негізгі ерекшеліктері көрсетілген [3].

Page 57: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

57

ҚР индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығының

негізгі ерекшеліктері

1 кесте 2010-2014 жылдарға ҮИИДБ

2015-2019 жылдарға индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасы

Мақсаты Экономикалық

әртараптандыру.

Өңдеуші өнеркәсіптің

өсу үлесі

12 нысаналы индикаторлар

2012 жылмен салыстырғанда

2020 жылға қарай 1,6 есе өнімді өңдеу

өнеркәсібінің өсімін ұсыну - ақылға

қонымды әртараптандыру.

5 нысаналы индикаторлар

Қолдау нысаны Экономиканың басты

16 саласы, а/ш,

инфрақұрылымды,

туризмді, сауданы,

ШОБ қоса алғанда,

Компаниялар мен

жобалардың қолдауы

Өңдеуші өнеркәсіптің 6 басты

саласы

Басым саладаны 14 секторға бөлу

Үш қолдау нысаны: кәсіпорын,

аумақ және сала

Кластерлік ыңғай

Қолдау

жөніндегі

шаралар

Барлық салалар үшін

10-нан аса қолдау құралдары

Айрықша қолданыстағы

құралдардың бес түрі

ШОБ, ірі кәсіпорын, аумақтар

үшін жекелеген қолдау құралдарының

жинтығы .

Шаралар

жоспары 23 салалық

бағдарлама

Аумақтық дамудың 16

бағдарламасы

Салалық бағдарламаларды

болдырмау /жою, өзгерту/

Шараның бірыңғай жоспары

Жеке шараларды талдап тексеру

және анықтауға зейін қою

Өткізу

механизмдері Нақты нәтижелердің

жетістіктері үшін ұжымдық

жауапкершілік

Бағдарламаның нәтижелер

жетістігіне дербес уәж және

жауапкершілік

Әрекеттің нәтижелері туралы

шарттарды енгізу.

Аймақтар мен

бизнестің рөлі

Бағдарламаны

орындаушы рөлінде

Министрлік пен аймақтар

Бағдарламаны өңдеу және іске

асыруда бизнестің, Ұлттық кәсіпкерлер

палатасы мен салалық ассоциацияның

белсенді қатысуы.

Өнеркәсіптің дамуы бағдарламасын

іске асыруда аймақтардың жауапкершілігі

мен өкілеттілігі.

Аймақтық даму институты -

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

Аймақтық мамандандыру

Қаржыландыру

моделі Бағдарламаның

дағдарысқа қарсы бағыты

Бизнесті мемлекет

тарапынан ауқымды

қаржылай қолдау

Қаржыландыру моделін теңдестіру

Бағдарламаны жүзеге асыру

үшін жекеменшік қаржыландыру

табыс көзін белсенді жұмылдыру

/тарту/.

Page 58: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

58

Мемлекеттік функциялар мен рәсімдерді реформалау барысында

Қазақстан Республикасы іскерлік климат сапасын көтеруде табыстарға қол

жеткізді. ДЭФ елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде (50-

орын) және бизнес жүргізуге жағдай сапасы бойынша Дүниежүзілік банк

рейтингінде (53-орын) позиция Кедендік одақ бойынша әріптестер мен

макроөңір елдерінің көбінен басым тұр [4].

Индустриялық дамудың әлсіз жақтары мен кедергілер:

1) өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялық белсенділіктің

жеткіліксіздігі;

2) біліктіліктің талап етілетін деңгейіндегі адами ресурстардың

шектелген қолжетімділігі;

3) әлемдік нарыққа кіруге кедергілері ретінде инфрақұрылымдық

шектеулер;

4) инфрақұрылымдағы тар орындардың болуы (көлік-логистикалық,

энергетикалық, сумен жабдықтау);

5) мемлекеттік компаниялар басым болған кезде шағын және орта

бизнес үлесінің жеткіліксіздігі;

6) ұлттық инновациялық жүйенің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

7) өнеркәсіптегі төмен ресурстың тиімділігі;

8) жетілдірілмеген техникалық реттеу.

ҚР мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының

екінші бесжылдық жобасын іске асыруда 2015-2020 жылдарда қажет

жалпы инвестиция көлемі 52 млрд доллар деңгейінде, сонымен қоса

ФИИРді қаржыландыруда жалпы қажеттілік 8 трлн тенгені құрайды.

Индустриализацияның екінші кезеңін дайындауда мыналар қажет:

– кәсіпкерлердің қолжетімді қаржымен қамтамасыз ету;

– өндірістік күштерді орналастырудың мәселесін пысықтау (қандай

кластерлерді дамыту қажет және оларды қайда орналастыру керек);

– кәсіпкерлік саясатты қалыптастыру (бизнесті қолдау

құралдарының анализін жасау);

– кадрмен қамтамасыз ету мәселесін шешу;

– инфраструктураны дамыту (транспорт, логистика, АЭА және ИЗ).

Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық

дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша

өнеркәсіптік салаларды базалық дамыту, өнеркәсіпті қайта құру

құрылымы, кешенді өнеркәсіптің бағдарламалы-мақсатты басқару

әдістерін енгізу Тұжырымдамасы әзірленген. Тұжырымдаманы іске асыру

еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы

нарықтағы негізгі салалардың өнімдер бәсекелестік позициясын күшейтіп,

жоғары технологиялық деңгейге өтуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы

әзірлеуде кен өндіру, көмір өнеркәсібін, қара және түсті металлургияны,

машина жасау мен металл өңдеу, химия және фармацевтикалық

өнеркәсіпті, құрылыс материалдардын дамытуға ерекше көңіл аударған.

Page 59: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

59

Әр саланың дамуы бойынша толық схемасын көрсететін шеберлік

жоспары әзірленген. ҮИИДБ аясында елді индустрияландыру картасына

Қарағанды облысынан жалпы сомасы 238,3 млрд теңге көлемінде 24

инвестициялық жоба қосылған.

Индустрияның ұлттық экспорттан хабардар секторлары

индустрияландыру локомотивтерінің рөлін кейінгі шекті өндіріс дамуы

мен кең мультипликативтік нәтиже есебінен орындайды. Дәстүрлі

экспорттан хабардар секторы индустрияда секторы үнемдеулерге

кездесетіні олардың дамытуынан кең мультипликация жасау әсердің келесі

қайта бөлісулердің және қамтамасыз етудің өндірістердің дамытулардың

есептің артына индустрияландыруда локомотивтерге рөлге орындайды.

Экономиканың басым салаларында ҒЗТКӘ нәтижелерін енгізу, энергия

үнемдеу аясында нормативті заңдарға сүйенетін базаларын, инновациялық

инфрақұрылымның даму есебінен, сапа инфоструктурасын құру, отандық

өнеркәсіптік инновациялық әзірлемелерді игеру, стандарттық

технологиялар трансферті үшін жүйелік шарттар жасалады.

Арнайы бюджеттік бағдарламалардан тұратын құралдар мен

мемлекеттік шаралардың бірыңғай жүйесін құру, ол Бағдарламаның өз

мақсатына жетуге және елді индустриализациялауда синергетикалық әсер

беруге, мемлекет пен бизнесті шоғырландыруға, үйлестіруге мүмкіндік

туғызады. Белсендірілген үдемелі индустриялық-инновациялық саясат

қазақстандықтардың әл-ауқатын жоғарылатады.

Сонымен, жаңа бағдарлама өзінің өңдеуші өнеркәсіптерін дамытуға

ғана емес, экономиканы толығымен дамытуға көмектеседі. Және ол білім

саласын, әсіресе кәсіби - техникалық саланы айтарлықтай дамытуға

мүмкіндік береді, халықты жұмыспен қамтуға және мемлекетіміздің

дамуындағы өзге де мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.

Әдебиеттер тізімі

1. Программа Президента РК Н.А. Назарбаева План нации – «100

шагов «Современное государство для всех», 2015г.

2. Государственная программа по формированному индустриально-

инновационному развитию Республики Казахстан на 2015-2019 годы и о

внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19

марта 2010 года № 957 «Об утверждении Перечня государственных

программ».

3. Концепция индустриализации РК на 2015-2019 гг.

4. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014 г.

Page 60: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

60

А.М. Ғазалиев

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің ректоры,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР ҰҒА академигі

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК

БІЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАСАМПАЗДЫҚ РӨЛІ

Университеттің тарихы мен замандас жетістіктері Елбасының

қызметімен, оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту

мәселелері бойынша ғаламдық бастамаларымен тікелей байланысты.

Университет ұжымы онда 1962 жылдан бастап 1965 жылға дейін

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев инженерлік білім алғанын мақтан тұтады.

Университеттің инновациялық дамуындағы үлкен ынталандырма 2012

жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Тұңғыш Президенті күнінде –

жалпыұлттық мейрамның бірінші күнінде Alma Mater-ге Нұрсұлтан

Әбішұлының сапары болып табылады.

Оның біздің Университетке ерекше қарым-қатынасын Құрметті

қонақтар кітабындағы жазуы айғақтайды: «Бүкіл Қазақстан үшін

инженерлік кадрлар бастамасы болатын бұл оқу мекемесінде білім

алғанымды мақтан тұтамын». Елдің инновациялық дамуында Елбасы бастамаларының жасампаздық

рөлі ҚарМТУ негізінде жыл сайын өтетін «Жаңа Қазақстанды

қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

тағдыркешті шешімдері» ғылыми-практикалық конференциясында

талқыланады.

Елдің жетекші университеттерінің ғылыми базасының дамуы

бойынша Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырысын жүзеге орындау үшін

ҚарМТУ-да 2007 жылы «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді

игеру» Инженерлік бейінді зертхана ашылды.

2010 жылы ол Қазақстанда технологияны коммерциялау көлемі

бойынша жетекші орындардың біріне ие болды (520 млн. теңгеден астам).

Әлемдік банк гранты республикалық байқау нәтижесі бойынша

Университет базасында Материалтанудың халықаралық орталығы

құрылды, ол ұлттық инновациялық жүйенің кілттік интеграторы болды.

Орталық зерттеулер жасауда халықаралық стандарттардың

қарастырылуына, әлемдік ғылым мен индустрияның дамуына себептеседі.

Page 61: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

61

Инженерлік бейінді зертхана мен Материалтанудың халықаралық

орталығы ұлттық инновациялық жүйенің дамуы үшін инфрақұрылымды

қалыптастыру туралы Елбасының идеясын табысты жүзеге асырады.

«Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша 146 түлектеріміз

дүние жүзінің ең үздік университеттерінде білім алып қазақстандық

ғылым, білім мен өндіріс кәсіпорындарында табысты қызмет етеді.

«Студенттік тұрғын үй» Президенттік бағдарламасы арқасында

Университет кампусында Қазақстандағы ең көлемді 822 орны бар

«Армандастар Ордасы» жатақханасы салынып, қазіргі таңда тұрақты

пайдаланылады.

Сонымен қатар, Университетте жоғары оқу орны жүйесінің әлемдік

деңгейдегі инженерлерді дайындауға көшуі туралы Елбасы идеясы жүзеге

асырылды.

2010 жылдың қазан айында Президенттің тікелей атсалысуымен

Университет базасында Қазақстандық дәнекерлеу институты құрылды.

Жуырда қазақстандық мұнай-газ кешені кәсіпорындары үшін

дәнекерлеуші-инженерлердің үшінші буыны білім ордасын бітіріп

шығады.

Түлектер әлемнің 56 мемлекетінде мойындалатын халықаралық

үлгідегі диплом алады.

2014 жылдың 5 желтоқсанында Франция Президенті Франсуа

Олландпен кездесуде «2010 жылдан бастап Total компаниясының

қолдауымен Қарағанды техникалық университеті базасында

дәнекерлеу институты жемісті еңбек етуде. Бұны мен үлкен

мақтанышпен айта аламын», - деп ескертті Нұрсұлтан Әбішұлы.

Университеттің білім беру үдерісінің халықаралық стандартқа

бағытталуы «білім беру-ғылым-инновация» үштігі шеңберінде терең

бірігуді қарастырады.

Бұл мақсатта 2008 жылы ҚарМТУ базасында «Корпоративтік

Университет» консорциумы қабылданып өз қызметін табысты

орындауда. Консорциум үздіксіз дамып келеді және Қазақстанның,

Германияның, Қытайдың, Ресейдің, Белоруссия мен Өзбекстанның 86

өнеркәсіп кәсіпорындарын және ғылыми орталықтарын қамтиды.

Бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда және ғылыми

технологияларды трансферттеуде ҚарМТУ серіктестері әлемдік деңгейдегі

университеттер болып табылады, сонымен қатар TOTAL (Франция),

ERSAI (Италия), FESTO (Австрия-Германия), Leica Geosystems,

(Швейцария), ЕРАМ Systems пен FLUOR (АҚШ), Қытай энергетикалық

компаниясы ЦИНХУА, БелАЗ, МТЗ, Амкодор (Белоруссия), АРСЕЛОР

МИТТАЛ, ҚАЗАҚМЫС, ИМСТАЛЬКОН, KEGOC, ССГПО, Шұбаркөл

Көмір сияқты ұлтаралық және ұлттық компаниялар да құрамына

кіреді.

Page 62: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

62

Осылайша, әлемдік деңгейдегі технологиялар трансферті саласында

халықаралық ынтымақтастық туралы Елбасы идеясын жүзеге асыру

студенттердің білім горизонтын кеңейте ғана қоймай, болашақ

инженерлерді шындап бәсекеге қабілетті және талап етілген етеді.

ҚарМТУ Қазақстанда ең бірінші болып жоғары техникалық білім беру

жағдайында мамандарды дайындаудың дуалды жүйесін жүзеге асырды.

Бұл мақсатта Корпоративтік Университет кәсіпорындарында жұмыс

мамандықтарының 5 орталықтары және шығарушы кафедралардың 60

филиалы құрастырылды. Тәжірибелік дайындаудың көп бөлігі бұл

орталықтар мен филиалдарға көшірілді. Студенттердің кафедра

филиалдарында өндірістің 300-ден астам жетекші мамандары білім

алады.

Дуалды жүйе нақты өндіріс жағдайында техникалық кадрларды

дайындаудың ең тиімді моделдерінің бірі болып табылады.

Бұл жүйе бойынша өз кезегінде Мемлекет басшысы инженерлік

дайындықтан өтті. Ол Қарағанды металлургиялық комбинатында домна

пеші көрікшісінің қолғабысы ретінде теорияны тәжірибемен табысты

қиыстыра алды.

Білім, ғылым мен өндірістің бірігуі негізінде бәсекеге қабілетті

мамандарды дайындаудың сапасын арттыру үшін Университетте ғылым

және инжинирингтің 20 инновациялық орталықтары құрылды.

ҚарМТУ-да жаңа индустриализация негізінде ел экономикасын

артараптандыру бойынша Елбасының стратегиялық жоспары табысты

жүзеге асырылуда.

«Нұрлы жол - болашаққа бағдар жол» Жолдауында Нұрсұлтан

Әбішұлы: «... индустриализация бағдарламасы шегінде ғылымның

кадрларды дайындау мен экономика салаларымен байланысы

қамтамасыз етілетін 10 жоғары оқу орындары анықталды», - деп

белгіледі.

Оның ішінде «Тау-кен ісі», «Металлургия» мен «Машина жасау»

сияқты экономика дамуының негізгі бағыттары бойынша бас Жоғары оқу

орны болатын Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бар

Қарағанды облысының индустриализация Картасына 11 000 жаңа

жұмыс орнын құрастырумен сомасы 519 млрд. теңге құрайтын 95 жобалар

енеді.

Университет барлық кәсіпорындармен 29 мамандықтар бойынша

1682 мамандарды 2019 жылға дейін дайындау туралы шарт жасасты.

ҚарМТУ әлдеқашан 1096 мамандарды 61 индустриализация Картасы

нысандарына жұмыспен қамтамасыз етті.

Біздің түлектер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Казақмыс

Корпорациясы» ЖШС, «ШубаркөлКөмір» АҚ, «Сарыарқа ENERGY» ЖШС,

«BapyMining» ЖШС, «Хром-Т» ЖШС, «БорусанМакина Казақстан»

ЖШС ЖК, «КазБелаз» БК, «Евромет» ЖШС және т.б. ірі кәсіпорындарда

Page 63: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

63

аса талап етілген болды.

Жаңа индустриализация үшін инженерлік кадрларды дайындау

бойынша бас жоғары оқу орны ретінде ҚарМТУ 2015 жылдың 1

қыркүйегінен бастап бейінді магистратураның 13 тәжірибелік білім беру

бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.

Мысалы, «Металлургиядағы нанотехнология» мен

«Робототехника. Басқару жүйелері» бағдарламалары бойынша 127 адам

оқуда.

Барлық оқушылармен «Жоғары оқу орны-Кәсіпорын-Магистрант»

атты үш жақты шарт жасалынды.

Бұл мамандықтарды меңгеруде халықаралық серіктестер Еуроодақ

пен Ресейдің жетекші техникалық және зерттеу университеттері мен

ArselorMittal, SchneiderElectric, FESTO трансұлттық корпорациялар болып

саналады.

Қызмет көрсету шарттары мен одақтасу келісімі аясында бірлесіп

жасалынған модулдік білім беру бағдарламалары бойынша Франция,

Германия, Швейцария, Латвия мен Ресей университеттерінің жетекші

профессорларының қатысуымен мамандарды дайындау жүргізілуде.

Аталған бағдарламалар «ҚАЗАҚМЫС», «АрселорМиттал Теміртау»

және тағы басқа облыстың жетекші кәсіпорындарымен жүзеге асатын

индустриализация Картасының 12 нақты жобаларына бекітілген.

