Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал...

10
№58 (28786) 29 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланыс- ты Атырау облысының əкімі қызметінен босатылды. Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лахор қаласында болған террорлық актіге байланысты Пəкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту же- делхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны жəне зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың басым көпшілігі əйелдер мен балалар екенін, бұл жағдайдың ешкімді бейжай қалдырмағанын айтты. «Қазақстан бүкіл əлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке зор қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм əрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Лахордағы жантүршігерлік оқиға қатыгез ра- дикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екеніне тағы да көз жеткізді», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ, барша Пəкістан халқына жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. АҚПАРАТТАР аєыны Көктемгі егіс науқа- нына техникалар 90 пайызға дайын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мəліметінше, мамандар қажет тракторларды, жер өңдейтін жабдықтар мен тұқым себетін техникаларды əзірлік сапына қойған. Бүгінде республика фермерлерінде 141,5 мың трактор, 87,3 мың тұқым сепкіш, 297 мың жер өңдейтін құралдар, 1,8 мың тұқым дəрілейтін техника бар. Қазақстанда кəсіпорын- дар сүт өнімдері қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Республикамызда сүт өнімдерін қайта өңдейтін 192 кəсіпорын жұмыс істейді. Азық-түлік тауарларының ішкі нарығы жалпы көлемінде сүт өнімдерінің үлесі 17 пайызды құрайды. Кəсіпорындар жы- лына 3 500 мың тонна сүтті өң- деуге қауқарлы. Қазақстандық «Эйр Ас- тана» компаниясы Мəскеуге тұрақты рейс жасауға рұқсат алды. Оны Ресейдің əуе көлігі федералдық агенттігі (қысқаша атауы – Росавиация) берді. Енді рейстер кесте бойынша тұрақты түрде жасалып тұрады. Астанадағы көшелерді жөндеу үшін қала əкімі авто- мобиль жолдары басқар- масына бір ай уақыт берді. Қала басшысы Əділбек Жақсы- беков аталған мерзім ішінде елорданы абаттандыру жəне санитарлық тазарту мəселе- лерін реттеу керектігін қатаң тапсырды. Сондай-ақ, əкім бизнес өкілдері өз нысан- дарының сыртқы көрінісіне мұқият болуды ескертті. Қарағанды облысын- дағы екі ауылда жаңа дəрі- герлік амбулатория ашыл- ды. Əлеуметтік нысандар Абай ауданы Құрма жəне Бұқар жы- рау ауданы Баймырза ауыл- дарында бой көтерген. Аталған амбулаторияларды салуға бюджеттен 51 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Батыс Қазақстан об- лысының əкімдігі мен «Да- му» қоры 1 млрд. теңгеге келісімшарт жасасты. Мемо- рандумға сəйкес, шағын жəне орта бизнесті өңірлік қаржы- ландыру үшін облыс əкімдігі мен «Даму» қоры 500 млн. теңгеден бөледі. Мамандардың айтуынша, əріптестіктің негіз- гі мақсаты – аймақтағы кəсіп- керлікті дамыту мен халықты тұрақты жұмыспен қамту. Солтүстік Қазақстанда жаңа элеватор іске қосылды. Нысан Ғ.Мүсірепов ауданын- дағы «Ақ Нан Север» серік- тестігіне тиесілі. Оның жыл- дық қуаттылығы 68 мың тон- наны құрайды. Сондай-ақ, ша- ғын өнеркəсіп 26 адамды тұ- рақты жұмыспен қамтыған. Қостанай облысының индустриялық инфрақұры- лымын дамытуға 1 млрд. 795 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражат «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Ал қар- жы облыстың ірі қалалары мен кенттерін дамытуға, əлеуметтік нысандар салуға жұмсалады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды. Қазақстан Республикасының Заңы Бір жаєынан, Ќазаќстан Республикасы мен екінші жаєынан, Еуропалыќ Одаќтыѕ жəне оєан мїше мемлекеттердіѕ арасындаєы кеѕейтілген əріптестік пен ынтымаќтастыќ туралы келісімді ратификациялау туралы 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада жасалған бір жағынан, Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақ- тың жəне оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген əріп- тестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 наурыз. № 475-V ҚРЗ Борт командирі апатты жағдайда жерге қону жөнінде шешім қабылдағанға дейін əуе кемесі аэропорттың үстінде 40-45 минуттай уақыт ұшып жүрді. Осы екі ортада жердегі қызмет түрлері машинаның жер- ге қонған кезінде қызып, жанып кетпеуі үшін қону-ұшу алаңын көбікпен толтырып үлгерді. Кейін жергілікті телеарналарға берген сұхбаты барысында эки- паж командирі Дмитрий Ро- дин өзінің 35 жылдық ұшу тə- жірибесінде мұндай жағдайдың бірінші рет кездесіп тұрғанын айтты. Ол ұшақты қондыру жөнінде шешім қабылдай оты- рып, барлығын нұсқауға сəйкес жасауға күш салды. Мұндағы басты міндет негізгі доңғалақ- тардың табандары жерге ти- ген кезде «жерге бірден құлап кетпес үшін кабинаны ұстап қалу» болған. Ұшақ көбік төгіліп тасталған белдеуге қонғаннан кейін 25-30 метрдей жерді «тұмсығымен» сүзіп өте шыққан. Авиакомпания өкілдерінің айтуларынша, əуе лайнері қонар кезінде «барынша аз зақымға ұшыраған», соның арқасында борттағы 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шекпеген. Елді елең еткізген Ўшаќ Астанаєа апатты жаєдайда ќонды Өткен жексенбі, 27 наурыз күні таңертең Астана аэро- портында төтенше жағдай орын алды. Қызылордадан ұшып келген Bek Air авиакомпаниясы Fokker 100 ұшағының алдыңғы шассилері елорда əуе алаңына қону кезінде шықпай қалды. Осыған байланысты экипажға тəуекелге бел буып, лайнерді алдыңғы доңғалақтарсыз қондыруға тура келді. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Күршім ауданында екі жыл бұрын «Төретоғам» ЖШС атты ірі балық ресурстарын ау- лау жəне өңдеу кəсіпорыны ашылған. Аудандағы жұмыс сапарымыздың аясында аталған зауыттың жұмысымен танысқан едік. Күршім ауданының əкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуын- ша, аудан көлемінде 6 елді ме- кен жағалауда орналасқан. 300- ге жуық тұрғын тікелей балық аулау кəсібімен шұғылданады. Бұл – Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жұрттың ежелгі кəсібі. Аудан əкімі Сейсенғазы Жұмағалиұлы соңғы жылдары «Төре» консорци- умына қарасты «Төретоғам» жəне «Дигам» ЖШС өңдеген балық өнімдері еурокодтарға ие болып, Қытай мен Еуропа елдері, Ресей нарығына шыға бастағанын жəне жылына экспортқа шығарылатын 4 мың тонна балықты аулау мен өңдеу бойынша тиісті лицензияға ие болғанын, кəсіпкерлермен заңды түрде жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Жуырда облыс əкімі Даниал Ахметов халықпен есепті кездесуінде жергілікті балықшылардың өндірістік кооперативке бірігіп, балық аулауға рұқсат алуына басымдық берілетінін айтқан бо- латын. Өңір басшысы Күршім ауданына жұмыс сапары кезінде де аталған мəселенің маңыздылығына тоқталған еді. Қазіргі кезде ауданда осы тарапта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қайыңды мен Құйған ауылдық округтерінің балықшылары тен- дерге қатысу талаптарын орын- дау мақсатында несие қаражатын қарастырып, өз мүмкіндіктерін сынап көрмек. Ал «Төретоғам» ЖШС бұл талапты əу баста орындаған кəсіпорындардың бірі. «Төретоғам» ЖШС бас ди- ректоры Нұрлан Қасымхановпен əңгімелескенімізде, кəсіпорын басшысы балық шаруашылығы туралы егжей-тегжейлі сөз қозға- ды. Бұл өзі қатпары көп, қажыр- қайратты қажет ететін сала. Нұр- лан Есімханұлының айтуынша, ұзақ жылдар бойы балық шаруа- шылығы саласынан аудандық бюджетке салық түспей, балық- шылардың шаруасы өнбей, шат- қаяқтап тұрған кезеңдер өтті. Сондықтан осы салада жүр- ген күршімдіктер бас қосып, оның ішінде 13 кəсіпкер жаңа кəсіпорынды құрған екен. Яғни, қайығы мен кемесін, ау мен басқа да құралдарын «Төретоғам» ЖШС меншігіне өткізген жаңа ком- пания жетекшілері банктен ғи- марат сатып алады. Оған 120 мил- лион теңге көлемінде инвестиция құяды. Өңір өмірі Балыќќа да басымдыќ берілмек Ўлттыќ валютаєа кґбірек ден ќойєан маѕызды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаражат- ты қазіргі уақытта ұлттық валю- тамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. – Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал ше- тел валютасындағы салымдарда ол əлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операция- лары жəне еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асыры- лады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. Халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Д.Ақышев наурыз айында ва- люта нарығындағы ахуал тұрақтал- ғанын атап өтті. – Мұнай бағасы, сауда серіктестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пəрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. Осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін жəне оның 1,6%-ға нығайғанын байқап отырмыз, – деді Ұлттық банк төрағасы. Сонымен қатар, Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты. – Ел тұрғындары мен кəсіп- орындар ұлттық валютадағы са- лымдарын біртіндеп көбейте бас- тады. Осы айда бұл үрдіс күрт жеделдеді, – деді Ұлттық банк төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. –––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.С. Кґлгіновті Батыс Ќазаќстан облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының əкімі бо- лып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 26 наурыз. № 219 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Н.А. Ноєаевты Атырау облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Атырау облысының əкімі болып тағайын- далсын, ол Батыс Қазақстан облысының əкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 26 наурыз. № 218 Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ 1978 жылы туған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия- сын, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Ағылшын, түрік тілдерін меңгерген. Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика жəне ақпарат орталығының (департаментінің) бас маманы, прокуроры болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Əділет министрлігінің Заңға тəуелді актілер департаментінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының құқықтық мəселелер жөніндегі орынбасары болды. Президент Əкімшілігінің Мемлекеттік бақылау жəне аумақтық- ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары лауазымдарына тағайындалған. 2013 жылғы сəуірден – Орал қаласының əкімі. Жаѕа басшыдан іскерлік кїтіледі Атырау жұртшылығы да əр жылдары өңірді басқарған əкімдердің жұмысын іскерлік тұрғысынан бағалайды. Өткен сенбіде Елбасы Жарлығымен Атырау облысының əкімі бо- лып тағайындалған Нұрлан Ноғаевтың да іскерлік таныта- тынына бек сенеді. Елбасы мен ел сенімін аќтайтынын айтты Қазақстан Президентінің Жарлығымен Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалды. Аймақ активіне оны Премьер-Министр Кəрім Мəсімов пен Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин та- ныстырды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Премьер-Министр Кəрім Мəсі- мов облыс активіне таныстырған аймақтың жаңа басшысының осы қырына тоқталып өтті. Жиынға Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин қатысты. Ал К.Мəсімов облысты 4 жылға жуық басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жаңадан жұмысын бастаған VI шақырылымдағы Парламент Мəжілісінің Төрағасы болып сайланғанын хабардар етіп, ол жетекшілік еткен жылдары өңірдің əлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өз үлесін қосқанына тоқталды. Осыған байланысты Ел- басының отандық экономика үшін стратегиялық маңызы айрықша зор облысты басқару жөніндегі таң- дауы Нұрлан Ноғаевқа түсіп отыр. Мұндай таңдау жасаудың бірнеше себебі бар. Біріншіден, Нұрлан Ноғаев – бірнеше маман- дықты меңгерген, бірнеше тілді біледі. Оның негізгі мамандығы – мұнайшы, демек, Атырау секілді бір ғасыр мерзімнен бері «қара алтын» өндірілетін өңір экономикасының жетекші саласымен жете таныс. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Ашығын айтқанда, жаңа өңір басшысының есімі батысқазақ- стандықтарға бұған дейін де жақ- сы таныс деуге болады. Өйткені, ол өңірде облыс əкімінің орын- басары, Орал қаласының əкімі қызметтерін адамдармен ортақ тіл табыса отырып атқарған. Соның қай-қайсысында да ол өзіне тап- сырылған іске жауапкершілікпен қарай білгеніне ел-жұрт куə. Облыс активі алдында сөз алған А.С.Көлгінов бұл Елбасы мен ел тарапынан өзіне көрсетілген үлкен сенім мен жоғары жауапкершілік екенін айта келіп, осы екі бірліктің үдесінен шығуға, өзінің жастық жігерін облыс экономикасын одан əрі көтеруге жұмсайтынын жеткізді. Əрі алда тұрған күр- делі міндеттерді облыс жұртшы- лығымен жəне жаңадан сайланған мəслихат депутаттары корпусымен бірлесе отырып атқару өзі үшін үлкен мерей екенін айтты. Сондай- ақ, активте Үкімет басшысы К.Мə- сімов ежелгі өркениет өңірі атанған Ақжайық аймағын төрт жылдан астам уақыт басқарған Нұрлан Ноғаевтың атына оң пікір білдірді. (Соңы 9-бетте). (Соңы 2-бетте). (Соңы 2-бетте). (Соңы 2-бетте).

Upload: others

Post on 10-Jan-2020

0 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

№58 (28786)29 НАУРЫЗСЕЙСЕНБІ2016 ЖЫЛ

ХроникаМемлекет басшысының Жарлығымен Бақтықожа

Салахат дин ұлы Ізмұхамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланыс-ты Атырау облысының əкімі қызметінен босатылды.

Кґѕіл айту жеделхатын жолдадыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лахор қаласында

болған террорлық актіге байланысты Пəкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту же-делхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны жəне зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың басым көпшілігі əйелдер мен балалар екенін, бұл жағдайдың ешкімді бейжай қалдырмағанын айтты.

«Қазақстан бүкіл əлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке зор қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм əрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Лахордағы жантүршігерлік оқиға қатыгез ра-дикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екеніне тағы да көз жеткізді», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ, барша Пəкістан халқына жеке өзінің жəне Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

АҚПАРАТТАРаєыны● Көктемгі егіс нау қа-

нына техникалар 90 пайызға дайын. Ауыл шаруа шылығы министрлігінің мəлі метінше, мамандар қажет трак торларды, жер өңдейтін жаб дықтар мен тұқым себетін тех никаларды əзірлік сапына қойған. Бүгінде республика фер мер лерінде 141,5 мың трактор, 87,3 мың тұқым сепкіш, 297 мың жер өңдейтін құралдар, 1,8 мың тұқым дəрілейтін техника бар.

● Қазақстанда кəсіп орын-дар сүт өнімдері қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Республикамызда сүт өнімдерін қайта өңдейтін 192 кəсіпорын жұмыс істейді. Азық-түлік тауарларының ішкі нарығы жалпы көлемінде сүт өнімдерінің үлесі 17 пайызды құрайды. Кəсіпорындар жы-лына 3 500 мың тонна сүтті өң-деуге қауқарлы.

● Қазақстандық «Эйр Ас-та на» компаниясы Мəс кеу ге тұрақты рейс жасауға рұқсат алды. Оны Ресейдің əуе көлігі федералдық агенттігі (қыс қаша атауы – Росавиация) берді. Енді рейстер кесте бой ын ш а тұрақты түрде жасалып тұрады.

● Астанадағы көшелерді жөндеу үшін қала əкімі авто-мобиль жолдары басқар-масына бір ай уақыт берді. Қала басшысы Əділбек Жақсы-беков аталған мерзім ішінде ел орданы абаттандыру жəне сани тарлық тазарту мəселе-лерін реттеу керектігін қа таң тапсырды. Сондай-ақ, əкім бизнес өкілдері өз нысан-дарының сыртқы көрінісіне мұқият болуды ескертті.

● Қарағанды облы сын -дағы екі ауылда жаңа дəрі-герлік амбулатория ашыл-ды. Əлеуметтік нысандар Абай ауданы Құрма жəне Бұқар жы-рау ауданы Баймырза ауыл-дарында бой көтерген. Аталған амбулаторияларды салуға бюджеттен 51 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.

● Батыс Қазақстан об-лысының əкімдігі мен «Да-му» қоры 1 млрд. теңгеге келі сімшарт жасасты. Мемо-ран думға сəйкес, шағын жəне орта бизнесті өңірлік қар жы-ландыру үшін облыс əкімдігі мен «Даму» қоры 500 млн. теңгеден бөледі. Мамандардың ай туынша, əріптестіктің негіз-гі мақсаты – аймақтағы кəсіп-керлікті дамыту мен халықты тұрақты жұмыспен қамту.

● Солтүстік Қазақстанда жаңа элеватор іске қосылды. Нысан Ғ.Мүсірепов ау данын-дағы «Ақ Нан Север» серік-тестігіне тиесілі. Оның жыл-дық қуаттылығы 68 мың тон-наны құрайды. Сондай-ақ, ша-ғын өнеркəсіп 26 адамды тұ-рақты жұмыспен қамтыған.

● Қостанай облысының индустриялық инфрақұры-лымын дамытуға 1 млрд. 795 млн. теңге бөлінді. Атал ған қаражат «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Ал қар-жы облыстың ірі қалалары мен кенттерін дамытуға, əлеуметтік нысандар салуға жұмсалады.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары,

«ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері

бойынша дайындалды.

Қазақстан Республикасының ЗаңыБір жаєынан, Ќазаќстан Республикасы

мен екінші жаєынан, Еуропалыќ Одаќтыѕ жəне оєан мїше

мемлекеттердіѕ арасындаєы кеѕейтілген əріптестік пен ынтымаќтастыќ туралы

келісімді ратификациялау туралы2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада жасалған бір жағынан,

Қа зақстан Республикасы мен екінші жағынан, Еуропалық Одақ-тың жəне оған мүше мемлекеттердің арасындағы кеңейтілген əріп-тестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 наурыз. № 475-V ҚРЗ

Борт командирі апатты жағдайда жерге қону жөнінде шешім қабылдағанға дейін əуе

кемесі аэропорттың үстінде 40-45 минуттай уақыт ұшып жүрді. Осы екі ортада жердегі

қызмет түрлері машинаның жер-ге қонған кезінде қызып, жанып кетпеуі үшін қону-ұшу алаңын көбікпен толтырып үлгерді. Кейін жергілікті телеарналарға берген сұхбаты барысында эки-паж командирі Дмитрий Ро-дин өзінің 35 жылдық ұшу тə-жіри бесінде мұндай жағдайдың бірінші рет кездесіп тұрғанын айтты. Ол ұшақты қондыру жөнін де шешім қабылдай оты-рып, барлығын нұсқауға сəйкес жасауға күш салды. Мұндағы басты міндет негізгі доңғалақ-тардың табандары жерге ти-ген кезде «жерге бірден құлап кетпес үшін кабинаны ұстап қалу» болған. Ұшақ көбік төгіліп тасталған белдеуге қонғаннан кейін 25-30 метрдей жерді «тұмсығымен» сүзіп өте шыққан.

Авиакомпания өкілдерінің айтуларынша, əуе лайнері қонар кезінде «барынша аз зақымға ұшыраған», соның арқасында борттағы 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шекпеген.

● Елді елең еткізген

Ўшаќ Астанаєа апатты жаєдайда ќонды

Өткен жексенбі, 27 наурыз күні таңертең Астана аэро-портында төтенше жағдай орын алды. Қызылордадан ұшып келген Bek Air авиакомпаниясы Fokker 100 ұшағының алдыңғы шассилері елорда əуе алаңына қону кезінде шықпай қалды. Осыған байланысты экипажға тəуекелге бел буып, лайнерді алдыңғы доңғалақтарсыз қондыруға тура келді.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Күршім ауданында екі жыл бұрын «Төретоғам» ЖШС атты ірі балық ресурстарын ау-лау жəне өңдеу кəсіпорыны ашылған. Аудандағы жұмыс сапарымыздың аясында аталған зауыттың жұмысымен танысқан едік. Күршім ауданының əкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуын-ша, аудан көлемінде 6 елді ме-кен жағалауда орналасқан. 300-ге жуық тұрғын тікелей балық аулау кəсібімен шұғылданады. Бұл – Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жұрттың ежелгі кəсібі. Аудан əкімі Сейсенғазы Жұмағалиұлы соңғы жылдары «Төре» консорци-умына қарасты «Төретоғам» жəне «Дигам» ЖШС өңдеген балық өнімдері еурокодтарға ие болып, Қытай мен Еуропа елдері, Ресей нарығына шыға бастағанын жəне жылына экспортқа шығарылатын 4 мың тонна балықты аулау мен өңдеу бойынша тиісті лицензияға ие болғанын, кəсіпкерлермен заңды түрде жұмыс і степ жатқанын жеткізді. Жуырда облыс əкімі Даниал Ахметов халықпен есепті кездесуінде жергілікті балықшылардың өндірістік кооперативке бірігіп, балық аулауға рұқсат алуына басымдық берілетінін айтқан бо-латын. Өңір басшысы Күршім а у д а н ы н а ж ұ м ы с с а п а р ы кезінде де аталған мəселенің

маңыздылығына тоқталған еді. Қазіргі кезде ауданда осы тарапта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қайыңды мен Құйған ауылдық округтерінің балықшылары тен-дерге қатысу талаптарын орын-дау мақсатында несие қаражатын қарастырып, өз мүмкіндіктерін сынап көрмек. Ал «Төретоғам» ЖШС бұл талапты əу баста орындаған кəсіпорындардың бірі.

«Төретоғам» ЖШС бас ди-ректоры Нұрлан Қасымхановпен əңгімелескенімізде, кəсіпорын бас шысы балық шаруашылығы тура лы егжей-тегжейлі сөз қозға-ды. Бұл өзі қатпары көп, қажыр-қайратты қажет ететін сала. Нұр-лан Есімханұлының айтуын ша,

ұзақ жылдар бойы балық шаруа-шылығы саласынан аудан дық бюджетке салық түспей, балық-шылардың шаруасы өнбей, шат-қаяқтап тұрған кезеңдер өтті. Сондықтан осы салада жүр-ген күршімдіктер бас қосып, оның ішінде 13 кəсіпкер жаңа кəсіп орынды құрған екен. Яғни,

қайы ғы мен кемесін, ау мен басқа да құ ралдарын «Төретоғам» ЖШС меншігіне өткізген жаңа ком-пания жетекшілері банктен ғи-марат сатып алады. Оған 120 мил-лион теңге көлемінде инвестиция құяды.

● Өңір өмірі

Балыќќа да басымдыќ берілмек

Ўлттыќ валютаєа кґбірек ден ќойєан маѕызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қара жат-ты қазіргі уақытта ұлттық валю-тамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты.

– Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал ше-тел ва лютасындағы салымдарда ол əлде қайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операция-лары жə не еңбекақы төлемдері ұлттық ва лютамен жүзеге асыры-лады. Негіз гі тауарлардың бағасы тұрақты. Сон дықтан қаражатты теңгемен сақ тау барлық жағынан тиімді. Халық тың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ақышев наурыз айында ва-люта нарығындағы ахуал тұрақтал-ғанын атап өтті.

– М ұ н а й б а ғ а с ы , с а у д а

серік тестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пəрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. Осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін жəне оның 1,6%-ға нығайғанын байқап отырмыз, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты.

– Ел тұрғындары мен кəсіп-орын дар ұлттық валютадағы са-лым дарын біртіндеп көбейте бас-тады. Осы айда бұл үрдіс күрт же дел деді, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. ––––––––––––––––––––––

Суретті түсіргендерС.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыА.С. Кґлгіновті Батыс Ќазаќстан облысыныѕ

əкімі ќызметіне таєайындау туралы Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының əкімі бо-

лып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВАстана, Ақорда, 2016 жылғы 26 наурыз. № 219

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыН.А. Ноєаевты Атырау облысыныѕ əкімі

ќызметіне таєайындау туралыНұрлан Асқарұлы Ноғаев Атырау облысының əкімі болып тағай ын-

далсын, ол Батыс Қазақстан облысының əкімі қызметінен босатылсын.Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВАстана, Ақорда, 2016 жылғы 26 наурыз. № 218

Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ1978 жылы туған. Қ.А.Ясауи атындағы

Халықаралық Қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия-сын, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.

Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика жəне ақпарат орталығының (департаментінің) бас маманы, прокуроры болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Əділет министрлігінің Заңға тəуелді актілер департаментінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының құқықтық мəселелер жөніндегі орынбасары болды.

Президент Əкімшілігінің Мемлекеттік бақылау жəне аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары лауазымдарына тағайындалған.

2013 жылғы сəуірден – Орал қаласының əкімі.

Жаѕа басшыдан іскерлік кїтіледі

Атырау жұртшылығы да əр жылдары өңірді басқарған əкімдердің жұмысын іскерлік тұрғысынан бағалайды. Өткен сенбіде Елбасы Жарлығымен Атырау облысының əкімі бо-лып тағайындалған Нұрлан Ноғаевтың да іскерлік таныта-тынына бек сенеді.

Елбасы мен ел сенімін аќтайтынын айтты

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалды. Аймақ активіне оны Премьер-Министр Кəрім Мəсімов пен Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин та-ныстырды.

ұзақ жылдар бойы балық шаруа- қайы ғы мен кемесін, ау мен басқа

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».

Премьер-Министр Кəрім Мəсі-мов облыс активіне таныс тырған аймақтың жаңа басшысының осы қырына тоқталып өтті. Жиынға Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин қатысты.

Ал К.Мəсімов облысты 4 жылға жуық басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жаңадан жұмысын бастаған VI шақырылымдағы Парламент Мəжілісінің Төрағасы болып сайланғанын хабардар етіп, ол жетекшілік еткен жылдары өңірдің əлеуметтік-экономикалық

өркендеуіне өз үлесін қосқанына тоқталды. Осыған байланысты Ел-басының отандық экономика үшін стратегиялық маңызы айрық ша зор облысты басқару жөніндегі таң-дауы Нұрлан Ноғаевқа түсіп отыр.

Мұндай таңдау жасаудың бірнеше себебі бар. Біріншіден, Нұр лан Ноғаев – бірнеше маман-дықты меңгерген, бірнеше тілді біледі. Оның негізгі мамандығы – мұ найшы, демек, Атырау секілді бір ға сыр мерзімнен бері «қара ал тын» өндірілетін өңір экономи ка сы ның жетекші саласымен жете таныс.

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан».

Ашығын айтқанда, жаңа өңір басшысының есімі батыс қазақ-стандықтарға бұған дейін де жақ-сы таныс деуге болады. Өйткені, ол өңірде облыс əкімінің орын-басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ тіл табыса отырып атқарған. Со ның қай-қайсысында да ол өзіне тап-сырылған іске жауапкер ші лікпен қарай білгеніне ел-жұрт куə.

Облыс активі алдында сөз алған А.С.Көлгінов бұл Елбасы мен ел тарапынан өзіне көрсетілген үлкен

сенім мен жоғары жауап кер шілік екенін айта келіп, осы екі бірліктің үдесінен шығуға, өзінің жастық жігерін облыс экономи касын одан əрі көтеруге жұмсай тынын жеткізді. Əрі алда тұрған күр-делі міндеттерді облыс жұртшы-лығымен жəне жаңадан сайланған мəслихат депутаттары корпусымен бірлесе отырып атқару өзі үшін үлкен мерей екенін айтты. Сондай-ақ, активте Үкімет басшысы К.Мə -сі мов ежелгі өркениет өңірі атанған Ақжайық аймағын төрт жыл дан астам уақыт басқарған Нұр лан Ноғаевтың атына оң пікір білдірді.

(Соңы 9-бетте).

(Соңы 2-бетте).(Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте).

