ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН...

21
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Филология, журналистика және өнер кафедрасы «Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті » пәнінен 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР Павлодар

Upload: others

Post on 09-Feb-2020

53 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Әдістемелік ұсыныстар меннұсқаулардың; әдістемелікұсыныстардың; әдістемелікнұсқаулардың титул парағы

Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/40

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәнінен 050205 «Қазақфилологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар

Әдістемелік ұсыныстар меннұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды;әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/41

БЕКІТЕМІНОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)20__ж. «___»____________

Құрастырушы: _____________ф.ғ.к, доцент Муталиева Р.М. ( қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер кафедрасы (кафедра атауы)

«Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті» пәні бойынша 050205 «Қазақфилологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау

Кафедраның отырысында ұсынылды 20__ж. «___»______________,№__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________ (қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды (факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ ХаттамаОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________ (қолы) (аты-жөні)

МАҚҰЛДАНДЫ:ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________ (қолы) (аты-жөні)

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетінің іргесінқаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаянынан қысқашамәлімет.

Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы. Алғашқыөлеңдеріндегі демократтық, ағартушылық сарындар жәнеоның Абай дәстүрімен жалғастығы.

«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы. Оның жаңазаман, зымыран уақыт тынысын асау тұлпар арқылыбейнелеуі. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы.

С.Сейфуллиннің төңкеріске белсене атсалысуы, оның«Асығып тез аттандық», «Кел,жігіттер», «Жас қазақмарсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», «Біз»және т.б. өлеңдерінде көрініс табуы.

Сәкен поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Өзтуындыларында еңбек адамының бейнесін«Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», «Маржан», «Бұлшық ет»,«Біздің Сәуле» өлеңдерінде жасауы.

Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күйлирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз»,«Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде»,«Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқтыкөптеген өлеңдерінде сипатталуы.

Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны.«Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».

«Советстан» поэмасында ақынның өмір құбылыстарынатаптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаңүгіт-насихатқа ұрынуы.

«Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің»авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа,босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдықобраздар арқылы ишарамен білдіруі. Поэмадағы Қызылаттың еңбекші шаруаның образы екендігі. Дастандағы ақынбейнесі. Атты сипаттаудағы ақынның өзіндік жаңалығы.

«Көкшетау»(1929) поэмасы. Шығарма оқиғасының елаузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. АвтордыңАбылай хан образын сомдауда тек таптық тұрғыдан келіп,оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмаққызының, Адақ батырдың бейнелері.

Сәкеннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар»(1920) пьесалары және олардың қазақ драматургиясының

туып, қалыптасуына ықпалы.Бұл пьесаларда таптық, топтықкүрес пен әйел теңдігі мәселелерін көтеруі. Тартыстыңнанымды шықпауыцндағы олқылықтар.

«Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927). Шығарманыңшежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары.Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларыныңкөсемдеріне деген біржақты көзқарасы. Сәкен образы.Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақытқұбылыстарының диалектикалық бірлігі.

«Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұжданбостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оныңбасқа әйелдер образынан айырмашылығы.

«Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдікмаңызы.Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ- Әзімхан сюжеттіклиниясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесінкөтеруі.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [21], [60].

2-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)Қазақ әдебиетінен Бейімбет Майлиннің алатын орны.Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Қаламгердің жас кезінде жазған «Байлыққа», «Мал»,«Жазғы қалып» өлеңдерінде кедей бұқараның мұң-мұқтажын жырлауы.

Ақынның жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазған«Рәзия қыы» (1920), «Зәйгүл» (1921), «Жігіт пен қыз»,«Қашқын келіншек» өлеңдерінде әйел зарын паш етуі.

Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі.Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынанкешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңаөзгерістерді сипаттауы. Бұл құбылыстардың «Мырқымбай»,«Қазақ туралы кім не дейді», «Кедейдің кейістігі»,«Әйт,шу,ала атым», «Қара сор» өлеңдерінде көрініс табуы.Осы жүйелі ойдың «Мырқымбай» атты пэмаға ұласуы.

Бейімбеттің лирикалық поэмалары. Олардың көлемініңшағын, оқиғасының тартымды келетіні.

«Сағындық»(1927), «маржан»(1923), «Кемпірдіңертегісі»(1927), «Қанай»(1928) поэмаларында әйел теңдігін ,1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты , азамат соғысыжылдарының кейбір оқиғаларын суреттеуі.

«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің прозажанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестіңтақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбірұнамсыз типтер.

«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.

Бейімбеттің қазақ аулын колхоздастыруға көзқарасы.«Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында»,«Қызыл әскердің семьясы» әңгімелерінде кедейлердіқоғамдық жұмысқа ұйымдастыру айтылса, «АрыстанбайдыңМұқышы», «онбес үй», «Қырманда» әңгіме, новеллаларындаколхозға қарсы адамдарды сипаттауы.

«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы.Раушанның қоғамдық істерге араласуы.

«Азамат Азаматыч» (1934)романы. Романда қазақтығоқыған зиялыларының суреттелуі.Реалист қаламгердіңАзамат Азаматыч бейнесінен адам баласына кемшілік пенқателесу тән екендігін көрсетуі. Романдағы айнымалы,азғын әйел Мәриямның, Бұрынғы ақтың офицері Жүністіңжәне Рахым Шегіров образдарының өмір шындығына сайсуреттелуі. Романның толық аяқталмай қалғандығы.

Б.Майлиннің драматургиялық жанрда өнімді еңбек етуі.«Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың , «Амангелді»(Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған) , «Біздің жігіттер»туындыларында азамат соғысын суреттеуі.

