e-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · pdf fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион...

12
EUR/KZT 339.22 USD/KZT 318.07 RUB/KZT 5.38 CNY/KZT 46.04 №52 (29033) 15 НАУРЫЗ, СРСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: –––––––––––––––––––– Кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активімен ңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жнінде кеңес ткізді. Жиында Елбасы облыстық мәс- лихаттың депутаттары кандидатурасын мақұл- даған ңірдің жаңа әкімі Ерлан Қошановты таныс- тырды. Ал экс-әкім Нұр- мұхамбет бдібеков Елба- сының Жарлығымен Есеп комитетінің трағасы бо- лып тағайындалды. –––––––––––––––––––– Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің жəне Қарағанды облы- сының экономикалық жəне əлеу- меттік даму көрсеткіштеріне тоқ- талып өтті. Сөз басында Елбасы: − Мен бүгін конституциялық миссияны орындауға келдім. Мəслихатқа жаңа əкім Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсындым. Ол өзі – қарағандылық. Түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Оның тəжірибесі Қара- ғанды облысының түйткілді мəселелерін шешуге көмектеседі деп үміттенемін, – деді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бұған дейін облыс əкімі болған Нұрмұхамбет Əбді- бековке алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сəттілік тіледі. Аталған жиында ел Прези- денті Қарағанды облысының басымдықтарын белгілеп, мем- лекетті одан əрі дамытуға қатыс- ты жаңа міндеттерді атап өтті. – Тəуелсіздік алғаннан бері бұл өңірдің экономикасы 23 есе өсті, индустрияландырудың 72 нысаны іске қосылды. Облысқа соңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. Апатты жағдайдағы мектептер жойылып, үш ауысыммен білім беру мəселесі шешілуде. Жол картасы аясында 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті елдегі саяси реформалар үдерісіне ерекше назар аударып, прези- денттік вертикальді сақтаудың аспектілерінің жəне мемлекеттік биліктің барлық тармағының жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сон- дай-ақ, бірқатар өзекті міндет- терді орындау қажеттігін айтып, облыс тұрғындарын елдің эконо- микалық жаңғыруына белсене атсалысуға шақырды. – Инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» критерийі бойынша 35-орынды иеленіп отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш, алайда бізге ең əуелі өңірлердегі жұмысты жалғастыру қажет. Біз бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша облыстардың арнаулы рейтин- гін жасап, жыл сайын индус- трияландыру күні табыс етілетін атаулы сыйлық тағайындаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы кəсіпкерлік аясын ке- ңейту, мемлекет-жекеменшік əріптестігін дамыту, ауыл шаруа- шылығын субсидиялау, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру, өндірілетін өнімдегі қазақ- стандық үлесті арттыру, сон- дай-ақ ғылыми-зерттеу инсти- туттарын қатыстыру арқылы өнеркəсіп секторын иннова- циялық тұрғыдан дамыту шара- ларына назар аударды. – Біз бəсекеге қабілетті экспорттық кəсіпорындарға негізделген индустриялан- дыруды жалғастыруға тиіспіз. Тауар жеткізу, қызмет көрсету жəне оларды тұтыну жөнінен жаһандық жүйеден орнымызды табуымыз қажет. Бұл мақсатқа трансұлттық компанияларды тарту арқылы қол жеткізе аламыз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев əкім- дер мен даму институттары бас- шыларының алдына отандық кəсіпорындарды одан əрі дамыту үшін инвесторлармен жұмысты жандандыру міндетін қойып, сөзінің соңында «Үшінші жаң- ғыру – бұл барлық əкімдік- тер үшін, бүкіл мемлекет үшін күн тəртібіндегі басты мəселе. Өткен жылы Қарағанды облы- сына құйылған инвестиция 12 пайызға төмендеген. Облыста кəсіпкерлікті дамытуды, сенімді басқару мен қызмет көрсету келісімшарттарын қолға алу керек. Қарағанды – еліміздің экономикалық дамуының басты қозғалтқышы», − деді. Жиын соңында Қарағанды облысының жаңа тағайындалған əкімі Ерлан Қошанов Қазақстан хал- қы мен ел Президентіне ант берді. ҚАРАҒАНДЫ Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысу- ларына байланысты: Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметінен; Мəлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Алик Серікұлы Айдарбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Маңғыстау облысының əкімі қызметінен; Ерік Хамзаұлы Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының əкімі қызметінен; Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысының əкімі қызметінен босатылды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Е.Ж.Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз 439 Ерлан Жақанұлы ҚОШАНОВ 1962 жылы туған, Қарағанды поли- техникалық институтының Жезқаз- ғандағы филиалын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 1986-1988 жылдары Жезқазған тау- кен-металлургия комбинатында байыту фабрикасының слесарі, шебері болып жұмыс істеген. Жезқазған облысының мемлекеттік басқару органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған. Көлік жəне коммуникация- лар вице-министрі, Көлік жəне коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі қызметтеріне тағайындалған. 2012 жылғы ақпаннан – Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ М.К.Мырзалинді Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Мəлік Кеңесбайұлы Мырзалин Ақмола облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз №445 Мəлік Кеңесбайұлы МЫРЗАЛИН 1971 жылы туған, Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген, саяси ғылымдар кандидаты. Институтты тəмамдағаннан кейін Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде мамандығы бойынша жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы əкімі аппаратының басшысы, облыс əкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары, Президент Іс басқармасының аппарат басшысы болып қызмет атқарған. Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы, Президенттің Іс басқарушысының орынбасары лауазымдарына тағайындалған. 2016 жылғы желтоқсаннан – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Н.Қ.бдібековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жніндегі есеп комитетінің трағасы қызметіне тағайындау туралы Нұрмұхамбет Қанапияұлы Əбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының əкімі қызметінен боса- тылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз № 438 Жаңа міндет жүктеді –––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Елбасы облыс активімен ңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жнінде кеңес ткізді. –––––––––––––––––––– Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Елбасы кездесуге қатысушы- ларға жергілікті мəслихаттың кезектен тыс сессиясында кан- дидатурасы мақұлданған об- лыстың жаңа əкімі Мəлік Мыр- залинді таныстырды. Қазақстан Президенті об- лыс активіне арнаған сөзінде бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, инвестициялар тарту көлемі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жөнінен өңір экономикасы дами түскенін айтты. – Ауқымды үш дағдарысты бастан өткерсек те, еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалдық жəне əрі қарай дамып келеміз. Экономикалық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретін ұлттық қор жинақтай алдық. Енді алдымызда əлемнің дамы- ған 30 елінің қатарына қосылу мақсатына қол жеткізу үшін «Қазақстанның Үшінші жаң- ғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды іске асыру аясындағы жаңа міндеттер тұр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы əлемнің жаңа нақты ахуалы жағдайында техноло- гиялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін жаңа білім мен тəсіл- дерді қолдану қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы индус- трияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудың, өңір жəне бү- кіл республика бойынша инфра- құрылымды дамытудың маңыз- дылығына тоқталды. – Таяу жылдары Қазақстан- да 7 мың шақырым автомо- биль жолдары салынатын бо- лады. Өңірлердің барлығы жоғары сапалы магистральдар арқылы байланысады. Олар ба- лаларымыз бен немерелеріміз үшін мəңгілікке қалады. Сондай-ақ, əуежайлар қал- пына келтірілуде. Каспийде 2 теңіз порты салынуда. Еліміз- де жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар жаңаша тəсілдерді қолдануды қажет етеді, – деді Қазақстан Прези- денті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев М.Мырзалинге облыс- тың ауыл шаруашылығы сек- торын одан əрі дамытуға қатыс- ты бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы коопера- тивін құру, ғылыми əлеует- ті пайдалану арқылы өнімді- лікті арттырып, ауыл шаруа- шылығына шағын несие бөлу, шағын жəне орта бизнесті жан- дандыру арқылы агроөнеркəсіп кешенін дамытудың маңызды- лығын айтты. Елбасы алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясын- да пайдаланылатын облыстың туристік əлеуетін ерекше атап өтті. Соңында Қазақстан Пре- зиденті қатысушыларға биыл астықтың мол болуын тілеп, көктемгі егіс жұмыстарында табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді. Ақмола облысы Астана қала- сына жақын жатқандықтан, əрі елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етіп отырған стра- тегиялық маңызды өңір бол- ғандықтан Елбасы əкім етіп əб- ден ысылған маманды тағайын- дап отыр деп ой түюге негіз бар. Ақмола облысы Суреттер Президенттің баспасз қызметінен алынды Сенімді ақтау парыз ТАҒАЙЫНДАУ ХРОНИКА Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметінен бо- сатылды. ҮЙРЕНУГЕ ЕШҚАШАН КЕШ ЕМЕС НЕСИЕНІ АРЗАНДАТУДЫҢ АМАЛЫ 4-бет 8-бет Бақытгүл САЛЫХОВА Сұңғат ЛІПБАЙ

Upload: vuongmien

Post on 05-Mar-2018

270 views

Category:

Documents


17 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

EUR/KZT 339.22 USD/KZT 318.07 RUB/KZT 5.38 CNY/KZT 46.04

№52 (29033) 15 НАУРЫЗ, С�РСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

––––––––––––––––––––Кеше Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев об лыс активімен �ңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері ж�нінде кеңес �ткізді. Жиында Елбасы облыстық мәс-лихаттың депутаттары кан дидатурасын мақұл-даған �ңірдің жаңа әкімі Ерлан Қошановты таныс-тырды. Ал экс-әкім Нұр-мұ хамбет �бдібеков Елба-сының Жарлығымен Есеп комитетінің т�рағасы бо-лып тағайындалды. ––––––––––––––––––––

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің жəне Қарағанды облы-сының экономикалық жəне əлеу-меттік даму көрсеткіштеріне тоқ-талып өтті. Сөз басында Елбасы:

− Мен бүгін конституциялық миссияны орындауға келдім. Мəслихатқа жаңа əкім Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсындым. Ол өзі – қарағандылық. Түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Оның тəжірибесі Қара-ған ды облысының түйткілді мəсе лелерін шешуге көмектеседі деп үміттенемін, – деді.

Сонымен қатар, Мемлекет бас шысы бұған дейін облыс əкімі болған Нұрмұхамбет Əбді-бековке алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сəттілік тіледі.

Аталған жиында ел Пре зи-денті Қарағанды облысының басымдықтарын белгілеп, мем-ле кетті одан əрі дамытуға қа тыс-ты жаңа міндеттерді атап өтті.

– Тəуелсіздік алғаннан бері бұл өңірдің экономикасы 23 есе өсті, индустрияландырудың 72 нысаны іске қосылды. Облысқа соңғы 5 жылда 1,7 триллион

теңге инвестиция салынды. Апат ты жағдайдағы мектептер жойылып, үш ауысыммен білім беру мəселесі шешілуде. Жол картасы аясында 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елдегі саяси реформалар үдерісіне ерекше назар аударып, прези-дент тік вертикальді сақтаудың аспектілерінің жəне мемлекеттік биліктің барлық тармағының жауапкершілігін арттырудың маңыз дылығын атап өтті. Сон-дай-ақ, бірқатар өзекті міндет-терді орындау қажеттігін айтып, облыс тұрғындарын елдің эконо-микалық жаңғыруына белсене атсалысуға шақырды.

– Инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» критерийі бойынша 35-орынды иеленіп отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш, алайда бізге ең əуелі өңірлердегі жұмысты

жалғастыру қажет. Біз бизнес жүргізу жеңілдігі бойын ша облыстардың арнаулы рейтин-гін жасап, жыл сайын индус-трияландыру күні табыс етілетін атаулы сыйлық тағайындаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы кəсіпкерлік аясын ке-ңейту, мемлекет-жекеменшік əріп тестігін дамыту, ауыл шаруа-шылығын субсидиялау, «Нұр лы жер» бағдарламасын іске асыру, өндірілетін өнімдегі қазақ-стандық үлесті арттыру, сон-дай-ақ ғылыми-зерттеу инсти-туттарын қатыстыру арқы лы өнеркəсіп секторын инно ва-циялық тұрғыдан дамыту шара-ларына назар аударды.

– Біз бəсе кеге қабілетті экс порттық кəсіп орындарға негізделген индус триялан-дыруды жал ғас тыруға тиіспіз. Тауар жеткізу, қыз мет көрсету жəне оларды тұтыну жө нінен жаһандық жүйе ден ор нымызды табуымыз қажет. Бұл мақсатқа

трансұлттық ком панияларды тарту арқылы қол жеткізе аламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев əкім-дер мен даму институттары бас-шыларының алдына отандық кəсіпорындарды одан əрі дамыту үшін инвесторлармен жұмысты жандандыру міндетін қойып, сөзінің соңында «Үшінші жаң -ғыру – бұл барлық əкім дік-тер үшін, бүкіл мемлекет үшін күн тəртібіндегі басты мəсе ле. Өткен жылы Қарағанды облы-сына құйылған инвестиция 12 пайызға төмендеген. Облыста кəсіпкерлікті дамытуды, сенімді басқару мен қызмет көрсету келі сімшарттарын қолға алу керек. Қарағанды – еліміздің эконо микалық дамуының басты қозғалтқышы», − деді.

Жиын соңында Қарағанды облысының жаңа тағайындалған əкімі Ерлан Қошанов Қазақстан хал-қы мен ел Президентіне ант берді.

ҚАРАҒАНДЫ

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысу-ларына байланысты:

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметінен;

Мəлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

* * *Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:Алик Серікұлы Айдарбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты

Маңғыстау облысының əкімі қызметінен;Ерік Хамзаұлы Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты

Солтүстік Қазақстан облысының əкімі қызметінен;Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысының əкімі қызметінен

босатылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Е.Ж.Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысының əкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз № 439

Ерлан Жақанұлы ҚОШАНОВ1962 жылы туған, Қарағанды поли-

техникалық институтының Жезқаз-ғандағы филиалын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

1986-1988 жылдары Жезқазған тау-кен-металлургия комбинатында байыту фабрикасының слесарі, шебері болып жұмыс істеген. Жезқазған облысының мемлекеттік басқару органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған. Көлік жəне коммуникация-лар вице-министрі, Көлік жəне коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі қызметтеріне тағайындалған.

2012 жылғы ақпаннан – Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

М.К.Мырзалинді Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Мəлік Кеңесбайұлы Мырзалин Ақмола облысының əкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз №445

Мəлік Кеңесбайұлы МЫРЗАЛИН1971 жылы туған, Мəскеу мемлекеттік

халықаралық қатынастар институтын бітірген, саяси ғылымдар кандидаты.

Институтты тəмамдағаннан кейін Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде мамандығы бойынша жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы əкімі аппаратының басшысы, облыс əкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары, Президент Іс басқармасының аппарат басшысы болып қызмет атқарған. Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы, Президенттің Іс басқарушысының орынбасары лауазымдарына тағайындалған.

2016 жылғы желтоқсаннан – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Н.Қ.�бдібековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау ж�ніндегі есеп комитетінің

т�рағасы қызметіне тағайындау туралы Нұрмұхамбет Қанапияұлы Əбдібеков Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының əкімі қызметінен боса-тылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз № 438

Жаңа міндет жүктеді

––––––––––––––––––––М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Елбасы облыс ак тивімен �ңірдің әлеу меттік-экономикалық даму мәселелері ж�нінде кеңес �ткізді.––––––––––––––––––––

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Елбасы кездесуге қатысушы-ларға жергілікті мəс лихаттың кезектен тыс сес сиясында кан -ди датурасы мақұл данған об-лыс тың жаңа əкімі Мəлік Мыр-залинді таныстырды.

Қазақстан Президенті об-лыс активіне арнаған сөзінде бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, инвестициялар тарту көлемі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жөнінен өңір экономикасы дами түскенін айтты.

– Ауқымды үш дағдарысты бастан өткерсек те, еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалдық жəне əрі қарай дамып келеміз. Экономикалық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретін ұлт тық қор жинақтай алдық. Енді алдымызда əлемнің дамы-ған 30 елінің қатарына қосы лу мақсатына қол жеткізу үшін «Қазақстанның Үшінші жаң-ғыруы: жаһандық бəсекеге қабі леттілік» атты Жолдауды

іске асыру аясындағы жаңа міндеттер тұр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы əлемнің жаңа нақты ахуалы жағдайында техноло-гиялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Жолдауда көр сетілген міндеттерді іске асыру үшін жаңа білім мен тəсіл-дерді қолдану қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы индус-трияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудың, өңір жəне бү-кіл республика бойынша инфра-құрылымды дамытудың маңыз-дылығына тоқталды.

– Таяу жылдары Қазақ стан-да 7 мың шақырым автомо-биль жолдары салынатын бо-лады. Өңірлердің бар лығы жо ғары сапалы магис тр аль дар арқылы байланысады. Олар ба-лаларымыз бен немере леріміз

ү ш і н м ə ң г і л і к к е қ а л а д ы . Сондай-ақ, əуежайлар қал-пына келтірілуде. Каспийде 2 теңіз порты салынуда. Еліміз-де жүзеге асырылып жатқан бар лық бағдарламалар жаңа ша тəсілдерді қолдануды қажет етеді, – деді Қазақстан Прези-денті.

С о н д а й - а қ , Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев М.Мырзалинге облыс -тың ауыл шаруашылығы сек -торын одан əрі дамытуға қатыс -ты бірқатар міндет жүк теді. Атап айтқанда, Мем лекет басшы сы ауыл шаруа шы лығы коопера-тивін құру, ғылы ми əлеует-ті пайдалану арқы лы өнімді-лікті арттырып, ауыл шаруа-шы лығына шағын несие бөлу, ша ғын жəне орта биз несті жан-дандыру арқылы агро өнер кəсіп кешенін дамыту дың маңыз ды-лы ғын айтты.

Елбасы алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясын-да пайдаланылатын облыстың туристік əлеуетін ерекше атап өтті.

Соңында Қазақстан Пре-зи денті қатысушыларға биыл ас тықтың мол болуын тілеп, көк темгі егіс жұмыстарында та быс қа жетулеріне ниеттестік біл дірді.

Ақмола облысы Астана қала-сына жақын жатқандықтан, əрі елорданың азық-түлік белдеуін қам тамасыз етіп отырған стра-те гиялық маңызды өңір бол-ғандықтан Елбасы əкім етіп əб-ден ысылған маманды тағай ын-дап отыр деп ой түюге негіз бар.

Ақмола облысы

Суреттер Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Сенімді ақтау парыз

ТАҒАЙЫНДАУ

ХРОНИКА

Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметінен бо-сатылды.

ҮЙРЕНУГЕЕШҚАШАН КЕШ ЕМЕС

НЕСИЕНІ АРЗАНДАТУДЫҢ АМАЛЫ

4-бет 8-бет

Бақытгүл САЛЫХОВАСұңғат �ЛІПБАЙ

Page 2: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

2 15 наурыз 2017 жылСаяСат

ҚазаҚстан Республикасы пРезидентінің ЖаРлығы

Е.Л.Тоғжановты Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз №441

Ералы Лұқпанұлы ТОҒЖАНОВ1963 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік

университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқытушылық, ғылыми қызметтермен шұ­ғылданды. Қазақ мемлекеттік заң уни вер­ситетінде факультет деканы, Қазақ мем­лекеттік заң академиясы филиалының дирек торы, Қазақ мемлекеттік заң академия­сының Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры лауазымдарын­да қызмет атқарған. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

2008 жылғы ақпаннан – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Мақсат айқын, талап жоғары

ҚазаҚстан Республикасы пРезидентінің ЖаРлығы

Қ.І.Ақсақаловты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 наурыз № 443

Құмар Іргебайұлы АҚСАҚАЛОВ1965 жылы туған. В.П.Горячкин

атындағы ауыл шаруашылығы өндірісі инженерлері институтын біт ірген. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай об­лысы Урицкий ауданының «Крыловский» к е ң ш а р ы н д а б а с и н ж е н е р б о л ы п бастаған. Қазақстан ЛКЖО Урицкий ауданының бірінші хатшысы лауазы­мында қызмет атқарды. Одан кейінгі жылдарда кәсіпкерлікпен шұғылданған. 1998­2004 жылдары Қостанай облысының Меңдіқара, Таранов аудандарының әкімі болды. Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инс­пекторы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтеріне тағайындалған.

«Нұр Отан» партиясында орталық аппарат басшысы, партия хат­шысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2015 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

Парламент Сенаты Төрағасының орын­басары Сергей Громов тыңдауды аша келіп, еліміздің халқын сумен қамтамасыз ету күрделі әрі оны шешудің тиімді жол­дарын талап ететін міндет екенін атап өтті. Төрағаның орынбасары Қазақстан аумағының сумен қамтамасыз етілуі Еуразия құрлығындағы елдер үшін аса маңызды екеніне назар аударды. Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан­2050» Стра­тегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында су ресур­старына зәрулік ХХІ ғасырдағы жаһандық он қатердің қатарында атап өтілген бо­латын.

С. Громов су шаруашылығы қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жө нінде Парламент жүйелі жұмыстар

атқарып келе жатқанын еске салды. Атап айтқанда, экологиялық қауіпсіз, әрі суды пай даланудың оңтайлы экономикалық дең гейіне қол жеткізу мен оны қолдау және су қорын қорғауға бағытталған су заңна масы жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. Сенат Төрағасының орынбасары талқы ланып отырған мәселе әлеуметтік­эконо микалық және саяси ерекше мәнге ие, әрі халықтың әл­ауқатының маңызды көрсет кіштерінің бірі, деп түйіндеді сөзін.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев Су кодек­сінің негізгі ережелерін іске асыру, суды пайдалану жүйесін жетілдіру және су ресурстарын қорғау мәселелері туралы депу таттарды хабардар етті. Баяндамашы су саласына қатысты құрылыстардың

қауіп сіздігіне егжей­тегжейлі тоқталып, 2018 жылы бөгеттердің қауіпсіздігі туралы заң жобасын әзірлеу көзделіп отырғанын атап өтті.

Е.Нысанбаев суды пайдалану жә не шекарааралық өзендерді қорғау мәсе­лелерін реттеу туралы да айтты. Министр­дің орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда шекарааралық өзендердің суын бөлісу жөніндегі ҚХР­дан басқа іргелес мемлекеттермен уағдаластықтар бар. Бұл олқылықты түзету үшін Қазақстан мен Қытай арасында екіжақты келісім әзір­лейтін арнайы жұмыс тобы құрылды. Аймақ тағы су ресурстарын пайдалану мәсе ле лерін реттеу үшін Орталық Азия елдері мен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дөңгелек үстел барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурс­тары жөніндегі комитетінің төрағасы Ис лам Әбішев, Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұр ғын үй­коммуналдық шаруашылық жөнін­дегі комитетінің төрағасы Мархабат Жайым бетов, «Қазақстан су арнасы» сумен қамтамасыз ету және су бұру

кәсіпорындары ассоциациясының прези­денті Валерий Сюндюков, «География инс титуты» ЖШС директоры Ахметкал Медеу, Халықаралық «Аралды құтқару қоры» директорының орынбасары Әмір­хан Кеншимов, Орталық Азиядағы мемле­кетаралық су шаруашылығын үйлес­тіру комиссиясының ғылыми­ақпарат­тық орталығы бөлімшесінің директоры Нариман Қыпшақбаев сөз сөйледі. Се­наторлар Дариға Назарбаева мен Қуаныш Айтаханов талқыланып отырған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.

Талқылауды қорытындылай келіп, С.Плотников отырыста пайдалы әрі нәтижелі әңгіме өрістегенін айтты. Ше­ка рааралық өзендердегі суды пайдалану және оны реттеуге байланысты бір қатар өзекті мәселелер талқыланды. Пікір­сайыс барысында айтылған ұсыныс тар тиісті мемлекеттік органдарға жібері­летін ұсынымдарға қосылады және Пар ла менттің заң шығару жұмыстары барысын да пайдаланылады, деп хабар­лады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«егемен Қазақстан»

Қазақстан БҰҰ­ның Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамды қор­ғауға арналған халықаралық конвенция­сына қосылған. Комиссия мүшелерінің пі кірінше, бұл кез келген адамның құ­қықтары мен бостандықтарын қорғауға белгілі бір деңгейде кепіл бола алады.

Отырыста сөз сөйлеген Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Қазақ­станның аталған Конвенцияны ратифи­кациялауы – кез келген адамның құқығы мен бостандығын қорғаудың бір кепілі екенін атап өтті. «Біз бұл Конвенцияны

маңызды құқық қорғайтын құрал әрі тетік ретінде қарастырамыз. Себебі, құжатқа қосылған мемлекеттің өзінің азаматтарының алдындағы міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын білдіреді. Алайда, мұндай қылмыстарға жол бер­меу, алдын ала айқындау және жолын кесу республиканың барлық мемлекеттік органдарының қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болуы тиіс. Қазіргі таңда құқық қорғау жүйесін одан әрі жан­дандыру мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның негізгі міндеті – 2020 жылға қарай жо­ғары халықаралық стандарттарға сәйкес ке летін жүйе құру. Яғни, бұл саладағы

реформалардың барлығы, ең алдымен, ел тұр ғындарының құқық қорғау ор ган­да рын қылмыстық із кесуші орган емес, өзінің әлеуметтік серіктесі ретін де қабыл­дауына бағытталған», – деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, бүгінге дейін адамның бостандығынан заңсыз айы­ру фактісі бойынша − 827, адам сауда­сымен айналысу фактісі бойынша 123 қылмыскер жауапкершілікке тартылған екен. «Мәселен, 2009 жылдан бері адамның бостандығынан заңсыз түрде айырудың 1 643 фактісі орын алса, оның 732­сі соңғы 3 жылда тіркелген. Сондай­ақ, 2009 жылдан бері адам саудасымен айналысудың 202 фактісі болса, оның 83­і соңғы 3 жылда тіркелді. 3 жыл сай­ын адам саудасының алдын алу, күрес жүргізу бағытында Үкімет тарапынан жос парлы іс­шаралар жүзеге асырылып келеді. Оларға мемлекеттік органдар, ха­лықаралық және үкіметтік емес ұйымдар тартылады», – деді Ішкі істер министрі.

Сонымен қатар, Қ. Қасымов 2016

жылдың наурыз айында Женева қаласында БҰҰ­ның Күштеп жоқ қылып жіберуден адамдарды қорғау мәселесі бойынша жұмыс істейтін арнайы комитетінің 10­шы сессиясы өткенін, онда Қазақстан Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамды қорғауға арналған халықаралық конвенциядағы міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша өзінің алғашқы кезеңдік баяндамасын қорғап шыққанын айтты. «Баяндама оқылғаннан кейін Комитет мүшелері, Ирак, Мексика, Франция, Колумбия, Перу, Аргентина, Германия, Албания, Испания, Жапония секілді 10 елдің өкілдері Қазақстанның бұл бағыттағы жұмыстарына жоғары баға берді. Мәселен, Комитет төрағасы Эммануэль Деко Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанның аталған конвенция­ны ратификациялаған ең алғашқы мемле­кет екеніне баса назар аударды. Ал 2016 жылдың 20 қазанында Қазақстанның баяндамасына орай, БҰҰ­ның аталған Комитеті өзінің 13 ұсынымын жіберді. Ішкі істер министрлігі бұл ұсынымдар бойынша жұмыстарды жүйелендіру үшін 2017­2021 жылдарға арналған

Арнайы іс­шаралар жоспарының жо­басын әзірледі. Қазіргі таңда Жоспар жобасы барлық мемлекеттік органдар­мен келісілуде. Содан кейін ол Үкімет қаулысымен бекітілу үшін Премьер­Министрдің Кеңсесіне жіберіледі», – деді министр.

Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов адам сауда­сына қатысты мәселе өте өткір тұрғанына назар аударды. «Адамның із­түссіз жоғалып кетуі, өкінішке қарай, жылдан жылға көбейіп, қоғамды үрейлендіріп тұр. Мәселен, елімізде 2009 жылдан бері 900­ге жуық адам ешқандай се­беп­салдарсыз, ұшты­күйлі, белгісіз күйде жоғалып кеткен. Мұны адамның өміріне тікелей әрі тұтқиылдан жасалып тұрған үлкен қауіп деп түсінуіміз керек. Қазақстан халықаралық Конвенцияны ратификациялағаннан кейін қандай ал­дын алу іс­шаралары өткізілгені – еліміз үшін маңызды. Демек, оған тосқауыл қою жолдарын іздестіруіміз, заң нормаларын жетілдіруіміз керек», – деді Қ. Сұлтанов сөзінің қорытындысында.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«егемен Қазақстан»

«Мемлекет басшысының Жар лығы бойынша Е.Л.Тоғ­жа нов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды», − деп хабарлады Бақытжан Са­ғын таев.

Премьер­Министр бұған дейін облыс әкімі болған А.Ай­дар баевқа бірлесіп атқарған жұ ­мысы үшін алғыс білдіріп, ал­дағы жұмыстарына табыс тіледі.

Жаңа басшылыққа Б. Са­ғынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында алға қойған тапсырмаларын іске асыруға

және ауқымды реформалар жүргізуге байланысты бірқатар нақты тапсырма белгілеп берді.

Премьер­Министрдің ай­туынша, Ералы Тоғжановтың бас шылық қызметте үлкен тәжі­рибесі бар.

Ұзақ жыл бойы ол Қа зақ­стан Республикасы Прези ден­ті нің Әкімшілігінде жұмыс істе ген, Қазақстан халқы Ас­сам блея сы Хатшылығының мең ге рушісі – Төраға орынба­са ры болған.

Депутаттар атынан сөз ал­ған Т.Әміров аймақты төрт жыл дан астам басқарған А.Ай­дар баевқа алғыс айтып, жаңа әкім нің қызметіне табыс тіледі және өлкенің әлеуметтік­ эко но микалық дамуы жо­ лын да бірге жұмыс жасауға

дайын екендіктерін жеткізді. Активте қоғам қайраткері

Е.Кү місқали да сөз сөйлеп, Маң ­ғыстау облысының даму көр сет­кіштеріне жан­жақты тоқ талды, алдына зор межелер қой ған Маңғыстаудың тізгінін ұс таған жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Е.Тоғжанов өзіне сенім біл діріп, зор міндет жүктеген Мем лекет басшысының және жаңа әкімнен үлкен үміт күткен

халықтың сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанға адал қызмет етуге ант берді.

