№25 (3083) 2014-03-04

12
ǹǧʹǮȂdz ǴǬ" ʽǧǰǫǧ" ʽǧǿǧǴ" 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 25 ÒÆÊÒÆμ 4 ÎÁÔÑÜÈ ÇÜÌ 6 +$0<.= È ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ùüĨüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì -9°..-4° -17°.. -15° ɶɯɹʃɯʊɧɾʛ ɧʇʊʛʆǰ ɳɧʁɧɾʛ ɼʣɩɯɹɯɮʧ ʫˬ˙˘˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ˪˧˭˟˵˵˧೮ ˪˟೮˟˥˵˧ˬ˛˟ˮ ˯˵- ˲˳ˮ˞˘ ˙˞ˢ˟˵˵˧˪ ˳˘ˬ˘ ˭˘˭˘ˮ˞˘˲ˮ೮ ˢ˘ˬ˘೪˳ˮ ˘˲˵˵˲˱ ˺˘ˬ೪˵ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪ ೪˯˲೦˘˶ ˾˘˲˘ˬ˘˲ ˾˟೮˙˟˲˧ˮ˞˟ ˣ˟˥ˮ˟˵˘೪ˬ˘˲ ˭˟ˮ ˢഉ˲˞˟˭˘೪ˬ˘˲ ˭ˬ˾˟˲˧ˮ ˞˟ ˪˙˟˥˵˶˛˟ ˙˘˥ˬ˘ˮ˳˵ ˵˘˱˳˲˭˘ ˙˟˲˛˟ˮ ˙˯ˬ˘˵ˮ ʽ˳೦˘ˮ ˙˘˥ˬ˘ˮ˳˵ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ˙˯˥ˮ˾˘ ʥ˘೪ˬ˘˶ ˢഉˮ˟ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪ ೪˯˲೦˘˶ ˞˟˱˘˲˵˘˭˟ˮ˵˧ˮ˧೮ ˙˘˳˾˳ ʪഉ˭˟ˢ˘ˮ ˁʤʪ˄ʤʤˁʽʦʤʺʫʻ ഉ೮˛˧˭˟ˬ˟˳˪˟ˮ ˟˞˧˪ Жаңа емханалардың ашылуына және қызмет көрсету шекарасының өзгеруіне байланысты бұған дейін №8 емхана қызмет көрсетіп келген аумаққа жаңа мекенжайда қызмет көрсетілетін бола- ды. Атап айтқанда, Респу- блика даңғылы 2/1 – Рес- публика даңғылы 18, Ке- несары көшесі 42 – Кене- сары көшесі 50, Уәлиханов көшесі 1 – Уәлиханов көшесі 9, Бараев көшесі 1 – Бараев көшесі 25 үй тұрғындарына, яғни, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер бөлімдерінің номерлері 81-88 учаскелеріне бұдан енді Шевченко көшесі, 1 ғимаратында орналасқан №4 қалалық емханада медициналық қызмет көрсетіледі. Биылғы 10 ақпаннан бастап 188-көше, 8 үйде №10 қалалық емхана- ның ғимаратын кезең- кезеңмен пайдалануға бе- руге байланысты жалпы тәжірибедегі дәрігерлер №4 және №5 қалалық емханалар учаскесінің тұрғындарын қабылдай бастады. Атап айтқанда, №4 қалалық емхананың 14, 15, 16, 25, 26, 28, 31, 32 және №5 қалалық емхананың 51, 53, 54, 52, 55, 56 учаскелерінің тұрғындары №10 емханада қаралады. Емханаларда тұрғын- дарды қабылдауға бай- ланысты орын алып жатқан бұл өзгерістер медициналық қызмет көрсетудің сапа- сын көтеруге және емделушілерді қабылдауды жеңілдету үшін жасалуда. ǁLjǑƼljƼ ǂɛLjǗǍǗ ǂǁɍƲLJǀǁDžǀƲ ʫˬ˯˲˞˘˞˘ ζϰ ೪˘ˬ˘ˬ೪ ˟˭˺˘ˮ˘ ˙೦˘ˮ ˞˟˥˧ˮ ζϴ ˟˭˺˘ˮ˘ ೪ˣ˭˟˵ ˪˲˳˟˵˧˱ ˪˟ˬ˛˟ˮ ˘˶˭˘೪˵˘ ˢ˭˳ ˧˳˵˟˥˵˧ˮ ˙˯ˬ˘˞ ʥˬ ˵˶˲˘ˬ ÝãÄ»þ ˳˘˥˵ˮ˘ ೪˘ˬ˘ˬ೪ ʪ˟ˮ˳˘˶ˬ೪ ˳˘೪˵˘˶ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ˮ˘ˮ ˺˘˙˘˲ˬ˘˞ ˁˣ ˳˵˘˲ ʹ ˙˞˧ˬ˞˘ ˪˟˥˧˱˪˟˲˧ ʹ ˇ˘˲ˤˣ˘ ʅɹ ʂɯʃ ʈɯɶʧʂ ʃɧɾʛʘʊɧʇʛ Ñ ¼ Ç × IJ ¼ Ì ¼ Ç × IJ ĵ Å Á Ç À Á Ì Æ Ĵ É ³ É Á ¼ Ì É ¼ Ç ı ¼ É È Á Ì Á Æ Á Ç ³ Æ ³ Í - Ô ¼ Ì ¼ Ç ¼ Ì ȕȈțȘȣȏ 8 4-бетте 5-бетте 6-7-беттерде

Upload: -

Post on 22-Mar-2016

230 views

Category:

Documents


4 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №25 (3083) 4 наурыз 2014.

TRANSCRIPT

Page 1: №25 (3083) 2014-03-04

25 4

-9°..-4°-17°.. -15°

-

Жаңа емханалардың ашылуына және қызмет көрсету шекарасының өзгеруіне байланысты бұған дейін №8 емхана қызмет көрсетіп келген аумаққа жаңа мекенжайда қызмет көрсетілетін бола-

ды. Атап айтқанда, Респу-блика даңғылы 2/1 – Рес-публика даңғылы 18, Ке-несары көшесі 42 – Кене-сары көшесі 50, Уәлиханов көшесі 1 – Уәлиханов көшесі 9, Бараев көшесі 1 – Бараев көшесі 25

үй тұрғындарына, яғни, ж а л п ы т ә ж і р и б е д е г і дәрігерлер бөлімдерінің н о м е р л е р і 8 1 - 8 8 учаскелеріне бұдан енді Ш е в ч е н к о к ө ш е с і , 1 ғимаратында орналасқан №4 қалалық емханада м е д и ц и н а л ы қ қ ы з м е т көрсетіледі.

Биылғы 10 ақпаннан бастап 188-көше, 8 үйде №10 қалалық емхана-ның ғимаратын кезең-кезеңмен пайдалануға бе-руге байланысты жалпы тәжірибедегі дәрігерлер №4 және №5 қалалық емханалар учаскесінің

тұрғындарын қабылдай бастады. Атап айтқанда, №4 қалалық емхананың 14, 15, 16, 25, 26, 28, 31, 3 2 ж ә н е № 5 қ а л а л ы қ емхананың 51, 53, 54, 52, 55, 56 учаскелерінің тұрғындары №10 емханада қаралады.

Емханаларда тұрғын-дарды қабылдауға бай-л а н ы с т ы о р ы н а л ы п жатқан бұл өзгерістер м е д и ц и н а л ы қ қ ы з м е т к ө р с е т у д і ң с а п а -с ы н к ө т е р у г е ж ә н е емделушілерді қабылдауды жеңілдету үшін жасалуда.

– -

84-бетте

5-бе

тте

6-7-

бетт

ерде

Page 2: №25 (3083) 2014-03-04

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бразилияда әлемге әйгілі карнавал өтті. Ел тұрғындары төрт күн бойы үздік би мектептері мен топтарының өнеріне тәнті болды. Карнавалды тамашалауға шетелдерден 900 мыңға жуық турист келген.

