490786 b7dd4 sheretov s g zhanabilova zh a professional nay a etika yurista

92
87.7 (5 каз) Ш49 КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Жеке-құқықтық пəндер кафедрасы Шеретов С.Г., Жанабилова Ж. ЗАҢГЕРДІҢ КƏСІПТІК ЭТИКАСЫ (Оқу құралы) Алматы 2009

Upload: aibek-kyrykbayev

Post on 12-Sep-2014

1.025 views

Category:

Documents


2 download

Tags:

TRANSCRIPT

87.7 (5 каз) Ш49

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жеке-құқықтық пəндер кафедрасы

Шеретов С.Г., Жанабилова Ж.

ЗАҢГЕРДІҢ КƏСІПТІК ЭТИКАСЫ

(Оқу құралы)

Алматы 2009

2

Жеке-құқықтық пəндер кафедрасының отырыснда келісілді

Баспаға оқу-методикалық кеңеспен ұсынылған

Шеретов С.Г., Жанабилова Ж.А. Заңгердің кəсіптік

этикасы: Оқу құралы. – Алматы: ҒБО КҚУ, 2009. – 92 бет.

© Шеретов С.Г. © Жанабилова Ж.А.

© Каспий қоғамдық университеті, 2009

© Рəсімделуі ҒБО КҚУ

3

МАЗМҰНЫ

бет Кіріспе....................................................................................................5 ЖАЛПЫ БӨЛІМ.................................................................................6 I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭТИКА НЕГІЗДЕРІ........................................6 § 1. Этика түсінігі жəне пəні................................................................6 § 2. Этиканың даму тарихы................................................................17 § 3. Негізгі этикалық категорияларға мінездеме..............................23 II ТАРАУ. МОРАЛЬ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ...................27 § 1. Мораль түсінігі.............................................................................27 § 2. Моральдың құрылымы жəне қызметі.........................................28 § 3. Мораль жəне құқық......................................................................31 III ТАРАУ. ЗАҢГЕРДІҢ КƏСІПТІК ЭТИКАСЫ: ТҮСІНІГІ, ПƏНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ.............................33 § 1. Кəсіптік этика түсінігі жəне түрлері...........................................33 § 2. Заңгердің кəсіптік-құқықтық мəдениеті.....................................36 § 3. Заңгердің қызметі жəне мамандығы...........................................42 § 4. Заң қызметінің имандылық мəсерелерінің ерекшеліктері.......46 IV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................49 §1. Қазақстан Республикасының Конституциясының

имандылық мазмұны....................................................................49 §2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жəне қылмыстық

іс жүргізу заңнамасының имандылық мазмұны........................50 ЕРЕКШЕ БӨЛІМ..............................................................................52 V ТАРАУ. ЖЕКЕ ЗАҢ МАМАНДЫҚТАРЫ ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........52 § 1. Заңгердің кəсіптік қызметінің халықаралық этикалық стандарттары.................................................................................52 § 2. Сот қызметінің этикалық негіздері.............................................54

4

§ 3. Қорғаушы қызметінің этикалық негіздері.................................55 § 4. Прокурор қызметінің этикалық негіздері..................................57 § 5. Ішкі істер органдары қызметінің этикалық негіздері...............58 § 6. Заңгердің кəсіптік қызметінің этикеті........................................61 VI-ТАРАУ. ЗАҢГЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................................67 § 1. Сот жарыссөзінің этикасы...........................................................67 § 2. Айыптау сөзінің этикасы.............................................................70 § 3. Қорғаушы cөзінің этикасы..........................................................74 § 4. Заңдық хат этикасы......................................................................77 Қорытынды..........................................................................................83 Глоссарий.............................................................................................84 Əдебиеттер...........................................................................................88

5

КІРІСПЕ Заңгер – көп мамандықтардан тұратын, кең мағыналы

ұғым. Бірақ, қай жағдайда болмасын – ол заң қызметін атқарып жүрген, кəсіптік дайындалған адам.

Əр заңгердің өз жұмысының мақсаты жөнінде өз қозқарасы бар. Бұл біреудің құқығын қорғау, əділеттікке қол жеткізу, істі жеңіп шығу, танымал болу сияқты мақсаттар. Оның қолданған жəне қабылдаған шешімдері заңды жəне əділетті болуы тиіс. Заңгер этикалық түсініктерді жақсы біліп жəне оларды тəжірибеде қолдана білуі керек, рақымдылық пен зұлымдық, қарыз, ар-ождан, ар-намыс.

Өкінішке орай Қазақстанда заң этикасына жалпыға бірдей ережелер жоқ. Бірақ кейбір этикалық нормаларды заңнамаларда табуға болады. Көптеген заң мамандықтары көздерінің этикалық ережелерін бекітті.

Соңғы жылдары «Заңгердің кəсіптік этикасы», «құқықтану» мамандығының оқу жоспарына міндетті оқу пəні ретінде енгізілген, бірақ біздің елімізде бұл курс бойынша оқулықтар жоқ. Ұсынылып отырған кітап ең бірінші басылым болып табылады.

Осы оқулық студенттерді өздерінің келешек кəсіптік қызметтеіндегі заң этикасының негізгі мəліметтерін, ережелерін жəне талаптарымен таныстырады.

Оқу құралын жазу кезінде Форд Қоры мен Американдық Заңгерлер Ассоцияциясының қолдауымен өткізілген, жазғы жəне қысқы мектептердің семинарларының материалдарын пайдалана отырып жазылған.

Автор Каспий Қоғамдық университетінің жариялық-құқықтар пəндері кафедрасының меңгерушісі А.К. Мұхтароваға, берген кеңестері үшін алғысын білдіреді.

6

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

I ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЭТИКА НЕГІЗДЕРІ

§ 1. Этика түсінігі жəне пəні

«Этика [грек. ethike < ethos – «иман, дəстүр»] – 1) мораль-дың пайда болуы жəне дамуы жөніндегі ғылым; 2) қоғамдық ортада немесе кісəби топта белгіленген тəртіп нормалары мен принциптерінің жиынтығы».1

Ф.А. Брокгауза мен И.А. Ефронның энциклопедиялық сөздігі: «Этика – рақымдылық жəне жамандық сияқты имандылық принциптер мен қызметтегі адамгершілік нормалары туралы ғылым».2

Профессор Д.Н. Ушаковтың сөздігі: «Этика – 1) Адамның тəртібі жөніндегі, имандылық жөніндегі философиялық ұғым. Э. Стоиков. Идеалистік, Э. Кант Материалистік. 2) Қоғамдық топ мүшелерінің арасындағы имандылық еределерінің жиынтығы, мораль, тəртіп нормалары».3

Қорыта келе біз кəсіптік этика деп белгілі бір мамандықтың өкілдерінің қоғамға жəне бір-біріне деген ереже жүйелерін түсінеміз.

Кəсіптік этика басқа этикалар сияқты əр-түрлі жағдайларды құрыс бағалауға үйретеді.

«Этика» теримі ежелгі греек сөзі «этос» – əдеттер, дəс-түрлер деген сөздерден пайда болған. Этика ғылым ретінде 2 мың жылдан астам өмір сүруде. Ең бірінші «этика» терминін (грек. «Ethos») б.ғ.д. IV ғасырда Аристотель ерекше философиялық зерттеулерді анықтау үшін пайдаланылған. 1 Краткий словарь иностранных слов. – М., 1988. – С.625, 317. 2 Малый энциклопедический словарь (Ф.А. Брокгауз – И.А. Ефрон). – М., 1994. – Т.4. Столб. 2166. 3 Толковый словарь русского языка под редакцией проф. Д.Н. Ушакова. – М., 1940. – Т. IV. Столб.1436.

7

«Мораль» сөзі латын сөзі «moris» – дəстүр, иман дегенді білідреді. Этика – бұл мораль жəне имандылық туралы ғылым. Мораль – адамдардың жүріс-тұрыс ережелері мен принциптері, ойлары айқындалатын, қоғамдық таным нысаны.

Қоғамда адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін əр-тұрлі əлеуметтік нормалар бар. Əлеуметтік нормалар – белгілі бір жағдайда əлеуметтік топ немесе қоғам шеңберінде жалпы қабылданған ережелері, жүріс-тұрыс үлгілері.

Нормалар қоғамда жүріс-тұрысты реттеуші бола тұра, олар келісілген коллективтік əрекеттер үшін қажет. Ол үшін мораль н,ормалдарының маңызын түсіну қажет.Оларға:

Əдет-ғұрып – ғасырдан ғасырға берілетін əлеуметтік жəне мəдени тəжірибенің, жалпы қабылданған жəне қайталанатын адамдардың жүріс-тұрыс нысандары.

Салт жоралары – адамдардың обрядтар мен қызмет нысандарын жұзеге асыру кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері

Дəстүр – ғасырдан ғасырға берілетін əлеуметтік топтардың, адамдардың қалыптасқан жүріс-тұрыс əдістері. Дəстүр дегеніміз не? “Ұлттық дəстүр” тіркесі – қазіргі таңда өмірде жиі қолданылатын, екінің бірінің аузындағы сөз. Бірақ оның мəні мен мазмұнына сол екінің бірі жете бара бермейтіні де шындық. Қазіргі таңда оны ұлттық таным тұрғысынан ғылыми талдап, анықтамасын айқындап, мəн-мағынасын жалпы көптің түсінігіне жеткізіп жатқан ғалымдарымыз да байқалмайды. Содан да болар, дəстүр сөзін əркім өз таным-түсінігіне қарай орынды, орынсыз қолдана беретіні байқалады. Мысалы, қалың көпшілікті былай қойғанда, қазіргі ат арқасында жүрген басшы азаматтарымыздың өзі дəстүрді тар шеңберде, экзотикалық-сахналық көрініс тұрғысынан қабылдап, оны қазақтың байырғы тұрмыс-тірлігіне қатысты əдет-ғұрпының, кəсіби ерекшелігінің, өнерінің жəне басқаларының бір бөлігі деп қарайды. Олар жайшылықта ешкім кимейтін, əлем-жəлемі көп, ою-өрнекті киімді қазақтың қыз-жігіттері мереке күндері киіп, осы мереке үшін арнайы тігілген киіз үйде отырып, қазақы тамақ ішілсе, домбырада күй тартылып, халық əндері шырқалса, соғұрлым ата-баба салтын сақтап, халықтық дəстүрімізді өмірге батыл енгізіп жүрміз деп ойлайды. Əрине, мұнда қандай бір ұғымға болсын орыстық таным-түсінік тұрғысынан қарауға қалыптастырған кешегі кеңестік тəрбиенің

8

табы жатқаны түсінікті. Өйткені, кеңес ғылымы бізге “дəстүр дегеніміз белгілі бір қоғамда, таптар мен əлеуметтік топтарда ұзақ уақыттар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылатын əлеуметтік жəне мəдени мұраның элементтері” (Совет энциклопедиялық сөздік. М. 1982., 1338-1339 бет.), – деп үйретіп келді. Дəстүрді əдет-ғұрыппен де, мəдениетпен де шатастыруға əсте болмайды. Əдет – əдет, ғұрып – ғұрып, дəстүр – дəстүр. Əрқайсысы өзінше жеке атауға ие. Соған сай əрқайсысының өзіндік ұғымы, мəн-мағынасы бар. Сондықтан оларды “ағайындас екен” деп бірін-біріне шатастырудың реті жоқ.

Дəстүр дегеніміз, біздің таным-түсінігіміз бойынша, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл тіршілік тəжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ. Оның бір ұлтқа тəуелділеніп, “ұлттық дəстүр” деп аталуы да сол бір ғана ұлтқа тəндігінде, жалғыздығында. Қазақтың дəстүр сөзіне “салт” сөзін тіркеп айтатындығының мəні де, оның осы даралығында. “Салт” сөзі жалғыздықты, даралықты білдіреді. Сонда “ұлттық салт-дəстүр” деген белгілі бір ұлттың өзіне тəн жеке дара дəстүрі деген ұғымға саяды (Салыстырыңыз: салт ат, салт бас, салт жүріс, т.б.).

Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетуі де осы ұлт дəстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Дəстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады: қазақ қазақ болудан, орыс орыс болудан, шүршіт шүршіт болудан, т.б. қалады. Ал бұған керісінше, қалыптасқан дəстүрі бұзылмаған елдер халықтық қалпына селкеу түсірмей, өзіндік өмір сүру заңдылықтарын сақтай отырып, ел көшін замана талабына сай жетілдіре дамытып, алға ілгерілей береді. Мұндай елдің іргесі берік, мəртебесі биік. Олар отарлану салдарынан қалыптасқан дəстүрлерінен айырылып қалған біз құсап, Ата Заңын өзге елдің Конституциясына негіздеп жазбайды. Заң баптарын ұлттық дəстүрлеріне негіздейді, соны басшылыққа алады. Хатталып қағазға түспегенімен, дəстүрдің əр бабы сол ұлттың əр азаматының бойына анасының сүтімен,

9

атасының тəрбиесімен, ортасының өнегесімен дарып, санасына жазылып қалған. Бұл жағдайлар, негізінен, өмірі бодандық қамытын киіп көрмеген азат елдерге тəн. Мұның жарқын мысалы – Англия.

Ұлттық дəстүр сол ұлттың құрамына кірген халықтардың өмір сүру заңдылықтарын бойына сіңіре отырып, өзіне тəн ерекшелікпен дамып, сол ұлттың негізіне, моральдық-эстетикалық болмысына айналады. Оның ұлттық дəстүр аталуының мəні де осында. Бұл ретте оны, яғни ұлттық дəстүрді белгілі бір байырғы құрылыстың суға шайылса да, желге мүжілсе де небір дауыл соққысына шыдап, құламауын қамтамасыз ететін берік іргетасымен салыстыруға болады. Өйткені, кез келген ұлттың замана дауылына төтеп беріп, кезеңдік саясат ағымының иіріміне түсіп кетпей, халықтық бірлігін, ұлттық тұтастығын сақтап қалуы үшін де ұлттық дəстүр сондай қажет.

Мұның солай екеніне көз жеткізу үшін тарих тағылымына ден қойып, кешегі отарлау заманында мəдениеті мен экономикасы əлсіз, артта қалған елдерді жаулап алып, боданына айналдырған қуатты елдердің жүргізген отарлау саясатының астарына сəл үңіліп, зер салсақ, жетіп жатыр. Сонда отарлаушылардың қай-қайсысы да – мейлі ол ағылшындар ма, француздар ма, болмаса орыстар ма, – бəрібір, бəрінің бірдей, ең алдымен, отарлап алған елінің ұлттық дəстүрін өзгертуге, тарихи жадын өшіріп, ұлттық сананы жоюға мақсатты түрде кірісетіні бірден көзге түседі. Өйткені, олар, америкалық үндістердің белгілі көсемдерінің бірі Чарльз Минс айтқандай, ұлттық дəстүрінен айырылмаған елдің ұлттық намысының күшті, ұлттық мүддесінің ортақ болатынын, ондай елді басым қару күшімен құртып жіберуге болғанымен, құл қылып тұрақты ұстап тұра алмайтынын жақсы білген. Сондықтан да олар, ең алдымен, отарлаған елдерінің ұлттық дəстүрін жойып, оның орнына өз дəстүрлерін кіргізуге бар күштерін салған. Кешегі орыс патшалығы да, кеңес өкіметі де бізге солай істеді. Елімізді бөлшектеп, мемлекетсіздендіруге; тұтастығымыздан айырып, ұлтсыздандыруға; дəстүрімізді жойып, ұрпақты рухсыздандыруға; тарихи жадымызды өшіріп, мəңгүрттендіруге күш салды.

Бұл ретте, ұлттық дəстүрді бейнелі түрде айтсақ, сан бұтағын самсата өсіріп, жапырақ жайып, жайқала көркеюін қамтамасыз етіп тұрған сүйекті ағаштардың тереңге тартылған тамырына теңеуге

10

болады. Тамырынан айырылған ағаш, ол: терек пе, емен бе, қарағай ма, т.б. – бəрібір, өзіндік қасиетінен айырылып, діңі əлсіреп, бұтағы қурап, жапырағы желге ұшады. Ақыры құлап, кəдімгі қураған дөңбекке айналады. Дəстүрінен айырылған халық та солай. Ол: қазақ па, орыс па, жоқ, əлде басқа ма, бəрібір, ұлттық қасиетінен айы-рылады, тұтастығына жарықшақ түседі. Ұрпағы “жеңіл тулақ желге ұшадының” кебімен, ағымдағы саясат желінің өтіне төтеп бере алмай, соның ығына жығылып, қайда айдаса, сонда кетеді. Сөйтіп, дəстү-рінен айырылған ел елдігінен, халықтығынан айырылады, өзгеге тəуелді болып, соның айтқанына көніп, айдағанына жүретін болады.

Ал халықтық салт-дəстүрінен айырылмаған ел, бұған керісінше, тамыры қиылмаған өсімдік секілді, қанша езіліп жаншылса да, қолайлы жағдай туса болды, қайта көктеп, жетіліп кете береді. Мұның жарқын мысалы ретінде шығыстағы көршілеріміз қытай мен жапон халықтарын айтсақ та жеткілікті.

Өткен ғасырдың басында санының көптігіне қарамай, отарлаушы елдердің талауына түсіп, жері мен елі бөлшектеніп кеткен қытай халқы енді есін жинай бастағанда кешегі коммунистердің қолдан ұйымдастырған Мəдени төңкерістің (революцияның) дауылына ұшырағаны белгілі. Сондай есеңгіреп қалған қабырғалы елді қайта қатарға қосқан құдыретті күш – халықтың қалыптасқан байырғы төл дəстүріне оралуы еді. Елдіктің ежелгі тамырынан нəр алған халық аз жылда ес жиып, ауыртпалықтың бəрін артқа тастап, əлемнің ең мықты елдерімен терезе теңестірді. Кейбір саясаткерлер “ХХІ ғасыр – қытай ғасыры” дегенді айта бастады. Əрине, негізсіз емес!

Болмаса, екінші дүниежүзілік соғыс өртінен өлімші болып, құр сүлдері шыққан жапондарды алыңыз. Олар да бастарына қандай қиындық туса да, халықтық салт-дəстүрден айырылмай, соның арқасында ХХ ғасырдың екінші жартысының есігін “жапондық дəстүр, еуропалық білім” деген ортақ ұранмен ашты. Сөйтіп, олар өз діндерін, өздерінің ұлттық мəдениетін сақтай отырып, Батыс өркениетіне енді. Осының арқасында жапондықтар əр салада еуропалықтарды тез қуып жетті де, əлемдік өркениет төрінің қақ ортасынан ойып тұрып, орын алды. Ешкім “сен былай тұр” дей алмады. Қазір жапондықтарға өзгелер қызыға да қызғана қарайды. Өткен жылы Токиода өткен басқосуда əлемнің ең мықты сегіз елінің басшыларының жапондықтардың кимоносын киіп, балаша мəз болып, суретке түскенін көріп, дүниежүзі дəстүрге берік елдің киесін сезінгендей болғаны əлі есте.

11

Міне, ел болып өсіп, өркендейміз десек, бізге де көсегемізді көгертер күретамырымыз – халықтық дəстүрімізге адал болып, ХХІ ғасырдың есігінен “қазақы дəстүр, əлемдік білім” деген ұранмен аттап, өркениет төрінен тиесілі орнымызды еншілеуміз қажет. Даму қарқыны зымырандық жылдамдыққа ілескен қазіргі заманда бізге енді еуропалық біліммен бірге əлемдік білімге құлаш ұру қажет. Солай дегенімізбен, біз, өкінішке қарай, кешегі бірін-бірі жалғастырған патшалық, кеңестік отарлаушылардың екі жарым ғасырға созылған ойраны салдарынан бұзылған халықтық дəстүрімізді қалпына келтіруге əлі күнге мақсатты қадам жасай алмай отырмыз.

Дəстүр – ата-бабамыздың өзге жұрттардан кем қалмай, іргелі ел болсын деп бізге қалдырған асыл мұрасы, алтын қазынасы екенін ұғынатын кез жетті. Қазынасынан айырылғанның қайыршыға айналатыны да өмір дəлелдеген шындық.

Көне заман ақылгөйлерінің ірі өкілі атақты Пифагордың: “жақсы жасалған заңнан жақсы салт-дəстүр артық”, – деп тұжырым жасауы да; өз халқымыздың: “қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан (дəстүріңнен) айырылма” деп өсиет қалдыруы да; ұлы əулие Қожа-Ахмет Ясауидің көшпелілер өміріне исламды кіріктіруге олардың халықтық дəстүрін негіз етуі де тегінен-тегін болмаса керек. Шынында, ақыл таразысына салып, зерделеп байқасақ, біздің бүгінгі қызылкеңірдек болып: “ел болу үшін өйту керек, бүйту керек” деп, айқайласып жүргендегі көп керектің шешілер түйіні, түптеп келгенде, бұзылған халықтық дəстүрімізді қалпына келтіріп, оны қастерлеп, замана талабына сай жетілдіре алуымызға тікелей байланысты екенін сезіне алар едік. Сезінген сайын халықтық дəстүріміздің құнын біліп, қаншалықты қажеттілігін ұғынар едік. Ұғынсақ, халықтық қасиетіміздің қорғаны дəстүрімізді қалпына келтіруге жабыла кірісер едік.

Бірақ, өкінішке қарай, біз оның орнына, керісінше ұлттық дəстүрімізден бірте-бірте алшақтап, ажырап бара жатқан сияқтымыз. Ең жаманы – соны сезініп, “солай екен-ау” деп, оған мəн беріп жатқан да жоқпыз. Соған орай бүгінгі тірлігіміздегі көрініс беріп отырған келеңсіздіктердің пайда болуының басты себебі – халықтық дəстүрдің не екенін өзіміздің жете білмегендігімізден, соны өмір сүру заңдылығының негізіне айналдыра алмағанымыздан ба деп ойлаймын. Өйткені, қазір

12

ұлтымызға қатысты бір нəрсенің байыбына барып, бағамдау орнына, қит етсе аттанға айқай қосып, байбалам салуға бейімделіп барамыз. “Ойбай, құртып жатыр, құрып жатыр” деп бажылдаймыз, бірақ “неге олай болып жатыр” дегенге жауап іздеп бас ауыртпаймыз. Құрып жатқанмен, құртып жатқанмен қалай күресу керектігін білмейміз. Ал бұл – берекесіздікке бастар жаман əдет. Мысалға бəріміздің жанымызды ауыртып жүрген ана тіліміздің жағдайын алайықшы. “Ана тілі қуатынан айырылып, құрып бара жатыр” деп бажылдағанымызға жиырма жылға жуық уақыт болды. Əйтеуір еркіндіктің жылымығы сезілгеннен бері дуылдатып келеміз. Не тындырдық?

“Тіл туралы заң керек” деп шуладық, арнайы заң қабылданды.

“Қазақ тілі қоғамы құрылмай болмайды” дедік, ол да құрылды.

“Негізгі заңымызға “Ана тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылуы қажет” дедік, ол да жазылды.

Ана тілі мəселесіне арналған конференциялар өткізу керек дедік, оның да бірнешеуін дүрілдетіп өткізіп тастадық.

Алайда осыдан тіліміз оңалып, төрт аяғынан тік тұрып кете алды ма? Жоқ, кете алған жоқ.

Тіліміз сол баяғы босағадан сығалаған өгей баланың күйінде. Тілді дамыту орнына, тіл үшін күресіп жатқандардың бейнесін (образын) жасадық. Қабылданған қаулы қабылданған, жазылған заң жазылған күйінде қалды. Өткізілген шаралардың қағазға түскен қомақты мəліметі қалды. Өйткені, біз мəселенің неге бұлай болуының, яғни тіліміздің бұлайша тұралауының түпкі себебін ашқан жоқпыз. Бұл ретте біздің жасаған əрекеттеріміздің бəрі науқас адамның ауруының диагнозын дəл тауып қоймай тұрып, əйтеуір қиналып жатқан жанға қол ұшын беру керек қой деген ниетпен қолда бар дəрісін соның ауызына тықпалай бастаған емшінің тірлігіндей еді.

Шынында, ана тіліміздің бұлайша құлдырауының да басты себебі – сол баяғы отарлаушылардың мақсатты түрде тұрақты жүргізген ішкі-сыртқы саясатының күшімен ата-бабамыз қалыптастырған отбасы тəрбиесінің, яғни тəрбие дəстүрі мəдениетінің бұзылуынан болатын. Əр үйге өңмеңдей кірген жат дəстүр өз дəстүріңді сыртқа ысырып тастап, қазақты бір-бірімен

13

орысша сөйлеуге мəжбүр етті. Сөйтіп, ата-бабамыз сөйлеген аяулы ана тіліміз отбасында қолданылудан қалды. Əр қазақ өз үйінде əке-шешесімен, туған-туысымен, бала-шағасымен өзге тілде шүлдірлесті. Кейбірі соны кəдімгідей мəртебе санады. Егер халықтық дəстүріміз қалыптастырған отбасы тəрбиесі бұзылмай, əр қазақтың баласы бұрынғыдай өз ұясында өз тілінде ауызданып, өз əке-шешесімен, бауырларымен өзінің сол ауызданған ана тілінде сөйлессе, қазақ тілі бүгінгідей күйге ұшырар ма еді?! Ұшырамас еді. Ұшырамаған соң, қазақ тілі елімізде бүгінгідей халықтық проблемаға айналмас та еді ғой. Олай болса, бүгінгі дімкəс тіліміздің ауруын емдеуді де сол бұзылған отбасы дəстүрін қалпына келтіруден бастау қажет емес пе!

