85 (3142) 2014-08-02

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 85 ÒÆμ 2 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ 6 +$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +25°..+27° +11°.. +13° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë ùüĨüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì 3 ɴɭɱʍɸʍɴ ɹʃɱɳɧ ɨɧɳɧɧ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ʥ˧ˬ˧˭ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ˮ˘ˮ ˺˘˙˘˲ˬ˘೦˘ˮ˞˘˥ ˙ˤˬ ϭ Ͳ ϯϬ ˵˘˭ˣ ˘˲˘ˬ೦ˮ˞˘ ˢˬ˞˘೦ ˞ഉ˳˵˲ ˙˯˥ˮ˾˘ ʺ˟˪˵˟˱˪˟ ˢ˯ˬ ೪˘˥˲˭˞ˬ೪ ˘˪˻ˤ˳ ˵˟˞˧ ʺ˟˥˧˲˧˭ ˳˥ˬ˘ ˙˘ˬ˘೦˘ ˞˟˱ ˢ˘ˮ˘˾˲ ˢ˘ˮ˞˘˲೦˘ ˮ˞˟˶ ˵˘˳˵˘೦˘ˮ ˘˪˻ˤˮ೮ ˭˘೪˳˘˵ ʹ ˘ˣ ೪˘˭˵ˬ೦˘ˮ ˯˵˙˘˳ˮ˘ˮ ˾೪೪˘ˮ ˘˵˘Ͳ˘ˮ˘˳ˮ೮ ೪˘˭೪˯˲ˬ೦ˮ˳ˣ ೪˘ˬ೦˘ˮ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲೦˘ ˢ˘೮˘ ˯೪˶ ˢˬˮ˘ ˞˘˥ˮ˞˘ˬ˶೦˘ ˪˭˟˪˵˟˳˶ ʺ˟˪˵˟˱˪˟ ˭ˮ˵˘ˣ˞˘˥ ˙˘˲ˬ೪ ˪˟˲˟˪Ͳˢ˘˲˘೦ ˳˘˥ ˙˯ˬ˱ ˙˘˲೦˘ˮ ˙˘ˬ˘ ˯೪˶೦˘ ˞˘ ೪˘˵˘˲ ೪˲˙ˬ˘˲ˮ˘ˮ ೪˘ˬ˭˘˥ ˘˥˲೪˾˘ ˮ˵˘Ͳ೪ˬ˘˳˱˟ˮ ˪˧˲˧˳˟˞˧ ˁ˯ˬ ˳˟˙˟˱˵˧ ˥˭˞˘˳˵˲˶˾ˬ˘˲ ೪˯ˬ ˘˾೪ ˢ˯˭˘˲˵ ˢ˘ˮ˞˘˲˞ ˳˪˟ˬ˟೮ ˲˱˘೪˵˘˲˭ˣ ˟˾˵˟೮˟˞˟ˮ ˵˘˲˾ˬ೪ ˪˲˭˟˥ ˳˶˛˟ ˵ˤ˵˵˟˥ ˞˟ ˙˯ˬ˳˘ ˬ˟˳˧ˮ ೪˯˳˶೦˘ ˾˘೪˲˘˞ ʤ˪˻ˤ೦˘ ೪˘˵˳˘˭ ˞˟˶˾˧ˬ˟˲ ʥ˧ˬ˧˭ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ˮ೮ ϱϱͲϲϴͲϳϰ ϱϱͲϲϴͲϳϱ ˵˟ˬ˟˹˯ˮ ˮ˭˧˲˧ˮ˟ ˺˘˙˘˲ˬ˘˳˘ ˘ˬ˘˞ ˏǴǬǷǨǧȆǴ ʽ˅ʽȂʽ »ĘÈÉĝÇ° ĜÄ¼Ç Éĝ¸° ž·»Ò ½¼ÃĚÅÇÂÒĚÆ¼Ä ÁĝÇ¼È ÄĤçØåâ×é ·Ç¾·Ã·È ğäïü ɼÁ ÉĞÉÒÂę·Ä»Ò ÉĞÉĚÒÄ»·ÊÃ¼Ä ę·Ä· ϼÁɼÂüÀ»° 12 8 5 ϮϬϭϰ ˢˬ೦ ϭ ೪˘ˣ˘ˮ೦˘ ˵˘೦˘˥ˮ˞˘ˬ೦˘ˮ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ ʿ˘˲ˬ˘˭˟ˮ˵˧ ˁ˟ˮ˘˵ ˞˟˱˶˵˘˵˵˘˲ˮ೮ ˳˘˥ˬ˘˶ˮ ഉˣ˧˲ˬ˟˶ ˭˟ˮ ˵˪˧ˣ˶ ˢˮ˧ˮ˞˟˛˧ ˮ˟˛˧ˣ˛˧ ˧˳Ͳ˾˘˲˘ˬ˘˲˞೮ ˪ˮ˵˧ˣ˙˟ˬ˧˪ ˢ˯˳˱˘˲

Upload: -

Post on 01-Apr-2016

236 views

Category:

Documents


8 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №85 (3142) 2 тамыз 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 85 (3142) 2014-08-02

85 2

+25°..+27°+11°.. +13°

3

12 85

Page 2: 85 (3142) 2014-08-02

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

***

***

***

***

М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сара-йында «Болашақ бүгіннен бас-талады» патриоттық акциясы өтті.

«Астана Аре-на» стадионы. Қазақстан чем-пионаты. Бірінші лига. «Бәйтерек» (Астана) – «Оқжетпес» (Көкшетау) Басталуы: 15.00.

«Көрме» орталығында «Көңілді де-малыс» кеші ұйымдастырылады.Басталуы: 17.00.

Астанада өткен алты айда қала көлігімен

75000 тонна жүк тасымалданды.

Ж ә р м е ң к е д е н А с т а н а т ұ рғындары мен қонақтары қажетті тауарларын қолжетімді б а ғ а ғ а с а т ы п а л а а л а д ы . Келушілердің назарына қаламнан бастап калькулятор мен түрлі қа лыптағы дәптерге дейінгі а лу а н т ү рл і о қ у-қ ұ ра л д а р ы шығарылады. Сонымен қатар, Астана және Қазақстанның өзге де аймақтарының кәсіпкерлері мектеп жасындағы және мек-тепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімдер, аяқ киім, порт-фель мен сөмкелерді ұсынады. Ме к те п жә р м е ң ке с і ө те т і н күндері келушілерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қоғамдық тамақтану нүктелері ашылады.

Шұғыл әрекет ету нәтижесінде а в то б е ке т т і ң ж ұ м ы с ы у а қ ы т ша тоқтатылып, екі мыңға жуық жо-лаушы, 13 қаларалық қатынастағы автобус пен 12 жеңіл көлік аулаққа шығарылды. Алайда, «Арлан» ар-наулы жасағы мен кинологиялық орталықтың із кескіш иттері қанша тінтігенімен, ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Жедел тергеу амалдары Ақмола об-лысында тұратын 25 жасар қыз бала жұртты текке әбігерге салғанын анықтап, тұтқынға алды.

Қасақана жалған хабар таратып, бұзақылық жасағанын мойындаған қыздың айтуынша, ол терроризмнен қорғану туралы буклет сыртындағы телефонды көріп қалып, вокзал ішіндегі телефон автоматынан шұғыл әрекет қызметтерінің жеделдігін тексеріп көрмек болыпты.

Ат а л ға н ф а к т і б о й ы н ш а Қ Р Қылмыстық кодексінің 242-ші бабы-на («Террорлық акт туралы қасақана жалған ақпарат тарату») сүйене оты-рып қылмыстық іс қозғалды. Уақытша тергеу изоляторына тоғытылған тәртіп бұзушыдан сот арқылы келтірілген материалдық шығын толықтай өндірілініп алынады.

А с т а н а қ а л а л ы қ І ш к і і с т е р департаменті осылайша отпен ойнап, терроризм туралы жалған ақпарат таратқандарға жаза 2012 жылдан бері қатаңдатылғанын ескертеді. Егер, бұрын санкция бойынша 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл төлеттіріп немесе екі жылға түзету жұмыстарына салу, алты айға түрмеге отырғызу сияқты жеңіл-желпі жазалар қолданылса, бұдан былай заң мұндай бұзақылық үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыра алады.