«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалықшығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұлшығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Некеқияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей»комедияларында ескілікті сынауы.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

3-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)І.Жансүгіровтің әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартып,барлық талант қырларының жарқырап көрінуі. Әсіресепоэзия саласындағы жетістігі.

Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.Шығармашылық жолының басында әлеуметтік мәселені

көтеруі. «Не күйде», «Ел шетінде», «Жау бетінде», «Арыным»өлеңдері.

Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамытып, табиғаткөріністерін «Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде»өлеңдерінд суреттеуі.

Өндіріс туралы «Алтын қазан», «Заводта», «Жаңа дала»жырларын шығаруы.

«Қазақстан», «Мәскеу», «Ресей жері» өлеңдері арқылыдостыққа үндеуі. Күншығыс халқының саяси-әлеуметтік

санасын суреттейтін «Гималай» өлеңінің қысқа лирикалықөлеңнің озық үлгісі екендігі.

Өнер тақырыбына арналған өлеңдері: «Ән», «Әншіге».І.Жансүгіровтің қазақ әдебиетінде поэма жанрының

дамуына үлес қосып, «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Жаңатуған», «Кәмпеске», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер»туындыларын жазуы.

«Күй»(1929), «Күйші» (1935) поэмаларында күй құдыретін,өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпенөрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті менҚарашаш бейнелері.

«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.Проза жанрындағы алғашқы қадамдары. «Құқ» атты

фельетондар жинағы.«Жолдастар» романы (1935).Онда төңкеріс қарсаңындағы

қазақ кедейлерінің аянышты өмірі. Сатан, Мардан,Шалматай, Нәзипалардың кесек образ дәрежесіне жетпейқалуы. Сюжет құрудағы кемшіліктер.

«Кек»(1931), «Түрксиб»(1934), «Исатай-Махамбет»(1936)пьесалары. Махамбет бейнесін поэзия тілімен драмалықобраз дәрежесіне көтерудегі шеберлігі. Исатай бейнесі.

Аудармалары. Пушкиннің «Гаврилиада», «Евгений Онегин»шығармаларын аударуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

4-тақырып.Мағжан Жұмабаев(1893-1937)Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. М.Жұмабаевтыңшығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары.Қазақпоэзиясының ежелгі дәстүрін ілгері дамыта отырып,ағартушылық бағытта «Өнер-білім қайтсе табылар», «Сорлықазақ», «Жазғы таң» , «Қазағым» өлеңдер жазуы.

Ақынның ағартушылық,үгіт-насихаттық бағыттағысыншыл реализмге ден қойып, ескі әдет-ғұрыптың,қалыңмалдың құрбаны болған қазақ әйелдерінің басбостандығын жырлайтын «Орамал», «Тілегім», «Алданғансұлу» өлеңдері.

Мағжан поэзиясының саяси-әлеуметтік сарынын күшейтіп,уақыт талабын, замана рухын бейнелейтін «Бостандық»,«Күншығыс», «Жаралы жан», «Тұтқын», «Жауға түскенжанға» өлеңдерін жазуы.

Ақынның поэзия әлеміндегі ізденістері. Бальмонт, Брюсов,Мережковский, Сологуб, Блок сияқты символист ақындарғаеліктеп өлеңдер жазуы. «Сарғайдым», «Бүгінгі күн өмір, өлім

менікі», «Берниязға», «Өмір», «Мені де өлім, әлдиле»өлеңдеріндегі өмір мен өлім философиясы.

Мағжанның махаббат лирикасы. «Сүй, жан сәулем», «Н-ға», «Сен сұлу», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға»,«Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін» өлеңдеріндегіжан мен тән сұлулығының диалектикалық бірлікте жырлауы.Хафиз өлеңдерімен ұқсастықты ашу.

Мағжанның балаларға арнап өлеңдер, оқу құралдарыншығаруы. «Бастауыш мектептегі ана тілі»(Ташкент,1923),«Бастауыш мектепте ана тілін оқыту мәні»(Москва,1925) ,«Педагогика» (Орынбор,1923) , «Сауатты бол»(Москва, 1926)оқулықтары мен «Аққала», «Әже», «Немере мен әжесі»,«Қойшы бала мен күшік» өлеңдері.

Қазақ халқының тарихы, аңыз-әңгімелері негізінде «БатырБаян», «Жүсіп хан», «Өтірік ертек», «Қорқыт»,«Қойлыбайдың қобызы» поэмаларын жазуы.

«Батыр Баян» поэмасы. Поэмадағы Абылай хан, Баянбатыр образдары. Махаббаттың трагедиялы хикаясы. Абылайханның характеріндегі кейбір қайшылықтар. Баянның өлімі.Поэмадағы орыс әдебиетінің әсері.

«Жүсіпхан» поэмасы. Шығармадағы Аббасхан, Жүсіпхан,бейнелері. Жүсіп образының символдық мәні.Сол арқылысталинизм дәуірінің сипатын әшкерелеу.

«Өтірік ертек» дастаны. Шығарма сюжетінің шарттылыққақұрылуы. Мысыққа қарсы тышқандардың көтерілісі. Поэмадабайды байыту тәңірдің ісі деген философияны жоққашығару.

«Тоқсанның тобы» дастаны. Поэмадағы тоқсан дегенсөздің символдық мәні. Автордың еңбекші жарлынымадақтап, туған халқын жақсы көретінін өлеңмен өрнектеуі.

Мағжан аудармалары. «Орман патшасы» (Гете), «Күнніңбатуы» (Гейне), «Сарғайып келген егін толқынданса»,«Тұтқын»(Лермонтов) шығармалары арқылы көрінетінаударма саласындағы асқан шеберлігі. Ақынның Горький,Иванов, Мамин- Сибиряк тәрізді орыс қаламгерлерініңпрозалық шығармаларын аударуы. Олардың өзіндікерекшеліктері.

Мағжан поэзиясының өлең құрылысы. Қазақ өлеңінбайытудағы жаңалықтары. Образдар өрнегі.

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралықорытынды.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

5-тақырып. Жүсіпбек Аймауытов(1889-1931)

Өмірбаянынан қысқаша мәлімет. Прозалық шығармалары.. «Қартқожа»(1926) романы.

Шығармада қазақ аулының төңкеріс қарсаңындағы саяси-әлеуметтік тіршілігін, қоғамдық әділетсіздіктердісуреттеу.1916 жылғы оқиғаның 1917 жылғы ақпантөңкерісіне ұласуы. Соның нәтижесінде сана – сезімі оянғанқазақ кедейлерінің әлеуметтік күрес алаңына шыға бастауы.Қартқожа бейнесі. Романның көркемдік әлемі. Авторлықмінездеме, характер сомдау ерекшеліктері.

«Ақбілек»(1927-28) романы. Романдағы феодалдық-патриархалдық қоғам қалыптастырған ескі салт-сананыңбұғауынан құтылып, мәдениетке, оқу-білімге ұмтылғанАқбілектің образы. Алтынай, Бозінген, Күмісай, Өрік сияқтықазақ әйелдерінің от басы, ошақ қасында қалып, етекбастыболған өмірлерінің суреттелуі. Шығармадағы Ақбала, Доға,Балташ, Жорғабек,т.б. қосалқы қаһармандар тағдырыныңсуреттелуі

.Романның психологиялық роман екендігі. Шығарманыңкөркемдік әлемі. Автордың баяндау тәсілдері. Кейіпкерлерпсихологиясын сипаттаудағы шеберлігі.

«Күнікейдің жазығы» (1928) повесінің тақырыбы қазақәйелінің тағдыры екендігі. Күнікей образы. Оның образынсомдап, толықтыра түсуге көшпелі тұрмыс тудырған салт-сананың әсер-ықпалы. Повестегі қосалқы кейіпкерлерҚұлтума, Тұяқ,Шекер, Байман образдары.Шекер, Байман,Тұяқ бейнелері.

Ж.Аймауытовтың 20-30 жылдары жазылған «Өмір дегеносы ма», «Мысыққа ойын, тышқанға өлім»(1923), «Елес»,«Қойшы Тастамақ», «Жидебайдың баяндамасы»(1924),«Әнші», «Көшпелі Көжебай», « Жол үстінде»(1925),«Боранды болжаған әулие» (1926), «Ханамар тарихы»(1927),т.б. әңгіме-новеллаларының тақырыбы, идеясы.

Драмалық шығармалары: «Мансапқорлар»(1925), «Елқорғаны», «Қанапия мен Шәрбану»(1926), «Шернияз»(1926).

«Ел қорғаны» пьесасындағы оқыған кейбір қазақзиялыларының еркіндік, бостандық үшін күресте қатекөзқарастарының сыналуы. Ал «Қанапия- Шәрбану»пьесасының С.Сейфуллиннің «Бақыт жолына» аттышығармасымен тақырып жағынан үндестігі. Бірін-біріұнатқан екі жастың махаббат хикаясы, қосыла алмауы мен1916 жыл шырғалаңының тұспа-тұс келуі. Елдегі әлеуметтікәділетсіздік пен тап тартысының көрінісі. ПьесадағыШәрбану, Қанапия, Ынтықбай, Сазанбай, т.б. образдар.

«Мансапқорлар» пьесасы. Шығармадағы атақ, мансапқаталасып, өзара қырғиқабақ болған Қасқырбай болыстың,оның туыс інісі әрі тілмашы Мүсілімнің бейнелері. Пьесадаағайын адамдардың арасына жік салған іштарлықтың, көреалмаушылықтың қантөгіске, зұлымдыққа ұласуы.

«Шернияз» пьесасы. Шығармадағы Шернияз бейнесі.Рушылдық пен жікшілдік жайлаған ел ішіндегі айтыс-тартыс, дау- дамайдың Шерниязды күреске итермелепширатуы. Оның жеңісі мен жеңілісі. Пьесаның жалпы идеясы.

Ж.Аймауытыв шығармашылығы жөнінде қорытынды.Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

6-тақырып. Мұхтар Әуезов (1897-1961)Шығармашылық өмір жолы. 20-жылдары жазған әңгіме,повестері: «Қорғансыздың күні», «Барымта», «Жетім»,«Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», «Қаралы сұлу», «Оқығаназамат» және «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман»повестері.

«Барымта», «Жетім», «Қорғансыздың күні», т.б.әңгімелерінде автордың сол кездегі әлеуметтік өміршындығын көрсетіп, зорлық пен қорлық көргенқорғансыздардың жағына шығуы.«Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесі. Шығармадағытаптық, топтық және әлеуметтік тартыстардың көрінісі.Бақтығұл мен Жарасбай образдары. Көркемдікерекшеліктері. Толстой стиліне тән психологизмнің кейбірәсерлері.«Қилы заман» (1928) повесі. Повестің ел басқарудыңәкімшілдік-әміршілдік жүйесінің тұсында оқылуға тыйымсалынуы. Жетісу өңіріндегі 1916 жылғы көтерілістіңсуреттелуі. Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай сияқты халықөкілдерінің образдары. Рахымбай, Түнғатар, Ақжелке тәріздіұнамсыз типтер. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері.Портрет пен пейзаж. Адам характерін жасаудағы диалогтыңмәні.