Оқу процесіне оқу-әдістемелік пен материалдық-техникалық

кешендер дайындалған және енгізілген.

Онымен қоса, үш жаңа ғаламдық деңгейдегі зертханалар

құрастырылды:

«Металлургиядағы инновациялық технологиялар зертханасы»;

«Тау-кен ісінің перспективалық технологиялар зертханасы» ;

«Машина жасауда замандас технологиялар мен жабдықтар

зертханасы».

Жалпы сомасы 200 млн. теңгеден асатын АҚШ, Англия, Нидерланды,

Франция, Германия, Швейцария секілді ғаламдық өндірушілердің

жабдықтары қазіргі таңда оқу процесіне енгізілген және қолданылады.

«Робототехника. Басқару жүйесі» білім бағдарламасы бойынша

«SchneiderElectric» (Франция) концерніне сәйкес автоматизация

құралдарының ғаламдық өндірушілерінің жаңа оқу мен өндірістік

жабдықтарымен жабдықталған «ҚарМТУ - SchneiderElectric»

Авторландырылған Білім беру Центрі ашылды.

«Металлургиядағы нанотехнология» бағдарламасы үшін мемлекет

Басшысының курстасы, т.ғ.д., ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері

Сарекенов К.З. «Домналық балқыту процесін компьютерлік модельдеу»

атты оқу құралын мемлекеттік, орыс пен ағылшын тілінде дайындап

шығарды.

Page 64: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

64

Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны

жүзеге асырудың 100 қадамы» Ұлт Жоспарын орындау мақсатымен:

1. 46-49, 55, 63, 64 және 77-қадамдар бойынша - Қарағанды

облысының әкімшілігі, кәсіпкерлер Палатасы мен салушылар Одағымен

бірге ҚарМТУ негізінде Жергілікті құрылыс кластері құрастырылуда.

Кластер ҚарМТУ-дің, жобалық ұйымдардың, салушылар компаниялары

мен құрылыс индустриясы кәсіпорындарының интеллектуалдық және

өндірстік –техникалық потенциалын біріктіреді;

2. 49-қадам бойынша Университет ғалымдарымен Еврокод атты

құрылыс халықаралық стандарт негізінде 27 нормативтік-техникалық

құжаттар құрастырылды;

3. 55-қадам бойынша «TOTAL», «ERSAI», «FESTO»,

«LEICAGEOSYSTEMS», «АRSELORMITTAL», «FLUOR»,

«EPAMSYSTEMS», «CHINAKINGHOENERGYGROUP» және

«SCHNEIDERELECTRIC» трансұлттық корпорацияларымен

халықаралық стандарттар негізінде ғаламдық деңгейдегі мамандарды

дайындау мен технологиялар трансферті бойынша ынтымақтастық

қамтамасыз етілді;

4. 63-қадам бойынша:

Екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлық иегері, т.ғ.д., Дрижд Н.А.

профессорының ғылыми жетекшілігі астында Қарағанды көмір бассейнінің

көмір қабаты кенінен метанды өңдеудің инновациялық қауіпсіз

технологиясы бойынша ауқымды жобаны тәжірибелік жүзеге асырудың

бірінші кезеңі басталды;

«Назарбаев Университет» ДББҰ-мен бірігіп ҚарМТУ-да жасалынған

жаңа отандық «ЦИТАФАТ» атты гепатопротекторлық құралды

медициналық тәжірибеге енгізу бойынша жұмыстар басталды;

ҚарМТУ ғылыми-техникалық кешені инфрақұрылымының кейінгі

дамуы мақсатында инженериядағы оқу технологиялары, ғылым мен

білімнің 20 инновациялық орталықтары ашылды;

5. 64-қадам бойынша ҚарМТУ инновациялық орталықтары, кіші

кәсіпорындары мен кішігірім өндірісі негізінде ұсақ сериялы өндіріс

қамтамасыз етілген:

Астана қаласында ЕХРО-2017-де көрініс табатын ГДН-45 гидродинамикалық

жылытқыштары;

агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін баланстық көмірден гуминдік

препараттар;

ТКШ жүйесі үшін тиімді жылу тасығышымен вакуумдық энергия

сақтаушы радиаторлар;

«Богатырь Көмір» ЖШС үшін РФЭ-2 фоторелесі;

ТМК кәсіпорны үшін РУ-2М жылыстау тогынан сақтану құралдары;

азаматтық нысандар мен жетекші тау-кен-металлургиялық кешен

үшін 110, 250 және 500 кГс жүк көтергіштігімен жүк пневмолифттері;

Page 65: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

65

6. 77-қадам бойынша базалық жоғары оқу орны ретінде 2

бағдарламасы бар бейінді магистратураның 13 жаңа оқу бағдарламары

жүзеге асырылуда;

7. 1-100-қадамдарды ескере отырып жоғары оқу орны пәндерінің

2307 оқу-әдістемелік кешендері өңделді.

8. 85-90-қадамдары бойынша ҚарМТУ-да мамандарды дайындау

процесінде «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ

ҚАЛЫПТАСТЫРУ» Тәрбиелік Моделі жүзеге асырылуда. Оның негізін

2009 жылы жасалынған және елдің оқу мекемелеріне енгізуге ұсынылған

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев тұлғасы өнегесінде

патриоттық тәрбие беру Моделі құрады.

Елбасының стратегиялық бастамаларын жүзеге асыру негізінде

институтционалдық реформалар мен жаңа индустриализацияны жүзеге

асыру үшін адам капиталын, ұлттық инновациялық жүйені дамыту

саласында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өткен жылдар

ішінде Орталық Қазақстанның мәдени, интеллектуалдық және

өндірістік негізі болып түрленді.

5 жыл бойы ҚарМТУ Қазақстанның техникалық жоғары оқу

орындары арасында Еврорейтинг пен ұлттық рейтингтарда үшінші

орынға тұрақты түрде ие.

Жуырда біз ТОП-120 дамыған елдер қатарына, QS дүниежүзілік

рейтингқа кірдік.

Корпоративтік Университеттің мықты интеллектуалдық және

өндірістік потенциалына сүйене отырып, ЖОО тек білім міндетін орындап

қана қоймай, бүкіл Қазақстанның индустриалдық-инновациялық

инфрақұрылымын қалыптастыру үшін қолданылуы мүмкін маңызды

әлеуметтік институт болып табылады.

Сол мезетте Университеттің бас міндеті жаңа формациялы

инженерлік кадрларды дайындау болып табылады.

2014 жылдың желтоқсан айында Елбасы: «Қазақстанға еліміздің 700

қаланған жаңа кәсіпорындарында жұмыс істеуге тиіс білікті

инженерлік кадрлар қажет», - деп ерекше белгіледі.

Замандас өркениет негізінен инженерлермен құрастырылды.

Қазір ол Үшінші индустриалдық төңкеріс шеңберінде түрленудің

кезекті кезеңін өтуде.

Барлық алдыңғы өркениеттер ғылыми-техникалық идея негізінде

инженерлік базамен жүзеге асты.

Бірінші индустриалдық төңкеріс XIX ғасырда көмір мен бу

техникасына, жаппай баспаға сүйене отырып өтті.

Екіншісі XX ғасырда электрлік құралдардың, байланыс (телефоннан

радио және телевизияға дейін) пен ішкі жану двигателінің таралуына

сүйене отырып өтті.

Үшіншісі Интернет пен цифрлы байланыспен бірге басталды.

Page 66: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

66

Сол мезетте аса дамыған елдерде, оның ішінде Германияда Төртінші

индустриалдық төңкеріс - Индустрия 4.0 әлдеқашан басталды.

Бұл жағдайда өнеркәсіп пен ақпараттық технологияларды біріктіре

алатын мамандарды дайындау туралы ой қозғау қажет.

Индустрия 4.0 ерекшелігі зауыттық процестерге өнеркәсіптік және

ақпараттық технологияларды, киберфизикалық жүйелерді (Cyber-

Physical System) біріктіру болып табылады.

Индустрия 4.0 дүниесінде өндірістік жабдықтар мен бұйымдар

өндірістік және логистикалық үдерістерін өздігінен басқарады.

Өнеркәсіп көлік жүйесімен, құрылыс пен энергиямен қамтамасыз

етумен бірге Интернет шеңберінде «есті» болып келеді.

Индустриалдық төңкеріс жағдайында жаһандану мен өндірістің аса

қатты бәсекелестігі артады. Индустрия жобаларын жүзеге асырудағы

жетістік негізгі атқарушы инженерлердің біліктілігімен анықталады.

Сондықтан қазіргі таңда көптеген елдердің даму стратегиясында

бірінші орынға адамзат потенциалын дамыту, яғни бесінші мен

алтыншы технологиялық құрылысқа тиісті ғылыми жобаларды жүзеге

асыруға қабілетті адамдарды дайындау қойылады.

Бірақ Қазақстан индустриясының дамуындағы негізгі сала болып

табылатын тау-кен металлургиялық кешені өзінің өндірістік техникалық

деңгейі бойынша әлі үшінші-төртінші технологиялық құрылыс шегінде

орналасқан.

Аса дамыған елдер қатарына дейін, яғни алтыншы технологиялық

төңкеріске серпіліс қажет. Бұл мәселенің шешімі алтыншы технологиялық

төңкерістің жоғары даму жылдамдығының ескеруін талап етеді.

Жаңа индустриализация жобаларының кадрлық қамтамасыз етілуі

кешеуілдеуді сабыр етпейді: 2017 жылы жаңа формациялы инженерлер

қазақстандық индустрияның қозғаушы күші болуы қажет.

Бұл міндетті Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

халықаралық стандарттар негізінде жетекші дүниежүзілік және

отандық ғылыми-өндірістік орталықтарымен серіктестікте

әлдеқашан табысты орындап келеді.

Page 67: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

67

А.В. Сиводедова,

e-mail: [email protected]

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ –

ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЯСАТ

Жалпыға бірдей жаһандану мен жаңғырту жағдайында сыртқы

шарттардың талаптарына сәйкес білім беру жүйесіндегі өзгерістер аса

маңызды болып табылады. Адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру

жүйесіне салынған инвестициялар экономика мен қоғам үшін маңызды

қайырым беруіне септігін тигізеді.

Бұл өзгерістер жылдам өзгерілетін әлемде бейімделе алатын,

техникалық үдемелі, өндірістік жұмыс күшін құруға аса қажетті.

Халықтың білім беруге, дағдылыққа, қабілеттілікке инвестиция салған

елдер ғана болашақта жетісті экономика болады.

Білім беруді тек әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығындар

ретінде ойламай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керек. Білім

беру мен экономикалық өсімді байланыстыратын көптеген дәлелдемелер

бар: макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу

білім беру, табыс және өнімділік арасында тығыз байланыс бар екенін

куәләндырады. Сондай-ақ білім берудің ерте кезеңіндегі инвестициялардан

қайтарымның үлкен өсімі байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуда

инвестициялардың аса маңыздылығын дәлелдейді.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,

бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауында атап

өткендей: «Білім беру – дегеніміз адамзат тіршілігінің стратегиялық

маңызды саласы, тұлғаның қабілеттілігін дамытатын бірегей әлеуметтік

институт. Білім берудің сапасынан технологиялық, экономикалық,

саясаттық үдерістің қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханият жағдайы

және ақырында адамның саулығы байланысты. Білім беру саласындағы

Қазақстанда өткізіліп жатқан мемлекеттік саясат Республикамыздың ең

маңызды мақсатына бағытталған – бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына

кіру» [1].

Білім беру экономикалық табыстан басқа, өзге әлеуметтік табыстарға

алып келеді, әлеуметтік капиталды қалыптастыруға көмектеседі –

азаматтық қатысушылықтың үлкен үлесі, жоғары әлеуметтік ауызбірлігі

Page 68: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

68

мен ықпалдастығы бар, қылмыс деңгейі төмен қоғам.

Осы мақсаттарды шешу мақсатында, 2005 жылдан бастап, Қазақстан

Республикасында 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін

дамыту мемлекеттік бағдарламасын, 2008 – 2012 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білім беруді

дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған

«Қазақстан балалары» бағдарламасы, 2010 – 2014 жылдарға арналған

«Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету

бағдарламасы қабылданды. 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жоғарғы білім беру жүйесінде айқын

оңтайлы нәтижелерге қол жетілді. Қазақстандық жоғарғы мектеп үш

деңгейлік білім беру жүйесіне (бакалавр, магистр, доктор PhD) көшті.

Кезеңдердің жаңа жүйесі өзінің құқықтық бекітілуін «Білім беру туралы»

Қазақстан Республикасының Заңында тапты (2007 жыл).

Қазақстан жоғары мектебінің мақсаты жоғарғы білім берудің

еуропалық аймағына кіру болып табылады. 2010 жылы Болондық үдеріске

қатысатын елдердің Білім беру Министрлерінің ІІ Болондық Форумында –

Қазақстан Болондық үдеріске енді. Болондық үдерістің қатысушылары

бірқатар шарттарды орындауға міндетті: жоғарғы білім берудің көп

деңгейлік жүйесін енгізу; студенттер мен оқытушылардың жинақылығын

мадақтау; бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және оқудың

аяқталуы бойынша қос немесе бірлескен дипломдарды беруді тәжірибелеу,

сондай-ақ әр түрлі елдердегі жоғарғы оқу орындар түлектерінің

құқықтарын теңестіру тәсілі ретінде дипломға еуропалық қосымша беру,

оның ішінде еңбек нарығында, ECTS (European Credit Transfer System)

еуропалық үлгісіндегі академиялық кредиттерді қолдану және тағы

басқалар.

Еуропалық білім беру кеңістігіндегі бірлестік (жоғарғы мектеп

түсінігінде) ең алдымен үш деңгейлік оқыту жүйесін енгізумен қамтамасыз

етіледі - бакалавриат, магистратура, докторантура. Біріншісі – 3 жылдан

кем емес оқу жылын қамтиды; екіншісі 1 немесе 2 жыл (егер бакалаврлар

аталған жоғарғы оқу орнында 3 жыл оқыса, магистратура екі жылдық болу

керек деп ұйғарылады, ал егер – 4, онда магистр 1 жыл оқиды). Үшінші

деңгей – докторантура (3 жыл). Соңғы жылдардағы көп деңгейлі оқытудың

қазақстандық тәжірибесі келесі модель бойынша орналасқан: 4 жыл –

бакалавриат, 2 жыл - магистратура, 3 жыл – күндізгі аспирантура. Бұл

модель еуропалық қағидалардан басқаша, бірақ Болондық үдеріспен

рұқсат етіледі.

Университеттік бағдарламалар өмір бойғы оқу кепілдігін

қарастыратын, еңбекпен қамту мүмкіндігін бере отырып, еуропалық еңбек

нарығына бағыттала, үйлесімді болу керек.

Еуропа университеттері ұтқырлықты горизонталь бойынша да,

сондай-ақ вертикаль бойынша да, мойындау мен ұтқырлықтың (ECTS,

Page 69: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

69

дипломдардың конверсияланғыштығы, оқыту бағдарламаларының

сәйкестігі және т.б.) әрекеттегі аспаптарына сүйене отырып, марапаттауға

міндетті. Қатысушы елдердің барлық университеттері жоғарғы білім

берудің (бакалавр плюс магистр немесе доктор) көп деңгейлі жүйесіне

ауысуы, ECTS-ке және басқа ЖОО алынған кредиттердің сабақтастығы

туралы шешім қабылдау құқығына негізделген жинақтаушы-қайта сынау

кредиттік жүйесін пайдалануы керек.

Оқыту негізгі әлем тілдерінде жүргізіледі, нәтижесінде Болон

процесіне қатысушылар профессорлар мен еуропалық студенттер үшін

қолайлы білім алу ортасын құруға үміттенеді, ол оларға бір

университеттен басқасына еркін орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыру, берілген

кеңістікке мүмкіндігінше көп мемлекет санының енуі – тым күрделі проблема,

көп жоспарлы. Жас Қазақстан мемлекеті үшін ол маңызды. Білім сапасын

арттыру, оқыту процесінде өз бетіндік компонентті ұлғайту, педагог

мамандығының беделділігін арттыру, қазақстандық дипломдардың

бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ҚР білім берудің негізгі міндеттері осы.

Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдары Мемлекеттік білім

беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық білім

беру деңгейлері институционалды түрде сәйкес ұйымдар желісімен

қамтамасыз етілген. Мамандықтардың іріленген топтарынан тұратын,

Қазақстан Республикасы жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру

мамандықтарын жіктегіш бекітілді.

Жоғарғы және ЖОО кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылы 25 710-нан 2010 жылы

35425 дейін артты. Білімді ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс

жүргізіледі. Қазіргі кезде бір компьютерге 18 оқушы келеді. 2005 жылы

берілген көрсеткіш 41 құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерде [2].

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға көп назар

аударылады. Орталық және жергілікті атқару органдарында, республика

аумақтарының ЖОО жанында қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды,

міндетті оқыту курстары, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы

білім беру мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту енгізілді.

Ұлттық жоғары мектепте әлемдік білім беру деңгейіне жету

шаралары қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігіне енді,

Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі –

«Назарбаев Университеті» беделді жоғарғы оқу орны құрылды. Оқу

бағдарламаларының мазмұнын анықтауда ЖОО академиялық еркіндігі

кеңейді: таңдау бойынша компонент ұлғайды - бакалавриатта 40 % бастап

50 %, магистратурада – 50 % бастап 60 % дейін және докторантурада - 70

% бастап 80 % дейін. Сапалы жоғарғы білім алуды қалайтын студенттер

саны артып келеді. 20 мыңнан астам қазақстандықтар шетелде білім алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының

Page 70: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

70

3000 жуық стипендиаттары әлемнің 27 елде білім алады.

