Қалыптастырушы бағалауға арналған...

79
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Астана, 2016 Музыка 1-сынып «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Upload: others

Post on 23-Jan-2020

13 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

Қалыптастырушы бағалауға арналғантапсырмалар жинағы

Астана, 2016

Музыка

1-сынып

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Page 2: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Музыка

1-сынып

Page 3: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

2

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.

Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады. ** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

Page 4: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

3

Мазмұны

1-тоқсан .......................................................................................................................... 5

Ортақ тақырып «Өзім туралы» . ................................................................................ 6

Ортақ тақырып «Менің мектебім» . ......................................................................... 15

2-тоқсан ........................................................................................................................ 23

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым» ............................................... 24

Ортық тақырып «Бізді қоршаған әлем» . ................................................................ 36

3-тоқсан ........................................................................................................................ 41

Ортақ тақырып «Саяхат» ....................................................................................... 42

Ортақ тақырып «Дәстүр және фольклор» . ............................................................ 49

4-тоқсан ........................................................................................................................ 59

Ортақ тақырып «Тағам және сусындар» . .............................................................. 60

Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау» ............................................................ 69

Page 5: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

4

Page 6: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

5

1-тоқсан

Page 7: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

6

Ортақ тақырып «Өзім туралы»

Бөлімше 1.1 «Музыка тыңдау және талдау»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық шығарманың көңіл күйін жәнеекпінін анықтайды.

1-тапсырма

В.А. Моцарттың «Twinkle twinkle little star» (Кішкентай жұлдыз жарқырайды) әнін тыңдаңыз.

Музыканың көңіл күйін, екпінін сипаттап айтыңыз.

Тыңдалған музыкаға сәйкес келетін суретті белгілеңіз.

2-тапсырма

В. Косенконың «Дождь» (Жаңбыр) пьесасын тыңдаңыз.

Музыканы тыңдау барысында көз алдыңызға қандай жаңбыр елестеді?

Музыкалық шығарманың екпінін анықтаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың көңіл күйін анықтайды; - музыкалық шығарманың екпінін анықтайды және сипаттайды; - тыңдалған музыкаға сәйкес суретті табады.

Page 8: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

7

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.

1-тапсырма

«Сәлем» әнін музыкалық-шулы аспаптардың сүйемелдеуімен орындаңыз.

Сәлем! (музыкасы: А. Танидікі; сөзі: А. Естеновтікі)

Сәлем, привет, hello! Қайырлы болсын балақан, Арайлап атқан жаңа таң! Қайырлы болсын жаңа таң! Арайлап атқан жаңа таң! Қайырлы болсын жаңа таң!

Сәлем, привет, hello! Басталған мына жаңа таң! Жүрейік сәлем берісіп, Алысып ыстық алақан. Жүрейік сәлем берісіп, Алысып ыстық алақан.

Дескриптор: Білім алушы - әннің әуенін сақтап орындайды; - әнді музыкалық-шулы аспаптармен сүйемелдей отырып

орындайды.

Page 9: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

8

2-тапсырма

Әнді мұғалімнің сүйемелдеуіне ілесіп орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің сөзі мен әуенін дұрыс айтады; - әнді мұғалімнің сүйемелдеуіне ілесіп орындайды.

Page 10: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

9

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс- әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайымырғақтық суреттемені орындайды.

1-тапсырма

Суреттен ұрмалы аспапты анықтаңыз.

Төмендегі ырғақтық суреттемені ұрмалы аспапта орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - ұрмалы аспапты дұрыс анықтайды; - ырғақтық суреттемені нақты орындайды.

Page 11: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

10

2-тапсырма

Суреттен қазақ халқының ұрмалы аспабын анықтаңыз.

Ырғақтық суреттемені қазақ халқының ұрмалы аспабында орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - қазақ халқының ұрмалы аспабын дұрыс анықтайды; - ырғақтық суреттемені нақты орындайды.

Page 12: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

11

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Соль және ми ноталарының дыбысталуынанықтайды, нота сызығына дұрысорналастырады.

Есту арқылы қатты және ақырын (f-форте, p-пиано) дыбысты анықтайды.

1-тапсырма

1) Соль және ми ноталарының биіктігін сөз тіркестерімен сәйкестендіріп сызыңыз.

Ми нотасы жоғары дыбыс

Соль нотасы төмен дыбыс

2) Нота сызығына соль және ми ноталарын орналастырыңыз.

3) Металлофон аспабында соль және ми ноталарын орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - соль және ми ноталарының биіктігін дұрыс анықтайды; - нота сызығына ми нотасын дұрыс орналастырады; - нота сызығына соль нотасын дұрыс орналастырады; - соль және ми ноталарын металлофон аспабында дұрыс

орындайды.

Page 13: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

12

2-тапсырма

Көзіңізді жұмып отырып, әр түрлі аспаптардың дыбысын тыңдаңыз.

1) Тыңдалған аспаптардың динамикасын анықтаңыз.2) р-пиано дыбысын естіген кезде бір рет шапалақтаңыз.3) f-форте дыбысын естіген кезде екі рет шапалақтаңыз.

Мұғалімге ескерту: берілген аспаптарда қатты және ақырын дыбыстарды орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - p- пиано дыбысын дұрыс ажыратады; - f-форте дыбысын дұрыс анықтайды.

Page 14: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

13

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Қарапайым ырғақтар құрастыру үшін идеяларұсынады.

Музыкалық фразалар шығару үшін идеяларұсынады.

1-тапсырма

Өз есіміңізді буынға бөліп айтыңыз.

Есіміңізді берілген ырғаққа салып орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы - өз есіміне сәйкес ырғақтық суреттемені дұрыс таңдайды; - ырғақтық суреттемені дұрыс орындайды.

2-тапсырма

Топтық жұмыс.

Топта «Жаңбыр», «Сағат», «Менің есімім» тақырыптарының бірін таңдаңыз.

Таңдап алынған тақырыпқа байланысты бірнеше сөздер ойлап табыңыз.

Нота сызығына соль және ми ноталарын орналастырыңыз.

Соль және ми ноталарын қолдана отырып, сөздерден әуен құрастырыңыз.

Мысалы: уа - қыт соль - ми ми – соль

Дескриптор Білім алушы - тақырыпқа байланысты сөздер ойлап табады; - нота сызығына соль және ми ноталарын дұрыс

орналастырады; - соль және ми ноталарын қолдана отырып, сөздерден әуен

құрастырады.

Page 15: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

14

Бөлімше 2.2 «Музыка шығару және импровизациялау»

Бөлім: 3. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды

қолдана отырып, әуен (1-2 такт) құрастырады.

1-тапсырма

1) Өзіңізге ұнайтын шулы аспаптың бірін таңдаңыз.

2) Шулы аспапты қолданып, қарапайым ырғақ ойлап табыңыз.3) Өз ырғағыңызды орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - шулы аспаптарды ажыратады және таңдайды; - шулы аспаптар арқылы қарапайым ырғақ құрастырады; - өзі құрастырған ырғақты шулы аспапта ойнап көрсетеді.

2-тапсырма

1) Соль және ми ноталарынан музыкалық фраза шығарыңыз.

2) Шығарған фразаны металлофон аспабында ойнаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - соль және ми ноталарынан әуен шығарады; - шығарған музыкалық фразаны металлофон аспабында

дұрыс орындайды.

Page 16: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

15

Ортақ тақырып «Менің мектебім»

Бөлімше 1.1 «Музыка тыңдау және талдау»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.2 Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тыңдау арқылы таныс дыбыстарды атайды жәнесипаттайды.