М.Әуезовтің отызыншы жылдары жазылған «Іздер»,«Бүркітші», «Шатқалаң», «Білекке білек», «Құм мен Асқар»шығармаларының мәні.

Драмалық туындылары: «Еңлік-Кебек»(1917), «Қаракөз»трагедиялары. Оларда махаббат бостандығы мен әйелтеңдігі мәселесінің көтерілуі. Трагедиялық образдар жүйесі.

«Түнгі сарын»(1934) пьесасында 1916 жылғы көтерілістіңкөркем бейнеленуі. Драмалық шиеленіске толы тартыстаңбасы. Жантас, Тәнеке образдары.

«Шекарада» пьесасы (1938). Шығармада елқорғау,қырағылық, туған жерге деген сүйіспеншіліксезімінің өркендеуі. Пьесадағы Мұрат , Сәрсен, Қанай менАжардың образдары. Әйтсе де драмалық шиеленістіңжалған тартысқа құрылуы.

Тарихи тақырыптағы «Хан Кене» драмасын жазуы.Туындыдағы Кенесары мен оның інісі Науан батырдыңбейнесі. Әлеуметтік және жеке бастық ішкі тартыстар.Әйелдер образдарының кейбір ерекшеліктері.

М.Әуезовтің Соболевпен бірге жазған «Абай» трагедиясы(1940). Ондағы Абай бейнесі.Ақынның әділетті өмір мен адамбаласының бақыты үшін жауыздықпен бетпе-бет арпалысуы.Бірін бірі сүйген Айдар мен Ажардың бас бостандығынқорғау арқылы феодалдық ескі салт- санаға қарсы шығу.

Халықтық эпостық жырлар негізінде «Айман-Шолпан»(1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» (1941)пьесаларын жазуы. Ел қорғау, ерлік пен ездік мәселесінкөтеруі.

«Абай жолы» роман-эпопеясының тек қазақ әдебиетініңғана емес, әлемдік әдебиеттің озық туындысы екендігі.Оған берілген әр түрлі әдеби сыйлықтар мен өнерқайраткерлерінің бағасы.Романның эпопеялық сипат-белгілері. Шығармада Абай өмірі мен шығармашылығыменқатар қазақтың жарты ғасырлық саяси-әлеуметтік өмірін ,тұрмыс салтын көрсетуі. Роман – эпопеяның басты тұлғасы Абай екендігі.Абайдыңөсу, кемелдену эволюциясы. Романдағы Абай және кедей жатақтар. Құнанбай бейнесі.Тәкежан, Әзімбай, Ысқақ, Оразбай, Майбасар бейнелері.Романдағы әйелдер бейнесі. Романның көркемдікерекшеліктері.Әуезовтің аяқталмай қалған «Өскен өркен» (1962) романы.

Оңтүстік өлкедегі мал шаруашылығына қатысты көкейтестімәселелер. Карпов, Алмасбек, Әсия бейнелері.

Әуезовтің аудармалары. Шекспирдің «Отелло», «Асауғатұсау», Гогольдің «Ревизор», Н.Погодиннің «Ақсүйектер»,К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесаларын аударуы. Осыарқылы драматургияның қыры мен сырын игеруі.

«Әдебиет тарихы»(1927) Әуезовтің тұңғыш зерттеу кітабыекендігі. Ғалым-жазушының қазақ фольклорының ертегі,эпостық жырлар, ақындар айтысы, т.б. жанрлар туралызерттеулері. «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев»,«Уақыт және әдебиет» зерттеулері.

Әуезов бейнесінің көркем прозада, театр сахнасындабейнеленуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

7-тақырып. Сәбит Мұқанов (1900-1973)Өмірінен мәлімет. Жетімдіктің, жоқшылықтың тақсіретінен

үзіп-жұлып білім алуы. Оның «Бостандық», «Кедей баласы»жырларында жастық шағының көрініс беретіні. Сәбиттіңақындық өнерге бой ұруына халық арасына кең тараған қисса,дастан, аңыздардың, батырлық, лиро-эпикалық, тарихижырлар мен жыраулардың, Ғ.Тоқай, Абай, Горький, И.Бунин,Маяковский, Гладков, т.б. игі ықпалы. Социалистік құрылыстықұптауы мен оған белсенді қызмет етуінің заңдылығы.«Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Егістік»,«Конвейер», «Майға сәлем», «Колхозды ауыл осындай»,«Малшының мақтанышы», т.б. шығармалары. Соғыс кезіндетуған «Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы»,«Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында», «Берлиналынды» өлеңдеріндегі патриоттық сезім.

Ақынның «Жетім қыз үйінде», «Октябрьдің өткелдері»,«Батырақ», «Балбөпе», «Пионер», «Жұмаштың өлімі»,«Құрдас», «Жұпархан» «Алдабергенов туралы аңыз»поэмалары.«Сұлушаш» поэмасындағы Сәбиттің сюжетқұрудағы, тіл қолданудағы, образ жасаудағы көркемдікізденістері.

С.Мұқанов – жазушы. «Түсімде», «Ақбөпенің сыры», т.б.әңгімелердің, «Балуан Шолақ», «Екпінді» повестері,«Адасқандар» («Мөлдір махаббат»), «Теміртас», «Жұмбақжалау» («Ботагөз»), «Сырдария» романдары, «Өмір мектебі»трилогиясы. «Тыңдағы толқындар», «Аққан жұлдыз»романдары. Жазушының «Адасқандар» романына таптық,әлеуметтік шындықтың арқау болатыны. Кезінде романныңсынға ұшырағаны.Автор біраз ізденістерден кейін «Мөлдірмахаббат» (1959) деген атпен қайта шығарғаны. Бәтес, Бүркіт,Мүсәпір бейнелері. «Мөлдір махаббаттың бастапқы варианты«Адасқандардың зерттеушілері (Қ.Ергөбеков) тарапынанкөбірек құпталуының себептерін ашу.

«Ботагөз» (Жұмбақ жалау) – жазушының басты кітабы.Қазақ әдебиетінің тарихында өскен әдебиеттер талабына сайкүрделі оқиғалы реалистік туынды. Асқар, Ботагөз, Амантай,Итбай, Кулаков,Кузнецов, Сарбас, Кошкин образдарыныңтиптік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары.

«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Азапты жолда»,«Азатты жолда», «Есею жылдары») екендігі. Әміршіл-әкімшілжүйенің саясаты мемуарлық шығармаға өз ізін қалдырғаны.Оның ұлттық санаға тигізген зиянын әділ бағалаудыңқажеттігі.

«Балуан Шолақ» - белесті туынды. «Сырдария, «Тыңдағытолқындар» романдары мен «Алтын аймақ», «Каспийге саяхат»сияқты очерктері.

«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Роман материалдары төрткітапқа жоспарланғандықтан Шоқан образының әлі өз биігінешыға қоймағаны. Романның аяқталған кітаптарында қазақтыңтек Шоқан өмір сүрген тұсындағы тіршілік-тағдыры емес, біржарым ғасыр бұрынғы сұлбасының бойкөрсететіні.жазышының алдымен ескі тарихымыздыңшежіресіне ден қоятыны.Қаламгер халық тарихыныңкезеңдерін оқиғалармен бере отырып, сындарлы талдауғабарғаны, есте қаларлық көркем бейнелер сомдағаны.

С. Мұқановтың – драматург. «Көкірегі көрегендер»,«Алтын аймақ», «Бурылтай», «Біздің үй», «Ақан мен Зайра»(Әуезовпен бірігіп жазған), «Балаусаға келіңіздер», «Жеңісжыры», «күрес күндерінде» поэмалары мен»Гвардия, алға»либреттосы. «Сыбызғының сыры», «Ариадна арқауы»пьесалары, «Шоқан Уәлиханов» трагедиясы. Қазақдраматургиясын байытқаны.

«Сәкен Сейфуллин» драмасының Сәкеннің «Қызылсұңқарлар» драмасымен, «тар жол, тайғақ кешу» романыменүндестігі. Драманың алғаш «Дала дауылпазы» деген атпенжұрт назарын аударғаны. Кейін өңделіп, «Сәкен Сейфуллин»атты тарихи драмаға айналғаны. Колчак, Анненков,Қаранайлардың бейнелері. Сәкен, надежда, Шафран, Досов,Абдолла Асылбеков тұлғалары. Пьесада үш желі:төңкерісшілердің күрес жолы, Сәкен-надежда- Хамитарасындағы тартыс, әйел теңдігі мәселелерінің қиюласаөрілуі.Пьесаның түрлі кедергілерге кездесуі.

С.Мұқановтың «Саяхаттар», «Алыптың адымы» кітаптарымен «цейлон шеруі», «Адам атаның шоқысы» атты жолжазбаочерктерінің дүниетанымдық, этнографиялық маңызы.

«Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер», «Абай –халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерімқандай», «Қазақтың 18-19 ғасырларындағы әдебиетітарыхынан очерктер», «ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті»,«Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазыпкелемін», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «Қазақ

қауымы», т.б. мақалалар мен зерттеу еңбектерін, оқулықтаржазуы.

С.Мұқановтың әдеби бейнесінің жасала бастауы.Шығармашылығының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

8-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)Өмірінен мәлімет.Білім алған мектептері. Жазушылық

жолы.Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Әдебиетке үлкендайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәттіқадам «Тулаған толқында»(1928) повесімен жалғасып, «Қосшалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла»,«Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль»т.б. әңгімелерімен қоғамдық өмір қатпарларын бейнелепбергені. Жазушыға Л.Толстой, Дж.Лондон, Чехов,Гоголь,горький, Короленколардың тигізген ықпалы.

1938-1955жж. Жазылған «Ер ана», «Ана кесіміайнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салғантақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы.1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка»,«Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы»,«Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпанстансасы», «боранды түнде», «қарлы жаңбыр астында», т.б.әңгімелерінде уақыттың әлеуметтік-көркемдік талабынарқалаған замандастарымыздың кесек тұлғасын жасауменқатар, қызыл империяның тоталитарлық саясатынәшкерелейді. 1977-1983 жылдары жазылған «Жапонбалладалары» циклына енген «Арқаның әңгімесі», «Көздіңәңгімесі», «Тастың әңгімесі» туындыларында әлеуметтік-философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны.Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялықәрекеттерге пайдалануға қарсы күрес ашуға үндейтіні. «Анажыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағысимволдық, әлеуметтік-философиялық мағына.

