№3 Журнал

100

Upload: tatastana

Post on 26-Oct-2014

1.092 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: №3 Журнал
Page 2: №3 Журнал

2

Page 3: №3 Журнал

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 33ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 (702) 600 01 19, 8 (775) 159 26 16

Е.МАІL: [email protected]

ТАРАЛЫМЫ 5 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

БАС РЕДАКТОР

ШЕФ-РЕДАКТОР

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФ

ВИЗАЖИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

БОТАГӨЗ СЕМБАЙҚЫЗЫ

БАУЫРЖАН БЕРІКҰЛЫ

САБИРА МЫРЗАХМЕТОВАБОТАГӨЗ ТАЖИМОВА

ТАТЬЯНА ПИВКИНА

ДЖОН ЛАУ8 (701) 288 11 98

МАРИНА НЕКЛЮДОВА8 (701) 750 89 88

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

№3 (3) МАМЫР 2012 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Рая ЖорабайқызыҚР Кәсіподағының төрайымы

Оразғали Қаршыгенов «Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Атырау облыстық Мәслихатының депутаты

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Дария ҚожамжароваЖамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Рәшкүл ОспаналиеваОңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының депутаты

Жолдасбек НүсіповОҚО Салық Департаментінің басшысы

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Оразалы Телеуов«Промхиммонтаж» АҚ-ның бас директоры,Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Ібайдулла ТілепҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Ерлан Сыдықов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Астана қалалық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Ғани ТашқараевШымкент қалалық Мәслихатының депутаты

Марита ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Page 4: №3 Журнал

12

14

17

18

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

Кешігіп жеткен даңқ

Ғайша

41-жылғы келіншек

20

24

28

32

Қазақтың ержүрек қыздары...

Батырды табиғат тарбиелейді

Тәуелсіз тұлғаны тәрбиелеуіміз қажет

Еселі еңбектің елеулі жемісі

42 Сен қастерле, сүй оны, ұлылығын жүрекпен сезін!

50

47

44

«Өміріммен өзектес - өнерім және отбасым»

Ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өседі

Тоғыз жолдың торабындағы - Жамбыл жол бөлімшесі

МАЗМҰН

36 Үнемді энергия – үдемелі даму

39 Бізге тәуелсіздіктің бергенінен берері мол

8 Бауыржан Момышұлы және жаңа ғасыр келбеті

15 Қазақтың қайсар ұлы

16 Қыран қазақ

Page 5: №3 Журнал

59

60

63

66

70

72

74

78

54

56

81

84

86

88

94

92

Еңбегің сіңсе, ел ескереді

Ресей -Қытай билік әкімшілік қатынасындағы Тезек сұлтанның орны

Бүгінгінің батыры

«Бабалар салған ізбен өскен – Ұлы дала ұлымын..!»

Басты критерий – баспаналы болу

Мақсатымыз - әлемдік нарыққа шығу

Басты мақсат - білікті маман даярлау

«Біздің дәстүр - біздің мақтаныш»

Алғыс арқалаған азамат

«Ең бірінші елу елдің қатарына кіру үшін қаласы дамыған, дала-

сы арыған ел болмауды ойлайық»

Кәсібің жүрсін десең, бірінші кәсіпке еңбектен

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасындағы ең ірі сала

Ұстаздық еткен жалықпас...

Тәнге медет сыйлаған ақ халатты абзал жан

Дені сау ұрпақ – келелі келешек

Балапаным

Page 6: №3 Журнал

Бас редактор бағаны

Құрметті оқырман!

Жер дүниені дүр сілкіндірген соғыс өртінің сөнгеніне биыл 67 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпашылық әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың зарда-бы тимеген шаңырақ жоқ десек те болады.

Бұл соғыста қазақ халқы талай боздақтарынан айрылды, әкелеріміз бен аналарымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандығымен өздерінің ерен ерлігін көрсете білді.

Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Кенесары мен Наурызбайдың, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Ажалға қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк сияқты ұл-қыздарымыз халқының батыр екендігін дәлелдеді.

Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен, олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі сақталмақ.

Сонымен қатар, Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен және 7-Мамыр ҚР Қарулы күштері күнімен құттықтаймыз.

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы

Page 7: №3 Журнал

Мұрат ЖұрынұлыҚР ҰҒА Президенті, академик

9-Мамыр – Ерлік күні! Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол сұрапыл сұм соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай

шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Ардақты ерлеріміздің көрсеткен ерліктері, отансүйгіштіктері, төзімділіктері, бәрі-бәрі біз үшін үлкен

құндылық болып саналады. Мен бүгінгі азаттығымыз, бүгінгі қазақ халқының қуанышы, бейбіт өмір – осының барлығы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің арқасы дер едім.

Нұртай СалихұлыҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғысы аяқталғанына, міне, 67 жыл өтті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Қаншама

адам опат болды. Болашақ, біз үшін арпалысқан ардагерлерімізді ардақтайық, ағайын. Олардың жасаған ерліктері – біз үшін мақтаныш һәм өнеге. Ер жігіттің құл болмай, ару қызымыздың күң атанбай, халықтың

бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Надежда МихайлқызыҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Ардагерлеріміздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктері мен табандылықтары ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені, олар кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап

қалу арқылы өздерінің азаматтық және патриоттық парыздарын абыроймен орындап шықты. Қазақ халқы – батыр халық. Олардың қайтпас қайсарлықтары мен Отанға деген шынайы сезімдері бүгінгі жас ұрпақ үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Және де 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мен 7-Мамыр ҚР Қарулы күштері

күні құтты болсын, ағайын!

Рәшкүл ЖәлелқызыОңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатының депутаты

«Қаласыңдар мәңгілік ел есінде, Ару қыздар, алаулап от кешкендер!» – деп Фариза Оңғарсынова апамыз жырлаған Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апаларымыздың ерлігі ел жадынан

ешқашан да өшпек емес.Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр! Кез келген істің, қандай күрестің де басты

мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен

әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Бұл күн соғыс ардагерлерінің қаһармандық ерлігі алдында бас иіп, алғыс білдіретін жанқиярлық пен

ерліктің нышаны ретінде қала береді!

Тілеуберген ҚұдайбергенұлыҚызылорда облыстық мәслихатының депутаты

Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер азаматтар қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай қанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан біздің майдангер батыр аталарымыз.

«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халқы үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангерлеріміздің есімдері

ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде мәңгі жатталып қалу керек.

Page 8: №3 Журнал
Page 9: №3 Журнал

9

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стра-

тег және тактик.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл

облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатында оқыды. 1924

жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқыды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ

Педагогикалық институтына оқуға түсті. 1928-1930 жылдары бас-тауыш мектепте ұстаздық етті. Біраз уақыт аудандық атқару

комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарды. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.

1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігі-не шақырылды. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының

көмекшісі болды. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған

дивизияның командирі болды.1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның

тыңдаушысы болды. 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарды.1952 жылы Кеңес Армиясы

Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдады. Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академия-сында сабақ берді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралды. Момышұлы қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген-білгендерін шығармаларына арқау етті. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері

қалың оқырманның іздеп оқитын шығармаларына айналды. 1963 жылы Куба үкіметінен бірнеше қайтара шақыру келгендіктен, 10 күндік сапармен барып келді. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен

Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.1982 жылы 10-маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салды. «Кеңсай» зиратына қойылды.1990 жылы Кеңес Одағының баты-

ры деген атақ берілді.

Page 10: №3 Журнал

10

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ҒАСЫР КЕЛБЕТІ

Қазақта батыр көп. Туған даласын, тау мен тасын жат жұрттан, қаскөй дұшпаннан қорғап жанын қиған жүрек-тілерімізді санап тауыса алмай-мыз. Ұлы дала кеңістігінде жеті күнгі жорықта аттан түспеген баһадүрлеріміздің ерлік жолы жадымызда. Атқан оғы күндік жерге жеткен, дабыл қаққан жорық ұраны айшылық жерге кеткен бабалар даңқы ұрпаққа аңыз. Көне түріктің, кешегі қазақтың қол бастаған айшықты ерлерінің сапында Бауыржан Момышұлының тұлғасы айрық-ша. Өткен ғасырдың өзгеше соғысының, басқаша айтқанда жарты әлемді жайлаған қанқұйлы сұрапыл майданының куәгері, басты кейіпкерлерінің бірі десек те болады.

Бауыржан Момышұлы – ІІ дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың қаһарман қолбасшысы. Әскери саланың ірі қайраткері, теңдессіз дарын иесі. Ерлік жасайтын адам анадан батыр болып тумайтынын, батыр деген ардақты ат сын сағатта сыналып, өмір бойғы тәрбие мен тәжірибе арқасында келетінін дәлелдеген ол өз ұлтының ғана емес, күллі дүниенің әскери та-рихында да өшпес із қалдырды. 1939-1945 жылдар арасындағы сұрапыл соғыста тек соғысудың ғана емес, соғысу жағдайында әскерді қажет кезде шегінді-ру, сарбаздар сапын бұзбай аман сақтау, кейінгі ұрыстарға дайындау сынды аса қатерлі де жауапты істерді асқан білгір-лікпен орындай білген. Ұрыс пен соғыс адамзатқа ежелден белгілі болса да, ХХ ғасырдағы жойқын соғыстың психология-сын асқан білгірлікпен, терең-дікпен меңгерген Бауыржан Момышұлындай қазақ перзенті са-наулы ғана. Бауыржан Момышұлы

әскер тобымен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 207 рет қол бастап ұрысқа кіріп, әскери ғалымдардың айтуынша, 27 рет соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Екінші дүниежүзілік соғыста екі қазақ дивизия басқарса, соның бірі осы Бауыржан Момышұлы (екіншісі Әбілқайыр Баймолдин). Ал соғыс жағдайында дивизия басшылығына дейін көтерілу үшін қаншама қажырлылық, қаншама еңбек керек екенін түсіне беріңіз.

Момышұлы – ең алдымен ұлтшыл. Өз ұлтын сүюдің жарқын көрінісі. Ұлт зиялыларының жиынтық бейнесі. «Алдымен қазақ бол, содан кейін адам бол!» деген нақылдың авторы Момышұлы туған елін сүюді, оған керек десе жанын қиюды ғұмыр бойына дәлелдеп өткен ғажайып жан. Екінші дүниежүзілік соғыста жүріп-ақ қазақ үкіметін басқарған жоғары лауазым-ды тұлғаларға хат жазып, ұлт мүддесіне байланысты туындаған жайттарға алаңдаушылық біл-діріп, өз ойларын жеткізген. Бұл турасында көп нәрсені айтуға болар, әр нәрсенің басын шал-май, тек ана тілге – қазақ тіліне байланысты жанашырлықтан туындаған хаттарынан үзінді кел-тірелік. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Әбдіхалықов жолдасқа жазған хатында: «Тіл маманы болмасам да Алматыға келгелі «Социалистік Қазақстан» газетін оқып, кейбір, кейінгі кезде басылған қазақ тілін-дегі кітаптарды желе-жорта қарап шығып, күннен күнге ұлғайып, шым-шытырық «шүршіттенуді» көзбен көре, құлақпен ести оты-рып, дәтім шыдамай, жазайын деп отырғаным тіл мәселелері

туралы», – деп жазады. «Қазақ тілінің байлығы жетпегендіктен деген дәлелсіз былжыр, өзінің ана тілінің үдесіне жете алмай – құры қалған, оған көңіл бөлмеген сор маңдайлардың, ұлт мақтанышы сезімінен, ұлт намысынан ажырап, «шөре-шөре» болып, артта қалған қара беттердің надандықтарынан туған сылтау ғана болуы керек» деген батырдың жан айқайы туған тіл үшін болған күресте де, ана тілдің саф тазалығы үшін болған майданда да күрескер сапынан таймайтынын аңғартатындай.

Момышұлы – кесіп айтар турашыл қасиеттің, әділдіктің ақ жалауы. Өтірік пен қаскөйліктің хас жауы. Менің өзім және менің замандастарым ол кісіні көзбен көрмеді, жанына жақын жүрмеді, тек кітаптарын оқып біліп та-ныды. Атақты жазушы Сәбит Мұқановпен болған екеуара кездесу де о кісінің әділетсүйгіш турашыл қасиетін көрсетеді:

«Сәбең мені тағы шығарып салды. Қоштасарында:

– Әй, Бауыржан, елге барсаң, саған қиын болады, - деді тамағын кеней сөйлеп.

– Неге, Сәбе?– Сен қарап жүрмейсің, фікір

(ол кісі «п» дыбысын «ф» деп сөйлейді екен) айтасың. Ал кейбір басшылар фікір айтқан кісіні жек көреді.

– Сәбе, бұл ағалық жанашыр көңіліңізге рахмет. Мен біреулер жек көреді екен деп сүмірейіп, үндемей жүре алмаймын.

–Иә, сен фікір айту үшін жаралғансың, - деді Сәбең күліп».

Өз ойын тіке айта алмай, бастық алдында жарбаңдаған адамдар үшін бұл оқиға өнеге ме – өнеге. Әділетсіздікке көз жұма қарап, жалғандыққа жол берген адамдар үшін бұл оқиға үлгі ме – үлгі. Ендеше, Момышұлы тағылымы қазақтың

Page 11: №3 Журнал

11

жас ұландарын ірілікке, ірілік-тен ұлылыққа үндейтініне дау жоқ. Батырдың күнделігі іспет-тес «Көз алдымда бәріңсің...» кітабында құрастырушылар атынан: «Бет-жүзіңе қарамай, шындықты қасқайып тұрып ай-татын ой ағысының иірімдерінен атой салып шығатын ар-намыс, ұлттық ғұрыптан жаза баспайтын дәстүршіл тектілік, адам танығыш сезімтал, нәзік те мейірбан ерек-шеліктерін тұтастай түйіндеп, тәмамдайтын тұста осынау күнделік жазбаның күйлі-мұңлы сарыны жүректі көпке дейін тер-беп, ойыңнан кетпей тұрып алаты-нын қайтерсің», – деп жазылған.

«Дарвин маймылдан жа-ралса жаралған шығар, мен

көкбөріден жаралғам!» деген сөзі бар Момышұлының текті атаның баласына сай, бітімі мен болмысы кешегі қазаққа қалай үлгі болса, бүгінгі һәм кейінгі алаш баласына да сондай үлгі. Оның қаламынан шыққан әрбір шығарма туған ұлтының әскери саласы болсын, рухани дамуы жағынан болсын, тіпті ұлттық психология мен педагогика мәселесінде болсын – қай жағынан алып қарасаңыз да зор кәдеге жарап, қызмет етуде маңызын жоймақ емес.

Жаңа ғасырдағы Қазақ елінің тарихында Бауыржан Момышұлы болмаса былайғы өмірде көп насихаттала бермейтіні анық. Батыр бабаның мұрасын оқытуда әскери арнаулы мектептер мен

оқу орындарында тек әскери сала мен жазушылық өмірден ғана іздеп, оның тау сілеміндей мол мұрасының аясын тым та-рылтып жібергеніміз және бар. Көнеден келе жатқан қазақтың батырлық дастаны алып бір мұхит болса, сол мұхитқа қосылған батырдың ғибратты ғұмыры мен шығармашылығы тамшыдай дүние. Демек, сол таза әрі анық та қанық мұраны кейінгі өскінге насихаттау, жаңа буынның – алаш баласының отансүйгіш сезімін қалыптастырып дамыту ісі баршамыздың жауапты парызы-мыз болмақ.

Заңғар Кәрімхан

«Баяндалған істердіМен істедім демеймін.Мен істедім дегенше,Мың істеді дегенше,Ер істеді дегеймін.Ер істеді дегенше,Ел істеді дегеймін.Мен мыңдікі болмасам,Ер елдікі болмаса,Кім істеді дер едім?»

«Отанды сүю аз. Отан сені сүйсін! Отанды сүйемін деп күніне мың рет ант беріп, түк бітірмей жатып алуға да болады. Отан сені сүйе ме, соны бір мезгіл ойлан. Отанды сүйсең, өзіңнің отбасыңның берекесін сыйла. Туған жердің тауы мен тасын, бауы мен бақшасын, көлі мен шөлін, дәстүрі мен қариясын сыйла. «Жа-рамды ұлдың белгісі жастықтың тұзын ақтамақ» деген бізден бұрынғылар. Жастықтың тұзын еліңе адал еңбек етсең, айтқан жерден аулақ, ел басына күн туа қалса, қолыңа қару алып, қасық қан қалғанша жаумен алыссаң ақтамақсың».

«Опасызда Отан жоқ». «Отанда опасызға орын жоқ».«Мен әскери адаммын. Жасым қазір елу сегізде. Соның жиырма бес жылын Совет Армиясының қатарында

өткіздім, әскери өмірдің ыстық-суығын бастан кешіріп, «қырық жыл қырғынға» татитын адам айтқысыз сұрапылда тірі қалғандардың біреуімін».

«Біздің Қазақстан қаһармандар елі деп мақтануға моральдық хақымыз бар. Өйткені біздің қаһармандық істеріміздің табиғаты бөлекше: ол – біздің қоғамның елдік, ерлік бейнесіне біткен жаппай батырлық».

«Ерлік дегеніміз – табиғат тарту етер сый емес, табанды ұзақ тәрбиенің нәтижесі. Адам бірден сақа аза-мат болып туа қалмайтыны секілді ерлік те оқыстан пайда болмайды. Жас ұрпақты ерлік көрсетуге әрқашан дайын тұруға баулу керек».

«Тәртіпке бас иген құл болмайды».«Тізе бүгіп тірі жүргеннен тіке тұрып өлген артық».«Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық». «Еңбекте жалқаулыққа, ұрыста қорқақтыққа, қоғамда әдепсіздік пен тәртіпсіздікке жастардың жаны қас

болып тәрбиелеу үшін үлкен құралдың бірі – қасиетті дәстүрімізді мейлінше насихаттай білу».

БАУЫРЖАННЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

Page 12: №3 Журнал

12

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде аталып өтуде.

100-ден астам ұлт тұратын Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы 1-наурыздағы Жарлығы негізінде Елбасы жанынан кеңесші-қатысушы орган ретінде Қазақстан халықтарының Ассамб-леясы құрылды.

Ассамблея құру туралы иде-яны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының Форумында көтерген болатын.

Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан,

сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған баста-ма мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Осы кезеңге дейін Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешір-ді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

Бүгінде Ассамблея ел Прези-денті Төрағалық ететін консти-туциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ассамблея өз кезегінде мына мәселелерді жүзеге асырып ке-леді:

1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік орган-дармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-

қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемле-кеттік органдарға жәрдемдесу;

4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәде-ниетін қалыптастыру;

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Ассамблеяның мәңгілік төрағасы болып табы-лады. Ол Ассамблеяның басты бағыттарын айқындайды және бекітеді.

Ассамблея өз жұмысын Ас-тана мен Алматы қалаларындағы

Page 13: №3 Журнал

13

кіші ассамблеялар арқылы жүргізеді. Ал аймақтарда Аста-на және Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің жанында кеңесші-қатысушы орган ретін-де қызмет етеді. Қазіргі кезде 22 республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени орталықтар бар, олар 470 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарға біріккен.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мә-дениеттері, тілдері, дәстүр-лерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұ-рақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і респуб-ликалық.

15 тілде газет-журнал, 8 тіл-де радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 эт-нос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда еліміз-де тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді.

Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірне-

ше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәсе-лелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан елімізде болған сапарында:

«Қазақстан ұлтаралық тұрақтылықты сақтай отырып, әлемнің өзге елдеріне үлгі болу-да», - деп баға берген болатын.

Page 14: №3 Журнал

14

Рақымжан Қошқарбаев – кешігіп жеткен даңқ пен әділетсіз шешімдерден әзіз басы қашан да биік тұрған арда аза-мат, қазақтың хас батыры.

Батыр деген бір ауыз сөзге әбден лайық екені уақыт жылжығанда, ақиқат бұрмаланбай жарыққа шыққанда дәлелденді.

Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19-қазанда қазіргі Аста-на қаласы іргесіндегі Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерін-де болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді, жеті жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған «Штурм» деген кіта-бында жан-жақты баяндады.

Ол 1942 жылдың басын-да Қызыл әскер қатарына

шақырылып, кейіннен Бішкек қаласындағы жаяу әскер учи-лищесін ойдағыдай тәмамдады. Содан кейін жас жауынгер Қостанайда жасақталып жатқан 151-атқыштар бригадасы-на шақыртылып, атқыштар батальонының взвод командирі болып тағайындалды.

Бригада дивизияға айналған кезде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 674-полктің бірінші батальоны бірінші взводының командирі болған еді. Дивизияның көптеген бөлімшелері Одерден өткен кезде ерекше ерлік көрсетті. Әсіресе 674-полк пен 756-полктың жауынгерлері көзге түсіп, өздерінің ерлігімен барша әскердің көз қуанышына ай-налады. Фашизмнің астанасы Берлинге алғаш кірген де – осы дивизия, осы аты аталған полк-тер болды.

Жеңіс туын желбіре-ту – нағыз қаһармандықтың үлгісі. Батыр туралы жазылған әдебиеттерде жау ұясына Жеңіс жалауын тігу оқиғасы былайша суреттеледі:

«Сұрапыл майданда жауған оқтан адам баласы қисапсыз қырылып жатқанда бас көтеріп жүрмек түгілі, дұшпанның соңғы ұясына тақау жерде тырп етуге мұрша жоқ. Жарылған снарядтың, оқ-дәрінің иісінен тамақ қаңсып, көз ашиды. Түтін қалың тұманға айналған. Бауы-рын төсеген қара жер сыз.

Рақымжан қойнындағы жалауды жұлып алды да, бұрышына «674-полк, лейте-нант Қошқарбаев, қызыл әскер Булатов» деп жазды.

Жер жарылып, аспан ай-налып жерге түскендей болды. Айнала жап-жарық болып кетті.

Артиллерия Рейхстагты мылжа-мылжасын шығарып, атқылап жатыр.

– Григорий, қолайлы сәт!Екеуі қол ұстасып ұшып

келеді. Көздері түк көрмейді. Құлақтары да тарс бітелгендей. Осы сәт бұл дүниеде өздерінің бар екендерін де ұмытты. Әлден уақытта аяқтары баспалдаққа тиді, өрлеп келеді. Шын ба, өтірік пе? Үйдің қабырғасы, үлкен зілдей діңкішектер көзге шалынды. Жау ұясы. Соңғы ұя...

Қолдары қабырғаға тигенде Рақымжан жанындағы серігіне:

– Шық иығыма! Ал мына туды! – деді.

Осы сөздің естілуі мұң-ақ екен, Григорий ыршып Рақымжанның иығына шықты.

– Жолдас лейтенант, қадайтын жер жоқ!

– Суыр кірпішін. Міне, мына тұсын.

Әлден уақытта Григорийдің:– Все! – деген дауысы

естіліп, жерге қарғып түсті. Құшақтарының қалай айқаса кеткенін өздері де байқамай қалды».

«Ол – тарихи тұлға» де-ген Бауыржан Момышұлының бір ғана сөзіне салсақ, тарихи тұлғаның есімі ешбір уақыт пен ешқандай жағдайлардың таса-сында қалып қоймайтыны анық еді.

«Ерлік елеусіз қалмасын!» дегенді де айтқан сол Бауыр-жан бабамыз. Ендеше, сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойған батыр атамыз жайлы айтылар әңгіме, жазылар жыр таусылмақ емес.

Заңғар Кәрімхан

КЕШІГІП ЖЕТКЕН ДАҢҚ

Page 15: №3 Журнал

15

Қасым Қайсенов...Осынау қарапайым ғана

есімде қазақтың намысы мен қайсарлығы, кеңдігі мен дархандығы, зиялылығы мен кішіпейілділігі жатқандай. Жан баласын жатырқамайтын, үлкен-кішіні де өзіндей көретін ерекше қасиеті және бар. Батырларға тән аңғалдық өн бойынан байқалып тұратын еді. Дархан көңіл, жай-дары мінез бен салмақты болмыс иесі туралы жалықпай айта беруге болады.

«Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар» деп суреттелетін қарт Аспантаудың перзенті 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылын-да дүниеге келген. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту тех-никумына түсіп, 1938 жылы тәмамдайды. Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

1941 жылы қараша айында

барлаушылар мектебін бітір-ген бойда Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде пар-тизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау ты-лында жүздеген жорықты басы-нан өткереді.

Шыңдарын мәңгілік мұз бен қар басқан атақты Альпі тауына ұшақтан төрт мәрте тасталып, жау тылында болса да, Құдайдың құдіретімен бәрінен де аман-сау қалған, өзгеше тағдырлы, ерекше болмысты батыр Қасым Қайсеновтың жорық жолы соғыс салған сұрапыл жылдарда сайрап жатыр.

Соғыс аяқталған соң Отаны-на — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Пре-зидиумы аппаратында жауапты қызметте болады.

Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орын-басары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене ара-ласады. 1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.

1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспа-сы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бю-росы директоры, «Қайнар» баспа-

сы директорының орынбасары болып қызмет істейді.

1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Пе-реяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылын-да», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тіл-дерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған тұлға.

Қасым Қайсенов – қазақтың батырлары қатысқан екінші дүниежүзілік соғыста жауға жағасынан алдыртпай өткен берен ер, басқыншы жауды қарадай қалтыратқан Вася пар-тизан. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі.

Қасым Қайсенов – ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.

Қасым Қайсенов – тағдыры ұқсас, тарихы бірдей Қазақстан-Украина сынды екі үлкен халықтың төл перзентіне айналған тағдырлы тұлға.

Қасым Қайсенов – Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы – Ұлттық батыры.

Заңғар Кәрімхан

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ

Page 16: №3 Журнал

16

ҚЫРАН ҚАЗАҚ

Талғат Бигелдинов!Оны туған халқы «қыран

қазақ» деп атайды. Екінші дүниежүзілік соғыстың от-жа-лынында қанаты қырқылмай, қауырсыны шарпылмай аман қалған және соғыстың ең жоғарғы даңқы саналатын Кеңес одағы батыры атағын екі мәрте алған батырдың даңқы шыққан биігінен мәңгі аласармақ емес. Оның бала қиялы, арман мен мұраты, тағдыры – екінің біріне бұйыра бермес бақыттың өзі. Көзінің тірісінде-ақ жауының зәресін алып, құтын қашырған, аты аңызға айналған Талғат Бигелдиновтің өмір жолы кімге де болсын өшпес өнеге.

Қазақтың сал-серісі думанға бөлеген атақты Қараөткелдің Майбалық атты ауылында Талғат Бигелдинов дүние есігін ашқан екен. Майбалық – Ұлы Даланың кіндігіндей, Сарыарқаның жүрегіндей қазіргі Астанамыздың әуежайының орнында болған деседі. Әкесі Жақыпбек орта шаруалы, қарапайым адам болып-ты. Алғашында татар мектебінде оқып, хат танып, сауат ашады. Бұрынғы Фрунзе қаласы аэроклу-бында ұшу даярлықтарынан өтеді. Қайсарлығы, тым батылдығының арқасында бұл сынақтан сүрінбей өтіп, ұшқыш болу арманына бір қадам болсын жақындай

түседі. Кейін Саратовтың ар-найы барлаушылық ұшқыштар авиамектебіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сы-рын үйреніп шығады. ИЛ-2 ша- буылдаушы ұшағында ұшуды меңгереді. 1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-ші шабылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткере кешіп өтті.

Харьковтегі шайқас кезін-де жағдайдың аса қиындығына қарамастан, Талғат Бигелдинов қарсы беттен жауған қалың оқтың арасынан аман өте біліп, бір өзі дұшпанның екі истребителін жойып, бірнеше бомбалағышын зақымдап, істен шығарды. Осы Харьковтың түбінде өз ұшағы құлағанда да ажал сәті алдындағы қайтпас қайсарлығы да бір аңыз. Жау тылында адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін әлдеқашан өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққан соң шайқас көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне әзірейілдей көрініп, ажал төндірді. «Мені атып түсірген ер кім, соны көрсетіңдерші» дейтін неміс офицерінің сол кездерде-гі сөзі Талғат Бигелдиновтей қыран қазақтың шеберлігіне тәнті болғанынан шыққанына дау жоқ.

Алғашқы Батыр атағына ұсынылған құжатта Талғат атамыздың ұрыстағы қаһармандығы неғұрлым дәлірек сипатталған деп білеміз: «Бірін-ші гвардиялық шабуылдаушы

авиакорпустың 800-ші полкының құрамында Калинин, Воронеж, Далалық және 2-ші Украин майдандарындағы ұрыстарға қатыса отырып, 155 жауынгер-лік ұшу жасады. Өзі басқаратын эскадрильясымен 1670 жауын-герлік ұшуды орындап, бірде-бір рет бағдардан жаңылмады, өз әскерлеріне жаңсақтан соққы жасау оқиғасын болдырма-ды. «Круг» ұрыс тәртібімен жауға соққы жасау жөніндегі тактикалық тәсілді тамаша меңгеріп, неғұрлым тиімді әрі шығынсыз шабуылды қамтамасыз ету үшін өз ұшқыштарын осы тәсілге күнделікті үйретіп отыр-ды.

Сәтті орындалған 155 жауын-герлік ұшуда көрсеткен ерлігі мен жаужүректігі, жаудың бес ұшағын атып түсіргені үшін, Александрия, Знаменск, Кировоград қалаларын азат ету жолындағы шайқастарда қаһармандық танытқаны үшін, біздің әскерлердің мемлекет-тік шекараға шығуы кезіндегі ұрыстарға қатысқаны үшін, дұшпанның адам күші мен тех-никасына ойсыратқан үлкен шығын келтіргені үшін – Кеңес Одағының Батыры атағына лайық».

«Қырық жыл қырғында» аман-сау елге оралған Қыран қазақ – Талғат Бигелдинов бүгінде Тәуелсіз елінің арайлы таңын көріп, шуақты күндеріне куә болуда. Жас ұрпақтың отаншыл, намысқой һәм жүрегінің шамы мол (пассионар) болып өсуіне әйгілі батырдың жорық жолдары мен ғибратты ғұмыры мәңгілік өнеге болып, жылдар жылжыған сайын көмескіленбей, жарқырай беретініне сеніміміз зор.

Заңғар Кәрімхан

Page 17: №3 Журнал
Page 18: №3 Журнал

18

– Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің, Мақсұт?

Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.

– Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды, Мақсұт. Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.

Ол үндемеді.– Қартайдым, Мақсұт.

Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпыңда қалыпсың.

Ол үндемеді.– Танымадың ба, Мақсұт?

Мен Хадишамын ғой! Сені әне келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол сөзден қорқып тұрсың ғой.

Ол үндемеді.– Босағада тұрғаның қалай,

Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой.

Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап төрге алып шықпақ болып, ілгері аттайын деп еді – орнынан қозғала алмады. Ара-да екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік-жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай тырп етуге дәрмен жоқ.

Ал Мақсұт табалдырықта әлі тұр.

- Сенің келгенің жақсы болды, Мақсұт, - дейді Хади-ша. - Туысың Шалабайдың қорлығына шыдай алмай, сені айқайлап тұрып шақырып ем, естіген екенсің... Шалабайдың былтыр күйеуге тиген қызы төркініне түсе келіпті. Ол

қызды сен көрген жоқсың, мұнда туған бала ғой. Қағынып, былтыр байға қашып кеткен. Шалабай қызына: «Енді сенің өлігіңді ғана көрейін», - деп еді, бәлені ме, құдасы бахуат неме екен. Шалабайдың көмейіне тас тығылған қасқырдай болды да қалды. Тас қауып, қапқаныңды ит жегір. Мейлі ғой, қыз – жатжұрттық. Күләй тұрмақ, сенің жалғыз қызың Жанар да әлдеқашан тұрмыс құрып, балалы-шағалы боп кеткен. «Қолыма көшіп кел, жалғыздан-жалғыз қайтіп отырасың» деп мың айтып жалынды – бармадым. «Мақсұттың үйінің түтіні өшпесін – отырамын осында», – дедім.

Ой, алжыған басым, бір-ді айтып, біріне кеткенім... Бәрі анау Шалабайдың қызы Күләйдан шықты ғой. Күләй күйеуімен келіп түсті. Ауыл болып жиылдық. Күйеу мен Күләй алып келген қоржынның аузын өзім ашамын ғой деп отырғанмын. Ата жағынан алғанда, менен жақын кімі бар Шалабайдың? Аталастан осы Мақсұттың үйінен жақын ешкімі жоқ қой, біле білсе. Білмеді. Айдаладағы Ақшай кемпір ұстады қоржынның аузын. Ақшай кемпірдің бүгінде мұрнынан есекқұрт түседі. Шалы қасында, үш бірдей келіні қызметін істеп тұр. Шифрлеп сегіз бөлмелі үй салдырған, балаларының бас-басына мотоциклі бар. Шала-

41-ЖЫЛҒЫ КЕЛІНШЕК

Шерхан МҰРТАЗАПРОЗА

Page 19: №3 Журнал

бай шіркін, сенің інің, менің қайным ғой, қайын болмай қата қалғыр, қоржынды маған ұстатуға жарамады.

Бұрын бір Құдайдың басқа салғанына көніп, жоқшылықты да, тоқшылықты да көріп, көндіккен бас қой мына бас. Бірақ анау қорлыққа шыдама-дым:

– Әй, шырақ, - дедім Шалабайға, – әруақ атып кет-песін, – дедім. – Егер Мақсұт болса, мен кіммін? Хадиша болар едім, алдымнан көлденең жүрмес едің сен шірік, – де-дім. – Мақсұт жоқ болған соң, мен сияқты жетім кемпірді елемейсің, – дедім. – Әруақ атқыр болмасаң, анау Ақшай кім, мен кім? – дедім. – Жөн білмейтін қандай көргенсіз едің, – дедім. – Тұқшиып, төмен қарап, жер шұқылайды, жерге кіргір.

Ал, әлгі Ақшай құтырсын.- Алды-артының бәрін

жалмаған қақбас, – деді мені. – Өліп қалмай жападан-жалғыз неғып отырсың. Қоржынның аузын ұстаған сенің не теңің, қақбас, - деді.

– Әй, Ақшай, - дедім мен де. Қаным қарайып кетті. - Алды-артымды жалмап, жал-мауыз болайын деп құдайдан тілеген жоқпын, – дедім. – Мақсұт көппен бірге әскерге кетті. Сенің байың Құрақбас құсап әскерден қашып, үш жыл бойы тауда тағы боп жүрген жоқ дедім. Қызым Жанар болса, тұрмысқа шықты, Құдайға шүкір, қазір балалы-шағалы,– дедім. – Өзім болсам, Мақсұттың отын өшірмей, түтінін түтетіп отырмын. «Қырық жыл қырғын болса да – ажалды өледі». Кебенек ки-ген, әйтеуір, бір келеді. Мақсұт үйден кебін киіп аттанған жоқ қой, - дедім. - Оны мен семіз деп сойған жоқпын, етті деп

сатқан жоқпын, мен қайдан қақбас боламын, – дедім.

Сөйтіп ем:– Сорлысың, сорлы, - деп

Ақшай ернін шығарды, ерніңе күйдіргі шыққыр. – Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт, - деп кекетті.

– Күтемін, – дедім. – Жүз жыл күтемін, – дедім. Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым.

– Қайдасың, Мақсұт! - деп айқайладым. Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем. Кісімсіп, қыздан кел-ген қоржынның аузын ұстап, дәрежеге жетіп, жетісіп еді, енді қарабет болды, қараң қалғыр...

Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр:

- Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп Хадиша сонда шыңғырып жіберді.

* * * Хадиша өз даусынан өзі

шошып оянды. Кәдімгі үйі. Үйде жалғыз өзі. Таң атып қалыпты. Сиырды сауып, табынға қосатын уақыт болып-ты.

