45minut€¦  · web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ......

22
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Мектеп: №9 Күні:01.06.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні:Алиева Жанар Мартаевна Сынып: 5 Қатысқандар: 18 Қатыспағандар саны: - Сабақтың тақырыбы: Бесікке салу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.) Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, бесік жырын айтады. Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді оқиды, мазмұнын түсініп, шілдехана мен бесікке салудың айырмашылығын айта алады. Кейбір оқушылар: Бесікке салу дәстүрін қазіргі өмірмен байланыстыра алады. Бағалау критерийлері Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Мәтіннің мазмұнын баяндайды және шідехана мен бесікке салудың байланысын анықтайды.

Upload: others

Post on 15-Sep-2020

4 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелерМектеп: №9Күні:01.06.2017 ж Мұғалімнің аты-жөні:Алиева Жанар МартаевнаСынып: 5 Қатысқандар: 18 Қатыспағандар саны: -Сабақтың тақырыбы: Бесікке салу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.)

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды, бесік жырын айтады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді оқиды, мазмұнын түсініп, шілдехана мен бесікке салудың айырмашылығын айта алады.

Кейбір оқушылар: Бесікке салу дәстүрін қазіргі өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Мәтіннің мазмұнын баяндайды және шідехана мен бесікке салудың байланысын анықтайды.

Дескриптор Берілген сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біледі. Сұрақтар құрастырады.

Мәтінді түсініп оқиды. Бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түседі. Мәтінде көтерілген екі негізгі мәселенің бір-бірімен байланысын айтады және айырмашылығын табады.

Шілдехана мен бесікке салудың бір-бірімен ұқсастықтары н жазады. Айырмашылығын жазады. Туыстық атауларын табады.

Бесікке қатысты ырымдарды толықтырады. Ойтолғауды өмірмен байланыстырып жазады.

Тілдік мақсат

Page 2: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» 6-құндылық Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұрсатығы.

Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет, музыка

Алдыңғы білім Отбасылық демалыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару. Отбасы мүшелеріне қатысты мақал-мәтелдер тармақтары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.Әкеге қарап ұл өсер,Шешеге қарап қыз өсер.Ағасы бардың жағасы бар,Інісі бардың тынысы бар.І топ: әкеІІ топ: шешеІІІ топ: ағаІҮ топ: іні«Қауырсын» әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасау.

Жаңа сабаққа дайындық:1-тапсырма«Тірек сөздер арқылы болжау» әдісі.бала, бесікке бөлеу, атаның бата беруі, той, балаңыздың бауы берік болсын «Бесікке салу» рәсімі бойынша тірек сөздер көрсету.-Бұл сөздер мен тірек сөздер сендерге таныс па?-«Бесікке салу» дәстүріне қатысып көріппе едіңдер?Дескриптор

Берілген сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын біледі.

Қима қағаздар, қауырсын, интерактивті тақта

Page 3: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың ортасы35 мин

Жаңа сабақ2-тапсырмаМәтінді оқыңдар.

«Авторға сұрақ қою» әдісіІ топ - автор ІІ топ оқырман ІІІ топ автор ІҮ топ оқырман Оқырмандар авторға мәтін бойынша сұрақтар қояды, авторлар жауап береді.

Дескриптор Мәтінді түсініп оқиды. Бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түседі.

3-тапсырма. Топтық жұмыс. «Ұқсастық пен даралық» әдісі

сұрақ-

Page 4: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Шілдехана бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылығын жазыңдар.

Шілдехана Бесікке салуҰқсастықтары

Дарлықтары

Дескриптор

Шілдехана мен бесікке салудың бір-бірімен ұқсастықтары н жазады.

Айырмашылығын жазады.

Сергіту сәті «Поэзия минуты» «Бесік жырын» сұрау.

Кесте, маркер

Page 5: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Сабақтың соңы 5 мин

Кері байланыс

4-тапсырмаКөрген бейнежазбалалары арқылы деңгейлік тапсырмалар орындату.І деңгей. Туыстық атауларды табыңдарІІ деңгей. Бесікке қатысты ырымдарды атап, оларды толықтырыңдар.ІІІ деңгей. «Бесіктің адам өміріндегі маңызы» ойтолғау жазу.Дескриптор

Туыстық атауларын табады. Бесікке қатысты ырымдарды толықтырады. Ойтолғауды өмірмен байланыстырып жазады.

