neet САНАТЫНДАҒЫ...

89

Upload: others

Post on 17-Jan-2020

26 views

Category:

Documents


3 download

TRANSCRIPT

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Жұмыс сипаттамалары мен әдістері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық / Әшімханова Д.Ә.,Аюпова Р.Р., Қайдарова Ә.С., Қалиев Т.Б. және т.б. – Астана, 2017. – 88 б.

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықты Жастар корпусын дамытужобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойын-ша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы әзірледі.

Нұсқаулықтың негізінде NEET санатындағы жастармен жасалатын жұмыстардың халықара-лық тәжірибесінің талдауы, кешенді әлеуметтік зерттеу нәтижелері, сарапшылардың жастарменжұмыс жасау бойынша ұсынымдары жатыр.

Осы нұсқаулықта Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастардың ерекшелік-тері, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың стратегиясына және халықаралық тәжіри-бесіне шолу, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау мен зерттеу механизмдері ұсынылған.

Кешенді әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша аталған топ өкілдерінің «әлеуметтік портрет-тері» әзірленген, NEET санатындағы жастардың анықталған қосалқы топтары мен аталған сана-тындағы жастармен жұмыс жасауға ұсынылатын әдістері берілді.

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық мемлекеттік органдарға, оқуорындарына, Жастар ресурстық орталықтарына арналған.

© «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, 2017

3

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

МАЗМҰНЫҚысқартылған сөздердің тізімі .......................................................................................4Алғысөз ....................................................................................................................................5Кіріспе ......................................................................................................................................71-бөлім. NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер? ..................................... 102-бөлім. NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау ............................................................................. 13

2.1 Дүниежүзілік Банк зерттеулері ................................................................ 142.2 Ұлыбритания ................................................................................................... 162.3 Греция ................................................................................................................ 192.4 Испания ............................................................................................................. 212.5 Италия ............................................................................................................... 242.6 Швеция .............................................................................................................. 272.7 Норвегия ........................................................................................................... 292.8 Австралия ......................................................................................................... 302.9 Жапония ............................................................................................................ 332.10 Түркия ............................................................................................................. 342.11 Корея Республикасы .................................................................................. 352.12 Ресей Федерациясы .................................................................................... 362.13 Қазақстан Республикасы .......................................................................... 37 2.14 Қорытындылар ............................................................................................. 41

3-бөлім. NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері ....................................................... 44

3.1 NEET санатындағы жастарды зерттеу әдістемесі ............................... 443.2 NEET санатындағы жастардың әлеуметтік портреттері .................. 473.3 NEET санатындағы жастардың қосалқы топтарымен жұмыстың ұсынылатын әдістері ..................................................................... 533.4 Сын-тегеуріндер мен қауіптер ................................................................... 77

Қорытынды .......................................................................................................................... 79Дерек көздері ...................................................................................................................... 82Глоссарий ............................................................................................................................. 85Қосымша ............................................................................................................................... 87

4

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ

ЕО Еуропа Одағы

ЭЫДҰ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ХЕҰ Халықаралық еңбек ұйымы

NEETNot in Employment, Educationor Training – жұмыс жасамайтын,

оқымайтын және жұмыс табуға тырыспайтын жас тұлға

КЕҰδ Кадрлық жұмыспен қамту ұйымы, Греция

ДБ Дүниежүзілік Банк

NARS Ұлттық жиналыстың зерттеу қызметі, Корея

ISTAT Италияның Статистика жөніндегі ұлттық институты

5

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

АЛҒЫСӨЗОсы нұсқаулық 2016 жылдың «18» ақпанындағы Қазақстан Республика-

сының №454-V Заңымен ратификацияланған 2015 жылдың «10» қыркүйегін-дегі Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы № TF014174 Грант туралы келісімі негізінде жүзеге асырылатын Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде әзірленген.

Бұл нұсқаулық - NEET санатындағы жастарды зерттеу бойынша теориялық және эмпирикалық жұмыстың нәтижесі. Теориялық жұмыс шетелдік NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бағдарламаларын, тиімді тәжірибені, халықаралық тәжірибелерге жасалған зерттеулерді қамтиды. Эмпирикалық жұмыс Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастармен жүр-гізілген кешенді әлеуметтік зерттеуді (фокус топтар мен терең сұхбаттар) ұйымдастыру мен жүзеге асыру түрінде көрсетіледі. Атқарылған жұмыстар-дың қорытындылары бойынша NEET санатындағы жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал етуге бағытталған тәжірибелер мен бағдарламалардың, әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің, сарапшылық талқылаулардың біріктірілуі негізінде ұсыныстар әзірленді. Нұсқаулықты халықаралық тәжірибені тал-дау мен жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің негізінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс тобы әзірлеген.

Нұсқаулық бойынша жұмыс жасау барысында келесі өзара байланысты міндеттер анықталып, шешілген:

– ЭЫДҰ мүше елдеріндегі NEET санатындағы жастармен жұмыстың халықаралық тәжірибесін талдау жүргізілген;– NEET санатындағы жастармен 10 фокус топтар және 10 терең сұхбаттар,сонымен бірге Астана қаласындағы жастармен жұмыс жасау және жастарсаясаты саласындағы сарапшылармен 1 фокус топ ұйымдастырылып, өткізілген;– Қазақстандағы NEET санатындағы жастардың негізгі қосалқы топтарыанықталған;– жастар осы санатының негізгі қажеттіліктері мен сипаттамаларыанықталған;– NEET санатындағы жастардың «әлеуметтік портреттері» әзірленген;– NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу әдістері ұсынылған;– NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстыңжәне зерттеулердің механизмдері дайындалды;– NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша ұсынымдардыталқылау мақсатында сарапшылармен Дөңгелек үстел ұйымдастырылыпөткізілген.

6

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІСоңғы жылдардағы еңбек нарығындағы қазақстандық жастардың жағдайын

сипаттайтын заманауи ахуал қарама-қайшылыққа толы. Қазақстан Республикасы жастарының арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы 2-тоқсанда анықтал-ған деректер бойынша 4,2% құраған. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, Қазақстандағы NEET санатындағы жастардың үлесі 2016 жылдың екінші тоқсаны бойынша 9,3% құраған. «NEET» ұғымы – «Not in Employment, Educationor Training» – жұмыс істемейтін, оқымайтын және жұмыс табуға тырыспайтын жас тұлға. Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастармен жағдайда, статистикалық деректер өңірлік дифференциациясының болуын көрсетеді, тіпті бірқатар облыстарда аталған көрсеткіш республикалық деңгейден (9,3%) асады. Мысалы, Маңғыстау облысында - 15,1%, Қарағанды мен Қызылорда облыстарында – 14,1%, Жамбыл облысында - 12,1% және Алматы облысында – 10,1%. Батыс-Қазақстан облысында (3,4%), Қостанай (4,9%) мен Солтүстік-Қазақстан облысында (7,2%), Шығыс-Қазақстан облысында (6,8%), сонымен бірге Астана қаласында (7,9%) NEET жастардың үлесі айтарлықтай төмендегені байқалады.

NEET санатындағы жастарды талдау қажеттілігі екі маңызды фактормен анықталады. Біріншіден, жастар Қазақстанның еңбекке жарамды халықтың, шамамен, үштен бір бөлігін құрайды. Екіншіден, Қазақстанның жастар құрылымында NEET санатындағы жастардың пайда болуы және мұндай жастардың білім жүйесіндегі және еңбек нарығындағы әрекетсіздігі – ауқымды салдары бар аса күрделі қоғамдық мәселе болып табылады.

7

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

КІРІСПЕ NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау үшін жеке

Нұсқаулық не үшін керек?Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар

бұрынғы экономикалық құрылымның трансформациясына себепші болған. Еңбек пен халықты жұмыспен қамту саласында өзгерістер орын алуда.

Жастардың жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясаты сапалы жаңа жұ-мыс орындарын құруға, жастар кәсіпкерлігін және жас азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтумен, білім саласындағы саясатпен, жастардың еңбек құқықта-рын жүзеге асырумен, еңбек нарығындағы белсенді бағдарламаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Күрделі халықаралық экономикалық ситуа-ция жағдайларында Қазақстан Республикасы жастарды жұмыспен қамту са-ласындағы сын-тегеуріндерге тап болды. Білім алудан еңбек қызметіне өту әрбір адамның өміріндегі маңызды кезеңге жатады. Объективті және субъек-тивті себептердің салдарынан, жастардың өміріндегі бұл кезең едәуір қиын-датылған. Жастардың еңбек нарығындағы екі қайшылықты жағдайын келесі-дей сипаттауға болады: бір жағынан, жастар нарығында үлкен қажеттілік бар, екінші жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздық өте жоғары деңгейде қала беруде.

Қазіргі уақыттың ерекшелігіне Қазақтанда ешқайда оқымайтын және жұ-мыс істемейтін NEET жастары деп аталатын («Not in Employment, Education or Training») топтың пайда болуын жатқызуға болады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай топ ерекше қауіп-қатерге алып келеді, себебі кедейшілік, әлеуметтік эксклюзия мен маргинализацияның артуының кең етек жаю қаупі бар. Бұл ретте NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау мен зерттеудің ха-лықаралық және отандық тәжірибесін талдау келесі ерекшеліктерді көрсетті:

− бұл тақырып қазақстандық ғылым үшін жаңа тақырып, аталған мәселебойынша талдау мен зерттеулердің болмауын осымен түсіндіруге болады;− NEET санатындағы жастар біртекті топқа жатпайды, сол себептен жұмысмеханизмдерін нақты қосалқы топтар үшін әзірлеу қажет;− Қазақстандық NEET санатындағы жастар Еуропаның немесе Жапонияның осыған ұқсас санатынан ерекшеленеді;− NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау қажет, себебі жастарды әлеуметтендіру күрделенген, ал ол өз кезегінде болашақта қоғамныңтұрақтылығына қауіп-қатер төндіреді.

8

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Осыған байланысты, NEET санатындағы жастармен жұмыс үшін арнайы нұсқаулық қажет. Аталған нұсқаулық құжат түрінде ұсынылған. Кешенді әлеуметтік зерттеулердің негізінде алғашқы рет NEET санатындағы жастар өкілдерінің «әлеуметтік порттері» әзірленген, аталған жастардың қосалқы топтары анықталған және Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың ұсынылатын әдістері ұсынылған.

Осы нұсқаулықты әзірлеудің негізгі себептері:– қазақстандық NEET санатындағы жастардың сипаттамасын беру;– NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесімен таныстыру;– NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстыңжәне зерттеулердің механизмдері мен зерттеу әдістемесін ұсыну.

Бұл Нұсқаулық кімге арналған?Ұсынылған NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқа-

улық жастармен жұмыс жасайтын мамандарға, бастауыш, орта және жоға-ры кәсіби білім беру саласындағы мұғалімдерге, мемлекеттік қызметкерлер-ге, еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы сарапшыларға арналған. Зерттеу нәтижелері мақсатты аудиторияға NEET санатындағы жастарды кәсіби дамыту мен жұмыспен қамту бойынша өз қызметін айтар-лықтай тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.

Бұл Нұсқаулықта не мазмұндалған?Нұсқаулықта Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастар-

дың ерекшеліктері, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың стратеги-ясына және халықаралық тәжірибесіне шолу, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау мен зерттеу механизмдері ұсынылған.

Осы нұсқаулықтың сипаттамасына алғашқы рет Қазақстанда NEET сана-тындағы жастарды зерттеу бойынша кешенді жұмысты жүргізуді жатқызуға болады, мұндай зерттеу NEET санатындағы жастардың қосалқы топтарымен жұмыстың ұсынылатын әдістерін ұсынуға мүмкіндік берді.

Қарастырылатын тақырып бойынша ғылыми әдебиетті талдау барысында дерек көздің төрт санаты пайдаланылды:

1. NEET санатындағы жастармен халықаралық жұмыс тәжірибесі туралыақпарат беретін ағылшын тілді дерек көздері, осал жастармен жұмысқатоғысталған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың мета талдаудынқамтитын Дүниежүзілік банктің мақалалары, сонымен бірге осал жастармәселесін зерттеу нәтижелерін жан-жақты ашатын дерек көздер;

9

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

2. еңбек, жастар саясаты салаларындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары;3. Қазақстандағы NEET санатындағы жастар мәселелерін зерттеу бойынша материалдар түріндегі ғылыми дерек көздер;4. зерттелетін мәселелердің жиынтығы бойынша түрлі дерек көздеріненалынатын статистикалық деректер (халықаралық дерек көздердің деректері, Қазақстан бойынша шетелдік зерттеулердің, отандық статистикалық қызметтерінің деректері).

10NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер?

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

1-БӨЛІМ. NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР ДЕГЕНІМІЗ КІМДЕР?

Әдетте, жұмыс күшіндегі халықтың қатысуын және еңбек нарығындағы жағдайды сипаттау үшін Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша өлшенетін жұмыспен қамту, жұмыссыздық, экономикалық белсенділік/әре-кетсіздіктің көрсеткіштері пайдаланылады. Не жұмыспен қамту, не білім алу саласына кірмеген жастарға назарды 1980 жылдардың соңында ағылшын зерт-теушілері аударған. Мұндай жастарды «ZerO тобы» терминімен атаған. Бірне-ше жылдан кейін бұл термин («Not in Employment, Education or Training») [1] терминімен алмастырылды.

1999 жылы NEET термині алғаш рет ресми құжаттарда 16–18 жас ара-лығындағы жастардың мәселелеріне қатысты Ұлыбритания Үкіметінің баян-дамасында пайдаланылған. 2000 жылдардың соңында NEET ұғымы кеңінен жастардың әлеуметтік-экономикалық ережесінің сипатамасына және тал-дауына арналған түрлі халықаралық ұйымдардың (ЕО, ЭЫДҰ, ХЕҰ) ана-литикалық және бағдарламалық құжаттарында пайдаланылады. Осылайша, «Жастар қозғалыста» бағдарламасының негізінде әзірленген «Еуропалық стратегия 2020» бағдарламасында жұмыспен қамту және жастарға білім беру мәселелерін шешу қажеттілігіне үлкен назар аударылған, ал NEET деңгейі жұмыссыздық деңгейімен бірге жастар жағдайын сипаттайтын екі негізгі көр-сеткіштердің бірі ретінде қабылданды.

ЭЫДҰ мүше елдеріндегі NEET санатындағы жастарды талдау миллион-даған жастардың ешқайда оқымайтындығын және жұмыс істемейтіндігін көр-сетті. Халықтың мұндай тобының негізгі қауіп-қатері мемлекеттің көмегінсіз экономикалық белсенді емес жастар жұмыс үшін маңызды машықтарды ал-майтындығын білдіреді, ал ол өз кезегінде жастарға экономикаға интегралда-уға мүмкіндік бермейді және тиісінше әлеуметтік қауырттылықтың әлеуетті дерек көзін қалыптастырады.

Тағы бір мәселеге жастардың көп бөлігі оқу орындарынан қажетті машықтарды алмай тастап кетуі салдарынан жұмысқа орналасуымен байла-нысты қиындықтарға ұшырайтындығын жатқызуға болады.

«Білім барлығына» бақылау бойынша бүкіл әлемдік баяндаманы әзірлеу бойынша топ есептеулері табысы төмен мемлекеттердегі барлық білім алушылар мектепті оқу секілді негізгі машықпен тәмамдаса, шамамен 171 млн. адам кедейшіліктен шыға алатындығын көрсетеді, ал бұл өз ке-зегінде әлем бойынша кедейшілікті 12% төмендетуге мүмкіндік беретін еді. Білім алу адамдарға жұмыс істейтін кедей қалпынан құтылуға көмек-тесе алады. Жалпы алғанда, бір мектеп жылы табысты 10% арттырады. Білім алу адамдарға жұмыс істейтін кедей қалпынан құтылуға көмектесе алады.

11 NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер?

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Бұған қоса, көптеген жастар оқу орындарын еңбек нарығымен өзара әрекет-тестік тәжірибенің жеткіліксіз деңгейімен тәмамдайды. Ересектер машықта-рын зерттеу бағдарламасымен қамтылған 22 ел мен ЭЫДҰ мүше елдерінің өңірлеріндегі 40% аспайтын академиялық бағдарламалар оқушылары мен 50% аспайтын кәсіби және техникалық білім беру бағдарламаларының оқушыла-ры өндірістен қол үзбей қандай да бір оқуға қатысуда.

Аталған санатқа тән айрықша ерекшеліктер.NEET санатындағы жастар әлеуметтік оқшаулану мен әлеуметтік айырылу

қауіп-қатеріне ерекше бейімделген.NEET санатын жұмыспен қамту үш түрлі жағдаймен келтірілген: жұмыс-

сыздық, мүдделіктің болмауы, үмітсіздік және оның нәтижесінде жұмыспен қамту саласынан шығып қалу.

NEET санатындағы жастар мәселесі білім, жұмыспен қамту және оқу са-ласы шеңберінен шығады, маргинализация мен жастар алшақтығының себебі ретінде айтарлықтай өзекті болып табылады. Яғни мұндай жағдайда, біз жұ-мыссыз жастардың NEET тұжырымдамасынан фокусты кеңейту туралы ай-тамыз. Дәл сол уақытта сарапшылар NEET санатындағы жастарды анықтау кезінде уайым-қайғыға, үмітсіздікке ерекше көңіл бөлу дұрыс емес екендігі туралы айтады. Түңілген жастар ретінде жұмысқа орналасу кезінде үміттің қалмауы секілді себеп бойынша жұмыс іздеуден бас тартқан адамдар анықта-лады. Бұл ретте жастардың көпшілігі жұмыс істеуге дайын, бірақ жұмыс істе-мейді және түрлі себептер бойынша жұмыс іздемейді: жұмысты қайдан және қалай іздеу керек екендігін білмейді, біліктілігіне сәйкес жұмысты таба ал-майды, бұрынғы жұмыс іздеу талпыныстары ешқандай нәтижелер бермеген, өңірде жұмыс орындарының болмауы.

NEET сипаттамасының ерекшеліктеріне мұндай санатқа кіретін жастар машық пен жұмыс істеу тәжірибесін алуға инвестициялар арқылы өз пози-цияларын жақсартпау, соның нәтижесінде еңбек нарығындағы қауіп-қатерін және әлеуметтік оқшаулану ықтималдығын арттыру жатады.

NEET – жастардың еңбек нарығындағы сұранысынан туындайтын ұсыны-стардың нәтижесі. Жастардың білімі мен кәсіби машықтары еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмейді, сол себептен жастардың жұмыссыздығына алып келеді немесе төмен позицияларда жұмыс істеуге мәжбүрлейді, тиісінше аз жалақы алатын жұмыстарды қамтиды.

12NEET санатындағы жастар дегеніміз кімдер?

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Неліктен жастар NEET санатына кіреді?Объективті себептер: көбінесе әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде

қаржы дағдарысы, жұмыссыздық, өмір деңгейінің төмендеуі.Субъективті себептер: жастардың білім алуға, жұмыс істеуге, біліктілік-

ті арттыруға ықыласының болмауын жатқызуға болады, ал мұның барлығы критикалық ойлау қабілеті машығының болмауының, тұтынушылық мі-нез-құлқының артық болуының салдарына жатады. Аталған жағдай қазір-гі уақытта және келешекте қауіп-қатер төндіреді. Ең алдымен, бұл ересек адамдардың экономикалық жүктеліміне алып келеді, себебі егде адамдар NEET санатындағы жастарды асырап, оларды қамтамасыз етеді. Екіншіден, жастар ұзақ мерзім бойынша жұмыссыз болуы және білім алмауы түрлі теріс салдарларға алып келеді: маргинализация, ары қарай әлеуметтік жағдайлар-дағы қиыншылықтар, өзін-өзі төмен бағалау, белсенділік деңгейінің артуы, девиация, айтарлықтай төмен бағдарлар және әлеуметтік жатырқаушылық.

Көптеген елдердегі NEET санатындағы жастар санының артуына әсер ететін маңызды мәселеге жастар білімінің еңбек нарығындағы талаптарға сәй-кессіздігі жатады. Білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінде жастар алатын білім, біліктілік, құзыреттілік, тәжірибелік машықтар жұмыс үдерісіне сәтті интеграцияның жүзеге асыруына септігін тигізбейді.

Қазақстан Республикасындағы «NEET жастарының үлесі» көрсеткішін қа-лыптастырудың әдістемелік негізі ретінде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) құжатын қарастыруға болады. ХЕҰ әдістемесіне сәйкес NEET сана-тындағы жастар – «Not in Education, Employment, or Training» – бұл жұмыс істемейтін, білім алмайтын немесе кәсіби дайындықпен айналыспайтын, білім берумен және жұмыспен қамту жүйелерінен тыс жастар бөлігі. «NEET жастарының үлесі» көрсеткішін есептеуді төменде келтірілген формула бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ста-тистика комитеті жүзеге асырады

(UE + NEA) – NEA[edu] NEET = ___________________ * 100

EA+ NEA UE – 15–28 жас аралығындағы жұмыссыз халықтың саны;NEA – 15–28 жас аралығындағы жұмыс күшіне кірмейтін тұлғалардың саны;NEA[edu] – 15–28 жас аралығындағы білім алу (күндізгі бөлім) себебінен жұмыс күшіне кірмейтін тұлғалардың саны;EA – 15–28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны.

13

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2-БӨЛІМ. NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ

Әлем бойынша дамыған елдердің Үкіметтері жастар жұмыссыздығының және NEET санатындағы жастар үлесінің артуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Дамыған елдердің институттары мен зерттеу орталықтары бұл құбылы-сты NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау механизмдері мен құралда-рын әзірлеу мақсатында зерттеуге талпыныс жасауда.

Ұлыбритания NEET санатындағы жастар туралы сұрақты ресми деңгейде көтерген алғашқы мемлекеттің біріне жатады. Аталған терминология білім, оқыту мен жұмыспен қамту саласына қатыспайтын 16-18 жас аралығындағы жастар қамтылған жаңа индикаторды дамыту мен қалыптастыру қажеттілі-гіне жауап болған. Анықтамаларындағы айырмашылықтарға қарамастан, бү-гінгі күні NEET концепті халықаралық феноменге айналды. Зерттеушілер ғаламдық дағдарыс пен өңірдегі NEET үлесінің әсері арасындағы тікелей кор-реляцияның болу фактісін анықтаған.

ЭЫДҰ мүше елдері NEET үлесінің артуына байланысты үлкен алаңда-ушылықты білдіріп отыр, себебі бұл мәселе, ең алдымен, оқу орындарын ерте тастап кеткен және еңбек нарығының бөлігіне айналмаған жастарға қатысты болуына байланысты. Бұған қоса, мұндай жастар ресми емес, заңсыз эконо-микалық қатынастарға, оның ішінде қылмыстық сипаттағы қатынастарға тар-тылады. Сонымен қатар, жұмыссыздық пен психикалық денсаулық, алаңдау, депрессия мен суицид деңгейі арасындағы байланыс жалпыға белгілі фактіге жатады.

Еуропада NEET ұғымын 5 негізгі қосалқы топтарға бөлуге болады:

ең үлкен қосалқы топқа қарапайым жұмыссыздар кіреді. Оларды өз кезе-гінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге жататын тұлғаларға бөлуге болады;

отбасы мүшелерін күтетін және әрекет етуге қабілетсіз,аурулардан зар-дап шегетін, әрекетсіз,қазіргі уақытта жұмыс істей алмайтын жастар;

жұмыс іздемейтін немесе оқымайтын жас тұлғалар, еңбекпен қамтыл-маған және басқа міндеттемелермен және физикалық дене кемшіліктерімен ауырмайтын, сонымен бірге жұмыс табуға сенімі қалмаған, қауіпті және бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін жастар;

белсенді түрде жұмыс қарастырып немесе оқу мүмкіндіктерін іздейтін жастар;

ерікті NEET, яғни саяхаттап жүрген жастар және тұрақты негізде өнер, музыка мен өздігінен білім алу секілді белсенділікпен айналысатын жастар.

14

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

NEET жастарының әлеуметтік-демографиялық сипаттамасының талда-уына назар аударсақ, олардың көпшілігі 15–24 жас аралығындағы біліктілігі төмен жастар (негізінен Нидерландыда, Данияда, Германияда, Болгарияда, Австрияда, Румынияда). Алайда, өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, Грецияда NEET жастарының 25% астам бөлігінің жоғары білімі бар.

2.1 Дүниежүзілік банк зерттеулеріNEET санатындағы жастарды зерттеумен айналысатын маңызды халықа-

ралық институттардың біріне Дүниежүзілік банк жатады. Осылайша, Дүни-ежүзілік банк басылымдарының үлкен бөлігі осал жастармен жұмыс жасауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды талдауға арналған. Ба-сылым географиясы кеңінен таралған және барлық контитенттердегі жастар-ды зерттеу мен білім, оқыту, жұмыспен қамту бағдарламаларын, еңбек на-рығындағы жағдайды және т.с.с. бағалауды қамтиды.

