журнал

120

Upload: suppprt

Post on 01-Nov-2014

886 views

Category:

Documents


1 download

TRANSCRIPT

Page 1: журнал
Page 2: журнал
Page 3: журнал

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

БАС РЕДАКТОР

ШЕФ-РЕДАКТОР

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФаудармашы

ВИЗАЖИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

БОТАГӨЗ СЕМБАЙҚЫЗЫ

ӘСЕМ БІРМАҚОВА

БОТАГӨЗ ТАЖИМОВАӘСЕМ САҒИҚЫЗЫДИАНА АЛИЯКБАРОВАЗЫЛИХА САЛИХАЙНҰР ҚАБДОЛДАҚЫЗЫРАЙХАН КЕНЖИБАЕВАРАУШАН МҰҚАЛИ

ГҮЛЖАЙНА ДӨНЕНҚЫЗЫ

ДЖОН ЛАУЖанар 8 (701) 947 83 53

МАРИНА НЕКЛЮДОВА8 (701) 750 89 88

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

№7 (1) ҚАҢТАР 2013 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Абдолов Аманкелді АманиязұлыАтырау облыстық жеке сот орындаушылар алқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Рая ЖорабайқызыҚР Кәсіподағының төрайымы

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Дария ҚожамжароваЖамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Жолдасбек НүсіповҚР Еңбек сіңірген салықшы

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Оразалы Телеуов«Промхиммонтаж» АҚ-ның бас директоры,Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаты

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Ібайдулла ТілепҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Ғани ТашқараевШымкент қалалық Мәслихатының депутаты

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Бөріхан БеркімбаевАтырау облыстық Мәслихатының депутаты, Құрметті теміржолшы

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

3

Page 4: журнал

18

15

12

3639

Өнеркәсіптік мекеннің әлеуеті мен әлеуметі

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

«Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы қалыптасты

Отандық өнім - тұрақты бәсекеБелсенді іс - беделді болашақ

42

45

52

5960

Ірі индустриялды мекен

Болаттың болаттай берік қадамдары

Бүгінгіге тиянақтылық - болашаққа жауапкершілік

Қарағанды облысына дерек анықтама«Әрбір мемлекет өз идеологиясы үшін өмір сүруі тиіс»

МАЗМҰН

8 Өңір перзентінің саяси шеберлігі

22 Қазақстан магниткасы

32 Сүйеушісі бар елдің сыйлы азаматы

12

18

28

48

54

«Әлеуметтік саясат - шектеулік пен шенеулікті көтермейді»

«Алға жылжу үшін жемқорлықты тежеу қажет»

«Отандық фармация өрісті дамуда»

24 Ұтымды жоспарлар ұтқыр қадамдарға негіз

Page 5: журнал

87

93

9699

100

102

106110

114

7874

8184

Жоғары білім - жоғары талап

Тізгіндегі тиянақты ісДала перзенті

«Қазақтың төрт түлігіне де патент керек..!»

Жаңа жолдар жаңа мүмкіншіліктерге бастама

Жоғары талаптан туған біліктілікҒалым болудың өзгеше сипаты

«EXPO-2017» экономика дамуының тиімді тұсы болмақСарыарқа саңлақтары

Сапа саясатындағы құбылыс - білім жолын таңдауға байланысты

Тыңнан түрек салған таэквондоБілімді ұрпақ - белсенді болашақ

«Әлеуетті энергетика - қуатты Қазақстан»

114

74

90Ғылымның шыңына шыққан ғалым

70686766

72Атыңнан айналайын, Қарқаралым!

Біздің дәстүр - біздің мақтаныш

Өңір тумасы, ел мақтанышыБектауата тауы туралы аңыз

Балқаш аңызы

Page 6: журнал

6

Қадірменді оқырман қауым!

Ескі жылды еңсеріп, жылдың жаңа күндерін парақтағанымызға да көп бола қоймапты. Қаңтар айы қылаң бере, ақпан айын тоса оқырмандарымызға жол тарту үшін журналымыздың жаңа нөмірін ұсынуға асықтық.

Осы жолғы нөміріміздегі басты мақала - Үкімет басшысы Серік Ахметовтің жасап жатқан жұмыстарына жасалған саяси сараптама түріндегі материал көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз. Өздеріңізге белгілі болып қалғандай, журналымыздың әр нөмірі еліміздің облыстарына арналып келеді. Ендігі кезек Қарағанды өңірін қамтып отыр. «Шахтерлер қаласы» атанған аймақтың бір топ азаматтарынан сұхбат алынды. Олардың ішінде облыстық мәслихат депутаттары мен кәсіп иелері, жоғары оқу орындары басшыларының бүгінгі таңда қоғамның дамуына қосып жатқан үлестері жайында баяндалмақ. Бұған қоса, Атырау өңірінің халық қалаулысы атанған бірнеше азаматтар өз пікірлерін қосты. Елбасының 2050 стратегиялық жоспарына қатысты сұхбат берушілердің өзіндік жеке пікірлері де қарастырылған.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы сіздер үшін қызмет етуге әрдайым дайын. Пейілдеріңіз атқан таңдай, жүректеріңіз кіршіксіз таза болсын деген ниетпен сөзімді аяқтаймын.

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Бас редактор бағаны

Page 7: журнал

7

Құрметті оқырман!

Үстіміздегі жылды қарсы алардың алдындағы еліміздің елеулі оқиғасы - Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауы болатын. Журналдың ақылдастар алқасының төрағасы ретінде аталмыш Жолдауға өзімдік жеке пікірімді білдірсем деймін.

Елбасы атап көрсеткендей, стратегиялық жоспардың мін-деттері айқындалды. Алғашқы тарауда мемлекеттіміздің ке-лешегін өркендетуде ұлттық экономикамызды жаңдандыра

Тәуелсіздіктің ақ таңы журналы

Ақылдастар алқасының Төрағасы

Қаршегенов Оразғали Төлеуғалиұлы

отырып, азаматтық қоғам және қоғамдық келісімнің тұрақтылығын сақтап қалуда әлеуметтік саясаттың қажеттілігі жөнінде мәселе көтерілді. Сондай-ақ, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделімізге сын келтірмеу үшін жауапты әрі сенімді істер атқару ұсынылды.

Келесі тарау «ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері» деп аталады. Дүние жүзін әуре-сарсаңға түсірген судың тапшылығы, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барынша ат салысуды міндеттеп отыр. Ал, әлемдік және әлеуметтік тұрақсыздықтың залалы қоғам дамуына өте зиянын тигізіп, демографиялық теңгерімсіздік пен құндылықтар дағдарысына байланысты жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қалыптастыруды жүктейді. Сонымен қатар, табиғи ресурстардың сарқылмасы үшін орнықты экономикалық жүйеге көшудің маңызы зор екендігі айтылады. Тарихи уақыттың жеделдеуіне қатысты қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігі қажет екендігін атап көрсетеді.

Соңғы тарау, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытында экономикалық және әлеуметтік саясатты жаңарту мен инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке қолдау, әйелдерге қамқорлық, білім беру мен сыртқы саясаттың принциптері жайында ой толғайды. Барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі міндеттерін сақтау керектігін ескереді.

Қоғам өміріне жаңадан серпін берер саяси күштің ғұмыры ұзақ жасар деген үмітпен, Елбасының «Мен ХХІ ғасырдың Қазақстанның «алтын ғасыры» атанарына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады» деген сөзімен ойымды аяқтағым келіп отыр. Лайым солай болғай!

Page 8: журнал

8

СерікАхметов

Page 9: журнал

9

ӨҢІР ПЕРЗЕНТІНІҢ САЯСИ ШЕБЕРЛІГІӨткен жылдың қыркүйек айында Үкімет басына жаңадан келген басшымыз Серік

Нығметұлы Ахметов болды. Осыған орай біздің редакция Үкімет басшысының бүгінгі таңдағы және оған дейін атқарған лауазымды қызметтеріне тоқтала отырып, саяси тұлғасын ашуды жөн көріп отыр. Мақаланы оқып, аталмыш кейіпкерімізге қатысты ой қорытуды өздеріңізге қалдырдық көзі қарақты, ойы зерделі оқырман.

Алдымен еңбек жолынан бастайық.

Осыдан аттай елу бес жыл бұрын Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген Серік Нығметұлының саяси биліктегі шені бар лауазымды қызметке келуі жайдан-жай емес. Себебі, ол бұған дейін де қоғам өмірінің саясилану деңгейіне белсене араласып жүрген азаматтардың бірі. Тоқсаныншы жылдары кәсіпкерлікпен айналысудан «Кең Дала» Орталық Қазақстандық тауар биржасының президенттігі қызметіне дейін өткен оны қоғам уақыт өте саяси субъект ретінде тани бастады. Олай дейтініміз, 2001 жылы туған жері – Теміртау қаласының әкімі қызметіне келеді. Содан Астана қаласына шақырылғаннан кейін қала әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісіне дейін көтеріліп, «Атамекен» Одағының басқарма төрағасы мен Көлік және коммуникациялар министрі қызметтерін атқарады. 2009 жылы Қарағанды облысының әкімі қызметінен Премьер-министрдің орынбасарлығына өтіп, былтыр Үкімет басшысы болып тағайындалды. «Құрмет», «Парасат», «Ерен еңбегі үшін» және бірнеше мәрте мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған. Қарағанды металлургиялық комбинатының жанындағы ЖТОО-ны мен Ресейдегі Басқару Академиясының аспирантурасын

тәмамдаған. Мамандығы – инженер-металлург.

Саяси жолыЗаманды қай жан билесе

де, саяси билікті пайдаланып және оған ие болып, мемлекет болашағына бақылау жасауды қадағалап отыратыны айдан анық қой. Қандай да бір саяси қадамдар жасау үшін де мемлекеттің мәртебесіне, оның мүдделері мен құндылықтарына тікелей тәуелді болу керек сияқты. Себебі, мемлекетаралық қатынастар, қоғамдағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері туындаған жағдайда күрделі де келелі мәселелердің мәнін ашу көзделеді. Үкімет қызметіне басшылық жасаумен бірге Серік Ахметовтің қоғамдық істерге өзіндік ой тастаған жайы бар.

Ол 2012 жылдың Астанада өткен VII KAZENERGY Еуразиялық форумында былай деді: «KAZENERGY Еуразиялық форумы қазақстандық және әлемдік энергетиканың күн тәртібіндегі ең өзекті проблемаларды талқылауға арналған және халықаралық деңгейде танылған диалог алаңына айналып отыр. Өткен форумдар энергетикалық ынтымақтастықты орнықтыру, өзекті ұсыныстар мен шешімдер жасау, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара түсіністікті нығайту ісінде өзінің жоғары тиімділігін көрсетті». Одан әрі Үкімет басшысы индустриалды-инновациялық даму бағытындағы мұнай-газ секторының 2015 жылға кезең-кезеңімен қайта жаңғырудан

өтетіндігін тілге тиек ете келе, сөз арасында: «Қазақстан бұрынғысынша уран өндіруші ірі өндіріс болып табылады, ол жалпы әлемдік уран өндірісінің 36% қамтамасыз етіп отыр. Қазақстандық отын-энергетика кешенінің қарқынды дамушы секторының бірі – көмір саласын дамыту. Қазақстан қазіргі күні Батыс және Шығысты жалғай алатын маңызды стратегиялық аймақтарға айналып келеді. Осы жағдай және оның шикізат ресурстарының байлығы бұл елдің болашақта жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысушы маңызды елдердің біріне айналатындығын білдіреді»,- деді. Иә, саяси пікір айту үшін адамға саяси мәдениет ерекшелігі ықпал етсе керек. Әйтпесе, қоғамдық жүйедегі саяси субъектілердің мемлекетті басқару шеңберіне үйлесіп кетуі қиындау тиюі мүмкін. Оның үстіне ауқымды түрде пікір білдіру мен іс-әрекетінің сипатын ашу кім-кімге болса да оңай емес. Өйткені, мемлекет ісіне қатынасуда адамның ұқыптылығы өз алдына, саяси шындық айту көзделетіні тағы бар емес пе? Ендеше, осы Еуразиялық форумдағы басты тақырып – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылау еді. Энергоресурстарға әлемдік сұраныстың өсе түскенімен, елімізде өндірісті дамыту аясында инвестициялар тарту жыл өткен сайын қажет етілуде. Осы уақытқа дейін мемлекетіміз инвестициялық климатты

Page 10: журнал

10

жетілдіру және жекеменшік сектормен өзара тиімді әріптестік орнату бағытында жұмыс жасап жүр. Ал, Үкімет басшысы ресурстарды тасымалдай отырып, оны тұтынушы рыноктарға дейін жеткізу керектігін баяндап берді. «Энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық орнықтылыққа төніп отырған қауіп-қатерлер бізден сәйкес превентивті шараларды талап етеді. Ал оларды іске асыру бізде жаһан болып жұмылуды қажетсінеді. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз ХХІ ғасырдың энергетикалық ығыттарына қарсы тұра аламыз». Бұл Серік Ахметовтың осы форумда сөйлеген қорытынды сөзі болатын.

Мемлекеттің өмір сүру жағдайларына сай саяси шешімдерді қабылдай отырып, Үкімет басындағы қызметін жүзеге асыру Серік Ахметовтың басты міндеттеріне жүктелді. Себебі, оған ел тарихында кезекті Үкіметтің тізгінін ұстау бақыты бұйырды. Кейбір сарапшылардың пікіріне құлақ түрсек, оның моноқалаларды дамыту, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жалғастыруда қоғамдағы өзекті болып отырған жастар мәселесін шешуге айрықша көңіл бөле бастағаны айтылып

жатыр. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аясында жаңа стратегияны жүзеге асыру тұрғысындағы жалпыұлттық жоспар жасау Серік Нығметұлының тұсында жасалды. Тіпті белгісіз себептерге байланысты кейінге ысырылып келген «Халықтық ІРО» бағдарламасы да дәл осы Ахметовтің кезінде жаңаша қарқынға жолдама алып отыр. Бұған қоса, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына өту де өз жұмысына бастау алып кетті. Бір сөзбен айтқанда, Серік Нығметұлы қызметін жаңаша бағытта бастауды жөн көрген. Үкіметтік отырыстарды мемлекеттік тілде жүргізу мәселесіне де қолға алуда. Әрине, бұның бәрі құптарлық іс.

Негізі лауазымды қызметтерде жүру бір бөлек, ал оны халыққа тиімді болатындай етіп басқарудың жөні бір бөлек. Жұмыстарының қарқынды алған кезі өзі туып өскен өңірде, яғни, Қарағанды облысының әкімі қызметіне келгенде біраз байқалды. Журналымыздың бұл жолғы нөмірінің басым бөлігін осы өлкеге арнағандықтан, Үкімет басшысының сол аймақта атқарған азды-көпті қызметтеріне тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Аталмыш

облысты дамытуда бірқатар мәселелердің басын қайырып үлгерген ол индустиралды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудың жаңаша келбетін ашуды көздейді. Сондай игі істерді жұмылдырудың арқасында Қарағанды облысы бұрынғысынан да көркейе түседі. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін мейлінше қолайлы жағдайлар туғызу үшін елді мекендерде әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылым құрылысын дамыту мен оны жаңғыртуға байланысты мәселелердің жігін ажыратып береді. Облыста 12 ірі жаңа өндіріс орындарын құрып, 5 мың адамға жұмыс орнын ашады. Индустрияландыру саясатына байланысты 5 инвестициялық жоба ұсынып, әлеуметтік мәселелерге де ерекше назар аударады. Денсаулық сақтау саласындағы ана мен бала өліміне, туберкулезге қарсы шаралардың жүзеге асуын қатаң қадағалап, әлемдік аренада биік белестерді бағындарған спортшылар стипендиясын арттыруды қолға алған болатын. Сонымен қатар, 30 әлеуметтік маңызы бар нысан пайдалануға беріліп, балабақшалар мен спорттық кешендердің құрылысы жүйелі түрді жүргізіліп отырды.

ХХI ғасырдағы экономикалық өзгерістер жаһандану үрдісінің аясында өрбіп келе жатқан жасырын емес. Әлемдік экономикалық негіз құрудағы жаңа белестік саяси ұстанымына Қарағанды мекені ең бірінші рет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының динамикалық дамушы аймақ номинациясына осылайша ие болды. Бір сөзбен айтқанда, оның Қарағанды облысындағы еңбегі жемісті өтті. Премьер-министрдің өңірлерге мемлекеттік сапары мұнымен шектеліп қалған жоқ. Қазақстанның көптеген облыстарына мәселен, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай өңірлеріне жасаған

Page 11: журнал

11

мемлекеттік сапарларында жергілікті тұрғындардың жағдайымен танысып шығады. Тіпті шетелдерге жасаған іс-сапарлары халықаралық әріптестік құрылымын жеделтуге ішінара себін тигізді.

Бар мәселе мемлекеттің саяси қызметін атқарумен шектеле бермесі анық. Үкімет басшысының мемлекеттік және қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне ат салысуы, уақыт пен кеңістік арасында сол мәселелерді жүзеге асыруы жұмысының оң нәтижесін көрсетіп отырса керек. Сарапшы мамандарымыздың пікірлеріне сүйенсек, біздің жаңа Премьер-министріміздің өз қызметіне кірісуі болашақта жаңалықтарға тың өзгеріс әкелуі мүмкін. Мәселен, келесі бір жаһандық дағдарыстың алдын алу үшін, Серік Нығметұлының әрбір жасаған саяси қадамдары мен жұмыстары Қазақстанның келешегі үшін өмір сүріп қала бермек. Ол үшін Парламенттік идеяны іске асыру қай уақытта да қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерді талқылау мен бағалау барысына белсенді түрде қызмет ету міндеті жүктелген. Үкіметтің кезекті отырысында тағы бір келелі жиынның шымылдығы ашылды. Қаңтар айында Дүниежүзілік банктің «Doing Busi-ness» рейтінгінің көрсеткіштерін жақсартуға байланысты үстіміздегі жылдың басты міндеттері анықталды. Бизнестегі жағдайды оңтайландыруға қатысты Қазақстан мемлекеті аталмыш банктің рейтінгілік қорытындысы бойынша былтыр 49-орынды иеленсе, ал «Қазақстан «Кәсіпорындарды тіркеу» көрсеткіші бойынша 55-ші орыннан 25-ші сатыға көтерілген. С.Ахметов отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларына «Doing Busi-ness» көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі 2013 жылға арналған іс-

шаралардың кешенді жоспарының аясындағы жұмыстарды жалғастыруды міндеттеді. Сондай-ақ, кейбір проблемалық индикаторлар, «Халықаралық сауда», «Құрылыс салуға рұқсат алу» және «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» көрсеткіштері жайында айта келіп, бұл бағыттарда жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аударуды тапсырды.

Жыл басында орын алған тағы бір жаңалық – Үкімет басшысының мемлекеттік органдар басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктеуі болатын. Мәселен, Астана-Алматы жүрдек теміржолының және Астана-Ақтау, Астана-Өскемен автокөлік жолдарының құрылыстары бойынша ұсыныстар енгізуге, сонымен қатар, Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол тармақтарының құрылыстарын жалғастыруға байланысты біршама міндеттерді жүктеді. Сондай-ақ, Ақтау айлағын кеңейту жобасының екінші және үшінші кезеңдерін іске асыруды жеделдетіп, Тобыл-Көкшетау-Астана газ құбыры құрылысының басталуын қадағалайтындығын айта келе, Серік Ахметов: «Экономика, қаржы, білім, денсаулық сақтау, мәдениет министрліктері, облыстардың Астана мен Алматының әкімдері күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржыны қайта бөліп, жаңа әлеуметтік нысандардың құрылыстарын бастауға мораторий енгізу туралы Президент тапсырмасын орындауды қамтамасыз етулері тиіс», - деді. Үкімет басшысы сондай-ақ, атом-электр стансасының құрылыс орны мен конфигурациясы туралы шешімдердің жобаларын жасау, Біртұтас зейнетақы қорын құру туралы ұсыныстарды енгізу, Дағдарысқа қарсы жаңа жол картасын әзірлеу туралы тапсырма берді. Серік Нығметұлының қызмет барысындағы саяси

жолына қатысты біршама мағлұмат бергендей болдық. Енді саясаткерлігіне қатысты аз-кем пікірімізді қоссақ дейміз.

Саяси имиджінің қалыптасуы

Өз кезінде саяси идеологияны басшылыққа ала отырып және саяси шешімдер қабылдауы Серік Нығметұлының кәсіби қызметінің одан сайын алға қарай ілгерілегендігі деп білейік. Саяси жүйедегі жұмысы өзара тиімділігін көрсетіп жатса, бір жағынан еңбегінің жемісін көруге асығу бәлкім, ол үшін қайтадан бір жаңа әлемге енгендей серпін берер. Саяси қатынастардағы шырмауы көп мәселелермен айналысу оның өзіндік имиджін қалыптастыруға және саяси жарнамалануына алып келді. Сөйтіп, Қазақстанның келешегін өрге сүйретіндердің қатары тағы бір жанмен толықты. Саяси қозғалыстағы билігі ел мүддесін көздеп, мейлінше қоғамдық ойдың маңыздылығына бағыт-бағдар жасай берсе құба-құб. Үкімет басшысының саяси сахна төрінен алар орны мен атқарар рөлі біздің демократиялық қоғамымыздың тірегіне айналып қала берсін деген ниетпен мақаламызды аяқтаймыз.

Әсем Сағиқызы

Page 12: журнал

12

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАЛЫПТАСТЫ

Бүгінгі күні көліктік – коммуникация кешені мен ақ-параттық технологиялар сала-сында 1,5 млн. қызметкер еңбек етіп жүрсе, солардың 28%-ын 29 жасқа дейінгі жас мамандар құрайды. Олар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық кө-лік дәлізінің құрылысы, «Жезқазған – Бейнеу», «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол желілерінің құрылысы секілді Мемлекет басшысы-ның тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан ірі жобаларға да атсалысуда. Журналымыздың осы және басқа да сұрақтары бойынша оқырман назарына ҚР Көлік және коммуникация министрі Жұмағұлов Асқар Қуанышұлымен болған сұхбатты ұсынамыз.

Асқар Қуанышұлы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің бүгінгі күнде атқарып отырған жұмыстарының жетістігі қандай?

Біз 2012 жылы мемлекеттік қызметтерді автоматтандырумен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жаңғыртуды да жалғастырдық. ХҚКО жаңғырту, бірінші кезекте халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, «қағазбастылықты» жою, сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруіне жол бермеу және ұсынылатын қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бүгінгі күні еліміздің барлық ХҚКО-да іске асырылған «бір терезе» қағидасы – кедергісіз (барьерсіз) қызмет көрсету әдісін енгізу. Ағымдағы

мерзімде (25.12.2012ж) ХҚКО арқылы халыққа көрсетілген қызметтердің саны 21 млн астам, ХҚКО-да орнатылған қоғамдық қол жеткізу пункттері немесе «Терминалдар» арқылы 1,3 млн. астам электрондық анықтама берілген, call-орталығы арқылы көрсетілген консультациялардың саны күн өткен сайын артуда, үйден шықпай-ақ консультация алуға болатынын халық түсінді және мобильдік телефон арқылы қоңырау шалу ақысыз, мұндай қоңыраулардың саны 122 мыңнан астам, бұл дегеніміз 100 мыңнан астам адам өз уақытын үнемдеп, ХҚКО-ға келмей-ақ қажетті ақпарат алды деген сөз. Бүгінгі күні 14 Мобильдік ХҚКО тиімді жұмыс атқаруда, ұқсас қағидат бойынша 120 Жұмыс тобы ұйымдастырылып, олар әрі қарай жұмыс істеуде, ағымдағы жылы жергілікті жерлерде мемлекеттік

қызметтерді толығымен көрсету үшін қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақталған қосымша 56 Мобильдік ХҚКО іске қосылды. Елбасының тапсырмасы бойынша біз Қарағанды қаласында мамандандырылған ХҚКО пилот түрінде іске асырдық. Бұл орталық автокөліктерді тіркейді және жүргізуші куәлігін беретін болады. Бір уақытта 8 автомобиль агрегаттарын тексеру мүмкіндігі бар ангар салынды. Және тәжірибелік емтихан тапсыруға арналған автоматтандырылған автодром бар. Теориялық курс бойынша тест тапсыруға арналған сынып бар. Жүргізуші куәлігін алушылар үшін барлық қызметтер бір жерде көрсетіледі.

Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа

Page 13: журнал

13

мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған алдыңғы жылғы Жолдауында үдемелі индустриаландыру мен инфрақұрылымдарды дамыту арқылы 2020 жылға дейінгі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Осының негізінде Көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама әзірленіп, ол Үкіметтің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысымен бекітілді. Онда көрсетілген жобалардың ішіндегі ең ірі жобалардың бірі, жалпы еліміздің жол саласына елеулі өзгеріс әкелетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңарту жобасы. Бұл дәліз еліміздің бес облысының (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе) аумағы арқылы өтеді. Жобаның жалпы ұзақтығы 2787 км, оның 2452 километрі қайта жаңартылатын болады. Еліміздің экономикасының қарқынды дамуының арқасында халықаралық қаржы институттары қызығушылық білдіріп, жобаның іске асырылуына займ бөлуде.

Министрліктің қызметтерін автоматтандыру қаншалықты деңгейде жүзеге асты? Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарының қорытындысына тоқтала кетсеңіз.

Бүгінгі күні «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы қалыптасты. Және қызметтерді электрондық форматта көрсету жұмыстары қарқынмен дамуда. Бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталында 236 интерактивті және транзакциялық қызметтер қолжетімді.2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы БҰҰ-ның (Бірыңғай ұлттар ұйымы) рейтингінде е-үкіметтің даму көрсеткіші бойынша Қазақстан 38-ші, онлайн қызметтер

бойынша 14-ші орынды иеленді. Ал е-қатысу бойынша 192 елдің ішінен 2 орынды Сингапурмен бөлісті. Өздеріңіз білесіздер, 2012 жылы Елбасы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік маңызды қызметтердің 60 % электрондық түрге көшіру туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі күні 22 әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет электрондық нұсқаға көшірілді, бұл 70,9 % құрап отыр. Барлық әлеуметтік маңызды қызметтерді электрондық нысанға көшіргеннен кейін, азаматтар мен бизнес өкілдерінен талап етілетін 40 млн. астам құжатты қысқартуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда барлық лицензиялар тек қана электрондық түрде берілуде. 2012 жылдың басынан бері «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ көмегімен 17 766 лицензия берілген.

Қазіргі таңда автомобиль жолдарын жөндеу жүргізіліп жатыр. Алайда, қарапайым халықтың қамығатыны сапасыз жөндеулердің орын алуы. Осыған кімдер жауап береді? Осы тұрғыда қадағалау қалай жүргізіледі?

Жол құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдарының сапасына әрқашан бақылау жүргізу мақсатында 2005 жылдан бастап құрылыс және қайта салу, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға Инженер қызметі енгізілді. 2006 жылдан бастап республиканың барлық облыстарында «Облжоллаборатория» мемлекеттік мекемесі құрылды. Аталған мекеме жылжымалы және стационарлық лабораториялармен жабдықталған және өз өңірлерінде жүргізіліп жатқан жол құрылысы

жұмыстарының сапасына бақылау жүргізуге тартылған. Бұл өз кезегінде бес сатылық бақылауды: Мердігердің сапа қызметі, Инженер қызметі, авторлық қадағалау, «Облжоллаборатория» ММ және Тапсырыс берушінің сапа қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Облжоллаборатория» ММ жұмысына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру мақсатында жылжымалы зертханаларға және «Қазақавтожол» РМК-ның жолды пайдалану техникаларына GPS навигация жүйесі енгізілді.

Күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген және жаңадан салынған немесе қайтадан салынған жол учаскелерін пайдалануға бергеннен кейінгі 5 жылдық кепілдік мерзім ішінде, ал орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі 2 жылдық кепілдік мерзім ішінде жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына мердігер жауап береді.

Өзіңіз жыл басында көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне тоқталып, іс-шаралар жүргізу қажеттілігін атап өттіңіз. Осы орайда ауқымды жұмыстар атқарылды ма? Нәтижесі қандай?

Халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үрдісін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

- мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жаңа механизмдер іске асырылды, халықтан талап етілетін құжаттардың санын қысқарту және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «ХҚКО» ЫАЖ-мен ықпалдастыру жолымен бизнес-үдерістер оңтайландырылды, бұл қызмет көрсету уақытын 40 минуттан 15-20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді;

- Интернет байланысының

Page 14: журнал

14

көмегімен «электрондық үкіметтің» порталында мемлекеттік қызметтердің орындалу мәртебесін бақылау функциясы енгізілді;

- Интернет немесе call-орталығы арқылы ХҚКО қабылдауына уақытты броньдау механизмі (мүмкіндігі) іске асырылды;

- төлем парағының көмегімен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу мүмкіндігін енгізу жолымен банк кассасына мемлекеттік баждарды төлеуге кезек саны қысқартылды

- ХҚКО-да орнатылған қоғамдық қолжеткізу пункттері немесе «Терминалдар» арқылы халықтың аса талап етілген мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту бойынша іс-шаралар іске асырылды;

- Қызмет сапасын жедел бақылап отыруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік қызметті алушының ХҚКО қызметкерінің жұмысын (КРІ) бағалауы жүйесі (мүмкіндігі) енгізілген;

- Жаңғыртылған ХҚКО-да кедергісіз қызмет көрсету жүйесі енгізілген және халықтың кезек күтуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар (құжаттарды қабылдау үшін жеке терезелер, пандустар, шақыру түймешелері) қарастырылған.

ХҚКО қызметі мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына тәуелсіз мониторинг жүргізуді өткізу мақсатында 2011 жылы «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТҰ-мен Меморандумға қол қойылып, оның нәтижесі бойынша халықтың ХҚКО-ға деген сенім деңгейі 76% құрады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.

Биылғы жылы екі бағыт бойынша: ХҚКО-дан шыққан кезде келушілерден пікір сұрау, сондай-ақ «құпия сатып алушы» тәсілдемесін қолдану жолымен

зерттеулер жүргізілді.ХҚКО жұмысының

сапасын бағалау үшін жұмысқа қатыстырылғандардың барлығы республикамыз бойынша 651 «құпия сатып алушыны құраса, ХҚКО-ға келуші 14 880 адамнан пікір алынды.

Зерттеулердің бірінші және екінші кезеңінің қорытындысы мынаны көрсетіп отыр:

- 8 критерий бойынша «келушілерден пікір сұрау» әдістемесімен ХҚКО арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасына қанағаттанушылық индексі 85,9%;

- 19 критерий бойынша «құпия сатып алушы» әдістемесімен ХҚКО арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасына қанағаттанушылық индексі 77,3%.

Екі әдістеме бойынша ХҚКО арқылы ұсынылатын қызметтердің сапасына қанағаттанушылықтың орташа мәні 81,6% құрайды, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда азаматтардың ХҚКО жұмысына қанағаттанушылық деңгейінің өсіп келе жатқанын анық байқап отырмыз.

Алайда, қызметтің кез-келген саласындағыдай қызметтердің ұсынылуына келіп түсетін шағымдар бар. Көптеген шағымдар азаматтардың жете түсінбеуінен болатынын атап өткім келеді, өйткені ХҚКО өздігінен қызметтерді көрсетпейді, ол қызметтерді уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетеді, ХҚКО, өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бірден-бір терезесі болып табылады. Барлық шағымдар, иесі бүркемеленген өтініштер бойынша жедел шаралар қабылданады, және де ХҚКО қызметкерінің кінәлі болу фактілері дәлелденген ретте, олар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұдан басқа,

біз барлық шағымдар мен call-орталығына шалынған қоңырауларды сараптаймыз, жекелеген ХҚКО жұмысының әлсіз жақтарын айқындаймыз және оларды жою бойынша жекелеген іс-шаралар жоспарларын әзірлейміз.

Бұдан өзге, 2011 жылы ХҚКО-ның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету және халықпен кері байланыс орнату, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің Ахуалдық орталығы құрылғанын айтып өткім келеді.

Қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақталған заманауи орталық ХҚКО-ның қызметтеріне онлайн режимінде мониторинг жүргізуге, ХҚКО-ның қызметкерлеріне консультативтік кеңес беруге және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге арналған.

Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктері биыл өткен ХҚКО-ның қызметкерлерін кең көлемде аттестациялаудан өткізу барысында қолданылды. Аттестацияның өту барысын тек жергілікті жерлерде ғана емес, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің Ахуалдық орталығы арқылы онлайн режимінде Астанадан бақылау жүргізу мүмкін болды. Аттестациялау процесіне онлайн-мониторинг жүргізу тестілеудің ашық өтуін қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың көрініс беруіне жол бермеді.

Әңгімеңізге рахмет!

Редакция

Page 15: журнал

15

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ

ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫБұл Президентіміз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы болатын. Аталмыш Жолдаудағы Стратегия-лық жоспарда Елбасымыз 2050 жылы қуатты да табысты мемлекетке жету міндеттерін атап көрсетті. Еркін ел болып, өмір сүруге дағдыланған мемлекетіміз үшін мұндай саяси оқиғаға жету тарихымыздың бір-шама уақытын қажет ет-кенімен, саяси жаңғыртуға көшу мүмкіндігі одан сайын арта түсіп, Қазақстанның қалыптасуына тың серпін

берері анық. Ал, жаңа экономикалық саясаттың міндеті – экономикалық прагматизм мақсатын айқындау, макроэкономикалық жүйе маңыздылығын арттыру, инфрақұрылымның дамуы мүмкіндігін кеңейту болып отыр. Сонымен қатар, Үшінші индустриалдық революциялық кезеңінің тиімділігі ескеріле отырып, табиғи ресурстарды реттеу және индустрияландыру бағдарламасының жаңа жоспарын жасап шығу көзделмек. Елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты ауыл шаруашылығын өркендету мәселесі де бар.

Елбасы Жолдауы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда: «Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы» мен екінші тарауда: «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» туралы айтылса, ал үшінші тарауда «Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси

бағыты» жайында баяндалмақ. Оқырмандарымызға түсінікті болу үшін Жолдаудың кейбір қажетті тұстарына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

Ғаламдық мәселелер туындап жатқанда, бейбіт өмірдің қадірі мен қасиетін ұғына білу әр халықтардың маңдайына жазылған бақыты деп білейік. Олай дейтініміз, 140 этнос пен 17 конфессия өкілдерінің Қазақстанда мекендеуінен халқымыз ешуақытта қысылған емес. Сәйкесінше, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығының

арқасында бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтап қалды. Тарихи әділдік қалыптасты. Бұл жөнінде Елбасы өз сөзінде былай дейді: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған».

Тағы бір мәселе ұлттық экономикаға қатысты болып отыр. Мемлекетіміздің

Page 16: журнал

16

халықаралық аренада белсенділігін арттыру үшін, шетелдерден 160 млрд. доллардан астам инвестиция тартылған екен. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасына сай, он жыл ішінде экономикамыз айтарлықтай деңгейге жетті. ІЖӨ-нің көлемі біршама өсіп, еліміз экономикасы дамыған 50 ірі мемлекеттің қатарына қосылды. Бұған қатысты Елбасы өзіндік пікірін былайша жалғастырды: «Әлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық».

Қазақ елі әлемге өз даңқын шығарудың ең дұрыс жолын таңдады. Ол жаһандық дәуірдің басты мәселелері – ядролық қаруларды таратпау болып отыр. Осы мәселе төңірегінде Елбасымыз үнемі айтып келеді. Үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін жариялауды ұсынған болатын. Алапаты зор, саяси сұмдық тартыстарға әсерін тигізіп отырған ядролық қару халықтардың өміріне қауіп-қатер төндіріп, жапа шегулеріне әкеп соқтырды. Бұны жақсы түсіне білген Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Осының барлығы - жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып

танылды». ХХІ ғасырдың жаһандық он

сын-қатері Елбасы Жолдауында одан әрі өз жалғасын тапты. Біріншісі – тарихи уақыттың жеделдеуі, екіншісі – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, үшіншісі – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, төртіншісі – судың тым тапшылығы, бесіншісі – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, алтыншысы – табиғи ресурстардың сарқылуы, жетіншісі – Үшінші индустриялық революция, сегізіншісі – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, тоғызыншы – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы және соңғысы – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі. Осы аталған мәселелердің ең маңыздыларына тоқталмақпыз.

Әлемді әбігерге салған азық-түлік қауіпсіздігіндегі қауіп-қатер тыйылар емес. Сапалы тағам өнімдерін халыққа ұсыну, оның экологиялық таза болмауы жыл сайын дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына кері әсерлерін тигізуде. Елбасы айтқандай елімізде осындай мәселелердің алдын-алу үшін ауыл шаруашылығын өркендету қажет. Осы жөнінде Елбасы өз Жолдауында да былай дейді: «Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады». Тағы бір өзекті мәселе – судың тым тапшылығында болып отыр. Тіршілік көзі саналған судың жетіспеушілігі жер шарын бір алаңдатса, халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі тағы тұр. Тіпті ағын су да өткір мәселелердің біріне айналды. Бұның геосаяси жағдайға тікелей әсері бар. Бұл туралы Елбасы: «Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда

бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз» деді. Бұйыртса елімізде 2050 жылға қарай сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілмек. Осыған орай, алдыңғы кезекте ауыз сумен қамтамасыз ету 2020-шы және суару мәселесі 2040 жылға қарай шешілетін ұзақ мерзімді бағдарлама жасау Үкіметке тапсырылды.

Келесі мәселе – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға қатысты. Елбасы мемлекетіміз «жасыл» энергетикалық технологияларға көшу барысында инвестицияны ұлғайту қажет екендігін айта келе, Қазақстанды жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі деп атап көрсетті. 2050 жылы тұтынылатын энергияның 50 % - на дейін өндіруге мүмкіндік берсе, көмірсутегі экономикасының дәуірі аяқталып келе жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Елбасы былай деді: «Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға ғана емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады».

Ұлттық экономикамыздың дамуына тікелей байланысы бар кәсіпкерлікті қолдау мәселесі Президент Жолдауының соңғы тарауына тиесілі болды. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі Елбасының айтуынша, енді он жеті жылдан кейін екі есеге өсуі тиіс. Ал, кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге Нұрсұлтан Әбішұлы ынталандырудың маңыздылығын ескере бірнеше шарттарын атап

Page 17: журнал

17

берді. Мәселен, шағын және орта бизнестің бірлестіктері мен кооперциялар жұмысын оңтайландыру, жергілікті бизнесті реттей отырып, ішкі нарықты дамыту, қатаң жауапкершілік жүйесін енгізу, ЕЭК-ке және ДСҰ-на кіретіндіктен отандық кәсіпкерлерге қолдау күшін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау. Міне, осы аталған мәселелер аясында игі жұмыстар атқарылар болса, ұлттық экономикамыз да артады, отандық кәсіпкерлердің мәртебесі де өседі. Сонымен қатар, кәсіпкер құқығын қорғаудың жаңа бастамасын көтерді. Елбасы бұған қатысты мынадай жауап берді: «Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек». Бұл біріншіден. Ал екіншіден, бизнесті топтастыруды жалғастырудың өте қажет екендігін айта келе, осылай істелген жағдайда ғана «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы іске асатындығын дәлелдеп берді. Сондай-ақ, Елбасы ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын кәсіпкерлікке қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларындағы мекемелердің өкілеттіктері мен функцияларынан құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді серіктестігіне айналатындығын тілге тиек етті. Осыған байланысты мемлекет басшысы Үкіметке тиісті Заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Үшіншіден, қоғам жекешелендірудің екінші толқынын қажет етіп отыр. Аталмыш мәселеге Елбасы былайша ой тастады: «Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді

білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам».

Одан әрі Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік саясаттың бірнеше қағидаларын атап көрсетті. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу, екіншіден – мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауға зәру адамдарға ғана көмек беру, үшіншіден - әлеуметтік теңгерімсіздік мәселесін шешу, төртіншіден – еңбекпен қамту және еңбек төлемі саясатын жаңғырту. Бұдан әрі Елбасы ана мен балаға қамқорлықты нығайту, ұлт денсаулығы және білім беру сапасын арттыру мәселелерін де көтерді.

Сондай-ақ, қоғам дамуындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік аппараттың бизнес-қауымдастықпен өзара жаңа іс-қимыл жүйесін құруы керектігін айтып өтті. Ол үшін мемлекет іскерлікпен айналысатын азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, құқығын қорғауға кепілдік беруі тиіс. Осы мақсатта отандық бизнес үшін инфрақұрылым құрудың қамын ойластыру көзделеді. Бұл бағытта Елбасы Үкіметке және Президент әкімшілігіне тапсырма беріп, өз ойын былайша түйді: «Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды бастау керек. Ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру керек; Парламентке 4 жаңа кодексті: Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-

орындаушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексті әзірлеп, енгізу керек».

Ел келешегін баянды қылу және қауіпсіздікпен күресер тұста сыртқы саясаттың алар орны ерекше. Себебі, халықаралық деңгейдегі саяси ахуал және геосаяси мәселесінің ұтымды істері қарай аяқ басу керек. Ұлттық мүдделерімізді дамыту мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту аясында да Президент Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар ойларын жеткізді. Осы орайда Елбасы сыртқы саясатты жаңғырту басымдылығының бірнеше шарттарын атап көрсетті: 1) сыртқы саясатты әртараптандыру, ұлттық экономикалық және сауда мүдделерін ілгерілету үшін экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту; 2) аймақтық қауіпсіздік пен Орталық Азия аймағындағы тартысты тоқтатуға өз үлесімізді қосу; 3) жаһандық қауіпсіздік мәселесін саяси реттеуге; 4) мемлекетіміздің қорғаныс күшін нығайтуға және әскери доктринасын нығайтуға және түрлі қорғаныстық тежеу тетіктеріне қатысу.

Осылайша Елбасы өзінің кезекті Жолдауында «алтын ғасыр» жүгін арқалаған қазақ елінің тарихи сабақтастығы қалыптасып, көш ілгері дамуға аяқ басқалы отырғанын баяндап берді. Қазақстанды қуатты әрі табысты мемлекетке айналдырудың бірден-бір көзі - 2050 Стратегиялық жоспар аясында тынымсыз еңбек ету және қазақ халқының мойнына артылған асқан жауапкершілік. Президент өз сөзінде: «Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі» деді.

Зылиха Салих

Page 18: журнал

18

ӘбілғазыҚұсайынов

Осы журнал баспада басылып жатқанда Ә.Құсайынов Елбасы Жарлығымен ҚР Кәсіподақтар

федерациясы Бас кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Сұхбатты әкімнің атқарған жұмысының

нәтижесі деп қабылдауларыңызды сұранамыз.

Page 19: журнал

19

ӨНЕРКӘСІПТІК МЕКЕННІҢ ӘЛЕУЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТІ

Қарағанды еліміздегі ірі индустриялық облыс болып табылады. Мұндағы көмір, мыс және басқа да қазба байлықтар мемлекет экономикасының өркендеуіне зор ықпалын тигізіп отыр. Кезінде Кеңес үкіметі тұсында негізі қаланған облыс бүгінгі Тәуелсіз қазақ елінде де өсіп, өркендеп жатыр. Соңғы жылдары жеткен жетістік-тері де аз емес. Осы ретте қалың оқырманды облыстың әл-ауқатымен таныстыру үшін барынша толық ақпарат алу мақсатында журналымызды Қарағанды облысы-на арнап, әкімі Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.

Әбілғазы Қалиақпарұлы, Қарағанды облысының бүгінгі таңдағы хал-ахуалы қандай? Нақты деректерді келтіре отырып, айта кетсеңіз...

Әңгімені сәл әріден бастайтын болсақ, қойнауы қазынаға толы Қарағандының тарихы тереңде жатыр. Облысымыздың өткен жолына, даму тарихына үңілсеңіз, қадау-қадау іргелі істердің куәсі боласыз. Ежелден қалың қазақтың құтты, қонысы, атамекені болған Арқа жері мәуелі мәдениеттің, ән мен жырдың, өшпес өнердің өлкесі болған. Киелі топырақтан халықтың қамын ойлаған талай-талай қарымды қайраткер тұлғалар шықты. Құт қонып, қыдыр дарыған жердің Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек би, халық ақындары Шортанбай, Кемпірбай, Шашубай, Доскей, қазақ поэзиясын жаңа белестерге көтерген Сәкен Сейфуллин мен Қасым Аманжолов, шертпе күйдің атасы Тәттімбет, Сайдалы Сары Тоқа, атақты Мәди сияқты алып тұлғалары сайын Сарыарқаның атын бүкіл әлемге шығарды.

Ал, бүгінде Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз егемендікке қол жеткізген жиырма жылдың ішінде аймағымыздың өнеркәсібі өркендеп, әлеуеті артып келеді. Облысымыз ел экономикасында маңызды орын алып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша республикамызда алдыңғы қатардан көрініп келе

жатқан өндірісті аймақтардың бірі. Ауыр индустрия алыптары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС және басқа да жергілікті жүйе құрушы кәсіпорындар облыс экономикасын дамытуға еселі үлес қосып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілері де көптеген өнім түрлерін шығарып, қарқынды дамып келеді. Бүгінде мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа жобалар іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылып жатыр. Сөзіміз жалаң болмас үшін нақты деректерді келтіре кетейін.

Жалпы өңірлік өнім 2012 жылдың 9 айы ішінде 0,7% артты және 1865,4 млрд.теңге немесе халықтың жан басына шаққанда 1369,3 мың теңге көлемінде қалыптасты (9,1 мың АҚШ долл.). Республика ЖӨӨ өңірдің үлесі 9,2% құрайды.

Ауыл шаруашылығында 107,2 млрд. теңге көлемінде жалпы өнім өндірілді, сонымен қатар мал шаруашылығында ұлғаю 2,8%. Жылқы басы 4,3%, құс басы 16,1% артты. Ет өндірісі 2,3%, сүт 1,3%, жұмыртқа 25,6% артты. Негізгі капиталға инвестициялар 321,2 млрд. теңгені құрап, 20,7% артты. Баспананың 269,3 мың шаршы метрі енгізілді, бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 4,7% артық. Шағын және орта бизнес саласында шағын және орта кәсіпкерлік секторында өнім көлемі 473,1 млрд.теңгені құрап, 0,4% артты. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы

бойынша өңірлік Үйлестіру кеңесімен инфрақұрылымды дамытуға, несиелерді субсидиялау, кепілдендіруге 20,9 млрд. теңге сомасына 123 жоба мақұлданды, бұл 7 мыңнан артық жұмыс орындарын сақтауға және 2 мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Орайы келгенде облыс халқының әлеуметтік жағдайына қаншалықты көңіл бөлініп, жаңа жұмыстар жасалынып жатқанын айта кетсеңіз.

Өте орынды мәселені қозғап отырсыз. Себебі, кез келген елдің, кез келген мемлекеттің даму деңгейі, ең алдымен, сол елдегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен, әл-ауқатымен, өмір сүру деңгейімен өлшенеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір Жолдауының негізгі түйіні дәл осы мәселеге арналады. «Әуелі – экономика, содан кейін саясат» деген қағиданың да алтын арқауы осында жатыр. Сондықтан да біздің елімізде тәуелсіздікті алғаннан бері жүргізіліп жатқан барлық реформалардың түпкі мақсаты - халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған. Кешегі күні бүкіл әлемді шарпыған, азуын айға білеген небір алпауыт мемлекеттердің өзін тығырыққа тіреген қаржы дағдарысы тұсында да біздің еліміз алған бағытынан ауытқымай, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтай білді.

Page 20: журнал

20

Әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат көлемі де жыл сайын артып келеді. Мысалы, биылғы жылы біздің облысымыздың бюджеті 200,3 млрд.теңгені құрады. Оның тең жартысынан астамы, яғни 110,9 млрд. теңге (55%) әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Оның ішінде білім беруге – 58,4 млрд. теңге, денсаулық сақтауға – 30,2 млрд.теңге бөлінді.

Жаңа өндірістерді ашу есебінен 6897 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмысқа орналастыру қызметі арқылы 34 617 адам жұмыспен қамтылды (өтініш білдіргендер санына 84,4%). Қоғамдық жұмыстарға 10 735 адам бағытталды. Жұмыссыздық деңгейі – 0,3%. Халықтың ақшалай кірістері 58 841 теңгені құрады (өсім 9,3%). Орташа айлық еңбекақы 94 224 теңгені құрады (өсім 17,8%). Міне, осы сандардан-ақ әлеуметтік салаға қаншалықты көңіл бөлініп жатқандығын айқын аңғаруға болады.

