45minut€¦  · web view2014-05-03 · Тірек схема бойынша тұрақты...

6
Есенжолова Күлман Салихқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау. Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету. Анықтамалар бойынша физикалық шамалардың формуласын тұжырымдай білуге оны түрлендіруге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа қызығуын, ынтасын ізденімпаздық, белсенділік қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, еңбекке тәрбиелеу. Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру. Өзіндік іс – әрекетін дамыта отырып, оқушының өзі жұмыс жасауына жағдай жасау. Сабақтың типі: аралас сабақ Оқыту әдістері: Ой туғызатын сұрақтар беру, оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру. Схема арқылы тізбек құрастырып тәжірибе жасап алған білімін бекіту, сызбалар . Оқулықпен, тест сұрақтарымен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Құрылымды сызбалар, құралдар (кедергісі белгілі резисторлар, электр шамдары, кілт, амперметр, вольтметр, тоқ көзі жалғағыш сымдар) Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Оқушылар білімін айқындау, үй тапсырмасы бойынша. 3. Жаңа материалдар оқып үйрену 4. Сабақты бекіту 5. Үйге тапсырма беру 2. Оқушылар білімдерін айқындау. 1. Тұрақты электр тогы тарауын сипаттайтын физикалық шамалар: Ток күші – I парта Кернеу -II парта Кедергі – III парта оқушылары топқа бөлінеді. Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша білімін айқындау.

Upload: others

Post on 05-Aug-2020

8 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut€¦  · Web view2014-05-03 · Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша

Есенжолова Күлман СалихқызыАқтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебініңфизика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау.Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету. Анықтамалар бойынша физикалық шамалардың формуласын тұжырымдай білуге оны түрлендіруге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа қызығуын, ынтасын ізденімпаздық, белсенділік қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, еңбекке тәрбиелеу.Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру. Өзіндік іс – әрекетін дамыта отырып, оқушының өзі жұмыс жасауына жағдай жасау.Сабақтың типі: аралас сабақОқыту әдістері: Ой туғызатын сұрақтар беру, оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру. Схема арқылы тізбек құрастырып тәжірибе жасап алған білімін бекіту, сызбалар . Оқулықпен, тест сұрақтарымен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: Құрылымды сызбалар, құралдар (кедергісі белгілі резисторлар, электр шамдары, кілт, амперметр, вольтметр, тоқ көзі жалғағыш сымдар)Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Оқушылар білімін айқындау, үй тапсырмасы бойынша.3. Жаңа материалдар оқып үйрену4. Сабақты бекіту5. Үйге тапсырма беру2. Оқушылар білімдерін айқындау.1. Тұрақты электр тогы тарауын сипаттайтын физикалық шамалар:Ток күші – I партаКернеу -II партаКедергі – III парта оқушылары топқа бөлінеді.Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша білімін айқындау.

1-схема

Page 2: 45minut€¦  · Web view2014-05-03 · Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша

2-схема

3) Менің ойым.Әр топқа тапсырма тақтаға ілінеді. Салынған схемадағы қателіктерді анықтап топ өз ойы бойынша схеманың дұрыс нұсқасын ұсынады.

3-схема4) Сонымен берілген тапсырмалар бойынша алда келе жатқан топ мүшелерін атап, жаңа сабақ өтеміз.II. Жаңа материалдар оқып үйрену.Оқушы нені түсініп , орындай білуі керек.Өткізгіштерді тізбектей параллель жалғау әдістері жөнінде түсінік беру. Тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену. Тізбектей, параллель жалғау кезіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушылардың талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту. Электр тізбегінің құрамды бөліктерін біз білеміз, олар тоқ көзі, ажыратып қосқыш тұтынушы құралдар және өткізгіш, жалғағыш сымдар.Бұл қарапайым электр тізбегі тұрмыста, техникада күрделі микросхема ейін кездеседі. Өткізгіштер не электр тұтынушы құралдар бір ғана өткізгіштен құралмай, түрлі – түрлі бірнешеу болуы мүмкін. Осы өткізгіштерді жалғаудың екі әдісі бар. Олар тізбектей, параллель . Осы екі әдіспен жалғанғанда тізбектің бойындағы жалпы Ток күші I Кернеу U Кедергі R қалай өзгереді (математикалық формуласы)

1. Тізбектей жалғану ережесі.Бірінші өткізгіштің екінші клемасын, екінші өткізгіштің бірінші клемасы әрі қарай сол өткізгіштің екінші клемасы , бірінші клемасы осылай тізбектей жалғасады.

1-сурет 2-сурет

Тізбектей жалғанғанда тізбектің кез келген бөлігінен ағып өтетін тоқ бірдей , олай болса 11 =12 = I ж

Кернеу әр өткізгіште түрліше болуы мүмкін. Кедергісі көп болса кернеуді көп кернеуді есептейміз.Кедергісі - тізбектен қосылғанда жалпы кедергі тізбектің жеке бөліктеріндегі кедергілердің қосындысына тең болады. Rж= R1+ R2

Ι=Ι 1=Ι 2=.. .=Ι n , U=U 1+U 2+.. .+U n ,R=R1+R2+ .. .+Rn

Page 3: 45minut€¦  · Web view2014-05-03 · Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша

Тізбектей жалғанғанда жалпы кедергінің ұзындығы артады.Олай болса жеке бір өткізгіш кедергісінен көп болады. Осы өткізгіштердің кедергілері бірдей болса жалпы кедергінің ұзындығы артады, олай

болса жеке бір өткізгіш кедергісінен көп болады. Осы өткізгіштердің кедергілері бірдей болса жалпы кедергі Rж=nR есептеледі.

Параллель жалғау ережесі.Бірінші өткізгіштің бірінші клемасы А нүктесіне жалғанса В нүктесіне екінші клемасы жалғанады.Екінші өткізгіштің бірінші клемасы сол А нүктеге екігші клемасы В нүктесін жалғанды, әрі қарай осылай жалғану паралелеь жалғау деп аталады.

3-сурет

Параллеь жалғанғанда тоқ тармақталадаы, тоқ күші есептеу үшін Ом заңына сүйенеміз.

Ι=UR І1= U/R1 І2= U/R2

Ι=Ι 1+ Ι 2+. ..+ Ι n

Жалпы тоқ жеке өткізгіштегі тоқ қосындысына тең.Кернеу параллель жалғанғанда бірдей болады,бірінші өткізгіште кереуде екігші өткізгіштегі кернеуге тең. U1= U2= Uж кернеуге тең. Кедергі өткізгіштің кедергілерінің кері шамасының қосындысына тең болады.

1R

= 1R1

+ 1R2

+. ..+ 1Rn

Паралель қосылғанда кедергінің ауданы артады, олай болса тізбектің жалпы кедергі бір өткізгіштің бір кедергісінен аз болады.

Өткізгіштердің кедергісі бірдей болса, жалпы кедергі Rж = Rn есептеледі.

Жаңа сабақты меңгерту барысында оқушыларға «деңгейлік тапсырмалар » орындауға бердім.

I деңгей 1- суретті көрсетіп мынадай сұрақтар беріледі. 1. Суретке қарап тізбектің құрамды бөліктерін ата. (1, 2-сурет)2. Суреттегі тұтынушы құралдар қалай жалғанған.3. Әр шаманың кедергісі 1 ом болса тізбектей және параллель жалғанғандағы жалпы кедергісін

есепте. (ауызша) қандай формула пайдаландық. (4-схема)

4-схема

4. Схемадағы кедергісі белгілі резисторлар қалай жалғанған? (6- схема) R1= 6ом

Page 4: 45minut€¦  · Web view2014-05-03 · Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша

R2 = 2 ом U1 = 12В I -? U2-? Осы шамалар боойынша тізбектің жалпы кедергісі Rж

кернеуі Uж тоқ күші Iж есепте.

5-схема 6-схема

5. Осы резисторларды параллель жалғап, тізбектегі шамаларды өзгертпей жалпы кедергі Rж

кернеуі Uж тоқ күші Iж есепте

II деңгей . Топтық жұмыс.1. Алған білімдерін бекіту үшін оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру . Әр топтың

өзішінен «монтажшы», «конструктор», «есепші» сайлаймыз. «Конструктор» - схеманы сызып тізбектің құрамды бөліктерін олардың қалай жалғанғанын түсіндіріп береді.«Монтажшы» - схемаға қарап, тізбек құрастырады, құралдардың қалай жалғанғанын, әр құралдыңі қызметін түсіндіреді. «Есепші» - резисторлардың кедергілері бойынша тізбектей және паралель жалғанғандағы жалпы кедергілерін есептейді. III деңгей. Тақтада аралас жалғанған (7 - схема) кедергі схемасына қарап , олардың қандай бөліктері тізектей және параллель жалғанғанын ажырату, көрсетілген шамалар бойынша тізбектің жалпы кедергісін есептеңдер.

7-схемаСонымен оқушылар өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда өткізгіштердің жалпы

кедергісі артады ма, әлде кемиді ме? Сол өткізгіштерді параллель жалғасақ ше? Кедергі артса сол өткізгіштер бойынан өтетін тоқ күші қалай өзгереді? Ал кедергісі кемісе тоқ күші қалай өзгереді? Осы сұрақтың жауабын нақтылай отырып, сабақта меңгеруге қатысқан оқушыларды бағалаймын және топқа баға беремін. «Өте жақсы», «жақсы», «орташа» деп сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма: §41. 20 – жаттығу және оқушыларға тапсырма.

Page 5: 45minut€¦  · Web view2014-05-03 · Тірек схема бойынша тұрақты «Электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша

Қорытындылау: Деңгейлеп тапсырма беру арқылы оқушылардың білімді жеңіл меңгеруіне, сонымен қоса оны өз бетінше ала білуіне және топпен жұмыс істеуге, үйренуге мүмкіндік жасадым.