- Шыннан тағы да түс пе? – деді өзіне өзі. - Шыннан Мақсұт бір тіл қатпады ма? – деді өзіне өзі.

Ал, шындығында, Хадиша Ақшайдан көрген қорлығын арыз етіп айтқанда, сол түсте Мақсұт сай-сүйегі сырқырап, егіліп еді. Қаншама жұбату сөздер айтып еді Хадишаға.

Бірақ өлгендердің көзінен еш уақытта жас шықпайды. Өлгендердің сөзін тірілер еш уақытта есіте алмайды.

Ал Хадиша болса:– Мақсұт тым болмаса

түсімде көргенде неге бір тіл қатпады? – деп әлі аң-таң.

Page 20: №3 Журнал

20

Жарық дүниеде не бары 21 жыл ғана өмір сүрген Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі қазақ үшін мәңгілік өшпейді. Жарқ етіп ағып өткен жұлдыздай қысқа ғұмырында ел сүйсінерлік ер-лік жасап, артында аңызға айналарлық із қалдырған қазақтың Мәншүктей қаракөз қызының туғанына биыл 90 жыл толып отыр.

Кескілескен шайқаста елінің ертеңгі бейбіт өмірі үшін қызғалдақ ғұмырын қиып, өмірінің ақырғы сәтіне дейін тай-салмай, дұшпанға қарсы атылған оқтай болған Мәншүк Мәметова апамыздың есімін ұлықтай түсу бүгінгі ұрпақтың міндеті деп білеміз. Себебі, сол қиын-қыстау

ел басына күн туған кезеңде, қазақтың ұлдарымен бірге қаракөз қыздары да соғыстың лаулаған отынан артында қалған елін, жерін, жұртын аман алып қалу үшін, сол отты өз кеуделерімен басып өшіруге барды және бұл ержүректік, Отанға деген шын сүйіспеншілік ешқандай өлшемге бағынбайтын – Ұлы іс.

Мәншүк (шын аты Мәнсия) Мәметова Жиенғалиқызы 1922 жылы Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болады да, бес жасар бала-ны тәтесі Әмина Мәметова бауы-рына басады. Сөйтіп, Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.

Кеңес Одағы елдері басына төнген қара бұлт – Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, сонымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секратариатында қызмет етіп те жүрген болатын. 1942 жылдың тамыз айында Отанның тағдырын өз тағдырынан артық санаған Мәншүк өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да майданға аттанып, 21-атқыштар дивизия-сында Мәншүк таңдаулы пулемет-ші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етіп, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болады. Сол кездері жауға қарсы келгенде қайыспас

кейіпке еніп, ерлерге бергісіз ержүректігімен айрылмас досына айналған «Максим» пулеметінен жауына қарай оқ жаудыртқан қазақтан туған Мәншүк қыздың ерлігіне тәнті болғандар аз болған жоқ. Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, батылдығымен қайран қалдырды.

Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты. Қасық қаны қалғанша қарысып баққан Мәншүктің қас батырлығы мен асқақ өлімі соғыс даласында да, «еңбек майданында» да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кездері Павло-дар облысының колхозшылары даңқты пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Мәметова атындағы танк пол-кін жасақтауға қажетті қаражат жинап, оған жасалған 26 танк майданға жіберілген екен.

1944 жылдың 1-науры-зында СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.

ҚАЗАҚТЫҢ ЕРЖҮРЕК ҚЫЗДАРЫ...Сұрапыл соғыс жылдары қан майдан даласында етік киген ерлерге бергісіз

ерлікке барған қаракөз қазақ қыздарын айтар болсақ, бірінші болып жүректерді дір еткізіп еске түсетін Әлия, Мәншүк, Хиуаздай қызғалдақтардың батырлығы мен батылдығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ болар. Себебі, олардың жасаған теңдессіз ерліктеріне, бүгінгі бейбіт заманда өмір сүріп жатқан әрбір адам бас иіп, тағзым етеді деген сенімдеміз...

ҚЫЗҒАЛДАҚ ҒҰМЫРЫН ҚҰРБАН ЕТКЕН – МӘНШҮК

Page 21: №3 Журнал

ЕРЛІКТІҢ ТАУСЫЛМАС ДАСТАНЫ – ӘЛИЯ

Нәзіктік пен қайсарлықты өн бойына жинап, ерлік дастанның таусылмас сан тармақ, сан шумағы деп Әлия Молдағұлованың Отан алдындағы өтеген парызы мен көрсеткен ерлігін айтар едік. Бар болғаны 18 жастағы талдырмаш қазақ қызының бет қаратпас соғыс отында нәзік жанын аямай, ота-ны үшін құрбан болуы ерліктің ерлігі...

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылдың 15 маусымында қазақ сахарасының батыс бөлігіндегі Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылын-да дүниеге келіп, Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың тәлімін алады. Бірақ тағдырдың жазуымен кішке-не Әлия анасы өмірден озғаннан кейін, бір жыл бойы ауылда туыстарының үйінде жүріп, кейіннен нағашысы, Тәжікендегі Әбубәкірдің отбасында тәрбиеле-неді. Балалық шағының өзі қиындықтан басталған Әлия осы отбасында жылы бір мейірім тауып, сол үйдің қызы Сапурамен тел өседі.

Тірліктің талабымен 1933 жылы Әулиетаға, 1935 жылы Мәскеуге, ал соғыстың алдында Ленинградқа жанұясымен көшіп

барған нағашы ағасы отбасы жағдайына байланысты Әлияны Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесінде орналасқан №46-шы балалар үйіне апарып тапсырады. Әлия сол балалар үйінің оқушыларымен бірге Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектепте оқиды. Ленинградты шын жүрегімен жақын тартқан Әлияның екінші отаны да осы жер еді. Жалқаулықты жырақ көрген жігерлі қыз өз замандастарының алды болып, үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберіледі. Әлия соғыс басталғаннан кейін балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское деген селосына эваку-ацияланып, сол селодағы орта мектептен 7-сыныпты тәмәмдаған соң, Рыбинск авияциялық тех-никумына түседі. Көп ұзамай жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жазады.

Табиғатынан ер мінезді Әлия 1943 жылы Снайперлер дайын-дау орталық әйелдер мектебін аяқтағаннан кейін, осы жылдан бастап 22 әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронтындағы 54-шi арнайы атқыштар бригадасының 4-батальонында снайпер бола-ды. Мергендегімен көзге түскен қайсар ару қыстың қақаған аязына қарамастан өз қаруластарын бір өзі бастап шығып, жау шебіне қаймықпай, қарсы тұрып, жау әскерінің отыздан аса сарбаздары мен офицерлеріне оқ жаудырады. Ержүрек батыр ару ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған еді. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында ше-шуші шайқасқа шығып, небәрі 19 жастағы қаршадай қазақ қызы осы жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстік бөлігіндегі Новосокольники ауданында ерлікпен қаза табады. Дерек-

терге сүйенсек, соғыс алаңында өрімдей жас батыр қазақ қызы 78 фашисттің көзін жойған екен.

Жалпы саны 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанса, соның біреуі қазақтың қайсар Әлиясына СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда дәл осы одақтың ең жоғарғы атағы беріледі. Тарих бетіне көрсеткен ерлігімен өшпес із қалдырған батыр қыз «Алтын жұлдыз» ме-далімен және Ленин орденімен де марапатталады.

Отан үшін от кешкен ұлты-мыздың өрімдей қызы Әлияның есімін елі ұмытпақ емес. Қайта уақыт өткен сайын оның көрсеткен ерлігінің құны біз үшін қымбат әрі ыстық бола түспек. Кешегі ел «батыр қызым» деп маңдайынан сипамаса да, бүгінгі ұрпағы «батыр ана» деп құшағын аңсамақ! Иә, батыр ана! Аз ғана ғұмыр жасында өзі ұрпақ сүйіп, ана атануға үлгермесе де, ол ерліктің, батырлықтың анасына айналды!

Еліміздің басқа өңірлерін айтпағанда, Ақтөбе қаласында батыр қыздың бар қырларын болашаққа жеткізер облыстық ме-мориалды музей жұмыс жасайды.

«...Біздің ардагерлеріміздің ұлы құрбандығынсыз, ешқандай бостандық та, бүгінгі тәуелсіздік те болмас еді» - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, бүгін-гі тәуелсіздіктің ақ таңының төгілген бір сәулесі, ол – Әлия Молдағұлованың ерлігі!

Ерліктің Әлиясына айналған батыр аруға әлі де талай-талай ән де, жыр да арналып, әлі талай ескерткіш көтерілер! Ең бастысы, ол тарихта жыр боп қалған Әлия мен тарихқа ескерткіш болып соғылған Әлия бейнесі мәңгілік болып қалары сөзсіз.

21

Page 22: №3 Журнал

Теңдессіз ерлігі үшін «Қанатты қыз» атанған Хиуаз апа-мыз да көзі тірі болғанда торқалы тоқсан жасқа келер еді. Көк жүзінде жемтігінің өзі тұрсын, әрбір қимылын қалт жібермейтін қырағы көзді қыранша қаншама фашистік жаудың көзін жойған ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі қазақ жұртшылығына ғана емес, кешегі кеңестік кезеңде бас қосып, жауға бірге қарсы тұрған елдердің баршасына мәлім десек, қателеспейміз.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы Бөкей гөбернесі Гнюшкино селосында (қазіргі Атыруа облысы) балық кәсіпшілігімен айналысқан қарапайым отбасында дүниеге келеді. Әкесі – Қайыр балықшы, анасы – Меруерт мұғалім бо-лып еңбек еткен. Алғырлық, қайсарлық, адалдық қасиеттерін бойына жинап өскен талдырмаш Хиуаз мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдап, ұшқыш болуды армандайды.

Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға ұмтылған жас қыз соғыс басталған жылдары Москвадағы Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың

аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкі құрамында штурман қызметін атқарады. Сол кездері Хиуаздың қайсарлығына тәнті болған ұшқыш әйел Марина Раскова қаршадай қазақ қызына зор үмітпен қараған екен.

Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер – Гризобудова, Осипен-ко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай... Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тасталған, Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено коман-дирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашан да сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады.

Алғашқы әскери тапсырма-ны осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанған-ды.

Осынау жан берісіп, жан алысып жатқан шайқастан тірі қалғанына Хиуаз Доспанова апамыздың өзі де таң қалады екен. Себебі, оғы тек жерде ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жаумен аспандағы ұрыста 300 рет болып қайтқан Хиуаз апай ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта

оралып отырған.Қазақтың қарлығаш жас қызы

фашистік жаумен шайқаста асқан ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» орден-дерімен және көптеген медаль-дармен марапатталған. Ал, соғыс жылдарынан кейін елеулі еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденін иеленді.

Бейбіт кезеңде де Хиуаз апа-мыз «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табы-ла білді. Мұның бәрі апамыздың өзі айтқандай «әрекетсіз оты-ра алмайтындығының» белгісі. Еліміз егеміндігін алғаннан кейін де, Отанын шексіз сүйген Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.

Бала сүйіп, сүйікті әже атанған Хиуаз апамыз Жеңіс күнін Москваның Қызыл Алаңында тойлағанды армандаған екен. Ол арманына да жетеді. Ерлігі мен бейнесі тарих беттерінде мәңгі сақталып, есімі ұрпақ алдында қашан да асқақ тұратын Хиуаз Доспанова апамыз 2008 жылы 21 мамыр күні 86 жасында дүниеден озды.

Адамзат баласына қан жұтқызып, қасірет шектір-ген сол бір зұлмат соғыс жыл-дары қазақ еліне оңай болған жоқ. Енді міне, арада 67 жыл өтті. Белгілісі, белгісізі бар, Ұлы Отан соғысының кез келген қаһармандарының есімі тарих бетінде алтын әріптермен сақталып қалмақ.

Сабира Болатқызы

ҚАНАТТЫ ҚЫЗ – ХИУАЗ

22

Page 23: №3 Журнал
Page 24: №3 Журнал

БақытжанЕртаев

Page 25: №3 Журнал

БАТЫРДЫ ТАБИҒАТ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Бақытжан аға, Сіз Бауыржан Момышұлының ауылында дүниеге келдіңіз...

Иә, Баукеңнің ауылдасы болуымның өзі, менің бүгінгі белестерге жетуімнің бір себебі болар. Жалпы, біздің ауылдан сегіз генерал, екі қаһарман шыққан.

Бәлкім, бұл Бауыржан ағамыздың алдындағы інілік намысымызды жібермей, сол кісінің өсиеттерін тыңдай өскендіктен шығар.

Бауыржан Момышұлы туралы Шерхан Мұртазаның бір жазғаны бар: «50 жасын тойлай алмады Бауыржан, жасырын тойлады,

60 жасын жетім қыздың тойын-дай жасады, 80 жасын өз Жуалы елінде емес, Түлкібаста істеді, ал оны көре алмады» дейді. Бауыр-жан Момышұлы сондай қатал кісі. Ал сол мінезі қайдан дары-ды?! Табиғаттан дарыды. Негізі-нен адам бойындағы батырлық

Ауған соғысының ардагерлері Қауымдастығы Одағының төрағасы, Халық қаһарманы, Ар-мия генерал-лейтенанты Бақытжан Ер-таев ұлтымыздың мақтанышы Бауыржан Момышұлындай арысты өмірге әкелген ки-елі топырақ Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Кеңес ауылында 1952 жылы дүниеге келген. 1969 жылы Ташкент қаласындағы Жалпыәскери командалық жоғары училищесін, одан кейін Ал-маты жалпыәскери командалық жоғары учили-щесін үздік бітіріп, 1985 жылы Мәскеу әскери академиясын тәмамдаған. 1973-1980 жылдары Орта Азия әскери округінде взвод, рота команди-рі, 1980-1981 жылдары Түркістан әскери округін-де батальон командирі міндеттерін атқарды. 1982-1985 жылдары М.В.Фрунзе атындағы әскери Академияның тыңдаушысы, 1985-1992 жылдарында Германиядағы Кеңес әскерлері тобында полк командирінің орынбасары, полк командирі болды. 1992 жылы қаңтар айынан

бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қорғаныс күштері құрамындағы әскери-оқу орындары және шақыруға дейінгі даярлық бөлімінің бастығы, 1992-1996 жылдары мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, дивизия команди-рі, 1996-1997 Семей қаласындағы 1-армиялық корпустың командирі, 1997-2000 жыл-дары Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылы тамыз айынан бастап Шығыс әскери округі қолбасшысы. ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 5-ші желтоқсандағы №708 жарлығымен «Халық қаһарманы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, батыр аға «Отан», «Қызыл жұлдыз», «Даңқ» ордендерімен, «Үздік жа-уынгерлік қызметі үшін», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», тағы басқа медальдармен марапатталған.

Оқырмандарымызға генерал-лейтенат, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев ағамызбен болған тілші сұхбатын ұсынамыз.

25

Page 26: №3 Журнал

қолдан жасалынбайтын, табиғат анадан даритын қасиет деп ойлай-мын. Ол сатып алынбайды, оны адам бойында тәрбиелеу керек. Меніңше, Баукеннің мінезін де табиғат тәрбиелеген. Себебі, ол кісінің ауылында қыстың суығы қаһарлы, жаздың мезгілі аптаған ыстық болатын. Бізді де сол табиғат тәрбиеледі. Мінезімізді қалыптастырып, ыстық-суыққа бейімделуді үйретті. Баукеңе ұқсайықшы деп өстік. Әрине, мен Баукеңнің батырлығына жетпесем де, ол кісі аға лейтенант, батальон командирі болды, мен де Ауғанда аға лейтенант, комбат болдым. Сол кісінің абыройын төкпейін деп, осы жетістіктерге жеткен болар-мын. Әрине, мен соғыс көрем деп ойлаған жоқпын ғой. Бірақ, оны да көрдім. Ауған соғысын көрдім. Германияның Потсдам қаласында полк командирі болып жүрген кезде, 9-Мамыр күні мерекеде сөз сөйлеген кезде, әрқашан Баукеңді қосып сөйлейтінмін. Сол кезде немістер ол кісінің кім екендігін сұрап, қазақ болған соң қосып айта-сыз ба деуші еді. Мен болсам, жоқ, бұл кісі осындай ерлік жасаған, шын мәніндегі батыр тұлға деп жауап қайырдым. Сол жерде Ма-каров атындағы мектеп болып, сол жерге Баукеңнің портретін ілгіздім. «Бір жігіт атқа мінсе, қырық жігіт

соңынан жүгіреді» деген сөз бар қазақта. Кейде ойлаймын Бауыржан Момышұлы қаһарман адам, қатал кісі болған. Бірақ, қолына қаламды қалай алды екен?! Ол кісі біз үшін, келер ұрпақ үшін алған екен. Ол кісі жалғыз соғыс профессоры емес, адам тәрбиелеу профессоры деп айтса да артық болмас еді. Мысалы, «Отан үшін суға түссең батпайсың, отқа түссең жанбайсың» деген екі ауыз сөздің өзі адам бойында қанша патриоттық ой-өрісін да-мытады, тәрбиелейді. Сондықтан, менің сарбаздарға айтарым Отан-ды Баукеңнең артық сүймесе, кем сүймеуі керек. Бабаларымыз қалдырып кеткен жерімізді, ұйып отырған елімізді бағалай білу керек. Біздің жер-Анамыздың алдында, өз аналарымыздың алдында мәңгілік борышымыз бар. Ол бесіктегі нәрестенің алаңсыз ұйқысы үшін елдегі бейбітшілікті, тыныштықты сақтау.

Бақытжан аға, Отанды сүйе білудегі басты мәселе ана тілі турасында өз ойыңыз?

Ана тілімізді бізден ешкім тартып алған жоқ. Қазақ тілін дамыту үшін мемлекеттен қыруар қаржылар бөлініп, әр түрлі жо-баларды арқау еткен бастама-лар іске асып жатыр. Мәселен, өз басым мектеп қабырғасынан

бастап, жоғарғы оқу орнында да орыс тілінде оқыдым. Соны-мен қатар қаншама шетелдерде жұмыс істесем де, өз ана тілімді ұмытқан жоқпын. Себебі, бұл менің жүрегімнің тілі. Басқа ұлт өкілдеріне сүйсіне қараймын. Олар қазақша өте сауатты сөйлейді. Осы орайда, біз қазақтарға сәл қаталдықпен қарауымыз керек. «Сұлу сөз мәңгілік емес, жүректен айтқан сөз мәңгілік». Адам баласы алдымен ана тілін, елінің терең тарихын құрметтеп, Отанға де-ген махаббатты қашан да жоғары деңгейде ұстай білуі керек.

Кешегі КСРО құрамында Ұлы Отан соғысының қара өткелінен өтуде қазақ жауынгерлерінің алатын орны қандай?

Ұлы Отан соғысын қазіргі уақытта әркім әр қалай талқылап та, бағалап та жатыр. Бәз біреулер сол сұрапыл соғыстың бізге қажеті де жоқ еді. Немесе өзге елдің мансабы үшін соғыстық дей ме? Бірақ, мен ондай ойдан аулақпын. Бұл соғыс қазақ баласы үшін де өте маңызды. Неге десеңіз, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетпе-генде біз не болар едік?! Егер, солай болып қалған жағдайда мен бүгінгі тәуелсіз мемлекетті елестете алмас едім. Ал, енді осы сындарлы,

26

Page 27: №3 Журнал

қаралы соғыста жеңіске жету жо-лында, қазақ жауынгерінің жасаған ерлігі дара, қазақ халқының алатын орны жоғары десем, қателеспеймін. Сол соғыстың қаңсыған аузынан жалын атып тұрған құбыжығын қыңсылата аяқтарының астын-да жаншып тұрған біздің батыр аталарымыз бен аналарымыздың көрсеткен ерлігін біз ешқашан да, еш уақытта да ұмытпауымыз керек. Отанын мейлінше сүйген Баукең бастаған ерлеріміз және Әлия мен Мәншүктің соңынан ерген қарлығаштарымыздың қадамынан бүгінгі ұрпақ үлгі алуға тиіс.

Мен бұл жерде Ауған соғысын айтпай кете алмаймын. Қандай бір соғыс болмасын, оның бас-талу тарихы әр қалай болса да, табиғаты бір. Соғыс ешқашан адам шығынынсыз өтпейді. Бұл соғыстың болмысы сәл бөлектеу болып еді. Себебі, ол жердің тауы да, тасы да, суы да біздікі болған жоқ. Отан соғысының ардагер-лерін артта ел күтті, ал бізді елде ешкім күткен жоқ. Ал сол кездегі 18-20 жасар жас сарбаздар, бейбіт-шілікпен өмір сүріп отырған еліне қайтып келер-келмесі белгісіз бол-ды. Сол кездегі қазақ жігеттерінің қаһармандығы әлі жазылып жатқан жоқ. Бақыт Смағұлов кітабын-да жазды, оған алғыс айтамыз. Әрине, мен де алдағы уақытта кітап шығарымын деп жоспарлап отыр-мын. Бірақ, менің ойым сол кез-дегі оқиға ең алдымен қарапайым солдаттың қалам ұшынан шынайы естелік болып шықса екен. Біз Ауған соғысында да қазақтың кім екенін көрсеттік. Бұл халықтың батыр да, рухты екенін тағы да дәлелдеп шықтық.

Парламент депутаты қызметіндегі жұмысыңызды неден бастадыңыз?

Жалпы, бір істі бастау үшін, оны әр қырынан саралау керек. Мен де, ең алдымен ел жағдайын білу үшін іс-сапарларға шықтым. Әскери горнизондарда болдым. Соның бір мысалы, бір іс-сапарым Сарышаған, Балқаш, Саранды де-

ген аймақтарды аралауға арналған болатын. Сол кезде Сарышағанға кіре берісте қаңырап бос қалған 5-6 қабатты үйлер көрініс беріп қарсы алды. Бұрындары ол жер-лерде әскер болды, ал қазір бос жатыр. Ортасына өткенде әдемі салынған әкімшілік, жарқырып тұрған мектептерге көзің түседі. Кеңес үкіметі кезінде солдаттар-дан жасақталған арнайы құрылыс отрядтары болатын, ал қазір ондай жоқ. Міне, сондай жасақтар қазір де болса, осындай бос қалған үйлерді, ғимараттарды жөндеуге келтіріп, не болмаса тағы бір іс-әрекеттер жасап, жұмыс істеуші еді.

Қазір қоғамда әр түрлі діни ұйымдар пайда болып жатыр. Осы жөнінде Сіздің ойыңыз қандай?

Мен мұсылман баласымын. Бұл қанша жыл, топырақтан, қаннан келе жатқан нәрсе. Мен мұны Партия кезінде де айта-тынмын. Себебі, мен Құдайға сенемін. Бірақ, дінді дұрыс түсіну керек. Дін Отанды сүюге үйретеді. Теріс қылықтарды жасатпайды. Үлкенді сыйлауды, кішіпейіл-ділікті айтқан. Дінмен таласуға болмайды. Қазір көбейіп кетті ғой, әркім «менмін, мен дін-шімін» деп айтып сала береді. Бұл дұрыс па?! Бұл діннің негізін басқа жақтарға бұру, бұрмалап көрсету деп аталады. Мен өз басым мұны дұрыс көрмеймін, қате деп есептеймін. Әсіресе, жастар дінді жақсы түсіну керек. Біздің дәстүрлі киім киісімізде қыздарымыз екі бұрымын арқаға тастап, басына үкілі бөрік киіп, қашан да сән-салтанаты сыр-сымбатына жарасып жүрген. Қазақ қыз баласын әдемілікке, ибалылыққа тәрбиелеген. Себебі, ол қыз бала. Ал қыз балалардың басына орамалды түгел байлап, өзге ұлтқа тән киім кигеніне мен қарсымын. Өйткені, біздің өзіміздің қазақ халқына тән ұлттық құндылығымыз, дәстүріміз бар. Ол өте әдемі әрі ерекше екені

де мойындалып қойған. Тәуелсіздік туралы айта

өтсеңіз...Тарихсыз ел жоқ. Талдардың

биіктігіне қарап, тамырының күшін біледі. Негізі біздің тамы-рымыз терең. Ата-бабамыздың ұрпақ үшін қан төккен кезеңдері тарихқа жазылып қалды. Ол кісілердің әруақтары да бір аунап түсті. Себебі, біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Өз еліміздің мырзасы болдық. Біз рухты таза ұстай біл-дік. Біздің абзал бабаларымыздың сөзі бар: «Бастау байланса су тұншығады, рух байланса ел тұншығады», – дейді. Бірақ қазақ халқының басынан бәрі өтті. Жұт та болды, ашаршылықты да көрді. Соғыстан да көз ашпады.

Тарихымыздағы айтулы 1991 жылды мысалға алайық. Қандай кезең болып еді?! Бірақ, Елбасымыздың ұтқыр саясатының арқасында, халықтың шыдамдылығының нәтижесінде бүгінгі жарқын күнімізге жетіп отырмыз. Ел сол кезде Президент-ке сенді, ол кісі де халқының сенімін әбден ақтап шықты. Оны да көзіміз көріп отыр.

Алдағы келе жатқан мереке күніне айтар лебізіңіз болса...

Мен 7-Мамыр ҚР Қарулы күштерінің мерекесімен, 9-мамыр ҰОС Жеңіс күнімен барша елді шын жүректен құттықтаймын. Алдымен, ардагерлеріміз аман бол-сын! Сол кісілердің батырлығының арқасында бүгінгі бейбіт күнге жеттік.

Жас сарбаздарымыз Отан алдында, ел алдында пары-зын жоғары деңгейде орындаса екен деймін. Қазақ жұртының тәуелсіздігінің ақ таңы мәңгілік жарқырай түссін!

Салиқалы сұхбатыңызға рах-мет! Мерекеңіз құтты болсын!

Сұхбаттасқан

Ботагөз Сембайқызы

27

Page 28: №3 Журнал

28

ТӘУЕЛСІЗ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУІМІЗ ҚАЖЕТ

Шоқтығы биік елу елдің қатарына еніп, оларменен тереземізді тең ұстау үшін, ба-сымды бағыттардың бірі ‒ елдегі білім саласы қай қырынан болсын, жоғарғы көрсеткішке ие болуы шарт. Сондықтан, бүгінгі білім беру жүйесінде жүрген қандай да бір маманның болсын, оның әрбір атқарған жұмысы келешек ұрпақтың білім деңгейіне тікелей әсер етпек. Осы мәселені ескере оты-рып, қаншама жыл осы салада еңбек еткен ардагер ұстаздарымыздың ақыл-кеңесіне жүгініп, тәжірибесін қолдана отырып, олардың салған баспалдағынан тәлім алу ‒ жауапкершілікті жоғары деңгейде сезінген жас маманды үлкен жетістікке жеткізері

сөзсіз. Осындай асқаралы ақсақал, білікті маман, тарих ғылымдарының докторы, проф., 12 монография, 250-ге жуық ғылыми жұмыстың авторы Мұса Сүлейменұлы Беспаевпен сұхбаттасып едік.

Мұса Сүлейменұлы, қай өңірде туып өстіңіз? Отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Өзім 1928 жылы 3-наурызда Атырау облысы Құрманғазы ауда-ны, Сүйіндік ауылында дүниеге келдім. Ата-бабамның кіндік қаны тамған жер ‒ бұрынғы Орал облысы, Орда ауданына қарасты (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ауданы) Қаракөл деген ауыл болатын. Орал қаласынан ең шет жатқан бұл ауыл Ресей шекара-сынан 4 км. қашықтықта жатыр. Қаракөлдің табиғаты ерекше, сулы да нулы жер. Әсіресе, көктемде суы молыққан көл ерекше көзге түсіп, бетін басқан қалың жыныс жазғы қапырықта көл суының буланып ұшып кетуіне жол бермей, табиғи тамаша қалпын сақтайтын.

Аңызға айналған Қаракөл ертеректе табиғи құс базары-

мен ерекшеленгені сонша, көл бойынан үйрек жұмыртқаларын шелектеп жинауға болады екен. Осы көлдің жағасын ғасырлар бойы Кіші Жүздің рулары мен төре, қожа ұрпақтары мекен ет-кен. Менің бабаларым қожаларға мекен болған Қаракөл ‒ мен үшін де алтын бесік. Соңғы 80 жылда екі экологиялық апатты басынан кешірген Қаракөлдің гүлденген табиғатын 1931-1934 жж. төрт жылға созылған құрғақшылық пен «Нарын-Капустин Яр» ракеталық ядролық полигон сынақтары мүлдем күйреттіп жіберді. Бұл менің жаныма қатты батады...

Ал, енді, отбасыма келсем, өмірлік жарды таңдай білген адам бақытты деп есептеймін. Мен сондай жанды кездестірдім. Есімі Роза, Атыраудың қызы. Алғаш көргенімде, Роза мені әсем дауы-

сымен, әнді көркем орындау ше-берлігімен тәнтті еткен болатын.

Роза екеуіміз бақытты отба-сымыз. Қызымыз Баян ‒ Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясының ректоры, профес-сор. Ұлдарымыз Айвар мен Ануар жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Немерелерім ‒ Гаухар ғылым саласында, Жан беделді шетел-дік компанияда қызметкер және Раушаным білікті бағдарламашы болам деп жүр. Келініміз Жанна да білікті маман.

1994 жылы Сіздің ұсынысыңызбен Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясы құрылды. Мақсаты елдегі нарықтық экономиканы дамыту үшін жоғары білікті мамандар дайындау болды. Осы оқу орнының даму тарихы мен

Page 29: №3 Журнал

29

бүгінгі нәтижесі турасында ай-тып өтсеңіз?

Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясы даму тари-хын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңдегі басты стратегиялық мақсат – студенттік контингентті, тұрақты оқытушы топ пен білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқу-әдістемелік базасын қалыптастыру. Екін-ші кезеңде материалдық және оқу-әдістемелік базаны нығайту, оқытудың жаңа инновациялық технологиялары мен компьютер-лік техниканы енгізу, мамандарды үздіксіз даярлаудың бағдарламасын жүзеге асыру, жаңаша оқыту әдістемесін апробациялау, профессорлық-оқытушы құрамның сапалы кәсіби өсуі сияқты шаралар-мен ерекшеленді. Бұл кезеңде Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы өзінің ұраны ретін-де «Сапалы және қолжетімді білім» демократиялық принци-пін ұстанды. Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академия-сы дамуының үшінші кезеңі оқу орнының халықаралық ISO 9001 стандартының негізінде құрылған сапа менеджменті жүйесі аясын-да қызметінің артықшылықтарын сезіну, ұсынылып отырған қызметтердің сапасы саласында Академияның түсінігі, стратегиясы, саясаты мен мақсат-міндеттерін

қалыптастыру кезеңі болып табы-лады.

Ең алдымен, құжаттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етумен қатар Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының қызметкерлері мен оқытушыларының жаңа жағдайға психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы мен бейімделуі өзгерістерді талап еткен бола-тын. Нәтижесінде, Академия өз тәжірибесінде мекеме қызметін ұйымдастыру мен саралауда биз-несті жүргізудің халықаралық нормалар мен тәжірибені ескере отырып ғылыми әдістерді қолдана бастады.

Бастысы ‒ оқу орнын-да ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қойылатын студенттердің күннен күнге өсіп отыратын талапта-рын түсініп, ескеріп отыруға үнемі талпынуда. Жоғары кәсіби білім берудің халықаралық стан-дарттарына көшу мақсатымен Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы 2003 жылдың қыркүйек айынан бас-тап жоғары кәсіби білімі бар мамандарды оқытудың кредиттік технологиясы бойынша дайын-дай бастады. Бұл технология халықаралық білім беру қызметі нарығының заманауи талаптарына толықтай жауап береді.

Бүгінде бүкіл Академия қызметінің негізінде сапа менедж-менті жүйесін жүзеге асырумен қатар «Білім сапасы» ұғымының үш негізгі құрамдас бөлігі жатыр – қолда бар ресурстарды қолданудың сапасы, білім беру процесінің са-пасы, оқыту қызметі нәтижелерінің сапасы. Осыған орай біз академиялық сапа – уақыттық шектеулері жоқ, үнемі жетілдіруді және қоғамдық мойындауды талап ететін, белгіленген межеден төмен түспеуге міндеттейтін аймақтық қана емес, халықаралық стандарт-тарына сай болуға итермелейтін құбылыс екенін айқын түсінеміз.

Қазақ Еңбек және Әлеуметтік

Page 30: №3 Журнал

30

қатынастар Академиясы білім беру нарығында 10 жылдай қызмет етіп келеді. Алғашында экономика және құқық факуль-тетінде бар жоғы елу студент болған. Бүгінде экономика, құқық мамандықтарымен қатар, есеп және аудит, қаржы, психоло-гия, халықаралық қатынастар, маркетинг, аймақтану, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету бакалавр мамандықтары, экономика саласы бойынша магистратура кредиттік технология жүйесіне сай жоғары кәсіби білікті мамандарды даяр-лайды. Бакалавр мамандықтары бойынша «Шығыс және Батыс» жаңа тұжырымдамасы енгізілді. Тұжырымдаманың мақсаты сту-денттерге ағылшын тілімен қоса негізгі мамандығына қосымша не батыс, не шығыс тілдерінің бірін студент таңдауына сәйкес жетік меңгертіп шығару. Бұл тұжырымдама Қазақстандық, сондай-ақ, шетелдік жұмыс берушілер алдында академия бітірушілерінің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін жоғарлатуға негізделген. Біздің бөлімшеміз ретінде ашылған Алматы Эко-номика және Құқық колледжі де табысты қызмет етуде. Қазірде академияның 5 мың ш.м. аса меншікті жері бар, үлкен және кең кітапханамыз заманауи басы-лымдармен қамтамасыз етілген, жаңа компьютерлік сыныптар, оқытудың техникалық құралдары жеткілікті. Дәрісханалар қажетті

құралдармен жабдықталған, спорттық, жаттығу залдары бар. Оқу процесі ғылыми негізделген жоғары кәсіби білім берудің Мем-лекеттік жалпыға міндетті стан-дарты, оқу жоспарлары негізінде жүзеге асады.

Сіздің ойыңызша бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру саласы қаншалықты даму үстінде? Білім берудегі қандай бағыттарға назар аудару керек?

Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру саласын дамытуды көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мысалы, білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартудан басқа, жоғары білімді мамандарды дайындаудың үш сатылы моделін – бакалавриат – магистратура – докторантура PhD – қабылдау мен білім беру жүйесін жаңаша басқару үрдісі қалыптасты. Бәсекеге қабілетті маман даярлаудың алғышарттарын Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында нақты көрсетіп, Қазақстанда білікті мамандар да-ярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды.

Қазіргі білім және ғылым саласын дамыту негізінен үш ерекшеліктен тұратынын байқауға болады. Олар: біріншіден, адам-дар өмір бойы алған білімдерін жаңғыртып, дамытып отырады; екіншіден, білімалушының жас, ой, мүмкіндік ерекшеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден,

бүкіл білім беру жұмысы халықаралық деңгейде іске асы-рылады. Білімді қазіргі кезеңнің талабына сай жұмыс істеуге бағыттаудың бұл басты тетіктері.

Білім беруді де жаңа әлемдік стандарттар мен жаңа нормаларға, тың қалыпқа негіздеу керек. Бүгінгі дүниежүзілік білім бәсекесі бізден осыны талап етіп отыр. Қазақстанның Болон про-цесіне қосылуы профессорлық оқытушылық құрамның құзыреттілігінің даму мәселесін өзектендірді. Педагогикалық құрам сапасын арттыру, квалификация-лар деңгейін анықтаудың тәуелсіз жүйесін құру қажеттілігі туын-дап отыр. Бұл процес оқытушы құзыреттілігінің педагогикалық, ақпараттық, басқару, креативтік ойлау, қарым қатынастық және психологиялық құзыретттілігін дамыту мәселесін қояды. Білім берудегі инновациялық-ин-теллектуалдық жаңару мен дамудың Қазақстанның болашағы үшін маңызы зор. Білім берудің үздік жүйесі негізінде өскелең ұрпаққа патриоттық, моральдық, толеранттық тәрбие берудің маңыздылығы басым.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ұлттық білім берудің озық үлгісі арқылы өз үлесімізді қосуға бар күшімізді салуымыз қажет. Бүгінгі таңда отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал, бұл мәселе төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылу жолында. Нақтылай түссек, Елбасының тапсырмасына орай халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформа-лар жүзеге аса бастады.