Еділ БӨКЕЕВ

Бір қуанарлығы, он тоғыз жылда бұл тізім Қазақстан үшін он төрт мерейлі күнмен толыққан. Олардың қатарында, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Махам-бет Өтемісұлы қатарлы ұлт ұлылары мен Мұхаммад Хай-дар Дулати, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани сынды дарынды ғалым-зерттеушілердің ме-рейтойлары бар. Бұдан бөлек, ЮНЕСКО-ның атаулы күндер қатарына Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 1500 жылдығы, сонымен бірге «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы, композитор Ахмет Жұбанов пен суретші Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығы да тойланған болатын.

Келесі жылы ЮНЕСКО-ның тарихи күнтізбесіне белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығын қосу жоспарланып отыр.

Жұма ҚАЗИЕВ

2014 жылғы 5 тамызда сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі,11, 220 кабинет) бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі:1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа

кандидатты ұсыну туралы. Анықтама телефондары 55-66-36, 55-66-37

А.БАЙГЕНЖИН,Астана қаласы мәслихаты

хатшысының м.а.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Констит уциясының 44-бабының 2 ) т а р м а қ ш а с ы н а , « Қ а з а қс т а н Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республи-касы Парламенті Сенатының депутат-

тары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін:

1 . Қ а з а қс т а н Ре с п у б л и к а с ы Парламенті Сенаты депутаттарының сайл ау ы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үк і м е т і , А с т а н а м е н А л м а т ы

қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ет у жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВАстана, Ақорда, 2014 жылғы 31 шілде. № 871

Page 3: 85 (3142) 2014-08-02

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

3

«Cinema Tone Production» студия-сында аударылған киноөнімнің дубляж режиссері – Тиму р Балымбетов. Бас кейіпкерлерді дыбыстайтын мамандар-ды Голливуд әртістері өздері таңдайды екен. Ол үшін аудармаға 20-ға жу ық қазақ актерлері жұмылдырылған. Осыған дейін кинокартина ағылшын, француз, испан, португал, неміс, орыс тілдеріне тәржімаланған болатын.

« Ду б л я ж ж а с ау ө т е к ү рд е л і ә р і жауапкершілікті талап ететін жұмыс е к е н . М ә с е л е н , ф и л ь м ж а с т а р ғ а арналғандықтан, ондағы кейіпкерлердің барл ығы «сл энг » т іл інде сөйлейд і . Оларды қазақшалау, олардың орнына жанама сөздер іздеу біраз уақытымызды алды. Бұл сөздердің баламасы алғашқыда қызық естілуі мүмкін. Десе де, уақыт өте

Осылайша Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің үшінші айналымында Швецияның атынан ат үркетін «АИК» командасын қабылдаған «Астана» өз алаңында 1:1 есебін ұстап қалды.

Ойынның 9-мину т ында қонақтар сапынан Бау и гол соғып, жергілікті

Спорт кешендерінде орналасқан бассейндердің тазалығы мен судың с а п а с ы н қ а д а ғ а л ау б а р ы с ы н д а Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 28 сынама алған.

Бұған қоса, Астана қаласы СЭС қызметінің мамандары энтеровирусты инфекцияның тіркелуіне орай судың са-пасы мен қауіпсіздігіне елордадағы және республика бойынша су қоймаларындағы зертханалық тексеруді күшейтті.

«Энтеровирус бассейндерден табылған жоқ. Дегенмен, олар кәріз суларынан табылды. Он сынаманың біреуінен вирус анықталды. Бұл – аталған вирустың қоршаған ортада бар екендігінің дәлелі. Сондықтан, біз жүйелі жұмыс жүргізудеміз» деді ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Жан-дарбек Бекшин.

Қазіргі таңда ASTAINABLE жоба-сына сәйкес таяу болашақтағы «ЭКС-ПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі мен 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді Астананың даму жоспары әзірленуде. Бұл істі Қазақстан мен Францияның мамандары бірлесе атқаруда. Алды-мен олар Астананың экологиялық таза көлік, энергожүйені ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару, қоршаған ортаны қалпына келтіруді қосқанда құрылыс пен қалалық экожүйе саласындағы қажеттіліктерді анықтайды. Соңынан француздық компаниялар ұсынған техникалық шешімдермен бірге барлық нәтижелерді қала дамуының ви-туалды үш өлшемді интерактивті үлгісі түрінде ұсынады.

Сағи ОРАЛ

келе құлағымыз үйренеді деп ойлаймын. Кейбір эпизодтарда қазақ тіліндегі ду-бляж түпнұсқадағы мәтіннен де жақсы шықты. Біздің жоба жастар назарына ілікті және қазақ тілін дәріптеуге септігін тигізеді» дейді дубляж режиссері Тимур Балымбетов.

Фильмде барлығы бес кейіпкер бар. Олардың барлығы – қарақшылар. Бастапқыда жағымсыз болғанымен, фильм соңында дұрыс шешім қабылдап, көрермендерін қызықтыра түседі. Блокбастердің басты қаһарманы Жұлдызды Лордты Тимур Пиязов, Гамораны «Малефисента» фильмі бойынша танымал болған Гүлназ Әуесбаева дыбыстайды. Руслан Сеңкебаев, Бейбіт Қамаранов, Бауыржан Қаптағай, Ержан Жарылқасынов сынды актерлер де дубляждауға ат салысты.

Ф и л ь м д е р д і а уд а р у б а р ы с ы н д а кәдімгідей дубляж мектебінің қалыптаса бастағаны байқалады. Өйткені, актер-лер өздеріне жүктелген тапсырманың жауапкершілігін толық сезініп, тамаша нәтиже көрсете білген.

« О с ы ғ а н д е й і н « Ж а л ғ ы з р е й н -джер», «Малефисента» фильмінің ау-дарма ларына қатысқан болатынмын. Елімізде дубляж саласының дамып келе жатқанына қуанамын. Соның арқасында қазақ тілінің насихаты да артып жатқаны анық . Тіл жанашырлары аз уақыттың ішінде көрерменге біраз фильм ұсынып үлгерді. Барлығы да көпшілік тарапынан жақсы бағасын алып жатыр. Бұл – үлкен жетістік» дейді актриса Гүлназ Әуесбаева.

Еркежан СӘТІМБЕК

жанкүйерлердің жүйкесіне ши жүгірткен болатын. Алайда, алғашқы тайм түгесілер тұста, яғни 42-минутта Таңат Нөсербаев қарсыластар қақпасын баспен дәл көздеп, таразы басын теңестіріп, бәрімізді бір желпінтіп тастады. Осыдан кейін алма-ке-зек шабуылдар жиі ұйымдастырылғанмен,

нәтиже сол күйі сақталып қалды. Ойын соңына қарай Фокси Кетевоама алаң иелерін алға шығаратын тамаша мүмкіндіктің бірнешеуінен айырылды.

Қарымта ойын 7 тамыз күні Швеция астанасы Стокгольмде Астана уақытымен сағат 23:00-де өтеді. Ол күні астаналықтар қалайда бір гол соғудың қамына кіріседі.

Сондай-ақ, осы лигадағы екінші ко-мандамыз қарағандылық «Ша х тер» Хорватияның «Хайдук» клубын қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Топчагич, Фи-нонченко, Джидич және Жанқылышбай соққан төрт доп алаң иелерін келесі кезеңге алып шығуға тамаша мүмкіндік болып отыр. Енді сырт алаңдағы кездесу 7 тамызда Аста-на уақытымен 23.00-де өтеді деп күтілуде.

Ал чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан «Ақтөбе» румыниялық «Стяуаны» қабылдап, 2:2 нәтижесіне қол жеткізді. Қарсыластардың қарқынына төтеп бере алған қазақстандық футболшылар плей-офф кезеңіне өту үшін қарымта ойында кем дегенде екі доп соғу міндетін орындау керек. Десек те, Валерий Коробкин мен Роберт Арзуманян соққан қос доп 6 тамыз күні Румынияда өтетін екінші кездесуге үміт сыйлап тұр.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 4: 85 (3142) 2014-08-02

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Айзада:

– Қазіргі таңда жағдай өзгерген. Бұрын ауруханаға келсеңіз, баланың сырқатына қарай сізді жатқыза беретін, ал бүгінде өзіңіз айтқандай, науқас тек портал бюросы арқылы ғана госпитализацияланады. Шұғыл меди циналық көмекті қажет етпейтіндер, мамандандырылған емге зәру сырқаттар алдымен невропатолог дәрігердің тексеруінен өтуі керек. Дәрігер оның жағдайын емханада анықтайды, содан кейін барып оны жеке коды бар жолдамамен госпитализацияға жібереді.

