0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг»...

105
1 "Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжi" Мекемесі 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал құраст.: А.С.Досбаева

Upload: others

Post on 31-Jan-2020

0 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

1

"Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжi" Мекемесі

0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал

құраст.: А.С.Досбаева

Page 2: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

2

0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал Қостанай, 2014 УДК 005:339.13:81.2(5қаз)(0758) ББК 65.290-2:81. 2(5қаз)-923 Рецензенттер: Мырзағалиева К.М., ф.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжінің жоғары санатты қазақ тілі пәнінің оқытушысы М45 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен көмекші құрал /құраст.: А.С.Досбаева, Қостанай: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2014.- 100б./ ISBN 978-601-7545-96-3 Ұсынылып отырған лексикалық жинақ «Маркетинг» және «Менеджмент» мамандықтарының кәсіби қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарын қамтиды. Мәтіндер жинағында оқушылардың болашақ мамандығының теориясына арналған қысқаша мәтіндер, кәсіби сөздердің аудармалары берілген. Мәтін соңында қайталауға және таным арттыруға арналған сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар берілген, шығармашылық бағыттағы шағын эссе және оларды орындауға қойылатын талаптар ұсынылған.

Page 3: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

3

Оқу құралының мақсаты – болашақ маманды өз саласына байланысты Мемлекеттік тілде білім мазмұнымен таныстырып, оқып үйренуді ұйымдастыруды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. УДК 005:339.13:81.2(5қаз)(0758) ББК 65.290-2:81. 2(5қаз)-923 ISBN 978-601-7545-96-3 © «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2014

Page 4: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

4

КІРІСПЕ

Бұл оқу құралы негізінен колледж оқушыларының «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтарының кәсіби қазақ тілі пәніне арналған. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білімдік стандарттарына сәйкес, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсаты көзделген. Оқу құралының негізгі міндеті – өз мамандықтары бойынша алған білімдерін қазақ тіліне қатысты сөздермен, сөз тіркестерімен байыта түсу.Тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіре түсу мәселесі қойылып отыр. Оқу құралында қамтылған кәсіби мәтіндер мен тапсырмалар типтік оқу бағдарламасына сай жазылған. Кәсіби мәтіндерді игертудің түрлі тәсілдері қарастырылған, грамматикалық тапсырмалар да байланыстырылып алынған.Тақырыптардың мазмұнына сәйкес сұрақтар, тапсырмалар берілген.Осы жұмыстардың нәтижесінде оқушылар өз бетімен сөйлем құрауды игереді, айтайын деген ойларын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық дұрыс құрастырылған жүйені жеткізуге үйренеді.Әр тараудан соң білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары құрастырылған. Сонымен қоса құжаттармен жұмыс жасау,«Іскерлік кездесу» мәселелері бойынша сұхбаттар, ауыз –екі сөздер берілген. Мамандыққа қатысты іс қағаздарын қазақша жаза білу мәселелері көрсетілген.Осы орайда іс қағаздарының қай түрін өткенде де сол үлгіге тікелей қатысты, терминдер мен сөздерге, сөздердің тіркесуі мен қолдануына тереңірек тоқталып, іскерлік әлемінде сауатты сөйлеуге бағыттау. Қорыта айтқанда, болашақ маманды мамандығына байланысты сөздік қорларын қалыптастыру және байыту, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге бағыттау.

Page 5: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

5

1 – сабақ

Қазақ тілі туралы Тіл – тек қарым - қатынас құралы ғана емес, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан -жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік - коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен өлшенеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазақ тілі еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін мемлекеттік фактор болып табылады. Өз сөзінде Президент Н.Ә. Назарбаев: … Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар — өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. Сөздік : Қарым –қатынас құралы – средство отношения Әлеуметтік құбылысы – социальное явление Ұлттық мәдениет – национальная культура Басым бағыттардың бірі – одно из главных направлений Мемлекеттік – государственный Қоғам –обшество Стратегиялық – стратегический Өлшенеді – измеряется Өркениеттілігі – цивилизованный Мемлекеттік фактор – Государственный фактор Өз сөзінде – в своих словах Қолдауы – поддержка Қажет –необходимо Егемендік – суверенный Білмейінше –не владея

Page 6: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

6

Тапсырма : 1.Тіл туралы заңға тоқталу.Мәліметті орыс тіліне аудару. 7 бап. 1.Қазақстан Республикасының мемлекекттік тілі – қазақ тілі 2.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3.Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. 17 –бап. Тіл ғылым мен мәдениет саласында Қазақстан Республикасының ғылым саласында диссертацияларды рәсімдеу мен қорғауды қоса алғанда мемлекеттік тіл мен орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі. Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі. 19 – бап Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым –қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар. 2.Сөйлемдердің дұрыс жалғасын тауып, көшіріп жазу. Мысалы: Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі .

Жауапкершілікті тіл саясаты - біздің рухани негізіміз. Қазақ тілі - қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі Біздің міндетіміз - қазақ тілінде. Қазақстанның болашағы – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Тілге деген көзқарас, оған бей - жай қарамайық. Сондықтан оған - шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Орыс тілін білу - сауатты және дәйекті жүргізу керек. Бұл үшін тіл саясатын - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. 3.Қазақ тілі туралы мақал - мәтелдердің мағыналарын ашу. Тіл –ұлттың жаны. Өзге тілдің бәрін біл,

Page 7: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

7

Өз тіліңді құрметте. Өнер алды - қызыл тіл Тіл – тиексіз Шешеннің тілі- Шебердің бізі. Тіл – қылыштан өткір. Қызыл тіл жанның мияты, Абырой – ердің қуаты. 4.Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударып , сөйлемдер құрастырыңыздар. Мәдениетіміздің биік тұғыры,мемлекеттік дәреже, ел саясаты, тіл мәдениеті, сот саласында, мемлекеттік ұйымдарда, ғылым саласында, басты фактор. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Тіл қандай құбылыс? 2. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы басты

назар аударатын бағыттардың бірі не? 3. Еліміз мәртебесін алғаннан бергі тілімізге қандай қолдау

көрсетіліп келеді.? 4. Қазақ тілі қандай тіл?

2- сабақ

Қазақстан рәміздері

- Тәуелсіз еліміздің ұлттық басты белгілеріміздің бірі : қазақстан рәміздері.

Әр халықтың тарихына, салт - дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Page 8: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

8

Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай - ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес. Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Шота Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны. Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов Н. Назарбаев Әнін жазған атақты композитор Шәмші Қалдаяқов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады. Сөздік: Халық тарихы – история народа Заң қабылданды – принят закон Бейнеленген – изображен Ұлттық өрнек –национальный орнамент Шаңырақ –купол Қанатты пырақтар –Тулпар,крылатый конь Конституциялық заң - Конституционный закон Поэтикалық туынды –поэтическое произведение Сақталады –хранятся Президент Резиденциясы –Резиденция президента Орналастырылған –рассположен Алтын түстес –золотистый цвет Тапсырма: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу Қазақстан рәміздері Қазақстан рәміздері - елдігімнің белгісі, Білу керек балаға дейін ең кіші.

Page 9: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

9

Ән ұран, көгілдір ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білсін әр кісі. Ән ұраным – жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім- сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп. Қатар шапқан қос тұлпар, Ай астында қазақ үй. Қалықтаған жас сұнқар, Шарықтаған таза күй. Бұл таңбасы елімнің, Елдігімнің белгісі. 2.«Отан», «ел» тақырыбында мақал – мәтелдер айтқызып мазмұнын түсіндірту 1.Туған жерге туың тік. 2.Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол. 3.Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары. 4.Ел іші – алтын бесік. 3.Мына сөздер мен сөз тіркестерімен патриоттық мағынада сөйлемдер құрастырыңыздар. Молшылық, мәңгілік өмір, Қазақстан, Отан, жас бүлдіршін, көгілдір түс, отбасы. 4.Сөздікті пайдалана отырып, қазақша баламаларын айтыңыздар. Уважение, достоинство, свойство, почет, уважать, ценить, почетный, уважаемый. 5.Сөйлемдердегі сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтаңыздыр. Халқының саны 15 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері түрады. Жер көлемі 2, 7 миллион шаршы шақырымнан асады.

Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.ҚР рәміздерін қабылдау туралы заң қашан қабылданды? 2.ҚР мемлекеттік этолондары қайда сақталады? 3.ҚР рәміздерін атап беріңіздер.

Page 10: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

10

3 –сабақ

Менің Отаным - Қазақстан Жер көлемі бойынша Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада, Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет.1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Біздің ел - көп ұлтты егеменді мемлекет.Халқының саны 15 миллионнан асады.Елімізде 130 –дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасы – Еуропа мен Азия қос континенттерінің тоғысының солтүстік жарты шарында орналасқан. Үндістаннан кейінгі әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен шекаралас. Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет.Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады. Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларының ішінен аса жоғары бағалап, сөз ететін жайт ядролық қаруды тоқтату мен қарусыздандыру. Қазақстан ядролық қаруды қолданудан өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет. 1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен әлемдегі екінші ірі Семей полигонын жапқызды. Ядролық қарусыз әлемге қадам басуын Қазақстан әлемнің төртінші ракета-ядролық арсеналдан бас тартқанымен дәлелдеді. Содан бері Қазақстан қарусыздандыру принципімен дамып келеді. Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық сынақтарға қарсы күні ретінде танылды. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Сөздік: Тәуелсіз мемлекет - Независимое государство Тұңғыш президент – первый президент Көп ұлтты – многонациональный Халқының саны – численность населения Өкіл – представитель Орналасқан – расположен Жер шары – земной шар Шекаралас – граничит Біртұтас мемлекет – единое государство Жарлық –Устав Бас тарту –отказаться Дәлелдеу –доказывать Дамып келеді –развивается

Page 11: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

11

Өлеңді мәнерлеп оқу. Күн сәулелі Қазақстан Ен даласын, Егін жапқан. Бар баласы Бақыт тапқан. Менің жерім, Туған елім- Күн сәулелі Қазақстан! Көкке тиген Асқар тауы, Жасыл киген Бақша бауы,Менің жерім Туған елім- Күн сәулелі Қазақстан! Күн өлкесі Күлімдеген,Ел еркесі Ұлым деген. Менің жерім Туған елім – Күн сәлелі Қазақстан ! Тапсырма: 1.Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып шағын «эссе» жазыңыздар. егеменді Қазақстан тәуелсіз ел,мемлекет жоғары мәдениетті көп ұлтты 2.Мына мәліметтерді атаңыздар: Қазақстанның астаналары; Қазақстанның облыстарын, ірі қалаларын; Қазақстанның теңіздерін, көлдерін, ірі өзендерін; Қазақстанның тауларын ; Қазақстанның жер асты байлықтарын, Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Қазақстан қандай мемлекет? 2.ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қашан сайланды?

Page 12: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

12

3.Біздің елде қанша ұлт өкілдері тұрады? 4.Н.Ә.Назарбаев қай жылы Семей ядролық палигонын жапқызды? 5.Жер көлемі бойынша нешінші орындамыз? 4 –сабақ «Келешегіміздің кілті - бүгінгі шәкірттердің қолында, ал шәкірттердің тағдыры ұстаздың қолында». Н.Ә.Назарбаев

Біздің колледж Тұтыну кооперациясы мамандарының аздығын ескере отырып,1956 жылы 25 мамарыда орталық одақ басқармасының № 295 қаулысымен кооператив техникумы құрылды. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін Қазтұтынуодағының құрамына беріліп, «Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі» деп аталды. Қостанай экономика колледжі жоғары білікті маман даярлайтын беделді оқу орны. Ұстаздар ұжымы кәсіби және педагогикалық жоғары деңгейге ие. Колледж Әл-Фараби даңғылында арнайы ғимаратта орналасқан. Колледжде мына мамандықтар бойынша мамандар даярланады:

- экономистер; - маркетинг - менеджмент; - статистик ; - әлеуметтік жұмыс; - есепшілер ; - қаржыгерлер; - құқықтанушылар ; - бағалаушы .

Колледж дене тәрбиесі мен спорттың дамуына да көп көңіл бөледі.Спорт секциялары жұмыс істейді, сонымен қоса колледжде түрлі спорттық сайыстар жүргізіледі. Оқушылар демалыс уақыттарын ұйымдастыру үшін колледжде би, эстрада, ұлт аспаптар ансамблі, көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасайды.Сонымен қоса "Сармат" әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Бүгінде біздің оқу орнында қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған 11 кабинет, 6 компьютерлік сынып, 1 спорт залы, медиатека, 50 мың кітап қоры жинақталған кітапхана бар. Қостанай экономика колледжі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлайды. Сөздік:

Page 13: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

13

Тұтыну кооперациясы - потребительская кооперация Маман – специалист Кооператив техникумы – кооперативный техникум Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі –Костанайский экономический колледж Казпотребсоюза Жоғары білікті маман - высококвалифицированный специалист Педагогикалық - педагогический Даңғыл - проспект Спорт секциялары – спортивные секции Жүргізіледі – проводятся Көркемөнерпаздар үйірмесі – кружок художественной самодеятельности Әскери –патриоттық клуб – военно - патриотический клуб Еңбек нарығы – рынок труда Сұраныс -спрос Тапсырма: 1.«Білім » туралы ақыл – өнеге сөздерге назар аударайық. Білім –теңіз, түбі де, шегі де жоқ. Үйренер нәрсең білім мен мейірімділік. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар. Білім ал, ол өмірдің жолын ашар, Кісіден білім берген бәле қашар. 2.Мына төмендегі сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеңіздер. Колледж, мамандық, оқытушы, дәрісхана, ғимарат. «Колледж» тақырыбына ауыз –екі сөз құрастыру (диалог) Мысалы:

- Сенің мамандығың кім? - Білім ордаңның атауы қалай аталады? - Қай мекен - жайда орналасқан? т.б

Сұрақтарға жауап беріңіздер: - біздің колледж неше қабатты? - қандай мекен – жайда орналасқан? - колледж директоры кім? - директордың оқу ісі жөнінен орынбасары кім? - біздің колледжде қандай мамандықтар даярланады ?

Page 14: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

14

- сабақтан тыс оқушылар үшін қандай жағдайлар жасалынған? - колледж іші қалай жабдықталған? 5 -сабақ

Кітапхана Кітапхана — мәдени – ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени –ағарту және ғылыми - көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы. Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық - саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады. Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 7- ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. IX — XI - ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар,Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл - Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді

Сөздік: Мекеме – учреждение,здание Насихаттау – пропагандировать Жұмыстарын ұйымдастыру – организовать работу Шұғылданады –занимается Атқаратын міндеті – исполняемая объязанность (задача) Кітап қоры – фонд книг Басылым –публикация Жазба ескерткіштер – памятные рукописи Көне кітапханалар – древние библиотеки Біздің заманымыздан бұрынғы – до наших времен Әлемге әйгілі –известно всему миру Жұмыс істейді – работает Тапсырма: 1.Берілген мәліметке сүйене отырып ауыз –екі сөз құрастырыңыздар.

Page 15: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

15

Ең жақын кітапхана қай жерде екен ? - Где находится ближайшая библиотека ? Кітапханаға қалай жазылуға болады ? - Как записаться в библиотеку ? Кітапхана \оқу залы\ қашан ашылады ? – Когда открывается библиотека \читальный зал?\ Каталог қай жерде ? - Где находится каталог ? Каталогпен қалай жұмыс істеуге болады ? – Как пользоваться каталогом ? Мені экономикалық, техникалық, саяси – көпшілік, педагогикалық, ауыл шаруашылық әдебиеттер қызықтырады . – Меня интересует экономическая, техническая, общественно – политическая, сельскохозяйственная литература. Кітап сұрату қағазын қалай толтыруға болады? – Как нужно заполнить требование на книгу? Оқырмандар көп пе? - Мнонго ли читателей? Кітапханашы кім? – Кто библиотекарь? Кітап беретін жер қайда ? – Где находится выдачи книг? Кітап қайтаратын жер қайда ? - Где находится возврат книг? 2.Өз кітапханаларыңыз жайлы сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Сіздің мекемеңізде кітапхана қайда орналасқан? - Кітапхана қызметкерлерінің аты -жөндерін білесіздер ме? - Өз мамандығыңыз бойынша қандай ғылыми оқулықтар бар? - Кітапхананың жұмыс уақытын айтып беріңізші.

3.Даналардың сөзіне назар аударайық Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай. Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир. Наданмен қас болғанша, Кітаппен дос бол. Бауст. Кітап — асып - таспайтын асыл досымыз. Гюго. Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Толстой. Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал. Каменский. Кітап — мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Page 16: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

16

Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем. Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Горький. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Кітапхана туралы не білеміз ? - Кітапханаға не үшін барамыз ? - Қостанай экономика колледжінің кітапханасы қайда орналасқан ? - Кітапхана қызметкерлерінің аты – жөндері кімдер ? - Кітапхананың жұмыс тәртібі туралы не білеміз ?

Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары. 1.Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қашан алды? а) 1991 жылы б) 1995 жылы ә) 1993 жыл в) 1989 жылы г) 1992 жылы 2. Барлық азаматтарын біріктіретін мемлекеттік фактор. а) мәдениет б) білім ә) қазақ тілі в) мақсат г) қоғам 3. Өркениетті сөзінің аудармасы. а) цивилизованный б) образованный ә) культурный в) центральный г) независимый 4.Мақалдың жалғасын табыңыз. Басқа пәле ... а) сөзден б) тілден ә) істен в) ойдан г) әрекеттен 5. Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қашан қабылданды? а) 1995 жылы 30 тамызда б) 1991 жылы 1 желтоқсанда ә) 1992 жылы 4 маусымда в) 1989 жылы 22 қыркүйекте г) 1993 жылы 15 қарашада 6.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары қайда сақталады? а) мемлекеттік мұражайда б) мәдениет үйінде ә) ҚР президентінің Резиденциясында в) Парламент үйінде г) орталық кітапханаларда 7. Қазақстан республикасының тұңғыш президенті қашан сайланды?