Дүниежүзілік банк сарапшылары Rafael de Hoyos, Halsey Rogers, Miguel Székely «Out Of School and Out Of Work Risk and Opportunities for Latin America’s Ninis» [3] – басылымдарының бірі Латын Америкасындағы «Nini» жастарын оқытуға арналған. Аталған мәселенің өзектілігі Латын Америкасын-дағы әрбір бесінші жас, яғни 15-24 жас аралығындағы 20 милионнан асатын адам «нини» секілді өмір сүруімен байланысты болады. «Ninis» (түз.) – мек-тепте оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар. Баяндамада аталған жағдай-дың негізгі себептері талданған және «нини»-дің «әлеуметтік портреті» кел-тірілген.

Бұған қоса, «нини» мәселесінің өңірдегі қылмыс пен зорлық-зомбылық санының артуы арасындағы байланыстың дәлелі келтірілген. Ерлер арасын-

Осылайша, Дүниежүзілік банктің «Out-of-School Youth in Sub-Saharan Africa: A Policy Perspective» [2] зерттеуінде авторлар Африкадағы мектеп-тен тыс жастардың Сахараның оңтүстігіне қарай саясатқа қатысты сұрақтарды қарастырған. Зерттеуге мектеп бағдарламасына кірмейтін жастардың негізгі мәселелерін, бастапқыдан жоғары білімге оқудың эконо-метрикалық үлгісін талдау, мектептен тыс жастармен байланысты негізгі көрсеткіштерге шолу кіреді. Баяндамада Африканың 31 мемлекетінде 2001-2011 жылдар арасында өткізілген үй шаруашылығын және еңбек нарығын екі рет зерттеу нәтижелері келтірілген. Ерекше назар, сонымен бірге, білім мен еңбек нарығының интеграциясы, гендерлік теңсіздік, ауылдық қалалық дифференциация, жастар ауру мәселелеріне бөлінеді.

Әдеттегі Латын Америкасының нини өкілдері – толық емес орта білімі бар, кедей және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, қала үй шаруа- шылығындағы әйелдер.

15

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

да «нини» санатына кірудің кеңінен таралған жолдары мектептен еңбек на-рығына ерте шығумен және жұмыссыздықпен байланысты. Орта білімі жоқ жас бозбалалар экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтылуға қа-жетті машық пен білімді алып үлгермейді және соның нәтижесінде уақытша жұмысқа тұрады, бейресми сектордағы тұрақты емес жұмыс орындарына жұ-мысқа орналасады.

«NEET Youth in the Aftermath of the Crisis CHALLENGES AND POLICIES» баяндамасында Stéphane Carcillo, Rodrigo Fernández and Sebastian Königs (OECD Directorate for Employment, Labour and Social Affairs, Social Policy Division), Andreea Minea (Sciences Po Paris) сарапшылары NEET санатындағы жастар бойынша жүргізілген зерттеулердің аралық нәтижелерін ұсынды. Бұл құжатта жастардың ЕЫДҰ мүше елдердегі қаржылық дағдарыс басталғаннан бергі ахуалы көрсетілген, жұмыспен қамту, білім алу, кәсіби дайындық саласы бойынша жастардың өмір сүру сипаттамалары мен сапасы көрсетілген. Со-нымен қатар, мемлекеттік органдар мен жастар саясаты саласының әлеуметтік қорғау және қолдау көрсету мекемелерінің қол жетімділігі, жастарды қамтуы туралы деректер талданған, сонымен қатар, жастардың неғұрлым әлсіз топта-маларының әлеуметтік, білім және еңбек саласындағы жағдайларын жақсар-туға бағытталған шаралардың жүзеге асырылу барысы сипатталған. ЕЫДҰ мүше елдерде NEET санатындағы жастардың жағдайына бөлінетін назардың дағдарысқа дейінгі шамада болмай отырғандығына басты назар аударылған.

16

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.2 Ұлыбритания2017 жылдың 25 мамырында жарық көрген соңғы деректер бойынша

2017 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейінгі аралықта Біріккен Патшалық 800 000 NEET тобына жататын адамды тіркеген (Ұлыбритания-да NEET ұғымы 16–24 жас аралығындағыларға қатысты қолданылады), бұл осы жас аралығындағы жастардың жалпы санының 11,2% құрайды. Өткен ке-зеңмен салыстырғанда (2016 жылдың қазан-желтоқсан айлары) 28 000 адамға кеміген, ал өткен жылмен салыстырғанда 68 000 мың адамға азайған.

Біріккен Патшалық (мың):NEET санаты жас ерекшелігі бойынша: (маусымдық өзгерістер есебімен)

NEET санатындағы жастарОсы санаттағы

адамдардың жалпы саны

Осы санатта болған адамдар, халықтың тиісті топың жалпы

санынан, %

Жалпы саны

Жұмыс- сыздар

Экономикалық белсенді емес

2012 жыл, қаңтар-наурыз

1 197 647 550 7 362 16,3

2012 жыл, сәуір-маусым

1 192 645 547 7 358 16,2

2012 жыл, шіл-де-қыркүйек

1 103 570 533 7 350 15,0

2012 жыл, қа-зан-желтоқсан

1 084 570 514 7 340 14,8

2013 жыл, қаңтар-наурыз

1 102 588 514 7 329 15,0

2013 жыл, сәуір-маусым

1 090 588 502 7 319 14,9

2013 жыл, шіл-де-қыркүйек

1 090 602 488 7 311 14,9

2013 жыл, қа-зан-желтоқсан

1 039 570 469 7 304 14,2

2014 жыл, қаңтар-наурыз

979 508 471 7 297 13,4

2014 жыл, сәуір-маусым

964 457 507 7 291 13,2

2014 жыл, шіл-де-қыркүйек

964 455 508 7 284 13,2

2014 жыл, қа-зан-желтоқсан

972 458 514 7 277 13,4

2015 жыл, қаңтар-наурыз

935 431 504 7 271 12,9

2015 жыл, сәуір-маусым

920 424 495 7 264 12,7

2015 жыл, шіл-де-қыркүйек

850 374 475 7 252 11,7

2015 жыл, қа-зан-желтоқсан

860 365 495 7 237 11,9

2016 жыл, қаңтар-наурыз

868 386 482 7 221 12,0

17

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2016 жыл, сәуір-маусым

846 389 457 7 206 11,7

2016 жыл, шіл-де-қыркүйек

854 367 488 7 185 11,9

2016 жыл, қа-зан-желтоқсан

828 343 485 7 161 11,6

2017 жыл, қаңтар-наурыз

800 334 466 7 137 11,2

Дерек көзі: Labour Force Survey

Ұлыбританиялық NEET санатындағы жастар үлесінің динамикасына жа-салған талдау көрсеткіштердің 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жыл-дың бірінші тоқсаны аралығында 16,3% бастап 11,2% дейін төмендегендігін көрсетіп отыр.

1-сур. NEET санатында болған адамдар, халықтың тиісті тобының жалпы санынан, % Дерек көзі: Labour Force Survey

Ұлыбритания зерттеушілері NEET санатына қосылудың аса үлкен ықти-малдығы төмен білім деңгейі, иммиграциялық тарихы бар, ойлау қабілеті төмен, сондай-ақ, психикалық денсаулығында кемшіліктер бар, сонымен бір-ге қолайсыз отбасылардан шыққан жастар деп отыр. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда жастар үшін NEET құрамына кірудің алғышарттарына мектеп-тегі сабаққа жиі қатыспау, мектеп ортасындағы кемсіту, ерте болатын әкелік/аналық жатады.

Ұлыбритания Үкіметі NEET тобына жататын жастардың санын азайту үшін келесі іс-шараларды әзірледі:

1. Оқу жасын жоғарлату. Мысалы, жас бозбала 18 жасқа толмағанша, ол міндетті түрде мектепте, колледжде оқуы тиіс, сонымен бірге тағылымдама-

18

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

дан өтуі немесе еңбекпен қамтылған, өзіне-өзі жұмыс істейтін немесе еріктілік қызметке тартылған жағдайда, сырттай оқуы тиіс.

2. Оқушылық (тәлімгерлік) тәжірибесі. Жұмыс орнында, оқуды қоса алғанда, қосымша төленетін жұмысты білдіреді. Жақсы нәтижелер көрсеткен оқушылар келісімшартты аяқтағаннан кейін, ұлттық мойындалған біліктілік-ті алады. Бұл ретте, оқушылар жасына байланысты мемлекет шығындардың жартысын өзіне қабылдайды. Ал, қалған шығындарды жұмыс берушінің өзі төлейді.

3. Тағылымдамалар. 24 жасқа толмаған, жұмыссыз және жұмыс тәжі- рибесі бар жастар ары қарай жұмыспен қамтылуды көздейтін алты айлық тағылымдамадан өтуге құқылы. Осылайша, аталған тәжірибе өз тәлімгерлері-не білім алуды, оқыту мен жұмыс тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Оның үстіне Ұлыбиртания Үкіметі (2012–2013 жж.) жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуге арналған көлемді жобаны бастады. Бағдарлама бойынша жалпы шығын көлемі 1 млрд. фунт стерлингке (1,5 млрд. долларға) жуық болды. Бағдарлама талаптарына сай, жасы 18–24 аралығындағы жұмыс-сыз тұлғаны жұмысқа қабылдайтын әр жұмыс беруші мемлекеттен 2 275 фунт (3,5 мың доллар) алады. Тағы 50 млн. фунт (77,4 млн. доллар) халықтың әле-уметтік қорғалмаған топтарының өкілі болып саналатын жастарды еңбек жо-лының басында жұмысқа дайындауға жұмсалды.

Жұмысқа орналастыру бағдарламасына тоғыз айдан астам уақыт бойы жұ-мыссыздық бойынша жәрдемақы алып келген жастардың қолы жетімді бол-ды. Бағдарлама талабына келісе отырып, кәсіпкер жаңа жұмыскермен кемінде алты ай жұмыс жасап, минималды еңбек ақы өтеуге міндетті. Егер жас жұмы-скер алты айдан бұрын жұмыс орнын тастап кететін болса, онда ол мемлекет-ке төрт апта қоғамдық жұмыс қарыз болып қалады.

19

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.3 ГрецияГрециядағы NEET – айтарлықтай жаңа және аса танымал емес әлеумет-

тік осал топ. Греция халқының көпшілігі мұндай терминді ешқашан естімеген. Грециядағы NEET кейсінің ерекшілігі – әрбір грек отбасы NEET мәртебесі мәселесінің өткірлігін жұмсартуға мейлінше көмектесетін өзіндік қорғайтын «қолшатыр» болып табылады.

Еуроқор зерттеулері Грецияны NEET санатындағы жастардың жоғары үлесі бар мемлекеттерге жатқызады.

«Жоқ болу» барометрі» жобасының нәтижелері бойынша: «Neet» әлеу-меттік осалдылықтың жаңа нысаны бар жұмысын саяси тұрғыда ұсынудың эмпирикалық негіздемесін анықтау және жіктелімі («Absents» Barometer: Detection, classification and empirically founded policy proposals to tackle the new form of social vulnerability: the NEETs) [4] жобасы нәтижелерінің негізінде Грециядағы NEET ұғымын келесі жолмен сипаттауға болады:

2012 жылы 15-24 аралығындағы NEET үлесі17,4% деңгейінде болса, ал 15-29 жас тобында 23,2% құраған. Бұл ретте 20-24 жас диапозонындағы аталған көрсеткіш 15-19 жас аралығындағы көрсеткішке (8,6%) қарағанда айтар-лықтай жоғары (26,5%) болады. Аталған топтағы жастардың үлкен бөлі-гін белсенді емес, орта немесе жоғары білімі бар және еңбек өтілі жоқ деп сипаттауға болады. Сонымен бірге NEET құрамында әйелдердің және жұ-мыс табуға сенімі жоқ (көптеген сәтсіз талпыныстан кейін жұмыс іздеуді қойған) қызметкерлердің үлкен үлесі байқалады.

Грециядағы NEET санатына ерлер де, әйелдер де жатады. Бұл ретте NEET қатарына қо-сылу мүмкіндігіне гендер әсерінің кейбір заңдылығын байқауға болады. Осылайша, NEET жастарының жалпы құрылымында әйелдердің саны ер жынысты өкілдердің санынан жоғары. Жастардың көпшілігінің жас диапозоны 20-24 жас шеңберінде анықталады. Сонымен бірге, тұрғылықты мекен-жай (қала/ауыл) қағидаты бойынша аз ғана корре-ляциясын байқатады. Осылайша, NEET санатындағы жастарды қалаларға қарағанда, ауылдық елді мекендерде көбірек жиі кездестіруге болады.

Грециядағы NEET төмен деңгейді (толық емес орта мектепті бітірген) және көп жағдайларда орташа білім деңгейін (толық орта білім оқу орнын немесе техникумды бітірген) сипаттайды. Сарапшылар білім деңгейі мен біліктілігі төмен немесе орта NEET санатындағы жастар арасындағы өзара тәуекелділігінің болуы туралы айтады.

Сонымен бірге, NEET жастардың басым бөлігі үйленбеген/тұрмыс құрмаған, балалары жоқ. Әдетте, олар ата-аналарымен немесе отбасының басқа мүшелерімен (көпшілік жағдайда, ағаларымен, әпкелерімен) тұрады. NEET жастары ата-аналарының білім деңгейі, әдетте, орташа ретінде сипатталады, кейбір жағдайларда олардың жоғары білімі бар. Мұндай үй шаруашылығының отбасы табысының өлшемдері төменнен орта-ша деңгейге дейін өтеді. Табысы жоғары отбасында NEET өкілі анықталмаған.

20

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

NEET жастарының елеулі бөлігі Грецияның білім беру жүйесі ұсынатын мүмкіндіктерінен түңілген және оған көңілі толмайды. Грек жастары Гре-цияның білім беру жүйесі өзінің негізгі фундаменталды функцияларының бірі - студенттерді, білім алушыларды, яғни әлеуетті жұмыскерлерді, қажетті машықтармен және біліммен қамтамасыз етпейді деген ортақ пікірге келген.

NEET тобындағы жастарды ойландыратын негізгі сұраққа тұрақты жұ-мыстың болуы жатады, себебі мұндай жастардың көпшілігі өздерін жұмыс-сыздардың қатарына жатқызады. Олардың бұрынғы атқарған позициялары тұрақсыз, кездейсоқ немесе маусымдық болады. Әдетте, жас мамандардың көпшілігі қызмет көрсету саласында жұмыс істеген, алайда, олардың жиын-тық жұмыс тәжірибесі 6 айдан аспаған. Тиісінше, Грециядағы NEET белгілі жұмыс тәжірибесіне ие, алайда, ол маусымдық, кездейсоқ және ұзақ емес (көп болғанда 1 жыл) болып табылады.

Жұмыссыздықтың негізгі себебіне экономикалық дағдарыстың орын алуы жатады, соның нәтижесінде көптеген жастар өз жұмысын штатты қысқарту немесе басқа жеке себептер (басшылықпен дау-жанжалдар, ынталандыру-дың болмауы, жалақыны уақытында төлемеу, еңбектің жағымсыз шарттары) бойынша жұмыстан айырылған. NEET санатындағы жастар, әдетте, еңбекпен қамтитын әлеуметтік қызметтерге, мысалы, Кадрлық жұмыспен қамту ұйы-мына (OAED) жүгінбейтіндігін атап көрсеткен жөн.

Жасы 20-29 аралығындағы жастардың алатын жәрдемақылары еңбек бир-жасының тіркеуінде бір жыл бойы тұрған, жасы 20–29 аралығындағы тұлға-ларға беріледі. Жәрдемақы мөлшері айына 73,37 еуроны құрайды және 5 ай бойы беріледі.

Материалдарға жасалған талдаулардан көріп отырғанымыздай, Грецияда халықты қиын жағдайда қолдауға арналған жұмыстар алгоритмі мен көмек көрсету механизмдері ойластырылмаған. Халыққа қолдау жасайтын, соның ішінде жұмыссыз жастар да бар, негізгі құрал Греция Үкіметі беретін жәрде-мақы мен субсидиялар болып отыр. Бұл амал дағдарыстан шығаратын жол емес, қарызға батыратын жол болып саналатындығы жасырын емес. Бұл елдің тәжірибесін жалпы алғанда нәтижелі және тиімді деп бағалауға болмайды.

Грециядағы NEET санатындағы жастар ЕО басқа елдеріндегі аталған тобының жастар өкілдерімен салыстырғанда айтарлықтай үздік әлеуметтік-экономикалық жағдайда бо-луы отбасымен тұруына, жалпы отбасылық бюджетті тұтыну мүмкіндігінің болуына байланысты. Мұндай жағдайлар жастар арасында әлеуметтік эксклюзияға және кедей-шілікке тап болу қауіп-қатерін төмендетеді.

21

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.4 ИспанияИспаниядағы NEET санатындағы жастар саны Еуропа одағына кіретін

басқа елдермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіштердің біріне жатады және жоғары оқу орындарын бітірушілердің арасындағы ең жоғары жұмыс-сыздық деңгейіне ие.

Employment Outlook 2016 (ЭЫДҰ мүше елдерінде жұмыспен қамту ке-лешектері) есебі деректеріне сәйкес Испаниядағы NEET санатындағы 12,9% жастардың біліктілігі төмен - бұл көрсеткіш ЭЫДҰ мүше елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне жатады. Сарапшылардың айтуы бойынша топ қатысушыларының басым бөлігі жұмыссыздан гөрі белсенді емес деуге болады, яғни олар жұмыс іздемейді немесе белсенді түрде іздемейді. Білік-тілік деңгейі төмен жастардың біліктілігі жоғары адамдардан NEET тобына кіру мүмкіндігі жоғары. 2015 жылы жұмысты белсенді іздеу үстіндегі NEET санатындағы испандық жастардың үлесі орта мектепті бітірмеген жастармен (24%) салыстырғанда білімі бар жастардан айтарлықтай жоғары (37%) болған. Сонымен бірге испандық сарапшылар жастардың үштен бір бөлігі ешкім, яғни отбасының ересек мүшелерінің ешқайсысы еңбек нарығында жұмыспен қамтылмаған отбасыларда тұрады. Бұл үлес білімі жоқ NEET жастар арасын-да 44% артты. Мұндай топтағы адамдар кедейлік қауіп-қатеріне ұшырау мен еңбек нарығындағы шектеулі мүмкіндіктерге көбірек ұшырайды.

Сарапшылар испандық білім беру жүйесінде нені оқыту мен болашақ ма-мандарға шын мәнінде не керек екендігі туралы «алшақтық» пайда болғанын атап өтеді. Жоба Еңбек нарығының өзгеруі оқу бағдарламаларындағы өзгері-стерге алып келмейді. Нәтижесінде «ары қарай жұмысқа орналасудың» ор-нына студенттер оқуды бітіргеннен кейін еңбек нарығы талаптарына сәйкес алынған білімге сәйкессіздікке жолығады. Сарапшылар Испаниядағы NEET әлеуметтік құбылысы екінші буынға өтіп кеткендігін атап көрсеткен. Бұл кәсі-би емес жұмыс күші және жұмыс беруді қаламайтын адамдар, себебі олардың тәжірибелік пайдасы оларды жұмысқа алу құнынан төмен болады.

Испаниядағы жастардың үлкен үлесі орта кәсіби білім туралы диплом-ды алмастан оқуды тәмамдайды. Шамамен 60% испандық университет бітірушілері жоғары білім туралы диплом беретін мүмкіндіктерге қарамастан, білімнің төмен деңгейін талап ететін жұмыспен айналысады. Аталған факті

Статистикалық деректерге сәйкес, 2008-2011 жылдар арасындағы кезең ішіндегі NEET санатындағы жастардың үлесі 17% көрсеткіштен 24% арт-ты. Жоғары білімі бар жастар арасында NEET құбылысы 21% дейін артқан. Көптеген бітірушілер жұмыс таба алмайды, сондай-ақ өздерінің универ-ситеттен кейінгі білім алу мүмкіндігі жоқ. Жоғары оқу орнындағы оқудың төмен құнына қатысты орта білімі бар тұлғалар үшін NEET көрсеткішінің (19%) төмендеуіне алып келеді.

22

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

сарапшылар испандық еңбек нарығында тұрақты емес негізде жұмыс істейтін жастардың көп екендігімен түсіндіреді.

Бұған қоса, жұмыссыздықпен байланысты жағдай Жұмыспен қамту орта-лықтарының тиімсіздігімен байланысты. Көптеген орталықтар жұмыссыздар-ды жұмысқа орналастыру механизмдерін іздеу үшін емес, құжаттарды өңдеу, жәрдемақыларды беру мақсатында ғана жұмыс істейді. Екіншіден, испан-дықтар жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны және тұрғын үйді жалға алу бойынша жастар жәрдемақыларды, мүгедектік туралы жәрдемақыны, бір асы-раушысы бар отбасыларға арналған жәрдемақыны және т.с.с. алады. Нәтиже-сінде, мемлекеттік материалдық көмек алу себебінен көптеген жастар жұмыс іздеуді тіптен тоқтатты.

Испанияның әлеуметтік саясатына жасалған талдау ел Үкіметінің жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресуге бағытталған бірқатар шаралар атқа-ру үстінде екендігін көрсетіп отыр. 2014 жылы жас буын арасындағы жұ-мыссыздықпен күресудің басты амалдарының бірі мемлекеттік «Жастардың жұмыспен қамтылу кепілдігі» бағдарламасы болды. Келісім-шарт арқылы тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір мекемеге міндетті әлеуметтік сақтанды-ру бойынша ай сайын 300 еуро жеңілдік жасалды. Жеңілдік жарты жыл бойы жарамды. Басқа сөзбен айтар болсақ, испандық компаниялар үшін (сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер үшін) әр жаңа жұмыскер 1800 еуроға арзан тұрады. Ал мемлекет тарапынан жасалатын мұндай ынталандыру жұмысқа қысқар-тылған кесте бойынша қабылданатындар үшін де беріледі: жас жұмыскердің жарты күн атқаратын жұмысы үшін ай сайын берілетін сақтандыру төлемі кәсіпорын үшін 150 еуроға дейін қысқартылады, ал жұмыс уақытының үштен бір бөлігі үшін – сәйкесінше, 225 еуро болады.

«Жастардың жұмыспен қамтылу кепілдігі» тізіліміне ену үшін және осы бағдарламаның талаптары бойынша жұмысқа қабылдану үшін жасы 16–25 аралығындағы қыздар немесе жігіттер (30 жасқа дейін-егер мүмкіндіктері 33% дейін шектеулі жандар туралы айтылатын болса) Испанияның немесе Швей-царияның, болмаса Еуропа Одағына мүше елдердің бірінің азаматы болуы ке-рек, Испания қалаларының бірінде тұрғылықты жерінің тіркелуі керек, соңғы 30 күн ішінде жұмыс жасамаған немесе соңғы үш ай ішінде ешқандай жерде оқуда болмаған болуы керек, сонымен қатар, жұмыс жасауға рұқсатының бо-луы керек.

Испанияда мемлекеттен бөлек, халыққа, атап айтқанда халықтың әлеумет-тік осал бөлігіне көмекті жеке коммерциялық банктер де көрсетеді. Испани-ялық банктер халықтың әлеуметтік осал топтарына жәрдем көрсетуге бағыт-талған әр түрлі бағдарламалар ұсынады, кепілдік мүлікті минималды бағамен тапсырып, әрі қарай баспананы жалға алушыға бөліп төлеу шартымен сатады.

23

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2015 жылдың қыркүйек айында Caixabank жаңа әлеуметтік бағдарлама-ның басталғандығы туралы хабарлама жасады, оның төңірегінде қаржыгерлер жасы кәмелетке толмаған испандықтарды қаржылық сауаттылыққа үйретті. Барлық сабақтар барынша тәжірибе түрінде өткізілді. Банк осындай шара нәтижесінде азаматтарды өз қаражаттарын тиімді басқаруға, дұрыс үнемдеу мен пайдалануға үйретуді көздейтіндігін айтты. Сонымен қатар, банк маман-дары арнайы сайт әзірлеп, материалдарын балаларға ғана емес, оқытушыларға да пайдалы болатындай етіп оңтайландырды, оны қаржы және экономика бой-ынша дәріс беретін мамандар да пайдалана алады.

Испандықтардың белгілі топтамасына арналған тағы да бір бонус Испания Үкіметі бекіткен Баспана бағдарламасы болды, ол 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл бағдарлама аясында халықтың белгілі топтамасының баспа-на жалдау, сатып алу немесе жөндеу мүмкіндіктерінің арттырылуы қарасты-рылған. Мұндай топтардың бірі жасы 35 дейінгі жастар.