Page 2: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

www.egemen.kz2 29 наурыз 2016 жыл

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Аталған шара ІІМ жанындағы қоғамдық кеңесі жəне аумақтық ІІД-нің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына арналды. Негізінен бұл жұмыс «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 31-ші қадамын жүзеге асырудан туындап отырғаны белгілі. Бұған дейін қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» заңның талаптарына сəйкес, Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін

сайлау туралы конкурс жариялаған еді. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың 12-21 ақпанында аталған кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланып, оның ережесінің жобасы да əзірленген болатын. Қоғамдық кеңес құрамына кіруге ниет білдірген кандидаттардан 32 ұсыныс түсіп, жарияланған конкурс қорытындысы бойынша жұмыс тобының құрамы жасақталды. Оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, халықаралық жəне республикалық қоғамдық ұйымдар өкілдері, құқық қорғаушылар (барлығы азаматтық қоғамнан 12 мүше, ІІМ-нен 5

өкіл) кіріп отыр. Осыған орай, ағымдағы жылғы 29 ақпанда Қоғамдық кеңестің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өткізіліп, онда төраға, хатшы жəне кеңес президиумының барлық құрамы сайлан-ды.

Қоғамдық кеңестің қазіргі төрағасы Марат Қоғамов мəлім еткеніндей, ішкі істер органдары жүйесінде қоғамдық кеңестер 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Соның барысында осы ішкі істер органдары жүйесіндегі қордаланған тəжірибелер жақында қабылданған заңдық құжатта көрініс тауыпты.

Төраға, сондай-ақ, Қоғамдық кеңесте екі комиссия құрылғандығынан да хабар-дар ете кетті. Оның біріншісі құқықтық-шығармашылық қызмет мəселелері жөніндегі комиссия болса, ол ІІМ-де əзірленетін азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне

қатысты нормативтік-құқықтық актілер жобаларын қарайтыны ерекше аталды. Сондай-ақ, ІІМ-де азаматтардың арыз-дарын қарауға жəне полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты мəселелер жөніндегі комиссия да құрылып отыр. Негізінен жаңадан құрылған Қоғамдық кеңес жөніндегі барлық ақпаратпен ведомстволық веб-порталдан танысуға болады. Онда Қоғамдық кеңестің жəне оны құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы, ереже, бұйрықтар, кеңес отырысының хаттамасы, азаматтарды қабылдау туралы хабарландыру жəне өзге де ақпараттар орналастырылған. Оның үстіне Қоғамдық кеңес айына екі рет аза-маттарды жеке қабылдауды жүзеге асы-ратын болады. Сонымен қатар, азаматтар Қоғамдық кеңеске ведомстволық сайт немесе «Электронды үкімет» порталы

арқылы жүгіне алады. Бұдан басқа, ІІМ-нің орталық ғимаратының кіреберісінде жеке пошта жəшігі орнатылған. Осында түсетін барлық хаттар Қоғамдық кеңестің қарауы үшін тікелей берілетін болады.

Сондай-ақ, «Ішкі істер органдары ту-ралы» заңға сəйкес, барлық өңірлік ІІД-де бірінші басшылардың бұйрықтарымен консультативтік-кеңесші органдар құрылып, əдеп нормаларын бұзған по-лиция қызметкерлерінің əрекеттеріне қатысты азаматтардың арыздарын қарау өкілеттігі де берілген. Өңірлердегі ІІД консультативтік-кеңесші органдарының жұмыс практикасы ІІМ-нің кадр жұмысы департаментімен ай сайын қаралады жəне талданылады. ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы бұл рет-те өңірлерде тиімді кездесулер бо-лып өткендігін, соның нəтижесі бой-ынша нақты қызметтік жазбалар мен ұсынымдар жолданғанын ерекше атап кетті. Бұл ұсынымдар ішкі істер орган-дары жүйесін жетілдіруге өзіндік үлесін қосатын болады.

Кездесу барысында, сондай-ақ, Қазақстан сыртқы сая-сат ведомствосының басшы-сы миссияға атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп,

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлаудың тиімді ұйымдастырылғаны мен осы саладағы миссия тарапынан атап өтілген прогресс туралы оң бағасы үшін рахметін айтты.

Б.Фрлец өз кезегінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының шақы-рылғанына, оның Қазақстандағы жұмысы мен практикалық қызметі үшін ұйымдастырушылық оң ықпал жасалғанына ризашылығын білдірді. Миссия басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ əрі қарай да Қазақстанға оның сайлау заңнамасын жетілдіру бағытында көмек қолын созуға дайын екенін атап көрсетті. Бұл орайда, ол осы үдерістің нақты

пішімі мен тетігін өз ахуалы мен мүмкіндігіне қарай əр елдің өзі анықтайтынын көлденең тартты.

Е.Ыдырысов дауыс беру нəтижесі қазақстандық сайлау-шылардың мемлекеттің əрі қарай-ғы тұрақты даму бағытын қолдай-тынын көрсетіп бергенін атап өтті. Сонымен қатар, министр Б.Фрлецке табысты жүзеге асыры-лып келе жатқан адам капиталы на инвестиция салу саясаты туралы айта келіп, Қазақстанда құрыл-ған Жаңғырту жөніндегі ұлт тық комиссия мен бес инсти тут тық

реформа жайында əңгі мелеп берді. Бес институттық реформаның мақсаты, деді министр, жоғары кəсіби үкімет қалып тастыру, заң үстемдігін қам тама сыз ету, мемлекеттің есептілі гін арттыру мен экономиканы əртараптандыру.

Кездесу қорытындысы бой-ынша, Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен жəне оның институттары мен дəстүрлі белсенді ынты мақ тас-тығын əрі қарай нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Егемен-ақпарат».

Содан кейін Астана аэропорты орын алған төтенше оқиғаға бай-ланысты бірнеше сағат жұмы сын тоқтатуға мəжбүр болып, авиа-компанияның бірқатар рейстері кідіртілген.

Елорданың əуе алаңында тө-тенше жағдай орын алғаны ту-ралы дабыл көтерілген бойда Инвестициялар жəне даму ми-нистрі Əсет Исекешев сонда жетіп, соңынан экипаж мүшелерімен кездесіп, жағдайға қанықты. Ол өзінің сөзінде осындай қиын шақта үрейге бой алдырмай, бəрін үлкен шеберлік пен шыдамдылық деңгейінде атқарып шыққан, сөйтіп, əуе кемесін жерге аман-есен қондырған экипаждың ерлігіне жоғары баға берді. Қазір осындай

үздік пилотаж үлгісін көрсетіп, үлкен шеберлік танытқан эки-паж мүшелерін, əсіресе, оның ко мандирін мемлекеттік жəне ведомстволық наградаларға ұсыну жөнінде сөз қозғалып жатыр.

Сонымен бірге, бас прокура-тура ұшақтың апатты жағдайда қонуға мəжбүр болуына байланыс-ты қылмыстық іс қозғады. Ол «əуе көлігі қозғалысы жəне оны пай-далану қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы» бабы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, Инвестициялар жəне даму министрлігінің арнайы комис-сиясы Bek Air авиакомпаниясы ұшағының Астана аэропорты-на апатты жағдайда қонуының себептерін анықтайтын болады.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Олай дейтініміз, он жылдай, яғни 1996-2006 жылдары осы саладағы отандық жəне шетел дік инвесторлар-мен бірлесе құрыл ған кəсіпорындарда да, тіпті, Энер ге тика жəне минералды ресурстар министрлігінде де жұмыс істеп, та биғи байлықты ел игілігіне жара тудың қыр-сырына қаныққан деуге болады.

Екіншіден, мемлекеттік бас-қаруда да толымды тəжірибе ж ина ған. Нақтылай айтқанда, 2007 жыл дан бері Батыс Қазақстан облы сының басқару саласында əуелі облыс əкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары лауазы-мында болған. Ал соңғы 4 жылдан бері Ақжайық елі атанған өңірді абыройлы басқарды.

Осы тұрғыдан айтқанда, Ел-басы тарапынан Атырау өңірі нің басқару тізгінін қолға алған жаңа əкімге артылатын сенім де, жүк-телетін жауапкершілік те жоғары екені аңғарылады. Өйт кені, өзге өңірлер секілді Атырау дың да эко номикасын əртарап тан дыру мəсе лесі өзінің маңызын жоймай-ды. Сонымен бірге, өңір де əлі ше-шімін күткен күрделі мə селелер жеткілікті.

Үкімет басшысы жаңа басшы-ның қойнауы «қара алтынға» толы Атырау экономикасын өркен-детуде, Елбасы тапсырмаларын жер гілікті жерде табысты іс ке асы руда тəжірибесінің жеткілік-тілі гіне тоқталды.

АТЫРАУ.

Соның ішінде Премьер-Ми-нистр оның облысқа қажетті ин-вес тициялық қаражат тарта білу-дегі ерекше еңбегіне екпін түсір-ді. Əлемде қалыптасып отыр ған бү гінгі күрделі қаржы-эконо ми-калық жағдайлар мен елімізде өн дірілетін шикізаттық сектор бағасының дүниежүзілік рынокта төмендеп кетуі жағдайында бұл – атап айтуға тұрарлықтай жақсы

қасиет. Инвестициялық тар тым ды-лық қай кезде де қажет, деп түйін -деді өз сөзін Кəрім Қажым қанұлы.

Өз кезегінде Нұрлан Ноғаев Орал өңірінде батыс қазақ стан дық-тармен қоян-қолтық, тізе қо сып еңбек еткен кезеңі жадында ғұ мыр бойы сақталатынын айтып, бірлесе атқарған нəтижелі іс үшін актив-ке қатысушыларға риза шылығын жеткізді.

ОРАЛ.

Онда Мəжілістегі саяси пар тия-лардың, атап айтатын болсақ, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия сы-ның, Қазақстан Коммунистік халық партиясының фракциялары ресми тір-кеуге алынды. Сонымен қатар, бюрода Мəжіліс Төрағасының орынбасарла-ры Гүлмира Исімбаева мен Владимир Божко арасында өзара міндеттерді

бөлу мəселелері де назардан тыс қал-мады.

Сондай-ақ, палата бюросының қау-лысымен осыған дейін Аппарат басшы-сының орынбасары қызметін абыроймен атқарған Жаслан Жүгінісов Парламент Мəжілісі Аппаратының басшысы ла-уазымына тағайындалды, деп хабар-лады Парламент Мəжілісінің баспасөз қызметі.

Бірінші сессиядаєы алєашќы бюро отырысы

Кеше Мəжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті.

Еламан ҚОҢЫР,«Егемен Қазақстан».

Аймақтар мен мемлекеттер арасындағы сауда, экономикалық жəне іскерлік байланыстарды нығайту, сондай-ақ, шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудыру мақсатында ұйым дас-тырылған шараға 43 мемлекеттің өкілдері қатысты. Жиын бары-сында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов аталған биз-нес-клубтың тартымды жобалар-ды таныстыру үшін тиімді алаңға айналғанын айтып, оның жұ-мысына жоғары баға берді.

Ө з к е з е г і н д е А қ т ө б е

об лы сының əкімі Бердібек Сапар-баев бұл басқосудың маңыз-дылығына тоқталып: «Елбасының негізгі саясаты экономикалық да-муды қам тамасыз етіп, халықтың тұр мы сын жақсарту екені барша-мыз ға белгілі. Осы ретте, бүгінгі кез десу еліміздегі, оның ішінде Ақ төбе өңіріндегі экономиканың да муы на жəне инвестиция тартуға өз үлесін қосады деп сенеміз», – деді.

Облыс басшысының айтуын-ша, қазіргі таңда өңірде қолай-лы инвестициялық ахуал қалып-тастыру үшін айрықша шаралар қолға алынуда. Бұл ретте көлік əлеуеті, минералды шикізаттың

мол қоры, энергетикалық жəне ең бек ресурстары ерекше рөл ат-қармақ. Əсіресе, аталған тетіктер ай мақтағы тау-кен өндірісін, хи-мия өнеркəсібін, металлургия жəне ауыл шаруашылығын дамы-туға мол мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бердібек Мəш бекұлы соңғы 5 жылда Ақ-төбе облысының негізгі капи та-лына 12,6 млрд. АҚШ дол лары көлемінде инвестиция тар тыл-ғанын айтып: «Бұл сома ның 4,7 млрд.-ы тікелей шетел ин вес ти-цияларының үлесіне тиесілі. Осы ретте Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Нидерланд, Германия сын-ды елдерді ерекше атап өткен жөн. Биыл да шетел инвестициясының қатысуымен бірқатар жобаны жү-зеге асыруды жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде цемент, никель зауыттары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кəсіпорны бар», – деді.

Одан бөлек, облыс əкімі жыл

басынан бері Сыртқы істер ми -нистрлігінің ықпал етуімен ақтө-белік делегация бірқатар елге ар найы сапар жасап, озық іс кер-лік орта өкілдерімен кездескенін жеткізді. Сондай-ақ, ол Үндістан, Индонезия, Чехия, Гер мания, Фин ляндия, Норвегия жəне Шве-ция мемлекеттері дипло матия-лық миссияларының бас шыла ры Ақтөбеге келіп, тəжірибе алмасып қайтқанына да назар аударды.

Облыстың халықаралық қар-жы ұйымдарымен де бірлесіп нəтижелі жұмыс жасап отырғаны жө нінде Б.Сапарбаев: «Биыл Ақтөбе – Атырау – Астрахань бағы тын дағы жолдың құрылысы баста лады. Бұл жұмысты Азия даму банкі қаржыландырады. Сон дай-ақ, бүгінде Астана – Арқа-лық – Ақтөбе облысы – Ақтау бағы тындағы жолдың құрылысы қарас тырылуда. Аталған жоба да ха лықаралық ұйымдардың есебі нен қаржыландырылмақ.

Ал қа зіргі таңда құны шамамен 7 млрд. теңге болатын сумен жəне жылу мен қамтамасыз ету сала-сында қолға алынған жобаларды Еу ропа қайта құру жəне даму банкі қаржыландырып отыр», – деді.

Ақтөбе облысының террито-риясы бойынша елімізде 2-орын алатынына назар аударған өңір басшысы жер көлемінің өзі инвесторлардың қызығушылығын оятатынын айтты. Сондай-ақ, өңірдің Азия мен Еуропаның ара-сын жалғап жатқанын, елдегі авто-мобиль, əуе жəне теміржолдардың басым бөлігі облыс арқылы өтуіне байланысты транзиттік аймақ бо-лып саналатынына тоқталып, ин-вестиция салуға мүмкіндік мол екеніне ерекше мəн берді.

Жалпы, жиын барысында қа-тысушылар назарына об лыстағы азық-түлік, тау-кен өндіру, хи-мия өнеркəсібі, металлургия жəне қонақ үй бизнесі бо йынша құны 1,2 млрд. АҚШ доллары бола-тын 11 жоба ұсынылды. Бұдан бөлек, биыл облыста 104,7 млрд. теңгенің 6 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отырғаны айтылды.

Шара соңында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу ба-рысын ай сайын қадағалап оты-ратын елшіліктер мен əкімдіктің жауапты қызметкерлерінен тұрақты жұмыс тобын құру тура-лы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Б.Сапарбаев қызығушылық танытқан елдерге бірлескен бизнесті күшейту үшін ақтөбелік кəсіпкерлерден құрметті консул-дар тағайындауды ұсынды жəне осы бағытта толыққанды көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Елбасы мен ел сенімін аќтайтынын айтты

Жаѕа басшыдан іскерлік кїтіледі

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы басшысының орынбасары Полин Мария Лемос, ҚР ОСК мүшелері, сондай-ақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау жəне құқық мəселелері жөніндегі мамандары қатысты.

Ортсайлауком басшысы Фрлецке ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі жұмысына, сондай-ақ, ұсынған ұсынымдары үшін алғыс білдірді.

«Біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Алдын ала

тұжырымдар мен қорытындылар ту-ралы мəлімдемесімен мұқият таны-сып шықтық. Біз Миссияның сайлауды ұйымдастырушылардың адал жұмысын жоғары бағалағанына қуаныштымыз», – деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшы-сы өз кезегінде ҚР ОСК тарапынан кез-десу ұйымдастырылғанына, сондай-ақ, көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ҚР ОСК сарапшыларының өзара

іс-қимылын ұйымдастыруға байланысты мəселелер талқыланды.

« Е Қ Ы Ұ / Д И А Қ Б М и с с и я с ы м е н ынтымақтастық аясындағы оң тəжірибені ескере отырып, біз электораттық науқан жөніндегі өз пікірімізді жеткізу үшін ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын екенімізді білдіреміз, біздің пікірімізге құлақ асып, ескеретіндеріңізге сенім білдіреміз», – деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.

Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов «Біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының барлық са-рапшыларына жүргізген жұмысы үшін алғысымызды айтамыз жəне бұдан əрі жемісті ынтымақтастықта болатынымызға сенім білдіреміз», – деді.

Авиациялыќ оќиєалардыѕ алдын алу ќажет

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Бек Эйр» əуе компаниясы ұшағына қатысты Астана əуежайында орын алған оқиға бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ўшаќ Астанаєа апатты жаєдайда ќонды

Кеңес жұмысына Инвести ция-лар жəне даму министрлігінің, Бас көлік прокуратурасының, ІІМ, ҰҚК өкілдері қатысты.

Инвестициялар жəне даму ми-нистрлігі дайындаушы-зауыт өкіл-дері мен тəуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрды.

Кеңес қорытындысы бойын-ша Бақытжан Сағынтаев мұндай авиа циялық оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық шара лар қабылдауды тапсырды.

Азаматтық авиация комитетіне мүдделі мемлекеттік органдар-мен бірлесіп, «Бек Эйр» АҚ-тағы ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру бо йынша іс-шаралар жоспарын əзірлеу тапсырылды.

Оның сыртында 29 наурыздан əуе тасымалдаушылар қызметін

жоспардан тыс инспекциялық тек-серу басталады.

Кеңес барысында, «Бек Эйр» АҚ-тың басқарма төрағасы Нұр лан Жұмасұлтанов əуе компания сы-ның таяу уақыттарда IOSA халық-аралық авиациялық аудиттен өтуге кірісетінін хабарлады.

2016 жылдың 27 наурызында 10 сағат 36 минутта Астана əуе-жай ында «Қызылорда-Аста на» бағыты бойынша №2041 рейсін орындаған «Бек Эйр» əуе компа-ния сының «Фоккер-100» маркалы əуе кемесі апатты жағдайда қон ды. Бортында 121 адам болды, олар-дың 116-сы жолаушы да, 5-еуі эки-паж мүшелері. Құрбан бол ған дар мен зардап шеккендер жоқ. Оқи-ғаның алдын ала себебі ұшақ тың алдыңғы шассиінің шықпай қалуы болып табылады.

Инвестициялыќ əлеуеті артќан ґѕір

Кеше Астана қаласында Ақтөбе облысы əкімдігінің бас-тамасымен жəне Сыртқы істер министрлігінің қол дауымен «Ақтөбе: инвестициялар – даму» тақырыбында «Дип ло-ма тиялық бизнес клубының» отырысы өтті. Онда елші-лер мен дипломатиялық миссия басшыларына аталған облыс тың инвестициялық əлеуеті мен мүмкіндіктері таныстырыл ды.

Миссия басшысымен кездестіКеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қуандық Тұрғанқұловтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Борис Фрлецпен кездесуі болды.

Ынтымаќтастыќќа ґріс кеѕӨткен сайлау Қазақстан мен ЕҚЫҰ жəне оның институттарының

дəстүрлі түрде белсенді ынтымақ тас тығын қуаттап берді. Бұл мəселе кеше болған Қазақ стан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдыры совтың ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның кезектен тыс парламенттік сай лауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы Борис Фрлецпен өткізген қорытынды кездесуінде көлденең тартылды.

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ішкі істер ќызметін жетілдіретін кеѕесКеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақ гуманитарлық

заң университетінің қылмыстық-процестік зерттеулер жəне сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ҒЗИ директоры, ІІМ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы, Президент жанындағы құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі Марат Қоғамов арнайы брифинг өткізді.

Сур

етт

ерді

түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В.

Page 3: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

www.egemen.kz 329 наурыз 2016 жыл

Елбасы айқындаған бес институттық реформаны орындап, елді əлемдік дағдарыстан аз шығынмен алып шығудың жолын көрсететін, мықты елдің негізін қалайтын бұл жоспарда мемлекеттік қызметті барынша сапаландырып, заң үстемдігін қалыптастырудың реті қадам-қадам бойынша сараланған. Президенттің

өзі: «Мен ел алдындағы тұрған бес ауқымды ішкі міндеттерді көріп тұрмын. Біріншіден, бізге тұрақтылығымыздың тірегі ретіндегі орта таптың үлесін ұлғайтып, бизнесті дамыту жəне елге орта табысы бар тұрғындарының саны басым мемлекет болуға көмектесу ке-рек. Екіншіден, біз – ұлан-ғайыр елміз. Сондықтан, бізге Біртұтас ішкі нарықты дамыту жəне бүкіл өңірді теңдестіріп да-мыту керек. Үшіншіден, жемқорлықпен күрес біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Төртіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру; ол үшін индустриялық бағдарлама жүзеге асырылып, бизнес дамытылуда. Бесіншіден, тарихтың жаңа белесінде ұлттың бірлігін нығайту. Осының барлығы біздің мемлекеттілігіміздің ХХІ ғасырдағы сын-қатерлері», – деп атап өтіп, осы ауқымды міндеттерді мінсіз атқарудың көзі ретінде заң үстемдігін қалыптастыруға ерекше мəн берді.

Əрине, əуел бастан құқықтық мемле-кет құруды көздегендіктен бізде күштік құрылымдардың дамуы, заңнамалар сапасы, əділ төрелікке жету жолы күн тəртібінен ешқашан түскен емес. Өйткені, құқықтық мемлекет, əділетті қоғам құрмай əлеуметтің əл-ауқатын артты-рып, экономиканы өркендету, қауіпсіз орта қалыптастыру мүмкін емес. Осыны қапысыз түсінген Мемлекет басшы-сы жыл сайынғы жолдауларында заң үстемдігіне айрықша орын беріп келеді. Мысалы, биылғы жылы Қазақстан өзінің заң үстемдігі бойынша қол жеткізген нəтижесін алты сатыға жақсартып, əлем елдері арасында 65-ші орынға көтерілген.

Кеше ғана егемендік алған ел үшін бұл, əрине, жаман көрсеткіш емес. Əрі бұл мемлекет дамуының дұрыстығын, құқықтық саладағы қадамымыздың айқындығын көрсетеді. Жоғарыдағы рейтинг бүкіл əлемде заңның үстемдігін дамыту бағытында жұмыс істейтін, тəуелсіз, көпсалалы «World Justice Project»

халықаралық үкіметтік емес ұйымы тара-пынан жыл сайын əзірленеді.

Жоғарыдағы рейтинг билік инсти-туттары құзыретінің шектелуі, сыбайлас жемқорлықтың болмауы, тəртіп жəне қауіпсіздік, негізгі құқықтарды қорғау, билік институттарының ашықтығы, заңдардың сақталуы, азаматтық жəне қылмыстық сот төрелігі секілді сегіз көрсеткіш бойынша жасалған. Ал Ұлт Жоспары осы жетістікпен шектеліп қалмай, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың теңдессіз жүйесін құруды көздейді. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуы отандық кəсіпкерлерді қолдауға тікелей байланысты екенін айтумен келеді. Шағын жəне орта кəсіп иелерінің аяғынан нық тұрып, өз жұмысын жан-дандыруы үшін қазір мемлекет тарапы-нан жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Мұндай ортақ іске еліміздің прокуратура органдары да үн қосып отыр. Қадағалау органының қарымды жұмысының арқасында заңсыз тексерістерге жол бер-ген қызметкерлер жауапқа тартылған. Бас прокуратура кəсіпкерлердің құқығын қорғау жобасын да əзірлеген болатын. Бұл жоба үш бағытта жүргізіледі. Оның негізгі бағыты заңсыз тексерістерді болдырмау мақсатында əрбір облыс, қала, аудан прокуратураларының жанынан мобильді топтар құруды мақсат етеді. Ал 2011 жыл-дан бері жұмыс істеп келе жатқан «Бизнес тірегі» бағдарламасы бойынша кез келген кəсіпкер «115» телефон нөміріне қоңырау шалып, тексерудің заңдылығы туралы ақпарат ала алады. Бұл отандық бизнестің өркендеуіне ықпал етуде.

Елбасы ұсынған Ұлт Жоспарында бұл мəселелер əрі қарай тереңдей түскен. «100 нақты қадамда» заң үстемдігіне арнайы бөлім беріліп, сот, прокуратура, ішкі істер секілді құқықтық сала тармақтарының

жұмысын оңтайландыруға, мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруге маңыз берілген. Əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды көздеген Қазақстанның алдағы жұмыстарды жүйелеу үшін мұндай іргелі жоспар жаса-уы түсінікті де. Өйткені, алға үлкен мақсат қоймай биік нəтижеге жетудің мүмкін еместігі белгілі.

Ұлт Жоспарына сай, қазақстандық құқық жүйесінде іргелі өзгерістер орын алмақ. Биылдан бастап сот жүйесі ин-станцияларын оңтайландыруға, судья ла-уазымына үміткерлерді іріктеу тетіктерін қатайтуға, судьялардың есеп беру тəр-ті бін күшейтуге, Алқабилер сотының қолданысын кеңейтуге, сотта айыпталу-шы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қам тамасыз етуге, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді ұйым-дастыруға қадам жасалмақ. Мұн дай мықты меженің қойылуы қадаға лау органындағы жұмыс жоспарына да түбегейлі бетбұрыс əкелмек. Алыс қа ұзамай-ақ, осы

ұсыныстардың прокура тура саласына қатысты тұстары на тоқталайық. Мəселен, сот сатылары ның оңтайландырылып, бес сатылы жүйе ден үш сатылы жүйеге көшірілуі тек қа рапайым азаматтарға ғана емес, сонымен қатар прокурорлар үшін де тиімді. Əрі аралық сатылар-дың қысқаруы прокурорлар жұмы сын оңтайландыруға көмектеседі. Соны мен қатар, азаматтық дауларға прокурор-лардың қатысуы да қысқармақ. Жаңа Аза маттық процессуалдық кодекс бойын-ша құқықтық тұрғыда бекітілген бұл өз-геріске сай, енді прокурорлардың барлық азаматтық дауларға қатысуы міндетті са-налмайды. Ендігі жерде сот отырысында мемлекеттің мүддесімен байланысты іс қаралғанда немесе азаматтардың өздері өз құқығын қорғауға қабілетсіз болса про-курорлар іске атсалысады.

Шыны керек, соңғы жылдары аза мат-тық даулар саны артты. Дау көбейген соң судьялармен қатар прокурорлардың да жүктемесі көбейгені рас. Соның əсерінен бір прокурор үш-төрт судьяның, Алматы сияқты ірі қалаларда бес судьяның ісіне кезек қатысуға мəжбүр болатын. Бұл алдымен соттың сапалы өтуіне кедер гі келтіретін еді. Өйткені, бірнеше судьян-ың ісіне қатысуға, ол істердің мəн-жайына үңіліп, сапалы қарсылық таны-туға прокурорлардың уақыты да, мүм-кіндігі де жете бермейтін. Бұл қадаға лау ісінің сапасын əлсірететін кемшілік. Ал мына өзгеріс прокурорлардан кез келген іске қатысу міндетін алып, олар дың мем-лекет мүддесі көзделетін іске тиянақты, мұқият дайындалуына кең жол ашты. Оның үстіне, азаматтық дауларға проку-рордың қатыспауы дүние жүзінің дамыған елдерінің тəжірибесінде бар үрдіс. Қа зіргі кезде прокурорлардың сотқа қа тысуын қысқарту жөніндегі өзгеріс елі міздің Бас Прокуратурасы тарапы нан қолдау тауып,

оны жүзеге асыру бо йынша жұмыстар қолға алынып жатыр.

«100 нақты қадамда» тергеу əрекет-теріне санкция беру жөніндегі проку ра-тураның функцияларын біртіндеп тергеу судьяларына беру жөнінде де ұсыныс қарастырылған. 22-қадамда көрсетілген талапқа сай, сол арқылы айыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді сақтау көзделіп отыр. Бұл ұсыныс та Бас про-куратура тарапынан қарастырылып, тер-геу судьяларының құзыретін кеңейтуге, сол арқылы азаматтар құқығын мінсіз қорғауға қадам жасалуда.

