operating instructions (for basic operations)(kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы...

50
Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар) Электрондық тақта (elite Panaboard) Үлгі UB-T760 Орнату нұсқаулығы (техникалық қызмет көрсетуші білікті мамандар үшін) берілген Осы жабдықты құрастыру үшін, 32-49 беттегі орнату нұсқаулығын қараңыз. Осы құрылғыны пайдаланбас бұрын, осы нұсқаулықты толық оқып шығып, болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Бұл құрылғыны білікті техникалық маман орнатуы керек. Рұқсат етілмеген адамдар орнатса, жабдық қолданысының қауіпсіздігіне қатысты ақаулықтар тууы мүмкін. Ақпарат орталығы Panasonic: Мəскеуден қоңырау шалғанда: +7 (495) 725-05-65. Ресей бойынша тегін қоңырау шалу: 8-800-200-21-00.

Upload: others

Post on 11-Oct-2020

15 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану нұсқаулығы(Негізгі функциялар)

Электрондық тақта(elite Panaboard)

Үлгі № UB-T760

Орнату нұсқаулығы (техникалық қызмет көрсетуші білікті мамандар үшін) берілген• Осы жабдықты құрастыру үшін, 32-49 беттегі орнату нұсқаулығын қараңыз.• Осы құрылғыны пайдаланбас бұрын, осы нұсқаулықты толық оқып шығып, болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

• Бұл құрылғыны білікті техникалық маман орнатуы керек. Рұқсат етілмеген адамдар орнатса, жабдық қолданысының қауіпсіздігіне қатысты ақаулықтар тууы мүмкін.

Ақпарат орталығы Panasonic:• Мəскеуден қоңырау шалғанда: +7 (495) 725-05-65. Ресей бойынша тегін қоңырау шалу: 8-800-200-21-00.

Page 2: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Кіріспе

2 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Кіріспе

КіріспеPanasonic электрондық тақтасын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!Тиімді жəне қауіпсіз пайдалану үшін, осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз.

Функциялардың сипаттамасыelite Panaboard тақтасын компьютерге жалғап жəне суретті проектор арқылы компьютердің экранынан elite Panaboard тақтасына шығарып, төмендегі əрекеттерді орындауға болады.

Электрондық қаламның функциялары• Электрондық қаламды тінтуір ретінде қолданып, компьютердің экранындағы элементтерді жылжытыңыз.

• Электрондық қаламмен сурет салыңыз жəне сызықтарды өшіріңіз.• Электронды қалам арқылы компьютердің экранындағы бейнелерді сақтаңыз.

elite Panaboard bookelite Panaboard тақтасына мəтін енгізетін, сурет салатын жəне компьютердің функцияларын орындайтын elite Panaboard book бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. Бұл бағдарламалық құрал компьютердің экранының суреттерін сақтауға жəне ары қарай пайдалану үшін оларды шығарып алуға мүмкіндік береді.

Пайдалану түрлеріОқыту

• Түрлі оқыту бағдарламалық құралдарын elite Panaboard тақтасына шығарып тиімді оқыту ортасын жасаңыз жəне электрондық қаламмен экранда бағдарламалық құралды басқарыңыз, сурет салыңыз, сызыңыз.

• Түсініктемелерді қосудың бірнеше құралдарын (мысалы, бейнелеу жəне таңбалау құралдары) пайдаланып оқушыларды жылдам өзгеретін экран суреттері арқылы қызықтыруға болады.

• Сұрақтарды көрсетіп, жауаптарды жасыратын экранды жасыру функциясын пайдаланып əрі оларды бірізді түрде экранда көрсету арқылы оқушыларды ынталандырыңыз.

• Оқытушы сабаққа дайындаған материалдарын elite Panaboard тақтасында көрсетілетін етіп алдын ала дайындауы мүмкін.

Бизнес• Өніміңізді көрнекі түрде сипаттайды, сонымен қатар суреттерді көрсететін жəне электрондық қалам арқылы маңызды жерлерді белгілеуге болатын əсерлі презентациялар жасауға мүмкіндік береді.

• Конференциялық байланыстың телевизиялық жабдығы арқылы компанияңыздың elite Panaboard тақтасындағы суретті (электрондық қаламмен жазылғанды да) қашықтағы компьютерде нақты уақытта көрсетуге мүмкіндік береді.

Page 3: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Кіріспе

3Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Назар аударылатын мəселелер

Пайдалану нұсқаулығы туралы ақпаратelite Panaboard тақтасымен бірге 2 пайдалану нұсқаулығы жеткізіледі.

ҚысқартуларWindows® — Microsoft® Windows® амалдық жүйесін білдіреді.Windows® 2000 — Microsoft® Windows® 2000 амалдық жүйесін білдіреді.Windows® XP — Microsoft® Windows® XP амалдық жүйесін білдіреді.Windows Vista® — Microsoft® Windows Vista® амалдық жүйесін білдіреді.Windows® 7 — Microsoft® Windows® 7 амалдық жүйесін білдіреді.DirectX® — Microsoft® DirectX® бағдарламалық пайдаланушы интерфейсін білдіреді.

Сауда белгілері• Microsoft, Windows, Windows Vista жəне DirectX — тіркелген сауда белгілері немесе Microsoft

Corporation корпорациясының АҚШ-тағы жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгілері.• IBM жəне AT — International Business Machines Corporation корпорациясының АҚШ-тағы, басқа елдердегі немесе екеуіндегі сауда белгілері.

• Intel жəне Pentium — Intel Corporation корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.

• Adobe жəне Reader — Adobe Systems Incorporated компаниясының АҚШ-тағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері.

• Осы нұсқаулықта көрсетілген басқа сауда белгілер тиісті иелерінің меншігі болып табылады.

Болашақ анықтама үшін

Сатып алынған күні

Сериялық нөмірі

Дилер компанияның атауы

Дилер компанияның мекенжайы

Дилер компанияның телефон нөмірі

Негізгі функциялар (осы құжат)

elite Panaboard тақтасын іске қосу жəне пайдалану нұсқаулығы, орнату нұсқаулықтары.

Бағдарламалық құрал (электрондық құжаттама)

Жеткізілетін elite Panaboard software жəне elite Panaboard book бағдарламаларын пайдалану нұсқаулары. «Пайдалану нұсқаулары (бағдарламалық құрал)» нұсқаулығы берілген ықшам дискінің ішінде. «Пайдалану нұсқаулары (бағдарламалық құрал)» нұсқаулығын elite Panaboard Software бағдарламасын орнатқан соң қарауға болады. Нұсқаулықты қарау туралы қосымша ақпаратты «Электрондық құжаттаманы қарау» (бет 25) бөлімін қараңыз.

Тауар чегінің орны

Page 4: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Кіріспе

4 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Федералдық байланыс комиссиясының талаптарыТек АҚШ үшін

ЕскертпеБұл жабдық тексеріліп, Федеральдық байланыс комиссиясы ережелерінің 15-бөліміне сай А класты сандық құрылғылардың шектеулеріне сəйкес келеді деп танылған. Бұл шектеулер жабдықты кеңседе пайдалану кезіндегі кедергілерден қорғауға арналған. Бұл жабдық радиотолқындар тудырады, пайдаланады жəне шығарады. Бұл толқындар жабдық осы нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаған немесе қолданылмаған жағдайда радио байланысының кедергілерін туғызуы мүмкін. Бұл жабдықты тұрғын жайда пайдалану кедергі туғызуы мүмкін. Бұндай жағдайда, пайдаланушы кедергіні өз бетімен жою керек.

Деректерді сақтау туралы ескерту

Федералдық байланыс комиссиясының ескертулеріФедералдық байланыс комиссиясының стандартына сəйкес, жабдықтың қызмет мерзімін ұзарту үшін тек берілген желілік кабелін пайдалану керек. Осы құрылғының рұқсат етілмеген кез келген өзгерістері немесе модификациясы пайдаланушыны осы құрылғыны пайдалану құқығынан айырады.

Егер жүйелік сақтау құрылғысы немесе кез келген қосымша сақтау құрылғысы басқару қателігінің, статикалық электр тоғының, электр кедергілердің, дірілдің, шаңның қолайсыз əсеріне ұшырайтын болса немесе электр қуаты ақаулыққа, жөндеу жұмыстарына немесе байқаусызда жасалған əрекеттерге байланысты үзілген болса, жадтағы деректер жоғалуы немесе өзгеруі мүмкін. Жүйені іске қосар алдында міндетті түрде қолдану нұсқаулығындағы жəне анықтамалық ақпаратындағы ескертулерді мұқият оқып шығыңыз жəне қолдану кезінде оларды қадағалаңыз.Келесі ескертулерді мұқият түсініп алу керек:

• Маңызды деректердің сақтық көшірмелері жасалғанын немесе түпнұсқалары сақталғанын тексеріңіз.

Осы құжат арқылы өндіруші дискеталарда, қатты дискілерде, оптикалық дискілерде немесе басқа сақтау құрылғыларында сақталған кез келген деректердің жоғалуына немесе өзгеруіне жауапты болмайтынын мəлімдейді.

Page 5: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Кіріспе

5Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Жүйеге қойылатын талаптар

Ескертпе• Жүйе қойылатын талаптар туралы қосымша ақпарат пайдалану нұсқаулығында (бағдарламалық құралдың) берілген.

