web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия...

16
Күні: 20.12.2013ж. Сыныбы: 9 «А», «Ә». Тақырыбы: «Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінге өнегесі» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тарих пәнінен білімін тереңдету және логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың міндеттері: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Тарихтан алған білімдерін шыңдау Топ және жеке жұмыс жасау Болжамдап отырған нәтиже: оқушылар Қазақстан тарихын терең меңгеріп, оптимистік қасиеттерін қалыптастырады. Сабақтың түрі: жарыс сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап. Сабақтың типі: дәстүрден тыс Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, портреттер. Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Таныстыру. 3. Тесттік жүйе. Бәйге. 4. Ұяшықтарды ашу арқылы сұрақтарға жауап беру. 5. Қорытындылау. І нұсқа 1.Сақ қорғандарынан табылған ою-өрнек бұйымдары қандай стильде жасалған? А/ Соғды стилінде В/ Қытай стилінде С/ Құс стилнде Д/ Аң стилінде 2. VIII-XI ғасырларда қыпшақ тайпалары қай мемлекеттің құрамында болды? А/ Оғыздардың С/ Саманилардың В/ Қарахандардың Д/ Қимақтардың 3. X ғасырда қай қала Оғыз мемлекетінің астанасы болды? А/ Баласағұн В/ Отырар С/ Сауран Д/ Янгикент 4. Яссауидің өлеңдер жинағы.

Upload: voque

Post on 27-Feb-2018

251 views

Category:

Documents


19 download

TRANSCRIPT

Page 1: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

Күні: 20.12.2013ж.Сыныбы: 9 «А», «Ә».Тақырыбы: «Тарих өткеннің сабағы, алдағының кейінге өнегесі»Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тарих пәнінен білімін тереңдету және логикалық ойлау қабілетін дамыту.Сабақтың міндеттері:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Тарихтан алған білімдерін шыңдау Топ және жеке жұмыс жасау

Болжамдап отырған нәтиже: оқушылар Қазақстан тарихын терең меңгеріп, оптимистік қасиеттерін қалыптастырады.Сабақтың түрі: жарыс сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап. Сабақтың типі: дәстүрден тыс Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, портреттер.Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Таныстыру. 3. Тесттік жүйе. Бәйге. 4. Ұяшықтарды ашу арқылы сұрақтарға жауап беру. 5. Қорытындылау.

І нұсқа1.Сақ қорғандарынан табылған ою-өрнек бұйымдары қандай стильде жасалған?А/ Соғды стилінде В/ Қытай стилінде С/ Құс стилнде Д/ Аң стилінде2. VIII-XI ғасырларда қыпшақ тайпалары қай мемлекеттің құрамында болды? А/ Оғыздардың С/ Саманилардың В/ Қарахандардың Д/ Қимақтардың3. X ғасырда қай қала Оғыз мемлекетінің астанасы болды? А/ Баласағұн В/ Отырар С/ Сауран Д/ Янгикент 4. Яссауидің өлеңдер жинағы. А/ “Құтадғу білік” С/ “Тарихи Рашиди” В/ “Диуани хикмат Д/ “Жамиғ-ат Тауарих”5. Абылай хан қай жылдары хандық құрды?

А/ 1740-1750 ж.ж. С/ 1761-1771 ж.ж. В/ 1750-1760 ж.ж. Д/ 1771-1781 ж.ж.6. Қандай жағдай ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс айдаруға мәжбүр етті? А/ Олар патша өкіметінің арнайы шақыруымен келді. В/ Жоңғарлардан қысым көріп, қашып келді. С/ Қырғыздардан қашып келді. Д/ Қоқан хандағынан қашып келді. Е/ Цинь империясынан қысым көріп, қоныс аударды.

Page 2: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

7. 1905 жылы Успенск мыс руднигінде құрылған жұмысшылар ұйымы қалай аталды? А/ Большевиктер партиясы В/ «ЬІнтымақ» С/ Орыс-қазақ жұмысшыларының одағы Д/ Социал-демократиялық ұжым8. 1911 ж. шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі атты кітаптың авторы: А/ С.Торайғыров. В/ Ш.Құдайбердиев. С/ С.Көбеев.Д/ М.Жұмабаев.9. Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей ордасында алғашқы діни емес мектеп кай жылы ашылды? А/ 1830 жылы В/ 1856 жыл С/ 1874 жылы Д/ 1841 жылы.10. «Алаш» партиясы қашан құрылды? А/ 1916 ж. В/ 1919 ж. С/ 1918ж. Д/ 1917 ж. 11. Жаппай коллективтендіруге карсы халық көтерілісі кезінде көтерілісшілер аудан орталығын басып алған жер?

А/ Бетпақ дала В/ Созақ С/ Қарақұм Д/ Абралы. 12. Палеолит кезеңі тұрақтары Қазақстанның қай бөлігінен алғаш рет табылды? А/ Сырдария өзені бассейінен В/ Еріс өзені бассейінен С/ Орталық Қазақстан Д/ Қаратау жотасы аумағынан 13. Соғыс жылдарында тылда күріштен мол өнім жинаған атақты күрішші кім?

А/ Ш.Берсиев. В/ Ж.Қуанышбаев. В/ С.Өтепбергенов Д/ Ы.Жақаев14. 1960 жылға таман Қазақстан Одақ бойынша өнім өндіруде нешінші орында болды?

А) Бірінші В) Бесінші С) Үшінші Д) Жетінші15. 1985 ж. кейін Қазақстан экономикалық байланыс кай елмен басталды?

А) АҚШ В) Англия С) Жапония Д) Оңтүстік Корея IІ нұсқа

1. «Қалқаман – Мамыр» поэмасының авторы кім? А/ Ш.Құдайбердиев С/ М.Жұмабаев В/ С.Торайғыров Д/ С.Көбеев2. Алтынсарин Тұңғыш рет қазақ мектебін қай жылы ашты?

А/ 1834 ж. С/ 1854 ж. Е/ 1864 ж. В/ 1871 ж. Д/ 1883 ж. 3. «Алаш» партиясы құрылған жыл? А/ 1919 ж. С/ 1917 ж. В/ 1916 ж. Д/ 1920 ж. 4. 1986 ж. желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі. А/ Бейбіт және саяси сипатта болды В/ Құққа ұқарсы сипатта болды С/ Әлеуметтік сипатта болды Д/ Экологиялық сипатта болды5. 1879 ж. Ы.Алтынсарин тағайындалған қызмет: А/ Ақмола қаласының коменданты В/ Торғай мектебінің директоры С/ Торғай облысы мектептеріне инспектор Д/ Орынбор мектебінде оқытушы

Page 3: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

6. Алтын Орданың бірінші астанасы А/ Сарай-Бату В/ Сарайшық С/ Самарқанд Д/ Сарай-Берке7. Моңғол империясының астанасы А/ Сарай – Бату В/ Қарақорым С/ Сарайшық Д/ Сарай-Берке8. Тимучин ең жоғарғы билеуші – Шыңғысхан болып жарияланған жыл

А/ 1200 ж. В/ 1207 ж. С/ 1210 ж. Е/ 1206 ж.9. Адамзаттың өткенін заттай тарихи мұралар арқылы зерттейтін ғылым А/ Археология В/ Памонтология С/ Этнография Д/ Геофизика10. И.В. Сталин қай жылы қайтыс болды? А/ 1951 ж. 5 наурыз С/ 1957 ж. 7 желтоқсан В/ 1953 ж. 5 наурыз Д/ 1945 ж. 7 сәуір11. Әбілхайырхандығы қай кезде өмір сүрді?

А/ 1408-1448 жж. С/ 1438-1477 жж. В/ 1409-1457 жж. Д/ 1428-1468 жж.12. ГУЛАГ азабынан өткен қазақстандықтардың саны:

А/ 107000 В/ 101000 С/ 105000 Д/ 10000013. Амангелді Импановтың әскери кеңесшісі және көтерілісшілерді қарумен қамтамасыз еткен адам. А/ С.Сейфулин В/ А.Байтұрсынов С/ Ә.Жангелдин Д/ Б.Әшкеев14. Қазақстан Республикасы туының авторын атаңыз.

А/ Ж.Мәлібеков Д/ Ш.Уалиханов В/ М.Әлімбаев Е/ Ш.Ниязбеков С/ Х.Наурызбаев15. Иран жазбаларында сақтарды не деп атайды? А/ Дала скифтері С/Көшпелілер В/ Азиялық скифтері Д/ Жүйрік атты тулар

IІI нұсқа1. Неандертал адамы қай жерден табылды?

А/ Германия С/ Африка Е/ КенияВ/ Франция Д/ Қытай

2. Генерал - майор И.В.Панфилов қай дивизияны басқарды?А/ 8-ші гвардиялық дивизиясын

В/ 316 атқыштар дивизиясын С/ 238 атқыштар дивизиясын Д/ 30 гвардиялық дивизиясын Е/ 73 гвардиялық дивизиясын3. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы қай жылдан басталды?

А/ 1711 ж. С/ 1731 ж. Е/ 1751 ж.В/ 1721 ж. Д/ 1741 ж.

4. Голащекин қашан Қазақстан компартиясының 1-ші хатшысы болды? А/ 1920- 1930 ж.ж. Д/ 1923 - 1936 ж.ж.

В/ 1925 - 1933 ж.ж. С/ 1925 -1939 ж.ж. 5. Әмір - Темір қай қалада қайтыс болды?

Page 4: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

А/ Яссыда С/ Созақта Е/ Сайрамда В/ Отырарда Д/ Сығанақта 6. 1991 ж. желтоқсанда ТМД - ны құру туралы шешім қай қалада қабылданды? А/ Воронеж С/ Орынбор Е/ Саратов В/ Минск Д/ Астрахань 7. Қазақ АКСР - да сауатсыздық жойылсын қоғамы кай жылы ұйымдастырылды?

А/ 1924 сәуірде Д/ 1953 қазанда В/ 1930 қаңтарда С/ 1925 қыркүйекте 8. 1867-1868 жылғы реформаға өз жазбасын ұсынған кім? А/ Ш.Уалиханов Д/ М.Дулатов В/ А.Бөкейханов Е/ А.Байтұрсынов9. 1841 жылы Жәңгір ханның ұсынысы бойынша қай Ордада алғашқы діни емес мектеп ашылды? А/ Ақорда Д/ Алтын орда В/ Бөкей орда Е/ Көк орда С/ Ноғай орда 10. І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Трейцк лагерін не деп атайды?

А/ Гулаг лагері Д/ Тірілердің лагері В/ Артек лагері Е/ Голубой парус лагері

С/ Өлілердің лагері 11. Ежелгі Түрік жазбасы қалай аталады?

А/ Скиф жазбасы Д/ санаскрей В/ Соғды Е/ иероглиф С/ руна12. 1836ж. Кенесарының ағасы Саржан кімнің бұйрығымен өлтірілді?

А/ Жәңгір хан Д/ Тәуке хан В/ Қоқан ханның Е/ Абылай хан С/ Хиуа хандығы13. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Алматы да жерленген батырлардың бірі? А/ Қабанбай Д/ Наурызбай В/ Әбілқайыр хан Е/ Райымбек С/ Бөгенбай 14. 1905 ж. Қазақстанда Қарқаралыдағы үкіметке қарсы ереуілді кім ұйымдастырды?

А/ Ә. Бөкейханов Д/ Ш.Құдайбердиев В/ А.Байтұрсынов С/ М.Дулатов 15. 1917 ж. сәуірінде Түркістан мұсылмандарының орталық кеңесінің төрағасы болып кім сайланды?

А/ Ә. ЖангелдинД/ М.Шоқай В/ А.Иманов Е/ Ә. Бөкейханов

Page 5: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

IV нұсқа1. Неолит қай кезеңді қамтиды?

А/ Б.э.б.5-3 мың жыл бұрын В/ 12-10 мың жыл бұрынғы С/ Б.э.б. 5-10 мың жылдығын Д/ Б.э.б. 12-

10 мың жыл 2. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қайдан табылды?

А/ Батыс Қазақстаннан В/ Оңтүстік Қазақстаннан С/ Ашынас/Ачинск/қаласының маңынан

Д/ Орталық Қазақстаннан3. Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды кім басқарды?

А/ Тұман С/ У – Ди В/ Мөде Д/ Чжи – Чжи 4. “Алтын адам” қай ғасырға жатады? А/ Б.э.д. VII ғ. С/ Б.э.д. V-ІV ғ. В/ Б.э.д. II ғ. Д/ Б.э.д. I ғ5. “Кіші қазан” идеясын ұсынған кім?

А/ С.Садуақасов С/ Ф.Голощекин В/ Ж.Мыңбаев Д/ С.Мендешов6. 1680-1718 жылдары қазақ ханы кім болды?

А/ Жәңгір хан С/ Абылай хан В/ Қасым хан Д/ Тәуке хан7. Алаш үкіметі басшыларының бірі

А/ Байтұрсынов Д/ Тынышбаев В/ Шоқай Е/ Бөкейханов С/ Жұмабаев 8. Жаңа өзен оқиғасы болған мерзім

А/ 1979 ж. маусым Д/ 1989 ж. маусым В/ 1979 ж. шілде Е/ 1989 ж. шілде9. 1932 жылдың шілдесінде жазылған “Бесеудің хаты” кімге жазылған еді? А/ І.Құрамысовқа Д/ С.Мендешевке В/ Г.Ромальға Е/ Ф.Голощекинге С/ И.Сталинге10. 1954 жылғы тамыздың басында Қазақстанда жыртылған тың жер.

А/ 28 млн. га Д/ 13,4 млн. га В/ 7,5 млн. га Е/ 6,5 млн. Га С/ 28 млн. га11. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Одағы бойынша адам шығыны

А/ 20 млн адам С/ 27 млн адам В/ 15 млн адам Д/ 30 млн адам12. Қай жердегі шайқаста Кенесары Қасымұлы қаза тапты?

А/ Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде В/ Ыстық көл жағасында С/ Іле өзенінің маңында Д/ Жетісуда13. Ерте ортағасырлық түрік тілдес тайпаларда ошақ пен балалардың қақморшысы

Page 6: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

А/ Абсар С/ Афродита Е/ Ұмай В/ Қали Д/ Мадонна14. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенті сайланатын мерзім.

А/ 6 жыл В/ 10 жыл С/ 7 жыл Д/ 5 жыл15. Ы.Алтынсарин тұңғыш рет қазақ мектебін қай жылы ашты?

А/ 1834 ж В/ 1854 ж С/ 1871 ж Д/ 1864 ж. V нұсқа

1. 715-738 ж. қай қаған тұсында Түргеш қағаны күшейді?А/ Күл-ғара В/ Үш-елік С/ Жегун Д/ Сұлу

2. Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп шықты? А/ Барақ хан тұсында С/ Жошы хан тұсында В/ Ерден хан тұсында Д/ Орыс хан тұсында

3. Ұлы жүздің рулары қандай тайпалар? А/ Табын, адай, алшындар В/ Найман, керек, тамалар С/ Жағалбайлы, шөмекей

Д/ Дулат, албан, жалайырлар4. Қай жылы Әбілхайыр ханның қайтыс болып, оның мемлекеті құлады?

А/ 1460 жылы С/ 1455 жылы В/ 1468 жылы Д/ 1472 жылы5. Қай жылы Ресей үкіметі Кіші жүзде хан билігін жойып, оны Ресейдегідей әкімшілік саяси басқармаға ауыстыру жөнінде “Орынбор қырғыздары” атты уставты қабылдады?

А/ 1824 жылы С/ 1834 жылы В/ 1818 жылы Д/ 1816 жылы6. 1822 ж. “Ереже” бойынша Қазақстанда неше буынды әкімшілік жүйесі енгізілді? А/ Екі буынды В/ Төрт буынды С/ Үш буынды Д/ Бес буынды7. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты нәтижесі:А/ Қазақтар Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қону құқығынан айрылды.В/ Қазақтарға Жайықтың оң жағасында өтуге рұқсат етілді.С/ Аймақта орталық саясат күшейді.Д/ Әскери бекіністердің көптен салынуы.8. 1867-1968 жылдардағы реформа бойынша Қазақстан облыста басына кім тағайындалды?А/ Сұлтандар В/ Старшындар С/ Билер Д/ Әскери генерал-губернаторлар9. Шоқан Уалихановтың әлемге әйгілі еткен еңбегі.А/ “Манас” туралы зерттеуі В/ Қазақтар туралы этнографиялық еңбегіС/ Ыстықкөлді картаға түсіруі Д/ Қашғар сапарынан туған еңбек10. Қазақстан мен Түркістандағы талантты комсомол ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаевтың өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз А/ 1900-1925 жж. В/ 1910-1930 жж С/ 1902-1924 жж. Д/ 1912-1928 жж.11. Әуе шайқасында жеке өзі жаудың 37 самолетін жойған Қазақстандық ұшқыш-истребитель кім? А/ Бигелдинов С/ Павлов Е/ Луганский В/ Әбдіров

Page 7: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

12. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына карточка жүйесі қай жылы алынып тасталды?А/ 1947 ж. желтоқсан С/ 1947 ж. желтоқсанВ/ 1946 ж. шілде Д/ 1948 ж. наурыз13. Семей полигонында әрбір эксперименттік қондырғы мен оны жер астында ынақтан өткізу құны орта есеппен қанша соғы тең болды? А/ 15 млн сом С/ 25 млн сом В/ 20 млн сом Д/ 30 млн сом 14. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі “Тіл туралы” заңды қашан қабылдады? А/ 1985ж.22 қыркүйекте С/1989ж.22 қыркүйекте В/ 1987ж.22 желтоқсанда Д/1990ж.22 қыркүйекте15. 1970-80жж. Республикада ұлттық саясаттың шектелуі неден көрінді?

А/ Қазақ тілінде оқытатын 600 мектеп жабылды В/ Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды С/ Қазақ жастары қазақ тілі мен ұлттық мәдениеттен аластатылды. Д/ Тұрмыста ұлттық салт-дәстүрлер ығыстырылды. Е/ Берілген жауаптардың бәрі дұрыVІ нұсқа

1. Ұйғыр қағанатының өмір сүруін кімдер тоқтатты? А/ Енисей қырғыздары С/ Арабтар В/ Қытайлар Д/ Қарлұқтар2. Жібек жолы қашан пайдаланыла бастады? А/ Б.э.д. ІV ғ. соңы В/ Б.э.д. ІІ ғ. ортасы С/ Б.э.д. ІІІ ғ. соңы – ІV ғ. басы Д/ Б.э.д. VІ ғ. 3. 552 жылы Түрік қағанатының негізін қалаған қаған кім? А/ Мұқан-қаған С/ Жегүй-қаған В/ Бумын-қаған Д/ Тоқ-жабғу-қаған4. Ақсақ Темір Орта Азияда қай жылдары билік құрды? А/ 1370-1405 жж С/ 1410-1425 жж. В/ 1330-1365 жж Д/ 1428-1468 жж.5. XIV ғ. Алтын Орданың ыдырау процесі кезінде Қазақстанда пайда болған мемлекеттің атын атаңыз?

/ Ақ Орда С/ Қазақ хандығыВ/ Жошы Ұлысы Д/ Ноғай ордасы6. Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде қай хан тұсында үлкен күшке айналды?

А/ Бұрындық хан (Керейдің баласы)В/ Қасым хан (Жәнібектің баласы)С/ Керей хан Д/ Жәнібек хан

7. “Сібір қазақтарының Ережесі” бойынша ауыл старшиндары неше жыл сайын сайланып отырды?

А/ 1 жыл В/ 2 жыл С/ 3 жыл Д/ 4 жыл8. Қазақстандағы 1867-68жж. реформа бойынша қандай облыс ашылды?

А/ Жетісу облысы Д/ Верный облысы В/ Өскемен облысы Е/ Шымкент облысы9. ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстандағы тұңғыш кітапхана қай қалада ашылды?

Page 8: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

А/ Ақмолада Д/ Шымкентте В/ Қазалыда Е/ Семейде10. Жергілікті өкімет органдарына көмек көрсету, Кеңес өкіметінің дектеттерін, Компартияның ұлт саясатын насихаттау үшін “Қызыл керуендер” далаларына қашан жіберілді?

А/ 1920 ж. В/ 1922 ж. Д/ 1923 ж Е/ 1925 ж.11. Ұлы Отан соғысында Одақ бойынша 16600-ден аса адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанды. Қанша қазақстандық батыр атағына ие болды?

А/ 497 адам С/ 350 адам В/ 280 адам Д/ 450 адам12. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш рет президенті кім болды?

А/ Қ.Қозыбаев С/ С.Сәдуақасов В/ О.Сүлейменов Д/ Қ.Сәтбаев13. Радиацияның әсеріне ұшыраған адамдардың денсаулығы медициналық тексеруден өткізу Қазақстанда қай жылдан бастап жүргізілді?

А/ 1950 ж. С/ 1962 ж. В/ 1955 ж. Д/ 1968 ж.14. Индустрияландыру дегеніміз не? А/ Ауыл шаруашылығын машина техникасымен жарақтандыру. В/ жеңіл және ауыр өнеркәсіптің даму процесі. С/ тамақ өнеркәсібінің дамуы. Д/ Халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру инфраструктураның дамуымен және индустрияланған халық пайда болуымен жүзеге асуы.15. Уақытша үкімет қандай әлеуметтік топтың мүддесін қорғады?

А/ Шаруалардың С/ Солдаттардың В/ Жұмысшыларды Д/ Буржуазияның

4. Ұяшықтарды ашу арқылы сұрақтарға жауап беру. 10Бірінші дүниежүзілік соғыс

1914-1918 жж. аралығында болды. Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға әсері 1916 жылы 25 маусымда патшаның жарлығы шығуына байланысты 19-43 жас аралығындағы ер адамдар соғысқа алыну қажет болды. Осыған байланысты қазақ жерінде 1916 жылғы Амангеді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерісіл болды. Соғыс экономикалық дағдарысты күшейтті, аумақтағы әлеуметтік қайшылықты күшейтті, ауыл шаруашылығы дамымай қалды.

Page 9: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

1663-1756 жылдар аралығында өмір сүрді. Төле би ақылды әділ шешен, халқының қамын ойлаған қоғам қайраткері. Әулие – Ата төңірегінде дүниеге келген. Ташкент аймағында 99 жасында қайтыс болды. Жоңғар шапқыншы-лығы кезінде халыққа билік жүргізді. Қазақ хандығының ата Заңы Жеті

жарғының авторла-рының бірі.

30“Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл”Бұл мақалдың мәні қандай да болмасын билікке шыққан адамның бағдәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза, анық жүріп, аңдып басуға үндейді. Аяз би Жаманұлы данышпан, Майқы бидің қабырғалы биінің бірі. Бірде Құмырсқа батыр екеуі Майқы бидің алдын кескестей беріпті. Сонда Майқы би: “Билер бүгін Майқының алдын кесесін. Етең жұрттың төбесін тесесін. Майқының да айтатын кебі бар. Айтуға аузының да ебі бар”.

20Сақ тайпасы Б.д.д. І мыңжылдық б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларға дейін өмір сүрген тайпа. Ескерткіштері: Бесшатыр (Іле өзені), Есік (Алтын адам), Сырдария өзенінің жағасынан обалар табылған. Сақтар үшке бөлінеді: Тиграхауда, Хаумаварга, Парадария. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жер өңдеген, жыртқыш аңдар стилін-дегі әшекейлер көптеп табылады. 1711-1781 жылдар аралы-ғында өмір сүрген. Абылай ханның 1771-1881 жылдары қазақ халқының атақты хан-дары, билері, сұлтандары, батырлары ақ киізге орап хан етіп көтереді. Абылай хан кезінде қазақ хандығы күшейіп

Ресеймен Қытай арасындағы “таразыны тең ұстау” саясатын жүргізеді.

Page 10: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

30Ардақты еліңізге қандай өсиет-өнеге қалдырасыз дегенде Жүзге бөлінгендердің – жүзі қара,Руға бөлінгендердің – құруға асыққаныАтаға бөлінгендер – адыра қалады,Хан азса – халқын сатадыХалық азса – хандыққа таласады Төле бидің сөзі10Екінші дүниежүзілік соғыс1939-1945 жылдар аралығында болды. 60-қа жуық мемлеке қатысты. Соғыстаушы бастаушы мемлекет Германия. КСРО бойынша екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 27 млн азаматтар қаза болды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 200 мың қазақстандықтар қатысты. Совет Одағының Батыр атағын 500 қазақстандықтар алды. Қазақстан халқының ішінде көптеген Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және т.б. азаматтары халық батыры атанды.

1967-1763 жылдары өмір сүрді. Орта жүзді билеген қазақтың атақты биінің бірі. Тәуке, Сәмеке, Әбілмамбет, Абылай хандардың тұсында мемлекет басқару ісін белсене араласқан. Жеті жарғыны жасауға қатысқан Абылайды Жоңғалардың қолына тұтқынға түскенде оған белсене араласып құтқарып алады.

Page 11: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты

20Ұлт азаттық көтерілісСырым Датұлы 1783-1797 жылдары Кіші жүз территориясын қамтыды. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтеміс ұлы 1836 -1838 жылдары Кіші жүз территориясын қамтыды. Кенесары Қасымұлы 1837-1847 жылдары бүкіл Қазақстанды қамтыды. Амангелді Иманов 1916 жылы ұлта – азаттық көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. 10Желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіздік1986 жылы 16 желтоқсанда болды. Қайраткерлері Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова. Көтерілістің болу себебі Дінмұхаммед Қонаевты орнынан алып тастап Колбинді қазақ жеріне әкеліп қоюы. Осы көтерілістен кейін қазақ халқының жеке мемлекет болып құрылуына жол ашылды. 15 одақтас республиканың ішінде бірінші болып КСРО-дан Қазақстан 1991 жылы егемендік алды.

Бейнелі сұрақ: Бұл көне құрлыс туралы не білесіз?

30“Шырағым, бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме ”,-депті

Қаз дауысты Қазыбектің інісіне айтқан сөзі.

ІІІ. Қорытындылау: Құрметті оқушылар сіздер үш кезеңнен тұратын ХХI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойынына қатысу арқылы өз білімдеріңізді шыңдап, білім деңгейлеріңді көрсеттіңіздер, сіздерге көп-көп рахмет.

Page 12: Web viewС/ руна. 12. 1836ж. ... Соғысты бастаушы Германия мемлекеті. Соғысқа 38 мемлекет қатысты