Ұлт Жоспарының 29-қадамы «Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосуды» көздейді. Соған сай əрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерек ше-ліктеріне орай бірыңғай қызмет ету ережесі енгізіледі деп күтілуде. Мұ-ның да жағымды қырлары баршы-лық. Ал 30-қадам, жергілікті атқару шы органдарға жəне жергілікті қоғам дас-тыққа есеп беретін жергілікті поли-ция қызметін құруға бағытталған. Бұл қадам ның астарына терең үңілмеген сырт көздің «Жергілікті полиция нені өзгер те алады? Оның айырмашылығы неде?» деп бастамаға күмəнмен қарауы мүм кін. Алайда, бүгінгі полиция қыз-меті мен жергілікті полицияның айыр-ма шылығы жетерлік. Жергілікті по-лиция қызметі ең алдымен қоғамдық тəр тіпті қорғау мəселелеріне араласып тұрмыстық қылмысқа қарсы тұруға, жол-бақы лау қызметіне қатысуға, ұсақ құқық бұзушылықты тізгіндеуге тиіс. Əрі жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауы-сымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қам тамасыз етіледі. Ең бастысы, олар ха-лық алдында есеп беретін болады. Бұл

та лап жергілікті полицияның жұмысын ши ратып, өзі есеп беретін азаматтар ал-дындағы жауаптылығын көтерері анық.

Ұлт Жоспары жария етілген соң ха-лықтың қызу талқысына түскен қадамның бірі қоғамдық кеңеске қатысты өрбіді. Өйткені, 31-қадамда этикалық нормалар-ды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-əрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құрудың маңыздылығы сөз бо-лады. Бұл бастама арқылы біз қандай жетістікке қол жеткіземіз? Біріншіден, бұдан бұрын да құрылған қоғамдық кеңестер мемлекеттік билік пен қарапайым халық арасындағы байланысты нығайтты. Екі арадағы диалогты жалғады. Екіншіден, қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметкерлер сапына мықты, жауапты кадрлардың тар-тылуына ықпал етті. Жұмысқа қабылдау барысында қоғамдық кеңес пікірінің үлкен пəрменге ие екенін түсінген азаматтар бұл құрылымға құрметпен қарап, сөзін жерге тастамауға тырысты. Мұндай кеңестің күштік құрылым жанынан құрылуы да оңды өзгеріс. Сол арқылы алдағы уақытта полицияның ашықтығын қамтамасыз ету-ге жол ашылады. Ендеше, Ұлт Жоспарын бағдар ете отырып, алдағы уақытта қоғамдық кеңестердің мəртебесі мен өкілеттілігін заңды түрде бекіту бойынша жұмыстар жүргізілмек.

«100 нақты қадамды» көздеген Ұлт Жоспары бойынша қазір еліміздегі біраз заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа құқықтық құжаттар əзірленуде. Бастаманың заңдық жағы толық жасақталған соң, «100 нақты қадамды» еңсеру де қиындық келтіре қоймайды. Тек осындай сын сағатта Мемлекет басшысы ұсынған жоспар-ды өміршең ету өз қолымызда екенін түсінуіміз керек.

«Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле», «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» дейді бабаларымыз. Сол айтпақшы, Ұлт Жоспарының Ұлы жоспарға айналуы біздің бірлігіміз бен ынтымағымызға тікелей байланысты.

АЛМАТЫ.

Əлемдік тəжірибелер көрсетіп отырғандай, жылдам өзгермелі жаһандану үрдісінің қозғаушы күші – білім мен ғылымды, жаңа технологиялар мен ақпараттарды жетік игерген адами капиталы жоғары мемлекеттердің ен шісінде. Аталмыш бəсекеде елдің ересек топтарына қарағанда жас тар-дың инновациялық əлеуеті, тез қабылдағыш зейінділігі, баста-машылдығы мен белсенділігі қоғам дамуының алғышартына айналып отыр. Бұл – біздің мемлекетіміз үшін де заңды құбылыс. Себебі, жалпы халықтың əлеуетін көтеруде азаматтарға ашық əрі əділ қызмет көрсететін мемлекеттік органдар ел егемендігінің 25 жылы ішінде озық реформаларға қол жеткізуде.

Əр кезеңдерде орын алған əлем дік саяси-экономикалық дағ дарыстан қоғамды іркілтпей,

бел гілі бір нақты қадам мен идея төңірегінде шоғырландыра оты-рып серпіліс пен дамуға қол жеткізген мемлекеттер мен қай рат-керлерде өздерінің стратегиялық жоспарлары мен мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда жастарға иек артқаны белгілі.

Тəуелсіздігіне ширек ғасыр толғалы отырған еліміз үшін «Мəң гілік Ел» идеясын түпкілікті жүзеге асыруға бағытталған кезең басталды. Осыған орай, Елба сы Н.Ə.Назарбаевтың «Ұлт Жос-пары – қазақстандық арманға бас-тайтын жол» атты бағдарла малық мақаласы қоғамда қызу талқы-ланып, халық пен сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық пен қолдауға ие болғаны мəлім. Себебі, Елбасы осы мақаласында «2016 жылдың 1 қаңтарынан «Бес институттық реформаны жүзеге

асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық рефор маны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын жасау дан бастадық», деп атап өткен болатын.

Тəуелсіздігіміздің жетістігінің бірі – елордамыз Астана қаласы қа зақ стандық арманға жетелеп, жас тар дың тұғырлануына барын-ша жағ дайлар мен мүмкін діктер қалып тас тыратын аймақ қа айна-лып үлгерді. Əр тараптан Астанаға оқу немесе жұмыс іздеп келген жастарды ел жастары ның сұ рып-талған тобына ай ландыра оты-рып, жас ұрпақтың көш бас шы-лары ретінде патриоттық тұр ғыда тəрбиелеу – Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы біздің де басты мін-детіміз.

«Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағ дар-ламалық мақаласындағы Елбасы тапсырмаларын – елордадағы жас тар арасындағы білім алу, оның ішінде еңбек нарығындағы сұра нысқа сай мамандықты иге-ру, жұмысқа орналасу, жастар ара сындағы қылмыстың алдын алу сынды өзекті мəселелердің то лық тай шешімін табуға бағыт-талған құжат ретінде қарастыруға болады. Мысалы, қазіргі жас тар арасындағы жұмыссыздық сал-дарының бірі – өзі игерген маман-дық бойынша еңбек етуі толықтай шешімін таппаған мəселе болса,

екіншісі – мектеп қабырғасындағы оқушының өзінің икем-қабілетін ескермей мамандық таңдаудағы дұрыс немесе бұрыс шешім қа-былдауы.

Мақаладағы жаңалықтардың бірі – 2017 жылдан бастап «Бар-ша үшін тегін кəсіптік-техни-калық білім» жобасының жүзеге асырылуы, сондай-ақ, қаржы лан-дыру көлемін арттыра отырып «Жұмыспен қамту жол карта-сының»өзектілене түсетіні, осы бағдарлама аясында біліктілігін шың дай отырып шағын бизнеске несие алуға мүмкіндік беріле тіні жастар жағдайын едəуір жақсар-татыны сөзсіз. Əрине бұл тұста Ел-басы айтқандай – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізуіміз қажет.

Осы тұста өңірлік жастар сая-сатын жүзеге асыруға бағыт талған іс-шаралар аясындағы Ас та на қаласында 2016 жылға жос пар-ланған «Мектеп оқушыларына ма ман дық таңдауда кəсіби ба ғыт-бағдар беру жəне еңбек нары ғын-дағы сұранысқа ие маман дық тарды

насихаттау» іс-шара лар ке шенін атауға болады. Іс-ша ра бары-сындағы ауқымды кезде су лерде оқушыларға еңбек нары ғындағы сұранысқа ие кəсіптік-жұмысшы мамандықтар, оларды игеру үшін тиісті оқу орындары мен жасала-тын алғышарттар туралы білікті лекторлар мен мамандық өкілдері нақты ақпараттар ұсынып, психо-лог мамандар оқушылардың же-келеген ерекшеліктері мен мүм-кін діктерін ескеріп кеңес береді. Ал өндіріс орындарындағы Ашық есік күндерінде жұмысқа орнала-су үшін оқу орындарында тиісті маман дықты игеру, біліктілік деңгейі, еңбек ерекшелігі, нарық-тағы сұранысы жəне т.б. қажетті мəліметтер кеңінен таратылды. Экскурсияларда оқушылар əртүрлі мамандықтардың өзіндік сипатта-рымен, адамдардың жұмыс орны-мен танысады жəне өз кəсібінің шеберлерімен еңбек ерекшелігі туралы сөйлесе алады.

Болашақ түлектерге кəсіптік бағыт-бағдар беруде, еңбек нары-ғын дағы тепе-теңдікті сақтауда, мем лекетіміздің жұмысшы кү-шін нығайтуда, бастысы – жас азаматтардың өмірде өзін дік лайық ты орнын тауып, толық-қанды от ба сының асыраушысы болуы үшін жоғарыда айтылған іс-шара лардың алар орыны ерекше. Еліміз дегі еңбек нарығы көрсетіп отыр ғандай, қазіргі уақытта кəсіп тік-жұмысшы мамандықтар тапшы лығы айқын сезілсе, керісін-ше, экономика, қаржы, заң, атқару саласындағы мамандар саны жұмыс сыздар санын толықтырып, жас тар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші кемімей отыр.

Тағы бір айта кетер мəселе,

Ас тана қаласындағы жоғары жəне арнаулы орта білім беру меке ме-лерінің 2013-2016 жылдар ара-лығында түлектері туралы қолда бар мəліметті қарасақ, техникалық ж ұ м ы с ш ы м а м а н д ы қ т а р д ы таңдағандар саны 21 пайыздан аспай тұр, нарықтағы қажеттілігі 75 пайызды құраған. Сондай-ақ, қаңтардан бастап жаңа құрылған жергілікті полиция қызметімен бірлесе жүзеге асырылатын «Сту-денттік құқық қорғау отрядтары» қызметін айта кеткенді жөн са-нап отырмын. Жобаға елордалық жоғары оқу орындарының заң факультеттерінде оқитын 400 сту-дент жұмылдырылады. Қызметтің негізгі мақсаты – біріншіден, жас-тар арасындағы құқық бұзушы-лықтардың алдын алу, қоғамдық тəртіпті сақтау, ұсақ құқық бұзу-шылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын одан əрі жүзеге асы-ру, түрлі рейдтермен ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Екіншіден, жастар мəселесіне жас-тар тікелей қатысады əрі заңгер ма ман дығындағы болашақ тəртіп сақшылары тікелей тəжірибеден өтеді. Осындай жолмен жергі-лікті полиция қызметімен біріге қоғамдық тəртіпті күзетіп, тұр-мыстық жəне ұсақ құқық бұзушы-лықтарға атымен төзбеушілік мə-селелерін орындайтын болады.

Астана қаласының Жастар са-ясаты басқармасының бастамасы-мен жастарға тікелей бағытталған жылына 50-ден астам түрлі жо-балар жүзеге асырылуда. Бұл жо-ба лардың барлығы сөзсіз Елба сы сөздерінен туындаған міндет те-мелер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталғаны белгілі. Соның ішінде Астана қаласы ның

Жастар саясатын қолдау мем-лекеттік қоры жүзеге асырып келе жатқан «Аула клубтары» əлеу-меттік жобасының орны ерекше.

Бағдарламалық мақаласын Нұрсұлтан Əбішұлы «Біздің жо-лымыз – ол бірлік жолы жəне азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дəйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың аза мат-тық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мəні де дəл осын-да», деп атап өтті. Осы тұста жас-тар мен жасөспірімдерді тұрғы-лықты жері бойынша бос уақы-тын тиімді өткізуге, сол арқылы қазақстандық патриотизммен тəр биелеуге бағытталған «Аула клубтары» жобасын дəйекті түрде атауға болады. Мыңдаған жасөс-пірім мен жастарды, балаларды ортақ қызығушылықтары мен ын-та сына қарай біріктірген сан түрлі мəдени жəне спорттық үйірме лер-де елімізді мекен еткен сан түрлі ұлттар ұрпағы бірлік пен дос тықта бас қосуда. Олардың əрбір жет-кен жетістіктері мен ба ғын дырған белестері – ортақ жеңі сіміз.

Елбасы айтып өткендей, «Аста-наның болашағы – Қазақстанның болашағы». Уақыт өткен сайын ілгері жылжыған Астана өңірінің дамуында жастардың мүддесі де өсіп келеді, сəйкесінше жастарға қатысты күрделенген мəселелер де лайықты шешімін табуда. Жалпы мемлекет болып жүзеге асыру-ды бастаған «Бес институттық реформаның» «100 нақты қадам» «Ұлт Жоспары» кең ауқымды бағ дар лама ретінде мемлекеттік жастар саясаты саласын үздіктер қатары на қосып, жас ұрпақтың бола шағы – мемлекет болашағы үшін үлкен мүмкіндіктерді ашаты-ны на сенеміз.

Жарқын болашақ – білімі мен білігі толысқан, ұлтының терең та-рихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, та-лабы таудай жастардың қолында!

АСТАНА.

Ќўќыќ пен əділет тўєыры

Дана халқымыз «Жері азған елде тоқшылық болмайды, Ері ынтымақты елде жоқшылық болмайды» деген екен. Онысы ынтымақты елдің ұтатынын, татулық пен бірліктің игілікке, бақуатты тіршілікке бастайтынын ұғындыруға де-ген ізгі ойдан туса керек. Шындығында, Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық белесін енді бағындырғалы отырған елдің бүгінгі

жеткен жетістігі мен биігі халықтың татулығында, ортақ мақсатқа ұмтылған ұйымшылдығында жатыр. Осы жылдар ішінде халық кемел басшысының дұрыс бағдар беріп, лайықты жол сілтейтініне нық сенімді болды. Мемлекет басшысының биыл халыққа таныстырылған Ұлт Жоспары да қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімін шегелей түсетін, ұлттар мен ұлыстарды бір-біріне жақындататын, тəуелсіз елдің тұғырын бекітетін құжат.

Берік АСЫЛОВ,Алматы қаласының прокуроры, 3-ші сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі.

Бақытжан ЖҮНІСБЕКОВ,Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры.

Жарќын болашаќталабы таудай жастардыѕ ќолында

Сур

етт

і түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В.

Сур

етт

і түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В.

Page 4: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz4

ҰЛЫМ ДЕГЕН ЕЛІ БАРДА, ЕЛІМ ДЕГЕН ҰЛЫ БАР

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жалдамалы пəтерлер кезекте

тұрған бюджеттік жəне мемлекеттік қызметкерлерге, толық емес, көп балалы жəне мүгедек балалары бар отбасыларға, жетім, ата-ана-сы ның қамқорлығынсыз қалған балаларға, əскери қызметшілерге берілді.

– Аталған бағдарлама бой-ынша үміткерлердің тізімі кезек-тегі азаматтардан құжаттар қа-былданғаннан кейін қала əкім-дігі жанындағы комиссия сы құ-рылып, «Бəйтерек» Ұлттық бас-қарушы холдингі» АҚ Қазақстан ипотекалық компаниясына төлем қабілеттерін анықтау үшін жолда-нады. Төлем қабілеттерін растаған азаматтар бүгін тұрғын үй алу-да. Тағы 20 азамат осы тұрғын үйлерден пəтер алу үшін төлем қабілеттерін растауда. «Кеңдала» жəне «Алтын дала» тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйдің орташа құны 1 шаршы метрі үшін айына

901 теңге жəне 913 теңге шама-сында болады. Жалдамалы тұрғын үй алдын ала төлемсіз, сатып алу құқығымен 20 жылдық мер зімге беріледі. Бұл мерзім өткеннен кейін тұрғын үй жалға алушының

жеке меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жыл жалдағаннан кейін қалдық құны бойынша ай сайынғы қалған жалдау ақысымен сатып алуға болады. Қазіргі таңда үстіміздегі жылғы 18 наурызға дейін кезектегі азаматтардан «Батыс-1» шағын ауданындағы 192 пəтерге жəне Ленинградская көшесіндегі 9 пəтерге электронды нұсқада құ-жат тар қабылдануда. Сонымен қа тар, «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағдарламасы бойын-ша «Нұр Ақтөбе» ауданындағы 234 пəтерге азаматтардың төлем қа білеттерін тексеру бойын-ша жұмыстар жалғасуда, – деді Бекбол Сағын.

Су жаңа баспаналы болғандар

халқымыздың ұлық мерекесімен қатар қоныс тойын тойлайтын-дарына дəн риза. Дағдарыс жағ-дайында да осын дай қолжетімді баспана алу қуаныштарының Наурыз ме рекесімен тұспа-тұс келуін жақ сы лыққа балап, шат-шадыман болу да, осының барлығы Елбасы ның са рабдал саясатының нəтижесі деп бағалауда.

Шаһар басшысы атап өт кен-дей, Ақтөбе қаласында Мем-лекет басшысының бастама ларын жүзеге асыру барысын да тұрғын үй құрылысы бағдар ламалары жүзеге асырылып, 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 4 215 отбасы бас па налы болған. Жəне де бұл жұ мыстар алда да өз жалғасын таба бермек. Қалада тұрғын үй кезегінде 17 мыңнан астам азамат тұр. Мүмкіндігінше, солардың барлығын таяу жылдарда баспа-налы ету міндеті қойылуда. Биыл «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Тұрғынүйқұрылысжинақ» банкі АҚ жүйесі бойынша құрылысы өткен жылы басталған 540 пəтерлі 10 блок-секциялы 3 үй тапсыры-лады деп күтілуде. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында облы-сы мызға қосымша қаражат бөлі-нетін болды. «Нұр Ақтөбе» тұр-ғын үй ала бының №3 жəне №4 шағын аудандарында жалда-малы тұрғын үйлерді салу қа-рас тырылған. Биыл мұнда 1728 пəтерлік 9 тұрғын үйді салу жос-парланып отыр.

Ақтөбе облысы.

отбасы баспаналы болды

Семейде соңғы кезде «Сем-нан» ЖШС-нің өнімдеріне де-ген сұраныс өте жоғары. Қала-лық кəсіпкерлік бөлімінің ма-ман дарының айтуынша, бұл кə-сіпорынның өнімдері сапалы бо-луымен қа тар, бағасы да халыққа қол же тімді əрі тиімді. Комбинат сатып алушылардың əртүрлі таң-дауларын есепке ала отырып, əр адамның өзіне қажетті өнімін са-тып алуға қолайлы жағдай жасаған. «Семнанда» шығарылатын өнім-дерге келсек, олар нандар, нан-бөлкелер, тоқаштар, ұн тəтті та-ғамдары, печеньелер, торттар. Қала дүкендерінде диета нандары мен денсаулықты түзеуге арналған нандар сериясы ерекше назар тартады. Бұл өнімдер тамақтану рационын нəтижелі үйлестіруге жəне ұзақ уақыт қол данғанда ор ганизмнің жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі.

«Семнан» ЖШС нан-тоқаш комбинаты үнемі көрмелер мен РR-акцияларға қатысып тұрады. Мəдениет, білім жəне спортты дамытуға бағытталған əлеуметтік бағдарламаларды белсенді қол-дау арқылы тұтынушылармен

байланыс жасап, тиімді шаралар-ды жүзеге асыруда. Компания тұ тынушылармен үздіксіз бай-ланыста болатындықтан өнім-дердің құнарлығы жəне пайда-лы қасиеттері туралы мəлі мет-терді жинақтап отырады. Он-да тұтынушылар өздерінің ес-кертулері мен тілектерін айтуға мүмкіндіктері бар. Комбинатта жаңа технологиялар бөлімі жұмыс жасап, оның көмегімен барлық мүдделі жақтардың, сонымен қатар, тұтынушылардың, талапта-рына жауап бере алатын жаңа нан-тоқаш өнімдері өндіріске тұрақты түрде енгізілуде.

«Семнан» нан-тоқаш комби-наты» ЖШС өнімдерінің сапасы ерекше тұрақты жəне талапқа сай. Заманауи жабдықтармен жаб-дықталған технологиялық зерт-хана шикізат, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң бақылайды. Өндірістік, тұрмыстық жəне əкімшілік үй-жайларын жа-ңарту, санитарлық-гигиеналық нор маларды сақтауға баса көңіл бөлінеді. Комбинаттың барлық дайын өнімдері белгіленген

тəр тіпте сəйкестікті растау про-цедурасынан жүйелі түрде өтеді. Комбинат талай рет əртүрлі кон-курстарда жүлделі орындарды иелеген.

«Семнан» ЖШС-нің дирек-торы Қайрат Жəңгірбаевтың ай туынша, олардың кəсіпорны Семейдегі дүкендерді əлеуметтік нан мен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кəсіпорын. Жақында қала əкімдігімен 20 кəсіпорын меморандумға отырған еді. Ба-ғаны шарықтатпау туралы мемо-рандумға сəйкес нан бағасы да аса қымбаттамайтын болады.

– Біздің ұжым жақында Федор Достоевский мұражайында өткен «Еңбек адамы» жəрмеңке сі не қатысты, осындай шараларға жиі атсалысып тұрамыз, – дейді «Семнан» ЖШС-нің директоры Қайрат Жəңгірбаев. – Бұл шара «Еңбек күніне» арналды. Бұл күн нің мағынасы адамды еңбек етуге баулу. Еңбексүйгіштікті на-сихаттау болып табылады. Шыны керек, біз қайырымдылық жасау-ды да ұмытпаймыз. «Балдəурен» балалар бақшасы, «Ана мен бала» Қызыл крест қоғамдық ұйымы,

балалар үйі сияқты көптеген ме-кемелер біздің қамқорлығымызда. Айта кету керек, «Семнанда» зей-нет керлікке шыққан адамдар да жұмыс істейді. Біз еңбек етем де-ген адамды далаға тастамаймыз. Əлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылар да біздің назарымызда.

– «Еңбек адамы» жəрмеңкесін де түрлі əшекей бұйымдар, сырғалар, сыйкəделер жасайтын қолөнер иелерімен қатар нан-макарон өнім-дерін ұсынып «Семнан» ЖШС де қатысты, көрермендердің риза-шылығына ие болды. Өйткені, Се мей халқы негізінен «Семнан» кəсіпорнының өнімдерін тұ ты-нады, – деді мұражайдың ғы-лы ми ағартушылық бөлімі мең-герушісінің орынбасары, жəр-меңкені ұйымдастырушы Сал-танат Секербаева. – «Ас атасы – нан» демекші, көрмемізде нанды қолдан пісіру, пешке салу, түрлі кондитерлік тағамдар жасау та-рихы баяндалған. Мұның бəрі де еңбек адамының қолөнер жемісі екендігін ұмытпаған жөн.

– Иə, нарықтың өз заңы бар, біраз жерлерде нан бағасының өсіп жатқандығынан хабардар-мын, – дейді қала тұрғыны Галина Бондаренко, – бірақ, мен өзім ұнатқан тоқаштар мен батон-дардан осыған бола бас тарт-паймын. Бағаның көтерілуіне түсіністікпен қарауға болады деп есептеймін. Өйткені, қазір кəсіпорындарға да оңай емес. Шығындары көбейген шығар. Ал «Семнан» өнімі əр қашанда жоғары бағаланады, себебі, аса қымбат емес, қолжетімді. Əрі нан-тоқаштары аса дəмді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.––––––––––––––

Суреттерді түсірген автор.

«Семнанның» наны әрқашан дәмді

Есту-сөйлеу бойынша оңалтуҚазақстанда жаңа деңгейге көтерілуде

Наурыз мейрамы қарсаңыңда қала əкімдігінің ғимаратында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Қа зақстан ипотекалық компаниясы» ипоте ка лық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі бағыты бойынша пəтерлер кілттерін табыстау салтанаты болды. Қала əкімі Бекбол Сағын мерекелік шараға қатысушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған 17 азаматқа №12 шағын аудандағы «Кеңдала» жəне №41 разъездегі «Алтын дала» тұрғын үй кешенде рінен су жаңа пəтерлердің кілттерін табыстады.

«Егемен Қазақстан».

Марат АХМЕТҚАЛИЕВ,Республикалық Əлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-тəжірибелік орталығының директоры.

Зады, 10 мың жаңа туған нəрес-теге орта есеппен үш-төртеуінің есту қабілетінің бұзылып туы-латыны көп ешкімді ойландыра қоймас. Яғни, уақытында ота жа-салмаса бұл балалар толыққанды өмір сүру, оқу жəне жұмыс істеу мүм кіндігінен айырылады. Бұл ретте мəселені қалай жəне қай жерден анықтауға болады? Ең дұрысы – республиканың əрбір перзентханасында жаңа туған нəрестелерді скринингтеуге ар налған құрылғылардың бо-луы. Өкінішке қарай, шындық жағдай олай емес, сондықтан көп жағдайда баланың есту қабілетін тексеру тек кереңдіктің күдікті белгілері көріне бастаған кезде ғана басталады. Алайда, пато-логияны мейлінше ерте анықтау өте маңызды, өйткені, сонда ға-на балаға бір жасқа дейін ко хле-арлық имплантация бойынша ота жасалып, содан кейін оны дыбыс-тар əлеміне қайтару үшін есту-сөйлеу бойынша оңалтудың ұзақ үрдісі басталады.

Осы мəселені шешу мақ са-тында 2014 жылы республикада Əлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тəжірибелік орталығы («ҒТО» РМҚК) құрылды. Осыған дейін елімізде кохлеарлық им-плантация бойынша ота жасалған емделушілерді есту-сөйлеу бой-ынша оңалту үдерісін нəтижелі түрде жүзеге асыруды өз мін-де тіне алуға қабілетті, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жəне кəсіби шебер ма-мандары бар оңалту орталығы болмаған еді. Тек 2007 жылы мемлекет елімізде осы мақсатқа кохлеарлық имплантация бой-ынша ота жасауға 2 млрд.теңге бөлгеннен соң ғана пайда болды. Бұрын құлақ мүкістігінен зардап шегуші емделушілерді шетелдік клиникаларға жолдайтын.

Кохлеарлық имплантация – 10 мың АҚШ долларынан аса тұратын өте қымбат ем-шара. 5 жылда бір рет ауыстырылуға тиісті сыртқы сөйлеу процессоры одан да қымбат тұрады. Отаның мəні мынада – емделушінің басы-на дыбыстарды жүйке жүйесіне түсінікті электрлік импульстер-ге айналдыра алатын имплант қойылады, басқаша айтқанда адам құлағымен емес, миымен ести бастайды.

Бұл еліміздегі мүмкіндігі шек теулі көптеген жандардың

жағдайы көтермейтін шығын екені түсінікті, бірақ мемлекеттің қомақты қаржыландыруы арқа-сында 2007 жылдан бе рі бүкіл Қазақстан бойынша 2000-нан артық балаға ота жасауға қол жетті. Алайда ко х леарлық имплантация – ем делушіні еститін қоғамға қайтарудың тек бірінші қадамы ғана. Адамның дыбыстарды қаншалықты жақсы еститінінің, оларды ажыратуының, ең бас-тысы, сөйлеуінің 90 пайызын қамтамасыз етуші негізгі кезең – ол отадан кейінгі есту-сөйлеу бойынша оңалту болып табы-лады. Бұл – оториноларинго-лог, сурдолог, сурдопедагог, жүйке дəрігері, психолог, пе-диатр, радиологтың жəне т.б. мамандардың кешенді жұмысын талап ететін ұзақ та бейнетті үдеріс. Есту-сөйлеу бойынша оңалтусыз кохлералық имплан-тация жасауға кеткен ақшаны желге ұшты деп есептеуге бола-ды, өйткені ол күтілген нəтижені бермейді.

Есту-сөйлеу бойынша оңал-туды жүзеге асырушы мекеменің болмауы, ота жасалған балалардың ата-аналарының наразылығын ту-дырды, өйткені, шын мəнінде олар медициналық қызметтің тек бір бөлігін ғана алған. Осы-лай 2014 жылы Петропавл қаласының есту патологиясы бар мүгедектері аталмыш мəселе бойынша сол уақытта Мəжіліс депутаты болған Д.Назарбаеваға жүгінді. Шешім ұзақ күтуді қа-жет еткен жоқ. Артынша бұ-рынғы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Г.Əб діқалықова Үкіметке екі мекеменің «Республикалық экспе-рименталды протездеу орталығы» РМҚК мен «Республикалық есту қабілетін оңалту орталығы» РМҚК қосу жөніндегі ұсыныспен шықты. Бұл ұсыныс құпталып, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ-тау жəне əлеуметтік даму ми-нистр лігінің ведомстволық ба-ғы нысындағы «Əлеуметтік оңал туды дамытудың ғылыми-тəжірибелік орталығы» Респуб-ли калық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнын құру туралы (РМҚК «ҒТО»)» Үкіметтің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1005 қаулысы шықты.