Жауапкершіліктен бас тартуPanasonic System Networks Co., Ltd. компаниясы, басқа жағдайлардың ішінде, төмендегі əрекеттер салдарынан пайда болатын жазатайым уақиғалар немесе жарақаттар үшін жауапты болмайды.1. Құрылғының өзгертілуі немесе қате орнатылуы.2. Құрылғының басқа мақсаттарға қолданылуы.3. Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, тасыған толқын, дауыл, найзағай немесе басқа да табиғи

құбылыстарына байланысты.4. Ғимараттың табиғи ескіруіне немесе осыған ұқсас құбылыстарға байланысты.

ГФР пайдаланушылары үшін (тек Германия үшін)

Компьютер IBM® PC/AT® немесе ықшам дискілерді оқитын құрылғымен үйлесімді

Процессор Intel® Pentium® 4 немесе одан кейінгі

Интерфейс USB 2.0

ЕскертпеЖабдықтың шу деңгейінің өкімі — 3.GPSGV, дыбыс қысымының ең жоғарғы деңгейі — 70 дБ (А) немесе одан аз (EN ISO 7779 стандартына сəйкес).

Бұл құрылғы көрнекі бейнелеу құрылғылары орналасқан жұмыс жеріндегі көру аясында пайдалануға арналмаған. Көрнекі бейнелеу құрылғыларының жұмыс орындарында керексіз шағылысуды болдырмау үшін, бұл құрылғыны көру аясында орнатпаған жөн болады.

Page 6: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Мазмұны

6 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Мазмұны

МазмұныСіздің қауіпсіздігіңіз үшін ..................................................................... 7

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ...............................................................................................7Пайдаланушылар үшін ...................................................................................................7Қауіпсіздік туралы ақпарат (тек Ұлыбритания үшін) .............................................. 11Сақтық шаралар ............................................................................................................12Ескерту жапсырмасы ...................................................................................................13

Пайдалану ............................................................................................. 14Қосымша керек-жарақтар ............................................................................................14Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысы ..............................................................15Сыртқы құрылғыларды жалғау ..................................................................................18elite Panaboard software бағдарламасын орнату .....................................................20Проекторды орнату ......................................................................................................21Жүйені реттеу (мөлшерлеу) .........................................................................................23elite Panaboard software бағдарламасын іске қосу жəне мөлшерлеуді орындау ..........................................................................................................................23elite Panaboard software бағдарламасын жою ..........................................................25Электрондық құжаттаманы қарау ..............................................................................25Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алу ........................................25

Қосымша ................................................................................................ 26Күнделікті күтім .............................................................................................................26Тақтаны тазалау elite Panaboard .................................................................................26Электрондық қаламның батареясын ауыстыру .........................................................26Электрондық қаламның ұшын ауыстыру ....................................................................27

Ақаулықтарды жою .......................................................................................................28Техникалық сипаттамалары ........................................................................................30Шығыс материалдары жəне қосымша керек-жарақтар .............................................31

Орнату нұсқаулығы ............................................................................. 32Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет көрсетуші маманға арналған) ......................................................................................32Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін .............................................................................................32Ескертпе ........................................................................................................................32

Қосымша керек-жарақтар ............................................................................................34Қабырғаға орнату ..........................................................................................................36Қабырғаны тексеру .......................................................................................................36Қабырғалық бекіту пластиналарын орнату ................................................................37Қабырға түрлері жəне орнату процедуралары ..........................................................38

Құрастыру нұсқаулары ................................................................................................40elite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындық .........................................40elite Panaboard тақтасын құрастыру ............................................................................41

elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру .......................................................48Интерактивті мүмкіндіктерді тексеру ..........................................................................48

Қорабына қайта салу ....................................................................................................49

Page 7: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

7Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшінАуыр жарақат алу немесе өлім жағдайының орын алуына жол бермеу үшін, сондай-ақ құрылғыны дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану мақсатында осы бөлімде берілген нұсқауларды құрылғыны іске қосар алдында мұқият оқып шығыңыз.

• Осы бөлімде нұсқаулықта қолданылатын графикалық белгілер сипатталған.

Пайдаланушылар үшін

Электр қуаты жəне жерге қосу

Ауыр жарақатқа немесе өлімге апаратын ықтимал қауіпті білдіреді.

Жеңіл жарақатқа немесе жабдықтың зақымдануына апаратын қауіпті білдіреді.

Бұл белгілер операторға белгілі бір əрекетті орындауға болмайтыны туралы хабар береді.

Бұл белгілер операторға жабдықты қауіпсіз пайдалану үшін белгілі бір əрекетке назар аудару керек екені туралы хабар береді.

АБАЙЛАҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

Осы жабдықтың электр қуаты кернеуі өндіруші жапсырмасында көрсетілген. Құрылғының штепсельдік ұшын тек тиісті кернеулі айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. Үстінде номинальды ток талаптары көрсетілмеген қуат сымын пайдалану түтіннің шығуына немесе құрылғы мен штепсельдің қызуына апаруы мүмкін.

Жабдықты пайдаланғанда, желі розетка құрылғының жанында жəне қол жетерлік жерде болуы керек.

Қауіпсіз істеуі үшін, құрылғымен бірге берілетін қуат сымын үш істікшелі штепсельге арналған əрі стандартты сыммен жерге жақсылап қосылған айнымалы ток розеткасына жалғау керек.

Жабдықтың қанағаттанарлық түрде істеп тұрғаны розетканың жерге қосылғанын жəне орнату жұмысы қауіпсіз орындалғанын білдірмейді. Электр розеткасының жерге қосылуы күмəнді болса, қауіпсіздігіңіз үшін білікті электр маманына хабарласыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Page 8: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

8 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату жəне орынды ауыстыру

Штепсельдік ұшты айнымалы ток розеткасына жалғау мүмкін болмаса, білікті электр маманына розетканы жерге дұрыс қосылған розеткаға ауыстыртып алыңыз.

Жерге қосылған штепсельдің жұмыс принцибін бұзбаңыз (мысалы, жалғастырғыш штепсельдерді қолданбаңыз).

Қуат сымының ұшын айнымалы ток розеткасына мықтап жалғаңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке немесе электр тоғы соғуына апаруы мүмкін.

Қуат сымын тартпаңыз жəне бүкпеңіз, үстіне зат қоймаңыз, үйкелуіне жол бермеңіз. Қуат сымы немесе штепсельдік ұш зақымданса, өрт пайда болуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.

Қуат сымын немесе розетканы өз бетіңізбен жөндемеңіз. Қуат сымы зақымданған немесе қажалып қалған болса, жөндеу қызметтерін көрсететін уəкілетті өкілге хабарласып, оны ауыстырып алыңыз.

Штепсель түйіспелерінің кірленбегенін тексеріңіз. Жоғарғы ылғалдылық жағдайында кірленген түйіспелер кернеудің едəуір жоғарылауын туғызып, қызуы мүмкін, ал розетка ұзақ уақыт бойы қараусыз болса өрт пайда болуы да мүмкін.

Ешбір жағдайда штепсельді дымқыл қолмен ұстамаңыз. Электр тоғы соғу қаупі бар.

Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар, иіс пайда болса, құрылғыны қолдануды тоқтатыңыз. Бұндай жағдайда өрт пайда болуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін. Құрылғыны дереу өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз. Бұдан кейін, дилерге хабарласып техникалық тексеруден өткізіңіз.

Құрылғыны розеткадан ажыратқанда, сымнан емес штепсельдік ұштан ұстаңыз. Қуат сымын күшпен тарту оның зақымдануына, өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Найзағай кезінде құрылғыға жəне штепсельге қолыңызды тигізбеңіз. Электр тоғы соғуы мүмкін.

Бұл құрылғыны орнату, оның орнын ауыстыру жəне оны тастау жұмыстарын тек білікті техникалық қызмет көрсету маманы орындауы тиіс.

Құрылғы бұдан былай қолданылмайтын болса, құлап қалмауы үшін, орнатулы қалдырмаңыз (құрылғыны шешіңіз). Құлаған жағдайда, құрылғы жарақаттауы мүмкін.

Page 9: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

9Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Қолдану кезіндегі сақтық шаралар

Батарея

Құрылғының ішіне темір бөлшектер түссе немесе су тиген болса, құрылғыны өшіріп, розеткадан дереу ажыратыңыз. Дилерге хабарласып техникалық тексеруден өткізіңіз. Кірленген құрылғыны пайдалану өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығында арнайы түрде нұсқаулар берілмесе, құрылғының бұрандалармен бекітілген қақпақтарын ешбір жағдайда ашпаңыз. Жоғары кернеулі құрамдас бөліктер электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Құрылғыны жəне оның бөліктерін өзгертпеңіз. Өзгерістер жəне модификациялар өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

ТҰНШЫҒУ ҚАУПІЭлектрондық қаламды жəне батареяны балалар жұтып қоймауы үшін қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.

Тек белгіленген түрдегі батареяны пайдаланыңыз. Батареяның басқа түрі қызып кетуі/тұтануы немесе оның аккумуляторлық қышқылы ағып кетуі мүмкін.

Батареяларды тек бөлімінде көрсетілген полюстерге сəйкес салыңыз. Қате салынған батарея жарылып немесе ағып, жарақаттауы мүмкін.

Қажалған немесе зақымданған батареяларды қолдануға болмайды. Пайдаланылған немесе зақымданған батареялар ағуы мүмкін.