Өзін-өзі талау сұхбаты Мақсаты: өзін-өзі сапалы, нақты бағалау. Өз жауабыңды қорша.

Мен сабақта белсенді /сылбыр жұмыс істедім.

Мен сабақтағы өз жұмысыма қанағаттанамын / онша қанағаттанбаймын /қанағаттанбаймын.

Сабақ маған қысқа /ұзақ болып көрінді.

Мен сабақта шаршамадым /шаршадым.

Сабақта менің көңіл-күйім жақсарды / нашарлады.

Маған сабақ материалы түсінікті болды / түсініксіз болды.

Сабақ тапсырмасы пайдалы / пайдасыз, көп / аз болды.

«Балапан» арнасындағы «Ол кім? Бұл не?» бағдарламасындағы «Бесікке салу дәстүрі» хабары

Өзін-өзі талдау кестесі

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланысҚауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағы байланыс

Ойтолғау жазу. Тақырып мазмұнын ашатындай сұрақтар дайындау.- Бесік жырын кімдер

Сабақ та қалыптастырушы бағалауды әр тапсырмадан соң берілген дескриптор арқылы жүзеге асырамын.

Әдебиет, тарих, музыка пәндерімен байланыс барИнтерактивті тақта, ғаламтор, ноутбукты пайдаланамын.

Page 6: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

айту керек деп ойлайсың?

Сабақ бойынша рефлексияСабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Сабақ белгілі бір оқу мақсаттарына негізделіп жасалған соң, қолжетімді болады деп ойлаймын. Себебі, сабақта қолданған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынды. Сабақта оқушылар өздерінің білетіндерін өмірмен байланыстырып айта алады. Сабақ соңында саралау мақсатында кері байланыс арқылы сабағымды сараптаймын. Уақыттан ауытқу болған тапсырмаларда әр минуттың құнды екенін есертіп отырамын. Жоспарланған сабақта ауытқу болмайды деп ойлаймын.

Жалпы бағалауСабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)1: «Ұқсастық пен даралық» әдісі арқылы2:Тыңдау арқылы деңгейлік тапсырмалады орындау.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ие оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)1:Жұптық жұмыс;2:Түрлі әдіс-тәсілдерді саралап қолдану.Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?1: Тыңдалым бөлімінде оқушылардың назарын аударуға;2:Ырым-тыйым сөздерді есте сақтау.

Page 7: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Менің атым Қожа

Мектеп: №18 А.Қосанұлы атындағы тірек мектебі (ро)

Күні: Мұғалім:Мырзаханова Нургул РысбековнаСЫНЫП: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Қатыспағандар саны:Пәні: қазақ тілі Оқу мақсаты:

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.);Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру (5.Т/А6.).Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жазу.(5Ж/5)

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

Тірек сөздер мен ұсынылған аудиотаспа арқылы тақырыпты болжай алады.Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлеу тілінде оқшау сөздің түрлерін ажыратып, дұрыс қолдана алады.Кейбір оқушылар:

Талдау жұмыстарын жүргізеді,негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсат Армиядан келу-әскери міндетін өтеп келу.Орден-жоғары марапат.Нөпір-көп.

Бағалау критерийі -Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады;-Оқшау сөздердің түрлерін ажыратып,қолдана алады;-Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізе алады.-Мәтін жаза біледі.-Диалог құрай алады.

Құндылықтарға баулу6 құндылық.

Page 8: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Алдыңғы оқу Жас талант

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Ресурстар

Басталуы

(5 мин.)

Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгелдеу, сынып назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.Сыныпты 3 топқа бөлу. «Саяхатқа шығу» (сурет бойынша) топқа блінеді.Қызығушылықты ояту. Аудиотаспадан оқушыларға Қожаның даусын тыңдатамын.Қай кейіпкер екенін оқушылар өздері табады.

Суреттер Таудың,өзен,қала.

Аудиотаспа.

Page 9: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Ортасы(25 мин.)