2014 жылдың өзінде-ақ Ас-тана, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысынан 170 бала есту-сөйлеу бойын-ша оңалтуды жүргізудің апро-бациясына қатысты. Сонымен қатар, «ҒТО» РМҚК аяқ-қол про тездеудің эксперимен-тал дық түрлерін жүргізуге,

тех но логиялық ережелер, əдіс-на малық нұсқаулар, салалық республикалық стандарттар жа-сау бойынша міндеттемелер жүк телді. «ҒТО» РМҚК-да өз саласында маңдайалды боп сана-латын əлемдік серіктестермен де екіжақты тиімді ынтымақтастық орнатылған, олар: есту-сөйлеу бойынша оңалту бағытында – «Cochlear» (Швейцария) фир-масымен, аяқ-қол протездеу са-ла сында «ОТТО BOCK» (Гер-мания), «Medicare» (Түркия), «Ортекс» (Ресей), «Арсенал» (Ресей) жəне басқалар. Аталмыш компаниялардың мамандары конференцияларға қатысып, шеберлік-сыныптарын өткізіп, «ҒТО» РМҚК мамандарын есту-сөйлеу бойынша оңалту жəне протездеу саласындағы заманауи əдістерге үйретеді.

Қазіргі таңда «ҒТО»РМҚК толықтай дерлік қажетті аппа-ратурамен жəне əртүрлі құ рыл-ғылармен жабдықталған, осы құрылғыларды алуға соң ғы жыл-дары 150 млн. теңге мөл шерінде қаражат жұм сал ды. Есту-сөйлеу бойынша оңалтудың тиімділігін арттыру мақсатында жəне осы үдеріске қатысушылардың бар лығының жұмыла істеген жұмысы арқасында «ҒТО» РМҚК мамандары елімізде ал-ғаш рет кохлеарлық имплант-ты емделушілерді есту-сөйлеу бойынша оңалту бағдарлама сын даярлады. Бұл бағдарламаның бірегейлігі мен құндылығы – оның медицина, сурдопеда-гогика жəне əлеуметтік оңал-ту əдістері мен білімнің то-ғысында жасалуында, бұл бала-ны толыққанды өмірге барынша тез қайтару үшін өте маңызды. Келесі қадамымыз осындай бағ дарламаны ересектер үшін даярлау.

Денсаулық сақтау жəне əлеу-меттік даму министрі Т.Дүй -сенованың мүгедектерді əлеу-меттік оңалтудың ауқымын жəне қарқынын үдету, инклюзивтік білім беруді дамыту жəне рес-публикада кедергісіз орта қалып-тастыру туралы тапсырмала-рын орындай отырып, «ҒТО» РМҚК 2015-2018 жылдарға стра тегиялық даму жоспарын жасады. Осы жоспарға сəйкес 2016 жылы 250 баланы есту-сөйлеу бойынша оңалту жүр-гізуге мемлекеттік тапсырыс орын дал мақ. Емделушілермен жұмыс даярланған есту-сөйлеу бо йынша оңалту бағдарламасына сəйкес стационарлық жəне ам бу-латориялық режімде жүргізіледі. Алайда, оңалту үдерісінің қо-мақты бөлігі ата-ананың иы ғы-на да түсетінін айта кету керек, жұ мыстың нəтижелілігі олар-дың табан дылығына, шыдам-дылығына, бала өмір сүретін пси-хологиялық ахуалға, əлеу меттік жəне санитарлық нор маларға байланысты.

АЛМАТЫ.

Соңғы жылдары елімізде мүгедектерді əлеуметтік жағынан қолдау мəселесіне лайықты көңіл бөліне бас-тады. Осы бағыттағы мемлекеттің сарабдал саяса-ты мен медициналық технологиялардың дамуының жоғары деңгейі қандай да бір кемістігі бар адамдарды қоғамға қайтаруға мүмкіндік беруде. Осындай күрделі мəселелердің бірі есту қабілетінің бұзылуы болып та-былады.

17

Page 5: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 5 М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына – 90 жыл

Уаќыт тґріндегі толаєайАл Жи де байдағы Əйгерімнің отауын-

да бол ған Мұхаңның сандық ішінде жа тып жасаған суфлерлігімен өткен «Еңлік-Кебектің» билер сахнасы қо-йы лымы 1917 жылы болған екен деп дəлелдейді Рымғали Нұр ғалиев деген білгір ағамыз. Осы уақиғадан сегіз жыл өткен соң, «Мұртты көсем нің» нар-комы А.В.Лу начар ский деген кісі қазақ дала сы на жар салып, шаншардың қуы Қа ли бек Қуанышбайұлын, Жан гел дин отрядының сарбазы Сералы Қожам -құлұлын, қостанайлық қуақы Елу бай Өмірзақұлы мен Қапан Бадыровты, ақтөбелік Абылқай Абдул лаұлын, оңтүс-тіктің от-жалын ды өнерпазы Құр манбек Жан дар бекұлын, оларға қоса Иса Бай -зақов, Əміре Қашаубаев сынды «само-родоктарды» жинап, сол кездегі аста-на Қызылордада 1926 жылдың 13 қаң-тарын да деректір Дінше Əділовтің бас-шылығымен Қошке Кемеңгерұлының «Алтын сақина» қойылымымен ата театр-дың шымылдығы ашылғаны əмбеге мəлім. Мұхтар Əуезовтің «Бəйбіше-тоқал» коме-диясы, əйгілі «Еңлік-Кебегінің» үшінші көрінісі ойналып, екінші бөлім ретінде актерлар əн салып, тақпақ оқып концерт қойған екен. Бұларға Серке Қожамқұлов режиссерлік етіпті. Бұл топқа атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов пен мұғалім Латиф Əшкеевтер де қосылған екен. Ке йін дері, сол жылдың қазан айы-нан бастап, театрға бірегей бас шы болып Жұмат Шанин келеді. Келе өзі жазған екі сериялы «Ар қалық батыр» қойылымы көрер мен ге ұсынылады. Жалпы, алғаш қы онжылдық Жұмат ағаның бас қаруы мен ізденуге, шеберлік шың дау ға, тақырып таңдауға, ак тер лік труппаны күшейтуге, оларды оқытып, білімдерін арттыруға, ма шық тандыруға арналыпты. 1934 жылы Құрманбек Жандарбеков екеуі Қанабек, Күлəш Бай сейітов тер мен бірге Ұлттық опера теат рын ұйымдастыруға кеткен-ше, ата театрдың «отымен кіріп, күлімен шыққан» деседі құжаттар.

1936 жылғы Мəскеудегі қазақ мəде-ниеті мен əдебиетінің он күн дігіне екі театр бірігіп «Қыз Жібек» операсын жəне «Жалбыр» музыкалық қойылымын апар ған екен, онда Құрманбек Жан дар-беков, Күлəш, Қанабек Байсейітов термен бірге Серағаң мен Елағаң, Қаллекилер де шағын-шағын рөл дер ойнапты. Ұзын-ырғасы 360 адам болып барған қазақ өнер-паз дары декаданың соңында Үлкен театр-да қорытынды концерт берген. Декада кезіндегі барлық шара ларға Сталиннен бас тап, Ворошилов, Молотов сынды бар-лық бюро мүшелері қатысып, тіпті, екі мəрте тамашалағандары да бар көрінеді. Қазақ өнерпаздары ор та лық бюро мүше-лері мен Мəс кеу жұртшылығының ыстық ықы ласына бөленіп, Сəкен Сейфул-лин, Жамбыл атамыздан бастап орден-медальдарға «қарық» болыпты. Мұ ның алдында ғана, яғни 1928 жы л ы, театр Алматыға көшкен жа ңа астанаға түбегейлі табан тіре ген болатын. Бір қызығы, Серке Қожамқұловтың естеліктерінде 1925 жылы Мəскеуде болған кон цертте Əміре Қашаубаевтың қара байыр лау домбырасына көңілі тол ма ған нарком А.Луначарскийдің өзі арнайы шебер шақыртып, сыр тындағы қабымен қоса жаңадан домбыра жасатып беріпті, сол аспаппен Əміре Парижге, халықаралық көр ме ЭКСПО-ға қатысып, қазақ елі нің атынан оның əн өнерін паш етуге барған деген деректер бар.

Келесі онжылдық 1936 жылғы Мəскеу эйфориясының дүмпуі мен келген ерек-ше көңіл-күй, шы ғар машылық желпініс əкелгені бел гі лі. Газет-журналдарда не-шеме ма қа ла лар жарияланып, үкіметтің ар найы шешімдерінде қазақ театры ның

Есмұхан ОБАЕВ, режиссер, Қазақстанның халық артисі, профессор:

– Театр – режис сер-дің, ак тер дің, дра матургтің үшеуі нің қа быс қан жері. Біз дің театрдың өсуі-не орыс режис сер лерінің де ық палы тиді. Менің театрда, жал пы өнерде жүргеніме 50 жыл, жар-ты ғасыр толыпты. Еңбек жо лым ды, режиссерлік жұмы сым ды З.Ақышевтың «Жаяу Мұса» пьесасын, Т.Ах тановтың «Боранын», Б.Май-линнің «Көзіл дірігін» қою дан осы театр да бастағанмын. Семейде 20 жыл, Əкемтеатрда отыз жылдан ас там еңбек етіппін. М.Əуезов театрында бағым ашы лған жанмын деп айта ала мын.

КСРО Ха лық а р тисі, ре жис-сер Ə.Мəм бетовтің өзі бұл театр да 35 жыл ең бек етті. Сон дық тан қа рашаңырақты Ə.Мəм бетовтің театры деп атауға əбден болады. Ə.Мəмбетов Мəскеуде, Кремль сахнасында спек-такльдер қойды. Біз ді қан-ша ма биіктерге жете ле-ді. Та лант тар шоғы ры на тап кел се, режис сер дің бағының жан ғаны. Ə.Мəм-

бетов театрды əлемге та ныт қан тұлға. Біздер Ə.Мəмбетов тің жанында жүріп, тəрбиесін ал дық, қажет кезінде сүйеніш те бол дық.

Өнер мен ел – егіз ұғым. Қа зақ -тың кəсіби сахнасының көш бас шысы М.Əуезов театры ел дің, халықтың игілігі үшін қызмет ете береді.

Төлен ƏБДІК, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– М.Əуезов атын дағы театр – Қазақ стан ның, ұлты мыз дың ертеректен келе жат қан үлкен өнер ордасы. Бұл театрдың қазақ руханиятына тигізген ең-бегі ұшан-теңіз. Оны бір сөзбен айтып жеткізу мүм-кін емес. Немістің ұлы жазушы-сы Томас Манның «Театр тобырды халыққа айналдырады» деген сөзі бар. Қазақ халқының рухани əлеуеті əлемге таныла бастаса, сол сіңірілген негізгі еңбектің бірі осы театрдікі деп есептеймін. Ұлы Мұхтар Əуезовтен бастап, еліміз дегі драматургтердің ең

таңдаулы шығармалары осы театрдың сахнасында қойылды. Менің де бір пьесам осы театр ар қы лы өз көрер менімен табысты.

Қазақ драма тур гиясы мен режис сурасын əлем-ге танытқан бұл театрдың 90 жыл ды ғына мə дени өмі рі міздегі үлкен тарихи меже деп қарауымыз керек. Елі міздің ең ұлы ак терлері осы театрда жұ-

мыс істеді. Мен бұл театрды ерек ше жақ сы көремін. Ұлттық өнері міздегі ор нын жоғары баға лаймын. Сондықтан 90 жыл дық тор қалы тойына шын жүре гіммен құт тық тауымды жол дай отырып, бұдан əрі қарай да театрдың өсіп-өркендей беруіне, халыққа қызмет ете беруіне тілектестігімді білдіремін.

Тұңғышбай əл-ТАРАЗИ,Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор.

Лебіздер легі

толысып, нағыз кəсіби өнер ор да сына айналғаны жайында əңгі ме бола бастаған. Ақыры, 1937 жы лы кештеу тойланған театрдың он жылдық мерекесі Қазақ Үкі меті н ің сол жылғы ақпан айын дағы театрға «Академиялық» деген атақ беру қаулысынан бастау алып ты. Бұл жылдары театр репертуары орыс жəне өзге елдердің шы ғар маларын сахналауға ден қойыл ған екен. Н.В.Гогольдің М.Əуезов тің ауда-рымымен режиссер И.Г.Боров қойған «Үйленуі» мен «Реви зорын да» Қаллекидің Дуан басы, Камал Қармысовтың Хлес-таковы, Елағаңның Осипі актерлік та-быс деп аталып, ел ішінде едəуір уақи ға болып саналған екен. Отан соғысының қара бұлтының ал дын да ғана театр сах-насына Мəскеу ден арнайы режиссерлік курсты И.Сахновскийдің шеберхана-сында тəмамдаған Асқар Тоқпанов ұлы Мұхтардың Л.Соболевпен бірлесіп жазған атышулы «Абайын» қояды.

Театрдың іргесі бекіп, шығар ма шылық қабырғасы қатайған тұста бейбіт өмір, жарқын көңілдер со ғыс өртінің бұлтына ұласып, «бəрі де жеңіс үшін, бəрі де май-дан үшін» ұранымен жігерленген театр актерлерінің біразы əскерге шақырылып, қалғаны үгіт бригадаларымен оқ бораған жерлерге ат таныпты. Сол соғыста шейіт бол ған дардың ішінде небір талантты жігіттер бар еді, Жұмағұл Са дырбаев, Ғазиз Молдаханов, Бекен Əміров, Əпсемет Сыздықов қан дай актерлер еді, деп мұңдана еске алады Серағаң естеліктерінде. Бұл уақытта театр труппасы Сə бира Май -қанова, Хадиша Бөкеева, Күлзипа Сыз-дықова, Зағи Құрман баева, Камал Қар-мысов, Сейфолла Телғараев, Шолпан Жандарбекова, Бикен Римова, Рахия Қойшыбаева, Калкен Əділшінов, Əтейбек Жо лым бетов, Жағда Өгізбаев, Ра ма зан Елебаев, Əбікен Хасенов, Ғаббас Ғалиев, Хабиба Елебекова, Шəкен Аймановтармен толығады. Мəскеу қаласындағы театр

институтын арнайы қазақ тобы болып бітіріп, Керей Жарқымбаев, Сақып Өгізбаева, Харрас Каримов, Мəнтай Сыздықов театрға қа был данады. Отан соғысы кезінде Ал мат ыға уақытша қоныс аударған «Моссовет» театры бір шаңырақта қызмет жасапты. Мəскеуліктер Ю.Завадский, Н.Мордвинов, В.Ма рецкая, Н.Черкасов, А.Жаров, Л.Ор ловалардың да қазақ əріптес тері нің суреткерлік өре-қарымына тигізген əсерлері бол-май қойған жоқ сыңайлы. Ал сол жыл-дары М.Г.Насонов, Г.Товстоногов, М.И.Гольд блат, И.Г.Боров театр ға əр кездері режиссерлік жа сап, «Сын сағатта», «Любовь Яро вая», «Намыс гвардиясы» «Же ңім паздар», «Отелло» сияқты қойы-лым дармен хал-қадерлерінше ел басына күн туған қиын кезеңнің кемеріне қызмет етті. Бұл жылда ры театрдың əдебиет бөлімін М.Əуезов басқарып, өзі де өндір-тіп пьеса лар жазып, аудармалар жасап, репертуар саясатына қисап сыз еңбек сіңіргенін білеміз. Əсі ресе, В.Шекспирдің Əуезов аудар масын дағы «Асауға – тұсау» қо йы лымы Шəкен Айманов пен Хадиша Бөкеева ның қатысуымен, берісі ке ңес еліне, əрісі шетелдерге əйгі лі болды.

Сарыла күткен Ұлы Жеңіс келіп, бей біт өмірдің қадіріне жеткен сол сұра пыл жыл-дардағы адам ба ла сының өмірге ғашық-тығын, балаша тазалығын, арман қуған адал дықтарын сөзбен айтып жеткізу оңай бола қоймас. Алматыда жаңа дан ашылған театр мен кино учи лищесі мен Тəшкеннің театр өнері институтын бітіріп Мұхат Жол таев, Исамет Арғынбаев, Зəмзə гүл Шарипова, Күлəш Сексенбаева, Нұрмұхан Жан төрин, Ғаб долла Сүлейменовтің тобы кел ді. Театр дың режиссурасына ас-қан мə де ниет пен біліктілік иесі, қазақ-тың ұлт тық дəс түрі не аса сақ тық пен ден қойып, не шеме жұл дыз ды қойылымдарды дүниеге əкел ген М.И.Гольдблат көркемдік же тек ші ік жасап, Ш.Айманов, А.Тоқ-панов, Г.Товс тоногов, Ю.Рут ков ский, Я.Штейн дер өн діріп қойы лымдар қойып, едəуір еңбек етті.

Кейінгі онжылдық көлемінде театр-ға жаңа басшы болып А.Л.Ма диевский келеді. Ол кі сі қойған талай маусым көрер меннің көзайымы болған атышулы «Қарагөз» 1963 жылы жарық көрді. Бұл пьесаны ұзақ жыл толғатып жазған ұлы Мұх тар Əуезов ол толағай табыс ты көре ал-мады. Қарагөз рөлінде Зəм зəгүл Шəріпова, Сырым болып Н.Жантөрин мен Ш.Мусин көрер мен залының үлкен құрметіне бөле-ніп, жұлдыздары жарқырады. Келер 1964 жыл бүкіл Одақты дүр сілкінткен «Ана-Жер Ана» қойы лымы қазақ теа-трына ғаламат бет бұрыс əкелді. Тарихта болмаған оқиға ұлттық театрлардың ішінен алғаш ең жоталы жүлде – Ленин-дік сыйлыққа ұсынылған бұл құ бы -лыстың авторы Мəскеуден режис серлік курсты жаңа бітіріп келген Əзірбайжан

Мəмбетов еді. Əзекеңнің өкшесін баса, қазақ театр өнері мектебінің негізін қалау-шы Асқар Тоқпановтың актер лік шебер-ханасын бітірген Ра йым бек Сейтметов, Раушан Əуез баева, Фарида Шəріпова, Нүке тай Мышбаева, Торғын Тасы бекова, Əнуар Молдабеков, Жұма бай Медетбаев, Асанəлі Əшімов, Сəбит Оразбаев, Матан Мұра тəлиев, Есболған Жайсаңбаев сын-ды дүркіреген жұлдызды топ қо сылып, жас режиссердің ны са налы əріптестеріне айналды да, ата театрдың сахнасын шы-ғар машылықтың ұлы дүбіріне ұлас-тырды. Жеңістің 20 жылдығына орай адамзаттың Айтматовы жаз ған кішігірім повесть қазақ театры ның трактовка-сында теңдес сіз шығармаға айналып, Сəбира Майқанова, Бикен Римова мен Фа рида Шəріпова актер лік шебер ліктің құзар шыңына көтерілді, бұл кезде ұлы Мұхтардың атын алған ата театр əлемге əйгілі бол ған еді. Алайда, орталықтың қи-тұр қы саясатының арқасында ол бəй генің жүлдесі басқаға бұйырып, тек өз елі міздің ғана Мемлекеттік сый лығын Ə.Мəмбетов, С.Май қанова, Ф.Шəріпова, Б.Римова қан жығасына байлады. Алпысыншы жыл дардың ортасына қарай театр Одақ көлеміндегі МХАТ, Кіші Театр, Моссовет, Вахтангов театр лары ның қатарынан табы-лып, солармен иық тіресе алатын бірегей өнер ұжымдардың бірі ретінде танылды.

Театрдың бас режиссері боп Ə.Мəм-бетов тағайындалды. Со дан бастап, қазақ өнерінің қараша ңырағы табаны күректей 30 жыл бойы Əзекеңнің аду-ын режис сурасының арқасында нешебір шығармашылық жеңістерге ие бол-ды. «Қарақыпшақ Қобыланды», «Дон Жуанның думаны», «Вьетнам жұлдызы», «Ленин 1918 жылы», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қан мен тер», «Ваня ағай» сын-ды М.Əуезовтің, М.Фриштің, А.Куприя-новтің, А.Каплердің, Ғ.Мүсіреповтің, Ə.Нұрпейісовтің, А.Чеховтың сүйекті туындылары қазақ театры сахнасында шынайы көркем шығармаға айналып, жаңа, еркін тынысты, ерек режиссерлік қалыпқа түсті. 1970 жылы «Ленин 1918 жылы» спектаклі үшін Ə.Мəм бетовке, Ленин рөліндегі Мүлік Сүртібаевқа Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, 1974 жылы «Қан мен тер» қойылымы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына автор Ə.Нұрпейісовпен бірге Ə.Мəм бетов, Ы.Ноғайбаев, Ф.Шəріпова, А.Əшімов жəне суретші А.Кри во шейн ие болды. Іле-шала осы топ КСРО халық артисі атағы на ие бо-лып, «əкемтеатрдың» даң қына даңқ қосты.

Замана көші тоқтаушы ма еді... СССР деген тегеурін атаумен дү ниені тітір кенді-ретін алып империя құлап, ұлттық рес-публикалар егемен болатын тоқсаныншы жыл дар да төбе көрсетті. Есіміз ді ала келген Еркіндік пен Тəуел сіздік нешеме жылдардан бері қа лыпқа түсіп қалған қатепті қоғам ды есеңгіретпей қалған жоқ.

Экономикасы бір орталықтан ғана ерекше-ленген өндірістер мен өмір салты күйреп, əсіресе Қазақ елі «жарық астаудың» ал-дында қалғанда, ұлтымыздың бағына туған ұл – Нұрсұлтан Назарбаев жанкештілікпен мемлекетіміздің алып кемесін замана да-уылдары мен қиыншылықтарынан аман өткізіп қана қоймай, тез арада ес жиып, ТМД елдерінің ең алдына шығарды. Көп ұзамай-ақ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» еңселі елге айналдық. Алайда, ал ға шында айшықты өнердің өл-ше мін, өресі мен талғамын Мəс кеу арқылы таразылап үйренген театр оң мен солынан адасқандай күйге түскені жасырын емес.

Қазақтың М.Əуезов атындағы Мем-лекет тік академиялық драма театры ұжы мының 1993 жылдың шілдесінен, 2001 жылдың қоңыр күзіне дейінгі, атап айтқанда, осы жазбалардың авторы театрға жаңа басшы болып келгенінен бергі шығармашылық һəм шаруашылық қызметінің шағын мағлұматын қыс-қаша тізбелеуден бастау – ал дағы ауыз толтырып айтарымызға қа жетті қисын. Егеменді ел болып еңсе жаңарғаннан кейін театрдың шымылдығы да жаңарса керек. Дəл сол тоқсаныншы жылдардың басында театр осы тұрғыда жаңа бет-бағытпен іске кірісіп кетті. Көрермен ең алдымен өзінің кім болғанын танымай, кім боламын деген сұрауды өзіне қоя алмайтыны белгілі. Театр алдымен осы тарихи тақырыпты бір жүйеге келтіріп, түбі осы сипатты өнер керуенінің ба-сында болмаққа бел буғаны əмбеге аян жəне ол мақсатын екі мыңыншы жыл-дың бас кезеңінде абыроймен орындап та үлгерді. Басы отызыншы жылдары атылып кеткен Е.Замятиннің «Еділ пат-ша – Аттиласынан» бастап, Иран-Ға-йып тың «Шыңғысхан», Ə.Кекіл баев-тың «Абылайхан» атты өткен күн нен атой салған атпал қойылым дар, Шот -ландияның Эдинбург қаласында өте тін, Еуропа елдерінің елеулі қойы лым дар жарысына үш мəрте шақыру алып, қол қысқалығынан қатыса алмай, қағажу қалған К.Аширдің «Қабыл – Адам Ата перзенті», театр залын сан жыл дар кемерінен асыра толтырған М.Бай сер ке-ұлының «Абылайдың ақырғы күндері» мен жиырма бес ғасыр арғыдағы жады-мызды жаңғыртқан Шахимарденнің «Томирисі», одан бергі тарихты қоз ғайтын М.Əуезовтің «Қилы заман», Қ.Ысқақтың «Жан қимақ» (1916 жылғы ұлт-азаттық қоз ға лысының 80 жылдығына), Р.Мұ-қанованың «Мəңгілік бала бейне», əлем-дік жауһарлардан Софокл дың «Эдип патша», М.Ме тер линктің «Соқырлар», К.Гоцци дің «Турандот ханшайым», М.Ға паровтың «Тұзды шөл» сынды та-лай еларалық фестивальдарда жүлде мен бүлдеге бөленген тағы да көптеген тақырыптардың алды сахнаға шықты, енді бір дайымы əдебиет бөлімінің қолында

жатты, жұмыс үстінде отырған авторлар да болды. Театр жанынан «драматургтер лабораториясы» ашылып, оның алғашқы еңбектері – А.Тасымбековтің идеясы-мен қаруланып, театрдың ұжымдық қойылымы болған «Кебенек киген ару-лар», Б.Римова, Б.Атабаев, Ə.Тарази мен Қ.Ысқақтың «Алатау сынды алыбым – Жамбыл» атты, əртүрлі жарыстарда əжептəуір бəйге қанжығалаған сүйекті шығармалар көрерменге жетті. Əрине, бұл сол жылдардағы басшылықтың ал-дына қойған жалпы бағдарламаның бір шеті ғана еді. Жазықсыз реп рес сияға ұшыраған, дүниеден ерте кеткен аға буын еңбектері де біздің мəдениетіміздің тарихы, олар да сахнадан дəмететіні белгілі. Аталмыш спектакльдердің қойы-лымына үкіметтен бір тиын қара жат сұрамай, демеуші із деу арқылы, бол-маса театрдың тиындап жиған өз күші-мен сахнаға шыққан туындылар-ды. 1995 жылы халықаралық театр күніне арнап, алғаш рет бүгіндері жақсы дəс түрге айналған М.Əуезов театры ның жеке өзінің «Наурыз-95» фестивалі өт кі зіліп, осы жылы ғана қойылған 11 қо йылым жарысқа түсті, озықтарына ақшалай-заттай сыйлық жасалып, ел экономикасы еңсе көтере алмай, өзге театрлар кезекті мардымсыз жалақысын ала алмай жүрген алмағайып кезеңде кедей-жомарт əріптестерінің көңі-лі ауланды, театр əкімшілігі ешкімнен көмек сұраған жоқ, өнерге опасыздық жасап, театрын талақ етіп, ешкім тентіреп кеткен жоқ, шаңырағы шайқалған жоқ. Жаңа басшылықтың кезінде, қайта бұрындары ат ізін салмаған «орысы» көп деген облыстарға гастрольдік сапар-лар жасалды. Бұрындары «із» салынған, қайта-қайта барып, қадірін кетірген оңтүстік өңірлерді былай қойғанда, Петро павл, Қостанай, Өскемен, Көк ше-тау, Ақмола, Ақтау, Жаңа өзен сияқты елді мекендердің сахналарында ар-ман болған Əуезов театрының аруақты қойылымдары мен атақты артистерінің жүрек қағысы мен қолтық сөгер шабы-сын көруге көзіқарақты көрермен қоғадай жапырылып жатты. Жоғарыда санама-лап айтылған, тарихымызды түгендеген айшықты спектакльдерді көріп, көңілдері өскен халық өткенімізбен «көрісіп» көзайым болды. Кезінде репертуар-дан себепсіз түсіп қалған Б.Римованың «Абай-Əйгерім», Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма!», Ж-Б Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» спектакльдері жаңарып, көрермендермен қайта табыс-ты. Абайдың 150 жылдығына бір айдың ішінде театр бар күшін салып «Абай десем...» ат ты сим воликалық драманы Жез қаз ғанда өткен республикалық фес-тивальге бəйгеге қосты, еңбек зая кет-кен жоқ, жүлделі бірінші орынды алды. Тоқсаныншы жыл дар дың алмағайып кезінде театрға ат ізін салмай кеткен халық ты қай тарудың тиімді жолы ре-пертуар тақырыбының жоғарыда тізбе-легендей салмақтылығы екені бірін ші себеп болса, екіншісі «Көрер мен» деген арнайы агенттік құры лып, 800 орындық дағарадай кең залды бос қалдырмаудың əдісі олар ды «қуып» əкелмей-ақ табылды.