Кеңес өкіметі тұсында Қарағанды облысы өзінің көмірімен атағы шыққан өңір. Осы ретте облыстағы шахтылардың жұмысы қалай жүріп жатыр? Кеншілердің әлеуметтік жағдайы қалай?

Жоғарыда айтып өткенімдей өңір экономикасының негізін көмір өнеркәсібі құрайды. Қарағанды көмір бассейні бүкіл Қазақстанды кокс маркалы көмірмен қамтамасыз етуде үлкен орын алады.

Нақтырақ айтқанда облысымыздың көмір шығаратын кәсіпорындары 2012 жылы 35,4 млн. тонна көмір өндірді. «Шұбаркөл көмір» АҚ өткен жылы 2011 ж. салыстырғанда 742 мың тонна көмірді артық өндірді, айғақты көлем индексі 109,9 % құрады.

Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап «Сарыарка - ENERGY» ЖШС газды кокстелетін көмірдің

Жалын кен орнын, ал «Sat Komir» компаниясы қоңыр көмір шығатын Қымызқұдық кен орнын игеруді бастады.

«АрселорМиттал Теміртау» шахтыларында алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтар мен технологиялар енгізіліп, мұның өзі еңбек қауіпсіздігін, еңбек өнімділігі мен көмір сапасын арттыруға мүмкіндік бергенін атап кеткеніміз абзал.

Көмір департаментінің жерасты жұмыстарындағы орташа айлық жалақы 2012 жылдың қорытындысы бойынша 192 700 теңгені құрады (2011 жылы – 172 122 теңге), оның ішінде өткізуші - 209 мың теңге, тазалау забойының жұмысшысы (гроз) – 216 мың теңге алады.

Ұжымдық шартқа сәйкес шахтерлер «Жартас» шипажайына, «Шахтер» демалыс үйінде жолдаманың жалпы құнының 30 пайызын ғана төлеп, демала алады. Еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемақы көлемі де айтарлықтай ұлғайтылды, материалдық көмектер, жерлеу қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар үйлерінде пеш жағатын жұмысшыларға тегін көмір беріледі.

Елбасы Н. Назарбаев қызмет еткен Қарағанды өңірі темір өндіруден де болаттай абырой жинаған мекен. Осы ретте Теміртаудағы компаниялардың жұмысына тоқтала кетсеңіз. Көз қуантып, көңіл толтыратын қандай жұмыстар атқарылды?

Иә, дұрыс айтасыз. Қарағанды - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының шар болаттай шыңдалған жері, еңбек және саяси атамекені. Сондықтан қазыналы Қарағанды өңірінің жұртшылығы, біздің баршамыз мұны әркез мақтан етеміз.

Жарты ғасырлық тарихы бар Қазақстан Магниткасы атанған металлургиялық комбинат бүгінгі күні қарқынды дамып келеді. Өнім сапасы мен көлемін

арттыруға септігін тигізетін алдыңғы қатарлы өндірістік технологиялар енгізілуде, жаңа жобалар іске қосылып жатыр. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат өндіруді жылына 4 миллионнан 6 миллион тоннаға дейін жеткізу бойынша жаңғырту жобасы жалғастырылуда. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. №2 домна пеші, №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасы жобалары іске қосылды. Бір айта кетерлігі мұндай құрылғы бұрын Украина мен Ресейден тасымалданатын өнімді өзімізде шығаруға мүмкіндік берді.

2012 жылдың 15 желтоқсанында металлургиялық комбинатта домна газымен жұмыс істейтін қазандық іске қосылды. Жалпы құны 18,5 млн. АҚШ долларын құрайтын осынау индустриалдық-инновациялық жобаның мақсаты – артық домна газын отын ретінде пайдаланып, комбинат қажеттілігіне жарамды технологиялық бу алу болып табылады. Қазандық станциясында 5 бу қазандығы бар, негізгі отын ретінде домна газы пайдаланылады. Оның жобалық қуаттылығы – 876 Гкал/сағ. Отын ретінде сағатына 140 мың куб метр домна газын қолдану аталмыш жобаның басты артықшылығы болып табылады. Ал, бұған дейін домна газы әуеге тарап, қоршаған ортаны ластап келгені белгілі. Сондай-ақ, агломерациялық, домна және болат балқыту цехтарына жіберілетін көлемі сағатына 130 тонна қосымша будың алынуы да аталмыш қазандықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі. Түптеп келгенде жобаны жүзеге асыру нәтижесінде ЖЭО-БСЖ және ЖЭО-2 бу алудың қажеттілігі болмай қалады, ал үнемделген бу жылу мен электр энергиясын өндіруге жұмсалады. Ең бастысы, көмір қышқыл газы ауаны

Page 21: журнал

21

ластамайтын болады.

Облыс аудандарына да шолу жасап өтсек. Ауылдық жерлерді қайта көтеру жұмыстары қалай шешілуде?

Сұрағыңыз өте орынды. Себебі, ауыл – халқымыздың алтын бесігі, атамекені, қасиетті қарашаңырағы. Бұл – дау туғызбайтын ақиқат. Халқымыздың небір марғасқа тұлғалары ауылдан түлеп ұшқан. Яғни, ауыл - біздің нәр алатын алтын тамырымыз. Міне, сондықтан мемлекетімізде ауыл проблемаларына айрықша назар аударылып келеді. Ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Біздің облысымыздың аумағында тоғыз аудан, 419 ауылдық елді мекен орналасқан. Ауылдарды дамытуға «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бағыты шеңберінде қомақты қаржы бөлінеді.

Нақтырақ айтатын болсақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2012 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттермен 39 млн.теңге бөлінді. Қаржы 33 жобаны іске асыруға бағытталып, барлығы 27 ауыл қамтылды. Көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, қоқысты шығару, рұқсатсыз қоқыс төгінділерін жою, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын жайластыру, жылыту жүйесін жөндеу, аулалық балалар ойын аулаларын орнату бойынша жұмыстар атқарылды.

Ал, биылғы 2013 жылға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер арқылы 200 жобаға 232 млн.теңге бөлінді. Қамту 196 ауылды құрайды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бағытын іске асыру шеңберінде 947 млн.теңге

сомасындағы қаржы дамудың жоғары және орташа әлеуетіне ие 56 ауылды дамытуға, 84 жобаны іске асыруға бағытталды, 948 жұмыс орны құрылды. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның және абаттандырудың 27 нысаны, көлік саласының 17 нысаны және әлеуметтік саланың 40 нысаны жөндеуден өткізілді.

2013 жылға осы бағыт бойынша ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасы 1 млрд. 683 млн.теңгені құрайды. Оның ішінде алдын-ала мақұлданған шығындар 909 млн.теңге және шартты қаржыландырылатын шығындар 774 млн. теңгені құрап отыр. Қаржы 119 жобаны іске асыруға бағытталады, 94 ауыл қамтылатын болады. 1290 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлап отырмыз.

Тағы бір ерекше тоқтала кететін мәселе, 2013 жылға облысқа республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша 747 млн. теңге бөлініп отыр. Осы қаржыны ұтымды игеру мақсатында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарламаның операторы болып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы анықталып, берілетін шағын несиелердің басым бағыттары айқындалды. Олар – бройлер тауығы, үйрек, қаз сияқты құстардың етін өндірумен айналысу, мал азығын өндіру, сүт өндіру, ауылдық жерлерде жолаушыларды тасымалдау және малға құрама азық өндіру сияқты нақты бағыттар. Бағдарламаға қатысушыларға жан-жақты сарапталған дайын жобалар ұсынылатын болады. Бұл жобалар өз кезегінде алынған шағын несиелердің мақсатты және ұтымды жұмсалуына септігін тигізумен қатар нақты өндіріс пен жаңа жұмыс орындарын ашуды және алынған несиелердің қайтарылымдылығын қамтамасыз

ететін болады.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыстың бастамасы қалай?

Өзіңіз білесіз, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілді. Сол құжатқа енгізілген 27 қаланың сегізі Қарағанды облысында орналасқан. Атап айтқанда, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Қаражал, Саран, Сәтбаев, Шахтинск және Абай қалалары. Оларда облыс халқының 42% өмір сүреді. Облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі моноқалалардың үлесі 74% құрайды.

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді даму жоспарлары бекітілді. 2012 жылы моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге пилоттық режимде 38 жобаны іске асыруға 2,2 млрд.теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді және толық игерілді (қалалар бойынша Абай – 103 млн.теңге, Балқаш – 303 млн.теңге, Жезқазған –335 млн.теңге, Қаражал – 76 млн.теңге, Саран – 200 млн.теңге, Сәтбаев – 274 млн.теңге, Теміртау – 707 млн.теңге, Шахтинск – 221 млн.теңге).

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен облыс бюджетіне 41 млрд.теңгеден аса қаражат бағыттау жоспарлануда. Бұл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті дамытуға және моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге оң ықпалын тигізеді деген ойдамыз.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 22: журнал

22

ҚАЗАҚСТАН МАГНИТКАСЫ

Теміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі индустриалдық орталық болып табылады. Бұл күнге дейін қазақ елінің басынан қаншама тарихи оқиғаларды өткергенін біреу білсе, біреу біле бермейді.

Кеңестер Одағы тұсындағы социалистік жарыстардың аясында кешенді құрылыстар іске қосылып, елеулі өзгерістер мен тың бастамалар болған еді. Солардың бірі - Қазақстан Магниткасы.

Орталық Қазақстанның темір рудасын толықтай зерттегеннен кейін, 1930 жылдары Қарағанды аймағында, Самарқан кентінің жанында (Нұра өзенінің сол жағында орналасқан Теміртау қаласының 1945 жылдың 1 қарашасына дейінгі аталуы) толық металлургиялық циклмен кәсіпорынды құру идеясы туындаған еді. Оның авторлары атақты ғалымдар Сәтбаев, Русаков, Сперанскийлер болды. Оларды Атасу, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Качарск темір рудалалрының қазбалары және Қарағанды көмір бассейнінің жақындығы қызықтырды. Ұлы Отан соғысының басталып кетуі де осы идеяның шұғыл орындалуына өз ықпалын тигізді. Осылайша 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылған

еді. 1956 жылы КОКП Орталық

Комитеті мен Кеңестер үкіметі барлық комсомол ұйымдарына, барлық кеңес жастарына жаңа зауыттар, гидроэлектростансалар, көмір шахталарын, кеніштер және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысын салуға шақырған үндеуін жариялады. Олардың ішінде Қарағанды металлургиялық зауыты да болды. Үндеуде жаңа құрылыстарға жігерлі, қажырлы, қиындықтардан қорықпайтын және оларды еңсеріп кете алатын рухы мықты адамдар баруы керек деген ұран тастады.

Сөйтіп, тарихи деректерге сүйенсек, тек 1956 жылы ғана бұрынғы Кеңестер Одаңының түкпір-түкпірінен мұнда 1918 адам келген екен. Құрылыс алаңдарында негізгі зауыт нысандары салынған соң жұмыс күші тіптен ағыла бастады.

Мыңдаған құрлысшылар мен монтажшылар армиясын бұрын соңды болып көрмеген жаңа еңбек ерліктері қанаттандырды. Қыстың бораны мен ми қайнатар ыстықтарға қарамастан, мұндағы жұмыстар бір сәтке де тоқтатқан жоқ және зауыттың бірінші құрылысын тезірек іске қосу үшін жан-тәндерімен жанталасты.

Қазақстан Магниткасы барша

еліміздің халықтар достығының символына айналды. Қаншама ұлттың өкілдері зауыттың құрылыс алаңдарында біте қайнасып жұмыс істегені бүгінде тарих беттеріне жазылып қалды.

Сол қарымды еңбектің нәтижесінде, 1960 жылдың 3 шілдесінде Теміртау аумағына 1513 текше метр № 1 домна пеші пайдалануға беріліп, алғашқы Қазақстан шойынын берді. Осы күн Қазақстан Магниткасының туған күні деп саналады. Теміртаудағы домнаның іске қосылар күнін тек сол жердегі жұмысшылар ғана емес, жалпы барша Қазақстан халқы асыға күткен еді. Қазақ металлургия зауыты Қазақстан қара металлургиясының тұңғыш кәсіпорны және осы күнгі металлургия комбинатының ізашары болды.

1970 жылы Қарағанды металлургия зауыты негізінде Қарағанды Металлургия Комбинаты құрылды. Онда Тұңғыш Президент Н. Назарбаев еңбек жолын бастады. Осында 1973-77 жылдары партком хатшысы болып істеген жылдары комбинатпен қаланың тиісті дәрежеде дамымай артта калған әлеуметтік инфрақұрылымын ҚОКП ОК секретариатында

Page 23: журнал

23

арнайы мәселе етіп көтеріп, арнайы қаулылар мен орталық органдардың басқа да шешімдерін кабылдатты.

Комбинатта Лисаков кенінің фосфорлы темір рудаларын өндеу технологиясы дүние жүзіндегі практикада алғаш рет игерілді. Рудаларын металлургиялық жолмен қайта өндеудің мейлінше тиімді толық технологиясы жасалды және табақ қаңылтыр жалға беру өндірісін одан әрі дамытуды техникалық жағынан камтамасыз ету жүзеге асырылды. Аса қуатты көптеген металлургиялық агрегаттар комбинатта алғаш рет игерілді.

1980 жылдары комбинатта 41 мыңнан аса адам еңбек еткен. 6 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, 500 адам ордендер мен медальдармен марапатталған еді. 93 адам КСРО Қара металлургия министрлігінің Құрметті металлургі және Құрметті кенші атақтарын, 30 адам ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі атағын алды.

КСРО-ның ыдырауына байланысты бұрынғы калыптасқан эқономикалық бұзылуынан 90-жылдары Қарағанды Металлургия Комбинаты қиын жағдайға душар болды. Жұмысшылар айлап еңбекақы ала алмай, өнім өндіру құлдырап кетті. Осындай қиын жағдайда Үкімет, КР Президенті Н.Назарбаев инвестор тапты. Ол «Испат-Интернешнл» компаниясы еді. 1995 жылы «Испат-Қармет» (қазіргі «Миттал-Стил Теміртау») ААҚ құрылып, металлургия алыбының жұмысы ретке келтірілді. Кәсіпорын жаңа жүйеге толық көшіп, өндірісті қалыпты ырғаққа ыңғайлап үлгерген шақтан бастап өнім өндіру көлемі көтерілді.

Компания енді өндірісті уақыт талабына сай қайта құруды, жаңа технологиямен жарақтандыруды жүргізді.

Бүгінде «Арселор Миттал Темиртау» АҚ республиканың толық металлургиялық

айналыстағы аса ірі болат балқытатын кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорынның бүгінгі таңдағы негізі өнімі құятын және қайта бөлінетін шойын, болат және қатардағы маркалардың прокаты, жабылатын прокат болып табылады. Қазіргі жұмыс істеп тұрған өндірістерді одан әрі жаңғырту және жаңадан қосымша қуаттылықтар салу көзделген.

2015 жылы болат шығару көлемін жалпы құны 133 млрд. 554 млн. теңгені құрайтын 6 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек. Жылына 1,3 млн. тонна шойын алынатын болады. Ал үздіксіз құю машинасы 1,2 млн. тоннаға дейін өнім өндірмек.

Кезінде Қазақстан Магниткасы деп аталған өнеркәсіп алыбы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосып жатыр. Ол - халқымыздың кеңестік заманындағы өмірінің қастерлі де, қасиетті тарихы.

Раушан Мұқали

Page 24: журнал

24

ҰТЫМДЫ ЖОСПАРЛАР ҰТҚЫР ҚАДАМДАРҒА НЕГІЗ

Қарағанды - өндірісті өлке. Ең бірінші кезекте көмірімен танылған аумақ бұл ауыр еңбекте қажырлыққа бой алдырған, күш-қайраты мол еңбекші халқымен мақтанады. Осы орайда облыстың әр саладағы жеткен жетістіктері көп. Бүгінгі таңда өңірде қандай салада болмасын оң өзгерістер байқалып, халық тарапынан қойылған мәселелер де ше-шімін тауып келеді. Оның барлығын тиянақты түрде баян еткен Қараған-ды облыстық мәслихатының хатшысы Жұмабеков Бейсембай Қуанышұлы өңір-дің тыныс тіршілігі, нарық заманына сай экономикалық саладағы өзгерістері, Үкімет тарапынан қабылданған мемлекет дамуы ықпалындағы тың жобалардың іске асырылу деңгейі, әлеуметтік саладағы өзгерістері жайлы нақты көрсеткіштер арқылы сараптама жасап отыр. Өңір дамуында ірі-ірі көлемді жоспарлар сұхбатта кеңінен айтылды.

Бейсембай Қуанышұлы алдымен өзіңізге қысқаша тоқталып өтсеңіз. Қай өңірде туып өстіңіз.

Мен 24 маусым 1964 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтерский ауылында дүниеге келдім. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен жоғары білім алдым. Сол жоғарғы оқу орнында 1993 жылға дейін еңбек еттім. Кейіннен Қарағанды қаласы әкімінің көмекшісі қызметіне ауыстым. 1997-2003 жылға дейін облыстық тәртіптік кеңесте атқарушы хатшы болдым. 2003-2007 жылдар аралығында Қарағанды ішкі саясаты департаментінің директоры, 2006 жылы облысымызда «Нұр Отан» партиясның бірінші

хатшысы болған едім. 2007 жылдан бастан IV шақырылым бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып, хатшылық лауазымға тағайындалдым. Өткен жылы V шақырылым депутаты болып сайландым. Осы жолы да депутаттардың ұсынысы бойынша мәслихат хатшылығы міндетінде екінші мәрте қызмет жасаудамын.

Облыстық мәслихат жұмысы жайлы тарқатып айтып берсеңіз. Бүгінгі таңда қандай елеулі шешімдер мен ұтымды өзгерістерге қол жеткізіліп жатыр.

Депутаттардың жұмысының белгілі бір тәртібі болады. Әрбір атқарылар жұмыс өзіндік регламентке сәйкес. Межелі уақытты, жұмыс істеу

тәртібін мәслихат өзінің бірінші сессиясында бекітеді.

Жалпы, осы жұмыстарға тоқталып өтсек. Облыстық мәслихаттың бесінші шақырылымының өкілеттілігі басталғаннан бері өткізілген сессияларда 82 мәселе қаралды. Барлық көтерілген мәселелер қолға алынып қажетті деңгейде жүзеге асуда. Сонымен қатар, Қарағанды облысының моноқалаларын дамыту және 2011 - 2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламаларын іске асыру барысы, сондай-ақ, облыстағы автомобиль жолдарының жағдайы және болашақта дамуы қаралып, Сәтбаев, Шахтинск, Қаражал қалаларының Бас жоспарлары

Page 25: журнал

25

бекітілді. 2012 жылдың бюджеті 2011 жылдың бюджетімен салыстырғанда 20% өсіп, 147,3 миллиард теңгені құрады. Облыстық бюджеттің негізгі бөлігі немесе 54,2% әлеуметтік саланы, яғни білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спортты дамытуға бағытталды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы кәсіпкерлерді қолдаудың жалпыға танылған және тиімді механизміне айналды. Бағдарлама іске аса бастағаннан бері облыста 50 миллиард теңге тұратын 245 жоба мақұлданды. 28 мыңға тарта жұмыс орыны сақталып, жаңадан 5 мыңнан астам жұмыс орыны ашылды. Бюджеттің кірісіне 9 миллиард теңге салықтық төлемдер аударылды. Бүгінде біздің өңірімізде темір жол мен автомобиль жолдарының құрылысын салу және қайта жаңарту бойынша көптеген жобалар іске асырылуда. Соның ішінде Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл магистралінің құрылысы да бар. Бұл жобалардың іске асырылуы жүк айналымын жылына 20 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді және ең бастысы жаңа кен орындарын барлау және ашу, өнім өндірудің көлемін ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге де мүмкіндік болады.

Шағын қалалардың түйінді мәселелерін шешу мақсатында Үкімет алғаш рет Приозерск қаласының 2011 – 2013 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті, соған сәйкес 4 миллиард 780 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр, сондай-ақ Президенттің тапсырмасымен Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының 2012 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Бұл мақсатқа 127 миллиард 900 миллион теңге жұмсалатын

болады.

Облыстық мәслихат депутаттары сайлауалды бағдарламаларын қандай дәрежеде орындап жатыр. Нәтижесі қандай? Сайлаушылардың көңілі толып отыр ма?

2012 жылы 15 қаңтарда өткізілген депутаттық сайлауда 42 депутаттың 14-і алдынғы шақырылымнан келесі мәрте сайланып отыр. Бұл олардың халық алдындағы өзіндік беделін айшықтауда. Бүгінгі күні 42 депутаттың ішінде 41-і «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Облыстық мәслихаттың қасында партияның үлкен фракциясы жұмыс жүргізуде. Сол себепті де сайлауға келген депутаттардың барлығы «Нұр Отан» партиясының бағдарламасымен келген. Олардың ішінде 2017 жылға дейін бейімделген үлкен бағдарламалар бар. Әрбір депутат жыл сайын заң бойынша сайлаушылар алдында есеп береді. Сол есеп биылғы жылы көктемге келейін деп отыр. Оның барысында сайлаушылар тарапынан ұсыныстар, атқарылған жұмыстарға баға беріледі. 2012 жылы облыстық мәслихаттың депутаттары қабылдау кестелеріне сәйкес 510 қабылдау өткізіп, 1428 сайлаушыны қабылдады. Сайлаушыларды қабылдаудың нәтижесінде депутаттар лауазымды тұлғалардың атына 233 сауал жолданып, нақты сұраққа 219 жауап алынды, қалғандары қаралуда.

Сайлаушылардың атынан облыстық мәслихатқа депутаттар С,М.Әдекеновке, А.В.Борисенкоға, С.Н.Естифеевке, И.В.Георгиадиға, А.З.Нығматулинге, А.Я.Шимпфке, Т.Б.Утеубаевқа, М.С.Абайділдиновке, Ж.Ж.Мұхамеджановқа жолдаған алғыс хаттары, сайлаушыларының өтініштеріне мұқият және тыңғылықты құлақ асқаны, олардың проблемаларын шешуде

үлкен көмек көрсеткені үшін айтқан жылы лебіздері түсті.

Депутаттар халық мәртебесін көтеру мен облысты көркейту жұмыстарына қаншалықты атсалысып жатыр?

Қарағанды өңірі үлкен өндірістік өңір. Өндіріс бойынша облыста ең үлкен ауқымды жұмыс жүргізіп жатқан «Корпорация Казақмыс» пен «Арселор Миттал». Бүгінгі таңда 20 шақты депутатымыз осы мекемеде жұмыс жасайды. Кәсіпорындар халықты жұмыспен қамтумен қатар, әлеуметтік жағдайға тікелей әсер етуде. Облыс көлемінде 2013 жылы 48 мың адамды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың барлық іс-шараларымен қамту жоспарланып отыр, соның ішінде еңбекке орналастыру, қоғамдық жұмыстар, кәсіби дайындық және тағы басқалары. Моноқалалар бағдарламасын іске асыру аясында оларды дамытудың кешенді жоспарлары бекітілді, соған сәйкес алдағы үш жылға 41 миллиард теңге көзделуде. Қазіргі уақытта тіршіліктің барлық салаларында жан-жақты модернизациялау жүріп жатыр. 2014 жылға дейінгі Индустриализациялау картасының жобасы облыс экономикасының өсу нүктесіне айналды, оған сомасы 400 миллиард теңге болатын 9,5 мың шамасында жұмыс орны ашылатын 66 жоба енді.

18 депутат жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. Олардың атқарған істері де ауылды және қалалы жерлерге әлеуметтік тұрғыдан әсер беріп жатыр. Мекеме басшылары өз ауылдарындағы абаттандыру жұмыстарын өз мойындарына алып келеді. Мысал ретінде атап айтсақ, Нұра ауданында депутат Проков Георгий Георгиевич Кеңес үкіметі кезінде болған үлкен совхозды алып қалып, отыздан астам тұрақты жұмыс орнын беріп

Page 26: журнал

26

отыр. Өңірде дәнді дақылдар өсіріп, мал шаруашылығы бойынша үлкен табыстарға жетіп жатыр. Абай ауданында депутат Шимов Александр Яковлевич Қарағанды өңірінде картоп өсіру тәсілін заманауи талапқа келтіріп, жұмысын ілгерілетуде.

Қарағанды облысындағы экологиялық проблемаларға тоқтала кетсек. Осы ретте сізді мазалап жүрген не?

Қарағанда өндіріс аймағы болғандықтан экологиялық жағынан ластану бар екені белгілі. Шығыс Қазақстаннан кейін Қазақстанда екінші орындағы ауасы таза емес өңір. Бүгінгі күні екі ірі кәсіпорын да, яғни «Казақмыс» және «Арселор Миттал» өндіріс орындары ретінде экологияға үлкен зақым келтіретіні барлығымызға анық. Бірақ кәсіпорындарға бірнеше жылдан бері экологияға әсері төмен заманауи жаңа технологиялар әкелініп, орнатылып жатыр. Мысалы «Арселор Миттал Теміртау» жақында газ тазалау технологиясын цех ішіне орнатты. Бұл Теміртау қаласында экологиялық жағдайды сақтап қалуға тікелей әсер етеді. Биылғы жылы облысымызда күзде үлкен сессия барысында Қарағанды облысының экологиясының жағдайын талқыға саламыз. Бұл жағдайды 2010 жылы да қараған едік. Оның барысында біршама сауалдар кәсіпорын, өнеркәсіп басшыларына қойылған еді. Күзде сол сауалдар бойынша ұсыныстардың іске асуына баға берейік деген жоспар бар.

Сізді қоғамда не алаңдатады?

Біріншіден, қоғамда алаңдататын мәселе ол тіл мәселесі. Бабаларымыздан дарыған қасиетті тіліміздің шұбарланып кетпеуі әрбір ел тұрғынын алаңдататын дүние болуы керек. Намысымызды

өрлеткен, еліміздің елдігін танытатын ол тектілік. Ал тектілік бірінші ретте тілмен сақталады.

Екінші бір мәселе, халықтың әлеуметтік жағдайы. Себебі нарықтық экономикаға кіргеннен кейін заман дамыған сайын әрбір азамат өз тұрмысын дұрыстап жасау керек. Тұрғын үй мәселесі осы ретте ең үлкен түйінді мәселе. Мені ойландыратыны осы мәселенің толыққанды тезірек шешімін таба түсуі. Осы ретте айтып өтсек, есеп бойынша 2013-2015 жылдары «Қол жетімді тұрғын үйге» - 19 миллиард 760 миллион теңге бөлінеді, 221,7 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3789 пәтер пайдалануға беріледі. Жалпы біздің әлеуметтік жағдайымыз, хылық күнкөрісі, жастар жағдайы алдағы уақытта белгілі межедегі даму жоспарларына сай саты бойынша жоғарылай түседі деген сенімдеміз. Себебі бұл жалғыз мені емес, жалпы қоғамды мазаландыратын түйткіл мәселелер.

Облыс көлемін алмағанда нақты Қарағанды қаласында жылу жүйесі, су мәселесі қаншалықты деңгейде шешілген және оның нәтижесі қандай?

Соңғы бес жылдың ішінде осы үй мәселесі турасында үлкен модернизация жүргізілді. Жылу беретін жүйелер инвестиция салу арқылы қалпына келтіру жұмыстарынан өтті. Қарағанды қаласында жылу беретін жүйелердің барлығы жеке меншікте. Қарағандыда жылу

және су мәселесі 60 пайызға шешілді. Қарағанды қаласына сексен жыл толып отыр. Ұзақ жылдар бойы су, жылу жүйесі 90 пайызға дейін тозып кеткен. Соның барлығын кейінгі үш, төрт жылдың ішінде 70 пайызға дейін ауыстыруға мүмкіндік жасадық. Сондықтан бүгінгі күні Қарағанды қаласында алдынғы реттегі мәселелердің бірі - шағын аудандар арасында жылу жүйелерін ауыстыру. Жылу құбырларына отыз, қырық шақырымда жөндеу жұмыстары жүргізілді, үш-төрт жылдың ішінде қалпына келеді деп ойлаймын. Қыс қатал, алайда су да, жылу да қажетті деңгейде беріліп жатыр. Ал Қарағанды облысы өңірінде осы мәселелерді толықтай шешіп, межесіне жеткізуге әлі уақыт керек.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздігіміз біздің үлкен бір мақтанышымыз. Әрбір қазақтың көкейінде жатқан намыстың биік тұғыры. Тәуелсіздіктің басты қасиеті тәуелсіздікті сақтап қалу. Егемендігімізідің арқасында мемлекетіміз өсу керек. Дүние жүзінде қазақтың қазақ екенін танытатын Тәуелсіздіктің асқақ беделі. Біздің мақсат бізді биікке жетелеуі тиіс. Мен үшін «Тәуелсіздік» менің елімнің биік мәртебесі.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 27: журнал

27

Page 28: журнал

28

Асқар Сәрсекенов

Page 29: журнал

29

Әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жұртшылықтың назарын үнемі аударып келетіні жасырын емес. Әлеуметтік ғылыммен айналысатындар бұны өте жақсы түсінеді. Әлемдік ғылымның теориясы мемлекеттік егемендік пен халықтық егемендіктің қоса жүруін тиіс екенін дәлелдесе, соның ішінде халықтық егемендік мемлекеттіктен басымырақ болуын тағы бір айқындап отыр. Себебі, қоғамның басты байлығы – халық екенін ескерсек, олардың әлеуметтік тұрмысы да басты назарда болуы шарт.

Алпысыншы жылдардың басында дүниеге келген Сәрсекенов Асқар Садықұлы депутаттық қызметін осындай басты мәселелермен айналысудан бастапты. Шығыс өңірінің тумасы Сәрсекеновке тағдырдың жазуы ма екен, әйтеуір дәм-тұз айдап, Орталық Қазақстанға қоныс аударыпты. Қарапайым жұмысшыдан бастаған ол, бірқатар басшылық қызметтерді атқарған. «Меценат» қайырымдылық қоғамдық қорының құрылтайшысы Асқар Садықұлы кезінде бірнеше төсбелгілер мен марапаттауларға ие болған. Соның ішінде 2010 жылы «Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына» байланысты мерекелік төсбелгісімен мадақталған.

Кезекті іс-сапар барысында біз бүгіндері Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Асқар және компания» мекемесінің бас директоры Сәрсекенов Асқар Садықұлымен сұхбат жүргізген едік. Енді соны назарларыңызға ұсынамыз.

«ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ - ШЕКТЕУЛІК ПЕН ШЕНЕУЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ»

Асқар Садықұлы, депутаттық қызметіңіз бүгінгі таңда қоғамға қалай қызмет етуде?

Мен депутаттыққа Теміртау қаласының атынан сайланғандықтан, саяси-әлеуметтік жағдайларға әсіресе, білім беру саласына қатысты мәселелерге назар аударып келемін. Мәселен, 2010 жылғы облыстық мәліметке сүйенсек, бір компьютерге 7,5 баладан келетіндігі көрсетілген. Ал, тексеріс барысында бір компьютерге 9 баланың отыратынын анықтадық. Бұл өте күрделі мәселе. Осыған байланысты мектеп басшыларымен біраз мәселелердің басы ашылды. Облысқа былтырдан бастап 740 компьютер сатылынып алынып, бір компьютерде жеті оқушы жұмыс жасайтын болды. Жаһандық даму барысында нанотехнологияға көшуді жоспарлаған екенбіз, алдыңғы кезекке осы мәселені дұрыс жолға қойған дұрыс деп санаймын. Байқап отырсақ, еңбекке баулу пәні де дұрыс жүйеге қойылмаған. Осы сауал төңірегінде де біраз

шаруалар атқарылды. Сондай-ақ, қала көшелерін абаттандыру мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу де оңай шаруа емес. Халықты бірде аязды күндері жылу беру жүйесі алаңдатса, көктем шығысымен қоқыстың тазалануына өтініштерін білдіріп жатады.

Көп ұлтты қазақ қоғамында интернационализмді қалыптастыруымыз керек. Бірлігіміз жарасқан, тату-тәтті ел екенімізді одан сайын дәлелдей түсеміз. Депутаттық қызметімнің басымдылығы – дағдарысқа қарсы қызмет ету және ел стратегиясына үлесімді қосу. Мемлекет саясатын ілгерілету мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру мен үкіметтік емес ұйымдардың іс-әрекеттеріне қолдау жасау. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және тұрмысы төмен отбасыларға көмек жиі беріліп тұрса екен деймін.

Өзіңіз айтқандай, әлеуметтік саланы қадағалауға бет бұрған екенсіз. Сіздіңше, әлеуметтік

қорғау жүйесінен тысқары қалып қойған мәселелер әлеуметтік саясат тиімділігіне қалай әсер етуде?

Әлеуметтік саясаттың басты міндеті - әлеуметтік әділеттікті өркендету болып табылады. Яғни, бұл қызмет әділеттілікті көп аңсайтын қызметтер қатарына жатады. Бұл сала қандайда бір шектеулік пен шенеулікті көтермейді. Біз тұрмысы нашар адамның өмірін неге жақсартуға құмартпаймыз? Қазақта бір адам жақсы өмір сүре бастаса, жан-жақтан көре алмайтындар көбейе кетеді. Соған қарап, тойып секіріп өмір сүргеннен, тоңып секірген дұрыс шығар деген ойға қаламын. Әлеуметтік деңгейі қорғалмаған халықтың мүдделеріне қолдау жасалынуы қажет.

Тоқ етерін айтқанда, халық неге мұқтаж?

Бүгінгі таңда денсаулық, білім беру және мәдениет туралы қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Тек Республика ғана емес, облыс

Page 30: журнал

30

тұрғындарына аса қолжетімді болуы тиіс. Тегін медициналық қызмет аясы кеңейтіліп, өсіп келе жатқан жастарымызға спорт алаңдарына тегін бару мүмкіндігі берілсе екен деймін. Мектептерде және басқа да білім беру мекемелерінде олардың қызығушылықтарын тудыратын секциялар мен үйірмелерді түгелімен қайтадан жандандыру қажет.

Көпшілік қауым сізді мәдениет жанашыры ретінде де таниды. Облыс мәдениетінің даму деңгейі қандай көсрсеткіштерді байқатып отыр?

Бірнеше жылдар бұрын «Su-per Star»-ға қатысқан Роман Ким деген бала тоғызыншы сыныпта оқып жүріп, Теміртау қаласында орналасқан менің кішігірім қонақ үйімде жұмыс жасап жүрді. Ал, кешкісін ән айтуға шығатын. Содан бір күні «Super Star»-ға қатысқысы келетінін айтып, сол шоуда бақ сынасты. Соңына қарай баланың қандай жетістікке жеткенін көздеріңізбен көрдіңіздер ғой. Барынша демеушілік жасау «Аға» деген атымызға парыз.

Сіздің қарттарға деген қамқорлығыңыз ерекше. Қайырымдылықпен айналысу сіз үшін қаншалықты маңызды?

2002 жылы «Халық бірлігі, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы» қайырылымдылық қоры құрылған еді. Осы бірлестікте дәстүр және ұрпақтар сабақтастығы жайында ақсақалдар алқасымен ақылдасу жоспарға қойылған. Тарихтан белгілі Кеңес Үкіметіне дейін ауылдарды ақсақалдар басқарған. Қариясы бар ел, қазыналы жер деп жатады ғой. Қарттарға көмек беріп оларды тыңдай жүре жастарға үлгі көрсетуіміз керек. Бұл әлгінде айтқандай ұрпақтар сабақтастығына сай келеді. Қарттарымыз лайықты өмір сүрсін десек, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының тапжылмай көбейтілген дұрыс.

Жастар белсенді өмір сүрулері үшін, қазақ елінің дәстүрінде тәрбиеленгені жөн. Сол жастар арасында жұмыссыздықты азайту көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселені экономиканың өндіріс секторына қаражаттарды инвестициялау мен шағын және орта бизнесті қолдау жолымен

шешкен жөн. Қалада және ауылда жұмыссыз жүрген тұрғындарға шағын несиелер беру мөлшерін ұлғайту қажет.

Қариясын сыйлаған ел ешуақытта жаман болмайды. Былтыр қаламызда ақсақалдар алқасының он жылдық мерейтойында ардагер металлургтердің қоғамдық іске белсенді араласқандары үшін қаншама марапаттаулар берілді. Сол ақсақалдардың арқасында қаламызда бірнеше игі жұмыстар атқарылды. Мәселен, жаңа мешіттің салынуына бас-көз болып жүрді. Сондай-ақ, ең бір жауапты да өзекті іс – мұсылмандар бейітіне жаңа жер телімін алып берді және екі бірдей қазақ мектебінің ашылуына да жағдай жасады. Жыл сайын қала мектептерінде түрлі тақырыптарда кездесулер мен семинарлар өткізуге ат салысады. Әсіресе, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі жайында тамаша ойларын жеткізіп отырады. Әрине, осының бәрі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына өнеге көрсету болып табылады. Ата-жұртын аңсап келген оралман қандастарымызға да металлургтер

Page 31: журнал

31

мекеніне сіңісіп кетуіне қолайлы мүмкіндік тудырды.

Қазіргі таңда тағы бір өзекті мәселелердің бірі – қазақ тілін дамытуға да ақсақалдар біраз жұмыс жасады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Құрыш қала» газетін ашып, оқырмандарға өз жолын ашты десек те болады. Газет ең алдымен тіл мәселесіне көп көңіл бөліп келеді. Тіл сайысына қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды.

Дұрыс-ақ. Сіз «Асқар және компания» ЖШС-нің бас директорысыз. Компания немен шұғылданады? Даму деңгейі қандай?

«Асқар және К» компаниясы 1996 жылы құрылды. Мекеме алдында «Айкөз» деп аталынатын. Кейін Елбасының жарлығымен қайта тіркеуден өткізіліп, осы «Асқар және К» деп аталынды. Компания құрылыс саласы бойынша жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 42 адам еңбек етуде.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» деген болатын. Сіз осы мәселеге қатысты қандай ой түйдіңіз?

Осы пікірге толықтай

келісемін. Стратегиясы қалыптасқан елдің дамуына кәсіпкерлікті қолдау үнемі қажет етіліп отырады. 1996 жылы жеке кәсіпорын ашқанда бізге тиіспейтін адам болмайтын, тексеріс жиі келе беретін. Қазір ондай нәрселер басылды, тексеру біраз жеңілдетілді.

Кәсіпкерліктің бағыт-бағдары аймақтардағы индустриалды-инновациялық даму саясатын одан әрі жетілдіргені жөн. Кәсіпкерліктің аясындағы небір жаңашылдықтар маңыздылығын жоғалтпау мақсатында оның нығаю жолы мен табыстарды теңестіру қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Барлық экономикалық процестер әлеуметтік ортада қалыптасқаннан кейін, қоғамдық өндірістің маңыздылығын арттыруға жұмсалады. Кәсіпкерлікте халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін табыс мөлшері тиімдірек болуды жүктейді.

Өмірлік қағидаңызда аз сөз сөйлеп, көп іс тындырғанды ұнатады екенсіз. Азаматқа лайықты істер жасау маңыздылығы сіз үшін қандай?

Тағдырына немқұрайлы қарамайтын адамдар аз сөйлеп, көп іс тындыра алады. Ойлап отырсам, өмір бойы қарапайым бір қағиданы ұстанып келеді екенмін. Өз күш-жігерімді аямай, адал және риясыз еңбек ете алсам, мен

үшін ең бастысы – сол. Еңбекке құштарлығым мен қабілеттілігім мені көздеген мақсаттарыма жетуге ғана итермелеуде. Менің түсінігімше, кәсіби білімінің арқасында жан-жақты дамыған, өмірлік тәжірибесі бар адамдар ғана халық қалаулысы ғана бола алады.

Алда қандай жоспарларыңыз бар?

Теміртау қаласы моноқалалар қатарына кірді. Осыған орай қаланы дамытуға бюджеттен қомақты қаржы бөлінгелі отыр. Осы жұмыстарға ат салыссам деген ойдамын.

«Тәуелсіздіктің» Сіз үшін ұғымы қандай?

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама ғасыр ата-бабамыз осы күнді көруді аңсап кетті. Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің Қазақстанды шет ел білмегенімен, Елбасын жақсы танитын. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері қазақ елі көк тудың астына бірігіп қана қоймай, қажырлы да қайсарлы халық екенін дәлелдеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 32: журнал

32

СҮЙЕУШІСІ БАР ЕЛДІҢ СЫЙЛЫ АЗАМАТЫ

Бәйгеге түсіп жарыспаса да, ел ісімен айналысуды ер-азаматтық борышы санап жүрген жандар қоғамымызда жетіп артылады. Себебі, елінің аялы алақанын сезініп өскен адам қай уақытта да мойнына жүктелген міндетті мінсіз атқаруды жөн санайды. Тегінде халқымыздың атаның емес, адамның баласы болуы үшін ұрпағына саналы ойды бойларына сіңіріп өсуін шын ниетімен қалағандары да сондықтан болар дейміз. Туған елін сүйсіндіріп, халқын қуантып жүрген біздің келесі кейіпкеріміз бір жылдан аса Қарағанды облысы мәслихатының депутаты қызметін атқарып жүр. Халқына берері көп, қайсар ұрпақтың қадірлі азаматы екенін дәлелдей алған Пішенбаев Серік Рамазанұлы Балқаш өңірінде дүние есігін ашыпты.

Орта мектептегі білімін бітірісімен облыстағы мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Оны ойдағыдай аяқтап, Приозерный ауданына қарасты орталық ауруханада дәрігер-

Серік Рамазанұлы, Қарағанды облысының облыстық мәслихат депутаты ретінде Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық хал ахуалына қатысты не айтасыз?

Балқаш өңірінің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалының біршама жақсы деңгейде дамуына мыс қорыту зауыты зор үлес қосуда. Балқашты моноқала ретінде дамыту міндеті де жүктеліп отыр. Сол себептен алдағы алғашқы үш жылға

бюджет көлемі де ұлғайғалы тұр. Қалада шағын және орта бизнесті қалыптастыру үшін «Балқаш өндіріс кәсіпорындарының одағы» таяуда 47 кәсіпкердің басын қосты. Бұл «Атамекен Одағы» ҚҰЭП-ның филиалы негізінде құрылды. Қала бюджетінің жылдан-жылға өсуі осы кәсіпкерліктің дамуымен байланысты ғой.

Біздің мақсатымыз – қалаға бөлінген қаражатты дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалап отыру. Біз экологиялық төлемдерді

жергілікті бюджетте қалдыру туралы Үкімет үйіне ұсыныс білдірдік. Мәселен, «Қазақ мыс корпорациясынан» түсетін салық экологиялық төлемге жұмсалады. Ол үшін бюджеттік өзгерістер енгізу қажет етіліп, аталмыш мәселе кейінге қалдырылды. Қоңырат руднигіне жоспар бойынша бөлінген қаражаттың кешіктірілгенін анықтап, мәселені аяғына дейін шешуді ұйғардық. Балқаш суының нашар болуына байланысты коммуналдық қызмет

хирург қызметіне қабылданады. Медицина саласында бірнеше лауазымды қызмет-терді атқарған ол тоқсаныншы жылдардан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Екі рет фармацевтика мамандығын жоғарылату курстарынан өтіп, «Дәріхана Зере» мекемесін ашуға бел буады. Сондай-ақ, «Зере» құрылыс компаниясын басқарады.

Біздің редакция «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы» төсбелгісімен марапатталған Пішенбаев Серік Рамазанұлымен сұхбат жүргізген еді. Енді соны назарларыңызға

Page 33: журнал

33

көрсетуді жақсы деңгейге арттыру үшін техникалық құрал-жабдықтар сатып алуға ат салыстық. Соның әсерінен Балқаш су мәселесін біраз ыңғайландырып алдық.

Сайлауалды бағдарламаңызды қандай бағыттар және қандай шешім іздеген мәселелер төңірегінде құрдыңыз? Сол бағдарламалар бүгінде қаншалықты деңгейде орындалып келеді?

2011 жылы 7 желтоқсанда “Нұр Отан” ХДП-ның Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясында мені “Нұр Отан” партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат етіп ұсынды. Депутаттыққа сайланғаннан кейін, бойымдағы бар күш-жігерімді, білімім мен өмірлік тәжрибемді мойныма жүктелген міндеттерді шешу үшін пайдаланамын. Маған сенімділікпен берілген тапсырмалар көпшілік жағдайларда нәтижелі түрде жузеге асырылды. Сайлауалды бағдарламамда коммуналдық шаруашылық жағына көп көңіл бөлдім. Қала жолдарын жөндеу, су және кәріз құбырларын жаңарту, сондай-ақ, қаладағы кәсіпкерлік деңгейін көтеру болып табылады. Сапалы сумен

жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға бюджеттен субсидиялар бөлуге қол жеткізу, қаланы және кенттерді тұрақты сумен жабдықтау мәселелерімен айналыстым. Қаланың 2 және 3-ші кезектегі су құбырлары желілерін қайта құруға байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бюджеттен қаржыландыруды бөлу мүмкіндігі қарастырылды. Облыстық және республикалық бюджеттерден қаржыландыру есебінен, қалада және іргелес кенттерде жолдарды жөндеуге және қалпына келтіруге қалалық бюджеттің шығындарын көбейтуге қол ұшын бердім. Коммуналдық инфрақұрылым жағдайын жақсарту және халықтың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасын белсенді және әсерлі түрде жүзеге асыруға ат салыстым. Бағасы нарықтық бағадан 15% төмен сапалы дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін Балқаш қаласында ең бірінші болып, әлеуметтік дәріхана аштым. Тұрғын үй салу мен инженерлік коммуникациялар, сонымен қатар, қаланы абаттандыру жұмыстарын

орындауға бөлінген бюджеттік қаржыларды нәтижелі игеруге көмектестім.

Осы айтылып өткен жұмыстарыңыздан басқа алда қандай шаруаларды атқаруды жоспарлап отырсыз?

Балқаш аймағының болашақта дамуы үшін бірнеше бағыттарды ұсынар едім. Жоғарыда айтып өткенімдей, экологиялық төлемдерді бюджеттердің деңгейлерінің арасында қайтадан бөлу туралы мәселені көтермекпін. Тұрғын-үй кезегінде тұрғандарға және репатрианттарға, жас мамандар үшін эконом-класс тұрғын үй құрылысын жүргізуді және Балқаш аймағында көліктік-коммуникациялық логистиканы дамытуға ұсыныс жасар едім.

Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы соңғы жолдауына қатысты сараптамаңыңыз бар шығар...

Елбасы Үндеуін - дүниежүзілік деңгейдегі көзқарасы деп атауға болады. Осы жолғы жолдауында Елбасымыз «Беделіміздің дағдарыста сыналуы - Қазақстанның қалыптасуы» деген болатын. Сондықтан, стратегиялық жоспарымызды дамыту үшін нақты әрі үдемелі қарқынды түрде жетілдіргеніміз абзал. Ел ішіндегі ауқымды мәселелердің бір тобы мәселен, өңіріміздегі жер қойнауындағы байлығы, ауыз су, демография және т.б. шаруаларды атқару кезегі тұр. Қала тұрғындарының жер асты Тоқырау өзенінен алынатын ауыз суы және жер қойнауындағы байлықты құнттай білуіміз керек. Демография мәселесіне келсек, қаламыз біртіндеп дамып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде 36 жас маман келіп, олардың әлеуметтік жағдайларын қарастырып бердік.

Өзіңізге белгілі Балқаш қаласы моноқалалардың қатарына енді. Осы қаладағы кәсіпкерлікті дамытуға қатысты

Page 34: журнал

34

депутаттық пікіріңіз қандай?Қоғамымызда қол жеткен

табыстардың бірі ретінде отандық кәсіпкерліктің қалыптасуын айтар едім. Экономикалық өмірге белсенді түрде бет бұру индустриалды-инновациялық даму үдерісін алып келді. Кәсіпкерлік ортаның қалыптасуының негізінде елдегі шағын және орта бизнестің жандануы халықтың әлеуметтік хал-ахуалын көтеруге себін тигізді. Соның әсерінен жұммыссыздық деңгейі қысқарып, жалақы мен зейнетақы уақытылы төленуде. Нарықтық қатынастарда алға жетелейтін шешуші факторы және тиімді жолдары – осы отандық кәсіпкерлікті дамыту болып отыр. Қолайлы жағдайлар жасай отырып, кәсіпкерлік аясында ең алдымен ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру қажет дер едім. Себебі, аймақтарды дамыту кезінде осы мәселеге басты назар көбірек аударылғаны дұрыс. Сонда барып экономиканы нәтижелі бағытқа көздеп, ұтарымыз да көп болады. Ішкі жалпы өнім де инновациялық экономикадағы өз орнын табады. Кәсіпкерлік ортаның бастамашылығы қазір жер-жерлерде іске асып жатыр. Орта есеппен 60 миллиардқа жуық қаражат моноқалаларды дамыту аясында түседі деген болжам бар. Осы қаражаттың арқасында Балқаш қаласы тез қарқынды дамиды деген ойдамыз. Ең бастысы қала тұрғындарына жұмыс табылады. Ал, «Пилоттық жобаға» аударылған қаражаттың есебінен қаламыз біршама көркейіп келеді.