Батареяларды зарядтамаңыз, тұйықтамаңыз, қыздырмаңыз, сындырмаңыз жəне отқа тастамаңыз. Батареялар ағуы, қызуы, жарылуы мүмкін.

Батареяны тастағанда, түйіспелерін оқшаулаңыз (мысалы, оқшаулау таспасымен). Басқа батареяларға тигенде батареялар ағуы, тұтануы немесе жарылуы мүмкін.

Батареяны дəнекерлемеңіз, себебі ол ағуы, қызуы немесе жарылуы мүмкін.

Page 10: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

10 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Электр қуаты

Орнату жəне орынды ауыстыру

Қолдану кезіндегі сақтық шаралар

Батарея

Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда, оны өшіріп, электр желісінен ажыратыңыз.Пайдаланылмайтын құрылғы электр желісіне ұзақ жалғанып тұрса, оқшаулаудың нашарлауы электр тоғының соғуына, токтың қашуына немесе өрттің пайда болуына апаруы мүмкін.

Құрылғы тек жеткізілген жинақтағы қуат сымы арқылы жалғануы керек.

Құрылғыны тұрақсыз жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны кірленген, температурасы жəне ылғалдылығы жоғары жерлерде орнатпаңыз.Құрылғының осындай қолайсыз жерлерде ұзақ орналасуы өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Өрт немесе электр тоғының соғу жағдайларын болдырмау үшін, құрылғыға жаңбыр тамшыларының немесе басқа сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.

ЕСКЕРТУ Құрылғы құлағанда немесе зақымданғанда, оны өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке немесе электр тоғы соғуына апаруы мүмкін.

Құрылғы қабырғаға орнатылған болса да, экранына немесе қақпағына (төменгі) сүйенбеңіз.

Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларын шығарыңыз. Əйтпесе, батарея ағуы мүмкін. Аққан батареяларды пайдаланбаңыз.

Page 11: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

11Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Қауіпсіздік туралы ақпарат (тек Ұлыбритания үшін)Ыңғайлы жəне қауіпсіз қолдану үшін, осы құрылғыда қапталған үш істікшелі штепсельдік ұш бар.Штепсельдік ұштың 5 амперлік ерігіш сақтандырғышы бар. Сақтандырғышты ауыстырар кезде оның 5 амперлі екеніне жəне ASTA немесе BSI — BS1362 стандартына сəйкес екеніне көз жеткізіңіз. Сақтандырғыштың сыртында ASTA

немесе BSI белгісінің бар екенін тексеріңіз. Штепсельдік ұшта сақтандырғыштың алынбалы қақпағы бар болса, сақтандырғышты ауыстырғаннан кейін оны міндетті түрде қайта орнатыңыз. Сақтандырғыш қақпағы жоғалған жағдайда, бұл штепсельдік ұшты қақпақты қайта салмастан пайдалануға болмайды. Сақтандырғыш бөлімінің қосалқы қақпағын жергілікті Panasonic дилерінен алуға болады.

ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚАПТАЛҒАН ШТЕПСЕЛЬДІК ҰШ РОЗЕТКАҒА СƏЙКЕС КЕЛМЕСЕ, САҚТАНДЫРҒЫШТЫ ШЫҒАРЫП АЛЫП, ШТЕПСЕЛЬДІК ҰШТЫ КЕСІП АЛЫҢЫЗ ДА, ҚАУІПСІЗ ТАСТАҢЫЗ.КЕСІЛГЕН ШТЕПСЕЛЬДІК ҰШТЫ 13 АМПЕРЛІ РОЗЕТКАҒА САЛУ ЭЛЕКТР ТОҒЫНЫҢ АУЫР СОҒУЫНА СЕБЕПШІ БОЛУЫ МҮМКІН.Жаңа штепсельдік ұшты жалғағанда, төменде көрсетілген тəртіп бойынша сымдардың белгілерін тексеріңіз. Күмəнді жағдайларда, білікті мамандарға хабарласыңыз.

ЕСКЕРТПЕБұл құрылғыны жерге қосу қажет.

АБАЙЛАҢЫЗОсы қуат сымындағы сымдар төменде көрсетілгендей кодтарға сəйкес боялған:

Жасыл жəне сары: жер

Көк: бейтарап

Қоңыр: кернеулі

Құрылғының қуат сымындағы сымдар штепсельдік ұштың түйіспелерін білдіретін түстерге сəйкес келмеген жағдайда, келесі əрекеттерді орындаңыз.ЖАСЫЛ-САРЫ сымды Е əріпті немесе жерге қосудың белгісі бар штепсельдің клеммасына, не болмаса ЖАСЫЛ я ЖАСЫЛ-САРЫ түсті клеммаға жалғаңыз.КӨК түсті сымды N əріпті немесе ҚАРА түсті штепсельдің клеммасына жалғаңыз.ҚОҢЫР түсті сымды L əріпті немесе ҚЫЗЫЛ түсті штепсельдің клеммасына жалғаңыз.

Сақтандырғышты ауыстыру əдісі:

Ерігіш сақтандырғыштың бөлімін бұрауышпен ашып, сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Page 12: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

12 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сақтық шараларБатареяны қолдану туралы ақпаратДұрыс қолданылмаған жағдайда, батарея ағуы (бұл құрылғының коррозиясына апарады) немесе жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан, төменде берілген сақтық шараларын əрдайым қадағалаңыз.• Электрондық қалам батареяның заряды таусылғандықтан жұмыс істемей қалса, батареяны дереу шығарып, жергілікті заңды ережелерге сəйкес тастаңыз. Заряды таусылған батарея электрондық қаламның ішінде қалса, ағып кетуі мүмкін.

Батареяны тастау туралы ақпарат

Após o uso as pilhas/baterias contidas neste produto poderão ser dispostas em lixo doméstico.

Бразилия үшін

Niet weggooien,maar inleveren

als KCA.NL

Нидерланд үшін

Bij dit produkt zijn batterijen geleverd. Wanneer deze leed ziju, moet u ze niet weggooien maar inleveren als KCA.

Тайвань үшін ( 台灣 )

Page 13: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

13Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Ескерту жапсырмасы

Page 14: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

14 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

Қосымша керек-жарақтарelite Panaboard тақтасының жинағында келесі керек-жарақтар бар екенін тексеріңіз.Жинақтың құрамында қандай да бір құрал болмаған жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

Керек-жарақтардың тізімі

Ескертпе• Жоғарыдағы суретте АҚШ-та қолданылатын қуат сымы көрсетілген. Штепсельдік ұштың түрі елге/аймаққа қарай əртүрлі болады.

• Электрондық қаламның қосымша ұшын осы пайдалану нұсқаулығымен бірге сақтаңыз.• Кейбір елдерде/аймақтарда кепілдік берілмеуі мүмкін.

Ықшам дискіні қолдану туралы

Қуат сымы(3 м) 1 USB кабелі

(5 м) 1 Ықшам дискідегі бағдарламалық құрал 1

AAA батареясы (LR03)(бір рет қолданылатын) 1 Электрондық қалам 1 Электрондық қалам ұшы

(ауыстырылатын) 2

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)(бұл құжат)

1 Кепілдік 1

Ықшам дискіні зақымнан сақтау:• дискінің бетіне қолыңызды тигізбеңіз жəне үстіне жазбаңыз;• дискіні қорғау қорабынсыз сақтамаңыз;• дискіні күн сəулесі тікелей түсетін жерде немесе жылу көзінің қасында қалдырмаңыз;• дискінің қорабына ауыр зат қоймаңыз жəне құлатып алмауға тырысыңыз;• дискіні тазалау үшін, дискінің шеттерінен ұстап таза, құрғақ, жұмсақ шүберекпен ортасынан шетке қарай күш салмай сүртіңіз.

Page 15: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

15Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысыЭкран

Ескертпе• elite Panaboard тақтасы проектордың көмегімен сурет көрсетуге ғана арналған. Экран бетінде ақ тақтаға арналған маркер қарындашпен жазбаңыз.

Күй датчигіЭлектрондық қаламның күйін анықтайды.elite Panaboard тақтасымен жұмыс кезінде датчикті жаппаңыз.

Қуат ажыратқышы

Тақта экраныКомпьютер экранының мазмұнын проектордың көмегімен көрсетіңіз.

Қаламға арналған науа2-ге дейін электрондық қалам сыятын қаламдарға арналған науаны ашу үшін есіктің ортасын басыңыз.

Жарық диодты күй көрсеткіштеріСол жақ: жарық диодты қуат көрсеткіші (жасыл)Қуат қосулы кезде жасыл түспен жанады.Оң жақ: жарық диодты қате көрсеткіші (қызыл)Қате орын алғанда, қызыл түспен жыпылықтайды.

USB портыUSB кабелі (бірге беріледі) арқылы компьютерді тікелей жалғау үшін қолданылады.

Қуат сымы

Айнымалы ток ұясы

Алдыңғы көрінісі

Артқы көрінісі

Page 16: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

16 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Электрондық қалам

Ескертпе• Электрондық қаламды экран бетінде тік бұрыш сақтап ұстаңыз. Егер қаламды тік ұстамасаңыз, оның күйі дұрыс оқылмайды.

• Бірнеше қаламды бір уақытта қолданбаңыз. Бұл жұмыс қателігіне əкелуі мүмкін.• Электрондық қаламды elite Panaboard тақтасының жанында ұстап, электрондық қаламның ұшына баспаңыз. Бұл қаламның қате жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін.