Әлемдік білім деңгейіне кірігу үшін өзімізде бар нәрсемен шектеліп қалмай, оны қазіргі және болашақтағы заманауи жетістіктермен ұштастырудың

Page 31: №3 Журнал

пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, әлемдік білім жетістіктерінің жақсы нәтижелерін үлгі еткенде, өзіміздің де тарих қойнауында қайнап, сұрыпталып шыққан сүбелі табыстарымыз шет қалмауы тиіс.

Өзіңіздің ұстаздарыңыз жай-лы айтып өтсеңіз.

Менің мектепте оқыған жылдарым өте ауыр кезеңге сәйкес келді: соғысқа дейінгі және соғыс уақытындағы, суық, аш-жалаңаш күндер сол кездегі жасөспірімдердің қабырғасын қайыстырды. Бірінші сыныпқа төменгі Баскунчак ауылындағы қазақ мектебіне барғаным әлі есімде, алғашқы ұстазым Мансұр ағайдың талабымен алдынала октябряттар қатарына өттім. Бұл маған үлкен мақтаныш болды. Екінші ұстазым өмір бойы есімде қалған Фазыл Бекалиев болды. Ол кісі әрқашан жинақы жүретін, киім кию дәстүрі еуропалықтарға сай, маңдайы ашық, үлкен көзді, бет бейнесін қоюланған қара шаш-тары әдемілей түсетін. Жоғары сыныптарда жер аударылып келген көптеген мұғалімдер болды. Есімде әлі сақтап келе жатқандар осындай ұстаздарым ‒ Мойсей Аронович, Светозар Львович, Рем Александрович. Мен үшін олар өз оқушыларына сүйіспеншілігін де, барлық жан жылуын да аямаған көрнекті тұлғалар. Олардың сабақтары әрқашан да қызықты өтетін. Сондықтан да болар қиын күндерді бастан кешіп жатсақ та, сыныпта үлгерімі нашар оқитын оқушы болмайтын. Қатыгез соғыс жалғасып жатты, балалар да көз жасын төге жүріп осылайша өсіп жатты...

Көргені мен түйгені мол азамат ретінде жастарға айтар ағалық ақылыңыз қандай?

Бүгінгі жас ұрпақ ХХ ғасырдың қанды оқиғаларын, тарихын жан-жақты талдап, қайта қорытуы қажет. Тар жол тайғақ кеше отырып халық мүддесін қорған қайраткерлерді өзіне үлгі тұта отырып, жоғары азаматтық борышын, адамзаттық бет-бей-несін жоғалтпай, табандылық пен қажырлықты ту етіп ұстап, өз Отаны Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне адал қызмет етуі қажет. Түбірлі қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғайтын, Қазақтың ұлттық мақтанышы бола алатын бүгінгі жастарға мен сенемін.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп өтсек...

Қазақстан ғасырлар бойы зорлық-зомбылықтың құрсауында келді: жоңғарлар, қатыгез Ресей казактары мен троцкистер-сионис-тер, қызыл армияның қыспағы... Қазақтар 400 жыл бойы еркіндікті аңсады, күресті. 20 жыл бұрын ғана тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздіктің баға жетпес құны тарих қойнауында жатыр...

«Мен қазақпын мың өліп мың тірілген. Жөргегімде таныс-тым мұң тіліммен..» деп ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай Тәуелсіздік бабалардың ақтық де-мімен келген ұлы жеңіс. Егер де біз ата-бабаларымыз аңсаған, бүгінде қол жеткен тәуелсіз еліміз тұғырлы болсын десек, өз Отаны Қазақстан Республикасының болашағына мақтанышпен, нық сеніммен қарайтын, қоғамда, өмірде өз ор-нын таба алатын тәуелсіз тұлғаны тәрбиелеуіміз қажет. Тәуелсіз тұлға

дегеніміз кім?тәуелсіз тұлға ‒

шенқұмарлыққа жол бермейді, өзінің барлық іс-әрекетіне тура және тең жауапкершілікпен қарайды;

тәуелсіз тұлға ‒ пара беру-ге, пара алуға, сатқындыққа жол бермейді;

тәуелсіз тұлға ‒ өз азаматтық ар-ожданынан айырылуға, шенеуніктің алдында абыройын түсіруге, жағымпаздыққа жол бермейді;

тәуелсіз тұлға ‒ екіжүзділік, көзбояушылық, жалған сөйлеуге қарсы шығады және осындай әрекеттерді болдыртпайды;

тәуелсіз тұлға ‒ біреуге қызмет етуді, әсіресе, шетелдіктердің кіріптарлығында қалуды, сондай-ақ, үкімет басындағылардың қол баласы болып жүруді сынға ала-ды және бұндай әрекеттерге жол бермейді.

Өмірлік ұраныңыз қандай?«Өмірлік ұран» деген ұғым

адамның өмірлік ұстанымдарынан туындайды. Мен тағдырыма ри-замын. Есейген шақтарымда, өз халқымның бақыты үшін күресте алдыңғы қатардан табыла білдім. Сондықтан да, Отан алдындағы адамзаттық, кәсіби борышты адал атқару, шындықты айту, жазу, көрсету, әділеттілік үшін күресу халқын сүйген, елдің жарқын болашағын күйттеген адам үшін маңызды деп есептеймін.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Сабира Мырзахметова

31

Page 32: №3 Журнал

ОразғалиҚаршегенов

Page 33: №3 Журнал

33

ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕУЛІ ЖЕМІСІ

Оразғали Төлеуғалиұлы, әңгіме басын өзіңізден және еңбек жолыңыздан бастасақ.

Мен 1977 жылы Гурьев облы-сы, Балықшы ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіріп, №9 кәсіптік-техникалық училищесінің электрмен дәнекерлеуші мамандығын үздік оқып бітірдім. Кеңес Одағы Қарулы күштерінің Әскери Теңіз Флотында қызмет еттім. 1981 жылы әскерден оралған соң, Алматы энергетикалық институтының күндізгі бөліміне оқуға қабылдандым. Ал, 1986 жылы институтты бітіргеннен кейін, сол институттың аспиран-

турасын тәмамдап, институтта мұғалім болып, кейін институттың кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқардым. Осы қызметте жүріп Мәскеудегі Бүкіл Одақтық Кәсіподақтарының Жоғарғы мектебін оқып бітірдім. Институттың профессорлары мен мұғалімдерінің және студенттерінің арасында оқу-тәрбие, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы белсенділігім үшін, Қазақстан Орталық Кәсіподақтары Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және ВЦСПС-тың Құрмет грамота-ларымен марапатталдым.

Қоғамдағы келелі өзгерістерге

байланысты, заман ағымының арнасына қарай кәсіпкерлік жұмыстармен айналысуды ұйғардым. 1994 жылы «Алтын Та-раз» сауда-финанс компаниясының директоры, Алматы қаласындағы М.Горький атындағы дема-лыс саябағының бас директоры қызметін қоса атқардым. Осы жыл-дары Алматы қаласы орталығында «Ақ бота» балалар саябағын ашуға күш салып, оңтүстік астананың өркендеуіне, балалар мен жас өспірімдердің мәдени демалысын ұйымдастыруды қолға алып, біраз жұмыстар жасадық.

2000-2008 жылдары Жамбыл

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болғандықтан, оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Дерек-тер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.

Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:

Бiрiншi кезең 1918-1945 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пай-да болды.

Екiншi кезеңде 1946-1958 жылдары аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.

Үшiншi кезеңде 1959 - 1990 жылдары республиканың энергетикалық базасы же-дел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.

Ал, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда энергетика саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осыдан жиырма жыл бұрынғы кезең мен осы күннің арасында үлкен өзгерістер жасалынды. Сонымен қатар, энергетика саласы бойынша еңбек етіп келе жатқан мекемелер де ел игілігін асырып келеді. Сондай ірі энергетикалық мекемелердің бірі Атырау қаласындағы «Атырау Жарық» АҚ-ы. Осы қоғамның тыныс тіршілігімен біте қайнасып, саналы ғұмырын отандық энергети-каны дамытуға арнаған осы мекеменің директорлар Кеңесінің Төрағасы Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлымен сұхбаттасқан едік.

Page 34: №3 Журнал

34

облыстық электрожүйесінің директорлар Кеңесінің төрағасы, «Көкшетау-ПАЭУР» энергетикалық компаниясының президенті болып, елде нарықтық қатынастарға байланысты, өндіріс орындары мен мекеме-лер, шаруашылықтар дағдарысқа ұшыраған сәттерде қиыншылықтан шығудың барлық мүмкіндіктерін қарастыра отырып, энергетикалық кешенді өз қалпында сақтап, халыққа қызмет етуіне бар үлесімізді қостық.

Нарық қыспағынан көп қиындық көрген Көкшетау қаласын жылытуға арналған бу қазандығы қондырғылары жаңадан салдырылды.

Жамбыл облысындағы жер сілкінуінен болған зардаптарды қалпына келтіруге өзім бас болып көмек қолымды создым. Табиғи апаттан зардап шеккендердің отбасыларына моральдық және материалдық көмектер ұйымдастырдым.

2008 жылдың сәуір айынан бастап «Атырау – Жарық» АҚ-ның директорлар Кеңесінің төрағасы және «Евразиялық» энергетикалық кешені компаниясының бас ди-ректоры болып тағайындалдым. 2009 жылы Құрманғазы ауданы №18 округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып сай-ландым.

Шындығына келгенде, туған өлкеңе келіп, оған еңбек етудің орны бір бөлек қой. Бірінші күннен бастап, бар күш-жігерімді Батыс өлкемізде қолға алынып жатқан мұнай-энерго кешенді құрылыстары мен үлкен өндіріс орындарын электр қуатымен қамтамасыз етуді алдыма үлкен мақсат етіп қойдым. Өңірдегі энергетика кешенін жетілдіру мақсатында облыс әкімімен бір-лесе отырып, «Атырау – Электр Жылу Орталығының» 25 мВттық қосымша трубиналар кезеңін жабдықтап, 2009 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен іске қостық.

Күні бүгінде «Атырау – Электр

Жылу Орталығының» 75 мВттыққа жеткізу мақсатында екі трубагене-раторды іске қосуды 2010 жылдың қазан айына дейін жабдықтап және бірінші кезеңдегі ескірген тру-багенераторларды жаңартып іске қосу үшін қоғамның басшыларын, ұжым мүшелерін жұмылдырдық.

2010 жылдың соңына дейін №17 «Южная» 110/10кВ, №88 «Локомотивная» 35/10кВ подстан-цияларды жаңа қондырғылармен жаңарту қолға алынды. 2011жылы да облыс көлемінде өткен жыл-дардан бері пайдаланып келген подстанциялар мен электр желілері жаңартылды. Облыс аумағында бірнеше шетелдік және отандық, біріккен кәсіпорындар өндірістік қызмет атқаратын болғандықтан электр қуатынының үзіліссіз берілуіне баса назар аударамыз.

Жалпы Қазақстандағы энергетика салысының дамуы қандай деңгейде деп ойлайсыз?

Әрине, жас мемлекет болсақ та, Елбасының ұтқыр саясатының арқасында өте үлкен даму көпірінен өттік. Оның ішінде энер-гетика саласы ең маңыздыларының бірі. Қазіргі таңда елімізде бұл сала күн санап дамып жатыр. Мәселен, энергетикалық кешен-дерде халықаралық сыныптағы дарынды топ-менеджер бар, энергетика кәсіпорындарында басқарудың заманға сай, жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Энер-гокешен кәсіпорындары және жергілікті мемлекеттік өкімет органдарымен халықтың экономикалық әл-ауқаттылығын нығайтуға, аумақтық

экономиканың өндірістік және әлеуметтік-тұрмыс секторының да-муына арналған бірлескен жұмыс жасаудың нәтижелі сұлбасын ұйымдастырып жатырмыз.

Бүгінде Сіз басқарып отырған «Атырау Жарық» АҚ-ның жетістіктері және алдағы жоспарларыңыз турасында айтып өтсеңіз?

«Атырау-Жарық» АҚ-ның ди-ректорлар кеңесінің төрағалығына тағайындалған күннен бас-тап, облыстағы энергетикалық кешенінің толық қуатында халыққа қызмет етуіне, электро қуатын үнемдеу және электро қуаты тапшылығын болдырмау жолында бар күш жігерімізді салып, еңбек етудеміз. Бұрын қолданыстағы «Узловая», «Водоподьем», «Птицефабрика», «Балықшы», «Құрманғазы», №17 «Южная» 110/10кВ, №88 «Локомотивная» 35/10кВ қосалқы подстанцияла-ры заманауи жаңа жабдықтармен қайта жаңартылды. Сонымен бірге, 2012 жылы кезектегі төрт нысанды газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымдағы газқұбырының құрылысы жоспарлануда және жұмыс жасап тұрған шығырлы қондырғылы ГРС және тағы басқа электр жүйелері нысандарын қайта жөндеуден өткізуге дайындалуда-мыз. Бұл деген электр жүйесімен тұтынушылардың қажеттілігін ба-рынша қанағаттандыруға қол жет-кізу. Сондай-ақ, алдағы уақытта, яғни 2015 жылы ст№14,15 котлоагрегаттың, К-100/90 үлгідегі ст№12 турбоагрегаттың құрылысы басталады.

Page 35: №3 Журнал

35

Кәсіпорын тарапынан қандай қайырымдылық жоба-лар жасап жатырсыздар?

Жаңа жыл қарсаңында «Атырау Жарық» АҚ-ны та-рапынан облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатына аяқ басып, каракөз балаларымыздың көңілінен шығарлық қайырымдылық ша-расын ұйымдастырдық. Балалар бізбен жаңа жылдық тілектерін бөлісті. Жаңа жылдық шырша-ны барлық әлемдегі балалар өте қуанышпен, мерекелік шат-көңілмен қарсы алады. Жаңа жылға қарсы қайырымдылық акциясын «Атырау Жарық» АҚ-ның энер-гетиктері де ұйымдастырып, компьютер құрылғыларының қосымша жабдықтары модемдер мен картридждер алып, балаларды шаттандырды. Мереке қарсаңында балаларға сыйлық жасалын-ды. Сыйлық алған балалардың қуаныштарында шек жоқ. Солардың ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, күнкөрісі төмен отбасы балалары, көп балалы отбасы-нан шыққан балалар, олимпиада жеңімпаздары, оқу озаттары да болды.

Сонымен қатар, Атырау қалалық мүгедектер қоғамының мүмкіндігі шектеулі жандарға, яғни 43 балаға арнап жаңа жылдық сый-сияпаттар тарту етіліп, қайырымдылық көмек көрсетілді. Қатысқан балалардың көңіл күйлері өте көтеріңкі, қуанышты күйде болды. Қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы С.Өтеғалиев энергетика кешенінің мамандары-на алғысын айтып ризашылығын білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаттығына биылғы сайлауда екінші рет сайландым. Құрманғазы ауданы облыс орталығынан шалғай, Ресейдің Астрахань облысымен шектес орналасқан аудан. Облыс әкімдігі сол шалғай ауданға ауыз су, газ желісін жеткізіп беріп отыр. Бұрынғы мал өсіріп, теңізден балық

аулаған колхоз, совхоздар бұл күнде шаруа қожалықтары мен коопора-тивтерге айналып жекшеленген. Кезіндегі мал қыстақтары мен шалғай жайылымдарда отырған шаруагерлердің де өтініштері мен сұраныстарына қолдан келгенінше жәрдемдесіп тұрамыз. Шалғайда отырған 3-4 жеке шаруагерлердің электр желісін жүргізіп беруге көмектестік. Ауылдарда асыраушы-сынан айырылған, мүгедек, көп балалы отбасылар үйдің іргесінен өтіп жатқан газ желісіне қоса алмай отырған 40-қа жуық отбасыларға өз қаржыммен газға қосуға, үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге көмек қолын создық.

Көргені мен түйгені мол азамат ретінде жастарға айтар ағалық ақылыңыз қандай?

Еліміз күннен күнге шапшаң жылдамдықпен дамып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері жиыр-ма жылдың ішінде толық заманға теңдес жолдан өттік. Халқымыз ғасырлап армандаған тәуелсіздік рухымызды күшейтіп, болашаққа сеніммен қарай алатын жағдайға жеттік. Қазақстан дербес мемлекет ретінде барша әлемге танылды. Ал, Қазақстанның батыс өңірі ‒ еліміздің ең өркениетті, бәсекеге қабілетті аймағы ретінде танымал. Экономиканың тұрақты дамуы энергия тұтынумен нық байланыс-ты. Соңғы жылдары энергетика саласы да жастарды қызықтыра түсуде. Оған дәлел біздің “Атырау-Жарық” АҚ ұжымы күн санап жас мамандармен толығуда. Энергетикалық қажетін өтеу жо-лында жұмыстар жүргізіп жатқан “Атырау-Жарық” АҚ алдына қойған міндеттерді бұған дейін де орындап келеді.

Атырау энергетикалық кешенінің ұжымында көптеген жас мамандар еңбек етіп, жастық жалын, жақсы идея, қалыпсыз пікірлер әкеліп жатқандары соның айғағы деп ойлаймыз. Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет. Саясаттың басты

шарты ретінде алға қойған Ел-басы қашанда біздің жас буынға үміт артады. Сапалы білім алып, өз мамандығыңның иесі болу елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолы-на түсірудің алғы шарты болып табылады. Елбасының сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындап, маман иесі болуға зейін қоюда. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп өтсек...

Әрбір өзін құрметтейтін халық, ел, мемлекет Тәуелсіздік күнін өзінің ең басты мерекесі ретінде атап өтеді. Тәуелсіздік ұғымына өз еркіндігіңді, өз болмысың мен қабілетіңнің дер-бестігін түйсіну, сондай-ақ бабалар өсиетін орындау мүмкіндігі, бұған қосымша өзіңді халық ретінде сақтап қана қоймай, дамыту жата-ды.

Тәуелсіздік күні әр кезеңде, әр жылдарда тәуелсіздік үшін күрескендердің бәрін еске алып, жақсы лебіз білдіру, тірілерді де, өлілерді де еске түсіріп, оларға алғыс айту, марапаттау парыз.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Алға — тек қана алға ұмтылу! Өткенге еш уақытта өкінбеу!

Еңбегіңіз жемісті болсын!Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Сұхбатты ұйымдастырғанҚР-ның Мәдениет қайраткері,

Қазақстан Жазушылар жәнеЖурналистер Одағының

мүшесіЖеңіс Аронов

Page 36: №3 Журнал

36

Кешегісі мол тарихқа, қойнауы қазба байлыққа толы қазақ жері тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде елеулі жетістіктер-ге жетіп, еңсесін биіктетті. Бүгінгі таңда әлемнің экономикасы жағынан мықты деген елдерімен қатар жан-жақты дамып келе жа-тыр. Тәуелсіз қазақ елінің дамуында энергия үнемдеу саласының да мыңызы зор. Астанада орналасқан «КАЗАҚЭНЕРГИЯСАРАПТАМА» АҚ бұрынғы кеңес кезінен қалыптасқан, елде-гі алып компаниялардың бірі. Өз алдына беріл-ген міндетті жауапкершілікпен атқарып, заман дамуындағы жаңашылдықтарды ба-тыл қабылдап отырған бірден-бір мемлекет-тік мекеме. Осы орайда оқырмандарымызды аталған компанияның жұмысымен таныстыру мақсатында «КАЗАҚЭНЕРГИЯСАРАПТАМА» АҚ Президенті Есімханов Сұңғат Қуатұлымен сұхбаттасқан едік.

ҮНЕМДІ ЭНЕРГИЯ – ҮДЕМЕЛІ ДАМУ

Сұңғат мырза, «КАЗАҚЭНЕРГИЯСАРАПТАМА» АҚ-ның жұмысы жайлы айтып өтсеңіз және мекеменің ерек-шелігі қандай?

«Қазақэнергиясараптама» АҚ – сараптамалық әлеуеттің жоғары деңгейі мен қорына ие Қазақстанның заманауи энергетикалық сараптама ұйымы.

Біз жұмыс тиімділігін, адалдығын, ашықтығын, үнемі мейлінше жетілдірілу және өзара сыйластықты бағалаймыз. Біз клиенттеріміз бен серіктестеріміз алдында үлкен жауапкершілік-теміз және барлығына, соның ішінде қоршаған ортаға көп пайда әкелеміз деп сенеміз. Біз айна-лысып отырған ісімізді мақтан тұтамыз.

Қазақстан бойынша 16 фи-лиалы, 2 өкілдігі бар бұл мекеме толықтай мемлекеттік болып табылады. Компанияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа техноло-гиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және

бақылау комитеті болып табылады.Негізгі қызметіміз энергия

үнемдеу саласы. Жалпы бүгінгі таңда энергетика саласына өте үлкен назар аударылып отыр. Мәселен, «Индустриялық даму» бағдарламысы негізінде де бірша-ма жұмыстар жасалынды. Оның ішінде 2030 жылға дейін электро-энергетика саласын дамыту дайын-далып жатыр. Үкімет отырысында осы бағдарламаның түп нұсқасы көрсетілді. Енді мемлекеттік

комиссиядан өтіп, мамыр айында бекітілуі тиіс. Үлкен жобалармен жұмыс жасап жатырмыз. Мыса-лы, Балқашта үлкен ТЭЦ салу, Екібастұздың ГРЭС-терін дамы-ту, бірінші ГРЭС-те 3 блог қайта жөндеу жұмыстарынан өтіп, өз деңгейінде 4000 мВт-қа шығайын деп жатыр. Ақсудың ГРЭС-сында 1 блогы жөндеуден өткізілді. Жалпы қазіргі таңда елімізде энергетика саласына өте үлкен мән беріліп отыр.

Page 37: №3 Журнал

37

Негізгі мақсаттарыныз не? Алдағы жоспарларыңыз қандай?

Мақсатымыз айқын қойылған бағыт. Мәселен, сараптамалық әлеует деңгейі мен қорын арт-тыру; Көрсетілетін қызмет са-пасын арттыру; Халықаралық ынтымақтастықты дамыту: ше-телдік технологиялар трансфертін құру; Энергия үнемдеу мен энер-гия тиімділігін арттыру саласын-да көрсетілетін қызмет спектрін кеңейту; Тұтынушылардың компанияға деген сенімі мен мәртебесін арттыру.

Алдағы жоспар дегенде, біздің алдымыздағы мақсат энергети-каны дамыту. Оның ішінде энер-гияны үнемдеу технологияларын көптеп жүзеге асыру. Сонымен қатар, ең негізгі жұмыстардың бірі Қазақстан Республикасының 2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігін арттырудың Кешенді жоспарын (салалық бағдарлама) әзірледі.

Бұл құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен 2011 жылы 30 қараша айында №1404 нөмірімен бекітілді. Кешенді жоспар мақсат: - отын-энергетикалық ресурстарын тиім-сіз пайдалануды қысқарту мен

Қазақстан энергия экономикасын тиімді даму жолына көшу негізін-де Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын төмендетуіне мүмкіндік туғызу.

Мақсатты индикаторлар: 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 10 % кем емес төмендету немесе:

1.Өндірістік және энергетикалық секторларында бастапқы энергияның жылдық үнемдеуі – 5,0 млн. м.э.т. кем емес;

2.Тұрғын үй-коммуналдық және бюджеттік секторларында бастапқы энергияның жылдық үнемдеуі – 3,7 млн. м.э.т. кем емес.

Оның негізгі орындаушысы ретінде біз қатысып отырмыз. Бұл іске еліміздің зерттеу институт-тары мен шетелдік сарапшылар жұмылдырылды. Сонымен қатар біраз жаңашылдықтармен де жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, энергоа-удит, энергоменнеджмент бойынша жоспарлар енгізілуде. Осы сала бойынша мамандарды даярлап, шетелдік мамандардан шеберлік сыныптарын өткізіп, энергетиканың жаңа тұстарының елімізде дамуына біраз шаралар қолға алынып жатыр.

Қандай шетелдік компания-лармен жұмыс істейсіздер?

Біз жоғарыда айтқан жоспар-ды жасаған кезде Германияның «ДЭНА» компаниясымен бірлесіп жұмыс жасадық. Бұл компани-яда энергия саласын үнемдеу саласында қызмет атқаратын, тек Германияда емес, әлем бойынша жұмыс істейтін компания өкілдерін шақырған болатынбыз. Сонымен қатар әлемнің 130 елінде жұмыс істейтін Еуропалық «Хоби» деген мекемені де шақырдық тағы басқа да үлкен компаниялармен бірле-се жұмыс атқырдық. Оған қоса БҰҰ-ның «Юнида» деген бағыты бар. Бұл кәсіпорындарды дамыту бойынша жұмыс атқаратын ұйым. Министрлік бұл ұйыммен тіке-лей қарым-қатынаста болған соң, бірлесіп үлкен бағдарлама жасап жатырмыз.

Кадр жетіспеушілігі байқала ма?

Шын айтқанда біздегі бір үлкен мәселе мамандардың қартаюы. Себебі, нағыз керек мандардың жасы 60 жастан асып бара жатыр. Энергия са-рапшысы аса көп кездесе бер-мейтін техникалық мамандық. Сондықтан, бұл сала 15-20 жылға артта қалыстап қалған. Дегенмен, біз ЖОО-ын енді бітірген жас мамандарды өзімізге тәжірибеге тартып, энергия сарапшының жұмысына бейімдеп жатырмыз. Алдағы уақытта 40 жасқа дейін-гі мамандарымыздың санын 40 пайызға жеткізсек деп жоспар-лап отырмыз. Жоғарыда айтқан энергоаудит, энергоменеджмент сияқты саланың жаңа бағыттары бойынша шет тілін меңгерген жастарды жұмысқа тартып жа-тырмыз. Министрлік тарапынан энергия үнемдеу департаменті ашылды.

Мекеменің тарапынан қандай іс-шаралар өткіздіңіздер? Мәселен, конкурстар жариялап, грандтар тағайындалды ма?

Әрине, біздің тікелей

Page 38: №3 Журнал

қызметіміз энергия үнемдеу сала-сы болғандықтан, Астананың мек-теп оқушылары арасынан осы сала бойынша конкурс жарияладық. Балалардың бұл салаға деген қызығушылығы қандай екені және ой-пікірлерін білсек деген ой-мен ашық сабақтар өткіздік. Осы тақырыпта жазылған жұмыстардың 100 шақтысын бірінші кезеңнен өткізіп, екінші кезеңге 20-25 жұмыс таңдап алдық. Арнайы құрылған комиссия жеңімпаздарды анықтау үшін тағы да талдау жұмыстарын жасап жатыр. Жеңімпаздарға мекеме атынан арнайы сыйлық үйлестіріліп беріледі. Болашақта да біздің мекеменің тарапы-нан осындай жобаларды жасап, жастарды энергетика саласы-на тарту жұмыстарын белсен-ді түрде жүргіземіз. Сонымен қатар, журналистердің арасында осы тақырып бойынша конкурс ұйымдастыру және энергетикалық саласына қажетті тауарларды сату-мен айналысатын кәсіпорныдардың

арасында сайыстар өткізу алдағы күндердің жоспарында бар.

Басқа да энергия сарап-тау компанияларымен арада бәсекелестік қаншалықты?

Біздің сала бойынша бәсекелестік өте жақсы байқалады десем де болады. Жалпы, еліміз-де бізден басқа 100 жекеменшік мекеме жұмыс істейді. Мемле-кеттік болып табылатын бір ғана мекеме біз болып есептелеміз. Әрине, біздің мекеменің тарихы мен тәжірибесі біраз онжылдықты құрайды. Бұрынғы КСРО кезіндегі жинаған абыройымыз бар деген-дей. Кейде комитет тарапынан арнайы жобалар тегін жасалы-нады. Соныдықтан, бәсекелестік қашан да болғаны дұрыс. Себебі, бәсекелестік бар жерде ілгері даму бар, жоғары сапа бар деп білемін.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздік мағынасы үлкен

сөз. Бүгінгі күнге жету жолын-да қазақ халқының басынан ғасырларға ұласқан зұлмат заман-дар өткені тарихтан белгілі. Ата-бабамыз да осы күнге бір жетуді аңсап, еркіндіктің жолында күресіп өтті. Сондықтан, егемен ел болып, не бары 20 жылдың ішінде дамуда осынша секіріс жасау, кез келген елдің қолынан келе бермейтін жетістік. Сондықтан, Елбасының ұтқыр саясатының арқасында қазақ елі қазір дамудың жоғарғы сатысы-на өрледі.

Кез келген елін сүйген адамның бойында патриоттық сезім міндетті түрде болу керек деп есептеймін. Өскелең ұрпақты да туған жеріне, еліне деген асқан сүйіспеншілікпен тәрбиелеуміз керек.

Еңбегіңіз жемісті болсын!Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттақан Ботагөз Сембайқызы

38

Page 39: №3 Журнал

Кәрі Каспий қолтығы мен Ақ Жайықты бойлай мекендеген қазыналы Атырау облы-сы өркендеген үстіне өрлеп, экономикасы мен әлеуметтік саласы өзгелерден оқ бойы озық келеді. Облыста инвестиция тар-ту, мұнай өндіру, құрылыс жұмыстары қарқыны еселеп артып келеді десек артық айтқандық емес. Міне, осындай игілікті іс-шаралардың басы-қасында жүрген, ұзақ жылдар мұнай саласында еңбек етіп, тер төккен Мақсот Байболұлы Қилыбаев – іс-кер басшы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман. Жиырма жылдың үстінде «Мақатнефть», «Доссорнефть» мұнай өндіру басқармаларын басқарып, жоғары көрсеткіштерге жетті. КСРО Мұнай өндірісі ісінің үздігі, Қазақстан мұнай-газ өндірісінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан белгілі мұнайшы. Ол саналы ғұмырын мұнай-газ саласына арнаған, еліне құт-береке сый-лап, халқының алғысына бөленіп жүрген

атпал азамат. Мақат мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы, Доссор мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы, Жылыой ауданының әкімі, «Анако», «Ақтөбемұнай» акционерлік қоғамдарының вице-президенті, «Қарашығанақ газ өнеркәсібі» АҚ-ның президенті, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның вице-президенті сияқты аса жауапты лауа-зымды қызметтерді атқарды.

Қай кезде де өзіне жүктелген іске аса жоғары жауапкершілікпен қарап, ба-тыл да оң шешім қабылдайтын азаматтың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен», «Құрмет» (1999), «Парасат» (2011) ор-дендерімен, «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарімен мара-патталды. Мақат ауданының Құрметті азаматы. Франция өндірістік қолдау көрсету қауымдастығының Алтын медалімен марапатталған. Атырау облыстық мәслихатының депутатымен болған тілші сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

БІЗГЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕРГЕНІНЕН БЕРЕРІ МОЛ

Мақсот аға, әңгімемізді өзіңіздің өмір жолыңыздан бастасақ.

Мен 1948 жылы 3-қыркүйекте Атырау облысы Мақат ауданы Комсомол кентінде дүниеге кел-дім.

1966 жылы Байшонас орта мектебін бітірдім. Ал еңбек жолымды 1964 жылы 9-класс бітіргеннен кейін Байшонаста мұнай өндірдіру цехындағы же-расты жөндеу бөлімі болды, сонда күрделі жөндеу цехы машинсінің

көмекшісі болдым. Мектеп бітір-геннен кейінгі еңбек жолымды Байшонас механикалық шеберха-насында жөндеуші болып бас-тадым. Ел қатарлы оқуға түсуге, мамандық таңдауға байланысты әр түрлі ойлар болды. Қарттар

39

Page 40: №3 Журнал

40

дәрігер болғанымды қалады. Өзім Ташкентке архитекторлық институтқа түскім келді. Бірақ сол жылы онда қатты жер сілкінісі болды да, бара алмай қалдым.

Талаптанып Мәскеудің Губ-кин атындағы политехникалық институтына барлық сабақты 4-ке тапсырып алайда кон-курстан өтпей қалдым. Содан 1967 жылы Алматы қаласында Қазақ политехникалық инсти-тутына түсіп, Тау-кен инжинері мамандығы бойынша 1972 жылы тәмамдадым.

1972-1981 жылдар аралығында мұнай өндіру опе-раторы, смена бастығы, цех механигі, инжинер бастығы болып «Жайықнефть» «Доссор-нефть» мұнайгаз басқармасында еңбек еттім. 1981-1994 жыл-дары «Эмбімұнайгаз» бірлес-тігіне қарасты «Мақатнефть»,

«Доссорнефть» мұнайгаз өндіру басқармасы бастығының мін-детін атқардым. Ол кезде кадр мәселесін қарайтын партия ғой. Аудандық партия хатшысы шақырып, содан осы жұмыстың тізгінін ұстадым.

1994-1995 жылдары Жылы-ой ауданының әкімі, «Анако», «Ақтөбемұнай» АҚ-ның вице-президенті болдым, 1995-1997 жылдары «Қарашығанақ газ өнеркәсібі» АҚ-ның президен-ті болдым. 1997-2001 жылдары «Доссормұнайгаз» мұнай өндіру басқармасының бастығы қызметін атқардым.

Былтырғы жыл несімен есіңізде?

Былтырғы жыл киелі қазақ жерінен «қара алтын» алынып, оның халықтың игілігіне қызмет ете бастағанына 100 жыл толғаны

баршаға аян. Ғасырлық тарихтың тереңіне көз жіберер болсақ, бұл жылдар тек өсу-өркендету жыл-дары ғана емес, туған жеріміздің атақ-даңқының шартарапқа тарап, абыройымыздың асқақтағанын тағы бір байқатқан шақ болды.

Мен ұзақ жылдар бойы мұнай-газ саласында еңбек ет-кен, кезінде әкімшілік қызмет те атқарған ардагермін. Қазір зейнеткер болсам да, күнделікті жағымды жаңалықтарды қалт жіберместен қадағалап отыра-мын. Осы орайда айтар болсам, өткен жыл ел өміріндегі ерекше оқиғаларға толы болды. Соның ішінде еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы да өркенді істер-мен өрнектелді. Ең бастысы – халықтың рухы көтерілді, ке-лешекке деген сенім нығая түсті. Былтырғы жыл осындай ерек-шелігімен есте қалды. Алғашқы алты айда-ақ мұнайлы мекеннің төрт индустриалды жобасы Астанаға апарылып, Елбасының батасын алғанын білесіздер. Естеріңізде болса, мұнай-газ кешені үшін химиялық реагент-тер дайындайтын «Рауан Налко» компаниясының жаңа өндіріс ошағы тікелей көпір арқылы Мемлекет басшысының назарына ұсынылды. Мен өзім байырғы

Page 41: №3 Журнал

41

мұнайшы болғандықтан, әсіресе, химреагенттің енді өзімізде дайындалатынына қуандым. Жалпы, Атырау аймағы сырттан инвестиция тартудан республи-када тұрақты түрде көш басынан табылып келеді. Ал шетелдіктер өздеріне жағдай туғызылмаған, тыныштық шырқы сақталмаған, жергілікті атқарушы билік тара-пынан қолдау көрмеген өңірге ат ізін де салмайды ғой. Жалпы облыс әкімі Бергей Рысқалиевтың ұстанып отырған мақсат-бағдары көңіл қуантарлық. Атқарып жатқан игілікті істерін ел көріп отыр.