Сіз басқарып отырған «Зере» құрылыс компаниясы немен шұғылданады?

«Зере» құрылыс компаниясы 2007 жылы құрылған болатын. Кәсіпорын ескі контейнерлерді жөндеп жасап шығарады. Сонымен қатар, тапсырыс берушінің талабына сәйкес, тұрғын-үй салуда еуропалық стандарттарға сай және ауа райының қолайсыз зардабына

шыдас беруі ескеріледі. Үйдің сыртқы пішіні, сонымен қатар, есік және терезе тұстары болаттай берік құрылыс материалдарымен жабдықталған. Мекеме ашылғалы бері құрылыс саласында біршама тәжірибе жинақтап үлгерді десек те болады. Инфрақұрылымы жақсы деңгейде дамыған және өндірістік кешені бар кәсіпорынның жалпы аумағы 20 000 квадрат метрге дейін жетеді. Тұрғын-үй салу барысында тапсырыс беруші жоғары білімді мамандармен кеңесе отырып, үй жобасын дайындауға қатыса алады. Бұндай модульді ғимараттарды жасаудың артықшылығы – қажет болған жағдайда транспорттық жолдарға алып шығуға өте ыңғайлы. Модульді ғимаратта электроэнергия және су жүйелері автоматты түрде қамтамасыз етілген. Қазіргі заманға сай әрлеуші материалдардың арқасында модулді ғимараттарға жарасымды түс беріп тұрады. Ғимараттардың әр түрлі нұсқалары бар: тұрғын-үйге, тұрмыс жағдайларына, қосалқы және өндіріс кәсіпорындарына арналған. Соған орай бұл ғимараттарды құрылыс алаңдарына, мұнай-газбен айналысатын жұмыскерлерге, жол құрылысшыларына, демалуға, аң аулағанда, медпункт есебінде, әскери қызметкерлерге, 50 ден 1000 адамға дейін жатахана ретінде, күзет фирмаларына және т.б. қолдануға болады. Компанияның бірнеше тұрақты тұтынушылары бар. Атап айтар болсақ, «Қазақмыс» корпорациясы, KazOilService Group, Golden Eagle Services, CrownEnergy және тағы да басқа көптеген компаниялармен жұмыс жасаймыз. Сондай-ақ, компания бұған қоса қосымша монтажды-құрылыс қызмет түрлерін ұсына алады. Мәселен, электр жүйесі, төбе жабу, сантехникалық, кәріз тазалау және құбыр жөндеу жұмыстарымен де айналыса алады.

Өңірдегі құрылыс

жұмыстарына қатысты айтарыңыз бар ма?

Балабақша және сауықтыру кешендерін салудан басқа неке сарайын орнату мақсатта тұр. Қала тұрғындары демалатындай көл жағасын абаттандыру мәселесі де бар.

Жалпы құрылыс саласы бойынша жұмыс жасап жатыр екенсіз. Құрылыс саласының қарқынды дамуына нақты не қажет деп ойлайсыз?

Құрылыс саласындағы маңызды бағдарламалар кезең-кезеңімен дамып келеді. Бұл әрине, алдыңғы кезекте мемлекетіміздің дамығандығын көрсетеді. Құрылыс саласына қажетті нақты іс-шара мемлекеттік бағдарламада баяндалған ғой. Ең бастысы қауіпсіздік мәселесі қолға алынған дұрыс. Осыған орай, Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамытуға байланысты 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада ірі міндеттер жүктелді. Оған қоса, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі бірнеше жұмыстарды атқаруда. Мәселен, құрылыс саласындағы техникалық ретттеуде шетелдік тәжірибелерді пайдалана отырып, үй салуға қажетті құрылыс материалдарына талдау жасау тапсырмалары орындалып жатыр. Құрылыс саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу бағыты да біршама жұмыстарды ілгерілетіп отыр. Атап айтар болсақ, жер сілкінісі болатын жерлерге алдын-ала зерттеулер ұйымдастырып, құрылыс жүргізу тиімділігін анықтау, салынған ғимараттардың берік сақталуын және ұзақ уақытқа шыдас беретіндігін қамтамасыз ету қажеттігі туындайды. Мемлекет тапсырмасына сәйкес, енді бірер жылдан кейін тұрғын үй индустриялық комбинатының салынатындағы жақсы жаңалық болып отыр. Осындай

Page 35: журнал

35

комбинаттардың негізінде энергияны аз тұтынатын үйлер салынбақ. Бұл жағымды жаңалық емес пе? Демек болашақта дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін тағы бір қадам жасағалы отырмыз. Құрылыс аясында отандық өнімді пайдалану үлесі де артпақ, әрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дамуына септігін тигізеді.

Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен халықты қамтамасыз ету маңыздылығы қалай ескерілмек?

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жаңғыртылуы 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынып жатыр ғой. Бағдарламаға қатысты ең негізгі деген екі бөлік қамтылды: біріншісі – коммуналдық сектор бойынша халықты сумен, газбен, жылумен және электр жүйесімен жабдықтау арқылы реттеледі. Ал, екіншісінде, көп пәтерлі тұрғын үйлер мен жеке үй құрылысындағы тұрғын үй секторы енгізілген. Әсіресе, елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралмақ. Қай кезде де халықты сапалы коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз еткен жөн. Сонда барып, бұл қызметтің тиімділігі арта түседі. Энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды, коммуналдық сектор кәсіпорындарын бюджеттен қаржыландыру және коммуналдық сектор басқармасының әдіс-

тәсілдерін енгізу қажеттілігі туындайды.

Депутат ретінде ел мүддесіне қатысты тағы бір пікіріңізді білсек дейміз. Ұлттық экономика мемлекет белсенділігіне қарай қалай өмір сүруде?

Елбасы айтқандай, «алдымен экономика – содан соң саясат» деген пікірімен әлі күнге дейін өмір сүріп келеміз. Қандай да бір саяси қозғалыстар мен реформалардың негізінде ұлттық экономиканың даму деңгейі басты назарда ұсталады. Экономикалық белсенділік саяси ырықтандыру жолын демократияландыру үрдісіне үнемі жол сілтеп отырады. Нарықтық экономиканың ұстанымы – бәсекелестік деңгейін арттырып, заманға сай шетел инвесторларын тартуға белсенді түрде қол жеткізу. Шикізат өнімдерінің бағасы әлемдік нарық рейтінгісіне тиімді жағынан қызмет етсе құба-құб.

«Мақсат ешқашан адастырмайды» дейді. Өмірдегі сіздің мақсатыңыз қандай?

Басты міндетім - әкелік парызды атқарудан басқа, дамыған 30 елдің қатарына қосылу талпынысына ат салыссам деймін. Осындай тарихи кезеңге пайдамды тигізсем, арманымның бірі орындалғаны деп санар едім. Қазақта «Сүйеушісі бар болса, сүйек жұтса да қақалмайды» деген жақсы сөз бар ғой.

Сөзіңіз аузыңызда. Ал, сүйеушісі бар елдің сыйлы азаматы болу сіз үшін қаншалықты маңызды?

Мемлекетіміздің тірегі болар Нұрсұлтандай ер азаматы бар ел еш уақытта ештеңеден құралақан қалмайды. Ал, мен үшін елін басқаратын нағыз ер-азаматы бар мемелекеттің болашағы баянды. Сүйеушісі бар елдің сыйлы азаматы болу бәлкім, маған сол үшін де үлкен мәртебе шығар. Елін сүйген адам қай уақытта да ерлік жасауға ұмтылып тұрады. Сайып келгенде, біз бәріміз бұл дүниенің қонағымыз, қала берді жолаушысымыз. Біреулер бақыт іздеп шарқ ұрса, енді біреулері атақ-даңқты қалап бәз біреулерді өз-өздерінен бездіріп жатады. Шын мәнісінде, адам өзіне қажет нәрсені әркез уақытымен, өз орнымен біліп жүруі керек деп ойлаймын.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздік алысымен еңсемізді көтеріп, дүние жүзіне әйгілі болып жатырмыз. Биік мақсаттар мен ірі белестерге қол жеткіздік. Әрине, бұл сөз жоқ Тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздік ұғымы – мен үшін қасиетті де қадірлі ұғым дер едім.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 36: журнал

36

ОТАНДЫҚ ӨНІМ - ТҰРАҚТЫ БӘСЕКЕ

Отандық өнеркәсіп саласының алға жылжуы – ел экономикасын жаңа белестерге бағыттайды. Бүгінгі таңда елімізде бірнеше кәсіпорын өз өнімдерін нарық тұтынуына ұсынып келеді. Соның бірі Қарағанды облысы Саран қаласындағы «Еуразиялық химиялық-өнеркәсіп тобы» ЖШС-і Оны басқарып отырған Утеубаев Талғат Бабашұлы, өндіріс орындарының сапалы түрдегі дамуы біздің елімізді әлем нарығындағы бәсекелестікке шыңдай түсеріне сенімді. Жас мамандарды кәсіпорынға тартуға да бейжай қарамай, тың жобаларды жүзеге асырып келе жатқан кәсіпорын жаңа жоспарларын алға бастап, өнімділікті

арттыру жолындағы нәтижелі жұмыстарды ілгерілетіп келеді. Бұл қала құраушы кәсіпорындардың бірі. Елбасымыздың алға бастаған стратегиялық жоспарларына сай, отандық өнеркәсіп саласын дамытуға үлес тигізіп отырғаны да анық. Жалпы, қала жағдайына тоқталар болсақ, өткен жылдар есебі мен алдағы күндерге деген жоспар ретінде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Талғат Бабашұлы кеңінен мәлімдеп берді. Тұрғылықты жердегі әртүрлі жұмыстар құзыретті қызметтегі азаматтың міндетінде. Күнкөріс қажеттіліктері үшін, қала үшін жасалынып жатқан жұмыстар реті біздің журналымызға берген сұхбаты аясында баяндалды.

Талғат Бабашұлы, алдымен өзіңіз турасында айтып өтсеңіз?

1962 жылы 9 қаңтарда дүниеге келдім. Целиноград құрылыс-инженер институты «механик-инженер» мамандығы бойынша, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «заңгер» мамандығы бойынша білім алдым. Кейіннен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясында оқыдым. Қазірде Қарағанды облысы бойынша V шақырылған облыстық депутаттық қызметін атқарып келемін.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Мен Қарағанды облысының № 28 сайлау округі Саран қаласы бойынша облыстық мәслихат депутатымын. Халық қалаулысы ретінде атсалысып, атқарған жұмыстарыма тоқталар болсам,

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларына сай жұмыстар атқардық. Сонымен қатар, моноқалаларды дамыту бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаның біздің Саран қаласының тұрғындары үшін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық аясында маңызы аса жоғары екенін айтып өткен орынды. Облыс тұрғындарының 44% моноқалаларда тұрады. Осыған орай облыс көлемінің үлесінде ол жерлердегі өнім өндірісі 75 % құрайды. Жалпылама жинақтағы инвестиция үлесі 51,5 %. Біз осы моноқалаларды дамыту бойынша күрделі мәселелерді анықтадық. Олар су құбырларының, кәріздердің, жылу және электр желілерінің тозып кетуі (от 46 до 95 %). Өндіріс қорларының жаңаруының баяулығы, жолдардың нашарлығы, апаттық жағдайдағы үйлердің

бар болуы, экологиялық түйінді мәселелер, барлығы моноқалалардың дамуының қарқын алуына кедергі келтіретін бүгінгі жағдайлар. Осы ретте 2015 жылға дейін мемлекеттік бюджеттен моноқалалардың дамуын қаржыландыруға мемлекет тарапынан 140 миллиард теңге, соның ішінде Саран қаласының даму бағдарламаларын жүзеге асыруға 18,8 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Оны біз алдағы уақытта игеріп, қаржы

Page 37: журнал

37

қажеттіліктер бойынша іске аспақ. «Тұрақты жұмыс атқарушы кәсіпорындарда өнімділікті ұлғайту аясында қаланы оңтайландыру» бағыты бойынша Саран қаласының комплексті даму жоспарларын 2013 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырғалы отырмыз. Қаланың әлеуеттілігіне сай автомобиль дөңгелегін жасап шығару зауытын салу «Қарағандырезинотехника» ЖШС тарапынан ұсынылып отыр. Бұл да жоспарда қарастырылған дүние. Өндірісті диверсификациялауға серпін берер химиялық кластердің даму үрдісі. Оны біз солтүстік өңірмен өнім алмасу арқылы даму межесін қалыптастырып отырмыз.

Өзін-өзі қамтамасыз еткен және аз қамтылған тұрғылықты халыққа өз ісін дамыту мақсатында бизнестің негізін оқыту ұйымдастырылып келеді. Айта кету керек, бүгінгі таңда орта және шағын бизнес үлесіне Саран қаласында халықтың жұмыспен қамтылуының 28 % үлесі тиеді және жалпы шығарылатын өнімнің үштен бір бөлігін қамтып отыр. Біз бұл саланы қала экономикасының алға жылжып, жаңа мүмкіншіліктер ашу есебінде алға тартып келеміз. Еңбек ресурстарын жетілдіру бағытында мамандарды қайта дайындау, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастарға іс-тәжірибе ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Оның негізінде жыл сайын 170 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарға алып

отырмыз. «Саран қаласының инженерлі инфрастуктурасын дамыту» бағыты бойынша орталықтандырылған жылу жүйесінің құрылысы басталып кетті. 2014 жылы бұл жұмысты аяқтау жоспарына сәйкес Ақтас кентінде де орталықтандырылған жылу жүйесін салу жоспарлануда. Инженерлі коммуникацияның реконстуркция жұмыстарының аяқталуына орай 2013 жылы қала және кенттердегі жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға алынып отыр.

Сіз өзіңіз басқарып отырған «Еуразиялық химиялық-өнеркәсіп тобы» ЖШС-нің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жайында не айтасыз? Даму бағыттары қандай?

«Еуразиялық химиялық-өнеркәсіп тобы» ЖШС Қазақстанда және Орта Азияда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына резина техникалық өнім шығарушы, жабдықтаушы жалғыз өнеркәсіп. Біртұтас экономикалық кедендік одақ арқылы он бес мемлекетке өзіміз шығарып жатқан өндірістерімізді сатамыз. Нарықтағы айналымына сай өнеркәсіп экспорттық әлеуетін ұлғайтып келеді. Өнеркәсіпте технологиялық саябақ бар. Оның аясында EIC Group өнім өндіруде бірнеше шетелдік компаниялармен бірлесе жұмыс

жасап келеді. Соның барысында заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен тұтынушыларын қамтамасыздандыруда.

Біз бүгінгі таңда ғылыми зерттеу базасы аясында шікізатты физикалық және химиялық тұрғыдан зерттей алып отырмыз. Резина өнімдерін шығарып, Қазақстан және шет елдерге таратып келеміз. Шығарылған өнімдер тұтынушылар талаптарына сай. EIC Group 600 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орташа жалақы жетпіс мыңға таяу. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мекемелеріне, басқару органдары және өңірдегі қоғамдық тәртіп сақтау орындарына қаржылық және материалдық көмек көрсетіп тұрамыз. Қала әкімшілігімен байланысты ұстана отыра, әр түрлі іс-шараларға ат салысып келеміз.

Өнеркәсіптің экономикалық тиімділігі қандай көрсеткіштерге ие болып отыр?

Қазірде EIC Group отандық және ТМД мемлекеттері нарығында өзінің орнын айшықтап келеді. Кәсіпорын Ресей, Белорусия, Орта Азия мемлекеттері және Кавказ маңы елдеріне өнім жіберу арқылы экономикалық байланыстарды тұрақтандыруда. Бүгінгі күні мемлекеттің арнайы бағдарламаларына сәйкес отандық өнімді арттыру мақсатында «Корпорация Қазақмыс» ЖШС,

Page 38: журнал

38

«Арселор Миттал Темиртау» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, ENRC Plc компанияларымен серіктестікті сақтап келеміз. Осындай бірлескен жұмыс ішкі нарықтағы өнім көлемін 52% арттырды. 2008 жыл мен 2012 жылдар аралығындағы өндіріс көлемінің орташа өсімі 14,0 % құрады. Зауыт үлкен перспективаға ие, оның бірден бір дәлелі сауда айналымы 8 миллиард теңгені құрап отыр.

Мекемедегі кадр жасақтау жүйесі басты қандай мәселелерге назар аударады?

EIC Group компаниясының алдағы даму жоспары жоғары сапаны сақтау және арттыруға негізделеді. Өнеркәсіпте жұмысшылардың кваливикациясын арттыру, мамандыққа сай білімді жетілдіру жүзеге асырылып отыр. Айтып өтерлігі, студент жас мамандармен жұмыс жүргізу үлкен назарда. 2011 жылдың желтоқсан айында EIC Group және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті арасында өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Соның негізінде органикалық химия және полимерлеу кафедрасының филиалының зауытта ашылуы үлкен мүмкіндіктерге бағыт бастап отыр. Осы оқу орталығы базасы аясында төртінші курс студенттеріне іс-тәжірибелік зерттеу тұрғысынан дағдылануға мүмкіндік ашуда. Бұл жоғары оқу орнының «Химия» факултеті AC-QUIH (Германия) акредитациялау институтының шешімімінен 2012 жылдың 30 мамырында халықаралық аттестациядан өтті. Бұл дегеніміз бітіруші түлектер өз білімдерімен тек ғана еліміз ішінде емес шет елдермен де бәсеге сай болуын көрсетіп отыр. Осы тұстағы белгілі бір үлес біздің компанияның алға тартқан тың жобаларының арқасында деп есептеймін.

Сіз кәсіпкер иесісіз.

Жақында Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен» деген болатын. Сіздің осыған қатысты жеке пікіріңізді білсек.

Бұл негізі халықтың келешегі үшін үлкен бір жоспар. Отандық өнім өндіру еліміздің экономикасының қозғаушы күші екені жөніндегі ұлт көшбасшысының ойына толықтай келісемін. әрбір қазақстандық өзін бизнесте сынап көруі қажет, экономикалық жаңа бағдарда толық бағыты қамтылған бір мүше болу тиіс. Ол үшін бизнестегі кедергілерді бағындыра білу, отандық өндірушілерді қолдау аясында механизмдерді жетілдіру, алға басу бағытына сай барлық қажетті шараларды қолға алу жүзеге асырылуға тиіс.

Жалпы, Қазақстан химия өнеркәсібінің қалай дамып жатқандығы жайында айта аласыз ба?

Әлемдік және отандық химия саласы бойынша анализ жүргізу барысында Қазақстан даму алғышарттарына сай үлкен әлеуетке ие екені көрініс беріп отыр. Химиялық өнім халық шаруашылығы және күнделікті тұрмыста кеңінен қолданыс тапқан. Шиікзат өнімдерінің сұранысына сай біздің кәсіпорын Ресей және Белорус өндірушілерінен өнім алмасады. Біз шығаратын өнімге деген шиікізаттың кейбір қажеттілігіне орай Қытай, Америка, Жапониядан шікізат тасымалдап отыр. Оның өзі біздің бәсекеге қабілеттілігімізге нұқсан келтіреді. Соның бірі конвейерлі таспа жасау жолында көп шикізат шетелден әкелініп отыр. Елімізде синтетикалық каучук өндіру бойынша кәсіпорындар тобын құруға мүмкіншілік бар. Осы қолға

алынса, әлемде бұл өнімге деген сұраныстың артуына байланысты біз бәсекелестікті арттырамыз. Бұл өнеркәсіп өзімен бірге резина техникалық өндіріс, дөңгелек шығару, машина жасау, ауыл шаруышылығы салаларын алға тартып, ілгерілеп кетуіне негіз болады.

«Тәуелсіздіктің» сіз үшін ұғымы қандай?

Мен тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп, қызмет етіп жатқаныма мақтанамын. Тәуелсіздік мен үшін бостандық, өз-өзіңе деген сенімділік деген ұғым. Оның арқасында мемлекеттің жарқын болашағы үшін, өз ұлтың, өз отбасың үшін ұнамды кәсіппен айналысу мүмкіндігі, әлем елдерімен иық теңестіруіміз, яғни бір сөзбен айқанда тыныс тіршілігіміздің бір бөлшегі болып кеткен басты құндылығымыз. «Тәуелсіздік» күш-жігерімізді арттырған рухани ұстанымымыз. Ол біздің тұғырымызды беріктете түсуіміз бен болашаққа тура қарауымыз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 39: журнал

39

БЕЛСЕНДІ ІС - БЕДЕЛДІ БОЛАШАҚ

«Көңіл - қазы, көз - таразы». Ел ертеңін бүгінгі атқарылған істер мен өзгерістердің қарқын алуынан байқаймыз. Не болса да «көз қысты, бармақ бастылыққа» жол берілмесе болғаны. Жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, біз ел болып діттеген межемізге жетеміз деген сенімдеміз. Барлық жоспардағы істерді қадағалау халыққа қызмет етуші азаматтардың құзыретінде. Жуырда шыққан «Қазақстан 2050» стратегиялық жоспарының өзі біздің еліміздің биік белестерге көз салғанымыздың белгісі. Сыртқы келбет сырт көзбен бағаланса, ішкі жағдай ел ішін аралау арқылы көзге көрінеді. Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы өндірісті дамытып, қала ішін оңтайландырып, жүйелі жұмыстарын алға тартып келе жатқан өңір. Біздің келесі

сұхбатымыз Қарағанды облысы мәслихатының Сәтпаев қаласы бойынша депутаты Тлемісов Төреқожа Төлеубайұлымен болған еді. Бұл сұхбатта халық алдында көптеген түйінді мәселелерді шешуге атсалысып, соның қатарында қаланың әл-ауқатын көтеруге ықпал жасап келе жатқан азаматтың жұмыс реті баяндалды.

Құрметті Төреқожа Төлеубайұлы, өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.

Мен 1968 жылы 3 қаңтарда Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Қарсақбай ауылында дүниеге келдім. 1987 жылы Жезқазған құрылыс техникумын бітірдім. Кейіннен Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Экономист» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолыма тоқталар болсам, «Жезқазғанцветмет» АҚ-да бірнеше жыл қатарынан еңбек еттім. Қазіргі таңда «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өңірлік кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметіндемін.

2012 жылғы 20 қаңтардан бері атқарған Облыстық депуттық қызметіңіз аясында қандай ауқымды жұмыстар жасалынды?

Тікелей өзімнің депутаттық міндетіме сай сайлаушыларымызбен кездесу

ұйымдастыру барысында олардың өтініштері жоспарлы түрде қарастырылды. Халық тарапынан жылумен қамтамасыз ету, шағын аудандар арасындағы жолдарды жөндеу, жертөрелерді, шатырларды, апаттық жағдайдағы үйлерді жөндеу, кейбір көшелерді жарықпен қамсыздандыру, сондай ақ, жұмыспен қамтамасыз ету, материалдық көмек деген сияқты күнкөріс қажеттілігіне сай мәселелер көтерілген еді. Барлық арыз-шағымдар тиісті деңгейде қарастырылды. Мұндай кездесулерге келіп қатысқан сайлаушы, тұрғындар саны 217. Соның ішінде қала ішіндегі оралман азаматтар алты ай құжаттарын ала-алмай жүруі бойынша талап-арыздарын көтергендер болды. Бұл сұрақтар он күн, екі жетінің арасында миграциялық полиция және өзге тиісті мекемелермен байланысу арқылы шешілді. Оның ішінде кәмелет жасқа жеткен бес-алты азамат

«Қазақмыс Корпорациясына» жұмысқа орналастырылды. Менің тарапымнан өткен жылы тұрғындардың жеке арыз-шағымы бойынша он жеке қабылдау өткізілді. Бұл кездесулердің барлығы Сәтпаев қаласындағы «Нұр Отан» ХДП филиалында ұйымдастырылды. Бұл реттегі тұрғындар тарапынан баспанаға ие болу, жұмысқа тұру, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу сынды сұрақтар қойылып, біздің тарапымыздан сол бойынша жұмыс жүргізілуде. Жеке қабылдауларға 41 адам қатысты. Соның ішінде 29 сауал өз шешімін тапты, 7 сауал бойынша арнайы бақылаумен жұмыс жүргізіліп жатыр, 5 сауалдан себептер бойынша бас тартылды. Осы орайда айтып өтер болсақ, Сәтпаев қаласының тұрғындарының ішінде отбасылардың 90 пайызында «Қазақмыс Корпорациясында» жұмыс істейтін азаматтар бар. Олардың әлеуметтік жағдайы қарастырылып отырады.

Page 40: журнал

40

Айлықтарын уақытында алады. Дегенмен, кейбір түйінді мәселелер кезігіп қалады. Мысалы, балабақшаға қатысты, тұрып жатқан мектеп пен үйлерінің арасының ұзақтығына орай сұрақтар туындап жатады. Оның барлығы назардан тыс қалып келе жатқан жоқ.

Халық қалаулысы ретінде өз тарапыма сайлаушылардан келіп түскен арыз-шағым бойынша менің атымнан облыстық миграция полициясына, Сәтпаев қаласы әкімдігіне және ішкі істер басқармасына, сонымен қатар, қаланың жұмыспен қамту орталығына жеті ұсыныс жасалынды. Барлық ұсыныстар оңды шешім негізінде жүзеге асты. Әрбір істің төркініне бой соза келе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта түсуді байсалды істің баянды негізі деп танимыз.

Қарағанды облыстық мәслихатының бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі екеніңіз белгілі. Атқарылып жатқан істердің халық игілігі үшін нәтижесі қандай?

Бюджет негізінен маңызды мәселе екені анық. Жұмысты жоспарлау барысында басым дүние қаражатқа келіп тіреледі. Біздің тұрақты комиссия қалай қаражатты дұрыс бөледі, жұмыс сол бағыт бойынша жүйелене келе жүргізіледі. Елбасымыз айтқандай «елдің бақыты да, болашағы да ауылда» дегендей ауылды көтеру қажет. Сол себепті де қала төңірегіндегі ауылдарды көтеріп, оған жас мамандарды тартсақ деген дүниелерге басымдық тастап келеміз. Жастарымыздың қалаға ағылып кетіп жатуы ауыл болашағына оңтайлы әсер етпейді. Сол себепті ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету - біздің назардағы істеріміз. Қарағанды облысымыз тоғыз облыспен шекаралас екені белгілі. Және ауыл шаруашылығы да,

өндіріс те біздің облыста бар. Табиғат жағдайына байланысты мал өсіру, сүт, ет өндіру, егін егу шаруашалықтарымен айналысуға мүмкіншілік жоғары. Бюджеттік комиссияның енгізуі бойынша Жаңарқа ауданында жүн қабылдайтын цех ашылса деген, Шет ауданда Батық деген елдімекен бар, содан асыл тұқым ірі қара өсіреміз деген жоспарлар бар. Болашақта бұл сұрақтар шешімін табады деп ойлаймын.

Мен қазіргі таңда екінші мәрте депутаттық қызметтемін. Бірінші депуттық қызметімде сайлауалды бағдарламама сәйкес Сәтбаев қаласын жарықтандыру жұмыстарын жүргізген едім. Екіншіден, емхана, медициналық басқарма мекемесінің жоқтығы мен балабақшаның аздығына байланысты осы мәселелер назарға алынған еді. Оның нәтижесінде бюджеттен ақша бөлініп балабақша салынды, бес жүз адам келіп қатынаса алатын поликлиника ашылды. Ал бүгінгі таңда жоспарда тұрған жұмыс, ол – кәріздерді жаңарту. Бұл жұмыс алдағы жұмыс жоспарларына енгізіліп, бюджет тарапынан қаражат қарастырылуда. Қала ішіндегі А.Иманов, Ш.Уәлиханов, Ә.Молдағұлова сияқты көшелердегі ауыз су тапшылығына байланысты мәселе шешімін тапты. Қала әкімшілігіне бұл көшелерді сумен жабдықтауға

ұсыныс жіберіліп, жоспарға енгізілді. Өткен жылдың күз мезгілінде бұл көшелердің барлығына су құбырлары орнатылды.

Сайлауалды бағдарламаларыңыздың орындалу барысына тоқталып өтсеңіз.

Үкімет тарапынан былтырғы жылы Сәтбай, Ұлытау, Жезқазғанға 127 миллиард ақша бөлінген болатын. Сол қаражатты біз алдағы бес-алты жылда іске асыруымыз керек. Ол қаражат жол мәселесі, теміржол құрылысына да бағытталмақ. Қарағанды жарықтан бастап, Жезқазғанды басып өтіп, елдімекендерді қамти келе Сексеуіл станциясына дейін жолдар салу қажеттілігіне сай алда тұрған міндеттер бар. Қазірде Жезқазғаннан ары қарай жол жоқ. Егер осы Жезқазған-Бейнеу жолы ашылатын болса, шығыстан батысқа дейін, солтүстіктен оңтүстікке дейін біздің барлық шекарамыз ашылайын деп тұр. Ол біздің экономикамызға түбегейлі тиімді әсер етері сөзсіз. Жолдың екінші беті Қызылжар станциясынан Шұбаракөл арқылы Арқалыққа барады. Ол тікелей солтүстікке кететін жол. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Қызылорда-Жезқазған-Арқалық тасжолы да міндетке алынуда. Осы жолдардың құрылысын 2015-

Page 41: журнал

41

2016 жылдарға дейін бітіреміз деген жоспар бағдарламада бар. Бұл мәселе соңғы сайлауалды бағдарламамда қойған ең күрделі сұрақтың бірі болған еді. Оның жүзеге асырылуы көптеген өндіріс, өнеркәсіп және өзге де саладағы жаңаша мүмкіншіктерге түрткі болары анық. Себебі, батыс жақта машина жасау зауыттары жоқ, ал Жезқазған мен Сәтбай төңірегінде машина жасау, шойын, метал құю зауыттары бар. Жолдардың ашылуына сай тағы да басқа жұмыс орындары пайда болады деп ойлаймын. Бұл дегеніміз, экономиканың тұрақты көтерілуіне негіз деп есептеймін.

Облыстағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне сіз қаншалықты ат салысып келесіз?

Өзім сайланып отырған округ, Сәтбай қаласы бойынша жұмыс орындары жоқ деп есептеуге болмайды. Жоғарыда айтып өткендей, «Қазақмыс Корпорациясы» Сәтбай, Жезқазған төңірегі бойынша 35 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Екі қаланың тұрғындарын алсақ, бас аяғы 160 мың. Бұл жерде 60% осы кәсіпорында жұмыста, қалғаны дәрігер, мұғалім мамандықтары бар, шағын бизнесте біршама адамдар жұмыс істеуде. Бұл тұста шағын бизнестерге дұрыс бағытта

қолдау көрсету - ауқымды жоғары назардағы мәселе. Неге десеңіздер, батыс елінің экономикасы 60-70% , кейбір мемлекеттерде 80 % кіші, орта бизнеспен қамтамасыз етіліп отыр. Бізде 60-70% үкіметке қараған, сол себепті шағын бизнесті қарастырып, болашақта оңтайлы ұсыныстармен іске асыру қажет деген ойдамын.

Саясатқа бет бұрған жастардың қандай танымдық көзғараста болғанын қалар едіңіз?

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген бабаларымыздың сөзі бар. Тәрбиені бүгіннен бастап, көп дүниені өмір тәжірибесіне орайластырылған іспен жастарға көрсете білуіміз қажет. Себебі, біздің тәжірибе олардың санасына сіңісіп қалары сөзсіз. Болашақ жастарда. Елбасымыздың өзі «Сенерім - болашақ» деген еді. Бұл сөздің жандылығын тұңғиықтан тұнған тектілігіміздегі тәрбиеміздің негізі деп түсінемін. Бізге келсек, Кеңес үкіметі кезеңі, 90-шы жылдардағы өтпелі кезең, кейіннен қазіргі нарық заманының талаптары өзіндік тәжірибемізде өріс алуда. Қазіргі жастарымыздың жоғары оқу орындарынан алып жатқан білімі қазіргі уақытқа сай. Олар үшін саяси танымдық көғарас мықты болғаны абзал. Біліммен жиналған негіз сан белестен алып шығады.

Әлем елдерінің саясаткерлерінің ойлау деңгейін түсіне алу, заман ағымына сай әлеумет тынысын бағамдау, шынайы саясаткердің шынайы шеберлігі деп танимын. Біз 90-шы жылдардан жаңа заманға өткенде көп дүниені біле бермедік, алайда, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жаңа заманның жаңа талаптарын да игердік. Ендігі кезекте жастар осының барлығын бағалай біліп, жаңадан жанданған дүниелердің тамырына жаңаша қан жүгіртіп, тың серпінмен алып кетсе деген үміттемін. Елбасымыздың 2050 жылға қойған бағдарламаларына сай, дамыған 30 мемлекеттің арасына кіреміз деген жоспарды жастар жүзеге асырады деген сенімдемін. Бірінші кезекте бүгіннен бастап, ол үшін бүкіл ел болып еңбек еткеніміз абзал.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Халықты жойғың келсе, тілі мен дінін ұмытқызу керек деген ірі басшылардан шыққан тарихта ұғым бар. Осыған біз уақытында тікелей таяп қалдық, таяздан тайғанасақ та күресе алдық. Мен үшін «тәуелсіздік» - еңселі ел болып қалыптасуымыз. Қазақ деп кеудемізді көтеріп, жігеріміздің артуы. Бұл мен үшін мақтаныш. Біздің халқымыздың ұстанымында өзіндік ерекшелік, көкіректен шыққан рухтылығы бар деп есептеймін. Салт-дәстүр, мәдениет біздің келбетімізді айшықтап тұрған құндылықтарымыз. Тәуелсіздіктің жарқын бейнесі аяққа тапталмаған намыс пен жаныңды кернеген қайраттылық. «Тәуелсіздік» біздің қуаттылығымызды қатайтқан, сүйегімізге дарыған рухтылығымызды көтерген басты құндылығымыз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 42: журнал

42

ІРІ ИНДУСТРИЯЛДЫ МЕКЕНТеміртау - ТМД ел-

деріне өзінің «Қазақс-тан магниткасымен» аты шыққан, республи-камыздағы ірі индустриял-ды орталық мекен екені белгілі. Елбасы осы өндірісте еңбек жолын бастап, Теміртау қала-сының қалыптасуына мол үлесін қосқанын қала тұрғындары мақтаныш-пен айтады. Қазақстан қара темір өндірісінде агломерат, шойын, болат, дайын қаңылтыр және т. б.өнімдері өндіріледі. Бұйыртса, мемлекетіміз 2050 жылға қарай әлемнің

ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуға тиіс. Осы орайда, индустриалды-инновациялық даму үдерісі Теміртау қаласында да жақсы серпін берген. Отандық экономикалық қатынастарды дамытуда болат балқыту өнеркәсібі өз кезегінде толығымен ғаламдық масштаб деңгейіне жетіп отыр. Бүкіл дүниежүзілік нарық өнімнің тиімділігі мен бәсекелестіктің шиеленісуіне себін бір тигізсе, ішкі экономиканың өсуіне әсерін тағы бір тигізді. Дамушы елдер арасында осындай бәсекелестікке қол жеткізу ең мықтыларға ғана арналуда.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекетіміздің экономикалық тайталастыққа үлес беруі үшін жұмыс жасап келеді. Осыған орай аталмыш металлургия комбинатының №1 Темір сынықтарын сұрыптау цехының бастығы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі Зияшев Серік Имашұлымен жолығып, сұхбат жүргізген едік.

Серік Имашұлы, Облыстық мәслихат депутаты ретінде өңірде қандай жұмыстар атқардыңыз?

Облыстық мәслихат депутаттығына сайланғаныма 2013 жылдың қаңтар айында бір жыл толды. Нақты атқарып жатқан жұмыстарыма келсек, Елбасы Жолдауларын халыққа жеткізу, сол жолдаулар төңірегінде қандай мәселелер көтеріліп жатқанына байланысты халықты ақпараттандыру болып отыр. Сайлаушылармен кездесу жергілікті ақпарат құралдарында жарияланған кестелерге сәйкес ұйымдастырамын. Кездесу

Page 43: журнал

43

барысында сайлаушылардың түскен өтініштерін жеке бақылауға алып, мәселелерін барынша шешіп беруге тырысамын. Оларды көбінесе коммуналдық шаруашылық жағдайы, балаларды мектепке дейін дайындау мекемелерінің жетіспеушілігі мен оны күрделі жөндеуден өткізу, материалдық, жеке тұрғын үй сұрақтары, қаланың тазалығы және т.б. мәселелер алаңдатады. Тұрғындардың өтініштері қалалық мемлекеттік мекемелерде орындалуын талап етіліп, облыстық мәслихат және тұрақты комиссия мәжілістерінде талқыланады.

Құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық саласына қатысты қандай күрделі мәселелер басты назарда тұр? Осы саланың тұрақты комиссия мүшесі ретінде толығырақ мәлімет бере кетсеңіз.

Сұрағыңыз орынды. Бұл қала тұрғындарын мазалап жүрген күнделікті әрі күрделі мәселелерге жатқызылады. Қаланың құрылысы барынша дамып жатыр деуге болады. Құрылыстың салынуына бақылау жасау, оған сәйкес ережелерін сақтау барысында тұрғын үй салу бағдарламасын кеңейтуді

мемлекеттік саясат жүзеге асырып отыр. Осыған орай, бюджет қаражаты есебінен несие беру және мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй салу бойынша бюджетті қалыптастыруға ұсыныс енгізіледі, жобалау-зерттеу жұмыстарына технико-экономикалқ негіздеме дайындалады. Ал, жолаушылар көлік тасымалы Қарағанды облысы бойынша қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, біздің Теміртау қаласындағы жолаушылар көлік тасымалдау бөлімінде де бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соңгы 1-2 жылда қаланың көшелерін жарықтандыру сұрағы шешімін тапты, жұмыс жалғасып жатыр. Себебі, облыстағы шағын қалалар өз бюджетімен өмір сүріп, өз-өздерін қаржыландырады.

Мемлекеттік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және Республикадағы шағын қалаларды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруына сәйкес, тұрғындардың коптеген сұрақтары шешуін табады және қаланың дамуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Бұл Елбасының өз жолдауындағы халықтың жағдайын жақсарту туралы талабы. Жолдаудың іске асырылуына жауапты әрине Үкімет және жергілікті атқарушы органдар ғой. Біз болсақ, халық өкілі ретінде ол сұрақтарды

қадағалауға және орындалуын талап етуге міндеттіміз.

Елбасының арнайы бағдарламаларындағы басты бағыттарына сәйкес еңбек қоғамының артуына депутат ретінде өз үлесіңіз қандай? Яғни, жұмыспен қамту, табыс мөлшерін ұлғайту, сапаны арттыруға сәйкес қандай жұмыстар атқарылды?

Жұмыспен қамту мәселесіне келсек, қаладағы көптеген өндіріс кәсіпорындары ат салысып келеді. Мәселен, бұрынғы «Қарағанды металлургия комбинаты» қазіргі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы қала тұрғындарының орталық жұмыс ошағы деп есептейміз. Өндірісте технологиялық модернизациялар болып, көп жұмыс орындары қысқарылды және соңғы жылдары жұмысқа қабылдау тым азайғанмен, өндіріс айналасында қызмет атқаратын жеке мердігерлік кәсіп орындарында жұмыс табылып жатыр.

Қаламыздағы мемлекеттік индустриалдық университеті мен политехникалық колледж және кәсіптік техникалық лицейлер өндіріс орындарына мамандарды дайындайды. Аталған оқу орындарының студенттерін өндірістік-тәжірибе

Page 44: журнал

44

өтулеріне мүмкіндік жасау және оқуларын бітірген соң жұмысқа орналасуына ықпал тигізуіміз керек. Оларды өндірістеріміздің сарқылмас мамандық қоры ретінде қарастырумыз керек деп ойлаймын. Осы мәселерді жүзеге асыру үшін Елбасының үндеуін өндіріс және қала әкімшілігі басшыларына жеткізу. Сонымен қатар, жастарға қамқорлық көрсетуде қалалық «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен өндіріс басшыларымен де ақылдасып отырамыз.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ №1 Темір сынықтарын сұрыптау цехы жайында баяндап берсеңіз.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ №1 Темір сынықтарын сұрыптау цехы болат балқыту процессінде өз үлесін атқарады. Бұл цехта 200-ден аса адам болат балқытуға металл сынықтарынан тұратын шикізат дайындап, балқыту процессін үздіксіз тәулік бойы қамтамасыз етеді. Жұмысы күрделі және жауапкершілігі жоғары. Цехтың технологиялық процессінде күрделі крандар, техникалық пресс-қондырғылар, түсіру-арту машиналары жұмылдырылады.

Сайлаушыларыңыздың талап тілектері қаншалықты деңгейде қарастырылуда және орындалып жатыр?

Тұрғындардан түсіп жатқан

мәселер көп. Оларға шамам келгенше көмегімді тигізгім келеді. Мәселені шешу барысында жауапты орган қызметкерлерін жұмылдырып, сұрақты шешуге тырысамын. Мәселен, жеке кәсіпкерлердің жер, жылу, су мәселелері туралы өтінішітерін тыңдап, көмек беру. Шешілу мәселесіне ұзақ уақыт керек болса, бақылауыма алып, оның орындалу барысын қадағалаймын. Осы күнге дейін маған жүгінген сайлаушылардың сұрақтары шешімін тауып жатыр.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Өмірлік ұстанымым – еңбек ету. Елбасының бастамасын қолдау.

Депутат болған соң, ел тынысын, жағдайын, тұрмыстық мұқтажын және талабын жергілікті атқарушы органдарга жеткізу.

Өндіріс орнының басшысы болған соң, өз жұмыскерлерімнің әлеуметтік тұрмыс-деңгейлерін жақсарту.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес құндылықтарының бірі, ата-бабамыздың арманы. Біздің міндетімізге - Тәуелсіздігімізді бек нығайтып, сақтап қалу қажеті тұр.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 45: журнал

45

БОЛАТТЫҢ БОЛАТТАЙ БЕРІК ҚАДАМДАРЫАдам өмірі және оның тіршілік ету

кезеңінде өзін-өзі айқындап алған жағдайда өмірлік ұстаным пайда болады екен. Ал, өмір философиясы кісіні толғандырған сан-қилы сұрақтарға жауап іздестірумен бірге ойға түйген жоспарларын үнемі қозғап, түйткілді мәселелер шешімін табуға жетелейді. Біздің келесі кейіпкеріміз кісі өмірінің рухани толысуы мен материалдық игіліктің жемісіне мән беретіндігімен ерекшеленеді десек артық айтқандай болмаспыз. Қашанда қайырымды істер жасау үшін әлеуметтік жауапкершілікті басты назарға қойған. Қарапайым қазақтың қара домалақ баласы сонау алпысыншы жылдардың басында Теміртау қаласында металургтер отбасында дүниеге келіпті. «Көңіл жақсы болғаны, өмір жақсы болғаны» деген теңеу біз сөз еткелі отырған Базарбаев Болат Тілешұлына арналған секілді. Себебі, ол лауазымды қызметтерімен қоса, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген азаматтардың қатарында. Әрі өз өмірін жақсарту мақсатын әлдеқашан көздеп қойған.

Бүгіндері Болат Тілешұлы Базарбаев «Азурит» ЖШС-нің директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты және «Болат» қысқы жүзу клубының президенті қызметтерін атқарып жүр. Болаттың әкесі Теміртау қаласының ең атақты металлургі және қоғам қайраткері атанған. Өндіріс зауыттары арасында өткізілген ойын-сауық байқауының жүлделерін бірнеше мәрте жеңіп алған әкесі ұлының металлург болғанын іштей қаламаса да, уақыт өте жақсы жетістіктерге жеткенін көріп, ойынан бас тартқан. Біліктілігін арттыру үшін, бір кездері шетел инвесторларымен жұмыс жасай жүріп, француздың «Laktalis» компаниясының бас инженерлік қызметінде жұмыс жасаған.

Кезекті іс-сапар барысында біз көкейде жүрген сауалдардың жауабын алу үшін Болат Тілешұлы Базарбаевпен жолығып, сұхбаттасқан едік.

Болат Тілешұлы, осы уақытқа дейін бірнеше қызметтердің биігінде көріндіңіз. Қазір де бірнеше лауазымды қызметтерді атқарып жүрсіз. Әңгіменің төркінін сіз басқарып отырған компаниядан, яғни «Азурит» ЖШС-нен бастағанды жөн көріп отырмыз.

Мен басқарып отырған компания нарыққа төрт жылдан бері қызмет етіп келеді. «Азурит» ЖШС-і - метал конструкторларды дайындау, қара және түсті метал қалдықтарын өңдеумен айналысады. Негізгі бағытымыз осы. Компаниямыз «Металлургия және метал өңдеу» кластеріне

жатады. Мекемеде алпыстан аса адам еңбек етеді. Кәсіпорында заманға сай метал өңдейтін құрылғылар орнатылған. Кәсіпорынның құрамына автотранспортты және ұстахана бөлімшелері жатады.

Қысқы жүзу клубын ашқан екенсіз. Оқырмандарымызға қызықты болу үшін осы жөнінде толығырақ мәлімет бере кетсеңіз.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Астанада жұмыс жасап жүргенімде, Есілдің сол жағалауында орналасқан сондай клубтардың біріне жазылған едім. Теміртауға келгеннен кейін, дәл

сондай клуб ашу ойыма қайта-қайта келе берді. Екі жыл бойы қаланың қай жерінен ашсам екен деген ой санамда тұрды да қойды. 2011 жылдың күз айында клубты ашудың сәті түсті. Клубтың атауы өзгеше де емес, өз атыма сәйкес «Болат» деп қойдым. Аталмыш клуб ашылғалы бері екі семинар өткізілді. Оны ашудағы мақсат – жастарды спортқа баулу, халықты салауатты өмір салтын ұстануға назар аударту. Түсіне білген адамға қысқы жүзудің адам ағзасына тигізер себі зор. Осындай әдістемемен өмір сүру біздің экологиямызға қарама-қарсы әсер етеді деген ойдамыз. Сондай-ақ, көптеген аурулардың алдын

Page 46: журнал

46

алуға болады. Қысқы жүзуге қатысу үшін адам ең алдымен ішкі түйсігімен санасуы керек. Сонда Алла тағала барлық жағдайда да көмектеседі. Клуб мүшелері отыздан аса адамды құрайды. Олардың арасында денсаулығы сыр берген адамдар да бар.

Теміртаулықтардың арасында суық суда шомылатындар аз емес. Мен өзім де мұздай суда шомылғанды ұнатамын. Астанадағы бұндай клуб белсенділердің арқасында жұмыс жасап тұр десем қателеспеген болар едім. Қалада клуб ашылмай тұрған кезде ешкім бір-бірімен бірікпей, әркім өз беттерімен суда жүзіп жүретін. Міне, осы жағдай мені клуб ашуға итермеледі. Клубты ашуда қолайлы ғимарат таба алмай, біраз қиналғаным рас. Әрбір жүзушінің мақсаты – ағзасын шынықтырып және иммундық жүйесін жақсарту. Бұны тек спорттың бір түрі деп қарамай, өмір философиясы ретінде қарастырған дұрыс.

Өмір философиясы демекші, сіздің осы ғылымға деген қызығушылығыңыз бар көрінеді. Оны мына қабырғада ілулі тұрған плакаттағы жазулардан байқауға болатын сияқты. Өмір философиясына қосар жеке пікіріңіз қандай?

Егер әрбір адам баласы өзіне пайда әкелер дүниеден бас тартар болса, онда ол адамға төніп тұрған

нағыз залал екенін түсінген жөн. Егер сен өзіңе өмір сыйлаған Тәңіріңе бас ұрмасаң, күні ертең құлдықта күй кешіп кететініңді ұмытпағайсың. Шындықпен өмір сүре алған адам ғана, өтіріктен аулақ жүреді. Философия ғылымында адам баласының өмір сүруі екпіні күшті әрі қарқынды келетіндігі айтылған. Адамның болмысы мен жеке басының тіршілігі оның парасатты және ғылыми ойлау деңгейіне жеткенде ғана, субьективтік іс-қимылын дәлелдей алады екен. Әр адам өзінің атқарған ісіне жауапты бола жүріп, өмірлік көзқарасын әрдайым жаңартып та, өзгертіп те отырады. Айналасында болып жатқан әлдебір оқиғалар барысында кісі келбеті осылайша айқындала түспек.

Түсінікті, тамаша ойлар айттыңыз. Қысқы жүзуді алдымен қалай бастаған дұрыс? Спорттың бұл түріне қызығушылығын тудырған жандарға қандай кеңес берер едіңіз?