Күләш:

– Жүректегі ақаумен туылған әрбір сәбиге мұқият тексеріс және жүрек қызметінің функциясына бақылау қажет. Қалада әзірге осындай нәрестелерді емдеумен, нақты диагностикамен және де жаңа туған сәбилерге операция жасаумен тек біздің стационарымыз ғана айналысады. Де-генмен, қазіргі таңда Астана қаласында шетелдердегіден еш кем түспейтін екі кардиохирургиялық орталық жұмыс істейді. Әрине, сіз сол орталықтарға барып, кардиохирург-тен кеңес ала аласыз. Бұрындары мұндай науқастар басқа жаққа барып емделетін, қазір ондай оталарды өзіміздің жергілікті ауруханалардың дәрігерлері де жасай береді. Ол үшін мекемелерімізде барлық жағдай жасалған.

– Жоқ. Ана мен бала денсаулығының мықты болуы үшін жас нәрестені дү-ниеге келген бойда тек емшек сүтімен ғана тамақтандыру қажет. Жаңа туған нәресте ағзасы ана сүтінен басқа тағамды қабылдауға бірден дайын бол-майды. Сондықтан денсаулығы қалыпты болып, дұрыс өсіп-жетілуі үшін алғаш ана сүтіне тең келер еш нәрсе жоқ.

Ғылыми деректер бойынша ана сүті нің құрамында жас нәресте ағза-сына қажетті заттардың бәрі бар. Ондағы ағуыз, майлар, көмірсу, вита-миндер тез әрі жеңіл қорытылады. Сон-дықтан жас аналардың баланы та биғи тамақтандырғаны тиімді. Соңғы бес жылдың көлемінде дүниеге келген сә бидің 95 пайызға жуығы ана сүтімен қорек-тендірілетіні анықталды. Бұл ана мен балаға қатысты әртүрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізіп отыр.

Ана сүті – бала үшін жылы, таза, күндіз де түнде де дайын, табиғи тағам. Алайда,

ол бала үшін пайдалы тамақ қана емес, кез келген сүттерде жоқ ерекше биологиялық қасиеттерге бай. Емшек сүті, сондай-ақ, сыртқы ортаның жағымсыз факторла-рына және жұқпалы аурулардың бейімделу процесін қалыпты жүргізетін, жақсы әсер ететін дәру болып табылады.

Онымен нәрестені 4-6 айға дейін та-мақтандыру керек, бұл баланың ас қо-рыту жүйелерінің созылмалы ауруын, тамақ аллергиясының дамуын болдыр-майды. Қосымша тамақты 4-6 ай өткен соң ғана бере бастаған жөн. Ана сүтінің құрамында қорғаныш факторлары бар, олар нәрестені ішек инфекцияларының, түрлі тыныс жолдарының ауруларынан қорғайды, сонымен қатар ондай балалар басқа да аурулармен сирек ауырады.

Бала емізудің анасына да пайдасы бар: ол емшек бездерінің дамуын болдыр-майды, денсаулығына жағымды жағдай туғызып әсер етеді, қан аздық пен қатерлі ісіктерден сақтайды.

Перизат:

– Иә, мүмкіндігі шектеулі ба-лалар үшін мұндай қызмет түрі қарастырылған. Сонымен бірге біздегі бөлімшелерде бір орынды палаталар да бар. Онда жату үшін кереуетке тәулігіне 2 500 теңге ақы төлейсіз.

Қайырлы:

– Иә, жасалады. Ол ультрадыбыстық диаг-ностика немесе эхокардиохирургия деп ата-лады. Құрылым бұзылыстарының, клапандар мен жүрек жұмысының көрінуін қарау арқылы жүргізілетін ем түрі емделушілерге ақылы негізде, яғни өз есебіңізден жүргізіледі. Прейскурант аурухана сайтында көрсетілген: www.gdb1.kz.

Ләйлә ҚАНАПИЯ:

– Шаруашылық жүргізу құқы-ғындағы «№1 қалалық балалар ауруханасы» МКК – жаңа туған нәрестелерге, 7 айға дейінгі пневмо-ниямен ауыратын балаларға және 15 жасқа дейінгі басқа да балаларға неврологиялық патология бойын-ша медициналық көмек көрсетіп келе жатқан қаламыздағы қазіргі заманға сай стационарлардың бірі. Ол 1950 жылдары әйелдер-балалар кеңесі, қаламыздың бірден-бір пер-зентханасы болған. 1993 жылы қа-лада көп профильді екінші балалар ауруханасының ашылуына байла-нысты, шала туған нәрестелерді неонтальдыреанимацияда, балалар невралогиясында медицинада жаңа бағытта емдеу профилімен бірінші аурухана құрамынан қайта құрылды. Бас қалада мамандандырылған орталықтардың ашылуына қара-мастан, ауруханамыздың беделі сақталған. Ашылған уақыттан бас-тап бүгінгі күнге дейін ауруханада қайырымды, өз ісіне шын берілген, жауапкершілікті сезінетін, білімді де білікті дәрігерлер жұмыс істейді.

Қарлығаш:

– Бүгінгі таңда енгізілген бағдарламалардан басқа, пери-наталдық технологиялар сапа-сын жақсарту бойынша жаңа туған аналарды перзентінің де, өзінің де денсаулығы қалыпты болған жағдайда екінші күні үйіне шығарады. Осы уақыт аралығында перзентхана-да сәбиге екі екпе жасалады. Осылайша, бала туғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда гепатит және сол күні БЦЖ салынады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Яғни, балақайлар перзентха-нада вакцинацияның толық курсын қабылдап үлгереді.

Дүйсен:

– Бұл мәселені емхана дәрігерімен бірге шешуіңіз қажет. Балаңызға қандай көмек керек екендігін дәрігер анықтайды. Сырқатты үйде емдеуге болмайтын жағдайда ғана ол баланың жасына немесе ауруына байланысты біздің ауруханаға жөнелтеді. Ал, егер госпитализация қажет болмаса, дәрігер балаңызға шұғыл медициналық көмек көрсетеді немесе мамандардың кеңесін алуыңыз қажет. Қайталап айтамын: балаңыздың сырқатына байланысты қажет болған жағдайда қаламыздың кез келген стационары сіздерге тегін медициналық көмек көрсетеді.

Бақыт:

– Біздің аурухана он бес жасқа дейінгі балаларды емдейді. Ал, жаңа туған нәрестелер мен 6 айға дейінгі балалардың ауруханаға жиі түсуінің себептері туралы айтар болсақ, қазір көптеген сәбилерде сары ауру, тері жұқпасы, өкпе қабынуы, неврологиялық бұзылулар, яғни сіңір тартылу, аз салмақ қосу байқалады. Кейбір балалар нашар емеді, тыныс алуы қиын нәрестелер де көп. Жалпы, балалардың басым бөлігі бізге тыныс алу мүшелері ауруларымен және неврологиялық бұзылулармен келіп түсіп жатады.

Қаламқас КАРБОЗОВА:

– Біздің ауруханада лор бөлішесі жоқ. Сондықтан, ол үшін Қошқарбаев көшесіндегі 64-үйде орналасқан қалалық №2 балалар ауруханасына барып, лор дәрігеріне жолығуыңыз керек. Алдымен өз емханаңыздан квота алыңыз.

Дайындаған: Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Алтын АМАНОВА:

Page 5: 85 (3142) 2014-08-02

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

м е м л е к е т т і ң қ а т ы с у ы н р е т -теу, бухгалтерлік есептің, кадр даярлаудың халықаралық стандарт-тарын енгізу, мемлекеттік деңгейдегі заңдардан (бірінші кезекте ТМД мемлекеттерінің) тәжірибе игеріп, мазмұндық жағынан бір-біріне ұқсастыру едәуір оң өзгерістер әкелді. Осының нәтижесінде мемлекеттік бағдарламадағы белгіленген межеге сәйкес өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік, саяси зардаптары бар жемқорлық деген қауіпті дерттің соңғы жылдары азая бастағанын байқаймыз.

Дей тұрғанмен, еліміздегі жемқорлық мәселесі туралы сөз қозғай отырып, оның статастикалық динамикасы аумалы-төкпелі екенін де ұмытпауымыз керек.