Дербес елімізде Тәуелсіздік-тің ақ таңы атқалы жиыр-ма жылдан асты. Жалпы «Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздік деген ұғымға – дұрыс теңеу табудың өзі қиын. Өз басым Қазақ деген қасиетті халықтың өз билігіне өзі қолы жеткендігіне шексіз ризамын. 20 жыл – аз да, көп те уақыт емес.

Егер Ұлы Отан соғысынан кейін еңсесін тіктеген Германия-ның 20 жылдағы жетістігін еске түсірер болсақ, онда бұл мер-зімді тиімді пайдалану қажеттігі ойға оралады. Осы уақыт ішінде айтылған жетістіктерді көптеген

бұқаралық ақпарат құралдары жа-зып жатыр. Оны мен қайталамай-ақ қояйын.

Әрине, Тәуелсіздік жыл-дары жеткен жетістіктеріміз аз емес. Атқарылатын шаруалар одан да көп. Еліміз дамудың жаңа бір деңгейіне көтеріліп отыр. Сондықтан, әрбіріміз Қазақстанның гүлденуі үшін бар күш-қайратымызды аянбауымыз қажет. Жалпы, Тәуелсіздікке ие болған жиырма жыл ішінде мем-лекетіміз жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға қол жеткізді.

Сіздіңше, адам бойында ең басты қасиеттер қандай болу керек деп ойлайсыз?

Ең бірінші еңбекке деген

құштарлық. Кез келген адам өз мамандығын қадірлемесе, жетістікке жетпейді.

Кәсби біліктілікті және адамгершілікті жоғары қоямын. Қызметтегі, өмірдегі басты ұстанымым – еңбекқорлық, тәртіп, жасампаздық, адалдық.

Мақсатқа жетудің жолы неде деп ойлайсыз?

Мақсатқа жетудің жолы – еңбекте және үздіксіз ізденісте.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналына айтар тілегіңіз қандай?

Қазақ халқының «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасы-сын!» деген ұлағатты сөзі бар. Сол айтқандай журналдарыңыз мемлекетіміздің асқақ абыройын паш ете берсін!

Сонымен қатар, осы сұхбатты пайдалана отырып біздің осы күнге жетуімізге себепші болған кешегі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтаймын! Қарияларымыз – біздің қазынамыз. Олардың өмірі біз үшін үлгі. Отанымыз аман бол-сын, еліміз тыныш болғай!

Әсерлі әңгімеңіз үшін рах-мет!

Сұхбаттасқан Бауыржан Берікұлы

Page 42: №3 Журнал

42

СЕН ҚАСТЕРЛЕ, СҮЙ ОНЫ, ҰЛЫЛЫҒЫН ЖҮРЕКПЕН СЕЗІН!

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік таңының арайлап атқанына да жиыр-ма жылдан асты. Мемлекетіміздің рухын асқақтататын көк байрағымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз әуеде шырқалып, Елтаңбамыз елдігімізді танытып ке-леді. Бүгінгі отандастарымыз бен келешек ұрпаққа осы бір үш бірдей мемлекеттік рәміздеріміздің орны қашан да биікте! Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мем-лекеттік рәміздерін құрметтеуі керек. Бүгінгі берер мәліметіміз де осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылатын Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран хақында болмақ. Бұл елдігімізді ерек-шелеп, ұлтымыздың ұлылығын айқындап тұратын мемлекеттік рәміздер ұғымының биіктігін, отанын сүйген әрбір қазақстандық азамат жүрегімен сезініп, оны қастер тұтуға міндетті!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Мемлекеттің егемендігі мен ерекшелігін айқындайтын нышандардың бірі ‒ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Ту ‒ 32 шашақты сәулесі шартарапқа таралған күннің астындағы қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі келтірілген, ұлттық оюмен жолақталған аспан түстес көк байрақ. Байрақтың шетіндегі оюы мен ондағы күн мен самғауық бүркіттің алтын түстес болуы да тегін емес. Азат еліміздің көктегі бейнесін танытатындай. Аспанкөк түс ‒ тазылық пен пәктіктің белгісі. Алтын түс пен өмір мен энергияның көзі ‒ күннің бейнесі еліміздегі байлық пен берекенің айғағы болса, күш-қайратты білдіретін қыран бүркіт бейнесі билік, көрегендік пен кеңдіктің көрінісі. Туымыздағы тағы бір ерекшелік – оның бір жақ жиегіндегі ұлттық өрнекті жолақ. Тудың авторы ‒ Шәкен Ниязбеков. Автордың ұшқыр ойы мен асқан дарындығылығынан туған бұл Ту ‒ еліміздің азат күн астындағы қалықтай ұшқан көк байрағына айналды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдаланудың арнайы тәртібі болады. Бүгінде көк байрағымыз республикамыздағы әкімшілік үйлерді әрлендіріп, шет мемлекеттердегі тәуелсіз Қазақстанның елшіліктерінің ғимараттарында, Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратының жанында жел-біреп, ел тәуелсіздігі мен дербестігін танытуда.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

Мемлекеттік рәміздердің енді бір нышаны – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Бағзы ертегілердегі тұлпарлардың қанаттарымен көмкерілген көгілдір түс аясындағы шаңырақтан күн сәулесіндей шашыраған уықтар бейнеленген Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» жазуы келтірілген. Осы элементтердің бәрі де алтын түстес болып келеді. Жандарбек Малибеков және Шота Уәлихановтың үлкен еңбегінен туған бұл Елтаңба шеңбер формасында. Бұл әлемде шарды форма болып танылуымен қатар, шеңбер көшпелілерде ерекше қастерленеді. Елтаңбада негізгі идеяға алынған басты элемент – шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) отбасылық аманшылық, әлем мен тыныштықтың нышаны. Уықтың елтаңба ортасынан көгілдір алаңына таралатыны өмірдің көзі мен күн сәулесін елестетеді. Қос автордың ұшқыр қиялынан туған бұл Елтаңбада бейбіт сүйгіш қазақ мәндері барынша қамтылған. Отбасылық береке-бірліктің, бейбітшіліктің, байыптылықтың символы болған шаңырақ ортақ үйіміздің берік қуатты көтерушісі Қазақстан екенін меңзейді. Елтаңбадағы келесі көзге түсетін элемент ‒ жарты айдың формасындағы мүйіздері

Page 43: №3 Журнал

43

бар алтықанатты Тұлпарлар. Бұл Тұлпарлар батылдық пен қырағылықты, күш-қуат пен жылдамдықты, сондай-ақ жүйріктік пен тапқырлықты бейнелейді. Ал олардың алтын түсті қанаттары мен алтындай масақтар молшылық пен заттық аманшылықтың белгісін танытады. Елтаңбадағы бояулар гаммасы алтын және көгілдір түс. Алтын түс молшылықты білдірсе, көгілдір түс бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ

Мемлекеттік рәміздің тағы бір маңызды нышаны – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны. 1956 жылы Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған өлеңге толықтырулар мен өзгертулер енгізе отырып, «Менің Қазақстаным» атты әйгілі ән 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының Әнұраны болып қабылданады. Ән сөзінің алғашқы авторы Жүмекен Нәжімеденов болса, толықтырулар мен өзгертулер енгізген екінші авторы Нұрсұлтан Назарбаев.

Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным!

Page 44: №3 Журнал

Талғат Құлжабаев

Page 45: №3 Журнал

45

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ - ЖАМБЫЛ ЖОЛ БӨЛІМШЕСІ

Айшылық алыс жерлерге әп-сәтте жеткізіп, тонналап артқан жүгіңізді «қыңқ» деместен көтере жөнелетін темір жол транспортын-сыз адамзат тіршілігін елестетуге болмас. Ал, осы транспорт жүйесінің күре тамыры санала-тын темір жол саласында еңбек етіп, қаншама жанның алғысын алып жүрген ел азаматтары қаншама. Солардың бірі, асқаралы азамат «Жам-был жол бөлімшесі» мекемесінің басшысы Талғат Сопыбекұлы Құлжабаевпен сұхбаттасқан едік.

Талғат аға, өзіңіз басқарып отырған, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы «Жамбыл жол бөлімшесі» мекемесінің міндеті, атқарар жұмысы турасында әңгіме бастасақ?

«Жамбыл жол бөлімшесі» мекемесінің негізгі жұмыстары жүк айналымы, жүк тиеу жұмыс-тары болып табылады. Жал-пы, «Жамбыл жол бөлімшесі» ұжымының алдына қойған не-гізгі міндеттері: шығындарды оңтайландыру, еңбек өнімділігін арттыру және пайдалану жұмысы көрсеткіштерінің са-пасын жақсарту. Осының не-гізінде 2008 жылдан бастап Жамбыл жол бөлімшесінің пай-далану қызметінде тасымалдау көлемі мен пайдалану жұмысы көрсеткіштерінің өсу үрдісі айқын көрінуде.

Компанияның негізгі стратегиялық даму бағдарламасы негізінде жол бөлімшесінде жылжымалы құрылымдарды пайдаланудың тиімділігін және өткізуді арттыру мақсатында тасымалды қамтамасыз ету, ұйымдастыру, жоспарлаудағы инновациялық жүйелерді енгізу іс-шаралары атқарылуда.

Қандай жетістіктеріңізді алға тарта аласыз?

Атап айтар болсам, осы уақытта жол бөлімшесі жоспар-дан тыс 753,092 мың тонна жүкті тасымалдауға мүмкіндік берген 1829 ауыр салмақты пойыздарды жөнелтті. Жамбыл жол бөлімшесі үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша жақсы көрсет-кіштерге ие. Белгіленген тапсыр-ма жоғары деңгейде орындалып, бірқатар бағыттарда өткен жыл-мен салыстырғанда елеулі ілгері-леу бар. Осы мерзімде жоспардан 151,449 мың тоннаға артық әр түрлі жүк жөнелтілді. Жүктің денін химиялық тыңайтқыш құрап, оны тасымалдау жоспардан 152,022 мың тонна артығымен орындалды.

Ортақ іске «Жаңатас» станциясының жұмысшылары айтарлықтай үлес қосты, олардың үлесіне бөлімшеде тиелген барлық жүктің 26% пайызын құрап, жоспарды 22,8% асыра орындады. «Бірлік-1», «Мыңарал» станцияларының жұмысшылары да өз еңбектерімен ерекше көзге түсіп, жоспарларын асыра орын-дады. Жүк тиеу жоспары «Жа-был» станциясында 32,9 есеге, «Бел» станциясында 2,1 есеге

өсті. Жамбыл жол бөлімшесі бойынша негізгі көрсеткіш жүкайналымы 1 тоқсанда 19,6% артығымен орындалып, жоспар-дан тыс жұмыс 1014,009 млн. ткм нетто құрады.

Шу және Жамбыл станция-сында жаяу жүргіншілер өтетін аспалы темір жол көпірлерінің салынғандарына 40-50 жыл болған. Соңғы кезде адамдар өтуге қауіпті болып қолданыстан қала бастаған, соның кесірі-нен адамдар темір жолды кес-іп өтуді әдетке айналдырып, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төне бастағаны да жасырын емес. Міне, осы екі көпір 2011 жылы толық қайта күрделі жөндеуден өтіп, төбелері жабылып, жарықтандырылып, жолаушылар үшін жүруге, перронға, екінші, үшінші жолға шығуға да ыңғайлы әрі қауіпсіз, соңғы техникалық материалдармен жабдықталып пайдалануға берілді.

Шу торабының темір-жол ұжымдары мен арда-гер теміржолшыларының, түрксібшілердің даңқын, та-рихын көрсететін «Түрксіб» мемориалының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, паравоз орнатылып, Шу қаласының 50

Page 46: №3 Журнал

жылдық мерекесіне тарту жасал-ды. Сондай-ақ, Бурное стансасын-да жолаушылар перроны жаңадан салынды, станса ғимараты жөнделіп, аумағы абаттандырыл-ды.

Компанияның алға қойған жоспары бойынша қандай жұмыстар іске аспақ?

Жамбыл жол бөлімшесінің алдына қойған жоспарының ішінде: жүк тиеу көлемінің 380,0 мың тонна неттоға көбейту және ауыр салмақты поездар-ды құрастыруды 2300 поезға көбейту. Аймақты индустриалды-инновациялық дамыту Бағдарламасы аясында жаңа жүк аудандарын пайдалануға енгізу. Олар: Мыңарал стансасындағы қуаты жылына 1 миллион 200 мың тонна цемент өндіретін «Мыңарал цемент зауыты» ЖШС-нің, Асса стансасындағы қуаты жылына 100 мың тонна мұнай өңдеу зауыты «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің, 36 мың тонна арматура өндіретін «Жаңатас» металлургиялық ком-бинаты» ЖШС-нің және қуаты жылына 1,0 млн. тонна құрамында алтын бар кенді өңдейтін «Ал-тыналмас» АҚ «Ақбақай клас-тері» инвестициалық жобасы, Хантау стансасында «ACIG» АҚ қуаты жылына 500 мың тонна, келешекте одан екі есе көп өнім шығара алатын цемент зауыты, сонымен қатар 2012 жылы іске асырылатын Жаңатас станциясындағы минералдық тыңайтқыш шығаратын зауы-ты «Евро-Хим» ЖШС өндіріс қуаттарын енгізу салдарынан көбейтіледі, вагондардың бір жүк операциясында тұру уақытын 0,3 сағатқа азайтуға негізгі жүк жөнелтушілер мен механизация құралдарын өзгерту есебінен қол жеткізіледі. Жүк айналымы мен қызметкерлер санының қысқаруы есебінен еңбек өнімділігі 1,7% ұлғайып, вагондардың стансасын-да тұру уақытын қысқарту және жұмысшы паркін азайту есебінен

вагон өнімділігін 2,0 % арттырып, отын-энергетикалық қорларды 0,3 % үнемдеу шараларын жүргізу оларды тиімді (ұтымды) пайдала-ну есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Акционерлік қоғамының даму стратегиясында Қазақстан Республикасы бойынша жоғары жылдамдықтағы жолау-шылар қозғалысын ұйымдастыру қарастырылған. «Тальго» жүрдек жолаушылар поезы Астана – Алматы арақашықтығын 1318 км-ді 101,4 км/сағат орташа жылдамдықпен 12 сағат 58 минут-та жүріп өтеді. Бұл көрсеткіштің Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Мойынты – Отар станциялары аралығын 583,2 км-ді 5 сағат 21 минутта, Компания бойынша жоғары 111,4 км/сағат орташа жылдамдықпен өтеді. Жамбыл теміржолшылары жолаушылар по-езын еш кедергісіз қозғалыс кес-тесімен жүріп өтуін қамтамасыз етуде. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының телеграфтық нұсқауы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Шу-Жамбыл-Арыс және Арыс-Жамбыл-Шу бағытында жоғары жылдамдықтағы жолаушылар қозғалысы ұйымдастырылып, қортындысы бойынша 2012 жылы дайындық жұмыстары жүргізіліп, 2013 жылдан бастап осы бағытта жоғары жылдамдықтағы жолаушылар қозғалысы ұйымдастырылу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жуық арада Шу стансасында Химия өнімдерін өндіретін үлкен комплекс қаралмақшы, сол комплекске біз жер бекітіп, сол аймаққа бара-тын кірме жол соғуды жоспарлап отырмыз.

Соңғы кезде еліміздің жо-лаушы азаматтарына жол жүру құжаты, яғни билеттің жетіспеу-шілігі көп байқалады. Осыған қандай шаралар қолданылуда?

Әрине, бұл мәселені де ше-шуге талпынып жатырмыз. Осы билет тапшылығына байланысты, біз осы жолаушылар пойызында

жолаушылардың жүріп-тұруын ұйымдастыратын Астанадағы ак-ционерлік қоғамға ұсыныс жасап, Алматы қаласына қатынайтын пойыздарға үш вагон тіркеп, осы вагондарға біздің облыстан мі-нетін азаматтарға қосымша билет сатылуда.

Қандай жаңалықтарыңыз-бен бөлісе аласыз?

Бұрындары Қаратау, Жаңатасқа қалааралық пойыздар жүретін. Сол пойыздардың еңбегі ақталмай, ақшалары төленбей тоқтатылып қойған болатын. Алайда, соңғы кезде облыс басшыларының тікелей ықпал етунің арқасында аталмыш бағыттағы пойыздар қайта жүре бастады.

Сондай-ақ, компания президенті А.Ұ. Маминнің бақылауымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол бөлімшелерінде жаңа технология-лар өндіріске кеңінен енгізілуде. Жамбыл жол бөлімшесінде 2010 жылдың қаңтар айынан бастап Мойынты-Шығанақ, Шығанақ-Шу, Шу-Отар телімдеріне орнатылған ГИД «Урал» жүйесі поезд диспетчерлерінің жұмысына үлкен көмек болып отыр. Жүйе озық технология болып табыла-ды. Өндіріске жаңалықтар мен рационализаторлық ұсыныстар көптеп енгізілуде. 2011 жылы 103 рационализаторлық ұсыныс тіркелді. Жол техникасын, диагностикалық және шағын механика құралдарын жетілдіру және модернизациялау елеу-лі тиімділік әкелуде. Осындай рацинализаторлық ұсыныстарды енгізу нәтижесінде 7929,0 мың теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізіліп отыр.

Еңбегіңіз жемісті бола берсін!

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Тәжімова

46

Page 47: №3 Журнал

ҰЛТТЫҢ ӨРЕСІ БІЛІМ НӘРІМЕН СУСЫНДАҒАНДА ҒАНА ӨСЕДІ

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған әр жылғы Жолдауында білім са-ласына баса назар аударылып келеді. Яғни, егемен еліміздің кемелденген болашағының кепілі ‒ бүгінгі білім нәрімен сусынданған жас буын. Ал, сол білімнің сапалы деңгейде берілуі, қазіргі таңда елдегі жоғары оқу орындарының жұмысына тікелей байланысты болмақ.

Бүгінде Қазақстан мемлекетінің білім беру жүйесі қалыптасып, біліктілік жағынан ТМД елдері қатарында кенже қалып отырған жоқ. Тіпті, Еуропа төрінен де орын алып жатқан білімді жастарымыз бар. Осы жетістік-тер елдегі білім саласында санға емес, сапаға көңіл бөлініп отырған ұстанымның арқасы. Яғни, сапаны арттыруға күш са-лып отырған Қазақстандағы көшбасшы жоғарғы оқу орындарының аяқалысы қазіргі күні қуантарлық жағдайда. Солардың бірі ‒ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекет-

тік университеті деп атар едік. Жолымыз түсіп, аталмыш ЖОО-нын басқарып отырған, университет ректоры, профессор, еліміздің білім саласында көп жылғы сіңірген еңбегімен танымал болған ардақты азамат Найман Бөбейұлы Қалабаевпен әңгімелескен едік.

Найман Бөбейұлы, қай өңірде туып-өстіңіз? Отбасыңыз жайлы және еңбек жолыңыз турасында әңгіме бастасақ.

1950 жылы қыркүйек айында Оңтүстік Қазақстан облысын-да дүниеге келдім. 1968 жылы қазақ орта мектебін үздік «Алтын төсбелгісімен» бітіріп, Мәскеудегі техникалық институттардың біріне түстім. 1973 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, институт жолдамасымен инженер болып Алматыдағы «Жабық» мекемеге жұмысқа орналастым.

1979 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтына ғылыми жұмысқа орналасып, сол

жылы жаңадан ашылған Алматы архитектура-құрылыс институтына оқытушы қызметіне орналастым. 1988 жылы Білім министрлігіне қызметке тұрдым.

Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1995-2000 жыл-дары Үкімет аппаратында, Прези-дент әкімшілігінде қызмет істеп, 2000 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінде жоғары аттестациялық комиссиясының төраға орынбасары, комитет төрағасы қызметтерінде болдым.

Міне, өздеріңіз көріп отыр-ғандай, 2011 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекет-тік университетіне ректор болып

тағайындалдым. Отбасым жайлы айтар бол-

сам, бір қызым және бір ұлым бар. Екеуі де әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдады. Қызым Айжан универ-ситет бітіргеннен кейін «Болашақ» бағдарламасымен Гамбург (Герма-ния) университетінің магистрату-расында білім алды. Қызым мен ұлымнан Алмат, Ахат деген екі немерем бар.

Осы жоғары оқу орнындағы жүзеге асып жатқан қандай жаңашыл бастамаларды алға тартар едіңіз?

Ш.Уәлиханов атындағы

47

Page 48: №3 Журнал

48

Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақстанның білім беру жүйесінде сапалы білімімен танылып келе жатқанына биыл 50 жыл толады. Ректорлық қызметке тағайындалғалы бері университет ұжымы үнемі ізденіс үстінде екеніне көзім жетті. 2011 жылғы Тәуелсіз агенттіктердің сараптамасы бойынша универси-тет қазақстандық ЖОО-ы арасын-да алғашқы үздік ондыққа енді. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның адал қызметтерінің жетістігі. Десек те, қазіргі таңда біз алғашқылардың бірі болып университетте Болондық үдеріс параметрлерін оқу үдерісіне ен-гізіп, орындауға тырысып жатыр-мыз. Соның бірі оқытушылармен студенттердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығы, қашықтықтан оқыту технология-ларын қолдана отырып білім

беру, екідипломдық білім беру, жұмысберушілердің талабын ескере отырып білім беру, элек-тронды оқыту, ғылымды дамыту мақсатында ғылыми орталықтар мен зертханалар ашылды.

Уақыт сарапшы демекші, көп жылдық тәжірибеңіздің бүгінгі жетістігі қандай? Алдағы жоспарларыңыз жөнінде де ой бөліссеңіз.

Қазақстанның білім беру жүйесіндегі барлық өзгерістер, реформалар мені де бей-жай қалдырмайды. Себебі саналы ғұмырымды білім беру жүйесіне арнадым. Көп жылдар бойы жиналған тәжірибемнің ЖОО-ы ректоры қызметінде сәтті жемісін көрудемін. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында Қазақстандық ЖОО-ы 2020 жылға

дейінгі даму бағыты айқындалған. Бізде осы мақсаттар мен міндет-терді жүзеге асыра отырып, са-палы жоғары білім беру жүйесін дамытуға ат салысамыз.

Қандай шетелдік оқу орында-рымен әріптестік қарым-қатынас жасаудасыздар?

22 жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындары-мен халықаралық ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жа-саудамыз. Олар: Арлингтон универ-ситеті (АҚШ), Загреб университеті (Хорватия), Атылым университеті (Түркия), Қырғызстан мемле-кеттік университеті, Дағыстан мемлекеттік институты, Ресей Федерациясының Мәскеу, Омбы қалаларындағы жетекші жоғары оқу орындары, Польшаның техно-логиялар университеті, Тәжікстан аграрлық университеті, Роскильд университеті (Дания) тағы да басқалары.

Сіздің ойыңызша бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру саласы қаншалықты даму үстінде деп ойлайсыз?

Бүгінгі уақыт талабына сай білім берудің жаңа моделі жасалын-ды, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Мемлекеттік стандарттар жаңартылып, оқу бағдарламалары жетілдіріліп, жаңа типтегі оқу орындары ашы-ла бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.

Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасын-да дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін көтеріп отыр.

Page 49: №3 Журнал

49

Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістік-терді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негіз-деледі. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Ұстаздық жолын таңдауда не себеп болды? Өзіңіздің ұстаздарыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Ұстаз ‒ қасиетті ұғым, әрі ұлы есім. Меніңше, ұстаз болу арманы әркімнің қиялында, көкірегінде ұялайды. Мен де өмірден көрген-білгенімді ұстаз ретінде оқушыларға жеткізуге тырысамын. Жоғары оқу ор-нында мұғалімдік қызметімде, ғылым саласында аспиранттар, докторанттарға ғылыми жетек-шілік еткенде осындай қағиданы ұстауға, жүзеге асыруға тырыс-тым.

Қазіргі кезде 7 аспирантым-ды ғылым кандидаты дәрежесіне, 3 докторантты ғылым докторы

дәрежесіне жеткізуге ат салыс-тым. Өзімнің өмірлік ұстазым ретінде айтарым – ғылым кан-дидаты дережесін алуға бар күш-жігерін салысқан ғылыми жетекшім – Прилетин Михаил Тихонович туралы айтар едім. Бұл адам техника ғылымдарының докторы, профессор. Ресей ғылым академиясының акаде-мигі. Тағы бір ұстазым деп – көп жылдары Республикамызда Білім және ғылым министрі болған Шаяхметов Шайсұлтан, өкінішке орай 2000 жылы өмірден өтті. Осы ұстаздарымның ақыл-өсиеттерін ұмытпай, өмірлік қажеттілігім ретінде көңілімде сақтап келемін.

Көргені мен түйгені мол азамат ретінде жастарға айтар ағалық ақылыңыз қандай?

Жастарымыз қашан да ұлылықты бойына сіңіруге ынтық, талғампаз іскерлікпен меңгере білуге құштар. Бүгінгі таңда жастарға өздерін танытуға әрі өсуіне, ғаламат жетістіктерге жетуіне көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Сол мүмкіндіктерді дер кезінде пайдаланып ұлттық дәстүр мен жаһандық дамуды үйлестіре отырып жастарымыз ел тізгінін ұстайтынына сенімім мол.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп өтсек.

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап-ақ, еліміздегі әрбір адамның этникалық, тілдік тегіне, діни ұстанымана қарамастан сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызатын ұлтаралық саясат жүргізді. Өмір сынынан сүрінбей өткен осы саясат еліміздің қарқынды дамуының кілті екені даусыз. Ұлтаралық келісім – тәуелсіз Қазақстанның жалпы қауіпсіздігі мен тұрақтылығының, экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени және рухани дамуының негізгі идеясы болып табылады. Тәуелсіздік деген аса құрметті, аса қасиетті ұғым барша қазақ-стандықтарды біріктіретін бірлік пен жалпыұлттық идеяның негізі.

Өмірлік ұраныңыз қандай? «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік

елдікке жеткізер» - деп айтар едім.Салиқалы әңгімеңізге рах-

мет!

Сұхбаттасқан Сабира Мырзахметова

Page 50: №3 Журнал

Гүлнәр Сәдуахасова

Page 51: №3 Журнал

51

«ӨМІРІММЕН ӨЗЕКТЕС ‒ ӨНЕРІМ ЖӘНЕ ОТБАСЫМ»

Өнері арқылы әрбір ұлт ерекшеленсе, оның атын әлемге танытып, туын көкке көтеретін сол елдің өнер адамдары. Бүгінгідей тәуелсіз елімізде тек экономиканы ғана ой-лаумен шектелмей, елдің рухани байлығын да ойлайтын, мәдениетке бүйрегі бұрып, өнерді қадірлейтін, рухы мықты азаматтар қатарының көбейгені ‒ Тәуелсіз еліміздің өнері мен мәдениетінің өркендеуіне жол ашылып, ұлт мерейінің қашан да биік тұруына кепіл болмақ. Міне, осындай жандардың бірі, өнер жолында ұстаздық етуге өмірін арнаған халқының аяулы қызы, ардақты ана, бұрынғы Гурьев, қазіргі «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры және Атырау облыстық мәслихатының депутаты Гүлнәр Манапқызы Сәдуахасовамен сұхбаттасқан едік.

Гүлнәр Манапқызы, осы өнер жолында ұстаз болуға қалай келдіңіз?

Мен өмірге келген отба-сы ұстаздық жолына өмірлерін арнаған жандардан құралған. Әкем Манап Садуахасұлы Әдиев ұзақ жылдар қаладағы кәсіптік-техникалық училищеде ұстаздық еткен, өз кезінде ардақты аза-мат «Құрмет» орденінің иегері, ардақты азамат болып өткен. Анам Бағила Мұхтарқызы Мұхтарова «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», домбырашы, музыка колледждің ұлағатты арда-гер ұстаздарының бірі.

Тұла бойында тұлпардай тулаған дарынын қамшылай түсіп, жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез өмірден өз орнын табаты-ны хақ. Қызының тал бойына біткен талантын ана жүрегі тез сезіп, музыкаға ерекше ден қойған мені, анам 6 жасымда қаладағы балалар музыка мектебінің күйсандық классына оқуға берді. Бұл менің өнерге қадам басқан өмірімнің алғашқы баспалдағы болды. Кейін, 1989 жылы бұрынғы Гурьев, қазіргі «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжін бітірдім. Училище қабырғасында жүріп, еңбек жо-лымды концертмейстер ретінде бастап, облыстық, республикалық конкурстарға қатысып жүрдім. Өнерге деген ынтызарлық, білімге

деген құштарлық сезім жетегімен кәсіби білімімді одан әрі жетіл-діру мақсатымен, 1991 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Музыкатану» факультетіне оқуға түстім. Осында оқи жүріп, өзім түлеп ұшқан училищеде музыка теориясы пәндері оқытушысы болып ұстаздық еттім. Консер-ватория бітіргеннен соң да осы оқу орнында ұстаз, пән бірлестігі төрайымы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары жұмыстарын атқардым. 2007 жылдан бастап осы колледж директоры қызметін атқарып келемін.

Өзіңіз басқарып отырған оқу орны турасында айтып берсеңіз.

Атырау өңірі – күй атасы Құрманғазының, баһадүр ақын Махамбеттің, сырлы саздың сарда-ры – Дәулеткерейдің, күй анасы – Динаның, т.б. дарабоз дарындардың құдіреті дарыған, өсер ұрпағына қасиет болып қонған өлке. Бүгінгі таңда бүкіл қазақ жұрты Атырауды «Күй Отаны» деп таниды.

Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы – ұлы өнердің кәсіби бағыт алып биіктерден көрінуіне, дамылсыз дамуына, өнердің әлемдік сипатқа ие болуына зор үлесін қосып келе жатқан ұлағатты Өнер орда-сы. Өйткені, колледж – көптеген кәсіби музыканттарды тәрбиелеп, жоғары оқу орындарына маман

даярлайтын өнер шеберханасы. Оқу орнынан ұшқан түлектер республикаға белгілі мамандар, «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері», әдіскер ұстаздар, өнертану ғалымдары, ұжым басшылары, қоғам қайраткерлері. Олардың тек негізгілерін ғана айтар болсам: А.Жайымов, К.Сахарбаевалар консерватория профессорлары, домбыра өнері саласындағы кешенді еңбектердің авторлары. Академик А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова мұражайын басқарып, еңбек етіп жатқан Ж.Зинуллина мен А.Құрманбаевалардың осы колледж түлектері екендігі үлкен абырой.

Еліміздің үлкен сахнала-рында, облыс көлемінде дүбірлі өнер сайыстарында жүлдемен оралып жүрген шәкірттеріміз облыс үшін абырой, колледж үшін үлкен мақтаныш. Өнер дарыған киелі топырақ бауыры-нан ұшқан түлектер, республи-кадан тыс жақын шетелдерде еңбек етіп, есімдері елге танымал тұлғалар шыққан алтын бесік – коледжіміздің басқа оқу орын-дарымен салыстырғандағы басты ерекшелігі осы болса керек.

Дарынды жастарды те-гін оқытатын оқу орны ұдайы мемлекет қамқорлығының, об-лыс әкімінің оң көзқарасының нәтижесінде кәсіби мамандар да-ярлауда жоғары биіктерден көрініп келеді.

Page 52: №3 Журнал

52

Өзіңіздің ғылым саласында ізденістеріңіз бар екенінен хабар-дармыз...

Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов «Білім ‒ біліктілік-ке жеткізер баспалдақ, ал білік-тілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», ‒ дегендей, білімді ұрпақ қоғамның қозғаушы күші. Ал, білім беру мазмұнын жүзеге асыру ‒ ұстаздың шығармашылық-ізденіс құзіреттілігіне тікелей байланысты болмақ.

Осы орайда өзім ұстаздық ететін пән бірлестігінде жан-жақты ізденіс нәтижесінде қиыншылық туғызатын мемлекеттік тілдегі оқулықтардың болмауына байла-нысты, сольфеджио, гармония, музыка теориясы, қазақ музыка әдебиеті сияқты негізгі пәндердің оқу бағдарламасын мемлекеттік тілге аудардым. Сөйтіп, тұңғыш рет сабақтарымды 1993 жыл-дан бастап мемлекеттік тілде өткізуіме мүмкіншілік туды. Әртүрлі тақырыптағы әдістемелік-танымдық баяндамалар жасақтап, облыстық, республикалық баспасөз беттерінде мақалаларым жиі жарық көріп келеді.

2002-2006 жылдары «Музы-ка танушы» мамандығы бойын-ша М.Әуезов атындағы Алматы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын үздік бітіріп, «Му-зыкальная критика современного Казахстана: Перспективы. Пробле-мы» тақырыбында кандидаттық диссертациямды қорғап шығып, Өнертану ғылымдарының канди-даты ғылыми атағын алдым. ХХ

ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың бас кезеңін қамтитын отандық өнертану мен музыкалық сынға тарихи-теориялық тұрғыдан қарай отырып, бүгінгі өзекті проблема-ларды көтерген бұл еңбек қазіргі кезде музыка мамандарының, жал-пы өнерсүйер қауымның игілігіне айналып отыр.

Қазіргі ұстаз бейнесі туралы Сіздің пайымдауыңыз қандай?

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші ‒ білім деңгейімен өлшенеді. Демек, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Бұл мәселені шешу жолын-да ұстаз, елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Менің түсінігімдегі ұстаз ‒ рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жа-ратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашыл, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам.

Халық сенімін артқан депу-тат ретінде қандай мәселелерге назар аударып отырсыз?

Атырау өлкесі бүгінгі күнде бүкіл республикада ырғақты даму үрдісімен үлгілі облыстардың бірі-нен саналады. Өңірде жүзеге асып жатқан игі істер өлке өміріне жаңа өзгерістер, тың бастамалар әкелуде.

Бүгінде облыс, қала басшыларының алдында тұрған міндет пен мақсат кешегіден де асқақ. Бізді болашақта әлде де шешуін таппаған басқа да үлкен жобалар мен ауқымды істер күтіп тұрғаны анық.

Қазіргі заманғы білім мен мәдениет саласын дамытудағы басты мәселелер, соның ішін-де денсаулық сақтауды дамыту, жасөспірімдермен жұмыс, барлық әлеуметтік аз қамтылған халықты қамқорлыққа алу және экологиялық мәселелерге байланысты «Нұр Отан» партиясының бір мүшесі және депутат ретінде осы мәселелердің оң бағытта шешілуіне ықпал ету.

Гүлнәр ханым, енді үлгілі бір отбасының шамын жағып отырған әйел-ана ретінде қандай ой айтасыз?

Әйел адам табиғатынан нәзік болып жаратылса да, бүгінде ерлерден кем жұмыс жасап жүрген жоқ. Тіпті кей отбасыларда олардың орны ауысып кетіп жата-ды. Дегенмен, сен қоғамда басшы бол, табысты қызметкер бол, бірақ отбасыңда әйел болып қала біл. Сонда ғана өмірдегі аяулы сөз ана деген атаққа ие болып қаласың.

Өзіме келсем, ата-енеммен бірге тұратын іргелі бір үлкен шаңырақтың келінімін. Жолдасым – Ерсайын Әйіпқалиұлы Бекешов қаладағы ТОО АТГА «Құрылыс» мекемесінде директор қызметін атқарады. Әйел бақытын сезінген үш перзенттің анасымын. Үлкенім Айгерім қаладағы орта техникалық гимназиясының 9-сынып оқушысы, колледж жанындағы балалар музыка мектебінің «Халық әні» класының 5-сыныбында оқып жүр. Кейінгілері әлі жас, ұлым Әділсін 2 жаста, қызым Әйдия 1 жаста.

Сырлы әңгімеңізге рахмет! Өнерлі ордаңыздың жұлдызы жана берсін!

Сұхбаттасқан Сабира Болатқызы

Page 53: №3 Журнал
Page 54: №3 Журнал

Сағындық Есенғалиұлы, сұхбат басын өзіңізден және еңбек жолыңыздан бастасақ.