Шетелдіктер үшін жоғарғы білім тартымдылығын арттыру үшін

жағдай жасау бойынша шаралар қолданылады. Республиканың ЖОО-да 10

мыңнан астам азаматтар білім алады.

Қазақстан қазіргі кезде білім саласында негізгі халықаралық

құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл Еуропа аймағында жоғарғы

білімге жататын біліктілігін мойындау туралы Лиссабон Конвенциясы,

Болон декларациясы және т.б.

2020 жылға дейін елдің дамуының Стратегиялық жоспарының

басымдықтарының бірі ретінде адам ресурстарының дамуы анықталды.

Сондықтан жаңа ұлттық көріну ұсынылады: 2020 жылы Қазақстан –

білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білімнің

дамуы платформа болуы тиіс, оған еліміздің болашақ экономикалық, саяси

және мәдени-әлеуметтік гүлденуі сүйенеді.

Білім беру саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік

саясатын жүзеге асырудың ұйымдастыру негізі Қазақстан

Республикасының 2011-2020 жылдарға, қазақстандық білім беруді

түрлендірудің жалғасын қамтамасыз ететін Мемлекеттік білім беруді

дамыту бағдарламасы болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру саласында мемлекеттік саясаттың

ұйымдастыру негізі ретінде білім беру және тәрбие беру құрылымында,

мазмұнында және технологияларында, басқару жүйесінде, білім беру

қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде және

қаржылық-экономикалық механизмдерінде өзгерістерді қамтитын

ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысқан кешендер

болып табылады.

ҚР Үкіметі 2011 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының 2011

– 2020 жылдарға Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге

асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Бағдарлама екі кезеңмен

жүзеге асырылады: 2011-2015 жылдар және 2016-2020 жылдар.

Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2011 - 2015

жылдары) жеке бағыттар бойынша білім беруді дамыту модельдерін

әзірлеуге, олардың сынамасына, сонымен қатар ауқымды түрлендірулер

мен эксперименттердің басталуына байланысты жұмыстар жүргізу

қарастырылды.

Екінші кезеңде (2016-2020 жылдар) басымдық, жабдық, білім беру

жүйесін дамыту мәселелерін шешуге бағытталған шараларға

инвестициялар сатып алуды болжайтын іс-шараларды (білім берудің

материалдық инфрақұрылымын түрлендіруге және басқа шығыны жоғары

жұмыстар, әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) жүзеге

асыруға беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және

таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылды.

Page 71: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

71

Кезеңнің әрқайсысында Бағдарламаны жылдар бойынша жүзеге

асыру барысын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруі және бағдарламалық-

іс-шаралардың білім беру жүйелерінің жағдайына әсері жоспарланады.

2011 ж. бастап 2015 ж. дейін созылатын бірінші кезең үшін әсіресе

төменде аталған мәселелерді шешу маңызды.

Еңбек нарығы талаптарын, елдің, жеке тұлғаның индустриялық-

инновациялық даму міндеттерін қанағаттандыратын және білім беру

саласында әлемдік үздік практикаларға сәйкес келетін жоғары білім беру

сапасының жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін келесі шаралар

ұсынылады: бакалаврлардың, магистрлар мен PhD докторлардың

біліктілігін Дублиндік дескрипторлармен сәйкестікке келтіру; ECTS типі

бойынша кредиттерді қайта сынаудың қазақстандық моделі бойынша

халықаралық семинарлар өткізу; 2014-2015 жылдарға магистратурада және

докторантурада даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру;

педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша практикаға

кредиттер көлемін арттыру бойынша МЖМБС-та өзгерістер енгізу;

институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің жоғары білім

беру саласында Еуропалық сапаны қамтамасыз ету желісі (ENQA)

әзірлеген «Еуропалық аймақта жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету

стандарттарына және нұсқаулығына» сәйкестігін қамтамасыз ету;

студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) және

кең жолақты интернетке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; Болон

процесінің міндетті, ұсыныстық және факультативтік параметрлерін

орындау; Қазақстан ЖОО әлемдік рейтингтерге қатысуы; Назарбаев

университеті моделі бойынша ЖОО автономиясын жүзеге асыру

механизмін әзірлеу; ЖОО оқу әдебиеті қорын ұдайы толықтыру; Қазақстан

Республикасының ЖОО базалық оқулықтармен, оның ішінде мемлекеттік

тілде және экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары

бойынша шетелдік оқулықтармен қамтамасыз ету; шет ел студенттерін

қатыстыру, халықаралық шарттар шеңберінде баламалы алмасуды жүзеге

асыру, сонымен қатар, ауған азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын

жүзеге асыру; студенттердің Республикалық ЖОО аралық электрондық

кітапхана арқылы әлемнің алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерінің

үздік білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету; бизнес-

инкубаторлар, технопарктер, «Энергетика», «Мұнайды қайта өңдеу және

мұнай-газ секторының инфрақұрылымы», «Химия өнеркәсібі»,

«Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі», «Машина жасау»,

«Жеңіл өнеркәсіп» бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелер мен

технологияларды коммерциялау орталықтарының мұнай-газ секторының

инфрақұрылымы және мұнайды қайта өңдеу.

Жаңа заманғы білім беру кеңістігінде әсіресе педагог мамандығының

беделін арттыру маңызды болып табылады. Бұл үшін Бағдарлама

шеңберінде төмендегілер қарастырылды: біліктілік категориясы үшін

Page 72: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

72

педагогикалық қызметкерлердің лауазымдық төлемақы мөлшерін есептеу

үшін пайдаланылатын дифференцияланған коэффициенттер енгізуді

қарастыратын педагогикалық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің

жаңа моделіне берілетін ұсыныстар, нәтижеге бағдарланған еңбекақы

төлемін енгізу механизмін әзірлеу, педагогикалық қызметкерлердің

жалақысын экономиканың жеке меншік секторындағы жалақыға

жуықтату; ЖОО-ның алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік

өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша, жан-жақты

кооперация мақсаттарында жыл сайын 100 адамға дейін ПОҚ-тың шетелде

біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; педагогтың қоғамда жағымды

имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурстары,

акциялар, БАҚ-мен бірлескен жобалар, шебер-кластар, педагогикалық

династиялар слеттері, ғылыми-практикалық семинарлар мен

симпозиумдер, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер) және т.б.

Өте ерте жастан бастап білім әлеуметтік, эмоциялық және басқа

өмірлік маңызды машықтарды қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Осымен көз жеткізерлік аргументтер білім беру қызметінің барлық

спектрін одан әрі дамыту пайдасы шектеледі. Қазақстанға білім беруді

түбегейлі өзгерту қажет: білім беруге инвестицияларды айтарлықтай және

тұрақты арттыру, оның сапасын жақсарту.

Әдебиеттер тізімі

1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. Государственная программа развития образования Республики

Казахстан на 2011-2020 годы. // www.edu.gov.kz/

3. О стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2020

года. Указ Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года №

922 // Казахстанская правда, 2010, 2 февраля.

4. Конституция Республики Казахстан. Алматы. - 2007.

Page 73: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

73

Н.А. Қазбеков, Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ

НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Аса танымал емес Қазақстан Республикасы бүгінде аймақтық

саясаттың көшбасшысына, сондай-ақ, жаһандық процестердің белсенді

және белгілі қатысушысына айналды. 1990 жылдың 25-желтоқсанында

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік

тәуелсіздігі туралы Декларацияны қабылдады. 1991 жылдың 1

желтоқсанында Қазақстан тарихында Республиканың тұңғыш Президентін

таңдайтын бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық еркінің

нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев сайланды. 1991 жылдың 10 желтоқсанында

бүкілхалық сайлаған тұңғыш Президент қызметіне кірісті, республиканың

Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп өзгерту

туралы шешім қабылдады, ал, 1991 жылдың 16 желтоқсанында

республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік

тәуелсіздігін жариялады. Осы күннен бастап, жаңа мазмұнмен толыққан

Қазақстан республикасының халықаралық құқықтық субъектілігі

есептеледі деуге болады [1]. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

1992 жылдың мамыр айында баспадан шыққан «Қазақстанның егемен

мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стартегиясы» атты еңбегінде

қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы Концепциялары анықталған.

Орын алған жағдайда Н.Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясатының

маңызды принциптерін анықтады [2]. Оның алғашқы байсалды дебюті

1992 жылдың қазан айында Нью-Иорктағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 7-ші

сессиясына қатысуы болып табылады. Осы сессиядағы Нұрсұлтан

Назарбаевтың баяндамасында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің

ауқымды міндеттері қойылып, әлемдік жағдайларға шынайы баға берілді,

әлемдік даму перспективаларының айқын көрінісі ұсынылды, бірнеше жыл

өткен сон жүзеге асқан сын қатерлер мен қауіптер жөнінде де болжамдар

айтылды. Сол уақытта мемлекет Басшысы Нью-Иоркта алғашқы рет

Еуропада ЕҚЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның, Азияға да

қажеттігі туралы мәселені көтерді. Азиядағы (СВМДА) өзара әрекеттесу

және сенім шаралары бойынша Мәжілісі сияқты диалогтік алаңды құру

Page 74: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

74

туралы сөз болды. Осы сессиядағы Президенттің сөйлеген сөзі ұзақ

жылдарға бағдарламалық құжат болып қалды. Бүгінде Азиядағы (СВМДА)

өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша Мәжілісі беделді

халықаралық ұйым болды, оның құрамына 26 мемлекет-қатысушылары

және 8 мемлекет-бақылаушылары кіреді. Нью-Иорктегі мемлекет

Басшысының сөз сөйлеуінің маңызды тармағы бірегей еуразиялық

қауіпсіздік пен ынтымақтастық жүйелерін құру қажеттілігі туралы болды.

Жылдар өте Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті, оның қорытындысы бойынша

Астаналық декларация қабылданатын болды, онда қауіпсіздіктің Еуро-

Антлант және Еуразиялық қауымдастығын құрудың маңыздылығы

көрсетіледі. Қазақстан СМВДА, ЕҚЫҰ сияқты келешекте мемлекет-

төрағасы бола отырып, осы екі құрылымның тиімді қызметіне қол жеткізе

алды. Мысалға, біздің мемлекет 11 жылдың ішінде алғаш рет ЕҚЫҰ

елдерінің көшбасшыларын 2011 жылы Астанада өткен ұйым саммитінде

бірге жинай алды. Бүгінде Астаналық декларация осынау маңызды

халықаралық ұйымның негізгі бағдарламалық құжаты болып қалды.

БҰҰ БА сессиясында сөз сөйлеген Президент шаруашылық

байланыстардың алшақтығы мен өндірістің төмендеуін болдырмас үшін

аймақтық экономикалық біріктіруді сақтау қажеттігін баса айтты. Яғни,

Нұрсұлтан Әбішұлы кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттер арасындағы кеден

кедергілерін алу және экономикалық әлеуетті біріктіру барлық аймаққа тиімді

және сыртқы әсерлердің жағымсыз факторларынан берік қорғаныс

болатындығын түсінді. Ол уақыттарда бұл батыл мәлімдеме болатын. Бүгінде

біз мемлекет Басшысының бұл мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың

(ЕЭО) құрылуына әкелгенін көреміз [3].

Белгілі болғандай сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – ол

тұрақтылық, тәуелсіздік, аймақтық тұтастық және еліміздің шекарасына қол

сұқпау туралы негізгі тәртіптерге басшылық жасау. Қазақстан сыртқы

саясатының табандылығы бейбітшілдік пен серіктестікте. Бұндай саясаттың

басты жетістігі деп 2 фактіні мойныдауға болады. Біріншісі. 1994 жылдың

желтоқсан айында ЕҚЫҰ Будапештік мәжілісінде Ресейдің, АҚШ-тың және

Ұлыбританияның ядролық қаруды таратпау туралы шарты, онда

Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш

қолдану туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттер

қарастырылды. Кейін өздерінің шарттарын ҚХР мен Франция жіберді.

Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің

ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады,

бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр.

Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.

Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету.

Екіншіден, Қазақстанның халықаралық мойындалуын ғана емес,

сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.

Page 75: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

75

Үшіншіден, бейбір-шаруашылық экономикалық байланыстарға

қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.

Қайтадан мемлекет аралық қатынастардың барлық шарттық базасын жасау

керек болады. 1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас

Ассамблеяның 47-сессиясында болған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ

сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық

ұйым қызметіне қатысу принциптері, оның жаңа әлемдегі ролін көруіміз

мазмұндалған. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдіктері БҰҰ, басқа

халықаралық форумдар құжаттарында әзірленген, әрі мазмұндалған және

мемлекеттер арасындағы қатынастарда жалпы мойындалған болып табылады.

Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары

жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа

проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз

бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан

Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:

1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;

2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;

3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму

болуы мүмкін емес;

4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;

5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу [2, 11 б.].

Биполярлы әлемнің ыдырау кезеңінде Қазақстан әлемдік саясаттың

эпицентрінде болды. Біздің алдымызда халықаралық байланыстарды жолға

қою ғана емес, сондай-ақ кейбір саясаткерлер және бұқаралық ақпарат

құралдары құрастырған қуатты жағымсыз бөгетті игеру міндеті тұр.

Қазақстан аймақта да, сондай-ақ бүкіл әлемде де өзара сенімділік пен

ынтымақтастық атмосферасын құруға байланысты ұлттық қауіпсіздікті

қамтамасыз ету мәселесін заңды түрде байланыстырды. 1993 жылы

желтоқсанда Қазақстан ядролық емес мемлекет ретінде ядролық қаруды

таратпау туралы шартты бекітті. Бұны әлемдік қауымдастық біздің

еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіне

практикалық үлесі ретінде оң бағалады. Ядролық қаруды игеруден өзінің

ерікті бас тартуы арқылы Қазақстан әлемге халықаралық қауіпсіздік

мәселелерінде жетілген тәсіл мен жауапкершілікті көрсете отырып,

халықаралық беделін айтарлықтай арттырып қоймай, сондай-ақ ел

егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуда шешімді түрде алға жылжыды. Бұл

ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, ҚХР, Францияның

біздің еліміздің аумақтық бүтіндігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру

шешімдерінде көрнекті байқалды.

Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының ерекшеліктеріне орай

еуропалық және азиялық елдермен теңдестірілген қарым-қатынасты

дамытуға бағыт жасай отырып, көпвекторлы саясатты ұстануды жөн көрді.

Page 76: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

76

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007

жылы 28 ақпанда Қазақстанның жаңа даму сатысында «Қазақстан-2030»

Стратегиясы Жолдауының екінші бөлімінде елдің сыртқы саясатының ең

маңызды бағыттары анықталды. Мемлекеттік саясат Қазақстанды әлемдік

экономикаға сәтті шоғырландыруға бағытталды. Н.Ә. Назарбаев

Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында жаңа аймақтық және

геосаяси жауапкершілігін жариялады:

1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты

сыртқы саясаттың дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге қатысу.

2. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, Орталық Азия

елдерінің экономикалық шоғырлануын дамытуда және Каспий және Қара

теңіз аймағында динамикалық рынокты қалыптастыруда белсенді ролі.

3. «Өркениет диалогын» дамытуда мәдениет аралық және конфессия

аралық келісім орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын бекіту [4].

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан

халқына жолдаған 2007 жылдың 28-ақпанындағы Қазақстан дамуының Жаңа

кезеңіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясы мен Жолдауының екінші бөлімінде

еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыттары анықталған. Мемлекеттік

саясат Қазақстанды ойдағыдай әлемдік экономикаға біріктіруге бағытталды.

Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы жаңа

аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:

1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көпвекторлы

сыртқы саясатының дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресу. 2.

Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Орталық Азия елдеріндегі

экономикалық бірігуінің дамуы және Каспий және Қара теңіз аймақтарында

динамикалық нарықты қалыптастыру Қазақстанның белсенді рөлі болып

табылады. 3. Қазақстанның бағдарын «өркениет диалогы» дамуындағы

мәдениаралық орталық және конфессияаралық бірлік ретінде нығайту» [5].

Бүгінгі күні біздің республикамыздың халықаралық байланыстар

географиясы практикалық түрде барлық континенттерді қамтиды. Біздің

серіктестеріміз арасында Азияның, Еуропаның, Американың жетекші

елдері бар. Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік шығыс Азия

мемлекеттерімен бірге жылжуы байқалды. Араб және тұтастай мұсылман

әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және

әлеуметтік күштерді жаңадан таратып қою қалыптасты. Жаңа әлемдік

тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.

2014 жылы 21 қаңтарда Президент Қазақстан Республикасының

2014-2020 жылдарға жаңа тұжырымдамасын бекітті. Қазақстан

Республикасының сыртқы саясат тұжырымдамасы Қазақстан

Республикасы Президентінің - «Қазақстан-2050» Стратегиясы:

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мазмұндалған

қағидаларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сыртқы

саяси қызметінің принциптері мен тәсілдері, мақсаттары, басымдықтары

Page 77: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

77

мен міндеттеріне негізін салушы көзқарастар жүйесін көрсетеді. Берілген

тұжырымдаманың бірінші пунктінде былай айтылған: «Қазақстан

Республикасының сыртқы саяси даму көрінісі өз тәуелсіздігінің үшінші он

жылдығына Қазақстан экономикасы динамикалық дамыған және сыртқы

саяси басымдықтары айқын қойылған қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде

енді. Әлемдік аренада Қазақстанның ұлғайған субъектілігі мемлекет ролінің

және халықаралық беделінің артуы, аймақтық салмағының артуы, жаһандық

экономика мен қаржы институттары үшін маңызының артуы туралы

куәландырады. Сонымен қатар, жаңа заманғы реалийді ескергенде, Қазақстан

Республикасының сыртқы саясаты прагматизм принциптерінде ұлттық

мүдделерді жаңғыртуды және алға жылжытуды талап етеді».