Жемқорлық қылмыстардың ашы-лу көрсеткішінің артуы мен төмендеуі бірінші кезекте онымен күрес жүргізетін құқық қорғау және басқа

да мемлекеттік органдар жұмысының күшеюі немесе бәсеңдеуіне тікелей байланысты екенін қаперге алу керек.

Бір қарағанда, жемқорлық ай-та-айта әбден құлаққа үйреншікті болғандықтан, құлықсыз тыңдайтын тақырып сияқты көрінгенімен, оны-

мен күрестің түп негізінде мемлекеттің мүддесі, әрбір азаматтың мүддесі жатқанын баршамыз ұғынуымыз керек.

Яғни, жемқорлықпен күрес тек тұтылғанды тұтқындаумен ғана шектелмейді. Оның ар жағында ж е р г і л і к т і а т қ а р у ш ы о р г а н -дар жүргізетін экономикалық

Дейтұрғанмен онымен күрес жо-лында бұл шаралар жеткіліксіз, әлі де қосымша қарекеттерге баруымыз ке-рек екенін тәжірибе айқындап отыр. Атап айтар болсақ, жемқорлыққа қарсы бағдарламаның жүргізілу бары-сынан халықты ұдайы құлағдар қылып отыру, мемлекеттің осы теріс үрдіске тосқауыл қою жолындағы саясатын кеңінен насихаттау, қолданыстағы заңдарды түсіндіру, аймақтардағы, түрлі салалар мен ведомстволардағы жемқорлық қарекеттердің салыс-тырмалы индексін түзіп, бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жа-риялап отырудың арқасында осы-нау оспадарлықтың ауа жайылуын ауыздықтауға болады.

Осы орайда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болу керек екендігіне баса назар аударғым келеді. Өйткені, теле-радио, газет-журнал, интернет жүзінде заңды бұзудың соңы зар қақсататыны, жазадан жалтару мүмкін еместігі, сондықтан, ең дұрысы – заңға бағыну керектігі кеңінен насихатталса, құқық қорғау органдарының беделі өсіп, қоғамдағы рөлі артар еді.

Айта кету керек, жемқорлықпен күрес жолында экономикадағы

саясаттағы ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттің материалдық және қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану, тұрғындарға құқықтық қызмет көрсетудің са-пасын жақсарту, астанамыздың құқықтық санасы жоғары қала ретіндегі бет-бейнесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлік субьектілерін бармақ басты, көз қыстылықтан аулақ болуға дағдыландыру, әлеуметтік шиеленісті болдырмау, керісінше қоғам ішінде тұрақтылықты, халықтың билікке деген сенімін қалыптастыру секілді маңызды міндеттер жатқанын ұмытпауымыз керек.

Осы орайда ҚР Бас прокуратура-сы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары сы-байлас жемқорлықпен күрес мәселесі жөнінде тек өз қызметкерлерінің ара-сында ғана емес, өзге де мемлекеттік мекемелер, жоғары оқу орындарында

ұдайы дәрістер мен кездесулер өткізіп тұрады.

Мысалы, Комитеттің Аста-на қаласы бойынша басқармасы биылдың өзінде елорданың бірнеше мекемесінде, қаланың шеткері кенттерінде халықпен кездесу өткізіп, баспасөз бетінде бірнеше мақала жариялады. Яғни, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес саяса-тын әлеумет арасында насихаттап, қарапайым адамдарды осы мәселе төңірегінде құқық қорғау органдары-мен ықпалдаса жұмыс істеуге үндеу Комитеттің Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасының маңызды міндеттерінің бірі саналады.

Н.АЯЗОВ, ҚР Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Астана қаласы бойынша

аумақтық басқармасының прокуроры.

МҮЛІК САЛЫҒЫ2014 жылдан бастап тұрғын үй және

саяжайларға салық ставкасын есептеу бары-сында қолданылатын базалық салық ставкасы өзгерді. Яғни, әр шаршы метр үшін 30 000 теңгеден 60 000 теңгеге ұлғайды. Осыған бай-ланысты мүлік салығының сомасы алғашқы жылға есептелген салық сомасынан көбірек болады.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасын анықтайтын ставкалар қайта қаралды. Мәселен, өткен жылы мүлік салығының сомасы – 1 300 теңге болса, биыл – 2 600 теңге. Бұдан бөлек, өзгерістерге сәйкес мүлік салығы аяқталмаған (әділет органдарын-да тіркелмеген) құрылыс объектілері бойын-

ша да есептеледі. Мұндай объектілердің құны бір шаршы метрдің базалық ставкасы және жалпы алаңын негізге ала отырып жүзеге асырылады.

ЖЕР САЛЫҒЫСалық кодексінің 387-бабына бірқатар

өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, әр түрлі ны-сандарды салу үшін бөлінген, пайдаланылмаған жер телімдеріне, тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген жер телімдерін қосқанда, жер салығының 10 есе ұлғайтылған салық ставкалары салынады. Бұл ретте, мақсатсыз пайдаланылған немесе ҚР заңдылығын бұзған жер иелерін анықтау тәртібі ҚР Үкіметімен тағайындалады.

Мұндай жер телімдері бойынша салық орган-дарына ақпаратты жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жолдайтын болады. Жер салығының базалық ставкасын 10 есе ұлғайту міндеттемесі аталған нормадан екі жыл мерзім аса, яғни, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туатынын атап өту қажет.

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ САЛЫҒЫКөлік құралдарының салығы бойынша негізгі

толықтырулар Салық кодексінің 365 және 367 - баптарын қамтыды. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың кейбір санаты үшін көлік қозғалтқышының көлемі 4000 текше см асатын, сондай-ақ 2013 жылдың 31 желтоқсан айынан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген) жеңіл автокөлік құралдары үшін жеңілдіктердің күші жойылды.

Бұдан былай жеңіл көлік құралдарының жаңа ставкалары қозғалтқышының көлемі 3000 текше см асатын, жаңадан әкелінген (жасалған немесе жинақталған), Қазақстанда 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін шығарылған немесе Қазақстанның аумағына 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін кіргізілген автокөлік

иелерінің барлығына қатысты. Яғни, би-ылдан бастап жеңіл көліктерге жаңа салық ставкалары бойынша салық салынады. Атап айтқанда: қозғалтқышының көлемі 3000-нан 3200 текше см– 35 АЕК. 3200-ден 3500 – 46 АЕК, 3500 ден 4000 – 66 АЕК, 4000-нан 5000 – 130 АЕК, 5000 текше см асса – 200 АЕК. Бұл ретте салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

Ал, ел аумағында бұрыннан пайдаланылған көлік құралдарына салықты есептеу және төлеу ескі ставкалар бойынша сақталады. Мәселен, Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін әкелінген двигателінің көлемі 3500 текше см құрайтын жеңіл көлік құралына 2014 жылға есептелген көлік салығы – 31 280 теңгені құрайды. Двигателінің көлемі тап осындай, алайда Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін әкелінген жеңіл көлік құралына 2014 жылға есептелген көлік салығы – 87 292 теңге.

Дайындаған Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Page 6: 85 (3142) 2014-08-02

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Осы орайда мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қолға алынып, балалар мен жасөспірімдердің болашағына көңіл бөлініп жатқанын көзіміз көріп жүр. Бұл күні олар үшін орта және арнайы білім ошақтары қосымша жұмыс атқарып жатса, жұмыспен қамту мәселелері бойынша да жасөспірімдердің жолында көптеген шаралар атқарылуда.

Бірақ, әр істің бір «әттеген-айы» болаты-ны сияқты жеткіншектер арасында күрмеуі шешілмеген мәселелер әлі де бар. Осылардың алдын алу мақсатында Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бас-көз болуымен 28 шілдеден бері елорда аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оны 3-тамызға дейін атқару жоспарланып отыр. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы қоғамға жат әрекетке баруының алдын алу, сондай-ақ, қараусыз және қадағалаусыз өмір сүруге бейім кәмелетке толмағандарды уақытында анықтау, жасөспірімдердің өз заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақыттарда тұрғылықты жайларынан тыс жерлерде болуына жол бермеу – атқарылып жатқан іс-шараның негізгі мақсаттары.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың басы-қасынан ювеналдық полицияның учаскелік полиция инспекторларымен қатар жергілікті атқару органдары, прокуратура өкілдері, білім, ішкі саясат және жастар мәселелері жөніндегі басқармалар өкілдері, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үнемі табылып отыр.

