asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · web view- Иә, балалар, адамның...

112
1 сабақ Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану белестері Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Сабақтың міндеттері: - 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру; - Өзін, згелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру; - Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Шаттық шеңбері Оқушылардың жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру үшін шеңберге тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін дауыстап айтады. Әңгімелесу Әңгімелесу кезінде оқушылар 2 сыныпта өзін—өзі танудан үйренгендерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді. Тапсырма Оқулықта 5 беттегі суреттерге қарап «Өзін-өзі танудан үйренемін» тықырыбында әңгімелеу. Мәтінмен жұмыс. М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін оқу. 1. Сендер кедейдің орнында болсаңдар, не істер едіңдер? 2.Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер? 3. Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады? 4.Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде деп ойлайсыңдар?

Upload: others

Post on 15-Feb-2020

16 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану белестері

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақтың міндеттері:

- 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;- Өзін, згелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге

қызығушылықтарын арттыру;- Сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылардың жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру үшін шеңберге тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін дауыстап айтады.

Әңгімелесу

Әңгімелесу кезінде оқушылар 2 сыныпта өзін—өзі танудан үйренгендерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.

Тапсырма

Оқулықта 5 беттегі суреттерге қарап «Өзін-өзі танудан үйренемін» тықырыбында әңгімелеу.Мәтінмен жұмыс. М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін оқу.

1. Сендер кедейдің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?2. Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?3. Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады?4. Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде деп

ойлайсыңдар?

Дәйексөз «Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі» С.АлпысқызыӨзін—өзі тану пәні адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы білімдер арқылы жаманнан жирендіреді, жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта, татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне тікелей ықпал етеді.

Жүректен жүрекке Оқушылар бір-біріне жүректен шыққан жылы тілектерін айтады.

2 сабақ

Page 2: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Өмірді танып білуге құштарлық Сабақтың мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу Сабақтың міндеттері:

- өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;- өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;- өмірді сүюге, жақсы өмір сұруге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: дәйек сөздер, түрлі-түсті суретер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару. ІІ. Жаңа сабақ. «Өмірді танып білуге құштарлық» Шаттық шеңберіКүндей жарқырап,Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,Судай таза көңілменБүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Әңгімелесу1. Өмірді тану не үшін қажет?2. Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер?

Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді әңгімелеп беріңдер

Жаңа ақпарат«Өзін-өзі тану» тақырыбы арқылы өзін, басқа адамдарды және қоршаған, ортаны тани алады. Сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады». Сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты құндылықтар адам өмірінде ең маңызды рөл атқаратынын ұғынады.

Мәтінмен жұмыс «Ата өсиеті» әңгімесін оқыту.

1. Қария «өмірді сүю керек» дегенді не үшін айтты?2. Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер?

Тапсырма «Өмірді танып білгім келеді» тақырыбына әңгіме құрастыру

Жаңа ақпарат«Адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады».

Жаттығу-ойлану

Page 3: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

1. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?

2. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?3. Өмірді сүю неге жетелейді?

Күтілетін жауаптар:1. Әке-шешемнің, туыстарымның, досымның, ұстазымның, көршімнің,

сыныптасымның және т.б.2. Үлкенді сыйлаймын.Қамқорлық жасай аламын. Достарым көп. Көпшілікпен

тіл табыса аламын. Жақсы оқуға тырысамын. Әдепті баламын және т,б.3. Өмірді сүю жақсы өмір сүруге, шыдамдылыққа, төзімділікке, ынтымаққа

жетелейді және т.б.- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын сезінуі, бойындағы жақсы қасиеттерін өмірде қолдана білуі, өзін-өзі және өзгелерді бағалауы оның өмір сүруге деген құлшынысын арттырады. Айналасына деген көзқарасын өзгертеді.

Дәптермен жұмыс 1 тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру. 2 тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салыңдар

Жүректен жүрекке Бүгінгі сабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю, оған құштар болу – бақытты, жақсы өмір сүруге көмектеседі. Осы өмір өздерің сияқты балалардың қызықты әлемі. Өмірдің гүлі де, қуанышы да сендерсіңдер. Өздеріңді сүйіңдер.

3 сабақ

Page 4: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Тақырыбы : Білім – ақиқат бастауы.Мақсаты: Балалардың « білім » құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеті: -білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге тәрбиелеу; -білімге,оқуға құштарын арттыру; -жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекілік: оқулық,дәптер,күн суреті.

Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып, Ы. Алтынсариннің «Кел балалар оқылық!» өлеңін жатқа айтады.

Әңгімелесу:-Білім адамға не үшін қажет? -«Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?- (ойларын тыңдау) -Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың? -Теледидардан қандай танымдық бағдарламаларды қарағанды ұнатасың? -Оқушылардың білім сайыстарына қатысқың келе ме ? Неліктен?Сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар. Мен мектепке ... үшін барамын. Мектепте ... үйрендім. Мен мектепте ... жақсы көремін. Мектеп ... ұнайды.

Мәтінмен жұмыс. «Білім мен байлық» мәтінін әңгімелеп беру.Дәптермен жұмыс. Дәптердегі кестеге мәтін бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жаздырту.Жазып болған соң,тақтадағы «Білім», «Байлық» атты күн суретіне жазған ойларын қойдырту.Салыстырмалы түрде әр ой талданады.

Page 5: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Дәйексөз. Қазақтың ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім-бәрі де оқуменен табылған»,-деп айтқанын қалай түсінесіңдер? Жауаптарын тыңдап,қорытындылау: -Балалар,өнер де,білім де тек оқудың арқасында болатынын дұрыс айттыңдар.Оқу арқылы білімнің,өнердің қыр-сырларымен таныс боласыңдар. Білім,өнер-жақсы өмір сүруге септігін тигізеді.Жастайыңнан көп оқысаңдар,көп білесіңдерөздеріңе жақсы.Көп білгендерің-қиындықты жеңгендерің.Білімді адамның,ала алмайтын биігі жоқ.Бәріне де өнердің,білімніңнәтижесінде қол жеткізуге болады.Сол себепті әрі жақсы,әрі көп оқуға ұмтылғанымыз дұрыс.

Тапсырма. Оқушыларды «Алғырлар» мен «Білгірлер»тобына бөліп,оқулықтағы мақал-мәтелдерді жылдам жалғастырып айтуды тапсыру.«Мақалды жалғастыр» ойыны.Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып, жарыс түрінде жүргізу.Мақал-мәтелдер:1.Ақыл тозбайтын тон,...(Білім таусылмайтынкен).2.Білімдіге дүние жарық,...(Білімсіздің күні-ғаріп)3.Білім –арзан,...(Білу –қымбат)

Тыныштық сәті. Ауызша , жазба жұмыстарынан ойлану жұмысына ауысу аралығында оқушыларды жақсы көңілмен тынықтырып алу үшін ұйымдастырылады. Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көзерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыды. (2 мин)

Жаттығу-ойлану Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып, оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру.Дәптермен жұмыс.

Page 6: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып, шешуін табуды тапсыру.

Қорытындылау. -Білімнің адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндік.- Білім оқу арқылы жинақталатынын ұғындық.-Білім арқылы өмірдің ақиқатына көзжеткізесің. Өйткені,білім-ақиқат бастауы.

Жүректен-жүрекке.Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта маман иесі болатындықтарына сенім білдіріп тілектерін айтқызу. Сабақты Д.Әлімжановтың өлеңімен аяқтау. Білім іздесең, Кітаппен таныс, Еңбегің еш болмайды. Ақыл іздесең, Адаммен таныс, Өнерің кеш қалмайды.

4 сабақ

Page 7: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім Сабақтың мақсаты: Балалардың «еңбек» құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; Сабақтың міндеттері:

- Сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;- Еңбек ету іскерліктерін дамыту;- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дәйек сөздер, түрлі-түсті суретер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару. ІІ. Жаңа сабақ Шаттық шеңберіКел, балалар, күлейік! Ө.ТұрманжановКел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік.Күлкі көңіл ашады,Күліп өмір сүрейік.

Әңгімелесу1. Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?2. Сендердің сүйікті істерің бар ма?3. Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет?

Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу – біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау – екіншісінің, тағамдар даярлау -үшіншісінің, үй жануарларын күту –төртіншісінің сүйікті ісі болуы да мүмкін. Сол іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта , жігер, қызығушылық, сүйіспеншылык сезімдері артады. Сүйікті ісі адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді.Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріңе арнауға тырысыңдар.

Мәтінмен жұмыс А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқыту.1. Ата-аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды?

Дәйек сөз«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» Халық мақалы

ТапсырмаКітаптағы суреттерге қарап, әңгіме құрастыру, өздерінің істері туралы айтып беру тапсырылады. Жаттығу- ойлану

Page 8: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

1 топ. «Ерекше іс істесең, ел таңырқайды» Қ.Айнабеков2 топ. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» Халық мақалы3 топ. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет»

Тыныштық сәті

Ойын -Қазір сендер, өз сүйікті істерің бойынша әрекеттерді немесе ол туралы екі-үш сөзді жұмбақтап айтып көріңдер. Балалар оның шешімін табуы тиіс. Мысалы: Адамның дене қимылына, қозғалысына қатысы бар. Шешуі: спорт, би. Өсімдік, білім. Шешуі: өсімдіктер туралы кітап жинайды. Адамға пайдалы,қолдан жасалады., шешуі: тағам пісіру және т.б.

Дәптермен жұмыс «Мен сүйікті ісіммен шұғылданғанда...»

Қорытындылау- Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді.

Жүректен жүрекке Еңбек етсең Ә.ТабылдиевЕңбек етсең, ертеңгі.Бақытыма сенемін!Мақсатыма жеткізерУақытыма сенемін!Достық іс пен қасты даЖеңеріме сенемін!Ақыл сана білім менӨнеріме сенемін!

5 сабақ

Page 9: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Қиял- арманға жетелейдіАрмансыз адам болмайды. Халық мақалы Мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу. Міндеттері: -қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту; -шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту; -жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер, «сиқырлы сақа» (асық), түрлі түсті қарындаштар, ақ парақтар. Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады, Мұғалім балалардың көңілін көтеру үшін, жылы, мейірімді сөздер айтады: -Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау менің қолымдағы сақа жай сақа емес, естеріңде болса, Данышпан ата сендердің білімдеріңе риза болғандықтан сыйға тартқан «сиқырлы сақа». Әрбірің осы «сиқырлы сақаны» ұстап, өз достарыңа, құрбыларыңа, сыныптастарыңа адал ниеттеріңмен жақсы тілектер айтсаңдар, сол тілектерің орындалады. Мысалы: -Мен саған өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. -Мен сенің оқуда озат болуыңды тілеймін. -Мен сенің достарыңның көп болуын тілеймін. Сонымен бірге мына өлең жолдарын айтуларына болады. Армен мен ақыл Қ.Мырза Әли -Шіркін-ай, күйші болсам, Шіркін-ай, ғалым болсам, Бал тамған бармағынан! Тілдескен даналықпен! Шіркін-ай, биші болсам, Әлемге мәлім болсам, Шығып бір арманымнан! Ашқан көп жаңалықпен! Шіркін-ай, әнші болсам, -Көзіңнен күлімдеген, Кәдімгі күміс таңдай! Бір ұшқын сезіп пе ең сен?! Шіркін-ай, батыр болсам, Алдымен Білім деген Айбатты арыстандай! Бәйгеден озып келсең. Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын аша түсу үшін әңгімелесу жүргізіледі: -Ерте-ерте, ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, алысты жақын етуді, теңіз, көлдердің үстімен жүруді, отынсыз тамақ пісіруді, су түбіне жүзіп,ондағы тіршілікті білуді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, даналығы, талабы, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз. • Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыздар? • Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер. Балалардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім олардың пікірлерін өз ойымен және дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйіндейді. -Қиял-адамның шексіз ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі,

Page 10: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

білімі арқылы қиялындағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты. Тапсырма Сабақта оқушылардың білім-біліктерін кеңейту мақсатында мынадай тапсырма ұсынылады: Суретке қарап, «Кешегі қиял-бүгінгішындық» тақырыбына әңгіме құраңдар. Суреттегі бейнелердің бүгінгі күндегі көріністерін атаңдар. Мәтінмен жұмыс Мұғалім балаларды жақсы қиялдар мен армандарға жетелеу мақсатында «Ана қиялы» деген аңыз айтып береді. Дәйексөз Мұғалім тақтаға жазылған «Армансыз адам болмайды» деген халық даналығына балалардың назарын аударады және оның мәніне тереңірек тоқталады: -Қиял-шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман-адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады. Жаттығу-ойлану Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмтылдыру мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады. Мұғалім балаларды үш топқа бөледі. Тапсырмаларды әр топқа бөліп береді. Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ параққа өз ойларын жазады. 1-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар. 2-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар. 3-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем. Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді. Мұғалім олардың ойларын қорытып, қиялдарының шындыққа асуына тілектестігін білдіреді. Өзіммен өзім Балаларды адамдарға, айналаңа көмектесу тұрғысынан қиялдауға дағдыландыру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады. Мұғалімнің сөзі: -Балалар, көз алдарыңа алыс жерді, алыс өмірді елестетіп көріңдер. Ол жерде бәрі басқаша. Адамдар тек қана робот арқылы тіршілік етеді. Көліктер жоқ, оның орнына ұшқыш тәрелкелер бар... Күн қатты суық. Біздің достарымыз Алпамыс пен Ақбота адасып, сол жақта елге келе алмай, қиналып жүр. Данышпан ата бізден көмек сұрап жатыр. Әрқайсысымыз қалай көмектесуді ойлап отырмыз. Көзімізді ашамыз. Дәптермен жұмыс Оқушылардың қялдарын шығармашылық тұрғыда дамыта түсу мақсатында мынадай тапсырма беріледі. Тапсырма: Әңгімені өз қиялдарыңмен жалғастырып жазыңдар. Қорытындылау Мұғалім бүгінгі сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздер арқылы түйіндеп қорытындылайды. Жүректен жүрекке 

Page 11: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақ соңында балалар жақсылық тұрғысынан қиялдай білу керектігін түсінгендіктерін кезектесіп айтып шығады. Мұғалім балалардың қиялының болашақта орындалуына сәттілік тілеп, олармен бірге Ыбырай Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін айтады. Өнер, білім бар жұрттарЫ.Алтынсарин Өнер, білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып-жұмғаншаЖылдам хабар алғызды.Аты жоқ құр арбаныМың шақырым жерлерге. Күн жарымда барғызды.

6 сабақ

Page 12: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Бабалар сөзі – даналық көзі

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Сабақтың міндеттері:

- Даналық, ақылдылық туралы ұғымдарын қалыптастыру- Ойлау іскерліктерін дамыту;- Ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылардың жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру үшін шеңберге тұрып, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін дауыстап айтады.

Әңгімелесу

1. Сендер үлкендерден естіген қандай дана сөздерді білесіңдер?2. Даналық сөздерден не үйренуге болады?

Жаңа ақпарат

Даналық дегеніміз – асыл сөздер, қасиетті сөздер, өсиет сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл сөздер. Олар бізді әдептілікке, жақсы адам болып өмір сүруге жетелейді. Бұл сөздерді даналар айтқан. Ал дана адам деп айтар ойын нақты да дәл, шұбарламай бір-екі сөзбен жеткізетін ақылды, көпті көрген адамдарды айтамыз. Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды, атадан балаға мирас болып қала береді. Өйткені оның болашақ ұрпаққа берер өнегесі мол.

Тапсырма

Оқулықтағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.

Мәтінмен жұмыс. Ә.Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін оқу.1. Сендер «Талап», «еңбек» деген сөздердің мәнін қалай түсінесіңдер?2. Терең ой, қанағат, рақым сөздерінің мәнін айтып беріңдерші..3. «Ақыл-жастан» дегенді қалай түсінесіңдер?4. Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер?

Дәйексөз «Әдептілікті данадан үйрен» Ойын

Page 13: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Оқушыларды даналық сөздерді білуге және өмірде қолдануға дағдыландыру мақсатында «Даналық сөздер» атты ойын ұйымдастырылады. Қоржыннан қандай әріп шықса, сол әріптен басаталатын мақал айту керек. Мысалы: «Ұ»-әрпі болса – «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», т.б.

Дәптермен жұмыс Атаның батасыКөп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, батаны аяқтау.

Жүректен жүрекке Оқушылар бір-біріне жүректен шыққан жылы тілектерін айтады.