Бұл арада, əрине, тіл мəселесінің тағдырын тек отбасы тəрбиесімен ғана шешеміз деген жалаң ұғым тумаса керек. Мұнда мəселе бастау-бұлақтардың суынан құралып, арналы ұлы дариялар ағатынындай, қайнар көзі отбасы тəрбиесімен ашылып, бұлқына аққан бала-бұлақтың ана тілі дариясын тасытар құнарлылығында болып отыр. Сондықтан тіл тағдырын ойлаған, оған жаны ашыған əр адам айқай-сүрен салмай-ақ, ұрандатпай-ақ, өзінің отбасындағы бұзылған тəрбие дəстүрін қалпына келтіріп, үй іші болып, бір-бірімен ана тілінде сөйлессе, бүкіл адамгершілікті ұғымдар бала санасына сол тіл арқылы сіңірілсе, бұл мəселе біраз уақыттан кейін өз-өзінен шешіліп қалмас па еді. Мысалы, тіл мəселесін көтергенімізге жиырма жыл болыпты. Осы уақыт ішінде əр қайсысымыз өз отбасымызда бір-бірімізбен өз тілімізде шүйіркелесіп, сəбиіміздің ана тілінің уызымен ауыздануына мүмкіндік беріп, ұлттық танымның тұнығынан нəр алдырсақ, қазір қаншама бала қазақ тілінде сайрап, ұлттық дəстүрге сай тірлік жасап жүрген болар еді. Бірақ біз, өкінішке қарай, олай істеген жоқпыз ғой. Ендеше, неге даурығамыз, неге бұған əлдекімдерді кінəлап, əуре боламыз.

Соңғы кезде бейне сырттан біреу келіп жасап беретіндей-ақ, енді “тілдің дамуы үшін тілдік орта керек” дегенді айта бастадық. Рас, тіл тағдырына қатысты тілдік ортаның қалыптасуы басты шарт. Онсыз тілге кең өріс жоқ. Бірақ сол ортаны толықтыратын, оған ұйытқы болатын да осы өз ошағында ана тілінің уызына жарып, ұлттық ұғым-түсінікті бойына сіңірген ұрпақ, яғни жаңағы алды бұл күнде жиырмаға келген жастар емес

14

пе? Балаларымызды өзіміз тəрбиелеп, ана тілінде сөйлейтіндердің санын өзіміз көбейтпесек, қанша жерден ұрандатқанымызбен, ойдағыдай тілдік орта қалыптастыра алмаймыз. Баяғы даурыққан қалпымызбен, əлдекімдерді кінəлап, əлдекімдермен айтысып-тартысып əлі талай жиырма жылды өткізуіміз бек мүмкін. Оған басқаны былай қойғанда, ана тілімізге жанашыр болып, мінберлерден көсіле сөйлеп, көп көңілін өзіне аударып жүрген, таным-түсінігі дұрыс деген кейбір азаматтарымыздың əлі күнге өз отбасында баласымен, немересімен орысша шүлдірлесетіні де айғақ бола алады. Ал мұны мəселенің төркінін танып, түбегейлі шешім жасамаудың, айтуға бар да, жүзеге асыруға жоқтықтың қырсығы демеске не шара?! Өз ұясында өз ата-анасымен өзге тілде шүлдірлесіп өскен баланың сыртқа шыққанда қазақша көкірек ашып, күмбірлемесі анық. Қазіргі қазақ мектебінде оқитын балалардың сабақ аралық үзіліске шыққанда бір-бірімен қазақша шүйіркелеспей, орысша шүлдірлесетіні осының айғағы.

Тіліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз. Оған салғырт қарау – өзгені емес, өзімізді сыйламау, ұрпақ тағдырын ойламау. Тіл мəселесінің байыбына жетіп, түйінін шешу – біздің төл шаруамыз, атқарар ісіміздің киелісі. Біздің проблемамызды сырттан келіп біреу шешіп бермейді. Сондықтан даурықпа сөзді қойып, уақыт оздырмай жұмыла іске кірісу қажет жəне оны əркім өзінен, өзінің отбасынан бастағаны жөн.

Дəстүрді заң дедік, ал заң бұзған адамды қылмыскер деп есептейді. Олай болса, халықтық дəстүрге деген адалдығымызды танытып, ұрпақ алдында қылмыскер болмауды ойлағанымыз жөн болмақ бəрімізге!

Осы орайда қадай айта кетуді тілейтін бір жəйт – тіл мəселесін саясат ойынына айналдыруға жол бермеу қажеттігі. Істің тағдыры шешілер құзырлы орындарда мəселенің біліктілікпен талап етілмеуін орыстілділер өз мүдделеріне пайдаланып, “қазақ тілі” мен “мемлекеттік тіл” ұғымдарын саяси ойынның жаңылтпашына айналдырып келеді. Сондықтан да олар “қазақ тілі” мен “мемлекеттік тіл” деген ұғымдардың арасына əдейі жік қоймай, олардың мəні бір болғанымен, əлеуметтік статусы екі бөлек екенін ажыратпауға тырысады. Сөйтіп, олар тіліміздің Ата Заң берген құқығына толық ие болуына байланысты мəселе қаралғанда, сөз арнасын əдейі “мемлекеттік тіл” ұғымына

15

емес, “қазақ тілі” ұғымына аударады да, оған қарсы өз уəждерін айтып, шулап шыға келеді. Өйткені, “Қазақ тілі” – қазақтың тілі, оны білу-білмеу əркімнің өз шаруасы, мемлекеттік тұрғыдан оны біреуге біл деп міндеттеуге болмайды, ол – адам құқығына қол сұғу. Ал “мемлекеттік тіл” – сол мемлекеттің азаматы деп саналатындардың, ол қазақ па, орыс па, басқа ма – бəрібір, бəрінің ортақ тілі. Елдің Ата Заңы “мемлекеттік тіл” деп бекіткен тілді білу – сол мемлекетте тұратын, сол мемлекеттің мемлекеттік мекемесінде қызмет істейтін адамдар үшін заң, бəрінің ортақ міндеті, конституциялық құқығы. Мемлекеттік тілді білмеу – Ата Заңды мойындамаушылық, заң бұзушылық. Əлемнің барлық іргелі мемлекеттерінде солай. Біздің жиырма жылға созылған, нəтижесі жоқ, дау-дамайымыздың көп болуының бір себебі осы – мəселенің əу бастан басын ашып, талаптың біліктілікпен нақты қойылмауының салдары екенін де мойындап, тиісті қорытынды шығарғанымыз жөн. Ендігі жерде мəселе қазақ тілі жөнінде емес, тек мемлекеттік тіл жөнінде ғана болуы керек жəне оны білуді баршадан бірдей табанды түрде талап ету қажет. Бұған ешкім қарсы да бола алмайды, уəж де айта алмайды.

Құқықтар – мемлекетпен белгіленген жəне қорғалатын жүріс-тұрыс ережесі. Құқық дегеніміз – адам өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыруы деген сөз. Жалпы айтқанда адам құқығы табиғи жəне əлеуметтік тұрғыдан екіге бөлінеді. Табиғи құқық дегеніміз – адамның тіршілік етуінен туындайды. Оған мысалы, өмір сүру, өз еркінде болу, жеке басына қожайын болу жəне т.б. жатады. Ал, əлеуметтік құқық – мемлекеттік заң процесінде пайда болады. Мысалы, білім алу, еңбек ету, бай-қуатты өмір сүру, азаматтық алу, сот əділдігіне жүгіну жəне еркін жүріп-тұру мен мүліктерді иелену.

Дін – адамзат өміріндегі алла туралы қозқарастарына негізделген, діни-имандылық ережелері. Дін неге өзекті? Алдымен ол адамзаттың экзистенциалды болмысымен, руханилығымен байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда, дін қашанда өзекті. Екіншіден, жоғарыдағы Хантингтон айтпақшы, бүгінгі əлемде қалыптасқан ахуалда діннің саясатпен астасуымен байланысты. Көпшілік дінді тазалық пен нық сенімнің нəтижесінде адам жүрегінен орын алатын ілім ретінде қабылдағанымен, теріс пиғылды саясатшылар оны өзге мақсаттағы құралға айналдырып отыр. Үшіншіден,

16

тоталитаризм тұсында атеистік бағытта тəрбиеленген біз үшін діннің өзектілігі тəуелсіздік тұсындағы дүниетанымдық жəне рухани ізденістермен байланысты. Діни фанатизмнің соңы қашанда жақсылыққа апармайтынын талай тарихи айғақтармен дəлелдеуге болады. Ал біздің халқымыз ежелден ханифиттік мазхабтағы сунниттік бағытты ұстанады. Бұл бағыт жергілікті салт-дəстүрге деген төзімділік, жаңашылдыққа деген либералдық сипатты ұстанатыны белгілі. Сондықтан да болар, басқа аймақтармен салыстырғанда, біздің елімізде дінаралық рухани келісім салтанат құруда.

Қоғамдық ұйымдардың нормалары – сол ұйымдармен белгіленген жəне осы ұйымның жарғысымен анықталған, қоғамның əрекет ету шараларының көмегімен қорғалатын, жүріс-тұрыс ережесі.

Имандылық жəне мораль нормалары – бұл қоғамен белгіленетін рақымдылық жəне зұлымдық, əділеттік жəне əділетсіздік, парыз, намыс жəне ар-ождан туралы жүріс-тұрыс ережесі.

Имандылық нормалар нороммативтік сипаттағы құжаттарда болады. Оларға моральдық кодекстер, ант беру т.б. жатады. Мысалы 1979 ж. желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-ші сессиясында қабылданған құқықтық тəртіпті қолауға арналған лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрыс Кодексі моральдық-имандылык нормаларының біліне жатады.

Онда құқық қорғау орнагдырының қызметкерлеріне адам құқығын қорғап, қолдайтын, адамның ар-ожданын қорғап құрметтеуге міндеттейтін нормалар біріктірілген (ст. 2), өз қызметтерін атқару үшін, өз құзітері шеңберінде ғана күш қолдану (ст. 3), өз қызметін атқару кезінде конфеденциалды мəліметтерді құпия сақтау (ст. 4), ұсталған адамдардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету (ст. 6).

Қазіргі заманғы этика түсінігі – адам өмірінің негізгі жақтарының бірі ретінде танитын, моральды оқытатын философиялық ғылым.

Қазіргі заманғы мақалаларда этика түсінігі қоғам өмірінің моральдық құндылықтары, моральдың тарихи даму заңдылықтары туралы ғылым ретінде танылады.

17

Этикада екі түрлі мəселені қарастыруға болады: имандылық этика, моральдың маңызы жəне табиғаты туралы теориялық мəселелер – бұл адамның қандай қағидаларды ұстануы керек жəне қандай нормалармен басшылық ету міндеті жөнінде ілім. Этиканың мақсаты моральды оқыту, түсіндіруден тұрады.

Ғылым жүйесінде: − рақымдылық жəне зұлымдық мəселелерін оқытатын этикалық аксиология;

− парыз жəне міндет мəселелерін зерттейтін деонтология; − əлеуметтік жəне тарихи аспектіде қоғамның моральды оқытатын этика,

− мораль генеологиясын, − тарихи этиканы, − мораль əлеуметін, − кəсіптік этика.

Этика ғылым ретінде қоғамдағы мораль нормоққаалары мен қағидаларын жүйелейді, оқытады. Этика – моральдың пайда болуы мен даму заңдылықтары, оның қызметі жəне қоғам өмірінің моральдық құндылықтары туралы ғылым.

§ 2. Этиканың даму тарихы

Этиканың негізін қалаушы ежелгі грек философы Сократ

(469-399 б.э.). Адамзат тарихына танымал Платон (428-328 б.э.д.), Аристотель (384-322 б.э.д.), Сенека (4 б.э.д. – 65 б.э.), Марк Аврелий (121 – 180), Августин Блаженный (354 – 430), Б. Спиноза (1632 – 1677), И. Кант (1724 – 1804), А. Шопенгауэр (1788 – 1860), Ф. Ницше (1844 – 1900), А. Швейцер (1875 – 1965), Вл.С. Соловьёв (1853 – 1900), Н.А. Бердяев (1874 – 1948), Н.О. Лосский (1870 – 1965). Халықаралық маңыздылықты Ф.М. Достоевский мен Л.Н. Толстойдық имандылық идеялары ие болды.

Ежелгі Грецияда 2500 жыл бұрын адамдарды зұлым қылықтардын ұстандыратын имандылық сезімнің пайда болуының түсініктері туралы сұрақтар туындаған.

Этика (грек. ethika, ethos – əдеп, өнегелік мінез) – өнегелік, мораль туралы ілім [2, б. 114]. Этика өзіне нормативтік этиканы жəне мораль теориясын қамтиды. Біріншісі игілік, ізгілік, қастандық жəне т.б. туралы мəселелерді зерттейді, мінез-құлықтың моральдық

18

кодексін тудырады, неге ұмтылу керектігін, қандай мінез-құлықтың жақсы екендігін, өмірде қандай мəн бар екендігін көрсетеді. Этика бағыттары арқылы қылмысты болдырмауға жəне азайтуға үлкен мүмкіндіктер туады. Оның бір бағыты – дін болып есептелінеді. Себебі, мемлекет бар жерде дін болады, бірақ барлық діни ағымдар сол мемлекеттің дамуына, сол халықтың адами тəрбиесінде бірден дұрыс əсер ете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көптеген діни ағымдар, діни секталар жұмыс істеуде. Олар біздің жастарымызды қандай жолға бағыттайтыны белгісіз. Сондықтан жастардың қылмысқа бармау, құқық бұзбауының, адаспаудың негізгі бағыты ол діни сауаттылықта. Қазақстанның əрбір жас мүшесі діни жағынан сауатты болса, қылмысқа, құқық бұзуға бармайды. Ол үшін жастармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар мен заңгерлер өздері діни сауатты болуы шарт. Мысалы, дінге мысал ретінде «ислам» діні көрсетіледі. Себебі, қоғамда исламдық мораль нормалары мен мінез-құлықтың этикалық ережелері нормаларының қайта жандануы жəне мемлекет заңдарын сақтау рухани-өнегелілігі жоғары адамды қалыптастыруда оң нəтиже бере алады. Ислам өз көрінісін өнегелік жəне өнегесіздік туралы ұғымдар мен түсініктерден, моральдық нормалардың жиынтығынан табады. Құранда ол туралы нақты жазып көрсеткен. Ол, адамдардың рухани, өнегелік жəне сана-сезімдік мəселелерін дін ғана біржола шеше алады, ол адамға соншалықты қажет ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді баулиды, адамды қоғам мен мемлекеттің ешқашан толық жетілмейтіндігін ұғынуға жəне оның деңгейінен жоғары көтерілуге үйретеді. Ислам этикасының нормалары ұтымды ақыл-оймен жəне адам интеллектісімен сəйкес келеді. Егер «жоғарыда» ешнəрсе болмаса, бұл өмірде ойға келгеннің бəрін істей беруге болады деп санау адамның азғындауына алып келеді. Сондықтан да этикалық тəрбие мəселесі əруақытта мəңгілік əмбебап өнегелік негізге сүйену керек, содан ғана мəдениет, тəрбие, білім дəні өсіп шығады.

Этиканың даму тарихында ғылым ретінде этиканың сатыларын анықтауға болады:

• алғашқы этика • антикалық этика • ортағасырлық этика • жаға кезең этикасы • қазіргі заман этикасы.

19

Алғашқы этика Гомер поэмаларында алғашқы қауымның мүліктік мəселері

жөнінде айтылған. Бір жағынан Гомердің кейіпкерлері жоғары дəрежеде моральды болып келеді. Олар өздерінің тайпаларына жатады жəне өздерінің өмірлері үшін күреседі.

Гесиодтың поэмаларында моральдық маңыздылық бар. Гесиод негізгі құндылықтарға еңбек пен əділеттілікті жатқызады. Мораль нормаларының дамуын төмендегі жеті ғалымның сөздерінде орын алған. Ондағы моральдың талаптары жалпы маңызды, абсолютті талаптарға ие болды.: «Үлкедерді құрметте» (Хилон), «Өтіріктен қаш» (Клеобул), «Құдайға – тағзым, ата-анаға – ар-ождан» (Солон), «Салақтық – бұл кемшілік» (Фалес).

Антикалық этика Антикалық этикада екі негізгі бағытты белгілеуге болады:

• бірінші – имандылық талаптардың міндеттілігін жоққы шығарған софисты жəне аморалистер;

• екінші – Ежелгі Грецияның үлкен ойшылдары – Сократ, Платон (5 ғ. б.э.д.), Аристотель (4 ғ. б.э.д.), Эпикур (3 ғ. б.э.д.), этика негіздерін имандылық туралы ғылым деп қалаған.

Сократ (б.э.д. 469-399жж.), имандылықты негіздеу үшін адамның жоғарғы сана-сезіміне, жəне сана мен əр-түрлі сезімдерді сəйкестендірді. Адамдар арасындағы қатынастарының ақыл-ойларының дамуы.

Платон (б.э.д. 428-348жж.) имандылықтың маңызын, табиғат-та, көптеген зұлымдық пен əділетсіздікпен қатар əділеттілік пен рақымдылықтың идеялары бар деп санады. Платон адам күнделікті өмірімен қатар рақымдылықпен əділеттілікті іздейді деген қорытындыға келді.

Аристотель адам рақымдылығын 2-ге бөлді: − Этикалық, яғни мінезге, темпераментке жататындар. − Дианоэтикалық, яғни имандылықты саралауда үлкен көңіл

бөлген санаға қатысты. Аристотельдің бұл этикалық ілімді 3-ке бөлінеді:

− игілік туралы ілім; − рақымшылдар туралы жалпы ілім; − жеке рақымшылдар туралы ілім.

20

Аристотель рақымшылды белгілі «алтын орта» ретінде белгілейді. Үш рухани жағдай бар. Оның екеуі мықты. Ал үшіншісі шығын жіне жетіспеушілік күші. Мысалы, ерлік қорқыныштың ортасы.

Бірақ бұл арифметикалық орта емес. Рақымшыл ортада тұрғанымен, ол кез-келген уақытта төтеп бере алады. Мысалы, ерлік қорқынышқа емес, күштілкке жақын.

Əр əрекеттің өз ортасы бар. Егер əрекеттер тиісті орында, тиісті адамдарға уақытында жасалса, олар аяқталған болып саналады. Əділетті деп атау үшін əрекетпен белгілі бір рақымдылық сипатқа ие болу жеткіліксіз.

Ол үшін, бұл əрекеттер адам үшін кездейсоқтық па, əлде əдейі жасалған əретет пе, осыны анықтау қажет. Иманды əрекетті əрқашанда мейірімді адам жасайды.

Аристотельдің айтуы бойынша, адамды жеке бір əрекеттеінен оның рақымшыл екенін анықтауға болмайды.

Ол бақыт үшін белгілі бір сыртқы игіліктерге ие болуы керек (денсаулық, байлық). Аристотельдəң ойы бойынша адам жеке өз игіліктерін ғана қанағаттандыруға тырысқаннан, қоғамның игілігін ойлаған өте маңызды. Адам бойындағы имандылық – жай ғана құбылыс емес, ол адам табиғатында терең негізі.

Б.э.д. 3 ғасырда екі жаңа мектеп пайда болды – стоиктер жəне эпикурейцтер. Стоиктер өз табиғатына сай өмір сүру қажет деп оқытты, яғни өз сана-сезіміңмен, өз күшіңмен, сонда ғана адам көп бақытын табады.

Адам өз бақытын, байлықтан, рухани өмірінің дамуынан, қоғамнан, адамдардан таппайды, ішкі бостандыққа қол жеткізуінен табады.

Стоиктерге қарама-қайшы софистер адамның жəне басқа да тірі жанның негізгі мінез-құлқы лəззат алу, бақыт іздеуден тұрады (гедонизм).

Бақыт іздеу тəсілдерін, ол неге əкеліп соқтырады деген мəселені б.э.д. 3 ғасырда грек-рим өмір əлемінде сүрген Эпикур қарастырған. Оның эвдемонизм – бақыт іздеуге негізделген имандылық ілімінің арқасында, бақытты өмірге не апарады?

Эпикур бақытты өмірдің басы мен аяғын лəзат алу деп атайды. Онда ол барлық игіліктердің критерийлерін көреді. Лəззат алу дегенді ол қалай түсіндіреді? Эпикур, лəззат алуды ол тəн жəне жан лəззаты деп екіге бөледі. Жан лəззатын ол жоғары қояды, өйткені тəннің қиналуы мен жанның мазалануы деп сипаттайды.

21

Эпикур лəзат алуды 3 типке бөледі: − табиғи жəне қажетті (ақышпай, шөлдемеу, мұздамау); − табиғи, бірақ қажетті емес (жақсы тағам); − табиғи да емес, қажетті де емес (жақсы ойлар, марапатқа тырысу).

Эпикур этикасында өз тілегін шектеу - өміріне имандылық мағына беретін негіз. Эпикурдың ойы бойынша адам тəрбиесінің негізі, оны қанағаттандыру, өз пайдасын ғана ойламау, көп мақсатқа адам өзінің жəне басқалардың тырысуымен жетеді.

Этикалық ойлау негізін б.э.д. 4-3ғғ. Зенона саналған, одан кейін бұл ілімді Сенека (54ж. б.э.д. – 36ж.б.э.), Эпиктет жəне Марк Аврелий (б.э.1-2ғғ.) дамытқан. Олардың мақсаты – адамда рақымшылдықты дамытып, бақыт беру.

Олар, табиғаттың өз ережелері бар, яғни имандылық үлгілері табиғат өмірін басқаратын бүкілəлемдік заңдардан шығатынын анықтаған.

Табиғаттағы жəне адамдағы зұлымдық – ол мейірімділік сияқты табиғат өмірінің қорытындысы. Бүл ілілм адамға зұлымдықпен күресіп, мейірімділікті дамыта отырып бақытқа жетуіне көмектеседі.

Антикалық этика қоғаммен арақатынаста салмақты, рақымшыл адамның пішінін бекітеді.

Ортағасырлық этика Ортағасырлық этиканың маңызы оның діни болуынан. Оның тариха тарихы көп жылдар бойы христиандықпен

байланысты болған. Христиандықтың моральдық концепциясы бүкіл дүниені

жаратушы Құдай идеясына негізделген. Басқаның бəрі құдайдың арқасында жəне сол үшін пайда болған. Ең жоғары мақсат – Құдайға сену. Адам алғашында күнəлі. Күнəлілігін адам өзкүшімен жеңе алмайды, ол үшін Құдайдың тікелей жəне жанама көмегі керек.

Оқушылардың: "Кім құтқарыла алады?» деген сұрағына Иса «Адаммен мүмкін емес, құдаймен бəрі мүмкін» деп жауап береді. Христостың ең бірінші, жалғыз ғана этика туралы діни қағидасы – құдайға деген парыз.

22

Ортағасырлық этиканың ерекшеліктерін біз Августин Блаженный мен Фома Аквинскийдің мысалдарынан көреміз. Августин Блаженный, құдай – барлығының бастамасы, мақсаты, рахатшылық пен мейірімділіктіктің əкесі.

Зұлымдық – өзінің жеке болмысына негізделген, құдайдан бас тартқан адамдар мен періштелер. «Құдайға шаттан, бірақ оны пайдаланба, жердегі игіліктерді пайдалан, бірақ оған шаттанба» – Августиннің этикалық əдісі осындай.

Августиннің анықтауы бойынша барлық адамдар күнəлі. Бірақ құдай олардый кейбіреулерін өзінің мейірімділігін білдіреді. Соңғы сот күні құдай үкім шығарады, біреулерді мəңгі қинайды, тағы бірін шапағаттайды, тағы басқасын аспанға көтереді. Өз шешімін қабылдауда құдайдың негізделетін критериі – ол құдайдың құпиясы.

Фома Аквинский этиканың мазмұнына діндік нысан береді. Адамға жартылай орындалмаған рахатшылық (блаженство) тəн, бірақ ол да тұрақты болмайды, ауруларға басқада бақытсыздыққа əкеп соқтырады. Рахатшылық тек дүние салғаннан кейінгі өмірде ғана бар.

Фома Аквинский періштелер немен тамақтанатынын, адам етімен тамақтанатын адам жегіштердің тəні қайта тірілуі мүмкін бе, деген сұрақтарды талқылайды.

Қазіргі заманғы этика 20 ғасырдың мораль теориясының ішінде күштеу

этикасына назар аудару қажет. Əртүрлі мемлекеттік, ұлттық мəселелерді шешу дəстүрі əлі

күнге дейін күштеу жолы жалғасуда. Күштемеу этикасы – бұл дауларды шешудің басқа жолы.

Күш қолданбау идеясы Библияда қалыптасқан. Егер «кімде кім сені бір бетіңнен ұрса, сен басқа бетінен ұр». Библиялық парыздар əлі күнге дейін адам санасына түсініксіз жəне орындалмайтын сияқты көрінеді.

Л.Н. Толстойдың (1828-1910жж.) жұмыстарында күштемеу этикасы орын алды, күштеуге қарсы түру адамдардың қызғану, ызалану, билікті жақсы көру сияқты əрекеттерін ақтау. Оның ойынша христиан əлемінің адамдары өз жағдайларының құлдырауын сезінеді.

23

Л.Н. Толстой саяси ілімдердің қателігін табады: олар күштеу тəсілімен адамдарды өмірге ғана бағындырады. Зұлымдыққа зұлымдықпен жауап беретін адам, қайғыны көбейтеді, бірақ біреуді де, өзін де одан арылта алмайды.

Достастық негізінде Индияның бостандығына ие болуды армандайтын М.Ганди, күштемеу əдісін күштілердің қаруы деп білді. Махаббат пен қарқыныш – қарама-қайшы түсініктер. Махаббат заңы, біз оны қабылдасақ та, қабылдамасақ та əлі əрекет етуде. Ғалымдар табиғат заңдарын қолданып, адамдар махаббат заңын қолданады.

Күштемеу əдісі екі нысандағы күрес: ынтымақтастық қатынастарға түспеу жəне азаматтық бағынбаушылық. Бүкіл əлемде күштеуден бастарту идеясы даулар мен көптеген мəселелерді шешу қүралы болып табылады.

