69 (3126) 2014-06-24

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 69 ÒÆÊÒÆμ 24 ÍÁÔÒÜÍ ÇÜÌ 6+$0<.= ÜÍ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +32°..+30° +22°.. +20° Бастау Бүгінде өз азаматтарына бейбіт әрі берекелі өмірді қамтамасыз етіп отырған, жетілген нарықтық экономикасы бар, қазіргі заманғы демократиялық мемлекет ретінде қалыптасқан тәуелсіз Қазақстан өз болашағына сеніммен қарайды. Та- рихи тұрғыдан алғанда оның қысқа, бірақ оқиғаларға мейлінше толы жыл- намасында ірілі-ұсақты жеңістер жетіп артылады. Оның бәрін санамалап шыға да алмайсың. Ал осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануынан бастау алып еді-ау, мұның өзі сол кездің сая- си жүйесінің координатында оның республиканың бірінші басшысы болып бекітілгенін білдіретін. Сондықтан да бүгінгі осы жария- ланым арқылы азаматтарымыздың зердесіндегі сол жылдардың басты деректері мен жағдаяттарын тағы бір рет жаңғыртқымыз келіп еді. (Жалғасы 6-8 беттерде) ʫˬ˙˘˳ˮ೮ ˭˧˲˧ ˭˟ˮ ೪ˣ˭˟˵˧ ˵˘೪˲˙ˮ˘ ೪˘ˬ˘˭ ˵˘˲ - ˵˱ ˢ˲˛˟ˮ˧˭˞˧ ˪ˣ˧ ೪˘˲˘೪˵ ˯೪˲˭˘ˮ ˢ˘೪˳ ˙˧ˬ˟˞˧ ˞˟˱ ˯˥- ˬ˘˥˭ˮ ˁ˯ˮ೮ ˧˾˧ˮ˞˟ ˯˳ ˭˘೪˘ˬ˘˞˘ ೪˘˭˵ˬ˘˵ˮ ˪˟ˣ˟೮ ˳ˣ ˟˵˧ˬ˛˟ˮ ˢ˘˲ˤˬ˘ˮ˭˞˘˲˭ ˞˘ ˙˘˲ ʮ˘೪ˮ˞˘ ˲˟˞˘˪˻ˤ ˵˘- ˲˘˱ˮ˘ˮ ˙ˬ ˭ഉ˳˟ˬ˟˛˟ ˙˛˧ˮ˛˧ ˪ˮˮ˧೮ ˵˲೦˳ˮ˘ˮ ೪˘˥˵˘ ೪˘˲˘˶ ˢˮ˧ˮ˞˟ ˵˧ˮ˧˾ ˘˥˵ˬ˞ ʽ˥ˬ˘- ˮ˱ ˵˯ˬ೦˘ˮ˱ ೪˯ˬ೦˘ ೪˘˥˵˘˞˘ˮ ೪˘ˬ˘˭ ˘ˬ˞˭ ˀ˘˳ˮ˞˘ ˞˘ ഉˬ˧ ˞˟ ˙˘˳ˮ ˘˾˘ ˵˯ˬ೪˵˲˘ ˵˳˟˵˧ˮ ˢ˘˥ˬ˘˲ ˙೦˘ˮ ˞˟˥˧ˮ ˘˥ˮ˘ˬ˭೦˘ ˵˳˧˲˧ˬ˭˟˛˟ˮ ˹˘˪˵˧ˬ˟˲ ˙˘˲ ˟˪˟ˮ ʺˮ೮ ˣ˧ ʫˬ˙˘˳ˮ೮ ˟ˬ˧ ˾˧ˮ ˟˵˪˟ˮ ˟೮˙˟˛˧ˮ˧೮ ˟˲˟ˮ˞˧˛˧ˮ˟ ˵˘೦ ˙˧˲ ˞ഉˬ˟ˬ LjǜDZǨɜǮ ɅƼǍǗLjƽǁdžNJƾ ɅǜǣǜɆǭǮǜǩ njǡǭǫǯǝǧǤǦǜǭǷ NjǬǡǣǤǠǡǩǮȂ džǡɎǭǡǭȂǩȂɎ ǝǜǭǮǷȾǷ Бүгінде елімізде 90 мыңға жуық азамат мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп келеді. – Өткен жылы Прези- дент жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні деп бекітілгені белгілі. Бұл мереке биыл алғаш рет той- лануда. Қай мемлекетті алсақ та, оның өсіп-өркендеуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Олай болса, ел астанасының дамуына ат- салысып жүрген, ыстығы мен суығына төзе білген, бар білімін елдің қалыптасуына арнаған сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет саласын табысты рефор- малау және бәсекеге қабілетті, сауатты, білікті мамандармен толықтыру ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая- си ұстанымының нәтижесі деп білемін. Сондықтан, ел алдындағы міндетімізді барын- ша жауапкершілікпен атқаруға шақырамын, – деді қала басшы- сы құттықтау сөзінде. (Жалғасы 2-бетте) ʶ˟˾˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚˵˧೮ ೪˘˵˳˶˭˟ˮ ˟ˬ˯˲˞˘˞˘ ˘ˬ೦˘˾ ˲˟˵ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ೪ˣ˭˟˵˾˧ˬ˟˲ ˪ˮ˧ˮ˟ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˳˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˢˤˮ ˵˵˧ YĚěĚěģ ĮıĠĠĖģ YĝĚIĠĨěĦ ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ВЕЛОСИПЕДКЕ ҚОНАДЫ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˵˯˥ˮ˘ ˯˲˘˥ ˘˥˳˘˲ ˪˟˲˶˟ˮ ˘˾೪ ˙೪˘˲˘ˬ೪ ˚˟ˬ˯ˢ˘˲˳ ˥˭˞˘˳˵˲ˬ˘˞ ʥˬ ೪˘˥˲˭˞ˬ೪ ˙˘೦˵ˮ˞˘೦ ˾˘˲˘ Ϯϵ ˭˘˶˳˭ ˪ˮ˧ ˁ˘ˬ˵˘ˮ˘˵ ˳˘˲˘˥ ˘ˬ˞ˮ˞˘೦ ˘ˬ˘೮ˮ˘ˮ ˙˘˳˵˘ˬ˘˞ ʦ˟ˬ˯ˢ˘˲˳೪˘ ˪˟ˣ ˪˟ˬ˛˟ˮ ˘˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘ ˵˲೦ˮ ˭˟ˮ ೪˯ˮ˘೦ ೪˘˵˳˘ ˘ˬ˘˞ Жарыс алдында әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ұсынылады. Сәтті нөмір сәйкес келген велошабандоздарға жиырма жаңа велосипед тарту етілмек. Аукцион мен веложарыстан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытып жүрген «Қайсар» спорт клубының тәлімгерлеріне беріледі. (Жалғасы 3-бетте) ǴǬ" ʽǧǰǫǧ" ʽǧǿǧǴ" ǸǶǵǷǹ mǍƼǑljƼǀƼlj ǍʃLJǁLj} DZǜǧǷɆǜǬǜǧǷɆ ǮǡǜǮǬ ǰǡǭǮǤǞǜǧȂǩȂɎ ǝǜȾǠǜǬǧǜǨǜǭǷ ƽnjƼǃDŽLJDŽǛǀƼȽǗ ƼljǗɅ 5 12 11

Upload: -

Post on 11-Mar-2016

239 views

Category:

Documents


3 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №69 (3126) 24 маусым 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 69 (3126) 2014-06-24

69 24

+32°..+30°+22°.. +20°

Бастау

Бүгінде өз азаматтарына бейбіт әрі берекелі өмірді қамтамасыз етіп отырған, жетілген нарықтық экономикасы бар, қазіргі заманғы демократиялық мемлекет ретінде қалыптасқан тәуелсіз Қазақстан өз болашағына сеніммен қарайды. Та-рихи тұрғыдан алғанда оның қысқа, бірақ оқиғаларға мейлінше толы жыл-намасында ірілі-ұсақты жеңістер жетіп артылады. Оның бәрін санамалап шыға да алмайсың.

А л о с ы н ы ң б ә р і Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануынан бастау алып еді-ау, мұның өзі сол кездің сая-си жүйесінің координатында оның республиканың бірінші басшысы болып бекітілгенін білдіретін.

Сондықтан да бүгінгі осы жария-ланым арқылы азаматтарымыздың зердесіндегі сол жылдардың басты деректері мен жағдаяттарын тағы бір рет жаңғыртқымыз келіп еді.

(Жалғасы 6-8 беттерде)

-

-

-

-

Бүгінде елімізде 90 мыңға жуық азамат мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп келеді.

– Ө т к е н ж ы л ы П р е з и -дент жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні деп бекітілгені белгілі. Бұл

мереке биыл алғаш рет той-лануда. Қай мемлекетті алсақ та, оның өсіп-өркендеуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Олай болса, ел астанасының дамуына ат-салысып жүрген, ыстығы мен суығына төзе білген, бар білімін

елдің қалыптасуына арнаған сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет саласын табысты рефор-малау және бәсекеге қабілетті, сауатты, білікті мамандармен толықтыру ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая-

си ұстанымының нәтижесі деп білемін. Сондықтан, ел алдындағы міндетімізді барын-ша жауапкершілікпен атқаруға шақырамын, – деді қала басшы-сы құттықтау сөзінде.

(Жалғасы 2-бетте)

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ВЕЛОСИПЕДКЕ ҚОНАДЫ

Жарыс алдында әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ұсынылады. Сәтті нөмір сәйкес келген велошабандоздарға жиырма жаңа велосипед тарту етілмек. Аукцион мен веложарыстан түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытып жүрген «Қайсар» спорт клубының тәлімгерлеріне беріледі.

(Жалғасы 3-бетте)

51211

Page 2: 69 (3126) 2014-06-24

Жастарға арналған би кешін-де эстрада жұлдыздары Әли Оқапов, Ғалымжан Молданаза-ров, Алмас Кішкенбаев, Викто-рия Дайненко, Алексей Чумаков, Юлия Ковальчук және «Ринго», «Орда», «Кешью» топтары өнер көрсетті. Сонымен қатар, әлем сахнасына кеңінен таны-мал Араш, дэнсхол-орындаушы Шон Пол, DJ Mike Zakon мен оңтүстік-кореялық бойз-бэнд MBLAQ жастардың көзайы-мына айналды.

Айта кеткен жөн, «ЭКС-ПО-2017» ұлттық ком пания сы-

ның ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет шығармашылық ойын-сауық түрлері өткізіле бас тады. Концертте Амстер дам қаласынан арнайы әкелін ген энергетикалық шоу-бағдарла-ма лар көрермен назарына ұсы нылды. Жаңа технология дене қозғалысынан энергия алу арқылы түрлі би инсталляция-ларын жасап шығарады. Кеш соңында жиналған жұрт ЭКС-ПО қала шығының 3D үлгісін тамашалады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

«Қазақстан» орталық концерт залында елордалықтар «Опералия» халықаралық фестивалі аясында «Әлем ба-лет жұлдыздары – Астанада» гала-концертін тамашалады.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында халықаралық мұражай күніне арналған «Жида жауһарлары» көрмесі өтеді.

Тәуелсіздік сарайында Кәсіпкерлер ұлттық палатасының І съезі ашылады.

Елордада 980 әмбебап полицей жұмыс істейді.

Төл мереке қарсаңында қызмет ба-бында іскерлігімен ерекше көз ге түскен жандарды елорда бас шысы «Үздік мемлекеттік қызметші» белгісімен арнайы мара пат тады. Үдеден шыққан үздік тер қатарында Астана қаласы әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы Қанікен Кәрібаева, Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Бақытгүл Сүлейменова, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев бар. Сондай-ақ, Алматы ауда-ны әкімдігінің кеңсе басшысы Людми-ла Фомичева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Әбуова және Астана қаласы бойын-ша Қазынашылық департаментінің басқарма басшысы Баян Сыдықова

қала әкімі атынан алғыс хат иеленді. Салтанатты шараның соңында

мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар ант қабылдады. Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттіктің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы Тілеген Қасқин құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар мемлекеттік қызметшілерді дипломмен марапаттады.

– Жаңа үлгідегі мемлекеттік қызмет тұжырымдамасында көрсетілген басымдықтарды есте ұстау – қай-қайсысымыздың міндетіміз. Тиім-ділік, нәтижелілік, меритократия, ашықтық және тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру қызмет бабындағы басты бағытымыз болмақ. Өздеріңізге белгілі, «А» корпусы жуырда ғана құрылды және тиімділігін көрсетуде.

Астанада мемлекеттік қызмет сала-сында аймақтық хаб іске қосылып, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі барынша жеңілдетілді. «Командалық ауысуға» тосқауыл қойылып, заң шеңберінде этикалық және тәртіптік қадағалауды сақтау күшейіп келеді. Елімізде мемлекеттік қызметшілер күнін атап өту осы салада тер төгіп жүргендердің абыройын арттыруға, Елбасы жариялаған «халық пен мемлекетке қызмет ет у басты басымдық» қағидасы арқылы кәсіби мемлекеттік аппарат қызметінің негізгі ұстанымдарын дәріптеуге ықпал етпек. Ендеше, күні-түні ел игілігі жолында аянбай тер төгуге шақырамын, – деді Т.Қаскин.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Атап айтқанда, олар: Қабан бай батыр даңғылындағы 56 пәтер-лік, жалпы көлемі 8659,5 шаршы метр «Триум-фальды», Ақбұлақ шағын ауданындағы 60 пәтерлік, жалпы көлемі 7061,2 «Милан орамы», Сығанақ көшесінің оң жағында орналасқан 172 пәтерлік, жалпы көлемі 21716 шаршы метрлік «Ағылшын орамы» және Тельман тұрғын үй алабындағы «Саранда» VIP-қалашығы.

Жыл сайын атаулы мереке қарсаңында, Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын қоса

есептегенде, 1 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі.

Бұл – елордалық ардагерлер үшін жыл сайын көрсетілетін құрметтің бір парасы ғана. Өткен жылы да мереке қарсаңында бірнеше қария Астана мәслихатының шешіміне сәйкес емдеу орындарының тегін жолдамасымен қамтамасыз етілген болатын. Биыл да қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Жеңістің 69 жылдығын мерекелеу кезінде он ардагерге «Жасыл орман» ши-пажайына тегін жолдама ұсынды. Міне, Астана күні қарсаңында оған барып демалудың сәті түсіп отыр.

Жұма ҚАЗИЕВ

(Басы 1-бетте)

Page 3: 69 (3126) 2014-06-24

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

ек к

өзде

рі: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

– Вера Владимировна, жыл сайын өткізілетін «Астананың үздік тауары - 2014» аймақтық байқау-көрмесінің мақсат-міндеті қандай?