1-тапсырма

Берілген музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдаңыз.

Естілген дыбыс бойынша аспапты анықтаңыз және атаңыз. Естілген дыбысты сипаттап айтыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - шулы аспаптың дыбысын анықтайды және сипаттайды; - ұрмалы аспаптың дыбысын анықтайды және сипаттайды; - аспаптың атауын дұрыс айтады.

Page 17: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

16

2-тапсырма

1) Берілген дыбыстарды мұқият тыңдаңыз.http://deti-online.com/pesni/zvuki-prirody/http://boobooka.com/zvuki/zvuki-shkoly/zvuk-shkolnogo-zvonka/

2) Дыбыстарға сәйкес суретті атаңыз және дыбысты сипаттаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - естіген таныс дыбысты атайды; - дыбысқа сәйкес суретті көрсетеді; - анықтаған таныс дыбыстарды сипаттайды.

Page 18: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

17

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуіменорындайды.

1-тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Ұстазды кім білмейді» әнін ұрмалы және шулы аспаптармен сүйемелдей отырып орындаңыз.

Қанатыңа дем беріп, Талабыңды ұштаған. Мінезіңді меңгеріп, Тіл табуға ұста адам.

Қайырмасы: Жаны шуақ, гүл мейірі Ұстазды кім білмейді.

Байытып ой-өрісін, Ізгі бағыт-бағдары. Мәпелеген жемісін Ұлы өмірдің бағбаны.

Қайырмасы: Жаны шуақ, гүл мейірі Ұстазды кім білмейді.

Дескриптор: Білім алушы - әнді ұрмалы және шулы аспаптардың сүйемелдеуімен

орындайды.

Page 19: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

18

2-тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Сәлемдесу» әнін орындаңыз.

«Ассалаумағалейкум!»-деп, Сәлем берем қарттарға. «Сәлем!» дейді Айқынбек, Күнде көрер Саттарға.

Айналдырар әдетке, Тәрбиесі мол кісі. Сәлемдесу – әдеппен, Ізеттілік белгісі.

Қайырмасы: «Сәлем - сөздің анасы» Деген біздің бабалар. Сәлем - әдеп сарасы, Сәлемет пе, балалар!

Қайырмасы: «Сәлем - сөздің анасы» Деген біздің бабалар. Сәлем - әдеп сарасы, Сәлемет пе, балалар!

1) Жұптық жұмыс.Әнге сүйемелдеу жасау үшін қандай аспаптар қажет болатынын талқылаңыз.

2) Топтық жұмыс.Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу ойлап табыңыз.

3) «Сәлемдесу» әнін музыкалық-шулы аспаптармен сүйемелдей отырып, топпенорындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің сөзі мен әуенін дұрыс айтады; - әнге сүйемелдеу жасауға қажетті аспаптарды анықтайды; - топтағы өзге оқушылармен бірлесе отырып, әнге сай

сүйемелдеу ойлап табады; - әнді сүйемелдей отырып орындайды.

Page 20: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

19

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыканың екпінін, динамикасын, қысқа және ұзақдыбыстарын анықтайды.

Соль және ми ноталарының биіктігін анықтайды.

1-тапсырма

М. Глинканың «Руслан и Людмила» операсынан «Марш Черномора» музыкалық шығармасын тыңдаңыз.

1) Шығарманың екпінін анықтап, тиісті карточканы көтеріңіз.

2) Музыка қалай ойналды: қатты ма, ақырын ба? Неліктен?

Дескриптор Білім алушы - музыкалық шығарманың екпінін дұрыс анықтайды және тиісті

таңбаны көрсетеді; - музыкалық шығарманың динамикасын айтады.

Page 21: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

20

2-тапсырма

Мұғалімнің орындауындағы соль және ми ноталары қайталанып ойналатын шағын әуенді тыңдаңыз. Жоғары және төмен ноталарды анықтап, тиісті қол белгісімен көрсетіп отырыңыз.

Дескриптор Білім алушы - соль және ми ноталарының биіктігін дұрыс анықтайды; - жоғары және төмен ноталарды қол белгілері арқылы

көрсетеді.

Page 22: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

21

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Сегіздік және төрттік ноталарды қолданаотырып, ырғақтық суреттеме құрастырады.

1-тапсырма

1) Берілген ырғақтықтарды қолданып, өз ырғақтық суреттемеңізді құрастырыңыз.

2) Құрастырған ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - берілген ырғақтардан өз ырғақтық суреттемесін

құрастырады; - ырғақтарды музыкалық аспапта орындайды.

2-тапсырма

Өз ойыңыздан шағын ырғақ құрастырыңыз.

Ол үшін: - Мектеп туралы бірнеше сөз ойлап табыңыз. Сол сөздерді буынға бөліңіз. - Әр сөзге қанша нота қажет екенін анықтаңыз. - Мектеп туралы сөздерді ырғақпен орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - тақырыпқа байланысты сөздер ойлап табады; - сөздерді буынға бөледі және әр сөзге қажетті нота санын

анықтайды; - сөздерді ырғақпен орындайды.

Page 23: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

22

Бөлімше 3.1 «Музыканы бағалау және көрсету»

Бөлім: 3.Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалаужәне көрсету

Оқу мақсаты: 1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өз шығармашылық жұмысын таныстырады.

1-тапсырма

Топтық жұмыс.

1) «Менің мектебім» бөлімінде үйренген музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың«Ұстазды кім білмейді» әнін еске түсіріңіз.

2) Әннің сипаты мен көңіл күйін жеткізе отырып, топпен бірге орындаңыз.

Топта талқылаңыз: 1) Жұмыстарыңыздың қай тұсы сәтті шықты?2) Нені жақсартуға болар еді?

Дескриптор: Білім алушы - үйренген әнді көңіл күйі мен сипатын жеткізе отырып

орындайды; - өз жұмысына қатысты пікір білдіреді.

2-тапсырма

Жұптық жұмыс.

Ырғақтық суреттемені қайталаңыз.

1) Берілген ырғақтарды негізге ала отырып, ырғақ құрастырыңыз.2) Құрастырған ырғағыңызды ұрмалы аспаппен орындап көрсетіңіз.3) Өз жұмысыңызды бағалаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ырғақтар негізінде өз ырғағын құрастырады; - құрастырған ырғақты дұрыс орындайды; - өз жұмысына қатысты пікір білдіреді.

Page 24: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

23

2-тоқсан

Page 25: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

24

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»

Бөлімше 1.1 «Музыканы тыңдау және талдау»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.3 Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тыңдалған шығармадағы таныс дыбыстарды анықтайды және сипаттайды.

1-тапсырма

Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйінің (http://music.nur.kz/1057949-otirar-sazi-ata-tolfaui-ntilendiev) бастапқы бөлігін тыңдаңыз.

1) Суреттен күйде ойналған аспапты белгілеңіз.

2) Күйді екінші рет тыңдай отырып, ойналған аспаптардың суретін көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - тұяқтас аспабын анықтайды; - тыңдалған дыбысқа сәйкес аспаптардың суретін көрсетеді.

Page 26: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

25

2-тапсырма

Суреттегі балалардың қолындағы таныс аспаптарды атаңыз.

Берілген дыбыстарды тыңдай отырып, қай аспаптың дыбысы екенін анықтаңыз және сипаттаңыз.

«Салтанат» күйі http://music.nur.kz/search?q=%D0%BA%D2%AF%D0%B9

Ескерту: бубен және дауылпаз аспабын мұғалім ойнап көрсетеді.