Жапония астанасында құстарға арналған дәмхана ашылды. Бұл дәмханаға келген адамдар экзотикалық құстардың ортасында отырып тамақтанады. Мұндай жағдай адамдарға ерекше мейірім сыйлайды екен.

Францияда әжелер күні аталып өтілді. Әр жылдың наурыз айындағы бірінші жексенбіде аталып өтілетін бұл мерекеде 55 жастан асқан әйелдерге ерекше құрмет көрсетіледі. Француз әжелері бұл күні әдемі киініп, күні бойы қыдырады екен.

Пәкістан астанасындағы сот ғимаратына шабуыл жасалды. Қаруланған екі адам автоматтан оқ атып, граната лақтырған. Салдарынан 11 адам қаза болған. Жанкештілер өздерін де жарып жіберген.

98028 Астана қаласындағы орта білім беретін мектептерде осынша оқушы білім алуда.

ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының көрмесі өтті.

С.Сейфуллин мұражайында «Сұңқар Сәкен» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.Басталуы: 11.00-де

«Назарбаев орталығында» Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Қазақстанның нәзік күші» атты экспозициялық көрме өтеді.Басталуы: 10.00-де.

Ол негізінен мүгедектерді тұрақты жұмысқа тұрғызу, мүмкіндігі шек-теулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау, қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағыт та лған ақпарат тандыру жұмысын күшейту, мүгедектер құқығы аяқасты болмайтынын құқықтық алаң құруды көздейтін негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бұл күнде «Нұ р Отанның»

алғашқы партиялық ұйымдары құрылған мекемелерде 14,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек етеді. Алдағы уақытта ондағы мүгедектердің санын белгіленген 3% квотаға дейін жеткізу жоспар-ланып отыр.

Әлеуметтік және көлік инфра-құрылымдардың 83 пайызға (15,5 мың) жуығы мүгедектерге қолайлы емес екені анықтал ды. «Нұ р Отан» партиясының аймақтық

филиал дары ол жақтағы нысандар-ды құжаттау мен бейімдеу мони-торингі жұмысын бастап кетті. Елімізде тұрып жатқан 630 мыңға жуық мүгедектің еңбекке жарамды жастағыларының саны 405 мың екен. Олардың 20 пайызынан аста-мы ғана, яғни 83 мыңы жұмыспен қамтылған. Ал 17 мың мүгедектің жұмыс істеуге ынтасы бар.

Айгүл УАЙСОВА

Әсіресе, осы жылдың аяғына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялаған Елбасына өз әріптестерінің алғыстары шексіз екенін айтқан ол кәсіпкерлердің сансыз тексерістерден тартқан зардаптарына тоқталды. Оның айтуынша, «Ақ жол» партиясынан Пар-ламентке сайланған депутаттар жаңадан ашылған кәсіпорындарды жоспарлы тексерістен босату ұсыныстарын Үкіметке дүркін-дүркін жолдап оты-рыпты. Алайда, ұсыныстары қолдау таппапты.

«2003 және 2008 жылдары да шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланған. Бұл әрине, кәсіпкерлік саланың жұмысына оң әсерін тигізді. Қазіргі мораторийді де Үкімет те, бизнесмендер де тиімді пайдаланып қалуы керек» деген А. Перуашев мораторий кәсіпкерлерге әсіресе Ұлттық қордан бөлінетін 1 трлн теңгені жайлы жағдайда, ешқандай әкімшілік қысымда-рынсыз игеруге мүмкіндік беретінін айтты.

Парламент депутатының пікірінше, Мемлекет басшысының тағы бір шешімі – Бизнес – омбудсменді немесе басқаша атасақ, кәсіпкерлердің құқын қорғайтын институтты енгізу де бизнесмендерге ұшан-теңіз пайда әкеледі.

«Ұлт көшбасшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан отандық кәсіпкерлікке қолдау білдіріп келеді. Мәселен, 1992 жылдың 4 шілдесінде «Жеке кәсіпкерлікті қолдау туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының бірі болатын. Сондықтан, 4 шілдені – Кәсіпкерлер күні ретінде белгілеу ұсынысын бірнеше рет жасадық. Бұл ұсыныстан әлі тайған жоқпыз» деді халық қалаулысы.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 3: №25 (3083) 2014-03-04

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

– Қазіргі заманда гинекологиялық қатерлі дерттердің қатарын жатыр мойнының ісігі бастап тұрғаны белгілі болып отыр. Онколог-дәрігерлердің айтуынша, елімізде 10 500 әйел осы ауруға шалдығып, жылына 655 адамның ажалы осы дерттен келеді екен. Яғни, осы кеселдің салдарынан күніне екі әйел көз жұмады деген сөз. Со-нымен қатар, жатыр мойнының обырына шалдыққан әйелдердің 16 пайызы бір жылдың, ал, 40 пайызы 5 жылдың ішінде көз жұматыны да анықталып отыр.

Осы дерттің алдын алудың бірден бір жолы – вакцина егу. Сол себепті 11-12 жасар қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы ерікті түрде екпе жасауды қолға алып жатырмыз.

– Бұл жоба еліміздің бірнеше қала-рында өтті ғой. Оның қорытын дысы туралы не айтасыз?

– Алматы, Атырау, Павлодар қалаларында 11-12 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы ерікті түрде вакцина егілді. Алматыда үш мыңнан астам, Атырауда мыңға тарта қыздар осы процедурадан өтті. Жалпы бұл тәжірибе 80-ші жылдары қолға алынып, әлемнің көптеген елдерінде таралды. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу 42 елде қолданылады екен. Өтпелі жасқа дейінгі, толыспаған кезеңде вакцина егілген қыздар болашақта жатыр мойнының ісігімен ауырмайтыны белгілі болды.

– Вакцина егу қалай жүреді? Алдын ала педиатрдың тексеруінен өтетін болар?

– Вакцина созылмалы ауруы жоқ дені сау қыздарға егіледі. Егу алдында қыздар дәрігердің тексеруінен өтеді. Ата-ана-сымен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстары

жүргізіледі. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егілгеннен кейін қыздар жарты сағаттай дәрігер бақылауында болып, сол күнгі сабақтан босатылады. Ал одан кейінгі үш күн ішінде мектеп меди-цина қызметкерлерінің бақылауында бо-лып, егілгендердің денсаулығында болған өзгерістер қадағаланады.

Ең бастысы, ерікті түрде, аналарының келісімімен вирусқа қарсы егілетінін айтқым келеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін болсақ, адам папилломасы вирусына қарсы вак-цина – жатыр мойны обырына қарсы бірден бір амал екенін білген дұрыс. Бұл шара осы дерттің алдын алу және оның туындау қаупін төмендету мақсатында жүргізілетінін қыз өсіріп отырған ата-аналардың есіне тағы да салғым келеді.

Айгүл УАЙСОВА

Кеше Америка киноөнер академиясы 24 номи-нация бойынша үздік деп танылғандарға 86-шы рет «Оскар» сыйлығын табыстады. «Екінші сорттағы» жаңалықтардың ең бастысы осы сияқты. Әнеугүні әңгімелеп қойған «Уол-Стрит-тан» ешкім топ жарып, төрге озбады. Таяуда ғана Ди Каприоның қайырымдылық жасаған болып жан-жаққа ақша шашқаны да киножүлде алуына ықпал ете алмады. Шіркінің әлі сол жалаңаш күйінде...

Шыны керек, бізге салар болса, жоғарыда аталған 24 жүлденің барлығын дерлік түрік пен үнді сериалдарының кейіпкерлеріне үлестіріп бе-рер едік. Себебі, сонау «Асау жүректен» бастап «Келінге» дейінгі уақытта шетелдік арзанқол фильмдердің қазақ ортасында әжептәуір ауди-ториясы қалыптасып және ол кеңейіп те үлгерді. Мойындамасқа амал жоқ. Әлгі сериалдардың сағаты соққанда ауыл көшелерінен үрген ит пен сауын сиырлардың қарасын ғана көретін жағдайға жеттік. Бар тірлікті ысырып қойып, бала-шағамызбен бірге теледидардың алдына жиналамыз. Содан тәрбие аламыз. Тәрбие үйретеміз. Ішіміз күйеді.

Сериал десе, ішкен асымызды жерге қояты-нымызды білсе керек, ауылға Ананди келіпті. Кәдімгі «өзіміздің жылауық келін»! Құшақ жая қарсы алдық. Өз қызындай көріп өзеуреп жатқандар да бар екен. Не сенерімді, не сенбесімді білмей мен тұрмын...

Ақиқатын айтайықшы. Жаһандану деген жалмауыздың көмейіне жұтылып кетпеудің бір амалы болса, ол – ұлттық құндылығымызды сақтап, оны ұдайы дәріптеп отыру. Ал Ананди бастаған шетелдік сериалдардың бізге берері мол, әрине. Бірақ кері бағытта. Сондықтан қой терісін жамылып, маңырап жүрген қасқырларға қазірден бастап қақпан құра білейікші. Әйтпесе, ұлағат көрмей өскен ұрпағымыздың ұлардай шулағанынан не қайыр?!

Шевченконың жұрты шыбын жанын шүберекке түйіп, қос аждаһаның аузында шыр-пыр болып жатқанда етек-жеңімізді жинамай, біздің бейқам отырғанымыз жарамас.

[email protected]

Яғни, 2013 жылы әкімшілік істердің 95 пайызына ескерту берілген екен. Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев бұл құқықбұзушылықпен күрес емес, керісінше алдын алудың нақты шарасы екенін айтады. «Жалпы, қабыл-данған шаралар бизнеске оң ықпал етуде, оған тәуелсіз әлеуметтік сауалнама айғақ» деген төраға жұмыс сапасына байланыс-ты жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысымен таныстырды.

Саладағы басым бағыттардың бірі – халыққа электронды қызмет көрсетуді жетілдіру. Бүгінде онлайн-тіркеу жүйесі бойынша екі мың адам кәсіпкер ретінде тіркелген. Жалпы саны 440 мыңға жуық патент электронды форматта берілген. Бір жылдың ішінде 16 миллионға жуық қызмет көрсетілсе, оның 12 миллионы электрон-ды түрде шешімін тапқан. Электронды қызметтің саны мен сапасын арттыру биыл да жалғасын табады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Брифингте Ғалия Жолдыбаева ке-йінгі жылдардағы жеке кәсіпкерлік субъек тілеріне жүргізілген тексеру жұ мыстарының қорытындысы туралы әңгіме қозғады. Оның айтуынша, 2013 жылы мемлекеттік органдар 182 126 тексеру жүргізген екен. Ол 2012 жыл-мен салыстырғанда 25 пайызға аз.

2013 жылдың қорытындысы бойын-ша әкімшілік жазалаудың жалпы са-нындағы айыппұл үлесі 98 пайыз ды құраған, ал бұл мемлекеттік орган-дардың ескертуді әкімшілік жазалау шаралары ретінде қолдануды қала-майтынын білдіреді. Айыппұлдың сомасы 13,8 млрд теңгені құрады және оның негізгі үлесі жоспардан тыс тек-серулер барысында салынған.

Ал Бауыржан Бекешов бизнесті дамытуда атқарылып жатқан шара-лар туралы айтты. Ол: «Министрлік жақында Парламентке «Рұқсаттар

және хабарламалар туралы» Заң жо-басын ұсынады және сол Заң кәсіп-керлерге ауыртпалық түсіретін негізсіз рұқсаттарға тосқауыл қоятын болады» деді. Заң қабылданар болса, кез келген мемлекеттік орган өз беттерінше жаңа рұқсаттар енгізе алмайды. Сонымен қатар, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөнінде Заң жобасы әзір-ленетін болады.

Рұқсат беруді автоматтандыруға қатысты 2012 жылы лицензиялардың барлық түрін ұсыну электронды фор-матқа ауыстырылғаны және 80 рұқсат беру құжатының автомат тан дырыл-ғаны белгілі. 2013 жылы тағы да 214 рұқсат беру рәсімі сондай фор матқа көшкен-ді. Жалпы, барлық құ жаттарды электронды жүйеге алмас тыру 2015 жылы аяқталатын болады.

Page 4: №25 (3083) 2014-03-04

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– -

8

-

Б і р н е ш е ж ы л д а н б е р і жергілікті бюджет қаржысы есебінен 8 наурыз мерекесіне орай «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медалімен марапатталған, кәмелетке толмаған 4 және одан артық бірге тұратын баласы бар көп балалы аналарға, тұрақты қызмет ететін Ардагерлер кеңесі комиссиясының мүшелеріне бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Барлығы 7 мың 700

адамды қамту жоспарланып отыр.

«ҚР мемлекеттік наградала-ры туралы» ҚР заңына сәйкес «Күміс алқа» медалі алты баланы дүниеге әкеліп, алтыншы бала бір жасқа толған соң және басқа ба-лалар тірі болса беріледі. Ал жеті және одан көп баласы бар аналар соңғы бала бір жасқа толғаннан кейін «Алтын алқа» медалімен марапатталады.

Page 5: №25 (3083) 2014-03-04

5www.astana-akshamy.kz

Бұл портреттің авторы – қарағандылық суретші Таңсық Мәжитова. Осыдан екі-үш жылдай бұрын Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай қазіргі Назарбаев орталығында ұйым-дастырылған «Адам. Уақыт. Дәуір» көрмесінен

(Басы 1-бетте)– Дәмежан Төлеубайқызы, биыл-

дан бастап, жалақы және әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі арта-тынынан жұртшылық хабардар. Мұндай төлемдерге елордадан қанша тұрғын ие бола алады?

– 2014 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері мөлшерін 9%-ға арттырды. Олардың саны әлеуетті құрылымдар саласының зейнеткерлерін қоса есептегенде 58,5-тен астам тұрғын деген сөз. Осылайша, Астана қаласы бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 43 553 теңгені құрады, ал республика бой-ынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 35 183 теңге.

– Сонда биыл 1 сәуірден бастап, бұл төлем көлемі тағы көбейеді ғой?

– Иә, 2014 жылдың 1 сәуірінен бас-тап зейнетақы төлемдерінің көлемі тағы да көбейеді. Яғни, 2014 жылы зей-нет ақыларды жалпы арттыру мөлшері 14 пайызды құрайтын болады.

– Жұртшылыққа түсінікті болу үшін тарқатып, кеңірек айтып берсеңіз?

– Мысалы, азамат С-ның зейнетақы мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін 32 000 теңгені құрады делік. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап оның зейнет ақысы 9%-ға, яғни 34 880 тең-геге көбейді. Ал 1 сәуірден бастап зей нетақы мөлшері мынадай тәртіпте есеп телетін болады: алғашқыдағы 32 000 теңгені 14%-ға арттырамыз, яғни ол 36 480 теңге болады. Жалпы 14 пайызға арттыру дегеніміз – осы. Үстеме ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 600 теңгені құрады.

Фариза ақынның жағын таяна, мұңлы жана-рымен ойлана қалған қалпы көзімізге оттай басылып, алдында ұзақ тоқталғанымыз бар еді. Бар болғаны Арқалық педагогикалық институтының көркем сурет факультетін тәмамдаса да, қылқаламшы ретінде бо-яуы қалың, болмысы бөлек дүниелерге бейім Таңсық кейінгі он шақты жылда қазақ қоғамының белгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің портрет галереясын жасауды сүйікті ісіне айналдырыпты. Әр портреттің артында тұлға хақында тұщыну, қыр-сырына қанығу бар. Сырын білмей сыршырай шықпайды, әйтпесе. Фариза ақынға да суретші сондай мағлұмат жинап барғанмен, өлеңдегі бейнесі мен өмірдегі мінезі бір-біріне кереғар жанмен бетпе-бет келгенде жіпсіз маталғанын айтады. Әрі қарайғы сөзді Таңсықтың өзіне берейік:

«2011 жылдың бас кезі еді. Телефон арқы-лы жөнімді айтып ем, «Жарайды, келе ғой»

деп құлықсыздау жауап қатқанына қара мастан, мольбертімді, бояуымды алып үйіне бардым.