Page 17: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

17

а) 1993 жылы 15 қарашада б) 1989 жылы 22 қыркүйекте ә) 1991 жылы 1 желтоқсанда в) 1995 жылы 30 тамызда г) 1992 жылы 4 маусымда 8. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жарлығымен әлемдегі екінші ірі Семей полигонын қашан жапқызды? а) 1998 жылы 29 тамызда б) 1995 жылы 29 тамызда ә) 1991 жылы 29 тамызда в) 1999 жылы 29 тамызда г) 1989 жылы 22 қыркүйекте 9. Мемлекет билігінің негізгі тұғыры кім болып табылады? а) ата –баба б) бауырлас мемлекеттер ә) халық в) билік г) ұлттар 10. Кітапхана — қандай мекеме? а) сауда –саттық мекемесі б) байланыс мекемесі ә) мәдени - ағартушылық мекеме в) ғылыми мекеме г) баспа мекемесі 11. Егер мен бай болсам, тек қана ... сатып алар ем. а) кітапхана б) мекеме ә) кітап в) кәсіп г) қызмет 12. Көне кітапханалардың ішінде әлемге әйгілі кітапхана? а) Отырар кітпханасы б) Республикалық кітапхана ә) Александрия кітапханасы в) Ғылыми кітапхана г) Облыстық кітапхана 13.Мақалдың жалғасын табыңыздар Тоқсан ауыз сөздің... а) берер нәтижесі бар б) қорытынды нәтижесі бар ә) тобықтай түйіні бар в) түбінде терең ойбар г) өз айтары бар 14.Мақалдың жалғасын табыңыздар Ақыл азбайды... а) Ана тіл жоғалмайды б) Ырыс таусылмайды ә) Білім тозбайды в) Бақ кетпейді г) Салт –дәстүр ұмытылмайды 15. Қазақ халқы ертеректе немен айналысқан? а) Егін шаруашылығымен ә) Көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен б) Балық аулау кәсібімен в) Мақта шаруашылығымен г) Сауда - саттықпен

Page 18: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

18

6 -сабақ

Менеджердің қызметі Менеджер - кәсiби білім алған жетекшi. Әрбiр ұйым үшiн барлық бөлiмшелердiң үстiннен қадағалау болу керек. Бұл жауапты жұмыс. Сонымен, қазiргi менеджер - кәсiби жетекшi. Фирма, кәсiпорын, ұйымның ең маңызды ортақ жетiстiктерiнiң бiрi жауапты жұмыс болып табылады. Бұл жұмыс менеджерге жүктелген. Менеджердiң рөлi ұлғайған. Менеджерге өз фирмасының ең күрделi есептерiн шешуге тура келедi. Менеджердің қызметін төмендегідей етіп көрсетуге болады: Бiрiншiден, бағдарлаушы, үлкен ұжымға басшылық етушi. Екiншiден, өз жұмысында кәсіби тәсілдерді пайдалана білетін мәртебелі маман. Үшiншiден, iшкi және сыртқы дау – жанжалдарды ойдағыдай жеңiп шығатын іскер дипломат. Төртiншiден, бұл - қазiргi шарттардағы өндiрiсте инноватор. Бесіншіден, бұл - адалығымен, батылдығы мен және парасаттылығымен қоршаған ортаға үлгi бола білген жай ғана адам. Сөздік: Жетекші - руководитель Кәсіби білім – профессиональное знание (образование) Бөлімше – отдел, подразделение Жауапты жұмыс – ответственная работа Кәсіби жетекші – профессиональный руководитель Жетістік – удача,успех Бағдар – направление Кәсіби тәсілдер – профессиональные методы Мәртебелі маман –компетентный специалист Іскер дипломат – деловой дипломат Қоршаған орта – окружающий мир Қазіргі шарттар – современные методы Тапсырма: 1.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. Товароведение – все виды деятельности, связанные с перемещением товаров с места производства до места продажи и потребления.Обеспечивает непрерывность, потоков товаров от производителя к потребителю. В целом распределение товаров вклучает следующие виды издержек: расходы на транспортировку, расходы на хранение, административные расходы, прочие расходы.

Page 19: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

19

2.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс баламасын табыңыздар. Затраты – қолдану Безопасности – негізгі міндеттер Потребления – қауіпсіздік Основная задача – шығындар Транспортировка товаров – басқарушылық Обслуживания – бақылау мүмкіндігі Возможность контроля – тауарларды транспорттау Управления – қызмет көрсету Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Менеджер деген кім? 2.Менеджер қандай жұмыстарды атқаруға міндетті? 3.Менеджердің қызметін қалай көрсетуге болады? 4.Бүгінгі күні менеджердің рөлі қандай? 7 -сабақ

Менеджмент ұғымы

Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда, басқару ұғымын білдіреді. Басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үлестіріп отыру.Бұрын «Менеджмент» және «Менеджер» ұғымдары анықтаушы ретінде қолданылады. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайы қызметі түріне жататындығын бейнелейді. Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент», «маркетинг» ұғымдары енді. Менеджмент сөзін қазақшаға аударатын болсақ, «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады. «Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни, «қол күші» деген сөзінен шыққан, алғашында мал бағу саласында қолданылған, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми-практикалық мәнін білдіретін болды. Сөздік: Ағылшын тілінен аударғанда – в переводе с английского языка Басқару ұғымы – управленческое значение Ұдайы өндіріс – непрерывное производство Бұқаралық мәнге ие – имеет массовое значение Мақсатына жету – достичь цели Меңгеру шеберлігі – исскуство владение

Page 20: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

20

Адамдарды басқару – управлять людьми Ғылыми –практикалық мәні – научно - практическое значение Ұйымдастыру – организовать Сала – сфера, отрасль Қолданылған –использован Әлеуметтік –социальный Ұғым – значение,понятие Өндіріс – производство Сөздік қор - словарный запас Тапсырма: 1.Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар. Менеджмент ұғымы, фирма басқарушысы, кәсіби жауапкершілік, жұмысқа қабілеттілік, жақсы қасиеттер. 2. Мына сөздерді септеңіздер. Басқарушы, басшы, ұйымдастырушы, директор. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Менеджмент ұғымы ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? 2.Басқару дегеніміз не? 3.Соңғы уақытта осы сала бойынша біздің сөздік қорымызға қандай сөздер енді? 8 -сабақ

Менеджердің негізгі функцияны атқаруы

«Функция» деген ұғым латын тілінен пайда болған,ол «қызмет», «жұмыс», «міндет» деген мағыналарды білдіреді. Менеджердің негізгі функциясында басқару қызметінің жүйелілігі қарастырылады А. Файоль менеджмент төрт функцияның жиынтығы деп анықтады: жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау. Жоспарлау мақсатты анықтау және оның орындалуының жолдарын қарастыру. Менеджердiң кәсiби қызметiнiң жетiстiгi табандылық, қызу тепе-теңдiк. Ең алдымен, жұмысқа қабiлеттiлiк үлкен тәртiптiктiң маңызы -ұйымдастырушылық.Ұйымның ішкі және сыртқы қатынастарын ұйымдастыра білу. Жетекшiнiң әкiмдiк және лидерлiк сапаларының ерекшелiктерiн оның басқару стилi анықтайды. Басқарудың тиiмдiлiктерi менеджердiң мәртебесiн көтеру болып табылады. Ұйымды басқтару процесі мотивация және жұмысты бақылау және ұйым жұмысшыларын бақылау, осылар арқылы ұйым жақсы нәтижеге жетеді.

Page 21: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

21

Менеджердiң қызметтерi, оның жетiстiгi болып табылады. Сөздік: Ұғым – понятие Қызмет, жұмыс – работа,служба,деятельность Міндет –обьязанность Негізгі функция –основная функция Басқару қызметі –управленческая деятельность Жүйелілік –систематичность Анықтау –определять Кәсіби қызмет –профессиональная деятельность Жетістік –успех Жоспарлау –планировать Ұйымдастырушылық –организованность Тиімділік –выгода Тапсырма : 1.Мәтіннен сөз тіркестерін жазып, орыс тіліне аудару 2.Сөйлемдерді мәтінге сүйене отырып аяқтап, жазыңыздар. «Функция» деген ұғым... Менеджердiң кәсiби қызметiнiң жетiстiгi... Менеджердiң қызметтерi... Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. «Функция» қай тілден енген және қандай ұғымды білдіреді? 2. Менеджердің негізгі функциясында не қарастырылады? 3. А. Файольдың айтуынша менеджменттің төрт функциясына не

жатады? 4. Менеджердің қызметері не болып саналады?

9 –сабақ

Менің мамандығым

Мамандықтың түрі көп. Мамандықты таңдау жас кезден басталады. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр – түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару - жарақ жасаса, әйелдер жеуге

Page 22: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

22

жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім - кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым – қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез - келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. Жақсы маман болу үшін білім алып, тәжірибе жинақтау керек. Сөздік: Мамандық таңдау –выбор професии Қателеспеу керек – не ошибиться Латын сөзінен шыққан – произошло с латынского языка Нарықтық қарым –қатынас – рыночное отношение Шарт – условие, договор Нәтиже бермек – дает результат Жақсы маман болу үшін – чтобы стать хорошим специалистом Тәжірибе жинақтау қажет – нужно набрать опыта Қажеттілігі – необходимость Жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісу – приступать к работе особенным порывом Сүйікті іс – любимое дело Таңдау – выбрать Бекер айтпаса керек – не зря сказано Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Мамандық сөзі қай тілден енген, қандай мағынаны білдіреді? 2.Адам қандай жағдайда қателемпеу керек? 3.Өз ісінің нағыз маманы атану үшін не істеу керек? 10 -сабақ

Менеджер мамандығы

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да салаларды жақсы

Page 23: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

23

білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез - келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар. «Менеджер - бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы – фирма гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды. Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады. Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді, т.б. Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе білуі – әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Сөздік: Кәсіп – профессия Шұғылданатын – занимается Жауынгер – воин Фирма мүддесі – имидж фирмы Қамтамасыз етеді – обеспечивает Атқару – выполнять, исполнять Ұйымдастырушы – организатор Іріктейді – выбирать Шеберлік – мастерство Әріптес мүддесі – интерес коллег Сәйкестендіру – приводить в соответствие Өнер – исскуство Тыңдаушылары – слушатели Қазіргі тәсілдер – нынешние методы Еуропалықтардың түсінігінше – понятие,(разумие) европейцов Арнайы оқу орындары - специальные учебные заведения

Page 24: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

24

Тапсырма: 1.Қазақ тіліне аударыңыздар.

«Фантастический успех» Стоял жаркий июльский день.В одной из комнат новеньного офиса, у окна с видом на великолепную клумбу с розами, стоял молодой человек.Улыбаясь, он строил планы на предстоящий выходной.Отчет о проделанной за неделю работе закончен, предложения внесены, можно отдохнуть. Бейбут – новый региональный представитель одной из успешно развивающихся торговых компаний. Всего месяц назад он закончил экономический вуз, но уже представил анализ и свое видение дальнейшего развития компании, прогнозируя «фантастическй успех» Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Менеджер маманы қандай адам болу керек? 2.Менеджер не істей білу керек? 3.Менеджер шеберлігінің маңызды жақтарының бірі не? 11 – сабақ Этика – мінез - құлық нормалары туралы ғылым, белгілі қоғамдық топтар мен нормалардың системасы және т.б. Аристотельдің айтуы бойынша, не істеу керектігін және керек еместігін түсініп білу этикаға жатады. Менеджердің іскерлік этикасы Іскерлік этикет мінез - құлық нормалары мен ережелердін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады. Ол іскерлік қарым - қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді. Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді. Менеджер үшін де іскерлік этикет өте маңызды.Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік - эстетикалық қарым - қатынас саласымен де байланысты болады. Басқару этикасы – басқару үрдісінде адамдармен қарым - қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы. Іскерлік қарым – қатынастың қалыптасуы өте күрделі. Оны нақты бір адам – директор, жұмысшы, шебер, жабдықтау жөніндегі маман және т.с.с. – орындайтын жұмыстың белгілі бір функционалдық міндеттерінен тікелей көруге болады. Бұл міндеттердің табысты орындалуы адамдардың жеке ерекшеліктеріне, олардың қызметінің ұйымдастырылу деңгейіне және

Page 25: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

25

еңбек ұжымындағы моральдік – психологиялық климатқа байланысты болып келеді. Бұл факторлардың барлығы бір - бірімен байланысты ғана емес, олардың бір - біріне әсері де бар. Еңбек ұжымында іскерлік қарым - қатынастар құратын принциптер: - өз пікірін айту; - бірлік; - ақпараттану; - қызметкерлерді бағалаудағы әділдік; - құрмет. Іскерлік қарым - қатынастар басқару қызметінде қызметтік этика деп аталатын нормаларды сақтау маңыздылығын атап өтеді.

Менеджердің сыртқы келбеті Менеджердің киімі мен сыртқы келбеті – басқару эстетикасының маңызды факторларының бірі. А.П. Чехов адам бойында барлығы да – келбеті, киім киісі, жаны және ойы да сұлу болу керек деген. Қарапайым, әдемі, орынды және заманға сай киіне білу – адам мәдениетінің бір түрі. Басқарма қызметкерінің сыртқы келбетінің қарапайымдылығын және жақсы киім талғамын оның жалпы әрі кәсіби мәдениетінің басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. Атап айтқанда, басшының сыртқы келбеті мен киім киісі айналасындағылардың оған деген қарым – қатынасын тудырады. Тек қана киімінің ғана емес, барлық сыртқы келбетінің (шаш қоюы, жүріс-тұрысы) ұқыптылығы оның ерекше сипаты болуы керек. Сөздік: Мінез –құлық – характер Іскерлік қарым - қатынас – деловое взаимоотношение Өндірісті басқару – руководить производством Басқару этикасы – этика управления Қалыптасу – привыкать Міндет –обязанность Еңбек ұжымы – трудовой коллектив Әділдік – справедливость Құрмет – уважение Ұзақ уақыт бойы – долгое время Функционалдық міндеттер – функциональные обьязанности Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Іскерлік этикет дегеніміз не? 2.Іскерлік этикет неге ықпал етеді?

Page 26: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

26

3. Еңбек ұжымында іскерлік қарым - қатынастар құратын қандай принциптер бар? Тапсырма: 1. Төмендегi мақал - мәтелдердiң орысша баламасын айтыңыздар. а) Сіз –деген сыпайылық, Сен – деген анайылық. ә) Үлкенге құрмет, Кішіге ізет. б) Сыйластық екі кісіге бірдей 2.Мына төмендегі сөйлемді орыс тіліне аударыңыздар. Тұтынушылар тәртібіне әсер ететін факторлар: Мәдени факторлар. Мәдениет адам қажеттілігі мен тәртібін анықтаушы басты себеп.Мәдениет адам баласының туған кезінен бастап қалыптасады. Адам бала күнінен оның отбасы мен қоғамға тән құндылықтар,қалаулар,әдеттер және іс - әрекеттердің базалық жиынтығын игереді. 3.Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің бірін қойып көшіріп жазыңыздар. Әдеп және қазіргі басқару Әдеп дұрыс және дұрыс емес ... анықтайтын принциптермен тығыз байланысты. Бизнес ... тек қана әлеуметтік жауапкершілікті іс –әрекет мәселесін қозғамайды.Ол ... мен бағынушылардың іс - әрекет қатынасы.Ол үшін түрлі шаралар ... . Мысалы: әдеп номативтерін жасау,.. тексерулерді жүргізу т.б. Керекті сөздер: іс – әрекетті, ұйымдастырылады, әдебі, басқарушы, әлеуметтік 4.Мына төмендегі ойларды қалай түсінесіздер? (Өз көзқарасы,ойын білдіру) «Адамдар үшін жасалғанның бәріне, жасалғанды бағалайтын адам табылады.» Делакруз «Істі орындауда қарапайымдылықты, бұзылмаушылықты,салмақтылықты, әдептілікті ұстауды,қайырымдылықты, өзіңде сақтауға тырыс» М.Аврелий

Page 27: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

27

Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Іскерлік этикет дегеніміз не? 2.Іскерлік этикет неге ықпал етеді? 3. Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын қандай принциптер бар? 12 -сабақ

Билік және менеджердің беделі Билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс - әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. «Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны былай бөлуге болады: 1Жергілікті билік. 2 Мемлекеттік билік. 3 Экономикалық билік. 4 Саяси билік. 5 Әлеуметтік билік. 6 Құқықтық билік. 7 Әскери билік. 8 Рухани билік, т.с.с. Адам ісімен, жасаған еңбегімен ғана беделді бола алады, осыған байланысты іскерлік бедел деген мағына туындайды Менеджердіің негізгі қабілеттері: 1) Шешім қабылдау; 2) Батылдық; 3) Басшылық жасау қабілеті; 4) Білімі; 5) Сендіру және келіспеушілікті жою қабілеті 6) Әр кезде өзін сенімді ұстау, Менеджер беделі – басшының жұмыс барысында жоғары басшылық пен ұжым арасындағы сенім мен құрметке ие болуы.Бұл менеджерді өз ұжымы ортақ талаптарға сай бағалап, жеке тұлға ретінде қабылдауы. Сөздік: Билік – власть Ықпал ету – влиять Мемлекеттік билік – государственная власть Саяси билік –политическая власть Бедел – авторитет Негізгі қабілеттері –основные качества Шешім қабылдау –принять решение Талап –требование

Page 28: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

28

Жеке тұлға – личность Тапсырма: 1. Мәтiндi оқып, аударыңыз. 2. Мәтiн құрамындағы кәсiби сөздермен сөздiк жұмысын орындаңыз. 3. Мәтiннен тәуелдiк жалғауының III – жағын анықтаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Билік сөзі нені білдіреді? 2.Адам қалай беделді бола алады? 3.Менеджердің қандай қабілеттері болуы керек? 4.Менеджердің беделі дегеніміз не? 13 -сабақ

Лидер және менеджер Лидерлік - бұл басқару емес.Басқару адамдардың барлық дүниені дұрыс істеуіне мән береді. Лидерлік – дұрыс заттар жасауына көңіл бөледі. Лидер мен менеджер арасындағы айырмашылық көптеген позициялар бойынша жүргізіледі. Менеджер – бұл басқаларға жұмысты бағыттап, оның нәтижелеріне жауапкершілікте болады.Жақсы менеджер тәртіп орнатып, орындалатын жұмыстың жүргізілуін қадағалайды.Өз қызметкерлерінің қойған мақсаттарына келісіп, жұмыстарды бағыттайды. Лидер керісінше, өз мақсаттарын өздері белгілейді және оларды адамдардың қатынастарының өзгеруі үшін қолданады. Менеджер бағынушылармен мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді,олардың тәртібін бақылайды. Лидерлер өз бағынушыларымен қатынасын сенімділікпен, оларды ынталандыра отырып құрайды. Өздерінің әр түрлі қабілеттіліктерін, біліктілігін пайдалана отырып, менеджерлер шешім қабылдауда өз күшін салады. Тәжірбиеде басқару қатынастарының осы екі түрінің сақталуы бақыланбайды.Зерттеулер бойынша менеджердің көбі лидерлік қасиетке ие. Сөздік: Лидерлік – лидерство Басқару – руководство Көңіл бөлу – обратить внимание Айырмашылық – различие

Page 29: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

29

Жауапкершілікте болу- нести ответственность Қадағалайды – контролирует Келісу – соглашение Қабілет - способность Сенімділік – уверенность Шешім қабылдау – принять решение Тәжірбие - практика Бағынушылары – подчиненные Қатынас – отношение Тапсырма: 1.Төмендегі кестедегі сөздерді орыс тіліне аударып, жазыңыздар. Менеджер мен лидердің айырмашылықтары Әкім Инноватор Тапсырады Рухтандырады Басқалардың мақсаты үшін жұмыс істейді

Өз мақсаты бойынша жұмыс істейді

Жүйеге сүйенеді Адамдарға сүйенеді Дәлелді қолданады Эмоцияларды қолдананды Бақылайды Сенеді 2.Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырып жазыңыздар. Шешім қабылдайды,басқара алады, келісім жасайды,мақсаттарға жетеді. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Лидерлік дегеніміз не? 2.Менеджер дегеніміз кім? 3.Лидер мен менеджер арасындағы айырмашылық қалай жүргізіледі? 14 - сабақ

Басқарудың түрлері

Басқару - бұл ғылым білім жүйелілігі, әдістер мен принциптер. Басқару – адамдардың кәсiптiк қызметi. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты жүйелi ықпал ету. Басқару әдістері дегеніміз - бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын

Page 30: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

30

қамтамасыз етуге тиіс. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар: 1.Әкімшілік әдістері 2.Экономикалық 3.Әлеуметтік - психологиялық Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған мақсатқа байланысты олардың ара - салмағын дұрыс ұстауда. Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады. 2.Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Басқарудың түрлері: 1.Мемлекеттік басқару; 2.Инновациялық басқару; 3.Жедел басқару; 4.Кәсіби басқару. Сөздік: Басқару – управление Әдістер мен принциптер –методы и принципы Кәсіптік қызмет - профессионоальная деятельность Басқару әдістері – управленческие методы Ынтымак –единство Қамтамасыз ету –обеспечивать Осы заманғы техника – современная техника Әкімшілік әдіс – административный метод Басқарудың түрлері – виды управления Ықпал,әсер – влияние Тапсырма: 1.Берілген мәліметтен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

Басқару құрылымы Маркетингті басқару жүйесінің құрылымы функционалдық немесе географиялық принципке, шығарылатын тауарлар немесе игерілмек нарықтар түрінде, тауарды-нарықтық жобаға және басқа әдістерге сәйкестене қалыптасады. Маркетингті басқаруды функционалды ұйымдастырудың мағынасы мынадай: маркетингтің жеке элементтерін іске асыратын бөлімдерді (қызметтерді) мамандар басқарады, ал барлық жұмысты толығынан басқару және бөлімдердің жұмыстарына үйлестіру фирманың маркетинг-директорына (вице-президент дәрежесі) тапсырылады.