7 сабақ

Page 14: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпызСабақтың мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Сабақтың міндеті: 1. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы, халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру.2. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.3. Өз Отанын, туған тілін сүйіп құрметтеуге ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, сахналау, оқулық, әр ұлт өкілдерінің суреттері, дәйексөз.Шаттық шеңбері:- Сәлемдесу«Достық» әніСөзі: Е. ЕлубаевӘні: И. Нүсіпбаев

Өлеңнің мазмұны түсіндіріледі.

Түйіндеме:- Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай барлығы да бір - бірімен тең құқықта қарым - қатынас жасай алады, бірдей, өйткені бәрінің де жүрегі туған өз Отаны Қазақстан деп соғады.I. Мәтінмен жұмыс«Туысқан ел»- Автор туралы түсінік- Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «бірімен - бірі туысқан» деп айтады?-«Терезесі тең жатыр» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?- Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?Түйіндеу:- Иә, дұрыс айтасыңдар. Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет - ғұрпына сыйластықпен қарайды.II. Дәйексөз, дәптермен жұмыс«Бірлігі жоқ ел тозады,Бірлігі күшті ел озады» мақал

III. КөрінісБір қарт өзінің ұлдарына бір бума шабақты сындыруды ұсынған. Ұлдарыолай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады.Шыбықтар оп - оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге де ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке – жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады» дейді. Міне, бұл халықтар достығының қаншалықты мықтылығын көрсетеді.Түйіндеу:- Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге, Тәуелсіздікке

Page 15: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Қазақстанда мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік.IV. Шығармашылық жұмысСөзжұмбақ «Тәуелсіздік»

Т уә н ұ р а ну ы қе с і ле л т а ң б ақ А з а қ с т а нн е м і сө з б е кд о м б ы р аб і р л і кТ ә у е л с і з д і к

1. Қазақстанның аспан түстес рәміздерінің бірі2. Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов қандай рәміздің авторлары3. Шаңырақты немен ұстатамыз?4. Астана қандай өзеннің бойында орналасқан5. Шаңырақ рәміздеріміздің қайсысында бейнеленген?6. Біздің Республикамыз?7. Германияда қандай ұлттар тұрады?8. Палау қай елдің ұлттық тағамы?9. Қазақтың ұлттық аспабы10. Бүгінгі тақырыбымыз не жайлы?11. 1991 жылы 16 желтоқсаны заңды түрде қандай күн боп жарияланды?

V. Шығармашылық жұмыс«Менің елім бақытты»тақырыбында әңгіме құрастыру.VI. Жаңа ақпарат«Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді».

VII. Өз ұлтыңды таны.Ойын. Ұлт туралы.

VIII. Картаға алақандарын салу.IX. Қорытындылау.

Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір - бірімен дос, жолдас және тату - тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны - Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты.

X. Жүректен жүрекке8 сабақ

Page 16: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Отан сүйген ұланбызСабақтың мақсаты: Оқушылардың «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Сабақтың міндеттері:

- Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру- Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;- Отанын сүюге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: дәйек сөздер, түрлі-түсті суретер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Шаттық шеңберіКүндей жарқырап,Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,Судай таза көңілменБүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Әңгімелесу1. Отан неліктен қымбат?2. Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?

Жаңа ақпарат«Туған ел», өскен жер, отбасы «Отан» деген ұғымды білдіреді. Адамның ата-бабасына жалғасып, өсіп-өнген атамекені ерекше қымбат.

Мәтінмен жұмыс Е.Естаевтың «Біздің Мәншүк» әңгімесін оқыту.1. Мәншүк Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?2. Отан үшін ерлік жасаған тағы да кімдідерді білесіңдер?3. Сендер осындай ерлік жасай алар ма едіңдер?

Тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар. Олардың мағынасын қалай түсінетіндеріңді айт.

Дәптермен жұмысДәптерде берілген «Отан» сөзінің тұсына, оны неге теңейтіндеріңді ойланып жазыңдар. Мысалы, Отан-туған өлкем. Жүректен жүреккеМ.Мақатаевтың «Отан» туралы өлең жолдарымен аяқтаймыз.

9 сабақ

Page 17: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: «Ризашылық пен алғыс»Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралытүсініктерін кеңейтуМіндеттері: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін ,сыпайылыққарым-қатынасын дамыту;-әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тәрбиелеуКөрнекіліктері: оқулық,дәптер,сандықшаШаттық шеңберіРизашылық әніСөзі мен әнін жазған Луиза ХейРизамын бүгінге,Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,Ризамын қазірге!Ризамын,ризамын,,ризамын бүгінге,Ризамын,ризамын,,ризамын қазірге.Әңгімелесу-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?Балалардың жауаптары тыңдалады.Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.-Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.Мәтінмен жұмысАлғыс-Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?-Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?Балалардың жауаптары тыңдалады.Данышпан атаның алғыс сөздерінен күн жасауСахналауІ-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналауІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналауДәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.

Page 18: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Жаңа ақпарат«Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. »Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/Дәптермен жұмысҚорытындылау-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ

10 сабақ

Page 19: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аялаСабақтың мақсаты: Оқушылардың «Махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Сабақтың міндеттері:

- Өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;- Өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынастарын дамыту;- Сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: дәйек сөздер, түрлі-түсті суретер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару. ІІ. Жаңа сабақ. Шаттық шеңберіКелші, досым айналайын,Құшақтайын, аймалайын...Талпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатын.Білім іздеп, өнер тап,Түнді күндей ашатын.

Әңгімелесу1. Аялау дегенді қалай түсінесіңдер?2. Сендерді кімдер аялайды? 3. Аялай қандай сезімге бөлейді?

Жаңа ақпарат«Туған ел», өскен жер, отбасы «Отан» деген ұғымды білдіреді. Адамның ата-бабасына жалғасып, өсіп-өнген атамекені ерекше қымбат.

Мәтінмен жұмыс Т.Айдарханов «Жанашыр» мәтінін оқу1. Дастанның қызға аяушылық сезімін неден аңғаруға болады?2. Дастанды балалар неліктен мақтан тұтты?3. Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?

Сергіту сәтіАлақанмен сипағанда аялап, (бір-бірінің алақанын сипайды)Жақсы сезім қуанышың тасады. (Бір –бірін құшақтайды)Ақ көңілмен болар бейне саябақ,Аялаған әрбір адамның құшағы. (Барлығы дөңгеленіп тұрып, құшақтасады.)

Дәйек сөз«Аялауды табиғаттан үйрен» Халық даналығы

Page 20: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Жағдаяттарды талдау1. Аружанның қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма?2. Сендер Аружанның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?3. Сендер Асылханның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?4. Сендер Мұхиттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Дәптермен жұмысДәптерде берілген ребустың шешімін жазу

Жүректен жүрекке«Бөпем менің» өлең жолдарын оқып, сабақты аяқтау

11 сабақ

Page 21: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақ тақырыбы: «ШАҢЫРАҚ ЖАРАСТЫҒЫ»Мақсаты: Балалардың «сыйластық»,»махаббат», құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:1.Шаңырақ жарастығы,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.2.Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру.3.Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,жайлы әуен,топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар,қағаздан қиылған күн,гүл,үй суреттері,бейне материал.

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІСәлеметсіңдер ме,менің аяулы жас достарым. Бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін және жақынымдай сыйлаймын.Біз бүгін шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз.Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше,себебі, біздің бүгінгі сабағымызға біз үшін ең аяулы адамдар,ең ардақты ата-аналарымыз,ата-апаларымыз қонаққа келіп отыр.Ендеше әрқайсың өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып, сабағымызды бастайық.Мысалы: -Мен шаңырағыма бақыт тілеймін. -Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.Адалдық,қамқорлық,кешірімділік,сыйластық,махаббат,сәттілік т.б.

Сабағымызды әрі қарай Ермек Өтетілеуов ағаларыңның «Мен қазақ баласымын» өлеңімен жалғастырайық. Бұтағы-бабасының,

Ұрпағы-атасының, Шуағы-әжәсінің, Тұяғы-әкесінің, Тілегі-анасының, Тірегі-ағасының, Түлегі-даласының, Дарытқан бар асылын Мен-қазақ баласымын. Жерінде-бабасының, Елінде-атасының, Көңілінде-әжесінің, Қолында-анасының Жолында-ағасының, Төсінде даласының, Тапқан өз жарасымын, Мен қазақ баласымын.!

ӘҢГІМЕЛЕСУ.

Page 22: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

1.-Балалар, отбасы деген не? -Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар.Оларды отбасы мүшелері дейміз.Ата-апа,әке-шеше,аға-бауыр,апай,сіңілі т.б2.-Сен отбасында кімсің? -Мен отбасының бір мүшесімін,ата-апамның немересімін,әке-шешемнің баласымын3.-Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды? -Бірге отырып тамақ ішеді,әңгімелеседі,демалады,еңбек етеді,сыйлайды,бір-бірін жақсы көреді т.б.4.-Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не? -Жақсы көңіл-күй,сыйластық,татулық.

Ендеше мына әңгімеге құлақ түрейік. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.А.Асылбеков. «Сүйіспеншілік»1-2-3 абзацты әңгімелеу.Содан соң сыныпқа сұрақ қою-Сендер болсаңдар қайсысын шақырар едіңдер?Неге?Балалар жауаптары.Әңгімені аяғына дейін әңгімелеу.Сыныпқа сұрақ:«Сүйіспеншілік бар жерде-байлық пен сәттілік бар»-дегенді қалай түсінесіңдер?Балалар жауаптары

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС:Балалар,үйімізде өз шаңырағымызда жарастық болу үшін қандай адамдық қасиеттер болуы керек екен? Сол сөздерді атап, күн нұрынаілейік.«Шаңырақ жарастығы» атты газет шығады

ӘҢГІМЕЛЕСУ.Балалар,осы сөздердің ішінде ерекше «махаббат» деген сөзді алайық.«Ізгіліктің бастауы-махаббат» дейді. 1.Сендер осы «махаббат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?А.Адамдардың бір-біріне деген шын сүйіспеншілігіБ.Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеуіВ.Айналадағы адамдарға,Отанға,табиғатқа деген сүйіспеншіліқ

2.Ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?Жаным,құлыным,балапаным т.б.

3.Махаббат бізді неге бөлейді? А.Ата-анамызға деген сүйіспеншіліккеӘ.Отанды сүюге.Б.Табиғатты аялауға,оның сұлулығын тануға. В.Өзгелерді сыйлауға ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

Page 23: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

1-топ. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық.2-топ.»Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар.3-топ.»Күн сәулесі».Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар.

ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ Жайлы әуен қосылып тұрады.А.Еңсепов «Балалық» күйіМұғалім: Балалар,денелеріңді түзу,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуларыңа болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстап,денемізді бос ұстаймыз. Айналадағы барлық тіршілік иелері сіздерді аялап,қоршап,қамқор болып жатыр.Сіздер жанұяларыңызбен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыздар.Көңіл-күйлеріңіз өте жақсы,сіздер күліп,тамаша сезімдерге бөленіп жатырсыздар.Тұла бойларыңызға махаббат пен жақсылыққа толды.Енді көзімізді ашып,бастапқы қалпымызға оралайық.Кім өзінің алған әсерімен бөліскісі келеді? ЖАҢА АҚПАРАТ. Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы.Отбасында сыйластық,сүйіспеншілік,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады. ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ.Балалар,бізге қонаққа досымыз Махаббат қонаққа келе жатыр екен.Махаббатқа демалатын үй керек.Ендеше,бәріміз бірігіп,оған әдемі үй салып берейік.Тақтаға үй макеті ілінеді.Қабырғаларына керек сөздер столда тұр,бірақ оның ішіндеМахаббаттың көңіл-күйін түсіретін сөздер де жүр екен.Жақсы сөздерді алып,үй қабырғасын құрастырайық, ал жаман сөздерді қоқысқа тастайық.Ауласын әдемілеу үшін ағаш пен гүлдер егейік.Гүлдерге мақал-мәтелдер жазылған.1.Балалы үй-базар. Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры.2.Ата-бәйтерек,Бала-жапырақ.3.Ата-асқар тау,Ана-бауырындағы бұлақ,Бала-жағасындаңы құрақ4.Ата-ананың қарызы,Ұрпақтың өмірлік парызы.5.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.6.Ананың сүті-бал,Баланың тілі-бал.7.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер. ДӘЙЕКСӨЗ. « ШАҢЫРАҚ СӘНІ-СЫЙЛАСТЫК»

Page 24: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Шаңырақта сыйластық,сүйіспеншілік,бірлік,татулық,ынтымақ,бауырмалдық,қамқорлық,махаббат шаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады.

ӘҢГІМЕЛЕСУ.Балалар,қазақ халқы отбасында ата-бабаларының салт-дәстүрін сақтай отырып,балаларына тәлім-тәрбие берген.Қазір де осы салт сақталған.Қазақ салтында кішілер үлкеннің атын атамай, жолын кеспей, оны сыйлап,оған құрмет көрсеткен.Содан барып үлкен мен кішінің арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған.Ол әдетке айналып,әдептілік ережесін тудырған.

Біз үй дегенде, өзіміз тұратын үйді айтамыз,елестетеміз.Ал «отбасыңа жақсылық тілеймін» деп тілек айтқанда,біздің ортақ үйіміз,Отанымыз Қазақстанды айтамыз.Біздің елімізде әр түрлі ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Адам өз жанында бейбітшілік тапса,басқа адамдармен де қарым-қатынасы жақсы болады,егер өзін сүйсе,өзінің айналасындағы басқа адамдарды да сыйлай алатын болады.Бейбіт жарасымды өмірде адамдар сәтті еңбек етеді,балалар оқиды,бәрі де бақытты болады. НАЗАР АУДАРАЙЫҚ ВИДЕО-СЛАЙД «Қазақстан»Балалар, енді махаббат еліне қайта оралайық.Сендер ата-анадан басқа тағы кімдерге өз махаббаттарыңды арнар едіңдер?Мысалы:Мен өз махаббатымды осы елде тұратын барлық ұлттарға арнағым келеді.Сол үшін өз жұлдызымды картаға ілемін.Әр бала кімге арнайтынын айтып,жұлдызшаны картаның маңына іледі. Жұлдызшаларды ілу.

-Балалар,қараңдаршы,еліміздің картасы қандай әдемі болып кетті,себебі сендер сияқты қанша адамның жүрегінің махаббаты біздің елімізді,ортақ үйімізді шаттыққа бөлеуде,себебі біздің ортақ шаңырағымыз Отанымыз Қазақ елін әрбір адам сүйеді.Өйткені біз тәуелсіз бейбіт елде тұрамыз.

ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ.Әр бала ата-анасына,ата-ана өз баласына тілегін айту.Ән: «Дос болайық бәріміз»

Page 25: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

12 сабақТақырыбы: «Сіз»деген -әдеп, «біз» деген –көмек.Мақсаты: Сыйластық, қамқорлық құндылықтарын ұғындыру.

Көмекке, сыйластыққа ,бірлікке тәрбиелеу.Үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту.Көрнекілігі:интерактивті тақта.I.Шаттық шеңбері:-Балалар, «Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені»дегендей бәріміз,қонақтармен,бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Сыйластықты іздегенӘдеп сақтар ізгі өрен,Сыпайылық белгісі-Үлкендерге «сіз»деген.

Бүгінгі сабақта біз әдептіліктің бастауы- «сіз»бен «біз»туралы әңгімелесеміз.Әңгімелесу:-Адамдармен сіз деп сөйлескенде қандай сезімде боласыңдар? «Сен»деген де ше?- «Біз»деп сөйлескенде ше? «Мен»деп сөйлескенде ше?-Өздеріңе басқа кісілер «сіз»дегенде ше?»сен»дегенде ше?Түйіндеу (мұғалім):-қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар.Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.II.Тыныштық сәті.III.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқуБірлік дегенді қалай түсінесіңдер?-Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?-Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істеген де қандай сезімге бөлендіңдер?Жалғыз істегенде ше?-Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?IV.Тақтамен жұмыс:«Көп жүрген жер –көңілді.,көп еңбегі-өнімді.»-бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды,жұмыс жасаса да әрі қызықсыз,әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса,жұмыс әрі қызықты,әрі тез, әрі тиянақты бітеді.Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі,тіпті дем алады.Бұл адамды достыққа,қамқор болуға жетелейді.V.Дәптермен жұмыс Дәйексөзді жазуVI.Жаттығу-ойлану.-Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?-Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Page 26: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

VII.Ойын. «Киіз үй»құрастыру.Керегенің тапсырмасы:Бірлік бар жерде........бар.(тірлік)

Бірлігі........ел тозады,(жоқ)Бірлігі ........ел озады.(күшті)

Шаңырақ тапсырмасы...:......... тілеймін!(бақыт,байлық,денсаулық) ...............тілеймін!