«Қазақ батыры» (1945) повесіннен «Қазақ солдаты»романына (1956) айналған туындыда майдан шындығысуреттеліп, Қайрош пен оның бала күнгі достары Бораш,Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы ҚайрошСарталиевтің майдандас серіктері Сәмед Абдоллаев, ВасилийГришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат,офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асылқасиеттерді бойларына жинақтаған , өзіндік мінезерекшеліктері бар, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм,гуманизм, мызғымас достық тұғырына шыққан жандар

дәрежесінде суреттелетіні. Жазушының майдан шындығынасоциалистік реализм әдісіне тән үстірттікке, кейіпкер тілінебайланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.

«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы.Онда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазантөңкерісіне дейінгі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалықхал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылыпсуреттелетіні. Романда дала шонжарлары Игілік пен Жұман,орыс алпауыттары Рязанов пен Ушаков, шетелдіккомпаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн,және олардың сойылын соққан малайлары Акула, Зубов,Сикорский, Бернер, Некрасов образдары. Осы алпауыттарәулетімен күрес үстінде шыңдалып, биік азаматтықтұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір,Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей-Елизавета Быковтар, Михайло Неволя, Шило қарт, Зуев, т.б.шыққан табының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғарықоятыны. «Жат қолында» романының табысы саналатынКенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы»,халқының көш бастар перзенті дәрежесіне жеткізе бейнелейалғандығы.

Дилогиядағы Назыкеш, Наркөз, Көпей, Күлше, Айғанша,Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғангКүлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.

«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасының өнерадамын, өнерге деген көзқарасты лирико- философиялықтұрғыда бейнелеген повесть екендігі. Еркебұлан образы.Еркебұлан мен Сәкен Сейфуллин бейнелерінің үндестігі.Поэмада Ақлима, Ақбала, Қоянжырық, Қайсар, т.б.характерлердің жасалуы.

«Ұлпан» (1975) повесінің осы аттас романға (1981)айналуының көркемдік заңдылықтары. Шығарманың тарихишындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асылқасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны.Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.

«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург

фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуденөткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазыпшыққаны.

«Ақан Сері - Ақтоқты» (1945) трагедиясыныңпсихологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақынАқанның рухани келбеті, ашынған ойы мен ащы күйзелісінҒ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын

Сердәлі, Жалмұқан төре, мүсәпір Қоңқай, Ақтоқты, Мәрзай,Дәмелілердің психологиялық драма талаптарына саймүсінделетіні.

«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы. Ондадәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы мен қайшылықтарыреалистікпен бейнеленіп, қаһармандарының күрес үстіндешыңдалып, түлейтіні. Күрделі рухани жаңаруларды басынанкешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғаларөзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен елпарызы, озық ойлы орыс адамдарының қазақ халқынакөрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. ПьесадаАмангелді характерінің әр қырынан , әр әлеуметтік топөкілімен қатысы арқылы ашылатыны.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесаларынегізінде киносценарийлер жазуы.

«Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақхалқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген СырымДатов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркембейнеленуі. Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік,зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткерпарызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» аттыеңбектері. Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылықмұрасының зерттелу жайы.Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

9-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)Жазушы, драматург, публицист, әдебиет-сыншысы,

аудармашы, қоғам қайраткері, СССР және ҚазақстанМемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халықжазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектепетрі. Шығармашылықжолы. Қоғамдық күрескерлік тұлғасы.

«Курляндия» (1950) романына 1942-45 ж.ж. Курляндияплацдармындағықырғын соғыс шайқастарының арқау етілетіндігі. Есейбейнесінің көп белгілері. Курляндия операциясының белортасында жүрген жауынгер Нұрпейісовке ортақтығы.Романдағы көркемдік шындықтың майдан шындығымен бітеқайнасып кетуі. Тәжірибесі аз қаламгердің алғашқы туындысыекендігіне қарамастан оның республикалық сыйлыққа иеболғандығы. Кейінірек оны жазушыныың «Күткен күн» дегенатпен жариялатуы. Отанын жаудан қорғап жүрген, мақсат-

мүддесін тоғыстырған халықтардың достығы, адамгершілік,моральдық тұлғасының терең ашылатындығы.

«Қан мен тер» трилогиясындағы рухани қайсарлық пенсуреткерлік кемлділіктің тоғысы. 1913-1920 жылдардағы Аралөңірінде өткен тарихи оқиғалардың күллі қазақ сахарасынаортақ шындығын толғап, ескі қоғамдық формацияныңаласапыран күрес нәтижесінде шұғыл төңкеріс екпінімен жаңаформацияға орын беруінің адам рухы арқылы көрінуі.Төңкерістің қазақ сахарасына емес, сахараның төңкеріскекелуін реалистік шындық негізінде шеберлікпен бейнелегені.Еламан, Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Мөңке, Әли, Қара қатын,Судырақмет, Тәңірберген, Қалау, Құдайменде, Тентек Шодыр,Колчак , т.б. бейнелері. Композиция құрудағы жаңашылдық,сюжет пен характер, психологиялық талдау, портрет жасаужолындағы ізденістер. Жазушының трилогия негізіндедрамалық туынды, киносценарий жазуы.