Бір уақытта:– Мені, жұрт «тікенек» дейді. Ал, ертең салған

суретің ұнамай қалып, тілім тиіп кетсе қайтесің?

– деп тергей бастады. Өзімнің қазақша ағылып тұрғаным шамалы, шала былдырлап, ық жағынан сая тапқандай боп іске кірістім. Баяғыда өлеңдерін неміс тіліне тәржімалауға келген аудармашы әйелді алдына тартқан қойдың басына кеңкілдеп күлгені үшін үйінен қалай шықпыртып қуып шыққандығы жөнінде ел аузында жүрген әңгіме қайта-қайта есіме түсіп, аяқасты ебіл-дебіл бола қалдым. Апайымның жұмыс үстелінде жиырылып отырғанын көріп, мүлде қолым жүрмеді. Шыдай алмай, рұқсат сұрап кетіп қалдым.

Шыға көзімнен жас парлап, ақынның сынай қа-ра ғанына арбалып қалғаныма бір жағы қорла нып, бір жағы мысы басым екенін мойындап келемін.

Содан кейін біраз уақыт қолыма қылқалам ұстай алмай қалғаным есімде. Бірнеше айдан соң Асанәлі Әшімов ағамыздың портретін салудың орайы түсті. Қорыққаннан не жан қалды дейсіз? Беттің арын белбеуге түйіп, ағамызға болған жайды баяндап, «сіз де сөйтіп кілтіңізді аспаннан іздетіп әуреге салмайсыз ба?» деген сұраулы жүзбен қарағаным бар.

Әртіс дегенің – қанша дегенмен оңай жұғы-сатын, адам жанының емшісі екен ғой. Менің тосылып тұрғанымды байқап: «Қызым, шығар-машылық адамында ондай тоқырау болады.

Апаңның ә дегеннен көңілге қонақ бермеуі сенен жеткілікті дайындықты көрмеген болуы керек. Жүрегің орныққанда, тағы бір алдынан өт» деп ақылын айтты.

Қоңыр күзде қайыра қоңырау латтым. Бұл жолы ақынның иі жұмсақ:

– Ә, Таңсықсың ба? Сені сол кеткеннен жоғалған шығар деп ойлап едім. Келе ғой, айналайын! – деп, әңгіменің түйінін өзі тарқатып берді. Содан үш-төрт күн жұмыс істедік. Таңертең өзі бәйек болып күтіп алады. Өз қолымен пісірген ыстық тоқаш-бауырсағын да жедім, ыстық ықыласына да бой жылыттым. Жұрт қатал, бетке айтатын тікмінез дейтін Фариза ақынның шын мәнінде жүрегі нәзік, көкірегі шерлі, өзім деген жанға өзегін жұлып берердей бауырмал жан екенін сонда сездім. Бірталай әңгіме айтты, бірақ ортадағы көзге көрінбейтін байланысты ұстап, есіл-дертім ке-неп үстіндегі кейіпте болғанда оның ешқайсысын қаперге ілмеген екем ғой.

«Келесің дәйім шілденіңОт күні болып, ынтығып.Құшағыңдақұрып сүлдерімШыға алмай қаламбұлқынып. Кетеді сонда жон аттапТәкаппар менің өрлігім,Жанарда жүрген қонақтапҚоңырқай күзде сорлы мұң» - деп жырлаған ақынның ішінде өзімен бірге та-

лай құсалы сыр, құмбыл дауыс кеткендей болады да тұрады» дейді Таңсық суретші. Сол күннен қалған естелік – ақынның сәтті портреті қазір Таңсықтың төрінде ілулі тұр.

Әділбек ЖАПАҚ

Құрметті қала тұрғындары! Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр-

лігінің Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-ның қалалық филиалымен бірлесіп «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-ның аудандық бөлімшелерінің базасында 2014 жылдың 3 наурызынан 2014 жылдың 3 сәуіріне дейінгі аралықта зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру тәртібін түсіндіру бойынша Ашық есік күндерін өткізеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайтын базалық зейнетақы төлемі ЕТК өзгеруіне байланысты 10 450 теңгеге дейін көтеріледі. (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТК 9 983 теңгені құраған).

– Басқа да әлеуметтік төлемдер төңірегінде не айтасыз?

– Мүгедектігі және асырушысынан айырылу жағдайы бойынша және жа-сына байланысты жәрдемақы жылдың басынан бері 7%-ға арттырылғанын ескергенде, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 12 % -ға ұлғаяды.

Нәтижесінде, аталған жәрдемақы-лардың мөлшері орташа есеппен: мүгедектігі бойынша 21 323 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 19 804 теңге, жасына байланысты жәрдемақы 10 450 теңгені құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстармен

мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілерінің лауазымдық жалақысына 10% мөл-шерде үстеме ақы төленетін бола-ды. Айталық, бүгінде қалада жұмыс істей тін бірінші санаттағы дәрігер-терапевтте 9 жылдан 11 жылға дейінгі еңбек өтілі болса, лауазымдық жала-қысы біліктілік санатына қосымша ақы есебімен (21236 теңге сомасында) 47428 теңгені құрайды, бүгінгі күнде оның еңбекақысының мөлшері 68664 теңгені құрайды, олай болса қазіргі үстеме ақы (4723 теңге) есебімен ол 73387 теңгені алатын болады.

Ал, ауылдық жерде жұмыс істейтін осындай бірінші санаттағы дәрігер-терапевтте лауазымдық жалақысы 59285 теңгені құрайды (ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 25%-ға ар-татын көбейткіш есебімен) және тағы біліктілік санатына қосымша ақымен (21236 теңге сомасында) бүгінде еңбекақысы 80251 теңгені құрайды. Лауазымдық жалақысына үстеме ақы (5929 теңге) белгіленгеннен кейін 1 сәуірден бастап ол 86450 теңге мөлшерінде еңбекақы алатын болады.

Сонымен бірге, 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолда уындағы Елбасының тапсыр-масын орындау шеңберінде азаматтық қызмет шілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуге байланысты 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілер еңбекақысын есеп-теу әдісі өзгеретіндігін, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақыларын білім беру саласында 29 %-ға, денсаулық сақтау саласында 28%-ға, басқа сала-ларда – 40%-ға дейін артатындығын атап өту қажет.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

айна лысатын адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы лар-дың көлемі 2014 жылғы 1 сәуірден бас тап қосымша арттыруды қосқанда айлық есептік көрсеткіш көлеміне бай-ланысты (бұдан әрі – АЕК) №1 Тізім

бойынша 17 451 теңгені, №2 Тізім бойынша 15 512 теңгені құрайды.

– Ал мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік сала мамандарының жалақысы қаншалықты көтерілді?

– Осы жылдың 1 сәуірінен бастап

Page 6: №25 (3083) 2014-03-04

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Өлең жазғанның бәрі ақын емес екені қашаннан мәлім. Өлеңші мен ақын қатар тірлік құрып, бірге жер басып жүргенде ғана біріне-бірі ұқсайды. Екеуі бірдей өлең жазған соң бір одаққа мүше, бір литфондының наны мен майын да тең жеулері (өлеңшінің артығырақ жеуі де) мүмкін. Бірақ, бұл «теңестік» – уақытша нәрсе. Кейін өлеңші ұмытқа айналады да, болашақпен бетте-су және тілдесу үшін өмірде ақын қалады. Өйткені, ақын әлеуметтік өмірдегі көрнекті тұлға. Ол – қауымға жаңа пікірлер естіртіп, ойлы сөздер айтқан адам, ол – өзі өскен ортаға қуаныш-шаттық әкелген, қайғының қандай түріне жылап, қандай түріне қарсы шабуды үйреткен ұстаз. Ол – өмірді ұғындырған, оны сүюді үйреткен, жалған сөйлемеген, қара басының қамын арттыру үшін ешкімге жалпақтамаған, оңай ұйқас, жеңіл ырғақтар қумаған жан. Менің Фариза өлеңдерінен бірінші алған әсерім: өлеңшімен емес, ақынмен кездестім. Кездестім де шексіз қуандым. Тұлға болып туған ақын барлық жазғандарында да түрлі қырларымен өзін көрсетіп отыруы хақ. Әйтсе де, бірегей бір жыр-мен өзін халқына, замандастарына ұсынуы, «Бұл менмін, менің болмы-сым осы, ұстаған бағдарым мынау» деп мәлімдеуі керек қой (әрине, өзіне өзі сенсе). Сонда бізге – оқушы қауымға ақынның қозғалыс-қимылын бағу, оның ишараттарына дейін жедел аңғару жеңілдей бермек. Фа-ризада мұндай мәлімдеме бар.