.............тілеймін!Есіктің тапсырмасы: ........... келдіңіздер!(қош)

Мұғалім: Міне, балалар бәріміз бірлесіп жасаған еңбек нәтижесінде әдемі,жақсы тілекке толы үй құрдық.Бұл жай үй емес, достық, бірлік үйі.

VI.Жүректен –жүрекке.-Әрбір адам «сіз»бен «біз туралы ұмытпаса,оны өмірде қолданса ,онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын, сыйластығын табады.,әлемде тыныштық орнайды,бақытты өмір болады.»

Шеңбер құрып, құшаққа алып, қуанышты сезіммен : «сіз» «біз»бірге болайық!3рет

Page 27: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

13 сабақТақырыбы: Ойнай білу де-өнерСабақтың мақсаты:Оқушыларды достық,сыйластық құндылықтары туралы кеңейтуСуретер арқылы балаларды сөйлете білуМіндеттері:-шыдамдылық,сабырлық,ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру-жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту-көпшілдікке,әділдікке,кешірімділікке тәрбиелеуКөрнекілігі:суреттер,үнтаспа,дәптер,слайдКезеңдері Сабақ барысыҰйымдастыруКезеңі

Шаттық шеңбер

-Сәлеметсіздер ме оқушылар!-Көңіл-күйлерің қалай? Менің аты-жөнім Отарбаева Іңкәр Рашидқызы.

-Балалар бәріміз бірге шаттық шеңбер құрайық та бәріміз бірге үнтаспаға қосылып Айгөлек әнін шырқайық: Көлдей шалқып жас өмір, Тасып жатқан шағында. Кемерінен шалықтап, Асып жатқан шағында Ойын ойнап,ән салмай, Өсер бала болар ма? Күміс күлкі көрмей ол, Кемеліне толар ма?Қайырмасы: Айгөлек-ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстазы- Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер,білім, еңбекке Жақын болар ұрпақпыз. Он саусағы майысқан Шебер болар ұрпақпыз. Тұла бойы толған бір Өнер болар ұрпақпыз.Қайырмасы:Өте жақсы балалар.Енді орындарыңа отырыңыздар!

Өткен сабақта бірлесе жұмыс істеу кезеңіндегі адами қарым-

Page 28: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Әңгімелесу

ЖағдаяттықСұрақтар

қатынастар туралы өткен болатынбыз

Иа,дұрыс айтасыңдар,бүгін ойнау кезіндегі адами қарым-қатынастар туралы әңгімелесеміз Жүз сомың болғанша- жүз досың болсын-Ал балалар осы мақалды сендер қалай түсінесіңдер?Яғни бұнда көп ақшаң болғанша,көп досың болсындейді.

Оқушылар сендер мына тақырыпқа қарап қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар? Иә дұрыс балалар көксерек,алтын сақа,тышқан мен мысық т.б ойындар бар екен

1.Аяқталмаған ойын Ауылдың шеті.Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған.Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар. Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып,таудан төмен зымырайды.Беттері қызара бөртіп,сырғанап ойнаудан жалығар емес.Ақан мен Асан тау басына шықты.Шананың алдына Асан отыратын.Ол абайсызда шанадан айырлып қалды.Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Алысқа барып бір-ақ тоқтады. -Ақан,сен барып шананы алып кел,-деді інісіне Асан. -Мен бармаймын.Шанаға ие болмаған өзің,сен бар,-деді Ақан. -Жоқ.Сен барасың.Сен менен кішісің,-деді Асан. -Бармаймын.Үлкенмін деп жұмсай бересің,шананы да үнемі мен сүйреймін. -Бармасаң,сырғанақ тепкізбеймін. Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті.Шананы жетектеген бойы тауға емес,үйіне қарай бет алды. Ақан не істерін білмей,тау басында аңырап тұрып қалды. Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды. Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады? Бұл жерде ағасы мен інісінің тату болмағандығы,екеуінің бір шешімге келмегендігінен сөз таласып қаладыАғасы інісінен үлкендігін білдіріп кешірім сұрап,әрі қарай ойынды жалғастыруға болады.

2.Кім ақылды?

Page 29: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Суретпен жұмыс

Сергіту сәті

Дәйексөз.

Ерден мен Еркебұлан бірігіп жап-жақсы ойнап жүр еді.Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп,түйісіп қалды. Ерден бас жоқ,көз жоқ: -Мен саған жол бермеймін!-деп қасқайып,безеріп тұрып алды. Ал Еркебұлан: -Мен соған бола ерегіскім де,ойынды бұзғым да келмейді.Сен өте бер,-деді де оған жол берді.

Ерден мен Еркебұланның әрекеттері туралы не айта аласыңдар? Бұл жерде Еркебұлан ойынды бұзғысы келмей,досына жол берді,себебі ойынды бұзғысы келмеді.

3.Ойнамаймын. Бір топ бала асық ойнап жүр еді.Аслан қайта-қайта жеңіле берді.Қолындағы бар асығын ұтқызып алды.Ызаға булыққан ол жылап жіберді де: -Мен сендермен енді ойнамаймын.Сендер қарау ойнайсыңдар!-деп бұрылып кетіп қалды.

Сендердің Асланның әрекетіне деген көзқарастарың қандай?Бұл жерде Асланның достарына жала жабуы және ойынды бұзуы

Балалар мына суретке қарап не айтасыздар,қандай әңгіме құрастыруға болады? Бұл суретке қандай ат қоясыңдар? Біз бәріміз де кішкентай болдық,балабақшаға бардық. Достық дегеніміз сол кезден-ақ басталады. Қазір сендердің сыныпта немесе аулада бірге ойнайтын достарың көп шығар.Иә,балалар... Ал енді мына суретке де назар аударайық. Бұнда не бейнеленгенін айта аласыңдар ма? Балалардың көңіл күйлеріне қараңдаршы,қандай көңілді балалар,жүздерінде күлкі,өздері тату.

Топ-топ,топ-топ басайық,Жалаудан гүл жасайық.Жаса-жаса алтын күн,Жаса-жаса жарқын күн. Өте жақсы балалар,енді орнымызға отырайық.

Page 30: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Дәптермен жұмыс

Ойын

Қорытындылау:

Жүректен-жүрекке

“Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам” Сенека.Оқушылар,бұл нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. Ал,мен былай түсінемін:Адам ойын кезінде де,өмірде де өзінің ашу-ызасын көрсетпей ұстамды болуы тиіс.Ойын кезінде досының жіберген қателігі мен кемшілігін кешіре білу-адамдық белгісі.

Оқушылар мына дәйексөзді дәптерлеріңді ашып жазып алыңыздар.

Оқушылар,енді біз жақсы қылықтарымызды айтып,бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз. Қатар-қатар бойынша бір-бірімізге күн шуағын сыйлайық.Мысалы:Ернұр өзіңнің жақсы лебізіңді білдіріп мына күн шуағын көршіңе сыйлайсың,Ал ол өз күнін саған сыйлайды.Иә балалар,көптеген жақсы сөздер біледі екенсіңдер,бір-біріңе айтқан лебіздеріңе лайықты болуға тырысыңдар.

Оқушылар бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар,қандай ой түйдіңдер?Иә,оқушылар бүгінгі сабағымызда ойнау кезінде де бір-бірімізбен тату-тәтті ойнай біліп,бір-бірімізді ренжітпеуіміз керек.

Балалар енді бәріміз орнымыздан тұрып шеңбер құрайық.Мен Ернұрға :қасыңдағы досыңды ренжітпе-деп айтамын.Әрі қарай осы бойынша жалғасады.Ал,балалар осымен сабағымызды аяқтаймыз.Сау болыңдар.

14 сабақ

Page 31: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: "Ұл бала мен қыз бала" Мақсаты: Балалардың «сыйластық, достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: - Ұл бала мен қыз бала арасындығы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру.• Өзара сыйластық, қарым – қатынастарын дамыту;• Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық.Шаттық шеңбері. Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Бәрі бірге өлеңді оқиды. Біз - туған ел баласыАсыр салған таласып, Біз – туған ел баласы,Қандай байтақ ОтанынЖан – жағына қарашыОтаным кең көсілгенТөсінде ырыс өсіргенҚаптаған мал, алып дәнБәрі менің нәсібемБәрін көріп келемізБолашаққа сенемізЖақсы оқумен, еңбекпен,Біздер жауап береміз.Әңгімелесу. Оқушылармен әңгімелесу. • Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?• Ұл бала қыз бала арасындағы достық деген сауалға өз ойларын білдіреді. 

Жағдаяттарды талдау.Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарды талдау ұйымдастырады. Оқулықта түрлі жағдаяттарға құрылған суреттерді талдап, шешеді, шешімін сынып алдында жария етеді. Ұл бала мен қыз баланың бірін- бірі сыйлауға дағдыландыру үшін төмендегі жағдаяттар талданады:1. Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады, сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтады. Самал жылап жібереді. 2.Санжардың әрекеті туралы өз пікірлерінді білдіріндер. Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма береді. Сұлтан: - Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін, - дейді. 3.Сұлтанның орнында болсандар сендер не істеген болар едіндер?4.Әсияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте береді. Ыза болған Әсия Ғалымды итеріп жібереді де, отыра қалып жылайды. Әсия мен Ғалымның орнында болсандар сендер қандай шешімге келер едіндер?

Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты, Сәкен оған жәрдемдесті.

Page 32: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.• Сәкен мен Жәнияның орнында болсандар не істер едеіндер?• Мұғалім өз ойын түйіндеп: Өз ойларынды еркін жеткізе алғандарына қуаныштамын. Сыныпта досына, ол ұл болсын, не қыз болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздын жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды. 

Мәтінмен жұмыс. Кімнің жұмысы?Алтай соңғы кезде: «Мынау қыздың, мынау ұлдың жұмысы» дегенді шығарып алды. Құндыз жұмсай қалса, соны сылтаулатып, безеріп отырып алатын болды. •Міне, бүгін де сол қынырлығына басып отыр. Таңертен шайдан кейін Құндыз:• Үстел үстін жинай салшы, мен сабағымды даярлайын, - деп еді.•Иә, саған! Мені қыз дейсін бе? Өзін жина,- деп далаға шығуға бет алды. •Ешқайда бармайсың! – деді Құндыз, оның алдына кес – кестеп, Сабағынды оқыдың ба өзін?•Оқыдым! Кеше оқығам, тек еңбек сабағынан орындаған жоқ.•Неге?•Қалай орындаймын? Апай балаларға да қыздар істейтін жұмыс тапсырды.•Не тапсырып еді?•Ей, қойшы. Қыздар тігіп апарса да болмайды ма? Ұл бала кесте тіге ме екен, айтшы өзін?• Тіксе қайтеді? Қане, көрсетші, - деді Құндыз.• Алтай сәл ойланып тұрды да • Мен қалай тігемін? Ұл кесте тікпейді! Папамның кесте тіккенін көрдін бе? – деді.• Көрдім. Кесте тікпесе, түймесін өзі қадап, киімін өзі үтіктеп алады. • Өтірік деші қане? Киім тігетін де папалар бар. Оны қыздың жұмысы деп шығарып жүрген сен! Құндыз үстел үстін жинастыра бастады. Алтай не істерін білмей, қипақтап сәл тұрды да, оған көмектесуге кірісті. Ыдыс аяқтарды ас үйге тасып жүр. Дастархан жиналып болған соң, Алтай Құндыздың жанына отырып алып, тағы қынқылдады:Құндыз, мен саған жәрдемдестім ғой... Кестемді тігуге көмектесші?Әкеле ғой-, деді Құндыз. Оны мандайынан сипап. Алтай қуана күлімдеп, оның қасына отырды. Құндыз жібек жіп сабақтап алды да, шүберекке қарындашпен салынған гүл суретінін үстін бастыра тіге бастады. -Міне, былай, - деді Алтайға,- көрдін бе? Инені былай ұстайсын, байқап отыр. Сонан соң мына сызықтың үстемін тіге бересін. Түк қиындығы жоқ. Мә, енді өзін тігіп көрші. • Алтай инені қолына алып, амалсыз тіге бастады. Ал, - деді Құндыз оған көрсете отырып, - не қиындығы бар екен? Осылай тіге бер. • Алтай мәз – мейрам. Тігіп отырған кестесі, шынында гүл болып шығып келе жатқан сияқты. Бұлардың үстіне шешесі де келіп қалды. • Мама,- деді Алтай, орнынан ұшып тұра келіп, - мынаған қарашы, кесте тіктім. Өте жақсы, деді шешесі оған. Мынау – ұлдың, мынау қыздың жұмысы дейтіні жоқ. Білгенін зиян болмайды, балам.

Page 33: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

• Сұраққа жауап беру.Қыз бала мен ұл бала өара сыйластыққа қалай қол жеткізді?Мұғалімнің ойы. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім тәрбие алады. Оқушы мәртебесі бәріне ортақ. Сыныпта тату – тәтті болып, сыйластықта қарым – қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес. Аулада да, көршілермен ұл қыз сыйласып, дос бола білген жөн. Шығармашылық жұмыс: Ұлдар мен қыздарды екі топқа бөліп.Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргін келеді?»Қыздарға «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргін келеді?»Тақтаға «Ел ұлымыен берік, қызымен көрік» деген сөзді іліп, мұғалім: • Қазақ халқы ұлы дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды, деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан, ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке тенейді. Мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Төлеген сияқты. Қыздардан шыққа батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал, қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды мәз – мәйрам болады. Өйткені, қыз бала тән сұлулығымен емес, жан сұлулығынын байлығымен өмірді мәнді, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға тенейді. 

Ойын. Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам....», «Егер қыз болсам...» атты ойын ойнату. Қорытындылау. Сонымен, ұқыпты, сүйкімді, көрікті, сыпайы, бір-бірін ренжітпейтін, ауыр сөз айтпайтын, бәріне мейіріммен қарайтын, бір – бірін сыйлай білетін ұл – қыз болып өсу. Жүректен жүрекке. Оқушылар бір – біріне деген сыйластық қарым – қатынастарын жылы лебіздерімен білдіреді. Қатар тұрған көршісіне оның қолын қысып, жылы лебіз айтып, сонғы оқушыға жеткенше осылай жалғасыды. Бәрі бірігіп:Ермек Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» өлеңін дауыстап оқиды.Ұл бала мен қыз балаҰл бала мен қыз балаБір мектепте оқиды Ұлға да ортақ, қызға да Білімді ойға тоқиды.Ұл бала мен қыз балаҮйге бірге қайтады. Бар сырларын аз ғана Бір – біріне айтады.Ұл бала мен қыз бала Түсіністі, достасты.

Page 34: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

15 сабақТақырыбы:            Дос болайық, бәріміз!Мақсаты:               Балалардың  «достық» құндылығы туралы түсініктерінкеңейту.Міндеттері:                                                                                                               -татулық, достық адами қасиеттердің өміріндегімаңыздылығын түсіндіру,-достық  қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту,-достыққа, татулыққа тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: ертегі кейіпкерлерінің маскалары, қолшатыр, үнтаспа.Сабақтың барысы:Шаттық  шеңбері:  Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Бәрі бірге«Татуласу» өлең  жолдарын хормен айтады. Әкел, досым, қолыңды,Татуласқан орынды.Өкпелесіп не керек,Корсет, кәне, соныңды.Баққа бірге кірейік,Қол ұстасып жүрейік.Татулықтың белгісі,Кел қосылып күлейік:Ха-ха-ха,  ха-ха-ха!.. Әңгімелесу:    Балалар, сендер  достық, татулық  дегенді қалайтүсінесіңдер?Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?Балалардың  достық туралы пікірлерінӨз досың туралы айтып бер. «Нағыз дос» -алма ағашына, досқа тән қасиеттерді теріп ілу (мейірімді,салмақты, адал, кек сақтамау, ақылды, кешірімді, төзімді,өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау).        Жағдаяттарды талдау:

1. Құрбылары ЖанарғаБалмұздақ  берген-ді.Жанар кетті алға тез,Алды-артына қарамай,«Рақмет» деп жалғыз сөзАйтуға да, жарамай!-Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

1. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы,  Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп, ала жөнелді.

-Жанар мен Сырымды шын достар деп айтуға бола ма? Неліктен?