« К ә м е л е т к е т о л м а ғ а н д а р д ы ң т ү н г і уақыттары өздері тұратын тұрғын-жайдан т ы с ж е р л е р д е с а ғ а т 2 3 . 0 0 - д е н к е й і н заңды өкілдерінсіз жүруі, қараусыз және қадағалаусыз өмір сүруге бейім кәмелетке т о л м а ғ а н д а р д ы у а қ ы т ы н д а а н ы қ т а у , алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілерін анықтау бойынша мүдделі мемлекеттік ор-гандармен, үкіметтік емес ұйымдармен, ата-аналар комитеттерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіледі» деді Астана қаласы Есіл ауданының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің

ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Нұрғайша Егембердиева.

Оның айтуынша, үш күнге созылған іс-шара барысында ішкі істер органдарына жеткізілген кәмелетке толмаған 80 баланың 68-і тәртіп сақшыларының қолына түнгі уақытта түсіп отыр. Қорытындысында, кәмелетке толмаған 24 жеткіншек пен 67 ата-ана және балалардың заңды өкілдері, я ғ н и , ж а л п ы с а н ы 9 1 т ұ л ғ а ә к і м ш і л і к ж а у а п к е р ш і л і к к е т а р т ы л д ы . С о н ы м е н қатар, Астана қаласы Білім басқармасының к ә м е л е т к е т о л м а ғ а н д а р д ы б е й і м д е у орталығына қараусыз және қадағалаусыз жүрген кәмелетке толмаған 24 бала орна-ластырылса, полиция қызметкерлерінің арқасында 7 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдары есебіне алынған.

Нұрғайша Егембердиева «Кезекті рейд барысында біздің қызметкерлер елорда мешіттерінің бірінде қайыршылықпен ай-налысып жүрген екі балалы анаға жолықты. Балаларының бірі 5 жасар болса, екіншісі 2-ге енді толған екен. Қазіргі уақытта сол сияқты тұрмыс тауқыметіне ерте ұрынған бірнеше баланы анықтап, тергеп-тексеріп жатырмыз» деп, қос баласымен бірге көше кезіп тентіреген ана туралы айтып өтті.

1972 жылы туған Ольга Владимирқызы Қостанай өңірінің тумасы екен. Бүгінгі күні Астана қаласындағы пәтерлердің бірінде бас сауғалаған оның қарауында қос ботасынан бөлек мүгедек ағасы тағы бар. Бөлме ішінде шашылған киімдер мен жуылмаған ыдыс-аяқ үй иесінің жағдайын анық айтып тұрғандай. Бейбітшілік көшесінде орналасқан осы бір пәтердің ішінен төрт адамнан басқа төрт мысық пен бір итке де орын табылыпты. Тексере келе, пәтерге тиесілі үй кітапшасы болмаса да, бұлардың қос бөлмені пайдаланып келе жатқанына бірнеше ай болған екен. Осы секілді бастарында өзекті мәселесі бар бала-шағалы тағы бірнеше тұрғындар анықталып отыр. Олардың жеке бастары анықталған соң бәріне бірдей көмек көрсетіліп, заң шеңберінде тиісті шаралар қолданылатын болды.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Астанадан 100 шақырым жер ұзап, Ақкөл ауданындағы «Арман» лагеріне аялдап, көліктен түскеніміз сол еді, алдымыздан мәре-сәре болып бір топ бала қуанышпен қарсы алып, мойнымызға үшбұрышты көк галстук байлап, өз қатарларына қабылдап үлгерді. Жан-жағымызға көз тастап, «Арман» аумағын емін-еркін аралай бастадық. Бірінен соң бірі рет-ретімен тұра қалған оқушылар көңілді музыка ырғағымен біп-бірдей қимылдар жасап, билеп жүр. Қазіргі тілмен айтқанда – флеш-моб. Ары қарай өте бердік: таза ауада кішкентай бүлдіршіндер қылқаламын бояуға жағып, қағаз бетіне сурет салуда. Ал бір жерде, тіпті, гитара шерткен баланы қалғандары жағалай орналасып, әніне қосылып шырқап тұр. Не істерін білмей, бос жүрген бала көрмейсің.

Бес мезгіл тамақтандыратын асхана жағдайы бар талапқа сай. Гигиеналық жағынан таза. Тамақ рационы денсаулыққа қажетті дәрумендерге бай. «Балаларымыз үйде дәл осылай бес уақыт тамақтанбайтыны жасырын емес. Ал, мұнда қарындары аш жүрмейді. Уақытымен тамақтанады» дейді лагерь басшысы Бейсенбай Тәжібайұлы. Күн тәртібін қадағалау жағына келер болсақ, ұйымдастыру жұмыстары әр маусымда бір мектепке жүктеліп отырады. Денешынықтыру, ән-күй мұғалімдері, психологтардан бастап директорға дейін өздері әзірлеген бағдарламамен келеді екен. «Арман» лагерінде осымен төртінші рет демалыс өткізудемін. Өзіме қатты ұнайды. Алғашқы келгенімде ойымды ашық жеткізуге қысылатынмын, қазір өзгелермен тез тіл табы-сып кетемін. Көбіміз қалада жүргенде өмірімізді интернетсіз елестете алмай, онсыз ішіміз пысып, уақыт өтпейтін еді. Қазір тіпті интернетті ойла-маймыз да.» дейді №64 мектеп оқушысы Әсем Досова. Ал, 9-сыныпта оқитын Аман Төлегенов болса, лагерьдегі психолог өткізген тренингтердің

арқасында өзінің мақсатын анықтап, мамандық таңдағанын айтты. «Ішкі қалауыма құлақ түріп, өзімді-өзім түсіндім. Актер болғым келеді» дейді ол. Айта кетейік, аталмыш лагерь бес маусымда жұмыс істейді. Оның үшеуінде жетім, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары тегін демалады.

«Арманнан» соң автобусымыз «Боро-вичок» лагеріне бет алды. Ол Ақкөлден 35 шақырымдай жердегі Талқара ауылы маңында орналасқан екен. Кедір-бұдыр жолмен селк-селк етіп жеттік. Алайда, табиғаты көздің жауын алады. Кең далада созылып жатқан жап-жасыл орман. Пішіні домалақ үлкен-үлкен тастар. Ирелеңдеп өскен қайыңдар. Ең қызығы сол – ла-герь дәл орманның қасында орын тепкен. Бұл – Астанадағы Балалар үйінің лагері. Жаз уақытында

ондағы бүкіл бала қызметкерлерімен қоса осында көшіп келеді де, үш ай бойы тұрады екен. Пәленші-түгенші «отряд» деп емес, «жанұя» деп аталады. Оның себебін балалар үйінің дирек-торы Гүлмира Елеусізқызынан сұрағанымызда: «Бірден бірнеше баласын тастап кететіндер бар. Біз оларды бауырларынан бөлмей-ақ қояйық деп, аға-інілерін, апа-сіңлілерін бірге тұрғызамыз. Жанұя болып тұрғанын қалаймыз» деді ол ет-жүректі елжіретіп.

Біз барғанда балалар жүгіруден эстафетаға қатысып жатты. Оларға жасалған бар жағдайды көріп шықтық. Үйлерінің едені жылы, әрқайсысында теледидар бар, дәретхана да іште. Бірақ ең басты артықшылығы – осы жердің табиғаты. Балалар күн ыстықта Талқара өзенінде шомылып тұрады, орманға барып, табиғат аясын-да серуендейді. Күлкі үйірілген жүздері бал-бұл жайнайды. Қимай-қимай қоштастық. Балалар бақытты – өйткені олар әлі де балалық шақтың саяхатшылары...

