45minut · web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық...

22
Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы: Табиғат тамашалары. Мақсаты:а/ Табиғат,оның тамашалары туралы,өсімдік,жануар,адамзат арасын- дағы байланыс туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. ә/Таным белсенділіктерін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. б/Мейірімділікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:суреттер,сөзжұмбақтар,слайдтар Әдісі: топтық Барысы: I Ұйымдастыру. -Оқушылар,сабаққа қатысып отырған қонақтар! Бүгін бізде «Табиғат тамашалары» тақырыбы бойынша ерекше сабақ. «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты»демекші бүгінгі сабағымызда өздеріңді қызықты жұмбақтар,сұрақтар,сайыстар күтуде. Ендеше,өздеріңмен бірге бұл сабақта терең Ақыл-ой,ептілік,икемділік,көтеріңкі көңіл күйлеріңді ала жүріңдер. -Сайысымызды бастамастан бұрын 3топқа бөлініп,әр топ өз топ басшыларын сайлап алсын. I топ «Жасыл желек» II топ «Жер ана» III топ «Жануарлар» Сайысымыз V айналымнан тұрады. I айналым «Табиғат дегеніміз не?»(Ой қозғау бөлімі) II айналым «Сөз маржаны»(Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы) III айналым «Білгенге маржан»(Сұраққа жауап беру) IV айналым «Танымдық ойын»(Сөзжұмбақ шешу) V айналым «Ой толғаныс»(Қай жануар,өсімдік,жер туралы сөз болып тұр)

Upload: others

Post on 09-Oct-2020

6 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

Ашық тәрбие сағаты.Тақырыбы: Табиғат тамашалары.Мақсаты:а/ Табиғат,оның тамашалары туралы,өсімдік,жануар,адамзат арасын- дағы байланыс туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту. ә/Таным белсенділіктерін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. б/Мейірімділікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Көрнекіліктер:суреттер,сөзжұмбақтар,слайдтар Әдісі: топтық Барысы:I Ұйымдастыру. -Оқушылар,сабаққа қатысып отырған қонақтар!Бүгін бізде «Табиғат тамашалары» тақырыбы бойынша ерекше сабақ.«Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты»демекші бүгінгі сабағымызда өздеріңді қызықты жұмбақтар,сұрақтар,сайыстар күтуде. Ендеше,өздеріңмен бірге бұл сабақта тереңАқыл-ой,ептілік,икемділік,көтеріңкі көңіл күйлеріңді ала жүріңдер. -Сайысымызды бастамастан бұрын 3топқа бөлініп,әр топ өз топ басшыларын сайлап алсын.I топ «Жасыл желек»II топ «Жер ана»III топ «Жануарлар» Сайысымыз V айналымнан тұрады.I айналым «Табиғат дегеніміз не?»(Ой қозғау бөлімі)II айналым «Сөз маржаны»(Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы)III айналым «Білгенге маржан»(Сұраққа жауап беру)IV айналым «Танымдық ойын»(Сөзжұмбақ шешу)V айналым «Ой толғаныс»(Қай жануар,өсімдік,жер туралы сөз болып тұр)

II Негізгі бөлім.I айналым: «Табиғат дегеніміз не?»(Ой қозғау бөлімі)Әр топ өз ойларын ортаға салады.1-оқушы:Табиғат дегеніміз-бұл біздің санамыздан тыс,бізге бағынбайтын,біздіңөмірімізге тірек болып тұрған болмыс,әсем дүние.2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған болуы тиіс.Бұны біз табиғат тазалығы дейміз.3-оқушы: Табиғат тазалығын сақтайтын да,оны былғап,улайтын да –адам.Адам өзінің де,табиғаттың да,қаласа досы санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады.4-оқушы:Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар,бүкіл адамзат қауы-

Page 2: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

мын алаңдатып отыр.Қазақстандағы Арал,Балқаш ,Семей полигонынан зардап шеккендер т.б.адам қолымен жасалған залалдар қаншама.5-оқушы:Табиғаттан табар адам керекті,Отын етіп,кесіп емен,теректі.Егін егіп,өнімдерін алумен,Малдарына орып жасыл желектіҚақпан құрып,бүркіт салып аңына,Өрт шығарып ну орманның маңынаНеге біздер жол береміз осындай,Суық қолды адамдардың торына.6-оқушы:О,табиғат! Тағдырымсың сен менің,Сенің барлық өзен,тау мен көлдерің.Ауаң,суың,өсімдігің болмаса,Дүниеде қалай өмір сүремін.Құдіреті мол табиғат,мен саған,Әрқашан алғыспен бас иемін.

Мұғалім:Адам табиғатқа үнемі аялай қарамаса,не алғысы келсе соны алып,алғаны-ның орнын толтырмаса табиғат байлығы да таусылады.Табиғатты қорғап күтсе ға-на ол көбейеді.Қазіргі кезде табиғатты қорғаудың әр түрлі шаралары қолданылады.Сол себепті Қазақстан бойынша бірнеше қорықтар ашқан. -Біздің елімізде қанша қорықтар бар? слайдҚорықтар Құрылған

мерзіміЖер көлемі Қамтитын аумағы

Ақсу-Жабағлы 1927 жыл 85,3мың га Оңтүстік Қазақстан облысы

Наурызым 1934 жыл 87,7 мың га Қостанай облысыҚорғалжың 1968 жыл 243,7 га Ақмола облысыАлматы 1961 жыл 73,3 га Алматы облысыМарқакөл 1976 жыл 75 мың га Шығыс Қазақстан облысыҮстірт 1984 жыл 223 га Маңғыстау облысыБатыс Алтай 1992 жыл 56 мың га Шығыс Қазақстан облысыБарсакелмес 1939 жыл 30 мың га Қызылорда облысыАлакөл 1998 жыл 20,7мың га Алматы,Шығыс ҚазақстанМұнда табиғатымыздың шалғын жерлері,аңдар,құстарды,өсімдіктерді қорғауға алынған.II айналым «Сөз маржаны»(Нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы)

Page 3: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін нақыл сөздер,мақал-мәтелдер сайысы.I топ «Жасыл желек»1.Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын.2.Дана көптен шығады,дәрі шөптен шығады.II топ «Жер ана»1.Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанын баласындай сүйеді.2.Құс қонбаған көл жетім, Ел қонбаған жер жетім.III топ «Жануарлар»1.Көп құрақ-көлдің сәулеті,аң мен құс елдің дәулеті.2.Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.

III айналым «Білгенге маржан»(Сұраққа жауап беру)Әр топқа 6сұрақтан қойылады,дұрыс жауап бергендерге 1ұпайдан бағаланады. слайдI топ «Жасыл желек»1.Әлем құсы (көгершін)2.Құлағы аяғында орналасқан жәндік? (шегіртке)3.Өте күшті жер сілкінуден пайда болған толқын?(цунами) 4.Шұбалшын қай топқа жатады?(құрттар)5.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?(9)6.Аңдар патшасы?(арыстан)II топ «Жер ана»1.Қанаты болса да қай құс ұша алмайды?(Түйеқұс)2.Ең қатты ағаш?(Емен)3. Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?(Евразия)4.Құйрығы өздігінен үзілетін жәндік? (кесіртке)5.Көктемде алғаш шығатын гүл? (жауқазын)6.Көбелектің дәм сезу мүшесі қай жерінде орналасқан? (аяғында)III топ «Жануарлар»1.Қай құс жүзеді,бірақ ұшпайды? (пингвин)2.Ауылдың байлығы неде? (құнарлы жерде)3.Әлемдегі ең биік жануар? ( керік)4. Қазақстандағы ең ірі сүтқоректі? (бұғы)5.Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурий)6.Ең ірі жылан? (питон)