24

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.5 ИталияИталияның ұлттық статистика институты (ISTAT) 2014 жылы жастар ара-

сындағы жұмыссыздықтың едәуір деңгейін, яғни 43,9% құрайтыны анықтаған. Университеттерді бітіргеннен кейін көптеген мамандар жұмыс табуға тыры-сады. Көптеген айдан кейін олар басқа мемлекеттерден жұмыс тауып, басқа елдерге ауысады. Жұмыс берушілер жастарды күтпейді деген пікірді ұстанып, көптеген жастар кері қайтуды тіптен жоспарламайды.

Мәдени дәстүрлердің, отбасылық құндылықтар мен ұлттық ерекшелік-тердің нәтижесінде, жас итальяндықтар үйден басқа дамыған елдердегі жастарға қарағанда ерте кетеді. Бір жағынан, түрлі буындағы өкілдер арасын-дағы отбасы байланысы айтарлықтай қатты, сондықтан, болар ересек балалар ата-аналарымен, ал немерелер әжелерімен және аталарымен тұрады және бұл ақылға қонымды болып танылады. Алайда, екінші жағынан, еңбек нарығын-дағы жағымсыз жағдай мен тұрақсыз экономикалық жағдай жастарға өз ата-а-наларынан бөлініп, бөлек тұруға мүмкіндік бермейді. Сарапшылардың пікірі бойынша, әлемдік экономикалық дағдарыс жас италиялықтар мен олардың жұмыс табу қабілетіне қатты әсер етеді. Жастар елдегі және, жалпы алғанда, әлемдегі экономиканың салдарынан айтарлықтай осал бола бастады.

Италияның еңбек нарығындағы негізгі мәселе жалпы жұмыспен қамту қалпына келуде, алайда, ол негізінен 50–64 жас аралығында кеңінен байқала-ды. Сондықтан, мұндай өсу жүргізілетін зейнеткерлік реформаның әсерімен түсіндіріледі. Бұған қоса, дәстүрлі тұрақты жұмыс орындарын уақытша жұ-мыспен алмастыру үдерісі байқалуда. Тіпті жоғары білім жастарды айтар-лықтай қорғамайды және 30–34 жас аралығындағы бітірушілерді жұмыспен қамту деңгейі 2005 жылғы 79,5% көрсеткішпен салыстырғанда қазіргі кезде 73,7% дейін төмендеген.

NEET санатындағы итальяндық жастардың зерттеу нәтижелері көрсеткен-дей, егер ата-ананың білім деңгейі жоғары болса, жастардың NEET санатына түсу қауіп-қатері төмендейді. Зерттеуде білім деңгейі төмен ата-аналардың өмірлік тәжірибесі төмен болғандықтан, олар балаларына оқу орнын таңда-уға қатысты кеңесін бере алмайды. Бұған қоса, ата-аналардың білім деңгейін әлеуметтік-экономикалық мәртебесінің көрсеткіші деп санауға болады. Білім, оның ішінде жоғары білім елеулі экономикалық инвестицияларды талап етеді. Бұл оқуды жалғастыру үшін ата-аналарының көмегіне сене алмайтын жастар әдетте, мектепті уақытынан бұрын тастап кетеді және осылайша жалақысы

15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздардың деңгейі 12,2% құрайды. NEET санатындағы жастардың үлесі 2008 жылы 19,3% көрсеткішінен 2016 жылы 25,7% дейін артқан.

25

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

төмен уақытша жұмыстарға орналасу қаупіне ұшырайды, NEET жағдайына алып келуі ықтимал келешектерде болады.

Осылайша, жеке деңгейде жастардың білімі мен кәсіби дайындық деңгейін жақсарту қажет. Нашар оқитын, сабаққа қатыспайтын жастар тиісті білімді алмайды, келешекте күрделі экономикалық жағдайда болуы ықтимал.

Талдаушылардың болжамдарына қарамастан, 2017 жылдың ақпан айын-да жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 35,2% дейін төмендеген, ал 2015 жылдың қаңтар айында шектік шамаға жетті – 43,9%. Осындай оң дина-мика еңбектенушілердің басқа жастағы топтамалары арасында да байқалады. Бұл соңғы он жылдықтағы ең төменгі көрсеткіш; одан төмен көрсеткіштерді ISTAT 2012 жылдың тамызынан бастап тіркемеген.

ЕО елдері «Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасын әзірлеумен ай-налысуда. Бұл жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешудің жаңа амалы. Мақсаты – жасы 25 дейінгі барлық тұлғалар, соның ішінде жұмыспен қамтылу бюросында тіркелмегендер де бар, жұмысқа тұру, білім алуды жалға-стыру, өндірістік оқудан өту немесе оқуы аяқталған соң 4 ай бойы тәжірибеден өту бойынша тиімді ұсыныстар алады. Бұл шаралар сапасы жоғары тәжірибе-ден өту, өндірістік дағдыларды меңгеру, мобильділікті меңгеру мен жас кәсіп-керлердің стартап жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған.

«Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасын дайындау мен жүзеге асыру барлық негізгі мүдделі тараптардың бір бірімен тығыз байланыста болуын та-лап етеді, мысалы: мемлекеттік органдар, жұмыспен қамту қызметтері, Кәсіби бағдар беру орталықтары, оқу орындары, Жастарға көмек көрсету орталықта-ры, компаниялар, жұмыс берушілер, кәсіби одақтар. «Жастарға берілетін ке-пілдік» – бұл құрылымдық реформа және көптеген елдерді бірқатар өзгері-стердің болуын талап етеді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ұлттық бюджет үшін жастардың жұмысқа қамтылуы басым бағыттың бірі болып танылуы ке-рек.

Еуропалық Одақ осындай шараларға қатысты ұлттық шығындарды қаржы-ландыруды Еуропалық әлеуметтік қор арқылы 2014–2020 жылдар аралығын-дағы кезең үшін «Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы» бастамасымен бірге орындап отыр, оның бюджеті 6 миллиард еуро және ол жастар арасын-дағы жұмыссыздық көрсеткіші 25% астам еуропалық өңірлер үшін қосымша көмек болып табылады.

ЕО мүше елдердің барлығы «Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасы бойынша атқарылатын шараларының ұлттық жоспарын тапсырған.

Италия Үкіметі жастардың өзін-өзі жетілдіруіне арналған бағдарлама әзір-леді (2016 жылдың қыркүйек айынан бастап). 15 қыркүйектен бастап 1998 жылы туған әрбір италиялық тұлға мемлекеттен 500 еуро алып, оны тек мә-дени шаралар мен кітапқа жұмсай алады. Италия Үкіметі бекіткен «мәдени бонус» бағдарламасы негізінде оған Италияның (елде резиденциясы және

26

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

тұруға рұқсат қағазы бар шетелдіктерді қоса алғанда) осы жылдың 31 желтоқ-санына дейін жасы 18 толатын әрбір азаматы үміткер бола алады.

Италиялық қазына үшін құны 290 миллион еуро болатын жобаға барлығы 575 мың жасөспірім, аз бөлігі ғана аз қамтылған отбасынан қатысады. 500 еуроны мұражайға, археологиялық қазба орындарына, театрларға, концерттер мен кино-көрсетілімдерге баруға, кітап сатып алуға, Италияның ұлттық пар-кіне баруға ғана жұмсауға болады. Бонусты музыка мен фильм жүктеп алу үшін пайдалануға тыйым салынған.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл бастама мәдениет саласының тұтынушы-сы болудың маңыздылығын арттырады, «жастардың рухани толығуына, ита-лиялық қоғамды біріктіруге мүмкіндік береді». «Бонусты» пайдалану және бөлінген ақшаны алу үшін жастар «18app» қосымшасын жүктеп алып, тірке-уден өтеді. Бұл қосымшаның әрбір пайдаланушысы өзінің 500 еуросын алып, мәдени шараларға жұмсай алады. «Бонусты» тек бағдарламаның мерзімі ішін-де ғана пайдалануға болады – 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін. «18app» қосымшасы Мәдениет министрлігінен жасөспірімдердің ваучерлер алып, би-лет пен кітап сатып алуына мүмкіндік тудырады. Ваучерді дүкендерге барып «жанды» сатып алу үшін қағазға басып шығаруға немесе электронды құралға (планшет немесе смартфон) билеттер мен кітаптарды онлайн тәртібінде са-тып алу үшін орналастыруға болады.

27

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.6 ШвецияЭЫДҰ жастар арасындағы жұмыссыздық, әдетте, ересектер арасындағы

көрсеткішке қарағанда екі есе жоғары. Алайда, Швецияда жастар арасындағы жұмыссыздық жұмыс табуды қалайтын, бірақ жұмыс таба алмай жүрген сту-денттердің есебінен шамамен 4 есе жоғары.

Швециядағы жұмыспен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары, халықтың 75% асатын бөлігі еңбекке қабілетті. Алайда, жергілікті және шетелдік еңбекке қа-білетті жастағы адамдардың арасындағы жұмыспен қамту көрсеткіштерінде үлкен алшақтық бар, жұмыс істеуге қабілетті жастардың көрсеткіші айтар-лықтай жоғары болады.

Швецияның ерекшеліктерінің біріне жастар арасындағы кедейшіліктің аса жоғары деңгейін жатқызуға болады. Жалпы алғанда, Швециядағы кедейшілік деңгейі ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен төмен, алайда, жастар арасын-дағы кедейшілік көрсеткіші жоғары жас топтарына қарағанда шамамен 3 есе жоғары. Бұл жастардың елеулі бөлігі ата-аналарынан бөлек тұратын сканди-навиялық елдерге тән ерекшелікке жатады.

2-сур. Швециядағы NEET үлесі – жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дайындыққа қатыспайтын, жасы 15–34 аралығындағы жастар, %

Дерек көзі: Eurostat

Швецияда білім деңгейі төмен NEET санатындағы жастардың өмір сүру деңгейі айтарлықтай төмен, олардың 31% мектепті жоғары мектепке қа-былдау емтихандарының алдында мектепті тастаған. NEET санатына кіру қаупі жоғары жастардың тағы бір қорғалмаған санатына жас мигранттар жатады. Орташа есеппен алғанда, түрлі елдерде жас мигранттар білімі мен жұмысы жоқ. Швеция тұрғындарына қарағанда 1,5 есе жиі ұшырайды. Швецияда бұл алшақтық 1,7 көрсеткіш шамасында болуда.

28

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

Швециядағы жұмыссыздық көрсеткіштерінің күрт төмендеуі 2010 жылы байқалып, одан кейінгі екі жылда тұрақтады. 2013 жылы жұмыссыздық дең-гейі шамамен 8,1% болды. Дегенмен, жасы 15–24 арасындағы жастарға қа-тысты көрсеткіш біршама жоғары – 2012 жылдың мамыр айында 28%-ға тең болған. Көптеген сарапшылар Швециядағы жұмыссыздыққа жасалған баға-ның жоғары екендігіне және көптеген жағдайда көрсеткіштердің елдегі ста-тистикалық зерттеу жүргізу ерекшелігіне байланысты анықталатындығына сенімді. Мысалы, жұмыссыздар қатарына жазғы уақытқа ғана жұмыс іздеп жүрген студенттер тіркеледі.

Шведтік статистикалық агенттіктің деректеріне сай 2016 жылдың наурыз айында елде туған азаматтардың 4,7% ғана жұмыс болмаған. Ал шетелде туған-дар үшін бұл көрсеткіш 21,4%-ға тең. Сонымен қоса, елдің жұмысқа тұрғызу агенттігі Швециядағы барлық жұмыссыз адамдардың 60% 2017 жылға қарай шетелдік екендігі анықталады деп отыр.

Шведтік Үкімет негізінен жұмыссыздықпен күресі мемлекеттік бағдар-ламалардың көмегімен жүргізуді жоспарлап отыр, осындай бағдарламалар төңірегінде жұмыс күні қысқарған жағдайда сақтандыру және зейнетақылық төлемдердің қайта есептелуі қарастырылған. Шара 24 айға есептелген және экономикалық қиыншылық көріп отырған кәсіпорындарға қатысты. Са-рапшылар осындай шешімнің Германияда 400 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға көмектескендігін айтып отыр.

29

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.7 НорвегияЖалпы алғанда, 15-29 жас аралығындағы 71 000 жас тұлғалар жұмыс істе-

меген, білім алмаған, 2014 жылы кәсіби дайындау курстарынан өтпеген, ал ол өз кезегінде Норвегия жастарының 7% құрайды. Олардың жартысы денсау-лық жағдайларына байланысты жеңілдіктер алған, 13% басқа жеңілдіктерді алған, ал 32% мәртебесі белгісіз. Олардың отбасы жағынан қаржылық қолда-уы бар деп есептелінеді.

Норвегияда NEET санатындағы ең үлкен жастағы әйелдер (25-29 жас) са-нының ерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары болатындығын ескермегенде, NEET санатындағы жастар арасында айтарлықтай гендерлік теңсіздік жоқ.

Иммиграциялық санат бойынша бөлген кезде келесіні байқауға болады. 2013 жылы жастар арасындағы NEET тобы иммигранттардың 25% құраған, шамамен 12% жас Норвегия тұрғындарының ата-аналары иммигранттар және 8% халық жергілікті тұрғындарды құраған.

3-сур. Норвегиядағы NEET үлесі – жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дайындыққа қатыспайтын, жасы 15–34 аралығындағы жастар, %

Дерек көзі: Eurostat

Әдетте, NEET тобына жататын тұлғаладың білім деңгейі халықтың тиісті топтарына қарағанда айтарлықтай төмен болған.

1996 жылы Норвегияда Орталық бірлестіктің тікелей қатысуымен «Жастарға берілетін кепілдік» бағдарламасы қабылданды. Жасы 25 дейінгі еңбекке жарамды бір де бір норвегиялық азаматтың еш жерде жұмыс жаса-мауы немесе оқымауы мүмкін емес. Егер азамат/ша жұмысынан айырылып, жаңа жұмыс таба алмаса, оны біліктілігін қайта дайындауға жібереді.

30

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.8 Австралия2015 жылы NEET санатына жататын Австралия жастарының саны шама-

мен 580 000 құрады, яғни мемлекет жастарының 12% жеткен. Елдегі NEET көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен, ал NEET құрамындағы белсен-ді емес жастар үлесі басым. Австралиядағы білімі мен жұмысы жоқ, жұмыс табуға мүлдем тырыспайтын NEET санатының үштен екі бөлігі (шамамен 400 000 адамнан кем емес) жұмыс таба алмайды. Мұндай жастарға шығу мен көмек көрсету жолдарын іздеу Австралиядағы NEET санатына қатысты сая-саттың маңызды компоненті ретінде көрінеді.

Австралияда NEET үлесі 2007 және 2009 жылдар аралығында 1,8% артқан, ал 2011 жылы азайған. NEET көрсеткіші 2013 жылы 13% шектік шамасына жетті, содан соң 2014 және 2015 жылдары аздап төмендеді. NEET үлесі, сәй-кесінше, экономикалық дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен артық болып отыр. Көрсеткіштің артуы жастар арасындағы жұмыссыздықтың етек алуымен де, сол жастардың әрекетсіздігінің және белсенділігінің төмендеуіне де байланы-сты болды (4-сур.).

4-сур. Австралияның белсенді емес және жұмыссыз жастарының 2007–2015 жылдар аралығындағы үлесі.

Дерек көзі: ЭЫДҰ жұмыспен қамту жөніндегі дерекқоры

Австралияда NEET көрсеткіші штаттар мен территория бойынша әр түр-лі (5-сур.). Ел бойынша орташа есеппен NEET деңгейі, астанасы Канберраны қоса алғанда 2011 жылы 6% болды, ал солтүстік өңірлерінде аталмыш көрсет-кіш 23% құрайды.

Бұл өзгешеліктердің келесі себептерге байланысты болуы ықтимал. Эко-номикалық көрсеткіштер мемлекеттің түрлі штаттарында айтарлықтай ерек-шеленеді, тиісінше жастар Австралияның түрлі аймақтарында жұмысқа ор-

31

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

наласуға байланысты түрлі қиыншылықтарға жолығады. Бұған қосымша жастардың білім деңгейі әртүрлі, ал бұл білім беру саласындағы жетістіктердің NEET мәртебесімен тікелей байланысының болуы фактісін ескереді. Со-нымен қатар, жастардың жұмыссыздық деңгейі аса жоғары өңірден неғұрлым қолайлы, жұмыссыздық деңгейі төмен жерге ауысуына да байланысты болуы мүмкін. NEET көрсеткіштері бойынша әр түрлі штаттардағы көрсеткіштердің айырмашылықтары әр түрлі өңірдің NEET көрсеткішін төмендету барысында әр түрлі қиыншылықтарға тап болатындығымен түсіндіріледі – мысалы, кей-бір өңірлердің алыста болуы NEET мәселесін қолға алуға және белгілі шешім ұсынуға дайын саяси қызметкерлер үшін қолайсыз болуы мүмкін.

5-сур. 2011 жылғы NEET көрсеткіштері штаттар мен өңірлер бойынша, %

Дерек көзі: Австралиядағы 2011 жылғы халық санағы

NEET санатының деңгейі білім деңгейі төмен елдерде жоғары және білім деңгейі жоғары елдерде төмен. Бұл заңдылық ЭЫДҰ-ға мүше елдердің көпшілігіне тән (6-сур.). Австралиядағы NEET үлесі жоғары білімі бар аза-маттармен салыстырғанда білім деңгейі төмен азаматтар арасында 3,5 есе ар-тық, бұл көрсеткіш орташа есеппен ЭЫДҰ елдері арасында 3,1 тең.

Австралияда әйелдер ерлерге қарағанда NEET санатына жиі түседі. NEET деңгейінде гендерлік алшақтық ЭЫДҰ мүше елдердің барлығында болуына қарамастан, Австралияда бұл айырмашылық ЭЫДҰ бойынша орташа көр-сеткіштен жоғары. Әйелдер үшін NEET көрсеткіштері ЭЫДҰ бойынша ер-кектер арасында 31% жоғары. Австралияда бұл айырмашылық 51% құрай-ды.

32

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

6-сур. ЭЫДҰ мүше елдердегі 2014 жылғы NEET деңгейі 25–29 жастағы азаматтар/азаматшалар арасында білім деңгейі бойынша

Ескертпе: Білім деңгейі білімнің Халықаралық стандартты жіктеліміне сай анықталады (ISCED): «Төмен»: ISCED 0-2- білімі жоқ, бастапқы, толық емес орта білім. «Орташа:» ISCED 3-4 – орта білім, арнайы орта білім. «Жоғары»: ISCED 5-6 – жоғары, PhD

NEET көрсеткіштері негізгі кәсіби біліктілік дағдыларын игерген тұлғалар арасында жоғары (I/IІ сертификаттары). Бұл топта NEET көрсеткіштері 41%, білімнің басқа санаттарымен салыстырғанда біршама жоғары. Оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастардың үлесі аяқталмаған орта білімді жастар арасында жоғары - 9 сыныптық білімді аяқтағандар үшін 19% және 10-11 сы-ныптық білімді аяқтағандар үшін 16% (7-сур.).

7-сур. 2011 жылғы NEET көрсеткіштері білім дедңгейі бойынша, %

Австралияда бір кішкентай бала NEET көрсеткіштеріндегі гендерлік диф-ференциациясының негізгі қозғалтқыштарының біріне жатады. 4 жасқа дей-інгі балалары бар ерлер үшін NEET үлесі балалары жоқ ерлер үшін 10% сәл ғана жоғары. 5 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер үшін мұндай көрсеткіш 47% құрайды. Кішкентай балалары бар жалғыз әйелдер үшін NEET көрсеткіші 62% құрайды.

33

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.9 Жапония

Жапонияда «NEET санатындағы жастар» құбылысын 90 жылдардың ба-сында алғашқы болып тіркеген жапондық психиатр Тамаки Сайто. Ағыл-шын тілінің оксфордтық сөздігінде «hikikomori» сөзі «әлеуметтік байланы-стан аномальді қашу» деп аударылған. Мұндай жағдайда ауқатты отбасыдан шыққан 15 жастағы мектепті тастаған, айлар, жылдар бойы сыртқы әлеммен байланыстан қаша отырып, компьютерді ермек етіп, өз бөлмелерінде отыра беретін жасөспірімдер туралы айтқан. Сайто өз жұмысының басында мұндай өмір салтын ұстанатын жас жапондықтардың үлкен санына қайран қалды, ал қазір халқы 127 миллионды құрайтын Жапонияда мұндай жастардың саны миллионға жеткен. Нақты санын айту мұндай хикикомори өкілдері байла-нысқа шықпайтындықтан, қиынға соғуда. Көптеген хикикомори өкілдері жасөсіпірім кезінен – бастап мұндай өмірге өтеді. Бірақ қазіргі кезде жапон-дық хикки өкілінің орташа жасы – 30. Ал алғашқы буындағы хикикомори өкілдерінің ең үлкен жасы – 40. Алғашқы буын өкілдері оқшауда шамамен 20 жыл өткізді дегенді білдіреді.

Жапондық хикки өкілдерін әлеуметтендіруге бағытталған бағдарламалар айтарлықтай нәтиже бермеді. Хикикоморилердің жасы артып келеді, сонымен қатар Жапония бұл құбылысқа алаңдауда, себебі 2030 жылы мұндай тұлғалар-дың ата-аналары қайтыс болған кезде хиккидің мұндай оқшауланған өмірі он-даған жылдармен есептелінетін болады. Көптеген жағдайда «хикикомориге» жұмыстан айырылу алып келеді. Жұмыссыз болу кезеңі еңбек кітапшасында жарты жыл, бір жыл кезеңінде бос жолақтың пайда болуына әкеліп, нәтиже-сінде жастарға жұмыс табуға байланысты қиыншылықтарды тудырады. Өз жағдайынан ұялған жастар адамдармен кездесуден, тіпті амандасудан қаша бастайды.

Азия мемлекеттерінде NEET санатындағы жастарды сипаттау үшін, әдетте, жапон тілінен аударғанда «жалғыздықта болу» дегенді білдіретін «хикикомори» («хикки») термині пайдаланылады. Жапонияда жоғарыда аталған термин қоғамдық өмірден бас тартқан жастар мен жасөспірім-дерді білдіреді, мұндай адамдардың жұмысы жоқ және, әдетте, туыстары-ның асырауында болады. Жапонияның Еңбек пен қоғамдық әл-ауқат мини-стрлігінің анықтамасына сәйкес, хикикомориге өзін қоғамнан және қоғамдық өмірден 6 айдан асатын мерзімге оқшаулаған тұлғалар жатады.

34

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.10 ТүркияТүркиядағы жастардың еңбек нарығы жұмыссыздықтың және әрекет-

сіздіктің жоғары деңгейімен сипатталады. 2001 жылдан бастап жастар арасын-дағы жұмыссыздық деңгейі артып келеді. 2014 жылы 15-24 жас аралығындағы NEET көрсеткіші 28,4% (3,5 млн. адамды) құраған, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ ел-дері арасында жоғары болады, 15-24 жас тобында NEET санатындағы адамдар саны 12,8 млн. адамды құрайды.

Түркияда білімге қол жеткізу деңгейі төмен, сол себептен толық орта білімі жоқ жастар арасында мектептен кейін жұмысқа орналасу да қиынға соғады. Түркиядағы 15–29 жас аралығында жастардың үштен бір бөлігі ғана 2011 жылы толық емес орта мектепті бітіргеннен кейін оқуды жалғастырған, ЭЫДҰ бойынша мұндай орташа көрсеткіш шамамен 68% құраған.

Дәл сол уақытта жоғары білімі бар жастар өздерінің жақында алған машықтарын еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне келтіру барысын-да қиындықтарға жолыққан. Жастар арасында жоғары білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі қаржы дағдарысынан кейін төмендеген, 2008 жылы бұл көрсеткіш 62% құраса, 2011 жылы 54% дейін төмендеген, бұл ЭЫДҰ мүше елдері бойынша 5%.

Түрік Үкіметі елдегі NEET санын азайту үшін келесі мәселелерді шешу мақсатында жұмыс жасау қажет екендігін түсінеді:

– мектепке дейінгі және мектеп білімін жаңғырту, ол келешекте әйелдердің қоғамдық және еңбек қызметіне қатысу деңгейін арттырады;

– балалар мен егде адамдардың жағдайын жақсарту өз кезегінде әйелдер жүктелімін азайтады;

– NEET – экономикалық мәселе ғана емес, сонымен бірге қоғамның даму қауіп-қатері, жастардың саяси және әлеуметтік үдерісінен алшақтауы.

Түркияның сипаттамасы әйелдер NEET санатына ерлерге қарағанда екі есе жиі түсетіндігін көрсетеді. 20% жас ерлермен салыстырғанда 50% жас түрік әйелдері жұмыс істемейді және оқымайды.

35

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.11 Корея РеспубликасыКорея Республикасындағы NEET санатындағы жастар бойынша статисти-

калық деректерді алғаш рет 2006 жылы Jaeryang Nam жариялаған. Кореяда мұндай санатқа қазіргі сәтте нақты оқу орындарына, жеке институттарға қа-былданбаған, колледжге немесе жеке/мемлекеттік институттарға сынақ емти-хандарынан өту үшін құжаттарды тапсырмаған немесе ұйымдарға жұмысқа қабылдау үшін құжаттарды тапсырмаған, жұмыс істемейтін, үй шаруасымен немесе балалардың күтімімен айналыспайтын жастарды жатқызады.

Кореяда NEET тобына көптеген жағдайда колледж және институт бітірушілері – 22,9%, ал орта мектеп бітірушілері – 5,1% жатады.

Колледж бітірушілері арасындағы NEET жоғары деңгейіне қатысты NARS қоғамдық денсаулық, әл-ауқат пен әйелдер командасы бөлімінің жетекшісі Ли Ман-уу мұны келесідей түсіндіреді: «Біз мұндай жағдайды жоғары білімі бар адамдардың танымал компанияларға жұмысқа тұру үшін дайындыққа ұзақ уақыт жұмсайтын кезінде байқаймыз».

Кореядағы NEET санатындағы жастардың сипаттамасы NEET деңгейі «жоғары білімді» мамандар арасында жоғары екендігімен түсіндіріледі.

Кореядағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізінен үш негізгі және өзара байланысты себебі бар:

1) экономикалық құлдырау мен халықаралық бәсекелестікті жоғалту сал-дарынан жұмыс орындарының болмауы;

2) ағымдағы жұмыс орындары талап ететін машықтары мен білім жүйесі ұсынатын машықтар арасындағы сәйкессіздік;

3) икемді емес жалақы, еңбекпен қорғау, жалақымен байланысты емес шығыс шығындар салдарынан еңбек нарығының қатыгездігі.

Ұлттық жиналыс зерттеу қызметінің (NARS) есебіне сәйкес, елдегі кол-ледждердің 24,4% бітірушілері өздерін NEET ретінде сәйкестендірген (2012 жыл). Бұл сан ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштерді шамамен екі есе арттырады.

Корея Республикасының тұрақты өсуі Үкіметтің басшылығымен кәсіби біліктілік пен дағдыларды жетілдіру стратегиясына негізделген. Еңбектің өнімділігінің артта қалуына жол бермеу тұрғысынан атқарылатын шара-лар арқылы қол жеткізілген прогресс қарқыны да экономикалық даму стра-тегиясының жүзеге асырылуын көздейді, олар инвестицияларға, ғылыми зерттеулерге және конструкторлық жаңалықтар ашуға негізделген. Білімі жоғары және жоғары білікті жұмыс күшіне жасалатын инвестициялар жаңа технологиялардың қолданысқа кеңінен енгізілуін ынталандырудың алғышарты болып табылады. Ағымдық мақсат қойылатын біліктілік та-лаптары аса жоғары бос жұмыс орындары үшін мамандардың тапшылығын кәсіби біліктілік пен дағдыларды дамытудың бейстандарт амалдарының тартымдылығын күшейту арқылы жоюда.

36

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.12 Ресей Федерациясы

Ресей Федерациясындағы NEET жұмыссыздық пен белсенділіктің бол-мау деңгейінің өңірлік дифференциациясын анықтайтын факторлар көптеген жағдайда басқа елдердегі NEET жастарын талдау кезінде анықталуы ықтимал: төмен білім деңгейі, денсаулық жағдайы, ерте ана болу. Ресейлік ерекшеліктің сипаттамасына әйелдердің артықшылықты еңбекпен қамтылған салаларын-дағы жұмыспен қамтылған үлесінен ерлердің NEET өңірлік жұмыссыздықтан оң тәуекелдігін көрсетуге болады.

Ресейлік зерттеушілер NEET жастарының құрамында екі әлеуметтік топты бөледі: жұмыс іздеумен айналысатын жұмыссыз жастар және жұмыс істеуді қаламайтын жұмыссыз жастар. Аталған екі топ жұмыс табуға деген мотивтері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелері көрсет-кендей, жастардың мұндай әлеуметтік топтарының қалыптасу үдерісіне бір жағынан тіршілік пен қоршаған орта. Екінші жағынан еңбек және кәсіби ар-тықшылықтарды қалыптастырудың сыртқы талаптарын анықтайтын еңбек-тің жергілікті нарықтарының жұмыс ерекшеліктері. Жұмыс іздейтін жастар тобы біркелкі, ал ауылдық және қалалық тұрғындар негізінен жергілікті еңбек нарықтары сипаттамаларының дифференциациясымен ерекшеленген.

Ресей дерек көздеріне сәйкес, Ресейдегі 2014 жылғы жұмыспен қамту мәсе-лелері бойынша халықты зерттеу деректері [5] бойынша 15-24 жас ара-лығындағы жастардың саны 18,0 млн. адамды құраған. Оның жартысынан көбі (9,6 млн. адам немесе 53,6%) оқушылар немесе студенттер, ал үштен бірі (6,0 млн. адам немесе 33,4%) жұмыспен қамтылған, ал 2,3 млн. адам (13,0%) NEET санатындағы жастарға жатады. Осылайша, 15-24 жас ара-лығындағы әрбір сегізінші ресейлік оқымаған және жұмыс істемеген, яғни жұмыспен қамту саласынан тыс болған.

Ресейде NEET ұғымын 5 негізгі қосалқы топтарға бөлуге болады: ата-аналарымен тұратын жұмыссыз жастар толығымен немесе ішінара ата-анасының қарауында бола отырып, үздік талаптарды немесе мүмкін-діктерді күтеді (еңбек нарығына шығуды кейінге қалдыру эффектісі); лайықты жұмысты табуға сенімі қалмаған жастар; балалардың немесе егде туыстарының күтімімен айналысатын әйелдер; кездейсоқ жұмыспен айналысатын халықтың маргиналды бөлігі; өмірінде өзіне не керек екендігін білмейтін/түсінбеген жастар неме-се уақытша егде адамдарға үй іргесіндегі шаруашылықта көмектесетін жастар.

37

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.13 Қазақстан РеспубликасыЖастар – қоғамдағы өзгерістердің басты факторы. Қазіргі заманда өмір

сүретін жастар дағдылық стереотиптердің жойылуы, қоғамның әлеуметтік трансформациясы сияқты қиын жағдайда өсіп келеді.

Жастардың әлеуметтік топ ретіндегі ерекшелігі жағдайларының құбылма-лылығында; олардың әлеуметтік мәртебелерінің тұрақсыздығында, жаңа әле-уметтік рөлдерді игеруге мәжбүр болуларында. Осының барлығы жиыла келе жастардың халықтың әлеуметтік осал және әлеуметтік қорғалмаған топтама-сына жатуына соқтырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанда жастардың білім алу, еңбек ету және жұмыспен қамтылу, денсаулығын қорғау, шығармашылық әлеуетін дамыту, жастардың әлеуметтенуі мен патриотизм құндылықтарын қалыптастыру саласындағы әлеуметтік құқықтарының қамтамасыз етілуіне бағытталған әр түрлі бағдарламалар іске асырылып келеді.

Жастардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ат салысуы үшін жастарға арналған бағдарламалардың толыққанды жүзеге асырылуы маңы-зды. Олардың арасында «Жасыл Ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», Жастар кадрлық резерві және т.б. бар.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша статистикалық көрсеткіштер кесте-лерде берілген.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасының қатысушылары (17–29 жас аралығындағы жастар), облыстық жіктелім бойынша

Облыс Саны Қазақстан Республикасы 15 259Ақмола 519Ақтөбе 2 127Алматы 2 171Атырау 600Шығыс Қазақстан 1 342Жамбыл 393Батыс Қазақстан 702Қарағанды 899Қостанай 318Қызылорда 945Маңғыстау 886Павлодар 1 350Солтүстік Қазақстан 368Оңтүстік Қазақстан 630Астана қаласы 733Алматы қаласы 1 276

Дерек көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігі

38

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

Жоғарғы және кәсіби-орта білім беретін оқу орындарының түлектерін жұ-мыспен қамту бойынша тағы да бір маңызды жоба - «Ауыл жастары» жалпы ұлттық жобасы. Бұл жоба бірнеше мақсатты көздеген, ал басты мақсаты - ауыл жастарының дамуына жағдай жасау.

Жалпы ұлттық «Ауыл жастары» жобасы аясында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты — жас азаматтар мен азамат-шаларға ауылдардағы әлеуметтік сала мамандарына көрсетілетін мемлекет-тік қолдаудың маңыздылығын жеткізу. Жобаға жаңа ғана диплом алған оқу орындарының түлектері ғана емес, ауылды жерге кемінде бес жыл өмір сүруге және жұмыс жасауға келген, тәжірибелі мамандар да қатыса алады.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша өңірлердің ауылдарына бекітілген (2016 жылға арналған жоспар)

Облыс Саны, адам Қазақстан Республикасы 2725Ақмола 219Ақтөбе 100Алматы 286Атырау 40Шығыс Қазақстан 156Жамбыл 151Батыс Қазақстан 338Қарағанды 154Қостанай 150Қызылорда 420Маңғыстау 230Павлодар 81Солтүстік Қазақстан 100Оңтүстік Қазақстан 300Астана қаласы -Алматы қаласы -

Дерек көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігі

Гранттық қаржыландыру Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъ-ектілеріне ақысыз және қайтарымсыз негізде экономиканың басым сала-ларында және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеялар-ды жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы төңірегінде беріледі, соның ішінде жаңа бастаған қызметі бар жас кәсіпкерлер, қыз-метін енді бастаған кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер, 50 жастан асқан тұлғалар да бар. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде жаңа бастаған қызметі бар жас кәсіпкерлер, қызметін енді бастаған кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер, 50 жастан асқан тұлғалар да бар, моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық жердегі елді мекендер үшін салалық шектеусіз беріледі [6].

39

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

Мемлекеттік жастар саясатының нәтижелі жүзеге асырылуының бір көр-сеткіші ретінде жоғары оқу орындары мен кәсіби-техникалық білім мекеме-лерінің түлектерін жұмыспен қамтитын «Жастар тәжірибесі» жобасының іске асырылуы болып табылады. Оның мақсаты жас мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін беру, білім мен дағды беру, жұмысқа тұруына ықпалдасу және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру болып табылады.

«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша жұмысқа тұрғандар, облыстық жіктелім бойынша

Облыс 2015 жыл 2016 жылдың бірінші жарты жылдығыҚазақстан Республикасы 10 276 8 558Ақмола 430 216Ақтөбе 921 171Алматы 847 857Атырау 328 231Шығыс Қазақстан 647 204Жамбыл 589 390Батыс Қазақстан 598 248Қарағанды 614 175Қостанай 491 300Қызылорда 617 766Маңғыстау 399 154Павлодар 404 61Солтүстік Қазақстан 352 82Оңтүстік Қазақстан 1 773 4 069Астана қаласы 590 284Алматы қаласы 676 350

Дерек көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігі

Жас кәсіпкер мектебі

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасын жүзеге асыру «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының төртінші бағыты «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады. Жобаны «Даму» кәсіпкерлік-ті дамыту қоры» АҚ жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін, жас кәсіпкерлердің құзырларын нақты шаралар жүйесі арқылы арттыру мақсатында дайындаған. «Жас кәсіпкер мектебі» 18–29 жас аралығындағы белсенді, жеке ісін бастағысы келетін және Қазақстан Республикасының азаматы болып та-былатын тұлғаларға арналған. Мектеп жобасы – бұл бизнесті басқару бой-ынша 2 апталық теориялық және тәжірибелік оқу, оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар өздері бизнес-жоба әзірлеп, қорғайды. Мектеп қатысушыла-рының үздік бизнес-жобалары «Идеялар жәрмеңкесіне» қатысады, оған биз-нес, шағын қаржы ұйымдарының және венчурлық компаниялардың өкілдері – ықтимал инвесторлар шақыртылады [6].

40

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

Осылайша, ұсынылған мемлекеттік жобалар мен Қазақстан Республи-касының мемлекеттік бағдарламалары жастардың жұмыспен қамтылуына, жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына, ауыл жастарына мемлекеттік қолдау көрсетуге және т.б. бағытталып отыр. NEET санатындағы жастардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекет-тік бағдарламаларына жасалған шолудан байқағанымыздай арнайы шара жоқ. Ал жастардың осы санатымен жұмыс жоғарыда қарастырылған бағдарлама-лар төңірегінде атқарылып келеді.

2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өнімділігі және жалпы кәсіпкерлік бағдарламасы [7].Негізгі міндеттері:1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар дайындау.2. Жұмыс кадрларын еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша қысқа мерзімде оқыту.3. Кәсіпкерлік негіздерін үйрету.4. Ауылды жерлер мен қалалардағы шағын несие беру саласын дамыту.5. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың еңбекке жұмылдырылуына ықпалдасу.6. Еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру.7. Еңбекке жұмылдыруға арналған бірыңғай цифрлық алаң қалыптастыру.

41

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

2.14 Қорытындылар NEET санатындағы жастармен жасалатын шетелдік және отандық шара-

ларға жасалған талдау мынадай қорытындылар жасауға негіз болып отыр:«NEET» ұғымы – жаңа құбылыс және толық зерттелмеген. Шетелдік

тәжірибеге жасалған шолу көрсеткендей, жастар арасындағы жұмыссыз-дықтың кеңінен таралуы әлемнің барлық елдері үшін ортақ мәселе және бұл білім деңгейінің артуына байланысты төмендеп отырған жоқ, бұл өз кезегінде қоғамның наразылығын тудыруда [8].

Мәселен, ХЕҰ «Шығыс Еуропа жастарының жұмыспен қамтылуы: дағда-рыс ішіндегі дағдарыс» баяндамасында «ұмытылған буынның» пайда болу қа-упі айтылды, нақты айтар болсақ, үмітін үзген және өзі жоғалтқан жастардың, еңбек нарығында маргиналды күй кешуге мәжбүр тұлғалардың пайда болуы талқыға салынған [9].

NEET санатындағы жастармен шетелдерде атқарылатын жұмыстарға жасалған талдаулардан жастардың осы тобының қоғамға интеграциялануы-ның негізгі механизмі жұмысқа тұру болып табылатыныдығын көріп отыр-мыз. Осыған байланысты жастардың жұмыспен қамтамасыз етілуі мәселе-сінің өзектілігі дәлелденеді. Әр елде жастардың жұмыспен қамтылуының басымшылығын анықтайтын ұлттық әлеуметтік-экономикалық тетіктер бар. Мысалы, жастардың жұмыспен қамтылуы Еуропа Одағына мүше бірқатар ел-дер үшін ұлттық саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр: Австрияда, Бельгияда, Германияда, Ирландияда, Мальтада, Португалияда және Біріккен Патшалықта.

Осылайша, әлемдік тәжірибеге жасалған талдау жастардың қоғамның әле-уметтік осал тобы болып саналатыныдығын көрсетіп отыр. Экономикалық дағдарыс пен тұрақсыздық жастардың әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп отыр, олардың бәсекеге қабілеттіліктері мен мүмкінідіктері елдің болашағына да әсер етеді.

Жүргізілген талдаулардан байқағанымыздай, NEET санатындағы жастар, демек, жұмыс жасамайтын және оқымайтын жастар басым назарды талап етеді. Дегенмен, мамандар мемлекеттік органдар мен шенеуніктер тарапынан жастардың осы санатына бөлінетін назардың жоғары болуына қарамастан NEET санатындағы жастардың мәселелерінің әлі де толық сараланбаған-дығын айтып отыр.

Осы жоба төңірегінде халықаралық тәжірибеге жасалған талдаулар мен Қазақстанның жекелеген өңірілерінде жүргізілген пікірталастар NEET са-натындағы қазақстандық жастардың Еуропалық жастардан өзгеше екендігін көрсетіп отыр.

Еуропалық халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қазақстандық жүйеден өзге-ше. Еуропа елдерінің жұмыссыздықпен күресуге бағытталған бағдараламала-ры мен азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған бағдарла-

42

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

маларына жасалған талдаулар қолдау көрсетудің негізгі механизмі әлеуметтік жәрдемақы төлеу екендігін көрсетіп отыр. Жастарды қолдауға бағытталған мұндай шара экономикалық дамудың жоғары болуы мен халықтың өмір сапа-сының жақсаруын қамтамасыз етеді.

Еуропа одағына мүше елдердің ерекшелігі NEET санатына көбінесе сол елде туған жастардың емес, мигрант жастардың енетіндігінде.

Қазіргі экономикалық тұрақсыздық жағдайында еңбек нарығының барлық мүдделі тараптары арасындағы қарым-қатынасты реттеу керек. Халықаралық тәжірибе бойынша жастардың жұмыссыздығымен күрес барысында мына-дай тараптар қатыстырылуы керек – «жұмыс беруші – ЖОО/колледж – жас маман». Жоғарыда жасалған шолу бойынша бірқатар елдерде жастарды жұ-мысқа қабылдайтын кәсіпорындарға мемлекет салықтық жеңілдік беру неме-се басқа да жеңілдік жасау түрінде қолдау көрсетеді (Ұлыбритания, Испания). Осындай тәжірибені Қазақстанда да жүргізуге болады. Соған қоса, Қазақстан-дағы жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу механизмдерінің бірі еңбек ақыны субсидиялауы болуы мүмкін. Еңбек ақыны субсидиялау бағдарлама-сының негізгі мақсаты – жұмыс берушілерді жас мамандарды жұмысқа алуға ынталандыру. Жұмыссыз жас мамандарды жұмысқа қабылдау барысында кәсіпорындарға өтпелі экономикалы елдерде алты айдан кейін өтелетін және дамыған елдерде екі жылда өтелетін субсидия беру қажет. Субсидия сомасы елдің даму деңгейіне байланысты анықталады. Кейбір бағдарламаларда жұ-мыс берушілерге қосымша ынталандыру шаралары қарастырылған, бұл суб-сидиялау кезеңі аяқталғаннан кейінгі тұрақты жұмыста қалдырудың тиімділі-гін сақтауға бағытталған шара.

Жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрестің басқа да пайдалы амалы талдау бойынша ақылы немесе жартылай ақылы тәжірибеден өту шарасы болып отыр. Бұл механизм де мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылады. Қазақстанның мұндай тәжірибесінің бар екендігін айта кету керек. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының төңірегінде 2015 жылы 10 276 адам, 2016 жыл-дың бірінші жарты жылдығында 8 558 адам жұмыспен қамтылды. Тағы 15 259 адам (2016 жылдың бірінші жарты жылдығында) «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында жұмысқа тұрды. Бұл бағдарлама жастарды уақытша жұмыспен қамта-масыз етеді, тек жаз айларында, дегенмен, мұндай қосымша жұмыс жастарға қосымша кәсіби және өмірлік дағдыны үйретіп, өзінің қоғамға қажетті екенді-гін сезінуіне көмектеседі. Жастармен жұмыс саласында қызмет ететін еуропа-лық мамандардың айтуынша, жастардың қоғамдық өмірге ат салысып, дамуға мүмкіндік алуы аса маңызды. Мысалы, Қазақстан үшін Италияның тәжіри-бесінің сай келуі мүмкін, онда ел Үкіметі (белгілі топтағы жастарға) жастарға мәдени орындарға, шараларға бару мүмкіндігін беріп, қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Мұндай «мәдени бонустар» жастардың өзін-өзі дамытуына жол бастайды.

43

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесіне талдау

NEET санатындағы жастардың Қазақстанда әлеуметтенуінің басты меха-низмдерінің бірі жастарды оқыту бағдарламасының болуы мүмкін. Дайындау мен арнайы оқулар жастардың еңбекке қамтылуын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіш. Олар жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген жастардың кәсіби біліктілік-терін арттырып, жұмыс күшіне қатысты сұранысты қанағаттандыру мүмкін-діктерін береді. Кейбір бағдарламалар жұмысқа дайындауға бағытталған, ал басқалары жұмыстан шеттеместен қайта даярлықтан өтуді де қамтамасыз ете алады.

Әдетте, бағдарламалар мемлекет қолдауымен жүзеге асырылады және Ең-бек және Білім министрліктерімен бақыланады, бірқатар елдерде білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдар қатыстырылып, білім беру мекемелері ара-сындағы бәсекеге қабілеттілік артады. Мысалы, Данияда кәсіби білім беру провайдерлерін мемлекет қаржыландырады. Олар мақсаттық қаржы алып, бюджетін жыл сайын Данияның Білім беру және Балалар істері министрлі-гімен келістіруі керек. Орын алып отырған тәжірибе білім алушылардың оқу ақысын бөліп төлеуінің де болатындығын көрсетті, көбіне жалпы оқу ақысы-ның 15% шамасы өтеледі.

Осылайша, NEET санатындағы жастармен жасалатын шетелдік және отан-дық шараларға жасалған талдау мынадай қорытындылар жасауға негіз болып отыр:

Біріншіден, бүгінгі таңда ЭЫДҰ мүше елдердің ешқайсысында NEET са-натындағы жастармен жұмыс жасаудың нақты қағидаттары жоқ. Барлық мем-лекеттік бағдарламалар мен жобалар негізінен жастардың әлеуметтік осал топтарына бағытталған.

Екіншіден, экономикалық, мәдени және әлеуметтік өзгешеліктер шетелдік бағдарламалар мен жобалардың қазақстандық NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу үшін қолданылуы орынсыз. Оны фокус топтар мен тереңдетіл-ген сұхбаттардың нәтижелері дәлелдеп отыр.

Үшіншіден, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасауға арналған ар-найы бағдарлама жоқ, Қазақстанда бұл санатындағы жастармен жұмыс мем-лекеттік бағдарламалар мен жобалар арқылы жүргізіледі, олар жалпы түрде жастарға арналған («Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» және т.б.).

44NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

3-БӨЛІМ. NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚОСАЛҚЫ ТОПТАРЫМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІ

3.1 NEET санатындағы жастарды зерттеу әдістемесіЖастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде «Жастар» ғылыми-зерт-

теу орталығы NEET санатындағы жастармен жұмыс механизмдерін зерттеу бойынша кешенді әлеуметтік зерттеуді жүргізді. Зерттеу барысында эмпири-калық ақпаратты жинаудың екі әдісі қолданылды: фокус топ (топтық пікірта-лас) және тереңдетілген сұхбат.

NEET санатындағы қазақстандық жастарды және олармен жұмыс жасау механизмдерін зерттеу үшін Қазақстан бойынша ешқайда оқымайтын, жұ-мыс істемейтін және зерттеу сәтінде кәсіби оқыту курстарына қатыспайтын жастармен фокус топтар өткізілді.

Қойылған мақсаттарды шешу үшін зерттеу инструментарийі әзірленді. Фокус топтар гайды мен тереңдетілген сұхбат сауалнамасы орыс және қазақ тілдерінде әзірленді.

Фокус топтар қалалық және ауылдық елді мекендерде және NEET сана-тындағы жастардың жоғары үлесі (көрсеткіштері республикалық орташа мән-нен жоғары) мен NEET санатындағы жастардың төмен үлесі бар облыстарда ұйымдастырылып өткізілді.

Жобаның эмпирикалық кезеңінде жұмыстардың келесі түрлері қарасты-рылған:

1. Фокус топтарды өткізуге қажетті нұсқаулықтарды, талқылау тақы-рыптарын, сұрақтардан тұратын модераторға арналған құралды әзірлеу

Жоба шеңберінде модератордың негізгі міндеттері, фокус топтарды өткізу бойынша ұсынымдар, сонымен бірге фокус топ гайды (фокус топ сценарийі) қамтылған модераторға арналған құрал әзірленді.

Модераторға арналған құралдың жеке бөлімі фокус топтың гайдын (сцена-рийін) әзірлеуге арналған. Гайдта талқылау тақырыптарының, олар бойынша қойылатын сұрақтар мысалдарының тізімі келтірілген.

2. Фокус топтарды ұйымдастыру мен өткізуЖобаның міндетін орындау үшін 2016 жылғы 2-тоқсан бойынша NEET

жастарының көрсеткіштері бойынша облыстар негізінде ресми статистика зерттелген. NEET жастарының төмен және жоғары көрсеткіштері бар облы-стар анықталды (1-кестені қараңыз).

45 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

1-кесте. Қазақстан Республикасындағы 15-28 жас аралығындағы жастар-дың жалпы санындағы NEET үлесі, % (халықты жұмыспен қамтуды таңдау арқылы зерттеу кезіндегі деректер бойынша)*

Қазақстан Республикасы 9,3Ақмола 8,1Ақтөбе 7,4Алматы 10,1Атырау 9,2Батыс Қазақстан 3,4Жамбыл 12,1Қарағанды 14,1Қостанай 4,9Қызылорда 14,1Маңғыстау 15,1Оңтүстік Қазақстан 8,3Павлодар 9,8Солтүстік Қазақстан 7,2Шығыс Қазақстан 6,8Астана қаласы 7,9Алматы қаласы 9,2

* ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті

Осылайша, ҚР келесі өңірлерінде фокус топтар ұйымдастырылып, өткізіл-ді:

– Алматы– Жамбыл– Қарағанды– Қызылорда– Маңғыстау– Батыс Қазақстан– Қостанай

Фокус топты ұйымдастыру мен өткізу барысында жас және гендерлік фак-тор, сонымен бірге жастардың тұрғылықты жері (қалалық және ауылдық) бойынша дифференциациясы ескерілді.