Мәдина ЖАҚЫП

Page 7: 85 (3142) 2014-08-02

7www.astana-akshamy.kz

Есіңе түссе жүрекке мол жылылық ұялататын оқиғалар болады. Сондай

көңілдің хошын енгізер жайттар Базарбай Әлеуханұлымен бірге жүрген кезде жиі ұшырасады. Оның әрбір көрініске дөп тауып айтатын сөздері мен тапқыр әзілдері кімді болса да тәнті етеді. Және де Базекеңнің қызыл тілге құшырын төге құрышыңды қандыратын қасиетіне еріксіз бас иесіз әрі лүп етіп көкейіне келген иірімді ұйқасы мен мағынасы үйлесім тауып ағылып жатқан, ұғымға жеп-жеңіл, бірақ түпкі айтар ойы салмақты жыр өрнегіне айналдыра алатын ақындығын түпкілікті мойын-дайсыз. Қазақ жүздің бірінен табыла қоймайтын осындай өнер иелерін арқасына аруақ қонған адам деп жатады. Рас та шығар. Қалай болғанда, Базарбай жосын ойымен, тосын тәсілімен асыл сөздің дәмін үйіріп, айналасына шуақ ша-шып жүретін қазақтың марқасқа азаматтарының бірі десем, артық айтқандық емес.

Орыс халқының керемет ақыны Сергей Есенин өзінің еңбек жолын ет шабушы болып бастағанындай, Базекең де әуелде құрылыс инженері ретінде жұмысқа кіріскенімен, поэзияға деген іңкәрлік пен адалдық оны көп ұзамай қиындығы мен қуанышы астасып жататын мазасыз журналистік мамандыққа жете-леп әкелді. Жаңа саланы меңгеріп әкеткені соншалықты, ол қатардағы тілшіден Жезқазған қалалық «Ди-дар» телеарнасының директоры лауазымына дейін өсті, өз тәлімдік мектебін қалыптастыра отырып, журналистика саласының Ұлытау – Жезқазған өңіріндегі өрелі ұстазына айналды. Осылайша сөз деген құдіретке бас иді, оны терең меңгеріп,

қара сөзді қара өлеңмен ұштастыруды бір сәт те есінен шығармады. Сөйтіп, елді елең еткізетін, есін жиғызып, әрбір Алаш баласының адам болуға, азаматқа айналуына жол ашатын қымыздай қызулы, қазыдай нәрлі өлең жазуға ден қойды. Бұл жөнінде халықаралық Алаш сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы бы-лай дейді: «Базарбай көр-жерді өлең ете бермейді. Сүйегінен өтіп, жүрегіне жеткен құбылыстарға ғана қалам тартады. Оның адам мен қоғам, ақ пен қара, ақиқат пен жалған, аза маттық пен пенделіктің текетіресі хақын дағы ой толғамдары оқырманын бейжай қалдырған емес. Сонау Гомер атам заманынан бері келе жатқан азаматтық лирикаға кел-генде Базарбайдың адымы ашылып, қаламы қанаттанып қоя береді». Сондай-ақ, ол Базарбайдың өз жазған-сызғандарын көптің тезіне салуға асығып, аптыға қоймағанның өзінде бір бекзат мәрттік жатыр деген ой түйіндейді.

Расында, Базарбайдың « Қол ы м д а м е н і ң қ а л ам бар» деген кітабын оқуға алғанымда, бұл оның жарық көрген тұңғыш жинағы екенін бірақ білдім. Әрі мұны екі сөздің басын қосып, төрт жол құраса, өзін ақын екенмін деп ойлап, кітап шығаруға құмар кейбіреулер сияқты пиғылдан Базарбайдың өзін алыс қоя алатындығы деп ұқтым. Тағы С.Ақсұңқарұлының сөзімен айтсақ: «Қара өлеңге деген көзсіз махаббат оны ақындыққа алабөтен жауапкершілікпен қаратып, адымын аштыр-май қо й ға н д а й » . Яғ н и , тұла бойын жарып шыққан дүниесін «төрт құбыласы» түгелденгеннен кейін ғана, оны халыққа ұсынуды жөн

санағаны байқалады. Мұны сондай-ақ өзінің 55 жылдығына орай елінің алдындағы Базарбайдың есебі деп те қабылдауға тұрады. Сондықтан болар, 7 тарау дан тұратын жып-жинақы кітап өзінің тартымдылығымен кез келген оқырманды бірден бау рап әкетеді. Өз басым жинақты қолға алысымен оған терең бойлап кеткенімді, бір демде оқып шық қанымды аңғармай да қалдым. Ондағы жазылған дүниелерге қарап отырып, қазақтың біртуар ақыны Меңдекеш Сатыбалдиевтің мына бір өлең шумағы ойыма еріксіз оралды:

«Бетіме ызғар беттей ме,Тұрғанда өрттей тұтап мен.Айқасқа шықсам жетпей ме, Жалғыз-ақ палуан кітаппен!».Иә, «теңіздің дәмі тамшысынан

бі лінсе», ақын шығармашылығының көр кемдік өрісі кітаптың ішкі мазмұнында жататыны белгілі. Әрине, өлеңнің құрылу заңдылығына терең сараптама жасайтындай мен әккі сыншы емеспін, әкетіп бара

жатқан ақындығым да жоқ. Деген-мен, оқырман ретінде жүрегіме жылы тиген өлеңдерді оқығаннан кейінгі әсеріммен бөлісер болсам Базарбай Әлеуханұлы ма ған қоғамның нағыз тамыршысы секілді көрінді. Өмірде орын алып жат қан қым-қуыт оқиғаларға өз биігінен қарап, өз бағасын береді және тақырыпты тереңі нен ашуы таңғалдырады. Мәселен, Елбасы Н.Назарбаевтың «Елі мұратқа жет пей тұрып, ері мұратқа жетуші ме еді? Сон дықтан елдіктің қамын ең алдымен ойламай болмайды» деген сөзін кітабына эпиграф ретінде алып, автор уақыт, кеңістік, қоғам аясындағы өзгерістерге қатысты өзінің азаматтық көзқарасын аңғартады. «Бабадан қалған байтақ ел» және «Арманы бар ма ұрпақтың, ел үмітін ақтаған» тарауларындағы өлеңдер топтамасының бірінде:

«Туған жер, айналайын, алтын мекен,Ыстықсың ынтымақшыл халқыңменен.Алаштың бір жұрты едің әлмисақтан,Бірлік пен іріліктің парқын білген,Арнадым, қабыл алшы, жарқын

өлең», - деп, ағынан жарылады. Ал, кіндік қаны там ған жері «Қараағашқа хат» деген өлеңінде:

«Аңсамадым алысты, астананы,Жезқазғанда ел болдым асқаралы.Менің мына қалалық тірлігімді,Салт-дәстүрі даланың басқарады...»

деп, қазақи тірлікке бас иеді.Балғын балалық шағы мен есею

жылдары көк жусаны бұрқыраған Арқаның сайын даласында өткен Базарбайдың ауылға деген ықыласы кітаптың «Ауыл деген Алаштың жүрегі екен» бөліміндегі өлеңдерінде ерекше байқалады. Оның «Мұң жазатын болып кеттім мен бүгін» бөліміндегі өлеңдерінде кір шалмаған нәркес иірімдер молынан шашылып

жатса, «Өткен дәурен екен ғой асыл арман» тарауы лирикалық сезімге бай шумақтарымен оқырманын өзіне тартып алады. Базарбай қоңыр өмірді қопарып, қазақтың қою тіршілігінде көңілге қаяу түсіретін көлеңкелі т ұстарды болдырмау жолында Қарағанды облыстық мәслихаттың де-путаты, республикалық Бас редактор-лар клубының Жезқазған аймақтық филиалы төрағасы ретінде әкімшілік және БАҚ мүмкіндіктерін жұ мыл-дырумен қатар, қолында қаламы бар екендігін сездіріп, ақындығын ұтымды пайдаланып келеді. Бұл тұрғыда айтар ойын Базарбай «Ат үстінде ұққаным» тарауындағы өлеңдерінде толық жеткізеді. Олардың барлығын талдап жатуға газеттің көлемі көтермейтінін ескере отырып, ондағы «Таңданба...» деген өлеңнің бір шумағын ғана назарға ұсынғанды жөн санадым:

«Көңіл мұңды қозғайды,Таңданба, бауыр,Жүрек қағып қояды талғанда дәуір,Арам дәулет жиғаннан,Қара су ішіп,Адалдармен ән салып, армандау тәуір». Осылайша ақын барша жұртты

адам гер шілікке, имандылыққа, тазалыққа үндейді, адал өмір сүрудің мәнісін түйсін діреді. Міне, шынайы өлеңнің шын ғұмыры, тіршілік-тыныс табиғаты осындай.