Астанада жүргенімде клубқа депуттардан басқа, академиктер мен генералдар, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт қайраткерлері мен жаттықтырушылар да қатысып жүретін. Кейде ауа райының қолайсыздығы суға шомылуға кедергі келтіріп жатады. Тым болмаса сол кездің өзінде денені мұздай сумен

шайып тұрған дұрыс. Себебі, денені суық суда шынықтыру адам ағзасына өте жақсы әсер береді. Әуелі, бастамас бұрын денені мұздай суға шомылдыруды жаз айында үйрете бастаған жөн. Әр адамның организмі әр түрлі болғандықтан, әсер беруі де түрліше болып келеді. Бірнеше жаттығулар жасау керек. Мәселен, қардың үстінде жүгіру немесе салқын суды душ қабылдаған дұрыс. Клубқа келетін адамдардың арасында түрлі сырқатқа шалдыққандар бар. Қысқы жүзуді тек қызығушылық ретінде емес, өмірлік ұстаным деп қабылдаса да болады. Клуб мүшелегіндегілердің басты ұстанымдары – бір-бірлерін түсіну, сенім арту және қолғабыс ету болып табылады. Белсенді қарым-қатынастарының арқасында өмірлік жағдайларын өзгертуге себін тигізе алады. Өзінің іскерлігін дәлелдей алатын осындай клубтар қоғамда өз орындарын табу мүмкіндігіне ие. Мұздай судан шыққаннан кейін, адамдарға міндетті түрде ыстық шай ішу керек. Қысқы жүзу клубына келушілер қатары көбейсе екен деймін. Тек қыс айларында жүзіп қана қоймай, мұздай суға шомылуды жаз мезгілінде де жалғастырғаны жөн деп санаймын. Бұл әдістің тиімділігін суық сумен бұрыннан шомылып жүргендер жақсы біледі.

Жалпы, оның ағзаға тигізер

Page 47: журнал

47

пайдасы қандай?Кейбір деректерге сүйенсек,

қысқы жүзумен айналысқандар ешқашанда суық тиюмен ауырмайды, дене бітімін жақсартады және бұлшық еттің дамуына әсерін тигізеді. Ағза жүйесіндегі барлық бұлшық еттер жақсы жұмыс жасауы үшін күш беретін және қозғалатын жаттығулар жасалынған дұрыс. Жүзген кезде міндетті түрде аздаған минуттарда басты суға батыру керек. Сондай-ақ, салқын суға түспес бұрын ыстық моншаға түскен дұрыс және бірден шешініп тастамай, денені жайлап салқындатқан жөн. Күннің аяздығы қалыпты және жел ақырын болғанда, яғни ауа-райы ашық кезінде суға түскен дұрыс. Жоғарыда айтып өткенімдей, суық душ қабылдау салқын суда шомылғаннан да күштірек. Адамның денесі мұздай суға тигенде дене сәл-пәл қызып, суыту қарқындылығы ұзара түседі. Сол себептен алғаш түсер кезде уақыт мөлшерінің азайтылғандығына және ақырын жел болғандығын алдын-ала бақылап алған дұрыс.

Клубқа келушілерді кім қаржыландырады?

Иә, түсінбестік болмас үшін айтып өтейін. Клуб ешбір қаржысыз жұмыс істей алмас еді. Оған келушілерде қаржы қайдан түсуі керек? Әрине, клуб мүшелері аз дегенде екі-үш мың теңгенің көлемінде ақшаларын жұмсауы керек. Түскен қаржылар

жалға алынған вагонға, ыстық шай ішулеріне және құралдарды жаңартып отыруға қажет болады. Қысқы жүзуге қызығушылар қатары көбейер болса, кетер шығын аз болатын еді.

Депутат ретінде қандай мәселелермен айналысып жүрсіз?

Халықпен айына екі рет кездесу ұйымдастырылған. Олар әр түрлі мәселелермен келеді. Мәселен, басқа ауылға жұмыстарымен бара алмай отырған үш адамға ақшалай көмек берілді. Теміртау қаласында тұратын жалғыз басты әрі аурушаң әйелге коммуналдық қызметке аз төлеу мүмкіншілігін қарастырып бердік. Бау-бақша орналасқан жерлерді тазартуға және қала көшелеріндегі магистралды желілер орнаттық. Онкологиялық ауруға ұшыраған адамның денсаулығын жақсарту үшін үгіт жүргізу іс-шарасына және емделуге қажетті қаржылардың барлығына демеушілік жасалынды. Осылай айта берсек, тізбектеліп кете береді.

Сіздіңше, қазақ қоғамына не жетпейді?

Қазақ халқын аяғынан тік тұрғызу үшін, жасалып жатқан арнайы бағдарламалардың ішіндегі өзектісі – қазақ тілін дамыту. Мәселен мен өзім көз ашқалы бері орыс тілді ортада жұмыс жасап келемін. Жасыратыны жоқ, қазақ тілінен

репетитор жалдап, үйреніп жүрген жайым бар. Мен алдыма мақсат қойғанды және жүзеге асырғанша тыным таппайтын адаммын. Қазақ елі Қазақстан мемлекеті болып қалу үшін, Елбасының барлық ұсыныстары мен тапсырмалары жұмыс жасау үшін қазақ тілді еркін меңгергеніміз жөн. Бірде Финляндия мемлекетінің басшысы елімізге келіп, «Қазақстан деген мемлекет бар, бірақ, қазақ тілі жоқ екен» деген болатын. Сырт көз сыншы ғой, ешкімнен ұялмас үшін, ана тілімізді толық меңгергенгіміз жөн деп санаймын. Бағдарламалар жеткілікті, тек іс-әрекет жасау мардымсыз болып тұр. Қазақ қоғамына ынталандыру нәтижесі мен позитивтік тұтқа жетпейтін сияқты.

«Тәуелсіздіктің» ұғымы Сіз үшін қандай?

Менің түсінігімше, әрбір мемлекеттің Тәуелсіздігі экономикадан басталса керек. Отандық әрі сапалы тауарларын көбірек шығара бастаған елдің ғана Тәуелсіздігі бекем, өмір сүруі ұзақ. Ал, шын мәнісінде Тәуелсіздікті саяси тұрғыдан алып қарастырсақ, ұғымы тереңде жатыр. Тәуелсіздігіміз жаңара берсін, көркейе түссін дегім келеді.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 48: журнал

48

«АЛҒА ЖЫЛЖУ ҮШІН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕЖЕУ ҚАЖЕТ»

Дана халқымыз «Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек, Жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек» деп тәмсілдеген. Шүкір, арамызда ел үмітін арқала-ған азаматтар баршылық. Солардың бірі де бірегейі ретінде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Айхан» шаруа қожалығы-ның директоры Құдабаев Айхамбай Құлжанұлын ата-сақ қателеспейміз.Біздің кейіпкеріміз 1961 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданы, «Ленинский» кеңшарында дүниеге келген. Орта мектепті 1978 жы-лы тәмамдаған соң, еңбек жолын комсомол жастар бригадасында трактор жүргізуден бастайды. Ке-ңес Армиясында 1970-1981 жылдары азаматтық бо-

рышын өтеген Айхамбай Құлжанұлы кеңшардағы тракторшылық жұмысын қайта жалғастырады. 1985 жылдан бастап «Ленинский» кеңшарының комсомол комитетінде хатшылық қызметін атқара жүріп, ауыл шаруашылық институ-тында сырттай білім алады. Оқу ордасын 1989 жылы аяқтап, агроном мамандығын игеріп шығады. 1990-1993 жылдары кеңшарда бас агроном қызметін атқарса, 1993-1996 жылдары жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ал 1996 жылдың қараша айында «Ленинский» кеңшарының жалпы жиналысының ұйғаруымен директор қызметіне тағайындалады. Екі жылдан соң, яғни, 1998 жылы өзінің жеке «Айхан» шаруа қожалығын ұйымдастырады. Қазіргі уақытта Айхамбай мырза осы қожалықты басқара отырып, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты қызметін қатар атқарып жүр. Сонымен қатар, Айхамбай Құлжанұлы оқушыларды үнемі қолдап-қуаттап, ТМД елдеріне экскурсияға шығарып жүргендіктен «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет» орденімен және «Білім меценаты» төсбелгілерімен марапатталған.

Елге сыйлы азаматтың өнегелі істерін жұртшылыққа хабардар ету мақсатында Айхамбай Құлжанұлы Құдабаев мырзамен өткізген арнайы сұхбатымызды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Page 49: журнал

49

Айхамбай Құлжанұлы өзіңіз басқарып отырған «Айхан» ШҚ-ның бағыт-бағдары, жай-күйі жайлы жұртшылықпен бөлісе отырсаңыз.

Қожалығымыз 1998 ж құрылғаннан бері жұмысымыз жылдан-жылға кең қанат жайып келеді. Шаруа қожалығының құрамына Чкалово, Тегиз-Жол, Саратовка бөлімшелері кіреді. Бүгінде бізде 80 адам қызмет етіп жүр. Оның ішінде 26-сы күзгі егін жинау науқанында уақытша еңбек ететіндер. Негізгі бағытымыз астық, картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша т.б ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өңдеу болып табылады. Жалпы жер көлеміміз 17 994 га тең. Оның ішінде 4500 га астық, 400 га картоп, 60 га көкөніс егуге арналған егістік жерлер болып есептеледі. Қожалығымыз 2005 жылдан бастап астық, картоп, көкөніс өсірудің жаңа технологиясына көшкен болатын. Ал 2010 жылдан бастап, ылғал сақтағыш технологиямен тамшылатып суару әдісіне ішінара өте бастадық. Соның нәтижесінде, 2012 жылы 200 га жерді тамшылап суаруды бастадық.

Ал алған өнімдеріңізді

қайда өткізіп жүрсіздер? Барлық өндірілген ауыл-

шаруашылық өнімдерін Астана Қарағанды, Теміртау қалаларының базарларында саудалаймыз. Біз

тек ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндіріп қана қоймай, оларды өңдеумен де айналысамыз. Қарамағымыздағы тұздау цехында 20-дан астам көкөніс консервілері шығарылады. Осындай гүлденген ауыл-шаруашылығы кәсіпорынын құруымыз бірнеше жылдық қажырлы еңбектің арқасында жүзеге асып отыр.

Ұжымның жұмысын

жандандыру мақсатында жұмысшыларды ынталандырып отыруды дұрыс көресіз бе?

Әрине! Жұмысшыларды ынталандырып отыру өте маңызды. Жер Ана қанша жомарт десек те оны үнемі күтіп баптап, аялап, қадірлей білуіміз керек. Оның мейіріміне бөлену үшін тер төгу қажет. Осы тұрғыдан алғанда жұмысшылардың еңбегі зор. Сондықтан жақсы қызметкерлерді дер кезінде бағалап, оларды көтермелеп отырамыз. Адал еңбектерінің өтеуіне сыйлықтар беріп, марапаттап отыру бізде дағдыға айналған. Сыйлыққа жаңа үлгідегі мұздатқыш, теледидар, музыкалық орталық, ыдыс жуғыш мәшине секілді заманауи тұрмыстық техникалармен қатар, сіңірген еңбегіне қарай кейбір жұмысшыларға шетелдік автокөліктерді тарту етеміз. Және де ауылымызда жасөспірімдердің де еңбек етіп ақша табуына жағдай жасалған. «Айханның»

аясында мектеп оқушыларынан құралған бригада жұмыс істеп тұр. Бригада жеткіншектері бір жағынан ақша тауып жанұясына жәрдем берсе, екінші жағынан еңбекқорлыққа үйренеді. Жұмысшы оқушылар арасындағы еңбек озаттарын да ел көрсін, жер көрсін деп Астана, Алматы, Ташкент, Санкт-Петербург қалаларына жолдамамен жіберіп отырамыз. Ал мың бұралған бишілерімізді Түркия, Австрия, Будапешт, Киев қалаларына барып өнер көрсетулеріне жағдай жасап отырмыз.

Ауыл өмірін жақсарту үшін

қосқан үлестеріңіз жайлы айта кетсеңіз?

Қожалықтың қаржысымен соңғы 8 жылда 32 млн теңгеден астам қаржы жұмсап, ауыл жолдарын асфальттадық. Ауылдағы Мәдениет үйі, спорт залы, бала бақша, дәмхана, моншаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысып келеміз. Жыл сайын «Рақымшылық үйіне», «Ардагерлер кеңесіне», «Балалардың өмірі үшін» қорына демеушілік жасап келеміз. Сонымен қатар, «Жеңіс күні», «Халықаралық әйелдер күні» және «Наурыз мейрамы» мерекелерін ұйымдастыруға демеушілік көрсетіп келеміз. Сонымен қатар, «АУЫЛ БЕРЕКЕ» атты ауыл-шаруашылығы жәрмеңкесіне белсенді түрде қатысамыз.

Page 50: журнал

50

Облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтеріп жүрсіз? Жалпы бүгінгі ауыл келбетінде әлі шешімін таппай отырған жағдайлар жөнінде айта кетсеңіз?

Ауылда электр энергиясы қымбат. Көмір және жанар-жағар майдың бағасы да ушығып тұр. Ал сақылдаған сары аяздан шығу үшін бір жанұяға бірнеше тонна көмір жетпейді. Көлік қатынасы үшін жанар майдың құны да арзан қолжетімді дей алмайсыз. Осындай қымбатшылықта айлық-жалақы мөлшері де жоғары болмай тұр. Міне ауылдың басты мәселелері осы. Депутаттық қызметімде осындай мәселелерді көтеріп, оңтайлы шешімін табуға барынша ат салысамын.

Қазір ауыл шаруашылығын

қолдау мақсатында субсидиялар жеңілдетілген несиелер, лизингке ауыл шаруашылығы техникасын беру қарастырылған. Сіз депутат және «Айхан» шаруа қожалығының төрағасы ретінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан осындай жұмыстар

жайында не айтар едіңіз?Біз 2006-2007 жылдары

АгроҚаржыдан жылдық 4 пайыздық үстемемен несие алған болатынбыз. Қазір өзіңіз атап өткен көмектермен қатар Сыбаға бағдарламасы бар ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін бірқатар игі істер жасалып жатыр. Солардың ішінде ауыл-шаруашылығы техникаларын лизингке беру өте құптарлық әрекет. Қазіргі қолданыстағы техникалардың көпшілігі Кеңес дәуірінен қалған ескі-құсқы техникалар. Солардың орнын жаңасымен ауыстыратын уақыт келіп жетті. Біз қазір шаруашылықта қазір астық жинауға Джондир комбайынын қолданып жүрміз. Шетелдік техникалардың сапасы өте жақсы. Соңғы кездері Украина Сербия т.б елдерден шығатын ауыл шаруашылығы техникаларын Отанымызда құрастыру қолға алынуда. Меніңше бұл дұрыс емес! Жығылсаң нардан жығыл демекші, өзге елдің үлгісін құрастырумен шектеліп қалмай, техникаларды толықтай өзімізден шығарсақ нұр үстіне

нұр болар еді. Мемлекеттік деңгейде мықтап қолға алынып, шетелдіктермен бәсекелесе алатындай Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасының брендін қалыптастыруымыз қажет!

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай

ұғым?Бүгінгі біздің Тәуелсіздігіміз

бабаларымыздың сан ғасырлық арман-мұраты болып келген қастерлі ұғым. Бір өкініштісі, қазіргі қоғамды жемқорлық жайлап барады. Бұл дертке ауыл шаруашылығы саласы да ұшырап отыр. Тіпті, мемлекеттік субсидиялардың заңсыз қолға өтіп жатқандығы туралы баспасөздер де жазып жатыр. Осындай мәселелер Тәуелсіз еліміздің алға жылжуына тежеу болатыны белгілі. Сондықтан Тәуелсіз қоғамымызды жемқорлықтан арашалауымыз қажет.

Сұхбатыңызға рахмет

СұхбаттасқанБотагөз Сембайқызы

Page 51: журнал

51

Page 52: журнал

52

БҮГІНГІГЕ ТИЯНАҚТЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК

Елбасымыз өзінің жыл са-йынғы Жолдауларында еліміздің қуатты да табысты мемлекет болуы аясындағы жоспарлы жұмыстарға бағыт тастап келеді. Осы орайда Қарағанды облысы да жүйелі жұмыстарын атқарып, өз нәтижелерімен бөлі-сіп отыр. Соның ішінде, өткен жылдың кей қорытындылары алдағы күндерге бағыт, бағдар енгізеді. Біздің сұхбат Қарағанды облыстық мәслихатының Ақадыр округі бойынша депутаты Амандық Жұмаханұлы Сериков мырзамен болған еді. Сайлауалды бағдарламасы аясында жұмыстар

атқарып, сайлаушылардың арыз-тілектерімен жұмыс жасауды негізге алған халық қалаулысы, алдағы күндерге діттеген мақсаттары да өзіндік міндеті аясында екенін ашық айтты. «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгілерін иеленген азамат – облыс, аудан әкімдерінің бірнеше рет құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. Амандық Жұмаханұлы бүгінде бокстан спорт шебері, жаттықтырушы және төреші. Сұхбатта болған әңгіме барысын оқырмандарымызға ұсынамыз.

Құрметті Амандық Жұмаханұлы өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.

Мен 1961 жылы бұрынғы Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Мойынты кентінде дүниеге келдім. 1978 жылы мектеп бітіргенен кейін өз еңбек жолымды Сары-Шаған жол дистанциясында жол монтеры қызметінен бастадым. Сол жылы Қарағанды-Сұрыптау қаласында техникалық мектептің 7 айлық электрмонтерлар дайындайтын курсын бітіріп, 1982 жылы Алматы теміртжол инженерлері институтына оқуға жолдама алдым. 1987 жылы осы институтта темір жол торабының инженер-электрмеханигі мамандығын менгеріп шықтым. Ол жылдары оқумен қатар Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясында жұмысымды қатар алып жүрген едім. 1987

жылы Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясында аға электрмеханик, кейіннен кәсіптік техникалық бөлімде инженер, Ақадыр түйіспелі желі ауданының бастығы, 1998 жылдан қазіргі күнге дейін Ақадыр электрмен жабдықтау дистанциясының директоры қызметін атқарып келемін. 2007 жылдан бастап Қарағанды облыстық мәслихаттының Ақадыр округі бойынша депутаты міндетіндемін.

Облыс халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға қандай деңгейде, қай тұстан ат салысып жүрсіз?

Депутаттық қызмет - өзіңе сенім артып сайлаған халықтын арман-аманатын арқалау, талап-тілегі мен көкейінде жүрген маңызды мәселелені құзырлы орындардың назарына іліктіру, қажет кезінде сайлаушылардың

сөзін сөйлеп, жөнді талабының қанағаттандырылуына ықпал ету, бір сөзбен айтқанда олардың билік пен арадағы көпірі, көзі мен құлағы болу. Міндетіміз аясында сайлаушыларымызбен кездесу ұйымдастырылып отырады. Халық тарапынан көбінесе көтерілетін мәселелер: жұмыссыздық, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектердің толық алынуы болып отыр. Келіп түскен арыз-тілектердің барлығы дерлік қаралып, оң шешімдерін табуда. Сонымен қатар, Ақадыр кентінде АХАЖ, Халыққа қызмет көрсету орталығы және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының ашылуына көмек қолын создым. Биылғы жылдың өзінде сегіз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүгедектікке шығуына

Page 53: журнал

53

көмектестім және аз қамтылған отбасыларға әр уақытта жәрдем жасауды шет қалдырмай келемін. «Қарты бар елдің, қазынасы бар» дегендей, қарияларымызға да әрдайым көмектесіп отырамын.

Ағадыр кентінің бүгінгі таңдағы халықтың хал ахуалы қандай?

Өткен жылдармен салыстыра қарасақ, жылдан жылға емес, күннен күнге халықтың жағдайы жақсаруда. Халықтың бүгінгі хал ахуалы жақсы деп нық сеніммен айтуымыздың себебі: жалақы мен зейнетақыны уақытылы алуы, әлеуметтік көмектің де көрсетіліп келе жатуы. Жалпы, облыс көлемінде алсақ, 2012 жылдың басынан бастап, жұмыспен қамту бөлімдеріне 31750 жұмыссыз азамат өтініш білдірді, соның ішінде 24355 адам немесе 76,7%-ы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мерзім аралық кезеңде өнімдерді сату үшін облыста азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қоры құрылды. Бұл дағы хал ахуал жағдайына әсер береді. Және де болашақта әлеуметтік жағдайға орай оңды нәтижедегі жоспарлы көп жұмыстар негізге алынып келеді.

Сайлауалды бағдарлама-ларыңыз қаншалықты орындалды және өңірде атқарылған жұмыстардың нәтижесі қандай?

Сайлау алдында халыққа ұсынған бағдарламам тоғыз бағыттан тұрады. Барлығы халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Атап айтсақ: аналар мен жасөспірімдерді қолдау, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, зейнеткерлердің өмірін жақсарту, дәулетті өмір сүруді қалыптастыру, жұмыссыздарды еңбекпен қамтамасыз ету, ауылдағы мектептерді күрделі

жөндеуден өткізу, ауыл клубтарын қайта салу, Ақадыр және Мойынты су тартқыш мұнараларды күрделі жөндеуден өткізіп, қайта салу, балабақшаларды салу және жаңарту еді. Бүгінгі таңда бағдарламалардың бәріне көңіл бөлінуде, шеткері қалып қойғандары жоқ. Халықтың көз алдында қолға алынып, іске асып келеді. Бұл бағдарламаларды одан әрі жалғастыру халық қалаулысы ретіндегі міндетім.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы аясында қандай жұмыстар атқарып келесіздер?

Елбасы өз Жолдауларында халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарға алып келеді. Жұмыспен қамту, қолжетімді баспана, өңірлерді дамыту, медициналық көмек көсетулерді жақсартуға бағытталған жұмыстар біздің өңірде де атқарылуда. Жұмыспен қамту бағдарламасына сай кәсіптік оқу, қайта даярлау, біліктілікті арттыруға жұмыссыздарды жіберіп, артынша жұмысқа орналастыру өсіп келеді. Сонымен қатар, түлектер арасында «Жастар тәрбиесі» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту іске асырылуда. Тұтастай алғанда облыс көлемінде денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер де жоғарылауда. Басым бағыттар онкологиялық қызметтерді дамытуға, ауылды жерлерге дәрігерлер шақырылып келеді, дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру тиянақты қолға алынуда. Бұл жалпы облыс көлеміндегі басым бағыттар бойынша жұмыстар. «Нұр Отан» ХДП мүшесі болғандықтан, Елбасының Жолдауы аясында жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру тікелей міндетімізде.

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты не айтар едіңіз?

Кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның алға қойған даму жоспарларының бағыттарына

еніп отыр. Бүгінгі күні Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 18,5 миллиард теңге қаражатына 94 жоба мақұлданды. Бұл 7 мыңнан артық жұмыс орындарын сақтауға және 2 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің дамуы жақсы деңгейде. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына сай, «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бойынша бағдарлама қатысушыларына жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несиелерге, кәсіпкершілік негізін оқытуға бюджет есебінен қаражаттар бөлініп келеді.

Жетістікке жетудің басты ұстанымдары не болу қажет деп ойлайсыз?

«Мақсат ешқашан адастырмайды». Жетістікке жетудегі басты ұстаным осы. Мен үшін аса қымбат нәрсе халыққа көмек қолын беріп, рақымын алу. Менің ұстанымым - тәжірибе, біліктілік, және жауапкершілік. Діттеген мақсатқа межелеп жете білудің өзі шеберлік. Бүгінгі күнгі іске тиянақты болғанымыз, болашаққа жауапкершілікпен қарауымыз.

«Тәуелсіздік» сіз үшін қандай ұғым?

Жаны бойында тулап жатқан, кеудесінде қаны бабалық тектілікпен сіңген, жүрегі қазақ деп соғатын адам үшін «Тәуелсіздік» қасиетті де, қастерлі ұғым болуы керек деп білемін. Ол тек ғана әрбір қазақ үшін емес, бүкіл қазақстандық азамат үшін абыройы биік қасиетті ұғым болуы тиіс. Тәуелсіздік бізге онай келген жоқ. Көптеген жылдар бойы ананың жасы, бабаның қаны сінген асыл арман.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Қабдолдақызы

Page 54: журнал

54

«ОТАНДЫҚ ФАРМАЦИЯ ӨРІСТІ ДАМУДА»Қазақ даласының қойнауында тек қазба

байлықтар ғана емес, құнары мен пайдасы мол өсімдіктер де жетіп артылады. Медицинада ертеден қолданыста бар, немесе жаңадан ашылып жатқан сайын даламыздың шөптерінің шипасы мол. Осы ретте мемлекеттік фармация, химия, медицина саласын дамыту бағдарламалары негізінде жұмыс атқарып жатқан бірден-бір ұйым «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі екені сөзсіз. Елдегі ірі ғылыми орталықтың жұмысы жылдан-жылға жанданып, діттеген мақсаттарға жетуде. Осы ретте «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің Басқарма төрағасы, академик, «Құрмет» орденінің иегері, Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қарағанды облыстық мәслихатының жанашыр депутаттарының бірі Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Серғазы Мыңжасарұлы, алдымен өзіңіз басшылық етіп отырған «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің жұмысына кеңінең тоқтала кетсеңіз...

Бүгінгі таңда «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі еліміздегі ірі ғылыми орталықтардың бірі болып табылады. Холдинг қызметі табиғи өсімдік шикізатының негізінде емдік препараттар дайындау. Сонымен қатар, дәрілік препараттарды жасау мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-құрастыру жұмыстары жүргізіліп, өнімді халықаралық GMP талаптарына сәйкестендіргеннен соң өндіріске жібереді. Халықаралық талаптарға сай сұраныстарды қанағаттандыратын материалдық-техникалық базаны дамытып жатырмыз. Еліміздің болашағы үшін химия, медицина, фармацевтика салаларына сапалы мамандар дайындауда да еңбек етіп келеміз. Холдингтің

басты мақсаты - еліміздің саясатының стратегиялық-салалық бағдарламаларында көрсетілген тапсырмаларын ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру. Елбасымыздың Қазақстан дамуының үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасын орындау барысында, 2010-2014 жылдарға арналған ҚР фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту бағдарламасына сәйкес бірнеше жобалар мен жоспарларды алға қойып отырмыз. Оның ішінде, мемлекеттік жекеменшік-серіктестік құралдарын қолдана отыра, шетелдік технологияны Отандық фармацевтиканың дамуына пайдаланып, жаңа жобаларды жасақтау және жүзеге асыру. Екіншіден, химия, фармация, дәрілік қоспалардың технологиясына қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін бағдарламаны іске асыру. Дәрілік препараттарды өндіруде халықаралық талаптарға сай технологияларды жетілдіру.

Осыған қатысты тағы басқа бағдарламалар мен жобаларға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғалымдар еңбектеніп жатыр.

Серғазы мырза, «Фитохимия» холдингі қандай дәрілік препараттарды өндіріске шығарып отыр?

Сұрағыңыз өте орынды. 43-тен астам отандық жаңа бірегей фитопрепараттар жасалып, өндіріске енгізілді. Олардың ішінде қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» препараты, «Салсоколлин» гепатопротекторы, паразитке қарсы «Саусалин» препараты, «Атеролид» гиполипидемиялық құралы, адаптогенді «Экдифит» препараты және т.б. бар. Құрамы шөптерден жасақталған. Адам ағзасына химиялық әсері жоқ. Бұлардың ішінде «Арглабин» препараты Қазақстанның барлық онкологиялық клиникаларында және 6-дан астам шет елдерде, атап айтқанда АҚШ (Нью Онколоджи Лабз), Германияда (Леонардис

Page 55: журнал

55

Клиник, Бад-Хайьлбрунн қ.), Ресейде (Н.Н. Блохин атындағы Ресейдің онкологиялық ғылыми орталығы, Мәскеу қ.), Грузияда (Грузия Республикасының Ұлттық онкология орталығы), Қырғызстан Республикасында (Онкология ұлттық орталығы) бауыр, аналық безі, жатыр мойны, өкпе және сүт безі қатерлі ісіктерінің монотерапиясында, сондай-ақ басқа да химиотерапевтикалық құралдармен емдеуде және сәулелік емдеу терапиясында кеңінен қолданылады.

Бүгінгі күнге дейін аталмыш қазақстандық препаратпен 3000-нан аса онкологиялық аурулар емделді, клиникада оң әсері 76% құрайды.

Сондай-ақ, мен «Саусалин» препаратын ерекше атап өткім келеді. Бұл препарат 2008 жылдан бастап тәжірибеге енгізілген болатын. Бұл описторхоз, лямблиозбен сырқаттанған науқастарға қолданылады. 2010 жылдан бастап дәрілік препарат науқас адамдарға беріле бастап, 87% көрсеткішімен тиімділігін растады. Адам ағзасына улы әсері жоқ. Басқа да дәрілердің нәтижелі жасалғанын тәжірибе жүзінде де, іс жүзінде де байқап келеміз.

Бүгінгі таңда Сіздер қандай халықаралық әріптестеріңізбен жұмыс істеп жатырсыздар?

Біз Labor Links of America (АҚШ); Morgan Lewis (АҚШ); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Интеллектуалдық қор (Дубай қ.), «Leonardis Klinik» клиникасы (Бад-Хайльбрун, Германия); «Glatt Ingenieurtechnik GmbH (Веймар, Германия) компаниясы, РМҒА Н.Н. Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығы (Мәскеу қ., Ресей), Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Биоорганикалық химия институты (Минск қ.) және тағы басқа да әлем бойынша ірі ғылыми орталықтар мен университеттермен серіктестік

қарым-қатынаста еңбек етіп жатырмыз.

Серғазы Мыңжасарұлы, облыстық мәслихат депутаты ретінде атқарған жұмыстарыңызға тізбектеп тоқталып өтсеңіз.

Менің депутаттық қызметім «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңына, тұрақты комиссияның, облыстық Мәслихат жұмыстарының жоспарлары мен Регламентіне, Республика Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетілген басқа да нормативтік құқықтық актілерге және маңызды басымдылықтарға, сондай-ақ, сайлау алды бағдарламаға негізделеді. Қарағанды облыстық Мәслихатының бес шақырылымының депутаты болып табыламын. Қарағанды облыстық Мәслихатының бірқатар сессияларының төрағасы болып сайландым.

Сайлаушылардың үндеулері бойынша 2012 жылы мен лауазымды тұлғаларға, түрлі инстанцияларға 61 сауал жібердім, Қарағанды облысының 150-ден астам азаматының өтініштері қанағаттандырылды, әсіресе, тұрғын үй жағдайын жақсарту, қыс мезгілінде жылумен қамту мәселелеріне байланысты сұрақтар; зейнеткерлерге, ардагерлерге, мүгедектерге бір реттік гуманитарлық көмек көрсету; үй аулаларын, үйге жақын көлік жолдарын абаттандыру және т.б. қатысты сұрақтар шешімін тапты.

Емге зәру азаматтарға көмек көрсетілді, сондай-ақ, дәрілік препараттармен және медицинаға қажетті аппараттар арқылы демеушілік көмек көрсетілді.

Жыл сайын Қарттар күніне орай, ардагерлерге, ең бастысы, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау саласында қызмет атқарған зейнеткерлерге, Қарағанды ботаникалық бағының бұрынғы

қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда өңірде қай саладан қандай өзгерістер байқалып отыр?

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының экономика, энергиямен қамтамасыз ету салаларында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Құрамына 400 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын, шамамен 9,5 мың жұмысшылар орнын қамтамасыз ететін 66 жоба кіретін Индустрияландыру Картасының жобалары Қарағанды облысы экономикасының өркендеу нүктесі болып табылады.

Ағымдағы жылы Қарағанды облысында перспективті салаларды анықтау бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізілді. 140-тан астам жоба анықталды. Оларды жүзеге асыру машина жасауды, химиялық және құрылыстық өнеркәсіпті, энергетика мен туризмді дамытуға қосымша серпін береді. Кадрлық және ғылыми әлеует, қажетті шикізат қорларының болуы композиттік материалдарды жасау және өндіру бойынша жоғары технологиялық кластерді дамыту үшін негіз жасауға мүмкіндік береді.

2013 жылы 350 тұрақты жұмыс орындары құрыла отырып, жалпы сомасы 26 млрд. 112 теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылатын болады. Алғашқы «Қарағанды фармацевтикалық кешені» жобасы - Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегінің салынуы. Іске асыру кезеңі - 2010 жылғы желтоқсан-2013 ж. Жобаның жалпы сомасы 650 млн. теңгені құрайды, 150 жұмыс орны пайда болады. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 2 млн. дәрі-дәрмек орамасын құрайды. Жобалық қуаттылыққа шығу 2014 жылға жоспарланып отыр. Екінші жоба - «Металлургия-Металөңдеу» ЖШС «Индустриалдық парк» жобасы - Индустриалдық парктің

Page 56: журнал

56

инфрақұрылымының құрылысы. Іске асыру кезеңі 2008 – 2013 жж. Жобаның жалпы сомасы 25 млрд 462 млн. теңгені құрайды, 200 тұрақты жұмыс орындары құрылады.

Сонымен қатар, 2012 жылы Қарағанды облысы бойынша «2011-2015 жылдардағы Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының Негізгі индикаторлары жасалды. Ендігі кезекте, ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес халық денсаулығының көрсеткіштерін сақтау және жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігін, уақтылығын және жоғары сапасын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Облысымыздағы әлеуметтік жобалар кәсіпорындармен өткен меморандумдар арқылы жүзеге асырылады. Концессияның механизмі шеңберінде жобаларды іске асыру басталды.

Өңірдегі әлеуметтік және коммуналдық секторда шешілмеген мәселелер әлі де көп, бұларды жеке инвесторлардың қаражатымен шешу мүмкіндігі бар. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы ретінде атқарған жұмыстарыңыз қандай?

Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы ретінде тұрақты комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіру және оның жұмысын ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргіземін. Комиссия облыстық Мәслихаттың V шақырылымының бірінші сессиясының шешімімен 2012 жылдың 20 қаңтарында құрылды. Тұрақты комиссияның құрамына 8 адам кіреді. Бұлар – қызметтің түрлі салаларында жұмыс істейтін

және медициналық, ғылыми, білім беру мекемелерінің және ұйымдардың жетекшілері болып табылатын депутаттар. Тұрақты комиссияның мүшелері облыстық Мәслихаттың сессияларында бекітілген ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша облыс әкімінің жанындағы консультациялық-кеңестік органдардың құрамына кіреді.

Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия облыстың әлеуметтік саласы – денсаулық сақтау, білім беру, медицина, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау, халықтың жұмысбастылығын үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты сұрақтарды шешумен айналысады.

Әлеуметтік саланы дамытуға байланысты сұрақтар мен ұсыныстарды алдын-ала қарастырады және дайындайды, сессиялардың, тұрақты комиссияның, облыстық мәслихаттың шешімдерін орындау жөніндегі атқарушы органдардың жетекшілерінің есеп беру отырыстарында осы салада орын алған мәселелерін талқылайды.

Елбасымыздың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауына қатысты депутаттық пікіріңіз?

Елбасымыздың басшылығымен біз мықты табысты мемлекет құрдық, мұнда демократияландыру мен ырықтандырудың тұрақты үрдістері жүріп жатыр, ТМД-да алғашқы болып шетелдік инвестициялардың және ішкі қорлардың деңгейі жоғары нарықтық экономиканың заманауи үлгісін қалыптастырдық.

Еліміздің Президенті жүргізіп отырған мықты әлеуметтік саясат қоғамдық тұрақтылық пен

келісімді қамтамасыз етті. Бүгінгі Қазақстан – тұрғын халқының табысы орташа, қарқынды дамып жатқан мемлекет.

Біз XXI ғасырдың екінші онжылдығында өмір сүріп жатырмыз, барлық үдерістер шапшаңдатылған. Сол себепті, бүгінгі таңда, әлемнің кез-келген мемлекеті бірнеше онжылдықтардан кейін әлем қандай кейіпте болатындығы жайлы ойланатындығы белгілі. Тіпті, 38 жылдан кейін мына өмірдің қандай болатындығын ойлау бос қиял деп ойлауға болады. Алайда, егер біз 1997 жылы жарияланған «Қазақстан-2030» Стратегиясын есімізге түсірсек, онда алдағы 33 жылдың стратегиялық жоспарлануының мерзімдік көкжиегі болғандығын білеміз. Ал қазіргі уақытта біз 15 жылдың өткенін, және Стратегияда қозғалған барлық дерлік көрсеткіштер мен мақсаттардың толығымен орындалғандығын көреміз.

Елбасының әр Жолдауы бүкіл мемлекеттің дамуы үшін тарихи маңыздылығымен өзгешеленеді. Алайда, 2012 жылғы Жолдаудың мәні өте зор, себебі, мұнда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының негізгі векторлары анықталған. Асылында, мұны, бүкіл мемлекеттер мен өңірлерді белгілі бір дәрежеде қамтыған глобальды талапқа жауап деп айтуға болады.

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты саны жағынан он жетінші Жолдауын жіберді, бұл Жолдауда ол негізге алынатын 7 принципті атап өтті, бұларды жүзеге асыру Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең мықты дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне мүмкіндік береді.

Елбасымыз атап өткендей, 2050 жыл – бұл жай ғана

Page 57: журнал

57

символдық мерзім емес. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастық бағыт ұстайтын нақты мерзім. Бүгінгі таңда БҰҰ 2050 жылға дейінгі өркениет дамуының глобальді болжамын жасады. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы дүниежүзілік азық-түліктік ұйым жариялады. Осындай ұзақ мерзімді стратегияларды жасап, қабылдаушы мемлекеттердің саны артуда.

Кезекті Жолдауында Елбасы ұзақ мерзімдік бағдарды көрсетті. Стратегияны жүзеге асыру, өздігінен, Қазақстанның өркендеуінің жаңа маңызды кезеңін білдіреді. Ол Қазақстан Республикасының дамуының жаңа кезеңі – ендігі қалыптасқан тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетілдірілуі кезеңіне көшуін және елімізде Президент жалпыға бірдей еңбек қоғамы ретінде анықтап берген заманауи ширақ қоғамның қалыптасуын білдіреді. Сол себепті, бұл құжаттың біздің еліміз үшін тарихи маңызы өте зор.

Сайлаушыларыңыздың талап-тілектері қалай қарастырылып келеді?

Сайлаушылардың сауалдары бойынша біздің комиссия Қарағанды қаласының Әкіміне, «Жүргінші көліктің және автокөлік жолдарының ТҮКШ бөлімі» ММ, «Қарағанды облысы бойынша Мемсанэпидқадағалау Басқармасы», Қарағанды қаласы бойынша Қазыбек би атындағы аудан, Нұра-Сарысу экология департаменті, «Қарағанды облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы», «Қарағанды облысы бойынша жұмысбастылықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Қарағанды облысы бойынша Білім беру басқармасы», «Қарағанды Су» ЖШС, «Еңбек министрлігінің зейнетақы төлеу және халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік

орталығына» хат жолдады. Біздің үндеулерімізге жауап уақытында келе бермейді, толыққанды қанағаттандырылмаған сұрақтар да бар, дегенмен, жалпы алғанда, депутаттардың өтініштері мен үндеулері бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары қанағаттанарлық жағдайда.

Тұрғындар арасында «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі жанындағы ботаникалық бақта ғылыми-білімдік және мәдени-тәрбиелік қызметті жүзеге асыру мақсатында холдинг қызметкерлері бірнеше мәрте Қарағанды қаласының мектептері мен балабақшаларының оқушылары үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастырып, жүргізді, әсіресе, химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушылары үшін биология, химия пәндерінен элективті курстар жүргізілді. «Фитохимия» холдингінің Жас табиғат зерттеушілерінің станциясымен және дарынды балаларға арналған «Дарын» және «Мұрагер» мектептерімен тұрақты ынтымақтастығы қалыптасты.

Өңірді дамыта түсу үшін не қажет деп ойлайсыз?

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенін экономиканың келешек әртараптандырылуының маңызды сегменті деп көрсетті. Осы орайда, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы негізгі үш бағыт бойынша өтуі тиіс: 2014 жылға қарай саладағы еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге көтеру; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сарапшылық әлеуетті жүзеге асыру. Бұл тапсырмаларды тек ауыл шаруашылығын индустриалдық-инновациялық жаңарту негізінде, жаңа техника мен құрылғыларды, заманауи қор сақтаушы технологияларды пайдалану негізінде ғана шешуге болады. Елбасының

тапсырмаларын орындау үшін, ауылдық тауар өндірушілердің ел экономикасының қарқынды даму бағдарламасына белсенді қатысу жолдарын іздеу үшін жұмыс істейтін механизмдер, елдің агроөнеркәсіптік кешеніне ғылыми дәйекті инновацияларды енгізу қажет. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарға олардың нарықтық бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асыруға және арттыруға мүмкіндік беретін жағдай тудырған кезде ғана өңірдің бәсекеге қабілетті бола алатындығын атап өту керек. Осы орайда, өңір кәсіпорынға ғана емес, сондай-ақ, маңызды қорлардың бірі болып табылатын халық үшін де тартымды болуы тиіс. Инфрақұрылымды дамыту мен қолдау және осының негізінде жеке кәсіпорындар мен өндірістердің дамуы үшін орын алған шектеулерді алып тастау өңірдегі іскерлік және инвестициялық климатқа әсер ететін жергілікті атқару органдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын маңызды факторға қоршаған ортаның тартымдылығы мен қолайлы экологиялық ахуалды жатқызуға болады.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін

қандай ұғым?Тәуелсіздік – бұл өз еркіндігі

мен адамгершілік принциптеріңе сәйкес барлық іс-әрекеттерің жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл – белгілі бір ұғымдағы бостандық, адамның алаңсыз қарттық шаққа жету құқығының кепілі, шаңырақ берекесі, дін ұстану еркіндігі, мұның барлығын бізге мемлекет ұсынып отыр және соның қорғауында.

Сүбелі сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 58: журнал

58

Page 59: журнал

59

Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2. Тұрғыны 1,35 млн. адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан келеді (2009). Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Шығыс Қазақстан, оңтүстігінде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, батысында Ақтөбе, Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 9 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлі-неді. 11 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталық – Қарағанды қаласы.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ДЕРЕК АНЫҚТАМА

Тарихы. Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды. ҚОАК-тің Қарағанды облысы бойынша Ұйымдық комитетінің төрағасы, өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бюросының мүшесі Абдолла Асылбеков болды. Осы өңірдің тумасы, сол замандағы қоғамдық құбылыстардың, өзгерістердің ұйытқысы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Бірақ ол 1937 жылдың зобалаңына ұшырап, нақақтан нақақ ауыр жазаға кесілді.

Тың. Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы тың шаруашылықтары «Донской», «Родниковский», «Киевский», «Энтузиаст», «Шахтер», «Индустриальный», «Шербаковский», «Киргизия» т.б. құрылды. 1954 жылы Жезқазғанға

қала мәртебесі берілді. 1957 жылдың 3 желтоқсанында Кеңес одағындағы ең ірі металлургиялық зауыт Қазақстан Магниткасында бірінші домнаның іргетасы қаланды. 1958 жылдың қазан айында облыс Ленин орденімен марапатталды. Ол астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндірудегі зор жетістіктер үшін берілген еді.

Қоныстандыру. Орталық Қазақстанның этникалық құрылымының құрылуы мен дамуының тарихы ұзақ. Өлкені қоныстандыру әртүрлі уақыттарда және түрліше жүргізілді. Орталық Қазақстан аумағында адам баласы ежелгі кезеңнен өмір сүргені белгілі, бірақ, өлкені қоныстандыру және игеру үдерісі ХХ ғасырға дейін созылды. Бұл кезең Қазақстан аумағында өз позициясын нығайту мақсатында күрес жүргізген Ресей империясының аймақта өз қызметін жандандыруымен сипатталады. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазіргі Қарағанды облысының аумағы Баянауыл, Ақмола, Қарқаралы округтерінің құрамына кірді. Өз әсерінің күшін нығайту және өлкені игеруге қажетті жағдай жасау үшін патша үкіметі шекара бойына нығайтылған шептер ұйымдастырды. Осы шептер бойында сібір казактары мекендеген Қарқаралы (1824 ж.), Ұлытау (1841 ж.), Ақтау (1837 ж.)

және тағы да басқа осылар сияқты алғашқы елді мекен-станицалар пайда болды. Орта жүздің ірі руларының бірі арғындардың негізгі бұқарасы Орталық Қазақстанда шоғырланғаны белгілі. Деректік мәліметтер бойынша олардың саны уездер бойынша келесідегідей болған: Қарқаралы уезінде – 87 381 шаруашылық, Ақмолада- шамамен 100 мың, Атбасарда – 32 207 болған. Бұнымен қоса осы жерлерде найман руынан шыққан қазақтар да көшіп-қонып жүрген. Атбасар уезінде олар 38 375 шаруашылық болды.

Әкімшілік бөлінісі Облыста 11 қала бар: Абай, Балқаш, Жезқазган, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Приозёрск, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск. Кенттер: Ағадыр, Ақжал, Ақтас, Ақтау, Ақшатау, Атасу, Жоғарғы Қайрақты, Гүлшат, Дария, Долинка, Жәйрем, Жамбыл, Жарық (Сейфуллин), Жезді, Жезқазған, Изумрудный, Қайрақты, Қарабас, Қарағайлы, Қарсақпай, Киевка, Қоңырат, Қушоқы, Қызылжар, Мойынты, Молодёжный, Новодолинский, Осакаровка, Сарышаған, Саяқ, Токаревка, Топар, Ботақара, Шақан, Шашубай, Шұбаркөл, Южный.

Ашық энциклопедиядан алынған мәліметтер негізінде

құрастырылды

Page 60: журнал

60

НұрланӘубәкіров

Page 61: журнал

61

Қатал табиғаттың аясында орналасқан Балқаш қаласы өзінің кербез табиғатымен осынау қазақ даласына көрік беріп тұрған қалалардың бірі десек артық айтпаспыз. Балқаш десе, оның қара мысы мен мырышы, молибден кеніштері, бір сөзбен айтқанда түсті метталлургиясы алдымен еске түседі. Ал, солтүстік жағажайы өзіне тән табиғи таза құмымен ерекшеленетін Балқаш көлі өз алдына бөлек әңгіме. Заман талабына сай өндіріс орындары бар аймақ моноқалалар қатарына жатқызылды. Осыған орай өндірістік өлкенің бүгінгі тыныс-тіршілігін білу мақсатында қала әкімі Әубәкіров Нұрлан Ерікбайұлымен сұхбат құрған едік.

«ӘРБІР МЕМЛЕКЕТ ӨЗ ИДЕОЛОГИЯСЫ ҮШІН ӨМІР СҮРУІ ТИІС»

Нұрлан Ерікбайұлы, сіздің қала әкімі лауазымы қызметіне келгеніңізге жарты жылдан астам уақыт өтіпті. Әңгіменің төркінін Балқаш қаласының өндірісінен бастағанды жөн көріп отырмыз. Елімізде сирек кездесетін түсті металл өндірумен айналысатын қала өнімінің экспортталуы отандық экономикалық тиімділігін арттыруға қалай ықпал етуде?

Ел экономикасының дамуына Балқаш қаласының қосып жатқан үлесі объективті көрсеткішті байқатып отыр. Металлургия саласы қаладағы барлық өнеркәсіптік өндірістің шамамен 96 % -ын құрап, қала тұрғындарының 35 % сонда еңбек етеді. Басты нысана - қала экономикасын үдемелі дамыту мақсатында металлургиялық өндірістерге қойылған. Себебі, қаланың бәсекеге қабілеттілігі өнім экспорттаудағы металл және одан жасалатын бұйымдар, алтын мен күміс осы кезге дейін негізгі орында тұрады.

«Қазақмыс Корпорациясы» - шығарылатын барлық өнімнің 92 % экпорттайды. Алыс шетелдерге экспортталатын негізгі тауарлар: тазартылған мыс, сом алтын, түйіршіктелген күміс. Ал, «Түсті металл өңдеу зауыты» АҚ кәсіпорны да экспорттық өнім мөлшерінің 62,7 % құрайды. Аймақта бәсекеге

қабілеттіліктің басымдылығын бекітуге және дамытуға, оның экспорттық тиімділігін арттыруға индустрияландыру Картасы бойынша жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан 2011 жылы желтоқсанда іске қосылған «Сары Қазына» ЖШС базасында сілтіден айырудың жаңа технологиясы бойынша катодты мыс өндіру зауыты, сонымен қатар, құрамында мыс бар қоқыстан катодты мыс қайта шығаратын жаңа индустриялық жоба болып табылады.