Ескертпе• Электрондық қалам 30 минуттан кейін қуат үнемдеу режиміне ауысады.• Электрондық қалам ұшына басқаннан кейін қаламның қуат үнемдеу режимінен шығуы баяу орындалуы мүмкін.

• Электрондық қалам жұмыс барысында ыжылдаған дыбыс шығарады: күйді анықтау үшін қалам ультрадыбыстық толқындарды шығарады. Бұл дыбыс жақын маңдағы адамдарға немесе құрылғыларға зиян тигізбейді. Ол электр тогымен соқпайды.

Ультрадыбыстық сəуле шығарғышБұл аймақты саусақтармен жаппаңыз.Бұл elite Panaboard тақтасына электрондық қаламның күйін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді.

ИҚ сəуле шығарғышБұл аймақты саусақтармен жаппаңыз.Бұл elite Panaboard тақтасына электрондық қаламның күйін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді.Қалам түймесіДəл компьютер тінтуірінің сол жақ түймешігімен басу сияқты функцияны орындайды.Батарея бөлімінің қақпағы

Электрондық қалам ұшыЭлектрондық қаламның ұшын басқанда электрондық қаламға ультрадыбыстық толқындар жəне инфрақызыл сигналдар беріледі, бұдан кейін тінтуірдің сол жақ түймешігінің басылғанына сəйкес келетін пəрмен орындалады.

Page 17: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

17Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Батареяларды орнату (ауыстыру)1. Батареялық бөлім қақпағын алыңыз

(орнатыңыз).

• Қақпақты орнатқанда осы процедураны керісінше орындаңыз.

2. Батареяны салыңыз (ауыстырыңыз) жəне қақпақты орнатыңыз.

• Тек AAA түріне жататын сілтілі батареяны қолданыңыз жəне мен орналасуының дұрыстығын тексеріңіз.

Page 18: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

18 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сыртқы құрылғыларды жалғау1. Қуат қосқышын «O» (ӨШІРУ) күйіне орнатыңыз, қуат сымын (жеткізу жинағына кіреді)

elite Panaboard тақтасына жалғаңыз да, қуат сымының штепсельдік ұшын айнымалы розеткасына қосыңыз.

• Қуат сымын оңай ажырататын етіп elite Panaboard тақтасына жақын орналасқан розеткаға жалғау керек.

• Жерге қосу туралы ақпаратЕгер жерге қосу желісін жалғау мүмкін болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз. Жерге қосу қызметінің құны elite Panaboard тақтасының бағасына қосылмаған.

• Жеткізілетін жинаққа кіретін қуат сымы тек elite Panaboard тақтасымен бірге пайдалануға арналған. Оны басқа құрылғылармен пайдаланбаңыз.

Қуат сымы(бірге беріледі)

Қуат сымы

Қуат ажыратқышы

(ҚОСУ)

(ӨШІРУ)

Артқы көрінісі

Page 19: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

19Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

2. elite Panaboard тақтасын компьютерге USB кабелінің (жеткізу жинағына кіреді) көмегімен жалғаңыз.• elite Panaboard: «B» қосқышын (кіші) elite Panaboard тақтасының USB портына жалғаңыз. Компьютер: «А» қосқышын (үлкен) компьютердің USB портына жалғаңыз.

• elite Panaboard тақтасын USB концентраторы арқылы жалғамаңыз. Жұмыстың дұрыс орындалуына кедергі болады.

3. Компьютерді проекторға жалғаңыз.• Компьютерді проекторға қосу үшін қолдану нұсқаулығындағы сəйкес нұсқаулықты пайдаланыңыз.

Қолданыс орнын таңдау туралы ақпарат• elite Panaboard тақтасын тікелей күн жарығына, пештердің, жылыту/салқындату жүйелеренің желдету тесіктерінің жанына немесе желдетілетін жерлерге орнатпаңыз.

• elite Panaboard тақтасын 10 °C-тан төмен температураларда, сондақ-ақ ауа температурасы құбылмалы болатын жерде пайдаланбаңыз.

Ескертпе• Жоғарыда сипатталған жерлерге орнатылатын болса, elite Panaboard тақтасы дұрыс істемеуі мүмкін.

Электр қуатының ажыратқышы• elite Panaboard тақтасын өшіргеннен кейін, қайта қоспас бұрын 2 секунд күтіңіз.

USB портынаUSB кабелі(бірге беріледі)

Бейне кабеліАйнымалы ток

Айнымалы ток

Компьютер Проектор

Page 20: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

20 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

elite Panaboard software бағдарламасын орнатуelite Panaboard тақтасымен бірге пайдаланылатын компьютерге elite Panaboard software бағдарламасын орнату қажет.elite Panaboard software бағдарламасын орнату үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз.

Ескертпе• USB кабелін орнату аяқталмастан жалғамаңыз.• Бір компьютерге біреуден артық elite

Panaboard тақтасын жалғамаңыз. (Бұл компьютердің жұмысына кедергі болады.)

1. Компьютерді қосыңыз да, Windows операциялық жүйесін іске қосыңыз.• Жүйеге əкімші құқықтарымен кіріңіз.

2. Қосымша берілген ықшам дискіні ықшам дискілерді оқитын құрылғыға салыңыз.• Орнату экраны көрсетіледі.• Егер орнату экраны шықпаса, Windows жүйесінен ықшам дискілерді оқитын құрылғыны таңдап, [Menu.exe] белгішесін екі рет басыңыз.

• Windows Vista немесе Windows 7 ішінде «Автоматты түрде іске қосу» терезесі көрсетілсе, [Menu.exe файлын іске қосу] тармағын таңдаңыз.

3. Сəлемдесу экраны көрсетілгеннен кейін, [Далее] (Қосымша) түймесін басыңыз.

4. «Выбор модели» (Үлгіні таңдау) экраны көрсетілсе, қолданылатын құрылғы түрін таңдаңыз.

5. [Установить elite Panaboard] (elite Panaboard орнату) белгішесін басыңыз.

6. Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдаған жағдайда, [Да] (Иə) түймесін басыңыз.• Windows Vista амалдық жүйесінде

«Пайдаланушылар тіркелгілерін басқару» терезесі көрсетілсе, орнатуды жалғастыру үшін [жалғастыру] түймесін басыңыз.

• Windows 7 ішінде «Пайдаланушылар тіркелгілерін басқару» терезесі көрсетілсе [Иə] түймесін басып орнатуды жалғастырыңыз.

7. Келесі экран шығарылғанда, USB кабелінің компьютерге немесе elite Panaboard тақтасына қосылмағанына көз жеткізіп, [OK] түймесін басыңыз.• USB кабелі elite Panaboard тақтасына қосылған болса, оны ажыратыңыз жəне [OK] түймесін басыңыз.

• .NET Framework 2.0 қолданбасы немесе оның кейінгі нұсқасы орнатылмаған болса, орнату экраны көрсетіледі. Осы қолданбаларды орнату үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

8. Орнату шеберінің терезесі көрсетілсе, экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды жалғастырыңыз.

9. Орнатуды аяқтағаннан кейін, [Готово] (Орындалды) түймесін басыңыз.• Компьютер өшіріп, қайта қосуды сұраса, бұны орындаңыз.

• [Panasonic] тобындағы Бағдарламалар мəзірінде [elite Panaboard] тобы жасалады.

Page 21: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

21Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

4

• [elite Panaboard] тобында төмендегі тармақтар көрсетіледі:– elite Panaboard software– elite Panaboard book– Пайдалану нұсқаулығы (негізгі

функциялар)– Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық

құрал)– Соңғы нұсқаны жүктеп алу

Проекторды орнатуТөменде көрсетілген нұсқауларды пайдаланып проекторды орнатыңыз.

Бейнені орналастыру туралы ақпарат• Бейнені көрсету барысында экранмен көрсетілетін бейне қашықтығы 5 мм кем емес екеніне көз жеткізіңіз. Электрондық қалам экран бетінің сол жақ жоғарғы бұрышындағы орналасқан жер датчигінен 50 мм қашықтықта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Проекция аймағы

50 мм

5 мм

5 мм

5 мм

Page 22: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

22 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Суретті тікбұрыш түрінде шығарыңыз• elite Panaboard тақтасына суретті тік бұрышта шығару үшін, проектордың орнын реттеңіз.

• Сурет трапеция түрінде проекцияланатын болса, электрондық қаламның күйі дұрыс оқылмауы мүмкін. Проекторды шығарылатын сурет тік бұрышты болатын етіп реттеңіз. Шығарылатын суретті реттеу туралы ақпаратты проектор құжаттамасынан қараңыз.

Дұрыс ажыратымдылықты орнатыңыз• Компьютер мен проектордың оңтайлы ажыратымдылықтарын орнатыңыз. Егер дұрыс орнатылмаған болса, бейне нашар көрінеді. Əсіресе, проектор компьютерден төмен орнатылса, жіңішке сызықтары дұрыс көрінбейді. Орналастыру шешімін баптау туралы проекторға қатысты құжаттан қараңыз.

Проектордың жарығына тура қарамаңыз• Проектормен жұмыс істеу барысында жарығына тура қарамауға тырысыңыз. Бұл көзіңізге зақым келтіреді.