Дескриптор: Білім алушы - аспаптардың атауын дұрыс айтады; - тыңдалған шығармадағы аспаптың дыбысын сипаттайды; - бубен аспабын анықтайды; - дауылпаз аспабын анықтайды.

Page 27: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

26

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.

1-тапсырма

Берілген әнді екпіні мен ырғағын сақтай отырып орындаңыз.

Өнерпаздар отбасы (музыкасы: А.Танидікі, сөзі: А.Естеновтікі)

Тамылжыта шырқатып, Ән салғанда анамыз. Құйылғандай нұр бақыт Желпініп бір қаламыз.

Буырқантып, бұрқанта, Күй төккенде әкеміз. Жүректерді бұлқынта Көкке самғап кетеміз.

Қайырмасы: Ха-лә-лә-ку, ләйлім-ай Ли-лә-лә-ку ләйлім-ай Даң-даң-даң-даң Даң-даң-даң.

Қайырмасы: Ха-лә-лә-ку, ләйлім-ай Ли-лә-лә-ку ләйлім-ай Даң-даң-даң-даң Даң-даң-даң.

1) Әнге музыкалық аспаптармен сүйемелдеу дайындаңыз.2) Әнді аспаптарда сүйемелдей отырып орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің екпінін сақтай отырып орындайды; - әннің ырғағын сақтай отырып орындайды; - әнді музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.

Page 28: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

27

2- тапсырма

Сөзі мен әні Б.Бейсенованың «Достарым» әнін музыкалық жазбаға қосылып орындаңыз.

Достарым-ай, достарым, Сағындым ғой сендерді. Достарым-ай, достарым, Ауылға көктем келді. Достарым-ай, достарым, Бір жүрейік шаттанып, Достарым-ай, достарым, Би билейік, ән салып.

Достарым-ай, достарым, Туған жердің төрінде. Сәуле шашқан алтын күн, Жарқырасын көгіңде. Достарым-ай, достарым, Тек қуаныш көңілде, Достардың көп болғаны, Қандай жақсы өмірде.

Қайырмасы: Достарым менің, достарым, Қосылды бүгін бастарың. Достарға арнап әдемі, Осынау әнді бастадым.

Қайырмасы: Достарым менің, достарым, Қосылды бүгін бастарың. Достарға арнап әдемі, Осынау әнді бастадым.

Дескриптор: Білім алушы - әнді музыкалық сүйемелдеуге ілесіп орындайды.

Page 29: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

28

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Жоғарғы, орта, төменгі регистрлерді дұрыс анықтайды.

Есту арқылы музыканың динамикасы мен екпініндұрыс анықтайды.

1-тапсырма

Суретте берілген жануарлардың дыбыс регистрлерінің биіктігіне көңіл бөліңіз.

1) Төменде берілген жануарлардың суреттерін қиып алыңыз.2) Оларды нота сызығына дыбыс регистрлерінің биіктігіне қарай

орналастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - жануарлардың дыбыс регистрін анықтайды; - суреттерді нота желісіне регистрі бойынша орналастырады.

Page 30: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

29

2- тапсырма

Берілген музыкалық шығармалардан қысқа үзінді тыңдаңыз. 1. П.И. Чайковский «Осень» (Күз) (https://www.youtube.com/watch?v=RAyj--zd5rs )2. Н. Тілендиев «Махамбет» (http://music.nur.kz/1048739-nyrfisa-tilendiev-

mahambet )

Музыканы тыңдау барысында әр үзіндінің динамикасы мен екпінін анықтап, сәйкес белгіні көтеріңіз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық үзінділердің динамикасын анықтайды және сәйкес

белгімен көрсетеді; - музыкалық үзінділердің екпінін анықтайды және сәйкес суретпен

көрсетеді.

Page 31: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

30

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын анықтайды.

1-тапсырма

Берілген аспаптардың дыбысын тыңдаңыз және қай аспап екенін анықтаңыз.

Суреттерді қиып алып, тиісті бағанға орналастырыңыз.

Шулы аспаптар Ұрмалы аспаптар

Дескриптор: Білім алушы - қазақ халқының ұрмалы аспаптарын анықтайды; - қазақ халқының шулы аспаптарын анықтайды; - аспаптардың атауын дұрыс айтады.

Page 32: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

31

2-тапсырма

Суретте көрсетілген әр аспаптың дыбысын тыңдаңыз. Оларды атаңыз және дыбыс бояуын сипаттаңыз.

1) http://wav-library.net/drumming - барабан аспабының дыбысы2) https://music.yandex.ru/album/1795336 - скрипка аспабының дыбысы3) http://wav-library.net/sounds/drums/zvuk_bubna_zvuk_mp3_skachat/126-1-0-2867 -

бубен аспабының дыбысы 4) http://wav-

library.net/sounds/musicfx/nastrojka_dudochki_zvukovoj_ehffekt_mp3/130-1-0-2292- сыбызғы аспабының дыбысы.

Дескриптор: Білім алушы - есту арқылы аспапты дұрыс атайды; - музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын сипаттайды.

Page 33: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

32

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық фразалар шығару үшін өз идеясынұсынады.

Ырғақтық карталарды қолдана отырып, өз ырғағынқұрастырады.

1-тапсырма

Суреттегі жануарлардың дыбыстарын сипаттаңыз.

Топтық жұмыс.

1) Берілген кейіпкерлердің дауысын дыбыстау үшін қандай аспаптар сәйкескелетінін талқылаңыз.

2) Кейіпкерлердің дауысын төменде берілген аспаптар арқылы дыбыстапкөрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - жануардың дауысын сипаттап, регистрін анықтайды; - жануардың дауысын келтіру үшін сәйкес аспапты таңдайды;. - аспаптарды қолдана отырып, сәйкес дыбыс шығарады.

Page 34: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

33

2-тапсырма

Жұптық жұмыс. Жұптаса отырып, берілген екі ырғақты біріктіріп, орындап көрсетіңіздер.

1-ырғақ.

2-ырғақ.

Құрастырған ырғақты суретте көрсетілген ұрмалы аспаптардың бірінде орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ырғақтық суреттемелерді қолдана отырып, өз ырғағын

құрастырады; - ырғақты ұрмалы аспапта орындайды.

Page 35: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

34

Бөлімше 2.2 «Музыка шығару және импровизациялау»

Бөлім: 3. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданаотырып, әуен (1-2 такт) құрастырады.

1-тапсырма

Ырғақты төменде көрсетілген динамикалық белгілерді сақтай отырып, дауылпаз аспабында орындап көрсетіңіз.

1) Дауылпаз аспабын қолданып, өз ырғағыңызды ойлап табыңыз.2) Өзіңіз ойлап тапқан ырғақты сыныпқа ойнап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - ырғақты динамикалық белгілерді сақтай отырып орындайды; - дауылпаз аспабын қолданып, өздігінен ырғақ ойлап табады.

2-тапсырма

Соль және ми ноталарынан отбасы мүшелерінің есімдеріне музыкалық фраза құрастырыңыз.

1) Құрастырған музыкалық фразаны отбасы мүшелерінің есімдеріне салыпорындаңыз.

2) Музыкалық фразаны қол белгілерін көрсете отырып, дауыспен орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - отбасы мүшелерінің есімдеріне әуен құрастырады; - музыкалық фразаны қол белгілерін көрсете отырып, дауыспен

орындайды.