– Бұл байқау-көрменің мақсаты – отандық өнімнің сапасы мен кә-сіпкерлердің белсенділігін артты-рып, қазақстандық нарықты жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім-мен қамтамасыз ету. Үздіктерді анықтайтын конкурс кәсіпорындар арасында сапа менеджментін дамытуға да ықпал етеді. Бүгінде Астана экономикасының 60 пай-ызын орта және шағын кәсіпкерлік

құрап отыр. Сондықтан олардың ішінде қызметін белсенді жүргізіп, жұртшылықтың көңілінен шығып отырғандары баршылық. Байқауда сол үздіктер үзеңгі қағыстырып, ең жақсы өнімін ұсынатын болады.

– Сонда байқау-конкурс қан-дай аталымдар бойынша өтеді?

– Е л о р д а н ы ң к ә с і п к е р -өндірушілер «Үздік өндірістік тауар», «Тұрғындарға арналған үздік тауар», «Үздік азық-түліктік тауар» аталымдары бойынша сайысқа түседі. Бір ескерерлігі, б а й қ ау ға ұс ы н ы л ған тау а р -лар сапасына, сертификатталу

өлшемдеріне және ең бастысы тұтынушылардың пікіріне қарай бағаланатын болады.

– Байқау-конкурста жеңімпаз болғандарға кәсібін дамытуға қандай да бір басымдықтар беріле ме?

– Әрине. Үзд іктер баға лы сыйлықтармен марапатталумен қатар республикалық деңгейде өтетін үздік тауарлар конкурсы-на қатысуға жолдама алады. Әрі кәсібін дамытуға гранттар алу сынды мемлекеттік қолдауларға ие болды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Аталмыш шараға елорда тұрғындары мен қала қонақтары, полиция жеке құрамы және олардың отбасы, сондай-ақ өнер жұлдыздары қатысты. Келушілер қару-жарақтың түрлерімен қоса, «Робинсон – R44» тікұшағының көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

Мерекелік бағдарлама аясында кинологиялық қызмет орталығынын мамандары кәсіби машықтарымен таң-тамаша қылды. Қызметтік-іздестіру иттерімен бірге талай қылмысты ашыпты.

Шарада жұртшылық салт атты полицияның атқаратын қызметімен де кеңінен танысты. Жол-патрульдік полициясының кавалериялық взвод қызметкері Ерболат Бегалин кейде көлік жүре алмайтын тар әрі қауіпті аймақтарға осы тұлпарлармен баруға тура келетінін айтты.

Мерекелік кеш шеңберінде кір тасын көтеру, әскери жаттығулар, доп қағу сынды спорт түрлерінен сайыс, шахматтан блиц-турнир өткізілді. Жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бота ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ,студент

Шара шымылдығын Астана қалалық ІІД басшысы, поли-ция генерал-майоры Амантай Әубәкіров құттықтау сөзімен ашып, барша әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады. Ол полиция қызметінің жауап-кершілігі мен маңызына ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, ардагерлер Кеңесінің төрағасы Есім Кәрібайұлы Танаберге-нов: «Сіздер өз қызметтеріңізді үлкен абыроймен атқарып, азаматтардың заңды құқығын қорғау мен елордамыздың тыныштығын сақтауға әрқашан сақадай сайсыздар» деп, кейінгі ізбасарларына жылы лебізін білдірді.

Бұл мереке дәстүрлі түрде ең үздіктерді марапаттау рәсімімен жалғасты. Олар медальдармен, ҚР Ішкі істер Министрінің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттар-мен марапатталды.

Сондай-ақ , «Қазақ елі» монументі алаңында ішкі істер қызметкерлеріне су жаңа авто-көліктердің кілті табысталды. Осындай жақсылықтарға же-телеуші болып табылатын Астана қаласы әкімдігінің арқасында департамент материалдық-тех-никалық жағдайын жақсартып, игілігін көріп келеді. Қазіргі уақытта Астана қалалық ІІД жол-патрульдік полиция полкі-нің автопаркі отандық авто-көліктермен толыға түсуде.

Полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров: «Бұл жаңар-тулардың барлығы бас қала – Астанамыздың көркейе түсуі мен ондағы қоғам қауіпсіздігі мен тыныштығын нығайтуға негіз боларына кәміл сенемін» деп, еріне қамқор болған ел мен елорданың болашағынан үлкен үміт күтетінін айтты.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

(Басы 1-бетте)

Веложарыс барысындағы қайырымдылық шарасына Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бақтияр Ар-таев, Ермахан Ибрайымов, Юрий Мельниченко сынды Олим пиада жеңім паздары мен меценаттар, отан дық эстрада жұлдыздары келеді. Сонымен бірге, «Астана» вело командасының атынан лотты аукцион ұйымдастырылады.

Веложарыстың барлық бағ-дарында алғашқы медициналық көмек көр сету және қан қысымын

өлшеуге арналған нүктелер қарас-тырылған. Салтанат сарайы алдын-дағы алаңда минералды су тарату нүктесі орналасады.

Бұл веложарыс спорттық дода емес, мұның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жас-тарды белсенді дене шынықтыру мәдениетіне, әсіресе, велосипед спортына тарту.

Әр астаналық тіркелу арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар ара-сында спорттың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алады.

Асхат РАЙҚҰЛ

Веложарыс бағдарының ұзақтығы – 4600 метр.Веложарыс мәресі – «Сарыарқа» велотрегі алаңы.Қатысушыларды тіркеу уақыты – 8:00.Қатысушыларды қатарға тұрғызу уақыты – 8:40.Веложарыстың басталу уақыты – 09.00.Веложарыс мәресі, қатысушыларды сахна алдына тұрғызу уақыты – 09:30.«Веложарыстың ең жас қатысушысы», «Веложарыстың ең егде қатысушысы», «Спортқұмар отбасы» аталымдары бойынша марапаттау уақыты – 10:00.Қозғалыс бағытының картасы жеке беріледі.

Онда Астана би мектептерінің шә-кірттері өнер көрсетіп, хореографтар қала тұрғындарына шеберлік сабақтарын жүргізді. Шара ұйымдастырушылары – «Форсайт» әлеуметтік-дамыту қоры. Алғашқы фестиваль латынамерикалық билер мәдениетіне арналды, алдағы уақытта жаз бойы «Астана Опера» алаңынан әлем халықтарының биін, заманауи билерді, шығыс билерін тама-шалай аласыздар. «Театр алдындағы алаң ашық аспан астында мәдени іс-шараны өткізу мақсатында салынған болатын. Енді жаз бойы астаналықтар осы алаңда би фестивальдерінің, түрлі концерт-тердің куәсі бола алады», дейді «Астана Опера» баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әскербекқызы.

Айжан ҚАСЫМОВА

Осы бағытта қазірдің өзінде қызу жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, қала күніне орай елорданың әр ауданында жүздеген адам еңбек етіп, аулалар мен демалыс орындарын қалпына келтіріп, жақсартуда.

Аулаларда асфальт-бетон жа-быны ауыстырылып, жаңа та-банжолдар, сәндік қоршаулар мен гүлзарлар салынады. Соны-мен қатар, жасанды жабыны бар

жаңа спорт алаңдары құрылады, т р е н а же рл а р о р н а т ы л ғ а н гимнастикалық алаңдар пайда болады, түрлі жастағы балаларға арналған шағын архитектуралық формалар орнатылады.

Таяу уақытта Астананың Алма-ты ауданында – 12, Есіл ауданында – 13, Сарыарқа ауданында 32 аула абаттандырылады.

Е.ЕСЛЯМОВ

Page 4: 69 (3126) 2014-06-24

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ТУFАН ЕЛДIТYЛЕТУДIН ТIРЕГI

Тәуелсіз Қазақстан тарихын-да Астананың қалыптасуы ерекше маңызды орын алады. Астананы салу – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерік-жігерімен және саяси көрегендігімен жүзеге

асырылған теңдессіз жоба. Ол – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарды сәтті жүзеге асыруының, елдің тұрақты дамуының айқын көрінісі.

Қазақстан халқы он алты жыл көлемінде құбатөбел ескі шаһардың түбегейлі қайта құрылып, жаңа әкімшілік орталықтың қалыптасқанына, ел егемендігін айшықтайтын ауқымды құрылыстардың, мәдени-рухани орындардың бой көтергеніне, тамы-ры терең тарихи ескерткіштердің, атаулардың халықпен қауышқанына куә болды. Әлемдік үлгідегі әрі ұлттық нақыштағы архитектуралық нысан-дар Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстан Республикасының әлемге ашықтығын, бейбітшілік пен татулықты ту еткен мемлекет екендігінен хабар береді. Қысқа мерзім аралығында қала қазіргі заманғы мегаполис деңгейіне көтеріліп, аймақтағы өзара ықпалдасу мен ынтымақтастықтың ұясына ай-налды.

Ағымдағы жылдың еліміз бен Астана тарихындағы алатын орны айрықша. Өйткені , Елбасы Жолдауынан басталған 2014 жыл «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясы, VII Астана экономикалық форумы, XII Еуразиялық медиа фо-румы сынды маңызды іс-шаралармен толықты. Осы орайда, еліміздің еңсесін көтеріп, экономикалық әлеуетін арт-тыратын Еуразия экономикалық

одағының құрылуын ерекше атап өтуіміз қажет. Аталған Одақты құру ту-ралы келісімшартқа қол қою рәсімінің Қазақстанда және Астана қаласында өткізілуі ұйымның мемлекетіміз үшін стратегиялық маңыздылығынан хабар

береді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2011 жылы жарияланған «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» атты мақаласында: «Еуразиялық одақ – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба. Ол қалыптасуы тарихтағы ең күшті жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстар ықпалымен басталған жаңа әлемдік архитектураның органикалық бөлшегі болудың барлық мүмкіндіктеріне ие» деп, оның келешектегі кемел жетістіктеріне сенім артты. ЕЭО құру идеясы «Нұр Отан» партиясының басшылығы мен партияластар тарапынан қолдау тауып, Астана қаласында еліміздің экономикалық даму перспектива-ларын талқылауға арналған келелі кездесулер өткізілді.

Елорданың биік еңсесі оның ішкі дамуымен біте қайнасып жатыр. Өйткені, ішкі даму мен тұрақтылық – сыртқы белсенділіктің негізі. Астана қаласының әкімі, «Нұр Отан» пар-тиясы Астана қалалық филиалының төрағасы И.Н. Тасмағамбетовтің жыл басындағы қала тұрғындарымен кездесуінде айтылғандай, қаланың ішкі өңірлік өнімі 2 трлн 700 млрд теңгені құрап, мемлекеттік бюджетке 610 млрд теңге қаражат түскен. Шағын және орта кәсіпкерлікке көрсетілген қолдаудың нәтижесінде олардың саны 55 мыңға жетіп, 1 трлн 200 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл сала қаламызда 190 мыңнан астам адамды

жұмыспен қамтып отыр. Яғни, Аста-на – өзін-өзі толығымен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүруіне мейлінше қолайлы жағдай жасайтын, елдің ішкі әлеуетін нығайтуға үлес қосатын бірегей орталық екендігі сөзсіз.

2012 жылы 14 желтоқсанда Ел-басы ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясы айбарлы Астананың дамуына тың серпіліс берді. Ол ту-ралы қала күніне орай жарияланған «Астана – Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» атты мақаласында Елбасы: «Бүгінде елорда-ны «Қазақстан-2050» стратегиясының өмірге жолдама алған жері деп айтуға толық негіз бар. Осы жерде «инемен құдық қазғандай» оның тұжырымдамалық бейнесі жасалды» деп атап көрсеткен еді. Президент Жолдауы негізінде Астананың 2050 жылға дейінгі дамуының стратегиялық

жоспары дайындалып, оны жүзеге асыру бойынша тиісті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді. Осы орайда Мемлекет басшысының тап-сырмасын іске асырудағы тұғырлы тірегі – «Нұр Отан» партиясының Астана қаласының гүлденуіндегі орнын айтуымыз қажет.

2013 жылы 18 қазанда өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінен кейін партияның Астана қалалық филиалы тың серпіліспен жаңа жұмыс бағытына көшті. Ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясы Елба-сы тапсырмаларын жүйелі орындау, халықпен нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында 12 партиялық жоба-ны іске асыруды қолға алды. Оның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек», «Партияның 50 жаңа тұлғасы» жобалары халық арасында кеңінен танылып үлгерді. Бір ғана «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы бойынша қаламыздағы 253 Ұлы Отан соғысы ардагеріне филиалдың бастауыш партия ұйымдары бекітіліп, олардың толық әлеуметтік картасы жасалды.

Бүгінде партияның Астана қалалық филиалында 328 бастауыш партия ұйымы, 27 партиялық бақылау бекеті, 26 қоғамдық қабылдау бөлімі бар. Беделі артып, биігі асқақтап келе жатқан «Нұр Отан» партиясы биыл партия мүшелеріне жаңа үлгідегі билеттерді табыстау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осы бағытта қалалық ба-стауыш партия ұйымдарында мүшелер тізімі қайта жаңартылып, олардың сапалық құрамына көңіл бөліне ба-стады. Қазіргі кезде Астана қаласы бойынша партия мүшелерінің саны 35198 адамға жетті.

Нұротандықтар қала дамуының барлық саласына қатыса отырып, « Қ а з а қ с т а н - 2 0 5 0 » с т р а т е г и -ясы мемлекеттік және партиялық бағдарламаларды тиімді жүзеге асырып келеді. Биыл партия төрағасының нұсқауына сәйкес, «Қазақстан.

2 0 1 7 м а қ с а т т а р ы . Ұ л т т ы қ і с -қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойын-ша биліктің атқарушы органдары-на партиялық бақылауды күшейту жұмыстары жалғастырылды. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Балапан», «Ақ бұлақ», «100 мектеп, 100 аурухана», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Бизнестің жол кар-тасы - 2020» сынды әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар аясын-да құрылыс жұмыстарының сапалы және уақтылы жүргізілуі, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, жемқорлық қарекеттерінің алдын алу мәселелері филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы тара-пынан ұдайы бақыланып келеді.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы қоғамның бірден-бір қозғаушы күшіне айналып үлгерді. Партия мемлекеттік органдарды әлеуметтік-саяси маңызды мәселелерді талқылауға, қоғамдық іс-шараларға қатысуға, халықпен тығыз байланыс орнатуға шақырады. Астананың айшықты ажары – оның тұрғындары екенін ескерер болсақ, елордалық партия ұйымына осы бағытта үлкен жауапкершілік жүктелген. Себебі, Астана – әртүрлі ұлттар мен ұлыстарды, әр сала мамандарын, білім алып, жұмыс істеуге келген жастарды, шетелдік қонақтарды біріктіретін орта. Жалпы саны бір миллионға жетіп қалған қала тұрғындарының басым көпшілігі – еліміздің шет аймақтарынан келген азаматтар. Оларды ортақ мұратқа жұмылдыру, Астананың күнделікті ты-нымсыз тіршілігіне араластыру, жалпы Астанаға тән дәстүр қалыптастыруда партияның алатын орны үлкен болмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келе жатыр.