«Ералы Лұқпанұлы Мем­лекет басшысының сенімін ақ­тап, өңір алдына қойылған мін­деттерді табысты іске асыра ды деген сенімдемін», − деді ак тив жи налысының соңында Пре­мьер­Министр Б. Сағынтаев.

Маңғыстау облысы

Нақты тапсырмалар берілді–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Маңғыстау об-лысында жұмыс сапарымен болып, облыс активімен кездесті және өңірдің жаңа әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановты та-ныстырды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өмір ЕСҚАЛИ,«егемен Қазақстан»

Бұдан кейін Әкімшілік Бас­шысы жаңа аймақ басшысын актив жиналысында таныс ты­рып, жемісті еңбегі үшін Ерік Сұл тановқа алғыс айтты.

Ал Қ.Ақсақалов өзіне көр­се тілген үлкен сенім үдесінен

көрініп, адал қызмет етуге бар күш­жігерін жұмсайтынын жет кізді.

Е.Сұлтанов өз кезегінде үш жылға жуық еңбек еткен уақыт ішінде өзіне қолдау көрсеткен солтүстікқазақстандықтырға ри зашылығын білдірді.

Ә.Жақсыбеков өңірдің әлеуметтік­экономикалық

дамуы бағыты бойынша бір­қатар жұмыстардың ат қарыл­ғанын тілге тиек ете отырып, Жолдаудан туындайтын іргелі міндеттерге актив наза рын аударды. Президент Қазақ­стан жұртшылығы алдына бес негізгі басымдықты ең­серу талаптарын қойғанын айта келіп, экономиканың жедел детілген технологиялық жаңғыр тылуы, аграрлық сек­тор, шағын және орта бизнес сала лары бойынша үйлесімді іс­әре кет, белсенді қимыл жа­сауға шақырды.

Солтүстік Қазақстан облысы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясында Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Елбасының облыс әкімінің лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынғаны туралы хатын оқып берді. Халық қалаулылары Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өзгерістер оң бағаланды

––––––––––––––––––Таяуда Венеция қала-сында Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демо-кратия үшін» Еуропалық комиссиясының (Ве-неция Комиссиясы) 110-жалпы сессиясы өтті. Сессияның күн тәр тібіне «Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Конс ти туциясына өзге-рістер мен толық ты-рулар енгізу туралы» Қазақстан Республи ка-сы ның Заңы бойынша Комиссияның қоры тын-дысын жариялау туралы мәселе енгізілді. ––––––––––––––––––

Сессия жұмысына Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігі Басшы­сының орынбасары Т.Дона­қов, Конституциялық Кеңес тің төрағасы И.Рогов және Қа­зақстан заңгерлері одағының төрағасы Р.Мұқашев қатысты.

Аталған қорытындының жо­басын дайындау үшін Комиссия Арменияның, Бол гарияның, Гру зияның, Латвияның, Ресей­дің жә не Түркияның таны­мал маман дарын шақырды. Сарап шы лардың, Комиссия мүше лерінің және Қазақстан өкіл дері нің пікірін тыңдау нә­ти жесінде Комиссия Қазақ­стан дағы конституциялық өзге­рістер мемлекетті демократия­ландыру процесіндегі алға басылған қадам деп атап өтілген тұжырымдаманы қа былдады. Бұл реформа елдің одан әрі дамуының оң ба ғытын көрсетіп, нақты прог ресті дәлелдейді.

Комиссияның пікірі бо­йынша, Парламенттің және Парламент палаталарының рөлін көтеру, республика Пре­зидентінің кейбір функция­ларын Үкіметке беру, оның Парламентке есеп беруі жә­не бақылауында болуы тетік­терін күшейту оң өзгеріс бо­лып табылады және бұдан бұ рын, 1998, 2007 жылдары өткі зілген конституциялық рефор малардың бағытына сай келеді. Оған қоса, Комиссия «Әкім шілік рәсімдер тура­лы» Қа зақстан Республикасы Заңы ның жобасы бойынша да қоры тынды беріп, Қазақстан Рес публикасы Судьялық әдеп кодек сінің жобасы бойынша іске қанағаттанушылық біл­дірді, деп хабарлады Конс ти­ту циялық Кеңестің бас пасөз қызметі.

Адам құқы басты назарда–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтановтың жетекшілік етуімен еліміз Ішкі істер министрлігінің Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамды қорғау жөніндегі қызметіне арналған кеңейтілген отырыс өтті. Комиссия жұмысына Қазақстан билігінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, адвокатураның өкілдері қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өзекті тақырып ортаға салынған отырыс––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің басшысы Сергей Плотниковтың төрағалық етуімен «Су ресурстарын пайдалануды, оның ішінде шекарааралық өзендер мәселелерін заңнамалық тұрғыдан реттеу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды. Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

15 наурыз 2017 жыл 3СаяСат

–––––––––––––––––––––––––––Күнделікті өмірімізде киберкеңістік жылдан-жылға мейлінше кең қанат жаюда. Біздің өмір сүріп отырған ортамыздың өзі шапшаң әрі елеусіз түрде киберкеңістікте болып жатқан оқиғалар және құбылыстармен тығыз байланысып кетті.Біз қажетті заттарды өзіміз ешқашан болмаған, көрмеген дүкендерден ала бастадық, тіпті, олардың ғимараттарының бары не жоғы біз үшін бәрібір. Диспетчерге қоңырау шалмай-ақ немесе билет кассасына бармай-ақ, қолымыздағы смарт-фон арқылы ақысы төленген авиа-билетке ие боламыз. Әлеуметтік желілердің арқасында саяқ немесе шалғай жерлерде тұратын адамдар үшін де әңгімелесуші иә болмаса пікірлес жан табу оңай шаруаға ай-налды.–––––––––––––––––––––––––––

Жалпы, киберкеңістік біздің өмірімізге жағымды үрдістермен қатар, түрлі тәуекелдер мен қауіп терді де ала келді. Бұрын ком пьютерлік желілерді бұзу және олармен манипуляциялар жа сау деп түсіндірілетін кибер­қылмыс ұғымы өзінің бастап­қыда айқындалған анықта­масынан басқаша сипатқа ойы­сып кетті. Дәлірегі, қазіргі таң да киберкеңістік адамдардың қаты­суынсыз жүзеге асуы мүм кін емес түрлі террористік идея лар, есірткі саудасы және басқа да жағымсыз әрекеттер жасы рын­ған баламалы әлемге айналды.

Киберкеңістік пайда болғалы бері көптеген қылмыстар жаңа­ша серпін алып, бір­екі емес, жүздеген, мыңдаған жанның жүрегін жаралап, өмірлерін құрбан етуде. Ол бұрынғыдан да қауіптірек бола түсуде және оны әшкерелеу қиындық туғызуда.

Компьютер мониторы қыл­мыскер үшін мыңдаған шақы­рымдарды, мемлекеттік шека­ралар мен сағаттық белдеулері секілді кедергілерді жоятын те­резеге айналды.

Қазір қоғамда балаларды нысанаға алған суицидтік бағыт­тағы интернет­қауымдастықтар жай лы ақпарат дүрбелең туғы­зып отыр. Өзінің қатыгездігі мен бұқаралық сипаты жағынан естен тандырарлықтай бұл қылмыстық әрекеттің киберкеңістіктен тыс жасалғанын елестету мүмкін емес. Ақпараттың орасан зор кө­лемін цифрлық форматқа көші­ру киберкеңістікте бопсалау мен қорқытып ақша алу, жеке өмірдің құпиясын бұзу және өнеркәсіптік шпионаж жасау секілді келеңсіздіктердің көптеп орын алуына әкеліп соқтырды.

Сарапшылардың баға ла­у ынша, әлемдік экономикаға интернет­қылмыстың тигізген зардабы тек 2016 жылы ғана 500 миллиард АҚШ долларынан асып түскен. Алдын ала болжам­дар бойынша, бұл көрсеткіш таяудағы жылдарда өсе бермек. Былтырғы жылы алғаш рет беделді Allianz Global Corporate & Specialty нұсқасы бойын­ша киберқылмыстар бизнес жүргізудің басты қауіптері мен тәуекелдерінің үштігіне кірді.

«Касперский лаборатория­сы» қазіргі уақытта интернетке қосылған әрбір үшінші дербес компьютер зардап шегеді деп санайды.

Киберқылмыстардан ке­летін қауіптер пен қатерлер ау­қымы туралы түсінік біздің мем­лекетімізде бүгін ғана қалып­тасқан жоқ. Мемлекет басшы­сының 2011 жылғы 14 қара­шадағы №174 Жарлығымен Қазақ стан Республикасының ақпа раттық қауіпсіздігінің 2016 жыл ға дейінгі тұжырымдамасы бекітіл гені белгілі. Сол кезден­ақ, ақ параттық қауіпсіздікті қамта масыз ету негізгі екі тарап­та – техникалық және әлеумет­тік­саяси тұрғыдан жүзеге асы­рылатын шаралар кешені ретін­де қарастырылған болатын. Тұ жырымдама міндеттерін іске асыру мынадай үш бағыт бо­йынша дамуды талап етті:

– заңнамалық және нор ма­тивтік­әдістемелік;

– ұйымдастырушылық­бас қарушылық және ұйым­дастырушылық­техникалық;

– кадрлық.Тұ жырымдаманы бекіт кен­

нен бергі аралықта осы бағыт­тардың барлығы бойынша

нә тижелі жұмыстар жүргізілді. Бұ дан құқық қорғау жүйесі де тысқары қалған жоқ. Атап айт­қанда, діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихат­тауды анықтау мен оның жо­лын кесу мақсатында интернет­ресурстарға тұрақты түрде мо­ниторинг жүргізу өзінің нақты әрі жоғары тиімділігін көрсетті. Соның нәтижесінде, 2011 және 2016 жылдар аралығында мем­ле кеттік органдар 771 ақпа­раттық материалдың таратылуы­на сот арқылы тыйым салуға қол жеткізді. Терроризм мен діни экстремизм идеяларын орна лас­тыруға тырысқан 1073 интер­нет­ресурс анықталып, ерекше бақылауға алынды. Мұндай идея ларды насихаттау үшін құрыл ған сайттар бұғатталды.

Мұндай шаралар 2013 жыл­ғы қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризм­ге қарсы іс­қимыл жөніндегі 2013­2017 жылдарға арналған мем лекеттік бағдарламада да көрі ніс тапты.

Мемлекет басшысының «Қа­зақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да діни экс­тремизм мен терроризмге қарсы күресті басты назарда ұстау атап

көрсетілді. Бұл мәселе, яғни ин­тернетте зиянды идеяларды на­сихаттауды бейтараптандыру ісі Жолдауда айтылғандай, қазіргі таңда дайындалып жатқан 2017­2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризм ге қарсы әрекет жөніндегі мем ле­кеттік бағдарламада да көрініс табатынына еш күмән жоқ.

Киберқылмыстарға қарсы тұру тәжірибесі уақыт өткен сайын тиісті заңнамалық қам­та масыз етуді талап етті. 2014 жылғы сәуірде Қазақстан Рес­пуб ликасының «Байланыс ту­ралы» Заңы «Байланыс желілері мен (немесе) құралдарының жұмысын тоқтату тәртібі» тура­лы 41­1­баппен толықтырылды. Со нымен қатар, 2014 жылғы 23 сәуір дегі заңмен Қылмыстық ко декске «Көрінеу жалған ақ­па рат тарату» атты 242­1­бап ен гізіліп, онда сараланатын бел гілердің бірі ретінде ақпа­рат тық­коммуникациялық же лі л ерді пайдалану тікелей көр се тілді.

Аталған заңнамалық то­лық тыруларға 2014 жылдың ақ панында үш қазақстандық банктің банкрот алдындағы жағдайда тұрғаны туралы жал­ған ақпаратты тарату фактісі себепкер болғанын еске салған артық емес. Бұл жалған ақпарат клиенттер арасында дүрбелең туғызып, банктердегі шоттардан ақшаны жаппай алу мен аудару мәселелерін туындатты.

Ақпараттық­байланыс же­лі леріндегі арандатушылық, жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және тыйым салынған ақпаратқа

қол жетімділікті тұйықтау тетігін заң намалық тұрғыда белгілеу – «Қазақстан киберқалқаны» жүйесінің маңызды элементтері болып табылатыны сөзсіз. Олар киберқылмыстардың әрқилы көріністеріне қарсы тұруда өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді.

Мәселен, терроризмді наси­хат тайтын сайттарды тұйық­тауда қолданылатын «Байланыс туралы» Заңның 41­1­бабы негі зінде, 2015­2016 жылдары бала ларды суицидке итермеле­ген 318 интернет­қауымдастық әреке тінің жолы кесілді.

Сонымен қатар, Мемлекет бас шысының бастамасымен «Қазақстан киберқалқаны» сияқ­ты жүйені құру, оның қызметін құ қықтық қамтамасыз етуге жаңа талаптар қоя отырып, бізді заман талабына сай алға басуға жетелейді.

Бұл ретте, құқықтық қам­та масыз етуді нормативтік­құ­қықтық базаны құру деп қана түсінуге болмайды. Дегенмен, нормативтік­құқықтық базаны құрмай жүйенің қызмет етуі мүмкін емес.

«Қазақстан киберқал қа­нының» қалыпты жұмыс істеуі үшін құқық қорғау жүйесінің ар­найы дайындықтан өткен және

жоғары білікті қызметкерлерінің саны жеткілікті болуы қажет екені түсінікті. Мұның отандық киберкеңістікті техникалық қорғау жүйелерінің заңдық қондырғыларын реттеуге ғана емес, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту бо­йынша кейінгі атқарылатын әрекеттерге де қатысы бар.

Халықаралық ынтымақ тас­тыққа да жаңаша көзқарастар қажет. Өзара сындарлы іс­қимылы қалыптасқан елдер­дегі әріптестермен бірге кибер­қыл мыстарға қарсы тұрудың заманауи, кері байланыстың жылдамдығына сай алгоритмін жасауға әбден болады. Осы орай­да, отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасаудың тәжірибесі на­зар аударарлық.

Құқыққа қайшы контент­ке қарсы тұру бойынша сенім телефондарының халықаралық желісі, айталық, контентті сақтау орны бойынша ҮЕҰ­ны анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай ҮЕҰ ұлттық құқықтық тәртіп орган­дарына өзіндегі қыл мыс жасалуы мүмкін нақты сер верін көрсете отырып қана жүгінеді.

Өзара іс­қимылдың мұндай жүйесі балалар порнографиясын таратуға қарсы күресте өзінің тиімділігін дәлелдеді. Алайда, оның киберқылмыстардың ал­дын алудағы әлеуеті әлі де то­лық пайдаланылып отырған жоқ.

2015 жылғы тамызда сыбыс таратушылардың бірін соттау отандық медиакеңістікте кеңі­нен жария етілді. Мұндай қыл­мыстарды тергеудің әдістемесі,

әдеттегідей, қоғам назарынан тыс қалдырылды. Соған қара­мастан, қылмыстардың ки­беркеңістікке көшуі құқық қорғаушылардың жаңа, бұрын қолданылмаған жұмыс әдістерін игеруін талап етеді.

Тиісті оқытулардың маман­дандырылған жоғары заң оқу орындарында жүйелі түрде жүр­гізілуінің қажеттігі анық. Соған орай, бірінші кезеңде оқыту әдістемесінің өзін сапалы түрде әзірлеу міндетті шарт болып та былады, онсыз кейінгі күш­жігер текке зая болуы мүмкін.

Ашығын айтқанда, құ­қық қорғау органдары пси­хо логиялық және әдістемелік тұр ғыдан киберкеңістіктегі қыл мыс тарға қарсы тұру жөніндегі белсенді жұмысқа әлі де жеткілікті даяр емес. Егер кө шедегі қылмыстылықты анық таған жағдайда соған бай­ланысты барлық тиісті шара­ларды қабылдайтын патрульды­бекеттік қызмет бар болса, киберкеңістік үшін мұндай тәжірибе әлі қалыптаспаған.

Бұл арада террористік және экстремистік идеологиясы бар сайттарға мониторинг жүргізу, порнографияны қадағалау және суицидке шақыруды бақылау тәжірибесін ғана айта аламыз.

Интернетте кең тараған есірткі саудасы, жеңгетайлық, кри миналды интернет­қауым­дастықтар және басқа да түрлі қылмыстық көріністер көп жағдайда біреу көрсеткенде ғана құқық қорғау органдарының назарына ілінеді. Сондықтан «Қазақстан киберқалқаны» жүйесінің идеясы құқық қор­ғау шылар тарапынан неғұрлым белсенді және табанды әрекетті талап етеді.

Әлбетте, алда тұрған ау қым­ды жұмыстың жауапкершілігін түйсіну үшін тіпті, жоғарыда атал ған және алғашқы әсерден туын даған мәселелер де жет­кілікті.

Бұл – «Қазақстан кибер қал­қанының» құқық қорғаушылық құрамының тұжырымдамасын анықтау, қажетті нормативтік­құқықтық базаны қалыптастыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі ш а р а л а р д ы ж ү з е г е а с ы ­ру барысындағы тергеу мен оперативті жұмыстың мүлде жаңа әдістері болып табылады.

Әрине, барлығын болжап білу мүмкін емес, өмір алға бас қан сайын алдымызға жаңа міндеттер қоятын болады. Ең бас тысы – өзіміз көп уақы ты­мызды бөлетін киберкеңістікке де заңдылықты орнықтыру.

«Қазақстан киберқалқаны» идеясын барынша толық іске асыру мемлекетімізді өркениетті дамудың жаңа деңгейіне сөзсіз шығарар еді. Өйткені, сын­қатерлерге қарсы тұруда ки­бер кеңістікті мемлекет пен жеке азаматтың мүддесіне сай келетіндей техникалық және құқықтық қорғауды мейлінше үйлестіруге әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің өздері де әлі қол жеткізе алмай келеді.

Бір сөзбен айтқанда, алды­мызға осындай концептуалды және суперзаманауи міндетті қоюдың өзі мәдени­өркениеттік жетістік болып табылады.

Алексей КАЛАЙЧИДИ, Президент Әкімшілігінің

Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі

«Қазақстан киберқалқаны» жүйесін құрудың маңызы зор

2011 және 2016 жылдар аралығында мем ле кеттік органдар 771 ақпа раттық материалдың таратылуы на сот арқылы тыйым салуға қол жеткізді. терроризм мен діни экстремизм идея-ларын орна лас тыруға тырысқан 1073 интернет-ресурс анықталып, ерекше бақылауға алынды.

Басты байлық – денсаулық

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 2016 жылғы қорытындысы тыңдалды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Осы мәселе жөнінде есеп б е р г е н Д е н с а у л ы қ с а қ т а у мин ис трі Елжан Біртанов аталған мем лекеттік бағдарлама тұрғын­дардың денсаулығын нығайту ту ралы басты міндетіне қол жет­кізу үшін 7 басым бағытты жүзеге асыратындығын айтып, әр бағыт бойынша атқарылған жұ мыстарды ортаға салды.

Бірінші бағыт бойынша Дү­ниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және CDC­мен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі функцияларына өзіндік бағалау жасалды. Министрлікте тиісті құрылымдар жасақталды.

Ал екінші бағыт аясында «Кезексіз емхана» атты қанат­қақты жоба жүзеге асырылуда. Осы бо йынша диспет чер лік қызмет; ересектерге, бала ларға, қарттарға арналған тіркеу бөлімдері; сall орталық арқы лы пациенттердің дәрігер қабыл дауына алдын ала жазылуы ұйымдастырылды. Қазақстанның әрбір азаматына арналған Ден саулықтың электрон­ды төл құжатын (ДЭТ) ұйымдастыру жөніндегі жоба іске қосылды. Биыл бірқатар емханаларда бұл жүйені қанатқақты түрде жүзеге асыру жо­спарланып отыр.

« Ү ш і н ш і б а ғ ы т б о й ы н ­ша үкіметтік емес ұйым дар дың, денсаулық сақтау сала сын дағы жеке сектордың, фар ма цевтикалық өндіріс өкілдерінің қаты суымен Сапа жөніндегі бірлес кен комиссия (СБК) құрыл ды. Төртінші бағытта қазақ стандық ұлттық формуляр одан әрі толықтырылуда, эконо­микадағы отандық өнім өндіру­шілердің үлесі артып келеді. Өндірушілермен тікелей келісім­шарт жасау, UNICEF­пен тығыз байланыс сынды бірқатар ша­ралар Бірыңғай дистрибьютер жұмысының тиімділігін арттыр­ды. Бұл дәрілік заттардың ба ғасын төмендетуге мүмкіндік береді. Дәрілік заттардың 7713 сау да атауларының 4183­нің баға сы мем­лекет тарапынан рет те леді», деп мәлімдеді Елжан Бір танов.

Бес інші бағыт бойынша міндетті әлеуметтік меди ци на­лық сақтандыру енгізілуде. «Мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң қабыл­данып, оған 2016 жылы жар наның

базалық төлемдерін тө мендету және қорға аудары лым дарды бастау мерзімін 2018 жылдың 1 қаңтарына шеге ру туралы өзгерістер енгі­зілді. Аталмыш заңдарды жүзе­ге асыру үшін 17 негізгі норма­тив тік­құқықтық актілер қабыл­данып, олардың үшеуі Үкімет те бекітілді. Әлеуметтік меди ци­налық сақтандыру қоры құрыл ды. Ел ішінде ақпараттық­түсін діру жұмыстары жүргізілуде. Мем лекет пен жұмыс берушілердің аударым көлемін төмендету туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілді.

Алтыншы бағыт бойын ша Денсаулық сақтау респуб ли ка лық орталығының кадрлық обсерва­ториясының базасында меди­циналық кадрларға қажет тілік болжанып, адами ресурстарды стра тегиялық болжау және медици­налық білімді жаңғырту жөнін дегі екі ірі жоба жүзеге асыры луда. Медициналық жоғары оқу орын­дарының шетелдік стра тегия лық әріптестері нақтыланды. Қолдан­балы бакалавриаттың финдік үлгісінің негізінде мейіргерлік білім ді жаңғырту жөніндегі жұмыс жалғасуда. Бұл жоба бойынша 6 қанат қақты колледжде 320 адам білім алуда.

Жетінші бағыт бойынша мемлекет­жекеменшік әріптестігін дамытуға ерекше мән берілуде. Мемлекет пен бизнестің ортақ мәсе­лелерін талқылау алаңы ретінде министрлік жанынан Бизнес­кеңес құрылды. Еу ро па қайта құру және даму банкі мен, Азия даму банкімен (АДБ) бірлесіп мемлекеттік­жеке се ріктестікті (МЖС) және инфра­құрылымды дамыту жөніндегі жол картасы жасалып, МЖС жо­баларын қолдау туралы келісімге қол жеткізілді. Азия даму бан кі­мен мемлекет­жеке­меншік әріп­тестігінің 4 қанатқақты жобасы жүзеге асырылуда, тағы 2 рес­публикалық жоба дайындық ке­зеңінде. МЖС негізінде 3 жоба,

сенімді басқару жөніндегі 9 жоба бойынша келісімге қол қойылды.

«Мемлекеттік бағ дар ламаны 2016 жылы жүзеге асыру бары­сын да біз Елбасының Жол дауын­да қойылған жаңа мін деттер ді де басшылыққа алдық. Мемле­кеттік бағдарламаның 2016 жыл­ғы қорытындылары бойынша кү тілетін өмір сүру ұзақтығы, тұрғындардың ден саулық индексі, ха лықтың медициналық қызмет са­пасына деген қанағаттанушылығы сияқты медициналық­де мо гра­фиялық көрсеткіштердің оң дина­микасын байқап отырмыз. Алайда былтыр күтілген 35 көр сеткіштің екеуі орындалған жоқ. Бұлар – ана өлімі мен қатерлі ісікке шалдық­қандардың 5 жылға дейін қайта науқастанбауын қам тамасыз ету», деді Елжан Бір танов.

Осы мәселені қорытын дыла­ған Үкімет басшысы Бақыт жан Са ғынтаев мұндағы басты мәсе­ленің бірі міндетті медици налық сақ тандыруды енгізу екен дігін атап көрсетті. Мұның әрбір қазақ­стандыққа әсері бар. Бірақ, соған қарамастан, осы мәсе лені халыққа түсіндіру жағы әлі де кемшін соғып жат қан секілді. Мәселен, осы жөнін­де дайындалған роликті он айда бар болғаны 4,5 мың адам ғана көрген екен. Ал бұл мәселе жұмыссыздар мен өзін өзі жұ мыспен қамтығандар үшін өте маңызды. Демек денсау­лық сақ тау саласындағы ақпарат­тан дыру мәселесіне мән берілуі керек.

Сондай­ақ, Премьер­Мин истр соңғы 10 жылда сала бой ын ­ша Елбасының тапсырмасы мен 1 мыңнан астам нысан салын ған­дығын, алдағы уақытта бұл істе қар жы үнемдеу үшін мемлекет­жекеменшік әріптестігіне барынша мән беру керек тігін айтып өтті. Осы бойынша Ақтөбе облысындағы жұ­мыстарды үлгі ретінде келтірді.

Үкімет отырысында «Қа­зақстан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне әлеу меттік қамсыздандыру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, қа былданды. Бұл туралы баян да ған Еңбек және халықты әлеу меттік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталған құжат рес публикалық бюджеттен төле нетін зейнетақы мөлшерін ке зең­кезеңмен ұлғайтуды көз дейтіндігін айтып өтті. Осы бо йынша ынтымақты зейнетақы

мөлшері жыл басында 9 пайызға арттырылса, енді 1 шілдеден бастап 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері жыл басында 7 пайызға арттырылса, енді 1 шілдеден бас­тап тағы 13 пайызға арттырылады. Нәтижесінде, 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда, 2017 жылдың 1 шілдесінен бас тап зейнетақы мөлшері 20 пай ызға дейін ұлғайтылатын бола ды. Зейнетақының өсуі зей­нет жа сындағы ел халқын немесе 2 млн­нан астам адамды қамтиды. Жо ғарыда көрсетілген өзгерістерді есепке алғанда, зейнетақының ең төмен мөлшері (базалық зейнет­ақыны есепке алғанда) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шіл деден бастап 45 711 теңгеге дейін өседі. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескергенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін өседі. Баланың туы­луына орай берілетін бір жолғы мем лекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бас­тап 7 пайызға өссе, 2017 жылғы 1 шіл деден бастап тағы 20 пайызға көбей тіледі. Сөйтіп, 2016 жылмен салыс тырғанда 27 пайызға өседі.

«2016 жылы бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 71 270 теңгеге көтерілді. Енді 1 шілдеден бастап 86 222 теңгеге дейін өсетін болады. Төртінші және одан да көп баланың тууына берілетін мемлекеттік жәрдамақы мөлшері өткен жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 118 мың теңгеге дейін өсті. Енді 2017 жылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері 142 947 теңге болады. Жалпы, жоғарыда аталған зейнетақы мөлшері мен баланың туылуына берілетін бір жолғы жәрдемақыны өсіруге 2017 жылға арналған республикалық бюджетте қосымша 81,6 млрд теңге қарастырылған», деді Т.Дүйсенова.

Page 4: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

4 15 наурыз 2017 жыл

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Италияның Милан қаласында ALTAI деп аталатын дүкен бар. Онда үнемі жүннен басылған киіз, текемет, сырмақ сатылады екен. Текеметтер көлеміне қарай 11 000-43 000 АҚШ доллары арасында тұрады. Жүннен жасалған өнімнің денсаулыққа пайдалы, жылы екендігін ескерген италиялықтар сатушыға дән риза. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Несиені арзандатудың амалы

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарайтын Экономика институты Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталы-ғы ның директоры Жангелді Шым-шықов жуықта несиені арзандатудың сенсациялық деп айтуға лайық жолын көрсетті. Оның айтуынша, егер еліміздің Ұлттық банкі шынымен халық тың теңгеге деген сенімін арттыр ғысы және екінші деңгейдегі банк тердің беретін несиелерін арзан-датқысы келсе, бұл оның қолынан келеді. Бірақ ол үшін Ұлттық банктің өзі елеулі тәуекелге баруы керек.

Ұлттық банк экономиканың нақты секторына қолдау білдіруі үшін өз тарапынан екінші деңгейдегі банктерге беретін несиелердің базалық есептік ставкаларын төмендетуі керек. Егер базалық ставка төмендесе, екінші деңгейдегі банктер де өз несиелерін арзандатуға мүмкіндік алар еді деп есептейді экономист.

«Қазір Ұлттық банктің несие жөнін дегі базалық есептік ставкасы 12 па йызды құрайды. Ол екінші дең­гейдегі банктерге несиені осы став ка бойынша береді. Демек, екінші дең­гейдегі банктер өздері несиеге алған қара жатты өндірісшілерге – зауыттар мен фабрикаларға, кооперативтер мен шаруа қожалықтарына несие есебінде таратқан кезде оның ставкасын осы 12 пайыздан төмен түсіре алмайды. Оның үстіне, олар ұтылып қалмас үшін елдегі инфляция деңгейін алдын ала есепке алуға мәжбүр болады. Сөйтіп, 12 пайыздың үстіне тағы да 6­8 пайыз қосылады. Мұның сыртында, енді екінші деңгейдегі банк өзі де пайда табуға тиіс. Кез келген коммерциялық банк ең алдымен өз пайдасын ойлайтын­дығы түсінікті. Сондықтан пайда табу мақ сатында берілетін несиеге тағы да қайтарым үстемесі қосылады. Сөйтіп, олар ақыр аяғында шаруашылықтар мен халыққа несиені кемінде 23 пайыздық қайтарыммен береді. Осыдан барып, екінші деңгейдегі банктерге «тонаушы» деген айып тағылады» деген экономист экономиканы дамыту үшін Ұлттық банктің базалық ставкасын 2­3 пайызға дейін арзандатуды ұсынады.