Хо-ош деңіз, сонымен қазақтың тұлпар театры 90 жаста. Тоқсан жылдық толғауын тоқсан ауыз сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. «Біздер мынандаймыз, мынан-даймыз» деп кеуде кергеннен гөрі енді қай биіктен асамыз деген ұлы мақсатты ұмытпаған да жөн шы ғар. Біз білгенде – театр, əрине, тəр бие орны емес. Тəрбие жасайтындай театр балабақша емес, əрине мешіт те емес уағыз айтатын, ка-федра да емес ұран тастап, жиналыс жа-сайтын. Театр – күйкі тірліктен тазалана-тын қасиетті мекен, мұндай күй кешу дің ғылым тіліндегі атауын катар сис дейді. Байқасаңыздар, сахна неге көрерменнен сəл-пəл көтеріліп, жоға рыда тұрады? Өйткені, сахнаға өнер көрсетуге келген əрбір өнерпаз, ре жиссердің тұлғалыққа апарар қал пымен сүйріктік-суреткерлік деген қатепті қадам жасамақшы ниетпен күйкіден биікке көтерілуге керек.

Э.Филиппо деген менің италия лық актер-əріптесімнің айтатыны бар, «Егер пьесада 8 кейіпкер болса, мен тағы да бір 9-шы кейіпкерді білемін. Ол кім дейсіздер ғой? Ол – залда отырған көрермен. Сегіз кейіпкердің айтылмаған ойларын, сол тоғызыншы кейіпкер жеткізеді, əрі қарай дамытады», дейді. Тоғызыншы кейіпкер – халық. Халық – мемлекеттің негізі. Халыққа қызмет – мемлекетке қызмет. Театр – бекзат өнер. Театр – мемле-кет өмірінің өнер дегі айнасы. Өнер мен мемле кет егіз ұғым, екеуі де елін ессіз сүю ші. Театр – биіктіктің өлшемі. Театрда ойнамайды, өмір кешеді, сүреді, театрмен ойнауға да болмайды. Ол жеке бастың есепті желігінен, бір тұтамға тұрмастай талғам саяздығынан биікте. Актер өнері тек қана орындаушылық емес, еріккеннің ермегі де емес. Актер – алдымен тудыру-шы, өз кезеңінің, өз ұлтының көп ішінен сүзіліп алынған таңдаулы ұлы мен қызы, озық ойлы, ерек тұлғалы, терең ойлы, мұңшыл, сыршыл адамы.

Ерте замандағы ерек ойшыл Томас Манн айтқан екен: «Ұлттың театры бо-луы – оның тобырдан мемлекетке ай-налуы», деп. М.Əуезов театры Қазақ елінің мем лекет бол ғаны ның айғақты мақ танышы. Елбасымыз ерекше ба ғалап, өнерін жиі тамашалай тын ең сүйікті орда-ның торқалы тойы – елдің тойы, қазақ өнерінің қарашаңырағының керегелері мен уықтарының мəңгіге бекігенінің, еліміздің мəңгілікке бет бұрғаны ның берекетті тойы. Құтты болсын айтайық, ағайын! Құшақ жая қуа найық, ағайын!

АЛМАТЫ.–––––––––––––––

Суретті түсірген Николай СУДАКОВ.

Жалпы, қазақ жерінде театр деген өнер дің шымылдық ашқанына 100 жыл деп жүр зерттеушілер. Бұл бол жамның шындығы бар, 1915 жы лы Жүсіпбек Аймауытовтың төңі регіне жиналған көзі ашық қазақ зия-лы лары Семей қаласындағы əр ұлттың саудагер көпес-приказ чик терінің өнер клубында сахнаға шығып, «Біржан-Сара» айтысын инсценировка жасап, алғаш рет театр ойынын қойғандығын, Бір жанды Аймауытовтың өзі ойна ғанын айтып-жазған Бағыбек Құн дақ баевтың сөзін дəлелдейтін, ал Сараны ойнаған алғашқы қазақ актрисасы Тұрар Қозыбағарова, кешті ұйым дастырушылар ерлі-зайыпты Нұр ғали мен Нəзипа Құлжановтар деп тасқа басылған сарғайған құжат-афи ша-ны Семей мұражайшылары біздерге ар-найы əкеліп көрсеткен-ді. Солардың бел орталарында Мұх тар Əуезовтің, Қаныш Сəт баев тың да жүргендігітуралы дəлел ал дық. Осы уақиғаны ар-на йы тілге тиек еткен əңгіме-дү кен, ке-рек десе ғылыми конференция М.Əуезов-тің музей үйінде 2015 жы лы, «Қазақ театр өнеріне 100 жыл» деген айдармен өткен.

Page 6: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz6

Күн сайын құбылып тұрған бүгінгі дүниенің ахуалы адамзатты түрлі сынақ-тарға салып жəне де сол адамзат баласының басына түрлі қауіп пен қатерін де төндіріп тұр. Ақылы мен парасаты бар жəне де ғылымы мен техникасы сəт сайын жетілдіріліп жатқан дүние ғаламының адамы əлі де соғыс пен түрлі қарулы қақтығыстардан көз аша алмай келе жатқандығы, əрине, өкінішті-ақ. Келісе ал-май, керісіп жатқан бүгінгі дүниенің бейбіт тыныштығы қашан орнар екен деген алаң көңілдің орнына түсер күні туар ма екен?!

Сонау Африка құрлығы мен Таяу Шығыс елдер інен б ір жандарына

тыныштық іздеп, ашық теңізбен қолдарына түскен қалт-құлт еткен қайыққа мініп, шыбын жандарын қатерге тігіп, Еуропа құрлығына лап қойған босқындар енді сол Еуропа мемлекеттерінің өздерін сая-си, əлеуметтік-экономикалық тығырыққа тіреп отыр. Бұл жағдайға, яғни халықтың босып кетуіне Африка мен Азияның же-келеген мемлекеттеріндегі жекелеген тайпааралық жəне діни көзқарастардың қарулы қақтығыстарының созылмалы жағдайы себепкер болды.

XXI ғасыр да адамзат баласының үмітін екідайлы қылмақшы ма? Алай-да, бұл ғасырдың да қаупі мен қатері аз болмайтындығын Қазақстан Республи-касының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сан мəрте айту-мен болған-ды. Елбасы 2015 жылғы 30 қарашада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Əлем тұрақсыз бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы санкция-лар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт төмендеп кетті. Таяу жəне Орта Шығыс, Солтүстік жəне Орталық Африка өңірлеріндегі тұрақсыздық пен дау-жан-жалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Əрбір күн террорлық актілер мен ондаған адамдардың қаза тапқандары туралы хабарлар жеткізуде. Бүгінде халықаралық терроризм əлемге елеулі қатер төндіріп тұр», деп атап көрсетіп, заманның бүгінгі сипатын дəл анықтап айтқан-ды.

Қазіргі уақытта əлемді толғандырып отырған экстремизм мен діни радикализм мəселесі біздің елімізді де шет айналып өтпесі анық. Өйткені, геосаяси орналасу жағдайы мен əлемдік қоғамдастықтағы, соның ішінде экономикалық əрі стра-тегиялық жағынан алар маңызды орны бар еліміздің көпэтностық пен көп-конфессиялық ерекшелігін өздерінің те ріс пиғылды əрекеттеріне пайдала-нып қалғысы келетін сыртқы да, ішкі де күштердің табылмай қалмасы анық. Бүгінгі күні өз Тəуелсіздігінің 25 жылдығының кезеңінде тұрған Қазақстанды əлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің аралы деп айтар болсақ, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі жəне сыртқы саясат-ты адал да көрегендікпен, заманның ты-нысын алдын ала сезіп, болашақты дұрыс бағдарлай білерлік алғыр ойының жемісі деп санаймыз. Көпдінді жəне көптілді Қазақстанның бүгінгі əлемдік абыройын сақтау жəне жүздеген ұлысқа құтты мекен болып отырған өзіміздің туған еліміздің тыныштығы мен береке-бірлігін нығайту, Елбасы алдымызға тартып отырған Ұлт Жоспарын орындау мəселесінің де, міндеттердің де ең маңыздысы болып са-налады.

Заманның желікпе желімен желпініп те желігіп те, алды-артын ойламастан азғырынды бір жолға түсіп кетіп жатқан өз отандастарымыздың кейбір əрекеттері мен қылықтарына налисың, тіпті, соған жаныңның да ауыратыны бар. Əсіресе, жекелеген азаматтарымыздың жалған «жиһадты» желеулеткен теріс идеяның жетегіне еріп, адам қаны судай шашылып жатқан Таяу Шығыстағы Сирияға барып жатқандықтары алаңдата түседі. Өйткені, қазіргі уақытта Қазақстанның арнайы қызмет органдарының мəліметі бойынша біздің елімізден Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар жүріп жатқан соғыс ошағына аттанған азаматтардың саны 400-ді құрап отыр, олардың 250-і əйелдер мен балалар екен.

Ал енді жалған «жиһад» жариялап, ис-лам атымен сол Сирия жерінде лаң салып отырған Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымының (ескерту: ДАИШ ұйымының ИГИЛ-ден («Исламское госу-дарство Ирака и Леванта») ешбір айыр-машылығы жоқ жəне арабшаға «ad-Dawla

al-Islamiya lil-Iraq wa ash-Sham» (ДАИШ) болып аударылады.) исламмен еш байла-нысы жоқ екендігін діни қайраткерлер де, əлем саясатшылары да айтып əрі дəлелдеп отыр. Расында, жекелеген топтар мен жекелеген діни экстремистердің бүгінгі əрекеттерін, олардың жүргізіп отырған саясаттары мен адам баласына қастандық жасауға негізделген амалдарын исламмен жанастыруға ешқандай негіз жоқ. Мұны «ислам» сөзін пайдалану арқылы өз идео-логиясын таратып, өздерінің қатарына жақтас адамдарды тартудың бір жолы ғана деп білген абзал.

Діни уағызбен елдің санасына билік

жасау оңай болса керек. Сондықтан да, сананы жаулайтын əдістің бірі – діннің атын жамылу арқылы, əсіресе, əлі ой-санасы мен көзқарасы толық қалыптасып болмаған жастарды тура жолдан адас-тырып, оларды иманынан жаңылдыру еліміздегі ішкі тұрақтылыққа қауіп төн-дірерін де ойлағанымыз абзал. Жалған «жиһадтың» желеуімен жазығы жоқ адам баласын қыруға жол беретін террорлық əрекеттердің ешқайсысы да ешқандай бір дінге де, идеологияға да қатысы жоқ. Тек олар дін мен идеологияны өздерінің адам баласына қарсы жасалып жатқан жауыздық əрекеттерін ақтап алу үшін ғана пайдаланатындығын білгеніміз жөн.

ДАИШ содырларының қаншама жа-зықсыз жандардың өмірлерін қиып, небір қанішерлік əрекеттерге барып жүр-гендіктері жайлы деректі мəліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары айтып та, жа-зып та жатыр. Түркияның астанасы Анкара қаласында күні кеше жанкештілердің халық көп жиналатын автобус аялдамасының жанында жарылыс жасауы адам қанын жазықсыз шашу мен адам баласының бейкүнə өмірін жауыздықпен қию емес пе? Бұл қай дінге, қай иманға, қай заңға сыя-ды?! Əрине, Анкарадағы бұл жарылысқа ДАИШ содырларының қатысы да жоқ болар. Дегенмен, ислам атын жамылған ДАИШ сияқты мұндай ұйымдардың жəне де кез келген «жиһадшыл» жанкештілердің əрекеттері мен олардың ұстанымдарын бар-ша адамзат баласына, оның түрі мен түсіне де, тілі мен дініне де қарамастан, тек ізгілік пен жақсылық қана тілейтін, əлемде тек бейбітшілік болуын ғана көздейтін ислам дінімен жанастырудың еш қисыны жоқ қой деп ойлаймыз. Жалпы, ислам діні мен лаңкестік əрекеттерді бір сатыға қойып, бірге жіктеу, болмаса ислам мен лаңкестік əрекеттер арасында əлдебір байланыс бар деудің өзі жаңсақ пікір болар еді.

Бұған бірден-бір дəлел қасиетті Құран ның «Мəида» сүресінің 32-аятын-да «Жазықсыз адамды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең (күнəһар) болады», деп көрсетілгендігі бар. Ал Мұхаммед пайғамбар болса, «Ақиқатында сендердің қандарың, мал-мүліктерің бір-бірің үшін қастерлі, қол сұғуға болмайды. Мына қажылық күніндей қастерлі, қажылық айындай қастерлі, Мекке қаласындай қастерлі», деп өсиет қалдырған жоқ па еді? Осы екі ғана дəлеліміздің өзі жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алатын өзге де діндер тəрізді ислам діні де жазықсыз адамға, оның өміріне, жеке мүлкіне немесе ар-намысына қатысты қандай да бір басқыншылық жасауға рұқсат бермейтіндігін айғақтап тұр ғой деп ойлаймыз. Исламның бұл қағидасы – барша Адамзатқа ортақ қағида боларлық құндылық!

Қазіргі уақытта Қазақстанда діни наным-сенім бостандығы Конституциямен қамтамасыз етіліп отыр. Соған орай көптеген ұлттар, ұлыстар мен конфес-сиялардың өкілдері өзара келісім мен мəмілегерлікте, ынтымақта өмір сүріп жатыр. Қазақстан аумағында заңды түрде тіркелген барлық діни бірлестіктер заң аясында еркін қызмет етуде. Елімізде мемлекет құраушы қазақ ұлтының жəне басқа да бірқатар мұсылман ұлттарының

ата діні болып табылатын ислам дінін ұстануға, ғибадаттарын орындауға, діни мерекелерін тойлауға барлық жағдай жасалған. Мұндай жағдай өзге де жетекші діндерді ұстанушыларда да бар. Жəне де Елбасының Жарлығымен мұсылмандардың Құрбан айт жəне православиелік Рождество мейрамдарының алғашқы күндерінің дема-лыс күні болып белгіленуінің өзі еліміздегі əр дінге деген зор құрметті көрсетсе керек.

Жалпы, Қазақстанда барлық дəстүрлі діндерге деген зор құрмет бар. Мұны əлем мойындап отыр. Қазақстан Республи-касының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен жəне ұйымдастыруымен Астана қаласында 2003 жылдан бастап əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері өткізіліп келеді. Бұл – XXI ғасырдың аса ауқымды оқиғаларының бірі!

Қазақ елі жəне оның Президенті адамз ат дамуының бүгінгі аса маңызды кезеңінде əлемдік жəне дəстүрлі діндердің лидер-лерінің басқосуларын бес рет өткізуі бұған

дейін əлемнің бірде-бір мемлекетінің жəне ешбір мемлекет басшыларының қолынан келмеген іс болатын. Елбасының конфессияаралық үнқатысу мен лаңкестікке қарсы əрекет жасауды ұдайы жалғастыру жөніндегі бастамасын одан əрі жүзеге асы-ру мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен биылғы жылдың 31 мамыры мен 1 маусы-мы күндері Астана қаласында «Дін – тер-роризмге қарсы» тақырыбымен халық-аралық конференция өткізуге дайын дық жұмыстары жүріп жатыр. Əлемнің дəстүрлі діндерінің беделді деген өкілдері мен əр елдің парламентарийлері бас қосады деп күтіліп отырған бұл Астана шара-сының дəл қазіргі мына аласапыран за-манда лаңкестік əрекеттер жасаушылардың дүние нің бар құрлығын қауіп пен қатерде ұстап, үрейлендіріп отырған кезеңде сол лаң кестікке тоқтау айтардағы да, тосқауыл болар дағы да маңыздылығының арта түсері хақ.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер тура-лы» Заңының преамбуласында ханафи бағы тындағы ислам дінінің елдің руха-ни дамуындағы тарихи рөлінің таныла-тындығы да жəне орны да бар екендігі атап көрсетілгендігін білуіміз керек. Бұл қазақ мемлекеттілігінің жəне оның рухани-мəдени құндылықтарының қалыптасуына ертеден негіз болғандығымен қатар, қазақ ұлтының жəне Қазақстан жеріндегі көптеген этностардың ата діні болып та-былатын исламның ел халқының өміріндегі рухани-мəдени маңызын айғақтай түседі.

Міне, өз елімізде, өзіміздің ежелгі қазақ жерінде ислам дінінің дамуына жа салып отырған осындай ауқымды да жан-жақты жағдайлардың да, еліміздегі бейбіт өмірдің бағасын да білмей, соңғы уақытта тым көбейіп кеткен түрлі діни жат ағымдардың ықпалына еріп, еліктеуге бейім жастарымыздың қанды қырғынға оранған Сирия жеріне шекара асып ба-рып жатқаны, əрине, өкінішті жағдай. Ал енді жиһадшылардың жалған жарнама-сына еліккен де жаңылған, əлі жеткілікті білімдері де аз жастардың арасында өз бастарын қауіп пен қатерге тіккен қыздарымыздың болуы, онан да өкініштісі жас балаларымызды да қасапты қырғынға алып бару тіпті де обал емес пе? Ойланайық!

Біз ендігі арада тұтас қоғам болып, өз азаматтарымызды, əсіресе, соның ішінде жастарымызды, қыздарымыз бен балала-рымызды ДАИШ зұлматының апатынан, өзге де жат пиғылдағы діни ағымдардың ықпалынан арашалап қалуға жұмылуымыз керек. Ол үшін ең əуелі елімізде қолға алы-нып, іске асырылып отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарқын бере түсіп, ағарту жұмыстарын жандандыруға тиіс-тіміз. Біз жастарымызды жалған құнды-лықтардан бойын аулақ ұстауға үйретіп, оларды отансүйгіштікке, мейірімділікке, адамгершілікке баулып, дəстүр мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген рухы биік, намысты азаматтар етіп тəрбиелеуіміз қажет. Бұл үшін қоғам мүшелерінің діни жəне дінтанулық сауаттылығын артты-рып қана қоймай, азаматтық белсенділігін күшейту, отансүйгіштік сезімдеріне ой салу, ғасырлар бойы қалыптасқан діни та-ным мен рухани құндылықтарды жаңғырту, мəмілегер, бейбітсүйгіш мінездерге қозғау салу қазіргі таңдағы идеологиялық бағдарымыздың негізгі өзегіне айналуы тиіс.

Теріс пиғылды əрі жалған діни ағымдар мен түрлі сипаттағы экстремистік жəне террористік ұйымдардың əрекетіне бір-ле сіп қарсы тұратын шеп құру біздің барлығымыздың ортақ міндетіміз болуы тиіс деп санаймын. Өйткені, экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дəстүрінен бас тартқыза отырып, азамат-тардың ұлттық, тарихи, мəдени, рухани санасын жоюды көздейтіндігі де жасырын емес. Ал тап мұндай идеология кез келген

мемлекетке, сондай-ақ, Қазақстан үшін де аса қауіпті екені күмəнсіз. Бір сөзбен айтқанда, өзімізді өзімізден безіндіру еліміздің ішкі тұрақтылығына да елеулі қатер төндіретіндігін есімізде ұстайық.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стра тегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Бүгінде біздің халқымыз үшін дəстүрлі емес діни жəне жалған діни ағымдар мəселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни əсерлерге иммунитет əлсіз», деп атап көрсетуі біздің қоғамның сақтық жұмыстарын одан əрі жанданды-ру мəселесін ешқашан назардан қағыс қалдырмауға міндеттеп тұрғандығын тереңірек зерделегеніміз абзал.

Өзінің тəуелсіздігін жариялаған күннен бастап өзін зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған Қазақстанның Ата Заңы мен дін тура-лы заңнамаларында экстремизм мен ра ди кализмнің барлық көріністеріне, азаматтардың құқықтарына қысым жа-сауды көздейтін əрекеттерге қарсы тұру толық қанды қарастырылғанымен, біз ендігі арада діни экстремизм өршіп тұрған қазіргі уақытта көптеген ұлт өкілдері мекендеп, көптеген конфессиялар қызмет атқаратын ел үшін ұлтаралық жəне дінаралық татулықты сақтаудың одан əрі маңызды бола түсерін айтар едік.

Діни экстремизм белгілерінің алдын алу жəне терроризм қаупіне жол бермеу арқылы адамның, қоғам жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып, Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» мемлекеттік бағдарламаның елдің бірлігі мен ынтымағын жəне діни ахуалды қалыпты ұстап тұрудағы маңызы айрықша екендігін уақыттың өзі нықтай түсуде. Соған сəйкес, жұмыстар жүргізілуі тиіс екені де айтпаса да түсінікті. Осы орай-да дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұмыстары жүйелі деңгейдегі жолға қойылса, нұр үстіне нұр болмақ. Қысқасы, осы бағыттағы жұмыстар əлі де ширатылса түссе, ұтарымыз көп.

Əлемді алакөңіл қылып алаңдатып, қоғамымызға індет болып жабыса бастаған ДАИШ-ке қатысты жағдай саясаткер жəне қаламгер азамат ретінде мені де бейжай қалдырмағаны анық. Жат пиғылдағы діни ағымдардың жымысқы əрекеттерін əшкерелеу мақсатында «Жан шырылы» атты драмалық шығарма жазып шықтым. Бұл пьесамда ел ішіне дендеп еніп келе жатқан жат діни ағымдардың жетегінділердің айтқандарына еріп, шындық іздеп шыр-ғалаңға түскен адамдардың, өз ата-ана-сынан, өзінің салты мен дəстүрінен, ақыр соңында өз туған жерінен безген жандардың қайғы-қасіреттері, шетелдік содырлардың қолдарына түскеннен кейінгі алданып, арбалғандардың өзектерін өртеген өкініштері, сансыз соқпақтың арасынан жол таппай аңырған, туған елдеріне жете алмай санасы сансырап, шырқыраған жандардың жан шырылы айтылады. Бұл драма екі жылдан бері Көкшетаудағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында сəтті жүріп жатыр. Алдағы уақытта шығарманы елорда сахнасында жəне еліміздің өзге өңірлерінде қою жоспарланып отыр.

Осы драманы жазу барысында көп теген жайларды зерттедім, мамандармен пікір алмасудың барысында қазіргі жастардың өз ата-аналарын, туған жерлерін тас-тап, «жиһадқа» барып мағынасыз өлім ге бас тігулерінің басты себебі діни сауат-сыздықтан жəне фундаментальді білім-дерінің жетіспеушіліктерінен болып жат қандығын аңдадым. Ал радикалды ұйымдар болса, өз қатарларына жаста-рымызды тарту үшін олардың осы бір осал тұстарын тиімді пайдаланып қалып жатыр. Діни радикалдар болса «нағыз ислам мемлекетінің» Сирия жерінде екенін айтып, жастарымызды еліктіріп, «тамаша, адал да таза өмірдің» сонда еке-ніне, ол жерде жан тапсырған адамның жұмаққа баратынына сендіріп, шала сауат-ты жастарды сол жаққа хижра жасауға желіктіріп жүр.

Алайда, діни-экстремистік ұйым-дардың негізгі мақсаты – ел ішіне лаң салу, бүлік тудыру, діндес адамдардың араларын арандату, бір-бірімен соғыс тыру, сол арқылы аттөбеліндей аз ғана топтың материалдық мүддесін көз дейтіндіктері қазір айдай əлемге белгілі болып қалды. Сондықтан да қазіргі жастарға діни экс-тремизм мен лаңкестік əрекеттердің түп-кі мəні мен мақсаттарын тереңірек тү-сіндіріп, ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін ажырата білулеріне күш салуымыз ке-рек. Жастарымыздың ізгі мұраттағы діннен дұрыс білім алуларына айрықша көңіл бөлінгені жөн. Теріс пиғылды жат ағымдардың өз мүдделері үшін əдейі бұрмалап, əсіре пайдаланып жүрген кей ұғымдарының исламдағы шынайы мəнін тереңірек ашып, ұғындыруға діни қызметкерлеріміз мен теолог ғалым-дарымыз белсенді атсалысулары керек.

Бұл мəселеге осы тұрғыдан келе оты-рып, біз ең əуелі жиһадтың ең алдымен адамның өз нəпсісін тəрбиелеу екендігін, өзін өлтірудің жəне де жазықсыз өзге жандарды өлтірудің исламда үлкен күнə саналатынын жастарымыздың жəне де бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың саналарына күн сайын сіңіруге тиістіміз. Еліміздің ертеңі, болашағымыздың тірегі саналатын жастарымыз аға буынның жанашырлық тəлімін дұрыс қабылдап, туған еліміздің игілігіне қызмет етуге күш салғаны абзал.

Өмірхан ҚОЗЫБАҚ,Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның директоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.

Мұстақым Білəлұлы Қазақ ауыл шаруашылығы институ-тын бі тірген соң Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол ко-митетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін «Жетісай құрылыс» басқармасының прорабы, өнді-рістік-техникалық бөлімінің бастығы, бас инженер, басқарма бастығы, 1958 жылы Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы қызметіне жіберілді. Мұнда ол өзін су-техникалық жə-не ирригациялық құрылыстар са-ласының жоғары маманы ретінде көрсете білді.

1961-1986 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ильич (қазіргі Мақтаарал) аудандық партия ко митетінің бірінші хатшысы, Оң түстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хат-шысы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбаса-ры, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, 1975 жыл-дан бастап 11 жыл бойы Орал об лыстық партия комитетінің бі рінші хатшысы қызметтерін атқарды.

Нар тұлға ел есінде ең алдымен табанды еңбегімен, табиғат тарту еткен талантымен, ерекше мінез-құлқымен қалған жан. Ол асқан өмір асулары өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи белестерінің айқын көрінісі іспетті.

Мұстақым ағамыз көзі тірі болғанда осы күні 90 жасқа келер еді. «Əттең...» деген өкініш жақ-сы адамдардың соңынан айты-латын тіршіліктің заңы емес пе? Мұстақым Білəлұлы да сондай тұлғалардың бірі.

Мен 1985 жылы көктем айын-да Мұстақым Білəлұлының партия жəне шаруашылық жұмыстары бойынша əріптесі, Шардара, Сары-ағаш, Киров аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшы-сы болған Əлжанов Дербіс Қал-дыбайұлымен бірге Оралға барып, облыстық партия комитетінің б ірінші хатшысы Ықсановтың қа был дауында болдым. Ол бізді жылы шыраймен қарсы алды. Арада жарты жыл өткенде мені Фурманов аудандық атқару коми-теті төрағасының орынбасары қызметіне шақырды. Ол жұмысты 3 жылдан астам уақыт атқардым. Жұмыс барысында абзал ағаның қадір-қасиетін танып білдім əрі тəнті болдым. Ол қандай да м ə-селені шешуде болмасын өзін өте сабырлы ұстайтын. Жастың да, жасамыстың да сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдай білетін. Ешқашан субъективизмге жол бер-мей, пендешіліктен бойын аулақ ұстайтын. Жиналыста бəрінің ой-пікірін мұқият тыңдап, тек соңында сараптап барып өзінің ең соңғы шешімін талқыға салмайтындай нақты етіп бір-ақ айтатын. Кез кел-ген мəселені объективті шешетін. Ол қандай талапшыл басшы болса, айналасындағылар да сондай іскер еді. Мұстақым ағамыз өз ісіне жан-тəнімен беріліп кететіндігі сондай, тəуліктеп жұмыс басында жүретін.

Кеңес Одағы кезінде Комму-нистік партия орталық, облыстық жəне аудандық комитеттері кадр-ларды іріктеу, орналастыру жəне тəрбиелеуге үлкен көңіл бөліп, қада ғалап отыратын. Мұстақым Білəлұлы бұл бағытта барын салып өзінен кейінгі жастарды үйретті,

принципшілдігімен іскерлікке, сауаттылыққа, əділдікке баулы-ды, қыз мет бабымен өсірді. Осы-ған байланысты бір мысал кел-тіре кетейін. Ресейдің Саратов ауыл шаруашылығы институтын бітірген Орал облысы Жаңақала ауданына қарасты бір совхоздың директоры қызметін атқарған Марат Ермановты Фурманов аудан дық партия комитетінің бі-рін ші хатшысы етіп бекітеді.

