45minut€¦  · web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді...

13
Атырау облысы Қызылқоға ауданы №9 орта мектеп Тақырыбы: «Арманы асқақ азат-ел» Күні: 11.01.2013 Сыныбы: 6б-сынып Бағыты: азаматтық патриоттық тәрбие Түрі: ашық тәрбие сағаты Өткізген: Көшімова Гүлсім

Upload: others

Post on 13-Aug-2020

3 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

№9 орта мектеп

Тақырыбы: «Арманы асқақ азат-ел»

Күні: 11.01.2013

Сыныбы: 6б-сынып

Бағыты: азаматтық патриоттық тәрбие

Түрі: ашық тәрбие сағаты Өткізген: Көшімова Гүлсім

Page 2: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Тақырыбы: «Арманы асқақ азат-ел»

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың білім беңгейін, сөздік қорын дамыту; 3. Отанын сүюге, ел-жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.

Тәрбие сағатының барысы: I. ҰйымдастыруII. Мемлекеттік әнұран орырдаладыIII. Қазақ елі, жері туралы қысқаша түсінік IV. 16-желтоқсан оқиғасына арналған әдеби-музыкалық, компазициялық сазды ашық тәрбиелі шараның ашылуы.V. Қорытынды

Мұғалім: Құрметті, балалар! Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешеміз. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мейрам боламыз. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады. Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.

Әркімнің өз елі – мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы-әдемі, сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді.Біз өз елімді мақтаныш етеміз.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Жүргізуші: Қашқынбай Даурен Данасымен батыры көп қазақпыз,

Көрген талай қияметін азаптың. Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін, Арманы асқақ азат-елі!

Page 3: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Жүргізуші: Ізімберген КүнімайҚұрметті: ата-аналар, ұстаздармен оқушылар! Сіздердің алдарыңызда

6б сыныбының ұйымдастырып отырған «Арманы асқақ азат-ел» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Әнұран (хор) Сөзі : Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов

Жүргізуші: Қашқынбай ДауренҚанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.

Ұмытылмайтындығы- оның халық тағылымымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. 1986жылғы Желтоқсан оқиғасы әнгіме емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғаның бірі.

Сол бір суығы ерте түскен қыс күндерінде тоқырау тажалының ызғарыда аяусыз, армансыз тапалған ар-намыстың ышқынған дауысы әлі де шыңылдап тұрғандай(ащы шыңыл дауыс естіледі)Сәбира: Естідіңдер ме? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз?Ербол: Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын бід ойламағанда, кім ойлайды?Дүр сілкінді қайранда қоңыр аймақ,Бағы жана ма? Қалама соры қайнап.Ұран жазып,қып-қызыл ту көтеріп.Бізде шықтық алаңға «Елім-айлап»Ләззат: Сүймей тұғын болдыққой, күймей ғұмыр,Көлеңкеміз. Күнненде тимейді нұр.Колбин деген кім екен, қайдан келген.Иа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?Сәбира: Бұл дегенің Казақстанда беделдің қалмағаны. Тілің құрып барады білесіңдерме?Жүргізуші: Ізімберген КүнімайИә. Тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалған бұл жойқын шабуыл қазақтың қайсар қыздарымен жігіттерін арамыздан алып кете барды.

Page 4: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Сахнаға екі милиция киімін киген жігіттер Қайратты темір тордан алып келе жатады: (тергеуші Қайыржан Ақан. Мелиция Сәрсенбай Болат, Қайрат ролінде Мустафин Әліби)Тергеуші: Сен Совицкийді өлтіргеніңді мойындайсын ба? Жоқ па?Қайрат: Жоқ мен Савицкийді көргенім жоқ. Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар. Көзін құртыңдар.Қайрат: Күнәдан таза басым бар,Жиырма бірде жасым бар,Қасқалдақтай қаным бар, Алам десең алыңдар.Қайрат деген атым бар.Қазақ деген затым бар.«Еркек тоқты-құрбандық»,Атам десең атыңдар!

Жүргізуші: Қашқынбай ДауренСол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті.

Қазақстан халықтарының өңірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болғаны белгілі.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ. Оқушы 1: Наурызбай

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Оқушы 2: Әліби Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Page 5: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер. Мерейің құтты болсын Қазақстан! Ғасырлар тойы болшы келе берер! Жүргізуші: Ізімберген КүнімайКөркем сөз: Қази Асылай «Туған жерім Қазақстан»Оқушы 3: Азамат1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы деклорацияға қол қойылды. Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті бостандықты иеленгендер. Халқымның мақтанышы – алып тұлға, Әлемнің назары ауды Ақ ордаға Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған, Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Оқушы 4: Жазира1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Б.Ұ.Ұ-на мүше болып қабылданды. Бостандық құтты болсын ерікті ел Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер Бостандықты аңсаған батырлардың Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер. Егемен елімнің ертеңі деп, Елбасы баға берді жастарыма Оқу оқы білім ал, елің үшін Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма Жүргізуші: Қашқынбай ДәуренБи: «Әлқиса»Оқушы 5: Самал 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.

Page 6: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Оқушы 6: Болат 1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. (Елбасы портреті көрсетіліп тұрады).

Оқушы 7: Көз қуанып күн сайын көркеміне, Көңіліміз сенеді ертеңіне Қазақстан – алып ел, төрі Астана, Таңым ғана лайық ел төріне Ел болдық ерік алдық астаналы, Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады

Оқушы 8: Гүлбану1997 жылы «жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды.Бұл жылы ақиқат пен ынтымақты ту еткен жыл бастамаларының ұйтқысы болды. Кең даласы , кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз Ел намысын ешбір жанға бермейміз, Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз

Оқушы 9: Батырбек1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

Оқушы10 : Ақан§ Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері екі рет Ата заңын қабылдады. 1993 жылы қабылдаған Конституцияда мемлекеттік алғашқы құрылым жүйесі мен басқару ұлттық-патриоттық дамудың жолдары айқындалса, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум нәтижесінде Ата заң қайта қабылданды. Заң 2001 жылыдың 5қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды. Оқушы 11: Амина 1993 жылы 15 қазанда ұлттық волюта –төл тенгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.

Оқушы 12: Шаттық

Page 7: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

§ 1998 жылы 20 мамырда ҚР астанасы- Астана қаласы болып тағайындалды. Ал 10 маусымда жаңа кіндік қала ретінде Астананың тұсау кесері болады. Ақ ордам менің Астанам,Еңсесі биік басқадан.Көркейеді күн санап,Арқа төсі жас қалам.

Оқушы 13: Қуаныш

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын, Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім Самғап жүрсек бостандықта биікте Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Бақтың құсы әр адамға қонып бір, О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр... Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын, Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! Жүргізуші: Ізімберген КүнімайКөркем сөз: Қашқынбай ДәуренМұғалім:

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Оқушы14 Айнұр1992 жылы 4 маусымда Мемілекеттің рәміздері (әнұраны.елтаңбасы,туы) қабылданды. Рәмізім-елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

Мұғалім:

Page 8: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді. Жүргізуші: Қашқынбай Дәурен

Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құс – ерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн. Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

Оқушы16: Альбина

Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек- Елдің ашық қабығы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман-қыраны. Жалауы бұл-халқымның, Мәртебесі, мақтаны.

Мұғалім:

Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Жүргізуші: Ізімберген Күнімай

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

Page 9: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

Оқушы17: Дәурен Елтаңбасы елімнің Неткен әйбәт, әдемі! Тұнығындай көңілдің Ортада-аспан әлемі. Құт, береке, шаңырақ, Орын алған ол төрден. Қанатты қос арғымақ. Екі жақтан көмкеркен. Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған... Билігім өз қолымда, Еркіндігім-Елтаңбам Мұғалім: Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған Оқушы18: Мейрамбек Енді бүгін өлген туым тірілді Әнұраным жалғап алды ғұмырды Босағада қалып келген Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді. Тәуелсіздік көркі ол да, Өркениет өрінде Нұр төгеді елтаңба Ақ Орданың төрінде Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым - Мың қайталап айтам мұны. Жүргізуші: Ізімберген Күнімай «Би: «Тәуелсіздік таңы»Қорытынды: Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз « Бірлік барда тірлік бар » деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! деп отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

Page 10: 45minut€¦  · Web view2014-04-07 · 1. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік

«Арманы асқақ азат-ел»,- аттты тәрбие сағатынан көрініс