Расында да, «айранды шелекпен ішкен құтылып, түбін жалаған тұты­лыпты» дегендей, қазіргі күні халықтың барлық өкпе­реніші екінші деңгейдегі банктердің үстінде екені белгілі. Өйткені, халық, соның ішінде кәсіпкерлер несиені екінші деңгейдегі банктерден ала­ды. Ұлттық банк өз табиғатына сәйкес халықпен тікелей жұмыс істемейді. Оның саясаты мен қыз метінің әсері халыққа екінші деңгейдегі банктердің іс­әрекеттері арқылы сезіледі. Ал екінші деңгейдегі банктердің беріп отырған несиелерінің қайтарымы қымбаттамаса, арзандамай­ақ қойды.

Осыдан біраз жыл бұрын менің бір танысым сауда дүкенін сатып алу үшін екінші деңгейдегі банктен 300 мың доллар көлемінде жылдық қайтарымы жоғары пайызбен қарыз алды. Сол үшін ай сайын 1 миллион теңге банкке төлеп тұрды. Оның бар тапқан табысын банк сыпырып алып отырды. Ай сайын төлейтін қарызын жаба алмай қалған жағдайы да жиі кездесті. Ақыры қарызға шыдамай екі­үш жылдан кейін жылжымайтын мүліктер бағасы тағы бір көтерілген кезде дүкенді сатып, банктің қарызын зорға жапты. «Осы үш жыл бойы табыс тапқан жоқпын, отбасымды асыраған жоқпын, тек қана банкті асырап келдім. Банктің клиенті емес, малайына айналдым. Енді оны желкемнің шұқыры көрсін», деп шағынды ол. Әрине, ол банктің пайыздық үстемесінің арғы жағында Ұлттық банктің жоғарыдағыдай саясаты тұрғандығын білген жоқ. Сондықтан экономист Ж.Шымшықовтың банк несиесін арзандату жөніндегі ұсынысы жүзеге ассын немесе аспасын оған ең әуелі Ұлттық банктің жоғарыдағыдай май шайқаған саясатының астарын ашқандығы үшін рахмет айтсақ, артық болмас. Жалпы, бізде халық назары осы уақытқа дейін бұл мәселеге ауған емес.

Біз өз тарапымыздан әлемнің басқа елдеріндегі орталық банктердің несие жөніндегі базалық ставкаларын тексеріп көрдік. Расында да, біздікіне қарағанда айырма жер мен көктей екен.

Жапон банкінікі 0,1 пайыз, Англия банкінікі 0,25 пайыз, Австралияның резервтік банкінікі 1,5 пайыз, Қытайдікі 4,35 пайыз, қазіргі жағдайы нашар дейтін Колумбияныкі 7,25 пайыз, өзіміз озып кеттік деп жүрген Румынияныкі 1,5 пайыз, Перудікі 4,25 пайыз, Чилидікі 3,25 пайыз болып шықты. Сырттан ақша тарта алмай отырған Ресейдің орталық банкі несиені 10 пайызбен береді екен. Сонда көршілерімізге қарағанда, сырттан инвестиция ағылып жатқан ел – Қазақстанның Ұлттық банкі неге тарылады?

Көптеген дамыған елдерде орталық банктердің несиелік ставкалары әрі кеткенде 1­2 пайыздан аспайтын болған­дықтан, олардағы екінші деңгейдегі банк тер халыққа несиені 3­4 пайызбен, тіпті, одан да арзанға таратады. Мұндай жағдай біздің адамдардың түсіне де кірген емес.

СұңғатӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

ALTAI деп аталған брендті Раффаэле Кариерри (Raffaele Carrieri) есімді аза­мат 1994 жылы жасапты. Алдымен көш­пен ді халықтардың, әсіресе, ауа райы, климаты суық елді мекенде орналасқан қазақтың тұр мыс­тіршілігіндегі киізден жаса латын сырмақ, текеметті зерт тей жүріп, кілем, төсеніш, тұс кілем, күрд паласы сияқ ты бұйымдарды сатқан. Сөй тіп жүріп ол биылға дейін қазақы бұйымдардың 16 түр лі коллекциясын жасап үл гер ген. 2002 жылы ALTAI брен ді сәулет шілермен және дизай­нер лермен ақылдаса оты рып, Өзбек­станда да тігін шебер хана сын ашқан. Кариерри Фер ғана қаласындағы көзкөр­ген адамдармен бірге жаңа теке меттер тоқумен айналы сады. Бұл таза табиғи өнім, жүн нен жасалады және ешқан­дай химия қосылмайды. Ол өзінің тауарларының брен діне орай Ancient Saharan Mats, Antique Felts of Central Asia деген атпен көрме де ұйым дас ты­рыпты. Бұл көрмелерге дүние жүзіндегі ғалымдар, ант ропологтар қатысқан.

Ал бізде жүн өндірісі кенже қа­лып отыр. Заманауи қазақтың үйі толы кілем, баға жетпес текемет пен сыр мақ­тың, жүннен басылған қалың кілем­дер дің қажетсіз болып қалғандығы рас. Италиялықтар, шіркін бір ғана

қой­ешкінің жүнінен жасалған текеметті білетін шығар­ау. Ал бізде түйенің жүні нен де жаса латын текеметтер бар. Мә селен, Астана қаласында түйе жүні­нен көрпе жасау өндірісі дамып келе ді. Сатып алушылар қатарында тек қазақ­стан дықтар ғана емес, шетелдіктер де бар екен. Цех бастапқыда шұлық, кейін­нен көрпе тігуді қолға алған. Ендігі жоспар жүннің қалдығынан матрастар жасау екен.

– Түйе жүнінің сапасы жақсы, пай­дасы мол. Қой жүнінен екі есе жеңіл. Жылуды жақсы сақтайды, ылғал жұт­қыш және аллергия туғызбайды. Эколо­гия лық таза өнімге деген сұраныс жо­ғары. Сол себепті, тапсырыс қашанда көп. Тұтынушылар тауардың сапасына ғана емес, бағасына да риза. Мысалы, Түр кия не Моңғолиядан келген көр­пе 30 мың теңге тұрса, мұның баға сы 3 есе арзан. Бүгінде көрпені еліміз ден тыс мем лекеттер де сатып алып жатыр. Ре сейг е жеткізу жолға қойылды. Ал­да ғы уа қытта экспорт көлемі ұлғая ды. Ендігі жоспар айына 2 мың көрпе шы­ға ру, – дейді «Қазақ оюлары» ЖШС дирек торының орынбасары Гүлсанат Мерқұлова.

Десек те, экспорттан бұрын өз елі­міз де неге осындай бағалы бұйымдар

сұра ныс қа ие болмай отыр деген сауал әркімді де толғандырады. Теке мет, тіпті, кілем тоқу өнері де біздің қазақта өріс алған. Мәселен, ауылдық жерлерде тұратын қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма тоқып, жүн түту, жүн сабауды ұмыта қойған жоқ. Шығыс Қазақ­стан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақ­стан, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен қалаларында кілем тоқу өнері ұрпақ­тан­ұрпаққа ауысып жаңаша түрлі ою­өрнектермен әсем безендірілуде. Мәселен, Семейдің киіздеріне мәс кеу ­лік тер қатты қызығып отыр. Шығыс тың аязды, боранды күнінде дала да еңбек ететін жұмыскерлерге, құры лыс шыларға жүннен басылған, киізден жасалған пима ауадай қажет. Сол үшін де олар көбіне «Роза» ЖШС жасайтын пиманы сатып алып жатады. Бүгінде кәсіпорынның жаса ған пималары сұранысқа ие болған.

– Біз бұрынғыдан да қарқынды жұмыс істеуді жолға қойдық, – деді кәсіп орын директоры Харис Сайфутдинов. – Жаңадан өнді ріс тік цехтар ашып, жүн өңдеу, пима басу айналымын ұлғай­тып келе міз. Қазіргі кезде жасап жат­қан пима лары мыз жұрттың сұранысы­на, талап қа сай, түрлі сәндік үлгіде. Базар саудагерлерінің бағасы біресе шарықтап, біресе төмендеп тұр. Әйт­песе, біздің дүкендердегі баға әлде­қайда арзан. Пима 2800 теңге, резең­ке мен табандатылғаны 3500 теңге, унтыларымыз да осы шамада. Базарда баға шарықтап өскенмен, бізде өндіріс технологиясының көлемі өскен сайын өнім бағасы арзандау үстінде. Біз пима, унтылардан басқа аңшылық бахил дарды

да шығарамыз. Оны ойлап тапқан біздің кәсіпорын. Бұл аңшыларға ғана емес, шаруаларға, балықшылар мен жүр­гізушілерге таптырмайтын аяқ киім. Сыртында су өтпейтін материал, іші киіз, аяққа жылы. Цельсий бағаны бо­йынша 50 градус аязға төтеп бере алады.

Негізінде киіз басу ежелден келе жат қан дәстүр, бұл өнердің біздің зама ны мызға дейінгі ғасырларда қазақ дала сы на кеңінен таралып кет кені мәлім. Қазіргі уақытта пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар аз бол ғанымен, киізден жасалған бұйым­дарға деген сұраныс бар. 2004 жылы Семейдегі «Роза» ЖШС елде ең үлкен пима жасап шығар ды. Өлшемі – 106, қонышының биіктігі – 178 сан тиметр, салмағы – 16,5 келі. Ал бұл күндері «Роза ның» киізден басып, жасап шыға ратын түрлі өнімдеріне ита лия­лықтар, қытайлықтар мен ресей лік­тер де қызығушылық танытып отыр. Өнімдері өте сапалы. Бұрындары ТМД көлемінде саудаға шығарса, енді бүкіл әлемге тарата аламыз дейді басшылық. Осыдан он жыл бұрын жүн жетпей жататын. Бұл күндері облыста мал басы өскендіктен, шикізаттан кедергі жоқ. Барлық ауданнан мал жүні әкелініп тапсырылады екен. Қара қойдың жүні кәдеге жарады деген осы. Текемет те өзімізге қайта оралса дерсің осындайда.Әлем оны қазақтың бренді деп таныса...

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,журналист

СЕМЕЙ

Текеметтің түріндей-ау...

экономика

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Соңғы бес жыл көлемінде ТМД қар­жы нарықтары Еуразиялық экономи­калық одақтыӊ құрылымдалуы нәти­жесін де белсенді интеграцияға көшкені рас. Инвес торлардыӊ активтерін әртарап­тан дыру және жаӊа нарық іздеу аясында ислам банкингі мен қаржыландыруы 170 миллионнан астам халық қоныстанған ауқымды аймақта үлкен күшке айнала алады. Ал Қазақстан 2008 жылдан бері ислам қаржыландыруының нормативтік­құқықтық базасын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Сукук (обли­гацияның исламдық баламасы) шығару және дәстүрлі банкті исламдық банкке айырбастау негізіндегі заӊға өзгерістер 2015 жылдыӊ қарашасында енгізілді. Оның үсті не, 2011 жылы Ислам сауда ұйымына төр ағалық жасағанымыз бар.

Жиында «Астана» халықаралық қар жы ор та лығының басшысы Қайрат Ке лім бетов ислам құнды қағаздарын да мы ту ға ба ғыт­талған заң жобасы әзірленіп жатқанын

мәлімдеді. «ТМД елдеріндегі исламдық қар жы ландыруды дамытуға арналған бұл конференцияға тек Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азия мемлекеттерінің, ТМД елдерінің өкілдері қатысуда. «Астана» халықаралық қаржы орталығы исламдық қаржы жүйесін дамытатын болады. Көпшілігіміз білетіндей, бұл бағытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасы да бар. Біз жұмысты 2009 жылы бастап, қазіргі уақытта біршама жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Сарапшылардың пайымынша, Қазақстан исламдық қаржы­лан дыру жоғары деңгейде дамыған ел­дер дің қатарына қосылды. Жүйені одан әрі дамытуға бағытталған арнайы жоспа­рымыз да бар», деді баяндамашы. Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру нарығы барынша үлкен, шамамен 2 трлн долларды құрайды. Қазіргі уақытта көп­теген елдер осы нарықты дамытуға баса назар аударып отыр. «Бұған дейінгі 30 жыл бойы исламдық қаржыландыру дәс­түрлі түрде Таяу Шығыстың ислам ел­дері н де, Малайзияда дамыған болса, қа­зір гі уақытта исламдық қаржыландыру

мүмкіншіліктеріне көптеген елдер жүгіне бастады. Ұлыбритания, Люксембург, Жа­пония, Гонконг сияқты елдерде исламдық қаржыландыру қарқынды дамыған. Сондықтан Қазақстан да осы бағытты да­мыту мүмкіндіктерін қарастыру үстінде», деді орталық басшысы.

Форумның «ТМД­да исламдық қаржы­ны дамыту жолындағы кедергілерді жеңу» атты сессиясында пікірталасқа қатысушылар өз қызметі барысында қандай қиындықтарға кездескенін айтып берді және өңірдегі исламдық қаржыландыру индустриясының өсуіне бағытталған өз ұсыныстарын жеткізді. «Исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес капитал тарту арқылы өңірлік дамуға жәрдемдесу» сессиясында исламдық қаржы мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы және халал индустриясы салаларындағы өңірлік ресурстардың даму­ына қалай ықпал ететіні туралы, сондай­ақ, ТМД елдерінің ШОБ өкілдері исламдық қаржыны тартудан қандай пайда табатыны жайында сөз қозғады.

Шара барысында өңірлік қаржы реттеу­шілердің кездесуі өтті. Онда құқықтық және нормативтік базаны дамыту мәселесі қаралды. Сарапшылар исламдық қаржы саласындағы қызметтің өсуін ынталан­дыру үшін қосымша шаралар ретінде қабылдануы мүмкін өзгерістерге қатысты пікірлерімен бөлісті.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

––––––––––––––––––––Атырау облысында өт кен жылы 284 нысан пай-далану ға берілді. Оның ішінде 15 тұрғын үй бар.––––––––––––––––––––

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Облыстық мемлекеттік сәулет­құрылыс бақы лау басқармасының инспек тор­лары бюджеттік тұр ғын үй құрылыстарына бақы лау жүргізіп отырады. Был тыр­дың өзінде 300­ге жуық нысан тексерілген екен, құрылыс материалдары ның сапасы талапқа сай келмейтін 49 ны­сан да ғы кемшіліктерді жою жөнінде ескерту жасалыпты.

Мемлекеттік сәулет­құры­лыс бақылау басқармасы бас­шысының міндетін атқа ру­шы Асылбек Омарқұловтың айтуынша, проблема негізінен бас мердігер, авторлық және техникалық қадағалау қыз­мет керлерінің жұмысқа сал­ғырт қарауларынан бола д ы екен. Мысалы, «Береке» ша ­ғын ауданындағы құры лыс­монтаж жұмыстары кезін де құрылысшылардың өрес кел қателік жібергені анық та лып, 3 млн 500 мың теңге көле мін де әкімшілік айыппұл салынған.

Өткен жылы басқарма қыз меткерлері құзырлы орган дармен бірлесіп, 26 ны­сан ды тексеруге қаты сып­ты. Анық талған кемшіліктер бойын ша құрылыс мекеме­лері мен жеке кәсіпкерлер әкім ші лік жауап кершілік­ке тар тыл ды. «Айыппұлдың жалпы көле мі 8 738 520 теңге бол ды. Тех никалық қада ғалау жаса ған үш сарап шыға аттес­тат тарының жарам дылығын тоқ тату және айып пұл салу шара лары қол данылды», дейді А.Омарқұлов.

АТЫРАУ

Үйренетін Үрдіс

мәссаған!

«Берекенің» құрылысы берекесіз болыпты

Исламдық қаржыландырудың қарымы қандай?

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «REDmoney Group» халықаралық агенттігі бірлесіп «IFN ТМД 2017» форумын ұйымдастырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі исламдық қаржыландыруды дамытуды ынталандыру және өңірдегі инвестициялық мүмкіндіктерді зерт-теу, сондай-ақ, байланыстар мен әріптестік қарым-қатынастарды жетілдіру мақсатындағы шарада аталған нарықтағы негізгі қатысушылар мен қадағалаушылар бас қосты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

15 наурыз 2017 жыл 5келбет

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Оның көзінен қашанда мейірім шуағы есіп тұрады. Әркез ойы сергек, бойы ширақ. Генералға тән талапшылдық пен қаталдық та бар. Өмір жолында білім мен білікті қос қанат етіп байлаған ол адами биік болмысымен де, терең парасатымен де кез келгенге үлгі. Ал оның офицерлік өмірі, жоғары кәсіби біліктілігі кейінгі ізбасарларға өнеге. Ол туралы ойлағанда ұлы Абайдың: «Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

өнеге

театр

Генерал-майор Сләм Мұхамеджанұлы Исабаевпен бірге қызметтес болмасам да, етене жақын араласпасам да, ара-тұра қызмет бабымен кездесе қалсам, осындай ойлар мені алысқа жетелейді...

Сләм Мұхамеджанұлы – Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы. Яғни, оның өмірі – дала мен таудың, өзен мен көлдің, орман мен тоғайдың ерекше сұлулықпен үндескен жерінен бастау алады. Кезінде Үлкен Нарын ауданы аталған, бүгінде Қатонқарағай ауданымен біріккен табиғаты ғажап мекенде дүниеге келген Сләм Мұхамед жанұлының мінезі де туған жердің табиғатына ұқсайтындай – дәл сондай ерек-ше, дәл сондай ғажайып.

1937 жылы Малокрасноярка ауылында дүниеге келген Сләм Мұхамеджанұлы соғыс алдындағы ауыртпалықтарды да, соғыстан кейінгі қиыншылықтарды да жұртпен бірге көреді. Небәрі 5 жасында әкесі қайтыс бо-лады, екі ағасы соғыстан оралмайды. Анасы Қапыш пен 13 жастағы ағасы Байкен таң сәріден қара кешке дейін колхозда жұмыс істеп, нәпақасын айырады.

Қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жа-тып тағдыр тәлкегін көрген Сләм Исабаев туралы естеліктерді оқып отырып, мына бір әңгіме ерекше әсер етті. 1945 жылы бірінші сыныпқа барған бала Сләмға соғыстан оралған майдангер Павел Архипович Полькин сабақ береді. «Сләмнің өзін де, от-басын да 60 жылдан артық білемін, екеуміз жақсы доспыз. Солай бола тұра, арамыздағы «ұстаз – шәкірт» деген ұғым жойылған емес. Екеуіміз де зейнеткерміз, бірақ Сләм Мұхамеджанович мені әлі күнге дейін «сіз» дейді, аты-жөніммен атайды. Өткен жылы ауруханаға түсіп қалдым. Есімді жисам, палатамда Сләм отыр. Менің ауруханаға жатып қалғанымды ести салысымен, бірден жеткен. Сонау Алматыдан! «Пал Архипыч, сіз бізді бұлай қорқытпаңыз, екеуміз әлі балық аулауға баруымыз керек», дейді. Ол сондай қамқор, ерекше мейірімді жан.

«Оның бойында көшбасшылық қасиет бала кезден байқалатын. Спорт ойындарына қызығушылығы зор еді. Өзі кіп-кішкентай болып, әркез әлсіздерді қорғап жүретін. Исабаевтар отбасы өте кедей тұрды, әсіресе, соғыстан кейін тұрмыстары тым ауыр бол-ды. Әлі есімде, Сләмнің ескі, сұр тоны бар еді. Ашуланғанда әлгі тонын лақтырып тас-тап, алға ұмтылатын. Мектепте барлық жа-рыстарда өз командасын әркез алға сүйреп, қанаттандырып, жігерлендіріп жүретін. Саны жағынан аз болса да, Исабаевтың ко-мандасы әркез жеңіп шығатын...»

1952 жылы Малокрасноярскіде жеті-жылдық мектепті бітірген соң аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында оқуын жалғастырады. Бала кезінен білімге құштар, алғыр да зерек Сләм мектеп жасынан гуманитарлық пәндерге ерекше қызығады, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласа-ды. Ал 1955 жылы 18 жасында ҚазМУдың заң факультетіне оқуға түседі. Баласын алыс сапарға, бейтаныс қалаға шығарып салып тұрған анасы Қапыш қандай күйде болды екен? Әрине, ол кезде жас Сләмнің, араға ұзақ жылдар салып, Семей қаласының және Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Құрметті азаматы болатынын, нағыз генерал болатынын ешкім білген жоқ. Ал ондай биік шыңға шығу үшін көптеген асулар мен белестерді бағындыруы тиіс еді...

Біздің, кейінгі бейбіт заман ұрпақ-тарының бір ақиқатқа көзіміз жетті: соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі жылдары туған

балалардан айрықша адамдар шыққан екен. Заманы оларды болаттай берік етіп шынықтырыпты. Ерте жетім қалған, қайғы-қасіреттің дәмін ерте тартқан, ауыр тұрмыс илеуін ерте көрген кішкентай Сләмнің ада-ми қасиеті, азаматтық мінезі сол жылдары қалыптасқаны айқын. Сондай болмыс-бітімі, еңбекқор келбеті, адал жаны, талапшыл табиғаты оны өмір жолында сүріндірмей, биіктерге жетеледі. Еңбек жолын қатардағы эксперт-криминалист қызметінен бастаған Сләм Исабаев – Қазақстан Ішкі істер ми-нистрінің орынбасары қызметіне дейін өсті, осы саланың әр баспалдағын адал еңбегімен жүріп өтті.

1960 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің (бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) заң факультетін бітіріп, Қазақ сот эксперти-засы ғылыми-зерттеу институтына жолдама алады. Аға эксперт-криминалист қызметіне қабылданған Сләм Мұхамеджанұлы 1961 жылы Мәскеуде эксперттердің 6 айлық курсын оқиды. Көп ұзамай-ақ оны ҚазКСР Ішкі істер министрлігі ғылыми-техникалық бөліміне аға эксперт-криминалист қызметіне шақырады. Ал 1964 жылы Сләм Исабаевтың ҚазКСР Тергеу басқармасындағы жемісті еңбек жылдары басталады: тергеуші, аға тергеуші, аса маңызды істер бойынша тергеуші, бөлім бастығы, ҚазКСР Тергеу басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарады. Ол өмірінің 19 жылын тергеу бөліміне арнапты. Бұл – тергеуші Исабаевтың кәсіби тұрғыда білім көкжиегі кеңейіп, жан-жақты өсіп, тәжірибесі жетілген жылдары десек, қателеспейміз. Дәл сол кезеңде Сләм Мұхамеджанұлы на-ша қорлыққа байланыс ты тек Қазақстанда ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Чешен-стан, Ингушетия аумағында көптеген ірі қылмыстық істерді ашқан еді.

Одан кейін Талдықорған облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбаса-ры (1983-85), Алматы облысы Ішкі істер басқармасының бастығы (1985-90), Алматы қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы (1990-94) қызметтерін абыроймен атқарды. Алматы облысының Ішкі істер басқармасын басқарып тұрған кезінде, дәлірек айтсақ, 1987 жылы, әлі Кеңес Одағының тарамаған, барлық құрылымдар тікелей Мәскеуге бағынышты болған кезде КСРО Ішкі істер министрлігі инспекторлық тексеру жүргізіп, нәтижесінде, Исабаев басқарып отырған Алматы облысы ІІБ-нің жұмысына оң баға

береді. Ал 1988 жылы КСРО өкіметінің қаулысымен Исабаевқа генерал-майор шені беріледі. Ол уақытта генерал шені жылы-на екі-ақ адамға берілетін және лайықты адамды тікелей Мәскеу бекітетін. Бұл шенді бекіту үшін мұқият тексеріс, айрықша қадағалаулардың болғаны сөзсіз. Сләм Мұхамеджанұлының қандай басшы, қандай адам болғанын осыдан-ақ білуге болады.

Ол осындай лауазымды қызметтерді атқара жүріп, қоғамдық жұмыстарға да бел-сене араласты. Өзге еңбектерін айтпағанның өзінде, 1990 жылы көктемде генерал Исабаев ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты бо-лып сайланады. Дәл сол шақырылымдағы депутаттарға Қазақстан тәуелсіздігін жария-лап, Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау бақыты бұйырыпты...

Исабаев өмірінің әр кезеңі ерекше. Әсіресе, оның Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы бастығы қызметін атқарған кезеңі – алып империяның ыдырап, 90-шы жылдардың қиындығы мен қоғамдағы бей-берекетсіздік орын алған кез еді. Ол жылдары қылмыстың саны да артып, түрі де көбейді. Міне, сондай күрделі кезеңде Алматыдай үлкен мегаполистің ішкі істер саласын басқару кез келгеннің қолынан келе бермейтін ауыр да жауапты іс. Сләм Мұхамеджанұлы сол жауапкершілікті абы-роймен атқарды. Сләм Исабаев – Қазақстан тарихында «қалалық басқарма бастығы – министрдің орынбасары» деген екі қыз-мет ті қатар алып жүрген жалғыз адам. Басшы ретінде талантты ұйымдастырушы болғанын, жаңашыл, талапшыл және ли-берал басшы болғанын ол кісімен бірге қызмет еткендер күні бүгінге дейін ерекше ілтипатпен еске алады. Өмірінің 32 жылын қылмыспен күресуге арнаған Исабаев 1994 жылы 57 жасында – нағыз дер шағында зейнетке шықты. Әрине, іскер басшы, тәжірибелі ұйымдастырушы ретінде оның әлі де берері мол еді. Дегенмен, «жастарға жол беру керек, олардың да үйренуіне, өсуіне жол ашу керек» деп, қызметтен бас тарт қан генералдың азаматтық ұстанымы құр меттеуге әбден лайық. Тағы да ұлы Абайдың қанатты сөзі ойға оралады:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек...», де-мей ме?!

Данышпан айтқан осынау үш қасиетті – «ыстық жүрек, салқын ақыл, шыдам-ды қайраттың» басын тең ұстаған Сләм Мұхамеджановты «толық адам» десек, қателеспейміз. Нағыз адамға тән шынайы бол мысын, адал да өжет, мейірімді де қай-ырым ды мінезін ол өмір бойы жоғалтқан жоқ.

«Ержүрек генералдың сарбазы қорқақ болмайды» дейді жапон нақылы. Генерал Исабаев еңбек ете жүріп, өзінен кейін қаншама ізбасар шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде осы саланың майталмандарына айналған – Ішкі істер министрі генерал-полковник Қ.Қасымовтан бастап, генерал-лейтенант В.Симачев, генералдар: К.Өскембаев, А.Шпекбаев, М.Нүкенов, Т.Кулибаев, С.Досымов, Б.Бейсенов, С.Күнғожинов, Б.Байжасаров, Е.Тұрғымбаев, Б.Бисенқұлов, Асыл-Кеней, полковниктер: А.Матақбаев, К.Арыстанов, С.Глущенко, А.Шнитковский, В.Ефременков – бәрі де Исабаев мектебінен өткен мықтылар. Олар әр жылдары Ішкі істер министрлігінде басшы, орынба-сар, департамент басшылары сияқты жа-уапты қызметтер атқарды және атқарып келеді. Олар «Исабаевтың шәкірті» деген мақтанышты әрі жауапкершілігі зор «лауа-зымды» абыроймен жалғастырып, ұстаздан алған білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа аманаттайтыны анық.

Серік КҮДЕБАЕВ, полиция генерал-майоры,

Алматы қалалық ІІД бастығы

Абыройлы ардагер

Оқиға балауса бозбала мен балғын бойжеткеннің ара сын-дағы таңғы таза ауадай, тұп-тұ-нық бұлақ суындай мөп-мөлдір бей күнә махаббатты бейнелеуге құрылған.

Оқиға ойдан шығарылмаған, Тілеп те, Сарықыз да тарихта болған, осынау Ұлы Даламыз-да, оның ішінде Торғай елі нде бір кезде өмір сүрген, ма ха б- баттары ел аузында қалып, аңыз -ға айналған адамдар. Тілеп Ас-пан тайұлы атақты Қойлыбай бақсының шәкірті, әрі қобызшы, бақсы, әрі емші болып, еліне өнерімен де, емшілігімен де қызмет еткен. Ал Сарықыз бол-са, ұстазы Қойлыбайдың перизат әйелінен туған қызы. Адам мен перизаттан жаратылған қыздың асқан сұлу болатыны белгілі. Екі жас бірге өсіп, қобызды бірге үйрене жүріп, бір-біріне ғашық болады. Олар алдымен бейкүнә бала махаббатты бас-тан кешіреді. Күнде бірге жүрсе де, бір-бірін сағынатын сезімнің

не сезім екенін түсінбек болып, бір-бірінен сұрайтыны, ақыры оның ғашықтық сезім –махаббат екеніне көздері жететіні пьесада мейлінше шынайы суреттеледі.

Қойылымның сол сәттерін жастар құмарта көрсе, үлкендер өздерінің бала махаббаттарын еске түсіріп, әдемі әсер алады. Жақсы ақыннан драматург шық-са, пьесаның тілі көркем бола-тыны белгілі. Ж-Н.Сомжүрек те екі жасты асқақ махаббат тілімен тілдестіріп, бір-бірімен сөйлесетін диалогтарын көркемсөзбен кестелейді. Қай кезде, қай заман-да болсын сұлу қызға сұқтанар көз көп, сырттай да, ішіндегісін шығарып айта алмайтын ғашықтар да көп болады емес пе? Солардың бірі – ауылдың тентек ұлы Тотан. Қойылымда тартыс Тілеп пен осы Тотан арасында өрбиді. Оның Сарықызды Тілепке өліспей бергісі жоқ. Тілеп қалмақтармен болған соғысқа қатысып, екі жылдан соң оралып келеді. Сарықызбен көл жағасында сағына көріскен

уақытта қамыс арасында тасада жасырынған Тотан Тілепті атады. Сол сәтті қырағы көзімен байқап қалған Сарықыз оққа өз кеудесін төсеп, Тілепті кеудесімен жаба құлайды. Одан әрі сай-сүйегіңді сырқырататын көріністер...

Біз пьесаның мазмұнын баяндап бермекші емеспіз. Қойылымда нағыз махаббат бар, сүйгені үшін өз өмірін ой-ланбай құрбан еткен Сарықыз, оны ғұмыр бойы ойлап сағынып, сарғайып өткен, өлерінде Сарықыздың қасына жерлеңдер деп өсиет еткен Тілеп...