IV айналым «Танымдық ойын»(Сөзжұмбақ шешу)Әр топ сөзжұмбақты толтырады.Қай топ көп торды толтырады?1.Шөлге төзімді жануар (түйе)2.Көктемде ақ гүлге оранады,күзде қолға доп болып оралады (алма)

Page 4: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

3.Жезге ұқсас сабағы,дәні халық тамағы (бидай)4.Жем-шөптен бір тартынбайды,сабасы да сарқылмайды (сиыр)5.Дауылға нық күшті,ағаштың мықтысы (қарағай)6.Орақ болып туады,табақ болып тынады (ай)7.Біреуін жерге беріп,күзде оны тереді (тұқым)8.Кең байтақ су,ішуге болмайды (теңіз)9.Жасыл тонның бояуы жыл он екі ай оңбайды.(шырша)10.Суда өседі,судан шықса өледі.(балық)11.Сылдырдан қорқады,шошып жортады.(қоян)12.Тіл ұшында уы бар,ол не екенін біліп ал.(жылан)13.Еті қызыл,сүті тәтті,күзде жерде өсіп жатады.(қарбыз)V айналым «Ой толғаныс»(Қай жануар,өсімдік,жер туралы сөз болып тұр)I топ «Жасыл желек» Европалықтар тұңғыш рет бұл өсімдікті Американы ашқан кезде Мексиканыңкең байтақ жазықтарынан көрген. Европаға бұдан 400жүз жыл бұрын алып келген.Алғашқыда оны бақтарда сәнүшін өсірген,кейінен оның тұқымын жеуге жарайтынын байқаған.Қазір бұл өсім-діктің беретін басты нәрсесі-оның майы. Қай өсімдік туралы сөз болып тұр?

II топ «Жер ана» Ол-Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұ-йық көл.Үлкендігіне қарап,оны теңіз деп атайды.Оның суы 5мемлекеттің жаға-лауын шайып жатыр.Қазақстан үлесіне 29% (2340км),Ресейге-16%,Азербайжанға-20%,Түркіменстанға-21%,Иран,Исламға-14% тиеді.Балыққа өте бай. Қай теңіз туралы сөз болып тұр?III топ «Жануарлар» Бұл жануардың мекені Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияда тіршілік етеді.Жо-тасы дөңес,көзі сығырайған кішкене,жарғақ құлақты,аяғы діңгектей жуан,сойдиған азу тісті алып жануар. Бұл қай жануар туралы сөз болып тұр?

III Қорытындылау.

Page 5: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Зиянды заттардан аулақ бол!Мақсаты: а/Оқушыларды зиянды заттардың денсаулыққа тигізер зардабымен таныстыру. ә/ Оқушылардың ой-өрістерін дамыту. б/ Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: слайдтар,суреттер

Барысы:I Ұйымдастыру.II Кіріспе1/-Әдет дегеніміз не?-Әдет туралы не білеміз? (Оқушылардың жауаптарын жазу)

Тіс тазалау Уақытты бос өткізуЖуыну Жаман сөздер айтуКөмектесу Темекі тарту,ішімдік ішу

-Бұл әдеттерді қалай атаймыз?(Жағымды әдеттер,жағымсыз,зиянды әдеттер) Жағымсыз әдеттер адамның қалыпты өмір сүруіне,тіршілігіне кедергікелтіреді,денсаулығына зиянын тигізеді. 2/ Зиянды әдеттер қайдан пайда болады? Адамда зиянды әдеттердің пайда болу себептері:-бос уақыт өткізуден,тәрбиенің жоқтығынан;-үлгі-өнеге көрмегеннен,кітап оқымағаннан;-«есею», «үлкен болу» дегенді дұрыс түсінбегеннен т.б.-қиыншылықты жеңе алмау;-еріншектік,жалқаулық,жамандыққа еті үйрену,түсінбеушілік;