Page 23: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

23Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

4

Жүйені реттеу (мөлшерлеу)Мөлшерлеу туралыМөлшерлеу — elite Panaboard тақтасын жəне проекторды электрондық қаламмен экран бетінде жасалған сызықтар жəне түсініктемелер экран бетінде көрсетілетін суретке дұрыс қойылатындай реттеу. Мөлшерлеуді міндетті түрде жұмысты бастардың алдында орындайсыз.elite Panaboard тақтасын реттеуді аяқтағанда, суретті экран бетінде көрсетіңіз жəне компьютерге орнатылған elite Panaboard software бағдарламасының көмегімен мөлшерлеуді орындаңыз.

Мөлшерлеуден кейінelite Panaboard тақтасын немесе проекторды жылжытпаңыз• Келесі жағдайларда көрсетілген бейне мен электрондық қаламның күйі сəйкестенбей қалады жəне қайталап мөлшерлеуге тура келеді:– Проектор орнының өзгеруі.– elite Panaboard тақтасының күйі өзгеруі.– Көрсету аймағы немесе фокус реттеу, зум

жəне т.б. өзгеруіне байланысты орны өзгеруі.– Проектордың немесе компьютердің

ажыратымдылығының өзгеруі.

elite Panaboard software бағдарламасын іске қосу жəне мөлшерлеуді орындау1. elite Panaboard тақтасын қосыңыз.2. elite Panaboard тақтасын USB кабелінің

көмегімен компьютерге жалғаңыз.• elite Panaboard software бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады.

• elite Panaboard software бағдарламасы бірінші рет іске қосылғанда мөлшерлеу экраны көрсетіледі.

• Компьютер өшіріп, қайта қосуды сұраса, бұны орындаңыз. Компьютерді қайта қосудан кейін elite Panaboard тақтасын USB кабелінің көмегімен компьютерге жалғаңыз.

3. Мөлшерлеуді орындаңыз.4. Электрондық қаламмен тақтаға əр

дөңгелекті кесіп өту нүктелерінде тік бұрышпен ол кеткенше (шамамен 2 секунд) басыңыз. Төмендегі иллюстрацияда көрсетілген ретпен қайталаңыз.

Page 24: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Пайдалану

24 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

• Электрондық қаламды экран бетіне тік бұрыштап ұстап басыңыз.

• Басқан кезде қалам ыжылдаған дыбыс шығарады.

• Белгіленген нүктенің күйі дұрыс анықталғаннан кейін келесі нүкте автомат түрінде мөлшерленеді.

• Мөлшерлеуді дұрыс аяқтағаннан кейін аяқталу диалог терезесі көрінеді.

5. [OK] түймесін басыңыз.• elite Panaboard тақтасы мен проектор бекітіліп, қозғалмаса (қабырғаға орнатылғанда), [Всегда использовать эти сведения о калибровке] (Мөлшерлеудің осы мəліметтерін əрдайым пайдалану) жалаушасын орнатып, [OK] түймесін басыңыз. Сонда келесі жолы elite Panaboard software бағдарламалық құралы іске қосылғанда, мөлшерлеу жасалмайды.

• Мөлшерлеуді аяқтағаннан кейін хабарландыру аймағында белгішесі пайда болады, одан кейін автоматты түрде экранды көлеңкелеу құралы көрсетіледі.

[Сурет салу құралдары]• Енді elite Panaboard software бағдарламасын қолдануға болады.

Ескертпе• Жоғарыдағы суретте көрсетілген сурет салу құралы elite Panaboard бағдарламалық құралының 3.1 нұсқасының мысалы ретінде алынған.

• elite Panaboard software бағдарламасын пайдалану туралы толық ақпаратты берілген электрондық нұсқаулықтан қараңыз немесе жылдам анықтама мəзірін таңдаңыз. Электрондық құжаттаманы қарау бойынша нұсқаулар «Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» «Электрондық құжаттаманы қарау» (бет 25) бөлімін қараңыз.

elite Panaboard software бағдарламасынан шығуОң жақ түймешікпен «Хабарландыру аймағы» белгішесін басып, мəзірден [Выход] (Шығу) тармағын таңдаңыз.

Page 25: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

25Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

4

elite Panaboard software бағдарламасын жоюelite Panaboard software бағдарламасын жою үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз.1. Компьютерді қосып, Windows

бағдарламасын іске қосыңыз.• Жүйеге əкімші құқықтарымен кіріңіз.

2. Басқару тақтасынан [Бағдарламаларды қосу немесе жою] тармағын таңдаңыз.• Windows Vista немесе Windows 7 жүйесінде

[Бағдарламаларды жою] тармағын таңдаңыз.3. Panasonic elite Panaboard бағдарламалық

құралын таңдаңыз да, оны жойыңыз.4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.5. Жою аяқталғаннан кейін компьютерді қайта

қосыңыз.

Электрондық құжаттаманы қарау«Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» электрондық құжаттамасын қарау үшін келесі əрекеттерді орындаңыз.1. Компьютерді қосып Windows жүйесіне

кіріңіз.2. Бастау мəзірінен «Пайдалану нұсқаулығы

(бағдарламалық құрал)» тармағын ашыңыз. ([Бастау] → [Бағдарламалар] → [Panasonic] → [elite Panaboard] → [Инструкция по эксплуатации для программного обеспечения] (Бағдарламалық құралдың пайдалану нұсқаулығы))• Электрондық құжаттар көрінеді.• Windows 2000 жүйесінде [Барлық бағдарламалар] тармағының орнына [Бағдарламалар] тармағын көрінеді.

Ескертпе• Электрондық құжаттаманы қарау үшін компьютерде Adobe® Reader® қолданбасы орнатылған болуы керек. Егер компьютер Интернет желісіне қосылған болса, Adobe Reader қолданбасын Adobe компаниясының веб-торабынан жүктеп алуға болады.

Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алуБағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын веб-тораптан жүктеп алу үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз.1. Компьютерді қосып, Windows

бағдарламасын іске қосыңыз.2. [Бастау] мəзірінен [Барлық бағдарламалар] →

[Panasonic] → [elite Panaboard] тармағын таңдап, [Загрузить последнюю версию] (Соңғы нұсқаны жүктеп алу) тармағын басыңыз.

Page 26: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Қосымша

26 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Қосымша

Күнделікті күтімelite Panaboard тақтасының сыртын немесе ішін тазалағанда, міндетті түрде электр қуатын өшіріңіз жəне қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.

Тақтаны тазалау elite Panaboard

elite Panaboard тақтасын жұмсақ, дымқыл шүберекпен ақырын сүртіңіз.

Ескертпе• elite Panaboard тақтасы проектор арқылы сурет көрсетуге ғана арналған.

• Өшірілмейтін дақтарды сатып алуға болатын суға араласқан ақ тақтаны тазалау сұйығымен немесе бейтарап тұрмыстық тазартқышпен кетіріңіз.

• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды пайдаланбаңыз. (Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

Электрондық қаламның батареясын ауыстыруЭлектрондық қаламдағы батарея отырып қалса, компьютер экранында «Батарейка ручки разряжена. Немедленно замените батарейку.» (Қалам батареясының заряды бітті. Батареяны дереу ауыст-з.) деген хабар көрсетіледі. Электрондық қаламды пайдалануды жалғастырса, оның жұмысы нашарлауы мүмкін. Батареяны ауыстыру туралы қосымша ақпаратты. Батареяны ауыстыру туралы толық мəліметтерді «Батареяларды орнату (ауыстыру)» (бет 17) бөлімінен қараңыз.• Қолданылған батареяның түйіспелерін таспамен жауып, оларды еліңіздегі/аймағыңыздағы тастау ережелеріне сай мүмкіндігінше жылдам тастаңыз.

Após o uso as pilhas/baterias contidas neste produto poderão ser dispostas em lixo doméstico.

Бразилия үшін

Niet weggooien,maar inleveren

als KCA.NL

Нидерланд үшін

Bij dit produkt zijn batterijen geleverd. Wanneer deze leed ziju, moet u ze niet weggooien maar inleveren als KCA.

Тайвань үшін ( 台灣 )

Page 27: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

27Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Қосымша

4

Электрондық қаламның ұшын ауыстыруТозғанда, электрондық қалам ұшы тесіледі. Осы күйде пайдалана берсе, электрондық қалам экранды зақымдауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін, сондықтан оның ұшын жаңасымен мүмкіндігінше жылдам ауыстыру керек.

Page 28: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Қосымша

28 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Ақаулықтарды жоюАқаулықтар пайда болса, төменде көрсетілген кестені қарап, шешімін табыңыз. Ақаулық жойылмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.

Белгі Себеп жəне шешім Мына бетті қараңыз:

Жарық диодты көрсеткіштер электр қуатының қосқышы қосылғанда жанбайды.

Қуат сымының дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.→ Егер ақаулық жойылмаса, электр қуатын өшіріп, қайта

қосыңыз.—

Қызыл диодты көрсеткіш жыпылықтайды.

Электр қуатын өшіріп, қосыңыз.→ Ақаулық жойылмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.

Компьютер elite Panaboard тақтасын анықтай алмай тұр.

• elite Panaboard тақтасы мен компьютер арасында байланыс орнатылмаған.→ elite Panaboard тақтасын компьютерге USB кабелі

арқылы дұрыстап жалғаңыз.• USB кабелі USB концентраторына жалғанған.

→ elite Panaboard тақтасын USB концентраторы арқылы жалғамаңыз.