Page 31: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

31

2.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, анықтаңцздар. Басқару - өзінің маңыздылығы мен билігі үшін емес, адамдар үшін жасалынатын жұмыс.Басқарушы... қызметі компания... жұмыс істеушілер... пайда әкелуге міндетті, ал компания барлық қоғамға пайдалы болуы керек. Табысқа жетуді әр адам армандайды. Егер ол мақсатына жетсе, ұйым... қызметі ойдағыдай деп саналады.Менеджмент – табысқа, жетістік... бейімделген басқару. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Басқару бұл қандай қызмет? 2.Басқару әдістері дегеніміз не? 3.Басқару ілімінің қандай әдістері бар? 4.Әкімшілік әдістін негізі не? 5.Басқарудың қандай түрлері бар? 15 -сабақ

Жарнама

1 . Жарнама - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылады. Жарнама маркетингтік қызметтің бір элементі болып танылады.Тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта таратады. Жарнаманың негізгі функциялары: - эканомикалық – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру. - ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру. - маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады. - қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады. - мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады. Жарнама мақсаты: - сауда нарығын кеңейту - бұқараға тауар жайлы хабарлау - фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру - тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау - қарсыластарға тойтарыс бере алу.

Page 32: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

32

Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт. Сөздік: Қызмет көрсету – оказывать услугу Тұтынушылық қасиеті – качества потребления Ақпарат беру – информировать Маркетингтік қызмет – маркетинговая деятельность Сұраныс – спрос Сауда нарығы – торговый рынок Жарнама мақсаты – цел рекламы Тауар белгісі – товарный знак Көпшілік ақпарат құралдары – средство массовых информации Тарату – распространять Фирма атағы – имидж фирмы Хабарлама –объявление Тапсырма: 1.Мәтіннен септік жалғауларын тауып, анықтау. Хабардар қылу жарнамасы негізінен тауарды нарыққа шығару кезеңінде, яғни бірінші сұраныс тудыру керек болғанда, басым болады. Оның міндеттері: 1. Нарыққа жаңалық туралы немесе бар тауардың басымдықтары туралы

хабарлау;

2. Нарықты бағаның өзгерісі туралы хабардар қылу;

3. Тауардың қызмет ету принциптерін түсіндіру;

4. Ұсынатын қызметтерді сипаттау;

5. Тұтынушының қауіптерін сейілту;

6. Фирманың бейнесін қалыптастыру.

2.Қазақ тіліне аударыңыздар. Спрос - количество товара, которое потребители хотят и могут купить при определенном уровне цен.Это колличество определяется не только, желаниями, уровнем дохода, но и мнениями друзей, уровне знаний о товаре, уровнем развития культуры и множеством других факторов.

Page 33: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

33

Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Жарнама қандай мақсатта таратылатын хабарлама? 2.Жарнама қандай элемент болып табылады? 3.Жарнаманың қандай функциялары бар? 4.Жарнаманың қандай мақсаттары бар? 16 -сабақ

Өткізуді ынталандыру Жарнамамен қатар коммуникацияның тағы да бір тетігі болып өткізуді ынталандыру қызмет атқарады (сатуды немесе өткізуді демеу). Тұтынушыларға бағытталған өткізуді қолдау мына түрлерге ие: 7. Әр түрлі байқаулар (конкурсы) мен ойындар;

8. Төмен бағамен беру, мысалы, тауарды нарыққа шығару күніне байланысты;

9. Ақысыз байқап көруге рұқсат ету немесе талондар тарату;

10. Ассортиментке бөтен тауарлар қосу (кітап дүкенінде фотоаппараттар) және оларды өзіндік құнына сату.

Мұндай шаралар тұтынушылар қабылдайтын баға – сапа қатынасын жақсартуға және өнімді алу ниетін ынталандыруға бағытталған. Саудаға бағытталған өткізуді қолдау оның қызметкерлерінің ынтасын және қабілетін көтеруді көздейді. Бұл жердегі типті шаралар: 11. Қызметкерлер арасындағы жарыстар, сыйақылар, моральді

қолпаштаулар, хабардар ету және тренинг;

12. Ақпараттық материалдар үлестіру- брошюралар, фильмдер;

13. Жаңа тауар үшін түсірілімдер беру;

14. Дүкендерде өнімді демонстрациялау және дәм алдыру («шүкім»-проба).

Сөздік:

Өткізуді ынталандыру – стимулировать продажу Өткізуді қолдау – поддерживать продажу Нарыққа шығару – выпускать на рынок Талондар тарату – распространять товары

Page 34: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

34

Қабілет – способность Моральді қолпаштаулар –морально поддерживать Ақпараттық материалдар – информационные материалы Сапа қатынасын жақсарту – улучшить качественное отношение Сыйақылар – премия Үлестіру –раздавать Тапсырма: 1.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар. Төмен бағалар,жеңілдіктер, үлкен сатылым, сапалы тауарлар, сапалы қызметтер, жаңа түсілімдер. 2.Сөздерді жай және тәуелді септеңіздер. Тауар, нарық, қызмет, қызметкер. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1. Тұтынушыларға бағытталған өткізуді қолдау қандай түрлерге ие? 2. Жарнамамен қатар қызмет түрі қандай? 3.Өткізуді ынталандыру үшін тағы қандай жаңаша қызмет түрлері бар?

17 - сабақ

Ұйымдастыру

Ерте ме, кеш пе қандай болмасын ұйым басшысы ұйым құру проблемасымен кездеседі. Қоғамның басты өндіргіш күші — адамдар. Қандай кәсіпорында болмасын, өндіргіш нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет. Сондықтан ұйымдастыру менеджмент саласының негізгі сатысы. Ұйымдастыру процесс ретінде қарастырылады және бұл - процесс көмегімен жұмыстар орындалады.Ұйымдастыр кәсіпорын құрылымын құру және өз адамдарының мақсатына жетуіне жағдай жасау. Еңбекті ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі . Өндіріс барысындағы ұйымдастыру жағдайлары:

- адамдарды жұмысқа орналастыру; - еңбек бөлінісін ұйымдастыру; - жұмыс орындарын тағайындау; - қызмет көрсетуді жағдайларын ойластыру.

Page 35: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

35

Жұмыскерлерді жұмысқа ұйымдастыру қандай да болмасын басшының негізгі функциясы. Сөздік: Ұйым басшысы - руководитель организации Ұйымдастыру – организовать Қарастырылады – рассматривается Құрылым –структура Жағдай жасау –создать условие Еңбекті ұйымдастыру – организовать работу Жұмыс күші –рабочая сила Тағайындау –назначить Жұмыскерлер –рабочие Негізгі функциясы –основная функция Тапсырма: 1.Сөздерді септеңіздер. Менеджер, кәсіпкер, басшы, скер. 2.Қанатты сөздерді оқып, өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер. Күшті ұлт болу үшін – алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Абай Құнанбаев Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру. Нұрсұлтан Назарбаев Ең асыл қазына - бірлік. Нұрсұлтан Назарбаев Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Қоғамның басты өндіргіш күштері кімдер? 2.Менеджмент саласының негізгі сатысы не ? 3.Ұйымдастыру неге жағдай жасайды? 4. Өндіріс барысындағы ұйымдастыру жағдайлары қандай ? 18 - сабақ Менеджерге қойылатын талаптар

Page 36: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

36

Қазіргі кезде «менеджер» термині кеңінен қолданылады.Ол мынадай мәселелерді қамтиды: белгілі бір жұмыстарды ұйымдастыру; кәсіпорында немесе бөлімшеде басшылық ету. Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс: а) төзімділік; ә) жұмысқа қабілеттілігі жоғары; б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы, жігерлі, белсенді, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну, барлық мүддеге қамқорлық; в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі; г) әкімшілік қабілеттілік, іс - қимыл бағдарламасына көрегендік білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды басқару өнері, олардың әрекетін үйлестіру және бақылау; д) өте маңызды, қатысы бар барлық функциялармен таныс болу; е) осы кәсіпорынға тән мамандықты жете білу. Сонымен, менеджер – нарықтық бәсеке жағдайындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті... Басшының басты қасиеті профессионализм және инициатива. Сөздік: Ұйымдастыру - организовать Басқару ісі - управленческое дело Басқарушы –руководитель Қасиет – качества Төзімділік - устойчивость Жұмысқа қабілеттілік - работоспособность Әлеуметтік орта – социальная среда Нарық - рынок Қабілетті – способный Басты қасиеті – основные качества Тапсырма: 1.Мәліметті қазақ тіліне аударып, жазыңыздар. Для целей менеджемента и маркетинга недостаточно разделить товары на отдельные группы.Важно еще ответить на такие вопросы, как:

- Каков потенциальный рынок для отдельного товара и группы товаров?

- Как потребитель собирается использовать товар ? - Как можно позицинировать свой товар ? - Сколько видов продукции выпускать?

Page 37: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

37

- Какова должна быть упаковка ? - Как товар нозвать ? - Как обеспечивать товару конкурентоспособность ? Отвечая на эти вопросы фирма разрабатывает товарную политику.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. «Менеджер» термині қандай мәселелерді қамтиды? 2. Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі

кәсіпорындарының басқарушыларының қандай қасиеттері болуы тиіс?

3. Басшының басты қасиеті не? 19 -сабақ

Жоспар қажет пе?

Жоспар - экономикаға ықпал жасайтын мемлекеттік реттегіштердің бірі. Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралдардың бірі - индикативті жоспар болып есептеледі, ол ұсыныс түрінде жасалады.Индикативті жоспарлар жүйесі стратегиялық (ұзақ мерзімді), ағымдағы (жылдық) жоспардан тұрады. Индикативті жоспар өзінің мерзіміне байланысты мынандай бөлімдерден тұрады: 1) Әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдау. 2) Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары. 3) Әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері 4) Экономикалық реттегіштер Жоспарлау әрқашан керек. Мысалы жалақының ең төменгі деңгейі қалай жоспарланады, халықтың жыл ішіндегі номиналды (ақшадай) табысы қалай жоспарланады деген сұрақтар көпшіліктің ойындағы сұрақтар. Қазақстан жағдайында жоспарлаудың басты бағыттарының бірі өнеркәсіп салаларын жедел дамыту. Бұл жерде қажетті қаржыны да күшті технологияны да жоспарлы түрде осындай обьектілерге беру. Сөздік: Жоспар – план Ықпал жасау – влияние Реттеу – регулирование Нарықтық қатынастар – рыночное отношение Индикативті жоспар – индикативный план

Page 38: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

38

Бағыт – направление Жоспарлау – планирование Жалақы - зарплата Ең төменгі деңгейі – самый низкий уровень Көпшілік – большинство Қазақстан жағдайы - состояние Казахстана Өнеркәсіп салалары – отрасль промышленности Жедел дамыту – ускоренное развитие Тапсырма: 1.Сөздікті пайдаланып мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз: Ықпал жасау, мемлекеттік реттегіш, нарықтық қатынас, индикативті жоспар, ағымдағы жоспар, экономикалық жағдай, экономикалық саясат, экономикалық дамудың көрсеткіштері, жалақының төменгі деңгейі, халықтың табысы, өнеркәсіп салалары, рынокты зерттеу, сұраныс. 2.Мына сөздер, сөз тіркестері, терминдерімен сөйлем құраңыз. Жоспар Мемлекеттік реттегіш Жедел дамыту Күшті технология Қажетті қаржы Индикативті жоспар түрінде Әлемдік рынок Ұсыныс түрінде сұраныс Басты бағыт рынокта ықпал жасау өнеркәсіп салалары рыноктан орын табу 3.Төмендегі мәліметті орыс тіліне аударыңыздар: Жоспарлау басты функция Жоспарлаудың мәні мен негізі: мақсаттар мен міндеттердің анықталуы, сол мақсаттарға жету жолдарының қарастырылуы. Фирманың мақсаттарын әдетте оның қоғамдағы мақсаткерлігіне көңіл бөліп және жоспарлау принциптеріне сүйене отырып бекітеді. Стратегиялық жоспар жасалуын қарастырып, оны жүзеге асырамыз.Стратегиялық жоспарлау жүзеге асқанда ғана мәнге ие болады. Ресми жоспарлаудың негізгі компоненттері мыналар :

- тактика; - саясат; - процедуралар; - ережелер.

Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Жоспар дегеніміз не? 2. Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралдардың бірі не?

Page 39: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

39

3.Индикативті жоспар қандай бөлімдерден тұрады? 4.Жоспарлаудың басты бағыттарының бірі не? 20 - сабақ

Кәсіптік сана

Белгілі оқымысты Г.В.Акованың еңбектерінде «кәсіби сана» мамандарды теория мен тәжірибеге дайындаудың бірден –бір жолы ретінде қарастырылады. Мамандық иесі атанған соң әрбір болашақ маман өз кәсібі бойынша еңбек етеді. Алғаш рет ұжыммен танысады, өзін де көрсете біледі. Кәсіби саналықтың бірден – бір көрінісі ұжыммен тіл табыса білу.Ұжым мүшелерімен сыйластық қарым – қатынаста болу.Кәсіби тұрғыдан қызметтің өзіне тән ерекшелігін, кәсіптік маңызын қаншалықты меңгергендігін көрсете білу. Кәсіби саналықтың негізгі көрсеткіші ұжымдағы жұмыстарыңыздың нәтижесі. Қызмет барысында өз пікіріңіздің болуы. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, адамгершілігіңізді көрсете білу кәсіби санаңыздың көрінісі. Сөздік: Кәсіби сана – профессиональное сознание Тәжірибеге дайындау – подготовить к практике Қарастырылады – рассматривается Болашақ маман - будущий специалист Ұжыммен танысады – знакомство с коллективом Негізгі көрсеткіш – основной показатель Еңбекқорлық – трудолюбие Адамгершілік – нравственность Нәтиже – результат Мамандық – специальность Тапсырма : 1.Төмендегі мәліметті оқып, тақырып қойыңыздар. 2.Мәліметтен сөз тіркестерін теріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар. Кәсіби әдеп әр кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігін, кәсіптік маңызын,еңбек кезіндегі адамдардың өзара қарым –қатынасын білдіреді.Сонымен бірге ,кәсіпкерлер тобының адамгершілік тұрғысынан өз түсінігін, психологиясы мен идеологиясын айқындайды. Кәсіби әдеп – бұл әр қызметкердің қызмет кезіндегі жетекшілікке жататын қалыптасқан белгілі тәртіп пен норма жиынтығы. Кәсіпті меңгеру тек кәсіби білімді меңгеру ғана емес, сонымен бірге жеке адамның өзінің қызметіне деген қарым –қатынасы.Кәсіби әдеп – ол күнделікті бірлескен

Page 40: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

40

адамдар қызметінде бірте –бірте қалыптасады. Күнделікті қызмет тәжірибесінде кәсіби әдеп мамандардың мінез –құлық нормасының жиынтығын көрсетеді. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Белгілі оқымысты Г.В.Акованың еңбектерінде «кәсіби сана» жөнінде не айтылған ?

2. Мамандық иесі атанған болашақ маманды не күтіп тұр ? 3. Кәсіби саналықтың негізгі көрсеткіші не?

21 - сабақ

Маркетинг стратегиясы

Маркетинг стратегиясы - кәсіпорынның, фирманың тауарларын өндіру, өткізу, сату қызметтерінен тұрады. Негізгі бағыттары рынокты дамыту. Стратегиялық жоспарлау деп - жоспарлауға негіз болатын іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығын айтады .Әдетте компаниялар жылдық, ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлар құрады..Стратегияның басты бағыты тұтынушыларға бағытталған болуы керек.Тұтынушылардың сұраныстары мен ұсыныстарын ескеріп, нарық талаптарын орындау. Сондай нарықтағы бәсекелестеріне жауап бере алатындай өз ой - пікірлерін ұстанады. Маркетингтік стратегияның басты мақсат –міндеті - тиімділікті арттырып, жетістікке жету болып табылады. Сөздік: Маркетинг стратегиясы – стратегия маркетинга Тауар өндіру – производить тауар Рынокты дамыту - развитие рынка Стратегиялық жоспар – стратегический план Ұзақ мерзім – долгий срок Тұтынушылар – потребители Сұраныстары мен ұсыныстары – спрос и предложения Бәсекелестер – конкуренты Ой – пікір – мнение Тиімділік – выгода Жетістік –достижение Тапсырма: 1.Қазақ тіліне аударып, оқып беріңіздер.

Маркетинг - отличная штука, он

Page 41: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

41

может дать нам веру,надежду, милосердие,но самое значительное, что он может дать –прибыль. Лен Джорсерс Общество...Рынок...Экономика...Потребность...Реклама...Товар...Это слово постоянно, практически каждый день.Что же у них общего? Что объединяет? – Маркетинг! Маркетинг –слово,появившиеся вместе с развитием рыночной экономики, хотя как явление возник с появлением обмена. В Казахстане маркеинг как философия деятельности фирмы стал развиваться вместе с наступлением рыночных отношений. 2.Мәліметті мәнерлеп оқып, мазмұнына сай тақырып беріңіздер, сөз тіркестерін теріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар. Маркетингтік стратегия маркетингтің негізгі мақсаттары мен нақты бағдарламаларын анықтауға мүмкіндік береді. Стратегиялар да мақсаттар сияқты қол жететіндей және қолда бар ресурстар шегінде жүргізілуі тиіс. Сонымен жоғарғы басшылықтың қатысуымен дайындалып, жоспар кестелермен бекітілген маркетингтік стратегиялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада компания қызметінің барлық жетістігін анықтай алады. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Маркетинг стратегиясы неден тұрады? 2.Негізгі бағыттары қандай? 3.Стратегиялық жоспарлау дегеніміз не? 4.Стратегияның басты бағыты не? 22 – сабақ Отандық тауарлар- 2020 жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы. Біздің шикізатық емес экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың шешуші бағыты болуға тиіс. Қазақстан өнеркәсібі экспорттық рыноктарға отандық брендтердің кең ауқымды тізбегімен ұсынуы керек. Сондықтан Үкіметтің міндеті - экспорттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыруды, экспортқа сервистік қолдау көрсетуді,

Page 42: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

42

экспорттаушыларға гранттар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін жасау.