Мен революцияны жасамадым,мезгіл деген межеден аса алар кім?Б і р а қ , б і р а қ , ж а с қ а н ы п ,

жалтақтамай,болашақтардың есігін аша аламын.Соғысты да көргем жоқ, өкінбедім,(мүмкін, онда мен жайлы оқыр да

едің...)Бірақ, сол бір жылдардың жарақатыкөкірегімді сыздатып отыр менің.Мен жез едім,өмір өзі шыңдады алмас қылып,отыра алмаймын қаперсіз малдас

құрып,мен осынау беймаза планетадареволюцияны келемін жалғастырып.Соңғы екі жол:Мен өзімнің мазасыз жастығымдыұрпақтарға мұра қып қалдырамын.М і н е к и , а қ ы н « М е н і н і ң »

о й ы н д а ғ ы б и і к а р м а н қ у ғ а н қуаттылық. Осыны оқығанда мен кәдімгідей масаттанып, мақтанғым келді. Бұл ақын поэзиясының даңғыл жолы, идеясының айқын сипаты екен деп білдім. Өзінің ақындық

декларациясын мәлімдеген талай үлгілі ақындарды білеміз. Ойы жоғары, дауысы зор ақындар мұндай сөздерін мақтан үшін емес, өз за-маны, өз замандастарының алдында анты сияқты айтқан. Мына Фариза өлеңінде де сондай дауыс бар. Фа-риза бір кітабында: «Лирикалық кейіпкерлерім – әйелдер, олардың тағдыры, жан-дүниесі, күлкісі мен көз жасы – өлендерімнің арқауы» депті. Осы рас, Фаризаның өзгешелігі де осында. Бірақ, соған қарап ақын жырының негізгі тақырыбы адам, адамға деген үлкен махаббат екенін кішірейтіп, тарылтып алмауымыз керек. Адамды сүю керек, адамның сұлулығын жырлау керек деген өлеңдер Фаризада да аз емес. Ол адам туралы патетикалық қуатты сөздерді өте күшті, жалынды жаза-ды. Ақынның ең тамашасы – адам сұлулығын қалауынша айта білетін суретшілдігінде:

Қос жанарда тұрады арай кілкіп,қадалмайды, жалт етіп қарайды

үркіп.Сұқтанады сан көздер сұлулыққа,талықсиды қағылмай талай кірпік...Тағы бір шумағын келтірейін:Жұмыр кеуде жарасып иықпен тік,тұр талдырмаш денесін биіктетіп,Жалғыз жатыр жотада қара бұрымнәзік белге кей-кейде тиіп кетіп.Қандай әсем мүсін! Мүсін өнерінсіз

ұлттық көркем өнер жетістім, толдым дей алмайды. Поэзиядағы табиғат көріктерін жеткізетін сөз бояуы сияқты поэзияда мәрмар, граниттер-мен жарыса алатын сөз керек. Фариза жасаған мүсінде бояу арқылы жететін қасиеттер де бар. Қос жанары қандай нұрлы, әлі көздерін жалтылдатуы жетпей жатқан, оқтаулы қаруын жұмсай бере алмайтын нәуетек, сәби жан ғой бұл тұрған! Әйтпесе, жұртты өзі қалтыратудың орнына, өзгелерге үркіп қарар ма еді?! Екінші шумақта біз ғажайып сұлу жанды нәзік қимыл

үстінде көреміз. Ақынның қырағы көзі талдырмаш денені биіктетіп тұрған келісімдерді де дәл аңғарған. Тағы да қайталаймын: адамның бой-ынан сұлулық таппай тұрып, оның ой-ынан сұлулық табу қиын. Сондықтан шығар, Фариза «адам атты құдіретті күшке» үнемі бас иіп отырады. Ол құдіретті адам қолымен жасалған қалалардан, қайта жаңғырған далалар-дан, аспанды, мұхитты билеушілерден көреді:

Қанатты найза корабльдергеқызыға қарап қалам мен,аспан болмағаныма мұңданып, –

дейді ақын. Осы арада біз адамның аспан болмағанына мұңаюы арқылы оның аспан болғанын көргендей әсерленеміз . Бүгінгі талантты интеллектінің айырмашылығының өзі осында болу керек. Әбден жетіккен құбылыстардың барлық ғаламатын таныған, шексіз биіктік пен тереңдіктерге сай сезім байлығын тапқан адамда тоят жоқ қой. Ол барлық әлемдік гармонияға қызығады, ол барлық кеңістік пен жарықтарға ғашық. Ол барлық құдіретті, көрікті жандарға ғашық. Сондықтан, ондай жандардың қуаныштары да, қайғысы да өзгешерек, дәлірек айтқанда, көлемдірек, тереңірек болуы мүмкін.

С е н м а ғ а н б а қ ы т т а с ы ң , қайғыдасың,

ө м і р с і ң , т а у с ы л м а й т ы н б а й мұрасың.

Өлермін сол сезіммен маған десе,аспаннан қара жерге ай құласын,әйтеуір, анық менің айнымасым.Неге бұлай дейді ақын? Осы

өлеңнің соңғы екі жолын оқиықшы:Ырзамын тағдырыма сен арқылымахаббат деген күшті сезіндірген.Мен Фариза жазған ғашықтық

жырларға оның барлық жанымен ынтығып, барлық ынтасымен құлай, құмарлана айтқан лирикаларына осы тұрғыдан қараймын. Алғашқы рет махаббат күшін сезіндірген адамға

осылай табынбаса, біз ақынды таны-мас едік, оған сенбес те едік. Ақынға бұл жерде аспан қандай шексіз болса, ғашықтық құдіретті сезіндірген адам да сондай шексіз. Екеуі де поэзия тәңірімен тең. Екеуі де поэзияның арман дүниесі , шектелмейтін, шегерілмейтін арман. Осындай армандарды аңсаған ақындыққа біздер махаббат көзімен қарай білуіміз керек. Егіліп-төгіліп айтқан ыстық құмарлықтардан ең алдымен ақынның қуатын, ағынан жарылар сыршылдығы мен шыншылдығын көруіміз керек.

Дара күндерімнің,нала түндерімнің,серігі болғаның үшін,сенімі болғаның үшін,мен сені аялаймын.

Фаризаның барлық махаббат жыр-лары осы адамға арналған. Бұл – ардақтылық, қымбаттылық жағынан ақ сүтін берген, ақ бесігін тербеткен қасиетті анамен қатар тұра алатын Адам. Бұл адам үшін сүйініп жырлауға да, күйініп жырлауға да болады. Мен өз басым соның бәріне сенемін. Кей-де адамды сүю мен оған ғашықтық асқақтай түсе отырып, дерексіздікке де ауысып кетеді ғой. Осындай күйге ұшырамайыншы деген Фариза өз жүрегі жаратқан геройға реальдық әрекет, сезімдер береді: оған кәдімгі өзімізге мәлім атмосфера жасайды. «Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан. Біз отырмыз жанардан арман ұшып» деп басталатын өлеңде бәрі бар: қуанышты екі жастың көздерінен перде сыпырылып, көңілдеріндегі тұман әбден серпілгендей, олар бақытты. Сондықтан, олар бұрын еленбей жүрген аспанға, жұлдыздарға қарап таңданысады. Осындай кең, тамаша түннің шындығын айқындай түсіп, біздің түйсігімізбен әбден жарастыру үшін ақын өмірге лайық бояуды қалыңдата береді. Қасыңдағы досынан батылдық көруді аңсағанын да жасырмайды. «Кеткім келген кісідей асыққанмен, жібермей қалса дедім». «Әйелдің монологында»:

Ж а н а р ы м д ы т о л т ы р д ы ң жылылыққа,

жан жылуын балар ем ұлылыққа, – деген егіз жол бар. Демек, еркек пен әйелдің өзара сезінісулері де ақын үшін ұлылық. Олар неғұрлым жақын болған сайын, соғұрлым адам ойы мен сезімінің асыл қасиеттері толыға түседі.