Ал енді туындының қой ы-лы мына келсек оның піс пеген тұс тары баршылық көрінеді. Мысалы, Қойлыбай мен Тілептің

қо быз тартпауы, жөнсіз жүгіріс, төрт бұрышты киіз үй, қыз өлі-мінің анық көрсетілмеуі се бепті трагедияның аздығы... Қой ы-лымының режиссері ал дағы уақытта оқиғасы тартым ды, ті-лі көркем дүниенің театрдың ре пертуарынан берік тұрақты орын алатынына, алда талай те-атр фестивальдерінде жүлд е ге де ие болатынына сенім біл дірді, спектакль соңынан әң гімеге тартқанда. Аз мерзімде сах-наланғандықтан, спектакльдің жо нып, қырнап, жетіспей жатқан тұс тарын толықтыру ойында бар екенін айтқан.

Қонысбай ӘБіл,

халық ақыны

Сахнада – «Тілеп-Сарықыз» трагедиясы–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанадағы «Жастар театры» жаңа туындымен толықты. 9-10 наурыз күндері жазушы Жұма-Назар Сомжүректің қаламынан туған «Тілеп-Сарықыз» трагедиясын театрдың бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбаев сахналап, қойылымды өнерсүйер қауым жақсы пейілмен жылы қабылдады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мысырлық әріптесімен кездесті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин Мысыр Араб Республикасы Жоғары Конституциялық Сотының төрағасы Әбдел Вахаб Әбдел Разек-пен кездесті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ықпалдастық райындағы сапар ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен қазақ-стан дық делегация Израиль мемлекетінде болып қайтты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жобаларын таныстырды––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникациялар қызметінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде өткізілетін шараларға арналған баспасөз мәслихаты өтті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қызығушылар қатарыкөбейіп келеді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Иә, дәл солай. Арқа төрінде өтетін биылғы жылдың ең ма-ңыз ды, ең ауқымды шарасын тамашалауға шығыс жұрты ерек ше ықылас танытып отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

А.Смолин осы кездесудің екі мемлекет арасындағы ынты-мақ тас тықты одан әрі нығайту үшін маңыздылығын атап өтіп, Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы, елде жүріп жатқан су-дьялар корпусын қалыптастыру, су дьяларды іріктеу тетігін же-тіл діру жөніндегі ре формалар туралы айтып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

Әбдел Вахаб Әбдел Разек өз кезегінде өткен әңгіменің маз-мұнды болуын атап өтіп, риза-шы лығын білдірді.

Кездесу соңында тарап - тар ал дағы уақытта терең ынты-мақ тастық жұмыстарының жүр гі зілетініне сенімдерін біл- дірді.

«Егемен-ақпарат»

Делегация құрамында ми-нистр Б.Атамқұлов бастаған Қор-ғаныс және аэроғарыш сон дай-ақ Қорғаныс министр лік терінің, т.б. ұйым дардың өкіл дері болды.

Сапар барысында Қаржы ми-нистрі Бақыт Сұлтанов Израиль Қаржы министрі Моше Ках-лон мен, Израиль Сыр тқы істер ми ни стр лігінің бас шы лы ғымен кез десті.

Қазақстан-Израиль бірлескен комиссиясы Қазақстанға ин вес -ти ция ларды тарту және біз дің мемле кеттерде бизнес жүр гі-зу шарттарын жасау үшін құ-рал дардың бірі болып та бы -лады. Осыған байла ныс ты, Б.Сұлтанов бірлескен ко мис-сия ның теңтөрағасы ретінде биз нес қауымының өкілдерімен кез десті.

Сонымен қатар, Қазақстан-ның Қаржы министрлігінің өкіл-де рімен Израиль үкіметінде Меркава жоба сын іске асыру мы салында жал пы сервистің мем лекеттік орта лығын құ-ру , бюджетт ік жоспарлау про цестерін, мемлекеттік ак-тив терді, мемлекеттік сатып

алу ды басқаруды автоматтанды-ру тәжірибесі қарастырылды.

Бұдан басқа, ақпараттық-комму никациялық салада са-рапшылар деңгейінде «Цифр-лы Қазақстан» және «Цифрлы Израиль» мемлекеттік бағ дар-ламалар шең бе рінде ынты мақ -тастықта қол жет кізілді. Аг ро -тех нологиялар са ла сында Ау ыл шаруашылығы министр лі г і-нің сарапшылары техноло гия -лар трансферті аясында жә не бірлескен кәсіпорындар құ ру бой ынша қазақстандық жә не из-раильдік аграрийлердің ор тақ ынтымақтастығы үшін мүм кін-діктер қарастырылды.

Ден сау лық сақтау саласын-да Қазақстан ның Денсаулық сақтау министрлігі са рап шы-ларының біліктілігін кө те ру, Қазақстанда из раильдік са рап-шылардың ше бер лік-са бақ-тарын өткізу, қа зақ стан дық уни верситеттік клиникаларды израиль дік ком паниялардың басқаруына беру мәселелері талқыланды, деп ха барлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Дастан КЕНЖАлИН,«Егемен Қазақстан»

Б р и ф и н г к е « А с т а н а ЭКСПО-2017» АҚ шаралар-ды ұйымдастыру және конте-нт департаментінің директо-ры Марат Омаров, канадалық CIRQUE DU SOLEIL® павильо-ны жобасының директоры Бернар Пурье мен «Reflekt» шоуының ре жиссері Фернан Рейнвиль қа-ты сып, өздерінің жоба-жоспарла-рымен таныстырды.

– Б и ы л ғ ы к ө р м е г е 4 5 DEGREES компаниясының өкіл-дері келеді. Олар ЭКСПО кезінде халықтың назарына ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Бұл компания дүние жүзіне кеңінен танылған CIRQUE DU SOLEIL® тобына кіреді. Аме-ри к алық қонақтар 16 маусым мен 10 қыркүйек аралығында 71 қойылым көрсетуді жоспарлап

отыр. Олардың бәрі өздерінің па вильонында болады, – деді М.Омаров.

Ал канадалық мамандардың а й т у ы н ш а , C I R Q U E D U SOLEIL® павильонында 2 000-нан астам адам емін-еркін қой-ы лымдарды тамашалай алады. Әрбір шараның бағасы 4 000 теңге көлемінде болады.

– Біздің компания 1984 жылы құрылған. Сол кезде көшеде өнер көрсетіп жүрдік. Кейін CIRQUE DU SOLEIL® тобына басқа да әртістер келіп, қатарымыз толықты. Қазір біздің ұжымда 50 елден 4 000-ға жуық адам қыз мет етеді. 1 300 әртісіміз бар. Осы кезге дейін бірнеше рет жер жүзін айналып, 60 елде өнер көрсеттік. 400 қалада болдық. Біздің көрермендеріміз саны 160 миллионға жетті, – дейді «Reflekt» шоуының режиссері Фернан Рейнвиль.

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Облыстық туризм және сыр т-қы байланыстар бас қар ма сының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, осы жыл дың алғашқы екі айында облыс тұрғындары 16 мыңға жуық билет сатып алған. Оның 9 240-ы пошта арқылы, 6 747-сі Интернет арқылы сау да-лан ған.

–Бұл көрсеткіш бойынша об лысымыз республикада көш бас тап тұр. Көрме билеттері «Қаз поштаның» облыстағы 67 бөлімшесінде және интернет арқылы саудалануда. Жуық арада Өскемендегі «Император» сауда үйінде ЭКСПО-ның ресми би лет кассасы ашылады, – дейді бас-қарма басшысы.

Жақында Өскеменде ЭКСПО көрмесінің жайын талқылаған жиында өңір басшысы Даниал Ахметов жергілікті құзырлы ор гандарға елордаға маңызды ша раны тамашалауға баратын

облыс тұрғындарына жайлы жағдай жасауды тапсырды.

– Бұл мәселеге ерекше кө-ңіл бөлген жөн. Мәселен, ау-дан дардан Астанаға баратын адам дардың жол маршрутын ой ластырып, жоспар жасау қа-жет. Елордаға барып, қонақ үй-лермен келісім жасаңыздар. Біз үшін оны ешкім істемейді. Ең бастысы, көрмеге баратын об лыс тұрғындарына қалыпты жағ дай жасалып, қауіпсіздігі қам тамасыз етілуі керек, – деді о б лыс әкімі.

Облыстық ішкі саясат бас-қар масының басшысы Ержан Сембиновтың айтуынша, өңір де көрмені ақпараттандыру ба ғы-тында бірқатар шаралар қолға алынған. Арнайы медиа-жос-пар әзірленген. Қазіргі уақытта өскемендік студенттерден 138 ерікті жасақталып, Астанада өте-тін көрме кезінде шетелдік қо-нақтарға қызмет көрсетуге әзір-леніп жатқан көрінеді.

ӨСКЕМЕН

Page 6: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

6 15 наурыз 2017 жылРЕСМИ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына консти­туциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгі зілсін:

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау тура-лы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Респуб-ликасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17­18, 114­құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192­құжат; 1998 ж., № 7­8, 71­құжат; № 22, 290­құжат; 1999 ж., №10, 340­құжат; № 15, 593­құжат; 2004 ж., № 7, 45­құжат; 2005 ж., № 7­8, 17­құжат; 2006 ж., № 23, 138­құжат; 2007 ж., № 12, 85­құжат; 2009 ж., № 2­3, 5­құжат; 2010 ж., № 11, 55­құжат; 2011 ж., № 3, 30­құжат; 2013 ж., №17, 84­құжат; 2014 ж., № 16, 89­құжат; 2015 ж., № 14, 75­құжат; № 22­III, 150­құжат):

133­бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толық тырылсын:

«2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:1) 59­бапта:2­тармақтың екінші, үшінші және төртінші

бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге

дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгі­ленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету сала­сында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемле кеттік органы белгi­леген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi ту­ралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) деклара­циялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiмет тердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбы ның (жұбайы­ның) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» де­ген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктердің;

5­тармақтың 4­2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4­2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6­тармақтың 3­2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3­2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

7­тармақтың 3­1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3­1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жем­қор лыққа қарсы іс­қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

2) 73­бапта:2­тармақтың екінші, үшінші және төртінші

бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге

дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгі­ленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да мін­детті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Респуб­ликасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәр тіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы дек ларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) деклара­циялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұба­йы ның) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөлік тердің;

4­тармақтың 4­2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4­2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тар мақшаның;

5­тармақтың 3­2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3­2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6­тармақтың 3­1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3­1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс­қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

3) 89­бапта:2­тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге

дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгі­ленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да мін­детті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Респуб лика­сының уәкілетті мемлекеттік органы белгі леген тәр­тіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декла­рациялар ұсынады.

Саяси партия ұсынған кандидат пен оның за­йыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.

Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблея сының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынуға міндетті.» деген редак­цияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;

3­тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

5­тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезең де мынадай:

«4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсын ған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының)

кіріс тері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6­тармақтың 5) тармақшасы бірінші бөлігінің ал­тыншы абзацы және 6) тармақ шасы бірінші бөлігінің жетінші абзацы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс­қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;»;

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс­қимыл туралы заңнамасына сәйкес, дек­ларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайы­бы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі тура­лы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың;

4) 104­бапта:1­1­тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «1­1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге

дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгі­ленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнi­не салықтардың және бюджетке төленетін басқа да мін детті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету сала сын­да басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Респуб­ликасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiле ген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларация­лаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайы­ның) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» де­ген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тар­мақтың;

2­тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған ке­зең де мынадай:

«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

3­тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған ке­зең де мынадай:

«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6­тармақтың 3­1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3­1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анық еместiгі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоя­ды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

5) 118­бапта:1­1­тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «1­1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тір­

кеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні не салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласын­да басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Респуб­ликасының уәкілетті мемлекеттік органы белгі леген тәр тіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы дек ларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) деклара­циялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайы­ның) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күн нен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» де­ген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тар­мақтың;

2­тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезең де мынадай:

«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы бол ған жағдайда жүргізіледі.» деген редакцияда қолда­нылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

3­тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған ке­зең де мынадай:

«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы бол­ған жағдайда жүзеге асырылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6­тармақтың 3­1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3­1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс­қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы тоқтатыла тұрсын.».

2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жыл-ғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Респуб лика сы ның Конституциялық заңына (Қазақстан Респуб ликасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410­құжат; 2006 ж., № 23, 136­құжат; 2008 ж., № 20, 77­құжат; 2010 ж., № 24, 147­құжат; 2012 ж., № 5, 38­құжат; 2014 ж., № 16, 89­құжат; № 21, 119­құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76­құжаттар; № 24, 174­құжат):

1) 31­баптың 8­тармағы мынадай редакцияда жа­зылсын:

«8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы соттың судьялары, сондай­ақ осы Конституциялық заңның 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда басқа сотқа ауыстырылған кезде судья өздерінің келiсуiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылуы мүмкiн.»;

2) 34­баптың тақырыбы, 1­тармағының 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«34­бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төр­ағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату»;

«9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйым­дастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайты­луы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауа­зымына орналасуға келісім бермесе, сондай­ақ осы Конституциялық заңның 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;

10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйым­дастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе, сондай­ақ осы Конституциялық заңның 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;»;

3) 35­баптың 2­2­тармағының бірінші бөлігі мына­дай редакцияда жазылсын:

«2­2. Оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығар­машылық қызметпен айналысуға байланысты лауа­зымды қоспағанда, отставкадағы судья Қазақстан Рес­публикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақ­стан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатынан ақы

төленетін лауазымға орналасқан жағдайда, оған өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тоқтатыла тұрады.»;

4) 44­бапта:1­тармақта:4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру ту­

ралы;»;екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«Сот жюриінің біліктілік комиссия сының осы

баптың 1­тармағының 2) – 3) тармақшаларында көзделген шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»;

2­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби

қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша судьяны кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауа­зымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсыным енгізуі үшін негіз болып табылады.

Сот жюриінің біліктілік комиссиясының кәсіби қызметті мерзімді бағалаудың нәтижелері бойынша су­дьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне – судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы ұсыным, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын қызметінен босату туралы ұсыным енгізуі үшін негіз болып табылады.»;

5) 57­бап мынадай мазмұндағы 3­тармақпен толықтырылсын:

«3. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».

3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 24, 175­құжат):

1) 1­бап мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақ­шалармен толықтырылсын:

«8) Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімі – Орталықтың құрылған және қызметін тоқтатқан органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;

9) сәйкестендіру нөмірі – Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.»;

2) 3­бапта:1­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1. Заңды тұлғаларға қойылатын талаптар және

оларды Орталықтың қатысушылары ретінде аккредиттеу тәртібі, олардың Орталықтың аумағында жүзеге асыруға жол берілетін қызметінің түрлері, лицензиялау тәртібі және Орталықтың қатысушыларына қойылатын та­лап тар, сондай­ақ Орталықтың аумағында заң ды тұл­ғаларды құру және тіркеу тәртібі, олар дың ұйым дық­құқықтық нысандары Орталықтың ак тіле рінде айқын­далады.»;

мынадай мазмұндағы 1­1 және 1­2­тармақтармен толықтырылсын:

«1­1. Орталықтың органдары, олардың ұйым­дары және Орталықтың қатысушылары үшін қалып­тастырылатын сәйкестендіру нөмірлері Қазақ стан Республикасының заңнамасына сәйкес қалып тасты­рылатын сәйкестендіру нөмірлерімен тең танылады және қолданылады.

1­2. Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін, Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін сәйкестендіру нөмірлерін қалып­тастыру тәртібін Орталықты Басқарушы айқындайды.»;

3) 4­баптың 2­тармағы мынадай редакцияда жа­зылсын:

«Орталықтың актілерін әзірлеу, уәкілетті орган­дармен келісу, тіркеу, қолданысқа енгізу, жариялау, өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай­ақ олардың қолданылуын тоқтату тәртібі Орталықтың актілерінде айқындалады.»;

4) 5­баптың 3 және 5­тармақтары мынадай редак­цияда жазылсын:

«3. Орталықтың аумағында қаржылық және кәсіби қызметтерді көрсетуге байланысты валюталық опе­рацияларды жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Орталықтың актілерінде белгіленеді.»;

«5. Орталықтың актілерінде Орталықтың қатысу­шыларына жүргізілетін операциялар туралы мәліметтер ұсыну бойынша қойылатын талаптар, сондай­ақ Орталықтың органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы ақпараттық өзара іс­қимыл жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгіленеді.»;

5) 6­бапта:2­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Орталықтың органдары мен олардың ұйымдары

Орталықтың актілерінде айқындалған шарттарды сақтаған кезде корпоративтік табыс салығын төлеуден 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылады.»;

3­тармақтың 5) тармақшасындағы «Орталықты басқару жөніндегі кеңестің қаулысында» деген сөздер «Орталықтың актілерінде» деген сөздермен ауысты­рылсын;

5­тармақтағы «Орталықты басқару жөніндегі кеңес­тің» деген сөздер «Орталықтың» деген сөзбен ауысты­рылсын;

6) 11­бапта:1­тармақ «Орталық органдарының» деген сөздерден

кейін «, олардың ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

2­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республика­

сының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай­ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.»;

мынадай мазмұндағы 2­1­тармақпен толықты рылсын:«2­1. Осы баптың 2­тармағына сәйкес бюджеттен

Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органда­ры мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдала­нылады.»;

7) 12­бапта:2­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Комитеттің Қазақстан Республикасының бюд­

жет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай­ақ Орта­лықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлем­дерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.»;

мынадай мазмұндағы 2­1­тармақпен толықты рыл­сын:

«2­1. Осы баптың 2­тармағына сәйкес Орталықтың әкімшілігі арқылы Комитет алған нысаналы аударым Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және қаржы­ландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.»;

3­тармақтың 1), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Орталықтың органдары актілерінің жобаларын әзір­лейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабыл­дау үшін Орталықтың тиісті актілерін қабылдауға жау­апты органға ұсынады;»;

«3) Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредит­теуді және лицензиялауды жүзеге асырады;»;

«5) Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты ша­ралар қабылдайды;».

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз№ 52­VI ҚРЗ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93­құжат; 2009 ж., № 23, 112­құжат; № 24, 129­құжат; 2010 ж., № 5, 23­құжат; № 7, 29, 32­құжаттар; № 15, 71­құжат; № 24, 146, 149, 150­құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25­құжаттар; № 4, 37­құжат; № 6, 50­құжат; № 7, 54­құжат; № 11, 102­құжат; № 13, 115­құжат; № 15, 125­құжат; № 16, 129­құжат; № 20, 151­құжат; № 24, 196­құжат; 2012 ж., № 1, 5­құжат; № 2, 16­құжат; № 3, 21­құжат; № 4, 30, 32­құжаттар; № 5, 36, 41­құжаттар; № 8, 64­құжат; № 13, 91­құжат; № 14, 94­құжат; № 18­19, 119­құжат; № 23­24, 125­құжат; 2013 ж., № 2, 13­құжат; № 5­6, 30­құжат; № 8, 50­құжат; № 9, 51­құжат; № 10­11, 56­құжат; № 13, 63­құжат; № 14, 72­құжат; № 15, 81, 82­құжаттар; № 16, 83­құжат; № 20, 113­құжат; № 21­22, 114­құжат; 2014 ж., № 1, 6­құжат; № 2, 10, 12­құжаттар; № 4­5, 24­құжат; № 7, 37­құжат; № 8, 44­құжат; № 11, 63, 69­құжаттар; № 12, 82­құжат; № 14, 84, 86­құжаттар; № 16, 90­құжат; № 19­І, 19­ІІ, 96­құжат; № 21, 122­құжат; № 22, 128, 131­құжаттар; № 23, 143­құжат; 2015 ж., № 2, 3­құжат; № 11, 57­құжат; № 14, 72­құжат; № 15, 78­құжат; № 19­I, 100­құжат; № 19­II, 106­құжат; № 20­IV, 113­құжат; № 20­VII, 117­құжат; № 21­I, 121, 124­құжаттар; № 21­II, 130, 132­құжаттар; № 22­I, 140, 143­құжаттар; № 22­II, 144­құжат; № 22­V, 156­құжат; № 22­VI, 159­құжат; № 23­II, 172­құжат; 2016 ж., № 7­II, 53­құжат; № 8­I, 62­құжат; № 12, 87­құжат; № 22, 116­құжат; № 23, 119­ құжат; № 24, 126­құжат; 2017 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 39­2­бапта:1­тармақ 3) тармақшасындағы «ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз

төлемдер нысаналы аударым болып табылады.» деген сөздер «ұйымға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана, оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай­ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.»;

4­тармақтың екінші бөлігіндегі «бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін дербес кластерлік қор» деген сөздер «, дербес кластерлік қор, сондай­ақ халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай­ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін» деген сөздермен ауысты­рылсын;

2) 67­баптың 12­1­тармағының үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республи­касының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дербес кластерлік қордың, ұйымдардың» деген сөздер «дербес кластерлік қордың, Қазақстан Респуб­ликасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай­ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3­4, 23­құжат; № 12, 88­құжат; № 15­16, 100­құжат; № 23, 141­құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184­құжат; № 11­12, 262­құжат; № 19, 370­құжат; 1997 ж., № 13­14, 205­құжат; № 22, 333­құжат; 1998 ж., № 11­12, 176­құжат; 1999 ж., № 20, 727­құжат; 2000 ж., № 3­4, 66­құжат; № 22, 408­құжат; 2001 ж., № 8, 52­құжат; № 10, 123­құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139­құжаттар; 2004 ж., № 11­12, 66­құжат; № 16, 91­құжат; № 23, 142­құжат; 2005 ж., № 14, 55­құжат; № 23, 104­құжат; 2006 ж., № 4, 24­құжат; № 13, 86­құжат; 2007 ж., № 2, 18­құжат; № 3, 20­құжат; № 4, 33­құжат; 2009 ж., № 8, 44­құжат; № 13­14, 63­құжат; № 17, 81­құжат; № 19, 88­құжат; 2010 ж., № 5, 23­құжат; 2011 ж., № 1, 2­құжат; № 5, 43­құжат; № 11, 102­құжат; № 13, 116­құжат; № 24, 196­құжат; 2012 ж., № 1, 6­құжат; № 2, 14­құжат; № 13, 91­құжат; № 20, 121­құжат; 2013 ж., № 10­11, 56­құжат; 2014 ж., № 10, 52­құжат; № 11, 61­құжат; № 14, 84­құжат; № 16, 90­құжат; № 23, 143­құжат; 2015 ж., № 8, 45­құжат; № 22­II, 148­құжат; № 22­VI, 159­құжат; 2016 ж., № 1, 4­құжат; № 6, 45­құжат; № 12, 87­құжат):

1) 8­баптың 37­1) тармақшасы алып тасталсын;2) 15­баптың екінші бөлігінің 87) тармақшасы алып тасталсын.3. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015

жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23­II, 173­құжат; 2016 ж., № 7­I, 50­құжат):

1) 3­баптың 1­тармағының 5) тармақшасында:екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жа­

зылсын:«сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны

азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай­ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысу­дан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бер­месе, сондай­ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай­ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда

Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тарт­са, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;

өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқала­рының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай­ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44­бабы 1­тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, олар­ды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;»;

жетінші абзац алып тасталсын;2) 17­бапта:2­тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Тиісті облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қоры­

тындысы ұсынымдық сипатта болады және оны кандидат Кеңеске ұсынады.»;3­тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы ұсынымдық сипатта

болады және оны кандидат Кеңеске ұсынады.»;4­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«4. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қаты су­

шылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс­қимыл жөніндегі кеңес тің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

Облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс­қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.

Егер облыстық сот судьясының лауазымына қонкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін не­месе тұратын жағдайда, облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.

Соттармен өзара іс­қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс­қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. Соттармен өзара іс­қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық си­патта болады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз№ 53­VI ҚРЗ

ҚазаҚстан Республикасының конституциялыҚ заңы

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚазаҚстан Республикасының заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан

Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің және «Астана» халықаралық

қаржы орталығының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Page 7: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

15 наурыз 2017 жыл 7

Қазақстан Республикасы Консти­туциялық Кеңесі, Төрағаның міндетін атқарушы А.М.Нұрмағамбетов, Кеңес мүшелері Н.В.Белоруков, А.Қ.Дауылбаев, В.А.Малиновский, Ү.М.Стамқұлов, У.Шапак қатысқан құрамда, мыналардың:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б.Бекетаевтың,

Қазақстан Республикасының Дін ісӨтері және азаматтық қоғам министрі Н.Б.Ермекбаевтың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты ның өкілі – Қазақстан Респуб лика­сы Парламенті Сенатының Конститу­ция л ық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.Б.Ақылбайдың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қазақстан Республика­сы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот­құқықтық реформа комитетінің төрағасы Н.М.Әбдіровтің,

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі – Қазақстан Республи­касы Президенті Әкімшілігінің Мемле­кет тік­құ қық бөлімінің меңгерушісі Ә.Ғ.Рақыше ваның,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөнін­дегі сот алқасының төрағасы Е.Н.Әб ді­қадыровтың,

Қазақстан Республикасы Бас прокура­тура сының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д.Меркельдің,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіп сіз дік комитетінің өкілі – Қазақстан Рес пуб ли ка сы Ұлттық қауіпсіздік коми теті Төр аға сының орынбасары М.Ө.Қалқабаевтың,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми нистр лігінің өкілі – Қазақстан Респуб­ли касы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ.Демеуовтің,

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б.Тілеубердінің,

Қазақстан Республикасындағы Адам құ қықтары жөніндегі уәкіл А.О.Шәкіров­тің қатысуымен,

өзінің ашық отырысында Қазақ­стан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республи­ка сының Конституциясына өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес пуб ликасының Заңын Қазақстан Рес­пуб ликасының Конституциясына сәйкес­тігіне тексеру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы – Конституциялық Кеңестің мүшесі В.А.Малиновскийдің хабар лауын, отырысқа қатысушылардың, сарап шылар – заң ғылымдарының док­торы, Еуразия ұлттық универ си теті заң ф акуль тетінің мемлекет және құ қық тео­рия сы мен тарихы, конс ти туция лық құ­қық кафедрасының про фес соры Ж.Д.Бұ­сыр манов тың және заң ғылым дарының докторы, Еуразия ұлттық универ си теті заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры Е.М.Абай­діл диновтің, «Діндерді зерттеу орта­лық тарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің директоры, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының мүшесі Ю.О.Денисенконың сөйлеген сөз дерін тыңдап, сарапшылар: заң ғылымдары­ның докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия лық заң академиясының профес­соры Е.Е.Дүйсеновтің; Қазақ стан Рес пуб­ли касы Ұлттық ғылым академия сы ның академигі, заң ғылымдарының док торы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педа го­гикалық университеті Сорбонна­Қазақстан институтының профессоры С.Н.Сәбі­кеновтің; заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сорбонна­Қазақстан институтының халықара­лық құқық кафедрасының меңгерушісі А.Ә.Сәбитованың қорытындыларын зер­де леп; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің, Әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанын­дағы Мемлекет және құқық институты­ның (сарапшылар: институт директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Сәлімгерей; жетекші ғылыми қыз­меткер, заң ғылымдарының кандидаты М.Б.Құдайбергенов; аға ғылыми қыз­мет кер С.А.Шапинова), «Университет КАЗГЮУ» Акционерлік қоғамының (мына құрамдағы сарапшылар тобы: Басқарма төрағасының орынбасары – С. Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының директоры М.М.Дәуленов және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Е.Д.Оралова), «Заңгерлер әділ сайлау үшін» Респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің (сарап­шылар: заң ғылымдарының док торы, про фессор Қ.К.Айтхожин және заң ғы ­лым дарының докторы, профессор Г.А.Әлі­баева), пікірлерімен, сондай­ақ конс ти­туция лық іс жүргізудің өзге де мате риал­дары мен танысып, жекелеген шет ел дердің заң на масы мен практикасын талдап, Қазақс тан Республикасы Конституциялық Кеңесі

анықтады:«Қазақстан Республикасының Конс­

ти ту циясына өзгерістер мен толық тыру­лар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңын 2017 жылғы 6 нау рызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, сол күні Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.

Қазақстан Республикасы Конститу­цияс ының 72­бабы 1­тармағының 2­тар­мақ шасына және «Қазақстан Респуб­ликасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конс­ти туциялық заңының 17­бабы 2­тарма­ғының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті бұл Заңды Республика Конституциясына, оның ішінде Конституцияда белгіленген құн­дылық тарға және Республика қызме тінің түбегейлі принциптеріне, оны бас қа­ру нысанына сәйкестігіне тексеру үшін Қазақстан Республикасының Конститу­ция лық Кеңесіне жолдады.

«Қазақстан Республикасының Консти­ту циясына өзгерістер мен толық ты ру лар енгізу туралы» Қазақстан Респуб ликасы Заңының (бұдан әрі – Заң) конс тит у ция­лығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

1. Заңмен Конституцияға енгізіл ген өзгерістер мен толықтырулардың бір­қатары оның қолданыстағы құқық жүйе­сіндегі үстемдігін және еліміздің бүкіл аумағында сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге, мемлекетті басқаруды жетілдіруге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, олардың өз конституциялық міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұлттық құқық пен халықаралық акті­лердің өзара іс­қимылында жинақтал­ған тәжірибені ескере отырып Заңның 1­бабы ның 2­тармағымен Конституция­ның 4­бабы 3­тармағының редакциясы өзгер тілген: «Республика бекіткен

халық аралық шарттардың Республика заң дарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халық­аралық шарттардың Қазақстан Респуб­лика сының аумағында қолданылу тәрті бі мен талаптары Республиканың заңна­масында айқындалады». Заңның 1­бабы­ның 1­тармағымен Конституцияның 2­бабы «Астана қаласының шегінде конс ти ту циялық заңға сәйкес қаржы сала сын да ерекше құқықтық режим белгі ле нуі мүмкін» деген 3­1­тармақпен толықтырылған.

Заңның 1­бабының 3­тармағымен Конс титу цияның 10­бабы 2­тармағының жаңа редакциясы енгізілген: «Республи­каның азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай­ақ оны Қазақстаннан тыс жерлер­ге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай­ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі», соған байланысты Конституцияның 39­бабының 3­тармағында 10­баптың аталуы алып тасталды.