Атырау облысы, «Ескі ба-зар» елді мекенінде 1960 жылы дүниеге келіп, Атырау қаласындағы №1 Ю. Гагарин атындағы орта мек-тебінде оқып, 1983 жылы Гурьев темір жол көлігі техникумының «техник-электрик» мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды темір жол саласында Батыс Қазақстан облы-сы Маңғышлақ пен Гурьев, одан Атырау облыстарында электромон-тер болып бастап, электромеханик, аға инженер, өндіріс учаскесінің бастығы, кейін көптеген лауазымды қызметте болдым. 1979 жылдан 2007 жылға дейін осы салада 28 жыл еңбектеніп, қарапайым элек-тромонтерден «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы акци-онерлік қоғамының Магистраль желісінің бас инженері лауазымына дейін көтерілдім.

Еңбекпен бірге білімді ұштастырып, 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академия-сы жанындағы нарық институтын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдадым.

2007-2010 жылдары «Кас-пий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компа-ниясы АҚ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры, ал, 2010 жылы маусымнан бастап

Темір жол саласындағы сүбелі еңбегіне, халық қалаулысы – депутат болып атқарған қызметіне, аймақтың көркеюіне қосқан үлесі үшін қойны қара алтынға толы, мұнайлы астана ‒ Атырау өңірінің қарапайым халқы Сағындық Есенғалиұлын сый-құрметке бөлеуде.

Елбасының Жарлығымен Сағындық Есенғалиұлы «Құрмет» орденінің иегері атанды, «Құрметті теміржолшы» атағымен марапатталды, көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттардың иегері болды.

Қарапайым электромонтерден облыстың өкілді органы Мәслихаттың хатшысы көлемінде танылған мемлекеттік саяси қызметкер дәрежесіне өз еңбегі мен білімінің, қарапайымдылығы мен сан қырлы адами қасиеттерінің арқасында көтеріліп отырған Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сағындық Есенғалиұлы Лұқпановпен әңғімелескен едік.

54

ЕҢБЕГІҢ СІҢСЕ, ЕЛ ЕСКЕРЕДІ

Page 55: №3 Журнал

55

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы, 2012 жылдан Атырау облыстық мәслихатының хат-шысы, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі және партияның Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарып келемін.

Ал, отбасыма келер болсам, Айдын, Мирас есімді ұлдарым және Найля есімді немерем бар. Жұбайым Жанар Аронқызы кезінде ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ел басқару ісіне тікелей араласқан ардагер ағамыз ‒ Өтеуов Арон ағамыздың қызы.

Аға, бүгінде халық қалаулысы ретінде қандай жұмыстар атқарудасыз?

Өмір керуенінде кездесетін әр белес, әр биіктің өзіндік ерекшелігі бар. Сондай белестерімнің бірі – халық қалаулысы атану. Атырау облыстық мәслихатының III, IV, V шақырылым депутаты болып бірне-ше рет сайландым.

Әрине, әр адамның атқарған ісіне сыншы болатын сырт көз ғой. Бүгінде Мәслихат сессиясын, тұрақты комиссия отырысын, көп-шілік жиналыстарды дайындау барысында қаралатын әр мәселені кеңінен талқылап, әр сұраққа жау-апкершілікпен қарап, нақты жауап іздеп, қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету-де өз үлесімді қосуда аянып жүрген жоқпын. Атыраулықтарды толғандыратын күрделі мәселе-лердің бірі – бұл аймақтың экологиясы мен жер қойнауын пай-даланушы компаниялардың табиғат қорғау шараларын орындауы. Осы мәселені депутаттар Парламент-ке, Үкімет алдына нақты қойып, бүгінгі таңда ол өз шешімін табуда. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде балық шаруашылығын дамыту, шаруа қожалықтарына қолдау көрсету, ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету және басқа да көптеген мәселелерді жүйелі түрде шешілуін тұрақты

бақылауға алудамыз. Тағы бір басты назар аударатын мәселе – бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті кадрларды шет ел тех-нологиясына сай кәсіби даярлап, әр жас маманды жұмысқа орна-ластыру. Осы бағытта да қыруар жұмыстар атқарылуда.

Депутаттық жұмыс көпке көрінбейді, себебі депутаттар ат-қарып жатқан жұмыстары жа-рияланбайды, тек өз міндеті деп санайды. Себебі ол іс тетігін, елді және халық психологиясын жақсы біледі, көпшілікпен ұдайы тіл табы-са алады, жасыған жанның кеудесі-не үміт отын жағып, жігерлендіріп қамқорласа, «тентектерді» сабасына түсіріп, ақыл кеңесін береді.

Ал, аға, Қазақ елінің кешегі тәуелсіздік алған жылдары мен бүгінгі даму үстіндегі қадамына қарап, қандай пікір айтар едіз?

Кешегі күнге көз жіберсек, қиындықтар көп болды. Тіпті, елдің ертеңіне сенбеген адамдар да кездесіп жатты. Ескі барактағы құлазыған үйлер, балшыққа бел-шесінен батқан көшелер, тозығы жеткен клубтар мен мектептер тағы басқа қорқынышты жағдайлар әлі көз алдымызда тұр.

Сол уақытта тәуекелге бел буып, Елбасымыздың соңына ерген ел халқы бірлесе отырып, халықтың-әлеуметтік жағдайын одан әрі көтеру, ел экономикасының қарқынды дамуына күш біріктірді десем, қате айтқандық емес.

Ал бүгінгі келбетіміз өзгеше! Соның ішінде Атырау облысы табиғи газбен, ауыз сумен, электр қуатымен, теледидар хабарлары-мен және байланыс желілерімен толық қамтамасыз етілген өлке. Жаңа типтегі мектептер мен бала бақшалар, ауруханалар мен спорт кешендері, мұз айдыны мен кітапханалар аз уақыт ішінде бой көтеріп, ел игілігіне қызмет көрсетуде. Жас мамандар мен ардагерлер жаңа тұрғын үйлерге ие болып, облыс басшыларына жүрекжарды алғыстарын айтып, ақ баталарын беруде.

Облыс көлемінде атқарылған ауқымды істерге Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та оң баға беріп, атыраулықтармен кез-десу сәтінде өз ризашылығын біл-дірді. «Республикада тек қана сіздің облыста, Атырауда, осыншама жаңа объектілер іске қосылып, халықтың игілігі үшін көптеген жұмыстар атқарылды» - деді Елбасы. Осының бәрі Тәуелсіздіктің жеңісі мен жемісі! Тұңғыш Президенттің салиқалы, сарабдал саясатының арқасында еліміз ең алдымен тұрақтылыққа ие болды. Елдегі тұрақтылық терең экономикалық және саяси реформаларды сәтті жасауға мүмкіндік берді.

Өмір тәжірибесі мол ел ағасы ретінде жастарға қандай ой айта-сыз?

Ағаң ‒ деп, қазақ қарапайым тілде үлкенге іні, кішіге аға бола алатын, кең, айналасына жылу шашып, шапағат төгіп тұратын мей-ірімді жүзді адамды айтады. Әрине, жастар мені солай қабылдаса, менің де оларға айтарым жетерлік...

Жастарға айтарым, ең басты-сы – бұл білім! Білімді, тәрбиелі, еңбекқор ұрпағымыз ғана, әкелер бастаған жеңісті де жемісті істерді алға қарай жалғастырады. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан елі ашық аспан астында гүлденіп көркеюде. Жаңа Астанамыз сәулеттеніп ажарлану-да. Бұл терең білім мен тынымсыз еңбектің арқасында атқарылып жатқан істер. «Ұлы мақсатқа тек ұмтылған ғана жетеді» - дегендей, алдымызда әлі де үлкен істер мен биік асулар бар. Сондықтан ки-елі құс ‒ қыран сияқты, әрдайым биік самғап, асау шыңдарды бағындырып, Қазақстанды дәулетті де, сәулетті елдер қатарына қосуға арналған еңбегіміз толымды табыстарға мол болсын деген жастарға тілегімді білдіремін.

Әсерлі әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Сабира Болатқызы

Page 56: №3 Журнал

56

РЕСЕЙ‒ҚЫТАЙ БИЛІК ӘКІМШІЛІК ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ТЕЗЕК

СҰЛТАННЫҢ ОРНЫ

ХІХ ғасырдың екінші шире-гінен бастап қазақ даласы үшін Ресей мен Қытай империяларының арасындағы жағдай өте шие-леніспен өтеді. Көршілес екі империяның Жетісуға билік жасау жолындағы шиеленіске толы талас-тартысы олардың стратегиялық маңызы бар аймақты плацдармға және таусылмас шикізат көзіне айналдыру үшін тайталасы болып табылды.

Жетісу өлкесін толығымен алып жатқан Ұлы жүз қазақтарының жері арқылы пат-ша өкіметі Батыс Қытай және Қашқариямен сауда байланысын орнатып, оған баратын «ең қауіпсіз жол» жасамақшы болды. Ол кезде Қытай мемлекеті орыс көпестерін маңайына жолатпай, сауданы тек қазақтармен ғана жасайтын.

Қытай империясы жалпы сауда байланысын өз экономикасындағы көңіл аударатын сала деп ой-ламады. Қытайлықтар сауданы саясаттың құралы ретінде санап, шетел мемлекеттерінің кез келгені-мен байланыс жасауға қауіптеніп, ол мемлекеттерде болып жатқан өзгерістер мен идеяларға қорқа

қарап, халқының жаңалықтармен таныс болуын қаламады.

Ал қазақтарға келгенде, Қытай үкіметі оларды өздеріне жақын тарту мақсатында және шекара-да тұрған әскерлері мұқтажына қажетті заттарды алу үшін рұқсат берді. Сауда Қытай үкіметі белгіле-ген тәртіпте жүргізілетін. Алдымен арнайы келген қазына шенеунігі қазақтардың әкелген малдары-на баға белгілеп, сосын оларды қазыналық маталарға айырбастаған.

Орыс көпестері де Қытай үкіметі тарапынан тиым салынғанына қарамастан олармен сауда жасауға тырысқан. Олар Ан-дижан көпестерінің атын жамылып, Тезек төре сияқты қазақ рубасыла-рынан Шыңжаң бастығының атына жазылған сенімхат арқылы Шығыс Түркістанда жасырын түрде сауда жасайтын болған.

ХІХ ғасырдың 20-жылдары басталған Қашқариядағы және тайпиндер көтерілісі империяны іштен әлсіретсе, 1840-1842 жыл-дары Англиямен болған бірінші апиын соғысындағы жеңілістер Қытай патшалығын орыс-қытай қатынасында «жұмсақ» саясат жүргізуге мәжбүр етті.

Қытай патшалығындағы қиыншылықтарды өз мүддесіне пайдаланған патша өкіметі, сауда мәселесін шешіп алуды жөн көреді.

Ақыры 1851 жылы шілде айында Құлжа қаласында ресми келіссөз басталады. Бұл келіссөзге Ресей үкіметінен ресми өкілі бо-лып, Азия департаментінің бастығы И.Н. Ковалевский және оның тілмәші И.Н. Захаров, Г.П. Татари-нов сияқты мамандар келсе, Қытай жағынан Іле өлкесінің бастығы генерал Ий Шан және Тарбағатай әмбісі Буянтай қатысады.

Нәтижесінде 1851 жылы тамызда «Іле-Тарбағатайда сауда

жасау Ережесіне» қол қойылады. Бұл келісім құжатында 17 түрлі мазмұн қамтылды. Оның ішінде маңыздысы Қытай мен Ресей Іле, Тарбағатай аймақтарында өзара алым-салықсыз сауда жасайтын болды. Ресей үкіметі Шәуешек пен Құлжа қаласында консульдық басқармасын құруға және сауда ка-зармаларын салуға құқықты деген жеңілдіктерге ие болды.

«Іле-Тарбағатай сауда жа-сау Ережесіне» қол қойылуы - патша өкіметінің Шығыс Түркістанның қақпасын заңды түрде ашқандығының бастамасы еді. Бұл келісім шарттың жасалуы-на Тезек төренің де орны ерекше. Мұрағат құжаттары көрсеткендей қытайлықтар Құлжа келісімі жасалатын кезде Тезек төрені делдалдылыққа шақырып, өз өкілдерін жіберген.

1851 жылы 14 қыркүйекте Ұлы жүз қазақтарының Приставы Перемышльскийдің Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберген №26 мәліметінен мына жағдайды байқаймыз. Онда: «13-де мен албандардың аға сұлтаны Тезек төреден хат алдым. Хатта 12-де Қаратал пикетінде Қытай шене-уніктері Лепсіге қарай өтіп бара жатқанын және менімен кездескісі келетіні айтылған. Осы мәліметті алысымен подполковник Петровқа 30 казакты Қараталға жіберуін сұрап, өзім сол жаққа қарай жүріп кеттім. Сол күні Қараталда 4 офицері және 50 әскері бар Молдо (Манджу), Чиб-Джин-Ли деген қытай шенеуніктерімен кездестім. Оларға Лепсіге қарай өтуіне рұқсат жоқ екенін және кейін қайту керек екенін ескерттім. Менің айтқаныма көнуден басқа жолы қалмаған олар, 14-қыркүйекте кейін қайтады».

Тезектің делдалдық, мәмлегерлік рөлін

Page 57: №3 Журнал

57

Ш.Ш.Уәлиханов, П.П.Семенов, т.б жазбалары, құжаттық мате-риалдар айқын көрсетеді. Шоқан Г.А.Колпаковскийге 1864 жылы 14 желтоқсанда жазған хатында албан руы және оның басқарылуы жөнінде былай деген еді: «Бұл тайпа бәрінен де кедей және ескі тәртіптерді ұстанып қалған. Мұнда сұлтан өзінің төлеңгіттерін басқарады, аталғандар саны жағынан басқалардан көп және оларды плантатор негрлерді қанағандай басқарады. Іленің арғы бетіндегі адаштықтар, шаир-бектер әр кезде оған тек қана бас иіп кетеді, оның жасауылдарын жақсы қабылдайды. Сұлтан өзін шын мәніндегі орыс үкіметінің шенеунігі деп емес, иеленушімін деп есептейді».

Негізінен Тезектің дипло-матиялық белсенді қызметі 30-жылдарда басталды, бұл кезде Жетісу тәуелсіз болатын, ал оның айналасындағы сыртқы күштердің теңдігі сақталды. Сондықтан ол өзінің саяси мүддесін қорғау үшін осы күштердің арасында тең ұстанды.

Сыртқы күштер, Ресейдің Сібір әкімшілігі, соңынан Ала-тау округы – бір жағынан, Цин империясының Іле генерал-губернаторлығы – екінші жағынан онымен ынтымақтасуға мәжбүр болды. Екі елдің шекара өкіметі барлық уақытта да Тезек пен Ұлы жүздің басқа сұлтандарының қарсы жақпен қатынасы сипатын жақсы білді, бірақ Тезектің екі жүзді әрекетіне көз жұма қарауға тиіс болды. Шекаралық әкімшілік Тезекпен және басқа сұлтандармен арадағы байланысты нығайта берді, себебі олардың делдалдық қызметін қажет етті.

Кейбір дипломатиялық сипаттағы тапсырмаларды орын-дау арқылы Тезек ресейлік Ұлы жүз приставы мен кейін Дала генерал-губернаторының сенімі-не кірді. Оның бірінші болып 1851 жылы Верныйдағы патша әкімшілігіне Құлжа шартына қол қойылғандығын жеткізуі осы-

ны дәлелдейді. Сонымен қатар Ресейдің әскери - әкімшілік орын-дары Қытаймен арадағы шекараға барлау жұмыстарын жүргізген кездерінде үнемі Тезек төренің көмегіне сүйенген.

Атап көрсетсек 1861 жылы желтоқсан айларында пат-ша әкімшілігіне қытайлықтар шекарадағы қорғаныс жүйелерін күшейтіп жатыр деген хабар жеткеннен кейін, Қытайдың шекаралық аумағынан алынған мәліметті анықтау үшін Космогоров бастаған орыстардың әскери барлау тобын аттан-дырады. Бұл топтың алдына қойылған тапсырманың мәні Колпаковскийдің Тезек төреге жазған хатында толық баяндалады.

Хатта былай делінген: «Бізге келіп жеткен мәліметтер бойын-ша қытайлықтар шекара бойын бірнеше қорғаныс жүйелері мен пикеттер салып жатқан көрінеді. Бұл мәліметтің растығын анықтау мақсатында және мәлімет расталған жағдайда оған қытайлықтар қандай күштерін орналастырып жатқанын білу үшін Айдарлықұмға топографы бар бар-лаушылар тобын жібердік. Сізден өтінерім барлаушылар тобы сіздің қонысыңызға жеткеннен кейін оларға қажетті аттар мен сол жерді жақсы білетін жол көрсететін же-текші берсеңіз».

Сондай-ақ, қытайлықтардың да көңілін қалдырмау үшін ол Цин үкіметінің де тапсырмала-рын орындап отырған. Мәселен Жетісудың қазақ барымташылары ұрлаған малды жинап Құлжадағы қытай әкімшілігіне апарып бе-руі саяси іс-әрекеттің бірі болып табылған және Құлжадағы достық миссиясына байланысты ол Іле цзянцзюнінің қабылдауында болды және цин армиясының полковнигі шенін алды. Іле цзян-цзюны өз адамдарын қазақ дала-сына жібергенде оларға Тезектің үйінде аялдауға кеңес берді және сұлтаннан оларды жақсылап қарсы алып, шығарып салуға өтініш жасаған.

Өз кезегінде таранчи (ұйғыр) бектері де Тезекке адамдарын «орыс өкіметіне өздерінің ел-шіліктерін қашан жіберуге болатындығын білуге» жіберген. Өз кезегінде Тезек төре де Шығыс Түркістандағы мұсылмандар көтерілісі туралы толық мағлұмат алып, Шығыс Түркістандағы жағдайдың бағыт-бағдарын бақылап, талдау жасап отырған. Оның генерал Колпаковскийге бер-ген мәліметінде осыны байқаймыз.

Мәліметте былай делінген еді: «Мен кеше ұйғырлардың бастығы Шәнгібек Тоғалақтан мынадай мазмұнда хат алдым. Онда 1-ден, Дүнгендермен ұйғырлардың 30 мыңдай әскері Мұзартқа барған. Оларды қарсы алуға қытайлардың көп әскері шыққан. 2-ден, Ұйғырлар дүнгендер қашып жүрген Саурықты қысымға алған, сондықтан ол біздің жер-ге өтпекші. 3-ден, қытайлардың көптеген әскері Сантасқа келген».

Сонымен, Тезек орыс өкіметі үшін олардың қазақтармен, қырғыздармен, дүнгендермен және ұйғырлармен, сондай-ақ қытайлықтармен қатынастарында делдал қызметін атқарған. Сонымен бір мезгілде ол іле әкімшілігінің Омбы және Верный-мен байланысында тапсырмаларын орындайтын Цин империясының сенімді тұлғасы болды.

Сұлтанның Қоқанмен қатынасы онша болмады, өйткені ислам діні оның саяси құмарлығында аса үлкен орын атқармады.

Осылайша, біз Ресей мен Қытайдың шекара өкіметі жағынан үлкен сенімге ие болған Тезек төренің дипломатиялық қабілетін көреміз. Екі империалистік мем-лекетте те Тезек төре сияқты қазақ билеушілерінің қызметіне мұқтаж болатын.

Сонымен қатар, мұсыл-мандардың көтеріліс басшылары да билікті өз қолдарына алған кезде патша өкіметімен тең дәреже де келіссөз жүргізу үшін Тезекті ортаға салып, орыс үкіметіне

Page 58: №3 Журнал

елші жіберетінін мәлімдеп, одан келетін жауапты Те-зек төреден күткен болатын. Қытайлықтар да шекарада орын алған барымта, қақтығыстар сияқты және тағы басқа мәселелерді шешуде Тезек төрені шақырған.

Қытайдың халықаралық қатынастардағы қиын жағдайын сәтті пайдаланған патша өкіметі сауда мәселесін шешіп алғаннан кейін, сыртқы саясатындағы ең басты мәселе – Қытаймен арадағы шекараны анықтауға көшеді.

Шекараны анықтау кезінде қытайлықтар орыстардан Қаратал өзеніне дейінгі жерлерді Қытай империясының иелігіне беруді талап етті. Оған орыстар көнбеген соң, қытай жағы көтеріліс кезін-де тоқтап қалған қимылдарын қайтадан жандандырып, Зайсан-нан бастап Ыстықкөлге дейінгі

аралықтағы бұрынғы шекара пи-кеттерін аралауға әскерін шығарып, шекара белгілерін қоя бастайды.

Қытайлықтардың бұл әрекетіне тосқауыл қою үшін орыс әкімшілігі штабс-капитан Блюменталь бастаған казактарды жібереді. Орыс әскерінің құрамында Тезек сұлтан бастаған қазақтар да бо-лады. Құрамында 800 қытай, 300 қалмақ және албандардың Саурық биі бастаған 200 қазағы бар қытай әскері Қарқара өзенінің бойында орыс әскерін қоршап алады.

Бірақ генштаб капитаны Про-ценко бастаған әскердің көмекке уақытында келуі орыстарды толық талқандалудан аман алып қалып, қытайлықтарды өз иелігіне қарай шегінуге мәжбүр етеді.

Бұл жерде атап көрсететін мәселе, қытайлықтар мен орыстар албан қазақтарын өз мүддесіне пайдалануға тырысты. Қытай жағы

Саурық биді өздерімен бірге алып жүріп, Тезек сұлтанды орыстар-дан босатып алғысы келді. Себебі қытайлықтар осы екеуі арқылы албандарды орыс билігіне қарсы көтеруді көздесе, ал орыстар албандықтардың қытайды қолдап кету қаупі болғандықтан Тезекті және тағы басқа ру басшыла-рын аманат ретінде алып жүрді. Оқиғаның қалай болғанын орыстың әскери шенеунігі И.Ф.Бабков былай деп жазады өз еңбегінде: «1862 жылы 800 әскері бар қытайдың генералы Хабцисянь Қарқара өзенінің бойында штаб-капитан Блюменталь басқарған орыстың азғантай әскерін қоршап ала-ды. Қытайлықтар бұл шайқаста 200 қазағы бар албандардың биі Саурықты өз мүдделеріне пайдала-нады. Олар орыс әскеріне барлық маңызды позицияларды бақылауға алады. Қытайлықтар бізге келетін пошта мен азық-түлікті басып алуға және біздің әскерде құрамында жүрген Тезек төрені босатып алуға барынша тырысып бақты. Бірақ орыс әскерріне көмек келе жатыр деген хабарды ести салысымен қытайлықтар барын тастай сала шегініп кетеді».

Қытаймен арадағы байланысты реттеп алған патша әкімшілігі Тезек төренің қызметіне мұқтаждық танытуын азайтты. Енді оны Оңтүстік Қазақстанға байланысты әскери жорықтарына тарта бастай-ды. Өйткені Тезек төренің шекара маңында қалуы отаршыл билік үшін қауіпті саналды.

Сондықтан ол үнемі орыс әскерлерінің жорықтарына алы-нып отырды. Осылай жасағанда ғана отаршылдар Тезек төреге бақылау орната алатын. Осының бәрін Тезек төре білді, бірақ оған қарсы қолданатын ешқандай амалы қалмай, шарасыздық күй танытты.

Қожамжарова Дария Пернешқызы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тараз Мемлекеттік

университетінің Оқу ісі жөніндегі проректоры.

58

Page 59: №3 Журнал

59

ЖАСЫН ТҮСКЕН ҚАРАТАУ

Өтті жылдар алақаны қанталап,Һәм саған тән сағынышты

арқалап.Сені іздейді бейғам қазақ даласы

Жасын түскен таулар жүзін қалқалап.

Мезгіл солай,Мекен болмас ешкімге,

Қайғысы көп ерте сөнген кештің де.

Сені көксеп есі кеткен бұл далаӨмір жазған жоқтау жырын

естуде.

Семсері бар, серті жоқ бұл өлкеден,Сен бір жасын сөніп кеткен

ертемен.Заман артқан намысының бағасын,

Өз басының жігерімен өлшеген.

Тағдырың бір секілденіп келте өлең,Бұл фәниге қош айтыстың

ертемен....Біздің қазақ даңқтың тар бесігін

Баһадүрлер басыменен өлшеген.

Егей туған еренім деп ең мықты,Мына дала сенен талай сел күтті.

Еуропаға атой салып көрсеттіңЕділ қаған ен сап кеткен ерлікті.

Қайырлатқан ерте ғұмыр кемесін,О, Ұлан Ер!

Тек өкініш бересің.Бұл аспанға талай рух қосады-ау,Түркістанға түнеп қалған елесің!

Аманатын түсінбеген Алаш-ау,Сендік мынау аңғалдыққа жоқ

атау!...Сақалына тамған жасын

сығымдап,Жылайды үнсіз жасын түскен

Қаратау!..

Ұларбек Дәлейұлы

БҮГ ІНГ ІН ІҢ БАТЫРЫ

БЕКЗАТ СЕЙІЛХАНҰЛЫ САТТАРХАНОВ (1980-2000) – қазақтың әуесқой боксшысы, халықаралық дәрежедегі спорт ше-бері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы.

1980 жылы 4-сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп ин-

тернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекет-тік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетін тәмамдаған.

Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның се-бебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының фина-лында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби болатын. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арма-ны болған. Бекзат кейін ана арманын орындады. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.

Бекзат Саттарханов 2000 жылдың 31-желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.

Page 60: №3 Журнал

Тұрланбек Жиенбаев

Page 61: №3 Журнал

61

«БАБАЛАР САЛҒАН ІЗБЕН ӨСКЕН – ҰЛЫ ДАЛА ҰЛЫМЫН!»

Жиенбаев Тұрланбек Ғұмарұлы 1966 жылы Атырау облысында (бұрынғы Гурь-ев) дүниеге келген. 1986 жылы Гурьев Педагогикалық институтының математи-ка факультетіне түсіп, 1991 жылы аталған оқу орнын бітріп шықты. 1991-1995 жылдары «Ронар Сервисез Лимитед» ЖШС-да жұмыс атқарды. 1995-2000 жыл-дары «Ксеросервис» ЖШС-де қызмет етті. 2000-2002 жылдар арлығында «Ра-дуга-Атырау» ЖШС-да директордың орынбасары қызметінде болды. 2002-2003 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, 2003-2005 жылдар аралығында Аты-рау облыстық коммуналдық меншік Басқармасы басшысының орынбасары бо-лып қызмет етті. 2005 жылы Атырау облыстық қоғамдық транспорт және автомобиль жолдары бөлім басшысының орынбасары, 2005-2006 жылдары Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті директорының орынбасары, 2006-2009 жылдары Атырау облыстық архитектура-қалақұрылысы Департаментінің директоры, 2009 жылдан «Атыраумемсараптама» ЕМК-ның директоры қызметіне тағайындалып, бүгінде осы қызметті абыроймен атқарып жүрген азамат. Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

Тұрланбек Ғұмарұлы 2011 жылдың 5-желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Тұрланбек Ғұмарұлы, Сіз басшылық етіп отырған «Атыраумемсараптама» ЕМК-ның тарихына тоқтала кетсек.

Бұл мекеме жұмысы 1992 жылдан бастау алған. Ол кезде Гу-рьев облысындағы жобаларды са-раптау мекемесі болып құрылған болатын. «Атыраумемсараптама» ЕМК Қазақстан Республикасындағы сапалы құрылыстың дамуына үлкен үлес қосып келеді. Әрбір жаңа құрылыс жобасына сараптама жасау арқылы, күтпеген апаттардан, жары-лыстардан, өрт қаупінен алдын-ала сақтандырады. Сонымен қатар бюд-жеттен немесе бюджеттен тыс бөлінген қаржыны үнемдеуде де үлкен рөл атқарады. Мекемеміздің басты мін-деті құрылыс жобаларының құжаттық әзірлігін тексерістен өткізіп, құрылыс сапасын аса қатты назарға ала оты-рып, мемлекет экономикасын және қоғамның сұранысын қанағаттандыру, азаматтардың құқығын қорғау болып табылады. Бүгінгі уақытта мекемеде 28 адам қызмет етіп жатыр.

Бүгінгі таңда қандай жобалар-мен жұмыс істеп жатырсыздар? Алдағы жоспарларыңыз қандай?

Мәселен, 2011 жылы сарап-тама жасалынған жобалар саны 465, жалпы құны 251,495 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде бір жоба қайтарылып берілді. Жалпы құны – 1,565 млрд. теңге. Оған қоса 12 техника-экономикалық негіздеме қаралды, жалпы құны 21,689 млрд. теңге. Қарастырылған жобалардың ортақ көлемінен 87 пайызы мемлекет-тік объектілер, 13 пайызы мемлекеттік емес нысандар болып табылады. 10 жоба коммуналдық және арендалық тұрғын үй бағдарламасымен, жалпы құны 15,118 млрд. теңге қаралды. Бекітілген құрылыс жобаларының жалпы құны 28,032 млрд. теңгеге түсті. Үстіміздегі жылы «Атырау-мемсараптама» ЕМК 2012-2013 жылдарға жоспарланған жобаларды сараптамалық бақылаудан өткізіп жатыр. Бүгінгі таңда республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сараптаудан өтіп жатқан құрылыс

жобалары қатарында тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, инженерлік инфра-структура нысандарының жобалары қарастырылуда. 2011 жылы аталған бағдарлама бойынша 16 жоба қаралып, бекітуге жіберілді. Құрылыс құны 7,974 млрд.теңгені құрады. Оған қоса тағы басқа да бағдарламалар негізінде бірне-ше жобаларға экспертизалық жұмыстар жасалынып жатыр. Негізгі тапсы-рыс берушілердің ішінде облыстық, қалалық, аудандық басқармалар, құрылыс бөлімдері, энергетиктер, ірі Акционерлік қоғамдар, мемлекеттік «Ембімұнайгаз» және «Казтрансойл» компаниялары бар.

Тұрланбек аға, облыстық мәслихат депутаты ретінде жұмыстарыңыз қалай жүріп жа-тыр?

Халық қалаулысы болу – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Облыстық деңгейде немесе аудандық депутат болсын, бұл мандаттың ман-сап емес, ел алдындағы қызмет

Page 62: №3 Журнал

екенін түсінгені жөн. Облыстық депутат болып сайланғаннан бері қоғамдық қабылдаулар өткізіп жа-тырмын. Материалдық, әлеуметтік көмекке зәру жандарға қандай да бір жәрдем жасауға қадамдар жасалып, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу де менің жұмысымның бір бөлігі. Әрине, кейде күшіміз жет-пейтін тұстары да болып жатады. Дегенмен, маған сеніп дауыс берген халықтың әл-ауқатының жақсаруы – менің депуттаттық қызметімнің негізгі арқауы.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгініне көз жүгіртіп өтсек...

Тәуелсіздік – қасиеті мол ұғым. Жаны «елім» деп ауырып, жүрегі «елім» деп соғатын әрбір азамат үшін парыз деп білемін. Тәуелсіздіктің қастерлі ұғым екенің сезініп, түсініп, айтып қана қою жеткілікті емес. Біз тәуелділік қамытын бірнеше ғасыр киген халықпыз. Осы күнгі

тәуелсіздікті бірнеше ғасыр арман-дап келдік. Бүгінде тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқалы жиырма жыл ғана болса да, оның теңдессіз, ұлы бақыт екенін сезініп үлгердік. Ендігі Ұлы мұратымыз – тәуелсіздігімізді мәңгілік сақтау. Соның жолында табжылмай қызмет етуіміз керек. Енді, сұрағыңыздың екінші бөлігіне келетін болсақ, қазақ елінің бүгіні тамаша, келешегі жарқын. Аз ғана уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының арқасында еңселі Елорда тұрғызып, экономикамызды нықтадық. Құдайға шүкір өндірісте де, шаруашылықта да өрлеу бар. Қиын да, қысылтаяң ішкі тұрақтылықты шайқалтпай, ұлтаралық және қоғамдық татулықты сақтай алып шығуымыз – бұл ерен жетістік деп ойлаймын.

Қоғамның әр саласында жасаған батыл да жемісті рефор-малар Қазақстанды Орта Азия өңірінің ең дамыған мемлекеті,

дүниежүзілік қауымдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жеткізді. Бүгінде халықаралық аренада алып отырған жетекші рөлі мен жоғары беделі бар мемлекетпіз. Мәселен, Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімдерді қабылдаудың өзі неге тұрады?! Жалпы, қазақ халқы – ба-тыл да, рухани мықты халық. Бүгінгі таңда жаһанданудың тозаңына көмілмей, бәсекеге қабілетті, дара ел болып қалу – ел алдындағы бас-ты міндет. Өрлеу бар да, сол биіктен төмендемеу – бөлек ерлік. Қазақ елінің келешегінің қандай болуы – қазағым дегенде, қабырғасы сөгілетін ұрпағының қаншалықты көп болуына байланысты. Ендеше, осы сара жолы-мыздан тайынбай, ұрпақтың жарқын болашағын бірлесіп жасағанымыз дұрыс!

Өмірлік ұраныңыз қандай?Махамбет пен Исатай сынды

батыр бабаларым дүниеге келген Ұлы даланың ұлымын. Сондықтан, заман басқа болғанымен, елжанды бабалар, ағалар салған ізбен қал-қадірімше өлкеме, еліме қызмет етсем деген мақсатым берік. Азамат ретінде, өмірлік ұстанымым Жүсіп Баласағұнның «Елдіктің өзегі – билік, кілті – тіл, қадір-қасиеті - кісілік» деген сөзін әрдайым жадымда сақтап жүремін.

Әңгімеңізге рахмет! Еңбегіңіз жана берсін!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

62

Page 63: №3 Журнал

Астана – аз уақыт ішін-де сұлу шаһарға айналған ару қала. Астананың өзіне тән ерек-ше құрылысы, қазақы нақышпен өрнектелген келбеті кімнің болса да көңілінен шығып жүр.

Астана – жас қала, әрі бас қала болған соң, жан-жақтан келушілер де көп. Жыл сайын салынып жатқан жаңа үйлерді сатып алу да қарқынды түрде жүріп жатыр. Оның ішінде ипотекалық несие жүзінде баспаналы болғысы келетін жергілікті және өзге облыстардан келген адамдар да көбею үстінде. Ал тұрғын үй мәселесі бойынша, баспананы ипотекаға сатып алу үрдісін жүзеге асыруға көмек бе-ретін 170-ке жуық агенттік Ас-танада орналасқан. Солардың ішінде, сапалы әрі сенімді қызмет көрсетудің нақты көзі «Новая

площадь» компаниялар тобы. Аталмыш компания соңғы төрт жыл ішінде Аста-на тұрғындарының баспаналы болуына басты себепкер болып келеді. Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарына толық ақпарат беру мақсатында «Новая пло-щадь» компаниялар тобының Бас директоры Рахимжанов Айбек Еркеболатұлымен сұхбаттасқан едік.

63

БАСТЫ КРИТЕРИЙ – БАСПАНАЛЫ БОЛУ

Айбек Еркеболатұлы, «Новая площадь» компаниялар тобы қай жылы құрылды?

Бұл компания 2008 жылы құрылып, жылжымайтын мүлік сатумен айналыса бастадық. Бұған дейін де осы салада біраз тәжірибеміз бар болатын. Компания нағыз бүкіл әлемдік қаржы дағадарысы уақытында құрылды. Әрине, бірден жұмыс істеп кету де оңай болған жоқ. Ал, бүгінгі күні өткен төрт жылдың ішінде Астана қаласындағы жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын негізгі компа-ния болып табыламыз. Қазақстанның алты ірі банктерімен серіктес болып қызмет атқарып жатырмыз. Өзіміздің ипотекалық несиелендіру бойынша

банктермен жұмыс істейтін арнайы бөлімдеріміз бар.

Жұмыстарыңыздың негізгі барысы қалай басталады?