NEET санатындағы жастарды құрайтын мақсатты топ қарастырылған фо-кус тобының өткізілуімен қоса, жастар саясаты саласындағы сарапшылармен фокус топ ұйымдастырылып, өткізілді (Астана қаласы).

Жастар мен сарапшылар бар фокус топтарды өткізу географиясы кестеде келтірілген (2-кестені қараңыз).

Фокус топтарды өткізу барысында аудио және бейне-жазба жүргізілді, кейін нәтижелері түсіндіріліп, қағаз тасымалдағышқа аударылды (түсінік-

46NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

теме жасалды, қағазға түсірілді). Әзірленген стенограммалар аналитикалық материалдың және нұсқаулыққа қоса берілетін материалдың негізін құрады. Сапалы жасалынған түсіндірмелер жақсы аналитикалық материалды дайын-дауға қажетті аса маңызды бөлігі болып табылады.

2-кесте. Фокус топтарды өткізу географиясы

Облыс Мақсаттық топ1. Алматы 18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық2. Жамбыл 21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық3. Қарағанды 18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық4. Қарағанды 25-29 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық5. Қызылорда 18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық6. Маңғыстау 21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық7. Маңғыстау 25-29 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық8. Батыс Қазақстан 18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық9. Қостанай 21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық10. Астана қаласы 21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық

11. Астана қаласыСарапшылық топ: жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдар-дың, жұмыспен қаму қызметтерінің, жоғары оқу орындарының, колледждердің және т.с.с. өкілдері.

3. Алынған нәтижелерге талдауФокус топтардың нәтижелері бойынша талдау жүргізіліп, негізгі қоры-

тындылар мен ұсынымдар берілген аналитикалық жазба әзірленген.

4. Тереңдетілген сұхбаттарды өткізуNEET санатындағы жастардың негізгі қосалқы топтарын анықтағаннан

кейін, қосалқы топтың әрбір өкілінің «әлеуметтік портретін» құрау бойынша жұмыс басталған. Әлеуметтік әдіс ретінде тереңдетілген сұхбат әдісі пайда-ланылған. Тереңдетілген сұхбат респондентпен зерттеу мақсатында тілдесу-ді білдіреді, мұндай сұхбаттасу барысында қарастырылатын мәселенің ашық және ішінара жасырын деңгейлерін және қарастыру аспектілерін, сонымен бірге респонденттің мінез-құлық себептері туралы толығырақ ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

NEET санатындағы жастар өкілдерімен 10 тереңдетілген сұхбат өткізілген. Тереңдетілген сұхбат нәтижелері бойынша NEET санатындағы қосалқы

топтар өкілдерінің «әлеуметтік портреттері» құрылған.

47 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

3.2 NEET санатындағы жастардың әлеуметтік портрет-тері

Әлеуметтік портрет – бұл NEET санатындағы жастардың, мақсаттытоп-тың, зерттелетін нысанның барлық жиынтығына тең негізгі әлеуметтік, демо-графиялық және жеке тұлғаның қасиеттерінің біріктірілген сипаттамасы.

Фокус топтар мен тереңдетілген сұхбаттасу нәтижелері бойынша NEET санатындағы жастардың қосалқы топтары шартты түрде анықталды. Аталған зерттеуде NEET санатындағы қосалқы топтарды анықтау барысында екі әдіс қолданылды.

Бірінші әдісте анықтаушы факторға жас тұлғаның жас шамасы жатады. Жас шамаларының сипаттамаларын ескере отырып, үш қосалқы топтар

анықталды:– NEET санатындағы кіші қосалқы топ (18–21 жас);– NEET санатындағы орта қосалқы топ (22–24 жас);– NEET санатындағы үлкен қосалқы топ (25–29 жас).Екінші әдіс фокус топтардың және тереңдетілген сұхбаттардың нәтижелері-

не негізделіп, нәтижесінде анықталған қосалқы топтардың мінез-құлықтық сипаттамалары нақтыланды – барлығы NEET санатындағы алты қосалқы топтар.

NEET санатындағы бірінші қосалқы топ: ата-аналарының немесе басқа туыстарының, оның ішінде жұбайларының/жарларының материалдық қамта-масыз етуіндегі (пәтерді жалдау құнын төлеу, тамақты, киім-кешекті және басқа тауарларды сатып алу) жоғары білімі бар (жоғары деңгейден төмен емес) жас жігіттер мен қыздар, мұндай топтағы жастар «жақсы», яғни абырой-лы өзінің «мамандығы бойынша» жоғары жалақысы (180 мың теңгеден кем емес) бар жұмысты іздейді.

Аталған санаттағы жастар «еркін» болу қалпына үйренген, олардың уақыт-ша және тұрақты жұмысы бар.

Аталған қосалқы топтағы жастар аса үлкен қажеттіліктерді сезінбейді, се-бебі таңдау мүмкіндігі бар. Былайша айтқанда, аталған топтағы адамдар жұ-мысты белсенді іздеуде, ал шын мәнінде, жұмысқа орналасуды соза береді. Мысалы, жұмыс орнын таңдаған кезде олар жалақы мөлшеріне және лауа-зымдық нұсқаулығына ғана емес, жұмыстың орналасқан жеріне, кеңсенің ма-териалдық жағдайына, жұмыс кестесіне, ұжымдағы психологиялық ахуалға және т.с.с. факторларға назар аударады.

Ата-аналарының әлеуметтік мәртебесі анықтаушы факторға жатады. Мұн-дай топтағы жастардың ата-аналары немесе ата-аналарының бірінде жоғары білімі, кемінде орта арнайы білімі бар. Бұған қоса, аталған жастардың ата-ана-лары қазіргі кезде жұмыс істейді немесе зейнеткерлер. Сауалнама жүргізілген

48NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

кезде ата-аналар білікті жұмыспен айналысып, олар мамандығы бойынша жұ-мыс істеген.

Аға буынның кеңестері беделді және жастар ата-аналары мен басқа үлкен туыстарының кеңестеріне құлақ асады, бірақ нәтижесінде шешім қабылдаған кезде өзінің жеке пікіріне сүйенеді. Мамандықты таңдау кезінде жастар аға буынның кеңесін тыңдайды және кейбір жағдайларда өздері қаламаған, бірақ ата-аналары мен аға буын ұсынған мамандықтарға оқуға түседі.

Аталған санаттағы жастардың арнайы білімді немесе жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмыс тәжірибесі бар, бұл – даяршы, сату жөніндегі менеджер, кеңесші, сауда агенті тәрізді жұмыстар.

Әдетте, аталған қосалқы топтағы жастар жұмысты Интернет арқылы іздеп, компаниялардың және ұйымдардың, яғни әлеуетті жұмыс берушілердің элек-трондық пошталарына түйіндемелерін жібереді, сайттардағы (HeadHunter, OLX, Superjob) бос орындарға қызығушылық танытады. Бұған қоса, таныстар арқылы жұмыс іздейді және оны ең тиімді әдіс деп санайды. Жұмыспен қамту орталықтарына ешқашан немесе анда-санда ғана жүгінеді.

Жастардың аталған санаты өзінің жұмысына қатысты «көтеріңкі талап-тармен» сипатталады. Аталған санатындағы өкілдердің көпшілігінің жоғары білімі бар, тиісінше кәсіби техникалық білімі бар жастарға қарағанда аса жоға-ры жалақыны күтеді. Алайда, аталған санатындағы жастар үшін оң факторға жұмыспен қамтуды ынталандырудың тиімді басқа механизмдері болуы ықти-мал: қызықты жұмыс, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі, жеке тұлға ретінде өсу мүмкіндігі. Әдетте, жастардың аталған санатының мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ (көбінесе студенттік шақтағы жұмыс), тиісінше өзінің болашақтағы жұмысы туралы түсінігі болмайды. NEET санатындағы жастар-дың басқа топтарымен салыстырғанда, аталған топ өкілдері жұмыс іздеуге келгенде заманауи құралдарды (оның ішінде Интернет желісін) пайдалана-ды. Аталған санат мәдени капиталының (білімі, әлеуметтік нормалары және

«Ата-анам, ағам көмектеседі. Менде бар заттың барлығы туғандарымның көмегінің нәтижесі» (Алтынай, 21 жаста, Ақтау қаласы).«Менің мақсатым – мамандығым бойынша жалақысы жоғары жұмыс табу. Мұндай жұмысты табу қиын. Менің пікірімше, таныстар мен бай-ланыс қажет. Өз тәжірибемнен мысал келтірейін, мен жұмыс істеп жүр-ген кезде таныстарының арқасында келіп, жұмыста қалған жағдайларды білемін, ал мені жұмыста бала күтіміне байланысты демалыста болғаным үшін ғана қалдырды. Мамандыққа қарамастан 30 мың теңге жалақысы бар сатушының жұмысын табуға болады, мұндай жалақы маған жетпейтіні анық. Қазіргі сәтте маған ұсынылған нұсқалардың ішінде ешқайсысы менің жалақы бойынша күткен болжамыма сәйкес келмейді, сол себептен маған қиынға соғады».

(Айгерім, 26 жаста, Орал қаласы)

49 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

т.с.с.) айтарлық жоғары деңгейімен сипатталады және мұның барлық осы қо-салқы топ өкілдерінің еңбек нарығына енуі мен ары қарай дамуына көмек бо-латыны сөзсіз.

NEET санатындағы екінші қосалқы топ: бір жылдан астам мерзім бала күтімімен байланысты демалыстағы және алдағы 6-10 ай ішінде жұмысқа шығуды жоспарлайтын жас қыздар (аналар).

Әдетте, мұндай қосалқы топтағы қыздардың жоғары (кейбір жағдайлар-да аяқталмаған жоғары) немесе кәсіби жоғары білімі бар, кейбір жағдайларда бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейін жұмыс тәжірибесі бар және енді жұмысқа шығуға дайын жас аналарды атауға болады. Алайда, мұн-дай қосалқы топтағы қыздар жұмыс іздеген кезде белгілі бір қиындықтармен кездеседі, мысалы, жұмыс берушілер жасы кішкентай баласы бар әйелдерді алуға дайын емес.

NEET санатындағы үшінші қосалқы топ: орта кәсіби немесе жоғары білімі бар, жиі ата-аналарының қарауындағы жас жігіттер мен қыздар. NEET санатындағы аталған қосалқы топ белсенді түрде жұмыс іздеумен айналы-сады және жұмысқа орналасудың кез-келген мүмкіндігін пайдалануға дайын, сонымен қатар, арнайы білім мен жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысқа да келісуге әзір.

Мұндай қосалқы топтағы жастар мамандығы бойынша жұмыс істеуге қы-зықпайды, оқуға жұмсаған қаражат пен уақытты ойлап қынжылмайды. Қы-здар мен жігіттер позитивті ойлауды қалдырмайды, болашақта мемлекеттен қандай да бір көмек аламыз деп үміттенбейді, яғни өзінің әл-ауқатына жауап-кершілікті өзіне ғана жүктейді.

NEET жастарының осы қосалқы тобы үшін ата-аналарының әлеуметтік факторы ата-аналары немесе ата-аналарының біреуінің кәсіби немесе жоғары білімінің болуына қарамастан анықтаушы факторға жатпайды.

Жалпы алғанда, аталған қосалқы топтың жастары мобильді, белсенді және жаңа кәсіби машықтарды алуға дайын, яғни әлеуметтік ортада оңай бейімде-леді.

«Мен бір жыл бойы үйдемін, қызымды тәрбиелеп жатырмын. Қызымның қалай өсіп жатқанын бақылаудамын, әрине, жұмысқа шыққым келеді, бірақ ешқандай өзгерістер жоқ. Мен ұзақ жұмыс істедім, сосын бала күтіміне байланысты демалысқа шықтым, ал сол мезгілде еңбек шартымның мерзімі аяқталды». (Мадина, 22 жаста, Қарағанды қаласы)

50NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы төртінші қосалқы топ: жастар – орта немесе орта кәсіби білімі бар жас жігіттер мен қыздар. Мұндай топтағы адамдардың тұрақты жұмысы жоқ, олар үй шаруашылығы бойынша ата-аналарына және басқа жақын туыстарына көмектесуге дайын. Әдетте, мұндай қосалқы топ-тағы мамандардың кәсіби машықтары мен жұмыс тәжірибесі бар. Болашақта мұндай жастардың кәсіби әлеуметтенумен белгілі бір қиындықтары болуы ықтимал. Бұл қосалқы топқа негізінен ауылдық жастар кіреді.

Аталған қосалқы тобында жұмыс істемейтін жастардың тағы бір санаты жа-тады, мұндай санатындағы жастар ата-аналарына немесе басқа жақындарына үй шаруашылығы немесе отбасы бизнесімен көмектесуге мәжбүр және екінші санат ауылда немесе басқа жақын елді мекенде жұмысты табу мүмкіндігі жоқ.

Аталған қосалқы топтағы жастар жұмыс орнын таңдаған кезде жалақы мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге ұжымдағы психологиялық ахуал, жұмыс кестесі және т.с.с. факторларды ескереді.

Аталған қосалқы топтағы жастар түрлі жұмысты, оның ішінде жоғары біліктілікті немесе арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды (даяршы, ран-нер, курьер, сатушы-кеңесші және т.с.с.) орындауға дайын. Колледжді бітір-ген және мамандықты алған жастар мамандығы бойынша жұмыс істеуге қы-зықпайды және келешекте мамандығын өзгертуге дайын.

«Біздің барлығымыз бірдей емеспіз ғой. Біреу риза, ал біреу риза емес. Қазіргі сәтте ауылда жұмыссыздардың саны көп. Кейде ауылда ұрлықтар болады, жастар төбелеседі. Мұның барлығы жұмыстың болмауынан деп санаймын».

(Гүлнар, 25 жаста, Маңғыстау облысы, Қызылтөбе ауылы)

«Біз қай кезге дейін ата-анамыздың есебіне өмір сүруді жалғастыра бе-реміз... Мен өз қажеттіліктеріме ақшаны өзім табуға тырысамын. Ата-а-намнан ақша сұрағанға ұяламын және кез-келген жұмысқа кірісемін, Тіпті туысқандарымның құрылысына да көмектесемін. Себебі тұрақты жұмыс жоқ, сол себептен барына қанағат. Тапқан ақшама күн көремін».

(Ғани, 20 жаста, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылы)

«Менің орта арнайы білімім бар. Заң колледжін тәмамдадым, мамандығым бойынша заңгермін. Бірақ мамандығым бойынша жұмысқа тұра алмай жүр-мін. Заңгерлер онсыз да көп, жұмыс берушілерге еңбек өтілі бар мамандар қажет. Еңбек өтілі болмаса, жастарды жұмысқа ешкім алмайды».

(Дәурен, 19 жаста, Алматы облысы, Қарабұлақ ауылы)

51 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы бесінші қосалқы топ: жастар - жоғары немесе орта арнайы білімі мен денсаулығында ақаулары бар жастар, сондықтан, толық жұ-мыс уақытында еңбек етпейтін және икемді (еркін) жұмыс кестесін таңдай-тын жастар. Ішінара ата-аналарының немесе басқа туысқандарының қарауын-да болады.

Осы қосалқы топтағы жастардың уақытша, тұрақты емес болса да, жұмыс істеу мүмкіндігі бар, дегенмен, жұмысқа ресми түрде орналаспайды, зейне-тақы және басқа әлеуметтік аударымдары жоқ, келешекте олардың әл-ауқа-тына және әлеуметтік мәртебесіне теріс әсер етеді.

Мұндай қосалқы топтағы жастар ата-аналарына және басқа жақын туыста-рына тіпті мамандықты таңдау кезінде де толық тәуелді болады, аға буынның пікірін тыңдайды. Келешекте мұндай санаттағы адамдар өздері таңдаған ма-мандығына қатысты өкінеді, білім алу үдерісі қызық емес секілді және маман-дығы бойынша жұмыс істейтіндігіне сенбейді.

Аталған қосалқы топтағы жастардың белсенділігі төмен, оларға инфанти-лизм мен әлсіз әлеуметтік бейімделу тән.

NEET санатындағы алтыншы қосалқы топ: жастар – тек қана орта жал-пы білім беретін мектепті тәмамдаған, жоғары оқу орнында немесе колледжде оқу мүмкіндігі жоқ, жұмыс іздеуді және ата-аналарының немесе басқа жақын туыстарының асырауындағы жас жігіттер мен қыздар.

Әдетте, аталған қосалқы топтағы жастар жұмысты белсенді түрде іздейді. Жұмыс табудың түрлі әдістерін пайдаланады, сайттарға (HeadHunter, OLX, SuperJob) түйіндемелерін жариялайды, әлеуетті жұмыс берушілердің элек-трондық пошталарына түйіндемелерін жібереді, таныстары, достары, туыста-ры арқылы жұмыс іздестіреді, жұмыспен қамту орталығына тіркеледі.

«Әркімнің өмірі әр түрлі. Түрлі жағдайларға байланысты... Маған, мысалы, тарихты, түрлі елдер туралы оқыған ұнайды және мен ұстаз болуды ар-мандаймын, маған жоғары білім қажет, бірақ денсаулығыма байланысты қазір жоғары білім ала алмаймын. Басқалар болса, мамандықты алады және өзінің қалағаны үшін күресуді де ойламайды. Мен күресуді қалайтын едім, бірақ денсаулығыма байланысты мүмкіндіктерім жоқ».

(Дамира, 24 жас, Астана қаласы)

«Маған жалақы маңызды емес. Мен үшін, ең алдымен, денсаулығыма еш-кім қарамаса екен деп армандаймын. 2007 жылы жүрегіме ота жасалынды. Жұмысқа орналасуға барғанда осы ақпаратқа назар аудармаса екен деп ойлаймын. Мен бірнеше рет жұмысқа орналастым, тіпті аспазшы болып та жұмыс істегім келді. Жүрегімнің нашар екендігін, маған ауыр көтеруге болмайтындығын білген кезде мені бірден жұмыстан босатқан кездер де болған». (Арайлым, 28 жаста, Қарағанды облысы, Ботақара ауылы)

52NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Аталған қосалқы топтың мемлекеттік жастар бағдарламалары туралы төмен хабардарлықпен ерекшеленетіндігін атап көрсету қажет, жастар бағдар-ламалардың тиімділігін төмен деп санайды және жастар арасындағы жұмыс-сыздық мәселесін шешуге көмектесе алады деп ойламайды.

NEET санатындағы қосалқы топтағы жастар түрлі жұмысты, оның ішінде жоғары біліктілікті немесе арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды (даяр-шы, күзетші, сату жөніндегі менеджер және т.с.с.) орындауға дайын. Мұндай қосалқы топ үшін ең негізгі факторға еңбек төлемі жатады.

«Мен соңғы рет қоңырау шалғанда, қоймаға логистика бойынша жұмыс туралы сұрадым. Мен төрт жылдай қоймашы болып істедім, киім-кешек, тағам өнімдері және т.с.с. салаларда жұмыс істедім. Оларға ұнамағаны - менің білімімнің болмауы. Бірақ мен 1С және тағы сол секілді бағдарла-малардың барлығын білемін, оларды өзім үйрендім. Содан кейін жұмыс бе-рушіге менің қазақ тілін білмейтіндігім ұнамады. Мен қазақша түсінемін, бірақ тым жылдам сөйлеген кезде мен түсінбей қаламын. Үшіншіден, жұмыс берушіге менің жасым ұнамады, мен 24 жастамын. Ал оларға менің жасым 25 болғаны қажет. Ал жұмыс өтілім 10 жыл болуы тиіс. Бірақ түсінбеймін, жасым 25 толғанша қалай 10 жыл тәжірибе жинауым керек еді?! Бұған қоса білімімнің болуы қажет болды. Міне, мен жолыққан соңғы мәселе осындай болды!»

(Тимур, 24 жаста, Ақтау қаласы)

«Мен ол туралы жиі ойланамын. Егер келесі үш ай ішінде жұмысқа орналаса алмасам, Ресейге барып, сонда жұмысқа тұруға тырысамын. Мен, мысалы, Ростов қаласына баруды армандаймын, себебі ол қалада мамандар керек. Мен жұмысқа орналасуым ықтимал фирманы да тапқан секілдімін. Егер елімізде жұмысқа тұра алмасам, кететінім анық».

(Екатерина, 21 жаста, Тараз қаласы)

«Білімі бар жастарда, білімі жоқ жастарда жұмыссыздықтан жапа шегіп отыр, менің әпкем Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығымен аяқтап, қолына дипломын алды. Ал жұмысқа не Оралда, не Алматыда тұра алмады. Қазір Ақтөбе қаласында тұрады, жұмыссыз, тұр-мыс құрып, кішкентай баласына қарап, үй шаруашылығымен айналасады».

(Саид, 25 жаста, Орал қаласы)

53 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

3.3 NEET санатындағы жастардың қосалқы топтарымен жұмыстың ұсынылатын әдістері

Аталған нұсқаулықтың негізгі мақсаты – зерттеу шеңберінде анықталған NEET санатындағы жастармен, оның ішінде қосалқы топтардағы жастармен жұмыс пен кейбір механизмдерін әзірлеу. NEET санатындағы жастардың қо-салқы топтарымен жұмыстың негізгі ұсынылатын әдістері мемлекеттік орган-дар, білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер мен ата-аналар арасында бөлін-ген. Бұған қоса, шетел мемлекеттерінің жастармен жұмыс жасау және жастар жұмыссыздығымен күресу бойынша тәжірибесі келтірілген.

NEET санатындағы бірінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-низмдері мен әдістері

Әкімдіктер, жергілікті атқарушы органдар (негізгі міндеті – АҚПАРАТ-ТАНДЫРУ): NEET санатындағы жастардың аталған қосалқы тобы жоғары білім мәр-

тебесімен (әдетте, білім деңгейі жоғары) сипатталады. Қосалқы топқа кіретін жастар студенттік шақта жұмыс істеген, интернет қорларын жақсы пайдала-на біледі, мамандығы бойынша жұмыс істеп, жоғары жалақыны алуды мақсат етеді. Алайда, бұл қосалқы топқа кіретін жастар үшін жалақы, материалдық құндылықтар маңызды рөлді атқармайды, олар келешекті ескере отырып, ма-мандығы бойынша жұмыс істеуді қалайды. Мұндай жастарды мемлекеттік жобаларға тартуға шақырамыз, жұмыс тәжірибесі жастарға ары қарай маман-дығы бойынша жұмысқа орналасуға немесе жеке бизнесін ашуға мүмкіндік береді; аталған ішкі қосалқы топқа кіретін жастардың назарын әкімдіктің

жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы жұмысына аудару үшін ин-тернет қорларды жиі пайдалануды жатқызуға болады. Жастармен ортақ тілді оларға қызықты әлеуметтік желілер арқылы орнатуға болады, себебі жастар-дың барлығы Интернет желісіне қызығушылық білдіреді. Бұған қоса, оқы-ту мен жастарды виртуалды ортада жұмысқа орналастыру бағдарламаларын жүзеге асыру айтарлықтай қаржыны талап етпейді және кез-келген өңірдің мемлекеттік бюджеті үшін ақылға қонымды болып табылады. «ВКонтак-те», «Одноклассники», «Facebook» және т.с.с. танымал әлеуметтік желілер-де жақында болатын әлеуметтік оқиғалар, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттық хабарламаларды орналастыруға болады. Бұған қоса, Интернет пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жастарға жоспарланған іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін электрон-дық шақыруларды жіберуге болады, мұндай іс-шаралар жастарды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынталандырады. Әлеуметтік желілерде жариялана-тын мәтіндердің сапасына, жазылу стиліне назар аудару қажет. Жұмысқа та-нымал блогерлерді, «қоғамдық пікір көшбасшыларын» тартуды ұсынамыз.

54NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Жұмыспен қамту орталықтары (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): NEET санатындағы аталған қосалқы топтың NEET сипаттамасы жастар

жұмысты іздеудің мұндай механизмін тиімсіз деп санағандықтан, жұмыспен қамту орталықтарына сирек жүгінуінде болады. Аталған санат жұмыс іздеудің негізгі әдісі ретінде Интернет желісін және бос орындар сайттарын таңдайды, жұмыспен қамту орталықтарына бұл бағытта жеткілікті деңгейде жұмыс жүр-гізілмегендіктен жүгіне бермейді. жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті мұндай санатындағы

жастармен жұмыс жасаған кезде оларға ағымдағы бос орындар мен жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы ақпаратты интернет желісі арқылы жеткізу жа-тады. Жергілікті атқарушы органдарға мұндай ақпаратты сайттарда орнала-стыруға көбірек назар аударуды ұсынамыз. Аталған ақпаратты уақытында жа-риялап, жаңартып отыру қажет. Ақпарат қарапайым және түсінікті нысанда болуы ықтимал, толығырақ ақпаратты алуға қажетті мәліметтерден, мысалы мекенжай, телефон нөмірінен тұруы міндетті талап. Бұл ретте ұсынылған жұ-мыстың, жастар қызығушылық білдіретін нысанда сипаттамасын беруге кеңес береміз. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының, әкімдіктің «жеке парақшаларына» қол жеткізу мүмкіндігін қарастыру қажет, мұндай парақша-ларда бос орындар, жақында өтетін бос орындар жәрмеңкелері, мемлекеттік жобалар мен олар бойынша негізгі ақпарат туралы мәліметтерді тұрақты не-гізде жариялап отыру қажет. Мұндай жұмыс NEET санатындағы жастардың қосалқы тобына жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттестікті орна-туға мүмкіндік береді; бұған қоса пайдаланушылармен және жазылушылармен «кері байланы-

сты» ұйымдастыру қажет. «Кері байланыс» дұрыс жолға қойылуы тиіс және бұл жастар үшін аталған жұмыс маңыздылығының көрсеткіші ретінде көр-сетіледі; NEET санатындағы жастар мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар ту-

ралы хабардар ету деңгейі төмен екендігін көрсеткен. Мұндай жағдайда зама-

Эстониядағы Noorte Tugila іс-әрекеттер бағдарламасы шеңберінде жұмыс істемейтін және оқымайтын 15–26 жас аралығындағы жастар қарасты-рылған.Бағдарламаның мақсаты – NEET жастарын жергілікті қоғамдастық және жалпы алғанда қоғам өміріне қайтару. Бағдарлама жастарды еңбек на-рығына шығуға қажетті білім мен машықтарды алуға итермелейін жұ-мысты табу арқылы өзгертуге бағытталған. Жастардың бағдарламаға қатысу ұзақтығы – 1–6 ай. Бағдарлама аяқталғаннан кейін жарты жыл ішінде жас индивидтің ары қарай әрекетін бақылау жүзеге асырылады. Noorte Tugila жастар қызметкерлері жас мамандарға қолдау көрсетеді, өз қалауын анық түсінуге мүмкіндік береді. Жастарға арналған жұмыстан басқа орталықтар жастарға білім беру ұйымдарымен, мекемелермен және жұмыс берушілермен байланысты жақсартуға көмектеседі.

55 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

науи технологияларды пайдалану, бір жағынан, жастарға бос орындар, мемле-кеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер туралы хабарлауға, екінші жағынан, атқарылған жұмыстың нәтижелерін көрсетуге, осылайша Үкіметке деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді; аталған санатындағы жастардың білім деңгейі жоғары және белсенділік

деңгейі жеткілікті болуы мұндай жастарға ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылай көмек көрсетілген жағдайда, жаңа стартаптар жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары пайда болуы ықтимал екендігін көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың жеке парақшаларында, әлеуметтік желілеріндегі «па-рақшаларында» конкурстар туралы ақпаратты, жас стартаптарға көрсетілетін қолдау туралы мәліметтерді, үздік инновациялық идеяларға конкурс жари-ялау туралы хабарламаны және т.с.с. орналастыру қажет. Басты жүлдеге аталған жобаларды бірлесе отырып, жүзеге асыру жатады; аталған қосалқы топтағы жастарға «Даму» қорының жобалары туралы

ақпаратты хабарлауға кеңес береміз: «Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету», «STARTUP Академия» жобасы, «Startup «Bolashak» стартап жобалар байқа-уын ұйымдастырудың жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету бойынша жоба; ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау; жоғары білімді, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға, орта кәсі-

би білімді жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға, жоғары/орта кәсіби білімді жұмыс тәжірибесі бар жас мамандарға, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жас мамандарға және т.с.с. ашық бос орындарды ұсынуға дифференциалды қарау; әлеуетті жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыстарды

жалғастыру, ашық бос орындар туралы ақпаратқа тұрақты негізде сұрастыру; жұмыспен қамтудың және уақытша жұмыспен қамтудың мемлекеттік

бағдарламалары туралы ақпарат тарату; NEET санатындағы жастардың бірінші қосалқы тобына қатысты жұ-

мысқа кірісу алдында аталған қосалқы топ өкілдерінің білім деңгейі айтар-лықтай жоғары (әдетте, жоғарыдан төмен емес) екендігін есте сақтау қажет. Жалпы алғанда, жастардың аталған қосалқы тобында жұмыс іздеу барысында екі негізгі өзара байланысты талап қойылады: біріншіден, мамандық бойын-ша жұмыс, екіншіден, жақсы жалақы. Мұндай қосалқы топтағы жастар үшін мемлекеттік бағдарламаларды ұсынуға болады. Мемлекеттік бағдарламалар-дың көмегімен жастар қалаған қажеттілігіне қол жеткізе алады. Мұндай қо-салқы топтағы жастар үшін мемлекеттік бағдарламаларды ұсынуға болады. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен жастар қалаған қажеттілігіне қол жеткізе алады. Мысалы, «Жастар практикасы» атты жоба аталған санатын-дағы жастар үшін ең қолайлы нұсқа (себебі жастар жұмыс орнын айтуға ұял-майтын болады), тиісті жалақы мөлшеріне ие болады және келешекте ары қа-рай жұмысқа орналасу қол жеткізеді.

56NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Жастар ресурстық орталықтары (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ):

Жастар ресурстық орталығы мамандарының негізгі міндеттерінің біріне NEET санатындағы жастардың аталған қосалқы топ өкілдерімен байланы-сты реттеуді жатқызуға болады (тыңдау, оған белгілі бір көмекті ұсыну, қы-зығушылық тудыру). жастардың аталған санатының негізгі мәселелерінің біріне олардың

жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушімен қарым-қатынас құру машықта-рының болмауын жатқызуға болады. Жастар ресурстық орталықтарында осы бағытта жұмыс жүргізу қажет (жастардың жеке қасиеттерін (тіл табысу, сенімділік, бастамашылдық, мәселені шешуді таныту машығы);

жастардың аталған санаты үшін аса тиімді құралына жоспарларды және жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін құрал-сайман ретінде жобалық ме-неджмент бойынша бағдарлама жатады. Аталған бағдарламалар шеңберінде жастар жобаларды дұрыс жоспарлауды, басқаруды және презентациялауды үйренуі тиіс, ал бұл өз кезегінде дамуға және кәсіби өсуге тырысатын белсенді жастарды қалыптастыруға жағдай жасайды: даму мен кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылатын үздік, көшбасшы тұлғаны қалыптастыру; жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру

(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-діру); жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға

мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру; жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-ды беру және т.с.с.); компания мамандарын қайта даярлау мен біліктілігін арттыру үшін

құрылған, корпоративтік мәдениетті, корпоративтік құндылықтарды, басқа-рушы бизнес үдерістерді жүргізудің корпоративтік ішілік стандарты унифи-кациясын қалыптастыруға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік университетімен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру. Аталған универ-

Машықтың үш түрін бөліп көрсетуге болады: когнитивтік, когнитивтік емес және техникалық машықтар. Когнитивтік машықтар логикалық, интуитивтік және сыни ойлау қабілетін пайдалану мүмкіндігіне, сонымен бірге мәселелерді, вербалды белгіні және сандық ойлау мүмкіндігіне негізде-леді. Когнитивтік емес машықтарға еңбек нарығында маңызды болатын жеке қасиеттер, оның ішінде экстраверттілік, шынайылық, жаңа тәжіри-беге ашықтық, эмоциялық тұрақтылық жатады. Техникалық машықтар әдістемелерді, материалдарды, құрал-саймандарды және аспаптарды пай-далануды қамтиды және нақты мамандықтар үшін маңызы бар нақты машықтарға қатысты болады.

57 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ситеттің базасында NEET санатындағы жастарға арналған түрлі білім беру бағдарламаларын ойлап табуға болады.

Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер) (негізгі мін-деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК): білім беру мекемелерінің жұмысы кешенді түрде кезеңдермен жүзеге

асырылуы тиіс: мектеп оқушыларының, студенттердің кәсіби бағдары, жастар теориялық білімін бекіте алатын кәсіпорындармен және оқу орталықтарымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, өндірістік тәжірибе мен тағалымдаманы, тәлімгерлікті және т.с.с. ұйымдастыру; оқушылардың кәсіби бағдары бойынша іс-шаралар жастар арасында

мамандықтар, еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпаратты таратудан ғана емес, сонымын қатар оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескере оты-рып, мамандықты таңдауға көмектесуді талап етеді; өзін-өзі таныстыру, кәсіби ұжымдағы коммуникация, даулы жағдайлар-

ды шешу, ынталандыратын хат жазу және т.с.с. машықтарды жастарға үйрету; ата-аналар жиналысында балалардың кәсіби бағдары бойынша ата-ана-

лармен жұмыс жүргізу.

Білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, институттар) (негіз-гі міндеті – МАМАНДЫҚҚА ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚТАРҒА ОҚЫТУ): мамандық бойынша теориялық біліммен қатар болашақ мамандықтың

тәжірибелік машықтарын қамтамасыз ету; өндірістік тәжірибеден өту үдерісі ресми сипатта болып қана қоймай,

болашақ мамандық бойынша нақты тәжірибелік білім мен машықтарды беруі тиіс; тәжірибеден өту барысында өзін мейлінше үздік көрсеткен жастардың

еңбек кітапшаларына жазба енгізу, ұсыным хаттарын беру, мұндай шаралар болашақта жұмысқа орналасу кезінде қосымша артықшылықтар береді.

Жұмыс берушілер (негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ): жастарды жұмыспен қамтудың тиімді механизмдерінің біріне деме-

ушілік қызметі бағдарламасы жатады. Мұндай бағдарламаның бірнеше бағы-ты болады: мектеп оқушыларына қолдау көрсету, студенттерге қолдау көрсе-ту, оқытушыларға қолдау көрсету, жұмыссыз, бірақ белсенді жастарға қолдау көрсету. Бұл бағдарлама: белсенді оқушыларға гранттар бөлуден, сыныптар-ды (лабораторияларды) қаржыландырудан, ары қарай оқу мен жұмысқа орна-ластыру үшін келешегі бар оқушыларды (студенттерді) таңдаудан және т.с.с. тұрады. Бұл ретте жұмыс берушілер жастарды қолдап қана қоймай, компани-

58NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

яға жұмысқа орналасу келешектері, мансап пен кәсіби білім алу келешектері туралы хабарлайды;

білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік шеңберінде кәсіби бағдар-дың тиімді механизмі ретінде студенттерді компания қызметін ары қарай тәжірибелік жүзеге асыру мақсатында дипломдық және ғылыми жұмыстарын бірлесіп анықтауды жатқызуға болады; жұмыс берушілерге жастарды жұмыспен қамтуды қолына алған ком-

паниялардың сәтті тәжірибесі туралы ақпаратты тарату. Бұл, бір жағынан, аталған қызметтің беделін арттырса, екінші жағынан, қалай және нені бастау керек екендігін білмейтін жастар үшін аталған үдерістің механизмін көрсетеді. Аталған ақпарат компаниялардың сайтында жариялануы мүмкін, ақпаратта бағдарламаның толық сипаттамасы, қатысушылар санаттары, нәтижелер көр-сетілуі тиіс, әлеуметтік роликтерді және әлеуметтік жарнаманы көрсетуге де болады; жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек

нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру; жоғары және кәсіби оқу орындарымен өзара әрекеттестік.

Ата-аналар (негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК): балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-

гін қалыптастыру және тәрбиелеу; балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық

даму келешектері бойынша бағыт беру.

Ұлыбиртания Үкіметі (2012–2013 жж.) жастар арасындағы жұмыссыз-дықпен күресуге арналған көлемді жобаны бастаған. Бағдарлама бойынша жалпы шығын көлемі 1 млрд. фунт стерлингке (1,5 млрд. долларға) жуық болды. Бағдарлама талаптарына сай жасы 18–24 аралығындағы жұмыссыз тұлғаны жұмысқа қабылдайтын әр жұмыс беруші мемлекеттен 2 275 фунт (3,5 мың доллар) алады. Тағы 50 млн. фунт (77,4 млн. доллар) халықтың әле-уметтік қорғалмаған топтарының өкілі болып саналатын жастарды еңбек жолының басында жұмысқа дайындауға жұмсалды.

59 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы екінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-низмдері мен әдістері

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): ашық бос орындарды ұсынудың дифференциалды тәсілі, жас аналарға

ерекше шарттар қажет (жұмыстың икемді кестесі, толық емес жұмыспен қамту); жұмыспен қамтудың және уақытша жұмыспен қамтудың мемлекеттік

бағдарламалары туралы ақпарат тарату; жас аналарға қолдау көрсету механизмдерін ойластыру: еңбек қызметі-

не қайтуды жоспарлайтын үш жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалы-ста болатын мамандардың бәсекеге қабілетін арттыру; жас аналардың мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік

машықтарды, жаңа технологияларды және кәсіби қызмет профилі бойынша басқа сұрақтарды игеру мақсатында біліктілігін арттыру мүмкіндігі.

Жастар ресурстық орталықтары (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ): жас аналарды әлеуметтік өмірге бейімдеу, жас отбасыларға арналған

мемлекеттік бағдарламалар туралы хабарлама тарату жастардың аталған са-натымен жұмыстың негізіне жатады; қайта оқу мен кәсіби оқу мүмкіндігі туралы кеңес беру; ағымдағы мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру мүмкіндіктері ту-

ралы жас аналарға кеңес беру; жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру

(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-діру); жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға

мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру;

Болгарияда жастардың кәсіпкерлік бағдарламасы жас аналардың арасын-да жұмыс табу ықтималдығын 50% арттырған: бағдарламаның тиімділігі 42,7% құраған. Перуде бағдарламаға қатысу қатысушылардың арасында жеке бизнесті ашу мүмкіндігін 7,8% арттырды. Бұған қоса, бағдарлама-ның нәтижесінде жеке бизнеспен айналысушылардың саны 11% артқан, со-нымен бірге жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 6,5% төмендеген. Қатысушы-лардың табысы бақылаушы топпен салыстырғанда 61,25% артқан. Мұндай бағдарламалардың сәтті жүзеге асыруын анықтайтын негізгі факторға кредиттердің қол жетімділігін және қатысушыларға тұрақты негізде кеңес беруді жатқызуға болады.

60NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

өмірлік маңызы жоғары машықтарды оқытуға бағытталған жұмысты ұйымдастыру (ынталандыратын бағдарламалар, түйіндемені жазу, сұхбат ба-рысындағы мінез-құлық); психологиялық көмек пен қолдау көрсету; жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-ды беру және т.б.).

Жұмыс берушілер (негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ): жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек

нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру; жұмыс кестесінің қосымша нұсқаларын қарап шығу (икемді жұмыс ке-

стесі, ішінара жұмыспен қамту, қашықтықтан жұмыс және т.с.с.); ыңғайлы жұмыс үшін жұмыс орнындағы жағдайларды қалыптастыру.

Ата-аналар (негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК): материалдық және моральдық қолдау «Жас ана» атты жаңа әлеуметтік

мәртебесіне жылдам үйренуге және жаңа жағдайларда бейімделуге мүмкіндік береді; отбасы мүшелеріне қолдау көрсету, психологиялық көмек.

61 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы үшінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-низмдері мен әдістері

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): аталған санат жұмыс іздейтін ең белсенді санаттардың біріне жатады.

Еңбек нарығы (кәсіпорындардағы бос орындар) туралы ақпаратты ұсыну қа-жет. Бұған қоса, жастардың аталған санаты қайта оқуға, мамандықты ауысты-руға, жаңа кәсіби машықтарды алуға дайын; жергілікті атқарушы органдарға жастардың аталған санатына арналған

қайта біліктіліктен өту бағдарламаларын іске қосу қажет. Мұндай бағдарлама базалық машықтары жоқ жастарды жұмысқа тұрғызуға көмектеседі; ашық орындар туралы ақпарат таратудың түрлі арналарын (әлеуметтік

желілерде, радиода, сауда және ойын-сауық орындарындағы, спорт кешен-деріндегі, қоғамдық тамақтануорындарында (мысалы, KFC, Hardees және т.с.с.) және автобус аялдамаларында және т.с.с. жерлерде ақпараттық стенд-терді жариялау; ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау; жоғары білімді, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға, орта кәсі-

би білімді жұмыс тәжірибесі жоқ жас мамандарға, жоғары/орта кәсіби білімді жұмыс тәжірибесі бар жас мамандарға, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жас мамандарға және т.с.с. ашық бос орындарды ұсынуға дифференциалды қарау; әлеуетті жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу, оның ішінде ашық бос

орындар туралы ақпаратты тұрақты (ай сайын, апта сайын) сұрау бөлігінде; жұмыспен қамтудың және уақытша жұмыспен қамтудың мемлекеттік

бағдарламалары туралы ақпарат тарату.

Германияда Отбасы, егде адамдар мен жастар істері бойынша федералдық мини-стрлік (BMFSFJ) және Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі федералдық министрлік (BMUB) бақылауымен жүзеге асырылатын Еуропа әлеуметтік қоры (ESF) бірлесе жүзеге асырған «JUGEND STÄRKEN im Quartier» бағдарламасы. Негізгі мақсатты топ – жұмыссыз және оқымайтын жастар, сонымен бірге жаңа жас иммигрант-тардың буыны. «JUGEND STÄRKEN im Quartier» бағдарламасы мектеп, білім беру, еңбек пен қоғам интеграциясына қолдау көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты - төмен әлеуметтік мәртебесі бар қатысушыларға өзінің армандарын орындауға және машықтарын жақсартуға мүмкіндік беру.Бағдарлама түрлі әлеуметтік және білім беру ұсыныстарынан тұрады және мұн-дай ұсыныстар қаладағы мақсатты топтардың қажеттіліктеріне және орнала-суына сәйкес үйлестірілген. Ерекше назар микро жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруға бөлінеді, себебі ол, бір жағынан, жастардың қоғамға интеграциясына көмектессе, екінші жағынан, жастардың өмір сүру аймағын дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша «JUGEND STÄRKEN im Quartier» бағдарламасы сонымен бірге қалалардың кешенді әлеуметтік дамуына көмектеседі.

62NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Жастар ресурстық орталықтары (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ): жастарға түйіндеме әзірлеуді, ынталандыратын хатты жазуды, тілдесу-

ден өтуді, басқа коммуникациялық машықтарды дамытуды үйрететін шебер-лік сабақтарын өткізу; жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру

(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-діру); жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға

мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру; жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-ды беру және т.с.с.); қызықты бағдарлама, жаңа таныстар, пайдалы уақыт өткізу секілді ынта-

ландырумен ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға (еріктілікке) жастар-ды тарту; жастардың бастамасына қолдау көрсету мен олардың жоспарларын жү-

зеге асыру мүмкіндігі туралы кеңес беру; жастарды жеке жобаларды, стартаптарды, бизнес жобаларды әзірлеуге

ынталандыру.

Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер) (негізгі мін-деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК): орта және жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар бойынша

ай сайын сыныптан тыс сабақтарды тұрақты негізде, мысалы, ай сайын са-бақтан тыс жүргізу; жоғары сынып оқушыларының белгілі бір әлеуетін анықтау және

оқушылар мен олардың ата-аналарына болашақ мамандыққа қатысты ұсы-нымдар беру; өзін-өзі таныстыру, кәсіби ұжымдағы коммуникация, даулы жағдайлар-

ды шешу, ынталандыратын хат жазу және т.с.с. машықтарды жастарға үйрету; ата-аналар жиналысында балалардың кәсіби бағдары бойынша ата-ана-

лармен жұмыс жүргізу.

2015 жылдың қыркүйек айында Caixabank жаңа әлеуметтік бағдарламаның басталғандығы туралы хабарлама жасады, оның төңірегінде қаржыгерлер жасы кәмелетке толмаған испандықтарды қаржылық сауаттылыққа үй-ретті. Барлық сабақтар барынша тәжірибе түрінде өткізілді. Банк осындай шара нәтижесінде азаматтарды өз қаражаттарын тиімді басқаруға, дұрыс үнемдеу мен пайдалануға үйретуді көздейтіндігін айтты. Сонымен қатар, банк мамандары арнайы сайт әзірлеп, материалдарын балаларға ғана емес, оқытушыларға да пайдалы болатындай етіп оңтайландырды, оны қаржы және экономика бойынша дәріс беретін мамандар да пайдалана алады.

63 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, институттар) (негіз-гі міндеті – МАМАНДЫҚҚА ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚТАРҒА ОҚЫТУ): оқу жоспарларында қарастырылған студенттердің әр түрлі тәжірибелер-

ден өтуі үшін сонымен бірге семинарларды, лабораториялық және басқа сабақ түрлерін өткізуге арналған кәсіпорындардың өндірістік, материалдық-техни-калық базасын пайдалану; мамандық бойынша теориялық біліммен қатар болашақ мамандықтың

тәжірибелік машықтарын қамтамасыз ету; тәжірибеден өту барысында өзін мейлінше үздік көрсеткен жастардың

еңбек кітапшаларына жазба енгізу, ұсыным хаттарын беру, мұндай шаралар болашақта жұмысқа орналасу кезінде қосымша артықшылықтар береді.

«Қос жүйе» мектеп білімі мен өндірістік білімді үйлестірген, Австрия, Да-ния, Германия мен Швейцария елдеріне тән тәжірибе, кейінгі кезде Норвегия елі де осы тәжірибені пайдаланып отыр. Оқушылық жүйесі ресми білім беру жүйесінің бір бөлігі болып келеді, сәйкесінше, ондағы оқу міндетті білім алу аяқталғаннан кейін басталады. Оған мектептегі ресми білім алумен қоса үш-төрт жыл бойы жалғасуы тиіс еңбектік қарым-қатынастар негізі енеді. Бағдар-лама аяқталғаннан кейін оның қатысушылары емтихан тапсырып, өздерінің теориялық және тәжірибелік білімдерін көрсетеді, кәсіби біліктіліктерін көр-сетеді.

Жұмыс берушілер (негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ): жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек

нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру; жоғары және кәсіби оқу орындарымен өзара әрекеттестік;

Португалиядағы тәлімгерлік бағдарламасы - әлеуметтік интеграция бой-ынша бағдарлама (Entrepreneurs for Social Inclusion programme (EPSIS) жиі психологтардан немесе педагогикалық ғылым мамандарымен 13-15 жасар мектеп оқушыларымен, оның ішінде әлеуметтік девиация қаупіне ұшырау мүмкіндігі жоғары оқушылармен кішігірім топтарда кездесулерді ұйымда-стырудан тұрады. EPSIS қызметкерлері жергілікті мектептерде өтеді және кездесулер сабақтан тыс ұйымдастырылады. Бағдарлама әрбір қаты-сушының тұлғасына жеке бейімделеді, олардың когнитивтік емес машықта-рын дамытуға, тілдесу жетіспеушілігін толтыруға, жеке әдістемелерді (ынталандыратын тілдесулер, өзін-өзі бақылау, мәселелерді шешу әдісте-месі) және топтық әдістемелерді (зерттеу, әлеуметтік құзыретті дамы-ту әдістері, мазасыздануды басқару, өзін-өзі бақылау) пайдалануға назар аударуға бағытталған.

64NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Ата-аналар (негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК): балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-

гін қалыптастыру және тәрбиелеу; балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық

даму келешектері бойынша бағыт беру.

Қосарланған жүйелер жастардың еңбек нарығында жақсы бастамаларға ие болуына көптеген мүмкіндік жасап отыр. Дания мен Швейцария жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші ең төмен ЭЫДҰ елдері арасында тұр, ал Австрида бұл көрсеткіш ЭЫДҰ мүше елдер ара-сындағы орташа көрсеткіштен төмен. Соған қоса, Австрия, Дания мен Германия жұмыссыз жастар үлесі ең төмен елдер қатарында тұр.Немістік жүйенің ең маңызды тұстары:• Кәсіби дайындықтың кәсіпорын қабырғасында болуын жұмыс беруші мен Үкімет кәсіби одақтың қатысуымен анықтайды (федералдық деңгейде).• Жекелеген кәсіпорындар оқыту әдістерін дербес түрде таңдай алады.• Оқуға жұмсалатын қаражат Үкімет пен жұмыс беруші арасында бөлінеді (Үкімет мектеп-те алынатын білімге кететін шығындарды жапса, жұмыс беруші жас маманның кәсіпорында білім алуын қаржыландырады).• Білім алушылардың жалақылары төмендеу, шамамен сол мамандық бойынша білікті маман-ның орташа айлығынан 25–45% төмен.• Еңбек ақы мен еңбек шарттары ұжымдық шарт арқылы анықталады, онда білім алушының ең аз айлығы көрсетіледі.• Біліктілік жазбаша және біліктілік сынақтары тапсырылғаннан кейін беріледі, оларды сы-рттан шақыртылантын мамандар мен сарапшылар қабылдап, бағалайды.• Құзырлы органдар (негізінен сауда палаталары) елдің барлық жерінде жарамды болып та-былатын диплом береді (мысалы, коммерция, өнеркәсіп және сауда палаталары).• Білім алу бағдарламасы аяқталған соң жұмыскерлер жұмысқа қабылдау туралы өтінішті сол кәсіпорын басшылығына немесе басқа жерге бере алады [10].