Жаңа заманғы жаңа белдесулерге жауап бере отырып,

Тұжырымдамада ҚР сыртқы саяси қызметінің негізгі мақсаттары

анықталған. «Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес басты сыртқы

саяси күштер келесі негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады: 1)

ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, ел егемендігі мен аумақтық

бүтіндігін жан-жақты қамтамасыз ету; 2) бейбітшілікті, аумақтық және

жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 3) тұрақты позицияларды қамтамасыз ету

және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін

қалыптастыру; 4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және

үйлестіруші ролі кезінде әділ және демократиялық бейбітшілік тәртіп

орнату; 5) аймақтық және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар

жүйесіне одан әрі шоғырлану; 6) «Стратегия-2050» табысты жүзеге асыру

үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау, халықтар өмірінің жоғары деңгейіне

қол жеткізу, көп ұлтты қоғамның, құқықтық қоғамның және

демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адам құқықтары мен

еркіндігін жүзеге асыру; 7) диверсификация, индустриялық-технологиялық

даму және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 8) елдің

әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттері қатарына енуінің және дамуының

«жасыл» жолына сатылап көшуі; 9) ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтау

және мемлекеттің одан әрі дамудағы өзіндік жолымен жүру; 10) Қазақстан

Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың

шетелде жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау; 11) қазақ

диаспорасын және шетелде қазақ тілін қолдау».

Қойылған мақсаттарға сәйкес, жаңа Тұжырымдамада Қазақстан

Республикасының сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері

анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты көп бағыттылық, прагматизм,

өзара пайда принциптеріне, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғауға

негізделген. Қазақстан әлемдегі барлық мемлекеттердің теңдігі, өзара

мүдделерін есепке алу және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы үшін,

сонымен қатар халықаралық проблемалар мен жанжалдарды БҰҰ және

халықаралық құқық үстіндегілердің Жарғысы негізінде бейбітшілікпен

және ұжымдық шешу үшін күреседі. Қазақстанның сыртқы саясаты шет

Page 78: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

78

елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесудің

дифференциялық және түрлі деңгейдегі тәсіл принципі қолданылатын

мүдделер балансы негізінде құрылады.

Жаңа Тұжырымдамада Орталық Азияда аймақ ішілік шоғырландыру

мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тұжырымдамада айтылғандай:

«Еуразиялық экономикалық шоғырлануды елдің бейбіт-шаруашылық

байланыстары жүйесінде тұрақты позицияға жылжуының әрекетті

тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Кедендік одақты және

Біртұтас экономикалық кеңістікті, осының негізінде Еуразиялық

экономикалық одақ құру мақсатында нығайтады. Осы процесс шеңберінде:

саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық

негізділігі, сатылық, прагматизм және өзара пайда, барлық ықпалдасу

органдарда тараптардың тең өкілеттілігі және өзара ықпалдастық әрекет

деңгейлерінде консенсус сияқты негізін қалаушы принциптер сақталады» [6].

Жаңа заманғы Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,

Азияда өзара әрекеттесу және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс,

Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымдары, Шанхай ынтымақтастық

ұйымы, Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде ұйымдар,

ОЦАС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің және

басқа халықаралық ұйымдар мен форумдардың ынтымақтастық кеңесі

қызметінің жауапты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық сыртқы

саясаттың айтарлықтай жетістігі ретінде ұлы державалармен – Ресеймен,

Қытаймен және АҚШ-пен теңестірілген, салмақты қарым-қатынастар

жасау. Қазақстан тәуелсіздіктің барлық кезеңі бойынша жеткілікті түрде

тұрақты және бірізді сыртқы саясатты жүргізеді. 1990 жылдардағы көп

бағытты саясат Қазақстанға көптеген мемлекеттермен дипломатиялық

байланыстар орнатуға, өзін халықаралық аренада халықаралық

қатынастардың өзіндік субъектісі ретінде позициялауға мүмкіндік берді.

Әдебиеттер тізімі

1. Н.А. Назарбаев. «Стратегия становления и развития суверенной

Республики Казахстан». гл. 3. Стратегия в области внешней политики и

национальной безопасности. Алмата,1992 г.

2. Н.А. Назарбаев «Стратегия становления и развития Казахстана как

суверенного государства», Алматы, 1992.

3. Президентская дипломатия // Казахстанская правда, 2015, 20 июня.

4. К.К. Токаев. «Внешняя политика Казахстана», Алматы, 1995 г.

5. Послания Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева

народу Казахстана Стратегия «Казахстан-2030» на Новом этапе развития

Казахстана от 28 февраля 2007 года. http: // online . zakon . kz / Document / ?

doc_id=30090778.

6. Концепция внешней политики Республики Казахстан на 2014–

2020 годы. Утвержден 21.01.2014. http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1400000741.

Page 79: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

79

А.М. Беркінбекова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

e-mail: [email protected]

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

Мемлекеттер тарихы, бүкіл адамзат тарихы сияқты, шексіз әрі сан

қырлы. Сондай оқиғалар мен тарих барысына ықпал еткен тек кейбір

айқын оқиғалар, жасампаз процестер, кең ауқымды соғыстар, жеке әйгілі

тұлғалардың әрекеттері мен қызметі ұғынылады. Тарих өзінен өзі пайда

болмайды. Оны халық, халықтың дарынды да жарқын басшылары

жасайды. Әр ұлт пен халықтың өзінің талантты да алдағы өкілдерімен

бағаланатындығы кезедейсоқ емес, сол тұлғалардың арқасында ол әйгілі

болып, тарих алаңына шығады.

Қазақстан халқының тағдыры бұл жағынан қайғылы оқиғалар мен

кезеңдерге де, өз өмірін ел тәуелсіздігіне, халқының еркіндігі мен

бақытына арнаған көрнекті тұлғаларға бай. Өкінішке орай, бұл жолда

құрбан болғандар мен жеңіліс тапқандар көп болады, бұған тарих куә.

Халық жадында өткен күндер ғана қалмау керек, ол тәуелсіздік үшін

күрескендерді құрметтей отырып, өткен күндердің қателіктері мен

жеңілістерін қайталамау керек.

Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте 90-жылдардың бірінші

жартысында орын алған дағдарыс пен ішкі саяси хаос Кеңес үкіметі

құлағаннан кейінгі ең ауыр соққы болды. Көптеген өңірлерде азаматтық

бағынбаушылық, абдырау, тығырыққа тірелу, этникалық топтар

арасындағы жанжалдар орын алып, бұрынғы Одақ кеңістігіне тез тарады.

Мұндай мәселелердің салдарынан ірі және шағын зауыттар мен

фабрикалар тоқтап қалды, өндіріс дамымай қалды, нәтижесінде бұқаралық

жұмыссыздық орын алды.

Көмір, кен, руда және басқа салаларда одақтық қолданыстағы

өнеркәсіптік алыптар өз жұмысын тоқтатты. Жұмыссыздық өрши түсті,

жаппай экономикалық көші-қон басталды.

Мұндай жағдайда не істеуге болар еді? Халықтың алып күші мен

жоғары әлеуетін конструктивтік арнаға қаплай бағыттау керек? Қоғамдағы

көптеген сұрақтарға қалай жауап беру керек?

Page 80: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

80

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің

мемлекетіміз, басқа да республикалар сияқты, өзінің мемлекеттілігін

асқақтатуды, нарықтық экономикаға көшуді, демократиялық қоғам құруды

және ұлттық сана-сезімді нығайтуды өзіне мақсат етті. Біздің

республикамыздың басшылығының алдында дамудың басым бағыттарын

таңдай отырып, реформалар ерітн дұрыс таңдау сияқты қиын мәселе

тұрды.

Осындай қиын саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар орын

алғанда, біздің жас мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың

мойнына өрлеу мен дамудың дұрыс әрі жеңіліссіз жолын таңдау,

мемлекеттілікті сақтап қалу мен нығайту, оның заманауи және болашақ

сын-қатерлерге қарсы тұра алу іс-әрекетіне қабілеттілігін арттыру, әлемдік

қауымдастықта бәсекеге қабілетті бола алуды қамтамасыз ету артылды.

Біздің жаңа мемлекет құрыла бастағанда, оның болашағына қатысты

пікірлер әр түрлі болды. Шетел аналитиктерінің бірі реформалар мен

өзгерістердің кореялық жолын ұсынса, бірі түріктердің жолымен жүруді

болжады, алайда оның бәрі Қазақстанның ерекшеліктерін білген жоқ.

Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген мемлекеттерді зердесінен өткізіп, олардың

ең үздік тәжірибесін үлгі етіп, Қазақстанның даму жолын жариялады.

Президент Н.Ә. Назарбаев экономикалық даму мәселесін саяси

өзгерістерден бұрын қойып, экономиканы бірте-бірте өзгерту жолын

таңдады. Өмірдің өзі көрсеткендей, Елбасының таңдауы дұрыс болған

екен. Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен – экономика, сосын – саясат» деп

ұсынған формуласы Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі сәтті реформалар

әдістемесінің классикалық көрінісіне айналды. Біздің еліміздің жетістікке

жетуінің арқасында, «қазақстандық даму моделі» деген ұғым кең тарады,

бұл терең ойластырылған әрі жан-жақты сараланған негізде, нақты бағыт

бойынша алға қарай қозғалу дегенді білдіреді. Тарихи өлшемдер бойынша

өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан дербес, саяси және экономикалық

тәуелсіз мемлекет ретінде бой көтерді.

Мемлекеттің жалпы дамуының экономикалық және саяси

факторларының алға жылжу шамасына қарай әлеуметтік, рухани және

мәдени салаларындағы мәселелер алға жылжиды. Егер бірінші, яғни

әлеуметтік бағыт бойынша практикалық түрде түрлі оқылу болмайтын

болса, арифметикалық прогрессияда экономиканың артуына қарай

әлеуметтік салалар нығаятын болса, онда басқа даму векторлары тереңдік

және жұқа материялар болып табылады. Әңгіме біздің жалпы рухани

құндылықтарымыз бен мәдени жетістіктеріміз туралы болады, оларды біз

сақтауымыз, қолдауымыз және жаһандық масштабта барлық жағынан алға

жылжытуымыз керек. Бүгінгі күні барлық жерде және бәрінде төтенше

бәсекелестік жүріп жатыр, барлық осы процестердің негізі ретінде, ең

алдымен, қоғамдық құндылықтар мен идеялар бәсекелестігі орын алады.

Page 81: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

81

Осы ракурста табыспен жүзеге асырылған және халықаралық

қауымдастық мойындаған «қазақстандық даму жолын» біріктіргіштердің

бірі болып табылатын идеяға ерекше назар аударған жөн. Біздің ноу-хау

экономика басымдығын негізге алады – бұл Назарбаевтың уақыттың қатал

сынынан сүрінбей өткен басты постулаты. Біздің табыстарымыз бізге ғана

емес, әлемдік қауымдастыққа да әсер қалдырады. Экономиканы дамыту

қарқыны бойынша әлемдегі табысты елдердің бірде-бірі осындай

динамикада дамыған емес.

Тарихи параллельдер жүргізген кезде Н.Ә. Назарбаевтың ролін ұлт

көшбасшысы ретінде атап өтуге болады. ХХ ғасырдың барлық көрнекті

көшбасшылары, әрқайсысы өз уақытында өзінің ұлты мен елі үшін белгілі

бір стратегиялық мәселені шешуге лайықталған. Сонымен, мысалы,

Рузвельт АҚШ-тың Ұлы депрессиядан шығуын қамтамасыз етті, Ататүрік

Турцияның одан әрі дамуының негізгі бағыттарын жасады, Ли Куан Ю

Сингапурдың жаңғыртуға ұмтылыс бағдарламасын жүзеге асырды, Дэн

Сяопин қытайдың «толқу» кезеңінен кейін қайта өрлеу мәселесін шешті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінде және Қазақстанның дамуында

сол параллельдерді – елдің және оның халқының барлық болашақ дамуы

үшін маңызы бар кешенді стратегиялық мәселелердің: маңызды

экономикалық, сондай-ақ саяси, әлеуметтік және мәдени-адамгершілік

шешімін көреміз. Нақ сондықтан да 1990 жылдары «Назарбаев феномені»

термині таралды, ол динамизмді, реформаларға талпынысты,

«оңшылдарсыз» және «солшылдарсыз» центризм саясатын, мұқтаждық

болдырмаудың икемді философиясын жүргізу, прагматизмді және

басқарудың жоғары тиімділігін бірегей үйлестіру – осының бәрі қорыта

келе, күшті экономиканың қалыптасуына және қазақстандық сәйкестіктің

пайда болуына алып келді. Міндеттердің кең ауқымда қойылуы, олардың

нақты ұйымдастырылуы мен олардың орындалуын қатаң бақылау, -

осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық жүргізудегі өзіндік

ерекшелігі болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы деген дәрежеге дейін

көтерілген беделі бүкіл мемлекеттік аппараттың Президенттің идеялары

мен жарлықтарын жүзегне асырудағы жауапкершілігін арттырды,

түбегейлі әрі жылдам өзгертулерді жүзеге асырғызды, реформалар

жүргізуді жылдамдатып, олардың тиімділігіне қойылатын талаптарды

күшейтті. Өте қысқа мерзімде нарықтық өгерістердің заңнамалық

«іргетасы» қаланды, күшті мемлекеттік биліктің тиімді нарықтық

экономика мен демократиялық қоғам құра алатындығы байқалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «алдымен – экономика, сосын –

саясат» деген формуланы ұсына отырып, адамдарды ортақ мүдделер

айналасына біріктіру дегенді білдірді. Өмір сүру деңгейі мен сапасы –

аталған формуланың басты өлшемі мен мағынасы осы. Бұл идея

барлығына ортақ мүдделерді көрсете отырып, шынайы әрекет ететін

Page 82: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

82

құралға айналады. Бұл құрал өте тиімді жұмыс істейді. Идея

әрқайсымыздың қажеттіліктеріміз бен сұраныстарымызға нақты жауап

береді. Бұл формуладан шығатыны: болашағы жарқын өмірді өзімізден

басқа ешкім жасай алмайды деген сөзді саналы түрде ұғыну. Экономика

мен қоғамдық процестер саласында жаңа дүниетаным қалыптасады. Дәл

осы формула өндірісті қалыпқа келтіруге, жұмыс орындарының

ашылуына, шағын бизнестің өсуіне шешуші ықпал тигізді, бұл, өз

кезегінде, әрине, қоғамдағы тұрақтылықты сақтап қалу, өзара түсіністік

пен этносаралық әрі дінаралық келісім қалыптастыру сияқты оң көзқарас

тудырады. Идеология дегеніміз осы. Идеология дегеніміз – өмір игілігі

үшін жетістіктер мен табыстарға жету мақсатындағы сенім. Мұндай

көзқарас ұстана отырып, Елбасының саяси, демократиялық реформалар

туралы ұмытпағандығы да айта кеткен жөн. Барлық қабылданған заңдар

мен шаралар экономиканың нарықтық формаларын енгізуді болжайды, ал

олар, өз кезегінде, бүкіл жүйені демократияландыруға бағытталады.

Мемлекеттің экономикалық қызметіне еш кедергісіз қатысу үшін сенімді

заңнамалық база мен құқықтық кепіл тудыру әр азаматты лайықты өмір

сүруге жетелейді, міне, барлық деңгейдегі билік органдарының күнделікті

жұмысы осы. Бұл – мемлекет саясатының басты мақсаты, сол үшін

реформалар жүргізіледі.

Қоғамның әр түрлі қабаттарының арасындағы келісім, өзара сенім

мен құрмет салыстыра тексерілген, әділетті құқықтық саясат арқасында

бекітіледі және нығая түседі, бұл заманауи қоғамның айнасы іспеттес.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында шетелдің көптеген аналитиктері

Қазақстанның көп ұлтты екендігін айтып, біздің қоғамда ымырасыз

жанжалдар мен қарама-қайшылықтардың болатындығы болжады. Алайда

сол аналитиктер мемлекеттік институттар тарапынан болатын тиімді

құқықтық әрекеттерді болжай алмады. Пессимистік көзқарастарға

қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бағытта көптеген бастамалар ұсынды,

олар тез әрі үйлесімді сіңісе отырып, біздің қоғамымыздың ажырамас

бөлігіне айналды.

Жаңа мемлекет құрған, әлемге танылған, бүгінгі күні өңірдегі ең

табысты экономикаға ие болып отырған, ұлтаралық бірлік тәжірибесінде

бірегей Қазақстан үшін өзін-өзі сәйкестендіру, қазақстандық патриотизм

мәселесі өте маңызды болып табылады. Кеңес үкіметінен кейінгі көптеген

мемлекеттерде жаңа мемлекеттілік құру тәжірибесі консервативті

көпшіліктің ұлттықтан жоғары мүдделерін басшылыққа ала отырып, қоғам

үшін ішкі теңгерімді сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін

көрсетті. Кез келген қоғамда, әсіресе көп ұлтты қоғамда, кез келген

уақытта жеке көшбасшылар мен саясаткерлер табылады, олар үшін қандай

да бір ұлттың, этникалық топтың мүддесі жалпы ұлт мүддесінен жоғары

тұрады. Осыған куә болған тарих беттері көрсеткендей, мұндай

саясаткерлер билікті өз қолына алады да, мемлекеттілікті құртады, қоғамға

Page 83: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

83

зиянын тигізеді. Осындай саясаткерлердің өздеріне тоқтау қойып, олардың

ойы мен идеяларын әрі қарай дамытпау, яғни қоғамның мұндай

құбылыстарға қарсы тұра алуын қамтамасыз ету ұлт көшбасшысының

басты борышы болып табылады. Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңін

кейбір саясаткерлер тиімді орныққан көп ұлтты мемлекет ретінде

анықтайды.