Біз азаматтарға ипотекалық несие арқылы баспаналы болуға көмек береміз. Банктер бізге арнайы бағдарламалар туралы ескертіп және тұтынушыларды «Новая площадь» компаниясына бағыттайды. Біз телефон арқылы, электронды түрде және тұтынушының өзімен тікелей сөйлесе отырып, кеңес өткіземіз. Мәселен, ипотекалық несиеленді-ру бойынша барлық құжаттардың дайындалу барысын басынан аяғына дейін қадағалап отырамыз. Сонымен

қатар, әр банктің талаптары әр түрлі. Сондықтан, біздің тарапымыздан әр тұтынушыға лайық пәтерлер нұсқасын әзірлеп, назарға ұсынамыз. Мысалы, адам екі бөлмелі пәтер алмақшы. Алайда, банктің талапта-рына сай, тұтынушының табысына лайық, сатушының сұранысын өтей алатын пәтер тауып беру біздің міндетіміз. Банк тұтынушы таңдаған пәтерді қабылдамауы да мүмкін. Себебі, банк өзіне кепілдікке алмай-тын белгілі пәтерлер санаты, белгілі аудандар, белгілі қабаттар болады. Сонымен қатар, бағалау және бағасын қою да күрделі мәселе. Мәселен, қазір 1 шаршы метр 1400 долларды құрайды. Үй иесі 1800 доллар

Page 64: №3 Журнал

64

сұрайды. Тұтынушы уақыт жоғалтып, артық қаржы жұмсап қоймауы үшін біздің компания осындай түйткілді мәселелердің шешімін тауып береді. Сондықтан, тұтынушыға барлық жағынан сай келетін тауарлар ұсынамыз. Жалпы ипотекалық несиеге құжаттарды әзірлеу үшін он күн шамасында уақыт жұмсалады.

Қаржы дағдарысы кезінде-гі пәтер сату, сатып алу қалай жүрді?

Әрине, қаржы дағдарысы өз алдына қиын кезең болды. Мәселен, пәтерлердің құны қазіргіден екі есеге арзан түсті. Сондықтан, са-тып алулар да көп болды. Дәл сол кездері ипотекалық несие берілген жоқ. Көбіне ақшалай келісім-шарт-тар арқылы жұмыс істедік. Ал, 2009 жылы ипотекалық несиелендіру бойынша шарттар жасай бастадық. Алғашқыда, банктер бізбен келісімге отырудан бас тартқан болатын. Кейін біз оларға өз бағдарламаларымызды көрсетіп, кеңесе отырып ортақ мәмілеге келдік. Өздеріңіз байқап отырғандай нәтижелі жұмыс жасап

жатырмыз. Болашақта еліміздің басқа

шаһарларында филиалдар ашу жоспарда бар ма?

Иә, міндетті түрде жоспарда бар. Осы жылдың жаз мезгіліне қарай Алматы қаласында өз бөлімшемізді ашуды көздеп отырмыз. Серіктес банктер де бізді қолдайтын ниеттерін білдірді. Алматы қаласын жақсы білетін қызметкерлеріміз де бар. Сондықтан, Астанадағыдай жұмыс істеп кете аламыз деген ойдамын.

Шетелдік компаниялармен қарым-қатынастарыңыз қалай?

Біз Араб құрылыс компаниялы-рымен бірігіп жұмыс істейміз. Дубай қаласында пәтерлер ұсынамыз. Арада жақсы қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс істеп жатырмыз. Болашақта шетелдік серіктестердің санын көбейтсек деген ойдамыз.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кетсем, Сіз үшін тәуелсіздік қандай ұғым?

Мен үшін Тәуелсіздік – жарқын болашақтың кепілі.

Қазақстан – шетелдік

сарапшылардың ойы бойынша болашағы зор мемлекет. Мұның себебі, Елбасы Н.Назарбаевтың ұтымды саясатының нәтижесі. Қазір Қазақстан әлеуеті жоғары, әлеуметі келіскен, қазба байлығы мол, Азиядағы ауқатты мемлекет. Тіпті біздің тұтынушыларымыздың өзі де, егер Президенттің осыншалықты саясаты болмаса, қазір сұлу Астана да болмас еді деп ой бөлісіп жата-ды. Жастар жағы болсын, кішкентай бүлдіршіндерімізді де алып қарасақ та барлығы қазақ тілінде сөйлеп жүр. Қазақы менталитет, қазақы мінез өз орнымен қалыптасып келе жатыр. Шетелдіктер де Қазақстан десе таң қала қарап, бізбен әңгіме құрып, көп қызығушылық танытады. Сондықтан, еліміздің болашағы зор. Сол гүлденген болашақты ел болып бірге көреміз!

Әңгімеңізге рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 65: №3 Журнал
Page 66: №3 Журнал

МАҚСАТЫМЫЗ ‒ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЕлбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған әр

жылғы Жолдауындағы қазықтай қадап көрсеткен әрбір бағыттағы мақсат ‒ елдің әлеуетін көтеру, әрі қарай дамыту, еңсесі биік елу елдің қатарынан көрінуге бастау. Ал, осы биіктерді бағындыру үшін еліміздегі өнеркәсіп саласының алатын орны ерек-ше. Соның ішінде қазба байлыққа толы жеріміздегі кен өңдеу кешендері, яғни химия өнеркәсібінің жыл өткен сайын алға жылжып жатқаны қуантарлық жағдай. Міне, осы саланың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен танысу үшін «Қазфосфат» ЖШС-нің Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында орналасқан Тау-кен өңдеу кешендерінің «Шолақтау», «Қаратау» филиалдарының директоры, осы салада 33 жыл-дан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан аза-мат Мұратқали Бақыткерейұлы Сәрсеновпен сұхбаттасқан едік.

Мұратқали Бақыткерейұлы, әңгіменің басын өзіңіз туралы бастасақ?

Мен 1955 жылы Орал облы-сы Теректі ауданы, біздің үрім-бұтақтың арғы жетінші атасының есімі берілген Қабылтөбе ауы-лында дүниеге келдім. 5-сыныпқа дейін ауылда оқып, кейін аудан орталығында орта мектепті бітір-дім. Ал, 1977 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия техно-логия институтының механика факультетін бітіріп, бағдарлама бойынша Орал қаласында 2 жыл жұмыс істедім. Сол кездері Жам-был облысында үлкен өндіріс орны Жамбыл фосфор зауыты жаңадан бой көтеріп жатқан. 1979 жылы осы зауытқа жұмысшы болып орналасып, одан шебер, мұнан келе 2005 жылға дейін бас механик болып қызмет еттім. Ал, бүгінде химия өнімдерін өндіретін еліміздегі ірі кәсіпорынның бірі ‒ «Қазфосфат» ЖШС-і Тау-кен өңдеу кешендерінің «Шолақтау», «Қаратау» филиалдарының директоры қызметіндемін. Әкем марқұм соғыс ардагері, анам да

тыл ардагері болған. Бауырларым да бар. Өзім осы Жамбыл облы-сына сіңісіп, осы өңірде шаңырақ көтеріп, үбірлі-шүбірлі немере сүйіп, бір отбасының төрінде отырған азаматпын.

Аға, осы өзіңіз филиал-дарын басқарып отырған «Қазфосфат» ЖШС-і турасына-да сөз қозғасақ?

«Қазфосфат» ЖШС-і ‒ еліміздегі химия өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорынның бірі. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды бірік-тіреді. Негізгі өндірістік нысанда-ры: «Қаратау» кен өңдеу кешені, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол көлігі ке-шені, Шымкент қаласындағы синтетикалық жуу заттарын шығаратын зауыт, т.б. Басты қызметінің түрлеріне: минералдық шикізат (фосфорит кентасын) өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын

тауарлар шығару; геол. барлау жұмыстарын жүргізу; минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қосылыстарын шығару бо-лып табылады.

Сонымен қатар аталмыш серіктестік бүгінгі таңда өз өнімін әлемнің 27 мемлекетіне жеткізеді. «Қазфосфат» ЖШС Қазақстан рыногына жылына 452 мың тонна минералдық тыңайтқыш, еліміздің құрылыс және шыны өндірісіне доломит, мәрмәр қиыршықтары мен түйіршіктелген шлак жеткізіп беріп отыр.

«Қазфосфат» ЖШС-нің негізгі бағыттарынан басқа бұл кәсіпорын фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға, өндірістік процес-терін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған үлкен істер атқаруда. Бұл әрекеттер Қаратау фосфорит алабының табиғи қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта «Қазфосфат» ЖШС-і фосфор саласының тек шикізат өндіруге бағытталған біржақтылығын өзгерту, сыртқы және ішкі

66

Page 67: №3 Журнал

рыноктарға сапалы, бәсекеге түсе алатын өнім шығару бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде.

Ал, енді осы «Казфос-фат» ЖШС-нің негізгі нысандарының бірі Қаратау кен өңдеу кешені жайында тарқата айтып берсеңіз?

Қаратау кен өңдеу ке-шені ‒ өндірістік кәсіпорын, «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы. Кәсіпорын 1998 жылы «Қаратау» акционерлік қоғамы негізінде құрылған. Өндірістік негізі ‒ фос-форит кентасын өндіретін және өңдейтін тау-кен комбинаты. Жаңатас қаласында орналасқан. Комбинат 12,5 мың га жерді алып жатыр, құрамына фосфо-рит кентасының жалпы қоры 418 млн. тонна болатын 3 кеніш кіреді: «Жаңатас», «Көкжон» және «Көксу» кеніштері. Негізгі өнімдері: майда ұнтақталған фос-форит ұны, кесек және ұсақ фос-форит, сондай-ақ, сары фосфор алуға қажетті өнімді шығарады. Ал, ұнтақталған фосфорит ұны

минералды тыңайтқыштар зауыт-тарына жіберіледі.

Жалпы бізде өндірілген өнімдер ТМД елдерінің бірқатарына жіберіледі. Мәселен, Ресейге, Түркіменстанға, Өзбекстанға, Башқұртстанға және басқа да елдерде тұтынушыларымыз көбею үстінде.

Негізінде аталмыш кешен-де 6 кен орны бар. Солардың қорындағы шикізат көлемі 1 млрд. 690 млн. тоннаны құрап отыр. Атқаратын қызметімізге келсек, бірінші кенді бұрғылаймыз, сонан сон аршып, сұрыптаудан өткізіп, ұсақтап, елегіштен өткізіп, ұнтақ күйде өзіміздің мекемелерге жібе-реміз.

Қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыздар және кадр тапшылығы байқала ма?

Қаратау кен өндеу кешені жалпы 2 мыңнан аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың барлығы сол Талас, Сарысу аудандарының және Оңтүстік өңіріне қарасты

Созақ ауданының жергілікті тұрғындары. Жалақылары тұрақты түрде беріліп отыр. Биылғы орта-ша жалақы 63 600 теңгені құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш мұнымен тоқтап қалмай, жыл сайын 5, 7, 10 пайызға дейін көтеріліп оты-рады. Кей уақыттарда өнімнің өтімділігі төмендеп қалатын кез-дер болады. Ондай жағдайларда жұмысшыларды қысқартпай, қалай да болса ситуациядан шығуға тырысамыз. Әсіресе, дағдарыс кезеңдерде.

Ал, кадр мәселесіне келсек, бүгінгі таңда жұмысшыларға көңіл толады. Себебі, жұмыс сұрап келген адамның тәжірибесі аз болса, оны өзімізде ашылған арнайы 3-6 айлық курстарда қайта оқуға жібереміз.

Қандай әлеуметтік іс-шара-ларды атқарудасыздар?

Бүгінгі таңда әлеуметтік іс-шаралардан да тыс қалып отырған жоқпыз. Мәселен, кен өндіріп отырған әр ауданға жыл сайын мекеме атынан әлеуметтік-саяси

67

Page 68: №3 Журнал

дамуға 5 млн. теңге қаржылай бөлінеді. Яғни, аудан әкімдерімен бірлесе, көптеген келелі мәселелерді шешуге ұмтылыс та-нытамыз. Соның ең қарапайымы қажетті техникалық көмек беру. Мәселен, Жаңатас, Қаратау қалаларында қыс мезгілі боран-ды келеді. Сол аймақтардағы көлік қатынасын жеңілдету үшін өзіміздің қаражатымыздан ауыр техникаларды жіберіп, қала ішін-дегі және қала арасындағы жол-дарды ретке келтіріп отырамыз. Бүгінгі күнде сумен қамтамасыз ету жұмыстарына да қаржылай қолдау танытудамыз.

Мысалы, Сарысу ауданы шөлейтті аудандан. Сол аудандағы 3 мың га жерді сумен қамтамасыз ету үшін, қажетті техникаларды жұмылдырып, су тоғандарын жасап, арықтарды ретке келтіріп, су тапшылығы мәселесін шешуге атсалысудамыз.

Бұл жұмыстарды аудан, қала әкімдерімен және ауыл ақсақалдарымен де санаса оты-рып, жергілікті халықтың айтары-на да құлақ түріп, іске асырамыз.

Сонымен қатар, былтырғы жылы аудандардағы істен шыға бастаған стадионды қайта жөндеуден өткізіп, қажетті жабдықтармен оңдап, жасан-ды газон төсеніштерін төсеп, Шымкент, Жамбыл және кен өндіретін аудандардан футбол командаларын шакыртып, фут-бол турнирін ұймдастырдық. Ал, мереке күндері атақты эстрада жұлдыздарына ұсыныстар жа-сап, концерттік бағдарламаларды халықтың игілігі үшін жасауда-мыз.

Және де өзіміздің әлеуметтік екі нысанымыз бар. Соның бірі ‒ балалар сауықтыру демалыс аймағы. Онда бір маусымда мың балаға дейін демалады. Әр дема-лыс уақыты 15 күнге созылған. Бұл демалыс орны Жаңатас қаласына жақын табиғаты әсем жерде орналасқан. Балалар еліміздің әр аймағынан келеді. Бірақ, көбіне өзіміздің жұмысшылардың ба-лалары демалады. Өзіміздің кен аудандарындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға әр демалыс уақытында

15 тегін жолдама беріп отыра-мыз. Екінші әлеуметтік нысан ‒ Қаратау қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан «Көктал» деген емдік-сауықтыру шипа-жайымыз бар. Онда бірнеше емдік тәсілдері қолданылады. Осы шипажайдың емдеу ақысы өзіміздің жұмысшыларға өте төмен бағада көрсетілген.

Тағы сол сияқты Елбасымыздың Халқына жолдаған Жолдауындағы он басымдықты бас-ты назарда ұстап жұмыс істеудеміз. Соның ішінде аудандарды, кіш-кентай қалаларды көтеру мәселесі көтерілген. Сол кіші қалаларға біздің Жаңатас пен Қаратау қалалары жатады. Осы қалалардың әлеуетінің көтерілуіне, жан-жақты дамуына біздің мекеменің де өз үлесін қосатынын баса айтқым келеді.

Алдағы қандай жоспарларыңызбен таныстырар едіңіз?

Алдағы уақытта үлкен кен байыту фабрикасын салуды жос-парлап отырмыз. Кенді байтып,

68

Page 69: №3 Журнал

дүниежүзілік нарыққа шығуды көздеп отырмыз. Егер осы жоспа-рымыз іске асып жатса, тағы да кем дегенде 200 адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Жалпы біз қазіргі уақытта төрт бағытта жұмыс істеп келеміз. Біріншісі өнімнің көлемін арттыру. Осы бағыт арқылы жергілікті халықты жұмысқа тарту, олардың ара-сынан білікті маман тәрбиелеу, оқыту. Яғни, жергілікті кәсіптік, техникалық оқу орындарымен жұмыс істеп, өзімізге қажетті кадрларды өсіру. Себебі, бізге, яғни Жаңатас қаласына Алматы-дан, не болмаса басқа қалалардан кадрлар келіп жұмыс істей қоюы екіталай. Ал, жергілікті тұрғындар тұрақты әрі сенімді кадрға ай-налады. Екінші бағыт ‒ жаңа технологияларды енгізу болса, үшіншісі ‒ өндірілген өнімнің сапасын әлемдік стандартқа жет-кізу. Сол кезде біздің өнімге деген шетелдік сұраныстар ұлғаятын болады. Төртінші бағытымыз ‒ автоматтандырылған техникаға көшу.

Қазіргі біздің атқарып жатқан жұмыстарымыз «Казфосфат» ЖШС-нің бір нысанында жасалы-нып жатыр. Ал біздегі өнімді алып

өңдеу, оны басқа қалаларға тасы-малдау және тағы басқа жұмыстар осы серіктестіктің басқа құрамдас нысандарына тиесілі.

Осы мекеменің тарихына тоқталып өтсеңіз?

Бұл мекеме сонау 1946 жылы 5-желтоқсанда ашылған. Ол уақытта «Шолақтау кен-байыту» фабрикасы болып құрылған. Со-дан бері 65-66 жылдың жүзі бол-ды. Оның алдында 1933 жылдары Мәскеуден келген геологтар осы маңды зерттеп, әуелі бір қара тас тауып, соны тексеріп, оның фос-форит кентасы екенін анықтаған екен. Сол кездері осы аумақта 13 млрд. тоннаға жуық кен қорының бар екенін және 40-қа жуық кен орындарын анықтаған.

Аға, Сіз үшін тәуелсіздік дегеніміз қандай ұғым?

Тәуелсіздік ‒ мен үшін ғана емес, мына қанатын кеңге жая бастаған Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматы үшін де өте Ұлы ұғым. Өйткені біздің елді әлем таныды. Қазақ елі бар екенін дүниежүзі елдерінің алдарына жайып салған осы ‒ Тәуелсіздік ұғымы. Біздің буын кешегі

кеңестік заманда дүниеге келген ғой. Ол кезде жасыратыны жоқ, өз тіліңде еркін сөйлей алмайсың. Әсіресе, осы өндіріс саласында.

Бүгінде, егемендік алғаннан кейін көп өзгерістер болды. Қазір өз ана тіліңде қай кез болсын, қай ортада болсын еркін қарым-қатынас жасай бересіз. Тек, сол Тәуелсіздік тарту еткен ана тіліміздің еркіндігін көп кісілер бағаламай, өзге тілде шүйіркелесіп жүргеніне қарным ашады. Сондай-ақ, не бары 10 жылдың ішінде еңселі Елорданы тұрғызу, кез кел-ген елдің қолынан келе бермейді. Тіпті, әлем бойынша көз ілеспес жылдамдықпен салынып жатқан қалалардың алды болған осы Астана қаласы екен. Айта берсең, бағындырған белестерміз аз емес. Бірақ алда одан да биік шыңдар күтіп тұрғанын естен шығармау керек. Осы жетістіктердің барлығы Елбасымыздың білікті де ұтқыр саясатының арқасы деп білемін.

Келелі ісіңіз кеңейіп, өз жемісін бере берсін! Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Сабира Болатқызы

69

Page 70: №3 Журнал

70

БАСТЫ МАҚСАТ − БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

Бүгінгі таңда елімізде жоғарғы оқу орындарының дәрежесі де, дәрмені де күшейіп келеді. Әсіресе, мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының сапа жағынан өсіп келе жатқаны ел үшін айтарлықтай жағдай. Осы мәселе төңірегінде Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жомарт Қасымханұлы Қошқаровпен ұйымдастырылған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Жомарт Қасымханұлы, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің негізі қашан қаланды?

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті 1997 жылы «Институт бизнеса и пра-ва инжениринга» деген атаумен ашылды. 1998-2007 жылдары «Әулиеата» университеті, мұнан кейін, Елбасының саясатын орын-дай отырып, 3 жоғарғы оқу орны бірігіп, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті болды. Күндізгі және сырттай бөлімдердегі

студенттер санын қосқанда, бүгінгі күні бізде 6 мыңға жуық білімгер жастар тәлім алуда. Оларға 80-нен астам ғылым кандидаты, ғылым магистрлары, 20-дан астам ғылым докторы және Phd докторлары дәріс беруде.

15 жыл ішінде біз көптеген жұмыстарды атқардық. Алғашында бір ғана корпусы болған бұл университеттің, бүгінде он шақты корпусы бар. «Жамбыл ГРЕСС» мекемесіне және жер-гілікті мүліктің балансындағы үлкен профилакториялық санато-

рия болатын. Осы 100 орындық профилакториялық санаторияны студенттердің және ұстаздардың өз денсаулықтарын күтінуіне жағдай туғызу үшін, сатып алып, іске қосудамыз.

Аға, тағы қандай жаңашыл бастамаларыңызбен бөлісе ала-сыз?

Әрине, алдағы жоспарда атқарар істер жетерлік. Мәселен, студенттер орталығын ашуға күш жұмылдырудамыз. Бүгінде орталықтың ғимарат мәселесі шешілген. Мақсатымыз - студент-тер бос уақытын көше қыдыруға кетіргенше, осы орталықта жүйелі түрде өткізсін. Өзіңіз білесіз, қанша жерден есік-тереземізді жапқанмен жаһандану заманының құшағынан қаша алмаймыз. Сол үшін жаһан-дану үрдісінде жастарымызға тура бағыт беріп, жол көрсете білуіміз керек. Сонда ғана жастар өзінің дұрыс таңдауын жасай алады.

Аталған студент орталығынан 150 орындық интернет кафесін ашуды қолға алудамыз. Яғни, сту-денттеріміз ақпараттық жүйелерді дұрыс ұғынып, жөнді ақпарат алатындай, сол ақпаратты саралап, сараптап алатын мүмкіндік жасау. Осы төңіректе көптеген іс-шаралар жасалынуда.

Бүгінгі таңда елдегі білім са-ласына көсқарасыңыз қандай?

20 жылдың ішінде біздің білім жүйесінде көптеген реформалар жүзеге асырылды. Білімге, ғылымға бөлініп жатқан қаражат ауқымды.

Page 71: №3 Журнал

71

Білім және ғылымға қатты көңіл бөлініп отырғанын «Болашақ» бағдарламасынан байқауға болады. Елде қиыншылық болып, дағдарыс кезінде, «Болашақ» бағдарламасын бастап, студенттерімізді шетелде оқыта бастадық. Ал бүгінде біз осы бағдарламаның жемісін көрудеміз. Тағы бір қуантарлық жағдай — инновациялық-индустриялық даму. Қаншама жаңа, озат технологиялар-ды шетелден алып келгенмен, оны меңгерген, тілін біліп, дамытатын әр саланың маманы болуы керек. Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарының мақсаттары – заман талабына сай келетін мамандар-ды дайындау, олардың сапасын жақсарту. Осы төңіректе мемле-кеттік болсын, мемлекеттік емес болсын жоғарғы оқу орындары қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан экономикасына зор үлесімізді қосамыз десек, онда біз осы саяси қадамдармен бірге жүруіміз керек. Яғни, мемлекеттің жасап отырған мүмкіншілігін қалт жібермей, барлық салада білікті мамандар даярлауымыз шарт.

Қандай шетелдік және еліміздегі жоғары оқу орында-рымен байланыстасыздар?

Былтыр Германияға барып, Болон декларациясына байла-нысты құжаттарға қол қойдым. Құрамында 800-ге жуық жоғарғы оқу орны бар Болон декларация-сына біздің университет те енді. Сондай-ақ, Италияның, шекаралас Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей

жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. Сондай-ақ, еліміздегі көптеген жоғарғы оқу орындарымен жоспа-рымызды бөлісіп, тәжірибе алма-сып отырамыз.

Студенттерді шетелдерде оқытасыздар ма және қазіргі жастар қандай мамандықты көбірек таңдап жатыр?

Мұндай қадамды 2012 жылы бастасақ деген ойдамыз. Бүгінгі күнге дейін біз ғылыми сала-да, семинар-конференцияларға қатысу салаларында қарым-қатынасымызды дамытып жатыр-мыз. Ал, енді келесі жылдан бастап біздің университетке Армениядан оқытушылар, мамандар келе бас-тайды.

Бүгінгі күні жастарымыз техникалық және ақпараттық жүйе саласына қатты қызығып отыр. Бұл жастардың мамандық таңдауында білім саласындағы сұраныстың өзі экономикалық сұранысқа байла-нысты екенін толық түсінгенін байқатады.

Студенттердің әлеуметтік жағдайы қаншалықты қамтыл-ған?

Бұдан да шет қалып отырған жоқпыз. 2010 жылы облыс әкімі Елбасының тапсырмасын орындай отырып, 5 грант бөлді. 2011 жылы облыс әкімінен 40, «Нұр Отан» ХДП-ның атынан 10, өзіміздің оқу орнынан 20 грант бөлінді. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы

төмен отбасылардан шыққан студенттердің оқу үлгеріміне қарай көмектер көрсетіледі. Жыл сайын «Болашаққа сенемін» атты мек-теп түлектері арасында облыстық олимпиада өткіземіз. Наурыз айын-да өткен олимпиадаға 168 оқушы қатысып, оның 16-сы жеңімпаз атанды. Енді осы балалар ҰБТ-дан біздің талапқа сәйкес 80-баллдан жоғары жинаса, әкімнің грантына ие болып, біздің университетте оқуға мүмкіндігі бар.

Аға, халықтың қалаулысы ретінде қандай мәселелерді көтерудесіз?

Депутат ретінде менің мақ-сатым – мансапқа жету емес, жас- тардың мәселесін, білім сапасы жайлы проблемаларды көтеріп, дұрыс шешімдер қабылдауға ық-пал ету. Әсіресе, мектепке дейінгі білім саласы, балабақша мәселесі және мектептен кейінгі орта мектептердің де проблемалары өте үлкен. Алда 12 жылдық білім жүйесіне қандай дайындықпен көшеміз? Міне, осындай мәсе-лелерді шешу алдымызда тұр.

Енді біздің журналымыздың басты сұрағы – тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіз?

Елдегі көптеген оң өзгерістер тәуелсіздік арқылы келді. Мен айтар едім: ешқашан үйдегідей, романдағыдай, қолмен жазғандай бола бермейді. Қателік те кетеді, олқылық та болады. «Ештеңе істемеген – қателеспейді» де-гендей, жұмыс істеген адам қателіктер жібереді. Дегенмен, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары еліміздегі білім саласы алғашында үрке қадам басқанымен, соңғы жылдары қарқындап дамып жа-тыр десем, артық айтқандық емес. Осы мақтаныштың барлығы тәуелсіздіктің жетістігі.

Есімдеріңіз биіктерден көріне берсін! Әңгімеңізге рахмет!

СұхбаттасқанСабира Болатқызы

Page 72: №3 Журнал

72

СүндеттеуЕркек баланы тақ жасында

яғни 3, 5, 7 жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман ел-дерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайда-сы зор. Баланы сүндеттеу - үлкен рәсім. Ол - әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет тойы» деген сияқты жөн-жоралары болады, «қайырлы, құтты болсын» айты-лып, шашу шашылады. Сүндет мін-деті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет той» деп атайды. Бұл дәстүр әлі де сақталған.

Ет асатуКеліп менің бата алып, көп

жасағым,Өз қолынан Сәбеңнің ет асадым.

(С. Мәуленов) Ет желініп болғаннан кейін

төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіт-терге асатуға тиіс. Бұрынғы кезде жас балалар «ет асаймыз» - деп,

қонақ келген үйдің маңайында жүретін болған. Мұндай халықтық дәстүрді жазушы С.Мұқанов кең насихаттап, қолданып, жалғастырып отырған.

Кекіл (ғұрып)Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Көгілдірі аққудың секілдім-ай.(Халық өлеңі)

Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді. Кекіл жылқыда да болады.

Кекілін кескен кер атым-ай,Титтейден өскен бекзатым-ай.

АйдарТұлымдысын тұл қылды,Айдарлысын құл қылды.

(Қобыланды)Балалардың төбе шашын

ұзартып өсіріп, моншақ араласты-рып өріп қояды. Мұны – «айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы: Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

Енші«Оған бай қалың беріп, қатын

әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов).

Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлікті «жасау» дейді.

Ашамайға мінгізуБаланың сана-сезімін жетілдіру

үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салта-наты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп, қамшы өріп, «сен азамат болдың»

деген сенімін ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар ал-дында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:

Ал ақ тілек, ақ тілек,Атқа тоқым сал білек.Атқа да жақсы шаба біл,Жасыңнан малды баға біл.Өнеге, өнер таба біл,Аймағыңа жаға біл,Атқа міндің, ақ жол болсын! -деп бата береді. Ақ тілекті ана-

лар шашу шашады. Басқа балалар тайға мініп жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.

Бәсіре«Жастайынан бағып ем,

Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров).

Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мек-тепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

БІЗДІҢ ДӘСТҮР ‒ БІЗДІҢ МАҚТАНЫШ

Page 73: №3 Журнал

73

Тоқым қағуӨзінің бәсіре атына ашамайын

ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде, баланың әке-шешесі мал сойып, ауыл адамдарына «Тоқым қағар» тойын жасайтын. Қуанышқа кенел-гендер той иесін құттықтаған.

– Баланың жолы болсын!– Жақсы азамат болсын!– Аман-сау оралсын!– Оң сапар болсын! – деп тілек-

терін айтатын. Жиналғандар дом-быра тартып, ән салатын. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналған.

Аузына түкіртуБұл – қазақтардың ертеден келе

жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындар-ға, тағы да басқа атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ғана жа-салады. Бұл ырым баламыз сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын деген-нен туған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті.

Ер балаға ат қоюҚазақ халқында балаға ат

қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты салт-дәстүрлері бар. Олар:

1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.

2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.

3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есім-дері: Тасболат, Тастемір, Шымыр-бай.

4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын т.б.

5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар,

Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.

6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.

7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын де-ген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.

8. Ерекше көзге түскен бел-гілеріне қарай ат қою. Есімдері: Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Сүндет.

9. Ислам дінінің әсеріне байла-нысты ат қою. Есімдері: Ғали, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен.

10. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.

11. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.

12. Соңғы балаға ат қою. Есім-дері: Кенжебай, Кенжетай.

14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есім-дері: Арыстан, Аюбай, Бүркітбай, Қойшыбай т.б.

Page 74: №3 Журнал

74

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН АЗАМАТБеркімбаев Бөріхан Сматоллаұлы – 1988 жылдан бері темір жол саласында

үздіксіз еңбек етіп келе жатқан азамат. Бір орында ширек ғасырға жуық жұмыс істеу де кез келген маманға бұйыра бермейтіні анық. Еңбек жолын Ақтөбе станса-сында қарапайым пойыз құрастырушысы болып бастаған ол бүгінде Атырау жол бөлімшесінің директоры әрі Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Темір жол саласының қыр-сырын жақсы білетін болғандықтан да, мұндай тұлғамен санасудың маңыздылығын қазіргі басшылық та мүлтіксіз аңғарған секілді. Әрі мұның өзі үлкен сенімділіктің де белгісі болса керек.

Б.Беркімбаев – «Құрметті теміржолшы» белігісінің иегері, 2004 жылы «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік медалімен, 2005 жылы Хромтау-Алтынсарин темір жол желісі құрылысына сіңген еңбегі еленіп «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2007 және 2011 жылдары Елбасының Құрмет грамотасымен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

Бөріхан Сматоллаұлы, сыр-сұхбатымызды өзіңіздің өмір және еңбек жолыңыздан бастасақ.

Мен 1964 жылы 12-ақпан айында Ақтөбе облысы Новоресей ауданында дүниеге келдім. Әкем Беркімбаев Сматолла Молдашұлы ҰОС жылдарындағы тыл ардагері, анам Ибраева Күміс Ыбрайқызы еңбегі сіңген ұстаз. 1981 жылы Алматы көлік инженерлері инс-титутына түсіп, оны 1986 жылы тәмамдадым. 1986-1988 жылдар аралығында Отан алдындағы бо-рышымды өтедім.

Ал еңбек жолымды 1988 жылы Ақтөбе стансасында пойыз құрастырушысы болып бастадым. 1988-1998 жылдар аралығында осы стансаның дөңес кезекшісі, станса бастығының пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі көмекшісі, Ақтөбе стансасы бастығының шұғыл жұмыс жөніндегі орын-басары, жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым.

1998 жылы «Желдорэкс-педиция» мемлекеттік еншілес кәсіпорны мекемесінің бас инже-нері, 1999 жылы Ақтөбе тасымал-дау бөлімшесінің бас инженері қызметтерінде болдым.

2000 жылы Жүк және

Page 75: №3 Журнал

75

коммерциялық жұмыс Бас бас-қармасының Атырау аймақтық өкілдігінің бастығы, Атырау тасы-малдау бөлімшесі директорының бірінші орынбасары қызметтерінде жұмыс істедім.

2000-2005 жылдар аралығында Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің директоры қызметінде болдым. Ал 2005 жылдан бастап осы кезге дейін Атырау жол бөлімшесінің директоры қызметін атқарып ке-лемін.

Сонымен қатар, Сіз «Қазақстанның шайба-лы хоккей федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директоры қызметін атқарасыз. Осы жайында айтып өтсеңіз.

2009 жылдан бастап «Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының директо-

ры қызметін қосымша атқарып келемін.

Осы уақыт ішінде 2009 жылы құрылған Атырау қаласының «Бейбарыс» хоккей командасы дұрыс жолға қойылған нәтижелі жұмыс арқасында алғашқы жылы-ақ шайбалы хоккейден ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды, 2010 жылы шайбалы хок-кейден ел чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Жалпы елімізде спорт саласы

Page 76: №3 Журнал

76

жақсы дамып жатыр. Көптеген спорт кешендері салынып жа-тыр. Бұл біздің жастарымыздың болашағы үшін керек нәрсе. Бұл дегеніңіз тәні саудың жаны сау деген сөз.

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде тұратын халықтың 30 пайызға жуығын спортқа тарту керектігін атап көрсеткен бо-латын. Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған ме-жесі спортқа деген ынта-жігерді арттырып, спортпен айналыса-тын азаматтарымыздың қатарын көбейтуге мүмкіндіктер жасап отыр.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздіктің бергені-нен берері көп деп ойлаймын. Мемлекетіміздің гүлденуі, алға ілгерілеуі ол осы Тәуелсіздіктің арқасы. Жұмысыммен байланысты-рып айтар болсам 20 жылдың ішін-де көптеген жаңа жолдар салынды. Бұл оңай нәрсе емес. Бодандықтан құтылып, бостандыққа ұмтылған Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру

– ата-бабамыздың аңсаған арман-аманатын орындау деген сөз.

Бар-жоғы он жылда жаңа Астананы тұрғызу осындай қажырлы қайраттың, ерен еңбектің арқасы. Ертегіден де асып түскен ең үлкен шындық – Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына Төраға болуы. Астанда өткізілген ЕҚЫҰ Саммиті Елбасымыздың жиырма жылғы еңбегінің жемісіндей десек қателеспейміз. Тәуелсіздік – ал-дымен халқымыздың ынтымақ-бірлігінің арқасында келген үлкен жетістік. Сол жетістігіміз-ді мен бүгінде шын мәніндегі жалпыұлттық Көшбасшысына айналып отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-евпен тікелей байланыстырар едім.

Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында көп жетістіктерге жеттік. Мемле-кет басшысы – жоспарларымыз бен мақсаттарымыздың жүзеге асуының, мемлекеттің тұрақты дамуының, ортақ үйіміздегі бей-бітшілік пен келісімнің кепілі.

Мен осындай елде туылғаныма қуанамын, бүгінгінің қазағы болып өмір сүру мен үшін баға жетпес бақыт.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналына айтар тілегіңіз қандай?

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы атына заты сай – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің жар-шысына айнала берсін деп тілей-мін. Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналсын. Халық алғысынан артық қандай бақыт бар?!

Сонымен қатар, кешегі Екінші дүниежүзілік соғыста қан кешкен ардагерлерімізді 9-Мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Барша қазақстандықтарды 1-Мамыр Халықтар достығы мере-кесімен және 7-Мамыр ҚР Қарулы күштері күнімен құттықтаймын!

Достық-ынтымағымыз арта берсін, еліміз тыныш болсын!