Сондықтан болар деймін, маған:С о н д а м е н ж а й с а ң к ө л д і ң

жағасымын,өзіңдік сонда менің бар асылым, –

деген жолдар да қатты ұнады. Мен бүкіл әлемдегі ұлы құбылыстардың келісім тапқандарын көргендей сезіндім. Мен Фаризаның махаббат

жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл – қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ереже-лерге, канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, жасыр-май, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзия-сында батыл жырлаған осы Фариза. Ақынның лирикалық геройы адамға тән айқын, күшті сезімдерін адам сөзімен адамға жарастық дәрежеде айтуға міндетті.

Жалған сөйлесе, ол поэзия емес.Жастық шақтағы адам басынан

өтетін күйлерде шек бар ма? Санаға сүйенген сабыр-ұстамдылықты біз

егде тартқан соң табамыз. Кілең ұстамдымыз. Әр күннің, әр түннің сағатын үнемдеп жұмсап, өлшеп пайдаланамыз. Сондықтан, біздің (егделердің) сезімдеріміз де тежеулі, шідерлеулі. Сондықтан, кенеттен килігер оқиғаларымыз бола бермейді. Кенеттен бұрқырап, быт-шыт жарыла, шашылып-төгіліп жатпайтынымыз да сол үшін. Ал, жастық шақта ше? Солай ма едік? Қайнаған қан, жолбарысша жұлқынған жүрек, темірдей дене жасқа дамыл берген бе! Әрбір минут сайын жаңалықтар іздеген, жақсы үміт, жарық армандарға талпынған жастық «сабыр», «саябыр» деген сөздерге түсінген бе? Олардың бір күні біздің жылымызға татымай ма (бастан өткерер оқиға жағынан айтамын)?

Біз жердің қай күні сілкініп, жанар таулардың қай күні жарыларын, айна-ласын алай-түлейге түсірерін білеміз бе? Жастық та солай ғой. Жастық өмір – романтика ғана емес, оның өз реализмі де жетіп артылады. Осы реа-лизмге үңілсек талай шаттыққа, талай қайғыға кенеттен кездесе береміз.

Сенің от құшағыңда дүниені ұмытып талықсыдым.

Жүрегімді өртеді жан ыстығың... тағы-тағылар.

А р м а н ы н т а п қ а н ж а н н ы ң қуанышында, ләззатында шек жоқ. Ол күннің шықпауын, таңның атпауын, құшағының жазылмауын тілейтіндей. Ол мәңгі жасайтын ләззат дүниесінің аясында...

Біз қуанышымызды сезіп үлгерген жоқпыз. Ақын енді:

Бірақ, өзің айныдың,ұмыттың да жастықтың жұмақ

күнін,сен мысқылдап, мен болсам жылап

тұрдым.Өмір деген бұрқанған дарияғабұрымымнан ұстап ап лақтырдың.Сонда ғана есейіп, бұл жалғандабәрі алдамшы екенін бір-ақ білдім,–

дейді.

Әбділда ТӘЖІБАЕВ

Page 7: №25 (3083) 2014-03-04

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Ашынған, асылынан айрылған күйікті қыз монологын: «Мен к ү н ә к а р е м е с п і н а р а л д ы н д а , құдайың да кешеді тап мұнымды» деп аяқтайды. Шап-шағын өлеңде адам аузынан шығатын лептердің бәрі де бар. Шадымандық үшін шаншыған жүректің жан дауысы жуып-шайып кеткендей.

Бұл не – драма ма? – Иә, драма!Бұл не – трагедия ма? – Иә, тра-

гедия!Біз бұрын мұндай қыздар жайын

қалың романдардан оқитынбыз, те-атр сахналарынан көретінбіз. Сонда кілең көзіміз құрғамайтын. Ал, бүгін қыздың өзі жырлап отыр. Бұл – әйелдер өмірінде үнемі кездесетін, оқушылардың үнемі күрсінетін оқиғалардың бірі. Бұл монологтағы қыз бәрін өзі сөйлеп тұр. Бұл қыз бұл сөздерін қандай қауымның талқысына болса да салуға, қандай билердің алдында болса да сөйлеп кетуге, пәктігін қалай жоғалтқанын, не үшін жоғалтқанын дәлелдеп, ақталып шығуға әзір. Сондықтан,

ол оқушылардан да қымсынбай, ағынан жарылған. Әңгіме тек мұндай жырды кімнің, қалай қабылдауында. Қыз сырын ата-ана болып тыңдасақ, көкірегіміз қарс айрылып күрсінеміз. Өйткені, баламызды бақытсыздыққа ұшыратып алғанымызға өкінеміз. Жастың мұндай күйіне оның адал құрбы-құрдастары мен жан достары да өксиді. Ал, тоғышар болып отырып оқысақ ше? Онда әңгіме басқаша. Тоғышардың өз философиясы бар: «қойды Құдай қасапқа арнап, қызды еркекке арнап жаратқан. Апанда жатқан бөріге қозы неге барады? Жапанда жортқан бөріге қозы неге барады? Жапанда жортқан жігітке қыздың өзі неге соғады? Бас жа-рылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде. Татымайтын, бір жылаған соң ұмыт боп кететін нәрседен қандай трагедия шықпақ?! Мұндай қыздың әдет пен дағдыдан ұшқары әңгімесін тыңдаудың, өйтпесе оқудың өзі ұят». Тоғышарлар философиясын осылай тыңдай берсек, біз махаббат, гуманизм дегендерге қайта соқпастай алыстай-мыз. Поэзия оятатын сезімдерден жұрдай тазарамыз. Мен өзімше махаббаттағы сезім шынайылығы мен адалдығы жетіспей тұрып суретші болу мүмкін емес деп білемін. Жанның сан алуан толқындары мен ағымдарын аңғара алмаушыға бояу, дыбыстардың да алуан құбылыстары мен ағымдарын аңғару қиын. Махаббатқа және ма-хаббаттан туатын сезімдерге жетік еместер сол сезімдер туралы ақын боп терең жырлай алмайды, проза-шы болып терең көрсете алмайды. Поэзияда кейде Ләйлі, кейде Мәжнүн болу бізді қатты қызықтырады және қуантады ғой, неге олай? Өйткені, біз адамдардың бүтіндігі мен ірілігін, биіктегі жарық мұраттарға құлаш сермегендерін, амал-айласыз, есеп-қисапсыз, адал өмір сүрушілерді көреміз. «Барыңды түгел бер, ба-

рымды түгел ал. Алаңсыз сүй мені, алаңсыз сүйдір өзіңді» деген сезімдер қашан да қымбат болған. Бүгін де қымбат. Мұндай кесек сезімдерсіз махаббат пафосы тумайды, махаббат іріленбейді, ұсақтап кетеді. Осы қасиеттер біздің Фариза лирикасынан түгел табылады.