Испанияда 2014 жылы жас буын арасындағы жұмыссыздықпен күресудің ба-сты амалдарының бірі мемлекеттік «Жастардың жұмыспен қамтылу кепіл-дігі» бағдарламасы болды. Келісім-шарт арқылы тұрақты жұмысқа қабыл-данған әрбір мекемеге міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша ай сайын 300 еуро жеңілдік жасалды. Жеңілдік жарты жыл бойы жарамды. Басқа сөз-бен айтар болсақ, испандық компаниялар үшін (сонымен қатар, жеке кәсіп-керлер үшін) әр жаңа жұмыскер 1800 еуроға арзан тұрады. Ал мемлекет та-рапынан жасалатын мұндай ынталандыру жұмысқа қысқартылған кесте бойынша қабылданатындар үшін де беріледі: жас жұмыскердің жарты күн атқаратын жұмысы үшін ай сайын берілетін сақтандыру төлемі кәсіпорын үшін 150 еуроға дейін қысқартылады, ал жұмыс уақытының үштен бір бөлігі үшін – сәйкесінше, 225 еуро болады.

65 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы төртінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-низмдері мен әдістері

ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ДАМЫТУ): мемлекеттік арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жастарға

мемлекеттік қолдау көрсету; жастармен, оның ішінде білім алу, еңбек/кәсіби қызметпен қамтылмаған

жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қызметін үйлестіру және бақылау; өңірлердегі жастармен жұмыс жасайтын мамандарға кеңес беру; жұмыс істемейтін жастарды еріктілік, қоғамдық пайдалы қызметке тар-

ту.

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): ауылдық елді мекендерде жастармен нысаналы жұмыс жүргізу; жастар (аудан орталықтарында, ауылдарда тұратын), оның ішінде орта

білім беретін ұйымдарды (мектептерді, лицейлерді) тәмамдаған жастар ара-сында білім және кәсіби/еңбек қызметіне қатыспайтын жастарды анықтау; ұзақ мерзім (3 ай және одан асатын мерзім) бойы білім және кәсіби/ең-

бек қызметіне қатыспайтын жастарды анықтап, олардың тізімін жүргізу; жастарға қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға

қатысу сұрақтары бойынша жастарға кеңес беру; ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау.

Жастар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау дұрыс шешімдерді уақытында бақылауға, мектеп, гимназия, лицей және т.с.с. кәсіби бағдарлау жұмысқа түзету енгізуге мүмкіндік береді; әлеуетті жұмыс берушілермен тұрақты негізде, яғни ай сайын/апта сай-

ын ашық бос орындар туралы ақпаратты сұрау арқылы өзара әрекеттесу; жастарды төленетін маусымдық қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық

жұмыс – қызметкерден арнайы кәсіби дайындықты талап етпейтін, бірақ пай-далы бағыты бар және жұмыссыз жастарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ететін жалпыға қол жетімді еңбек қызметі.

66NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Жұмыспен қамту орталықтары (қала/аудан орталықтары/ауыл, кенттер әкімдіктерінің жанында) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): жастармен, оның ішінде мектеп, гимназия, лицей оқушыларымен және

олардың ата-аналарымен жастар арасында жұмыссыздық мүмкіндіктерін төмендетуге бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізу. Тұрақты негізде сыныптан тыс сағаттарды, жастардың кәсіби бағдары бойынша лекцияларды ұйымдастыру, кәсібі«беделді емес» мамандықтардың танымалдығын арттыру және т.с.с. қажет; 18–25 жас аралығындағы ұзақ мерзім (3 ай және одан асатын мерзім)

бойы білім және еңбек/кәсіби қызметпен айналыспайтын жастарды бақылау; ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау; елді мекен (ауыл/кент), аудан, облыс деңгейінде жаңа бос орындар тура-

лы жас жұмыссыз жастарға хабарлау; ашық бос орындар туралы ақпаратты тарату бойынша жұмысты қал-

пына келтіру, белсенді түрде әлеуметтік желілерде парақшаны жүргізу/жұ-мыспен қамту орталығының сайтындағы ақпаратты өзектендіру мен жаңар-ту/жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу; жастарға өздерін сәтті таныстыруға көмектесетін түйіндемені, ынталан-

дыратын хаттарды, портфолио мен басқа материалдарды дайындау бойынша кеңес беру. Кеңес беру тұрақты негізде тоқсанда бір рет жас жұмыссыздар-мен топтық тренингтер түрінде өтуі ықтимал. Топтық тренингтік жаттығулар жұмыссыз жастарды әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай кездесулердің негізгі міндеттеріне жұмыссыз жастар арасында еңбек нарығы туралы ақпаратты тарату, жұмыс іздеу машықтарын үйрету, үйренген машықтарды қолайлы жұмысты іздеу мерзімін азайту мақ-сатында пайдалану барысында көмек көрсету жатады; әлеуетті жұмыс берушілермен жұмыс жүргізу, ағымдағы бос орындар

туралы ақпаратты сұрау; тұрақты негізде әлеуетті жұмыс берушілермен бос орындар жәрмеңке-

лерін ұйымдастыру;

Арменияның «Агромектеп» жобасының тәжірибесіне назар аударуға бо-лады. Жобаның мақсаты – ауылдық жастарға сандық технологиялардың көмегімен білім, иммиграция мен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көр-сету. Жоба жастарға болашағын жақсартуға көмектеседі. Жоба шеңберін-де мектеп оқушыларына фермерлік істі жүргізу, нарықты бағалауды үй-рену, бәсекеге қабілетті көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіру, нарықта өнімді жылжыту, және маркетинг саласындағы білім мен үздік тәжірибені пайдалану секілді машықтарын алуға мүмкіндік береді.

67 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

тұрақты негізде біліктілікті арттырудың орта және қысқа мерзімді кур-старын, қайта даярлаукурстарын және басқа кәсіби курстарды ұйымдастыру (тоқсанына бір рет); қолдауды талап ететін жас жұмыссыздарға психологиялық көмек көрсе-

ту және кеңес беру.

Жастар ресурстық орталықтары (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ): жұмыссыз жастармен нысаналы жұмыс жүргізу, толық деректері көр-

сетілген жастар базасын әзірлеу; жастарға түйіндеме әзірлеуді, ынталандыратын хатты жазуды, тілдесу-

ден өтуді, басқа коммуникациялық машықтарды дамытуды үйрететін шебер-лік сабақтарын өткізу; жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-ды беру және т.б.).

Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер) (негізгі мін-деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК): орта және жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар бойынша

ай сайын сыныптан тыс сабақтарды тұрақты негізде, мысалы, ай сайын са-бақтан тыс жүргізу; жоғары сынып оқушыларының белгілі бір әлеуетін анықтау және

оқушылар мен олардың ата-аналарына болашақ мамандыққа қатысты ұсы-нымдар беру; өзін-өзі таныстыру, кәсіби ұжымдағы коммуникация, даулы жағдайлар-

ды шешу, ынталандыратын хат жазу және т.с.с. машықтарды жастарға үйрету; ата-аналар жиналысында балалардың кәсіби бағдары бойынша ата-ана-

лармен жұмыс жүргізу.

Білім беру ұйымдары (колледждер, университеттер, институттар) (негіз-гі міндеті – МАМАНДЫҚҚА ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚТАРҒА ОҚЫТУ): мамандық бойынша теориялық біліммен қатар болашақ мамандықтың

тәжірибелікмашықтарын қамтамасыз ету;

Кәсіби бағдарлау жұмысын кәсіби консультациялық пункттер желісі жүр-гізеді. 1,2 мың білім алушыға шамамен 1 кәсіби кеңесші қарастырылған. Франциядағы кәсіби бағдарлау жүйесі орталықтандырылған, ол үшін жа-уапкершілік Білім министрлігіне жүктелген, ал тікелей жұмысты Ұлттық ақпарат қызметі жүргізе отырып, білім берудің түрлері мен мамандықтар туралы ақпаратты таратады.

68NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

өндірістік тәжірибеден өту үдерісі ресми сипатта болып қана қоймай, болашақ мамандық бойынша нақты тәжірибелік білім мен машықтарды беруі тиіс; тәжірибеден өту барысында өзін мейлінше үздік көрсеткен жастардың

еңбек кітапшаларына жазба енгізу, ұсыным хаттарын беру, мұндай шаралар болашақта жұмысқа орналасу кезінде қосымша артықшылықтар береді.

Жұмыс берушілер (негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ): жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек

нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру; жоғары және кәсіби оқу орындарымен өзара әрекеттестік.

Ата-аналар (негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК): балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-

гін қалыптастыру және тәрбиелеу; балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық

даму келешектері бойынша бағыт беру.

69 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы бесінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-низмдері мен әдістері

ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ДАМЫТУ): физикалық мүмкіндіктері шектеулі немесе денсаулығында кемшілігі бар

жастарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама-ларды және жеңілдіктерді әзірлеу, мысалы, кәсіпорындарда белгілі бір квота бойынша жұмыс орындарының санын анықтау, жастардың қандай да бір жұ-мысты орындау бойынша шектеулі мүмкіндіктері ескерілген мамандықтарға сәйкес жұмыс орындарын әзірлеу, физикалық мүмкіндіктері шектеулі жастар үшін қолайлы еңбек шарттарын қарастыру және т.с.с.; жұмыс берушілермен жұмыс, «Еңбек туралы» ҚР Заңында арнайы тар-

мақтарды қабылдау, жұмыс берушілерді кәсіпорындарда, мекемелерде, ұй-ымдарда арнайы бос орындарды құруға ынталандыратын іс-шараларды қа-былдау; жұмыс берушілермен жұмыс – жұмыс орындарын арнайы жеке мүм-

кіндіктерге және нақты тұлғаның қажеттілігіне қарай ұйымдастыру мен бей-імдеуді өткізу, жұмыс орындарын арнайы құрылғылармен және құрал-жаб-дықтармен жабдықтау.

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): денсаулығы шектеулі жас мамандар үшін деректер базасын әзірлеу қа-

жет; денсаулығы шектеулі жас мамандар үшін бос орындар жәрмеңкелерін,

оның ішінде виртуалды жәрмеңкелерді өткізу; денсаулығы шектеулі жас мамандар үшін арнайы еңбек биржасын құру.

Мұндай биржада аталған санатындағы жастарды басқа мамандықтар бойын-ша қайта даярлау мен қайта оқыту қарастырылуы тиіс; денсаулығы шектеулі жас мамандар арасында талантты өкілдерді

анықтау мақсатында конкурстарды ұйымдастыру және үздік өкілдерді өңірдің бизнес құрылымдарына ары қарай қолдау көрсету мен жүзеге асыру мақса-тында таныстыру; денсаулығы шектеулі жас мамандарды мұндай санатындағы жастарға ең

қолайлы салаларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде әлеуметтік қорғау

басқармасының негізінде денсаулығы шектеулі жас мамандармен жұмыс жа-сауға арналған кеңселерді ашуға кеңес береміз. Мұндай кеңселердің негізгі міндеті – жастарға компьютерлік сауаттылық, салық есептілігі машықтарын,

70NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

электрондық қызметтерді алу машықтарын кәсіби деңгейде үйрету. Кеңсе-лердің деректер базасында әлеуметтік-психологиялық көмек, заң саласында кеңестер, жұмыс іздеуге көмек көрсетуге болады. Аталған жоба денсаулығы шектеулі жас мамандар арасында оқуға деген уәждемені, олардың өзін-өзі оқыту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұның барлығы сәтті жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту орталықтары (қала/аудан орталықтары/ауыл, кенттер әкімдіктерінің жанында) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): физикалық мүмкіндіктері шектеулері жастардың кәсіпкерлігі үшін

қосымша жағдайларды жасау: салық бойынша жеңілдіктер, коммерциялық жылжымайтын мүлікті ішінара өтеу, жеке кәсіпкерді/заңды тұлғаны тіркеу-дің жеңілдетілген рәсімдері және т.с.с.; физикалық мүмкіндіктері шектеулері жастардың тегін оқуын/қайта

оқуын ұйымдастыру.

Жастар ресурстық орталықтары (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ): жастарға түйіндеме әзірлеуді, ынталандыратын хатты жазуды, тілдесу-

ден өтуді, басқа коммуникациялық машықтарды дамытуды үйрететін шебер-лік сабақтарын өткізу; жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру

(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-діру); жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға

мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру; жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-ды беру және т.б.).

Мектерде бірнеше жыл ішінде оқу орындарының жетіспеуіне байланысты, Австрия Үкіметі Жастардың білім алуына көмек көрсету туралы заңды әзірлеу бастамасын көрсетті. Заң міндетті мектеп білімін алғаннан соң, өзіне жұмыс таппаған барлық жастарға оқу курстарының жетімділігіне кепілдік береді. Ұзақтығы 12 айға дейін болатын курстарда олар нақты жұмысқа қатысты жаңа білім мен машықты алады. Мұндай курстардың негізгі міндеті – жастарды жұмысқа орналастыру. Курстарды Австрия Үкіметі мен Еуропа әлеуметтік қоры қаржыландырады.

71 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер) (негізгі мін-деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК): орта және жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар бойынша

ай сайын сыныптан тыс сабақтарды тұрақты негізде, мысалы, ай сайын са-бақтан тыс жүргізу; жоғары сынып оқушыларының белгілі бір әлеуетін анықтау және

оқушылар мен олардың ата-аналарына болашақ мамандыққа қатысты ұсы-нымдар беру.

Жұмыс берушілер (негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ): мүмкіндіктері шектеулі жас мамандарды қабылдау ережелерін сақтау; жұмысқа қабылдау кезінде қойылатын талаптарды жеңілдету.

Ата-аналар (негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК): балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-

гін қалыптастыру және тәрбиелеу; балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық

даму келешектері бойынша бағыт беру.

Германияда Qualifications and Connections бағдарламасы сәтті іске асыры-лады. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – үлгерімі төмен оқушы-лармен жастар білім алудың келесі деңгейіне өтуді мейлінше бірқалыпты ету және білім мен жұмыспен қамту саласынан түсіп қалудың алдын алуға көмектесуге бағытталған жұмысты жүргізу. Тәлімгерлер ынталандыруды арттыруға, қажеттіліктерді анықтауға, студенттердің әлеуетін талдау-ды жүргізуге, жас қатысушылардың қызығушылығын анықтауға және кәсі-би бағдарды ұйымдастыруға көмектеседі. Тәлімгерлер қолдауды мектепті тәмамдағаннан соң, кәсіби білім алудың бірінші жылы аяқталғанша жалға-стыра береді. Аталған бағдарламаға 1000 астам негізгі және арнайы орта мектептер кіреді. Шамамен 2000 астам тәлімгерлер оқудан өтіп, бағдарла-ма бойынша жұмысқа қабылданған болатын.

72NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы алтыншы қосалқы топпен жұмыс жасау меха-низмдері мен әдістері

ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ДАМЫТУ): мемлекеттік арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жастарға

мемлекеттік қолдау көрсету; жастармен, оның ішінде білім алу, еңбек/кәсіби қызметпен қамтылмаған

жастармен жұмыс жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қызметін үйлестіру және бақылау; өңірлердегі жастармен жұмыс жасайтын мамандарға кеңес беру, жастар-

мен, оның ішінде жұмыс істемейтін жастармен және NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарға арналған оқыту тренингтерін ұй-ымдастыру және т.с.с.; жұмыс істемейтін жастарды еріктілік, қоғамдық пайдалы қызметке тар-

ту.

Үкіметтің жергілікті атқарушы органдары (Әкімдіктер/жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма/ішкі саясат мәселелері бойынша басқарма) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): шәкіртақы төленетін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кәсіби тегін

курстарды ұйымдастыру; арнайы білімі жоқ және оқыту кәсіби курстарынан сәтті өткен жастарды

(басым топ) жұмысқа орналастыруға көмек көрсету; келешекте жұмысқа орналасуға көмектесетін іс-шаралар, тегін кәсіби

курстар, ашық бос орындар туралы ақпаратты жұмыссыз жастарға тарату; ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау.

Жастар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау дұрыс шешімдерді уақытында бақылауға, мектеп, гимназия, лицей және т.с.с. кәсіби бағдарлау жұмысқа түзету енгізуге мүмкіндік береді;

Германияның Жастар палатасы (WJD) мен Отбасы, егде адамдар мен жастар істері бойынша федералдық министрлік (BMFSFJ) ұйымдастырған «JUGEND STÄRKEN: 1000 Chancen» жобасы 2014 жылдан бері қызмет көр-сетіп келеді. Жобаның идеясы –мүмкіндіктері шектеулі жастарға мектеп-тен жұмысқа өту барысында қолдау көрсету. Негізі мақсаты – қолайсыз жағдайдағы жастарды ынталандыру, олардың мансабы үшін мақсатты әзірлеу және қолданыстағы мүмкіндіктерді пайдалану. «JUGEND STÄRKEN: 1000 Chancen» бағдарламасының сипаттамасына жетіспейтін машықтар-ды, әлеуметтік жауапкершілікті, позитивті ойлау мен кәсіпкерлік қызмет-ті дамытуға бағытталуын жатқызуға болады. Аталған жұмыс Германия жас кәсіпкерлердінің, бизнес иелерінің және менеджерлерінің желісімен бір-лесе отырып, жүзеге асырылады.

73 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

жұмыс тәжірибесі бар/жоқ орта жалпы білімі бар жас мамандар үшін ашық бос орындарды ұсынуға дифференциалды қарау; жастарды төленетін маусымдық қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық

жұмыс – қызметкерден арнайы кәсіби дайындықты талап етпейтін, бірақ пай-далы бағыты бар және жұмыссыз жастарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ететін жалпыға қол жетімді еңбек қызметі; жоғары/орта арнайы білімі жоқ және алты айдан асатын мерзім білім

немесе кәсіби/еңбек қызметімен айналыспайтын 18 жастан асқан жастар ба-засын жүргізу; аталған санаттағы жастар арасында білім алуды дәріптейтін ағар-

тушылық жұмыстарды жүргізу. Бұл ретте басымдық еңбек нарығында сұра-нысқа ие және келешекте жұмысқа тұруға кепілдік беретін мамандықтарға берілуі тиіс. Жастардың мұндай санатына материалдық көмек қажет және мұндай жағдайда, нақты кәсіпорындар мен экономика салаларына арналған қызметкерлерді нысаналы таңдаудың ең тиімді механизміне айналады. жастарға қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға

қатысу сұрақтары бойынша жастарға кеңес беру; әлеуетті жұмыс берушілермен тұрақты негізде, яғни ай сайын/апта сай-

ын ашық бос орындар туралы ақпаратты сұрау арқылы өзара әрекеттесу ке-рек.

Жұмыспен қамту орталықтары (қала/аудан рталықтары/ауыл, кенттер әкімдіктерінің жанында) (негізгі міндеті – АҚПАРАТТАНДЫРУ): жастармен, оның ішінде мектеп, гимназия, лицей оқушыларымен және

олардың ата-аналарымен жастар арасында жұмыссыздық мүмкіндіктерін төмендетуге бағытталған алдын алу жұмыстарын жүргізу. Тұрақты негізде сыныптан тыс сағаттарды, жастардың кәсіби бағдары бойынша лекцияларды ұйымдастыру, кәсібі«беделді емес» мамандықтардың танымалдығын арттыру және т.с.с. қажет;

Германияның жастар палатасы жыл сайын Отбасы істері жөніндегі фе-дералдық министрілігімен бірлесе отырып, «Ein Tag Azubi» («Тағылымгер (кіші шебер) күні») ұлттық күнін өткізеді. Жұмысқа орналасу кезіндегі қиыншылықтарға жолыққан жастарға еңбек ету кезеңіне өткен кезде түрлі компанияларда болып, бір күн ішінде түрлі жұмыс орындары туралы біледі. Оқушыларға жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпарат беріледі, олар-ды білім алуға ынталандырады. Өзара әрекеттестік барлық тараптарға тиімді: осал жастармен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкерлер кәсіп-керлер тарапынан келешекте кеңес беретін және қолдау көрсететін мықты серіктеске ие болады. Бизнес құрылымдармен бірлескен жұмыс жастарға арналған арнайы бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

74NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

18–25 жас аралығындағы ұзақ мерзім (3 ай және одан асатын мерзім) бойы білім және еңбек/кәсіби қызметпен айналыспайтын жастарды бақылау; ашық бос орындарды және мұндай бос орындарды толтыруды бақылау; елді мекен (ауыл/кент), аудан, облыс деңгейінде жаңа бос орындар ту-

ралы жас жұмыссыз жастарға хабарлау; ашық бос орындар туралы ақпаратты тарату бойынша жұмысты қал-

пына келтіру, белсенді түрде әлеуметтік желілерде парақшаны жүргізу/жұ-мыспен қамту орталығының сайтындағы ақпаратты өзектендіру мен жаңар-ту/жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу; жастарға өздерін сәтті таныстыруға көмектесетін түйіндемені, ынталан-

дыратын хаттарды, портфолио мен басқа материалдарды дайындау бойынша кеңес беру. Кеңес беру тұрақты негізде тоқсанда бір рет жас жұмыссыздар-мен топтық тренингтер түрінде өтуі ықтимал. Топтық тренингтік жаттығулар жұмыссыз жастарды әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай кездесулердің негізгі міндеттеріне жұмыссыз жастар арасында еңбек нарығы туралы ақпаратты тарату, жұмыс іздеу машықтарын үйрету, үйренген машықтарды қолайлы жұмысты іздеу мерзімін азайту мақ-сатында пайдалану барысында көмек көрсету жатады; әлеуетті жұмыс берушілермен жұмыс жүргізу, ағымдағы бос орындар

туралы ақпаратты сұрау; тұрақты негізде әлеуетті жұмыс берушілермен бос орындар жәрмеңке-

лерін ұйымдастыру; тұрақты негізде біліктілікті арттырудың орта және қысқа мерзімді кур-

старын, қайта даярлау курстарын және басқа кәсіби курстарды ұйымдастыру (тоқсанына бір рет); қолдауды талап ететін жас жұмыссыздарға психологиялық көмек көрсе-

ту және кеңес беру.

75 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Жастар ресурстық орталықтары (негізгі міндеті – ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МЕН ҚОСЫМША ОҚЫТУ): 18–25 жас аралығындағы ұзақ мерзім (3 ай және одан асатын мерзім)

бойы білім және еңбек/кәсіби қызметпен айналыспайтын жастарды бақылау; жастарды қоғамдық іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға тарту және

мұндай іс-шараларға қатысқаны үшін сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттарды беру, мұндай құжаттар (оның ішінде ұсыным хат немесе пікір) жастарға орта арнайы оқу орнына түскен немесе жұмысқа орналасқан жағдай-да артықшылық береді; тұрақты негізде жастарға түйіндеме әзірлеуді, ынталандыратын хатты

жазуды, тілдесуден өтуді, басқа коммуникациялық машықтарды дамытуды үйрететін шеберлік сабақтарын өткізу; жұмысты іздеу механизмі бойынша консультация мен түсініктеме беру

(жосықсыз жұмыс берушіге түспеу үшін қайда бару қажет екендігін түсін-діру); жосықсыз жұмыс берушілердің тізімін жүргізу және жас мамандарға

мұндай тізімдегі жұмыс берушілер туралы жүгінген жағдайда ақпарат беру; жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қа-

тысу механизмі бойынша консультация беру (құжаттарды жинау, құжаттар-ды беру және т.б.).

Білім беру ұйымдары (мектептер, гимназиялар, лицейлер) (негізгі мін-деті – ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК): жоғары/орта арнайы оқу орындарына түспеген, жұмыс істемейтін мек-

теп бітірушілерінің есебін жүргізу және мұндай деректерді қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдарға, жұмыспен қамту орталығына және жастар ресурстық орталықтарына тапсыру; жоғары сынып оқушыларының белгілі бір әлеуетін анықтау және

оқушылар мен олардың ата-аналарына болашақ мамандыққа қатысты ұсы-нымдар беру; өзін-өзі таныстыру, кәсіби ұжымдағы коммуникация, даулы жағдайлар-

ды шешу, ынталандыратын хат жазу және т.с.с. машықтарды жастарға үйрету; ата-аналар жиналысында балалардың кәсіби бағдары бойынша ата-ана-

лармен жұмыс жүргізу.