Бұның барлығы адам денесін улаушы.Мұндай жат әдептерден аулақ болу. Зиянды заттардан аулақ болу

Темекі, есірткі, арақ ішу, нашақорлық

3/Зиянды заттардың адам денсаулығына әсері:

Жөтел адам өмірі қысқарады құсу Темекі бас айналу

Ұзақ уақыт темекі тартатын адамның бейнесі мынандай болады:*терісінің түсі-сұрғылт*тісі-сарғыш

Page 6: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

*аузынан-жағымсыз иіс шығады*даусы-қарлығады*ақыл-ойы,жұмыс істеу қабілеті-төмендейді*есту,көру,қабылдау қабілеттері-әлсірейді,төмендейді,жөтел пайда болады*ағзаның қорғаныш қабілеті-төмендейді.

Ішімдік- еңбекке қабілеті төмендейді,

Page 7: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

ерік-жігерін жоғалтады, жүрек соғу жылдамдайды, өзін-өзі ұстай алмайды. Алькоголь –жансыздандырушы зат.Ол қан арқылы миға жетеді.Арақ миға жеткен соң,мидың әрекетіне зиянын тигізеді.Көру,есту,есте сақтау,сөйлеу дағды-лары төмендейді.Мас адам,жалпы алғанда,дөрекі,тәртіпсіз болады,қажетсіз әрі айғалап көп сөйлейді.Әсіресе арақ,есту қуатына,мишыққа әсер етіп,бұлшық еттер-дің тәртіпті қимылын бұзады.Сол себепті,мас адамдар тәлтіректеп жүреді,денесініңтепе-теңдігін сақтай алмайды. Міне,осындай күйге түскен маса адам,ешнәрсе ойламайтын,ақылдан адасқан,сыртқы дүниемен қатысы азайған,адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген,тек қана тыныс алған адам. Есірткі-адамзаттың соры. Адамдарды нашақорлыққа баулу-қылмыстың ең соры.Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды,бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады.Бұл біз-дің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең.Оған қарсы неге күш біріктірмеймізнеге күреспейміз?Күні кешегі күнге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес.Есірткі миды құрғатып,кептіріп жібереді.Есірткі пайдаланған адамныңденсаулығын зияндап қана қоймай,оны қылмысқа жетелейді.Есірткіні шегу адамдыжындануға,тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет. Осындай адам өзінің өмірдегі алдына қойған мақсатына жете ала ма?-Жоқ,ол есірткі,темекі,ішімдікке тәуелді болып,зиянды заттардың тұтқыны болады-Бұл адам қоғамда мықты тұлғаға айнала ма?-Білімді,мықты адам болу үшін,ең алдымен білім,ақыл,денсаулық қажет.Ал зияндыәдеттер адамға кедергі жасап,әр тал темекіні тарту адамның 3 минут уақытын ала-ды. Ал,есептейік 3:20 тал темекіге=60 минут. Ендеше тәулігіне 1қорап темекі тар-татын адам 1сағат уақытын босқа,ағзасын улауға жұмсайды екен. 3/Денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек? (Оқушылардың ойларын ортаға салу)-Бос уақытты тиімді пайдалану керек;-Жағымсыз әдеттерден сақ болуымыз керек;

Page 8: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған

-Темекі тартпай,ұстамды,табанды,ерік-жігері мықты болу керек;-Салауатты өмір салтын ұстануымыз керек;4/Оқушылардың жағымсыз әдет туралы өздерінің жазып келген әңгімелерін оқу5/Суреттермен жұмыс./1,2,3,4 слайдтар/

III Қорытындылау.Бекіту.

Page 9: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 10: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 11: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 12: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 13: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 14: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 15: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 16: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 17: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 18: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 19: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған
Page 20: 45minut · Web view2-оқушы:Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алуы үшін,ол ештеңе-мен былғанып,уланбаған