- осы саланы орыс тіліне аударып, жаңа тақырыпқа көшеміз:

Тұтыну Тұтыну– өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоғамдық қажеттердің қанағаттандырылуы үшін пайдалану. Қажетсінуді қанағаттандыру барысында өнімді пайдалану, ұдайы өндіріс процесінің ақырғы кезеңі. Өндірістік (өндіргіштік) тұтыну мен бейөндірістік тұтыну түрлеріне бөлінеді. Өндіргіштік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінің өзі, бұл ретте, өндіріс құрал —жабдығы, сондай — ақ, адамның жұмыс күші тұтынылады. Бейөндірістік тұтыну – қоғамдық және жеке бастың тұтынуын қамтитын бейөндірістік саладағы тұтыну.Яғни халықтың тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін түрлі игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануы. Жеке бастың тұтынуына тамақ өнімдерін, киім - кешек, аяқ киім, мата, мәдени - тұрмыстық заттар, отын, электр энергиясын, тұрғын үй, т.б. сатып алуға жұмсалатын шығынмен бағаланатын материалдық игіліктерді тұтыну.Сондай - ақ ақылы және ақысыз көрсетілетін қызметтерді коммуналдық, тұрмыстық қызметтерді, әлеуметтік қызмет көрсету салаларының қызметтерін тұтыну жатады. Қоғамдық тұтыну – бейөндірістік саладағы мекемелер мен ұйымдар (білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, басқару, т.б.) тұтынатын материалдық игіліктер мен қызметтерді қамтиды. Сөйтіп, өндіргіштік тұтынуда өнім жасалады, ал өндірістік емес тұтынуда - тұтынылады. Сөздік: қанағаттандыру — удовлетворить ұдайы - постоянно, всегда өндіріс — производство, предприятие киім — кешек — одежда,вещи тамақ — пища, еда қоғамдық үйлер — общественные дома тұтыну – потреблять өндірістік – производственный қоғамдық тұтыну – общественное потребление өнім – продукт материалдық игіліктер –материальное благо тұрмыстық қызметтер – бытовое обслуживание әлеуметтік қызмет – социальное обслуживание

Тапсырма: 1.Сөз тіркестерін теріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар.

Page 43: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

43

Тұтыну тауары Тауар нарыққа түсісімен,оның бәсекелестік қабілеті төмендей бастайды. Осымен байланысты бұл процестің себебін анықтау өте қызықты.Істің мәні мынада , кез келген тауар ерте ме, кеш пе, басқа жетілдірілген тауар дүниеге келісімен нарықтап кетеді.Нарық заңы тауарды үздіксіз жаңаландырып отыруды талап етеді, өйткені «мәңгілік » тауардан түсетін пайда азаятындығы сонша оны бұдан былай саудаға шығару экономикалық жағынан тиімсіз болады.Сонымен, тауар уақыт өлшемінде кезеңдік өзгерістерге ұшырайды олардың көрсеткіші болып сатудың көлемі мен пайданың мөлшері алынады. 2.Қазақ тіліне аударыңыздар. Товар и потребность... Как поставить знак равенства?... Что покупает клиент?...За что платит денги?... Какие товары покупать?... Сколько товары выпускать?... Покупатель приобретает те товары, которые замечает. Затем он их использует для того, чтобы удовлетворить определенные потребности. С точки зрения маркетинга товаром называет все, что может удовлетворить нужду человека. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Тұтыну дегеніміз не? 2.Тұтынудың неше түрі бар? 3.Жеке бастың тұтынуына не жатады? 4.Қоғамдық тұтыну нені қамтиды? 23 - сабақ

Маркетинг қызметi деген не?

“Маркетинг” терминi «market» (нарық) ағылшын сөзiнен шыққан және нарық аясындағы қызметтi бiлдiредi. Жалпы нарық немесе қазiргi экономика үш тағанға сүйенедi. Оның бiрi – менеджмент, екiншiсi – маркетинг ( ақпарат жинау, шаруашылықты жүргiзудi жоспарлау, ненiң қажет екенiн болжау), үшiншiсi – қаржы. Дамыған елдерде маркетинг қызметiнсiз бiр қадам да жасалмайды Маркетинг қызметi – маркетинг принциптерi мен әдiстерi негiзiнде жұмыс iстейтiн арнаулы бөлiмше. Маркетингiлiк қызметтiң негiзгi мiндеттерi: рынокты кешендi түрде зерттеу; тауардың тұрақты өткiзiлуiн қамтамасыз ету; кәсiпорын қызметiн нарыққа бағдарлау; оның бөлiмшелерiнiң жұмысын осы бағытта үйлестiру т.б.

Page 44: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

44

Маркетинг шығарылған өнiмдi қозғалысқа түсiредi. Яғни маркетинг ақпарат бағыт – бағдар беретiн барометр сияқты. Маркетингтiк ақпарат – нарық билеген елде экономиканы iлгерi жылжытудың басты тетiгi, көзi. Сөздік : Маркетинг термині – маркетинговый термин Ағылшын сөзі – английское слово Шаруашылықты жүргізу – вести хозяйство Маркетинг принциптері – маркетинговые принципы Негізгі міндеттері – основные цели Қамтамасыз ету – обеспечивать Кәсіпорын қызметі – функция предприятия Дамыған елдер – развитые страны Үйлестіру – координировать Бағыт –бағдар – направление Маркенингтік ақпарат – маркетинговая информация Тауардың тұрақты өткізілуі – стабильное расспространение товаров Кешенді түрде зерттеу – комплексное исследование Тапсырма: 1.Төменде берілген сөздердің синонимдерін тауып, жазыңыздар. Нарық, жұмыс, ақпарат,ел, міндет. 2.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар. Магазин – последнее поле битвы брэндов за кошелек потребителя. Проигрыш в этой войне может свести на нет все усилия по разработке и рекламе торговой марки.За победный исход поэдинка брэндов отвечает особый боэц – мерчандайзер. Мерчандайзер – как вротарь в футбольной команде.Официально он отвечает за то, чтобы товар его компании всегда находился на полке и был выложен должным образом. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.“Маркетинг” терминi қай тілден шыққан және қандай мағына береді? 2.Маркеинг қызметі дегеніміз не? 3.Маркетинг қызметінің негізгі міндетері? 24 - сабақ

Кәсіби сөздермен жұмыс

Предпринимательская способность – кәсіпкерлік қабілет

Page 45: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

45

Распределения по потребностям - қажеттілігіне (мұқтаждығына) қарай бөлу Обмен –айырбас Обеспечивает создание продукта – тауар шығаруды қамтамасыз ету Потребитель – тұтынушы Рынок покупателя – сатып алушының нарығы Распределение труда – еңбекті бөлу Стабильность рынка – нарық тұрақтылығы Структура – құрылым Потребительский рынок – тұтынушылар нарығы Организация –ұйым Мировой рынок – әлемдік нарық Международный рынок – халықаралық нарық Местный рынок – жергілікті нарық Спрос – сұраныс Предложение – ұсыныс Взаимодействие спроса и предложения – сұраныс пен ұсыныстың әрекеттестігі Законы рынка – нарық заңдары 25 - сабақ Бәсеке керек пе? Бәсеке деген не? Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге солай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі- бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы – бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізаттын ортаға салып, жақсырақ, сапалы, әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, рынокта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу. Өмірдің өзі бәсеке. Яғни адам бойында бар қасиет. Кейде адам өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпты бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді, бірлеседі. Яғни бірлесу де адам бойында бар қасиет. Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке. Осы бәсекеде бәсекенің екі жағы да бірге. Бұл мемлекет үшін жақсы. әр өндіріс, мейлі ол жеке болсын, кооперативтік болсын, жаман өнім берсін, жақсы өнім берсін – бәрі мемлекеттікі. Сөздік: Бәсеке - конкуренция Әріптес – коллега, сослуживец Қаржы – денежный фонд, средства Шикізат - сырье Бірлесу – обьединиться Күрес - борьба Жарыс – конкурс, состязания

Page 46: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

46

Қасиет – качество, достоинство Дағдарыс – кризис, застой Қиындық – препятствие, сложность Өркениетті қоғам – цивилизованное общество Заңсыздық - беззаконие Жүйрік - бегун, быстрый Тапсырма: 1.Шағын мәтіннің идеясы неде айтып беріңіздер. 2.Мәліметті орыс тіліне аударып жазыңыздар. Ешқандай жеңіске кепілдік бермей , қалайша бәсекелестерден озуға болады? Өндіруші фирманы таңдап алады, ал тұтынушыны қалай өзіне тартуға болады? Бұл сұраққа жауапты көп жағдайларда тауардан іздеу керек.Қандай болмасын тауар екі сипатқа ие : бірі айырбас құны \бағасы\, екінші тұтынушылық қасиеттері \құны\.Қандай арзан баға ұсынғанымен , тауардың сапасы тұтынушының ойынан шықпаса, сатылуы мүмкін емес.Осындай жағдайда бәсекелестер шығуы мүмкін.Бағаға негізделмеген бәсеке – бұл өнім шығаруда жоғары сапа,жаңашылдық, сатып алушылардың сұранысын ескеруге қол жеткізе отырып, нарық үшін жүргізілген күрес. АҚШ –тың ірі компанияларының басым көпшілігі бизнеске қол жеткізудің нәтижесінің ішінде бірінші орында баға емес, сапа деп есептейді. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Бәсеке деген не? 2.Бәсекенің қандай жақтары бар? 3.Бәсеке адамзатқа тән қасиет пе? 4.Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болуы керек? 5.Әділетті бәсеке деген не? 6. Әділетті бәсеке мемлекет үшін керек пе? Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары. 1.Менеджер қандай жетекші? а) талантты жетекші ә) тәжірибелі жетекші б) кәсіби білім алған жетекші в) өнерлі жетекші г) жан –жақты жетекші 2. «Функция» деген ұғым латын тілінен аударғанда нені білдіреді? а) «бөлу», «айырбастау», «жекешелендіру» ә) «қызмет», «міндет», «жұмыс» б) «жоспарлау», «бағыттау», «үгіттеу»

Page 47: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

47

в) «кеңес беру», «ақыл айту», «ой бөлісу» г ) «бақылау», «тексеру», «қадағалау» 3.Басшының басты қасиеті не? а) бұйрық беру ә) әмірін жүргізу б) профессионализм және инициатива. в) «кеңес беру», «ақыл айту», «ой бөлісу» г ) «бақылау», «тексеру», «қадағалау» 4.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Қоғамның басты өндіргіш күші — ... а) жұмыскерлер ә) сенім б) адамдар в) ақпарат г ) техника 5 «Мұқтаждықты қанағаттандыру» сөзінің синонимін табыңыздар а) экономикаға үлес қосу ә) қажеттілікті қанағаттандыру б) өз үлесін қосу в) тауарларды тұтыну г ) тауарды қолдану 6. Сөйлемді аяқтаңыздар. Маркетинг шығарылған өніміді... а) таратады ә) сапасын жақсартады б) қозғалысқа түсіреді в) тұтынады г ) қолданады 7. Тұтыну сөзінің баламасы а) нарық саласы ә) қажетсінуді қанағаттандыру б) тауарды өндіру в) тауарларды экспортқа шығару г ) сату 8.Көп нүктенің орнына тиісті сөз. Басқару – мақсатқа жетуге ... іс –қимылдарды ұйымдастыру. а) қолданған б) жоспарлаған ә) бағытталған в) қамтамасыздандырылған г ) көрсетілген 9.Төмендегі сөз тіркесінің дұрыс аудармасы. Успех любой организации а) ұйымның негізгі бағыты ә ұйымның негізгі міндеті б) кез –келген ұйымның жетістігі в) кез –келген ұйымның жоспары г) кез –келген ұйымның пайдасы

Page 48: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

48

10 .«Управленческое решение» сөз тіркесінің аулармасы а) жауапты атқару ә) шешім қабылдау б) басқарушылық шешім в) басқарушылық өнер г ) басқарушылық қабілет 26 - сабақ

Ақшаның мәні мен маңызы

Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кез- келген тауар немесе символ. Елімізде занды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде қызмет етеді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

- толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар); - толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері)

Құн өлшемі ретінде - ақшамен нарыққа ұсынылған кез – келген тауардың құны өлшенеді.Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды. Сондай – ақ , ақша бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, төлем құралы қызметін атқарады. Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде. Сөздік: Ақшаның мәні – значение денег Ерекше тауар – особенный товар Тауарды сатып алу – покупать товар Нарық - рынок Айырбас - обмен Айырбас құралы – средство обмена Айналым – оборот Еңбек өнімі – продукт труда Құрайды – создает Дамуы барысында – в ходе развития Тұтыну – потребление

Page 49: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

49

Бағалау –оценивать Шарт –условие Құн –стоимость, цена Көлем –обьем,размер Тапсырма: 1.Төменде берілген мәліметтен сөз тіркестерін теріп жазыңыздар. 2.Жалғауларды тауып , түрлерін анықтаңыздар. Ақша – адамның дербес шығындаған энергиясы, жұмсаған қуатының қайтарымы. Адам еңбек етіп, күш – жігерін шығындап, орнына ақшалай ақы алғанды ұнатады. Өйткені, ақша – қалаған затыңды қолыңа түсіруге мүмкіндік беретін бірден - бір айырбас тауары. Оның басқа тауарлардан айырмашылығы: жанасу қабілеті өте күшті. Құн өлшемі қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды. 3.Төменде берілген деректерді оқып, өз ойларыңызды білдіріңіздер.

Ақша сақтауда ырымға сенгеннің әбестігі жоқ Ақшаға қатысты қай ұлттың ырым - тыйымдарын алып қарасаңыз да, барлығының мақсаты бір ғана – ақшаны азайту емес, көбейту, ақшадан тарықпай өмір сүру. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екені соңғы кездері жиі айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан еш пайда көре алмауыңыз мүмкін, керісінше, 10 мың теңге бүкіл байлықтың негізі болатын кездер де кездесіп жатады. •Үйдегі айнаны есікке қаратып ілмеу керек; • Қалтасы тесік, түймесі түскен киімнің қалтасына ақша сақтамаған жөн. Себебі ақша үзілген түймені, тесілген қалтаны жақтырмайды; •Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын -тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн; • Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған дұрыс; •Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық - тесіктен ада болғаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей-берекет орналасып, тиын - тебендер шашыла беретін болса, онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз;

Page 50: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

50

Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Ақша дегеніміз не ? 2.Ақша өзінің дамуы барысында нешеге бөлінеді? 3.Ақша қандай қызметтер атқарады? 4.Ақша айналымы дегеніміз не? 27 - сабақ

Инфляция Шетел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі: 1.Баяу немесе сұлама инфляция; 2.Қарқынды инфляция; 3.Ұшқыр инфляция. Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, ақша негізінен өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халық та, мемлекет те төтенще жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2 – 3 % деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 -20 % - дан 200 – 300 % - ға дейін өседі.Соның салдарынан жалақы өсіп, ол бағаның одан әрі көтерілуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен \ 500 – 1000 % - дан жоғары \ өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрыс тіршілігі қиындай бастайды. Кейде инфляцияны ашық және басылыңқы \жасырын\ деп, екіге бөледі.Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді.Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономикалық, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Сөздік: Баяу немесе сұлама инфляция – здесь: умеренная инфляция Жалақы – заработная плата Көтерілу – подниматься Ашық – открытый Ұшқыр инфляция – гиперинфляция Басылыңқы \жасырын\ - скрытный Төтенше жағдай – чрезвычайная ситуация Салдар – последствие Құнын сақтап қалады – сохраняет свои стоимости Тауар нарығы – товарный рынок Келісім –контракт, соглашение Өнім сапасы – качество продукта

Page 51: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

51

Төмендеу – снижение Қалыпты құбылыс – обычное явление Бартерлік келісім – бартерное соглашение Дамуы - развитие Тапсырма: 1.Төмендегі мәліметті қазақ тіліне аударып жазыңыздар. В экономике, понятием инфляция, определяется рост общего уровня цен товаров и услуг за определенный период времени. При росте общего уровня цен, каждая денежная единица валюты способна купить меньше товаров и услуг. Таким образом, инфляция это уменьшение покупательной способности денег, потеря части их реальной стоимости. 2Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен әңгімелеп, дәптерлеріңізге жазыңыздар.

Инфляция Инфляция баға тағайындау қиындықтарымен қатар маркетинг менеджеріне қорларды басқару саласында да проблемалар тудырады.Экономиканың қолайлы жағдайларында тауарлық қорлар сұраныс ауытқыған сәттерде ұсынысты тұрақтандырып, нарықты теңестіруге әсер ететін құрал болып табылады.Инфляция қолдағы барлық «қарталарды» бұзады: қолайлы қорларды есептеудің байыпты логикасы қызмет атқарудан шығады.Инфляция жағдайларында қорлар қосымша құндылыққа ие болады: бір жағынан ,тауарды баға өскен уақытқа дейін сатпай ұстап тұрған пайдалы, екінші жағынан, шикізат, материалдар, жабдықтар қорын жиған жөн, себебі егер қазір сатып алмасаң , кейін олар қымбаттап кетеді.Бұл жағдайларда сатудың қалыпты өтуі бұзылады және өз жайын тұрақтандыру үшін фирмалар шартты келісімдер ,басқа фирмалардың өніміне алдын ала тапсырыс жасауға мәжбүр болады.Инфляция жағдайларында нарықтық айқынсыздықпен күресудің бір құралы биржа, тауар немесе қор биржалары болып табылады.Тауар биржасында біртектес өнімдерді ( ағаш, мұнай өнімдері, металдар және т.б) сату және сатып алуға мерзімді келісімдер іске асырылады. Қандай да болмасын себеппен сатып алушы тапсырылған тауардан айныса,ол алдын ала өзінің құнын сатып жіберуіне ерікті.Қор биржасында осыған ұқсас істер құнды қағаздар мен капитал активтеріне ( немесе фирмаларға) меншіктік титулдарымен жүргізіледі. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Шетел мамандары инфляцияны нешеге бөледі? 2.Инфляцияның айтылған түрлерінде қандай өзгерістер болады? 3.Ашық және басылыңқы инфляцияның ерекшелігі қандай ?

Page 52: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

52

28 - сабақ

Ұлттық теңге 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан республикасында ұлттық валютасын енгізу туралы » Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашадан бастап теңге Қазақстан республикасында бірден – бір заңды төлем құралы болып тағайындалды.Бір теңге 100 тиыннан құралады. Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталды және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді. Бұл біздің еліміздің әлеуметтік жағдайының жақсы көрсеткіштері.Ұлттық теңгенің ерекшелігі – мықты қағаздан, арнайы тапсырыс арқылы шетелде дайындалады.Теңгені қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.Қазіргі кезде банкнот түрінде 200,500,1000,2000,5000,10 000 теңгелер айналымда. 2006 жылдан бастап, жаңа үлгідегі теңгелер айналымға түсті.Банкноттардың беткі жағының негізгі бейнеленуі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары «Астана -Бәйтерек» монументі – бейбітшілік пен татулықтың нышаны. Ашық алақан – ашықтық пен адал ниеттің нышаны.Банкноттардың сыртқы жағының негізгі бейнеленуі ұлттық ою – өрнектермен және архитектуралық фрагменттермен үйлестіріле жасалған ландышафтары көрсетілген Қазақстан Республикасы картасының контуры. Сөздік: Ұлттық валюта – национальная валюта Жарлық – указ Енгізу – внесение,внести Төлем құралы – средство оплаты Тағайындалды - был основан (назначен) Құралады – состоит Соңғы жылдары – последние годы Тұрақты төлем құралы – стабильное средство оплаты Әлеуметтік жағдай – социальное условие Жақсы көрсеткіштері – хорошие показатели Айналымда – в обороте Арнайы тапсырыс - специальный заказ

Page 53: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

53

Архитектуралық фрагменттер – архитектурные фрагменты Ерекшелігі – особенность Адал ниет –доброе намерение Тапсырма: 1. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып мақал –мәтелдерді көшіріп жазыңыздар. 1. Мың... болғанша Бір ақылды басың болсын (сом) 2. Базарда бәрі бар, ... ешкім бермейді. (ақшасыз) 3.Тиыннан ... құралады. (теңге) 4. ... тиыннан өсер. Жылқы құлыннан өсер. (теңге) 5. ... кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. (Ақша) 2.Мәліметті қазақ тіліне аударып, жазыңыздар. Что такое собственная валюта для государства? Валюта – это возможность проведения самостоятельной экономической, денежно-кредитной и валютной политики. Валюта – это знак государственности. А наша валюта – тенге – еще и предмет гордости всего казахстанского народа. А нам есть чем гордиться! Сұрақтарға жауап беріңідер: 1.Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? 2,Теңгеде не бейнеленген? Олар қандай мағына береді? 3.Ақша қандай қызмет атқарады? 4.Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай? 5.Теңгенің неше құпия қорғанысы бар? 6.Қайдан несие алуға болады? 7.Ақшаны қайда жинауға болады? 8.Ұлттық валюта дегеніміз не? 9.Теңге немен безендірілген? 10.Қазіргі теңгеде қандай суреттер салынған? 11.Қазақ теңгесі қайда басылды? 12.Сен акшаны орынды жұмсай аласың ба? 29 - сабақ Теңге тарихы

Page 54: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

54

Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес.Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер VII –VIII ғасырларда өз ақшаларын шығарған.Отырар мен Исфиджабта монета сарайлары жұмыс істеген. X ғасырдың ортасы мен XIII ғасырда тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті.Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол сауда да дара түрінде емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. XIV ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарканд, Бұхара,Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Ұлы Жібек жолының бойында ақша айналымында тек жібек қана валюта қызметін атқарып қоймаған, сонымен қатар Қытайдың «У - шу» теңгесі, Юстиан – 1 дің византиялық алтын теңгесі және күміс теңгелері де кездеседі.Осылардың қатарына қазақ теңгелерін де жатқызуға болады. Арыстан бейнеленген теңгелер Суяб, Тараз қалаларында жасалған. Мыс, қола, күміс теңгелер шығаратын теңге сарайы болған. Түргештердің теңгелерінің сыртында «аспан түргеш хақанның теңгесі» деген жазу болған. Осы кезеңнің жоғары сапалы күміс тиындары дүниежүзілік ақша ретінде қолданылған еді. Олар тек Орталық Азиада ғана емес,Шығыс Еуропада, Балтық жағалауында, Скандинавия елдерінде де бұрын да, қазір де табылуда. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай. Сөздік: Алқабы – округ Түркі билеушілері – Турецкие власти Пайдаланылған – использовали Шығарған – выпустили Ұлғая түсті – увеличилась Салмағы – вес Кесектеп – на части Монета сарайлары – монетные дворцы Ұлы жібек жолы – Великий шелковый путь Күміс теңгелер – серебренные деньги Күміс тиынлар – серебренные копейки Дүниедүзілік - мировой Тапсырма:

Page 55: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

55

1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріп жазыңыздар. Жалпы ақшаның дүниеге келуі ... келе жатқан, көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Ақша өмірге келмей тұрып, жалпы адамзат өздерінің қажетінше бір тауарды екінші тауарға ... білді.Сол арқылы адамдарда өзара ... пайда болды. Алғашында бұл процесс кездейсоқ түрде жүріп отырды. кейін келе олар сол ... ішінен айырбасқа жиі ілігіп жүрген тауарды ерекше бөліп шығарады . Оны ақша есебінде ... бастады. Керекті сөздер: айырбастай, өткен заманнан , айырбас, тауарлардың, пайдалана. 2.Мәтінді оқып, өз қалауларыңызша тақырып қойыңыздар, мазмұнын баяндап беріңіздер. Ақша қашан және қалай пайда болған? Ерте - ерте, ертеде, сонау тас ғасырда ақша деген атымен жоқ еді. Әрине, үңгірлерді мекен еткен ежелгі адамдар – троглодиттерге ақшаның керегі де болмаған. Олардың жейтін тамақты да, киетін киімді де дүкеннен сатып алмағаны белгілі. Жабайы аңның етін азық етіп, терісін киім етіп күнелткен. Одан қалса, жабайы өскен жеміс -жидек терген, өсімдік тамырларын қазған. Соларды қорек еткен. Арада жылжып жылдар, ғасырлар өтеді. Күндердің бір күнінде троглодиттердің бірі екіншісіне келіп: – Сен керемет аңшысың! Бірақ, әттең, балтаң өткір емес. Сабы да ыңғайсыз жасалған. Мен болсам, балта жасаудың нағыз шеберімін. Есесіне, аң аулау қолымнан келмей -ақ қойды. Мен саған тамаша қару жасап берейін. Оның орнына бүгінгі олжаңды – тауешкіні маған бер, – дейді. – Келістік, – дейді екінші троглодит. Тауешкіні көршісіне беріп, орнына балта алады. Сөйтіп, өткір әрі ыңғайлы балтамен аңды қиналмай аулайтын болады. Міне, ежелгі адамдар арасындағы алғашқы бартер, яғни, айырбас осылай басталса керек. Арада тағы жылдар, ғасырлар өтеді. Бірте - бірте адамдар сауда-саттықты меңгереді. Сауда жүрген жерде, әрине, ақша пайда болады. Ол кезде ақшаның орнына кәдімгі тұз немесе бидай дәні жүрген екен. Мысалы, екі кесек тұзға қару – жарақ алуға болатын. Ал екі уыс бидайды аңның терісіне айырбастап отырған. Келе - келе тұз бен бидайдың орнын бағалы металдар – алтын мен күміс басады. Ақшаның пайда болу тарихы қысқаша айтқанда осылай Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Page 56: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

56

1.Қазақстан ақшасының тарихы қандай? 2. X ғасырдың ортасы мен XIII ғасырда не дами түсті? 3.Әмір Темір монеталары қай ғасырда айналымға түсті? Адам – елдің басты байлығы Н.Ә.Назарбаев 30 - сабақ

Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз - елдің экономикалық күш - қуаттың ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп- еңбекпен жасалынатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Сонымен ұлттық байлыққа не жатады? Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады: а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата- бабаларымыздың қалдырған барлық мұрасы. ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз. б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз - халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез - келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі. Ұлттық байлыққа жеке колекционердің қолындағы көне заттар да жатады. Ұлттық байлық мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе де болады. Сөздік: байлық - богатство игілік – благо, на благо дәреже - степень көзқарас – точка зрения көне – древний, античный күретамыр – из покон веков көрсеткіш – показатель қазбалар – полезные ископаемые қасиетті - святое мәдени - культурный мұра - наследие табиғи – натуральный, природный ұлттық мұра – национальное наследие

Page 57: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

57

даму деңгейі – уровень развития Тапсырма: 1. Берілген сөз тіркестермен, мәтінге қажетті сөздермен, терминдермен сөйлем құраңыз. Экономикалық күш – қуаты Ұлттық байлық құны Маңызды көрсеткіш кеден Бағалау жеке коллекционер Ата - бабалар мұрасы Табиғат байлығы Жер асты байлығы мекеме әдеби, мәдени мұра мәдени, ресми 2.Төмендегі сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, жазыңыздар. Национальное богатство – Важнейший показатель – Духовные ценности – В современной экономике – Природные богатство – Материальные ценности – Измерение национального богатство – Природные ресурсы – Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Ұлттық байлық деген не? 2.Ұлттық байлықты алғаш рет кім есептеп шығарды? 3.Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп нені айтады? 4.Ұлттық байлық қандай салалардан тұрады? Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары. 1. Ақшаның ең басты ерекшелігі неде? а) қызмет көрсетілуінде б) қасиетті ұғымында ә) адамдарға қажеттілігінде. в) басып шығарылуында г ) жалпыға бірдей қызмет көрсетуінде 2. Ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға қандай қарқынмен өседі ? а) 100 – 500 % - дан жоғары өседі б) 50 – 100 % - дан жоғары өседі ә) 500 – 1000 % - дан жоғары өседі в) 200 – 250 % - дан жоғары өседі г ) 250-300 % - дан жоғары өседі

Page 58: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

58

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан республикасында ұлттық валютасын енгізу туралы » Жарлыққа қашан қол қойды? а) 1995 жылы 30 тамызда б) 1992 жылы 4 маусымда ә) 1993 жылы 12 қарашада в) 1990 жыл 31 желтоқсанда г ) 1991 жылы 1 желтоқсанда 4. Ұлттық байлық дегеніміз ... а) табиғи байлығымыз ә) елдің экономикалық күш - қуаттың ең маңызды көрсеткіштердің бірі. б) пайдалы қазбаларымыз в) ұлттық мұраларымыз г ) мәдени мұраларымыз 5. Қазақстанда Әмір Темір монеталары қай уақыттан айналымға енді? а) XV ғасырдың соңынан бастап б) XIV ғасырдың соңынан бастап ә) XIV ғасырдың соңынан бастап в) X ғасырдың соңынан бастап г ) XII ғасырдың соңынан бастап 6. Қазақстан республикасында бірден – бір заңды төлем құралы болып теңге қашан тағайындалды? а) 1995 жылы 30 тамызынан бастап ә) 1995 жылы 30 тамызынан бастап б) 1991 жылы 1 желтоқсанынан бастап бастап в) 1992 жылы 4 маусымынан бастап г )1993 жылы 15 қарашадан бастап 7.Теңгені қолдан жасаудан қорғанатын неше дәрежесі бар? а) 15 дәрежесі бар б) 20 дәрежесі бар ә) 18 дәрежесі бар в) 30 дәрежесі бар г ) 35 дәрежесі бар 8. Ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен \ 500 – 1000 % - дан жоғары \ өсуі қалай аталады? а) баяу немесе сұлама инфляция ә) қалыпты инфляция б) ұшқыр инфляция в) қарқынды инфляция г ) жедел инфляция 9.Ақша - ... а) қажеттілікті өтеуге пайдаланылады ә) құнды қағаз б) жалпыға бірдей балама ретінде қызмет етеді. в) айырбас құралы г ) төлем құралы 10 Ұлттық байлықты алғаш рет қашан және кім есептеп шығарды? а) 1969 жылы орыс экономистері

Page 59: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

59

ә) 1991 жылы шетел ғалымдары б) 1664 жылы ағылшын экономисі У.Петти в) 1989 жылы қазақ экономистері г ) нақты дерек жоқ 31-сабақ

Ойтүрткi Экономика ұғымы ненi бiлдiредi? Экономика адам өмiрiнiң қай кезiнен бастап араласады ?

Жанұялық бюджет

Жанұялық бюджет жанұяның әр мүшесiнiң еңбекпен тапқан табысы олардың отбасындағы ортақ игiлiгiне, тамағына, рухани мүдделерiне; жол және пәтер ақысын т.б. тiршiлiкке қажеттi мұқтажына жұмсалатын қаржысына айналды. Тапқан табысты қажетiне қарай қанша жұмсау - әркiмнiң өз ықтияры. Алайда кiмнiң де болсын тапқан ақы, маңдай терiмен келген табысын орынды жерiне үнемдеп жұмсау отбасынаң күнделiктi қажетiн толық қамтамасыз етiп отбасының береке - бiрлiгi мен бала тәрбиесiне де зор ықпал ететiнiн ескермеуге болмайды. Отбасы бюджетін жоспарлауда отбасы мүшелерінің барлығының пікірі ескерілуі тиіс. Әйтпесе кикілжіңдер туындауы мүмкін. Мұндайда ерлі – зайыптылар қолда бар соманы қалай жұмсау керектігін бірігіп шешеді және келешек шығындарды талқылап, бюджетті бірлесіп жоспарлайды. Айталық, үйдегi ересек адамдардың, әсiресе, ата - ананың ақшаға, дүние-мүлiкке көзқарасы мен қатынасының ыңғайына қарай баланың да көзқарасы, мiнез - құлқы, әдеттерi, тәртiбi қалыптасатыны бекер емес. Ата - ана отбасында күнiне, аптасына, айына қанша қаржы жұмсалатынын, үйге қанша кiрiс кiретiнiң, не сатып алу керектiгi жөнiнде баланы қатыстыра ақылдасып, тiршiлiкке баулып өсiргенi жөн. Сөздiк: жанұялық бюджет – семейный бюджет рухани мүдделерiне – духовное благо тiршiлiкке қажеттi- необходимо в жизни\ жизненная необходимость мұқтажына жұмсалатын - использовать на нужду қамтамасыз ету - обеспечивать үнемдеп жүмсау – экономно тратит зор ықпал – огромное влияние береке – бiрлiгi – изобилие - единство

Page 60: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

60

ақылдасу – советоваться қаржы жұмсау – расходовать финансытұрмыстық деңгей - семейное положенкіріс және шығыс – доходы и расходы коммуналдық қызметтер – коммунальные услуги Тапсырма: 1.Мәтінді оқып,мазмұндау, жалғаулардың түрлерін анықтап жазу.

Шығындар мен кірістерді есепке алу

«Бюджет» сөзі тікелей аударғанда «әмиян» деген сөзді береді. Тұрмыстық деңгейде бұл сөз ақша шығыстары мен кірістерін есепке алуды білдіреді. Бюджет екі бөлікке бөлінеді – кіріс және шығыс. Қаржылық әл - ауқатқа жетудегі ең маңызды қадам - іс жүзіндегі жасалынған шығындардың көлемін анықтау. Біріншіден, отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтасыра білу қажет: қажетті шығындар мен уақытша шығындар. Кейініректе бірінші санаттың шығындарынан азықтану, коммуналдық қызметтер, көлік, балаларды оқыту сияқты отбасылық бюджеттің негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады. Уақытша сипаттағы шығындарға жоспарлы (аяқ-киім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, күтпеген жағдайлар) және уақытша «көңіл – күйді көтеретін» жоспарланбаған шығындар жатқызылады. Шығындардың соңғы аталған түрлерін біртіндеп қысқарта бастау қажет, себебі олар отбасылық бюджетке орны толмайтын нұқсан келтіріп жатады. Сіз өз шығындарыңызды нақты білетін болсаңыз, сіз оларды жоспарлап үйренесіз, соның нәтижесінде әрқашанда бір соманың қалуын қамтамасыз ететін боласыз.

2.Мағынасына қарай сөйлемдердi дұрыс құраңыз. 1.Тапқан табысын, адамдар, материалдық, рухани, жұмсайды; 2.Тәрбиесiне, балалардың, бюджетi, отбасы, жұмсау, әсер етедi, дұрыс. 3.Қатыстырған, бөлгенде; жөн, балаларды, бюджеттi. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Жанұялық бюджет қайда жұмсалады? 2.Жанұялық бюджет отбасы береке - бірлігіне әсер ете ме? 3.Жанұялық бюджетті жоспарлауда нені ескерген жөн? 32 - сабақ

Студенттік бюджет Мына сауалдар төңірегінде пікірталас жүргізу. 1.Студенттің қаражаты қайдан алынады?

Page 61: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

61

2.Студенттің бюджеті қалай жұмсалады? 3. Тәуелсіз студент дегеніміз кім? 4. Қазіргі студенттердің «үнемдеушілік» сөзіне көзқарасы қандай?

Жастар біздің келешегіміз Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш - жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр. Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:

- Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс; - Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын

болу; - Еңбекке құрмет; - Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет; - Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік; - Қиындықтан қорықпай табысқа жету; - Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

Сөздік: Жастар –молодежь Келешек –будущее Күш –жігер –сила –воли Жаңа мүмкіндіктер –новые возможности Мемлекетті қалыптастыру – формирование государства Белсенді –активный Жастар саясаты – политика молодежи Құндылықтар –ценности Ар –намыс –честь, гордость Табысқа жету –достичь цели Қызмет ету – служить, оказывать услугу Тапсырма: 1.Төмендегі мәліметтерді оқып, «студент деген кім» сұрағына өз сөзімен жауап беру. Студент – сөздің тобықтай түйінін, сабақтың құлақ күйін келтіруге тырысатын, жағымпаз сарбаз. Студент – түзу жолда сүрінетін, жаман баға алса өмірден түңілетін, кейбіреуіне білім жұқпас, білім жұқса да сабақтың тілін ұқпас, кейбіреуінен мін де таппас ғылым жолындағы із кесушілер.

Page 62: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

62

Студент – Қоғамның кешегісі мен бүгінгісін, саралай отырып, келешегін жасайтын жеке тұлға. Студент – өз сөзін ғана жөн деген, өмір шындығын білмеген, сессия кезінде терлеген, әр күнде білімге шөлдеген, сонда да шөлі қанып көрмеген болашақ маман иесі. 2.Мәліметті қазақ тіліне аударып жазыңыздар. Как известно, денег у большинства студентов не хватает. Хотя бы потому, что обучение для многих сегодня является платным, а совмещать полноценную работу и учебу физически не реально. Поэтому, принимая решения о финансовых расходах, студент в первую очередь должен исходить из этого факта. «Студенттік бюджет» тақырыбында пікірталас жүргізу 33 - сабақ

Жергілікті бюджет

Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік - аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік – экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады. Жергілікті бюджетті жергілікті маслихаттар бекітеді. Жергілікті бюджет шоғырланған ақшалай қаржылар ретінде жергілікті әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттен қаржыланатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламаны ел Конституциясына және заңдарға сәйкес анықтайды. Облыстағы жергілікті бюджеттің құрамы облыстық бюджеттен және сол облыс аумағындағы қалалар мен аудандардың бюджеттерінің жиынтығынан тұрады. Бұл бюджеттер “Бюджет жүйесі туралы заң” бойынша бюджеттік талдауды қолдана отырып қалыптастырылады, бекітіледі және орындалады. Жергілікті атқару органдары жоғарыда айтылған құжаттарды пайдалана отырып өз бюджеттерін өздері қалыптастырады және орындайды. Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың бюджеті. Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді:

- Билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

Page 63: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

63

- Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфроқұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік маңызы бар мәселелерге жұмсалады. Сөздік: Жергілікті бюджет –местный бюджет Әлеуметтік-экономикалық бағдарлама – социально –экономическая программа Бекіту –утверждать Жергілікті атқару органдары – местные управленческие органы Қор – фонд Билік пен басқару - власть и управление Инфроқұрылым – инфраструктура Мәселе – проблема Қалыптастыру – сформулировать Қаржыландыру – финансировать Тапсырма: 1.Мәліметті оқып, орыс тіліне аударып жазыңыздар. Жергілікті бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу жүйесінің бағдарламалары, денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік –экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады. 2.Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыздар. Жергілікті органдар – Қаржы базасы – Жергілікті бюджет – Ұлттық табыс – Экономикалыөқ қатынастар – Экономиакалық мәні – Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Жергілікті бюджет дегеніміз не? 2.Жергілікті бюджетті кім бекітеді? 3.Жергілікті бюджет қандай мақсаттарға жұмсалады? Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары.

Page 64: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

64

1. «Бюджет» сөзінің тікелей аудармасы. а) қаржы б) ақша ә) әмиян в) құн г ) қаражат 2.Жалғасын табыңыз.\мәтінге сүйене отырып\ Жанұялық бюджет ... а) отбасылық қаражат ә) жанұяның әр мүшесiнiң еңбекпен тапқан табысы б) отбасылық қаржы в) ата –ананың жиған табысы г ) жанұялық қор 3.Қазақ тіліндегі аудармасын табыңыздар. Семейный бюджет – это план регулирования денежных доходов и расходов семьи, обычно составляемый на месячный срок. а) Жанұялық бюджет - жанұяның әр мүшесiнiң еңбекпен тапқан табысы ә) Жанұялық бюджет - отбасының барлық кірісі мен шығысы. б) Жанұялық бюджет - бұл бір ай мезгіліне құрастырылған отбасының кірісі мен шығысын бағыттайтын жоспар. в) Жанұялық бюджет - отбасының қаржы жоспары г ) Жанұялық бюджет - отбасының барлық қажеттіліктерін өтейтін қаржы. 4.Мақалдың жалғасын тап. Ұлт болам десең... а) отбасыңды ойла ә) ата –анаңды ойла б) бесігіңді түзе в) еліңді ойла г ) тәрбиені түзе 5.Қазақ тіліндегі аудармасы. Расходования денежных средств. а) ақша қаражаттарының салымы ә) ақша қаражаттарының төлемі б) ақша қаражаттарының шығындары в) ақша қаражаттарының есебі г ) ақша қаражаттарының құралдары 6.Жалғасын табыңыздар. Жергілікті бюджет - ... а) тiршiлiкке қажеттi мұқтажына жұмсалатын қаржы ә) қажетті шығындар мен уақытша шығындар б) жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. в) уақытша сипаттағы шығындар г ) бюджеттің негізгі көрсеткіштерінің қалыптастырылуы 7.Сөз тіркесінің қазақ тіліндегі аудармасын табыңыз. Теория эффективной заработной платы

Page 65: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

65

а) міндетті жалақы теориясы ә) тиімді жалақы теориясы б) нақты жалақы теориясы в) толық жалақы теориясы г ) орташа жалақы теориясы 8.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіздер Жергілікті ... жергілікті маслихаттар бекітеді. а) қаржыны ә) бюджетті б) мәселеге в) қорға г ) жалақыны 9. «Финансовая независимость» - сөз тіркесінің дүрыс аудармасы а) қаржы тәуелділігі ә) қаржы тәуелсіздігі б) қаржы мұқтаждығы в) қаржы қолданылымы г ) қаржы пайдаланылымы 10. Сөйлемнің қазақ тіліндегі дұрыс аудармасын табыңыздар. Местные налоги являются главным инструментом реализации экономической политики . а) Жергілікті салықтар экономикалық саясатты іске асырудың негізгі пайдасы болып саналады. ә) Жергілікті салықтар экономикалық саясатты іске асырудың негізгі құралы болып саналады. б) Жергілікті салықтар экономикалық саясаттың негізгі қаржысы болып саналады. в) Жергілікті салықтар экономикалық саясаттың негізгі бағыты болып саналады. г ) Жергілікті салықтар экономикалық саясаттың негізгі қаржылық базасы болып саналады. 34 - сабақ

Салық дегеніміз не? Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі.Үкіметті әскерді ұстау үшін халықтан салық жиналады. Мемлекеттің пайда болуымен салық та пайда болды.Салық алғаш рет Қытайда пайда болды.А.Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзі үшін десек те болады.Халық салықтың жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады. Салық – салық салу тәсіліне қарай төте және жанама салық түрлеріне бөлінеді. Салықтың мынадай міндетері бар:

Page 66: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

66

- қазыналық міндет (мобилизационная функция); - бөлу міндеті; - ынталандыру міндеті; - шектеу міндеті; - бақылау – бөлу міндеті Салық ставкалары -процент түрінде белгіленеді.Салық ставкаларының үш түрі бар. Бірінші түрі – прогрессивтік салық ставкасы.Бұл түрінде табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейеді. Екінші түрі - пропорционалды салық ставкасы.Бүл түрінде салық ставкасының мөлшері табыспен өлшенбейді.Белгіленген мөлшермен төленеді. Салық ставкасының үшінші түрі – регрессивтік түр.Салық ставкасының бүл түрі біздің салық заңдарында қолданылмайды.Салықтың бұл ставкасы өте бай мемлекеттерде қолданылады. Салықтардың түрлері: Корпоративтік табыс салығы Жеке табыс салығы Қосылған құн салығы Акциздер Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары Әлеуметтік салық Көлік құралы салығы Жер салығы Ойын бизнесі салығы Тіркелген салық Сөздік: Үкімет – правительство Төлем – плата Ұстау үшін – чтобы содержать Салық – налог Пайда болды –появился Алғаш рет – впервые Бақылап отыру – контролирует Тәсіл – метод Міндет – цель, задачи,функция Ынталандыру міндеті – цель стимулирования Шектеу міндеті – цель ограничения Өлшенбейді - не измеряется Мөлшер –объем, размер Жанама салық – косвенный налог Корпоративтік табыс салығы – корпоративный налог Жеке табыс салығы - подоходный налог

Page 67: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

67

Әлеуметтік салық – социальный налог Тапсырма: 1.Мына төменде берілген салық туралы ұғымдарға назар аударыңыздар. Л.К Воронова: « салықтар- мемлекеттің өкілетті органдардың актілерінің негізінде, белгілі мөлшерде және белгіленген мерзімде жалпы мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін заңды тұлғалар мен азаматтар бюджеттерге енгізетін төлемдер» деп түсіндіреді. Ең қысқаша берілген ұғым Мельниковтікі болуы керек: «салықтар- белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын заң жүзінде көзделген міндетті төлемдер ». 2.Төменде берілген мәліметтерді пайдалана отырып, «салық» сөзіне қатысты түсініктер бойынша класстер құрастырыңыздар. Салық- әрқашанда мемлекет тарапынан енгізіленеді және алынады.Бұл жерде мемлекет саяси билік субъектісі ретінде көрінеді. Салық-мемлекеттің бір жақты түрде белгілейтін төлемі.Бұл жерде мемлекет салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайды. Салық- әрқашанда ақшалай түрдегі төлем.Осы белгісі бойынша салық әр түрлі мүліктік міндеттемелерде –тәркілеу реквизициялаудан ерекшеленіп тұрады. Салық- әрқашан ақшаларды еріксіз алу.Бұл жерде салық төлеушіге оның ақшаларын еріксіз алу механизімі құрылады. Салық-заң жүзінде белгіленген ақшаларды алу.Мемлекет салықтарды ашықтан-ашық заңда негізделген күйде алғандықтан жеке меншіктегі ақшалар мемлекет меншігіне ауысады. Салық—міндетті төлем .Салық төлеушінің салық төлеу жөніндегі міндеті салық қызметі органдарының төленген салықты қабылдау жөніндегі міндетімен ұштасады. Салық- тек құқықтық нысанда кездесетін төлем.Салықтар нормативтік сипаттағы заң актілерімен белгіленеді. Салық-тек мемлекеттік кіріске түсетін төлем. Салық- тұрақты ақша міндеттемелерін туындататын төлем. Салық-баламасыз төлем.Яғни салық қандай да болмасын көрсетілген қызмет немесе сатып алған тауарларға төлейтін төлем емес ол ақысыз төлем..

Мемлекет белгілейтін

төлем

Ақшалай түрдегі төлем тқлем

Page 68: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

68

Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Салық дегеніміз не? 2.Салық алғаш рет қайда пайда болды? 3.Салық салу тәсіліне қарай нешеге бөлінеді? 4.Салықтың қандай міндеттемелері бар? 5.Салық ставкаларының неше түрі бар? 35 - сабақ

Заңды түлғаларға салынатын салық Салық төлеушілерге жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар да жатады. Заңды тұлғалардан алынатын салықтарға корпорациялық табыс салығын, заңды тұлғалардың мүлік салығын жатқызуға болады. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады.Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық. Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға : 1.өнімді \ жұмысты, қызметті\ өткізуден түскен табыс ; 2.үйлерді, ғимараттарды, сондай –ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфляцияға орай ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс; 3. сату операцияларынан тыс табыстар. Сөздік: Салық төлеушілер – налогоплательщики Заңды тұлғалар – юридические лица Корпорациялық табыс – корпорационный доход Мүлік салығы – имущественный налог Бір бөлігі – одна часть Кәсіпкерлік – предпринимательство Ғимараттар – здание

салық

Page 69: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

69

Табыстар – доходы Салық жүйесі – налоговая система Сату операциялары – продажа Тапсырма: 1.Мына терминдердің қазақша баламасын жазыңыздар Подоходный налог, налог на ценные бумаги, отечественное налоговедение, прямые налоги, налог на страхования, налог на передачу акции, налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные средства, двойное налогобложение. 2.Сөйлемдерді өз сөздеріңізбен аяқтаңыздар Елімізде салық саясаты... Салық сомасы 10 % мөлшерлемесімен ... Салық сомасы қолма –қол ақшамен ... Заңды және жеке түлғалар белгіленген тәртіппен... Мемлекет салық саясатын... Салық төлеуші арнаулы салық тәртібін... Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Заңды тұлға дегеніміз кім? 2.Заңды тұлғалардан алынатын салықтарға қандай салықтарды жатқызуға болады? 3.Жылдық жиынтық табыс дегеніміз не? 4. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табыстарын атаңыздар. 36 - сабақ

Жеке тұлғаларға салынатын салық Меншік құқығына салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады. Егер салық салу обьектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу обьектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу обьектісінің меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуінің салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі – ағымдағы жылдың 1 қазаны болып табылады.

Page 70: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

70

Жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық отандық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінен үзілмей алынып келеді.Олар дәстүрлі, негізгі, тікелей болып табылады. Сөздік: Меншік құқығы – права собственности Жеке тұлғалар – физическое лицо Салық салу обьектісі – объект налогообложения Ортақ үлес – общий доход Мүлік салығы – имущественный налог Салық төлеуші – налогоплательщик Дәстүрлі –традиционный Келісім – соглашение Күнтізбелік жыл –календарный год Ағымдағы жыл –текущий год Танылады – является Тапсырма: 1.Сөздікті пайдаланып, мына сөз тіркестерін аударыңыздар. а) Сақтанушы төлейді, құнды қағаздарға салынатын салық, салық заңдары, салық органдары, салық кодексі, жоспарланған салық, б) Уақыт факторы әрбір іске қатысты, уақытыңды тиімді пайдалан, уақытыңды жоспарла, уақыт алтыннан да қымбат, уақыт ұлы емші, уақытыңды бағалай біл, уақытыңды қайтара алмайсың, уақыт өте түсінесің. 2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздердің бірін қойып көшіріп жазыңыздар. Бюджетке салық төлеу бойынша есепті салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей .... Жеке түлғалардан мүлікке салынатын салықты есептеу мен ... кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің экономикалық – құқықтық ... өте зор.Салықты төлеу міндеті азаматтық борыштық ... болып табылады. Қажетті сөздер: жүргізіледі, міндет, төлеу, маңызы Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар кім болып табылады? 2. Жеке тұлғаларадың салық төлеу міндеттемелері қандай? 3. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі қашан? 4. Жеке тұлғаларға салынатын салықтар қандай түрлерге бөлінеді?

Page 71: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

71

37 - сабақ

Салық жүйесі Салық жүйесі – салық төлеуші мен мемлекеттің мақсатымен байланыста болатын салықтардың жиынтығынан түратын кешен. Салық жүйесі – бұл, мөлшерлемелерді \ставкаларды\, төлеушілер және салық салу обьектілері, төлеу тәртібі, жағдайы және мерзімдері, есептеу мен тіркеу әдістері көрсетілген, заңдарға сәйкес белгіленген, көрсетілген уақыт аралығында әрекет ететін \жұмыс істейтін\ барлық салықтар тізімі. 1991 жылы 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі» туралы заңы қабылданды. Осы заңда салық жүйесін құрудың жалпы принциптері, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі, әр деңгейде бюджетке есепке жатқызылуы, сондай – ақ салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері, олардың осы төлемдерді толық және уақтылы бюджетке аударылуына жауапкершілігі анықталған. Осы Заңға сәйкес салықтар үш топқа бөлінді: 1.Жалпы мемлекеттік салықтар; 2.Міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар; 3.Жергілікті салықтар мен алымдар. Аталған салықтар мен алымдардан басқа жергілікті алымдар мен салықтардың 17 түрі белгіленген. Көріп отырғанымыздай, салық жүйесі көптеген әр түрлі салықтардан, алымдардан және басқа да бюджетке төленетін төлемдерден құралған, өте күрделі жүйе. Сөздік: Сөздік: Салық жүйесі – налоговая система

Салық жүйесі

Заңдық, нормативтік

база

Салықтарды алудың принциптері мен

түрлері

Салықты бақылаудың

әдістері

Ұйымдастыру

ҚР заңы,Салық кодексі,жарлық-тар,салықтарды төлеу жайлы инструкциялар

Әр түрлі принциптер мен элементтер

Камералық бақылау,салық төлеушілердің мониторингі

Салық органдары мен қаржы полициясы бөлімдерінің салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді алуы

Page 72: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

72

Мөлшерлеме – ставка Әрекет ету - действовать Салық төлеу тәртібі – правило оплаты налога Төлеу тәртібі – правило оплаты Мемлекеттік салықтар – государственные налоги Жергілікті салықтар – местные налоги Күрделі жүйе – сложная система Жауапкершілігі – ответственность Белгіленген – отмеченный, отмечено Салық төлеушілер құқығы – права налогоплательщиков Тізім – список Тапсырма: 1.Мәтінге сүйене отырып өз сөздеріңізбен сөйлемдерді жалғастырыңыздар. Салық жүйесі – 1991 жылы 25 желтоқсанда... Аталған салықтар мен алымдарда... Салық жүйесі көптеген... Аталған заңға сәйкес салықтың... Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Салық жүйесі дегеніміз не? 2.«Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі» туралы заңы қашан қабылданды? 3.Аталған заңда қандай жауапкершілік анықталған? 4.Салықтар неше топқа бөлінеді? 38 - сабақ

Салық міндеттемесі туралы түсінік Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс –әрекеттер жасайды: 1.Салық органына тіркеу есебіне түрады.

Page 73: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

73

2.Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілердің есебін жүргізеді. 3.Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді, салық базалары мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді. 4.Салық есептілігін жасайды және оны белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарына табыс етеді. 5.Салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай – ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайда, салық өсімпұлдары мен айыппұлдарын төлейді. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды белгіленген мерзімде дербес жүзеге асырады және мерзімінен бұрын орындауға ерікті. Сөздік: Салық заңдары – налоговые законы Міндеттеме –объязательство Әрекет жасау – действовать Тіркеу есебі – учет регистрации Міндетті төлемдер – обязательные платежи Салық органы – налоговый орган Есебін жүргізу –вести учет Табыс ету –поручить Айыппұл – штраф Мерзім – время, период Белгіленген мерзім –установленное время Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Салық міндеттемесі деген не? 2.Салық міндеттемесін орындау үшін не істеу керек? 39 - сабақ Кедендік төлемдер мен салықтар Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлдарды, өнімдерді өткізген жағдайда, заңмен белгіленген ақы төленеді. Кедендік төлемдердің төлеушілері кеден заңында белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік кеден шекарасы арқылы тауарларды әкелетін немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкететін кедендік төлемдерді тікелей төлейтін заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады.

Page 74: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

74

Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін және осы аумақтан тысқары жерлерге әкетілетін тауарларға салынатын кедендік төлемдерді Кеден – Тариф кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді. Қазақстан Республикасының кеден аумағында кедендік төлемлер ставкалары:

- салық салынатын тауардардың кедендік құнына пайызбен есептелінетін адвалорлық төлемдер;

- салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін ерекшеленген төлемдер.

Кедендік төлемдер мен салықтар кеден декларациясы қабылданғанға дейін немесе қабылданған күні төленеді. Кедендік төлемдер мен салықтар мемлекеттік, яғни республикалық бюджеттің кірісіне енгізіледі. Сөздік: Кедендік төлемдер –таможенная плата Заңды және жеке тұлғалар – юридические и физические лица Адвалорлық төлемдер – адвалорная плата Ерекшеленген төлемдер – особенные платежи Республикалық бюджет – Республиканский бюджет Кеден декларациясы – таможенная декларация Кеден шекарасы – таможенная граница Белгілейді – устанавливает Кеңес –совет Заңмен белгіленген – установлено законом Үкімет - правительство Тапсырма: 1.Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. Кедендік төлемдер мен салықтар кеден декларациясы қабылданғанға дейін немесе қабылданған күні төленеді. Кедендік төлемдер мен салықтар мемлекеттік, яғни республикалық бюджеттің кірісіне енгізіледі.Кедендік төлеушілердің төлеушілері кеден заңында белгіленген Қазақстан Республикасының жарлығына сай төлейтін заңды және жеке тұлғалар болып саналады. Кедендік төлемнің келесі бір түрі арнайы кедендік баж болып саналады. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Кедендік төлемнің төлеушілері кімдер? 2.Заңмен белгіленген ақы қандай жағдайда төленеді? 3.Кедендік төлемдерді кім белгілейді? 4.ҚР кедендік төлемдер ставкаларын кім белгілейді?