Бүкіл әлемдік құбылыстардың бәрін сезінетін, бәрін де сездіре алатын ақын өзін барлық жаратылыстың сырла-сындай ұғынады. «Әйтпесе, махаббат лирикасында да бізді ол қызықтыра алмас еді» дедік қой. Сол ойымызды растайық. Фаризаның күзге арналған өлеңін оқиық:

Ерке өзендер жатпайды тасып ағып,таулар да тұр жамылып басына

бұлт.Ақ қайыңдар жылайды, жапырағынбайқаусыз шашып алып.Жас төгеді аспан да ашынғаннан,жасыл көркін жаздағы жасырған

маң.Бозаң дала жатады томсырайыпбаладай ашуланған.Бау-бақшаны тұратын жеміс

тұныпжинап қойды адамдар келістіріп.Тарсылдатып үйлердің терезесінжүреді жел ысқырып.Көк аспан да жойыпты от ты-

нысын,қ о ң ы р б ұ л т т а р ж ө ң к и д і

соқтығысып.Балалар жүр кірбіңсіз көңілмененшапқылап, доп қуысып.Мен бұл өлеңді тұтас келтіргенде

менің айтып жеткізе алмағанымды

оқырман өз ойымен толықтырсын дедім. Күзді көңілсіздікке балау – бұлтты жылату, ағаш жапырақтарын жұтату бізге қашаннан белгілі. Кейде күз арқылы көңілдегі кірбіңді күйлер де қоса шертіліп отырады. Ал, мы-нау өлеңде өзгешелік – әсемдік бар сияқты. Табиғат – Фариза үшін күнәсіз сәбилік шақ. Ақ қайыңдар жапырағын байқаусызда шашып алған соң жылап тұр. Бозаң дала өкпелеген баладай томсыраяды. Маған терезелерді қағып ысқырып жүрген жел де доп қуып жүрген балалармен бірге ой-нап жүрген секілді. Мезгілге сай жаратылыс дүниелерін жаңдандыру, олардың адам мінезі мен қылықтарына ұқсаған түрі, сиқы, қимылдары арқылы болмысты барлық келісімдерімен бей-нелеу ақынның күшін, тапқырлығын танытады. Біз осы ұнатқан, мақтаған нәрселеріміздің, әсіресе, поэзиядағы суретшілдік өнердің қызықтығын айтқанда ақынның тіл шеберлігіне үңілмей өте алмаймыз. Ал, тіл шеберлігі дегеніміз алдымен сөз байлығына, сол бай сөздерді ұстарта білуге байланысты. Сөзің жетпей, сөздерге жан бітіріп қозғау жасарлық құдіретің жетпей жатқанда өлеңнен көріктілік іздеу – қиын нәрсе. Онда өзіңе тән жаңа жүйе табу, өлеңге жаңа әуен, интонация беретін жаңғырған ұйқас-ырғақтар, тың теңеулер әкелу тіпті мүмкін емес. Фариза сөз қалаудағы халық поэзиясындағы әсемдіктерді, ұтымдылықтарды меңгерген. Ол сөздердің бойындағы қ ы з у , қ у а т - к ү ш т е р г е қ о з ғ а у

салғыш, жан бергіш, сөздердің өзара қиюласулары, өзара шарпы-суы арқылы жаңа сурет, жаңа әуен туғызатындығын көрсетті. Ол тілге жетік болғандықтан жырдың ырғағын күшейткіш, ұйқасын тыңайтқыш жаңа сөздерді кеп тапқан және олар-ды барынша шебер қолданған. Ол эпостағы, әсіресе, Махамбет сияқты ақындардың толғауларындағы екпін, энергияларды есінен шығармайды. Сөйте тұра, ол үйреншікті ырғақтарға түсіп кетпеу үшін ағыл-тегіл ала жөнелгелі тұрған ырғақтарды әдейі қара сөздік интонацияға араласты-рып, асау екпінділерді шідерлегендей шенеп ұстайды. Оқушысын өлеңіне тереңірек қарауға, қабат-қабат болып жатқан мағыналарды іздеуге, об-раз, теңеу күрделіліктерін танытуға жетелейді.

Нәзік гүлдер жаутаңдап, діріліменғашықтың сезіміндей.Адамдардың думанды дүбірінендала жатыр көзі ілінбей.Тағы да қызық салыстыруларға

кенеліп отырмыз. Нәзік гүлдер мен кең дала адам бейнесіне көшкенін қызықтаймыз. Біз осыны дәстүрлі жаңғыртудан туған жаңашылдық, ақынның өзіндік өзгешелігі, өзіндік сипаты дейміз. Ақын жырларында

сөз қоры молдығын дәлелдейтін мы-салдар толып жатыр. Ондағы бояу лар байлығы да маған қатты ұнайды. Аппақ сәулелер, сағым үміттер, қап-қара тереңдер, көкпеңбек-көк биіктер ақынның кең әлемін, ішкі дүниесін де керсетеді.

« Б ұ л а к ө ң і л » , « б ұ л ы ң ғ ы р мұң», «бал сезім», «сүт сәуле» сияқты сөздерді біз бұрын көп қолданбағанбыз.

« Т е ң і з - к ө ң і л қ а л а й ш а толқымасын...».

«Мені еш нәрсе өмірде таң қылмайды...».

«Көңілім құздан құлап жүрмін ессіз...».

«Майса дала арылады гүлді өңінен...».

«Ашу, ыза кеудемде қамалған үн...».«Жанымдағы жалаңаш жара та-

бын...».«Екеумізді бір арман матасты-

рып...» – деген сияқты жеке жолдар; әйтпесе:

«Мен сені жүретінмін мақтан көріп,Қ ы з ғ ы ш б о п , ө с е к а й т қ а н

жа тта н қ ор ып . . .» ; «Ақ түте к ойлардың ақпаны сақ-сақ күледі, жалғыздығынан жынданып кеткен жесірдей...», «мен қашанғы ішімнен шыңғырамын, қашан-қашан басылар бұл құмарым...»; «Сезім өлген. Жүрем тек құр сүлдерім, жүрегімді, миымды таң асырып...» дегендей егіз жолдар, әйтпесе:

Қашанғы енді мен сені ұмытпаймын,қашанғы іште жатады ұлып

қайғым.қашан, қашан ұшады сағым болып,жүрегімде ілінген құлыптай мұң... –

д е п к е л е т і н т ө р т ж о л д а р поэзиямыздағы мол байлықтың Фа-риза әкелген бір саласы емес пе? Фа-ризада ұйқастың неше алуан күрделі түрлері бар. Дыбыс сұлулықтары, олардың келісті үйлесім табулары өлең әуенділігін бір түрлі күмбірлетіп жібереді. Оқушысын әнге, күйге бастайды. Ал, кейде жоғарыда айтылғандай ақынның шеберлігі арқылы осы әуенді дыбыстар өзгеше қиюласып өлеңнің өзін прозаша оқуға тартады. Сонда біз әуенді сезім мен салмақты ойлардың бірлесіп Фариза поэзиясына күрделілік беріп тұрғанын аңғарамыз. Мен Фариза өлеңдерін түгел оқып шыққаннан кейін оны өзіме бір түрлі жақын сезіндім. Жас ақын менің әдемілеп айтамын деп жүріп айта алмағанымды оп-оңай жазғандай көрінді.

А қ ы н д а р б і р і н - б і р і о с ы л а й толықтырып, көркейтіп отырма-са, поэзия қалай ілгері баспақшы! Менің бір әдетім (мүмкін, нашар әдет шығар) көңіліме қонған, сезімімді жылытқан өлеңдерді оқығанда мақтау сөздерімді тежей алмай, оқып отырған нәрселерімнің кемшіліктерін айтуға уақыт таппай қаламын. Байқаймын, бұл жолы да сөйткен сияқтымын...

Мен Фариза ақынның болашақ жырларын да үлкен үміттермен күтемін. Фариза өзі біліп түскен, қалап алған ауыр жолда, өмірлік ұзақ жолда сенімді екенін барлық еңбегінде көрсетіп келеді. Фариза – поэзияның тақырыптары, іші мен тысын тұтас ойлай алатын ақын.