Жұмыс берушілер (негізгі міндеті – «ДҰРЫС» ЖАСТАР ЕҢБЕК НА-РЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ): жұмысқа қабылдау кезінде қойылатын талаптарды жеңілдету. жұмыспен қамту орталықтарымен өзара әрекеттесу, жастардың еңбек

нарығында сұрау мен ұсыныс картасын қалыптастыру.

76NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Ата-аналар (негізгі міндеті – ТӘРБИЕЛЕУ, ТӘЛІМГЕРЛІК): балалардың еңбек пен мамандық бойынша жұмыс туралы дұрыс түсіні-

гін қалыптастыру және тәрбиелеу; балаларға кәсіби тұрғыда нарықтың сұранысы мен елдің экономикалық

даму келешектері бойынша бағыт беру.

Америка Құрама Штаттарындағы«Big Brothers Big Sisters of America» (Аме-риканың ағалары мен әпкелері) бағдарламасы ең көне және ірі тәлімгерлік бағдарламалардың біріне жатады. Қазіргі уақытта шамамен бес миллион американдық АҚШ бойынша тәлімгерлік бағдарламаға ерікті түрде қа-тысуда. Тәлімгерлер мен олардың көмекшілері мектептен және оқу уақы-тынан тыс кезде немесе демалыс күндері сөйлесу, мәдениет немесе спорт секілді түрлі іс-шараларға қатысу мақсатында кездесулерді ұйымдастыра-ды. Нәтижелерге сүйенсек, бір жыл немесе одан асатын мерзім арасында тәлімгерлік қарым-қатынаста болған жасөсіпірімдердің қылықтары жат болған, олар психоактивті заттарды пайдаланған және сабаққа қатысу көрсеткіші үздік болғандығын көрсетті.

77 NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

3.4 Сын-тегеуріндер мен қауіптер Сын-тегеуріндер: − заманауи қазақстандық жастар үшін аса өзекті басты сын-тегеуріндердің бірі бәсекелес әлемдік нарыққа шығу үшін адами капитал мен еңбек де-рек көзі сапасын арттырумен байланысты. Қазақстандық қоғамның, оның ішінде жастар алдында тұлғаның зияткерлік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін және бәсекеге қабілетті ұлтты дамытуға мүмкіндігі бар білім, қызметтер, зияткерлік өнім өндірісіне өту міндеті тұр.− жастарға бағытталған заманауи сын-тегеурін табыс үшін қажетті сапа жиынтығына ие болу қажеттілігімен байланысты: компьютерлік сауат-тылық, шетел тілдерін білу, мәдени ашықтық. − тағы бір сын-тегеурінге рационалды ойлау сызбасы түріндегі прагма-тизм жатады, акцент білім алу мен кәсіби табысқа жасалынады. Нақты мақсаттарға өз мүмкіндіктерін есептей отырып, қол жеткізу.− білімге тіреу, ақпаратқа ие болу, өзгерістерге дайын болу болашақтағы табыстың негізгі факторларына жатады.

Жоғарыда мазмұндалған сын-тегеуріндер Қазақстанның барлық жаста-ры үшін өзекті. Алайда, NEET санатындағы жастар үшін аталған қауіп-қатер оның жұмыссыз болу жағдайымен қиындай түсті.

NEET санатындағы қазақстандық жастар алдындағы аталған сын-теге-уріндер жағдайларында келесі қауіп-қатерлердің әлеуетті тәуекелдігі пайда болады:

− жалақы бойынша басынан жоғары үміт пен жұмыс орындарын жиі ауыстыру «еңбек цинизмі» феноменінің қауіп-қатері. Бұл ретте жас қы-зметкерлер біліктілікті арттыруға қызығушылық білдірмейді. Жастардың мүмкіндіктері халықтың басқа санаттарымен салыстырғанда төмен бәсеке-лестік салдарынан шектеулі. − ұзаққа созылған жұмыссыздық қауіп-қатері, жас мамандар арасында «дайын болмау» үдерісі, кәсіби тәжірибенің жеткіліксіздігі еңбек нарығын-да халықтың ең аз талап етілген тобына кіруіне себеп болады; − жұмыссыз жастардың тым амбициясының салдарынан «аса жоғары үміт» қауіп-қатері еңбек жағдайлары мен төлемінде байқалады, бұған қоса мансап жолында біртіндеп көтерілу үшін «ең төменгі» позициялардан бастауды қаламайтындығын да атап көрсетуге болады; − жастардың нақты кәсіби белгілі деңгейінің болмау қауіп-қатері, жоғары оқу орындарында алынған білімі негізгі кәсіби бағдар болып саналмайды, себебі жас маман өзінің кәсіби бейімділігін анық білмейді және нақты бір мамандықты басымды түрде қаламайды;

78NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

− жастардың кәсіби өсу мен нақты кәсіби салада өзінің жоспарын жүзеге асыруға бағыттылығының болмау қауіп-қатері;− жастар арасында патерналистстік көзқарастардың тарау қауіп-қатері (мемлекеттен жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелерді шешуін күту);− әлеуметтік инфантализмнің таралу қауіп-қатері (әлеуметтік әрекет-сіздік).

Жастарға қолдау көрсету бағдарламалары егер еңбек нарығындағы ең осал топтарды уақытша жұмысқа орналастыру, атап айтқанда мұндай бағдарламалар болмаған жағдайда, жұмыс таба алмайтын кедей жастар-ды және азшылықтарды уақытша жұмысқа орналастыру бағдарламала-рын жүзеге асырған жағдайда, тиімді болуы ықтимал. Қоғамдық жұмыстар бағдарламаларына қатысу жастар арасындағы маргинализация қауіп-қа-терін төмендетеді. Қоғамдық жұмыстар бағдарламалары негізінен ең осал қызметкерлерге арналған және олардың жұмыссыздық кезеңінде еңбек на-рығымен байланысын сақтауға және адами капиталды жоғалтуды болды-рмауға бағытталған.

79

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ҚОРЫТЫНДЫӘлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жастардың жас тобы ретіндегі ерек-

шеліктерінің біріне мұндай кезеңде жастар оқудан жұмысқа өту арқылы еңбек қызметін бастайтындығы жатады. Жастарды бейімдеудің мақсаты – біліктілік деңгейіне және мамандығына сәйкес еңбек жағдайы мен тәртібіне, жалақы мөл-шеріне, жұмыспен қамтылу кепілдігіне, мансап пен шығармашылық саласын-да өзін жүзеге асыру мүмкіндігіне қойылатын талаптарды қанағаттандыратын толыққанды жұмыс орнын табу жатады. Зерттеушілер «оқудан жұмысқа» өту кезінде көптеген мемлекеттерде ұқсас мәселелер пайда болатындығын атап көрсеткен: еңбек нарығына қажетті емес білім мен машық, жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, жастар жұмыс күшінің шамадан тыс айна-лымы, елеулі мобильділік, оқу мен жұмыс жасау арасындағы әлсіз байланыс, экономикалық әрекетсіздіктің жұмыссыздық деңгейінен жоғары болуы.

Бұған қоса, түрлі елдерді біріктіретін тағы бір мәселе бар: NEET санатын-дағы жастар. Халықаралық тәжірибені талдау нәтижелеріне сүйенсек, бұл мәселе дамыған елдер үшін де, экономикасы дамып келе жатқан мемлекеттер үшін де өзекті болып қала береді.

NEET санатындағы жастар – Қазақстан үшін айтарлықтай жаңа әлеумет-тік құбылыс. NEET үлесі туралы деректерді алғашқы рет 2014 жылы ҚР Ұлт-тық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынған. NEET санатын-дағы жастарды зерттеу мәселесі жақында ғана әзірлене бастады. Сол себептен бұл сұрақты зерттеу барысында қазіргі таңда нақты әзірленген парадигмалар, әдістер мен талдау әдістемесі жоқ. Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде алғашқы рет Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастарды зерттеу бойынша кешенді әдістеме ұсынылып, апробацияланды. NEET жастарына бөлінген ерекше назар жұмыссыздық пен аяқталмаған білім секілді маңызды әлеуметтік мәселелерді көрсетуіне негізделген, мәселелер еңбек нарығын тиімді дамытуға мүмкіндік бермейді. Қажеттіліктерді талдау мен NEET санатындағы жастар қажеттіліктерін бағалау аталған санатындағы жастармен жұмыстың ұсынылатын әдістерін әзірлеуге мүмкіндік берді және біз келешекте бұл іс-шаралар аталған санатындағы жастар санатының төмен-деуіне алып келеді деп үміттенеміз.

Осылайша, NEET санатындағы жастармен («Not in Employment, Education or Training») жұмыс жасау бойынша осы нұсқаулықты әзірлеу үшін келесі-дей кешенді іс-шаралар жүргізілді: NEET санатындағы жастармен жұмыстың халықаралық тәжірибесіне шолу мен талдау жүргізілді, топтық пікірталастар мен тереңдетілген сұхбаттар өткізілді, сарапшыларды тарта отырып, қоғам-дық іс-шаралар ұйымдастырылды, қорытындылар мен ұсынымдар әзірленді.

Алынған нәтижелер, ең біріншіден, NEET санатындағы жастардың алты негізгі қосалқы топтарын анықтауға және әрбір қосалқы топ өкілінінің әле-

80

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

уметтік портретін әзірлеуге мүмкіндік берді. Екіншіден, зерттеулердің және жастар саясаты мен жастармен жұмыс жасау саласындағы сарапшылармен өткізілген дөңгелек үстел нәтижелері бойынша ешқайда оқымайтын, жұмыс істемейтін және қандай да бір басқа кәсіби білім қызметімен айналыспайтын жастармен жұмыс жасау механизмдері әзірленді.

Үшіншіден, аталған санатындағы жастарға қауіп-қатер төндіретін негізі сын-тегеуріндер мен тәуекелдіктер аталынды.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуы мен NEET санатындағы жастар қатарының толуы осы жұмыстың нәтижелері көрсеткендей, көптеген жағдайда, еңбек нарығында бос орындардың болмауымен немесе бар жұмы-стың беделді, жалақысы төмен болуымен байланысты екендігін көрсетті.

Жас қызметкерлер еңбегіне деген сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық сәйкессіздігі тағы бір бөлек тақырып. Жас мамандар алған білім еңбекке деген нарықтағы сапалы талаптарға сәйкес келмейді, ал жастарда еңбек нарығында қандай білім мен машықтар қажет екендігін түсінбеуге алып келеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына ықпал ететін тағы бір маңызды мәселеге жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешуге бағыт-талған мемлекеттік бағдарламалар, құрылымдар мен басқа іс-шаралар туралы өте төмен деңгейде хабардар болуын жатқызуға болады. Жастар өздеріне қол-дау көрсетуге және оларды жұмысқа орналастыруға көмектесетін мемлекеттік бағдарламалар туралы, сонымен бірге ішінара жастарға жұмыс іздеумен бай-ланысты мәселелерді шешуге көмектесе алатын жұмыспен қамту орталықта-рының және жастар ресурстық қорларының бар екендігін білмейді.

Бұған қоса, оқу орнын бітірушілер, мемлекет пен әлеуетті жұмыс берушінің арасында қандай да бір өзара әрекеттестік жоқ. Жоғары оқу орындары қажет емес мамандарды шығарады, ал жұмыс берушілер тапшылықты қызметкер-лерді іздейді, жастар болса, ата-аналары жұмсаған қаржыны қайтаруға және үміттерін ақтауға тырысады.

Зерттеу барысында анықталған тағы бір маңызды мәселеге жас маман-дарда жұмыс тәжірибесінің болмауы жатады. Жоғары оқу орындарын және колледждерді бітірушілердің оқуларын тәмамдағаннан кейін жұмысқа орна-ласа алмауы заңды құбылысқа айналған, ал орта және үлкен жастағы қызмет-керлердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары, біліктіліктің жеткіліксіздігі, тәжірибенің, қажетті машықтар мен білімнің болмауы жұмыссыздыққа алып келеді. Оқу орындары қажетті біліктіліктің бір бөлігін құрайтын білімнен ғана тұрады. Ал машық - тәжірибе есебінен қалыптастырылады. Фокус топтар қатысушыларының пікірінше, мұндай мәселе жастар арасындағы жұмыссыз-дықтың негізгі факторының біріне жатады.

Орта сыныптардан бастап кәсіби және еңбек тәрбиесі бойынша жұмыстар-ды жүргізу қажет. Жастарда еңбек құндылығы туралы түсінік мүлдем жоқ. Болашақ мамандықты жастардың көпшілігі материалдық байлық көзі деп

81

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

санайды. Кейбір жағдайда ғана жастар жұмысты өз әлеуетін көрсете алатын мүмкіндік деп түсінеді.

Жастар мен олардың ата-аналары арасында кәсіби бағдар бойынша жұмы-старды жүргізу қажет. Мұндай жұмыста баланың болашақтағы мамандығын таңдауға көмектесіп, бағыт-бағдар беретін ата-аналардың және басқа жақын туыстардың көмегі қажет. Тәжірибе мен осы жұмыстың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ата-аналар қоғамдық пікірге құлақ асу себебінен жиі қателеседі. Әлеуметтік-кәсіби бағдар жүйесін қалыптастыру жас мамандарға еңбек сала-сында өз орнын тауып, оқу орындарында алған білімі мен машықтарын дұрыс пайдалануға көмектесуі тиіс.

Жастардың еңбек нарығына шыққан кезде өмірлік машықтарының қажет-тілігін бөлек атап көрсету қажет. Жиі жас маманның түйіндеме, ынталанды-ратын хат жазу, өзін сұхбат барысында таныстыру секілді машықтары жоқ. Жоғары оқу орнында алған теориялық білімі тәжірибелік кәсіби машықсыз жұмыс берушілердің қатаң талаптарын қанағаттандырмайды. Нәтижесінде, жоғары білімі бар жас мамандар немесе жоғары оқу орындарын бітірушілер арасында жұмыссыздық санын арттырады да, сауда-саттық және қоғамдық өмірде қызмет көрсетушілердің қатарын толтыра түседі.

Жұмыссыздық қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады, алай-да, жұмыссыздықты жоюдың жаңа жолдарын іздеу керек, болмаған жағдайда, бұл мәселе аса күрделі экономикалық мәселеге айналуының ықтимал екендігі сөзсіз.

82

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ДЕРЕК КӨЗДЕРІ 1. http://surfingbird.ru/surf/eKjEA8E07#.WS-m8uvyipo2. «Внешкольная молодежь в Африке к югу от Сахары. Перспективы поли-

тики», қар.: https://openknowledge.worldbank.org/handle/10986/215543. Вне школы и вне работы: риски и возможности для нини (ни образова-

ния, ни работы) Латинской Америки, қар.: https://openknowledge.worldbank. org/handle/10986/22349.

4. Who’s The Greek Neet? Neets’ Profile in Greece: Parameters, Trends and Common Characteristics of a Heterogeneous Group http://www.ijhssnet.com/journals/Vol_4_No_6_April_2014/26.pdf

5. http://www.oecd.org/els/oecd-employment-outlook-19991266.htm6. Мониторинг и оценка программ молодежной занятости: учебные мате-

риалы / Группа технической поддержки по вопросам достойного труда и Бюро МОТ для стран Восточной Европы и Центальной Азии. – Мәскеу: ILO, 2016.

4. Организация Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры (ЮНЕСКО). 2014. Глобальный доклад по мониторингу. Препода-вание и обучение: Обеспечение качества для всех (Париж).

5. Переход на рынок труда молодых женщин и мужчин в странах Восточ-ной Европы и Центральной Азии / Сара Элдер, Валентина Баркуччи, Йон-джа Гурбузер, Ив Перардель, Марко Принчипи; Международное бюро труда. – Женева: МБТ Серия публикаций Work4Youth, ISSN: 2309-6780; 2309-6799 (web pdf).

6. https://www.damu.kz/7. http://adilet.zan.kz/rus/8. Молодежная занятость в странах Восточной Европы: кризис внутри

кризиса: справочный доклад к Неофициальной встрече министров труда и социального обеспечения в ходе 100-й сессии Международной конференции труда, Женева, «15»маусым 2011 ж. [Электрондық ресурс] // МОТ. – Элек-трон. дер. – Қарау тәртібі: http://www.ilo.org/moscow/information-resources/publications/WCMS_345401/ lang--ru/index.htm,

9.http://ilo.org/wcmsp5/groups/public/---europe/---ro-geneva/---sro-moscow/documents/publication/wcms_345401.pdf

10. G. Quintini and S. Martin: Starting well or losing their way? The position of youth in the labour market in OECD countries (Париж, ОЭСР, 2006 г.); V. der Velden, R. Welter, M. Wolbers: The integration of young people into the labour market within the European Union: The role of institutional settings, working paper No. 2001/7E (Маастрихсткуниверситеті, 2001 ж.); M. Gangl: «Returns to education in context: Individual education and transition outcomes in European labour markets», op. cit.

83

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

11. OECD Multilingual Summaries OECD Skills Outlook 2015 Youth, Skills and Employability Summary in Russian.

12. Т.В. Блинова, А.А.Вяльшина «Молодежь вне сферы образования и занятости: оценка сельско-городских различий» // Әлеуметтік зерттеу, N9, 2016.

13. Е.Я.Варшавская «Молодежь, сключенная из сферы занятости и образо-вания в странах ЕС и России» // Статистика мәселелері, 4/2015.

14. 30 фактов о современной молодежи: http://youngspace.ru/faq/ issledovanie-molodezhi/sberbank-issledovanie-molodezhi/

15. Bridging the gap: New opportunities for 16-18 year olds not in education, employment or training. Report by the Social Exclusion Unit. July 1999. URL: http://dera.ioe.ac.uk/15119/2/bridging-the-gap.pdf

16. Europe 2020: A strategy for smart, sustainable and inclusive growth. European Commission. Brussels, 2010; Youth on the move. Luxembourg, Publications Office, 2010

17. «Российский мониторинг экономического положения и здоровья насе-ления» (RLMS-HSE, 2012–2014 жж.).

18. Технологии работы с молодежью (опыт работы кафедры социальных технологий и организации работы с молодежью МГГУ им. М.А. Шолохова). Ұжымдық монография С.Ю. Попованың редакциясымен (Смолик). – М.: Мәскеу-Тверь: «СФК-Офис», 2015. – 326 б. ISBN 978-5-91504-037-2.

19. Рощин С.Ю. Переход «учеба – работа»: омут или брод? Препринт WP3/2006/10. – М.: ГУ ВШЭ, 2006. – 52 б.

20. Глобальные и региональные механизмы взаимодействия в условиях новых вызовов [Мәтін] / О. Йоханссон, И. Гийемет, Д. Тернер, Д. Николет-ти, К. де ла Мезонев, Г. Буске, Ф. Спинелли; ағылшын тілінен аудармасы. Е.А. Сафонкинаныкі; аударманың ғылыми ред. М.В.Ларионованыкі// Вест-ник Международной организации труда. – 2013. – Т. 8. – № 4. – б. 5–45.

21. Всемирная программа действий, касающаяся молодежи, до 2000 года и на последующий период: принята Генеральной Ассамблеей ООН 13 мар-та 1996 г. № A/RES/50/81// [Электронный ресурс]. – Электрон. дер. – Қа-рау тәртібі:http://vmo.rgub.ru/fLles/rezoluzija_oon_pogramma_dejstvij_i996-i46-2.pdf

21. Доклад о мировом развитии: 2007: развитие и новое поколение / ағыл-шын тілінен аудармасы. – Мәскеу: Весь Мир, 2007. – 376 бет.

22. Кризис в сфере занятости молодежи : время действовать доклад на 5-й Международной конференции труда, 101-сессия, 2012 ж., Международное бюро труда, Женева, 2012. [Электрондық ресурс]. – Электрон. дер. – Қарау тәртібі: http://www.ilo.org/ wcmsp5/groups/public/-ed_norm/-

23. Мироненко О.Н. Влияние законодательства о защите занятости на за-нятость и безработицу: опыт межстрановых сопоставлений / О. Н. Миронен-

84

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ко // Экономический журнал Высшей школы экономики. – 2009. – № 4. – б. 575–595.

24. Программа ЮНЕСКО «Образование для всех» [Электрондық ре-сурс]: http://www.unesco.ru/ru/?module=news&action=theme&id=167, Sabine Archan Thomas Mayr [Текст]: Vocational education and training in Austria: Short description. – Luxembourg: Office for Official Publications of the European Communities, 2006. – 188 бет.

85

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

ГЛОССАРИЙДүниежүзілік банк – дамушы мемлекеттерге қаржылай және техникалық

көмек көрсету мақсатында құрылған халықаралық қаржы ұйымы.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) (Organisation

for Economic Co-operation and Development, OECD) – демократия мен еркін на-рықтық экономика қағидаттарын мойындайтын, экономикалық тұрғыда да-мыған елдердің халықаралық мемлекетаралық ұйымы.

Еңбек нарығы – жұмыс күші энергиясына сұраныс пен ұсынысты қалып-тастыру саласы. Еңбек нарығы арқылы жұмыс күші нақты мерзімге сатылады және жұмыскерлер белгісіз мерзімге таңдалынады.

Жұмыссыздық деңгейі – белгілі жас тобындағы жұмыссыздар санының тиісті жас тобындағы экономикалық белсенді санына ара қатынасы.

Кедейлік деңгейі – кедейлік шегі деп аталатын абсолютті деңгейден отба-сы табысы төмен болатын халықтың үлесі.

Жұмыспен қамту деңгейі – қарастырылатын уақыт кезеңінде экономика-лық белсенді халық санының еңбекпен қамтылғандар санының салыстырма-лы салмағы, пайыздармен.

Корреляция – екі немесе одан көп кездейсоқ өлшемдердің (немесе кейбір деңгейде нақтылық деңгейі дұрыс деп санауға болатын өлшемдердің) стати-стикалық өзара байланысы. Бұл ретте мұндай өлшемдердің біреуінің немесе бірнеше мәнінің өзгерісі басқа мәннің немесе басқа мәндердің жүйелі түрде өзгеруіне алып келеді.

Әлеуметтік эксклюзия (латын тілінен exclusio – айрықша) – адамды қоғам-нан шығару.

Әлеуметтік девиация – қарастырылған қоғамда әлеуметтік тұрғыда қа-былданған мінез-құлықтан елеулі ерекшеленетін адамның немесе адам топта-рының әлеуметтік мінез-құлқы.

Маргина́льдық (marginalis – шетте тұрушы) – адамның қандай да бір әле-уметтік топтар арасындағы «шекарасындағы» күйін білдіретін әлеуметтік ұғым.

NEET деңгейі – 15-24 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы жоғарыда көрсетілген тобының үлесі ретінде қарастырылады.

NEET жұмыссыздық деңгейі – халықтың экономикалық белсенді санына емес, мұндай жастағы барлық халықтың санына 15-24 жас аралығындағы жұ-мыссыздар санына арақатынасы.

Кәсіби бағдар (лат. professio –«жұмыс түрі» және фран. orientation –«ұста-ным») – жастарды мамандықты таңдауға дайындауға, жастарға кәсіби анықтау кезінде және жұмысқа орналасу кезінде көмек көрсетуге бағытталған ғылыми негізделген іс-шаралардың жүйесі.

86

NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Әлеуметтік портрет – әлеуметтік топтың жалпылама сипаттамаларының кешені, яғни топтың жалпы және тұрақты сипаттамаларын анықтау.

Әлеуметтік мәртебе – әлеуметтік жеке тұлға немесе әлеуметтік топ-тың қоғамда немесе қоғамның жеке әлеуметтік ішкі жүйесіндегі әлеуметтік жағдайы.

Патернализм – Үкімет азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қарым-қатынас жүйесі, мемлекет азаматтарға қандай мінез-құлық, бұқаралық және жеке, моделін ұстануды айтады.

Адами капитал – адамның және қоғамның жан-жақты қажеттіліктерін қа-нағаттандыру үшін пайдаланылатын білімнің, машықтың жиынтығы.

Әлеуметтік инфантилизм – толық дамымау, мінез-құлықта немесе физи-калық тұрғыда алдыңғы жас кезеңдеріне тән ерекшеліктерді сақтау.

Фокус топ – сұхбат барысында қатысушылардың қандай да бір затты не-месе құбылыстарды субъективті қабылдауын анықтауға бағытталған фоку-сталған топтық пікірталас.

Тереңдетілген сұхбат – респонденттермен тілдесудің зерттеу түрі. Мұн-дай зерттеу қарастырылған мәселені қабылдау аспектілері туралы ашық және ішінара жасырын деңгейі туралы толығырақ ақпаратты, сонымен бірге ре-спондент мінез-құлқының мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді.

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

Дизайн және беттеу Степанец Наталья

Басылымға берілді 09.2017 ж.Форматы 60х84 1/8. Гарнитурасы «MM Peterburg».

Көлемі 11 п.л. 500 дана. Тапсырыс № 16.

«JSD.KZ» ЖШС баспасында өңделіп басылып шықты. Астана қ., Б. Момышұлы к-сі, 18тел.: 8 (7172) 405118e-mail: [email protected]