Тurkic weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 tw kazakh.pdf · Тurkic...

12

Upload: others

Post on 28-Sep-2020

3 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі
Page 2: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз)

«Тurkic Weekly» - Түркі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық шолуы. Ол түркі тілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мәселелері бойынша объективті талдау жасайды.

«Тurkic Weekly» - Түркі академиясы Халықаралық ұйымы шығаратын апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест.

Page 3: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

ИРАНДЫҚ РЕФОРМАТОРЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

Өткен аптада болған сайлаудың бірінші турында Иран парламентінде «реформаторлар» атты топ жеңіске жетті. Ақпанның 26-27 аралығында Иранда Мәжіліс (Иран парламенті) және Сарапшылар кеңесінің сайлауы өтті. Айта кететін жайт, Сарапшылар кеңесі рухани басшыны сайлайтын діни орган болып саналады.

Иран Ислам Республикасының ресми билігі мәлімдегендей, елдегі сайлау еркін және әділ өтті. Иран ІІМ мәліметтері бойынша сайлаушылардың шамамен 62% қатысқан. Ресми қорытындыға сәйкес, реформаторлар 85, консерваторлар 73, радикал консерваторлар 68, ал дін өкілдері 5 орынға ие болды. Ирандық БАҚ айтуынша, қалған 59 орын осы жылдың сәуір айында өткізілетін сайлаудың екінші турында бөлінетін болады.

Президент Хасан Рухани бастаған реформашыл топ ықпалы бар Сарапшылар кеңесінің 59% ие болып отыр. Оның мүшелері мемлекет басшылығына ұсынымдар әзірлеп, Республиканың рухани көшбасшысын тағайындауға құқылы. Оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі салмағы парламентпен салыстырғанда аса жоғары. Иран мамандарының пікірінше, Хасан Рухани Сарапшылар кеңесіне өз кандидатурасын ұсына отырып, аятолла қызметіне ие болуға қадам жасауда. Алайда Сарапшылар кеңесіне оның одақтасы ИИР бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанджани де өтті.

Көптеген сарапшылардың тұжырымы бойынша Иранның ішкі саясатындағы өзгерістер оның сыртқы әлемге одан әрі ашық болатынын көрсетіп отыр. Бұрын айтылғандай, Иранға қарсы қабылданған санкциялардан кейін Иран мен Батыс арасындағы қарым-қатынастар жақсарып, аталған болжамдар расталуда. Әлем елдерінің басшылары Иранмен ынтымақтастық орнату аясында осы елге ресми сапармен баруды үдетуде.

1

Page 4: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

АТАМБАЕВТЫҢ РЕСЕЙЛІК САПАРЫ

2-3 наурызда Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ресми сапармен Ресейде болды. Ресей БАҚ хабарлауынша, екіжақты келіссөздердің негізгі тақырыбы сауда-экономикалық қарым-қатынастар мен инвестициялық келісімдер болды.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі мен осы ұйымда Қырғызстанның алатын орны талқыланды. Белгілі болғандай, Қырғызстанның ЕурАзЭҚ қосылуы Республикада теріс бағаға ие болуда. Сонымен қатар осы жылдың басында қырғыз өкіметі бірнеше су электр станцияларын салу жөнінде Ресеймен жасалған келісімдерден бас тартатынын жариялады. Сарапшылар Қырғыз бен Ресей арасындағы өзге де күрделі мәселелерді атап өтуде.

Ресей және Қырғыз БАҚ сәйкес, аталған күрделі сұрақтар кездесу күнтәртібінің негізгі болды. Өз кезегінде, Қырғызстан президенті Атамбаев қиыншылықтарға қарамастан, Ресей негізгі стратегиялық әріптес болып қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, 4 наурызда А.Атамбаев РФ қаржы министрі А.Силуановпен кездесті. Кездесу барысында Қырғыз-Ресей даму қоры қызметінің негізгі бағыттары, түрлі салаларда бірлескен жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сапар соңында Қырғызстан президенті ресейлік жетекші БАҚ басшыларымен кездесті. «Интерфакс» кеңсесінде болған кездесуде Атамбаев РФ жетекші БАҚ басшыларының сұрақтарына жауап берді.

2

Page 5: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

ТҮРКИЯ АФРИКАҒА ЖОЛ АШУДА

28 ақпан - 3 наурыз аралығында Түркия Президенті Т.Ердоған Батыс Африканың төрт еліне сапарда болды.

Түрік БАҚ сәйкес, 29 ақпанда Түркия Президенті құрылыс, туризм, өнеркәсіп, металлургия, кен бизнесі басшыларынан тұратын делегацияны Кот-д'Ивуарға бастап апарды. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта түрік өкіметі өзара тиімді ынтымақтастық үшін екі елдің қолданыстағы әлеуетін одан әрі нығайтуға үлкен қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, лаңкестікке және контрабандаға қарсы күрес жүргізу жөнінде осы елге Анкара қомақты көмек беріп отыр.

Түркия президенті барған екінші ел Гана болды. Бұрын осы елдің Ұлыбритания колониясының ықпалында болғанын айта кеткен жөн. Ганада түрік компанияларының белсенділігі тау-кен өнеркәсібінде байқалып отыр.

Сонымен қатар ірі келісімдерге Түрік-Нигерия келіссөздер барысында да қол жеткізілді. Сарапшылардың мәлімдемесі бойынша соңғы жылдары Түркия Нигериямен ынтымақтасты белсенді түрде дамытуда. Екі жақты келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Түркия Президенті Т.Ердоғанның Африкалық сапары Гвинеямен аяқталды. Оның барысында екі ел арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастарды тереңдетуді көздейтін бірқатар келісімдерге қол қойылды.

Сайып келгенде, түрік басшылығының Батыс Африканың төрт еліне баруы Африка елдеріне мән бере отырып, серіктестердің тізімін ұлғайтуға мүдделі екендігін көрсетті.

3

Page 6: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

ДӘУІТОҒЛЫНЫҢ ИРАН САПАРЫ

4-5 наурызда Түркия Премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Иран Ислам Республикасында сапармен болды. Оның жанында Көлік, теңіз және коммуникация министрі, энергетика басшысы, Экономика, кеден және сауда министрінен жасақталған үлкен делегация еріп жүрді.

Екі күндік сапар барысында түрік делегациясы Иранның вице-президенті Эсхак Джахангирмен, Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мохаммад Зарифпен және Иран Ислам Республикасының басшысы Хасан Руханимен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында басты назар Сириядағы қақтығыстан туындайтын өңірлік мәселелерге аударылды.

А.Дәуітоғлы мен Х.Рухани арасындағы екіжақты келіссөздер барысында маңызды тақырыптардың бірі TANAP құбырының жобасы болды. Тараптар қазіргі уақытта Трансанатолия газ құбырын пайдалана отырып Иран газын Әзербайжан арқылы транзиттеу мүмкіндігін қарастыруда.

Сонымен қатар келіссөздер барысында тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін күнтәртіпке енгізді. Иран БАҚ бойынша тараптар Сириядағы ахуалды назарға ала отырып, 9 наурызда Женевада өтетін бейбіт келіссөздерді талқылады.

4

Page 7: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

2 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу өткізді. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев кездесу ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстанның БҰҰ-на қабылдану күніне тұспа-тұс келіп тұрғандығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстан сыртқы саясатының басымдықтарына тоқталды. Әлемдік саясаттың өзекті проблемаларын айта отырып, Н.Назарбаев халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерін сындарлы диалогқа шақырды. Ол осындай талқылаудың ең тиімді платформаларының бірі биылғы жылдың мамыр айында өткізілетін Астана экономикалық форум екендігін атап өтті.

Қазақстан Президенті 2016 жылы көпвекторлы және теңдестірілген сыртқы саясатты, әлемдік экономикаға интеграциялану бағытын іске асыруды жалғастыратынын атап өтті. Осы орайда, Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ және «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін» жақындастырудың, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті Ресей, Қытай, АҚШ және Орталық Азия елдерімен, ЕО, Азия-Тынық мұхиты, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы мен Кариб мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатуды жалғастыратынына назар аударды.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы дипломатиялық миссиялардың басшыларына деген жеке алғысын білдіріп, маусым айының соңында Нью-Йоркте өкілдік ететін мемлекеттерді Қазақстан үшін дауыс беруге шақырды. Айта кететін жайт, биыл Қазақстан кандидатурасы 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне ұсынылатын болады.

5

Page 8: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

ҚЫТАЙ 13-ші БЕСЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

4 наурызда Бейжіңде қатарынан 2 сессия отырыстары басталды. Олар ҚХР жоғары халықтық саяси консультативтік кеңес және Жалпықытай халықтық өкілдер отырыстары. Іс-шаралар наурыз айының 15-не дейін жалғасады. Жоғары органдардың отырыстары жыл сайын наурыз айының басында өткізіледі. Осы іс-шараның маңыздылығы ерекше, өйткені депутаттар ҚХР жоғары халықтық саяси консультативтік кеңестің сессиясында 2016-2020 жылдарға арналған Қытайдың 13-ші бес жылдық даму жоспарын бекітеді.