Page 35: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

- Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ойын түйіндеу. Дәйексөз: Мұғалім балаларға «достық» құндылығының мәнін аша түсу үшіндәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Татулық – достық кепілі» деген халық мақалының мәні ашылады.Сахналау:«Саңырауқұлақтың саясы»Қатысушылар:Жүргізуші, құмырсқа,көбелек, торғай,қоян, түлкі, бақа.(Оқушыларға рөлдер алдын-алаберілген).Достық  туралы мақал-мәтелдерайтып , түйіндеу.Тыныштық сәті:    Ауызша жұмыстан жазбаша жұмысқа ауысу аралығында оқушылардың денесі,ойы сергітіледі.Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтаріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.Тұла бойылары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.Тапсырма:Дәптермен   жұмыс «Досыңды құрметте»нақыл сөз шығу үшін әріптерді дұрысорналастырғызу.Қағаздан қиған жүрекшелердің ішінедосыңа тілек жазғызу,оқыту.Жүректен жүрекке:Оқушылар шеңбер құрып , бір-біріне кезекпен достық тілектерін  білдіреді.-Досыңа адал бол!-Татулық тілеймін!-Досыңа кек сақтама!-Кешірімді бол!-Достық тілеймін!Қорытындылау:-Достықтың күші-бірлікте, кепілі-татулықта. Біз де сыныптас достарымызды қолдап, қол ұшын беруге әрқашан дайын болайық. 

Page 36: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

16 сабақДос болайық бәрімізМақал: Дос бәрінен де қымбат.Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.Міндеттері:- достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.Шаттық шеңберіПедагог балалардың сабақта қызығушылығы мен көңіл көтеру және олардың достарына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту мақсатында «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдауды ұсынады.

Дос болайық бәрімізСөзін жазған X. Талгаров Әнін жазған И. НүсіпбаевӘрқашан дос, біргеміз,Ажырамас іргеміз.Ілгері жүріңдер,Достық жырын біліңдер.Ту ғып ұстап бірлікті,Еңбекті сүйіңдер.Қайырмасы:Дос болайық бәріміз,Жарасып тұр әніміз.Тыныштықты сақтаймыз,Атсын күліп таңымыз.ӘңгімелесуПедагог балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі. Әңгімелесу барысында балалардың түйген ойларын«Досты қалай табу туралы ертегісімен» жалғастырады. Ертегіні тыңдап, талдау кезінде педагог дос адамдардың бір-біріне деген сыйластығы, жарасымы, татулығы үшін ненің қажет екеніне назар аудартады.«Балалар, біз өткен сабақта өзіміздің отбасы туралы, Отбасы мүшелері арасындағы сүйіспеншілік, сыйластың, қамқорлық туралы сөйлестік. Бүгін жанымызға тағы бір Жақын адамдар – достарымыз жайлы әңгімелесеміз.Дос адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және «Достық» ұғымымен танысамыз».• «Дос» және «достық» деген сөзді қалай түсінуге болады?• Жақсы дос деп кімді айта аламыз? Балалардың жауаптарын, педагог қорытындылайды.- Балалар, достарың туралы жақсы, жылы сөз айтқандарың қандай әсерлі. Достар – бір-біріне қашанда көмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, тату, сүйіспеншіліктері мол, бір-бірін сыйлайтын жандар.Енді сендермен достық туралы шығарманы тыңдап көрелік.Әңгімелеу

Page 37: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Досты қалай табу туралы ертегі.Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты.Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құлақ түрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұл ісің дұрыс емес деп айтпапты.Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:«Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,- деп ойлайды.Бір уақытта:- Ендеше, мен сенің досың болайын,- деген біреудің дауысы естіледі.«Бұл кім?- деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады.Жаңағы кіп-кішкентай бала қарапайым адамға мүлде " ұқсамайтын еді. Ол сарғыш түсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын.- Сен қай елден келдің?- деп бала одан сұрайды. Кішкентай бала өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жерде бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол Жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді.- Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ?- Бәрі менен неге теріс айналады?- Көмектесші маған,- дейді бала.- Бұл өте оңай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсы көріп, олардың айтқандары саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіп отырады.Ерке бала Мейірімнің бүл ісіне әрқашан разы еді.- Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымда болғаның қандай жақсы. Сен менің нағыз досымсың!Осылай уақыт өте береді. Бір күні бала үйіне қуанып келеді.- Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты күн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме дос таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірімбаланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді і үсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге

Page 38: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейіріммен ақылдасып, жүрегін і тыңдайтын болыпты.• Қалай ойлайсыңдар, бұл баланың неге достары болмады?• Дос табу үшін не істеу керек?• Достар қандай болулары керек?Балалардың жауаптары тыңдалған соң педагог олардың жауаптары негізінде қорытындылайды.Достық – адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар, сендер бір топтың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар.Ойын. «Менің досым».Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагог допты лақтырып, кезек-кезек балаларға сұрақ қояды. Педагог ойын арасында қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындап қояды.Ойынға арналған сұрақтар:• Сенің досың кім?• Сен досыңды жақсы көресің бе?• Досыңа қалай көмектесесің?• Досыңды қалай сыйлайсың?• Досыңды сағынасың ба?• Досыңмен нені бөлісесің?• Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?• Досың саған не үйретеді?• Достар бір-біріне қалай көмектеседі?• Үлкендер арасында досың бар ма?• Кішкентай достарың бар ма, оларға нелер жатады?• Өзімізге досты қалай таба аламыз? -• Досыңа қандай тілек айтасың?

Сергіту сәтіӨлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады. Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру) Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.ДәйексөзПедагог «Дос – бәрінен де қымбат» деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.Дәптермен жұмысДәптерде төмендегідей тапсырма берілген:Досыңа сыйлайтын сыйлығыңның суретін сал және солтуралы әңгімелеп бер.Педагог балалардан салған суреттері туралы әңгімелеседі.Олардың бұл сыйлықтың суретін неліктен салғанын және не

Page 39: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

үшін осы сыйлықты таңдағанын айтып берулеріне жағдайтуғызуы тиіс.

Қорытындылау- Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік. Достар қашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік. «Дос» және «Достық» ұғымымен таныстық. Адамдар үшін достықтың қандай қымбат екенін білдік.Жүректен жүреккеБалалар үнтаспадан «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдап, қосылып айтады.Мектепке дейінгі мекемелерде балалар шаттық шеңберінде, жүректен жүрекке әдістемелік тәсілінде өлеңдерді қайталап айтуларына болады. Себебі, балалардың психологиялық ерекшеліктеріне орай өткен материалдарды жаңғыртып, естеріне түсіріп отыру керек.

Page 40: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

17 сабақТақырыбы: Жылы жүрек- жақсы тілек.Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Мейірімділікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.Шаттық шеңбері: -Балалар, барлығымыз ортаға шығып, «жақсылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтерінкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:

Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, еңбекқорсың, ақкөңілсің, жақсы оқитын оқушысың.

Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жүректеріңнен шыққан жылы тілектеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

Ал, балалар, енді мына өлеңді бірге қайталайық:Қуанамын мен де, ( өзін көрсетеді)Қуанасың сен де ( жаңындағы досын көрсетеді)Қуанайық, достарым, (бір-бірінің қолдарынан ұстайды)Арайлап атқан күнге! ( қолдарын жоғары көтереді)

Тыныштық сәті:

-Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.

Ризашылық әнін орындау.Ризаміз бүгінге,Ризамыз бүгінге!Ризаміз бүгінге,Ризаміз қазірге!Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Әңгімелеу.Адамның мейірімділігі оның жылы жүрегі мен жақсы ойларынан танылатындығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімелеп береді.

Неше мен Айша.Бар екен де жоқ екен. Ертеде бір патшаның Неше, Айша есімді қыздары болыпты. Патша қыздырын жақсы көріп, қолынан келгенінше олардың бір дегенін екі етпейді екен. Неше мен Айша өсе келе мінездері өзгере бастапты. Неше қаншалықты көңілді

Page 41: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

болса, Айша соншалықты көңілсіз болыпты. Әр нәрсені, өзіне дерт етіп жылап: « Мені ешкім жақсы көрмейді. Барлығыңыз Нешені жақсы көресіздер» деп мұңын шағады екен. Патша Айшаның бұл мінезінен айырылу үшін, жан-жақты ақылды адамдарбы шақырып ақыл сұрапты. Бірақ ешқайсысы Айшаны күлдіре алмапты. Соңында патша сарайдағыларға: « Бұдан былай Айша мен Нешеге бірдей қарайтын болыңдар » деп әмір беріпті. Патшаның бұл бұйрығына кім қарсы келсің? Сарайдағылардың бәрі патшаның айтқаның орындапты. Бірақ бұл Айшаны бақытты етіп, аз болса да күлдіре алмапты. Бір күні білімді бір адам сарайға қонаққа келепті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: « Е... сұрама. Күлмейтін бір қызым бар. Дертін ешкім білмейді.» Саяхатшы: « Патшам, рұқсат етсеңіз, бір ай сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың көңілсіз болуының себебін табармын».Патша қуаныпты. Сол күннен бастапсаяхатшы Неше мен Айшаны жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі де жаипай тұрып, жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, тұрады екен. Саяхатшы бір түні Неше мен Айша ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыпты. Неше өзіне жасаған жақсылықтырды жазса, Айша өзіне жасалған әділетсіздіктерді жазыпты.Ертеңінде саяхатшы Нешеден рұқсат сұрап алып, дәптерін Айшаның жастығының астына қойыпты. Таң атысымен Айша жастықтың астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдадағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан Айша жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтарды есіне түсірісімен жүзі күліп, қуанғаннан ән сала бастапты.Патша Айшаның ән салғаның естіп, өз құлағына өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: « Патшам – депті, - өмір- айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Айша, өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған.» Патша Айшаны шақыртып, оған бұдан кейін дәптеріне тек жақсы жақтарын жазуын, жамандықтарын ұмытуына ақыл-кеңес беріпті.Сол күннен бастап Айша да Неше сияқты мейірімді, бақытты болыпты.Әңгімелесу.Айшаның көңілсіз,Нешенің көңілді жүруінің себебі неде?Нешенің күнделігінде қандай сөздер болуы мүмкін?« Өмір – айна » дегенді қалай түсінесіңдер?Сендер кімдердің жақсы сөздерің естеріңе түсіресіңдер?Дәйексөз. « Жақсы сөз – жан семіртер»Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұнайтады, оны уайымға салады.Дәйексөз. « Қайырымдылық – жылы жүректен»« Қайырымдылық » дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік.Қиналған, сырқаттанған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол үшін беру, жәрдем ету, жанашарлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады.Тақтаға назар аударыңдар. Сендер екі жүректің суреттерін көріп тұрсыңдар. Бір жүрек қара түсті, ал екінші қызыл түсті. Балалар, мына жүрек неге қара түсті. Кім өз

Page 42: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

ойын айтып береді. Ал екінші жүрек – қызыл , яғни жүректің жылуы мол.Жүрек жылуыЖер бетіндегі ең әдемі сөз – Ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Біздің анамыздың ақ сүтін қадірлеп, еңбегін ұмытпауымыз керек. Ана әрқашан балам таза жүрсін деп, кір көйлек кигізбейді.« Күннің шуағы жылы,Ананың құшағы жылы!» - дегендей, барлық үйдің жылуы – ана емес пе? Бізге ананың аясы, мейрімі қажет. Ананы сыйлап, сүйіспеншілігіміз зор болса, ол әрқашан қуанып жүреді.Ана« Арайлы таңың атты»,- деп,Жүректен айтар ақ тілек.Күлімдеп саған, қашандаТұратын бақыт, бақ тілеп,Анадан арық жан бар ма?Ата ақылы.-Жата бермей еркелеп,Тұр азанда ертерек.Ата-анаңд сыйлағын,Төсегіңді жинағын.Қажет емес аптығу,Жаса түрлі жаттығу.Тырыса біл намысқа,Киімді таза ұста.Тұзу отыр партада,Салмақ салма арқаға.Салақтардан жиренгін,Ұқыптыдан үйренгін,-Атам айтқан ақылдыКөкейіме түйгенмін.Сәби тілеуі.Күн дегенім – Анам,Ай дегенім- Атам.Амандығын олардың,Күнде тілеп жатамын.Шығармашылық , топтық жұмыс. Аналарға сыйлық жасау.АнаБіздің өміріміздегі ардақты, аяулы адам – ол біздің анамыз. Адам өмірге келгенде ең бірінші ананың құшағына еніп, ана сүтінен нәр алады. Ана өз баласы үшін тәтті ұйқысын бөліп, бар жан-тәнімен баласын қорғаштайды. Егер маған « бұл өмірде ең ыстық, ең жұмсақ, ең тәтті не?» десе, мен « ең ыстық – ана құшағы, ең жұмсақ – ана алақаны, ең тәтті- ана сүті», дер едім.Ән айту. « Әрқашан күн сөнбесін»

18-19 сабақ

Page 43: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті бала. Мақсаты: 1.Балаларға әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық адами қажеттер туралы кеңінен түсіндіріп әңгімелеу 2.Оқушылардың көпшілік орында, ұжымда өздерінің ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін сақтап, өмірде дұрыс пайдалана білуге үйрету. 3.Балалардың өзін-өзі тану арқылы өзін бақылауын, үнемі ұқыптылық, әдептілік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Міндеті: - ұқыптылықтың адам өміріндегі маңыздылығын білуге тәрбиелеу; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі:Үнтаспа, слаид, сызбалар, ассоциация

Шаттық шеңбері: Мұғалім: Балалар бүгінгі күніміз қайырлы, нәтижелі болсын.Біз шаттық шеңберінде тұрмыз. Бәріміз терезеге қарайық. Күн ашық. Күлімдеп, бізге жақсылық тілеп тұр. Күн бізге жылуын сыйлап тұр. Оның сәулесі сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жарқыратып жіберді. Таң атады арайлап,Күн күлімдеп туады.Жадырайды бар аймақ,Жарқырайды шуағы.

Осы тұста қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық.Сәлемдесу:- Сабағымызға келгендер, сәлембердік бәріңе!- Ізгілікке, ұқыптылыққа, әдепке сенгендерге сәлем бердік.- Өз бақытын, әдебін, ұқыптылығын тек бөлісіп көргендер,сәлем бердік бәріңе!- Сәлем бердік бәріңе!

Әңгімелесу- «Ұқыптылық» дегенді қалай түсінесіңдер?- Адамға ұқыпты болу аса қажет деп ойлайсыңдар ма?- Ұқыптылыққа нені жатқызуға болады?- Ұқыпты болу үшін не қажет?(еңбекқорлық, табандылық)-Ұқыпсыздыққа апаратын адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді атайықшы.(еріншектік, жалқаулық, немқұрайлылық)

Page 44: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Мәтінмен жұмыс1. Оқулықтан Е. Өтетілеуовтың « Ұқыптылық»әңгімесін мәнерлеп оқу. Мазмұнын аша отырып,ұқыптылықты салыстырмалы түрде түсіндіру Мәтіндегі балаларға мінездеме бере отырып,ұқыптылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Жағдаяттарды талдау:- Қорық дегеніміз не?- Бекеттің атасы қорықта кім болып жұмыс жасайды?- Бекеттің атасы қорыққа бару үшін балаларға қандай тапсырма берді?- Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?- Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?- «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?

ДәйексөзҰқыптының уақыты молАдам баласының бойында ұқыптылық қасиеті болса,онда ол барлық істі атқаруға күші жетеді.Бұған оның бойындағы ұқыптылыққа жетелейтін еңбекқорлығы мен табандылығы көмектеседі. Ассоцияция: Ұқыпты бала

Шығармашылық жұмыс:- Балалар мақалдарды қарап, қажет сөздерді жазалық ....................ның тоны тозбас, ....................ісі оңбас Жаңылтпаш ....................бала – Кітапты түптеп тастады ....................бала – Кітапты бүктеп тастады

Ұқыпты бала

үй шаруасына көмектесуге де үлгереді

Кітап оқуға да үлгереді

Қонаққа баруға да үлгереді

Ойнауға да үлгереді

Оқуға да үлгереді

Page 45: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сергіту сәті:1,2 басымыз тік3,4 қол созамыз5 – дегенді қолды сермеп6 – деп партаға отырамызӘдептілік сақтап ойлаймызӘдептілік сақтап өрлейміз

Шығармышылық жұмыс:Оқушылар 2 топқа бөлініп,1- ші топ «Ұқыпты бала», 2- ші топ «Ұқыпсыз бала» тақырыбына алдын- ала берілгентапсырма бойынша салып келген суреттерін дәлелдейді

Дәптермен жұмысҰқыпты болудың жолын біліп алыңдар.