Асылы, ақындық дегеніміз – тазалық тектілігі. Ақындық деген – өмірді өнерге айналдыру, өнерден өмір жасау, яғни өмірден өлең тудыру таланты. Осыны сезініп, білгіңіз келсе Базарбай Әлеу ханұлының «Қолымда менің қалам бар» кітабына бір сәт назар аударыңыз.

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ,ҚР Журналистер

одағының мүшесі

Page 8: 85 (3142) 2014-08-02

.

.

.

.

.

.

.

.

.

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 1 тамыздағы № 12/237 қаулысымен бекітілген

Салтанатты іс-шараны колледж директоры Гүлмира Момбекова құттықтау сөзбен ашып, оқу орынын бітіруші түлектерге көптен күткен қуанышты сәттің келіп жеткенін хабарлады. Колледжді бітіруші түлектердің қуанышты сезімдерімен ата-аналары, туған-туысқандары, жолдастары да бөлісті. Колледж әкімшілігі атынан ата-аналарға алғыс хаттар ұсынылып, Айдана Ермек-баева, Олжас Молдашев, Ақтөре Көпбаев, Әлия Баймурзина, Ерхан Сағындық, Жолдас Есқали, Наргиз Мұсақұлова, Азамат Алтынбеков, Бақытжамал Аубакирова, Кадырали Қайыргелдинов, Карина Шимко және т.б. оқу, тәрбие, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан

түлектер мадақтамалармен мара-патталды.

Гүлмира Бейсенбекқызы Д.Қонаев атындағы университет колледжі 2002 жылдан бастап «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Туризм», «Аударма ісі», «Бағдарламамен қамтамасыз ету», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету» орта кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу бөліміне оқушылар қабылдап келе жатқанын, қазіргі кезде колледж қабырғасында 37 оқытушы оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беріп жүргенін жеткізді. Олардың ішінде жоғары санатты оқытушылар: Г.Бердеш, Ж.Мусина, Р.Шая хметов, Г. Аубакирова, З.Масимова, Г.Апарова және т.б. сабақтан тыс уақытта оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектер жазумен ай-налысады. Колледж директорының айтуынша, Г.Бердеш экономика пәні бойынша әдістемелік құралдың ав-торы болса, З.Масимова, Г.Ерінбет, А.Тушабек, Н.Сопбекова өз пәндері бойынша оқу-әдістемелік өңдемелі мен мақалаларын әдістемелік-ақпараттық басылымдарға жариялап, әріптестерімен тәжірибе бөлісуде.

«Жалпы, колледж оқытушылары шығармашылықпен еңбек етіп жүрген білікті ұстаздар. Олар қазіргі заман талаптарына сай жаңа әдістемелік ақпараттандырылған технологиялық әдіс-тәсілдерін оқыту үрдісінде күнделікті сабақта кеңінен қолданып келеді» деді Г.Момбекова.

Заман талабына сай маман дай-ындауда оқу орнымен жұмыс беру-ші лердің өзара тығыз байланысы өте маңызды. «Құқықтану» маман-ды ғының оқушылары екіжақты келісімшарт негізінде ҚР Жоғарғы Соты, ҚР прокуратурасы, қалалық, аудандық Ішкі істер басқармасында оқу-өндірістік, оқу-соттық тәжіри-беден өтеді. Мем лекетіміздің мақта-ны шы – майталман мамандарды даяр л ауда колледж ұжымы ауқымды істер атқарып, шығармашылық ізде ніс терді жүзеге асыруда. Шара бары сында сөйлегендердің сөзінен ұққанымыз – осы.

Салтанатты кештің соңы колледж-дің бірінші және екінші курс студент-терінің күшімен дайындалған кон-цертке ұласты.

Шәйзат ӘЛМАҒАМБЕТОВ, Д.Қонаев атындағы колледждің

кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Page 9: 85 (3142) 2014-08-02

9www.astana-akshamy.kz

-

Астана қаласы 19.06.2014 №110-995

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «19» маусымдағы

№ 110-995 қаулысынақосымша

Page 10: 85 (3142) 2014-08-02

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан көрсетілетін діни қызмет саласындағы:

- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыра-тын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

- «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғима-раттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»

мемлекеттік қызметтер регламенттерін түсіндіру мақсатында, жеке және заңды тұлғаларға (діни бірлестіктер, сауда орта-лықтары, қонақ үйлер, базар басшылары және кәсіпкерлерге) арналған «Ашық есік» күні өткізіледі.

Өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, № 33, 1 қабат, Мәжіліс залы.

Уақыты: 2014 жылғы 6 тамыз күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, негізгі кездесу сағат 15.00-де;

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ

2014 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту тура-лы» №137 қаулысына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласында діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 29 мамыр дағы №12-889 қаулысымен келесі мемле кеттік қызметтерді көрсету регламенттері бекітілді:

1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыра-тын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

3) «Діни іс-шараларды өткізуге арнал-ған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғи-мараттарынан) тыс жерлерде орналас тыруға келісу туралы шешім беру».

Аталған көрсетілетін мемлекеттік қыз-меттерді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы келесі тәртіпте жүзеге асырады:

Мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, №33, №108 кабинеттер.

Құжаттарды қабылдау уақыты: Дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа).

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-74-53, 55-69-65, 55-75-71.

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ

Жоба

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «___» ________

№_____ қаулысымен бекітілген

Page 11: 85 (3142) 2014-08-02

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

59 19 88, 52 78 87(Астана қаласы бойынша)

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 1000 gr.» деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Сол жақ бөлігінде қар ұшқындарымен қоршалған «Көк тәңірі» петроглифінің стильдендірілген бейнесі салынған. Төменгі бөлігінде шаңғының ізі және монета соғылған жылды білдіретін «2010» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕС-ПУБЛИКАСЫ» және ағылшын тілінде «REPUBLIС OF KAZAKHSTAN» деген жазулар ойып жазылған және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде стильдендірілген күң-гірттелген мұз үстінде 2011 жылы өтетін 7-ші Азия ойындарының логотипі ор на-ластырылған. Сурет қысқы спорт түрінің

идеограммаларымен қоршалған. Айналдыра мемлекеттік тілде «7-ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ», ағылшын тілінде «7th ASIAN WINTER GAMES» деген жазулар және шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 999/1000 сынамды алтыннан дайындалған, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындалу сапасы – «proof», тара-лымы – 145 дана.

Қымбат металдан жасалған монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалында (Астана қаласы) сатып алуға болатындығын хабарлайды. Мекенжай-ымыз – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй. Сонымен бірге, коллекциялық және инвестициялық монеталардың бар болуы жөніндегі ақпаратты мына телефондар 70-33-54, 70-33-78 немесе интернет-ресурста www. nationalbank.кz арқылы алуға болады.

ҚРҰБ Орталық филиалы (Астана қаласы)

Қазақстан Республика-сы Ұлттық Банкінің Ор-талық филиалы (Астана қаласы) Казақстан Респуб-ликасының Әкімшілік құ-қық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Ко-декс) 166-1-бабына сәйкес қоғамның және мемлекеттік мүдделерін қор ғау, атап айтқанда ұлттық валюта банкноттары мен монетала-рын қабылдаудан бас тарту кезінде халықтың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қарастырылғаны ту-ралы халықтың назарына жеткізеді.

Кодекстің 166-1- бабына сәйкес:

«1.Қазақстан Республи-касы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актi-лерiне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банк-ноттары мен монеталарын көрсетулi құны бойынша қабылдаудан бас тарту, – дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын

заңды тұлғаларға – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктер мен банк опе-рацияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбаста-удан бас тарт уы, – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады».

Егер, құқық бұзушылық субъектісі банк опера ция-ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк немесе ұйым болып табылса, онда олардың қандай операциялар кезінде болса да банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тартқанына қарамастан,

Кодекстің 166-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыппұл салынатындығын түсін-діреміз.

Қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастырылатын болады.

Банкноттар мен монета-ларды қабылдаудан, ұсақ-тау мен айырбастаудан бас тарту фактілері анықталған жағдайда Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21- ү й мекенжайы бойын-ша орналасқан Қазақстан Рес публикасының Ұлттық Банкі Орталық филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөліміне өтініш білдіруге немесе мына телефондар 70-33-54, 70-30-78 арқылы хабарласуға болады.

ҚРҰБ Орталық филиалы (Астана қаласы)

Page 12: 85 (3142) 2014-08-02

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Нұрболат АРЗАМАС, әнші, халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты:

– Нұрболат, алдымен балалық шағыңыз жайында білгіміз келеді...