1-тапсырма: «Менің атым- Қожа» бейнежазбадан үзінді көрсету. Топ жарысы: «Серпілген сауал» сұрақ- жауап арқылы оқушылардың білімдерін ширату. Тыңдаған ақпарат бойынша сұрақтар құрап жазады.Дескриптор:-оқушылар жалпы мазмұнын айтады;-негізгі ойды айқындайды;-сұрақ құрастырады.

Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма бойынша оқушылар «Талқылау» оқыта үйрету әдісімен мәтінді оқып талдайды.(Мұғалім оқушылардан жұпқа бөлінуін сұрайды, әркім серігіне өздерінің не оқығанын айтып беруге тырысады. Жұптағы әр оқушы мұғалім рөлінде де, оқушы рөлінде де қоса атқарады.)Мәтін бойынша 3 топқа 3 сұрақ беріледі.

1.Қожа сияқты оқушылар сыныптарыңда бар ма?2Сендердің қиялдарыңдағы Қожа қандай?3.Қожамен дос болар ма едің?

(Осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын флипчартқа түсіріп, қорғайды).Дескриптор: -оқушылар жалпы мазмұнын ұғынады;-сұраққа жауап береді;-Мәтіндегі айтылатын ойды анықтайды;-Мәтіндегі ақпаратты ажыратады.3-тапсырма«Талдау –табыс кілті» әдісі.1-топ мәтіннен одағайларды табады. 2-топ мәтіннен қыстырма сөздерді табады. 3-топ мәтіннен қаратпа сөздерді тауып, топ ішінен бір оқушыдан шығып тақтаға жазады.Дескриптор: -Мәтінге тілдік талдау жасайды. оқшау сөздердің түрлерін табады. -Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізеді. 4-тапсырма. Оқушылар «Ойлы болсаң, озып көр» әдісі бойынша үш топ тапсырмаларды орындайды.1-топ Мәтіндегі көңіл-күйді білдіретін сөздер мен сөз

Интербелсенді тақта. Интернет желісі.

Постер, түрлі-түсті маркерлер

Жұмыс дәптері.Тақтамен жұмыс.

Page 10: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

тіркестерін теріп жазады.«Қандай, көркем, шіркін, ғажайып» сөздерін қатыстыра сөйлемдер құрайды. 2-топ «Менің арманым» тақырыбында шағын ойтолғау жазады.Оқшау сөздерді қолданады.3-топ Аудиотаспадан «Арман» өлеңін тыңдайды.Арман сөзі өлеңде қалай берілгенін талдау.Дескриптор:-Тірек сөздер бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жазады.- Оқшау сөздерді қолданады.-Мәтінді талдайды.

Аяқталуы(10 мин.)

Кері байланыс. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыртады.

Қандай ой пайда болды? Не сезіндім?

Таратпа қағаздар.

Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысҚауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағы байланыс

Оқушыға топтар бойынша тапсырмалар беремін. Мәтін құрастыру арқылы тіл байлықтарын арттырамын.Талдау жұмыстарын жүргіземін.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Әдебиет

Page 11: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Рефлексия

Сабақ /оқумақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар оқшау сөздің түрлерін түсінеді.Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқшау сөздің түрлерімен жан-жақты танысады.Сыныпта жақсы ахуал қалыптастырамын.Жоспарланған саралау шаралары тиімді ж

жболады.

жүзеге асады.

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беремін.

Page 12: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Page 13: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Сабақ: Тұсау кесу Мектеп: 9Күні: Мұғалімнің есімі: Скакова М.АСынып: 5 «А»Пәні: Қазақ тілі

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5. О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Мәтіннің мазмұнын баяндай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннің тақырыбын түсініп, жоспар құра алады.Кейбір оқушылар:Тақырыпқа байланысты тілдік құралдарды салыстыра отырып, мәтін жаза біледі .

Бағалау критерийлері Мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, жоспар құра аладыТақырып бойынша тілдік құралдарды салыстыра отырып,мәтін жаза біледі

Дескриптор

Тілдік мақсатПәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Оқушылар орындай алады: Күрмеу, тақым

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» 6-құндылық Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс Әдебиет Тарих Музыка

Алдыңғы оқу Бесікке салу

Жоспар

Page 14: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 7 мин

Сергіту.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару. Түстер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.«Кіріспе сұрақтар»әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасауЖаңа сабаққа дайындық:«Ой қозғау»әдісі. «Тұсау кесу » рәсімі бойынша суреттер көрсету.