Балқаштың мысы - ең таза мыс ретінде «дүниежүзілік эталон» атағына 1997 жылы ие болды. Содан кореялықтарға беріліп, өндірістік көрсеткіші міндеттелген жоспарды толықтай орындай алды. Кәсіпорынның қазіргі ахуалдық деңгейі бұрынғы жылдармен салыстырғанда қандай?

«Қазақмыс» Корпорациясының Балқаш алаңы кәсіпорынының бюджеттік түсімі 52% -ды құраса, негізгі капиталдық көрсеткіш 54%-ға жетіп отыр. Шикізат қоры түсті металдардың кең және жиырма жылғы қорымен қамтамасыз етілген. Металлургиялық қайта өңдеуі бар кәсіпорын ішкі және сыртқы нарықта табыс мөлшерінің ұзақ мерзімді болуымен және

әлеуметтік тұрақтылықты сақтаумен ерекшеленбек. 2011 жылы аталмыш кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіші жақсы деңгейді көрсетіп, 313 млрд теңгеге өнім өндірілді. Оның ішінде 190 мыңдай тонна рафинадталған мыс шығарылды, 6 млрд теңгеден аса инвестиция кәсіпорынның дамуына бөлінді, 5 млрд теңгеден аса салық мемлекеттік бюджетке аударылды.

Балқаш металлургиялық бірлестік кешені күміс кесектерді тестілеуден өткізген соң, дегдарлы Лондон ассоциациясы бағалы металдар нарығы (LBMA) қатысушылар қатарына қосылды. Бұл бізге тосыннан келген жаңалық болды. Зерттеулер мен күміс кесектерді талдаумен тәуелсіз сарапшылар айналысты. Жаңа автоматтандырылған күмісті кесекке құю желісін орнатуға кәсіпорын 710 мың АҚШ долларын инвестициялады. Қондырғының өндірістік қуаты күмісті кесекке құю бойынша жылына 400 тоннаны құрамақ. Осы кәсіпорынмен өндірілетін күміс кесектердің мемлекеттік сертификатталуы ұзақ мерзімді технологияларды жетілдіру бағдарламасы және «Қазақмыс» Корпорациясының бағалы металдарды өндіру түсімділігінің арттыру нәтижесі болды. Кәсіпорынның болашақтағы

Page 62: журнал

62

экспортқа бағытталған катодты мыс өнімінің шығарылымы 15 %-ға артады деген болжам бар. Мыс қорыту цехының аспирациялық газдарды тазартуға арналған жеңұшы сүзгіші жүйесінің құрылысы жүзеге аспақ. Оған бөлінген қаржы көлемі – 3 млрд теңгені құрайды.

Әлеуметтік қорғау саласында жұмыссыздық мәселесімен қалай айналысып жатырсыздар?

Қаланың 2006-2011 жылдар аралығындағы еңбек нарығындағы жағдай экономикалық белсенділік пен жұмыс басты тұрғындардың санының өсуімен, сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады. Экономикалық белсенді тұрғындар осыдан бес-алты жыл бұрын 37,5 адам болса, былтырғы жыл 38,5 мың адамды құрайды. Жұмыссыздықтың төмендеуіне жаңа өндірістерді құру мен кәсіпорындардың ашылуы септігін тигізіп отыр. «AB-METALLS» ЖШС зауытының құрылысы мен «Сары Қазына» ЖШС-і негізінде жаңа зауытты пайдалануды құру өз жұмыстарын бастағалы отыр. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жүз жиырма мыңға жуық адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды. Кәсіби оқуға 150 жұмыссыз адам өтініштерін білдіріп, бес адамға жекеменшік

ісін ашу үшін материалды көмек көрсетілді. Жоғарғы оқу орындары түлектеріне жастар тәжірибесі біршама кеңейтілді. Әлеуметтік корғау іс-шаралары арқылы да тұрақты жұмыс орындарына бірнеше мыңдаған адамдар орналасты. Қала халқының біршама бөлігі құрылыс және жөндеу жұмыстарымен шұғылдануда, мейрамхана ісі көптеген жұмыс орынын береді. Елбасы “Әлеуметтік модернизация: «Жалпы қоғамдық еңбекке жиырма қадам» атты өзінің бағдарламасында жұмысқа қабілетті адамдар жеке кәсіпкерліктің басты бөлігін құрайды деп көрсетті. Сондықтан, қазір экономикаға енгізілетін іс-шараларды ұйымдастыру маңызды.

Халықтың тегін медицина көмегіне жүгінуі қандай деңгейде?

Тегін медициналық көмегіне жүгінуді халықтың 98%-ы құптап отыр. Оның бірнеше түрлері қол жетімді. Мәселен, жүрек-буын ауруларын емдеуге қала емханалары 2011 жылдан бері заманға сай кордиологиялық құралдарымен қамтамасыз етілді. Ал, 2005 жылдан бастап алдын-ала сақтандыру бойынша тіркеуде тұрған үлкен жастағы науқастарды дәрімен 50%-дық жеңілдік төлемімен қамтамасыз етілсе, 2011 жылы аурудың бұл санаты

тегін түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, алыс және қиын жолды жерлерде орналасқан ауыл тұрғындары үшін медициналық көмек көрсету дәрігерлердің өздігінен баруына тура келді. Орталық аурухана маңында гемодилализ (жасанды бүйрек) бөлімшесі ашылып, 39 ескі бүйрек жетіспеушілігі бар науқасқа медициналық жәрдем беру көзделді. «Балқаш қаласының орталық ауруханасы» диспансерлі есепте тұрған науқастар мен мүгедектерге арнайы травмотологиялық, неврологиялық, кардиологиялық және эндокринологиялық бөлімдерін ашты. «С» иінді травматологиялық науқастарға операцияларды өткізу уақыттарын 3 есе қысқартқан қымбат бағалы жабдық Рентген аппарат алынды.

Инвестиция қала экономикасына әсерін қалай тигізуде?

Қаланың дамуы инвестициялық ағымдардың жағымды жолдарымен келуіне байланысты әсер етуде. Экономиканың дамуына ішкі және сыртқы инвестициялардың тиімділігі қала кәсіпкерлігінің белсенділігін арттыруына септігін тигізбек. Соңғы 4 жылда қаламызға бар жоғы 50 млрд.теңге қаржы жұмсалып, бірнеше ірі зауыттар іске қосылып және шағын бизнестің жүздеген нысандары

Page 63: журнал

63

ашылды. Екі мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, былтыр қаламыздың экономикасына 11, 5млрд.теңге ивестициясы салынды. Республикалық транспорттық инфрақұрылым ортасында орналасқан қалада экономикалық және әлеуметтік база енгізіліп, әртүрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарын ашуға зор ықпал береді. Осы өнеркәсіпке инженерлік инфрақұрылым, телекоммуникация байланысы, миграциялық ағымдардың жағымды тенденциясы, электроэнергияның халыққа тиімділігі, сапасы жағынан коммуналдық төлемдерге жағымды «серіктестік» тарифтері, жер учаскелерінің қол жетімді болуы және т.б. жатқызылады. Қаламыздың экономикасында басқа да әсерлі жақтары бар деп айтуға болады.

Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған Жолдауына қатысты жергілікті атқарушы билік өкілі ретінде сараптамаңыз қандай? Сондай-ақ, моноқалаларды дамыту бағдарламасының халыққа берер пайдасы қандай деп ойлайсыз?

Мемлекеттік құрылым мен модернизациялық үрдіс аясында жасалынып жатқан жұмыстар ел болашағы үшін жасалынуда. Себебі, Елбасының көздегені де сол ғой. Әрбір аймақтың тұрғындары өндірістің дамуына қызығушылықтарын арттырып, әлеуметтік жауапкершілік міндеттерін мойнына арта алады. Салықтан түсіп жатқан қаражаттардың дені әлеуметтік саланың қандай бөлімдеріне көбірек аударған дұрыс? Бұның өзі өте қуатты бағдарламалардың бірі деп қарастырған жөн. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикада атқарар рөлінің деңгейін батыс елдердіндегідей арттыру қажет. Осы мәселенің бір ұшы Балқаш қаласына да тиесілі болып тұр.

Елбасы Жолдауында көрсетілген барлық бағыт пен тапсырмаларды толықтай қарастыру мүмкіндігі қолға алынуда. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестициялық потенциал халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мен құрылыс материалдар өндірісінде толық іске асырылмаған. Бүгінгі күнде инвестициялық қаржы беру мөлшері өнімдердің жаңа өндірістерін құруда. Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруде қалаға құрылыс материалдары мен (кірпіштер, бетон тақталары және басқалары), құрылыс заттары (жолдар, аяқжолдар және басқа элементтерді абаттандыру) қажет болып-ақ тұр. Сол үшін бұл салаларды тұрақты дамыту үшін экономикалық негіз құру керек. 2013 жыл өте қолайлы және кәсіпкерлікті дамыту үшін, өнеркәсіпке инвестиция бөлінуі керек. Себебі, мемлекеттік бағдарламалардың толық жасалуы мен моноқалаларды дамыту тапсырмасы экономиканың диверсификациясына, орта және шағын бизнесті қолдауға, моноқалаларды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шеңберде жеңілдік кредиттер мен гранттардың берілуі, бизнес нысандарына және басқаларына өндірістік инфрақұрылымның құрылуы жүзеге асуы шарт. Бюджетке қосымша кірістердің

және ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы шығыстардың үйлесімділігі есебінде моноқалаларды дамытудың 4-ші бағытты бағдарламасы негізінде автокөлік жолдарын қайта құру болып отыр. Моноқалалардың дамытуды іске асыру шеңберінде жарықтандыруды мырышталған 90 бірлік мөлшерінде жарық шамдар қайта қалпына келтіріліп, орнатылды. Сондай-ақ, діни құндылықтарымызды сақтай отырып, жастарымыздың діни бағытта қателеспеулерін қадағалау міндеті де тұр. Елбасы айтқандай Отанға деген құрмет ұсақ-түйек нәрселерден басталар болса, Әрбір мемлекет өз идеологиясы үшін өмір сүруі тиіс.

Түсінікті. Құрылыс және спорт саласында қандай өзгерістер болып жатыр?

Аймақтағы құрылыс мөлшері жыл санап артып келеді. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы шеңберінде Қоңырат кентіндегі 48 пәтерлі тұрғын үйде қайта жөндеу жұмыстары мен пәтерге орналастыруды аяқтадық. «Қол жетімді баспана» бағдарламасы негізінде 10 мөлтек аудандарында 45-пәтерлік тұрғын үйдің, ал 2013 жылы осы аудандарда 60-пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталмақ. 280 орыны бар жаңа балабақшаның және

Page 64: журнал

64

денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына арналған жобаларды жүзеге асыру қамтылған. «Қазақмыс» Корпорациясының бюджеттен тыс қаражаты есебінен Тәуелсіздік алаңы орнатылды, салтанат Үйі мен қалалық саябақтың аумағында балаларға арналған ойын-сауық кешенінің құрылысы басталып кетті. Қаланы көріктендіру кешенді жоспарында 24 тоқтайтын павильон орнатылып және 4 мың шаршы м ауданында тротуарлар қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта 160 спорт ғимаратында спорттың 27 түрі жүзеге асырылады. Олардың ішінде тоғыз құмалақ, шахмат, хоккей, футбол, баскетбол, волейбол, қазақ және шығыс күресінің бірнеше түрлері бар. Әсіресе, суда жүзу спортын дамыту ерекше назарға алынуда.

Әлгінде өзіңіз айтқандай, 2013-2015 жылдарға арналған бюджет шығындары әлеуметтік саланың қанша үлесін құрамақ?

2013-2015 жылдарында бюджет шығындарының басты артықшылықтары - халықтың өмір сүру жағдайын жақсартып, қолайлы баспанамен қамтамасыз ету, аймақтық дамудың сапалы өсуі. Әлеуметтік салаға арналған үлес салмағы 2013 жылғы 61 %-ды құрады.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Қазақстанның Тәуелсіздігі қазақ мемлекетінің дамуымен байланысты екенін ескерсек, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін әлемдік қоғамдастықтың теріске шығаруына еш мүмкіншілігін келтірмей қойды. Себебі, осының бәріне біз ұлтаралық және конфессияаралық келісім, батыл әрі зор қадамдардың арқасында қол жеткіздік. Мен үшін Тәуелсіздік ұғымы Қазақстанның әлемдік аренада өзін қуатты сезінуі дер едім. Ең бастысы біздің қоғамда интеллектуалды ойлау қабілеті бар адамадар жетіп артылады. Сол белсенділердің

арқасында мемлекетіміз одан әрі дами түспек.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Эльмира Үсенқызы

Әсем Сағиқызы

Page 65: журнал
Page 66: журнал

6666

БАЛҚАШ АҢЫЗЫ

Балхаш көлінің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыздар көп. Соның бірі – бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.

Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайы келген түнде екеуі екі атқа мініп жолға шығады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болып, тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзіде сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді. Бұл ауыр оқиға сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайғы жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен.

Page 67: журнал

67

БЕКТАУАТА ТАУЫТУРАЛЫ АҢЫЗ

Балқаш қаласының оңтүс-тік шығысында 60 шақырым жерде Әулиетау деп аталатын тау бар, жергілікті халық оны Бектауата деп атайды.

Халық аңызы бойынша: Қасиетті Атабек өткен ға-сырларда өмір сүріпті. Ол бірде шапқыншылық кезінде жаудан қашып келіп, осындағы ең үлкен үңгірге тығылады. Сол кезде Алланың әмірі-мен үңгір ішінде су қайнары пайда болыпты. Таудың 80 метр биіктігі үңгірінде тығылып жатқан Атабекті шапқыншылар таба алмапты. Содан бұл жерді Әулие деп атайды. Әулиетау деп аталуы – тауға сыйыну, табынумен байланысты қойылса керек. Әулиенің басына келіп, тәуіп етіп, түнейтіндер көп. Оның суы көптеген ауруларға ем. Келгендер ақтық байлайды, басына мал шалады. Шипалы суынан ішеді. Әсіресе, бала көтермеген әйелдер жиі келіп түнейді. Бектауата “қасиет-ті”, “әулие”, “киелі Бектау” деген мәнді аңғартады.

Page 68: журнал

68

ӨҢІР ТУМАСЫ, ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Серік Сәпиев - 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келді. Сарыарқаның арқа даласында балалықты еңсеріп, ер жетті. Бокспен 11 жасынан бастап айналысты. Кейінгі жылдардағы осы саладағы толағай табыстары оны биік белестерге итермеледі. Алғашқы бапкері Александр Стрельников. Ең алғаш былғары қолғапты кигенде әлем чемпионы боларын білмеген де шығар. Алайда, оның мақсатқа деген табандылығы, күш-қайраты, өршіл жігітке тән жігері әлем чемпионы атанған, қазақстандық боксер етіп қалың көпшілікке, бүкіл әлемге танытты. Бәлкім бұл оның жастайынан бокстан биік белестерді межелеп, соған жетуге бел байлағандығының белгісі

шығар. Шаршы алаңға шығуынан

бастап жеткен жетістіктерімен қатар сүріндірген сәттерді де бастан өткерді. Дегенмен, мақсатқа жетудегі ұзын жолдың тағанынан тайғанамау үшін өзіндік ұстанымы берік еді. Спортта ойып орын алған боксшының, казақстандық спорт тарихындағы өзіндік ізіне көз салып қарайықшы. Ең алғаш 2004 жылы Серік Жұманғалиұлы әскерилер арасында әлем чемпионы атанды. Оның осы алғашқы ірі жеңісі жаңа сатыларға аяқ бастырды. Себебі, артынша сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Ал 2005 жылы 64 келі салмақпен Қытайдың Миньян қаласында

әлем чемпионатына қатысты. 2007 жылғы Әлем чемпионатында тағы бір мәрте жеңіске жетіп, алтын медальді еншіледі. Осылайша екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы болып танылды. Өз қатарынан қара үзіп шығып, зор абыройға ие болуы халқы үшін зор мақтаныш. Серік Сәпиев 2008 жылы Бейжің олимпиадасына қатысып қайтты. Алайда, сол жолы қанжығаға олжа байланбады. Көңіл бір сәтке торықан да болар, бірақ қайратын жасытпады. Жаңа талпынысқа тың серпіліс берді. Дегенмен 2009 жылы Италия астанасы - Миланда Әуесқой бокстан өткен әлем чемпионатында үшінші мәрте әлем чемпионы болудың сәті түспеді. Әйтсе де, өнерлі боксшы ретінде өзін танытып қайтты. Себебі, жартылай финалға дейін қарсыластарына оңай тойтарыс беріп, жеңіп келді, ойын өрнегінде сауаттылығын таныта білді. Бірақ бір өкініштісі, шешуші раундта өз есебін жіберіп алып, қола жүлдені қанағат тұтты. Ер үшін жеңіліс те бар, бірақ шын қайраттыға жеңіліс жігерді құм қылдырмайды, керісінше намысты қайрай түседі. Бұл жеңілістен ол тайсалып қалған жоқ, 2011 жылы Бакуде Әуесқой бокстан өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Лондон олимпиадасына жолдама алады. Осылайша Бейжің олимпиадасынан кейін араға төрт жыл салып, Лондон олимпиадасында Қазақстанның туын биікке көтерді. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксында өз орнын еншілеген Серік Сәпиев олимпиаданың ең үздік боксшысы атанып, Баркер кубогына ие болды. «Елді ер теңестіреді» деген халық мақалының ақиқаты да осы шығар, ел үмітін арқалаған ер арқылы әлемдік бәсекеде еліміздің асығы алшысынан түсті. 2012 жылдың 14 тамызында жеткен бұл үлкен жеңісінде бапкері Александр

Page 69: журнал

69

Стрелниковтың «Бұл Серіктің 17 жыл аянбай тер төгіп, жеткен жеңісі» деп ағынан жарыла, алқына сыр атқандағысы үлкен қуанышы мен зор мақтанышының белгісі еді. Айтқанындай ақ, бұл жеңіс ұзақ жылдар бойы кеткен еңбектің есесі. Дәтке жиналған қуат пен көңілден тарқамаған медет діттеген мақсатқа деген табандылықты тұғырлай түсті. Нәтижесінде өз елінің намысын биікке көтерді.

Лондон олимпиадасына дайындық кезінде боксшы «Жеңілістердің жарасын жазар кез келгендей» деген еді. Жаттықтырушысы Александр Стрелниковтың сол кездегі айтуы бойынша шәкіртінің шеберлікті шыңдай түскені мен барлық айла тәсілді игергені, тіпті миды жаттықтыру үшін күніне екі рет шахмат та ойнайтынын айтқан еді. «USA Today» АҚШ басылымында олимпиада алдында Сәпиевты алтын алуға үміткер боксшылардың бірі десе, сарапшы мамандар боксшының бабы мен дайындығын жоғары бағалады. Ал Алматыға келген Үндістан құрамасының бас бапкері оның техникасын өте мықты екенін атап айтты. Жеңілістен қажымағаны содан байқалар, «арқасымен құласа да аяғымен тік тұратын» халық сөзіне тән қайраттылықпен өз діттеген жеңісіне табан тіреді.

Серік Жұманғалиұлы

Қарағанды облысының тумасы. Осы өңірдің мақтанышы. Ел алдында еңсені көтерген, үлкенге мақтаныш, кішіге үлгі болған азамат. Қарағандылықтар оны жерлес ретінде жақын тартса, ел мәртебесін көтерген азамат ретінде ұстамдылық қасиеттері үшін сыйлайды. Себебі отызды еңсеріп, осынша белесті бағындыруы шынымен де үлкен еңбек, шыдамдылық, жүректегі жігер.

Қазіргі таңда Серік Жұманғалиұлы Сапиев – халықаралық спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері, «Отан» орденінің иегері, Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан олимпиада ойындарының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы атағын алған қазақстандық боксшы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Халқының зор мақтанышы, айбыны биік, қажырлығы берік, қуаты мықты азамат. Лондон олимпиадасынан кейін ел ішінде байқағанымыз - өскелең ұрпақ біздің еліміз бұл бәсекеде жеңіске жеткен спорт салаларына үлкен қызығушылық танытып, сол салаларға көп бет бұра бастады. Мысалға Серік Сәпиев туған өңірдің жас өрендерінде боксқа деген қызығушылық артты. Тек қана сол өңір емес, бүкіл қазақстандық жас

жеткіншектер үлкен армандар мен қиялдарға жол ашты. Олардың да асқақ армандары орындалар. Ердің ісін ер жалғастырар. Біздің көк туымыз әлі талай рет биікке көтеріледі. Жүректі тебірентіп, намысты өрлете түсер. Десек те, әрбір спортшы сараланған ізімен дараланып қала бермек. Себебі бұл ұлт намысын әлемдік бәсекеде қорғаған, сол жеңіс жолында аянбай тер төккен спортшыларымызбен келген әлем алдындағы ұлттық, халықтың мәртебе!

Қазақстан бүгінгі таңда қандай да болмасын тұстан алға басып, жаңа даму сүрлеуін еңсеріп, биік сатыға өрлеп келеді. Әр саладағы жүйелі жоспарлар табандылық пен тиянақтылықты қажет етеді. Оны бағындыру, әлем елдері алдында экономика мен әлеумет аясында иық теңестіруіміз бір басқа, рухымызды, намысымызды әлемдік бәсекеде ұстану елді жекеше даралықпен танытады. Қазақстанның спорты биіктен көрінсе, еңбек тиянақты болса, бүкіл әлем бақ сынаған сындарда жеңіске жетуіміз өрісімізді өсіреді. Серік Жұманғалиұлы Сәпиев сынды азаматтар ертенгіге үлгі, бүгінге мақтаныш болып қала бермек!

Айнұр Қабдолдақызы

Page 70: журнал

70

АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРҚАРАЛЫМ!

Елі мен жерін жан-тәнімен құлай сүйген Мәди Бәпиұлының әуелетіп әнге, шалқытып жырға қосқан қазіргі қазыналы Қарқаралының даңқы дүйім дүниеге жайылған.

Ол тек Қарағанды облысының ғана емес, жалпы қазақ елінің ең байырғы, әрі мәңгі жас қаласы. Қарқаралы тарихы – тереңнен тамыр тартқан таусылмас жыр, сарқылмас сыр. Екі ғасырға жуық терең тарихы, бай шежіресі бар Қарқаралының іргетасы қаланғаннан бері көптеген ұрпақтар алмасты.

Бүгінгі Қарқаралы – үш жарым миллионнан астам гектар жерді алып жатқан іргелі ел. Бұл аймақта Қарқаралы қаласы, Қарағайлы кенті және жиырма үш ауылдық округ орналасқан. Оларды қырық мыңнан астам адам мекендейді. Ғасырлар шеруінде Қарқаралының өмірінде талай іргелі оқиғалар болды. Солардың бірі – қазақ халқының жұлдызын жарқыратқан атақты Қоянды жәрмеңкесі. 82 жыл ғұмыр кешкен Қоянды жәрмеңкесі нағыз ән базарына, ғажайып өнер додасына айналып, қазақ рухын, намысын зәу биікке көтерген, ел тарихының есте қалар ерекше белестерінің бірі.

Қарқаралы – ұлтымыздың жақсылары мен жайсаңдарын, марғасқалары мен майталмандарын тәрбиелеген алтын құндақ. Қарқаралы тарихы ұлы қазақ ағартушысы, ақын-аудармашы, композитор Абай Құнанбаевтың атымен тығыз байланысты.

Бұл өңір туралы тамаша

суреттемелерді аса көрнекті қазақ ғалым-этнограф, тарихшы, географ Шоқан Уәлиханов пен ресейлік саяхатшы Г. Потанин қалдырған.

Қарқаралы - ұлы Абай, Шоқан, Ыбырай, А.Байтұрсынұлы Қазыбек би, сазгер Тәттімбет, Кенже шешен, саяси қайраткер Әлихан Бөкейханов, алғашқы қазақ заңгері Жақып Ақбаев және өзге де бүкіл қазаққа танымал ірі тұлғалардың отаны.

Қарқаралы дегенде, біз әрине көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Жаратушымыз бар сұлулық пен әсемдікті бере салған бұл өңірдің алыстан көз тартып, мұнартқан көгілдір таулары, Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандардай сұлу көлдерімен бірге, көне заманнан келе жатқан әсем ормандары жер біткеннің жаннатындай! Небір түрлі – түсті формаға енгін құз жартастар қиялдарға жетелейді. Осындай бір таулардың шатқалында кірер аузы үшбұрыштанып келген үлкен «Тас шатыр» үңгірі бар. Атақты Мәліксай қойнауында белгілі «Үш үңгір» бар. Ерте кезде бұл өңірдің орманында аю менен қасқыр жортып, сан алуан құс біткен ұяласа, өлкелерінде түз тағысы құлан, керілген кер марал, құлақтарын қайшылап, елеңдеген ерке елік жайлап, жыртқыштардың әсемі – жолбарыс та жүгірген.

Көк таулардың арасынан ерекшеленіп, көз тартып тұратын осы төңіректің ең

Page 71: журнал

71

биік, әсем «Комсомол» шыңын бүгінде халық «Қарқаралы шыңы» деп атайды. Қай жағынан келіп қарасаң да бұл шың әр түрлі формаға еніп, құбылып, кескін келбетін өзгертіп тұрады. Қарқаралының оңтүстік-шығысында Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері жатыр. Осылардың барлығы да ғажап сұлулықтың мекені.

Бұғылының басындағы ерекше жаратылған табиғи құбылыс, ол – Шайтанкөл.

«Шайтанкөл – ғашықтар мекені» деп, ақын Серік Ақсұңқарұлы әнге қосқан, қасиетті де киелі, жұмбақ құбылыс әсем Шайтанкөл бұл өңірде жалғыз емес. Табиғаттың ғажайып бір жаратылысы ол – Бассейн көлі. Биік таудың басында, қабырғалары тіп – тік болып, қолмен қойғандай жартастармен көмкерілген көл, шынында да табиғи бассейн тәрізді. Шайтанкөл мен Бассейн сияқты көптеген үлкенді – кішілі көлдерді көк таулардың адам аяғы баспаған биік шындарында жиі кездестіруге болады.

Қарқаралының ең көрікті бір жерінде, көгілдір таулар шатқалында, көпшілікке танымал «Шахтер» демалыс үйінің маңында, жарқырап жатқан Самал көлі бар. Бұл көріністі көрген адам өмірі ұмыта алмасы анық. Бұл сияқты адам жанына рахат сыйлайтын айдындар, Үлкен көл, Жартас, Шортанды көлдері Қарқаралы тауларын көмкере қоршап, ерекше келбет беріп жатыр. Тау сілемін бөктерлей Жарлы өзені ағып жатса, қала ішімен үлкен және кіші Қарқаралы өзендері ағады. Самал жел соққан сайларда бабалар суын ішкен Суық

бұлақ, Мәлік сай бұлағы, Тас бұлақ, Тұнық бұлақтардың мөлдір суы қысы – жазы сарқылмайды. Су қорына бай бұл өлкенің таңдай қағып, тамсандырар сұлулығы туралы сағаттар бойы тізбектеп айта беруге болады. Ал енді онда мекендейтін жан-жануарлар мен құстардың, өсімдіктердің сан алуандығына таңданбасқа болмайды.

Қарқаралы жерінде сүтқоректілердің қырыққа тарта түрлері бар. Олар негізінен бедерсіз бір түсті: бұлан, елік, тиін, борсық, суыр, сілеусін, қасқыр, түлкі, қоян т.б. Сирек кездесетін жануар - арқар Қызыл кітапқа енгізілген. Құр, тоқылдақ, құзғын, бүркіт, қарабайқұс, сұңқар, үкі сияқты сирек кездесетін құстардың 114 түрі бар. Олар да Қызыл кітапқа енгізілген.

Қарқаралының бүгінгі таңда Қарағанды облысының экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып отыр. Мұнда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 212 қаулысына сәйкес Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылған. Оның жалпы көлемі 112,12 мың га. Оған жеті табиғи ескерткіш: алғашқы адам үңгірі, жоғарыда айтып өткен көлдер, тағы басқа да экологиялық, тарихи, ғылыми, әсемдік жағынан ерекше құнды тау сілемдері мен орман алабтары енгізілген. Сонымен қатар оннан астам демалыс үйлері мен демалыс аймақтары бар.

Тәуелсіздіктің шуақты шапағатымен шырайланған кербез де керімсал арқа сұлуы - Қарқаралы рухани, мәдени шамшырағын жаға бермек.

Раушан Мұқали

Page 72: журнал

72

БІЗДІҢ ДӘСТҮР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШҚазақ халқы ежелден даналығымен, дарабоздығымен ерекшеленіп келген ел.

Сондықтан біздің салт-дәстүріміз де, оның ішінде тұрмыс дәстүрлері де өзгеше. Әрқайсысында терең мән-мағына жатыр. Тәрбие мен тәлімнен сусындатқан ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған осынау игі рухани құндылықтармызды жоғалтпайық деген мақсатта назарларыңызға бүгінге дейін сақталып келе жатқан тұрмыс салт-дәстүрлерінен ақпарат беріп отырмыз.

Аманат. Қымбат, бағалы заттарын уақытша біреуге аманат етіп қалдыру. Аманатты сақтау үлкен адамгершілікке жатады. «Аманатқа қиянат қылма» бұл сөзде сеніп тапсырған адамға аса адалдықты, адамгершілікті сақтау керектігін білдіреді. «Аманат» рулар мен жүздер арасындағы ауызша келісім шарт болып, үлкен сенімділікті білдіреді. «Аманат» достықты, бірлікті, келісімге келуді білдіреді. Сол уақытта жауласып жүрген ел арасында келісімге келіп, татуласудың белгісі ретінде бала берісіп, бала алысқан.

Ант – адалдықтың, құрметтің белгісі. Ант бұзған адамды «ант атқан», - деп сөгетін болған. «Ант» беру өте ерекше жағдайда беріледі. Кінәлі адам сенімділікті, адалдықты сақтай алатын адамды арашалап, бұл жағдай қайталанбас үшін ант береді.

Ақ алып шығу. Сүт, қымыз, шұбат, айран т.б. қазақтар «ақ» деп атайды. Ақта қасиет бар деп есептейді. Ақ түс – адалдықты, сенімділікті білдіреді деп ойлайды. Жаңа көршілеріне ақ алып шығып, қарсы алады, біріне-бірінің қарым-қатынасы таза, шын болудың белгісі. Жаңа көшіп келген көршіні қонаққа шақырады, бұл «ерулік» деп аталады. Көршіні ерулікке шақырмау әдепсіз, дәстүрді бұзу болып табылады.

Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ақты (сүт тағамдарды) төгіп шашпаған. Кей жағдайда сүтті төгетін уақыт болады: үлкен өртте төгеді, үйге жылан кірсе оны ақ құйып шығарады. Бұл қазақ халқының зор құрметпен достарына, еліне, жолдастарына қарау мен бірге өзіне онша дос, жолдас емес адамдар ғана қымызын, шұбатын беріп құрметтеген.

Ақ жол. «Ақ жол» - әйелдерге сын. Өзінің еріне адал, шын берілген, өтірік айтпаған әйел ауырған адамның үстінен үш рет аттаса, ол адам жазылады, деп, сол ырымды пайдаланған. Ауру аттаған адам жазылып шықса, ол әйел шын қасиетті, деп аталған. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романын оқыған адам біледі.

Ат мінгізіп, шапан жабу. «Ат мінгізіп, шапан жабу» - өте жоғары құрмет. Қазақта аса жақсы дәстүр бар. Қадірлі қонағына, ақынына, батырына, күрескеріне т.б. аса сыйлы адамына ат мінгізіп, шапан жабады. Бұл салт бүгін де жалғасын табуда. Бұл қазақтың құрметтеп жүрген дәстүрлері.

Айып. «Айып төлеу» - істеген қылмысы үшін айыптау. Кез келген қылмыс міндетті түрде өзінің жазасын алады. Ұрыс, барымта, малын айдап кетуі, көпшілік ортасында ұрыс-керіс жасау, дәстүрді бұзу,әдет-ғұрыптан өрескел қателік жасау т.б. бәрінеде айып төленеді. Оны міндетті түрде орындау керек.

Айыптың түрлері әр түрлі. Айыбы үшін атынан не шапанынан айрылу. Аса үлкен қылмысы үшін тоғыз айып салынған: түйеден бастап 9 мал төлеген (3 түйе, 3 жылқы, 3 сиыр), не жылқыда бастап (3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой). Ұрлық үшін аяусыз айыпталып

Page 73: журнал

73

3 тоғызды 3 есе не оданда көп айып салынған. Бұдан өзге айып түрлері болған. Тәрбиелік, қоғамдық, адам құқығына салынған айыптың да маңызы көп болған.

Ат тергеу. Біздің халықта жас адамды тәрбиелеудің әдістері өте көп, үлкенге құрмет, жасқа әдепті үйретеді. Жаңа түскен келін ауылдың үлкендеріне, жастарына өзінше атау береді, мысалы, қайын атасын – ата, қайын енесін –апа, інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем», ағасының әйелің –жеңеше т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге деген құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады. Қазір бұл салтта жоқ, ешкім көңіл бөлмейді.

Айырылысар көже. Тату тұрған көршілердің біреуі жайлауға не қыстауға көшер болса бірін-бірі «айырылысар көжеге» шақырған. «Айырылысар көже» деген шартты түрде айтылған. Іс жүзінде аса мол құрмет көрсетіліп, мал (қой) сойылып сыйлаған. Көршілер алдағы уақытта да бірін-бірі сыйластықпен, құрметпен денсаулықтың арқасында сыйластық жалғасатына сеніммен қарап, қимастықпен айырылысқан.

Ауызбастырық. Біреудің атына кір келтіретін сықақ өлең, лайықсыз сөз, топастық қылықтар тез тарайды. Көпшілікке күлкі, мазақ болмау үшін естіген білгенін өзі айтқан адамға ауызбастырық беріп, елге жайылып кетпеуін өтініп сұрайды. Сыйлық, аса құнды зат, әшекей бұйымдар болады. Алған адам айтып елге жаюға қақысы жоқ. Бұл анттың бір түрі.

Ауыз тию. Алыс жолға демалуға, емделуге бара жатқан адам, оқуға түскен, әскерге бара жатқан жастар жасы үлкен құрметті адамның үйіне кіріп амандасуы керек. Ол үйден тамақ ауыз тимей шығармайды. Содан кейін жол жүруге рұқсат.

Абысын асы. «Абысын асы» ағайынды, жақын туыстардың әйелдері «абысындар» деп аталады. Үлкендердің, ағайындарының, күйеулерінің үйде болған түрде абысындар жинала алмаған. Үлкендер тойға не басқа мерекеге кеткен уақытта әйелдер ғана қалған кезде абысындар жиналып ет асып, самауыр қойып, ет жеп, шай ішіп, әзілдесіп, ақылдасып арқа-жарқа болған. Бұл жағдай бұларды жақындастырып, үйымшылдыққа жол ашқан.

Араша. Өзара сөзге келісіп, төбелесіп жатқандарды көргендер оларды айырып, ақылға келтіреді. «Араша, араша» деген сөзді естігенде олар ұрысты тоқтату керек. Тыңдамаған жағдайда оларға айып салынады.

Ақтық. Белгілі бір қызметіне қарай ақы төлеу. Сатқын үшін, айтылмайтын іс жөнінде басқа біреуге айту, сол үшін сыйлық алу. Ол «ақтық» деп аталады. Мұндай істі халық жаратпаған, ол жазаланған, айыптылар ол үшін айып төлеген. «Ақтық» - айғырын биеге салғаны үшін, түйеге де солай. Ол үшін айғырдың иесіне ақтық төлеген.

Ат құйрығын кесу. Әр түрлі себептермен керісіп жүрген адамдар кейіннен бір-бірімен жауласып кетеді, елінен, туыстарынан безеді. Қайта келіспеске бел буған адам өзінің мініп жүрген атының, құйрығын кесіп, екі қолын көтеріп төбесіне қойып елінен безіп кетеді. Бұл қайта бұрылмастық белгісі болады. Сол себепті «атынның құйрығын кеспе», қолыңды төбеңе қойма. Ол жамандықтың белгісі деп айтады.

Ат майын сурау. Қазақтың қазағына көмек көрсетпейтін күні жоқ. Өмірдің әрбір кезеңіне зер салып отырған. Әсіресе күн көріс жағдайлары ауыр адамдардың от басына, жетім балаларға, жесір әйелдерге үнемі көмектесіп отырған. Соның бірі аты жоқ адам жағдайы жақсы адамнан «ат майын сұрайды». Жақсы көршілерінен, жақындарынан да сұрайды. «Ат майы» уақытша атын пайдалану. Сұраушы адам «ат майын» алады. Бұл да қазақтың жанашырлығы, білгендігі деуге болады.

Әзірлеген Ботагөз Айтжантегі

Page 74: журнал

74

АтқощыКетебаев

Page 75: журнал

75

«ҚАЗАҚТЫҢ ТӨРТ ТҮЛІГІНЕ ДЕ ПАТЕНТ КЕРЕК..!»

Маңғыстау жеріне жасалынған редакцияның іс-сапары сәтті аяқталды. Басты нысанада облыстағы халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін өз көзімізбен көру және елдегі ішкі туризмнің дамуына ат салысу болатын. Қазақ жерлерінің ішіндегі ерекше көркі мен бөлек болмысы бар мекенге ат басын бұрудағы мақсатымыз да сол еді. Өлкенің табиғи құндылықтарымен және тұрғындарымен жақын таныса келе, бірқатар азаматтардан сұхбат алуды ұйғардық. Солардың бірі - өз елінің шын жанашыры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Кетебаев Атқощы Аманғалиұлымен жүздесіп, әңгімеге тарттық.

Атқощы Аманғалиұлы, облыстық мәслихат депутаты ретінде қандай ауқымды мәселелер көтеріп жүрсіз?

Қандай да бір мәселенің ауқымдысы немесе ауқымды еместігі болатынына өз басым келіспеймін. Егер мен мәселе көтерсем, онда осы елдің азаматы болғандықтан мемлекетіміздің жақсы жағына қарай ауысқанын тілегендігім. Облысқа қатысты көтерілетін нәрселер депутаттардың бәріне ортақ. Бүгінгі таңда негізгі нысана - елді-мекендер арасында қатынайтын жол, ауыз су және жұмыспен қамту болып отыр. Мәселен, Түпқараған ауданы бойынша жол жөндеу жұмыстары ретке келтірілді.

Ауыз су мәселесі туралы не айтасыз?

Ауыз су мәселесі жоқ деп айтуға болмайды. Түпқараған ауданы, Баутино ауылында су мәселесі қолға алынып, пластикалық құбырлар жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа ауылдарда кішігірім су айыру жұмыстары іске асырылуда. Мысал ретінде Қызылөзен ауылында, Түпқараған, Таушық, Форд-Шевченконың бастауында жердің астынан шығатын суларды тұщытып, пайдалану үшін тиімді етіп жасалынды. Бұл жөнінде аудан әкімдерінің сіңірген еңбегі

зор. Мемлекеттен суға бөлінетін ақша тиімді және өз бағытымен пайдаланылсын деп біз депутат ретінде үнемі айтып жүреміз. Мәселен, Ақтау қаласының құбырларын ауыстыру керек. Кезінде Кеңес тұсында қойылған құбырлар бүгінде тот басқан. Сондықтан, бұл мәселеге де күрделі жағынан қарап, қазірден шеше бастаған дұрыс.

Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша Сіздің ойыңыз қандай?

Жалпы кәсіпкерлікке оң көзбен қаралып, барлығы заң шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарға талап қойылу керек. Мәселен, кәсіпкер ең алдымен қарамағында жұмыс істейтін адамдардың тағдырына жауапты. Олардың жалақысын дұрыс беріп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі деген сияқты. Алайда, сол кәсіпкерге дұрыс мамандар жетпей жатады. Сондықтан да, жұмыс және жұмыскер тұрақтылығын қалыптастырған дұрыс. Ол үшін әрбір ірі бизнеспен айналысатын адам өз мекемелерінің жанынан оқу орталықтарын ашса жақсы болар еді. Сонда өзіне қажетті жүргізуші, сылақшы тағы басқа мамандарды екі айдың ішінде оқытып шықса, өзіне тиімді емес

пе?! Сонымен қатар, жекеменшік емес кәдімгі техникумдар ашылып, жүргізушілер куәлігін сол жерден алып шықса, сыбайлас жемқорлықтың алдын ала аламыз деген ойдамын. Оның үстіне Елбасымыздың «Жол картасы - 2020» бағдарламасы да өте ұтымды етіп жасалынған. Осы бағдарламаның арқасында адамдар бүгінгі таңда сұранысқа ие болған қажетті деген мамандықтарды қайта оқып, жұмысқа тұрып жатыр. Бір айта кететін жайт, қайта даярлау курстарын үлкен мекемелер ашып алған. Мысалы, теңіз және мұнайшы мамандарын осылай оқыту керек. Шетелдік компанияларда өз мамандарын өздері оқытып, жұмыскер қабілетін арттырып жатыр. Болашақта осы мәселені көтеріп, негізі заңның ішінде осындай бір талап қойылу керек деп ойлаймын. Біздегі қалыптасқан түсінік бойынша, Үкіметтен тастай батырылған тапсырма түспейінше, өз ойымызды өздігімізден жүзеге асыра бермейміз. Ойлап қарасақ, әрбір адам титтей де болса тиімді ой айтып, соны шағын ортада болса жүзеге асырып, тәжірибесін көрсетіп жатса, бұл мемлекет үшін де, халық үшін уақыттың үнемді жұмсалуы болар еді. Кәсіпкерлікті дамытамыз деп, өзіміз куә болып жүргендей

Page 76: журнал

76

сауатсыздыққа, заң бұзушылыққа апармауымыз керек.

Атқощы мырза, Сіздің сайлаушылырыңызбен арадағы байланысыңыз қандай? Олардың шағым айтып, өтініш жасап келген қажеттілігін қаншалықты ашып, мәселесін шешіп бере алдыңыз?

Депутат мәселені шешіп беретін кісі емес. Ол билік пен халық арасындағы алтын көпір ғана. Иә, арыз-шағымдар бар, көп, жеткілікті. Көбінесе халықты жұмыссыздық мәселесі мазалайды. Жасыратыны жоқ, жергілікті халықтың көбі мұнай саласына жұмысқа тұрғысы келеді. Мұғалім не басқа болса, жалақысы аз деп жауап қатады. Ал мұнайшының жалақысы жоғары, әлеуметтік пакеті қарастырылған, тұрақты жұмыс көзі қалыптасқан. Мұнайы жоқ жерлер де бар. Алайда, «Мен мұнайшы боламын, басқа жерге бармаймын» деген пікір жоқ. Дегенмен, халық мұнайдың айналасына кіріп жұмыс жасағанды жақсы көреді. Түпқараған, Фордтың және жергілікті жердің жастары Аджип компаниясында жұмыс жасағылары келеді. Себебі, ол жерде мәдениеттілік пен жұмысты ұйымдастырушылық, тәртіп мәселесінен де өзгелерден әлдеқайда ілгері. Бір айта кететіні, Шетел компанияларымен жұмыс істегелі бері арнаулы киім кию керек екенін көрдік, қауіпсіздік сақтау үшін көзілдірік киюді көрдік, кеңес үкіметі кезінде талай құрылысқа барсақ та басымызғы каска киіп жүруді көрген жоқпын. Халық мұғалім болса да, мұнайшы болса да қанағатшыл. Мысалы, маған бір кісі келді. Ол адам мұнайшылар келіп айлық алғанда, көріп тұрып қиналамын дейді. Себебі, мұнайшы айлығын банкоматка жалақы картасын бірнеше рет салып алады. Мұғалім, дәрігер, жергілікті кейбір мекемелер бір

ақ рет салып алады. Алғанда азды көпті тиын тебен алады дейді. Банкоматтың қасынан өтіп бара жатқанда мен қиналамын, балам қиналады дейді. Мұнайшы онша жалақы сұраса ол даланың желмен келген үскірігінде тұрып, он төрт, он бес градус аязда темірмен жұмыс істеген еңбегі үшін алады. Кеңсенің ішінде отыратын адам оны түсінбеуі мүмкін. Сұрай береді деп айта салуы мүмкін. Сұрай береді екен деп елді кіналап жатудан мен аулақпын. Бірақ ел осындай жағдайларды түсіне алатын үлкен бір деңгейге жетсе екен деймін.

Нақты бүгінгі таңда баспанасы жоқ деген қанша мыңдаған адамдар бар?

Баспана жоқ деген сөз, жертөреде тұрып жатқан адамдар. Жалға алып жатқандарды баспанасыз деп айтпаймын, Себебі ол жалға алып отыр. Күнкөрісі бар. Мысалға үлкен әртістер, қонақ үйлерді жалдап тұрады. Ол баспанасыз емес қой. Жалпы өз атында үй жоқтарға келсек, жағдайлар бар бірақ өз аттарында үй қоймайтындар да бар. Баспанасы жоқ, жалға алып тұрғандар саны онша көп емес, бір екі пайыз ғана.

Мен сөзімнің басында жеке кәсіпкер деген сөзге босқа тоқталған жоқпын. Мемлекеттік қызметте жүргендердің күн көрісі қиын деп те айта алмаймын. Егер сараптама жасайтын болсақ, Қазақстан халқының саны қарқынды өсуде. Қазақстанның түкпір түкпір, ауылында жеке кәсіпкерлікті дамытуға байланысты Прездиентіміздің тапсырмасы бар. Әрбір адам өзінің күн көрісі үшін кәсіпкерлікпен айналысып жатыр. Халық жылдан-жылға өсіп келеді. Баспанасыз жастар да, жас отбасылар да көп. Мысалға он мың студент оқу бітіретін болса, кем дегенде үш мыңы үйі жоқ мамандар. Жұмыссыздарға арналан жәрмеңке мемлекеттік

бағдарламамен мемлекеттік қызметке өткізеді. Неге осыны жеке кәсіпкерлерге жасамасқа?! Елге бірігіп жағдай жасау керек. Үймен қамтып жатқан кәсіпкердің өзі ішінара кезігеді. Мемлекеттің елден жинаған қаражаты бар. Күні кеше Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» он алты пәтердің кілтін мұнайшыларымызға, яғни тұрғындарымызға тапсырдық. «Өзенмұнайгазда» 9746 адам жұмыс жасайды. Он баласы бар жағдайы төмен отбасылар қаншама. Көпшілігі айлықпенен күн көріп жүр ғой. Сол айлықпен балаларына баспана салғандар бар. Қазірде кәсіпкерлерге мұнайшы мекемелерге қойып жатқан талаптарды қоя бастаған жөн. Кәсіпкерліктің дамығанына жиырма жыл болды. Енді осы кәсіпкерлер өзінің қарамағындағы жұмысшыларға көмек көрсету мәселесіне етене кірісетін болса, біраз әлеуметтік мәселелерді шешуге болады. Миллиардтап тендерге қатынасатындар бар. Мысалы, бірнеше кәсіпкер бірігіп арнайы оқу орталықтарын ашатын болса, өздерін кәсіптік мұқтаждықтан айырады. Оқу орталықтары ашылса бүкіл елге пайда әкеледі.

Неге Сізге депутат ретінде осы ойларыңызды ұсыныс қылып ортаға тастамасқа? Жиналыстарда қаншалықты айтып жүрсіз? Қаншалықты көтеріп жүрсіз осы мәселелерді?

Депутат болғаныма бір жыл болып отыр. Мен қазіргі уақытта осыларды саралаумен жүрген сияқтымын. Мәселе айтылады, ой тасталады. Кішігірім жерлерде сөз де тасталып жүр. Бұл да бір орындауға уақыты жақындаған мәселе сияқты. Депутат ретінде ұсыныс жасау ойымда бар. Бұл мәселені депутат болмай-ақ төрт бес жыл бұрын айтқанмын. Құрылысшы жоқ, маман жоқ маман іздеп жүргендер болды. Жақсы маманды оқытып, өзіңе жұмыс жасайтындай келісімшарт

Page 77: журнал

77

жасап, төрт жыл оқып келеді, бір екі жыл тәрбиелейсің, алты жылдан кейін ол саған өнімін бере бастайды. Сөйтіп жүргендер бар. Сондықтан мұның барлығы бір күнде шешілетін сұрақ емес. Бұл асқан байыптылықпен қырағылық керек етеді деп ойлаймын.

«Халықтық IPO» бағдарламасына Жаңаөзендіктер қаншалықты атсалысып жатыр?

Жаңаөзен қаласында IPO бағдарламасы жайлы пікірталас, жиналыстар өткізіліп, немесе екі адамның басы біріккенде осы бағдарламаны құлшына кірісіп әңгіме қылып жатқанын көрген жоқпын. Бұл саясатпен, үкіметпен көтерілген мәселе. Оның шешімін алдағы уақыт көрсететеді деп ойлаймын.

Облыстағы саяси тұрақтылық қандай деңгейде деп ойлайсыз?