– Кеңес заманының соңғы буынымыз ғой. Десе де, Торғай өңіріндегі қазақы ауылдың тумасы болғаннан кейін, тілім қазақша шықты. Ата мен әжеден сіңген қасиет болса керек, дәстүрлі өнерге, терме-жырға бір бүйрегім бұрып тұратын. Өз бетіммен Ақтамбердінің, Доспамбеттің туындыларын, Нұрхан Ахметбектің «Ұры қарғасын», Файзолла Сатыбалдының «Туған елмен қоштасуын», Ахмет Байтұрсыновтың «Хан шеңгелін» оқып, санама терең тоқуға тырыстым. Оның үстіне, ел ішіндегі Қонысбай Әбіл, Әлпия Ор-маншина, Жадыра Құтжанова сынды ағалар мен апалардың ісін көріп, сөзін тыңдап өстім.

– Дәстүрлі өнерге қалай келдіңіз? Осы салада кімдерден тәлім алдыңыз?

– Менің өнерге қадам басуыма, құштарлығымның оянуына бірден-бір себепкер болған белгілі «Нұрикамал» әнінің кейіпкері Нұрикамал Сейітжанова еді. Кейін Арқалықтағы Төкен Елібаев атындағы саз колледжінде білім ал-дым. Арнаулы білім ордасында оқып жүргенімде баян мен сырнайға жаным жақын еді. Өйткені, бала жасымнан Болат Сыбановтың әндерін тыңдап өскенім бар.

Колледжде оқи жүріп, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков іргесін қалаған «Шертер» ансамблінің құрамындағы Мысыр, Қыпшақ, Сайлау Орда-баев ағаларымнан дәріс алдым. Үш жүзге аты мәлім қобызшы Баубектің ұрпақтары Қазбек, Боранбай Әбеновтердің тәлімін көрдім. Тас-тан Оқапов, Мағауия Хамзиндердің көзін көрген ұстазым Әбжан Сәрсенбаевтан күй өнерінің қыр-сырын үйрендім.

– Астана – күллі қазақтың бойтұмары. Бүгінде өнердің бірегей орталығына айна-лып бара жатқаны рас. Сіз елордаға қалай ат басын бұрдыңыз?

– Айман Мұсақожаева іргесін қалаған Қазақ ұлттық өнер университеті алғаш ашылған 2000-жылдары келдім Астанаға. Жоғары оқу орнына құжат тапсырғаныммен, жолым болмады. Мұнда бабымның емес, бағымның шаппай қалғанына сенімім зор.

Қостанайда университет ректоры, ғалым, академик Зұлқарнайын Алдамжаров деген азаматтың бір жыл бұрын берген уәдесі бар еді. 1999 жылы өткен телебайқауда тала-быма риза болған ол «Астанада оқуға түсе алмасаң, маған кел, грантта білім алатын боласың» деген-ді. Бүгінде марқұм болып кеткен аға уәдесінде тұрды. Бірақ менің бар мұратым, есі-дертім Астана еді. Өйткені, ұстаздықтан гөрі, сахна орындаушысы болғанды қаладым. Сондай күштің, жігердің,

талаптың арқасында келесі жылы елордалық студент атандым... Осы жылдарымда Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың, «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты болдым.

Университет қабырғасында жүргенімде Гүлмира Құттыбадамова апайым даусым-ды естіп, хорға концертмейстер қылып жұмысқа алды. Халық әндерін, Абайдың классикаларын орындадым мұнда. Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті Қарасай Сайжанов өзінің ұстазының туындыларын орындатты маған. Мұндай қолдаулардың арқасында да үлкен сахналардың төрінен көрінгенім рас.

Сол тұста Рүстам Күлшебаев Прези-дент оркестрінің жетекшісі еді. Арнайы ұсыныстармен Аллажар, Медет және мен «Аламан» үштігін құрдық. Ең алғаш сахнаға Нұрғиса атамыздың «Алатау» әнімен шыққан едік. Репертуарымызда көбіне халық әндері орын алды. Қазіргі уақытта әрқайсымыз Президент оркестрінде жеке орындаушымыз.

– Нұрболат, қазіргі эстраданың туын-дыларына жеке көзқарасыңызды білгіміз келеді.

– Заманның ағымымен ән де эстрадалық жанрға ауысып жатқан сыңайлы. Алай-да, мұны аға композиторлар жақтыра бермейді. Өйткені, электроникамен жазылған тарсылдақ туынды өміршең емес. Тез таныла-ды, тез ұмытылады.

Мен қазақы тәрбиемен жетілдім. Оғаш мінез-құлықты, оғаш дүниені қабылдай алмай-мын. Бірақ әлгіндей эстрадалық әндердің де өз тыңдарманы бары рас. Осыған қарап, біздің қоғам жік-жікке, топ-топқа бөлініп алған ба деп ойлаймын.

– Эстрада дәстүрлі өнерді ұмыттырып бара жатқан сияқты...

– Дәстүрлі өнер түбі жеңеді. Жанды дауыспен айтылатын салмақты әннің қай за-манда да тыңдарманы табылатынына сенімім зор. «Классикалық әннің төресі Италияда» дейді өнер зерттеушілер. Қазақ халқының ән мұрасы да алғашқы бестіктен көрінеді олардың пікірінше. Дегенмен, «қолда бардың қадірі жоқтың» күйін кешудеміз.

«Әннің де естісі бар, есері бар» дейді Абай. Сол сияқты, эстрадалық әндердің де құндылары жетерлік. Мәселен, Мақпал Жүнісованың орындауындағы туындылармен мәндес, мағыналас, салмақты дүниелер жа-сай береді. Сондай өнерді неге дамытпасқа, қолдамасқа?..

– Жаңа ғана шет мемлекеттерді көп аралағаныңызды айттыңыз. Өзге жұрттың қазақ өнеріне көзқарасы қандай, қалай қабылдайды?

– 2006 жылы Франция мемлекетінде болдым. Ербол Шаймерденов ағамыз бастап барған сапарымызда Парижде концерт қойдық. Әртүрлі ұлттың өкілдері жинал-ды. Сонда Нұртуғанның «Қанекей, тілім, сөйлеші» жырын шырқадым домбырамен. Ан-самбльмен «Ақ баян» халық әнін орындадық. Сол кезде залда отырған көрерменнің қалай

тебіренгенін тілмен айтып жеткізе алмаймын. Тіпті, көздеріне жас алып, зор ықыласпен тыңдады.

Ұшақтан түсе салып, концерт берсек те, шаршағанымызды ұмытып, сергіп қалғанымыз, өзге ұлтқа таң қалғаным әлі есімде.

– Әншілердің дені той-томалақты күнкөріс көзіне айналдырып алғаны рас. Бұл үрдіске пікіріңізді білдірсеңіз, өзіңіз тойға шығасыз ба?

– Ақан сері, Біржан салдар тойдың көркі болған ғой, тоймен танылған. Қазақта той көп өйткені. Десе де, сахнаны да ойлау керек деп білемін. Кәсіби тұрғыда жетілу үшін біржола той қуып кетуге болмайды. Әннің салмағын арзандатып аламыз онда.

Кейбір әндердің сөздерін ұғып болмаймыз ғой. Бұл – сол тойшыл әншілердің эстрадаға әкелген «пайдасы». Рас, Заттыбек секілді әншілердің туындылары жақсы, кейде, тыңдап отырып өзім де ұнатып қаламын.

Менің келіншегім де дәстүрлі әнші. Өнерде бір-бірімізді тәрбиелеп, толықтырып отырамыз. Арагідік тойға шығып тұрамыз. Бірақ мейрам-ханаларда есті әннен гөрі, есірген әнге сұраныс мол. Сен Абайдың әндерін шырқап тұрсың ба, «Екі жиренді» орындап тұрсың ба, бәрібір, қабылдай бермейді. Осыған қарап, дәстүрлі өнер кенжелеп кеткенін мойындайсың. Білдей филар-мония әншісі Ерлан Рысқалидың «Бес жүз ән білемін, отыз-ақ мың теңге жалақы аламын» деуі бекер емес. Осыдан кейін дәстүрлі әншілердің дені эстрадаға жол тартуда.

– Әңгімеңізге рахмет!Асхат РАЙҚҰЛ