nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/erlikke_tagzim.docx · web viewТәуелсіз Қазақстан...

25
Исатай аудандық білім бөлімі Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы» Дайындаған: Жоғары санатты бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы Қабиев Парух Ғатауұлы

Upload: others

Post on 23-Feb-2020

7 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Исатай аудандық білім бөліміҒибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп

Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»

Дайындаған: Жоғары санатты бастапқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы-оқытушы

Қабиев Парух Ғатауұлы

Х.Ерғалиев ауылы 2014 жыл

Page 2: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Қабиев Парух Ғатауұлы АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы,

Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектебі,Исатай ауданы,Атырау облысы

Жүйенің негізі:Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»

Іске асырушылар:

Мектеп әкімшілігі, БӘД ұйымдастырушы-оқытушы, 10-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері.

Маңыздылығы:

Оқушылардың рухани – адамгершілігін дамыту.Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтқан сарбаздардың ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Идеясы:

«Қоғамның топтасуының бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы болуы тиіс.»

Мақсаты:

Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.

Міндеттері:Елбасының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру, әскер жасына дейінгі жасөспірімдер арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бұл шарада ел өміріндегі әскери қызметтің маңыздылығы атап көрсетіледі. Болашағымызды жалғайтын жас толқынға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігін түсіндіруді көздеген Ерлік сабағы барысында жауынгерлердің Отан қорғаудағы, бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қалтқысыз қызметі жөнінде әдемі әңгіме өрбіту.

Күтілетін нәтижесі:Мұндай кездесулер жас толқынның жүрегінде Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге қызығушылығын оятуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Еңселі ерлердің ерлігін ту еткен бұл жылы жүздесу егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер-азаматтарының ұлы борышы екендігін жас буынға жан-жақты түсіндіру

Page 3: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ   Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем

шығармалар арқылы ой -өрістерін қеңейту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік мақсаты:

1. Атыраулық кеудесін оққа тосқан батыр-Боран Нысанбаевтың ерлігін үлгі тұту

2. Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығы оқушылар үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі –өнегесі болып қала бермек.

3. «Қазбаттың» қайтпас ерлігі ешқашан ұмытылмайды

4.Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: Мультимедиа проекторы ,кітап көрмесі, фотосуреттер, нақыл сөздер.

    Тәрбие сағатының әдісі: Шығармашылық ізденіс,көрініс, әңгіме, лекция.

    Тәрбие сағатының түрі: Кіріктірілген, семинар сабақ.

    Тәрбие сағатының құрылымы:

 1.Ұйымдастыру

2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»

I. Сахналық қойылымII. Батыр есімі ұмытылмайды

III. Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

3.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды. 

І-ЖүргізушіӘр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға  қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым ету – ұрпақтың парызы» атты Ерлік сабағын ашық деп жариялаймыз.

ІІ-ЖүргізушіӘкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.

Әнұран.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті бүгінгі шараға қатысушылар!

Page 4: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс көлемінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы ерлік айлығы өтіп жатқаны жөнінде бәрімізде хабардармыз. Осындай айтулы шара біздің мектебімізде де өз жалғасын табуда. Әскери-париоттық тәрбие мен жастарды әскери қызметке даярлау қазіргі кездегі ең көкейкесті мәселе. Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметті ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау, және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ерлік айлығы аясында «Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағына Хош келдіңіздер, аяулы ардагер ағалар, құрметті ұстаздар және оқушылар!

I Сахналық қойылым:

Бейбіт тірліктегі ел халқы – жастары мен жасамшы көшеде қыдырыстап жүреді. 1941 жыл 21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет көшедегі радио торабынан елдің тынышын алған қара хабар беріледі.

Кенет радиодан:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап,елімізге опасыздықпен басып кірді. Мұны естіген жұрттың дегбірі кетіп, әбден абдырайды.

1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»1 азамат:Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішерЕр басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?Бәрі: Отан үшін аттанайық! Бұдан әрі сахнаға әскери киім киген қыздар көтеріліп, Топпен ән айту «Темная ночь»Соғыс жалмап аға - іні бауырды,Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.Жалғызынан айырыпты ананы,Әкесінен айырыпты баланы.Жүргізуші: Иә,бұл сұм соғыстың отты шарпымаған отбасы кемде-кем шығар.Үлкен қантөгіспен, ерік-жігермен келген жеңістің біз үшін орны бөлек.Қаншама жас жігіт пен қыз, әке мен ана туған халқының амандығы мен бостандығы, бақыты мен

Page 5: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

болашағы жолында аямай күресті. Олар тым жас еді. Сонда да өздерінен кейінгілердің өмірінің салтанат құруын армандады, сол үшін жанын қиды.

Видео:Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында! (1)

Сол кезде жауынгерлерге рух берген Майдан әндерін тыңдайықII. Батыр есімі ұмытылмайды

Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, қанды шайқастарға толы күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.

Рахмет,отырыңыздар!

I.Жүргізуші. «Ұлы Отан соғысы» мен «Жарияланбаған соғыста» және «Қазбаттың» тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан , Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.Рахмет!Жүргізуші: Бүгінгі Ерлік сабағына арнаулы шақырылған қонақтарымызды таныстырып өтейін:1.Ардагер ұстаз, ауылдағы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ниғыметжанов Сергей ағай.2.Чернобыль ардагері Ғұбашев Алхам ағамыз.3.ҚР ҚК ардагері,запастағы майор Бозбалиев Мұрасбек ағамыз.4.Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары,жұмылдыру дайындығы және аймақтық бөлімшесінің бастығы,капитан Бекмуханов Альберт ағамыз.5.Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісім-шарт бойынша әскери қызметке іріктеу және шақыру бөлімше бастығының көмекшісі Габайдуллина Лаиля Альфредовна апайымыз.6.Ауған соғысы ардагерлері Мұхтаров Әлмұрат пен Ғұмаров Қадыржан ағаларымыз.7.Тәжік-ауған соғысына қатысқан жауынгер Досниязов Мәлік ағамыз.8.Ақтау қаласындағы 2911 әскери бөлімінің келісім-шарт бойынша қызметкері ,кіші сержант Сағынтайұлы Ербол ағамыз.9.Аудан орта мектептерінің БӘД ұйымдастырушы-оқытушылары.

Page 6: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

БӘД ұйымдастырушы-оқытушы Қабиев Парух Ғатауұлы

Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған қазақтың балауса жасы елін, туған жерін жаудан қорғауға аттанды.Олардың көпшілігі өмірдің қызығын да көрместен майдан даласында опат болды. Ерен ерлігі үшін 502 қазақстандық азамат Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Біздің облыста он Кеңес Одағының батыры, бір Халық Қаhарманы, төрт «Даңқ» орденінің толық иегерінің болуы-баға жетпес мақтанышымыз. Үлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі, майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, тамақ, оқ-дәрі, атты әскер полктарына жылқы және тағы басқа қажетті бұйымдарды жеткізудегі еңбектері ерекше болды.Тылда еңкейген кәрі ата мен әже, әйелдер, кәмелетке толмаған жас балалар уақытпен санаспай, таң атқанннан күн батқанға дейін жартылай аш,жеткіліксіз киім,нашар баспана жағдайында еңбек етті.Соған қарамастан, майданға қажетті нәрселердің барлығын уақытылы жеткізіп отырды.Тамаша еңбектің үлгісін көрсетті. Ал,Новобогат ауданы (қазіргі Исатай) еңбеккерлері соғыс кезінде үш рет Қорғаныс Комитетінің «Ауыспалы Қызыл Туын» жеңіп алғаны туралы деректер бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы батырларының өмірі мен жанқиярлық ерліктерін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілуде.Осы мақсатта қыркүйек айынан бастап Атыраулық Кеңес Одағының Батырларының өмірі мен ерлігін жастарға тереңірек таныстыру үшін іс-шаралар өткізілуде. Өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Екінші дүниежүзілік соғысты қазақ халқы есінен еш шығармасы анық.Сол миллиондаған боздақ қаны төгіліп, осыншама шаңырақтар қайғы жұтты. Ұмытылмас ерліктер жасалып, қару құрсанған жаумен арыстанша алысқан азаматтардың есімі тарихқа алтын әріппен жазылып қалды. Осындай өшпес ерлік жасағандардың қатарында халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев та бар. Ұлы Отан соғысында жерлесіміз Боран Нысанбаев жау дзотын талқандап,теңдессіз ерлік жасағанына биыл 71 жыл, ал туғанына 96 жыл толып отыр.

Page 7: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Боран Нысанбаев 1918 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді-мекенінде дүниеге келіп,»Бает» бастауыш мектебінен білім алады. Одан әрі бала Боран жанұясының жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмайды да, бұрынғы «Красный Октябрь» колхозынан бір атар қой алып, шопан болады. Боран жас кезінен ақкөңіл, қарапайым, қамқор,мейірбан-ды.Сонымен қатар намысшыл, қызба, басынан сөз асырмайтын өжет, өткір болатын.Ашуы тез қайтып,кек сақтамайтын, ешкімге жамандық ойламайтын жан еді дейтін.Сол кездегі құрдастарының айтуына қарағанда, Боран денесі шымыр,құрдастарымен күрескенде бой бермейтін қайратты жігіт болды деседі.-Боран 1942 жылы 6 қаңтарда Есбол ауданының әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылып,№137-атқыштар дивизиясының №771-ші полкінде минометші болған.1943 жылдың 6 ақпаны күнгі қысы бет қаратпас аязды әрі боранды болыпты.Осы күні Жоғарғы қолбасшылықтан Орлов облысы,Покров ауданы,Лески деревнясын жаудан азат ету тапсырмасы берілген.Сол үшін полковник Алферовтың 137-ші дивизиясының 771-ші атқыштар полкінің 1-ші миномет ротасы кескілескен ұрыс жүргізіп жатты.Бірақ,бітеу дзоттарға мықтап бекініп алған жау жағы, біздің әскерлердің әрбір шабуылын түтеген ажал оғымен қарсы алып, бас көтертпеген.Бір сағаттай мерзімге созылған артиллерияның күшті соққысынан кейін екі рет шабуылға көтерілген біздің батальон қызыл әскерлері алға қарай жылжуына ешбір мүмкіндік болмаған. Сол кезде қатардағы жауынгер, 1-ші минометшілер ротасының минометшісі, бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері Боран Нысанбаев командирден оқ жаудырған ұяны бұзуға рұқсат сұрайды.Сөйтіп, беліне бірнеше гранатаны байлап алып, алға қарай еңбектей жөнеледі. Боран ажал оғын сеуіп тұрған дзотқа жақындап барып, екі мәрте өршелене ұмтылып, дзоттың аузына қосақ-қосақ байланған гранаталарды лақтырғанымен жау пулеметтерінің үні қайтадан өшер болмады. Осы шешуші шақта біздің

Page 8: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

әскерлеріміздің қайткенде де жолын ашып,алға жылжуын қамтамасыз ету мақсатында танкіге қарсы қолданылатын ауыр гранаталардың бірнешеуін өз денесіне байлап алған ол өз өмірін құрбан етіп, жау бекінісінің ішіне қойып кетеді.Құлақты тұндырар сұрапыл гүрсілмен бірге жау дзотының астан-кестені шығып, күлі көкке ұшады. Талқандалған жау бекінісінің орнында 28 неміс-фашисті мен офицерінің өлігі қалған. Осы жерден комсомол мүшесі Боран Нысанбаевтың да денесі табылған.