Әңгімеңізге рахмет!

СұхбаттасқанБауыржан Берікұлы

Page 77: №3 Журнал

Құрметті Әбдімұса Мұратұлы!Қазақстан халықтар Достығы университетінің президенті, академик, химия ғылымдарының докторы, про-

фессор Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков Лондон қаласында Халықаралық Сократ комитеті Европалық бизнес Ассамблеясының «The Name in Science» премиясымен және ХХІ-жүзжылдықтың «Әлемдік ғылымға қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Біз Әбдімұса Мұратұлын ұлағатты ұстаз, таны-мал басшы ретінде мақтаныш тұтып, аса ыстық іл-типатпен құрметтейміз. Қазақ ғылымында өзіндік орны бар, Қазақстан Республикасы химия ғылымы тарихында есімі алтын әріппен жазылған, ұлтына жанашыр тұлға, еліне сыйлы азаматты үлкен марапа-тымен шын жүректен құттықтай отырып ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз!

Қазақстан халықтар Достығы университетінің ұжымы

Қазақстан халықтар Достығы университетінің президенті, академик, химия ғылымдарының докто-ры, профессор Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековты «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналының ұжымы және ақылдастар алқасының атынан «The Name in Science» премиясымен және ХХІ-жүзжылдықтың «Әлемдік ғылымға қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталғаны үшін шын жүректен құттықтаймыз.

Әбдімұса Мұратұлына мықты денсаулық, еңбекте үлкен жетістіктер тілейміз!

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғамдық-саяси журналының ұжымы

77

ҚҰТТЫҚТАУ

Page 78: №3 Журнал

Ақынбек Бектай

Page 79: №3 Журнал

79

«ЕҢ БІРІНШІ ЕЛУ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРУ ҮШІН ҚАЛАСЫ ДАМЫҒАН,

ДАЛАСЫ АРЫҒАН ЕЛ БОЛМАУДЫ ОЙЛАЙЫҚ»Қазақстан әр түрлі ауыртпашылықтардан кейін һәм жаһандық қаржылық

дағдарыстан ойдағыдай өткеннен кейін ауылдың ажарын өзгертуге, жаңартуға күш сала бастады. Кемшіліктер де жоқ емес, әрине. Олқылықтардың орны то-лар. Қазіргі кезде жер-жерде тіршілік нышаны анық байқалады. Бұл, әсіресе, киелі Әулиеата өңіріне де қатысты. Ел еңсесін тіктеуге атсалысып жатқан азамат-тар, шүкір, баршылық. Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Қойшыбай – Ата» шаруа қожалығының Төрағасы, «Талас» сервистік дайындау орталығының директоры Ақынбек Бектаймен тілші сұқбатында ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері сөз етіледі.

Ақынбек мырза, әңгіме тиегін өзіңізді таныстырудан бастасақ.

Мен 1955 жылы 22-мамыр айында Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Ақкөл дейтін елдімекенде дүниеге келдім. 1962 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1972 жылы Талас ауданының Ойық орта мектебін бітіріп, еңбек жо-лымды механизаторлықтан баста-дым.

Ал 1973 жылы Жам-был облысының Луговое (қазіргі Т.Рысқұлов ауданы) Зооветеринарлық техникумына оқуға түсіп, 1974-1976 жылдары Кеңес әскерінің қатарында бо-рышымды өтеп болған соң, 1977 жылы осы техникумның бухгал-терлік мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

1977 жылдан 1984 жылға дейін Жамбыл қаласындағы «СТО АВТОБАЗ» мекемесінде жұмыс істедім.

1984 жылдан 1994 жылға дейін облыстық сауда мекемелерінде әр түрлі деңгейдегі басшылық қызметтер атқарып, 1994 жылы көп мақсаттағы «Мұрагер» фир-масын басқардым. Одан кейін 1994-1998 жылдары Жамбыл технологиялық институтын бітіріп «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын алдым.

2000 Талас ауданы Ойық

ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым. 2004-2007 жылдары Жамбыл облыстық Орман және Жануарлар дүниесін қорғау мем-лекеттік мекемесінің директоры болдым.

2007-2009 жылдары Талас ауданы әкімінің бірінші орынбаса-ры қызметінде болдым. 2009 жылы Талас ауданы жанынан «Оңтүстік» Ұлттық компаниясының «Талас» сервистік дайындау орталығын» ашып, бүгінгі таңда осы мекеменің директорымын. Сонымен қатар, «Қойшыбай – Ата» шаруа қожалығын басқарамын.

Аудандық мәслихат депутаты болдым, қазір Жамбыл облыстық мәслихатының депутатымын.

Өзіңіз басқаратын ша-руашылық жағына ойыссақ. Не жұмыспен айналысасыз?

Жер өңдеумен, атакәсіп - мал шаруашылығымен айналысамыз. Көкөніс өсіреміз. Қауын-қарбыз, жүзім шаруашылығымен айналы-самыз. Алдағы уақытта 100 га-ға дейін жерді игерсек деп отырмыз.

Және «Қойшыбай – Ата» ша-руа қожалығында 250-ден аса түйе, 500-600 жылқы, 500 сиырымыз бар, қой басын 4-5 мыңға жеткіз-дік.

«Еңбек етсең емерсің» деген сөз бар ғой. Болдық-толдық деп тоқтап қалғымыз келмейді. Шаруа-

мызды ары қарай да дөңгелетсек, кеңейтсек деп ойлаймын. Аудан, ауыл халқын етпен, шұбат өнімдерімен қамтамасыз етуді қолға алған жайымыз бар.

Ауылшаруашылық сала-сында ден қойып отырған басты мақсатымыз да сол – халықты өз шаруашылығымыздың өнімдерімен, азық-түлікпен қаматамсыз ету, түйе-жылқы шаруашылығын дамыту арқылы қымыз-шұбат өндірісін жолға қою болып табылады.

Шаруашылықтарыңызда күрмеуі шешілмей жатқан мәселелер бар ма?

Жалпы мәселесі жоқ жер жоқ қой. Кез келген жерде қиыншылық болады. Біз де қиналдық. Бүгін жағдайымыз жаман емес. Шүкір.

Бірақ мен мына мәселеге қатты алаңдаймын. Бұл тек біздің ғана басымыздағы мәселе емес, барлық жерде бар мәселе. Ауылшарашылық мамандары жетіспейді. Мәселен, механик жоқ, сварщик жоқ, ветеринарлық мамандар тапшы. Әр жерден аграном, жермен жұмыс істейтін азаматтарды шақырып әкеліп жатамыз амалсыз. Ал егер елдің барлығы балаларын банкир, экономист, мұғалім қылатын болса ауыл шаруашылығымен сонда кім айналысады?! «Ауылды

Page 80: №3 Журнал

80

дамытайық!» дейміз. Дұрыс. Бірақ ауылды өркендететін мамандарды даярламасақ мұның бәрі бос сөз болып шықпай ма?!

Оның үстіне ауылдардағы Кеңес кезінен қалған су жүйелері қазіргі кезде нашарлаған, бетон-мен жасалған арықтар сынған, бұзылған. Су жетіспеушілігі бар.

Сонымен қатар, санитарный авиацияны қайта қолға алсақ жақсы болар еді. Осының бәрін ойламай, елу елдің қатарынан орын аламыз деуіміз құрғақ қиял болады. Қаласы дамыған, даласы арыған ел болмау үшін баспен жұмыс істеу керек.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздіктің қадірін жете білу үшін тарихымызға үңіліп қарайықшы. Қаншама қасірет кештік. Ал енді осы Тәуелсіздіктің қадірін сол тарихын, түбін білген адам ғана біледі.

Салт-санасын сыйламайтын, ана тілінде сөйлемейтін адамдар Қазақстанның болашағы туралы қатты алаңдайды дегенге сене қоймаймын өз басым.

Ана тілін білмейтіндерге қарным ашады. Себебі, мен үшін Тәуелсіздік пен Тіл егіз ұғым. Біздің кейбір азаматтарымызға таңым бар, ана тілін неге құрметтемейді екен деген ой ке-леді, «жастарымыз ана тілін сый-ламайды» деп ренжіп жатамыз,

«әкеге қарап бала өсер» деген сөзді ұмытпайық, өз тіліңді өзің керек етпесең өзге жұрт келіп өліп кетсе де сенің тіліңде өзеуремейді ғой.

Кез келген елге қарасаңыз кез келген деңгейдегі билік өкілдері шетелдік қонағымен өз ана тілін-де тілдеседі, яғни, мейманы түсінбесе аударып беріп отыра-ды. Ал бізде қандай? Осылардың барлық жерде аудармашы арқылы мемлекеттік тілімізде сөйлеуіне кім кедергі келтіріп отыр?!

Мен әрқашан да «Аллаға шүкір» деймін, тәуелсіздігіміз тұғырлы болса екен деп тілеймін. Еліміздің, жеріміздің қызығын өзіміз көрсек екен деймін. Біз-ге Тәуелсіздікті нығайту үшін үлкен бір бағдарлама жасау керек сияқты. Мәселен, біз мына тұрған көрші Қытай мен Ресей елдерінің бағдараламаларын толық біле бер-мейміз ғой. Бір қабатын білеміз, мың қабатын біле бермейміз. Сондай саясатты бізге де ұстану керек сияқты, себебі, біздің жерге сырттан ағылып келіп жатқан ағымдардың арамызға қандай ой-ниетпен кіріп жатқандарын білмейміз.

Ашықтық деген жағаң жай-лауда болу деген сөз емес. Ата-бабамыздың «Жау жоқ деме, жар астында!» деген ұлағатты сөзін әрдайым ескеріп отыруымыз керек.

Қорыта айтқанда, Тәуелсіз

Қазақ мемлекеттігін нығайту әр қазақтың кезек күттірмес ең өзекті мәселесі. Мен өзіндік дербес атамекен, айбынды, айбар-лы тарихы, ұлттық негізі айқын, бай материалдық және рухани мәдениеті бар Қазақ ұлтының мемлекеттік мәртебелі даму жолын – ұрпақтар болашағының айқын бағдары деп есептеймін. Бұл – жаһандық ықпалдастықтар жүйесіне жұтылып кетпей, дербес Қазақ атымен сақталатын халықтық-ұлттық дамуымыздың мәңгілік тұғырнамасы болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның жастары қандай болу керек деп ойлайсыз?

Тәуелсіздіктің тірегі осы жастар екенін түсінейік алдымен. Жастарымызды балабақшадан бастап ұлттық тәрбиемен өсіруіміз керек. Олар қолын кеудесіне қойып тұрып, «мен – қазақпын!» деп мақтана алатын болу керек.

Шәмші ағамыздың «Менің Қазақстаным» әні Әнұран болғанын естігенде мен көзіме жас алдым. Әрбір сөзіне назар аударсаңыз мұнда терең тарихы-мыз тұнып тұр емес пе?! Осы-ны жастарымыз түсінуі керек, бағалауы керек.

Және осы жастарымыз көрінген келімсектің жетегіне еріп кетпесін десек, бізге ұлттық тәрбиені мықтап жолға қоюымыз қажет.

Жастар халықшыл-ұлтшыл болу керек. Ұлтшыл деген өзге ұлтты жек көру емес, қайта өзгені үлкен сүйіспеншілікпен сыйлай-тын биік парасатты азаматтың қасиеті. Өз анасын сыйламаған адам өзге ананы сыйлайды дегенге сенбеймін. Демек, ұлтын сүйетін ұлтшыл жастар болуы керек.

Жүрекжарды әңгімеңіз үшін көп-көп рахмет! Әрқашан да тасыңыз өрге домалай берсін!

СұхбаттасқанБауыржан Берікұлы

Page 81: №3 Журнал

81

Елордамыз ‒ Астана қаласынан бастап, еліміздің әр аймағында күн санап бой көтеріп жатқан зәулім үйлер, үлкенді-кішілі сәулетті ғимараттар саны ар-тып келеді. Уақыт өткен сайын еліміздің көркейіп, сәулет және құрылыс саласында жетістіктерге жетіп отырғаны әрбір қазақстандық азамат үшін мақтаныш. Ал, енді осы салада еңбектеніп жүрген ел азаматтарының сіңірген еңбегін көрсетіп, жари-ялап отыру ‒ олардың мерейін көтеріп, еңбектерін жандандыра түседі деген сенімдеміз. Сондай ел ағаларымыздың бірі, құрылыс саласында тер төгіп жүрген кәсіпкер, «БӘЙІМБЕТ-ӘЖІ» ЖШС (ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылы) құрылтайшысы әрі ди-ректоры Әлжан Есенқұлұлы Әбдеевпен әңгімелескен едік.

КӘСІБІҢ ЖҮРСІН ДЕСЕҢ, БІРІНШІ КӘСІПКЕ ЕҢБЕКТЕН

Әлжан Есенқұлұлы, осы кішкентай ғана ауылдан шағын емес, орта деңгейдегі құрылыс компаниясын ашу қалай жүзеге асты?

Көлік қатынасы ары да бері ағылып жатқан үлкен жол бойында орналасқан бұл жер, бұрынғы Ке-лес ауданы, Чапаев атындағы үлкен мақта совхозы болатын. Соның Димитров деген бөлімшесі, қазіргі Абай ауылы. Бұл ауыл бұрынғы Келес ауданының қақпасы болған. Осында туып өсіп, мұндағы Талғат Бигелдинов атындағы қазақ орта мектебін бітіргенмін.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-дары кімге де болса оңай болған жоқ қой. Жұмыс тоқтады. Колхоз, совхоздар тарап жатты. Көптеген елдімкендер қараусыз қалып жатты. Сонау совхоз болып тұрғанда атал-мыш бөлімшенің конторы болатын. 1991 жылдан 1998 жылға дейін осы контор болып тұрған аумақта түк қалмады десе де болады. Сол кездері бұл жердің ағаштарының бәрі қырқылып, қаңырап жатқаны арқама аяздай батты.

1998 жылы осы ескі контор аумағын қалдық құны арқылы бағасын шығарып, совхоздан сатып

алдым. Ондағы мақсатым ‒ осы кішкентай ауылдың көркін кел-тіретін, жергілікті ауыл халқының қолы жететін саялы демалыс орнын ашу болды. Содан, сатып алынған аумақты қоршап, қайтадан біртін-деп ағаш көшеттерін отырғыздым. Адамдар демалатын саяжай етіп, құрылыстар жүргізіп, бұл жер-ді «Сая» деп атадым. Мұнда келушілердің легі осы ауыл тұрғындары. Тамақты ғана сатып алып ішеді, ал спорт алаңдарында түрлі доп ойындарын ойнау, жаздың күні іске қосылатын бас-

сейінде шомылу тегін. Кішкентай бүлдіршіндерге де әткеншек секілді түрлі ойын құралдары орналасқан, кішігірім тегін ойын алаңын жасап қойғанбыз.

1989 жылдары Сарыағаш қаласындағы «Арман» санаторийінің бас инженері болып жұмыс істеген бола-тынмын. Ал, Кеңес үкіметі тарқағаннан кейін, жұмыс істеп жатқан шипажайлардың өзінде қысқартулар басталды. Сол кез-дері заман талабы қолда бар мүмкіншілікті пайдаланып қалу

Page 82: №3 Журнал

82

еді. Оңтүстік Кореяның «ЮСКО» деген фирмасының котелдарын алып келіп, мына Сарыағаш шипажайларының әр корпусына ор-наластыруды ұйымдастырғанмын. Бұл солярка мен мазут аркылы іске қосылатын котелдар корпусқа ыстық су, жылу береді. Ол кезде елімізде электр энергиясының тапшы болып тұрған уақыты. Ал, аталмыш котелдар, электр энерги-ясымен де қамтамасыз ете алатын. Әрине, мұны іске асыру үшін де қаржыны банк арқылы несиеге алған болатынмын. Осы қадамнан кейін, әрі өзім құрылысшы ма-маны болғандықтан, осы салада жеке кәсіпкерлікпен айналысатын күн туды деп есептедім. Ауылдың ортасынан қолайсыз болғандықтан, ауылдың шеткі аймағынан өндірістік базамды тұрғызуды шештім. Дегенмен, қазір өзіңіз көріп отырған «Сая» саяжайының қасынан осы «БӘЙІМБЕТ-ӘЖІ» ЖШС-нің офисі және компания құрамына енетін бірнеше кішігірім цехтар орналасқан.

Ал, енді өзіңіз сұрақтың басын кішкентай ғана ауыл деп бастаған боласыз. Менің басты мақсатым ‒ осы бастаған істі дөңгелете отырып, ауылды өркендету, ауыл адамдарын жұмысқа тарту және құрылысышы болам деген жастарына ертеңгі үлкен жолға баратын мектебі болу.

«БӘЙІМБЕТ-ӘЖІ» ЖШС-і, құрамындағы өндіріс базасы және шағын цехтары турасында толығырақ мәлімет берсеңіз?

«БӘЙІМБЕТ-ӘЖІ» ЖШС-нің негізі 1998 жылы құрылды. Алғашқы, екі жылда бізді құрылыс компаниясы деп мойындай-тындар аз болды. Бірақ, түзу ниет пен тынымсыз еңбектену өз жемісін бере бастады. Бірін-ші жылдары Алматының үлкен құрылыс компанияларының жұмыстарын екінші субъект ретінде атқарып жүрдік. Ком-пания құрылғалы бері бірнеше ірі нысандар салынып, бірқатар өнеркәсіптік және азаматтық нысандарды қайта қалпына кел-

тіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ үшін Ақтау қаласындағы спорт кешені, ОҚО Түлкібас ауданы Ынтымақ ауылындағы 360 оқушыға арналған А. Оразбаева атындағы орта мектебі, ОҚО Шолаққорған ауылындағы мешіті, ОҚО Абай ауылындағы №1 аудандық орталық ауруханасы, Шымкент қаласындағы «Жамалбек қажы» сауда орталығы, Шымкент қаласы «Нұрсәт» ықшам ауданындағы 30 пәтерлік тұрғын үй және еліміздің әр аймағынан бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарының бірқатарында біздің компанияның қосқан үлесі бар. Бір ғана Оңтүстік өңірінен алты мектептің құрылысын қолға алғанбыз. Мақтанғандық емес, бірақ еліміздің менмін деген алпа-уыт құрылыс компанияларының бас тартқан нысандардың құрылысын біздің «БӘЙІМБЕТ-ӘЖІ» ЖШС-і қолға алған. Қазірдің өзінде қарап отырған жоқпыз. 600 жүз орындық мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз.

Абай ауылының шет-кі аймағында компанияның өндірістік базасы орналасқан. Яғни, құрылысқа арналған құрылыс материалдарын жасауға керек-ті өнімдерді алғашқы өңдеуден өткізетін цехтар сонда орналасқан. Жалпы, «БӘЙІМБЕТ-ӘЖІ» ЖШС-нің құрамында шағын әрі заманауи технологиялармен жабдықталған бірнеше цехтар бар. Тізіп айтар болсам, темірбетондық бұйымдар дайындайтын, ағаш өңдейтін, темір құрылғылар мен темір өнімдерін дайындайтын, пластикалық те-резелер, ПВХ мен алюминийлі кескіннен есіктер, витраждар дайындайтын және жиһаз цехы бар.

Компанияның ерекшелігі, өзге құрылыс компаниясынан артықшылығы қандай?

Біздің компанияның артықшылығы немесе ерек-шелігі ‒ мәселен, бір орта мек-теп құрылысын қолға алсақ, соның құрылысына қажетті құрылыс материалдарының 60

пайызы өзіміздің мына цех-тардан шығады десем, өтірік айтқандық емес. Тіпті оның ірге тасына және қабат арасына ке-ректі бетондық бұйымдардан бастап, әрбір сыныпқа қажетті парталар, столдар, оның есік-терезесі, тақта дейсіз бе, бәрін осы шағын цехтарда жасап шығарамыз. Осы компанияның жиһаз цехында дайындалған жұмсақ орындықтар, арнайы жасалған сөрелер, кеңсе және үйге арналған жиғаз бүйымдары Қазақстанның басты қалаларында орналасқан жиһаз жасайтын мекемелердің бұйымдарынан ешқандай кемшілігі жоқ. Сондай-ақ, біздің артықшылығымыз, мәселен қарапайым ғана мектеп партасының қаңқасынан, бастап өзімізде жасап шығарамыз. Со-нымен қатар, бізде сапаға қатты мән беріледі. Сондай-ақ, сәйкестік арнайы сертификатымыз бар.

Бұрындары Алматыда үлкен станкастроительный завод болған. Кеңес үкіметі тарқағаннан кейін сол жерді бұзды ғой. Содан завод ішіндегі құрылғылар са-тылып жатты. Біздің цехтарда сол заводтан әкелінген үлкенінен бастап, кішкентай түрлі темір бұрандаларына дейін жасап шығаратын станоктар әлі де кәдеге жарағаны былай тұрсын, егер менің немерем құрылыс саласымен айналысатын болса, соның қажетіне де жарайды деп айта аламын. Бұл Қытайдан дайын керек-жарақты сатып алғанша, кішкентай шегеге дейін өзімізден шығарсақ деген ұмтылыс. Қысқасы темірден жасалған қандай құрылыс материалы ке-рек, соның барлығын өндіретін жабдықтар бізде толықтай бар деп айта аламын. Әрі жұмыс жасап тұр. Компанияда барлық мүмкіншілік бар. Егер, бұл құрылыс компаниясына еліміздің белді қалаларының ортасынан 50 қабатты ғимарат тұрғыз деген ұсыныс түсетін болса, компания ешқандай да қобалжымастан іске кірісіп кетеді дей аламын.

Page 83: №3 Журнал

Құрылыс материалдарына деген сырттан түскен тапсы-рыстар жағы қалай?

Бізге түсіп жатқан тапсы-рыстар жеткілікті. Алайда, менің ұстанымым ‒ қанағат. Егер келіп түскен тапсырыстарды орындауға үлгере алмай жатсам, оны осындай цехтары бар жігіттерге, әсіресе менің мектебімнен өткен кәсіпкер шәкірттеріме тапсырамын.

«Қанағат» деп айтып қалдыңыз, келешекте алпауыт компаниялардың қатарынан көрінуге қалай қарайсыз?

Шынымды айтсам, менің жоспарымда ондай ой жоқ. Мен үшін қазіргі жетістігім де аз емес. Осы алақандай ауылдың жергілікті халқына тигізіп жатқан көмегіме де шүкіршілік етемін.

Сіздің компанияңыз қанша адамды жұмыспен қамтып отыр?

Қазіргі күнде компанияда тұрақты түрде 186 адам жұмыс істейді. Ал, келісім-шартпен белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істеп кететін адамдарды қосқанда 200 адамнан асып кетеді. Ал енді жұмысшыларға келсек, барлығы дерлік осы ауыл адамдары. Орташа жалақы көлемі былтырдың өзінде 60 мың теңгенің төңірегінде бол-ды. Жалақылары өз уақытысында беріліп отырады.

Осы компания тарапынан өзіңізде жұмыс жасап жатқан немесе осы ауылдағы әлеуметтік

жағдайы төмен жандарға көмек беріп отыратын боларсыз?

Бірінші Алладан болсын көмек! Әрине, көмек қолын созып отырамыз. Әсіресе, бізде 2001 жылдардан бастап тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан бауыр-ларымдай болып қалған жігіттер бар. Міне, солардың үйлі болуына, кем-кетігін түгендеуіне қолымнан келгенше әліге дейін көмектесіп отырамын. Ал, енді жастарға келер болсам, өзімнің жолымды қуып келе жатқан, болашағынан зор үміт күттірген Бағдат есімді ұлым болған. Бүгінде тағдырдың жазуы шығар, марқұм болып кетті. Соның екі құрдасын Алматыдағы белді жоғары оқу орнында осы құрылыс мамандығы бойынша білім алуы-на қаржылай тікелей көмектестім. Оның бірі қазір менің қолымда жұмыс істеп жатыр.

Құрылыс саласын-да қуантарлық және толғандыратын қандай мәселелер бар деп ойлайсыз?

Әрине, Елордамыз ‒ Астанадан бастап, елдің әр аймағынан ірілі-ұсақты нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Күннен күнге көздің жауын алатын ғимараттар бой көтеріп жатыр. Елбасымыздың ұтымды саясатының арқасында Қазақстанның сәулет-құрылысы дамып келеді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Дегенмен, бізде құрылысқа қажетті материалдардың көбісінің шетел-

дерден әкелінуі толғандырады. Осы мәселеге назар аударылса. Құрылыс материалдарын өдіретін, өңдейтін шағын және орта цехтар көптеп бой көтерсе.

Қандай шетелдік компания-ларымен қарым-қатынаста жұмыс жасайсыздар?

Соңғы жылдары бұрынғы Югославияның құрамында болған Сербияның «ЭнергоПро-ект» деген құрылыс компаниясы елімізде құрылыс саласы бойын-ша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сол компанияға коммерциялық ұсынысымызды беріп, және сол компаниямен келісім-шартқа оты-рып бірқатар жұмыс жасастық. Олардан үйренетін нәрсе көп. Бірінші ‒ тәртіп. Біздегі құрылысшы жігіттер өзіне қажетті тәжірибе алды деуге болды.

Сіздердің іздеріңізден ерген құрылысшы жастарға не айтар едіңіз?

Менің басып өткен баспалдағыма барлап қарасам, көптеген қиыншылықтар кездесті ғой. Бірақ мен «Әр тоқшылықтың бір ашаршылығы болады» де-ген принципті қатты ұстадым. Егер, әлі орын алмаған келеңсіз жағдайды болып қалған жағдайда, қалай сол ситуациядан шығу кере-ктігін алдын ала ойластырамын.

Жастарға, соның ішінде құрылысшы жастарға айтарым бір кәсіпті бастау үшін, бірінші сол кәсіпке жұмыс істе. Сонда ғана қолға алған кәсібіңнің жемісін жейсің, соның жолында жетістікке жетесің.

Менде жұмыс жасап, тәжірибе алып, ары қарай үлкен қалалардан өз алдына кәсіпкерлікпен айналы-сып кетіп жатқан жігіттер аз емес. Бұл жағдай мені қуантады. Себебі, олар менің мектебімнен өтті.

Ісіңіздің қадамы ілгері баса берсін! Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Сабира Мырзахметова

83

Page 84: №3 Журнал

84

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ САЛА

Сабыржан Қыдырсихұлы, әңгіме барысын өзіңіздің өмір жолыңыз туралы өрбітсек.

Мен Сабыржан Қыдырсихұлы Сұлтанов Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылында 1964 жылы 25-мау-сымда дүниеге келдім. Чапаев атындағы орта мектепті 1981 жылы бітіріп, сол жылы Алматы малдәрігерлік ауылшаруашылығы институтының зооинженер фа-культетіне түсіп, 1986 жылы аяқтадым. Осы жылы жолдамамен Коммунизм жолы софхозына фер-ма зоотехнигі, 1987-1990 жыл-дары бас зоотехнигі қызметінде болдым. 1990-1992 жылдары аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бас зоотех-ник, 1992 жылы Құрманғазы атындағы совхозға бас зоотех-ник қызметіне жіберілдім. 1998 жылдың ақпанында жаңадан құрылған «Құрманғазы ӨК»-де мал шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2011 жылдың шілде айы-нан бастап «Құрманғазы ӨК»-нің Төрағасы болып тағайындалдым. Мал асылдандыру жұмыстарына ғалым-зоотехник ретінде көптеген жұмыстар атқардым, нәтижесінде кооператив бойынша қой, түйе

малдары түгелдей асылданды-рылды. Мәселен, №89 «Ақ жүнді Еділбай тұқымдас қойдың «На-рын» (№02251) қошқарының жаңа зауыттық аталық ізінің» және №99 Ақшыл сұр жүнді Еділбай тұқымдас қойдың «Ай-бас» (№08711) қошқарының жаңа зауыттық аталық ізінің» авторлық куәлігін алдым. 1998 жылдан бастап ғылыми жұмыспен айна-лыстым, ғылыми жұмысымның тақырыбы «Ақ жүнді құйрықты қойларды тұлым мен түбіт ұзын-дықтары бойынша жұптаудан алынған ұрпақтардың тұқымдық және өнімділік қасиеттері» ту-ралы 2009 жылдың 10-сәуірінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің (ОД 18.02.05)диссертациялық кеңесінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттық ғылыми еңбегін қорғадым.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің 2009 жылғы 22-қыркүйектегі шешімімен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым.

Жолдауға байланысты ойла-рыңызбен бөліссеңіз.

2012 жылдың 27-қаңтарындағы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізді өркендетудің, он бағытын ұсынып, айқын міндет-терді атап көрсеткен болатын. Бұлар – өсу-өркендеу жолындағы бағдарлы іс-шаралардың тоқтаусыз қозғалыстар заңдылығын көрсеткен сенімді бағыттар. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы Қазақстан халқына Жолдауында 10 бағыт бойынша міндеттер-ді алға қойған болатын. Соның ішіндегі 10-шы міндет ол – ауыл шаруашылығын дамыту. Елбасы-мыз әр жылғы Жолдауларында еліміздің аграрлық саласының даму бағыттарын айқындай отырып, оны әртараптандыру, саланыңбәсекелестік қабілетін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз ету мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар беріп келеді. Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасындағы ең ірі сала. Ауылда халқымыздың жартысына жуығы тұрады. Еліміз-дегі еңбек нарығына қатысушы

Ой мен еңбекті қатар ұштастыра білетін һәм ел алғысына бөленіп жүрген азамат Сабыржан Сұлтанов - Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Атырау облысы Құрманғазы ауда-ны «Құрманғазы ӨК»-нің Төрағасы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты С.Сұлтанов – аудан, облыс, респуб-лика көрмелерінде Еділбай, Ақ қарабас қойының, қазақтың айыр өркеш түйесін өсірудегі жетістіктері үшін бірнеше мәрте І-ші дәрежелі дипломдармен және «Қараөткел-2011» алтын медалі-мен марапатталған.

Page 85: №3 Журнал

85

7,5 млн адамның 2,5 млн-ға жуығы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері. Өзін өзі қамтамасыз етуші халықтың да басым бөлігі – ауыл адамда-ры. Ауыл шаруашылығы сала-сын біз тек қана мал мен егін деп түсінсек, қателесеміз. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Тамақ өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы шикізаттарын беру арқылы халықтың өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қоймай, соны-мен бірге, ауылдық жерде тұрушы халықтың тұрмыс-тіршілігін, олардың өмір сүру жағдайы мен сапасын реттейді. Бұл орайда Пре-зидентіміз: «Ауыл біздің қастерлі ата-қонысымыз, тіршілік тыны-сымыз, киелі алтын тамырымыз. Біз индустриялық-аграрлық елміз. Біздің ел экономикасының екі ба-сым бағыты бар. Бұл индустриялық және аграрлы сала. Ауыл шаруашылығы қашан да ел эко-номикасын алға сүйретін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді», - деген болатын.

«Мал асылдандыру жұмыстарына ғалым-зоотехник ретінде көптеген жұмыстар ат-қардым, нәтижесінде кооператив бойынша қой, түйе малдары түгелдей асылдандырылды» дедіңіз. Әңгімені тарқатып айта отырсаңыз.

Мемлекет басшысы Жолдау-да 10 бағыт бойынша міндеттерді алға қойған болатын. Соның бірі – ауыл шаруашылығын дамыту екендігі айттым. Яғни, Республи-када мал тұқымын асылдандыру және асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру Үкімет тара-пынан бекітілген агроөнеркәсіп кешені саласын дамытуды қарас-тыратын салалық бағдарлама бойынша жүргізілгелі жатыр. Осы бағдарламада Республикадағы асыл тұқымды малдың салмағын 2016 жылға дейін 15 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал қазіргі таңда Республикада асыл тұқымды малдың жалпы үлес салмағы 9,4 пайызға жетіп отыр.

Елбасы Жолдауына байланысты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы ту-ралы Қазақстан Республикасының Қаулысы қабылданды. Біздің облысымызда мал шаруашылығын дамыту бірінші кезекте ауыл ша-руашылығы малдарының барлық түрлерінің мал басын арттырудағы қол жеткізген тұрақтылығын бе-кітуді және олардың санын көбейту, өсірілетін малдардың өнімділігі мен тұқым сапасын арттыру арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуды көздейді. Шөл және жартылай шөлейтті аймақта орналасқан Атырау облысының жағдайында ауыл шаруашылығының неғұрлым рен-табельді саласы қой шаруашылығы болып табылады. Соның ішін-де құйрықты етті-майлы Еділ-бай қойларының алатын орыны ерекше. Нарықтық қатынастар жағдайында мал тұқымын дұрыс таңдау олардың биологиялық ерек-шелігі мен нақты аймақ жағдайына төзімділігі ғана емес, нарықтық сұранысқа да сай жүзеге асырылуы тиіс. Еділбай қойы топырақ клима-ты қатаң және жайылымы нашар жағдайда өсіріліп шығарылған. Әдетте, Еділбай қойы өзінің бағылған жерінде қары аз жауған қыста жыл бойы дерлік жайылып шығады. Қазақ халқы қойдың ең алдымен еттілік, майлылық қасиеттерін жетілдіруді көздеген. Бірақ жүн сапасын жақсартуға онша көңіл аудармаған. Сондықтан да, қазақы Еділбай қойы таза қылшықты және қойлардың жүнінің басым көпшілігі түсі қара, қоңыр, қызғылт болып келеді, сол себепті өнімділігін кемітеді. Егер осы жүн ақ түсті болса, онда өзге түске бояуға болар еді. Түсінің осындай қолайсыздығы салдарынан бұл өнімді өндірісте пайдаланғанда оны түссіздендіруге қосымша шығын жұмсалып, жүннің сапасын да кемітеді. Сон-дықтан, ақ жүнді қойдың жаңа түрі «Оңтүстік – Ба-тыс мал және өсімдік шаруашылы ғығылыми-зерттеу институты» Атырау филиалы қызметкерлерінің

жүргізген ғылыми жұмысының нәтижесін-де Құрманғазы ауданының «Құрманғазы өндірістік кооперативінде» асыл тұқымды ақ жүнді ақ қарабас қойлары осын-дай жоғары талғам деңгейінде қалыптастырылып шығарылды. Со-нымен қатар, қазақтың айыр өркеш түйесінен 260 бастай асыл тұқымды түйе өсіреміз. Шұбатын санаторий-лерге, базарларға шығарамыз.

Мал шаруашылығы маман-дарын даярлау мәселесі бойынша не айтар едіңіз?

«Дипломмен – ауылға!» Жобасы бойынша 2012 жылға дейін әлеуметтік қолдау шара-ларын ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт маманда-рына ғана қарастырылған болса, 2012-ші жылдан бастап ветери-нария саласының мамандарына ұсыну қаралып отыр. Сондықтан, ауыл шаруашылығы мамандарын даярлаудың саны мен сапасын, рөлін көтеру, жас мамандарды ауылға тұрақтандыру, мемле-кеттік гранттардың көлемін ұлғайтуды ұйымдастыру – мал шаруашылығының болашағын шешу болып есептеледі.

Өткен жыл Сіз үшін несімен ерекшеленеді?

Өткен 2011 жыл – айтулы оқиғаларға толы, ел тарихындағы ерекше жыл болды. Басты оқиға – Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі қаланғанының 20 жылдығы!

Жүргізілген табысты экономикалық әлеуметтік, сая-си реформалардың нәтижесінде Қазақстан барлық салада орасан зор жетістіктерге жетіп, халықтың әл-ауқаты артты. Мемлекетіміз әлемнің жетекші өркениетті елдерінің қатарынан бой түзеді.

Салиқалы сұхбатыңыз үшін рақмет!

Сұхбаттасқан Бауыржан Берікұлы

Page 86: №3 Журнал

Бекбауов Асқар Смаилұлы 1953 жылы 26-тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика факультетін бітірген.