«Сең» (1983) романы. «Сеңнің» Еуропалық көркемромандардың үздік жетістіктерін шығармашылықпен игеріп,сезім сергелдеңі мен ар арпалысын, ірі қоғамдық-әлеуметтікмәселелерді жеріне жеткізе бейнелеу талабынан «Соңғыпарыз» (1999) дилогиясына айналуы. Шығарманың ішкідинамизімінің қуаттылығы, тақырыбының өзектілігі. Өзімшілсаясаттың экологиялық проблемалар төңірегіндегі қасіреткетап қылуы. Жәдігер мен Әзімнің ар алдындағыжауапкершілігін, азаматтық боыршын сезінудегікереғарлықтың үстемдігі. Әзім мен Жәдігер арасындағы Аралтеңізінің болашағы жайлы тартыс, реалистік көзқарас пенконсервативтік көзқарастың бітіспес болымыс. Ә.Нұрпейісовтіңтабиғат трагедиясы мен адам трагедиясын параллельөрістетуі, романды адамзаттық трагедия дәрежесіне көтеруі.Жазушының дилогияда тоқырау кезеңін суреттей отырып,социалистік қоғамның күйреуіне әкеп соққан саяси-әлеуметтікмәселелерді ашық көрсеткені. «Сең» мен «Соңғы парыз»романдарының жанры, поэтикасы.

Ә.Нұрпейісовтің очерктері мен әдеби-сын мақалалары.«Толғау», «Жүрегі толы жыр еді», «Ақ бидай туралы аңыз»атты жинақтарында Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев,Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматовшығармашылығы туралы ой айтқаны. М.Әуезов ,Ф.Достоевский, И.Тургенев, М.Горький, Жамбылдардың әдебипортреттерін сомдауы. «Алыптар халықтан» атты және«АннаКаренинаның» аудармасы туралы эстетикалық ,публицистикалық, танымдық мақалалары.

Ә.Нұрпейісовтің Чеховтің, Горькийдің, Н.Хикметтің, испанжазушысы Кэсонның пьесаларын аударғаны.

Шығармашылығының зерттелу жайы.Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

10-тақырып. Ілияс ЕсенберлинАқын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай

атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Өскен ортасы, білім алған мектептері. Ақындық,

жазушылық өнерге бой ұруы. Поэзия, проза, драматургия,кинодраматургия саласында еңбек еткені. Алғашында ақынретінде танлып, қырықтан аса әннің мәтінінң жазып, «Сұлтан»,«Айша» (1945), «Біржан сал трагедиясы» (1959)дастандарымен большевиктер туралы поэмаларын тудыруы.«Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағының (1949),«Жұлдыздар» атты поэмалар кітабының жарық көруі.

І.Есенберлин қазақ прозасының көрнекті өкілі. Оның«Адам туралы ән». (1957) повесі, «Айқас» (1966), «Қатерліөткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмасқылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973),«Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы»(1978), «Аманат» (1978), «Махаббат мейрамы», «Алыстағыарпалыс», «Аққу құстың қуанышы» (1984), «Мұхиттан өткенқайық» («Жұлдыз», №1,2, 1991) романдары мен «Көшпенділер»(1976), «Алтын орда» (1982-83) трилогиялары.

І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат»романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердіңөмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудіңжақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты,шолақ белсенділікті ашық суреттегені.

І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы.Шығармаларының үнемі пікірталастар тудырғаны.

Шығармаларының зерттелу жайы.Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

11-тақырып Мұқағали Мақатаев (1931-1976)Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы

мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы,

қызметі.Балалық, жасөспірімдік шағының соғыс жылдарымен,тылдағы ауыр еңбекпен тұспа-тұс келуі. «1945 жыл ақпан»,«Қайран жеңгем», «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар»,«Әке», «Қырқыншы жылдардың бесік жырынан», «Біздержеңдік», «Әке аманаты», «Масақ» өлеңдері мен «Өмір-дастан»

поэмасында ақынның сол уақыттың реалистік картинасынжасағаны. Оның өмірге жіті үңіліп, толғана жырлағаны. Әкелікмахаббаты «Бесік басында», «Менің кішкен күнім» «Ұлыма»,«Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді»; үлкендіқадірлей білуге шақыратын «Алпысқа келдіңіздер», «Менқарапайым қарттарды сүйемін», «Әбділдаға», «БауыржанМомышұлына», «Ғабаңа», «Қариялар азайып бара жатыр»,«Тоқта балам, атаң келед , артыңда»; халқын сүюге үндейтін«Елім барда», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Оралыңдар»«Толғау», «Халқым барда», «Халқыма хат», «Қазақ жері»; Туғанжер табиғатының келбеті «Сап-сары жапырақтар», «Сәуірайы», «Алматының аспаны», «Сарыжайлау», «Тау өзені тентекқой тасып жатыр» , «Көктемде», «Қайран Қарасазым-ай»,«Түнгі Алматы», «Хан Тәңірі»; парасат пен танымға бойлататынфилософиялық «Сәби болғым келеді», «Қар жауып тұр»,«Алтын адам», «Бақыт деген», «Мен қайың бола бастаймын»,«Қызық өмір», «Тауға келмсем», «Ақиқаттың ауылы», «Таудайболғым келеді», «Ей, өмір»; мәңгілік өмір сыйлайтын,өнердіқастерлететін «Қара өлең», «Арыз жазып кетейін», «Жазыларестеліктер», «Дариға домбырамды берші маған», «Өлеңкерек», «Ақынның ауылы», «Бибігүлге», «Сыр», «Төлегенге»,«Фаризаға»; махаббат күйін әлдилеген «Бір келіншек», «Сен»,«Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтанжаралған», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббатмоласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынантерезеңнің жүріп өттім», Мен сені сағынғанда» т.б.шығармалары.

«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер»,«Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Райымбек,Райымбек», «Бала шақтан болашаққа», «Аққуларұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткентұңғиық», «Атамекен» поэмалары.

«Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға-жүрек» (1972),«Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976), «Өмір өзен» (1978), «Бәсіре» (1981), «Соғадыжүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Қош, махаббат» (1988),«Аманат» (2000) жинақтары.

Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелержинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.

Ақын өлеңдеріне ән саздарының көптеп жазылғаны.Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын»,

В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын»қазақ тіліне аударуы.

М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [6], [18], [5].

Қолданылатын єдебиеттер1. Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, бірінші кітап. – Алматы:

Ғылым,1967.2. Кәкішев Т., Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы.- Алматы,

19613. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы.-

Алматы, 19714. Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі

әдебиет. –Алматы,19845. Ахтанов Т. Көкейтесті. Әдебиет туралы ойлар.- Алматы,

19806. Әбдірахманова Т. Қасым Аманжолов поэтикасы.-

Алматы,19767. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. –Алматы,19698. Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. Әдеби сын.-

Алматы,19739. Әдібаев Х. Көкжиек. Сын. –Алматы,197810. Әлімбаев М. Қалам қайраты.- Алматы,197611. Әуезов М. Времен связующая нить.- Алматы,197212. Әшімбаев С. Сын мұраты.- А. 1974; Талантқа тағзым.-

А.,1982; Парасатқа құштарлық.- А., 198513. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір.- А.,1966; Қаһарлы

жылдар жыры.-А.,1968; Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы.-Алматы,1973.

14. Байжанов С. Замандас туралы толғау.- Алматы,197315. Бердібаев Р. Әдебиет және өмір.-А., 1964; Қазақ

тарихи романы.- Алматы,197916. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры.-А.,1981; Ғабит Мүсірепов-

драматург.-А., 1982.17. Дүйсенов М., Рақымжанов Т. Халық ақындары

творчествосының көркемдік сипаты. –Алматы, 1982.18. Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-А.,1981; Сөз жүйесі.-

А.,1985.19. Елеукенов Ш. Қазақ романы және қазіргі дәуір.- А.

1968; Замандас парасаты.-А.,1977; Жаңа жолдан. –А.,198920. Жақыпов Е. Дастаннан драмаға.-Алматы,197921. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу

құралы.- Алматы: Білім, 1998.22. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана:

Күлтегін,2002; Трагедия табиғаты.-А.,1968; Күретамыр.-А.,1973; Айдын.-А.,1985; Телағыс.-А.,1986

23. Алпысбаев Қ. Мұқағали өрнегі.- Алматы:Қазақуниверситеті, 2001.

24. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік.Монография. – Павлодар: Эко, 2000.

25. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы,1977.26. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан,1996.27. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық

талдау.- Алматы: Санат,1996; Қазақ прозасындағызамандас бейнесі.-А.,1982; көркемдік нәрі.-А.1983

28. Мәмбетов Ж. Жұбан Молдағалиевтің ақындықшеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті,2002.

29. Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.30. Жәмішев Ә. Жыр жанары.- Алматы,1970; Биік

мәртебе.-Алматы,197431. Ибрагимов Т. Өлең өрісі. –Алматы,197932. кәкішев Т. Дәуір суреттері.-А.,1967; Оңаша отау.-

А.1982; Дәуір дидары.-А.,1985.33. Қайырбеков Ғ. Бір кеменің үстінде.-А.198134. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға.-А.,1968; Әдебиет және

эстетика.-А.1970; Ізденіс іздері.- А.198435. Қирабаев С. Өнер өрісі.-А., 1971; Әдебиет және дәуір

талабы.-А., 1976; Шындық және шығарма.-А.,1981;Шындық және шеберлік.-А.,1983; Талантқа құрмет.-А.,1988; Жүсіпбек Аймауытов.-А.,1993; Әдебиетіміздіңақтаңдақ беттері.-А.1995

36. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары.-Алматы,197937. Мұстафин Ғ. Ой әуендері.-Алматы,197838. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы.-Алматы,197039. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры.-Алматы,198240. Атымов М. Қазақ романының поэтикасы.-Алматы,197541. Исмагулов Ж. Облик современника.-Алматы,197042. Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.-Алматы,198043. Нұрмаханов Қ. Дос лебізі.-19687; Дәстүрлі достық.-

А.197844. Нұрпейісов Ә. Жүрегі толы жыр еді.-Алматы,197245. нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.-Алматы,1968.46. Омаров І. Шабыт шалқары.- Алматы,197347. Ордалиев С. Конфликт және характер.-А.,1970; Сөз

зергері.-А.,198248. Рахымжанов т. Қазіргі қазақ романының поэтикасы.-

Алматы,199249. Сарбалаев Б. Қызыл алма.-Алматы.1981; Ақиқат

алдында-А.,198550. Сыдықов Т. Мұрат пен міндет.-Алматы,1987

51. Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы,198452. Серғалиев М.Кең өріс.-Алматы,198353. Серікқалиев З. Жылдар сазы.-А.,1971; Ақыл

таразысы.-А.,197654. Смайлов К. Өмірдің өзімен өлшесек.-Алматы,198355. Тәжібаев Ә. Ойлар, толғаныстар-А.197756. Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау.-А.,1974; Қос қағыс-

А.,198157. Шаймерденов С. Әдеби толқындар.-А.1985.58. Шалабаев Б. Қазақ прозасының тарихы.-Алматы,196859. Шәріпов Ә. Қазіргі дәуір және қазақ әдебиеті

дамуының проблемалары.-А.,1974; Қазақ әдебиетіндегідәстүр мен жаңашылдық.-А.,1984; Сырбай Мәуленовтворчествосы.-А.1985

60. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. –Алматы,1997