Сонда байқағаным, Мұстақым Білəлұлының өмірлік мектебінен өтіп, шыңдалған Марат Ерманов Фурманов ауданының ауыл шаруа-шылығын, мəдениетін, білімінің дамуына жіті көңіл бөліп, ол да қолынан келгенінше кейінгі жас буын кадрларын тəрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Аудан қарқынды өр-кендеп, жақсы нəтижелерге жетті. Міне, сол кезеңде М.Ерманов ту-ралы көпшілік қауым «ауданға қан жүгіртті» дейтін.

Мен Мұстақым Білəлұлының көзін көріп, мырзашөлдіктер игілігі үшін атқарған істің куəсі бол ған Беркінбаев Төлеген Қожа-бекұлымен сұхбаттастым. Ол Ташкент электр-техникалық инс-титутын бітірген. 1965-2001 жыл-дар аралығында ауданда байла-ныс саласында қызмет атқарды. Мұстақым аға туралы естелігінде тереңінен ойға бата отырып, бы-лай деді: «Мен оның бойынан тек жақсылықтың жаршысы бола білетін ерекше қасиетті көрдім. Оны алғашқы рет көргенім – 1965 жылы аудан көлемінде жұқпалы ауруларға қарсы төтенше жағдай бағытындағы оқу-жаттығу іс-ша расын ұйымдастырған кезі. Ауданда іскерлікпен қатар са-ламат тылықты, тазалықты талап ететін жан еді. Ол өте сабыр лы, бір-ақ кесіп сөйлейтін. Сол сөзімен нақтылы ойға нүкте қоятын. Қай жерде болса да оның абыройы үстем еді. Халыққа етене жақын-дығын танытты. Мұстақым туралы қаншама мақтап жазса да, соған тұрарлық азамат болатын».

Тағы бірде ауданда 42 жыл заң саласында қызмет еткен зейнет-кер Темешов Мəмет Омарұлына жолық қанымда: «Ықсанов Мұста-қым ұзын бойлы, əдемі жігіт еді. Шамасы, сол кездері 45-терде бо лар деймін. Бар жанын салып, Мырзашөлдің өркендеуіне өз үлесін қосты. Шаруашылыққа бейім ді адам. Ол өте мəдениетті, үл кенді үлкен деп, кішіні кіші деп сый лайтын», – деді нар тұлға ту-ралы.

Жаны жайсаң жанның қызы Гүлнəр Ықсанова бүгінде əке жо-лын қуып, еліміздің өсіп-өркен-деуіне өз үлесін қосып жүр.

Мен кезінде Мұстақым Білəл-ұлының өкшелес інісі болдым, қарамағында жұмыс істедім, ғұмырлық тəжірибемді сол кісінің іс-əрекеттерінен алдым. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облы-сы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның директоры қызметін 28 жылдан бері атқарып келемін. Білім сала-сында ағамыздан алған өнегенің арқасында əжептəуір нəтижеге де қол жеткізіп жатқан жайымыз бар. Былтырғы жылы түлектеріміздің 35-і «Алтын белгі» иегері атан-ды. Мен сол түлектеріміздің аға-мыздың ізімен жүрер азамат ата-натынына сенімдімін. Өйткені, біз Мырзашөлдің қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан тұлғаларды насихаттауды күн тəртібінен түсірген емеспіз.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы.–––––––––––

Суретте: М.Ықсановтың өмірлік жары Саида жəне қызы Гүлнəр.

Есімі елдің есінде Толғандырар тақырып

Айтулы азамат едіКөрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Мұстақым Білəлұлы ЫҚСАНОВ өмірінің маңызды кезеңдерінің бір бөлігі Мырзашөл жерімен байланысты. Сонымен қатар, ол кісінің жан жары Саида жеңгеміз – киелі Жетісай өңірінің қызы. Мұстақым ағамыздың жалындаған жастық шағы, албырт кезеңі Мырзашөлдің ыстық алқабында құрыштай шыңдалды.

Жўмаќ іздеп желікпе, туєан жеріѕ барындаШекара асып, ќарулы ќаќтыєыстар жїріп жатќан Таяу Шыєыс елдеріне барєысы келіп жїрген жастарєа айтар сґз

Кез келген діннің жоғары мағынасы адам мен адамзатты жоғалтып алған жетілу жолына қайтару болып табылады. Діннің тұтастығы елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.Сенатының депутаты.

Page 7: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 7

Топтаманы дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

● Дүние жəне дағдарыс

Заңсыз тасымалдың жаңа бағыты ашылмақ«ДӘУІР ҚАТЕЛІГІ» РЕТІНДЕ БАҒАЛАНҒАН САЯСАТ

Ливияның жағалау күзеті қызметі ішінде 600-ге жуық мигрант бар Еуропаға бет алып бара жатқан үш кемені ұстаған. Бұл туралы осы-нау солтүстікафрикалық елдің билігі хабарлап отыр. Босқындар Триполиден 45 шақырым жердегі елдің солтүстік-батысындағы Эз-Завия қаласы маңындағы суларда ұсталған.

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

ШАРАЙНАӘлем жаңалықтары

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

Ашық шекаралар ұстанымына наразылық

Наразылық акциясын полиция дереу тоқтатып тастаған. Оны басты ұйым дас-тырушылардың бірі – «Ұлттық демокра-тия» радикалды бірлестігінің төрағасы Адам Бартош қамауға алынған.

Үкімет Еуропа одағының Түркиямен келісіміне қолдау көрсете отырып, аза-маттарды бірнеше рет алдады. Соның ар-қасында босқындар Еуропаға өтіп кету мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл тіпті, Үкіметтің əрекетсіздігі немесе оның қабі-летсіздігінің айғағы емес. Бұл – отанды сату, ол үшін ең жоғары жаза қолданылуы тиіс, деп атап көрсеткен Адам Бартош ереуілшілер алдында сөйлеген сөзінде.

ГФР канцлері Ангела Меркельдің ми-грациялық саясаты көптеген еуропа лық

мемлекеттердің босқындарды интег ра-циялауға қатысты проблемаларға тап бо-луына байланысты қателік болып табы-лады. Бельгиялық саясаткер, Францияда кең танымал «Жаңа фламандтық альянс» оңшыл партиясының лидері Барт Де Вевер Шпигель журналына берген сұхбатында осындай пікір білдірген.

Ашық шекаралар саясаты – ол «дəуір қателігі», деп атап көрсеткен Де Вевер. Оның сонымен қатар Антверпен қаласының мэрі болып табылатынын да айта кету қажет.

Осы орайда АҚШ мемлекеттік хат-шысының бірінші орынбасары Хизер Хиггинботтомның Грекияға барып, жаңа мигранттарды тіркеу пунктінде болып,

жас босқындармен тілдесуді жоспарлап отырғанын да айта кеткен артық емес. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі хабарлаған. Одан соң ол Женеваға барып, БҰҰ Босқындар ісі

жөніндегі жоғарғы комиссары ұйым-дастырған кездесуде америкалық де ле-гацияға басшылық жасамақ. Ол кез десудің сириялық босқындарға арналатыны да белгілі болып отыр.

Африкалық бірнеше елден шыққандар болып табылатын мигранттар Еуропа құр-лығына үш үрмелі қайықтармен жетуге тырысқан. Дегенмен, Триполидегі про-ис ламистік үкіметке бағынатын жағалау күзеті қызметі оларды орта жолда қолға түсірген.

Осы орайда сəуірдің алғашқы аптасынан бастап мигранттарды Италия аумағы арқылы тасымалдаудың көздестіріліп отырғанын да айта кету қажет. Заңсыз тасымалдаушылар «балкан маршруты» деп аталатын бағыт жабылғаннан кейін босқындарды Еуропаға Жерорта теңізі арқылы тасымалдаудың жаңа жолдарын ұйымдастыруды жос-парлауда. Бұл туралы өздері жүргізген тексерулер нəтижелеріне сілтеме жасай отырып, немістің Frankfurter Allgemeine Sonntagszeitung газеті хабарлаған.

Балықшылар катерлері мен шағын

сауда кемелері арқылы тасымалдау түріктің Анталья курортынан, Сирия шекарасының жанындағы Мерсин қаласынан жəне Афи надан жүзеге асырылатын болады. Босқындар кеме халықаралық суларға жет-кенге дейін трюмде жасырынып отыру жө-нінде нұсқау алатын болады, деп жазады жоғарыда аталған басылым.

Кейбір тасымалдаушылар аптасына екі рейс жасауға ниеті бар екендіктерін білдірген, ал енді бір адам өз кемесіне 200-ге дейін босқынды сыйғызғысы келетінін айтқан, деп атап көрсеткен газет. Сапар 3 мыңнан 5 мың долларға дейін тұрып, Түр киядан грек аралдарына жеткізуге қарағанда едəуір қымбатқа түспек.

Дегенмен, бүгінде Еуроодақ жоспары бойынша Грекияға келгендердің Түркияға кері қайтарылатындығына байланысты босқындардың өзгедей амалдары да жоқ.

Жандармерия атап өткендей, тек өткен тəуліктер ішінде ғана жергілікті құқық қорғаушылар шамамен 30-шақ-ты заңсыз босқынды қолға түсірген. Олардың дені Эритрея елінен шық-қандар. Одан əрі Италияға кері қай тару үшін олардың бəрі де Ментон шек-ара лық полициясы қызметкерлеріне тапсырылған.

Көгілдір жағалау аумағындағы Фран ция-Италия шекарасы Африкадан Еуропаға келетін миграциялық ағын-дар картасында ең бір сезімтал нүк-телердің қатарына жатады. Бұл жерде шиеленіс жылдан-жылға арта түсуде. 2015 жылдың жазында мұнда келуші

мигранттар санының қауырт өсіп кетуі салдарынан гуманитарлық дағдарыс пайда болған еді. Ол кезде француз би лігі апта сайын Африкадан шыққан біржарым мыңға тарта заңсыз мигрант-ты ұстап, оларды Италияға кері қай-тарып отырды. Өздеріне деген осындай қарым-қатынасқа қарсылық білдірген босқандар Франциямен шекаралас Вентимилья қаласында наразылық ак-циясын жəне аштық ұйымдастырған болатын. Жергілікті тұрғындар болса, заңсыз қоныс аударушылардың бо-луы жергілікті экономикаға əсер етіп, Ривьера экологиясына нұқсан келтіреді деп шағым айтқан болатын.

Қолға түскен босқындар саны артудаТеңіз жағалауы Альпісіндегі француз департаментінің құқық қорғау органдары көршілес Италиядан Францияға келмек болған заңсыз мигранттарды барған сайын жиі-жиі қолға түсіруде. Бұл туралы өткен сенбі күні Италия шекарасына жақын орналасқан Ментон қаласы жандармериясының басшылығына сілтеме жасай отырып, АҒР хабарлаған.

Журналистермен əңгіме барысында Тернбулл үкімет уəдесінің осыншалық баяу орындалуын қауіпсіздік мəселесін сақтаумен байланыстырды. Біздің құқық қорғау ор-гандарымыз бен арнайы қызметтеріміз олар ды мұқият тексеруден өткізеді. Біз олар дың австралиялықтар үшін ешқандай қауіп төндірмейтініне көз жеткізуге тиіспіз. Біз бұған байланысты ешқандай кешірім сұрамаймыз, премьер-министрдің ең басты міндеті ең алдымен, біздің адамдарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп атап көр-сеткен ол.

Үкімет басшысы, сондай-ақ, өзі Брюс-сельдегі терактілерден кейін айтқан Еуропа елдері атына сыни сөздерінен бас тартпақ ниетте емес екенін де атап өткен. Еуропалық елдер үкіметтері сəтсіз немесе бей-берекет

интеграциялық үдерістер салдарын сезінуде. Оларға Сирия мен Ирактан содырлар ке ліп жатыр. Еуропада шекаралар борпылдақ, ал барлау жəне құқық қорғау органдары қауіп-қатерлер ауқымының өсуін тежеу-ге дəрменсіз болып отыр, деп мəлімдеген Терн булл.

Ол журналистермен болған əңгімеде өзінің Сиднейдегі сөзінің алдын ала қауіп-сіздік жөніндегі кеңесшілердің тексеруінен мұқият өткенін айтқан. Еуропадағы ахуал біздегіге қарағанда айтарлықтай өзгеше, деген ол. Австралияда Еуропаның көптеген елдеріне қарағанда анағұрлым табысты мультимəдениетті қоғам өмір сүреді. Бірақ кейбіреулердің оған күмəнмен қарайтын сыңайы бар сияқты, деп түйіндеген өз ойын премьер-министр.

Өткен сенбі күні Праганың орталығындағы Вацлав алаңында Чехияның мейлінше оңшыл ұйымдарын жақтаушылардың митингісі болып өтті. Оған 200-ден астам азамат қатысқан. Олар биліктен заңсыз мигранттарға қарсы қатаң шаралар қолдануды талап етіп, республиканың іс басындағы үкіметін исламдануға қолдау көрсетіп отыр деп айыптаған.

Австралия премьері кешірім сұраудан бас тарттыАвстралия премьер-министрі Малколм Тернбулл Таяу Шығыстан келетін босқындарды қабылдау мен орналастыруда кешеуілдеуге жол берді деп оның үкіметіне бағытталған айыпты теріске шығарды. Өткен жылдың қыркүйек айында Австралия билігі жалпы саны 12 мың босқынды қабылдап, оларға тұрақты тұрғын-жай беру жөнінде міндеттеме алған болатын. Дегенмен, өткен аптада бұл елдің небəрі 29 адамды ғана қабылдағаны белгілі болып шықты.

Пәкістандағы адам айтқысыз қасіретПəкістанның Лахор қаласында аса ірі террорлық акт жасалды. Қаладағы саябақта жасалған жарылыс салдары-нан, соңғы мəлімет бойынша, 71 адам көз жұмса, оның 25-і бала көрінеді. Бұл тура-лы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі хабар-лады. 300-ден астам адам жарақат алған.

Ауыр жараланғандар да көп секілді. Сондықтан, құрбандықтар саны арта түсуі ықтимал делініп отыр. Ал жарылысты жанкешті саябаққа кіреберіс жерде жасапты. Өйткені, билет сататын касса маңында кезек күткен адам көп болған. Лаңкестің қаза табатындар көп болсын деген мақсатпен əдейі сондай адамдар көп шоғырланған жерді таңдағаны аңғарылады. Алдын ала мəліметке қарағанда, терроршы 8-ден 10 килограмға дейінгі жарылғышты жарған. Жарылысқа жауапкершілікті «Талибанмен» байланысы бар «Джамаат-уль-Ахрара» лаңкестік тобы өз мойнына алыпты.

Пальмира қаласы азат етілдіЛондон қаласының мэрі Борис Джонсон Сирия əскерилері мен президент Башар Асадты Пальмира қаласын азат еткені үшін мақтап, мадақтады. Сондай-ақ, ол бұл үдерістегі Ресей мен пре-зидент Владимир Путиннің рөлін де атап өтті. Бұл туралы Британия астанасының басшысы «The Telegraph» газетіндегі өзінің бағанасында жазған.

Б.Джонсонның жазуынша, Асадтың да адам сүйер қылығы жоқ. Дей тұрғанмен, «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) делінетін қанішер топтың қаталдығы мен қанқұйлылығы секілді жауыздықты əлем əлі көзбен көрген жоқ. Осы себепті, Сирияның үкіметтік əскерлерінің жеңісіне амалсыз қуанасың. Лондон мэрінің пікірінше, «Ислам мемлекеті» секілді лаңкестік топтар жер бетінен түп-тамырымен жойы-луы тиіс.

Үндістанда жаңа зымыран сыналадыҮстіміздегі жылдың қыркүйек айын-да Ресей мен Үндістан бірлесіп жасаған BrahMos зымыранының авиациялық нұсқасы сынақтан өткізіледі. Бұл тура-лы BrahMos Aerospace консорциумының атқарушы директоры Судхир Кумар Миш ра мəлімдеді, деп хабарлады Ресейдің

«Новости» ақпарат агенттігі. Өткен жылдың наурыз айында Су-30 əскери ұшағының конструкция-

сына бірқатар өзгеріс енгізіліп, зымыран тасығыштың қуаттылығын арт-тыру көзделген болатын. Сөйтіп, Үндістанның аталған корпорациясының пайдалануындағы 42 Су-30 ұшағын қайта жаңғырту туралы шешім қабылданып отыр. Бұл үшін Үндістан тарапынан 1,1 миллиард доллар бөлінеді. BrahMos қанатты зымыраны Үндістанда Ресей тарапының қатысуымен жасалады.

Қысқа қайырып айтқанда:● Алжирде əскери тікұшақтың апаты салдарынан 12 адам

қаза тауып, 2-еуі жараланған. Алдын ала мəлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Алжир қарулы күштері штабының бастығы апат бойынша тексеру жүргізуді тапсыр-ды.

● Ағылшынның «The Independent» газеті Сирияның Пальмира қаласының азат етілуін үндемей қарсы алған АҚШ президенті Б.Обама мен Ұлыбритания премьері Д.Кэмеронды сын тезіне алды. Басылымның ұстанымынша, Еуропаны дірілдеткен лаңкестердің жеңілісіне үнсіздік таныту – мүлдем жараспайтын қылық.

● Ресейдің «Аэрофлот» əуе компаниясы Қазақстан Көлік жəне коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті тиісті рұқсат бергеннен кейін Қазақстанға ұшуларын қайта қалпына келтіретін болды. Тұрақты ұшулар рұқсат беру мерзімі аяқталған 26 наурыз күні түстен кейін тоқтатылған еді.

● Ресейдің Челябі облысында 6 жасар баланың анасы ұлым жұмаққа барады деген көрсоқырлықпен оны өлтіруге барған. Əйелдің сөзіне қарағанда, түнде ол балаң жұмақта болуы тиіс деген дауыстар естіпті-міс. Тексере келгенде, əйелдің марихуана қолданғаны белгілі болған. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалыпты.

Сегіз немере-жиені бар үміткерАҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп кезекті мəрте ата атанған. Бұл туралы «Ассошиейтед пресс» агенттігі хабарлады. Джаред Кушнермен неке-де тұрған мил лиардердің қызы Иванка Трамп өмірге үшінші сəбиін əкелген. Жалпы алғанда, бұл пре зиденттіктен

үміткердің 8-ші немересі екен.Иванка Трамп – кəсіпкер, фотомодель жəне жазушы көрінеді. Дональд

Трамптың бес баласының бірі. Ал Иванка Трамп өмірге бала əкелгендері үшін жұбайы Джаред Кушнер екеуі өте бақытты екендіктерін айтып отыр. Ал Кушнердің немен айналысатыны туралы бұл ақпаратта ештеңе айтылмайды. 69 жастағы Дональд Трамп екі рет үйленген. Алғашқы некесінен үш бала сүйсе, 45 жастағы екінші əйелінен екі баласы бар.

Турист тартудың жаңа амалыВьетнам билігі Ресейден туристер тартуға шешім қабылдады. Ол үшін ресейліктерге соғыс болған жерлерге экскурсия жасатпақ. Вьетнам туризм комитеті басшысының орынбасары Нгуен Куок Хангтың сөзіне қарағанда, Вьетнамдағы 60-70-жылдардағы соғыста КСРО үлкен көмек көрсеткен.

Сондықтан, дейді Нгуен Куок Ханг, соғыс болған жерлерді көздерімен көруге қызығушылық танытатын ресейліктер аз болмауы тиіс. Бұдан бөлек, Вьетнам ресейлік туристерге шығыс медицинасы бойынша қыз-мет ұсына алады. Туристер үшін 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Фукуок аралында аң-құстың 540 түрі бар Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ал ғашқы жəне жалғыз сафари-парк жұмыс істей бастаған. Шетелдіктерге осының өзі үлкен қызығушылық тудыратын жайт болса керек.

Кушанашвилиге Украинада орын жоқУкраинаның қауіпсіздік қызметі ресейлік журналист Отар Кушанашвилидің Украинаға кіруіне тыйым салды. Тыйым мерзімі – 3 жыл. Бұған дейін Украина Жоғарғы радасының депутаты Мұстафа Найем Кушанашвилиге қатысты осын-дай шара қолдану қажет деген тұрғыда

мəселе көтерген екен. М.Найем – Украина президенті Петр Порошенконың блогынан депу-

тат. Оның мұндай мəселе көтеруінің себебі, шетел азаматы бөтен мем-лекет – Украина премьер-министрінің ашық түрде ар-намысына тиген. Өзінің сөзіне айғақ ретінде М.Найем ресейлік журналистің телеарна эфирінен айтқан мына сөзін келтіреді: «Мен бармақшы болып отырған ел премьер-министрінің тек бір көз салысы ғана елдегі психопатия деңгейінің өте жоғары екенін білдіретін секілді».

Page 8: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz8

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Жыл сайын Наурыз мерекесі жəне 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай-ластырылып өткізілетін аталмыш фести-валь театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтауға, репертуар саясатындағы өзіндік ізденістерін, драматургия, ре-жиссер, актер өнерінің бүгіні мен ертеңін зерделеуге мүмкіндік береді.

Биылғы фестивальда алдымен Кіші залда əлем театрларында өте көп жəне əртүрлі интерпретациямен сахналанған «Медея» трагедиясы қойылды. Бұл Алена Қабдешованың өзіндік жұмысы болып табылады.

Фестивальдың салтанатты ашылуын-да театр директоры Ерлан Білəл сөз толғап, мереке ресми түрде КСРО халық артисі Асанəлі Əшімов қойған «Қаза мен жаза» спектаклімен басталды.

Сол сияқты, фестиваль байқауына қатысатын «Ай мен Айша» драмасы мен «Қаза мен жаза» криминалдық драмасы өткен маусымның премьералары бол-са, «Қоштасқым келмейді» (реж. Асхат

Маемиров) мен «Алмас қылыш» (реж.Алма Кəкішева) 90-шы маусымның көзайымдары.

Қалай десек те 90-маусым театр үшін толағай табыстармен басталды. Тараз қаласында аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінде М.Əуезов театры «Қилы жол» тарихи драмасын ұсынды. Тарихи-патриоттық тақырыптағы бұл алаңдық қойылым еліміздің сахна өнері тарихындағы ғана емес, рухани тəжірибесі тұрғысынан да аса сəтті мегажоба. Театр ұжымы Қыр ғызстанда өткен «ARD ORDO» халықаралық фестиваліне қатысқан «Қас қағым» (реж. Е.Нұрсұлтан) трагедиясы-мен Бас жүлде, Атыраудағы Р.Отарбаев атындағы халықаралық фестивальдан «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю.Ханинго-Бекназар) тарихи драмасымен қатысып, Бас жүлде алып қайтқан болатын.

Фестиваль күндері режиссерлер, ак-терлер мен көрермендер арасында кездесу өткізіледі. Көрмелер ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ.

Майталмандар марапатталды

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Таяуда Халықаралық театр күніне орай елордадағы Жастар театрында мерекелік шара өтті. Кешке Жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы орыс академиялық театры, Астана қаласы Көңілді тапқырлар мен Қуыршақ жəне «Наз» мемлекеттік би театрлары қатысып, көпшілік қауымға көтеріңкі көңіл-күй сый-лады. Бұл күні Астана қаласының театрлары сахна мен сахна сыртындағы қызықты сəттер, əдемі əуезді əуен, миниатюралар көрсетіп, бір серпілтіп тастады.

Бағдарлама барысында Астана қаласы əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев елордалық театр ұжымдарын төл мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен шабыт тіледі. Сондай-ақ, үздік актерлерге, театр саласының майталман маман-дары мен жеті театрдың əртістері елорда əкімі Əділбек Жақсыбековтің атынан арнайы Алғыс хаттармен мара-патталып, сыйлықтар табыс етілді.

Кеш соңында Астана қалалық мемлекеттік филар-мония сының шығармашылық ұжымы концерт берді. Сондай-ақ, театр фойесінде театрлар көрмесі өтті.

Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хат-шысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Əзербайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Моңғолия, Түрікменстан сын-ды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар, кезде-суде Түркия Премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мəдениет министрі Махир Унал болды.

Түгел түркі жұртының, Ұлыс тың ұлы күні – əз-Наурыз мере кесімен құттықтаған Түркия Пре зи денті:

«Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы құрылған күн нен бастап, түркітілдес халық тардың өнер мен мəдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Түркі дүниесіндегі бейбітқатар өмір сүру мəдениетінің қалып-тасуында елеулі орынға ие. Бұл ұйымның əлемдік беделі орасан зор. Сондықтан, ТҮРКСОЙ-дың атқарып отырған жұмыстарына мəн беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.

Биылғы жылы Наурыз мей-рамына арналған мерекелік шаралардың жоғары деңгейде

өтетіндігіне сенімдімін. Наурыз – көктемнің хабаршысы. Түркия-дағы бұл күн – бауырларды жəне туған-туысты біріктіретін мере-ке. Түркіні ғана емес, бүкіл адам-затты бейбітшілікке шақыратын күн. ТҮРКСОЙ ұйымдастырып отырған мерекелік іс-шаралары арқылы Наурыздың қасиетімен бірге бейбіт өмірдің сағынышын насихаттап келеді. Осылайша құрлықтар арасындағы көпірлерді салып, достық қарым-қатынасты күшейтіп отырады. 28 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне 1 сəуірде Вашингтон қаласында өтетін мерекелік шараның сəтті өтетіндігіне сенімім мол. Осындай игі шараның басы-қасында жүрген ТҮРКСОЙ Бас хатшысына жəне

ТҮРКСОЙ-дың жұмыстарын қолдап отырған барлық бауырлары-мызға алғысым шексіз,» – деп жү рек жарды тілегін жеткізді. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қа сейінов Түркия Президентіне ал-ғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан Түркияның 20-дан астам қалаларында Наурыз мейрамы-на арналған мерекелік шараларға «Сазген сазы» фольклорлық-этно графиялық ансамблі, «Тараз» триосы, «Томирис» халық би ан-самблінің бишілері, «Самрук» бишілер тобы қатысуда, – деп х а б а р л а й д ы Қ а з а қ с т а н н ы ң ТҮРКСОЙ-дағы өкілі М.Отарбаев.

«Егемен-ақпарат».

Кеш қонақтары əуелі орта-лықтың фойесінде Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана ұжымы жасақтаған «Дарынымен танылған тұлға» атты кітап көр-месімен танысты. Көрмеде жа-зушы Роллан Сейсенбаевтың шығармалары мен Халықаралық Абай клубы мен Роллан Сей-сенбаев «RS» Баспа үйінен шыққан кітаптар орын теуіпті. Ерекше атап өтерлігі, Роза Исатаева басшылық ететін аталмыш кітапхана ұжымы Роллан Сейсенбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш кітап шасын арнайы шығар-ған екен. Бұл кішкене тартуды кеш қонағы ерекше ілтипатпен қабыл алып, өз қолтаңбасын қал-дыр ды. Бұдан кейін облыстық тарихи өлкетану музейі кеш иесінің баспасынан «Ақ Жайық кітапханасы» сериясымен кі тап -тары шығып, ел алдында тұсауы кесілгелі отырған ақын-жазу шы-лардың жеке тұтынған заттары мен құнды жəдігерлерінен дайын-далған көрмемен де жинал ған қауымды құлағдар етті. Му зей жəдігерлерінің ішінен Жұбан Молдағалиевтің қалам са бы, Қай-рат Жұмағалиевтің баспа ма-шинкасы мен Ақұштап Бақ ты-герееваның тырнақалды өлең-дері жазылған қойын дəп тері жұртшылықтың ерекше қы зы-ғушылығын оятты.