Қазақстан халқы бірлігінің конститу­циялық кепілдіктерін күшейту мақсатында Заңның 1­бабының 4­тармағымен Конс­титуцияның 39­бабының 2­тармағына өзгеріс енгізілген, оған сай ұлтаралық татулықты ғана емес, конфессияаралық татулықты да бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

Республика Президентіне, Заңның 1­бабы 6­тармағының 3) тармақшасына сай, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтас­ты ғын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқық тық актіні Конституцияға сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдауға өкілеттік беріледі (Конституцияның 44­бабының 10­1) тармақшасы және 72­бабының 2­тармағы).

Заңның 1­бабы 25­тармағының 2) тармақшасымен Конституцияның 91­бабы мынадай 3­тармақпен толықтырылған: «Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2­тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конс­титуциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референ­думға немесе Республика Парламенті­нің қарауына шығарылады». Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысы өтініш субъекті болып табылады (Консти туция­ның 44­бабының 10­1) тармақшасы).

Республика Президентінің Консти­туциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдіру құқығы қарастырылған Консти­туцияның 73­бабының 4­тармағы Заңның 1­бабының 18­тармағымен алып тасталған.

Заңмен (1­баптың 25­тармағының 1) тармақшасы) айрықша қорғалатын конституциялық құндылықтар тізбесі кеңейтілген: «Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай­ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қыз­меті нің түбегейлі принциптері және Қазақ­стан Республикасының Тұң ғыш Президенті – Елбасының мәрте бесі өзгермейді» (Конституцияның 91­бабы ның 2­тармағы). Сол арқылы, өзінің конституциялық мәртебесі мен жеке қасиеттері арқасында егемен Қазақстанның, оның ішінде Негізгі Заңның конституциялық құндылықтары және Республика қызметінің түбегейлі принциптері қалыптасуы мен дамуына шешуші үлес қосқан; Қазақстанның бірлігі, Конституциясы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуын қамтамасыз еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Негізін салушы ретіндегі тарихи миссиясы конституциялық жолмен расталады.

2. Заңмен Парламент пен Үкімет­тің рөлін, дербестігін және жауапкер­шілігін күшейту, мемлекеттік биліктің біртұтастығы және бөлінгендігі принципін ескере отырып, жекелеген өкілеттіктерді Президенттің, Парламенттің және Үкімет­тің арасында қайта бөлу арқылы пре­зиденттік басқару нысанын демократиялық жаңғырту жүзеге асырылды.

Конституцияның 49­бабының 1­тар­мағына сәйкес (Заңның 1­бабы 8­тарма­ғының редакциясында) Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы». Мемлекет басшысы өзінің заңдар, заң күші бар жарлықтар шығару жөніндегі; Парла­мент оларды өзіне берген жағдайда заң шығару өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі, сондай­ақ Үкіметке заң жо­басын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсыру жөніндегі өкілеттіктерінен (Конституцияның 45­бабының 2­тармағы, 61­бабының 2­тармағы, Конституцияның 44­бабының 3) тармақшасы) бас тар­туынан келіп Парламенттің мақсатын бұлай маңызды нақтылау туындайды (Заңның 1­бабының 7 және 9­тармақтары). Сонымен бірге, Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы сақталады, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi (Конституцияның 61­бабының 2­тармағы Заңның 1­бабы 12­тармағының редакциясында).

Конституцияның 55­бабын 1­1) тар­мақшамен толықтыруға сай Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қыз­метінен босату Сенаттың ерекше қарауына жатқызылған (Заңның 1­бабының 10­тармағы). Бұл институт, осылайша, конституциялық деңгейге көтеріледі. Сол арқылы мемлекеттің құқық қорғау мүмкіншіліктері күшейе түседі.

Заңның 1­бабы 6­тармағының 1) тармақшасымен Парламент Мәжілісінің Үкіметті жасақтаудағы рөлі көтеріледі. Үкіметті жасақтаудың жаңа тәртібі құрылды: Премьер­Министр Парламент Мәжі лісімен консультациялардан кейін Мемлекет басшысына Үкімет мүше лерінің кандидатуралары туралы ұсыныс енгізеді. Президент қызметке дербес тағайын­дап, қызметтен босататын сырт қы істер, қорғаныс және ішкі істер министр лері лауазымдары үшін өзгешелік көз дел ген (Конституцияның 44­бабы 3) тармақ­шасының жаңа редакциясы).

Үкіметтің жаңадан сайланған Парла­мент Мәжілісінің алдында өз өкілет тігін доғаруын белгілейтін Заңның 1­бабы 16­тармағының нормасы өте маңызды жаңалық болып табылады (Консти туция­ның 70­бабының 1­тармағына өзгеріс), Үкімет Мәжілісте өкілдігі бар саяси пар­тиялардың белсенді түрде қатысуымен құралатын жағдайда бұл әбден қисынды.

Үкіметтің Парламент пен оның Палаталарына есеп беруі және бақы­лауында болуы механизмдерін күшейту мемлекеттік билік тармақтары қызметінің жауапкершілігі мен тиімділігін арттыруға қызмет етеді.

Осы мақсатта, Заңның 1­бабы ның 13­тармағына сай Конституцияның 64­бабының 2­тармағында Үкімет өзінің қызметінде Республика Президентінің де, Парламенттің де алдында жауапты деп белгіленеді; Заңның 1­бабының 15­тармағымен енгізілген Конституцияның 67­бабы 4) тармақшасының редакция­сына сәйкес Премьер­Министрге Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнін де және оның аса маңызды барлық шешім­дері жөнінде Президентке ғана емес, Парламентке де баяндап отыру міндеті жүктелген; Парламент Палаталарына Үкімет мүшесінің есебін тыңдау қоры­тын дысы бойынша Үкімет мүшесі Рес­пуб лика заңдарын орындамаған жағ дайда Палата депутаттары жалпы саны ның кемінде үштен екі көпшілік даусы мен оны қызметінен босату туралы Рес пуб­лика Президентіне өтініш жасау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда Мемле кет басшысы Үкімет мүшесін қызметі нен босатады (Заңның 1­бабының 11­тар­мағымен Конституцияның 57­бабының 6) тармақшасына енгізілген өзгерістер).

Үкіметтің дербестігі сондай­ақ Мем­лекет басшысының Үкімет пен Премьер­Министр актілерінің күшін жою не қол данылуын тоқтата тұру құқы ғын Заң ның 1­бабы 6­тармағының 1) тармақ­шасымен алып тастау есебінен, сондай­ақ Президенттің Үкімет қарауына беретін өзге де өкілеттіктері есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық ету құқығы (Конституцияның 44­бабының 3) тармақ­шасы) сақталады, бірақ «қажеттігіне қарай» деген ескертпемен (Заңның 1­бабы 6­тармағының 1) тармақшасы).

3. Бірқатар өзгерістер Мемлекет басшысының конституциялық мәртебесі мен өкілеттіктеріне енгізілген.

Заңның 1­бабының 5­тармағымен Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары кеңей тіл­ген (Конституцияның 41­бабының 2­тар­мағы). Заңның 1­бабы 6­тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республика Прези­дентінен Үкіметке мынадай өкілет тік­тер берілген: мемлекеттік бағ дар лам а­ларды және мемлекеттік бюд жет есебі­нен қамтылатын барлық орган дар үшін қар жы ландырудың және қызмет кер­лер дің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту, оларды Үкімет Республика Президентiнің келісімімен іске асыратын болады (Конституцияның 44­бабының 8) және 9) тармақшаларына және 66­бабына тиісті түзетулер). Республика Президентіне өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызме­тін жасақтау құқығы берілген (Консти­туцияның 44­бабының 18) тармақшасы.

Заңның 1­бабының 24­тармағымен Парламентке облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері­нен тыс, өзге әкімшілік­аумақтық бөлініс­тердің әкімдерін қызметке тағайындаудың немесе сайлаудың, сондай­ақ қызметінен босатудың тәртібін заңда айқындау өкілеттігі берілген (Конституцияның 87­бабының 4­тармағы). Бұл тәртіп енді Президент актісімен емес, заңмен айқындалады. Заңның 1­бабы 23­тарма­ғының редакциясындағы Конституцияның 86­бабының 5­тармағында мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті Премьер­Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, деп белгіленген.

Бұл орайда Республика Президентінің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлға­сы; халық пен мемлекеттік билік бір лігі­нің, Конституцияның мызғымас тығы­ның, адам және азамат құқықтары мен бос тан дықтарының нышаны әрі кепілі; мем лекеттік биліктің барлық тар ма ғы­ның келісіп жұмыс істеуін және өкі мет орган дарының халық алдын дағы жауап­ке р шілігін қамтамасыз ететін Мемле­кет басшысы ретіндегі функция лары сақталады (Конституцияның 40­бабы).

4. Заңмен (1­баптың 20­22­тармақтары) сот жүйесі мен прокуратураның консти­туциялық негіздерін нақтылау көзделген.

Негізгі Заңның 81­бабында Жоғар­ғы Соттың жергілікті және басқа да соттар дың қызметін қадағалауды жүзеге а сыру жөніндегі функциясының орн ына, Жоғарғы Сот заңда көзделген жағдай­ларда өзінің соттылығына жататын сот іс терін қарайды, деп айқындалған. Консти­туцияның 79­бабының 3­тармағында Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады, деп белгіленеді.

Конституцияның 83­бабының 1­тар мағында «Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады», деп бекітіледі.

5. Конституциялық Кеңестің пікірін­ше, Қазақстан Конституциясында жал пы­ә лемдік және соларға негізделген қазақ­стандық конституциялық құнды лық тар­дың салиқалы теңгерімі орнатыл ған. Өз жиынтығында олар өзін демокра тиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу меттік мем­лекет ретінде орнықтыратын, оның ең қымбат қазынасы – адам және адам ның өмірі, құқықтары мен бостандық тары бо лып табылатын Қазақстан Респуб­лика сын ың стратегиялық мүдделерін айқындайды.

Конституциялық құндылықтар конс­титуциялық құрылыстың тұғыры ретінде Конституцияның Кіріспесінде, «Жал­пы ережелер» деп аталатын 1 бөлі мінде және Негізгі Заңның кейінгі бап тарында бекітілген.

Конституцияның 1­бабының 2­тарма­ғына сай: «Республика қызметінің түбегей­лі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақ­стандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демо кратиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Конституция құнды­лықтарының және Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптерінің іргесін қалады. Олар адам және азамат, қоғам және мемлекет үшін аса маңызға ие, мызғымас тұрақтылығымен сипаттала­ды, Негізгі Заңның бұдан кейінгі барлық нормаларының және құқық қолдану практикасының мазмұнын айқындайды.

Конституциялық Кеңестің пайым­дауынша, Қазақстанның тәуелсіз, қуатты және дамыған азаматтық қоғамы бар табысты мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының бүкіл жаңа тарихы – бұл Қазақстан Республикасының қазір гі заманғы конституциялық құнды лық­тарын, оның қызметінің түбегейлі прин­циптерін орнықтыру және оларды ізінше іске асыру.

Заңмен Конституцияға енгізілген өзгеріс тер мен толықтырулар Респуб­ликаның конституциялық құндылықтарын және қызметінің түбегейлі принциптерін жаңа мазмұнмен толықтыра түседі. Конституциямен белгіленген мемлекеттің тәуелсіздігін және Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгертуге жол беріл мейтіні енгізілді. Конституцияға түзету лерді республикалық референдум­ға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарудан бұрын, олар бойын­ша Конституциялық Кеңестің қоры­тын дысын міндетті түрде алу қарас­тырыл ды. Ел Президентіне күшіне енген заңға немесе өзге де құқықтық актіге қатысты Конституциялық Кеңеске өті­ніш жолдау құқығын беру, сондай­ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл инсти­тутына конституциялық мәртебе беру, сот жүйесі мен прокуратураны одан әрі жетілдіру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуының деңгейі арта түседі. Конфессияаралық татулық пен өзара түсіністікті бұзатын кез келген әрекеттің конституциялық емес деп танылуы ар­қылы қоғамдық келісім мен саяси тұрақ­тылық қосымша кепілдікке ие болды. Заң шығарушы билік тармағының рөлін көтеру мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Парламентте дауыс беру ар­қылы шешу принципін нығайтуға сеп тігін тигізеді. Үкіметтің үстінен пар ла мент тік бақылауды, сондай­ақ конс титуция лық ба­қы лау институтын күшейту – демо кратия­лық және құқықтық мемлекет дамуының міндетті тренді, Республиканың құқық үстемдігі идеясын ұстануының айғағы.

Билік тармақтары арасында өкілеттік­терді қайта бөлу, Конституциялық Кеңес­тің пікірінше, президенттік басқару нысанының негіздеріне: Республика Президентінің мандатты бүкілхалықтық төте сайлау барысында тікелей Қазақстан халқынан алуына; халық атынан билік жүргізу және елдегі жағдай, Республика­ның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулар арнау құқығына; мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Респуб­ликаның ең жоғары лауазымды тұлғасы және мемлекеттік биліктің барлық тар­мағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін жоғарғы арбитр ретінде Президенттің мәртебесіне; Мемлекет басшысының Үкіметке қатысты өкілеттіктеріне, оның ішінде Үкіметті жасақтау, оның құрылымы мен құрамын айқындау, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау және қызметінен босату, өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату немесе оның кез келген мүшесін қызметінен босату туралы шешім қабылдау мүмкіндігін қоса отырып, Үкіметті бақылау жөніндегі өкілеттігіне; сондай­ақ мемлекеттің сыртқы саясатын іске асыруға, қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздігін, елдегі заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындаудағы шешуші рөліне нұқсан келтірмейді.

Жергілікті мемлекеттік басқаруда президенттік вертикаль болуы (тиісті әкімшілік­аумақтық бөліністердің әкімдері Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылады), Президенттің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін тиісті мәслихаттың келісімімен тағайындауының қазіргі тәртібі өзгермеуі де президенттік басқару нысаны сақталғанын айғақтайды.

Қазақстан Республикасы Президенті­нің – Елбасының бастамасымен іске асы­рылып отырған конституциялық рефор ма еліміздің тарихи эволюциясының логика­сына сай келеді және одан әрі демократия орнығуын, президенттік басқару нысаны өзгер мей, Парламент пен Үкіметтің жауап­кершілігі арта түсуін қамтамасыз етеді.

Баяндалғанды ескере отырып, Конс ти­туциялық Кеңес Конституцияның 91­бабы­ның 2­тармағында бекітілген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын Заң бұзбайды деп есептейді.

Кең жұртшылықтың қатысуымен заң жобасын дайындауды және кейін нен «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтыру лар енгізу туралы» Қазақстан Республи касы­ның Заңын қабылдауды Парламент Қазақ­стан Республикасының Конституциясына, ондағы баянды етілген құндылықтарға және Республика қызметінің түбегейлі принциптеріне сәйкес іске асырған.

Баяндалғанның негізінде, Қазақ­стан Республикасы Конституциясының 72­бабы 1­тармағының 2­тармағын, «Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық Кеңесі туралы» 1995 жыл­ғы 29 желтоқ сандағы №2737 Қазақ­стан Республикасы Конс титуция лық заңының 17­бабы 2­тар мағының 1) тармақшасын, 31­33, 37­баптарын, 38­бабының 1­тармағын және 41­бабы 1­тармағының 2) тармақшасын бас­шылыққа алып, Қазақстан Республи касы Конституциялық Кеңесі

қаулы етеді:1. 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан

Республикасының Парламенті қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына ұсынылған «Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына өзге­рістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Консти­туция сына, оның ішінде Қазақстан Респуб­лика сының конституциялық құндылық­тары на, қызметінің түбегейлі принцип­тері не, басқару нысанына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Консти­туциясының 74­бабының 3­тармағына сәйкес нормативтік қаулы оны қабыл­даған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 73­бабының 4­тар мағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.

3. Осы нормативтік қаулы респуб­ликалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Қазақстан Республикасы Конституциялық

Кеңесі Төрағасының міндетін атқарушы

А.НҰРМАҒАМБЕТОВ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 9 наурыз №1 Астана қаласы

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына

сәйкестігіне тексеру туралы

Сырт көз – Сыншы

Батыл, аса маңызды әрі жауапты бастама

Захари ЗАХАРИЕВ, Болгарияның Ресей және ТМД халықтарымен достық федерациясының төрағасы

Қазақстан Респуб лика сы­ның Президенті Н.Назарбае в ­тың Үндеуімен үлкен қызы ғу­шылықпен әрі ықыласпен та ­ныстым. Н.Назарбаев осы Үн­деу арқылы өзінің алысты көз­дейтін көреген әрі дана Мем ­ле кет басшысы екенін ке зек ті мәрте көрсетті деп санаймын.

Ол – жиі құбылып тұратын күрделі жаһандық талаптар мен аймақтық ахуалдарға қатыс ты жылдам әрекет ететін, қарсы тұруға қабілетті басшы. Пре­зи денттің бүгінгі проблемалар­ды адекватты түсіне білуі, оны шешудің барынша оңтайлы жолдарын іздестіруі Мемлекет басшысының жаңашылдық­қа деген үздіксіз ұмтылысын көрсетеді. Сөз жоқ, бұл – ел мен халықтың гүлденуіне жол ашатын қасиет.

Басқару өкілеттіктерін би­лік тармақтары арасында бөлу мәселесімен мұқият әрі нақ ты танысқаннан кейін, мен өзім­нің бірқатар ой­пікіріммен бөлісіп, жеке бағалауымды айт қым келеді. Бірінші кезек­те, Қазақстанның осыған дейін жүріп өткен жолының табысқа толы екендігін, қол жеткізген жетістіктері маған үлкен әсер еткенін атап өткім келеді. Ши­рек ғасыр ішінде бұл ел дамы­ған заманауи мемлекетке ай­налып, дамыған елдер мен халықтардың қатарынан ла­йықты орнын иеленді. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан

– бүгінде зор халықаралық бе­делге ие мемлекет. Жаһандық күрделі әрі өзекті проблема­ларды шешуде аса белсенді, сый­құрметке әрі сұранысқа ие қатысушы және сенімді әріптес ретінде мойындалған ел.

Қазақстан Президенті осы қол жеткізген жетістіктерімен шектеліп қалмақ емес. Осыған дейінгі бағындырған белестер Пре зи дентке ел дамуын одан әрі жалғастыруда жаңа бағыт­тар мен тәсілдерді қарастыруға негіз болып отыр. Мемлекет қай рат кері ретіндегі зор тәжі­рибе, шығармашылық рух пен алыс ты көре білу қасиеті оның ел халқына арнаған Үндеуінде көрініс тапты.

Уақыт жаңа сын­қатер лерді алға тартып, олардың жаңа ше шімдерін талап етуде. Пре­зидент оған қатысты шешім­дерді халыққа ұсынып отыр. Бұл орайда, Н.Назарбаев өзінің мемлекеттік басқаруға қатысты қырық шақты өкілеттігін Үкі­мет пен Парламентке және бас қаларына ұсыну арқылы нақты үлгі көрсетті деп санай­мын. Бұл өзгерістер аталған билік тармақтарының рөлін арттырып, жауапкершілігін күшейтуге ықпал ететіні күмән тудырмайды. Сонымен қатар, экономикалық және қоғамдық­саяси үдерістерді басқаруға демократиялық тұрғыдан келу жолдары кеңейеді.

Қорыта келгенде, мұндай батыл, аса маңызды әрі жауап т ы бас таманың сәтті жүзеге асы­ры луына табыс тілей отырып, Пре зидент Н.Назарбаевтың қа нат тандыратын ұранын еске сал ғым келеді: «Алға, Қазақ­стан!»

Қазақстан достары клубының отырысы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Гаага қаласында Нидерланд Корольдігі Премьер-министрінің кеңесшісі Дэвид ван Вил, Экономика министрлігінің Бас директоры Сандор Гаастра, СІМ Еуропа департаменті директорының міндетін атқарушы Адриаан Палм, «ЭКСПО-2017» Ұлттық комиссары Ханс Дриссер, Нидерланд Сенатының бұрынғы төрағасы Рене ван дер Линден, «Шелл» компаниясының сыртқы байланыстар басшысы Норберт Бот, Делфт университетінің профессо-ры Джэк Диллон және т.б. беделді әлеуметтік-саяси және іскер топтар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан достары клубының» бейресми отырысы өткізілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстанның Нидер­ландтағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысу­шы ларды Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа ты суымен мемлекеттік би лік тар мақ тары арасындағы өкі леттік терді қайта бөлу мәсе лелері жө нінде жасалған жұмыс тың қоры­тындыларынан хабардар етті.

Қазақстан Президентінің бас тамасымен ұсынылған ел Конс титуциясына өзгерістер мен толықтырулар президенттік бас қару жүйесін сақтай оты­рып, мемлекеттік құрылымды жаң ғыр туға, барлық билік тар­мақ тарының халық алдын дағы жауап кершілігін арттыруға, Парла мент пен Үкіметтің рөлін көте руге бағытталғаны атап көрсе тілді. Оған қоса, елші құқық қорғау және сот орган­дары мен конс титуция лық қа­да ғалау жүйе сі қызме тін жетіл­діру бойынша жоспар лан ған іс­әрекеттер туралы мәлімдеді.

Елші Конституциялық ре­фор ма ларды жүзеге асыру Қа­зақ станның тұрақты дамуы ның жаңа институттық негізін құ­раушы 5 институттық реформа аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі эле­менті екендігіне екпін түсір­ді. Оған қоса, кездесуге қаты­сушылар «Қазақстанның Үшін ші жаңғыруы: жаһандық

бәсе кеге қабілеттілік» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ стан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы ынты­мақ тастық мүмкіндіктері бо­йынша пікір алмасты.

Қазақстанның БҰҰ­ға мү­ше лігіне 25 жыл толуына орай елі міздің халықаралық сахна­дағы же тістіктері, жаһан дық қауіп сіз дік пен бітімгер шілік сала ла рындағы Мемлекет бас­шы сының бас тамалары атап өтіл ді. Сирия дағы ахуалды рет теу бойынша келіс сөздер үрді сіне қолайлы да ұтымды алаң ұсына білген Аста наның ерекше үлесіне айрықша назар аударылды.

Қатысушылар Қазақстан­ның же тістіктеріне, сондай­ақ, екі жақ ты ынтымақтастық пен оның әлеуетіне жоғары баға берді. Алдағы мау сым айы на жоспарланған гол ланд деле гация сының ЭКСПО­2017 көрмесіне сапары, парла мен­таралық байланыс тарды да­мыту, сондай­ақ екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше ретін дегі өзара ықпалдас тығы Қазақ стан мен Нидерланд ара сын дағы қа ты настарды нығайту ға ықпал ететіні көлде­нең тартылды, деп хабарла­ды Қазақ стан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

реСми

Page 8: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

8 15 наурыз 2017 жылтәлім

әдістеме әліппесі

ойласу

Үйренугеешқашан кеш емес

«Сіз сурет сала аласыз!». Сурет са лып көрмеген сізге осылай десе сенесіз бе? Көркемөнер саласындағы туындыларға қарап отырып, түрлі сезімге бөленесіз, қуанасыз, таң ға­ласыз, мұңаясыз, мүмкін, көз жа сы­ңызға ерік беріп, жылап аларсыз, кей де арман­қиялға беріліп, ша­рықтап биіктерге самғарсыз. Өзіңіз­дің сүйікті суретшіңіз, тіпті, сізге ұнай тын ағымдар мен жанрлар да бар еке нін де күмән жоқ. Тіпті, суретшінің түп кі ойын нақты түсінбесеңіз де, қан­дай да бір туынды әсер етпей қой май­тыны да бар. Жай көрермен ре тін де бел гілі бір картинаны сіз «ұнады не­месе ұнамады» деп те айта аласыз.

Негізі суретші, әнші, музыкант болу үшін алдымен табиғи талант қажет деген ой көпшіліктің санасын жау-лап алып, кейбір адамдарға ешқандай әрекетке немесе осы өнерге қарай аяқ ба суға мүмкіндік бермей келгені аян. Қаншама адам өзінің ерекше бір қырын аша алмай, сол күйінде бірде-бір сурет салмай, бірде-бір музыкалық шығарма орындамай, тоқыма, гобелен, оригами, ойыншық, қыш құмыра сынды бірде-бір өнер туындысын жасамай өмірден озған да болар...

Сондықтан қалаған дүниені жасауға, жаңа бір нәрсені үйренуге шабыттан-дыратын, қатып қалған біржақты ой-пікірді өзгертіп, адамның жаңа бір қырын ашуға көмек көрсету бағытында жұмыс істеген адамдардың еңбектерін қалай жарнамаласақ та аздық етпейді. Соның бірі Марк Кистлердің «30 күнде сурет салуға үйрену» («You can draw in 30 days») кітабы миллиондаған адам-ды сурет салуға үйретіп қана қоймай, сурет салудың туа біткен қасиет емес, уақыт өте келе қалыптасатын дағды екенін тағы бір дәлелдеп берді. Кез келген адамға әдемі сурет салу үшін қағаз, қарындаш және өзіңізді жаңа қырыңыздан ашқыңыз келген қалауыңыз ғана керек. Сурет салуға күніне 20 минут уақыт бөлу арқылы бір айдың ішінде қалаған суретіңізді сала алу деңгейіне жетесіз, дейді автор. Ол қарындашпен сурет салудың реті мен кезегін көрсете отырып, көлемді суреттерді салуға көмектесетін құпиялар мен кеңестерді, сурет салудың заңдылықтарын ай-тады. Сурет салу кейбір адамдарға тыныштық пен сабырлылық берсе, басқаларына ойын жинақтауға, бір арнаға тоғыстыруға көмектеседі. Осы орайда, сурет салуға үйрететін шеберлік-сағаттарын өткізіп жатқан мамандар да бір жағынан бизнесін алға жылжытып, ақшасын тауып жатса, екінші жағынан адамдардың сұраныстарын да өтейді.

Жапониядан бізге жеткен оригами өнері бойынша ұсынылатын кітаптардың көптігі оқырманға жақсы таңдау береді. Соның бірі, өзім қолданып көрген Рик Бичтің авторлығымен шыққан «Оригами: үлкен иллюстрациялы эн-циклопедия» жинағына ризашылығым шексіз. Әрине, интернеттен де түрлі әдемі, оңайынан ең күрделісіне дейінгі жануарлар формаларын, көп уақыт пен шеберлікті қажет ететін оригами фигуралардың үлгілерінің жасалу жол-дарын, тіпті, бейнекөріністерін де таба аласыз. Дегенмен, кітаптың орны бөлек екенін атап өткім келеді.

Тамақ пісірудің өнер және ерекше ықылас қоюға тұрарлық сала екеніне миллиондаған адамның көзін жеткізіп, жаңа армандарға жетелеген шеберлердің бірі британ аспазы, ресторатор және шоу жүргізуші Джейми Оливерді мысалға алайық. Оның бағдарламалары, кітаптары, фильмдері арқылы қаншама адам дұрыс тамақтануға, дәмді тамақ пісіруге үйренді. Сонымен бірге, америкалық жазушы Джули Пауэллдің «Джули және Джулия: бақыт рецепті» кітабы мен фильмінде ас мәзірі мен дәмді тамақ, жалпы, өмірде алға қойған мақсатыңызға жету жолы сипаттала-ды. Әрине, автордың да, кейіпкердің де өмірлік мақсаты оқыған аспаздық кітабынан бір жылда 254 тағам түрін пісіріп шығу ғана емес, одан тереңде жатқаны аян.

Кітап арқылы үйрену, яғни өз бетінше үйрену оңай емес. Адамнан көп ерік-жігер, тәртіп, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу қасиеттерін талап етеді. Сондықтан қазіргі таңда сурет са-лумен қатар, тамақ пісіруге, ойыншық, қыш құмыра жасауға, құммен сурет салуға, бисер, кесте тоқуға үйрететін түрлі курстардың көптеп ашылып жа-тыр. Мұндай шеберлік сағаттарында ең бастысы, оқытушының сурет салу, тамақ пісіру, ойыншық жасау, ою ойып, ке-сте тігу жолдарын жақсы түсіндіре алу, алдына келген баланың немесе ересек адамдардың қызығушылығын оятып, өзіне деген сенімін одан әрі нығайтып, өз ісіне, жасалған жұмыстың нәтижесіне риза бо лу, рахаттану, қуану, жаңа бас-та ма ларға қанаттану сезіміне бөле нуіне мүм кіндік жасау маңызды.

Өмір адамға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Тек сол мүмкіндікті жіберіп ал ма ңыз. Ең бастысы, мұғалім, ата-ана, дос, айналадағы адамдар оқимын, үйренемін, істеймін, тырысамын деп тұрған адамның мысын басып, та-лабын қайтарып, үмітін өшіріп, ар-манын шектейтін бейжайлық пен немқұрайдылық танытпаса екен дейміз.

Бақытгүл САЛЫХОВА,

педагогика ғылымдарының

кандидаты

«Оқу – жарық, халық мақалына сүйенсек – еркіндік. Адамды білімдей еш дүние азат ете алмайды...»

И.С.Тургенов

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Алматыда оқу бағдарламалары бірін- бірі қайталамайтын республикалық дең гейдегі бірқатар мектеп-интер-наттар бар. Дегенмен, деңгейі осы мектептер мен таласатын ерекше білім меке ме сі нің бірі – М.Ганди атындағы №92 ма ман дандырылған лицей. Аталған мектеп шә кірт терін ғарыштық зерттеулерге, жаратылыстану пәндері

мен ақпараттық технологияларға бейімдейді. Осы мектепке жуырда еліміздің 14 өңірінен 100-ге тар та мұғалім жиналып, республикалық «Бі-лім беру мазмұнын жаңартуда ұлттық ин но вациялық мектеп моделін құру» атты се минарға қатысты. Тәжірибе алмасу тұр ғысында өткен семинар-да алдымен «Ме тасызба» әдісімен оқытудың жаңа стра тегиясы таныс-тырылды. лицейдің өзін де оқытудың жаңа 7 тәсілі енгізілген. Ұлттық

инновациялық мектеп үлгісін құ руда оқу-білім бағдарламаларын ме та- пәнмен ұштастырудың тиімділігін дә лелдеуге көшкен білім ордасының елең де терліктей ерекше табыстары жоқ емес.