Суреттен не көріп тұрсыңдар?Бұл суреттің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

Ортасы33 мин

Жаңа сабақ:1-тапсырма.Жеке жұмыс. Мәтінді түсініп оқыңдар.«INSERT»әдісін қолданамын. Бұл тәсілді «Түртіп алу жүйесі» деп де атайды. Оқушылар мәтінді оқығанда жекелей мынандай кестені толтырып отыруы керек: V + - ?«Бұрыннан білемін»

«Жаңа ақпарат»

«Менің ойлағаныма қайшы, кереғар»

«Келісе алмаймын.Білгім келеді»

Ойтүрткі негізінде оқушыларға мәтін бойынша бірнеше сұрақ қоямын «Тұсау кесу» рәсімі не үшін жасалады?Тұсау кесу үшін неге ала жіп пайданаланады?Тұсау кесу үшін қандай адамдарға қолқа салады?

Интербелсенді тақта, кесте

Page 15: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Мәтіннен тауып оқы. Осы тапсырма бойынша оқушылардың басым бөлігіне қажеттіліктеріне қарай мәтінге сәйкес қарапайым жоспар құруды тапсырамын.Дескриптор:Мәтіннен тірек сөздерді табады Өзі білетін ақпаратпен толықтырады Мәтінге сәйкес жоспар құрады 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтіннен түсініксіз сөздерді табу. Бұл тапсырмада «Мәнмәтінге қарап болжам жасау» әдісін пайдаланамын. Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.Дескриптор: Қосымша ақпаратқа назар аударады Нақты болжам жасайды3-тапсырма.Топтық жұмыс. Графикалық органайзер арқылы Бесікке салу мен тұсау кесу рәсімдерін салыстыра отырып Венн диаграммасын толтырады.

Дескриптор: Дәстүрлерді біледі Ерекшеліктерін ажыратады Тілдік құралдарды салыстыра отырып, графикалық органайзерге түсіреді

Аяқталуы5 мин

Кері байланыс«Иық тірескен шеңбер»әдісі арқылы кері байланыс жасатамын. Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып,құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін келтіреді. Қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалауды дескриптор арқылы жүзеге асырамын, смайликтерді қолданамын.

Шілдехана

бесікке салутұсау кесу

Page 16: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен

Қосымша ақпарат:Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру,«Дәстүрім-мақтанышым» тақырыбына шағын мәтін құрау

- Топта жұмыс жасау барысында бір – біріне сыйластықпен қарайды, көмекке дайын болады.

Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Тиімді оқыту мен дұрыс жоспарлау арқылы мақсат-міндетіме жететініме сенімдімін. Себебі, алынған тапсырмалар мақсатқа негізделген. Сабақ үдерісінде оқушылар «тұсау кесу» рәсімі туралы мағлұмат алады. Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Олай дейтінім,оқушылар білімін тексеру мақсатында сабақтың соңында кері байланыс алу арқылы бағамдаймын. Жоспарланған саралау жақсы жүзеге асады деп ойлаймын. Себебі, интербелсенді әдістердің бірі «INSERT» әдісін қолдану тиімді болады деп есептеймін. Оқушылар уақытқа жұмыс жасауға дағдыланады, сондықтан тиімді пайдаланамын.

Қорытынды баға

Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)

1.Оқылым ( мазмұнын, тақырыбын түсінуі)

2. Мәтінді өзі білетін ақпаратпен толықтыруы

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)1. Топтық жұмыс

2. Бірлескен жазылым әрекеті

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Белсенді оқылым тәсілдерін саралап қолдануОқылым бойынша ширату жаттығуларына арналған идеялармен жұмыс жасау

Page 17: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен
Page 18: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен
Page 19: 45minut€¦  · Web view2017. 9. 12. · Суреттер Таудың,өзен,қала. ... Графикалық органайзер арқылы. Бесікке салу мен