Page 75: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

75

5.Кедендік төлемдер мен салықтар қандай бюджеттің кірісіне енгізіледі? 40 - сабақ «Кез –келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін жалғыз ғана бухгалтерлік есеп», - деген данышпан Цирул

Бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік шот, қаржылық есептілік Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат береді. Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы обьектісі нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған деп қарастырылады. Осы қатынас баланстық әдістің негізіне салынған.Ол төмендегі екі жақты тәсіл арқылы іске асырылады: актив \ сол жағы\ және пассивтен \ оң жағы\ тұратын кестеден құрастырылады. Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп тұрады, қозғалыста болады. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен бухгалтерлік шоттарда бейнеленген. Бухгалтерлік шоттар есепті регистрлер болып саналады. Оларда шаруашылық операциялар жазылады. Құралдар мен олардың көздерінің әрбір түрі үшін жеке шот ретінде қарастырылған. Өзінің тәсілі бойынша - бұл сол жағы «дебит» деп, ал оң жағы «кредит» деп аталатын кесте түрінде көрсетілген. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметінің үлгісі болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады: құжаттау, шоттардағы қосарлы жазу, калькуляциялау, бағалау,түгендеу,баланс. Сөздік: Көзқарас – взгляд, мировозрение Баланстық әдіс – балансовый метод Екі жақты тәсіл – двусторонний метод Шаруашылық құралдар – хозяйственный метод Қозғалыс – движение Бухгалтерлік шоттар – бухгалтерский счет Шаруашылық операциялар – хозяйственные операции Қаржы – шаруашылық қызметі –финансово -хозяйственная служба

Page 76: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

76

Күшейе түсті – усилился Көрсетілген –указано Қарастырылған - предусмотрено Қосарлы жазу –двойная запись Өзгеріп тұрады - меняется Жәрдем – помощь, поддержка Тапсырма: 1.Сөйлемдердегі керекті сөздерді мәтіннен алып, көшіріп жазыңыздар. 1. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің ... ... ... күшейе түсті. 2.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен ... ... 3. Баланс белгіленген мерзімге ... ... мен олардың көздерінің жағдайын көрсетеді. 4. Олар үнемі ... .., қозғалыста болады. 5. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен ... ... бейнеленген. 6. Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметінің ... болып табылады. 2.Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт – бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлайды. Сондықтан бухгалтерлік есеп халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Кез – келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып –өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға болады. Кәсіпорындағы бухгалтер маманының қай – қайсысының болмасын негізгі кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға дұрыс мәлімет беру болып табылады. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Нарықтық экономика жағдайында есептің рөлі қандай? 2.Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің маңызы қандай? 41 - сабақ

Page 77: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

77

Еңбекақы

Еңбек пен еңбекақының есебі бухгалтер жұмысының көп еңбекті қажет ететін және ең жауапты учаскелердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта еңбек табыстары максималды мөлшермен шектелмейді, олардың көлемі тек жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығымен ғана реттеледі. Еңбекке ақы төлеу екі түрге бөлінеді: жұмыс көлемі бойынша (есептің негізіне орындалған жұмыстың көлемі мен оның бірлігінің бағалауы арқылы алынатын жағдай), уақыт бойынша (есептің негізіне жұмыстың 1 сағат уақытының тарифтік мөлшерлемесі немесе атқарылған уақыт үшін еңбекақы мөлшері \оклад\ алынатын жағдай). Сондай –ақ негізгі еңбекақы жұмсалған еңбек немесе атқарылған уақыт үшін және қосымша заңдарға сәйкес төлеуге жататын атқарылған уақыт үшін төленеді. Бұған демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша төлемдер, еңбекақыға әр түрлі қосымшалар да жатады. Барлық жағдайда атқарылған және атқарылмаған уақыт жұмыс уақыты есебінің табелінде көрсетілуі тиіс.Қосымшаларды төлеу шарттары мен нақты мөлшерлері кәсіпорынның өзінде белгіленеді және еңбекақы туралы ережелерде немесе ұжымдық келісім шарттарда көрсетіледі. Сөздік: Еңбекақы – зарплата Ең жауапты – самый ответственный Қазіргі уақытта – нынешнее время Жеке тұлғалар – физические лица Табыс салығы – подоходный налог Тарифтік мөлшерлеме – тарифный объем Қосымша заңдар – дополнительные законы Ұжымдық келісім шарттар – коллективный трудовой договор Тапсырма: 1.Төменде берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріп жазыңыздар. 2.Еңбекақы сөзіне өз сөздеріңізбен анықтама жазыңыздар. Еңбекақы – жұмысшыға ұйымның орындаған ... үшін төлейтін ақшалай сыйақысы.Еңбекақы құрылымын жасау ... немесе еңбек еңбек ресурстарының міндеті болып табылады. Еңбекақы бір жағынан жалданған жұмысшының табысының ...Екінші жағынан еңбекақы өндірістің ... болып табылады. Көп дәрежеде еңбекақы жұмсалған еңбектің көлемі мен сапасы ... анықталады.

Page 78: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

78

Керекті сөздер: кадрлар бөлімі , жұмысы, элементі, арқылы ,бір факторы . 3.Мәтінді мәнерлеп оқып, өз сөздеріңмен мазмұнын, негізгі мақсатын айтып беріңіздер. Еңбек өмірінің сапасын жоғарылату. Еңбек өмірінің сапасы – бұл ұйымдағы жұмысқа жұмысшының қанағаттануы.Ол үшін:

- Жұмыс қызықты болуы керек; - Жұмысшылар өз жұмыстары үшін әділ сыйақы алулары керек; - Жұмыс ортасы таза және жақсы жабдықталған болуы керек; - Басқарушы жағынан бақылау минималды болу керек;

( жылы адамгершілікті климат) - Жұмысшылар өз жұмысына қатысты шешім қабылдауға қатысуы

керек; - Достық қатынастың дамуы мен жұмыстың кепілдігі қамтамасыз

етілуі керек; - Медициналық және тұрмыстық құралдармен қамтамасыз етілуі

керек. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Еңбекақы есебі қай маманның жауапты ісі? 2.Еңбекке ақы төлеу нешеге бөлінеді? 3.Қазіргі уақытта еңбек табыстары қалай реттеледі? 42 - сабақ

Аудиторлық тексеріс

Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі бағыты. Аудит – бақылаудың шығармашылық талдауы. Нарықтық экономика кезінде жаңа мамандық - аудитор мамандығы пайда болды. Аудитор - арнайы лицензиясы бар маман. Бүгінгі аудитор қызметі тек тексеруші ғана емес, сол сияқты кеңесші – аналитик рөлін де орындайды. Аудиторлар сізге кәсіпорынның қаржы қызметіндегі қателерді тауып, оларды болдырмауға көмектеседі. Аудиторлық тексеріске қатысы бар дәлелдерді жеткілікті көлемде жинау аудиторлардың кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет.

Page 79: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

79

Сондықтан әр аудитор әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болуы керек:

- аудиторлық мәселелердің қажетті көлемін анықтау; - тексеру үшін шығындарын бағалау; - аудит жүргізу сапасын қамтамасыз ету.

Аудит жоспарын құру аудит жүргізудің жалпы принциптеріне, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:

- жоспарлаудың кешендігі; - жоспарлаудың үздіксіздігі; - жоспарлаудың оңтайлығы.

Сөздік: Акционерлік қоғам – акционерное обшество Экономикалық талдау – экономический анализ Қаржылық бақылау – финансовый контроль Аудитор мамандығы – профессия аудитора Кеңесші – аналитик – советчик -аналитик Шығындарды бағалау – оценивать расходы Жауапкершілік – ответственность Жеткілікті көлемде – в достаточном уровне Тексеріс –проверка Анықтау –определить Аудит жүргізу –вести работу аудита Тапсырма: 1.Мәліметті қазақ тіліне аударып жазыңыздар. Аудиторская проверка — проверка финансово - экономической деятельности предприятия, организации, проводимая аудитором на основании представленных документов по финансовой отчетности. При аудиторской проверке проверяются: бухгалтерская отчетность, соответствие правилам и законодательным нормам, установленным государственными органами, соответствие юридическим и хозяйственным документам (устав, учредительный договор, проспект эмиссии, контракты). Аудиторская проверка бывает обязательной, т.е. проводимой в определенные сроки, установленные законодательством, и инициативной - проводимой по решению руководства предприятия (организации). Результаты аудиторской проверки могут быть положительными, когда аудитор подтверждает достоверность данных баланса и финансовых результатов деятельности предприятия, и отрицательными, когда аудитор их не подтверждает. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Page 80: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

80

1.Аудит дегеніміз не? 2.Аудитор мамандығы қалай пайда болды? 3.Аудитор бүгінгі күні қандай көмек береді? Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары. 1.Салық дегеніміз не?\мәтінге сүйене жауап беру\ а) пайда көзінен алынған төлем ә) үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі. б) халыққа көмек төлем в) нарықтың обьективті төлемі г) тауар өндірушілердің төлемі 2.Салық алғаш рет қайда пайда болған? а) Ресейде ә) Қытайда б) Қазақстанда в) Өзбекстанда г) Америкада 3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі» туралы заңы қашан қабылданды? а) 1994 жылы 22 желтоқсанда ә) 1991 жылы 25 желтоқсанда б) 1996 жылы 23 желтоқсанда в) 1997 жылы 21 желтоқсанда г) 1998 жылы 24 желтоқсанда 4. Налоги и налогообложение – сөзінің қазақ тіліндегі аудармасы а) салық және салық төлеу ә) салық және салық алу б) салық және салық салу в) салық және салық беру г) салық және салық жинау 5. Сөйлемді аяқтаңыздар. Бухгалтерлік есеп ...\мәтінге сүйене отырып\ а) кәсіпорынның қаржы саясаты ә) кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметінің үлгісі б) кәсіпорынның қаржы процесі в) кәсіпорынның қаржылық есебі г) кәсіпорынның есеп жоспары 6. Сөйлемді аяқтаңыздар.Еңбек пен еңбекақының есебі ...\мәтінге сүйене отырып\ а) еңбек нәтижесіне байланысты ә) бухгалтер жұмысын ең жауапты жұмыстарының бірі

Page 81: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

81

б) сапалы жұмыспен байланысты в) нәтижелі жұмыспен байланысты г) бухгалтердің жұмысы 7. Көп нүктенің орнына тиісті сөз.Еңбекақы ... еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін ақы деп түсінеміз. а) бухгалтерге ә) қызметкерге б) жұмыстың в) кәсіпорынға г) нарықта 8. Сөйлемді аяқтаңыздар.Аудитор - ... а) шикізатты өндіруші тұлға ә) арнайы лицензиясы бар маман. б) өнімді қолданатын тұлға в) серіктестік мүшесі г) кәсіпорын меңгерушісі 9.Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыздар. а) Салық төлеуші белгіленген мерзімде орындайды салық міндеттемесін. ә) Салық төлеуші салық міндеттемесін белгіленген мерзімде орындайды. б) Салық төлеуші мерзімде орындайды белгіленген салық міндеттемесін. в) Салық міндеттемесін салық төлеуші белгіленген мерзімде орындайды. г) Белгіленген мерзімде салық төлеуші салық міндеттемесін орындайды. 10. Көп нүктенің орнына кажетті сөздерді көрсетіңіздер. Салық – салық салу тәсіліне қарай ... ... .... салық түрлеріне бөлінеді. а) міндетті ә) төте және жанама б) әлеуметтік в) жергілікті г) облыстық 43 - сабақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы бағдарламаларында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Елбасы: қайта қараудың қажет екендігіне мән береді.

Нарықтық экономика заңы

Рыноктың обективті түрде қолданылып жүрген заңдары, оларды елемеу қоғамды әлеуметтік және экономикалық прогреске жеткізбейді. Оларға мыналар жатады: 1) толық әкімшілік тәуелсіздік және тауар

Page 82: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

82

өндірушілердің дербестігі; 2) тауар өндіруші өз еңбегінің нәтижесін меншіктенуші болуға тиіс; 3) шикізатты жеткізушілердің және өнімді тұтынушылардың еркін таңдауы; 4) тауар өндірісін монополиясыздандыру; 5) прогрестік салық саясаты т.б. Нарық заңы бәсекеге сай болуды жүктейді. Кез - келген мемлекеттің басты макроэкономикалық мақсаты жалпы ұсыныс пен жалпы сұранысты тепе -теңдікте ұстап тұру. Ал нарық тұсында өндіруші мен тұтынушыдан тәуелсіз басқа да күштердің болатынын ескеру қажет. Ал мемлекеттің бұл жердегі басты мәселесі экономикалық және әлеуметтік үйлесімділікті сәйкестендіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Бағдарламаларында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Елбасы: нарықтық экономика тұсындағы еңбек нарығына қайта қараудың қажет екендігіне мән береді. Сөздік: тәуелсіздік — независимость дербестігі — самостоятельность меншіктенуші — собственник нәтиже — результат өнім — продукция заң — закон елемеу — игнорирование сыртқы жарнама — наружная реклама жарнама бюросы — рекламное бюро несие ұсыну — предоставлять кредит жарғылық қор — уставной фоңд нарық стратегиясы — рыночная стратегия айналым салығы — налог с оборота тұтыну құны — потребительская стоимость жүйелер — система кәсіптік сана — профессиональное сознание іскерлік — деловитость белсенділік — активность Тапсырма: 1.Септік жалғауларын анықтап, жазыңыздар.

Нарықтық экономика Әрбір бизнесте,оның қай салаға жататынына қарамастан , маркетинг қызметінің бөлігі – баға тағайындау .Өнім мен қызметке тағайындалатын баға тікелей және жанама шығындарды өтейтін,пайда түсіретіндей жеткілікті табыс кіргізетін болуы керек. Баға тағайындаудың әдістері қаржыларды, әсіресе ,өндіріс шығындарын есептеуге ,экономиканың

Page 83: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

83

терең тұңғиықтарын , сонымен қатар тұтынушылардың талаптарын , талғамын ,сұранысын терең түсінуге негізделеді.Баға тағайындау бизнестегі іскер ,кәсіпкер адамдардың қашан да болса дұрыс түсіне бермейтін сатысы болып саналады.Тәжірибеге сүйенсек,фирмалар өз еркімен бағаларды көтере бергендіктен,нарықтан тыс қалған сәттерін жиі көрсетеді.Бір жағынан,бағаны төмендету көп фирмаларға сәтсіздік әкелгенін тағы білеміз.Нарықтық экономика жағдайында баға тағайындау жүйесінің ерекшелектерін тереңінен түсіну үшін осы жүйенің негізгі аспектілерін қарап өткен жөн. 2.Мәліметті оқып, орыс тіліне аударыңыздар. Нарық жағдайындағы басқару құрылымы

- Нарықтың сұранымы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімделуі;

- Өндіріс төзімділігін жоғарылатуға үнемі талпыну; - Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі

түзету; - Шешім қабылдау кезінде көптеген мәселелер үшін қазіргі

техниканы пайдалану. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Нарықта объективті түрде қолданылып жүрген заңдары қандай? 2. Кез - келген мемлекеттің басты макроэкономикалық мақсаты не?

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы бағдарламаларында неге аса мән береді? 44 - сабақ

Қазақстанның экономикалық жағдайы Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты нарықтық экономиканың жағдайына негізделген. Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемелекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге тиіспіз. Осымен мемлекеттің өзі де еркін экономиканың кепілі болуы керек. Біз саналы да жігерлі халықпыз. Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне күмәніміз жоқ. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200 – ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылық саласы да дамып келеді.

Page 84: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

84

Ұлттық әл – ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан 26 сатыға ілгеріленіп, 110 ел арасынан 50 –ші орынға көтерілді. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қорыта айтқанда «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады» - демекпіз. Сөздік: Экономикалық өрлеу – экономическое развитие Нарықтық экономика – рыночная экономика Ұлттық капитал – национальный капитал Еркін экономика – свободная экономика Тәуелсіздік жылдарында – в годы независимости Шағын және орта бизнес – малый и средний бизнес Ауылшаруашылық саласы –сельскохозяйственная сфера Қазақстан азаматтары – граждане Казахстана Сапасын көтеру – улучщить качество Әлем мемлекеттері – Мировые государства Тапсырма: 1.Мына сөйлемдерден септік жалғауларын тауып, ажыратыңыздар. Өзін – өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар - біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.Біздің экономикамыз бәсекеге қабілетті тиімді технологияларға негізделуі керек. Біздің бағдарламамыздың басты мақсаты - халықтың әл - ауқатын жақсарту. 2.Қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер:

- Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады; - Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет - бірлікпен толығады.

3. Мәліметті орыс тіліне аударыңыздар. 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары. Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын артыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады: біріншіден, бизнес - ахуалды елеулі жақсарту; екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

Page 85: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

85

1.Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы неге негізделген? 2.Қазақстан халқы қандай халық? 3.Біздің ел әлемнің қандай даму кезеңінде тұрмыз? 4.Экономикалық өрлеу біз үшін маңызды ма? 45 - сабақ

2030 — стратегиясы

1997 (бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші) жылы елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті - Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау. Онда еліміз дамудың қайсы кезеңінде тұрғаны керсетілген, Қазақстанның міндетті ісі белгіленіп, ұзақ мерзімді нақты мақсаттары айқындалып, оларға жан — жақты талдаулар жасалған. Ұзақ сапарға аттанған кемеге компас қандай қажет болса, бұл бағдарлама біздің халқымыз үшін де сондай маңызды. Бағдарламада белгіленген міндеттердің бәріне қол жете қоймас, әйтсе де, біздерге — Қазақстандықтарға оны жүзеге асыруға сенімді беталыс керек, өйткені бәрі өз қолымызда, халық қолында.

Қазақстан - 2050 стратегиясы 2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл бүгінде әлемдік қауымдастықтың бағыт - бағдары. Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс. Мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс. Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек. Басқарушылық шешімдер мемлекет деңгейінде төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс.Тек қысқа мерзімді ғана емес, ұзақ мерзімді нәтижелерді де есепке алу. Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет. Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану екі бірдей нәтиже береді: біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл - біз үшін жаңа тәжірибе. Жас кадрлар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары.

Page 86: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

86

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан. Біз – жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді. 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз.Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдіміз. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Сөздік: жолдауы — послание гүлдендіру — процветание тұрмысын өркендету- улучшение благосостояния сенімді беталыс — верное направление ұзақ сапар –долгий путь тыныштығын қорғау – сохранить спокойствие Қазақстанның міндетті ісі –главная задача Казахстана Бағдарлама – программа Маңызды – важно Біздің жетістіктеріміз –наши достижения Саяси бағыт – политическое направление Басқарушылық шешімдер –решение руководителя Қалыптастыру –сформировать Жас кадрлар –молодые кадры Халық қолында –в руках народа «Алтын ғасыр» - «Золотой век» Тапсырма : 1 .Мақал — мәтелдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар. 1. Отан - елдің анасы, Ел — ердің анасы. 2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас 3. Ел іші - алтын бесік. 4. Ел бірлігі — ел тендігі. 5. Бірлік болмай тірлік болмас.

Page 87: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

87

6. Бірлік, ынтымақ — байлық бақ. 7. Ырыс алды ынтымақ. 2.Керекті сөздерді қойып көшіріп, жазу. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Бұл - тарих заңы. Сондықтан қазақтың бірлігі - елдігіміздің кілті, ең ... Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ... өзімізге - қазақтарға керек. Болашақтың ... қалай елестетеміз? 2050 жылғы қазақстандықтар – ... сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімді болу керекпіз. Олар - әлемнің ... Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім ... құштар. Олар ... Олар - өз елінің ... Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ... Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, Ол - тәуелсіз .... Керекті сөздер: басты мәселесі, Қазақстанын ,меңгеруге ең алдымен, үш тілде , азаматтары, еңбексүйгіш, патриоттары, ұлымыз, Отанымыз, Қазақстан Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан 2030» Жолдауы қай жылы жарияланды? 2. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті не? 3. ХХІ ғасыр Қазақстан үшін қандай ғасыр? 4.Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған нешінші елінің қатарында болуға тиіс? 5. 2050 жылға қарай қандай қоғам құруға міндеттіміз? 46 - сабақ

Экономиканы білу пайда

Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та обьективті. Экономика заңдары табиғат заңдары сияқты обьективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Page 88: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

88

Экономика — бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегеңді білдіретін көне грек сөзі. Өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз. Базарға шыққанда кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу —экономика. Яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді. Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тік тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау — бәрі де экономика. Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол. Сөздік: басқару өнері — искусство управлять күнделікті тұрмыс — обычная жизнь табиғат заңдары — законы природы тұрмыс — быт, жизнь ұрпақ — подрастающее поколение, поколение ұрпақ үшін күрес — борьба за подрастающее поколение экономика зандары — законы экономики Тапсырма: 1.Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз. - Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның бірлігі неден тұрады ? -................................................................................................. . - Біз күнделікті тіршілікте қандай сөздерді жиі естиміз? -............................................................................................... . - Үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына дейін басқару үшін нені білуіміз керек? - ............................................................................................. . - Нарықтық экономика дегеніміз не? - ............................................................................................ .