Көрініс: «Ұқыптының уақыты мол» «Бұл ұқыпты баланың ісі емес» «Әдепсіз бала»Өз бетінше жұмыс. «Мен ұқыпты баламын».Ұқыпты орындалған жұмыстарды мадақтау.

Есіңе сақта:- Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.- Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста.

Ұқыпты болу үшін

Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды біліп ал.

Бір күндік жұмыс кестесін құрып ал.

Мерекелік күндерді белгілеп қой

Атқарылатын істерді

жоспарлап ал.

Өз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік етет

Жақын туыс адамдардың туған күндерін есте сақта

Page 46: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

- Сыпайы достық пейілмен сәлемдес.- Сыпайылық, әдептілік ережелерін сақта.

Қорытындылау.-Біз бүгінгі сабақтан неге үйрендік, балалар?- Бүгін біз әдептілік, ұқыптылық ережелерімен таныстық- Ұқыптылық-әдептілік екенін ұғындық-Ұқыпты болу үшін еңбекқор, табанды болу керек екенін ұғындық. -Жалқаулық пен еріншектік ұқыптылықтың қас жауы екендігіне көз жеткіздік.-Ұқыпты адам барлық нәрсеге үлгеретініне көз жеткіздік

Жүректен-жүрекке-Ортаға шеңберге тұрып бүгінгісабағымыздың тақырыбы «Ұқыпты бала - әдепті бала» болғандықтан осы сабағымызды аяқтай отырып ,сабақтан алған әсеріміз бен адам бойындағы жақсы қасиеттерді бір- бірімізге ақ тілекпен жеткізейік-- әдептілікті сақтайық- ұқыптылық ережесін жақсы меңгерейік.- ұқыптылық ережелерін іске асырайық.- Табанды болайық- Іскер болайық- еңбекқор болайық- табиғатты қорғайық- құсты атпайық- гүл өсірейік- сабақты жақсы оқиық- үлкенге құрмет көрсетейік- кішіге қамқор болайықМұғалім:- Менің тілегім шөліркемей гүл тұрсын.- Менің тілегім жерім жайнап құлпырсын- Менің тілегім көкте мәңгі күн тұрсын- Менің тілегім мәңгі ыстық тыныштық тұрсын

20-21 сабақСабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Page 47: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1. Шаттық шеңбері: Балалар барлығы шеңберге тұрып, қолдарына жүрекшелер алады. Шеңбер бойын айналып бір – біріне тілек айтады, жүрек сыйлайды. Мұғалімнің қолындағы қорапшадан гүл алып, сол қағаздың түсіне сай оқушылар 3 топқа бөлінеді.2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?

3. Жаңа сабақ. Әңгімелесу 1) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз? 2) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер? А) Мультфильм «ақсақ құлан» мултьфильмін интерактивті тақтадан көрсету. В) Тапсырма. Балалар топ болып жарысамыз. Әр топқа тапсырма бір өнер көрсету. С) Жаңа ақпарат. (Қолыма кукла түлкі мен жылан алып өзара сөйлестіру)Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіріп, дәптермен жұмыс жүргізу. «Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.» Д) Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау барысында балаларда өнерлі бала туралы ойлар жинақталады. Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар. Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді». Е) Сергіту сәті. Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды. (күй «Адай»)

4. Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып «бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуы сұралады. Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз? - Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.5. Жүректен – жүрекке. а) бірінші топ – бұлтқа адам жанын жабырқататын сөздер в) екінші топ – күнге анасы қалай еркелететінін жазу, үшінші топ – кемпірқосаққа алғыс айтқандағы сөздер жазу. Балалар, кез – келген өнер түрі адамға жақсы сезімдер сыйлайды екен. Дәл қазір барлығымыз шеңберге тұрып, қол ұстасып Асылбек Еңсеповтың «Балалық» күйін тыңдайық.6. Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу7. Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы» .

22 сабақ

Page 48: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы:  Ақыл- жастан, асыл-тастанСабақтың мақсаты:   Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін  кеңейту.Міндеттері:    -     ақылдың адам өміріндегі маныздылығын  түсіндіру.ақылын өмірде  қолдана білу  іскерліктерін дамыту.Бабалар дәстүрін  құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: үнтаспа , дәптер , оқулық, «Даналық  кітабы», мультимедия.Шаттық шеңбері: Армысың алтын күнАрмысың асыл жерАрмысың көк аспанАрмысың достарАрмысың қонақтар!Тыныштық сәті : (Әуен  ойналады )     Әуен  қосылған  кезде бәріміз  жүрегіміздегі  сиқырлы  әлемге  аттанамыз. Біздің  жүрегімізді кішкентай адам  өмір сүреді .  Оның  атыда дәл сендердікіндей . Қолдарынды жүректеріңнің  тұсына қойып ,  оның  қалай соғып   тұрғаның  сазіңдерші  (тыныс алу).Ол  біздің жүрегіміздегі  «Мен осындаймын», «Мен онымен біргемін » – деп  тұрған кішкентай адам ғой . Оған  өздерінің күлкілерінді  сыйлаңдар .  Жүрегіміздегі кішкентай адам  әрқашан  бізбен бірге болады . Жүрегіміз бізге  тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі  оны тек  өзіміз ғана  ести алатын боламыз. Жүректеріне іштей рахиет айтындар. Ол сендердің ризашылықтарынды естісін. Сездіндерме , ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді  естігенін сездіріп жатыр . Осы сәтті естеріңе сақтандар !   Енді көздерінді аша қойындар .  Қолдарынды жоғары , содан соң екі жаққа созындар.-Терең дем алыңдар !-міне тамаша .Жаңа сабақ: Өткен сабақта қандай тақырып болды. Өнер туралы айттық-         Ал балалар өнер дегеніміз не екен?-         Қандай өнер түрлерін білесіңдер?-         Жақсы балалар ал енді біздің жаңа сабағмызды бастамас бұрын жұмбақ шешейік.-         Таудан биік-         Теңізден терең             (ақыл)-         Дұрыс айтасыңдар бүгінгі тақырыбымыз «Ақыл жастан,асыл-тастан» деп аталады.-         Ойланайық, пікірлесейік.-Ақылды болуды қалай түсінесіндер ?-Сендердің ақылға жүгініп,  дұрыс шешім қабылдаған  кездерің болдыма?Оқып , үйренейік: Мәтінмен жұмыс.Адамның ақылдылығы бала кезінен толсатынын  ұғындыру мақсатында  әңгімелеу  жұмысын ұйымдастыру.Мәтінді нақышына келтіріп  әңгімелеп  беру

Page 49: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

«Жиренше шешен мен  Қарашаш сұлу»-Қарашаштың ақылдылығы  қай әрекетінен  байқалады ?-Басқак балдардың  іс- әрекетіне  көз қарастарың қандай ?-Қыздың  бойынан  тағы  қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?- Өздеріңнің  ақылдылық көрсеткен кездерін болдыма ?Түйіндеу:    Ақылды адам барлық уақытта ойланып сөйлейді,   жан жағына байыптап барып  әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің  байсалдылығын ,       қарапайымдылығын ,  кішіпейілділігін ,  ізеттілігін  ұмытпайды .Қарашаш  өзін ғана  ойлаған жоқ , әкесінінде қамын ойлады .                              Қыздын бойынан  әкесіне деген мейірімділігі  аңғарылады.«Байлық ,  бақыт , ақыл » ертегісін  оқушыларға  рөлге  бөліп оқыту . Ертегіні  жандандыру.Сахналау .Бақыт, Байлық , Ақылдың артықшылығы  неде екен ?Данышпан қандай ой түйіндеді?Данышпанның орнында өздерің болсаңдар қандай төрелік айтар едіңдер ?Ақылды болу үшін  не қажет деп  ойлайсындар?Түйіндеу.Дәйексөз: «Адам  Бойындағы  ең тамаша  нәрсе – білім  мен ақыл »                                            Жүсіп  Баласағұни.- Балалар, сендер білім мен ақылдың  адам өміріндегі  қажеттілігін ,  маныздылығын  білесіндер . Адам баласы қаншалықты  білімді   болғанымен ,  ақылға жүгінбесе  өмірден  дұрыс жол табу қиынға соғады . Сондықтан адамның  білімнен ақылы сай  болуы тиіс .                                  ( Дәйексөз  дәптерге жазылады)1. …. ды адам ерінбейді 2. Ашу дұшман, ….  ыңа ақыл дос.3. …. дан жақын дос барма .4. …. азбайды ,           Білім тозбайды.Ойын- жаттығу : «Мен ақылды  баламын, өйткені …..»Мақсаты :   «Балаларға өздерінің  ақылды   екендіктеріне  сенімділік терең арттыру ».Жаңа ақпарат: :  Ақылды адам  терең  ойлап  , дұрыс  шешім қабылдай  біледі .                            Ақылды болу үшін  оқу , іздену,  үйрену  қажет.Топтастыру :  Ақылды баланың бойындағы  асыл қасиеттерді топтастыру .Қорытындылау:- Ақылды қиялы бай , ойы жүйрік , ұшқыр болады. Ондай адамды  халық ерекше қастерлеген «Ақыл – жастан, асыл- тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар , таққа да отырар » делінген халық мақалдары  балаларының жастайынан  ақылды болуын армандаған халық тілегінен туындаған.    Көп оқып ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған , көптін ақылын тындаған баланың ойы ұшқыр, үлкейгенде ақылгөй, дана болады (даналық кітіп )    Жүректен – жүрекке .-Данышпан атай сендердің әрқайсысының бойларынан  ақлдылықты көргісі келеді.-Сендерге өз тілігін , батасын аранайы жіберіпті.

Page 50: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Арсанбай етенов. «Бес нәрсеге асық бол!»Қанағат, Рахым ,Терең ой Бес асыл іс бұл арлы,Талап, Еңбек-өркен-ді,  Үлгі болған ғасырдан.Бәрі маған керек қой, Қастер тұтып бұларды,Ұлы өмірім – ертеңгі, Ардақтап өсем жасымнан. «Аташымның батасы ». Әдібай Табылдиев.Бойыма,күшіме,            Қиыннан тартынба,Ойыма ,есіме Сый  көрсет қартына ,Сеніп тұратын аташым, Сыйлы бол халқынаБеріп тұр батасын; Осындай бата алдым,-Шырағым зейінді Досымдай атамнынБол кішіпейілді. Орындап талабынОқуда, еңбекте алғысын аламын.Үлгі  бол сен көпке .

24 сабақ

Page 51: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақ тақырыбы: Мақтану – мақтаншақтық емесСабақ мақсаты:Білімдік: оқушылардың кішіпейіл, қайырымдылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;Дамытушылық: жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту;Тәрбиелік: кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: ағаш суреті, гүлдер, үнтаспа.1) Шаттық шеңберіОқушылармен шаттық шеңберін құрып, амандасады.Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің бір шумағын бірге айтады. (1 флипчарт)Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ -Бес дұшпаның білсеңіз.2) ӘңгімелесуЖаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, сұрақтарға жауап беру.- «Мақтану» дегенді қалай түсінесің?- «Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсың?- Сендер қандай іспен мақтана аласыңдар?Түйіндеу (мұғалім сөзі)– Адам өз еңбегімен келген жетістіктерін дос, жақын, туыстарына айтып, өзінің қуанышын бөліссе, оның айыбы жоқ. Оны мақтану деп айтады. Бет алды істемеген істі, жасадым деп айту, кішкентай еңбегін үлкейтіп айту, қолынан келмейтін іске масаттану, өзін өзгелерден жоғары санау – мақтаншақтыққа жатады. Бұл адамды ұятқа қалдырады.

3) Мәтінмен жұмысМәтінді мәнерлеп, тізбектеп оқып, мақтану мен мақтаншақтықты ажырата білуге үйренеді. Мазмұныны айтады.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.- Алтын мүйіздің іс - әрекеті мақтану ма, мақтаншақтық па? Неліктен?- Ол мақтаншақтығынан қандай қиындықтарға тап болды?4) Дәйексөз (2 флипчарт)«Мақтаншақ кісі - менмен кісі, менмендік - адамның міні»Жүсіпбек АймауытовМұғалім сөзіМақтаншақтық ұятқа қалдырып, ыңғайсыз жағдайларға душар етеді, өтірік айтып, өзін басқалардан ақылды санайды. Ол адамға ешкім жақындағысы келмейді. Сондықтан да үлгі боларіспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек.Ойын «Кішіпейілділікке адымдар»Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақан соғады.

Page 52: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

a) мұғалімнің түсіндіргенін мұқият тыңдау;б) әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге араласу;в) қызға орын беру және үлкенге;г) біреудің затын тартып алу;д) үлкенге көмектесу;е) жолдастарыңмен дөрекі сөйлесу;ж) далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеру;з) өтінішпен сұрау, талап етпеу;

5) Тыныштық сәтіМузыка тыңдау. Балалардың денесі, ойы сергітіледі.Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуларына болады. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.

6) Топтық жұмысӘр топ өзіне берілген мәтінді сахналап көрсетеді.1 - топ тапсырмасыҮш оқушы бірігіп журналды қаптайды, бірақ Аян: Мен қаптадым,- дейді. Оған Адлет пен Тамерлан оған үндемейді. Мұғалім естуінше, үшеуі істегенін айтқанда Аян: Иә, үшеуіміз жасағанбыз, - дейді.

2 - топ тапсырмасыЗубиля қалалық баскетбол жарысынан 2 орынды жеңіп алды. Сыныпқа келіп, «Мен екінші орын алдым»- деп айқайлады. Сынып оқушылары Зубилянің жеңісіне шаттана қуанды.3 - топ тапсырмасыШаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Алихан достарына: «Мен ертең таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйренсем де, жаттықтырушым рұқсат етті»,- деді. Балалар оған күмәнданып, қарады.7) Тапсырма«Жарнама» ойыны1-топ2-топ3-топДостарын жарнамалайды. Оқулықты жарнамалайды Өз сыныптарының жетістігін жарнамалайды8) Жаңа ақпаратМақтаныш, мақтаншақ сөздерінің мағынасы ашып, түсіндіріп, неге жеткізетінін сызбаға түсірмақтаныш мақтаншақМақтаныш сезім өзімшілдікменмендік

9) Дәптермен жұмыс Менің ойымша... айдарымен берілген бос жолдарға мақтану

Page 53: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазады.10) Жүректен – жүреккеСендер кімді мақтан тұтасыңдар? Жүрекшеге жазып, ағашқа жапсырады.

25 сабақ

Page 54: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:- Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.- Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.- Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, гүлдің суреті, парақшалар

Шаттық шеңбері

Мейірімділік-асыл қасиетіміз,Жүректегі таза ақ ниетіміз.Жан дүние кілті,Шаттық пенен күлкі.Биік ұстап соны,Қадірлейік біз!

Суретпен жұмыс- Барлығымыз экрандағы көріністерге назар аударайық. (экраннан атыс,

жарылыс, зорлық-зомбылық сияқты суреттер көрсетіледі.)- Сендерге мына көріністер қалай әсер етті?- Осындай қатыгездік, соғыс, зорлық-зомбылықтың туындау себебі неде деп ойлайсындар? Мейірімділік байқала ма?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.(тақырып хабарланады)

Ойланайық, пікірлесейік- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Мәтінмен жұмыс«Сары тауық және оның балапандары» мәтінін оқып, түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу.- Сары тауық балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

Page 55: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?- «Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?- Ал сендер мейіріміділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіндер?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

ДәйексөзМейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында.

Шығармашылық тапсырмаІ топ: «Мейірім» тақырыбына эмблема дайындау.ІІ топ: «Асыл анам» тақырыбында эссе жазу.(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)

«Аяқталмаған сөйлем» тренингі1.Мейірімділік-бұл...2.Мейірімді сөздер...3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені...(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)

Ойын: «Мен қандаймын?»Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.(оқушыларды тыңдау)

«Мейірімділік гүлін» құрастыруОқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.

Тапсырма«Мейірімділік» кестесін сызып, толтыру. Бірінші бағанға-мейірімді істердің, екінші бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.

Жүректен жүрекке- Кәне, барлығымыз шеңберге тұрып, кімнің немесе ненің мейірімді екенін кезектесіп айтып шығайық. - Күлімдеген күн мейірімді!- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!- Таза мөлдір су мейірімді!- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Page 56: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

- Аяулы анам мейірімді! - Қамқоршы апам мейірімді! т.б.