1974-1976 жылдары М.Мәметова мектебінің мате-матика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1987-2002 жылдар аралығында Жасөспірімдер спорт мектебінің ди-ректоры. 2004-2007 жылдары С.Абланов атындағы орта мектептің директоры. 2007-2011 жылдар аралығында аудан әлімшілігінде әр түрлі қызмет атқарды. 2011 жыл-дан бері Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы орта мектептің директоры.

Бокстан – спорт шебері. Спорттағы жетістік-тері – 1972, 1973, 1974 жылдары бокстан облыстық, Республикалық, КСРО жүлдегері. 1972 жылы жастар арасындағы бокстан Республикалық жеңімпазы.

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп һәкім Абай айтқандай қай заман-да, қандай қоғамда болсын мұғалімнің орны ерекше, бол-мысы бөлек. Әлемге әйгілі ғалымдар, белгілі саясаткерлер, өнер адамдары да алғы білімін өз мұғалімінен алған. Өз өмірін ұстаздық жолына арнап, еңбек етіп жүрген адамдар үлкен құрметке лайық. Сол сияқты, бүгінгі таңда шәкірт тәрбиелеп, мектептің тыныс-тіршілігімен бірге жүрген азамат, Жамбыл облыстық мәслихатының де-путаты, Байзақ ауданындағы Н.К.Киікбаев атындағы орта мектептің директоры Асқар Смаилұлы Бекбауовпен сұхбаттасқан едік.

Асқар аға, ұстаздық жолына қалай келдіңіз?

Мен қарапайым шаруаның отбасында өстім. Мектепте жақсы оқып, мақсатым ЖОО-на түсу бол-ды. Көңілімде екі мамандыққа де-ген сүйіспеншілік болды. Мұғалім және орган қызметкері болғым келген еді. Сөйтіп, мұғалімдікті таңдап, бүгінде осы қызметімде еңбектеніп келемін. Мұғалім үшін

оқушыларды білім нәрімен сусын-датып, соның жемісін көріп отыру-дан асқан бақыт жоқ.

Асқар Смаилұлы, Сіздің ойыңызша бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру сапа-сы қаншалықты даму үстінде?

Бүгінде елдің дамуына бәріміз куә болып отырмыз. Оның ішін-де білім беру саласында үлкен серіпіліс байқалады. Білім беру жүйесіне енгізіліп отырған әртүрлі жаңашыл жобалар жұмыс істеп жатыр. Жаңа оқу орындары ашылып, соңғы технологиялар-мен жабдықталып, жастардың өз елінде білім алуына жол ашылды. Шетелдік мамандарды шақыртып, шетелдік оқу орын-дармен әріптестік қарым-қатынас жасап жатырмыз. Мәселен, ауыл мектептерінің де жағдайын барынша түзеуге, білім сапасын арттыруға мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде. Мыса-лы, осы Н.Киікбаев атындағы мектептің өзінен өте дарынды, талапты оқушылар тәрбиеленуде. Оқушыларымыз әртүрлі жарыстарға қатып, ҰБТ нәтижесі де көз қуантарлық, көңіл толтыра-тын көрсеткішке ие болып жүр.

ҰБТ бойынша жетістік-теріңізге толығырақ тоқтала кетсеңіз.

Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге 2010 жылы 89%-ы қатысып, орташа балл 85, білім сапасы 56%-ды құрады және 1 оқушы «Алтын белгі» иегері болды. Ал 2011 жылғы ҰБТ-ге бітірушілердің 96%-ы қатысып, орташа балл 84, білім сапасы 53,2%-ды құрады және 1 оқушы үздік аттестат, 6 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл аудан бойынша беріл-ген 17 «Алтын белгінің» 35,3%-ын құрайды. ҰБТ қорытындысы бойынша 1 оқушы 120 балл, 2 оқушы 116 балл, 16 оқушы 100 баллдан жоғары, 14 оқушы 90-нан жоғары, 16 оқушы 80-нен жоғары, 12 оқушы 70-тен жоғары, 8 оқушы 60-тан жоғары, 10 оқушы 50-ден жоғары балл жинақтады. 25 бітіруші білім грантымен, барлығы 73 бітіруші жоғарғы оқу орында-рында білімдерін жалғастыруда. Биыл оқушымыз Серік Бақытжан Астанадағы Өнер академиясының грантын иеленіп келді.

Оқушылармен қаншалықты тығыз байланыстасыз?

Технологиялардың ғарыштан

86

Page 87: №3 Журнал

87

дамып келе жатқан заманын-да балаларға жақсы жағынан да және теріс әсер беретін барлық мүмкіндік бар. Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдары жасөспірімдер қылмысы көбейіп бара жатыр. Сондықтан, мен оқушалармен тығыз жұмыс істе-уге тырысамын. Оларға міндетті түрде дауыс көтеру, аса қатты қаталдық таныту емес, керісін-ше, балалармен жақын сөйлесіп, ақылдасу, ой бөлісу үлкен көмегін тигізеді. Себебі, бала қандай болса да - ең таза адам. Тек үлкендердің тарапынан дұрыс тәрбие берілсе болғаны. Мек-тепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Сол сабақ бары-сында әсіресе, ер балалармен тыңғылықты жұмыс істеуге бар күшімді саламын. Оларды спортқа баули отыра, жағымсыз әдеттер мен ұнамсыз әрекеттерден бойла-рын алыс ұстауға тәрбиелеймін.

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай жұмыстар жасап жатыр-сыздар?

Осы бойынша негізгі жұмысымыз биылғы Жолдау негізінде жүргізіліп жатыр. Осы жолғы Жолдауда әр саладағы 10 бағыт көрсетілген. Ал, менің депу-тат болып сайланғандағы мақсатым: ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын көтеру. Ауыл мектебі мен қала мектебі ара-сында әлі де айырмашылықтар бар. Дегенмен, екеуіне деген сұраныс бірдей, қойылатын та-лап та бір. Сондықтан, ауыл мектептерінің ақсап қалатын тұстары материалдық-техникалық базасының төмен болуы. Мәселен, химия, физика кабинет-терін жабдықтау керек, мектеп орналасқан ғимараттар күрделі жөндеуді қажет етеді. Себебі, Кеңес кезінде салынған ғимараттар

ғасырға жуық жас жасап қалды. Өзіміздің мектепте де еденді жөндетуді жоспарлап отырмыз. Жөндеу жұмыстары биыл баста-лады. Жалпы мектебіміз жылы, оқушылардың жақсы білім алуы үшін ұстаздарымыз аянбай еңбек етіп жатыр.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіз елде өмір сүру, тәуелсіз елде ұрпақ өсіру – адам баласына берілген өте үлкен бақыттың бірі. Осыны қадірлей білуіміз керек. Жиырма жыл бұрын артқа бұрылып қарайтын болсақ, қандай едік, қазір қандай елміз?! Міне, қазақ елінінің осынша қысқа уақыт ішінде Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында елеулі жетістерге жеттік. Сондықтан, осы күнімізбен біз мақтануымыз керек. Жастарға да айтарым сол, оқу-білім жолын-да, еңбектенуден еш жалықпай, көздеген мақсаттарына жету үшін нақты жоспар құрып, жұмыс істеу керек. Тек еңбектенемін, жетістік-ке жетемін деген адам ғана дами алады.

Еңбегіңіз жемісті болсын!Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 88: №3 Журнал

Бүгінде Қазақстандағы медицина сала-сы айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Бұл жәй сөз емес. Шындық! Се-бебі, соңғы 3-4 жылдың көлемінде атал-мыш салада қарымды оң өзгерістер орын алып отырғанына қазіргі елдегі медици-на орталықтарында атқарылып жатқан жұмыстар дәлел бола алады. Осы және басқа да жаңашылдықтарды бөлісу үшін Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласындағы Атырау облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, құрметті азамат Айбек Серікұлы Ғабдуллинмен сұхбатттасқан едік.

88

ТӘНГЕ МЕДЕТ СЫЙЛАҒАН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Айбек Серікұлы, осы дәрігер мамандығын таңдауыңыздың себебі неде?

Жалпы, біздің отбасымызда дәрігер мамандығын игеріп, осы са-лада қызмет істеген кісі жоқ. Әкем ауылшаруашылығының маманы. Мектеп қабырғасында жүргенімде әкем мені құрылысшы не эконо-мист маманы болады деп ойлапты. Ал, мен болсам 9-сыныптан бастап, дәрігер-хирург болуды арманда-дым. Себебі, әкем қатты ауырып, дәрігерлердің ота жасауының арқасында, әкем қайта дүниеге кел-гендей болды. Сонда мен дәрігер маманының қандай құрметке ие болатынын және олардан адам ба-ласына келер көмектің қаншалықты жоғары екенін сезіндім.

1986 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе Мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жұмысқа ор-наластым. Содан 2 жылдан кейін сұранып, Отан алдында әскери борышымды өтеу үшін және өзімді әскери дәрігер ретінде сынауға бел буып, әскерге аттандым. Бұлай бірден шешім қабылдауымның да бір себебі болды. Негізінде өзім

өсе келе, өзімнен 5-6 жас үлкен жігіттермен тіл табысып, соларме-нен достық қарым-қатынас жаса-дым. Оларменен әңгімелескенде, өзімді әлі өмірді көрмегендей, ешқандай қиыншылықты бастан өткермегендей сезіндім. Содан, мен әскерге қабылдауға арыз жазғанымда, өзімді Ауғанстанға жіберуді өтінген болатынмын. Бірақ, сол 1988-89 жылдары Кеңес Үкіметі өз әскерін Ауғанстан аумағынан шығарып жатқан болатын. Сөйтіп, мені сол кезде-гі Закавказдық әскери аймағына жіберді. Өзіңіз білесіз, әскерге бару - адамды шыңдайды. Сол менің барған жерім ең ыстық нүктелердің бірі, онда травмато-лог маманы жетіспейді екен. Мен бірден травматолог болып жұмыс жасап кеттім. Мұның бәрін не үшін айтып отырмын? Адам өмірді көру керек. Жан-жақта не болып жатқаннан хабардар болғаны жөн. Өмірдің қиыншылығын сезіне білгені абзал.

Қазір өзіңіз көріп отырғандай, 2007 жылдың қаңтар айынан бас-тап, Атырау облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеп келемін.

Өзіңіз басқарып отырған аурухана туралы не айтасыз?

Бұл аурухана өте үлкен, 500 орынға арналған. Бірнеше бөлімдерден тұрады. Мұнда үш бөлімді хирургия, травматоло-гия, гинекология, нейрохирургия, уролология, эндокринология, лор, кардиоревматология, гастроэн-терология және басқа да 22-ге жуық ірілі-ұсақты бөлімдері бар. Мұндағы жұмыс өте ауқымды. Күніне 80-нен 90-100-ге жуық науқастар келіп қаралады. Оталардың көптеген түрі жасала-ды.

Аурухананың негізі, яғни қабырғасы 1967 жылы қаланып, сол кезден бастап халыққа қызмет көрсете бастаған. Мұнда ілгері уақытта белгілі, белді, елге еңбегі сіңген азаматтар жұмыс жасаған. Бүгінгі таңда аурухана бойынша медицина ғылымдарының докторы атағындағы 3 қызметкер, меди-цина ғылымдарының кандидаты атағында 5 қызметкер, жоғары категориялы 25-тен аса және 130-ға жуық дәрігер маманы, сондай-ақ, орта және кіші медициналық персоналдар мен әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерді

Page 89: №3 Журнал

89

қосқанда барлығы 750-ден аса адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатарлы медициналық мекеме болып табылатын бұл аурухана науқастарға жедел және стационарлық, консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта бұл ауруха-на заман талабына сай келетін медициналық технологиялық жабдықтармен толықтай қамтылу үстінде. Атап айтсам, компьютер-лік томография аппараты, «Не-одиагномакс» аппараты, бірнеше датчикті соңғы үлгідегі УЗИ аппараттары, миды зерттейтін «электроэнцефалограф», тыныс алу жолдарын зерттейтін «спи-рограф», есту мүшелерін зерт-тейтін «аудиограф», бүйректегі жиналған тасты үгітетін «ли-тотриптор» құралдары, сонымен қатар бірнеше лабораториялық анализатор және басқа да өте қажетті жаңа технология аппа-ратары науқастарды емдеуде көптеген жеңілдіктер туғызып отыр.

Әсіресе, қайсы бір клини-калық аурухана болсын, оның жансақтау бөлімшесінің жаб-дықталуы маңызды. Сол секілді біздің ауруханада 18 орындық жансақтау бөлімінде науқасты аман алып қалуда қажетті барлық

технологиялық жабдықтар толықтай қамтамасыз етілген.

Қандай жаңашыл бастама-ларыңызбен, жетістіктеріңізбен бөлісе аласыз?

Әрине, қазіргі заман талабы жоғары. Жаңа бағыт сілтеуде. Соған сәйкес, қазір біздің ауруха-нада да халыққа сапалы қызмет көрсету жүйесі дамуда. Мәселен, 2007 жылдың тамыз айынан бастап, Атырау медицина тари-хында алғаш рет осы ауруханада науқастарға эндопротездеу ота-лары жасалына бастады. Мұндай оталар Атырау облысында бұрын-соңды қолға алынбаған болатын.

Мәселен, адам ағзасындағы ең үлкен буын ‒ жамбас буыны әр түрлі себептермен іске ас-пай қалатын науқастар кездесіп жатады. Сол буынды біздер жасанды, яғни протез буынмен алмастырамыз. Өйткені, осы отаға облыс көлемінде қажеттіліктер туды. Бұл қадамға біз әбден дайындалдық. Осы отаны жасауға қажетті бүгінгі заманның тала-бына жауап беретін медициналық технологияларды түгендеп, мамандарды оқытып, даярлаудың өзі үлкен уақытты талап етті. Осы бастаманың барысын игілік-ке жеткізуге көп үлес қосқан, қолдау көрсеткен ағамыз ‒ Ас-тана қаласындағы Қазақ Ұлттық травматологиялық ғылыми зерт-теу институтының басшысы, медицина ғылымдарының док-тор, профессор Батпенов Нұрлан Жұмағұлұлының арқасы деп танимыз. Ол кісі осы эндопротез-деу оталарының сәтті жасалуын үнемі бақылауда ұстап, қашан біз өзіміз игеріп кеткенше ақыл-кеңесі мен жан-жақты көмегінен аянбай, әркез қолтығымыздан де-меп жіберіп отырды десем, артық айтқандық емес.

Бүгінде аталмыш отаны өзім жасаймын және тағы екі маманды тәрбиелеп, білгенімді үйреттім. Қазір оларға да осы отаны жасау-ды тапсырып отырамын.

Сондай-ақ, 2011 жылы біз

Page 90: №3 Журнал

90

жұмыс барысын тағы бір жаңа әдіспен толықтырдық. Ол әдіс осы травматологиялық-ортопедия саласында, яғни сүйек синтез-дерін бекіту. Мәселен, аяқтың не қолдың жіліншіктері сынған кезде, сүйек арасын жалғап, медициналық шүріппен бекітіп қояды. Осы әдіспен аяқ жіліншігі-не ота жасалған науқас бір күннен соң аяқтарын балдақ көмегімен басып, палата ішінде әрі-бері қозғала алатын жағдайға жетеді. Сонымен қатар, аз уақыт ішінде науқас аурынан айығып, аурухана-дан босатылады.

Айбек мырза, осы сияқты қандай күрделі оталардың жаңа әдістерін қолға алмақшысыздар. Жоспарда бар болар?

Алдағы уақытта, яғни биылғы жылға межеленіп қойған, іске асырамыз деп жоспарымызға бел-гіленіп қойған екі әдістемені ен-гіземіз деген үміттеміз. Оның бірі ‒ омыртқадағы жұлын бойына ота жасау әдісі. Бізде нейрохирургия бөлімшесі бар. Онда жас маман дәрігерлер бар. Олардың ынтасы өте жоғары. Осы салада білім-дерін жетілдіріп оқып, сертифика-тын алып жатқан мамандар саны толысып жатыр. Қазіргі таңда осы салада неше жылдан бері еңбек етіп келе жатқан нейрохирург, профессор Серік Қуандықұлымен

тәжірибе алмасып, сол кісінің қатысуымен жылдың басын-да бірнеше нейрохирургиялық ота жасадық. Бүгінде керек-ті жабдықтардың барлығын түгендеудеміз. Бұл омыртқа сынғанда, жұлынға зақым келген-де микроскоппен қарап отырып, жасалынатын ота бізде бұрын-соңды қолға алынбаған. Енді, осы отаны өзіміздің ауруханада жа-сауды жүзеге асыруға еңбектеніп жатырмыз. Ал, екінші әдіс, ол да сүйекке жасалынатын ота. Яғни, пластинаны бекітеміз. Орысша айтқанда «Угловое фиксация на костный рост синтез» дейді. Міне, осы екі әдісті енізу үстінде жұмыс жасап жатырмыз. Айта отырсам, тағы бір ота түрін биыл қолға алмақшымыз. Ол мына хирургия саласында адам ағзасындағы өт жолдарына, бауырға ота жасауды енгіземіз.

Қазіргі уақытта біздің ауруханадағы хирургия, гинеко-логия және басқа да бөлімдерде дәрігер мамандар заман талабына сай білімдерін жетілдірген деп айта аламын. Мәселен, пышақсыз ота жасау бізде дамып келеді. Яғни, екі түтік арқылы, ағзаға ен-гізіліп, ауруға ұшыраған органның кесіліп тасталынатын бөлшегі алынып тасталады. Мұндай лапароскопиялық ота түрін жасауға, біздегі дәрігер мамандар дайын деуге де болады. Сондай-

ақ, аталмыш ота түрін жасауға қажетті Ресейден және Германи-ядан әкелінген қондырғылармен де толық жабдықталып отырмыз.

Бұл аурухананың ұстанған принципі ‒ бұл жерде қызмет көрсететін кез келген маман, өз жұмысын еш кедергісіз орында-уы керек. Айталық, хирург ота жасауға кірісіп кеткенде, оның алдында қажетті құрал-сайман, не дәрі-дәрмек болсын, барлығы сақадай сай болып тұру керек. Сонда ғана, маман өз жұмысын нәтижелі жасайды. Ал, біз осы жағдайды жасаудамыз.

Біздің мекемеде лаборатория саласы жүйелену үстінде. Мұнда клиникалық лаборатория, жедел көмек көрсететін және жоспарлы түрде көмек көрсететін лабо-ратория бөлімшелері тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Онда қан құрамын анықтау бұрыннан жасалынып келе жатқан жұмыс. Бірақ бүгінде, осы жұмыстар жаңа әдістермен, яғни, қан құрамындағы микроорганизмдерді анықтап, сол арқылы аурудың белгілерін, себептерін білуге жұмыстар жасалуда.

Сол сияқты аурухананың стационарлық бөлімінде биылдан бастап нейроинсульттік орталық ашылды. Мұнда қан тамыры жұмысының бұзылуынан туын-дайтын ауруларды, соның ішінде инсультке шалдығудың себептерін анықтап, оның алдын алудағы жұмыстарды жүргізеді. Қазір осы орталық ақырындап жұмыс бастап келеді. Себебі, соңғы уақытты осы инсульт алған, немесе осы инсульттен көз жұмып жатқан науқастар саны артқан.

Шетелдік қандай медици-на орталықтарымен қарым-қатынас жасайсыздар?

Соңғы үш жылдың көлемінде біз Ресейдің автономиясына жата-тын Татарстан Республикасының Қазан қаласындағы Реабилитациялық орталықпен іскерлік қарым-қатынаста жұмыс жасап келеміз. Бұл орталық Ресей

Page 91: №3 Журнал

91

бойынша алғы шепте келе жатқан медициналық орталық. Онда үлкен ғалымдар, білікті профес-сорлар шоғыры орналасқан. Осы орталықтан мамандарды біздің ауруханаға шақыртып, тәжірибе алмасып, Қазан қаласына өзіміздің мамандарды жіберіп, оқытып дегендей, қазірдің өзінде алдағы мамыр айының басында 4 дәрігерімізді сонда оқуға жіберуді ұйымдастырып қойдым. Сондай-ақ, Ресейдің Астрахан облысының медицина орталықтарымен тығыз байланыста қарым-қатынас жасап, мамандарды алыстан оқыту бағдарламасын іске асы-руда әрекет жасаудамыз. Ал, өз елімізде мемлекет аймағындағы көптеген медицина мекемелерімен тұрақты түрде байланыстамыз.

Жергілікті басшылықтан медицина саласына қандай көмектер көрсетілуде?

Жалпы, елімізде медицина саласына қатты көніл бөлініп жатқаны жасырын емес. Сол секілді, облыс әкімі тарапынан да көптеген қолдаулар болып жатыр. Облыс басшысы Бергей Рысқалиев облыстағы медици-на орталықтарының жұмысын өзі тікелей қадағалап отыр. Былтырдың өзінде облыстық бюджеттен осы ауруханаға 600 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа ауру-хана бөлімдеріндегі ескірген медициналық құрал-жабдықтар

жаңа техникамен алмастырыл-ды. Соның ішінде диагностика бөліміне ең қажетті аппараттар сатып алынды.

Медицина саласының мама-ны ретінде, еліміздегі медицина саласының дамуына қандай баға бересіз?

Қазір елдегі медицина саласының дамуы өте жаксы кезеңнен өтіп жатыр. Әсіресе, соңғы жылдарда күшті қарқында. Менің медицина саласында еңбектеніп жатқаныма 25 жылдан асты. Не бары осыдан 6-7 жыл бұрынғы елдегі медицина саласы мен қазіргі уақыттағы көріністің айырмашылығы жер мен көктей. Бұл жетістіктердің барлығы

егемендіктің, тәуелсіздіктің арқасы. Бүгінгі күні аузымызға қолымыз жетіп, шаттықта өмір сүріп жатырмыз деп ойлаймын. Осы тәуелсіздіктің қазығын қағып, соны мықты етіп ұстап, жиырма жыл бойы артынан ерген елін дұрыс жолмен, бағытпен ертіп келе жатқан Елбасымыздың арқасы. Ал, елдегі медицина саласының ары қарай дамуы-на кепіл болатын, Елбасының жыл сайынғы халқына жолдаған Жолдауындағы баса айтылған бағыттырдың бірі ‒ «Саламат-ты Қазақстан» бағдарламасын ойдағыдай іске асыруымыз қажет.

Сондықтан, келешегі шаттыққа, болашағы бақытқа толы ел боламыз десек, бірінші мемлекеттің әрбір азаматы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, күтінгені абзал. Бүгінгі дені сау жас - ертеңгі ұрпақтың ата-анасы. Мемлекеттің басты байлығы ‒ оның дені сау халқы. Сол сияқты жастарға айтарым, уақытты бос әурешілікке жібер-мей, біліміге, еңбекке жұмсасын. Еңбекқорлыққа бейім болыңдар!

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Сабира Нуриддина

Page 92: №3 Журнал
Page 93: №3 Журнал

93

Page 94: №3 Журнал

Баешева Динагүл Аяпбекқызы – балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, ме-дицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты инфекционист - дәрігер, Астана қаласының штат-тан тыс инфекционисті. Баспада шығарылған 80-нен астам жазба еңбегі бар, педиатрия мен жұқпалы аурулар бойынша республикалық және халықаралық конференциялар мен форумдарға қатысқан. 2000 жылы «Балалардағы жіті ішек ин-фекцияларын емдеуде қолданылатын «Қызыл-май» фитопрепаратының иммундық-фармакологиялық белсенділігін зерттеу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2008 жылы «Тәжірибелік описторхоз фармакотерапиясындағы «Соссюреи» өсімдігінің туыстастығына жататын фитопрепараттар» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. 2009 жылы «Астана Медицина Университеті» АҚ-да «Жылдың үздік профессоры» номинациясының иегері болды.

94

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – КЕЛЕЛІ КЕЛЕШЕК

Қоғамдағы ең басты құндылық адам денсаулығы. Әсіресе, бала денсаулығының маңызы зор. Қазіргі экология-ның ластанған күйінде әртүрлі жұқпалы аурулардың ошақтары шығып жатыр. Оның үстіне, күнделікті кездесетін инфекци-ялар түрлері де көп. Әдеттегі қала тіршілігінде пайда бола-тын балалар жұқпалы ауру-ларынан сақтанудың дұрыс жолдарын қашан да білген дұрыс. Осы орайда жас ата-аналарға маман кеңесі ретінде Астанадағы Балалар жұқпалы аурулары ауруханасындағы «Балалар жұқпалы аурулары» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызы Баешевамен сұхбаттасқан едік.

Динагүл Аяпбекқызы, елімізде балалар жұқпалы ауру-ларының негізгі себептерін атасаңыз және олар қандай дең-гейде кездеседі?

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері

бойынша балалар жұқпалы ау-рулары өте жиі кездеседі. Орта есеппен бір жасқа дейінгі балалар жылына он ретке дейін жедел респираторлық вирустік инфекци-яларымен науқастанады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулары бар жүкті аналарда жатырдағы нәрестелерге инфекциялар кері әсер етіп тумалы ағзалар жетіспеушіліктерінің пайда болуына, келешекте мүгедек-тілікке, болмаса шетінеп кетулері-не ықпал етеді.

Осы сырқаттардың туу се-бебі неде?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Минстрлігінің «Саламатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арнаған мемлекет-тік бағдарламасында 2007-2009 жылдардағы деректерді талдау барысында балалар жұқпалы ау-рулары бойынша 1 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім себептерін жедел вирустық респираторлық аурулардан бірінші орында, ал пневмониядан үшінші орынды алатындығы көрсетілген.

Бұл аурулар ауа-тамшы жол-

дары арқылы жұғады. Оның пайда болуына вирустар және суық тию факторлары әсер етеді. Сондай-ақ ауру күз, қыс, көктем айла-рында жиі тарайды. Екіншілікті бактериялық флора қосылғанда асқынуы ретінде - пневмония, отит, бронхообструктивтік синдром және т.б. ауруларға ұласады.

Бұл аурулардан емделудің

қандай жолдары бар? Егер аурудың ағымы жеңіл

түрде өтсе, баланы үйде емдейді. Ал ауруханаға мына-

дай көрсеткіштер бойынша жатқызылады: ауру асқынған жағдайда, негізгі патологиялық ау-руларда, 6 айға дейінгі нәрестелер жатқызылады. Вирусқа қарсы мынадай дәрі-дәрмектер қолдану арқылы емделеді: виферон балауы-зы, анаферон, арбидол; реманта-дин, тамефлю (ересек балаларға); дене қызуын түсіретін дәрілер: ибуфен, парацетомол; жөтелген кезде қақырықтың бөлінуін жеңілдететін: амбробене, халиксол, аскорил, геделикс т.б. Ал асқынған бактериялы флора қосылған

Page 95: №3 Журнал

95

жағдайда антибиотик қабылдау керек.

Бұл аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?

Ең бастысы салауатты өмір сүру салтын ұстану керек. Аналарға айтар ұсынысым - ана сүтімен табиғи иммунитетті бел-сендендіретін заттар берілетін болғандықтан 1 жасқа дейін ана сүтімен тамақтандыру ке-рек. 6 айдан 12 ай аралығында қосымша тамақтарды: күріштің қою ботқасын, ұнтақ жарма неме-се қарамық ботқасын, нан, картоп езбесін; суға пісірілген, ұсақтап туралған немесе тартылған май-сыз ет, әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ, (қабықсыз, езіп, пісірілген); Түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, жақсылап тазартылған, ұнтақталған жаңғақтар; Баланың өзі шайнап жеу үшін тағамды кішкен-тайынан қолынан ұстатып, өзі жеп үйренуге дағдыландыру. Баланы ойнату, онымен сөйлесу керек.

Балалар денсаулығы ел болашағы, осыған байланысты медицинадағы жетістіктер жай-лы айтып өтсеңіз?

Қазақстан Республикасының

Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Аналар мен балалардың денсаулығын сақтау» және мем-лекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламалары бойынша бір жасқа дейінгі балалардың респи-раторлы-вирусты инфекцияларын және пневмококкті пневмонияның алдын-алу шараларын жүргізу үшін ТМД елдерінің ішінде бірін-ші болып тегін жаңа екпе кестесі бекітілді.

Бұл шаралардың негізіне Қазақстан Республикасында 2008 жылы 5 жастағы балалар арасын-да пневмония дертіне 33774 сәби науқасқа шалдыққан, олардың ішінде өлім-жітімнің жалпы саны 8225 нәрестені құрады. Қазіргі заманға байланысты пневмокок-кты жұқпалардан нағыз тиімді және экономикалық пайдалы шараларының негізгі медициналық вакцинация болып табылады. Вакцинация өткізу шараларының нәтижесі пневмококкты пневмо-ниямен сырқаттануы 50 пайызға дейін төмендеуіне толық жағдай туғызады.

Сіздің ғылыми тәжірибелік кафедралық ұжымыңыздың осы жұқпалы дерттерді азайту

барысына қосып жатқан үлесі қандай?

Кафедра қызметкерлері дәрігерлерге дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдануды, уақытылы диагностикалауды және өз тәжірибесінде жинаған тәжірибелік дағдыларын үйрете отырып, дәрігерлерге туындаған қиын сұрақтарға қатысты конфе-ренция, семинарлар өткізеді. Бірі-ге ой бөлісіп, ұйымшылдықпен жұмыс істеп, балалардың жұқпалы аурулары ауруханасындағы дәрігерлердің біліктілігін арт-тыра отырып, ауруханадағы балалардың өлім-жітімін 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 6,6%-ға, ал 2007 жылға қарағанда 13 %-ға төмендеттік. Болашақта да пайыздық көрсеткіштерді төмендету мақсатында барынша ыждаһаттылықпен қызмет етеміз.

Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын!

Сұхбаттасқан Айтжантегі Ботагөз

Page 96: №3 Журнал

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік-жі-герін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіру-ге көмектеседі. Күн тәртібі – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ойластыруға жасалған еңбекке дағдыландыру, демалыс, тамақтандыру ережесі.

Сәбиді белгілі бір уақытта ғана тамақтандыру қажет. Кейбір ана-лар бұл талаптарды сақтамайды. Сөйтіп, бала тәрбиесіне белгілі дәрежеде қиындық келтіреді.

Жас нәрестенің жүйке жүйесі сыртқы ортаның әр түрлі әсеріне өте сезімтал болып келеді. Бала-лар тез шаршайды, сондықтан, жиі әрі ұзағырақ тынығуды қажет етеді. Демалыстың ең басты түрі – ұйқы. Егер ұйқысы шала болса, ағза толық тынықпайды. Бұл денсаулыққа зиян келтіреді. Денсаулығы нашар балалар жасына қарамастан, көбірек

ұйықтаулары қажет. Сәбилерді белгілі бір уақытта ұйықтауға, белгілі бір уақытта тұруға үйрету де маңызды. Ұйықтар алдында алаңсыз ойнағаны жөн, ал жарты сағат серуендеу тіпті пайдалы. Жатар алдында бала беті-қолын, мойнын, аяқтарын жылылығы үй температурасымен бірдей сумен жуғаны дұрыс. Мұның тек гигиеналық қана емес, соны-мен бірге, ағзаны шынықтыруда маңызы бар, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, неғұрлым тез ұйықтауға көмектеседі. Кешкі тамақты ең аз дегенде жатар-дан 1-1,5 сағат бұрын ішу керек. Баланың өзіне арналған таза, бірақ онша жұмсақ емес төсегі болғаны жөн. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алу қажет.

Бала таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ: жазда күні бойы, көктемде, күз бен қыста бірнеше сағат бойы болуы керек. Ауа райы қолайсыз күндерде серуенге ұзақ болмаса да жиірек шыққан жөн. Таңертеңгі, түскі, бесіндік және кешкі тамақтану мерзімдерін бұзбай сақтау қажет. Бейберекет

ішкен тамақ та денсаулыққа зиян.Мектеп жасына дейінгі

балалардың сурет салумен, қағаз қиюмен, санақ есеппен, илеп мүсіндер жасаумен және басқа да істермен айналысуына арнайы уақыт бөледі. Мұндай істермен 3-4 жастағы балалар 15-20 ми-нут, ал 5-6 жастағы балалар 30-40 минут қана айналысуы тиіс. Іс-әрекеттерді алмастыра оты-рып, әрбір 20-25 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Балалардың жоғарыда аталған жаттығуларын таңертеңгі тамақтан кейін ұйымдастырған дұрыс. Ал қалған уақыт ойынға арналады.

Төменде 1 жас және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған күн тәртібінің үлгісі беріліп отыр.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі.

Ұйқыдан оянуы: 6:30-7:00 7:00 7:30

Таң ертеңгі тамағы: 7:30-8:00Серуен (ойын): 8:00-9:30 8:00-

11:00 8:20-11:50Ұйқысы: 9:30-11:30 – –Түскі тамағы: 11:30 11:30-12:00

12:00-30Серуен (ойын): 12:00-14:30

– –Ұйқысы: 14:30-15:30 12:00-

15:00 12:00-15:30Бесіндік тамағы: 15:30-16:00

15:30-16:00 16:00-16:30Серуен (ойын): 16:30-19:00

16:30-18:30 16:50-19:20Кешкі тамағы: 19:00-19:30

19:00-19:30 19:30-19:50Түнгі ұйқысы: 19:30-6:30 20:30-

7:00 20:30-7:30

Егер бала өз қалауымен ықылас қойып айналысатын болса, ол үшін кез келген жаттығу пайдалы. Бұл үшін ата-ананың аз да болса педаго-гтік шеберлігі болғаны жөн. Оларға табандылық қажет, алға қойған мақсатты сәбиге орындату жолында сабырлылық керек, балаға түсінікті тілмен сөйлесуге тырысқан жөн.

96

БАЛАҢЫЗДЫҢ КҮН ТӘРТІБІ

Page 97: №3 Журнал

Кішкентай сәбилердің арасында суға түсуден қорқатындары бар. Олар денелері суға тигеннен бастап немесе ванна бөлмесіне кіргеннен бастап айқайға басады. Бірі көздеріне сабынды судың кіріп, ашытуынан қорықса, енді бірі суық немесе ыстық судан қорқады. Ондай сәбилермен қалай тіл табысуға болады?

Балаңызды жуындырмасаңыз, гигиеналық талаптар сақталмайды. Ал жуындырсаңыз, балаңыз шыңғырып жылайды. Бұндай кезде баланы үлкен ыдыстағы суға салмай, ванна бөлмесіне кіргізбей-ақ жуындырсаңыз болады.

Шомылдырудың балалар қорқатын мұндай түрлеріне бір айдай уақыт бойына шектеу қойыңыз. Оның орнына жылы суға малынған шүберекпен денесін ұқыпты түрде ысқылап жуыңыз, бір айдай осылай істеп көріңіз. Бір айлық үзілістен соң, балаңызды пластикалық шелекте шомылдырыңыз. Мысалы, былай етсеңіз болады: балаңызды жылы суы бар шелекке сенімді әрі қауіпсіз түрде отырғызып қоясыз (шелекке саласыз). Немесе ваннаға түсіретін болсаңыз, анасы ма, әкесі ме, әйтеуір, шомылдыратын адам бірге суға түссін. Жанында бір адамның болуы балалардың судан болатын

қорқыныштарын сейілтуге көмектеседі.

Баланы суға шомылдырар кезде ескеретін басты жағдайлардың бірі – судың температурасы. Кейде балалар судың суық немесе ыстық болуынан да қорқып, шошынып жылайды. Сондықтан, баланы шомылдыратын судың температурасы қалыпты деңгейде жылы болуы керек. Қалыпты температура дегеніміз +36 градус.

Материалдар «Ана мен Бала» сайтынан алынды

СУДАН ҚОРҚАТЫН СӘБИЛЕРДІ ШОМЫЛДЫРУ

Page 98: №3 Журнал

ЕҢ,ЕҢ,ЕҢ...

«БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ...»

Page 99: №3 Журнал
Page 100: №3 Журнал