Боранның майдандағы дивизиясының командирі А.Алферов «Ондай адамды кім ұмытады?Боран ештеңеден тайсалмайтын өжет жігіт еді.Оның ерлігі жауынгерлерді жеңіске рухандырғанын мен өз көзіммен көрдім... Қазақ халқының мұндай батыр ұл туғанына мақтанамын оның ерлігіне бас иемін» деп жазды. Аттанған алғы шепке жауды көріп,Намысы туған елдің қайрат беріп.Ерлігін бүгінгі ұрпақ етеді аңыз,Кетсе де, ол бұл өмірден ерте сөніп.Атойдан ұран салды қалың топқа,Қарамай түтіндеген өрт пен оққа.Уралап, биікке өрлеп,дзотты жарды,Қайран ер Отан үшін ұшты оққа. Жерлесімізге теңдесі жоқ ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығымен ерлікпен қазаға ұшыраған Боран Нысанбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Батырдың әскери билетіндегі сиямен жазылған оның ата-тегі, батыр атағына ұсыну жөніндегі құжаттарды асығыс рәсімдеу кезінде қапелімде дұрыс танылмағандықтан орыс командирі оны Нысанбаев деп жазудың орнына Исанбаев деп қате жазып жібергені анықталды. Салғырттықтың кесірінен жерлестері мен туған-туыстары оның ерлігін көпке дейін білмей келді. Тек 20 жыл өткен соң,1963 жылы Орел қаласының қызыл ізшілері мен жерлесіміз, өлкетанушы Кенжеғали Қайыптың еңбектерінің арқасында жаңсақтық түзелген екен.Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 23 сәуірдегі №324 Жарлығымен Зеленый ора мектебіне Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың есімі берілді.

Page 9: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Батырдың Атырауда тұратын інісі Оңдасын Нысанбаев ағасының ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау әлі күнге дейін екінші орында қалып келетініне, өз дәрежесінде ұлығыланбай жүргеніне қынжылады.Бұл туралы Қайып Кенжеғали былай дейді: «Бұған дейін Боран Нысанбаевты А. Матросовтың ерлігін қайталады деген бұрмаланған ақпараттар тараған еді. Ақиқатында, Б.Нысанбаев ерлігін А. Матросов 17 күннен кейін қайталады. Себебі,Б.Нысанбаев 1943 жылдың 6 ақпанында Орел облысының Лески деревнясында жаудың дзотын жарып ерлікпен қаза тапты. Сол жылы 23 ақпанда А.Матросов Псков облысының Чернушки деревнясында батырдың ерлігін қайталап,мерт болды».Қалай болғанда да ерлік естен кетпейді. Беліне гранаталар байлап, фашистер бекінісіндегі дзоттың ішіне еніп, өзінің өмірін қиып, жаудың үнін өшірген батыр Боран Нысанбаев деген кім еді, оның жақын ағайын-туыстары бар ма, олар кімдер, оны қазіргі жастардың бірі білсе, бірі білмеуі де мүмкін ғой. Ол-Кіші жүздің, он екі ата байұлының , жеті баулы Беріш руының Құлкеш атасынан тарайтын, ел аузында «Етжемес» деп аталатын Құттыбайдың 9 баласының бірі.Дәуіттен-Күсеп туған екен. Күсептен-Жандай, одан Ермен, Ерменнен-Нұрсұлтан мен Мәстек өмірге келген.Боранның әкесі Мәстеков Нысанбай ұлының ерлікпен қаза тапқанын естіп, «Ұлым , сен текке өлмегенсің, Отан үшін жаныңды қидың. Сол үшін халқың мақтан етеді» деген екен. Боран ауылына жазған бір хатында: «Сәлем саған, менің сүйікті Отаным, Шығыстың гүлстан елі, бостандық жалауы желбіреген ел деп айқайлап жібергім келеді. Сол сүйіспеншілік балалық шақтың бесігінен басталып, менің өз үйімді, өз елімді, туған Отанымды сүюіммен ұштасып, біте қайнасып жататынын жасыра алмаймын!» деп ақтарылған. Не деген еліне деген сүйіс-пеншілік, патриоттық сезім десеңізші! Ұлы Отан соғысындағы Одақтағы басқа да ұлттармен бірге, қазақ халқы да батырлық пен шыдамдылықтың, тапқырлық пен еңбекқорлықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісін көрсетті, бұл ерлік қазіргі жас ұрпаққа үлгі, өнеге болып қалады.

Page 10: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз. Чернобыль апатына қатысқан ардагер ағаларымыз бүгін біздің ортамызда. Олар Алхам және Данабай ағаларымыз. Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 29 жыл толады. Осыдан 6 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды. Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды. 1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды. Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты7

1978 жылы Ауғаныстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қайрат елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және оның айналасындағы шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-дк КСРО қорғаныс Министрі берген бұйрығымен Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді.Ал бірақ акция тағы үш жылдан астам уақытқа созылатының олар білмеді.Кеңес әскерлерінің Ауғаныстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел қателігі болды.

Page 11: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Соғысты кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып , жан беру. Соғыс халықтын басына келген қасірет жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы, 110 айға созылған ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысында Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты,Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты, 898 жауынгер құрбан болды, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Соғыста 417 жауынгер тұтқынға түсті, 119 жауынгер тұтқыннан босатылды. Мемлекеттік кино мен радиодан, Құрылыс Министрлігінен 20 адам, ішкі әскерден 28 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 572 адам қаза тапты. 2238 күнге созылған Ауған соғысында Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты, 118 ұшақ , 800 танк , 11369 әскери техника қирады.Исатай ауданы бойынша Ауған соғысына 11 жауынгер қатысты.Олар Аққыстаулық-Мұратов Есім,Мусин Болатжан,Қазыбаев Теміржан,Рысқалиев Нұрқуат,Әбуов Жомарт,Тұшықұдықтық-Садихов Дабысқали,Абдолов Айболат,Қамысқалалық-Мұхтаров Әлмұрат,Құмаров Қадіржан,Хасанов Арсылан,Жанбайлық-Тастанов Жантемір.- Өтер жылдар, артып тағы алыстапТағдыр талай тауқыметін табыстар.Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 7 сәуірдің алатын орны ерекше. Бұл күн – осыдан 18 жыл бұрын Ішкі әскерлер тарихына өшпес із қалдырған өлшеусіз ерліктің күні болып саналады. Дәл осы күні тұтқиылдан тап берген жаумен болған қанды ұрыста ішкі әскердің 17 жауынгері қапыда қаза болды. Олар қыршын кетсе де, ақтық демі қалғанша арпалысып, ел намысын бермеді. Биылғы жылдың 7 сәуірі күні сол сұм шайқастың болғанына он сегіз жыл

Page 12: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

толды. ІІМ Ішкі әскерлер комитеті елордадағы «Отан-Ана» монументі алдында ерлік үлгісін көрсетіп, мерт болған жауынгерлерді еске алды.  90-шы жылдары Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтарға батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерінің ерлігі ел есінде. ТМД елдерінің 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» халықаралық келісімшартына сәйкес Қазақ елінің бітімгерлік батальоны 1993-1999 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасын күзетуге жұмылдырылған болатын. Осы уақытта кезекті ауысым бойынша 20 құрама рота құрылып, 2 мыңнан астам жауынгер жат жердің шебін қорғап, тәжік халқының тыныштығын сақтауға ат салысты. Бірақ 1995 жылдың 7 сәуірінде орын алған қайғылы оқиға қарасы қалың қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Таулы Памирдің Пшихавр шатқалынан жүк алып өтіп бара жатқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бітімгерлік колонасы тұтқиылдан ауғанстандық моджахедтердің нысаналы шабуылына ұшырайды. Төрт сағатқа созылған қанды қақтығыста Ішкі әскердің 17 жауынгері оққа ұшып, отыз үш әскери қызметші түрлі дәрежедегі жарақат алады. Бірақ өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Шайқаста қаза болған Ішкі әскер жауынгерлерінің есімдері олар қызмет еткен әскери бөлімнің жеке құрамының тізіміне алтын әріппен жазылды. Оларға арналып Ішкі Әскерлердің барлық әскери бөлімдерінде ескерткіштер мен тақталар орнатылды. Астаналық Отан қорғаушылар саябағындағы «Отан-Ана» монументінің жанында Ішкі Әскерлердің 17 батыр жауынгерін еске алу аллеясы бар. Бұл оқиға туралы естелік кітап жарық көріп, «Казбат» деректі фильмі түсірілді..Содан бері 18 жыл өтсе де, Ішкі әскер жауынгерлері жат жерде ерлікпен оққа ұшқан алаш ұлдарын еске алып, аруақтарына тағзым етіп келеді. Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтатын сарбаздардың мұндай ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Олар Қазақстанның Ішкі әскерлерінің қатарынан шыққан даңқты ұлдар, аяулы ерлер ретінде мәңгі есте қалмақ. Тәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға жеткізу – біздің міндетіміз. 1993 жылдан 2001 жылға дейін қазақ жауынгерлері көршілес Тәжікстандағы лапылдаған соғыс оты біздің елге көшпесін деп қан төгіліп жатқан ауған шекарасын күзеткенін бүгін еске бәрі де ала қоймас. Дегенмен, ең алғашқы қаза болған қазақстандық жауынгер, шекарашы кіші сержант Раджан Батырхановтың 1994 жылы 18 қыркүйекте қаруланған лаңкестік топпен батырдай шайқасып, жолдастарын құтқарып, жаудың оғына ұшқанын неге біз еске алмаймыз. 1995 жылы 7 сәуірде қоршауға түсіп, ұзаққа созылған шайқаста қаза болған қазақстандық 17 жауынгер өз әскери борышын абыройлы атқарды. Бұл да еліміздің тарихы. Бүгінгі жастар, болашақ ұрпақ осы және тағы да басқа Қазақстанның батыр жауынгерлерін ұмытпауы қажет.

Видео:Қан майдан қаһармандарына мың тағзым!Топпен ән айту Тыныштық баршамыздың ұранымыз,Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.

Page 13: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Арманның асқарына қанат қаққан,Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.Ән:«Бейбіт күн тілегі»,Жүргізуші: Біздің әр күніміз-тарих,Әр күніміз-ерлік шежіресі. Сол тарихты жасаған батырларды ерлік жолын қағаз бетіне түсіру арқылы бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді.Олай болса «ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды»дегендей Боран ата өмірі бізге үлгі, ұрпаққа мұра, алдында бас иіп, кешімізді жалғастырайық!

III. Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!Жырым барда жаралған жаныңды емдер,Өлгендердің жәнатта болсын жаны,Тірілерің мың жаса, дәрулеңдер-дей келіп, құрметті қауым, бүгінгі күннің арнаулы шақырылған қонақтарының қатысуымен ерлік сабағын әрі қарай жалғастырамыз.Құрметті қонақтар тағы да қош келдіңіздер!Өз өмірлеріңіздегі естеліктеріңізден сыр шертіп, көрген қиындықтарыңызды,Қарулы Күштердің қазіргі таңдағы жетістігі туралы әңгімелеп берсеңіздер.

Ардагерлер еске алар өткендерді,Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,Жеңіс алып, еліне жеткендерді,-

Қымбатты ардагерлерімізге, қонақтарымызға сөз беріледі./Ашық микрофон/

Сіздер айтқан естеліктер бүгінгі ұрпаққа, өсіп- өркендеп отырған қоғамға көбірек қажет деп ойлаймын. Өйткені «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дегендей, асыл азаматтардың жүріп өткен жолдары, ел қамын жеген мақсат-мұраты мен тындырған игі істері әр қазақ баласы ғибрат аларлықтай үлгі – өнеге болмақ.

- Қорғаныс бөлімі қызметкерлері өз еңбек жолдарыңыз жайында әңгімелеп берсеңіз.Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы туралы сөз қозғасаңыз.-Ауған соғыс ардагеріҚадыржан аға! Рахмет әңгімеңізге ауған соғысының отты жылдары бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпаққа өшпес өнеге болуға тиіс дейсіз ғой.

Сұрақтар қандай әскери оқу орындары бар?Майдан әзілдері:Көркемсөз. Оқитын-Бүгінгі таңда елім деп, жерім деп, күн-түні көз ілмей Отан қорғап жүрген сарбаздарымызға арналады.Ән: СарбаздарБіз Отанның ұланымыз,Біз Отанның қыранымыз!Біз бақыттың түлегіміз!Біз Отанның жүрегіміз!

Page 14: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі шарамызды аяқтай келе батырлыққа, батылдыққа баулаған өнегелі ерлік сабағы болды деп түйіндейміз.Кейінгі жастарға үлгі аларлық оқиғаларды әсерлі әңгімелеп бердіңіз үшін, мектеп ұжымы атынан және шәкірттер атынан көп-көп алғыс айтамыз. «Ерлік ешқашан ескірмейді» деген бүгінгі жас сіздерді әрқашанда мақтан тұтады.Ал оқушыларымызға айтарымыз Отанның және халқыңа берілген патриот ұл –қыздары болыңдар.Ешкім де, ешқашан да соғыстың не екенін білмесін деп тілеймін. Алайда, бүгінгі ұрпақ-өздерінің бейбіт өмірінде, алаңсыз күлкісінде, тыныш ұйқысында, үміттері мен армандарында, тербелген талбесіктердің қуанышында, аққу махаббаттарының бал татыған қызықтарында Отанды қорғаған аталарының, апаларының ерлігінің үлесі тұрғанын ұмытпаулары керек. Ұмытпайды да.Оқушылар бірге:Ерлікті ешқашан ұмытпаймыз!

Ән:«Ана туралы балада»Жас ұрпақ тілегі:Бейбіт күн асқары.Ашық боп тұрсын де Әлемнің аспаны! Топпен ән айту: «Әрқашан күн сөнбесін!» 2-жүргізуші:Оқушылар ертеңнің иесі, мәңгілік елдің ұпақтары сендерсіңдер. Өз мірлеріңіз өз қолдарыңда «Ерен еңбек пен ерлік бағаланбай қалмайды» дегендей Отан үшін адал еңбек етіңдер, ел үшін ерлік іс тыңдырыңдар! Құрметті ардагер ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі«Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағын аяқтаймыз, Бүгінгі шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

Page 15: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға
Page 16: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

9 мамыр және Отан қорғаушылар күніне орай аудандық білім бөлімінің Құрмет тақтасында

2015 жыл

Аудандық «Жыл мұғалімі-2015» сайысына қатынасушылар

Page 17: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Аудан әкімінің орынбасары Мәди Өтеғалиевтің Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдінов медалін тапсыру сәті

Page 18: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сағираш Беркалиеваның «Жыл мұғалімі-2015» сайысының жүлделі I-орын иегері Парух Қабиевті марапаттау сәті

Марапат иесі әріптестер ортасында

Page 19: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Отан қорғаушылар күнінде Талғат Бигелдінов медалімен марапатталған әріптестер

Облыстық әскери-патриоттық клубтар жиынына қатынасушы Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектептің

«Отан»әскери-патриоттық клуб мүшелері

Page 20: nvp-kz.narod.runvp-kz.narod.ru/Erlikke_tagzim.docx · Web viewТәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға

Қабиев Парух Ғатауұлы

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы,

Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектебі,

Исатай ауданы, Атырау облысы