1978 жыл

Page 8: №25 (3083) 2014-03-04

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

03.03.2014

/-

( )

1 2 3 4 5 6 7 81. 21-319-061-005 0,0020 0,0020

2. 21-319-061-009 «COPY 0,0148 0,0146

3. 21-319-061-010 0,0018 0,0018

4. 21-319-061-011 0,0020 0,0020

5. 21-319-061-013 0,0018 0,00146

6. 21-319-061-017 0,0018 0,0018

7. 21-319-061-018 0,0022 0,00228

8. 21-319-061-024 0,0021 0,0021

9. 21-319-061-025 0,0020 0,00126

1 2 3 4 5 6 7 810. 21-319-061-026 0,0018 0,0018

11. 21-319-061-028 0,00216 0,00216

12. 21-319-061-036 0,0020 0,0020

13. 21-319-061-038 0,0018 0,0018

14. 21-319-061-042 0,0018 0,0018

15. 21-319-061-044 0,0019 0,0019

16. 21-319-061-051 0,0024 0,0024

17. 21-319-061-052 0,00228 0,00228

18. 21-319-061-056 0,0018 0,0018

19. 21-319-061-087 0,0028 0,0028

20. 21-319-061-089 0,0019 0,0019

21. 21-319-061-093 0,0018 0,0018

22. 21-319-061-100 0,0021 0,0021

1 2 3 4 5 6 7 823. 21-319-061-101 0,00204 0,00204

24. 21-319-061-103 0,00186 0,00186

25. 21-319-061-105 0,00202 0,00202

26. 21-319-061-106 0,00217 0,00217

27. 21-319-061-1061

10,3948 0,1193

28. 21-319-061-110 0,0018 0,0018

29. 21-319-061-112 0,0018 0,0018

30. 21-319-061-114 0,0020 0,0020

31. 21-319-061-116 0,0019 0,0019

32. 21-319-061-118 0,00183 0,00183

1 2 3 4 5 6 7 833. 21-319-061-119 0,0018 0,0018

34. 21-319-061-123 0,00198 0,00198

35. 21-319-061-124 0,0021 0,0021

36. 21-319-061-1241 0,0041 0,0041

37. 21-319-061-127 0,00186 0,00186

38. 21-319-061-128 0,0020 0,0020

39. 21-319-061-135 0,0019 0,0019

40. 21-319-061-137 0,0019 0,0019

41. 21-319-061-144 0,0017 0,00163

42. 21-319-061-146 0,0021 0,0021

43. 21-319-061-147 0,0022 0,0022

44. 21-319-061-148 0,00216 0,00063

1 2 3 4 5 6 7 845. 21-319-061-151 0,0020 0,0020

46. 21-319-061-160 0,0019 0,0019

47. 21-319-061-169 0,0018 0,0018

48. 21-319-061-180 0,00198 0,00198

49. 21-319-061-184 0,0021 0,0021

Page 9: №25 (3083) 2014-03-04

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

50. 21-319-061-198 0,00216 0,00216

51. 21-319-061-207 0,0021 0,0021

52. 21-319-061-209 0,00198 0,00198

53. 21-319-061-210 0,0021 0,0021

54. 21-319-061-216 0,00207 0,00207

1 2 3 4 5 6 7 855. 21-319-061-219 0,0018 0,0018

56. 21-319-061-221 0,00225 0,00225

57. 21-319-061-226 0,0018 0,0018

58. 21-319-061-227 0,00198 0,00194

59. 21-319-061-229 0,00242 0,00015

60. 21-319-061-234 0,00192 0,00192

61. 21-319-061-238 0,0020 0,0020

62. 21-319-061-239 0,0018 0,0018

63. 21-319-061-240 0,00192 0,00192

64. 21-319-061-242 0,0018 0,0018

1 2 3 4 5 6 7 865. 21-319-061-277 0,0018 0,0018

66. 21-319-061-283 0,0023 0,0023

67. 21-319-061-290 0,00204 0,00204

68. 21-319-061-298 0,00202 0,00202

69. 21-319-061-300 0,0018 0,0018

70. 21-319-061-309 0,00204 0,00024

71. 21-319-061-314 0,0052 0,0052

72. 21-319-061-320 0,0018 0,0018

73. 21-319-061-328 0,00216 0,00216

74. 21-319-061-350 0,0018 0,0018

1 2 3 4 5 6 7 875. 21-319-061-356 0,0593 0,0593

76. 21-319-061-358 0,00198 0,00198

77. 21-319-061-368 0,00201 0,0004

78. 21-319-061-369 0,0021 0,0021

79. 21-319-061-557 0,0024 0,0024

80. 21-319-061-558 0,00198 0,00198

81. 21-319-061-559 0,0018 0,0018

1 2 3 4 5 6 7 882. 21-319-061-560 0,00192 0,00192

83. 21-319-061-561 0,0019 0,00186

84. 21-319-061-562 0,0018 0,0018

85. 21-319-061-564 0,00189 0,0015

86. 21-319-061-624 0,0021 0,0021

87. 21-319-061-625 0,00302 0,00302

88. 21-319-061-626 0,0025 0,00236

89. 21-319-061-627 0,00468 0,00468

90. 21-319-061-628 0,0020 0,0020

91. 21-319-061-629 0,0018 0,0018

92. 21-319-061-630 0,00245 0,00245

1 2 3 4 5 6 7 893. 21-319-061-631 0,0021 0,0021

94. 21-319-061-632 0,00195 0,00195

95. 21-319-061-633 0,00203 0,00203

96. 21-319-061-634 0,00206 0,00206

97. 21-319-061-636 0,0021 0,0021

98. 21-319-061-637 0,00212 0,00212

99. 21-319-061-638 0,0021 0,0021

100. 21-319-061-639 0,0018 0,0018

101. 21-319-061-640 0,0021 0,0021

102. 21-319-061-641 0,0021 0,0021

103. 21-319-061-642 0,00192 0,00192

104. 21-319-061-643 0,0018 0,0018

1 2 3 4 5 6 7 8105. 21-319-061-644 0,0018 0,0018

106. 21-319-061-645 0,0021 0,0021

Page 10: №25 (3083) 2014-03-04

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

03.03.2014

107. 21-319-061-646 0,0021 0,0021

108. 21-319-061-647 0,0021 0,0021

109. 21-319-061-648 0,00189 0,00189

110. 21-319-061-652 0,0024 0,0024

111. 21-319-061-653 0,0024 0,0024

112. 21-319-061-654 0,0024 0,0024

113. 21-319-061-655 0,00223 0,00223

114. 21-319-061-656 0,0021 0,0021

115. 21-319-061-657 0,00192 0,00192

116. 21-319-061-658 0,00228 0,00196

1 2 3 4 5 6 7 8117. 21-319-061-667 0,00192 0,00192

118. 21-319-061-668 0,00186 0,00186

119. 21-319-061-669 0,00216 0,00216

120. 21-319-061-670 0,0021 0,0021

121. 21-319-061-671 0,00192 0,00192

122. 21-319-061-673 0,00198 0,00198

123. 21-319-061-684 0,00192 0,0018

124. 21-319-061-685 0,00198 0,00173

1 2 3 4 5 6 7 8125. 21-319-061-686 0,00192 0,00192

126. 21-319-061-687 0,00156 0,00156

127. 21-319-061-688 0,00198 0,00198

128. 21-319-061-689 0,00234 0,00234

129. 21-319-061-691 0,0021 0,0021

130. 21-319-061-692 0,0018 0,0018

131. 21-319-061-693 0,0018 0,0018

132. 21-319-061-694 0,0018 0,0017

133. 21-319-061-706 0,00222 0,00133

134. 21-319-061-707 0,0021 0,00146

135. 21-319-061-708 0,00228 0,00172

136. 21-319-061-709 0,0023 0,0017

137. 21-319-061-710 0,00225 0,0013

138. 21-319-061-825 0,00204 0,00204

139. 21-319-061-901 0,1131 0,11203

140. 21-319-061-932 0,0248 0,0248

1 2 3 4 5 6 7 8141. 21-319-061-635 0,00215 0,00215

142. 21-319-061-704 0,00198 0,00046

Page 11: №25 (3083) 2014-03-04

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

55-66-35

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен

келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

www.alau.info

Page 12: №25 (3083) 2014-03-04