Менің атым қожа

Post on 23-Feb-2017

1.212 Views

Category:

Education

3 Downloads

Preview:

Click to see full reader

TRANSCRIPT

Конференция “Менің атым Қожа”

Құрастырған: Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Қымбат Болатқызы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені

Б.Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы

Қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың есімі бәрімізге

таныс. Ол Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі болды.

Алматы қаласында Бердібек Соқпақбаевтың атындағы көше, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында мектеп бар.

2014 жылы жиырмадан астам

әдеби көркем шығарманың

авторы 90 жасқа толар еді.

Біздің кітапхана оқырмандары оның

кітаптарындағы шығармалар

кейіпкерлерімен жақсы таныс

Жазушы 1924 жылы Алматы облысы

Нарынқол ауданында кедей отбасында дүниеге келді. 8

жасында анасынан айрылды.

Өмірден көп қиындық көрсе де өте зерек,

алғыр бала болып өсті.

1924 - 1991

Өзінің шығармашылық өмір жолын балаларға арнап өлең

жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына

айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий,

пьесалар жазды.

Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол

тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повесі

болды. Бұл қарапайым тілмен жазылған шындықтан туындаған шығарма.

Шығарма 30 шақты тілге аударылып, Франция,

Польша, Чехословакия, Болгария елдерінде басылып

шығарылды.

Шығарманың басты кейіпкері Қожа –

қиялшыл, ақылды тентек. Ол жиі

қолайсыз жағдайларға түсіп, өзінің

тапқырлығымен тығырықтан шығып

отырды.

Ол өзінің іс-әрекетіне жауап бере, өзгенің қайғысын түсіне білетін, достыққа

адал, шыншыл, зұлымдыққа қас екенін

өзінің іс-әрекеттері арқылы көрсете білетін. Қожа өзінің бойындағы осы қасиеттері арқылы оқырман жүрегіне

жол таба білді. Осының нәтижесінде Қожа жағымды

кейіпкерге айналды.

1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып,

көркем фильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны

соқпақ салған режиссердың бірі Абдолла Қарсақпаев

сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен

халықаралық кинофестивальда арнайы

сыйлыққа ие болды

Фильмге әуен жазған сазгер

Нұрғиса Тілендиев

Режиссер Абдолла Қарсақпаев

тамаша туынды авторы

Қожаның рөлін сомдаған Нұрлан Сегізбаев .

Жанардың рөлін сомдаған Гүлнар Құрабаева

Сұлтан рөлін сомдаған актер - М. Көкенов

Жантас рөлін сомдаған актер – Ерік Құрмашев.

Қожабергеннің лақап аты кім?

Қара Көже

Қожаның анасының аты

кім?

Миллат

Қожаның сынып жетекшісі

Майқанова Сабира

«Менің атым Қожа»? повесінің алғашқы атауы

«Өзім туралы повесть»

Қожабергенге ұнаған қыздың

есімі?

Жанар

Қожаның «Жауы»

Жантас

Бас кейіпкердің тегі?

Қадыров

Қожаның досы

Сұлтан

Қожа оқыған мектептің

директоры?

Ахметов

Бақташы Жұмағұлдың ұлы

Дәулет

Жанардың тегі

Балабекова

Мектеп күзетшісі

Сайбек атай

Қожатай деп кім еркелетті?

Әжесі

Тест

“Қожа және оның достары”

Қожаның есімі а) Қара Көже

б) Қожатай в) Қожаберген

Қожаберген

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі?

а) Сәбира Майқановаб) Сәбира Майқасовав) Сабина Майқарова

Сәбира Майқанова

Сұлтан мен Қожа жайлауға бара жатқанда, Қожа аттан

неге құлады?а) атқа отыра білмегендіктен

б) бірінші рет темекі шеккенненв) Сұлтанмен ренжісіп

қалғандықтан

Бірінші рет темекі шеккеннен

Қожа қалай республикаға танымал болды?

а) теледидардан сөз сөйледі б) газетке өлеңдері шықты

в) газетке суреті басылды

Газетке достарымен түскен суреті шықты

Қожа Майқанова апаймен бірінші рет қайда кездесті ?

а) мектепте б) дүкенде в) көшеде

Дүкенде

Қожа оқу жылының басында Жантаспен неге ренжісті?

а) Қожа Жантасты партаға отырғызбады

б) Жантас Қожаны партаға отырғызбады

в) Кітапқа таласты

Жантас Қожаны партаға отырғызбады

Артында өшпес мұралар қалдырған

аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің

классигі Б.Соқпақбаев көзі тірісіндегідей

ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін

жалғастыра беретіні хақ

«…Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне

шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі

…» Қ.Баянбаев

 

top related