Ұлыларды ұлықтап келе жат-қан тұлға Роллан Шəкенұлы өз сөзінде қазақ əдебиетінің алып-тары жөнінде тебірене сөз қозғап, олар дың мұраларын көздің қара-шығындай сақтап, кейінгі ұрпақ-қа жеткізудің, сонымен қатар таланттарды тірісінде қадірлеп, таң даулы шығармаларын тек Қа-зақ станда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де шығарудың

маңыздылығын атап көрсетті.– Біз ұлттық құндылық тары-

мыз ды, өз тарихымызды, «Мəңгілік Ел» атанған мемлекетімізді, əсіресе өлмейтін сөздің алтын сандығы – кітап арқылы көбірек ұлықтай алмақпыз. Кітапты шығарып қана қоймай, оқи да алуымыз керек. Ұрпақтарымыз оқи алуы керек. Сонда ғана елі үшін бəріне дайын нағыз патриоттар қалыптасады. Ал біз ең көп оқи тын елден ең аз оқитын елге айна лып бара жат қанымыз қынжылтады. Бұл келеңсіз үрдісті тоқтатып, жас-тар ды кітап қазынасына қызық-тыруымыз керек. Кітап оқитын жас армандауды үйренеді, сана-сы оянады, жүрегінде өміршең от лапылдайды, адам болуға тал-пынып, ізгілікке бауыр баса-ды, елдік қасиеттерді бойына сіңіреді. Сондықтан, адамзаттың көр кем ойының жауһарлары сақ-талған кітаптарды мұқият оқып, білімді қазақ болуға ұмтылу менің жастарға артқан аманатым бол-сын деп едім, – деген Роллан Шə кен ұлы одан əрі сөзін Қадыр Мыр за Əлінің өлең жолдарымен сабақтады.

– Көр болғыр көзге жас алмай,Жас алмай қалар қай кісі?!Үлкен бе едің қашаннан,Кішкене жұрттың қайғысы?!

... Қайсарлық жасап көрсек те,Көз жасы болмай құйылды.Көк аспан өзі бір сəткеҚаралы ту боп иілді...Қадыр Мырза Əлі ағамыз ұлы

Мұхаң – Мұхтар Əуезов дүние-ден өткенде сай-сүйегімізді сыр-қыратып осылай жырлаған бо-латын. Ал сол Қадыр Мырза Əлі ағамыздың өзі дүниеден өт-кен де осылай айта алған адам болған жоқ... Қазасына жиналған халықтың қарасы да аз болды...

Мұхтар Əуезов қандай ұлы жа-зушы болса, кешегі өткен Əбіш Кекілбаев та сондай деңгейдегі тұлға. Сол сияқты, Қадыр Мырза Əліні біз кеңінен насихаттап, құрметтей білуге тиістіміз. Осы орайда ақын атындағы орталық киелі орынға айналуы керек. Мұндай орталық əзірге республи-камызда жоқ. Сондықтан, барды қадірлеп, озық дүниелерімізді көрсете білейік. Бұл орталықта облыстық деңгейдегі емес, халық-аралық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылуы керек. Сонда ғана Қадыр ағамызды, қазақты əлем танитын, мойындайтын бо-лады, – деді жазушы.

Одан əрі Роллан Сейсенбаев пен облыс əкімінің орынбаса-ры Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы əкімінің қол-дауымен аталмыш баспадан «Ақ Жайық кітапханасы» серия-сымен жарық көрген Махамбет Өтемісұлының «Айналайын, Ақ Жайық», Жұбан Молдағалиевтің «Кісен ашқан», Қадыр Мырза Əлінің «Көкпар», Қайрат Жұма-ғалиевтің «Кие» жəне Ақұш-тап Бақтыгерееваның «Қайран, Қарлығаштар-ай» атты кітап-тары ның салтанатты түрде лен-тасын қиып, оны кітап иелері мен ав т ор лары ның отбасына тар-ту етті. Сондай-ақ, «АMANAT» журналының 2014 жылдың №1

Ақ Жайық өңіріне арналған саны да көрерменге таныстырылды. Жоғарыдағы аталмыш кітаптар облыстағы мəдени ошақтардың ұжымдары мен үздік ұстаздарға, талантты жастарға да салтанатты түрде табысталды.

Кеш барысында «Ақ Жайық-тың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева, «Ана сы бар адамдар ешқашан қартай-майды» деген əнге айналған бір ғана өлеңімен аты аңызға ай-нал ған Қайрат Жұмағалиевтің жары София Жұмағалиева, ақын Ғайсағали Сейтақ, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин жəне жас ақын Галина Самойловалар сөз алып, жылы лебіздерін жеткізді, жырла-рын оқып, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады.

Ақ Жайықта өткен кешке Ал -матыдан арнайы келген Қа зақ-станның халық əрті сі Ті лектес Мейрамов Р.Сей сен баевтың «Май-дан əндері» повесінің желісі бо-йынша қойылған моно спектакльді бір өзі орындап шы ғып, көрермен қауымға айрық ша əсер қалдырды.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ,журналист.

ОРАЛ.

Театр

100 Театр – халықты адамгершілік пен ізгілікке тəрбиелеудің аса маңызды құралы. Осынау ұлық өнердің тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы əрбір ұлттың, əр халықтың өмір- тұрмысымен, мəдениетімен тығыз байланысты. Сондықтан, бұл мерейлі датаны, яғни Театр күнін өз деңгейінде атап өту бас қаланың мəдени өмірінде де дəстүрге айналған.

Бұл күндері Алматыдағы М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында дəстүрлі «Театр көктемі–2016» фестивалі жүріп жатыр. Биылғы өнер думаны қазақ сахнасының көзі тірі көрнекті актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналған.

Руханият

Ўлыларды ўлыќтаєан

Тїркия президенті ТЇРКСОЙ-ды ќабылдады

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осындай тақырыппен Орал қаласындағы Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығында «Абай жəне ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, таны-мал жазушы-баспагер, аудармашы-драматург Роллан Сейсенбаевпен кездесу кеші жəне Халықаралық Абай клубы мен Роллан Сейсенбаев «RS» Баспа үйінің Жидебай баспасынан «Ақ Жайық кітапханасы» сериясымен шыққан жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарының таныстырылымы болып өтті.

22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мəдениетін дамыту ұйымы ТҮРКСОЙ-дың делегациясын Бестөбе сарайында қабылдады.

«Егемен Қазақстан».

Араша

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Тұрақты істеп келе жатқан жұмысынан бір күнде айыры лып қалған Жиенгүл редакциямызға арыз хат жазып, бұл қысқартудың тұрмысына ауыр тиіп отыр ған-дығын айтыпты. 2010 жылы «Жол жөндеуші компания» ЖШС-нің Бейнеу жол жөндеу жөніндегі дирекциясына жолсерік болып орналасқан Ж.Камалова аталған серіктестіктің Қызылордадағы филиалында міндетін біраз уақыт атқарып, 2014 жылдың нау-рызынан бастап Бейнеуге қай та ауыс тырылады. Оның айтуын-ша, 2015 жылдың 2 наурызын-да «Жол жөндеуші компания» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің филиалы болып та-былатын Бейнеу жол жөндеу дирек циясының басқарушы ди-ректоры оны шақыртып алып, қолына жолсеріктік қызметінен қысқарғаны туралы хабарлама-ны ұстатқан. Қызылорда филиа-лында жұмыс істеген кездерінде не ауызша, не жазбаша ескерту алмаған Жиенгүлдің күйеуі бұрын қайтыс болғаны, отбасының жалғыз асыраушысы екені жəне Альянс банктен алған несиесін сол жалақысымен жауып отырғаны еш ескерілмеген. Басында бас-панасы жоқ, балаларын осы қызметі арқылы асырап отырған жалғызбасты əйелдің мынадай ая-нышты тағдыры кімге болса да ой салардай. Осы тұрғыдан келгенде балалары үшін жанталасқан ана-ны тағдырдың тауқыметіне ите-ре салып, жұмысынан шығарып жіберу қаншалықты заңға да, адамгершілік қағидаттарына да саяды деп айта аламыз ба?

Жалпы, қазіргі таңда жұмыстан «қысқарып» қалған бір Жиенгүл ғана емес екенін статистика дерек-тері көрсетіп отыр. Мысалы, дағ-дарыс жайылған 2015 жылы 13,5 мың қазақстандық қысқартуға түсіп, жұмыссыз қалған. Бұл одан арғы жылмен салыстырғанда 3,7 есеге көп. Бұл нарықтың заңы. Осыдан əлемдік жағдайдың күрделене түсуінен Қазақстан нарығындағы өзгерістерді де бағамдауға болады. Жаңа Еңбек кодексінің қабылдануы да осы тығырықты мəселені жүйелі шешу мақсатынан туындағаны тағы белгілі. Optimum Recruitment & Executive Search компаниясын құрған Салтанат Əбілтаева биыл «Курсив» басылымына берген пікірінде, мəселе қысқартуда емес, қажеттіліктің болмауына орай жаңа қызметкерлерді жұмыс қа ал мауда дегенді білді ріпті. «Ком-паниялар жұмыс істеп жатқан қызметкерлерін өзара алмастыру арқылы оларға қосымша салмақ салып отыр. Сөйтіп, өздерінде барын пайдалануда. Бүгінгі таңда көптеген компаниялар үшін қыз-меткерлерін сақтап қалудың өзі – кəдімгідей жетістік», депті С.Əбілтаева өз сөзінде. Сарапшы бұл орайда қысқартуға, ең алды-мен, компаниялардың жас немесе жаңадан келген қызметкерлері тү-сіп жататындығын алға тартады.

Алайда, кейіпкеріміз Ж.Ка-ма лованың жағдайында ол бас-қаша сипат алған сияқты. Жиен-гүл өзінен кейін 2012-2013 жылы жұмысқа орналасқан өзге лер дің жолсерік қызметінен қыс қар-мағандығын айта келіп, мұның сыры неде деген заңды сауалын да келтіре кеткен. Шынында да, компания беделін ойлаған жан-дар бұндай алалауға бармаса ке-рек. Бұл орайда Ж. Камалова 2006 жылға дейін оралман мəртебесінде болғаны оның шетқақпайлануына да ешқандай негіз бола алмайды. Оның үстіне ол сол жылдан бас-тап Қазақстан Республикасының азаматтығын алған.

Ал Ата Заңымыздың бірінші

бабында адам жəне адамның өмірі ең қымбат қазына екені тайға таңба басқандай жазылып тұр. Осы Негізгі Заңымыздың 27-ба-бында неке мен отбасы, ана мен əке жəне бала мемлекеттің қор-ғауында болады делінген. Оған қоса Еңбек кодексінің 4-бабын-да адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу ерекше мəнге ие. Елімізде экономикалық қиындықтарға байланысты жұ-мыс орындары қысқарғанымен, жұ мыс шылардың өзге жерлерге ауыстырылып жатқаны, сондай-ақ жақында ғана жеңіске жет-кен «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында да жаппай жұмыссыздықты бол-дыр мау мəселесінен жұрт шы-лық жақсы хабардар. Сөз реті келгенде экономикалық қиын-дықтарға орай көптеген ком-паниялармен жұмысшыларды қысқартпау жөніндегі екіжақты меморандумдарға қол қойылды да. Соның нəтижесінде кейбір кəсіпорындар жұмыс уақытын қысқартты немесе жалақыларын төмендетуге мəжбүр болды.

Осы ретте Antal Kazakhstan рекрутингтік компаниясының директоры Анна Ковинскаяның пікірін бергенді жөн көріп отыр-мыз. Сарапшының пайымынша, қазіргі кезде елімізде көптеген жұмыс берушілер əліптің артын бағуда дейді. Штат саны ұлғаймай, тек қызметкерлер орын ауыстыру-да көрінеді. Ал шетелдік компа-ниялар болса жаңа қызметкерлер алуды тоқтатып, барларын ұстап қалуға тырысуда.

Қазақстан Республикасы Ста-тис тика агенттігінің келтірген деректеріне қарағанда, 2016 жылғы ақпандағы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраған. Егер осыдан екі жыл кейінге шегінер болсақ, қайтадан сол санға кезігеміз. 2014 жылы жұмыссыздық дең-ге йі экономикалық белсенді ха-лық санына 5,1 пайыз болып-ты. Тарқатып айтқанда, 2014 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны 463,4 мың адам деп шама-ланған. Жұмыспен қамту орган-дарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы шілденің соңына 59,2 мың адам-ды немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6 пайызын құраса, жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызына жетіпті.

Əрине, статистика мəліметтері өмірдің шындығымен қанша-лық ты ұштасып жатыр деп айта аламыз? Өйткені, шынайы өмір-дегі жұмыспен қамту мен жұ-мыс сыздық деңгейлерінің ара-сындағы сəйкессіздіктер туралы Парламент қабырғасында бірнеше рет айтылды да. Сон дай-ақ, оны күнделікті ресми мəліметтермен жұмыс істейтін лауазымды тұлға-лар ғана емес, сарапшылар да ашық айтып жүр. Солардың бірі Мемлекет-жекеменшік əріп тес тігі орталығының сарапшы сы Жанар Шурекенова. Ол өзі нің Tengrinews агенттігіне бер ген мəліметінде, еліміздегі жұмыс сыздардың саны бес па йыз деген көрсеткішпен келіс пей тін дігін жеткізіпті. «Қазақ-станда тоқсан сайын жұмыспен қамту мен жұмыссыздар деңгейі зерттеледі. Статистикалық мəлі-мет тер сұрау салу барысында таңдау тəсілі мен анықталады. Байқау бірлігі – үй шаруашылығы жəне онда тұрып жатқан 15 жастан жоғары жандар. Сұхбат берушілер соң ғы төрт аптада жұмыс іздеу жөнін дегі сұраққа жауап береді. Мұн дай қадам жағдайды толық ашып көр сет пейді. Сұхбат ауа-ны шы найы жауап қа құрылмауы мүмкін», депті.

Ауласында бірнеше малы не-месе бақшасында азын-аулақ көкөнісі бар ел азаматтарының

əрбірі жұмыссыз емес деп сана-лады екен. Келтірілген дерек-терге қарағанда, 2014 жылы ел тұрғындарының: ерлер (16-62 жас) жəне ал əйелдер (16-57 жас) саны 10700389 адамды құраған. Ал Ұлттық банктің сол жылдың 1 қаңтарындағы мəліметі 9 449 901 адам міндетті зейнетақы ау-дарымдарын жасап отырғандығын көрсетеді. Арадағы айырмашылық – 1250448 адам.

Біз жоғарыдағы статистикалық мəліметтерді келтіру арқылы елі міздегі жұмыссыздық дең-ге йін анықтаудың тəсілі əлі де же тіл діруді қажет ететіндігін мең з еп отырмыз. Елімізде анау айтқандай, жұмыссыздық мəсе-лесі түбегейлі шешілген деген ақпараттарды үнемі баспасөз бен теледидардан көріп келе жатқан Жиенгүл сияқты жалғызбасты аналар дəрменсіз жағдайда қалмауы тиіс. Заң бойынша еңбек жағдайларының өзгеруіне сəйкес жұмыскерлердің санын немесе штатын қысқартуға тура келер болса, онда жұмыс берушінің жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында толық емес жұмыс уақыты режімін енгізуге құқығы бар екендігін де қаперге сала кеткен жөн. Жиенгүлдің сұрап отырғаны да осы, жоғары жақ түсіністік танытса деген ниет. Бұл ретте Еңбек кодексінің 53-бабы бойынша еңбек шар-тын жұмыс берушінің баста-масы бойынша бұзу тəртібі де айқындалғандығын айта кеткен орынды. Дей тұрғанмен, Еңбек кодексінің 54-бабында еңбек шартын жұмыс берушінің баста-масы бойынша бұзу мүмкіндігін шектеу қарастырылғандығын да естен шығармаған жөн. Онда екінші тармақта былай делінген: «Жұмыс берушіге жүктілік ту-ралы анықтаманы ұсынған жүктi əйелдермен, үш жасқа дейiнгi ба-лалары бар əйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тəрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар са-натын анасыз тəрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2 жəне 3 тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс беру-шінің бастамасымен еңбек шар-тын бұзуға жол берілмейді».

Бұл орайда, прокуратура ор-ган дары мен кəсіподақ ұйым-дары ның араласуымен қаншама аза мат өз жұмыс орындарын сақ тап қалғандығы өз алдына əң гіме. Прокурорлардың арала-суымен 2010 жылдан бері жұмыс берушілер қарыздары 4,6 мил-лиардтан 623 миллион теңгеге дейін, яғни 7 есеге қысқарған. Ал биыл жыл басынан бері 40 проблемалық кəсіпорындағы 668 миллион теңге көлеміндегі қарыз толығымен өтелген. Орайы келгенде кейбір кəсіпорындарда жұмысшылардың кəсіподақтарға кіруіне мүдделілік танытылмай келе жатқанын да айта кету ке-рек. Жаңа Еңбек ко дексі қазір бұл мəселені жүйелі ше шу ге мүмкіндік беріп отыр.

Қорыта айтқанда, жалғызбасты əйел дің басындағы ауыртпалық мемлекетіміз үшін үлкен сын. Бұл жалғыздың емес, осындай ондаған немесе жүздеген жан-дар дың жанайқайы деп қабыл-даған жөн. Соған үлес қосып отырған «Жол жөндеуші компа-ния» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы болып табылатын Бейнеу жол жөндеу дирекциясының басшылары ой-ланар. Өйткені бұндай əрекет заңдылыққа, мемлекет саясаты-на, жалпы адами құндылықтарға қаншалықты сай келеді дейміз. Себебі, еліміздің əрбір адамы ең қымбат қазына екенін ұмыт-пағанымыз орынды.

Жалєызбасты əйелдіѕ жанайќайы

Əлемде шикізатқа деген сұраныстың азаюы экономикасы əлсіз елдер үшін небір қиындық туғызатыны айдан анық. Оның үстіне сол шикізатқа де-ген баға да төмендеп жатыр. Ал бұның салдары еңбек қатынасына салқынын тигізбей қоймайды. Осыған орай еліміздегі кейбір ұйымдар жұмыс уақытын қысқартып, еңбек ұжымын сақтап қалса, қайсыбір қызметкерлерін ұзақ демалысқа жіберіп жатқаны тағы шындық. Бірақ, солардың ішінде бірден мүлде қысқарып жатқандары да бар. Сондай қысқартуға түскендердің бірі Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғыны Жиенгүл Камалова.

жасаєан актриса Хабиба апай

Page 9: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 9

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – қағида) сəйкес жүзеге асырылады.

Аукцион 2016 жылғы 15 сəуірде Ас-тана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан əрі – тізілім) өткізіледі.

Аукционға бағаны төмендету əдiсiмен мына объекті қойылады:

1. Ұйым атауы: «Баспалар үйі» АҚ.Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан

Республикасы, Алматы қ., Бостандық ау-даны, Абай даңғылы, 143.

Қызмет түрі: бұқаралық ақпарат құралдары, баспа жəне полиграфия сала-сында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Баспа өнімдерін шығару, сатып алу жəне сату. Баспа өнімдерін, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа тех нологиялары мен нысандарын жетіл-діру, енгізу, əзірлеу.

Сатылатын акциялардың мемлекет-тік пакетінің мөлшері, жарғылық капи-талдан % жəне акциялар саны: 100 %, 533 557 жай акция.

Бастапқы баға: 2 066 777 845 теңге.Ең төменгі баға белгіленбейді.Кепілдік жарна: 63 630 000 теңге.Ескертпе: «Азаматтық қорғаныс тура-

лы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 3-тармағына сəйкес иеліктен шығаруға жатпайтын алаңы 300 шаршы метр азаматтық қорғаныстың қорғану үй-жайы (бомбадан паналайтын жер) бар. Сонымен қатар, аталған Занның 23-бабы-ның 6-тармағына сəйкес азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған не-месе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін əзірлікте ұстап тұру жəне нысаналы пай-далану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тап-сырмалар азаматтық қорғаныс объек тілері мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне өтеді.

Бағаны төмендету əдiсiмен аукцион өткізу тəртібі

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді.

Аукцион жекешелендіру объек тісінің бастапқы құнын аукцион залында автомат ты түрде орналастыру жолы-мен сауда-саттықты өткізу тура лы хабарлама да көрсетілген Астана қала-сының уақыты бойынша баста лады:

1) егер аукцион басталған сəттен бас-тап екі минут ішінде қатысу шылардың бірде-біреуі аукционда же кешелендіру объектісін сатып алу ние тін растамай-тын болса, жекеше лен діру объектісінің бастапқы бағасы қағиданың 46-тармағына сəйкес белгі лен ген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ние-тін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекеше-лендіру объектісін сатып алу ниетін бі рін ші болып растаған қатысушы бағаны төмендету əдісімен аукцион жеңімпазы болып таны-лады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады.

Аукцион өткiзу кезiнде жекешелендiру объектi сiнiң бастапқы бағасы жекеше-лендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Егер аукционда бағаны төмендету əдi сiн қолдана отырып өткізілген аук-цион аяқталатын сағат 17.00-де аукци-он жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аук-цион өткізілмеді деп танылады.

Əрбір сатылған жекешелендіру объек-тісі бойынша аукцион нəтижелері аукци-он нəтижелері туралы электрондық хат-тамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-пор талында қол қояды.

Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен са-тып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен баста-лады жəне 2016 жылғы 15 сəуірде сағат 08.00-де аяқталады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкес-

тендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкес-тендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екін ші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық ме-кенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгер-ген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішін-де тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған объек т бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталынан 25%-дан астам мемле-кетке тиесілі акцияларды сату кезінде – сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді тіркеу үшін акционерлік қоғамдар акция-ларының мемлекеттік пакеті сауда-сат-тыққа қойылатын акционерлік қоғам осы

сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген акционерлік қоғамның акцияларына ие емес екендігін растауы тиіс, ал жеңімпаз қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабар-ламаның жариялану сəтінде) үзінді-көшірмені ұсынады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжат тардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың не-месе жеке тұлғаның жеке басын куəлан-дыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының не-месе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдерінде нотариат куəлан-дырған аудармасы бар құрылтай құжат-тарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

Аукционның жеңімпазы сатушыға са-тып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұс-қаларын не нотариатта куəландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыс-тырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мынадай деректемелерге енгізіледі: ЖСК KZ529261501102032004, « Қ а з к о м м е р ц б а н к » А Қ - т а , Б С К KZKOKZKX, төлем мақсатының коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.

Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бой-ынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында

болуы тұрғысынан автоматты түрде тек-серу жүргізеді.

Қатысушының қағиданың 28 жəне 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы ха-барламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында арнайы тран-зиттік шотқа кепілдік жарнаның түскені ту-ралы мəліметтер болған жағдайда, тізілім-нің веб-порталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асы-рады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тек-серу нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабыл-дау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Тізілімнің веб-порталы аукционға қаты-су үшін электрондық өтінімді кері қай-тарған қатысушының аукцион нөмірін сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын жояды.

Осыған байланысты, арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті өтінім бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешік тірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынымын жасайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Астана қ., Жеңіс д-лы, 11, 905-ка-бинет.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында қарауға болады немесе 8 (7172)717184, 717189, 717280 телефондары арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Кеңсенің қызмет кері Эльмира Аманбергенқызы Есмақановаға орны толмас ауыр қайғыға ұшырауына –

ƏКЕСІНІҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары мен аппаратының қызметкерлері Сенат аппаратының бөлім меңгерушісі Марат Сұлтанұлы Уақпаевқа анасы

Ахылима Шакарқызы УАҚПАЕВАНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы көрнекті жазушы-дра-матург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, басылымның белсенді авторы Дулат Исабековке ағасы

ПƏРМЕННІҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Аманжол Жомартұлы Жақановқа зайыбы

Айжан Женжерикқызы ЖАҚАНОВАНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Жамбыл облысының əкімдігі мен мəслихаты облыс əкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқтарұлы Масалимовке

ƏКЕСІНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ақпараттық жəне есептеуіш технологиялар институтының ұжымы Қазақ ауыл шаруашылығын механикаланды-ру жəне электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Сейітқазы Асылсейітұлы Кешуовке ұлы

Серік СЕЙІТҚАЗЫҰЛЫНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып шын ниет тен көңіл айтады.

Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» РМК ұжымы Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру жəне электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Сейітқазы Асылсейітұлы Кешуовке ұлы

Серік СЕЙІТҚАЗЫҰЛЫНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы əлеуметтік даму жөніндегі проректордың орынбасары – студенттер қалашығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Əбдіқахар Əнуарұлы Сейітжановқа анасы

НЕСІБЕЛІ апайдыңқайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл ай-тады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылымның хат секторының меңгерушісі Берік Садырға туған қарындасы

Алқа ƏКІМҚОЖАҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2016 жылғы 29 сəуірде өткізу туралы

ХАБАРЛАМАҚазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тəуелсіздік

даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан əрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 25 наурызындағы шешімімен (№ 3 хатта-ма) шақырылып отырған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан əрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетіндігін хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 29 сəуірде 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 29 сəуірде 9 сағат 00 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куəлігін немесе жеке басын куəландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.

Жеке тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері белгіленген тəртіпте рəсімделген сенімхатты жəне өкілдің жеке басын куəландыратын құжатты көрсетуі қажет. Заңды тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты жəне өкілдің жеке басын куəландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тіркеушіге өткізуі тиіс.

Егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куəландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сəйкес акционердің атынан сенімхатсыз əрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мəселелер бойынша дауыс беруге жəне Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді.

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жəне онда да-уыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-тың дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жи-налысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцио-нер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жəне онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылғы 25 сəуірде жасалады.

Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала əзірленген күн тəртібі:

1. Жылдық қаржылық есептемені бекіту жəне 2015 жылғы 31 желтоқсанмен аяқталған жылға «KEGOC» АҚ-тың дивидендтерін төлемеу туралы шешім қабылдау туралы.

2. Акционерлердің «KEGOC» АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекетіне қатысты өтініштері жəне оларды қарау қорытындылары туралы.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2016 жылғы 8 сəуірден бастап сағат 9:30-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-тың www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары бойынша, сондай-ақ өткізілуіне байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 491; 690 298, 690 297 телефондары арқылы немесе www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 3 мамырда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 3 мамырда 9 сағат 00 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Джумаханова Жанат Кожамуратовнаның атына 14.07.2010 жылы берген №ЖБ-Б0019191 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

«KEGOC» АҚ 2016 жылғы 26 сəуірде 11.00 сағатта қызметті тұтынушылар мен өзге мүдделі адамдар алдында жыл сайынғы есеп

беру жөнінде тыңдау өткізеді.

2015 жылы «KEGOC» АҚ реттелетін мынадай қызмет түрлерін көрсетті:

- өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын жеткізу;- желіге босатуды техникалық диспетчерлендіру жəне электр энергиясын тұтыну;-электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.Тыңдау Астана қ., Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша

1-қабаттағы конференц-залда өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау жəне қада-ғалау комитетінің «Республикалық ветери нарлық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының Ор-талық филиалы (БСН 010241002793) өзінің ерікті таратылғандығы туралы хабарлайды. Азаматтардың жəне заңды тұлғалардың талап-шағымдары жұмыс күндері мына мекенжайда қабылданады: Астана қ., Дулатов к-сі, 187/3, тел. 8-7172-408125 немесе Көкшетау қ., Куйбышев к-сі, 112, тел. 8-7162-781193, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау жəне қада-ғалау комитетінің «Республикалық ветери-нарлық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқы ғындағы республикалық мемлекеттік кəсіп орнының Жезқаз ған өңірлік филиалы (БСН 010341001828) өзінің ерікті таратылғандығы туралы хабарлайды. Азамат тардың жəне заңды тұлғалардың талап-шағымдары жұмыс күндері мына мекенжай-да қабылданады: Жезқазған қ., Балочная к-сі,16, тел.: 8-7102-761202 немесе Қарағанды қ., Дубовская к-сі, 42, тел. 8-7212-440184, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде.

Центральный филиал республиканского госу дарственного предприятия на праве хо-зяйственного ведения «Республиканская вете-ринарная лаборатория» Комитета ветеринар-ного контроля и надзора Министерства сель-ского хозяйства Республики Казахстан (БИН 010241002793) сообщает о своей добровольной ликвидации. Претензии от граждан и юридических лиц принимаются в рабочие дни и время по адресу: г. Астана, ул. Дулатова, 187/3, тел. 8-7172-408125 либо г. Кокшетау, ул. Куйбышева, 112, тел. 8-7162-781193, в течение двух месяца со дня опубликова-ния данного объявления.

Жезказганский региональный филиал республи-канского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканская вете-ринарная лаборатория» Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяй-ства Республики Казахстан (БИН 010341001828) со-общает о своей добровольной ликвидации. Претензии от граждан и юридических лиц принимаются в рабочие дни и время по адресу: г. Жезказган, ул. Балочная,16, тел.: 8-7102-761202 либо г. Караганда, ул. Дубовская, 42, тел. 8-7212-440184, в течение двух месяца со дня опубликования данного объявления.

Хабарландыру«Құрылыс» акционерлік қоғамы атқарушы органның атауы Маханов Султанбек

Калдыбаевич, атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Қызылорда обл., 120001 Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, № 1. «Құрылыс» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі «Құрылыс» акционерлік қоғамының жылдық жалпы акционерлер жиналысын 2016 жылдың 29 сəуірінде сағат 10.00-де Қызылорда обл., 120001, Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, №1, акционерлік қоғамның ғимаратында өткізілетінін хабарлайды. Жиналыстың күн тəртібі:

1. Қоғамның 2015 жылдың жылдық қаржылық есептемесін бекіту.2. 2015 жылдың аудиторлық есептілігін бекіту.3. 2015 жылға дивидендтер төлеу туралы.4. 2016 жылға қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;5. «Құрылыс» АҚ Директорлар кеңесі құрамына өзгерістер енгізу;6. Директорлар кеңесінің шешімдерін бекіту.Жылдық жалпы акционерлер жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің

тізімі 2016 жылдың 7 сəуірінде жасалады.Акционерлерді тіркеу 2015 жылғы 29 сəуірде сағат 8.30-дан 10.00-ге дейін жиналыс

өткізілетін жерде өтеді.Акционерлер күн тəртібіндегі мəселелер бойынша құжаттармен Қызылорда обл.,

120001, Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, № 1 мекенжай бойынша 2016 жылдың 19 сəуірінен бастап таныса алады.

Кворум жетпей қалған жағдайда қайталама жиналыс 2016 жылғы 30 сəуір күні жергілікті уақытпен сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген күн тəртібі бойынша Қызылорда обл., 120001, Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, № 1, акционерлік қоғамның ғимаратында өткізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектісін сату

бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды

Шаруашылық қатысу шылары – Зайсан көлінің жаға ла у ында орналасқан Күршім ау-данына қарасты Балық шы ауылдық округінің Аманат, Ақсуат, Жолнұсқау жəне Тарба-ғатай ауданының Тұғыл ауыл дарының тұр-ғындары. Осылайша жаңа өндіріс орны ау-дан тұрғындарының қатысуымен 2013 жылы ашылды. Балықты кешенді өңдеу зауытының заманауи технологиялы құрал-жабдықтары сатып алынды. Жаңа жүйеге көшуді қалаған кəсіпорын инвесторлары зауытқа Еуропалық одақтың талаптарына сай келетін жоғары қуатты германиялық-ресейлік тоңазытқыш құралдарын алып келді. Балық өнімдерін 40-45 градусқа дейін қатыра алатын жаңа құралдардың 20 жылға дейінгі сапа кепілдігі бар. Сондай-ақ, Санкт-Петербургтен кел-ген білікті технологтардың көмегімен жаңа өндіріс жүйесі жолға қойылып, іске қосылды. Орналасқан жері не орай, кəсіпорынға аудан орта лы ғындағы Төретоғам атты көне тоған-ның атауы берілді. 2014 жыл дың көктемінде кəсіпорын ғима раттары толығымен күрде-лі жөндеуден өтті. Шетел нары ғын игеру мақсатында Қазақ вете ринарлық инспек-циясы, Кеден одағы елдері бойынша Ресей Федерациясының ауыл шаруа шылығын бақылау қызметі мен Еу роодақтың Франция, Италия, Гер мания, Швейцария елдерінің ма-мандарынан құралған комиссия сарапшы-лары өнім өңдеудің еуропалық сапа стан-дарттарына сəйкестігін тексерді. Осы ау-дит тік жұмыстың нəтижесінде зауыт өнімі еурокодқа ие болды. Бұл – халықаралық нарыққа «Төре тоғам» өнімі тоқтаусыз кіреді деген сөз. «Төретоғам» брэнді қазір Еуропа нарығына жол дама алып, жылына 500 тонна көк серке сүбесін Литва, Германия, Дания, Белгия, Норвегия елдері мен Қытайдың Бейжің қаласына тасымалдауда. Бұл елдер-мен үш жылға бекітілген келісімшарт бар.

Нұрлан Қасымханов Қытайдың Сары теңізінің жағалауындағы Чин дау портты қаласында өткен халық аралық аквамəдениет көрме сіне қатысып, «Төретоғам» өнім дерін таныстырғанын жеткізді. Жалпы, Қытай елімен 1 мың тон наға дейін балық өнімдерін өткізуге келісімшарт жасалып, бүгінде дайын өнім Майқапшағай кеден бекеті арқылы тасы-малдануда. Қытай əлемде балық экспорттау-дан алғашқы орында болса да, мил лиардтар елінің «Төретоғам» өні міне сұраныс білдіруі бекер емес.

– Бүгінде бүкіл əлемде балықты арнайы акваторияларда өсіреді. Ал біздің өніміміз

экологиялық таза табиғи ортада – Зайсан көлі нен ауланатындықтан, сапасы жағы нан əлемде жоғары бағаға ие бол ды. Сондықтан, біз алтынға баға ланатын балығымызды аулау-дан бұрын оның өсуін, сақталуын да ойласты-руымыз керек, – дейді кəсі порын жетекшісі. – Əлбетте, ата-бабасынан бері балық шаруа-шылығымен шұғылданып келе жатқан жағалаудағы тұрғындар көлдің жағдайын жетік біледі. Олар бір күндік пайда ойлаған браконьер лерге қарағанда, көлге қамқор. Елі мізде уылдырық шашар мез гілде 45 күнге дейін балық аулауға тыйым салынған. Көксер ке 300 мың дана мөлшерінде уыл-дырық шашады. Табиғаттың теңдігі де сонда, көксеркенің аталығы уылдырықты шаяндар мен құстардан сақтау үшін жағалауда қалып, «күзетеді». Уылдырықтың 20-30 пайызының сақталуының өзі балықтың өсіміне жол ашады. Осыған орай, зауыт басшылығы балықты қолдан өсіруге көңіл бөліп отыр. Мəселен, ТМД елдерінде көлемі жағынан үштікке енген Күршім ауданындағы балық питомнигі жəне уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашылығына 2 миллион теңге аударып, балық өсіруге тапсырыс берді. Сонымен бірге, Алматы облысындағы Шілікті тоған шаруашылығымен жасалған келісімшарт негізінде 15 миллион теңгеге 700 мың дана дөңмаңдай, ақ амур құртшабақтары Бұқтырма су қоймасына жіберілді. Бұл балық түрлері көл санитарлары іспетті. Яғни, жағалаудағы қоға-қамысты жеп, тазарту арқылы көксерке сынды жыртқыш балықтарға жағымсыз əсер ететін ластанудан сақтайды. Уылдырық шаруашылығында Кеңес өкіметі кезінде тұқы, сазан өсірілгенімен, көксеркені өсірудің ғылыми негіздемесі жасалмаған екен. «Төретоғам» зауыты осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қытай лық əріптестермен көксерке аквамə дениетін енгізу жобасын жүргізуді жос парлап отыр. Соңғы жылда-ры балықшы елді мекендер тұрғындарының көмегімен жаға лауды тазалау жəне аэрация жұ мыстары дəстүрлі түрде жүргі зіле баста-ды. Аэрация дегені міз – қыстыгүні суда ауа болуы үшін мұзды тесіп, ойық қа қамыс түсіру жүмыстары. Одан бөлек, көлшіктердегі құрт ша бақ тарды құтқару, айдынға жіберу жұмыстарына көңіл ау дарыл ды. Сондай-ақ, «Төрето ғам» бас шылығының шешімі-мен балық шылар тойын ұйым дастыру қол ға алынды. Оған балық шылармен бірге басқа сала маман дары, көрші аудандардан қо-нақтар келіп, көптеген спорт тық сайыстар өткізіледі. Қыстың ая зында, жаздың аптабын-да толқынмен алысып, теңіз кешіп жүретін

балықшылар қауымы бұл тойда бір серпіліп қалады.

«Төретоғам» – аз уақытта 36 қазақстандық компанияның ішінен оза шауып, онжылдық лицензияға ие болған кəсіпорын. Тендерден ұтқан ұзақмерзімді балық шаруашылығы акваториялары Тұғыл, Жолнұсқау, Аманат ауылдарының тұсында орналасқан. Облыс əкімінің қаулысымен бекітіліп, жылы-на 2200 тонна балық аулауға рұқсат алған кəсіпорынға қойылатын талаптар жетерлік. Мəселен, төретоғамдықтар табиғатты пай-даланушы ретінде жылына бюджетке 50-60 миллион теңге төлемақы құя бастады.

Қазіргі кезде кəсіпорында жоғары сұра-нысқа ие көксерке мен сазаннан басқа табан, нəлім, шортан, алабұға балықтары өңделеді. Ең бастысы, зауытта балық ресурстарын қалдықсыз өңдеуге жете мəн беріліп отыр. Осы ретте балық сүбесі ғана емес, қыл аяғы қалдықтарынан құс фабрикаларына қажетті құнарлы балық ұнын əзірлеу жолға қойылған. Бүгінде «Төретоғам» əзірлеген балық ұнына Астана, Өскемен мен Семей қалаларындағы құс өнімдерін өндірушілер тұрақты тапсырыс беріп отырса, соңғы кезде ресейлік тарап та қызығушылық таныта бастады. Бұл зауыт аумағына балық шикізатын қабылдаудан дайын өнім болып шыққанға дейінгі өндіріс жүйесін қайта қарауды қажет етті. Яғни, балық тиелген көлік зауыт аумағына кірерде толығымен санитарлық тазалаудан өтеді. Қоршаған ортаға зиян келтірмеудің барлық қадамдары ескерілді. Зауыт жұмысшылары да санитарлық тазалықты қатаң сақтайды. Бұл ретте кешенді өңдеу цехында барлық қажетті жағдайлар жасалғанына куə болдық. Кəсіпорын цехының өндірістік қуаты 1020 тонна балықты салқындату мен мұздатуға жəне сақтауға жетеді. Сүбе өндіру цехы тəу-лігіне – 14, балық қақтау цехы – 15, балықты тұтас күйінде өңдеу цехы – 10, балық ұнын əзірлеу цехы 10 тонна шикізатты өңдеу қуатына ие. Ал балық аулау флотында 46 техника жұмыс істейді. Негізгі өндірісте 100-ге жуық адам еңбек етсе, көл аумағында 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыт цехы толық қуатында жұмыс істеуге көшкен кез-де 300-ден аса адам жұмыспен қамтылмақ. Ха лық аралық хабқа қосылу мақса тында за-уыт өнімдерінің марке тингтік жоспары мен логис ти калық орталықтарын құру тəрізді ұзақ мерзімді стратегиялық бағдар ламалар да қарастырылып отыр.

«Қазақ балық шаруашылығы қауым-дастығы» ұйымының бас қарма мүшесі ретінде Нұрлан Есімханұлы кəсіпорынның

кешенді даму бағдарламасы мен мəселелері республикалық деңгейде көтеріліп отыраты-нын жеткізді. Айталық, биоалуандылықты сақ тау. Қа ра пайым мысал: көксеркенің негізгі жемі – табан балығы. Егер, кəсіп көзі ретінде көк сер кені өсірсе, су қой ма сындағы басқа да жырт қыш балық тарға қауіп төндіретін көрі неді.

– Зайсан – үлкен ауқымдағы аквамəдениет, тағамы асып-төгілген қазан іспетті. Өйткені, су қоймасының жоғарғы жағында Қара Ертіс болса, төменгі жағында Бұқтырма су электр стансасы бар. Айдынның үстінен қарасаңыз, қара жасыл болып жалқынданып жатады. Бұл – балықтың мол кездесетін табиғи жемінің қоры. Табиғи ортасы тамаша болғандықтан, балықтың өсуіне барлық мүмкіндік бар. Бірақ, балыққа төнер қауіп азаймай тұр. Ең басты қауіп – адам факторы. Мəселен, тыйым са-лынса да көлден қытай ауы көп табылады. Ауды рұқсатсыз құрғаны үшін балықшыдан емес, кеденнен сұрау болуы тиіс. Яғни, табиғатты қорғау саласындағы көптеген мемлекеттік органдар мен құрылымдар бра-коньерлермен түбегейлі күрес жүргізуі ке-рек. Біздің қорықшыларымыз браконьерлер-ден көлді түгел қори алмайды. Оның үстіне, олардың қауіпсіздігі де қамтамасыз етілмеген. Сондықтан, мемлекеттік құрылымдардың ауды табиғат пайдаланушыға уақытша беру жүйесін енгізуі тиімді болар еді деп ойлай-мын. Сол кезде көлдің тазалығы да сақталады. Жеке кəсіпкерлер аудың суға тасталмауы н қадағалайды. Əйтпесе, кеденнен өткен заң-сыз ау құралдары айдын түбінде қаншама балықты апатқа ұшыратады. Сондай-ақ, балық уылдырығын жағаға шашатындықтан, шабақтар жағалау мен көлшіктерден айдын ортасына оралғанға дейін Бұқтырма су электр стансасының шлюзін жабық ұстауға көмек көрсетілсе құба-құп. Бізге көп жағдайда ша-бақтардың көлшікте қалып, қырылып кет-пеу дің алдын алуымызға тура келеді. Үшінші үл кен қауіп – құс. Мəселен, суқұзғын бір күнде 100 дана балық жейді. Бір маусымда 7-8 мың суқұзғын ұшып келсе, көлдің жағ-дайы қалай болатынын болжай беріңіз. Қазір Зайсан көлінде суқұзғын шамадан тыс кө-бейіп кетті. Онымен де күрес жүргізу қажет. Мұның барлығы табиғат қорғау саласында кешенді жұмысты үйлестіруді қажет етеді. Барлығымен күрес жүргізуге əлеуетіміз жет-песе де, шама-шарқымызша туған жеріміздің байлығын сақтауға, тиімді пайдалануға жұмыс істеудеміз, – деді Нұрлан Қасымханов.

Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы.

Балыќќа да басымдыќ берілмек(Соңы. Басы 1-бетте).

Page 10: Балыќќа да басымдыќ берілмек · 2017-09-29 · басары, Орал қаласының əкімі қыз меттерін адамдармен ор тақ

29 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz10 Спорт Бəрекелді!

Сіз білесіз бе?

Еркін елдің ертеңі

www.egemen.kz10

Сур

етт

і түс

ірге

н Қ

айса

р Ш

ЕРІМ

.

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №58 ek

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

«Астана арландары» кəсіпқой бокс клубы Бүкілəлемдік бокс сериясының алтыншы маусымдағы кезекті жекпе-жегін Петропавл қаласында өткізіп, мұхит асып келген «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен қолғап түйістірді. Бокс десе, ішкен асын жерге қоя-тын солтүстікқазақстандық жан-күйер лердің бұл күнді тағат сыз-дана күткені соншалық, «Же ңіс» спорт мектебінің атшап тырым залында тізе бүгер орын табыл-мағандықтан, былғары қолғап шебер лерінің шаршы алаңдағы жан алысып, жан беріскен айқасын түрегеп тұрып тамашалағандарда есеп болмады.

Ойын басталар алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ко-ман даның бас директоры, Лондон Олимпиадасының чемпионы, бар кер кубогының иегері Серік Сəпиев маусымаралық үзілісте ко манда құрамына өзгерістер енгенін жеткізді. Бас бапкерліктің тізгіні республиканың еңбек сіңір-ген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековке сеніп тапсырылған. Осында ел намысын абыроймен қорғап жүрген ұлттық коман-даның көшбасшы боксшылары Рио-де-Жанейрода күтіп тұрған Олимпиадаға тас-түйін дайын-дыққа қызу кіріскендіктен, жаңа құрамаға 30 боксшы қабылданып, болашағынан мол үміт күттіретін жастармен толыққан.

Астаналықтардың шешуші айқасқа тыңғылықты əзірлікпен келгені бірден байқалды. Олай дей тініміз, 23 қаңтарда шы-мыл дығы ашылған байрақты бəсе кенің алғашқы ойынын-да күшті командалардың бірі Əзер байжанның «Баку отта-рын» тізе бүктіргенімен, дода-да бі рінші рет өнер көрсеткен өзбек ағайын дарға есе жіберіп алған. Осы жолы жеңіске жет-се, плей-офф турниріне жолдама

алмақ. Міне, шаршы алаңға 49 кило салмақ дəрежесі бойын-ша Мардан Берікбаев пен Джон Ортис көтеріліп, жұртшылық тағатсыздана күткен мəртебелі матчтың алғашқы жекпе-жегі бас-талып кетті. Қарсыласынан бойы да, қолы да ұзындау қазақстандық осы артықшылығын ə дегеннен ұтымды пайдаланып, соққыларын үдетті. Шабуылын күтіп алып та, қорғана жүріп те ұпай санын есе-лей түсті. Сөйтіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 56 кг салмақтағы Нұрсұлтан Көшеғұлов Эдгардо Оскар Ролон Вареламен қолғап түйістіргенде, демімізді ішке тартқанбыз. Тапалтақ бойлы, мығым денелі оның ұрымтал тұс-тарды мүлт жібермейтін шапшаң қи мылынан сескенгенбіз. Бірнеше соққысын дарытып үлгерді. Алайда, екінші раундтың соңында Нұрсұлтанның қақ маңдайға ту-ра лаған соққысы шаршы алаң-ның қожасы кім екенін таныт-қандай əсер қалдырды. Пуэр-торикалықтың одан арғы халі белгілі болды. Янкарлос Ривьера-ның (64 кг) келмеуі себепті коман-да капитаны Самат Бəшеновтің еншісіне бір ұпай бұйырды. Ал Əбілхан Аманқұл (75 кг) Раул Санчес Мартені бұрыш-бұрышқа

қуып жүріп сабады десек, артық айтқандық болмас. Бұдан кейін Еркін Мұхамеджанның (91 кг) ринг ке шығуынан түсуі жылдам болды. Оның атан түйені жалп еткізетіндей күрзі соққысы Иван Хоэл Росадо Торрестің тал мау жеріне дөп тиді. Төреші есеп ашты. Орнынан сүйретіле тұ рып, жұдырықтасуды жалғас тыр ған-мен, тағы бір ауыр соққы дан кейін техникалық нокаут жазылды.

«Puerto-Rico Hurricanes» коман-дасының бапкері Мануэль Пабон былтыр турнир кестесінде жетінші орын алған жетістігіне тоқтала келіп, арландықтардың талассыз таза жеңіске жеткенін мойында-ды. Матчтың ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Сайдың та-сындай іріктелген оғландарымыз бапкерлердің алға қойған тапсыр-масын мүлтіксіз орындап, тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Бұл, бір жағынан 2 сəуірде Өскеменде Өзбекстанның «Uzbek Tigers» ко-мандасына қарсы өткізілетін жа-рыс алдындағы шыңдалу шыңы болғаны анық.

Солтүстік Қазақстан облысы.–––––––––––

Суретті түсіргенТалғат ТƏНІБАЕВ.

Талассыз таза ўтыс

Еламан ҚОҢЫР,«Егемен Қазақстан».

Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақ-стандықтар бар болғаны 8-ми-нутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серік жан Мұжықов пен Бауыржан Ислам ханның ұйым-дастырған шабуылына Мақсат Байжанов нəтижелі нүкте қойып, голдың авторы атанды.

Голдан қанаттанған жерлес-теріміз бұдан кейін де бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алайда, олар шешуші сəттерде мүлт кетіп, есепті еселеу мүмкіндігін пайдалана алмады. Əзербайжан

ойыншыларының таразы басын теңестіру үшін жаса ған əрекеттері де ешқандай нəтиже əкелмеді.

Екінші таймды қос команда да өте белсенді бастады. Тіпті, 56-минутта Сергей Хижниченкода есепті еселейтін тамаша мүмкіндік те болды. Бірақ оның қақпаға бағыт т аған добы нысанадан қиыс кетті. Артынша Мақсат Бай жа-нов дубль атану мүмкіндігін мүлт жіберді. Оның жолына Əзербайжан қақпашысы Кямран Агаев тосқауыл болды.

Ойын соңына дейін қар-сыластар алма-кезек шабуыл-даға нымен, гол соғылмады. Жат-тықтырушылардың тыңнан қосқан ойыншылары да ойын өрнегін

айтарлықтай өзгерте алмады. Нəтижесінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, футболшылары-мыз отандық жанкүйерлерді бір қуантты.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Юрий Красно-жан қызметінен кеткелі бері фут-болдан ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы əлі та ғайын-далған жоқ. Сол себепті, атал-ған ойынға бас командамызды ұлт тық құраманың аға жаттық-тырушысы Нұркен Мазбаев пен «Ақжайық» командасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов бастап шықты. Сон дай-ақ, жаттықтырушылар құрамында Андрей Ферапонтов пен Юрий Новиков бар. Бұл мамандардың жетекшілігімен Қа-зақстан тағы бір жолдастық кез-десу өткізеді. Атап айтқанда, бүгін Тбилисиде футболшыларымыз Грузия құрамасымен сынға түседі.

Ќўрама маусымды жеѕіспен бастады Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Əзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті.

Їйін мўражайєа айналдырєан

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Петропавл қаласының тұр-ғыны Виктор Никоновтың үйі кірсе шыққысыз, еріксіз таңдай қақтырады. Бейнебір ертегілер елінде жүргендей ғажайып əсерге бөленесің.

Ол өте сирек кездесетін, бүгінде табылмайтын құнды зат-тарды бала кезінен тірнектеп жи-наумен айналысқан. Содан бері арада жарты ғасыр зулап өтсе де, сүйікті ісінен қол үзген емес. Бүгінде оның коллекциясында XVII-XIX ғасырлардың тарихи жəдігерлері молынан кездеседі. Екі бөлмелі баспа наның іші көне сағат, төсек, самаурын, тағы басқа тұрмыстық заттарға иін тіресіп тұр. Аспалы шам, үй жиһаздарына дейін ескіліктің көзіндей жылы ұшы райды. Мəселен, тұтас қабырғаны алып тұрған емен шкаф атақты орыс жазушысы А.Чеховпен құрдас көрінеді. Бірінші Петр патшаның тұсында шығарылған күміс ба-қырды Петропавл қаласының маңайынан тауып алған. Құнды ақшаның бірі – Сібірдің 10 тиы-нына қазба жұмыстары кезінде кезіккен. Оны 150 мың теңгеге саудалаушылар табылғанымен, сатуға қимаған.

Виктор Федоровичтың қолы алтын: кез келген затты қайта қалпына келтіре алатын ісмерлігі бар. Кереует, айна, шкаф, аспа-шам, орындықтардың тозығы жеткендерін өзі жамап-жасқап алады. Өмір бойы тірнектеп жинаған еңбегінің шашау шықпауын, жинақы тұрғанын қалайды.

Виктор археологиялық қазба жұмысы экспедицияла-рына, түрлі саяхаттарға да жиі шығып, мұражай қорын толықтырып отыруды əдет ет-кен. Петропавл қаласына қатыс-ты ескі суреттер – өз алдына бір төбе.Солтүстік Қазақстан облысы.

Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орта лық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шəкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң,

сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табыл мағандықтан, Ресейден арнайы алдыр дық, – дейді глобусты жаса ған оқушылардың бірі Заңғар Рахматулла.

Оқушылардың 6 ай бойғы еңбе гіне географ

мамандар жоғары баға берді. Əсіресе, осы мектептің ұстаздары бұл оқушылардың са-баққа деген ынтасын арттыратыны сөзсіз дейді.

– Бұл глобус оқушылардың географиялық білімін жетілдіріп қана қоймай, шығар-машылығын шыңдауға да мүмкіндік береді. Қазір глобусқа қызыққан балалар сол геогра-фия пəніне қызығушылық танытып, қосымша сабақтарға қатысып жүр. Қала берді, осы пəн бойынша түрлі білім сайыстарына қатысып, өз білімдерін дəлелдеуде. Бізге де сабақ өту жеңілдеу болып қалды, – дейді мектеп дирек-торының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерман Оңалбеков.

Айта кетейік, білім ұясында география,

жаратылыстану, дүниетану сынды пəндер тереңдетіліп оқыты лады. Айтпақшы, алып глобустың салмағы – 1 тонна. Биіктігі 3,5 метр болса, диаметрі 6,5 метрді құрайды.

Нұрхан НҰРБОЛАТ.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Жамбылдық фермерлер «бір-лік болмай тірлік болмайтынын» жақсы түсінген сияқты. Облыс-тың Жамбыл ауданында 30 ша-руашылық бірігіп, үлкен бір тірлікті қолға алды. Атап айтар болсақ, «Алтын алма» коопе ра-тиві 50 гектар жерге алма бағы-ның көшетін отырғызып жатыр.

– Бұл жерде алманың 7 түрі өсірілетін болады, – дейді коо-ператив төрағасы Рашид Шоң-баев. – Барлық көшеттерді Польшадан əкелдік. Агроном-дардың айтуына қарағанда, алма көшеттері біздің топырақта өсіп-өнуге қабілетті. Əрине, күтіп-баптау мəселесіне көп мəн беру қажет. Сондықтан бізде арнайы технологиялық карта жасалған. Жұмыс сол бойынша

жүреді. 2017 жылы алғашқы өнімді жинаймыз деген жоспа-рымыз бар.

Жобаның жалпы құны 470 миллион теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры бойынша субсидия алған. Қазір облыста 400 гектардан астам осындай қарқынды бау бар.

– 2-3 гектар жері бар ша-руа ларға несие мен техника берілмейді. Сондықтан шаруа-лар кооперация туралы заңның тиімді екеніне көздері жетті. Бірігудің арқасында олардың үлкен аумақты игеріп, қомақты несие алуға мүмкіндіктері бар. Биылдың өзінде осы қарқынды бау егуге 1,5 миллиард теңге ин вестиция тартылмақ, – дейді Жамбыл ауданының əкімі Мəден Мұсаев.

Жамбыл облысы.

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импуль-сын басқаратын құрылғы ойлап тапты. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық кон-курста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын.

Жаңа құрылғыны №19 фи-зика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Г а й д а р е н к о н ы ң к ө м е г і м е н құрастырып шығарған. Ол зерт-теу жұмысымен бесінші сыныптан бері айналысып келеді екен.

– Адам білегіне жалғанған сым арқылы біз биоимпульсты аламыз. Алақанымды қысқан

кезде биоток трансформаторға түсіп, мың есе күшейеді. Осыдан соң атқарушы механизмді іске қосатын сызбанұсқаға орнала-сады. Халықаралық конкурста екінші орын алғаным үшін маған ҰБТ-ның 125 балдық сертифика-тын тапсырды, – дейді Александр Данилов.

Бұл мектепте дарынды балалар жеткілікті. Александр сияқты та-лантты мектеп оқушыларының бірі – Бақтияр Қабашев. Ол жарамсыз

болып қалған люминисценттік шамдарды екінші мəрте қол-данудың жолдарын ойлап тапты.

– Жұрт күйіп кеткен шамдар-ды қоқысқа тастауды жөн көреді. Ал олардың құрамында адам денсаулығына кері əсерін тигізетін сынап бар. Осыған байланысты мен люминисценттік шамдарды қайтадан пайдаланудың жолдарын қарастырдым. Алдағы уақытта бұл екі конденсатор алты диод жəне бір резистордың көмегімен жұмыс істейтін болады, – деді Бақтияр Қабашев.

Айта кетейік, ғалымдар Алек-сандр Даниловтың жобасын өнер-кəсіпте, медицинада, авиация да жəне тұрмыстық жағдайларда қолдануға болады деп санайды. Ал Бақтияр Қабашевтың жұмысы люминисцентті шамдардың қауіп-тілігінен сақтайды.

КӨКШЕТАУ.

Жамбыл фермерлері50 гектар жерді ќамтитын алма баєы алќабына кґшет отырєызып жатыр

Азиядаєы алып глобусОѕтїстік Ќазаќстан облысында жасалды

Қаз-қалпындаМиды басќаратын ќўрылєы– мектеп оќушысыныѕ инновациялыќ жобасы

«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

Фотоэтюд

Ќыз ќуу

Сур

ет v

esti.

kz с

айт

ына

н ал

ынд

ы.