Page 36: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

35

Бөлімше 3.1 «Музыканы бағалау және көрсету»

Бөлім: 3. Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау жәнекөрсету

Оқу мақсаты: 1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өз шығармашылық жұмысын таныстырады.

1-тапсырма

Музыкасы А.Тани, сөзі А.Естеновтың «Өнерпаздар отбасы» әнін топпен бірге қайталаңыз.

1) Музыкалық, шулы немесе ұрмалы аспаптардың бірін таңдап алыңыз.2) Әнге өзіңіз таңдап алған аспаппен сүйемелдеу дайындаңыз.3) Өз шығармашылық жұмысыңызды сыныпқа орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - әнге сүйемелдеу ойлап табады; - әнді сүйемелдей отырып орындайды.

2-тапсырма

Топтық жұмыс. Музыкалық аспаптарды, ырғақтық би қимылдарын қоса отырып, суреттегі жануарлардың дауысын қажетті регистрде дыбыстап көрсетіңіз.

1) Қасқырдың немесе қоянның дауысын дыбыстап көрсетуге дайындалыңыз.2) Өз шығармашылық жұмысыңызды сыныпқа орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық аспап, ырғақтық қимылдар арқылы кейіпкердің

образын жеткізеді; - кейіпкердің дыбысын регистрге сай орындайды; - өз жұмысын сынып алдында көрсетеді.

Page 37: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

36

Ортық тақырып «Бізді қоршаған әлем»

Бөлімше 1.1 «Музыканы тыңдау және талдау»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін,екпінін және динамикасын анықтайды.

1-тапсырма

С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» (http://music.zakon.kz/177820223-asylbek-ensepov-konil-tolkyny.html) музыкалық шығармасын тыңдаңыз.

1) Шығарманың көңіл күйі мен динамикасын бейнелейтін сурет салыңыз жәнетүсіндіріңіз.

2) Берілген сұрақтарға жауап беріңіз:-Қандай сурет салдыңыз?-Түстерді қалай таңдадыңыз?-Неліктен бұл музыкаға осы түстер сәйкес келеді деп ойлайсыз?

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың көңіл күйін анықтайды; - шығарманың көңіл күйі мен динамикасын суретпен бейнелеп

көрсетеді; - музыканың көңіл күйіне сәйкес түстерді таңдайды.

2-тапсырма

Л.В.Бетховеннің «Весело-грустно» (Көңілді-көңілсіз) музыкалық шығармасын (https://www.youtube.com/watch?v=dXIERIq3giM) тыңдаңыз. Тыңдау барысында шығарманың көңіл күйіне сәйкес суретті көтеріңіз.

Дескриптор: Білім алушы - музыканың көңілді және мұңды ойналған жерлерін

анықтайды; - музыканың көңіл күйіне сәйкес суретті көрсетеді.

Page 38: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

37

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.

1-тапсырма

Б. Бейсенованың «Туған жердей жер болмас» әнін (http://music.nur.kz/1142514-bota-bejsenova-tufan-zherdej-zher-bolmas) сыныппен бірге орындаңыз.

1) Топпен бірігіп, әнге ырғақтық сүйемелдеу дайындаңыз.2) Әнді шулы-музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің әуенін дұрыс орындайды; - әнге ырғақтық сүйемелдеу жасайды; - әнді музыкалық аспаптарда сүйемелдей отырып орындайды.

2- тапсырма

Музыкасы: Ә. Әбдінұров, сөзі: Ж.Әбдірашевтің «Жаңа жылға жаңа жыр» әнін әуенін дұрыс сақтай отырып орындаңыз.

Даланың да, қаланың Думандатып от басын, Тағы, міне, Жаңа жыл Қақты уақыт қақпасын! Жоламасын елге мұң, Жаңғырып кел, Жаңа жыл! Әкелердің еңбегін Жандырып кел, Жаңа жыл!

Қайырмасы: Жаңа жылды бар тілде – Жаңа жырға балайды. Жаңа жылға әркім де Жақсы үмітпен қарайды!

Нұрландырсын әзілің, Наз айтып кел, Жаңа жыл! Әжелердің әжімін Азайтып кел, Жаңа жыл! Бар баланы бір жасқа Өсіріп кел, Жаңа жыл! «Беспен» жаңа сыныпқа Көшіріп кел, Жаңа жыл!

Қайырмасы: Жаңа жылды бар тілде – Жаңа жырға балайды. Жаңа жылға әркім де Жақсы үмітпен қарайды!

Дескриптор: Білім алушы - әнді әуенін сақтай отырып, сүйемелдеуге ілесіп орындайды.

Page 39: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

38

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық фразалар шығару үшінидеялар ұсынады.

1-тапсырма

Суреттегі табиғат құбылыстарының дыбысын музыкалық аспаптар арқылы қалай жаңғыртуға болады?

1) Суреттердің бірін таңдап алып, топта ой бөлісіңіз.2) Табиғат құбылысын жаңғыртуға сәйкес аспаптарды таңдаңыз.3) Аспаппен табиғат құбылысының дыбысын шығарыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - табиғат құбылыстарын жаңғыртуға сәйкес келетін

аспаптарды анықтайды; - табиғат құбылыстарының дыбыстарын музыкалық аспаптар

арқылы шығарады.

2-тапсырма

Жұптық жұмыс. Б. Бейсенованың «Туған жердей жер болмас» әнінің 1-шумағының ырғағын өзгертіңіз.

Туған жердей жер болмас Атамекен жерім бар. Туған елдей ел болмас Қазақ деген елім бар.

Әнді аспаптарда сүйемелдей отырып, өзгерген ырғағымен орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің ырғағын өзгертеді; - әнді ырғағына сәйкес аспаптармен сүйемелдей отырып

орындайды.

Page 40: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

39

Бөлімше 3.1 «Музыканы бағалау және көрсету»

Бөлім: 3. Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау жәнекөрсету

Оқу мақсаты: 1.3.1.1.Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.

1-тапсырма

Топтық жұмыс.

Үйренген әндерді қайталай отырып, бір әнді таңдап алыңыздар және сыныпқа орындап көрсетіңіздер. Топта талқылаңыз:

-Біздің жұмысымызда не сәтті шықты? -Жұмысымызда нені жақсартуға болар еді?

Дескриптор: Білім алушы - топтық орындауға дұрыс ілеседі; - өз жұмыстарының сәтті/сәтсіз тұстарын анықтайды.

2-тапсырма

Музыкалық аспаптардың көмегімен ауа райына қатысты дыбыстарды ойнап көрсетіңіз.

- Ойнаған дыбыстарға сәйкес қимыл-қозғалыстар ойлап табыңыз және сыныпқа орындап көрсетіңіз.

- Осы қимыл-қозғалыстарды қосу себебіңізді түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық аспаппен ауа райына қатысты дыбыс шығарып

көрсетеді; - дыбысқа сәйкес қимыл-қозғалыс ойлап табады; - өз қимыл-қозғалыстарын сыныпқа көрсетеді; - қимылдарды қосу себебін түсіндіреді.

Page 41: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

40

Page 42: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

41

3-тоқсан

Page 43: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

42

Ортақ тақырып «Саяхат»

Бөлімше 1.1 «Музыка тыңдау және талдау»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.2 Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыканы тыңдау барысында таныс дыбыстарды анықтайды және сипаттайды.

1- тапсырма

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін (http://music.nur.kz/1319734-kyrmanfazi-orkestri-sariarka) тыңдаңыз.

1) Берілген суреттерден күйге сәйкес суретті таңдаңыз.2) Таңдау себебіңізді түсіндіріңіз.

3) Қандай музыкалық аспаптардың дыбысын естідіңіз.4) Сол аспаптардың суретін салыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - күйге сәйкес суретті анықтайды және себебін түсіндіреді; - күйдегі таныс аспаптардың дыбыстарын анықтайды; - дыбысы таныс аспаптың суретін салады.

2- тапсырма

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін домбыраның және халық аспаптар оркестрінің орындауындағы бейнероликтерді қараңыз. https://www.youtube.com/watch?v=wt6OLV0nEcY - оркестрдің орындауында https://www.youtube.com/watch?v=wkS5wHFC7fI – домбырамен орындауда

1) Екі түрлі орындауда қандай айырмашылық бар?2) Күйді тыңдау барысында өзіңізге дыбысы таныс аспаптардың атын жазыңыз.

1.______________2.______________3.______________

Дескриптор: Білім алушы - екі түрлі орындаудың айырмашылығын сипаттайды; - таныс аспаптарды анықтайды және атауын жазады.

Page 44: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

43

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.

1-тапсырма

Б. Бейсенованың «Тұлпарым» әнін орындаңыз. Тұлпарым

Ақ боз атпен келемін ауыл қашық Ата-анамды көруге болдым асық.(2 рет)

Қайырмасы: Менің жүйрік тұлпарым Самғап ұшар сұңқарым. Туып-өскен жеріме Жеткіз мені тұлпарым! Ей,Тұлпарым! Ақ боз атым-серігім, қамшым қолда, Жалықпаймын зерігіп ұзақ жолда.(2 рет)

Қайырмасы: Ер жігіттің, сен менің қанатымсың Күш-жігері, қайраты, қуатымсың.(2 рет)

1) Әннің ырғағын тұяқтас аспабында ойнап көрсетіңіз.2) Әнді ырғағын сүйемелдей отырып, сыныппен бірге орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің сөзі мен әуенін дұрыс орындайды; - әннің ырғағын тұяқтас аспабында соғады.

Page 45: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

44

2- тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Көңілді отарба» әнін шулы аспаптардың сүйемелдеуімен орындаңыз.

Көңілді отарба

Жүрдек пойыз көңілді, Асулардан асады. Әнге бөлеп өңірді, Әуеніне басады.

Қайырмасы: Тақ-тұқ, тақ-тұқ, бөп-бө-бөп, Болма бізге көп бөгет. Жүзден жүйрік дарабоз! Бұл көңілді паровоз.

Жел естіріп алдыңан, Зымырайды, зырлайды. Ақша бұлттар қалғыған, Әсем әнін тыңдайды.

Дескриптор: Білім алушы - әнді шулы аспаптармен сүйемелдей отырып орындайды.

Page 46: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

45

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.

1-тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Көңілді отарба» әнін қайталаңыз.

Топтық жұмыс. 1) Бірінші топ: Әннің ырғағын шапалақпен соғып көрсетіңіз.2) Екінші топ: Әнге музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеу жасаңыз.3) Әннің ырғағын топпен бірге орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әннің ырғағын шапалақтау арқылы көрсетеді; - әннің ырғағына шулы аспаптармен сүйемелдеу жасайды.

2- тапсырма

1) Берілген ырғақтарды өз қалауыңызша орналастырып, ырғақ құрастырыңыз.

2) Құрастырған ырғақты кез келген шулы немесе ұрмалы аспапта орындапберіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - берілген ырғақтардан өз ырғағын құрастырады; - өзі құрастырған ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта нақты

орындайды.

Page 47: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

46

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық шығарманың екпінін және динамикасынанықтайды.

Жоғарғы, орта және төменгі регистрлерді ажыратады.

1- тапсырма

К. М. Вебердің «Вольный стрелок» (Еркін мерген) операсындағы аңшылар хорының әуенін http://online-

song.net/?song=%D5%EE%F0%20%EE%F5%EE%F2%ED%E8%EA%EE%E2 тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Шығарма қандай жылдамдықта орындалады?2) Динамикасы қандай?3) Сыныпта музыкалық шығарманың екпініне сай қозғалыс жасаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың екпінін сипаттайды; - музыкалық шығарманың динамикасын анықтайды.

2- тапсырма

Суретте бейнеленген кейіпкерлерді атаңыз. Әр кейіпкердің дауыс бояуын сипаттаңыз. Олардың регистрін анықтаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - кейіпкерлердің дауыс бояуын сипаттайды; - жоғарғы регистрлі кейіпкерді анықтайды; - ортаңғы регистрлі кейіпкерді анықтайды; - төменгі регистрлі кейіпкерді анықтайды.

Page 48: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

47

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын анықтайды.

1-тапсырма

Мұғалімнің орындауындағы ойналған аспапты анықтаңыз. Әр аспаптың атауын айтыңыз.

1) Аспаптың дыбыс бояуын сипаттаңыз.2) Ол қандай аспап? Шулы ма? Ұрмалы ма?

Мұғалімге ұсыныс: Оқушыларға тұяқтас, асатаяқ, тоқылдақ аспабымен кез келген әуенді ойнап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - аспаптарды дұрыс анықтайды және атайды; - әр аспаптың дыбыс бояуын сипаттайды; - шулы және ұрмалы аспаптарды ажыратады.

2-тапсырма

1) Берілген аспаптардың дыбысын шығарып көріңіз.

Әр аспаптың дыбыс бояуын суреттеп беріңіз.

Әр аспаптың дыбыс регистрін анықтап, астына жазыңыз.

2) Айналадағы қоршаған заттардың арасынан дыбысы аспаптың дыбыс бояуынаұқсас заттарды табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - аспаптардың дыбыс бояуын сипаттайды; - аспаптардың регистрлерін ажыратып жазады.

Page 49: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

48

Бөлімше 3.1 «Музыканы бағалау және көрсету»

Бөлім: 3. Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау жәнекөрсету

Оқу мақсаты: 1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өз шығармашылық жұмысын таныстырады.

1-тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Көңілді отарба» әнін қайталаңыз.

Топтық жұмыс.

1) Әнді аспаптармен сүйемелдей отырып, орындауға дайындалыңыз.2) Әнді топпен бірге орындаңыз.3) Орындау сәтті шықты ма?4) Аспапта сүйемелдеп орындаған қиын болды ма? Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық аспаптармен әнге сүйемелдеу ойлап табады; - өз сүйемелдеуін топпен бірге орындап көрсетеді; - өз жұмысына түсініктеме береді.

2-тапсырма

Құрманғазының «Сарыарқа» күйіне қимыл-қозғалыс ойлап табыңыз.

1) Сыныптасыңызбен жұптасып, қимыл-қозғалысты бірнеше рет қайталаңыз.2) Сынып алдында жұбыңызбен бірге шығармашылық жұмысыңызды көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - күйге сәйкес қимыл-қозғалыстар ойлап табады; - шығармашылық жұмысын сынып алдында көрсетеді.

Page 50: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

49

Ортақ тақырып «Дәстүр және фольклор»

Бөлімше 1.1 «Музыканы тыңдау және талдау»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.2 Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау

барысында анықтау және сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыканы тыңдау барысында таныс музыканыанықтайды және сипаттайды.

1-тапсырма

Әр түрлі би музыкасының үзінділерін тыңдаңыз. https://www.youtube.com/watch?v=7FlX_1F4Gdk - «Қамажай» биі https://www.youtube.com/watch?v=tq13BXmL5fk - «Вальс» биі

1) Тыңдаған би музыкасын анықтаңыз және сипаттаңыз.2) «Қамажай» биіне сәйкес суретті көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық үзінділерді дұрыс атайды; - анықтаған музыканы өз сөзімен сипаттайды; - биге сәйкес суретті дұрыс көрсетеді.

2- тапсырма

Берілген әуенді (https://www.youtube.com/watch?v=cnwyXzY_Y1Uм «Бесік жыры») тыңдаңыз.

1) Әуеннің атауын анықтаңыз.2) Әуеннің екпінін сипаттаңыз.3) Бұл әуенге қандай қимылдар жасауға болады?4) Қолыңызбен әуеннің екпініне сай қимыл жасаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әуеннің атауын анықтайды; - әуеннің екпінін сипаттайды; - қолымен әуенге сәйкес қимылдар жасайды.

Page 51: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

50

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды..1-тапсырма

«Бесік жыры» әнін мұғалімнің сүйемелдеуіне қосылып орындаңыз.

Әй-әй, бөпем, әй, бөпем, Ән айтайын, бал бөпем! Ән тыңдағың келсе егер, Және айтайын, жан көкем.

Бөпем менің ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден, Озып келер тай ме екен?!

Тас бұлақтар тауда екен, Жас құрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең ұшатын, Көбелектер қайда екен?!

Дескриптор: Білім алушы - әнді таза интонациямен орындайды; - әнді аспаптық сүйемелдеуге ілесіп орындайды.

2-тапсырма

Музыкасы Ә. Бейсеуов, сөзі Н. Арынованың «Бауырсақ» әнін музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып орындаңыз.

Әжем келді ауылдан, Алақай-ау, алақай! Әже бары жақсы ғой, Қуанышты балақай.

Ақ қалтасын ақтарып, Қос қолымен уыстап, Базарлығым, балам,-деп Төгіп жатыр бауырсақ.

Түсіме де енеді-ау, Әжем берген бауырсақ. Еске аламыз әрдайым, Біз әжемді сағынсақ.

Дескриптор: Білім алушы - әннің әуенін сақтайды; - әнді сүйемелдей отырып орындайды.

Page 52: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

51

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.

1-тапсырма

Жұптық жұмыс.

1) «Бесік жыры» әніне ырғақтық сүйемелдеу ойлап табыңыз.2) Ырғақты музыкалық-шулы аспаптармен орындап көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - әнге ырғақтық сүйемелдеу ойлап табады; - әннің ырғағын шулы аспаптармен сүйемелдейді.

2-тапсырма

1) Берілген ырғақтық суреттемедегі ұзақ және қысқа дыбысты анықтаңыз.

2) Ырғақты шулы, ұрмалы аспаппен немесе шапалақтау арқылы орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ұзақ және қысқа дыбыстарды анықтайды; - ырғақтық суреттемені шапалақтау арқылы немесе аспапта

орындап көрсетеді.

Page 53: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

52

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуынанықтайды.

1-тапсырма

Берілген музыкалық үзінділерді тыңдаңыз. Дыбысы арқылы аспапты анықтаңыз және атаңыз.

Жетіген: http://classic-online.ru/ru/production/61956

Сазсырнай:http://music.nur.kz/search?q=%D1%81%D0%B0%D0%B7%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9+

Домбыра: http://music.nur.kz/artist-24830-kyj

1) Ішіндегі ең танымал аспап қайсысы?2) Бұлар қай халықтың аспаптарына жатады?

Дескриптор: Білім алушы - аспаптарды дыбыс бояуы арқылы анықтайды және атайды; - сұрақтарға жауап береді.

Page 54: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

53

2-тапсырма

1) Қазақ халық аспаптарының дыбысын тыңдаңыз. Қандай аспап екенін анықтаңыз.

Дауылпаз:https://www.youtube.com/watch?v=RdOggZBY558&index=10&list=PLBZ3oB9Y

hlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4

Домбыра:https://www.youtube.com/watch?v=JtiGZDrAW4c&list=PLBZ3oB9YhlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4&index=13

Сазсырнай:https://www.youtube.com/watch?v=R4akUcvq9K8&index=9&list=PLBZ3oB9YhlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4

Жетіген: https://www.youtube.com/watch?v=ZuUaOhP86T8

2) Суреттен тыңдаған музыкалық аспаптарды белгілеңіз. Оның дыбыс бояуынсипаттаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - аспаптарды дыбыс бояуы арқылы ажыратып, анықтайды; - аспапты суреттен белгілеп көрсетеді және атайды; - аспаптың дыбыс бояуын сипаттайды.

Page 55: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

54

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2.Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық фразалар шығару үшін идеяларұсынады.

1-тапсырма

Қазақ халқының «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін (https://www.youtube.com/watch?v=KyB4-0OMsCs) тыңдаңыз.

1) Ертегіні негізге ала отырып, кейіпкерлерге музыкалық сүйемелдеу ойлаптабыңыз.

2) Оны музыкалық шулы аспаптармен немесе дауыспен көркемдеп орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ертегі кейіпкерлеріне сәйкес сүйемелдеу ойлап табады; - құрастырған ырғағын аспаптарда орындап көрсетеді.

Page 56: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

55

2-тапсырма

Суреттерге сүйеніп, Наурыз мерекесіне байланысты сөздер ойлап табыңыз.

- Әр сөзге ырғақ ойлап табыңыз. - Сөздерден Наурыз туралы қысқа сөйлемдер құрастырыңыз. - Әр сөйлемді ырғақпен және музыкалық аспаптарда сүйемелдей отырып

орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - Наурыз туралы сөздер мен қарапайым сөйлемдер

құрастырады; - құрастырған сөйлемдерді ырғақпен орындайды; - өз ырғағын музыкалық аспаптарда сүйемелдей отырып

орындайды.

Page 57: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

56

Бөлімше 2.2 «Музыка шығару және импровизациялау»

Бөлім: 2. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптардықолдана отырып, әуен (1-2 такт) құрастырады.

1-тапсырма

1) Соль және ми ноталарын қолданып, берілген өлеңдердің біріне әуеншығарыңыз.

Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда. Құлпыртып өңірді Гүл ектік бақтарға.

Жылдың басы - Наурыз, Жердің басы - Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр-әніміз.

2) Шығарған әуеніңізді металлофон немесе ксилофон аспабында орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - соль және ми ноталарын қолданып әуен шығарады; - әуенді музыкалық аспапта ойнай отырып орындайды.

2-тапсырма

Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін тыңдаңыз. 1) Тыңдалған музыкаға сай би қимылдары мен музыкалық аспаптарды қолданып,

импровизация жасаңыз.

2) Өз шығармашылық жұмысыңызды орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - тыңдалған музыкаға сай би қимылдарын ойлап табады; - музыканың ырғағын аспаптарда ойнайды.

Page 58: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

57

Бөлімше 3.1 «Музыканы бағалау және көрсету»

Бөлім: 3.Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау жәнекөрсету

Оқу мақсаты: 1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өзінің шығармашылық жұмысын таныстырады.1-тапсырма

Музыкасы Ә. Бейсеуов, сөзі Н. Арынованың «Бауырсақ» әнін қайталаңыз. 1) Әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып, орындап көрсетіңіз.2) Өз орындауыңызға түсініктеме беріңіз.

Дескриптор: Білім алушы - үйренген әнді сүйемелдей отырып орындайды; - өз орындауына түсініктеме береді.

2-тапсырма

Топтық жұмыс.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіндегі кейіпкерлерге ойлап тапқан сүйемелдеуді еске түсіріңіз.

1) Бір кейіпкерге арналған аспаптық сүйемелдеуді орындаңыз.2) Өз орындауыңызды бағалаңыз.3) Сіздің сүйемелдеуіңіз ертегі кейіпкеріне сай болды ма? Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық аспап арқылы кейіпкердің образын жеткізеді; - өз жұмысын сынып алдында көрсетеді.

Page 59: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

58

Page 60: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

59

4-тоқсан

Page 61: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

60

Ортақ тақырып «Тағам және сусындар»

Бөлімше 1.1 «Музыка тыңдау және талдау»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін,екпінін және динамикасын анықтайды.

1-тапсырма

А.Құдайбергеновтің «Балдырған» күйін (http://www.youtube.com/watch?v=Xtdhwjt1MDw)

тыңдаңыз. 1) Күйдің көңіл күйі қандай?2) Күйдің екпіні қандай?3) Күйдің динамикасы қандай?4) Күйге сәйкес би қимылдарын ойлап табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың көңіл күйін анықтайды; - музыкалық шығарманың екпінін анықтайды; - музыкалық шығарманың динамикасын анықтайды; - музыкалық шығармаға сай би қимылдарын ойлап табады.

2-тапсырма

П. И. Чайковскийдің «Марш деревянных солдатиков» (Ағаш сарбаздар маршы) (https://www.youtube.com/watch?v=J6hGHTFuemo) музыкалық шығармасын тыңдаңыз.

1) Шығарманы тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңыз?2) Шығарманың екпіні қандай?3) Қандай қимыл-қозғалыс көрсете аласыз?4) Марш музыкасына билеуге бола ма? Неге?

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың екпінін анықтайды; - музыкалық шығарманың сипатына қатысты өз пікірін айтады.

Page 62: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

61

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.1-тапсырма

Сөзі М.Адибаев, музыкасы А.Танидің «Жарайсың» әнін қайырмасында ырғағын шапалақтай отырып орындаңыз.

Жарайсың!

Үздік шықтың сабақта Бәрекелді, жарайсың! Талабы зор талантқа Басын иер талай шың.

Very good! Молодец! Жарайсың!

Біліктілік өресі Ой-санаңды жақсы күт. Сабақта да келесі, Серік болсын сәттілік!

Вперед! All the best! Сәттілік!

Дескриптор: Білім алушы - әннің ырғағын сақтап орындайды; - қайырмасының ырғағын дұрыс шапалақтайды.

Page 63: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

62

2-тапсырма

Музыкасы А.Тани, сөзі А. Естеновтың «Жемістер концерті» әнін музыкалық-шулы және ұрмалы аспаптарда сүйемелдей отырып орындаңыз.

Шие ойнап органда, Концерт берді орманда. Алма бұлбұл сайрады, Сауын айтып сол маңға.

Қобыз тартқан Шабдалы, Достарынан қалмады. Төкпе күйді Алмұрт та, Домбырада жалғады.

Қайырмасы: Әсем саздан ән өріп, Шырқап берді Сары өрік. Би билейді Жүзімдер, Бойы балқып, тәні еріп.

Қайырмасы: Әсем саздан ән өріп, Шырқап берді Сары өрік. Би билейді Жүзімдер, Бойы балқып, тәні еріп.

Дескриптор: Білім алушы - әннің әуенін сақтайды; - әнді музыкалық шулы және ұрмалы аспаптарда

сүйемелдей отырып орындайды.

Page 64: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

63

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1. Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.

1-тапсырма

Топтық жұмыс. Ырғақты ұсынылған аспапта орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы - ырғақтық суреттемені дұрыс орындайды; - ырғақты шулы немесе ұрмалы аспапта орындайды; - топтық орындауда өз аспабының партиясын сақтайды.

2-тапсырма

Берілген ырғақты ұрмалы аспапта орындаңыз.

Дескриптор Білім алушы - ырғақты ұрмалы аспапта орындайды.

Page 65: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

64

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Есту арқылы соль және ми ноталарыныңбиіктігін анықтайды.

Екпінді дұрыс анықтайды.

1-тапсырма

Әуенді қол белгілерімен көрсете отырып, дауыспен орындап беріңіз.

Қай нота төмен, ал қай нота жоғары болып табылады?

Дескриптор: Білім алушы - соль нотасының биіктігін анықтайды; - ми нотасының биіктігін анықтайды; - әуенді қол белгілерімен көрсете отырып орындайды.

2-тапсырма

Суреттегі жануарлар қандай жылдамдықпен қозғалады? 1) Екпіні жылдам және екпіні баяу жануарларды анықтаңыз.2) Әр жануардың суретінің астына сәйкес жылдамдықты жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - баяу екпінді анықтайды; - жылдам екпінді анықтайды.

Page 66: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

65

Бөлімше 1.3 «Музыкалық сауаттылық»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуынанықтайды.

1-тапсырма

Музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдай отырып, қай аспап екенін анықтаңыз және атауын жазыңыз.

______________ _________________ ________________

Дескриптор: Білім алушы - жетіген аспабын анықтайды; - қобыз аспабын анықтайды; - сазсырнай аспабын анықтайды.

Page 67: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

66

2-тапсырма

Музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдаңыз және естілген аспаптардың тұсына

белгісін қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық аспаптарды дыбысы бойынша ажыратады.

Page 68: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

67

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2.Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық фразалар шығару үшін өз идеяларынұсынады.

1-тапсырма

1) Берілген әуенмен танысыңыз және дауыспен орындаңыз.

2) Әр түрлі тағам және сусын аттарын есіңізге түсіріңіз. Атауларды берілгенәуенге салып, орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - берілген әуенді дұрыс орындайды; - тағам және сусын аттарынан әуен құрастырады және

орындайды.

2-тапсырма

1) Музыкалық-шулы аспаптарды қолдана отырып, ырғақ ойлап табыңыз.2) Ойлап тапқан ырғаққа тағам және сусын аттарын қосып орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - аспаптарды қолдана отырып ырғақ ойлап табады; - ырғаққа тағам және сусын аттарын қосып орындайды.

Page 69: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

68

Бөлімше 2.2 «Музыка шығару және импровизациялау»

Бөлім: 2.Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Дауыс пен сөздерді қолдана отырып,музыкалық фраза құрастырады.

1-тапсырма

Топтық жұмыс. Берілген мақал-мәтелдерді оқыңыз.

Егін ексең тыңға, Шықтым дей бер шыңға.

Нан – тамақтың атасы, Ынтымақ – көптің батасы.

Қырман басы – береке, Көп жүрген жер – мереке.

Тістем нанның қадірін, Тарыққанда білерсің.

1) Мақал-мәтелдердің ішінен біреуін таңдаңыз.2) Мақал-мәтелге сай ырғақ ойлап табыңыз.3) Мақал-мәтелді ырғақпен орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - мақал-мәтелге сай ырғақ құрастырады; - өз фразасын ырғақпен орындайды.

2-тапсырма

Тағам туралы өлеңдерді оқып шығыңыз.

Нан – ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер басыңнан.

Күнді сүйген күрішпін.

Күллі жұртқа

ырыспын.

Алсын деп ел мол

өнім

Ала жаздай су іштім.

1) Өлеңнің біреуін таңдаңыз.2) Соль және ми ноталарын қолдана отырып, әуен құрастырыңыз және орындап

көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы - соль және ми ноталарымен әуен шығарады; - өз әуенін орындап көрсетеді.

Page 70: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

69

Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау»

Бөлімше 1.1 «Музыка тыңдау және талдау»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін,екпінін және динамикасын анықтайды.

1-тапсырма

М.И Глинканың «Полька» музыкалық шығармасын тыңдаңыз. 1) Музыкалық шығарманың көңіл күйі мен екпінін сипаттаңыз.2) Бұл шығармаға сай қандай қимылдар жасауға болады?

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың көңіл күйі мен екпінін анықтайды.

2-тапсырма

П.И. Чайковскийдің «Времена года» (Жыл мезгілдері) топтамасынан «Май» (Мамыр) музыкалық шығармасын (https://www.youtube.com/watch?v=EqeOjfT1TB0) тыңдаңыз.

- Музыкалық шығарманың екпіні мен динамикасы қандай? - Музыкалық шығарманың сипаты мамыр айына сәйкес келе ме?

Дескриптор: Білім алушы - музыкалық шығарманың динамикасын анықтайды; - музыкалық шығарманы сипаттайды.

Page 71: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

70

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.1-тапсырма

Музыкасы Б.Байқадамов, сөзі М. Әлімбаевтың «Кел, билейік» әнін мұғалімнің сүйемелдеуіне қосылып орындаңыз.

Кел, билейік, кел, билейік, Неге тұрсың билемей? Кел, билейік, іркілмейік, Неге отырсың үндемей?

Қайырмасы: Жалығуды білмейміз, Жабығуды білмейміз. Жауқазындай көз тартып, Жайраң қағып билейміз.

Дескриптор: Білім алушы - әнді мұғалімнің сүйемелдеуіне қосылып орындайды.

2-тапсырма

Сөзі А.Естенов, музыкасы А.Танидің «Шаңырақ» әнін екі топқа бөлініп орындаңыз.

1) Бірінші топ әнді орындайды, екінші топ музыкалық сүйемелдеу жасайды.

2) Рөлдеріңізбен ауысып, әнді екінші рет орындаңыздар.

Жұлдыз алқа тағып ап, Тұрар әр кез жадырап, Төбемізде көк аспан, Біздің үкен шаңырақ.

Қайырмасы: Шаңырақта сәніміз, Шаңырақта әніміз. Бір шаңырақ астында, Шаттанамыз бәріміз.

Ату үшін күліп таң, Жүк түсірмей иықтан. Сол шаңырақ біздерді, Татулыққа ұйытқан

Қайырмасы: Шаңырақта сәніміз, Шаңырақта әніміз. Бір шаңырақ астында Шаттанамыз бәріміз.

Дескриптор: Білім алушы - топта әнге музыкалық сүйемелдеу жасайды; - әнді топпен бірге таза интонациямен орындайды.

Page 72: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

71

Бөлімше 1.2 «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет»

Бөлім: 1.Музыканы тыңдау, талдау және орындау

Оқу мақсаты: 1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.

1-тапсырма

1) Берілген ырғақтық суреттемені шапалақ соғу арқылы орындаңыз.

2) Ырғақтық суреттемені шулы аспапта орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ырғақтық суреттемені шапалақ соға отырып орындайды; - ырғақты шулы аспапта орындайды.

2- тапсырма

1) Ырғақтық суреттемені қазақ халық ұрмалы аспабында орындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ырғақты қазақ халқының ұрмалы аспабында орындайды.

Page 73: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

72

Бөлімше 2.1 «Шығармашылық идеяларды дамыту және материалдарды жинақтау»

Бөлім: 2. Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Музыкалық фразалар шығару үшін өз идеясынұсынады.

1-тапсырма

1) Суреттерге мұқият қараңыз. Қандай спорт түрлері бейнеленген?

2) Топтық жұмыс. Берілген шулы және ұрмалы аспаптарды қолдана отырып,суреттегі іс-әрекеттерді дыбыстаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - суреттегі іс-әрекеттерді дыбыстау үшін идея ұсынады; - іс-әрекеттерді шулы және ұрмалы аспаптардың көмегімен

дыбыстап көрсетеді.

2-тапсырма

1) Берілген әуенді металлофон аспабында орындаңыз.

2) Берілген әуенді өзгерту үшін өз идеяңызды ұсыныңыз және музыкалықфраза шығарыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әуенді металлофон аспабында орындайды; - әуенді өзгертіп, өз музыкалық фразасын шығарады.

Page 74: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

73

Бөлімше 2.2 «Музыка шығару және импровизациялау»

Бөлім: 2.Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

Оқу мақсаты: 1.2.2.1.Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өз даусы мен музыкалық аспаптар арқылымузыкалық фраза шығарады.

1-тапсырма

Топтық жұмыс. 1) Берілген суреттер бойынша бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

2) Сөйлемдерді соль және ми ноталарына салып, дауыспен орындаңыз.

3) Әуенді металлофон аспабында ойнай отырып, құрастырған сөйлемдердіорындаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - тақырыпқа сай сөйлем құрастырады; - сөйлемдерді нотаға салып дауыспен орындайды; - құрастырған сөйлемдерді музыкалық аспапта сүйемелдей

отырып орындайды.

Page 75: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

74

2-тапсырма

1) Берілген ырғақты ұрмалы аспаптарда орындаңыз.

2) Ұрмалы және шулы аспаптарды қолдана отырып, өз ырғақтықсуреттемеңізді құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - ырғақты ұрмалы аспапта орындайды; - өз ырғағын құрастырып, аспапта орындайды.

Page 76: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

75

Бөлімше 3.1 «Музыканы бағалау және көрсету»

Бөлім: 3. Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау жәнекөрсету

Оқу мақсаты: 1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Бағалау

Бағалау критерийі: Білім алушы

Өзінің шығармашылық жұмысын таныстырады.

1-тапсырма

Музыкасы А. Тани, сөзі А. Естеновтың «Таңертеңгі жаттығу» әніне ырғақтық қимылдар мен аспаптық сүйемелдеу қосып орындаңыз.

1) Өз шығармашылық жұмысыңызды бағалаңыз.2) Орындау кезінде қай тұсы жақсы шықты?3) Нені жақсарту керек деп ойлайсыз?

Дескриптор: Білім алушы - әнге ырғақтық қимылдар мен аспаптық сүйемелдеу ойлап

табады; - өз жұмысын көрсетеді және бағалайды.

2- тапсырма

Жұптық жұмыс. М.Глинканың «Полька» музыкалық шығармасына би қимылдарын ойлап

табыңыздар. 1) Өз биіңізді сыныпқа орындап көрсетіңіз.2) Өз орындауыңызды жұпта талқылаңыз.

Дескриптор: Білім алушы - әнге ырғақтық қимылдар мен аспаптық сүйемелдеу ойлап

табады; - өз жұмысын көрсетеді және бағалайды.

Page 77: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

76

Суреттердің сілтемелері: 1. http://play.nis.edu.kz/2. www.playbuzz.com3. fotohomka.ru4. www.cross-roads.ru5. nagadali.ru6. www.babyblog.ru7. anabol.kz8. «Өнер» оқулығы9. shopotam.ru

10. forum.in-ku.com11. sites.google.com12. lenagold.ru13. rutorg.ru14. allpolus.com15. guitar-mania.ru16. www.dm.donetsk.ua17. ramki-photoshop.ru

Page 78: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

77

Page 79: Қалыптастырушы бағалауға арналған ...maktab.kz/wp-content/uploads/2017/01/... · 2017-01-22 · Астана, 2016 Музыка 1-сынып ... Музыка

78

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.

e-mail: [email protected].