1997 жылы «азиялық дағдарыс» жағдайында Президентіміз ұсынған

ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясы бар болғаны 15 жылдың

ішінде орындалды. Басқа мемлекеттерге қарағанда, Қазақстан тұрақты

экономикалық өсу дәрежесін және 2007–2009 жылдарда орын алған

жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде азаматтардың өмір

сүру деңгейін сақтап қалды. 2012 жылға қарай еліміз экономикалық

бәсекеге қабеліттілігі бойынша әлемдегі 50 мемлекеттің біріне айналды.

Президенттің жаңа бастамасы – 2050 стратегиясы – тіпті жоғары.

Оның басты мақсаты – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің

қатарына кіруі. Ұлттық құндылықтың барлығы шикізат және ауыл

шаруашылығы ресурстарына бағыттаған мемлекет таяудағы 10–15 жылда

заманауи, ғылымды қажетсінетін экономикалық базис құру туралы,

дәстүрлі өнеркәсіпті де, аграрлық секторды да инновациялық жолға салу

туралы, мобильді және мультимедиялық, нанотехнологиялар мен ғарыш

технологиясы, робототехника, гендік инженерияның жаңа салаларын

жасау туралы шешім қабылдайды.

Президент Жолдауында айтылғандай, 2050 стратегиясы басты

мақсатты назардан тыс қалдырмай, адамдардың күнделікті өміріндегі

мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: «Яғни біз халқымыздың өмірін 30–

50 жылдан кейін емес, жыл сайын жақсартып отырамыз».

Еліміздің болашаққа бастаған жолын Президент Н. Назарбаев халық

әлеуетін арттыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді жасаумен

байланыстырады: "XXI ғасырдағы дамыған мемлекет – бұл белсенді,

білімді және дені сау азаматтар». Барлық дамыған мемлекеттер сияқты,

Қазақстан ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап берумен қатар өзінің,

бірегей білім беру жүйесін қалыптастырады. Сәйкесінше жаңа

бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдістері мектепке дейінгі деңгейден

бастап жоғары оқу орны деңгейіне дейін қайта қаралады, жаңа буынның

білікті кадрлары дайындалады. Ал денсаулық сақтауда мемлекеттің,

жұмыс берушінің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ

жауапкершілігі межициналық көмек көрсету жүйесінің басты принципі

болып жарияланды. Салауатты өмір салты мен медицинаның дамуы

қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін созуға және одан

жоғары етуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың мәдени ділдігін

дамытуды, тұрғындардың көп ұлттылығын ескерумен мәдегни

кластерлерді қалыптастыруды алға қойған Ұзақ мерзімді мәдени саясат

концепциясы әзірленуде.

Page 84: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

84

Бүкіл халықтың Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлт көшбасшысы ретінде

мойындауы оның жаһандық ауқымдағы оқиғаларды болжай алатын

қабілеті бар стратег әрі ойшыл тұрғысындағы ерекше қадір-қасиетіне

негізделеді. Ол әлемдік саясаткерлердің бірі болып КСРО-ның күйреуін,

тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы

әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал ететіндігін айтып, негізгі

үрдістердің ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемдік қауымдастықта да күшею

қаупі тіралы ескертті. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай жағымсыз үрдістерге

қарсы тұруда мынадай тәсіл ұсынды – саяси тәуелсіздік, ұлттық ерекшелік,

өзара экономикалық пайда принциптері тұрақсыз болса да, мемлекеттер

мен халықтарды біріктіру. Бірінші кезекте бұл ұсыныс Кеңес үкіметінен

кейінгі кеңістікте пайда болған тәуелсіз мемлекеттерге жасалды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болуының өзі

Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Біздің көшбасшымыз

ТМД-ның пікірі бойынша өзінің идеясымен және әрекеттерімен

Беловежская пущадағы саяси келісімге тоқтау қойды (1991 жыл). ТМД

құру туралы келісімге қол қойғандардың көпшілігінің бастапқыда оны

формальдылық деп түсінуіне қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев, ең

бастысы, өз ойынан арылған емес.

1994 жылы, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестердің

дамуында жағымды әрі қарқынды процестермен ерекшеленбеген ТМД

елдерінде Нұрсұлтан Назарбаев табандылық білдіреді: «Мәдени мен

өркениеттілік факторлардың маңызын теріске шығармай-ақ, ең алдымен

экономикалық прагматизм негізіндегі интеграцияны құру керек.

Абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, экономикалық мүдделер

интеграциялық үдерістердің басты қозғаушысы болмақ. Сондықтан

болашақ Еуразиялық Одақтың бастапқы негізі – Біртұтас экономикалық

кеңістік біздің халықтарымыздың бірлесе табысты дамуының ауқымды

ареалы ретінде болмақ. Әрбір мемлекет пен қоғам жаһанданушы әлемде

өзіндік болмысқа шексіз бас ұра берушіліктің және өз шекараларында

тұйықталып қалудың мағынасы жоқ екендігін түсінуге дербес келуі тиіс.

Халық пен мемлекеттің мүдделерін басшылыққа алған ерікті интеграция –

мемлекеттің өркендеуінің ең қысқа жолы».

Бұл үшін жиырма жылдай ерен еңбек ету қажет болды, осы жолда

Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері айқын көрінді, ол өз ойын

қолданысқа келтірді: 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Еуразиялық

экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойылды, ол оның

құрамына кіретін мемлекеттердің егемендік теңдігі, олардың саяси

құрылысындағы ерекшеліктерін құрметтеу, өзара тиімді ынтымақтастық

қамтамасыз ету, тараптардың тең құқылы болуы мен мүдделерінің

ескерілуі, нарықтың экономика мен адал бәсекелестікті сақтау

қағидаттарына негізделген.

Page 85: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

85

Бұл Қазақстан Президентінің стратегиялық ойлауының шегі болған

жоқ: Еуразиялық экономикалық одақты ол болашақ Еуразия өркениетінің

интеграциялық өзегі, Еуразия континентіндегі елдер үшін ғана емес,

барлық әлем үшін ашық алаң ретінде қарастырады. Өз ойын берік ұстанған

Нұрсұлтан Верный своей идее интеграции, Нұрсұлтан Назарбаев мұны

жаһандық мазмұны бар деп танып, оның тарихи болашағын көреді: «Біз

тек осындай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын

арттырамыз және оның айқын мақсаттарына деген күмәнді біржолата

жоятын боламыз».

Елбасымыздың жаһандық шығармашылық ізденістерінің

нәтижесінде өмірге келген барлық оқиғалар мен процестер, әрине, біздің

еліміздің беделін көрсетеді, қоғамды демократияландыруға ықпал етеді,

құқықтық дамудағы ұстанымымызды растайды. Әр түрлі қоғамдық

институттар азаматтық қоғамдағы адамдар үшін қолайлы жағдайлар

ұсынады.

Мемлекет имиджін қалыптастыру процесі көптеген факторларға –

мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу табыстылығына, оның ішкі

саясатын жүргізу ерекшеліктеріне, экономиканың тиімділігіне, қоғам

көзқарастарының ерекшеліктеріне және т.б. тәуелді.

Мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудағы анағұрлым маңызды

факторлардың бірі оның көшбасшысының ролі болып табылады. Мемлекет

көшбасшыларының жеке тұлғасын бағалау призмасы арқылы қоғам мен

мемлекеттің даму деңгейінің жағдайын бағалау, оның саяси және

экономикалық табыстары жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Нақ осы

тұрғыдан мемлекет көшбасшысының ролі жаңа әлемде мемлекеттің оң

имиджін қалыптастырудың түйінді факторларының бірі болып табылады.

Адамзат жадында Әз-Жәнібек, Ярослав Мудрый, Давид Строитель,

Шарль де Голь, Франклин Рузвельт, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма

Ганди, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад сияқты көрнекті

есімдер мәңгілікке қалды. Олардың жарқын өмірі, жемісті еңбектері

қарапайым адам үшін ең қалаулы және тартымды мақсатқа – жарқын және

тұрақты болашақ үшін халықты біріктіруге және тұтастыруға арналған

болды. Олар туралы контексте тарихтағы тұлғалар ролінің айтылуы

кездейсоқ емес, себебі осы адамдар өзінің ұлты мен мемлекеттерінің

мүдддесі үшін ең бастысын жасады. Олар, экономикаға, саясатқа және

мәдениетке стратегиялық серпілісті қамтамасыз етіп, өз елдерінің

мәртебесі мен жаһандық ролін көтеріп қана қоймады. Ерекше маңыздысы

– олар өз ұлтын көпшілігіне жақын және түсінікті оң идеялар айналасына

біріктіру және тұтастыру факторы ретінде араласып, дамудың күрделі

кезеңінде қоғамға сенімді жол ұсына білді. Нәтижесінде олар өз

халықтарының жадысында мәңгілікке қалды.

Осы ұлы атаулар тізіміне ешбір жалтақтамастан Тұңғыш Президент

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін енгізуге болады. Оның мемлекет

Page 86: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

86

Басшысы орнында көрнекті қызметін ел тұрғындарының абсолютті

көпшілігі тұтастай қолдайды. Ұлт Көшбасшысы біздің тарихымыздағы

барлық жылдар бойы бүкіл қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор

болып келді және болып та қалады. Рсепубликамызда өткен барлық

президенттік сайлаулардың қорытындысынан Назарбаев бастаған бағытты

көпшіліктің қолдап отырғанын көруге болады.

Н.А. Назарбаевтың еңбегі, елдің дамуының жай басты бағытын ғана

әзірлеп қоймауынан тұрады. Ең бастысы – өзі жариялаған сол қарапайым

және табиғи құндылықтар жылдар бойы өз бетіндік құндылықтарға және

қазақстандық қоғам басымдықтарына, қазақстандық сәйкестік

факторларына рәсімделді. Олар қоғамдық идеология іргетасы болды.

Н.Назарбаев – бұл тұрақты даму, этника аралық және конфессия аралық

келісім, ұлттық бірлік фактісін белгілеуге болады. Қоғам осы

құндылықтарды сіңірді, ол бізбен бірге өмір сүреді. Нақ осы базалық

құндылықтарға бұлжымастық қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор

болды. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев Қазақстан үшін – ең алдымен оның

біріктіруші бастауы ретінде өз ұлтына қажетті көшбасшы.

Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықта Нұрсұлтан Назарбаев мүмкін

дегеннің өзін кеңейте алатын көшбасшы ретінде сипатталады. Қазіргі

таңда шынымен де бұзып өтетін бастамалар ұсына отырып, қазақстандық

Елбасы біздің мемлекетіміз үшін ғана емес, халықаралық әрі ғаламдық

ауқымда жаңа экономикалық-әлеуметтік және рухани-адамгершілік даму

жолын бастады.

Әдебиеттер тізімі

1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь: - 2050. Единая цель, единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. О концепции внешней политики Республики Казахстан на 2014-

2020 годы от 21 января 2014 года № 741.

3. Калетаев Д. Феномен национального лидера: история и

современность. - Астана, 2013.

4. Жолдасбеков М. Верный курс Президента // Казахстанская правда,

2015, 3 июля.

Page 87: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

87

О.М. Хмельницкая,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушысы,

Әлеуметтік ғылымдар магистрі

e-mail: [email protected]

БОЛАШАҚТЫ АНЫҚТАҒАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың 29

наурызында М. Ломоносов атындағы ММУ жоғары және беделді

трибунасында ресейлік ғылыми қауымдастықтың бетке ұстар тобының

алдында жұртшылықтың назарына «Еуразиялық мемлекеттер одағын құру

туралы жобасын» ұсынған сол тарихи күннен бері жиырма жыл өтті.

Қазіргі таңда, посткеңестік кеңістікте КСРО құлағаннан кейін

орталықтан сыртқа ұмтылулар үстемдік еткен, аяғына тұрған әлеуметтік-

экономикалық байланыстардың құлдырауы жүріп жатқан және көптеген,

тіпті соғысқа дейін баратын қақтығыстар туындаған жағдайларда таңбалы

оқиға болғанын түсінеміз. Адамдар ұлтаралық шиеленістің күшеюіне тап

болды, қашқындар пайда болды, өмір сүру деңгейі қатты төмендеді. Сол

кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттер араларындағы қарым-қатынастардағы

мәселелердің шешімін опыр-топыр және аса қарама-қайшы іздеумен

айналысқан. Оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлдем

басқа стратегиясын құру және өзгерген геосаяси реалийлерге сәйкес

келетін өзара әрекет етудің түбегейлі жаңа механизмдерін қалыптастыру

керек болды.

Қазақстан Президентімен ұсынылған еуразиялық ықпалдастық

стратегиясы ХХ ғасырда әр түрлі құрлықтарда жүзеге асырылатын аймақтық

интеграцияның әлемдік үлгілеріне негізделген [1]. Н.Ә. Назарбаевтың ойы

бойынша, Еуразиялық одақ әрбір қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік

мүдделері жүзеге асырылатын және жалпы бірлескен әлеует пайдаланылған

бірдей құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы болуы керек [2, 3 б.].

Еуразиялық одақ елдердің нарықтық қайта құруларды жүргізуге келісілген

амалдардың қолдануын, ұлттық қауіпсіздікті, әлемдік экономикалық

жүйеге бірлесіп қосылуын қамтамасыз етуі керек. Бұл міндетті

мемлекеттермен бірыңғай экономикалық, кедендік, сауда және әлеуметтік-

гуманитарлық кеңістік аумағын құру жолымен жүзеге асыру жөн болар еді

[2, 65 б.]. Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен салыстырғанда

бірлесу негізі дәл экономикалық өзара байланыс болуы керек еді.

Page 88: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

88

Еуразиялық одақты рәсімдеу егемендікке қысым жасаусыз, мемлекеттің

ішкі істеріне араласпау, өз елінде мемлекеттік құрылымның тәртібін

анықтаған әр халықтың құқығын құрметтеу кезінде болуы керек.

Ықпалдастыққа прагматикалық амалдың қажеттігі, бірлесудің

экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен еріктілігі оны

қалыптастырудың басымдылық принциптерімен мойындалды.

Еуразиялық мемлекеттердің ықпалдастығының басты мақсаттары

тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, аумақтың әлеуметтік-экономикалық

жаңаруы деп аталды. Сонымен қатар, жобада Еуразиялық одақта

Еуропалық одақтың үлгісі бойынша өзіне әр түрлі қызмет саласында

елдердің өзара қарым-қатынасын реттеу функциясын алатын ұлт үстіңгі

органдар құрылатындығы аталып өткен.

Еуразиялық ықпалдастық идеясының тәжірибелік іске асуы 1995

жылғы 20 қаңтарда Белорусь, Қазақстан және Ресей елдерінің Кедендік

одағы туралы Келісімді жасаудан бастау алады, кейін бұл одаққа 1996

жылы Қырғызстан және 1999 жылы Тәжікстан қосылды. 1996–1998

жылдары Кедендік одақ туралы Келісімді дамытуға тағы бірқатар

мемлекетаралық келісімдер қабылданды, себебі сол сәтте

дезинтеграцияланған тенденциялар жеткілікті мықты болды.

1999 жылғы 26 ақпанда Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық

кеңістік туралы Шартқа қол қойылды, бірақ ортақ сыртқы шекараларымен

және ортақ басқару жүйесімен бірыңғай кедендік аумақты қалыптастыру

бойынша жоспарлар жүзеге асырылған жоқ. Сондықтан 2000 жылға

дейінгі кезең еуразиялық ықпалдастық процестерінің даму контексінде

сынау жолдарын және едәуір тиімді интеграциялық моделдің қателерін

іздеу уақыты ретінде сипаттауға болады.

Еуразиялық ықпалдастықтың тағдырын шешуші кезең 2000 жылғы

10 қазанда Астанада бес мемлекеттің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан,

Ресей және Тәжікстан) басшыларымен Еуразиялық экономикалық

қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) – нақты жазылған функционалдық құрылымға

және тиімді қызмет механизмдеріне, анық және түсінікті мақсаттарға ие

халықаралық ұйымды құру болды. ЕурАзЭҚ кезінде бақылаушы

мәртебесін Армения, Молдова және Украина алды. 2006–2008 жылдарда

қауымдастықтың құрамына Өзбекстан кірген. Бұл құрылым оның

шеңберінде Кедендік одақты және Бірыңғай экономикалық кеңістікті

(БЭК) қалыптастыру, сонымен қатар, әлемдік экономикаға және

халықаралық сауда жүйесіне ЕурАзЭҚ мүше-елдерінің қарым-қатынасын

ықпалдастыру мақсатымен құрылған. Қауымдастық елдері қызметінің

стратегиялық бағыты – бірлескен табиғи, экономикалық, ғылыми және

адами әлеуетті тиімді пайдалану кезінде олардың динамикалық әлеуметтік-

экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл қоғамның үдемелі дамуының

және адами және биологиялық ресурстарын тұрақты ұдайы өсуінің,

Page 89: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

89

экономикалық даму деңгейін және біздің елдердің өмір сүру деңгейін

жоғарылатудың маңызды факторы болды [1, 72 б.].

ЕурАзЭҚ ұйымдастыру туралы шартына қол қою сәтінен бастап 13

жыл өтті. Осы уақыт бойы ол алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап

келеді. Өзінің қызметінің бастапқы кезеңінде Қауымдастық кәсіпорындар

мен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды тереңдетуді

қамтамасыз етті.

Еркін сауда зонасының арқасында ЕурАзЭҚ елдерінің тауарларын

өзара сату көлемі Қауымдастықтың сегіз жыл жұмысында бірінші рет 4 есе

артты. Осы жетістіктердің негізінде 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап

Қазақстанның, Ресейдің және Белорусь Кедендік одағы жұмыс істей

бастады, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап барлық халықаралық

стандарттар бойынша толық форматты режимде әрекет етеді. Осы кезеңде

Кедендік одаққа ЕурАзЭҚ үш елі қабылданған әр түрлі жылдамдықты

және әр түрлі деңгейлі интеграцияның тұжырымдамасына толық

сәйкестікте кірді, соған сәйкес, өзара ынтымақтастықтың түрлері, қарқыны

мен деңгейі мемлекеттердің дайындылығы мен мүдделілігінің деңгейіне

қарай таңдап алынады.

Кедендік одақтың толық форматты жұмысы кооперациялық

байланыстардың кеңеюіне және кәсіпорын мен халықта уақыт пен қаражат

шығынының азаюына әкелді. Оның мүше-елдерінің тауарларын өзара сату

көлемдері 2010 жылы 29 %, 2011 ж. – 34 %, 2012 ж. – 7,5 % өсті.

«Известия» газетінде 2011 жылғы 25 қазанда жарияланған

«Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына қарай» атты іргелі

мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «кедендік одақ –

бұл бүкіл ТМД кеңістігінде шынымен ерікті және тең құқылы

ықпалдасудың бірінші түрі. Ол алғаш рет тарихта біздің елдің халықтарын

өзара сыйластық, ұлттық ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың

үздіксіздігін ұғыну негізінде жақындастырады. ЕЭК Кедендік одақтың

бірізді өзгеруі, ал уақыт өткен соң, Еуразиялық экономикалық одақ біздің

елдеріміздің өркендеуіне мықты стимул болатынына, елдерімізді

жаһандық әлемде алдағы қатарға шығарады деген сенімдемін» - деп атап

өтті [3, 4 б.].

Сыртқы сұраныс емес, Кедендік одақ ішіндегі сұраныс өнеркәсіптің

әр түрлі салаларында, ауыл шаруашылығында, қызметтер саласында үш

елдің кәсіпорындарын салуды қамтамасыз етеді. «Үштіктің» шеңберінде

Белорусь пен Қазақстанның үлес салмағы ұлғаяды. Кедендік одақтың

қызмет етуі барысында өзара саудадағы шикізат ресурстарының үлесі 40

бастап 33% төмендеді, яғни, тауар айналымының құрылымы жақсарды,

технологиялық өніммен, жоғары қосымша құны бар тауарлармен шикізат

тауарларын ауыстыру жүргізілді.

Қауымдастық елдерімен бірлескен мемлекетаралық мақсатты

бағдарламалары әзірленеді және жүзеге асырылады. Еуразиялық даму

Page 90: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

90

банкы және Еуразиялық іскерлік кеңес белсенді жұмыс істейді. Сауда-

экономикалық ықпалдасудағы жетістіктермен қатар, әлеуметтік, еңбектік

және көші-қон саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт

және экология салаларында әлеуметтік-гуманитарлық блоктың маңызды

сұрақтары нәтижелі шешіліп жатыр. Еуразиялық біріктіру дамуының әрбір

кезеңінде сарапшылар бірауыздан осы процестердің дамуында Президент

Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы рөлін атап өтті. «Солтүстік - Оңтүстік»

саяси орталығының қазіргі атқарушы директоры өз сөзінде «жүзеге

асырудың жүйелілігі, теория мен тәжірбиенің үйлесімді қатынасы, заң

бойынша «Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы» деп аталатын «еуразиялық

жобаның» жетістігін айқындады». ТМД елдеріндегі қоғамдық-саяси

процестерінің жетекші сарапшыларының бірі Алексей Власов, Еуразиялық

одақ Нұрсұлтан Назарбаев үшін өмірлік іс сияқты: «Еуразиялық одақ құру

идеясы әуел бастан Қазақстан Президентіне тиесілі». Екі онжылдық бойы

ол үнемі біріктіру процесін итермелеп отырды және әрдайым: «Біріктіру –

ол өркендеудің қысқа жолы» деп қайталаудан жалықпады. Назарбаевтың

сенімді және қол жетімді мақсатқа қырағылықпен бағыттағанын уақыт

көрсетті».

Атақты кеңес және ресей публицисті, жазушы-тарихшы Рой

Медведев, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық доктринасы жайлы айта

отырып, оның жаңашылдығын және сонылығын көрсете отырып, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы еуразиялық доктринамен ол

тек қатысты және терминологиялық байланыста. Оның бағалауынша,

«Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы әртүрлі мистикадан алыс

және қандай да бір абстрактылы геосаясаттың догмасына негізделмеген,

орын алған экономикалық және саяси жағдайлармен анықталатын

барлығына түсінікті формулаларға негізделген».

ЕурАзЭҚ халықаралық мәртебеге ие және БҰҰ-да бақылаушы болып

табылады. Оның бірқатар маңызды жобаларды бірге жүзеге асыратын

басты халықаралық серіктестері болып БҰҰ ЕЭК, АТМЭӘК, ЮНИДО,

ЮНЕСКО, БҰҰ дамыту бағдарламасы, ХАЭҰ, Көші-қон бойынша

халықаралық ұйым, Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған

арнайы бағдарлама, Дүниежүзілік кедендік ұйым, ЕҚЫҰ, ЕҚ өкілеттігі,

Азиядағы өзара әрекет етулер мен шаралар бойынша кеңесі алға шығады.

Ерекше орынға аймақтық құрылымдармен – ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ

ынтымақтастық ерекше орын алады [1, 100 б.].

ЕАҚ құру туралы жобамен еуразиялық интеграциялық

құрылымдарды қалыптастыру кезінде Еуроодақтың тәжірибесін пайдалану

алдын ала қарастырылды. Сонымен, ЕҚ кейінгі жылдарда ол үстіңгі

органдардың қызмет етуімен байланысты күрделі мәселелер,

институционалдық және функционалдық мәселелері, сонымен қатар,

Еуроодақты және оның ішіндегі еңбектің көші-қонды кеңейтуге

байланысты мәселелер ашылды. Осының барлығы ЕурАзЭҚ, Кедендік

Page 91: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

91

одақты және ЕЭК құру кезіндегі тәжірибелік жұмыста ескерілді. Осында

ЕҚ тәжірибесі сынды түрде қайта түсіндірілді және біздің елде

қалыптасқан жағдайларға бейімделді.

2011 жылғы 18 қарашада үш елдің президенттерімен Еуразиялық

экономикалық ықпалдастық туралы Декларацияға қол қойылды, соған

сәйкес ең жақын интеграциялық міндет – Кедендік одақтың және ЕЭК

әлеуетін толық жүзеге асыру, ал одан әрі – осының негізінде Еуразиялық

экономикалық одақты құру, онда тек нарықтар емес, сонымен бірге

стратегиялық жоспарлар мен елінің экономикасын дамыту

перспективалары біріктірілген. Жаңа бірлестік технологиялық,

модернизациялық, инновациялық салаларда, білім облысында тиімді

кооперация үшін қосымша мүмкіндіктерді ашуға арналған.

2014 жылдың наурыз айында еуразиялық жобаның «туғанына» 20

жыл толды. Еуразиялық ықпалдастық идеясының жылжуы, шын мәнінде,

Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірлік ісі болды. Сонымен, Ресей

Президенті В.В. Путин Н.Ә. Назарбаевпен 2013 жылы шілдеде Астанада

өткен кездесуінде келесіні атап өтті: «Сіз, шын мәнінде, біздің Кедендік

одақтың негізін қалаушы-атасысыз, бұл Сіздің идеяңыз болды, біз оны

жүйелі түрде дамытамыз. Атап өткім келеді, бұл, күмәнсіз, посткеңестік

кеңістікте ықпалдастық бағытындағы ең үлкен қадам. Қазір біз оның

қайтарылуын сеземіз».

Қазіргі заманғы реалийлерде Қазақстан көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың

идеясы практикалық еурозиялылықтың жаңа кезеңінің басы болды. Сонымен,

Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси

тәжірибемен күшейте алуында, сонымен, еуразиялық тұжырымдаманы

едәуір өмірге бейімді және тиімді жасай отырып, күшейте алуында.

Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен Қазақстанның қазіргі әлемде

лайықты орынға қарай магистральды жылжу және жаңа астана –

Астананың құрылысы байланысты. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысы әлемге

Қазақстанның және халқымыздың жаңа бейнесін ғана көрсеткен жоқ.

Өткен жылдарда оның еуразиялық идеясының «үш киты» толық жүзеге

асырылды - Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ), Азияда

өзара әрекет ету және шаралар бойынша кеңесі (АӨӘЕШК) және Шанхай

ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [2, 3 б.]. Сонымен қатар, Нұрсұлтан

Назарбаевтың ерекше еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси

тәжірибемен күшейте алуында, сол арқылы еуразиялық тұжырымдаманы

едәуір өмір сүруге бейімді және тиімді ете алуында.

2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президенті «Қазақстан-

2050» жаңа Стратегиясын ұсынды, онда кезекті жаһандық жарып шығуды

жасау және 2050 жылы әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттерінің қатарына

ену жоспарланады. Бұл құжат – қалыптасқан мемлекеттің үдемелі

дамуының жаңа жаһандық бағдарламасы.

Page 92: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

92

Қазақстан Республикасының дамыған әлем елдерінің отыздығына

кіруі Нұрсұлтан Назарбаевпен оның 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа

Жолдауында ұсынылған. Ол екі кезеңнен тұрады: 2030 жылға дейін

жаңартылған ұмтылыс жасау, экономиканың дәстүрлі салаларының

динамикалық өсуін және мықты өңдеуші индустриалдық секторды құру

талап етіледі; 2030–2050 жылдарда ғылымға сыйымды экономика

принциптерінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет: мықты

өңдеуші өнеркәсіпті қалыптастыру, дәстүрлі салаларда жоғары қайта бөліс

өнімдерді шығаруға көшу, инжинирингтік қызметті дамыту.

Қазақстан Президенті «дамыған 30-топ әлем елдеріне кірудің маңызды

механизмін біздің аймақтық және жаһандық экономикалық жүйемізге

шоғырланудың тереңдігін анық көреміз. Бұл, ең алдымен, біздің Еуразиялық

экономикалық одақты қалыптастыруға қатысуымызбен, Дүниежүзілік сауда

ұйымына енуімізбен байланысты – деп атап айтады [1, 56 б.].

Елбасы болашақ энергиясын дамытуға ерекше мән береді. Үш

жылдан кейін Астанада осы тақырыпқа арналған «ЭКСПО-2017»

Халықаралық көрмесі өтеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша, «бұл

көрме елдің «жасыл» даму жолына көшуге мықты қарқын береді. Астанада

ғылым мен техниканың ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.

Көптеген қазақстандықтар өздерінің көздерімен «біз ұмтылатын болашақ

энергиясын» көре алады» [3, 3 б.].

Қазіргі еуразиялық идеяның авторы экономикалық мақсатқа

лайықтылықпен қатар гуманитарлық құраушы бөлікті, интеграцияны

«адами өлшеуді» де маңызды деп санайды. Еуразиялық стратегияның

барлық элементтерінің тәжірибелік іске асырылуы бұрыштың басына

рухани және адами құндылықтар жүйесін, тұлғаға деген құрметті,

мәдениеттердің өзара байытылуын қояды. Нұрсұлтан Назарбаевтың

атымен еуразиялықтың «әр алуандылық арқылы бірлікке қарай» басты

ұранының теориялық және практикалық толығуы байланысты.

2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық

одақ өзінің жұмысын бастады. Армения мен Қырғызстанның

интеграциялық бірлестігіне қосылу процесін бастай отырып, бірнеше

айдың ішінде «еуразиялық үштік» «еуразиялық бестікке» айналды. ЕЭО-

пен ынтымақтасуда көптеген мемлекеттер қызығушылық танытуда,

жуырда Вьетнаммен еркін сауда одағының аймағын құру туралы бірінші

келісімге қол қойылды. Еуразиялық экономикалық біріктіру және қытай

бастамасымен Жібек жолының экономикалық аймағын біріктіру

тұрғысынан алғанда қызықты болашақ ашылуда [5, 6 б.]. Жаңа бірлестік шын мәнінде оның әлеуетін ескергендегі тартылыс

орталығы баршаның назарын аудартуда. Армения мен Қырғызстанның

ЕЭО мемлекеттерінің жалпы нарығына қосылуы, 180 млн-нан аса

тұтынушыларды құрайды, бұл орасан зор өндірістік, ғылыми және

технологиялық әлеуетті, аса ірі табиғи ресурсты (мемлекет-

Page 93: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

93

қатысушыларының үлесіне әлемдегі зерттелген барлық пайдалы

қазбалардың шамамен жартысы тиеді) бірлестік.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мемлекет-мүшелерінің

басқа мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен өзара қатынасына

ешқандай әсер етпейтінгідігі маңызды. Осы интеграциялық бірлестіктің

бөлігі ретінде мемлекеттер ынтымақтастықты жолға қоюға,

инвестициларды тартуға көптеген мүмкіндіктер ала алады деп сеніммен

айтуға болады [5, 6 б.].

… Қазақстан Президенті идеясының жүзеге асуы үшін жиырма жыл

қажет болды. Адамзат тұрғысынан қарасақ ол аз уақыт емес. Алайда,

мысал ретінде алсақ, Еуропаға кеден одағын құруға 11 жыл, жалпы

нарықты қалыптастыруға – 34 жыл және экономикалық және валюта

одағына 40 жыл қажет болды. Яғни, еуразиялық біріктіру еуропаға

қарағанда екі есе жылдам дамыды. Мұндай қарқындылық барлық болып

жатқан процестерге нақты әсерін тигізетін жаңа реалиялармен, жаңа

тарихи жағдаймен байланысты болды. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай:

«ХХI ғасырдағы масштабты технологиялық өзгерістердің болашақ

нәтижесі ретінде бізге жаһандық экономикалық цейтнот жағдайында

әрекет етуге тура келеді» » [5, 6 б.].

Еуразиялық біріктірудің көптеген тәжірбиелік мәселелерін өте қысқа

мерзімде шешуге тура келеді, алайда, әрбір шешім сапалы және әбден

пысықталған, сараланған. Себебі, одақтың әрбір қатысушысы ЕЭО – ол

шындап және ұзаққа құрылған бірлестік екенін сезінеді.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы: Атамұра, 1999. - 296 с.

2. Новый Казахстан. Разговор о стране. Интервью Главы государства

Нурсултана Назарбаева ведущим авторских программ республиканских

каналов // Казахстанская правда, 2007, 10 апреля.

3. Нурсултан Назарбаев – главный архитектор евразийской

интеграции// Казахстанская правда, 2014, 12 марта.

4. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

5. Идея, определившая будущее // Казахстанская правда, 2015, 15

июля.

Page 94: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

94

Д.Е. Джакупова,

экономика магистрі,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Патриоттық тәрбие беру

ҒЗИ директоры

е-mail: [email protected]

«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ –

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА

ЖОЛДАУЫ

Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының

есебін бастайды. Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық

байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың

әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде

қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік,

шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген

табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз

бұған дейін ешқашан бүгінгідей жақсы өмір сүрген емес. Біз көп

нәрселерге қол жеткіздік.

Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді.

Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа

жаһандық нақты ахуал пайда болуда. Бүгінде Қазақстан экономикасына

әлемдік рыноктардағы құлдырау туындатқан бірқатар сыртқы факторлар

теріс әсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу төркіні біздерге

байланысты емес. Жаһандық дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып

қала алмайды.

І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері

Бүгінде бізге де әлем дамуының бүкіл сын-қатерлерін көре білудің

маңызы зор.

Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие. Іс

жүзінде барлық әлемдік рыноктар – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-

түлік және басқа да рыноктар тұрақсыз. Біздің экспорттық өнімдерімізге

сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де осында.

Екіншіден, әлемнің барлық экономикаларында да экономикалық

өсімнің баяулауы байқалуда. Бүгінде жаһандық ІЖӨ өсімінің үнемі

төмендеуі жөніндегі болжамдар ешкімді де таңқалдырмайды. 2011

жылдың күзінен бастап Халықаралық валюта қоры оларды 5-тен 3 пайызға

Page 95: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

95

дейін төмендете отырып, болжамдық

көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады. Және, шамасы,

бұл да шек емес сияқты.

Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін

супертабыстар жоқ.

Төртіншіден, жаһандық экономика саяси

факторлардың қысымын сезінуде. Әлем тұрақсыз

бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы

санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт төмендеп кетті. Таяу

және Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка өңіріндегі

тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып

соқтырды. Әрбір күн террорлық актілер мен ондаған адамдардың қаза

тапқандары туралы хабарлар жеткізуде. Бүгінде халықаралық терроризм

әлемге елеулі қатер төндіріп тұр. Бұл тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне

сыртқы күштердің араласуы жолымен мемлекеттіліктің күйреуінің

нәтижесі.

Әлемнің дамуы күштердің әлемдік және өңірлік орталықтарының

арасындағы қатаң бәсекелестік аясында жүретін болады. Жаңа жаһандық

өмір шындығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз

негізіндегі біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз керек.

ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері

Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа

мүмкіндіктер. Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың

дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соңғы

жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі тура

мағынасында нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның өзі де

дағдарыс дәуірінде өмірге келді.

Алғашқы онжылдықта – Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең қиын

кезеңінде – біз негізінен «мұнайсыз» өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде

де сыртқы экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды. Біз

Тәуелсіздігімізді жариялаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші

жартысы біз үшін қолайлы бола алды ма? Ол уақыттары өндіріс тоқтап,

адамдар жұмыссыз және өмір сүруге қажетті қаржысыз қалды. Біз лайықты

түрде, әрбір қадам сайын ол дағдарысты еңсере білдік. Біздің еліміз

өзгерістердің алғашқы нәтижелерін енді ғана сезіне бастаған сәтте 1997-1998

жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы келіп жетті.

Сол уақыттары қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-

қимылдар маңызды оң сипатты мәнге ие болды. Ол кең ауқымды

жекешелендіру мен біздің экономикамызға көптеген трансұлттық

компаниялардың келуі. Сол кезеңде біз жаңа елордамыз – Астананың

құрылысын қолға алдық, Каспий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс

істей бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бастау алды. 2007-2009

жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор

Page 96: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

96

құру туралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола түсті. 20

миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен

қамтуды қолдауға, жолдарды жөндеуге және салуға, қалалар мен

ауылдарды көріктендіруге бөлінді. Банк секторы, шаруа қожалықтары,

шағын және орта бизнес көмекке қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс

салушыларға алданған мыңдаған үлестік құрылысқа қатысушылар

мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің арқасында жаңа тұрғын үйлер алып

шықты.

Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге

асырдық. Бұл біздің экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да

табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық

дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден

келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның

қайткенде де келіп соғатынын талай рет

айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа

қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет

қолданып отыр.

Біріншіден, біз қазірдің өзінде

индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық,

яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.

Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму

бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды

аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты

болды.

Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша

100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт

жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Олар 80-нен

астам заң. Олар біз жоспарлағандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс

істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер

жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау

жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға біздің

экономикамызға қосымша төзімділік береді.

Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін

жинақтадық.

Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай,

мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген

жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.

Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру

шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық

өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп

отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс

материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2

есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге

Page 97: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

97

асырылды. Биылғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға,

химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2

пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму

банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын

болжап отыр.

Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары

өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып

отыр.

Осыдан екі жыл бұрын Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын

жариялады. Осы уақыттың өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті,

жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына

қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол

жеткіздік.

Біріншіден, Давос экономикалық

форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік

индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан

әлемде 42-ші орынға ие болды.

Екіншіден, бизнес үшін барынша

қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-

ші позицияны иеленді.

Үшіншіден, бүгін, 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда

ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-ның

Бас кеңесінің отырысында ресми түрде хабарланатын болады. Бұл оқиға

тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Ол

біздің еліміздің толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде

мойындалуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі біздің

экспорттаушыларымыз үшін де, экономикамыздың шешуші секторларына

келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел

идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта

мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-

қимыл стратегияларымыз бар.

Қазір және кез келген басқа уақытта

біздің дағдарысқа қарсы басты

стратагемамыз үш қарапайым, бірақ

маңызды – өсім, реформалар, даму

ұғымдарымен үндес.

Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен,

экономикалық өсім туралы болып отыр.

Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің

неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық

Page 98: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

98

өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта

отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің

тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге

асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан

біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар

ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және

корпоративтік менеджментті, қаржы және

фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек

реформалау мейлінше қажет.

Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз

жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ

Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым

әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік,

қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша

жұмыстар жүргізудеміз.

IV. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес

бағыты

Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы

және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет.

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру

Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру,

оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру.

Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында

тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық

валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары

есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне

қайта оралу болмайды. Ұлттық банк банк

секторының барлық субъектілеріне жұмыс

істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу

жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша

оларды мойындау және есептен шығару

жөнінде шаралар қабылдау керек.

Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған

банктер қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс. Қазақстандық банктер барлық

халықаралық стандарттарға, соның ішінде, Базель комитеті мен

Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкес келуі қажет.

«Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген

сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор.

Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк орта

мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек.

Page 99: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

99

Ол үшін пайыздық мөлшерлемелерді икемді өзгерту тетігі толыққанды

пайдаланылуы тиіс.

Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою қажет.

Біртұтас Зейнетақы қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа да

қаржы институттарын оның бақылауынан шығару керек.

Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық

немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы

жиналымдарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы

қаржыларын инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған жөн.

Зейнетақы қорына көзқарас пен басқару да Ұлттық қорға көзқарас пен

басқару сияқты болуы керек.

Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне өз қызметінің

мәселелері бойынша үнемі тиянақты ақпарат беріп тұруы тиіс. Қаржы

секторына қатысушылардың бәрімен қалыпты жұмыс бабындағы

үнқатысуды жолға қоюдың маңызы зор. Осы аталған барлық кезек

күттірмес шараларды қабылдағаннан кейін ғана экономиканы

ынталандыруға, соның ішінде монетарлық тәсілдермен ынталандыруға

кірісуге болады. Мен жаңа басшылықтың Ұлттық банкті сауатты

басқаратынына сенемін. Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге

сенуіміз қажет. Теңге салымдары – бүгінде азаматтардың жиналымдарын

сақтаудың ең үздік құралы.

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың

ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет

саясатының дұрыс моделі.

Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 20 пайызға дерлік

төмендегенін айтып отырмыз. Қосылған құн салығын төлеу көлемі төрттен

бірге, ал табысқа корпоративтік салық бойынша

13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны

бизнеске қосымша қысымды білдіретін болады.

Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен

жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың

қандай боларын білмейміз. Сондықтан менің

ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор

қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану

тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы

кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек.

Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір шындығы

жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын

әзірлеуді тапсырамын.

Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта

қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017

жылы қазіргі ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет.

Page 100: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

100

Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді

оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы,

жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ,

аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі

экономиканы» жарыққа алып шығатын болады.

Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті

болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі

салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ.

Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі

керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31

желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға

қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот

қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету жағдайларына

тағы бір рет талдау жасауды және қажет болған жағдайда, оған

қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария

етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы

мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын.

2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай

декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да, олардың

шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, соның ішінде

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен,

есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын

болады.

Енді бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы.

Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізуді

тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр теңге де маңызды. Тиімсіз

шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығындар

бюджеттен шығарылуы тиіс. Өңірлік және индустриялық даму

бағдарламаларының шығындарын қайта қарау қажет.

Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта қараған

жөн. Бүгінде бүтіндей бір салалар мемлекет есебінен өмір сүруде.

Сонымен бірге, мәселен, «ҚазАгро» корпорациясы арқылы көрсетілетін

мемлекеттік қолдау құралдары бүкіл ауылшаруашылық тауар

өндірушілердің тең жартысы үшін қолжетімді емес. Бюджет шығындарын

жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін белсендірек

қолдану қажет. Экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды

ынталандыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керек. Жеке

инвесторларды жол, газ құбыры, ауруханалар, мектептер және басқа да

нысандар құрылысына ғана емес, сонымен бірге, оларды қайта жаңғыртуға

және техникалық қызмет көрсетуге тартудың да маңызы зор. Бюджет

шығындарын оңтайландырудан босаған барлық қаржыны бірінші кезекте

халық үшін нақты нәтижелер әкелетін жобаларға бағыттау қажет.

Page 101: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

101

ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті

ынталандыру

Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі

ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді

құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды

пайдалануға тиіспіз. Бүгінде өсім мен бәсекелестікті не ұстап тұр?

Ең алдымен, үлкен мемлекеттік сектор – 7 мыңнан астам

кәсіпорындар. «Самұрық-Қазына» және «ҚазАгро» холдингтері өнеркәсіп

пен ауыл шаруашылығының орасан зор активтеріне тиімді бақылау жасай

алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының активтері ІЖӨ-нің 40 пайыздан

астамын құрайды, 500-ден астам «немерелер» мен «шөберелерден»

тұрады. «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері бюджет пен банктер

арасындағы тиімсіз делдалдарға айналды. Осылардың бәрі далиған

штаттармен және орасан бюджеттік ресурстармен қоса жүреді, сонымен

бірге, жеке инвестициялар мен бастамаларды ығыстырып шығаруға

апарып соқтырады.

Қазір мемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруге шектеулерді

алып тастау маңызды. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң мен Азаматтық

кодекстің бірқатар ережелерін қайта қарап, жекешелендіруге жатпайтын

стратегиялық нысандардың санын қысқарту қажет. Үкіметке мемлекеттік

меншіктегі ұйымдардың бәрін қоса отырып, Жекешелендірудің жаңа

бағдарламасын жасауды тапсырамын. Олардың ішінде, «Самұрық-

Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгроға» кіретіндері де бар.

Жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы холдингтің бәрі ықшам

ұйымдарға қайта құрылымдалатын болуы тиіс.

Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және

бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Мұнда акцияларды қор нарықтарына

орналастыру мен ашық аукциондар шешуші тетіктерге айналуы тиіс. Оған

қазақстандық және шетелдік инвесторларды барынша мол қатыстыру үшін

жағдай жасау керек. Үкіметке барлық акционерлердің мүлкінен

айырылғандардың активтерін сатып алуға деген басым құқықтарын алып

тастауды тапсырамын.

Әрі қарай, Үкімет еркін және саламатты бәсеке үшін жағдайлар

жасауы тиіс.

Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық қызметті күшейту бойынша

нақты ұсыныстар жасауды тапсырамын. Бізге антимонополиялық

ведомство туралы мәртебесі мен жұмыс тәртібі нақты регламенттелген

жеке заң керек.

Екіншіден, бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық

ынталандыруларға қатысты бұрмалауларды жою қажет. Үкіметке

экономиканың барлық секторларында нарықтық баға қалыптастыруға әрі

қарай көшуді жалғастыруды тапсырамын.

Page 102: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

102

Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық және

тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық

жүруі тиіс. Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі. Жеңілгендер

нарықтан кетуге немесе қайтадан бастауға мүмкіндік алулары керек. Бізде

мұндай жоқ. Тиімсіз компаниялар мемлекеттен түрлі түрдегі субсидиялар

мен жеңілдіктер алу үшін кезекке тұрады. Бірде-бір дамыған елде

компаниялардың банкроттығы саланың ыдырауына немесе

жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып келмейді.

Тиімсіз менеджерлердің орнына өзімен бірге инвестициялар әкелетін жаңа

меншік иелері келеді. Біз бәсекеге қабілетсіз компанияларды мемлекет

есебінен «сүйремеуге» тиіспіз. Үкіметке жеке және заңды тұлғалар үшін

банкроттықтың нақты және түсінікті ресімдерін жасауды тапсырамын. Ол

барынша жеңілдетілген болуы тиіс.

ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер:

- экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету;

- өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем

дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;

- экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард

доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде – кем

дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;

- 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін

2 еседен астамға арттыру.

Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар

ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана

қамтамасыз етіле алады.

Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек әртараптандырылған

экономиканың ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра

алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру

бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа инвестициялық саясат

керек.

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке

инвестициялар тарту маңызды. Біз «күрделі инвестициялар» тарту үшін

оңтайлы орта қалыптастыруымыз керек.

Осы жылы «Астана» Халықаралық қаржы

орталығын құру туралы шешім

қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру,

приват-банкинг және қайта сақтандыру

салаларында өңірлік хаб болады.

Қазақстан күшті институттары, білікті,

тиімді және болжамды үкіметі бар өңірдегі

көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде озық

техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі

Page 103: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

103

инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке

қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.

Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды әрі

қарай жалғастыру ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы

институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде

инвестициялық ахуалды жақсартудың егжей-тегжейлі жоспарын жасап

ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен жұмысты белсенді ете

түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға

бағдарланған Үкімет кеңесін құруды тапсырамын. Өңірлерде жергілікті

маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті

осындай кеңестер құру керек.

Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін

қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде

жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөңірлер

– Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс,

Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар

жасау қажет. Ірі өңірлік жобалар айналасында

шағын және орта бизнесті дамыту керек.

Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудың

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы

макроөңірлердің инвестициялық

бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс.

Еңбек ресурстарының жұмылғыштығын

жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еңбек күші артық өңірлердің еңбек

күші жетіспейтін өңірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған

шараларды алдын ала қарастыру қажет.

Макроөңірлер «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын

біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында

бірігулері тиіс. Қазіргі кезде «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс»,

«Орталық –Батыс» шешуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге

асырылуда. «Боржақты – Ерсай», «Алматы – Шу» теміржол желілері мен

Құрық портындағы паромдық өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл

жобалар қазірдің өзінде 72 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке

аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді

тапсырамын.

Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып,

қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Менің ҚХР-ға сапарым

барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында займ тарту

туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір мемлекеттік бюджет есебінен

көптеген жолдар салынып жатыр. Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және

жергілікті инвесторларды да тарту керек. Жақын болашақта «Нұрлы Жол»

бағдарламасы жобаларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру

моделіне келтіру керек.

Page 104: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

104

Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рыноктарда экспорттық

тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердің

экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте,

бұлар –Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия

және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 триллионнан астам

доллардың тауарлары мен қызметтерін импорттайды. Еуразиялық

экономикалық одаққа шешуші өңірлік рыноктармен еркін сауда туралы

келісім жасасу қажет. Үкімет аталған мәселелерді біздің әріптестерімізбен

бірлесіп жасап, бәріміз үшін пайдалы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы

міндеттерді орындау үшін Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің

барлық ресурстарын іске қосу қажет.

Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша

дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық

саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен,

Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау

орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және

кәсіби білім беру жүйесінің моделі болады.

Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін

арттырған жөн. Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау

маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды

интеллект, киберфизикалық жүйелер

интеграциялары, болашақтың энергетикасы,

жобалау және инжиниринг салаларында

біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді

ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы

ғана жасауға болады. Назарбаев

Университеттің «Астана бизнес кампусы»

хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінде

қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық

кластерлері оның негізіне айналады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық

мамандандырылған көрмесін өткізу бізге «жасыл технологияларға»

негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.

БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді

әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе

арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс

ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға

қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он

жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш

бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда

жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет

жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5

миллионнан астам азамат алады.

Page 105: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

105

Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз

халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы

қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім

беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы

қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда

бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл

қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан

айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі,

сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1

қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып,

ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б»

корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға

арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік

шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз

еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы

әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Әдебиеттер тізімі

1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева

«Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» от

30 ноября 2015 года //http://www.akorda.kz

2. Шуланов А. «Экспертные мнения о Послании Президента РК

народу Казахстана от 30 ноября 2015 года» // Казахстанская правда, 2015

г., 2 декабря

Page 106: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

106

А.К. Мубаракова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Патриоттық тәрби беру

ҒЗИ әдіскері

e-mail: [email protected]

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РОЛІ

Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында

экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз

азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен

бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі

бейбітшіліктік тәртіп болып табылады.

Халықаралық қауіпсіздік – өте кең әрі жан-жақты түсінік. Әдетте

халықаралық қауіпсіздік жүйесін құраушыларды былай бөледі:

экономикалық, әскери-саяси, гуманитарлық, ақпараттық және т.б.

Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбінің

халықаралық қауіпсіздікке тікелей қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік

туралы жалпылай айтқанда, оны кең ауқымды мағынада түсіну керек.

Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік түсінігі көбінесе тар мағынада

қолданылады. Бұл жерде халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саяси

мағынасы мен біздің ғаламшарымыздағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз

ету проблемасы туралы айтылып тұр.

Қазіргі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр

мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.

Бірінші жүйе – бұл әмбебап халықаралық қауіпсіздік жүйесі, оның

басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысының қабылдануымен негізделген еді, онда

қазіргі және болашақ ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы

бекітілген еді. БҰҰ Жарғысы күш қолдану және күшпен қауіп төндіруді

қолданбау; халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу; жалпыға ортақ

және толығымен қарусыздану сияқты қағидаттарды қамтиды. Бұл ретте

халықаралық құқықтың өзге қағидаттары да сақталу керек. Әлемге қауіп

пен қауіпсіздік төнгенде немесе агрессия актілері жасалған кезде БҰҰ

Қауіпсіздік Кеңесінің БҰҰ мемлекет-мүшелеріне бірлескен шаралар

ұйымдастыруды міндеттеу мүмкіндігі БҰҰ Жарғысында қарастырылған.

Екінші жүйе ашылуы аймақтық қауіпсіздік жүйесіне негізделеді, оны

құру БҰҰ Жарғысында (VIII тарау) қарастырылған. Жарғының бұл жүйеге

қатысты негізгі талаптары мынадай:

Page 107: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

107

1) оған тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады;

2) аймақтық келісімдерге байланысты шаралар осы ауданның

шекарасынан аса алмайды;

3) бұл шаралар БҰҰ қолданатын шараларға немесе БҰҰ

Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.

Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік негізін аймақтық дауларды бейбіт

жолымен шешілу шаралары құрайды. БҰҰ-ның ұжымдық өзін-өзі қорғау

туралы Жарғысының 51-бабына сәйкес әскери шараларды тек тікелей

агрессияны тойтаруға ғана қолдануға болады және олар БҰҰ ҚК сәйкес

нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.