Оқушылардың бәрі қосылып «Анашым» әнін айтады.

1.Елжіреп жататын етегіңде,Есімде балапан күндерім.Сол айтқан ертегі жетегіндеКеремет түс көрген түндерім.

Қайырмасы: Өзіңнің шапағат нұрыңмен ержеткем, Асылым, анашым сағындым Келеді бесікке қолыңмен тербеткен Қайтадан сәби боп таңылғым

2.Ақ ниет, арайлы келбетіңнен,Көрдім мен бақыттың ақ таңынОсынау дөңгелек жер бетінде Өзіңнен асыл жан таппадым

(Оқушылар сабақ соңында өздерінің жасаған гүлдерін ұстаздарға табыстайды.)

- Жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

26 сабақТақырыбы: «Жаным толған жақсылық»

Page 57: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтуМіндеттері: -жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;-қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер, үнтаспа,Шаттық шеңбері Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұрау- «Мен мейірімді баламын» тақырыбында құрастырып келген әңгімелеріңді тыңдайық.

Балалардың жауаптары тыңдалады.-Жарайсыңдар, балалар , мен сендердің мейірімді істеріңді естіп, қуанып тұрмын.Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Жақсылық жаса досыңа, Бірге ойнаған жасыңнан. Қиналған кезде әрқашан, Табылсаң болды қасынан. Болғың келсе жақсы адам, Жақсылық жаса әрқашан - Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.- Ой қозғау- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің? - Мұғалім толықтырады- Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады,сыйластықтары артады.- Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу

«Жан Ана» мәтінін әңгімелеп беру.Сұрақ- жауап

- Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай?- Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Дәйек сөз«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»-Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақ- сылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

Page 58: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

деген екен. Біреуді таны –таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.

Жақсылық қылсаң-жасыр, Жақсылық көрсең – асыр.

Өзгеге жасаған жақсылығың , Өзіңе жасаған жақсылығың

Жақсылық жүрген жерде Тапшылық болмайды.Өзіммен-өзім-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздеріңді жақсылық жасауға асығып барамыз деп елестетіңдер.Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза су жағасында, жайқалған жасыл желек ортасында, сайраған әсем құстар, айнала асқар таулар әдемі табиғат аясында жүргендеріңді сезініңдер. Көрікті, сұлу табиғаттың, ғажап жерлердің ұзақ сақталуына өз қамқорлығыңды көрсетіп жатырсыңдар. Шығармашылық жұмысОқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп,сол қағазға өзі жасаған жақсы істерінің суретін салып немесе жазып жеткізу.-Жұмыстарын қорытындылау.- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу)Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.Ойын

Оқушыларды жақсылық жасауға дағдыландыру мен олардың денесін сергіту мақсатында «Ептілік пен жақсылық» атты ойын ұйымдастыру. Ең алдымен ұзындығы 5-6 метрге жететін жіп дайындап,оның екі ұшына да жіңішке, ұзындығы 25-30см таяқ байланады. .Жіптің қақ ортасын белгілеп, сол жерге басқа түсті жіп байлап қойылады.Ортаға екі бала шығады да, бір-бірінен алшақтап, жіпті кереді. Ойын бастаушы «бастаңдар» деп белгі бергенде әр ойыншы қолындағы таяқшаға жіпті тез-тез орап, әр адым аттаған сайын досының өзіне жасаған жақсылығы туралы айта отырып, алға жылжи береді.Кім ортадағы белгіге дейін тез орап шықса, сол жеңімпаз деп саналады.Үй тапсырмасы Дәптерде берілген « Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға төмендегі сұрақтарға жауап жазу1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар? Жүректен-жүрекке Оқушылар барлығы қосылып айтады.Жақсы сөз, жақсы тілекті

Page 59: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Болайық ізгі ниеттіЖақсылық ойлап кісіге,Тілейік үлкен- кішіге-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.- Талапты достарыма табыс тілеймін.- Сыныптастарыма амандық тілеймін.- Отбасыма бақыт тілеймін.

27сабақСабақ тақырыбы: Туған жер ғажаптарыМақсаты: Оқушылардың «табиғат», «туған жер», «атамекен» ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту.     Міндеттері: Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Page 60: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

-         табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту;-         табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, мәнерлеп оқу, бейнефильм көру, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, интерактивті тақта, сұрақ-жауаптар.     Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа, «Көлсай» филімі.

 Сабақтың өту барысы

     1 слайд. Шаттық шеңбері. Жазира жерім.Сөзі Х. Әдібаев.әні  Б. Жұманиязов.     Балалалар мұғаліммен бірге қол ұстасып, дөңгелене тұрып, «Жазира жерім» өлең жолдарын оқиды.Әңгімелесу.     Сабақ тақырыбымен таныстыру мақсатында мына сұрақтар арқылы әңгіме жүргізіледі.2 слайд.1.     Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады?2.     Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?3.     Табиғаттан қандай әсер аласыңдар?4.     Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?Оқушылар жұптасып отырады.3 слайд. Сергіту «Ауа райын болжау».1.     Бүгін ауылда күн ашық. (бір-бірлерінің арқасын сипау)2.     Көп облыстарда күн бұлт. (жұдырықпен сипау)3.     Жаңбыр жауып тұр. (саусақтарымен тарсылдату)4.     Ауылда күн ашық. (арқасын сипау)5.     Күн сәулесі нұрын төгіп тұр. (қолдарын қосып, шаңырақ жасау)4 слайд. Жаңа ақпарат.     Табиғаттың сан алуан ғажаптары адамға ерекше әсер етеді.     Табиғат адамға шабыт беріп, шығармашылығын шыңдай түседі.     Оқушылар жаңа ақпаратты оқып, өз ойларын білдіреді. Мәтінмен жұмыс.Оқушыларға Ы. Кененбаевтың «Аққулы мекен» атты әңгімесін оқып, талдау тапсырылады. Оқушылар кезектесіп оқып, негізгі идеясын түсініп, айтып береді.5 слайд. Сұрақтар.1.     Табиғаттың қандай көрінісі балаларды таңқалдырады?2.     Балаға табиғат қандай шабыт берді?3.     Кейіпкер күнделігіне не жазды деп ойлайсыңдар?Өзіммен-өзім релакциялық тәсіл. (музыка ойнайды)-         Балалар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңдіжұмыңдар. Жап-жасыл табиғат әлеміне еніп барамыз. Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп-тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз. Енді біреуіміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айтып

Page 61: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

келеміз. Қыздар болса, көлдегі аққудай сызылып билеп барады. Ұлдар болса, қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыздан жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды. Әкелеріміз бен аталарымыз асқақтаған асқар биік тау болып, ақ батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Табиғаттың түстері мен реңктері, әрекеттері мен құбылыстары, аңдары мен құстары «Бізбен бірге» екендігін сезініп келеміз. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.Бейне көрініс көрсету. «Көлсай» филімін көреді.Көлсайдың табиғаты сендерге несімен ұнады?Бұл жерді неліктен «ғажап жер» деп атаймыз?Қазақстанның осындай жерлерін сақтауға қандай үлес қосар едіңдер?     Бүгінгі таңда Көлсай – бүкіл қазақ жерінің мақтанышы болып отыр. Өйткені оның дертке шипа ауасы, хош иісті даласы, сансыз дәрілік шөптері, мөлдір таза суы, бағалы байлығы, сирек кездесетін аң-құстары адам баласына әсер етпей қоймайды. Сондықтан да бұл көлді «табиғаттың баға жетпес жауһарлары» деп атайды. Мұндай жерлерді қорғауға алу – туған жердің әсем табиғатына, балалар болашағына деген қамқорлықты білдіреді.Дәптермен жұмыс.     Оқушылар бейнетаспадан алған әсерлерінен әңгіме жазады.Шығармашылық жұмыс. «Туған жердің табиғат ғажаптары»1 топ. 1 шумақ өлең шығару.3 топ. Сурет салу.2 топ. Шағын әңгіме жазу.6 слайд. Дәйексөз.        Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі.

Ш. Айтматов     Адам өзінің рухани дүниесін табиғатты тану арқылы толықтырады да, өзін сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде санайды.Қорытынды. Бүгін сабақта не білдік? Ой қорыту.Жүректен-жүрекке. «Атамекен» әні орындалады.

28 сабақСабақ тақырыбы: Туған жер ғажаптары Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат туған жер атамекен ұғымдарына байланысты түсініктерін кенейту.Міндеттері:

Page 62: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

а) табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіруә) табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамытуб) табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеуКөрнекілік:Қазақстаның ғажайып жерлерінің түрлі – түсті фото суреттері , Б.Жұманиязовтың үнтаспаға жазылған «Жазира жерім» атты әні.Шаттық шеңбері:Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың туған жерге сүйіспеншілігін сезіну мақсатында Х. Жұманиязовтың «Жазира жерім» әнін айтуды ұсынамын.

«Жазира жерім»Сөзі Х. Әдібаевтікі,әні Б. ЖұманиязовтікіТуған жерім –гүл –көктем тұнып жатқан,Байтақ елім – бақытым, ашық аспан. Дария – дәурен жанымды жырға бөлеп,Анамыздай аялап нұрын шашқан.Қ сыКең далам кең далам тірегім,Саяңда, саяңда түледім.Сенімен, сенімен, туған жер,Жастықтың жалыны, жазира тілегім.Әңгімелесу:

Табиғат аясында ненің үнін, қандай дыбыстарды естуге болады?Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?Табиғатты қалай сезінуге болады?Табиғаттан сендер қандай әсер алдыңдар?Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?Табиғатқа қалай сүйіспеншілік танытып, аялауға болады?

Шығармашылық жұмыс: 

Ойларды бекіте түсу және балалардың табиғатқа сүйіспеншілігін арыттыру мақсатында шығармашылық жүмыс ұйымдастырылады.Қазақстаның ғажайып жерлерінің фото суретіне зерсалыңдар. Табиғаттың ұнаған көрінісіне шағын әңгіме жазыңдар.

Өзіммен - өзімБалалар, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Біз бәріміз табиғат аясына шықтық. Күзгі күннің шуағыда ерекше. Алытан тау жоталары көрінеді. Жаз бойы жасыл шөптердің де реңі өзгергендей. Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ал қалың терек арасында өскен көк-жасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап ажарлана түскендей. Көк аспанға көз

Page 63: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

жіберсең қиқулап, ұшбұрыш түзеп, жылы жақа ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын көргенде ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада бойыңа ерекше шабыт,қуат алғаныңды сезінесің. Табиғаттың өзіне ғана емес , барша тіршілік иесіне ғана сыйжасайтынын түсініп,ерекше қуанышқа бөленесің. Енді көздеріңді ашшаңдарда болады.Жағдаятты шешу1-жағдаятАрман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды....2-жағдаятАрман достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер, босоған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді.3-жағдаятСынып жетекшісі сабақ соңында «Жасыл ел» шарасына қатысу үшін өз еріктерімен мүшелікке өтуге болатынын айтты.Арман ойланып қалды.Дәптермен жұмыс жүргізу.Жүректен жүрекке.Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Қ.Е.Ынтықбаевтың «Қазақ елі» әнін бірге орындайды.«Қазақ елі » әні.

29 сабақ

Тақырыбы:«Табиғат сыйы».Мақсаты: Балалардың «табиғат» құндылылығы туралы түсініктерін кеңейту.Сабақтың міндеттері:

Page 64: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру; Құстарға аялы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Табиғаттың аң-құстарына қамқор болуға тәрбиелеу;

Типі: жаңа материалды игерту.Түрі:дәстүрлі.Әдістері:түсіндіру,сұрақ– жауап,әңгіме, иллюстрация және демонстрация, ойға шабуыл, инверсия, синептика, драмаландыру, ойталқы.Сабақтың көрнекі құралдары:үнтаспа, құстардың, табиғаттың суреттері, оқулық, дәптер.

Кезеңдері Сабақ барысы

Шаттық шеңбер

Әңгімелесу

Мәтінмен жұмыс

-Қайырлы күн балалар! Өзін- өзі тану сабағына қош келдіңіздер! Сендерді «Қуаныш шеңберіне» шақырамын. Біз қазір көгімізде самғай ұшқан қанатты құстар боламыз. Ал сендердің екі қолдарың – екі қанаттарың болады. Қазір сыныпта әр түрлі құстардың дыбыстары шыққан үнтаспаны қоямын, сол кезде сендер бір- бірлеріңмен құстар болып қанаттарыңды тигізе амандасасыңдар.(үнтаспадан құстар дыбысын қосамын, сонда балалар қатарласып тұрған балалармен екі қолдарын қанат жасап, бір- бірлерінің «қанатына» «қанатын» тигізе амандасады.Тамаша көк жазғы таң қалғандай,Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.Қызығып ішсең суын құмартасың. Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай.-Балалар, «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?( Өйткені табиғат бізге сондай тамаша көріністерін сыйлап тұр.)-Ал табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар? (Егер қоршаған сені табиғаты сұлу, көрікті болса, онда сенің ден саулығың, көңіл- күйін әр қашан да жақсы болады.)-Балалар қанеки назарымызды кітаптағы суретке аударайық.-Төменгі суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады? (Табиғат, асқар тау, жайнаған гүлдер...)-Дұрыс, балалар, табиғат дегеніміз- аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл. Олардың барлығы Табиғат бізге берген сыйы. Бүгін біз табиғат- ананың бізге тарту еткен сыйының бірі- «қанатты достар», яғни құстар туралы әңгімелесеміз.-Балалар, қазір мен сіздерге Қ. Мырза Әлидің «Адамның артықшылығы» деп аталатын өлеңнің аудиосын қоямын, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.

Адамның артықшылығыБаратын жерге бара алған,

Page 65: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сұрақ- жауап

Жаңа ақпарат

Тапсырма

Дәйексөз

Өзіммен-өзім

Жал құйрық желменен таралған.Апшысын қуырып алыстың, Арғымақ жүйткуге жаралған. Су жайлы әңгіме әлі алда,Сол судан күш қуат, нәр алған.Зулаған жебедей топ-топ бопБалықтар жүзуге жаралған.Адамдар еңбектен нәр алған,Үйреніп әр құстан, әр аңнан.Жүруге, жүзуге, жүйткуге,Және де самғауға жаралған.-Осы өлеңде адамдар табиғаттан нені үйрене алады?(Жүруге, жүзуге, жүйткуге)-Дұрыс айтасыңдар, балалар, адам табиғаттан жүруге жүзуге және ең басты әдемілікті,сұлулықты үйренеді.Балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Яғни біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау, қадірлеу сияқты ізгі істерімен түйінделу керек.-Балалар, өздеріңе таныс аспан көгіндері құс жолы белдеуімен көктемде қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып, жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар салу үшін мен сендерге бір-бір жұлдыз таратып беремін. Бұл жұлдыздарда сендердің қанатты достарыңның аты жазылған. Сендер құстың аты жазылған жерге сол құстың жақсы қасиетін тіркеп жазып, тақтадағы құс жолына іліңдер.(Мысалы: Аққудың жақсы қасиеті- адалдығы;Қарлығаштың жақсы қасиеті- адаммен достығы;Қыранның жақсы қасиеті- батылдығы;Тоқылдақтың жақсы қасиеті- ағашқа қамқорлығы;) Сауысқанның жақсы қасиеті- сақтығы;Тотының жақсы қасиеті- әдемілігі;Бұлбұлдың жақсы қасиеті- ән сыйлауы.)-Жарайсыңдар, балалар,сендер түн ішінде жарқырап тұратын құс жолын бұрынғысынан да жарқыратып жібердіңдер. Ал құс жолын жарқыратқан құстардағы жақсы қасиеттері екенін ұмытпаңдар.(әуенді қосамын)-Ал ,балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмысаңдар да болады. Көз алдарыңа құс жолын елестетіңдер. Міне, біздің көмегімізбен құс жолы бұрынғысынан да жарқырап, жерде тіршілік ететін барлық жанға құстардың жақсы қасиетін жеткізуде. Аққу құстың

Page 66: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сахналау

адалдығы, сұңқардың батылдығы, сауысқанның сақтығы, ал қарапайым да кішкентай қарлығаштың адамдарға деген достығы біздің де тұла бойымызға дарып бара жатқандай. Барлық адамдар аққудай адал, бұлбұлдай әнші, тотыдай әдемі болсақ деп армандауда. Олар қанатты достарының тек ағаштарды қорушы ғана емес, табиғаттың жан біткенге берген сыйы екенін түсінгендей. Ал енді көзімізді ашайық.-Балалар, құстың табиғат үшін де, адам үшін де пайдасы өте көп. Кейбір құстар ағаш діңіндегі құрттарды тұмсығымен шоқып, тазаласа, кейбірі бидай алқабын құрт- құмырсқадан аршиды. Құстарсыз табиғаттың сәні де жоқ. Бірақ құстар да табиғаттағы тазалықты, тыныштықты қалайды. Олар да өз балапандарының қанат қағып, аспанға шырқай ұшқанын көргісі келеді. -Балалар, қазір біз Өтебай Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» өлеңін рөлге бөліп оқып, сахналап көрсетейік.Құс ұясын бұзбайық!Табиғат ана:Ей,балалар, балалар!Аман болсын аналар!Құстарда ана бар,Құстарда бала бар.Кім сүймейді баласын?!Осылар еске түскенде,Ойың да әбден піскенде, Бір ойланып қаласың!Өсіруге баланы,Құстар ұя салады.Жасауға жұмсақ ұяны,Жабағы жүнді жияды.Жабағы жүнді жияды,Жайлы қып жасап ұяны,Жұмыртқасын салады.Бір қуанып қалады.Тырнақтай құстың жауы көп,Құрулы ажал- ару көп. Оқушылыр:Балалық қып қызбайық!Құс ұясын бұзбайық!Жұмыртқасын алмайық!Обалына қалмайық!Тақия тұзақ салмайық!Қарғысына қалмайық!Әдейі көздеп апайық!