Page 89: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

89

- Сіз қалай ақшаңызды үнемдейсіз? - ........................................................................................... . 2.Көп нүктенің орнына жіктік жалғауды қойып, көшіріп жазыңыздар. Біз күнделікті тіршілікте «үнем», «үнемдеу», «үнемшіл» деген сөздерді жиі ести... . Мен ертең белгілі экономиспен кездесе... . Сен әке-шешеңмен бірге тұра... ба? Сен бос уақытыңды достарыңмен бірге өткізе... . Сендер бас маманмен сөйле... . Біз өз жанұямыздың экономикасын ұйымдастырып отыр... . Сіз жанұяңыздың бюджетін дұрыс бөлуге, жарықты, суды ақшаны, үнемдеуге, мүлікке ұқыпты қарауға тырыса... . 3. Жауаптарға байланысты сұрақ қойыңыз. - ............................................... ? - Мен банкке бара жатырмын. - ................................................. ? - Экономика – «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген грек сөзі. - ................................................ ? - Мен жарықты, суды ақшаны үнемдеуге, мүлікке ұқыпты қарауға тырысамын. Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Экономика немен байланысты? 2. «Экономика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны

білдіреді? 3. Экономиканы жақсы білу бізге қандай мүмкіндік береді? 4.Экономика неге апарар жол? Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары. 1.Дұрыс құрастырылған сөйлемді белгілеңіздер. а) Нарықтық экономика заңы ең тиімді жолмен шешетін экономикалық жүйе мәселелерді. ә) Нарықтық экономика заңы экономикалық мәселелерді ең тиімді жолмен шешетін жүйе .

Page 90: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

90

б) Нарықтық экономика заңы ең тиімді жүйе экономикалық мәселелерді жолмен шешетін. в) Нарықтық экономика заңы экономикалық жүйе ең тиімді мәселелерді шешетін жолмен. г ) Нарықтық экономика заңы ең тиімді экономикалық мәселелерді жолмен шешетін жүйе. 2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді белгілеңіздер. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет - ... толығады» а) байлықпен ә) бірлікпен б) молшылықпен в) қазынамен г ) сабырлылықпен 3. Елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан 2030» Жолдауы қай жылы жарияланды ? а) 1995 жылы ә) 1997 жылы б) 1989 жылы в) 1991 жылы г ) 1993 жылы 4.Мақалдың жалғасын табыңыздар. Ынтымақ жүрген жерде, ... ... ... а) Бірлік қоса жүреді ә) Ырыс бірге жүреді. б) байлық болады в) той –думан қоса жүреді г ) пәле –жала болмайды 5. XXI - ғасыр Қазақстан елі үшін қандай ғасыр болып саналады? а) «гүлденген ғасыр» ә) «алтын ғасыры» б) «бейбіт ғасыр» в) «жаңа ғасыр» г ) «мықты экономика ғасыры» 6. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қандай дәрежеде болуға тиіс? а) әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарында болуға тиіс. ә) әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. б) әлемнің ең дамыған 40 елінің қатарында болуға тиіс. в) әлемнің ең дамыған 20 елінің қатарында болуға тиіс. г ) әлемнің ең дамыған 60 елінің қатарында болуға тиіс. 7.Экономиканы немен салыстыруға болады? а) байлықпен ә) табиғатпен б) мамандықпен в) біліммен

Page 91: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

91

г ) ұлттық мұрамен 8. «Экономика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?\ мәтінге сүйене отырып\ а) қаржы саласын басқару өнері ә) үй шаруашылығын басқару өнері б) бюджет мағынасын білдіреді в) ұлттық қор мағынасын білдіреді г ) нарық саясатын білдіреді 9.Мақалдың жалғасын белгілеңіздер Байлықтың атасы –еңбек, ... ... а) анасы -күш ә) анасы -жер б) анасы - ақыл в) анасы - жігер г ) анасы - сабыр 10.Мақалдың жалғасын белгілеңізлер Елің — панаң, а) Отаның атаң ә) Жерің — анаң. б) Халқың тірегің в) Бауырың қамқорың г ) Тілің мақтанышың 47 – сабақ

Іскерлік кездесу.Келіссөздер жүргізу Төменде берілген мәтінді оқып, нарық экономикасы аясындағы ұсыныстарды әңгімелеңіздер. Біздің кәсіпорын сізбен тұтыну тауарларын шығару үшін бірлескен өнеркәсіп құру туралы мәселені талқылағысы келеді. Біз сіздермен өнеркәсіп жұмыстарыңызбен танысу үшін, сіздердің талаптарыңызды білу үшін келдік.Сондай –ақ күнделікті тұтыну тауарларын жеткізу туралы шарт жасасуға дайынбыз. Кейін бірлескен сауда орындарын ашуды ұсынамыз.Біз сіздермен 10 млн. доллар көлемінде ұзақ мерзімді келісімшарт (контракт) жасамақпыз.Контракт бойынша жеткізуді Халық банк қаржыландырады.Сондай –ақ біздің фирма бартерлік келісімшарт варианттарын талқылауға дайын. Сөздік: Бірлескен кәсіпорын – совместное производство Ұзақ мерзімді келісімшарт - долгосрочный контракт Жеткізуді қаржыландыру – финансировать поставки

Page 92: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

92

Шарт жасасу – заключить договор Талқылау – обсудить Бірлескен сауда орындары – совместные торговые точки Қаржыландырады –финансирует Тұтыну тауарлары – потребительские тавары Келіссөздерге қажетті сөйлемдер

1.Фирмаңызды қалай таныстырасыз? біздің фирма 20.. жылы құрылған. Фирма құрылтайшысы...

немен айналысады? Ауыл –шаруашылық өнімдерін шығарумен... Тауарды жеткізіп беру қызметімен ... Құрылыс қызметін көрсетумен .. Делдалдық қызмет көрсетумен ... Ғимараттарды жиһазбен жабдықтау қызметімен ... нені өндіреді? Ауыл –шаруашылық өнімдерін ... Мақта өнімдерін ... Сапалы тауарларды ... 2.Өзіңіздің сапарыңыздың мақсаты туралы қалай айтасыз? (Как сказать о цели своего визита) Үлгі: Біздің сапарымыздың мақсаты – бірлесіп жұмыс істеу. Бірлескен өнеркәсіп ашу туралы келіссөз жүргізу. Бірлескен компания ашу туралы, бірлескен өнеркәсіп ашу туралы шартқа , келіссөзге, келісімге қол қою. Біз баға мәселесін, жеткізу мәселесін талқылауға т.б. қызметтер ұсынуға келдік. Біздің фирма ұзақ мерзімді контракт жасамақ. 3.Келісімшарт мазмұнын қалай сұрауға болады? Үлгі: Қандай келісімшарт жасағыңыз келеді ? Бұл келісімшарттың мерзімі қандай? Сіз ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді контракт жасағыңыз келеді ме? Келісімшарттың көлемі қандай?

Page 93: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

93

Астанаға бизенс жасауды бастағыңыз келді делік.Сіз іскер әріптесіңізбен келіссөз жүргізу мақсатында Астанаға келдіңіз.Жоғарыдағы материалдарды пайдалана отырып өзіңіздің пікіріңізізді білдіріңіз. Қызметте сұхбат жүргізуге көмектесетін сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер. (выражения, которые помогут вам произвести деловую беседу) 1.Әңгімені қалай бастау керек? Мен ... мәселесін талқылау үшін келдім. Өткен жолғы келісімге сәйкес ... ... мәселе бойынша кірісейік. Біз ... бастаймыз деп ойлаймыз. Бәрінен бүрын ... талқылау керек. Біздің ұсыныстарымыздағы ... кейбір мәселелер талқылануы керек. 2.Келісім, сенімділікті қалай білдіреді. Үлгі:Тұтастай алғанда сіздің ұсынысыңыз қабылданды. Жалпы алғанды сіздің ұсыныстарыңыз қабылданды. Сіздің жобаңыздың шарттарымен келісеміз. Толықтай сізбен келісеміз. Сіздің ойыңызбен келісеміз.Сіздің шарттарыңызбен келісеміз.Бізге бұл қолайлы. Сіздің келісіміңіз өте дұрыс. Өте дұрыс. Келісітік. Ешқандай қарсы емеспін. Бұл жақсы ой. Біз сіздің бағытыңызды қолдаймыз. Сізбен пікірлескенімізге қуаныштымыз. Сіздің сеніміңізді ақтаймыз. 3.Келіспеуді, қарсылықты қалай білдіреді. Үлгі: Біз басқа көзқарастамыз. Мен сіздің ойыңызбен келіспеймін. Сіздің айтқан ұсыныстарыңызбен қанағаттанбаймыз. Мен сізбен келіспеймін. Менің ойым, көзқарасым сіздікінен өзгерек. Менің ойым, пікірім басқа. Біз өз көзқарасымызды өзгертпейміз. Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмаймыз.

Page 94: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

94

4.Өтінішті қалай білдіру керек. Біз сізге ризашылығымызды білдіреміз. Біз сіздерге сенеміз. Сіздер мына мәселе бойыншаа көмектесе алар ма едіңіздер. Қол ұшын бере алсаңыздар. 5.Кешірім сұрау жолдары. - үшін ғапу етіңіз - үшін тағы да кешірім сұраймыз - үшін кешірім сұрауға тиіс. 6.Әңгіменің аяқталуы Сөзімнің соңында мыналарды айтқым келеді. Талқылаудың қорытындысын шығарамыз. Біз келісім туралы мәселелердің негізгі түйінін қарастырдық деп ойлаймыз. Біз жоспарлаған істің бәрін шештік. Мәселе шешілді деп есептеуге болады деп ойлаймыз. Талқылауға қатысқандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Сізбен бірге әрі қарай да бірлесіп жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Осы келісімнің негізінде зор нәтижеге жететініміз белгілі. 7.Уақыт, сыпайылық туралы мына мақалдарды, ойларды қалай түсінесіз? Уақыт –алтыннан қымбат. Уақыт –емші. Біреудің бір сағат 1 тиын, енді біреудің бір сағаты 1000 теңге тұрады. Ханға да қараға да тәулігіне берілетін уақыт тәулігіне 24 сағат. «Сіз» деген сыпайылық, «Сен» деген анайылық. Кішіпейілділіктен кішіреймессің Адамдықтың белгісі – Иіліп сәлем бергені, Шын достықтың белгісі – Көп кешікпей келгені. Банктегі ситуациялардан сұхбат құраңыздар Үлгі: - Сәлеметсіз бе? Самат Кәрімұлы!

Page 95: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

95

- Сәлеметсіз бе? - Кешіріңіз сіз маған 2-10 минут уақытыңызды бөле аласыз ба? - Қандай мәселемен келдіңіз? - Шағын кәсіпорын ашу мақсатымен банкте есеп –шот ашайын деп

сізбен кеңескім келеді. - Бұл әңгіме көп уақыт алмайды.Бірақ мен дәл қазір келіссөзге

барамын. - Қашан уақыт бөле аласыз. - Сізге ыңғайлы болса, ертең 11 –де келіңіз. - Жақсы, рахмет! - Сау болыңыз!

48 - сабақ

Құжаттармен жұмыс істеу

Оқуды бітірген соң өз мамандықтарыңыз бойынша қызметке орналасасыздар. Қызметке орналасқанда қандай құжат толтырасыздар? Келісімшарт – тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Келісім әр жаққа бір – бірден екі түпнұсқада жасалады.

К келісімшарттың құрылымы: - құжат аты; - келісімнің жасалған орны және күні; - тараптардың аты – жөні, мекен – жайы және куәліктерінің нөмірі

мен берген мекеменің атауы; - келісмшарт мәтіні; - нотариалдық кеңседе куәландырылған жазба; - келісім тіркелетін тізбе; - алынатын мәліметтік салық,

- нотариустың қолы. Еңбек келісімі Астана қаласы «__»_________20 ж ______________ атынан, Жарғы негізінде әрекет жасаушы, одан әрі Ұйым,кәсіпорын атауы «Тапсырушы» делінетін, бір жағынан және азамат ________тұрушы, одан әрі «Орындаушы» делінетін, екінші жағынан осы Еңбек келісімін төмендегі мәселелер бойынша жасасты:

I.Келісім заты 1.Мынадай жұмыстарды ______________________________________

__________________________________________________________________

Page 96: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

96

Тапсырушы тапсырады, ал Орындаушы орындайды. 2. Тапсырушы Орындаушыны осы Келісім бойынша көзделген жұмысты орындауға қажет барлық жағдаймен қамтамасыз етеді. 3.Тапсырушы осы келісім шарттарына сайкес жұмысты дер кезінде қабылдап, ақысын төлеуге міндеттенеді. 4.Орындаушы жұмысты сапалы және адал орындауға міндеттенеді. II. Еңбекақының мөлшері мен төлеу тәртібі Еңбекақыны төлеу осы келісім бойынша _______________________ жасалады және 10% міндетті зейнетақы жарна бұған енбейді.Еңбекақы істелген жұмыстардың қабылдау- тапсыру актісі немесе жұмыстың орындалғанын растайтын басқа құжат болған жағдайда теңгемен төленеді. Еңбекақыны төлеу мерзімі - кәсіпорын белгілеген айлықты беру кезі болып табылады. III. Тараптардың жауапкершілігі 1.Тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындалғаны немесе нашар орындағаны үшін белгіленген заңдарға сәйкес материалдық жауапкершіліктер жүктейді. 2.Орындаушы істелген жұмыстың сапасына кепілдік береді. IY.Басқа шарттар 1.Тараптардың бірі келісім бойынша алған міндеттемелерін бұзатын болса, екінші тарап шартты біржақты бұзуына болады. 2.Осы келісім қол қойған кезден бастап күшіне енеді. 3.Келісімнің қолдану мерзімі «___»___________ дейін. 4.Осы келісімде көрсетілмеген басқа мәселелер бойынша екі тарап қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алады. Тараптардың заңды мекен – жайы. Тапсырушы Орындаушы Заңды мекен – жайы Үйінің мекен – жайы Қызметі, қолы Құжаттық мәліметтері Қол иесінің толық аты- жөні Жеке қолы Күні Қол иесінің толық аты- жөні М.О Күні Тест сұрақтарына жауап беріңіздер. 1.«Барлық» сөзінің синонимдерін табыңыз. а\ қоғамдық, әлеуметтік ә\ көптік,аумақтық б\ барша,бүкіл,күллі в\ халықтық,мемлекеттік,ұлттық г\ көлемдік,ұлттық

Page 97: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

97

2.Тараптардың еңбек құқығын қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат ___________ а\еңбек келісімі ә\ сенімхат б\ хаттама в\ бұйрық г\ қолхат 3.Келісімшартта менің қатысуым кезінде тараптар _________ а\келісті ә\жүргізді б\дауласты в\қол қойды г\ шешті 4. «В соответсвии с условиями контракта» тіркесінің қазақ тіліндегі дүрыс баламасын көрсетіңіз. а\ контракт шарттарына сәйкес ә\ контракт жағдайларымен байланысты б\ контракт жағдайларымен сәйкес в\ контракт шарттарына қатысты г\ контракт мәселелеріне орай 5.Келісім неше данада жасалады? а\ бір ә\ екі б\ үш в\ төрт г\ бес 6. Келісімнің бір данасы _______сақталады а\ жұмысшыда ә\ нотариуста б\ хатшыда в\ үйде г\ компьютерде 7.Келісім екі тарап арасында ________ а\ қаралады ә\ реттейді б\жазыдалы в\жасалады г\құрылады. 8. «Актуальный вопрос» үшін қай баламаны таңдайсыз ? а\ маңызды мәселе ә\ өзекті мәселе б\ негізгі мәселе в\ күрделі мәселе г\ әлеуметтік мәселе 9.Шағын кәсіпорын сөзіндегі шағын сөзінің антонимі қайсы?

Page 98: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

98

а\ кіші ә\ орташа б\ үлкен в\аудандық г\аймақтық 10. «Приватизация» сөзінің қай баламысы дұрыс ? а\ меншікті беру ә\ меншікті сату б\ міндеттену в\ меншіктеу г\ жекешелендіру

Page 99: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

99

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Орысща –қазақшы қазіргі экономика терминдерінің түсіндірме сөздігі,- Алматы: Экономика,1999 ж ; 2.К.Бектаев. «Үлкен қазақша - орысша, орысша –қазақша сөздік»,- Алматы: Алтын қазына, 2000 ж; 3.Ж.Д.Абдиева, Г.С.Бағжаева, М.М.Қаламолдин. «Қазақ тілі»,- Алматы: Арыс, 2001 ж ; 4. З.Күзекова.Г.Қарақұсова. «Қазақ тілі» Алматы: «Раритет» 2002 ж; 5.Б.А.Байтанаева.Менеджмент.Оқу құралы.- Алматы: Қаз ҰТУ, 2001 ж; 6.Сейтжан Сатыбалдыұлы.Маркетинг – нарықтану.- Алматы: Білім, 2001 ж; 7. К.Е. Азметов. Менеджмент негіздері, - Алматы, 1993 ж; 8.С.Н.Нысанбаев, Г.А. Садыханова. Маркетинг негіздері. – Алматы: «Қазақ университеті», 2002 ж.

Page 100: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

100

МАЗМҰНЫ 1 - сабақ

Қазақ тілі туралы 4

2 - сабақ Қазақстан рәміздері 6 3 - сабақ Менің Отаным - Қазақстан 9 4 - сабақ Біздің колледж 11 5- сабақ Кітапхана 13 Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары 15 6 - сабақ Менеджердің қызметі 17 7 - сабақ Менеджмент ұғымы 18 8 - сабақ Менеджердің негізгі функцияны атқаруы 19 9 - сабақ Менің мамандығым 20 10 - сабақ Менеджер мамандығы 21 11 - сабақ Менеджердiң iскерлiк этикеті 23 12- сабақ Билiк және менеджердiң беделi 26 13 - сабақ Лидер және менеджер 27 14 - сабақ Басқарудың түрлері 28 15 - сабақ Жарнама 30 16 - сабақ Өткізуді ынталандыру 32 17 - сабақ Ұйымдастыру 33 18 - сабақ Менеджерге қойылатын талаптар 34 19 - сабақ Жоспар қажет пе? 36 20 - сабақ Кәсіптік сана 38 21 - сабақ Маркетинг стратегиясы 39 22- сабақ Отандық тауарлар- 2020 .Тұтыну 40 23 - сабақ Маркетинг қызметi деген не? 42 24 - сабақ Кәсіби сөздермен жұмыс 43 25 - сабақ Бәсеке керек пе? 44 Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары 45 26 - сабақ Ақшаның мәні мен маңызы 47 27 - сабақ Инфляция 49 28 - сабақ Ұлттық теңге 51 29 - сабақ Теңге тарихы 52 30 - сабақ Ұлттық байлық 55 Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары

56

31 - сабақ Жанұялық бюджет 58 32 - сабақ Студенттік бюджет 59 33 - сабақ Жергілікті бюджет 61 Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары 62 34 - сабақ Салық дегеніміз не? 64 35 - сабақ Заңды түлғаларға салынатын салық 67 36- сабақ Жеке тұлғаларға салынатын салық 68 37 - сабақ Салық жүйесі 69 38 - сабақ Салық міндеттемесі туралы түсінік 71

Page 101: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

101

39 - сабақ Кедендік төлемдер мен салықтар 72 40 - сабақ Бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік шот, қаржылық

есептілік 73

41 - сабақ Еңбекақы 75 42 - сабақ Аудиторлық тексеріс 77 Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары 79 43 - сабақ Нарықтық экономика заңы 80 44 - сабақ Қазақстанның экономикалық жағдайы 82 45 - сабақ 2030 — стратегиясы «Қазақстан 2050» стратегиясы

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 84

46 - сабақ Экономиканы білу пайда 86 Білімді пысықтауға арналған тест сұрақтары 87 47 - сабақ Іскерлік кездесу.Келіссөздер жүргізу 30 48 - сабақ Құжаттармен жұмыс істеу 94

Page 102: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

102

Page 103: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

103

Page 104: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

104

Page 105: 0515000 «Менеджмент» және 0513000 «Маркетинг» …kekk.kz/kz/wp-content/uploads/2016/11/kasibi-kazak-tili-paninen... · Аханова Б.А., Қазтұтынуодағы

105