Соңғысы болып табылатын үшінші жүйе – мемлекеттердің жеке

қауіпсіздік жүйелері. халықаралық құқық-қағидаттың негізгі қағидатынан

шығатын мемлекеттің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығы – мемлекеттік

егемендік принципі мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Халықаралық қауіпсіздікті әдетте әмбебап қауіпсіздік немесе Жер

бетінде бейбітшілікті қамтамасыз етуге икемделген жалпыға ортақ

қауіпсіздік және ғаламшардың бөлек аймағында құрылатын аймақтық

қауіпсіздік деп бөледі. Сондай-ақ әмбебап та, аймақтық та халықаралық

қауіпсіздікті халықаралық қоғамдастық қатысушыларының ұжымдық

күштерімен ғана құруға болатындығын атап өткен жөн.

1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы

сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне

қабылданды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші

сессиясының пленарлық жиналысында Қазақстан Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың бірінші рет сөз сөйлеуі орын алды, онда ол Азиядағы Өзара

қатынас пен сенім шаралары бойынша кеңес шақыру туралы тәуелсіз

Қазақстанның бірінші халықаралық бастамасын ұсынды (ӨҚСШК).

Қазақстанның БҰҰ-ға оны кіруі халықаралық құқық пен халықаралық

қатынастардың толық субъектісі ретінде дүниежүзілік қоғамдастықтың

тануын білдірді. Бүгінгі таңда 193 мүше-мемлекетті біріктіретін (Қазақстан

168-ші орында) осы әмбебап жаһандық ұйымдар аясындағы дүниежүзілік

мәселелерді шешуде белсенді қатысу біздің мемлекетіміздің дамуына, оның

ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және дүниежүзілік аренада ұлттық мүдделерді

қорғауға, дүниежүзілік экономикалық байланыс жүйесіне толық қанды

бірігуге қолайлы жағдайлар жасады және одан әрі жасау бойынша көмек

көрсетуді жалғастыруда.

Көптеген жылдар бойы терең талдау жүргізу негізінде Президентіміз

Н.Ә. Назарбаев ядросыз әлем, «жасыл көпір», G-Global және т.б. сияқты

бірқатар бастамалар ұсынды, бұл басмтамаларды халықаралық қауымдастық

мойындап, қолдады. Бұған дәлел ретінде Қазақстанның бастамасымен 29

тамыз Халықаралық ядролық сынақтар қарсы күрес күні ретінде жарияланды.

Бұл Н.Ә. Назарбаевтың қаруды таратпау және қарусыздандыруға қосқан үлесі

Page 108: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

108

әрі өзінің басты арманы – «Бүкіл әлемдегі бейбітшілікті» орындауға деген

ұмтылысының жоғары бағалануы [1].

1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ мүшесі

атанды, ал 1995 жылы Вена қаласында ЕҚЫҰ жанында Қазақстан

өкілеттілігі ашылды. Қазақстанның осы ұйымға кіруі халықаралық

қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу жөнінде жалпы еуропалық

шараларға белсенді қатысу талпынысынан білінді. Сондай-ақ Қазақстан

адам құқығын қорғау, экономикалық даму, терроризммен күресу және көп

тараптық ынтымақтастықтың өзге мәселелерін шешу бойынша

міндеттемелерді өз еркімен мойнына алды.

Қазақстан Республикасы қысқа уақыт ішінде ЕҚЫҰ құрамына

кіретін елдермен жоғары дәрежедегі өзара қатынас-қатынасқа жете білді.

Бұған сөзсіз елдің сәтті экономикалық дамуы, қазақстандық қоғамды

қоғамдық-саяси өмірге ырықтандыру және оның саяси жүйесін

демократияландыру өз септігін тигізді. 2004 жылы саяси реформалардың

жалпы ұлттық бағдарламасы жарияланды. Содан кейін ЕҚЫҰ

стандарттарына едәуір жақын жаңа сайлау заңнамасы қабылданды [2].

Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау

бойынша әр түрлі комиссиялардың қызметіне үлкен көңіл бөлінген еді.

ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның рөлі мен беделінің көрсеткішіне 2010 жыл бойы

Қазақстан осы халықаралық ұйымның төраға қызметін атқарғанын

жатқызуға болады.

Халықаралық қарым-қатынас туралы қазіргі ғылымда жаһандық

халықаралық жүйенің болуы бүкіл халықаралық өмірге және бөлек алған

бір елдің сыртқы саясатына өзінің ізін қалдыратыны барлығына белгілі.

Сонымен қатар аймақтық халықаралық жүйелерге үлкен қызығушылық

танытыла басталатын болды, олар жаһанданудың күшею қарқынына қарай

маңызды болып, ғаламдық жүйеден жеткіліктілік пен тәуелсіздік жаққа

тартыла бастады. Бүгінгі таңда қарқыны өсіп келе жатқан аймақтылық

қазіргі заманғы дүние дамуының негізгі беталысы болып табылады.

Қазіргі уақытта халықаралық қана емес, сонымен қоса аймақтық

қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан үшін өзекті аспекті болып

табылады. Республика бұл саладағы саясатын тек екі жақты ғана емес, көп

жақты деңгейде өткізеді.

Қазақстан үшін аймақтық халықаралық жүйе бірнеше аймақтық

қосалқы жүйелердің қосындысын білдіреді. Бұл жағдайда Орталық-Азия

аймағы негізгі қосалқы аймақ жүйесі ретінде іс-әрекет етеді [3].

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз

ету мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталып, іске асқан сыртқы

саясаттық бастамаларды сәтті көрсетіп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев

жетекшілігімен аймақтық көшбасшы орнын нық алды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тәуелсіздігін қорғау,

аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жер бетіндегі бейбітшілікті

Page 109: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

109

сақтау ісіне орасан зор үлес қосты. Ол берік практикалық негізі бар

бірқатар маңызды, көреген және маңызды бастамалар ұсынды. Олар

адамзаттың орасан теориялық жүйесі мен құнды рухани байлығына

айналып, халықаралывқ қауымдастықта кең таралды. Қазақстанның

Президенті бейбіт бастамаларын зерделеу мен тарату қазіргі күрделі

халықаралық және аймақтық жағдайларда әсіресе маңызды [1].

Жаңа Концепцияда Қазақстан Республикасының сыртқы саяси

қызметінің негізгі принциптері анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты

көп векторлылық, теңгерімділік, прагматизм, өзара пайда, еліміздің ұлттық

мүдделерін сенімлі қорғау принциптеріне негізделген. Қазақстанның

сыртқы саясаты мүдделер теңгерімінің негізінде құрылады, онда шетел

мемлекеттерімен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынас

жасау үшін сараланған әрі әр түрлі деңгейлі тәсіл принципі қолданылады.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың интеграциялық бастамалары

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Өзара қатынас пен сенім шаралары

бойынша кеңес (ӨҚСШК), Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚТК),

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты еуразиялық аймақтық

ұйымдардың құрылуына айналды. Бұл аймақтық құрылымдардың қажеттілігі

мен пайдалылығын уақыт көрсетті, олар жиынтығында геосаясаттық

ландшафтты қалыптастырады және аймақтық қауіпсіздік құрылымын

нығайтып, маңызды реттеуші функцияны атқарады [4].

1992 жылы Ташкент қаласында ТМД елдерінің Ұжымдық қауіпсіздік

туралы келісімі жасалды. Құжатқа қол қойған елдер өздерін ҰҚК ұйымы деп

атады. Бұл ұйымның Жарғысында дүниежүзінің, халықаралық және аймақтық

қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, тәуелсіздіктің ұжымдық негізіндегі

қорғаныс, аймақтық тұтастық пен мүше-мемлекеттердің егемендігі оның

басымдылығы саяси құралдарға беріледі. Бұл ұйым басқа мемлекеттер мен

халықаралық құрылымдармен ынтымақтасу үшін ашық. Мысал ретінде,

жайдан дамып келе жатқан ҰҚТК мен ЕҚЫҰ қарым-қатынастарын келтіруге

болады. ЕҚЫҰ мен ҰҚТК арасындағы ынтымақтастық терроризм және

есірткімен қарсы күрес, Ауғанстанмен шекараны нығайту сияқты салаларда

қолайлы болашақ бар деген түсінікке ие [5].

2001 жылдың 14-15 маусымында Шанхай қаласында алты мемлекет

– Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан

басшыларының кездесуі өтіп, ШЫҰ құру туралы жарияланды. Саммитте

қабылданған Декларация дүние жүзін, Орта Азиядағы қауіпсіздік пен

тұрақтылықты қолдау және қамтамасыз ету ретінде өзінің басты

мақсаттарын жариялап, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-

техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, транспорттық,

экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы

айтты. Басқа маңызды құжат – осы ұйыммен қабылданған терроризмге,

сепаратизмге қарсы күрес туралы конвенция халықаралық деңгейде

Page 110: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

110

бірінші рет сепаратизм мен экстремизм анықтамасын қылмыстық тәртіпте

қудалаған әрекет, зорлық ретінде бекітті.

Шанхай ұйымы аймақтық қауіпсіздік тақырыбы бойынша жұмысты

жандандыру мақсатын алдына қояды. ШЫҰ мүше-мемлекеттері мен

бақылаушы-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер орынбасарларының

тұрақты кеңес беру тәжірибесі жалғастырыла қоймай, сонымен қоса

жоғары деңгейдегі кездесулерді сараптық кездесулермен, терроризм және

есірткімен қарсы күрес тақырыбы мен ауған істері бойынша ҰҚКҰ-мен,

басқа шетелдік серіктестермен өзара әрекеттесуді толықтыру керек.

Аймақтағы жағдайдың дамуын талдау және жорамалдау жұмыстарын

бірлесе өткізуге және әрекет ету мен алдын алу шараларының нұсқаларын

әзірлеуге көп көңіл бөліну керек. Қарапайым оймен бөлісудің орнына

позицияны ұстау мен әрекет етуге келісуді енгізу керек.

ШЫҰ аймақтық қауіпсіздікке байланысты келесі мақсаттардың

орындауын қамтамасыз етуге шақырады:

- мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім мен тату көршілікті

нығайту, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және

тұрақтылықты қолдау және нығайту;

- терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен әрекет ету;

- есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансұлтты

қылмыстық әрекеттің басқа түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көшу-қонумен

күрес.

Сонымен қатар бүгінгі заманның «үш жамандығы» көбінесе

аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің басқа ауыр қаупімен байланысты

екенін атап өткен жөн, ол - есірткінің заңсыз айналымы. Осыған

байланысты, 2004 жылдың 17 маусымында ШЫҰ шеңберінде есірткі

заттардың, есуастандырғыш заттардың және олардың алғы нышандарының

заңсыз айналымымен қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы

келісімнің қабылданғанын атап өткен жөн. Осы келісімнің орындалуы

мақсатында 2011 жылдың 14-15 маусымында Астанада өткізілген ШЫҰ

мерейтойлық саммитінде 2011-2016 жылдарға арналған ШЫҰ мүше-

мемлекеттерінің Есірткіге қарсы стратегиясы және ШЫҰ кеңістігінде

есірткі қаупіне қарсы күрес бойынша бірлесе жасалған шаралардың

тиімділігін арттыруына септігін тигізетін Іс-әрекет бағдарламасы бекітілді

[6]. Берілген құжаттарды қабылдағаннан басқа, Қазақстан АТҚҚ және

Есірткі мен есуастандырғыш заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес

бойынша Орта Азиялық ақпараттық үйлестіруші орталығы (ОААҮО)

арасында Өзара түсіністік хаттамасына қол қоюға едәуір септігін тигізді,

сонымен қоса ШЫҰ-ның Есірткі мен қылмысқа қарсы күрес бойынша

БҰҰ (UNODC) Басқармасымен Өзара түсіністік меморандумының

қабылдану бастамасын қолға алды. Сондай-ақ терроризммен, есірткі мен

қарудың заңсыз айналымымен және трансұлтты қылмыстардың басқа да

түрлерімен байланысты тұлғалардың кіріп кету каналдарын жабу

Page 111: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

111

мақсатында, Қазақстан ШЫҰ шеңберінде заңсыз көшіп-қонумен қарсы

күресте ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды ұсынды.

2012 жылдың қаңтар айында Президент Н.Ә. Назарбаев

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты

бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өзіміздің

теңдестірілген сыртқы саясатымызды тек Батыспен қана өзара қатынаса

қоймай, сонымен қоса Азия мемлекеттерімен де өткізетін боламыз» деп

атап өткен еді. ХХІ ғасырдың жаһандық қарсы тұруына және қауіпіне

жауап ретінде еуразиялық біріктіруінің кеңейтілуі мен тереңдетілуі және

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болады. Еуразиялық

біріктірудің маңыздылығын баса айтқанда, Н.Ә. Назарбаев: «Бұл жалпы

аймақтық тұрақтылықтың, экономикаларымыздың бәсекелесу

қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Біз ТМД-

дағы басқа мемлекеттердің еуразиялық біріктірудің мүшесі болуға

талпынуын қолдауға дайынбыз» деп атап өтті [7].

Сөйтіп, қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік саяси үдерістің толық

құқылы авторы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақтық

көшбасшы және біріктіру үдерістері мен бірлестіктердің бастамашысы

болып табылады. Орталық Азия мемлекеттерімен достастық және тату

көршілік ынтымақтастықта өзара тиімді қарым-қатынастарды жүйелі және

жоспарлы түрде дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаев аймақтағы тұрақты және қауіпсіз бейбітшілікті құрудың

сәулетшісі мен жақтаушысы болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1. Ханхуэй Ч. Развивая мирные инициативы, совместно создавать

прекрасное будущее // Казахстанская правда, 2015, 7 июля.

2. От Хельсинки до Будапешта: история СБСЕ/ОБСЕ в документах

(1973–1994). М.: Наука, 1997.

3. Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые

интересы, единое будущее». Послание Президента страны народу

Казахстана // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

4. Тукумов Е.В. Внешняя политика Казахстана за годы независимости:

итоги, результаты, достижения. // nomad.su/a=3-201112150027.

5. Об утверждении Положения о Полномочном представителе Республики

Казахстан в Постоянном Совете при Организации Договора о коллективной

безопасности. Указ Президента РК // Казахстанская правда, 2005, 29 октября.

6. Выступление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева

на V Астанинском экономическом форуме 23.05.2012 г. // http://www.akorda.kz.

7. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана

«Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития

Казахстана» // Казахстанская правда, 2012, 27 января.

Page 112: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

112

Мазмұны

Кіріспе………………………………………….……………….…….......... 3

А.М. Ғазалиев. Студент жастарға патриоттық тәрбие беру

(ҚарМТУтәжірибесінен)...............................................................................

4

Л.М. Тұрлашов. Сенімді ұштай түсті...................................................... 8

Т.С. Сүлейменов, К.З. Сәрекенов. Мәңгілік Ел – Қазақстан жолының

ұлттық идеясы................................................................................................

11

А.Е. Даниярова. Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформа

жасаудағы бастамасы. 100 нақты қадам – Қазақстан Республикасының

стратегиялық даму бағытын жүзеге асыру..................................................

17

М.Ж. Сулейменова. 85-қадам – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі

жобасын әзірлеу. «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи аспектілері..............

20

Д.Г. Шорманбаева. Қазақстанның егемендік алу бастауында................ 26

К.Ш. Джалилов. Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы және

Қазақстандық қоғамның шоғырлануы. Қазақстан халқы Ассамблеясы..

30

А.К. Жарылқасынова. Қазақстанның экономикалық стратегиясын

әзірлеу. ДСҰ ену – әлемдік экономикаға бірігу.........................................

36

М.О. Төлеуова. Саяси жүйені жаңғырту және құқықтық мемлекет

негіздерін қалыптастыру...............................................................................

43

С.Б. Балшикеев. Астана – Президенттің орындалған арманы,

үйлесімділік және жайлылық мекені...........................................................

49

Н.Б. Давлетбаева. Қазақстан Республикасының мемлекеттік

индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы.....................................

55

А.М. Ғазалиев. Мемлекет басшысының Қазақстандағы инженерлік

білімнің инновациялық дамуындағы жасампаздық рөлі............................

60

А.В. Сиводедова. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат –

Қазақстан болашағын қамтамасыз ететін саясат........................................

67

Н.А. Қазбеков. Президенттік дипломатия. Қазақстан Республикасы-

ның сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері....................................

73

А.М. Беркінбекова. Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік қауымдастықта

Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастырудағы ролі.

Жаһандық көшбасшылық феномені............................................................

79

О.М. Хмельницкая. Болашақты анықтаған еуразиялық идея................. 87

Д.Е. Джакупова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың 2015 ж. 30 қарашадағы Қазақстан халқына «Қазақстан

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы..........

94

А.К. Мубаракова. Қазақстанның халықаралық және аймақтық

қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі..........................……………………

106

Page 113: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

113

Page 114: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ · PDF fileбілім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік

114

ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ

ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ

1-жинақ

3-ші басылым, өңдел. және толық.

Құраушы-авторлар: Т.С. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Н.А. Алпысбаева,

Д.Е. Джакупова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сулейменова,

Д.Г. Шорманбаева, К.Ш. Джалилов, А.К. Жарылқасынова, М.О. Төлеуова,

С.Б. Балшикеев,Н.Б. Давлетбаева, А.В. Сиводедова, Н.А. Қазбеков,

А.М. Беркінбекова, О.М. Хмельницкая

ҚарМТУ баспасы, 100027. Қарағанды, Бейбітшілік б., 56.

Басуға қол қойылды 20.04.2016 ж. Пішімі 60х84/8

Есептік баспа табағы 14. Таралымы 100 дана.Тапсырыс № 468