Метапән – стандарттық білім маз мұ-ны мен ғана шектелмей, әр пәннің ғы лы-ми мазмұнын жүйелеп, талдап, сарап-тап, зерттеу жүргізіп, өзіндік тұжырым жа са уға, жеке тұлғалық іс-әрекеттің қалыптасуына, шығармашылық тұрғыда

ойлауға негіз болатын инновациялық әдіс.

Сонымен, семинарда қоғамдық-гу-ма нитарлық және эстетикалық бағыт бой ынша – 15, жаратылыстану-ма те-матикалық бағыттар бойынша 15 ашық сабақ жүргізіліп, іле-шала «Мет а - сыз ба» тақырыбында шеберлік дә ріс тері өткізілді. Республикалық жиын да жаңа оқу әдістемесінің автор ла ры Ер ұлан Жи-ен баев пен Мэлс Тұрарбеков «Ме та пән – инновациялық мек теп тің оқы ту құ ра-лы» атты кешенді интер пре та циялық тұ саукесерлер өткізді. Мұға лім д ердің қы зықты басқосуы «Білім бе ру дің инно-ва циялық стратегиясы – же ке тұл ға ның тұ рақты даму факто ры» жо ба лық зерт-теулер көрмесіне жал ғасты.

Бір жағынан бұл семинар теорияны тек тынымсыз еңбек қана тірілтетініне ұстаздардың көзін тағы да жеткізіп отыр. Мектеп оқушыларының көп қыр-лы та қы рыптарды игеруімен қатар, зерт теу жұ мыстарын практикалық дай-ын өнім дең г ейіне дейін жетілдіруі жо-ға рыдағы пайымды дәйектей түсті.

лицей дәлізіне тізілген 30-дан астам жо ба мектеп шәкірттерінің салмақты зер ттеулермен айналыса алатындығын көр сетіп берді. «Кішкентай ғалымдар» жа саған құрылғылар еліміздің шал-ғай ы нан келген ұстаздар қауымын да тәнті етті.

Мектептегі «Эрудиттер» ұйымы, елі міздегі жалғыз радиостанционарлық «RadioLab» шығармашылық бірлестігі, ро бо тотехника бағытындағы «OMIX» және «Көкпар» клубтары, мектепішілік «Жас ас тро номдар» обсерваториялық зер тхана сы, «Стретчинг» физио те-ра пиялық клубы, онлайн режімді «Шахмат» үйірмесі, «Үнді орталығы» көрмесі, «Жас химиктер», «Алхимик», «Жас дәрігерлер», «Би о з ерттеушілер», «Жас сценарист» шы ғармашылық клу-бы мен 3D принтер мен жабдықталған кәсіби телестудия және инновациялық зертхана жұмыстары қа зіргі қазақ мек-тептерінің жан-жақты білімді оқу шы даярлауға ұмтылысын көрсетеді.

Суретті түсірген автор

АЛМАТЫ

Теорияны тірілтетін пән немесе «метасызба» әдісімен оқыту ерекшелігі

Мектеп – оқушының екінші отба-сы. Білім ұясының бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Десек те, бүгінде ата-ана-лар мен ұстаздар арасындағы көптеген келіспеушілік баланың қоғамдағы рөліне қатысты туындап отыр.

Мектеп оқушылары тарапынан қоғамда қандай да бір келеңсіздік орын алатын болса, ең бірінші «таяқ» сынып жетекшісіне, яки ұстазға тиеді. Ата-ана жауапкершілігі содан кейін сұралады. Осы әрекет дұрыс па, бұрыс па? Тақырыпқа тереңінен үңіліп жатқан ешкім жоқ. Мәселен, бала таңертеңнен түске дейін мектепте сабаққа қатысты делік. Бұл шамамен баланың 5-6 сағат уақытын алады. Ұйқы нормасын 7-8 сағат көлемінде деп қарастырсақ, тәуліктің 10 сағатқа жуық мерзімі ата-ананың жауапкершілігінде. Яғни, дәріс барысында мұғалім оқушыға теориялық білім берсе, бұл білімді өмірмен ұштастыру, баланың бойына сіңіру отбасындағы тәлім-тәрбиеге тікелей

байланысты. Отбасында сыйластық, қамқорлық түсінігі жөнінде жібі түзу әңгіме естімеген балалар көбіне ызақор, менмен, өзімшіл келеді. Салдарынан оның замандастарымен арақатынасы қиындайды.

Мұндайда ата-ана мен ұстаздар қауымының бірлесіп жұмыс істеуі өте маңызды. Яғни әрбір педагог пси-холог болуы керек. Ол оқушының сөйлеу мәнері, сыныптастарымен қарым-қатынасынан-ақ тәртібі мен тәрбиесін болжап отыруы тиіс. Мұғалім оқушыдан көңіліне қонбайтын, кереғар әдетті байқай қалса, жедел түрде ата-анасымен байланысып дер кезінде әрекет етсе, кез келген келеңсіздіктің алдын алуға болады. Бұл тиісінше баланың оң мен солын ажыратып, дұрыс жолға түсуіне көмектесері хақ. Осындай келеңсіздіктерді болдыр-май, білім мен тәрбиені ұштастыра білетін білім ордасының бірі Өскемен қаласындағы «Білім» инновация лицейі.

Төрт тілде тереңдетіп оқылатын білім ұясында ұстаздар әр баланың дәрісті қабылдау деңгейіне қарай жұмыс істейді. Ал сынып жетекшілері мен тәрбиешілері баланың өзін өзі ұстауы мен жатақханадағы іс-әрекеттеріне қарай тәрбие жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарымен жиі кездесіп отырады. Мұның өзі баланың тиянақты білім алу-ына, болашағына межелі мақсат қойып, оған жету жолында еңбектенуіне негіз қалайды.

Бала – жас шыбық . Бағбан шыбықтың түзу өсуін қадағалайды. «Тәрбие басы – тал бесік» демекші, кез келген шыбықтың бойына берілетін қуат тамыры арқылы тарайды. Яғни, тәрбиенің де отбасынан бастау алаты-ны анық.

Бақытгүл БЕКЕЙ, Өскемен қаласындағы

«Білім» инновация лицейінің кітапханашысы

Тәрбие басы – тал бесік

Ұлттық мектептің Ұлы мҰраты

Білім және ғылым мини с- трлігіне қарасты Абай атын-дағы республикалық ма ман-дандырылған дарынды ба-лаларға ар налған қазақ тілі мен әдебиетін те рең дете оқы-та тын орта мектеп-интер нат оқу шыларының күшімен қо- й ы лып, тың дарманды там сан-дыр ған таң ға жай ып кон церт тің куәсі болдық. Оқу ор ны ның орналасқан жері де ке ремет. Асқаралы Алатаудың бау-райы, көз тартар Көктөбенің қой науы. Дінмұхамед Қонаев сал дырған, аспанмен астасқан те ле мұнараға созсаң қолың жет кендей.

Қазақстанның барлық об-лыстарынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» делінетін да-рынды балалар 7-сыныптан кейін іріктеліп, республикалық ко мис сияның сынынан өткен соң, осы оқу орнына қа был-данып, 8-сыныпты жал ғас ты-рады. Мынау, басынан ая ғы-на дейін Мұқағали Мақатаев му за сына арналған концерт, сол сыннан сүрінбей өткен дүлдүл шә кірттер шаттығына, Алматыда өткен дү ние жүзілік Универсиада қуанышы және қо сылып, сосын тойға сау-ын айту деп Сәбит Мұқанов

айтқандай, үстіміздегі жылы мектеп-интернатқа 60 жыл, соған да кіріспе тәрізді керемет келісім тапқан көр кем көрініс болды. Шартараптан ата-ана-лар шақырылыпты. Құрметті қонақ ретінде Қазақстан жур-на листикасының ардақты ақ-сақалы Мамадияр Жақып бас-таған үш қайраткердің біреуі мен болдым.

Сонымен, сахнада көктем гүліндей құлпырған, өңшең өрімдей ұлдар мен қыздар. Төрге Мұқағалидың жарқын бей несі ілінген. Жыр әнге, ән биге, би күйге ұласқан та-маша көрініс бастау алып, қарқыны үдей түсті. Құр ман-ғазы мен Абайдан соң, Мұ-қа ғали бүгінде ұл ты мыздың ас қақ ар-ожданына, рухани төлқұжатына айналды. Дуалы ауыздар да, күмбірлеген күй көкіректерде, сыр шыл сахна-ларда, теледидар мен ра дио толқындарында – Мұқағали! Ол, Мұқағали ақынның, Алла тағала бер ген, былайғылар қол жеткізе алмай тын қайталанбас дарын-құдіреті. Міне, осы нау құлашың жетпейтін құдірет қа малына батылдық танытып еркін ене білген жас өркендер талантына мың алғыс! Олар

кезек-кезек жыр оқы ғанда, сызылтып ән салғанда, мың бұ ра лып би билегенде, сах-налық қой ы лы мында мін-сіз мизансцена, анық дик-ция, ансамбльдік үйлесімділік ай қын аң ғарылды. Мұның атын «шеберлік!» дей міз. Ал ол шеберлік қайдан келді?! Әрине, ұлағатты ұстаздарының жүйелі дә рісінен, өнегелі тәлім-тәрбиесінен. Сосын, өз де рінің тынбай, жан-жақты із денгіш қабілеттерінен. Жалпы, бұл мектепте оқу-тәр бие жұмысы өзгелерге үлгі боларлықтай дұрыс жолға қойылған. Педагогикалық дәстүр қалыптасқан. Бір жылдық жоспарды нақтылап бекітіп, сыныптарға жетек-ші лері арқылы таратып, шы ғармашылық ойланып-то л ғануға, еркін самғауға толық мүмкіндік туғызады екен. Нәтижесі айтарлықтай. Жемісі мол, жеңісі зор бо-латыны сондықтан . Бұл әдістеме семинарға келетін мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілері арқылы республика бо - йынша таратыла бас тапты. Ендеше, дарынды балалар білім ала тын Абай атындағы

р е с п у б л и к а л ы қ м е к т е п -интернат «Мектептердің Мек-ке сі!» деп мақтан тұтуға әбден тұ рар л ық. Атақты ком поз итор Кеңес Дүйсекеев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәу-лен Әшімбаев, республикалық «Еге мен Қазақстан» газетінің Басқарма тө рағасы Дархан Қыдырәлі – осы оқу ор ны ның түлектері. Білім алып шыққан үш генералдың біреуі – ұлттық қауіпсіздік ко митетінің гене-ралы Әділ Шаяхметов, өзі-нің 60 жылдық мерейтойын «Алтын Ұям!» деп, осы мек-тептен бастап, альбом сый-лапты. Жүзден аса ғылым докторлары өмір ге жолдама алған.

Бұл мектептің күй өнері-м і з д і ң т а ғ д ы р ы н а ж е т е мән беріп келе жатқанын естен шығаруға болмай -ды. Білікті басшы Мұхтар Ботабайұлы министрлікпен келісіп, күйді пән ретінде оқытуда. Жасыратыны жоқ, бірыңғай қуып тарту етек алып кеткендіктен, күйдің халі қазір мүшкіл жағдайда. Алайда, жаңағы концерт, өз шымылдығын мектеп домбы-ра оркестрінің орындауында Дәулеткерейдің «Көроғлы»

күйімен ашты. Табиғилықты танып «Шүкір!» дестік.

Менің Мұхаңмен дос болу-ыма себепші болған да оның күйді терең түсінетін қасиеті. Осы концерттен қанаттанғаным соншалық, сөзін белгілі ақын Қорғанбек Аманжол жазған: «Ұлы Дала елі!» деген әнімді Абай мектебіне арнауыма тура келді. Зал тебіреніп кетті.

Он жыл бұрын осы мектептің 50 жыл дық торқалы тойының құрметті қо нағы болғанмын. Әл-Фараби атындағы Қа-зақ ұлттық университетінің Өмір бек Жолдасбеков атын-дағы Студенттер сарай ында өткен-ді. «Қазақстан-Нұр-сұл тан» күйі м нің шыққан кезі еді, томағасын сол сал-танатта сыпырдым. Сөйтіп, өзімнің де шынайы серпіліп, тыңдарманның да тыңайып сергігенін сезіндім. Сол сәтте сахна төрінен: «Мектеп аты – Абай, директоры – Мұхтар»! дегенім есімде...

Шәміл ӘБІЛТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

күйші-композитор

АЛМАТЫ

Мектептің аты – абай, директоры – Мұхтар!

Page 9: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

15 наурыз 2017 жыл 9руханият

Нацумэ Сосэкидің шығар малары ту ралы әлемдегі кез келген үлкен құ­бы лысты қырағы қадағалап, аса қатты мән беріп, зерттеп жүретін орыстың бі лімді сыншылары да тым көп тілге тиек ете қоймапты. Біз осы тарапта біраз ізденіп, жазушы жайында жа­зылған қандай еңбектердің бар еке нін зерттеп көргенімізде, жапон әде би еті­нің білгірі Борис Гривниннің бір ма ­қаласы, дәлірек айтатын болсақ, 1973 жылы Мәскеудің «Көркем әде биет» баспасынан жарық көрген кі та бына жазған алғысөзі мен Мәскеу мем ле­кет тік университетінің магистранты Абрамова Екатерина Сергеевнаның кан­дидаттық диссертациясы мен 2005 жы­лы Петербордың «Гиперион» баспасы­нан шыққан қаламгердің таңдамалы туындыларының алғысөзі ретінде бе­ріл ген белгілі шығыстанушы ғалым Николай Конрадтың мақаласынан басқа мар дымды ештеңе таппадық.

Әрине, қазақ әдебиетінде Нацумэ Сосэкидің шығармашы лығын талдап, ол жайында келелі әңгіме айтқан ғалым не месе сыншының жоқ екені айтпа­

са да түсінікті. Жаңа үлгі дегі жапон прозасының негі зін қалаған жазушының ана тілімізге тәржімаланған бірде­бір шығармасы жоқ. Яғни, қазақ оқырманы үшін Нацумэ Сосэкидің шығармашылық әле мі әлі бейтаныс, құпиясы ашылмаған тың тақырып.

Еліміз тәуелсіздік алып, те мір құр­сау дың заманы келмеске кетіп, мәдени ше ка ралар біржола жойылған уақытта және қа зақ прозасы ізденіс иіріміне түсіп, жа ңа шыл дыққа талпынып жатқан өліара мез гілде – XX ғасырдағы жа­пон әдебиетіне, оның ішінде Нацумэ Сосэкидің шығармаларына назар аудару­дың маңызы зор. Өйткені, өз әдебиетінің дәл осындай биік белеске көтерілгені үшін жапон халқы ең алдымен Нацумэ Сосэкиге қарыздар.

XX ғасыр басын дағы жа пон әдебиетін зерттеген әдебиетші сол уақыт тағы декларациялардың көр кем шығармалардағы көрі нісін айқын аң­ға рары анық. Дегенмен, жазушылар жария еткен декларациялардың кө бі­сі олардың шығармашылық тәжі ри­бе сімен қайшылыққа түсіп, талантты қа ламгерлердің туындыларының арқа­сын да натуралистік шеңберді бұзып шық қан жапон әдебиеті биік белес­ке көтерілді. Мысалы, Симадзаки То со наның «Бұзылған өсиет» рома­нында натурализмнің кейбір бел гі ле­рі болғанына қарамастан, оны біз реа­листік шығармалардың қатарына да батыл жатқыза аламыз. Дәлірек айт сақ, «Бұ зылған өсиетте» Симадзаки на ту ра­лизмді еңсеріп болып, реализмге қарай бет бұрды. Бұл жолды таңдағандардың қатарында, Симадзакиден басқа, Таяма Катай да болды.

Жапон прозасында тыңнан түрен салуға талпынған Таяма Катай жазушы сыртқы құбылысты емес, ең алдымен адамның ішкі әлемін көрсетуі тиістігін дәлелдемек болды. Алайда, Симадзакиге қарағанда, Таяма натурализмді дәріптеп қоюмен ғана шектелмей, өз принциптерін көркем шығармаларында көрсетуге ты­рыс ты. Ол жазушы өзі туралы ғана анық білуі мүмкін екеніне сенімді болып, қа­ламгердің суреттейтін нысанасы тек өзі ғана болуы тиіс екенін мәлімдеді. Тая­ма шығармашылығының басты жанры болған «Өзім туралы» хикаясының дү­ниеге келуін осындай себептермен тү­с ін дірген абзал. Дегенмен, француздық экспериментальдық романдардың тео­рия лық негіздерін қабылдаған жапон натуралистері көп жағдайда француз натуралистерінің буржуазияға қарсы пафосына өзгеше рең берді. Сондай шығармалардың бірі болып табылатын кейіпкер­автордың өз шәкіртіне деген махаббаты баяндалатын «Төсек» хикая­сында сол мезгілдегі қоғамдық сынның көлеңкесі де жоқ. Әдебиет сыншысы Симамура Хогэцу бұл туындының «тән мен қаннан жаратылған адамның батыл айтылған ашық шындығы» болып қана табылатынын айтты. Автор өз туын­дысында жанын жалаңаштап жіберіп, буржуазиялық моральға ашық қарсы

шыққанымен, әлеуметтік қорытынды жасай алмай, автордың интимдік қобалжуларын берумен ғана шектелді. Бірақ, соған қарамастан, Таяманың «Төсегі» Жапониядағы натуралистік әдебиеттің үлгісі саналып, «өзі туралы жазу» шындықты бүге­шігесіне дейін айтқысы келген қаламгердің негізгі жанры ретінде насихатталғанын ұмы­ту ға болмайды. Шындығында, бұл өз жо лын тапқысы келген жазушылар­ды адасушылыққа ұрындырды. Неміс ақын ы Гете әдебиетте болып тұратын мұн дай жағдайды Вертердің аузымен та­маша жеткізгенін есіңізге түсіріп көріңіз. «Кез келген ереже табиғатты сезіну мен шындықты бейнелеу мүмкіндігін өл тіреді». Яғни, нағыз әдебиеттің еш­қандай ережеге бағынбайтынын ұмыт­паған абзал. Міне, сондықтан да жапон әдебиетіндегі натуралистер нағыз шын­дық ты көрсетудің орнына оны бесігінде тұн шықтырып өлтірді. Нацумэ ғана бұл бағыттың зияндылығын сезіп, на­турализм мектебінің өкілдеріне қарсы шығып, әдебиеттегі реалистік жолды таңдады.

Нацумэ Сосэки әдебиетке келмегенде жапон прозасының сөз өнерінің шыңына шығып, биік белестерді бағындыра алуы мүмкін болмас еді. Жапон хикаяларын жаңаша түрлендірген Акутагаваның дұрыс бағытқа бет бұруына жол сілтеген де, роман жанрында толайым табысқа жеткен Кобо Абэнің шығармашылығына зор ықпалын тигізген де – осы Нацумэ Сосэки еді.

1905 жылы Жапониядағы көпшілікке танымал «Хототогису» журналында жа­зушының «Сізді құрметтейтін мысық қызметшіңіз» романы жарық көрді. Еуропалық үлгіде жазылған, өмірдің шы­найы көрінісін мүлде басқаша, бұрын­соңды жапон әдебиетінде болмаған тәсілмен суреттеген шығарма оқырман на зарын бірден өзіне бұрып әкетті. Бұл нағыз аты Кинноскэ болғанымен, Нацумэ Сосэки деген бүркеншік есіммен ро манын жариялаған отыз сегіз жасар жа зушының тырнақалды туындысы еді. Өкінішке қарай, ұлы жазушы алғашқы романын жарыққа шығарғаннан кейін

бар­жоғы он бір жыл ғана өмір сүрді. Бірақ осы он бір жыл жапон әдебиетінде Нацумэ Сосэкидің дәуірі болып атала­ды. Әр жаңа романын туғызған сайын жазушының оқырмандары көбейген үстіне көбейіп, атағы бұрынғыдан бетер дүркірей түсті.

Нацумэ Сосэкиден кейін бұрынғы тәсілмен роман жазудың мүмкін емес­ті гі не жұрттың көңілі сеніп, көзі жет ті. Жазушының жаңалыққа толы твор чес­твосының арқасында жапон әдебиеті еуро палық үлгідегі сапалық бетбұрысқа бағыт алды. Және, ең бастысы, ол ұлт­тық топырақтан тамырын үзбей, батыс және жапон әдебиеті әдемі үйлесім та­уып, ол екі түрлі мәдениетті бір­бірі­мен сабақтастыра білді. Қаламгердің «Сансиро», «Қақпалар», «Балақай» сияқ­ты романдары осы сөзімізге нақты дәлел бола алады.

Ол 1867 жылы Токиода қалалық старшинаның отбасында дүниеге келді. Кіндігі кесіліп, болашақ жазу­шы жарық дүниенің есігін ашқанда осыған дейін мұқтаждық көрмей кел­ген шаңырақтың шаруасы шатқаяқтап, кедейшіліктің қамытын кие бастай­ды. Және дәл осы мезгілде Мэйдзи төңкерісі де бұрқ ете қалды. Әкесі төңкеріспен келген өзгерістер отба­сын тіршілік ету көзі нен мүлде ай­ыратынынан шошып, ер тең гі күніне үрейленіп баласын басқа бі реулердің қолына тәрбиелеуге береді.

Бақытсыз балалық шақтың көрінісі оның көңілінде мәңгі сақталып, шығар­ма шылығында да ізін қалдырды. «Жол бойындағы шөп» романында автордың сол уақыттағы өмірінен хабар беретін сюжеттер көп кездеседі.

Елді дүрліктірген Мэйдзи төң ке рі сін­ен соң Жапонияның рухани өміріндегі қол дан жасалған құрсау бұзылып, әлем­дік ғылым және мәдениетпен та ны суға даңғ ыл жол ашылды. Батыстың жаңа­шы лдығын бойына сіңірген, Еуропа елде рі, Американың әдебиеті, өнері мен ғылымына қызыға қараған зиялы қауым­ның жаңа буыны қалыптасты. Жапон халқының рухани өміріндегі елеулі өзгерістер Нацумэ Сосэкидің жазушылық дүниетанымының қалыптасуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ.

1890 жылы ол Токио университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Университет қабырғасында жүргенде­ақ ол жақсы оқып, министрліктің арнайы стипендиясын алып тұрды. 1900 жылы министрлік зерек студентін есіне түсіріп, оны Англияға оқуға жібереді. Екі жыл Англияда білімін жетілдірген уақытта

ол ағылшын тілін жақсы меңгеріп алып, Батыс әдебиетін тереңдеп оқиды. Бір жыл бойы Шекспирдің мұрасын зерт­теумен айналысатын атақты ғалым про­фессор Крегейгпен бірге жұмыс істейді.

1903 жылы Жапонияға қайтып оралғаннан кейін оны доцент қылып тағайындап, студенттерге әдебиет пәні­нен дәріс оқиды. Жазушының ұзақ жыл­ғы ізденісінің нәтижесінде «Сізді құр­мет тейтін мысық қызметшіңіз» романы дү ниеге келіп, жапон әдебиетінің жаңа бағытын айқындап берді.

«Сізді құрметтейтін мысық қыз мет­ші ңіз» романының Нацумэ Сосэкидің шығармашылығында ғана емес, бүкіл жапон әдебиетінде алатын орны ерек­ше. Себебі, ол Жапониядағы жаңашыл сипатта жазылған алғашқы сатиралық туындылардың бірі. Суреткер өз ро­манында ХVІІІ ғасырдағы ағылшын әдебиетінде болған, дәлірек айтсақ, жа зушы Джонатан Свифттің шы ғар ма­сын дағы сатиралық дәстүрді одан әрі дамыта түсті.

Жазушы ағылшын тілінен сабақ беретін мектеп мұғалімінің үйінен тұрақ тапқан қаңғыбас мысықтың көзімен токиолық тұрғындардың таяздығын, күштінің алдында құлдық ұратын әлсіз­дігі мен сол замандағы жапондық бю­ро к ратияның барлық кемшілігін әжу­алай ды. Романда шындықты айту­дан қаймықпайтын ұлы жазушының азаматтық ұстанымы да жақсы көрініс тапқан.

Мәселен, осы, туындыдағы ащы сарказммен сипатталған «отаншылдық рухына» қатты еліккен мысықтың «мы­сықтардың бригадасын» жинап, олар ды орыс­жапон соғысына аттан дыр ғысы келген эпизодтар еріксіз езу тартқызады.

Нацумэнің бұл шығармасын жа­пон әдебиетіндегі сыншыл реализм бағытында жазылған ең алғашқы роман деу ге болады. Алайда, туындыға берілген осын дай бағамен жапон сыншыларының көбісі келіспеуі де ықтимал.

Ал жазушының өзі болса, «Хиган аяқталғанға дейін» туындысына жазған алғысөзінде «Шынымды айтатын бол­сам, мен натуралистерге де, символис­терге де жатпаймын. Сондай­ақ, жұрт соңғы кезде сөз етіп жүрген неореалис­терге де қосылмаймын» деген екен.

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ,әдебиеттанушы

АСТАНА

Әлем Әдебиетінің Әңгімесі сӘті түскен сұхбат

Жапон прозасының жұлдызы

– Қазақтың атақты жазу шысы Ілияс Есенберлиннiң «Көш пен ді­лер» трилогиясы ның бір кітабын, яғ ни «Қаһар ды» не үшін, қандай мақ сатпен зерттеу нысаны етіп ал­дыңыз?

–Ғылымдағы зерттеу нысан да рым­ның өзі қазақ, башқұрт, татар, түрік тілдері мен әдебиеттері болғандықтан, қазақ тілін үйренуді, қазақша әде биет­терді оқуды ерте бастадым. Ең ал ды­мен, 2005 жылы магистрлік диссер­тация қорғадым. Тақырыбы – «Башқұрт ақыны Мұстай Кәрімнің өлеңдері». Ал, 2012 жылы «Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»­«Қаһар» романы негізінде қазақ тілін зерттеу» деген тақырыпта профессор Мұстафа Өнердің жетекшілігімен докторлық диссертация қорғадым. Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктерін көрсету болатын. Бірақ, мен дайындық барысында қазақтың тарихын, тұрмыс­тіршілігін, әдет­ғұрпы мен салт­дәстүрін, жалпы, қазақтың бол мы­сын танытатын, қазақтарды жан­жақ­ты сипаттайтын, сондай­ақ, қазақ әдебиетінде терең із қалдырған бір шығарманы зерттегім келді. Бұл тұрғыда «Көшпенділер» трилогиясы өзіме қатты әсер етті және жоғарыда көрсетілген өлшемдер осы шығармада жинақталған. Ілияс Есенберлиннің ең үлкен еңбегі – ақиқатты айтатын ауызға қақпақ қойылған сол заман­да қазақтың тарихын мұрағат құжат­тарына негіздеп, әдеби шығарма жазуында. Бұл – Шыңғыс ханнан бастап Кене ханға дейінгі аралықтағы үлкен бір монументальды еңбек. Өздеріңіз білетіндей, «Көшпенділер» трилогиясында үшінші бөлім боп орын алатын «Қаһар» (1969) шын мәнінде «Алмас қылыш» (1971) пен «Жанталастан» (1975) бұрын жазылған. Қазақ елінің патшалық Ресейдің қол астына кіруіне қарсы болып, тәуелсіздік үшін күрескен Кене ханның бейнесі де ұлттық рухты көтеруге айтарлықтай қызмет етті деп ойлаймыз. Сол үшін де «Көш пенділердің» ішінен «Қаһарды» таңдадық.

– «Қаһарды» зерттеуге қанша уақытыңызды арнадыңыз? Зерттеу барысында қандай жаңалықтар таптыңыз? Есенберлин романы тілінің ерекшелігі неде деп білесіз?

– Бiздiң ғылыми қызметiмiз рoмaнды түрiк тiлiне aудaру, лингвистикалық ерекшелiктерiн зерт теу және бaрлық сөз түбiрi мен қoсымшaлaрды көрсететiн грамматикалық индекстен тұрaды. Әсіресе, бұл индекстiң дaйындaлуы көп уaқыт aлды. Жaлпы aлғaндa, oсы зерттеуге бес жылымды ар ты­ғымен жұмсадым. Тарихи рo мaн жазуда Қазақстaндaғы ең кa бi леттi жaзушылaрдың бiрi бoлғaн Eсенберлин өз шығармаларында тілді шеберлікпен қолданған. Oның рoмaндaғы кейiп кер­лерді өз тiлдерiмен сөйлету шебер лігі сoндaй қызықты. Eсенберлин шығaр­мaсын татар оқыса татар тіліндегі сөздерді, өзбек оқыса өзбек тіліндегі сөздерді кездестіруі еш жаңалық емес. «Қаһар» шығармасында Есенберлин бірқатар түркі тілдеріне ортақ ұғымдар мен сөздерді пайдаланады. Mысaлы, делiз, ешiк­aғa, гaлaбaтыр, геджaқ, хaнпaдшaйым және т.б. сөздер жа зу­шының тарихты, қазақ тілі мен бас қа түркі тілдерінің байланысын жақсы білетінін көрсетеді. Біз жазған ғылыми зерттеуде сондай 44 сөз тап тық. Сондай­ақ, ол осы кітапты жазу барысында 115 мақал­мәтел пай да ланыпты. Miне, осы жaғдaйлaр шы ғар маның әдеби­көркемдiк қуaтын, жазушының тiлдi ең кiшкентaй бөл ше гiне дейiн қoлдaну шеберлігін ай қындайды.

– Зерттеу еңбегіңіз баспадан шық­ты ма?

– Mен жaзғaн диссертациялық еңбек бaсылып шыққaн жoқ. Бiрaқ, «Қaһaр» рoмaнының түрікше аудармасы жарыққа шықты. 2015 жылы сол кездегі Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтiң көмегімен «Kөшпендiлер» трилогиясы «Aкaдемi Tiтiз баспасы» деген бaспaдaн шықты.

Mен aудaрғaн «Қaһaр» рoмaны, мiне, oсы жарияланған сериядa «Göçebeler­III (Gazap)» aтымен түрiк oқырмaндaрымен жүздестi.

– Зерттеу барысында сізге қандай тараулар, оқиғалар ерекше әсер етті?