Page 67: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Тапсырма

Дәйексөз

Дәптермен жұмыс

Жүректен жүрекке

Көп күнәға батпайық!Мұғалім:Балалар, мұны ұғындар,Уәдеден шығыңдар!Құстар біздің досымыз!Құстардың біз досымыз!Ұшып жүрсе аспандаСыр түйеді жас жанға.-Табиғат-ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?(Өйткені құстың ұясын бұзуға болмайды. Құс қарғап кету мүмкін.)-Сендер осы өтінішке қалай жауап берер едіңдер? Неліктен? (Біз ешқашан ұяны бұзбаймыз.....)-Иә, балалар, құстың обалына қалуға болмайды. Сондықтан айтқан уәделеріңде тұрып, құстарды қорғай біліңдер. Қыстыгүні суықта бүрсіп отырған торғайларға жем беруді ұмытпаңдар! Өйткені олар сендердей қамқор достарына сеніп, қыстап қалады емес пе? Ал көктемде ұшып жететін жыл құстары шаршаса да сендерге сеніп, сендерді сағынып алыстан ұшып келеді. Оларға да ұя дайындап, жемшашар әзірлеп, тосып алыңдар.-Қанеки балалар оқулықтағы суретке назар аударып қарайықшы. Осы суретке қарап шағын әңгімені құрастырайықшы.(көктем келді. Құстар жылы жақтан келіп, ұяларын салып, жұмыртқа басады....)-Қанеки, балалар,назарымызды тақтаға аударайық!(Тақтаға «Табиғатым аң-құсымен ажарлы» деп іліп қоямын және осы Р. Сәтімбековтің даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін.) -Балалар, табиғатты аң-құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде, жан-жануарлардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамдарға үйретері мен ұғындырары мол. Сондықтан табиғаттың бізге берген сыйы деп, ойларға қамқор бола білейік. -Қанеки, балалар, дәптерлерімізді ашып, осы дәйексөзді жазып алыңдар.-Балалар, табиғат-анаға деген сүйіспеншіліктеріңді дәптерге жазып, білдіріңдер.Мысалы: Мен сені ерекше қадірлеймін. Мен сені сүйемін. т.б.-Жарайсыңдар балалар!-Балалар бәріңді ортаға шақырамын. Барлығымыз бірге менмен мынау өлең шумағын айтындар!Табиғат, сен- тіршілік тұнып тұрған,Сен- Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Page 68: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сен-көлсің, сен- ормансың, сен- бұлбұлсың,Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

30 сабақСабақтың тақырыбы: Табиғат сыйы Мақсаты:Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:1-оқушылардың табиғат тіршілікбастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін,

Page 69: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. 2-оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету. 3-ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Шаттық шеңбері Тілек Шөліркемей гүл тұрсын! Жерім жайнап құлпырсын! Нұрын сыйлап біздерге Көкте мәңгі гүл тұрсын! Нұр сыйлаған күн ыстық Ыстық бізге кең өлкеЫстық бізге тыныштық!Балалар кезекпен өздеріміз «Жер анаға” ,бір-бірімізге деген өтініш ,тілегімізді білдірейік. Дәулетияр Әлімжановтің“ТАБИҒАТ СЫЙЫ”өлеңін мәнерлеп оқу. Тамаша көк жазығы таң қалғандай,Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.Қызығып ішсең суын құмартасың,Аузыңа кетпес дәмі бал салғандайСурет бойынша әңгімелеу1.Табиғаттың адам көңіл-күйіне қандай әсері бар? 2.Суретке қарап ,табиғат сыйы туралы не айтуға болады? Табиғат сыйы Іздену бағыты. Табиғат-адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі- өсімдіктер. Өсімдік ішсе-тамақ, кисе-киім, дем алса- ауа, саялы баспана. Көшелерге, алаңдарға, т.т емдеу орындарының айналасына ағаштарды көптеп егу қажет, себебі: ... ... Құс ұясын бұзбайық! Ө.ТұрманжановМәнерлеп оқу. Көрініс көрсету1. Табиғат ана.2. Оқушы.3. Мұғалім. Ой қозғайық! Табиғат ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?Құстардың жақсы қасиеттерін тауып ,айтыңдар. Аққудың жақсы қасиеті ...Қарлығаштың жақсы қасиеті ...

Page 70: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Қыранның жақсы қасиеті ...Тоқылдақтың жақсы қасиеті ...Сауысқанның жақсы қасиеті ...Бұлбұлдың жақсы қасиеті ...Тотының жақсы қасиеті ...Керекті сөздер: адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы,әншілігі, әдемілігі.Табиғатпе тілдесейік (бейнесуретпен жұмыс)Жаңа сабақ“ Наурызгүл “ мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.1.Наурызгүл қызды қалай сауықтырды?2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма?3.Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?ДәйексөзБалалар бұл да табиғат сыйы.Өйткені ,табиғат-ана адамның қыстан шаршап ,көктемді сағынғанын біліп, қар ерімей жатқаншақта-ақ Наурызгүлді сыйға тартады. Суықтан қажыған ел қарды жарып шығып,суыққа шыдап тұрған қайсарлы гүлді көр-генде қуаттанып,қайраттанып қалады.В.А.Сухомлинскийдің “Табиғаттың әдемілігі- адам жаныныңтазалығы..”деп айтқан .Табиғат- ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған. Ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыз-дарының қайыңдай нәзік майысқанын қалаған. Ал табиғат-тың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа,шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.

Шығармашылық жұмыс4 топқа төмендегідей тапсырма беру1.Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу.2.Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу 

Дәптермен жұмыс1.тапсырма Гүлге тән жақсы қасиеттерді күлтелерге жазыңдар.2.тапсырма Күннің орнында болсаңдар, жан-жағыңа қандай жылылық сыйлар едіңдер, ойларыңды жазыңдар.

Жаңа ақпарат «Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады.Табиғат адам үшін жайлы мекен,барлық игіліктердің бастауы.Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Табиғат –ана барлығына 

Page 71: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

ортақ.Сондықтан « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.Адамзаттың басты міндеті-табиғаттың қуат көздерін орнымен пайдалану,оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу,ағаш егу т.т.». Адам мен табиғат бірлігі, табиғат адамның асыраушысы, панасы,сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау әр адамның парызы Ақтау теледидарында “Қырағы көз” айдарында үнемі көрсетуде.Көгалдандыру.Ағаштар мен бұталарды отырғызудың с е м б і л і г і. 

Тыныштық сәтіТоппен жұмыс1-топ .Табиғат туралы бес жолды өлең шығарыңдар.2-топ. Табиғат туралы мақал - мәтелдер жазыңдар.3-топ. Ырым – тыйым сөздер жазыңдар. 4-топ Туған жердің табиғат сыйы туралы жазыңдар. ТүйіндемеТабиғат дегеніміз-аң,құс,өсімдік,тау,тас,өзен,ауа,жер т.т.Олар біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік! 

Үйге тапсырма Наурызгүл(оқу,түсіну)Бес жолды өлең құрап келу.

Қорытындылау1. Бүгін сабақта не білдік?2. Не айта аламыз ? 3. Не үйренгім келеді? (пікір ағашы)

Сүйейік, табиғатты, аялайық!Біз де онан жақсылықты аямайық!Анадай табиғаттың аясындаЖадырап жас балаша дем алайық!4. Мадақтау, марапатын сыйлау. 

Жүректен жүрекке(Жүректен шыққан жылы сқздерін, тілектерін айтад)

Поэзия минутыРизамыз, Табиғат- АнамызӨзіңнен денсаулық аламыз.

Page 72: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Ризамыз, Табиғат- АнамызҚашанда қорғаушы панамыз.М. Мақатаев Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусар тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың, Ол-анаң ғой, ал сен- кенже ұлысың. Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық! Құрметті қонақтар,ұстаздар және ата-аналар! 

Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!АтамекенӘнін жазған: Ескендір ХасанғалиевСөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

31 сабақТақырыбы: «Жаны саудың-тәні сау».Мақсаты: Балалардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Сабақтың міндеттері:

Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі маңызынн түсіндіру; Денсаулығын сақтай білу іскерліктерін дамыту;

Page 73: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Денсаулығын бағалауға тәрбиелеу;Типі: жаңа материалды игерту.Түрі: дәстүрлі.Әдістері: түсіндіру,сұрақ– жауап, әңгіме, иллюстрация және демонстрация, ойға шабуыл, инверсия, синептика, драмаландыру, ойталқы.Сабақтың көрнекі құралдары: үнтаспа, тақырыпқа арналған суреттері, оқулық, дәптер.

Кезеңдері Сабақ барысыШаттық шеңбер

Әңгімелесу

Дәйексөз

Тапсырма

-Қайырлы күн балалар! Өзін- өзі тану сабағына қош келдіңіздер! -Балалар, табиғат- ана ешкімді талғамай, барлығына бірдей жақсылық жасайтынын өткен сабақта айтқан болатынбыз. Олай болса, біз де табиғат күніндей дөңгелене тұрып, күлімдеп, барша жанға жақсылық тілеп, амандасайықшы.(балалар бір-бірімен амандасады)-Балалар, «жақсы сөз жан сауықтырады» дейді дана халқымыз. Ал жанымыз сау болса, тәніміз сау болады. Біз де бір- бірімізге жақсы сөздер айтып, бір- бірімізді қуантайықшы.-Лаура,сен бүгін әдемісің!(-деп өзінің оң жағындағы балаға жылы сөз айтамын.Осылайша әр бала өзінің оң жағындағы балаға сөз арнап айтып шығады.)-Міне, балалар, амандасу, бір-бірімізге жылы сөздер айту арқылы көңі күйіміз көтеріледі. Бұдан былай да, амандасу мен жақсы сөздердің адамның жанын сауықтырып, көңілін көтеретінін ұмытпандар.-Балалар, «Жаны саудың- тәні сау» дегенді қалай түсінесіңдер? (егер сенің жаны сау болса, онда сенің денсаулығы сау болады)-Адам өз денсаулығын қалай жақсарта алады? (адам өз денсаулығын спортпен, шипалы тамақпен ж.е т.б жақсарта алады)-Өздерінің белгілеген күн тәртібін орындай аласыңдар ма? (иә, өйткені мен оған бейімделіп кеткенмін)-Қанеки, балалар,назарымызды тақтаға аударайық!(Тақтаға «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп іліп қоямын және осы Т. Қарлейльдің даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіремін.)-Балалар осы дәйексөзді сендер қалай түсінесіңдер? (-Балала, «Дені сау адам– табиғаттың ең қымбат жемісі» деген дені сау адамға тең келер ештеңе жоқ дегенді білдіреді. Оған қол жеткізу өзіміздің қолымызда. Ол үшін алдымен жан саулығына көңіл аударған жөн, ешкімді

Page 74: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Жаңа ақпарат

Өзіммен- өзім

Мәтінмен жұмыс

ренжітпей, ешкімге ауыр сөз айтпай, бәріне жақсылық тілеп, қуаныш, күлкі сыйлап, өзің туралы да, өзге туралы да, айналаң туралы тек қана жақсы ой ойлау керек. -Қанеки, балалар, дәптерлерімізді ашып, осы дәйексөзді жазып алыңдар.-Балалар назарларыңды тақтаға аударыңдар. Мұнда сендерге тапсырма берілген.-Балалар, осы суреттерге қарап шағын әңгімені құрастырамыз. (тақтада суреттері ілініп тұрады)-Балалар, қанеки осы суреттегі жеміс ағаштары жер- анаға қандай алғыс айтады деп ойлайсыңдар? (рахмет саған жер-ана бізді аялап өсірген үшін....)-Жарайсыңдар, балалар!-Балалар, денсаулық дегеніміз адам организмінің жан- жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің дұрыс жүзеге асыра білуі. Адамның дене шынықтыруы, үнемі денені таза ұстауы, күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді, қуанышты болуы да денсаулықты сақтауға көмектеседі.- Ал енді балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.-Жарайсыңдар!-Балалар қазір мен сендерге Р.Әбілқадырованың «Қандай тілек жақсы?» деп аталатын әңгіменің аудиосын қоямын, ал сендер оны мұқият тыңдап отырыңдар.

«Қандай тілек жақсы?»Сол күні Амантайдың апасының қас-қабағы келесіңкіремей отырады. -Балам, бүгін мазам кетіп, шаршаңқырап келгенім. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күн де қапырақ болды ғой. Мен аздап жантайып алайын. Амантай зыр жүгіріп , шай әзірлеп , апасының бетіне де жалтақ – жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына , тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кей – кейде жүрегі жиі – жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетіпті. Жарқ – жұрқ найзағай жарқылдап, күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты, күбір –күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдап қояды. «Жасаған ием , құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр.

Page 75: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сұрақ- жауап

Жаттығу- ойлану

Дәптермен жұмыс

Қорытынды

Жарымжан көңілдерінің жұбанышын көпсінбе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерін жәутеңдете көрме!» деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл – тегіл жас жуып , үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта қайта дүрс-дүрс соғып, зәресі ұшты. Әрине бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды «әкелеп» жүргенінде , мұның іші- әлем – жәлем қызғанышқа толып, көңіліне күпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті. -Апа, бір жеріңіз ауырып жатыр ма? – деді ақыры шыдамы таусылып. -Құлыным-ау, ояумысың? – Анасының дауысы бір түрлі қарлығыңқы шықты.-Еш жерім ауырып жатқан жоқ, балам. Жас ұлғайған сайын ыңқыл – сыңқылдың көбейтіні рас екен. Әрине, бұл да табиғаттың заңы.-Апа, біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес,ә?-Әрине, балам. Досың түгілі, қасыңа да жаман тілек тілеуге болмайды. -Апа, енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?Амантайдың апасы біраз уақыт үнсіз қалды. -Балам, түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқаныңның өзі сол адамға ақ ниетіңді арнағаның. Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам. Амантай шаншу тигендейбүкіл ішкі дүниесі тынышын алып, әлек – шәлегі шығып жатып, ұйықтап кетті.-Балалар, әнгіме кім туралы болды?(Амантай және оның апасы туралы)-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды деп ойлайсыңдар? (өйткені жаман тілек жаныңды жаралап, тас жүрек етеді)-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар, қандай тілек тілер едіңдер? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, Амантайдың апасының тілегі өте жақсы тілек. Өйткені апасы өз балаларына жақсы өмір, амандық тіледі. Жақсы тілек адамды жақсылыққа жетелейді, денін сау етеді. Жаман ой адамды жаман жолға итермелейді, одан жаның да, тәнің де ауырады. Сондықтан таңертең тұрғаннан жақсы тілектермен ояну керек.-Балалар, мен қазір сендерге ойлануға арналған

Page 76: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Жүректен жүрекке

жаттығуларды оқимын, ал сендер оны мұқият тыңдап, жауаптарың айтасыңдар. 1) Сыныпқа келген Айгүл апай өзінің сырқатанып, көңіл күйі болмай отырғанын айтты.-Мұғалімнің сырқатынан айығуына қалай көмектесер едіңдер?(Шуламай отырып, сабаққа жақсы қатысып, апайға жақсы, жылы сөздерді айтар едік)2) Әсеттің анасы ауыр жұмыстан көңіл күйін болмай, ауырып оралды. Бірақ үйге енгеннен балаларының іс- әрекетті аналарының ауырғанын да ұмыттырып жіберді. -Балалары қандай іс-әрекеттер жасады деп ойлайсыңдар?(Балалар онымен ойнап оған көңіл күйді көтерді)3) Алматтың денсаулығы өзің көп мазалайтын. Ол бір ай бойы лагерьде демалып үйіне сауығып, ауруын ұмытып оралды. -Алматтың айығуына ненің, кімдердің көмегі болды деп ойлайсыңдар? (Лагерьде көп сауықтыру жаттығулар, дұрыс тамақ, таза ауаның әсерінен денсаулық жақсартты.)-Жарайсыңдар!-Балалар, енді дәптерлерімізді ашып, дәптерде « Ең жақсы тілек» айдарымен берілген бос жолақтарға өздерің ең жақсы көретін адамдарға арнап тілек жазыңдар.-Жарайсыңдар балалар, енді дәптерде салған суреттердің қайсысы жан саулығына көмектеседі?(Балалар сурет бойынша әңгіме құрап айтады)-Жарайсыңдар!-Балалар, барлық уақытта көңілді жүрсек, жақсы ойлар ойласақ, бір- бірімізді ренжітпей, көңілімізге қарап, жақсы тілектер айтсақ, онда біздің жанымыз сұлу және сау болады. Жанымыздың сау болғаны- деніміздің сау болғаны. -Балалар бәріңді ортаға шақырамын. -Балалар мынау жүректі өз жүректен шыққан жылы тілекті, достарға тілеп сыйлайық!(Бақытты бол, денсаулығы мықты болсың.....)

32 сабақСабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық Дәйексөз:                                                                                        Денсаулық - өмір негізі,                                                                                  Денсаулық – зор байлық

                                 Халық  мақалы 

Page 77: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Сабақтың мақсаты: «Денсаулық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:

-          денсаулық күтімі туралы түмінік беру;-          денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықтарын дамыту;-          денсаулығын күте білуге  тәрбиелеу;

 Көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздар, интерактивті тақта т.б. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:            Оқушылар шаттық шеңберде  тұрады. Мұғалім сабақты 3 сыныпта  өтілген денсаулық құпияларының бірін  балалардың есіне түсірумен бастауы мүмкін. Өйткені денсаулықтың құпиялары әлі де көп. Сондай  құпияның бастысы – амандасу. Адам амандасқанда бір-біріне амандық тілейді. Қанеки, бізде  амандасып көрейік. Мұғалімнің  айтқанын оқушылар қайталайды, қимылдар жасайды.            Амансыз ба, күн!                         (Қолымызды жоғары көтеріп            Амансыз ба, дос!                           Қолымызбен қатар тұрған            Амансыз ба, шеңбер!                    Көршімізді көрсетеміз.)            Әнге қос!                                      (қол ұстасып, қатар тұрған                                                                  көршілеріміздің  қолдарын қосамыз)            Амансыз ба, ғасыр!                     (Қол ұстасамыз және қолдарымызды                                                                  жоғары көтереміз)            Баршаға амандық,                       (өзімізді көрсетеміз)                  Сәлем!(Шеңберде дөңгеленіп отырады балалар)            Балалар бұгінгі  біздің сабағымыз денсаулық - өмір негізі. Біз денсаулығымызды қаншалықты  қадірлейтінімізді ортаға салайықшы.Балалар  мына  құпия  үйімізден  бүгін не  шығар екен? Үлкен жүрек Балалар үлкен жүрекпен бір-біріне денсаулық туралы тілектерін айтады.Бір-бірімізге денсаулық тілейік! Оқулықпен жұмыс.Балалар екі топқа бөлінеді. Жұмыс орнына жайғасады.Өтетілеуұлы Е. Денсаулық өлең жолдарының екі шумағын І топ ІІ топ үш  шумағын оқып тұсініктерін айтып берсе ІІ топқа да екі, екіден сұрақ беріледі.

·         Өлеңде денсаулықтың  мәні қалай  түсіндірілген? Ал сендер қалай ойлайсыңдар?·         Неліктен «Басты  байлық - денсаулық» деп аталады?·         «Дені  саудың – жаны сау» дегенді қалай түсіндіресіңдер?·         Өз денсаулығыңды шынықтыру үшін не істейсіңдер?·         Таза жүру, тазалық не  үшін қажет?

Page 78: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

                                                                                             Балалардың жауаптары -          Дұрыс  айтасыңдар, демек денсаулықтың тағы  бір құпиясы – тазалық

 Тыныштық сәті: Әжемнің әңгімесі. Ертегі. «Ең қымбат байлық».(Дискіден тыңдалып әр бала өз пікірін айтады) Қандай сезімде болдыңдар балалар?Жағдаяттарды шешу: Балаларға таратып беру.1-жағдаят:      Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос  бұл  ойға  келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

·         Сендер не деп айтқан болар едіңдер? 2-жағдаят:      Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең  қайтер еді?» - деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

·         Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыспа? Сендер қалай  тамақтанасыңдар?

 3-жағдаят:      Аслан енді  өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

·         Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында  болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық жұмыс.І тапсырма. Денсаулықтың келесі құпиясы. Дұрыс тамақтану.Балалар екі топқа бөлінеді. І топ – денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, ІІ топ денсаулық үшін қандай  тағамдар зиян екендігін жазады. ІІ тапсырма. Жариялау. Топ жетекшілері сынып алдына шығып жазғандарын жариялайды. Оқушылар талқылайды.Ойын-жаттығу «Пайдалы - зиянды» мұғалім оқушыларға жағдайаттар жазылғн кеспе қағаздар таратып береді. (Олар суреттермен де берілуі мүмкін) оқушылар

Page 79: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

мұғалім  ұсынған жағдайаттардың денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.Дайындалуға 1-2 минут уақыт беріледі.        Дәйек сөз. «Жан мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы» деген халық даналығы жазылып қойылады.

-          Балалар, сендер жан саулығы, тән саулығы үшін қандай әрекеттер жасау керек екендігін үйрендіңдер.-          Олар – таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл-күй, осылардың бәрін орындасақ жанымыз, тәніміз сау болады. Жан мен тәніміз сау болса өмірде бақытты боламыз.

  Үйге тапсырма: 176 бет. «Аппақ бала» оқып түсінік айту. Әр бала күн кестесін қалай құрар едіңдер? (Күн кестесін құрып келу). 

-          Денсаулықтың тағы  бір құпиясы – көтеріңкі көңіл-күй. Көңілің көтеріңкі болса, өзіңді  жақсы сезінесің, үнемі күліп жымиып жүресің.

     Оқушыларға шарлар таратылып беріледі. Шарларға баланың күлімдеп тұрған бейнесін салу ұсынылады. Мұғалім балаларға денсаулықтың келесі құпиясын ашады:

-          Денсаулықтың тағы бір құпиясы – адамдарға, айналаңа күлкі сыйлау, отырған қонақтарға сыйлық тарату.

           Жүректен-жүрекке.       Жүректен – жүрекке оқушылар өздерінің дайындаған шарларын парталастарына сыйға тартады.Өмірің күлкіге толсын,Денсаулығың мықты болсын!

33-сабақ«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕН ҮЙРЕ\НГЕНІМ

Үйренгенің өзіңе жақсы,

Жасағаның елге жақсы.

Page 80: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Халық даналығы

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін бекіту.

Міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау;- Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;- Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеуКөрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, «Өзін-өзі тану» елінің картасы, күн сәулесі тәрізді сары жолақшалар, үлкен плакат, түрлі түсті бояу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып, Б.Тәжібаевтың «Жас ұландар маршы» өлеңін бірге орындау

ТапсырмаБалалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және өзіне деген сенімін арттыру мақсатында Ә.Табылдиевтің өлең жолдарын жаттап алуға тапсырма беріледі.

Ақыл, сана, білім мен Арым таза – ақ көңілөнеріме сенемін! адалдыққа сенемін! Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін.Әңгімелесу«Өзін-өзі тану» пәнінен алған білім-біліктерін, үйренген іскерлік-дағдыларын жинақтап, қорытындылау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі:

Сендер 3 сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнін оқу арқылы қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

Өз бойыңнан қандай жақсы қасиет көргің келеді? Достарыңа қандай кеңес берер едіңдер?

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушылардың алған білім-біліктерін жинақтап, қорытындылау мақсатында «Үйренгенім көп менің» деген тақырыптағы жаңа ақпаратпен таныстырады. Онда «Достық көмек», «өтеріңкі көңіл күй», «Үлкенге құрмет», «Өзара сыйластық» туралы өз ойларын ортаға салады.

Осы тақырыптар бойынша мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытындылайды. Мұғалім:

Page 81: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

- Достық көмек адамның өзара жауапкершілігі мен қамқорлығынан байқалады. Достық көмек, ол – бір-біріңе іспен де, сөзбен де қолдау көрсету.

Көтеріңкі көңіл күй адамды шаттыққа кенелтеді. Шат көңілді, жайдары мінезді, жылы жүзді адам өзін де, айналасындағыларды да әрдайым қуанышқа бөлейді.

Үлкенге құрмет көрсету – адамның тәрбиелігін көрсетеді.

Үлкенге көрсеткен құрметің – өзіңді сыйлағаның.

Өзара сыйластық дегеніміз – адамдардың бір-біріне ақ ниетпен құрмет көрсетуі. Бірін-бірі түсіну, көмек көрсету, қолдау өзара сыйластықты білдіреді.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Үйренгенің өзіңе жақсы, жасағаның елге жақсы» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Балалар, мен сендердің жауаптарыңды тыңдап, қуанып қалдым.Жарайсыңдар! Жақсы мен жаманды ажыратып, адами жақсы қасиеттерді үйрену арқылы жақсы өмір сүруге қажетті көп құндылықтарды білдіңдер, ойларың, ақылдарың өсті. Сол білгендеріңді өздерің айтқандай әртүрлі жағдайларда қолдану арқылы адамдарға, айналаңа жақсылық жасадыңдар, оларды қуанттыңдар, елге пайда келтірдіңдер. «Үйренгенің өзіңе жақсы, жасағаның елге жақсы» деген осы.Дәптерде берілген ««Үйренгенің өзіңе жақсы, жасағаның елге жақсы»енің дәйексөздерім» айдарына бүгінгі сабақтың дәйексөзі жазылады.Дәптермен жұмысМұғалім оқушылардың жыл бойы алған білімдерін қорытындылап бекіту мақсатында дәптердегі тапсырманы береді:Ақботаның қоржынынан шыққан сөздердің бірін таңдап алыңдар. Олардың мағынасын қалай түсінетіндеріңді айтып беріңдер.Жүректен жүреккеМұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып өз бойларындағы жақсы қасиеттерін таныту мақсатында және алған білімдерін қорытындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады.

34-сабақ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНЕН ҮЙРЕНГЕНІМ

Өз ісіңе есеп бер.

Page 82: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Абай

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін бекіту.

Міндеттері:

- «Өзін-өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау;- Өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу;- Достық көмекке, ұжымда жұмыс істей алуға тәрбиелеу;Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, «Өзін-өзі тану» елінің картасы, күн сәулесі тәрізді сары жолақшалар, үлкен плакат, түрлі түсті бояу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балалармен бірге шеңберге тұрып жыл бойында үйренген жақсы тілектерін құрбыластарына арнап айтуына жағдай жасайды. Ол үшін: гүл, шар. Жүрекше пішінде макеттерді көрнекілік ретінде пайдалануға болады.

- Балалар, өткен сабақта «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендеріңмен таныс болдық. Сол сабағымызды бүгін де жалғастыпамыз. Өйткені «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендеріміз әлі де көп.

Жағдаятты талдау

Жағдаяттарды талқылаудың мақсаты оқушылардың алған білімдерін пысықтау және олардың басқа адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауға ықпал ету үшін беріледі. Оқушылар кейіпкерлердің орнына өздерін қойып, осындай жағдайдың алдын алу жолдарын белгілеуге мүмкіндік алады.

Ол үшін оқулықта суретпен берілген жағдаяттарды шешу ұсынылады:

1. Анасы Мараттың аулада ойнауына бір сағат береді.2. Марат ойынның қызығына түсіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалады.3. Есікке жақындай бергенде анасының сөзі есіне түсті.Марат анасына :

- Мен ...Жағдаятты шешу үшін төмендегі сұрақтар бойынша ойланады.

Қалай ойлайсыңдар, осындай жағдайда не істеуге болады?

Дәйексөз

Мұғалім оқушылардың жағдаятты талдаудан алған әсерлерін қорытындылап, оқулықта берілген Абайдың «Өз ісіңе есеп бер» деген дәйексөздің мағынасына мән

Page 83: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

береді.Дәйексөздің мағынасын мұғалім түсіндіріп, балалардың да өз істеріне есеп беруді үйренуі қажет екендігін ұғындырады.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім балалардың білімдерін бекіте түсу үшін оқушылардың оқулықта «Раушангүл» атты мәтінді оқып, сұрақтар арқылы талдайды

1. Адамның жан сарайының жарықтығы дегенді қалай түсінесіңдер?2. Алғашқы күні Раушангүл неге көңілсіз болды?3. Раушангүлдің әрекетіне көзқарастарыңыз қандай?

Тапсырма

Мұғалім тапсырманы талдау барысында оқушылардың өз ойларын ортаға салуына баса назар аударады. Балалардың жазғы демалыстарын қалай өткізгілері келетінін білу арқылы мұғалім олардың осы пәннен алған алған білімдерін одан әрі дамытуға бағыт береді. Олардың өз жоспарларын салыстырып талдау жасауына көмектеседі.

Ол үшін оқулықта суретпен берілген «Суреттерге қарап, жазғы демалыстыы қалай өткізгілерің келетінін айтыңдар» - деген тапсырманы орындауды ұсынады.

Сергіту сәті

Нан қоқымын шашпаңдар! (Қолдарын бұлғайды.)

Жерде жатса, баспаңдар! (Қолдарын бұлғайды.)

Теріп алып, қастерлеп, (Алақанын жаяды.)

Торғайларға тастаңдар! (Саусақтарының ұшымен себелеу

қимылдарын жасайды.)

Қорытындылау

Page 84: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/13/1381_3_.docx · Web view- Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын

Балалар «Өзін-өзі тану елі» картасына қарай отырып, жыл бойы үйренген адамгершілік қасиеттері мен сапарларды естеріңе түсіріп, өз беттерінше қорытындылайды:

- Өзін-өзі тану сабақтары бізге білімнің қажеттілігін түсіндіріп, адамдар мен тіл табыса білуді, бойымызда жақсы қасиеттер болу қажеттілігін, осындай жақсы қасиеттерді күнделікті өмірде көрсете білуді, табиғатты аялап, Отанды сюді үйретті.Ал осылардың бәрін біз сүйіспеншілікпен, махабатымызбен бойымызға сіңірдік.

- Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін, мұғалім «Өзін-һзі тану елінің» картасын іліп,сабақты түйіндейді:

- Бүгін біз «Өзін-өзі тану» пәнінің 1-сыныптағы соңғы сабағын өтіп отырмыз. Өзін-өзі тану сабақтары келесі оқу жылында да жалғаса береді.Өйткені, біздің үйренгенімізден, үйренеріміз әлі көп.

Жүректен жүреккеКүн тәрізді жолақшалар әр партаға таратылып беріледі. Осы жолақтарға балалар «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренген құндылықтарының бірін жазады. Балалардың естеріне түсіру үшін мұғалім үйренген құндылықтарды бір рет қайталап айтып шығады: Достық, махаббат, сыйластық, білім, денсаулық, табиғатқа қамқорлық, Отанға құрмет, жауапкершілік, тіл табысу, жақсы сөз, қайырымдылық,бақыт, қуаныш, өзара көмек. Оларды тақтада ілулі тұрған «Өзін-өзі тану елінің» картасын айналдыра жапсырады.

- «Өзін-өзі тану елі» күн тәрізді барлық адамды, соның ішінде бізді де жарыққа, жылылыққа бөлейді, жақсылыққа жетелейді.

Балалар шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып мұғаліммен бірге «Жас ұландар жыры» әнін шырқайды: