МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … ·...

8
2-бет 7-бет 3 6 8 ЕЛОРДА 27 маусым, сенбі 2020 жыл №95-96 (19971-19972) e-mail: [email protected] www.syrboyi.kz Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси газет 1929 жылдың 1 шілдесінен шығады COVID-19: МАМАН МІНБЕРІ 4 МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА Ғазиза ӘБІЛДА, «Сыр бойы» S b БАЙҚАУ – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індет, өкінішке қарай, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, Өзіңіз- дің басшылығыңызбен мем- лекет көптеген әлеуметтік- экономикалық іс-шараларды қолға алды. Одан жалпы жұрт хабардар. Елімізде жарияланған төтенше жағдай екі айға жуық мерзімге созылды. Карантин шаралары әлі де жалғасып келеді. Жалпы соңғы кезде каран- тин шараларына қарамас- тан елімізде індет тез та- ралуда. Қазірдің өзінде дерт жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Жүзден аса адам осы науқастан қайтыс бол- ды. Жұрт кәдімгідей үрей құшағында қалды. Бұл індет түрлі деңгейдегі билік өкілдерін де айналып өткен жоқ. Ел арасында «Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейді» деген секілді әңгімелер де аз емес. Дүрліккен жұртқа қандай басу айтасыз? Расында да, осы індеттің тара- луына қарсы күресте жеңіліп жатқан жоқпыз ба? – Шынында да, бұл індет біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұр- мыс-тіршілігін өзгертті. Ауыр дерттің алдында дамыған мем- лекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білеген АҚШ, Азия алыптары – Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тағы басқа да елдер тығырыққа тірелгендей. Ал қазір, «біз осы індетпен күресте жеңіліп жатырмыз не- месе Үкімет ахуалды бақы- лаудан шығарып алды» деуге болмайды. Өздеріңізге мәлім, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұқ- палы ауруларға арналған үш аурухана жедел салынды. Басқа өңірлердегі ауруханалар керек- жарақпен жабдықталды. Нау- қастарды емдеуге дәрігерлері- міздің біліктілігі жетеді. Қазір, ақ халатты абзал жандар күндіз-түні осы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Мемлекет тара- пынан қажетті қаражат бөлінді. Бір нәрсені айта кетейін, биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар. Лауазымды қызметкерлер жұ- мыс бабына байланысты бір- қатар азаматтармен кездесуі керек, сондықтан ел ішіндегі іссапарларға шығады. Сондай жағдайда кеселді жұқтырып алуы мүмкін. Иә, олар да ауырады, науқасынан емделеді. Билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдықты. Ал қазіргі статистика бойынша, вирус жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Яғни олардың көпшілігі – қарапайым халық. Бұл жердегі мәселе кімнің қалай жұқтырып алғанында емес. Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет. Ауруға шалдыққандарды шенеунік немесе қарапайым жұрт деп бөліп қарауға болмайды. Қазақ «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұтып, бір қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін ешкім де бұл аурудан өзін толықтай қорғай алмайды. Бір планетаны мекен еткен соң өзге елдегі дерт бізге келмейді деп бейқам отыра алмаймыз. Пандемия шекараға қарамайды. Сақтансақ қана өзімізді, жақындарымызды аурудан аулақтата аламыз. Сондықтан ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақы- рамын. Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ. Біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн. (Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбаты) Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР Симптомды жаңа 18 жағ- дайдың барлығы скринингтен анықталса, симптомсыз коронавирус инфекциясының 56 дерегі тіркелді. Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 21-і қарым-қатынас арқылы жұқтырған,– деді ол. Сондай-ақ, вирус жұқтыр- ғандармен байланыста болған 6858 азамат анықталды. Оның 4402-сі тікелей қарым-қатынаста, 2456-сы жанама байланыста болған. Ал 565 адам аурудан айықты. «СБ» ақпарат Симптомды – 18, симптомсыз 56 дерек тіркелді Жұма күні аймақта коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 615, симптомсыздар 416 -ға жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов мәлімдеді. ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ақпараттық сала – қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандық және нақты ұлттық өлшеміндегі бөлінбес бөлшегі» деген болатын. Технологиялардың қарыштап дамуы әлемдегі ақпарат алмасу жылдамдығын еселеп арттырып, медиа саладағы бәсекелестікке әкелді, әрі журналист мамандығына айрықша жауапкершілік жүктеді. Қазіргі қоғам үшін журналист жеделдік пен шынайылықты, икемділік пен біліктілікті бойына сіңірген, мәселені жан-жақты зерттеп, талдап, көрермен мен оқырман назарына ұсынатын кәсіби, әмбебап маман. Сіздер ғаламдық даму көшіне ілесу мақсатымен елімізде және өңірімізде жасалып жатқан тың реформаларды халыққа түсіндіріп, насихаттау арқылы аймағымыздың дамуына ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр Үкімет қаулысымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні бекітілді. Топырағы киелі Сыр өңірін мемлекетшіл, халықшыл журналистердің алтын ұстаханасы деп атасақ, қателеспейміз. Аймақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек сіңіргендердің арасынан Асқар Тоқмағанбетов, Қалқабай Әбенов, Мырқы Исаев, Нұрділдә Уәлиев, Евгений Хан, Ахат Жанаев, Сахитжан Бермағанбетовті және т.б. атап өтер едім. Пандемиямен күрес кезінде қауіп-қатерді елеместен, халыққа қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, тынбай атқарған қызметтеріңіз үшін Сыр елі халқы атынан зор ризашылығымды білдіремін. Ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Жеткізер жақсылықтарыңыз таусылмасын, қаламдарыңыз мұқалмасын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жақындарыңызға жанашыр болыңыз! Біз біргеміз! Облыс әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА Исмаил Тунжер мен Индира Жамалова бес баланы тәрбиелеп отырған ата-ана. Кәсіппен айналысып жүргендеріне он жылдан астам уақыт болған. Кәсібін тауарларды алып-сатумен бастап, 2011 жылдан бері «Gal- aksi Group» компаниясының Қызылорда облысындағы диллері қызметін атқарып келеді. Бүгінде Исмаил Тунжер – аймақта пластик терезелеріне қажетті құрал- жабдықтарды жеткізіп беруші ірі кәсіпкерлердің бірі. Үнемі ізденісте жүретін кәсіпкер отбасымен бірге өндірісті қолға алуды ойлас- тырып, мамандардан кеңес алды. Алғашында кәсібін Шымкент қаласында аш- пақшы болған ол кейін Қызылордада болғаны тиімді деген шешім қабылдайды. Осылайша осы жылдың қаңтар айында Кәсіпкерлер палатасының мамандарымен кеңесіп, жеңілдетілген несие алуға талаптанды. – Исмаил Тунжер мырзамен жұмысты қаңтар айынан бастадық. Жобасының құны – 200 млн теңге. Құжаттарын әзірлеп жүргенімізде елімізде төтенше жағдай енгізілді. Кәсіпкер қиындыққа мойы- май, табандылық танытып, карантин кезінде жаңа өндірісін іске қосты. Бұл жерде мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржыны берген «Halyk Bank»-тың облыстық филиалы мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Жобаның маңыздылығын ескере отырып, кәсіпкерге барлық жағдайды жасады, сапалы қызмет көрсетті дейді жобаны сүйемелдеген Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков. Өндіріс сәуір айының аяғында іске қосылды. Жобаға қажетті қаржының төрттен бір бөлігі, яғни айналым қаражаты «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 пайызбен берілді. Кәсіпкер «Даму» қорының облыстық филиалы арқылы алған несиесіне субсидия да алды. Кәсіпкер жеңілдетілген несиеге алған қаржыны шикізат алуға пайдаланбақ. Шикізатты Қытай, Түркия елдерінен, Алматы қала- сынан алмақ. Жоба аясында сантехникалық және кәріздік, сондай-ақ өзге де құбырлар шығаруда. Аталған тауар- ға сұраныс қазірдің өзінде бар. Дайын өнім облыстың аудандарынан өзге Шымкент қаласына да жеткізілуде. Бүгіннің өзінде Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан, Бішкектен хабарласып, тапсырыс беруде. – Кәсіпкердің жобасында ерекше ұнаған бір жері бар. Өнімдерін бұрын қолданыста болған тауарлардан да, сондай-ақ таза шикізаттан да жасай алады. Мәселен, қажетсіз қалдық ретінде тасталған пластик терезелерді қайтадан өңдеп, дайын өнім етіп те шығаруда. Бұл жоба өңіріміздің экологиялық қауіпсіздігіне де үлес қосатын өндіріс болмақ, дейді Жасұлан Серіков. Кәсіпкер Исмаил Тунжер жаңа жобасы аясында әзірге күніне 3,5 тонна өнім шы- ғарылып жатқандығын айтуда. Жоба толық іске қосылғанда күніне 10 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндігі бар екен. Әзірге 12 адамды жұмыспен қамтуда. Алдағы уақытта жұмысшыларының санын 20- ға жеткізу ойда бар. «СБ» ақпарат Маусымның 26-сы күні ҰБТ Қызылорда қаласында бастау алды. Білім сынағының бесінші күнінде Жалағаш, Жаңақорған, Сырдария аудандарының мектеп оқушылары тест тапсырды. Онда Қызылорда қаласында екі бірдей тестілеу пунктінде сынақ ұйымдастырылды. Санитариялық ережеге сай әрбір түлек дезинфекциялық туннельдерден өтіп, бетпердемен және арнайы тексерістен өт- кізілді. Тыйым салынған заттарды анықтау барысында Қызылорда қаласынан 4 түлек ұялы телефон алып келуіне орай тестке қатысу құқығынан шеттетілді. Ал, аудандарда мұндай жағдай орын алған жоқ. Бұл күні білім сынағына Қызылорда қаласы бойынша 469 оқушы қатысты, 9 оқушы өз еркімен тестілеуге қатыспады. 469 оқушының 87-сі – Сырдария ауданының оқушылары. Ұлттық тестілеу барысында басқарма басшысы Ақзира Қасымова түлектерге сәттілік тілеп, білім сынағы кезінде талап- қа бағыну қажеттігін қаперге салды. Маусымның 27-сіне Қызыл- орда қаласы және Жалағаш, Сырдария аудандары бойынша 454 түлек тест тапсырады. ҰБТ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 5-корпусында және “Мұрагер” мектебінде өтеді. Айта кетейік, әзірге Ұлттық тестілеу сынағында ең жоғары 130 ұпай Шиелі ауданында тіркеліп отыр. ҰБТ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БАСТАЛДЫ ЖАҢА ӨНДІРІС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Қызылордада құбыр шығаратын жаңа өндіріс Кәсіпкерлер палатасы мамандарының сүйемелдеуімен жұмысын бастады. ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР АУРУ ЖҰҚТЫРҒАН Ана мен баланың есен-саулығы – еліміздің басты құндылығы. Осы құндылықты қорғауды басты міндеті еткен облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері пандемия кезінде тіпті қауырт жұмыс режимінде еңбек етуде. Карантиндік шараларды сақтана отырып орталықта 15 наурыздан бері барлығы 3074 ана босанса, оның ішінде 11 әйелден COVID -19 диагнозы анықталды. Меймандос мегаполис, құтты мекен Тілшіліктен – елшілікке К өкжиек көз ұшында менмұндалап Б ір керуен бар, тоқтатуға болмайтын...

Upload: others

Post on 17-Oct-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

2-бет

7-бет

3 6 8ЕЛОРДА

27 маусым, сенбі 2020 жыл

№95-96(19971-19972)

e-mail: [email protected] www.syrboyi.kz

Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси газет • 1929 жылдың 1 шілдесінен шығады

COVID-19: МАМАН МІНБЕРІ

4МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА

Ғазиза ӘБІЛДА,«Сыр бойы»Sb

БАЙҚАУ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырған індет, өкінішке қарай, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Пандемия алғаш басталғаннан-ақ, Өзіңіз-дің басшылығыңызбен мем-лекет көптеген әлеумет тік-эко номикалық іс-шара лар ды қол ға алды. Одан жалпы жұрт хабардар. Елімізде жарияланған төтенше жағдай екі айға жуық мерзімге созылды. Карантин шаралары әлі де жалғасып келеді.

Жалпы соңғы кезде каран-тин шараларына қарамас-тан елімізде індет тез та-ралуда. Қазірдің өзінде дерт жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Жүзден аса адам осы науқастан қайтыс бол-ды. Жұрт кәдімгідей үрей құшағында қалды. Бұл індет түрлі деңгейдегі билік өкілдерін де айналып өткен жоқ. Ел арасында «Үкімет індеттің таралуын бақылаудан шығарып алды, сондықтан ауруханаларда орын жетіспейді» деген секілді әңгімелер де аз емес. Дүрліккен жұртқа қандай басу айтасыз? Расында да, осы індеттің тара-луына қарсы күресте жеңіліп жатқан жоқпыз ба?

– Шынында да, бұл індет біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұр-мыс-тіршілігін өзгертті. Ауыр дерттің алдында дамыған мем-

лекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білеген АҚШ, Азия алыптары – Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тағы басқа да елдер тығырыққа тірелгендей.

Ал қазір, «біз осы індетпен күресте жеңіліп жатырмыз не-месе Үкімет ахуалды бақы-лау дан шығарып алды» деу ге болмайды. Өздеріңізге мәлім, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым кент қалаларында жұқ-палы ау ру ларға арналған үш

ауру хана жедел салынды. Басқа өңірлердегі ауруханалар керек-жарақпен жабдықталды. Нау-қастарды емдеуге дәрігер лері-міздің біліктілігі жетеді. Қазір, ақ халатты абзал жандар күн діз-түні осы індетпен күрестің ал дың ғы шебінде жүр. Мемлекет тара-пынан қажетті қаражат бөлінді.

Бір нәрсені айта кетейін, биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар. Лауазымды қызметкерлер жұ-мыс бабына байланысты бір-қатар азаматтармен кездесуі

керек, сондықтан ел ішіндегі іссапарларға шығады. Сондай жағдайда кеселді жұқтырып алуы мүмкін. Иә, олар да ауырады, науқасынан емделеді. Билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдықты. Ал қазіргі статистика бойынша, вирус жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Яғни олардың көпшілігі – қарапайым халық. Бұл жердегі мәселе кімнің қалай жұқтырып алғанында емес. Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет. Ауруға шалдыққандарды шенеунік немесе қарапайым жұрт деп бөліп қарауға болмайды. Қазақ «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұтып, бір қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін ешкім де бұл аурудан өзін толықтай қорғай алмайды. Бір планетаны мекен еткен соң өзге елдегі дерт бізге келмейді деп бейқам отыра алмаймыз. Пандемия шекараға қарамайды. Сақтансақ қана өзімізді, жақын дарымызды аурудан аулақ тата аламыз. Сондықтан ел азамат тарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақы-рамын. Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ. Біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн.

(Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбаты)

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті:

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР

– Симптомды жаңа 18 жағ-дайдың барлығы скри нингтен анықталса, симптомсыз коронавирус инфекциясының 56 дерегі тіркелді. Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 21-і қарым-қатынас арқылы жұқтырған,– деді ол.

Сондай-ақ, вирус жұқ тыр-ғандармен байланыста болған 6858 азамат анықталды. Оның 4402-сі тікелей қарым-қатынаста, 2456-сы жанама байланыста болған. Ал 565 адам аурудан айықты.

«СБ» ақпарат

Симптомды – 18,симптомсыз 56 дерек тіркелді

Жұма күні аймақта коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 615, симптомсыздар 416 -ға жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов мәлімдеді.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ақпараттық сала – қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандық және нақты ұлттық өлшеміндегі бөлінбес бөлшегі» деген болатын. Технологиялардың қарыштап дамуы әлемдегі ақпарат алмасу жылдамдығын еселеп арттырып, медиа саладағы бәсекелестікке әкелді, әрі журналист мамандығына айрықша жауапкершілік жүктеді.

Қазіргі қоғам үшін журналист жеделдік пен шынайылықты, икемділік пен біліктілікті бойына сіңірген, мәселені жан-жақты зерттеп, талдап, көрермен мен оқырман назарына ұсынатын кәсіби, әмбебап маман.

Сіздер ғаламдық даму көшіне ілесу мақсатымен елімізде және өңірімізде жасалып жатқан тың реформаларды халыққа түсіндіріп, насихаттау арқылы аймағымыздың дамуына ақпараттық қолдау көрсетіп келесіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр Үкімет қаулысымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні бекітілді.

Топырағы киелі Сыр өңірін мемлекетшіл, халықшыл журналистердің алтын ұстаханасы деп атасақ, қателеспейміз. Аймақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек сіңіргендердің арасынан Асқар Тоқмағанбетов, Қалқабай Әбенов, Мырқы Исаев, Нұрділдә Уәлиев, Евгений Хан, Ахат Жанаев, Сахитжан Бермағанбетовті және т.б. атап өтер едім.

Пандемиямен күрес кезінде қауіп-қатерді елеместен, халыққа қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, тынбай атқарған қызметтеріңіз үшін Сыр елі халқы атынан зор ризашылығымды білдіремін.

Ел өмірінің әрбір жетістігін өз жетістігім деп біліп, қиындығына жүрегімен беріліп, әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысатын барша баспасөз, теледидар, радио, интернет басылымдары қызметкерлерінің еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін.

Жеткізер жақсылықтарыңыз таусылмасын, қаламдарыңыз мұқалмасын!

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!Жақындарыңызға жанашыр болыңыз!Біз біргеміз!

Облыс әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА

Исмаил Тунжер мен Индира Жамалова – бес баланы тәрбиелеп отырған ата-ана. Кәсіппен айналысып жүргендеріне он жылдан астам уақыт болған. Кәсібін тауарларды алып-сатумен бастап, 2011 жылдан бері «Gal-aksi Group» компаниясының Қызылорда облысындағы диллері қызметін атқарып келеді. Бүгінде Исмаил Тун жер – аймақта пластик терезелеріне қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беруші ірі кәсіпкерлердің бірі.

Үнемі ізденісте жүретін кәсіпкер отбасымен бірге өндірісті қолға алуды ойлас-тырып, мамандардан кеңес алды. Алғашында кәсібін Шымкент қаласында аш-пақ шы болған ол кейін Қызылордада болғаны тиімді деген шешім қабылдайды. Осылайша осы жылдың қаңтар айында Кәсіпкерлер

палатасының мамандарымен кеңесіп, жеңілдетілген несие алуға талаптанды.

– Исмаил Тунжер мырзамен жұмысты қаңтар айынан бастадық. Жобасының құны – 200 млн теңге. Құжаттарын әзірлеп жүргенімізде елімізде төтенше жағдай енгізілді. Кәсіпкер қиындыққа мойы-май, табандылық танытып, карантин кезінде жаңа өндірісін іске қосты. Бұл жерде мемлекеттік бағдарлама арқылы қаржыны берген «Halyk Bank»-тың облыстық филиалы мамандарына айтар алғысымыз шексіз. Жобаның маңыздылығын ескере отырып, кәсіпкерге барлық жағдайды жасады, сапалы қызмет көрсетті дейді жобаны сүйемелдеген Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.

Өндіріс сәуір айының аяғында іске қосылды. Жобаға

қажетті қаржының төрттен бір бөлігі, яғни айналым қаражаты «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдар ламасы аясында 6 пайызбен берілді. Кәсіпкер «Даму» қорының облыстық филиалы арқылы алған несиесіне субсидия да алды.

Кәсіпкер жеңілдетілген несиеге алған қаржыны

шикізат алуға пайдаланбақ. Шикізатты Қытай, Түркия елдерінен, Алматы қала-сынан алмақ. Жоба аясында сантехникалық және кәріздік, сондай-ақ өзге де құбырлар шығаруда. Аталған тауар-ға сұраныс қазірдің өзінде бар. Дайын өнім облыстың аудандарынан өзге Шымкент қаласына да жеткізілуде.

Бүгіннің өзінде Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан, Бішкектен хабарласып, тапсырыс беруде.

– Кәсіпкердің жобасында ерекше ұнаған бір жері бар. Өнімдерін бұрын қолданыста болған тауарлардан да, сондай-ақ таза шикізаттан да жасай алады. Мәселен, қажетсіз қалдық ретінде тасталған пластик терезелерді қайтадан өңдеп, дайын өнім етіп те шығаруда. Бұл жоба өңіріміздің экологиялық қауіпсіздігіне де үлес қосатын өндіріс болмақ, – дейді Жасұлан Серіков.

Кәсіпкер Исмаил Тунжер жаңа жобасы аясында әзірге күніне 3,5 тонна өнім шы-ғарылып жатқандығын айтуда. Жоба толық іске қосылғанда күніне 10 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндігі бар екен. Әзірге 12 адамды жұмыспен қамтуда. Алдағы уақытта жұмысшыларының санын 20-ға жеткізу ойда бар.

«СБ» ақпарат

Маусымның 26-сы күні ҰБТ Қызылорда қаласында бастау алды. Білім сынағының бесінші күнінде Жалағаш, Жаңақорған, Сырдария аудандарының мектеп оқушылары тест тапсырды. Онда Қызылорда қаласында екі бірдей тестілеу пунктінде сынақ ұйымдастырылды.

Санитариялық ережеге сай әрбір түлек дезинфекциялық туннельдерден өтіп, бетпердемен және арнайы тексерістен өт-кізілді. Тыйым салынған зат тарды анықтау барысында Қызылорда қаласынан 4 түлек ұялы телефон алып келуіне орай тестке қатысу құқығынан шеттетілді. Ал, аудандарда мұндай жағдай орын алған жоқ. Бұл күні білім сынағына Қызылорда қаласы бойынша 469 оқушы қатысты, 9 оқушы өз еркімен тестілеуге қатыспады. 469 оқушының 87-сі – Сырдария ауданының оқушылары.

Ұлттық тестілеу барысында басқарма басшысы Ақзира Қасымова түлектерге сәттілік тілеп, білім сынағы кезінде талап-қа бағыну қажеттігін қа перге салды.

Маусымның 27-сіне Қызыл-орда қаласы және Жалағаш, Сырдария аудандары бойынша 454 түлек тест тапсырады. ҰБТ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 5-корпусында және “Мұрагер” мектебінде өтеді.

Айта кетейік, әзірге Ұлттық тестілеу сынағында ең жоғары 130 ұпай Шиелі ауданында тіркеліп отыр.

ҰБТҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БАСТАЛДЫ

ЖАҢА ӨНДІРІС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫҚызылордада құбыр шығаратын жаңа

өндіріс Кәсіпкерлер палатасы мамандарының сүйемелдеуімен жұмысын бастады.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРАУРУ ЖҰҚТЫРҒАН

Ана мен баланың есен-саулығы – еліміздің басты құндылығы. Осы құндылықты қорғауды басты міндеті еткен облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері пандемия кезінде тіпті қауырт жұмыс режимінде еңбек етуде. Карантиндік шараларды сақтана отырып орталықта 15 наурыздан бері барлығы 3074 ана босанса, оның ішінде 11 әйелден COVID -19 диагнозы анықталды.

Меймандос мегаполис,құтты мекен

Тілшіліктен – елшілікке Көкжиек көз ұшында менмұндалап

Бір керуен бар,тоқтатуға болмайтын...

Page 2: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

1-бет. 3-бет.

Sb№95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл2 www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

SAIASAT

– Иә, қоғам орнында тұрмайды, дамуы керек. Орайы келгенде қор-даланып қалған, келешекте қалай болады деп халық жауабын күтіп жүрген бірқатар қадау-қадау мәсе-лелер жайлы сөз қозғасақ. Қазақ-стан халқына арнаған алғашқы Жолдауыңызда қазақ тілінің қол-даныс ауқымын кеңейту мәселесіне ерекше тоқталған едіңіз. Өзіңіз білесіз, биыл жарық көргеніне 30 жыл толған «Ана тілі» ұлт басылымы да тұңғыш санынан бастап туған тілдің бары мен жоғын түгендеп келеді. Мемлекеттік тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін қандай қадамдар жасалуы керек деп есептейсіз?

– «Ана тілі» газеті – қазақ тілінің қоғамдағы мән-маңызын арттыру, оның көкжиегін кеңейту мәселесін ұдайы қозғап жүр. Бұл басылым әрдайым ұлттық мүддеге берік болып, тілімізге жанашырлық танытып келеді. Осындай елеулі еңбектеріңіз үшін басылымда жұмыс істейтін журналистерге, үнемі ой-талқыға атсалысып жүр ген жазушылар мен ғалымдарға шынайы ризашылығымды біл діремін.

Осы отыз жыл ішінде қазақ тілін дамытуға қатысты ештеңе істелген жоқ деуге болмайды. Туған тіліміздің қолдану аясын кеңейту үшін көп жұмыс атқарылды. Оған дау жоқ. Мұны сырт көз сыншылар да айтып жүр. Бірақ олардың кейбірі мұндай үрдіске аса қуана қоймайды. Өйткені енді қазақ тілінің дамуын тежеп, ел ішінде кең өріс алуын тоқтату мүмкін емес екенін сезеді.

Қазақ тілінің жағдайы туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегін атап өтуге тиіспіз. Ол елімізде мемлекет құраушы ұлттың саны едәуір аз болғанына қарамастан Қазақстанның Тәуелсіздігін жария-лады. Сондай аумалы-төкпелі кезеңнің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей ықпал етуімен Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.

Шындығында, тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызы бар. Тіл мәселесіне бей-жай қарап, нем-құрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіз-дігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін. Бұған Украинаны мысалға келтірсек те жеткілікті деп ойлаймын. Мемлекеттік тілді дамыту ісінде қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтуге ұмтылудың кері әсері болары анық. Өйткені оның соңы ұлтаралық араздыққа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бұл тұрғыда геосаяси жағдайды да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Әсіресе Ресей-мен арадағы шекарамыздың әлемдегі ең ұзын шекара екенін де әсте естен шығармаған жөн. География – геосая-саттың маңызды факторының бірі.

Бірақ бұл мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарды тоқтатып қою керек дегенді білдірмейді. Қайта оны ың-шыңсыз, айғайламай, қызбалыққа салынбай, бірақ табанды түрде жалғастыра беру қажет. Бұл орайда Өзбекстанның тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Олар өздеріне тән жайлы мінезіне салып, ұрандатып-шулатпай-ақ, қажет кезін-де орыс тіліне де жүгіне отырып, тіл мәселесін толық шешіп алды. Менің таңғалатыным, Өзбекстанның мемлекеттік органдарында әлі күнге дейін орыс тілі қолданылады. Тіпті олардың тұтас тарихында да осылай болған. Өзбектер қоғамдық қатынастарды саясиландырмай, еңбек пен саудаға басымдық беріп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан қазір Орталық Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналды. Сондықтан ұлы Абайдың өзбек халқына қатысты айтқан парасатты ой-пікірі қазіргі технология ғасырында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз. Өзбектер саясатқа құмар емес, олар еңбек еткенді құптайды. Бұл ел көшеде ұрандатып шеруге шығып жүрген жоқ. Қайта жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатыр.

Тарихтан сабақ ала отырып, біз технология мен роботтар басты рөл атқаратын жаңа дәуірдегі қазақ халқының игілікті өмірі жайын-да ойлануымыз керек. Әлем түп-кілік ті өзгерістердің алдында тұр. Сол себепті есте жоқ ескі заман-ды аңсамай, лингвистикалық мәдениеттің айналасын шиырлай бермей, тарихымызды да дәріптеп, салт-дәстүрімізді сақтай отырып, алға ұмтылуымыз қажет. Біздің мем-лекеттік тілдің жағдайын қайта-қайта көтеріп, оның мүшкіл халі туралы айта бергенімізге өзге елдер, әсіресе Орталық Азиядағы мемлекеттер түсінбей, таңданыспен қарайды. Қазір – нағыз аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ. Олай болмаған жағдайда біз өзімізді халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрсетеміз. Ал енді не істеу керек?

Біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру

керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемле-кеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс.

Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкі-летті органдарға сайлап, мемле кет-тік қызмет жүйесіндегі жоғары лауа-зым дарға тағайындап, мемле кеттік наградалармен марапаттап отырға-нымыз дұрыс. Мұндай азамат тар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі.

Үшіншіден, қазақ тілін қол-дану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсініс-тікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн.

Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс. Арзан ойын-

күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет.

Меніңше, Орталық Азиядағы көршілеріміздің тәжірибесі бізге пайдалы әрі үлгі боларлықтай. Қазақ ті лінің мәртебесін арттыру жо-лында кинематографияның да алар орны ерекше. Бізге тарихи оқиға-ларды дәріптейтін, қазіргі қоғам-ды да бейнелейтін сапалы дүние-лер керек. Қырғыз киногерлері «Құр манжан датқа» деген мәнді, мағы налы, көз қуантып, көңіл тола-тын фильм түсірді. Соған бар-жоғы 1,5 миллион доллар жұмсаған. Ал біз дің кинематографистер бұдан әлдеқайда көп сұрайды. Ал түсірген дүниелерінің сапасы әрдайым көңіл -ден шыға бермейді. Өкінішке қарай, бүгінде біздің киногерлер де ауыз-біршілік таныта алмай отыр. Бұл – шы-ғармашылықты тұралататын жағдай.

Әрине, ауызды қу шөппен сүрте беруге болмайды. Мені еліміздегі блогосфераның қазақ тіліне қарай ыңғайланып келе жатқаны қуантады. Дей тұрғанмен, біз әсіреұлтшылдық пен радикализмге бой алдырмауыз қажет. Сондай-ақ қазақ тілін дамытамыз деп орыс тілінің мәртебесін шектемеуіміз керек. Жоғарыда айтқанымдай, тіл мәсе лесінің астарында үлкен саясат бар. Сондықтан бұл тұрғыда

асығыстық пен жалаң ұрандату мемлекеттігімізге кесірін тигізуі мүмкін. Жалпы алғанда, жоғары оқу орындарында нақты ғылымдарды орыс тілінде оқыта берген жөн. Осы ретте бізге Малайзияның тәжірибесі үлгі бола алады. Бұл ел алғашқыда ағылшын тілінен бас тартып, кейіннен ойлана келе, оны жоғары оқу орындарында және дипломатиялық қарым-қатынастың құралы ретінде қалдырды. Біздің өскелең ұрпақ қазақ тілімен қатар, орыс тілін де еркін меңгеруі керек.

Бұл – уақыт талабы. Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс. Орыс тілін де оқыту керек. Ал ағылшын тілін 5-6 сыныптардан бастап мектеп бағдарламасына енгізген абзал.

Қазір демографиялық ахуалдың өзі қазақ тілінің ұпайын түгендеу бағы тына қарай дамып келеді. Яғни біз алға қойған мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мұндай астары қалың, ел тағдырын шешетін іргелі істе асығыстыққа жол бермеу керек. Қайта әрбір әрекетімізді ақылға салып, мойнымыздағы тарихи жауапкершілікті барынша сезіне отырып жұмыс істегеніміз дұрыс.

Осындай өркениетті қадамдардың нәтижесінде ғана қазақ тілі ғылым тіліне айналады.

– «Еңбекпен тапқан нан тәт-ті» дейтін ата-бабамыздан келе жатқан тәмсіл бар. Күні кешегі үлкендердің әңгімесінен де еңбекке, еңбек адамына деген ерекше құр-метті байқайтынбыз. Қазір елдің еңбекке етене араласуы үшін Сіздің тапсырмаңызбен Үкімет бірқатар бағдарламаларды қолға алып, лайық-ты деңгейде жүзеге асырып отыр. Ел мен жерді еңбекпен көркейту үшін қандай жаңа қадамдар мен жобалар жасалуы керек?

– Әлем жұртшылығы қазақ халқын көңілі дарқан, ғаламдық құбы лыстарды өзінің қалыптасқан философиялық көзқарасы арқылы қабылдай алатын ұлт ретінде танып, біледі. Шыдамдылық пен жанашырлық – қанымызда бар қасиет. Осынау Ұлы далаға ең алғаш табаны тиген саяхатшылар алдымен біздің осы ерекшеліктерімізді баса айтқан. Сонымен қатар біз Абайдың өшпес туындысы – «Қара сөздерде» айтылған өз кемшіліктерімізді де жақсы білеміз. Айтпақшы, осы арада Мұрат Әуезовтің «Қара сөздерге» «Ғақлият» деген екінші атау берейік деген ұсынысын қолдайтынымды айта кетейін.

Өкінішке қарай, кейбір жағдайда біздің еңбекке байланысты қарым-қатынасымызға сыни көзқараспен қарайтындар аз емес. Бұл жағдай менің көңіліме қаяу салады. Біз қоғамның еңбеккерлерге деген көзқарасын түпкілікті өзгертуіміз керек. Әрбір еңбек құрметке лайық болуы қажет. Сондықтан мен «Халық алғысы» деген мемлекеттік награда тағайындадым. Ал еңбектегі табысы үшін берілетін «Еңбек Даңқы» орденінің мәртебесін көтеру жөнінде шешім қабылдадым.

Былтыр Ақордаға мекемелер мен ауылдардағы қарапайым жұ-мыс шы ларды арнайы шақырып, марапаттадық.

Біз осындай еңбек адамдарына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасауымыз қажет. Сол арқылы өскелең ұрпақ қоғамның құрметіне бөлену үшін жоғары мемлекеттік лауазымдарды иеленбей-ақ, өз ісін тыңғылықты, мұқият атқарса жеткілікті екенін түсінуге тиіс. Үкімет менің тапсырмам бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірледі. Оны іске асыру үшін шамамен 1 триллион теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Жақында мен Үкіметтің уақытша жұмыс орындарын

ашуға ғана әуес болып, тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашуды назардан шығарып алғанын сынға алдым. Бүгінде біздің елде 2 миллионға жуық адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Жұмыссыздар саны да көп.

Бұл – өте күрделі әлеуметтік мәселе. Оны шұғыл шешпесе болмайды. Еңбекке баулу идеологиясы атақты ақын-жазушыларымыздың шығармашылығында барынша көрініс тауып, алдыңғы қатарда насихатталуы керек деп санаймын. Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!

– Қазір әлем өзгерген. Қалай болғанда да жаһанданудың көшінен қалып, есік-тереземізді қымтап жауып тастап отыра алмаймыз. Есік-

тереземізді тас бүркеп, шекарамызды шегендеп, қақпамызға сом темір іліп қоятын тас дәуірі емес. Бармасақ, келмесек – ел жарылады, алмасақ, бермесек – дем тарылады.

Мемлекетаралық жағдайды жақсы білетін маман ретінде әлемдік ұлттар мозаикасына өз реңімізбен, қазақы болмыс-табиғатымызбен қосылу үшін қандай қадамдар жасау керектігін нақтылап түсіндіріп берсеңіз…

– Шынында да, әлем өзгерді. Мызғымастай көрінген жаһандану үрдісі пандемияның әсерінен кіді-ріс теп қалды. Мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға, «әркім өз күнін өзі көр сін» қағидатына баса мән бере бастады. Халықаралық қатынастарда ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі артып келе жатқаны байқалады. Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым. Бірақ ол кезде менің тұжырымымды саясаткерлер мен ғалымдар қол-дама ды. Тіпті коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу ісі де халықаралық ынтымақтастықтан тыс, «әркім өзі үшін» қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.

Әлемде өзге баламасы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймады. Ірі державалар арасында текетірес күшейіп келеді. Аймақтардағы қақтығыстар шиеленісе түсті. Бұл – өңірлік мемлекет ретіндегі Қазақстан үшін қолайсыз үрдіс.

Біздің экономикамыз санкциялық соғыстар мен саяси текетірестерден шығынға ұшырауда. Еліміз өзінің бейбіт сүйгіштігі мен өңірлік қауіп-сіздікке сындарлы үлес қосуға әзір-лігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Елбасымыз ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы әрі жаппай қарусыздану саясатының нағыз жақ тау шысы ретінде бүкіл әлемге танылды.

Тәуелсіздік жылдары бұл бағыт-ты нығайту үшін көп жұмыс ат-қарылды. Ең бастысы – мемле-кет тік шекарамыздың беріктігі! Қа зақ станның Ресеймен, Қытай мен және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы шекара сының заңды түрде рәсімделіп, белгіленуінің, шын мәнінде, тарихи да, саяси да мәні зор. Шекара мәселесінде құжатты түрде екіжақты келісімнің болмауы қандай ауыр әрі ауқымды зардаптар мен қайшылықтарға әкелетінін көзіміз көріп отыр. Алыстан да, жақыннан да мысалдар аз емес.

Қазақстанның халықаралық дипло-матияда бейбіт әлем туралы әрдайым өзіндік түсінігі, өзіне тән ерекшелігі болды. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев көпвекторлы, тең ге-рімді сыртқы саясатта Ресеймен стра тегиялық серіктестікті, ынты-мақ тастықты нығайтуға және өңірлік интеграцияға баса мән берді. Бұл – дұрыс таңдау болды. Дегенмен, әлемдегі ахуал бір орнында тұрмайды, алпауыт мемлекеттердің геосаяси мақсаты өзгеруде. Осындай жағдайда Қазақстан бірінші кезекте өзінің ұлттық мүддесін қорғауға міндетті. Сондықтан мен Еуразиялық экономикалық одақтың биылғы 19 мамырда өткен саммитінде интеграцияны Қазақстанның егемен-дігіне нұқсан келмейтін жағ дайда ғана қолдайтынымызды ашық айттым.

– Қоғамдық тәртіп мәселесі туралы сауалды да айналып өте алмаймыз. «Жұдырық бетке тигенге дейін» демократия сақталатыны белгілі. Бейбіт шерулерге шығатын азаматтардың жеке бас қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауы қалай реттеледі?

– Бейбіт жиындар мен митинг терге қатысу – Қазақстан азамат тарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ретінде азамат-тардың құқығын толық қамтамасыз ету – менің міндетім. Бұл жөнінде былтырғы Жолдауымда айттым.

Парламент «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң қабылдады. Қоғам-дық сараптамадан өткен аталған заң – менің ойымша, еліміздегі демо-кратияны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам. Енді бейбіт жиын-дарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті. Осындай жиын -дарды өткізу үшін бірқатар арнайы орындар бөлінді. Митинг ұйым-дастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Сондай-ақ олар Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет. Бұл – қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде болған соңғы оқиғаларды ескеру керек.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан грант алатын кейбір азаматтарымыз қабылданған заңды негізсіз сынайды. Олардың пікірінше, Қазақстанда «Митингке қашан шығамын? Кіммен шығамын және қай жерде өткіземін? Яғни өзім білем» деген жүгенсіздік қағидаты болуы керек екен. Әсіресе солардың митингіге шетел азаматтары мен кәмелетке толмаған балалардың қаты-суын талап етуін шектен шыққандық деп санаймын.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР

Page 3: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

3www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

ЕЛОРДА

БРИФИНГ

№95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл

SAIASATSb

Олардың ойы бел гілі. Ондай адамдарға тыныш тық пен тұрақтылық қажет емес. Ал біз қарқынды дамыған, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанды сақ тауы мыз керек. Халық ең алдымен ел іргесінің беріктігін терең жауап кершілікпен сезінуі керек. Сонымен қатар мемлекет өз азаматтарының заңды талаптарына құлақ асуға, қар -жылық және құқықтық мүм кін-діктер аясында оларға жәрдем беруге міндетті.

Жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру керек. Мемлекеттік бас қару ісіндегі және идеология сала сындағы қателіктерді дер кезінде түзет кен жөн. Егер жұмыс осылай жүре тін болса, сөзсіз әділдік орнайды. Мен мұны сайлау алдындағы бағдар ламамда айтқан болатынмын. Сонда митингтің де қажеті болмай қалады.

Соңғы кездері елімізде «ми-тингшілдік» белең алуда. Көбінесе азаматтарымыз сырттағы біреу-лердің арандатушылық ұран-дарына еріп жүр. Бұл – аймақтық бәсекелестік күшейіп келе жатқан халықаралық аренада Қазақстанды ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекеттер. Екі ел арасында кең ауқымды ынтымақтастық артып келеді. Бұл жерде экономикалық бәсекелестіктің де болатынын жоққа шығармаймыз. Осы жағдайларды әрқашан есте ұстау керек. Қазақстан өзінің көшбасшылық позициясын сақтап қалуға міндетті. Ол үшін елімізде тұрақтылық болуға тиіс. Егер ішкі мәдениетімізге салсақ, ол тұрақтылықты күштік құрылымдар емес, бірінші кезекте халықтың өзі қамтамасыз етуі қажет.

– Пандемия болсын, басқа да жағдайлар болсын, ел ең алдымен зиялының сөзіне құлақ асып, ойын білгісі келеді. Жалпы ұлт қиын-қыстау күндерде ғана емес, өзінің бүкіл жүріп өтетін жолында пассионар тұлғалардың соңынан ереді. Бұл орайда зиялы қауым қазір өз рөлін дұрыс атқарып отыр деп есептейсіз бе? Бүгінгі таңда олардың қоғамдағы міндетін қалай елеп, екшейміз?

– Шын мәнінде, озық ойлы зиялы қауымның пікірі әлеуметтік шиеленіс кезінде маңызды рөл атқарады. Адамдар ақыл-парасаты арқылы ішкі түйсігіне құлақ асып, өзіне қажетті қорытынды жасап, өткен істен сабақ алады. Әсіресе бұл ежелден келе жатқан дәстүрі бар біздің қоғам үшін өте өзекті. Пандемия кезінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін барша зиялы қауым өкілдеріне, оның ішінде академик Төрегелді Шармановқа шынайы риза шылығымды біл-діремін. Сондай-ақ біздің белгілі ақын-жазушыларымыз соңғы кездегі оқиғаларға белсендірек араласып, жастарға өмірлік тәжірибесін үйретіп, темір қазық секілді жол көрсете алады деп ойлаймын.

Қазір бүкіл дүниежүзі пан-демия салдарымен күресіп жатыр. Әлемдік экономика көз алдымызда құлдырап, жұрттың өмір сүру салты өзгерді және осы үрдістер күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге айналды. Міне, осындай кезде жас ұрпаққа беделді ақыл-ой иелерінің парасатты пікірі ауадай қажет.

Бәрімізді, әсіресе жастар ды «Әрі қарай қалай өмір сүреміз?» деген сауал маза лайды. Осындай сәтте біздің көзқарасымыз, болмысымыз, осы біз өмір сүріп жатқан жаңа заманның талабына сай болуы керек. Яғни тарихи тұрғыдан жаңартылған құнды-

лықтарға бет бұруға тиіспіз. Бізге қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беретін ақыл-ой тұжырымы қажет. Жоғары заманауи технология, роботтар, жасанды интеллект дәуірінде ақыл-кеңес түсінігі ерекше маңызды болмақ.

Жаңа заманда ар, намыс, ұят сияқты адами қасиеттерге қажеттілік бола ма? Менің ойымша, бұл – зиялы қауым өкілдері талқылайтын ауқымды философиялық мәселе. Үлгі-өнеге, ұлттық құндылықтар болмаса, машиналар мен роботтар әлемінде жұтылып кететініміз сөзсіз. Біздің ұлы ақын-жазушыларымыздың шы ғармалары да маңызын жоғалтады.

Әрине, мұндай жағдайдың мүлде болмағаны жақсы. Сон-дықтан зиялы қауым өкілдері болашақ өмір туралы мәселені қазірден ой таразысына сала беруге тиіс.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ел басқару аса зор жауап кер шілік жүктейді. Бір жыл – көп уақыт емес. Десек те, осы кезеңге саяси сараптама жасаған белгілі саясаттанушы Нұрлан Сейдін мырза Сіз басқарған мерзім жөнінде «Сенім мен сынаққа толы жыл болды» деп тұжырымдапты. Осы орайда көш бастаған тұлға ретінде елдің болашаққа деген сенім-жігеріне қандай баға берер едіңіз?

– Баршаңызға мәлім, Қа зақстан Президенті қызметін атқарған бір жыл оңай болған жоқ. Аталған мерзімді аса күрделі сынақтарды еңсерген жыл деп айтуға болады. Дегенмен, мен халықтың қолдауын әрдайым сезіндім. Бұл маған күш-жігер беріп, мемлекет басқару ісін табысты жүргізуіме ықпал етті. Жыл бойы саяси және экономикалық салалар бойынша көптеген реформалар жүзеге асырылды. Бұл саясат алдағы кезеңдерде де жалғаса береді. Елімізді одан әрі жаңғыртуға, дамытуға қатысты идеяларым бар, ол идеяларды халық іс жүзінде сезінгенін қалаймын.

Біз мемлекет ретінде де, ұлт ретінде де бір орында тоқтап қалмауымыз керек. Ондай жағдайда ел тоқырауға ұшырайды. Оның зардабы мемлекеттігімізге тиеді. Ауыр тиеді. Ащы да болса айтайын, біз – қазақтар, осынау алмағайып күрделі әлемде, түптеп келгенде, ешкімге соншалықты қажет емеспіз. Өз мемлекетімізге ғана қажетпіз. Осы бір қарапайым қағиданы ешқашан естен шығармауымыз қажет. Әлемдегі Қазақстанның жетістігін көре алмайтын, «мы-сықтілеу» саясаткерлер, тіпті мемлекеттер де бізден алыстап кеткен жоқ, маңайымыздан ұзамай, әр қадамымызды бағып отыр. Сондықтан елімізді өркендету, көркейту – тек қана өз қолымызда. Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр…

– Құрметті Президент мырза! Қоғамдағы түрлі саяси-әлеу меттік, мәдени-ру -хани маңызы бар мәсе лелерге байланысты арнайы уа қы -тыңызды бөліп, Ұлт ба сы -лымына сұхбат бер ге ніңіз үшін айрықша алғыс сезі-мімізді білдіреміз. Тәуелсіз Қа-зақстанның әлемдік геосаяси кеңістіктегі көші көлікті бол-ғай! Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын!

СұхбаттасқанЖанарбек ӘШІМЖАН.

“ANA TILI” газеті

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА ТҰР

1-2-бет.

«Бүгін астананы ауыстыру туралы мәселені талқыға ұсынамын. Алматы тәуелсіз мемлекеттің астанасы болу талабына лайық емес. Ме нің тапсырмам бо йын ша мемлекеттің жаңа аста на сын орналастыруға оңтай лы жерді анықтау үшін рес пуб ликаның бүкіл аумағы егжей-тегжейлі зерттелді. 32 тұрғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқалардың ішінен ең дұрысы Ақмола қаласы екенін көрсетті», – деді Ұлт Көшбасшысы тағдыршешті тарихи сәтте.

Ол кезде Елбасы идея сының түбіне терең бойла ғандар аз еді. Саяси кемең-герлік, байыпты көз қарас, келешекке сенім, біртуар мемлекет қайрат керлеріне тән табандылық пен батылдық болмай бұл мүмкін емес-ті. Елбасы бастамасын көп шілік жіті түсінген жоқ. Эко номика онсыз да дағ дарыс жағдайында, елде инфля ция. Кәсіпорындар жұ мысы тұралаған, жалақы мен зейнетақы кешіктіріліп жатыр. Осындай елең-алаң шақта астананы ауыстырғаны несі?! Бұл өзі қолдан келе ме?

Жоғарғы кеңес депутат тары қызу талқы лаудан кейін ұсынысты қолдады. Алайда, көшіру жұмысына 30-40 жыл керек деп ойлады. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев осынша уақыт күтуді жөнсіз деп тауып, маңызды шешім қабылдауға қадам жасады.

«Жоғарғы кеңес төр ағасы, Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекіл баев Елбасы ұсынысын қол дады. Проблеманың бүкіл Қа-зақстанның болашақ мұра тынан туындап отырғанына назар аударды. Халықаралық аренада қазақ қоғамының әлеуеттілігін, қуаттылығын паш ететін факторға айна латынын атап көрсетті. Дауыс беру кезінде ұсыныс басымдықпен қабылданды», – деп еске

алады тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев.

Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жар лығымен Ақмоланың атауы Астана болып ауысты. Жаңа елорданың халық-ара лық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шеші мімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы – 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассам-блеясының мүшесі.

Ал өткен жылдың нау рызында Парламент пала та ларының бірлескен отыры сында Астана атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгерту туралы тарихи шешім қа был данды. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз дәуі рінің реформаторы, ұлы тұл ғалардың бірі болып қала беретіні сөзсіз. Елбасымыз бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізін қалап қана қойған жоқ. Сонымен бірге, ол – Астана қала сының архитекторы. Сон-дықтан Парламенттегі әріп тес терімді Президент Қа сым-Жомарт Тоқаевтың ас та на мызға Тұңғыш Прези дент есімін беру туралы ұсы нысын қолдауға ша -қырамын», – деді алқалы жиында сенатор Мұрат Бақтиярұлы.

Ешкімнің дауы жоқ шығар, Есілдің жағасынан бой көтерген бас қала – Ел-ба сының төл туындысы. Сон дықтан қазақстандықтар бұл ұсынысты бірауыздан құп тады. Қалаларды оның не гізін қалаған адамдардың есі-мімен атау әлемдік тә жірибеде жиі ұшырасады. Мысалы, АҚШ-тың Колум бия округі Американың тұң ғыш президенті Джордж Вашинг тонның, Жаңа Зе ландия астанасы Артур Уэл-сли Веллингтонның, Санкт-Петербор

бірінші Петр дің құрметіне қойылған. Ел басының егемен елді өр кендету жолындағы еңбегі ерлікпен пара-пар. Сайын дала астанасын Сарыарқа төсіне қондыру да – Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Сол себепті елорда атауын ауыс тыру – сұңғыла саясаткер, көреген көшбасшыға деген құрмет десе болады.

«Қазір елорданың аты тәуелсіз Қазақстанмен қатар аталады. Әлем тарихындағы маңызды оқиғалардың осында өтуі қаланың абыройын ас-қақтатты. Сондықтан бас қала – бар қазақтың мақтанышы, жаңа мемлекет құру жолындағы үкілеген үміті. Оның атауын Нұр-Сұлтан деп жаңаша атау – Елбасына көрсетілген құрмет пен ризашылықтың көрінісі», – дейді жазушы Сәдібек Түгел.

Иә, Ұлт Көшбасшысы айт-қандай, астана тәуелсіз дігіміздің, да мудың шынайы көрінісіне, азат тық пен инновация рухына айналды. Қазақстандықтар үшін ол – Отанымыздың жүрегі, респуб-ликамыздың күш-қуа тының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Арқа төріндегі астана бүгінде түрленді, гүлденді. Шаһардың қанатын кеңге жаюы қазақ халқының мерейін көтерді. Мұнда дүние жүзінің түк пір-түкпірінен туристік, дип ломатиялық сапармен келу шілер көп. Көптеген маңыз ды саяси шешім де нақ осы елордада қабылданып, түр лі шаралар өтетін болды. Әлем көз тіккен қала жылдан-жылға көркейіп, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын әлдеқашан үдете түскен. Көз ілеспес жылдамдықпен алға озып, инфрақұрылымдық сатылардан тайсалмай өтіп, еңсе тіктеп үлгерді.

Алда – Нұр-Сұлтан қала сының мерейлі күні. Мейман дос мегаполис, құт ты ме кен тұрғындары, күллі қазақ-стандық үшін бұл мере кенің тарихи, танымдық, тәр биелік мәні зор. Өйткені мыңжылдықтар тоғысындағы мемлекеттің ресми орталығын ауыстыру туралы батыл шешім қай қырынан алып қарасақ та дұрыс болғанын уақыт дәлелдеді.

МЕЙМАНДОС МЕГАПОЛИС,ҚҰТТЫ МЕКЕН

Sb

1994 жылы 6 шілде күні Тұңғыш Президент – Елбасы Жоғарғы кеңес – бұрынғы Парламенттің пленарлық отырысында күтпеген ұсынысымен мінберге көтерілді.

Назерке САНИЯЗОВА, «Сыр бойы»

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ЗАҢЫНЫҢ 73-БАБЫНЫҢ 6-ТАРМАҒЫ 2) ТАРМАҚШАСЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

ХАБАРЛАЙДЫ:Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатты-

ғына кандидат болып тіркелді: 1. Қайроллаев Айдын Бөкенбайұлы, 1981 жылы туған, қазақ, «Азаматтарға арналған үкімет»

МК» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

2.Сермагамбетов Серик Сагитжанович, 1965 жылы туған, қазақ, Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қызылорда қаласының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы,2020 жылғы 24 маусым

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ЗАҢЫНЫҢ 73-БАБЫНЫҢ 6-ТАРМАҒЫ 2) ТАРМАҚШАСЫНА СӘЙКЕС ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

ХАБАРЛАЙДЫ:Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатты-

ғына кандидат болып тіркелді: 1. Сарсенбаев Мурат Абаевич, 1970 жылы туған, қазақ, «Абай Дәулет» ЖШС бас директоры,

Қызылорда қаласының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.2. Альназарова Акмарал Шарипбаевна, 1971 жылы туған, қазақ, Қызылорда қаласының

тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.3. Шагиртаев Имамзада Куанышбаевич, 1969 жылы туған, қазақ, «Таң ЛТД» ЖШС директоры,

Қызылорда қаласының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы,2020 жылғы 26 маусым

– 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталады. Осылайша, 12 тамызда Қызылорда облысынан еліміздің жоғары заң шығарушы органы жоғарғы палатасының бір депутатын сайлау қажет. Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 71-бабына сәйкес, 13-15 маусым аралығында облыс бойынша Сенат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсыну тәртібімен 5 кандидат өтініштерін

берді. Облыстық сайлау комиссиясы кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін анықтап, таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді, – деді Ғалым Қонақбайұлы.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады. 23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

– Осы кезге дейін 2 кандидат тіркеліп оған тиісті куәлік берілді.

Олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммер-циялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша фи лиа-лының директоры Айдын Қайруллаев және «Қызылорда облыстық кә-сіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Сондай-ақ, сайлау алдындағы үгіт 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталып, 11 тамызда сағат 00.00-де аяқталады.

Қазіргі таңда облыстық сайлау комиссиясы карантин және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жағ-дайында онлайн режимінде жұмыс істейді.

«СБ» ақпарат

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА5 КАНДИДАТ ӨТІНІШ БЕРДІ

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымнан басталды. Сонымен қатар, 12 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.

Page 4: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

Sb№95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл4 www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

MEREI28 МАУСЫМ – БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

SbНазерке САНИЯЗОВА, «Сыр бойы»

Билік пен БАҚ арасында дәнекер бола жүріп, өздері көбіне тасада қалатын мамандардың арасынан үздігін анықтауға оқырман өте белсене араласты. Нәтижесінде Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бәкіров басым дауыспен жеңіске жетті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми өкілі Лаура Шоңғалова екінші, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева үшінші орыннан көрінді.

Нұрбол Бәкіров – 2017 жылдың тамызынан бері осы қызметте. Оған дейін аудан әкімінің көмек-

шісі болды, аудандық жастар ресурстық орталығын басқарды.

– БАҚ-пен жұмыс істеу әуелгіде қиындық тудырды. Өйткені мамандығым журналист емес еді. Бірақ бірнеше жыл бойы аудан әкімінің қасында жүріп, жазу-сызуға жақындай түстім. Қызық әрі жауапкершілігі жоғары жұмысқа осылай бет бұрған жайым бар, – дейді ол.

Он жылдан бері спорт саласын үздіксіз ақпараттандырып келе жатқан Лаура Шоңғалова да баспасөз хатшысы боламын деп еш ойламаған.

– Бұл жұмысқа қызығу шы-лығым тек жарыстарға бар-

ғанда пайда болды. Ол кездегі атмосфера, жеңіске деген ынта-жігер, жанкүйерлер қолдауы – барлығы қатты әсер етті. Сырбойылық спортшылардың

жетістіктерін жарыққа шығарған жылдарым – мен үшін үлкен мектеп, – дейді ол.

Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар табысталады.

Ақ түйенің қарны жарылып, қазақ тәуелсіздік алғанда ең алғаш мойындаған да, құтты тілегін айтқан да Түркия еді. Түбі бір туыс халықтың бұл ниеттестігіне қазақ жұрты да шексіз қуанған. Егемендік келгелі ел бақытына үлесін қосып келе жатқан қажырлы ағамыздың өткен шақтан айтары да көп.

– Мемлекет тәуелсіз атан -ғалы Қазақстанның Тұң ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ-станды өркендету жолындағы игі істеріне куә болып келемін. Егемендікке алғаш қадам басып, шетелде аккредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ жур-налисі атануым да – өмірдегі бақытты кезеңім. Тәуелсіз елдің Тұңғыш Прези дентінен алғаш рет сұх бат алған тілші атандым, – дейді Ержан аға.

Елбасы жанында жиі болған Ержан ағаның қолында тарихи сәттер бейнеленген көп сурет бар. Бұл кадрларды Түркия Президенті Тұрғыт Озалдың өзі сыйлаған жапондық фотоап-паратпен түсірген.

– 1992 жылы Қазақстаннан Түркияға ұшақ көтерілді. Біздің жақтан ар найы делегацияны көрнекті ғалым, сол кездегі ҚР Премьер-министрінің орынбасары Мыр затай Жолдасбеков бас-тап барған. Тұрғыт Озал өзі қа былдап, біз Нұрсұлтан Әбіш ұлының ыстық сәлемін жет кіздік. Иығына қазақы ша-пан жауып, қолына қамшы ұстаттық. Әсерлі кездесуде мені «Түркияға келген алғаш қазақ тілшісі» деп делегация басшысы таныстырды. Түр-кия Президентінің фото ап-па рат сыйлағаны сол кез еді. Тамаша суреттер түсір дім. Екі ел арасындағы түрлі кез десу-лерден бөлек, Елба сы мыздың түрлі сапар ларын дағы тарихи сәттерді осы фото аппарат арқылы тарихқа айналдырдым, – дейді ардагер журналист.

Тұңғыштың аты – тұңғыш. Журналист оған дейін 23 жыл қазақ телевизиясында тілші, саяси шолушы, редактор, Парламент пен Үкіметтің арнаулы тілшісі болды. Түр кияда жүріп, меншікті

тілшілікпен қатар, «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі», «Заман-Қазақстан» сияқты ел басылымдарына мақалалары шықты. Ел қызыға оқыған тұшымды дүниелерді сонда жүріп жазды. Германиядағы «Азаттық» радиосының Түркиядағы тұрақты тілшісі қызметін қоса алып жүргені бар. Ең бастысы, Түркияда Қазақстан елшілігі ашылғанда Стамбулдағы бас консул қызметін атқарды.

Айтпақшы, кейіпкеріміздің туған жері – әйгілі Әл Фарабиді дүниеге әкелген Отырар өлкесі. Маяқұм деген шағын жұрттың топырағына аунап өскен ұлдың әкесі Үбәйдулла атақты Өзбекәлі Жәнібековпен бірге оқыған еді. Ал бүгін осындай тарихи аймақта туған тұлғалардың қатарында Қазақстанға еңбек сіңірген

қайраткер Ержан Уәйіс те бар.– Менің атам Уәйіс діндар,

тақуа, білімді, Арыстан баб кесенесінде 13 жыл шы-рақшы болып, жұрт ты иманға шақырған белгілі адам еді. Сол үшін ауыл адамдары «қожекеңнің үйі» деп құрметтейтін болған. Ел тарихына, жазба өнеріне құмартуым аталардың арқасы шығар. Осы уақытқа дейін халық алдында абыройлы болуыма бабалардан қалған тәлім-тәрбиенің септігі тигені анық, – дейді Ержан аға.

Бала күнінен аудандық «Құзылқұм» газетін жағалап өскен оның облыс пен республикалық газеттерге шыққан бірнеше мақаласының әсері күшті болғаны соншалық, бірден «журналист болсам» деген арман-теңізге құлаш ұрды. Ауыл дағы мектепті

Алтын медальмен бітірген соң, 1967 жылы ҚазМУ-дың жур налистика факультетіне түс кен. Содан кейінгі Ержан аға мыздың осы жолдағы өмір сапарын жоғарыда ғана айтып кеттік.

– Тілшілік тіршілікте көп жайттарға куә болып, ел тари-хында мәңгі есте қалатын оқи-ғалардың ортасында жүрдік. Әсіресе, Елбасы сапарларында қабылданған оң шешімдердің басы-қасында болып, оны мақаладан бөлек, суретпен де сөйлеттік. Қазір сол тарихи кездесулерден фотоальбом жинақтадым. Деректі фильм түсіріп, келер ұр паққа қазына ретінде қалдырдық, – дейді ол.

Қазақстан мен Түркия арасындағы достық туын тіктеуге атсалысқан журналист жайлы жазар дүние көп. 8 жыл Анадолы жұртында жұмыс

істеп, тілшіліктен елшілікке ауысып, журналистен дипло-мат атанған Ержан Уәйіс ел ағаларын көп жағалап, тәлімін бойға жи нақтады. Шетелдегі тұң ғыш қазақ журналисі ата-нуы на себепші болған Қал-тай Мұхамеджановқа іні бо лып, Мырзатайдай ғалым-мен сыйласа білді. Димаш Қонаевтай ел билеген, халық тұтқасы атанған ағасын Түр-кияға шақырып, ел аралатты, ыстық лебізіне қанығып, алғыс-батасын алды.

Бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ха лық аралық «Бейбітшілік әлемі» сыйлығының лауреаты, Д.Қонаев орденінің иегері, Жаңақорған ауданының құр-метті азаматы атанған Ержан ағаның тілегі біреу-ақ. Ол – тұтас Қазақ жұртының бірлігі мен бейбіт өмірі.

ТІЛШІЛІКТЕН – ЕЛШІЛІККЕ

SbЕржан ҚОЖАСОВ,«Сыр бойы»

Ардагер журналист Ержан Уәйіспен бірінші рет жолығып тұрған жоқпыз. Бұған дейін түрлі шарада кездесіп, ара-тұра Сыр өңіріндегі белгілі адамдар жайлы пікірлесетініміз бар. 90-шы жылдары телекөрерменнің жадында әбден сақталған ағамыздың Қазақстанның шетелде аккредитацияланған тұңғыш тілшісі болғаны – тарихи факт.

«Qyzylorda» телеарнасының арнаулы тілшісі Тәжімұрат Әлжанов – коронавирус инфекциясы жөніндегі жергілікті ахуалды тұрақты түрде ақпараттандырған әріптестеріміздің бірі. Алғашқыда ауру жұқтырып алу қорқынышы болғанын, бірақ оны мамандығына деген махаббаты жеңгенін айтады.

– 28 наурыз. Сенбі. Облыста індетке шалдыққан бірінші науқас тіркелді. Шұғыл жаңалықтар шығарылымын әзірледік. Ертеңіне тағы бір ауру анықталды. Жұқпалы инфекцияның бізге де келгенін түсіндік. Әрине, әуелгіде үрей болды. Отбасымызды ойладық. Бірақ ақпарат таратып, көрерменге карантин талабын түсіндіру керек. Халық көп жүретін орындардан репортаж дайындадық. Бар қорғаныш құралымыз бетперде мен антисептик еді, – дейді ол.

Телеарнадағы әрбір шығарылым – ұжымдық еңбек. Оған кадр сыртында қаншама маман жұмылатынын бірі білсе, бірі білмейді. Тәжімұрат осы орайда журналистер Шолпан Исабекова, Асқар Тәжиев, Әкімжан Жолтаев, Елжас Әбділда, Еламан Жаматов, Азамат Әуезхан, телеоператорлар Бауыржан Қожамұратов, Алмат Меңдібаев, Алпамыс Әшірбеков, Сырым Өтегенов, Бөгенбай Абасилов, Нұржан Музарапшин, монтажер Төрехан Қожахметов, Досхан Сәтбайдың есімдерін ерекше атады.

Түсірілім кезінде телеарнадағы әріптестеріміз түрлі жағдайға кезікті. Талапты бұзғандар өздеріне дүрсе қоя берген. Сонда да оларды эфирден көрсетті. Басқаларға сабақ болсын деді. Науқастармен, дәрігерлермен тілдесіп, түрлі сюжет әзірледі.

– Халықты ресми ақпаратқа сендіру оңай болған жоқ. Көбі мұны саясатқа балап, бейқам жүрді. Салдарын көріп отырсыздар. Індет өршіп кетті. Жаппай тұмауратып, дене қызуы көтеріліп, салқын тигізгесін ғана сақтана бастады. Сонда да ауруды баланың сандырағына балайтындар бар, – дейді Т.Әлжанов.

Облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасов та әріптестерінің көбі үйден жұмыс істеуге көшкенде тосқауыл бекеттері мен арнайы штаб жұмысын үзбей көрсетті.

– Тәртіп сақшылары, медицина қызметкерлері, әскерилер қиын кезде үй көрмей еңбек етті. Мысалы, полиция аға лейтенанты Әлібек Ержанов екі айға жуық уақыт бойы қаладағы тосқауыл бекеттерінің бірінде қауіпсіздікті күзетті. Одан бөлек, қорғаныш құралдарының тапшылығын болдырмас үшін маска тігіп, халыққа тегін таратқан еріктілер еңбегін айтуымыз керек, – дейді журналист.

ЖАНКЕШТІ ЖУРНАЛИСТЕР

Пандемия кезінде журналистер де дәрігерлер, полицейлер мен әскерилер сияқты қауіптің алдыңғы шебінде жүрді. Елде төтенше жағдай жарияланып, ел абыр-сабыр күйге түскен шақта олар азаматтық позициясынан айныған жоқ.

ҮЗДІК БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

SbНазерке САНИЯЗОВА, «Сыр бойы»

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында облыстық «Сыр бойы» газетінің сайтында «Үздігін таңдаңыз!» байқауы ұйымдастырылды. Онда бірқатар саланың, қала және аудан әкімдерінің баспасөз хатшылары сынға түсті.

Телеарнада 24 жылға жуық қызмет атқарған, 10 жылдан бері тікелей эфирде хабар жүргізетін Алтынай Молжанова «Халық – үлкен сыншы. Бүгінгі аудиторияның талғамы өте жоғары. Әрбір айтқан сөзіңді, іс-қимылыңды қалт жібермейді. Сондықтан үлкен дайындықпен келуің шарт» дейді.

Әкесі көзі ашық, керемет сұңғыла кісі еді. Алтынайдың әр хабарын қалт жібермей қарады. Эфирдегі әрбір сөйлеген сөз, киімі, студиядағы қонақпен ара-дағы мәдениет – барлығын ба-қылап, жақсы тұсын да, кем-шілігін де айтып отырды. Ал анасының аузынан тастамайтын бір тілегі бар. «Алла абырой берсін» деген. Алтынайдың ел алдындағы абыройының еселенуі сол әке ықыласы, ана тілегінен.

Облыстық телеарнаның табалдырығын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып жүрген 1996 жылы алғаш рет аттады. Өндірістік тәжірибеден өтуге бір топ студент болып келген. Бәрі – облыста даярланып жат-қан алғашқы журналистер. Микрофон, камера, бұған дейін тек экранда көрген адамдарды көріп аң-таң. Бірақ сол жолы қасиетті қарашаңыраққа жасаған алғашқы қадамы құтты болды.

Телеарнадағы ең алғашқы еңбек жолы осы студенттік шақтан бастау алды. Телеарнаның сол кездегі басшылары Серік Пірназаров пен Жағыппар Қара-бала біраз сынақтан өткізді де, студент болғанына қарамастан облыстық радиоға тілшілік қыз-метке алды. Ал келер жылы қызыл дипломды Алтынай арнаның толыққанды қызметкері атанып шыға келді.

Телеарна оның қызметтік ғұмырнамасын ғана қалып-тастырған жоқ, өмірін де өзгертіп жіберді. Радиоға жұмысқа қабылданған уақытта Жалғас Әлібеков деген жігіт Алтынайдың қолдаушысы да қамқоршысы болып алды. Үш жылдық тәжірибесі бар дыбыс операторы Жалғас жас тілшінің мәтінді дұрыс оқуына, жұмысқа үйренісіп кетуіне көмектесті. Жан-жағындағы жанашыр апайлары жігіттің адамгершілігі мол екенін Алтынайдың құлағына әбден сіңірді. Арадағы достық одан әрі өрбіп, бақыттары баянды жұпқа айналды.

Жиырма жеті жылдық еңбек өтілі бар Жалғас Әлібеков – бүгінде телеарнадағы жетекші дизайнер.

– Негізінде, қыз бала үшін теле -журналист болу оңай емес. Бей-мезгіл уақытта опе ра тор мен бірге

бірнеше күн дік іссапарға шығуға дайын болуың керек. Оператор асынған бейнекамера, штатив сынды құрал-сайманның салмағы 20 келіден асып түседі. Өнімді тірлік жасау үшін оператордың бір жағында оның дорбасын бірге арқалап жүруге тура келеді. Бірақ өз ісін сүйген адам мұның бәріне көнеді. Тұрмыс құрған соң бұл жағдай әбден өзгеруі мүмкін. Отбасындағылардың қолдауына мұқтаж болатының белгілі. Көптеген әріптес құрбыларымыздың уақыт өте келе мамандығынан алыстай беретіні де отбасы құруымен байланысты болатыны жасырын емес. Осы ретте айтпағым, мен жолы болған журналистпін, – деді Алтынай апай ағынан жарылып.

Өзі бала күнінде дәптерден микрофон жасап алса, балалары шын микрофонды ұстап өсті. Қызы Ша-па ғатайым мен ұлы Нұрасыл бала кезі-нен телеарна әзір леген фильмдердің кіш-кентай кейіпкерлері ре-тінде талай түсірілімге қатысты.

Кейіннен екеуі де Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алды. Шапағатайым Ал маты энергетика және байланыс уни-вер ситетіне грант пен оқуға түсіп, инже-нер мамандығы бо-йын ша биыл оқу бітірді. Жақында Мәс-кеу экономика инс-титутының дипломы да қолына тигелі тұр. Ал, Нұрасыл

Қазақ-Британ Техникалық уни-верситетінде гранттық негізде білім алуда. IT маман дығының 4-ші курс студенті.

Телеарна Ал ты найды азамат ретінде қалып тастырды, тұлға ретінде көпшілікке танытты. Әдетте, той-томалақтарда әлде-кім дер «о-о-о, Алтынай Мол-жанова, сізді «тірілей» көрдік, суретке түсейік» деп жатады. Сонда ол «түпнұсқа, оригинал Алтынай деңіз» деп әзілдеп жауап қатады. Бір білеріміз тұпнұсқа Алтынай мен теларнадағы Алтынай бір-бірінен алшақ емес. Отбасында да, қызметте де ақжарқын қалпынан айнымайды, еңбектенуден жалықпайды, абыройды бірінші қояды. Бұған өзі де, бақытты отбасы да дәлел.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР –АРНАНЫҢ АЙНАСЫ

Кішкентай кезінде дәптерді бүктей салып, микрофон қылып сөйлейтін. Терезенің әйнегін теледидар етіп, талай рет «жаңалықтар жүргізді». Сонысына өзі дән риза. Журналистерді түгел танымаса да, диктордың атынан шатасқан емес. Кейіннен бала арман айна-қатесіз орындалды.

SbАйдана ЖҰМАДИНОВА,«Сыр бойы»

Page 5: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

Sb №95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл 5www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

SbSbАйдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы»

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,«Сыр бойы»

Алғашқы жылы серіктестікке облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері бірікті. Бұлай бір шаңыраққа бірігу басылымдардың мүм кін дігін арт-тыруға оң әсерін тигізді. Оқырман сұранысына сай газет шығаруға мүм-кіндік туды. Көпшіліктің көзайымына айналған қос басылымға түрлі-түсті әсем бейнеде өз өнімдерін қаз-қал-пында ұсынуға жол ашылды. 2012 жылдың 20 наурызында «Сыр медиа» жауап кершілігі шектеулі серіктестігі мәртебесіне ие болды. Бүгінде шығар машылық ордасында 600-ге жуық адам еңбек етеді. Сондай-ақ, қазір құрамында аудандық, қала лық, облыстық басылымдар мен баспаханадан бөлек, «Kyzy-lorda-news.kz» ақпарат агенттігі, «Рухани жаңғыру» орталығы бар ірі құрылымға айналды.

Ең бастысы, 2013 жылы серік-тестік әсем де сәнді ғима ратқа көшті. Оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің есімі берілді. Мұнан кейін қалалық, ау-дан дық басылымдар да бір арнаға тоғысты.

Серіктестіктің құрылуы аймақ

журналистикасына тың серпіліс әкелді. Танымдық, рухани тұр-ғыдан толысып, басылым дардың көркемдік, сапалық деңгейі өсті. Сондай-ақ, 2008 жылы бастау алған қос газеттің электронды нұсқасы заман талабына сай жандана түсті. Сайт беттерінде газетте шыққан мақалалармен бірге күнделікті республикалық, халықаралық жаңалықтар сілте мемен беріліп отырды. Ел ішінде қызу талқыланған тақырыптар да сайт бетінен орын алды. Газет аптасына үш рет шықса, ал сайтқа күнделікті 24 сағат бойы оқырманға тың жаңалықтар ұсынды.

Қазіргі күні көзі қарақты оқырманның талғамынан шығу оңай емес. Оның үстіне, медиа-нарық талабы күн сайын түрленіп отыр. «Сыр медиа» серіктестігі заман талабына сай болу үшін игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – серіктестікке қарасты ақпарат агенттігі мен басылымдардың сайттарын түрлендіру немесе редизайн жасау. Бұл бағытта басылымдар да түрлі жұмыстар қолға алынып, жаңа кейіптегі сайттар іске қосылды.

Медиахолдингтің үлкен жетістігі – серіктестіктің өз баспаханасы. Бұрын жеке баспаханада басылып жүрген жергілікті газеттер 2013 жылдан бастап бір жерден шығарылу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда онда 7 аудан, 1 қалалық және 3 облыстық газет басылады. Одан бөлек алыс-жақын аймақтардың газеттерін қосқанда 30-дан аса басылым осы баспаханада басылып, жер-жерге тарайды. Заманауи құрылғының жетістіктерін ескерсек, қазіргі таңда газет басу жұмысы әлдеқайда жеңілдеген. Себебі, медиахолдингте немістің «CITYLINE EXPRESS» баспа станогы жұмыс жасайды. Үндістаннан әкелінген қондырғы А2 және А3 форматтағы 40 беттік газетті, оның ішінде 16 бетін толық түрлі-түсті етіп 1 сағатта 35 мың данамен шығара алады. Баспахананың газетке пайдаланылатын қағаздан бөлек, тығыздығы 65 мг-дық офсеттік ақ қағазбен басуға да мүмкіндігі бар.

Газетті таратудың өзі – үлкен жұмыс, қажырлы еңбек. Жаңалықтарды күтіп отыратын тұрғындарға бұрын «Қазпошта»

АҚ таратып келген болса, 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Сыр медиа» басылымдарын таратуды өз қолына алды. Өйткені, газет – тауар. Ол тұтынушыға уақытылы жетуге тиіс және оқырман ақпаратты дер уақытында оқу қажет. Бұл бір жағынан газетке жазылым бағасын өсірмеудің жолы болатын.

Бүгінде басылымның құрамдас бөлігі болып табылатын газет тарату бөлімінде 250-ге жуық адам жұмыс жасап, облыс жаңа лықтарын жер-жерге жет кізуде. Газет редакциядан бас па ханаға өтіп, басылым маши-надан түп теліп шыққан соң сұ рып-тау шылардың қолына тиіп, әрі қарай өз оқырмандарына жол тартады.

Жалпы, жыл өткен сайын баспасөз саласының мамандары да газет-журнал сапасына мән беріп, жаңа технология дәуірінің мүмкіндіктерін басылым бет терінен көрсетуге тырысуда. Бұл баспахана қызметіне деген сұраныстың артқандығын біл дірсе, бір жағынан Сыр журналистикасындағы қарашаңырақ «Сыр медиа» ЖШС-на артылған жауапкершіліктің зор екенін көрсетеді.

Әу бастағы арман – әдебиет есігін еркін ашу әлі толық шешілген жоқ. Студент кезде жазған «Кешір, жаным!» дейтін әңгімем қолжазба күйінде жатақхана бөлмелерін аралап жүріп қолды болды. «Толғаныс», «Пендеге тыным керек», «Кеш қалыппын» дейтін шағын әңгімелерім де менімен жасырынбақ ойнағандай ғайып болды. «Қызғалдақтар», «Тыңдашы, Жәудір», «Теңіз исі», «Емен ескек» деген әңгімелерім «Толқында» басылды.

Кейінгі кездерде «Алғашқы асу» хикаятым мен «Шөлдеген шағала» атты әңгімем халық аралық «Дарабоз» әдеби бәйге сінде жүлдеге ілікті. Бірқатар шы ғар маларым ұжымдық жинақ тарға енді. Сиясы кеппеген «Менің жағалауым» атты хикая тым, бірнеше әңгімелерім үй тартпасында. Әлі де бірде-екілі хикаят нобайы көңіл сандығында жібектей суситын сәтін күтулі. Әлемдік деңгейдегі даңқты

жазу шы Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Украинаның ұлы ақыны Тарас Григорьевич Шевченко шығар машы-лығы туралы әдеби эсселерім оқырман көкейіне қонғаны сенім ұялатады.

Журналистика – сөз өнерінің шолғыншы, шабарман саласы. Жазушылардың дені осы Жиренше жеркепесінен шыққандар. Мені газетке әкелген бейнелі сөз ге құштарлық. Аралдың әдеби ортасын қалыптастырған Әмір адин Әленов, Мешітбай Құт тықов, Сағындық Тұрдалиев, Серік Сейітмағанбетов сынды аға буынның іш тартуы да үкілі үміт сыйлады. Баспасөздің бәйтерегі іспетті Шәкірат Дәрмағамбетов пен Омар Әбдуәлиев көкелеріміздің көшірмесі жоқ қолтаңбалары рухани демеушімізге айналды. «Толқынның» табалдырығынан төріне дейін оздырған редактор Сағынжан Ерма-ған бетов ағамыз дың қамқорлығы алабөтен, Дүлдүл журналистер

Өмірбек Төлепов пен Кеңес Өмірзақовтың қалам сілтесі баспасөз аламанында еркін көсілуімізге тебінгі терлет кен тәлімгерлігіне дән ризамыз.

Баспасөз бәйгесінде біз де құр-алақан емеспіз. Екі мәрте «Арал дың үздік журналисі» атан дым. Облыстағы аудандық газет журналистері арасында топ жар дық. «Аллажар – қолдау» қоры ұйым дастырған республикалық конкурста «Арал өңіріндегі үкі меттік емес ұымдардың қалып тасуы және даму беталысы» атты сараптамалық мақалам бірінші орын иеленді. Орта Азия экологиялық журналистикасы ІІ, ІІІ фестивальдарының лауреаты болдым. Еріктілер жайлы еңбегім де еленді. Салалық министрліктің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Журналистер одағының дипло мымен марапатталдым.

«Толқынға» деген ықыласым шексіз. Қолыма алғаш қалам алдырған да осы басылым. Қоғам дық тілші кезімде-ақ редак ция қол ғанатына ай-нал дым. Тұ рақ ты құрамда жаңа айдар, соны та қырып, аудан өмірін түгел қамту, проблема қозғау қар бала сында жаңашылдық жа лауын желбіреттім.

Әдебиетке сағынышымды ақ өлең түріндегі публицистикалық толғаулармен ақтауға тырыстым.

Кейіпкер табиғатын кәсіби әрі адами қырынан ашуға ұмтылдым. Он жылдан бері құрметті дем алыс тамын. «Толқыннан» бір елі ажырап көрген емеспін. Редак цияның жаңа құрамына шығар машылық кеңестер қосамын. Сиясы кеппеген туындыларымды тек қана «Толқынға» ұсынамын.