Астана – еліміздің айнасы. Шет елдерден, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар қала тұрғындарына қарап ой түйеді. Бүгінгі астаналық жаңа қазақстандық

,

Page 5: 69 (3126) 2014-06-24

5

патриотизмнің, тәрбиенің, тазалықтың үлгісін көрсете білуі қажет. Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімі әркімнің өз қаласы мен ауласынан басталатыны-на азаматтар Астанаға келгенде көз жеткізуі керек. Астананы құрметтеп, тек мерейтойында ғана емес, жыл он екі айда тазалыққа, сүйіспеншілікке бөлейтін болсақ, оның да тұрғындарға берері мол болмақ. Осындай ортақ міндетке «Нұр Отан» партиясы мен Астана қаласының әкімдігі ғана емес, ар-дагерлер, зиялы қауым өкілдері, жалпы қалалық қауымдастық үлес қосуы қажет. Бұл – тұрғындардың Астанаға деген шексіз ықыласы, мерейлі мерейтойына деген сый-құрметі болады. Астананың он алты жылдық дамуы болашақта қала алдында тұрған қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларды жүзеге асырудың іргетасын қалады. Аталмыш жоспарлардың уақтылы және сапалы орындалуы әр азаматтың өмір сүру сапасына әсер етеді. Сондықтан, біздің ортақ жауапкершілігіміз, туған қалаға деген ыстық ықыласымыз ғана күн тәртібінде тұрған мәселелерді тез еңсеруге мүмкіндік береді.

Биыл – «Нұр Отан» партиясы мен Астана қаласы үшін ерекше мерзім. Өйткені, Астана қаласының он алты жылдық мерейтойы мен «Нұр Отан» партиясының он бес жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздіктің төл жемісі, қос тізгіні – «Нұр Отан» партиясы мен елордамыз қатар аяққа тұрып, бірге өркендеп, елдің көшін өрге қарай сүйреп келе жатыр. Партия құрылған уақыттан бастап оның мүшесі атанған құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, ардагерлер, әр саланың мамандары қаланың іргетасын қалауға бір кісідей атсалысты. Олар бүгінде «Нұр Отан» партиясының мүшелері ретінде Астана қаласындағы қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді қатысып, партияның бағдарламалық мақсаттарын жүзеге асыруға және қаланы гүлдендіруге зор үлес қосып келеді.

« Н ұ р О т а н » п а р т и я с ы Қ а з а қ с т а н н ы ң г ү л д е н у і м е н жетістіктерінің нышаны – Аста-наны дамыту сынды стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда Мем-лекет басшысы, партия төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тұғырлы тірегі болып келді және бола береді де. Біз, елордадағы нұротандықтар, нақты іс-қимылдар мен өзара ықпалдасу, әркімнің дербес құлшынысы мен қалалық қауымдастықтың бекемдігі арқылы Астананың көркеюіндегі жаңа белеске көтерілеміз деген сенімдемін.

Президент жоғарыда аталған мақаласында айтқандай: «Астана – Қазақстанды әлемге танытқан, дамудың жаңа биіктеріне бастаған, халықты топтастырған біздің бүкіл қазақстандық жалпыұлттық идея». Ал, Елбасы тізгінін ұстаған «Нұр Отан» партиясы елорда дамуының маңызды тетігіне айналғанына көз жеткізіп отыр-мыз. Егемен ел үшін мәні мен мәртебесі бөлек «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылысы да осы жылдан бастау алды. 2017 жылы қаламызда «ЭКСПО - 2017» көрмесімен қатар мемлекеттік маңызды іс-шара – кезекті парламенттік сайлау өтеді. Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндікті тиімді пай-далану үшін беделі биік іс-шараларға бар күш-жігерімізді салып дайындалу. Астана – Қазақстанның бүгіні мен келешегі. Ендеше, бүгініміздің беделді, келешегіміздің кемелді болуы – өз қолымызда.

Қазір Астанада түрлі бағыттар бой-ынша жолаушылар тасымалдаумен 8 көлік компаниясы айналысады. Олардың біреуі – коммуналдық автопарк, жетеуі жекеменшік болып табылады. Бұл авто-парктерде 890 автобус тіркелген. Олардың 734-і күн сайын жолаушылар тасымалдауға шығып, 50 бағыт бойынша қатынайды. Дегенмен, бұл қоғамдық көлік қаланың барған сайын өсіп отырған сұранысын қанағаттандыра алмайды. Қазірдің өзінде қалаға 300-ден аса автобус жетпей отыр.

Аталмыш мәселені шешуге қала әкімдігі мықтап кірісті. Биыл Астана қаласына газбен жүретін «IVECO» маркалы 350 жаңа автобус сатып алынбақ. Ал, тозығы жеткен автобустар толықтай қолданыстан шығарылады.

Келісімге сәйкес Франция компаниясы 1 тамызға дейін Астана қаласына 200 жаңа автобус жеткізеді. Қалған 150 авто-бус ағымдағы жылдың бірінші қазанына дейін әкелінеді. Бұл инвестициялық

жобаға жұмсалатын қаржыны «Астана ЛРТ» ЖШС «CAFAS» компаниясының сақтандыру кепілдігімен Германияның «CommerzBank» банкінен тиісті несиеге алды. Жобаның жалпы көлемі – 91 мил-лион еуро.

Сатып алынған жаңа автобустар шілде айында іске қосылатын коммуналдық автобус паркінің қарамағына беріледі. Қазіргі уақытта 8,48 гектар жер телімінде осы болашақ автобус паркінің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр.

Табиғи газбен жүретін бұл автобустар-да барлық жағдай жасалған. Олардың едендері төмен, пандустар орнатылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатынауына да өте қолайлы. Сонымен қатар, жаңа автобустардың ішінде мүгедек арбалары орналастырылатын орындар бар. Мұндай қолайлы автобустар Фран-ция қалаларында көптеп қолданылады екен. Әкелінетін автобустардың 270-інің ұзындығы 12 метр болса, 80-інің ұзындығы

ЖАЙЛЫ АВТОБУС КОЗКАРАСТЫ ЖАНАРТАДЫ

18 метрге тең. Бұл көліктер елорда қатынасы үшін өте тиімді болмақ.

Ж а ң а а в т о б у с т а р д а қ ы з м е т с а п а -сына қойылатын талап та күшейеді. Енді жүргізушілер біліктілігін арттыру орталығында оқып, кондукторлардың орнын электронды аппараттар алмастырады.

Сонымен қатар, қала ішіндегі қашық бағыттарға жолаушыларды жедел әрі қолайлы көліктермен тасымалдау үшін балама қоғамдық көлік жүйесін енгізу тұрғындар үшін маңызды. Қалада 271 мың көлік құралы тіркелген болса, басқа өңірлерден және қала маңайындағы елді мекендерден 100 мыңнан астам көлік қатынайды. Осының салдарынан көшелерде көлік кептелісі орын алады. Таңертеңгі әрі кешкі уақытта автобустар кешігіп жатады. Мұндай жағдайлар болмас үшін BRT (Bus Rapid Tranzit) – қала көшелеріндегі арнаулы жолақтар арқылы жүретін жедел автобустар қатынасы жүйесін қолданысқа енгізу көзделіп отыр. Бұл жоба үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең құрылысы жақында басталады (ұзындығы 22,4 шақырым 26 бекеттен, жылжымалы құрам 27 бірліктен тұрады). Бірінші кезеңді 2016 жылдың наурыз айында пайдалануға беру көзделініп отыр. Ал, жедел жүретін автобу-стар желісінің екінші және үшінші кезеңдері тиісінше 2015 және 2017 жылдары пайдалануға берілмек. Осы жобаның жүзеге асырылған кез-де тұрғындар қалада жекеменшік машинамен жүргеннен гөрі қоғамдық көлікке отырудың анағұрлым тиімді екенін түсінеді.

Халық саны артып, жеңіл көліктер көбейген сайын Астана көшелері де тарлық етуде. Бұл мәселені шешуде айналма жолдар салынып, көше қиылыстары кеңейтіліп жатыр. Ал жылдамдықты асырып, қоғамдық тәртіпті бұзған жүргізушілермен қатаң күрес жүргізіледі.

Еркежан СӘТІМБЕК

Page 6: 69 (3126) 2014-06-24

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)1985 жылы КСРО басшылығына

КОКП Орталық комитетінің жас та жігерлі жаңа Бас хатшысы Михаил Горбачевтің келуін және ол жариялаған қайта құру, жариялылық пен жеделдету бағытын жұртшылық ыстық ықыласпен қарсы алып еді. Одан Нұрсұлтан На-зарбаев та шет қала алмады. Өйтпегенде ше, қайта құру жария еткен билік шешімдерін қабылдаудағы барынша ашықтық, кәсіпорындардың өзін-өзі басқаруы мен еңбек ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік басқарудағы құқықтарын кеңейт у, жергілікті кеңестердің өкілеттіктерін нығайту, нарық элементтерін енгізу арқылы экономикалық тиімділікті арттыру қажеттілігі туралы идеялар – оның өз сенімдерімен де, көңіл-күйімен де үндес еді. Оның үстіне, дүниетанымы 1960-шы жылдардағы Хрущевтің жылымығы мен Косыгиннің реформалары тұсында қалыптасқан Нұрсұлтан Әбішұлы бұл кезде жаңа қадамды жас талап қана емес, кеңестік саяси құрылым мен экономикадағы ахуалдың мән-жайынан жақсы хабардар, кемеліне келіп үлгерген басшы да еді.

1984 жылы 44 жастағы Н.Ә. Назарбаев КСРО-дағы ең жас республика Премьер-министрі болған кезінде ол қазақ стан-дықтардың Мәскеуден қамқорлық, жеңіл-діктер мен артықшылықтар емес, бар болғаны өздеріне деген әділ көзқарасты ғана күткенін жақсы түсінді.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қыз-мет көрсету, әлеуметтік қамсыз дан дыру, мәдениет, білім беру мен ғылым са-лаларында қалыптасқан ахуал байып-ты да сыни талдауды, шаруашылық жүр гізудің жаңа деңгейіне көшу үшін түбе гейлі шаралар қабылдауды талап етті. Жағдайды терең зерделеп, талдап-таразылай келе әрі мәліметтердің ресми насихатталуы мен нақты статистика ара-сында таң қаларлықтай алшақтықтардың бар екеніне көзі жеткен сайын Нұрсұлтан Назарбаев мұның өзі мұзтаудың тек су бетіндегі бөлігі екенін және түбегейлі де шешуші іс-қимыл уақытының жеткенін түсінді. Кешеуілдеуге болмайтын еді.

1986 жылдың ақпанында болған Қа-зақстан Компартиясының ХVІ съезін де кертартпа жүйеге қарсы алғашқы жа-риялы соққы берудің сәті келді. Съезде күтілген жып-жылмағай есептер мен дәстүрлі насихаттық қызыл сөздің ор-нына өткір әрі ең маңыздысы, бұдан әрі төзуге болмайтын тоқыраулы және келеңсіз құбылыстардың бәрі жөнінде нақты иесі аталып көрсетілген сын айтыл-ды. Съездегі «басты шырық бұзушы» басқа емес, нақ республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назар-баев болды.

Сын ауыл шаруашылығы мен эконо-миканың басқа да шешуші сектор ла-рындағы біліксіздік, ысырапшылдық, ұрлық-қарлық, көзбояушылық пен алаяқтықтың сорақы фактілерін түйреді. Әсіресе, қарқынының баяулауы бюджет қаражатын көрікті құрылыстарға, қала сыртындағы резиденцияларға бұрып әкетумен тікелей байланысты тұрғын үй құрылысындағы ахуалға өткір сын айтылды.

Е.Н.Әуелбеков, В.П.Демиденко, А.Г.Коркин, М.Р.Сағдиев секілді басқа да жетекшілердің сөздерін де азусыз деуге болмас, өйткені, съездің барысының өзі де өзгеше еді. Дегенмен, сол күндердің бас-ты дем берушісі болу Н.Ә.Назарбаевтың үлесіне тиген еді.

Бұл туралы көп жылдар өткеннен кейін еске алған кезде, сол ерекше съездің оқиғалары бейресми қоғамдық

пікірде сан-саққа жүгіртіле сөз болғанын айта аламын. Ол кезде тәуелсіз БАҚ-тар да, өзгеше ойлайтын басқа заңды пікірталас алаңдары да болмағандықтан, әрине, ондай жорамал-топшылаулар «дастарқан басында» ғана сөз етіліп жататын. Біреулер ол съезді Бас хатшы іс пен пікірталастарда «бейқамдық пен жайбарақаттық» ахуалынан арылуды та-лап еткен КОКП Орталық комитеті Сая-си бюросының жаңа бағытына шырай таныту деп есептеді. Екінші біреулерге ол Мәскеу жақтағы бас көрерменнің көңілінен шығуға есептелген өзіндік саяси қойылым болып көрінді. Үшінші біреулер «орталық» осындай форма арқылы бірінші хатшы Дінмұхамед Қонаевтың орнынан үміткер саяси күштердің байқауын өткізді деген бол-жамды ұсынды.

Алайда, мұның бәрі қияли болжаулар ғана еді. Нақты жағдай одан біршама күрделі әрі драматизмге толы болатын.

Назарбаевты көптен білетіндерге оның жігерлі күрескерлік мінезі де жақсы мәлім. Ол бұрыннан-ақ мәймөңкелікті білмейтін әрі ойын жасырмай айтатын батыл еді, ал 1985 жылы басталған жариялылық кезеңі оның күресін партиялық-аппараттық құпиялылықтың тұмшамалы ақпараттық ноқтасынан арылтып, барша қоғам үшін жарқыратып көрсетіп берді. Бұл жерде ол үндемей қала алмады.