Саяси тұрақсыздық жоқ деп айтар едім. Кез келген, екі адамның басын құраған мекеме өзінің айналасындағы халқының жағдайын жасаса саяси мәселе туындамайды. Жаңаөзен қаласына байланысты мәселеге әлі күнге дейін араласып отырамын. Менің күнде есігім ашық, күнде адамдармен сойлесудемін. Соның ішінде Жаңаөзеннен де бар. Мен адамдардың пікірін білгім келеді. Өзіме шешім шығаруда шағымданып келген кісінің ойына ой қосамын. Кейбір мәселерді менің толықтай шешіп беруге мүмкіндік болмауы да мүмкін. Бірақ халықпен жиі кездесіп, тыңдап тұрған дұрыс. Депутат болмасам да, мәселесін айтып келген адамды тыңдауға дайынмын. Менің Жаңаөзенге келгеніме бес ай болды. Негізі Түпқараған деген ауылданмын. Менің ауылым теңізбен күнін көрген мекен. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары теңізден балық аулады. Бір біріне көмек беруге де халық дайын болды. Кейін сауда

кірді. Темір-терсек сатып, күнелту жағдайына да барды.

Этономәдениеті мен салт дәстүрін берік сақтап келе жатқан бірден-бір облыс Маңғыстау...

Біздің Қытайдағы, Ирандағы қазақ, Ауғанстандағы, Германиядағы, Ресейдегі қазақты өзімізден бөле алмаймын. Қазақ әуел баста өзбектен көп болған. Белгілі, белгісіз себептермен санымыз азайып қалды. Оған алаңдауымыз керек. Ақтау қаласында үлкен зауыттар көп болды. Ауылдан келген біздер орысша білмедік. Сол себепті бір саты төмен тұрдық. Автобусқа мінсек те арт жағынан міндік. Бірақ сол кезде ойлайтынмын қазақша сөйлейтін уақытымыз қашан келер екен деп?! Қазір қазақша сөйлеп жүрміз. Қазақтың кім екенін көрсеттік. Ал шетелдегі қазақтардың біздің әдет-ғұрыпты сақтап қалуы олардың біздің қазақ елін аңсауынан, сағыныштан деп ойлаймын.

Біздің әдет-ғұрып біртіндеп жойылып кеткенде көп құндылықтарымыздан айрылып қалдық. Мәселен, түйе өсіруден, киіз үй жасаудан немесе қолданудан. Түйе деген Қызылорданың ғана маңында, Аралдың, Барсакелместің маңында сақталып қалған. Маңғыстауда, Атырауда азғантай мына айыр өркешті інгендер бар. Сол түйелерімізге мемлекет бір құжат жасап, белгілі бір түйе түрін қазақтыкы етіп бекітіп қойса, болашақ үшін өшпес мұра болар еді. Шетелдіктер түйе өсірер болса, біздің елден рұқсат алып отырса, міне нағыз ерлік деп білем. Оның ішіне жылқы да кіреді. Мысалы адай жылқысының теңдесі жоқ. Алыс қашықтыққа төзімділігімен белгілі. Оны қазақтың мерседесі ретінде неге бағаламасқа?! Себебі, біздің ата кәсібіміз осы төрт түлік. Күні кеше қымыз бен шұбатымызды, етімізді шетел

патенттеп алып жатса, ертең түйе, жылқымызды да меншіктеп алмасына кім кепіл?! Сондықтан, осы ұрпақтын болашағын ойлап, тарихи құндылықтарымыздың ажырамас бөлігі бола білген, төрт түлігімізді сақтап қалайық. Депутат ретінде бұл сұрақты қойдым, қойып жүрмін. Бірақ ол мен ғана шешетін мәселе емес. Қазір ат федерациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі бар ғой. Адай жылқысы үлкен жарыстарға барып жүлделі орындарға ие болып жүр. Резаньға дейін барып келіп отыр. Осыған қазақ қуану керек. Бұл жылқылар атам заманынан алыс қашықтыққа қатысу арқылы бірнеше рет тарихта жүлде алғандар. Мен жылқыны заңдастырмай, көкпарды заңдастыруға таң қаламын. Ертең жылқысын біреу заңдастырып алса, Көкпардан не пайда?! Көкпарға қатынасатын жылқының түрлері, өлшемдері болу керек. Осындай сұрақтарды қозғап, үкіметке қою үшін депутаттық корпустың қажеті жоқ. Мұндай сұрақтар алдымен азамат ретінде мазалау керек..

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым?

Тәуелсіздік мысалға менің сізге айтар пікірімді ашық айтуым. Тәуелсіз мемлекет артық пікірді қолдамайтын. өзіне өресі жететін дүниелерге ие, қолынан келетін істердің жүзеге асыратын ел.

P.S: Сұхбатта айтылған депутаттың қазақтың төрт түлігін патенттеуге қатысты сұранысын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі назарға алса екен деген ниеттеміз.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 78: журнал

78

ЖОҒАРЫ БІЛІМ - ЖОҒАРЫ ТАЛАП

Оның мақтанышы - абыройды арт-тыруға талпыныс жасаған студенттері. Мақсаты – халықтың әлеуметтік деңгейінің артуына қызмет жасау. Өмірлік ұстанымы - басталған жұмысқа жауапкершілікпен қарау. Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы – Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжене-ринг университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Инженерлік академия және Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңдарының жасақталуына да тікелей атсалысқан азамат. Оның басшылығымен ірі жоба – өзіндік инновациялық инфрақұрылымы бар университет кампусының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ақтау қаласының жаңа

шағын ауданында бой түзеген университеттің бас ғимараты мен 500 орындық студенттер жатақханасының заманауи ғимаратына, жүзу бассейнді студенттік спорт кешеніне барып, жүзеге асып жатқан жаңашыл істерге куә болып, Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлымен сұхбаттасып қайтқан едік.

Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университетінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, соңғы жетістіктері туралы айтып берсеңіз?

Елбасымыз аталмыш оқу орнын халықаралық білім беру базасына айналдыру мақсатында 2008 жылдың 26 мамырынан бастап университет атауын Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университеті етіп өзгертті. Жалпы, университетіміздің құрылғанына 36 жыл. Білім ордасы еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі және мемлекеттік аттестация мен халықаралық аккредитациядан өткен. Оқу бағдарламасы

бойынша университет студенттері Польшаның, АҚШ-тың, Қытайдың, Оңтүстік Корея, Болгария, Румыния, Ресейдің және т.б. шетел университеттерінде алмасып білім алады. Біздің оқу ордамыз республикада оқу-зертханалық база бойынша алғашқы орындардан көрініп келе жатыр.

Университет жетістіктеріне қатысты жаңалықтарға тоқталар болсақ, жуырда Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында өткен дипломдық жұмыстардың жарысында біздің студенттердің дипломдық жұмысы І орынды иеленді. Сонымен қатар, 2012 жылдың 2 желтоқсаны күні Батыс-Шығыс Еуропа өңірі бойынша Ташкент қаласында өткізілген бағдарламалау

аясында әлем чемпионатының жартылай финалдық сайысында студенттерміздің үлкен жетістікке қол жеткізіп қайтқанын да мақтанышпен айтамын. Сондай-ақ, жақында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша республикалық дәстүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында студенттеріміз ІІІ орынды иеленді. Маңғыстау облысындағы және КМТИУ тарихындағы алғаш болып отырған жаңалық – 18 ғалымымыз «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болды. 2012 жылдың

Page 79: журнал

79

қорытындысы бойыншағы 4 ұстаз-ғалымымыз «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды. Бұл – тек соңғы 1-2 айдағы жағымды жаңалықтар ғана. Біз бұл жетістіктермен тоқталып қалмасымыз анық, алға қойған жоспарларымыз да көп. Ең бастысы – мақсат анық, ұстаным берік.

Біздің ақпаратымыз бойынша, Германияның екі университетінде іс-тәжірибеден өтіпсіз. Қазір өзіңіз басқарып отырған оқу орнына сол шет елден алған тәжірибеңізді ұштастыру орын алған ба?

1988-1989 жылдары Германияның екі бірдей жоғары оқу орнында – Клаусталь техникалық университеті мен Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль жоғары техникалық мектебінде іс-тәжірибеден өттім. Осындай өмірлік тәжірибелерімнен «Қазақстанда да шетелдік үлгідегі универсиетет қалашығы салынса» деген арманым туған еді. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ректор болып жүрген кезде осы ойды іске асыруды бастаған едік. Арнайы жүз отыз гектар жер бөлініп, үкіметке хат жазылып, осы мәселені енді бастап жүрген кезде, Ақтау мемлекеттік университетіне ауысуыма байланысты осы Маңғыстауда сол ойымды іске асырудың сәті түсіп, елу төрт гектар жерге студенттер қалашығын салып бастадық. Университет кампусының барлық оқу зертханалық базасы, жатақханасы да шетелдегі өзім көрген, оқыған университеттердің үлгісінде жасалып, игілігімізге қызмет етуде. Университет қалашығының салынуы тікелей Елбасының қолдауымен жүргізіліп келеді. Оқу орнының бас ғимараты, 500 орындық жаңа үлгідегі жатақхана, жүзу бассейні бар студенттік спорткешен пайдалануға берілсе, ендігі жоспарда жастар сарайы, кітапхана, оқу ғимараты,

ботаникалық бақ, техносаябақ, инжиниринг орталығы, ғалымдар үйінің құрылысы кезекте тұр.

Университет түлектерімен қаншалықты байланыстасыздар?

Университетімізде арнайы «Түлектер ассоциациясы» құрылды. Оны құру да сол шетелдік тәжірибеге негізделген. Әр мезгіл сайын өткізілетін кездесулер барысында түлектер ассоцияциясы оқу орнының бүгінгі таңдағы даму үрдісіне өз ұсыныс, тілектерін айтып жатады. Түлектердің қызметке орналасу көрсеткіші бүгінде 85% -ды құрайды. Облыстағы маңдайалды көптеген мекемелердің біздің университет түлектеріне деген сұранысы зор. Түлектеріміздің 30-35%-ы басқару қызметінде. Жұмысқа орналаспаған түлектер университетте құрылған «Жұмысқа орналастыру және Мансап» орталығына хабарласып, жұмыс тауып жатады. Өйткені, бұл орталық облыстағы барлық мекемелермен тығыз байланыс орнатқан.

Облыстық депутат ретінде бүгінде қандай іс-шараларды атқарып жатырсыз? Сіздің назарға алып, көтеріп жүрген мәселелеріңіз қандай?

Елбасы әлеуметтік мәселерді жиі көтеріп келе жатыр. Әлеуметтік жаңғыру біздің ел үшін аса маңызды. Ал Маңғыстау сияқты шалғайда жатқан өңір үшін бұл мәселенің маңыздылығы жоғары. Елбасы «Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген мақаласында атап өткендей, әлеуметтік және экономикалық модернизациялау арасында тығыз байланысты ұстану қажет. Көптеген жерлерде экономикалық даму біршама алға кеткенмен де, әлеуметтік даму жағы кейін қалып жатыр. Соның бірі – біздің Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы. Аталмыш мәселе төңірегінде қамтылмай келе жатқан мәселелер де баршылық. Бірақ, облыста осы

мәселер жөнінде көптеген істер жоспарланып, олардың біразы біздің облыстық жергілікті бюджет арқылы іске асырылып жатыр.

Келесі бір көкейдегі толғантып жүрген дүние – қалада ұстаздардың көпшілігінде баспана жоқ. Оларға қолжетімді баспана салынып, оған баспанасыз ұстаздарымыз ие болып жатса, бұл әрине, олардың әлеуметтік және кәсіби білім жағдайын да жоғарылатар еді деген ойдамын. Өзімнің депутаттық қызметімде осы әлеуметтік салаға көп көңіл бөліп келемін.

Депутаттыққа нешінші рет сайланып отырсыз?

Облыстық маслихатқа төртінші рет депутатпын. Еліміздегі үшінші депуттық шақырылымда Шығыс Қазақстан облысында депутаттыққа сайландым. Маңғыстау облысына келгелі бері үшінші, төртінші және бесінші шақырылымның депутаты құзыретін атқарып келемін.

Облыстағы саяси тұрақтылықты қалай айтар едіңіз? Өз көзқарасыңыз қандай?

Маңғыстау – өзіндік ерекшелігі бар облыс. Келеңсіздіктерге қатысты айтар болсам, уақыт емші ғой, араға уақыт салып, көп дүние өзгерері – заман тәжірибесіне сай нәрсе. Облысымызда қазір саяси жағдай бірқалыпты деп айтамын. Облыс азаматтарының бәрінің түсінігі бар, мән-жайды, жағдайды түгел түсінеді. Халық есінде қалған жағдайлар тез арада ұмытылып кете қоймайды. Сондықтан да, мәселені қараған кезде уақыт талабын назарға аламыз. Уақыт өткен сайын бәрі өз орнына келеді.

Ұлт келешегі мен еліміздің баянды болашағына қатысты көкейіңізде жүрген ойларыңызбен бөлісе отырсаңыз.

Мемлекетіміз жас, әрі өсіп-өркендеу үстіндегі ел.

Page 80: журнал

80

Ұлттығымыздың ұлы шаңырағы Астананың қарыштап дамуы, өркендеуі - Қазақстанның мәртебесін асқақтатып отыр. Сондай-ақ, жан-жақтан бізге көзін сүзіп отырған мемлекеттер жеткілікті. Географиялық орналасуымыз да кейбір мәселелерге жіті бақылауды міндеттейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қадірлі Қазақстаным деген қасиетті ұғым әр жүректе атой салып тұруы тиіс» деп айтқандай, еліміздің әр азаматының бойында патриоттық сезім болу керек.

Университетте дайындалып жатқан мамандарға, қызмет етіп жатқан мамандарға деген көзқарасыңыз қандай?

Бір субьективті пікір бар, «Алдыңғы ұрпақ жақсы еді, кейінгі ұрпақ осындай» деген түсінікке мен қарсымын. Университетімізге өткен жылы қырықтан аса шетелдік профессор келіп дәрістер оқыды. Мен олармен пікірлескен кезде «біздің жастарымыздың деңгейі қандай?» деп сұраймын. Шетелдік ғалымдардың барлығы да біздің жастарымызды жоғары бағалады. Ал енді биылғы жылдан бастап бізде Румынияның Теңіз университетінің филиалы ашылып, студенттеріміз ағылшын тілінде дәріс алуда. Румындық ғалымдар біздің жастарымыздың өте талантты екенін атап айтып жатады. Сонда олар кіммен

салыстырады?! Олар өздеріндегі жастармен салыстырады. Халықаралық деңгейде біздің жастарымыздың танымдық өрісі ешкімнен кем емес.

Мен университеттегі барлық студенттермен ай сайын, кейде екі айда бір рет кездесіп, олармен пікірлесіп отырамын. Алғашқы кездері бұл кездесулерде студенттер тарапынан жатақханаға, асханаға қатысты майда-шүйде мәселелер қозғалса, қазіргі кезде студенттеріміздің қоятын талаптары басқа. Дәріс жүргізетін ғалымдарға қоятын талаптары, олардың мамандыққа сай білім деңгейіне, шетелдегі ЖОО-лармен алмасудағы оқу бағдарламаларына қатысты мәселелер көтеріледі. Бұл – жастарымыздың ой-өрісінің даму деңгейін көрсетеді.

Сіздің «Қалмақ мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» деген атағыңыз бар екен. Бұл атақ қашан алынды?

Біз Каспий теңізі айналасындағы мемлекеттік университеттердің ассоциациясы құрамындамыз. Оның құрамында Қалмыкия, Астрахань, Дағыстан, Ресейдің университеттері, ұзын саны 51 жоғарғы оқу орны еніп отыр. Қалмыкияның университеті шағын университет болғаныменен өте жоғары деңгейде дамыған. Оларда 80 %-ға дейін ғылыми әлеуеті бар профессорлар сабақ

береді. Біз сол университет арқылы Ресей Федерациясының ақпараттар әлеміне шығуға мүмкіндік аламыз. Кітапханамыз тікелей Қалмыкия университетімен байланысқан. Екі университет профессорлары келісім-шарт негізінде бір-біріне барып дәрістер оқиды. Сол университет тарапынан құрметті профессор атағы осыдан үш жыл бұрын берілген еді.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым?

1991 жылдың 16 желтоқсаны, тәуелсіздік жарияланған, әрі менің Білім және ғылым министрлігіне қызметке ауысқан бірінші күнім еді. Сол бірінші күні барлығымыз орталық алаңға шықтық. Орталық алаң адамға лық толы еді. Сол жерде Тәуелсіздігіміз халыққа жарияланғанда көңілдегі көп дүниенің астарынан жігеріміз серпіліп сала берді. Кешегі желтоқсан оқиғасы бар, халықтың көзіне жас үйірілген еді.

Бүгінгі күні тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болып, күн сайын көркейіп келе жатқан елімізде бейбітшілік пен ынтымақ орнай берсін! Еліміз алдыңғы қатарлы елдер санатынан көрінсін деймін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 81: журнал

81

ТІЗГІНДЕГІ ТИЯНАҚТЫ ІС

Еліміз жыл сайынғы саяси, әлеуметтік, экономикалық жоспарлардағы басым бағыттар мен жасалынып келе жатқан өзгерістері арқылы төрт құбыласын теңелтуде. Бұл бағытта әр облыстардағы атқарылып отырған мардымды жұмыстар біртұтас мемлекеттің беріктігін нығайтады. Осы орайда, редакция-мыз әр облыстың әлеуметтік жағдайымен танысуды жөн көріп келеді. Соның ішінде, шет жатқан Маңғыстау облысында да шешімін іздеген күрделі мәселелер ха-лыққа қызмет етуші азаматтар тарапынан қолға алынуда. Бұл ретте Маңғыстау облыстық «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының жетекшісі Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев мырза-мен сұхбаттасып қайтқан едік.

Қаныбек Бекболатұлы, әңгіменің төркінін депутаттық қызметіңізден бастағанды жөн көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Мен облыстық мәслихаттың депутаты және облыстық партия филиалының басшысы ретінде өңіріміздің барлық түйінді мәселелерін шешуге барынша араласып келемін. Соңғы жылдары облыс көлемінде атқарылған жұмыстар айтарлықтай. Атап айтар болсақ, өткен жылдың аяғында Өзен-Түркменстан

шекарасы теміржолы толық қуатымен іске қосылды. Ұзындығы 145 шақырымдық теміржол бойына электр жүйесі, су, газ желісі тартылып, бес бекет, Болашақ атты жаңа станция салынды. Бұл бұрын тусырап жатқан жапан даланы жаңғыртып, ел игілігіне жарату, ең бастысы – Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздық деңгейін едәуір мөлшерде төмендетуге ықпал етті. Облыс халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тағы бір тегеурінді қадам – бұл көп жылдар бойы талай алқалы жиындардың таусылмас «жырына» айналып келген Бейнеу-Ақтау тас жолының салына бастауы

деуге болады. Қазір бұл жерде де жұмыс қарқынмен жүріп жатыр. Биылғы жылдың аяғында осы «өмір жолы» іске қосылады деп күтілуде. Халық арасында «Өмір жолы» деп аталып кеткен бұл күре жолдың облыс тұрғындары үшін маңызы зор. Маңғыстау облысына халыққа қажетті тауарлардың, азық-түлік өнімдерінің 90 пайызы сырттан тасымалданады. Өңірдегі қымбатшылықтың бір түйіні осында жатқанын ескерсек, Бейнеу-Ақтау тас жолының маңыздылығын түсінуге болады. Осындай өмірлік маңызы зор нысандардың қаржыландыруынан бастап, салынып бітуіне дейінгі

Page 82: журнал

82

сан-алуан жұмыстардың бел ортасында біздің депутаттарымыз, оның ішінде облысымыздан сайланған ҚР Парламентінің депутаттары да бар, біздің партия мүшелерінің белсене қатысып жүруі – «Нұр Отанның» шын мәнінде халықтық партия екенінің бір дәлелі. Осындай елдік шаруалардың басы-қасында жүруім, туған халқыма, еліме қызмет етуім – өзімнің азаматтық парызым деп санаймын.

Маңғыстау өңірі тұрғындарының әлеуметтік ахуалы қазір қандай деңгейде? Халық не нәрсеге мұқтаж болуы мүмкін?

Маңғыстау елінің әлеуметтік ахуалын төмен деуге ауыз бармайды. Өткен 2011 жылдың аяғында болған оқиғалар да әлеуметтік ахуалдың төмендігінен деуге болмас. Жаңаөзен қаласы тұрғындарының бір салаға – мұнай өндірісіне тәуелділігі, сонымен қатар, мұнай қорының азаюы, жұмыссыздардың көбеюі, кейбір басшылардың өз міндеттеріне жауапсыз қарауы, ақыры осындай дүрбелеңге соқтырғаны аян. Елбасының тегеурінді шешімдерінен кейін бұл қалада қазір жағдай қалыпқа түсті.

Қалада көптеген жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Қазір Жаңаөзен қаласын экономикалық-әлеуметтік жағынан дамытудың 2012-2020 жылдарға дейінгі кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама бойынша Жаңаөзен қаласында 5 мың жаңа жұмыс орындары ашылды, 2 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтерге тартылды, жоғары және арнаулы оқу орындарын бітірген 202 жас жастар практикасы бойынша жұмыстарға орналастырылды. Жаңаөзен тұрғындары келешекте өнімділігі төмендеп келе жатқан мұнай-газ саласынан басқа көлік-логистика саласын, Кендірлі демалыс аймағының, болашақта Түркменстанмен шекара маңында құрылатын еркін экономикалық аймақ мүмкіндігін ескере отырып, транспорт, құрылыс салалары және туризм, сауықтыру, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпкерлігін меңгеруді қолға алуы қажет. Тәуелсіз еліміздің қуатты болуы - ең алдымен өңірлердің қуаттылығына байланысты.

Бизнеспен айналысу қашанда жауапкершілікті қажет етеді. Осы орайда Сіз кәсіпкерліктің әлеуметтік

жауапкершілігі жайында не айтар едіңіз?

Қалада республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының әлеуметтік міндеттемесі бойынша қаржыландырылған, жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несиеге сәйкес өз кәсіпкерлігін құру мен дамытудың тиімді жолдарын көрсету, қайта даярлау курстарында оқытып, аса қажетті мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналасуға ықпал ету т.б. мәселелердің жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылмайтындығы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына байланысты өткізілген партияның қоғамдық тыңдауларында айқын аңғарылды. Сондықтан, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен жергілікті әкімдіктерге бұл мәселеге айрықша назар аударып, оның орындалуын тікелей қадағалау тапсырылды.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының өзектілігі мен маңыздылығын немен түсіндірер

Page 83: журнал

83

едіңіз? Осы бағдарламаны жастар қалай қабылдап жатыр?

Мұнай-газ, заңгер, қаржы-экономикалық салалары мамандығын меңгерген жастар мамандығы бойынша жұмыс таба алмаса, мұғалімдік, дәрігерлік, мәдениет т.б. әлеуметтік сала мамандығын алғандар жалақы, тұрғын үй мәселесінің күрделігіне байланысты өз мамандығы бойынша жұмысқа бармай, жұмыссыз жастар қатарын көбейтуде. Соңғы айтылған категория үшін партияның «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының айтарлықтай оң әсері болғанын айту керек. 2010, 2011 жылдары облыс бойынша барлығы 559 жас маман осы бағдарламамен ауылдық жерлерге жұмысқа тұрды. Халқымыздың алтын бесігі саналатын ауылдарды гүлденту ісіне жастарымыздың шынтуайттап ден қоя бастауын облыстық партия филиалы барынша қолдай бермек. Бұл бағыттағы жұмыстарымыздың бірқатарына тоқтала кетсем, өткен жылы облысымыздың үш жерінде – Ақшұқыр ауылында, Бейнеуде және Жаңаөзен қаласында ауыл жастарының слеттарын өткіздік. Оларға қатысқан оқу бітіруші жастар ауылдардың инфрақұрылымдарымен жақынырақ танысып, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарда жұмыс жасап жатқан құрбы-құрдастарының тұрмыс-тірлігін, үй-жайларын өз көздерімен көрді.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы халықпен қаншалықты тығыз жұмыс істеп жатыр? Нәтижесі бар ма?

Біздер үнемі халықтың қалың ортасында жүреміз. Облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне келушілер легінен оларды толғандырып жүрген мәселелерге ай сайын сараптама жүргізіп, ең өзекті дегендерін тиісті атқарушы билік орындарына жібереміз. Өз деңгейімізде шешетін мәселелеріміз де аз емес. Біздің облысымызда адамдардың сәулетті де дәулетті өмір сүруіне жасалып жатқан игіліктер жетіп артылады. Өңіріміздің барлық елді мекендері газбен, электр энергиясымен, қазіргі заманғы байланыс жүйелерімен, арналармен толық қамтылған. Мектепке дейінгі балаларды балабақшалармен қамтуда да еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда едәуір ілгері басушылық бар. Әйтсе де, өткен сайлау қарсаңындағы кездесулер кезінде депутаттарымыздың, әкімдердің жедеғабыл қолға алуы тиіс бірқатар мәселелер айтылды. Әсіресе, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының тұрғын үй-коммуналдық жүйелерін жаңарту, қалаішілік, шағын аудандардың арасындағы жолдарды жөндеу, сондай-ақ, Бейнеу–Шетпе тас жолының салынуын тездету сияқты тұрғындарды толғандырып жүрген басқа да ірілі-ұсақты өзекті мәселелер Жолдауда атап

айтылған адами капиталдың сапасын жаңа деңгейге көтерумен тікелей байланысты. Сондықтан, партияның облыстық филиалы өзінің әрбір іс-шарасының мән-мазмұнын осынау игіліктердің жүзеге асуына ықпал етуге бағыттап келеді.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Тарихымыздың тереңнен тағылым алуы – біздің тектілігіміздің белгісі. Бүгінгі жеткен еңселі егемендігіміз – рухани құндылығымыз. «Тәуелсіздік» - баянды болашаққа бастама жасауымыздағы бүгінгі еркіндігіміз бен бостандығымыз. Ал, Маңғыстау өңірі үшін Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен мән-мазмұны ерекше. Кезінде, Маңғыстауда алғаш мұнай бұрқағы атқылаған кезде, атақты жерлесіміз Әбіш Кекілбайұлы бұл маңғаз өлкені «Ұйқыдағы арудың оянуына» теңеген болатын. Қазір осы ару өлке бар болмыс-бітімімен жасанып, жаңғырып, тағылымы мол тарихымен де, тамаша табиғатымен де әлем назарын өзіне аударып отырғаны - нақ осы Тәуелсіздігіміздің жемісі екенін бүгінгі күні әрбір Маңғыстау тұрғыны жүрек түбінен сезінуде.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Қабдолдақызы

Page 84: журнал

84

ДАЛА ПЕРЗЕНТІ

Періште күйінде келген кісінің өмірде «адам» атты ұғымды алып жүруі, адам боп, адал өмір сүруі сирек кездесетін құбылыс. Әйтсе де, ары таза жандар бастарын тік ұстап, тірлікте тарылмай маңдайына жазылғанын көріп бағады. Қаңбақтай домалатқан тағдыр жолы қайнаған ыстық күніне, ызғарлы желіне, дауылды боранына шыдас беруді солай меңзесе керек. Көңіліне кірбің түсірген келеңсіздік жайттар біздің келесі кейіпкеріміздің жігерін еш мұқалтпапты.

Біз кезекті іс-сапар барысында ҚТЖ ҰК АҚ – ның филиалы «Маңғыстау жол бөлімшесінің» бас инженері, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты және Құрметті теміржолшы Табылды Әмірұлымен сұхбат жүргізген едік.

Табылды Әмірұлы, Сіз депутаттыққа үш рет сайланыпсыз. Осы үш кезеңде сіз депутат болғалы бері облыс халқының әлеуметтік ахуалы қаншалықты деңгейге көтерілді?

Біздің «Мұнайлы» ауданы Тәуелсіз Қазақстанда бірінші болып, Елбасының жарлығымен 2007 жылы құрылды. Жаңа аудан болғаннан кейін, шешім күткен мәселелер көп болатын. Облыстағы 112 мың халқы бар ең үлкен аудандардың қатарына жатқызылады. Тұрғындардың 75 пайызы көрші мемлекеттен көшіп келген бауырластарымыз. Әлем бойынша үш мемлекет қана өз қандастарын Отанына шақырады екен. Соның бірі – Қазақстан мемлекеті. Оралман

ағайындарымыз Мұнайлы, Бейнеу және Жаңаөзен қалаларында қоныс тепті. Оларға ең алдымен жер бөлініп, сол адамдар өз күштерімен үйлерін салуда, әртүрлі жұмысқа орналасып, тағы басқада кәсіптермен айналысады.

Халықты күнделікті толғантып жүрген мәселелер облыс және аудан басшылыры тарапынан, ірі кәсіпорындармен бірігіп жұмыс жасаудың арқасында шешімін табуда. Сол себептен аудан халқының тұрмыс-деңгейін төмен дей алмаймын. Біріншіден, елді-мекендердегі тұрғындардың үйлеріне газ, электр жарығы жеткізіліп, су мәселесі шешілуде. Сондай-ақ, жаңадан мектептер, балабақшалар, амбулаториялар тағы басқа әлеуметтік нысандар салынды. Жергілікті тұрғындардың

әлеуметтік мәселелерін шешу және құжат қағаздарын реттеу үшін, округтік әкімдіктер ашылды. Бейнеуде ұнның қалдығынан мал азығын дайындау үшін ұн шығаратын терминал және халықты жұмысқа тарту мәселесі бойынша, мұнай тағы да басқа көптеген мекемелер ашылуда. Мәселен, теміржол қызметінде жаңа жұмыстар қарқын алды, Өзен-Түркменістан шекарасына дейін ұзындығы 146 шақырым жол салынды. Осы аралықта екі станса және 5 бекет орналасқан. Бір ғана теміржол қызметіне 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл жол құдай қаласа алдағы жылы мамыр айында ашылып, қосымша тағы да халықты жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие боламыз. Елбасының

Page 85: журнал

85

тапсырмасына сәйкес, Бейнеу-Шалқар теміржол жұмысы да басталып кетті. Оған да 400-ден аса адамдар құрылыс жұмысына тартылды.

Ірі-ірі кешенді жобаларды жүзеге асырып жатқан қазыналы аймақта кемшіліктер орын алған ба?

Осындай жасалып жатқан игі жұмыстардың бәрінде кемшіліктер болып жатыр деп айта алмаймын. Халықтың сұранысына орай ұйымдастырылған қомақты шаралар ғой. Егер осы қарқынмен алға қарай жүре берсек, мәселелер жүйелі түрде шешіледі деп ойлаймын.

Облыстағы саяси тұрақтылықтың деңгейі қандай?

Саяси тұрақтылық халықтың бірігуінен басталады ғой. Халқымыз жаңадан аяқ басып келе жатқан мемлекетімізге түсіністікпен қараса, мәселені шешудің жолдарын іздестіруге болады. Мәселен, мен темір жол басшылығының қызметіне қарасты 42 стансаның жұмысшыларымен кездескенде, толғандырып жүрген мәселелеріне әркез құлақ асуға тырысамын. Қазақстан темір жолының, облыстың қол жеткізілген табыстары жайлы алыс аудандарда қоныстанған теміржолшыларға, тұрғындарға жеткізіліп тұрады. Облыстық бюджетке түскен қаражаттың көлемі де жыл сайын көбейіп келеді. Бұл әрі қуантарлық жағдай, әрі саяси тұрақтылықтың кепілі.

Ол қаражаттардың бөлінуі және орындалысы жайлы халыққа есеп беріліп, мемлекетімізде болып жатқан саяси оқиғалар турасында әңгіме қозғалады.

Елбасымыз айтқандай «Басты байлығымыз – біздің бірлігіміз» демекші, 140-тай ұлты бар мемлекет еш жерде жоқ. Ал сондай мемлекетте тұрақтылық саясатын жүргізу қазақ елінің мойнына жүктелген міндет деп білемін. Біздегі саяси ахуал мен психологиялық жағдай жақсы деңгейде деуге әбден болады.

Бір ақын «Өмірдің басы-даңғыл жол, соңы құз» деген екен. Сіздің «Өмір - өзен, даңғыл жол» кітабын жазудағы мақсатыңыз не? Сондай-ақ, бұл кітапта қандай мәселелерге басты назар аудардыңыз?

Кітап үш бөліктен тұрады. Бәлкім бұл кітапты күнделік деп те айтуға болар. Кітапты жазудағы мақсатым - ата-бабамның және менің жүріп өткен жолым ұрпаққа қалсын деген ой еді. Естуімше ата-бабаларым өте көп қиыншылықты көріпті. Әкемнің тумаластары шетелге асып кеткен. Тағдырдың жазуы болар, мен ол кісілерді іздеп таптым. Ал екінші бір себебі, аз да болса темір жол қызметі жайында жазу болатын. Үшінші

бір мәселесі – туған қызым Ақмаржан он жеті жасында суға кетіп қайтыс болды. Оның қазасы менің қабырғама қатты батып, көп қайғырдым. Кітаптың бір бөлігі сол қызыма арналған. Айта кетейін, тағы бір кітап жазудың үстіндемін. Менің түсінігімше, қазақ халқының махаббаты дала өмірімен байланысты сияқты. Далада сайрап, ұшып жүрген құстар, мыңғыраған мал, ақ жаулықты аналар, ат үстінде жүрген аталар, ауыл көрінісі, ғажап дүние емес пе... Сол дана бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырып кеткен қасиетті іздері ғой. Бұл кітабымның аты «Дала дауысы» деп аталады. Құдай қаласа, зейнетке шығар жасымда жазып бітіру жоспарымда тұр.

«Халықтық IPO» және «EXPO-2017»- бағдарламасына қатысты қандай ой түйдіңіз?

Халықтық акционер болу бағытын дұрыс деп есептеймін. Халық өзіне тиесілі үлесін ала алады деген ойдамын. Себебі, елдің, жердің иесі - халық. Ал, «EXPO-2017»- бағдарламасына келсек шындығында мен өзім қатты қуандым. Жанұяның атын шығаратын оның үй иелері болса, мемлекеттің даңқын асыратын халқы емес пе?

Page 86: журнал

86

Бүкіл әлемдік деңгейдегі көрме өткізу әрине, мақтаныш. Дүние жүзілік жетістікке жету әркімнің маңдайына жазыла бермеген шығар. Рухани құндылықтарды сақтай отыра, замануи қалыпта салынған Астанада бұндай көрменің өтуі құптарлық жағдай.

Қалай ойлайсыз, біздің қоғам заңсыздыққа неге жиі бой алдырады?

Заңсыздық түсіне білгенге ойыншық емес, оны бір адам жасамайды. Халыққа ортақ бір заң болғандықтан, халықпен біріге отырып жұмыс жасауымыз керек. Кей кездері шенеуніктерге, басшыларға ысыра салуы мүмкін. Жемқорлықпен күресуде халықтың ойымен санаса отырып, оны жеңуге болады. Заң туралы халық арасында көп насихат жүргізіп, құлағына сіңіруіміз керек.

Жастар қоғамының болашағы Сізді қалай

алаңдатады?Мемлекеттің болашағын

дамытатын да, байытатын да жастар ғой. Жастар дербес еліміздің егемендігін дұрыстап түсініп, оның тұғыры биік болуы үшін ат салысулары керек. Өзін-өзі тәрбиелеуі қажет. Қоғамға белсенді түрде араласулары үшін, ел тарихын жақсы білгендері жөн. Тарихқа үңілсеніз ата-бабаларымыз елдігіміз үшін әр қайсы өз кезенінде күресіп келген. Ендеше, Елбасымыз айтқандай, бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында жастарымыздың алдында зор міндет тұр. Болашақта жастардан мен көп нәрсе күтемін. Мойындау керек, біздің қазақ жастары намысшыл, бастаған істерін еш уақытта аяқсыз қалдырған емес.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

«Тәуелсіздік» аты айтып тұрғандай, ешкімге тәуелді болмау

деген ұғымды білдіреді. Әкем көзі тірісінде былай деген еді: «Ұрпағымыз аштықтан аман өтсін деп, інілерімді Ресейге апарып тастадым. Солардың жағдайын ойластырып жүргенде, бес балам аштан өліпті. Менің арманым – қазақ елі қашан тәуелсіз өмір сүрер екен?». Бұл оқиға тәуелді ел болып жүргенде орын алған еді. Еліміз Тәуелсіздікке жеткенде алдымен әкемнің сол айтқан сөздері есіме түсті. Жүрген ортамда, бала-шағама «Тәуелсіздіктің бағын баянды қылу біздің өзіміздің қолымызда» деп үнемі айтып отырамын. Одан артық құнды дүние жоқ. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сездіріп кеткен, әу баста әкем болатын.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағиқызы

Page 87: журнал

87

ЖАҢА ЖОЛДАР ЖАҢА МҮМКІНШІЛІКТЕРГЕ БАСТАМА

Ар алдында абыройыңды сақтасаң, адамгершілігің мығым-дала түседі. Ел алдындағы қыз-меттегі адам үшін ең бастысы еңбек жолында дұрыс есеп беру. Яғни, тізгінін тартқан әрбір істің тиянақтылығы. Осы орайда біз киелі Маңғыстаудың шеткері жат-қан аудандарындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен дамуға негізделген жаңа өзгерістерімен танысуды көздеген едік. Маңғыс-тау облыстық мәслихатының депутаты Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы бүгінде өзінің қыз-метінде көп жұмыстарды алға тартып, жүйелі жоспардағы істер атқарып келеді. Оның 2009 жылы «Ерен Еңбегі үшін» медалімен, 2012 жылы «Казэнерджи» энер-гетикалық қауымдастығының төс белгісімен марапатталғаны көпшілікке аян. Өңірдің жалпы жағдайы, соңғы жылғы өзгерістері мен алдағы күндерге деген жоспары сұхбат барысында сөз болды.

Құрметті Нұрпейіс Мизанбайұлы, сұхбатымызды бастамас бұрын өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.

Мен 1972 жылы 14 мамырда Маңғыстау ауданының Шебір ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алып шықтым. Еңбек жолын Қаламқас кен орнында №1 Мұнай-газ цехының мұнай, газ өндіру операторынан бастап, сол цехтың мұнай, газ өндіру шебері, инженер-технологы болып жалғастырдым. Кейіннен №2 Мұнай-газ өндіру цехының

бастығының орынбасары, Орталық инженерлік-технологиялық қызмет бастығының орынбасары, №1 Мұнай-газ өндіру цехының бастығы қызметтерінде болдым. 2010 жылдың мамыр айынан бастап «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасын басқарып отырмын.

Депутат ретінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың өз нәтижесі қандай?

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты ретінде мен сайланған № 24 сайлау округіне Маңғыстау ауданының ең қашық нүктесі болып есептелетін елдімекендері

енеді. Олар: Ақшымырау, Тұщықұдық, Шебір, Қызан, Ұштаған, Сайөтес ауылдары және Үстірт, Таушық елдімекендері. Бұл аталған ауылдар облыс көлемінде өте шашыраңқы орналасқан. Анығырақ айтсақ, Бозащы, Түбқараған түбектерінде және Үстіртте. Аталмыш елдімекендердегі күрделі мәселелердің көпшілігі орталықтан шалғай жатуына байланысты туындайды. Яғни, өнім өндіруге, оларды сыртқа сатуына, тұрмысына ауылдардың орталықтан шалғай жатуы кедергі келтіреді. Елдің көкейінде жүрген үлкен мәселе - Шетпе - Бейнеу тасжолы болатын. Жылдың аяғына қарай бұл іске қаржы

Page 88: журнал

88

бөлініп, жұмыс жүйелі түрде жоспарға алынып, Шетпе – Бейнеу тасжолының құрылысы басталып кетті.

Өзекті мәселелер: ауылдар арасындағы, ауыл мен аудан, ауылдар мен облыс орталығы арасындағы жолдар. Осы ретте атап айтар болсақ, менің негізгі сайлаушыларыма қызмет ететін, Ақтау - Қаламқас тас жолының маңызы өте зор. Бұл жолды пайдаланып отырған кен игеруші компаниялар жол жөндеуге деген қаржы көлемін үлестік қатынаспен бөлген болатын. Жолдың жөнделуіне мұнайшылардан едәуір дәрежеде қаржы бөлініп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ арқылы бірінші жылы жолға барлық үлескерлер тарапынан миллиардқа жақын, екінші жылы бес жүз миллиондай, биылғы жылы да 412 миллион теңгенің қаржысы игеріліп, жол анағұрлым жақсы жағдайға жеткізілді.

Депутат болғандықтан қызметіміздің тікелей міндеті, ол халықтың жағдайымен тұрақты танысып, мүмкіншілігіне қарай көмектесіп, кейбір жағдайларын жоғарғы орындарға жеткізіп, шешілуіне ықпал ету. Осы ретте Үштаған ауылындағы сайлаушыларыммен кездескенде ардагерлер үйінің жылу жүйесін жаңарту мәселесі көтерілген еді. Осыған орай, жылу қазандығы ауыстырылып, жағдай жасалынды. Бұл сайлаушылардың талап-тілектерін орындау жұмыстарының бір мысалы ғана.

Облыстық депутат ретінде қандай мәселелерді жиі көтеріп жүрсіз?

Халық көкейіндегі түрткі болған көптеген күрделі мәселер халық қалаулысының сайлаушыларымен кезіккен кезінде кеңінен көтеріледі. Бұл ретте олардың көтеріп отырған ең үлкен мәселесі – жұмыссыздық. Оның бірден-бір себебі: облыстың ауылдарындағы негізгі сала - ауыл шаруашылығы

болғанменен, өлкенің табиғат жағдайы, жердің тозуы, су көздерінің шектелуінен, малды біршама көп ұстауға мүмкіншілік бермеуі. Ауа райымызға, табиғат жағдайына байланысты өсіріліп келе жатқан негізгі мал түрлері түйе және жылқы малы. Өлкеде мал өнімдерін тұтыну нарығы қалыптаспаған. Осыдан барып өнім айтарлықтай табыс әкелмейді. Әр адам жеке меншіктегі малын сата алатын болғанменен, жалпылама сату қолға алынбаған. Біздегі барлық өндірістік мекемелер ет өнімдерін пайдаланатыны белгілі, алайда, олардың барлығы сырттан келіп жатқан ет өнімдерін пайдаланады. (Бұл ет өнімдерінің жергілікті ет өнімдеріне қарағанда өзіндік құнының төмен болуына байланысты бағасы арзан). Ауылдастардың өнімдерін науқандық болсын, жәрменке түрінде болсын өткізу көзделуде.

Өндіріс ауылға қандай көмек жасап жатыр деген мәселе халық тарапынан жиі көтеріледі. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасын басқарғанан кейін осы мәселеге мен де бейжай қарай алмадым. Биыл «Маңғыстаумұнайгаздың» негізгі екі кен орны орналасқан (Қаламқас, Жетібай) екі ауданға қарасты елді мекендерде, соның ішінде Қарақия ауданына 150 миллион теңге көлемінде және Маңғыстау ауданына 187 миллион теңге көлемінде әр түрлі әлеуметтік нысандарды салу және демеушілік көмектер үшін қаржы көлемін бөлу шешілді.

Келесі бір алаңдатар жағдай - жастар тәрбиесі. Бұқаралық ақпарат көздерінен қадағалап, байқап келе жатқанымыздай, ең кішігірімі мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңнің сипаты күрделенуде. Кейбір жерлерде суық қару пайдалануға дейін әкеліп жатыр. Ауылдарда спорт алаңдары, спорт кешендері жоқ болуы, осындай орынсыз жағдайларға үлкен себеп болып

жүрме деп те есептейміз. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан Шебір ауылына жабық спорт кешенінің жобалау сметалық құжатын жасауға қаржы қарастырылып, ол жоба жасалынып жатыр. Тұщықұдық деген ауылда ауыл жастары жиналып өз қаржысына салмақ ойлары бар, ол жұмыс та басталып кетті. Жалпы, спорттық бәсеке - ең дұрыс бәсеке деп есептеймін.

Өңірдің өндірісі жайында не айтасыз?

Негізгі өндіріс өзіңіз біліп отырғандай мұнай. Егер мұнай өндірісіндегі негізгі көрсеткіштер дұрыс болатын болса, өткен жылдар тәжірибесіне сүйене келе өндірістің маңайында орналасқан ауылдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге өндіріс табысы тікелей әсер етерін айтқан орынды. Ақтау қаласында салынып жатқан битум зауыты пайдалануға берілсе, жаңа жұмыс орындары ашылумен бірге, өлкемізде жол саласының дамуына серпіліс береді деген үлкен үміт бар. Соған сәйкес, қатынас жақсарады, тауар айналымы артады деген ой бар.

Ақтау қаласында тұрғын үй кешендерінің салыну баяулығына қатысты не айтасыз? Сіздің пікіріңізше, бұл саланы қалай жақсарту керек?

Тек қана облыстық, республикалық бюджеттің қаржысымен белгілі бір шамада тұрғын үй салынады деп күтіп отыруды дұрыс деп есептеуге болмайды. Әсіресе, қала құраушы ірі кәсіпорындар өздерінің қызметкерлеріне үй салуды жандандырса, үлкен компаниялар өз қызметкерлерінің ішінде жас отбасыларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй салу үрдісін қайта бастайтын болса, осы салада үлкен ілгерілеушілік болады деп есептеймін. Алдағы уақытта осы жағдайлар ескеріліп жатса, бұл

Page 89: журнал

89

салада мардымды алға жылжуды байқарымыз анық деген ойдамын.

Өңірді дамыту бойынша болашаққа жоспарларыңыз қандай?

Менің жалпы сайлауалды бағдарламамда алға тартылған мәселелер: ауылшаруашылық өнімдерінің нарықта орын алуына ықпал жасау, Ақтау-Бейнеу тас жолының тезірек бітуіне ықпал ету, Мұнайшыларға сервистік қызмет жүйесін заманауи технологияларға сәйкестендіруге, қызмет ететін жергілікті мамандарды оқытуға көңіл бөлдіру сынды жұмыстарымның барлығы жоспарға сай орындалып келеді. Атап өтерліктей белгілі нәтижелер бар.

Былтырғы жағдайлардан кейін түрлі деңгейлерде форумдар өтті. Өңірдің өндіріс алаңдарында сервистік қызметтерді жақсарту бағыттарында жұмыстар жүргізілді. Оларға жаңа технология мен инновацияның жаңалықтарын енгізу көзделуде. Сол арқылы өндіріс өнімділігін арттыру жоспарланып, тапқан пайдаға әлеуметтік саланы жақсарту көзделуде.

Жоғарыда айтып өткендей, Шетпе-Бейнеу тас жолының

құрылысы, Бейнеу-Жезқазған темір жолының басталуы, Қашаған кен орнының пайдалануға берілуі, өлкеміздің одан әрі дамуына жол салатын негізгі құрылыстар болмақ.

«Халықты жұмыспен қамтуда» сіздің үлесіңіз қаншалықты?

Біз өндіріске жаңалықтарды неғұрлым көп енгізген сайын жаңа технология, яғни, адамның күшін аз пайдаланатын технология еңбек қоғамын өзгертеді. Көптеген компаниялар шетелдік үлеспен жұмыс жасап жатыр. Өңірдегі жұмыс іздеушілердің көбі мұнайшы болғысы келеді. Себебі, мұнайшылардың табысы күн көру деңгейімен салыстырғанда біршама жақсы. Ал басқа салалардағы, яғни кәсіпкерлік нысан болсын, ауылшаруашылық саласы болсын, салыстырмалы түрде мұнайшылардан жалақы азырақ. Бірақ, мұнайшыларға деген қажеттілік шектеулі. Ауылды жерлердегі мамандықтарға тоқталсақ, табыс тауып кету мүмкіншілігі тұтынушылардың шектеулігіне байланысты аз. Жұмыспен қамту жағынан осындай күрделі мәселелер баршылық. Жұмыс іздеуші

азаматтарды электрогазбен дәнекерлеуші, токарь, автокраншы мамандықтарына бағыттап жатырмыз. Қажет жағдайда оның оқуын жол картасы бағдарламасына сай тегін оқытып, артынша өндіріске қабылдануына әрекеттер жасап жүрміз.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін

қандай ұғым?Біз Тәуелсіз өз мемлекетімізде

өмір сүріп, еңбек етіп келеміз. Еңбек еркіндігі бар. Елбасымыздың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» бағдарламасының негізі де осы. Егер менің қабілетім осы мәселені шеше алады, мынандай істер жасай аламын деп өз қабілетіңе өзің баға беріп, оны жасаймын десең, оған саған ешкім бөгет болып отырған жоқ. Кәсібіңді ашып, сол арқылы дамып, өзгеге көмек жасап кете алуымыз - еңбек еркіндігі дер едім. «Тәуелсіздік» мен үшін рухани тұрғыда да еркін болу ұғымы. Еңсеңді биік ұстап, намысты қолдан бермеу еркіндіктің қадірі мен қасиеті.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Қабдолдақызы

Page 90: журнал

90

ҒЫЛЫМНЫҢ ШЫҢЫНА ШЫҚҚАН ҒАЛЫМ

Иә, ғылымның биігіне жеткен адамның еңбектегі жемісі оңайлықпен келе бермейтінін біз жақсы білеміз. Осыдан бірнеше жылдар бұрын мектеп қабырғасында жүргенде қателеспесем, бір зиялы кісінің «Білімнің атасы-ғылым, ғылымның атасы-ілім және оның атасы даналық» деген сөзі есімде қалған екен. Балалықтың базарында жүрген маған білімге құштарлық адамды ғылымға жетелеп, қала берді ілім іздеуге шақыратындығын, осы аталған дүниелерді жиыстырып, бір жерге тоғыстыратын даналық атты киелі ұғым екенін есейе келе түсінуіме тура келіпті. Қазақ халқының пайымдауында ғылымға деген құштарлық кісіні ізгі ниеттілікке, ибалылыққа және ыждағаттылыққа үйретіп қана қоймай, ақылдының ақылдысы болуға итермелесе керек. Олай дейтініміз, ғылым жолына түскен әрбір білікті ғалымдардың жеке ойы мен көзқарасы Абай айтқандай, «өлгенінше ой жемісін терумен өтуді» санасына сіңіруге меңзейді. Дәл осындай ұстаныммен өмір сүріп келе жатқан қазақтың маңдай алды азаматтарын қоғамымызда жолықтыру бір ғанибет. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс өңірінің қарапайым отбасында дүниеге келген Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековті сондай жандардың қатарынан көре аласыз.

«Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері – зор...

Әбу Нәсір әл-Фараби

Көкірегі ояу, көңілі ойлы Әбдімұса Мұратұлы былтыр жетпіс жасында Сократ сыйлығын иеленді. Таудай биік талабы бар ағамызға теңізден де терең білімді игергенінің арқасында дәл осы сыйлық бұйырған екен. Сонымен, хош делік. Ғалым ағаның бір басында бірнеше атақтары жетіп артылады. Тек ол кісінің атақ-даңқын паш ету мақсатында емес, шынайы еңбегіне сүйсінгендігіміз қолымызға қалам алуымызға

түрткі болды. Әйтпесе, онсыз да химия ғылымдарының докторы, профессор, Нью-Йорк Ғылым академиясының академигі, П.Капица атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әбдімұса Қуатбеков жайлы бір үзік сырларын оның еңбегін бағалаған жандар бүгіндері жарыса жазуда. Себебі, ел мақтанышына тұрарлық азаматтың осы күнге дейін жеткен табыстарын, шыққан биігін, алған асуын ауызымызды толтырып айта

түссек, тізбектеліп кете барады. Ғалым аға ғылыми-педагогикалық қызметін атқарумен қоса, он төрт оқулық пен он монографиялық еңбектердің авторы атанды. Осылайша, әлемнің ең үздік ғалымдарының санатына қосылған ол бүгінгі таңда жаратылыстану ғылымдары академиясының ОҚО филиалы төрағасы қызметінде жүр.

Жаратылыстану ғылымы демекші, ғалымның осы салаға

Page 91: журнал

91

бет бұруы тегін емес. Олай дейтініміз, жаратылыстану ғылымының ерекшелігі сол, табиғат құбылысын зерттеумен айналысатын жандар үшін дүниені тануға құштарлық, оның қасиеті мен қадірін сезіне білу ғалым адамның рухани күшінің молая түскендігі деп ұғынайық. Себебі, бұл ғылымға физика, химия, биология, зоология, анатомия, физиология, геология, география және астрономия топтары кіретінін ескерсек, Әбдімұса Қуатбековтың 2009 жылдан бері Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі болып сайлануы, жоғарыда аталған ғылым салаларын терең зерттеп, нақты ғылыми дәлдігін ұсынуы сөз жоқ, тәжірибесінің молынан меңгерілгендігімен өзгешеленбек. Сөйтіп, аспан мен жердің ортасындағы табиғаттың тылсым ерекшеліктерін зерттеу ғалым ағамызды ғылымның ең биік шыңын бағындыруға қол жеткіздірді.

Бар ғұмырын оқу-ағарту, ғылым саласына тек арнап қана қоймай, ел болашағын дамытуда білімді ұрпақтың келешегіне жаны жайсаң ғалым ағамыз үнемі алаңдаумен жүреді. Төрт химия ғылымының докторы мен он ғылым кандидатын дайындаған Әбдімұса Мұратұлы үшін өзі құрған «Қазақстан Халықтар Достығы университеті» сыртта жүрген қаракөз қазақ балаларының білім деңгейлерін арттыруға жағдай жасап отырғанын азаматтық борыштарының бірі десек артық айта қоймаспыз. Замануи талаптарға сай негізделген оқу орнында 5000-нан астам студенттерге шетелден арнайы келген ғалымдар дәріс береді. Университетте бірнеше өзге ұлт өкілдерінің балалары да білім алуда. Шәкірттерінің шетелдік олимпиада жолдамаларын жеңіп алуын Әбдімұсадай ұлағатты ұстаздың еңбегінің жанғандығы деп білейік. Себебі, ғалымның өзі де бір кездері барша қазақ

балаларының оқып, білім алуына қамқорлық танытқан жанашыр адамның шәкірті болған. Сол әзиз жанның есімі – Әзірбаев Ерден Нығыметұлы болатын. Ғалымның осы ұстазы жайлы аз-кем мағлұмат бере кетейік.

1933 жылы Ресейдің Саратов қаласындағы университетінің химия факультетін тәмамдаған. Туған жеріне қайта оралған ол елімізде химия мамандарын дайындау ісіне бел шешіп кірісіп кетеді. Сол себептен, Қазақстандағы органикалық химияның түрлі бағыттарының пайда болуы мен дамуы осы кісінің есімімен байланысты. Оның 3 монографиясы, 462 мақаласы жарық көріп, жүзден астам еңбегі ғылыми жаңалық деп танылды. Мәселен, көміртек химиясын зерттеуге байланысты Қазақстан Магниткасының құрылысы басталып, Қарағанды бассейнінің көмірінен кокс алуға арналған шахта жасау әдісін ойлап тауып, онымен қоса коксқа айналатын көмірдің шикізаттық базасын кеңейту мүмкіндігін қарастырады. Міне, осындай ерен еңбегінің арқасында өресі кең шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Ерден Нығметұлының жетекшілігімен 65 кандидаттық диссертация қорғалып, 12 шәкірті химия ғылымдарының докторы атанды. Солардың ішінде шоқтығы биік тұрғандардың арасында ғалым ағамыз Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков те бар.

Өнегелі адамның өмірі қашанда бәз-біреулерге тұнып тұрған тарих секілді. Сан қырлы қоғамдық құбылысы бар ғылым өйткені, адамзат баласын ғылыми жаңалықтар ашуда қоршаған әлемді одан сайын танып білуге және оның қыр-сырларын меңгеруге итермелейтінін ескерсек, ғылым жолындағы шынайылық қоғамдағы сан-салалы мәселелер түйінін шешуімен өзгешеленбек. Ғылыми процестер барысында әр кез ғылыми білімін жетілдіріп отыру үшін Әбдімұса

Қуатбеков 800-ден астам ғылыми мақалаларды жарыққа шығарды. Ойлап қарағанға бұндай еңбектің артында қаншама қажырлы күш пен ұйқысыз түндердің кеткендігі байқалатыны анық.

Ғалым ағаның жанұясын оңтүстіктегілер «академиктер отбасы» деп атайды екен. Олай атауының себебі, бар әрине. Жұбайы Карамат Пердешқызы химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие болған жан. Қаншама жылдардан бері отбасының ұйтқысы бола білген зайыбы қазіргі таңда Ақсукент көпсалалы колледжінің басшы қызметін атқарып жүр. Техника ғылымдарының кандидаты атанған ұлдары Нұрлан университеттің президенттігі және кіші қыздары Рәбиға «Қазақстан Халықтар Достығы университетінің» ректоры қызметін атқарумен айналысады. Рәбиғаның да ғылымға қосқан үлесі жетіп артылады. Ол да ата-анасы сияқты медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі атақтарын иеленген. Ал үлкен қызы Роза Алматы қаласында жоғары оқу орнында қызмет жасайды.

«Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, ғалым аға балалар үйіне қамқорлық жасауды да өзіне міндеттеп алыпты. Жетімдіктің қаншалықты қиын екенін жастайынан түсінді. Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық балалар үйінің 24 түлегін 2005 жылдан бері жатақханамен, бір мезгіл ыстық тамақпен, екі маусымдық киім-кешекпен қамтамасыз етіп, ай сайын оларға 5000 теңгеден шәкіртақы бөліп тұрады. Оқу бітіргесін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін де

Page 92: журнал

қарастырып қойған. Бұған қоса, балалар үйіне компьютерлер мен теледидарларды сыйға тартқан. Бүгінде ірі мемлекет қайраткері, академик, дүниежүзілік біріккен ұлттар ұйымында ағылшын тілінде сөйлеген тұңғыш қазақ Төлеген Тәжібаев атындағы отбасылық балалар үйінде 65 бала тәрбиеленіп жатыр.

Аталмыш балалар үйінің директоры Сүйіндікова Меруерт Нұрланқызы ол кісі туралы былай дейді: «Балалар мемлекеттің толықтай қамқорлығына алынған және оның сыртында балаларға үстемелеп қайырылымдылық жасау өте қажет деп санаймын. Сондай демеушілеріміздің арасында ойып тұрып орын алатын адамдардың бірі - Әбдімұса Мұратұлы. Соңғы он бес жылдан бері үздік оқитын балаларға өзінің атынан степендия тағайындады. Басында тоғыз балаға берілетін. Кейін степендия алу үшін ұмтылыс жасаған балалардың саны он үшке жетті. Сондай-ақ, тағы бір жаңалығымызды айта кетейін. Балалар үйінің 90 жылдығын тойлау мақсатында тарихи деректер мен құнды заттарды қою қажеттілігін ойласа келе, мұражайды қайта жөндеуден өткізіп, музей аштық. Музейге Әбдімұса Қуатбекұлының аты берілді. Музейді ашудағы мақсат - тәрбиеленушілеріміздің академик ағамыздың ғылымға арнаған

өмірлік жолынан хабардар болып жүрсін деген ниет еді. Себебі, адам жылулығын сезінген баланың бойында Отанға деген құрмет қашан да табылады».

Күндіз-түні алдына мақсат қоя жүріп, ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талаптанған Әбдімұса Қуатбековты бір көрген адам жүрегінің таза, жаныңды тебірентер дархан мінезіне тәнті болады. Айтар сөзін бүкпесіз, іштегі сырын жасырмай, аңқылдақ ақ жүректі ғалым ағамызды терең танып білу үшін, бір кітапты қайтадан оқып шығып, қызығып тамашалағандай немесе сол кітапты құдды жаттап алғандай әсер беретін сияқты. Себебі, әр кез жолыққан сайын ол кісінің тұла бойы тұңған ұшан теңізді білімі адамды еріксіз өзіне баурап алады. Мамандығын игеруде кәсіпқұмарлыққа емес, халқына қызмет етуді жөн санаған азаматтарымыздың бірі де бірегейі. Қаншама лауазымды қызметтерді атқарған жан атақ-даңққа ешуақытта масайған емес. Керісінше, біреудің төбесіне шығып, кеудесін кергендерге ағалық, біреуге әкелік, тіпті аталық ақылын айтып жүреді. Арман атты белеске шығып, халықтың бақытына әлдеқашан кенелген жан.

Көп жарқырап жүрген жұлдыздардың ішіндегі шуақ нұрын шашар академик ағамызды

жалғыз жұлдыздай бір сәт елестетіп көрелік. Кейде ызғар, кейде жылы адамзат баласы түсініп болмайтын табиғаттың тылсым сырларын уақыт өлшеміне салып, екшелеп әркез таразыға салып бағады. Санасына сіңірген ойларын сыртқа шығарып, әбден пісіліп жетілген шақта барып, қойнауы қазынаға толы халқына ұсынуды жөн санайды. Ғылымның ең биік шыңына жеткен ағамыздың табысқа қол жеткізген тұстары ерекше бағаланып, атақ-даңқы шықты, ғасыр таныды. Оның «ХХІ ғасырдың үздік ғалымы» атануына себін тигіздірді. Ғылым тарихында асқан білімпаздылығы мен жан-жақтылығының арқасында оның дамуына зор үлесін қостырды. Ғылымның техникасы мен әдіс-тәсілін меңгерудегі жетістігі ғылымтану теориясын бірнеше аспектіде қолдануына мүмкіндік тудырды. Қоғам дамуына жетелейтін ұлы күштің білімге тиесілі екенін тағы бір рет мойындатып, ғылыми заңдылықтың байланысы белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан әлемдік деңгейдегі жаңалықтарды ашу қажет екендігін түсіндірді. Осылайша ғылымға мойынұсынған жанның дүниетанымдық көзқарасы мына жарық әлеммен өзара тығыз байланысып жатыр.

Әсем Сағиқызы

92

Page 93: журнал

93

ЖОҒАРЫ ТАЛАПТАН ТУҒАН БІЛІКТІЛІКХ. Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік уни-верситеті – жыл сайын ма-ман даярлауда біліктілігін арт-тыра білетін университет. Тың серпілістегі жаңа жос-парлары үнемі іске асып, білім сапасына жаңаша өз-герістер енгізуде. Аталмыш оқу орны шетелдік көптеген жоғары оқу орындарымен серіктестік құрып келеді. Еуропа мемлекеттерінің бір-неше университеттерімен тәжірибе алмасып, білім беру жүйесін заманауи қарқында жаңартып, ғылыми-зерттеу орталықтарын жетілдіруде. Университет ректоры Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия

Халықаралық экономикалық академиясының академигі, 180-нен астам ғылыми еңбектердің авторы. Бүгінгі таңда университет қабырғасындағы тың жаңалық-тары жайында Бейбіт Баймағамбетұлымен болған сұхбат барысында танысып қайттық. Қазіргі кезде тиянақты қолға алынған көптеген жоба болашақта сапалы нәтижедегі өзгеріс береді деген ойдамыз.

Бейбіт мырза, әңгіменің әлқиссасын өзіңіз жайлы бастасақ. Қай өңірдің тумасысыз? Өмірбаяныңызға қысқаша тоқталсаңыз.

Мен 1957 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Кертінді ауылында дүниеге келдім. Әкем көп жылдар білім саласында еңбек етті, мектеп директоры міндетін атқарды. Қоғамдық-саяси жұмыстардан да шет қалмаған, қарапайым, іске де, елге де жанашыр, адал адам еді. Анамның мамандығы бухгалтер болды. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп, өстім. Отбасындағы балалардың барлығы да жоғары білім алды. Жоғары оқу орындарында ғылым кандидаты, доцент болып қызмет істеп жүргендері бар және білім беру ісінің озық қызметкері де атанды.

Негізінен, біздің отбасының ұл-қыздары педагогика, экономика, банк саласында қызмет істейді. Отбасындағы кенжеміздің өзі 45 жаста, экономика ғылымдарының кандидаты, колледж директоры. 1973 жылы орта мектепті бітіріп, артынша Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алдым. Кейіннен Қарағанды мен Алматының жоғары оқу орындарында оқытушы болып қызмет атқардым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының жүйесінде, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еңбек еттім. 2000 жылы жас ғылым докторы ретінде Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінде ғылым, білім секторын басқардым.

Осы жылдары әлеуметтік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын дайындау қолға алынды. 2004-2006 жылдары шетелдік іс-сапарларда болып, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінде кеңесші-уәкіл қызметінде болдым. Сол кезеңде Елші Қырымбек Көшербаевтың бастауымен Мәскеу қаласында Абай Құнанбаев пен Әлия Молдағұловаға, Волоколамск қаласында И.В.Панфиловқа, Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнаттық. 2006 жылдың соңында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлығына тағайындалып, өңірлерді дамытуға байланысты іргелі қызметтерді жүргіздік. Ал, 2008 жылдың сәуірінен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Page 94: журнал

94

ректоры қызметінде болдым. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректорымын.

Атырау мемлекеттік

университетінің негізі қашан қаланған еді?

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 1950 жылы мұғалімдер институты ретінде ашылды. 1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылып, осы жылы жоғары оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. 1999 жылдың қаңтарынан бастап «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып, 2001 жылы университетке мемлекеттік статус берілді. Ал 2012 жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып құрылды. Университет білім беру, ғылым және тәрбие саласында өзара ынтымақтастық қатынас мақсатында құрылған Каспий маңы елдерінің мемлекеттік университеттері ассоциациясының мүшесі. Ал 2009 жылдың 18 қыркүйегінде университеттер Ұлы Хартиясына (Болонья) қол қойып, 2010 жылы 600 әлемдік университеттер қатарына енді. Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептеледі.

Алда қандай жаңашыл

бастамаларыңыз бар? Жоғарыда айтып өткендей

Қазақстанның бүкіл мемлекеттік жоғарғы оқу орындары Болон процесіне кірді. Барлығымыз Болон декларациясына

қол қойдық. Бұл процестің талабымен академиялық ұтқырлықты дамытуымыз керек. Сол бағытта біздің студенттер Еуропа университеттеріне арнайы гранттармен бағытталып жатыр. Осы университет жүйесінде ғылыми зерттеуге бұл процестің оқу талаптарын енгізу үшін өңірлік Болон процесінің арнайы орталығын аштық. Жалпы, университетте оқу үдерісін модернизациялау екі бағытта жүзеге асуда. Оның бірі -эксперименталды модульдік білім бағдарламасын жасақтау 2013-2014 оқу жылы жоспарына енгізіліп отыр. Ал келесі бағыт - білім беру мен ғылымды ұштастыру мақсатында профессор ғалымдардың академиялық мектептері ашылып отыр. Университетте жұмыс берушілермен бірлесіп білім бағдарламалары жасақталды. Талап етілмейтін ғылыми және білім беру пәндері мен бағдарламалары бойынша оқытуды тоқтату жөнінде шаралар қабылданды. Осыған сәйкес, жоғары және орта білім берудің оқу жоспарларына практикалық дағдылар мен біліктілікке оқыту бөлігінде, оның ішінде кәсіпкерлікке бағдарланған өзгерістер енгізілді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің эксперименттік бағдарламасы аясында енгізіліп отырған «Көптілді білім беру» бағдарламасына сәйкес 124 (қаржы, информатика, химия, физика, туризм мамандықтары бойынша) студент дәріс алып жүр. Оның ішінде 3 мамандықтан 46 студент ағылшын тілін тереңдетіп оқуда. Көптілді білім беру бағдарламасы аясында студенттерге білім беруші университет профессор-оқытушы құрамының біліктілігін жетілдіру мақсатында АтМУ-ҚБТУ- SAIPEM SPA компаниясы меморандумға қол қойып, ҚБТУ-дың алдыңғы қатарлы профессор-оқытушылары семинар-тренингтер

өткізуде. Университеттің педагог кадрлары біліктілігін арттыру бағытындағы халықаралық байланыс аумағын кеңейту, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын жүйелі жолға қою мақсатында «Eras-mus Mundus» және басқа да халықаралық бағдарламаларға қатысу жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Erasmus Mundus» бағдарламасы аясында әлем тілдері факультетінің 4 студенті Венгрияға, Кодолани Янош атындағы қолданбалы ғылымдар университетіне 1 семестрге білім алуға жіберілді. Университеттің 6 ғалымы «Болашақ» бағдарламасының іріктеуінен өтіп, 2012 жылдың 15 қазаны мен 21 желтоқсаны аралығында Швейцария елінің Монтрекс бизнес мектебінде «Корпоративтік басқару» курсынан ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. 2013 жылы тілдік емес мамандықтардан «Болашақ» бағдарламасының іріктеуінен өткен 5 оқытушы Нортхэмптон Ұлыбританиядағы жоғары оқу орнынан 1 жылдық тағылымдамадан өтеді. 2014 жылға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында университет оқытушыларының шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарына тағылымдамаға жіберу жоспарланды.

Қандай шетелдік және

отандық ЖОО-мен серіктесіп жұмыс істеп жатырсыздар?

Біздің мақсат – Елбасымыз айтып келе жатқандай, жоғары талаптағы сапалы білімді жетілдіру. Білім беру қызметтерін көрсету және ғылым саласында өзара ынтымақтастық қатынас туралы Финляндия Республикасындағы Савония қолданбалы ғылымдар университетімен, Польшадағы Варшава техникалық университетімен, Ұлыбританиядағы Брунель жоғары оқу орнымен, Азербайжанда Баку мемлекеттік университетімен,

Page 95: журнал

95

Ресейдегі үш университет: Қалмақ мемлекеттік университеті, Астрахан мемлекеттік техникалық университеті, Астрахан мемлекеттік университетімен, сонымен қатар, Украинадағы Бердянск менеджмент және бизнес университетімен және республикамыздың 21 ЖОО-мен серіктестік келісім-шарттары аясында біздің университетіміз бірігіп жұмыс жасауда. Серіктестік нәтижесінде 2013 жылдың мамыр айында магистранттардың аталған шетелдік ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өтуі жоспарланды. Университет білім алушыларына Брунель университеті профессоры А. Алтонайан 2011-2012 оқу жылынан бастап “Стратегиялық менеджмент” пәнінен, ағылшын тілінің маманы Дэвид Нортон «English Language Fellow Program» бағдарламасымен білім береді. Ресейдегі Қалмақ мемлекеттік университеті базасында Қазақстан ғылымы және мәдениеті орталығы оларда, ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті базасында Ресей ғылымы және мәдениеті орталығы ашылды. Мұндай шара Қазақстан ғалымдарының халықаралық ғылыми жобаларға қатынасуына жол ашады.

Қазіргі жастардың дені

қандай мамандыққа көбірек түседі?

Бұл тұрғыдан, жылдық көрсеткіштерге көз тастап, сараптама жүргізер болсақ, көптен бері қалыптасып қалғандай заң және экономикаға түлектер әлі де көп барады. Бірақ, атап айтарлығы, соңғы жылдары инженерлік салаға түлектер тарапынан біршама бет бұрылды. Бұл мамандықтарды өндірісі қарқын алған өңір жастары сұранысқа сай таңдауда. Осы тұста «ҰБТ балының төмен болу жағдайындағы инженерлік салаға түсу мүмкіншілігі көбірек» деген психологиялық сараптама да бар. Түлектер

осыған да мән береді. Себебі, бұл мамандықтар бойынша 70-80 балмен мемлекеттік тапсырысқа ие бола алса, ал 90-100 балмен гуманитарлық мамандықтарға түсе де алмауы мүмкін. Қабылдау комиссиясының мәліметтері бойынша 2012 жылғы мектеп түлектері мамандық таңдауда - құқықтану, шетел тілі: екі шетел тілі, аударма ісі, есеп және аудит, қаржы, биология, ақпараттық жүйелер, физика, химия мамандықтарының үлесі жоғары екенін көруге болады.

Жұмысқа орналасып кету

деңгейі қандай?Жоғарғы оқу орнын

бітіргеннен кейін, университет тарапынан бастама жасалынып, студенттерді жұмысқа орналастыру бұрын жоқ еді, қазірде осы мәселені қолға алып жатырмыз. Себебі, түлектер жұмысқа орналаспаса, сұраныс болмаса, жоғары білімді беретін университетке қалай баға бере аламыз? Қазірде студенттерді жұмысқа орналастыру жоғарғы оқу орнының жұмысын бағалайтын маңызды критерийге біртіндеп айналып келеді. Жалпы, 2011 жылы университетті 1868 студент аяқтап, 1263 студент, яғни 68%, ал 2012 жылы 1895 маман даярлап, 1331-і, яғни 70% жұмысқа орналасқан. Оның ішінде мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқандар үлесі – 60 % көрсетіп тұр.

Студенттердің әлеуметтік

жағдайы қаншалықты қамтылған?

Қазіргі таңда университетте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 66 студент білім алады. Оларға Үкімет қаулысына сәйкес күн сайын тамақ ақысы және жылына бір рет киім-кешекке ақшалай қаражат төленеді. 2012 жылы тамақ ақысына 7478,9 мың теңге, киім-кешекке 7924,2 мың теңге қаражат жұмсалынды. Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігі

күні және Жаңа жыл мерекесіне орай бір айлық мемлекеттік шәкіртақы көлемінде 1005,5 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді. Ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысына университет кеңесінің шешімімен жеңілдіктер беріледі. Жатақханамен тегін қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қазіргі кезде 728 студент әлеуметтік жағдайына байланысты жеңілдіктер алушылардың тізімінде тұр.

Сіздің ойыңызша ұстаз

бейнесі қандай болу керек?Ертеректе Қытайдың ұлы

ойшылы Лао-Цзы: «Ұстазың ұлы болса, өсиетің мен ойыңды жемдейсің, сол ұстаздың нұры қонса, биікке өрлейсіз» деген екен. Студент алдында өткен елу минуттық дәрісте алдындағы шәкірттің көзі жанып, ынтамен тыңдап отырса, ұстаз үшін жоғары баға сол. Ұстаздың айтқанының, істегенінің, ойлағанының аралары алшақ емес, бірегей біртұтас болса, ол өз өсиетін шәкіртіне дарыта алады. Елімізде білім беру жүйесі қазіргі кезеңдегі дамуында терең сапалық өзгерістерге қарай бетбұрыс жасауда. Бұл саладағы ең басым бағыттардың бірі – қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа, динамикалық жағдайында шығармашылықпен және белсенді қызмет жасауға қабілетті педагог.

«Тәуелсіздік» қандай ұғым?

Қадірі мен қасиеті неде?Тәуелсіздік мен үшін

аса қасиетті, киелі ұғым. Біздің өміріміздің құнды бір бөлшегі. Егемендік – ел мерейі мен мемлекет мәртебесінің биіктігі. Оның қадірі тарихпен өлшенетіндігі ақиқат. Тәуелсіздік бүгінгі қажырлы еңбегіміздің, жасампаз іс-қимылымыздың - ертеңгі баянды болашағы.

Сүбелі сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Айнұр Төлендинова

Page 96: журнал

96

ҒАЛЫМ БОЛУДЫҢ ӨЗГЕШЕ СИПАТЫ

Кезінде бір данышпанымыз «Ғылым – Алланың бір сипаты» деген екен. Сол демекші, ғылым атты киелі ұғым Алланың пендесінің пешенесіне жазып қойған әрі тағдыр жолына арнаған ерекше сыйы. Себебі, ешбір адам баласы іштен оқып тумайды, жүре келе қалыптасатын саналы білімге ұмтылысының арқасында бәріне қол жеткізе алады. Ынта мен талаптың арқасында, әрине. Сонда барып ғылымға бет бұрып, сол салада оза басқан жанның қаншалықты толысқандығын уақыт өте байқап жататынымыз жасырын емес. Біздің келесі кейіпкеріміз-дің еңбек жолын бастағаннан осы кезге дейін жасаған жұмыстарына кісінің еш таң қалмасы жоқ. Ғылыми зерттеулері мен мақалаларын қоспағанда, бір басына берілген атағы мен даңқы қаншама. Ал, ендеше тізбектеле жөнелейік.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, ҚР Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдар академиясының және Халықаралық Информатизациялау Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2007 жылы ғылымға қосқан үлесі үшін Оксфорд университетінің Сократ атындағы төсбелгісімен марапатталған.

Бұл бүгіндері Атырау облыстық мәслихатының депутаты қызметін қоса атқарып жүрген Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов болатын.

Біздің редакция аталмыш кейіпкермен жолығып, сұхбат жүргізген болатын. Енді соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ерсайын Уалитханұлы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Мен облыстық бюджеттік комиссияның мүшесі және депутат ретінде облыстың әлеуметтік-экономикалық бағыттары жөніндегі мәселелерді қарастырып жүрмін. Жол жұмыстарын жүргізу мен тұрмыс деңгейлері төмен отбасылардың мәселесімен де

айналысқанмын. Әлеуметтік-мәдени жағдайларды шешуге байланысты өңірде бірнеше іс-шаралар өткізіліп, ауқымды жоспарлар бекітілді. Қазіргі таңда бюджеттегі түсім 160 млрд. теңгені құрап отыр. Индустриалды-инновацияландыруға байланысты Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, шағын және орта бизнесті дамытып және өндіріс кәсіпорындарында жұмыс орындарын көптеп ашу қажеттілігі

туындауда. Соңғы бес жылда Атырауда елу шақты кәсіпорын ашылды.

Өнеркәсібі дамыған елдің қазіргі таңдағы экологиялық ахуалына тоқтала кетсеңіз.

Атыраудың экологиялық ахуалы өте қиын деп айтуға болады. Әсіресе, Құлсары, Ембі аудандарында көбірек байқалады. Мұнай өндіру кезінде болған апатты жағдайлардың салдарынан

Page 97: журнал

97

экология нашар күйге түсіп кетеді. Осы мәселе аясында мемлекет тарапынан бағдарламалар керек және оны ең алдымен бірінші болып мұнайшылар қолға алғаны жөн. Мәселен, Қашаған өндірісін ашу үшін экологияның қандай күйге түсетініне ешкім де кепілдік бере алмайды. Бұл жерде халықтың жан-айқайы шығып жатады.

Сіз басқарып отырған Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында қандай өзгерістер болып жатыр? Оқу ақысын төлеу қиынға түскен жағдайда қандай шаралар қолданылмақ?

1997 жылы ғалымдар конференциясында Атырауда осы институттың ашылатыны айтылып, мені ұсынған болатын. Осы уақытқа дейін үш мыңға дейін түлек болашаққа жолдама алды. Қазір институтта екі мыңнан аса студент білім алып жатыр. Бізде әсіресе, жетім балаларға басында елу пайыз жеңілдік және бес балаға ректордың грантын беру ойластырылған. Әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік бағдарламалар бойынша облыс әкімдігі жыл сайынғы оқу ақысын төлеп беру мүмкіндігін қарастырып береді. Мәселен, былтыр 40 шақты студенттің оқу ақысына қаржы жіберілді. Мұнай және газ кәсіпорындары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасына орай, оқу бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру көзделген. Біздің институт осы бағдарламаға қатынасып, үздік оқитын елу студентке оқу ақысын төлеу жеңілдігін қарастырып отыр. Институтта жатақхана салынды, сондай-ақ, институт ғимаратын салу жоспарымызда тұр.

Институтта білім сапасын арттыруға қалай көңіл бөлініп жатыр?

Елбасының биылғы Жолдауында білімнің сапасына

ерекше көңіл бөлу Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық дамытудың негізі екендігін тілге тиек еткен болатын. Осыған орай жоғары білім беру мекемелерінің алдына білім мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету мәселесі қойылып отыр. Бұл бағытта Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды қызмет етіліп, Жолдауда көрсетілген жаңа міндеттерге сай, алдымызда тұрған жұмыстарға белсенді түрде кірісу керектігін айтып өткен еді. Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын көздеудегі мақсат – «Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» болып табылады. Институтта 2500-ден астам студент білім алады. Оларға 92 кәсіби біліктілігі мен ғылыми лауазымдары жоғары және ірі өндіріс орындарында еңбек еткен тәжірибелі мамандар дәріс береді.

Институтта ғылыми – зерттеу жұмыстары 5 бағытта жүргізіледі: «Аспан механикасы және космодинамика модельдерінің стационар шешулерінің орнықтылығын зерттеу», «Бизнес – білімдерінің педагогикалық негіздері», «Төменгі температуралы плазманың су ертінділерін активтендіру», «Бірнеше денелер мәселелеріндегі орталық конфигурациялардың бар болуын және орнықтылығын зерттеу» және «Бұрғылау қондырғыларының сенімділік кепілділігін оптимизациялау модельдері» тақырыптары аясында жұмыс жасалынады.

Студенттердің әлеуметтік жағдайларына қалай қарайласасыздар? Оқу озаттары төңірегінде де әңгіме өрбіте кетсеңіз.

Института білім алушылардың әлеуметтік жағдайы назардан тыс қалған емес. Әсіресе, әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған және мүгедек студенттерге оқу төлем ақысынан толықтай босатылған. Сонымен қатар, оқу озаттары, жартылай жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге де жеңілдіктер бар. Атқарушы органдар да бұл бағытта көмектерін аянып қалған емес. 2008-2009 оқу жылында, қаржы тапшылығына қарамастан, облыс әкімінің шешімімен оқу озаттары, жартылай жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан 53, 2009-2010 оқу жылы 120, ал 2011-2012 оқу жылы 66 студентке оқу ақысын өтуге қаржылай көмек жасалды.

Оқу озаттары және ғылымға бейім студенттер ғылыми үйірмелер мен конференцияларға, олимпиадаларға өз баяндамаларымен жиі қатысып отырады. Үздік ғылыми жұмыстар республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына жіберіліп отырады. Мысалы, «Мұнай-газ ісі» мамандығының 4-ші курс студенті Жұмағазиев Ерболат ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ең үздік инновациалық жоба» номинациясы бойынша сайыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, біздің студенттеріміз 2010 жылы V KAZENERGY Еуразиялық Энергетиткалық форум аясында ұйымдастырылған бірінші Халықаралық сайыс PETRO-BILIM™ оқу-үйрету ойынына Қазақстан, Норвегия, Ресей, Ұлыбритания және жергілікті жоғары оқу орындарының ішіндегі Павлодар мұнай-химия зауыты, Аджип ККО, Тенгизшевройл т.б. компаниялармен бірге қатысты. Барлығы 98 топ бойынша, институт студенттері 6 орынды иемденді. Сонымен қатар, біздің институт инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін Еуропа кәсіпкер

Page 98: журнал

98

қауымдастығының «IN-SAM» (Женева, 2005 ж) және Халықаралық «Алтын Құйма» (CBS Consult, Мәскеу, 2007) алтын медалдарымен марапатталды.

Институтта жастарды ғылыми ізденістерге баулу бағытында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануына мүмкіндіктер жасалған. Белгілі ғалымдардың басшылығымен студенттер ғылыми-зерттеу қоғамында зерттеу үйірмелерінде жұмыс жасайды. Бұған қоса, институт Польша, Беларусь жоғары оқу орындарымен ғылыми-техникалық келісім-шартқа отырып, соған сәйкес ортақ ғылыми жобалар жасауда. Сонымен бірге, мамандармен ақпарат мәліметтерін алмастыра отырып, бірігіп ғылыми конференциялар өткізеді және ғылыми еңбектерді қосылып жариялайды.

Сіздің ғылым саласында жүргізілген зерттеулеріңіз республикалық және шетелдік басылымдарда бірнеше рет жарық көрген. Ғылымның негізгі тетігін оның басы-қасында жүрген адамдардың ғана түсінетінін біз жақсы білеміз. Айтыңызшы, сіздің әсіресе аспан механикасын зерттеудегі қызығушылығыңыз

неден пайда болды?Жалпы ойлап қарап

отырсақ, аспан әлемі өзінше бір ерекше құбылыс қой. Әсіресе, түнгі көрінісі қандай керемет. Жарқыраған жұлдыздар мен жан-жағына нұрын шашып тұрған ай, қала берді таң ата шапағатын алып шығатын күн... Бәлкім балалық кезімдегі қиялыма осы бейнелерді көрісімен-ақ, қызығушылығымның оянуына әсер еткен шығар. Шын мәнісінде, аспан механикасы дегеніміз не?

Аспан механикасы - астрономияның гравитациялық өрістегі Күн жүйесі денелерінің қозғалысын зерттейтін бөлімі. Ғарышкерлердің пікіріне құлақ түрсек, аспаннан жерді көргенде теңізде жүйткіп бара жатқан кішкентай кеме ретінде елестеткен екен. Ғарыштық кеңістіктегі құбылыстар жұмыр жерде мекендеп жатқан адамдардың талай жылғы қызығушылығын тудырып келеді. Әлемді зерттеуге талпынған жандар үшін Күн жүйесіндегі денелер мен оның айналасындағы ғаламшарлар қозғалысы табиғаттың тылсым сырларын анықтауға себін тигізбек. Аспан механикасын зерттеу мәселесіне планеталар, құйрықты жұлдыз, жасанды жер серіктері, реактивтік күш, сәуле қысымы, масса өзгерісі және т.б.

ескеріледі. Бұл ғылымды алғаш рет 1798 жылы француз ғалымы П. Лаплас енгізген болатын.

Ел мүддесін ойлау мен болашаққа көзқарасты қалыптастыруға не қажет деп ойлайсыз?

Меніңше, ел мүддесін ойлау мен мемлекет болашағына алаңдау міндеттері қатар жүретін секілді. Себебі, ел қамын күйттей жүріп, Қазақстанның келешегіне деген көзқарас өздігінен қалыптасып отырады. Осылайша, қоғамның артар сеніміне ие болып, қажырлы қайратыңның мол екендігін көрсете білу. Менің қызметім ғылым мен білім саласына арналғандықтан қоғам мүддесін әрдайым ескеру. Халқымның маған артқан сенімін мен үміттерін ақтау мен үшін басты міндеттерімнің бірі.

«Тәуелсіздіктің» Сіз үшін

ұғымы қандай?Тәуелсіздіктің қадірі мен

қасиетін айтып жату мүмкін емес. Мәңгі ел болып сақталып қалу үшін, Тәуелсіздігімізді бек сақтай білейік.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағидолла

Page 99: журнал

99

«ЕХРО-2017» ЭКОНОМИКА ДАМУЫНЫҢ ТИІМДІ ТҰСЫ БОЛМАҚ

Парижде Халықаралық EXPO көрме бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы аясында Қазақстанның елордасы Астана Халықаралық «EXPO - 2017» көрмесін өткізетін орын ретінде таңдалып алынды. Халықаралық көрмеге мүше 148 мемлекеттің ішінен жасырын дауыс беру жолымен Астана қаласын 103 ел қолдап шықты. Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растап отыр. Ал қалған 44 мемлекет Бельгияның Льеж қаласына дауыс берген екен. Бельгия мемлекеті аталмыш алып көрмені 1957 жылы қабылдап, өткізген болатын. Бұл көрмеге негізгі үміткерлер де осы екі мемлекет болды. Бельгия «Адамдарды біріктіру», ал Қазақстан «Болашақтың энергиясы» деген тақырыбын ұсынды. Біздің елдің тақырыбы жасыл технологияны дамыту, экологиялық қауіпсіздікті нығайту мақсатында. Ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған. Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет болады. Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының

өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған мемлекетпіз.

Аталған шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын ашуға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристердің көптеп келуіне, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға жол ашады. Көрмелер нысандары құрылысына Инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік EXPO ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл елдегі ғылым мен жаңа технологияның дамуына жаңа серпіліс беретін ірі жоба. Сондай-ақ, көрменің өту барысында да, көрме аяқталған соң да Қазақстан бүкіл әлем назарында біразға дейін айтылып жүретін болады. Ұйымдастырушылардың есептеулері негізінде ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін Қазақстанға 1,5 млрд АҚШ доллары қажет болады. Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесінің елімізге әкелер тиімділігіне тоқтала кеткен еді. Бұл шарадан тек туризм ғана емес, экономикалық қуаттылықты арттыруға да орасан пайда әкелетінін айтты. Біріншіден, осы көрмені өткізу барысында дүниежүзі елдерінің тәжірибесімен алмасамыз. Екіншіден, Қазақстанға жаңа инвестиция тарту мүмкіндіктері туады. Үшіншіден, осы ЕХРО көрмесі арқылы жаңа инновациялық технологияларды игеру мүмкіндігі туады. Сондықтан мұндай әлемдік деңгейде өтетін алып көрме Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өрістеп даму жолдарында қақпалардың ашылуына әкеледі. Себебі, экономикасы мықты елдің, ертеңгі болашағы бар деген сөз. Ал болашаққа деген сенім мықты болса, өзге қүндылықтар да өз орнымен келе береді. Сондықтан, бұл көрмені алдымен экономикалық жағынан қарастыратын болсақ, бізге тиер мүмкіндіктер қазірден көрініп-ақ тұр.

Адлет БегатаровЭкономист

Page 100: журнал

100

САРЫАРҚА САҢЛАҚТАРЫСарыарқа жері – байлықтың көзі ғана емес, сонымен бірге халықтың сан

ғасырлық рухани мұра құндылықтарын насихаттап, сақтай алатын қазақ өнері мен мәдениетінің кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары өзіндік өнер тарихында домбыраның шегіне әсем әуезді әуенін салып, құлақ құрышын қандырар күйлерін орындап, халық жүрегін тебірентер небір әдеби, тарихи құнды дүниелерді сахна тө-ріне алып келді. Бұл аймақ сол себептен де өзінің дарынды әншілері мен күйшілерімен, сазгерлерімен, ақын және жазушыларымен елімізге танымал. Журналымыздың осы жолғы нөмірі Қарағанды мекеніне арналғандықтан, осы өңірден шыққан бір топ өнер және әдебиет қайраткерлері жайында шағын мәліметтер ұсынғалы отырмыз.

Тәттімбет Қазанғапұлы - күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі. Ол ерекше күй мектебі — шертпе күйдің негізін қалады. Нақтылы өмір құбылыстарынан гөрі, ішкі қасиет, фактіден гөрі постфактум – Тәттімбет шығармашылығының ең өзекті сипаты. Бұл орайда Тәттімбетті күйшіліктің философы десе болады.

Әсет Найманбайұлы – ақын, әнші. Ол 1867 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысында дүниеге келген. Әсет сауық кештерде, жиын-тойларда халықтың сұрауымен көңіл көтеру ретінде ән айтып, өлең шығарған. Сондай-ақ, өз өлеңдеріне ән де шығара білген ақын. Әсет шығарған әндер халыққа кең тарап, халық жүрегінен жылы орын тауып, ел арасында көптеп сақталған.

Мәди Бәпиұлы – ақын, халық композиторы. 1880 жылы Қарқаралы өңірінің тумасы. Ол найзағайдай жарқылдап өткен сазгер, сері, ақын, өзгеден ерен биік өрелі азамат. Жақсылық үшін жаралған нәзік жаны зорлық – зомбылық, әділетсіздікке қарсы болды. Ұлы әншілер қатарына жататын екі ғасырдың түйісінде туған қазақтың алып ақыны Қарқаралыны жанындай жақсы көріп, өмір бойы сүйіп өтті. Қарқаралыны тұңғыш рет әнмен тербеп жырға қосқан адам – осы Мәди Бәпиұлы еді.

Нарманбет Орманбетұлы – ақын. ХІХ – ХХ ғасырлар тоғысында Қарқаралы өлкесінде өмір сүрді. Жастайынан мұсылманша оқып, кейіннен Қарқаралыдағы орыс – қазақ мектебінде білім алды. Нарманбет мұраларында негізінен заман шындығы, қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, әлеуметтік теңсіздік мәселелері жырланған. «Кер заман», «Сарыарқа», «Сарыарқа сайран жерім-ай» және тағы басқа да өлеңдерінде шындықты көркем бейнелеудегі шеберлігі, ой тереңдігін, сыншылдық күш – қуаты ерекше көрінеді. Сонымен қатар өлеңдерінде халықты білім алуға, ғылым үйренуге үндеді.

Қалибек Қуанышбаев – актер. 1893 жылы 25 сәуірде Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында малшының жанұясында дүниеге келген. Қалибек Қуанышбаев сахнада 160-тан аса бейнені сомдаған. Әзілқойлығы былай тұрсын, гармон, сырнай, мандолин және тағы басқа толып жатқан саз аспаптарда ойнайды. Қалибектің актерлік өнерімен қоса қиыннан қиыстырып өлең шығаратын ақындық, жазушылық өнері де бар. Шахмат Құсайыновпен бірігіп «Шаншарлар» атты пьеса жазған.

Сәкен Сейфуллин - көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Жаңаарқа ауданында 1894 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болды. 1905-1908 жылдары Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ал, 1908-1913 жылдары үш класстық қалалық училищеде білім алады. Оның әдебиет саласындағы қызметі қазақ тарихында өшпес мұра қалдырды. Сондықтан, Сәкен Сейфуллиннің жазған шығармалы халық арасында кеңінен тараған.

Page 101: журнал

101

Ғабиден Мұстафин – жазушы, қоғам қайраткері. 1902 жылы Бұқар жырау ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы атағын иеленген Ғабиден ағамыздың тұңғыш жинағы 1929 жылы «Ер Шойын» деген атпен шықты. Оның туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Шығармаларындағы кейіпкерлері өз еңбектерімен табыстарға жеткен қажырлы, рухы биік, арман-мақсаты жоғары жандар.

Жүсіпбек Елебеков - әнші (тенор), Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қарағанды облысында 1904 жылы дүниеге келіп, 1977 жылы қайтыс болған. Елебеков ән айтуды бес жасынан бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Елебеков өнері көңіл-күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді.

Қасым Аманжолов – ақын. 1911 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келіп, 1955 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Ауыл молдасынан хат таныған. Жетім қалғаннан кейін, Семейдегі балалар үйіне орналасады. Семейдегі мал дәрігірлік техникумын бітірген соң, 1931 жылы орман шаруашылығы институтына түседі. Қазақтың киелі топырағы – Қарқаралының арыстай азаматы өзі өмір сүрген дәуірдің шынайы бейнесін суреттеп, ілгері ұмтылуды көздеген.

Сыдық Мұхамеджанов - әнші, композитор. 1924 жылы Шет ауданы, Үлкен бұлақ деген жерде дүниеге келген. Оқу жылдарында композитордың негізгі көркемдік ерекшелігі – тамаша әуендік дарындылығы және ұлтымызға тән үнділігі байқалды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Вокалды-симфониялық жанрдағы ірі туындысы - «Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы жазылған.

Ақселеу Сейдімбек – жазушы, әдебиет зерттеушісі, этнограф-ғалым, филология ғылымының докторы. 1942 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Қайрат Байбосынов - әнші, Қазақстанның халық әртісі. 1950-ші жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Бала жастан күй өнері мен ән өнеріне сусындап, Тоқаның, Сүгірдің, Тәттімбеттің, Мұхамеджанның күйлерін тыңдап өскен. 1967 жылы Алматы қаласындағы эстрада-цирк студиясына қабылданады. Өнердегі ұстазы атақты Жүсіпбек Елебеков, Ақанның, Біржанның, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса мен Естайдың әндері Қайраттың орындауында қайта түрленді.

Мақпал Жүнісова - әнші (драматикалық сопрано). Қазақстанның халық әртісі және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1963 жылы Егіндібұлақ ауданы, Теректі ауылында дүниеге келген. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазақ композиторлары Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтың, Б.Тәжібаевтың, Е.Белғозиевтің шығармалары бар. Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Ғашық жүрек», «Қыз ғұмыр», «Фариза қыз» және «Қоштасу» әндері халық сүйіктісіне айналды.

Бекболат Тілеуханов - өнер қайраткері. Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде 1966 жылы дүниеге келген. Ол «Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі» мен «Халық әртісі» атағына ие болған. Сондай-ақ, Әміре Қашаубаев атындағы сыйлықтың және дарын жастар Мемлекеттік сыйлығының иегері. Тәңір берген талантымен бойындағы бар күш-жігерін өнердің шыңына арнаған тума талант өнер иесінің қоғамда жеткен жетістіктері уақыт өткен сайын жалғасып келеді.

Қарақат Әбілдина - әнші. 1978 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2001 жылы халықаралық «Шабыт 2001» байқауына қатысып, дипломант атанады. Қазақтың Ұлы композиторларының шығармаларын және де көнеден мұра болып келе жатқан әндерді нақышына келтіре орындайтын талантты әншілердің бірі.

Зылиха Салих

Page 102: журнал

102

САПА САЯСАТЫНДАҒЫ ҚҰБЫЛЫС - БІЛІМ ЖОЛЫН ТАҢДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ

Атырау мұнай және газ инс-титутының ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Құлжанов Дүйсембек Орынғалиұлы осылай дейді. Ол жетпісінші-сексенінші жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алып, жылу физикасы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғалымның ғылыми ізденісі бағытындағы 50-ден аса мақалалары көптеген ба-сылымдарда жарық көрген. Оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. «Қа-зақстан ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы білім беру ісі-нің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған Дүйсембек

Орынғалиұлы бүгіндері институтты басқаруымен бірге Атырау облыстық мәслихатының депутаты қызметтерін қоса атқарып жүр.

Кезекті іс-сапарымызда біз Дүйсембек Орынғалиұлымен жолығып, сұхбат құрған едік. Енді соны назарларыңызға ұсынбақпыз.

Дүйсембек Орынғалиұлы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтерумен айналысып жүрсіз?

Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланғандықтан, өңіріміздің ауқымды істеріне ат салысып, оңтайлы шешілуін үнемі назарымда ұстаймын. Облыс басшылығы алдымыздағы жылға үлкен мақсаттар қойып, ірі жоспарларды жасақтап

отыр. Барлығы да маңызды әрі өңір экономикасын дамыту мен әлеуметтік ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған. Мәселен, Атырау-Индер тас жолын жөндеу мен Махамбет ауылына көпір тұрғызу міндеті жүктелді. Аталмыш мәселелер облыс әкімі Бақтығожа Ізмұхамбетовтің Елбасы қабылдауында болғанда көтеріліп, Мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Автомобиль жолдарын қалпына келтіру мәселесі 18 елді мекеннің әлеуметтік ахуалын жақсартып қана қоймай, сенімді азық-түлік белдеуін құрауға септігін тигізеді. Әрі Индер мен Махамбет

аудандарында шағын және орта бизнестің дамуына үлкен ықпал етпек. Өткен жылы өңірде Индустрияландыру картасына сай, инвестициялық жобалар енгізіліп, «ТеңізСервис» ЖШС-і Солтүстік Каспий экологиялық әрекет ету базасының құрылысын жүргізді. «АтырауСауда» ЖШС құс фабрикасын қолға алып, заманауи жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтармен жабдықталды. Мұның барлығы аймақтың іргелес Ресей мен көршілес облыстарға тәуелді болмауына, өңір халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуіне толық мүмкіндік береді және де

Page 103: журнал

103

экологиялық жағдайды жақсарта алады.

Атырау өңірі тұрғындарының әлеуметтік ахуалы қазір қандай деңгейде? Халық не нәрсеге көбірек алаңдауы мүмкін?

Халықты ең алдымен баспана мәселесі көбірек алаңдатады. Мәселен, тұрғын-үй кезегінде тұрған әлеуметтік сала мамандары, көп балалы немесе әлеуметтік деңгейі төмен отбасылар үйді жылдамырақ алғандарын қалайды. Кей жағдайларда әкімшілікпен келісе отырып, кейбір мәселелерге ықпал жасауыма тура келеді. Бірақ бәрі заң бойынша шешіледі.

Дегенмен, бірде көп балалы отбасы бар әйелдің өтінішіне сәйкес, әлеуметтік жағдайын ескере отырып, оқу ақысын төлеуге жеңілдік жасап бердік. Сонымен қатар, институтта ата-ана қамқорлығынсыз қалған 34 бала білім алып жатыр. Олардың ішінде мемлекеттік грант есебінде және демеушілердің көмегімен ақылы түрде оқып жатқандары да бар. Әлеуметтік жағдайы төмен немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған студент – жастарымыздың оқу ақысын төлеуде облыс әкімшілігі үнемі қамқорлық

танытып келеді. Көбіне сол жетім балаларға оқу ақысын төлетпеуге тырысамыз.

Сіз басқарып отырған Атырау мұнай және газ институты әлемдік білім деңгейін дамытуға, халықаралық білім қатынастарының маңызын арттыруға және насихаттауға қатысты қандай жұмыстар атқаруда?

Атырау мұнай және газ институты әлемдік білім деңгейін дамыту мақсатында халықаралық білім қатынастарының маңызын арттыруға және насихаттауға байланысты біршама жұмыстарды жүргізіп келеді. Инновациялық даму деңгейін арттыру үшін институттың профессор-оқытушылар қауымы халықаралық үлгілерді ескере отырып, өзге елдердің тәжірибесімен білімнің негізін қалыптастыруда. Н.Ә.Назарбаев өзінің тарихи маңызды «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісінде: «Біз «білім-ғылым-инновация» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз» – деген болатын. Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз

жастардың білім мен ғылым саласында неғұрлым жоғары қабілетті болғанын қалайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында көрсетілген қашықтықтан және онлайн жүйесімен оқытуды дамытып, жаңа инновациялық әдістердің қарқынды енгізілуі қолға алынуда. Біздің институтта ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың сәуіріндегі бұйрығына және ҚР ЖОО білім алушыларының академиялық ұтқырлық Концепциясына сәйкес 1-3 курс студенттерімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы орындалуда. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында республиканың, ТМД және шетелдердің бірнеше университеттерімен бірлескен жұмыстар жасалынып жатыр.

Былтыр қараша айында институтымыздың проректоры, профессор Г.Ә.Оразова мен геология кафедрасының профессоры С.Н. Нұрсұлтанова білім беру мен ғылым саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін Қытай мұнай

Page 104: журнал

104

университетінде (CUP) болып қайтты және екі ел оқу орындары арасында Меморандумға қол қойылды. Бұған қоса, институттың ұйымдастыруымен АҚШ-тың 10-нан аса университеттері өкілдерімен кездесіліп, АҚШ Елшілігінің ХІІІ халықаралық «Білім көрмесі» өткізілді. Көрменің мақсаты: Әлемдік білім деңгейін дамыту, халықаралық білім қатынастарының маңызын арттыру және насихаттау, бағдарламалар алмасу, кеңестер беру. Алабама штаты Троя университеті мен АтМГИ арасында Меморандумға қол қойылды. 2012 жылдың 27-28 қыркүйегі аралығында институтта оныншы Халықаралық Надиров оқулары өткізіліп, оған алыс және жақын шет елдердің, Қазақстанның басқа да өңірлерінен ғылымның әр түрлі саласындағылар, алдыңғы қатарлы оқу орындарының, мұнай компанияларының өкілдері мен ғалымдары қатынасты. Қазіргі уақытта Оқулар жинағын жариялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта берсек осындай толып жатқан халықаралық лекциялар курсы бізде жиі өткізіледі.

Президент Жолдауларында ғылым саласына көбірек көңіл

бөлінетіні сізге таныс. Осы уақытқа дейін сіздің институтта қандай жұмыстар атқарылды?

Иә, Елбасы Жолдауында ғылым саласы ерекше басымдылықпен атап өтіледі ғой. Жолдауда ғылымды инновациялық дамытудың жаңа жолы ұсынылған. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңаша бағыт, ғалымдарға жаңа технологияларды игеру, әлемдік деңгейге көтерілуге және студенттерді ғылым жолына бағыттауға итермелейді. Осы орайда 2012 жылдан бастап ғылыми жобалар мен қызмет көрсетулер қалыптасты. Инженерлік бағыттағы «Мұнай химиясы» зертханасының ғалымдары ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы жобаларын орындауды іске асыруда. Ал, «Мұнай мен газды тасымалдау технологиясы» ғылыми зертханасының қызметкерлері «Жылоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Жайықмұнайгаз» мұнайының жоғарғы үлгісін, физика-химиялық қасиеттерін зерттеу мәселесі бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ-мен шаруашылық келісім жұмыстары талқыланды. Нәтижесінде, 65 мұнай үлгісі мен 65 қабат

суларының үлгісі зерттеліп, тапсырыс беруші тарапынан жұмыс ескертусіз қабылданды. Сонымен қатар, қараша айында «ИПЦМұнай» ЖШС-мен мұнай үлгісі мен қабат суын зерттеу бойынша келісімшарт жасалды. Инженерлік бағыттағы «Мұнай химиясы» зертханасының ғалымдары ғылыми зерттеулердің іргелі және қолданбалы жобаларын орындауды іске асыруда.

Білім саласындағы сапа саясаты сіз үшін қаншалықты маңызды?

Өте маңызды мәселе. Бұл- Елбасы Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді орындау жолында Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың жоғарғы оқу орындары алдына қойып отырған басты талаптарының бірі.

Сапа саясатындағы құбылыс білім жолын таңдауға байланысты. Ол үшін сапалы білім беруді жетілдіріп, жаңа технологияға және автоматтандырылған жүйеге көшуіміз керек. Сонымен қатар несиелік технология бойынша студенттеріміз басқа оқу орнына барып, білімдерін ұштап отырса, керісінше, сол университеттердің

Page 105: журнал

105

студенттері біздің институтқа келіп оқып кетеді. Оқу орындарымен білім беру бағдарламаларын салыстырып, сапа саясатының маңызды рөл атқаруына себін тигіземіз. Сондай-ақ, бүгінгі талапқа сәйкес жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатылуда. Білім беру деңгейін жоғарылатып, ғылым және өндіріс бағыттарымен бірігіп, сапалы маман даярлау көзделеді.

Білімді әрі саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне байланысты қандай ой айтар едіңіз?

Қарыштап алға басқан еліміздің студент-жастарынан заман ағымынан озық, өз мүддесі мен ел мүддесін қатар алып жүретін ойлы, іскер, жаңашыл азамат қалыптастыру – бүгінгі күні білім саласына қойылып отырған басты талап. Өзге елдермен терезесі тең мемлекет құрудың, жаңалықтардан кешеуіл қалмаудың, өркениетке қарай қарыштай ұмтылудың алғы шарттарының бірі – білім мен ғылымды дамыту. Сонда ғана білімді ұрпақтың биік белестерді бағындырары анық. «Тәрбиесіз берілген білім адамзатты

апатқа апарады»- дейді ғұлама Әл-Фараби. Мәселен, біздің институтта студент-жастарға білім берумен қатар, ғылымға баулу және жан-жақты тәрбие беру ісі жолға қойылған. Осы орайда институттың студенттік бөлімі алдында үлкен міндеттер тұр. Институт студенттері ғылыми, спорттық сайыстарда ғана емес, сонымен қатар, пәндік олимпиадаларда да өздерін көрсете білді. 2012-2013 оқу жылында студенттердің республикалық пәндік олимпиадалардан қоржындарында 9 жүлделі орын бар. Сонымен қатар, Президентіміз қай уақытта да жастарға үлкен сенім артады.

Кезінде Бауыржан

Момышұлы: «Арманмен ойнау қауіпті» деген екен. Сіз арманыңыздың орындалуына не әсер етті деп ойлайсыз?

Әрбір адамның өмір жолында жақсы адамдар кездесуі керек. Ең біріншіден туған ата-анаңнан көрген тәлім-тәрбиең әсер етсе, екіншіден, өмірде тәжірибесі мол, білікті де білімді жандардың арқасында арманың орындалады деп есептеймін. Кезінде ғылыми жұмыспен айналыссам деген оймен өзім оқыған оқу орнында

қалып, аспирантурадан өттім. Ғылыми жетекшім физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Косов Николай Дмитриевичті өмірлік ұстазым болды десем артық айта қоймаспын. Осы кісінің қамқорлығының арқасында ғылымға деген қызығушылығым арта түсті.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

Ғасыр жеңісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туының желбіреуі. Бабалар арманын баянды ету жолында Елбасы бастап, елі қоштап талай тамаша табыстарға қол жеткізілді. Тарихтың жаңа беттерін парақтадық. Елі еңбеккер, ері кемеңгер, бүгіні бекем, келешегі кемел Қазақстанның болашағы бұдан да зор болмақ. Еңсесі биік егеменді Еліміздің Тәуелсіздік тұғырында берік орнығып, қыран құстай қанаты талмай алға қарай қарыштай беретініне сеніміміз мол.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Әсем Сағидолла

Page 106: журнал

106

СерікЕрубаев

Page 107: журнал

107

ТЫҢНАН ТҮРЕН САЛҒАН ТАЭКВОНДОТаэквондо - кәріс халқының ежелгі жауынгерлік өнері. 1988 жылдан бастап

Олимпиада ойындарына кірген шығыс елдері жекпе-жегінің ерекше түрі. Спорттың бұл түрі бүгін де үлкен қызығушылыққа ие. Одан қазақ елінің де құр алақан емес екені сөзсіз. Мәселен, «Қазақстан Республикасының Таэквондо Федерациясы» спорттың бұл түрін биік сатыларға жетелеп келеді. Оның бір дәлелі Федерация тарапынан дайындалған таэквондошыларымыз әлем бойынша түрлі жарыстарға қатысып, нәтиже көрсетуде. Атырау облысында да ежелгі шығыс жекпе-жегінің ерекше бұл түрі жастар арасынан кеңінен насихатталуда. Осы орайда біз Атырау қалалық мәслихат депутаты, «Қазақстан Республикасы Таэквондо Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс өңірі филиалының президенті, «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС-ның директоры Ерубаев Серік Сәрсенұлымен сұхбаттасқан едік. Сұхбат барысында «Таэквондо Федерациясы» жайлы әңгімеге кеңінен тоқталып, өз спортшыларының жетістіктерін мақтанышпен айтып өткен Серік Сәрсенұлы алдағы жылдары әлемдік бәсекедегі жарыстардан, соның ішінде олимпиадалардан өз таэквондошыларынан зор үміт күтетіндіктерін де жасырмады. Сондай-ақ, «бақ шаппайды, бап шабады» демекші, спортшылардың дайындығы бүгіннен басталып, зор ынта, талаппен қолға алынып жатыр екен.

Серік Сәрсенұлы, өзіңіздің өмірбаяныңыз турасында айтып өтсеңіз? «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» атағымен де марапатталғаныңыз белгілі. Спортты дамытуға қандай үлес қосып журсіз?

Мен 1968 жылы 16 қыркүйекте Гурьев қаласында дүниеге келдім. 1991 жылы Гурьев ауылшаруашылық техникумын бітірдім. 1993-1998 жылдар аралығында жеке шағын кәсіпкерлікпен айналыстым. Кәсіпкерліктің жалпы сипаты шетелдік компанияларға әр түрлі қызмет көрсету еді. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде экономист-менеджер мамандығы бойынша білім алдым. Бизнес саласына тікелей араласуым: 1998 жылы «Интернэшнл Саппорт Сервисез» ағылшын компаниясымен бірігіп, «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС-сын құруымнан басталған еді. Сол жылдардан бастап, Атырау облысындағы спорт

саласын дамыта түсуді алға тарта бастадық. Осы ретте Атырау қаласының таэквондошыларына Бейжің олимпиадасына қатысуға екі жолдама алынды. 2007 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында жастар арасында өткен бокстан Азия чемпионатын өткізуге қомақты қаржылай көмек көрсетілді. 2008 жылы «Қазақстан Республикасы Таэквондо Федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының президенті болып сайландым. Артынша федерация инфрақұрылымын дамытуға бағыт бастадық. Материалдық-техникалық базаны жақсарта түстік. Әлемдік, халықаралық додада нәтиже көрсеткен спортшылар үлкен көлемде қаржылай сыйақымен марапатталып келеді. Біздің спортшыларымыз Әлем чемпионаттарына, Бүкіләлемдік Универсиадаға, Азия ойындарына, олимпиадаларға қатысып келеді. Таэквондодан тыс, қаламызда бокстан Халықаралық турнир өткізу шараларына жәрдемдестік.

«Таэквондо Федерациясы» жөнінде кеңінен айтып өтсеңіз.

Қазақ елінің аты аңызға айналған ұлы – Мұстафа Өзтүрік Кебенұлының Түркиядан өзінің тарихи отанына оралуына орай, 1991 жылы «Қазақстан Республикасының Таэквондо федерациясы» құрылып, сол тұлғаның бастауымен Дүниежүзілік Таэквондо Федерациясына (WTF) тіркелген еді. «ҚР Таэквондо Федерациясының» бірінші президенті суретші,

Page 108: журнал

108

Ленин сыйлығының лауреаты Бексейіт Түлкиев болды. 1992 жылы Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, тарих факультетінің оқытушысы Қабибек Сәдірұлы Мұхитовтың бастамасымен Атырау облыстық Таэквондо Федерациясы құрылды. Шәкірттер тартылып, Атырау қаласында секциялар ашылды. 1993 жылы Қабибек Сәдірұлы ең алғаш рет алты адамнан құралған өз командасын Шымкент қаласында өткен ҚР чемпионатына алып барады. Бұл жерде атыраулық таэквондошылар өздерінің ең алғашқы қола медальдарын иеленген еді. Сол жылдардан басталып, бұл спорт түрінің біздің қаламызда дамуы кеңінен қарқын алды. 1995 жылы Санк-Петербургте өткен ТМД елдері Спартакиадасына, 1998 жылы Тайландта өткен Азия Жазғы Ойындарына қатысып, нәтиже көрсете бастады. Бүгінгі таңда облыстық Федерация бір «ҚР еңбек сіңірген спорт шеберін», жеті «Халықаралық санаттағы спорт шеберін», елуден астам «ҚР спорт шеберін» тәрбиелеп шығарды. Әлемдік, халықаралық жарыстардан жүлде алып келе жатқан спортшыларымыз жаңадан

қосылған жас спортшыларымызға үлгі болып отыр. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап, Тимур Асқарұлы Кулибаевтың жеке бастамасымен бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таэквондо сынды олимпиада спорт түрлері кіретін Конфедерация құрылды. Атырау қаласының таэквондо спортының тарихындағы үлкен бір нәтижелі жеңіс - 2008 жылы Бейжің олимпиядасынан Чилманов Арман иеленген қола медаль еді. Ал 2012 жылы Лондон олимпиадасына үш спортшымыз қатысты, алайда, қанжығаға олжа байланбады. Бүгінгі таңда 2016 жылы Бразилияда өтетін олимпиада ойындарына дайындық бағдарламалары қолға алынуда. 2013 жыл бастала салысымен қазақстандық таэквондошылардың шеберлігін арттыра түсу мақсатында Дүниежүзілік Таэквондо Федерациясының бағыттауымен Атырау қаласына Оңтүстік Кореядан жаттықтырушылар жіберілді. Жаттықтырушылар керуги (спар-ринг) және пумсе (формальды комплекс) аталатын екі бағыт бойынша бір жарым ай көлемінде жұмыс жасайды және оның біздің спортшылар үшін шеберлік

тарапынан берер сабағы да өте үлкен.

Атырау қалалық мәслихатының депутатысыз. Осы ретте сайлауалды бағдарламаңыз бүгінде қаншалықты деңгейде орындалып келеді? Соңғы жылдардағы қала ішіндегі өзгерістер қандай?

V шақырылымдағы мәслихат депутаттығына ұсынылудағы сайлауалды бағдарламамда алдынғы шақырылымдағы жұмыстарымды жалғастыру жөніндегі жоспар ретінде қамтылды. Мен осыған дейін III және IV шақырылған Атырау қалалық мәслихатының хатшысы міндетін атқарып келдім. Бірінші мезеттегі депутаттық қызметім барысында әлеуметтік жағдай төңірегінде өзекті мәселе өте көп еді. Соның ішінде, ауыз сумен көп жерлер қамтамасыз етілмеген болатын. Жолдар салу мәселелері де халық үшін көнеден бері көкейде келе жатқан еді. Іс тиянақты қолға алыну барысында, межелеп жоспарға алынып, бұл төңіректегі түйінді мәселелер шешіліп келе жатыр. Көптеген жоспар іске асып,

Page 109: журнал

109

нәтиже байқалуда. Аталмыш өзекті мәселелер: жолдар, табиғи газ, ауыз су. Ол төңіректе жұмыс тоқтаған жоқ. Бүгінгі уақытта жүргінші тасымалдау мәселесі әлі бір ретке келе алмай жатыр. Бірақ, қолға алынуда. Қала ішіндегі өзгерістер көзге көрнекті. Соңғы төрт-бес жылдың ішінде Атырау қаласы жақсы жағына өзгерді. Атырау қаласында спорттық нысандар халыққа жетерліктей салынып келеді. Мұз айдыны салынды. Сонымен қатар, халық қалаулысы ретінде жыл сайын сайлаушыларымызбен кезігіп отырамын. 2003 жылы сайлауға қатысқанда халықтың сауалдарының көпшілігі өз қара басының айналасында еді. Қазіргі таңда қуантатыны – сайлаушыларымызбен кезіккенде қоғамдық-әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыға салынып келеді. Соның бір дәлелі, Ы.Алтынсарин атындағы № 11 орта мектепте осы соңғы ретте сайлаушылармен кездесуімде екі-үш адамның сұрағы қала ішінде салынған жолдарда жол жиектері, жаяу жүргіншілер өтетін жол белгілерінің дұрыс қойылмай келе жатқандығы жөнінде көтерілді. Осы орайда, жол салу барысында кеткен кейбір тиянақсыз істер қайта қолға алынды. Қалалық депутат ретінде мен экономика, кәсіпкерлікті дамыту, индустрия, сауда, салық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия төрағасымын. Комиссия құрамында төрт депуатат бар. Сондай-ақ, әрбір сессия болған сайын, тоқсанына бір рет қалалық бюджетке өзгерістер енгізіліп отырады. Әрбір жұмысты жоспар бойынша қолға алып келеміз. Халық алдында атқарылар істер жыл сайын арта түседі деген ойдамын.

Қаланың экологиялық жағдайына тоқталып өтсеңіз?

Атырау қаласының айналасында өндірістің көп болуы қала экологиясына зиян

келтіреді. Ірі өндірістегі зауыттар ауаға зиянды қалдықтарын лақтырады. Осы орайда қала ішінде «жасыл ел» бағдарламасы да үнемі қолға алынып келе жатыр. Жылу таратуды газ беру жүйесіне аударылғаны да жақсы нәтиже көрсетуде. Сондай-ақ, қаламызда Буландыру станциясы қаланың ортасында орналасып, айналаға үлкен көлемде зиян келтіріп тұрған еді. Осы мәселеге қалалық мәслихат депутаттары болып, зауытты ары қарай көшіруге араластық. Зауыттың қала шетіне көшірілуі есебінен тұрғындарға тигізер зияны да азайғаны анық. Жұмыс міндетіне сай ауаның ластануы тұрғысынан түрлі апаттар болмауы үшін экологтар үнемі жұмыс жүргізеді. 2012 жылдың көктемінде өзіміздің компаниямыз сенбіліктерге шығып, елуге жуық теректер ектік. Өз базамыздың айналасындағы егілген ағаштарды өзіміз күтіп-баптап келеміз. Ал өзге аймақтағылары біздің тараптан егіліп беріліп, қалалық әкімшілікпен келісіліп, олар күтуі мен баптауын қолға алып отыр.

Бүгінгі таңда Сіз басшылық етіп отырған «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС-ның жұмысына қысқаша тоқтала кетсек...

«Атырау Констракшн Сервисез Лтд» қала ішіндегі жарамсыз қалдықтарды және өнеркәсіп қалдықтарын жинау, шығару, жою жұмыстарын атқарумен қатар, құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік және өзге де ғимараттарда бөлменің ішкі, сыртқы безендірілу, бояу және сылау, сырлау және жабдықтау сынды жұмыстар арқылы құрылыс ғимараттарына қызмет көрсете отыра, аталмыш қызмет түлерін кешенді түрде іске асырып келеді. Әрбір атқарылған жұмысымызға техникалық қадағалау жүргізіліп отыруымен қатар, жұмыс аяқталғанан кейін сапасына кепілдік береміз.

Бұл біздің жұмысымыздың тиянақтылығының көрінісі. Компанияда өз ісіне сауатты жетекшілер, білікті инженерлер, жобалаушылар, дизайнерлер және көп жылдық тәжірибесі бар құрылыс мамандары жұмыс жасайды. «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» қала ішінде балалар емханасының, әділет органының әкімшілік ғимаратының, облыстық кітапхананың құрылыс жұмыстарына атсалысты және бірнеше аудандық емханалардың, орта білім беретін мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Өмірлік ұстаным өмірлік қағидаттарға сай келеді. Менің өмірлік ұстанымым: шынайылық және түсіністік. Біріншіден, өтірік айтқанды жақсы көрмеймін. Екіншіден, анам мен әкемнің тәрбиесімен берілген адами қасиеттерімді өз бала-шағамның тәрбиелік тағылымына дарытуға және айналама сол өнегені таратуға тырысамын. Сонымен қатар, өзімнің мекемемде жұмыс жасаған адамдардың да туындап қалған әлеуметтік қиыншылықтарын және біздің жақтан қандай көмек керек екенің біліп отырсам деймін. Себебі адам ретінде мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қолдап жүрген дұрыс.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым?

«Тәуелсіздік» бүгінгі күні қазақ халқына берілген ең үлкен сый деп білемін. Оның тарихы тереңнен. Сол себепті де тәуелсіздік біз үшін ең үлкен рухани құндылық.

Сұхбатыңызға рахмет! Істеріңізге сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Айнұр Қабдолдақызы

Page 110: журнал

110

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БЕЛСЕНДІ БОЛАШАҚКез келген мемлекеттің дамуы

барысында алдымен білім беру сапасы назарға алынады. Себебі, сапалы білім бере алған ел басқа да мүмкіндіктен шет қалмайтыны сөзсіз. Елдің рухани қазығы да, экономикалық жетістігі де, өнері -мен өресі де білімді адамдардың қолымен жасақталады. Қоғам арасында ХХІ ғасырды білімділердің дәурені деп те атап жүр. Білім дегенде бірден ойға сол білімді беретін оқу ордалары және ұрпақ-ты талмай тәрбиелеп жүрген ұстаздар көз алдымызға келеді. Біз-дің мемлекетімізде кім, қайда ба-рып, қандай мамандықты алам десе де ешқандай шектеулер жоқ. Таңдау да көп, әрине талап та бар. Осы ретте санаттағы сапалы білім беріп келе жатқан үздік оқу орындарының бірі Қ.Дүтбаева атындағы Атырау

гуманитарлық колледжіне ат басын тіреп, оқу орнының хал-ахуалымен танысып, директоры, Атырау қалалық мәслихатының белсенді депутаттарының бірі Рысқалиев Болат Құлмұханұлымен дидарласып, сұхбаттасып қайтқан едік.

Болат Құлмұханұлы, алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Қай өңірде туып-өстіңіз?

Мен 1969 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылында дүниеге келдім. Алғашқы еңбек жолымды Қызыл ту ауылында құрылысшы болып бастаған едім. 1987-1989 жылдары Кеңес армиясының қатарына шақырылып, азаматтық борышымды өтеп қайттым. 1990-1994 жылдары Атырау педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін тәмәмдап, 1994-1995 жылдары Атырау мұнай және газ институтында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа

орналастым. 1995-2004 жылдары дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, 2004-2006 жылдары сол кафедраның доценті қызметтерін атқардым. 2002-2006 жылдар аралығында Атырау мұнай және газ институтында «Техникалық-құқықтық экспертиза» мамандығы бойынша білім алып, «Инженер-эксперт» біліктілігіне ие болдым. 2006-2010 жылдары аталған институтта «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі болдым. 2010 жылдан бастап Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры қызметінде келе жатырмын.

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің құрылу тарихына тоқтала кетсек...

Бұл оқу орны Атырау өңіріндегі тұңғыш мамандандырылған білім ордасы. 1929 жылы Гурьев педтехникумы болып ашылып, 1937 жылдан педагогикалық училище болып құрылды. Педтехникумның тұңғыш директоры Нұрғали Нұржігітов және алғашқы оқытушылары В.Х.Сухарев, Г.И.Капкин, З.А.Борисович және ерлі-зайыпты Назаровтар Атырау өңіріндегі педагогикалық оқу орнының қалыптасу және дамуына елеулі еңбек сіңірген азаматтар

Page 111: журнал

111

еді. Оқу ордасының 1932 жылғы алғаш түлектері Қ.Рысмағанбетов, О.Шонаев, Ж.Мшанов, Т.Архиреева сияқты түлектері елге танылған оқу-ағарту ісінің білікті қызметкерлері атанды. 1933 жылы педтехникумның кадрлары жасақталып, Ресейден білікті оқытушылар шақырылған. 1934-1940 жылдар аралығында облыстың білім беру саласына еңбегі сіңген Шоқан Қаржауов деген азамат оқу орнының директоры болды. Ал 1949-1956 жылдары оқу орнын басқарған Қатира Дүтбаева білім ордасының өсіп өркендеуіне өлшеусіз еңбек еткен жан еді. Бүгінгі күні Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж Атырау облысының білім беру департаментіне қарасты Мемлекеттік қазыналық мекеме болып табылады. Колледж облыстағы білім беру саласына бүгінде барынша ат салысып, абыройын асқақтатып келеді. Біздегі оқытылатын барлық гуманитарлық мамандықтар қазіргі кезде сұранысқа ие. Қ.Дүтбаева атындағы колледжде заманға сай ұстаз және мәдениет қызметкерлері мамандарын даярлау ісінде нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Колледжде «Бастауыш білім

беру мұғалімі», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Мәдени-ағарту жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылық», «Сәндік қолданбалы өнер» тағы басқа кәсіби мамандықтар мен қосымша мандықтар бойынша білім беріліп жатыр. Колледж қабырғасында «Кәсіптік-техникалық оқу орындарының өндірістік оқыту шеберлеріне педагогика-психология пәндерін оқыту» (2008 жыл), «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» (2008 жыл), «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын орындаудағы курс (2010 жыл), «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша мамандар дайындау» (2011 жыл) бағытындағы курстар ұйымдастырылды. Қоғамның басты талабы - білім беру үрдісін ақпараттандыру, инновациялық даму бағытында электронды басқару, интернет желісіне қосылу, компьютерлік локальды жүйеде жұмыс істеу, интерактивті тақта мен онлайн режимін пайдалану жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, білім ордасы өнер мен мәдениеттен де құр алақан емес. 1997 жылы колледжде «Өнер және мәдениет» бөлімі жасақталды. Мұнда би өнеріне баулып, «Қазақтың ұлттық аспаптар» оркестрі жұмыс істей

бастады. «Сәндік қолданбалы өнер», «Хор жетекшісі» сияқты мамандықтар дайындалды. Студенттердің қолынан шыққан түрлі көркем туындылар Республикалық «Бөбек» қорының мұражайына қойылып, түрлі республикалық конкурстарға қатысып, мамандар тарапынан жоғары бағаларға ие болған еді. Мысалы, студент Жылқыбаева Гаухардың қолынан шыққан сәндік бұйым Республикалық Дельфийлік ойындарда «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Павлодар қаласына барып, дипломант атанып қайтты. «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер қолынан шыққан түрлі өнер туындылары Астрахань қаласындағы «Инвестиция және білім» атты Халықаралық көрмеге қойылды. Оқу орнында мемлекеттік талаптар мен стандарттарға сай білім беріліп жатыр. Мұның нәтижесі іс жүзінде байқалып отыр.

Бүгінгі таңда жас мамандардың жұмысқа орналасуы қалай жүзеге асып жатыр?

Оқу орны заман талабына сай, білім және ғылым министрлігінің барлық талаптарын

Page 112: журнал

112

орындап отырған, техникалық-материалдық базасы жасақталған мекеме. Барлық мамандықтар білім стандарттарына сәйкестендіріліп, сапалы білім беріліп жатыр. Бұл колледж облыс бойынша түлектерінің жұмысқа орналасуы жағынан алда келе жатыр десем асырып айтпаймын. Түлектеріміздің 80-90 пайызы мамандығымен жұмысқа орналасады. Мұның себебі, бізде тек сұранысқа ие мамандықтар оқытылып жатыр.

Студенттердің әлеуметтік жағдайына қаншалық көңіл бөлініп отыр? Мәселен, колледж тарапынан аз қамтылған отбасылардың балаларына және жетім балаларға қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған елміз ғой. Сондықтан мұндай студенттерімізге аса қамқорлықпен қарайтынмыз рас. Бізде жетпіске жуық аз қамтылған және балалар үйінде тәрбиеленген студенттер білім алуда. Бұл студенттер колледждің бес қабатты жатақханасында тұрып жатыр. Биылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жол ақысының елу

пайызы облыс есебінен төленетін болып шешілді, біз де осы мәселені қолдай отыра, екінші жартысын колледж есебінен қарастыруды жөн көрдік. Әр студентке жеке карталар ашылып, жалпы айына есептегенде 3000 теңге жол кіресі түсіп отырады. Бұл білім алушылармыз үшін біраз көмек болып отыр. Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар ұйымдастырып, балалардың оқуға деген ынтасын, жігерін қайрап, көтеріп отыруға еңбектенеміз. Себебі, ұстаз алдымен тәрбие беруші, ол қамқоршы есебіндегі адам.

Болат мырза, елдегі білім беру стандарттарына, заңнамаларына қаншалықты көңіліңіз толады? Сіздің ойыңыз қандай?

Ел дамып, өркендеген сайын білім беру саласы да жанданып келеді. Мемлекетімізде жаңа ЖОО ашылып, орта техникалық-кәсіптік білім беруге де көп қолдау көрсетіліп жатыр. Білім және ғылым министрлігі тарапынан жасалынып жатқан жаңаша жоспар мен жұмыстар да өз нәтижесін беруде. Бұл салада жаңашылдық та көп, дәстүрлі

ескілікте сақталып қалған. Қазір кез келген жас өз қалаған білім ордасын таңдап, қай қаладан болса да, діттіген мамандығы бойынша білім алып шыға алады. Елдегі білім беру саласына жасалынып жатқан заң нормаларына, реформаларға менің көңілім ұстаз ретінде де, азамат ретінде де толады. Біздің болашағымыз алда. Сондықтан, әлі де биік нәтижелерге жететініміз сөзсіз.

Қалалық мәслихат депутаты ретінде қандай шаралар атқардыңыз? Жұмысыңыз нәтижесін қаншалықты беруде?

2007 жылы алғаш қалалық депутат болып сайланған едім. Осы жолы екінші рет түсіп отырмын. Депутат болудағы мақсатым атағымды жаю емес, шын мәнінде халыққа кішкене болса да қолдау көрсетіп, көмек беру. Қарапайым халықты толғандыратын мәселелер көбіне әлеуметтік, тұрмыстық жағынан болады. Оның ішінде ауыз судың тапшылығы, жарықтың берілуі, тұрғындардың ПИК-терге көңілі толмай жатқанына наразы болып жатады. Осының барлығына тиісті орындарға үндеу жолдап, бар күшім келгенше шешуге

Page 113: журнал

113

тырысып жатамын. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын жол-көлік жүйесін жақсарту, елді-мекендер мен мөлтек аудандарды көріктендіруді қамтамасыз ету мақсатында аула ішіндегі кірме жолдарға, көшелік өтпе жолдарына және автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жасалынған болатын. Халық қалаулысы деген сөздің мағынасы тек бір учаскемен шектелмеуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, мен халықтың жағдайын сайлауға түскен аумағымен ғана қарастырмаймын. Мен басқа адамдардың да арыз-шағымдарына құлақ түріп, жүрегіммен ұғынуға қашанда тырысамын. Әрине, мәселенің бәрін шешу мүмкін емес. Алайда, шамамыз келгенше сұраныстарды аяқсыз қалдырмау үшін жұмыстанамын. Сонымен қатар «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөзді ұран етіп, қаланы көгалдандыру-әбаттандыру жұмыстарына барынша ат салысып келемін. Осы ретте колледждің ұстаздары мен студенттерімен бірігіп, 700 терек отырғыздық. Бұл Атыраудың жасыл желекке айналуына көп үлес қосады. Ағаш ғасырлық

мұра. Оған қоса, «Қолғанат» деп аталатын еріктілер қоғамын жасақтап, осындай шараларға кеңінен ат салысып жүрміз. Бұл ең алдымен тәрбие. Жастарды осындай шараларға кеңінең баулитын болсақ, болашақта ұтылмаймыз.

«EXPO - 2017» халықаралық көрмесінің Астанада өткізілуін жеңіп алып, еліміз әлемге танылып жатыр. Осыған қатысты Сіздің жеке пікіріңізді білсек...

Алдымен бұл жылы біздің елде Дүниежүзілік студенттер универсиадасы Астана-Алматы қалаларында өтейін деп жатыр. Педагог ретінде осыған қуаныштымын. Оның жанында халықаралық көрменің өтуі де үлкен жетістік. Қазақ елінің әлемге одан сайын таныла түсуіне жол ашатын мүмкіндік. Бұл мүмкіндікке кез келген ел ие бола бермейді. Демек, біздің мемлекетіміз осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізуге әбден лайық және әлемде абыройға ие деген сөз. Ойлап қарасақ, мұндай көрмелер елдегі туризмның дамуына барынша әсер етеді. Себебі, әр адамда қазақтың

астанасы қандай екен деген сұрақ туындап, көргілері келеді. Бір көрген соң, екінші келіп, тани түскісі келеді. Мәселен, Еуропаның қалаларына халық қалай ағылып жатады, міне мен біздің Астанамыз да осындай адам көргісі келе беретін ғажап шаһарға айналса деймін. Бұл көрменің ең бір маңызды тұсы да осы деп білемін.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздіктің мән-мағынасы мына қазақтың кең даласында жатыр. Дархан даламызда дербестіктің дәурені басталғалы 21 жыл ғана болса да, жеткен жетістігіміз жарты ғасырға татырлық десем асырып айтпаспын. Тәуелсіздікті бағалай білу кез келген Қазақстан азаматының санасымен берілетін міндеті деп білемін.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 114: журнал

114

ЕркебұланИльясов

Page 115: журнал

115

«ӘЛЕУЕТТІ ЭНЕРГЕТИКА – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»

Электр энергетика кешенін дамыту Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы және ҚР-ның 2010-2014 жылдарға арналған электр энергетика саласын дамыту жөніндегі салалық Бағдарламасына сай жүзеге асырылуда, деп хабарлаған болатын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. Сонымен қатар, министр электр стансаларындағы әбден ескірген құрылғылар мен пайдалануға жарамсыз электр желілерінің санын төмендетіп, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру қажеттілігін де атап өткен еді. «Электр қуатымен қамту шараларын жүзеге асыру қарқынды өсіп отырған электр тұтыну деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін 2020 жылға дейінгі саланы дамыту Бағдарламасын қабылдау керек», - деді Ә.Исекешев. Бұл жерде электроқондырғылардың сапасы мен жоғары қуаттылығы да маңызды екені сөзсіз. Сондықтан, оқырманды ақпараттандыру мақсатымен Астанадағы «Alageum Group» БК директорлар кеңесінің төрағасы Ильясов Еркебұлан Сайдуллаұлымен сұхбаттасқан едік. Бүгінгі таңда «Alageum Group» БК – компаниясы еліміздегі электротехникалық өнімді жасап шығаратын, жобалайтын, монтаж жұмыстары мен сервистік қызмет көрсетумен айналысатын бірден-бір мекеме.

Еркебұлан Сайдұллаұлы, алдымен өзіңіз жайлы қысқаша тоқтала кетсеңіз... Энергетик болу бала арманыңыз ба?

Меніңше, мамандықты таңдау – бұл арман деп айтуға болмайды. Мамандық таңдағанда, адам өз болашағын таңдайды. Сондықтан, бұл менің таңдауым. Энергетика келешекте бірінші салалардың бірі болатынын білдім. Және энергетика болашақта жекетекші салаға айналады деп сенімді болдым. Мен Алматыда Энергетика және байланыс институтын бітірдім. Мамандығым энергетик. Сондықтан мен бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықты таңдаған дұрыс деп шештім. Бес жыл оқып, тәмәмдаған соң «Кентау трансформатор зауытына» жұмысқа орналасып, екі жыл сол жерде өндірісте еңбек еттім. 2003 жылдан бері осы салада жұмыс істеп келе жатырмын. Бес жыл менеджер болып, екі жыл зауытта жұмыс істедім, слесарь, монтаждау жұмыстарына

қатыстым, коммерциялық бөлімде де қызмет еттім. Осы өткен он жыл ішінде біраз тәжирибе жинақтадым деп ойлаймын. Бірақ, үйренеріміз де әлі алда.

Сіздің ойыңызша «Ala-geum Group» компаниясы қазақстандық бренд бола алды ма?

Бұл мәселе 2007 жылы мақсат етіп алынған еді. Одан кейнгі бірнеше жылдың ішінде белгілі абыройға ие болдық. Дегенмен, негізгі бренд болып, «Кентау трансформатор зауыты» есептеледі ғой, артында жарты ғасырлық тарихы бар дегендей. Зауыт экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін кең қолданыстағы трансформаторлық жабдықтардың жетекші қазақстандық өндірушісі болып табылады. Кәсіпорын ТМД және алыс шетел мемлекеттерінің нарықтарында 50 жылдан асатын жұмыс тәжірибесіне ие. Кентау трансформаторлық

зауытында шығарылатын барлық жабдықтар сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына толығымен жауап береді. Бүгінгі күні «КТЗ» АҚ қуаттылығы 63 000 кВА дейін жететін 10, 35, 110 кВ күш беретін май және құрғақ трансформаторларды, түрлі орындаудағы кіші станцияларды (ОРУ, КРУ, ЗРУ, ОПУ 35, 110 кВ), төменвольтті және жоғарывольтті ұяшықтарды және сұранысқа ие басқа да электртехникалық жабдықтарды шығарумен айналысады.

Зауыт ТМД елдер аймағында алғашқылардың бірі болып май трансформаторларына қарағанда, бірнеше есе қауіпсіз саналатын құрғақ трансформаторларды шығара бастағанын айта кету керек. Соңғы 10 жылдың ішінде «КТЗ» АҚ-мен сұранысқа ие экспортбағдарлы өнімдердің шамамен 300 атауын игерсе керек. «КТЗ» АҚ басында шығарылатын трансформаторлар бүгінгі күні Ресей және Орталық

Page 116: журнал

116

Азия елдеріне экспортталып отыр. Жетекші еуропалық елдердің жоғары технологиялық жабдықтарын енгізу, замануи оқшаулағыш материалдар мен жаңа сындарлы шешімдерді қолдану арқасында зауыт өнімі сапа, сенімділік және номенклатура алуандығы бойынша өзінің шетел аналогтарынан айтарлықтай озып отыр.

Айта кететін жайт, «Ala-geum Group» компаниялар тобына кіретін Кентау трансформатор зауыты 2012 жылдың желтоқсанында тек үздіктерге берілетін «Алтын сапа» «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» сыйлығымен мараптталды. Бұл құрметке үшінші рет ие болып отырмыз. Бүгінде «Alageum Group» компаниялар тобына жататын мекемелер өз алдына қойған мақсаттарға жетіп отыр деп айтуға болады. Біздің басты міндетіміз — ең үздік электртехникалық өнімдерін шығару. Сол себепті-де, біз сапа, баға, жеткізу жағдайлары және ұсынылатын сервис талаптарына сәйкес болуға үнемі

тырысамыз.Бүгінгі таңда қандай

жобаларды қолға алдыңыздар?Бүгін бізде нақты бірқатар

жоба іске асырылуда. Оның бірі 2012 жылы құрылысы басталынған Орал қаласында салынып жатқан трансформатор зауытытының жобасы. Бұл жобаны біз неміс әріптестеріңізбен жүзеге асырамыз. Бүгінгі күнде мамандарымыз Германияда оқып жур. Негізінде, Оралда салынатын зауыт өнімінің 70% шетел асырамыз деп жоспарға қойдық. Мәселен, бүгінде біздің компания өнімінің 30% шетелге шығарылады. Сонымен қатар 2013-2014 жылдары ішінде Ақтау қаласында жаңа зауыт ашып, ол жерде экспортқа шығаруға арналған өнім жасасақ деп жоспарға қойып отырмыз.

«Үнемді энергия» деген ұранмен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған қатысты Сіздің ой-пікіріңізді білсек?

Мен мұны жақсы қолдаймын. Себебі, бүгінде энергия көзін үнемді пайдалану үлкен

жауапкершілік. Компаниямыз өз жұмысында үнемді энергияға көп назар аударады. 2012 жылдан бастап зауыт электр қуатын үнемдейтін трансформаторларды игеруге және шығару жұмыстарына тығыз кірісті. Жалпы айтқанда, Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттр болып табылады. Меніңше, осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%, 2020 жылға қарай 25% төмендету бойынша міндетті алға қойды,ескертуіміз керек. Бұл мақсатқа жету үшін, Қазақстанның әр азаматы өз үлесін қосу керек. Дәл қазіргі уақытта Қазақстанда сол Кеңес дәуірінен қалған трансформаторлардың 70% ескірген. Оны модернизациялау жұмыстары негізінде мемлекеттік

Page 117: журнал

117

бағдарлама да жұмыс істеп жатыр. Әр жақта жергілікті, өңірлік, ұлттық электрожелілік компаниялар қызмет атқарады. Модернизациялау жұмыстарын жүргізу де сол компаниялардың еншісінде. Ол компнаиялар белгілі бір трансформаторды немесе траносформаторлық жинақты ауыстыруға қаржыланады. Біз тендерге қатысып, оларға өз өнімдерімізді ұсынамыз. Егер барлық ескі трансформаторларды алдағы 4-5 жыл ішінде ауыстыратын болсақ, электроэнергия көзі 30-40% үнемдедіп, қолданылатын болады.

Мәселен, бір ауылдық округте трансформаторды ауыстыру үшін қанша қаражат керек?

Егер бір трансформаторлық подстанция ауыстырылатын болса, орташа 630кВА қуатымен есептейтін болсақ, жалпы құны 3 млн. жуық теңгені құрайды. Мұндай қуаты бар трансформатор бір ауылдық мектебін электроэнергиясымен қамтамасыз етеді. Ал бірнеше

ондай трансформаторлар 2000-2500 адам туратын бір ауылды электроэнергиясымен қамтамасыз етеді. Оның ішінде мектепте, ауруханада және жеке үйлер де бар. Сонда, бір трансформатордан қанша пайда шығады екен?! Және оны тек ақшалай өлше алмайсыз. Электроэнергиясыз ауылда тіршілік болмайды. Сондықтан, мәселе тек қана ақшада емес. Мәселе, заттың пайдасында және мағынасында.

Энергетик ретінде еліміздегі энергетика саласы қалай дамып жатыр?

Бұл сала елде 2007-2008 жылдары аса жылдам қарқынмен дамып кетті деуге болады. Себебі, оған дейін жоғарыда айтып өткен желілік компаниялардың қызметі тек ескі құрылғылармен қуат беру еді. Кейін ол компанияларға мемлекет инвестициялық бағдарламалар жасап, электроқондырғыларды бірте-бірте ауыстырып, жұмыстарын жандандыра бастады. Бүгінде энергетика саласына елімізде өте үлкен қолдау көрсетіліп, жаңа

жобалар жасалынып жатыр. Сондықтан бұл саланың әлі де алар асуы, бағамдар белесі көп.

Компанияда қызмет етіп жатқан жас мамандарға көңіліңіз тола ма?

Компанияда бүгінде 60-70% жас мамандар жұмыс істейді. Жас мамандарды үйретіп, жұмысқа иландырып жатырмыз. Маман қызметкерлерді дайындау мәселесіне біз көп назар аударамыз. Сондықтан, жас мамандарды даярлау – компаниямыздың мақсатты стратегиясына жатады. Осы мақсатымен біздің компания 2012 жылы арнайы турде Кентау қаласында Кентау политехникалық колледжін ашты. Колледжте жастарды келесі мамандар бойынша оқытады: «Электроподстанциялар, подстанциялар және желудің электрожабдықтары», «Электрожабдықтау», «Электр және электромеханикалық жабдықтардың техникалық пайдалануы мен жөндеу және қызмет ету», «Өндірістегі

Page 118: журнал

118

есебі мен аудит». Сонымен, біз бұл колледжде Қазақстанның электроэнергетика саласына керек мамандарды даярлаймыз. Колледжінің студенттері дуалды жүйесі боынша оқиды. Мұндай дуалды жүйесі Германияда, Норвегияда және Францияда қолданылады. Сонымен қатар біз Алматы энергетика және байланыс университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Қарағанды мемелкеттік техникалық университетіме және басқа жоғары оқу орындарымен көп жылдан бері тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Аталған оқу орындарының студенттері «Alageum Group» компаниялар тобына кіретін Өндірістік кәсіпорында тәжиребесін өтеді. Көбісі өндірістік тәжиребесін

өтіп және диплом алған соң бізге жұмысқа кіреді. Өзімізде өз қаражатымыздан арнайы оқу курстары да қарастырылып отыр. Сондықтан көңіл толады деп айта аламын. Әрине жас болған соң, кемшіліктер кездесіп жатады. Дегенмен, барлығы тәжірибемен келеді ғой. Әр нәрсеге түсінушілікпен қарап, жас мамандарымызды сапалы кадр етіп жасауға мүмкіндік бізде көп.

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қандай ұғым? Қадірі мен қасиеті неде?

Алдымен Тәуелсіз болу ол басқа бір мемлекеттің қарамағында болмау деген сөз. Өз алдына дербес, өз шешімдерін қабылдай алатын еркін елде өмір сүреміз біз. Ол – Қазақстан.

Тәуелсіздік қазақ жеріне оңай келмегендігі тарихтан белгілі. Арғысын айтпай-ақ, бергі 1986 жылды көз алдымызға әкелсек, мұның қадірін түсіне түсеміз. Сондықтан, Тәуелсіз ел болу бақыт деп білемін. Мәселен, шетелге барып, жарысқа түсетін спортшылармызды, басқа тарландарымызды айтатын болса, олар Қазақстан деген елді жарнамалайды, әлемге танытады. Міне нағыз еркін болу осы деп ойлаймын мен.

Сүбелі сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Сембайқызы

Page 119: журнал

119

Page 120: журнал

Серік Ерубаев Депутат