Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық жауын - шашын

Post on 05-Jan-2016

192 Views

Category:

Documents

0 Downloads

Preview:

Click to see full reader

DESCRIPTION

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы. Алтынсарин атындағы ЖББО мектебі. Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық жауын - шашын. I санатты география пәнінің мұғалімі Абдрахманова Клара Сайновна. Мақсаты: - PowerPoint PPT Presentation

TRANSCRIPT

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық жауын - шашын

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы. Алтынсарин атындағы ЖББО мектебі

I санатты география пәнінің мұғалімі Абдрахманова Клара Сайновна

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға атмосфералық жауын-

шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін , картамен , интерактивтік тақтамен оқулықпен жұмыс жасай білу,білім- білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге , жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу ; табиғат құбылысының апаттарынан сақтана білуге тәрбиелеу;

Сабақ әдісі: сұрақ - жауап , СТО стратегиялары Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивтік тақта, кестелер.

1. Қызығушылықты ояту Миға шабуыл” стратегиясы үй тапсырмасын тексеру

2. Мағынаны тану3. “Ой шақыру” стратегиясы Географиялық диктант Семантикалық карта

3. Рефлексия(ой толғаныс) “Ізденген жетер мұратқа” Қорытынды тест

4..Бағалау

Миға шабуыл стратегиясы.Үй тапсырмасын тексеру

1.Тұман дегеніміз не? Олар қалай пайда болады? 2. Бұлт қалай пайда болады? 3.Бұлт қандай түрлерге бөлінеді? 4. Нөсер жаңбыр мен қыста қар қандай бұлттан

жауады? 5.Қабат бұлттардың пішіні қандай болады? 6. Ұзаққа созылатын ақ жауын қандай бұлттан

жауады? 7.Шарбы бұлт қандай болады? 8.Күн мен Ай қандай жағдайда қораланады? 9.Аспанды бұлттың торлау дәрежесін не атайды?

Бұлттық неше баллмен өлшенеді? 10.Біздің жерімізде бұлттың қандай түрі болады?

Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйіндегі ылғалды атмосфералық жауын- шашын

деп аталады.

Атмосфералық жауын - шашынАтмосфералық жауын - шашын

Жаңбыр Қар Бұршақ

Бұлттан жауатын атмосфералық жауын- шашындар.

ШықКөктайғақ

Ауаның жер бетіне жақын қабатынан түсетін ылғалдар.Жаздың соңында, күз мезгілінде түнде ауа салқындап жер бетіне, шөпке су тамшыларын бөліп шығаруынан шық пайда

болады.

Атмосфералық жауын - шашын

Қырау Қылау

Ауаның жер бетіне жақын қабатынан түсетін ылғалдар.Қырау күзде, қыста ауаның температурасы төмендеп кеткен кезде жердің бетіне, шөпке, түрлі заттарға тұрып қалатын ақ ұлпа

кристалл мұз қабаты.Қылау аязды күндері түнде ауадағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып кетеді. Бұл қиыршық мұздар тартылған сымға , ағаштың қылқандарына тұрып қалады

Атмосфералық жауын - шашын

Бұлтты құрайтын ұсақ су тамшылары бір- бірімен бірігіп іріленеді,салмағы ауырлайды. Сөйтіп олар ауада өз салмағын көтере алмай жерге жаңбыр

күйінде жауады.

Жаңбыр

Бұлтта температура 0°С- тан төмен болса,қыста

жерге қар жауады.

Қар

Жазда бұлттағы су тамшылары өте биіктікке көтеріледі де,мұз түіршіктеріне

айналады.Салмағымен төмен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқын су

тамшыларымен қосылып жұмырланып үлкейеді. Соның нәтижесінде жерге бұршақ

жауады.

Бұршақ Бұршақ

Жер бетіне түскен жауын- шашынның барлығы жауын – шашын өлшегішпен өлшенеді. Жауын- шашын тәулігіне 2 рет өлшенеді. Жауын- шашын мөлшері миллиметр есебімен есептетеледі.

Жауын- шашын өлшеуіш

Дүние жүзілік мұхит Дүние жүзілік мұхит – атмосфераға келетін су буларының ең басты көзі болып саналады. Неғұрлым құрлық мұхитқа жақын болса, соғұрлым

жауын- шашын көп түседі. Мұхиттан алыс болса жауын- шашын аз түседі.

Жел

Жел жауын- шашынның таралуына әсер етеді.

1. Бір жылда түскен жауын- шашын мөлшері.

2. Жауын- шашын ең көп түскен ай.

3. Жауын- шашын ең аз түскен ай.

Тасқала ауданының жауын- шашын диаграммасы. (Оқушылар 1 жылдағы жауын-жашын мөлшерін дәптерге

кесте түрінде орындайды)

Географиялық диктант. Сұрақтарға дұрыс жауаптың

сандарын қой.• 1.Қыста аязда тартылған сымға тұрып

қалатын мұз қиыршықтары.• 2.Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін

су тамшылары.• 3. Бұлттан температура 0градустан төмен

болғанда түсетін жауын- шашын түрі.• 4.Қүздн , қыста ауа температурасы төмендеп

кеткен кезде , заттарға тұрып қалатын кристалды мұз.

• 5.Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі.

Жауаптары:1.қар2.Жаңбыр3.Қырау4.Шық5. Қылау

Ой толғаныс. Семантикалық карта стратегиясыҚар Бұрш

ақАтмосфера

жаңбыр

Сынап- барометрі

Жауын- шашын өлшеуіш

Атмосфералық ылғалдылық

Салыстырмалы ылғалдылық

Гигрометр

Ауа қабаты

Бұлттан түсетін жауын- шашын түрлері

Жауын- шашынды өлшейтін құрал

Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал

Кестені толтыр. Жауын- шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Жаңбыр

Қар

Бұршақ

Қорытынды тест.1.Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт: A) Будақ B) Қабат C) Шарбы 2.Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы А) Ауа температурасы. В) Атмосфералық жауын-шашын. С) Атмосфералық қысым. 3. Атмосфераның төменгі қабаты А) Тропосфера. В) Стратосфера. С) Мезосфера.4. Тәулік ішіндегі ез жоғарғы және ез төменгі

температура арасындағы айырмашылық А) Тәуліктік орташа температура. В) Температураның тәуліктік амплитудасы. С) Ауа-райыныз өзгерісі. 5. Ауаның құрамындағыең көп кездесетін газ.: A) оттегі B) азот C) көмір қышқыл газ.• 6.Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге

айналуы: A) Ылғадылық B) Конденсация C) Амплитуда

Дұрыс жауабы: Бағалау:• 1С 6 б –”5”• 2С 5б-4б -”4”• 3А 3б -”3”• 4В• 5В• 6В

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма:параграф 29 оқу мен сұрақтарға ауызша жауап беру

Назарларыңызға рахмет!

top related