Қарсы әрекет те көп күттірген жоқ. «Бас көтерушіге» қарсы қатаң қысым-мен бірге нағыз оқшаулау әрекеті де ұйымдастырылды. Н.Ә. Назарбаевтың қар жылық жағдайын тексеруге, сондай-ақ, оның қызмет бабын теріс пайдала-нып, мемлекет қаржысын жеке мүддесін қанағаттандыруға немесе еңбексіз табыс табуға пайдаланып жүрген-жүрмегенін анықтау жөнінде арнайы қызмет орган-дарына міндеттер жүктелді. Нұрсұлтан Әбішұлының бақытына қарай оған күйе жағатын материалдарды «жерден қазу» ешкімнің қолынан келе қоймады.

Біршама алға озыңқырап барып айтар болсақ, небәрі 2 жыл өткенде Н.Ә.Назарбаевқа қарсы мұндай шабу ыл д ы бірінші х ат шы Д . А . Қонаевтың орнына келген Геннадий Колбин де қолданып көрді. Колбин КОКП Орталық комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі байланыстарын пайдалана отырып, үйреншікті әдістерін қолданғанымен, ол Н.Ә.Назарбаевты қорқытып, беделін түсіре де алмады, «кұрметті» жоғарылату жолымен республикадан кетіре де алмады, онысының бәрі де сәтсіздікке ұшырады.

Үлкен төзімділік әрі кәдімгі адами әдептілік таныта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлының өз басы тап болған сол бір қырсықтар туралы кейіннен қысқа ғана қайыратынына таң қаласыз. 1989 жылы одан сұхбат алуға Алматыға кел-ген «Известияның» арнаулы тілшісі Павел Гутионтовтың өзіне: «1986 жылы Сіз Қазақстанның сол кездегі партия басшылығына алғашқы болып қарсы шықпап па едіңіз?» деген сұрағына Н.Ә. Назарбаев: «Мен қазір ол тура-лы айтпай-ақ қойсам деймін… Ай-тарым, тоқырау кезеңінде республи-ка басшылығында қалыптасқан стиль мен әдістердегі елеулі кемшіліктер ту-ралы өзім мінберінен ашық айтқан республикалық партсъезден кейін басы-ма бұлт үйірілді. Алайда, бірнеше айға созылған қысымға төзіп бақтым. Оның үстіне жинақтаған тәжірибем – тым тәуелсіз болу мені бұрыннан да «өз ұстанымымды сақтай білетіндей» етіп шыңдаған» деп жауап берді.

1986 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің «18 минөттік пленум» деген атышулы атауға ие болған ұйымдастыру пленумында Д.А.Қонаев бірінші хатшы қызметінен босаты-лып, оның орынтағына Г.В.Колбин отырғызылды.

Қайта құру үдерісі басталмай жатып-ақ іс жүзінде өз ұрандарының қадірін өзі кетірді.

Озық ойлы өкілдерінің пікірі арқылы кезекті кадр өзгерістерімен келіспеушілік танытқан қазақстандықтар үшін қы сыл-таяң кезең басталды.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары мен қазақ халқының басына түскен ауыр сынақ туралы аз жазылған жоқ. Алайда, мен бұл арада танымал құқықтанушы және тарихшы, академик Ғ.С.Сапарғалиев жасаған мына бір тұжырымды келтірейін: «…Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің жаңа бірінші хатшысын тағайындау туралы КОКП Орталық комитетінің шешіміне наразы болған жастар республика астанасындағы алаңға шыққанда оларға қарсы қару қолданылды, одан кейін өлім жазасына дейін үкім шығаруға барып, қатысушыларының көбін соттады. Сонысымен Коммунистік партия өзіне-өзі үкім шығарды, көп адам одан сырт айналды. Партияны таратқан кезде халық наразылық танытқан жоқ. Сөйтіп, Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетінің тағдырына тарихи нүкте қойылды».

Сол кездегі проблемалар үшін мен бар жауапкершілікті бір Колбиннің басына үйіп-төгу ойынан аулақпын. Олар оған дейін де, одан кейін де бастан асып жататын. Басты мәселе осындай іс жағдайын қалыптастырған саяси жүйенің өзінде еді. Тіпті, сондай жүйенің өзі де кадр тағайындауда қатты қателескенін мойындауға мәжбүр болды.

Бұрынғы үстірт қадамдардан бір айырмашылығы: бұл жолы Мәскеу рес-публикада жабық социологиялық зерт-теу сияқты бейресми бірдеңені жүргізген болды. Өздерінің ой-ниетін ашық жария етпей де, сондай-ақ оны онша жасыр-май да, арнайы уәкілетті адамдар түрлі саланың айтулы тұлғалары арасында сол кездегі партия-кеңес басшыларынан Орталық комитеттің бірінші хатшысы

ретінде кімге көңілдері ауатынын білу мақсатында сауалнама жүргізді. Сол жылдардың қоғамдық-саяси лексико-нында «рейтинг» деген сөз болмаса да, неғұрлым сәтті де оптимистік диа-граммалар Назарбаевқа келіп тоқайласа берген.

* * *Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан

Коммунистік партиясы Орталық коми тетінің бірінші хатшысы болып Қазақстан Компартиясы ОК ХV плену-мында сайланды.

Сол бір тарихи оқиғаларға орала оты-рып, өз пайымдауымша, оның кәдуілгі сыпайыгершілік сөздері мен рәсімдік жақтарын қағаберіс қалдырып, ең бас-ты эпизодтарына ғана көңіл аударып, мұрағат материалдарын тірілтіп көрейін.

Пленумда алғашқы болып Саяси бюроның мүшесі, КОКП Орталық комитетінің хатшысы Виктор Чебри-ков сөз алды. «Орталық комитеттің Саяси бюросы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне кандидатура туралы мәселені жан-жақты талқылады. Бұл орайда, Орталық комитеттің Бюро мүшелерінің пікірі де ескерілді. Нәтижесінде біз мынадай қорытындыға келдік: сіздерге, пленумға, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы етіп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлауды ұсынамын, – деді ол. – Ұсы-нылған кандидаттың өмірбаянын айтып беруімнің қажеті болмас – бірге жұмыс істегендіктен сіздер оны білесіздер. Н.Ә.Назарбаев осында, республикада үл кен мектептен өтті, не істелгенін, бұдан әрі республикада қайта құруды мақсатқа сай әрі дәйекті түрде өрістете дамыту үшін не істеу керектігін өте жақсы біледі. Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан Компартия-сы Орталық комитетінің бірінші хатшы-сы етіп сайлау туралы Саяси бюроның ұсынымын қолдауды өтінемін».

Пленумда сөз сөйлегендердің көпшілігі Нұрсұлтан Әбішұлын «Қазақстандағы қайта құрудың басты сәулетшілерінің бірі ретінде» сипаттады және байыпты өмір мектебінен өткен, жұмысшы әрі саясаткер ретінде шыңдалған ол нағыз лидерге айналды деген пікірлер олардың сөйлеген сөздеріне арқау болды.

Әсіресе, теміртаулық ардагер-метал-лург С.В.Дрожжиннің: «Мен Нұрсұлтан Әбішұлын 18 жылдан бері білемін. Қарағанды металлургия комбинатының қалыптасуының қиын жылдарында ол бізде партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. Мен жұмысшы адаммын, ол – партия қызметкері, бірақ біздің арамызда ешқашан кедергі болған емес. Партком хатшысы кабинетінің есігі бәріміз үшін әрдайым ашық бола-тын. Алайда, оның жұмыс орны көбіне кабинет емес, комбинаттың жалынды цехтары еді. Ал мен қарапайым жұмысшы ретінде айтайын: мұндай адаммен жұмыс істеу жеңіл де жақсы болмақ» деген сөзі айрықша әсер қалдырды.

Пікір алмасылғаннан кейін, Орталық комитет пленумдарының бүкіл тарихын-да тұңғыш рет бұл мәселе жабық, жасы-рын дауысқа салынды. Оған Орталық комитеттің 158 мүшесі қатысты. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Компар-тиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануына 154 адам дауыс берді. 4 кісі қарсы болды. Пленум жабық жасырын дауыс берудің хаттама-сын бекітті. Осылайша, Қазақстан Ком-партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

* * *Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ КСР бас-

шысы лауазымындағы қызметінің басталуы аса бір қолайсыз жағдайларда өтті дей салсақ, бұл ешнәрсе айт па-ғандық болар еді.

Page 7: 69 (3126) 2014-06-24

7www.astana-akshamy.kz

Ол халық тағдыры мен оның халқының болашағы таразыға тартылған күрделі өзгерістер уақыты болатын.

Жаңа басталған қайта құру өзіне жүктелген үлкен үмітті, бірінші кезекте – экономиканы сауықтыру мен адамдар өмірін жақсартуды ақтамады. 1980-ші жылдардың соңына қарай экономикадағы дағдарыс құбылыстары жедел асқына түсті. Одақтық орталық пен республи-калар арасындағы қайшылықтар, КОКП-ның тереңдей түскен идеологиялық дағдарысы, ушыққан этносаралық қа-тынастар, қоғамдағы әлеуметтік күй-зелістер өрши түскен сайын басқа да шешілуі қиын проблемалардың ауқымы жы лымықта аунатылған қар домбағындай өсе бастады.

Бүкіл Кеңес Одағы сияқты, Қазақстан да «митингілік демократия» сатысына кірді. Кейде адамдардың әлеуметтік наразылығы Жаңаөзендегі сияқты сти-хиялы жанжалдар, сондай-ақ, бірқатар облыстардың ірі өнеркәсіп орында-рында болған ереуілдер түрінде бой көрсетті. Оның үстіне сол уақытта Кавказда, Өзбекстанда, Приднестровье мен Балтық жағалауында азаматтық және этносаралық текетірестер іспетті бұрын болмаған қауіпті оқиғалар орын алып жатты.

Нұрсұлтан Әбішұлының абыройына қарай, мұндай қиын сәттерде ол жұрт-шылықпен батыл жүздесе білді, оларға не айтатынын да білетін. Дегенмен, кейін сол кездерде ол өзін «қыз ды-рыл ған табадағыдай» сезінгенін де жасыр май айтып жүрді. Сол кездің көп теген саясаткерлерінің аясында оның азаматтығы мен адами адалдығы ерекше байқалып тұратын. Пробле-малар қаншалықты өткір болғанымен де, ол ешқашан сол мәселелерді ашу-ызасы шегіне жеткен адамдармен ашық талқылаудан бой тартқан емес. Сол кезде наразылық қарсылықтары мейлінше бұқаралық әрі ұйымдасқан сипатқа ие шахтерлер мен металлург жұмысшылар арасында оның жолдастық мәнерде ашық әрі сондай-ақ әке айтатындай салиқалы сөз саптауы көптің аузы-нан шығып жататын аузыңнан ақ май ағызамын дейтін құрғақ уәделерден қилы қымбат бағаланатын. Осындай көзбе-көз кезде сулер мен әңгімелесулерден кейін қарапайым жұмысшылардың, брига-дирлер мен цех мастерлерінің: «Бізді түсінгені әрі құрметтегені үшін рахмет. Кезекті өтірікпен тойдырмай, бізге ащы шындықты айтып бергені үшін рахмет» деген моральдық қанағат сезіммен тарай-тындықтарына таңданатын ештеңе жоқ.

Проблемалар мен оларды шешу жол-дары туралы тұжырымын Нұрсұлтан Назарбаев сол 1989 жылы Мәскеуде болған КСРО халық депутаттары І съезінің мінберінен мейлінше нақты әрі дәлелді түрде баяндап берді.

Оның сол сөйлеген сөзі қысқа әрі тұжырымдық баяндауда жедел шешілуді қажет ететін, өзара байланысты мынадай 12 айқындамадан тұрды:

1) кеңес азаматтарының әл-ауқатына әсер ететін тауар тапшылығын жойып, баға өсімін тоқтату;

2) жалпы көрсеткіштер жалаң ғана өсіп, іс жүзінде тауар өндірісі тұтынушылар сұранысын қанағаттандырмай отыр-ғандықтан, елдің қаржы жүйесіндегі тең-герімсіздікті реттеу;

3) бұқараның іс-тәжірибесіне сүйенбей және аумақтық ерекшеліктер ескерілмей әзірленген шаруашылық есеп әдістерін жетілдіру;

4) республикаларға одақтық министр-ліктер мен ведомостволардың өктемдігін, КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің монополиялық әрі бақылаусыз қызметін тоқтату;

5) Арал мен Семейдегі экологиялық апат қа, ядролық, әскери және бактерио-логиялық полигондар мен зертханалардың

зиянды әсеріне байланысты проблемалар-ды шешу;

6) кірістердің одақтық және респуб-ли калық бюджеттер арасында әділетті бөлінуін қамтамасыз ету;

7) одақтық ведомстволардың жалпы-одақ тық стратегиялық нысандарда жер гілікті халыққа кемсіте қарау шылығы сияқ ты (мәселен, Байқоңырда, Май қайың-да және т.б.) залалды көзқа растан арылу;

8) жергілікті атқарушы органдарға кең өкілеттіктер беру мақсатында жер-гілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру;

9) тұрақсыздық қаупінің алдын алу, қоғам дағы тәртіптік талаптарды күшейту;

10) халықтар достығы мен шынайы интернационализм рухын сақтау, тота-литаризмнен онсыз да басқалардан көп зардап шеккен орыс ұлты мен Ресей халқын тоталитаризмнің қылмыстарымен шатастырмау;

11) республикалар мен олардың өкілдік-терінің жалпыодақтық органдардағы өкілеттіктерін кеңейту;

12) 1986 жылғы Желтоқсан оқиға-ла рынан кейін ұлтшыл деп әділетсіз әрі дәлелсіз айыпталған қазақ халқының ар-ожданын қорғап қалу.

Әрі бұл сөздердің Мәскеуде – әлі де құдіретті, бәрін де билеп-төстеуші одақтық орталық басшылығының ал-дында айтылғанын атап көрсеткен жөн.

Сөйтіп, сол уақыттың күрделі де қай-шылықты жағдайында Н.Ә.Назарбаев өзінің барлық күш-жігерін ол кезде күн тәртібінде тұрған басты түйінді проблема-ларды шешуге: түбегейлі экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру мен адамдардың тұрмысын жақсартуға, одақтық орталық пен республика ара-сындағы өкілеттіктерді нақты бөлуге, әлеуметтік тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға шоғырландырды.

* * *Экономиканың күрт құлдырауы,

Одақ өңірлері арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, одақтық орта-лықтың дәйексіз іс-әрекетінің аясындағы өндірісті ұйымдастыру мен олардың арасындағы кірісті бөлудегі сұмдық теңгерімсіздіктің сақталуы халықтың толық кедейленуіне, тауарлық әрі азық-түліктік тапшылығына душар етіп, күннен күнге өрісін кеңейте түскен бей-берекеттікті тоқтата алмады.