Компьютер мен elite Panaboard тақтасы арасындағы байланыс кенет ажыратылады.

elite Panaboard тақтасының жұмыс күйінде екенін жəне USB кабелі дұрыс жалғанып тұрғанын тексеріңіз.

Электрондық қаламның орналасқан жері дұрыс емес.

Көрсетіліп тұрған сурет сəйкес келмейді.→ Қайта мөлшерлеңіз.

23

Page 29: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Қосымша

29Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Енгізілетін сызықтар мен пікірлер толық немесе тиісті жерде көрсетілмейді.Электрондық қалам істемейді.

• Электрондық қаламды тақтаға қисайтып ұстап тұрсыз.• elite Panaboard тақтасы тікелей күн сəулесінде немесе күшті жарықта қолданылуда.

• Инфрақызыл басқару құралдары қолданылуда (мысалы, теледидардың қашықтан басқару құралы) жəне олар күй датчигіне қарай бағытталған.

• elite Panaboard тақтасының жиектері қабырғаға немесе төбеге жақын.

• elite Panaboard тақтасының қасында ауа кондиционері бар.• elite Panaboard тақтасының қасында плазмалық теледидар немесе сұйық кристалды теледидар қолданылуда.

• Орналасқан жер датчигінің бір бөлігі жабылып қалған.• Электрондық қалам датчигінің бір бөлігін қолмен жауып тұрсыз.

• Бірнеше электрондық қалам бір уақытта қолданылуда.• Электрондық қалам батареяларының заряды бітті.→ Жоғарыдағы ешбір себептің ақаулық тудырмайтынын

тексеріңіз.Ақаулық жоғарыдағы себептерге байланысты пайда болмаған жағдайда, параметрлерді қайта реттеп көріңіз.

Компьютер экранында артық сызықтар көрсетіледі.

elite Panaboard тақтасына электрондық қаламмен жазып жатқанда, elite Panaboard тақтасына жақын ұстап тұрып саусақпен электрондық қаламның ұшын басып қалдыңыз.→ Электрондық қалам ұшын саусақпен баспаңыз.

Компьютер экранында «Батарейка ручки разряжена. Немедленно замените батарейку.» деген хабар көрсетіледі.

Электрондық қалам батареясының заряды бітті.→ Электрондық қалам батареясын ауыстырыңыз.

1726

Ақ тақтаға арналған маркермен жасалған белгілер өшірілмей тұр.

elite Panaboard тақтасы проектордан шығатын суреттерге арналған. Белгілерді стандартты өшіру щеткасымен өшіру мүмкін емес.→ Сатылатын ақ тақта тазалағышын немесе суға

сұйылтылған нейтральды тұрмыстық тазалау құралын пайдаланыңыз.

26

Белгі Себеп жəне шешім Мына бетті қараңыз:

Page 30: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Қосымша

30 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Техникалық сипаттамаларыҮлгі нөмірі UB-T760

Негізгі сипаттамалары

Электр қуаты 100-240 B (айнымалы ток), 50 Гц/60 Гц

Тұтыну қуатыПайдалану кезінде:

0,1 A

Сыртқы өлшемдері:Биіктігі × Ені × Қалыңдығы

1 142 мм × 1 489 мм × 89 мм

Салмағы 20 kg (кг)

Пайдалану шарттары Температура: 15-35 °CЫлғалдылық: 30-80 %

Сақтау шарттары Температура: -20-40 °CЫлғалдылық: 15-80 %

Интерфейс USB 2.0

Енгізілетін құрылғы

Экран бетінің өлшемі:Биіктігі × Ені

977 мм × 1 429 мм

Интерактивті мүмкіндіктер

Тиімді аймағы:Биіктігі × Ені

967 мм × 1 239 ммБейнені экран жақтауынан кемінде 5 мм артық проекциялаңыз. Электрондық қалам экран бетінің сол жақ жоғарғы бұрышындағы орналасқан жер датчигінен 50 мм қашықтықта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Электрондық қаламның электр қуаты

LR03 (AAA түріндегі құрғақ сілтілі батарея) × 1

Электрондық қалам батареясының жұмыс істеу уақыты

30 сағат (25 °C температурада үздіксіз қолдану)* Panasonic LR03 кебу сілтілі батарея қолданатын болса.

50 мм

5 мм

5 мм

Проекция аймағы

5 мм64 дюйм

Page 31: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Қосымша

31Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Шығыс материалдары жəне қосымша керек-жарақтар

• Бөлек сатылатын элементтерді дилеріңізден алуға болады.

Қосымша құрылғы Электрондық қалам UE-608025

Орнатуды қажет етпейтін жинақ UE-608050

Page 32: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

32 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет көрсетуші маманға арналған)

• Электрондық тақтаны жəне түпқойманы құрастыру, қабырғаға орнату туралы ақпаратты дилеріңізден алыңыз.

• elite Panaboard тақтасын жинау жəне орнату алдында «Орнату нұсқаулығы (техникалық қызмет көрсетуші білікті маманға арналған)» нұсқаулығын мұқият оқыңыз.«Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін» бөліміне баса назар аударып, elite Panaboard тақтасын берік орнатыңыз.Қате орнатудың салдарынан туындайтын жазатайым оқиғалар немесе меншікке келтірілген зиян үшін Panasonic System Networks Co., Ltd. компаниясы жауапты болмайды.

• elite Panaboard тақтасын қабырғаға 2 адам орнатуы керек.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшінАуыр жарақат алу немесе өлім жағдайының орын алуына жол бермеу үшін, сондай-ақ құрылғыны дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану мақсатында осы бөлімде берілген нұсқауларды құрылғыны іске қосар алдында мұқият оқып шығыңыз.

Орнату нұсқаулығында келесі графикалық белгілер пайдаланған.

Ескертпе

Ауыр жарақатқа немесе өлімге апаратын ықтимал қауіпті білдіреді.

Жеңіл жарақатқа немесе жабдықтың зақымдануына апаратын қауіпті білдіреді.

Бұл белгілер операторға белгілі бір əрекетті орындауға болмайтыны туралы хабар береді.Бұл белгілер операторға жабдықты қауіпсіз пайдалану үшін белгілі бір əрекетке назар аудару керек екені туралы хабар береді.

АБАЙЛАҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

Бұл жабдықты орнатып болғаннан кейін, техникалық қызмет көрсететін білікті маман қауіпсіздікті тексеру қажет.

Құрылғыны орнату кезінде қуат сымын міндетті түрде ажыратыңыз. Бұл талаптың орындалмауы электр тоғы соғуына немесе жарақатқа апаруы мүмкін.

Тек белгіленген бөлшектерді пайдаланып орнатыңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке, электр тоғы соғуына немесе жарақатқа апаруы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығын, сондай-ақ корпустағы, жақтаудағы жəне құрылғының бөліктеріндегі биркалардың ақпаратын оқып, түсініп алу керек.

Құрылғыны жəне орнату тəртібін өзгертпеңіз. Модификацияға ұшыраған құрылғыны орнату өртке, электр тоғының соғуына немесе жарақатқа апаруы мүмкін.

Бұл құрылғыны орнату, оның орнын ауыстыру жəне оны тастау жұмыстарын тек білікті техникалық қызмет көрсету маманы орындауы тиіс.

АБАЙЛАҢЫЗ

Page 33: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

33Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

Құрылғыны қабырғаға ілу ұсынылса, қабырға көрсетілген салмаққа төтеп бере алатынына көз жеткізіңіз.

1 324 Н (135 kgf (кгк))

Электрондық тақтаны күшейтілген сылақты қабырғаға орнатпаңыз. Қабырғаға бекіту тілімшесінің бұрандалары арқылы бөлінген электр тоғы сылақтың астындағы темір немесе сым торға өтетін болса, сылақ ысуы, түтіндеуі немесе өртенуі мүмкін.

Құрылғы қабырғаға орнатылатын болса, бекіту тілімшесіне орнатылған құрылғыны өзіңізге қарай тартып қабырғаға бекіту тілімшесі винттерді берік ұстап тұрғанын тексеріңіз.

Электр тоғының соғу немесе жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін, міндетті түрде қолғап киіңіз.

ЕСКЕРТУ

Page 34: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

34 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

Қосымша керек-жарақтарelite Panaboard тақтасының жинағы келесі керек-жарақтармен жабдықталғанын тексеріңіз.

№ Бөлшек атауы Сурет Саны Ескертпелер

Қуат сымы(3 м)

1

Суретте АҚШ-та қолданылатын қуат сымы көрсетілген. Штепсельдік ұштың түрі елге/аймаққа қарай əртүрлі болады.

USB кабелі(5 м)

1 Компьютерге қосу үшін

Ықшам диск 1

Пайдалану нұсқаулығы (Бағдарламалық құрал)ДрайверлерҚолданбалы бағдарламалық құрал

Кабель ұстағыш 1 Қуат сымына арналған

Қабырғалық бекіту пластинасы (сол жақ)

1 —

Қабырғалық бекіту пластинасы (оң жақ)

1 —

Батарея (LR03 сілтілі батареясы, «AAA» түрі)

1 Электрондық қалам үшін

Электрондық қалам 1 —

Электрондық қалам ұшы (ауыстырылатын)

2 Электрондық қалам үшін

Кабель тартқыш 1

Қабырғаға орнату кезінде қуат сымын бекітуге арналған құрал

Page 35: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

35Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Ескертпе• Бұрандалар (8 дана) қосымша жабдыққа кірмейді. Қабырға түріне сай M6 өлшемді бұрандаларды сатып алыңыз (бет 38).

Пайдалану нұсқаулығы 1

Пайдалану нұсқаулығы(құрамында орнату нұсқаулығы бар)

Кепілдік 1

Кейбір елдерде/аймақтарда жеткізу жинағына кірмеуі мүмкін.

№ Бөлшек атауы Сурет Саны Ескертпелер

Page 36: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

36 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Қабырғаға орнату

Қабырғаны тексеруҚабырғаға орнатқанда ғимарат иесімен, техникпен немесе орнатушымен қабырғаның беріктігі elite Panaboard тақтасын орнату үшін жеткіліктілігі туралы кеңесіңіз. Қауіпсіздік мақсатында elite Panaboard тақтасын тек қабырғалар түрін дəл анықтаудан жəне сəйкес бұранда түрлерін жəне орнату əдісін таңдағаннан кейін орнату керек (бет 38).

ЕСКЕРТУЭлектрондық тақтаны күшейтілген сылақты қабырғаға орнатпаңыз. Қабырғаға бекіту тілімшесінің бұрандалары арқылы бөлінген электр тоғы сылақтың астындағы темір немесе сым торға өтетін болса, сылақ ысуы, түтіндеуі немесе өртенуі мүмкін.

I. Қажетті құралдар жəне бөліктер (elite Panaboard тақтасының жеткізу жинағына кірмейді)Бұрғы, бұрауыш, рулетка, ватерпас8 бұранда (өлшемі M6)

II. Орнату алдында1. Қабырға жеткілікті берік екеніне жəне elite Panaboard тақтасын ұстайтынына көз

жеткізіңіз.Есептелген беріктік: 1 324 Н (135 kgf (кгк)) көп

Ескертпе• Қажет болғанда, elite Panaboard тақтасын ұстай алуы үшін қабырғаны күшейтіңіз.

2. elite Panaboard тақтасын орналастыру үшін жеткілікті бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.Биіктігі: 2 100 мм-ден артықЕні: 2 000 мм-ден артық

3. Айнымалы ток розеткасының elite Panaboard тақтасы орнатылатын жерден 3 м қашықтықтан ұзақ емес екенін жəне elite Panaboard тақтасының артында орналаспағанын тексеріңіз.

Page 37: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

37Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Қабырғалық бекіту пластиналарын орнату1. Қабырға жеткілікті берік екеніне жəне elite Panaboard тақтасын ұстайтынына көз жеткізіңіз.

Есептелген беріктік: 1 324 Н (135 kgf (кгк)) көп2. Рулетка жəне ватерпас көмегімен бұрандаларды орнату үшін 8 белгі салыңыз.

Ескертпе• Иллюстрацияда пунктирлік сызықпен elite Panaboard тақтасының сыртқы жиегі белгіленген.

3. Қабырғалық бекіткіш пластинасын орнату үшін 8 тесік бұрғылап тесіңіз.• Тесіктердің диаметрі қолданылатын бұрандалардың өлшеміне сəйкес келу керек.

4. Қабырғалық бекіту пластиналарын 4 бұранданың көмегімен бекітіңіз.• Əр қабырғалық бекіту пластинасын 2 бұранда қолданылады. Қалған 4 бұранда elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатқаннан кейін қолданылады.

40 мм

784 мм

30 мм44 мм

222,5 мм

462 мм

550 мм469,5 мм

40 мм

784 мм

30 мм

44 мм

550 мм

Page 38: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

38 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

• Бұрандалар (8 дана) elite Panaboard тақтасының жеткізу жинағына кірмейді. М6 мөлшерлі бұрандаларды қабырғаның үлгісіне қарай сатып аласыз.

• Болтты қатты бекітіңіз.• Тесіктерді бұрғылағанда жəне қабырғалық бекіту пластиналарын орнатқанда, «Қабырға түрлері жəне орнату процедуралары» (бет 38) бөлімінде сипатталған əрекеттерді орындаңыз.

5. elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатыңыз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасын құрастыру» (бет 41).

Қабырға түрлері жəне орнату процедураларыҚабырғалық бекіту пластиналарын қабырғаға орнату əдістері қабырға құрылымына байланысты əртүрлі болады.Төменде үш мүмкін нұсқа берілген.Қабырғаға байланысты басқа əдістер де керек болуы мүмкін.

Металл немесе бетон қабырғаларДюбельдер керек (жеткізу жинағына кірмейді).

Ұштығы бар бұрғы

Металл немесе бетон қабырға

Дюбельді тесікке салыңыз.

Дюбель

Қабырғалық бекіту пластинасы

Қабырғада 8 тесік бұрғылап тесіңіз. Тесіктің қажет өлшемін нақты дюбельдерді пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Бұранданы қабырғалық бекіту пластинасының тесігіне салыңыз да, пластинаның қабырғаға берік бекітілуін қамтамасыз ету үшін қаттылап тартыңыз.

Болт

Page 39: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

39Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Сылақталған қабырғаТіреу тығындары (жеткізу жинағына кірмейді) қажет болады.

Ағаштан жасалған қабырғаларАғашқа арналған шуруптар (жеткізу жинағына кірмейді) қажет болады.

Сылақ

Тіреу тығыны

Тірек таяныштар

Қабырғалық бекіту пластинасы

Тірек таяныштарын ашқаннан кейін қабырғалық бекіту пластинасын тірек таяныштары қабырғада бекітілгенше өзіңізге тартыңыз.

Қабырғалық бекіту пластинасының қабырғада берік бекітілуін қамтамасыз ету үшін бұранданы тартыңыз.

Болт

Болтты қабырғалық бекіту пластинасының тесігіне жəне қабырғадағы тесікке тірек таяныштар көлденең күйде болатындай салыңыз.Тесіктердің қажет өлшемін нақты тіреу тығындарын пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Тіректаяныштар

Қабырғалық бекіту пластинасы

Шуруп

Ағаш қабырға

Шурупты қабырғалық бекіту пластинасының тесігіне салыңыз да, пластинаның қабырғаға берік бекітілуін қамтамасыз ету үшін қаттылап тартыңыз.Тесіктің қажет өлшемін нақты шуруптарды пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Page 40: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

40 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Құрастыру нұсқауларыelite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындық

Қорапты ашыңыз, керек-жарақтар бар қорапты жəне орамалау көбігін шығарыңыз да, elite Panaboard тақтасының пластмасса жапырағын ашыңыз.

Ескертпе• Экранды шығарғанда экранның бетінен емес, жақтау шеттерінен ұстаңыз.

(Экран бетін ұстағанда, ол зақымдалуы мүмкін.)• Қорабындағы орауыш материалдар кейін қорапқа салу үшін керек болуы мүмкін, сондықтан оларды сақтау керек.

Ескертпе• Кейбір елдерде/аймақтарда кепілдік берілмеуі мүмкін.

Орама қорап

Электрондық тақта

Орама қорап

[[Керек-жарақтар бар қораптың құрамы]

• Қуат сымы ...................................1• USB кабелі ..................................1• Ықшам диск ................................1• Кабель ұстағыш ..........................1• Қабырғалық бекіту пластинасы

(оң жақ, сол жақ)........... 1 (əрқайс.)• Батарея .......................................1• Электрондық қалам ....................1• Электрондық қалам ұшы..............2• Кабель тартқыш ............................1• Пайдалану нұсқаулығы .............1• Кепілдік .......................................1

Page 41: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

41Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

elite Panaboard тақтасын құрастыруЕскертпе

• elite Panaboard тақтасы үшін жақтаудың төменгі қақпақтарының 2 түрі бар: 2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағы жəне 1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағы. elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатқанда жақтаудың төменгі қақпағының түріне байланысты құрастыру процесі басқа болады. Төменде берілген əрекеттерді орындаңыз:

Жақтаудың төменгі қақпағын 4 бұрандамен (2 бөліктен тұратын) бекіткенде → бет 41

Жақтаудың төменгі қақпағын 2 бұрандамен (1 бөліктен тұратын) бекіткенде → бет 44

Қабырғада орнату үшін (2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан)1. Қуат сымын кабель тартқышпен тым қатты

орамаңыз жəне қуат сымын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.• Қабырғаға орнатудың алдында қуат сымын

elite Panaboard тақтасына қосыңыз.

2. Кабель тартқыштың ұшын қуатты басқару құралының артқы қақпағындағы кабель тартқышты бекіту тесігіне кіргізіңіз.

1

2

Қуат сымы

Page 42: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

42 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

3. Кабель ұстағыштың бос ұшын тартып шығарыңыз да, қуат сымын желі розеткасының орналасқан бағытына қарай орнатыңыз (келесі суреттерде көрсетілгендей).• Қуат сымын төменгі жақта жалғау кезінде.

• Қуат сымын elite Panaboard тақтасының астыңғы жағының бойымен жалғау кезінде.

4. Бекіту платасына бекітілген бекіту қақпағының ( ) бұрандасын ( ) алыңыз жəне бекіту қақпағын төмен жылжытыңыз.Бекіту қақпағын жəне бекіту платасының бұрандасына арналған тесік ( ) сəйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.

Бекіту қақпағының бұрандаларын ( ) бұрап алыңыз жəне қақпақты оң жақтағы суретте жоғарыда көрсетілгендей қақпақты төмен жылжытып, оларды тесіктерді бекітіңіз.

5. elite Panaboard тақтасын бұрандалардың бастары арқылы қабырғаға бекіту тілімшелеріне орнатыңыз.

Қуат сымын кабель тартқышпен бекітіңіз.

Қуат сымын кабель тартқышпен бекітіңіз.

Page 43: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

43Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

6. Жақтаудың төменгі қақпағынан (алдында) 4 бұранданы бұрап шығарыңыз.

7. Алу үшін жақтаудың төменгі қақпағының төменгі бөлігін (алдында) көтеріңіз.

8. Қабырғаға бекітіңіз.Плата бекіткішінің төменгі бөлігін қабырғаға мықтап бекітіңіз.

9. Жақтаудың төменгі қақпағын (алдында) бекітіңіз.Жақтаудың төменгі қақпағын (алдында) elite Panaboard тақтасына 4 бұранда көмегімен қақпақ негізгі блокпен бір деңгейде болатындай бекітіңіз.

Ескертпе• Қабырғаға орнату кезінде, elite Panaboard тақтасын соққы алуына жол бермеңіз.

• elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатып болғаннан кейін, орнату беріктігін аздап күшпен басып тексеріңіз.

Ескертпе• Орнату аяқтағаннан кейін қуат сымы мен

USB кабелін кабель ұстағышпен бекітіңіз.

Page 44: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

44 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

10.Экранның бетін сүртіңіз.Экранның бетін жұмсақ, дымқыл шүберекпен жайлап сүртіңіз.

Ескертпе• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды пайдаланбаңыз.(Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

11. elite Panaboard тақтасының жұмысқа қабілеттілігін тексеріңіз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру» (бет 48) бөлімінен қараңыз.

Қабырғада орнату үшін (1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан)1. Қуат сымын кабель тартқышпен тым қатты

орамаңыз жəне қуат сымын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.• Қабырғаға орнатудың алдында қуат сымын

elite Panaboard тақтасына қосыңыз.

2. Кабель тартқыштың ұшын қуатты басқару құралының артқы қақпағындағы кабель тартқышты бекіту тесігіне кіргізіңіз.

1

2

Қуат сымы

Page 45: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

45Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

3. Кабель ұстағыштың бос ұшын тартып шығарыңыз да, қуат сымын желі розеткасының орналасқан бағытына қарай орнатыңыз (келесі суреттерде көрсетілгендей).• Қуат сымын төменгі жақта жалғау кезінде.

• Қуат сымын elite Panaboard тақтасының астыңғы жағының бойымен жалғау кезінде.

4. Бекіту платасына бекітілген бекіту қақпағының ( ) бұрандасын ( ) алыңыз жəне бекіту қақпағын төмен жылжытыңыз.Бекіту қақпағын жəне бекіту платасының бұрандасына арналған тесік ( ) сəйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.

Бекіту қақпағының бұрандаларын ( ) бұрап алыңыз жəне қақпақты оң жақтағы суретте жоғарыда көрсетілгендей қақпақты төмен жылжытып, оларды тесіктерді бекітіңіз.

5. elite Panaboard тақтасын бұрандалардың бастары арқылы қабырғаға бекіту тілімшелеріне орнатыңыз.

Қуат сымын кабель тартқышпен бекітіңіз.

Қуат сымын кабель тартқышпен бекітіңіз.

Page 46: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

46 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

6. Жақтаудың төменгі қақпағын алыңыз.Сол жəне оң бұрандаларды алыңыз, содан кейін elite Panaboard тақтасының негізгі құрылғысынан жақтаудың төменгі қақпағын алыңыз.

7. Қабырғаға бекітіңіз.Қалған 4 бұрандамен тақта бекіткішінің төменгі бөлігін қабырғаға берік бекітіңіз.

8. Жақтаудың төменгі қақпағын орнына орнатыңыз.Жақтаудың төменгі қақпағын elite Panaboard тақтаның төменгі жағына бекітіңіз да, сол жəне оң бұрандаларды қақпақ жақтаумен бір деңгейде болатындай бекітіңіз.

Жақтаудың төменгі қақпағын бекіту əдісіa. Жақтаудың төменгі қақпағын екі қолмен

ұстап тұрып, оны екі жақтағы бағыттауыштарға жылжытыңыз.

b. Жақтаудың төменгі қақпағын артқа жылжытыңыз ( ).Жақтаудың төменгі қақпағының қырын бағыттауыштардың артқы жағының алдында ұстап тұрып, жақтаудың төменгі қақпағын жоғары қарай жылжытыңыз ( ).

Төменгі жақтауқақпағы

Бағыттауыш

Қыр

Page 47: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

47Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

c. Жақтаудың төменгі қақпағын шығарыңыз ( ).Жақтаудың төменгі қақпағының артқы бөлігін тақтаның артқы бөлігінің алдында ұстап тұрып, жақтаудың төменгі қақпағын жоғары қарай тақтаның артқы жағына жылжытыңыз ( ).

d. Жақтаудың төменгі қақпағын артқа жылжытыңыз ( ).Бүкіл жақтаудың төменгі қақпағын жоғары қарай екі соңы да шырт етіп жабылғанша жылжытыңыз ( ). Төменгі жақта 2 бұранданы тартыңыз.

Ескертпе• Жақтаудың төменгі қақпағын бекіткенде тақтаның бекіткішіне бір жеріңізді кесіп алмауға тырысыңыз.

• Қабырғаға орнату кезінде еlite Panaboard тақтасын соққылардан жəне итеруден сақтаңыз.

• elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатып болғаннан кейін беріктігін күш салып басып тексеріңіз.

Ескертпе• Орнату аяқтағаннан кейін қуат сымы мен

USB кабелін кабель ұстағышпен бекітіңіз.

9. Экранның бетін сүртіңіз.Экранның бетін жұмсақ, дымқыл шүберекпен жайлап сүртіңіз.

Ескертпе• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды пайдаланбаңыз.(Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

10. elite Panaboard тақтасының іске қосып тексеріңіз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру» (бет 48) бөлімінен қараңыз.

Page 48: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

48 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеруelite Panaboard тақтасын құрастырғаннан кейін келесі əрекеттерді орындап, оның жұмысының дұрыстығын тексеріңіз.

Интерактивті мүмкіндіктерді тексеру1. «elite Panaboard software бағдарламасын орнату» (бет 20) бөліміндегі нұсқауларды

орындап, бағдарламалық құралды орнатыңыз да, берілген USB кабелін жалғаңыз.2. Интерактивті функциялар жұмысының дұрыстығын тексеріңіз.

• Егер проектор жоқ болса, тек elite Panaboard тақтасын жəне компьютерді пайдаланып жұмыстың дұрыстығын тексеріңіз.

• elite Panaboard software бағдарламасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында мөлшерлеу экраны көрсетіледі.

• Байқау үшін электрондық қаламмен elite Panaboard тақтасын, төменде суретте көрсетілгендей, 5 жерінен басып мөлшерлеп көріңіз. Дəлірек реттеу үшін проекторды қолдану керек.

• elite Panaboard software орындау барысында ақ ая тəртібіне кіріңіз жəне маркер аспабын таңдаңыз. Экран бетінде электрондық қаламмен кез келген нəрсені жазып жəне жазылған сөздер компьютер экранында көрсетілетініне көз жеткізіп, жұмыстың дұрыстығын тексеріңіз. (Электрондық қаламмен жазылған сөздер экран бетінде көрсетілмейді.)

ƏрекетНені тексеру керек

Функция Шаралар

1 Электр қуатын жалғаңыз.

Жасыл жарық диодты көрсеткіш жанады.

(Қалыпты жұмыс)

Жасыл жарық диодты көрсеткіш жанбайды немесе қызыл көрсеткіш жыпылықтайды.

Қуат сымын тексеріңіз.«elite Panaboard тақтасын құрастыру» бөліміндегі 1-қадамды қараңыз.• Қабырғада орнату үшін (2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан) → бет 41

• Қабырғада орнату үшін (1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан) → бет 44

1

34

2

5

Шамамен 100 мм

Шамамен 100 мм

Page 49: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

Орнату нұсқаулығы

49Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Қорабына қайта салуelite Panaboard тақтасын қорапқа салу үшін, «elite Panaboard тақтасын құрастыру» бөлімінде сипатталған қадамдарды кері ретпен орындаңыз.• Қабырғада орнату үшін (2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан) → бет 41• Қабырғада орнату үшін (1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан) → бет 44

Құрылғыны «elite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындық» (бет 40) бөліміндегі суретке сай қорапқа салыңыз, содан кейін ораманы жабысқақ таспаның немесе 2 баудың көмегімен байлаңыз.

Ескертпе• Экранның бетінен ұстамаңыз, қаңқасынан ұстаңыз. (Экран бетін ұстағанда, ол зақымдалуы мүмкін.)

Page 50: Operating Instructions (For Basic Operations)(Kazakh) · Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар)Электрондық тақта (elite Panaboard)

1731

© Panasonic System Networks Co., Ltd. 2008

(For EU only)

Еуропа Одағына кірмейтін елдерде қоқыстарды тастау ақпараты

Бұл белгілер тек Еуропа Одағында қолданылады.Бұл өнім тасталатын болса, жергілікті басқару органдарынан немесе дилерден бұған ұқсас қоқыстарды тастау жолын сұрап алыңыз.