45minut€¦  · web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош...

12
Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті әліппем!» Мақсаты: Флешмоб: Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті. Құтты болсын білімі балалардың! Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде. 1-оқушы: Мирас Армысыздар, аналар, Бармысыздар, балалар, Сөзіме құлақ салыңыз, Бір серпіліп қалыңыз. Әліппеге арналмақ, Бүгінгі жыр, әніміз! 2-оқушы: Сымбат Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. 3-оқушы: Ақылбек Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат.

Upload: others

Post on 31-Dec-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті әліппем!»Мақсаты: Флешмоб:Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,Әліппеден нәр алған даналарым.Өзі оқып жазатын хәлге жетті.Құтты болсын білімі балалардың!Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде.1-оқушы: МирасАрмысыздар, аналар,Бармысыздар, балалар,Сөзіме құлақ салыңыз,Бір серпіліп қалыңыз.Әліппеге арналмақ,Бүгінгі жыр, әніміз!2-оқушы: СымбатКөз салып қараңызшы бойымызғаОртақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,Әліппемен қоштасу тойымызға.3-оқушы: АқылбекӨтті оқу сан сабақ,Бүгін үлкен салтанат.Оқулықпен достаспақ,Әліппемен қоштаспақ.Өсті білім, ойымыз,Құтты болсын тойымыз!Мұғалім: Балалар мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы.Әр білімнің бастауыБар ғылымның бастауыЖас балаға нұр шашқанҚандай кітап тіл ашқан?Бәрі: Әліппе!

Page 2: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Мұғалім: Дұрыс балалар, енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың Әліппені шақырайық.Барлығы: Әліппе, Әліппе, Әліппе!«Әліппе» ән айтып шығады.Әліппе: Менің атым Әліппе,Мені анаңдай дәріпте.Мені оқып ер жеткен,Ағаң менен әпкең деАрмысыздар, жан достар!Армысыздар, ата - ана!Болашаққа жол бастарӘліппе келді ортағаМерекеңмен құттықтаймын,Бүлдіршіндер балғындар.Не үйреніп, не білдік.Кәне ортаға салайық.Мұғалім: Олай болса Әліппе кел, төрлет, оқушыларымыздың өнерін тамашала.4-оқушы: АлибекӘліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға басқа кітап аламыз.Ата-ана қуанышқа бөленген,Сауатты боп шықты міне балаңыз.5-оқушы: МединаӘліппе деген алтын жол,Апарар сені алысқа.Жеңіл емес алыс жол,Тырысып бақ алысқа.6-оқушы: ДаниалҚұтты бол қане әліппем,Көп нәрсені үйреттің.Таныстырып әріппен,Тақылдатып сөйлеттің.7-оқушы: АсемАшыла берді алдымнан,Кең дүние есігі.Соғылған сомдап алтыннан,Әліппе білім есігі.8-оқушы: РасулЫстық әрбір беттерің,Жазуыңды ұғамын.Ақыл бердің Әліппе,Ақылды сен мұғалім!

Page 3: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Мұғалім: Балалар Әліппе сендерге бір сұрақ дайындап келіпті сол сұрағына жауап беріп көріндер.Әліппе сұрақтары: Балалар сендер санамақ айту білесіңдерме? Олай болса маған санамақ айтып беріңдерші.Балнұр: 1-дегенім – бесік, Шықтың содан өсіпМеирбек: 2-дегенім – елім, Далам, тауым, көгімФариза: 3-дегенім – үміт, Үміт артар жігітАлибек: 4-дегенім – төзім,Төзе білем өзімМедина: 5-дегенім – бақыт, бағалайтын бақытАрман: 6-дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұлСымбат: 7-дегенім – жалау, Жүректегі алауАқылбек: 8-дегенім – сөзің, Серт беретін кезіңАкмаржан:9-дегенім – тоқтау, Елдің жоғын жоқтауМеиржан: 10-дегенім – Отан, Қорға соны, ботам!Мұғалім: Оқушылардың орындауындағы «Әліппе» әнін қабыл алыңыздар.Хор: «Әліппе»Мұғалім: Тамаша, балалар Әліппеге өз өнерімізді әрі қарай көрсетейік.9-оқушы: НұрасылҮйретті бізді әліппе,42- дербес әріпке.Сөз, сөйлем құрап әріптен,Лайық болдық дәріпке.10-оқушы: АкмаржанІзгілікті ойға тоқитын,Шәкірт боп үздік оқитын.Әліппе атты кемемен,Кеземін білім мұхитын.11-оқушы: РинатБар кітапқа бас болғанӘліппе – ғылым анасы.Әліппеден басталғанДаналықтың данасы.Әліппем менің әліппемСені қолға алып менЕсігін аштым мектептіңЕртеңгі сәуле жарықпен.12-оқушы: ДинараКелгенде алғаш мектепкеБілмеуші едік әріп те,Оқимыз қазір ертектіҮйреткен оны Әліппе!13-оқушы: АрманӘліппе – білім анасыӘліппе –кітап данасы,