Бұл ретте Қазақ стан-ның жағ дайы КСРО-ның халық шаруашылығы кешені құрылымында оған шикізаттық рөл берілгендігімен күрде-лілене түсті.

Соның сал дарынан республи-ка өндірілген астықтың жартысына жуығын, еттің 1/3-ін, шикі мұнайдың 90%-тен астамын, көмір мен қара ме-талл кендерінің 3/4-ін, түсті металл мен қорытпалардың 2/3-ін сыртқа шығарды, мұның бәрі адам айтқысыз төмен бағамен сатқызылды. Сонымен бір мезгілде, Қазақстанға жеңіл өнер-кәсіп пен теміржол көлігіне арналған жабдықтардың 95%-іне дейін, металл кесетін станоктардың 2/3-ін, тоқыма бұйымдары мен мақта маталарының 45%-ін, автомобильдерді, ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық техниканы – толық, халық тұтынатын тауарлардың басым бөлігін сырттан әкелуге тура келді. Соның нәтижесінде, баламасыз айырбас салдарынан Қазақстан дотация берілетін республика деген кемсітулі күйге түсті.

Қалыптасқан дағдарысты жағдайда Н.Ә.Назарбаев өндірісті тұрақтандыру, республика экономикасының шикізаттық бағытын еңсеру, одақтың ішіндегі көлбеу экономикалық байланыстарды нығайту, бірыңғай экономикалық кеңістікті сақтау жөнінде батыл шешімдер қабылдады.

Алайда, орталықтың мықты өктемдігі

сақталған, кейде ақыл-ойға сыймаса да одақтас республикаларға қандай да бір жол беруді қаламайтын, олардың арасындағы өкілеттіктердің аражігі нақты ажыратылмаған ахуалда эко-номиканы реформалаудағы барлық қолға алынған істер мәні жағынан оң нәтижеге жеткізбей, ұзақ уақыт ырғалып-жырғалуға әкеліп тірейтін. Бұл жағдаят Кеңес Одағында жаңа Одақтық шарт жобасының айналасында өрбіген талас-тартысты көбіне-көп ушықтыра түсті.

Нұрсұлтан Әбішұлы республи калар-дың орталықпен қағидатты жаңа негіздегі өзара қарым-қатынасқа көшуінің негізгі идеологтарының бірі болды. Ол Одақтық шартқа жеделдете қол қою – түпкі мақсат емес, сан алуан проблемалардың, ең ал-дымен, экономикалық проблемалардың түйінін шешудің алғышарты екенін бірнеше мәрте қадап тұрып айтқан-ды.

Н.Ә. Назарбаев, әлбетте, орталық партаппарат функционерлері, әскери-өнеркәсіп кешенінің, одақтық министр-ліктер мен ведомстволардың басшыла-ры тарапынан одақтық төрешілдіктің белсенді де өте пәрменді қарсылығына тап болды. Дегенмен, Нұрсұлтан Әбішұлы прагматик ретінде кейін шегінер жолдың жоқ екенін де айқын пайымдады.

Өздерінің жайлы мәртебесін сақтап қалуға мүдделі, қасаң қағиданы ұстануда олардан кем түспейтін әрі саны жағынан біршама көп топ Қазақстанның өзінде де бар еді. Белгілі дипломат, қоғам қай-раткері және публицист М.И.Есен-әлиев кейіннен бұл жөнінде былай деп жазды: «…Әскерилер, орталықтың одақ тық филиалдарының жобалаушы-лары – ондаған жылдар бойы жалақы, медициналық қызметті пайдалану және басқа да мәселелер жағынан ерекше жағ-дайда болды. Олар Мәскеуге бағы нып, республиканың, соның ішінде, қазақ-тардың мұң-мұқтажын айтпағанның өзінде, жергілікті билікті көзге ілмей, «темір шымылдықтың» арғы жағында өмір сүрді. Далада жақсы мектептердің, ауруханалардың, клубтардың жоққа тән екенінде олардың жұмысы да болған емес… Сондықтан, республика егемен-дігі нен шахтерлер, металлургтер, химик-тер, мұнайшылар «қорықпайды». Олар дербес егемен республикада жағдайлары

бүкіл экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеті кіреді. Одақтың өзі республикалардың еріктілік, өзара мүдделілік және тең құқықты әріптестік бастауларына негізделеді. Республикалар өкілеттіктерінің бір бөлігін өз қалауынша Одақтың өздері құрған жаңа басқару органдарына беруіне де болады. Бұл сипаты жағынан ел ауқымында біртұтас басшылықты талап ететін қызмет са-лалары: іргелі зерттеулер, қорғаныс бағ дарламалары, атом өнеркәсібі, ғарыш жүйелері және т.б. болмақ».

Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының КСРО-ның беделді әрі ықпалды саясаткерлері қатарында көрініп, халық арасында көп танымал бола бастаған кезі екені еш таңданыс туғызбаса керек.

Жылдар өте келе, ол бедел енді басқа тарихи жағдайларда сақталып қана қоймай, сонымен бірге, халықаралық деңгейде елеулі өсе түсті.

Бұл феноменнің өзегінде Нұрсұлтан Әбішұлының бойындағы дұрыс прагма-тизм сипаты жатыр.1980-ші жылдардың аяғындағы жаңа Одақтық шарттың қол қойылуына қатысты оның көзқарасына тап осы прагматизм әсер етті. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі интеграция мәселелеріндегі оның бірізді саясатын да осы прагматизм айқындайды.

Еуразиялық интеграцияны мемле-кет тің тұрақты дамуының ықпалды тетіктерінің бірі ретінде қарастыра отырып, ол 1994 жылдың өзінде, КСРО-ның үйіндісінің үстінде бұрынғы кеңестік республикалар өз тәуелсіздігін орнықтыруға әрекеттеніп жатқан кезде Еуразиялық одақты құру жөніндегі иде-яны ұсынды.

Назарбаевтың берік сенімінше, қауырт жаһанданып жатқан әлемде болашақ ірі интеграциялық бірлестіктерге тиесілі. Бұған балама жоқ.

Арада 20 жыл өткенде, үстіміздегі 2014 жылдың 29 мамырында еліміздің елордасы Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь өзінің маңызы жөнінен тарихи Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойған кезде біздің бәріміз Қазақстан басшысы идеясының тамаша жүзеге асуының куәсі болдық.

Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы құрылған одақ тек

жоғалту, ана тілдердің жойылу қаупі туралы ашықтан ашық айтылып жатты.

Алайда, аталған үдеріс 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларынан кейін және соның ізінше қазақ халқына қатысты басталған қуғын-сүргіннен соң Қазақ-станда қалыптасқан аса күрделі мораль-дық-психологиялық жағдайда өтіп жатты. КОКП Орталық комитетінің 1987 жыл-дың шілдесінде қабылданған қау лысында қазақ халқына «қазақ ұлтшыл дығы» де-ген қиянатты да дәлелсіз айып тағылды, ал басқаша ойлауға тәуекелі жеткен басқару орындардағы жергілікті кадрларға, мұндайда ұлты қазақ болмаса да, кемсіту мен қоқан-лоқы көрсету науқаны қанат жайды. Сондықтан азаматтар арасында өзара сенімділікті қалпына келтірмей тұрып, көп ұлтты республикадағы өзге істердің табысты жүруі мүлде мүмкін емес болатын.

Мұндай жағдайда тілдер туралы заң жобасының қоғамда өткір пікірталастар туғызуы түсінікті ахуал еді.

Осыларды терең сезіне отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы пікірталастың барлық тараптар құқын бір қалыпқа түсіретін әрі тілдердің бір де біріне артықшылық беруге жол бермейтін, салмақты, центристік көзқарастың жақтаушысы ретінде заң жобасын әзірлеуге және оны алға жылжытуға белсенді араласты.

Сондықтан парламенттік пікірта-ластар басталмас бұрын өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде Н.Ә. Назарбаев заң жобасын алдын ала халқымызға былайша түсіндіріп берді: «Таяуда баспасөзде тілдер туралы Қазақ КСР заңының жобасы жарық көреді, оны республика ғалымдары мен мамандарының, мә де-ниет қайраткерлерінің үлкен тобы ұзақ уақыт бойы дайындады. Бұл құжатқа түбе гейлі баға беріп жатқым келмейді, бұл – бүкіл қазақстандықтардың ісі. Тек жобаның құқықтық тұжырым-да масының басқа республикаларда қа былданған осы тақылеттес заңдар тұжырымдамаларынан, атап айтқанда, оның интернационалдық мәнін күшей-ту тұрғысынан айтарлықтай ерекше-ленетініне назар аударғым келеді. Жаңа заңның авторлары басшылыққа алған бас-ты өлшемдердің бірі республикаға атын

берген халықтың шынайы өркен жаюына басқа ұлттар адамдарының құқықтары мен бостандықтарына қысым жасау есебінен қол жеткізуге болмайтындығы туралы терең ой болатын. Жергілікті ұлт тілінің нақты қорғалуын барша жұртшылық түбегейлі шарадан – оған мемлекеттік мәртебенің заңды түрде бекітіліп берілуінен шын мәнінде әділ аңғарып отыр. Алайда,

осындай қадам жасала отырып, барлық халықтар тілдерінің еркін дамуына да заңнамалық жолмен кепілдік берілетін болады. Бұл орайда орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі өз функцияла-рын лайықты атқара беретін болады, ол бұрынғыдай әрбір халықтың, әрбір адамның қуатты зияткерлік әлеуеті рөлін сақтап қалады».

Салмақты көзқарастың арқасында 1989 жылдың қыркүйегінде қабылданған «Тілдер туралы» Қазақ КСР-інің Заңы белгілі бір дәрежеде этносаралық қарым-қатынастардың өткірлігін төмендетіп, республикадағы тұрақтылықты нығай-туға септігін тигізді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлтының шынайы өрлеуі Қазақстан халқын құрай-тын барлық этностардың бір мезгілде әрі жан-жақты ұлттық-мәдени дамуы жағдайында ғана мүмкін екенін үнемі атап көрсетіп отырды.

Нәтижесінде республикада 1989 жылдан, кейіннен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының түп негізі болған ұлттық-мәдени орталықтар ашыла бастады. Көптеген этностық топ-

нашар болмайтынын түсінеді. Ал қор-ғаныс саласының өкілдері, одақтық жо балау институттарының «ақ жаға лы-лары» жайлы өмірден айырылып қалудан сескенеді. Оларға Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу, бірақ Мәскеуге бағыну өте ұнайды. Бұл қолайлы еді».

Кейінірек, КСРО-да Одақтық шарт-тың жобасымен белсенді жұмыс жүре бастағанда, Нұрсұлтан Әбішұлы мәсе-ленің маңыздылығын пайымдай отырып, өзіміздің қазақстандық нұсқаны әзірлеуге бастамашылық жасады. Оның өзегінде жатқан негізгі ойлар 1990 жылғы 10 қыркүйекте Қазақ теледидары арқылы берілген «Бірлік пен топтасу үшін» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде нақты белгіленген болатын. «Біз мүлдем жаңа негізде – Егемен мем-лекеттер одағында өмір сүруді бастай-мыз. Оның мәні айдан анық: республи-калар өз аумағындағы ұлттық байлықты иеленуге, пайдалануға әрі билік етуге айрықша құқық алады. Бұған мемлекеттік егемендіктің материалдық негізі болып табылатын – жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі мен басқа да табиғи ресурстары,

қана экономикалық болып табылатынын, қатысушы мемлекеттердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігі мәселелеріне ешқандай да әсер етпейтінін мәлімдеп, Қазақстанның бұл істегі көзқарасын берік әрі шегендеп белгілеп берді. «Біздің бірлестігімізде саяси егемендік берік әрі мызғымастай. Бұл аксиома. Ол, ол ма, экономикалық интеграция тап осы ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, тұрақты экономика арқылы оны едәуір бекемірек ету үшін дамытылуда» деп атап айтты Президент.

* * *1980-ші жылдардың соңы бұрынғы

КСРО-ның барлық халықтарының арасында этнизм дү рбелеңі мен бұрын-соңды болмаған ұлттың өзін-өзі тануындағы рухани серпілісімен ерек шеленетін еді. Ондаған жылдар бойғы тыйым салулардан кейін адамдар ұлттық дамудың маңызды проблемалары: жалпыкеңестік жасанды мәдениеттің бір ізге салынушылығының зардапта-ры, терең ассимиляциялық үдерістер, ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін

Page 8: 69 (3126) 2014-06-24

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

тар, соның ішінде бір кездері Қазақстанға мәжбүрлеп жер аударылған немістер, корейлер, поляктар, литвалықтар, қырым татарлары, месхет түріктері, вайнахтар, қарашайлар мен балқарлар, гректер және басқалар өздерінің тарихи отандарымен үзілген байланысты қайта жаңғыртуға кірісті. Қазақ ұлтының бағзы замандар-дан бергі табиғи ошағы бола отырып, Қазақстан әлемге тарыдай шашылып кеткен қазақ диаспорасын жинай бас-тады, 1992 жылы құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы соның орталық ұйымына айналды.

Нұрсұлтан Әбішұлының көне заман-дардан тамыр тартатын Наурыз мей-рамын қалпына келтіру жөніндегі күш-жігеріне де осы тұрғыдан келген жөн. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бұл мейрам 1980-ші жылдарға дейін 60 жылдан астам уақыт бойы халықтың өмірінен «шет қалғанына», біреулер атап өтсе де – жасырын, шағын отбасылық аяда, көбіне өз шаңырағының мұқият жабылған есігінің арғы жағында атап өткеніне қазіргі жастар, сірә, таңғалатын шығар.

Қайта құру кезінде Қазақстанда Нау-рызды қалпына келтіруді ұйғарғанда, ер-теде оны қалай өткізгенін әңгімелеп бере алатын ақсақалдар көп бола қойған жоқ. Осыған байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы тарихшы-ғалымдарды, әдебиетшілерді, өнер қайраткерлерін жұмылдырды. Біздің өмірімізге табиғаттың өзі тар-ту еткен Жаңа жылдың келуі салта-наты осылайша оралған болатын, ол уақыт өте келе ұлттардың бәрі бірдей қосылып қазақстандықтар атап өтетін бүкілхалықтық мерекеге айналды.