– Жoғaрыдa aйтылғaндaй, «Қaһaр» – қазақтың үш жүзiнің бaсын қoсып, біртұтас Қазақ елiн құру арманы туралы роман. Әсіресе, oсы рoмaндa көңілімізге жылылық ұялатқан бейне – тәуелсіздікті армандаған, сол арманы үшін өлімге бел байлап, күреске аттанған Кенесары Қасымұлы бейнесі. Оның осы әрекеті табысты болмаса да, бізге үлкен өмірлік сабақ беруімен құнды. Бұл айқастың жеңіліспен аяқталуының бірінші негізгі себебі, патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты болғанымен, Кене ханның Хиуа, Қоқан хандықтарынан көрген опасыздықтары негізгі себептен бірде­бір кем емес. Қoлдaрынa тиетiн мәнсiз концессия үшiн Kене хaнды және өз­өздерiн қырғынғa ұшыратулaры, aсылындa жaлпы, түрiк тaрихынан бiзге өте тaныс oқиғa. Miне, бұл aйтылғaндaр oсы рoмaнның ең мaңызды, ең әсерлi бөлiмдерi бoлып тaбылaды. Сoндaй­aқ, рoмaндaғы қазақ әйелдері мен мен қыздaрын өте әсерлi кейiпкерлер ретiнде көремiз. Oсы кейiпкерлер – дастандардан, аңыз әңгімелерден, ертегілерден жеткен бүкіл түркі дүниесіне ортақ бейнелер. Eрлерiмен бiрге aтaмекендi қoрғaп, қoлбaсшылық жасаған, аналық әрі әйелдік міндетін тең атқарған сол алып аналарымыздың жиынтық бейнесі Kене хaнның қарындасы Бoпaй aрқылы көрсетiледi.

– Қазақ романының қазақтың өзін айтпағанда түрік халқына берер тәлімдік, өнегелік тұстары қандай? Осы роман арқылы қазақты қандай халық деп таныдыңыз?

– «Қaһaр» жай рoмaн емес. Ондa қазақтaрдың тәуелсiздiкке құштарлығы, дaлaда өмір сүрудің қиындығын еңсеріп, өз­өздерін сақтау, қорғау тәжірибелері, тұрмыс­салт, әдет­ғұрыптары жақсы бейнеленген. Мұнда фольклормен, қазақтың да мыған космогониялық түйсіктерін көрсеткен оқиғалармен де жиі ұшы расамыз. Көшпенді қазақтың тууы мен өлімінің арасындағы бітім­болмысы, барлық қарым­қатынастар әдеби стильмен жақсы өрнектелген. Сoндaй­aқ, қазақтың aстрoлoгиялық мықты түйсiгi де таңғалдырады. Кеңістіктегі барлық аспан денелерінің қозғалысын бақылап, көшуге, сапарға шығуға ыңғайлы уақытты белгілеуі, жылдың құрғақ болатынын алдын ала болжауы бір ғанибет. Осылар арқылы қазақ өткенін ұмытпайтын, тәуелсіз, арда мінезді, сондай­ақ, еңбекқор халық ретінде айшықталған.

– Қазіргі күнде Түркия ға лым­дары мен әдебиетшілері та ра пынан қа зақ әдебиетіне қызығушылық қан­дай деңгейде?

– Түркиядағы қазақ тілі мен әдебиеті туралы зерттеулер сонау 90­шы жылдардан бастау алып, кө бейіп келеді. Соңғы жылдары тү рік тілі мен әдебиеті, қазіргі түркі тіл де рі кафедраларында қазақ тілі мен әде биетін үйреніп, зерттеп жүрген жүз деген маман бар. Олардың қазақ ті ліндегі магистрлік, докторлық ди ссертациялары назар аударуға тұрар­лық деген пікірдемін. Әйтсе де, осы қы зы ғушылықтардың ауқымы тар. Қазақ, түрік ақын­жазушыларының, ғалымдарының бас қосатын жиын­дарын, симпозиумдар мен кон фе­рен ция лардың санын арттырып, аударма жұ мыстарын жеделдету керек шығар деп ойлаймын. Қазіргі күні Түркияда Шыңғыс Айтматовтың атын білмейтін түрік жоқ. Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ілияс Есенберлин сияқты қазақ классиктерінің де аты­жөндері мейлінше кең тарап, түрік оқырмандары арасында үлкен қызығушылықпен оқылса екен деген ниеттеміз. Әрине, бұл тілектің жүзеге асуы үшін әлі де көп еңбектенуіміз қажет.

– Әңгімеңізге рахмет.

ӘңгімелескенАйгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан»

«Қаһарды» бес жыл зерттедім»

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Түркияның Измир қаласында тағылымдамадан өту барысында Эге университетінің Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, ғылым докторы Мехмет Ясын Каямен сұхбаттасудың сәті түскен болатын. Бізді қызықтырған жайт – Мехмет Ясын Каяның «Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»-«Қаһар» романы негізінде қазақ тілін зерттеу» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғауы. Ғалыммен сұхбатымыз да осы төңіректе өрбіді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нацумэ СоСэки әдебиетке келмегеНде жапоН прозаСыНың Сөз өНеріНің шыңыНа шығып, биік белеСтерді бағыНдыра алуы мүмкіН болмаС еді. жапоН хикаяларыН жаңаша түрлеНдіргеН акутагаваНың дұрыС бағытқа бет бұруыНа жол СілтегеН де, ромаН жаНрыНда толайым табыСқа жеткеН кобо абэНің шығармашылығыНа зор ықпалыН тигізгеН де – оСы Нацумэ СоСэки еді.

Page 10: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

10 15 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛСПОРТ

ТОПЖАРҒАН ДЗЮДО

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жоғары хоккей лигасындағы плей-офф кезеңінің 1/4 фина-лында қазақстандық «Торпедо» мен «Сарыарқа» командалары екінші ойындарын �ткізді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Құрлықтық хоккей лига сындағы плей-офф кезеңінің 1/4 финалын-да �нер к�рсетіп жүрген Астананың «Барысы» Магнитогорскінің «Металлургін» қабылдап, 3:5 есебімен есе жіберді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жуырда М. уезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Сабина  шірбаева к�ркем гинас-тикадан «Miss Valentine» халықаралық турнирінде алтын медальға ие болды. Эстонияның Тарту қаласында �ткен бәсекеге әлемнің болашағынан мол үміт күттірген шебер гим-насшылары қатысқан болатын. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––Дзюдо күресінде �зіндік қолтаңбасымен жарқырай к�рінген балуанның бірі, Азия чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс ме-даль иегері Ислам БОЗБАЕВ екі жыл-дай үзілістен кейін ел құрамасына қайта оралды. Оралғанда да да-рынды дзюдошы қанжығасы майланып, олжалы оралды. Ол  зербайжан астана-сында �ткен Grand Slam турнирінде 90 кило салмақ дәрежесінде топ жарып, мұндай деңгейдегі доданың алтын жүлдесін ұтқан т�ртінші қазақстандық дзю-дошы атанды.Кеше елге оралған балуанмен телефон арқылы тілдесудің сәті түскен еді. Т�менде сол же дел сұхбатты сіздердің назар ла-рыңызға ұсынып отырмыз. –––––––––––––––––––––––

ФУТБОЛ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Павлодардың «Ертісі» жаңа маусымның алғашқы турларын тәуір нәтижелермен бастады. Ұжым бірінші турда Оралдың «Ақжайық» командасын 2:1 есебімен ұтса, келесі ойында азу-лы «Астанамен» тең ойнады. Алғашқы матчтан кейін Павлодар футбол федерациясының президенті Расул ОРАЗҒҰЛОВПЕН сұхбаттасқан едік.  ңгіме әлемдегі бірінші н�мірлі спорттың аймақтағы дамуы жайлы �рбіді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

– Жеңіс құтты болсын, Расул Қабдоллаұлы! Биылғы футбол маусымы «Ертіс» үшін ерекше. Клуб бірнеше жылдық үзілістен соң, Еуропа лигасын-да ойнау мүмкіндігіне ие бол-ды. Осы орайда, команданың жаңа маусымға дайындығы қалай?

– Рахмет. Əзірлік ойдағыдай өтті. Клуб Түркияда үш оқу-жат-тығу жиынында болып қайт-ты. 11 жолдастық кездесуге қатысты. Трансферлік бағыт-тағы жұмыстарға да көңіл то-лады. Бапкерлер жақсы ко-манда жасақтады. Былтырғы маусым нан командада Давид Лория, Қазбек Гетериев, Пира-лы Əлиев, Руслан Есімов, Кар-лос Фонсека жəне Серікбол Қапа нов қалған еді. Биыл ұжым-ды Қазақстанның Ұлттық жəне жастар құрамаларында өнер көрсеткен тəжірибелі футбол-шылар толықтырды. Атап айт-қанда, қазақ футболында өзіндік орны бар Александр Кис лицын мен Илья Воротников «Ер-тістің» жейдесін киді. Жар тылай қорғаушылар Аслан Дара баев пен Илья Калинин клубпен келісімшартқа отырды.

Павлодарлық клубтың са-пында Серж Бандо, Франк Джа Джедже, Стефан Жив-кович, Родриго Антонио, Ев-гений Ткачук жə не Исмаэль Фофана сынды легио нерлер өнер көрсетеді. Жер гілікті жас футболшыларды да ұмыт қан жоқпыз. Валерий Лень ков, Арман Смаилов жəне Мадияр Рамазанов сынды жергі лікті футбол мекте бінің түлек тері «Ертістің» негізгі құра мы на алын ды. Жігіттер жерге қарат-пауы тиіс.

– «Ертістің» алдына қойыл-ған нақты меже қандай?

– Былтыр біріншілікті үшін-ші орынмен түйіндедік. Биылғы меже – сол деңгейден төмен түспеу. Сондай-ақ, УЕФА Еуро-па лигасының бірінші кезеңін бағын дыру. Қалғанын бара кө-рерміз.

– Өңір футболының дамуы туралы не айтасыз? Балалар, жас өспірімдер футболына қан шалықты көңіл бөлінген?

– Облыста барлығы 628 фут-бол секциясы жұмыс істейді. 232 шағын футбол жəне 1 жаға жай футболы секциясы бар. Аймақтағы футболмен

шұғыл данушылардың жалпы саны – 19 061 адам. Олармен 417 жатт ықтырушы жұмыс істейді.

Материалдық-техникалық ба за да жыл сайын жетілдірілуде. Өңірде 1 жабық манеж жəне 15 стадион бар. Сондай-ақ, жа-санды көгал төселген 106 ша-ғын футбол алаңы ел игілі гіне қызмет етуде. Облыс орта-лығында футбол бойынша ма-мандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жыл сайын таланттарды үлкен спортқа қосуда. Бүгінде мұнда 800-ге жуық оқушы тəлім ала-ды. Сондай-ақ, Павлодар қала-сында 2012 жылғы мамыр-дан «Ертіс» футбол орталығы жұмы сын бастады. Онда 6-17 жас ара лығындағы 365 бала тəрбиеленуде.

Өңірде жыл сайын түрлі тур нирлер ұйымдастырылады. Мысалы, мектеп оқушылары арасында «Былғары доп» до-дасы, Б.Кулаевты, А.Святовты, И.Вагнерді еске түсіруге

арнал ған дəстүрлі турнир-лер жыл сайын жүздеген фут-болшының басын қосады. Футбол əуес қойлары арасын-дағы облыс чемпионаты да тар-тысты өріледі.

Футбол инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлінген. Был-тыр 38 шағын футбол алаңы ор-натылды. Биыл облысқа қарасты үш қала мен Баянауыл жəне Тереңкөл ауылдарында толық өлшемді футбол алаңдары пайдалануға берілмек.

– Биыл Павлодардың Ор-талық стадионы сенімді бас-қаруға берілді. Бұл қа дам өзін өзі қаншалықты ақтайды?

– Енді Орталық стадионның 2022 жылға дейін дамуы «Ертіс» футбол клубына байланысты. Себебі, стадион толықтай клуб-тың қаражаты есебінен қам-тамасыз етілмек. Нысанды сенім ді басқаруға беру арқылы мемлекет биыл 37 млн теңге үнемдейді. Үнемделген қаржы қаланың өзге қажеттіліктеріне ба ғытталмақ. «Ертіс» фут-бол клубы шарттарға сəйкес, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларына, спорт тың І, ІІ топтағы мүгедек-те ріне жəне мүмкіндігі шектеулі балаларға футбол алаңын тегін ұсынатын болады.

�ңгімелескенФархат  МІРЕНОВ,

журналист

ПАВЛОДАР

«Ертіс» екпінінен жаңылмайды

Әлияның шәкірті

– Ислам, жеңіс құтты бол-сын! Жалпы, құрама ко мандаға оралуың да сенің жан күйерлерің үшін қуанышты оқиға болып жатыр...

– Рахмет! Тағдырдың жа-зуы шығар – қиын сынақты бас-тан өткердім. Осы кезде маған сенім білдіріп, қолдау көр сет-кен жандардың бəріне, атап айтқанда жеке бапкерім Сер гей Дмитриенкоға, Ұлт тық құраманың жаттықтыру шы ларына жəне де құрамадағы достарыма, өзімнің жанкүйерлеріме мың мəрте алғыс айтқым келеді. Өткеннен сабақ алу – кім-кімге болса да аса пай-далы дүние деп ойлаймын...

– Бакудегі «Үлкен дулыға» додасына оралсақ... Қай белдесу сен үшін, əсіресе қиынға соқты?

– Шынымды айтсам, оңайы болмады. Голландиялық Ноэль Ван Те Эндпен арадағы екінші белдесудің аса тартысты өткенін айтуға болады. Əрине, мұндай турнирде финалдық белдесудің жауапкершілігі мол болаты-ны бар. Қарсыласым, татами иесі Мамедали Мехдиев мықты балуан дардың бірі. Гран-при турнирлерінің бірнеше мəрте жүлдегері, 2016 жылы Еуропа кубогінің жеңімпазы болған. Міне, осы қарсыласымды екі ва-заримен ұттым.

– Алдағы жоспарың туралы айтып берсең...

– Таяу күндері Шымкент қа-ласында болатын оқу-жаттығу жиынына барамыз. Одан кейін құрама командамен бірге Түр-кияға аттанамын. Ол елде 5 сəуір күні Гран-при сыны өтеді. Осы додада өзімді тағы да жақсы қырларымнан көрсетсем деймін.

Шынын айтқанда, Бакудегі жеңіс мені қатты жігерлендірді. Өзіме деген сенімнің қайта орал ғанын сезіндім. Мен үшін сенімділік – өрге сүйрейтін, жеңіс-терге құлшындыратын керемет күш.

– Құрама командадағы 90 кило салмақтағы орныңды сен жоқта күрескен балуандар оңай лықпен бере салмайтын шығар?

– Əлбетте. Мен жоқта бұл салмақта Сұңғат Зəкарияев пен Дəу летхан Жақыпов өнер көр-сетті. Яғни, 90 кило салмақтағы бəсекелестік үшеуіміздің арамыз-да өрбитін шығар деп ойлаймын.

Жалпы, мен сынақтың қан-дайына болса да дайынмын. Құрамадағы өзімнің орнымды ойып алып, мамыр айындағы Азия біріншілігінде, тамызда өтетін əлем чемпионатында күрессем деймін.

– Дегеніңе жет!

�ңгімелескен Қайрат  БІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

«Сынақтың қандайына болса да дайынмын»

● Өскеменде өткен матчта «Тор педо» Санкт-Петербургтің «Динамосымен» кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті. Кездесудің алғашқы голы 5-минутта соғылды. Бұл тұста Кирилл Тамбиев көзге түсіп, питерліктерді алға шығарды. Арада бір минут өткенде Максим Капитуров есепті теңестіріп үл-герді. Дегенмен, 17-минутта қо-нақтар Артем Тамилиннің көме-гімен екінші шайбаларын салды.

Екінші кезең қауіпті шабуыл-дарға толы болса да, есеп өзге-ріссіз қалды. Үшінші кезеңде шығысқазақстандықтар Джордон Сауторнның арқасында есепті 2:2-ге жеткізді. Матчқа жиналған қауым тартысты бəсекенің куəсі болғаны айдан анық. Себебі, негізгі уақытта жеңімпаз коман-да анықталмай, ойын овертаймға ұласқан. Бұл уақытта да қос ко-манда бір-бірін аңдумен өткізді. Тек екінші овертаймда Евгений Рымарев жеңіс голын соқты.

«Торпедо» мен «Динамо» ара сындағы жалпы есеп 1:1

болды. Келесі кездесу ертең Санкт-Петербургте өтеді.

● Осы сында өнер көрсетіп жат қан «Сарыарқа» Қарағандыда «Зауралье» командасымен күш сы-насып, 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Алғашқы ойындағы жеңілісті қаперінде ұстаған «Зауралье» ой-ыншылары кездесудің 3-минутын-да есеп ашып үлгерді. Оны Евгений Полторок өз еншісіне жазды. Кезең соңында Артем Михеев басымдықты арттыра түсті. Дəл осыдан кейін алға ұм тылған қарағандылықтар 35-минутта Михаил Анисиннің көме гімен есеп айырмашылығын қыс қартса, 42-минутта таразы ба-сын те ңестіріп кетті. Бұл матчтың не гізгі уақытында да жеңімпаз та -был май, ойын овертаймға жал ғасты. Өкінішке қарай, Никита Си рот-кин 65-минутта «Сарыарқа» қақ -пасынан саңылау тауып, «За уралье -нің» жеңісіне себепші болды.

Қос команданың арасындағы жалпы есеп 1:1 болды. Келесі матч ертең Ресейдің Қорған қаласында өтеді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Көркем гимнастикамен бес жасынан бастап айналысып келе жатқан Сабинаның бұл алғашқы жеңісі емес, əрине. Бүгінде аты əлемге таныла бастаған гимнасшы Сабинаның спортқа əуестігі əуел баста Əлия Жүсіпованы мақтан тұтудан, соған еліктеуден басталған екен.

Гимнастикаға деген қызы-ғушылығын байқаған əкесі бес жасар Сабинаны Шымкенттегі көркем гимнастика үйірмесіне өзі жетелеп апарыпты. Он жасқа дейін алғашқы бапкері Ольга Смирнованың тобында, кілең өзінен үлкен қыздармен жаттыққан. Топта ең кішісі болғанына қарамастан, өзін қа лай да көрсетуге ты-рысқан ол көптің арасында елеусіз қ а л ғ ы с ы к е л -мей еңбектенді. Спорт қа жақын от басында

дүниеге келген қыздың ын-та-талпынысы ата-анасы та-рапынан əрдайым қолдау та-уып отырды. Хобби емес, өміріндегі басты нəрсе екенін де ерте ұғынған Сабина көркем гимнастикаға өнер, сүйіп айна-лысатын ісі ретінде қарапты.

Жоғары нəтижелерге же-ту үшін алдына үлкен-үл кен мақсаттар қойды. Ол мақ-саттарға жету жолында бап-керлерімен бірге тер төкті. Бұл орайда, көркем гимнасти-ка шебері Əлия Жүсіповамен бірге жұмыс істеген жеті жылға жуық уақыттың бергені мол. Мы салы, Сабина 12 жасында Ұлт тық құрамаға қабылданды, 15 жасында көркем гимнасти-кадан спорт шебері атанды. Іле-шала «Халықаралық дəрежедегі спорт шебері» нормативін орын-дап, мұндай атаққа 15 жасында

қол жеткізген тұңғыш спорт-шы атанды. Бұл орайда ол жеке бапкері Əлия Жүсіповадан озып отыр. Əлия бұл белесті 17 жа-сында бағындырған болатын.

Сабина 2014 жылы Инчхон-да өткен Азия ойындарын-да командалық жарыста қола алды. 2015 жылы алғаш рет Азия чемпионатына қатысты. Жекелей өнерде екі қола ұтты. Командалық есепте де қола медальды иеленді. Сол жы лы Люксембургте өткен халық-аралық турнирде бір алтын, бір күміс олжалады. Одан кейін Əлем чемпионатында 18-орын-нан көрінді. Екінші рет Азия чемпионатына қатысып, екі қола, екі күміс медаль алды.

– Көркем гимнастика мақ-танышы Əлия Жүсіпова – жеке бапкерім. Афины, Бей-жің олимпиадаларында қа-зақ көркем гимнастикасын əлемге мойындатқан спорт-шы шəкірттеріне бапкерлік көз қараспен ғана емес, гим-наст тұрғысынан да қарайды. Сол себепті де, ол кісі бəрін түсінеді. Кей күндері шар-шап, мазаң болмай тұрады. Жаттығу барысында бір жеріңді ауыртып алатын жағдайлар да кездеседі. Ондай кезде Əлия Мақсұтқызы спорттық жолын-да басынан өткен жағдайларды айтып, көңіліңді көтеріп, тіпті қанаттандырып жібереді . Жа рыстарда жақсы нəтиже көрсетсең, «Келесіде сен мына биікті де бағындыра аласың», деп сеніміңді оятады. Бір сөзбен айтқанда, бір-біріміздің

жай-күйімізд і өте жақсы сезінеміз. Бұл жаттығу барысы-на көп көмек теседі. Риода өнер көр сетуге алаңға шыққанда алғаш қыда толқыдым. Басымда сан ой сапырылысып кетті. Бірақ, дереу артық ойларды ысырып тастап, көңілімді ты-ныштандыра алдым. «Осы уақытқа дейін үйренгенімді, бар қабілетімді көрсетемін» де-ген мақсатты ғана алға қойдым. Соңымда бапкерім, достарым, бүкіл ел тұрғанын сезіндім. 24 елден барған 26 гимнасшының арасында 12-орын алдым. Бұл да жақсы көрсеткіш. Өйткені, маған қарағанда тəжірибелі, танымал спортшылардың

өзі менен кейінгі орын-дарда қалды. Қытайлық ару Чанг Ронг екеуміз

гимнасшылардың арасында ең жасы болғанымызды да айта кетейін. Келесі Олим-пиадада үздік ондыққа, тіпті, үздік бестікке кіремін деп ой-лаймын. Олимпиададан келген соң маған М.Əуезов атын дағы Оңтүстік Қазақстан мем лекеттік университетінің «Денешы-нықтыру жəне спорт» маман-дығына университеттің білім гран ты берілді. Қазір сонда оқып жүрмін», – дейді Сабина Əшірбаева.

Осы арада айта кетелік, оқу орнында саламатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға ерекше мəн беріліп келеді. Жал-пы, ел намысын қорғап, əлем-дік ареналарда, Олимпиада ойындарында көк туымызды желбіреткен жеңімпаздардың арасында осы жоғары оқу орнындағы денешынықтыру

жəне спорт факультетінде оқы ған жəне білім алып жүр-ген қыздар көп. Күні кеше Алматыда өткен ХХVІІІ қысқы Универсиадада фристайлдан жүлделі орыннан көрінген Жанбота Алдабергенова осы оқу орнында оқыды. Ауыр атле-тикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Жазира Ж а п п а р қ ұ л д а М . Ə у е з о в атындағы ОҚМУ-дың студенті. Əйгілі гимнасшы, Азияның бір неше дүркін чемпионы, екі бірдей Олимпиадаға қатысқан Əлия Жүсіпова, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Елена Ша-лыгина, зілтеміршілер Татьяна Хромова, дзюдошы Алек-сандра Подрядова, жеңіл ат-лет Татьяна Бочарова, мер-ген Ольга Довгун, самбошы Пе ризат Жақыпбекова... оқу ор нының танымал таланттар тізімі осылай жалғаса береді. Əлемге əйгілі спортшылардың жеңісті жолдарын жалғастыра Рио төріндегі байрақты бəсекеге қатысқан көркем гимнасшы Сабина Əшірбаева мен Селина Жұматаева бүгінде аталған оқу орнында білім алуда.

Дарынды спортшылар-ды қолдау мақсатында жыл сайы н оқу орнындағы ғылыми кеңестің шешімімен универси-тет гранты бөлінеді. Болашақ жеңімпаздардың жаттығуына, шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Жарысқа, о қ у - ж а т т ы ғ у ж и ы н д а р ы -на қатысушылар үшін сынақ тап сырудың, сабақтың тиімді кестесі жасалған. Жалпы, М.Əуезов атындағы ОҚМУ-ды біліктілікпен басқарып келе жатқан ректор Жұмахан Мір-халықовтың спортқа айрықша көңіл бөлетіні елге мəлім. Оның талантты жастарға ба-рынша қамқорлық танытып, қолдау көрсетуінің арқасында университеттің студенттері талай биіктерді бағындырып келеді. Іргелі білім ордасы олим пия ойындары, əлем біріншіліктерінде топ жар-ған студенттерін мақтан тұта-ды. Осындай қолдау мен қам-қорлықтан кейін студенттер де алаңсыз жаттығып, түр-л і де ң г е й д е г і ж а р ы ст а р -да жеңімпаздар қатарынан көрінуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы

ХОККЕЙ

«Барыстың» жолы болмады

Аян  БДУ ЛИ,«Егемен Қазақстан»

Кездесуде есеп тек екінші кезеңнің ортасына таман ашыл-ды. 28-минутта Данис Зарипов мергендігімен көзге түсіп, «Ме-таллургті» алға шығарды. Осы қарқынынан таймаған қонақтар араға он минут салып, Зариповтің көмегімен есепті еселей түсті.

Матчтың соңғы бөлігінде жанкүйерлер алты шайбаның куəсі болды. 41-минутта «Ба-рыс» сапынан Дастин Бойд есеп айыр машылығын қысқартқанмен, қонақтар үш голмен жауап қай-тарды. 48-минутта Сергей Мозя кин

көзге түссе, алты минуттан кейін Ян Коварж төртінші голдың ав-торы болды. Негізгі уақыттың аяқталуына төрт минут қалғанда Данис Зарипов хет-трик иесі атан-ды. Міне, осыдан кейін ес жиғандай болған елордалықтар соңғы үш минуттың ішінде қарсыластарын екі мəрте қапы қалдырды. Голдың екеуі де Дастин Бойдтың еншісіне жазылды. Матчтың соңына таман «Барыс» бар күшін салғанымен, діт теген нəтижеге қол жеткізе ал-мады.

«Барыс» осылайша қатарынан үшінші кездесуде «Металлургке» есе жіберді. Қос ұжым арасындағы келесі ойын бүгін Астанада өтеді.

«Сарыарқа» мен «Торпедода» мүмкіндік мол

Page 11: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

15 наурыз 2017 жыл 11аймақ

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

––––––––––––––––––––––––Қарағанды облысында жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметі жобасы қолға алынды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті. ––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––Жуырда Өскеменде Қ а з а қ с т а н м ұ с ы л ­ман дары діни басқар­м а с ы н ы ң Ө с к е м е н а й м а ғ ы ө к і л д і г і н і ң мұ рын дық болуымен «Адам гершілік құн­ды лықтарды наси хат­таудағы БАҚ­тың рөлі» тақырыбында І рес­публикалық журналис­тер форумы өтті. ––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осынау жақсы ағаны еске алғанда ойыма бақытқа кенелтетін еңбек де­ген ұғым оралады. Өйткені, Мүсім хан Қабылтайұлы шын мәнінде бақыт ты ғұмыр кешті. Туған елінің қа жетіне жарап, адал еңбек етіп, тер төкті. Отбасының мерейін тасытып, жар құшып, бала сүйді. Ағайын­туған, дос­жарандарының ортасына сыйлы бол­ды. Осындай дәреже­атақ оған оңай келмеді. Атпал азаматтың өмірбаяндық дерегіне көз жіберсек, запыранды 37­де Жамбыл облысының бұрынғы Красногор ауданында туғанын көреміз. Осындағы ауылшаруашылық технику­

мын 1960 жылы техник­механик мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Жамбыл ауданының «Рославль» кеңшарындағы №3 бөлімшеде механик болудан бастайды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Алматы облысының әкімдігі және облыстық мәслихат экономика ғылымдарының кандидаты, Алматы облысының құрметті азаматы

Абай Қашағанұлы БАЗАРБАЕВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Республикалық неміс драма театры» РМҚК директорының бос лауазым

орнына конкурс жариялайды

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар: жоғары кәсіптік білім мен мәдениет және өнер мекемелеріндегі немесе мәдениетті басқару органдарындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;2. Жеке куәліктің көшірмесі;3. Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-

жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп);4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;6. Алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;7. Кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар,

оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау жарияланған сәтінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 318-кабинет мекенжайы бой-ынша қабылданады.

Толық ақпаратты 8 (7172) 74 04 26 телефоны бойынша алуға болады.

«Червонное-Агро» ЖШС 2017 жылғы 21 сәуірде сағат 14.00-де Солтүстік Қазақстан обл., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд., Червонное

а. мекенжайында кезектен тыс жалпы жиналыс өткізу туралы хабарлайды.

Күн тәртібі:1. Иван Иванович Шаламовтың жер учаскесінің орналасқан жерін

белгілеу туралы 2016 жылғы 26 желтоқсандағы өтінішін қарау.

Утеряно контрольно-кассовой аппарат «Меркурий-180ФKZ (версия 180RV 1-1.hex 20-704) заводской номер 000010088394, г/в 2010 г. на имя ТОО «Brend Invest», БИН 080240016176 считать недействительным.

Дихан-механизаторлар дың жұ мысы жылдың төрт мезгілінде де әсте толастамайды. Бір-бірі-мен жалғасып жатады. Істен шық қан техниканы жөндеу, қатарға қосу үшін жас маман күндіз-түні дамылдамады. Екі жылда оның еңбегі ескеріліп, инженер-бақылаушы, машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі, шаруашылықтың бас инженерлігіне дейін жо-ғарылатылады. Өндірістен қол үзбей 1971 жылы бір кез дегі арманы болған Қазақ тың ауыл шаруашылығы инс титутының инженер-меха ника факультетіне оқуға түсіп, бітіреді. Бұдан кейінгі өмір белестері алға ұмтылу, өз бағы тынан адаспай, елге адал қыз мет етумен жалғасқанын көреміз.

Мүсімхан Қабылтайұлы бас инженерліктен кейін Алма-ты облысындағы «Казсель-хоз тех ника» ауданаралық бір-лес тігі басқармасының бас-тығы, Жамбыл ауданындағы Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығының директо-ры, Ақсеңгір тәжірибе шаруа-шылығының директоры, Жам-был атындағы кеңшар дирек-торы, «Рославль» қой өсіру кеңшарының директоры, Жамбыл атындағы жылқы зауытының директоры қызметтерінде са-тылап өсіп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалып, халықпен қоян-қолтық араласып, ел экономи-касын өркендетуге сүбелі үлес қосты. Аудан, облыс басшыла-ры оны өз ісінің білгірі, ұтымды ұйымдастырушы болғандықтан әрдайым экономикасы тұралаған шаруашылыққа жіберіп отырды.