Дәстүр бойынша, үкіметтің қызметі туралы Қытай премьері Ли Кэцян баяндама жасап, есеп берді. Атап айтқанда, премьер Қытайдың экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы Қытайдың ЖІӨ кем дегенде 6,5% өседі. Сондай-ақ елдің әскери бюджеті бекітілді. Оның көлемі $146 млрд.

Дегенмен, халықаралық қоғамдастықтың басты назары Қытай әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа жоспарына ауып отыр.Белгілі болғандай, жоспардың негізгі тезистері 2015 жылдың қазан айында қытай баспасөзінде жарияланған болатын. Құжатта 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық салада жоспарланған реформалар көрсетілген.

Қытай жетекші экономистерінің айтуынша, жаңа жоспар экономикалық өсу тетігін және экономика құрылымын біртіндеп өзгертетін болады. Атап айтқанда, жаңа жоспар бұрынғымен салыстырғанда сандық емес, сапалық жағынан ерекшеленіп отыр. Басқаша айтқанда, алдағы бес жылда Қытай экономикалық даму деңгейін төмен, бірақ тұрақты өсуді қамтамасыз етуге мәжбүр. Сарапшылардың пікірінше, жаңа жоспардың негізгі мақсаттарының бірі ішкі тұтынудың тұрақты өсімін және миллиондаған жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Бүгін Қытай жаһандық экономикалық держава айналып, әлемдік сахнада басты ойыншылардың біріне айналуда. Сондықтан Қытай экономикасының ішкі өзгерістері әлемдік қауымдастыққа да әсер ететін болады.

6

Page 9: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

АНКАРАДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ІС-ШАРАЛАР

3-5 наурыз күндері Анкара қаласында Түркі әлемінің бірқатар маңызды іс-шаралары өткізілді. Мысалы, «Алаш» қазақ ұлттық-азаттық қозғалысының негізін құрушы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Әлихан - Алаштың ұлы» атты халықаралық конференция болды. Оны Халықаралық Түрік академиясы Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, Гази университеті және Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Жоғары деңгейде өткізілген конференцияға Қазақстан мен Түркияның қоғам және мемлекет қайраткерлері, түркі әлемінің көрнекті шығыстанушы ғалымдарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары белсенді түрде қатысты.

Конференцияның ашылу салтанатында құттықтау сөздермен сөйлегендер: Түркітану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Хулия Касапоғлы; Гази университетінің проректоры Гази Сервет Карабағы; Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз; Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Сөз сөйлеген Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Оджал Оғыз былай деді: «Осындай белгілі қоғам қайраткер қызметін тарату - өте маңызды жұмыс. Әлихан Бөкейханов өз халқының азаматтық бостандығы үшін өз өмірін арнады. Ол өз халқының ұлы».

Алқалы жиында сөйлеген Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Әлихан Бөкейханов тек қазақ халқы емес, сонымен қатар барлық түркі елдердің ұлы болып саналады. «Әлихан тек қазақтардың еркіндігі ғана емес, сондай-ақ барша бауырлас халықтардың еркіндігі үшін күрескен. Ол отарлық саясаттан қиындық көрген барлық түрік-мұсылмандардың өзекті мәселелерін көтерді. Оған дәлел, ол өзіне «Түріктердің ұлы» деген лақап атты таңдады, деді Академия басшысы.

Page 10: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

Мұның сыртында Д.Қыдырәлі «Тұғырлы тұлғалар» сериясынан дайындалған «Әлихан Бөкейханов және Түркі әлемі» атты жаңа кітапты таныстырды. Академия басып шығарған кітапта Әлихан Бөкейхановтың түркі әлемі жөнінде жазған туындылары мен еңбектері жинақталған. Академия басшысы Әлихан Бөкейханов пен «Алаш» қозғалысы туралы ақпарат берді. Ол болашақта «Алаш-Орданы» құру идеясын қамтитын Әлихан Бөкейхановтың туындылары түрік тіліне аударылатынын атап өтті.

Сондай-ақ Едитепе университетінің профессоры, әйгілі түрік тарихшысы Ахмет Ташағыла төрағалық еткен секцияда қазақстандық ғалымдар баяндама жасады. Олар – Сұлтанхан Жүсіп және Рысгүл Әбілхамитқызы. Сонымен қатар, көрнекті түрік тарихшылары Шүкру Халик Акалына және Фатих Криришчиоғлы жүргізген басқа 2 секцияда шығыстанушы ғалымдар конференцияның тақырыбы аясында ғылыми баяндамалар жасады.

Айта кететін тағы бір маңызды іс-шара - «Жібек жолының дамуы және түркі әлемі» симпозиумы. Оны 3 наурызда Түркі академиясы «Tүрік ожаклары» ұйымыммен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Ашылу барысында сөз сөйлеген Д.Қыдырәлі Ұлы Жібек жолын жандандыру - Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір, Түркі өркениеті және әлемдік қоғамдастық үшін маңызды екендігін атап өтті. Сөз соңында ұйымдастырушыларға деген алғысын білдіріп, 1912 жылы құрылған «Tүрік ожаклары» ұйымының басшысы профессор Мехмет Озуға Академия атынан сыйлықтар тапсырды.

Сонымен қатар, осы күндері Түркі академия басшылығы Түркия Республикасының ықпалды ұйымдарымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді. 4 наурызда Д.Қыдырәлі Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих мәселесі жөніндегі Жоғарғы Кеңес басшысы Дерей Орспен кездесті. Кездесуге Түрік тілін зерттеу қоғамының басшысы Мұстафа Kaчалын, Х.A.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз қатысты.

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі жалпы түркі тарихы мен түркі әдебиеті саласындағы Академия жобаларымен, сондай-ақ болашақтағы жоспарлармен бөлісті. Академия басшысы 2016 жылы мамыр айында Түркі академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткізілетін Гуманитарлық форум туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оған дүние жүзінің ғалымдары мен зерттеушілері,сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

Мұның сыртында Түркия Республикасы Жоғары білім жөніндегі кеңестің төрағасы Йекта Сарачпен кездесті. Екіжақты кездесу барысында тараптар Түркі елдеріндегі жоғары білім беру жүйесін, Академия мен Кеңес арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты қадамдарды талқылады.

8

Page 11: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

БҰҰ ТҮБЕГЕЙЛІ САНКЦИЯЛАРЫ

2 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы қатаң санкциялар қабылдады. Алдында Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізіп, ұзақ қашықтықтағы зымыранды іске қосқан болатын. Осы санкцияларға Еуропалық Одақта қосылған.

Енді Солтүстік Корея шекарасы арқылы тасымалданатын барлық жүктер қатаң сараптамадан өтетін болады. Солтүстік Кореяның Сириядағы, Вьетнамдағы және Ирандағы сауда өкілдіктерін қоса алғанда, оның 16 жеке және 12 заңды тұлғаларына дербес санкциялар салынды.Санкциялар бойынша ататын қару мен жеңіл қару-жарақты сатуға және сатып алуға тыйым салынады.

БҰҰ қабылдаған түбегейлі санкцияларға қарсы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ядролық қаруды кез келген уақытта қолдану жөнінде тапсырма берді. Ол жауға қарсы алдын ала соққы беру мақсатында Солтүстік Корея өзінің әскери стратегиясын қайта қарауға дайын екенін атап өтті.

Айта кететін жайт, Солтүстік Кореяда қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірген Оңтүстік Корея АҚШ-мен келіссөздер жүргізуде. Оларға сәйкес, шағын және орта радиуста ұшатын зымырандарды қаға алатын АҚШ-ң THAAD зымыран қорғаныс жүйелерін өз аумағында орналастыру пысықталуда.

БҰҰ соңғы санкциялары АҚШ пен Қытай арасындағы келісімдер негізінде қабылданған сыңайлы.

9

Page 12: Тurkic Weekly 2016 9 (17) 6 Наурызtwesco.org/upload/medialibrary/17 TW Kazakh.pdf · Тurkic Weekly 2016 9 (17) 29 Ақпан – 6 Наурыз) «Тurkic Weekly» - Түркі

Халықаралық Түркі академиясы 2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшыларының тарапынан құрылды. Ол көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі түркі әлемінің тілдерін, мәдениетін және тарихын толыққанды зерттеуді жүргізеді және оны үйлестіретін халықаралық ұйым болып саналады. Түркі академиясы осы саладағы ғылыми қызығушылық білдіретін әлемнің ғылыми-зерттеу және білім орталықтарының арасында ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді. www.twesco.org | 57-49-86 57 Тәүлсiздiл даңғылы, Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайы Astana, 010000 | Қазақстан

@intturkicacadem https://www.facebook.com/International-Turkic-Academy-832484896847678/