Өзінің тарихы мен мәдениетіне мұндай ұқыпты әрі мұқият көзқарас көп жыл өткен кезде Президенттің «Мәдени мұра» ұзақ мерзімді мемлекеттік бағ-дарламасы туралы бастамасынан көрініс табады. Оны жұртшылыққа таныстыра келе, Н.Ә.Назарбаев әңгіме ұлттың өзін-өзі ұстауының патриархалдық пі-шіндерін қалпына келтіру туралы емес, бізге рухани күш беретін, тарихтың буырқанған толқынында өзімізді сақтап қалуға көмектесетін көне заманғы және қазіргі заманғы үлгілері туралы болып отырғанын айтқан болатын.

Ұлт мәселесін дұрыс та ашық шешу бағытын дәйекті іске асыра отырып, Н.Ә.Назарбаев алғашқы кезектегі істердің бірі ретінде КОКП Орталық комитетінің 1987 жылғы шілдеде қабылданған аты-шулы «қазақ ұлтшылдығы» туралы қаулысының күшін жоюға қол жеткізу мақсатын қойды. Сөйтіп, КОКП Орта-лық комитетінің 1989 жылғы 19 қыр-күйек те өткен пленумында сөз сөйлей келіп, Н.Ә. Назарбаев осы құжат туралы былай деді: «Онда дәлелсіз ғана емес, халық тың ар-намысына тиетін тұжырым-сы мақтар да жіберілген. Мысалға, «қазақ ұлтшылдығы» деген түсінік бой көр-сетеді. Бірақ, принципінде, қандай да бір тұтас халыққа осындай ізгілікке жат белгілер тән болуы мүмкін бе? Әлбетте, жоқ! Әрі мен оған кәміл сенімдімін. Және ұлттық демократияның болмайтыны секілді, қазақ, орыс, өзбек, латыш және тағы сол сияқтылардың ұлтшылдығы дегеннің болуы да мүмкін емес. Республи-ка коммунистері мен жұртшылығының пікірін білдіре келіп, Орталық комитет-тен қазақ халқының адалдығы мен ар-на мысына нұқсан келтіретін, оның ин тер националистік мәніне көлеңке тү сі ретін қаулының қате қағидаларын қайта қарауды сұраймын». Ақыр аяғында на мысқа тиетін сол қаулының күші жойылды.

Сонымен бір мезгілде, Желтоқсан оқиғаларынан зардап шеккендерді ақтау ісі басталды: оған қатысушылардың көбінің құқықтары қалпына келтіріліп, қалыпты өмірге қайта оралды. Бұл жұмыстың әл дебір жерде емес,

Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған дәл сол Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ғимаратында басталғанын көп адам біле де бермейді. Желтоқсан оқиғаларын зерттеу комиссиясын 2 рет құруға тура келгені белгілі. Алайда, болған істің нақты бейнесін қалпына келтіру қажет еді.

Сол алғашқы кезеңнің басты қоры-тындысын Елбасы өзінің «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» атты мақаласында шығарды: «…Сол жылдардағы саясатшылар «халықтар достығына нұқсан келген жоқ», «ке-ңес тік интернационализм ауыр сында төзімділік танытты» деген сарындас әбден жауыр болған жаттанды тір-кес терді дұға сөзіндей жалықпастан қайталаумен болды. Алайда, адамдар достыққа сызат түскенін, түрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынаста айтарлықтай салқындықтың пайда болғанын, әрқайсыларының өзді-өзі болып оқшаулануға бейімділік таны-та бастағанын аңдамай қалған жоқ. Жағдайды партия және мемлекеттік органдардың орашолақ іс-қимылы одан сайын ушықтыра түсті, олар оңтайлы да нысаналы жұмыс жүргізудің орнына мәтібиліктің бәз-баяғы дәстүрлеріне ба-сып, материалдық жағынан да, ұйымдық жағынан да дәйектелмеген ұзын-сонар «іс-шараларының жоспарын» жасаумен шектеліп жүріп жатты.

Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана елімізде қазақ халқының тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін шындап қалпына келтіруді мақсат тұтқан рухани өрлеу басталды.

Сонымен, тоталитарлық жүйе қорлық көрсетіп, жәбірлеген халыққа, сайып келгенде, Қазақстанды мекен еткен басқа да халықтарға қысым жасау тыйылды. Мәңгілікке тыйылды деп сенемін».

Сол кезде тоталитарлық жүйенің қыл мыстық қызметінің бұдан да басқа сорақы фактілері ашылғанын атап өтуіміз қажет. Арал теңізі алабындағы экологиялық апат пен Семей ядролық полигоны ту ралы ақпарат жалпыға жария етілді. Осын дай жағдайда 1989 жылғы 27 ақпанда жасалған ядро-лық жарылыстың салда рынан қор-шаған ортаға таралған радио активтік шығарынды туралы хабар жұрт шы-лықты дүр сілкіндіріп, оларды ядро лық сынақтарға қарсы бағытталған қуат ты «Невада-Семей» қозғалысына ұлас қан наразылық акциясына алып шықты.

Айтқандай, Қазақстанда орналас ты-рылған жаппай қырып-жоятын қарудың инфрақұрылымын жою туралы мәселеде қазақстандық зияткерлер алғаш рет бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс істеудің үлгісін көрсетті. Егер Олжас Сүлейменов адамдарды «Не-

вада-Семей» қозғалысына «Полигон жойылсын!» деген ұранмен біріктірсе, Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, бұл процесті қисынды нүктесіне жеткізді.

Қазір бұл туралы ұмытылып та барады, алайда ресми Мәскеу ол қозғалыстың дүниеге келуінен қатты үрейленді. Бұл ту-ралы белгілі халықаралық зерттеуші, про-фессор Чжен Кун Фу «Қазақстан геосая-саты: өткен мен болашақтың арасында» атты кітабында былай деп жазады: «1989 жылы ұйымдастырылған «Семей-Нева-да» ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс қазақ ұлтының құқықтарын қорғады, сондықтан да Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшысы бұған сенімсіздікпен қарады. Мұны бір кездері ұлтшыл қозғалыс деп санау қабылданған бол ат ын. А л айда Г.В.Колбинд і Н.Ә.Назарбаев алмастырғаннан кейін бұл проблемаға баса назар аударылып, қозғалыс өзіне таңылған ұлтшылдық белгілерінен бірте-бірте арыла бастады. Семей полигонында соңғы ядролық сынақ өткізіліп, сосын ол жабылады деген шешім қабылданды. Осыдан кейін қозғалыс, басқа реңктерден ада, таза ядролық жарылыстарға қарсы қозғалысқа айналды».

Бұл туралы О.Сүлейменов былай деп еске алады: «…Ортақ пікірге келдік – үш мекенжайға – КОКП Орталық комитетіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Министрлер кабинетіне хат жазу керек. Республикалық органдарға емес, өйткені, полигон Мәскеуге бағынатын… Күндер өтіп жатты, жауап күтіп жүрміз. Жауап бір аптадан кейін келді. Бір мекенжайдан – Министрлер кабинетінен. Үкіметтік комиссия ұшып келді. Тексерді. Бәрі қалпында. Дегенмен, үн қатқандарыңа рахмет. Біздің Орталық комитетке мен барған жоқпын: басшы-лармен қатысымыз соншалықты емес еді, оның үстіне, олар қандай көмек көрсете алсын».

Н.Ә.Назарбаевтың келуімен Орталық комитеттің көзқарасы күрт өзгеріп сала берді, ол өзі сайланған бес күннен кейін-ақ, 1989 жылғы 27 маусымда шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, мән-жайды түсіндіре отырып былай деді: «Ең қат -ты ойландыратын мәселелердің бірі – Қазақстандағы экологиялық жағ дай, – деді ол. – Осында қатысып отыр ған-дар дың кейбірі «Невада» қозға лы-сына республикалық деңгейде қолдау көрсетіле ме деп сұрады.

Көрсетіледі, бұл туралы баспасөзде жарияланды да. Семей облысындағы полигон жөніндегі мәселе күрделі нәрсе. Біз «Невада» қозғалысын қолдаймыз әрі оның мақсаты ізгі деп есептейміз. Бүгінгі таңда онда оң өзгерістер бар –

Семей полигонында жарылыстар саны қысқарып, олардың күші азайтылуда, өңірдегі денсаулық сақтауды, барлық әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы күш-жігерімізді міндетті түрде арттыра беретін боламыз».

Ол өз сөзінде тұрды, Мәскеуде КОКП Орталық комитетінің плену-мында сөз сөйлеп, өз ойын анағұрлым үзілді-кесілді білдірді: «Қазақстанда тек әскери ведо мостволардың өзі ғана миллиондаған гектарды шаруашылық айналымнан шығарды. Біздің аумақта, міне, 40 жыл бойы ядролық қаруды кең ауқымда сынау жүріп жатыр. Жұртшылықтың оны жабу туралы талаптары еленбей келеді. Қарқынды уран өндірудің тигізетін зардаптарын халық білмейді. Әрине, мұның бәрі, тұтастай алғанда, ел мүддесін қорғау үшін қажетті, бірақ бұл қажеттілікті адамдарға түсіндіру, соған байланысты жоғалтқандарының орнына өтемақы төлеу керек қой. Алайда, бұл тұрғыда ештеңе істеліп жатқан жоқ. Зорлық-зомбылықты шешімдер қабылдай са-латын шімірікпестік халықтың ұлттық сезіміне кірбің түсірмеуі мүмкін емес».

Соңынан, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің алғашқы жар-лықтарының бірі Н.Ә.Назарбаев 1991 жылғы 29 тамызда қол қойған «Семей по-лигонын жабу туралы» Жарлық болды. Бүгінде ол баршаға мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. Алайда, ондай қадамға батыл бару жеке бастың зор ерік-жігерін танытса керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, кеңестік Қазақстанның барлық басшы-лары ның арасындағы коммунистік идео-логияның дінге дәстүрлі дұшпандық-кем-сітушілік қатынасын әшкерелей отырып, оған жаңа көзқарас қалыптастырып, қоғам өмірінде діни таным мен клери-калық институттарды күшейтіп, нығай-тушы және кеңейту процесін өріс-тетуші алғашқы басшы болды. Осы мақсатта 1989 жылдың 25 қыркүйегінде ол діни қайраткерлердің үлкен то-бымен кездесті, олардың қатарында Қазақстан мұсылмандарының қазиы Р.Нысанбайұлы, Орыс православие шіркеуі Алматы және Қазақстанның епископы Евсевий, Евангелие христиан-баптистері бүкілодақтық кеңесінің Қазақстан бойынша аға пресвитері В.В.Горелов, Жетінші күн адвентистері шіркеуінің республика бойынша аға уағыздаушысы И.М. Вельгоша және тағы басқалар болды. Сындарлы да өзара сенімді әңгімелесу барысын-да ол діндарлардың өтініштері мен ұсыныстарына оң жауап беріп, өз кезегінде олардан да жалпыадамзаттық

моральдық-имандылық бастауларын тарату мен сақтауға, мейірімділік танытуға көңіл бөлуді, әсіресе, ана мен баланы қорғау, мүгедектер мен жасы ұлғайғандарға көмек көрсету үшін қайырымдылыққа барынша күш-жігер жұмсауды сұрады. «Мемлекет пен діндер арасында туындайтын мәселелерді Конституцияға сәйкес жер-жерде іс жүзінде шешу керектігін» баса айта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы осын-дай кездесулерді жүйелі түрде өткізуді ұсынды.

КСРО-да ондаған жылдар бойы жүргізіліп келген атеистік саясаттың салдары діни рәсімдердің жарым-жан күйге түсуіне әкеліп соққан бо-латын. Діндарлар өз мінәжаттарын жасырын орындауға мәжбүр етілді. Діни сананы жойдасыз келемеждеуге, дінге сенушілерді кемсітушілік пен дін қызметшілерін қудалаушылыққа жол берілді. Қазақстанның жаңа басшысының осының бәріне тоқтау са лған са ясаты мен ұстанымын жұртшылықтың қандай алғыспен, қолдаумен қарсы алғаны айтпаса да түсінікті шығар.

С о л ке з д е Р и м П а п а с ы н ы ң Қазақ станға сапармен келетінін, ал республиканың адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған әлемдік діндер съезін өткізудің бастамашысы әрі жұмыс орнына айналатынын болжап білу мүмкін бе еді?.. Бірақ, өзіміз көріп отырғандай, рухани қайта жаңғыру саясаты, конституциялық кепілдіктерде көрсетілген сенім бостандығы, плю-рализм мен толеранттық, көнелерін пайдалануға қайта енгізіп қана қоймай, жаңа ғибадатханалар тұрғызу, қазіргі заманғы жаһандық проблемаларды шешу үшін сындарлы конфессияаралық үндесуді жолға қою – мұның барлығының түп-тамыры сонау 1989 жылдың еншісінде жатыр.

Алайда, бұл тек істің басталуы ғана болатын. Алдағы толық еркіндік пен тәуелсіздік үшін күрес сапарында оны әлі де талай тар жол, тайғақ кешу күтіп тұр еді…

* * *Адам уақытты таңдамайды, ол тек

уақытпен бірге тыныстайды. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл сая-си өмірбаяны белгілі дәрежеде бұл нақылды жоққа шығарумен келеді. Өйткені, мемлекеттік қайраткер ретінде ол өзіне берілген жағдаяттар жүйесінің ауқымымен шектеліп қалмай, тағдырдың жазғанына сеніп, соның ырқына ен-жар ілесіп кете бермеді. Керісінше, ол қалыптасқан жағдайға көнбей, бұлқыныс танытып, болмысты өзі белсе-не қалыптастыра отырып, аса қолайсыз жағдайда және іс жүзінде тақыр жерде жаңа мемлекет орнатумен қатар, рес-публиканы әлемдік қауымдастықтың толыққанды әрі беделді мүшесі деңгейіне көтере алды.

Ал сол 1989 жылы бұл түсімізге де кірмеп еді, ал бүгінде ол біздің күнделікті өміріміздің бөлінбес бөлшегіне айналды.

Бұл жеңіс те қазақстандықтардың елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасып, мұқият екшеп салған стратегиялық бағытынсыз мүмкін болмас еді. Бұл жөнінде Елбасының бірде былай дегені бар: «Осы жылдардың бәрінде маған көрсетіліп келе жатқан бүкілхалықтық қолдау – мен үшін үлкен марапат. Ең қиын уақыттарда маған осы жігер берді және беріп те келеді… Мен мынаны ғана берік сеніммен айта аламын: денсаулығым мен күшім барда Отаным мен Қазақстан халқының игілігіне қызмет ете беремін!».

(«Егемен Қазақстан», №121 (28345). 21 маусым,

сенбі, 2014 жыл)

Page 9: 69 (3126) 2014-06-24

9www.astana-akshamy.kz

Биылғы «Астана кештері» Бейбітшілік және келісім са-райында басталды. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарын Тү ркешт ің «Көңіл ашар» күйімен қарсы алды. Құрамында сексен көркемөнерпаз бар ор-кестр іле-шала Ахмет Жұба-новтың «Би», Тәттімбеттің «Сарыжайл ау » кү йлерін орындады. Кешке жиналған көрермен Қанат Әмірханов, Ерлан Рысқали сынды дәстүрлі әншілердің де өнерін тамашала-ды. Еске сала кеткен жөн, биыл өнер ұжымының ірге қалағанына сексен жыл толып отыр.

Осы күні Бейбітшілік және келісім сарайында бел гілі фотосуретші Вадим Со ловьев- тың жеке көрмесі ашыл ды. Көпшілік назарына ұсы ныл-ған жиырма шақты кар тина Ассы, Күмістөбе өңір лерін-дегі шопандардың өмірі нен, күнделікті тыныс-тір ші-лігінен хабар береді.

Фес т ива л ь а я-сындағы шаралар легі «Астана-Опе-ра» теат рының камералық залын-да жалғасты. Онда италиялық белгілі с о п р а н о

қарсы алдыСахнаға құрылған таңғажайып декорация,

жанды дауыс әрі белгілі топтың симфониялық жаңа нақыштағы ұ мытылмас х ит әндері астана лықтарды ерекше әсерге бөлемек . Топтың жетекшісі,белгілі музыкант Байғали Серкебаевтың інісі танымал композитор Алмас Серкебаев бұл кештің бұрынғы концерттерден өзгеше екенін айтады. Айталық, ол осы ұжымның «Джулия», «Стань моей молитвой», «Не-любимая», «Солдат любви» хиттері желісімен «Фантазия» аспапты туындысын дүниеге әкелді.

« А’Studio» тобы ширек ғасырдан бері көрерменін сапалы өнерімен сусындатып келеді. Топтың эстрада сахнасында айтарлықтай орны бар және өз стилін қалыптастырып үлгерген. «A’Studio» – Ресей мен Қазақстан шоу-бизнесіндегі ұзақ жобалардың бірі. Ең алғашқы «Джулия» ән жинағы сәтті шыққаннан бері тыңдармандарының талғамын табуда.

Жеңімпаздарға Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов кубок пен грамоталар табы-стайды, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар беріліп, халықтың танымына ие болады. Бұған қоса, республикалық телеарналардан таратылатын шағын фильмдер түсіріліп, жеңімпаздардың суреттері мен жетістіктері көрсетілген билбордтар орнатылады.

1-20 маусымда Астана қаласының ресми сай-тында байқау қатысушыларына ашық халықтық дауыс беру өткізілген еді. Кеше жеті мамандық бойынша үздіктердің есімі барша Қазақстанға белгілі болды. Атап айтқанда, үздік мұғалім Майра Құрманбаева 28 мың дауыс жинады. Елордалықтардың пікірінше, үздік дәрігер – Ки-рилл Чичеров. «Жол жөндеуші» аталымында Бекзат Мусеев жеңіске жетті, «Учаскелік по-лиция инспекторы» – Бауыржан Таумаханов, энергияшылар ішінен Олжас Ищанов топ жар-ды. Ал Еркен Умаров – үздік құрылысшы, Серік Адаев үздік қоғамдық көлік жүргізушісі атанды.

Еске салайық, «Астана таңдауы» байқауы алғаш рет екі жыл бұрын ұйым дастырылды, ол кезде қатысу шыларға 30 мыңға жуық адам дауыс берген. Биыл дауыс беру көрсеткіші бойынша рекорд орнатылды – 163 908 дауыс.

«Көңілашармен»

Бәйгеде бағын сынаған ақындардың тақырыпты тереңнен қозғап, кеңінен қамтып жырлауға барын салғандығы байқалады. Әсіресе, биылғы мүшәйрада Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына белсене үн қосқан жаңа есімдер– жас ақындар қатарының көп болғаны қуантады.

Академик Сейіт Қасқабасов төрағалық еткен, құрамында жазушы Қойшығара Салғараұлы, ақындар Несіпбек Айтұлы, Серік Ақсұңқарұлы, Оңайгүл Тұржан бар қазылар алқасы додаға түскен шығармаларды мұқият саралап, мынадай шешім шығарды: бас жүлде – темір тұлпарды Арман Шери-затов иеленді. Бірінші орынды (1 миллион 500 мың теңге) Ақсүйрік Ізмұқанова қанжығалады. Екі екінші орынды (800 мың теңгеден) қарағандылық қос ақын – Абзал Бөкен мен Ілияс Мұқаев алса, үшінші орынға тігілген үш жүлдені (400 мың теңгеден) Рафаэль Ниязбеков, Кенжебай Ахметов және Талғат Ешенұлы өзара бөлісті.

Бес ынталандыру сыйлығын (150 мың теңгеден) моңғо-лиялық қарт ақын Шынай Рахметұлы, алматылық Батық Мәжитұлы, Қытай Халық Республикасының азаматы Серік Түсіпханұлы, ақтөбелік Балтабек Нұрғалиев, аягөздік жас талапкер Біржан Ахмер еншіледі. Сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Астана қалалық Тіл басқармасының бастығы Ербол Тілешов, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Иса-беков тағайындаған үш арнаулы сыйлық (100 мың теңгеден) Бақытжан Тобаяқовқа, Жарылқасын Боранбаев пен Гүлжайнар Қалдинаға бұйырды.

Жүлде алған және мүшәйра қоржынына келіп түскен шығармалардың таңдаулылары жыл аяғына дейін жеке кітап болып шығады. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Астанадағы «Конгресс-холл» сарайында 1 шілде күні сағат 18.00-де өнер жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Серікхан САБЫРБЕКОВ, С.Сейфуллин мұражайы директорының орынбасары Бе

тті д

айын

даға

н : А

схат

РАЙ

ҚҰЛ

тойы. Елдігіміздің осындай үлкен мерекесіне алыс-жақын шет елдердің мәдениет май-талмандары үлес қосуда. Бұл сөзіме «Астана кештерінің» концерттері куә» дейді ол.

Фестиваль Ресейдің жезтаңдай әншісі Олег Пог удин мен әзербайжандық дәстүрлі мугам орындаушылары ансамблінің кештеріне ұласты. Жексенбі күнгі қорытынды концерт-те «Астана» симфониялық оркестрімен бірге Ресейдің халық әртісі Лариса Долина мен ең үздік джаз трубашыларының бірі Вадим Эйленкриг өнер көрсетті. Өнерпаздар жанды да-уыспен түрлі жанрдағы әндерді нақышына келтіре орындады.

Айта кетерлігі, қайы рым-дылық бағытындағы мерекелік кештердің билеттері көрерменге тегін таратылды. «Астана кеш-тері» фестивалінің атқарушы продюсері Нұргүл Сүлейменова фестивальға қаладағы Ұлы

Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектер ар-

найы шақырылғанын жеткізді.

Ни н о Л еж а в а м е н еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев концерт берді. Музыкалық кеш-те атақты Бельканто ариялары мен Сергей Рахманиновтың романстары шырқалды. Ша-раны ұйымдастырушылардың өкілі Лаура Ахметова қала тұрғындары мен қонақтарының фестивальді асыға күткенін ай-тады. «Астана тойы – Алаштың

Page 10: 69 (3126) 2014-06-24

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Ләззат Мейрамханқызы, сіз аға буынның көзін көріп, тағылымын сіңірдіңіз. Журналистиканың кешегісі мен бүгіні алақаныңыздай таныс. Енді сіздің соңыңыздан ерген әріптестеріңізге үлгі болсын, бұл салаға қалай келдіңіз, кім ықпал етті?

– Менің журналистикаға келуіме әкем көп ықпал етті. Ол – Торғай облысы Амангелді аудандық халық театрының тұңғыш режиссері. Сол жерде отыз жыл еңбек еткен әкемнің де әу бастағы арманы журналист болу екен. Алайда, сол кездегі партия коми теті оның өнерге де жақын екенін біліп, мәдениет саласына тартқан. Өйткені, ол «Қара жорға» биінің шебері еді, бойындағы талантының арқа сында дүние жүзі жастары мен студент терінің Мәскеу фестиваліне қатысқан.

Хош, сонымен әкем жазу-сы-зудан қол үзіп, ауданда алғаш рет көр кем өнерпаздар үйірмесінің іргесін қалайды. Оны халық театры дәрежесіне көтеріп, республикалық, одақтық фестивальдерге жетелейді. Бірақ әкем Мейрамхан өзінің орын-далмай қалған арманын маған жиі айтатын еді. Содан кейін Алматы қаласындағы әкемнің ағасы, белгілі журналист Әбілфайыз Ыдырысовтың жетелеуімен оқыдым, қолыма қалам алдым. Университет қабырғасында оқи жүріп, 1977 жылы Амангелді аудандық «Тың шұғыласы» газетінен еңбек жолымды бастадым. Одан кейін облыстық телерадио комитетінде, Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде қызмет еттім. «Қазақстан» теле-радио корпорация-сында жұмыс істеу бақыты бұйырды.

Онда журналистиканың барлық са-тысынан өтіп, Сағат Әшімбаев, Ра-фаэль Жұмабаев ағаларымнан тәлім алып, «Кел, балалар, оқылық» ха-барын аштым. Мұнда тәжірибемді шыңдап, қоғамдық-саяси редак-цияның әйелдерге арналған «Сырласу» тележурналының редак тор-жүргізушісі болып тағайын далдым. Осы хабарды жүргі зе жүріп, бармаған жерім, бас паған тауым аз. Мен студияда отырып хабар жасаған жоқпын, ауыл әйелдерінің ахуалын, жетім балалардың кешегісін, тағдырын, қарттар үйіндегі қариялардың жағдайын, жүйке ауруларын емдейтін диспансердегі әйелдердің күйін зерттедім. «Қаракөздер неге темір торға түседі, қалай жүйке ауруына шалдықты, балала-рын не үшін тастап кетті?» деген сауалдарға жауап іздедім. Алматы, Қарағанды өңірлеріндегі әйелдер колонияларына, тергеу изоля-торларына табан тіредім. Оларды қақаған қыста жалаң аяқ күйінде шашынан сүйреп, көлікке тиеп жатқан әскерилерді көрдім. Сон-дай күндерде бір балақайдан хат алғаным әлі есімде. «Мен мектепке баратын едім, анам түрмеде жатыр, шашымды кім өріп береді» деп жа-зыпты ол... Әсіресе, «Жат жанарға жаутаңдап...» атты хабарымда ұзақ және жемісті еңбек еттім деп ойлаймын. Мұнда «Бөбек» қорымен бірлесіп, еліміздегі жетім балалардың тыныс-тіршілігін көрерменге кеңінен көрсетіп бақтым. Осы хабардың арқасында аналар баласын тапты, әжелер немерелерімен қауышты. Мәселен,

Қостанай облысында бір әйел сәбиін қоянжырық болып туғаны үшін тастап кетіпті. Сол әйел менің хабарымнан кейін көп ұзатпай төртінші сыныпта оқитын ұлын қайта бауырына басты.

Мұнымен қоймай, жетім жеткін-шек терімізді іздеп, Американың бір неше штатына бардым. Сонда таң қалғаным, америкалықтар қазақ балаларының өте алғыр, ақылды, сұлу екенін айтады. «Осындай балақайды тастап кеткен қандай адамдар, қандай ата-аналар?» деп кіжінеді олар. АҚШ-тан оралысымен, Әділет және Білім министрліктерімен, Парламент Сенатымен бірлесіп, «Қазақстан» ұлттық арнасынан тұңғыш рет «Жа-нарынан үзілген балапан жас» атты хабар жасадым.

Осындай уақиғалардың басы-қасында болып, көзбен көргеннен кейін болар, «Журналистика –

мын. Олар да өнерде жү рген адамдар. Бірақ мен журналистер жағындамын. Себебі, әріптестерім сценарий жазушы ғана болып қалды, оны оқып беруге әртістер шығып кетті. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын». Мәселен, мен «Сахнаға шығып ән саламын» деп айта ал-маймын ғой. Сондықтан, әртістер де ойлану керек, таныла түсу үшін журналистің нанын тартып алудың қажеті жоқ.

Біз заманымызда зерттеу ныса-нына бардық, көзімізбен көрдік, жанымызды салып жаздық, оны жү регіміздің елегінен өткізіп сараладық, содан кейін көрерменге ұсындық. Ол сондықтан көрермен көңілінен шықты, санасына сіңді. Ал, әртістердің оқып бергені оның жүрегінен шыққан сөз емес, ау-зынан ғана тарайды. Сондықтан

...Біз қызық халықпыз. Мысалы, әнші тойда өнер көрсететін болса, аузын ашып, ақысын сұрайды. Ал журналист сол әншіні де, әкімді де, кәсіпкерді де мадақтайды, жазады, істерін танытады жұртқа. Бірақ сол үшін ақы сұрап көрдік пе? Әрине, жоқ.

Бұрынырақта ақын-жазушылар әлдебір ауылға ат басын бұратын бол-са, сый-сияпатымен, ат-шапанымен қарсы алатын. Ал қазір ешкім ке-рек қылмайды. Бірақ даңғазалатып «Әнші келе жатыр» десе, әкелері алты айлық жолдан келе жатқандай қуанады. Құрмет те, қошемет те соған көрсетіледі. Біздің қатарластар «Қыз Жібекті», Алпамыс батырды, Қобыландыны, «Батыр Баянды» оқыған болса, менің немерелерім «Ауырмайды жүрек» деп шырқатып жүр. Біздің қатарластар Фаризаға, Ақұштапқа еліктеді, қазіргі жастар әнші болғысы келеді. Бірақ, біздің елде «әнші көп, Шәмші жоқ».

– «Журналисті екі аяғы асырай-ды». Жаңа ғана «Қазақстанда бармаған жерім, баспаған тауым аз» дедіңіз. Сондай сапарларыңыздың бірінде көрген-түйген бір уақиғаны айтып беріңізші.

– Менің қолымда бір жүзік бар. Мұны аңғарған жанның бәрі «Сіз адайдың қызысыз ба?» деп сұрайды. Қазақ адамның киген киіміне, сақина-сырғасына, ер-тоқым, жүгеніне қарап, қай өңірдің тумасы екенін таныған ғой. Әлгі де адай сақинасы еді.

Бірде лауазымды кісінің шаңыра ғын-да қонақ болып отырып, қабырғадағы Бекет атаның кесенесі бейнеленген картинаға көзім түсті. Содан бастап Маңғыстау өңірін түсімде көретін болдым, бір көрсем деп аңсайтынды шығардым. Әйтеуір, жолым түсіп, Маңғыстау облысының Шетпе ауда-нына бардым. Сонда мен түскен үйдің әжесі келіп, «Енем аймаққа белгілі сынықшы Мыңкісі әулиенің ұрпағы еді. Түнде түсіме кіріп, «Қалтаңдағы сақинаны түсте келетін қонақтың қолына сал» деп аян берді» деп, осы жүзікті қолыма салды. Содан бері мұны саусағымнан шешкен емеспін, көзімнің қарашығындай сақтап жүр-мін. Бұл уақиғаға мен де, менің айна-лам дағылар да таң-тамаша болды.

Осы сапарымнан кейін батысқа тағы бірнеше рет барып, Бекет ата туралы сюжет жасадым, деректі фильм түсір дім. Менің хабарларымнан кей ін өңірге асыққан адам қарасы да көбей-ге нін естідім, министр, депутат тар-дың сапарлағанын көзіммен көрдім. Жүрген жерімде Бекет ата, оның айна-ла сындағы үш жүз алпыс әулие туралы айтып жүрдім. Осындай әңгіме кезінде де Маңғыстауды көргісі келетін дерді көп байқайтын едім. Содан кейін де Мыңкісінің ұрпағының сақи насы маған келген шығар деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет! Сұхбатты жүргізген – Асхат

РАЙҚҰЛ

өзіңнің емес, өзгенің дертін, мұңын арқалау» деп айтамын үнемі. Және өзге топыраққа тағдыр жазуымен кеткен қандастарымды іздеп, аналық һәм журналистік міндетімді адал атқардым деп ойлаймын.

– Сіз – журналистиканың қос кезеңін – кеңестік журналистика мен тәуелсіз журналистиканың тіршілігін көзіңізбен көргендердің қатарындасыз. Салыстыра сара-лап көріңізші...

– Біз – аға буынның хабарын көрген, ақылын естіген, тәлімін алған ұрпақпыз. Сағат Әшімбаев, Камал Сейітжан, Ғаділбек Шалахметов, Төлебай Қаймолдинов, Жүрсін Ерман, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қайнар Олжай, Рабат Жәнібеков сынды ағалардың қамқорлығын сезіндік. Енді айтарым, сол кездегі журналистика мен қазіргі журна-листиканы салыстыруға келмейді. Бүгінгі әріптестерім ол кездегіден әлдеқайда бақытты. Өйткені, қазіргі журналистер ескі, көне, мүмкіндігі аз техникалармен жұмыс істемеген, біз сияқты күңгірт студияда отырған жоқ. Эфирге шығар алдында киетін киімімен, бет-әлпетінің сұлулығымен, имиджімен арнаулы мамандар айна-лысады. Ал, бізде... ондай болмады.

– Десе де, сол кездегі журналисти-ка салмақтырақ көрінеді...

– Өте дұрыс айтасың. Неге? Өйткені, ол шақта эфирде маман журналистер жұмыс істеді. Қазір нағыз журналистер тасада қалып қойды да, экранға «әнші жұлдыздар» шығып кетті.

– Жолдан қосылған жолбикелер дейсіз ғой...

– Жолбике деп те айта алмай-

да көрермен кеудесін селт еткізе алмайды.

– Отыз жыл осы саланың жілігін шағып, майын ішкен ма-ман ретінде айтыңызшы, қазіргі журналистикаға не жетіспейді?

– Бірінші, ізденіс жетіспейді! Біз газет-журналдарды құр жібер мей-тін едік, кітапханаға жиі бас сұғып тұратынбыз. Зерттейтін тақы ры бы-мызға осылай дайындалатынбыз. Ра-сын айту керек, тележурналистикада жүргендердің дені «жұлдыз» болып кеткен. Жастар тележурналистиканы танымал болудың жолы ретінде ғана қабылдайды.

Екінші, бәсекелестік бар...– Бәсеке деген жақсы емес пе?– Білім жағынан бәсеке болса,

қуанар едім ғой. Олар материалдық ахуа лымен бәсекеге түседі. Оған жету дің оңай жолдарын табуға құш-тар. Сондықтан, жастардың ойы да шектеліп қалған сыңайлы. Қит етсе, интер нетке жүгінеді. Мәселен, менен «Семей өңіріндегі Абай ауданында қандай жерлер бар, Баянауылдан қандай тұлғалар шыққан?» деп сұраса, тақылдап айтып беремін. Сан жылғы ізденісімнің жемісі ол.

Тағы айтарым, қазіргі журналисти-каны кінәлай беруге де болмайды. Расында, бұл сала үкімет тарапынан, мемлекет деңгейіндегі қамқорлыққа зәру. Журналист неге пәтер жалдау ке-рек? Неге мардымсыз айлық жалақыға қарап отырады? Осындайда Шерхан ағаның «Түйенің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» дегені ойға оралады. Сол сияқты біз әлемнің, қоғамның проблемасын, мұңын, жы-рын шерте жүріп, соның астында қалып қоямыз.

Page 11: 69 (3126) 2014-06-24

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

«Астана ақшамы» газетінің редакциясы осы ұжымның бұрынғы қызметкері, белгілі журналист

Ерғазы Әсембекұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері

Машрап Мазан Машрапұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

1 16.00

“ ” ,

2 12.00

( )

3 16.00

4 12.00

,

5 19.00

,

1 19.00

,

-

2 19.00

)3 19.00

-

4 19.00

,

-

( )5 16.00

, ,

( )

1 11.00

( )

1 12.00

2 16.00

«MERAKI,

( )

4 16.00

,

5 11.00

Page 12: 69 (3126) 2014-06-24

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww.ww.w.wwwwwwwwww.ww.w.ww.wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww.wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww.wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww aasasaaassasasaaasassasaassasssssssasssassassssssssssssssstatatttatataatatatataaaaaatattataaaaatatatataaaataattaaataaaaaaaaataaaaaaaaaaataaatataataaaaataaatataaaaaaaaaatataaaaaaaaaaaaaaaaaatataaaaaaataaaatat nnnnnnnnnnnnnnnannnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnn -akshamy.kz

E-mail: innnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnnfofofffffooofofffffffffofooooffofofffffofofffffofffffffffoffoffffofffoffffffofooofffofffffffffofofffffffffoffffffffffffooooooooooooofffffffffffoooooooooooooofffffffffooooooooofffffffffoffooooooooooofffoffffffffooooooooofffofffffffooooooooofoffffofffffoooooooooooooooofffoffffffooooooooooofoffffofofffooooooooooooooofofoffffffoffoooooooooooooofofffooooooooooooooofffoooooooooooooffofooooooooffoooooooofoooooofffffooooffofoofooooooooooooooooooooooooo@@@@@@@@@@@@a@@a@a@a@a@a@a@@@@@@@@@a@a@a@@a@a@@a@a@a@a@@@@@@@@@@@a@@a@a@a@a@a@a@a@a@@@@@@@@@@a@@@@@@@a@a@a@a@@@aa@@@@@@@@@@@@@@a@@@@a@a@a@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@a@a@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@a@aaa@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@a@a@a@a@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@aa@aa@aa@@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@a@a@a@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@aa@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@a@@@@@a@@@@@@@@@@@@@aaa@@a@a@a@@@@@@@@@@@@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@aaaa@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@aaaaa@@@@@@@@@@a@@@@@@@@@@@@a@@@@@@@@@aa@@@@@@a@@@@a@a@@@@@@@@@a@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@@ ssststtstsssssstststststsstssststststssssststsstsstststtstsstssststststssssstsststsststssttttstttststtssttttaaananaaananaaaaaaaaaaanaaaannaaaannnnnnnnnaaaaananannnnnnnaannnnnnaaananannnnnnaaannnnannnnnnnnnnnaannnannaanaanannannnananananaaannaaannnnannaaaannnnaaaannnna-a-aa-a-aaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaa akshamy.kz

Ойда жоқта Мек-сикамен тең ойнаған алаң иелері соңғы турда Камерунды ірі есеппен ұтып, топтан бірінші болып шығуды ойлайды. Ал екінші орын үшін Хорва-тия мен Мексиканың жан беріп, жан алысатыны анық.

Соңғы турда бір-бірімен кезедесетін Голландия мен Чили топ тізгінін қолға алу үшін ғана таласқа түседі. Тең ойын болған жағдайда «қызғалдақтылардың» жолы болды дей беріңіз. Чили – екінші.

Ескерте кетейік, «А» және «В» тобындағы соңғы кездесулер өткен түнде ойналғанына байланысты қорытындысын алдын-ала жариялау мүмкін болмады.

Колумбия алдына қара салмады. Ал келесі кезеңге өтетін екінші команданың тағдыры – Кот д’Ивуар, Грекия, Жапония құрамаларының өз қолында.

Үш әлем чемпи-онымен бір топқа түскен Коста-Рика құрамасының жаназасын ал-дын-ала оқып тастағанымыз рас еді. Қателесіппіз. Уругвай мен Ита-лияны жер жастандырған олар өз тобының бірінші командасына ай-налды. Ал соңғы турда Уругвай-Италия құрамаларының арасындағы «соғысқа» куә болатынымыз анық.

Франция өздері қалаған нәтижеге қол жеткізді. 6 ұпаймен топ бастады. Ал екінші орынға Швейцария мен Эквадор қол созады. Бұл ретте еуропалықтардың үміті басым.

Аргентина да алғашқы екі ойында жеңіліс көрмей, плей-офф кезеңіне бірінші болып жолдама алды. Енді олардың ізіне еру үшін Иран мен Нигерия таласатын болады.

БРАЗИЛИЯДАFЫ АНЫК

Соңғы турда тиісінше 4 ұпайы бар қос команда – АҚШ пен Германия өзара бақ сынасып, топтан бірінші болып шығу жағын қарастырады. Пор-тугалия өз есептері үшін «неміс машинасының» жеңісін тілей оты-рып, ганалықтарды ұтуға тырысады. Ал африкалық футболшылар АҚШ-

Кімнің екінші боларын нақты айту қиын.

Ә п д е г е н ш е ә л е м біріншілігінің екі айналымы өте шықты. Біз білетін тағы да бес анық бар. Олардың сана-тына қазіргі әлем чемпиондары Испания, Англия, Австралия, Гондурас және Босния-Герце-говина енеді. Бұлар – аттыға еріп таңы айырылған жаяудың кебіндегі қырсыздар. Кіл мықтының соңына ере алмай ерте өшкендер. Жарайды, үлкен жарысқа алғаш рет қатысқан босниялықтарды түсінуге болады. Сондай-ақ, Гондурас пен Австра-лияны да қаралаудан аулақпыз. Бізді таң қалдырғаны – ағылшындар мен испандар. «Челси» мен «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» пен «Барселонаның» жігіттері жерге қараған уақытта футбол әлеміне тың серпін енгенін байқадық. Олардан басқа да халықтың доп тебетініне көз жеткіздік. Бір өкініштісі, жаңа буынның қатарында қазақтың жігіттері жоқ.

тың ірі жеңісі арқасында өздері де Роналдуларды таптап өтіп, келесі кезеңге шығатын сенімде.

Бельгия топтан бірінші шықты. Ал Алжир, Ресей, Оңтүстік Корея футболшыларының тағдыры соңғы турға байланып тұр.

ммыдда

наа-рыы ияя, рцце-ғаа ерббінде

сооңыаррайдттысқоолад

Аввстрызз. Біз

аар мнччестд»» пжжергемінеіадыққтыңік. Барын

ріпегі

ынады,қанды.ра-зді

ментерен

ге е .

ң ң Бірррннддаа

п і а ,

н. -і

нр н

а

Астана Арманына сенедi

Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық «Қазақстан Ба-рысы» турнирінің ұйымдастырушылары биылғы финалдық сыннан бес балуанның шеттетілгенін ресми түрде мәлімдеді.

Жарысқа қатысу ережесін бұзғаны үшін Қостанай облысында өткен ІІІ іріктеу кезеңінің жеңімпазы Ғабит Балғынбаев финалға қатысу құқығынан айырылды. Регламенттегі ережеге сәйкес, турнирдегі әрбір балуан міндетті түрде іріктеу жарысындағы барлық кезеңге қатысуы тиіс. Ал аталған палуан жарысқа жарты жолдан қосылған екен. Сонымен қатар, Балғынбаевтың бас қаламызда тіркеуде тұрмаса да, Астана қаласындағы іріктеу кезеңдеріне қатысқаны анықталды. Бұдан бөлек, осындай себептерге байланысты

Михаил Твердохлебов (Қостанай облы-сы), Нұрғали Байтарақов (Астана қаласы), Манас Иманқұлов (Маңғыстау облысы) және Дамир Қалақов (Батыс Қазақстан облысы) есімді палуандар да биылғы финалдан сырт қалады. Биылғы турнирде осылайша 33 палуанның 28-і бақ сынайды.

Турнирге Астана қаласының атынан 120 келілік Арман Әбеуов қатысады. Оның бойы – 190 см. Турнир аясында «Малайсары» деген бүркеншік атпен өнер көрсететін Арман 30 маусым күні 32 жасқа толады.

Қазақ күресінің болашағына сенетін ағайын қашанда палуандарды қолдап-қолпаштап отырған. Тіпті басқа спорт түрлерінің басшылары да өз қатарларынан қазақша күрестің жілігін шағып, майын ішкен жігіттерді көргісі келетінін байқап

жүрміз. Солардың бірі – Джиу-джитсу федерациясы мен Қазақстанның ММА президентi Анатолий Ким. Оның ай-туынша, ММА спортында Қазақстан құрамасы ауыр салмақтағы спортшылар-дан тапшылық көрiп отыр.

«Олардың саны соншалықты көп емес. «Қазақстан Барысы» жобасына қатысушы жiгiттер бізге қызығушылық танытса, ешқашан қарсы болмаймын. ММА бiздiң палуандарымызға жол ашады. Мықты палуандар Қазақстанда жеткiлiктi, адами ресурстар өте жақсы, спорттық база бар. Бiз осындай чемпиондарымыздан қаражатымызды аямаймыз. Болашақта Федор Емельяненко сынды әлемдiк деңгейдегi ұлттық батырлар шығады деп есептеймiз» дедi Анатолий Ким.

Бетті дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

«Пюник» командасы 1996 жылы Ереван қаласында құрылған. Ежелгі аңыздардағы қасиетті Феникс құсының аты берілген клуб – футболдан Армениядағы жетістігі ең көп ұжым. Олар бұған

дейін 10 мәрте ішкі біріншіліктің жеңімпазы атанып, 6 рет Армения кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, 7 дүркін Армения суперкубогының иегері.