Альберт Швейцер – 20 ғасырдың философия концепцияларының негізін салушы, гуманист. Оның теориясының негізі – өмір алдындағы имандылық, өмір сүрушілердің қайғысын жеңілдету. А. Швейцердің ойынша өмір алдындағы имандылық табиғи жəне рухани құбылыстарға жатады.

А. Швейцер барлық өмір сүру нысандарының имандылық құндылықтарын теңестіре отырып, моральдық таңғау жасауды толығымен қолдайды: «Барлық тірі жандармен бірге бола тұрып, адам өз өмірін сақтау жағдайында болады, біраө басқа өмір есебінен.

Егер ол имандылық этикасын басшылыққа алса, ол өмірге ұауіп төндіреді жəне жоқ қылады. А. Швейцердің идеясы адамды эгоизмнен арылуға көмектеседі. Зұлымдықпен күресу қажет, бірақ зұлымыдық əдістерімен емес, кек алумен емес.

§ 3. Негізгі этика категорияларына мінездеме

Этика категориялары – моральдың негізгі элеметтерін айқындайтын, этикалық ілімнің негізгі ұғымдары.

Этикалыұ категориялар жүйесінің анықтамасына жалпытанымды, негізгі теориялың жəне тəжірибелік категорияларды атап көрсетуге болады: − мейірімділік пен зұлымдық, − игілік,

24

− əділеттілік, − парыз, − намыс, − жауапкершілік, − ар-ождан, − өмірдің мəні, − бахыт т.б.

Мейірімділік – имандылық талаптарын жауап беретін,

зұлымыдыққа қарсы тұратын этика категориясы. Зұлымдық – мейірімділікке қарама-қайшы, мораль

талаптарына қайша келетін этика категориясы. Мейірімді адам имандылық пен оның талатарын

мойындайды жəне нақты жақсылық ғана жасайды, мейірімділік танытады. Платонның ілімі бойынша мейірімді адам ерлік, əділеттілік қаситеттеріне ие.

Христиан дінінде ортағасыр кезеңінде негізгі үш мейірімділік белгілі болған: үміт, сенім жəне махабат (Құдайға сені, оның қайырымдылығына үміттені жəне оған деген махаббат).

Əділеттілік – адамжар арасындағы теңдікті айқындайтын жəне əрекеттер мейірімділік пен зұлымдықтың арасының, əлеуметтік жағдайының, құқықтары мен міндеттерінің сəйкес келу категориясы. Аристотель алғаш рет əділеттілікті: тең жəне пропорционалды деп екіге бөлді. Бұл аспктілер қазірде өз мəнін жоғалтқан емес.

Əділеттілікке əділетсіздік қарама-қайшы. Ол адамның құқықтары мен ар-ожданы төмендетілген жерде, адамдар арасындағы теңсіздік.

Заңгердің кəсіптік этикасында əділеттілік бірінші орында тұрады, иманды жəне қызметтік парыз. «Əділет» деген түсініктің өзі латын тілінен алынған (justitia) «əділет» дегенді білдіреді. Заңгер – əділеттіліктің өкілі.

Əділеттіліктің құқықтық талаптары Адам құқығының жалпы Декларациясында қамтылған. Декларацияның 10 бабаныда: «Əр адам қылмыстық айыптау кезінде өз құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін теңдік негізінде оның ісі ашық түрде əділеттілік талаптарын сақтай отырып қаралуын талап етуге құқығы бар». Азаматтық жəне саяси құқықтар жөнінде халықаралық пактінің 14 бабында, қылмыстық жəне азаматтық істерді жүргізу кезінде, əр айыпталушының процессуалдық кепілдіктерінің түрінде анықталады.

25

Сот шешім қабылдау кезінде барлығын салыстырып, саралап əділ шешім қабылдауы керек. Дұрыс шешім қабыл-дамауды əділіттілік деп тануға болмайды, сондықтан заңнамада белгілі мəн-жайларға байланысты шешімді таңдауға мүмкіндік беруі керек (мысалы, жазаны жеңілдету немесе жазадан босату).

Парыз – адамның қоғамға, басқа адамға деген қатынасын анықтайтын этика категориясы.

Парыз адамның имандылық талаптарына негізделген басқаларға қатысты имандылық мақсаты. Парыз əлеуметтік бола алмайды: патриоттық, əскери, дəрігердің парызы, соттың парызы, тергушінің парызы т.б. Жеке парыз: ата-аналық, балалық, отбасылық, достық т.б.

Намыс – адамның өзінен имандылық өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруды, имандылық талап ететін жүріс-тұрысының ішкі бағалауын жəне оның орындалуын сипаттайтын этика категориясы.

Намыс – адамның қоғам алдындағы, басқа адамдар алдын-дағы өзінің парызы мен жауапкершілігің субъективтік танымы.

Жауапкершілік – тұлғаның имандылық талаптарды орындауды, имандылық парызға деген мораль қызметінің сəйкестігін сипаттайтын этика категориясы.

Имандылық жауапкершілік туралы сұрақты қарастыра отырып мынадай факторларды ескерген жөн: адамның өзіне жазылған имандылық жауапкершілікті орындауға дайын ба; оларды дұрыс түсінді ме; сыртқы мəн-жайлар əсер ететін, өз əрекеттері үшін жауап беру керек пе; Жауапкершілік – өз əрекеттері үшін жауап беру қыжеттілігі жəне міндеттілігі.

Қадір-қасиет – адамның өзіне деген моральдық қатынасы жəне қоғамның, айналасындағылардың оған деген қатынасын сипаттайтын этика категориясы.

Қадір-қасиет – адамның өзінің алдындағы жауапкершілігі, тұлғаның өзін өзі мақұлдау, бекіну нысаны. Ар-ождан иманды іс-əрекеттер жасауды міндеттейді. Тұлғаның ар-ожданы деген түсінігі, барлық адамдардың моральдық қатынастағы теңдік қағидасына тоқталады, адамдардың теңқұқықтығына негізделген.

Намыс адамның өзіне деген моральдық қатынасы жəне қоғамның адамға деген қатынасы, адамның моральдың құндылықта-рының моральдық қатынасымен байланысы (офицердің намысы, ғалымның намысы, дəрігердің, кəсіпкердің). Честь адамны беделді қолдауға жəне ақтауға міндеттейді.

26

Бедел – адамның жүріс-тұрысына негізделген имандылық тəні туралы қоғамның, айналасындағылардың ой. Бедел адамның ұзақ уақыт қызметі кезінде белгілі бір əлеуметтік топтың жүріс-тұрысынана негізделе отырып қалыптасады.

Этическалық нормалр мен қағидалар құқықтың мазмұнын анықтайды, заңгердің нақты қызметін реттейтін заңнама актілеріне қатысады. Оның мағыздылығын білу заңгерге құқыты оқып түсігуге жəне тəжірибелік қызметте қолдануға қажетті.

27

II ТАРАУ

МОРАЛЬДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ

§ 1. Мораль түсінігі

Мораль (латын тілінен аударғанда «moralis» – мінез-құлық, «morеs»- имандылық) – адам мінез-құлығын нормативтік реттеулердің бір əдісі, қоғамдық сананың ерекше формасы жəне қоғамдық қарым-қатынастың жеке түрі болып табылады.

Мораль – адамдар арасындағы мінез-құлық қарым-қатынастарын анықтайтын осы қоғамдағы жақсылық пен жамандық, əділеттілік жəне əділетсіздік, лайықтылық пен лайықсыздық туралы (жайлы) түсініктерге сəйкес қабылданған принциптер мен нормалар жүйесі. Мораль талаптарын сақтау рухани əсер күшімен, қоғамдық ой-пікірмен, ішкі сенімділікпен, адамның ар-ұятымен (ар-ождан,намыс) қамтамасыз етіледі. Өмірдің барлық саласында адамдардың санасымен мінез-құлықтарын реттеу моральдың ерекшеліктері болып табылады (өндірістік қызмет, тұрмыс, жанұялылар, жекеаралық жəне басқа да қарым-қатынастар). Сонымен қатар мораль топаралық жəне мемлекетаралық қатынастарда да таралады.

Мораль – бұл адамдар мойындайтын əдептілік құндылықтардың жүйесі. Мораль – қоғамдық қатынастарды, адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқын реттеудің маңызды тəсілі. Əдептің маңызды категориялары – "жақсылық", "жамандық", "əділеттілік", "жауапкершілік", "міндет", "ар-ұят" жəне т.б. Мораль нормалары адамның өзін қалайша ұстау керектігі жайлы ортақ түсініктерде, қоғамдық ережелерде, қағидаларда өз көрінісін табады. Мораль əрқашан адамгершілік мұраттың, еліктеуге болатын үлгінің болуын көрсетеді. Олардың мəні мен мағынасы тарихи кезеңдер мен əлеуметтік кеңістікте өзгеріп отырады. Ол əртүрлі уақытта жəне əр халықта əрқалай көрінеді. Бірақ моральда барлығы адамгершілік нақты өмірмен сəйкес келе бермейді. Мұндай қайшылық қазіргі уақытта да белең алуда. Адамның əдептілігі ең алдымен амандасудан, сəлем беруден көрінеді. Амандасу – тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып кездескен таныс немес бейтаныс адамдардың бейтаныс дəстүрлі сөз, ишара немесе дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы.

28

Əрбір амалда адамның мінезқұлқы əртүрлі мағынаға (құқықтық, саяси, эстетикалық жəне т.б.) ие болуы мүмкін, бірақ оның имандылық тұстарын моральдық мазмұн біркелкі бағалайды.

Моральдағы жауапкершілік рухани мінез қылықтары (айыптаушылық пен мақұлдау амалдарына) бар адам сезінуге тиіс моральдық бағалау формасына енеді. Ондай баға жалпы принциптер мен нормаларға сəйкес болуы керек. Мораль адамзат болмысының шарттарына, адамның қажеттіліктеріне байланысты, бірақ қоғамдық жəне жекеленген саналық деңгейде анықталады. Адамдардың мінез-құлықтарын реттеулер басқа да формалармен қатар моральдық қоғамда, оның белгілі əлеуметтік заңға бағынатын жаппай біріккен қызметке айналған көптеген жеке адамдар қызметтерінің келісіміне жұмыс істейді.

§ 2. Моральдың функцияларымен құрылымы

Моральдың функциялары туралы ерекше сұрақтарды

зерттеу: − жүйелік, − тəрбиелік, − танымдылық, − императивті бағалық, − бағдарлық, − мотивациялық, − қатынастық, − болжамдық.

Заңгерлер үшін моральдың жүйелеу жəне тəрбиелеуші функциялары көрсетіледі. Мораль функциясында жүйелеу басты функция болып саналады. Басқа да адамдардың, қоғамның қызығушылық көзқарасында мораль адамның практикалық қызме-тін бағыттайды жəне түзейді. Сөйте тұра моральдың қоғамдық қатынастағы əсері жекеше мінезқұлық арқылы іске асады.

Моральдың тəрбиелеу функциясы адамның жеке басының қалыптасуында, сана-сезімінде қатысуынан тұрады. Мораль көзқарастардың мақсатқа жəне өмір маңыздылығының қалыптасуына, адам өз қадір-қасиетін, өзгеде адамдармен қоғам алдындағы борышын, құқыққа, жеке тұлғаларға, басқалардың қадір-қасиетіне құрметтің қажеттілігін сезінуге ықпал етеді. Бұл функцияны гуманистік ретінде мінездеу қабылданған.

29

Мораль қоғам санасының ерекше формасы ретінде, қоғамдық қатынастардың түрі ретінде, жəне қоғам əрекетіндегі мінезқұлық нормалары ретінде қаралады.

Өнегелі ақыл-ой моральдың кіршіксіз субъективті жағын көрсететін элементтерінің бірі болып табылады. Өнегелі ақыл-ой адамдарға олардың борыштары ретінде белгіленген мінезқұлықпен амалдарды бұйырады. Моральдық талаптардың сəйкестік көзқарасынан өнегелі ақыл-ой əртүрлі əлеуметті шындықтардың көріністеріне (амалдар, оның дəлелдері, мінезқұлықтары, өмір образы жəне т.б.) баға береді. Ол баға қуаттау мен айыптауда, мейірім мен кекетуде, сүйіспеншілікпен өшпенділікте көрсетіледі. Өнегелі ақыл-ой – қоғамдық сананың формасы жəне біржолы тұлғаның жеке санасының облысы. Өнегелілік сезіммен байланысты адамның өзін-өзі бағалауы бұл ар-ождан, көкіректілік, ұят, өкініш.

Өнегелі ақыл-ой – ол жақсылық пен жамандық, лайықты жəне лайықсыз мінезқұлықтар туралы көзқарастар, сенімдер, идеялар, ал адамгершілік – бұл əрекеттегі əлеуметті нормалық қоғамда амалдарды, адамдардың мінезқұлықтарын, олардың өзара қарым-қатынастарын реттейді.

Моральдық қатынастар өнегелі мінезі бар адамдардың өзара қызметтерінің процесінде пайда болады. Олар субъектілер арасында мазмұны, формасы, əлеуметтік байланыс əдістері арқылы ерекшеленеді. Олардың мазмұны адам кімге жəне қандай өнегелілік борыш өтейтініне (толықтай қоғамға, адамдарға, ұжымға, жанұя мүшелеріне жəне т.б.) байланысты анықталады.

Өнегелік қызметтің элементі – бұл, қаншалықты онда моральдық мақсаттар, себептер немесе бағыттар іске асуына байланысты амалдар. Амалға себептер, мүдде, мақсат, салдар жатады. Моральдық салдардың амалы – ол адамның өзін-өзі бағалауы жəне айналасы жағынан бағалау.

Адамгершілік маңызы бар адам қылықтарының жиынтығы мінезқұлық деп аталады. Адамның мінезқұлқы – өнегелік көрініс-тегі оның моральдық сапасының жалғыз объективті көрсеткіші.

Өнегелік қызмет бұл адам басшылық ететін ниет. Өнегелілік себептер: жақсылық жасау тілегі, борыштық сезімін іске асыру, белгілі бір идеалға жету жəне т.б.

Мораль құрылымында оның элементтерін айыра тану қабылданған.

30

Моральға мыналар жатады: − моральдық нормалар, − моральдық принциптер, − өнегелі идеалдар, − моральдық өлшемдер.

Моральдық нормалар – бұл қоғамдағы адам мінезқұлқын, оның басқа адамдарға, өзіне жəне қоғамға қарым-қатынасын реттейтін əлеуметтік нормалар. Оның орындалуы жұртшылықтың əділеттілік пен əділетсіздік, борыштау жəне айыптау ой-пікірлерінің күшімен қамтамасыз етіледі.

Моральдық норма ерікті орындауға есептелінген. Бірақ оны бұзу моральдық санкцияға ұшыратады. Олар болашақта осындай мінезқұлықтарды жасау нақты бір адамға қалай бағытталса, солай барлық қоршаған ортаға да байланысты салынған имандылық тыйымды білдіреді.

Моральдық нормаларды бұзушылық моральдық санкциялармен қатар басқа да санкция түрлеріне (тəртіптік немесе қоғамдық ұйымдарда қарастырылған нормалар) ықпал етуі мүмкін.

Моральдық нормалар негативті, тыйым салынған формалармен қатар позитивті формаларда да (əділетті бол, жақындарына көмек бер, үлкендерді құрметте жəне т.б.) айқындалуы мүмкін.

Моральдың қағидалары – имандылық талаптар мəнері формаларының бірі. Егер моральдық нормалар адамға нақты бір жүріс-тұрысты жасау, ситуацияларда өзін-өзі қалай ұстау керектігін бұйырса, моральдық принцип адамға жалпы қызметтердің бағытын береді.

Моральдық қағидалар санына мыналар кіреді: − гуманизм – адамның жоғары бағалауды мойындауы; − альтруизм – жақындарына адал қызмет ету; − мейірімділк – бірнəрсеге мұқтаж болған əрбір адамға көмек беруге дайын екендігін білдіретін рақымдылық жəне қайраткерлік махаббат;

− коллектившілдік – жалпы игілікке жəрдем беруге саналы ұмьтылыс.

Бұндай принциптер, мысалы: саналылық жəне оған қарама-қарсы формализм, фетишизм, фатализм, фанатизм, догматизм, сияқты нақты мінезқұлық мазмұнын анықтамайды, бірақ белгілі бір имандылықты сипаттайды.

31

Имандылық идеалдары – имандылық талаптары мүлдем жеке өнегелі образ түрінде көрсетілетін моральдық ақыл-ойдың түсінігі.

Имандылық идеал əр кезеңде əртүрлі түсінік берген. Егер Аристотель имандылық идеалды жекешелік деп білсе, ал И. Кант (1724-1804 жж.) имандылық идеалды біздің жүріс-тұрысымызға арналған басқарушы, біз өзімізбен салыстыра отырып, түзелетін, «біздің ішіміздегі құдіретті адам» ретінді сипаттаған.

Қоғам образы сияқты қауымның имандылық идеалы туралы да айтуға болады.

§ 3. Мораль жəне құқық

Мораль мен құқық арақатынасы мемлекет жəне құқық

теориясында қарастырылған. Мораль адамның жүріс-тұрыс, қызметінің реттелуінің негізгі санына кіреді. Ол адамдар қызметінің біркелкі жалпыəлеуметтік заңға бағынуын қамтамасыз етеді. Мораль бұл функцияны басқа да қоғамдық тəртіп формаларымен бірігіп атқарады.

Мораль мен құқық бірыңғай əлеуметтік қоғамдағы адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеу функциясын атқарады. Олар күрделі жүйенің ішіне кіретін қауымдық сананы, қауымдық қарым-қатынасты, қоғамдық маңызды қызметті, нормативті сфераларды ұсынады.

Қалыптылық – бұл да мораль мен құқықты біріктіретін қасиет. Олардың реттелуінің объектілері көп жағдайда түйіседі. Құқық моральға қайшы болмауы керек. Ол өз кезеңінде имандылық көзқарастың қалыптасуына жəне имандылық нормаларына ықпалын тигізеді.

Моральдық жəне құқықтық нормалар жалпыміндетті, бəріне бірдей сипатқа ие; олар жұртшылық қарым-қатынасының барлық жағын қамтиды. Көптеген құқықтық нормалар имандылық талаптарды бекітеді.

Мораль жəне құқық – ол адамзаттың рухани мəдениетінің құрылымдық бөлігі. Белгілі бір қоғамда мораль мен құқықтың біртүрлілігінен бұл əлеуметтік реттегіштердің арасында маңызды айырмашылықтар болады.

32

Құқық пен мораль айырмашылығы: 1) реттеу объектілері бойынша; 2) реттеу тəсілдері бойынша; 3) тиісті нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін құрал

(санкция сипаты) бойынша. Құқық тек қауымға маңызды мінезқұлықты реттейді. Ол,

мысалыға, адамның жеке өміріне қол сұқпауы керек. Ол осындай басып кірулерге қарсы кепіл жасауға бейімделген.

Қауымға маңызды мінезқұлықпен қатар жеке өмір, жекеаралық қарым-қатынастар да (достық, махаббат, өзара көмек жəне т.б.) моральдық реттеулердің объектісі болып табылады. Құқықтық реттеулердің əдісі – мемлекеттік билікке заңдық нормалардың мөлшерінде жəне негізінде қаланған шынайы құқықтық қатынас жасайтын құқықтық акт. Мораль субъект мінезқұлықтарын жұртшылық пікірімен, жалпы қабылдау салтымен, жекеше санамен реттейді.

Ақыры, заңды нормалардың сақталуы мемлекеттік арнайы құқықтық мадақтау немесе айыптауларды, сонымен қатар мемлекеттік мəжбүрлеуді, заңды санкцияларды қолданатын аппаратпен қамтамасыз етіледі. Моральда тек қана мынадай рухани санкциялар əрекет етеді: қоғамнан, ұжымнан, қоршаған ортадан, сонымен қатар адамның өзін-өзі бағалауынан, оның ар-ожданынан туындайтын моральдық мақұлдау немесе айыптау.

33

III ТАРАУ

ЗАҢГЕРДІҢ КƏСІПТІК ЭТИКАСЫ: ТҮСІНІГІ, ПƏНІ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

§ 1. Кəсіптік этиканың түсінігі жəне түрлері

Қазіргі қоғам көбіне арнайы білімдер мен дағдыларды

иемденген сарапшылардың, мамандардың қауымына айналып барады. Бұл қоғамның мамандануға беталысы тəуелсіздікті, этикалық мəселелердің көпшілігін туғызатын кəсіби топтардың дербестігін туғызады.

Солардың бірі кəсіби этикалық кодекстердің пайда болуымен байланысты. Ол кодекстер кей кездерде кəсіптің мүшелеріне универсалды этиканың талаптарымен, олар жұмыс істейтін мекеменің адалдық жəне мойын сұнатын принциптерімен барлық кездерде бірлесе бермейтін талаптар қояды.

Басқа бір мəселе кəсіптің қоғам алдындағы ерекше жауапкершілігінің пайда болуымен байланысты. Тіпті оларға орнатылған тəртіп ұнамаса да, заңгерлер адамдар арасындағы қарым-қатынастың тұрақтылығына жəне қауіпсіздігіне қамқорлық жасау керек.

Кодекстер кəсіби топ мүшелерінің қызметтері үшін басшылығын, нақты бір тыйымдарды анықтауды, процедураларды, идеалдарды көрсетеді жəне олар соқтығысатын негізгі этикалық мəселелерді ескереді. Біздің елімізде жетілдіру процесі жəне кəсіби этикалық кодекстерді қабылдау, сонымен қатар заңгерлік маманның этикасы жаңадан басталуда.

Кодекс белгілі бір қасиеттерге ие болуы қажет. Біріншіден, ол қалыптасқан ережені мінсіз ұстауы керек.

Мысалы, іс жүргізудің жұртшылықтың көзалдында беделін бұзатын этикалық емес əдістері.

Екіншіден, кодекс кəсіп мүшелерінің қызметін регламенттеуі керек. Кейбір кодекстер жай ғана идеал туралы мəлімдемені ғана ұсынады, сол мезгілде тəртіп, жазалаушы сияқты сипатқа ие болулары тиіс.

Үшіншіден, кодекс кəсіптің өз-өзіне қызмет ететін құралы болмай, клиенттер мен қоғамның қызығушылықтарын қорғауы керек.

34

Тағы да бір этикалық мəселе кəсіби топ мүшелері мамандандырылған білімдерге ие бола тұрып, халықтың есебінен оларды зұлымдық мақсаттарда сынап көруге қолдануымен байланысты. Бұл жерде кəсіби топ мүшелерінің қызметтеріне ішкі бақылау, жəне кəсіптің өзін-өзі басқаруды едəуір жақсы орындайтыны мен жұртшылық тұрмысының жақсаруына болысатынына қоғам сенімді болуы үшін сыртқы бақылау қажет.

Айтылған мəселелер мен əдістер жəне олардың шешімдері кəсіби этиканың стандарт, принцип, ереже мен норма түрлерінде де кəсіби топ мүшелерінің жүріс-тұрыстарын қадағалай бастайды. Ережелермен қатар кодекстерге жекеше алғанда заңгер этикасына қызмет көрсетудің қайнар көзі болып табылатын, олардың əртүрлі негіздемелері енгізіледі: − халықаралықты қоса, заңдар жəне басқа да нормативті

құқықтық актілер; − заң қауымдастығы қызметінің тəжірибесіндегі аргументтер

мен сипаттамалар; − қолданбалы этика кенінде туындаған жəне теориялық

(философиялық) этиканың жағдайлары мен қорытындыларын таныстыратын, қалыптастырылған, практикалық мəселелердің шешіміне көмек бере алатын аргументтер мен пікірлесу үлгілері.

Осылайша, этика ғылымдары саласының ішінен келе-келе кəсіптік этика ерекшеленеді. «Кəсіптік этика» термині əдетте этикалық теория саласын көрсету үшін емес, белгіленген маман адамдарының мінезқұлқының өзіндік имандылық кодексін көрсету үшін қолданылады.

Кəсіби этика кейбір корпоративті қызығушылықтар, кəсіби мəдениет сияқты мамандықтардың ерекшеліктерімен шартталған. Бірдей немесе ұқсас кəсіби функцияларды орындайтын адамдар, бірігіп өзіндік əдет-ғұрыптарды орындап, өзінің əлеуметтік тобының абыройын қолдайды.

Кəсіби этика бəрінен бұрын объектісі адам болып табылатын мамандық үшін маңызды. Белгілі бір мамандықтың өкілдері ылғи да басқа адамдармен олардың ішкі əлеміне, тағдырына, мінезқұлық қатынастарының ықпалына байланысты қарым-қатынаста болған жерде, осы мамандықтың, кəсіптің адамдарының өзіндік "имандылық кодекстері" бар.

35

Оған жарқын мысал ретінде, жігіттер мен қыздар Гиппократтың антын қабылдайтын, жəне өзінің барлық кəсіби қызметінде көпшілігі негізі ант сөздеріне кіргізілген, өз маманының этикалық нормаларын қасиетпен орындайтын, медициналық мамандықты алуға болады.

Дəрігерлік этика қиындықтарға, тіпті өзінің қауіпсіздігіне де қарамастан, дəрігерлік құпияны сақтап, қандай жағдай болса да, емделушінің өліміне себепші болмай, барлығын тек науқас үшін істеуді талап етеді. Оның нормасы – "қиянат жасама" дейтін теріс формада келтіріген.

Педагогикалық этика оқушының жеке басын құрметтеуді жəне оған тиісті талап қоюды, өзіндік ойына қолдау көрсетуді, қоғамның ұстазға деген моральдық сеніміне қамқорлық жасауды міндеттейді.

Офицер этикасы Отанына армансыз қызмет етуді, ерлік пен төзімділік көрсетуді, қол астындағыларға қамқорлық етуді, офицерлік абыройды қорғауды міндеттейді.