Page 4: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Әліппе бетін ашпаған,Адамның бар ма баласы?14-оқушы: ФаризаА-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,Ұстазым көз алдымда күлімдеді.Күн сайын әріптердің атын білем.Сөз оқимын, айырып әріпті енді.Мұғалім: Ал енді балалар Әліппе сендермен қоштасұалы тұр. Сөз кезегін әліппеге берейік.Әліппе: - Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратынана тілі пәнімен танысасыңдар.Ана тілі: Сәліметсіңдер ме, менің жан достарым?Туған елдің тілімін,Ақылымын танымал.Түсіндірер бәріне,Ана тілі мен болам.Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Әліппе саған балаларға 42 әріпті танытып, жазуды,оқуды үйреткенін үшін айтар алғысым шексіз.Әліппе: Иә, Ана тілі оқушылар тек қана менің арқамда ғана емес, өздерінің білімге деген құштарлықтарының арқасында осындай дәрежеге жетті деп ойлаймын. Солай ғой балалар?Ал енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағамыз,Біліммен бақыт табамыз.Өнер-білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз!

Ана тілі: Мен әліппеден оқып – білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрін өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқысаңдар қуанамын.Ана тілі ән айтады.

Мұғалім: Балалар Ана тілінің айтқан керемет өсиетін көкейлерінде сақтап жүріңдер. Сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көріп, Әліппе сендерге риза болып кетті. Ана тілі оқулығына өз өнерімізді әрі қарай көрсетейік. 15-оқушы: МеиржанАна тілін ақтандар,Ана тілін сақтандар.Ана тілмен безеніпАта берсін ақ таңдар.16-оқушы: ГульзинатАна тілі ұраным,Ана тілі-құралым.

Page 5: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Ана тілі болмаса,Мықты болмас тұрағым. 17-оқушы: МеирбекАна тілің – біліп қой,Бостандығың теңдігің.Ана тілің – біліп қой,Мақтанышың елдігің. 18-оқушы: ГаухарАқыл - ойын дананыңАна тілден аламын.Анам тілім ардақтыАқ сүтіндей анамның.19-оқушы: АюпАна тілің арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!20-оқушы: НұрилаАна тілім - болашақ келешегім,Сен арқылы биікпен теңесемін.Өлең жазып,ой толғап өз тілімде,Шыңға қадам басамын мен өсемін.Мұғалім: Балалар Ана тілі де сендерге өзінің бірнеше сұрақтарын дайындап келіпті. Сол сұрақтарға жақсы жауап береді деген үміттемін. Ана тілі: Сұрақтар:1.Балалар алда қандай мереке келе жатыр? (16 желтоқсан Тәуелсіздік күні)2.Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы)3.Біздің еліміздің елбасы кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)4.Еліміздің астанасы қалай аталады? Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астана- Әсем қалам, бас қалам! 5. Қазақстан деген сөзі қалай түсінесіңдер?Қазақстан- Туымен тұғырлы. Елтаңбасымен-еңселі. Әнұранымен-айбатты. 6.Отан деген не?Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен, Биік тау, орман-тоғай көлімізді. Мұғалім: Оқушыларымыздың «Отан» туралы әнін тыңдайық.Хор: «Отан»

Page 6: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Ертеңгілігімізге жиналған барша ұстаздарға арнаған өлең жолдарына кезек берейік.21-оқушы: БалнұрКелгенімде алдыңа, Қызыл арай гүл алып, Жақын тарттың жаныңа, Шәкіртім деп қуанып. Сипадың да басымнан, Әліппені ұсындың, Бақытымның осыдан, Басталғанын түсіндім 22-оқушы: ИсламАнамыздай аялапАқылшы болған ұстазым.Өзіңнің ғана еңбегіңБүгінде биік ұшқаным23-оқушы: ТолғанайДостастырған өзіңмен,Ұстазыма мың алғыс!Иландырған сөзінеҚамқоршыма мың алғыс!24-оқушы: АйкынЕң алғаш алғанымда Әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Ұстазым оның кілтін алып берді.25-оқушы: НұржанатБілімнің ғана тиегі, Мектебін жаны сүйеді. Қарапайым мамандық Ұстаздық атты киелі.26-оқушы: Алмурат Бәрімізіді сүйіп өткен,Балаларға үйреткенӘліппе мен ұстазғаБас иеміз құрметпен27-оқушы: ЖанияДанышпан да, дана да оқып сенен,Атақ - даңқын асырды бар әлемнен.“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!Мұғалім: Өте тамаша балалар! Мен сендерге риза болып отырмын. Ендігі кешімішді Сыныбымыздың биші қызы Нұриланы араб биімен тамашалайық.

Page 7: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз

Би: «Араб биі»Мұғалім: Жүздерінен көркем шаттық арайын,Болсын солай, әр бір күнің ,әр айыңТойларыңыз құтты болсын ағайын Тойларыңыз тойға ұлассын әр дайым- дей келе сөз кезегі мектебіміздің директоры Есмаганбетов Арарат Мылтыкбаевичке беріледі.Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналарБалалар есімі әулеттерге тараларЫрым етіп сондықтан, ертеңгілік соңындаАқ тілекпен баршаға шашу шашар аналарҚұттықтау сөзі ата- аналарға беріледі. Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы әрқашан мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын,ерінбейтін еңбекқор мықты болсынОсымен бүгінгі 1 сыныбында өткен «Қош бол, сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Page 8: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз
Page 9: 45minut€¦  · Web view2016. 5. 12. · 4-оқушы: Алибек. Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз