web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада...

23
Абуова Миргуль Дулатқызы Астана қаласындағы , «Кәсіптік-техникалық колледжінің» Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Сабақтың тақырыбы: Киіз үй Сабақтың мақсаты: Киіз үйдің құрылымын, тарихын біртұтастыра зерттей отырып, оқушыларды қазақтың салт- дәстүр , әдеби мұраларымен таныстыру. Білімділік: Жалпы киіз үй туралы мәлімет бере отырып, маңыздылығын, тұрмыстық саладағы қажеттілігін насихаттау,оқушылардың деңгейлік қабілеттерін анықтау. Дамытушылық: Мәтінді меңгерту, мазмұнын айта білу, тіл мәдениетін, сөз байлығын, көркем шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, салт-дәстүрді құрметтеу, одан үлгі-өнеге алуға , ата- дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: танымдық сабақ Сабақтың әдістері: іздену, жинақтау, салыстыру, топтастыру, сұрақ- жауап, мазмұндау, жазғызу. Көрнекілігі: тірек-сызба, оқулық, интерактивтік тақта, плакат, киіз үй макеті, карта Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, орыс тілі, математика. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен амандасу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау Іледе қандай балықтар бар? Іледе қандай құстар мекендейді? Қандай аңдар мекендейді?

Upload: tranbao

Post on 19-Feb-2018

293 views

Category:

Documents


12 download

TRANSCRIPT

Page 1: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Абуова Миргуль ДулатқызыАстана қаласындағы ,

«Кәсіптік-техникалық колледжінің»Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Киіз үйСабақтың мақсаты: Киіз үйдің құрылымын, тарихын біртұтастыра зерттей отырып, оқушыларды қазақтың салт- дәстүр , әдеби мұраларымен таныстыру.Білімділік: Жалпы киіз үй туралы мәлімет бере отырып, маңыздылығын, тұрмыстық саладағы қажеттілігін насихаттау,оқушылардың деңгейлік қабілеттерін анықтау.Дамытушылық: Мәтінді меңгерту, мазмұнын айта білу, тіл мәдениетін, сөз байлығын, көркем шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, салт-дәстүрді құрметтеу, одан үлгі-өнеге алуға , ата- дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: танымдық сабақСабақтың әдістері: іздену, жинақтау, салыстыру, топтастыру, сұрақ- жауап, мазмұндау, жазғызу.Көрнекілігі: тірек-сызба, оқулық, интерактивтік тақта, плакат, киіз үй макеті, картаПәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, орыс тілі, математика.Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен амандасу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау

Іледе қандай балықтар бар?Іледе қандай құстар мекендейді?Қандай аңдар мекендейді?Іле өзеніне қандай өзендер келіп құйылады?

Мұғалім сөзі: Сабаққа белсенділік танытып, өз ойларыңызды ортаға сала отырысаңыздар.(Плакат, карта бойынша екі оқушы үй тапсырмасын қорғайды).Жаңа сабақМұғалім сөзі:Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Киіз үйдің маңызын, құрылымын, тарихын біртұтастыра зерттей отырып, халқымыздың асыл мұрасымен танысу. Киіз үйдің қажеттілігі мен киелілігі , отбасының бірлігі туралы айту.« Атамыз – Алаш , керегеміз – ағаш», « Киіз туырлықты , ағаш уықты қазақпыз» дей отырып бүгін, ата- бабаларымыздың негізгі баспанасы , көшпелі елдің тұрақ- мекен жайы болған киіз үй туралы сөз қозғаймыз.(Дәптерге сабақтың тақырыбы: «Киіз үй»жазылады)

Page 2: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Киіз үй

Алтын орда -30 (30анат

Алтын үзік-24

Ақ орда-11212

Боз,қоңыр үй

Қараша үй

Ақ шаңқан -18

Ақ ала орда -8

Ақ үй -6

Ой қозғау (кестемен жұмыс)

Тарихи сипаттамаКиіз үй қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті , оған көршілес

елдердің тұрақ – мекені .Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда

пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті,

киелі қара шаңырағымыз- деп

дәріптейді.

Киіз үй туралы мәліметтер

Киіз үйден ата- бабаларымыздың ақыл-

ойы, тұрмыс- мәдениеті, талғамы,

қажеттілігі, ыңғайлылығы аңғарылады.

Әдеби мұра- асыл мұра

Киіз үй отбасы тұрағы ретінде ғана

пайдаланылмаған. Ол көшпелілер үшін

қоғамдық- әлеуметтік мәні бар, таным- түсінігі

мол қазақ халқы үшін үнемі қозғалыста ,

құндытуынды , асыл қазына болып

табылады.

Киіз үй суреттері (суретпен жұмыс) Сұрақ- жауап:- Киіз үй қашан, қайда тігіледі?- Киіз үй неше бөліктен тұрады? - Киіз үйді кімдер тігеді?

1 - слайд ашылады ( жазбаша жұмыс)(Киіз үй түрлері және қолдану ерекшеліктері)ОРДА – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын , елдік мәселе шешілетін немесе аса құрметті хан, би , сұлтандар отыратын үй.

Мәтінмен жұмыс (ауызша)Киіз үй

Page 3: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Қазақтардың киіз үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген.Ол көшіп-қонуға ыңғайлы, ауасы таза, салқын, тез құрылып, тез жиналады. Киіз үй: тор көз керегелерден уық пен шаңырақ, есік (сықырлауық) тан тұрады. Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады. Үйдегі ең қастерлі орын - төр деп аталады. Төрдің есік жақ шеті ошаққа тіреледі. Үйдің сол босағасына төсек жинап, тұсына түскиіз (кілем) іліп, шымылдық құрылады. Төрге жүкаяқ қойып, үстіне сандық , көрпе, жастық жинайды, асадал қояды. Бетін шым шимен қоршап жабады. Қазақтың өмірінде киіз үй шаңырағының маңызы өте зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан - ұрпаққа ата – бабалар рухы, күші жалғасады деп түсінеді қазақ халқы.Сөздік жұмысы:Шаңырақ – купол юрты Уық – палки, соединяющие кереге – решетка, остов юрты ошақ – очаг, огоньтөр – почетное место для гостей шым- ши – тростиковая занавескакөшпелілербаспанасы – дом кочевников рух, күш – дух, силаата-баба рухы, күшіжалғасады – передается дух и сила предков мұра – наследиетүскиіз (кілем) – ковер

2- слайд Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады (жазбаша)

Киіз үй іші 4 бөлімге бөлінеді (тақтамен жұмыс)1. Төр – қонақ отырады. ( место для гостей)2. Сол жақ- (кіргенде оң жақ(- үй иесінің орны (левая сторана при входе справа)3. Оң жақ (кіргенде сол жақ( - балалар орналасады.( справа при входе левая сторана

үйдің сүйегі ( ағаштан тұратын бөліктері . деревянные части юрты (киіздері ( ши . Войлочная часть - покрытие (бау -шулары (баулар мен басқұр , арқандар Шнуры и широкие ленты- для соединения деревянных деталей(

Page 4: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Қара шаңырақ , қасиетті , киелі, атадан-балаға

Қолданбалы, ыңғайлы,тез құрылып,тез жиналады .

Қолөнер, сәулет, мәдениетіміз, дәстүріміз, тарихи құндылықтарКиелі , қасиетті, шаңырақ, еншісі, кереге, бата, тілек«Керегең кең болсын», «Шаңырағың биік бб болсынболсын»

Киіз үй

ОРДА

4. От орны –от жағылып , қазан асылады (место очага считается святым(Мына сөз тіркестерін меңгерту (оқулықпен жұмыс) (Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңдар)«киелі киіз үй», , « атадан қалған мұра», «керегесі кең»«негізгі баспана», «Алтын орда», « кереге мен уық», «көшпелі тұрмысқа», «тез құрылады, тез жиналады»3 - слайд

Зерттеу жұмысы

Жаңа сабақты бекіту:4- слайд

Венн диаграммасы .

Қорытынды: Рефлексия (ой қорыту). БағалауОлай болса, киіз үй біз үшін атадан- балаға жалғасып келе жатқан асыл мұра, басты құндылығымыз екенін ұмытпағанымыз абзал.Үй тапсырмасы:Ойтолғаныс «Киіз үй» тақырыбына эссе жазу.

Қара шаңырақ , қасиетті , киелі, атадан-балаға

Қолданбалы, ыңғайлы,тез құрылып,тез жиналады .

Page 5: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Абуова Миргуль ДулатқызыАстана қаласындағы ,

«Кәсіптік-техникалық колледжінің»Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы

«Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған»(Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегінде ұялату, сыршыл да, шыншыл ақынның өмір жолы мен поэзиясымен таныстыру, мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын, сөз байлықтарын,шығармашылыққабілеттерін дамыту.Ақынға, тілге деген құрмет, поэзияны сүюге, ақын жырларын айта отырып, елін, ұлтынсүю, сөз құдіретін бағалауға тәрбиелеу.Залдың көрнекілігі: «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған»атты жазу, тақырыпқа сай презентация, қажетті құрал-жабдықтар,шарлар, портреті,көрме, эпиграф.Музыканың сүйемелдеуімен сахнаға жүргізушілер шығады.Жүргізуші:

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты махабатына бөлеген М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған»атты поэзия кешімізді бастаймыз.Ақынмын деп мен қалай айта аламынХалқымның өз айтқанын қайталадымКүпі киген қазақтың қара өлеңін Шапан жауып өзіне қайтарамын.Жүргізуші:Сырымда осы: Жырымда осы, Алдыңда Байқашы бір Бықсыдым ба жандым ба? Махандар жоқ, Махандардың сарқыты- М.Мақатаев бар мұнда ,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырғаны баршамызға мәлім.Олай болса, «Көкірегінің көзі ашық көңілі ояу» жыр сүйер қауым кешімізге қош келдіңіздер!Поэзия!Меніменен егіз бе едің?

Page 6: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?Алауыртқан таңдардан сені іздедім.Қарауытқан таулардан сені іздедім

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен деректерімен таныс болайық.Жүргізуші:Мұқағали саф алмастай поэзиясын, бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақын. Олай болса, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты махаббатына бөлеген, мәңгі өлмес жырыменен із қалдырған Мұқағалидай ағамыздың жауқазын жырлары егемен еліміздің аспанында, асқар тауларында қырандай самғап, керуеніміздің көшін бастап келеді. Өмірін өлеңге, өлеңін мәңгілік өмірге айналдырған дара талант, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевқа арналған сабаққа ақынның өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келу тапсырылған болатын

Өзі тебіреніп жырлап өткен Қарасаз өңірінде, құнарлы топырақта, қасиетті мекенде 1931 ж ақпан айында Мұхамедқали дүниеге келген екен. Сол кезде өзінің білімімен, адамгершілігімен көпке үлгі болып жүрген Мұхамедқали есімді жігіт болыпты. Сол жігіттей еліне елеулі азамат болсын деп бұл есімді нағашысы қойған. Жеңгелері пайғамбардың аты аталған есімді атауға жүрексініп,оны Мұқағали деп атап кеткен екен. Ақынның өзі де есейген шағында «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, алып жүре алам ба ?!» деп одан да Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді.

Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол,адуынды да бола білген адам. Жасында Мұқағали тентек болды, бірақ ақылды тентек болды. Әкесі Сүлеймен 1941 жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небары 10 жаста еді.Мұқағалидың алғашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған еді.

М.Мақатаев поэзия жанрында ғана емес проза,драма саласында да қалам тартты. Ақынның 8 жыр жинағы жарық көрген. Поэмалары: “Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қайырлы түн”, “Арман”, “Досыма хат”.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне Қазақстан композиторлары Нұрғиса Тілендиев, Алтынбек Қоразбаев және тағы басқа сазгерлер ән жазған.

М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған.(Алғаш шығарған өлеңі оқылады)1-оқушы:Сол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен?Мінекей көп ай болды , хабары жоқ,Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен?Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,Судағы жаңа біткен жалбыз еді.Мінеки, көп ай болды, хабары жоқ,Біз – дағы әкемізге зармыз енді... Жүргізуші: Қырансың , аға , топтан сен бөлек дарасың Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың

Page 7: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Жырларың сенің таулардай боп биік тұлғалы Шарлап жүр бүгін көкпенен жердің арасын

Жүргізуші:Мұқағали азамат болумен қатар , ақын бола білді. «Ақын болу – міндет емес, азамат болу парызың»- деген ұлыларымыз. Оның Отанына , еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі көмейінен күміс жыр болып төгілді.(Ақынның өз дауысмен жазылған өлеңдері тыңдалады).

2-оқушы: «Елім барда»

Не сыйлайды , не береді келер күн?!Неде болса тірі тұрсам көрермін.Желідегі құлынымын мен елдің,Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын , несін берсін ел маған?!Тұрсақ екен елім де аман , мен де аман.Таулар – менің таусылмайтын бақытым,Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,Мен бақытсыз бола қойман сірә да,Туған елім болса екен бақытты.

Дәнеңе де сыйламасын келер күн.Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.Туған елім тұғырында тұрса екен,Әрі қарай...Әрі қарай көрермін...

3-оқушы: «Шардара»

Шардара!Шалқадан жатырАдамдар салған арнада.Қанды ма шөлің,Нар-далам?Тынды ма үнің зарлаған?

Шардара!Шалқадан жатыр жарықтық,Соқыр даланы жарық қыпКөсе-шөлдердің Көмейін , бәлем, жарыттық

Page 8: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Әкесін, бәлем, таныттық!Шардара!Шаруа-Сырдың тамшысы,Ильичтың отты қамшысыОятты - ау сеніСардала!Шардара!

4-оқушы: «Несіне ойланасын?»

Несіне ойланасың,Несіне қиналасың,Қайтесің, Бір жылы сөз қимағасын?Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан,Ешкім де сыйламайды сыйламасын!

Қапаланба , қадірлім, қапаланбаҚауіп – қатер басыңа тақағанда.Абайыңның басына қамшы ойнатып,Ақаныңды осылар матаған да...

5-оқушы: «Әке сөзі»

Бұл дүние не боп кетті?Не боп кетті?Ой! Балам!Қызығым –ау, бұзығым-ау,Отқа түсіп, ойнаған.Жатсам , тұрсам тағдырыңды Тағат таппай ойланам,Қайда кетіп барасың сен?Қой , қой , балам!Қой , балам!

Құландайын, құлындайынЕркін өскен тентегім,Барлығымыз ардақтаған үйіміздің көркі едің .Құрып тұрмын түсіне алмай,Түсіне алмай мен сені,Бүлінбесе жарар еді.Бүгінің мен ертеңің.

Досыма да қасыма да мерт еттің ғой сен мені,Қандай қиын, қапелімде қара бұлттың төнгені.

Page 9: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Бұзығым –ау , бұрылсаңшы,Бұрылсаңшы, кел бері!Сейілтсеңші торып тұрған қараша бұлтты мендегі.Бұл дүние не боп кетті?Не боп кетті? Әй ! Балам!..Не боп кетті?Не боп кетті!Үйім, түзім-айналам?!

6-оқушы:

Жүре- жүре мен өмірге қанықтым,Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.Қызбатаптық күндерімді ұзатып,Енді, міне, әке боп та қалыппын.Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,Әкең жүрген соқпақтардан қаш , балам!Ұғып ал да, сақ болып өс, айтайын, Өмір жолын әкең былай бастаған.Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,Ал анамның ақылына көнбедім.Тіпті , кеше оқушылық кезде деТізгінімді ешбір жанға бермедім.Өмірімде бір иілген емеспін,Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.Боламын деп, «жалын жүрек, от кеуде»,Бола алмай , қуыс кеуде боп өстім. Енді , міне, ұлым маған қарайды,Өткір көзін өңменіме қадайды.Көп қателік жіберіппін, амал не?Кешір, ұлым, мойындадым , жарайды!7-оқушы: «Болашаққа»Білемін,Керемет бір күн келеді!Жайнайды жасыл бағым гүлденеді.Көремін , керемет бір күн кешемін!Болашағым ,сенімен бірге өсемін.Мен сенің үніңменен үндесемін,Мен сенің тіліңменен тілдесемін.Сауық құрам бойында бір көшенің.Болашағым, сен тұрсаң , мен өлмеспін!Ақиқаттың алдында бөгелмес кім.Жоғалмас не, өмірден жөнелмес кім?Сен есен бол!

Page 10: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

БіртуарХантәңірі

Сазгер

Ақиық ақын Сыршыл ақын

Поэзия алыбы

Мен , мүмкін , еленбеспін.Сол ақиқат- мен сенсіз көгермеспін!...

Ән шашу: «Есіңе мені алғайсың»Жүргізуші:Иә, осынау қарапайым ғана өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңізші! Сірә , Мұқаң «Елім маған не береді деп, емес, мен еліме не беремін » деп өмір сүрген сияқты.

Ақын қай жерде дүниеге келді? Алғашқы өлеңін кімге арнады? Шын аты кім едіақынның? Ақынның жары кім? Ақынның үш бақытын ата. Жалынды ақын неше жасында өмірден өтті? Мұқағали аға ларыңның сендерге қалдырған қазынасы нелер деп ойлайсыңдар? Сендерге нені табыстады? («жанды мен жансызды, өмірді,қоғамды, табиғатты,

дала мен қаланы) Ал сендер не істейсіңдер? Өлеңді қалай түсіндіңдер? Елінің бақытын,амандығын қалай жырлайды?

Жүргізуші: Жылдар өтер... Әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали аға есімі қашан да биіктерден көрінер.Мұқағали поэзиясы әр ұрпақпен бірге мәңгілік жадымызда жасай бермек. Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын М.Мақатаев өлеңдері ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында қыран құстай самғай бермек.!Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,Еңбегінің қызығында көре алмайОт боп жанып өтіп кеткен ақынға

Page 11: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай!- деп Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді.Ендеше, оны жазған ақын ақын да өлмейді.Жүргізуші: Қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық»- деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өмірі мен шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұлдарысыңдар! Ән шашу: «Саржайлау»

Абуова Миргуль Дулатқызы

Астана қаласындағы ,

«Кәсіптік-техникалық колледжінің»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтыңмақсаты:

Білімділік:Қазақ ғылымының шоқ жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық жолы, ғылыми еңбек,зерттеу жұмыстарына шолу , ойларын жеткізу.

Дамытушылық:Оқушылардыөз бетімен іздене оқуға, білімдеріін іс жүзінде қолдана білу мен,шығармашылық қабілеттерін дамыту,дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік:Ғылымғақұштарлықтарын ашу,алған білімдерін еркін қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:әнгімелесу,пікіралмасу,іздену,сұрақ-жауап, топтық,жеке, ойларын жеткізу.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер:интерактивті тақтада, Ш. Уәлихановтың портреті, тірек-сызба, кесте , слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Пәнаралық байланыс:тарих,география,орыс тілі

Page 12: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,сабаққа бейімдеу, дайындықтарын тексеру; Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Үй тапсырмасын тексеру:

19 ғ. 2-жартысындағы кезеңнің қоғамдағы орыны қандай?.(Бұл кезеңнің өкілдері, олардың жаңалықтары туралы)

Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі.

(Оқушыларға тақырып бойынша алдын ала тапсырмалар беріледі.)

Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.

Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады,іс қалады, сөз қалады.

Ой қозғау:

1.Ғалым , ғылым сөздерінің аудармасы.

2.Адамзатты өркениетке не жеткізеді?

3.Ғылымды ашатын , дамытатын кімдер?

4.Қандай адамдардан із,іс,сөз қалады?

5.Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?( тақтада ұлы тұлғалардың портреттері)

6.30 жыл ғана өмір сүрген қазақтың ұлы ғалымы...

Жаңа сабақ.

(Оқушылар Шоқан Уәлиханов туралы мәліметтерін ортаға салады).

Зерттеу жұмысы.

1-топ «Сырымбет ауылы»(1оқушы топтың атауын түсіндіреді.)

- Шоқанның Сырымбеттегі үйі- Шоқанның туған жері: құжаттар сөйлесе.

Көкшетаудағы Сырымбет оның ата қонысы екендігінде ешкімнің дауы жоқ. Академик Әлкей Марғұлан Шоқан туралы очеркінде «1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, содан былай ол Құсмұрын округі аталды.»

Page 13: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

арғы тегі,туып-өскен ортасы, балалық шағы;Әжесі Айғаным ханым Атасы Уәли хан

Ата-анасы Нағашылары

Шыңғыс сұлтан ағасы Мұса

Зейнеп ханым атасы Шорман

Шоқан – суретші,саятшы,Шоқан және музыка; Шоқан оқыған Кадет корпусы (суреті)

2- топ «Шоқ жұлдыз» тобы(Оқушылардың бірі топ атауын түсіндіреді.)

Шоқан –әдебиетші, зерттеуші;Поэзия түрлері: Жыр,жоқтау өлеңі, шумақ, тармақ көлемі жырлардікіндей болып келеді. Қайым өлең, қара өлең

Шоқан –этнограф, саяхатшы, тарихшы.Ыстықкөл, Қашқарияға саяхаты.1855 ж Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.

1856 ж Жоңғария тарихымен шұғылданады.

1856 ж Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіреді.

1856 ж Құлжаға аттанады.

1856-59 ж Қашқарияға саяхат жасайды.

Шоқан зерттеген шығармалар:«Манас жырының үш жүз мың жолын зерттеген »

3-топ «Достық» тобы(1 оқушы Шоқанның достары туралы баяндайды).

Шоқан Уәлихановтың достары

Достарды ойға ала отырып, тілге оралатыны Достар солардай болсын! Пікірлес достары Орыс ойшылдарының Шоқан туралы пікірлері.

П.П.Семенов –Тянь-Шанский (1827-1914)

Көрнекті П.Семенов-Тянь-Шанскиймен 1856 ж Омбыда достығы басталды.Зерттеу жұмыстарын бірге жүргізген.

Г.Н.Потанин (1835-1920)

Page 14: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Орыс саяхатшысы Потанин-Шоқанның бала кезден бірге өскен жақын досы. Шоқан екеуінің достық, қаламдастық қарым-қатынасы үзілген емес.

Ф.М.Достоевский

Достоевский Шоқанға шын жүректен шыққан адал ақылын айтып,батыл әрекетке рухтандырады. Олардың достығы көп жылға созылды. Олардың қатынастары Петербургте де үзілмеді.

Н.И.Веселовский : Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, мезгілсіз өлімі біздің мол үмітімізді үзіп кетті.

Артына өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бірі – Шоқан Уәлиханов.

Ш. Уәлихановтың өмірімен, ғылыми қызметімен танысу үшін зерттеу жұмысын жүргіземіз.

Мәтінмен жұмыс

Шоқан (шын аты –Мұхаммед-Қанапия) Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның әкесі Шыңғыс-Абылай ханның шөбересі. Ресей патша әскерінің полковнигі, қазақ сұлтаны.Отбасында үлгілі тәрбие алады, сауат ашып, сурет салуды үйренеді. Шоқан 1853 ж Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді. Оның достары Г.П.Потанин, Н.Ф.Аненский, П.П.Семенов –Тяньшаньский,Ф.М.Достоевский сияқты көрнекті тұлғалар болды. Ғылым академиясы мен Орыс География қоғамы жұмыстарына белсене араласты.Ол Орта Азия, Қазақстан , Шығыс Түркістанды аралай жүріп, осы жерлерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтерді жазып алды. Тарихшы, публицист, географ,музыкатанушы, археолог,этнограф,саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дінін, тілін, тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Оның аса маңызды еңбектері: «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздағы шамандық іздер», «Қырғыз шежіресі», «Жоңғария очерктері».

Мәтіндерді оқып, берілген кестені толтыру керек.

Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңдар (әр оқушыға кесте таратылады(

Аты –жөні,

ғылыми қызметі

Өмір жылдары, туған жері

Орыс ғалымдарыме

н байланысы

Алған білімі

Қызметі Зерттеу саласы

Еңбектері

Page 15: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.

1. Кестенің әр бөлігі бойынша оқушылар жазған мәліметтерін оқиды.

2.Тақтада сол бөлікте жазылуы тиіс мәлімет рет-ретімен ашылады.

Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд көрсетіледі.Тапсырма:

1.Толтырылған кестелеріңді салыстырып, толықтырыңдар

КласстерШоқан кім?

Сөздік жұмысы.

Тапсырма: Ұлы ғалым-Шоқан айтқан сөзді оқып, аударыңдар.

Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.

Сөздік құрастырып жазыңдар

Page 16: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

Шоқан Уәлихановтың сөзі.

Адамның басшысы - ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шолушысы – ой,

Сынаушысы – халық,

Қорғаушысы – сабыр,

Қорғанышы –мінез,

Ең қымбаттысы – ар,

Таусылмайтыны – арман

Барлығынан ардақтысы - өмір.

Зерттеу жұмысына арналған материалдар

Шоқанды замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған. Суретшілік өнер , тарихшы, географ, этнограф, фольклорист,саяхатшы – Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.

Шоқанның 200-ге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бесінші томында және «Шоқан және өнер » атты кітапта басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқанның шын мәніндегі суретші екенін дәлелдейді.

Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүіндерге де ерекше көңіл бөлген. Оқазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі.

Сөздік

замандас-современник қайталанбас - неповторимый

саяхатшы –путешественник таныған – признали

дәлелдейді - доказывает

сегіз қырлы – всесторонне развитый тұлға – личность

шын мәніндегі – в действительности

Page 17: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

өнер туындылары – произведения искусства

ғасырлар бойы – веками

саяхатшы – путешественник

мәліметтер-сведения

бірақ, сонда да, сондықтан

Екі жай сөйлемнен жалғаулықтарды қолданып, салалас құрмалас сөйлем құраңдар және сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңдар.

1) Шоқан орысша бір ауыз сөз білмеді . Екі – үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарна қосылды.

2)Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым , зерттеуші деп атады

3) Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді. Көп жұмыс атқарды.

5жолдық өлең стратегиясы:

1.Зат есім(Шоқан)

2.Сын есім(өнерлі,зерек)

3.Етістік(зерттеді,саяхат жасады, аралады)

4.Сөйлем (Шоқан –қазақтың тұңғыш ғалымы)

5.Синоним (саяхатшы)

Сабақтықорыту :

Шоқан шығармашылығымен танысқанда алған әсерлері жайлы ауызша пікір бөліседі.

«Елге жасаған еңбек халықпен бірге жасайды дей отырып ,сабақты «Гүлдер солып,жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол-одан із қалады, сөз,ұрпақ қалады.

Кең байтақ Қазақстанымыздың көптеген қалалары мен облыс орталықтарында ғалымға ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылып,көше аттары берілген.

Өйткені , ғалым өмірі-ұрпаққа аманат.

Page 18: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд

«Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.»- дегендей , ғалымның артында қалдырған істері мәңгі өшпейтін асыл мұра.

Бағалау

Үйге тапсырма: «Қашқария сапары», «Жоңғария очеріктері» тақырыптарына эссе жазу.

Page 19: Web viewКиіз үй Алтын орда -30 ... Интерактивті тақтада Шоқанның орыс достары туралы қосымша слайд