Құқық өкілдерінен кəсіби этика рухани жəне заң əріптеріне адалдығын, сатылмау жəне құқықтық мемлекеттің, оның ұйымының, топтар мен жеке тұлғалардың мүддесін сақтаудағы табандылығын, барлық заң тəжірибелерінде заң алдындағы əрбір азамат сияқты мемлекеттің де теңдігін қамтамасыздандыруын талап етеді.

Заңгердің кəсіби этикасы сондықтан да, мораль мен құқықтың реттеулік мүмкіндіктерін біріктіру күшімен, оның жете өңделуі талап болып табылатын, құқықтың басқа-басқа түрлерінде, процессуалдық нормалардың, полиция қызметтерінің, тергеу, прокуратура, адвокатура, сот жумысшыларының, еңбек түзеу мекемелердің қызметкерлерінің ережелерінде көрсетілетін жалпымо-ральдық маңызға ие. Көбіне заңгерлік этиканың жалпы принциптері деп, заң мен оның қолданылуы тек аспаптық бағасын ұсынған кездегі адамның өзіндік бағасын мойындауын айтуға болады.

Олай болса, кəсіби этика – бұл өзара қарым-қатынастарды имандылық мінезімен қамтамасыз ететін, кəсіби қызметпен түйіндес немесе шарттас, сонымен қатар ғылым саласында мораль көрінісінің ерекшелігін қызметтердің əртүрінде зерттейтін, белгілі бір əлеуметтік топтың мінезқұлық ережелерінің жиынтығы.

36

§ 2. Заңгердің кəсіптік-құқықтық мəдениеті

Құқықтық мəдениет – халықтың жалпы мəдениетінің бір бөлігі жəне оның даму деңгейінің, халық менталитетінің көрінісі.

Жеке тұлғаның құқықтық мəдениетінің болжамдары:

1. Құқықтық білімнің, заңдық ақпараттың болуы. Ақпараттану заңдық жетілген жеке тұлғасының ең негізгі каналы болған жəне болып қала береді. (интеллектуалды кесінді);

2. Жиналған ақпарат пен заң білімі құқықтық сендіруге,

құқықтық мінезқұлық əдетіне айналуы (сезімді-психологиялық кесінді);

3. Құқықтық білімдерге жəне сендірулерге басшы бола тұрып, заңды іс істейтін – заңға сəйкес: өз құқықтарын қолдану, міндеттерін орындау, тыйым салуларды сақтау, сонымен қатар өз құқығын қорғау əрекетіне дайын болу (мінез-құлықтық кесінді).

Жеке адамның құқықтық мəдениеті қоғам мүшесінің

құқықтық əлеуметтену деңгейін, олардың мемлекеттік жəне əлеуметтік өмірдегі құқықтық бастауларды, Конституциялар мен басқа да заңдарды игеру жəне қолдану дəрежесін, сипаттайды. Жеке адамның құқықтық мəдениеті тек заң білімімен түсінігін білдіріп қоймай, ол жайлы əлеуметтік бағалау сияқты құқықтық байымдаулар, ал бастысы – оның іске асуымен, заңды қатайуымен жəне құқықтық тəртіппен белсенді жұмыс істеу.

Басқаша айтқанда, жеке адамның құқықтық мəдениеті – əрекеттегі позитипті құқықтық ақыл-ой. Құқық негіздері тəжірибелерінде жеке адам өзінің қабілеттілігін жəне əлеуметтік сапасын өзгерту – оның негізгі құрылымдық бөлімі.

Құқықтық мəдениетті тасушыларға байланысты айырады: Қоғамның құқықтық мəдениеті – құқық аймағында жəне

осы қоғамдағы құқықтық шындықтарға қатысты: құқықтық ақыл-ой деңгейімен, заң жəне құқықтық тəртіп режимінде, заңдардың күйін, заңдық тəжірибелер жəне т.б. бағалау жүйесін көрсететін жалпы мəдениеттің бөлігі

37

Қоғамның мəдениеті – жеке адамның, ұжымдар мен құқықтың басқа да субъектілерінің бөлек əлеуметтік-құқықтық белсінділігінің нəтижесі. Ол жіберілген сəтте, белсенділіктің осындай түрі жəне де толық жеке тұлғаның құқықтық мəдениеті үшін негіз ретінде əрекет етеді.

Жеке адамның құқықтық мəдениеті – бұл қоғамның құқықтық мəдениетімен серттелген, жеке тұлғаның озық-құқықтық дамуын, оның заңдық қызметін қамтамасыз ететін деңгейі мен мінезі.

Жеке тұлғаның құқықтық мəдениетінің құрамы: 1. заң санасы мен құқықтық ойлау; 2. заңды мінезқұлық; 3. заңды мінезқұлық пен құқықтық ойлаудың нəтижелері.

Жеке тұлғаның құқықтық мəдениеті (жалпы жəне арнайы кəсіби): 1. қоғамның құқықтық мəдениетін игеру деңгейі жəне құндылық

көрінісіне; 2. кəсіби қызметтердің ерекшеліктеріне; 3. əр-бір адамның жекеше шығармашылығының қайталанбауына

байланысты қалыптасатын, заңды мінезқұлықтың мəдени стилінің өніміне себепші болады.

Заңды мінезқұлықтың мəдени стилі құқықтық мінезқұлықтағы принциптердің орындалу тұрақтылығымен, құқық нормаларымен белгіленген өмірлік мəселелерді (проблемаларды) шешу ерекшеліктерімен сипатталады.

Кəсіптік құқықтық мəдениет – арнайы білім мен тəжірибелі дайындықты талап ететін, заңдық кəсіби қызметтермен айналысатын, ортақ қасиеттерге ие, адамдардың мəдени формаларының бірі.

Еске сала кетсек, мысалы, полиция қызметкерлерінің кəсіби мəдениетінің деңгейі əр-түрлі. Айырмашылық қатардағы жауынгер мен басшылық құрамның, əр-түрлі полиция бөлімшесі офицерлері-нің: қылмыстық, қоғамдық қауіпсіздік, транспорттық, жол полиция-сының, арнайы полицияның құқықтық мəдениетінде байқалады.

Жол инспекциясы жұмысшыларының кəсіптік мəдениеті қылмыстық полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің кəсіптік мəдениетінен өзгеше. Ортақ заңдылық орынға ие: полиция қызметкерлерінің кəсіби мəдениетінің деңгейі, ереже сияқты, қаншалықты биік болса, соншалықты олар құқық сферасында іске асыратын қызметке жақын болады.

38

Кəсіптік құқықтық мəдениетте бастысы – құқықтың жоғары орны, мемлекеттің құқықтық өрісінде оның биіктілігі жəне осыған сəйкес келетін істің: заң кадрларын дайындау, қоғамдық жəне мемлекеттік өмірдің барлық сферасындағы заң қызметінің рөлі, сот жағдайы, адвокатуралар, прокуратуралар, нотариаттар, милициялар, ғылыми заң мекемелерінің дамығандығы, заңдық кəсіби қоғамдық ұжымдардың жұмыстарының тиімділігінің жағдайы.

Құқықтық мəдениет əлеуметтік құбылыс сияқты; қоғамның құқықтық мəдениеті оның мүшелерінің (жеке адамдар, топтар) құқықтық мəдениетінен тыс пайда болмайды; ол азаматтар мен олардың кəсіби топтарының мəдени құқықтық қызметтерінің шарты, формасы жəне нəтижесі болып табылатын, құқықтық мəдениеттің бұл үш түрі, шын өмірде бір-бірімен тығыз байланыста екенін ұмытпау керек.

Маман ретінде заңгердің мəдениеті қоғамның құқықтық мəдениетінен ажыратылмайды. Қоғамның құқықтық мəдени деңгейі заңгердің кəсіби мəдениетіне байланысты. Екінші жағынан, қоғамның жəне азаматтардың құқықтық мəдениетінің ахуалы заңгердің кəсіби деңгейіне байланысты.

Кəсіптік топтың құқықтық мəденитінің деңгейі оның əр-бір мүшесінің мəдениетінің даму дəрежесімен, жалпы білімнің деңгейімен, квалификация деңгейімен анықталады. Заңгер жұмыс орнында өзінің мамандығына сəйкес болуы жəне өз беделі мен заңгерлер қауымының беделін мықтауы керек.

Заңгерлік білім – құқық тарату саласында өзін жеке тұлға ретінде бекітуге арналған бірінші қадам. Заңгерлік білім жаттығушы заңгерге керекті сөз түсінігін жəне ұсталығы мен білімін, құқықтық жəне этикалық міндетін түсінуін, ел задарымен жəне халықаралық құқықпен мойындалған адамның құқығы жəне негізгі бостандығын қамтамасыз етуге тиіс.

Құқықтық мəдениеттің теориялық деңгейі мазмұн, жалпы алғанда мінезқұлық пен құқықтық құбылыстардың өзара əрекеті туралы ғылыми білімді, құқықтық реттеулердің механизмін, мемлекеттің тек жекеше бағытын ғана емес, оның құқықтық өрісін де көрсетеді.

Заңгердің құқықтық мəдениеті құқықтық нормалардың, заңдардың, олардың гуманистік, демократиялық жəне моральдық мазмұнының көзқарасымен құқықтық құбылыс қиын-қыстау шығармашылық ұғынуларынан тұрады.

39

Заңгердің мəдениетіне мемлекеттік тіл білімі, заңгер кəсіптік қызметін іске асыратын сол аймақтың этикалық мəдениеті мен ұлттық əдет-ғұрыптарының ерекшелігін білуі де кіреді.

Заңгердің кəсіптік мəдениетіне мыналар кіреді:

• заңдарды жəне заң ғылымдарының мүмкіндіктерін білу. Заңды білмейтін адам азаматтардың азаттығы мен құқығын қорғай алмайды;

• заңдардың қажеттілігімен əлеуметтік пайдалылығына жəне заң актілеріне, құқықтың азаттық пен əділдіктің өлшеуіші ретіндегі бағалылығына сенуі. Қоғам мен мемлекет надандықты, көкіректікті, құқықтық тəртіптерді, заңдылықтарды, азаматтар-дың бостандығы мен құқығын сақтауды жəне қорғауды мықтау сұрақтарына байланысты мансаптағы дилетанттарды төзе алмайды жəне төзбеуі де керек.

• Құқықтық құралдарды қолдана білу – күнделікті қызметтегі заңдар жəне басқа да құқықтық актіле, заңгерлік техника, заң ғылымдары мен тəжірибесі. Заң тəжірибесіндегі кəсіпқорлық пен əділеттік тек заңгер заңға қызмет етуші ретінде өзінің моральдық-құқықтық парызын адал орындаса, əрқашанда шеберлігін жоғарылатса, теориялық жəне практикалық юриспруденцияның соңғы жетістіктер деңгейінде тұрса ғана мақталады.

Тəжірибелі заңгердің құқықтық нигилизмін, оның кəсіпқойлығының төменділігін, өмірдің нақты ситуацияларын түсіне білмейтін, оларға дұрыс заңдық баға беру нəтижесінде пайда болатын заңсыз жəне жөнсіз шешімдерді жеңу мəселесі өңкей қажетті маңызға ие.

Əлбетте, кəсіпқой заңгердің мəдениеті басқа азаматтардың құқықтық мəдениетімен салыстырғанда əлдеқайда жоғары болуы керек.

Ойлау – шындықтың маңызды заңдық арақатынасының ортақталынған жəне жалпыланған сəулеленуі. Заңдардың құбылысын тану үшін, арақатынастарды əшкерелеу жəне зат арасындағы қатынастарда ойлау қызметі қажет, əйтпесе байланыстар қоршаған əлемде адамның сезім мүшелерімен таныла алмайды. Адамның қызметі ойлаудың арқасында парасатты. Ойлау тікелей сезімдік шағылысу жолымен рұқсат етілмейтін сұрақтарға жауап береді. Бұрын алынған жинақтауларды өзгертілген ситуацияларда қолданатынына, ойлаудың арқасында адам қоршаған əлемде бағытталады.

40

Заңгердің кəсіптік ойлауы шындықтың нақты кəсіптік-құқықтық ситуацияларындағы жинақталған бағыт, немесе керісінше – кəсіпқорлық тағайындауды орнатудың арқасында пайда болған, ақпаратты-құқықтық қанық жүйесі болып табылады.

Заңгердің кəсіптік ойлауында оның мақсатқа деген қызметінің шарттық қатынасы тағайындалады, заңгерлік білімді бір ситуациядан екінші ситуацияға тасымалдау жүзеге асырылады. Соттың, адвокаттың, тергеушінің ойлауы – бұл тəжірибелі ойлау, ол əр кезеңде белгілі тəжірибелі көріністермен байланысты. Теоретик-заңгердің (ғалымның) ақыл-ой қызметі тəжірибеден абстракцияға, теорияға өту жолында, ал заңгер-практиктің – абстракциядан тірі шындыққа өту жолында іске асады.

Оқиғаның орнын қарау арқылы, тергеуші болған оқығаның ізін табады. Маңызды, шарасыз қайталана беретін оқиғалардың арасындағы өзара байланыстарды орнату арқылы тергеуші, логикалық ойлау жолымен оқиғаның жүріс мүмкіндігінің бүтіндей картинасын қайта құрады. Бұл қайта құру

Заңгердің кəсіптік ойлауының мəні құраушылар арқылы айтылуы мүмкін:

Ойлаудың формалары: Байымдау – заттардың байланысы жəне олардың белгілері

немесе заттардың арасындағы қатынастары айқындалатын ойлаудың нысаны. Заңгердің байымдауы қалыптылық, дəлдік, қалыптылық жəне қорытынды. Байымбау бұрын тексерілген дəлелдермен, заңдылықтармен, ой тұжырымы жүйесімен арнайы орнығады.

Ой тұжырымы – басқа байымдаулардың жаңа байымдау қорытындысы, бұл бар білімнен жаңа білім алу. Заңгердің ой қорытындысы заңмен белгіленген мөлшердің рамкасынан шығып кетпеуі керек.

Түсінік – заттардың немесе көріністердің біртекті топтарының маңызды қасиеттерінде айқындалатын ойлаудың бір түрі. Біз түсінікті қабылдай отырып: Бұл не? – деген сұраққа жауап береміз. Түсінік арқылы осы немесе басқа құбылысқа (ұрлық, өтірік, өмірге қастандық жəне т.б.) квалификация бере отырып, заңдағы бекітілген түсінікке бағытталып, заңгер-практик шығармашылық ойлау қызметіне қорытынды жасайды.

Сонымен, заңгердің ойлауында құқықтық көріністердің арасындағы объективті қасиеттер мен өзара байланыстар қалыптасады, байымдаудың, ой тұжырымының жəне ұғым формасында айтылатын олардың жалпы маңызды ерекшеліктері.

41

Құқықтық ойлаудың динамикасы (процесс) келесі сатылар арқылы таныстырылады: 1. ойлаудың белгілі объектісімен байланысты мəн-жайды

айқындау, құру жəне тұжырымдау, оның іс жүзіндегі жəне құқықтық мінездемесін алу, міндетті тұжырымдау;

2. салдар жəне əрекеттегі шек қоюдың есебінен құқықтық тəсілдер мен есептерді шешу жолдарын қолдану мүмкіндігінің анализі;

3. шешімнің тиімділік түрін таңдау, мүмкін тұжырым мен негативті салдарды белгілеу.

Загердің кəсіптік ойлауы қоғамдық жəне мемлекеттік мəселелерді заңгерлік тəсілдердің жəне амалдардың, қызметтің жəне операцияның, шығарылған шешіммен жəне оның таратылуының актісінің, құқықтық форманың нақты қоғамдық қарым-қатынастары мен жағдайларына келтіруінің көмегі арқылы орындаумен байланысты.

Заңгердің кəсіптік ойлауының мазмұны орнатуларды мыналарда құрастырады: − тəртіпке жəне заңғабағынушылыққа бейім, заң əріптестерінің

жəне рухының қасиетіне сенімін қарастыратын, жоғары нормативті (мөлшерлі) мəдениет;

− қоршаған адамдардың жүріс-тұрысын сынмен бағалау жəне өзіндік іс-əрекетіне өзара сындық қатынасының шеберлігімен көрінетін, əділдікке қайшы сана-сезім;

− өзінің қызметінің қысаң ортасында ғана емес, онымен сыбайлас аймақтарда да жедел ақпараттыққа қанығулық, жалпы жəне арнайы кəсіптік интеллект. Сонымен, сот қарастырыл жатқан істің болмысын білмеуі, оның əр-түрлі детальдары туралы ақпаратты елемеуі немесе қажетті деректерді іздестіру ұзақтығына сену мүмкін емес;

− адам құқығының артықшылығы, жазықсыздық презумпциясы принципін сақтаудағы жеке тұлғаға құрмет, əділ жəне адал адамды қолайлы режиммен қамтамасыз ету жəне құқық бұзушының жазасын тартпауын шығару.

Тергеушінің, прокурордың жəне басқа да заңгер-практиктердің ойлауы, сот тəртібінде оның кінəсі дəлелденгенше əр-бір тергелушінің адамгершілік (жазықсыздық) презумпциясы принципіне негізделуі керек.

42

Өкінішке орай, сотта сотталушының құқығын қорғауды іске асыруда шектелулер орын алады, олардың кəсіптік қызметтеріндегі басты қағидасы ретінде адам құқығының артықшылық қағидасын соттардың жеткіліксіз ойлауларының көрсеткіші болып табылады.

§ 3.Заңгердің кəсібі, мамандығы жəне квалификациясы

Мамандық – əлеуметтік қызмет саласындағы белгілі бір

жұмысты орындау үшін қажетті білім мен ептілікті талап ететін кəсіптік-еңбек қызметінің кең аймағы.

Заңгердің мамандығы мыналарды түсіну арқылы ашылады: 1. белгілі бір шындық ретінде алынған қызмет; 2. қызметтің сапасы ретіндегі кəсіпқорлық; 3. заңгерлік мінез экономикалық, басқарушылық жəне т.б.

қарағанда қызметтің ерекше саласы. Заңгердің мамандығы – əлеуметтік қызметтің құқықтық

саласындағы белгілі бір жұмысты орындау үшін қажетті құқықтық білім мен ептілікті талап ететін еңбек қызметінің кең аймағы. Ол айтылған сфера қызметінің өзіндік шартымен анықталады жəне осы саладағы заң қызметкерінің жоғары құқықтық мəдениетінде көрсетіледі.

Заңгер мамандығының жалпы сипаттары: 1. Заңгер азаматтық қоғамға жəне мемлекетке қызмет етеді: оның

қызметі бəрінен бұрын қауымдық жəне мемлекеттік мінезге ие. 2. Қоғамда заңгер ереже бойынша əлеуметтік ауытқулармен,

“аурулармен” жұмыс істейді. 3. Заңгер лауазымды тұлғаның ресми мəртебесін пайдаланады:

қызметімен айналысқанда ол өзінің кəсіптік парызына адал болуына жиі ант береді.

4. Заңгер өз еңбегімен материалдық жəне рухани байлықтың пайда болуына тікелей қатыспайды: ол басқару бастамасынан тұратын белгілі билік өкілдігін иеленеді. Солай, прокурордың, тергеушінің, соттың, оперативті милиция қызметкерінің жəне т.б. ерекше билік өкілеттілігінің нақтылығын болжайтын – билікте құқық жəне міндетті заң атынан іске асыру.

43

5. Заңгер автономды əрекет етеді: оның жұмысы толықтай өзі қызмет ететін мекеменің, ұжымның қызметіне сəйкес келмейді.

6. Заңгер шығармашылық əрекетке шақырылған: ол қашанда ақиқатты іздеу үстінде жүреді, ол нақты бір тұлғаның нақты ісін немесе оқиғаны шешетіндіктен онда өлшеуіш жоқ.

7. Заңгер – заңға қызмет етуші: өз қызметінде əрқашан заң рамкаларымен шектелген.

Кəсіпқорлық – ол өзінің мамандығын жақсы игеру. Кəсіпқорлықтың қасиеті заңгер жұмысының ерекшелігін байқатады, оны құқықтық ақыл-ойдан, құқықтың барлық субъектілерінің құқықтық мəдениетінен (заңгер еместерді) шектейді.

Кəсіби əрекет жасау мыналарды білдіреді:

1. қызметті орнатылған тəртіптегі жетілдірілген жəне бекітілген ереже бойынша іске асыру;

2. қызмет процесіне жəне оның нəтижесіне ұсынылатын нормативті-құқықтық, психологиялық, саясаттық, этикалық жəне эстетикалық мінез-құлықтардың талаптарын сақтау, моральдік-құқықтық парызға оның орындалуына басшылық ету;

3. мемлекеттік орындарға жəне (немесе) мамандардың бірігуіне сəйкес келетін қызметтердің бақылауында болу;

4. білікті еңбегі үшін төленетін тиісті төлем ақыны алу; 5. жұмыстың орындалуына кепілдік беру – қойылған мақсаттар

немесе мұқтаждарға сəйкес тиісті деңгейдегі қызметтердің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Мамандық, ережеге сəйкес, өзіне бірнеше кəсіптерді қоса

алады. Мысалы, "оқытушы" мамандығына – математика, химия, биолигия, тарих, құқықтану негіздері жəне т.б. оқытушылары (мұғалімі) кіреді. Ғылымның жəне техниканың дамуы, ел өмірінің экономикалық жəне саясаттық салада өзгеруі, мамандық пен кəсіп иелерінің құрып кетуі жəне жаңалардың пайда болуын шақырады. Мемлекеттік реестрде ылғида жаңарып немесе өзгеріп тұратын мыңдаған мамандық пен кəсіптер саналады.

Кəсіп – бұл өкілеттілікпен дəл көрсетілген, кəсіби-құқықтық ойлау жəне мінез-құлықтың (қызметтің) қажетті деңгейінің нақты құқықтық білімін жəне дағдылығын талап ететін кəсіби-еңбек

44

қызметінің қысаң саласы. Заңгер мамандығында тергеуші (қылмыстық іздестіру тергеушісі, прокуратуралар), прокурор (прокурордың кқмекшісі), адвокат, нотариус, соттардың (сарапшы соттың төрешісі) жəне т.б. кəсіптері бар.

Заңгерлік кадрлар, заңгерлік тəжірибе саласындағы мамандар, құқықтық мəдениет жəне квалификация деңгейіне сəйкес лауазымға ие.

Квалификация арнайы құқықтық білім, практикалық дағдылар деңгейіне тəуелді жəне орындалатын нақты жұмыс түрінің күрделілік деңгейін бейнелейді. Жеке кəсіптер үшін кəсіби жарамдылық маңызды орын алады: мамандықты таңдаған адамның физикалық жəне психикалық қасиеттерінің, қабілеттіліктерінің сəйкестілігі.

Заңгерлер, ережеге сəйкес, түрлі дайындықтарға ие. Олардың əрқайсысы қоғамның ықыласымен қатар өзінің жеке басы ықыласыныңда ізіне түседі. Олар барлығы бірге қоғам өмірінің сапасына жəне оның құқықтық мəдениетіне ықпал ететін кəсіби қызметті іске асырады, сондықтан да олар өзіндік қасиеттерді жадында ұстауы қажет: − кəсіби-іскерлер: заңдардың үлкен құрметі, жұмысқа

жарамдылық, адамдардың тағдырына жауапкершілік, өз мамандығына деген сүйіспеншілік, өз қызметін өзара сынмен бағалай алу, жұмыста тəртіптілік пен ұқыптылық;

− моральдық-этикалық: моральдық тұрақтылық, мықтылық, этикалық жоғары көзқарастар, ар-ождан, бір беткейлік, атқарып жатқан іске жауапкершілік, өзіне жауапкершілікті алу қабілеті, адамгершілік, заң бұзушыларға төзімсіздік;

− сезімдік-қайраттылар: қиын жағдайларда төзімділік таныта білу, ақылды, құрметті, ұстамдылық,байсалды;

− ұйымдасқан: өзінің жеке тиімді жұмысын, сонымен қатар əріптестерінің жəне барлық ұжымдастардың жұмыстарын ұйымдастыра білу.

Құзіреттілік – заңгердің кəсіби шеберлігінің көрсеткіші

ретінде. Құзіреттілік – қандайда бір аймақтан хабардар болу.

Заңгер-маманның кəсіби шеберлігінің көрсеткішіне оның өзі жұмыс істейтін тəжірибе аймағында құзілетті қызмет ету.

45

Құзіреттілік – бұл, алған білімінің, əдеттерінің, тəжірибе-сінің, ақпараттық қанығулар жəне т.б. кəсіби қызметтің нақты саласындағы қасиеттерінің деңгейін көрсететін маманның интел-лектуалдық, психологиялық, имандылық жəне іскерлік ахуалы.

Құзіреттілік құрылымы – оның жақтары (элементтері): Гносеологиялық – кəсіптік міндеттің орындалуы, олардың

үнемі жаңаруы, жетілуі үшін қажетті, анықталған білімнің барын болжайды. Заңгер, өзінің кəсіптік қызметінің саласына жататын, үнемі өзінің қызметін байыту үшін, отандық жəне шетелдік ғылым мен тəжірибенің ең жаңа жетістіктерін қадағалап тұруы керек;

Мөлшерлік (Нормативті) – заңмен немесе мекеменің жарғысымен орнатылған, заңгер-маманның өкілеттілік аумағын немесе лауазымдық тұлғасын білдіреді;

Функционалдық – заңгердің қабілеттілігінде əрекеттену, өзінің кəсіптік борышын жеке, ұжымдық, аймақтық құқықтық тəжірибе негізінде орындау.

Заңгердің жеке тəжірибесі – құқықтық білімнің жəне практикалық меңгерілген нақты заңгерлік қабылдаулардың, дағдылардың, икемділіктің, жетістіктердің жиынтығы.

Кəсіпқор-заңгерлердің ұжымдық тəжірибесі – нақты ұжым-ның құқықтық қызметіндегі позитивті нəтижелердің жетістік жүйесі.

Аймақтық тəжірибе – анықталған аймаққа жиналған: қала, шағынаудан, кент, ауыл сияқты құқықтық қызметтегі позитивті (жеке жəне ұжымдық) нəтижелердің қосындысы.

Жекеленген – заңгердің өзіне лайықтыны сезінуді, өзінің кəсіптік қабілетінің бағасын, өзара сындық, өзінің кəсіптік сапасындағы оның негативті жақтарын меңгеру мақсатымен өзін өзі байқау қабілетін өзіне кіргізеді.

Құзіреттілік негізінде заңгердің иеленген лауазымы немесе қызмет профилінің сəйкестілігі туралы қорытындылар жасалады. Қызмет саласына жəне нақты мəселелерге байланысты болғандықтан құзіреттілік шекаралары өзгеруі мүмкін.

Құзіреттілік аумағы бойынша мыналарға бөлінеді: Арнайы құзіреттілік қызметтің қысаң саласында

меңгерген білімінің, дағдысының, тəжірибесінің, ақпараттық қанығуының жəне басқа да қасиеттерінің деңгейін көрсететін, маманның интеллектуалдық, психологиялық, моральдық жəне іскерлік ахуалының жүйесін білдіреді.

46

Жалпы құзіреттілік – қызметтің жазық саласында меңгерген білімінің, дағдысының, тəжірибесінің, ақпараттық қанығуының жəне басқа да қасиеттерінің деңгейін көрсететін, маманның интеллектуалдық, психологиялық, моральдық жəне іскерлік ахуалының жүйесін білдіреді.

Мамандық қандай қысаң болса да заңгер жалпы сəйкес құзіреттілік ие болуы керек. Юриспруденция теориясының жəне практикасының жазық танымының арқасында, маман, заңгерлер қоғамдастығында тез тіл табысады, басқа мамандандырудағы əріптестерімен тиімді еңбектеседі. Заңгердің жалпы құзіреттілік – оның кəсіптік мəдениетінің көрсеткіші.

§ 4. Заң қызметіндегі имандылық мəселелердің ерекшеліктері

Заңгер этикасы кəсіптік қызметтің имандылық жəне

əлеуметтік жағдайларының ерекшелігіне негізделген Имандылық талаптардың қажеттілігі заңгер, дəрігер, педагогика, журналистика, ғылыми қызметтерде айқындалады. Сот, прокурор, тергеуші қызметтерінің ерекшеліктері əр-түлрі жəне адамдардың құқықтары мен міндеттеріне тиісіті болады.

Сот, прокурор, тергеуші мемлекеттік қызметтегі тұлғалар болғандықтан, олар мемлекет өкілдері болып табылады. Қз уəкілеттіліктерімен олар қоғам, мемелекет жəне азаматтардың мүдделерін қорғайды.

Прокурор заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді жəне мемлекеттік айыптауды қолдайды.

Сот, прокурор, тергеушінің əрекеттері мен шешімдері азамматрдығ құқықтары мен міндеттеріне байланысты. Сондықтан олар мораль нормалары мен қағидаларына сəйкес келуі жəне заңға сəйкес болуы керек.

Заңгердің кəсіптік этикасына оның кəсіптік қызметін реттейтін құқықтық жəне моральдық нормаларының арасында тығыз байланыс болуы қажет. Əділеттіліктің имандылық жəне құқықтық талаптарын орындай отырып заңгер заңғы сүйенеді.

Сот, прокурор, тергеушінің қабылдаған шешімдері заңға сəйкес келсе, ол имандыл нормаларны да сəйкес келеді.

Заңгердің кəсіптік этикасы құқықтық жəне моральдық нормаларының арақатынасы негізінде қалыптасады.

47

Заң қызметіндегі моральдық мəселе болып мақсат пен оған жету құралдарының арақатынасы туралы мəселе табылады.

Құқық қорғау органдары үшін бұл мəселенің шешімі ғылыми ғана емес тəжірибелік те маңызға ие жəне имандылық мақсатты көздейді.

Мақсат пен амал арақатынасы жөнінде этикалық ойдың тарихы екі альтернативтік жауапты анықтады: макиавелизм концепциясы жəне абстрактілік гуманизм.

Бірінші концепцияда «мақсат пен амалдарды ақтайды», Ол қағида ретінде танымал. Яғни амалдар мақсатқа тəуелді.

Екінші концепция қарама-қайшы ешқандай мақсат құралдарды ұстанбайды, ақтамайды. Амалдар мақсатқа тəуелді емес.

Имандылық амалдар имандылық мақсатты белгілейді, ал имансыз амалдар имансыз мақсатты анықтайды.

Құқық қорғау органдарының қызметі мəселелерді ғылы ми тұрғыдан шешеуді талап етеді. Мақсат пен амалдың объективті байланыста болатын тұрғыдан алған жөн.

Адамдардың таңдайтын амалдары мақсатқа негізделген. Бірақ амалдардың мақсатқа əсер етуінен амалдар имандылық мақсатқа нұсқан келтіруі мүмкін. Мақсат пен амалдың сəйкес келуі, жүріс-тұрыс немесе əрекет дегенді білдіреді.

Егер сот қарақшылық үшін абақтыда жазасын өтеу жөнінде жаза тағайындаса – бұл əділетті жаза, мұнда амал мен мақсат сəйкес келеді, дəлірек айтсақ абақтыда жазасын өтеу – бұл жазаның түрі, ал мақсат – қылмыстықпен күресу жəне имандылық бағаға ие болып табылады. Жəне керісінше тиісті емес жерден жолдан өткені үшін бас бостандығынан айыру имансыз жаза деп есептелінеді, өйткені бұл жерде мақскат пен құралдың сəйкестік қағидасы бұзылады.

Жүріс-тұрыс немесе əрекеттің оң жəне теріс құндылқтарын анықтау үшін мынадай критерий белгіленуі мүмкін: төменгі мате-риалды, иманды шығындар əелетін əрекет иманды болып саналады.

Құқық қорғау органдарының қызметінде иманды мақсатқа жету үшін құқық пен бостандыққа нұсқан келтіретін құралдарды қолданатын жағдайлар да болады. Егер моральдық шығындар пайдаланған құралдандан мақсаттың имандылық құндылығынан асып түссе, онда міндетті түрде мақсатқа қол жетикізуден бас тарту қажет. Егер қажеті қорғану кезіндегі əрекеттер қажетті деп бағаланса, онда ол жаза қылмыстық ірекет ретінде сараланады.

48

Мораль жағынан алып қарасақ қоғамның, жеке тұлғаның, əлеуметтік топтың мұдделерін ескеру қажет. Құқық қорғау органдарының қызметінде адам өзінің заңды құқықтарын ескере отырып, басқа адамға немесе əлеуметтік топқа зиян келтіреді

Мысалы адам өз өмірін құтқару үшін, басқа кінəсіз адамдардың қазасына себепші болуы мүмкін. Көптеген тергеушілер сталиндік репрессия жылдары кінəсіз адамдарды қамауға алғанда, оларды өлімге жіберетіндерін біле тұра міндеттерін атқарды, өйткені орындаудан бас тартса өздері де сол тағдырды кешетіндерін білді.

Мақсатқа жету құралы келесі талаптарды орындағанда дұрыс деп саналады: − Мүмкін болатын жағдайларды толық зерттеу; − Сол жағдайлардың болу мүмкіндігін зерттеу, басқа

құралдарды пайдалану немесе мақсатқа жетуден бас тарту. Дұрыс таңдау жасау, болжаған қорытындылардың

орындалуы деп білуге болмайды. Мүндай жағдайда адам жауапкершілікке тартылмайды өйткені таңдай дұрыс жасалмаған немесе оған байланысты емес жайттардан дұрыс болмай қалуы мүмкін.

49

IV ТАРАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциясының

имандылық мазмұны Конституциялық қағидалардың этикалық мағынасы барлық

қоғам мүшелерінің құқықтық мəртебелерін, қандай құқық саласында бекітілгеніне қарамастан анықтайды

Қазақстан Республикасының азаматының құқықтық жағдайының қағидалары:

1. Азаматтардың теңдігі. Конституцияда бұл туралы жеке қағида белгіленбеген, бірақ ол барлық құқықтық жағдайды реттейтін нормалардың жиынтығынан көрінеді. (мысалы 14 бапта сот алдында барлығы тең деп бекітілген; 16 бап: "Əркім жеке бостақдың құқығына ие», 22 бап: «Əркім ар-ождан, бостандыққа ие» жəне т.б. нормалар көрсетілген). Теңқұқықтық қағидасы – адам жəне азаматтардың негізгі қағидасы, ол 3 аспектіден тұрады: − сот алдындағы барлығының теңдігі. Бұл, заң барлық адамдарға

бірдей жəне барлығына міндетті жəне барлығы заңмен реттеледі дегенді білдіреді;

− адамдардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі.Бұл барлық адамдар нəсіліне, тегіне, жынысына, тіліне, қызметіне, дініне қарамастан тең дегенді білдіреді;

− əйел мен еркектің теңқұқықтығы. 2. Құқықтар мен бостандықтардың бөгелмеуі:

− Құқық пен бостандық əр адамға туған кезінен бастап пайда болады;

− Абсолютті болып табылады (яғни, одан бас тартуға немесе біреуге берілмейді);

− Қоғамдық тəртіпті сақтау, конституциялық құрылымды сақтау, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мақсатында, олар тек заңмен шектеледі;

− Қазақстан Республикасының Конституциясының 10, 11, 13, 14, 15, 1-т., 16, 17, 19, 22, 2-т., 26, 3-т., 39 баптарында көзделген конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан, ешқандай негізсіз айырыла алмайды.

50

3. Құқықтық тікелей əрекеті, бұл: − адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары,

заңдардың қолдануын жəне мазмұнын, заң шығару, атқару жəне сот билігінің мəнін анықтауы керек;

− ешқандай орган қонституциялық нормаларға жəне қағидаларға қайшы құқықтық акт жасай алмайды.

4. Құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі. Конституция-лық құқықтар мен бостандықтар кепілдіктермен қамтамасыз етіледі – экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне құқықтық.

Азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғауды камтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар институтына төмендегілер жатады: − Үкімет; − Президент; − ҚР Президентінің жанынан құрылған адам құқықтары

жөніндегі Комиссия; 5. Əркімнің құқықтар мен бостандықтарының бірлігі. ҚР Конституциясының 2-тарауы адам жəне азаматтың

құқықтары мен бостандықтарына арналған, 29 баптан тұрады.

Жеке (азаматтық) құқықтар мен бостандықтардың ерекшеліктері

1. Олар əркімнің жеке құқықтары болып табылады. 2. Бұл құқықтар мен бостандықтарға əркім туғаннан бері ие

болады. 3. Олар адамның өміріне, бостандығына, ар-ожданына, беделіне

қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.

§ 2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының имандылық мазмұны

Қазақстан Республикасының қылмыстық жəне қылмыстық

іс жүргізу заңнамасының имандылық мазмұны қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қағидаларында айқындалады.

ҚР ҚІЖК айыпталушыға да, жəбірленішуге де тең дəрежеде əділетті қарауды бекітеді.

51

Қылмыстық іс жүргізуде əділеттілік заңдылық қағидасы негізінде қамтамасыз етіледі.

ҚР ҚІЖК 10 бабы сот, прокурор, тергеуші, алдын ала тергеу органдары қылмыстық іс жүргізу барысында ҚР ҚІЖК, ҚР Конституциясының талаптарын сақтауды анықтайды.

Егер сот заң немесе нормативтік-құқықтық акт Конституция-лық құқықтар мен бостарндықтарға қайшы деп тапса, ол істі қарауды тоқтата тұруға жəне Конституциялық Кеңеске, сол құжатты конституциялық емес акт деген нұсқаулықпен жолдауына міндетті.

Қылмыстық істерді қарау кезінде, соттың заңды бұзуы жіберілмейді, бұл сотты жауапкершілікке тартады.

ҚР ҚІЖК қылмыстық іс жүргізу кезінде сотқа қатсушылардың беделін, намысын төмендететін шешім қабылдауға тыйым салынады.

Жеке өмірге қол сұқпайшылық нормасы аса маңызды рөл атқарады. Бұл норма Конституцияда көрсетілгендей ешкім қылмыс жасады деген күдікпен, ешқандай негізсіз қамауға алынбауға тиіс. Заңсыз ұстаған адамды сот, прокурор, тергеуші жедел босатуға міндетті.

Қамауға алынған адам оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін жағдайларға болуы қажет.

Қылмыстық іс жүргізу адам жəне азаматтардың құқықтары мен міндеттері қорғалған кезде ғана имандылық қағидаларға сəйкес келеді. Осыған байланысты ҚР ҚІЖ Кодексі сот, прокурор, тергеушіні жəбірленушіге, айыпталушыға, сезіктіге т.б. олардық құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді жүктейді.

Сот шешім қабылдау кезінде істің жақтарының құқықтары мен міндеттерінің сот алдындағы теңдігіне еркіндік береді. Жақтар өз құқықтарын өздері, заңды өкілдері немесе қорғаушылар арқылы жүзеге асырады.

52

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

V ТАРАУ

ЖЕКЕ ЗАҢ МАМАНДЫҚТАРЫ ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1. Заңгердің кəсіптік кызметіндегі халықаралық

этикалық стандарттар Заңгердің кəсіптік этикасы зангерлердің имандылық жүріс-

тұрыс ережелері мен олардың негізделу əдістерін анықтайды. Бұл жүріс-тұрыс ережелері заңгерлердің өз қызметтерін орындау үшін имндылық ара қатынастарды анықтау үшін қажет.

Жеке заңгер мамандығының этикалық негіздерін қарамас бұрын, кез келген заңгер мамандығының қызметінің негізінде жатқан имандылық қағидаларға тоқтаған жөн.

Бұл ережелер қағидасы халықаралық құжаттарда, заңдарда жəне тағы басқа нормативтік актілерде, кəсіптік кодекстерде болуы мүмкін.

Этикалық талаптардың нормативтік-құқықтық тақырыптар-дан айырмашылығы, оларды орындамау жауапкершілікке тартады.

Заң этикасының халықаралық стандарттары: − БҰҰ Бас Ассамблеясының 1979ж. 17 желтоқсанда

қабылданған құқықтық тəртіпті қолдай жөнінеде лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрыс кодексі.

− 1990ж. БҰҰ Сегізінші Конгерсімен қабылданған қылмыстылықтың алдын алу жəне құқықбұзушыларды қайта тəрбиелеу жөніндегі негізгі қағидалар.

− 1990ж. қыркүйек айында Халықаралық ассоциациясының конференциясында қабылданған заңгер мамандығының тəуелсіз стандарттары.

− Адвокаттардың Халықаралық Одағының адвокаттар этикасының ережесі.

53

Заңгердіңі міндеті: 1. Барлық адамдардың құқықтары мен ар-намысын қорғап,

құрметтеп қолдауы қажет. 2. Өз міндеттерін атқарар кезінде өз еркімен шыншыл жəне заңға

сəйкес əрекеттер жасауға міндетті. 3. Өз қызметін барлық əлеуметтік топтарға көрсету жəне

барлығына заңдық көмек көрсету. 4. Өз əрекеттір семінгерлерімен жəне қорғауындағылармен

келісіп талқылау. 5. Кəсіптік құпияны сақтау, өз клиенттері жөнінде ақпарат

таратпауға жəне клиенттерімен барлық қарым-қатынас бітсе де құпия сақтау, жарияламау.

6. Өзіне тұрақты, сенімді, жауапты болу. 7. Іс бойынша өз біліміне сенімді болу. 8. Гонорарды келісіп, ақылға сыйымды көлемде белгілеу,

сонымен қатар: • Істің көлемі жəне қиындығы; • Істің ұзақтығы, мерзімі; • Клиенттің материалдық жағдайы; • Мамандардың көмегімен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі; • Аумақтың дəстүрі; • Қорғаушының беделі ескерілуі керек.

9. Сотта қатысу кезінде сотқа құрмет, ұстамдылық ережелерін сақтауға міндетті.

10. Қамауға алнғандардың кездесуі кезінде, қамауға алу органының ережелерін сақтауға.

Заңгер міндетті емес:

1. Істің ойдағыдай аяқталуына клиенттің үмітін туғызуға кепіл беруге.

2. Қызметін атқару кезінде өзіне белгілі болған мəн-жайлар бойынша түсінік беруге міндетті емес.

3. Клиенттің келісімінсіз, өзіне белгілі ақпаратты өз пайдасы үшін қолданбау.

4. Өзіне қандай нысанда болмасын мүлікті иемденуге. 5. Принимать поручение по гражданскому делу, если притязания

клиента не защищаются законом.

54

§ 2. Сот қызметінің этикалық негіздері Сот билігі қоғам алдындағы күтімдерді ақтауға тиіс жəне

жоғарғы имандылық стандарттарға жауап беруі керек. Сот билігіне қойылатын талаптың бірі – əділеттілік.

Қоғамға əділ шындықты жақтайтын, қорғайтын сот қажет. Əділетсіз сот қоғамға, адамдарға үлкен қиянат жасауы

мүмкін. Əділ сот – бұл сотты кінəлі адам тиісті жазасын алады, ал кінəсіз адам міндетті түрде ақталады.

Сот билігі барлығына бірдей жəне теңқұқылы болуы керек. Сот билігі объективті болуы қажет, ондай сот қоғам алдында сенімін жоғалтады.

Сот жоғарғы заң білімі болып оны үнемі жоғарылату керек. Əр сот өз ісінде жоғары кəсіптік деңгейде болуы міндет.

Соттар арасында имандылық қатынастар, коллегиалды сотпен жүзеге асыру кезінде, сот мəжілісінде пайда болады.

Соттар істі қарау – қылмыстық іс жүргізудің шешуші сатысы. Қылмыстьық істі талқылауда, сот төрағалық етеді жəне ол заңның қатал сақтауын қамтамасыз етуі тиіс.

Соттың имандылық парызы – сот коллегиясына өз кұзыреттері негізінде өзаралық сыйластықты қамтамасыз ету, өз міндеттеріне жауапты қарау жəне сол үш соттық теңдігі негізінде шешімді əділетті қабылдау.

Бір ғана соттың істі қарауы кезінде, ол соттың үкім шығару кезінде немесе шешім қабылдау кезінде, басқа соттардың ойларын білуге мүмкіндік жоқ. Оның имандылық жауапкершілігі істі объективті жүргізіп əділ шешім қабылдау.

Соттың имандылық жақтары? 1. Сот шыншыл болуы тиіс. Шындық – имандылықтың

маңызды талабы. Қызметте шыншыл болып, басқа күнделікті өмірде шыншыл болмау дұрыс емес.

2. Сот ар-намыс сезіміне ие болуы керек. Бұл өзін өзі іштей имандылық тұрғыдан бақылау дегенді білдіреді.

3. Сот қоғам ойынан тəуелсіз болуы керек. 1996ж. 19 желтоқсанында Қазақстандағы сот

реформасының жемісі болып, сот билігі өкілдерінің имандылық кодексін қабылдау табылды.

55

Бұл қандай ережелер? Соттың міндеті:

1. Соттың тəуелсіздігін тұрақтандыру үшін жүріс-тұрыс стандарттарын анықтауға тырысу.

2. Тəуелсіздікті жəне сот билігінің беделін құрметтеу. 3. Өз берген антына берік болу, өз сеніміне күмəн келтірмеу. 4. Нақты фактілерді анықтағаннан кейін шешім қабылдауға.

Сот міндетті емес: 1. Істерді қарау кезінде өзіне жəне қатысушыларға

көндіретін мəн-жайларды айтуға. 2. Өз қызметі барысында белгілі болған ресми ақпаратты өз

мақсаттары үшін пайдалану. 3. Басқа тұлғалардың мүдделлері, істері бойынша өкі

болуға мінделлі емес. Сот этикасының кодексі соттардың осы кодекстегі

ережелерді бұзғаны үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі көзделген.

§ 3. Қорғаушы қызметінің этикалық негіздері

Қоғамда адвокаттың рөлі өте зор, оның міндеті тек заңның орындалуын қамтамасыз ету ғана емес, ол əділ соттың мүддесіне де қызмет етуі керек жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауы тиіс. Клиенттердің мұдделерін қорғау барысында адвокаттар сот, құқық қорғау органдары жəне басқа да мемлекеттік ұйымдармен ауыр қарым-қатынасқа түседі.

Кəсіптік этика: а) адвокаттық құпияны сақтау кезінде клиенттерімен

сенімдік қатынасты қамтамасыз етеді; б) Адвокаттың сотпен, мемлекеттік билікпен, мемлекеттік

жəне т.б. ұйымдармен, бұқырылық ақпарат құралдарымен, қызметтестерімен қатынастарын реттеуді қамтамасыз етеді.

в) этикалық нормалармен, қағидаларды ережелерді сақтау жəне бақылау, адвокаттың беделін көтереді.

56

Этикалық қағидалар адвокаттарға белгілі бір мəселелерді, істерді шешу кезінде, өзінің немесе клиентінің жүріс-тұрысын таңдауға көмектеседі.

Адвокаттың қызметінің этикалық негіздері: Адамгершілік. Бір рет намысына қарсы əрекет жасаса,

өмір бойы адамның ішкі жан дүниесінде ауырлық, кінəлілік сезімі пайда болады. Адвокат клиентін қорғау кезінде барлық заңды құралдарды қолдануы керек.

Адалниеттік. Адвокаттың міндеттілігі, белгілі мерзімде уəде еткен ісін орындауды міндеттейді. Кешікпеу, əсіресе сот мəжілісіне кешігіп немесе келмей қалуды болдырмау. Клиентінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бар мүмкіндікті қолдану, орындауға тырысу.

Сыпайылық. Əрбір лауазымды тұлға танымал болуды қалайды. Оған ортаны жарып, айналасындағыны итеріп алдыға шығу сыпайылыққа жатпайды. Сыпайлылық өзін өзі төмендету дегенді білдірмейді, адвокат өзіне баға бере алуы керек, өз ар-намысын қатал түрде дəлеледеп таныта білуі керек.

Жауапкершілік. Қателесу немесе нақты емес жауап беру клиент үшін қауіпті болуы мүмкін. Күмəн туғызатын, толық емес, болжамды ақпараттар бойынша қорытынды жасамау.

Құпиялық. Адвокаттық қызметте жəне басқа да заң саласындағы қызметтерде құпияларды, конфедициалды мəселелерді сақтау қажет. Бұл ережені сақтауды басқа да заң актілері де талап етеді. Мысалы, кəсіптік құпияларға дəрігерлік құпия, асырап алу құпиясы т.б. жатады, мемлекеттік маңызы бар ұүпияларға мемелекеттік, банктік, əскери, экономикалық, ғылыми, коммерциялық құпиялар жатады.

Əрбір өзн сыйлайтын адвокат, сапасыз жұмыс клиенттердің көзқарасына əсер ететінін білуі керек.

Гонорарды белгілеу кезінде нені ескеру керек: − Еңбек уақыты мен шығынын, − Істің жаңалылығын жəне күрделілігін, − Лауазымды мамандығы; − іс бойынша жалпы шығындар жəне қорытынды; − қорғаушышың тəжірибесі, беделі;

57

§ 4. Прокурордың қызметінің этикалың негіздері Прокурор мамандығының этикалық негіздері біздің

елімізде 2002ж. 28 мамырда Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы-ның прокуратура қызметкерлерінің этика Кодексімен белгіленген.

Кодекс прокуратура органының қызметкері Қз қызметін атқару кезіндегі міндеті:

- Қазақстан Республикасының актілеріне, заңдарға жəне Конституцияға сəйкес прокурор өз қызметін адал, жауапты, заңдарға сəйкес орындауы керек;

- азаматтарды мемлекеттік институттарға, мемелекеттік билік беделін бекітуге əрекет ету;

- адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеетің мүдделерін қорғап, өз отанының, елінің, қоғамының патриоты болуға;

- өзінің кəсіптік беделін, прокуратура органдарының беледін түсірмеуге міндетті;

- прокуратура қызметкерінің антын сақтауға; - өзінің кəсіптік қызметін орындау кезінде, қызметтік

мүдделерді өзінің жеке мүдделерінен жоғары қоюға; - берілген құзіретін Конституция жəне заңдар шеңберінде

қолдану; - жеке өмірінде айналасындағыларға тəрбиелік,

ұстамдылық сияқты үлгі көрсетуге; - жұмыста қызметтестеріне міндетерін атқару кезінде

көмек көрсету, достастык қарым-қатынаста болу; - кəсіптік білім деңгейін көтеру, қызметін атқару кезінде

творчестволық əдістерді, тəжірибелерді пайдалану, қызметтерін атқару барысында қызметтестерін қолдау;

- арақатынас ережелерін қатаң сақтау, формалық киім киу нысанын бұзбау, əрқашан жинақы, таза киініп жұруге міндетті;

- берілген мемлекеттік мүлікті үнемді, тиянақты пайдалану, кызметтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету;

- басшылықтың, қызметтестердің ескертулерін, нұсқауларын дұрыс түсіну жəне жіберген қателіктерін уықытымен мойындап, қоластындағылармен қатынасының объективті болуы;

58

- жеке өмірінде қоғамдық теріс қозқарастан аулақ болу жəне сыпайы болу;

Прокуратура органының қызметкері міндетті емес: - оқытуша, ғылыми жəне т.б. прокуратура туралы заңмен

рұқсат етілген басқа ақылы мемлекеттік қызметте болуы, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

- жеке жəне заңды тұлғалардан көрсеткен қызметі үшін сыйлықтар алуға;

- қызметтік ақпараттарды жеке мұддесі үшін таратуға, қызметтік кұзіретін пайдалануға;

- өз мақсаты үшін қызмет бабын пайдаланып қызметтестеріне күш көрсету;

- жарияланған сөгістерге салмақты, шыдамдылықпен қарау; - партияларда жəне кəсіподақтарда мүше болуға, белгілі бір

саяси партияларды қолдауға. Кодекс прокурор жəне пркурорлыққа үміткер тұлғалардың

да талаптарын бекітеді, оларға мыналар жатады: - кəсіптік əскерлік жəне саяси білімділік; - шыншыл, жоғары имандылық жəне моральды төзімділік; - тəртіптілік, мақсаттылық жəне өзіндік сынау. Кодекс ережелерін бұзу моральдық, тəртіптік жазаға

тартады.

§ 5. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қызметінің этикалық негіздері

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне деген этикалық

талаптарды 2005 жылдың 7 маусымындағы ҚР-ның Ішкі істер Министрлігінің бұйрығымен бекітілген ҚР-ның Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің ар кодексі белгілейді.

Кодекс белгілегендей, ішкі істер органдарының қатардағы адамдары мен басшылық құрамының Анттың талаптарын сақтауы, өзінің азаматтық жəне қызметтік парызын адал жəне шынайы орындау, қылмыстылықпен күресте қаталдылықты, табандылықты көрсету, қылмыстарды ашу жəне тергеуде тиімді жəне жоғары дəрежеде əрекет ету.

Жоғары дəрежелі кəсіби жұмысқа барлық күш-жігерін жіберу, берілген мемлекеттік меншікті ұқыпты жəне үнемді қарау,

59

оларды ұтымды жəне тиімді пайдалану, амалсыз жəне заңды түрде арнайы құралдармен күш қолданған кезде өзін-өзі ұстап, сабырлық сақтау керек; сонымен қатар қызметкердің іс-əрекеттері қоршағандарға түсінікті болуы керек.

Жемқорлыққа қарсы тұру. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жеке басына байланысты бар сұрақтарды шешумен айналысатын адамдардың қызметіне араласпауға, кəсіпкерлік қызметке жəне жеке шаруашылық субъектілерінің мүдделеріне қысым көрсетілген жағдайларда, дəлелді фактілерсіз араласпауға жол бермеу.

Өздерінің қызмет бабында белгілі болған ақпараттарды, мемлекеттік жəне басқа да заңмен қорғалатын құпияларды жарияламау жəне пайдакүнемдік мақсатында пайдалануға жол бермеу.

Жоғары жəне төменгі сатыдағы, əлде қызметіндегі басқа да байланысы бар тұлғаларға ақшалай немесе басқа да мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға жол бермеу.

Қызметтік міндеттерін жасауға байланысты жеке жəне заңды тұлғалардан сыйлықтар мен қызметтерді қабылдау фактісін болдырмауға; заңда көзделмеген жағдайларда, қазақстандық немесе шетелдің жеке жəне заңды тұлғаларының есебінен мемлекет ішілік жəне шетелдік туристік, емдік-сауықтыру жəне басқа да жол жүрулерді қабылдамауға жол бермеу.

Өзінің қызметтік міндеттерін алаламай жəне əділ орындауға, адамдардың өмірін сақтауды, қылмыстар мен құқықбұзушылықты болдырмауды талап ететін жағдайларда жігерлі жəне батыл болуы.

Жерлестік пен жеке берілгендік белгілері бойынша кадрларды жинауға жəне белгілеуге жол бермеу.

Формалық киімді кию туралы ережелердің талаптарын бұлжытпай орындауға, оны құрметпен жəне қадірмен киюге, əрқашанда ұқыпты жəне жинақы болуға тиіс.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекеттік биліктің өкілеттері ретінде азаматтармен жəне заңды тұлғалармен қатынастарында міндетті:

- қарапайымдылықты көрсетуге, өзінің қызметтік дəрежесін айрықшаламауға жəне пайдаланбауға, сонымен қатар, транспорттық, сервистік жəне басқа да қызметтерді алуда;

60

- өзінің іс-əрекеттерімен жəне шешімдерімен қоғам жағынан дəлелді сынауларға себеп бермеуге, сынағандықты қадағалауға жол бермеуге, оған шыдамдылықпен қарауға, құрылымдық сынауды өзінің кəсіби қызметін көтеру үшін пайдалануға;

- өтініштерді қарауда төрешілдік пен қағазбастылыққа жол бермеуге, заңда белгіленген мерзімдерде олар бойынша шаралар қолдануға;

- адамдар мен азаматтардың, олардың шығу тегіне, əлеуметтік, қызметтік жəне мүліктік жағдайларына, жынысына, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да жағдайларға байланыссыз ары мен қадірін құрметтеуге;

- мемлекеттік тілді жəне басқа да Қазақстан халқының тілдерін, дəстүрін, əдет-ғұрыптарын құрметтеуге;

- сыпайы жəне əдепті болуға. Қарамағында бағынушы қызметкерлері бар

қызметкерлердің міндеттері: - қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтік

өкілеттерінің көлемін олардың қызметте алатын дəрежесіне байланысты анықтауға, қызметкерлерге орындалмайтын бұйрықтар бермеуге жəне олардан өзінің құзыреті шегінен шығатын қызметтерді орындауды талап етуге;

- қызметкерлерін дəлелсіз айыптауға, адамдық қасиетін қорлауға, ожарлық, дөрекілік көрсетуге жол бермеуге;

- қызметшілерді заңға қайшы келетін іс-əрекеттерді істеуге итермелеуге немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен сəйкес келмейтін істерді жасауға мəжбүрлеуге жол бермеуге;

- ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне өзінің білімі мен практикалық тəжірибесіне беруге, қызметкерлерді күнделікті ҚР-ның Конституциясын, заңдарын сақтауға, қызметтік парыздарын адал жəне мəртебелі орындауға, дөрекелік пен мейірімсіздік қатынастарының болмауына тəрбиелеуге;

- қызметшілерді əлеуметтік-құқықтық қорғаумен қамтамасыз етуге, ардагерлерді, қызметкерлердің отбасыларын, сонымен қатар, қызметте қаза тапқандарға көңіл бөлуге.

Халық алдында сөз сөйлегенде қызметкерлер ішкі істер органдарының беделін түсірмей сөз жарыстыруларды əдепті түрде

61

жүргізу керек; ішкі істер органдарының қызметкерлеріне халық алдында мемлекеттік саясат жəне кəсіби қызметтермен байланысты сұрақтарға өз ойларын білдірудің қажеті жоқ, егер олар:

- мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарымен сəйкес келмесе;

- елге жариялауға рұқсаты жоқ кəсіби мəліметтерді ашса; - мемлекеттің лауазымды тұлғаларына бағытталған əдепсіз

пікірлерден тұратын болса. Кодекс талаптарының ішкі істер органдарының

қызметкерлерімен орындалуы, олардың кəсіби парызы. Кодексте көзделгендей, ішкі істер органдарының

қызметкерлері оның талаптарын бұзған жағдайда ҚР-ның заңнамасында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

§ 6. Заңгердің кəсіптік қызметіндегі этикет

Заңгер мамандығы бойынша қызмет ету, яғни адамдармен

жұмыс жасау. Қарым-қатынас дұрыс, даусыз, болуы үшін ол белгілі сыртқы тəртіп ережелеріне – этикетке бағынуы керек.

«Этикет» адамдарға қатысты сыртқы қатынастардың, жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы (қоғамдық орындардағы қылықтар, киім стилі айналадағылармен қарым-қатынас ережелері).

Этикетті сақтау – адамның жалпы мəдениетінің көрсеткіші. Екі мыңжылдық бұрын белгіленген адамның ішкі жəне

сыртқы жүріс-тұрысының бірлігі «имандылықтың алтын ережесі» былай дейді: «өзіңе қандай қатынаста қарасын десең, сондай қатынаста басқалармен бол».

Сөзсіз, заңгер этикетінің негізін осы заманғы этикеттің жалпы қағидалары құрайды. Олардың негізгілері – гуманизм (ізеттілік), мақсаттылық, іскерлік жəне жауапкершілік, эстетикалық тартымдылық, дəстүрлерге құрмет.

Гуманизм қағидасы ізеттілікті, оның барлық түрлеріне қатысты: кішіпейілділік, мейірбандық, сыпайылылық, əдептілік, қарапайымдылық, дəлдік.

Этикет кез келген жағдайларда өздерінің əріптестеріне сəлем беруді ұсынады. Сəлем беру салты – бұл тек қана басқа

62

адамды құрметтеуді көрсетуді, оның көңілге деген құқығын мойндау емес, сондай-ақ өзін-өзі құрметтеудің элементі, яғни, сəлем берген жағдайда ол адамның біздің тəрбиемізге сай келмейтін жауабына қарамастан, біздің өзімізге оның тəрбиесіздік деңгейіне түсінуге жол бермейміз.

Алайда, əрбір нақты жағдайда біз сол жағдайларға байланысты ізеттілікті таңдаймыз, ашып айтатын болсақ: адамға, оның əрекеттеріне деген көзқарасымызды этикетті бұзбай, нақты ізеттілікті қолдана отырып білдіру. Ұсынған қолды қайтару – адамды кеміту. Мұндай іс-əрекетті тек ерекше жағдайларда жəне қасиетсіз адамға ғана жасауға болады. Əдептілік екі жаққа да беделін сақтауға жəне басқаны кемітпеуге көмектеседі.

Əдептіліктің талаптарын сақтау ең қиын жағдайлардан абыроймен шығуға жол ашады, адамға жалпы қабылданған əдеп ережелерінің шегінен шықпауға көмектеседі. Əдептілік жетекшіге « қашықтыға ұстауға», ағайынгершілікке дейін түспеуге жəне қызметшінің қандай да бір кінə жасаған жағдайда оны кемсітпей, өзінің іс-əрекеттерін дұрыстауға шаралар қолдануға мүмкіндік беру арқылы аралындағы құрмет ізгіншілікті сақтауға көмектеседі.

Ара-қатынастарда сыпайылылықтың аз пейілді формасы бағыныштының абройын қорғаудың жəне жетекшінің беделін қорғаудың тіректі тəсілі, қызметтік иерархияны сақтай отырып, қызметшіліксіз жəне кемсітусіз басшыны құрметтеу жəне өркөкірексіз жəне пандықсыз қызметшіге көңіл бөлуге. Кішіпейілділіктің басшы мен қызметінің қатынастарында, өкінішке орай, көп кездесетін қызметшілікпен байланысы жоқ.

Сыпайлылық қызметтік арақатынастарында бір мақсатқа жету болып табылмайды, ұжымда моральдық-психологиялық райының тууы мен сақталуының тəсілі, ал əрбір қызметкерде психологиялық жайлылықтың жəне қорғанушылықтың сезімі. Ол пайда болған түсініспеушіліктің алдын алуға жəне қатынасты жемісті етуге көмектеседі.

Сыпайлылықтың немесе мейірбандық қызметтестерге, қызметшілерге деген ықыластықпен қарауда, басқа адамның жағдайына кіруде, басқаның қуанышы мен қиындықтарына уайымдауда көрініс табады.

Адамның сыртқы жəне ішкі мəдениетінің үйлесімінің жарқын көрінісі – сыпайылылық, шын мəдениетті жəне интеллегентті адамдардың сипаты, ізгі ниеттіліктің, елгеізеттіліктің жəне ілтипаттылықтың жоғары көрінісі.

63

Сыпайлылыққа əрқашанда ілесетін əдептілік, адамға не істеуге болатын жəне не істеуге болмайтынның арасындағы шекараны бөлуге мүмкіндік береді. Ол епсіздікті тудыратын жағдайлардың алдын алуға, ал ол орын алған жағдайда да оны байқамауға көмектеседі.

Əдепті жетекші қызметшінің істеген қателіктерін басқалардың көзінше айыптамайды. Əдепті адам жаңадан келген немесе жас қызметшіге ожарлықпен ескертулер жасамайды, шағым беруге жатпайтын ойларға жол бермейді, қызметшінің ажарынан абыржу мен уайымды байқаса да, одан оның ахуалының себептерін сұрай бермейді, сұрамаған кеңестерді бермейді, жеке істерге кіріспейді жəне конфиденциалды жағдайларда белгілі болған жеке мəліметтерді таратпайды.

Əдепті адам өзінің іс-əрекеттерін жастың, жыныстың, қызметтік дəрежесінің, арақатынас орны мен себептерінің, бөтен адамдардың бар немесе жоқтығының жəне тағы да басқа жағдайлардың ерекшеліктерімен байланыстырады. Өнегелі адамның заңгер қызметіндегі əдептілігінің жалпы талаптары мамандықтың ерекше жүріс-тұрыс ережелерінде көрініс табуы мүмкін. Мысалы, кəсіби жедел-іздестіру қызметіндегі қызметкерлер келесі ережелерді сақтау керек:

- қызметтестерінің іс-əрекеттеріне, олармен құрастырыла-тын құжаттарға, олармен зерттелетін фактілерге, сонымен қатар, олармен байланыстағы адамдарға қызығушылық білдірмеу;

- қажет болмаса қызметтестерімен жедел-іздестіруді жүргізудің орны, уақыты жəне мақсаттары, оны орындаушылар жəне тағы да басқа ойларымен бөліспеу.

Ережелерді орындау жедел-іздестіру жұмысшыларының бір-біріне деген сенбеушілікті туғызуды білдіртпейді, бұл тек «ойынның ережесі», олар ұжымда моральдық кернеудің, күдіктенушіліктің болдыртпауын қамтамасыз етеді.

Кəсіби этикеттің талаптарының бірі – сыпайлылық. Сыпайы адам – бұл, ең бастысы, өзінің талаптарда бір қалыптылықты сақтайтын, өзін басқалардан жоғары қоймайтын. Сыпайы емес – өркөкіректі, менменді, намысқор, асқақ, озбыр, арсыз.

64

Қазіргі заманғы кəсіби этикеттің талаптарының маңызды қағидасы – мекеме жұмысшысының жүріс-тұрысының жəне сыртқы көрінісінің эстетикалық тартымдылық қағидасы.

Əсемділігі мен тартымдылығы жоқ жүріс-тұрыс қоршағандардың эстетикалық сезімдерін қорлайды жəне құрметтемеушілік ретінде қабылданады. Дұрыс айтылған: тəрбиелі адам – бұл дұрыс істердің алдында көп ойлаған адам емес, басқаша істей алмаған.

Этикет талаптарының барлығын ойда сақтау міндетті емес жəне де мүмкін емес, бастысын білу маңызды – басқа адамға құрметпен қараудың қажеттілігі, бөтеннің абыройына, ұжымды қалыптасатын əдет-салттарға ұқыппен қарау.

Сонымен, заңгердің мамандық қызметінің тиімділігі тек біліммен, этикалық қағидалардың заңдылығын орындаумен, əділдікпен, ізеттілікпен, жауапкершілікпен жəне бейтараптылық-пен анықталмайды, сонымен қатар, адам мен оның абыройына деген құрмет, сыпайлылық, əдептілік, кішіпейілділік, нақтылық, мақсаттылық жəне жақсы мəнерлермен тіркескен іс-əрекеттердің эстетикалық тартымдылығы негіз болып табылатын өнегелік қағидалармен сəйкес сыртқы жүріс-тұрыстың түрлеріне көшіру.

Этикеттің сыртқы насаны

Адамдардың бір-бірімен қатынасында қолданылатын

дəстүрлі құрал – «сөзсіз» қатынас, оның тасушылары сыртқы көрініс, адамның мінезі, бақылауларға қарағанда салыстырмалы түрде ақпаратқа қаныққан болып табылады.

Психологтар белгілегендей, адам күніне 30 минуттан аспайтын уақытта сөзбен басқарады (бұл кəсіби коммуникаторларға – саясаткерлерге, қоғамдық қызметкерлерге, мұғалімдерге жəне т.б. байланысты емес), ал ақпаратты сөзбен жеткізу тек 7%-құрайды (іскерлік қатынаста 35%). Ал қатынастағы ақпараттың қалған көлемі вербалды емес жолмен: көздермен, ым-ишаратпен, тұрыспен жəне тағы басқаларымен беріледі.

Олардың көмегімен психологиялық қатынас жəне серіктер арасында қатынасқа дайындық дəрежесі, бұл əрекетке деген позитивті күй, ізгі ниеттілік, аяныштылық, мейірбандық қалыптасады.

65

Психологтардың айтуынша, 100 жағдайдың 85-де адамдар танысқанда өздерінің бірінші əсерін сыртқы келбеті бойынша қалыптастырады, сондай-ақ бір бірімен танысудың жəне сөйлесудің бастапқы 5 секунді ішінде қалыптастыратын сыртқы əсермен сынайды.

Бірінші əсерден айырылу кейде қиынға түседі, оған қайшы келетін жəне қиын арылатын сенімсіздік пен алаңдатуды туғызады. Кейде киімдегі немесе жүріс-тұрыстағы ұсақ кемшіліктер кейінгі ізгі қызметтік қатынастарды жақсартуға деген жолда кедергі болады.

Қатынас кезінде стереотипті баға беруде жəне сыртқы əлпетті сипаттауда антропологиялық (физикалық əлпеті: конституциясы, бойы, салмағы, дене бітімі), функционалдық (мимикасы, ишаралары, тұрыстары, мүсіні) жəне əлеуметтік (сыртқы көрінісі, жүріс-тұрысы) белгілері маңызды рол атқарады.

Физикалық көріністі бізге табиғат береді. Бітімнің ерекшеліктері, терінің, шаштың, көздің түсі, дауыстың тембрі бізге туылғаннан берілген. Физикалық жаттығулар, дауыс тренингі жəне косметика, мұқият таңдалған киім сыртқы келбеттің табиғи кемшіліктерін тек аз ғана дəрежеде түзетуге көмектеседі.

Адамның сыртқы келбетінің ерекшеліктері оның ұлты, жынысы, жасы, қоғамдық жəне кəсіби мəртебесі, айналысатын қызметі, мінез жəне тəрбие ерекшеліктері, түсініктері, талғамы, қызығушылықтары жəне көңіл күйі туралы ақпараттардың тасығышы ретінде қаралады.

Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, заңгерлердің киімі олардың қызметінің негізгі белгілеріне сəйкес болуы керек, функционалды жөнді, жұмысқа ыңғайлы болу керек, өзін жəне қоршағандарды алаңдатпау керек.

Мемлекеттік қызметтегі заңгер əрбір нақты жағдайларда, ол жұмысқа, ресми қабылдауға немесе достар кездесуіне бара ма, киімнің функционалды арналуын ескеру қажет.

Киімді таңдағанда өзінің жасы мен физикалық белгілерінің ерекшеліктерін ұмытпау керек.

Киімнің функционалды белгілерін стильді, матаны, тігісті, түсті таңдау анықтайды.

66

Психологтардың байқауынша, киіну мəнерін «жоғарғы дəрежеде əйелдік» деп сипатталған əйелдер қызметі бойынша сирек жоғарылайды.

Жоғарғы ақы алатын əйелдердің көбі өздерінің киімдерінде қатаң консервативті стильді ұстағандар, наздықсыз жəне назар аударуға деген талаптарды қоймайтындар болып табылады.

«Инеден» киінудің қажеті жоқ . Киім жайлы болу керек, «киілген», адамды өзінің киім-кешектерін түзетумен, оны жұмысынан күнделікті машақатпен алаңдатпау керек. Киімнің түсі, фасоны, деталі көзге түспеуі тиіс.

Заңгердің бейнесінде негізгісі – ұйқастық, сыртқы жəне жеке көріністерінің байланысы, элегантты, əдемі киім жəне тұнжыраған, жайдарсыз түрі мен өршелі екпін сəйкессіздік болып табылады, сол сияқты əдемі, мəпелі түрі, абалақ-сабалақ, ұқыпсыз киім фонындағы сəйкессіздік. Киімде жəне мəнерінде байсалдық, бірыңғайлылық жəне дəстүрлілік беріктілік пен сенімділікті байқатады.

Костюм жалпы жақсы болу мүмкін емес: ол тек сізге жарасу керек, сол уақытқа, сол жағдайға орынды болуы тиіс. Тек осы ғана сізге кез келген жағдайда өзінізді сымбатты, əрі сенімді болуыңызға мүмкіндік береді. Күмəнданған жағдайларда «алтын ереже» болып табылатын солонның «артық ештеңе» ережесін ұстануға ұсынылады. Əсіресе бұл əйелдердің киіміне қатысты. Байланыссыз жағдайлардағы артықшылық сана сезім шамасы мен əдептің жоқтығын көрсетеді. Киімнің түсі көзге түспеу керек, орасан экстравагантты болмау керек, стиль əп-сəттегі сəнді қайталамау керек.

Заңгер киімін өзі қызмет ететін мекемелерінің ережелеріне сай таңдау керек. Кейбір мамандандырылған заңгерлер тобына (полиция қызметкерлері, прокурорлар, судьялар) арнайы үлгідегі форма бекітілген. Заңгердің киімі мұнтаздай, таза, үтіктелген болуы тиіс. Киіну мəнері жасына, қызметіне, мінезіне, ал стиль сəнге тəуелді.

Сонымен, заңгердің кəсіби қызметінің жетістіктері тек қана біліміне, шеберлігіне жəне дағдысына байланысты емес, қызметінің формасына да байланысты болып табылады. Ішкі форма адамгершілік қағидалары мен ережелерінің сақталуымен байланысты, ал сыртқы форма – адамның қызметте жəне тұрмыста өзін-өзі ұстау мəнері.

67

VI ТАРАУ

ЗАҢГЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1. Сот жарыссөзінің этикасы

Сот жарыссөзі – процесстің жарысу бастамасында көрініс

табатын сот талқылауының жарқын жəне əдетте эмоционалды бөлігі. Айыптау жəне қорғау тараптары сотқа жүгінуде олардың өздеріне табыс еткен күйінде сот талқылауына қорытынды жасайды жəне олар іс бойынша қай шешімнің əділетті екені туралы өзінің ұсыныстарымен барады.

Сот жарыссөзі – мүдделері əдетте сəйкес келмейтін іс жүргізудегі тараптардың жарысы, пікірлер тартысы. Сонда да, сот жарысының кез келген қатысушысына адамгершілік сипатындағы жалпы талаптар қойылады. Бұл А.Ф. Кони сот жарыссөздерінде адамгершілікке байланысты этикалық бастамалармен байланыстыратын талаптар.

Қылмыстық процесстің негізгі сатысы болып бірінші инстанциядағы соттың соттық талқылаулары табылады. Дəл осы жерде сотталушының кінəлілігі туралы сұрақ шешіледі, барлық жағдайлар жариялылық, ауызша, тікелей жəне жарыстыру негізінде зерттеледі. Айыптауды жүзеге асыратын прокурор – мемлекеттік айыптаушы, қоғамдық айыптаушы, жəбірленуші. Қорғауды – сотталушы, оның қорғаушысы, қоғамдық қорғаушы. Істе жəне сот отырыстарында пайда болатын сұрақтардың шешімін қарау – соттың айрықша құзіретінде. Істің барлық міндеттемелерін жан-жақты зерттеу жəне толықтылықты қамтамасыз ету қылмыстық процесте жарыстыру қағидасы болып табылады.

Дəл қылмыстық жарысу сот ісін жүргізуде айыпталушының қорғаушыға деген құқығы толық жəне тиімді іске асырылады. Сотталушы айып тағушылық жағынан тең іс жүргізу дəреже жағын алады.

Айыпталушының қорғалуға құқықтарын іске асыруда соттық қызметтен айыптың жеке функциялары ерекше мағынаға ие. Сот дербес басқару дəрежесін иеленеді. Əрине, прокурор өзі қатысатын барлық жерде заңдылықты қадағалау органы болып

68

табылады. Бірақ, бірінші инстанциядағы сотта прокурор – мемлекттік айыптаушы, қорытындысымен, яғни прокурормен бекітілген айып тағушылыққа сəйкес қылмыстық істі ол қарауға берген соттың қызметіне қадағалау жүргізбейді. Керісінше, сот прокурордың қадағалауындағы алдын-ала тергеуді жүргізудің дұрыстығын, істі тергеуде заңға сəйкес орындалуын, тұжырымдар негіздемесін жəне прокурордың ұсыныстарын тексереді, қарайды. Ақиқаттық, объективтік, сенімділік – адамгершілік талаптары сот қызметкерлері, мемлекеттік айыптаушы жəне қорғаушылар үшін нені білдіреді?

Сот жарыссөздерінің қатысушылары қоғамда қабылданған моральдық нормаларды құрметтеу жəне сақтау қажет. Олардың бейморальдық көзқарастарды уағыздауға, моральдық құндылықтарды елемеуді жариялауға жəне осындай жолдармен өздерінің ұстанымдарын сақтауға құқықтары жоқ.

Сот жарыссөздерінің қатысушыларының ішінде ешкімнің іске қатысушылардың жəне өздерінің «іс жүргізудегі қарсыластарынан» бастап, осы немесе басқа себептермен аталған іске қатыспайтындармен аяқталатын басқа тұлғалардың қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге құқығы жоқ. Тұлғаның сотта бекітілген фактілермен негізделген теріс мінездемесі болуы əбден мүмкін, бірақ сот жарыссөзінде аталғандардың ешқайсысын кемсітуге болмайды. Процесте қарсы тарап тұлғасын бағалауға келетін болсақ, онда оларда əрқашан да қаламайды.

Сот жарыссөздері кезінде олардың қатысушыларының əрқайсысы көзқарастары сəйкес келмейтіндермен дауда тəртіпті сақтауға міндетті, сонымен қатар сарапшылардың, куəлердің, аудармашылардың сотта өзін-өзі ұстауы мен тұлғаны бағалауда сабырлы болуы керек.

Сот жарыссөздерінде тараптар сотты сыйлау, беделін қолдауға жəрдем беру керек. Сот жарыссөздерінің қатысушыларына судьялардың жүріс-тұрыстарын бағалауға мүлде жол берілмейді. Сот жарыссөздеріндегі тараптар іс мəн-жайларына маңызды айып тағушылық дəлелдемелері туралы сұраққа байланысты көбінесе əртүрлі ұстанымда болады, сонымен қатар сотталушының, жəбірленушінің, сотпен жазалануды қолдану жағдайында есепке тиісті мəн-жайлар туралы басқа тұлғалардың заңи жүріс-тұрыстарын бағалауға болады.

69

Осыған байланысты сот жарыссөздері қатысушыларының адамгершілік бостандықтары мəселесі туындайды, ал анығырақ – сотта шындықты айту міндеті жəне сот сөзін айту кезіндегі мəселе.

Еш прокурор, қорғаушы, жəбірленуші сотта алдауға, оған біле тұра жалған мəліметтер айтуға жəне осы мəліметтер негізінде сот сөздерін айтуға құқығы жоқ.

Қылмыстық процестің мамандандырылған қатысушылары – прокурор мен қорғаушы сот жарыссөздері кезінде фактілер мен аргументтер арқылы əрқалай операциялар жүргізеді. Бұл олардың ролі мен іс жүргізу дəрежесіндегі айырмашылықпен көрсетіледі.

Егер прокурор объективті болуға міндетті болса жəне қорғаушы жағына айтылғандарды елемеуге құқығы болмаса, сотта айып тағушылық расталмаса, онда айып тағудан бас тартуға міндетті, ал қорғаушы қорғау мүдделерінде ғана іс-əрекет етеді жəне оның ұстанымдары табиғи жəне біржақты болып келеді. Ол айып тағушымен толық келісімде болған жағдайда да қорғаушылықтан бас тартуға құқығы жоқ.

Сот жарыссөздерінің эмоциональды жағы қалай көрінеді? Бұған көптеген көзқарастар бар. Эмоциональсыз жарыссөздер тараптарының ақауларына жатқызуға болады.

Əрине, сот сөзінің эмоциональды рені бір қалыпты жəне сот жағдайына сəйкес болуы керек. Қылмыстық процестің кез келген субъектісіне, əсіресе, істі екі жаққа бірдей жəне объективті қарауында қатынасушыларға өзінің іс-əрекеті мен шешімдері арқылы сенімділікті көрсетуге шақыратын сотқа күйгелектік пен қызулық орынды емес.

Сот жарыссөздерінің адамгершілік мағынасы сотталушының, жəбірленушінің, куəлердің, сот залында отырған тыңдаушылардың жəне іске қатысушы басқа да тұлғалардың адамгершілік тəрбиеленуіне себепші болуында. Бұқаралық ақпарат құралдарында сот сөздерінің мазмұны жəне қоғам мүдделерін білдіретін үздік істер бойынша мағлұматтардың басылып шығарылуы да адамгершілік тəрбиесіне жатады.

Алқа билер сотында сот жарыссөздерінің маңызы жоғары. Шыншыл, жарық, шебер құрастырылған тараптардың сөздері алқа билердің ішкі сеніміне, осы соттың құрмет тəжірибесін куəландыратын шешіміне қатты əсер етуі мүмкін.

70

§ 2. Айыптау сөзінің этикасы

Сотқа, прокурорға жəне тергеушіге заңда істің барлық мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті жиынтығында қарауға жазбаша бұйрық беріледі жəне шешімді олар өздерінің ішкі сеніміне байланысты қабылдауға міндетті болып табылады.

Сот процесінде өмір прокурорға қандай адамгершілік талаптарын қояды?

Егер сотта дəлелдемелердің зерттеулері негізінде айып тағушылық жөнсіз болса, онда айып тағудан бас тарту жалғыз мүмкін шешім болып табылады, жазықсызды айыптауды жалғастырған адамгершілік емес болып табылады.

Егер сот талқылауы прокурордың заттарға басқаша қарауына мүмкіндігі болса, онда шындықты іздеуге жəне жазықсызды ақтауында себепші болып, сот процесінде белсенді жəне білікті қатысуына байланысты неге оны мадақтамасқа?

Мемлекеттік айыптаушының дəрежесі, əрине, айыпталу енісінің кейбір біржақты қауіптілігін өзінде жасыру болып табылады. Сотта мемелекеттік айыптауға сүйемелдеу арқылы үнемі əрі жиі сөз сөйлеу кейбір прокурорларда тек айыптаушы болу əдетке айналады. Ол айыпталу қорытындысына қатаң сүйенеді, өз дегенінде қатып тұрады жəне əрқашан да прокурор ұстанымына бір нəрсе болсын маңызсыз сəйкес келмейтін кез келген үкімге наразылық білдіруге дайын тұрады. Мұндай «айыптауды қолдау» əділеттілікке жатпайды, прокурор беделін түсіреді.

Прокурордың мемлекеттік айыптауды сот алдында жүргізу қызметінің бір бөлігі болып сот жарыссқздері табылады. Прокурор айыптау сөзін айту арқылы өылмыстық қудалаудың функциясын атқарады. Ол – айыптаушы жоқ.. А.Ф.Кони -өзгерген орыс процесінің сипатындағы халық алдында сөйлейтін сот. Кінəлінің пайдасына айтылғандарды ескере отырып, оның кінəлілігіне көзі жеткеннен кейін прокурор ол туралы сотқа айтады жəне ол бұны «міндетті орындаудағы тыныш абыройымен, жарықтаусыз, ызасыз жəне айыптаушы пікірімен соттың келісуімен емес, оларды тыңдаумен қалыптасатын əділетіліктен басқа мақсатты көздемей істейді». Конидің ойынша «біздің прокурордың жағдайына барлық шет ел заңнамасы қызыға алады».

71

Тергеу алдында қалыптасқан мемлекеттік айыптауды ұстай отырып, прокурор сот берілген мағлұматтарға жеткілікті сынаумен қарау керек, өйткені сот шешімді сот талқылауларында алынған мəліметтерге сүйнене отырып шығарады.

Мемлекеттік айыптаушының шешімдері мен пікірі, сотта қаралатын, заңға жəне сот тергеуінің фактілі істерінің мəн-жайларын дəлелдеуге негізделуі қажет. Заңи бағалаулар белгіленген фактілер мен қолданыстағы заңның нормаларына сəйкес болуы керек: прокурор əділетті болуы керек. Мемлекеттік айыптаушының жүріс-тұрысы, оның ұстанымдары адамгершілік нормаларына сүйену жəне сəйкес келуі керек. Прокурор қоғам мүдделерін қорғайды, мемлекет атынан сөйлейді, бірақ сонымен қатар сотталушының заңды мүдделерін, оның абыройын қорғауға бағытталады. Кони жазғандай, прокурор «өзінің қиын міндетін орындай отырып, қоғамға қызмет етеді». Алайда, бұл қатаң адамгершілік тəртіп орын алғанда жəне қоғам мүддесімен адамның адамгершілік абыройы бірдей сезгіштікпен жəне ынтамен қорғалғанда ғана пайдалы болады.

Осылайша, прокурор – айыптаушының барлық сөзінің адамгершілік мінездемесін анықтайтын – оның ұстанымының дұрыстығы, сот қорғауында айтылған шешімдердің əділеттілігі. Қылмысы дəлелденбеген адамды айыптауды прокурордың талап етуі, оның адамгершіліксіздігін көрсетеді. Істің мəн-жайларына байланысты əрбір нақты сөзді прокурордың айыптау сөзінің дəстүрлі жəне логикамен байланыстылығына байланысты бірнеше кезекті бөлімдерге бөледі. Прокурордың айыптау сөзі сотталушы айыпталатын қылмыстың, істің ерекшеліктерін сипаттаумен басталады.

Соңғы уақытқа дейін айыптау сөзінде қылмыстың «қоғамдық-саясаттық» бағасын беру міндетті болып табылатын, онымен қатар ол «айыптау сөзінің қажетті элементі болуы керек» еді. Сотпен қаралатын қылмыстық істі заңдық жəне адамгершілік сипаттамасына байланысты, қылмыстың қауіптілігін бағалауға жəне істің ерекшелігіне байланысты сөзді бөлген дұрыс. Кони прокурор болған кезде соттағы өзінің сөздерін дəл осы қылмыстың немесе оған қатысушылардың ерекшеліктерін сипаттаудан бастаған.

72

Қаралып жатқан істің жалпы сипаттмасы, оның спецификалық ерекшеліктері объективті мөлшерлес, асырып жіберушілік болмауы тиіс. Ол нақты, сол істің маңыздылығына негізделген болуы тиіс.

Мемлекеттік айыптаушы өз сөзінде сот тергеуінің қорытындысымен бекітілген түріндегі істің фактілі мəн-жайларын баяндайды. Ол сотталушының кінə болып табылатын белгілі бір əрекет жасауын бекітеді, сот тергеу нəтижесінің есебімен түзетулер енгізеді, ал негіздемелердің бар болуына байланысты айыптаудан бас тартуды мəлімдейді.

Прокурордың құқықтық жəне адамгершілік міндеті, оның ойынша не үшін айыпталушының кінəлі екендігі туралы сот қорытындысына берілген тұжырымдауларының басым объективтілігінен тұрады. Сот талқылауы үстінде айыптау расталмаса, онда прокурор айып тағудан бас тартуға міндетті. Прокурор айып тағудың фактілік бөлімі мен сотта дəлелденгендердің сəйкестігін анықтайды. Егер күдік жойылмаса, онда прокурорға сотталушы пайдасына күдікті түсіндіру жағдайы туындайды.

Айыптау сөзінде сотта зерттелген дəлелдемелердің нəтижесі жəне айып тағушылықтың дəлелденгені немесе дəлелденбегені жайындағы тұжырымдарының негіздеулері орталық орынды алады. Айта кететін жəйт, прокурор сөзінде мынадай сөздермен шектеле алмайды, яғни айыптың «сотта өзінің растауын тапты», «толығымен дəлелденді», «сөзсіз дəлелденді» жəне т.с.с. Айыптаушы билігімен қозғалған айыптың адамгершілігі жəне заңдылығын дəлелдеу оның мойнында. Бұл міндетті ол сот жарыссөздерінде де орындауы керек. Ол жалпы бекітулер мен өтініштер негізінде емес, дəлеледер нəтижесі, оның мазмұнынын дəлелдеу мəні, нақтылық, жеткіліктік арқылы іске асады. Конидің жазуы бойынша «Айыптаушы эпитеттерге емес, дəлелдемелермен мықты болуы керек».

Алқа билер сотында айыпты мұқият, жан-жақты жəне көзі жеткенше дəлелдемелер нəтижесі арқылы дəлелдеу жоғарғы мəнге ие.

Прокурордың айыптау сөзінің элементі - əрекетті заңи бағалау. Ол материалды заңды қолдануды терең түсінуге негізделген аргументтері болуы керек жəне айыптаушы оның əділеттілігіне іштей сенімді болмаса да сотта мүмкін болатын альтернативада қатаң заңды қолдануға шақыруға ұмтылғанда «талапсыз» берілуі тиіс.

73

Прокурор сөзінде соттағы фактілерге негізделген айыпталушының жеке сипаттамасы беріледі. Бұл сипаттама объективті болуы керек. Прокурор айыпталушының, оның жазасын жеңілдетуге көмектесетін, адамгершілігін, оның алдынғы еңбектерін, жүріс-тұрысының жақсы жақтарын айтпауға құқығы жоқ. Оның биографиясының мəліметтері тек қылмысқа жəне берілетін жазаға байланысты болған жағдайда қолданылады. Прокурор өз сөзінде айыпталушының жеке өмірі туралы мəліметті тек дəлелдеу үшін маңызды болған жағдайда ғана қолданады. Прокурор айыпталушыға ол өз еркімен өкінбеді немесе өзінің кінəсін мойындамады, ұмытуына немесе жауап бергісі келмегендігіне меңзеп айғақтар бермеді деп кінə тағуға құқығы жоқ. Сқзінде ол айыпталушыға дөрекілік, кемсіту сипатындағы мазақ көрсетуге, сонымен қатар сыртқы келбетіне, ұлтына, сеніміне, физикалық кемістігіне байланысты сөз айтуға жол берілмейді.

Прокурор айырталушыны сипаттағанда оған кінəсіздік ақиқаттылық жүретіндігіне негізделуі керек. Айыпталушы ақталып шығуы мүмкін, ал айыптау үкімі тоқтауы мүмкін. Сондықтан айыпталушыны адамдық қасиетінің бағалары сөзсіз дəлелденген фактілерге негізделуі тиіс жəне заңды мағынасы барлардың шегінен шықпауы керек. Мемлекеттік айыптаушы өз сөзіндегі жазаның көлемін объективті, жазаның түрі мен көлемінің нəтижесін ауырлату ғана емес, сонымен қатар жеңілдететін жағдайларды ескере отырып көлемін белгілеуі керек.

Соттың шығарған үкімінің жеңілдігін, мемлекеттегі немесе сол аймақтағы қылмыс жағдайына əсер ететіндігіне сілтей отырып өзгертуге мүмкіндік жасауы адамгершілік нормаларына сай келмейді.

Кони «алқа билерді қорқыту арқылы ақтау үкімін өзгертуге» қарсы шыға отырып, сол жылдардағы тəжірибелерде мысалдар келтіреді. Бір пысық провинциальды прокурор жылқы ұрлаушы шайқасының ісі бойынша ақтауға қол жеткізбекші болған қорғаушыға қарсы шығып, былай дейді: «Жарайды! Ақтаңыздар! Еріксіздігі! Бірақ мен сізге айтайын: мен көшеде терезеден сіздің үйіңізге кететін жылқыларыңыз бен арбаларыңызды көріп тұрмын! Жарайды! Ақтаңыз: - жаяу кетіңіз!...»

74

Көп жағдайларда прокурор өз сөзінде жəбірленушінің, куəлердің жəне аəыпталушыны қоспағандағы басқа тұлғалардың жүріс– тұрысы жəне жеке қасиеттері туралы айтады. Оған айыпталушы қызметтестерінің, жəбірленушінің, олардың басшыларының мінездемесін беруге мəжбүр болады. Ол теріс болуы мүмкін. Егер мұндай бағалау адамды теріс жағынан көрсететін болса, онда ол тексерілген жəне жеткілікті дəлелдемелерге сүйену керек. Айыптаушы өз сөзінде иронияны қолдануы мүмкін, алайда əзіл сот залында орын алмауы тиіс, өйткені бұл жерде қылмыстан пайда болған уайым орын алады.

§ 3. Қорғаушы cөзінің этикасы

Сотқа, прокурорға жəне тергеушіге заңды істің мəн-

жайларын жан-жақты, толық жəне объективті жиынтығында қарауға жазбаша бұйрық беріледі жəне шешімді олар өздерінің ішкі сеніміне байланысты қабылдауға міндетті болып табылады.

Ал, қорғаушыға келетін болсақ, оның міндеттері өзгеше: ол заңда көзделген қорғаудың барлық жағдайларын жəне тəсілдерін, күдіктенушіні немесе айыпталушыны ақтауға, анықтау, оларға заң көмегін көрсету.

Яғни, қорғаушының міндеті тек біржақты; істі айыпталушының көзімен қарастыру жəне сотқа айыпталушының жазасын жеңілдететін жəне алып тастайтын мəн-жайларды көрсету. Соңында қорғаушының іс-əрекеттерінің бəрі заң жағдайлары мен тəсілдерін қолдана отырып, объективті жəне сенімді түрде айыпталушының мүддесін қорғай отырып ақиқатқа жетуге бағытталады.

Қорғаушы прокурордан кейін сөйлейді жəне оның сөзі жиі өткір жəне полемикалық сипатта болады. Полемика айыптаушы мен қорғаушы арасында ақиқатқа жетудің тиімді құралы ретінде қызмет атқарады, сотқа дұрыс үкім шығаруғы көмектеседі.

Бұл мақсатқа полемика іскерлік сипатта, тартымды жəне əдепті түрде жүргізілгенде жетуге болады. Қорғаушы айып тағушымен емес, айыптаумен дауласады, сондықтан қорғаушы үшін айыптау сөзін талқылау – екінші дəрежелі іс; қорғау сөзі үшін басты мəліметтерді ол сот тергеуінде анықталған мəн-жайлардан алады.

75

Қорғаушы адвокат, əрине, өз сөзінде айыптау жаққа қарсы болады. «Халыққа сөйлеуші сот» ретіндегі прокурорға қарағанда қорғаушының ұстанымы біржақты болмауы мүмкін емес. Оның сот жарыссөздеріне қатысуы белгілі адамгершілік жағдайларға тəуелді болады. Адамгершілік ақтауға кірісуде жалпы жəне мазмұ-ны мен құрылымындағы бастысы – заңи жəне адамгершілік тұс-палдарына сүйене отырып, өзінің ұстанымын дұрыс анықтай білуі.

Қорғаушы қорғаудың тек заңды шараларын жəне тəсілдерін қолдана алады. Ол заңды бұзғанмен айыпталған адамды қорғай отыра, өзі де заңды сақтауы керек, заңды шараларды ғана қолдану керек.

Қорғаушы қорғаудың тек адамгершілік тəсілдерін ғана қолдануға құқылы. Мысалға, оның өзінің қорғайтын адамына ұтымды болғанымен сотты алдауға, сотты жалғандыққа итермелеуге құқығы жоқ.

Нақты адамды қылмысқа кінəлілігімен қорғай отырып, ол қылмыстың өзін жоққа шығара алмайды.

Қорғаушының сөзінің құрылысы бір жағынан айыпталушының сөзін еске түсіреді, өйткені олар бір затты қарастырады, алайда əр жағынан қарайды. Бірақ, бұл жерде мемлекет атынан шығатын айыптаушының сөзінің құрылысындағы тəртіптілік байқалмайды.

Қорғаушының сөзінде қорғаушы мамандығының жəне соттағы міндетінің гуманизмі жарқын орын алады. Ол өзінің кінəсімен қасіретке түскен немесе кінəлі емес адамның қателікпен айыпталуы мүмкін адамдарға көмектесуге ұмтылады.

Сот алдына келген айыпталушы əлі сотталмаған. Қорғаушы айыпталушының басқаларға қарағанда абыройын құрметтеуге, қадір-қасиетін сақтауға жəне де өз сөзінде оларды қорғуға міндетті болып табылады. Конидің айтуы бойынша қорғаушы айыпталушының «Досы, ақылшысы».

Қорғаушыныі сөзі сотқа айыпталушының жеке басының жəне жүріс-тұрысының жақсы жақтарын шоғырылдандырылған түрде жеткізу керек. Іс бойынша бекітілен жағдайлардың жауапкершілігін жеңілдетілуін сөзінде анық жəне сенімді жетізу керек, ал жағдайлардың жауапкершілігін ауырлатаындарды немесе күдікті дəлелденгендерді дұрыс сипатталуын бағалау.

76

Айытаушыны сиппаттағанда асыра сілтеушілік орын алмауы тиіс, фактілерге қарсы айыпталушының жоқ жақтастарының бар екендігін айтуға жол берілмейді. Бұл жалпы қорғаушының сөзіне жəне ұстанымына күдік туғызады. Егер қорғау топқа жүргізілсе, онда қорғаушы сөзінде басқа айыталушылардың кінəлілігіне көз жеткізуге себеп бермеу керек.

Қорғауды жəбірленушінің жеке басының жаман жақтарын, оның адамгершіліксіз қасиеттерін белгілеу арқылы жүзеге асыру мүмкін емес. Жəбірленушінің қадір-қасиетін қорлауға болмайды. Егер жəбрленушінің іс-əрекеті қылмыстың болуына əсер етсе, өз септігін тигізсе жəне оның заңды мағынасы болса, онда ол қорғаушының сөзінде айытылуы тиіс. Алайда жəбірленуші – қылмыстың құрбаны екенін ұмытпау керек, ал оған зиян, қасірет тигізген адам сотталады.

Қорғаушы сөзінде дəлелденбеген пікірлерді қолдануына жол берілмейді. Өтірік айту, алдау, фактілерді бұрмалау өнегелікке жатпайды. Олар ізеттілік функцияларды атқаратын қорғаушының адам ретінде жəне юрист ретіндегі данқымен байланыса алмайды. Ал оның нəтижелігі адвокат клиентінің тағдырына да қауіп төндіреді. Белгілі болған ұсақ өтірік қорғаушының айтқан барлық сөзіне деген сенбеушілікті туғызады. Сонымен қатар адвокат өз сөзінде айыптаушы ескермеген қорғауға қарсы келетін жағдайларды атап өтуге міндетті емес. Бұл айыптаушының сынына да байланысты: дəлелденбегендер сөзсіз айыптаудың негізіне жатпайды немесе айыпталушының айыптаушымен жоққа шығарылмаған болжамы шыңдық деп қаралады. Бұл жерде біз заңдарда көзделген құқықтармен байланысты қорғауды жүргізуге негізделген адамгершілік құқықтарымен кездесеміз.

Қорғаушының сөзі өзінің мақсатына, тек қорғаушы дəлелдеуге, сендіруге, дауласуға деген шеберлікке ие болғанда жəне қызыл тілді болғанда жетеді. Жарысудың дамуы Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуінде бұл қасиеттердің болуының мəні өсуде.

Қорғаушы өз сөзінде полемиканың айыптаумен дауласуды тікелей жүргізеді жəне бұл дауласу белгілі бір адамгершілік ұстанымдарына сəйкес болуы керек.

77

1911 жылы жарыққа шыққан «қылмыстық қорғауға арналған оқулықта» профессор Л.Е. Владимиров адвокаттарға «сот қақтығысы академиялық дау емес» екендігін жəне «мұнда біржақты жəне əуесқой болу дұрыс» екендігін ұмытпауды сұрайды. Ал қорғаушыларға «айыптаушыға əрқашан да тапжылмай, əділетсіз болуға.... Қарсыластың сөзін елемей, жерге тастауға... Қарсылас толығымен жойылуға... Айыптаушының пікірлерін күлкі етуге, аямауға, сөзге қателігіне жармасуға шақырады. Бұл ақылды сынайтын емес адамдардың қоғамдық өмірі сияқты дөрекі түрдегі сөздер мен пікірлердің қақтығысы».

Əрине сот жарыссөздерін құқық жағынан да, адамгершілік жағынан қарағанда да тараптардың арасындағы ойын, яғни, «ережесіз ойын» деп қарастыруға болмайды. Олардың халық алдында сөйлейтін қатысушылары тек адамгершілік əдістерін қолдануға құқылы, жеке басының қадір-қасиетін сақтауға міндетті, өзінің қарсыластарының жəне іске қатысушы басқа да тұлғалардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, олардың құрмет көрсетілетін сотқа барып тұрғандығын есте сақтауына жəне адамгершілік нормаларын сақтауға міндетті.

Адвокат сөзінің əдептілігі былай көрініс табады: басқалардың сана-сезімі мен күйзелісін аяу, сыпайы жəне əдепті болу керек.

Куəлерден жауап алу кезінде ирониялық екпінмен жəне мазақ түрінде сөйлеуге болмайды. Ирония жаралайды жəне ол судьялардың əсерімен сəйкес келмеуі мүмкін.

Адвокат өз сөздерінде сотқа деген айрықша құрметін білдіру керек жəне əдепсіздік болып қабылдануы мүмкін болатындардың бəрінен аулақ болуы қажет. Іс жүргізудегі қарсыласын, оның ішінде прокурорларды сынау кезінде адвокат құрметпен сөйлеу қажет.

§ 4. Заңдық хат этикасы

Практикалық іс жүргізу қызметінде заңгермен жүзеге

асырылатын əр түрлі операциялар əрқашан да құқықтық құжаттарда бекітіледі.

Құқықтық құжат – алудың, сақтаудың, қолданудың жəне қағазға, магниттік, кино, бейне, фотопленка немесе басқа да түрдегі тасушылардың фиксациясы жолымен ақпараттарды таратудың заңмен қамтылған материалдық нысаны.

78

Құжаттың мынадай түрлерін ажыратады: • алғашқы – бастапқы ақпараттан құралады; • туынды – алғашқы құжатта мазмұндалған жəне оның мазмұны

мен тағы басқа сипатталған ақпараттардың өңдеуі мен анализдеуі негізінде дайындалған;

• Қолданыстағы – нағыз қазіргі (аутентикалық) түпнұсқа. Құқықтық құжат жоғарғы эстетикалық талаптарға жауап

беруі қажет, олардың қабылдауын елеулі түрде жеңілдетеді жəне олардың жоғарғы маңыздылығын куəландырады.

Құжаттың эстетикалық сапасын жоғарылатуға қағазды, қаріпті, сияны дұрыс таңдау себепші болады. Мысалға, құжатқа арналған қағаздың түсі ақ болуы тиіс. Жұқа қағазды қолдануға жол берілмейді. Қою түсті қара сияны қолдану керек, өйткені айқын, қарама-қарсы қабылдау жасайды.

Құқықтық құжаттар түзетулерсіз, эстетикалық қабылдауды елеулі түрде нашарлататын өшірулерсіз құрастырылуы тиіс.

Кез келген құқықтық құжатты құрастырғанда олардың барлық реквизиттері (құрамдас элементтерінің) анық көрсетілуі жоғарғы мағынаға ие, сонымен қатар олардың біреуінің жоқтығы құжаттың заңдық күшінің жоғалуына əкелуі мүмкін болатын орналастыру тəртібінің жүйелілігі.

Құжаттарды құрастыру үшін ереже бойынша бланкілер қолданылады. Мемлекеттік стандартқа сəйкес қағаздың (форматтың) көлемі: А3(297´420); А4(210´297); А5(148´210); А6(105´148).

Стандарттарға сəйкес бекітілген реквизиттер тізімінен басқа жеке құжаттарда қосымша реквизиттер болуы мүмкін.

Маңызды артылған міндеттен басқа құжаттардың кез келген реквизиті эстетикалық сипатта артылған міндеттерді жасайды. Мысалы, құқықтық құжаттың негізгі мазмұны сызыңқы жəне анық тұжырымдалған тақырыптамасы бар құжаттарға реквизиттердің ерекше сыртқы хаттауы қарастырылған.

Құжаттардың бланкісіне тақырыптама реквизиттерін орналастырудың екі тəсілі бар: • ортасынан – реквизиттерінің əрбір жолының басы мен соңы поля шекарасынан бірдей жойылған;

• жалаулы – реквизиттердің əрбір жолы поляның сол жақ шекарасынан басталады.

79

Құжатта басып шығарған органның атауы болуы қажет. Органның атауы, оның дəрежесіне сəйкес анықталады. Бекітілген тəртіпте ресми анықтап белгіленген жағдайларда қысқартылған атауымен бірге толық атауы да бланкіде орналасуы мүмкін.

Ереже бойынша органның атауы арнайы штемпелмен қойылады немесе сол бланкінің өзінде болады. Берілген реквизит атауынан басқа аты-жөні көрсетілген тұлғаның қызметтік дəрежесі де қосылады.

Құқықтық құжаттардың маңызды реквизиті адресат болып табылады. Құзіретіне сəйкес құжаттар мемлекеттік билік органдарына, басқармаларына, министрліктеріне, мекемелеріне жəне олардың құрылымдық бөлімшелеріне, нақты қызметтегі тұлғаға жəне де азаматтарға адрестелуі мүмкін. Құжат төрт адрестен көп болмауы тиіс. Егер олар көп болса, онда жіберілу тізімі құрастырылады жəне құжаттың əрбір данасына бір адрес жазылады.

Ұйымдардың, оның құрылымдық бөлімшелерінің атаулары атау септігінде көрсетілуі тиіс. Ұйым басшысына құжатты адрестеу кезінде, оның атауы адресат қызметінің атауының құрамына кіреді. Құжатты бірнеше ұйымдарға жіберген жағдайда адресаттары жалпылама түрде көрініс табуы мүмкін. Құжатты азаматтарға жіберер кезінде басында почталық адресі, содан кейін аты-жөні жазылады.

Құжаттарды шет елге адрестеу кезінде басында аты-жөні, содан кейін қызметі, ұйымның атауы жəне мынадай кезектілікпен оның адресі: почта жəшігінің нөмірі, ғимарат нөмірі, көшенің аты, почта индексі, қаланың аты, мемлекет атауы жазылады.

Заңдық күшіне байланысты құқықтық құжаттардың маңызды реквизиті қол қою болып табылады. Ол мынадай мақсаттарда қызмет етуі тиіс:

- құжатты құрастырушы, авторға сілтеу; - құжаттың мазмұнын куəландыру, растау немесе бекіту; - ақпарат мазмұндалған құжатты құрастырғанның жауап-

кершілігін қуаттау. «Қол қою» реквизитінің құрамына кіреді: қызметінің

атауы, лауазымы, жеке қойған қолы, құжатқа қол қойған тұлғаның аты-жөні. Егер құжат бланкте толтырылған болса, органның аты басқарушының (қызмет) лауазымында көрсетілмейді.

80

Реквизитті қол қоюдың анықтамасы: «Қол» қызмет атауы белгіленген соңғы жылдың деңгейінде терілуі керек, ал егер қызметтің атауы да көрсетілсе, соның деңгейінде қол қойылуы тиіс.

Егер құжатқа бірнеше қызметкерлер қол қоятын болса жəне олар əр түрлі лауазымда болса, қол қою рəсімі жоғарыдан төмен жүзеге асырылады. Егер құжатқа бір деңгейдегі қызметкерлер қол қоятын болса, олардың қолы да бір деңгейде орналасады.

Заңдық құжаттарға құқықтық күшті мөр береді. Таңбалық мөр (елтаңба салынған мөр) регламентте көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құжаттарға ғана қойылады. Таңбалық мөр: заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын анықтайтын құжаттарға, ұйымдардың жарғыларына, шарттарға жəне т.б. қойылады.

Мөрлердің басқа да түрлері (органның аты көрсетілген, мекемелік, елтаңбалық мөр немесе «Шаруашылық немесе қаржылық құжаттарға» - деген жазуы бар таңбалық мөр) мекеме немесе орган беретін əр түрлі анықтамаларға қойылады.

Мөр оттискі құжаттың сол жағына жəне қол қоюшының лауазымының атының жартысын қамтуы тиіс. Мөр оттискінің нақты болып шығуына мəн беру керек, себебі майланып түскен оттиск құжатқа ұқыпсыз кейіп береді, ал кейбір жағдайларда құжаттың нақтылығына күмəн туғызуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда құжатқа қол қойылғаннан кейін оны жоғарғы лауазымды тұлғаның мақұлдауын қажет етеді. Осы сəттен бастап құжат заңдық күшке ие болады.

Құжатты бекіту екі түрде жүзеге асырылады: гриф бекітуімен немесе арнаулы құжат шығарумен (жарлық, нұсқаулық). Осылай бекіту түрлері теңдей күшке ие. Грифті бекіту түрінің элементіне: гриф «Бекітемін», лауазым аты, жеке қолы, құжатты бекіткен адамның аты-жөні, тегі жəне бекіткен күні жатады.

Құжатқа қол қойылған кезде немесе бекіткен кезде əрқашан уақыты қойылады. Уақыт арабша санмен, арасына нүкте қойылып жазылады. Уақытты белгілеуде сөз-сан түрін қолдануға рұқсат етіледі.

81

Мезгіл өзіне заңдық құжатты бекіту жəне оның күшке ену уақытын қамтиды. Құжатты дайындау барысында заңдық-техника сипаттағы арнаулы талаптарды ұстану қажет.

Кейбір құжаттар арнаулы бланктерде толтырылуы тиіс (төлқұжат, диплом, арнаулы азаматтық-құқықтық шарттар), себебі олар ерекше маңыздылықпен танылады жəне нақты стандарттарға ие. Мұндай бланкілерді су белгілері бар қағазда арнаулы мемлекеттің мекемелері шығарады.

Кейбір нақтыланбаған құқықтық құжаттар (рұқсат қағаз, анықтама) ыңғайлы болу үшін бланкте толтырылады.

Ерекше құжаттарға бланк дайындау мүмкін емес. Бұл арнаулы нысаны жəне жалпы құрастыру қағидалары бекітілген құжаттарға қатысты (мінездеме, хаттама). Тіл жағын жəне оның текстегі жиынтығын автор – құрастырушы өзі таңдайды.

Осындай құжаттарды дайындаған кезде заңгерде қайшылықтар мен қателер туындайды. Мұнда заңгердің тіл, эстетика жəне жалпы мəдениеттілігі (немесе мəдениетсіздігі) байқалады.

Заңгер – практиктің эстетикалық мəдинетінің деңгейі көбінесе құқықтық құжат дайындау кезінде оның құрастыруының дұрыс формасын, стилін, тілін таңдауына байланысты болады.

Құқықтық құжаттардың бастапқы қалпы мазмұндамасының құралы:

- кіріспе - актінің атын көрсету, шығарған органның аты, шығарылған уаұыты, нақты адресаты;

- сипаттамалық – нақты болған фактілерді, мəн-жайларды хронологиялық кезек бойынша көрсету;

- дəлелдемелер – құбылыстарды, мəн – жайларды жəне құқық субъектілерінің іс-əрекеттерін маңыздылығына байланысты орналастыру;оларды маңызды белгілері бойынша талқылау, қабылданған шешімдерге дəйектеме;

- нəтижелігі – фактілер мен құбылыс арасындағы себепті байланысқа негізделген, логикалық – жүйелі байымдауды бекіту, шешім құрамын мазмұндау.

Құқықтық құжатты эстетикалық қабылдауда тіл жəне стиль мазмұны маңызды.

Құжатты құрастыруда ресми-кəсіптік стиль қолдану керек, оның сипаттарына:

82

− жинақы жəне біржақты; − нақты тұжырымдар жəне айқын айтылған ой; − логикалық жəне дəйекті мазмұндар; − эмоцияның, экспрессивтің, бейнеліктің жоқтығы; − стильдің даралық жағының жоқтығы.

Заңдық құжатты адамның абыройын кемсітетін, тіл тигізетін сөздер болмауы тиіс. Эмоционалды, дөрекі сөздерді қолдануға да болмайды. Жаргондарды, сленг сөздерін, жағымпаздықты, комплименттерді қолдану жол берілмейді.

Құқықтық құжатта граматика ережелерін сақтау өте маңызды.

Грамматика – мəдинеттіліктің элементі ғана емес жəне адресатқа əсер ету шарты болып табылады. Мəтіндегі қателер, жаңылыс жазулар – бұлардың бəрі заңдық мəтіннің деңгейін төмендетеді.

83

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен біз заңгерлердің кəсіби қызметіндегі этиканың басты сұрақтарын талқыладық. Заңгерлердің этикасын зерттеудің маңыздылығы, қоғам арнаулы мамн иелеріне ерекше талап етеді, соның ішінде заңгерлерге. Ежелгі мақал бар: дəрігер жақсы дəрігер ғана болса, ол жақсы жақсы дəрігер бола алмайды. Заңгер туралы солай айтуға болады. Заңгерлердің кəсіптік қызметі қоғам мүшелерінің мүдделеріне байланысты, ал оның нəтижелері қауіптілікті қамтамасыз етуге, тек қана мүшесіне емес, сондай-ақ қоғамға, мемлекетке əсер етеді. Қоғамның заңгерлерге ерекше əдеп талаптарының қоюының себебі, кейбір заң мамандығының иелері мемлекеттік билік өкілі болып табылуына байланысты. Сондықтан азаматтар олардың іс-əрекеттерін этика нормалары жағынан бағалап, билік органдарының қаншалықты олардың мүдделерін қорғап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне баға береді. Заңгерлер мемлекеттік қызметте көбінесе кең билік функцияларына ие. Бірақ бұл заңгерлердің өздерінің шешімдері мен іс-əрекеттеріне жауаптылықты жоғарлатады.

Заңдылықты жəне əдептілікті, профессионалдық қызметте, жай қатынастарды, əлеуметтік, əдеп нормаларын ұстану азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімділігін арттырады, беделін жоғарылатады жəне түпкі мағынада жедел жəне нəтижелі түрде заң бұзушылықпен күресуге көмектеседі.

Қоғамдық қатынастарды ізгілік бағытында жүзеге асыру, сот-құқық реформалары, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғамды біздің мемлекетте құру үшін, заңгерлердің мамандандырылған қызметінде əдеп нормаларын зерттеп, саралау күннен-күнге маңызға ие болады.

84

ГЛОССАРИЙ

Альтруизм – адамға өзінің өзімшілдігін басуды бұйырады, пайда табу мақсатының жақынға көмектесу, басқа біреудің мүдделері үшін өзінің мүдделерінен бас тартуға байланысты адамгершілік көзқарас.

Аморализм – адамгершілік көзқарас, нигилистік қарым-қатынастарынды қоғамғанегіздеп жəне біріншіден жалпы азаматтық мораль нормаларын, əдепсіздікті заңды түрде тұлғаның іс-əрекеті деп жариялауы.

Аскетизм – адамға бұл өмірдегі игіліктерден жəне нəпсіқұмарлықтан бас тартуды, əлеуметтік нысанда немесе өз əдептілігін сақтау үшін, сезім талпыныстарын басуда бұйыратын адамгершілік көзқарас.

Игілік – жалпы түсінік, құбылыстар мен заттардың оң құндылықтарын бекіту үшін қолданылады. Материалдық жəне рухани, жеке жəне қоғам игіліктерін ажыратады. Материалдық игіліктер – адам өміріне пайдасы бар заттар (тамақ , киім, үй жəне т.б.). Рухани игіліктер – адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін: рухани құндылықтар (білім, мəдениет жетістіктері, өнер), өнегелік құндылықтары (мейірімділік, абыройлылық, құрмет жəне т.б.), эстетикалық құндылықтар (əдемілік). Қоғамдық құндылықтар – даму үшін жалпы материалдық жəне рухани ережелердің жинағы, яғни, қоғамға жəне жеке адамға даму үшін арналған жағдайлар. Жеке игіліктер – жалпы əлеуметтік жағдайға бағынатын, адамның жеке өмірінің жəне дара даму жағдайларының жиынтығы.

Ризалық – адамның бұрын жарылқаушылық жасаған адамға қарым-қатынасы, адамға көмек (қауымға, ұйымға) өзара көмекпен жауап беруге дайын болу.

Адамшылық – моральдық қасиет, жоғарғы себептерге байланысты жасалған адамның іс-əрекеттеріне сипаттама.

Əдептілік – моральдық қасиет, адамның басқа адамға деген қарым-қатынасының сипаттамасы, норма болып қалыптасқан жүріс-тұрыс түрі. Ол өзіне: зейінділікті, сырттай бəріне деген жақсы көзқарасты, мұқтаж болған əркімге көмек көрсетуге дайын болу, сыпайыгершілікті, əдепті қамтиды.

85

Өзара көмек – ұжымдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар, ортақ мүдделер, мақсат болған жағдайда пайда болады, ортақ мақсатқа жету үшін бір-бірін қолдап, қызметтерді өзара бөлісу.

Кінə – құқыққа қарсы жағдай, яғни, адамның əдептілік немесе құқық нормаларын бұзған, айып немесе қылмыс жасаған кезде туындайды.

Сауап – мораль игіліктеріне қатысты адамның жасаған іс-əрекетіне сыйлық беру немесе жаза тағайындау.

Жігер – бұл адамның қиындықты жеңіп, қойылған мақсатқа жету мүмкіндігі.

Мораль талғауы – мораль жағынан жасалған іс-əрекеттер, адам ізденісі, адамның жеке басымен, өз талғамымен шешім қабылдап, оны жүзеге асыруы. Таңдауды немесе іс-əрекеттерді арнаулы игіліктерге сүйене отырып жасайды.

Дөрекілік – əдептілікке қарама-қарсы моральдық қасиет, жүріс-тұрыс мəдениетіне немқұрайлықпен сипатталады. Дөрекілік айналадағыларға қаскөйлікпен қарау, басқа біреулердің мүдделерін, сөздерін ескермеумен, шімірікпей басқа адамдарға өзінің ниетін еркін танумен, өзінің наразылығын ұстай алмау, қоршаған адамдарды əдейі немесе алдын-ала ойламай балағаттау, сөз тигізу, кемсітетін сөздерді, лақап аттарды қолданумен, бұзақы іс-əрекеттермен сипатталады.

Ізгілік – дүниеге көзқарас принципі (соның ішінде əдептілік), адамның өмірге деген көзқарасы, адамның шексіз, мүлтіксіз мүмкіндіктері туралы, тұлғаның тəуелсіздігін, қадір-қасиетін қорғауды талап етуге, адамның бақытты болу құқығы туралы ойлар жəне қоғамдағы істелінген барлық іс-əрекеттер осыған бағытталуға тиіс деп есептеу.

Деонтология – этиканың тармағы, міндеттердің мəселелері жəне жалпы міндеттемелерді талқылау қарастырылады (əдептілікті талап ететін бұйыру нысаны).

Мейірім – этиканың басты категорияларының бірі, моральдық түйсік. Өзінің жалпы түсініктерінің бірі, қарама-қарсы жағымен жамандық пен мейірім ортақ формасын қалыптастырып, əдептілік жəне əдепсіздікті, мораль маңыздылығын, жақсы жəне жаман, əдептілік нормаларына сай келетіні жəне сай келмейтін жақтарды қамтиды.

86

Мейірімділік – іс-əрекетке байланысты бағалауға тартылады (қылық, тұлғаның моральдық қасиеті, адамдардың қарым-қатынасы жəне т.б.) нақты формаларға, түсініктерге ие болады – жарылқаушылық, жақсылық істеуші, əділеттіліктер жəне басқалар.

Сенімділік – бір адамның басқа біреу жасаған əс-əрекетке көзқарасы (ортақ істегі сыбайласқа, шарттағы серіктеске, жетекшіге, досқа), бұл көзқарас оның шындығына, мызғымастығына, адамгершілігіне, шыншылдығына негізделеді.

Адалдық – тұлғаның жүріс-тұрысын сипаттайтын, өз іс-əрекеттерінің дұрыстығына сенуге негізделген моральдық қасиет.

Этика дəрежесі – этиканың басты түсінігі, этика ғылымының теориялық аппаратын құрайтын жəне мораль элементінің маңызды жақтарын көрсетеді.

Моральдық кодекс – қоғам мен басқа адамдарға қатынасы бойынша адамдар тəлімі нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қалыптасқан қулықтылық, қоғамдық сананың негізгі нысандарының бірі.

Моральдық қақтығыс – шешім қабылдаған адамның өз түйсігіндегі қарама-қайшылықтарды моральдық таңдауының спецификалық жағдайы: бұл басқа нормаларды жүзеге асыру кезінде, сол адамның белгілі бір моральдық құндылықтар нормаларын бұзуға əкеледі.

Пайдакүнемдік – моральдық қасиет, адамның жүріс-тұрыс нысанының сипаты, қатынастар мен іс-əрекеттерді қоршаған ортаға өзінің пайдасы үшін бағыттау.

Мəдениет – ұрпақтан ұрпаққа берілетін, адамның жасалған жəне жасалып жатқан материалдық жəне рухани құндылықтардың жинтығы.

Міндет – қоғамдық қажеттілік, əдептілік талаптарымен сипатталады. Тұлғаға қойылған жағдайда оны жүзеге асыруға, орындауға міндетті болады.

Абыройлылық – моральдық түйсіктің түсінігі, əр адамның адамгершілік қасиетінің көрінісі, сондай-ақ этика деңгейі, адамның өз-өзіне деген ерекше көзқарасы жəне қоғамның оған деген көзқарасындағы тұлғаның жеке қасиеті болып танылады.

87

Қызғаныш – адамның басқа тұлғаның жетістігіне, əйгілілігіне, моральдық артықшылығына немесе басымырақ жағдайына кекеткіш – өшпенділік сезіммен қарауы.

Заңдылық – құқық жəне мораль принципі, заңның дұрыс қолданып жəне ұстанудың мызғымас бұйрығы.

Жаманшылық – мазмұны бойынша жақсылыққа қарама-қарсы моральдық қасиеттердің теріс сипаты жəне жалпы абстрактілі əдепсіздіктің, моральға қарсы іс-əрекеттерін негіздейтін этика дəрежесі.

Адамгершілік – мораль (латын тілінен аударғанда «мораль» термині «адамдық» сөзінен шыққан) терминінің синонимі болып табылатын, адамгершілік қарым-қатынастардағы дұрыс жүріс-тұрысты анықтайтын процестер.

Жауапкершілік – қоғаммен берілетін адамдар мен қоғамдық топтардың жеке адамгершілік дамуындағы жəне қоғамдық қатынастарды дамытудағы адамгершілік талаптарды орындауын сипаттайтын этика категориясы.

Жүріс-тұрыс – тұрақты жəне өзгермелі жағдайларында жалғастырылған кезеңге қатысты істеген адамгершілік мəні бар адамның іс-əрекеттерінің жиынтығы.

Кінəсіздік презумпциясы – сезіктінің кінəсі сотпен дəлелденбейінше кінəсіз болу принципі.

Қылмыс – адамгершілік талаптарын бұзғандағы шара түріндегі теріс қылықты сипаттайтын моральдық сана түсінігі.

Қылық – адамгершілік талаптарын бұзуды өз мазмұнына қарай көрсететін іс-əрекет.

Кəсіптік мораль – адамгершілік талаптарының, нормаларының, ережелерінің, кодекстерінің белгілі бір мамандық өкілдерінің жүріс-тұрысына байланысты тарихи пайда болған жиынтық.

Ұят – тұлғаның əдептілік туралы түсінігінің көрінісі, адам өзінің жасаған іс-əрекетінің, ниетінің, моральдық қасиеттерін айыптайтын моральдық сезім.

Екіжүзділік, сайқалдық – əдепсіз қылықтарға жоғарғы нысандағы моральдық мақсаттарды қосып жүзеге асыратын теріс моральдық қасиет.

Ерлік – моральдық қасиет. Адамның жүріс-тұрысын, моральдық кескінін сипаттайды.

88

ƏДЕБИЕТТЕР 1. Адвокат в уголовном процессе. Под ред. П.А. Лупинской. –

М.,1997. 2. Адвокатская этика // Адвокат, 1993. – №№ 7-8. 3. Ария Семен. Мир спасет доброта // Российская Юстиция, 1996.

– № 2. 4. Ария Семен. Об адвокатской тайне // Российская Юстиция,

1997. – № 2. 5. Бентам И. О судоустройстве. – СПб, 1860. 6. Бойков А.Д. Нравственные основы судебной защиты. М.,1978. 7. Бойков А.Д. Этика профессиональной защиты по уголовным

делам. – М.,1978. 8. Васьковский В. Основные вопросы адвокатской этики. – СПб, 1895. 9. Ватман Д.П. Адвокатская этика. – М.,1977. 10. Ватман Д.П. Этические принципы ведения адвокатами

гражданских дел. – М.,1969. 11. Ватман Д.П. Адвокатская этика. – М.,1977. 12. Ватман Д.П. Право на защиту. – М.,1973. 13. Владимиров Л.Е. Advocatus miles. – СПб, 1913. 14. Гессен И.В. История Российской адвокатуры. – М.,1997. 15. Гофштейн М.А. О кодексе профессиональной этики адвоката //

Сб. статей: Проблемы российской адвокатуры. – М.,1997. 16. Гусейнов А.А., Иррлитц Г. Краткая история этики. – М., 1987. 17. Джаншиев Г. Ведение адвокатами неправых дел. – М.,1887. 18. Домбровский. Вопросы адвокатской этики. – Вильна, 1891. 19. Дробницкий О.Г., Гусейнов А.А. Введение в этику. – М., 1985. 20. Дробницкий О.Г. Понятие морали. – М., 1974. 21. Кант И. Лекции по этике // Этическая мысль. – М., 1990. 22. Киселев Я.С. Этика адвоката. ЛГУ, 1974. 23. Кони А.Ф. Нравственное начало в уголовном процессе /

Собрание сочинений, в 4-х т. – М.,1968. – Т.4. 24. Кузнецова Н.Ф. Уголовное право и мораль. – М., 1967. 25. Леоненко В.В. Профессиональная этика участников

уголовного судопроизводства. – Киев, 1981. 26. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. – М., 1986. 27. Маслеев А.Г. Этика и профессиональная этика: Краткий

словарь. – Екатеринбург, 2001.

89

28. Молло М. Правила адвокатской профессии во Франции. – М.,1894. 29. Перлов И.Д. Судебная этика // Советское государство и право,

1970. – № 12. 30. Петрухин И.Л. Вам нужен адвокат. – М.,1993. 31. Петрухин И.Л. Личные тайны (человек и власть). – М., 1998. 32. Пикар Э. Об адвокате (Парадокс). – М.,1898. 33. Полянский Н.Н. Правда и ложь в уголовной защите. – М.,1927. 34. Раймон Муллерат. Независимость – основной принцип

юридической этики // Адвокат, 1996. – №11. 35. Словарь по этике / Под ред. А.А. Гусейнова и И.С. Кона. – М., 1989. 36. Смирнов В. Суд, государственный обвинитель и адвокат: этика

взаимоотношений // Российская Юстиция, 1995. – № 6. 37. Соловьев В.С. Оправдание добра. – М., 1996. 38. Философская энциклопедия: В 5 т. – М., 1964. – Т.3. 39. Философский энциклопедический словарь. – М., 1983. 40. Цыпкин А.Л. Адвокатская тайна. – Саратов, 1947. 41. Швейцер А. Культура и этика. – М., 1993. 42. Шмидт Ю. Адвокаты свободы. – М.,1998.

Оқулықтар жəне оқу құралдары

43. Барщевский М.Ю. Адвокатская этика. – М., 2000. 44. Выгорбина А.Е. Этика права. – М., 2005. 45. Закомлистов А.Ф. Судебная этика. – СПб., 2002. 46. Кобликов А.С. Юридическая этика. 3-е изд, с изм. – М., 2005. 47. Кокорев Л.Д., Котов Д.П. Этика уголовного процесса. –

Воронеж, 1993. 48. Комарова Н.А., Сидорова Н.А. Судебная этика. – СПб., 1993. 49. Порубов Н.И., Порубов А.Н. Юридическая этика. – Минск, 2003. 50. Профессиональная этика юриста / Под общ. ред. А.Г. Маслеева. –

Екатеринбург, 2004. 51. Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста: Учебное

пособие. – М.: Изд-во РУДН, 2004. 52. Этика сотрудников правоохранительных органов/Под ред. Г.В.

Дубова. – М., 2005. 53. Этика судьи / Ги Де Вель, Н.В. Радутная, Пьер Трюш и др. –

М., 2002.

90

БЕЛГІЛЕР ҮШІН

91

КҚУ тематикалық жоспары, 2008 ж.

Оқу құралы

ЗАҢГЕРДІҢ КƏСІПТІК ЭТИКАСЫ

Шеретов С.Г., Жанабилова Ж.А.

Редакторы Шупшибаева Н.С.

Техникалық редакторы Сансызбаева Г.З.

ҰСЫНЫЛҒАН КҚУ оқу-əдістемелік кеңесі КЕЛІСІЛГЕН Жеке-құқықтық пəндер кафедрасының

меңгерушісі, з.ғ.д. профессор Мороз С.П.

Басуға қол қойылды 14.01.2009 ж.

92

Таралымы 50 дана. Пішімі 60х84/16. №1 баспаханалық қағаз. Көлемі 5,75 баспа табақ. Тапсырысы № 1132

Каспий қоғамдық университетінің басылымы

КҚУ-ның ғылыми баспа орталығы баспаханасында басылған Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 521. тел. 250-69-34, 250-69-35