Ол 1992-1996 жылдары

Тал ғар ауданындағы «Кербұлақ» кеңшарының директоры, 1996-2002 жылдары Жамбыл ауда-ны, «Беріктас» кооперативінің директоры лауазымдарын да абыроймен атқарды. Халықтың сенімінен шығып, шаруашылық жүгін алға сүйреді.

Қай кезде де төккен тердің өтеуі болады. Осылайша, Мүсім-хан Қисықов Қазақстанның ең-бек сіңірген ауылшаруашылық қыз меткері атанды. Кеңестік кезеңде КОКП ХХVІІІ съезінің делегаты болды.

Әрбір жұмыс нысанын жіті қадағалай білетін талапкер бас-шы Мүсімханның тәрбиесімен шыңдалған сол кездегі жастар арасынан сүзіліп шыққан сана-лы жігіттер бүгінде еліміздің әр түкпірінде өз орындарын тау ып, жемісті еңбек етіп жүр. Жалпы, сол кездегі шаруашылық басшыларының жаңашыл баста-маларына журналист ретінде таңданатын едім. Егін орағы, мал азығын дайындау, қысқа дайындық, төл алу және басқа жыл мезгілдерінде бір-бірімен сабақтасып жататын науқандарда Одақтық, облыстық, аудандық ауыспалы қызыл тулар тапсыры-лып, жарыс жеңімпаздары жеті сайын, ай сайын, жыл аяғында марапатталатын. Рославльдіктер сондай сәттерде үнемі көш ба-сында жүретін. Ұзын бойлы, кең жауырынды азаматтың тура сөйлейтін мінезі, еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілеті астасып, осындай шаралар бары-сында оны биікке көтеретін.

Аудан басшысы 1987 жылы тозығы жеткен малшы үйлері мен мал қораларын сапалы жөндеуді шаруашылық басшыларына

қатаң тапсырып, арнайы айлық жарияланды. «Рославль» кең-шары ауданнан шалғай орналас-қандықтан құрылыс материал-дарын тасу мен жеткізуге қы-руар қаржы керек болды. Сол кездің өзінде қаржыны есептеу, үнемдеу қатаң бақыланатын. Сондықтан басшылар тығырыққа тірелді. Осы тығырықтан жол тауып, жергілікті құрылыс мате-риалдарын тиімді пайдаланған шаруашылық директоры Мүсім-хан Қисықов қысқа мерзімде мал-шы үйлері мен мал қораларын, монша салып, әріптестеріне өнеге көрсетті. Озық тәжірибемен та-нысу үшін барлық колхоз, сов-хоз басшылары Мәтібұлақ ауы-лына жол тартты. Шөлейтті аймақ, құм суырған дала жолы-мен бір белден асып, екіншісіне көтерілеміз. Алдымыздан тап-тұйнақтай салынған шопан үйі шығады. Жұмыртқадай аппақ құрылысты шопан үйі деп айтуға ауыз бармайды. Қарсы беттегі ұзыннан ұзын салынған мал қорасы қандай қыс қаһарына да төтеп беретіндей. Төлге арналған орындары да бар. Тәжірибелі деген директорлар алғашында күліп келсе, құрылысты көр-геннен соң осы әдісті пайдала-нып, жүздеген малшы үйлері мен мал қоралары жаңарды. «Қисы-қовтың тәжірибесінің» осылай-ша аудан, облысқа тарағанын әлі ұмытпаймын.

Мүсімхан Қабылтайұлы 1989 жылы мал қыстатуды ойда-ғыдай өткізгені, ауыл шаруа-шылығы өнімдерін өндіру мен сатудағы қол жеткізген табыс-тары үшін Бүкілодақтық дәре-жедегі бас жүлдені жеңіп алып, еңбегі ақталды. Оған қоса қо-мақты ақша лай сыйлыққа ие болды. Бұл халықтың мерейін өсірді. Жақсының шарапаты-мен аға шопандар Алмасай Нұрланғазиев пен Сәлем Сұртаев және басқалары марапатталды. Омырауларына Отан наградасын тақты. Озаттар кезексіз автокөлік мінді. Ол кезде қазіргідей, авто-көлікке екінің бірінің қолы жет-пейтін. Оны тек еңбектегі жо ғары жетістіктерімен ғана алатын.

Отыз жылдан астам іргелі шаруашылықтарды басқарып, үлкен шаңырақтың бақытын шалқытқан жан жайлы «Ел үмітін ер ақтар» деген естелік жинақты парақтап отырмын. Онда туған жерге туын тіккен азаматтың халқына, ата-анасына, ұрпағына, замандастары мен достарына деген

сүйіспеншілігі кеңінен сөз болып-ты. Және Мүсімхан Қисықовпен әр жылдары бірге еңбек еткен әріп-тестері, белгілі тұлғалар пікірлерін тебірене жазыпты.

Дана халқымыз адамгер-шілікке қатысты үш сауапты атап айтқан. Ол – шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен, деп келеді. Азаматтың аза-матына ғана тән бұл қасиеттер Мүсімхан Қа был тайұлының өмірлік ұста ны мына айналып, өмірінде оны толық жүзеге асырған жан дардың қатарынан саналады. Мәтібұлақтың көк-теуі мен қыс тауына құдық та қаздырды, көпір де салды. Бүгінгі Мәтібұ лақ ауылы танымастай сәу леттенсе, ондағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени орындар азаматтың бастамасы-мен тұр ғызылған. Жайқалған жасыл желекті тал-теректер оның басшылығымен, бірқатары тіпті өз қолымен отырғызылған. Ша-руашылық тәсілмен сол жыл-дары 60 тұрғын үй, асхана, 320 орындық балабақша, тағы бас-қа құрылыстар бой көтерген. Құр метті еңбек демалысына шы ққаннан кейін балаларымен кеңесіп, Мәтібұлақта өз қар-жысына күмбезі көк тіре ген Алланың үйін тұрғызып, жер-лестерінің игілігіне берді. Мешіт арғы аталары Кебекбай бидің атымен аталады.

Данышпан Абай айтқан «Әкең нің ғана баласы болма, адам ның баласы бол» деген да-налық өсиетке сай өмір сүрген, ұлағатты ұл-қыз өсіруге ден қойған халықтың өкіліміз. Міне, қазақтың сондай перзенттерінің бірі 2011 жылы мына фәни дүние ден өткен Мүсімхан аға мен отаға сының соңынан сағы-ны шын арқалап кеткен Бәтима жең гей еді.

«Ел үмітін ер ақтар, ер ата ғын ел сақтар» деген ақиқат бар ғой. Сол айтқандай, үмітін ақтаған азаматын еске алып, Ұзын ағаш ауылындағы бір көше Мүсімхан Қисықовтың атымен атау жайы ойластырылуда. Бұл да азаматқа деген бір құрмет десе болады.

Иә, ол отызында орда бұзды, қырқында қыр асып, қамал алды. Халқына, туған еліне көп еңбек сіңірген, үлгі-өнегенің, биік адам гершіліктің, тәлім-тәрбиенің үлгісі болған аға буын өкілдерінің тұлғасы бүгінгі ұрпақтары үшін әрдайым өнеге болып қала бер-мек.

Күмісжан БАЙЖАН,мәдениет қайраткері,

Алматы облысының құрметті азаматы

Есімі Елдің ЕсіндЕ

Тағылым Жағымды Жаңалық

кіТап көкЖиЕгі

Нұрлы жүрек––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заман. Билік айтсаң – түзу кес, адалын айт. Тиянақ көрме жалғанды», – деп философ­ақын Шәкәрім меңзегендей ұлтымызға жақсылық жасап келдік деген зымиян саясат құрдымға кеткелі ақ пен қараны таңып, қазақтың қырға өрлегенінен гөрі құлдиға құлағаны көп болғанын біліп – бүгінгі күнге жеткенімізге шүкір дейсің. Үстемдіктің үскірігіне ұрынып жойылып, жоғалып кеткен ұлыстар қаншама? Бұл ойды тереңнен қозғауға ұлт құндылықтары мен халқымыздың қилы кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларды нақты деректерге сүйене отырып зерделеу еңбектеріне арқау етіп жүрген Бекен Қайратұлының «Қазақия қалай отарланды?» деген кітабы се­беп болып отыр. Мұның алдында оның «Қазақтың атбегілік өнері» деген жинағы жарық көріп, жұртшылықтан жақсы бағасын алып еді. Отарлау мен отарланудың ойраны талданған құнды дүниенің әр бетін оқығанда, қазақтың бүгінгі көзі тірі жоқшысы, көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлының «Қазақ қалай орыстандырыл­ды?» деген кітабы еске түсіп, ұлт санасының уланған тұстары ойға оралды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Журналистік ізденістің нәтижесінде жарық көрген Б.Қай ратұлының жаңа жинағы сегіз бөлімнен тұрады. XI-XV ғасырдағы Алтын Орда дәуірінен бастап, кеңестік кезеңдегі ұлт дағ-да ры сы, демографиялық ахуал, рухани жұтаңдық – бәрі көрініс тапқан. Кі тап та дерек көздерін айта отырып, ұлт зиялыларының ой-байламдарынан мы сал дар келтірілген. Әсіресе, Телжан Шо-нанұлының патшалық Ресей та-рапынан қазақ жері мен елі қа лай отарланғаны туралы еңбегі 1937 жыл ға дейін әлденеше рет жарық кө ріп, үстем күштің зымиян сая-саты жұртқа жеткізіліп отырғаны а л ғ а т а р т ы л а д ы . Е л б а с ы Н.Назарбаевтың 1992 жылы Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында: «Патшалық Ресей дің отаршылдығы басқа елдердің отаршылдығынан асып түспесе, кем түскен жоқ. Ұлан-ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Дініміз тәрк, тіліміз ғаріп, мәдениетіміз мүшкіл, өзіміз мүскін халге ұшырадық», деген аталы сөзін мысалға келтіріп, «...қырғыз-қайсақ ордасын түптің түбінде бір-ақ парақ қағазбен Ресейге қарату ісі атқарылатын бол-сын!» деген патша тарапынан А.Тевкелевке жіберген тапсыр-масы дәйекке келтіріледі.

Иә, отарлау кезінде жер ша рының біраз жұрты жуан жұдырықтың уысында қалғанын айта отырып, қазақ жерінің тағдырына келгенде небір жан-түршігерлік оқиғаларды тілге тиек етеді. «Отарлаушылар тіпті ме нің ішкі жан дүниемді тона-ды. Мен бас қаша ойлай алмай-мын. Өзімді азат, тәуелсізбін деп ойлағанның өзінде біреу жан-жағымнан анталап, қамалап, еңсемді басып тұрғандай сезімде өмір сүремін», деген Марокка елінің тарихшысы Абдулла Лаури мен «Қолайлы, жақсы ауру-дерт болмайтыны сияқты, жағымды отаршылық та бол-майды», деген Индонезия елінің көсемі Сукарно сөздеріне сүйене отырып, әсіресе, еліміздің на ғыз

отарланған үш ғасыр мерзіміндегі қасіреттерді алға тартады. Соның бастысы, же ріне қарай халқы қаулап өсіп келе жатқан қазақтың демо графиялық ахуалы жайлы мә ліметтер жан дүниеңді жара-ламай қоймайды. Мәселен, 1897 жылы болған санақта тек қазақ топырағындағы ұлтымыз 4 147 701 адамды құрса, оның 80 пайы-зы қазақтар екені нақты дерек көздерінде көрсетілгенін айтады. Бұл сан одан да көп болғанын шығыстанушы П.Галузоның 1929 жылы жарық көрген «Отар Түркістан» атты еңбегінде қазақ «...6 млн-ға жетті» деп жазған. М.Тынышбаев еңбектерінен де мысалдар келтіреді. Сол секілді, бодандық бұғауының арғы аста-рында хандық билікті жойып, патшалық әкімшілікті енгізу, бұл істе ру аралық алауыздықты қоздыру жайы бірінші кезек-ке шыққаны, байырғы әдет-ғұрып заңдарын тежеу, ақылды билердің билігін сот жүйесіне алмастыру, діни отарлау, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы ашаршылық, қу ғын-сүргін, халықтың ой-санасын да мытпау жолындағы сұмдықтар жан-жақты талданады. Бір сөзбен айтқанда, автордың деректі пуб-лицистикалық толғау кітабынан ұлты мыздың арғы-бергі кезең-деріндегі небір сұрқай сұм дық-тарды оқи отырып, содан сабақ алсақ, азат елдің бүгінгі кемел тірлігінің алтын арқауы іркіліссіз жалғаса бермек.

Отарланған қазақтың ақиқаты

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Тағылымды шараға ҚМДБ-ға қарасты еліміздің барлық өңірлеріндегі баспасөз хатшы-лары, журналистер, ғалымдар, діни бірлестік жетекшілері, жас тар мен аймақтың имамда-ры қатысты.

– Соңғы жылдары ғалам-тор беттерінде, ақпарат құрал-дарында үнемі болмаса да, ара-тұра асыл дінімізге нұқсан келтіретін ұшқары ой-пікірлер мен әртүрлі мақалалар жария-ланып жүр. Мұның бәрі біл-местіктен, дұрыс түсін бе ген-діктен туындайтыны бел гілі. Сондықтан дін тақы рыбын жаз ғанда журналистер қауымы елімізде діни алауыздық ту-дырмайтындай, керісінше елдің бірлігін бекемдеп, жұрт-ты имандылыққа, ізгілікке шақы ратын дүниелерге көбірек қалам сілтесе деген ізгі ниет-пен ұйымдастырып отырмыз бұл шараны, – деді ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл има-мы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұ қатай форумды ашқан сөзінде.

Форумда баяндама жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Сыдықов журналистер дін тақырыбын қаузағанда сенса-ция іздегеннен гөрі, жұртқа

тағылым-тәрбие, үлгі-өнеге беретін дүниелерге көңіл бөлсе, бұл мәселеге байыптылықпен, салмақтылықпен, жауапкер-шілікпен қараса деген тілегін жеткізді.

– Анық-қанығына көз жет-кізілмей, асығыстықпен, қалай болса солай жарияланатын ма-териалдар көбейді. Мәселен, «Мешітте аяқ киім ұрланды», «Молда ақша сұрады», «Ме-шітте төбелес шықты» деген секілді ақпараттарды жұрттан сүйінші сұрағандай апыл-ғұпыл жариялауға асығатын әріп тестеріміздің қатары азай-май тұр. «Отыз тістен шық-қан сөз отыз рулы елге та-райды» дегендей, бұдан кейін бұл ақпаратты қанша жерден теріске шығарсаң да, халық ара-сында алғашқы естіген немесе оқыған ақпарат қалып қояды. Кейін жүз дәлел келтірсе де, сол адам туралы қоғамда теріс пікір қалыптасады. Дін – нәзік тақырып. Оны рей-тинг көтеру бағытында пай-да ланбағанымыз абзал, – деп пікірін білдірген ол дін тақы-рыбын жазатын журналистер мақалаларын жария ламас бұрын басқармаға жүгінсе, де-ген ұсынысын жеткізді. Сон-дай-ақ, ол осы тақы рыпта қалам

тербейтін жур налистердің кә-сіптік этикасы туралы кодекс қа былданса, жо ғары оқу орын-дарында діни тақырыптарда қосымша дәрістер оқылып, ар-найы факультативтер ашылса деген сияқты бірқатар тілегін айтты.

Өзекті мәселе төңірегінде әңгіме өрбіген жиынға өңірдегі өзге діннің өкілдері де қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.

– Бүгінде діни экстремизм проблемасы өзекті. Ел бо-лып шама-шарқымызша оған қарсы күресіп жатырмыз. Еш-бір мемлекет бұл қауіптен сақтан дырылмаған. Ұрпақ өсіп келеді. Көбінің «рухани ұс тазы» да, тәрбиелейтін «әке-шешесі» де – теледидар болып тұр. Онда көрсетілетіні – ылғи қантөгіс, сатқындық. Бала те-ледидардан көргенін істейді. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне зиялы қауым, қалам иелері, дін өкілдері де белсене араласуы керек. Өйткені, баланың бола-шағы – ел болашағы, – деді Өскемен шіркеуінің дін қыз-метшісі Константин Дьяков.

ӨСКЕМЕН

Суретті түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ

Дін тақырыбын жазатын журналистер бас қосты

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Ведомство басшысы электрон-ды денсаулық сақтауды дамытудың қадамдарына тоқталды.

– 2017 жылдың қаңтарынан бас-тап облыстық ауруханаларда «Ста-ционар» денсаулық сақтаудың ке-шенді медициналық ақпараттық жүйе сінің жаңа модулі енгізілуде. Жоба желтоқсанға қарай аяқталады. Осылайша, барлық медициналық ұйымдар бірыңғай ақпараттық алаң-да жұмыс істейді, бұл электронды ден саулық сақтау төлқұжатын сәтті енгізу мен міндетті әлеуметтік меди-циналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге көшу үшін негіз бо-лады. Келесі қадам жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметін құру болады, – деді Е.Нұрлыбаев.

Яғни, барлық шақырулар бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі. Же-дел жәрдем машиналары GPS-нави-гаторлармен жабдықталады. Бюд-жеттен 36 реаномобиль сатып алуға 1,2 млрд теңге бөлінбек.

Сонымен қатар Е.Нұрлыбаев Қара-ғандыда жедел жәрдемнің жаңа үш шағын стансасын салу туралы шешім қабылданғанын жеткізді. 2017 жылы жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлініп, құрылысты 2018 жылы бастау көзделген.

«Екі шағын стансаның бірі Май-құдық аумағында, екіншісі Сұрыптау кентіне орналасады. Аталған жобаны жүзеге асыру шұғыл көмекті жақсар-туға мүмкіндік береді, деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқар-масының басшысы.

ҚАРАҒАНДЫ

Жедел жәрдемнің жаңа модулі енгізілмек

Page 12: E-mail: info@ 15 НАУРЫЗ ... · PDF fileсоңғы 5 жылда 1,7 триллион теңге инвестиция салынды. ... Жайымбетов, «Қазақстан

12 15 наурыз 2017 жылдидар

өнер

Көрме

фотоэтюд

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Наурыз мерекесіне орай Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Болгария еліне тұңғыш рет гастрольдік сапармен барғалы отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бірде өз заманында атақ-даңқы жер жарған, әйел механиза-торлар арасында еңбек бәсекесінде өзгеден қара үзіп, оқ бойы озық жүрген Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған Кәмшат Байғазықызымен республикалық телеарнада өткізілген сыр сұхбатты көрді. Кәмшат апайдың еңбек жолына жастайынан қанық еді. Қостанай облысының Боровский ауданындағы «Харьков» кеңшарында механизатор болып еңбек еткен Кәмшат Дөненбаеваның есімі Қазақстанды былай қойғанда Одаққа мәлім болған заманында. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыҚалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Пловдив, София, Варна қала­ла рында 19­26 наурыз ара лығында өтетін «Ұлы Дала әуендері» атты концерттік бағдарламаларда

Құрманғазы, Түркеш, Шәмші Қалдаяқов, Ахмет Жұбанов, Нұр ғиса Тілен диев, Төлеген Мұха меджанов сынды қазақ ком­позиторларының күйлері мен әндері, әлем классиктері Жорж Бизе, Антонио Вивальди, Имре

Кальман, Иоганн Штраус, Андер­сонның шығармалары салтанат құрады. Ұлттық аспаптар күмбірі болгар халқының халық әндері мен фольклорлық шығармаларын да әуелетеді.

Үстіміздегі жылы Қазақ­стан мен Болгария арасын да­ғы дипломатиялық қатынас­тардың орнағанына 25 жыл толады. Осы мерейтойға орайластырылған гастрольдік

са пар Мәдениет және спорт ми нистрлігі, Қазақстанның Бол гария Республикасындағы елшілігінің тікелей қолдауымен жүзеге асады.

Гастрольдік сапардың мақ­саты екі ел арасындағы ынты­мақтастықты тереңдету, мем­лекеттер арасындағы мәдени байланысты нығайту ғана емес, елордада өтетін ЭКСПО­2017 көр месінің маңыздылығын айшық тау болып тұр.

Гастрольдік сапар нәтижесі бойынша тәжірибе алмасу мақ­сатында өнер ұжымдарымен ме­морандумға қол қойылып, өзара әріптестікті дамыту мақса тында жұмыс жүргізілетін болады.

Іс­шараға Құрманғазы атын­дағы оркестрмен қатар, Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­керлері Жеңіс Ысқақова, Ерлан Рысқали, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Батыржан Мықтыбаев, Респуб­ликалық және Ха лықаралық кон курс тардың лауреаттары Ағайша Жұрбай, Асел Рақымжан қатысады. Болгарияға оркестрді бас дирижер, Мемлекеттік «Да­рын» жас тар сыйлығының иегері Ар ман Жүдебаев пен дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров бастап барады.

АЛМАТЫ

Жас болса да, сурет өнерімен топты жарып, қатарынан бір адым ілгері жүрген Ержан Нұрланұлының туындылары көптеген көрмелерге қойылып, ылғи да жүлделі болып жүрген жайы бар. Былайша айтқанда, жолы болғыш жігіт. Әрине, мұның бәрі Нұрланның талан­тының арқасында мүмкін

болып отыр. Үстіміздегі жыл­дың қаңтар айында Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті қорының ғимаратында өткен көрмеде «Креативтік» аталымы бойынша марапат­талды. Сондай­ақ, 2016 жылы «Мұралы Алматы» ха лық ара­лық фестивалі, «Ме нің қа лама – 1000 жыл» конкурсы, 2015­2016

жылдары өткен «Энер гия лета» граффити кон курсы және тағы басқа көр мелерде суреттері қойылып, түр лі марапаттарға ие болды.

Жақында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Ержан Нұрланұлымен өткен кездесуде көпшілікке сурет өнерінің заманауи «граффи­ти» түрі жайында ақпарат берді. Граффити италия тілінен аударғанда «тырнау» (цара­пать) деген мағынаны білдіреді. Бұл сурет өнерінің көбінесе көшеде қолданылатын түрі бо­лып есептеледі.

Сурет қабырғаларға жай сөзден (ТЕГ) басталып, күр делі шығарма болып та қала көше­лерінде орын алады. Граф фити­суретшілер өздерінің шығар­маларында көбінде лақап ат­тарын, мекенжайларын бей­нелейді. Бояу ретінде спрей­арт, аэрозоль бояулары кең қолданы­латындығын атап айтты.

Граффитидің алғашқы нұс­қа лары ежелгі грек қаласы

Эфесте сақталған. Ал ежелгі орыс граффитиі Ресейде шіркеу қабыр ғаларында құдайға табы­нушылық дұғаларын жазуда қолданылған. Бұл өнер көбіне, тарихтың, лингвистиканың және палеографияның дерек көздері болып табылады.

– ХХ ғасырдың басында ме­трополитен, жүк пойыздары, жер асты жолдары қабырғаларына салынған граффити­суреттердің 1920 жылдардан бастап «Te­xino» деп аталатын түрі бізге де жетті. «Kilroy was here» фра ­засы толық тырылып бейне леніп бүкіл әлем ге тарады. Жал пы, Нью­Йорк қаласынан бас тау алған граф фити хип­хоп мә­дениетімен ты ғыз бай ланысты, – дейді Ержан Нұр ланұлы.

Кездесу барысында жас су­ретші өзінің граффити сала сын­дағы еңбектерін фотошолу ре­тінде көрсетіп, екі деректі фильм ді көрермендер назарына ұсынды.

Захра МАХАНОВА, өнер және спорт әдебиеттері

бөлімінің қызметкері

Өнегелі өмір жолын қыз бұрымындай етіп өрген әдемі де әсерлі әңгіменің бір тұсында хабарды жүргізіп отырған жур­налист жігіт тосын сауал қойған:

– Апай, кешегі кеңес зама­нында еткен еңбегіңізге орай сый­құрметке бөлендіңіз. Абы­ройыңыз асқақтады, мәртебеңіз

биіктеді. Жалпақ жұрт шын көңілімен ықылас танытып, құрмет­қошеметіне бөледі. Арманыңыз да жоқ шығар. Бірақ, мынау жарық дүниеде арман­сыз адам болмайды ғой, сіздің көкірегіңізде шіркін­ай дейтін бір арман бар ма?

Осы бір сәтте терең ойдың құшағына шомылған Кәмшат апай еш ойланбастан «бар» де­ген. Жауабын жылдам бергеніне қарағанда, бәлкім, сол бір арман көкіректе сарытап сағыныштың түйіні болып жылдар бойы жүрді ме екен, кім білсін. Әлде мына қызылды­жасылды дүние нің өзіндік ләззаты мен көзін қуан­тып, көңілін арбайтын дүние­мүлік болды ма екен. Бәлкім, кейінгі кезде бой түзеп жатқан, сәні мен салтанаты бірінен­бірі асқан екі­үш қабатты зәулім са­рай ма?

Жоқ, бүкіл ғұмырын маңдай­дан терін сорғалатып жүріп танап басында өткерген апаның әзіз жүрегін әлдилеген сағынышты арманы, қол жеткізбейтін биігі басқа екен. «Мен қайтадан бая­ғыда өзім тізгіндеген темір тұл парға тағы бір отырсам ба деймін». Осы сөзді естігенде, сазгер Құмарбектің тұла бойы тіл мен айтып жеткізгісіз, өзгеше өңді сезімге тұнып кеткен. Құдай­ау, танап басындағы шаң­тозаңға малынған, бейнеті белден келетін, зілмауыр салмағы әйел түгілі, атпал азаматтың қабырғасын қайыстырып жіберетін жұмысқа да құмартады екен­ау. Әуел баста бұл журналист сауалы­нан кейін өзінше ой топшылап үлгерген. Ал, апайдың жауабы басқаша болып шықты. Сонда ғана шын ниетімен еңбек еткен, кейін сол еңбектен қол үзген соң баяғы бейнетке толы еңбекті аңсайтын адам болатындығына қатты таңырқаған. Осы бір сәт көңіл пернесін жарқын ойлармен жарқыратып жіберді.

Ән туды. Көз алдына ұшы­қиыры жоқ шалқар дала елестеді. Ән де сол шалқар даланың шетсіз­шексіз жалпақ жонына жайылып бара жатқандай, самал жел қалай ессе, ән де солай еседі.

Ән нобайы жан­дүниесін шымырлатып, көкірегін кер­неген сансыз әуен біртұтас болып құйылып шыққан соң, өзі ат қойып, айдар таққан «Қазақтың Кәмшаты» әніне сөз іздеген. Алдымен ертерек­те шығармашылық байланы­ста жүрген бес­алты ақынға қолқа салған. Арада қаншама уақыт өтті. Бірінің қолы тимеді, бірі әуенді тыңдап көргенімен, қолынан келмейтінін айтып ақталды. Осылайша толғанумен

өткен талай түндердің шы­мылдығы сыпырылды.

Әйтеуір, «Қазақтың Кәм­шатын» Қойшыбек Кәр­

баев жа зып шықты. Қ о й ш ы б е к т і ң

м а м а н д ы ғ ы п о э з и я д а н

б і р ш а м а

алыс. Ол ішкі істер саласының қызметкері. Әдетте, сала қызмет­керлерінің қызмет ерекшелігіне сай рухани әлемнен сәл­пәл алыс жатыр деп ойлауы да мүмкін ғой елдің. Бірақ, әннің сөзі де ойлаған жерден шықты. Өмірде сөзі мен әні таразының басын тең басқан шығарма дүниеге кел­ген сәттегі қуаныштан артық не бар екен шіркін. Қойшыбектің қаламынан туған өлең бас­аяғы жұп­жұмыр, сәуле шашқан дүние екен. Әсіресе, қайырмасы.

Қырда тың игеріп,Жұлдызды күйге еніп,Сол бір кездер ғажап күн!Ару асыл затты,Нәзік Кәмшат атты,Бір қызы бар қазақтың.Бұл әнді қазір Шахмет Құ­

сайы нов атындағы қазақ музы­калық­драма театрының әншісі Рашида Ғалымова орындап жүр.

Әннің тууына, жазылуы­на облыстық мәдениет басқар­масының басшысы Сәуле Бөрі­баева да көп көмектескен екен. Ол да ақыл­кеңесін айтқан. Қол­дауын да көп көрсетті. Дәл осы тақырыпта облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының дирек­торы Қаратай Төлекеев те әнге сөз жазған. Бұл әннің тақырыбы «Кәмшат апа» деп аталады. Ізгілік иірімдеріне толы, адал ең бекті айшықтайтын, еңбек адамының мәртебесін тасытатын сырбаз ән дүниеге келді.

Егіз иірімді, бір мақсатты көздейтін, бір тақырыпты қау­зайтын қос әннің шығу тари­хынан сызбақтап, сыр айта келе, алдымен қандай құрмет көрсетсек те артықтығы бол­майтын, Алаштың ардақты қ ы з ы К ә м ш а т а п а м ы з д ы ң соңғы кезде көп айтыла бер­мей тін есімін тағы бір ел есіне салып, композитор Құмарбек Қал қатаевтың жаңа табысы жайында қуана хабарлағымыз келді ән сүйетін, өнерді ұлық­тайтын жамағатқа.

Байқал БАЙӘДІЛОВ

КӨКШЕТАУ

Бір әннің тарихы

Суретті түсірген Ерболат ШАДРАХОВ

Қазақтың Кәмшаты

Варнаға гастрольдік сапармен барады

Жолы болғыш жігіт–––––––––––––––––––Ержан Нұрланұлы – за-манауи сурет өнерінің өкілі, түрлі бағыттарда

еңбек етіп келе жат-қан, атап айт-

қан да, граффи-ти, каллигра-фия, кес кін-деме өне рі-нің май тал -маны, шы-ғар ма ла ры

Қ а з а қ с т а н қа ла ла ры мен

шет ел көр ме ле-рі нен орын ал ған жас суретші.––––––––––––