Биыл «Толқынның» 90 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіледі. Алғаш «Екпінді балықшы» деген атпен баспасөз әлеміне қадам басқан бұл басылымның тұңғыш редакторы Әуелбек Қоңыратбаевтан дәріс алғанымды ерекше тебіреніспен жүрек түкпіріне ұялатамын. Газет беделін биіктеткен және бір көрнекті тұлға, жазушы Тойбазар Елемесовтің редакторлық қағи даты көркемдік кілтін ұсынған.

Болашақ түгіл бүгіннің өзі қай саладан да уақытпен үндесуді қалайды. Ақпараттық өтімділік оқи-ғаны жедел екшеуді, иланымды қоры-тынды жасауды өткірлейді. Қалам ұстаушының қайсысы болмасын шығармашылық мәуе көктемі жүректе орныққанын жадынан шығармаса екен.

Жаңабай КЕМАЛ,Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі

Дүниеден небір данышпандар өткен. Олардың сөзі ауыздан ауызға көшіп сақталды. Өйткені олар жазу өнерін білмейтін. Ал, айтушылар даналардың сөзіне өз ойын қосымшалап, қадірін кетірген. Бірінің сөзін біріне теліп, араластырып жіберген. Осыны білетін даналар жазу өнерін үйренген, бірақ енді оны көшіріп жазушылар өзгертіп жіберетін болған.

Құранның не үшін Алланың өз сөзімен түскенін осы мысалдан түсінсеңіз болады. Құранды адам, яғни, Пайғамбар жазған болса, онда оны келесі адамдар өзгеріске ұшыратуы әбден мүмкін еді. Сондықтан да Құран Алланың сөзімен түсті, міне, мың жарым жыл уақыттан бері ешкім оның бір әрпін де өзгерте алған жоқ.

Ал, қайтадан қаламның өзіне оралайық.Бастауы да, ақыры да жоқ, оңы мен солы, асты

мен үсті болмаған Алла әу баста шексіз кеңістікте бір өзі ғана болған.

Сосын ең алдымен нұрды жаратқан, оны ең абзал хабибім Мұхаммедтің нұры деген. Онан соң «Лаух-ул Махфуз» деп аталатын Тағдыр тақтасы мен Қаламды жаратқан. Алла Тағала өзі болашақта бар ететін барша жанды, жансыздардың тағдырын осы Тағдыр тақтасына жазып қойған. Анығырақ айтқанда оны Қалам жазған.

Алла Тағала Қаламға: «Ей, Қалам!» деп тіл қатқанда осы сөздің шарапатынан Қаламға нұр түскен. Қалам осы хәлде мың жыл тұрған. Осыдан кейін Алла оған: «Жаз!» деген. Қалам басын төмен салып, Тағдыр тақтасына «Бисми-л-лаһи» деген сөзді жазған. Осы сөзді жазуға мың жыл уақыт кеткен. Тағы мың жылда «ар-Рахмани» деп жазған. Араға мың жыл салып оны «ар-Рахими» сөзімен жалғаған.Сол сөздердің басын қосқанда: «Бисми л-лаһи р-рахмани р-рахим» сөзі шыққан.

Осы сөзді жазуға төрт мың жыл уақыт жұмсалған. Бұл – Қаламның жазған сөздерінің ең алғашқысы. Мұнан соң Қалам барлық жаратылыстың тағдырын жазған. Сіз бен біздің де кешегіміз, бүгініміз, келешегіміз – бәрі сол тақтада жазулы тұр.

Мұнан әрі қаламды кіші әріппен жаза берейік, өйткені жалқыдан жалпылық сипатқа көшеміз. Бәрін айт та, бірін айт, қаламның қасиет-киесі бар екенін біліңіз. Жәй ғана мысал, ауызша сөз бен жазылған сөздің ықпалын салыстырып көріңіз, қайсысы жоғары тұрады? Қаламыңызбен кез келген нәрсені, әсіресе жаманатты жазбауға тырысыңыз. Өлім туралы жазған ақындардың тағдырына бір қарап қойыңыз. Ақынның ақыны Мағжан «Балқиды жаным бұл күйге, мені де, өлім, әлдиле» деп жазды емес пе?Бұл мәселеге дендеп енсеңіз сіздің жаныңызда әрдайым періштелердің жүретінін, олардың сол қаламмен ауыздан шыққан сөзіңізді тізіп отыратынын айту керек болады. Ал, оған көп білім керек.

Жазсаңыз жақсыны, әділдікті жазыңыз. Әр жерден бір шатып, басы қосылмайтын сөздердің жанын қинап жазудың зардабы бар, ондай адам – бейшара. Абайдың: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол – ақынның білімсіз бейшарасы» дегеніне ой жіберіңіз. «Бөтен сөз» деп отырғаны орысша не арапша сөз емес, өз орнына қолданылмаған, қиыспайтын, түсінікке томпақ сөз. Сондай сөз жазатын болсаңыз, қалам сізге налалы болады. «Бисми л-лаһи р-рахмани р-рахим» деген қасиетті сөзді жазған қалам өзінің жүйесіз сөз жазғанына ренжиді.

Айтпақшы, сіз әу бастағы қалам мен қазіргі қаламның қандай байланысы бар деп отырған шығарсыз. Есепсіз, түпнегізсіз ештеңе жоқ. Біз мәселен, Адам атадан тарадық. Бойымызда адамдық қасиет бар. Қаламды да осыған ұқсатыңыз, әуелгі қаламның бойындағы жазу қасиеті қазіргі қаламда бар ма, бар. Демек, олардың өзара тылсым байланысын жоққа шығару – күпірлік. Жақсы жазушылар мен ақындарды мақтағанда «қаламына қанат байлаған», «қаламынан сәуле төгіліп тұрады» деген сөздерді неге қолданамыз, тереңдеп көрмеппін дейсіз ғой. Себебі, солардың ұстаған қаламына әу бастағы қаламның нұры сіңген.

Енді мынаған келейік. Қазір бәріміз компьютер арқылы жазамыз, сонда қалам қайда қалды? Осы бір сұрақты қоятыныңызды білдім. Сіз әу бастағы қаламды қазіргі қалам сияқты деп ойлайсыз, ә? Сұрақ қойып отырған мен де солай ойлаған едім. Бірақ, мына бір қиссаға құлақ түрелік.

Һарон Рашид заманында Баһлүл Дана есімді бір әулие өмір сүріпті.

Бір күні әулиенің алыстан арып-ашып келгенін көрген Һарон:

– Уа, Баһлүл, қайдан келесің? – депті.– Тозақтан келе жатырмын, патшам, – дейді ол.– Тозағы несі, ол жақтан не іздедің,

данышпаным? – деп Һарон тіксініп қалады.– От керек болып, от алып келейін деп едім.– От алып келдің бе, енді?– Жоқ, әкеле алмадым, тақсыр. Тозақта от

жоқ екен, отты пәни дүниеден әркім өзі алып барады екен. Осыны айтып, тозақтың сақшылары қолымды бос қайтарды.

...Дана мен патшаның сөзінен не түсіндіңіз? Біз ойлағандай тозақта от лаулап тұрған жоқ екен. «Қыл көпір» деген де сол сияқты, өзендегідей көпір емес. Амалдарды «таразыға тарту» деген де ет базардағы таразы сияқты болмаса керек. Қаламды да осы мазмұнда елестетсек болады. Оның да түр-сипаты біз ойлағандай емес-ау. Компьютер түймесін басып отырсыз ба, сол сіздің қаламыңыз болып саналады.

Ендеше, қаламдасым, қаламды кетпен, күрек, қайла секілді адам ойлап тапқан бір құрал деп қателеспегейсіз. Қалам сөзі Құранда бар, яғни, оны Алла жаратқан. Ал, әлгі құрал-сайманның бәрі еңбек деген бір сөзге сыйғызылған.

Сіз қолыңызға Алла жаратқан қасиетті затты ұстап жүрсіз, мұны әрдайым ойдан шығармассыз.

Осыны айтайын деп едім.

«ТОЛҚЫН» – 90 ЖЫЛ

ҚАЛАМДА ҚҰДІРЕТ БАР, ҚАЛАМДАСЫМ

Сіз қолыңызға қалам ұстап жүрсіз бе?

Дұрыс, сөз жаза білу – ұлы өнер. Асыра айтып отырған сияқтымын ба? Осындай ойда отырсаңыз, мен айтайын, сіз тыңдап көріңіз.

БІР БЕЛЕС және БИІК МЕЖЕ

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,«Сыр бойы»Sb

Биыл – «Сыр медиа» ЖШС-на 10 жыл толды. Ақпарат айдынында өзіндік орны бар, бәсі биік медиахолдинг облыс әкімдігінің қаулысымен

2010 жылдың 7 маусымында «Сыр медиа» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорн болып құрылды. Басты мақсат – тиімді басқару жүйесін қалыптастыра отырып, газеттің сапасын көтеру, материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және басылымдардың уақыт сұранысына сай электрондық қызметін кеңейту болатын.

БЕЙНЕЛІ СӨЗГЕ БЕТБҰРЫС

– Жалпы пандемия басталғалы полиция, дәрігер мамандарымен қатар журналистерге де артылар жүктің салмағы ауырлай түсті. Яғни БАҚ қызметкерлері де алдыңғы шепте жанын салып еңбек етуде. Олар халыққа толыққанды сенімді ақпарат жеткізу үшін оқиға ортасына барып, тікелей байланыстарға шығып, сала мамандарынан сұхбат алуда.

Наурыз айында «Kyzylorda-news.kz» АА базасында әлем ді шарпыған қауіпті індеттің Қызылорда облысындағы ахуалы туралы нақты, ресми әрі жан-жақты мағлұмат беретін «COVID – 19» атты ақпараттық-медиа блогы іске қосылды. Осы айдар ішінен облыстағы ахуалдың, яғни, коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастардың статис тикасын көруге болады. Сол сияқты, қауіпті індеттен сақтану шараларын да аймақтық БАҚ үздіксіз ақпараттандырып келеді», – деді Аманжол Сақыпұлы.

Айталық, қазіргі таңда «Сыр медиа» серіктестігі – басылымдарын өз баспаханасынан басып шығарып, баспасөзге жазылу, тарату қызметтерін қатар жүргізіп келетін республикадағы жалғыз құрылым. Серіктестік газеттерінің бір мезеттегі таралымы (тиражы)

90 мыңға жуықтады. Ең бастысы, дәстүрлі баспасөз бен жаңа медианы ұштастыра отырып, мемлекет, ел мүддесі жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

«Қызылорда», «Қоғам ТВ» телеарналары, «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Әлімсақ» газет-журнал дарының және «Сыр медиа» серік-тестігінің, басқа да БАҚ-тың атқарып отыр ған жұмыстарының бәрі Сыр журна лис тикасының көсе гесін көгертіп, мерейін өсіруге бағытталған.

– Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өңірдегі БАҚ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бастамасына ерекше үн қосып келетінін жақсы білесіздер. Айталық, “Сыр бойының сакралды ескерткіштері” атты 27 баспа табақтық кітапқа “Сыр медиа” серіктестігі де өз үлесін қосты. Журналистер киелі орындарға барып, сол сапарлардан танымдық дүниелер ұсынды. Сондай-ақ, биыл «Сыр журналис-тикасының тарихы» атты 5 томдық дайындалуда. Бұл – ауқымды жоба. Онда серіктестіктің ғана емес, аймақ баспасөзінің тарихын түгендеп, қаламгерлердің өмірі мен еңбегін елеп-ескеруге мүмкіндік болмақ, – деді А.Оңғарбаев.

SbҒазиза ӘБІЛДА,«Сыр бойы»

Бүгінгі таңда Сыр өңірі медиа кеңістігінде 101 БАҚ құралы жұмыс жасайды, оның 8-і электронды, 6-уы ақпараттық агенттік, 87-і мерзімді баспасөз құралы бар. Төтенше жағдай басталған сәттен қызылордалық журналистер прогресшіл қалпынан айныған жоқ. Халыққа жедел әрі шынайы ақпарат жеткізу үшін әрдайым оқиға орынан табылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев мәлімдеді.

СЫР ӨҢІРІНДЕ 100-ден АСА БАҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

«Толқын» газетімен түпкілікті байланыс 1990 жылы редакцияның аға тілшісі атандырды. Бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқардым. 20 жылдай аудан өмірінің рухани жаршысы, елдің жоқшысы міндетіне арқа тостым.

Ойы озық, көзі қырағы журналистер қауымының ел өміріндегі өзгерістерді бағамдап, жаңалықтарды жедел әрі шынайы жеткізудегі қызметі өлшеусіз. Әлемді алаңдатқан індетпен күрес кезінде де халықтың сенімді ақпарат көздеріне сұранысы жоғары болғанын айта кету керек. Бұл ретте жанкешті журналистер кәсіби қызметін қалтқысыз атқарды.

Мереке қарсаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады.

Карантин талаптарын ескере отырып, журналистерге арналған марапатты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова табыстады. Облыс әкімінің Алғысы «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты облыстық «Сыр бойы» газеті, «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», қалалық «Ақмешіт апталығы», Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің редакция ұжымдарына берілді. Ал, әріптесіміз Ыдырыс Тәжіұлы облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

Сондай-ақ, біздің басылымның аға тілшісі Дүйсенбек Беркінбаев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленсе, Қызылорда қаласы әкімінің дәстүрлі «Ұшқыр қалам» жүлдесін әріптесіміз, арнаулы аға тілші Ғазиза Әбілда иеленді.

Кәсіби мерекеге орай газет тілшілерін қала, аудан әкімдері мен мекеме, басқарма, құқық қорғау органдары басшылары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Nur Otan», «Ауыл» ХДПП партияларының облыстық филиалдары құттықтады.

Бұл – өңірдегі атқарушы органдардың БАҚ-пен етене байланыста екенінің бір айғағы.

ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір саналатын, ел бірлігінің бекем болуын басты орынға қойып, қоғамға қалтқысыз қызмет ететін ақпарат өкілдерінің кәсіби мерекесі биыл пандемияға байланысты ерекше жағдайда өтуде.

MEREI

Page 6: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

EKONOMIKA Sb№95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл6 www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

ДІҢГЕК ДИДАРЫ

СІЗ ОСЫ СЕЙІТҚАЛИДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Сыр елінде ащы терін төгіп туған жерін түлеткен санаулы азаматтар бар, солардың бірі – Сейітқали Алшынбаев.

«Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін», «Білім меценаты» алтын медалінің иегері. Білім саласына қосқан үлесі үшін «Алтын жүрек-2013» сыйлығын жеңіп алған. Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Қызылорда қала сының құрметті азаматы.

Бұл есім руханият жанашыры есебінде де жақсы таныс. Қай жылы қазақ айтыс өнерінің белді өкілі Айбек Қалиев Қызылордаға келгенде өз қаржысы есебінен көлік сыйлады. Еш есебі жоқ, тек айтысты жақсы көргені үшін. Тіпті Айбек ақынның өзін бұрын теледидардан ғана көріпті. Сол сияқты баспасөз мерекесі қарсаңында жазғандарын өзі ұнатып оқитын біраз журналистерге де сый-сияпат жасап жүретіні бар. Ол ісін атап-түстеуді қажет деп есептемейді.

Осы жомарт кәсіпкердің есімі ең алдымен балабақша саласын дамы-тумен байланысты белгілі болған еді.

Қызылордада балаларға барлық жағынан жағдай жасалған үш бірдей балабақша салды. 360 орынды «Шұғыла» балабақшасы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Онан соң іле-шала 100 адамды жұмыспен қамтыған, 320 балаға шақталған «Нұр-Шұғыла» пайда болды. Сосын «Алтын Орда-Шұғыла» салынды. Ал, 2017 жылы Ал маты қаласынан 50 тәрбиеші мен қызметшіге, 150 бүлдіршінге арналған «Алтын орда-Шұғыланың» филиалын ашты.

Балалардың бұл тамаша орда-ларына кәсіпкер 1,5 миллиардқа жуық қаржысын жұмсады.

Бірде біз кәсіпкерден: «Балабақша бизнесі қаржыңызды қаншалықты еселейді?» – деп сұраған едік. Сондағы ол кісінің жауабы мынау: «Шаршаған шақтарда балабақша ауласына келіп балғындардың шат күлкісін естуден артық рахат сезім болмайды.»

Осы сөзбен тоқталды. Мен кейі-нірек әңгіме суыртпақтап Сейітқали-дың алыста қалған тағдыр-талайына апаратын соқпаққа түстім.

ҚАП АРҚАЛАҒАН БАЛА

...Сейітқали он бір жаста еді. Кенжеғали атты інісі өмірге келген. Бір жасында сол бала аяқасты ауырды. 1973 жылдың жазында, таң азанғы мезгілде бейкүнә сәбидің жарық дүниені әлі танып үлгермеген мөлдір көзіндегі нұр шапағы қараңғы түнекке біржола сіңіп кетті.

Анасы төсегінен үргедектеп тұрған Сейітқалидың басынан сипады.

– Иіс шығару керек, балам. Тартоғайдағы ағаңның үйіне барып ұн әкелмесең болмас, – деді.

Сонда үйде бауырсақ пісіретін ұн да жоқ екен. Мүшелге әлі толмаған Сейітқали өзін ересек сезініп жолға шықты. Ауылдан үш шақырым үлкен жолға дейін жаяулап барды да, өткінші автобусқа мініп, Тартоғайдың аузынан түсті. Сәйдім ағасының үйі стансаның батыс шетіндегі кірпіш зауыты маңында тұратын, оған дейін де біраз жер.

Үйде жеңгесі бар екен.– Кенжеғали қайтыс болды. Апам

ұн әкел деп жұмсады, – деді. Өзін қанша сабырлы көрсеткісі келсе де, даусының дірілі басылмады.

Жеңгесі жағдайды естіп күйбеңдеп қалды.

– Ойбуй, Үлкен бала, жеткізіп беретін ағаң да үйде жоқ. Көтер-геніңше алып кетесің, енді, – деп бір қапты босатып, соған екінші қаптан орта белінен келтіріп ұн салып берді.Он кіләдан көп болмаса аз емес жарты қапты Сейітқали арқаға салып, үлкен жолға қарай тартты. Шыға бере жаңбыр сіркіреді. Қаптың салмағы ауырлап, адымын кере аштырмайды. Тепеңдеп темір жолды кесіп өтті, ағылған асфальт жолға да жетті.

Жолға шығысымен дөңгелеп өткеннің бәріне қол көтере бастады. Қабын арқасынан түсірген жоқ, өйткені жер шалшық. Бір жүк машинасы өтіңкіреп барып, су шаша тоқтады. Шопыры еңкейіп кабинаның жолаушы жақ есігін өзі ашты. Ентелеп жеткен Сейітқали:

– Аға, інім қайтыс болып еді, – деп кабинаға тырмысты.

Сөзі қап емес, мәйіт арқалап келе жатқандай әсер етті ме, әуелі тіксініп қалған шопыр тез-тез затын көтерісіп, баланы қолынан тартып мінгізіп алды.Дәл осы сәт – Сейітқалидың қуанатын сәті. Себебі жаңбырдың астында қап арқалап тұрғанда бір мейірімді машина тоқтап, мінгізіп алып бара жа тыр. Бірақ ол қуана алмайды. Оның жан дүниесіне меймілдеп мұң толып қалған. Алқымына қайғының ащы запыраны лықсып келіп тұр. Сондықтан да аузынан інісінің қайтыс болғандығы туралы сөз бірінші болып шықты.

Бейтаныс шопыр ағасының үйінен келе жатқанын айтқанда:

– Ә, танимын, – деді. Тани ма,

танымай ма, мүмкін баланың көңілін жұбатқысы келгені шығар. Ол жағы беймәлім. Өзі тіке Шиеліге өтіп кету керек екен, өйтпеді. Бәйгеқұмнан «Отызжылдыққа» қарай бұрылып, тағы үш шақырымға жақындатып, ауыл ортасынан түсірді.

Сейітқали үйдің төбесі көрінгенде жарты қап ұн емес, жеп-жеңіл мақта арқалап келе жатқандай жүгіріп кетті. Арқасындағы қабын есіктің алдына тастай салды да анасының құшағына ұмтылды. Денесінің әлде ысығанын, әлде тоңазығанын біле алмай келген бала ана құшағынан мият тауып, қапсыра құшақтаған қалпы бір сәт көзінен жас ағылып, қимылсыз, үнсіз тұрып қалды...

Сол сәтте Сейітқалидың көкірегіне өмірбойы кішкентай балаларға жақсы-лық жасасам, шіркін-ай, ана деген аяулы жанға олардың жылағанын көрсетпесем деген ұлы арман ұялады.

ӨМІР САПАРЫНДАҒЫ СОҚПАҚТАР

Сейітқали Қызылорда қаласындағы политехникалық техникумды бітірді. Техникумда орысша тіл сындырды, кітапты басына жастап жатып оқыды. Ақшаны үнемдеп жұмсауды үйренді. Жиырма сом стипендиясын тамаққа, жолпұлға, үйге деп бөліп-бөліп қоятын. Сөйтіп үлкен өмірдің алғашқы соқпақтарынан өтті.

1981 жылдың қараша айында Қызылорда автобус паркіне жұмысқа орналасты. Ол кезде көлік жөндейтін арнайы құрылғылар аз. Жұмыс қолмен атқарылады. Диагностиканы компьютерлік бағдарламамен жүр-гізу деген түсінікке де, түске де кірмеген кез. Осы жұмыста сегіз айдан соң техникалық қауіпсіздікті сақтау инженері болып қызметі өсті. Сейітқали жыл сайын жұмысқа төселіп, өмір сүрудің озық дағдысын қалыптастыра бастады. Ата-ене қолындағы отбасын қалаға көшіріп, өзі істейтін мекемеден пәтер алуға қол жеткізді. Алайда, жас жігіт қызметпен ғана шектеліп, жеткілікті табысқа кенеле алмайтынын түсінді. Сондықтан еңбек демалысы күндерінде бір «КамАЗ» автокөлігін тіркемесімен қоса толтырып, кіләсін 12 тиыннан қауын сатып алды. Қауын Ресей жақта қымбат, өйткені олар бұл дақылды екпейді. Осылайша Тюмень, Тобольск қалаларына қауын апарып сатты. Ол жақта ауылдан сатып алған бағаңнан 12-13 есеге қымбат өтеді.

Бір жылғы қауын сату сапарында Челябі облысының Златоуст қаласын таңдады. Сол жердің нарқы көңілден шықты. Бұл қаланың өзі де Сейітқалиды ерекше қызықтырды. Таулы, орманды өлкеде орын тепкен қала өте әсем, аты әулие Иоанн Златоустың құрметіне қойылған. Біздің заманымызға дейінгі төртінші ғасырда өмірге келген бұл кісі шіркеу шырақшысы болған. Ол уағыз айтқанда оны тыңдауға мыңдаған адам арнайы келеді екен. Жағымды дауыспен мәнерлеп сөйлейтін Иоаннға «Златоуст» деген есімді халық берген. «Золотой уст», яғни, «алтын ауыз» деп атаған. Біздің жырауларды «күміс көмей» дейтініміз сияқты.

Қауын сату – Сейітқалидың еңбек демалысын пайдаланып атқарған жұмысы. Ол өзінің кәсіби жұмысында да айтулы табысқа жетті. 1990 жылы автобус паркі жабдықтау бөлімінің бастығы болып қызметі көтерілді.

Сол жылы облыс басшысының тұтынушы халық қыста да көкөніспен қамтамасыз етілуі керек деген тап-сырмасы болған. Бұл үшін әлеует-ті мекемелерге жылыжай салу мін-деттелді. Автобус паркінің бас тығы Жақсылық Жарылқағанов маман-дарды жиып, мекеме есебінен екі мың шаршы метр болатын екі жылыжай салу керек деді. Осы іске 5 вагон шыны қажет болды. Мамандар Ресейде шыны зауыты бар екенін, онда әйнектің бір шаршы метрі 8 сом 45 тиын екенін айтты. Тәжірибелі бастық бұл бағаның қымбат екенін ішінен есептегендей ол ұсынысты

мақұлдамады. Осы жұмыспен мекеме бастығы Сейітқалиды Түркіменстанға жіберді. Ол бөгелместен іссапар қағазы мен қажетті қаражатын алып, Ташкентке ұшты. Онан әрі Ашхабадқа келді. Таксиге отырып, білгендерден сұрап Ленин атындағы шыны комбинатына келіп түсті.

Комбинат бастығының орынба-сары Амин Медетович Сарджаев деген кісі екен, неде болса мұсылман ғой деп Сейітқали комбинат бастығы Поповқа емес, орынбасарға кіруді ойлады. Өзі ойлағандай Амин Медетович жылы жүзді кісі болып шықты. Сейітқали 5 вагон шыныны Байқоңырға керек деп түсіндірді. Шыны құнына күріш беріп айырбас жасайтынын айтты. Әлемге аты мәлім Байқоңырды айтса мәселе тезірек шешілер деген. Амин Медетович бұл істі Москва арқылы шешу керектігін еске салып, ойланып қалды. Кеңес одағының ыдырамаған кезі. Мұндай үлкен кәсіпорындарды тікелей Москва басқарады. Бірақ бастықтар өзара келісіп шешсе де, олардың қолын ешкім қаға қоймайды. Сейітқали Аминге өзімсіне сөйледі.

– Бастығыңызбен ақылдасыңыз, мен келісімнен тыс 10 тонна күріш әке ліп беремін. Оған автобус паркі есе бінен 15 автошин, 10 аккумулятор қос қызамын, – деді Сейітқали сенімді дауыспен.

Бұны естіген Амин: – Бір пар «Волганың» доңғалағын

қоса аласыз ба? – деді.– Әрине. Сіз онда маған комби-

наттан шынының жіберілетіні туралы ресми хат жазып беріңіз, – деп екеуі қол алысты.

Осылай шаршы метрі 2 сом 20 тиыннан 5 вагон шыны алатын болып келісім жасасты. Бұл Ресейден аламыз деген бағадан төрт есе арзан еді. Сосын келген ізімен тез кері қайтты. Бастықтан тапсырма алғаннан кейінгі төртінші күні қайтадан бастықтың кабинетіне келіп кірді.

– Сен әлі жүрсің бе? – деді Жақсы-лық. Көзін еденге жағалатып отырып барып тіктеді.

– Мен тапсырмаңызды орындап Түркіменстаннан келіп тұрмын, – деді Сейітқали. Бастық сенерін де, сенбесін де білмей бөгеліп барып, орнынан атып тұрды. Сейітқалиды ертіп облыстық автокөлік басқармасының бастығы Сансызбай Құттыбаевтың алдынан

бір-ақ шықты. Қуанған Құттыбаев мамандарға 5 вагон әйнектің күрішке шақ қандағы бағасын шығарып, оған қоса басқа да қажет заттарды дайын-дап беруді жүктеді.

Он тонна күріш артылып, жұлқынып тұрған жүк машинасымен Сейітқали тағы да жолға шықты, алдында 3 мың шақырымдық сапар жатты. Екі тәулік жүріп, Қарақұм каналынан өтті, Мариге жетті. Жүргізуші Нартай атлас картаға қарап алады да, келіп-кетіп жүрген жеріндей жүйтки береді. Өзіне сенімді, адастырмайды. Осы жүріспен төрт күн дегенде Ашхабадқа, баяғы шыны комбинатына келіп жетті. Амин Медетовичтің кабинетіне маңдай тіреді. Көзінің бірден түскені кабинет есігіндегі орынбасардың аты-жөні жазылған тақтайшаның алынып тасталғаны болды. Қапелімде сасып қалды. Амин аяқасты қызметтен кеткен болса, енді кіммен сөйлеспек, 5 вагон әйнектің тағдыры не болмақ?

– Сіз кімді іздеп едіңіз? – деді жазу машинасын пулеметше сатырлатып отырған қыз.

– Амин Медетовичті.– Ол кісі қазір комбинаттың бас

директоры болған. Кабинетін көрсетіп жіберейін, – деп хатшы қыз орнынан тұрғанда, Сейітқали туған ағасы директор болғандай қуанып кетті.

Амин өзін ескі танысындай жылы қарсы алды. Дереу орынбасарын шақыр тып, 5 вагон әйнекті барар жері-не жеткенше қадағала, – деп тапсырды.

Бұл артта қалған өмір соқпақ-тарының бір-екі сілемі ғана.

2000 жылы Сейітқали осы бүгінге дейін құрылыс салу жұмыстарымен айналысып келе жатқан «Нұрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды және соның басшылық тізгінін ұстады.

БҰЛ МЕКТЕП БҰРЫНҒЫЛАРДАН ӨЗГЕРЕК

«Нұрай» жауапкершілігі шек-теулі серіктестігі облыстың елді мекен дерінде 6 мектеп құрылысын салды. Тереңөзекте, Қалжан ахун-да, Майлыбаев атындағы ауылда, Сұлутөбеде, Талсуатта және Қызыл-орда қаласында.

Мемлекеттік жекеменшік әріптес-

тік аясында Қызылорда қаласының іргесіндегі Досан елді мекенінде жалпы сметалық жобасы 347,2 млн теңгені құрайтын типтік жобадағы 100 орындық мектеп құрылысына С.Алшынбаев өз қаражаты есебінен 69,4 млн теңге қайтарымсыз қаражат салып, 2013 жылы пайдалануға берді.

2019 жылы өткен «Байқоңыр» VІ инвестициялық форумында ондаған жоба ұсынылған еді. Солардың ішінен бүгінде іске асырылып жатқан бірегей жоба – Қызылорда қаласынан 500 орынға арналған жалпы білім беру мектеп құрылысы жобасы. Мұны жүзеге асыруды қолға алған «Нұрай» ЖШС өткен жылы қала әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

Бұл шешімге Сейітқали Алшын-баев бір күнде келе қалған жоқ. Ол туралы өзі бір парақ қағазды алып былай деп жазды: «Бойымдағы алпыс екі тарам тамырға қан таратып тұрған жұдырықтай жүрегім керемет бір туындыны өмірге келтіруді аңсады. Сондай сағыныш тудырған ыстық сезіммен «Зерде» деген мектеп құрылысын салуға ниет жасадым. Дәл бүгінгі күннің экономикалық, әлеуметтік жағдайында бұл – үлкен тәуекелшілдік шешім. Дегенмен, мен осы жолды таңдадым. «Зерденің» табалдырығын аттаған әрбір баланың зерделі, зейінді, жүрегінде иманы бар ибалы болып тәрбиеленетініне сенемін». Сол ақ парақты бүктеп кеудесінің тұсына салды. Сосын бұл қандай мектеп болады деп ойға шомды. Мектеп түрі ұлттық болады. Идеясы қазақ дәстүрі, түрік өркениеті және әлем өркениетіндегі озық мектептер үлгісіне негізделеді. Тірек сөзі: «Бала бойына обал-сауап, арам мен адал ұғымын сіңіру». Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, ІТ технология пәндеріне басымдық беріледі, сонымен бірге балалар спорт пен музыканың бірнеше түрімен айналыса алады. Оның ішінде көп жерде кенжелеп келе жатқан ұлдар үшін садақ ату, қыздар үшін кесте тігу өнері де қолға алынады. Осындай білім беру ісіне жан-тәнімен педагог, үздік мұғалімдер іріктеледі.

Мектептің орналасқан жері, Есен Демесінов көшесі – қаланың ең көрікті, келбетті бөлігі, сол жағалауға өтетін жаңа көпірдің жаны. Сейітқали Алшынбаев осы жобаны жүзеге асыруды ойлағанда балалардың көз алдында тұратын панораманы да естен шығармады. Үш қабатты мектептің үлкен, жарық терезелерінен шығыс жаққа назар салғанда «Мұз айдыны», «Еуразия», мұнайшылар кешені секілді сәнді ғимараттар мен қала орта лығы жарқырайды. Ал, батыс жақ қа қарағанда Сырдария өзені, әсем салынған халыққа қызмет көрсету орталығы, «Болашақ» университетінің кампусы асқақтап тұрады, бұл көрі ніс балалардың арманын қанат тандырады.

Жақында біз құрылысы аяқ-талудың алдында тұрған «Зерде» мектебіне бардық. Айтса, айтқандай екен. Сынып бөлмелері үлкен, біз көрген мектептердің дәлізіне үзіліске шыққан балалар тоғытылып сыймай жататын. Бұл мектепте ондай мәселе туындамайтын сияқты, тынысың кеңіп сала береді. 300 орынға арналған асхана, балалардың үзіліс кезінде бір пәс аяқ киімін шешіп, үйдегідей көрпешеге көсіліп жата кететін атшаптырым бөлмесі қандай әдемі. Ал, мектептің конференц залына қала көлеміндегі іс-шараларды да өткізе беруге қолайлы. Бұларға қоса мектеп жанынан салынған жатақхана болмақ. Онда алыс аудандардан оқуға келген балалар жатады.

Мектеп құрылысымен танысқан сәтте біз Сейітқали Алшынбаевты сөзге тарттық. Ол кісі былай дейді: «Бұл мектептің сызбасын өте тәжірибелі «Асар-Гарант» жобалау тобы жасады, қазір есік, терезе, күмбез шатыры секілді бөліктердің әрлеу жұмыстарымен «Галакс» түрік фирмасы айналысып жатыр.

Біздің балабақшалардан шыққан бүлдіршіндер осы мектепке келіп оқитын болады. Келешекте колледж салуды жоспарлар отырмыз. Сол кезде осы мектепті бтірген түлектер сол колледжде білімін жалғастырады.

130-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Іріктеуден өткен мұғалімдерге серіктестік өз есебінен үй беріп, басқа да жағдайына көмектеседі. Ең басты мақсат – сапалы білім, саналы ұрпақ тәрбиесі».

Ол ылғи да алысқа қарайды, үнемі келешектің көкжиегін іздейді. Оны ойша табады, сосын рух күшін жиып әрекетке көшеді. Бұл мектеп те менмұндалаған алыс көкжиектен көзге шалынып еді...

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

КӨКЖИЕК КӨЗ ҰШЫНДА МЕНМҰНДАЛАП

Page 7: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

Осы орайда «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді. Айта кетейік, бала құқығын қорғау бағытындағы республикалық акция жыл сай­ын өткізіледі. Акция бо йынша жүр гізілген рейд тік шарада қала және аудандардағы демалыс паркі, орталық алаңдар, көлік жуу орталықтары, базарлар, жал пы 264 қоғамдық қызмет орны тексерілді. Нәтижесінде, талапқа қайшы келген 123 құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, оның ішінде 121 жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Түнгі уақытта ересек адамның бақылауынсыз жүрген 114 кәме­летке тол маған баланың ата­ана­лары (заңды өкілдері) әкім шілік жауапкершілікке тар тылды.

Айта кетейік, алдын ала ақпараттық­насихат шара лары үздіксіз жүргізіліп жатса да, бала еңбегін заңсыз пайдалану фактілері жыл сайын орын алу­да. Осы орайда еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақ талмауы салда­рынан жас өспірім ба ла лардың түрлі жағдайға душар болып жа­татыны да жасырын емес. Сол себептен де сала басшылығы бұл бағыттағы жауапкершілікті әлі де күшейтіп, жұмыс берушілер мен ата­аналардан кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын қатаң сақтауды талап етеді. Сол сияқты, алдағы уақытта жасөспірімнің еңбегін заңсыз пай­далану немесе оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін фактілер орын алған жағдайда оларға психологиялық қолдау көр сететін орталықтар ашылмақ.

Иә, расында оқу жылы аяқ­та лысымен, балалардың көп­шілігі өздігінше ақша табуды қалайды. Мысалы, Самат есімді (аты­жөні өзгер тіліп алынды) бір кейіпкеріміз ата­анасының рұқсатынсыз, өз бетінше көлік жуу қызметінде жүрген. Ол айта­ды: «Алдағы оқу жылына дейін заманауи, жақсы смартфон алуым керек. Өйткені кешегідей онлайн­оқу болған жағдайда мүмкіндігі жоғары смартфон болмаса сабаққа уақытылы қатысып, берілген тап­сырмаларды уа қытылы орын дау қиын». Айтуынша, отба сында бір өзі ғана табыс табатын анасының оған жаңа смартфон әперуге еш мүмкіндігі жоқ. Ал бұл жөнінде ата­ана пікірі қандай?

– Жалпы, баланы ерте бас­

тан еңбекке баулыған дұрыс. Мысалы, өзіміз ауылда өстік. Сол 13­14 жасымыздан бастап шөп ору, бақша егу, кесек құю, қора соғу жұмыстарына әкемізге жәрдемдесіп жүре тінбіз. Оның пайдасы болмаса, зиянын көр­геніміз жоқ. Шаруаның жайын біліп өстік. Мысалы, қаланың баласын алайық, оларда мұндай жұмыстардың бірі де жоқ. Сондықтан жұмыс берушімен арада заңды келісім жасалып, қауіпсіздік ережелері назарға алынса, жасөспірім баланың еңбекке ерте бастан бейімделгені артық болмас, –дейді Ақылжан есімді әке.

– Кәмелеттік жасқа тол маған баламның өз бетінше жұмыс жа­сап жүргенінен бейхабармын. Ауыл болса ештеңе емес, қала орталығында қанша дегенмен қауіпті. Олар еңбек қауіпсіздігін ескере бермейді. Сосын «бала ғой» деп тиісті еңбекақысын да толық төлемейді. Сондықтан кәмелет жа­сына толмаған балалардың еңбек етуін қолда маймын. Мүмкін дігін­ше, олар дың құқығының бұзыл­мауын қадағалау қажет, – дейді Гүлнар есімді ана.

Облыстық білім басқар­масының басшысы А.Қасы мова:

– Өздеріңізге белгілі, бала тәрбиесімен айналысуда мұға­лімдер ата­аналармен бірдей жауапкершілікті кө теріп келеді. Баланың құқы ғын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ақпараттық­наси хат шаралары үздіксіз жүргізіліп оты­рады. Десек те, жоғарыда айтып өткеніміздей, түрлі жағдайлар болып жатыр. Сондықтан бала өміріне қатысты қандай мәселе болсын, бейжай қарауға болмай­ды. Жазғы демалыс уақытында жасөспірімдер жеке басының қауіпсіздігін естен шығармай, алдағы оқу жылында аман­есен оралса екен, – дейді.

Баланың қауіпсіздігі үшін бірінші кезекте ата­ана жа уапты. Қаласақ та, қала масақ та күн сай­ын түрлі жайсыз ақпараттарды естіп­біліп отыр мыз. Әсіресе, мектеп жасындағы балалардың ара сында құқық бұзушылық әрекеттердің, майда бұзақы­лықтардың көбейіп бара жатқаны әрбір ата­ананы алаң датуы тиіс. Мектеп, мұға лімдер тарапынан түсін дірме жұмыстарының, қада­ғалаудың кемдігі жоқ. Дегенмен, отба сындағы жа уап кершілікті кү­шейту ма ңызды болып тұр.

COVID-19: МАМАН МІНБЕРІ

Ғазиза ӘБІЛДА,«Сыр бойы»Sb

1-бет.

NAZARSb №95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл 7www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

Соңғы 9 күнде 8 жүкті әйел COVID­19 диагнозымен босанды. Оларды босандыруға Ақмарал Жанәбіл, Жанар Нұрымбетова, Айнұр Әжі­мұрат, Дана Нұртазаева, Ақбота Қоңқабаева сынды дәрігер, акушер­гинекологтар атсалыс ты. Ал акушерлер Айгерім Еңсепбаева, Ғалым­жан Құдай берген ана мен баланың аман­есен болуына, толғақ басталғаннан бастап босануына дейін көп жұмыс атқарды. Одан кейін нәрестенің жағдайын қадағалауға Рау­шан Балтаева, Мақпал Керейт­байқызы, Шынар Қасымова неонатологтар, мейірбикелер қатысып, баланың жағ да­йының тұрақтануына үлкен үлес қосты.

Өздеріңізге белгілі, бүгінде әлем елдері үшін ортақ індетке айналған COVID­19 вирусын жұқтырғандар саны артуда. Сол себепті ана мен баланың қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін маңызды шешімдер қабылданып, тиісті шара­лар дер кезінде атқарылуда. Осы ған сәйкес карантиндік

шек теулер қатаң сақталып жатыр. Орталықтың екі ғима­ратында да науқастардың күнделікті COVID­19 ау р уы на күдікті науқастармен бай­ланысын бол дырмау мақ­са тында фи льтр­изолятор қыз меті жал ға сып, екінші ғи­ма ра ты мызда провизорлық ста ционар қайтадан ашылды. Науқастарға, қызмет керле рі­мізге түсіндірме жұмыс тары жүргізілді. Коронавирусқа кү ­дікті босанушы келгенде ме­дицина қызметкерлері өзін­өзі қорғау мақсатында обаға қарсы І­типтік костюм (ПЧК) жиынтығын пайдаланады. Қа­зіргі таңда орталықтың про­визорлық стационары бар лық құрал­жабдықтармен және дәрі­дәрмектермен, жеке қор ға­ныш құралдарымен қам тылған.

Жалпы облыстық перина­талдық орта лығында 620 қыз­меткер жұмыс істейді. Олардың 35­40%­ке жуығы жастар. Пан­демия кезінде өмірлерін қауіпке тігіп, қыз мет істеген маман­дарымыз мемлекет тарапынан қол дау тапты. Дәрігерлер, аку шер, мейірбике, тазалық­шыла ры мызға прови зор лық

ста ционардан үстемеақы тө­леніп отыр. Сондай­ақ, жа­қында өткен Медицина қыз­мет керлері күнінде орта лық дәрі герлері Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс тық ден­саулық сақтау бас қар ма сы ның Құрмет грамота сымен, Алғыс хатта рымен мара патталып, ақ ­шалай серти фикаттарға ие бол­ды.

Қазіргі кезде облыста ауру өршіп тұр, яғни, індеттің қаупі әлі сейілген жоқ. Халық сақтық шараларына салғырттық та­нытып, тиісті органдар та­лап тарына, кеңестеріне құ лақ аспауы облыста эпиде мио ло­гиялық ахуалдың күрде ленуіне себеп болып отыр. Сондықтан әрбір тұрғын маман дар кеңесіне құлақ асып, карантин талапта­рын орын даса, инфекцияның да таралуын тез тоқтатуға бо­лады. Бірақ тұрғындарымыз қауіп сіздік шараларын сақ­тамай жатыр. Әрбір адам­ның өз денсаулығы өзіне ке­рек, әсіресе, жүкті әйелдер өздерінің денсаулықтарына асқан жауапкершілікпен қа­рауы тиіс. Көпшілік жерге бар­мау, үйге қонақ шақырмау және

сақтық шараларды қатаң ұстап, ережеге бағынуы керек. Соңғы бір аптаның ішінде симптом­дары жоқ, бірақ анализ алғанда оң нәтиже (положи тельный) көрсеткен 9 жүкті әйелдің 8­і босанды. Егер әйелде оң нәтиже көрсеткен жағдайда босанғаннан кейін тубдиспансер санатория сына және жұқпалы аурулар ауру ханасының ка­рантин ста цио нарларына жа­туы керек. Себебі олар туған­туыс қандарына жұқтыруы мүмкін. Бірақ босанушы әйел­дің ағайындары каран тиндік стационарға жі беруге қарсылық білдіріп жатқан жағдайы бар. Одан бөлек, баланы да бірге алып кеткісі келеді, ал ол каран­тин стационарына баланы апар­маған жөн. Орталықта баланы тексеріп, жақсы болып жатса, үйлеріне, таза жерге жіберу ке­рек. Осыны халық түсінеді де­ген ойдамыз.

Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай ша­руа атқарылатын болады.

Гүлнар ЖҰМАШЕВА, облыстық перинаталдық

орталық бас дәрігері

Жүкті әйелдер ауру жұқтырған

Қызылорда облысының статистика департаментінің ұжымы Шиелі ауданының статистика басқармасының басшысы Жандарбеков Айтбай Насриддинұлына әкесі

Насриддин Жандарбековтіңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

***Жарамсыз деп есептелсін

Есетова Камшат Сералиевнаның атына Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, "Шұғыла" бау­бақша серіктестігі, №165 үйге берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісінің (кадастрлық №10­156­031­3502 №0283974 05.07.2017 ж.), акимат қаулысының (№8079 09.06.2017 ж.) түпнұсқалары жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***Шоныкова Гаухар Жадигеровнаның атына Қызылорда облысы,

Қызылорда қаласы, Тәуке хан көшесі №35 үйге берілген жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісінің (кадастрлық №10­156­003­568) түпнұсқасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

ХабарламаОблыс әкімдігінің 2020 жылдың 28 мамырдағы

№38 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Бизнеске арналған үкімет» комму налдық мемлекеттік мекемесі болып өзгер тілді және 2020 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қызылорда облысының Әділет департаментінде заңды тұлға ретінде қайта мемлекеттік тіркеуден өткендігін хабарлаймыз.

– Төтенше жағдай режимі сал-дарынан ел билігі дағда рысқа қарсы әлеуметтік және экономикалық қолдау шара ларын қабылдады. Соның бірі – медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік мерзімін ұзарту. «Салық демалы-сы» кімге және қай мерзімге дейін берілді?

– Естеріңізге сала кетейін, Мемлекет басшысының тап сыр­

масы бойынша сақтан дырылмаған азаматтардың мін детті әлеуметтік меди циналық сақтандыру жүйе­сінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Осы уақытқа дейін барлық азаматтар шартты түрде сақ тандырылған болып са­налады және МӘМС жүйесіне қаты сушы мәртебесіне қарамастан меди циналық көмекке жүгіне ала­ды.

Содан кейін, Үкімет қаулысына сәйкес, шағын және орта биз­нес субъектілері 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін міндетті әлеуметтік меди циналық сақтандыру тө лемдерінен босатыл­ды, яғни, осы кезеңде ШОБ, соны­мен қатар кейбір ірі кәсіпорындар өз қызметкерлеріне медициналық сақтандыру төлемдері мен ауда­рымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін боса тылған.

Жеңілдік берілген кәсіп­орындардың қатарына каран тин енгізуден ең көп зардап шек­кен санаттар: сауда, мей рам хана және қонақүй бизнесі, туристік қызметтер, кинотеатрлар және т.б. жатады. Шағын және орта биз­неске арналған 29 іс­шара 10 ірі бизнес үшін ұйымдастырылған. Басқа шағын және орта бизнес субъектілеріне медициналық сақ тандыру бойынша жарна­

лар мен аударымдарды төлеуді 2020 жылдың 1 маусымына дейін кешіктіруге рұқсат берілді.

Медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен ауда­рымдарды Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге кірмейтін барлық қалған жұмыс беру шілер төлейді.

Жеке кәсіпкерлерге алты ай ішінде, 1 қазанға дейін өз қызметкерлері үшін ау да рым дарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек, яғни ЖК ай сайын 1,4 АЕК­тен 5% мөлшерінде жарналарды төлеуді жүзеге асырады яғни 5% х (1,4 х 42 500) = 5% х 59500 = 2975 теңге.

– Егер кәсіпкердің табысы бол-маса, ол нөлдік кіріс тап сырады. Бұл жағдайда не істеу керек?

– Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органда­рында жеке кәсіп кер ретінде тіркеу есебінде тұр. «МӘМС туралы» Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жаса маған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөл шерінде айыппұл салы­нады.

Егер жеке кәсіпкер, оның қыз меткерлері 15 жеңілдік сана­тына жататын болса әлеу меттік медсақтандыру жүйе сіне жарналар төлемейді. Олар үшін төлемді мем­лекет жүргізеді.

– Мысалы, қызметкер ЖШС-да немесе ЖК-да және бір мезгілде бюджеттік ұйымда еңбек етеді. Онда МӘМС үшін жарналарды табыс тың екі көзінен аударуға міндетті ме?

– Заңға сәйкес, егер азамат екі жұмыс істесе және жиынтық табы­сы 10 ЕТЖ­дан аспаса онда МӘМС жарнасын екі көзден төлеуге тиіс. Ал, егер табысы 10 ЕТЖ­дан асып кетсе, онда бір көзден алу керек. Сонымен, ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшеріне тең келетін табыс сомасынан жарналар төлеген кезде, растайтын құжат пен жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарна­лар төлеу талап етілмейді. Мұндай құжат – жұмыс беруші немесе салық агенті берген, есептелген және төленген жарналары туралы анықтама.

Егер жеке кәсіпкер жұ мыскер болса, онда жұмыс беруші жар­на есептеу объек тісінің 2 % мөлшерінде ауда рымдарды төлейді, ал жала қының 1 % мөлшерінде тө­ле неді. Бірақ, өздеріңіз біле тіндей, осы жылдың 1 қазанына дейін жеке кәсіп керлер өз қызметкерлері үшін МӘМС­ке жарналар мен аударым­дар төлеуден босатылады.

«МӘМС туралы» Заңға сәйкес, әрекетсіз деп танылғандардан басқа, жеке кәсіпкерлер жар­на төлеушілер болып табыла­ды. Осылайша, егер ЖК қызметі тоқтатылса, жарна төлеудің қажеті жоқ.

– Бірақ МӘМС жүйесінде тұрақты болу үшін және барлық медициналық қыз меттер па кет-теріне қол жеткізу үшін ай сайын жарна төлеу керек емес пе?

– Иә, «сақтандырылған» мәрте­бесін алғаннан кейін сіз арнайы мамандардың кеңестеріне және стационарлық көмек ке, жарақаттан немесе опера циядан кейін қалпына келтіру еміне дейінгі кеңейтілген меди циналық көмек пакетіне қол жеткізе аласыз. Егер бұрын сіз көптеген медициналық қызметтерге ақы төлеген болсаңыз, осы жылдан бастап, дәлелдемелеріңіз болса, сіз үшін медициналық сақтандыру қоры төлейді.

«МӘМС туралы», Салық заң­намасына сәйкес, салық есептілігін беруді тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылған жеке тұлғалар мен жеке тәжірибе алушылар үшін 2020 жылдан бастап МӘМС жарна­сын төлеу бойынша міндеттемесі қалады. Ағым дағы жылдың ай сайынғы төлем мөлшері 1 ең төменгі жала қының 5% құрайды (2125 теңге).

Сонымен қатар, бірыңғай жиынтық төлем де өзін­өзі жұмыспен қамтығандарға, ресми

түрде еш жерде тіркел меген және ресми табысы жоқ тұлғаларға сақтандырылу мәртебесін береді. 2020 жылы БЖТ көлемі қала тұрғындары үшін 2651 теңгені, ауыл тұрғындары үшін 1325 теңгені құрайды.

– Егер жарна төлеу мерзімі өтіп кетсе, сақтандыру пакеті бойынша медициналық кө мекке жүгінуге бола ма?

– Егер сіз МӘМС­ке жарна төлей бастаған болсаңыз, бірақ 3 айдан астам үзіліс болса, онда сақтандыру мәр те бесінен ай­ырылып қала сыз. Сақтандыру пакеті шең берінде медициналық қыз меттерді алу үшін бұрынғы төленбеген кезеңдер үшін төлем жасау қажет. Бұл жағдайда, сақтандырылудың мәртебесіне қара мастан те гін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек қолжетімді.

Естеріңізге сала кете йін, карантин кезеңінде меди ци­налық көмек көрсету мәсе лелері бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған бола отырып, қандай меди ци налық қызметтерге, пациент тердің құқықтарын қорғау бойынша сұрақтарымен Әлеу­меттік медициналық сақ тан дыру қорының байланыс орталығына 1406 тегін нөміріне қоңырау шала аласыз.

Сондай­ақ медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бо йынша Qoldau­24/7 мо бильдік қосымшасы халыққа қызмет көрсетеді. Аза­маттардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұр ғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүр гізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qol dau­24/7 мобильді қосым шасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға бо­лады.

– Әңгімеңізге рахмет.

ӘңгімелескенДәуіржан ЕЛУБАЕВ,

«Сыр бойы»

Төлемдерден кім босатылады?Карантин кезеңінде ме­

дициналық сақтандыру тө­лемдерінен кім босатылады? Егер кәсіпкер нөлдік кірісті ұсынса, ол МӘМС үшін жарна аударуға міндетті ме? Егер қызметкер екі жұмыс істесе, МӘМС үшін жарнаны табыстың екі көзінен

аударуға міндетті ме?«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

облыс бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова осы және басқа да сұрақтарға жауап берді.

Соңғы уақытта тұрғындар арасында тұмау ауруының белгілерімен, атап айтқанда, дене қызуының көтерілуіне, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, жалпы әлсіздік бойынша шағымданушылар көптеп кездесуде. Мұндайда ең алдымен «коронавирус ауруына шалдығып қалмадым ба?» деген ой келетіні анық.

Бұл, әрине, түсінікті. Осындай шағым­дармен емханаға келушілерден COVID­19 инфекциясына сынама алынады. Дәрігерді үйге шақыртулар да көбейді. Сұрастыра келгенде, олар өз ауруларын суық су ішумен, балмұздақ жеумен, салқын душ қабылдаумен байланыстырады.

Қазір ондай науқастарға жедел респира­торлы вирусты инфекциясы диагнозы қойылып жатыр. ЖРВИ құрамына

риновирус та, коронавирус та, яғни, бірнеше инфекциялық аурулар кіреді. Сондықтан нақты диагноз сараптамадан кейін ғана қойылады. Ал ол бірнеше күнді қажет етеді.

Жалпы мұндай жағдай бірінші рет емес, дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру секілді клиникалық белгілермен науқастар жыл бойы тіркеледі. Мәселен, күз мезгілінде күннің сууына байланысты, сонымен бірге көктемде де осындай жағдайлар жиі болып жатады. Ал жазда адамдар ыстық күннен қорғанып, салқын су ішіп, балмұздақ жеп, сонымен бірге салқындатқыш астында отырады.

Осы уақытқа дейін симптоматикалық ем қалай жүргізілді, қазір де солай жүргізілуде. Тек бір ерекшелігі – қазір коронавирус инфекциясына сынама аламыз. Сынама науқас үйде болса, үй жағдайында, ем­ханаға келсе, емханадан алынады.

Осы аптаның дүйсенбісінде 46 шақырту

болды. Оның 17­сі дене қызуының көтерілуіне байланысты дәрігерді үйге шақыртқан. Бұл сенбі­жексенбі күні демалыс болғандықтан осылай көбейіп тұр. Ал сейсенбіде 20 шақырту түсті. Оның төртеуі ғана дене қызуының көтерілуіне байланысты болған. Бұл – қалыпты жағдай. Десе де, «сақтансаң сақтаймын» деген, егер ауырған жағдайда тұрғындардан өз бетінше ем­дом жасамай, дәрігер көмегіне жүгінуге шақырамыз. Себебі қазіргі кезде коронавирус ауруы да өршіп тұр. Бұл жағдайда науқастар ЖРВИ мен қауіпті індетті айыра алмай қалуы мүмкін. Сондықтан қандай жағдай болмасын ең алдымен медицина мамандарына хабарласып, солардың көмегіне жүгінуі керек. Сақтық шараларына мән беру шарт.

Ғалия МИРМАНОВА,№5 қалалық емхананың

инфекционист дәрігері

Шағымданушылар көбейіп тұр

«Сыр медиа» ЖШС ұжымы Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Баян Үсейіноваға анасы

Хадиша Баязитқызы Баязитованыңқайтыс болуына байланысты отбасы мен туған­туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

***

Көшедегі балаға көңіл алаң

Жыл сайын жазғы демалыс кезінде мұғалімдер мен ата­аналарды алаңдататын басты мәселе – балалар қауіпсіздігі. Өзіміз ақпараттардан біліп отырғандай, жыл басынан бері 14 адам суға кетсе, оның 6­уы кәмелет жасына жетпегендер. Сондықтан баланың амандығы үшін жан­жақты жауапкершілік танытқанымыз жөн.

Мұралық істің ашылғанын хабарлайдыҚызылорда қаласының жеке нотариусы Бердалиева Мира

Кыстаубаевна 2019 жылдың 10 маусымында қайтыс болған азаматша Сулейменова Сериккульдің атынан мұралық істің ашылғанын хабарлайды. Мұрагерлер болса, мына мекен-жайға хабарласуын сұраймыз: Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі 2 Е (орталық ЦОН), тел.: 8 702 777 27 22.

«Сыр медиа» ЖШС ұжымы әріптесіміз, аймақтық «Тұран­Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әлішевтің анасы, белгілі жазушы Әлмәмбет Әлішевтың зайыбы, ардақты ұстаз

Нағима Омарқызының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған­туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №60 қаулысы

«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы

12 желтоқсандағы №374 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы

№129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 111­бабының 3­тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2020­2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №374 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 129 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының 1­қосымшасындағы:«Басқалар» 13­функционалдық тобындағы: «Басқалар» 9­кіші функционалдық тобындағы: 257 «Облыстың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі

бойынша: 012 «Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi» бюджеттік

бағдарламасы бойынша: 100 «Облыс аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы

төтенше жағдайларды жоюға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының төтенше резерві» кіші бағдарламасы бойынша «976 936,3» деген сандар «876 936,3» деген сандармен ауыстырылсын;

101 «Шұғыл шығындарға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві» кіші бағдарламасы бойынша «105 822» деген сандар «205 822» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Ш.Тілешевке жүктелсін.

3. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова

Page 8: МЕРЕЙ ЭКОНОМИКА 3 6 8 Меймандос мегаполис, құтты … · Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан,

Белгілі қаламгер Қалқабай Әбенов 1968-1985 жылдар ара лығында облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

Жас журналистер шығарма шы лы ғының дамуына қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қол данылу аясын кеңейту мақ сатында өткен облыстық байқауға 35 жасқа дейінгі ақпарат өкілдері қатысты.

Байқауда І орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасов иеленсе, ІІ орынды облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадинова, ІІІ орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мейрамгүл Дауылбайқызы еншіледі.

Қ.Әбенов атындағы «Сыр жур налистикасы» қоғамдық қоры ал дағы уақытта да жас журналистер ара сындағы байқауды дәстүрлі түрде өткізіп, ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы мара паттау рәсімінде қаламгердің інісі Қожахмет Мырзаев, баласы Қанат Әбенов айтты.

Жеңімпаздарға Қалқабай Әбе нов тің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Иә, ес білгелі елдегі жарық көретін газеттің бірсыпырасы үйге үзбей келетін. Кітап пен бас-па сөздің берері көп әрі ақысын пұлдамайтынын білсек те, бүгінде «біздің бола ша ғымыз» де ген жа-лынды сөз тір ке сіне кейіпкер бо-лып жүр гендердің көбі бұл сүр-леуден тым алыстап кетті. Кейде кітап пен газетті етпеттей жатып оқыған оқырманның соңы біз шы ғармыз деген ойдың келетіні рас. Неге? Жауабын мен де түсіндіре алмаспын. Дегенмен ар-дагер журналистің мына пайымы көкіректе мық тап орнықты.

– Осы күні 81-дің көжесін ішу де бұйырыпты, – деді әдеттегі амандық-саулықтан соң Айжарық көкем әлдеқашан ақ түскен селдір шашын қолмен тарап. Көркем очерктің каролі іспеттес көрінетін, белгілі жазушы-жур-налист Айжарық Сәдібековпен жи на лыс, мерейтойларда қо лын алып, қасында жүр генім бол-маса, етене жақын әңгімелесе қоймағанмын. Сәті енді түсті.

– Журналистпін дейсің ә-ә, жақсы. «Сыр бойында» жүрсең, жолың болғаны да. Киелі шаңы-рақта қызмет қылғаным – мен үшін үлкен мақтаныш. Сонда «Еңбекші хаттар» бөлімінде болғанмын. Бұл 1972 жылдан бас тап болуы керек. Аға буынның үлкен ықыласына бөленіп, Ұзақ Бағаев, Қалқабай Әбенов, Нұрділдә Уәлиевтің ха лыққа де-ген жанкешті жұ мысын көріп, үлгі-тәрбиесін алу біздей буынға бұйырғаны да, – деп шежірені бас тай кетті.

– Айта отырыңыз, бұ рын -ғының көзін көрген сіз дің әңгімеңізді әдейі естіп қайт қанды жөн көрдім осы демалыста, – дедім мен дикто фонды қосып жа-тып.

– Өзіме жазу-сызудың жолын-да жағымды әсерімен қалған аза-маттар жайлы айтайын. Біріншісі – Ұзақ Бағаев. Ол өте жұмсақ адам еді. Мен аудандық газет-те жүргенде облысқа шақырды. Оған себеп – Жалағашта жүр генде жазған егістік жайлы көлемді мақаламның облыстық басылым-да жа рық көруі. Бағаев «Ленин жолын» басқарып жүрген кезде жазғаныңды бірден қолтаңбаңнан танитын. Солай. Облысқа ауысам деп жүргенімде Ұзекең «Социа-листік Қазақстан» газетіне редак-тор болып кетті. Жолы мыз бір-екі рет түйісті, теле фонмен хабар-ласып та жүрдік, соның өзінде азамат тығын танып үлгердім. Кейін ол жайлы көлемді очерк жаздым да.

Ең ұзақ жыл редактор болған Қалқабай еді. Әбенов-тің әріптестеріне деген көп жақсылығы жұрт есінде. Нұрділдә ағамыз – өте ұқыпты адам. Мәскеуде аспирантураны оқып жүріп, архивті ақтарып, 1938 жылдан бастап шығады деген «Ленин жолын» 1929 жылға шегерген де сол кісі. Араб

қарпімен «Сыр бойы» жарыққа шыққанын тынымсыз ізденіспен дәлел деді. Ақиқатын ашып жа-зып, ғылыми еңбегін осы газет тарихынан қорғады. Терең өзектің жігіті еді, редактор болған жылы да қарамағындағы жігіттердің жағдайына бейжай қарамай, қолдау көрсетіп жүретін. Одан кейін Әскербекпен (Рахымбеков) жұмыс істедім. Өзі үш редактор-мен тізе қосып «Ленин жолын-да» қалам сіл теппін ғой. Кейін Қалтай (Мұхамеджанов) құрған «Түр кіс танға» ауыстық.

– Күні кеше зейнет кер лікке «Сыр бойы» газетінің бас редак-торы болып шыққан Жұматәлі ағамның бір әңгі месі түсіп отыр. Ағамыз журфактың үшінші курсын бітіріп, осы біздің га-зетте бес-алты жігітпен іс-тәжірибеден өткен ғой. Әдетте, тәжірибенің уақыты бітіп, бұлар

редактор Қалқабай Әбеновтің қа былдауына кіреді. Сол кез дегі жауапты хатшы Шора Ералиевті шақырып алып, «осы жастар біз кеткенде газетке ие болады. Газетке шыққан материалда-рын, тіп ті шықпағанын да есеп-теп, әрқайсысына 200 сом нан қаламақы жаз. Оқуға бара жа-тыр ғой, көңілдері тоқ аттансын. Мен қазір бухгалтерияға өзім тапсырма беремін» депті. Сонда Жұмекең айтады, «Осындай әулие ағалар болды. 200 сом – көп ақша ғой. Алматыға осылай көңілді аттанып, «Қалқабай Әбеновтің қаламақысы» деп мақтанып жүрдік. Шынымен Әбеновтің айт қаны келіп, практикаға келген көп жігіт «Сыр бойында» қызмет етті» деп ағынан жарылғаны бар. Алдыңғы буынның кейінгіні қолдау салтының бір көрінісі шығар бұл, – дедім мен.

– Оның рас, шырағым, – деді Айжағам. – Қалқабай ағамыз жастарды қолдаудан шарша-мады. Әсіресе, іштегі журна-лист жігіттерді жа рыл қауда аянбайтын. Бір оқиға айтайын. Аудандық газеттерде ысылып, біраз тәжірибеден соң 1972 жылы облыстық газетке келдім дедім ғой. Онда «Еңбекші хаттары», «Совет құрылысы», «Партия тұр мысы», «Саясат және қоғам»

бөлімдерінде тіл ші, аға тілші, бөлім мең герушісі қызметтерін ат қардым. Сонда алдыңғы буын ағалар бізді қайраққа салған пышақтай жанып отырды. Мақала жұп-жұ мыр, сөзі нық болуы үшін тынымсыз еңбектендік. Бір оқиға әлі есімде. Мынауың қо сулы ма еді? Айжағам ұялы телефонға көзін салып, иегімен нұсқайды. Диктафонды мең зегені.

– Иә, әлбетте, қосулы тұр, айта беріңіз.

– Бұларың жақсы болды-ау сендерге. Біз ауызба-ауыз сөзді қағазға түсіріп машықтанып едік. Қай жерге келіп едім?!

– Ұстаз ағаларыңыз жайлы айтып отырсыз? – дедім қарт журналисті сөзге жетелей.

– А-а, иә, Қалқабай жай лы айтпақ болғанмын. Жазудан бас алмай жүр ген уақыт қой. Сол кез-де «Еңбекші хаттары» бө лі мінің меңгерушісі Қалы бай Бөршеев деген азамат сал ауруына ұшырап, оның үстіне қан қысымы бар, көп ауыратын. Редактор Қалекең «қашан бір жөн болғанша бүкіл бөлім жұмысын атқарасың әрі ағаңның ай сайын міндетті екі бас мақаласын жазу сенің мойныңда» деп тапсырма берді. Әй, өзімнің де жүйкем тозды. Сондағы – редактордың адамгершілігі ғой. Екі жыл төсек тартып жатқан бөлім меңгерушісіне жалақысы мен екі бас мақалаға қойылатын 60 сом қаламақыны демі үзілгенше бергізді. Сол кездегі адамдардың пейіліне таңғалам. Бүгін екі күн ауыр саң, екі бет анықтама толтырамысың? – деп көзін сығырайта маған қарады. Үнсіз жымия бердім.

– Солай, ағалар бізді осын-дай үлгі боларлық ұс та ным мен тәрбиелеп, тұр пайы әрекеттерден алыс жүруге үндеді. Сол кездегі мақалаларымыз заманның, ұстаз ағалардың тәлімімен жазыл-ды. Қалам сілтеп жүріп, оның қадірін кетіруге болмайтынын әбден түсіндік. Шынайылыққа ұмтылып, шын дықты айна-қатесіз бер дік. Осылай міндеті

ауыр сабақ тас тықты атқарып шық тық қой, – деп тебіренді Айжағам. Сәл үнсіздіктен соң ардагер журналист сөзін қайта жалғады.

– Өзім кіндіктен жалқы қалып, қиындықпен жетілдім. Құдайға шүкір, балаларым, немерелерім бар. Соның өзінде өзімді жалғыз сезінетінім рас. Неге дейсің ғой. Олай сұрақ қоюуың заңдылық та шығар. Өйткені, бұлар кітап оқымайды, газет-журналдың не екенін ұқпайды. Әңгіменің шын-дығын айту керек. Ата сының не жазғанын бұл үйдегі кішкентайлар білмейді. Бұл тра гедия емей не-мене, балам?! Көңілім көбіне-көп осыдан құлазиды...

Айжағам саусақтарымен ди-

ван шетін сырт-сырт соғып, бір уақ терезеге қарап үнсіз қалды. Мен де үнсізбін. Ақсақалдан естелік сұраймын деп, бүгінгі күннің ауанына ауытқып кеттік пе, ұрпақ жағдайына алаңдаған қарт журналистің көңілін түсірдім бе деген үркек ой да басыма жыл-дам келіп үлгерді.

– Газет – керуен сияқты ғой. Керуенбасы ауысса да, көші тоқтамау керек. Өйткені, ол ке-руенде ұлтқа керек ұлағат, құн-дылық пен руханият, тіл мен діл, мәдениет жүгін арқалағандар жүр. Әрі тынымсыз, тоқтаусыз ар қалап келеді. Сол үшін де тоқтауға тиісті емес. Мен сабақтастық жайында айттым ба, тағы айтам. Газет жұмысына жегіл ген та-лай азамат та, нәзік жандылар өз міндетін адал атқарып келді. Біз де. Солай жүріп әлгі мен айтқан құндылық толы қапшықты келесі буынға арттық. Өйткені, ағалар да солай бізге аманат еткен. Сен де уақытында алған осы керуендегі міндетіңді межелі жерге дейін адал атқаруың керек. Журналист-ке артылған жүк солай. Сен соны сезін, Ержан балам, – деді қарт журналист ойлы көзбен және бір қарап.

Мен терең оймен есік алды-на шықтым. Күн еңкейіп қалған екен...

БАС ДИРЕКТОРАманжол ОҢҒАРБАЕВқабылдау бөлмесі тел/факс: 8/7242/ 70-00-36, 40-11-10 (1002)

БАС РЕДАКТОРҚуат ШАРАБИДИНОВқабылдау бөлмесі – тел: 8/7242/ 40-02-17, 40-11-10 (1007)

Бас редактордың орынбасары – 40-11-10 (1053)Жауапты хатшы – 70-00-81 (1037)

Бөлімдер:руханият және ақпарат – 40-11-10 (1039, 1040)экономика – 40-11-10 (1038, 1033)әлеумет және саясат – 40-11-10 (1034)жарнама – 70-00-52, 40-11-10 (1058) есеп-қисап – 70-00-39, 70-00-38 компьютер орталығы және корректорлар – 40-11-10 (1036, 1035)

Меншік иесі

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газет аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) шығады.

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Тіркеу куәлігі №12993-Г, 27.08.2012 ж.

Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған. Авторларға қаламақы тапсырыс бойынша төленеді, қолжазба өңделеді және қайтарылмайды. Жариялымдар газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. «АҚ» - ақылы қызмет. Жарнама мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Редакция мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 “А”. Таралымы 28633 Тапсырыс №885

Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып, «Сыр медиа» ЖШС өз баспаханасында басылды. Тел.: 8/7242/ 40-06-68. Газеттің таралымы бойынша 8/7242/ 70-14-08 телефон нөміріне хабарласуға болады.

e-mail: [email protected] / www.syrboyi.kz Кезекші редактор Айдана ЖҰМАДИНОВА.

www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

RÝHANIIAT Sb8 www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz№95-96 (19971-19972) 27 маусым, сенбі 2020 жыл

«Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт

апталығы», «Ақмешіт

жастары» және ауданның барлық басылымдарына

хабарландыру орналастырғыңыз

келсе: 70-00-52 телефон ы арқылы

байланысуға болады.

E-maіl: [email protected]

АРТРИТ? АРТРОЗ? ҚАШАНҒЫ ТӨЗУГЕ БОЛАДЫ?!Қазіргі уақытта адамдарда тірек-қимыл

аппаратының аурулары, артрит және артроз жиі кездеседі. Әсіресе, егде жаста - ағзаның ресурс тары әлсіреген, сүйек және шемір-шек тінінің регенерациясына қажетті амин-қыш қылдары, витаминдер мен минералдар жетіспеген кезде, буын аурулары ерекше қауіп төндіріп, белең ала бастайды.

Артрит және артроз көбінесе жамбас-сан, тізе, тобық-табан буындарына, омыртқа мен қолдың білезік буындарына әсер етеді. Әдетте, бұл түрлі сипаттағы аурулармен, қимыл-қозғалыстың қиын-ды ғымен қатар жүреді және емделмеген жағдайда шеміршек пен сүйек тінінің семуіне әкеледі.

Ең әуелі бұл асқынбалы ауру екендігін ұғу керек, оны емдемеген жағдайда, науқастың мүгедек бо-лып қалуы ықтимал. Сіз маманның көмегіне дер кезінде жүгінсеңіз, сауығып кету мүмкіндігіңіз со-ғұрлым көп болады.

Біз артрит және артрозбен күресу үшін буын-дардағы жалғастырушы және шеміршек тін дерін қалпына келтіріп, қабыну процесстерін жеңіл де-тетін, сүйектің тығыздығын арттырып, сино-виалды сұйық тықтың өнімділігін бел сен ді ретін та биғи пара фармацевтикалық «Артро резерв» пре пара тын қолдануды ұсынамыз.

«Артрорезерв» буындардағы қолайсыздықты және ауырсынуды жояды, қабыну процессін басады, сондай-ақ сүйекті үйкелістен сақтайтын майлауыш материал - синовиалды сұйықтықты өндіруге бел сендіріп, шеміршек тінінің иілгіштігін және көлемін қалыпқа түсіреді. «Артрорезерв»

ағзаның сүйек-бұлшықет жүйесінің өзара әре-кеттесуін күшейте отырып, бұлшықет талшық-тарының қуаты мен көлемін арттыратыны аса маңызды.

Препараттың құрамына тірек-қимыл аппа-ра тына кешенді қалпына келтіру әсерін беретін ком понеттер кіреді, курсты қабылдағаннан кейін, буындардың қозғалғыштығы және адамның физи-калық мүмкіндіктері қайтып оралады.

«Артрорезерв» қажетті сынақтардың бар лы-ғынан өтіп, отандық және халықаралық құжат-тар мен мақұлданған.

Сондай-ақ, біздің мамандар басқа да ауруларға арналған курстық бағдарламаны таңдап бере алады. Орталығымыз инновациялық еуропалық және батыс препараттарын қолданады, олар жақсы нәтиже көрсетеді. Сіз оларды біздің орталы ғымыздан, Алматы қ., Абай даңғылы 151 мекен жайын дағы, «Алатау» Бизнес Орталығынан сатып ала аласыз және ТМД -ның кез-келген жеріне курьерлік жеткізілімге тапсырыс бере аласыз.

Негізгі әсер етуші заттар: препарат құрамына химиялық құрауыштар кірмейді. Мөлшері және қолдану тәсілі: қабылдау ұзақтығы 1 айдан бастап. Қарсы көрсетімдері: жеке құрауыштардың сәйкес келмеуі, жүктілік, бала емізу.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАУҚАН ЖҮРУДЕ! АРТРОРЕЗЕРВ КУРСТЫҚ

БАҒДАРЛАМАСЫНА ТАПСЫРЫС БЕРСЕҢІЗ -30% ЖЕҢІЛДІК!

Мына телефон бойынша тірек-қимыл аппараты аурулары жөнінде кеңес ала аласыз және «Артрорезервке» тапсырыс бере аласыз 8 705 92 55 424 немесе artroreserve.kz сайты арқылы.

ББҚ дәрілік өнім болып табылмайды

СГР № RU. 77.99.88.003.E.004174.09.18 20.09.2018 ж.

ӘРІПТЕСТЕР ӘЗІЛІ

Бес метр болса да жақынОблыстық «Сыр бойы» газетінің тілшілері

редакцияның ескі ғимаратында Ыдырыс пен Айғали бір бөлмеде отырды. Бірде редакцияда құрылымдық өзгерістер жасалып, жұмыс жағдайына байланысты тілшілер бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіріле бастайды. Кезек Айғалиға келгенде ол:

– Біз Ыдырыс екеуміз он жыл болды бірге отырамыз, мен ешқайда ауыспаймын, – деп қасарысады. Сонда бас редактордың орынбасары Мұрат Жетпісбаев:

– Айеке, он жыл түгілі жиырма жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылар да ажырасып жатыр. Келесі бөлмеге көшіңіз, әрі үйіңізге 5 метр болсада жақын болады, – деген уәж айтатын көрінеді.

Өлең мен тақпақҚыс айы. Қызылордада қар жауып тұрған кез екен. «Ал, ақын,

аяқасты тақпақ айта аласың ба?» – дейді құрдасы Дүйсенбек Аяшұлына сынағандай. (Өлең шығара аласың ба дегені болар.) Сөзден тосылатын Дүйсекең бе, бірден былай дейді:

– Мынау неткен аппақ қар,Ол жайлы көп тақпақ бар.Ақ астына көмілсін,Беті қара батпақтар.Қар қызығы қыр жақта,Мылтығыңды оқтап бар.Күнде болмас сайраны,Суығы мен қатқақ бар.Суырып салады екен деп,Мені үйіңе мақтап бар.Тақпақ дейді өлеңді,Сен сияқты ақымақтар.Енді осыны жаттап қал!

Қораптағы қорқынышты жазуАқын Дүйсенбек Аяшұлы темекі алмақшы болып, бір дүкенге

кірсе, сатушы қыз қорабы әдемі темекіні ұсынады. Ол оны сатып алудан бірден бас тартады.

– Қораптың сыртында қорқынышты жазу бар екен, «Жүрек талмасы» деп тұр екен», – дейді үрейленгендей. Сатушы екінші бір әшекейлі темекі қорабын көрсетеді.

– Жоқ, мұны да алмаймын. Мұнда «Өкпе қабынуы» деп тұр ғой, – дейді тұтынушы қасарыса. – Ескертпе сөздері жаман екен, тағы басқасын бер, – дейді ерінбестен. Қыз үшінші қорапты алып келеді. Ал оның сыртына «Түсік тастау» деп жазылыпты.

– Мейлі, осыны алайын, – дейді Дүйсекең амалсыз. Сатушы қыз таңырқап:

– Сонда осы сөз жақсы ма – десе. – Мұның маған кері әсері бола қоймас, өйткені еркек емеспін бе,

– депті.

Жағдай сұрау Облыстық «Сыр бойы» газетінің журналисі, ақын Дүйсенбек

Аяшұлының қолы ауырып, біршама уақыт қиналып жүреді. Дәрігерге барып, қанша емделсе де, батпандап кірген науқастан оңайлықпен айыға қоймаса керек. Осынысын білетін әріптестері күнде:

– Хал-жағдайыңыз қалай? – деп жағдай біліседі екен. Тек, көрші кабинеттегі замандас қарындасы Ғазиза ғана астарлай сөйлеп:

– Дүйсеке, қол жағдайыңыз қалай? – деп әзілдейтін көрінеді.

Қамашқа айтшыБелгілі журналист Жолбасбек Ақсақаловты бір тойда кезіккен

ескі танысы үсті-үстіне көтермелеп: – Сіздің жазған материалдарыңызды оқып бір жасап қаламын.

Білімің мол, ақылды сөз жазасың,– деп қоймаса керек. Сонда бөс-текі сөзге иліге бермейтін Жөкең әзілге шаптырып:

– Оны өзім де білемін ғой, осыныңды біздің әйел – Қамашқа айтыңқырашы.., – дейтін көрінеді.

Бағыты бар тілек«Сыр бойы» газетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген

ардагерлер арасындағы дойбы турнирінің соңында жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетіледі. Төрге тоқсанға жақындаған, сексеннің үстіндегі қариялар жайғасады да, орта жастағылар мен жастар етекке қарай отырады. Дастархан басындағы әңгімеде бүгінгі құрметке риза болған Алтын апай: «Енді бәрімізге газеттің 100 жылдығын көруге жазсын!» деп тілек айта бастайды. Сонда отырыстың жүргізушісі Дүйсенбек: «Дұрыс, бірақ мұныңыз ды төменгі жақтағыларға қарата айтыңыз», – деген бағыт беретін көрінеді.

Бір керуен бар, тоқтатуға болмайтын...

«Газет оқысаң, әдебің түзеледі». Бұл – біздің әкейдің сөзі. Солай дейді де, алдыма 90-шы жылдардан бері қарайғы ескі газеттің тігінділері, жарық көрген ұлт мұрасына қатысты тым тәуір дүниелердің ұқыпты қиылған парақтарын тастай береді. Ал оқып біткен соң не жайлы екені, ондағы ұққаныңды талқыға салатыны тағы бар. Мектептегі білімнің орта шенінде басталған газет-журналға деген құмарлық тілшілік тіршіліктің бастауы болған шығар. Жетектеген арман журналистика маңына топ еткізді ақыры.

Ержан ҚОЖАСОВ,«Сыр бойы»Sb

Байқау жеңімпаздары марапатталдыКәсіби мереке қарсаңында

«Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жылдың толғауы» атты байқау жеңімпаздары марапатталды.